Жүрек қантамыр жүйесін зерттеу әдісі


Электрокардиография – жүректің электрлік өрісінің екі нүктесіне қойылған электродтар арасындағы потенциал айырмасын тіркеу әдісі. Жүрек жиырылғанда оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшықет клеткалары, олардың мембраналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады, осы кезде жасуша аралық және ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік токтың пайда болуына әкеліп соғады.
ЭКГ 12 шықпа бойынша тіркеледі. 3-стандарттық немесе класскалық, 6-көкіректік және 3-бір полюсті күшейтілген арнайы шықпалар да қолданылады: өңештен және Небо бойынша. Стандартық шықпа ЭКГ-ны тіркеу үшін екі білектің төменгі бөлігінің төменгі үштен бір бөлігіне және сол балтырға ылғалданғаннан кейін электродтардың металды пластинкаларын орналастырады.
Қалыпты ЭКГ. Диастола кезінде жүректе токтың әсері болмайды, және электрокардиограф изоэлектрлік деп аталатын түзу сызықты тіркейді. Токтардың пайда болу әсері өзіне сай қисық сызықпен байқалады. Дені сау адамның ЭКГ-сында келесі элементтерді ажыратады: Оң мәнді Р, R және Т, теріс мәнді Q, S тісшелер; тұрақсыз оң U тісшесі.
Р–Q, S–Т, Т–Р, R–R интервалдары.
QRS және QRST кешендері.
Осы элементтердің әрқайсысы миокардтың әртүрлі бөліктерінің уақыты мен кезеңділігін байқатады.
ЭКГ-ні талдау. ЭКГ-ні талдауды келесі кезекпен жүргізеді:
Жүрек ырғағының дұрыстылығын анықтау.
Жүрек ырғағының жиілігін еесптеу.
ЭКГ вольтажын анықтау.
Стандартты тіркемелердегі қарыншалық кешеннің түрі бойынша жүректің электрлік өсінің орналасуын анықтау.
ЭКГ-дағы жеке элементтердің Р тісшесінің, Р–Q интервалының, QRS және QRST кешендерінің ұзақтығы мен биіктігін өлшеу.
ЖСЖ тәуелді болатын QRST кешенінің (Q–T интервалын) ұзақтығын анықтау: жүрек ырғағы жиі болған сайын, бұл интервал қысқара түседі.
ЭКГ-нің клиникалық маңызы. Ол жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу әдістерінің арасында алғашқы орынды алады. ЭКГ жүрек ырғағының бұзылыстарын анықтауда, коронарлы қанайналым өзгерістерін диагностикалауда үлкен көмек көрсетеді.
Эхокардиография – М әдісі деп аталады (motІ)on - қозғалыс), себебі зерттеу кезінде қозғалыста болатын құрылымдардан мәлімет алынады. ЭхоКГ-ні тіркеу кезінде систоланы диастоладан ажырату үшін ЭКГ-де жазылады. Қос жармалы қақпақшаның алдыңғы жармасын шектеу кезінде маңызды мәліметтер алынады. Бұл кезде ЭхоКГ М-пішіндес болады. Эхокардиограф аппараты пьезокристалдары бар ультрадыбыстың датчигінен тұрады. Ол ультрадыбысты серпіндерді зерттелетін ағзаларға жіберіп және олардан тойтарылған (кері қайтқан) эхобелгілерді қабылдап алады. Сол белгілерді қозғалып тұратын фотоқағазға толқынды сызықтар ретінде тіркейді – ол эхокардиограмма (ЭхоКГ) деп аталады.
ЭхоКГ-ның жүрек ақауларының диагностикасында үлкен маңызы бар, себебі ол жүрек қуысындағы қақпасындағы қақпалар аппаратының жағдайын, қалыңдауы мен кеңеюінің орын алу мүмкіндігін бақылауға көмектеседі. Ол қос жармалы қақпақшаның ақауларын, ишемиялық ауру кезіндегі миокард жағдайын, миокардитті, іркілген кардиомиопатиясын, қолқадан тыс тарылуын диогноз үшін анықтау кезінде перикард қуысында сұйықтықтың барын, т.б. білу үшін де маңызы зор.
Фонокардиография – жүректің қызметі кезінде жүректе пайда болатын дыбыстарды тіркеу әдісі. Ол жүрек аускультациясының қосымша әдісі болып табылады, оладам құлағы қабылдамайтын дыбыстарды тіркеуге мүмкіндік береді.
Жүрек циклінің белгілі бір фазасында туындау уақытына қарай, әртүрлі жиілікті шудың сипатына қарай жүректің қақпақшалық аппаратының қосарланған зақымдалуын байқауға болады.
Жүректі зондтау – қан қысымын өлшеуге және жүректің жеке қуыстары мен магистралды тамырлардағы газдық құрамды анықтауға, жүректің туа біткен ақауларындағы өзара аномалды байланыстарды анықтауға, жүрек қуысының өзінде ЭКГ және ФКГ тіркеуге, ангиография жасауға мүмкіндік береді.
Клиникалық маңызы. Жүректің әрбір жеке бөлімдерінен алынған қанның газдық құрамын анықтау, қуыстар арасында және ірі қантамырлар арасында патологиялық байланыстарды анықтау. Мысалы, қарыншааралық байланыс болғанда және сол қарыншадан оң қарыншаға қан лақтырылғанда, оң жүрекшеге қарағанда оң қарыншадағы қанның оттегімен қанығуы жоғары болады. Егер оң жүрекше мен оң қарыншаның қанының газдық құрамында ерекшелік болмаса, өкпе артериясынан алынған қанның құрамында оттегі жоғары болса, онда қолқадан өкпе сабауына артериялық қан өтетін ашық артериалды өзектің бар екендігін дәлелдейді.
Жүрек және қантамырларды рентгенологиялық тексеру жүрек-қантамыр жүйесін аспаптық зерттеу әдістерінің бірінші орнын алады. Қарапайым рентгенологиялық тексеру әдістемесі рентгеноскопия және рентгенографиядан тұрады.

Приложенные файлы

  • docx 15256371
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий