Filosofia_polny (2)


Дүниетанымның және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)
Фил/ның пәні: адам және дүние мәселесі
Фил/ның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі
Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері, Веда үнді философиясының көне ескерткіші ретінде
Буддизм философиясы
Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі
Конфуцийдің этикалық философиясы
Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ, оның тағылымы).
Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
Аристотель фил/сы: “материя” және “форма” түсінігі,
Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.б.)
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика
А. Августин мен Ф. Аквинскийдің діни философиясы
Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия
Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд,т. б. БЛОК-2
Ислам философиясының даму ерекшеліктері
Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм
Жаңа заман философиясы: Р. Декарттың «күмәндану принципі»
Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі
“Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? И. Кант философиясы
Шеллингтің натурфилософиясы
Г.В.Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы
Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы
Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, М: Қашқари, Ж. Баласағұн, А. Иүгенеки
Қорқыт Атаның рухани ілімі
Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ. А. Иасауидің хал ілімі
Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері
Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі
ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы БЛОК-3
Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы
ХХ ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы
ХХ ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм түрлері
ХІХ ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я. Чаадаев, А.И. Герцен, И.В. Кирееевский, А.С. Хомяков)
Марксизм философиясы
Пармениттің болмыс бейболмыс теориясы
Гуссерльдің феноменологиясы
Сана және бейсаналылық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы
Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері
Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт
Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде
Таным және оның түрлері
Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері
Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат ж/е адасу)
Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптерімен заңдары
Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер
Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі
Адам философиясы: өмірдің мәні
Қоғамдық сананың түрлері. моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде
Қоғамды философиялық талдаудың негіздері
Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы
Л.Н.Гумилевтің «поссионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде
Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм)
Мәдениет және өркениет
Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері
Адам жеке адам және тұлға мәселесі
Философиядағы адам мәселесі
Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
1. Дүниетаным ж/е оның түрлері (мифологиялық, діни, ф-қ). Адамның объективтiк дүниенi танудың алғ.формалары-дүниенi сезiну ж/е дүниенi қабылдау-эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен б/ты б/ды. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды. Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терең мәнiн,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек д-ным негiзiнде қалыптасады. адам өзiнiң мәдени денгейiне б/ты, арнаулы н/е жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен ж/е БАҚ мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк ф-ясын,өз д-нымын құрастырады. Д-ным д/з-адамның дүниенi түсiну,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады. Дүниетанымда ф-ядан басқа да әлеум-к-тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. 1. Миф/я дегеніміз – 1) адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы, 2) дүние, табиғат ж/е адам жайында бiртұтас түсiнiк б.т.,өйткенi онда сыртқы дүние мен адам,ой мен сезiм, бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея,объективтiк ж/е субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады. Мифтiң нег. қызметi – дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық ж/е эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары мен құндылықтар жүйесiн орнықтыру.Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табиғаттан ж/е әлеум-к ортадан болмыстан тәуелдiлiгi ж/е мифтерде дiннiң, ф-ң, ғылымның бастамалары бар. 2. Дiни-дүниеге көзқарас шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы б.т.,өйткенi ол дүниенi 2-ге бөлiп қарастырады ж/е «ғаламат күшке» сенiм-дiни сананың негiзi б.т. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi, ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымнан тыс күштердi мойындау ж/е соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда п.б.-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемл-к дiндер-индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi ж/е ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғ.дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемл-к билiктiн бiр ортаға жиналуымен б/ты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. 3. Ф-я (б.д.д.6-5ғғ) Үнд, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде п.б. Бұл терминды алғ.қолданған антик философы,математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды ж/е басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады ф-я-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.Оның ерекшiлiктерi: 1. Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны ж/е оған деген қатынасы. 2. Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай. 3. Ф-я өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция (мифте-сезiм, қиял болса; дiнде-сенiм және сезiм). 4. Ф-қ танымның эмпирикалық негiзi, базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны ж/е қоғ-қ өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық ф-қ тақырыптардың бірі б.т. Ф-я пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар п.б. Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен ж/е ф-қ этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен б/ты болды. Сократ үшін нег.мәселе адамның ішкі әлемі,оның жаны мен қасиеттері б.т. Философиядағы адам мәселесі. Антропология-адам туралы ілім. Ф-қ антроп-я-адам туралы ф/қ ілім н/е адам ф-ясы. Адам мәселесі ф-ң аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы ф-қ антроп-я бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Онтологиялық сұрақ-дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды. Дүниенің алғ.бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында ф-яда 2 нег.б ағыт п.б., олар: материализм ж/е идеализм. Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір. Материя - адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін ж/е санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі б.т. Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы б/ша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық-«идеялар әлемі» ж/е «заттар әлемі» болып бөлінеді. Субьективті идеализм-бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған н/е біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне б/ты ф-яда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады. Монизм (гр. Monos-біреу,жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін-материя алғ.бастама б.т. Дуализм (лат. Duo-екеу)–монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт. Деизм-(лат. Dues-Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери. Ф-ң нег.сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар п.б., олар ф-ядағы гностицизм ж/е агностицизмдік көзқарастар. Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын ф-қ көзқарас. Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді. Диалектика (гр. Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) - обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға б/ты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).
3.Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.Философия қызметі - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары:
Дүниеге көзқарастық қызметі - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. 
Методологиялық қызметі - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды. 
Теориялық қызметі - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды-логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. 
Гносеологиялық қызметі - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. 
Сыншылдық қызметі - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. 
Аксиологиялық қызметі - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. 
Әлеуметтік қызметі - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. 
Тәрбиелік қызметі - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. 
Эвристикалық қызметі - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі билейді.
Философия ғылымы нені зерттейді. Қазіргі қоғам өте үлкен рөл атқарады.Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызга дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Әрине, философияның жүйеленген қағидалар мен догмаға сүйенетіні де рас. Дегенмен философия нақты фактыларға да жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты көбінесе объективтік заңдылықтарга сүйенеді. Бірақ оның ғылым екенін мойындамайтындар бар. Философия бұл екеуінің арасындағы дәнекер дейтіндер шығып жур. Әрине, философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты дүниетанымдық, методологиялық ғылым ретінде өмір сүреді.
4. Еж.үнді ф-ң нег.мектептері, Веда үнді фил-ң көне ескерткіші ретінде.Көне Үнді ф-ясы алғ.қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі ф-қ ойларының негізін діни миф-қ жүйелер құрды. Үнді қоғамы 4 варнадан тұрды: 1.брахмандар: әулиелер;2.кшатрий: әскербасылар; 3. вайшьи: көпестер; 4. шудра: қызметкерлер мен шаруалар. Әр «варна»-адамдардың қауымдастық салт-санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соған орай қоғамдағы орны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.«Брахман»-ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья»-«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған. «Шудра»-шаруалар-қара түстілер. Үнді ф-ң тарихы мына кезеңдерге бөлінеді: 1. Ведалық кезең (б.д.д. ХY-YII ) – өркениетті қалыптасу дәуірі. 2. Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. IІғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі ф-қ ойлар 3 сатыдан өтті: 1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака-лакаята мектебі. 2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер. 3) Сутралар ж/е олардың түсіндіру кезеңдері (б.д.д. ІІІғ бастап). Ерте Үнді ф-ң қалыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен б/ты. Ф-қ көзқарастар б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар 2 топқа бөлінеді: 1) Астика (ортодоксолды) бағыты-ведалардың беделін қабылдаған, мойындаған мектептер жүйесі. Оған Веданта,миманса, санкхья, ньяя, йога ж/е вайшешика мектептері жатады. 2)Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака-лакаята ілімдері. Көне үнді мәдениетінің қайнар көзі-ведалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді)-ерте үнділердің миф-ын, космологиясын, әлеум-к қатынастарын қамтитын діни ж/е ф-қ көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы. Ведалар –ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиетті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифтік-ф-қ тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жалпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады. Веданта («Ведтердің аяқталуы»)-үнді ф-дағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі. Нег.салған Бадараяна-индивидті жанды сансарадан құтқару. Ведалар адамдардың қалай өмір сүру керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты-дхарма д.а. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.
Локаята-Веда ілімдеріін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған локояттардың пікірінше, барлық денелер махабхут д.а. 4 түпнегізден тұрады: ауа, от, су ж/е жер. Махабхуттар белсенді ж/е әрекетшіл келеді. Олар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасиет-санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт-ләззат деп түсінген.
5. Буддизм философиясы – буддизм әр түрлі мектептері мен бағыттарының шеңберіндегі қалыптасқан дүние, адам және танымға қатысты көзқарастар. Буддизм-талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін діни ілім әрі философия. Үндістанда б.д.д. 6-5 ғғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. Өмірден баз кешіп, күллі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды. Буддизмнің төрт игі ақиқаты:өмір – азапқа толы;азаптың себептері бар;азапты тоқтатуға болады; азапты тоқтататын жолдар бар.
Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:дұрыс қабылдау (видение);дұрыс ойлау;дұрыс әрекет;дұрыс өмір сүру салты;дұрыс күш жұмсау;ақылды дұрыс қолдану;дұрыс ой шоғырландыру. Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоқталады.
Буддизмнің негізгі екі бағыты бар: хинаяна және махаяна.Махаяна – адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады. Хинаяна – Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.
6. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі. Қытай фил/сы – б.з.б. VIII-VI ғғ. аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан философия. Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Таньалты философиялық бағыттарды атап көрсеткен: Инь ж/е Ян мектебі, Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер, Моистер мектебі, Атаулар мектебі, Заңгерлер мектебі және Дао ағымы.
Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» ж/е «Дэ».
«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.
Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.
«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.
Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.
Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен «Ян» қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.
Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».
Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді.
Елде тәртіпсіздік болмас үшін: мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек; аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек; ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады; адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.

7. Конфуцийдің этикалық философиясы. Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун-фу-цзыға тікелей байланысты. Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.
Конфуций дүниетанымы философиялық–этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:
«Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».
«Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.
Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.
Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.
Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.
8. Ежелгі грек натурф-ясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). Антикалық ф-я алғ.қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.Ертедегі Грецияның алғ.ф-фтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғ.бастамасын табуға тырысты. Антикалық ф-фтарды «физиктер» д.а. Себебі, олар ф-қ ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай ф-қ пікірді ф-яда «натурф-я» д. а.
Иониялықтар. Алғ.грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық ж/е т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң ж/е логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз-от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған б/ты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды. Пифагоршылдар б.д.д. 6-ғ. 2-жарт. п.б. ф-қ ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик ж/е астроном Пифагордың ф-қ теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған. Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп ж/е тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты ж/е үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған.Пифагоршылдар ф-я мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңт.Италия) п.б. ф-қ мектеп. Басты өкілі-Ксенофан. Элей мектебінің нег.мәселесі-болмыс болды.Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің нег.салушы. бүкіл миф-яны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан п.б. деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Атомистер. Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-еж.грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: Сезім арқылы танып-білу, Ақылмен танып-білу.Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен фил/ның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.
9. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы). Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.
Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
Софистер және Сократ философиясындағы адам мәселесі. Өзінің қалыптасу кезеңінде адамның танымы объективті дүние бағытталған. Қоғамдық өмірдің өзгеруі, жаңа қоғамдық қажеттіліктердің туындауы, білім көлемінің философияда жинақталуы философиялық мәселелердің дамуында әрі қарай қадам жасады. Табиғатты қарастырудан кейін адам мәселесі, оның өмірін әр қырынан қарастыруға көшті. Философияда жаңа бағыт пайда болды, оның өкілдері софистер және Сократ. Софистер даналықты өздеріне қажетті, пайдалыны дәлелдейтін біліммен, дағдымен байланыстырған. Олар барлық жағдайларда дәлелдеуге болатынды, барлығын дәлелдеуге болатындығын тұжырымдады.
Софистер философиясында адам жалғыз болмыс болып табылады. Олардың тұжырымы бойынша адамнан тыс болмыс тіршілік етпейді, адам тек қана өзінен ақиқатты таба алады. Софист Протогор мынандай ой айтқан: «Адам барлық заттың өлшемі.» Софистер құқықтық нормалардың мемлекеттік заңдардың және моральдық бағалардың келісімділігін көрсетті.
Софистердің шәкірті, кейін олардың аппоненті болған Сократ (470-399жж б.д.д.). Сократ үшін барлық заттардың өлшемі болып зерделі ойлы адам табылады. Адамның негізгі ерекшелігі болып жоғарғы және нақты білім бере алатын зерде табылады. Бірақ білімді дайын түрде алуға болмайды. Адам оны табу үшін қажетті күштерді жұмсауы керек.
Сократтың адам ойын тудыруға көмектесетін әдісі ретінде ирония табылады. Қоршаған ортаға ирониямен қарай отырып Сократ оларды жалпы қабылданған ақиқаттарға күман тудыруға шақырды және оларды ойлауға, өзіндік позиция жасауға шақырды. Осыдан Сократтың ойынша барлық білімдер адамда алдын ала бар. Адамның толық білімдері бар, сана барлық ақиқат түсініктерін өзінен алады. Философияның міндеті ол адамға жаңа өмірге келуге көмектеседі, дұрыс және ақиқи моральдық нормаларды табуға көмектеседі.
10. Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі. Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427-347)-ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі –Аристокл.
367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.
Платонобъективтіидеализмніңасакөрнектіөкілі. Платон ойынша дүние табиғаты бойынша екі жақты: онда өзгермелі заттардың көрінетін дүниесі және көрінбейтін идея дүниесі. Идеялар дүниесі ақиқат болмыс болып табылады, ал нақты, сезіммен қабылданатын заттар – ол болмыс пен болмыс еместің ортасы: олар идеяның тек қана көлеңкесі, көшірмесі.
Идеялар – олар заттардың образдары, әлдебір жоғарғы мәндер. Жоғарғы идея – ол абсолютті жақсылық идеясы немесе Әлемдік зерде. Дүние осы зердеменжасалған, ол оған тәртіп пен өлшемді әкеледі.
Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі – Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемл/тік құрылысты 5 түргебөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады
Платонның ойынша, адам – әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса және керісінше болғанда, онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі – Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады. 
11. Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі. Аристотель (б.з.д. 384-б.з.д. 322 ж.) – грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. Оның ең маңызды еңбектері «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика».
Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды. Осы екі категорияның "материя" мен "форманың" диалектикалық қатынасын қарастырды.Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын т/де "негіз", "астар").
Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі – онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі – теріс анықтама, ал екіншісі – оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады. Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға болмайды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.
Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. "Соңғы материя" мен "бірінші материяның" байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп береді. Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған "материя" мен "форма", яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады.
12. Антика фил/ғы матерализмдеуді негіздеу идеялары(Фалес, Анаксимандар, Анаксимен). Бзд 7-5ғғ антика/қ рухани даму миф/қ, діни көзқарастан ғылыми, фил/қ көзқарасқа қарай бағыт/ды. Бұл кезеңді антика/қ фил/я тарихында Сократқа дейінгі,ал бдд. 5-3ғғ. ойшылд/ң мәңділік/ң генетика/қ бастамасын,түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарас/ң негізі етіп алып,оны өзің категория/қ аппараты тұрғысынан түсінд/п, фил/қ ойлауды биік деңгейге көтеруіне байл. Кезеңді Сократтан кейіңгі н/е классика/қ кезең деп 2ге бөледі. С.қ .антика фил/ң қалыптасуына Критмиркен, Гомерлік Греция кезеңін/гі әдеби діни миф/қ көзқарастар ж/е күнделікті өмір тұрғысынан тұж/далған данышпандық ой-пікірмен негізінде дамыған грек мәд/ң сол кездегі Көне Шығыс мәд/ң озық үлгісін өз бойына сіңіру арқасында қал/н әлем/ң Cубстанцион. қ негізін іздеген,рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы фил/қ мектеп Кіші азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген,жеті данышпан/ң қатарына жататын,солар/ң ішінде ең сыйлысы Фалес (бзд 625-547 ж) болды. Ол (бастама туралы), (күн туралы), (күн мен түнң теңесілуі туралы) Фалес ілімінше, барлық денелер/ң генетикалық бастамасы-су. Бұл жерде су мұхит, Абзулар/ң фил/қ жиынтықталған ұғымы. Ф.таным процнде танып білу бір бастамадан басталып,соның төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады. Ф/ң фил/қ көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олар/ң пайда болу, даму заңдылық/н табиғи тұрғыдан танып білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды.Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып,фил/қ ой пікір/ң одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты. Ф/ң ілімін әрі қарай оның шәкірті ж/е жолын қуушы Анаксимандар [бзд 611-545 жж] жалғ/рды. Негізгі еңбектері: [табиғат туралы], [Глобус], [жер картасы]. А.барлық денелерң бастамасын сол денелерң түпнегізі апейронмен теңестірді.Олай болса,апейрондар бастама да,түпнегіз де.Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарамақарсы құбр ылғал мен құрғақтық,салқындық пен жылылық шығарады. Жалпы, Анаксимандр ілімінше, тірш/к теңіз бен құрлықтың шекарасы Айда, аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді,кейін олар/ң кейбіреулері өзд/ң қабыршақтарын тастап, құрлыққа тастап, тірш. етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарлар/ң бір түрің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен кейін құрлыққа шығып өмір сүрді. А.ілімі/ң аңғалдығына қарамастан, онда табиғат/ң даму заңдылық/н табиғ/ң өз логикасымен түсіндіру табиғ/ну диалектикасың алғ/қы қадамдары болды. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен [бзд5ғ] жалғ/ды. Негізгі еңбектері/ Анаксимен барлық денелер/ң негізі деп Ауаны айтады. Ауа шексіз. Сөйтіп, А/ң апейроны түпнегізден Ауа/ң қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғ/та болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбрды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен отқа, с.к.эфирге айналса, қоюланғанда желге, бұлтқа, суға, жерге ж/е тасқа айналады. А/ң ілімінше,жер ж/е аспан денелері ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғи да қозғ/та болады. Күнде жер, бірақ өзің жылдам қозғ/ң cебебінен ыстық шоққа айналған. Жалпы, Анаксимен құдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады. Қорыта келде, Милет мектеб/ң өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық зат/ң, денелер/ң генетика/қ бастамасын,түпнегізін құдайлар/ң құдіретінен іздемейді, олар/ң өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетика/қ бастам/ң,түпнегі/ң табиғаты, 1 жағ/нан, зат тәріздес болса, 2ші жағ/нан, ақыл-ойдан да қашық емес, сонд/н ол құдайл/мен пара-пар құбылыс.
13. Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика. Құлиеленушілік қоғам күйреп,оның орнына Батыс Еуропа елд/ң қай-қайсында да феодалдық қоғам/қ қат/р қалыптасып, христиан діні/ң кең етек алып тарауына орай,шіркеу әкейлерімен пұтқа табынушыларфил/ң арасындағы мәмлеге келмес күрес/ң өрбу деңгейіне байл/ты,ортағасыр.қ фил/ны негізгі 3 кезеңге бөліп қарастырады. Патристика деп шіркеу әкейл/ң діни фил/қ ілімд/н айтады. Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амворсий, Майландский (340-397ж), Августин т.б.3-4 ғ/ларда жүйеленген өркен жаюына өзің тиісті үлесін қосты деп айта аламыз.Одан арғы Шығыс перипатизмі/ң дамуы әл-Фараби (870-950) ж/е Ибн Сина есімдермен тікелей байл/ты болды. Ал, 15 ғасыр/ң аяғында өнд/ң,сауд/ң әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техника/ң, табиғаттану ғыл/ң,матема/ң,механика/ң дамуына себепші болды. Ал, қоғам/қ өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластика/қ ой-пікірден тазарып,таза табиғаттану ғыл/дары тұрғысынан әлемдік процестерді ж/е адам табиғатын түсініп білуге жол ашты.Адамдар өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып білуде барлық ғыл/дарға тән универсал/қ тәсілдің маңызы зор деп есептелініп,сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логика/қ ойға ж/е тәжірибеге сүйенген математика/қ, кейінірек механика/қ тәсіл ұсынылды. Жалпы, схоластика/қ фил/дан гуманистік идеяға толы фил/қ көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылдары: Н.Кузанский, Леонарда да Винчи, Т.Мор т.б. болды.
14. A.Августин мен Ф.Аквинский/ң діни фил/я. Августин идеяны тану жан/ң ең жоғарғы бөліктеріне ғана,яғни ақыл парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі ақиқатқа жету үшін жан тап-таза ашық айқын болуы керек. Ол құдай болмысын үш дәлелін келт/ді. Гректер/ң өзі дүниені жаратушың бар екені туралы идеяны айтқан.Дүние/ң сантүрлі ж/е өзгермелігі,көзге көрінбейтін ж/е білінбейтін құдай жаратқанын дәлелдейді. Құдай дүниені жаратушы деп мойындайды. Ең бақыт- бұл дүниеде емес,о дүниеде. Оған құдайды сүйген адам жетеді дейді. Нағыз адам - А/ң ойынша,сүйе білген ж/е сүюге лайық адам. Бұл махаббат құдайға,өзін қоршаған алыс ж/е жақын адамдарға, құдай/ң бейнесі заттарға бағ/талған болуы керек. А/ң кейбір ойлары Дүниені жаратқан құдайға жүгініп емес,дүние/ң желісіне жүгініп пайымдайтын фил/рдан сақ болуы қажет дейді. Ал, Аквинский итальян/қ діни ойшыл. Католика/қ шіркеу/ң ең ірі ойшылы. Дегдар отб.нан шықса да, ол ата-анa/ң қарсылығына қарaмастан, домика/қ діни ұйымға кіреді. Фил/я қарама қайш/қа ұрынған шағында,оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф.А.теорика/қ теол/ң негізін қалаушы. Оның ілімің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп,шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. 1879 ж. Папа Лео 13 католи/қ унтер мен сименарилардағы сабақ беру/ң тым төмен дәрежесіне таң қалып, А.зерттеуді оқу бағдарл/ң міндетті шартына айналдырады. Міне сол кезде ғана Мерьсе неомистік ілім ашып,оны кейінгі шәкіртері томизді жаңаша ағымдар феноменология мен экзистенциализммен бірікт/ге тырысқан. С.қ, А.мем/к бил/ң дербес, табиғи жолмен қалыптасуын жақтады, оған діндарл/ң араласуына қарсы шыққан болатын.
15. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Көне заманның аяғында құл иеленушіліккенегізделген қоғам сарқылып, Орта ғ. «тарихи белсенділік» Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі-тайпалық рулық, соғыс демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көпқұдайлыққа табынған араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Араб империясы п.б. Көшпенді араб тайпаларының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстардың өсуіне әкелді. Араб имп. Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні, фил-сын жаңа елдерге таратты. Мыс, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке кірген «арсенал», «адмирал», «медицина», «алгебра» т.с.с. сөздер араб сөздігінен шыққан. Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, мәдениетті дамыту салалрында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келген. Дүниежүзілік мәдениетке арабтардың қосқан үлесі көп. Соның ішінде фил. Келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі – Антикалығ дәуірде п.б. фил лық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, ары қарай дамытуы. Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Платон, Аристотельдің шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс VIIғ. Аяғынан бастап XIғ. Дейін созылды. Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсақ, Абу Миамардың «Зидж Абу Миамар» деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің шыңы болды. Аль Батанидің жасаған астрономиялық кестелері латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косиунстарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізген де сол кісі. Ибн юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Ибн Афьян алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу Муса Джабирді «химия ғылымының әкесі» д.а. Закария Разидің «Барлығын қамтитын кітабы» да латын тіліне аударылды, ол заманның ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған. Араб мәдениеті, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелерінің бірі Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болған. М. Вебер уақытында айтқандай, ислам - көшіп қонған жауынгер халықтарының діні болып табылады.
16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд. Ис. фил – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орт. дәуіріндегі ф-лық ілімдерінің жиынтығы. Ис. фил/ның п.б мутализиттердің («оқшауланғандардың»)–қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне бай/ты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. І ғ. арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар фил-мен танысты. Олар Аристотельдің ф-сына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы д. есептелді. Аль-Кинди (800-870)–араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін б/а, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік б/ді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль-Фараби мен Ибн Рушдтың есімімен бай/ты. Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар. Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады)– Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы).Негізгі шығ/ры: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеум.-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға ф-я ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер ф-тар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда д/ді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198)  - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, фил/фы. Негізгі шығ/ры: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен фил-лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері. Ислам ф. мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам ф-ң даму кезеңі үшке бөлінеді. И.ф классикалық кезеңі (8-15 ғ); кейінгі (15-19 ғ); қазіргі заман (19-20 ғ. 2-жар). Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық ф-да Ислам ф-сы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам м-нің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті ойшылдары әл Фараби , ибн Сина, ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ис. өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғал-ның фил-сы ой-пікірлеріне ықпал етті. Ис. ф. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология,практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ис. ф-ң айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты.Ис. мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ис. қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ис. ф-ның дамуына жаңа дем берді.Ис. өркениетінің тарихында 19 ғ. басы – 20 ғ. ортасы – нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы “реформалар” кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс – Батыс” мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. 20 ғ. 2-жарт Ис. Ф-ның алдына мүлдем жаңа – демократия, филос.-теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды.Олар әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ис.ф-ның өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20 ғ. Ис.ф-ның дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон. және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сип/ды. Бұл ис. өркениеті мен Ис. Ф-ның қарқынды дамуын біл/ді.
18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм. Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-VII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: антропоцентризм және гуманизм. Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол ЕуропалықЖаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті.Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы).Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған).Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.
19. Жаңа заман философиясы: Р. Декарттың «күмәндану принципі». Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына ренессанс жаңғыру үлкен ықпалын тигізді.Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту,жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. 16-17 ғ/да жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. 17 ғ/ға қарай классикалық механика,жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көртеген философтарды маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты. Дәл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып,діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. 17 ғ. бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет діндісынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт т.б.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
Декарттың басты еңбегі Әдіс туралы ой толғау.Ол дүниенің өздігінен жаралғанын,онығ даму заңдылықтары бар екенін,бірақ олар механикаға негізделгенін айтты.Ал психологияда таным теориясында ол идеалист болды.»Мен ойлай аламын,олай болса өмір сүремін»деген қағиданы айтты.»Мен ешнәрсеге сенбеуім мүмкін,бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес Ойлай білу-тірлік кепілі» деді.Бірақ айналып келгенде ол материалист екенін анық танытты.Декарт-рационалист.Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Ол жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады.
20. Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі. Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:1)табиғатты зерттеудегі обьективтілік; 2)ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы; 3)табиғаттан технологиялық үстемдік; 4)табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді. Және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды,индиктивтік идолдарды,алаң идолдары мен театр идолдары жатқызылады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламамсын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып,нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындайды.Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды.Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады. Және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады.Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды міне Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімд береді және ғылымның көмегімн адам жаңа қоғам аспанда емес,жерде жұмсақ орната алады. Осы заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады:бұдан былай табиғат пен заттар әлемі обьектіге,ал адамның өзі субьектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясындада өзгерістер болып, терминологияны пайдаланудың жаңа тәсілі болып табылады.
Жаңа заман фил.сы алдыңғылармен салыстырғанда субьективтіліктің фил.сы болып табылады. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептеді. Локк болса индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді.Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субьект ретіндегі адам болып саналады.
21. “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? И. Кант философиясы. 17 ғ аяғы 19 ғ 1-жартысы неміс топырағында да ф-я кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезеңді бастап берген И.Кант (1724-1804) болса, оны Л.Фейербах (1804-1872) фил/сы аяқтады,ал шарықтау шегі Г.Гегель (1770-1831) фил/сы болды.Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И.Фихте (1762-1814), Ф.Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай философтар да,ғалымдар сияқты,басқа да мәдениеті өкілдер секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып,шоғырланып кездеседі.Ол тегін емес.Әрине себепкер обьективтік жағдай.Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді.Соның бір дәлелі классикалық неміс философиясы.
Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге:сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңінде бөлінді. Сынға дейінгі кезең И.Кант дүние өзінен өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің Аспанның жаппай табиғи тарихы және теориясы (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан өздігінен ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н.Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. «Сын» кезеңінде Ол «Таза ақылға сын» (1788)деген еңбектерін жазды. Кант дүниені өздігінен ,біздің санамыздан тыс өмір сүертін өзіндік зат және біздік зат деп екіге бөлді.Ол дүниенің танымдылығын екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. 1783жю И.Кант Прологомендер (кіріспе)деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің фило.дағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол фил.лық категориялар тәжірибеден тыс,оған дейін адам басына таза идея күйінде пайда болады деп жазды. И.Кант 1724-1804 жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Оның гносеологиясы жекелеген индивидке басымдылық беруден шығады. Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып, И.Кант өзінің трансценталдық фил.сы көмегімен эмпиризмнен Локк ж.е Юм, рационализм мен скептицизмнен Декарт асып түсуге тырысты. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субьектінің белсенділігін мойындайды. Бұл белсенділік қабілет субьекттің обьектіге әсерінен көрінеді. Және обьект субьекттің алдында қалай көрінсе ол обьекттің субьектіге әсерінің нәтижесі емес, бұл жерде обьект парасат пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. түйіндеуінше кезкелген таным субьектпен сипатталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Субьект обьектке салған барлық әсердің формасы бар. Обьект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз.
22. Шеллингтің натурфилософиясы. Ф.Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг обьективтік идеалист болды. Оның пікірінше әлем обьективтік идеяның әлемдік рухтың нақты идеясы. Оның еңбектерінің өзегі саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол иррационалды,алғашқы санаға емес ырыққа оның бостандыққа ұмтылуына негізделген. Олай болса дүниенің бастамасы қараңғы стихия. Фихтеге қарама қарсы «менді» дүниенің бірден бір өзегі, абсолюттік субьект емес, табиғаттан адамнан тыс рухани негіз обьективтік сана деп қорытады. Табиғат әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат әлемдік рухтың саналы әрекеті.Ол өзінің Жаңалық философиясы деген еңбегінде табиғаттың барлық құбылыстары белгілі ретпен жасалады,оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек саналы болып келеді деп тұжырымдады.
Шеллингтің натурфилософиясы Фихтенің зердеге айрықша назар аударған философиясы неміс жерінде үлкен қолдау тапты. Оны таным туралы, субъектінің қызметі туралы концепциясы көптеген философтарды ойландырды. Солардың ішінде классикалық неміс философиясының ірі өкілі Ф.И. Шеллингтің (1775-1854) еңбегі ерекше бағалы.
Бірақ Шеллинг Фихтенің шәкірті болғанымен, көп кешікпей ұстазының көзқарасынан бас тартты. Өйткені тым субъективтік негізде құрылған Фихтенің фил.сы практикалық өмірде, әсіресе, ғылым саласында өзінің дәрменсіздігін байқатып қалды. Екіншіден, XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді.Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс фил/ның негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Өйткені Спинозаның кезінде өріс алған механикалық, метафизикелық ілім ұлы философқа табиғаттың мәнін жан жақты ашуға мүмкіндік туғызбады. Ал Шеллинг болса, 17-18ғ.да ғылымда өріс алған механикалық көзқарастан бас тартып, классикалық неміс фило/сындағы жаңа қалыптасып келе жатқан диалектиканың негізіне сүйенеді.
23. Г.В.Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары. Класcикалық неміс фил/ның Канттан кейінгі көрнекті өкілі болып объективтік идеализмнің негізін салушы Георг Вильгем Фридрих Гегель (1770-1831) есептелінеді. Гегель Штудгард қаласында туылып Тюбинген университетінде жоғары білім алады. Жалпы алғанда Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18-19ғ. класcикалық неміс фил-ның ұлы өкілі болды, және солай болып қала бермек. Гегель классикалық неміс фил-ның дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс фил-ның ж\е өз заманының жаратылыстану ғылымдарын,жетістіктерін таразыға сала отырып Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан-жақты негіздейді. Фил-ның негізгі мәселесін Гегель объективтік идеализм тұрғысынан шешеді. Оның сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің пікірінше абсолюттік рухтың соңғы формасы фил. Ол философияны рухтың өзін-өзі тану процесі ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан көрегенділікпен фил-лық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фил/лық жүйенің іс-түссіз жоғалып кетпегендігін фил/лық ақиқаттың тарихи даму барысында қалыптасатынын пайымдай алды. Алайда фил-я тарихын Г. объективтік идеализмнің мүддесіне орай ж/е оның негізгі қағидаларының тұрғысынан сарапқа салды. Гегель фил-ның жүйесі мынадай 3 бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (феноменология). Гегель фил-ның басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель “Логика ғылымы”деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, д.ж рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның диалектикалық заңдылықпен дамуын идеалистік негізде табиғаттың п.б дейін алып қарастырады. Логиканың басты мәселесі – абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Гегель ең алғашқы б-п диалектиканың 3 жалпылық заңын идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Олар: «санның сапаға айналу заңы», «қарама-қарсылықтың бірлік ж\е күрес заңы», «терістеуді терістеу заңы». Бұл заңдарда Гегель көптеген фил-лық дұрыс анықтамалар береді. Біз оның сан мен сапаға, «қарама-қарсылыққа», «қайшылыққа», «санға», «сапаға»,т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Г.пікірінше абсолюттік идеяның 2-ші өмірі табиғат дамымайды, дамитын тек идея. Г. еңбегінде механика, физика ж\е тіршілік мәселелері қарастырылады. Органикалық физиканың шегі – тіршілік. Г. пікірінше д.ж. тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Тарих – бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі ж\е адамзаттың өткен жолы. Сонымен, Г. өзгерістер фил-сын ойлап тауып, алғаш рет тарихты диалектикалық секірмелі үдеріс ретінде танытты ж\е ол тур. Білім үнемі өзгерістегі нәрселер біткеннен кейінгі ой толғаулар нәтижесінде жинақталады.
24. Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы. Клас-лық неміс фил/ның ұлы өкілдерінің бірі – Людвиг Фейербах (1804-1872). Фейербахтың ойынша адамның мәні оның денелік жандық біртұтастығында, тек теорияда ғана рух пен денені бөлек қарастыруға болады. Ал шын мәнінде олар ажырамас бірлікте болады, әрі рух пен ойлау денеге тәуелді қасиеттер, сөйтіп Ф. фил-ң негізгі мәселесін материалисік тұрғыдан шешеді. Табиғат пен адам - міне жаңа философияның зерттейтін пәні дейді Фейербах.
Л.Фейербах – кл-қ неміс фил-ң соңғы өкілі. Герм-ғы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалиспін деп жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ фил.сының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастауыш, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Сана – соның тек көшірмесі, ал психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. Ф. айтуынша “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология». Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л.Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейербах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махабаты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л.Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады. Фил/лық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты “сенің”болуың, басқалардың болуы.
25. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. Тәңіршілдік –дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Орхон-Енисей ескерт-кіштерінде жазылған көне түркілердің дүниетанымдық ұғымы бойынша, "Алдымен жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, олардың ортасында түркілер пайда болады”. Көне түркілердің діні аспанның құдайы Тәңірге (Тенгри) табынуға негізделген.Ұлы даладағы түркі халықтарының негізгі құдайы болған Тәңір туралы ұғым б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Алтайда пайда болды.Француз ғалымы Жан-Поль Ру оны "тенгризм” терминімен атады. "Тенгри” қазақша "тәңір” термині "құдай”, "құдайлар”, "тәңір”, "рух-иесі” сияқты әлемді жаратушының көзге көрінетін бөлігі - аспанды білдіреді. Сонымен қатар, «тенгри» түркінің екі сөзінің буыны "таң” және күннің ертедегі діни атауы – Ра, яғни екі сөз "Тан-Ра”-дан құралған."Танра” атып келе жатқан таң мағынасын білдіреді. Бұл дін осы уақытқа дейін сақталған алтай-саян халықтары XIX ғасырда оны "ақыл-ес” (разум) мағынасын беретін "янг”, "аң” деп атады. 
Бұл діннің космогониялық ұғымдары бойынша, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше сатыдан тұрады. Жоғарыдағы он жеті саты аспанды немесе Жарық патшалығын құрайды. Ал, төменгі жеті саты жерасты н\е Қараңғылық әлемін анықтайды. Ол 2-нің ортасында адамдар тұратын жер жатыр. Аспан мен жер жоғарғы субстанция аспандағы сатылардың ең жоғарысында - Қасиетті Аспан н\е Тәңір орналасқан.Сонымен қатар, аспан қайырымдылар рухының, ал жерасты әлемі күнәһарларға арналған тозақ орыны болып саналады. Тәңір - Аспан құдайы болса, Ұмай жер-судың құдайы. Қазіргі бізге белгілі діндердің ішінде ең көнесі ж/е соңынан пайда болған д.ж діндердің қалыптасуына тікелей әсер еткен осы дінді қазір түркі халықтары ұстанбайды.Бұл дін қазіргі уақытта толық зерттеліп болмағанымен ғылымға белгілісі оның аңшылықтан көшпенділікке ауысып жатқан кезде тұран тайпаларының ішінде пайда болғаны.Бұл дін түркі халықтарының адамзат өркениеті дамуына қосқан үлесі болып саналады.Сондықтан біз Тәңір дінін қазіргі ұстанатын дін ретінде емес, адамзат өркениетінің дамуына зор әсер еткен рухани-танымдық құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан қарастырамыз. Көне түркілердің Тәңірі, яғни түркіше "Аспан құдайы”, немесе "Мәңгі көк аспан” түркілерге қамқоршы болып, олардың халық болып қалыптасуына көмектескен.Көне түркілердің дүниетанымының негізі аруақтарға табыну болып табылады.Өлгендердің рухына, мифтік ең алғашқы бабаларға сыйыну осыдан шыққан.Тәңір, немесе Тенгризм жүйесі - тұран, оның ішінде түркі көшпенді халықтары өркениетінің негізі. Тәңіршілдік сенімінде соғыста жеңіс сыйлайтын да, билік иесіне билікті ұсынатын да, халықтың ниетіне қарай билеушіні таңдайтын да – Тәңірі. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске түсу халықтың рухани азғындағаны үшін Тәңірдің оларға жіберген жазасы болып саналады.
26. Түркі ойшылдарының фил-сы:Әл-Фараби,М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иүгенеки. Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңіне орта ғ-қ түркілік мәд-ті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлға-ды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылым-дың қасиетті парыздары б.т. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпар-да жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағас-қ педагогикалық ой-пікірдің даму тар-да аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Иүгінеки, Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Отырар ойшыл-ң ең атақтысы, топ жарғаны - "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әл-Фараби. Оласа ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқ. мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады. Әл-Ф тек Арист-дің үлкен білгірі ғана болған жоқ, ол орта ғас-қ ой пікірге аса жақын, әрі аса қажетті іс- аристотелизімді неоплатонизммен байланыстыруды жүзеге асырды. Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы Әл-Ф өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналасқан көп мәселелер б-ша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек фил-ң ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сонд. да Шығыста фил-ны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек.Ж.Бал-ның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасы – түрік тілінде жазылған алғ. мәдени-эстет-лық, фил-лық дастан. Дастан - саяси ж/е ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагог-лық ж\е псих-лық, фил-лық тұрғыдағы көркем туынды. Ж.Б. ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тіршілік-ге қарағанда ерекше жаратылған пенде,оның жан-дүниесінен өнер, білім, ақыл-ой, көңіл, ұятты табуға б-ды. М.Қашқари - түркі халқының ХІғ. өмір сүрген аса дарынды перзент-нің бірі. Нег. еңбегі, қаз.түркі халық-ның бәріне ортақ мұра – «Диуани лұғат ат-түрк». Бұл еңбектен түркі хал-ның өмірінің сан саласынан көптеген мәліметтер аламыз. М.Қ түркі хал-н бірлікке, өз халқын сүюге, халықтың бостандығы үшін жан аямауға шақырады. Көне түрік тайпа-ның дүниесезімі мен дүниетанымымен таныстырады. ХІІғ ө.с. ұлы ойшыл-дың бірі А.Иүгінекидің нег.еңбегі «Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерілген нег.мәселе- адам өмірінің мәні. Адам-саналы түрде іс-әр. жасайтын пенде, ал оның санасын, рухын дамытатын-білім. «Біреу зәбір жасаса, қарымына рақат көрсет, кешір, зәбірлік жасама», - дейді ұлы ойшыл.
27. Қорқыт атаның рухани ілімі. Біздің ата бабаларымыз көшпенділік мал шаруашылығымен қатар Жібек жолы мен Сыр Дарьяның тағы басқа өзен сулардың бойында қалалар орнатып, егін егіп, қолөнерді дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар әрине,мәдениет пен философия да биік деңгейге көтерілген.
Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар 8ғ өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тірейді және ол заңды. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша Қорқыт 8ғ Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші,қобызшы,аңыз кейіпкері. Қорқыт ата кітабы-түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын,әдет-ғұрпын,ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы өзінше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп тамыры,көне замандарда пайда болған мифологияға кетеді,сондықтан олардың құндылығы да осында. Мысалы Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына сиынып,тәңірден бала тілеп алады.Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді.Мұндай желіс қазақ дастандарында көп кездеседі. Батырлар әулиеге ат атап, қорасанға қой атап ата бабалар қабіріне түнеп,көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша өмірге келген балалар өсе келе, ел жұртының қамқоршысы болып шғады.
Қорқыт ата кітабындағы Төбекөз өзінің іс әрекеті,ой мақсаты,қатігездігі жағынан Одиссей жырының үрейлі кеіпкерін еске түсіртеді. Қорқыт ата кітабындағы көтерілген әлеуметтік мәселелерге келетін болсақ,олар:халықтың бірлігін сақтау,әлеуметтік әділеттілікті жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу,әдет ғұрыпты сақтау,елді жаулардан қорғау. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша,Қорқыт ата өмірінің соңғы кезінде қобызын тартып,неше түрлі әуендер шығарған.Табиғаттың тылсым күштерін,адам жанының көңіл күйлерін, сезімін ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткізе білген. Ол өлгенде,оның артында шығарған күйлері қалады.Қорқыт күйлері осы уақытқа дейін ойналады.Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздері өзінің даналығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейін бізді таңғалдырады.
28. Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ. А. Иасауидің хал ілімі. Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың ішінде сопылық философия ерекше орын алады. Сопы деген сөздің төркіні шамасы дана деген грек сөзінен шықса керек.Сопылық фил. Ислам дінінің шеңберінде пайда болған мистикалық-аскеттік ағым.Оның дүниеге келу себебін жете түсіну үшін,ислам дінінің кейбір ерекшеліктерін түсіну қажет.
Ислам діні-тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін.Сондықтан бұл діндегі аса үлкен басымдық-бірлік,бірқұдайлық, ол абсолютті,оған ешқандай күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқы дейін бытыраған көшпенді араб тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа айналдырып, үлкен мемлекет құру қажеттігі жатқан еді.
Сопылық фил-ң Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде Қ.А.Яссауи 1094-1167жж бабамызды айтуға болады. Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. Меккеде-Мұхаммед,Түркістанда-Қожа Ахмет,Деген сөздердің өзі оны бізге ашық көрсетеді. Негізі осы уақытқа дейін жеткен еңбегі Диуани Хикмет-Даналық кітабы. Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады:Бұл еңбекті,негізінен алғанда адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады.
Яссауи фил-а қойылған негізгі мәселе ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден адам-дене,оның қажеттіктері өтелмей өмір сүру мүмкін емес.Екіншіден адам-рух,ол оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі, аса баға жетпейтін қасиеті.Бұл арада Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді. Бұл көзқарас 20ғ өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің нағыз адамның өмір сүру ахуалы-рухани ахуал деген сөзімен үндеседі.
29. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері. Қазақ Фил/сы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан /ға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.Асан Сәбитұлы –жырау, ойшыл, мемл. қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған.
30 Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата , әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық фил. да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздарған бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейді. Себебі көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды-ол оның тілі,бабалардан келе жатқан дәстүр,аңыз хикаялар,нақыл сөздер.Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, фил-қ тұрғыдан талдануда.
15ғ қарай тарихының тамыры көне заманға кететін түркі тайпаларының өмірінде елеулі өзгерістер басталады.Мыңдаған жылдар бойы лек-легімен сонау Байқал көлі мен Алтайдан бастап Балқан тауларына дейін ағылған,ерікті өмір сүрген,басқа белгілі бір жерлерде орын тепкен мем-ң аузы батпаған,керісінше сол мемлекеттерді әрқашан да қорқынышта ұстаған көщпенділер тарихының сарқылу кезеңі басталады. Өйткені осы кезде дүниежүзілік тарихта,нақтылай келе,Еуропа топырағында,Жаңа дәуірге өту кезеңі-Қайта өрлеу заманы басталады. Ұлы мәртебелі табиғаттың балалары көшпенділер -өзінің өмір аясының сарқыла бастағанын ішкі көкей көзімен болса да бірте-бірте сезіне бастайды.
31. ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы. Қазақ халқының тарихында XIXғерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық ф-я» д.а. Қазақ ағартушылық ф-ң көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Ш.Уалиханов (1835-1865)-ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Ш.У. В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.У. тікелей ф-қ мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік ф-қ пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір» деген еңбектерінде ф-ң нег.мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние-күн, ай, жұлдыздар ж/е жер-алғашқы құдірет б.т.» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен ж/е басқа да еңбектерінен Ш.У.-ң себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мыс, «Тәңір» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға б/ты екендігімен түсіндіреді. Ш.У. сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағына-тындығын мойындайтын ф-қ көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде ф-ң нег.мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Ш.У. бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғ орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ы.Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.У. секілді Ы.А. да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді ж/е Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ы.А. арнайы ф-қ тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту ж/е қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс ж/е тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс ж/е тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл-ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ы.А. дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық-қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ы.А. қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Ы.А.-ң дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, ф-қ проза, аудармалар мен әндерден тұрады. А.Қ.-қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде А.Қ. Ы.А. секілді деизмге жақын. Құдай-өз заңдары б/ша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. А.Қ. өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. А.Қ.-ң дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын. 1, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мыс, 43-қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады»-дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, 38-сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» ж/е «менікі» деген ф-қ мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Оның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. А.Қ. таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты-ақыл дейді.
32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы. Абайдың ф-қ көзқарастарынтек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен ж/е сонылығыменғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен ж/е жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта ж/е күрделі болып келеді.Ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғ.себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, ф-қ ойларының көпшілігінде адам ж/е адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. Абай адамды табиғаттың бір бөлігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басында сәулеленеді де, оның псих-қ қызметінен көрініс табады. Абай әлемнің матер-қ тұтастығын атап көрсетіп, «құдай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз Алла тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демелік...-ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз»,-деп жазды. Ол дуалистерге керісінше «өзінің өзі жасаушысы ж/е себепкері» б.т. табиғаттың ғана өмір сүретінін мойындады. Абай адамды Аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни, табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті. Ойшыл-ақын адамдарды құдайға сенуге үндемейді. Абай адам сенімін арттыратын нәрсе-білім, қажырлы еңбек, табиғат құпиясын ашу деп білді. Ол адам бойындағы жасампаздық қасиеттерге керемет сенім білдіріп, ол «алла үшін емес», адамдар үшін ғылым мен білімді игеруге міндетті деп есептеді. Сол жолда«құбылыстың мәнін түсінуге», «өзі мен әлемді ұғынуға», тіпті, «алланың өзінің де табиғатын тануға» ұмтылуы қажет. Абайдың бұл үндеуі ислам дінінің нег.қағидаларына қарсы, себебі, Құранда жазылғандай алла шексіз, ал адам санасы шектеулі ж/е сондықтан да тәңіріні тани алмайды. Егер теологтар дін негіздері мәңгілік, мызғымайды, ал адамның тумысында діни сезім болады деп дәлелдеуге ұмтылса, Абай мұны теріске шығарып, діннің тарихи жолмен қалыптасқанын атап көрсетті. Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне бағытталды. Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бастарту болып табылады. Абай дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сияқты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдерінде молдаларды, мұсылмандық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.
33. ХХ ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философияс. 20 ғ алғашқы ширегінде Алаш арыстарының тарих сахнасына келуімен қазақ халқы ояну дәуірін басынан өткізді. Олар тәуелсіздік пен егемендікті ту етіп, ұлттық идеяны іске асыруға тырысты. Олардың қатарына С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлерін жатқызуға болады. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғ 30-жж қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның ф-қ ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. Осы тұлғалардың кейбіріне тоқталар болсам:
С.Торайғыров 1912 ж басталған шығармашылығының жаңа кезеңінде  ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум-к тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. С.Т. шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байл/ты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген.
А.Байтұрсынов қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен әдісіне көзқарасын жаңаша қалыптастырып және күресті жаңа әдіске көшіріп, саналы түрде ұйымдастыруды көздеген. А.Б. таза қазақ тілінде ұйымдастырып ашқан газеті қазақ баспасөзінің негізін қалады. 1905 ж бірінші орыс төңкерісінен кейінгі уақытта ұлт зиялысының қоғамдық-саяси қызметі саяси тақырыптарға арнап кітап бастырып, қазақ даласына тарату арқылы қазақ халқының ұлттық саяси санасын ояту болатын. Сол мақсатпен А.Б. ХХ ғ басында ұлт-азаттық бағыттағы мысалдары арқылы насихаттаған өткір ойларын айқындай түсті. Ұлт зиялысы Ахметтің жұмсаған күш-жігерінің арқасында қазақ даласы ояна бастады, қазақтар арасында демок-қ саяси ой-пікірлер таратылды ж/е отаршыл патшалық жүйеге қарсы тұруға өзінің өлең-жыр, үгіт-насихатымен қазақ даласын жігерлендірді. Қорыта келгенде, 1, А.Б. Ресей патша үкіметінің қазақ халқына қарсы ұстанған отарлау саясатын әшкерелеп, оларды қатаң сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқына саяси даму жолдарын ұсынды. 2, халқының ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру үшін қазақ халқының сауатын ашып, білімге жетектеді, оның саяси-экон-қ ж/е мәдени жағынан жайғастырылып жаңғыртылуы үшін күресті. 3, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүргізу нысандарын жойып, тіршілік етуінің экон-қ негіздерінен айыруға ұмтылған патша үкіметінің саясатына қарсы тұрып, үкіметтің хұзырлы орындарына хат арқылы өз тілек-талаптарын қойып, үгіт-насихатын күрес құралына айналдырды.
34. ХХ ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм түрлері. Батыс ф-ясы үшін ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан ж/е тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ ғ соңынан бастап Батыс ф-ясында ф-ң жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады ж/е ол ХХ ғ-да қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм ж/е т.б. бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар. ХХ ғ Батыс ф-ң қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ ғ-да Европа басынан кешкен тарихи-әлеум-к өзгерістер әсіресе І ж/е ІІ д.ж. соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер п.б., оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;4) Бұрынғы ф-қ жүйе ХХ ғ адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді.
Позитивизм – XIX-XX ғғ 1-жартысындағы ф-қ бағыт. Позитивизмнің алғ.тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары ж/е жалпыға бірдей принциптері туралы ф-қ ілімге қарсы бағытталған. Осы ф-ң нег.салушы ж/е насихаттаусышы Огюст Конт. XX ғ 20 жж неопозитивизм дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық ф-я д.а. Неопозитивизмнің нег.қалаушылардың бірі ағылшын логигі ж/е математик Б. Рассел ф-ң маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы ф-қ мәселелерді шешуге кең қолданған.
ХХ ғ 50-60-жж неопозитивизмнің жаңа бағыты-лингвистикалық ф-я п.б. Л.Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние-логикалық кеңістіктегі фактілер.
XX ғ 30-жж К. Поппер ф-ң постпозитивизм бағытының негізін салды. Постпозитивизмнің идеялары:
ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;
ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір-бірінен тәуелсіз эмпирикалық ж/е теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;
фил/лық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты-ғылыми білімдер тығыз байланыста.
ғылыми теориялар бір-бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;
ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттарды іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.
35. ХІХ ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я. Чаадаев, А.И. Герцен, И.В. Кирееевский, А.С.Хомяков). Орыс ой кеңістігінде славяншылдық пен батысшылдық сияқты қоғамдық ой ретінде 1840-1850жж орын алды. Ол осы ағымның өкілдері арасындағы Ресейдің мәдени және қоғамдық-тарихи даму жолдарын таңдау негізінде туындаған полемика түрінде өтті. Мәскеулік батысшылдар клубының белсенді мүшесі Герцен болса, славяншылдардың қатарына Киреевский, Хомяков кірді. Батысшылдардың пікірінше Батыс Еуропа мен Ресей барлық адамзатқа бірдей заңдар бойынша дамиды, ал славяншылдар-Ресейдің басты тарихи мақсаты-қоғамдық және мәдени бастаумаладың өзіндік сипатқа ие болып дамуы. Батыстық бағытты ұстаушылардың өздері де батыс өркениетін түрлі түсіндірді, соған байланысты Ресейдің болащақ тарихи дамуын түрліше болжады. Бұндай сәйкестіктің болмауы батысщылдардың арасында әлеуметтік-саяси ұстанымдарының түрлілігімен байланысты. Осыған байланысты батысшылдардың өзі екі блокқа бөлінді: революциялық-демократиялық және социалистік. Герцен біріншісіне жатты. Батысшылдар мен славяншылдар арасындағы қайшылықтар 1836ж Чаадаевтің батыстық бағытта жазылған «Философиялық хатының» жарыққа шығуынан басталады. Б. Философиялық негізін басымды түрде гегельдік ұстанымдар құрады, яғни тарихи үдеріс гегельдің көзқарасы тұрғысынан қарастырылды. Ол үшсатылы өздігінен даму ілімімен және қажеттілік билігінен еркіндік билігіне өтумен сипатталады: іске асырылған идеядан қолдағы болмысқа, оның саналы шындыққа ұласуы. Осыдан б. Тарихи үдерісті бір бағытты прогрессивті үдеріс ретінде қарастырды деуге болады. Ол тарихи үдерісдің соңғы мақсаты-тұлғаның келісті дамуы үшін қоғамдық еркіндік идеалдарының іске асырылған қоғамдық құрылым. Гегль сияқты б. Халықтарды екіге бөлді: тарихи емес және тарихи. Ал с. Философиялық ұстанымдары жалпы, батыстық және орыс тарихтары туралы ойлардың тығыз байланысы негізінде құралды. С. пікірінше жалпы тарих-рухани еркін мен материалдық шектіліктің қақтығысы. Жалпы тарихтағы құлдырау кезеңі христиан дініің пайда болуымен байланысты. Егер батыста дің өзгеріске ұшыраса, Ресейде ол таза қалпында сақталды. Осыдан С. пікірінше Ресейдің алдында ұлы мақсат тұр. Ол-Батыс халықтарына христиан дінінің шынайы бастамасын жеткізу. Батыс пен Ресейде христиан дінінің түрліше дамуы түрлі тарихи даму жолдарын қалыптастырды: батыста-индивидуализм, сыртқы еркін орын алса, православтік Шығыста-коллективизм, бүтін сенім. Философиялық тұрғыдан С. неміс классикалық философиясындағы патристика мен романтизм идеяларына сүйенді. С. саяси көзқарастары қайшылықтарға толы болды: бір жақтан қоғамды бюрократиялық мемлекеттен тыныштандыру мен адам құқықтарының бұзылуына қарсы болса, екіншілері монархияның сақталуы үшін күресті.
36. Марксизм философиясы. Марксизм философиясы екі неміс ғалымдары, яғни Карл Маркс пен Фридрих Энгельспен 19ғ екінші жартысында ойластырылып, жалпы кең ілім марксизмнің құраушы бөлігі болып саналады. Марксизм философиясы өз заманының маңызды сұрақтарына жауап бере отырып, барлық әлемге таралды деп айта аламыз. Социалистік мемлекеттерде бұл философия ресми мемлекеттік идеолгияны құрады. Марксистік философияның пайда болу алғышарттары: бұған дейінгі материалистік философия; ғылым мен техникадығы ашулар; Ұлы француз революциясының идеалдарның жойылуы, яғни олардың ақиқатқа сәйскес еместігі; әлеум.-таптық қайшылықтар пен қақтығыстардың дамуы; дәстүрлі буржуазиялық құндылықтардың дағдарысы. Марксизм философиясы материалистік сипатқа ие және негізгі екі бөлімнен тұрады. Олар: диалектикалық материализм мен тарихи материализм. К.Маркстің философиядағы жаңалығы- тарихты материалистік тұрғыдан түсінуі. Тарихи материализмнің мәні: адамдар қоғамдық дамудың әр сатысында өзінің өмірін қамтамасыздандыру үшін өз еріктеріне тәуелді емес ерекше, объективті, өндірістік қатынастарға түседі; өндірістік қатынастар, өндірістік кұштер экономикалық жүйені қалыптастырады; ол қатынастар мемлкет институттарның базисін құрайды. Осыдан Маркс қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп қарастырды: алғашқы қауым; құл иеленуші қауым; феодализм; капиталим; социалистік қоғам. Марксистік философияның қарастыратын келесі мәселесі-диалектикалық материализм. Оның негізі ретінде Маркс пен Энгельс Гегельдің диалектикасын алды. Энгельстің айтуынша олар Гегельдің диалектикасын бастан аяғына тұрғызып, қарама-қарсы тұрғыдан зерттеді. Диалектикалық материализмнің келесідей ережелері қарастырылады: негізгі философиялық сұрақтың жауабы болмыс, яғни болмыс сананың алғышарты; сана материяның өзінің бейнесін көрсету қабілеті ретінде түсіндіріледі; материя әрдайым қозғалыс пен даму барысында; Құдай жоқ, ол адамның құбылыстарды түсіндіру ойлап шығарған идеалдың бейнесі. Ол қоршаған ақиқатқа әсер ете алмайды; материя мәңгі және шексіз, әрдайым жаңа формаға ауысады; дамудың негізгі факторы ретінде тәжірибе қарастырылады; даму диалектика заңдарына негізделеді, яғни: қарсы құбылыстарлың күресі мен бірлігі, санның сапаға ұласуы және жоққа шығару мен жоққа шығару.
37. Пармениттің болмыс бейболмыс теориясы. Парменид Элей мектебінің өкілі. Ол өзінің көзқарастары мен заттардың дүниетанымын «Табиғат туралы» деп аталын поэмасында түсіндірген болатын. Ол болмыс мен таным мәселелерімен айналысты. Парменид алғашқылардың бірі болып ақиқат пен субъективті ойлау түсініктері арасында шекара жүргізді. Ол өзінің болмыс пен бейболмыс теориясында мәңгі және шексіз Болмыс қана бар дейді. Бұндай тұжырымдамаға келуінің бірнеше түсініктемелері бар. Болмыстан басқа ештеңе жоқ. Сол сияқты ойлау мен ойланатын зат та болмыс болып саналады. Себебі ештеңе туралы ойлау мүмкін емес. Болмыс ештеңемен және ешкімнен пайда болған жоқ. Өйткені олай болатын болса, бейболмыстың бар екендігін тану қажеттілігі пайда болады. Ал бейболмыс өз кезегінде жоқ. Болмыс жойылмайды немесе өлмейді. Егер олай болатын болса, болмыс Бейболмысқа айналар еді. Ал бейболмыс жоқ. Болмыстың өткені мен болашағы жоқ, ол таза осы шақ. Ол қозғалмайды, біртекті, жетілген және шектеулі, ол шар формасында кездеседі. Осыдан Парменид «болмыс бар, ал бейболмыс жоқ» деген тезисті шығарды. Болмыс тек біреу ғана, себебі бірнеше болмыс болатын болса, олардың арасныда шектеу ретінде ьейболмыс болар еді. Болмыс біркелкі, яғни бөлшектерден тұрмайды. Бұл өз кезегінде қайтадан бейболмыстың жоқтығына әкеледі. Себебі. Болмыс бөлшектерден құралатын болса, ол бөлшектердің арасныда шекті білдіретін бейболмыс өажет болар еді, бірақ бейболмыс жоқ. Осыдан болмыс біреу және ол бөлшектерден құралмайтындықтан қозғалыстың да жоқ болғаны Қозғалыс болмағандықтан пайда болу мен жойылу сияқты түсәнәктердің де болмағаны. Болмыс әрқашан бір жерде болады, себебі ол қозғалмайды.
Парменид ежелгі грек философтарының ішінде алғашқылардың бірі болып болмыс пен бейболмысқа қатысты теориясында максималды ортақтылық түсінігін қолдана бастады. Ол өмір бойы болмыстың бар, ал бейболмыстың жоқ екендігін дәлелдеуге тырысты. Парменидтің пікірінше шынайы білімге тек сана арқылы ғана жетуге болаы. Ал сезімдер өз кезегінде қарама қайшы, шынайылыққа сәйкес келмейтін тұжырымдамаларға әкеледі. Парменид өзінің «табиғат туралы» поэмасының бірінші бөлімінде өзінің пікіріндегі шынайы әлемді сипаттады, ал келесі екінші бөлімінде адамдардың пікіріндегі әлемді туралы жазды.
38. Гуссерльдің феноменологиясы. Жалпы фен/гия дег. – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт. Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859-1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру. Гуссерль философиясының ерекшелігі оның жаңа әдісті бұл ғылымға енгізуінде. Оның әдісінің мәні «Заттарға қайта оралу» ұранымен түсіндіруге болады. Гуссерльдің пікіріндегі заттар не екендігін түсіну үшін «феномен» деген ұғымды түсіну қажет. Феноменологиялық әдіс факттарды емес, заттардың шын мәнін түсіндіруге бағытталған. Гуссерльдің пікірінше, феноменологияның зерттеу заты таза ақақат пен априорлы түсініктер. Феноменология Гуссерльдің пайымдауынша «бірінші философия» болып саналады. Себебі, ол таным мен білімнің принциптері туралы ғылым, заттардың ойлауының априорлы жағдайларын анықтайтын әдіс. Феноменологиялық шарттар редукция әдісі арқылы іске асырылады. Осылайша таным субъектісі эмпирикалық тұрғыдан емес, ол трансцендентальды субъект ретінде қарастырылады. Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті.
39. Сана және бейсаналылық: З.Фрейдтің психоаналитикалық фил/сы. Сана-сезім – адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімге тығыз б/ты. Бүгінгі ф-яда сана мәселесі толығымен зерттелген жоқ. Дискуссиялар, гипотезалар бар, бірақ ф-я мынадай нақты тұжырымдар бере алады: сана бар және оның өзіндік ерекше идеалды табиғаты бар. Гегель: сана – қоршаған зат-ды түсіну қабілеті. Бұл туралы айтқанда, сана - әлем формасын ойлау, түсіну тәсілі. Со-тан, сана әрқашан болады, ол бастала да, аяқтала да алмайды. Әлем мен сана – бір заттың екі жақты полюсі. Сон-тан ф-яда сананы табиғаттан бөлек қарастырмайды. Сананың мынадай форма-ы бар: өзіндік сана – сезім мен ақыл-ой, ес. Ақыл-ой мен естің арасындағы айырмашылық – ақыл-ой өзінің түсінігін қоршаған ортаға байланысты қалыптастырады.Ал ес өзін-өзі танушы ақыл-ой ретінде диалектикалық қарама-қарсы ойлар деңгейіне дейін жете алады. Жаңа ф-яда «сана» мәселесі Хайдггер жұмыс-ында өзінің бұрынғы анықтамаларынан айрылды. Оның ойынша, сана - әлемге деген дұрыс емес түсініктің болуы. 1-рет сана мәселесін Декарт ортаға қойды, кейін жаңа еуропалық философияда сана мәселесі дамып,феноменология и аналитикалық философия сияқты жаңа салалар пайда болды. Философияда сана болмысын зерттеуде 4 ағым қалыптасқан: 1.физикализм – материалды подход, ол бойынша сана жеке дара субстанция ретінде өмір сүрмейді, ол материяның бір бөлігі. (Дж. Смарт, Ф.Фейербенд). 2. солипсизм – индивид санасы жалғыз нағыз шындық болып табылады, ал материалды әлем – оның бейнелуі (Беркли, Юм, Фихте). 3.объективті идеализм – сананы да, материяның да барына қарсы шықпайды, бірақ санаға артық зейін қояды. 4.орташа материализм- сананы материяның ерекше түрде болуы ретінде қарастырады, бұл ағым орыс философиясында жақсы дамыған. Ф-яда сананың пайда болу мәселесіне келгенде 3 тұжырым қалыптасқан: 1.сана ғарыштық (құдайлық) шығу тегіне ие. 2. сана барлық тірі организмдерге тән – биологиялық ағым 3. сана – тек адамға тән қасиет. З.Фрейд 1856 ж 6.05 дүниеге келген австриялық психолог, психиатр, невролог.Фрейдтің кітаптары: Ницшенің ілімімен үндес және сабақтас ілімді австриялық психиатр-невропотолог, ақыл еместіктің өкілі ф-ф Зигмунд Фрейд (1856-1939) ұсынды. Ол ф-яда психоанализ ілімінің негізін салды. Бұл ұғым гректің екі сөзінен «psyhe» - жан, «Anaiycis» - шешім туындаған. З. Фрейд сананы мүлде жоққа шығармайды. Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» екенін пайымдайды. Ол тағы да екі түрлі сана құрылымын мойындайды: бірі - «шектен тыс мен», екіншісі-«ол» саналы еместіктің микродүниесі. «Түстерді талқылау», «Моисей және монотеизм», «психоанализге кіріспеден дәрістер».Адамның өлшемі мен өмір сүруінің аса маңызды факторы ретінде бейсаналықты бекітіп, ф-ялық антроп-ядағы бүкіл бір бағытты ашқан Ф.адамның психологиясына қатысты мәселелерді шешуге зор ықпал етті. Ол бейсаналықты санаға қарсы тұратын күш ретінде танытады. Ф-тің ойынша, ең басты күші жыныстық қатынас – либидо болып табылатын бейсаналық моральдық стандарттар және шектеу-мен қоса қоршаған әлеуметтік ортаға немі бойсұнып отыратын саналықпен қақтығыста болады. Ортаның шектеу-і индивидті кұйзеліске ұшыратады, соның нәтижесінде бейсаналық қатынастар невроз, түс көру сияқты көбінесе агрессивті шалыс әрекеттерге ұрындырады. Осылайша фрейдтік талдау биологиялық қатынастар мен саналы әлеуметтік нормалар арасындағы, саналық пен бейсаналылық, өмір инстинкті мен өлім инстинкті арасындағы бірқатар қайшылықтардан құралады. Бірақ, ақырында биологиялық бейсаналық анықтаушы рөлге ие болады.
40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері. XX ғ-да бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән ф-ясын адамның өмір сүру ф-ясымен алмастыру болды. Э. (тіршілік фил/сы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік бағыт. Э-нің идеялық қайнар көздері - өмір философиясы, Гуссерльдің феноменологиясы, Кьеркегордың діни – мистикалық ілімі. Э. діни (Марсель, Ясперс, Бердяев, Л.Шестов, М.Бубер ) және атеистік (Сартр, Камю, С.Бовуар) болып екіге бөлінеді. Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық ф-ясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық ой ф-яға қайтарылған жауап болды. Э-тер:рационалды ойлау жүйесінің негізгі ерекшелігі – субъекті мен обьектінің бір- біріне қарама- қайшылығы принципінен туады. Нәтижесінде бүкіл өмірді, оның ішінде адамды да рационалистік ғылыми зерттеу және іс жүзінде пайдалану обьектісі деп қана біледі, соның салдарынан мұндай көзқарас «мағынасыз» сипат алады. Э., керісінше, жеке адамнан тыс, «обьективті» ғыл. ойдын қара-қарсылығы ретінде көрінуге тиіс. Сөйтіп, Э. Ф-я мен ғылымды бір біріне қарсы қояды. Мәс., Хайдеггер ғылым «шындықты» қарастырса, ф-я «болмысты» зерттеуге тиіс дейді. «Шындық» деп эмпирикалық дүниеге жататын нәрсенің бәрін айтады, одан болмыстың өзін ажырата білу қажет. Соңғысы жанама түрде емес (дұрыс ойлану арқылы), адамға оның болмысы, жеке басының тіршілігі арқылы, яғни э. арқылы ашылып, тікелей ұғынылады. Суъект пен обьектінің бөлшектелмеген біртұтастығы осы э.-да тұжырымдалған, оны парасатты-ғылыми ойлау жүйесі де, алыпсатарлық ойлау жүйесі де түсіндіре алмайды. Күнделікті өмірде адам өзін э. ретінде сезіне бермейді, бұл үшін ол шекаралық жағдайға, яғни өлім алдындағы жағдайға душар болуы керек. Өзін экзистенция ретінде біле отырып, тұңғыш рет бостандыққа да ие болады. Э-ге сәйкес бостандық дегеніміз – адам табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктің әсерімен қалыптасатын зат болмауы , өзін - өзі«таңдап алуы», өзін әрбір әрекетімен және іс-қимылымен қалыптастыруы керек. Сөйтіп, азат адам өзін «себеп-сылтаулармен» ақтамайды, өзі атқарған істің бәрі үшін жауап береді. Өзінің айналасында болып жатқан нәрсенің бәріне айыпты болу сезімі – азат адамның сезімі (Бердяев). Бостандықтың э-лық концепциясында конформизмге және өзін оқиғалар барысында әлденені өзгерте алмайтын орасан зор бюрократтық машинаның тетігі ретінде сезінетін бурж, тоғышарға тән бейімдеушілікке қарсы наразылық көрініс тапты. Тарихта болып жатқан оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі Э-нің ұдайы көрсетіліп отыруы осыдан келіп туады. Алайда бостандықтың экзистенциялық ұғымы субъективті түрде қала береді: ол әлеум, тұрғыдан емес, жалаң этикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Дұрыс танып-білуді философия қарастыратын мәселеге сай келмейтін түсінік ретінде қабылдамай, Э. негізінен Гуссерльге (Хайдеггер, Марсель, Сартр), Дильтейге (Хайдеггер, Яссперс), ішінара Бергсонның интуитивизміне сүйене отырып, ақиқатты тікелей, интуитивті тұрғыда түсіну әдісін ұсынады. Көптеген э.-тер (Хайдеггер, Марсель, Камю және басқалар) ф-я өзінің танымдық әдісі бойынша ғылымнан гөрі өнерге әлдеқайда жақынырақ тұр деп есептейді. Э-нің 40-60 ж-дары Батыс өнері мен әдебиетіне, ал олар арқылы бурж. интеллигенцияның едәуір бөлігінің көңіл-күйіне соншалық зор ықпал етуі кездейсоқ емес. Э-нің әртүрлі өкілдерінің әлеум. саяси позициясы әрқилы келеді.
41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән- мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасалып, тарихи түрде қалыптасқан. Материя материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады. Материяның негізгі екі белгісі бар, біріншіден материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып білуге болатындығын көрсетеді. Аристотельдің пікірі бойынша, материя дегеніміз – барлық заттар құралып, жасалып шығатын материал, ол түр арқылы ғана мәнге ие болады. Ленин материяның диалектикалық – материалистік анықтамасын берді: материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, бейнесі жасалатын, объективті реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория.
Қозғалыс дегеніміз – кез – келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Қозғалыс жай ғана заттар мен денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруымен шектелмейтін кең ұғым. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік – сезімдерімізге әсер ете алады. Қозғалысқа қарама-қарсы сәт- тыныштық. Көптеген материалистер қозғалысты кеңістіктегі механикалық орын ауыстыру деп түсінді.Қозғалыс материяға сырттан берілетін, әсер туғызатын белсенді күш ретінде қаралды. Материя бар жерде қозғалыс та болады, оның себебі бастау көзі материяның өзінде.
Кеңістік. Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің ж/е жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын, басқа заттардың, денелердің, құбылыстар мен процестердің арасындағы алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңістік ұғымы сипаттайды. Кеңістік 3 өлшемнен – ұзындық, ен ж/е биіктік өлшемдерден тұрады. Бұлар тек заттарға ғана емес, процестерге де тән. Ньютон кеңістікті ішінде заттар қозғалысы болатын, бірақ ол заттармен еш ешқандай байланысы жоқ қойма ретінде қарастырды. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда ж/е барлық жағдайда тұрақты емес, ол материяның қасиеттеріне байланысты өзгереді деп тұжырым жасады.
Уақыт. Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрмайтынын, үнемі өзгеріп, дамып, бір күйден екінші күйге, бір жағдайдан келесі жағдайға ауысып жататынын білеміз. Осы процесті уақыт ұғымы сипаттайды. Уақыт материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй-жағдайларының өзгеру ретін білдіреді.Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді. Кант кеңістік пен уақытты адамдардың сырттан алған әсерін қабылдаудың априорлық сезімдік формасы деп қарастырған. Оның пікірінше кеңістік, уақыт санадан тыс, обьективті өмір сүре алмайды. Кеңістік пен уақыттың өзгеруі қозғалыстағы материяға байланысты. Ғылымда материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі.Себебі материяның кеңістікте аяқталатын н/е таусылатын шегі жоқ.Материя уақыт жағынан мәңгілік деудің мәні- ол жалпы алғанда ешқашан пайда болмайды, жоғалып кетпейді, ол әрқашан болады.
42. Онтология болмыс туралы ілім. Кеңістік пен уақыт болмыстың маңызды формалары ретінде1) Болмысты зерттейтін философия саласы – онтология. Философияның қалыптасуы болмысты зерттеуден басталды. Ежелгі Үнді, Қытай, Антика философиясы алғашында болмыс мәселесін шешуге тырысты, содан кейін барып философияға гносеология, логика, т.б. философиялық салалар енді.
«Онтология» терминін алғаш рет Р. Гоклениус 1613 ж. өзінің «Философском словаре» ұсынды, ал И. Клаубергом 1656 жылы ғылыми жұмысында метафизика терминінің орнынна қолданды. Онтологияда қойылатын негізгі сұрақ: не бар? Оның негізгі ұғымдары: болмыс, құрылым, қасиет, болмыс формалары, кеңістік, уақыт, қозғалыс.
Онтология, сонымен, бар нәрсенің универсумын барынша түбегейлі ашуға ұмтылған ғылым. Онтологии мәселелері – бұл сократқа дейінгі Антика философиясының негізгі тақырыбы, әсіресе Парменид кезіндегі. Онтологиялық негізгі ойлардың дамуына еңбек сіңіргендер - Платон мен Аристотель. Ортағасырлық философияда негізгі орынды абстрактылы заттардың өмір сүруі (универсалий) туралы онтологиялық ойлар алды.XX ғасыр ф-ясында онтологиялық проблематикамен арнайы айналысқан философтар- Николай Гартман («новая онтология»), Мартин Хайдеггер («фундаментальная онтология»).
Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем – уақыт қосылады. Уақыт – әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы.Уақыт бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен бо-лашаққа қарай жүреді.
43. Таным және оның түрлері.Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Субьект ұғымы адамның биологиялық емес,әлеуметтік мәнін білдіреді. Қоғамнан тысқары адам жоқ, олай болса, таным субьектісі де болмайды. Танымның субьектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Таным обьектісі деп – материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс-әрекет барысында субьекті игерген бөлігі. Практика дегеніміз – адамдардың табиғаттағы және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталғанқоғамдық және материалдық қызметі.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
Түйсiк (ощущения)–адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi менсапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуі. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер не объектiлердiн элементтерi түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).
Қабылдау - адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезімдің танымның ерекше формасы. Қабылдау, міндетті түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады. Сана сенсорлы мәлiмдемелердi әр түрлi қабылдау мүмкiн, бiр бейнеден әр түрлi объектiлердi шығару. Бiрақ, көптеген жағдайларда сана объектiлердi дұрыс (адекватты) қабылдайды. Қабылдаудың бұл қасиетi тұрақты шама (константность) деп аталады. Қабылдау бiртұтастық және тұрақтылық қасиеттерiнен басқа, тандалмалы қасиетiне де ие, ол бiр объектiнi басқа объектiмен салыстыра отырып оны басқалардаң айыра бiлу және оқшаулау ды бiлдiредi. Елестету дегеніміз – қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. Ойлау – адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет. Ұғым дегеніміз – логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ұғым заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Ұғым сияқты, пікірде заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар бөлшектенген және кеңінен жинақталған түрде бейнеленеді. Пікір дегеніміз-қандай да болсын бір зат жайында бірнәрсе мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой.
44. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі – бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу). Таным – нәтижесі әлем туралы жаңа білім болып табылатын, субъект ойлауындағы шындықтың елесі мен жаңғыруы.
Интуиция – бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен. Интуицияның келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б.
Шығармашылық дегенiмiз – үнемi бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған дүниеде аналогы жоқты айтады.
Түсiну – бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну дегенiмiз – бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiнудi бiлдiредi, бұл аналитикалық философияға тән жалпы әлемнiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн түсiну, бұл герменевтикаға тән текстiнiң жеке элементтерiнде жалпы текстi түсiну.
Ақиқат және адасу. Акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу–өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарының нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате болса, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді.
46. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абс/ті және салыстырмалы ақиқат. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат – танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат – білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат – салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абс/тік ақиқат – затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектикалық байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.
Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.
Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Объективті ақиқат үш аспектіден тұрады:
1) тұрмыстық – онда пәндiк-субстракттік және рухани болмыстың бекiтілуі; оған қарамастан ақиқат меншiктi болмысқа ие болады;
2) аксиологиялық – оның өнегелік-этикалық толыққандылығы, оның мораль және адам тәжірибесі үшін құндылығы;
3) праксеологиялық – ақиқат тәжірибемен байланысты.
Объект сипаттамасы бойынша ақиқаттың үш формасын атап көрсетуге болады:
Ақпарат ағымына байланысты – пәндік;
Адамдардың рухани-өмірлік құндылықтары саласында экзистенциалды ақиқат пайда болады, ол қоғамда бар құндылықтарды индивидуалды түрде қарастырады;
Индивид көзқарасының белгілі бір ғылыми концепцияға немесе діни догматтар кешеніне сәйкес келуі – концептуалды ақиқат;
Субъект көзқарасының таным әдіс-тәсілдеріне сәйкес келуі – операционалды ақиқат.
47. Диалектиканың тарихи типтері.Диалектиканың негізгі типтері мен заңдары. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дег – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диа/ка – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дег - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Диа/каның негізгі ұғымы – даму. Даму дег – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады. Диа/ның маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.. Диа/ның негізгі 3 заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.
48. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер. Сана – философиядағы ең күрделі, осы күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселенің бірі. Сана проблемасында әлі көп көмескілік және жұмбақтылық бар. Бұл оның табиғатының ерекшеліктерінен, ұғымының кеңдігінен, құрылымы, атқаратын функциялары, адам мен қоғам өміріндегі маңыздылығынан туындап отырған жайт. Сана – бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана – бұл жоғары ұйымдасқан материяның материяны бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. «Сана» деген терминнің өзі бір мағынада қолданбайды. 1-ден, ол адамның ерекше психикалық қабілетін, 2-ден, адам осы қабілетті көрсететін күй-жағдайды, 3-ден, сананың мазмұнын, 4-ден, әлдебір басқарушы механизмді білдіреді. Сананың жалпы қасиеттері: субъектілік, пәнділік (мазмұндылық), белсенділік, интенционалдық, рефлективтілік, Объективтенушілік, «лингвистикалық жабдықталғандық», Идеалдық: Субъективті реалдылық (шындық); Идеалдық бейнелер дүниесінде материалдық объектілердің заңдары жұмыс істемейді; Идеалдық бейнелер материалдық объектілердің қасиеттеріне ие емес (шар идеясы дөңгелек емес). Сананың құрылымында шартты түрде төрт құралымдықтарды бөлуге болады. 1-ден, сенсорлық ж/е перцептивтік қабілеттер арқылы адам қоршаған дүние және өзі туралы алғашқы тікелей мағлұматтар, білімдер алады. 2-ден, сананың құрылымында логикалық – ұғымдық қабілеттерді пайдаланатын ойлау қызметін бөлуге болады. Бұл тікелей сезімдік мағлұматтардың шегінен шығып, объектілерді мәнділік тұрғысынан және олардың даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік береді. 3-ден, санада эмоциялар мен жігерлік сапаларды қамтитын құралымдықты да бөлуге болады.Олар сыртқы дүниемен тікелей байланыста емес. Сананың бұл сферасы тұлғаның толғауларын, естеліктерін, сезімдері мен көңіл күйін, әртүрлі эмоцияларды қамтиды. 4-ден, сананың бұл құралымдығы қызметтің жоғары мотивтерін, рухани идеалдар мен құндылықтарды, сонымен бірге оларды қалыптастыру және түсіну қабілеттерін қамтиды. Құндылық – мағыналық бағалаусыз адамның заттық қызметі өзінің парасаттылығы мен мақсаттылығын жоғалтар еді, жануардың рефлекторлық жүріс- тұрысынан аса көп айырмашылығы болмас еді.
49. Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі. Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі.
К. Маркс пен     Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды. Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
50. Адам философиясы: өмірдің мәні. Өмірдің мәні – ф-қ ж/е рухани мәселе. Ол өмір сүрудің мақсатымен, адамзаттың өмірдегі орнымен тікелей б/ты. Адамның тек бір рет өмір сүруін ж/е өлетіндігін ескере келе өмірдің мәні туралы ойлау сөзсіз мәселе б.т. Өмірдің мәнін түсіну әр адам үшін аса маңызды. Өмірдің мәні туралы ұғым өмір сүрудегі жеткен нәтижелерге субьективті баға беру, өз өміріне, оның мәнділігіне және бағытына адамның түсінігі, дүниеден өз орнын табу, қоршаған ортаға адамның әсері мәселесі және адамның алдына қойған мақсатына жету ретінде қарастырылады. Осыған байланысты келесідей сұрақтар туындайды: «Өмір құндылықтары неде?» «Өмірдің мақсаты қандай?» «Адам не үшін өмір сүрелі?» ж/е т.б. Бірақ осының барлығын «Өмірдің мәні не?» деген сұраққа жинақтауға болады. Өмірдің мәні туралы сұрақ-ф-ң, теологияның дәстүрлі проблемаларының бірі. Онда бұл мәселе адамның өмірінің ең маңызды мәнін анықтау арқылы қаралады. Өмірдің мәні туралы көрініс адам іс-әрекетінің процесінде қалыптасып, оның әлеум-к жағдайына, өмір салтына, дүниетанымына, тарихи жағдайға б/ты ж/е соның негізінде жасалады. Өмірінің қуанышты сәттерінде адам өз өмірінің мәнін бақытқа ж/е амандыққа қол жеткізуде көреді, ал, керісінше, сәтсіз, қиын кездерде ол үшін өмір сүру мен оның мәнісі өз құндылығын жоғалтады. Өмірдің мәні туралы сұрақтарды адамдар әр уақытта да қояды ж/е оған жауап іздейді. Осыған б/ты әр түрлі гипотезалар, ф-қ, теологиялық ж/е діни анықтамалар жасалады. Олар кейін ғылымға енгізіледі. Жалпы, «өмірдің мәні» д/з-ол өмір сүрудің не үшін қажеттілігін анықтайтын ж/е соған б/ты өмірдегі адамның қимылын құруға арналған ұғым. Біреулер үшін өмірдің мәні махаббатта болса, енді біреулерге материалдық игіліктерде, ал үшіншілер үшін Құдайға деген сенімде болып келеді. Ал «өмірдің мәні» мен «өмірдің мақсаты» арасындағы айырмашылыққа келер болсақ, ең бастысы – адамның ж/е құндылықтардың материалдық ж/е рухани күштерінің мәнділік деңгейі мен жалпы ауқымдылық бағыттары. Өмірдің мәні өлім мен мәңгілікпен тығыз байланысты. Өлім мәселесі ф-яда адам өмірінің аяқтаушы кезеңі ретінде өлім мәнісін ұғыну арқылы қарастырылады. Өлім алдында адам өзінің бүкіл ғұмырын түсініп, ж/е оны бағалай алады. Тіпті өмірдің мәнін сол кезде ұғады десек те болады. Еж.Египетте жердегі өмірді ақыретке дайындық деп есептеген. Ал еж.жапондықтардың ойынша, адам өлгеннен кейін де өз ұрпақтарында өмір сүреді. Платон адам туралы ілімін екіге бөлген – мәңгілік жан мен қазалы тән. Оның пікірінше, өлім – жанның тәннен бөлінуі, оның «қамаудан» босатылуы. Ал тн, яғни дене өлім нәтижесінде кұлге айналады. Өлім мәселесі Спиноза ілімінде өзгеше шешілді. Оның ойынша, бос адам ең азы өлім туралы ойлайды. Адамның даналығы оның өлім туралы емес өмір туралы ойлануында.
Діни және идеалистік ілімдер мәңгілік мәселесіне оңайлықпен қараса, философ-материалистер адам жаны оның тәнімен бірге өледі деп пайымдайды. Монтеньның айтуынша, мәңгілікті бізге тек Құдай ғана дарыта алады, табиғат та, сана да бізге ол туралы айтпайды. Осыларға қарап қорытындыласақ, мәңгілік негізінен діни сенімдермен байланысты, яғни оны тек Құдай бере алады. Ал өлім мәселесіне келер болсақ, онда оған байланысты екі пікір қалыптасқан. Біреулері адам өлетініне сенсе, екіншілері оның тек тәні өледі, ал жаны мәңгі дегенге сенеді. Осыдан қарап отырғанымыздай «өлім», «мәңгілік» және «өмірдің мәні» осы ұғымдардың барлығына өзара байланысты, себебі олар адам ғұмырын құрайды. Адам өмірінің мәні туралы мәселені әркім әр түрлі түсінеді. Дегенмен бұл сұрақты кез келген адам өз өмірінде бір рет болса да өз-өзіне қойған. Сол кезде оған жауап алуы да алмауы да мүмкін.
51. Қоғамдық сананың түрлері. моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде. Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы ж/е қоғ-қ, қарапайым ж/е теориялық, ғылыми ж/е ғылымға қарсы, прогресшіл ж/е кертартпа сана болып бөлінеді. Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Қоғ-қ сана - қоғ-ң рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын ф-қ категория; әртүрлі әлеум-к қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде п.б. адамдардың әлемге ж/е өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.Оған қоғ-қ идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, ф-я ж/е діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғ-қ сана әлеум-к сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы б.т. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғ-қ сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғ-қ сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеум-к топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана ж/е қоғ-қ топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғ-қ сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғ-қ сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, ф-я, мораль, өнер қоғ-қ болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Мораль – әлеум-к шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғ-қ сананың бір түрі. Мораль д/з – адамдардың бір-біріне ж/е қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдің сипаты экон-қ ж/е қоғ-қ құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеум-к, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді.Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында – еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен б/ты. Этика (қазақша - әдет,мінез-құлық) – бұл ф-қ ғылым, қоғ-қ сананың формасы, қоғ-қ қатынастардың түрі. Этика мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Этика нормативті этика ж/е мораль теориясы кіреді. Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер б/ша н/е тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. «Этикалық норма-ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезеңде ескі этикалық норма жаңа этикалық нормамен күреске түседі». Этикалық норма ж/е мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемл-ттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады. 2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады. 3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты. 4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
52. Қоғамдық философиялық талдаудың негіздері. Әлеум-к ф-ң пәнің негіздеуден бұрын «әлеум-к» деген ұғымның мән-мағынасын анықтап алайық. Қазіргі заманғы ф-қ әдебиеттерде бұл ұғым тар ж/е кең мағынасында қолданыс тауып жүр. Тар мағынасында «әлеум-к» деген ұғым қоғ-ң әлеум-к саласын құрайтын қоғ-қ құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін табады. Кең мағынасында «әлеум-к» деген ұғым «қоғ-қ» деген ұғымның синонимі ретінде қолданыс тапты. Әлеум-к ф-ң пәні - біртұтас әлеум-к жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. Яғни, әлеум-к ф-я сан алуан қоғ-қ құбылыстар мен процестерді макродеңгейде, яғни бүкіл қоғам деңгейінде қарастырады. Оны ең алдымен қызықтыратыны әлгі қоғ-қ құбылыстардың арнайы ерекшеліктері емес, керісінше олардың қоғамның біртұтас құрамындағы алатын орны мен оның дамуы мен қызмет етуіндегі атқаратын рөлі. Сонымен бірге әлеум-к ф-я қоғамдардың бір-бірімен өзара байланысын да зерттейді. Бүкіл адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғ-қ процестер мен үрдістерде оның назарында. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи процесс, ондағы субъективтік ж/е объективтік шарттардың өзара байланысы, даму заңдылықтары есептеледі. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғ-қ қатынастарыда әлеум-к ф-ң назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері (өндірістік-экон-қ, рухани, әлеум-к-саяси, ғылыми, өнегелік, эстетикалық) барысында адамдар өздеріне қажетті рухани ж/е материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен әлеум-к мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету барысында өздерінің қоғ-қ өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғ-қ қатынастардың (өндірістік, жанұялық-тұрмыстық, өнегелік, саяси т.б.) өзара бірлігінен қоғам құрылады. Өйткені қоғам д/з – бір-бірімен қоғ-қ қатынаста болатын адамдар. Тек қана қоғ-қ қатынастардың аясында адамдардың барлық практикалық іс-әрекеттері жүзеге асады, мемл-к, саяси, өнегелік ж/е т.б. әлеум-к институттар қалыптасады, қоғам мәдениетінің барлық жақтары дамиды. Сонда, қоғамның негізгі мазмұның құрайтын ж/е оның дамуын белгілейтін адамдардың атқаратын іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастары. Бұл екеуі кез-келген қоғамның қалыптасуы мен дамуының бастапқы шарттары мен негізгі белгілері. Әлеум-к ф-я адамдардың іс-әрекеті мен қоғ-қ қатынастарының субъективтік ж/е объективтік жақтарын да зерттейді. Адамдарды еңбек етуге итермелейтің объективтік қозғаушы күштерін зерттейді, мұндай қозғаушы күш ретінде олардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделерін ж/е олардың санасына тән мотивтер мен мақсаттарды есептейміз. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысады ж/е диалектикалық қатынаста болады. Сонда әлеум-к ф-я қоғамның біртұтас даму бейнесін береді. Осыған б/ты әлеум-к ф-я қоғамға қатысты көптеген жалпыға ортақ мәселелерді шешеді. Мәселен, кез-келген мәні мен болмысы, оның негізгі салалары мен әлеуметтік институттарының өзарабайланысы, тарихи процестің қозғаушы күштері т.б. Жекелеген қоғамдық ғылымдар (тарих, саяси экономия, әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік психология, құқық, этика т.б.) өз зерттеулерін жүргізгенде бұл ортақ проблемалармен үнемі кездесіп отырады. Әлеуметтік философияның тұжырымдамаларына сүйену бұл қоғамдық ғылымдарға өздерінің жекелеген мәселелерін біршама толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия қоғамдық ғылымдардың методологиясы болып рөл атқарады, олардың қоғамның тиісті жақтарын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді, зерттеу амалдары мен принциптерін белгілейді. Бұл қалай мүмкін десек, өйткені әлеуметтік философия бұл қоғамдық ғылымдардың өкілдеріне өздері зерттеутін құбылыстардың жалпы қоғамда алатын орнын, басқа әлеуметтік процестермен байланысын, олардың дамуындағы заңдылық пен кездейсоқтықтың ара қатынасын т.б. зерттейді. Бұл методологиялық көмектің тиімділігі ең алдымен әлеуметтік философияның мазмұнына, қоғамның ішкі мәнің ашып беруіне байланысты.
Жалпылама философиялық мәселелер төңірегінде қоғам, қоғамның даму заңдылықтары адам мен қоғамның ара қатынасы. Қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не?, ол қалай пайда болады?, қоғамның даму жолдары қандай?, қоғамдағы процестердің өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың негізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс тіршіліктерін қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен байланыстырған. Сондықтан да қоғам дег. адамдардың өзара бірлесе отырып, саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды зерттеуде философия тарихында материализм мен идеализм бағыттарының арасында үздіксіз күрес жүріп келе жатыр. Материалистер қоғамды және оның даму жолдарын объективті құбылыстарға байланыстырып түсіндірсе, ал идеалистер сана-сезімге рухани әлемге байланысты мәселелермен түсіндіреді. Бұл жолда материалистік қоғам өмірін ғылыми тәжірибелер айқындаса, идеалистік бағыттағы қоғам мәселелерін дін тұрғысынан шешеді. Қалай болса да қоғамның дамуы ой еңбегі мен дене еңбегінің дамуына немесе еңбекші халықтың қоғам туралы ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің дамуына себеп болды, яғни қоғамдағы өндірістік қатынастарды дамыта отырып, қоғамның адамзат өміріндегі мәңгі құбылыс екендігі дәлелденді. Қоғамның пайда болу жолында негізгі роль адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат өзінің жанұясынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын, жоғары рухани құндылық басым тұлға болып табылады. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.
53. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенезұғымы. Әлеум. Фил. қоғамның сапалы ерекшеліктерін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, генезисі мен дамуын, тағдыры мен перспективаларын, әлеуметтік үдерістердің логикасын бейнелейтін философияның бөлімі. Әлеуметтік нормативтік ілімдердің жиынтығы ретіндегіәлеуметтік философияның басым сипаттамасы қоғамдық өмірдің нормаларын анықтау болып табылады. 20 ғасырдағы неомарксизм қоғамның теоретикалық қайта құруының әлеуметтік парадигмасын фил/лық – антропологиялық және психологиялық амалдармен байланыстырды. Қазіргі қоғамда әлеуметтік философия қоғамтанудың динамикалық дамуының рефлекстеушісі болып отыр. Әлеуметтік философия классикалық философияның тарихына сүйене отырып, әлеуметтік эволюция мәселелері мен қоғамдық үдерістердің бағыттарын айқындаумен айналысады. Әлеуметтік фил. тек әлеум. ж/е индивидуалданған адам болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің бүкіл кешеніне қатынасы бар екені де белгілі. «Әлеуметтік және индивидуалдық болмысқа» тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да ж.е т.б кіреді. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Бұл фил/лық білім аймағы – тарих фил/сы. Вольтердің пікірінше, «тарих философиясы», бұл ең алдымен, Жалпыәлемдік тарихты құру ұмтылысы. Екіншіден, ғалым-тарихшылар ойларын сыни тұрғыда пайымдау. Гегель б/ша, оның тиісінше дәуірлерге жіктеуі бойынша тарихи білім дамуының келесі кезеңі – тарихты философиялы0 пайымдау – тарихи ойлау принциптерін, тарих логикасын, заңдылықтарын тану міндетін қояды және шешеді. Оның философиясындағы тарих субстанциясы- халықтар рухына, әлемдік рухқа айналған Идея, Абсолюттік Рух. Идея Гегель ілімінде ұғымдар арқылы дамиды. Сондықтан бұл даму туралы философиялық пайымдау - осы қозғалыстың адамзат ойының ұғымдар логикасына көрінуі. Және осы жерде Тарихтағы Рух, Идея дамуының ішкі мәні, принципі туралы мәселе туындайды. Гегель бұл мәселеге келгенде де бұл міндетті өзінің диалектикалық-логикалық көзқарасы мен объективтілік позициясы тұрғысынан шешеді. Ол әлемдік тарихтың ішкі принципін тауып және оны сөзбен белгіледі. Бұл принцип пен осы сөз – Еркіндік деп белгіленді.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің мәнін социогенез (лат. societas – қоғам және грек. genesis – пайда болу, қалыптасу) 1. Қоғамның қалыптасуы туралы ілім. 2. Қоғамның құрылуының эволюциялық ж.е тарихи үдерісі.) анализінің тұсында түсінуге болады. Біртұтастық ретінде адамзаттың дамуы бұл үлкен ақиқат, сондықтан социум біртұтас құбылыс ретінде зерттелуі тиіс. Сол себепті де ғылымға социогенезді адамзат дамуының біртұтас түсінігі ретінде енгізу керек. Бұл категория белгілі бір әлеуметтік үдерісті, әлеуметтік құбылысты сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар ол түсініктің әдісін де сипаттайды.
54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде. Философия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан атақты ғалым Лев Николаевич Гумилев (1912-1992). Оған әлемнің бірыңғай ақпараттық-энергетикалық бейнесінде «ұлы адам мен халықтың» қимыл-әрекеттерін түсінуге мүмкіндік беретін «пассионарлылық» деп аталатын феноменді ғылымғы енгізу құрметі берілді. Л.Гумилев концепциясының теоретикалық өзегі – ол пассионарлылық мәселесі. Пассионарлылық сөзінің астарында (passio - лат. "құштарлық") ол энергияның ерекше түрін сипаттайды. Пассионарлылық – бұл "нүкте" – материяны қайта құрғызатын толқын көзі. Пассионарлылық – қоршаған ортаны өзгертуге ұмтылыс ретінде көрініс табатын биофизикалық фактор. Пассионарлық дүмпу мутацияға әкеп соқтырады. Мутанттардың дүниеге келуі, Гумилев бойынша, жоғары энергетикасы бар пассионар-индивидтердің дүниеге келуі. Пассионарлылық импульсының мықтылығы соншалық, бұл белгіге ие адамдар өз іс-әрекеттерінің салдарларына жауап бере алмайды. Сол себепті пассионарлықты сана атрибуты емес, нервтік жүйенің конституциясындағы маңызды белгі деп түсіну керек. Пассионарлылық белсенділікке қарағанда, сананың қызметімен байланыста болатын эмоция аясында өмір сүреді. Тіпті пассионар адамдарға ызақорлылық, көкіректік, менмендік, дүниеқоңыздық секілді қасиеттер тән. Пассионарлылық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен пассионарлық құбылысы тарихқа енетіндей болуы үшін пассионар адамдардың көп болуы міндетті.
Пассионарлылық құрамына екі факторды кіргізеді: бастапқы дүмпу кезіндегі энергия жоғалту - қартаю, көрші этностар мен табиғаттың басқа да күштерінің мәжбүрлеу әрекеттері - жылжыту. Соңғысының деформациялық сипаты бар. Этнос дамуында Гумилев үш параметрді бөліп көрсетеді: мутация, пассионарлық дүмпу және этникалық реликт (қалдық). Мутация және пассионарлылық дамудың хаосогендік стадиясына сәйкес келеді. Пассионарлылық биохимиялық энергияның алуан потенциалын сіңіріп және бөліп отырады. Пассионарлықтың алғашқы дүмпуімен байланысы болмайтын ешбір этнос жоқ және болуы мүмкін де емес. Пассионарлылықтың күрт өсуі мен бәсең шығынға ұшырауы – барлық белгілі этностар үшін ақиқат сызба. Гумилевпен айқындалған пассионарлылық феномені адам туралы түсінікті «нағыз географиялық күш» деп түсінуге мүмкіндік берді. Л.Гумилев сөздері: "Адамды асырауға мүмкіндігі бар, бірақ биоценоз конверсиясының циклынан шығарылған қоқыспен әлем бетін басуға деген олардың ұмтылысын орындауға жағдайы жоқ биосфера бұған нағыз дәлел».
55-57. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм). Ең алдымен, жаһандану ұғымының мағынасын ашып көрсетсем, бұл сөз ағылшын тілінен "global" - "дүниежүзілік" деп аударылады, орыс тілінде "глаболизация" деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Жаһандану – адамзатпен бірге келе датқан үрдіс, сондықтан, өзекті болып тұрған ғаламдану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелерін біржақты талдау мүмкін емес. Глобализация заманындағы адамзаттың мәселелері шектен тыс көбеюде. Мысалы айтар болсам,
жыл сайын 841 мың адам толық тамақтанбайды, 35 мың адам аштан көз жұмды, 1,2 млрд. адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, 2 млрд. электр жүйесін пайдалана алмайды, 1,6 млрд адам сауатсыз;
ХХ ғ-да құнарлы жерлердің 20 пайызы жоғалтылған;
Аса ауқатты 225 адамның байлығы 3 млрд кедей адам-ң жиған-тергенінен асып түседі, неғұрлым бай 3 адамның жалпы қаражаты 48 кедей елдің ЖІӨ-сінен асып түседі;
Бір Америка тұрғыны күнделікті 1201кг шикізат пен материалдарды, ал жылына 438 т пайдаланады, олар барлығы әлемдік экономиканың 1/3 бөлігін құрайтын 10 млрд т материалдарды қолданады;
Қазып алынатын 100 мың хим/қ қосылыстардың млрд тоннасы қалдыққа кетеді, оны жағу, жер астына көму н/е мұхитқа төгу арқылы залалсыздандыруға болмайды;
Жыл сайын мұхит пен теңіздерге 30 млн т мұнай қалдықтары түседі ж/е т.б.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің барлық фактілердің тек азғантай бөлігі. Тиімсіз өндірістің салдарынан ауаға шығарылған қалдықтар халық денсаулығына залалын тигізеді, табыстардың әділетсіз бөлінуінен қаншама халық кедейшілік торының аржағында өмір сүруге мәжбүр. Дамудың бір жақты сипаттылығынан экологиялық жүйе мен экономиканың жүйесіз дамуынан , эк/қ мүдденің басым болуына байланысты жоғарыдағы жағдайға тап болып отырмыз, біз, адамзат баласы!
56. Мәдениет және өркениет. Мәдениет пен өркениетМәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым - өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің - «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
•    1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
•   2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
•   3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
•    4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
•    5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, – дейді белгілі философ Гердер, – тіл мен мәдениет бастауларының анасы». Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар –терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс («ренессанс»-фр. сөзі - қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық н/е дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
58. Адам жеке адам және тұлға мәселесі. Адам проблемасы фил-я ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел болады.
Адам проблемасынсыз философия жоқ десек артық айтпағанымыз болар. Адам – индивид ретінде заттың бірден-бір өкілі б-п табылмайды, адам индивид дегенімізде адамның бойындағы ерекше қайталанбас қасиеттері ашылып, анық көрсетілмейді. Сонд., мазмұны б/ша кедей, көлемі б/ша бай әрбір адам индивид д.с. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – биол/қ құбылыс. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Индивидтердің қай-қайсысы болсын өзінің адам ретінде дамуының объективті жағдайы болатын қоғамның белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид дамуының кеңдігі мен тереңдігі – оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің индивидтің қызмет формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы.
Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.
Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: " он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді» деді. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді.
59. Философиядағы адам мәселесі.Антропология – адам туралы ілім. Фил/лық антропология – адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі.Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
Ф.Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарастырды. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шын мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, аз ба көп пе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі заманғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады. Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек.. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы орын алуы.
60. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері. Ақпараттық революцияның ізін ала ақпараттық қоғамның дүниеге келуі, оның келесі кезеңі – білім қоғамының жаңа қарқында дамуы тек әлемдік және ұлттық экономиканы емес, сондай-ақ адамдар өмірін түбегейлі өзгертті. Адамдардың өмірлік құндылықтарын өзгертті. ХХ ғасырдың соңында адамзат табиғи отын мен пайдалы қазаблардың, экологиялық қорлардың шектеулі екендігін түйсіне бастады. Сондықтан тағы да бірнеше онжылдық көлемінде даму қарқынының осылайша жалғасуы дағдарысқа әкелуі мүмкін. Жаһандық білім мен ғылыми жетістіктерге мұқтаж әлем дамуының жаңа жолын іздестіру қажеттігі туды. Енді адамдамуының жаңа – келесі кезеңі өмірге келді. Ол ақпарат қоғамының пайда болуымен қатар келген, оның жетілген түрі – білім қоғамы еді. Дегенмен бұл кезең өткен ғасырдың ортасында бастау алғаны белгілі. Ол алғашқы компьютердің пайда болуы еді. Ал компьютер дәуірі қарқынмен дамыса да жаһандық ақпараттық желі, телекоммункиация құралдары мен Интернет пайда болғанша ол білім қоғамы бола алмады.
Ақпарат қоғамының басты ерекшеліктері неде? Адамзат ХV-ғасырда кітап басып шығару өнерін игерді. Алты ғасыр бойына телефон байланысы, радио және телевизия пайда болса да қол жеткен табыстар деңгейі сол қалпында қалды. Замануи ақпараттық революция мынадай факторлармен айқындалады:
1. ақпарат өңдеудің сандық құралдарының пайда болуы; элеткрониканың қарқынды дамуы; 2. адамның ғарышты игеруі, байланыстың спутниктік құралдарының пайда болуы; 3.ақпараттық желілік технология мен Интернеттің дүниеге келуі.
Бұл адам баласының жердің кез-келген түкпіріне өте аз шығнымен, аса қарқынды жылдамдықпен өте ауқымды ақпаратты жинақтауға, беруге мүмкіндік берді.
Өкініштісі, дамушы елдер мен өтпелі экономика кезеңіндегі елдер қатарында әлі де болса ТМД елдері қалып отыр. Бұл елдер ақпарттық қоғамның барлық артықшылықтары мен әлеуетін пайдалана алмауда.
Ақпараттық қоғамның білім қоғамы ретіндегі рөлінің артуы адамзаттың рухани құндылықтарының басты байлық көзіне айалауы басты фактор болып отыр. Қоғамның дамуының басты көрсеткіші – білімде. Сондықтан білім қоғамының алдағы уақытта адамзатқа қояр талабы мен өзіндік даму үрдістері басымдала берері анық.

Приложенные файлы

  • docx 18431212
    Размер файла: 172 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий