patfiz_v_polnom


1.Пән бойынша тестілер
1.Патологиялық физиология … зерттейдi.
|аурудың пайда болуы, дамуы және аяқталуының жалпы заңдылықтарын+
|ауру кезiндегi негiзгi жүйелер мен ағзалардың қызметiн
|зақымдану кезiндегi организмдегi метаболизмдiк үрдiстердi
|аурудың көрiнiстерiн
|жасушаның құрылымдық ерекшелiктерiн
2.… патофизиологияны эксперименталдық ғылым ретiнде негiзiн қалаған.
|Пашутин В.В.+
|Мечников И.Н.
|Клод Бернар.
|Павлов И.П.
|Вирхов Р.
3.… патофизиологияның негiзгi зерттеу әдiсi болып табылады.
|Жануарға жасалатын тәжiрибе+
|Адамға жасалатын тәжiрибе
|Адамның ауруының пайда болуын оқу
|Ауру туралы статистикалық анализi
|Ауруды инструмент арқылы зерттеу
4.… патофизиологиялық экспериментте мiндеттi болып саналады.
|Адам ауруларының моделiн жануарларда алу+
|Функционалдық көрсеткiштердi зерттеу
|Морфологиялық көрсеткiштердi зерттеу
|Биохимиялық көрсеткiштердi зерттеу
|Аурудың клиникалық белгiлерiн зерттеу
5.... салыстырмалы патология әдiсiнiң негiзiн қалаушы болып саналады.
|Мечников И.И.+
|Павлов И.П.
|Бернар К.
|Пашутин В.В.
|Броун-Секар Ш.
6.... – медицинада эксперименталды әдiстi қолдануды шектейтiн негiзгi фактор.
|Адамның әлеуметтiк табиғаты+
|Эксперименталдық жануарлардың денсаулығының бастапқы деңгейiн анықтаудың қиындылығы
|Адам мен жануар өмiр ұзақтыңының әртүрлi болуы
|Адам мен жануардағы зат алмасу ерекшелiктерiндегi айырмашылығы
|Адам мен жануар организмi құрылысындағы айырмашылығы
7.Нозология – бұл ... ілім.
|ауру туралы жалпы+
|аурудың пайда болу себептерi туралы
|аурудың пайда болу жағдайлары туралы
|аурудың пайда болу механизмдерi, дамуы және ақыр-соңы туралы
|аурудан айығу туралы
8.Ауру ... сипатталады.
|еңбекке қабiлетінiң төмендеуiмен+
|толық физикалық, психикалық және әлеуметтiк сәттiлiк жағдайымен
|қалыптылық жағдайымен
|үшiншiнiң жағдайымен
|ауру алды жағдайының дамуымен
9.Ауру алды – бұл ... .
|денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай+
|патологиялық үрдістің қарапайым формасы
|организмнiң типтiк дерттік серпілісі
|аурудың бiрiншi сатысы
|зақымдану мен бейiмделу механизмдердiң бiрiгуi
10.Дерттік жағдай – бұл ... .
|жай дамитын дерттік үрдіс+
|организмнiң жаңа сапалық жағдайы
|ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдай
|дерттік үрдістің қарапайым формасы
|организмнiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуi
11.Дерттік үрдiс дегенiмiз ... .
|зақымданған тiнде, ағзада немесе организмде бейiмделу және дерттік серпілістерінің жиынтығы+
|сыртқы орта факторларымен ағзалар мен тiндердiң зақымдануы
|әр-түрлi әсерге организмнiң шектен тыс жауабы
|организм үшiн бейiмделулiк маңызы жоқ қалыптан тұрақты ауытқу
|бейiмделушiлiктiң қалыптан ауытқуы
12.Дерттiк серпiлiс – бұл ... .
|тiтiркендiргiшке организмнiң қысқа уақыттық, элементарлық әдеттегiдей емес серпiлiсi+
|тұрақты, баяу дамитын үрдiс немесе оның зардаптары
|ауруға байланысты қызметтердiң және құрылымның өзгеруi
|аурудың симптомы
|аурудың асқынуы
13.... аурудың түріне жатады.
|Миелолейкоз+
|Қызба
|Лейкоцитоз
|Артериялық гиперемия
|Қабыну
14.Күйiктен немесе жарақаттан кейiнгi соқырлық – бұл ... .
|дерттiк жағдай+
|дерттiк үрдiс
|дерттiк серпіліс
|ауру
|аурудың белгiсi
15.Қабыну – бұл ... .
|дерттiк үрдiс+
|дерттiк жағдай
|дерттiк серпіліс
|ауру
|аурудың белгiсi
16.Дерттiк серпіліске ... жатады.
|жарыққа көз қарашығының кеңеюi+
|тіннiң тыртықтық өзгерiсi
|суыққа терi тамырларының тарылуы
|гипогидратациядағы шөл
|миокард инфарктісі
17.Дерттiк жағдайға ... жатады.
|буынның анкилозы+
|аллергия
|артериялық гиперемия
|қабыну
|қызба
18.Ампутациядан кейiнгi орын, зақым нәтижесiнде қимылсыз қалу ... жатады.
|дерттiк жағдайға+
|ауру асқынуға
|ауруға
|дерттiк серпiлiске
|бiртектес дерттiк үрдiске
19.Синдром – бұл ... .
|патогенезi бiрдей аурулар симптомдарының жиынтығы+
|әр-түрлi аурулардың бiрдей белгiлерi
|аурудың рецидиві
|патогенезi әр-түрлi аурулар симптомының жиынтығы
|аурудың асқынуы
20.Аурудың жедел ағымының ұзақтығы – ... .
|5-14 күн+
|4 күнге дейiн
|15-40 күн
|бiрнеше ай
|бiрнеше жыл
21. Инфекциялық аурулардың жасырын кезеңi ... деп аталады.
|инкубациялық+
|жасырын
|ауру алды
|бейнақты
|нағыз ауру
22.Аурудың арнайы емес белгiлерiнiң болуы ... кезеңге тән.
|продромалды+
|латенттi
|инкубациялық
|нағыз ауруға
|аурудың аяқталуына
23.Аурудың барлық белгiлерiнiң болуы ... кезеңiне тән.
|нағыз ауру+
|инкубациялық
|бейнақты
|аяқталу
|жасырын
24.... сауығудың ұзақ тұрақты механизмдерiне жатады.
|Қан түзу тiнiнiң гиперплазиясы+
|Жөтелу
|Құсу
|Жедел гипогликемияда контринсулиндiк гормондарының шығарылуы
|Жедел гипотензияда адреналиннiң шығарылуы
25.Организмнiң жедел қорғану-бейiмделу серпілісіне ... жатады.
|түшкiру+
|гипертрофия
|фагоцитоз
|қызба
|антидене түзу
26.... клиникалық өлiмнiң басталғанын дәлелдейді.
|Тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы, рефлекстердiң жоғалуы+
|Сирек пульс
|Естiң кімескiленуi
|Қан қысымының тез түсуi
|Сирек беткей тыныс
Клиникалық өлiмнiң ұзақтығы – ... .
27.5-6 мин+
|1-2 мин
|30-60 мин
|1-2 сағ
|1-2 күн
28.Клиникалық өлiм кезiнде алдымен ... қызметi бұзылады.
|паренхиматозды ағзалардың+
|iшкi секреция бездерiнiң
|орталық жүйке жүйесiнiң
|иммундық жүйенің
|репродуктивтi жүйенiң
29.Адамды ойдағыдай реанимациялау әдісін ... алғаш енгiзген.
|В.А.Неговский+
|А.А.Кулябко
|Ф.А.Андреев
|С.С.Брюхоненко
|С.И.Чечулин
30.Өлiмнiң қайтымсыз сатысына ... жатады.
|биологиялық өлiм+
|алдамшы өлiм
|преагония
|агония
|клиникалық өлiм
31.Адамға жүргізілетін тәжірибе ... деп аталады.
|экспериментум Круцис+
|созылмалы тәжиірибе
|салыстармалы патология әдісі
|өшірілу әдісі
|оқшауланған мүшелер әдісі
32.Патологиялық физиология құрайтын тарау – бұл ... .
|біртектес дерттік үрдістер+
|жүрек физиологиясы
|қан биохимиясы
|зат алмасу
|жасуша патофизиологиясы
33.Құрылымның тұрақты бұзылысы – бұл ... .
|патологиялық жағдай+
|патологиялық серпіліс
|патологиялық үрдіс
|денатурация
|деградация
34 ... ауруға жатады.
|Өкпенің қабынуы+
|Инфаркт
|Лейкоцитоз
|Аллергия
|Гипоксия
35.Аурудың аяқталуы – бұл ... .
|биологиялық өлім+
|клиникалық өлім
|қайталану
|агония
|преагония
36.Өлiмнiң негiзгi кезендерiнiң дұрыс бiрiздiлiгi – ... .
|преагония, ақтық үзiлiс, агония, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм+
|ақтық үзiлiс, преагония, агония, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм
|преагония, агония, ақтық үзiлiс, клиникалық өлiм, биологиялық өлiм
|преагония, ақтық үзiлiс, агония, биологиялық өлiм, клиникалық өлiм
|преагония, агония, клиникалық өлiм, ақтық үзiлiс, биологиялық өлiм
37.Өлімнің ... негiзгi кезеңдер болады.
|5+
|6
|4
|7
|3
38.Аурудың ағымы ... болады.
|жедел+
|қысқамерзімді
|ұзақ мерзімді
|жылдам
|баяу
39.Ауру ... аяқталады.
|сауығумен+
|клиникалық өліммен
|созылмалы ағымға өтумен
|преагониямен
|агониямен
40.Терминалды жағдайларға ... жатады.
|агония+
|биіктік ауруы
|созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
|талма
|кома
41.Аурудың арнайы белгiлерi ... байланысты болады.
|аурудың себебімен+
|аурудың пайда болатын жағдайлармен
|реактивтілікпен
|төзімділікпен
|конституциямен
42.Ауру дамуындағы себебi мен себепкер жағдайлары туралы iлiм ... деп аталады.
|этиология+
|нозология
|патогенез
|патология
|валеология
43.... фактор аурудың себебi болып табылады.
|Ауруды тудыратын және арнайы ерекшелiктерiн анықтайтын+
|Аурудың пайда болуына септесетiн
|Аурудың арнайы емес ерекшелiктерiн анықтайтын
|Аурудың пайда болуының жиiлiгiне әсер ететiн
|Аурудың ауырлығын және даму ұзақтылығын анықтайnын
44.Аурудың дамуы үшiн ... .
|ауруды дамытатын себеп те жағдай да қажет+
|себептiң әсерiнсiз тек жағдайлар жиынтығының әсерi қажет
|тұқым қуалауға бейiмдiлiк қажет
|бiр себептiң әсерi жеткiлiктi
|себептер жиынтығының әсерi қажет
45.... көп факторлық түсiнiкпен сипатталады.
|Қабыну+
|Сәуле ауруы
|Туберкулез
|Күйiк
|Аяқ, қол сынуы
46.... адам аурудың сыртқы себептерiне жатады.
|Микроорганизмдер+
|Патологиялық тұқым қуалаушылық
|Жас
|Жыныс
|Патологиялық конституция
47.... адам аурудың дамуына жағдай жасайтын iшкi шарттарға жатады.
|Патологиялық конституция+
|Суықтау
|Зиянды әдеттер
|Тамақтану бұзылыстары
|Гиподинамия
48.... ятрогендiк аурудың себебi болып табылады.
|Дәрiгердiң тәртiптi сақтамауы+
|Инфекция
|Аурудың тәртiптi сақтамауы
|Организмнiң реактивтiлiгiнiң төмендеуi
|Өте күштi патогендi факторлардың әсерi
49.... аурудың механикалық себебiне жатады.
|Сығылу+
|Электр тогы
|Иондалған радиация
|Негiздер
|Төменгi температура
50.Күн өту ... дамиды.
|бас киiмнiң болмауынан күн сәулесiнiң басқа әсер етуiнен+
|сыртқы ортаның жоғарғы температурасы әсер еткенде
|дұрыс киiнбеген адам денесiне күн сәулесiнiң әсер етуiнен
|күн спектiрiнiң көзге көрiнетiн сәулерiнiң әсерiнен
|инфрақызыл сәулелерiнiң әсерiнен
51.Этиологияда жыныс ... жатады.
|аурудың себебi және септiк жағдайына+
|аурудың тек қана жағдайына
|аурудың тек қана себебіне
|тек қана аурудың пайда болуына
|тек қана аурудың пайда болуы кедергiне.
52.Этиологияда тұқым қуалаушылық ... жатады.
|аурудың себебi және септiк жағдайына+
|аурудың тек қана жағдайына
|аурудың тек қана себебіне
|тек қана аурудың пайда болуына
|тек қана аурудың пайда болуы кедергiне.
53.Этиологияда жас ... жатады.
|аурудың себебi және септiк жағдайына+
|аурудың тек қана жағдайына
|аурудың тек қана себебіне
|тек қана аурудың пайда болуына
|тек қана аурудың пайда болуы кедергiне.
54.Этиологияда организмнің конституциясы ... жатады.
|аурудың тек қана жағдайына+
|аурудың тек қана себебіне
|аурудың себебi немесе септiк жағдайына
|тек қана аурудың пайда болуына
|тек қана аурудың пайда болуы кедергiне.
55.... аурулардың этиотроптық алдын алуына жатқызуға болады.
|Науқасты оңашалауды+
|Науқасты иммундауды
|Организмдi шынықтыруды
|Салауатты өмiр салтын
|Емдiк дене тәрбиесiн
56.... адам аурудың туындауында қолайлы сыртқы жағдайы болып табылады.
|Дұрыс тамақтанбау+
|Өзгерген тұқымқуалаушылық
|Конституция ауытқу
|Ерте балалық шақ
|Қарттық шақ
57.... – бұл аурудың дамуында тұқым қуалаушылық белгілері маңызға ие болатын этиологиядағы бағыт.
|Конституционализм+
|Монокаузализм
|Полиэтиологизм
|Евгенизм
|Расизм
58.Адам организмге үдеу әсері физикалық фактор ретінде... айқындалады.
|кинетоздармен+
|атаксиямен
|адинамиямен
|құсуымен
|бас айналуымен
59.Этиологиядағы заманауи бағыт – бұл ... .
|диалектикалық каузализм+
|дуализм
|фрейдизм
|тарихи материализм
|теология
60.... адам аурудың сыртқы себептеріне жатады.
|Иондағыш сәулелер+
|Патологиялық тұқым қуалаушылық
|Жас
|Жыныс
|Патологиялық конституциясы
61.Ішкі этиологиялық факторларға ... жатады.
|өзгерген тұқым қуалаушылық+
|кәсіп
|климат-географиялық ықпал
|инфекция
|жағымсыз әдеттер
62.Жоғарғы атмосфералық қысым әсер ету кезінде ... байқалады.
|газдардың ерігіштігінің жоғарылауы+
|газдардың ерігіштігінің төмендеуі
|десатурация
|декомпрессия
|газдардың парциалды қысымының төмендеуі
63.Кинетоздардың себебі – бұл адам организмге физикалық фактор ретінде ... әсері.
|үдеудің+
|төменгі барометриялық қысымның
|иондағыш сәулелердің
|жоғарғы барометриялық қысымның
|электромагниттік толқындардың
64.... электр тогына ең төзімді болып келеді.
|Тері+
|Қан
|Шеміршек ұлпасы
|Қуысты мүшелер
|Бұлшық еттер
65.Пневмонияның даму себебі ... болып табылады.
|инфекция+
|салқындау
|гипоксия
|төмен организмнің реактивтілігі
|зорығу
66.... этиотропты емдеуге жатады.
|Бактерияларға қарсы емдеу+
|Дене тәрбиесі
|Науқасты оңшалау
|Салауатты өмір салты
|Дене шынықтыру
67.Патогенез – бұл ... туралы ғылым.
|аурудың даму механизмдерi+
|ауру
|ауру себептерi мен даму жағдайлары
|организм реактивтiлігi
|организм тұқым қуалаушылығы
68.Аурудың патогенезiн зерттеу ... деген сұраққа жауап бередi.
|ауру қалай, қандай жолмен дамиды?+
|ауру туындауының себебi қайсы?
|ауру дамуына не әкеледi?
|ауру дамуына не кедергi?
|ауру неге туындады?
69.... патогенездегi алғашқы тiзбегi болып табылады.
|Бiрiншiлiк бүлiнiс+
|Аурудың асқынуы
|Созылмалы түрге айналуы
|Екiншiлiк бүлiнiс
|Айналып соғу шеңберi
70.Молекулалық деңгейде зақымдануға … жатады.
|Иондаушы сәуленiң әсерiнен бос радикалдардың түзiлуi+
|Аллергиялық серпiлiстерде цитотоксиндiк зақымдану
|Аутоиммундық гемолиздiк анемия
|Митралдi қақпаншаның жеткiлiксiздiгi
|Атриовентрикулалық тесiктiң тарылуы
71.Жасушалық деңгейде зақымдануға ... жатады.
|Мес жасушаларының дегрануляциясы+
|Молекулалар мен атомдардың қозуы және иондануы
|Жүйке жүйесi қызметтерiнiң түсiп қалуы
|Дәнекер тiннiң зақымдануы
|Ішкi секреция бездерiнiң белсенуi
72.Патогенездiң негiзгi тiзбегі ... болып табылады.
|аурудың келесi кезеңдерiнiң дамуы анықтайтың өзгерісі+
|дерттiк фактордың әсерiнен туындайтың өзгерісі
|оттегi тасымалдау және пайдалану жүйелерiнiң бұзылуы
|қанайналымның бұзылуы
|патогенездегi «керi айналып соғу шеңберi»
73.... жедел қансыраудың патогенезiнде негiзгi тiзбегі болып табылады.
|Айналымдағы қан көлемiнiң азаюы+
|Қанайналымдық-гемдiк гипоксия
|Артериялық гипертензия
|Микроциркуляцияның бұзылысы
|Жүрекке веналық қанның қайтуының азаюы
74.... жарақаттық сілейменің патогенезінде негізгі механизм болып табылады.
|Ауырсынулық тітіркену+
|Гиповолемия
|Токсемия
|Септикопиемия
|Қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы
75.Биіктік ауруы дамуында негiзгi патогенездiк фактор ... болып табылады.
|ауада оттегiнiң үлестік қысымының төмендеуi+
|жоғары барометрлiк қысымы
|ультракүлгiн сәулелену
|инфра қызыл сәулелер
|төмен температура
76.Биiктiк ауру кезiндегi көгерудiң патогенезi қанда ... артық болуына байланысты.
|дезоксигемоглобиннiң+
|карбгемоглобиннiң
|карбоксигемоглобиннiң
|оксигемоглобиннiң
|метгемоглобиннiң
77.Қан жоғалту кезiнде оттегінің тасымалдану қызметiнiң бұзылуынан жүректiң жұмысы нашарлауы және ол өттегінің тасымалдануының одан әрi қиындауы – бұл ... .
|патогенездегi «керi айналып соғу шеңберi»+
|патогенездегi басты тiзбегі
|үрдiстiң жалпылама таралуы
|патогенездегi жергiлiктi және жалпы қарым-қатынастары
|спецификалық және бейспецификалық даму механизмдері
78.Өт тас ауруы кезiнде күштi ауырсынулық тiтiркену артериялық қысымның тербелістері патогенездегі … жатады.
|жергiлiктi және жалпы серпiлiстер арақатынасына+
|спецификалық және бейспецификалық механизмдерiнiң арақатынасына
|керi айналып соғу шеңберiне
|басты тізбегіне
|қорғаныс-теңгерулiк механизмдерінің қосылуына
79.Патогенездiк терапия негізінде ... әсері жатады.
|ауру патогенезiнiң жетекші тiзбегiне+
|аурудың пайда болу себебіне
|аурудың жекелеген көрiнiстерiне
|организмнiң реактивтiлiгiне
|аурудың пайда болу жағдайларына
80.... терапия патогенездiк емдеуге жатады.
|Қабынуға қарсы+
|Туберкулостатикалық
|Құрттарға қарсы
|Бактерияға қарсы
|Вирусқа қарсы
81.Жасушалық деңгейде зақымдануға ... жатады.
|иммундық тромбоцитопения+
|глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин қышқылының валинге ауысуы
|вазопресиннің биосинтезінің бұзылуы
|қан ұйығыштығының VIII факторының тұқым қуалайтын тапшылығы
|атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы
82.Ауру патогенезінің негізгі тізбегі – бұл ... .
|аурудың келесі кезеңдерінің дамуын анықтайтын зақымдануы+
|кері айналып соғу шеңберлерін туындайтын зақымдануы
|аурудың себептері және жағдайлары
|қайтымсыз зақымдануы
|қайтымды зақымдануы
83.Ауру патогенезіндегі ақаулық шеңбері – бұл ...
|аурудың өршуіне ықпал ететін, патогенездің жеке тізбектерінің арасындағы оң кері байланыстың пайда болуы+
|әр жаңа циклдің алғашқы циклден бұзылыстың айқын көріністерінің үдеуімен ерекшеленетін аурудың циклдік ағымы
|өршу және ремиссия кезеңдерімен бірге жүретін алғашқы пайда болған жедел фазаның созылмалы түрге өтуі
|ауру кезеңдерінің біртіндеп аусып жатуы
|аурудың терминалды жағдайға өтуі
84.Ауру патогенезіндегі ақаулық шеңбердің маңызы ... болып табылады.
|организм серпілістерінің нәтижесінде пайда болатын патогенездің кейбір тізбегінің күрделенуі+
|кез келген дерттік серпілісінің дамуы
|ауру кезеңдерінің біртіндеп ауысуы
|жағдайының нашарлауына алып келетін бейімделулік механизмдерінің тежелуі
|терминалдық жағдайлардың бірізділігі
85.Веналық гиперемияның негізгі тізбегі болып ... табылады.
|қан ағып кетуінің қиындауы+
|қан ағып келуінің қүшеюі
|қанағымының тоқтауы
|қызмет атқаратың қылтамырлардың көбеюі
|қанағымының сызықтық жылдамдығының төмендеуі
86.Биіктік ауру кезінде ... бейімделулік маңызы бар.
|эритроцитоздың+
|гематокрит төмендеуінің
|тромбозға икемділігінің
|тотықпаған гемоглобин мөлшерінің жоғарылауының
|қимылдың шектелуінің
87.Реактивтiлiк – бұл ... .
|бiртұтас организмнiң тiршiлiгiн өзгерту арқылы сыртқы орта әсерлерiне жауап беру қасиетi+
|организмнiң тiтiркендiргiшке жауап беру әсерленiсi
|тiтiркендiргiшке организмнiң қорғаныстық әсерленiсi
|ауру тудыратын әсерлерге организмнiң тұрақтылығы
|организмнің бейспецификалық төзiмдiлiгi
88.Арнайы реактивтiлiк – бұл ... жауап беру қасиеті.
|антигендiк тiтiркендiргiшке организмнің+
|сыртқы ортаның әсерiне белгiлi бiр жануарлар түрiнің
|сыртқы ортаның әсерiне бiр түрге жататын тұлғалар тобының
|физикалық факторлардың әсерiне организмнiң белгiлi бiр жолмен
|белгiлi бiр организмнiң сыртқы орта факторларының әсерiне
89.Арнайы емес патологиялық реактивтiлiкке … жағдайларға жатады.
|сілеймелік+
|иммунитет тапшылықты
|иммунитет депрессивтi
|иммунно-пролиферативтi
|аллергиялық
90.Арнайы физиологиялық реактивтiлiкке ... жатады.
|Иммунитет+
|Иммунды тапшылықты жағдайлар
|Иммунды депрессивтi жағдайлар
|Аутоиммундық үрдiстер
|Аллергия
91.Дизергия дегенiмiз тiтiркендiргiшке организмнiң ... жауабы .
|бұрмаланған+
|төмендеген
|әлсіз
|көтерiлген
|сәйкес
92.Әрбiр организмнiң ерекшелiгi ... анықталады.
|даралық реактивтiлiгімен+
|жынысымен
|түрлiк реактивтiлiгімен
|конституциялық ерекшелiктерiмен
|топтық реактивтiлiгімен
93.Жануарлардың қысқы ұйқысы ... реактивтiлiкке жатады.
|түрлiк+
|топтық
|даралық
|арнайы
|дерттiк
94.Егеуқұйрықтарға қарағанда, бақаның гипоксияға төзімділігі ... реактивтiлiкке жатады.
|түрлiк+
|топтық
|даралық
|жасына байланысты
|арнайы
95.... реактивтiлiкке адамдарда бірдей дерттік факторлардың әсерінең тіршілік әрекетінің әртүрлі өзгерістері жатады.
|Даралық+
|Топтық
|Жыныстық
|Жасына байланысты
|Түрлiк
96.... реактивтiлiкке нәрестелерге қарағанда ересектерге гипоксияның күштірек әсер етуі жатады.
|Жасына байланысты+
|Биологиялық
|Түрлiк
|Жыныстық
|Даралық
97.... конституцияның Черноруцкий бойынша жiктелуіне сәйкес келедi.
|Нормостеник+
|Сангвиник
|Атлеттiк түрi
|Бұлшық еттiк түрi
|Күштi, салмақты, ширақ түрi
98.... конституцияның Павлов бойынша жiктелуіне сәйкес келедi.
|Күштi, салмақты, ширақ түрi+
|Флегматик.
|Меланхолик
|Холерик
|Астеник
99.Гиперстениктер ... бейiм.
|қанда холестерин дейгейiнiң жоғарылауына+
|анемияға
|қанда глюкоза деңгейiнiң төмендеуiне
|қан қысымы деңгейiнiң төмендеуiне
|iшектiң сiңiру қабiлетiнiң төмендеуiне
100.Гиперстениктерге ... тән.
|артериялық қысымның жоғарылауы+
|қандағы холестериннiң төмен деңгейде болуы
|iшектiң сiңiру қабiлетiнiң төмен болуы
|бүйрек үстi бездерiнің қызметiнiң төмен болуы
|өкпенiң салыстырмалы тiршiлiк сыйымдылығының жоғарылауы
101.Астениктерде ... жиi дамиды.
|асқазан мен 12-елi iшектiң ойық жара ауруы+
|жүректiң ишемиялық ауруы
|өт тас ауруы
|гипертониялық ауруы
|қантты диабет
102.Балалардағы патологияның ерекшелiгiне ... жатады.
|биологиялық тосқауылдардың жоғары өткiзгiштiгi+
|түзiлу үрдiстерiнiң тежелуi
|аурулардың созылмалы өтуi
|iсiктiк аурулардың жиiлiгі
|патологияның көптiгi
103.Әйелдер ерлерге қарағанда ... төзiмсiз.
|наркотик әсерiне+
|жедел қансырауға
|гипоксияға
|төмен температураға
|ашығуға
104.Организмнiң төзiмдiлiгi – бұл қоршаған ортаның ... қасиетi.
|патогендiк әсерлерiне қарсылық көрсету+
|физиологиялық әсерлерiне жауап беру
| тек экстремалды факторларына жауап беру
|кез келген әсерлерiне жауап беру
|кез келген әсердлерiне қарсылық көрсету
105.Төзiмдiлiк - бұл ... .
|ауру тудыратын факторларға организмнiң тұрақтылығы+
|тiтiркендiргiшке организмнiң жауап беру әсерленiсi
|тiтiркендiргiшке организмнiң әлсiз жауабы
|сыртқы ортаның әсерлерiне организмнiң тiршiлiгiн өзгертумен жауап беру қасиетi
|сыртқы орта факторларының әсерiне организмнiң сезiмталдығы
106.... – бұл енжар төзiмдiлiк.
|Гистогематикалық тосқауылдар+
|Қабынудағы лейкоцитоз
|Уларды бейтараптау
|Антидене түзу
|Фагоцитоз
107.... – бұл белсендi төзiмдiлiк.
|Фагоцитоз+
|Микроб түсуiне қарсы тұратын терi мен шырышты қабығы
|Тiрек қимыл аппаратының тiндерi мен сүйектер
|Тасбақа мен жәндiктердiң қатты жабыны
|Гистогематикалық тосқауылдар
108.Асқазанның ойық жарасы жиі қаны І топқа жататын адамдарда кездесуі ... реактивтілікке жатады.
|топтық+
|бейспецификалық
|спецификалық
|түрлік
|даралық
109.Тұқым қуалайтын аурулар – бұл … аурулар.
|гендiк аппараттың зақымдануынан туындайтын+
|гендiк аппаратын зақымдануына байланыссыз туа пайда болатын
|ұрықтық дамуда тудырушы факторлар нәтижесiнде дамыған
|негiзiнде фенотиптiң патологиялық өзгерiсi жататын
|тұқым қуалауға бейiмдiлiк
110.Тұқым қуалайтын аурулардың дамуына … мутациялар әкеледi.
|гаметалардағы+
|гепатоциттердегi
|макрофагтрдағы
|фиброциттердегi
|миоциттердегi
111.Биологиялық денеге жоғары температураның мутагендi әсерi … байланысты.
|гендегi атомдар мен молекулалардың қозғалғыштығының артуымен+
|жасушадағы кавитация құбылысымен
|жасуша геномымен фотонның қамтылуымен
|жасушада радиотоксиндердiң пайда болуымен
|молекулалар мен атомдардың иондалуымен
112.Хромосомалардың транслокациясы – бұл … .
|екi хромосоманың сәйкессiз бөлшектерiмен алмасуы+
|хромосоманың кейбiр бөлiгiнiң түсiп қалуы
|хромосоманың артық бөлiгiнiң қосылуы
|хромосома бөлiгiнiң 180 градуске айналуы
|хромосоманың бiр бөлiгiнiң бiрнеше рет қайталануы
113.Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін жанұялардың шежіресін зерттеу әдісі … деп аталады.
|клинико-генеалогиялық+
|биохимиялық
|егіздерді салыстыру
|цитогенетикалық
|популяция-статистикалық
114.... моногендi ауруларға жатады.
|Гликогеноз+
|Гипертониялық ауру
|Атеросклероз
|Гемохроматоз
|Қантты диабет
115.... моногендi ауруларға жатады.
|Гемофилия В+
|Алғашқы артериялық гипертензия
|Қантты диабет
|Жағыннан көргiштiк
|Атопиялық бронхиалық демiкпесi
116.Фенилкетонурия ... мутация арқылы пайда болады.
|гендiк+
|хромосомалық
|геномдық
|жыныс хромосомалардың
|ДНК репарация гендерiнiң
117.Құрылымдық геннiң мутациясы ... дамуы негiзiнде жатады.
|орақ тәрiздi-жасушалы анемия+
|алкаптонурия
|альбинизм
|афибриногенемия
|фенилкетонурия
118.Хромосомалық ауруларға ... жатады.
|Клайнфельтер синдромы+
|фенилкетонурия
|дальтонизм
|гемофилия
|Иценко-Кушинг синдромы
119.... хромосомалық ауру болып табылады.
|Даун ауруы+
|Микросфероцитарлік анемия
|Талассемия
|Орақ тәрiздi жасушалар анемия
|Гирке ауруы
120.Клайнфельтер синдромындағы жыныс хромосомдарының жиынтығы –... .
|ХХУ+
|ХО
|ХХХ
|УО
|ХУ
121.Клайнфельтер синдромында ... Барр денешiгiн анықтауға болады.
|бiр+
|үш
|нөл
|екі
|төрт
122.Жасуша ядросындағы жыныстық хроматиннің екі денешігі (Барр денешіктері) ... анықталады.
|Х-трисомия синдромында+
|Клайнфельтер синдромында
|Шерешевский Тернер синдромында
|қыз балалардағы Даун ауруында
|ер балалардағы Даун ауруында
123.22А ХО кариотип ... синдромына тән.
|Шерешевский-Тернер+
|Альцгеймер
|Клайнфельтер
|Даун
|Х-трисомия
124.Соматикалық жасушалардың ядросында екi Барр денешiгi ... анықталады.
|Х-трисомия синдромы бар науқаста+
|денi сау еркекте
|Шерешевский-Тернер синдромы бар науқаста
|денi сау әйелде
|Клайнфельтер синдромы бар науқаста
125.21 жұп аутосомадағы трисомия ... синдромына тән.
|Даун+
|Х-трисомия
|Клайнфельтер
|Шерешевский-Тернер
|Альпорт
126.Туа пайда болатын тұқым қуаламайтын ауру ... болып табылады.
|нәрестелердiң мерезi+
|Дауна ауруы
|фенилкетонурия
|гемофилия
|Гирке ауруы
127.... полигендiк ауру болып табылады.
|Атеросклероз+
|Фенилкетонурия
|Гемофилия А
|Дальтонизм
|Альбинизм
128.Бiрiншiлiк артериялық гипертензия ... аурулар тобына жатады.
|полигендiк+
|хромосомалық
|тұқым қуаламайтын
|туа пайда болатын
|моногендiк
129.Гипертониялық ауру ... аурулар тобына жатады.
|көп факторлы+
|өзіндік тұқым қуалайтын
|моногендік
|хромосомалық
|тек сыртқы орта факторлардан пайда болатын
130.Жүректің ишемиялық ауруы ... аурулар тобына жатады.
|полигендік+
|өзіндік тұқым қуалайтын
|хромосомалық
|туа пайда болатын
|тек сыртқы орта факторлардан пайда болатын
131.... ұрпаққа доминантты түрде беріледі.
|Брахидактилия+
|Гемофилия А
|Гемофилия В
|Гликогеноз
|Орақ тәрізді жасушалы анемия
132.47 ХХУ кариотипі ... тән.
|Клайнфельтер синдромына+
|Гирке ауруына
|Иценко-Кушинг синдромына
|Даун ауруына
|Альцгеймер синдромына
133.Жыныс хромосомаларының аномальды құрамы ... тән.
|Клайнфельтер синдромына+
|Гирке ауруына
|Иценко-Кушинг синдромына
|Даун ауруына
|Альцгеймер синдромына
134.22А ХХУ кариотипі ... тән.
|Клайнфельтер синдромына+
|Гирке ауруына
|Иценко-Кушинг синдромына
|Даун ауруына
|Альцгеймер синдромына
135.22А ХХХ кариотипі ... тән.
|Х-трисомия синдромына+
|Гирке ауруына
|Иценко-Кушинг синдромына
|Даун ауруына
|Альцгеймер синдромына
136.Аутосомалардың саны бұзылуымен сипатталатын ауруларға ... синдромы жатады.
|Даун+
|Альпорт
|Х-трисомия
|Клайнфельтер
|Шерешевский-Тернер
137Бауырда гликогеннің қоры ... кезінде ұлғаяды.
|гликогеноз+
|қантты диабет
|гипоксия
|ауыр дене жұмысы
|ашығу
138.... жедел гипогликемияның себебі болып табылады.
|Инсулиннің артық мөлшері+
|Инсулинома
|Гликогеноздар
|Бүйрек үстi бездерiнiң созылмалы жеткiлiксiздiгi
|Ашығу
139.Қантты диабет кезінде глюкозурияны ... туындатады.
|гипергликемия+
|кетонемия
|гиперлипиземия
|полиурия
|гиперлактатацидемия
140.Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі ... болып табылады .
|глюкозурия+
|микроангиопатия
|кетонурия
|гипостенурия
|шөлдеу және полидипсия
141.Қантты диабеттің инсулинге тәуелді түріне … тән.
|Лангерганс аралшығында бета-жасушаларының антиденелермен зақымдалуы+
|контринсулиндік гормондардың артық түзілуі
|стресс
|инсулиназаның жоғары белсендігі
|инсулиннің плазма нәруыздарымен берік байланысуы
142.Гипогликемия ... кезінде байқалады.
|ашығу+
|инсулиннің жеткіліксіздігі
|стресс
|инсулин рецепторларының бөгелуі
|инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы
143.Гликогенозда ... байқалады.
|бауырда гликогеннің көптеп жиналуы+
|гипергликемия
|бауырда гликогеннің азаюы
|инсулин жеткіліксіздігі
|бауырда инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы
144.Қантты диабет кезінде көмірсу алмасудың бұзылыстары … анықталады.
|гипергликемиямен+
|гипернатриемиямен
|гиперлипидемиямен
|бауырда гликогенның жиналуының күшеюімен
|бауырда гликогенның жетіспеушілігімен
145.Организмде терiс азоттық тепе-теңдiк ... кезінде пайда болады.
|күйiк ауруы+
|гиперинсулинизм
|организмнiң дамуы
|жүктiлiк
|анаболитикалық гормондар артық болған
146.Органимзде оң азоттық тепе-теңдiк ... кезінде дамиды.
|инсулинің артық болуы+
|глюкокортикоидтардың артық болуы
|нәруыздық ашығу
|өспелік кахексия
|қантты диабет
147.Гипопротеинемия – бұл ... .
|негiзiнен альбумин азаюымен сипатталатын нәруыздың жалпы мөлшерiнiң азаюы+
|қанда нәруыз мөлшерiнiң артуы
|қанда патологиялық нәруыздардың пайда болуы
|қан нәруыздары арақатынасының өзгеруi
|қанда гамма-глобулин мөлшерiнiң азаюы
148.Парапротеинемия – бұл қанда ... пайда болуы.
|сапасы өзгерген гамма-глобулиндердiң+
|сапасы өзгерген альбуминдердiң
|альбуминдердiң азаюы
|сапасы өзгерген фибриногеннiң
| сапасы өзгерген альфа-глобулиндердiң
149.Подагра патогенезiнде … бұзылуы маңызды.
|зәр қышқылының ерiгiштiгi+
|бауыр мен бұлшық еттерде мочевина синтезiнiң
|биогендi аминдердiң шығарылуы мен түзiлуi
|аммиактың бүйректен шығарылуы
|алмастырылмайтын амин қышқылының алмасуы
150.Ағзада оң азоттық тепе-теңдік ... дамиды.
|соматотропты гормон артық болғанда+
|глюкокортикоидтар артық болғанда
|нәруыздық ашығуда
|өспелік кахексия кезінде
|қантты диабет кезінде
151.Гипопротеинемия ... қабаттасады.
|қанның онкотикалық қысымының төмендеуiмен+
|плазманың нәруыздарының тасымалдау қызметiнiң күшеюмен
|гипокоагуляциямен
|қанның осмотикалық қысымының көтерілумен
|қанда гормондардың бос бөлшектерiнiң азаюмен
152.Iсiну – бұл ... .
|тiндер мен тiнаралық кеңiстiктерде сұйықтық жиналуы+
|серозды қуыстарда сұйықтың жиналуы
|лимфа түзiлуi артуы
|тамыр iшiлiк сұйықтың артуы
|жасуша iшiлiк сұйықтың артуы
153.Iш шеменi ... деп аталады.
|асцит+
|гидроперикардиум
|гидроторакс
|перитонит
|гидронефроз
154.Сумен улану ... кезінде дамиды.
|организмге судың артық түсуi және оның аз шығарылуы+
|организмге судың аз түсуi
|тұздар артық түскенде
|организмнен судың артық шығарылуы
|амалсыз теңiз суын iшу
155.Терiс су балансы ... байқалады.
|қантсыз диабетте+
|жүрек жеткiлiксiздiгiнде
|бауыр циррозында
|нефроздық синдромда
|жедел диффузды гломерулонефритте
156.... ісінудің патогенездік факторы болып табылады.
|Ұлпалардағы осмостық және онкотикалық қысымның жоғарылауы+
|Қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі
|Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі
|Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
|Альдостерон түзілуінің төмендеуі
157.Қабынулық және аллергиялық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.
|қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы+
|қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
|қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
|лимфаның ағып кетудің қиындауы
|веналық қысымының жоғарылауы
158.Бауырлық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.
|қанның онкотикалық қысымының төмендеуі+
|қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы
|қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
|лимфа ағысының төмендеуі
|қанның веналық қысымының жоғарылауы
159.... ісінудің қорғану-бейімделу қасиеті болып табылады.
|Қанды уытты заттардан тазарту+
|Жүйке талшықтарын қысу
|Қоректенуді бұзу
|Ұлпаны зақымдау
|Токсиндерді аккомодациялау
160.Сусыздану кезiнде ... байқалады.
|қанның қоюлануы+
|қанның онкотикалық қысымының төмендеуi
|орталық веналық қысымның жоғарылауы
|артериялық қысымның жоғарылауы
|айналымдағы қан көлемiнiң көбеюі
161.Гиперкалиемия ... кезінде байқалады.
|тiннiң күштi ыдырауы+
|алкалоз
|альдестеронның артық өндiрiлуi
|вазопрессинның артық өндiрiлуi
|СТГ-ның жетіспеушілігі
162.Гипернатриемия ... артық секрециясы кезiнде пайда болады.
|альдостеронның+
|тиреоидты гормондардың
|жыныс гормондарының
|натрийурездiк гормонның
|антидиурездiк гормонның
163.Гиперкальциемия ... дамиды.
|паратгормонның гипосекрециясында+
|вазопрессиннің гипосекрециясында
|алкалоз кезiнде
|альдестеронның гипосекрециясында
|кальцитониннің гипосекрециясында
164.Алиментарлық гиперлипидемияның патогенезi ... байланысты.
|аспен майдың артық түсуімен+
|қордан майдың артық шығуымен
|қаннан майдың тiнге өтуiнiң бөгелуiмен
|қанда липопротеидлипазаның төмен белсенділікпен
|гипоальбуминемиямен
165.Кетондық денелер ... түзiледi.
|бауырда+
|өкпеде
|ішекте
|бүйректе
|бұлшық еттерде
166.Экзогендiк-конституциялық семiру ... пайда болады.
|тағамды дағдылы артық iшкенде+
|гиперинсулинизм кезiнде
|гипотиреоз кезiнде
|гипоталамуыстың вентромедиалдық ядросын зақымдағанда
|гиперкортицизм кезiнде
167.... антиатерогендiк қасиеттерi бар.
|Жоғары тығыздықты липопротеидтердің+
|Төмен тығыздықты липопротеидтердің
|Өте төмен тығыздықты липопротеидтердің
|Аралық тығыздықты липопротеидтердің
|Хиломикрондардың
168.... атеросклероздың дамуына ықпал етеді.
|Тағамда жануар майының көп болуы+
|Тағамда өсімдік майының көп болуы
|Тағам құрамында клетчатканың басым болуы
|Көкөністер
|Жемістер
169.Атерогенді липопротеидтерге ... жатады.
|төмен тығыздықты липопротеидтер+
|өте төмен тығыздықты липопротеидтер
|жоғары тығыздықты липопротеидтер
|хиломикрондар
|аралық тығыздықты липопротеидтер
170.... атеросклероздың дамуына әсер ететін фактор болып табылады.
|Гиперхолестеринемия+
|Атерогенездің тежелуі
|Гиполипидемия
|Гипохолестеринемия
|Гипогликемия
171.С гиповитаминоздың көріністеріне ... жатады.
|геморрагиялық диатез+
|ксерофтальмия
|гемеролопия
|полиневриттер
|кальциноз
172.Теңгерiлген ацидозбен алкалозға сәйкес рН мәнi ... .
|7,35 - 7,45+
|7,2 - 7,8
|7,0 - 8,0
|7,45 - 7,5
|7,0 - 7,4
173.Газдық ацидоздың негiзiнде... жатады.
|организмде көмiр қышқылының жиналуы+
|минералдық қышқылдармен улану
|ұшпайтын қышқылдардың жиналуы
|организмнен СО2 артық шығарылуы
|қанда негiздердiң артықтығы
174.Газдық алкалозды ... дамытады.
|өкпе гипервентиляциясы+
|өкпе гиповентиляциясы
|қанайналым жеткiлiксiздiгi
|гиперкапния
|ауада көмiртегi тотығының мөлшерiнiң артуы
175....газсыз ацидоздың себебi болып табылады.
|Тоқтаусыз iш өту+
|Натрий биокарбонатпен улану
|Жиi көп құсу
|Энцефалиттегi ентiгу
|Бүйрек үстi безiнiң стериодты гормондарының гиперсекрециясы
176.Толассыз құсу кезінде асқазан сөлiн көп мөлшерде жоғалту ... әкелу мүмкiн.
|экскрециялық алкалозға+
|экскрециялық ацидозға
|газдық алкалозға
|экзогендiк алколозға
|экзогендiк ацидозға
177.Артериялық қанның рН көрсеткiшiнiң 7,49 болуы ... тән.
|теңгерiлмеген алкалозға+
|теңгерiлген ацидозға
|теңгерiлген алкалозға
|газдық ацидозға
|газдық емес ацидозға
178.Тағаммен бірге ұзақ мерзімде қышқылдарды пайдалану ... дамуына алып келеді.
|экзогендік ацидоздың+
|эндогендік ацидоздың
|метаболизмдік ацидоздың
|метаболизмдік алкалоздың
|газдық ацидоздың
179.Газдық алкалозға … тән.
|гипокапния+
|гиперкапния
|өкпе гиповентиляциясы
|өкпе гипервентиляциясы
|газдық ацидоз
180.Қызба кезіндегі химиялық термореттеу тетіктеріне ... жатады.
|жылу өндірілуінің жоғарылауы+
|жылу шығарудың төмендеуі
|жылу шығарудың өзгермеген жағдайда жылу өндірілуінің жоғарылауы
|жылу өндірілуінің төмендеуі
|конвекцияның төмендеуі
181.Қызба ... болып табылады.
|бiртектес дерттiк үрдiс+
|дерттiк жағдай
|ауру
|дерттiк серпiлiс
|ауру асқынуы
182.Эндогендiк пирогендер ... пайда болады.
|лейкоциттерде+
|тромбоциттерде
|эритроциттерде
|гепатоциттерде
|паренхиматоздық жасушаларда
183.Лейкоциттiк пирогендер ... әсер етедi.
|гипоталамустың преоптикалық аймағынын нейрондарына+
|термосезiмтал шеткi рецепторларға
|жұлын миының мотонейрондарына
|жүйке өткiзгiштiк жолдарына
|жұлын-қыртыс жолдарына
184.Қызбаның бiрiншi сатысында температураның тез көтерiлуi ... қабаттасады.
|бұлшық ет дiрiлi және қалтыраумен+
|терiнiң қызаруымен
|тахипноэмен
|қан қысымының төмендеуiмен
|терлеудiң күшеюiмен
185.Қызбаның бiрiншi сатысында жылу ... байқалады.
|шығарудың азаюы мен жылу өндiрудiң күшеюi+
|өндiру мен жылу шығарудың күшеюi
|өндiру мен жылу шығарудың азаюы
|шығарудың өзгермеумен, жылу өндiрудiң күшеюi
|өндiрудiң азаю мен жылу шығарудың күшеюi
186.Қызбаның үшiншi сатысында жылу шығарудың жоғарылауы ... байланысты.
|тер бөлiнудiң күшеюімен+
|перепирация үрдiстерiнiң басылуымен
|зат алмасуыдың күшеюiмен
|вазоконстрикциямен
|артериялық қысымның жоғарылауымен
187.Қызбадағы дене температурасының кризистiк түсуi ... қауiптi.
|коллапс дамуымен+
|гипергидратация дамуымен
|жүрек жиырылуының жиiлеуiмен
|қан қысымының артуымен
|асқазан iшек жолының күшеюiмен
188.Қызба кезінде ... көтерілген температура субуфебрильдiк деп аталады.
|37-38 градуска дейін+
|39-41 градуска дейін
|41 градустан жоғары
|38-39 градуска дейін
|42 градустан жоғары
189.Дене температурасы 1 градусқа көтерiлгенде жүрек жиырылу жиiлiгi минутына... рет артады.
|8-10+
|6-7
|18-20
|50-60
|30-40
190.... қызбаның жағымсыз әсерi болып табылады.
|Энергия қуатының азаюы+
|Интерферон түзiлуiнiң жоғарылауы
|Фагоцитоздың әсерленуi
|Антиденелер түзiлуiнiң жоғарылауы
|Микробтардың өсiп-өнуiнің төмендеуі
191.... қызбаның оң әсерiне жатады.
|Фагоцитоздың күшеюi+
|Бауырдың антитоксикалық қызметтерiнің төмендеуi
|Антидене синтезiн басуы
|Фибробластардың көбейуiн күшейтуi
|Катаболизмдiк үрдiстердi күшейтуi
192.Қызба кезіндегі физикалық термореттеу тетіктеріне ... жатады.
|жылуды сыртқа шығарудың төмендеуі+
|жылуды сыртқа шығарудың жоғарылауы
|жылу өндірілуі мен жылу шығарудың жоғарылауы
|жылу шығарудың өзгерусіз жылу өндірілуінің жоғарылауы
|жылу өндіруінің төмендеуі және жылу шығарудың жоғарылауы
193.Тер бөлінудің күшеюі ... байқалады.
|қызбаның 3-ші кезеңінде+
|шамадан тыс жылулық әсері кезінде
|шамадан тыс мұздаудың әсерінен
|қызбаның 2-ші кезеңінде
|қызбаның 1-ші кезеңінде
194.Эндогендiк пирогендер түзушiлер ... болып табылады.
|макрофагтар+
|мес жасушалар
|плазмалық жасушалар
|тромбоциттер
|эритроциттер
195.... артериялық гиперемияның негiзi тiзбегi болып табылады.
|Артериолалардың кеңеюi және қан ағып келуiнiң жоғарылауы+
|Қан келуiнiң азаюы
|Қан ағып кетуiнiң қиындауы
|Қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы
|Қызмет атқаратын капилярлар санының көбеюi
196.... артериялық гиперемияның белгiсi болып табылады.
|Ұлпа температурасының жоғарылауы+
|Ұлпа көгеруi
|Қан ағу жылдамдығының баяулауы
|Веналық қысымның жоғарылауы
|Ұлпа көлемiнiң кiшiреюi
197.Артериялық гиперемия кезiнде ... байқалады.
|тiн бөлiктерiнiң қызаруы+
|тiн бөлiктерiнiң көгеруі
|тiн тығыздығынын төмендеуi
|тiн бөлiктерiнiң температурасының төмендеуi
|ағзаның тепературасының төмендеуi
198.... веналық гиперемияның себебi болып табылады.
|Веналардың өспемен басылып қалуы+
|Ангиоспазм
|Әкелушi артерия саңылауының тромбпен бiтелуi
|Әкелушi артерияның қысылып қалуы
|Ұлпа жұмысының күшеюi
199.Веналық гиперемияның негiзiнде ... жатады.
|қан кетуінің төмендеуi+
|артериялардың склероздық өзгерiсi
|артериялалардың рефлекстiк кеңеюi
|қан келуiнiң ұлғаюы
|айналымдағы қан көлемiнiң ұлғаюы
200... ишемия дамуының себебi болып табылады.
|Ангиоспазм+
|Ұлпалардың қызметiнiң артуы
|Тамыр тарылтқыш жүйкелердiң зақымдануы
|Веналардың өспемен қысылуы
|Веналардың тромбпен бiтелуi
201.... ишемияның белгiсi болып табылады.
|Ауырсыну+
|Тiннiң температурасы көтерiлуi
|Тiннiң көгеруi
|Қан ағысы жылдамдығының артуы
|Ұсақ тамырлардың соғуы
202.... жанама қанайналымның шынайы жеткiлiктi мөлшері болады.
|Бұлшық еттерде+
|Көк бауырда
|Жүректе
|Бүйректе
|Бас миында
203.Артериядағы тромб ... дамытуы мүмкін.
|ишемияны+
|артериялық гиперемияны
|қан ағып кетудiң төмендеуiн
|нағыз капиллярлық стазды
|веналық гиперемияны
204.Венадағы тромб ... дамытуы мүмкін.
|веналық гиперемияны+
|қан ағып кетудiң төмендеуiн
|артериялық гиперемияны
|ишемияны
|нағыз капиллярлық стазды
205.... эндогендiк эмболияның жиi себебi болып табылады.
|Үзiлген тромб+
|Ірi қантамырлар зақымдануының нәтижесiнде ауа кiру
|Бөгде зат
|Май тамшылары
|Өспе жасушалары
206.Веналық гиперемия – бұл ...
|қанның ағып кетуінің қиындауынан тіннің қанға толуының ұлғаюы+
|қан ағып келуінің күшеюінен тіннің қанға толуының ұлғаюы
|қанның ағып келуі азаюынан тіннің қанға толуының азаюы
|қылтамырларда жергілікті қанайналымның тоқтауы
|қан айналымында бөгде заттардың болуы
207.… веналық гиперемияға тән болып табылады.
|Цианоз және ісінулер+
|Тіннің қызуының жоғарылауы
|Тіннің қызаруы
|Тіннің көлемінің кішіреюі
|Тіннің көгеруі
208.… артериялық және веналық гиперемияларға ортақ болып табылады.
|Ағзаның қанға толуының ұлғаюы+
|Тін бөлігінің көгеруі
|Тін тургорының төмендеуі
|Тін бөлігінің қызуының төмендеуі
|Тіннің қызуының жоғарылуы
209.... обтурациялық ишемияның себебі болуы мүмкін.
|Артериялық қантамырдың эмболиясы+
|Ұлпаның қызметінің күшеюі
|Тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдалуы
|Қан тамырының оспемен қысылуы
|Қан ағысының күшеюі
210.… ишемияға тән.
|Тіннің бозаруы+
|Тіннің қызуының жоғарылауы
|Қан ағысының күшеюі
|Тіннің көгеруі
|Майда тамырлардың пульсациясы
211.Жанама қантамырлардың функциональды жеткіліксіздігімен сипатталатын ағзаларға ... жатқызуға болады.
|бас миы, жүрек+
|көкбауыр
|бұлшық еттер
|бүйрек
|бауыр
212.Стаз – бұл … .
|қылтамырларда жергілікті қанайналымның тоқтауы+
|ағзадан қан ағып кетуінің азаюы
|ағзаға қан ағып келуінің азаюы
|ағзаға қан ағып келуінің күшеюі
|қан айналымында бөгде заттардың болуы
213.... артерияның тромбозының салдары болып табылады.
|Инфаркт+
|Артериялық гиперемия
|Қанның ағып кетуінің қиындауы
|Веналық гиперемия
|Іркілулік стаз
214.Қабынуды дамытатын ең жиi себепке … факторлар жатады.
|биологиялық+
|химиялық
|физикалық
|механикалық
|термиялық
215.Қабынудың компоненттерi – бұл … .
|альтерация, экссудация және пролиферация+
|артериялық гиперемия, веналық гиперемия және стаз
|ацидоз, гиперосмия және гиперонкия
|домбығу, қызару, қызметтiң бұзылуы, ауырсыну және жергiлiктi температураның жоғарылауы
|лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы және дене қызуының жоғарылауы
216.... қабынудың бiрiншi сатысы болып табылады.
|Альтерация+
|Лейкоциттердiң эмиграциясы
|Фагоцитоз
|Экссудация
|Пролиферация
217.Қабынудағы бiрiншiлiк альтерацияны ... дамытады.
|флогогеннiң зақымдаушы әсері+
|қабыну медиаторлары
|қабыну ошағындағы физика-химиялық өзгерiстері
|микроциркуляция бұзылуы
|қабыну ошағында зат алмасу бұзылуы
218.... қабынудағы жергiлiктi ацидоздың патогенездiк ықпалы болып табылады.
|Зат алмасудың тотықпаған өнiмдерi жиналуы+
|Артериялық гиперемия
|Тамыр өткiзгiштiгiнiң бұзылуы
|Лейкоциттер эмиграциясы
|Транссудация
219.... қабыну ошағында гистаминдi түзеді.
|Лаброциттер+
|Ұлпалық жасушалар
|Нейтрофилдер
|Лимфоциттер
|Моноциттер
220.Қабыну ошағындағы қанайналымы өзгерiстерiнiң бiрiздiлiгi – ... .
|ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз+
|артериялық гиперемия, стаз, ишемия,веналық гиперемия
|артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз
|ишемия, артериялық гиперемия, стаз, веналық гиперемия
|ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз
221.Қабыну кезіңде қанайналым бұзылыстарының ең қысқа сатысы - ... болып табылады.
|ишемия+
|веналық гиперемия
|артериялық гиперемия
|қанағымының жергiлiктi тоқтауы
|стаз
222.Қабыну кезінде қанайналым бұзылыстарының ең ұзақ сатысы ... болып табылады.
|веналық гиперемия+
|артериялық гиперемия
|артериоланың жиырылуы
|қан ағысының жергілікті тоқтауы
|стаз
223.... экссудация деп аталады.
|Қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің қабыну ошағына шығуы+
|Қанның тамырдан қабыну ошағына шығуы
|Лейкоциттердiң тамырдан тiнге шығуы
|Сұйықтықтың қуыстарда жиналуы
|Сұйықтықтың тiндерде жиналуы
224.... экссудация үрдiсiне жәрдемдеседi.
|Капиллярлардың өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы+
|Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
|Капиллярлардың өткiзгiштiгiнiң төмендеуi
|Қабыну ошағында осмостық қысымның төмендеуi
|Қылтамырларда гидродинамикалық қысымының төмендеуi
225.Қабыну кезiнде стафилококтар мен стрептококтар туындататын экссудатты түрi ... деп аталады.
|iрiңдi+
|фибриндiк
|сероздық
|аралас
|қандық
226.Қабынудың жергiлiктi көрiнiсi болып .. табылады.
|ауырсыну, қызару, қызу, ағза қызметтерiнiң бұзылуы+
|бас ауру, ұйқы бұзылуы, тәбеттiң төмендеуi
|қызба, лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы
|миалгия, оссалгия
|гипоальбуминемия, гипергаммаглобулинемия
227.Қабынудағы қызару белгiсiнiң латынша атауы - ... .
|rubor+
|сalor
|dolor
|tumor
|functio laesa
228.... қабынудағы жергiлiктi қызуының көтерiлуiнiң патогенездiк факторы болып табылады.
|Артериялық гиперемия+
|Веналық гиперемия
|Ишемия
|Стаз
|Эмболия
229.Қабыну ошағындағы қызару ... байланысты.
|артериялық гиперемиямен+
|зат алмасудың күшеюiмен
|физикалық-химиялық өзгерiстерімен
|ишемиямен
|веналық гиперемиямен
230.Қабыну медиаторларының негізгі әсеріне ... жатады.
|қан-тамырлар өткізгіштіктігін жоғарылату+
|лейкоциттердің эмиграциясы
|хемотаксис
|фагоцитоз
|лейкоциттердің маргинациясы
231.Ірінді қабыну кезінде … лейкоцитоз байқалады.
|нейтрофилді+
|базофилді
|эозинофилді
|моноциттік
|лимфоциттік
232.… қабыну ошағына бірінші болып келеді.
|Нейтрофилдер+
|Лимфоциттер
|Моноциттер
|Эозинофилдер
|Базофилдер
233.Эритроциттердің қантамырлардан шығуы ... деп аталады.
|диапедез+
|эмиграция
|экссудация
|маргинация
|хемотаксис
234.... қабынудың жалпы көрiнiсi болып табылады.
|уыттану+
|ауырсынуы
|қызаруы
|ағзаның қызметтiң бұзылуы
|iсiнудiң салдарынан домбығу
235.... «аллергия» ұғымын алғаш рет ұсынды.
|К. Пирке+
|А.М. Безредка
|Джелл мен Кумбс
|А.Д. Адо
|И.И. Мечников
236.Аллергия – бұл ... .
|өз ұлпаларын зақымдаумен сипатталатын ағзаның иммундық серпілісі+
|аллергендер енуіне ағзаның бұрмаланған серпілісі
|аллергендерге ағзаның өзгерген сезімталдығы
|аллергендерге ағзаның жоғары сезімталдығы
|аллергендік қасиеті бар заттарға ағзаның иммундық серпілісі
237.Аллергиялық ауру – бұл ... .
|тек аллерген әсер еткен кезде дамитын ауру+
|тұқым қуалайтын ауру
|тұқым қуалаушылыққа бейім ауру
|гендік ауру
|хромосомалық ауру
238.... аллергиялық серпіліс кезінде, иммундық серпілеске қарағанда, байқалады.
|Организм тiндерiнiң зақымдануы+
|Антидене түзiлуi
|В-лимфоциттердiң плазмалық жасушаларға ауысуы
|Антигеннiң жойылуы
|Макрофагтардың фагоцитоздық белсендiлiгiнiң артуы
239.Аллергияны шақыратын фактор ... деп аталады.
|аллерген+
|флогоген
|пироген
|канцероген
|онкоген
240.... поллиноздар себебі болып табылады.
|Дәнді дақылдар тозаңы+
|Майда кенелердің бөлінуі
|Антибиотиктер
|Тұрмыстық шаң
|Саңырауқұлақтар споралары
241.... жүре пайда болған аутоаллергендерге жатады.
|Тiн-микроб кешені+
|Көз бұршағы
|Бас миы тіні
|Шәукет өзегi
|Қалқанша без коллоидi
242.Гаптендер антигендiк қасиетін ... кейін қабылдайды.
|организм нәруыздарымен кездескеннен+
|өт қышқылдарымен байланысқаннан
|иммунокомпетенттi жасушаларға әсер еткеннен
|күкiрт қышқылымен бос байланыс түзгеннен
|макрофагпен қосымша әсерлескеннен
243.Джелл мен Кумбс бойынша жiктелудің негiзiнде аллергиялық серпілістердің ... жатады.
|патогенезi+
|клиникалық көрiнiсiнiң пайда болу уақыты
|этиологиясы
|ауырлық дәрежесi
|клиникалық көрiнiстерiнiң сипаты
244.... аллергиялық серпiлiстердiң иммундық сатысының негiзiнде жатады.
|Сезiмталдығы жоғары Т-лимфоциттер, антиденелер түзiлуi+
|Аллергиялық медиаторлардың түзiлуi
|Аллергиялық медиаторлардың әсерiне Т-лимфоциттердiң түзiлуi
|Антидененiң көбеюі
|Антидене титрi азаюы
245.Аллергиялық серпiлiстердiң патохимиялық сатысы ... сипатталады.
|аллергиялық медиаторлардың босауымен+
|салалы бұлшық ет жиырылуымен
|тамыр кемерi өткiзгiштiгiнiң жоғарылауымен
|иммундық кешендер түзiлуiмен
|микроциркуляция бұзылуымен
246.Аллергиялық серпiлiстердiң патофизиологиялық сатысы ... сипатталады.
|ағзалар мен тiндер құрылымының және
қызметiнiң бұзылыстарымен+
|биологиялық белсендi заттардың әсерленуiмен
|иммундық кешендер түзiлуiмен
|антидене түзiлуiмен
|сезiмталдығы жоғарылаған лимфоциттердiң түзiлуiмен
247.Организмнiң сенсибилизациясы ... дамиды.
|аллерген алғаш түсуi кезiнде+
|анафилаксиялық сілеймеден кейiн
|аллергендермен иммунотерапиядан кейiн
|анафилактогендi қайтадан ендiрген кезде
|аллергеннiң шешушi мөлшерлерiн ендiргеннен кейiн
248.Енжар сенсибилизациясы ... кезінде дамиды.
|арнайы антидене немесе сезiмталдығы жоғарылаған Т-лимфоцит енгiзу+
|аллергендi қайталап енгiзу
|организмге гаптен түсу
|меншiктi тiндер зақымдану
|нәруыздық заттарды көк тамырға енгiзу
249.Аллергиялық серпілістің реагинді түрінің дамуына ... класы иммуноглобулиндер қатысады.
|Е+



|D
250.Аллергиялық әсерленiстiң реагиндiк түрiнің патогенезiнде көрсетiлмеген соңғы тiзбегi болып иммуноглобулин ... табылады.
|Е+
|D


|G1
251.Реагиндер ... класының иммуноглобулиндеріне жатады.
|Е+

|G
|D

252.Мес жасушаларының бетiне иммуноглобулин Е бекуi аллергиялық серпілістердің ... түрiнде байқалады.
|реагиндiк+
|иммундық кешендiк
|цитотоксиндiк
|туберкулиндiк
|күшейтетiн
253.Аллергиялық серпiлiстiң реагиндiк түрi ... патогенезінде маңызды рөл атқарады.
|атопиялық бронх демiкпесiнің+
|трансплантанттық қабылдамаудың
|туберкулездің
|аутоиммундық гемолиздiк анемияның
|сары сулық аурудың
254.... аллергиялық серпілістердің цитотоксиндiк түрiне жатады.
|Агранулоцитоз+
|Туберкулиндiк сынама
|Есек-жем
|Трансплантатты аластау реакциясы
|Поллиноз
255.Иммундық кешендермен зақымдану ... дамуы негiзiнде жатады.
|гломерулонефриттің+
|атопиялық бронхиалды астманың
|трансплантантты бөлiп тастау серпiлiсiнің
|анафилаксиялық сілейменің
|пiшендiк безгектiң
256.Сарысулық ауру аллергиялық серпілістердің негізінде ... түріне жатады.
|иммундық-кешендiк+
|анафилаксиялық
|реагиндiк
|цитотоксиндiк
|жасуша қатысуымен өтетiн
257.Аллергиялық реакция патогенезінде Т-лимфоциттерге маңызды орын ... түріне тән.
|жасушамен жанасқан+
|анафилаксиялық
|реагинді
|иммуно кешенді
|цитотоксиалық
258.Сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердiң түзiлуi аллергиялық серпілістердің ... түріне тән.
|баяу дамитын+
|цитотоксиндiк
|иммундық кешендiк
|реагиндi
|анафилаксиялық
259.... жасуша қатысуымен өтетiн аллергиялық серпiлiстеріне жатады.
|Жанасулық дерматит+
|Бронх демiкпесi
|Квинке iсiнуi
|Поллиноз
|Есек-жем
260.Арнайы гипосенсибилизация ... қамтамасыз етiледi.
|арнайы аллергендi бөлшектеп енгiзумен+
|антигистаминдiк дәрiлер еңгiзумен
|глюкортикоидтар еңгiзумен
|психотерапиямен
|физиотерапиямен
261.Арнайы гипосенсибилизация ... нәтижелi болады.
|поллиноздарды емдеуде+
|жанасулық дерматитiнде
|аутоиммундық гемолиздiк анемиясында
|бактериялық аллергиясында
|Артюс феноменiнде
262.Жалған аллергиялық серпiлiстердің шынайы аллергиялық серпiлiстерден айырмашылығы болып ... табылады.
|иммунологиялық сатысының болмауы+
|патофиозиологиялық сатысы болуы
|патохимиялық сатысы болуы
|мес жасушалардың түйiршiксiзденуi болмауы
|медиаторлардың бөлiнбеуi
263.Аллергиялық әсерленістердің жасуша қатысуымен өтетін түрінің негізгі медиаторына ... жатады.
|лимфокиндер+
|гистамин және серотонин
|ацетилхолин және брадикинин
|простагландиндер
|гепарин
264.... аутоаллергендердің екіншілік түріне жатады.
|Күйік тіні+
|Бас ми
|Көз гауһары
|Жыныс бездері
|Қалқанша безі
265.Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі ... патогенезінде негіз рөл атқарады.
|атопиялық бронх демікпесінің+
|қондырымды қабылдамау серпілістерінің
|аутоиммундық гемолиздік анемиясының
|туберкулездің
|сарысулық ауруының
266.Анафилаксиялық шоктың патофизиологиялық кезеңінің сипаттамасына ... жатады.
|бронхиолалардың тарылуы, гиповолемия мен бауыр веналары сфинктерінің тарылуы+
|ісінулер
|есекжем
|дерматопатия
|өкпенің гипервентиляциясы
267.Аллергиялық серпілістің бірініші сатысы ... деп аталады.
|иммунологиялық+
|патохимиялық
|патофизиологиялық
|биохимиялық
|қызметтік өзгерістер сатысы
268.... аллергияның екінші сатысының негізінде жатады.
|Биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, түзілуі және әсерленуі+
|Микроциркуляцияның бұзылыстары
|Қан-тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы
|Иммундық кешендердің түзілуі
|Бұлшықеттер жиырылуы
269.Аллергиялық медиаторлар ... сатысында бөлініп шығады.
|патохимиялық+
|иммунологиялық
|патофизиологиялық
|сенсибилизация
|қызметтік өзгерістер
270.Гүл тозаңынан пайда болатын аллергиялық аурулар ... деп аталады.
|поллиноздар+
|аллергиялық альвеолит
|Артюс феномені
|есекжем
|Квинке ісінуі
271.Организмнің өзінің өзгерген ақуыздарына иммундық жасушаларының серпілісі ... деп аталады.
|аутоаллергия+
|парааллергия
|идиосинкразия
|поллиноз
|анафилаксия
272.... түзілуі баяу дамитын жоғары сезімталдыққа тән.
|Сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің+
|Е-иммуноглобулиндердің
|G-иммуноглобулиндердің
|M-иммуноглобулиндердің
|Биологиялық белсенді заттардың
273.... баяу дамитын аллергиялық серпілістеріне жатады.
|Бактериялық аллергия+
|Бронх демікпесі
|Квинке ісінуі
|Есекжем
|Поллиноз
274.Қондырманы қабылдамау серпілістеріне катысатын қан жасушаларына ... жатады.
|моноциттер және Т-лимфоциттер+
|нейтрофилдер және моноциттер
|нейтрофилдер және эозинофилдер
|нейтрофилдер және В-лимфоциттер
|Т- және В-лимфоциттер
275.Аллергенді қайталап парентералды енгізу ... алып келеді.
|анафилаксиялық сілеймеге+
|Артюс феноменге
|поллинозға
|есекжемге
|жанасулық дерматитке
276.Аллергиялық серпілістердiң реагиндiк түрiне ... жатады.
|поллиноз+
|гломерулонефрит
|трансплантанттың қабылданбауы
|сарысулық ауру
|туберкулиндiк сынақ
277.... табиғи эндоаллергендерге жатады.
|Көз бұршағы+
|Күйік ұлпасы
|Ұлпа-микроб кешені
|Ұлпа-токсин кешені
|Гаптен
278.... аллергияны дамытатын фактор болып табылады.
|Бүйрек тамырларының өткізгіштігінің артуы+
|Бұлшық еттердің қабынуы
|Жүйке тамырларының қабынуы
|Атық тамақтану
|Ашығу
279.Гипоксия – бұл ... .
|типтiк дерттік үрдіс+
|дерттік жағдай
|дерттік серпіліс
|ауру
|симптомокомплекс
280.Сыртқы ортада оттегiнiң парциалдық қысымының төмендеуiнен болатын гипоксия ... деп аталады.
|экзогендік+
|қан айналымдық
|тiндiк
|гемдік
|эндогендiк
281.Артериялық қандағы рО2 70 мм с.б.б., ал рСО2 58 мм с.б.б. көрсеткіштері гипоксияның ... түріне тән.
|тыныстық+
|тiндiк
|экзогендiк гипобариялық
|қан айналымдық
|гемдік
282.... гипоксия қан жүйесiнiң бұзылулары салдарларынан дамиды.
|Гемдік+
|Экзогендiк
|Қан айналымдылық
|Тiндiк
|Ишемиялық
283.Көмiртегi тотығымен улану ... гипоксияның дамуына әкеледі.
|гемдiк+
|қан айналымдық
|тыныстық
|тiндiк
|экзогендiк
284.Көмiртегi тотығымен улану ... түзiлуіне әкеледі.
|карбоксигемоглобин+
|дезоксигемоглобин
|метгемоглобин
|сульфгемоглобин
|карбгемоглобин
285.Нитриттермен улануда ... түзiлуiне әкеледі.
|метгемоглобин+
|дезоксигемоглобин
|карбгемоглобин
|карбоксигемоглобин
|оксигемоглобин
286.... гемдiк гипоксия дамуының негiзгi жолы болып табылады.
|Қанның оттегiлiк сиымдылығының төмендеуі+
|Оттегiнiң артериялық-веналық айырымының төмендеуi
|Артериялық қанның оттегiмен қанығуының жоғарылауы
|Қанда рСО2 жоғарылауы
|Қан ағымының жылдамдығының өзгеруi
287.Жүрек-тамыр жүйесi патологиясы кезiндегi гипоксия ... деп аталады.
|циркуляторлық+
|тыныстық
|экзогендiк
|гемиялық
|тiндiк
288.Жалпы және жергiлiктi қан айналымның бұзылуы салдарынан дамитын гипоксияға ... түрі жатады.
|циркуляторлық+
|қандық
|вазодилятациялық
|аралас
|эндогендiк
289.Оттегiнiң пайдаланылуы бұзылғанда дамитын гипоксия ... деп аталады.
|тiндiк+
|экзогендiк нормобариялық
|экзогендiк гипобариялық
|циркуляторлық
|тыныстық
290.В1, В2, РР витаминдердiң тапшылығы ... гипоксияның дамуына әкеледі.
|тiндiк+
|гемдiк
|тыныстық
|экзогендiк
|циркуляторлық
291.Тиреоидтық гормондардың тапшылығы ... гипоксияның дамуына әкеледі.
|тiндiк+
|циркуляторлық
|гемдiк
|тыныстық
|экзогендiк
292.Цианидтермен улану ... дамитын гипоксияның дамуына әкеледі.
|тiндiк+
|гемдiк
|циркуляторлық
|тыныстық
|экзогендiк
293.Циркуляторлық-гемдiк гипоксия ... тән.
|жедел қансырауға+
|организмнiң сусыздануына
|пневмонияға
|гемолиздiк анемияға
|иiс газымен уланғанда
294... оттегi жетiспеушiлiгiне сезiмтал ағзаларға жатады.
|Жүйке жүйесi құрылымдары+
|Сүйек
|Бұлшық ет
|Дәнекер тiнi
|Бүйрек
295... гипоксияға бейiмделудiң жедел механизмiне жатады.
|Тахикардия+
|Тыныс орталығының нейрондарының гипертрофиясы
|Ангиогенездiң күшеюi
|Эритропоэздың күшеюi
|Бүйрек үстi безi қыртысының тежелуi
296. Гемдік гипоксияның себебіне ... жатады.
|иіс газымен улану+
|цианидпен улану
|эфирдің үлкен мөлшері
|алкогольдің үлкен мөлшері
|эмоциялық зорығу
297.… гемдік гипоксияға әкеледі.
|Ағзада темірдің тапшылығы+
|Тыныстық ферменттерінің әсерсізденуі
|Өкпе вентиляциясының бұзылуы
|Авитаминоз
|Майлардың асқын тотығуы
298.... гипоксия кезiнде жедел компенсациялық серпіліске жатады.
|қордағы қанның шығуы+
|брадикардия
|миокардтың гипертрофиясы
|тыныстық бұлшық еттердiң гипертрофиясы
|эритропоэздiң белсенделенуi
299.... өспе этиологиясында химиялық заттардың ролiн алғаш экспериментте дәлелдеген.
|Ямагива, Ишикава+
|Раус
|Бантинг және Бест
|Шоуп
|Л.А. Зильбер
300.... өспелер этиологиясында вирустардың ролiн алғаш экспериментте дәлелдеген.
|Раус+
|Ишикава
|Л.М. Шабад
|Ямагива
|Л.А. Зильбер
301.Канцероген – бұл ... .
|өспе шақыратын ықпал+
|өспе жасуша өндiрiлетiн зат
|онкоген
|өспе туындататын, тек қана химиялық ықпал
|онковирустың генi
302.... эндогендi химиялық канцерогендерге жатады.
|Оттегінің еркін радикалдары мен азот тотығы+
|Көпоралымды хош иiстi көмiрсулар
|Нитрозаминдер
|Аминоазоқосындылар
|Қарапайым химиялық қосындылар
303.... қатерлi өспелердiң негiзгi белгiсi болып табылады.
|Инвазиялық өсу+
|Кахексия
|Өспенiң организмге жүйелiк әсерi
|Қайталануы
|Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi
304.Өспе тiнiнiң тежелу деңгейiнің төмендеуi, химиялық құрылымының қарапайым дамуы ... деп аталады.
|анаплазия+
|күрделенуi
|конвергенция
|гипертрофия
|дисплазия
305.Өспенің қатерлiлiк дәрежесiнiң артуы ... деп аталады.
|өспелік үдеуi+
|промоция
|иммортализация
|инициация
|өспелік трансформация
306.... онкогеннiң әсерленуi туындайды.
|Мутация нәтижесiнде+
|Қабыну нәтижесiнде
|Гипокликемия нәтижесiнде
|Некроз нәтижесiнде
|Гипоксия нәтижесiнде
307... жасушаның өспелік трансформациясына әкеледі.
|Протоонкогеннің онкогенге айналуы+
|Антионкогеннің белсенділенуі
|Антиапоптоз гендерінің тежелуі
|Апоптоз гендерінің белсенділенуі
|Протоонкогеннің әсерленуі
308.Онкогендер – бұл ... .
|бақылаудан шыққан, өзгерген протоонкогендер+
|зат алмасуды бақылайтын гендер
|жасушалардың өсуі мен кемелденуін реттейтін гендер
|жасуша бөлінуінің тежегіш гендері
|апоптоз гендері
309.… биологиялық канцерогендерге жатады.
|Онкогендік вирустар+
|Бактериялар
|Риккетсиялар
|Хламидиялар
|Микоплазмалар
Қатерлі өспелерге … тән болып табылады.
310.|апоптоз тетіктерінің тежелуі+
|онкогендерінің әсерсізденуі
|антионкогендерінің белсенділенуі
|онкоақуыздарының түзілуінің тежелуі
|ДНҚ репарациялау жүйелерінің белсенділенуі
311.… қатерсіз өспелердің көріністері болып табылады.
|Метастаздардың және рецидивтердің болмауы, экспансиялық өсуі+
|Инвазиялық өсуі
|Кахексия
|Рецидив беруі
|Өспенің организмге жалпылама әсері
312.Тіннің инфильтрациялық өсуі … кезінде байқалады.
|қатерлі өспе+
|қатерсіз өспе
|гиперплазия
|гипертрофия
|регенерация
313.Өспе жасушаларының метастаздануы … сатысында жүреді.
|прогрессия+
|промоция
|инициация
|проканцерогенез
|синканцерогенез
314.… өспеге қарсы иммунитетте негізгі рөл атқарады.
|Табиғи киллерлер+
|Хелперлер
|Супрессорлар
|Интерлейкиндер
|Простагландиндер
315.Өспелік кахексия … сипатталады.
|организмнің қатты жүдеумен+
|дене салмағының артуымен
|гиперорексиямен
|бұлшық еттердің салмағының артуымен
|миокард салмағының артуымен
316.Канцерогенез сатыларының дұрыс бiрiздiлiгi – ... .
|инициация, промоция, прогрессия+
|прогрессия, инициация, промоция
|промоция, инициация, прогрессия
|инициация, прогрессия, промоция
|промоция, прогрессия, инициация
317.Канцерогенездiң екiншi сатысы ... деп аталады.
|промоция+
|синканцерогенез
|коканцерогенез
|инициация
|проканцерогенез
318.Қанда гипопротеинемияның дамуы негізінен ... азаюына байланысты.
|альбуминнiң+
|глобулиннiң
|гаптоглобиннiң
|фибриногеннiң
|трансфериннiң
319.Жай гиповолемия ... байқалады.
|қауырт қан кетудiң бастапқы кезенiнде+
|организм сусызданғанда
|эритремияда
|қан кетуден бiрнеше тәулiктен соң
|көп мөлшерде сұйықтық енгiзгенде
320.Полицитемиялық гиповолемия ... кезінде байқалады.
|организм сусыздануы+
|эритроциттердiң жаппай гемолизi
|эритремия
|анемия
|қансырау
321.Полицитемиялық гиперволемия ... кезінде байқалады.
|эритремия+
|сусыздану
|анемия
|бүйрек жеткiлiксiздiгi
|қансырау
322.Салыстырмалы эритроцитоз ... байқалады.
|толастамайтын құсуда+
|бүйрек ауруларында
|созылмалы гипоксияда
|анемияда
|эритремияда
323.Шынайы эритроцитоз ... кезінде байқалады.
|созылмалы гипоксия+
|сусыздану
|қатты терлеу
|қатты iш өту
|миелолейкоз
324.Анемияда қанның бiрлiк көлемiнде ... азаяды.
|эритроциттер+
|тромбоциттер
|плазмалық жасушалар
|қан ұюының плазмалық факторлары
|лейкоциттер
325Эритроциттердiң пойкилоцитозы – бұл ... .
|эритроциттердiң пiшiнiнiң өзгеруi+
|базофилдi нүктелi эритроциттер
|Жолли денешiгi бар эритроциттер
|эритроциттердiң орташа диаметрiнiң өзгеруi
|Кебот жүзiгi бар эритроциттер
326.Эритроциттердiң анизоцитозы – бұл ... .
|әр түрлi мөлшерлi эритроциттер+
|нысана тәрiздi эритроциттер
|эритроциттердiң гиперхромиясы
|патологиялық қосымшасы бар эритроциттер
|сопақша тәрiздi эритроциттер
327.Анемия кезiндегi ретикулоцитоз ... көрсетедi.
|сүйек кемiгiнiң қызметiнiң жоғарылауын+
|гипер- немесе гипохромды эритроциттердiң пайда болуын
|эритроциттердiң пiшiнiнiң өзгеруiн
|эритроциттердiң диаметрiнiң өзгеруiн
|қан түзiлудiң мегалобластық түрiн
328.Созылмалы қансырау ... анемиясының дамуына әкеледі.
|темір тапшылықты+
|В12-тапшылықты
|гемолиздік
|Фанкони
|микросфероцитарлық
329.Бiр рет көлемдi қан жоғалтқан кезде ... анемия пайда болады.
|жедел постгеморрагиялық+
|В12-тапшылықты
|жедел гемолиздік
|жедел аплазиялық
|темiр тапшылықты
330.Гемолиздiк анемия үшiн ... тән болып табылады.
|эритроциттердiң өмiр ұзақтығының қысқаруы+
|қызыл сүйек кемiгiнде май дамуы
|мегалобластық қан түзу
|организмде бездер тапшылығы
|эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнiң жоғарылауы
331Темiр тапшылықты анемия ... сипатталады.
|гипохромиямен+
|мегалобласттық қан түзумен
|ретикулоцитозбен
|гемосидерозбен
|гипербилирубинемиямен
332.Мегалобластық қан түзу түрi ... анемия үшін тән.
|В12-тапшылықты+
|аплазиялық
|темiр тапшылықты
|постгеморрагиялық
|гемолиздік
333.Панцитопения – бұл ... шеткi қанда санының азаюы.
|эритроциттердiң, лейкоциттердiң және тромбоциттердiң+
|лейкоциттердiң
|тромбоциттердiң
|эритроциттердiң
|лейкоциттердiң және тромбоциттердiң
334.Физиологиялық лейкоцитоз ... байқалады.
|нәрестелерде+
|қабыну кезiнде
|жарақат алғанда
|миокард инфарктісінде
|қауырт постгеморрагиялық анемия кезiнде
335.Эозинофилия ... тән.
|бронх демiкпесіне+
|жедел iрiңдi үрдiске
|сепсиске
|инфекциялық мононуклеозға
|қызылшаға
336.Жедел iрiңдi қабынуға қанда ... көбеюі тән.
|нейтрофилддердiң+
|эозинофилдердің
|моноциттердің
|базофилдердің
|лимфоциттердің
337.Лейкопения түсiнiгiне қандағы лейкоциттердің мөлшерi ... тең.
|3 х 109/л+
|5 х 109/л
|8 х 109/л
|80 х 109/л
|100 х 109/л
338.Лейкопения ... кезінде дамуы мүмкін.
|сәулелiк ауру+
|iшек құрттары
|аллергия
|ашулану
|лейкемиялық серпілістер
339.Агранулоцитоз – бұл қанда … .
|нейтрофилдер мен эозинофилдер санының күрт төмендеуi+
|лимфоциттер мен моноциттер санының жоғарылауы
|агранулоциттерінің санының көбеюі
|көп сегменттi ядролы нейтрофилдер санының жоғарылауы
|ретикулоциттер санының күрт төмендеуi
340.Лейкопения ... әкелуі мүмкін.
|организм төзiмдiлiгi төмендеуiне+
|қан ұюының төмендеуiне
|организм сенсибилизациясының дамуына
|лейкоз дамуына
|ретикулоцитозға
341.Эозинофилия ... кезінде байқалады.
|құрттар инвазиясы+
|іріңді қабыну
|сепсис
|инфекциялық мононуклеоз
|миокард инфаркты
342.Эозинофилдi лейкоцитоз ... кезінде байқалады.
|аллергия+
|iрiңдi қабыну
|миокард инфаркты
|жедел постгеморрагиялық анемия
|вирустық инфекция
343.Қан түзу тiндерiнiң диффузды зақымдануымен сипатталатын қан жүйесiнiң өспелік ауруы ... деп аталады.
|лейкоз+
|лейкемиялық реакция
|гематосаркома
|агранулоцитоз
|пернициозды анемия
344.... лейкоздар дамуының негiзiнде жатады.
|Гемопоэздiк жасушалардың бақыланбайтын пролиферациясы+
|Организмнiң антибластомдық төзiмдiлiгiнiң жоғары белсендiлiгi
|Саралануға және пiсiп жетiлуге клеткалардың жоғары қабiлеттiлiгi
|Жасушаларда митоздың төмен белсендiлiгi
|Протоонкогендердiң және трансформалаған онкогендердiң төмен белсендiлiгi
345.Лейкемиялық «үңгір» – бұл лейкоциттердің ... .
|бластық және жетілген формаларының болуы, аралық формаларының болмауы+
|формулада миелобластар санының жоғарылауы
|формулада базофилдер мен эозинофилдердің болмауы
|жетілген формаларының көбеюі
|лейкоциттердің бластық формаларының болмауы
346.Қанда бласттық жасушаларының көп болуы ... тән.
|жедел лейкозға+
|созылмалы лейкозға
|лейкоцитозға
|лейкопенияға
|лейкемоидты реакцияға
347.Лейкоздағы геморрагиялық синдром ... сипатталады.
|тромбоцитопениямен+
|эритроцитопениямен
|эритроциттердiң гемолизiмен
|лейкопениямен
|антитромбиннің жеткiлiксiздiгiмен
348.Жедел лимфолейкоз кезінде қанда … пайда болуы тән.
|лимфобласттар+
|нормобласттар
|полихроматофилді нормоциттер
|миелобласттар
|монобласттар
349.Геморрагиялық диатез ... көрiнеді.
|қайта қансыраумен+
|тромбоэмболиямен
|сладж-феноменiмен
|тромбозбен
|ТҚШҰ-синдромымен
350.Гемофилия А ... тапшылығымен сипатталады.
|ұюдың YШ плазмалық факторының+
|антитромбин-Ш
|кальцийдiң
|тромбоциттердiң
|ұюдың IX плазмалық факторының
351.Тромбоцитопатия – бұл тромбоциттердiң... .
|сапалық өзгерiсi+
|қанда санының көбеюi
|қанда санының азаюы
|сүйек кемiгiнде мегакариоциттерден бөлiнуiнiң бұзылуы
|сүйек кемiгiнде санының азаюы
352.Гепариннiң тапшылығы ... дамуына әкеледi.
|тромбофилияның+
|геморрагиялық диатездердiң
|гемофилияның
|телеангиэктазияның
|тромбоцитопатияның
353.... антикоагулянттарға жатады.
|Антитромбин ІІІ+
|Протромбин
|Тромбоксан А2
|Фибриноген
|Протромбиназа
354.Тромб түзiлуiне жәрдемдесетiн факторларға ... жатады.
|қан тамырларының кемiрiнiң зақымдануы+
|қан ағымының жылдамдығының үлкеюі
|қанның ұюының төмендеуі
|тромбоцитопения
|қан ұюға қарсы жүйенiң белсендiленуi
355.Қауырт оңқарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себептерiне ... жатады.
|өкпе артериясының стенозы+
|митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi
|аортаның стенозы
|аортаның жеткiлiксiздiгi
|митралды стеноз
356.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себептеріне ... жатады.
|митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi+
|өкпе артериясының тарылуы
|үшжарғақы қақпақшаның жеткiлiксiздiгi
|оң қарыншаның инфарктi
|өкпе аурулары
357.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң белгiлерiне ... жатады.
|тұншығу ұстамасы+
|аяқтардың iсiнуi
|мойын тамырларының соғуы
|бауырдың ұлғаюы
|көгеру
358.Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулы түрi ... дамиды.
|гиперволемияда+
|миокард ишемиясында
|миокардиттерде
|экстрасистолияда
|миокард дистрофиясында
359.Жүректiң көлеммен зорығуы ... кезінде дамуы мүмкiн.
|митралды қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi+
|артериялық гипертензия
|артериялық гипотензия
|қақпақшалар тарылуы
|гиперволемия
360.Жүректiң кедергiмен зорығуы ... кезінде дамиды.
|артериялық гипертензия+
|эритремия
|жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi
|физикалық жүктеме
|гиперволемия
361.... жүрек қызметiнiң ұзақ мерзiмдi компенсациясын қамтамасыз етедi.
|Миокард гипертрофиясы+
|Тахикардия
|Жиырылудың гетерометрлiк тетiгi
|Жиырылудың гомеометрлiк тетiгi
|Миогендiк дилятация
362.... оң қарыншалық жеткіліксіздіктің көріністеріне жатады.
|Іш шемені+
|Қан түкіруі
|Өкпе ісінуі
|Терінің бозаруы
|Тұншығу ұстамасы
363.Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің белгісі ... болып табылады.
|қан түкіру+
|іш шемені
|аяқтардың ісінуі
|мойын тамырларының соғуы
|бауырдың ұлғаюы
364.Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі ... кезінде дамиды.
|жүрек қақпақшаларының ақаулары+
|миокард ишемиясы
|миокардиттер
|қанның көлемі азайюы
|миокардиодистрофиялар
365.Миогендік дилатация – бұл ... .
|жүрек талшықтарының созылуы нәтижесінде жүрек көлемінің үлғаюы+
|жүрек камералар қабырғаларының әлсізденуі
|қан-тамырлар кеңеюі
|паренхималық элементтерінің көбеюі
|мезенхималық элементтерінің көбеюі
366.Тоногенді дилятацияға ... тән.
|миокардтың диастолалық кеңеюімен қатар жүрек жұмысының жоғарылауы+
|миокардтың жиырылғыштығының әлсіреуі
|бұлшық ет талшықтарының созылуына байланысты қуыстардың кеңеюі
|аяқталған гипертрофия
|кардиомиоциттердегі АТФ синтезінің төмендеуі
367.Жүрек жеткіліксіздігіндегі зат алмасу бұзылыстарының жетекші патогенездік факторына ... жатады.
|гипоксия+
|миокард дистрофиясы
|кардиосклероз
|ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің жоғары белсенділігі
|сино-атриалдық түйіннің әлсіреуі
368.Оң карыншалық жеткіліксіздіктің себебі ... болуы мүмкін.
|кіші қанайналымы шенберінің артериялық гипертензиясы+
|қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі
|қолқаның тарылуы
|қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігі
|үлкен қанайналымы шенберінің артериялық гипертензиясы
369.Жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі кезінде ... байқалады.
|өкпе ісінуі+
|аяқтар ісінуі
|мойын тамырларының пульсациясы
|бауыр ұлғаюы
|іш шемені
370.Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебі ... болуы мүмкін.
|тәж артерияларының тромбозы+
|стероидты гормондардың артықтығы
|гиперадреналинемия
|кезбе жүйкенің жүректік тармақтарының қатты тітіркенуі
|ауыр металл тұздарының миокардқа әсері
371.Жедел миокард инфарктісі кезіндегі ерте өлімінің себебіне ... жатады.
|кардиогенді шок+
|жүрек тампонадасы
|өткізгіштіктің бұзылысы
|экстрасистолия
|аритмия
372.Атеросклерозбен алғаш ... зақымдалады.
|тәж тамырлары+
|нефронның перитубулярлық капиллярлары
|бүйрек үсті безінің милы қабатының тамырлары
|бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының тамырлары
|церебралді тамырлар
373.... жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалды түрi пайда болады.
|Миокард инфарктiсiнде+
|Гипертониялық ауруда
|Қанды артериовенозды шунттауда
|Қолқа коарктациясында
|Жүрек қақпақтарының ақауларында
374.Жүректiң коронарогендiк зақымдануы нәтижесiнде … дамиды.
|миокард инфарктісі+
|бiрiншiлiк артериялық гипертензия
|жүректiң барлық бөлiгiнiң гипертрофиясы
|жүрек ақаулары
|перикардит
375.Коронарлық жеткiлiксiздiктiң себебiне ... жатады.
|тәж артерияларының атеросклерозы+
|миокардтың электролиттiк балансының бұзылуы
|артериялық қанның оттегiге қанықпауы
|кезбе нервтiң жүректiк тармақтарының қатты тiтiркенуi
|стероидты гормондардың артықтығы
376.... жүрек бұлшық етiнiң коронарогендi некрозының себебi болып табылады.
|Коронарлы қан тамырларының тромбозы+
|Гормондық бұзылыстар
|Миокардтың вирустық зақымдануы
|Биогендi аминдердiң әсерi
|Катехоламиндер әсерi
377.... миокард ишемиясы кезінде компенсаторлық механизм болып табылады.
|Коллатералді қан айналымның күшеюі+
|Аневризманың дамуы
|Жүрекке симпатикалық әсердің күшеуі
|Аритмияның дамуы
|Майлардың асқын тотығы өнімдерінің жиналуы
378.... жедел миокард ишемиясының салдары болып табылады.
|Некрозға дейiн жасушалардың зақымдануы+
|Перикардиттiң дамуы
|Жүрек ақауының дамыу
|Қолқа коарктациясы
|Бiрiншiлiк артериялық гипертензия
379.Кардиомиоциттерде кальцийдің жиналуы ... қабаттасады.
|миофибрилдердiң босаңсуы бұзылуымен+
|кардиомиоцит мембранасының деполяризация фазасының баяулауымен
|кардиомиоциттердiң адренореактивтiк қасиетiнiң жоғарылауымен
|мембраналық фосфолипазалар тежелуімен
|тотығулық фосфорланудың әсерленуімен
380.Кардиогенді сілейме жиі ... кезіңде дамиды.
|миокард инфарктісі+
|жүрек ақаулары
|миокардиттер
|эндокардиттер
|талма
381.Қарыншалардың фибрилляция – бұл ... .
|кардиомиоциттердің бөлек топтарының дәрменсіз жиырылуы+
|жүректің барлық бөлімдерінің біркелкі жиырылуы
|Самойлов-Венкенбах кезеңдерінің пайда болуы
|жүрек соғу жиілігінің төмендеуі
|синоатриал түйіннің тежелуі
382.Синустық тахикардияның себебiне ... жатады.
|жүрекке симпатикалық әсердiң күшеюi+
|жүрекке парасимпатикалық әсердiң күшеюi
|жүрекке симпатикалық әсердiң әлсiреуi
|дене температурасының төмендеуi
|гипероксемия
383.Синустық брадикардия ... кезінде дамиды.
|жүрекке парасимпатикалық әсер күшейюі+
|дене температурасы көтерiлуі
|симпатикалық жүйке жүйесi тонусы артуы
|гипоксия
|гипертиреоз
384.Жүректiң көлдеңен бөгетi – бұл ... қозуды өткiзудiң бұзылуы.
|жүрекшеден қарыншаға атрио-вентрикулалық түйiн арқылы+
|Гисс шоғырының сол аяқшасымен
|Гисс шоғырының оң аяқшасымен
|жүрекшелерге
|Пуркинье талшықтарына
385.Гемодинамиканың ауыр бұзылыстары ... кезінде дамиды.
|қарыншалардың жыпылығы+
|синустық аритмия
|экстрасистолия
|синустық тахикардия
|атриовентрикулярлық бөгеттің бірінші дәрежесі
386.Cимптомдық артериялық гипертензиялардың iшiнде жиi кездесетiн гипертензиялар ... болады.
|бүйректік+
|эндокриндік
|нейрогендік центрогендік
|нейрогендік рефлекторлық
|гемодинамикалық
387.Гипертониялық ауруға ... тән.
|жай тітіркендіргішке тамыр-қимыл механизмінің жоғары белсенділігі+
|қандағы билирубин мөлшерінің жоғарылауы
|АҚ және тамыр тонусының төмендеуі
|гипергаммаглобулинемия
|диспротеинемия
388.Прессорлық әсерге ... ие.
|адреналин+
|калликреин
|простагландин Е
|азот тотығы
|жүрекшелік натрийурездік гормоны
389.... талманың патогенездік факторы болып табылады.
|Ми ишемиясы+
|Жүрек ишемиясы
|Гипергликемия
|Қантамыр-қимыл орталығының әсерленуі
|Симпато-адреналды жүйенің белсенділенуі
390.... біріншілік артериялық гипертензияның этиологиялық факторы болуы мүмкін.
|Психоэмоционалдық зорығуы+
|Бүйрек үсті безі милық қабатының гиперфункциясы
|Бүйрек артерияларының стеноздаушы атеросклерозы
|Бүйрек үсті безі қыртысының гиперплазиясы
|Катехоламиндердің продукциясының жоғарылауы
391.Ортостатикалық коллапс ... кезде пайда болады.
|горизоталды жағдайдан жылдам тiк тұрған+
|ұйқы безiнiң езiлуi
|тыныс алатын ауада оттегiнiң жедел төмендеуi
|iшек инфекциялары
|көлемдi қан жоғалту
392.Симптомдық артериялық гипотензия ... кезінде байқалады.
|анемия+
|феохромоцитома
|гиперальдостеронизм
|жедел диффузды гломерулонефрит
|Иценко-Кушинг ауруы
393.Сыртқы тыныстың жеткiлiксiздiгi кезiнде қанда ... байқалады.
|рО2 төмендеуi және рСО2 жоғарылауы+
|рО2 және рСО2 жоғарылауы
|рО2 жоғарылады және рСО2-төмендеуi
|рО2 және рСО2-төмендеуi
|рО2 жоғарылады және рСО2 қалыпты деңгейде болуы
394.... патологиясы кезінде орталық вентиляциялық жеткіліксіздік дамиды.
|Тыныс алу орталығының+
|Ішкi тыныс жүйесiнiң
|Өкпелердің
|Тыныстық бұлшық еттердiң
|Плевраның
395.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi ... кезінде пайда болады.
|бронзспазм+
|пневмония
|қабырғалардың сынуы
|тыныс орталығының салдануы
|пневмосклероз
396.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi ... салдарынан дамиды.
|өкпенi алып тастау+
|тыныс жолдарының бiтелуi
|бронхтың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуы
|тыныс жолдарының iсiнуi
|тыныс жолдары қысылуы
397.Өкпе гиповентиляциясының рестриктивтi түрi ... кезінде дамиды.
|сурфактант тапшылығы+
|бронх шырышты қабатының iсiнуi
|бронхиолоспазм
|бронх демiкпесi
|бронхтардың шырышты қабатының эпителиімен гиперсекрециясы
398.Газдардың диффузиясы үшін арақашықтық ... кезінде артуы мүмкін.
|өкпенің фиброздық өзгерiстері+
|тыныс механикасы бұзылуы
|қызмет атқаратын альвеола саны артуы
|гипервентиляция
|тыныс алу орталығы тежелуі
399.Алқыну – бұл ... .
|диспноэ+
|тахипноэ
|брадипноэ
|гаспинг-тыныс
|гиперпноэ
400.Алқыну ... сипатталады.
|ауа жетіспеу сезімімен+
|жиі беткілікті тыныс алумен
|сирек терең тыныс алумен
|сирек беткілікті тыныс алумен
|жиі терең тыныс алумен
401.Сәйкессiз тыныс ... кезінде дамиды.
|кеуденiң оң және сол бөлiгi арасында жиырылудың сәйкессiздiгi+
|ыстық өту
|биiктiкке көтерiлу
|уремиялық кома
|саңырауқұлақтармен улану
402.Гиперпноэ – бұл ... тыныс.
|жиi терең+
|стенотикалық
|сирек
|жиi үстiртiн
|терең сирек
403.Гиперпноэ ... кезінде байқалады.
|биiктiк ауруы+
|АҚ жоғарылауы
|пневмония
|есiрткілер әсер етуі
|тыныс алу орталығының тежелуі
404.Брадипноэ – бұл ... тыныс.
|сирек+
|жиi терең
|жиi үстiртiн
|үзілісті
|стенотикалық
405.Брадипноэ ... кезінде байкалады.
|тыныс орталығы тежелуі+
|АҚ төмендеуі
|жүрек жеткіліксіздігі
|гипоксия
|пневмония
406.Тахипноэ – бұл ... тыныс.
|жиi үстiртiн+
|жиi терең
|ырғақсыз
|терең сирек
|сирек үстiртiн
407.... үзiлiстiк тыныс болып табылады.
|Чейн-Стокс+
|Сәйкес емес
|Куссмауль
|Гаспинг
|Тiндiк
408.Үзiлiстiк тыныс ... сипатталады.
|тыныс кезеңдерiнiң апноэмен ауысып отыруымен+
|демдi iшке тарту мен шығарудың ара қатынасы өзгерген тыныспен
|жиi тыныспен
|тереңдiгi өзгерiп отыратын тыныспен
|тыныстың тоқтауымен
409.Үзiлiстi тыныс патогенезiнде ... маңызы бар.
|тыныс орталығының СО2-ге сезiмталдығы төмендеуiнiң+
|тыныс орталығының СО2-ге сезiмталдығының жоғарылауының
|тыныс орталығының шамадан тыс қозуының
|тыныс орталығының инспирациялық нейрондарының тұрақты түрткiленуiнің
|өкпенің тыныстық беткейінің азаюының
410.Биот тынысы – бұл ... .
|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы+
|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы
|терең, сирек тыныстық қозғалыстар
|терең, жиi тыныстық қозғалыстар
|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар
411.Чейн-Стокс тынысы – бұл ... .
|тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы+
|жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы
|терең, сирек тыныстық қозғалыстар
|терең, жиi тыныстық қозғалыстар
|бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар
412.Ақтық тынысқа ... тынысы жатады.
|гаспинг+
|Чейна-Стокс
|Биот
|сыртқы
|Куссмауль
413.Асфиксия – бұл ... .
|жедел тыныс жеткiлiксiздiгi+
|тыныс алудың ұзаруы және қиындауы
|тыныс шығарудың ұзаруы және қиындауы
|өкпе гипервентиляциясы
|тыныстың тоқтауы
414.... өкпе iсiнуiнiң негiзгi патогенездiк факторы болып табылады.
|Өкпе қылтамырларында гидростатикалық қысымнық жоғарылауы+
|Лимфа ағып кетуiнің төмендеуi
|Плазманың коллоидты-осмостық қысымның жоғарылауы
|Альдостерон өндiрiлуiнiң жоғарылауы
|Тамыр өткiзгiштiгi төмендеуi
415.Тыныс жеткіліксіздігінің обструктивті түрі ... кезінде пайда болады.
|ларингоспазм+
|пневмония
|қабырғалардың сынуы
|тыныс орталығының салдануы
|пневмосклероз
416.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi ... салдары болуы мүмкін.
|бронхоспазмның+
|пневмонияның
|қабырғалардың сынуының
|тыныс орталығы салдануының
|пневмосклероздың
417.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi ... кезінде дамиды.
|өкпенi алып тастау+
|тыныс жолдарыны бiтелуi
|бронхтың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуы
|тыныс жолдарының iсiнуi
|тыныс жолдары қысылуы
418.... тыныс алу жеткіліксіздігін көрсетеді.
|Гипоксемия+
|Гипокапния
|Алкалоз
|Кетоацидоз
|Аминоацидоз
419.Альвеолалық гиповентиляцияға ... әкеледі.
|сопақша мидың ісінуі+
|жұлынның ісінуі
|мишықтың жарақаттануы
|орташа мидың ісінуі
|ми ұлпасының қабынуы
420.Тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті түрі ... салдарынан дамиды.
|өкпенің ателектазы+
|өкпенің эмфиземасы
|бронх демікпесі
|тыныс жолдарының iсiнуi
|тыныс жолдары қысылуы
421.Куссмауль тынысының себебіне ... жатады.
|тыныс алу орталығына кетон денешіктердің әсері+
|гипокапния
|гиперкапния
|гипоксемия
|гипероксия
422.Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрi ... кезінде пайда болады.
|бронхоспазм+
|пневмоторакс
|тыныстық бұлшық еттер қызметiнiң бұзылуы
|өкпе iсiну
|өкпенiң бетiнiң ауданы азаюы
423.Бiрiншiлiк бауыр жеткiлiксiздiгi ... кезінде дамиды.
|бауырдың вирустық зақымдануы+
|сілейме
|бүйрек жеткiлiксiздiгi
|жүрек жеткiлiксiздiгi
|қантты диабет
424.... созылмалы гепатиттiң жиi себебi болып табылады.
|Вирустар+
|Бактериялар
|Гельминттер
|Риккетсиялар
|Спирохеттер
425.Бауыр жеткiлiксiздiгi кезiнде аммиактың жиналуы әсiресе ... улы болып табылады.
|орталық жүйке жүйесiне+
|терiге
|бұлшық еттерге
|сүйек тiнiне
|құрсақ қуысы органдарына
426.Сарғыштану – бұл ... .
|синдром+
|симптом
|ауру
|дерттiк серпiлiс
|дерттiк жағдай
427.Бауыр үстi сарғыштанудың патогенезiндегi негiзгi тiзбегіне ... жатады.
|эритроциттердiң күшейген гемолизi+
|жүрек жеткiлiксiздiгi
|инсулин жеткiлiксiздiгi
|өттiң ағып кетуiнiң бұзылуы
|организм дегидратациясы
428.Гемолиздiк сарғаю үшiн қанда ... көп мөлшерде пайда болуы тән.
|тура емес билирубин+
|тура билирубин
|уробилин
|стеркобилин
|өт қышқылдары
429.Бауыр асты сарғыштанудың патогенезiндегi негізгi тiзбекке ... жатады.
|өттiң ағып кетуiнiң бұзылуы+
|гепатоциттердiң зақымдануы
|сиалолитиаз
|уролитиаз
|эритроциттердiң күшейген гемолизi
430.Бауыр асты сарғаюға қанда .... жоғарылауы тән.
|тура билирубиннiң+
|стеркобилиногеннiң
|уробилиногеннiң
|биливердиннiң
|тура емес билирубиннiң
431.Холемия синдромы ... патогендiк әсерiне байланысты.
|өт қышқылдарының+
|тура билирубиннiң
|тура емес билирубиннiң
|май қышқылдарының
|холестериннiң
432.Ахолия – бұл өттiң ... жоқ болуы.
|iшекте+
|несепте
|қанда
|жұлын сұйықтығында
|лимфада
433.Қанда бос және байланысқан билирубин деңгейi артуымен қабаттасатын гипербилирубинемия ... кезінде байқалады.
|вирусты А гепатиті+
|орақ тәрiздi жасушалық анемия
|холецистит
|холангит
|инсулинома
434.… механикалық сарғыштанудың себебі болып табылады.
|Бауырлық және өттің жалпы өзегтерінің бітеліп қалуы+
|Гепатоциттер некрозы
|Эритроциттер гемолизі
|Бауырішілік гипертензия
|Глюкуронидизацияның бұзылуы
435.Механикалық сарғыштануға ... тән.
|гипербилирубинемия+
|АЛТ және АСТ-ның жоғары белсендiгi
|қанда уробилиноген жоғарылауы
|қанда стеркобилиноген жоғарылауы
|түссiз зәр
436.Тәбеттiң патологиялық күшеюi ... деп аталады.
|гиперорексия+
|полифагия
|дисфагия
|афагия
|анорексия
437.Анорексия – бұл ... .
|тәбеттiң болмауы+
|жұтудың мүлiксiздiгi
|шектен тыс күшейген тәбет
|тағамды артық пайдалану
| булимия
438.Булимия – бұл ... .
|шектен тыс күшейген тәбет+
|жұтудың мүлiксiздiгi
|тәбеттiң болмауы
|тағамды артық пайдалану
|сілекей бөлінудің бұзылуы
439.Полифагия – бұл ... .
|тағамды артық пайдалану+
|жұтудың бұзылуы
|шектен тыс күшейген тәбет
|тәбеттiң болмауы
|шайнаудың бұзылуы
440.Дисфагия – бұл ... .
|жұтудың бұзылуы+
|тәбеттiң болмауы
|шектен тыс күшейген тәбет
|тағамды артық пайдалану
|тайыну сезімі
441.Невроздық анорексия ... кезінде байқалады.
|терiс эмоциялар+
|қантты диабет
|iшектiк жұқпалар
|уыттану
|құсу
442.Нервтiк-психоздық анорексия ... кезінде байқалады.
|артық толықтықты сезгену+
|ми қыртысы қатты қозу
|ас орталығының реципрокты тежелуі
|ауырсыну синдромы
|уыттану
443.Уыттанулық анорексия ... кезінде байқалады.
|уланулар+
|артық толықтықты сезгенде
|ми қыртысы қатты қозғанда
|ас орталығының реципрокты тежелуі
|ауырсыну синдромы
444.Құсудың ... кезінде қорғану-бейiмделу маңызы бар.
|сапасыз тамақ iшкен+
|жүктiлiк токсикоз
|ми өспесі
|ашулану
|мидың сулануы
445.Шiру үрдiстерiнiң нәтижесiнде түзiлген газдардың асқазаннан шығуы нәтижесiнде ... дамиды.
|кекiру+
|құсу
|ықылық ату
|жүрек айну
|қыжылдау
446.Асқазан сөлiнiң гиперсекрециясы ... қабаттасады.
|iш қатумен+
|алқынумен
|ацидозбен
|iш өтумен
|гиповолемиямен
447.Асқазан сөлiнiң гипосекрециясы ... қабаттасады.
|iш өтумен+
|iш қатумен
|қыжылдаумен
|гиперволемиямен
|метеоризммен
448.... мальабсорбция деп атаймыз.
|Аш iшекте тағамдық заттардың сiңiрiлуiнің бұзылуы+
|Ішекке өттiң түсуi күшеюi
|Ұйқы безiнiң эндокриндiк қызметiнiң бұзылуы
|Ішектердiң қимылдық әрекеттерiнiң күшеюi
|Ашығудан болатын синдром
449.Стеаторея – бұл ... шығуы.
|майдың нәжiспен+
|стеркобиннің зәрмек
|стеркобилиннiң нәжiспен
|майдың зәрмен
|уробилиннiң нәжiспен
450.Атониялық iш қату ... кезінде дамиды.
|тағамдық торшалар жетiспеуі+
|iшек түйілуі
|қорғасынмен улану
|мальабсорбция
|гастрин жеткiлiксiздiгi
451.Механикалық iшек бiтелуi ішектің ... кезінде пайда болады.
|iсiгi және гельминтозы+
|тамырлар қабырғасының тромбозы
|бұлшық етiнiң парездерi
|бұлшық етiнiң спазмы немесе салдануы
|қабырғасы тамырларының салдануы
452.Ас қорыту қызметінің резервуарлық бұзылысы ... кезінде дамиды.
|тағамның тоқтап қалуы+
|диарея
|іш өту
|стеаторея
|атония
453.Ішектің ... механикалық ішек бітелуіне әкеледі.
|қысылу+
|қан-тамырларының қысылуы
|өспелері
|қабынуы
|микрофлорасының бұзылуы
454.Ішектерге өттің түспеуі … алып келеді.
|ішектің қимылдық әрекетінің төмендеуіне+
|іштің қатуына
|ішектің қимылдық әрекетінің күшеюіне
|диареяға
|ішектің толқын секілді қимыл-әрекеттеріне
455.... көп түзілуі ішектiк аутоинтоксикацияның себебі болып табылады.
|Ішекте шiрiген нәруыз өнiмдерi және биогендiк аминдердің+
|Тура емес билирубиннің
|Кетон денелерiнің
|Ет қышқылдарының көп түзілуі
|Тура билирубиннің
\456.Нефрон шумағы қызметiнің бұзылуы ... азаюымен сипатталады.
|ультрасүзiндi түзiлуiнің+
|сутегi иондары шығарылуының
|бүйректiң қоюландыру қабiлетiнің
|натрий реабсорбциясының
|калий реабсорбциясының
457.Шумақтық сүзiлудiң артуы ... кезінде байқалады.
|гиперволемия+
|әкелетiн шумақтық артериялардың тонусы артуы
|гиперпротеинемия
|гиповолемия
|шумақтық сүзгi мембранасы өткiзгiштiгi төмендеуі
458.Гематурия – бұл зәрде ... пайда болуы.
|эритроциттердiң+
|лейкоциттердiң
|эпителий жасушаларының
|цилиндрлердiң
|нәруыздың
456.Асқын протеинурия (40 г/тәу) ... кезінде байқалады.
|нефроздық синдром+
|созылмалы гломерулонефрит
|жедел гломерулонефрит
|нерфролитаз
|пиелонефрит
460.Пиурия – бұл зәрде ... пайда болуы.
|лейкоциттердiң көп мөлшерде шығарылуы+
|эритроциттердің
|нәруыздың бiраз мөлшерде
|көп мөлшерде цилиндрлердiң
|тастардың
461.Зәрдiң салыстырмалық тығыздығының төмендеуi ... деп аталады.
|гипостенурия+
|цилиндрурия
|никтурия
|гиперстенурия
|изостенурия
462.... жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң пререналдық себебi болып табылады.
|Сілейме+
|Бүйректi алып тастау
|Бүйрек артериясының тромбозы және эмболиясы
|Зәр шығаратын жолдардың обструкциясы
|Бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы
463.... жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң постреналдық себебi болып табылады.
|Зәр жолдарында тастардың түзілуі+
|Жедел гломерулонефрит
|Бүйрек өспесi
|Организмнiң сусыздануы
|Сілейме
464... жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң реналдық себебi болып табылады.
|Бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы+
|Организмнiң жедел сусыздануы
|Несеп ағардың стриктурасы
|Сілейме
|Несеп тас ауруы
465Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi патогенезiнде ... негiзгi механизм болып табылады.
|бiртiндеп жұмыс iстейтiн нефрондар санының азаюы+
|бiртiндеп гипертрофияланған және дилатацияланған нефрондар санының артуы
|қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
|шумақтарда фильтрациялық қысымның төмендеуi
|бүйрек iшiлiк қысымның жоғарылауы
466.Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң I сатысында ... байқалады.
|шумақтық сүзiлудiң 50 процент азаюы+
|қанда мочевина мөлшерiнiң артуы
|қанда қалдық азоттың артуы
|қанда креатинин мөлшерiнiң артуы
|олигоанурия
467.Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң II сатысында нефрондардың ... процент тiршiлiгiн жояды.
|75+
|20
|30
|50
|10
468.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы … сипатталады.
|уремиямен+
|полиуриямен
|гиперстенуриямен
|шумақтарда гиперфильтрациямен
|бүйрек өзекшелері эпителиінің гиперсекрециясымен
469.Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi кезiнде қандағы улы өнiмдер мөлшерiн төмендету үшiн ... қолданады.
|бүйректiк гемодиализдi+
|гиперосомолялды ерiтiндiлердiң үлкен мөлшерiн инфузиялауды
|қан құюды
|жылдамдатып зәр шығаруды
|бактерияға қарсы терапияны
470.… зәрдің патологиялық компоненттері болып табылады.
|Эритроциттер+
|Мочевина
|Гиалиндік цилиндрлер
|Несеп қышқылы
|Уро билиноген
471.Нефроздық синдромға ... тән.
|протеинурия+
|гемоглобинурия
|гипостенурия
|изостенурия
|цилиндрурия
472.... тубулопатияларға мысал болып табылады.
|Бүйректік диабет+
|Қантты диабет
|Қантсыз диабет
|Гемоглобинурия
|Гиперстенурия
473.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы … сипатталады.
|уремиямен+
|полиуриямен
|гиперстенуриямен
|шумақтарда гиперфильтрациямен
|бүйрек өзекшелері эпителиінің гиперсекрециясымен
474.Бүйректің осмостық концентрациялау қабілетінің түпкілікті тоқтауының белгісін ... дәлелдейді.
|изостенурия+
|гиперстенурия
|гипостенурия
|гемоглобинурия
|аминацидурия
475.Уремия кезінде нефрондардың ... тіршілік сақталынған.
|10 проценттан төмені+
|70 проценттан көбі
|50 процент
|30 проценттан көбі
|75 процент
476.Уремия кезiнде қанның биохимиялық құрамы ... сипатталады.
|гиперазотемиямен+
|гипергликемиямен
|гиперсульфатемиямен
|гиперфосфатемиямен
|гиперкальциемиямен
477.Трансгипофизарлық реттелудің бұзылысы ... өндірілуінің өзгерістері негiзiнде жатады.
|тиреоидты гормондардың+
|паратириннiң
|глюкагонның
|инсулиннiң
|катехоламиндердiң
478.Гормондар метаболизмi ... ауруларында бұзылады.
|бауырдың+
|көкбауырдың
|жүректiң
|өкпенің
|жүйке жүйесiнiң
479.Гипопротеинемия ... қабаттасады.
|бос гормондар мөлшерiнiң артуы және олардың әсерлерiнің күшеюiмен+
|бос гормондар мөлшерiнiң артуы және олардың әсерлерiнiң азаюымен
|бос гормондар мөлшерiнiң азаюы және олардың әсерлерiнің азаюымен
|бос гормондар мөлшерiнiң азаюы және олардың әсерлерiнiң күшеюімен
|гормондар әсерiнiң бұрмалануымен
480.Гипофиздiң эозинофилдiк аденомасы кезiнде жас организмде ... дамиды.
|гигантизм+
|акромегалия
|дисплазия
|гипофизарлы нанизм
|Иценко-Кушинг ауруы
481.Адренокортикотроптық гормонның өндiрiлуiнiң төмендеуi ... синтезі төмендеуіне әкеледi.
|бүйрек үстi бездерiнің қыртысты қабаты гормондарының+
|инсулин
|бүйрек үстi безiнiң милық қабатыныңң гормондарының
|тиреоидты гормондардың
|жыныс гормондарының
482.Жастық шақта соматотропиннiң гипопродукциясы ... әкеледі.
|гипофиздiк нанизмге+
|гипофиздық кахексияға
|адипозогенителды дистрофияға
|гипофиздiк алыптыққа
|акромегалияға
483.Қантсыз диабеттiң дамуы ... байланысты.
|вазопрессин гипосекрециясымен+
|вазопрессин гиперсекрециясымен
|альдостерон гиперсекрециясымен
|альдостерон гипосекрециясымен
|қанда инсулиннің антагонистерi болуымен
484.Нейрогипофиздiң зақымдануы ... секрециясы бұзылуымен қабаттасады.
|вазопрессиннiң+
|адренокортикотроптық гормонның
|соматотроптық гормонның
|тиреотроптық гормонның
|пролактиннiң
485.Окситоцин секрециясының өзгеруi ... патогенезiнде маңызды.
|босану қызметiнiң бұзылуларының+
|қант диабетi кезiнде көмiрсу алмасуының бұзуларының
|циркадты "сергу-ұйқы" ырғақтардың бұзуларының
|микседема
|диффузды токсикалы зобтың
486.Глюкокортикоидтардың көп түзiлуi ... шақырады.
|артериялық қысым жоғарылауын+
|оң азоттық балансты
|гипогликемияны
|сүйектердiң жоғары оссификациясын
|жүйке жүйесiнiң қозғыштығының төмендеуiн
487.Орталық жүйке жүйесiнiң қозуы, артериялық қысымның жоғарылауы, гипергликемия ... көп түзiлуi кезiнде байқалады.
|глюкокортикостероидтардың+
|жыныс гормондардың
|паратиреоидты гормондардың
|меланиндi белсендiретiн гормондардың
|катехоламиндердiң
488.Тамақта йод құрамының жеткiлiксiздiгi кезiнде ... дамиды.
|эндемиялық зоб+
|гипертиреоз
|гипопаратиреоз
|аутоиммунды тиреоидит
|диффузды токсикалық зоб
489.Эндемиялық зоб патогенезiнде қандағы Т3, Т4 -тің азайюы ... әкеледі.
|ТТГ шығаруы артуына+
|соматостатин түзiлуi артуына
|соматомедин түзiлуi артуына
|тиреолиберрин түзiлуi төмендеуiне
|кортиколиберин түзiлуi төмендеуiне
490.... гипотиреоздың ауыр жағдайларында есейген адамдарда дамиды.
|Микседема+
|Кретинизм
|Евнухоидизм
|Ергежейлі нанизм
|Гипергонадизм
491.Қалқанша безi гормондарының артықтығы ... кездеседi.
|диффузды токсикалық зобта+
|микседемада
|эндемиялық кретинизмде
|акромегалияда
|инсулиномада
492.Қалқанша бездiң үлкеюi, экзофтальм, негiзгi алмасу және жылу өндірудің жоғарылауы ... тән.
|Базед ауруына+
|қант диабетiне
|гипотиреозға
|Иценко-Кушинг ауруларына
|Аддисон ауруларына
493.Гипертиреоз кезiнде дерттік үрдiс ... орналасады.
|қалқанша безiнде+
|гипофизде
|гипоталамуста
|тимуста
|қалқанша маңы бездерiнде
494.Гипопаратиреоз ... патологиясы кезiнде байқалады.
|қалқанша маңы бездерiнiң+
|қалқанша бездiң
|жыныс бездерiнiң
|айырша бездiң
|ұйқы безiнiң
495.Аденогипофиздің үлестік гипофункциясында ... дамуы мүмкін.
|нанизм+
|Иценко-Кушинг ауруы
|гипертиреоз
|артериялық гипертензия
|Базед ауруы
496.Адренокортикотроптық гормонның артық өндірілуі ... шығуының күшеюіне әкеледі.
|кортизол+
|паратгормон
|тироксин
|инсулин
|адреналин
497.Трансгипофизарлық реттелудің бұзылуы … түзілуінің бұзылысы негізінде жатады.
|тиреотропин+
|альдостерон
|инсулин
|паратгормон
|глюкагон
498.Эндокринді бұзылыстардың шеткі түріне … алып келуі мүмкін.
|гормондардың нәруыздармен берік байланысуы+
|гормондардың нәруыздармен әлсіз байланысуы
|эндокринді бездің альтерациясы
|сипофиздің альтерациясы
|гипоталамустың альтерациясы
499.Гипертиреозға ... тән.
|негізгі алмасудың жоғарылауы+
|негізгі алмасудың төмендеуі
|брадикардия
|артериалық қысымының төмендеуі
|тежелгіштік
500.Жыныс безі гормондарының аз бөлінуі ... алып келеді.
|евнухоидизмге+
|гиперкортизолизмге
|микседемаға
|Базед ауруына
|Гирке ауруына
501.Гипофиздік ергежейлікке ... белгілер тән.
|бойы кішкентай және терісі әжімделген+
|беттің ісінуі
|терінің күңгірттелуі
|альбинизм
|жүйке қозғыштығының жоғарылауы
502.Бүйрек үсті безінің милық қабатының гиперфункциясы ... сипатталады.
|жүйке қозғыштығының және АҚ жоғырлауымен+
|АҚ төмендеуімен
|брадикардиямен
|семірумен
|стриялардың түзілуімен
503.Микседемаға ... тән болып табылады.
|негізгі алмасудың төмендеуі+
|энергия алмасуының жоғарылауы
|холестерин мөлшерінің төмендеуі
|гипертироксинемия
|экзофтальм
504.Меланостимулдаушы гормон секрециясының жоғарылауы ... қабаттасады.
|терінің күңгірттелуімен+
|альбинизммен
|акромегалиямен
|гипогонадизммен
|гигантизммен
505.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің үлестік гипофункциясы кезінде ... дамуы мүмкін.
|гипогонадизм+
|гипергонадизм
|Иценко-Кушинг ауруы
|диффузды токсикалық зоб
|гипертиреоз
506.... аденогипофиздің толық тапшылығының себебі болуы мүмкін.
|Гипофиз ұлпасына қан құйылу+
|Ми ұлпасына қан құйылу
|Нейрогипофиздің резекциясы
|Йод тапшылығы
|Вазопрессин тапшылығы
507.СТГ артық өндірілуінің салдарлары ... әкеліп соғуы мүмкін.
|алыптылыққа+
|гипофизарлық нанизмге
|кретинизмге
|олигофренияға
|гипогонадизмге
508.Аденогипофиздің үлестік гипофункциясы ... дамуына алып келуі мүмкін.
|нанизмнің+
|Иценко-Кушинг ауруының
|гипертиреоздың
|артериялық гипертензияның
|Базед ауруының
509.Нейрогипофиздің гипофункциясының салдарына ... жатады.
|қантты емес диабет+
|қантты диабет
|бүйректік диабет
|ергежейлік
|олигофрения
510.Бүйрек үсті бездерінің қыртыстық қабатының гипофункция кезінде … өндірілуі
төмендейді.
|дeзоксикортикостеронның+
|адреналинның
|норадреналинның
|вазопрессинның
|окситоцинның
511.Микседема кезіндегі кілегейлі ісіну ... кезінде дамиды.
|гипотиреоз+
|гипертериоз
|акромегалия
|базедов ауруы
|Иценко-Кушинг ауруы
512.Қалқанша бездің гипофункциясы … негізінде жатады.
|микседеманың+
|Базед ауруының
|токсикалық зобтың
|Паркинсон ауруының
|Гирке ауруының
513.Гипотиреоздың себептеріне ... жатады.
|йодтың тапшылығы+
|йодтың артық болуы
|көмірсуларды тым артық қабылдау
|майлы тамақтарды тым артық қабылдау
|кальцийдің тапшылығы
514.Гипертиреозға … гормондарының артықшылығы тән.
|трийодтиронин және тироксин+
|катехоламиндер
|глюкагон мен инсулин
|ренин
|простагландиндер
515.Гипертиреоздың себептеріне ... жатады.
|тиреотропиннің артықшылығы+
|тиреотропинның тапшылығы
|АКТГ артықшылығы
|СТГ тапшылығы
|катехоламиндер артықшылығы
516.Трансгипофиздiк реттелу ... тән.
|қалқанша безiне+
|ұйқы безiне
|көз жас безіне
|қалқанша маңы бездерiне
|бүйрек үстi безiнiң милық қабатына
517.Жүйке жүйесiнiң жалпы патологиясы ... зерттейдi.
|жүйке жүйесiндегi дерттiк үрдiстердiң даму механизмдерi мен заңдылықтарын+
|жүйке жүйесiнiң организмдегi физиологиялық және дерттік үрдiстердi реттеуге қатысуын
|жүйке ауруларының көрiнiсiн
|нейроинженерия әдiстерiн
|психикалық аурулардың көрiнiстерiн
518.Нервизм – бұл ... .
|жүйке жүйесiнiң организмнiң барлық серпiлiстерiне қатысуы туралы болжам+
|жүйке жүйесiнiң жалпы патологиясы
|ауру туралы iлiм
|жоғарғы жүйке әрекетiнiң шектен шығуы
|ауру туындауының себебi мен жағдайлары туралы iлiм
519.Дерттік рефлекс ... элементi болып табылады.
|дерттік жүйенiң+
|глиалды түзiлiстердiң
|шеткерi жүйке ұштарының
|жүйке жасушасының
|функционалды жүйенiң
520.Нейрогендiк дистрофия – бұл ... .
|жүйкеленуi бұзылған тiндерде зат алмасуының бұзылуы+
|жүйке жасушаларының парабиозы
|жоғары жүйке әрекетiнiң шектен шығуы
|эндорфиндер синтезiнің бұзылуы
|мидың аутоиммундық зақымдануы
521.Жоғары жүйке әрекетiнiң шектен шығуы ... деп аталады.
|невроз+
|нервизм
|дерттік күшейген қозу генераторы
|ауыру
|дерттік жүйе
522.Невроздар дамуында әлеуметтiк факторларға ... жатады.
|ақпараттың шамадан артық болуы+
|жоғары жүйке қызметiнiң типi
|өткерген аурулары
|эндокриндiк ағзалардың жағдайы
|жасы
523.Сезiмталдықтың жоғалуы ... деп аталады.
|анестезия+
|атония
|алексия
|атаксия
|астения
524.Барлық аяқ-қолдардың сал болуы ... деп аталады.
|тетраплегия+
|параплегия
|гемиплегия
|парез
|гиподинамия
525.Орталық жүйке жүйесіне патогенді агенттік жүйкелік жолмен түсуі ... тән.
|полиомиелит вирусына+
|тұмау вирусына
|этил спиртына
|стафилококктарға
|стрептококктарға
526.... жүйке жүйесін зақымдайтын эндогендік фактор болып табылады.
|Майлардың асқын тотығуының күшеюі+
|Пестицидтер
|Ботулизм уы
|Иондағыш сәулелер
|Полиомиелит вирусы
527.... дерттік детерминанттың негізінде жатады.
|Дерттік қүшейген қозудың генераторы+
|Афферентті импульстер ағымының күшеюі
|Эндокринді бездердің патологиясы
|Жүйке жасушаларының парабиозы
|Нейрогенді дистрофияның дамуы
528.... жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді.
|Гематоэнцефалиялық тосқауыл+
|Аэрогематикалық тосқауыл
|Төмен дәрежелі жасушаішілік регенерация
|Тежелудің шектелуі
|Глиал жасушаларының төмен белсенділігі
529. Қозғалу әрекеттерінің жоғалуы ... деп аталады.
|паралич+
|миастения
|миоплегия
|гипокинезия
|кинетоз
530.Адам неврозының негізгі түрлеріне ... жатады.
|неврастения және истерия+
|психопатия
|аутизм
|психоз
|миастения
531.Невроз кезіндегі локомоторлық бұзылыстарға ... жатады.
|гипокинездер және гиперкинездер+
|парездер
|параличтер
|парастезиялар
|аллергиялар
532.Бір жарты шардың алып тастағаннан кейін пайда болатын нәтижелеріне ... жатады.
|алынған бөлімінде тітіркену табалдырығының жоғарылауы+
|атаксия
|адинамия
|сезу анализаторының тежелуі
|дәм сезу анализаторының тежелуі
533.Есте сақтаудың барлық түрлерінің бұзылысы ... зақымдалуына байқалады.
|ми қыртысының+
|сопақша миының
|мишықтың
|қара субстанцияның
|көру төмпешігінің
534.... невроздың себептеріне жатады.
|Ақпараттық зорлану мен биоырғақтын бұзылуы+
|АҚ жоғарылауы
|АҚ төмендеуі
|ЖЖӘ ерекшеліктері
|Эндокриндік мүшелерінің патологиясы
535.Парасимпатикалық иннервацияның тежелуі ... қөрінеді.
|тахикардиямен+
|брадикардиямен
|гипотензиямен
|артериолалардың кеңеюімен және артериялық қысымның төмендеуімен
|қан-тамырлар кедергісінің төмендеуімен
536.Симпатикалық иннервацияның тежелуі ... көрінеді.
|артериолалардың кеңеюімен және артериялық қысымының төмендеуімен+
|тахикардиямен
|қан-тамырлар кедергісінің жоғарылауымен
|гипертензиямен
|негізгі алмасудың жоғарылауымен
537.... жүйке жүйесiнiң жасуша деңгейдегі зақымдануларына тән болып табылады.
|Жасушаларда энергия тапшылығының пайда болуы+
|Истереозис дамуы
|Дерттiк жүйе қалыптасуы
|Дерттiк детерминанттар дамуы
|Дерттік рефлекс пайда болуы
538.Патологиялық жүйе ... деңгейінде әсер етедi.
|жүйе және жүйе аралық қатынастар+
|жасуша iшiлiк урдістер
|жасуша аралық арақатынастар
|жасушалы үрдістер
|жүйе аралық қатынастар
539.Синапстар қызметінің бұзылуы ... алып келеді.
|нейрогендік дистрофияға+
|метаболизмдік дистрофияға
|бұлшықеттердің регидтілігінің жоғарылауына
|постсинапстық табақшаның гипертрофиясына
|тырыспаға
540.Антиноцицептикалық жүйе – бұл ... .
|ауырсынуға қарсы жүйе+
|дерттік күшейген қозу генераторы
|ауырсынуды күшейтетiн жүйе
|эпикриздiк ауыру сезiмiн түзудi қамтамасыз ететiн жүйе
|протопатиялық ауыру сезiмiн түзудi қамтамасыз ететiн жүйе

Приложенные файлы

  • docx 18430626
    Размер файла: 113 kB Загрузок: 7

Добавить комментарий