otchet


Мазмұны
I. Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
2. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы
2. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
2. 3. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау.
III. Шаруашылыққа жалпы сипаттама (түр құрамы, қандай аймақтарды қамтамасыз етеді, болашағы)
IV. Жамбыл облысының климаты, шаруашылықтың топырақтары???
3. 1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
3.2. Өсіру технологиясы
4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
4.1. Еңбекті қорғау
4.2. Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
КІРІСПЕ
«Неше түрлі гүл, жапырақ, әрбіреуін қолыңа ал.Құры көріп қойма бірақ,онда не бар ойға сал», - деп Шәкәрім Құдайбердіұлының айтқан сөзіндей, бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан алуан хош иісін аңқытқан гүлдер адам баласын өзіне тамсандырып қаратпай қоймайды.
Гүлдер кішкене түйір дәннен жер қойнауын жара шығып, бұл дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл тартып, гүлі шоқтай болып мың бір түрлі реңмен боянады. Үлбіреген нәзіктігіне, адам баласының қиялына келе бермейтін әр түрлі ою-өрнегіне, ондағы көркем эстетикаға, мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына, аңқыған сан алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін жалғастырар мұрагері – ұрығына қарап, ерекше әсер алуға болады.
Жер бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нәр қойнауы саналатын топырағы, аймалаған күн сәулесі, ішетін сулары мен жұтатын ауалары бірдей болғанымен, бірақ өздері әр түрлі, сан алуан. (интернет)
Гүлді өсімдіктер әлемдік флораның ең көп бөлігін алады, 390-нан астам тұқымдасы, 13000 туысы, 240 000-нан астам түрі бар. Алуан түрлілігі бойынша гүлді өсімдіктердің түр саны жоғары сатыдағы басқа барлық өсімдіктер түрлерін қоса алғанда асып түседі. Гүлді өсімдіктер барлық климаттық зоналарда және әртүрлі экологиялық жағдайларда бейімделіп өсе алады, тропикалық ормандардан бастап, тундра, шөлді аймақтарда, жағалауларда, тау етегінде, батпақты аймақтарда да өседі.
Декоративті-гүлді өсімдіктердің қазіргі таңда маңызы өте жоғары: адамның көңіл күйіне жақсы әсер беріп, қаланың ішін, алаңдарды, жолдарды гүлмен сәндеп, қалаға ерекше көрік береді. Әсіресе туризм дамыған елдерде қала ішінің сан алуан гүлдермен безендірілуі өте маңызды шаруалардың бірі саналады. Сонымен қоса, олардың қоршаған ортаны таза оттегі және фитонцидтермен байытатын, топырақ бетін жабындап, шаңды басатын санитарлық қасиеттері де бар.(жизнь растений)
Декоративті өсімдіктерді өсіру мәдениеті жоғары халықтардың ғасырлар бойы ұлттық дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Қазір әсемдік қасиеті жоғары гүлді өсімдіктерді өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды.
Әсемдік қасиеті бар өсімдіктердің пайдалылығы, олардың көркемдігімен ғана шектелмейді, олар қалалар мен ауылдарды безендіріп, ауасын тазартады, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын сүректі өсімдіктермен бірге адамға қажетті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.
Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Қалалар мен ауылдарда осы микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсер ететін, яғни эфир майлы хош иісті, фитонцидті активті заттарды бөлетін декоративті өсімдіктер пайдаланылады. Сондықтан ірі қалаларды көгалдандырудағы гүлзарларға қойылатын талап екі міндетті атқаруға тиісті: біріншіден- қалаға әсем көрік беру; екіншіден- ауа атмосферасын тазарту. Осы негізде гүлзарларды жасауда әсем қасиеті бар өсімдіктердің көп түрлілігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Гүлзарларды жасауда жергілікті жерлерде өсетін өсімдіктермен қатар, басқа елдерден әкелінген өсімдіктер де пайдаланылады. Басқа жерлерден әкелініп, жергілікті табиғи- климаттық жағдайларда өсірілетін өсімдіктерді интродукциялау деп атайды.
Декоративті, яғни әсемдік қасиеттері бар өсімдіктердің басым көпшілігі тропикалық және субтропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Бұл аймақтарда жауын- шашын мөлшері өте жоғары, сондықтан декоративті өсімдіктерді біздің еліміздегідей континентальді климатты жерлерде өсіру, яғни интродукциялық зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Қазақстанның қалалары мен ауылды жерлеріне көрік беретін, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын декоративті өсімдіктер өсіп- даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топты көпжылдық әсем өсімдіктер құрайды, олар тұрақты гүлзарларды жасауда кеңінен пайдаланылады. Екінші топты әсем гүлді бір жылдық өсімдіктер құрайды. мұндай гүлзарлар жыл сайын жаңадан жоспарланып, жаңа өсімдік түрлерін пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты бір жылдық декоративті өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын интродукциялау жұмыстарын жүргізу қажет.(әдістемелік нұсқау)
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы
Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн км жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан, яғни тағам ретінде пайдаланған. Кейін қоғамның тұрақты қалыптасуына байланысты олардың әсемдіктеріне де көңіл бөлініп, тұрғын орындарды әдемі гүлді, декоративті қасиеті бар өсімдіктермен безендірді. Осы уақыттан бастап пайдалы өсімдіктердің ішінде әсемдік беретін өсімдіктер тобы пайда болды.
Гүл - табиғаттың тамаша туындысы, таңғажайып әсемдік белгісі. Ерте заманнан бері адам өмірінде ерекше орын алып, оның өмірін әдемілікке бөлеп отырған және гүл адамзат тарихында қашан да қуаныш пен бақыт белгісі саналған. (әдістемелік нұсқау)
Кесте 1. Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы (алқа тұқымдасы)
Тұқымдас Туыстар және сорттар Биік-тігі Жапырағының пішіні және түсі Гүлі
мөлш.және түсі Гүлдей-тін уақыты Тәуелділігі
Ылғал-ға Жары-қа Кли-матқа
I.Алқалар
Паслено-вые
Solanaceae Никандра
Nicandra 20-70 Ірі, қою жасыл әсемжа-пырақты Ірі,көк-шіл не ақ түсті VII
-
X Ылғал сүйгіш Көлең-келі жерде өсе алады Жы-лу сүй-гіш
Петуния
Petunia
(П.садовая
P. hubrida) 20-50 Сопақша, шеті тегіс, беті түкті, қанық жасыл түс Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл VI- суық түскенге дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суық-қа төзім-ді
Схизантус
(Щизантус)
Schisanthus
(С.визетон-ский
S.Wisetonensis) 20-60 Тілімделген, ашық жасыл түсті Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл VII- күн суытқанға дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суық-қа төзім-ді
Әсем гүлді өсімдіктердің түрлерін анықтаумен қатар, оларға таксономиялық (систематикалық), экологиялық, географиялық және өсу ерекшеліктеріне байланысты биолого- морфологиялық сараптамалар жасалынады.
Жер бетінде алғаш тіршілік судан бастау алған деген түсінік бар, кейінірек суда тірішілк ететін жануарлар мен өсімдіктер бірте-бірте құрлыққа шыға бастады. Шындығында олардың басым бөлігі құрлықта тіршілік ете алмайды, олар бейімделу барысында басқа бір өсімдік түрін қалыптастырып отырды. Құрлықтағы ең алғаш өсімдіктер папортниктер болып саналады. Олардың үлкен қалың массасы бізге тас көмір түрінде сақталып жеткен. Мезозой дәуірінде климат барынша құрғай бастаған. Бұл жәй өсімдіктер дүниесіне елеулі әсер етті. Ылғалдылықты сүйетін өсімдіктер түрінің басым көпшілігі тіршілігін тоқтатты. Керісінше, оның орнына құрлыққа өсетін өсімдіктер түрі көбейе түсті. Жер шарында гүлді өсімдіктер шамамен 110 млн. жыл бұрын пайда болған. Олардың патшалығы қазіргі уақытқа дейін жалғасын табуда.
Гүлді өсімдіктердің пайда болу жайында талай тұжырымдар айтылған. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктердің ең басты ерекшелігі, оларда түтікті жүйелерінің пайда болуында. Бірақ та, гүлді өсімдіктердің басты ерекшелігі – ол алуан түсті гүлдері және сол гүлдерде ұпрағын жалғастыратын тұқымдардың түзілуі. Кейбір ғалымдардың айтуынша, гүл ол жойылып бара жатқан папортник түрінің , өз түрін сақтап қалу барысында пайда болған өзгерісі. Яғни, қолайсыз жағдайдан қашқан өсімдік гүл қалыптастырады, оның маңайына түрөзгерген кішкене жапырақшалар бекиді.
Жалпы айтқанда, гүлді өсімдіктердің қалыптасу эволюция жайында біріккен жалпылама ортақ түсінік жоқ. Ғалымдардың әртүрлі пікірлеріне қарамастан, дәл қазіргі уақытта жер шарын сан түрлі гүлді өсімдіктер мекендейді. Олардың шамамен 240 мыңнан астам түрі бар. (цветы мира)

1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
Гүлді өсімдіктер классификациясы әртүрлі принцип бойынша жүргізіледі. Солардың ішіндегі ең маңызды критерийі гүлдерінің орналасуы мен тұқымы. Классификациялауда ең кіші бірлік өсімдіктерді вегетативті және генеративті мүшелерінің ұқсастығына қарай біріктіретін - түр, түрдің ішінде түршелерге бөлінеді, ол формалары мен әртүрлілігіне қарай ажыратылады. Бір-біріне ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Әрбір туыс біртекті гүл құрлысы мен тұқымымен сипатталады. Жақын туыстар тұқымдасқа біріктіріледі.
Биологиялық және ботаникалық ерекшеліктеріне және шаруашылық сапасына қарай гүлді өсімдіктерді үш топқа бөледі: біржылдықтар (жаздықтар), екіжылдықтар, көпжылдықтар.
Біржылдық гүлді өсімдіктерге бір вегетациялық кезең ішінде тұқым қалыптастырып үлгеретін өсімдіктер жатады. Бұл топтың өсімдіктері өздерінің ерекше декоративті сыр-келбетімен, гүлдерінің әртүстілігімен, әдемілігімен басқа топ өкілдерінен асып түседі. Жаздық гүлді өсімдіктерді жалпы үш топқа бөледі, олар: әдемі гүлдейтіндер, декоративті жапырақтылар, шырмалып өсетіндер. Жаз бойына жаздық гүлді өсімдіктерді қала ішін безендіру мақсатында кеңінен қолданылады.
Екіжылдық гүлді өсімдіктерге вегетациялық кезеңі екі жылға созылатын бұталы өсімдіктер жатады. Бірінші жылы өсімдіктің қысқа сабағы мен жапырақтары дамиды, көбінесе жапырақты өсімдік күйінде болады. Екінші жылы - көктемде немесе жазда өсімдік гүлдейді, тұқым береді, соңынан тіршілігін тоқтатады. Сәндік мақсатта кеңінен қолданысқа ие.
Көпжылдық гүлді өсімдіктерге бірнеше жылға дейін тіршілік ететін шөптесін өсімдіктер жатады. Олардың бірнеше бағалы қасиеттеір бар:
- ерте көктемде біржылдық гүлді өсімдіктер енді өніп келе жатқанда, көпжылдықтар гүлдеп тұрады; күзде екінші рет гүлдеуге қабілеті бар, жалпы алғашқы аязға дейін гүлдейді.
- көпжылдық гүлді өсімдіктердің көбісінің гүлдері, гүлшоғырлары ірі келеді; олар ұзақ гүлдеп, өзінің декоративті сапасын сақтап тұрады.
- қаланы безендіруде жақсы қолданылады. (цветы в саду)
Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia).
Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна (канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көңіл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae),шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді.
Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді.
Көпжылдықтар өздерінің жер асты мүшелерінің құрылыстарына сәйкес келесідей бірнеше топтарға бөлінеді:
- пиязшықтар - нәркес, қызғалдақ, гиацинт, лалагүл, т.б.
- түйнектілер - запыран, гладиолус, монтребеция, т.б.
- тамырсабақтылар - бәйшешек, қоңыраугүл, т.б.
- тамыр-түйнектілер - нарғызгүл, бегония, т.б.
Тұқыммен көбейетін көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттары - бұл гүлді өсімдіктердің жаңа тобы. Көп жағдайда гүлді өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейтетін. себебі олар тұқыммен көбейген бойда өзінің сорттық қасиеттерінен айырылатын. Тек XX ғ. ортасына карай АҚШ, Жапония, Англия, Канада елдерінде тұқыммен көбею барысында ата-аналық қасиеттерін толығымен сақтап қалатын көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттарын ойлап шығарды. Оларға мысал: тегеурінгүл, гибридті алтыншар, т.б.
Ылғал сүйгіш өсімдіктерге (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, календула-calendula, нарғызгүл-георгина-dahlia, никандра-nicandra, мальва-malva, шырайгүл-петуния-petunia, лобулярия-lobularia т.б.) жатады, қуаңшылыққа төзімділерге (гүлкекіре-василек-centaurea, целозия-celosia, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т. б.) жатқызылады, жарық сүйгіштер қатарына (гүлтәжі– амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, диморфотека-dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр-лен крупноцветковый-linum grandiflorum т.б.)атты өсімдіктер енсе, ал көлеңкелі жерде өсе алатындарға (мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos, никандра-nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп-tagetes tenuifolia-бархатцы тонколистные) жатқызылады, жылу сүйгіштер қатарында (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, целозия-celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.) өсімдіктері, суыққа төзімді (гүлкекіре-василек-centaurea, календула-calendula, петуния-petunia, мальва-malva, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т.б.) өсімдіктер. (әдістеме)
1. 3. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы
Сан ғасырлар бойы адамзат баласы өзінің айналасын хош иісті, әдемі гүлдейтін сәнді гүлді және бұталы өсімдіктермен безендіруге тырысқан, яғни гүлге деген құштарлық сонау біздің дәуірімізге дейін үш мың жыл бұрын қалыптасқан.
Египеттегі ежелгі пирамидадан жасмин гүлінің тұқымдары мен жапырақтары табылған. Бұл олардың ерекше хош иісі бар жасмин гүлін қолданғандарының белгісі. Сонымен қоса, фикус, пальма және тағы да басқа декоративті өсімдіктердің жапырақтары табылған. Египтіктердің ескі тарихи жазбаларында лалагүл, лотос, конопля, фикус секілді гүлдер жайында баяндалған.
Иран елінің бақтарында пальма, жеміс ағаштары және сирень, лалагүл, фиалка, раушангүл, нарцисс, қылғалдық гүлдерінің сан алуан түрлері өсіріледі. Ақындардың жазбаларында Иран Гюлистан (гюль-раушангүл) атты есіммен белгілі болған, сонымен қоса ежелгі Иран елінің астанасы ертеде Суза (лалагүл қаласы) деп аталған.
Индияда раушангүл ерекше саналған. Басқа гүлдер арасында көп қолданылатындары: лотос, аконит, лалагүл, т.б.
Грециядағы гүл шаруашылығының дамығандығын Архипелага аралдарындағы бақтармен байланыстырады. Грек халқы ерте уақыттан бері гүлдердің түр-түрін өсірген: аюоты, гүлтәжі, қалампыр, сүмбіл, ирис, лалагүл, раушан, т.б.
Ежелгі Римде декоративті бақтармен айналысу ерекше дамыған. Қала көшелерін әртүрлі хош иісті гүлдермен безендіріп қана қоймай, әрбір үйдің қабырғасынан үйдің төбесіне дейін бойлап өсетін сәндік бұталы ағаштар кең қолданыста болған. Гүлдерді Греция, Египет, тіпті Индия елдерінен алдыртып отырған. Раушан гүлі Рим елінде инабаттылық пен өнегеліліктің нышаны болған. Кейінірек раушан гүлі ермек, ойын, әуесқойлылық ретінде пайдаланылған. Рим императоры Нерон өз заманында той-думандарда "розовые дожди" - "раушангүл жаңбырын" ұйымдастырып отырған. Сонымен қоса, ақ гүлді миртті денсаулық нышаны ретінде қабылдаған.
Қытай халқы да өзінің гүл щаруашылығы мен сонымен байланыста ежелгі дәстүрлерін мақтан тұтады. Олардың алғашқы гүл бақтары ғибадатхана маңдарында өсірілген. Шайшөп, гардения, таушымылдық, бақытгүл, бамбук өсімдіктеріне ерекше құрметпен қараған. Бұл елде гүлді өсімдіктерге кім және қалай қарайтындығына аса қатты мән берілген. Гүлді өсімдіктер күтіміне ерекше қызметшілер таңдап алынатын болған, ол адам гүл жапырақтарын жұмсақ қылқаламмен сүртуге міндеттенген, қылқалам қоянның жүнінен жасалатын болған. Таушымылдық гүлінің күтіміне көрікті келген қыздар қарайтын болса, ал қара өрік ағашын қарапайым сопы ер кісі суаруға міндеттенген. Бұл жерден, Қытай халқының гүл күтіміне ерекше мән беретіндігі байқалады. Кез-келген жыл мезгілінде көздің жауын алатын гүлдердің өсіп тұруын қалаған Қытай халқы, алғаш рет жібектен жасанды гүлдерді шығара бастаған.
Жапонияда ең мәртебелі өсімдік ретінде бақытгүлі, қара өрік, орхидея, және бамбук саналады. Жапония халқы өздеріне шие гүлдерін, лалагүлді, азалия гүлдерін жақын тартып, оларда өз тағдырларының осы өсімдіктермен байланыстыратын күш бар екендігіне сенім қалыптасқан. Жапон шеберлерінің арасында гүлдерден әрт.үрлі көңіл-күйді сездіретін гүлшоқтарын (икебано) жасау өнері жақсы дамыған.
Еуропада гүл шаруашылығының дәстүрі Шығыс-Оңтүстік Азиямен салыстырғанда кешірек қалыптасқан. Алғаш дамуы Испания елінен бастау алады. Олар әлемнің әр аймағынан экзотикалық өсімдіктердің тұқымдарын тасып, оларды жерсіндірумне айналысқан. Қазіргі таңда Еуропада гүл шаруашылығы аса жоғары агротеникасы менен ерекше дамыған ландшафты-декоративті гүлдер дизайнмен сипатталды. Ұлыбританиядағы гүл бақтары – Еуропадағы ең көздің жауын алатын жерлердің бірі саналады. Англияда бұталы өсімдіктерден әртүрлі фигурадағы мүсіндер жасау қарқынды дамыған. Гүлдің әдемі көрінісінен ләззат алу жағынан Голландия әрдайым ерекшеленіп отырады. Сондықтан да бұл жерде, гүл шаруашылығы ерекше атақты сала түрі. Көздің жауын алатын голландиялық қызғалдақтардың алаңы XVII ғасырдан бастап қолға алынып, жаппай өсіріле бастаған. Сол кезеңдерде «тюльпаномания» деген атпен тарихта белгілі болған, ол дегеніміз Голландиялық қызғалдақтарға деген қысқа мерзімді аса жоғары сұраныс ұшқыны. Әрбір жаңа қызғалдақ сорты үшін адам сенгісіз төлем берілген.
Көрші ел Ресейде гүл шарушылығы жеміс-жидекті және декоративті-гүл бақтарымен байланысты. Орыс халқының гүлге деген құрметін орамалдарға кестелеп түсірілген гүл суреттерінен байқауға болады. Мәскеу қаласында гүл шаруашылығының дамуы XIVғасырлардан байқалады. XVI ғасырда Ресейде монастырь маңындағы гүл бақтары қатты дамып, «жұмбақ қала» деген атауға ие болған. I Петр кезінде гүл бақтарының дамуы өріс алып, соның билігі тұсында көптеген Ресей қалаларында гүл бақтары пайда болған. Ол «Садовая контора» - бақтық бақылау кеңсесін құрып, онда өз заманының мамандары сирек кездесетін гүл түрлерін сақтаумен және гүлдерден әртүрлі әшекей бұйымдарын жасаумен айналысқан.
Дегенмен де, әрбір адам тек мамандар қолымен жасалынған гүл бақтарын тамашалап қана қоймай, өзінің жеке бір әлемі іспетті, шағын ғана үйінің маңынан орын алған бақтың болуын калайды. Бірақ, ол үшін көп нәрсені білу қажет; сол жердің топырағы мен климатында өсе алатын өсімдік түрін таңдай білу қажет, оларға қалай күтім жасау керектігін білу қажет. (энциклопедия цветы)
Декоративті өсімдік сорттарына қайда және қандай белгілері бойынша баға береді?!
Біздің елімізде декоративті өсімдік сорттарын сынау1959 жылдан бастап қолға алынған, яғни Кеңес Одағы уақытынан бастау алған. 20-дан астам сортсынау орталықтары жұмыс жасаған. Сортсынау орталығында декоративті өсімдіктердің жаңа сорттарына 3 жыл көлемінде сол аймақтағы басқа жерсіндірілген өсімдіктерімен салыстыру жұмыстары жүргізілген. Сыналып отырған сорт ауа-райы қолайсыздықтарына төзімдірек келсе, аурулармен, зиянкестермен аз зақымдалса, жоғары сапалы гүл түзіп жатса, оны сол аймақтың жерсіндірілген өсімдіктер тізіміне енгізіп отырған. Сорт сынауды сарапшы комиссия декоративті өсімдіктің жаппай гүлдеу кезеңінде жүрзізеді. Жыл соңында әр жыл мезгіліндегі сортсынау нәтижелерін шығарады. 3 жылдық сынау нәтижесі бойынша сортты жерсіндіруге үсынады не болмаса сол климаттық аймақтан сынауды алып астауды ұсынады.
Гүлді-декоративті өсімдіктер екі белгісі бойынша бағаланады. Олар: декоративті белгісі және шаруашылық-биололгиялық белгісі.
Декоративті белгілеріне биіктігі, өсімдік формасы, боялуы, көлемі, гүлінің формасы мен орналасуы, гүлшоғыры және жапырағы жатады.
Шаруашылық-биологиялық белгілеріне вегетативті өсіп-өнуіге қабелеттілігі, қолайсыз қоршаған орта жағдайларына төзімділігі (құрғақшылық, аяз, жапырылуға төзімділігі) жатады. Декоративті өсімдіктер үшін ең бастысы, олардың өсімталдылығы, біруақытта гүлдеуі.
Гүлді өсімдіктер үшін ең маңыздысы гүлсидамдарының ұзындығы мен олардың беріктігі, гүлшоғырларының ұзындығы және оны қиюға төзімділігі. Олардың бірдей уақытта гүлдеуі, гүлдерінің орналасуы және жапырақтануы да маңызды саналады. (спутник цветовода)
??????????????
Аулада гүл өсіру үшін алдымен жерді дұрыс таңдап алған жөн. Тегіс және күн сәулесі жақсы түсетінжерге егілетін гүлден нәтиже күтуге болады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға талабы бойынша, сорттарына қарай гүлзарлардан үшбұрыш, төртбұрыш, трапеция, бесжұлдыз, т.б. пішіндер жасауға болады.
Себілетін өсімдіктердің биіктіктерін, сабақтарының қалай жайылып, төселіп, өрмелеп өсетіндігін ескеру қажет, биік өсетіндері аласа өсетіндерді қалқаламайтындай, ал жайылып өсетіндері тік өсетіндерге кедергі жасамайтындай болу керек. Гүлзарлардың жиектеріне жағалай енін 20-25 см етіп көк шөп еккен дұрыс, ол әрі сән берсе әрі күн сәулесін жақсы түсіруге көмектеседі.
Гүлзарларды арнайы өлшеуішпен есептей отырып жасайды. Гүл себетін жерге құнарлы топырақты алдын ала дайындайды. Ол үшін күзде жерді аударып, арамшөптерден тазартып, тыңайтқыштар шашады. Көктемде қайтадан аударып, тыңайтқыш шашып, гүлзарлар аласарып қалса топырақ қосып биіктетеді.
Аулада өсірілетін гүлдер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық және сәндік бұталар деп бөлінеді.
Бір жылдықтар: цинния, хош иісті темекі, космея, шырайгүл, бір жылдық астра, календула, настурция.
Екі жылдықтар: қожағай, шерменгүл, қоңыраугүл.
Көп жылдықтар: флекс, астра, пиязшықты өсімдіктер, інжугүл, қара қоғар, желайдар, гладиолус, георгина, канна, троллиус, ромашка, пион, т.б.
Торф - өте жеңіл, борпылдақ, суды жақсы сіңіреді, өте баяу ыдырайтын органикалық қалдықтардан түзіледі, оны батпақты жерлердегі ыдыраған, шіріген торфтан дайындайды. Торфты құммен, шым топырақпен араластырса топырақтың ылғал сіңіргіштігі мен құнарлылығын арттырады және оған майда тұқымдарды себеді.
Өсімдік өсіретін топырақтың 10 - 20 % құм болу керек, ол топыраққа ауаны жақсы өткізетін болғандықтан өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейтерде қалемшелерін алдымен құмға отырғызады. Құм түйірлерінің ірілеу болғаны дұрыс, құмды өзен мен көлдерден алады. (өсімдік өмір езегі)
Торф бойында барлық қоректік эліменттер ішінде азот көп мөлшерде кездеседі. Торф жай әсер ететіндіктен, оның әсері 4-5 жылдан кейін байқалады. Оның құрамындағы азотты температураны жоғарылату арқылы (+60°С) тиімді қолдануға болады. Бұл компостағы торфты пайдаланғанда жүзеге асырылады. Қолданылатын азот мөлшері 0,25-0,3 кг / 100 кг торф қатынасында артады. Торф топырақ құрамындағы қоректік элементтер мөлшерін арттырып, оның құрылымын жақсартады. Топырақ барынша борпылдақ, жылы болып, ауа өткізгіштігі жоғарылайды. Сондықтан да топыраққа құрамында ең аз мөлшерде қоректік элементтері бар торфты салу ұсынылады. Топырақ құнарлылығы жақсы болатын болса (3%), онда торфты пайдалану тиімсіз саналады. Торфты жыл мезгілдерінің кез-келгенінде қолдануға болады. Топырақ бойындағы органикалық заттарды арттыру үшін, шамамен 1 шаршы м-ге 12-15 кг қажет болады. Көп жағдайда торфтың өзін органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану тиімсіз келеді, оны басқа да биологиялық тыңайтқыш түрлерімен араластырып қолдану керек, және оның жай еритінін ескере отырып 1 % мөлшерде әк қосу қажет. (энциклопедия цветы)
Жамбыл облысының табиғаты, климаты, топырағы
Кез-келген аймақтың геологиялық жағдайысол жердің табиғи ландшафтысының структурасы мен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етуіне байланысты дамиды. Жамбыл облысы республиканың ертеден халық қоныстанған, экономикасы сан-салалы дамыңан аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Өлке жер бедерінің 90 % жазық, 10 % таулы болып келеді. Кез-келген жыл мезгілдері ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі шөлді аймақтардың дамуына ықпал жасап отыр. Облыс климатының осы бір қасиеті гиосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу аридтенуге бейім екендігін көрсетеді.
Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның өзгерістеріне климаттың қосатын үлесі мол. Климаттық жағдайлар біріншіден атмосфераның өз бетімен тазаруына, екіншіден оның ластануына ықпал жасайды. Жамбыл облысы территориясындағы климаттың экологиялық әсерінен осындай байқалып отырған бірнеше табиғи құбылыстардан көреміз: аса құрғақшылық, аңызақ желдердің соғуы, көктемдегі және күздегі ауа температурасының әсіресе түнде күрт төмендеуі, радиациялық үсіктің жүріп кетуіне себеп болады. Көктемдегі жауған нөсер жаңбырлардың зиянды жақтары да бар, ол өсімдіктердің гүлдеп, дер кезінде тозаңдануына мүмкіндік бере қоймайды.
Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар .лесі мол, ол эрозия мен дефиляцияға кедергі болуы мүмкін не он жеделдетуі мүмкін. Облыстың табиғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дегрессияға тез ұшырап отырады. Өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар, таулы аймақтарында Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдік түрінің 181 түрі өседі. Мұнда бір мың шаршы шақырым жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен, бұл Қазақстан үшін ең максималды көрсеткіш. Шу-Іле, Қаратау аймақтары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі де жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Қаратауда ағаштың 25 эндемикалық түрлері анықталған.
Климаты мен ауа-райы құрғақшылығымен, шұғыл континенталдылығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайлар, біріншіден территорияның Евразияның дәл ортасында орналасуымен және мұхит бассейндерінен шалғайда орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай белдеуінің оңтүстігінде орналасуы – күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді. Жыл мезгілдері айқын бірін-бірі алмастырып отырады. Қыс әдетте қарашаның соңында қалыптасады, арктикалық ауа массаларының келуі ауа температурасын -25ºС, кей күндері одан да төмендетіп жібереді. Дегенмен, көктем тез келіп, ауа температурасы бірден көтеріледі, 9,7 ... 11,7 ºС. Жазы өте ыстық, шілде айында орташа температура 26-26ºС, максимум шегі 43-44 ºС дейін барады. Атмосфералық жауын-шашын, жалпы облыс бойынша аз түседі, жылына шамамен 250 мм. Тау бөктерінде 300-350 мм жауын жауады.
0º арқылы орта тәуліктік температураның ауысуы және көктемдік кезең наурыздың екінші жартысында байқалады. Оның ұзақтығы 60-70 күн. Көктемде соңғы қатқақ сәуірдің екінші жартысында-мамырдың басында аяқталады. Суық емес кезеңнің ұзақтығы 120-190 күн.
Тұрақты қарлы қабат желтоқсанның бірінші онкүндігінде түзіледі. Оның жату ұзақтығы 60-100 күн. Қардың онкүндіктік биіктіктерінің ең үлкендерінің орташасы – 20-40 см, қардағы су қоры – 40-75 мм. Тегіс және көтеріңкі жерлердегі температураның ең төменгісі – 320-420, төмен жерлерде -370-470. жердің қатып қалуының тереңдігі 20-25 см, ең тереңі 56 см. 30 Зонада суарылмайтын және суармалы жер шаруашылығы дамыған. Батыс бөлігінің климаттық жағдайлары суармалы жерлерде картоп өсіруге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының климаты, белгілі су мен топырақ қорының арқасында, ауыл шарушылығының әртүрлі саласын дамытуға экологиялық тұрғыдан өте қолайлы. Күн жарығы мол, вегетациялық кезеңі ұзақ, жылы құрғақ күзі, осында құнды деген қант қызылшасын, жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын, гүлді өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Қорытындалай келе:
1.Жамбыл облысының климаты шұғыл континенталды, құрғақ, жылы мерзімі ұзақ, суық мерзімі қысқа болады.
2.Климаты мен ауа-райының қалыптасуына облыстың географиялық орны әсер етеді. Қоңыржай белдеудің төменгі ендіктерінде орналасқандықтан, термикалық ресурстарға бай.
3.Климатының құрғақшылығы, облыс жерінде шөлді табиғат зонасының дамуына себеп болады. Экологиялық зиянды жағдайлардан – аңызақ желдің жиі қайталануын, ылғалдың аз түсуін, булану мүмкіндігінің молдығын, желдің дефляциясы мен құмды жыныстардың көшкінін атауға болады.
4. Жыл ішінде жауын-шашын біркелкі түспегенмен, ауылшаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне экологиялық мүмкіндігі мол.
Жамбыл облысының жалпы жер көлемі 144,263 км 2 , құрайды. Облыс аумағында келесі негізгі топырақты-мелиоративті зоналар бөлінеді: 1. Биік таулар зонасы. 2. Таулы далалар зонасы. 3. Төмен таулар және тау алды зоналары. 4. Шөл зонасы.
Облыс аймағында әртүрлі топырақ типтері кездеседі, және олар бірін-бірі жиі алмастырып дамыған. Территорияның 90 % алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты құнарлылығы төмен топырақтар. Топырақ жамылғысының қалыптасуы, ендік бағытындағы зональды және таулардағы вертикальді биіктік белдеулік заңдылықтарына бағынады. Облыстың жаздық аймағында шөлді зона дамығандықтан, топырақ жамылғысының типтері, шөлді құрап тұрған аналық тау жыныстарына байланысты болады. Шөлдерде аналық тау жыныстары – аллювиальды, теңіздік, пролювиальды болып бөлінеді.
Облыстың топырақ жамылғысы негізінен ашық қара қоңыр және сұр топырақты болып келеді. Ашық қара қоңыр топырақты белдеу жауын-шашын мөлшерінің жыл және жыл мезгілдері бойынша бір қалыпты емес түсуімен, ауаның жаз кезеңдерінде құрғақ болуымен және ылғалдың қарқынды булануы үшін қолайлы жағдайлардың болуымен сипатталады.
Ашық қара қоңыр (карбонатты) топырақтар лесстарда және лессті саз бен құмнан тұратын тау жыныстарында таралған. Егістік қабатта 3 %-дан аспайтын гумус, 0,1-0,15 % жалпы азот, 0,15-0,23 % фосфор бар. Механикалық құрамы шаңды, орташа және ауыр құм-балшықтар мен құмды болып келеді. 31 Ашық қара қоңыр топырақ белдеуінен төмен жайпақ еңісті тау асты жазықтарында сұр топырақтар таралған. Бұл жазықтар Шу-Іле таулары мен Қырғыз Алатауын бойлай орналасқан. Климат ыстық және құрғақ жазбен, салыстырмалы қысқа және суық қыспен, қысқы-көктемгі температуралардың көктемгі-жазғы температураларға ауысуымен сипатталады. Жауын-шашын мөлшерінің ең көбі қысқы-көктемгі кезеңде түседі. Топырақтар жауын- шашынмен қамтамасыз етілмеген суармалы жер шаруашылығындағы аудандарда орналасқан.
Ең көп таралған кәдімгі және ашық сұр топырақтар. Кәдімгі сұр топырақтар Қырғыз, Талас және Қаратау жоталарының тау асты жазықтарын алып жатыр. Сұр топырақтар Шу-Іле тауларына, абсолютті биіктігі 699-800 м болып келетін тау арасы және өзен аңғарларына кіріп кетеді. Грунтты сулар тереңде жатады, олар топырақ түзілу және өсімдік жамылғысының сулы режіміне қатыспайды.
Тың жағдайларында топырақтар лесс және құмды және сазды тау жыныстарынан тұратын лесс саздақтарындағы эфемерлі-жусанды өсімдіктің астында, сондай-ақ тау жыныстарының жамылғы құм-балшықтарында қалыптасты. Механикалық құрамы бойынша топырақтар жеңіл, орта және ауыр құм-балшықты және құмды тау жыныстарынан тұрады, профильдің құрамында көп жағдайда қиыршық тас және қабыршақты ұнтақ (тау жыныстарынан пайда болатын ірі 2-10 мм шамасындағы тас түйіршіктері) бар.
Кәдімгі сұр топырақтардың өзіндік белгісі гумустық қабаттың әлсіз қалыңдығы (35-60 см-ден аспайды), 50-90 см тереңдікте тығыз иллювиальды карбонатты қабаттың болуы болып табылады. Топырақтарда құнарлы элементтер өте аз, топырақты ерітіндінің реакциясы-сілтілі, кейде қатты сілтілі. Су жақсы сүзіледі және бұл топырақтарды тұз баспаған. Кәдімгі сұр топырақтар қарқынды суару және органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданған кезде жақсы өнім береді.
Ашық сұр топырақтарда органикалық заттар өте аз, гумустың мөлшері 0,9- 1,2 %, карбонаттардың мөлшері жоғарғы қабаттарда – 1,2 %, 50-70 см тереңдікте – 5-12 %. Топырақты ерітіндінің реакциясы сілтілі. Топырақтарды әдетте тұз баспаған, механикалық құрамы бойынша жеңіл құмды және сазды тау жыныстарынан тұрады.
Сіңіруші комплекс 70%-ға дейін кальциймен, 20 %-ға дейін магниймен, 5 %-ға дейін натриймен қаныққан. Тереңдіктің және карбонаттықтың ұлғаюымен кальцийдің 45 %-ға дейін түсуі байқалады, ал магний 50 %-ға дейін өседі, бұл өз кезегінде топырақтың физикалық қасиеттерінің нашарлауына алып келеді. Климаттың құрғақтылығы топырақты игеруге қиындық туғызады. Оларды суару және эрозияға қарсы шаралар қолданып, қолдануға болады. Қазіргі таңда олар күзгі-көктемгі және қысқы жайылым ретінде қолданылады.
Сұр топырақтармен қатар тау асты жазықтарының топырақ жамылғысында Қаратау, Қырғыз Алатау және Шу-Іле тауларын бойлай комплекстер және полигидроморфты, кей жерлерде тұзды және сортаңдалған топырақтардың жанасуы созылып жатыр.
Облыс территориясындағы өзендердің төменгі ағысында, сондай-ақ Бетпақдала, Мойынқұмның депрессиялық ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады да, лайланып, қысқа мерзім ішінде болса да, балдырлардың өсуіне жағдай туады. Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, қара шірігі аз – 0,3-0,8 %, тұздары 20-40 см тереңдікте басталады. Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайтадан орнына келіп қатады, кебірге айналады. Сонымен қатар, сұр-қоңыр топырақ, сортаң топырақтар қалыптасқан. Сұр-қоңыр топырақтарының ерекшелігі гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горнизонты орныққан, гипс мөлшері 30-60 % шамасында.
Сортаңды топырақтардың ерекшелігі олар карбонатты, саздақты болып келеді. Топырақтың 0-4 см төмен жатқан горизонтында тұздылық – 0,76 %. Одан басқа, құмды сұр топырақ та кездеседі, құмды төбелер арасындағы ойпаңдарда дамиды, құрамында саз, шаңды бөлшектер кездеседі. Қара шірігі аз – 0,3-1 %. Суармалы оазистерде сұр топырақ дамиды. Қара шірігі – 1-2 %, терең қабатында карбонат пен гипс жиналған. Басқа топырақтардан ерекшелегі ұдайы суару әсерінен жоғарғы горизонты тығыздалған. Оның әсерінен су нашар жылжып, топырақ аэрациясы төмендейді.
Таулардың етегінде, бұлақтар мен өзендер маңында сазды-шалғынды шымтезекті топырақ дамиды. Облыста топырақ қабатының қалыптасу ерекшеліктері:
Жамбыл облысының жазық аудандарында топырақ жамылғысының қалыптасуы зональды заңдылыққа байланысты дамыса, ал таулы аудандарында биіктік белдеулік заңдылығына сәйкес дамыған.
Жазық аудандағы негізгі зональды топырақтың типі – сұр топырақ, бірақ аналық тау жыныстар мен климаттық өзгешеліктерге байланысты, облыстың жазықтарында тақырлар, сұр-қоңыр топырақ, шалғынды сұр-қоңыр топырақ, құмды сұр топырақ, сортаңды-сұр топырақ кездеседі.
Қырғыз Алатауында топырақтың белдеулік спекторы әралуан. Шөлдің сұр топырағынан бастап, қара топыраққа дейін дамыған. Кесте 2. Жамбыл облысы ауылшарауашылығына арналған жерлдердің топырақ типтері бойынша иеленетін жер көлемі, мың га.
Атауы Пайдалануға оңтайлы жерлер Кебір және сортаңданған жерлер Эрозияға ұшыраған жерлер Тұзданған жерлер Батпақты жерлер Құмды-тастақты жерлер
Мың га 716,1 306 2774,7 1018,9 177,4 3438,3
Жамбыл облысы топырағының өсімдік құрамы әр түрлі. Жазық жерлер мен тау алды аймақтарының (800 м-ге дейін) топырақтары шөлді сұр-құба болып келеді. Бұл топырақта жусанды-сортаңды өсімдіктер өседі. Кей жерлерде тақырлар мен ақ сортаңдар кездеседі. Құмдарда сексеуіл өседі. Өзендердің жайылма алқапртарында талды-жиделі тоғайлар мен қамысты нулар кездеседі. 800 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте топырақ сұр болып келеді. Осы биіктіктегі дала зонасы топырағының өсімдік құрамы жусанды-дәнді және ақ селеулі- бетегелі болып келеді. Бұл зона әрі қарай таулы дәнді-әр түрлі шөпті дала зонасымен жалғасады. 1500-1700 м-ден 2000 м-ге дейінгі аралықта қара-қоңыр топырақтар таралған. Бұл далалы зонаның топырағының өсімдік құрамы дәнді- әр түрлі шөпті. Сонымен қатар осы биіктікте көктерек және Тянь-Шань шыршаларынан тұратын сиретілген ормандар өседі. 2100 м-ден биік Қырғыз жотасында субальпілік және альпілік шалғындар кездеседі.
Қатты бөлшектенген тау алды бедерінің өсімдік жамылғысы мынадай болып келеді: дәнділерден арпа, Дантон арпабасы, бидайық, талас ақ селеуі, ши өседі; геофиттер мен таулы ксерофиттердің арасынан жабайы сәбіз, альпілік қотырот, бұдырмақты жуа, шырыш, аңдыз, қымыздық, Максимович рауғашы, 33 Кауфман жауқазыны (қызғалдақ), сарғалдақ, қаратау қалампыры, тікеншөп, әдемі эспарцет және т. б. өсімдіктер өседі. Тау баурайының төменгі жағында қаратау жусаны басымдық көрсетеді. Бұл жерде көктікен, Траутфеттер сәлбені және т. б. өсімдіктер шашыраңқы таралған.
Қаратау жотасының тау асты жазықтарының өсімдік жамылғысы тау алды өсімдік жамылғысымен салыстырғанда кедейлеу. Жазда қаратау жусаны өседі. Ол ірі бұталар түрінде өседі, бірақ, ол бұталар сирек орналасады. Олардың арасындағы кеңістікте ештеңе өспейді. Сондай-ақ қоңырбастың, арпаның, арпабастың, көкнәрдің бірлі-жарымды даналары өседі. Жер бетінің өсімдік жамылғысы 30 %-дан аспайды. Ландшафттың жалпы келбеті шөл болып келмейді. Бірақ жазықтың жоғарғы бөлігінде қаратау жусанының болмауына байланысты, бұл жерлер шөл болып көрінеді. Солтүстік-шығыс бағытта өсімдік жамылғысы өзгереді. Қаратау жусаны жойылып, оның орнына ландшафтқа шөлді келбет беретін жаңа өсімдіктер пайда болады.
2. 2. Шаруашылыққа жалпы сипаттама (түр құрамы, қандай аймақтарды қамтамасыз етеді, болашағы)
3. 1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
Шырайгүл - алқа тұқымдасына жататын гүлді өсімдік. Күй талғамайды, кез-келген топырақта өсе береді. Отаны - Оңтүстік Америка, Аргентина, Бразилия. Тегі көпжылдық болғанымен, біздің гүлзарларда біржылдық болып өседі, биіктігі 20-70 см. Сабағы мен жапырақтарын түк басқан, гүлдерінің реңі - ақ, қызғылт, күлгін болады.
Шырайгүл жарық, жылу сүйгіш гүл. Наурыз айында жәшіктерге тұқымынан сеуіп, көшеттерінің арасын 25-30 см етіп гүлзарларға отырғызады. Бұйра гүлділерін қалемшелерден өсіреді, гүлзарлардың қандай түріне болсын жақсы өседі, жеке ыдыстарға да егуге болады. Көбірек өсірілетін түрлері: буданды шырайгүл, ақ гүлді, күлгін гүлді, ірі гүлді, бұйра гүлді және т.б. (өсімдік өмір өзегі)
Шырайгүл - бірінші егілген жылы гүлдейтін болғандықтан, сәндік мақсатта біржылдық ретінде кеңінен қолданылады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, гүлдері түтікше пішіндес, біріккен бесбөлімді, түстері ақ қызғылт, қызыл, күлгін болып келеді. Өсімдік биіктігі агротехника жағдайы мен климатқа және жататын тобына қарай әртүрлі болады.
Бақша шаруашылығында өз арасында гүлінің формасы, түсі, өсіру шарттары бойынша ажыратылатын шырайгүлдің бірнеше гибридті топтары қолданылады. Солардың ішінде ең маңыздылары:
Ұсақ көпгүлді шырайгүл - жартылай бұтақтанған, биіктігі 20-25 см болатын, жапырақтары сопақша, шеті тегіс, гүлдері қарапайым ақ, қылғылт, қызыл, күлгін түстес келетін тобы. Ылғалдылыққа төзімділігі жоғары, маусым айынан бастап алғашқы бозқырау түскенге дейін гүлдейді. Топыраққа талғампаздығы жоқ. дегенімен құнарлы бақ топырағы және жарық жеткілікті түсетін жерде өсірілгені дұрыс. Тұқым арқылы көбейеді. Тұқымдарын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жарықтанған бөлмеде жәшіктерге отырғызады. Көшеттерді жеке - жеке жәшіктерге немесе жылыжай грунттарына арақашықтығын 25-30 см етіп отырғызады.
Ірігүлді шырайгүл гибриді - биіктігі 40-50 см жетеді. Гүлдері ірі, дара орналасқан, хош иісті, әртүрлі түске боялған. Шілде айынан бастап алғашқы бозқырауға дейін гүлдейді. Гүлдері жоғары ылғалдылықты көтере алмайды. Ұзақ жаңбырлы күндер әсерінен декоративті бейнесін жоғалтады.
Шашақты шырайгүл гибриді - биіктігі 30-40 см-ге дейін барады, жапырақтары мен сабақтары түкті келген. Гүлдері ірі, әркелкі қанық боялған, ірі толқынды ерекше әдемі гибрид. Жылыжай жағдайында шілде айынан бастап алғашқы бозқырауға дейін гүлдей береді. Гүлдері әдетте жаңбыр тамшылары әсерінен бұзылады.
Барлық ірігүлді шырайгүл гибридтері ылғалдылығы жоғары және борпылдақ топырақ жағдайында жақсы өсіп дамиды. Күн сәулесімен жарықтануы да маңызды факторлардың бірі саналады. Оңтайлы отырғызу арақашықтығы 35 см. Ірі гүлді шырайгүл гибридтерін тұқым арқылы көбейтеді.Вегетация бойына көшеттерді екі рет алмастырады. Бірінші көшеттеу жәшіктерге жүргізіледі, екінші көшеттеу диаметрі 9 см болатын жәшіктерге 3 данадан отырғызу арқылы жүргізіледі. Жас көшеттерді жарықтануы жақсы, температурасы оңтайлы жылыжайларда ұстаған жөн. Грунттарға өсімдіктерді маусым айының басында отырғызады. Қыстың уақытында өсімдіктері жарықтанған жылы бөлмеде немесе жылыжай жағдайында +6...+8 °С температурада сақтайды.(энциклопедия цветы)
Шырайгүл пеларгониядан кейінгі молынан пайдаланылатын өсімдік. Өзінің гүлінің үлкендігі, әртүрлі түстерінің қанықтығы мен өміршеңдігінің арқасында әлемге бірден танымал болып, өте көп сұранысқа ие болды. Сорттарына қарай өсімдік биіктігі әртүрлі келеді, 20-40 см аралығында. Көптеген сорттарында гүлдерінің түсі біркелкі емес, яғни бірнеше түстен құралады және сонысымен ерекшеленеді.(цветы в саду)
3.2. Өсіру технологиясы
Оңтүстік аймақтарда шырайгүлді өсіру аса қиындықты тудырмайды. Егер күзде тұқымының толық пісіп-жетілуіне мүмкіндік жасаса және ерте көктемде суарып отырса, жылу түсісімен егін көгі пайда болады. Олар тез өсіп дамиды, көшеттен егілген өсімдіктерді қуып жете алады, себебі оны бір орыннан екінші орынға көшірген жоқ. Олар бір орында қаулап шыққандықтан, тек берік, ірі болып өсіп тұрғандарын қалдырады.
ҚазіргіуақыттаеңқымбатгүлДжульеттаныңРозасы. Бұлселекционердің 15 жылдажасандыжолменөсіргенгүлі.Нәтижесінденәзікөріктүсті, ортасындатүймесіжәнешетіндеашықтүстікүлтесібаррозадүниегекелді.Олжұрттыөзінетартыпәкеткенісоншалық, қазіргікүндеоныңбірданасы 15 миллиондоллардықұрайды.Еңқымбатгүлдердіңқатарындаөзкезіндерекорджасағанекітүрліорxидеядабар.Орxидеялардыңбірі – «Shenzhen Nongke».Оныңбірталыналуүшін 200 мыңдоллартөлеуіңізкерек.8 жылбойықытайселекционерлерінәзіклимонтүстіжапырақтарыбар, xошиістігүлдішығарады.Ерекшегүлдіөсіруүшін 5 жылтынымсызеңбекетуқажет.«Кинебалуалтыны» депаталатынгүлді 6 мыңдолларғааласыз.Оныңқымбатболусебебі – өтесиреккездесетіндігінде.ОлжалғызБорнеодағықорықтаөседі.Гүлкөпжылғыеңбектіқажететіп, бірнешеайдабірретгүлдейді.
қайнаркөз: http://kaztrk.kz/news/portal/elemdegi-en-kymbat-gulder-56520
КезкелгенматериалдықолданғанжағдайдамынасілтемекөрсетілуітиісHYPERLINK "http://kaztrk.kz"http://kaztrk.kz

Shenzhen Nongke
Кинебалу алтыны»

Приложенные файлы

  • docx 18415565
    Размер файла: 436 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий