ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Тәуке хан-Салқам Жәңгір ханның баласы.Ол 1680-1715 жылдары аралағында билік етті.Ол 1715 жылы қайтыс болды.Оны басқа қазақ хандарынан ерекшелеп тұратын,оның шын мәнінде көреген басшы,ақылды рефарматор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады.Бірі-елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп,анталаған көп дұшпанға бел аудармағаны.Екіншісі-елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы.
Тәуке ханның хандық билікті нығайтуы;
1.Тың өзгерістер енгізді.
2.”Хандық билікті”және ”Билік кеңестің”рөлін арттырды.
3.Хан мен билер ғана сот істерін атқаруға тиіс болды.
4. Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды .
Тәуке хан феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға улкен күш салды.
Тәуке хан “Билер кеңесін ”құрды.”Жеті жарғы”заң жинағын жасап шығарды.
“Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті.Ел бірлігін сақтауға,хандық биліктің заң негізінде кушеюіне өз үлесін қосты.”Жеті жарғы”заң жинағында мына мәселелер қарастырылды:
1.Жер дауы
2.Жесір дауы
3.Үй іші мен бала тәрбиелеу
4.Ұрлық-қарлық,барымта
5.Бір халық пен басқа ру арасындағы дау
6.Құн дауы
7.Ұлтын жаудан қорғау
1611-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға шабуыл жасап,Сайрам қаласын қиратады.Жоңғарлардың бір юөлігі Сарысу өзеніне екіншісі Орта жуздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кіреді.
ХVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып,сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы жүз билерінің қосқан үлестері зор болды.
Н.Д.Оңдасынов атындагы мектеп-гимназиясы

Приложенные файлы

  • docx 15430066
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий