parazit_shpor_dayyn


Адамның имагинальды тенидоздары, ветеринариялық – санитариялық маңызы. Бұл гельминтоздардың ет өнеркісібінде келтіретін зияны өте зор. Мәселен, мал соятын қасап орындарында цистицеркозбен, яғни ларвалды цесттодозбен зақымданған бірнеше мың тонна сиыр мен шошқа еті жарамсыздыққа шығарылып отырады. Ал жарамды дегендерінің өзі зарарсыздандырылғаны мен де сапасын жоғалтады. Ересек таспа сатысында қоздырғыштар өздерінің ақтық иесі – адамның ащы ішегінде, ал цистицерк – көпіршіктер кезінде аралық иелері ірі қара мен шошқаның бұлшық еттерін (етқұрт) мекендейді. Ларвоцисталар ет талшығы аралығындағы ұлпалар орналасады. Олар көбінесе қаңқа еттерінен (жақ, мойын, кеуде, иық, қабырға т.б.), тіл мен жүректен, көк еттен табылады. Бұл топқа кіретін 2 ауру бар, ол шошқа және ірі қара мал цистицеркозы, яғни шошқа және ірі қара мал финнозы. Ірі қара мен шошқаларды цистицеркоздардан сақтандыру жолдары:Мал цистицеркоздары мен адам тенидоздарының алдын алу, малдәрігерлік және медициналық қызметтің міндеті. Ең негізгі шара — ол ірі қара мен шошқаларды таспа құрттар жұмыртқаларының жұғуынан сақтандыру және адам денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан (тениаринхоз бен тениоздан) сауықтыру.Мал дәрігерлік шаралар. Ет комбинаттарында, қасапханаларда сойылған ірі қара мен шошқаларды міндетті түрде финнозга тексеру. Сойылатын малды кез-келген аулада бауыздауға тыйым салу қажет. Ет сататын сауда нүктелерінде мал дәрігері тексермеген еттің сатылуына жол бермейтін қатаң тәртіп орнату керек. Мал соятын кәсіпорындағы малдәрігерлік қызметкерлер тексеру барысында цистицерктер табылған малды байқасыменақ, жоғарғы малдәрігерлік және медициналық мекемелерге дереу хабарлайды.Егер жануардың еті финналармен қатты залалданса, яғни зерттелген еттің 40 см2-де 3-тен астам ларвоциста табылса, онда ондай етті малдәрігерлік-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес, өтелдеуге жібереді. Ал шамалы зақымданған етті (еттің 40 см2-де етқұрттың саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану үшін, оны қайнатып пісіреді, қажетті мөлшерде тұздайды немесе жақсылап тоңазытып залалсыздандырады.Медициналық шаралар. Сойылған ірі қарадан немесе шош- қадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қай шаруашылықтан келгендігі анықталып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі. Цистицеркоз малға адамның дәретінен жұғатын болғандықтан, барлық фермаларда жабық әжетханалар болуы керек.Цистицеркоз бен тениидоздардың етек алып тарамауы үшін халық арасында санитарлық үгіт-насихат, ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізудің ерекше маңызы бар.
Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі“Девастация” деген атау(латынша- devastatio - жою). Бұл 1994 жылы К.И.Скрябин ұсынған адам мен пайдалы жануарлардың ең қауіпті ішқұрттарын емдік дауа шараларды пәрменді жүргізу арқылы бірте-бірте жою туралы ілім. 1947 жылы академик К.И.Скрябиннің Адам мен жануарлардың ішқұрты және тағы басқа аурулармен күрестегі девасация деген кітабы жарыққа щықты. Бұл кітабында ол девастацияны дарығыш дауа әдістері қатарына санайды, әдетте ол қолда бар маханикалық, химиялық, физикалық және биологиялық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың барша даму кезеңінде әсер етіп, қоздырғышты мүлдем құрту мақсатын көздейді деп жазады. Кейінірек девастация деген ұғымның ішқұрт ауруларынан басқа да инвазиялық ауруларға қатысты екендігі айтылады. Гельминтоздарды толық жою немесе оларды күтр азайту жұмыстары емдеу, сақтандыру және девастациялау сияқты үш шараны тиянақты түрде жүргізгенде ғана іске асырылады. К.И. Скрябин өз ойын дамыта келе, емдеу, сақтандыру шаралары мен девастацияны оқшаулап жеке алуға болмайтындығын, ол үшеуінің бір-бірімен байланыстылығын айта келіп, олардың көздеген мақсаты- жануардарды сакықтыру екендігін атап өтеді. Бірақ бұл үш шараның өз алдында мақсаттары бар.Ем шаралары індет және инвазиялық аурулардың қоздырғышын жойып, қоршаған ортаны ауру қоздырғышнан сақтандырады, ал оның негізгі мақсаты – ауру малды емдеп шығару. Дауа немесе сақтандыру шараларының мақсаттары – індет және инвазиялық аурулардың таралып кетуіне шек қою, сау жануарларды ауру қоздырғышы жұғуынан сақтайды. Бұл шаралар девастацияның бірқатар бөлігін қамтығанымен, оның көздеген мақсатының толық орындалуын қамтамасыз етпейді.Ол үшін қоздырғышқа тікелей әсерін тигізбейтін қосымша шаралар жүргізу керек. Ал, девастация жоғарыда келтірілген ем мен сақтандыру шаралары құрамына енгенімен, оның арнайы мақсаты – даму кезеңінің кез келген сатысындағы қоздырғышты мүлдем жою. Сондықтан девастация аурудан сақтандыруды бір жағынан алыстан көздесе, екінші жағынан ем шаралары құрамының бір бөлігі, сондай-ақ тікелей сақтандыру шаралары болып саналады.
Альвекоккоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Альвеококкоз немесе көп камералы эхинококкоз - табиғи ошақ- ты гельминтоз, онымен көбнесе кеміргіштер және жабайы етқо- ректілер ауырады. Гельминтоз қоздырғышы ақтық және аралық иелердің қатысуымен дамиды. Ересек құрттар ақтық иелерінің — түлкінің, қарсақтың, итгің, мысықтың (өте сирек) - ащы ішегін мекендейді. Ал, балаңқүрт сатысы-көпіршіктер ондатра, құмтыш- қан, соқыр, сауыр, сұр тышқан, алақоржын, дала мен орман тыш- қандарының бауыры мен басқа ішкі мүшелерін мекендейді. Аль- веококоз адамға өте қауіпті гельминтоз. Қоздырғышы. Имаго -Аlvеососсиз тиltіосиlаrіs - эхинококк таспасына үқсас, бірақ одан сөл-пөл кішілеу-ұзындығы 2-3 мм, және соңғы бунағындағы жатыры домалақ, шар тәрізді. Ларвоцис- талық альвеококк көпіршіктері өте ұсақ, сыртынан жүзім шоғын- дай боп көрінеді, іші протосколекстерге толы көптеген камера- лардан құралады.Өсіп, өнуі. Ет қоректілердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға іші жұмыртқаға толы құрт бунақтары бөлініп шығады. Жұмыртқа- лары сыртқы ортаға өте төзімді, ұзақ уақыт тіршілігін сақтай алады. Кеміргіштер бұларды жем-шөппен, сумен бірге жұтып ауру жұқтырады. Олардың асқорыту ағзаларында жұмыртқа қабығы еріп, босап шыққан онкосфера ішектің кілегей қабаты арқылы қан тамырларына еніп, қанмен бірге бауырға және басқа мүше- лерге тарайды. Олардың орналасқан жерінде көптеген көпіршіктер пайда болады. Ит т.б. жыртқыштар альвеококкозға шалдыққан кеміргіштерді жеп зақымданады. Бұлардың ішегінде гельминттер 1-1,5 ай шамасында жынысы жетілген сатысына жетеді.Эпизоо гологиясы. Альвеококкозгтабиғи ошақгы ауру. Мәсе- лен, ол Алакөл мен Балқаш көлдерінің маңында көп тараған. В.И. Бондарева (1986) Қазақстандағы альвеококкоздың табиғи ордаларын шартты түрде екі топқа бөледі: біріншісі - ірі бөгендер мен өзен-көлдері бар дала алқаптар, ал екіншісі-тау қойнаулары. Қоздырғышты таратушылар негізінен тағы андар. Кезінде қой мен ірі қараны кемірушілер сияқты альвеококктың аралық иелері қатарына қосқан. Бірақ, үй тұяқтыларының бұл гельминтоздың эпизоотологиясына ешқандай қатысы жоқ. Аңшы иттер аң аулау кезінде альвеококк көпіршіктер бар кемірушілердің ішкі мүше- лерінен зақымданады. Адам бұл дертке аңшылық - құсбегіліктің (түлкінің т.б. аң терілерінде гельминт жұмыртқалары болады) сал- дарынан, сондай-ақ орман-далада өсетін жеміс-жидектерді жу- май жеудің өсерінен шалдығады.Аурудың өрбуі. Альвеококкозбен көбінесе бауыр зақымдана- ды, ал дерт асқынған шақта басқа ішкі мүшелерге де кеселі тиеді, олар көптеген өзгеріске ұшырайды. Көпіршіктер өсіп, үлкейіп, саны көбейіп, бауырды қысады, қызметін бұзады. Ағзаның аумағы кішірейіп, ұлпасы жансызданып, кеміргіштердің өлімін туғызады.Анықтау. Альвеококкоздың клиникалық сырт белгілері зерт- телмеген, Өлексенің ішкі мүшелерінен құрт көпіршіктерін тауып диагноз қояды.Емі жоқ. Адамды хирургиялық жолмен емдейді.
Альфортиоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары. Альфортиоз қоздырғышы- Alfortia edentatus Аурудын нематоданың баланқұрттары тудырады.Алдын – ала сақтандыру шаралары:1. Жоспарлы сақтандыру дегельминтизация жылына екі рет жасалады: көктемде және күзде. Бірақта, фенотиазин дәрісімен дегельминтизациялауды қыста және ерте көктемде, мал жайылымға шықпас бұрын жүргізбейді. Жылқыларды түгелдей дегельминтизацияламай түрып, алдымен фенотиазинді малдың 5 - 10 басына ғана беріп, алдын–ала сынап алады. Егер 5 - 7 күн ішінде осы емделген жылқылардан дәріден улану белгілері білінбесе, қалған жылқыларды түгелдей дегельминтизациялайды. Емдеуден 8 - 10 сағат бұрын малды ашықтырады. Егер мал буаз болса, екінші жартысына аяқ басса, онда биелерге дегельминтизация жасауына тиім салынады. Дәріленгеннен 2 - 3 күн өткенге дейін жылқыларға берілетін құрама азық мөлшерін тәулігіне 2 - 3 килограмға дейін азайтады. Лабораториялық зерттеулер:1. Гельминтоовоскопиялық әдістер – малдың нәжісің зерттегенде Фюллеборн немесе Дарлинг әдістерін қолдануға болады. Бірақ, осы аталған әдістер арқылы, тек қана жалпы стронгилятоздар бар деп диагноз қойылады, ұйткені барлық стронгиляталардың жұмыртқаларының құрылысы барлық түрлеріне тән, бір-біріне өте үқсас болады. Олар сопақша келеді, ақсұр немесе бозғлыт өңді болып келеді, көлемі 0,07 - 0,1 х 0,04 - 0,045 мм, қабықшасы екі қабаттан құрылған, ішінде 8 - 32 ұрық бластомері бар.Овоскопиялық әдістермен жылқылардың стронгиляттармен залалдану денгейін, яғни инвазияның интенсивтігін (ИИ) микроскоптың бір көз аумағындағы, яғни микроскоптың бір алаңыңда жұмыртқа санымен жобалауға болады. Мысалы, бір көз аумағында 10 жұмыртқа көрінсе –ауру жеңіл түрде өтеді, 10 – 30-ға дейін болса – арудың жітілеу түрі байқалады, ал саны 30-дан жоғары болса – ауру жіті түрде өтеді деуге болады.2. Стронгиляттардың балаңқұрттарың жасанды түрде өсіру және гельминтоларвоскопиялық тәсілдермен зерттеу әдісі. Бұл тәсілдер тиімдірек, олармен көмегімен іш құрттарды туысына, түріне дейін ажыратуға болады, ұйткене стронгиляттардың инвазиялық балаңқұрттардың қүрылысы құрттың түріне қарай әркелкі болады.
Биогелминттер, даму ерекшеліктері Балаң қүрттары ара- лық иесінің көмегімен дамитын қүрттарды биогелъминттер деп атайды. Биогельминтгер жүмыртқаларын немесе балаң қүртта- рын геогельминт сияқты бастапқы кезде сыртқы ортаға бөліп шы- ғарады, ал олар әртүрлі жолдармен (су, өсімдік, мал азығы арқылы немесе өздігінен) аралық иесінің денесіне енеді. Іш қүрттардың аралық немесе ақтық иесінде оларға бейімдел- ген, белгілі түр ғана тіршілік ете алады. Биогельминттердің түр- леріне байланысты аралық иесі жауын қүрт, балық немесе басқа омыртқалы хайуанаттар болуы мүмкін. Мәселен, адамның іше- гінде кездесетін кейбір таспа қүрттардың аралық иесі болып шош- қа мен ірі қара саналады, ал иттің және жыртқыш андардың ащы ішегін мекендейтін цестодалардың аралық иесі үй жануарлары. Кейбір гельминттер балаң қүрттары өзіне табиғи емес ие мү- шесіне уақытша орналасуы мүмкін. Мүнда олар өсіп-өнбегенмен, өліп те қалмайды. Гельминттердің балаң қүртгарын сақтайтын организмдерді қоржинағыш (резервуар) иесі деп атайды.
Буностомоноз, анықтау және ветеринариялық санитарлық шаралары. Буностомоз- малдың ащы ішегіндегі өмір сүретін ancylostomatidae тұқымдасына жататын паразиттердің әсерінен туындайтын ауру. Ауруды анықтау.. Гельминтокопрологиялық зерттеу. Балаңқұрттарды өсіріп Берман әдісімен тоғышар түрінде анықтап ауруға диагноз қояды.Ол үшін құрттың балаңқұрттарын өсіру үшін 10-15 граммдай мал нәжісін Петри табақшасына немесе кішкене стакандарға, кюветаға салып, үстін қақпақпен жауып, жылылығы 25 - 30 градус термостатқа қойып қояды. Үстіне су себеді, ылғалдайды және оларға таза ауа келуі үшін біраз уақытқа ашып қояды. Термостат болмаған жағдайда нәжіс салған ыдыстарды бөлмеде сақтайды. 3 - 5 күн өткен соң, ыдыстағы нәжісті Берман аппаратына салып, үстіне жылылығы 37 -40 градус мөлшерінде су құяды. Осыдан 4 - 6 сағат өткен соң, аппарат түбінде тұнба сұйықты пробиркаға құйып алып, бір минуттай центрифугада айналдырып, пробирканың түбіне жиналған тұнбаны төсеніш шыныға құяды да, микроскоппен зерттеп, майда ұрықтарды - балаңдарды іздеп, диагнозды анықтайды, Буностомның балаңқұртының ұзындығы 0,52-0,63мм ұзын құйрығы үшкір болады., ішек торшалары жеке дараланбаған, тұтас біртектес. Ветеринариялық санитарлық шаралары.Жайылым айырбастау, дәрілеу дегельминтизация жасау. Әр жайылым загон бөліктерің 6 - 7 күндей пайдаланып, оған екінші рет 2 - 2,5 ай өткен сон оралады.Барлық малдарды профилактикалық дегельминтизациялардан екі рет өткізеді. Біріншісі – көктемде, мал жайылымға шықпай түрғанда, екіншісі – күзде, мал қораға бағылған кезде. Етке дәрілер ивермек, айвень, аверсек зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотиктержүйке жүйесіне ісер етіп салдандырып өлтіреді.Тері астына егеді, қарсы көрсетіліп жеті күн етін, жиырма сегіз күн сүтін ішпеу керек.Албендазоль ұнтақ, таблетка, суспензия түрінде қолданады.Жемге қосып немесе сумен 0,5г – 10 кг салмағына өлшеп береді.Панакур дәрісінде қолданған жақсы.Жеммен қосып беруге болады.Биотермиялық жолмен қиды залалсыздандыру өте тиімді, бактерия, құрттарды жойып жібереді.Қиды бір жерге үйіп геотермиялық жаңдыру керек.
Ветеринариялық – санитариялық трематодология, трематодалардың жіктелуі. Трематодалар (грек сөзі thrematodes- сорғышты, емізік) - жалпақ құрттар қатарына жатады. Бұлар қоздыратын аурулар трематодоздар деп аталады. Трематодалар табының (класс) негізгі тек тармақтары (подотрядтары) бесеу: фасциолята, парамфистомата, гетерофиата, эхиностоматата және шистосоматата.1)Fasciolata тек тармагы - үш тұқымдастықтан тұрады: Fasciolidae, Dicrocoelidae және Prostogonomidae. Бұл құрттардың құрсақ сорғышы ауыз емізігіне жақын орналасқан, уыздықтары денесінің екі бүйірінен орын тепкен, ал трематодалар бір немесе екі аралық иелерінің қатынасуымен дамиды.2)Paramphistomata - бір ғана тұқымдастық - Paramphistomidae — парамфистомидилерден тұрады. Құрсақ емізігі гельминт денесінің артқы шетіне орналасқан. Аралық иесі біреу - тұщы су ұлулары, жұқпалы сатысы - адолескарий.3)Гетерофиаталар - Opisthorchis тұқымдастары жатады. Бұл құрттар екі иесінің қатысуымен өсіп, дамиды. Әдетте, қосымша иелері-балықтар, шаянтәріділер. Көпшілігінің жыныс бездері денесінің артқы жақ бөлігіне жайғасқан.4)Echinostomatata - қаруланған немесе қаруланбаған адоралдық дөңгелектері (диск) бар трематодалар. Бұлардың көптеген түрлері үй құстарында кездеседі. Олар екі аралық иенің қатысуымен дамиды, ал олардың қосымша иелері су ұлулары, амфибиялар және балықтар болуы мүмкін. Жабайы және үй үйректерінің негзгі паразиттері — Echinostoma revolutum.5)Шистосоматата — Schistosomatata - дара жынысты трематодалар. Сорғыштары нашар жетілген. Жұмыртқаларының сырты қылтанақты. Олар сүтқоректілермен құстардың қан тамырларын мекендейді. Олар бір ғана аралық иесі - су ұлуларының қатысуы- мен дамиды. Инвазиялық балаң құрттары — церкарийлер, олар ақтық иесінің терісін бұрғылай тесіп, белсенді түрде денесіне енеді. Трематодологияда көптеген құрт аурулары кезедеседі. Соның ішінде күйістілер декрецелиозына ветеринариялық – санитарлық шара:Дикроцелиоз кездесетін шаруашылықта малды міндетті тұрде дегельминтизациялап отырады. Г.И. Дйков,И.С. Дементьевтердің (1979) ұсыныстар бойынша оңтүстікте күйіс қайыратындарға дегельминтизацияның біріншісін желтоқсанда, екіншісін наурызда, үшіншісш шілдеде, ал орталық Шығыс Қазақстанда – біріншісін шілдеде, екіншісін ақпанда, үшіншісін тамызда жасаған дұрыс. Гексахлорпараксилол, гексихол дәрілерін, малды топтастырып, құрамды жеммен қатарынан үш күн береді. Малды құмырсқа илеуі маңайына, әсіресе таңсәріде, сондайақ кешке қарай жаймаған жөн. Аурудың алдын алудың тағы бір жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерінің тұрақты мекен қоныстарын түбегейлі өзгерту.Бұл үшін жайылымдағы тастарды теріп алып, өткен жылғы ескі шөппен қоса, тал томар шоғырларын өртеп жібереді, жерді жыртып, мәдени өсімдіктерді егеді. Өрістегі бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге тауықтар жіберуге болады.
Ветеринариялық – санитариялық цестодология, цестодалардың жіктелуі. Цестодология - таспа құрттарды, яғни цестодтарды, олар қоздыратын ауруларды, сол ауруларды балау, емдеу, алдын-алу шараларын зерттейтін гельминтология ілімінің бір бөлігі. Цестодтар, яғни таспа кұрттар туғызатын ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта кең тараған гельмиттер боп саналады, олардың көбісі малмен қатар адамда кездеседі, әр түрлі әсерін тигізіп, ауруға шалдықтырады. Цестодтардың ересек сатысы да (имагосы), балаңқұрттары да (көпіршіктері) малдың, адамның денесінде мекендегенде ауруды қоздырады - имагинальды және ларвалды цестодоздарды туғызады. Цестодоздармен адам, барлық жануарлар ауырады. Жіктелуі: Animalia (жануарлар) Топтамасы: Plathelminthes (жалпақ құрттар) Тап: Cestoda (таспа құрттар) Тегі: 1. Cyclophyllidea 2. Pseudophillidea (цепеньдер, шынжыр (лентецтер, баулы таспа құрттар) таспа құрттар)42 Цестодтардың жалпы морфологиясы (құрылысы) Цестодтардың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң сатысы. 1. Имаго – пісіп жетілген сатысы. Цестодалардың пішіні таспа тәрізді. Денесінің ұзындығы 3-5 мм – 10 м дейін, кейде одан да ұзын болып келеді. Денесі үш бөлімнен құралады. Олар: - бас (сколекс) – арнайы бекіту мүше; - мойын – өсу шебіні; - бунақ дене (стробила) – ол бірнеше бунақтардан құралған. Бунақтардың саны әр түрлі. Цестодтарда 3-4 - тен бірнеше мыңға дейін бунақтар болады. Бекіну мүшесі: Ол сколекс, құрт денесінің алдынан орын алған, көлемі, пішіні, құрылымы әр қилы келеді. Сколекстің үш түрі болады: 1. Қарусыз сколекс - оның тек қана 4 сорғышы бар. Қарусыз сколекс адамның таспа құртында, мониезияларда, тизаниезияларда, авителлинидтерде байқалады. 2. Қарулы сколекс – 4 сорғыштан басқа тұмсығы болады. Оның үстінде 1-3 қатар болып ілгешектер немесе қармақшалар жайғасады. Ілгешектердің саны мен кескіні әр ішқұртта әр түрлі болып келеді. Сколекс өзінің сорғыштары және ілгешектерімен ішектің кілегей қабығына нық жабысып тұруының арқасында ішектің жиырылуына төтеп беріп, сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қарулы сколекс шошқа тениидтерде, иттердің, кейбір құстардың таспа құрттарында байқалады. 3. Ұзынша сколекс – ұзынша келген екі немесе төрт саңлаулар (ботриялар) бар. Ол лентецтерде, яғни Diphyllobotrium latum деген құрттарда кездеседі. Мойын – сколекстің жалғасы. Мойынның немесе өсу шебінен жаңа, жас бунақтар қалыптасып жатады. Олар дамыған сайын стробиланың артына қарай жылжи береді. Құрттың тұрқы және бунақ сандарының артуы өсе береді. Бунақ дене немесе стробила - цестоданың мойынына жалғасады. Көптеген бунақтардан, буылтықтардан, проглотидалардан пайда болған. Сколекске тақау орналасқан проглотидаларда жыныс мүшелері болмайды, оларды жыныссыз проглотидалар деп атайды. Кейінгілерінде әуелі еркектік содан кейін ұрғашылық жыныс мүшелері дами бастайды, сол себептен оларды кезегімен еркек және ұрғашы проглотидалар деп атайды. Түгелімен еркек және ұрғашылық жыныс мүшелері жайғасқан буылтықтарды қызтекелік, я гермафродиттік бунақтар (проглотидалар) деп атайды. Жетілген жыныс мүшелері өзара шағылысумен ұрықтанады, сосын еркектік ағзалар біртіндеп өздігінен жойыла береді. Ал, ұрғашылық ағзалар, керісінше дараланады, бірақ, көп кешікпей олар да жоғала бастайды. Соңғы буылтықтардың ішінде тек қана жұмыртқаларға толы жатыр қалады. Жатыры жұмыртқаларға толы ең соңғы буылтықтарды 43 пісіп-жетілген бунақтар деп атайды. Жатыры жабық цепеньдердің пісіп- жетілген бунақтары стробиладан үзіліп, нәжіспен, саңғырықпен бірге сыртқа шығады. Бұл процесті дестробиляция құбылысы деп атайды. Жатыры ашық цестодалар (яғни лентецтер) сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөледі. Жүйке жүйесі бірнеше түйін құрып сколексте орналасқан, бұлардың ұзын талшықтары бунақ денесінен өтеді, көлденең тармақшалармен қатынайды. Ас қорыту жүйесі жоқ. Олар жануар ішегіндегі асты, сөлді бүкіл денесімен сіміріп альп қоректенеді. Тыныс алу, қан айналу жүйелері болмайды. Балаңқұрттар яғни цестодтардың ларвоцисталары немесе көпіршіктері. Бұл сатыны тағы ларвоцисталар деп атайды. Олар аралық иелерінде, әр түрлі ағзаларда (бауыр, ішек, өкпе, бүйрек, ми, қалың ет т.б) мекендейді. Ларвоцисталар ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай бірнеше түр-тұрпатқа бөлінеді: 1. Cysticercus – цистицерк. Бұл бір қуысты көпіршік, екі қабығы бар. Біріншісі сыртқы қабығы – дәнекер тоқыма қабығы болып саналады, екіншісі, ішкі – өсу немесе герминативтік қабық деп аталады. Оған бір ғана сколекс (қарулы немесе қарусыз) орналасқан. Іші сұйыққа толған. 2. Coenurus – ценур. Бір қуысты көпіршік, екі қабығы бар. Біріншісі - дәнекер тоқыма қабығы, екіншісі – герминативтік қабығы. Ішінде сұйық және ондаған, жүздеген сколекстер бар және олар топ-тобымен оқшауланып тұрады. 3. Echinococcus – эхинококк. Бұл бір қуысты көпіршік, қос қабықты көпіршік, ішінде сұйығы бар. Ішкі өсу (герминативтік) қабында бірнеше шығыс капсулалар мен мыңдаған протосколекстер яғни, ұрық сколекстер, болашақ ішқұрттың басы бар. Шығыс капсулаларда да майда протосколекстер бар. Кей жағдайда көпіршіктің ішінде екінші буын (балалық), оның ішінде үшінші буын ұрпақтар (немерелік) – майда көпіршіктер туындап отырады. Олар кей кезде эхинококтың қабықтарын тесіп, жарып, сыртына да шығып өсуін жалғастыра береді. Эхинококтардың неше түрлісі болады: а) E. hominis – ол адамдарда және приматттарда, яғни маймылдарда кездеседі, бұл көпіршікте шығыс капсулалар, протосколекстер, екінші, үшінші буын көпіршіктер байқалады, яғни бұл классикалық көпіршік боп саналады. б) E. veterinorum – барлық сүтқөректілерде кездеседі, бұл көпіршікте тек қана протосколекстер байқалады. в) E. аcephalocystis – ол иммунитеті жоғары жануарларда, кейде ірі қара малда қалыптасады, бұл көпіршікте протосколекстер болмайды. 4. Alveococcus – альвеококк. Бұл көп қуысты көпіршік. Ең қауіптісі. Бұл көптеген майда камералардан құралған көпіршік, сұйығы аз, іші құрғақ, араның ұясына немесе өкпенің альвеоларына ұқсас, ішкі қабығы өте ұсақ протосколекстерге „нүктелерге” толы. Бұл көпіршік жан-жаққа шексіз өсіп, тармақтанады, бүкіл іш құрылысына жайылады, оның көлемі өзгеріп тұрады. Бұл көпіршікті кейде «инвазиялық ісік» немесе «инвазионный рак» деп атайды. 5. Cysticercoid – цистицеркоид. Бұл өте майда ларвоциста. Алдыңғы жағында жалғыз ғана сколексі бар, ал, артқы шетінде „құйрықшасы”, яғни, церкомер орналасқан. 6. Coracidi – корацидий. Домаланған, денесінде айнала көптеген кірпіктері бар, ол лентецтерде болатын саты, сыртқы ортада, көбінесе суда табылады. 7. Procercoid – процеркоид. Денесі ұзындау, алдыңғы жағында біліне бастаған саңлауы (ботриялары), ал, артында шар тәрізді қосалқысы болады. Аралық иелері болып шаян тәрізділер, әсіресе есек аяқтылар саналады, процркоид солардың денесінде кездеседі. 8. Plerocercoid – плероцеркоид. Ұзынша келген, тұрқы 1 мм-ге жетеді, ботрийлері (саңлауы) айқындалған. Әр түрлі балықтардан табылады. (балықтар қосымша иесі боп саналады). Цестодтардың жалпы биологиясы Таспа құрттардың, цестодтардың барлығы биогельминттер: цепеньдерде 2 ие, ал лентецтерде 3 иеден болады. Ақтық иелер – тұяқтылар, ет қөректілер, адам. Құрт имаго сатысында олардың ішегінде мекендейді. Аралық иелер – омыртқалы және омыртқасыздар. Қосымша иелер – омыртқалылар (балықтар). Цестодтардың дамуы 1-1,5 айдан 5-6 жылға дейін созылады. Ауырған малдың денесінде 3 - 4 айдан бірнеше жылға дейін тоғышарлық күнелтеді. Цестодтардың даму циклінің: Имаго – ақтық иеде,Жұмыртқа – сыртқы ортада,Ларвоциста – аралық және қосымша иеде.Имаго – ақтық иеде46 Цестодтар тектерінің сипаттамасы Белгілері Cyclophyllidea Pseudophyllidea 1 Басы (сколексі)домалақ, 4 сорғышы бар – қарусыз немесе қарулы Ұзынша, төрт не екі саңлауы (ботриялары) бар 2. Жатыр Жабық Ашық 3. Жыныс тесіктері 2 -еркек және ұрғашы тесігі 3 - еркек, ұрғашы және жатырдың тесігі 4. Сыртқы ортаға бөледі Пісіп жетілген соңғы бунақтарды Жұмыртқаларды 5. Ларвоцисталар Цистицерк, ценур, эхинококк, альвеококк, цистицеркоид, стробиоцерк, дитиридий,Корацидий,Процеркоид,Плероцеркоид. 6. Иелердің саны:1. Ақтық ие:2. Аралық ие:3.Қосымша ие:2- иесі бар: Күйістілер, ет қоректілер,адам.Үй жануарлар, тақтұяқтылар.Жоқ.3- иесі бар:Ет қоректілер, адам.Омыртқасыздар (шаян тә-різділер)Омыртқалылар (балықтар)Цестодоздар ауруды қоздыратын сатысына қарай екі топқа бөлінеді: 1. Имагиналды цестодоздар – таспа құрттардың ересек сатысы мекендегеннен туатын аурулар. Оларға жататындар: мониезиоз,тизаниезиоз, авителлиноз, иттің және адамның тениидоздары (тениоз, тениаринхоз, мультицептоз, эхинококкоз, альвеоккоз, дипилидиоз, дифилоботриоз, жылқы анаплоцефалидоздары, ет қоректілер мезоцистоидоздары, құстардың дрепанидотениозы, гименолепидозы, райетинозы, давениозы және балықтардың лигулозы, т.б.). 2. Ларвалды цестодоздар – таспа құрттардың балаң құрттарынан, яғни көпіршіктердің мекендеуінен пайда болатын аурулар. Ол шошқа мен ірі қараның цистицеркозы, тенуиколды цистицеркоз (жылауық), овисты және пизиформды цистицеркоз, ценуроз (айналма), ет ценурозы, ларвалды эхинококкоз (беріш), ларвалды альвеококкоз.
Ветеринариялық - санитарлық гельминтология және оның ветеринариялық - санитариялық маңызы Гельминтология (грек. helmіnts – құрт және logos – ілім) – паразит құрттар , яғни гельминттер және олар қоздыратын аурулар гельминтоздар жайлы ғылым. Гельминттерді ертеректе глист деп те атаған.Гельминтология паразит құрттардьщ қандай ауру тудыратынын, оның тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі зиянын, емдеу жолдарын, күрес шараларын зерттейді. Бұл ғылым медициналық, малдәрігерлік және агроноялық болып үщ салаға бөлінеді.Гельминтоз дегеніміз - іш құрттар немесе гельминттер туды- ратын жұқпалы ауру. Бұл кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседі. Олар адам мен жануарлардың ішкі мүшелерінде (орган- дарында), мәселен өкпесінде, бауырында, мида, ішек-қарында жөне т.б. орналасады. Паразиттік тірпіілік ететін құрттар әр түрлі болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе |Ірғыш құрттар, цестодалар немесе таспа құрттар жатады. Нема- тодалар жұмыр құрттар тобын құрайды. Мал мен құс денесінде (организмде) акантоцефалар немесе тікенбасты құрттар да кезде- седі. Сондықтан, гельминтоздарды олардың қоздырғыпггарының атауына байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар жөне акантоцефалездар деп жіктейді.Гельминттер адам мен жануарлардың дене мүшелерін және ұлпаларын, дене қуыстарын мекендейді. Олар эволюциялық даму барысында өздері бейімделген ұлпалармен ағзаларға ғана орналасады. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйесіне бейімдел- ген,Мысалы, нематодтардың және цестодтардың басым көпшілігі мал ішегініңдаразиттері, ал сорғыш құрттардың көпшілігін бауыр- дан табуға болады. Тыныс алу жолдарына, ұлпаларына қылқұрттар орналасса ішкі ағзаларға таспа құрт жылауықтары, берішетір орналасады. Гельминттермен жас төлден бастап, ересек малдарға дейін зақымданады. Ішқұрт өсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу басқа мүшелері зардап шегеді, олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразитгер мал денесінде қанмен, сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны көбейсе мал дертке Шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен түліктің өнімі кемиді, басқа жұқпалы ауруға қарсы түрарэдр қабілеті төмендейді. Жалпы сақтандыру шаралары. Шаруашылықта малдың күтімі мен азықтандырылуы дұрыс жолға қойылған жағдайда, оларға гельминттердің өте аз жұғатыны бұрыннан дәлелденген нәрсе. Оған керісінше малдың күтімі нашар әрі азығы құнарсыз болса, онда олар ішқұрт кеселіне тез шалдығып, өнімі төмендейді, өлім-жітімі көбейеді. Сондықан гельминтоздың алдын алуда малды күтудің және құнарлы азықпен қамтамасыз етудің маңызы зор.Ірі қараны жыл бойы қолда бағуға көшірген шаруашылықтар да, гелшютоздарды іс жүзінде жоюға мүмкіндік туады. Әдетте, ішқұрт ауруы негізінен жем-шөп арқылы жұғатынын ескеру керек. Сондықтан, мал қоралары мен ауланың қиын уақтылы таза- лап, оны құрғату және малды таза сумен қамтамасыз ету арқылы, көптеген гельминтоздарды болдырмауға мүмкіндік туады.Өріс аумағы неғұрлым тар, әрі ылғалды болса және жайылмм шалшық, лас суға жақын жатса, онда малдың гельминтозға жаппай ұшырайтыны белгілі.Мал кай жерде бағылмасын, оларды таза сумен суарып отырған жөн. Сонда ғана гельминтоз ауруын болдырмауға болады. Егер шаруашлықта автоматтандырылған суарғыш жоқ болса, суар ғыш астаудың таза болуын бақылау керек. Мал суарылатын құдыққа жаңбыр суы немесе еріген қар суы құйылмауы тиіс. Егер малды су құбырымен немесе құдық суымен суаруды ұйымдастыру- ға мүмківдік жоқ болса, онда табиғи суаттарды (көлшік, канал, ор, шұңқыр суларынан басқасын) пайдалануға болады. Бірақ мұндағы бір ескеретін жәй, мал суаруға ең ыңғайлы құрғақ, тазаИ жерді тавдап алған жөн
Ветеринариялық - санитарлық паразитологияның жетістіктері паразитологияның арахноэнтомиологиялық бағыты академик Е.Н.Павловскийдің жетеекшілігімен дамыды.Бұрынғы кеңес одағының шет аймақтарына жасақталған оның көптеген экспедициялары трансмесивті ауруларды және олардың тасымалдаушылары буынаяқтарды зерттеп ,табиғи ошақты трансмиссивтік аурулар туралы жаңа ілім қалыптастырды.
Ветеринариялық санитарлақ паразитологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдарПаразит құрттар туралы алғашқыдеректер ертедегі тарихи көне ескерткіштерде сақталынған.Эберестің папирусында аскаридалар және тениидалар туралы деректер бар.Гиппократ(460-370ж б.д.д.)адамның тениидоздар ,эхинококкоз,аскаридоз ауруларын білген және бірінші болып «Helmints»(гельминт) атауын ендірген. Аристотель (384-342ж.б.д.д) аскариданы, тенияны және ішек құрттарды білген,шошқаның финнозы туралы жазып, «гельминтоз» , «диптера», «акарус» атауларын енгізген.К.Рудольфи (1771-1832)гельминтология ғылымының атасы болып саналды.Ол әртүрлі 756 жануарлардан паразитттердің 981түрін тауып, құрттар жөнінде жинақ жазған. 1910жылы Бүкілресейлік малдәрігерлері құрылтайында Константин Иванович Скрябин жоғарғы оқу орындарында «Паразитология» кафедраларын ұйымдастыру жөнінде мәселе көтерді.Ол 1916жылы бастап жазған еңбектерінде және одан кейінгі жұмыстарында үй жануарлары мен адамның инвазиялық ауруларының пайда болуына жануарлар дүниесіне жататын паразиттердің өте жоғары маңызы барлығын жазды.К.И.Скрябин көп жылғы еңбегінің нәтижесінде 120 туыстыққа, 30тұқымдастыққа жататын  200- ден аса гелминттенрдің жаңа түрін ашты.Сонымен қатар Қазақ Ғылым Академиясының зоология институтында қызмет еткен ғалымдар И.Г.Галузо, Е.В.Гвоздев,профессорлар Т.Н.Досжанов,Э.И.Прядько,Ж.М.Жатқанбаев .Ж.М.Есімбековтардың және т.б. паразитология ғылымын дамытуға қосқан үлестерін ерекше бағалауға болады.Одан кейінгі жылдары да елімізде кең тараған протооздарды, гелминтоздарды жан жақты зерттеп, олардың күрес шараларын жетілдірген профессорлар М.В.Хванның, М.С.Сабаншиевтің және ғалымдар М.Ж,Сүлейменовтың еңбектерін атауға болады.
Гельминтоздарды тірі малдарда анықтау әдіс – тәсілдері Тірі малға диагноз қою үшін аурудың клиникалық сырт бел- гілері анықталады, эпизоотологиялық деректерге сүйенеді, арнау- лы зертханалық лабораториялық және иммунобиологиялық зерт- геулер жүргізіледі. Клиникалық белгілері. Гельминтоздардың клиникалық сырт белгілері кейде айқын білінеді. Ал аурудың созылмалы түрінде олар көбінесе білінбейді, көмескі (субклиникалық) немесе жасы- рын түрде өтеді. Көбінесе тыныс алу жүйесінің немесе асқорыту ағзалары қызметінің бүзылуы салдарынан мал демігеді, жөтеледі, іші өтеді, қоңы мен жалпы күйінің төмендеуі, сүт, ет, жүн өнімде- рінің азаюы мүмкін. Жоғарыда аталған белгілер анық біліне түрса да бүған сүйеніп, ауруды анықтау қиынға соғады, өйткені мүндай белгілер басқа дерттерде де кездеседі. Р.С.Шульц (1959) айтқан- дай «ауруды анықтауда клиникалық белгілер шешуші емес, ба- ғыттауыш деп қарау керек».Эпизоотологиялық деректерге гельминтоздардың белгілі бір маусымға тәуелділігі, малдың түқымы, жынысы, жасы ескерілуі, аурудың жаппай етек алуы және жануар денесінде қүрттардың өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар болуы, мал өзара жанасуы, т.б. жөніндегі мағлүматтар жатады. Арнаулы зертханалық зерттеулер. Гельминттер жануарлар- дың ұлпалары мен мүшелерінде қоныс тебуіне байланысты өздерінің өсіп-өну барысында сан алуан жолмен, яғни мал нәжі- сімен, қанмен, көз жасы, басқа да денеден бөлінетін заттармен сыртқы ортаға жайылады. Мысалы, тыныс алу немесе асқорыту жүйесіндегі қүрттардың жүмыртқалары және личинкалары түлік- тің нәжісі арқылы бөлініп шығады. Ішқүрт ауруларын анықтау мақсатымен жиі қолданылатын негізгі тәсіл — гельминтокопрология, гельминтоовоскопия, яғни нәжісті зерттеу. Нәжісті тікелей тік (көтен) ішектен алған жөн. Әдетте бүл тәсілмен тұтастай гельминттердің өзін, не оның үзігін, бунақтарын табу (гельминтоскопия), гельминт жүмыртқаларын іздеу (гельминтовооскопия), балаңқүрттарын ажырату (гельмин- толарвоскопия) болып үш бағытқа жіктеледі.Гельминтоскопия. Нәжіс арасынан ірі құрттарды, олардың бөлшекгерін жай көзбен де байқаймыз. Ал көлемі шағын гельминт- терді немесе олардың үзіктерін, таспа қүрттардың бунақтарын іздеу үшін нәжісті түбі қара шүңғылдау ыдысқа салып үстінен су қүйып езіп, жақсылап араластырып, біраз түндырып, сүйықтың жоғарғы бөлігін төгіп тастайды. Осылай бірнеше дүркін жуып- шайған соң, ыдыс түбінде нәжіс түнбасы әбден тазарып ішіндегі қүрттар, олардың мүше бөліктері айқын көрінеді. Артынан олар- ды үшы иілген имек инемен немесе қыл қаламмен теріп алады. Шаруашылық жағдайында табылған гельминттерді қажет болса, үлкейткіш әйнекпен (лупа) немесе стереоскопияльщ микроскоптьщ көмегімен зертгейді. Гельминтоовоскопия. Мал нәжісінен (қиынан, қүмалағынан не тезегінен) паразит жүмыртқаларын іздестіру. Нәжісті зерттейтін лабораториялық (зертханалық) әдістер біршама, ең бастылары төмендегідей. Нәжіс жүғындысын қарау ең қарапайым әдіс. Таза төсеніш ынының бетіне глицерин мен су қоспасының 1-2 тамшысы тамы- зылады. Тамшыға шыны немесе ағаштан жасалған жіңішке таяқша- мен (сіріңкенің шиі де жарайды) жас нәжісінің шамалы бөлігі жақ- сылап араластырылады (глицерин орнына жай суды пайдалануға болады, бірақ глицерин барда жүмыртқалар айқындала түседі және олар тез арада кеппейді), содан кейін езінді сүйықтың үстін жүқа жапқыш шынымен бастырып, микроскоппен қарайды. Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс езіндісін дайындап зерттеген жөн. Бүл қарапайым әдістің тиімділігі оны кез келген жерде қолдануға болады. Бірақ кемшілігі де жоқ емес: ол мал ішқұрттарымен аз мөлшерде зақымданған кезде гельминтозды анықтау қиынға соға- ды. Бұл әдісті жануар денесін жаппай паразит жайлаған жағдайда пайдаланған дұрыс. Шөгеру, тұндыру әдісі, яғни нәжісті біртіндеп шаю. Бұл негізінен алғанда сорғыш құрттардың жұмыртқаларын іздестіруге арналған. ¥сақ тұяқтан 3-5 г жас қүмалақ, ірі малдан 5 г мөлшерін- де нәжіс алынады. Оны арнайы фарфор келішеге (ступка) салып, үстіне шамалы су қүйып келісаппен езіп, қойыртпақ дайындайды. Қойыртпақты дәке не темір елеуіш, не капрон сүзгімен астына тосылған кішкене шыны аяққа (капрологиялық стакан) сүзіп қүя- ды. 3-5 минутта түндырып, түнбаның бетіндегі сүйықты ептеп төгіп тастап, оның орнына бүрынғы мөлшердегідей етіп су қүяды. Осылай бірнеше рет қайталап шайқағаннан кейін, ыдыс түбіндегі түнба тазарады. Ақырында бетіндегі мөлдір сүйықты соңғы рет төгіп тастап, шөгіндіні аз мөлшерден қүйып алып, микроскоппен зерттейді. Кейбір таспа және жалпы жүмыр қүрттардың жүмыртқаларын табу үшін бірнеші күрделі әдістерді пайдалануға болады. Бүлар- дың қатарына паразит жүмыртқаларымен қаныққан ерітінділердің меншікті салмақ айырмашылығын негізделген ңалцыту немесе флотоциялъщ(қүрт жүмыртқалары ерітінді бетіне қалқып шығуы) әдістерін атауымыз қажет. Ал қаныққан ерітінділерді әр түрлі түздардан жасайды. Фюллеборн әдісі қарапайым және өте қолайлы, кең тараған. Бүл әдісті дала жағдайында да қолдануға болады. Оны жүзеге асыру үшін қаныққан ас түзы ерітіндісі (меншікті салмағы 1,18), кішкентай шыныаяқтар, таяқшалар, сондай-ақ мақта, дәке, дөңге- летіп бір үшы иірілген жіңішке сым ілмектер-түзақшалар қажет. Ерітінді әзірлеу үшін 1 л суға 450 г ас түзын салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны мақтадан немесе дәкеден өткізіп сүзеді. Бүл ерітіндіні суытып қолданады. Өлшеп алған нәжісті стаканға (қүмалақтарды келішеге) салады да, оған аздап ерітінді қосады, осыдан соң оны таяқшамен (қүмалақтарды келісаппен) әбден езеді. Осылай дайындалған нәжіс қойыртпағына ерітінді қосып (флота- циялық сүйық пен нәжістің қатынасы 20:1 шамасындай болуы ліарт), сүйылтады да таяқшамен тағы араластырады, сонан соң горкөзді сүзгішпен (дәке немесе темір елек) сүзіп, таза шыны ыдысқа қотарады да (ауызы тар, мойыны жіңішке шыны құмыра- лар-колбалар пайдалануға тиісті) 30-40 минут бойы түндырып қалқып шығады, оларды сым ілмешектермен (2-3 тамшы) іліп алып, төсеніш шыныға еппен сілкіп салып, бетін жапқыш шынымен ба- стырып микроскоппен тексереді. Калантарян әдісі жоғарьща аталған Фюллеборн тәсілінен айнымайды, мұнда тек қалтқыштық сұйық ретінде меншікті салма- ғы 1,4 азот қышқылды натрийдің (Na2N03) қаныққан ерітіндісін алып 1:1 қатынастағы қосындыны ысытады. Қайнаған сұйықтың бетін қиыршықты қабыршақ жабысымен, оны салқындатып, сүзбей-ақ қүрғақ шөлмектерге қүйып дайындайды. Калантарян әдісі арқылы меншікті салмағы жоғарырақ жүмыр қүрттардың жүмыртқаларын анықтайды. Дарлинг әдісінде шөгеру және флотациялау амалдар қатар қолданылады. Өлшеп алынған қиды не қүмалақты шағын көлемдегі сумен араластырып езеді, қойыртпақты шыны түтікке (центрифуга пробиркасы) сым елеуіштен өткізіп сүзіп қотарады да, 1-2 минут айналдырғыш аспабымен (центрифуга аппараты) айналдырады (бүл кезде қүрт жүмыртқалары түнбаға шөгеді). Осыдан кейін түтіктегі сүйықтың жоғарғы бетін төгіп тастап түнбаға тепе-тең мөлшерде глицерин және қаныққан ас түзы қоспасын қүяды. Про- биркадағы затты сыртқа төгілмейтіндей етіп шайқап, тағы да 1-2 минут айналдырады. Соңынан темір түзақшамен сүйықты бет жа- ғынан сыдырып алып ақырын ғана төсеніш шыныга сілкіп, үстін шыны жапқышпен жауып, микроскоппен қарайды. Бүл әдіспен нематода жүмыртқаларымен бірге кокцидийлердің ооцистелерін {қарапайымдылар) табуға болады. Щербович әдісі. Қалқытқыш сүйық ретінде қаныққан күкірт кышқылды магнезия (MgS04) ерітіндісін қолдануға негізделген (920 г магнезия 1 л ыстық суда езіледі, сүзіліп, тоңазытып пайдала- нады). Бүл әдіспен шошқа нематодаларының жүмыртқаларын іздестіру тиімді. Гельминтоларвоскопия әдісі нәжістен, т.б. заттардан балаң қүрттарды бөліп шығаруға арналған. Бүл әдісті күйіс малының тыныс алу жүйесіндегі нематодалар балаң қүрттарын ажырату үшін пайдаланады. Ескеретін жәй тыныс гельминттерінің балаң қүрты мал тезегімен сыртқы ортаға түседі. Олар тірісінде ылғи қозғалыста болады. Г ельминтоларвоскопиялық әдістің кейбіреуіне тоқталайық. Вайда әдісі. ¥сақ күйістінің 2-3 қүмалағын төсеніш шыныға (сағаттың қақпақ әйнекшесіне, зертханалық Петри тостағаншасы- на) орналастырып, әрқайсысына 1-2 тамшыдан жылымшы су тамы- зып, 10-20 минут өткен соң, қүмалақтарды алып тастап, шыныда қалған сүйықтан қылқүрттың (диктиокаулдың) личинкасын іздейді. Ал простостронгилидтердің балаң қүрттарын іздестіру үшін қүма- лақты қақ жарып, екі түйіршігіне су тамызған соң, оларды 30-4С минут үстайды. Берман-Орлов әдісі әрі қарапайым, әрі ыңғайлы, мұны тікелей мал арасында жүргізуге болады және кез келген малдәрігерлік қызметкер оңай пайдалана алады. Өкпе қүрт личинкаларын табу үшін шыны немесе пластмасса воронка шүмегіне резеңке түтік кигізеді де, оған гельминтологиялық (энтомологиялық) пробирканы жалғастырады. Воронканы үстап түратын темір штативке орнық- тырады да оның түбіне ойыс темір тор қойып, оған 10-15 г нәжіс салады да (тордың орнына арасына нәжіс оралған дәкені де қолда- нуға болады), аспапқа жылы су (37-39°) қүяды. Уақ түлік қүмала- ғын 3-4, бүзаудың жапасын 10-12 сағатқа қалдырады. Әдетте аспапқа мал тезегін кешке қарай салады да, зерттеуді келесі күні жүргізеді. Пробирканы аспаптың үшынан шығарып алып, шөгінді бетіндегі сүйықты төгіп тастайды да, түнбаны шайқап, одан тө- сеніш шыныға 1-2 тамшы тамызып, микроскоппен қарайды. Воронканың орнына екі жақты бүріккішті (спринцовка) пайда- лануға болады. Румын ғалымы Олтяну бүдан да гөрі қарапайым тәсілді үсынды. Резіңкелі бүріккіштің түбіндегі қуысқа тор, оның үстіне нәжіс салады да, ал екінші жағын, яки пгүмегін мор қысқы- шымен қысып қояды. Котельников,Корчагин, Хренов ұсынған шұғыл тұндыру әдісі. 3-5 г қой не ешкінің жас қүмалағын тепкіш шыны түтікке салып, үстінен жылылығы 25-26°С су қүяды да айналдырғыш аспа- бымен (минутына 1000-1500 рет айналымда) 2 минут айналдыра- ды. Қысқашпен түтіктегі қүмалақтарды салып, суды түнбаға дейін төгіп, қалдықты шайқап, төсеніш шыныға оны сілкіп, шыны жап- қышпен жауып, микроскоппен қарайды. Төсеніш шыны орнына сағаттың қақпақ әйнекшесін де пайдалануға болады. Бүл тәсілдің диагностикалық тиімділігі 100%, яғни сынама нәжістегі балаң қүрт- тар түгелімен «түтқынға» алынады. Гельминтоларвоскопияның басқа да әдістерін малдың жеке гельминтоздарын талдаған кезде назарларыңызға үсынамыз. Диагностикалық дегельминтизация. Жануардың нақтылы қандай іш қүрт ауруына тап болғанын гельминтокопрологиялық немесе басқа тәсілдермен диагноз қою қиынға соққанда қолданы- лады. Бүл үшін әуелі 10-20 шақты малды дәрілейді. Егер бүдан кейін дәріленген малдың жөтелі басылып, іш өтуі тиылып, нәжісі- мен қүртбөлшектері бөлінсе, ондай сәтте барлық мал емделуге жатқызады.
Гельминтоздардың алдын алу шараларыМал арасында құрттар тудыратын зардапты ауруларға жол бермей және орынсыз өлімге ұщырауын болдырмау үшін , алдын ала сақтандыру , дауалауларын орындап отыру , оның біліну , өршу әрекеттерінің барлық құбылысын зерттеу және түбегейлі жою шараларын жоспарайды. Жалпы сақтандыру шаралары. Шаруашылықта малдың күтімі мен азықтандырылуы дұрыс жолға қойылған жағдайда, оларға гельминттердің өте аз жұғатыны бұрыннан дәлелденген нәрсе. Оған керісінше малдың күтімі нашар әрі азығы құнарсыз болса, онда олар ішқұрт кеселіне тез шалдығып, өнімі төмендейді, өлім-жітімі көбейеді. Сондықан гельминтоздың алдын алуда малды күтудің және құнарлы азықпен қамтамасыз етудің маңызы зор.Ірі қараны жыл бойы қолда бағуға көшірген шаруашылықтар да, гелшютоздарды іс жүзінде жоюға мүмкіндік туады. Әдетте, ішқұрт ауруы негізінен жем-шөп арқылы жұғатынын ескеру керек. Сондықтан, мал қоралары мен ауланың қиын уақтылы таза- лап, оны құрғату және малды таза сумен қамтамасыз ету арқылы, көптеген гельминтоздарды болдырмауға мүмкіндік туады.Өріс аумағы неғұрлым тар, әрі ылғалды болса және жайылмм шалшық, лас суға жақын жатса, онда малдың гельминтозға жаппай ұшырайтыны белгілі.Мал кай жерде бағылмасын, оларды таза сумен суарып отырған жөн. Сонда ғана гельминтоз ауруын болдырмауға болады. Егер шаруашлықта автоматтандырылған суарғыш жоқ болса, суар ғыш астаудың таза болуын бақылау керек. Мал суарылатын құдыққа жаңбыр суы немесе еріген қар суы құйылмауы тиіс. Егер малды су құбырымен немесе құдық суымен суаруды ұйымдастыру- ға мүмківдік жоқ болса, онда табиғи суаттарды (көлшік, канал, ор, шұңқыр суларынан басқасын) пайдалануға болады. Бірақ мұндағы бір ескеретін жәй, мал суаруға ең ыңғайлы құрғақ, тазаИ жерді тавдап алған жөн
Гельминтоларвоскопия әдіс – тәсілдері Нәжістен, т.б. заттардан балаң құрттарды бөліп шығаруға арналған. Бұл әдісті күйіс малдарын тыныс алу жүйесіндегі нематодалар балаң құрттарын ажырату үшін пайдаланады. Ескеретін жәй тыныс гельминттерінің балаң құрты мал тезегімен сыртқы ортаға түседі.Олар тірісінде ылғи қозғалыста болады Гельминтоларвоскопиялық кейбіреуіне тоқталайық. Вайда әдісі.Ұсақ күйістінің 2-3 құмалағын төсеңіш шыныға орналастырып, әрқайсысына 1-2 тамшы жылымшы су тамызып, 10-20 мин өткен соң, құмалақтарды алып тастап, шыныда қалған сұйықтан қылқұрттың личинкасын іздейді. Ал простостонгилидтерің балаң құрттанын іздестіру үшін құмалақты қақ жарып, екі түйіршігіне су тамызған соң, оларды 30-40 минут ұстайды.Берман-Орлов әдісі.әрі қарапайым,әрі ыңғайлы, мұны тікелей мал арсында жүргізуге болады және кез келген малдәрігерлік қызметкер оңай пайдалана алады. Өкпе құрт личинкаларын табу үшін шыны немесе плпстмпсса воронка шүмегіне резеңке түтік кигізеді де, оған гельминтоларвоскопия пробирканы жалғастырады.Воронканы ұстап тұратын темір штативке орнықтырады да түбіне ойыс темір тор қойып, оған 10-15 г нәжіс салады да аспапқа жылы су құяды. Уақ түлік құмалағына 3-4 бұзаудың жапасын 10-12 сағатқа қалырады.Пробирканы аспаттың ұшынан шығарып алып, шөгінді бетіндегі сұйықықты төгіп тастайды да, тұңбаны шайқап, одан төсеніш шыныға 1-2 тамшы тамызып, микроскоппен қарайды.
Гельминтоовоскопия әдістері – тәсілдері Мал нәжісімен (қиынна, құмалағынан не тезегінен) паразит жұмыртқаларын іздеу. Нәжісті зерттейтін лабраториялық әдітер біршама, ең бастылары мыналар.Нәжіс жұғындысын қарау ең қарапайым әдіс. Таза төсеніш шынының бетіне глецерин мен су қоспасының 1-2 тамшы тамызады. Тамшыа шыны немесе ағаштан жіңішке таяқшамен жас нәжісінің шамалы бөлігі жақсылап араластырылады, содан кейін езініді сұйықтық үстін жұқа жапқыш шынымен бастырып, микроскоппен қарайды.Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс ертіндісін дайындап зерттеген жөн.Фбллеборн әдісі-қарапайып және өте қолайлы, кең тараған. Бұл әдіті дала жағдайында да қолдануға болады.Оны жүзеге асыру үшін қаныққан ас тұзы ерітіндісі кішекентай шыныаяқтар, таяқшалар, сондай-ақ, дәке, дөңгеленіп бір ұшы иіріген жіңішке сым ілмектер-тұзақшалар қажет.Ертінді әзірлеу үшін 1л суға 450г ас тұзын салып, қайнағанша ысытады. Содан кейін оны мақтадан немесе дәкеден өткізіп сүзеді.Бұл ертіндіні суытып қолданылады. Өлшеп алынған нәжісті стаканға салады да, оған аздап ертінді қосады,осыдан соң оны таяқшамен әбден езеді.Осылай дайындалған нәжіс қойыртпағына ертінді қосып сұйылтады да таяқшамен тағы да араластырады, торкөзді сүзгішпен сүзіп, таза шыны ыдысқа қотарады да 30-40мин бойы тұндырып,қояды. Осы мерзімде ішінде құрт жұмыртқалары сұйықтың бетіне қалқып шығады.Демидов әдісінде қалқыту -тұңдыру амалдары қарастырылады.Бұл әдіс, әсіресе сорғыштардың, кейде таспа және жұмыр құрттардың жұмыртқаларын ажыратуға септігін тигізеді.Дарлинг,Щербович және Вишняускас әдістері жатады.
Гельминтоскопия әдіс – тәсілдері Нәжіс арасынан ірі құрттарды, олардың бөлшектерін жай көзбенде байқаймыз. Ал көлемі шағын гельминттерді немесе олардың үзіктерін, таспа құрттардың бунақтарын әздеу үшән нәжісті түбі қара шұңғылдау ыдысқа салып үстіне су құйып езіп, жақсылап араластырып, біраз тұндырып,сұйықтықтың жоғары бөлігін төгіп тастайды. Осылай бірнеше дүркін жуып-шайғанан соң, ыдыс түбіне нәжіс тұңбасы әбден тазарып ішіндегі құрттар, олардың мүше бөліктері айқын көрінеді.Артынан оларды ұшы иілген имек инемен немесе қыл каламмен теріп алады. Шаруашылық жағдайында табылған гельминттерді қажет болса, үлкейткіш әйнекмен немесе стереоскопиялық микроскоптың көмегімен зерттейді.
Гельминттердің жіктелуі.Гельминтоздарды олардың қоздырушыларының атауына байланысты трематодоздар , цестодоздар, нематодоздар және акантоцефалездар деп жіктейді. Трематодалар гр.trematodes – сорғышты, емізік) жалпақ құрттар қатарына жатады, бұлар қоздыратын ауруларды трематодоздар деп атайды. Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, олар мал және адамның бауыры мен ұйқы безінде , қан тамырларында , құстың ащы ішегінде , аналық ұрық түтігінде т.б мүшелерінде меккендеп өмір сүреді. Бұлардың көп тараған уш мыңдай түрі бар. Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне қарай пішіні жапырақ сияқты, тіл төрізді болады, ұзындығы әр қилы: 0,1 мл- ден 10-15 см-ге дейін жетеді. Ауыз сорғышы денесінің алдыңғы ұшына орналасқан, ал көбісінің құрсақ сорғышы денесінің орта шеніне жайғасқан, бірақ кейбіреулерінің (парамфистоматолар) құрсақ емізігі құрттың ең артқы шетінен орын тепкен. Сорғыштары арқылы олар иесінің ұлпасына жабысып тұрады. Бекіну орган- дарьінан басқа трематодалардың асқорыту, зәршығару, жүйке (нерв) және жыныстық жүйелері бар. Қан айналу, тыныс алу ағза лары жоқ. Цестодтар (грек сөзі Сеstоs - таспа, + еіdоs бітімі) бітімі таспаға ұқсаған, жалпақ құрттар. Бұлар тудыратын ауруларды цестодоз- дар деп атайды. Таспалы, яғни жынысы жетілген имагиналдық түрі омыртқалылардың асқорыту жүйесін мекендейді, ал олардың лавроцисталары (көпіршіктері) немесе балаңқұрттары омыртқалы немесе омыртқасыздардың әр түрлі мүшелері мен ұлпаларына орналасады. Малдәрігерлік, медициналық маңызы зор таспа құрт- тар екі текке бөлінеді: Сусlорһіllidеа - шынжыр құрттар (цепень- дер) және Рsеudoһіlldеа - баулы құрттар. Цестодтар жалпақ құрт- тар типіне, Сеstoda класына жатады. Олар екі класс тармағына бөлінеді: Сеstodaria және Еucestoda. Сestodaria тармағы бунақ- тары жоқ, аздаған гельминттер. Олар жаңғыз Атрһіllіпidае тұқымдасынан тұрады. Бұлар мекре тұқымдас балықтардың және тас бақалардың паразиттері.Цестодалар таспа сатысында көптеген сүтқоректілердің ас қорыту мүшелерін мекендейді.
Гемонхоз, эпизотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары. Қой, ірі қара гемонхозы – бұл қой, ірі қара малдың ұлтабарында Haemonchus тұысына жататың нематодтардың тоғышарлық етуінен пайда болатын ауру.Эпизоотологиясы.Гемонхоз Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс аудандарында жиі кездеседі.Гельминтозбен әсіресе екі жасқа дейіңгі қой жиі ауырады.Малдың көп ауырып, өлім жітімге ұшырауы қыстың аяғында, көктемде, кейде күзде байқалады.Паразит малға өрісте жұғады.Жауын шашыны көп жылдары, ылғалды мол жерлерде дерттің жаппай жұғуына қолайлы жағдай туады.. Ауруды анықтау әдістері: Ауруға диагноз әдеттегі белгілер комплексі бойынша қойылады. Нақтылы сырт белгілеріне (бірден қанның азаюы, ісіктер) және эпизоотологиялық жағдайға (маусым, ауруды жұқтыру ошақтарының болуы) назар аударылады.Лабораториялық зерттеулер: Овоскопиялық әдістерді – Фюллеборн немесе Дарлинг әдістерін қолдануға болады. Бірақ та, гемонхтардың жұмыртқалары басқа стронгиляттардың жұмыртқаларына ұқсас. Ол сұрғылт, сопақ, майда, екі қабықшасы бар, іші көптеген майда домаланған шарларға толы. Жұмыртқаларын бір – бірінен ажырату мүмкін емес. Сондықтан, гельминтоовоскопия әдістері арқылы гемонхозға диагноз қойылмайды. Ауруды нақты аңықтау үшін, тоғышар балаң құрттарын өсіру, сосын гельминтоларвоскопиялық әдістермен зерттеу керек. Құрттың балаңқұрттарын өсіру үшін 10-15 граммдай мал нәжісін Петри табақшасына немесе кішкене стакандарға, кюветаға салып, үстін қақпақпен жауып, жылылығы 25 - 30 градус термостатқа қойып қояды. Үстіне су себеді, ылғалдайды және оларға таза ауа келуі үшін біраз уақытқа ашып қояды. Термостат болмаған жағдайда нәжіс салған ыдыстарды бөлмеде сақтайды. 3 - 5 күн өткен соң, ыдыстағы нәжісті Берман аппаратына салып, үстіне жылылығы 37 -40 градус мөлшерінде су құяды. Осыдан 4 - 6 сағат өткен соң, аппарат түбінде тұнба сұйықты пробиркаға құйып алып, бір минуттай центрифугада айналдырып, пробирканың түбіне жиналған тұнбаны төсеніш шыныға құяды да, микроскоппен зерттеп, майда ұрықтарды - балаңдарды іздеп, диагнозды анықтайды, ұйткене инвазиялық, ұшінші сатыдағы балаңдардың морфологиясы ерекше болады. Ветеринариялық-санитариялық алдын –ала сақтандыру шаралары: Шаруашылықта малдың күтімі мен азықтандырылуы дұрыс жолға қойылған жағдайда оларға гельминттердің өте аз жұғатыны бұрыннан дәлелденген нәрсе.Сондыұтан гельминтоздың алдын алуда малдың күтудің және құнарлы азықпен қамтамасыз етудің маңызы зор.Нельминтозбен көбінесе төл ауыратыны баршаға мәлім.Ал ересек малды алатын болсақ, олар құрттарды өз енесінде сақтағанымен әдетте ауырмайды.Олар гельминттердің жқмыртқасы мен балаңқұрттарын таратушы болып табылады.содықтан төлді енесінен неғұрлым ертерек бөліп, таза жайылымдарға жайып, бағу арқылы құрт дертінен сақтауға болады. Қозыларды, төлді сақа малдан бөлек учаскелерде бағу. Әр жайылым загон бөліктерің 6 - 7 күндей пайдаланып, оған екінші рет 2 - 2,5 ай өткен сон оралады. Барлық малдарды профилактикалық дегельминтизациялардан екі рет өткізеді. Біріншісі – көктемде, мал жайылымға шықпай түрғанда, екіншісі – күзде, мал қораға бағылған кезде. Химиялық сақтандыру: фенотиазин – тұз қоспасын 1:10 қатынасында, 5 - 6 ай бойы еркін жалатады.
Геогельминттер, даму ерекшеліктері Гельминттер орасан көп жұмыртқа немесе балаң құрттар (личинкалар) салу жолымен өсіп-өнеді. Олар табиғатта кеңінен тарал- ған организмдер. Іш қүрттардың жұмыртқалары мен балаң қүртта- ры өте ұсақ, жәй көзге көрінбейді. Олар сыртқы ортада (жер бетінде, суда) немесе аралық иесі болып қалыптасқан жәндіктер- дің, буьш аяқтылардың немесе сүт қоректілердің денесінде дамиды. Сыртқы ортада тіршілік ететін қүрттарды геогелъминт деп атайды. Бүлардың жүмыртқалары мен балаңқүрттары сыртқы ортаға иесінің нәжісі арқылы тарайды. Сыртқа түскен жүмыртқа- да балаң қүрт дамиды, ол жүмыртқа ішінде өсіп, өнеді, түлейді де инвазиялық, яғни залалдағыш, жұқпалы сатысына жетеді. Бірқатар гельминттердің балаң қүрттары жүмыртқа қабыршығын жарып шығып, белсенді түрде тіршілігін жалғастыра бастайды. Сыртқы ортада балаң қүрттар одан әрі дамып, 2-3 рет түлеп, жүқпалы дәрежесіне жетеді (инвазиялық балаң қүрт). Гельминттердің жүмыртқалары мен балаңқүрттары сыртқы ортада дүрыс өсіп-жетілуі үшін, белгілі мөлшерде жылылық, ылғалдылық керек. Олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30°С арасы болып табылады. Жылылық төмендесе болғаны, оның балаң қүртының өсіп, өнуі бәсеңдейді, температура 5-10°- тан кем болса, ол әдетте өзінің дамуын тежейді. Жылылық 40°С немесе одан жоғары болған кезде қүрттардың күллі жүмыртқала- рьі мен балаң қүрттары тіршілік етуін тоқтатады. Жүмыртқа мен балан қүрттың өмір сүруі үшін белгілі дәрежеде ылғалдық та керек. Егер ылғалдық жеткіліксіз болса, олар қүрғап, кеуіп кетеді. Көптеген гельминттер күннің салқындығына ұзақ мерзім шыдай- ды. Қүрт жүмыртқалары мен бапаң қүрттары ауа райының қайта- қайта суып немесе жылынып алмаса беруіне көп шыдамайды, өлімге үшырайды. Геогельминттер тіршілігінің жалғасуы, қоршаған ортаның та- биғат жағдайларына байланысты. Күн сәулесінің жиі түсуі, күннің қатты қызуы қүрт жүмыртқасын, балаң қүрттарын тез жояды. Гео- гельминттің балаң қүрттары сыртқы ортада қоректенбейді, ол тек өзінің бойьша жинаған қоректік заттардың есебінен күнелтеді. Сыртқы қоршаған ортаның қолайлы жағдайында олар өте белсенді. Өз иесіне (жануарлар, адам) кездеспеген балаң қүрттардың көбісі жойылады. Бірақ көптеген геогельминттердің жүмыртқалары мен балаң қүрттары жайылымда көп жыл сақталуы мүмкін. Мүндай жайылым қауіпті болып саналады.
Дегельминтизация Гельминтоздарға қарсы қолданылатын шаралардьщ ішіндегі ең мәндісі - дегельминтизация. Дегельминтизация дегеніміз - мал денесін химиялық дәрілер көмегімен іш құрттардан арылту. Малды дегельминтизациялау үшін қолданыла- тын дәрі-дәрмектерді анттельминтиктер дейді. Көздеген мақсатқа байланысты, дегельминтизация диагности- калық, емдік және профилактикалық болып үш түрге жіктеледі. Емдік пен сақтық дегельминтизациялардың ара жігі шамалы, себебі олардың мақсаты мал денесін белгілі бір ішқүргтан арылту, сондай-ақ мал денесіне оларды қайта жұқтырмау. Емдік дегельминти- зацияның бір түрін лажсыз немесе амалсыз деп атайды. Бұл дауаны гельминтоздың клиникалық белгілері айқьндалып, мал азып- тозып, олардың арасында өлім-жітім пайда бола бастаған кезде, күніне, айына, мезгіліне қарамай жүргізе береді. Емдік немесе профилактикалық дегельминтизацияны жүргізерде, антигельмин- тиктер алдымен бірнеше бас (10-20) малға беріліп, тексеріледі. Егер 2-3 тәулік арасында сынақ малдары арасында улану белгілері біяінбесе, онда барлығы жаппай дөріленеді.Дегельминтизацияны мал іш құрттарының даму сатыларына қарсы қолдануына байланысты преимагиналық, имагиналық және постимагиналық деп үшке бәледі.
Деляфондиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары. Індеттанулық деректер: Қазақстаннын барлық аймақтарында кең тараған және барлық жастағы малда кездесетін ауру. Инвазиянын экстенсивтігі (ИЭ) 100 %-ға дейін болады. Бірең – сараң мал арасынан өлім де байқалады. Жануарлар денесіне тоғышарлар көбінесе өрісте жайылғанда енеді. Ауру күзге қарай және қыстың басында өршиді.Деляфондия құртының инвазиялық балаңқұрты – ірілеу және жуандау болып келеді. Ішек торшаларының саны 32, олар 16-дан екі қатар боп тізілген және айқын білінеді;. Алдын – ала сақтандыру шаралары:1. Жоспарлы сақтандыру дегельминтизация жылына екі рет жасалады: көктемде және күзде. Бірақта, фенотиазин дәрісімен дегельминтизациялауды қыста және ерте көктемде, мал жайылымға шықпас бұрын жүргізбейді. Жылқыларды түгелдей дегельминтизацияламай түрып, алдымен фенотиазинді малдың 5 - 10 басына ғана беріп, алдын–ала сынап алады. Егер 5 - 7 күн ішінде осы емделген жылқылардан дәріден улану белгілері білінбесе, қалған жылқыларды түгелдей дегельминтизациялайды. Емдеуден 8 - 10 сағат бұрын малды ашықтырады. Егер мал буаз болса, екінші жартысына аяқ басса, онда биелерге дегельминтизация жасауына тиім салынады. Дәріленгеннен 2 - 3 күн өткенге дейін жылқыларға берілетін құрама азық мөлшерін тәулігіне 2 - 3 килограмға дейін азайтады. Лабораториялық зерттеулер:1. Гельминтоовоскопиялық әдістер – малдың нәжісің зерттегенде Фюллеборн немесе Дарлинг әдістерін қолдануға болады. Бірақ, осы аталған әдістер арқылы, тек қана жалпы стронгилятоздар бар деп диагноз қойылады, ұйткені барлық стронгиляталардың жұмыртқаларының құрылысы барлық түрлеріне тән, бір-біріне өте үқсас болады. Олар сопақша келеді, ақсұр немесе бозғлыт өңді болып келеді, көлемі 0,07 - 0,1 х 0,04 - 0,045 мм, қабықшасы екі қабаттан құрылған, ішінде 8 - 32 ұрық бластомері бар.Овоскопиялық әдістермен жылқылардың стронгиляттармен залалдану денгейін, яғни инвазияның интенсивтігін (ИИ) микроскоптың бір көз аумағындағы, яғни микроскоптың бір алаңыңда жұмыртқа санымен жобалауға болады. Мысалы, бір көз аумағында 10 жұмыртқа көрінсе –ауру жеңіл түрде өтеді, 10 – 30-ға дейін болса – арудың жітілеу түрі байқалады, ал саны 30-дан жоғары болса – ауру жіті түрде өтеді деуге болады.2. Стронгиляттардың балаңқұрттарың жасанды түрде өсіру және гельминтоларвоскопиялық тәсілдермен зерттеу әдісі. Бұл тәсілдер тиімдірек, олармен көмегімен іш құрттарды туысына, түріне дейін ажыратуға болады, ұйткене стронгиляттардың инвазиялық балаңқұрттардың қүрылысы құрттың түріне қарай әркелкі болады.
Дикроцелиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары.Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрты өте қауіпті. Дикроцелиозге шалдыққан мал арықтап, ет-сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де ұшырайды. Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдары мен өт қалтасында тіршілік етеді.Эпизоотологиясы. Дикроцелиоз машға тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде бидайық-жусаны мол жайылымда дикроцелийдін аралық иелері құрлық ұлулары, сондай-ақ, қосымша иелері құмырысқалар жиі кездеседі. Дикроцелий жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзімді. ¥лулар мен құмырысқа денесінде құрт ұрпақтары (церкарий және метцеркарий) 3 жылдай сақталады. «Жиынтық шарлар» қар астында да өлмей қыстап шыға алады. Кейде қой қорасы маңынан мыңдаған дикроцелиоз жұмыртқасымен зақымданған улуларды табуға болады.Дикроцелиоз кең тараған гельминтоз. Еліміздің көптеген өлкелерінде кездеседі. Қазақстанның барлық таулы, тау-бөктерлі, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-шығысында кең етек алған. Далалы, шөлді аймақтарында сиректеу ұшырасады.Дикроцелиозбен төрт түлікпен қатар шошқа, жабайы арқар, елік, марал, бөкен және кеміргіштер ауырады. Үй жануарларьша бұл гельминтоз жабайы аңдар мен кеміргіштерден таралуы мүмкін. Бұл дертке барлық жастағы түлік, көбінесе жасы ұлғайғандар (сақа қойлар) шалдығады және олардың бауырындағы сорғыштар саны жыл сайын үстемелеп көбейіп отырады. Көктемде жайылымға шыққан мал қиынан екі айдан кейін паразит жұмыртқасы табыла бастайды. Аурудың өршуі жаз және күз айларында айқын байқалады. Ылғалды жауынды жылдары дертке шалдыққан малдың саны көбейе береді. Диагнозы. Дикроцелиозға диагноз қою үшін эпизоотологиялық деректерді сараптайды, инвазияның маусымдылығы ескеріледі. Аурудың сырт белгілері арқьшы диагноз қою мүмкін емес. Сондықтан, тірі малға диагноз қою үшін, оның нәжісі әртүрлі гельминтовоскопиялық тәсілдерімен зерттеледі. Котельников пен Хренов, Демидов, түндыру (шөгеру) әдістерін т.б. пайдалануға болады. Бұл гельминтозды дәл анықтау үшін ең тиімдісі Брез әдісі. Малдың тік ішегінен 5-10 г нәжіс алып, оны бірнеше кіші стаканға бөліп, үстіне су қосып, шыны таяқшамен жақсылап араластырады, тұндырып, бетіндегі суын төгіп тастап, түнбаны натрий сульфатының қаныкқан ерітіндісімен әбден араластырады. Ерітіндінің меншікті салмағы 1,400-1,415-тең, сондықтан меншікті салмағы бұдан жеңіл паразит жүмыртқалары сұйық бетіне қалқып шығады. Дикроцелий жүмыртқалары өте уақ (көлемі 0,038-0,045 х 0,022-0,030 мм шамасында), кескіні сопақ, сыртқы қабықшасы қалың, қоңыр түсті келеді, ішінде қалыптасқан үрпағы мирацидий болады.Ветеринариялық – санитарлық шаралар:. Дикроцелиоз кездесетін шаруашьшықта малды міндетті түрде дегельминтизациялап отырады. Г.И. Диков, И.С. Дементьевтердің (1979) ұсыныстары бойынша оңтүстікте күйіс қайыратындарға дегельминтизацияның біріншісін желтоқсанда, екіншісін наурызда, үшіншісін шілдеде, ал орталық Шығыс Қазақстанда — біріншісін шілдеде, екіншісін ақпанда, үшіншісін тамызда жасаған дұрыс. Гексахлорпараксилол, гексихол дәрілерін, малды топтастырып, құрамды жеммен қатарынан үш күн береді. Малды құмырсқа илеуі маңайына, әсіресе таңсәріде, сондай-ақ кешке қарай жаймаған жөн.Аурудың алдын алудың тағы бір жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерінің тұрақты мекен қоныстарын түбегейлі өзгерту. Бұл үшін жайылымдағы тастарды теріп алып, өткен жылғы ескі шөппен қоса, тал-томар шоғырларын өртеп жібереді, жерді жыртып, мәдени өсімдіктерді егеді. Өрістегі бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге тауықтар жіберуге болады.
Дикроцелиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы. Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрты өте қауіпті. Дикроцелиозге шалдыққан мал арықтап, ет-сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де ұшырайды. Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдары мен өт қалтасында тіршілік етеді.Қоздырғышы. Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal 1896) узынша келген (тұрқы 0,5-1,5 см) жіңішке, өте ұсақ, қандауыр (ланцент) тәрізді құрттар. Бұл гельминттердің артқы жағы доғал- Дау, ал алдыңғы жағы сүйірлеу келеді. Денесінің алдыңғы бөлігінде көлемі біркелкі ауыз және құрсақ емізіктері (сорғыштары) орналасқан. Солардың қатарында, яғни құрсақ сорғышына жақын, қалақшаға ұқсас, екі еркек жыныс бездері жайғасқан. Дикроцелийдің қалған 2-3 бөлігіне жуығын, уақ қоңыр түсті жұмыртқаға толы жатыр алып жатады.Өсіп-өнуі. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелері көмегімен дамиды. Олардың аралық иелері-кұрлық ұлулары және қосымша иелері құмырсқалар болып табылады.Құрт жұмыртқалары ішінде, қалыптасқан ұрығы - мирацийдий бар. Олар мал нәжісімен бірге сыртқа шығады. Онан соң, құрт жұмыртқалары жайылымда ұлулар денесіне енеді. ¥лу ішегінде мирацийдийлер жұмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына өтеді. ¥лу бауырында олар аналық спороцистаға айналады. Ал, аналық спороциста бөлініп, көбейеді, нәтижесінде балаң спороцисталар қалыптасады. Одан әрі келесі сатысы - церкарийлер гіайда болады. Бір ұлудың өзінде бірнеше мың церкарий болуы ықтимал. ¥лу организмінде құрттардың мирацийдий сатысынан церкарийге дейін даму уақыты 3-6 ай. Жетілген церкарийлер ұлулардың тыныс қуысына ауысып, денесінен топ-тобымен бөлініп шығып, ылғалды тас, шөп-өсімдіктерге жабысады. Бұлардың топ болып шоғырланғандарын «кілегейлі шарлар» немесе «жиынтық» цисталар деп атай- ды. Мұндай «жиынтық шарлармен» құмырысқалар қоректенеді. Құмырсқа денесіне енген церкарийлер, олардың құрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауіпті инвазиялық - метацеркарий сатысына айналады. Мал өрісте зақымдалған құмырсқаларды шөппен бірге жұтып, дикроцелиоз ауруын жұқтырады. Ақтық иесінің «асқазан-ішегіне» жетісімен метацеркарийдің сыртқы қабығы қоры- тылып, церкарийлер өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, 2,5-3 ай аралығында жынысы жетілген ересек құртқа айналады. Мал бауырында олар 6 жылдан артық уақыт тіршілік етеді.
Диктиокаулез, қоздырғышының морфологиясы және биологиясы. Диктиокаулез ірі қара гельминтоздары ішіндегі ең қауіптісі, әрі шаруашылық экономикасына едәуір зиян келтіретін өкпе қылқұрт ауруы.Қоздырғышы: Өкпе қылкұрты - Dісtуосаиlus viviраrus (Вlосһ, 1782) деп аталады. Құрт ірі қара, кодас, зебу, зубр, бизон сиякты малдардың ауатамырлары мен кеңірдегін мекендейді. Құрттың денесі жіңішке, түсі ақшыл сары, оның екі шеті сүйірленіп біткен. Еркегінің ұзындығы - 1,7-4,3 см, спикулалары тең, кысқа қоңыр түсті; ұрғашысының тұрқы - 2,3-7,3 мм; тыныс тесігі денесінің орта шеніне орналасқан. Жұмыртқасы сопақша, оның ұзындығы- 0,085 мм, ені - 0,051 мм; одан өрбіген балаңкұртының тұркы - 0,016-0,019 мм. Денесі жұқа қабыршақпен қапталған. Балаң құртының бас шеті жұмыр, ал кұйрығы келте және үшкірлеу болып біткен. Денесін түгелдей ұсақ теңбілдер баскан, әрі ол паразитке сұрғылт рең береді. Балаңқұрттың бас жағында түйірлер (гранулалар) болмайды, құйрық жағына қарай олар бір-бірден орналасқан, сондықтан оның құйрық жағы ақшылдау болып көрінеді. Өсіп-өнуі: Ересек құртқа айналу үшін, балаңқұрттары бірнеше сатыдан өтеді. Өкпені жайлаған ұрғашы құрттар алдымен жұмыртқа салады. Мал жөтелген кезде, олар шырышпен бірғе ауызға келіп түседі. Оны мал қайтадан жұтады. Ішекте жұмыртқадан балаңқүрт босайды. Балаңқұрттар ірі қараның нәжісімен бірге сыртқа шығып, жайылым отын, шөп пен суды, мал қораларын және т.б. жерлерді ластайды. Сыртқа шыққан балаңқұрттар бастапқы кезде малға қауіптіемес. Малды ауруғашалдықтыру үшін, олар екі рет түлеуі тиіс. Ал, олар даму үшін ауаның жылылығы мен ылғалдылығы белгілі бір дәрежеде болуы шарт. Мәселен, 25°С жылылыкта олар 3 тәулікте түлейді. Күн салқындаған сайын түлеу мерзімі де (11 тәулік, кейде одан да ұзағырақ) ұзара түседі. Ауа райы қолайлы жағдайда, балаңкұрттың түлеуі үшін 5-7 күн керек. Ауаның температурасы 10°С -тан төмен не 30°С-тан жоғары болса, балаңқұрт жұқпалы сатысына өсіп-жетіле алмайды.Бұзаулар инвазиялык балаңкұрттарды азыкпен немесе сумен бірге жұтып, закымданады. Мал денесіне енген балаңқұрттар әуелі ащы ішектің ішкі қабығына, одан әрі сөл және кан тамырлары арқылы өкпеге ауысады. Мұндайда олар қан қылтамырларын тесіп шығады да, алдымен альвеолалар мен ауатамыршаларға, сонан соң ауатамырлар мен кеңірдекке ығысады. Малға жұққан кезінен бастап есептегенде, ұрпақ сатысынан, ересек құртқа айналуынаншамамен 25-26 күн керек. Өкпе құртының бұзау денесінде тіршілік етуі 2 айдан 1 жылға дейін созылады. Ал оның өмір сүру мерзімінің ұзақтығы, ең алдымен, бұзаудың азығы мен күтіміне, сондай-ақфизиологиялық күйіне байланысты.
Диктиокаулез, эпизоотологиясы, анықтау және вет.сан шаралары. Диктиокаулез ірі қара гельминтоздары ішіндегі ең қауіптісі, әрі шаруашылық экономикасына едәуір зиян келтіретін өкпе қылқұрт ауруы.Эпизоотологиясы: Ірі қараға ауру әдетте жайылымда жұға- тының атап көрсеткен жөн. Малға құртпен ластанған өріс, суат, жем-шөп қауіпті болып саналады. Балаңқұрттар жануар денесіне ену үшін нәжістен бөлініп шығуы тиіс. Бұған жауын-шашын, тұман, таңғы шық едәуір қолайлы жағдай туғызады. Себебі, олар ылғалды қи-тезектен шапшаңдықпен шыға бастайды. Әдетте, олардың қозғалысы баяу келеді ал, жауын-шашын күндері балаңқұрттардың көпшілігі жорғалап, өсімдікке жармасады. Олардың жайылымға тарауы да біркелкі емес, бұл жалпы алғанда - шөптің биіктігіне, тәулік мерзіміне, ауа райына және т.б. жағдайларға байланысты. Олар түнде және таңертең су жағасы мен орман- тоғай ішіндегі шөпте көбірек ұшырайды. Жаз айларында жайылымдағы балаңқұрттардың көпшілігі құрғақшылықтың, күн сәулесінің және ыстықтың әсерінен жұқпалы сатысына жетпей-ақ, жойылады. Бірақ, күн түспейтін көлеңкелі, ылғалды алаңдарда, олардың көпшілігі тіршілік қабілетін жоймайды. Қыста, балаңкұрттар қар атында қыстап шығып, көктемге дейін өзінің өміршеңдігін сақтап қалуыықтимал. Бірақ бұлардың саны өте аз, сондыктан эпизоотологиялық мәні жоқтың қатары. Өкпе қылқұрты, бір жасқа дейінгі бұзау-тайыншаларға, кейде тіпті ересек малға да қатерлі дерт. Әдетте, сақа мал аурудың жасырын түрімен ауырады. Кейбір деректерге қарағанда, ірі қара диктиокаулезі жылына екі рет өршиді. Оның біріншісі - көкек, май айларында қыста туған 8-12 айлық бұзаулар арасынан байқалады. Бірақ, дерттің өршуі, балаңқұрттардың қыста жұққандығынан емес, керісінше күзде жайылымда жұққандығын көрсетеді. Екінші рет кеселдің өрбуі шілде айында басталып, тамыз, қыркүйек айларына дейін созылады. Жаз-күз айларында өкпе қылқұрт ауруы негізінен тайыншалар мен бірен-саран жас бұзаулар арасында байқалады. Анықтау: Клиникалық көріністер біліне тұрса да, бұған сүйеніп диктиокаулезді анықтау қиынға соғады, өйткені мұндай белгілер басқа ауруларда да кездеседі. Малдың қандай дертке шалдыққаның дәл білу үшін, капрологиялық әдіспен өкпе қылқұрттарын табу керек. Ол үшін нәжісті ірі қараның көтен ішегінен алады. Әр малдан алынған нәжісті Берман аспабына салып, 16-18 сағат сақтайды. Аспапқа нәжісті әдетте кешке қарай салады да, келесі күні тұнбасын зертгейді. Егер мал диктиокаулезбен зақымданса, онда оның нәжісінен балаңқұрттар табылады. Микроскоп аясынан жыбырлаған тірі балаңқұрттарды көруге болады. Біраз күн жатып қалған нәжістен құрттардың түлей бастағандығын, бірнеше қабат қабық пайда болғандығын байқауға болады.Вет.сан шаралары: Ірі қараны өкпе құрт ауруынан сақтау үшін, жүргізілетін шаралар жүйесі жасалған. Оған мал денесін қылқұр- ттан арылту (дегельминтизация); малға фенотиозин не басқа дәрі- лерді аз мөлшерде ұзак беріп, гельминттерді дарытпау (химиоп- рофилактика); мал төлдерін жайылымда немесе лагерьде оқшау- лап бағу; төлді қорада және ашық аулада бөлек үстап күту; өрісті алмастырып отыру т.с. сияқты дауалар жатады.Дегельминтизация. Ауырған бүзауға қолданылатын шара- лардың ішіндегі ең мәндісі және тәжірибеде жете тексерілгені - сақтық дегельминтизация. Малды дәрілеу республиканың сол- түстігінде және солтүстік шығысында - жаздың аяғында және шінара қыста, ал оңтүстік-батыста - күздің аяғында жүргізіледі.
Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімі Трансмиссивтік аурулар деп қоздырушылары әртүрлі буынаяқты-лардың көмегімен (кенелер, қан сорғыш жәндіктер) берілетін ауруларды атайды. Облигатты-трансмиссивтік ауруларда – қоздырушылар тек қана арнайы тасымалдаушы буынаяқтылардың көмегімен таралады. Факультативті-трансмиссивтік аурулар – тасымалдаушылармен және азық, су, тікелей жанасқанда беріледі. Сондықтан, тасымал механикалық және арнайы болуы мүмкін. Табиғи ошақтылық трансмиссивтік аурулар болғандықтан, табиғатта адамның қатысуынсыз үздіксіз тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы ұзақ уақыт (ұрпақтан ұрпаққа) беріліп отырылады. Жануар (адам) табиғи ошақтылық ауруларға келесі жағдайларда шалдығады: А) жануар өлексесімен тікелей жанасқанда немесе кәсіпшілік ауру аңдардың (оба, туляремия, лейшманиоз, токсоплазмоз) терісін сыпырғанда, ластанған су, азық, тағам, жайылымда қалған сұйықтықтар (Ку-қызбасы) ішке түскенде.Б) жабайы аңдардан үй малдары жұқтырып адам олармен жанасқанда. В) қан сорғыш буынаяқтылар арқылы (орман энцефалит, пироплазмидоздар, спирохетоз, боррелиоз) таралады.
Етқоректілер токсакарозы мен токсаскаридозы, ауруды анықтау және ветерингариялық - санитариялық шаралары. Токсакароз және токсаскаридоз Anisakidae тұқымдасына жататын Toxocara canis және Ascaridae тұқымдасына жататын Toxascaris leonina құрттарды қоздыратын ит және терісі бағалы ет қоректілердің гельминтозы. Бұл жұмыр құрттар ет қоректілердің ащы ішегін мекендейді. Диагностикасы. Ет қоректілердің токсокарозы мен токсаскаридозын анықтағанда негізінен эпизоотологиялық деректерін сараптайды және сырт белгілер зерттейді. Фюллеборн әдісімен ит нәжісінен гельминттердің жұмыртқаларын іздестіреіді. Токсаскаридалар жұмыртқасының сыртқы қабаты кедір-бұдырсыз жылтыр келеді. Нақты диагнозды ит ішегінен аталған ішқұрттарды табу арқылы қоюға болады. Алдын алу және күресу шаралары. Токсокароз және токсаскаридоз ауруы кездесетін шаруашылықтарда, аң фермаларында сақтық дегельминтизациясын жылына 1-2 рет желтоқсан мен қаңтар айларында өтуі керек. Ал емдік дегельминтизацияны жыл мезгілінің кез келген уақытында жүргізеді. Күзет және қызметші итер жылына 2-3 дүркін тексеруден кейін, қажетті жағдайда дегельминтизациялайды. Ал күшіктерді тек 22-25 күндік кезеңінен бастап дәрілейді. Торларды, үйшіктерді,қораларды уақтылы тазалап, залалсыздандырады. Аң асыраушы фермалалар жанына қанғыған иттердің жақындамауын және аңдардың тышқан және т.б кеміргіштерді жемеуін қадағалап отыру қажет. Фермаларда кемірушілерге қарсы күрес жүргізілуі тиіс.Қалаларда иттерді серуендетуге арнайы тормен қоршалған алаңдар және волъерлер болуы керек.Етқоректілер нәжісіс биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.Дезинвазиялауға 3-5% дық ыстық сілті ерітіндісін, сөндірілмеген әк, 4-5%дық карбол қышқылдары қолданылады.
Жылқы анофлоцефалетоздары, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Бұл гельминтоздардың қоздырғыштары - Апоріосерһаlа таgпа, А. реrfolіаtа және Раrапорlосерһаlа татіllапа - таспа құртта- ры болып табылады. Құрттың бірнеше түрі ащы ішектің соңғы үлесінде, екінші түрі-бүйенде не қартада кездеседі, ал үшінші түрі - он екі елі ішекте орналасады. Аноплоцефалиделерді жылқы- дан басқа есек пен қашырдан табуға болады. Құрттардың аралық иесі сауытты орибатид кенелері. Өсіп, өнуі. Бұл құрттардың аралық иесі орибатид топырақ кенелері. Мал нөжісімен бөлініп шыққан құрт жұмыртқаларымен зақымданған буьшаяқтылар денесшде 5 ай мөлшерінде цистицерко- ңц (жануарға жұқпалы балаңқүрт) пайда болады. Жылқы жайылым- да олармен зақымданады. Жылқы ішегінде балаңқұрт бірнеше апта өтісімен ересек цестодаға айналып, 3-5 айға дейін тіршілік етеді. Анықтау. Аноплоцефалидозға шалдыққан малға диагноз қою үшін жоғарыда сипатталған клиникалық белгілерін еске алу ке- рек. Оны нақтылау үшін жылқының нәжісін зерттеп, арасынан ішқұрттың үзінділерін табу қажет. Сопақша келген құрт бунақтары тезек бетінде ағарып, жыбырлап жүреді, ал жұмыртқаларын Фюл- леборн, т.б. қалқыту әдістері көмегімен іздестіріледі. Өлген түлік- тің ішегінен цестодаларды тауып, оларды анық ажыратуға болады. Емі. Аноплоцефалидозға қарсы папоротник сығындысын жыл- қы жасына қарай 5 г-нан 20 г-ға дейін желатинмен қоршалған капсуламен немесе қамырға қосьш, болюс түрінде береді. Дәрі мөлшері 5-6 айлық құлынға 5-7 мл; 8-12 айлық жабағыға 8-10 мл; одан ересек тайға 10-12 мл; құнан мен дөнен, бестіге 15-20 мл. Дөрілер алдында жануар 12 сағат бойы аш ұсталады, дегельминти- зация өтісімен 2 сағатган кейін, оған іш айдайтын глаубер тұзының 30-50 мл-дей қаныққан ерітіндісін зонд арқылы зорлап ішкізеді. Арық құлындарға жөне қатгы ауырған малға жоғарыда көрсетілген дозаны үш бөліп берген жөн (Мухаметалин, 1973). Өте әсерлі дәрі фенасалды 300-500 г жемге қосып, құлындарға 200 мг/кг, тайларға 200 мг/кг, сақа жылқыға 300 мг/кг мөлшерде жегізеді. Емделген мал екі сағаттан соң өріске шығарылады.Сактандыру. Ішқұрт ауруын болдырмау үшін алдын ала қол- данылатын нұсқаулар жоқтың қасы. Сақтық шара ретінде жылқы- ны жоспарлы түрде дегельминтизациядан өткізіп отыру және оларды екпе шөпті өріске жіберуді ұсынады. Себебі мұндай жай- ылымда сауытты топырақ кенелері аз ұшырасады.
Жылқы габронематозы, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралары. Жылқы габронематозы - Spirurata тек тармағына, Spiruridae тұқымдасына жататын, Habronema microstoma құрттары тудыратын, жылқы ауруы. Жылқыдан басқа бұл нематоздарға есек, қашыр шалдығады. Анықтау.: Габронемотозға диагноз қою үшін И.П. Горшков әдісін пайдалануға болады. Бұл әдіс ларвоскопиялық Берман тәсіліне негізделген. 200-300 г. жылқы нәжісін дәкеге орап, воронкаға салады немесе нәжісті воронка ішіне орнатқан темір не пластмассадан жасалған арнайы тор үстіне орналастырады. Воронка шүмегін темір қысқышпен қысып, қанжылым су құйып, 6-24 сағат тұндырады. Белгіленген уақыт өткен соң, шүмекті ашып, тұнбаны шыны түтікке құйып алып, центрифугамен 2-3 минут айналдырады. Шөгіндіден микроскоп арқылы паразитті іздестіреді. «Тері габронемотозын» анықтау үшін ойылымдардан қырынды алып, зерттейді. Ветеринариялық – санитариялық шаралар. Сақтандыру дауалары үй және қара шыбындарды жоюға және ауру жылқыларды сауықтыруға бағытталған. Қорадағы, ауладағы жылқы тезегін күн сайын жинап, биотермиялық әдіспен өңдеген жөн. Ал жаз айларында қораны, ауланы дезинвазиялау керек. Шаруашылықта габронемотоз ауруы орын алған болса. Онда жылқыны сақтық дегельминтзациядан екі рет көктем және күзде өткізген жөн.
Жылқы драшейозы , анықтау және вет.сан шаралары. Жылқы драшейозы - Spirurata тек тармағына, Spiruridae тұқымдасына жататын, Draschea megastoma құрты тудыратын, жылқы аурулары. Жылқыдан басқа бұл нематоздарға есек, қашыр шалдығады.Ересек гельминттер жануардың асқазанында тіршілік етіп, оны жаралайды, ал олардың балаңқұрттары малдың өкпесі мен терісін зақымдауы мүмкін. Анықтау. Драшейоз диагноз қою үшін И.П. Горшков әдісін пайдалануға болады. Бұл әдіс ларвоскопиялық Берман тәсіліне негізделген. 200-300 г. жылқы нәжісін дәкеге орап, воронкаға салады немесе нәжісті воронка ішіне орнатқан темір не пластмассадан жасалған арнайы тор үстіне орналастырады. Воронка шүмегін темір қысқышпен қысып, қанжылым су құйып, 6-24 сағат тұндырады. Белгіленген уақыт өткен соң, шүмекті ашып, тұнбаны шыны түтікке құйып алып, центрифугамен 2-3 минут айналдырады. Шөгіндіден микроскоп арқылы паразитті іздестіреді. «Тері габронемотозын» анықтау үшін ойылымдардан қырынды алып, зерттейді. Ветеринариялық – санитариялық шаралар: Сақтандыру дауалары үй және қара шыбындарды жоюға және ауру жылқыларды сауықтыруға бағытталған. Қорадағы, ауладағы жылқы тезегін күн сайын жинап, биотермиялық әдіспен өңдеген жөн. Ал жаз айларында қораны, ауланы дезинвазиялау керек. Шаруашылықта драшейоз және габронемотоз орын алған болса. Онда жылқыны сақтық дегельминтзациядан екі рет көктем және күзде өткізген жөн.
Жылқы оксурозы, анықтау және вет.сан шаралары. Жылқы оксиурозы - жылқының тоқ ішегінде тіршілік етіп, ас қорыту жүйесін зақымдайтын, құйрық қышымасын тудыратын Oxyuridae тұқымдасына жататын, жұмыр құрт қоздыратын ішқұрт ауруын оксиуроз деп атайды. Оксиурозбен жылқыдан басқа есек, қашыр, зебр және басқа жылқы тектестер ауырады. Анықтау: гельминтозға диагноз қою үшін, алдымен эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтап, малдың артқы тесігі маңынан және құйрық түбінен қырынды алады, оны микроскоппен зерттеп, оксиурис ішқұртының бисимметриялы жұмыртқаларын табады. Гельминтозға диагноз қойғанда, бөгенді хориоптозбен (тері жегіш қотыр) шатастырмау керек . олардың сыртқы клиникалық белгілері ұқсас болғанымен, тері қырындысынан хориоптес кенелерін немесе құрт жұмыртқаларын тауып, ауруды ажыратады. Ветеринариялық – санитариялық шаралар: Жылқы оксиурозы ауруы кездесетін шаруашылықтарда жылқыны әр бір 1-1,5 айда пиперазинмен дегельминтизациялайды. Аурудың клиникалық белгілері айқын білінген жылқыларды бөлек оқшаулап, оларға ем шараларын қолдану керек. Сондай-ақ, құрттың инвазиялы жұмыртқалар қоршаған ортаға таралып кетпес үшін, артқы тесік маңын, құйрық түбін зарарсыздандырғыш ерітінділерге шыланған мақтамен (тампон) күніне 1 рет сүртіп отыру керек, сонда нәтиже пайда болады.әрбір 6 апта сайын дерт шыққан қорадағы жылқыны түгелдей гельмитоовоскопия әдісімен (артқы тесік маңынан қырынды алу) зерттеп отыру керек. Қор ішін, күрек айыр, сыпырғыш, аттарақ және т.б. жақсылап тазартып, ыстық сумен зарарсыздандырады.
Жылқы параскаридозы, эпизоотологиясы, ауруды анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары Параскаридоз – Рarascaris equorum деп, аталынатын жұмыр құрт қоздыратын тақ тұяқты малдардың созылмалы гельминтозы. Ол малдың, әсіресе құлынның өсуін тежейді, ересек малдың жұ- мыс қабілетін кемітеді, ішекті жарақаттап, жыртып, өлімге ұшы- ратуы да мүмкін. Параскаридозбен жылқы, есек олардың будан- дары ауырады. Гельминт тақ тұяқтылардың ащы ішегіне орналаса- ды. Бұл нематоз барлық жерге таралған. Малдардың аурумен за- лалдану дәрежесі олардың жасына кері пропорциональды: мал жас болған сайын инвазияның экстенсивтілігі және интенсивтілігі жоғары болады.Қоздырғышы — Рarascaris equorum (Goeze, 1782), өте ірі жұмыр құрт. Еркегінің ұзындығы 15-30 см, ұрғашылары - 20-40 см. Ашлығының құйрығы ішіне қарай қайырылып жатады, ал жыныс тесігі бас жағына жақын жерден ашьшады. Жетілмеген жұмыртқ- аларының көлемі үлкен (0,08-0,1 мм х 0,07-0,09 мм) сақинадай дөңгелек. Өңі қою қоңыр не қара болады. (қараңыз: 60-сурет).Өсіп, өнуі. Құрт жұмыртқалары мал нәжісімен сыртқы ортаға тарап, 10-30 кун аралығында балаңқұрттары аніп, жұқпалы сатысына жетеді. Жылқыға инвазиялық мыртқалар азықпен немесе су арқылы жұғады. Жыланқұрттың жылқы дене- сінде әрі қарай өсіп, өнуі шошқа аскари- дасының дамуымен бірдей. Құрттың ор- та есеппен толық жетілуіне 1,5-2 ай уа- қыт керек. Олар ішекте 1 жылға жуық, кейде одан да көп мерзім тіршілік етеді.Эпизоотологиясы. Параскаридозбен көбінесе құлын, жабағы, тай, құнан, дө- нен ауырады. Кейде 1 жасқа толмаған жабағылар жаппай дертке шалдығада. Әсіресе қоңы төмен, арьщ, күтімі жеткі- ліксіз құлындардың ішінде параскаридоз жиі ұшырасады. Жазғытұрым туған құлындарда, кесел тамыз-қыркүйек айла- рында байқалса, қыста туғандарында ма- мыр-маусымда пайда болады. Сақа мал гельминтозға төзімді келеді, бірақ олар ішегінде жыланқұртты ұзақ сақтап, қор- шаған ортаны үнемі ластап отырады. Жы- ланқұрт ипподром жылқыларында да кездеседі, ондағы жылқылардың 30-50%- на дейіні осы жұмыр құртпен зақымда нуы мүмкін. Жылқы гельминт жұмыргқа- ларын топырақ араласқан шөп, оттықта- ғы қалдық жеммен бірге жеп, жұқтырада.Анықтау: Малдың тірі кезінде ауруға диагноз эизотоологиялық мәліметтерді , клиникалық белглердің сараптап , гельминтоовоскопиялық Фюллеборнның флотациялық әдісі немесе Дарлигтің құрама әдісі бойынш фекалий сынамалырн зертханалық зерттеу арұылы қойылады. Кейде параскаридтер малдың нәжісімен өзігінен немесе диагностикалық дегельминтизация кезінде бөлінеді . Мал өлгеннен кейін өлексені сойып тексеріп , ересек аскаридтерді табу арыұылы диагноз қояды. Алдын алу және күресу шаралары. Профилактикалмқ дегельмшшаациялау мерзімі жөне кезеңділігі жылқылардың жасьша байланысты. Ерте көктемде туылған құлындарды маусым және шілде айларында, ал кокгемнің соңында туғандарды - тамыз айын- да де|РЬшінтизациялайды. Қазан жөне қараша айларында дегель- минтизацияны қайталайды. 1-2 жастағы малдарды жайылымға шығару алдында наурыз жоне сөуірде дегельминтизациялайды, қайталап ^ тамызда және қыркүйекте; өте интенсивті инвазия туындаса қараша-желтоқсанда үшінші дегельмингизацияны жүргі- зеді. Ересек жьшқыларды көктемде және күзде дегельминтизация- лайды.Табындағы жылқьшарды бір мезгщце параскаридозға және стронгилятозға қарсы дегельминтизациялаған тиімді.
Имагинальды эхинококкоз, қоздырушысы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған гельминтоз.Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнімі күрт төмендейді, өлім жітімге ұшырайды. Қоздырғышы. Ересек жетілген түрі—Есһіпососсиз gгапиІоsus ( Ваtsсһ, 1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см), бар- жоғы 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейінгі бунақ қосжы- нысты, соңғы төртіншісі пісіп, жетілгені, ал оның қапшық секілді жатыры жұмыртқаға толы. Аралық иесі ағзаларына жайғасқан бершімектердің көлемі бұршақ, жұмыртқа, кейде нәресте басын- дай, ішінде мөлдір сұйығы бар. Оның ішін орасан көп таспа қүрт- тың протосколекстері мекендейді. Ал протосколекстері жоқ көпір- шіктерді ацефалоцисталар деп атайды. Бұлар ірі қара мен жылқыда жиі кездеседі. Әр ағзадағы беріштердің саны бірнеше данадан ондаған, жүздеген данаға дейін жетуі мүмкін, кейде бір-бірімен қосылып, ағзаны жаппай жайлайды. Анықтау. Малдың тірісінде эхинококкозға клиникалық белгі- лері арқылы диагноз қою өте қиын. Рентгеноскопия мен рентге- нография немесе УЗИ әдістерін мал шаруашылығында қолдану- дың өзінше қиындығы бар. Сондықтан, кебінгі жылдары иммуно- биологиялық, анықтап айтқанда, аллергиялық және серология- лық әдістерді пайдаланады.Кезінде Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты құрт- тың протосколекстерінен жасалған ақсұр түсті, иіссіз құрғақ ал- лерген ұнтағын (эхиноаллерген) өндіріске ұсынған. Бұл ұнтақ алды- мен хлорлы натрийдың физиологиялық ерітіндісімен 1:1000 қаты- насындай етіп ерітіледі. Эхиноаллергенді қойға 0,2 мл, ірі қараға 0,5 мл малдың құйрық астындағы тері қыртысына егеді. Эхино- аллерген егілген жерде кішігірім тығыз төмпешік пайда болады. Кейде аллерген көздің үстіңгі қабағы терісінің қабатьша жіберіледі. Аллергиялық реакция нәтижесі 2 (ірі қара үшін), 3 (қой үшін) сағат өткен соң шығарылады, ісінген терінің қалындығы өлшенеді. Бұдан басқа ірі қара және ұсақ малдың эхинококкозын тірі кезінде балау үшін интрадермальды Казони реакциясы қолданылады.Аллерген ретінде эхинококк ларвоцисталарынан шыққан сұй- ықтық, сколекс пен көпіршіктің қабығынан дайындалған поли- сахаридті фракция пайдаланылады, бірақ бұл аллерген басқа да ларвальды тениидоздарда оң реакция береді.Өлген малдың өлекселерін жарып-қарап, оның ағзаларынан эхи- нококк беріштерін іздестіреді. Бірақ, бірен-саран беріш табылған жағдайда, оларды мал өлімінің себебі деп санауға болмайды. Мал эхинококкоздан тек, онымен қатты зақымданғанда ғана өлімге ұшырайды.Емі. Малдың эхинококкозын дәрі-дәрмекпен немесе оташыл- дық жолмен емдеудің әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда әлі табылған жоқ. Қой және сиыр өсіретін шаруа- шылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірың- ғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына «төл құжат» беру, қарғыбау- мен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізеді. Иесіз, қаңғыбас бұралқы иттердің барлығын құрту шарт. Иттерді құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткізілуі тиіс.Дегельминтизацияны топтастырып жүргізу (15-20 итп) арқылы жақсы нөтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндайда тек жұмыс істелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделеді. Аталған шара- ны жүзеге асыру үшіі^иттерді жері тегіс, тақыр, елді мекеннен, жолдан, суаттан алыстау, шеткерілеу орналасқан алаңға жинау керек. Итгерді дәрілер алдында шынжырмен темір немесе ағаш Қазыққа мықтап байлаған жөн. Дөрі берерде тұмсығын арнаулы қысқышпен қысып, басын ұстап отырады. Иттердің ішек цестода- ларына қарсы, тиімділігі өрқилы көптеген антгельминтиктер пай- даланылады.
Инвазиялық аурулар және олардың жіктелуіБүгінгі таңда инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны  белгілі. Ең алғашқыда (1928)  К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды. Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы:   Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы   Coenurus cerebralіs. К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus  деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады. Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa  туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал  Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы: су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз (тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез, өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз, құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-трипаносомоз және т.б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады. Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді. Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен,несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға: ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ  құрамына және оның құрылысына байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы  жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық  тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш (резервуарлы) иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Инвазиялық ауруларды дауалау (алдын алу) негіздеріЖоспарлы кешенді іс-шаралар –ветеринария қызметінің сәтті ұйымдастырылуының басты кепілі. Іс- шараларды жоспарлау паразиттің биологиясы мен инвазиялық аурудың эпизоотологиясына байланысты іске асырылады. Ол мемлекеттік және ведомствалық ветеринария қызметінің барлық буыны үшін міндетті. Кешенді жоспарларға жануарларды толыққанды азықтандыру, жайып және байлап ұстауды жетілдіру, тұрғызып – бағу, төлдерді оқшаулау жұмысын қолға алу, шаруашылық объектілерін, территориясын, жайылым, қасапхана пунктерін санитарлық нормаға сәйкестендіру, сонымен қатар, химиопрофилактика, деинвазия, дегельминтизация, дезинфекция, дератизация, көңді биотермиялық өңдеу кіріктірілуі тиіс. К.И Скрябин «Профилактиканың 2 негізігі түрі бар: қорғаныс және шабуыл. Бұл жерде қорғаныс дегені – адам мен жануарлардың паразитоздарға шалдығуын алдын-алу мақсатында іске асырылатын жүйе, ал шабуыл дегені – паразитоз қоздырғыштарын даму циклінің барлық сатысында химиялық , физикалық, биологиялық әдістермен толыққанды жою болып табылады». Айта кетер бір жайт инвазиялық ауруларға қарсы күрес инфекциялық ауруларға қарсы күрестен әлдеқайда өзгеше. Мысалы, Вакцинация инфекциялық аурудың алдын-алып, қоздырғышқа қарсы спецификалық иммунитет қалыптастырады. Ал антигельминтиктер иммунитет түзбейді, сондықтан инвазиялық аурудың қоздырғышы қоршаған ортада сақталуы өте қауіпті болып табылады. Мал шаруашылығында биологиялық және химиопрофилактикалық әдістер кеңінен қолданады. Биологиялық профилактика: маманның жүргізген іс-шарасы инвазия қоздырғышына, оның жұмыртқасына, балаң құртына, ересек құртқа, аралық иесіне, тасымалдаушыларына қарсы бағытталып, оларды толығымен жойып, қоздырғыш пен қабылдаушы сезімтал жануар арасындағы байланысты үзуге бағытталған (қоздырғыш жоқ, ауру жоқ). Бұл шараларға: жерді жырту, жақсарту жұмыстары, жайылымды ауыстыру, ұзақ мерзімді мәдени жайылымдар құру, көңді биотермиялық өңдеу процесстері жатады. Жайылымды ауыстыру көптеген инвазиялық аурудың алдын – алуда тиімді әдіс болып табылады. Химиопрофилактиканы паразитологияда қолдану әртүрлі. Арахноэнтомоздарда инсектоакарацидтер тиімді әсер етеді. Құрт ауруларына антигельментик препараттары өз әсерін көрсетеді. Қазіргі уақытта Ресей өндірушілерінің өнімдері тиімді әрі сапалы әсер етеді: Ивермек (ірі қара, жылқы, қой үшін 1 мл 50 кг салмаққа, шошқаға 1мл 33 кг салмаққа), Альвет (5мл 100 кг салмаққа), Альбен (1 таблетка 50 кг салмаққа). Бұл препараттарды мойын тері астына егу керек. Дегельминтизация жылына 2-4 реттен кем емес жүргізіліп тұруы міндет. Дегельминтизацияға барлық мал түрі ит, мысық, құстар қамтылуы керек. Маманданған немесе арнайы бір бағытта ұйымдастырылған шаруашылықтар үшін мына шаралар іске асуы керек: Тұрғызып жаю жүйесін қолану Өзге өңірден әкелінген мал мұқият тексерілуі керек Қора жайды таза ұстау, жем – шөп, су таза болу керек Жиі-жиі дезинфекция мен дезинвазия жургізу Қиды биотермиялық өңдеу керек Мідени жайылымдар ұйымдастыру Эпизоотологиялық мониторинг жасау Неғұрлым сақтық шараларын, санитариялық жағдайды сақтаса, соғұрлым инвазиялық ауру таралуы төмен, тіпті жоқ болуы ықтимал.
Инвазиялық ауруларды дауалаудың (алдын алудың) биологиялық тәсілдері Биологиялық профилактика: маманның жүргізген іс-шарасы инвазия қоздырғышына, оның жұмыртқасына, балаң құртына, ересек құртқа, аралық иесіне, тасымалдаушыларына қарсы бағытталып, оларды толығымен жойып, қоздырғыш пен қабылдаушы сезімтал жануар арасындағы байланысты үзуге бағытталған (қоздырғыш жоқ, ауру жоқ). Бұл шараларға: жерді жырту, жақсарту жұмыстары, жайылымды ауыстыру, ұзақ мерзімді мәдени жайылымдар құру, көңді биотермиялық өңдеу процесстері жатады. Жайылымды ауыстыру көптеген инвазиялық аурудың алдын – алуда тиімді әдіс болып табылады.
Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы мен эпизоотологиясы Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы эпизооттық процес- тің заңдылықтарына негізделген. Зоопаразиттердің күрделілігіне, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, инфекциялық аурула- рға қарағанда, паразит ауруларының шығуының, өршуінің және тоқтауының өзіндік айырмашылығы бар. Инвазиялық аурулардағы эпизооттық процесс, бұл қоздыр- ғыштың ауру малдан немесе паразит тасымалдаушыдан сау мал- ға, қалыптасқан жолмен өтетін, тоқталмас тізбек. Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқан- да жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киең- кі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, бит- теу және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде немесе тасымал- даушыларда өткізеді. Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: нәжіспен, несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүт- пен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б. Қоршаған ортаға тараған қоздырғыштар, атап айтқанда топы- рақтағы, шөптегі, судағы геогельминт жұмыртқалары, балаңқүрт- тары мен кокцидиялардың ооцисталары инвазиялық сатыға дейін дамуы және тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға, яғни, ауа райының ыстық-суықтығына, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына байланысты. Мұндай жағдайда инвазия көзі болып ауру мал мен паразит тасыйтындар саналады, ал, инвазия топырақ пен су арқылы сау малдарға жұғады. Инвазия- ның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай- ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың дене- сінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, қүстардың гетеракис қүртының, шошқа аскаридасының жүмырт қалары жауын қүрттарының денесінде қорланып жинала береді. Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жүғады (ауыз және тері арқылы). Паразит ауруларына қарсы шаралар жүргізгенде, қоздырғыштың табиғатта өсіп-өну ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның тасымал- даушылары мен аралық иелерін, аймақтық эпизоотологиясын ескеру қажет. Паразит ауруларының шығуы және таралуы классикалық үштікке, яғни, ауру малдың, ауру қабылдаушы жануардың және қоздырғыш тасымалдаушылардың немесе қоршаған ортаның мінездемесіне байланысты. Инвазиялық аурулар энзоотия және эпизоотия түрінде өтуі мүмкін. Ал кейбір инвазиялық аурулар бірнеше елге жайылып панзоотия түріне айналады. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жылқының қотыры соғысып жатқан елдердің аттарына түгел тараған. Эпизоотологиялық құбылыстың заңдылығын, оның барлық қоз- ғағыш күштерінің қарым-қатынасын білу, ауыл шаруашылық жа- нуарларының инвазияға шалдығу мерзімін болжап, оларға қарсы дауаларды дер кезінде жоспарлап және оларды жүзеге асыруға көмектеседі.
Инвазиялық аурулардың номенклатурасыБүгінгі таңда инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда (1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды. Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs. К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады. Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы: су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз (тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез, өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз, құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-трипаносомоз және т.б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады. Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді. Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен,несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға: ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш (резервуарлы) иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны Инвазиялық аурулар үй хайуаннатары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен,олар халық шаруашылығында қыруар зиян келтіреді.Яғни олар төменде көрсетілген. - малдың жаппай қырылуынан; - өнім түрлерінің (ет, сүт, жүн, жұмыртқа) төмендеуі және сапасыздануы; - өнімді өндіруге жұмсалатын азықтың артуы; - жануарлардың өсу қабілетінің тежелуі, басқа ауруларға бейім болуы.
Иттер мен ет қоректілердің имагинальды тенидоздары, анықтау Тенидоздар деп аталынатын аурулар тобын - Таепііdае - тұқым- дасына жататын таспа құрттардың ересек немесе балаңқұрт саты- сы тудырады. Сондықтан оларды ларвалды және имагиналды те- ниидоздар деп атайды. Сонымен қатар, тениидоздар арасында ада- мға да қауіпті, жұқпалы антропозооноздары бар. Құрттардың даму айналымына байланысты бұларды екі үлкен экологиялық топқа бөледі: ақтық иелері ит және басқа етқоректілер болып саналатын тенидоздар және ақгық иесі тек адам болатын тенидоздар. Киноцестодоздар атауы гректің кион, яғни ит деген сөзінен шыққан. Жынысы жетілген, шынжырлы таспа құрттар ит және басқа жыртқыштар ішегінде өмір сүреді, олардың сколекстері қарулы, ұзындығы бірнеше милиметрден (эхинококк, альвеококк) бірнеше метрге дейін жетеді (мультицепс, тениалар). Паразиттің көпіршіктері ларвоцисталары адам мен ауыл шаруашылық жану- арларының денесін зақымдайды. Қоздырғышы. Құрттың имагосын, яғни жынысы жетілген са- тысын Таепіа һуdаtigепа (Раііаз, 1766) деп атайды. Оның тұрқы 1 м-ге жуық, бунақ денесі жүздеген буылтықтардан құралған. (48- сурет). Көпіршіктің ғылыми атауы - Суstісеrсиs tепиісоllus, ал қазақшасы 4 жылауық. Цистицерк — жылауықтың көлемі әртүрлі -бұршақ дәніндей, көгершін, тауық^кұмыртқасындай, саны бір- ден жүзге дейін жетеді, сыртқы бітімідомалақ, сопақтау, кейбіреуі алмүрт сияқты болып көрінеді. Көпіршіктің сыртқы қабығы жұқа келеді, іші мөлдір сұйыққа толған, қабыршақтың ішкі жақ бетінде ақ домалақ, үлкендігі күріш дәніндей жалғыз сколекс орналасқан. Эпизоотологиясы. Тенуикольды цистицеркоз Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Қьш мойынды финноздың негізгі таратушысы мал арасында жүретін ауыл итгері. Көбінесе қора маңында жайылып жүрген малдарға бұл гельминтоз тез жұғатыны байқалған.Аурудың өрбуі. Гельминтоздың жіті түрі төлдер арасында кездеседі. Мал денесіне енген қүрт онкосферасы қан айналу жүйе- сіне өтіп, мүшелерді зарарлайды, бауырға еніп, оның торшала- рын зақымдайды, кейде өлімге де ұшыратуы мүмкін. Қүрсақ жы- лауығы көбінесе жасырын, созылмалы түрде өтеді, түяқтылар- дың қан құрамы өзгереді.Сырт белгілері. Аурудың жіті түрінде, төл тынышсызданады, жем-шөпке қарамайды, ауызы сілекейленеді, іші өтеді, кейде дене қызуы көтеріледі. Бірақ, көптеген ішқұрт аурулары секілді, жы- іауықтың да клиникалық белгілері байқалмайды. Өлекседегі өзгерістер. Аурудьщ жіті түрі: бауыр көлемі ұлғай- ған (жіті гепатит), сыртқы бетіне қоңыр - қызыл немесе сұрғылт- қызыл түсті боп қан құйылған, оның көлемі тары мен бұршақ доніндей. Созылмалы түріне ауысқан кезінде, малдың құрсақ қуысындағы сірі қабық үстіне, шарбы, шажырқай және бауырға да жабысқан жылауықтарды табуға болады.Диагностикасы. Малдың тірі кезінде қыл мойынды финнозды анықтау үшін иммунобиологиялық зерттеулер өткізу ұсыныла- ды, бірақ бұл әдістер шаруашылықтарда қолданылмайды. Өлген малдың бауырын тіліп, арасынан ұзындығы 3-6 мм-дей паразит- терді табу арқылы диагноз қоюға болады. Оны үлкейткіш әйнек — лупамен қарап табады.Құрсақ қуысындағы ішкі ағзалардан жы- лауық іздестіріледі.Емі. Тенуикольді цистицеркозды емдеу әдістері әлі зерттелі- нбеген.Сактандыру (қараңыз: ит пен басқа жыртқьшггар тениидоз- дарына және тұяқтылардың ларвальды цестодоздарына қарсы қолданылатын сауықтыру шаралары).
Иттер мен ет қоректілердің имагинальды тенидоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар. Иттерді тениидоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдымен шаруашылықтағы қой мен ірі қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға, бершімекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бөліп алу қажет. Малдың зақымданғанын анықтау үшін аллергиялық реакциялар қолданады. Ценурозды болдырмау үшін, мал отарын тексеруден өткізіп, миқұртының клиникалық белгілері байқалған малдар сойылады. Сойылған не өлген малдың басын итке жегізбеу қажет. Етке арнап сойылатын мал тек қана қасапханада малдәрігерінің бақылауымен арнаулы жабдықталған жерде бауыздалып, мұқият тексеруден өтеді. Эхинококк беріштерімен зақымданған өкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқұрты бар бас, көпіршіктерге толы басқа мүшелер итке мүлдем берілмейді, оларды өртеп жібереді. Өлекселерді, залалданған ағзаларды шашау шығармай бір жерге жинап, арнайы пеште өртеп жібереді немесе Беккари құдығына тастайды. Кейде өлген малды ет-сүйек үгіндісін жасайтын заводтарға апарып тапсырады. Аңшылар, құсбегілер, асыранды аңдарды күтушілер, тері өңдеушілер сақтық шараларын бұлжытпай орындап отыруы керек.
Қаз бен үйрек дрепанидотениозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары.Қаздың аса кең таралған гельминтоздарының бірі - дрепанидотениоз. Бұл ауру балапандардың жаппай қырылуының салдарынан, құс өсіруші шаруашылыққа орасан зиянын келтіреді. Гельминтозға үйрек те шалдығады. Цестодозды таратуда жабайы су құстары мен сазды-батпақты жерлерді мекендейтін құстарды да есте сақтаған жөн. Дерттің қоздырғышы ақтық иесінің ащы ішегінде күнелтеді. Аралық иесі-тұщы суда тіршілік ететін ескек аяқты ұсақ шаяндар (циклоптар).Эпизоотологиясы. Дрепанидотениозбен көбінесе жарты айлық жастан бастап, 4 айға дейінгі қаз балапаны ауырады, ал үйрек балапандары бұл дертке төзімдірек келеді, ересек құстар гельминтозға сирек шалдығады. Ішқұрт жыл бойы барлық құстардан табылғанымен аурудың көзге шалынып, өршіп-өрбитін мезгілі көктем мен жаз айлары. Су құстары жазғытұрым қар мен мұз астында қыстап шыққан цистицеркоидпен зақымданған циклоптарды жұтып кеселді жұқтырады. Күн жылына бастасымен қаз бен үйректің инвазиямен зақымдануы қарқындай береді. Дрепанидотениоз Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында жаз ортасында, ал солтүстігінде - жаз аяғында байқалады. Ішқұрт ауруының шаруашылықта сақталып, таралуына құстың түрі мен жасы, су қоймаларының ерекшелігі әсер етеді.Ауруды анықтау үшін клиникалық белгілеріне қарайды. Гельминтологиялық зерттеулер нәтижесінде ішқұртты тауып, нақты диагноз қоюға болады. Ауру балапанның саңғырығынан жыбырлап жүрген құрттардың ағарған ұсақ бунақтары байқалады. Егер көрінбесе, құс саңғырығын суға араластырып езіп, тұндыру, шаю әдісі көмегімен паразит үзінділерін табады. Бұл дұрыс нәтиже бермесе құс саңғырығын гельминтоовоскопия (қалқыту) әдістері арқылы тексеріп жұмыртқаларын іздестіреді. Аталған анықтау тәсілдері жеткіліксіз болса, онда диагностикалық дегельминтизацияны қолданған абзал. Бұл үшін 15-20 құсты алып, дәрілесе жеткілікті: 15-20 минуттан кейін цестодалар оның нәжісімен шыға бастайды.Ветеринариялық – санитарлық шаралар: Аурудан сақтандыру үшін балапандарды ересек құстардан бөлек, қауіпсіз су қоймаларында өсіреді. Құс өсіретін алқаптарда суы мол көлдерді, өзендерді, тоғандарды пайдалануға болады.Үйрек-қаз арасында дрепанидотениоз байқала бастаса, оларды емдеп, арнаулы шарбақ ішінде 3 күн ұстағаннан кейін, таза су қоймаларына ауыстырады. Күмәнді, күдікті суларды тазарту үшін, ол жерге құстар бір жыл бойы жіберілмейді. Сондай-ақ 1 га суатқа 300 құстан артығын ұстамау керек. Гельминтоз жыл сайын тіркелетін шаруашылықтарда 2 рет жоспарлы түрде дегельминтизация жүргізілуі тиіс — көктемде, жазда, яғни үйрек пен қаз су қоймасына шығар қарсаңында.
Құс аскаридиозы, анықтау, ветеринариялық-санитариялық шаралары. Тауық аскаридозыБұл ащы ішекте мекендейтін жұмыр құрт тудыратын, ас қорыту жүйесінің зақымдануымен, іш өтуімен, салдану және интоксикция белгілерімен сипатталатын гельминтоз ауруы. Жіктелуі: Тұқымдас: Ascaridae Туысы: Ascaridia Түрі: A. galli.Анықтау.Құс аскаридозын анықтағанда негізінен эпизоотологиялық деректерін сараптайды және сырт белгілерін зерттейді.Фюллеборн әдісімен құс саңғырығынан гельминттердің жұмытрқаларын әздестіреді. Алды–алу сақтандыру шаралары:Құс өсірумен айналысатын фермаларда ең алдымен балапандарға құрт жұмыртқалары жұқпауын қамтамасыз ететін, тиісті шаралар қолданылуы қажет.Ол үшін балапандарды ересек тауықтардан бөлек ұстап бағады.Құс қоралары мен серуен алаңдарын уақытылы тазалап, саңғырықтарын фермадан тыс жерлерде зарарсыздандырады.Құс азығы мол жеммен, витаминдері жеткілікті азықтармен қамтамасыз етілуі тисі және оларға тек таза су ішкізуді ұйымдастырған жөн.Аскарида құрттарының тарап кетпеуі үшін, сауықтыру жұмыстарын уақытылы өткізіп, сақтық дезинвазиялар жүргізіп тұру қажет. Ол үшін 1. 5 %-тік ксилонафт ерітіндісің, 3 %-тік NAOH ереітіндісің қолданады, 1 л/м2 көлеміне. 2. Алдын – ала сақтандыру дегельминтизация 3 айда 1 рет жасалады. 4. Лажсыз (емдік) дегельминтизация ауру тауықтар байқалғанда жасалады. 5. Химиялық сақтандыру: 25 - 35 күн қатарынан пиперазинді немесе фенотиазинді жемге қосып, еркін береді. Екі ай демалдырып, емді қайталайды.
Ларвальды эхинококкоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған гельминтоз.Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнімі күрт төмендейді, өлім жітімге ұшырайды. Қоздырғышы. Ересек жетілген түрі—Есһіпососсиз gгапиІоsus ( Ваtsсһ, 1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см), бар- жоғы 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейінгі бунақ қосжы- нысты, соңғы төртіншісі пісіп, жетілгені, ал оның қапшық секілді жатыры жұмыртқаға толы. Аралық иесі ағзаларына жайғасқан бершімектердің көлемі бұршақ, жұмыртқа, кейде нәресте басын- дай, ішінде мөлдір сұйығы бар. Оның ішін орасан көп таспа қүрт- тың протосколекстері мекендейді. Ал протосколекстері жоқ көпір- шіктерді ацефалоцисталар деп атайды. Бұлар ірі қара мен жылқыда жиі кездеседі. Әр ағзадағы беріштердің саны бірнеше данадан ондаған, жүздеген данаға дейін жетуі мүмкін, кейде бір-бірімен қосылып, ағзаны жаппай жайлайды. Анықтау. Малдың тірісінде эхинококкозға клиникалық белгі- лері арқылы диагноз қою өте қиын. Рентгеноскопия мен рентге- нография немесе УЗИ әдістерін мал шаруашылығында қолдану- дың өзінше қиындығы бар. Сондықтан, кебінгі жылдары иммуно- биологиялық, анықтап айтқанда, аллергиялық және серология- лық әдістерді пайдаланады.Кезінде Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты құрт- тың протосколекстерінен жасалған ақсұр түсті, иіссіз құрғақ ал- лерген ұнтағын (эхиноаллерген) өндіріске ұсынған. Бұл ұнтақ алды- мен хлорлы натрийдың физиологиялық ерітіндісімен 1:1000 қаты- насындай етіп ерітіледі. Эхиноаллергенді қойға 0,2 мл, ірі қараға 0,5 мл малдың құйрық астындағы тері қыртысына егеді. Эхино- аллерген егілген жерде кішігірім тығыз төмпешік пайда болады. Кейде аллерген көздің үстіңгі қабағы терісінің қабатьша жіберіледі. Аллергиялық реакция нәтижесі 2 (ірі қара үшін), 3 (қой үшін) сағат өткен соң шығарылады, ісінген терінің қалындығы өлшенеді. Бұдан басқа ірі қара және ұсақ малдың эхинококкозын тірі кезінде балау үшін интрадермальды Казони реакциясы қолданылады.Аллерген ретінде эхинококк ларвоцисталарынан шыққан сұй- ықтық, сколекс пен көпіршіктің қабығынан дайындалған поли- сахаридті фракция пайдаланылады, бірақ бұл аллерген басқа да ларвальды тениидоздарда оң реакция береді.Өлген малдың өлекселерін жарып-қарап, оның ағзаларынан эхи- нококк беріштерін іздестіреді. Бірақ, бірен-саран беріш табылған жағдайда, оларды мал өлімінің себебі деп санауға болмайды. Мал эхинококкоздан тек, онымен қатты зақымданғанда ғана өлімге ұшырайды.Емі. Малдың эхинококкозын дәрі-дәрмекпен немесе оташыл- дық жолмен емдеудің әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда әлі табылған жоқ. Қой және сиыр өсіретін шаруа- шылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірың- ғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына «төл құжат» беру, қарғыбау- мен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізеді. Иесіз, қаңғыбас бұралқы иттердің барлығын құрту шарт. Иттерді құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткізілуі тиіс.Дегельминтизацияны топтастырып жүргізу (15-20 итп) арқылы жақсы нөтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндайда тек жұмыс істелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделеді. Аталған шара- ны жүзеге асыру үшіі^иттерді жері тегіс, тақыр, елді мекеннен, жолдан, суаттан алыстау, шеткерілеу орналасқан алаңға жинау керек. Итгерді дәрілер алдында шынжырмен темір немесе ағаш Қазыққа мықтап байлаған жөн. Дөрі берерде тұмсығын арнаулы қысқышпен қысып, басын ұстап отырады. Иттердің ішек цестода- ларына қарсы, тиімділігі өрқилы көптеген антгельминтиктер пай- даланылады.
Мал өлексесін гельминтоздарға сойып зерттеу әдіс – тәсілдері Гельминтологиялық толық жарып тексеру(ГТЖТ) әдісін ұсынған К.И Скрябин. Алдымен жануардың терісі алынады, оның шелін қарап шығады,сонаң соң құрсақ қуысы мен көмекей сарайын жарып ашады,асқорту мүшелері, сондай-ақ, өкпе көмекей кеңірдегімен бірге, жүрек қолқасымен, бүйректегі несеп түтіктерімен тұтас, қуық, жыныс ағзалары алынып, зеттелінеді. Әуелі ішек қарынды мұқият тексеред. Ол үшін бұларды құрсақ қуысынан алып шығарады. Асқазан, ащы ішек, бүйрек, тоқ ішекті май мен шыжырқайдан тазартқан соң, әр қайсысынның бір-бірінің ұштасқан жерлерін жіппен не дәкемен байлап болған соң, пышақ не қайшымен тіліп жіберіп, әрбірін белгілі бір ыдысқа салады.Өңешті өзегін бойлап арнаулы қайшымен кесіп ішкі қабығын айқара ашып, сумен бір-екі ре шайып жібереді.Ішкі мүшелерді қайшымен жарып, ішіндегі қойыртпақты әрқайсысына дайындап қойған ыдыстарға аударып құяды. Қоймалжын үстіне су қосып, әбден былғап сұйылтады да тұңдырады. Тұнбаның бетіне кілкіп шыққан сұйықтықты төгіп тастап,үстуне су қосып, тұнбаны тағы сұйылтады. Сөйтіп су мөлдір болғанша шаю әдісін бірнеше рет қайталайды.Шөгіндіден көзге көрінер кесек жұмыр жіне таспа құрттарды имек не қыл қаламмен жиып алады. Тұңбаны аз-аздап қара түсті астаушыға құйып отырып, жарыққа тосып, үлкейткіш қол әйнекпен тексеріп шығады. Гельминтологиялық бөлшектер жарып тексеру(ГБЖТ) әдісімен ірі малды зерттеу қолайлы. ның көмегімен жануардың көптеген жеке ағзаларын жарып қарағанда көзге айқын көрінетін кесек гельминттерді тауып, аз көптігін ғана шамалауға болады. Жеке мүшелерді ГТЖТ әдісі малдың деке ағзаларда мекендейтінгельминттерді толық жинап, зерттеп, түрлерін ажыратып алу үшан пайдаланылады.Кейде нақтылы ауруды анықтау мақсатымен керекті органды ғана жарады да толық гельминтологиялық тексуру жүргізіп, құрттардың барлығын теріп алады. Бұл тәсілді ісәресе малды жеке іш құрт кеселіне қарсыдегельминтизация жасағанда дәрінің емдік қасиетін білу үшыін қолданады.
Мониезиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы. Мал мониезиоздары -туыстығына түқымдастығына жататын қүрттардың ересек сатысы қоздыра- тын гельминтоз. Мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бүғы- лар, енекелер және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиірек толдер ауырады (қозылар, лақтар, бүзаулар). Монезия қүрты ащы ішекті мекендейді. Олардың аралық иелері топырақта тіршілік ететін сауытты орибатид кенелері. Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тара- лған және жыл сайын пайда болатын зілді дерт. Қүрттың өсіп, өнуіне қолайлы жағдай- да немесе емдеу-сақтық ша- ралары жеткіліксіз жүргізілген шаруашылықтарда, өлім жітімге қозы-лақ көптеп үшы- рауы мүмкін. Қой шаруашы- лықтарында қозының 40- 80%-ы монезиозға шалдығып, оның 30-80%-ы шығынға үшырауы ықтимал. Дертке үрынған төл үзақ ауырады, өсуі тежеледі. Кейбір дерек- терге жүгінсек ауру қозы сал- мағын 10% кемітеді және одан 200 г жүн кем қырқылады. Қоздырғышы. Мониезия - түрқы 2,5 м-ден 10 м-ге дейін жететін таспа қүрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі қатар орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс мүшелерінің (еркек пен үрғашы) тесіктері ашылады. үзындығы 6-10 м, түсі ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездері дөңгелене келіп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттеріне орналасқан.- түрқы 2,5-4 м, түсі күң- гірттеу, бунақаралық бездері көлденең сызықшаға үқсайды. Мо- ниезия жүмыртқалары көп қырлы, бүрыштары комкерілген, түстері сүрғылт болып келеді. Жүмыртқа ішіндегі алты ілгекшесі бар он- косферасы алмүрт іспеттес қүрылғымен (аппарат) бекітілген. Өсіп, өнуі. Мал таспа қүрттың пісіп-жетілген соңғы буылтықта- рын өз нәжісімен бірге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мындаған жүмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглоти- далары үзіліп, ішіндегі жүмыртқалары шашылады. Кенелер өсім- діктердің түбінде органикалық қалдықтармен, мал тезегімен қо- ректеніп жүріп, қүрт жүмыртқасын қоса жүтады. Кене денесіне енгеннен кейін, гельминт жүмыртқасынан онкосфера болініп іш қуысына енеді, одан әрі балаң қүрттың келесі сатысы ңистиңер- коидқа айналады. 3-5 ай аралығында ңистиңеркоид өсіп жетіліп, инвазиялық сатыға жетеді. Мал жайылымда шөппен бірге мониези- оз қүртымен залалданған орибатид кенелерін жүтып, ауру жүқты- рады. Қозы мен бүзаудың ішегіне түскен мониезия қүрты тез өсіп, 37-50 күн аралығында жетіліп, ересек таспаға айналады. Бүл паразит ақгық иесінің ішінде 2 айдан 6 айға дейін тіршілік етеді.
Мониезиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Эпизоотологиясы. Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы қүрттың аралық иесінің тіршілігіне, малдың толдеу, отардың жаппай өріске шығу мерзіміне, ауа райы жағдайларына тікелей байланысты. Мал бүл дертті қора төңірегіндегі қи, тезек шашылған жерлер- ден жүқтырады, өйткені өте үсақ, жай көзге жөнді байқалмайтын сауытты кенелер-орибатидтер шіріген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмір сүреді. Топырақ кенелері жер бетінде біркелкі тарамаған. Олар далалы, таулы алқаптарда, бүлақ, өзен аңғарларында жиірек, ал шөбі шүйгін, ылғалы мол жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседі. Мониезиоз қүрты малға өріске шығысымен жүға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгілері 15-20 күн откеннен кейін байқалады. Қазақстанда бүл гельминтоз 2-3 ай- лық қозыларды едәуір дәрежеде шығынға ұшырататын індет бо- лып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседі. Ішқүрт ауруы қоздырғыштарының өздеріне тән айырмашылы- ғы бар. Мысалы, жаз ортасына дейін негізінен алғанда М. ехрапза, ал күзге қарай m.benedeni кездеседі. Қүрттың бірінші түрі көбінесе жас қозыларды зақымдаса, ал екіншісі - сақа малды зарарлайды. Қой моннезнозы Қазақстанның барлық территориясына тараған. Аурудың шығу мезгілі, қозыларды жайылымға шығару уақы- тымен тығыз байланысты. Оңтүстікте әдетте бүл мерзім сәуірдің бас кезіне тура келеді, ал орталық және солтүстік аймақтарында індеттің жүғу уақыты бүдан гөрі кейінірек. Қазақстанның оңтүс- тігінде, Оңтүстік-шығысында мониезиоз жыл бойы кездеседі, бірақ аурудың үдемелі кезеңі жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда көктем мен күз айларында өршиді. Лақтар қозыларға қарағанда бүл ауруға сирек шалдығады. Бүзаулар өріске шығысымен мониезиоз қоздырғыштарын жүқтыра бастайды. Тамыз айында инвазия өзінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеріліп, қыста күрт төмендейді. Түйенің мониезиозға шалдық- қанын З.В. Шумилина (1955) Орал аймағынан байқаған. Жалпы санитариялық шаралар. Ішек цестодоздары жыл сайын тіркелетін шаруашылықтарда төлді енесінен айырып, бөлек баққан жөн. Бұзауларды ересек ірі қарадан, қозы-лақтарды, қой ешкілерден бөлек ұстайды. Мал дәнді дақылдар жинап алынған танаптарда, жері жыртылған және екпе шөбі мол мәдени жайы- лымдарда жайылуы тиіс. Сонымен қатар, жайылымды үзбей алмас- тырып, өзгертіп отыру қажет. Ол үшін жайылымды ретімен бірне- ше учаскелерге бөліп, әрқайсысын кезекпенен пайдаланады. Егер өрісті бөлшектеуге қисыны келмесе, онда отардың жайылу бағы- тын әрбір 6-7 күнде ауыстырып отыру керек.
Мүйізді ірі қара мен шошқаларды цистицеркоздардан сақтандыру жолдары:Мал цистицеркоздары мен адам тенидоздарының алдын алу, малдәрігерлік және медициналық қызметтің міндеті. Ең негізгі шара — ол ірі қара мен шошқаларды таспа құрттар жұмыртқаларының жұғуынан сақтандыру және адам денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан (тениаринхоз бен тениоздан) сауықтыру.Мал дәрігерлік шаралар. Ет комбинаттарында, қасапханаларда сойылған ірі қара мен шошқаларды міндетті түрде финнозга тексеру. Сойылатын малды кез-келген аулада бауыздауға тыйым салу қажет. Ет сататын сауда нүктелерінде мал дәрігері тексермеген еттің сатылуына жол бермейтін қатаң тәртіп орнату керек. Мал соятын кәсіпорындағы малдәрігерлік қызметкерлер тексеру барысында цистицерктер табылған малды байқасыменақ, жоғарғы малдәрігерлік және медициналық мекемелерге дереу хабарлайды.Егер жануардың еті финналармен қатты залалданса, яғни зерттелген еттің 40 см2-де 3-тен астам ларвоциста табылса, онда ондай етті малдәрігерлік-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес, өтелдеуге жібереді. Ал шамалы зақымданған етті (еттің 40 см2-де етқұрттың саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану үшін, оны қайнатып пісіреді, қажетті мөлшерде тұздайды немесе жақсылап тоңазытып залалсыздандырады.Медициналық шаралар. Сойылған ірі қарадан немесе шош- қадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қай шаруашылықтан келгендігі анықталып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі. Цистицеркоз малға адамның дәретінен жұғатын болғандықтан, барлық фермаларда жабық әжетханалар болуы керек.Цистицеркоз бен тениидоздардың етек алып тарамауы үшін халық арасында санитарлық үгіт-насихат, ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізудің ерекше маңызы бар.
Нематодалар (грек еөздері - петаtоs жіп еіdos - түрі, кескіні)- И немесе жұмыр құрттар, ал олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мүшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларыМен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы жіп немесе ұршық тәрізді, ұштары сүйірлеу, көлденең кесіндісі дөңгелек келеді. Нема- тодалардың ұзындығы 1 мм-ден бірнеше метрге дейін жетеді. Денесі сыртынан жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған, түсі ақ, ақшыл сары немесе ақсұр. Кутикула қабатының астында субкутикулярлық өсінді қабыршьпры бар. Одан кейінгісі ет қаба- ты. Осылардың барлығы паразиттің - терілі ет қапшығьш құрайды. гельминттің ішкі жағы тұйықталып біткен түтік сияқты, іші қой-ыртпақ еұйыққа толы. Оған тіршілікке қажетті дене мүшелері орналасқан.Асқорыту жүйесі алдыңғы ұшьюдағы ауыздан басталады, оның айналасында бірнеше ерін болуы ықтимал, ал ішінде аумағы әрқи- лы ауыз қуысы (капсуласы), мұның түбінде тістер орналасуы мүмкін.Ас ауыздан өңеш арқылы жіңішке тік түтікшеге, яғни ішекке келіп түседі. Өңештің құрылысы әр түрлі нематодаларда өзгеше қальштасқан. Ас қалдығы құрт денесінің құйрық ұшында бола- ган артқы (анал) тесігінен сыртқа шығады. Еркек паразиттің ар- тқы тесігі оның клоакасынан ашылады.Несеп шығару жүйесі нематоданың соңғы жағын ала бастала- тын екі түтіктен (каналдар) құралған, енді олар бірігіп дененің өр тұсынан (түрлеріне байланысты) ашылады.Жүйке жүйесі өңешті қоршап тұратын түйіннен басталады да талшықтары жан-жаққа таралады. Жыныс мүшелері ақ жіп секілді созылмалы ирек түтіктерден тұрады. Жұмыр құрттар бөлек, дара жыныстьшар. Еркектік жыныс ағзалары тақ болады, ол жағыз еннен, онымен жалғасып жататын ещтүтіктен тұрады, оның тесігі клоакадан шығады. Ал клоакан маңында тұрі, түсі, тұрқы әрқилы кедегін бір немесе екі шағылысу мүшесі спикулалар оаласады, кейбіреулерінде спикула мүлде болмайды. .Ұрғашылық жыныс мұшелері жұп келеді.
Нематодалардың морфологиясы мен биологиясы Нематодалар (грек еөздері - петаtоs жіп еіdos - түрі, кескіні)- И немесе жұмыр құрттар, ал олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мүшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларыМен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы жіп немесе ұршық тәрізді, ұштары сүйірлеу, көлденең кесіндісі дөңгелек келеді. Нема- тодалардың ұзындығы 1 мм-ден бірнеше метрге дейін жетеді. Денесі сыртынан жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған, түсі ақ, ақшыл сары немесе ақсұр. Кутикула қабатының астында субкутикулярлық өсінді қабыршьпры бар. Одан кейінгісі ет қаба- ты. Осылардың барлығы паразиттің - терілі ет қапшығьш құрайды. гельминттің ішкі жағы тұйықталып біткен түтік сияқты, іші қой-ыртпақ еұйыққа толы. Оған тіршілікке қажетті дене мүшелері орналасқан.Асқорыту жүйесі алдыңғы ұшьюдағы ауыздан басталады, оның айналасында бірнеше ерін болуы ықтимал, ал ішінде аумағы әрқи- лы ауыз қуысы (капсуласы), мұның түбінде тістер орналасуы мүмкін.Ас ауыздан өңеш арқылы жіңішке тік түтікшеге, яғни ішекке келіп түседі. Өңештің құрылысы әр түрлі нематодаларда өзгеше қальштасқан. Ас қалдығы құрт денесінің құйрық ұшында бола- ган артқы (анал) тесігінен сыртқа шығады. Еркек паразиттің ар- тқы тесігі оның клоакасынан ашылады.
Нематодироз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шараларыБұл қой мен ірі қара төлінің Nematodirus туысына жататың ішек құрттар тұғызатың, ащы ішектің зақымдануымен, асқорыту жұйесінің бұзылуымен сипатталатың гельминтоз инвазиясы.Індеттанулық деректер:Нематодироз Қазақстанда кең тараған ауру.Одан қозылардың өлім жітімге ұшырауы республикамыздың далалық алқаптарында байқалады.Бұл гельминтоз Орал, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Кереку және Семей өңірінде жиі кездеседі.Солтүстік аймақтарда судың тапшылығынан жайылымдағы мал өріс ауыстырмайды.Мал құдықтан немесе көлшіктен, жасанды су қоймасынан, кеуіп бара жатқан шағын өзендерден су ішеді.Дәл осындай жерлерде нематодалардың жұмытқалары мен жұқпалы балаңқұрттары көп болады.Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағында бұл ішқұрт ауруы жеңіл түрде өтеді.Солтүстіктегідей мал өлім жітімге көп ұшырамайды.Оңтүстік аудандарда жыл сайын мал өрісі ұдайы өзгертіліп тұрады.Малды қыстаудан биік таулы жазғы жайлауға көшіріп әкетеді.Осы кезде қысқы және кұзгі жайылымдардағы құрттардың біразы жойылады.Қой нематодтрозын жыл маусымына қарай таралатыны байқалған.Кейбір ғалымдардың деректеріне қарағанда жас туған қозылардың 2,5-5,8 %-нан нематодирлер табылған.Ауру төлдердің саны бірте бірте көбейе түседі де, күз айларында молаяды.Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая бастайды.Дерт белгілері болмаса да, 1,5-2 айлық қозылардан бірлі жарым гельминттер табылған.Лабораториялық зерттеу және анықтау:Гельминтоовоскопиялық әдістерін пайдалануға болады. Олардың ішінде: Фюллеборн әдісі; - Дарлинг әдісі; - Вишняускас әдісі. Нематодирлардың жұмыртқасы басқа ішек – қарын стронгиляталардың жұмыртқаларынан тез ажыратуға болады. Олар ерекше болып келеді, неғұрлым ірілеу көрінеді (0,22 - 0,23 х 0,11-0,13 мм) және пішіні эллипс тәрізді болады. Ішінде 4 - 6 ірі ұрық торшалары бар, олар шартәріздес боп көрнеді. Олар жұмыртқанын 1/3 бөлігін алып жатады. Құрттардың балаң құрттарын өсіріп,оларды гельминтоларвоскопиялық әдістермен зерттеу. Нематодирлардың инвазиялық майда балаңқұрттарының ұзындығы 1,2 - 2,0 мм, құйрығының сүйір қабы жіптей созылыңқы, құйрығының ұшында тікенек сияқты өсіндісі бар. Ішегі трапеция пішінді, бір қатар болып орналасқан, 8 торшадан тұрады. Ветеринариялық-санитариялық және алдын – ала сақтандыру шаралары Қозыларды, төлді сақа малдан бөлек учаскелерде бағу. Жайылым айырбастау, дәрілеу дегельминтизация жасау,Әр жайылым загон бөліктерің 6 - 7 күндей пайдаланып, оған екінші рет 2 - 2,5 ай өткен сон оралады.Барлық малдарды профилактикалық дегельминтизациялардан екі рет өткізеді. Біріншісі – көктемде, мал жайылымға шықпай түрғанда, екіншісі – күзде, мал қораға бағылған кезде. Етке дәрілер ивермек, айвень, аверсек зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотиктержүйке жүйесіне ісер етіп салдандырып өлтіреді.Тері астына егеді, қарсы көрсетіліп жеті күн етін, жиырма сегіз күн сүтін ішпеу керек.Албендазоль ұнтақ, таблетка, суспензия түрінде қолданады.Жемге қосып немесе сумен 0,5г – 10 кг салмағына өлшеп береді.Панакур дәрісінде қолданған жақсы.Жеммен қосып беруге болады.Биотермиялық жолмен қиды залалсыздандыру өте тиімді, бактерия, құрттарды жойып жібереді.Қиды бір жерге үйіп геотермиялық жаңдыру керек.
Нематодоздар, олардың ветеринариялық-санитариялық маңызы биологиясы Нематодалар (грек еөздері - петаtоs жіп еіdos - түрі, кескіні)- И немесе жұмыр құрттар, ал олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мүшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларыМен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы жіп немесе ұршық тәрізді, ұштары сүйірлеу, көлденең кесіндісі дөңгелек келеді. Шошқа аскаридозы - шошқалардын ащы ішектерінде паразиттік тіршілік ететін Ascaris suum нематодтары туғызатын ауру. Аскаридоз шошқа имунитетін яғни табйғи резистенттілігін төмендетеді жануар азып тозады. Эпизоотологиясы Аскарида көбінесе 1-3 айлық торайларда кездеседі Ал ересек шошқаның бірен сараны ғана ауырады. Гельминтоздың жұмыртқасын таратушы аскарида құртымен зарарланған сақа доңыздар Әсіресе шошқа қорасынын айналасында үйген нәжістен аскарида тез жұғады.Денесінде құрт бармегежіндер күніне нәжіспен бірге аскарида жұмыртқаларын шашады.Онымен жем су ластанады. Кейде тораилар енесінін ластанған емшегі арқылы зақымданады.Анықтау Аскаридозға диагноз қоярда эпизоотологиялық деректерге және сыртқы клиникалық белгілерін ескеру керек ССонымен қатар шошқа нәжісін Щербович ,Дарлинг т.б қалқыту әдістерінін бірімен тексеріп , аскарида жұмыртқаларын іздестіреді немесе диагностикалық дегельминтизация жүргізеді.Ветеринарлық санитарлық шаралар ретінде жылына қораны екі рет яғни жазғытұрым жане күзде қораны тазалап залалсыздандырады. шошқа нәжісін көн сақтаитын жерге жинап биотермиялық жолмен залалсыздандырады. Аскаридоз жылда тіркеліп тұратын шаруашлықтарда шошқалар міндетті түрде сақтық дегельминтизациялардан қтуге тиіс, тиімді антигельминттерді еркінше азыққа қосып берген жөн. Жылна ек дүкін , яғни жазғытұрым және күзде шошқа қораларвн тазартып , залалсыздандырады. Шошқа нәжісін көң сақтайтын жерге жинап , биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады . Қора жай , серуен алаңдарын, оттықтырады. Үш , бес проценттің ыстық сілті ертіндісімен , сондірлмеген әк немесее торт бес проценттік карбол ұышұылымен , он проценттік лидолмен дезинвазиялайды . Шошқа бағылатын жайылым бөлтектерн , егер мүмкншілік болған жағдайларда , жазда әр он күн салып, ал ерте көктем мен күзде он бес он үш күн аралығында өзгертіп отыру кеерк. Шошқалардың аскаридозын алдын алуға келесі шаралар жүргізіледі :құрамы витаминдер және минералдық заттармен толтырылған азықтармен қамтамасыз ету; шошқаларды жазғы кезде лагерлік жүйеде бағып ұстау, мамыр тамыз айларында әрбір он күн сайын жайлымды ауыстыру; қораларды, оттықтарды, науаларды, күтім заттарын және шаруашылық құрал саймандарын үнемі тазалап және мехнаикалық тазартып, оларға ертінділермен немесе ыстық қайнаған сумен залалсыздандыру жүргізу;ферма айналасындағы жерлерді айдап, жыртады,серуен алаңдарына әк себелп , артынан тегістеледі.
Несеп шығару жүйесі нематоданың соңғы жағын ала бастала- тын екі түтіктен (каналдар) құралған, енді олар бірігіп дененің өр тұсынан (түрлеріне байланысты) ашылады.Жүйке жүйесі өңешті қоршап тұратын түйіннен басталады да талшықтары жан-жаққа таралады.Жыныс мүшелері ақ жіп секілді созылмалы ирек түтіктерден тұрады. Жұмыр құрттар бөлек, дара жыныстьшар. Еркектік жыныс ағзалары тақ болады, ол жағыз еннен, онымен жалғасып жататын ещтүтіктен тұрады, оның тесігі клоакадан шығады. Ал клоакан маңында тұрі, түсі, тұрқы әрқилы кедегін бір немесе екі шағылысу мүшесі спикулалар оаласады, кейбіреулерінде спикула мүлде болмайды. .Ұрғашылық жыныс мұшелері жұп келеді.Нематодалардың көбісі дара жыныстылар. Олардың ұрғашылары аталықтарымен шағылысқан соң , жұмыртқа салады немесе балаң құрттарын туады. Осы қасиететріне қарап оларды жұмыртқа салғыштар және тірі туғыштар деп жіктейді. Жұмыртқа салғыш жұмыр құрттардың жұмыртқасы әртүрлі жетлу сатысында сыртқы ортаға шығады. Кейбір нематодалардың жұмыртқасында балаңқұрт пайда болып таралады, ал кейбірінде тек бластомерлері ғана болады . Жұмыр құрт жұмыртқалары немесе балаң құрттары сыртқы ортаға иесінің нәжісі немесе зәрі арқылы шығады . Егер сыртқы ортаға ұрығы бар құрт жұмыртқасы шықса , онда одан міндеттеі түрде бірінші сатыдағы балаң құрт пайда болады. Одан әрі балаң құрт жұмыртқадан шығып дамиды немесе жұмыртқа ішінде дамып, инвазиялық сатысына жетеді. Тірі туғыш нематодалардың балаң құрттары , мекендеген ағзаларына байланысты , сыртқы ортаға ішек қарын жолдары немемесе көз жасы арқылы шығады , ал кейбіреулері қанға өтіп , одан аралық иелері арұылы тараладыү Мұндай даму заңдылығына жатпайтын тек трихинеллалалр . Әдетте нематодалардың балаң құрттары өзінің инвазиялық сатысына екі рт түлеп , жетеді . Геогельминттердің балаң құрттары сыртқы ортада түлейд, ал биогельминттердің балаң құрттары аралық ие организімінде жетіледі. Инвазиялық сатысына дейінгі нематод балаң құрттары сыртұы ортада өз бетінше тіршілік етеді. Немтодалардың аралық иелері омыртқасыз және омыртқалы жануарлар болуы мүмкін. Нематодалар балаң ұүрттары , аралық иесінен ақтық ие денесіне енгеннен соң, күрделі миграциялық қозғалыстарға душар болады Ақтық иелер,яғни уй жануарлары, құрттың инвазиялық сатыдағы жұмыртқалары мен балаңқұрттарын жем шөп , су арұылы жұқтырады.
Онхоцеркоз, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралар. Онхоцеркоз – Filariidae тұқымдасына жататын, Onchocerca жәнеO. Reticulate құрттары тудыратын жылқы гельминтозы. Аталған нематодалар жылқыдан басқа есек пен қашырда кездеседі. Құрттың бірінші түрі мойын сіңірлерінде, екіншісі сирақ буын сіңірлерінде, тарамысында, оның тері шелінде тіршілік етеді. Бұлардың балаңқұрттары (микроонхоцерктер) тері қыртысында жүреді. Анықтау: диагнозды клиникалық көріністер арқылы анықтап, нематода үзігін табу арқылы нақтылай түседі. Гельминтодермоларвоскопиялық әдіспен микроонхоцерктерді іздестіреді. Бұл әдіспен тірі малды зерттеуге болады. Ветеринариялық-санитариялық шаралар: инсектицид (жәндіктерге қарсы) дәрілерін қолданып, құмытыларды дарытпау, жылқыны қорада ұстап күту немесе су қоймаларынан алыс жерде бағу сияқты шаралар жүргізіледі. Мініс-жұмыс малының шоқтық-жотасына жара түсп, жауыр болмауын қадағалаған жөн.
Описторхоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы. Описторхоз- табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз.Оны Opisthorchidae тұқымдасына жататын Opistorchis felineus трематодасы қоздырады. Бұл кұрт адам мен ет қоректі жануарлардың (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақтүлкілердің, шошқалардың) паразиттері. Жынысы жетілген описторхтар бауырдың өт жолын, өт қабын және үйқы безін мекендейді.Қоздырғышы. Opistorchis felineus үзындығы 0,8-1,31 см, денесінің алдыңғы жағы созылыңқы, емізіктері жете дамымаған. Екі ені құрттың артқы жағында бір-біріне қиғаш орналасқан. Жыныс бездері арасынан түтікше тәрізДі қуықша (несеп шығару жүйесі) өтеді, денесінің орта бөлігін іші жұмыртқаға толы жатыр алып жатады. Жұмыртқалары сопақ, сары-боз түсті, бір ұшында қақпағы орналасқан, мөлшері: үзындығы 0,026-0,034 мл, ені 0,011-0,019 мл.Өсіп, өнуі. Ақтық иесінің бауырына орналасқан описторхтар көптеген жұмыртқалар шығарады. Олар нәжіске араласып, сырт- қы ортаға тарайды. Құрттың аралық иелері Bithynia Leachi - деп, аталатын ұлулар. Алдымен, жұмыртқа қабығынан шыққан мирацидийлер, ұлу денесіне еніп, 2 ай аралығында спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Онан кейін церкарийлер ұлу денесін тастап шығып, құрттың қосымша иелері - тұқы тектес балықтардың қабыршақтары араларынан өтіп, ет қабаттарына енеді. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып, 6 аптаның ішінде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықтан адам немесе етқоректілер описторхоз ауруын жұқтырады. Етқоректілер асқорыту жүйесіне түскен метацеркарийлер сыртқы қабығынан босап, ішектің өт арнасы арқылы бауыр өт жолдарына жетіп, 3-4 апта ішінде жынысы жетілген ересек сорғыштарға айналады.
Описторхоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары. Эпизоотологиясы. Битиния ұлуларының негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі қалың ескі арналар, өзектер, өзек салаларына қоныстанады. Дәл осындай су көздері тұқы тектес балықтардың да да мекен жәйі. Адам мен етқоректілерге бауырқұрт балық еті арқылы жұғады.Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстанда описторхоздың бірнеше табиғи ошақтары қалыптасқан. Ертіс өзенінің алқабы гельминтоздың ірі ордасы екені анықталды. Табиғи ошақ санатына Қарағанды су қоймасынан бастап, Қорғалжың көлдеріне дейін созылып жатқан Нұра өзені жатады. Сондай-ақ, Шідерті, Ырғыз,Торғай, Сарысу өзендерінде трематодоздың табиғи ошақтары бар.Диагностикасы.Описторхоздың эпизоотологиялық деректерін, клиникалық белгілерін анықтап, гельминтоовоскопиялық зерттеулер жүргізеді. Описторхтың жұмыртқасы сопақ, көлемі 0,26-0,030 х 0,01-0,015 мм, ақ сары түсті келеді. Өлексенің бауырын тіліп, өт жолдарынан және өт қалтасынан құрттар іздестіреді.Алдын алу және күресу шаралары.Описторхоз байқалған аң шаруашылықтарында сақтық дегельминтизация жүргізілуі тиіс.Төбет пен қаншықтарды ұйығудан бір ай бұрын және күшіктегеннен кейін дәрілейді, ал күшіктерінен, егер гельминтоз белгілері байқала бастаса, емдік дегельминтизациядан өткізеді. Жыртқыштарға шикі немесе шала – шарпы пісірілген, тұздалған балықтарды жегізуге тиым салынады. Адам, ит, мысық және т.б. нәжісінің суды былғауына жол бермеу керек. Балықшы кемелерінде тазалық сақтау шараларын мұқият сақтау қажет.
Организмдердің табиғаттағы қарым-қатынас түрлеріЖер жүзін мекендейтін организмдер өздеріне қажет қоректік заттарды екі жолмен табады.Кейбір организимдер қоректік заттарды өздері түзеді,оларды автотрофтар деп атайды.Оларға өсімдіктер және кейбір бактериялар жатады.Басқалары автотрофтар түзген заттармен қоректеніп,гетеротрофтар атанады.Әдетте қоректенудің мұндай түрі жануарларда және бактериялардың көпшілігінде болады.Гетеротрофты организмдер қатарынапаразиттер жатады. Биологиялық тұрғыдан қарағанда паразиттер басқа организмді қорек көзі және мекені ретінде пайдаланады.Олардың өмір сүруі иесімен арадағы қарым қатынасқа байланысты.Планетаны мекендеген барша организмдер бір бірімен тығыз қатынаста болып,кейбір жайларда бірлесіп өмір сүреді.Биологиялық қарым қатынастың мынадай түрлері болады; 1)Немқұрайлы (индифферентті) 2) Селбесулік (симбиоз) 3)Бір біріне қас қарым қатынас.Немқұрайлы қарым қатынаста тірі организмдер бір бірімен көршілес өмір сүрсе де,біріне бірі тәуелді емес,бірақ барлығы бірге органикалық бүтіннің жиынтығын айтады.Мысалы.теңіз түбінде өмір сүретін коралл полиптері,теңіз жұлдыздары,мұртаяқты шаяндар және т.б.байланысы достық қарым қатынасқа жатады.Достық қарым қатынастың негізіне әр кеңістік(бір жақты селбесу және пәтершілік)әр қоректік байланыстар жатады.Көбінесе бұл қарым қатынастар бір бірімен араласып кетеді.Бір жақты селбесуне синойкия достық қарым қатынасты паш етеді.Мұндай қатынаста бір организм екінші организммен селбесу арқылы бір біріне ешқандай зиян келтірмей,оның біреуі өзіне пайда табады.М/ы;теңіз жаңғағы кейбір қауашақты ұлулардың сыртына жабысып алып,ұлулар қозғалғанда қоректенуге мүмкіндік алады.Ал ұлулар мұндай қарым қатынастан не пайда,не зиян шекпейді.Екі жақты селбесу не мутуализм деп аталатын қарым қатынастың түрінде байланысқа қатысушылардың екеуі де бір біріне пайдасын тигізеді.Мысал ретінде ірі қара малдың мес қарынындағы кірпікті қарапайымдылардың келтіруге болады.Олар ірі қара малға көлемді азықтарды толық қорытуға көмек береді.Сондай ақ олар ыдырағанда өз денелерінен азотты заттар бөліп шығарып,организмді қажетті заттармен толықтырады.Бұл жағы ірі қара малға пайда болса,ал кірпікті қарапайымдылар мес қарынды мекен ретінде пайдаланады және одан қорек те табады.Пәтершілік қарым қатынаста бір жануар екінші жануарды уақытша мекендеу үшін пайдаланады.М/ы;ұсақ ащы балықтар өз уылдырығын қосжақ ұлулардың шапанша қуысына салады.Өйткені,ұрығы аз өнімді балық уылдырығы қауіпсіз жерде дамып,басқаларға жем болмайды.Ащы балық мұндай пәтершіліктен пайда көрсе,ұлуларға ешбір зиян келмейді. Комменсализм не қоректік қарым қатынаста бір жануар екінші жануардың ас қалдығымен қоректенеді ,бірақ жануарлардың өзіне ешбір зиянын тигізбейді. М/ы;адам аузындағы Entoameba suigingivali деген қарапайымдылар ондағы азықтың қалдығымен қоректенеді,бірақ ауру қоздырмайды.Қастандық қарым қатынаста екі организм де бір біріне зиянын тигізеді.Мұндай қарым қатынастар түріне жыртқыштық және паразиттік қатынас жатады.Жыртқыштар әдетте өз олжасынан күшті келіп оларды құрбандыққа шалады.Керісінше паразиттер өз иелерін өлтірмейді,оларды ұзақ уақыт пайдаланады.Паразиттер өз иесі организмінде тап болатын ерекше тіршілік жағдайына әбден бейімделген.Бір организм екінші организммен бірігіп тіршілік ету барысында олардың арасында жаңа қарым қатынас қалыптасқан және олардың одан әрі бірігіп тіршілік ету барысында олардың арасында жаңа қарым қатынас қалыптасқан және олардың одан әрі бірігіп даму эволюциясы нәтижесінде паразиттік тіршілік пайда болған.Паразит басқа органимсіз не иессіз өмір сүре алмайды.Мұндайда бір организм екіншісіне зиянын тигізеді,организмдердің біреуі екіншісінің паразиті болады.Сондықтан паразиттерді зерттегенде,алдымен белгілі бір кеңістікте кездесетін организмдердің қарым қатынасын ескеру керек.Әдетте организмдердің тікелей жанасуынсыз паразиттік тіршілік болуы мүмкін емес.Паразиттің ең негізгі белгісі паразит өз иесінің шырыны,ұлпасы,қорытылып жатқан азығымен қоректенуі және оның ауруын қоздыру қасиеті.Жоғарыда көрсетілген қарым қатынас түрлері қоршаған ортаға бейімделе отырып,эволюциялық даму барысында қалыптасқан.
Паразит иелерінің сипаттамалары Паразит туралы ұғым оның иесімен тығыз байланысты.Сүтқоректілер организмін үнемі не уақытша паразит мекендеп,қоректік орта ретінде пайдаланса,ондай жануарды не адамды паразит иесі деп атайды.Сондықтан паразитті жіті зерттеу үшін алдымен оның иесін не иелерін білу керек.Бір иеде ғана мекен ететін паразитті гомоксенді не бір иелі деп атайды.Өзінің өсіп өну айналымында екі не бірнеше иелерді мекен ететін паразиттер бар.Мұндай паразиттерді гетероксенді не көп иелі деп атайды.М/ы;жануарлардың қаны мен тасымалдаушы кенелерде тіршілік ететін пироплазмалар мен тейлериялар.Сондай ақ адамның ішегінде Taenia solium құрты таспа сатысында,ал шошқаның бұлшық етінде бұршақ тәрізді көпіршік балаңқұрттар өмір сүреді.Паразит иелерінің өзгеруі,олардың сатылап дамуына байланысты.М/ы:кейбір гельминттердің балаңқұрт сатысы бар иені,ал ересегі басқа бір иені мекендейді.Паразиттің әр сатысы құрылысы және физиологиясы жағынан өз ерекшелігімен сипатталады. Көптеген жағдайларда паразиттердің ие ауыстыруы,олардың ұрпақ ауыстыруына байланысты.Әдетте паразиттер жынысты жыныссыз көбеюмен не осылардың кезектесуімен өсіп өнеді.Паразиттің ересек сатысы дамитын иені ақырғы не дефинитивті ие деп атайды.Бұл ие денесінде паразиттің жынысы жетілген сатысы мекендейді.Денесінде паразиттің балаңқұрты дамитын организмді аралық ие деп атайды.Оның денесінде паразит күрделі өзгерістерден өтіп жыныссыз түрмен көбейеді.Ал кейбір паразиттердің бір емес бірнеше аралық иелері болады.Екінші аралық иені қосымша ие деп атайды. Бұл иеде паразиттің келесі балаңқұрт сатысы дамиды.Көбінесе паразиттің аралық не қосымша иелері ақырғы иеге қорек болып табылады.Мұндайда паразит ақырғы иесіне аралық иесі арқылы жұғады.Егер аралық паразиттің иесі,ақырғы иеге қорек болмайтын жағдайларда аралық ие денесіндегі балаңқұрттар қоршаған орта арқылы ақырғы иенің денесіне енеді.Паразиттер өзінің дамуына өте қолайлы жағдай тапқан иелерін облигатты не міндетті иелер деп атайды.Облигатты ие денесінде паразиттің тез өсіп,жетілуіне және мол ұрпақ беруіне мүмкіндік бар.Паразит мекен еткенімен бірақ толық бейімделе алмайтын иесін факультативті не міндетсіз ие деп атайды.Әдетте ондай иеде паразит саны аз болады және оның өзі де сирек кездесетін құбылыс.Көптеген жағдайларда мұндай иенің денесінде паразит толық өсіп өнбей қырылып та қалады.М/ы;жалпақ таспа құрт адам денесіне бейімделген,ол онда ұзақ уақыт тіршілік етіп,өте ұзын болып өседі.Бірақ осы таспа құрт түлкі организімінде ұзарып өспейді ондағы тіршілік екі айға ғана созылады.Жалған паразиттік кездейсоқ жағдайда бөтен организмге енген бірақ өздігінен өмір сүретін организмдер. М/ы;тироглифид астық кенелері жеммен бірге жануарлардың асқазан жолдарына түсіп ішек қызметін бұзады.Денесінде паразит дамымайтын бірақ оның инвазиялық сатысы жиналған иені резервуарлы ие не қоржинағыш ие деп атайды.Паразиттің өсіп өну айналымына мұндай ие міндетті емес ол тек паразиттің тез таралуына ықпалын тигізеді.Резервуарлы иелерді пайдаланатын ішқұрттарға мысал ретінде тауық ішегін мекендейтін жұмыр құрт Heterakis gallinarum ды келтіруге болады.Олардың балаңқұрттары шылаушын құрт денесінде көптеп жиналады.Тасымалданушы яғни трансмиссивті паразиттер олармен зақымданған жануарлардан оларға бейім жануарларға қансорғыш кенелер жәндіктер арқылы да жұғады.Паразиттің даму айналымының бір бөлігі тасымалдаушы кенеде не жәндікте дамыса онда тасымалдаушыны арнайы паразитке тән деп санауға болады.Ал тасымалдаушыда өсіп өнбесе онда оны арнайы емес тек механикалық тасымалдаушы қатарына жатқызады.Арнайы емес тасымалдаушылар паразитпен зақымданған мал қанынан паразитті қабылдап алып кейін оны ауруға бейім жануарға оның қанын сорғанда жұқтырады
Паразитарлық ауруларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шараларды жоспарлау, жоспар түрлері, ауруларды болжамдау Шараларды жоспарлау және болжамдау. Кез келген, соның ішінде инвазиялық ауруларға қарсы ғылыми-негізделген шаралардың кешенін жасау ауруды уақытылы жоюға мүмкіндік береді және жұмсалатын қаражатты үнемдейді. Ветеринариялық шаралардың жоспары көзделген мақсаты мен міндеттеріне қарай перспективті (5-10 жылға) және ағымды (0,5-1 жылға) түрлеріне бөлінеді. Жоспар екі бөлімнен (жалпышаруашылық және арнайы шаралар) тұрады. Жалпышаруашылық бөлімі қожалықтарында ұйымдастыру, шаруашылық шараларын басқаратын шаруа жетекшілеріне жүктеледі. Арнайы шаралар тарауында ауруғаларға қарсы жан-жақты қамтылған және тек ветеринариялық маманның қатысуымен орындалатын (балау, дауалау, дезинвазия, дезинсекция, дезинфекция, вакциндеу, ветеринариялық объектілерді салу және т.б.) шаралар қамтылады.
Паразитологияның биологиялық негіздеріЖер жүзін мекендейтін организмдер өздеріне қажет қоректік заттарды екі жолмен табады.Кейбір организимдер қоректік заттарды өздері түзеді,оларды автотрофтар деп атайды.Оларға өсімдіктер және кейбір бактериялар жатады.Басқалары автотрофтар түзген заттармен қоректеніп,гетеротрофтар атанады.Әдетте қоректенудің мұндай түрі жануарларда және бактериялардың көпшілігінде болады.Гетеротрофты организмдер қатарынапаразиттер жатады. Биологиялық тұрғыдан қарағанда паразиттер басқа организмді қорек көзі және мекені ретінде пайдаланады.Олардың өмір сүруі иесімен арадағы қарым қатынасқа байланысты.Планетаны мекендеген барша организмдер бір бірімен тығыз қатынаста болып,кейбір жайларда бірлесіп өмір сүреді.Биологиялық қарым қатынастың мынадай түрлері болады; 1)Немқұрайлы (индифферентті) 2) Селбесулік (симбиоз) 3 )Бір біріне қас қарым қатынас. Немқұрайлы қарым қатынаста тірі организмдер бір бірімен көршілес өмір сүрсе де,біріне бірі тәуелді емес,бірақ барлығы бірге органикалық бүтіннің жиынтығын айтады.Мысалы.теңіз түбінде өмір сүретін коралл полиптері,теңіз жұлдыздары,мұртаяқты шаяндар және т.б.байланысы достық қарым қатынасқа жатады.Достық қарым қатынастың негізіне әр кеңістік(бір жақты селбесу және пәтершілік)әр қоректік байланыстар жатады.Көбінесе бұл қарым қатынастар бір бірімен араласып кетеді.Бір жақты селбесу не синойкия достық қарым қатынасты паш етеді.Мұндай қатынаста бір организм екінші организммен селбесу арқылы бір біріне ешқандай зиян келтірмей,оның біреуі өзіне пайда табады.М/ы;теңіз жаңғағы кейбір қауашақты ұлулардың сыртына жабысып алып,ұлулар қозғалғанда қоректенуге мүмкіндік алады.Ал ұлулар мұндай қарым қатынастан не пайда,не зиян шекпейді.Екі жақты селбесу не мутуализм деп аталатын қарым қатынастың түрінде байланысқа қатысушылардың екеуі де бір біріне пайдасын тигізеді.Мысал ретінде ірі қара малдың мес қарынындағы кірпікті қарапайымдылардың келтіруге болады.Олар ірі қара малға көлемді азықтарды толық қорытуға көмек береді.Сондай ақ олар ыдырағанда өз денелерінен азотты заттар бөліп шығарып,организмді қажетті заттармен толықтырады.Бұл жағы ірі қара малға пайда болса,ал кірпікті қарапайымдылар мес қарынды мекен ретінде пайдаланады және одан қорек те табады.Пәтершілік қарым қатынаста бір жануар екінші жануарды уақытша мекендеу үшін пайдаланады.М/ы;ұсақ ащы балықтар өз уылдырығын қосжақ ұлулардың шапанша қуысына салады.Өйткені,ұрығы аз өнімді балық уылдырығы қауіпсіз жерде дамып,басқаларға жем болмайды.Ащы балық мұндай пәтершіліктен пайда көрсе,ұлуларға ешбір зиян келмейді. Комменсализм не қоректік қарым қатынаста бір жануар екінші жануардың ас қалдығымен қоректенеді,бірақ жануарлардың өзіне ешбір зиянын тигізбейді.М/ы;адам аузындағы Entoameba suigingivali деген қарапайымдылар ондағы азықтың қалдығымен қоректенеді,бірақ ауру қоздырмайды.Қастандық қарым қатынаста екі организм де бір біріне зиянын тигізеді.Мұндай қарым қатынастар түріне жыртқыштық және паразиттік қатынас жатады.Жыртқыштар әдетте өз олжасынан күшті келіп оларды құрбандыққа шалады.Керісінше паразиттер өз иелерін өлтірмейді,оларды ұзақ уақыт пайдаланады.Паразиттер өз иесі организмінде тап болатын ерекше тіршілік жағдайына әбден бейімделген.Бір организм екінші организммен бірігіп тіршілік ету барысында олардың арасында жаңа қарым қатынас қалыптасқан және олардың одан әрі бірігіп тіршілік ету барысында олардың арасында жаңа қарым қатынас қалыптасқан және олардың одан әрі бірігіп даму эволюциясы нәтижесінде паразиттік тіршілік пайда болған.Паразит басқа органимсіз не иессіз өмір сүре алмайды.Мұндайда бір организм екіншісіне зиянын тигізеді,организмдердің біреуі екіншісінің паразиті болады.Сондықтан паразиттерді зерттегенде,алдымен белгілі бір кеңістікте кездесетін организмдердің қарым қатынасын ескеру керек.Әдетте организмдердің тікелей жанасуынсыз паразиттік тіршілік болуы мүмкін емес.Паразиттің ең негізгі белгісі паразит өз иесінің шырыны,ұлпасы,қорытылып жатқан азығымен қоректенуі және оның ауруын қоздыру қасиеті.Жоғарыда көрсетілген қарым қатынас түрлері қоршаған ортаға бейімделе отырып,эволюциялық даму барысында қалыптасқан.
Паразитоценоз және ассоциативтік ауруларПаразитоценоз – әртүрлі зоологиялық таксондарға жататын (инвазия, бактерия, вирус, саңырауқұлақ тудырған) организмдердің бір уақытта жануар (адам) организмінде (мүшесінде) тоғышарлық күн кешуі. Осы паразитоценоз мүшелерінің тудырған ауруларын ассоциативтік немесе аралас инвазия деп атайды. Паразитоценоз мүшелерінің көптеген түрлері адамға немесе малға зиянсыз болуы мүмкін.Мұндайда организмдегі паразитоценоз мүшелері түр аралық,түрше аралық өатынасты болады.Ал бүкіл паразитоценоз мүшелері,олардың иесі организмінің әсеріне тап болады.Ол үш түрлі әсермен сипатталады: А) Паразитоценоз мүшелері бір-бірімен индифференттік (немқұрайлық)қарым-қатынаста болып,өз иелері организміне зиянсыз. Б) Паразитоценоз құрамындағы паразит және тағы басқа түрлері негізгі ауру қоздырғыштарына антогонистік қарым-қатынаста В)Ауру қоздырғыштары организмдегі паразитоценоз мүшелері арасына түсіп,оның кейбіреулерімен бірігіп,өз иесі организміне синергетикалық әсер етеді.
Паразиттердің жануар организміндегі таралып мекендеу орындарыГельминтоценоздың әр мүшесі өз иесі организімінде бір бірімен синергиялық не антогонистік қарым қатынас болады.Синергиялық қарым қатынаста гельминтоценоздың барлығы мүшелері бір бірінің дамуын тежемейді,керісінше қауымдасып,дамуларын үдетеді.Антогонистік қарым қатынаста олар бір бірінің дамуын тежейді,биологиялық қауымдастықтан ығыстырады не сандық құрамын азайтады.Ал оны ығыстырған түр белсенді түрде дамиды.Кейінен В.А.Догель,Маркевич,Петров,және т.б.Скрябинің концепциясын ары дамытып,ондай қауымдастық құратын тек гельминттер ғана емес,одан басқа вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар жіне бунақаяқтылар да сондай қауымдастық құра алатынын көрсетті.Мұндай қауымдастықты парацитоценоз деп,ал оны зерттейтін ғылымды паразитоценология деп атауды ұсынды.Парацитоценоз қауымдастығы мүшелерінің қоздыратын ауруларын ассоциотивті инвазиялар деп,атады.Паразитоценоз мүшелерінің түр құрамы жануарлардың бір ғана түрінде әртүрлі болуы мүмкін.Ол жануардың жасына,тамақтану режіміне,тіпті адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты. Паразитоценоз мүшелерінің көптеген түрлері адамға не малға зиянсыз болуы мүмкін.Бірақ мұндай организмге ауру қоздыратын паразит түсуі мүмкін.Мұндайда организмдегі паразитоценоз мүшелері түр аралық түріші аралық қатынасты болады.Ал бүкіл паразитоценоз мүшелері,олардың иесі организмнің әсеріне тап болады.Ол үштүрлі әсермен сипатталады;а)парцитоценоз мүшелері бір бірімен индифференттік қарым қатынаста болып,өз иелері организіміне зиянсыз;б)паразитоценоз құрамындағы паразит және т.б.түрлері негізгі ауру қоздырушысымен антогонистік қарым қатынаста.Сондықтан қоздырғыш патогендігін парзитоценоз мүшелері арасында іске асыра алмайды,тіпті парацитоценоз құрамынан жойылады.ал парацитоценоз мүшелері өз иесі организіміне зиянсыз;в)ауру қоздырғыш организіміндегі паразитоценоз мүшелері арасына түсіп оның кейбіреулерімен бірігіп ұштасып,өз иесі организіміне синергетикалық әсер етеді.Мұндай қарым қатынастың әсеріне парацитоценоз иесі организіміндегі парацитоценоз мүшелерінің әсерінен беймәлім клиникалық белгімен не айқын клиникамен ауырады не сырт көзге сау,паразит тасымалдаушы болып қалады жіне сыртықы ортаға қоздырғыш таратады.М/ы;адам ішіндегі аскарида құрты лямбийлердің өсуін тежейді,ал таспа құрт олардың өсіп көбеюіне ықпал етеді.Биоценоз белгілі бір жерде бір бірімен байланысты өмір сүретін өсімдіктер,жануарлар мен микроорганизмдер бірлестігі.Ал парацитоценоз инвазиялық,бактериалдық,саңырауқұлақ және вирус тектес организмдердің жиынтығы.
Паразиттердің түрлеріТіршілік мәнеріне қарап паразиттерді уақытша және тұрақты деп жіктейді.Уақытша паразит жұмыртқадан ересек сатыға дейінгі өзінің бүкіл өсіп өну айналымын,иесінен тыс жерде өткізіп,оларды тек қоректенгенде ғана пайдаланылады.Бұларға соналармасалар, ,төсек қандалалары және кейбір кенелер жатады.Кейбір паразит мезгіл мезгіл жануарларға ,яғни өз иелеріне шабуылдлап,олардың қанын сорып қоректенеді. Бұлар әдетте эктопаразиттер яғни сыртқы паразиттер.Тұрақты паразиттер.Иелерінде ұзақ уақыт өмір сүріп,оларды қоректену үшін ғана емес,мекендеуүшін де пайдаланылады.Олар дене сыртын немесе ие организмінің ішкі мүшелерін мекендейді.Бұл паразиттерді үнемі және кезеңді деп екіге бөледі.Үнемі паразиттер (биттер,қотыр кенелері) иесінің үстінде немесе оның организмінде өмір сүріп, барлық өсіп өну айналымын осында өткізеді.Кезеңді паразиттер иесін өзінің өсіп өну айналымының белгілі бір сатысында ғана мекендейді.Мысалы,бөгелектер ие организмін тек қана балапан құрт сатысында ғана мекен етіп,ал ересектері мен қуыршақ сатысы сыртқы ортада өмір сүреді.Жалпақ таспа құрт ересек ,яғни таспа сатысында адамда және кейбір етқоректілерде өмір сүрсе ,ал оның балапан құрттары процеркоидтар циклотоптарда,плероцеркоидтары әртүрлі балықтарда, жұмыртқалары су қоймаларында тіршілік етеді. Кезеңді паразиттердің қатарына ішқұрттардың көпшілігі жатады.
Паразиттердің шығу тегіПаразитизм өз бетінше өмір сүретін организмдердің бір бірімен селбесулік және жыртқыштық қарым қатынастар түрлерінен шыққан. Тарихи даму барысында,паразиттер өз иесі организмне біртіндеп бейімделе бастаған ,ал кейбіреулері қоршаған орта жағдайына бейімделген.Иесі мен паразит арасындағы қарым қатынастың шығуы және оның эвалюциялық қалыптасуы ұзақ уақыт тарихи даму кезеңдерден өткен.Мұндай эвалюциялық даму жекелеп алған паразиттерде ғана емес, белгілі бір аумақтың бір біріне ұқсас организмдерінде де, яғни олардың популяциясында болды. Паразиттер құрылымы мен физиологиялық қызметтерінің эвалюциялық өзгеруі ,мутациялық өзгеруі негізінде қалыптасқан. Паразиттер қоректену қабілетін арттыру және қоршаған орта өзгерісіне бейімделу арқылы сұрыпталып отырған.Паразит популяциясында пайда болған өзгерістер ұрпақ қуалау қабілетімен бекітіліп отырған.Негізгі нәсілдік белгілері үрпақтан ұрпаққа ген кодтары арқылы тараған.Қарапайымды паразит бір торшадан тұрады,бірақ оларға барлық тіршілік нышандары тән.(қоректену,алмасу,көбею,және т.б.)Көпторшалы паразитттер сияқты қарапайымдыларда да рибосомдар, митохондриялар,лизасомдар және т.б. органеллалар бар.Торшада белок түзілудің жалпы заңдылығы көпторшалы органзмдердегі заңдылыққа ұқсас.Кейбір паразиттердің жетілуі өте тез,мысалы таспа құрттардың бір қатары тәулігіне он смдей ұзарады.Мұндай жылдам өсу және көп жұмыртқа өндіру,олардың ас қорыту жүйесінің анағұрлым жоғары дамығандығын көрсетеді.Паразит өз иесі организмнен қыруар көп белок,углевод,витамин және т.б. заттарды сіңіреді.Бұлар оның ұлпасы өсуіне керек заттар.Паразит өлісімен оның денесі ыдырап кетеді.Паразит кеейбір түрлерінде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік дамыған.Мысалы,кейбір ішқұрттардың балаңқұрттары кебуге төтеп берсе,ал парсы кенелері бірнеше жылдай қорексіз өмір сүре алады.
Парамфистомоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары. ІІарамфистоматоз қанмен қоректенетің сорғыщ құрттар қоздыратын гельминтоз. Олар ірі қара, қөң, ешкі, енеке, бұлан және басқа күйіс қайыратын малдарды зақымдайды. Ақтық иесінің денесіндегі ересек құрттар малдың мес, жұмыршақ, кейде жалбыршақ қарындарының кілегей қабығын, ал балаңдары ұлтабар, он екі елі ішек, ащы ішектің алдыңғы болігі кілегей қабығын мекендейді. Балаң трематодалар жетілген сайын мес қарынға орын ауыстырып отырады. Бұл ауру мал шаруашылығына едәуір зиянын келтіреді. Аталған гельминтоз жиі кездесетін аудандарда ірі қараның төлі өлім-жітімге ұшырайды. Ауырған мал 2-3 айда салмағын 10-25 кг, кейде одан да көп жоғалтады.Анықтау. Парамфистомотозды анықтау үшін эпизоотологиялық деректеріне, клиникалық белгілеріне жүгінеді.Ішқұрт ауруының жіті түрін анықтау үшін В.Ф. Никитин (1979) ұсынған гельминтоскопия әдісін қолдануға болады. Мал нәжісін сумен бірнеше дүркін шәйіп-төгу арқылы зерттейді. Тұнба тазарған кезде оның аздаған 1-2 мл мөлшерін зерттеп, одан сорғыштардың балаң сатысын табуға болады. Гельминтозға диагноз қою үшін одан басқа Демидовтың флотациялық-седиментациялық, Вишняускастың седиментациялық-флотациялық тәсілдерін және Котельников пен Хренов ұсынған азот қышқыл қорғасын тұзы ерітіндісімен қалқыту әдісін кеңінен пайдаланады.Парамфистомата жұмыртқасы көлемі, кескін-пішіні, ішкі-құрылымы жағынан фасциола жұмыртқасына ұқсас. Тек қана айырмашылығы - түсі ақ-сұр, сұрғьшт немесе күміс түстес. Парамфистома жұмыртқасының көлемі 0,106-0,147 х 0,063-0,084 мм, лиорхистікі 0,147-0,189 х 0,063-0,105 мм, гастротилякстікі, 126- 0,168 мм х 0,063-0,084. Өлексенің немесе сойылған малдың мес, жалбыршақ қарындарын, ащы ішектің алдыңғы бөлігін ГТЖТ, ГЖЖТ әдістерімен зерттеп, ересек және жетілмеген майда трематодаларды түгел дерлік жинап алуға болады.Ветеринариялық-санитариялық шаралар:Парафистоматозға қарсы қолданылатын сақтық шаралар негізінен фасциолезге ұқсас. Арнайы дауалардың ең тиімдісі сақтық дегельминтизация. Оны мал өріске шықпастан екі жұма бұрын жүргізеді.
Санитарлық нематодология, нематодалардың жіктелуі Нематодалар (грек еөздері - петаtоs жіп еіdos - түрі, кескіні)- И немесе жұмыр құрттар, ал олар қоздыратын ауруларды нематодоздар деп атайды.Нематодалар мал мен адамның асқорыту, тыныс алу және басқа мүшелерінде парзиттік жолмен тіршілік етеді. Олар иесінің қаны, сөлі және торша ұлпаларыМен, ішегіндегі астың нәрімен қоректенеді. Дене бітімі ұзынша, созылыңқы жіп немесе ұршық тәрізді, ұштары сүйірлеу, көлденең кесіндісі дөңгелек келеді. Нема- тодалардың ұзындығы 1 мм-ден бірнеше метрге дейін жетеді. Денесі сыртынан жылтыр қабықшамен (кутикуламен) қапталған, түсі ақ, ақшыл сары немесе ақсұр. Кутикула қабатының астында субкутикулярлық өсінді қабыршьпры бар. Одан кейінгісі ет қаба- ты. Осылардың барлығы паразиттің - терілі ет қапшығьш құрайды. гельминттің ішкі жағы тұйықталып біткен түтік сияқты, іші қой-ыртпақ еұйыққа толы. Оған тіршілікке қажетті дене мүшелері орналасқан.Асқорыту жүйесі алдыңғы ұшьюдағы ауыздан басталады, оның айналасында бірнеше ерін болуы ықтимал, ал ішінде аумағы әрқи- лы ауыз қуысы (капсуласы), мұның түбінде тістер орналасуы мүмкін.Ас ауыздан өңеш арқылы жіңішке тік түтікшеге, яғни ішекке келіп түседі. Өңештің құрылысы әр түрлі нематодаларда өзгеше қальштасқан. Ас қалдығы құрт денесінің құйрық ұшында бола- ган артқы (анал) тесігінен сыртқа шығады. Еркек паразиттің ар- тқы тесігі оның клоакасынан ашылады.Несеп шығару жүйесі нематоданың соңғы жағын ала бастала- тын екі түтіктен (каналдар) құралған, енді олар бірігіп дененің өр тұсынан (түрлеріне байланысты) ашылады.Жүйке жүйесі өңешті қоршап тұратын түйіннен басталады да талшықтары жан-жаққа таралады.Жыныс мүшелері ақ жіп секілді созылмалы ирек түтіктерден тұрады. Жұмыр құрттар бөлек, дара жыныстьшар. Еркектік жыныс ағзалары тақ болады, ол жағыз еннен, онымен жалғасып жататын ещтүтіктен тұрады, оның тесігі клоакадан шығады. Ал клоакан маңында тұрі, түсі, тұрқы әрқилы кедегін бір немесе екі шағылысу мүшесі спикулалар оаласады, кейбіреулерінде спикула мүлде болмайды. .Ұрғашылық жыныс мұшелері жұп келеді. Жұмыр курттар тобы 8 тек тармактарынан куралған: Ascaridata Strongylata, Oxyurata, Spirurata, Trichocephalata, Filariata Rhabditata, Dioctophymata. Бұлардыі әркайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Аскаридаталардың ауыз тесігі үш ерінмен комкерілген. Екі тең спикуласы бар, ұрғашысының бәтегі денесінің алдыңғы жағында орналақан Жұмыртка кабығы тығыз келеді, Геогельминттер. Стронгилядтар еріндері жок, ауыз куысы не саяз, не аукымды терен болады,кейде түбінде тістері кездеседі.Гео және биогельминттер Спируратарлардың екі ерні бар. Ауыз куысына жұткыншак жалғасады, онеші екі болімнен турады, алдыңғысын етті, соңғысын безді деп атайды.Бионематодолар Трихоцефаляталардың алдыңғы жағы ұзын, жіптей жіңішке, ал арткы жағы жуан келеді. Өңеші оте жіңішке түтікщіге уксас және оның бездері айкындалып турады. Жумырткасы құбыр тәрізді екі шетінде какпакшалары бар. Гео не биогельминттер Рабдитабалардың өңеші екі жағынан шар секілді кенейген бульбустардан тұрады. Ұсак тым жіңішке жұмыр курттар. Олардың арасынан жануар денесінен тыс, сыркы ортада өз еркімен өмір сүретіндері кездеседі.Жұмырткалары майда, олардың ішінде қоршаған ортаға шығысымен бірнеше сағаттан соң балаңкурттар дами бастайды. Геогельминттер Оксиураталардың ауыз куысы 3 не 6 ерінмен комкерілген. Өнешінің сонында шайнағыш пластинкалы шар тәріздес куысы бар. Бәтегі дегесінен алдыңғы жағынан ашылады. Гео не биогельминттер Филяриаталардың бас жағы оте карапайым, көбіне ерінсіз. Өнеші цилиндр тәріздес, етті және безді боліктен турады. Тен емес екі спикуласы бар.Биогельминттер Диоктофиматтар ірі гельмиттер, түсі кызғылт. Ауыз куыысы 12 емізікті. Еркегінің куйрыык болігі конырау тәрізді бұлтыкпен аякталады. Спикуласы жалғыз, узынша келген. Ұрғащысыкуйрык бөлігі жұмыр.Биогельминттер.
Сыртқы ортаны дезинвазиялау әдіс – тәсілдері. Биологиялық және химиялық сақтандыру тәсілдері жатады. Биологиялық шаруашылықтық әдістер, көнді биотермиялық зарарсыздандыру, жайылымдарды жырту және суландыру, шалшық жерлерді кептіру , жайылым ауыстыру және көпжылдық шөп егу жайылымдарды мәдени пайдалану сияқты шаралар Химиялық әдіс химиотерапиялық инсектоакарицидтік дәрілер қолданады. Бірқатар жұмыр құрттардың жұмыртқасы мен балаңқұрттары мал нәжісімен сыртқа тарап , қорада , аулада көп уақыт өз тіршілігін сақтайды. . Мұндай гельминтоздар малға тек қорларда ғана жұ,ады . Сондықтан , фермаларда малды уақытында шығарып , төсеніштерді алмастырып тұру арқылы көптеген гельминтоздарды азайтуға болады . Шошқа фермаларында торайлар көптеп аскаридозға шалдығады . Мқны болдырмас ұшін , шошқа баазасын , әсіресе торай клеткасын әлсін әлсін тазалап , жуады , , одан кейін оның еденнен күл немесе торт пайызды натрий немсее калий сілтісн , бес пайызды кароб ұышылын немсее он пайызды лизол ертндісімен бүркіп , бүкіл он жиырма пайыздық әкпен актау кажет. Мал қорасы неғұрлым құрғақ болған сайын , онда балаң құрттардың тіршілік ету мүмкіншілігі де соғырлым азая береді. Сондықтан қораның және оған жалғас жатқан серуен аланың үнемі таза , әрі құрғақ болуын қадағалаған жөн. Мал сейілденіп аула жаңғыз болмауы керек,өйткені оларды кезек кезек пайлаанып, аулууларды үзбей тазартып , құрғақ ұстауға мүмкіндік болуы керек.Мал тезегін сақтау және зарарсыздандыру.Жануарлардың гельминтозға шадығуына жол бермеу үшін мал қораларындағы тезектерді дер кезінде тазалап, арнайы бөяінген алаңға немесе көң сақтайтын орынға жинау керек.Мал тезегін сақтаудың екі түрлі әдісі бар: біріншісі салқын, екіншісі ыстық өдіс. Бірінші әдіс бойынша қорадан шығарылған мал тезегін үйіп, таптап тастайды, бұл ондағы биотермиялық про- цеетердің өтуіне жол бермейді. Алайда, бұл әдіс бойынша сақтал- ған қи ішінде құрттардың жұмыртқасы мен балаң құрттары тіршіліін жоймайды. Ал, қиға минералдық тыңайтқыштарқосып, салқын Қүйінде сақтай берсе, құрт жұмыртқалары мен зиянды мщробтар жойылуы мүмкін. Ол үшін 1 т қиға 20 кг есебімен суперфосфат (қидың жалпы мөлшерінің 2%-ы) қосу ұсынылады.Екінші өдіс бойынша, жылқы мен қой тезегін тьнғыз таптамай үйеді, бірнеше күннен кейін қи арасындағы қызу температурасы 60-70°-қа дейін жетеді. Мұндай жылылық құрт жұмыртқасы мен балаң құртгарын тез (бірнеше сағаттың ішінде) жояды, ал қи зарарарвдандырылады. Бірақ, қиды бұлайша қыздырып сақтау тәсілі агрономиялық гұрғыдан пайдасыз, ейткені мұндай жағдайда қи- дың өсімдікке керекті қоректік заттарының едәуір бөлігі жойылып, оныңШрңайтқыштық қасиеті төмендейді. Бұл жөнінде неміс зерт- I теушілері қиды үйіп, біраз қыздырып, одан кейін таптап, тығыздап сақтау ,г (Кануаның әдісі) ең жақсы әдіс деп санайды. Мал қиын жабдықталған орында сақтау, биотермиялық жолмен өңдеу шара- лары, біріншіден оны тыңайтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік берсе, екіншіден малдың ішқұрттарға шалдығуын азайтады.
Тауық давенеозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары. Бұл цестодозбен көбінесе тауық, сирек жағдайда күркетауық пен мысыртауығы (цесарка) және көптеген жабайы құстар ауырады. Қоздырғышы құстың он екі елі ішегін мекендейтін құрт. Құрттың аралық иелері - кейбір құрылық ұлулары, шырышты ұлу.Эпизоотологиясы. Давениоз тауықтың табиғи ошақты гельминтозы. Оның негізгі таратушысы ішқұртпен зарарланған тауықтар. Инвазияның сау құсқа жұғатын жерлері құрлық ұлулары тараған тауықтар өрісі. Бұл цестодозбен әр түрлі жастағы құс ауырады. Шібилер көбінесе өріске алғашқы шыққан күніақ давениозды жұқтырады. Демек, қыстап шыққан ұлулар денесінде паразит балаңқұрттары сақталған. Олар құстардың асқорыту жүйесіне түсісімен, 15-22 тәуліктен кейін, жаппай ауыру қоздыра бастайды. Инвазияның таралуына ылғалды, күн сәулесі аз түсетін, көлеңкелі жерлер ықпал етеді.Диагностикасы.Құстың саңғырығын біртіндеп шәйіп, одан гельминттердің буылтықтарын немесе қалқыту әдістері арқылы жұмыртқаларын іздестіріп, диагноз қояды. Өлексені сойып, ішегінен таспа құрттарды тауып, давениозды анықтайды. Бұл үшін ішектің кілегей қабатының қырындысын сылып алып, оны екі төсеніш шыны арасына салып, сәл қысыңқырай лупа немесе микроскоппен зерттейді.Ветеринариялық-санитарлық шаралар: Тауықтарды құрлық ұлулары жоқ өріске жібереді, сонымен қатар құс жайылымдарының көлеңкелі, сызды-дымқьш болмауын қадағалаған жөн. Бауыраяқтылар мекендейтін жерлерді соқамен жырту қажет және құс саңғырығын әрқашан зарарсыздандырып отырады. Давенезиоз өршіген шаруашьшықта, құс өріске шағарьшғаннан кейін, оларды әрбір 10 күн сайын дәрілеу керек. Себебі, ішқұрт тауық ішегінде 12 күн ішінде ересек сатысына жетеді. Гельминтоздың алдын алу үшін, балапандарды ересек құстан бөлек бағу қажет немесе оларды құс кешеніндегідей торда ұстап, өсіру де теріс болмайды.
Тауық райетинозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары. Тауық тектестілер райетинозы. Райетиноз тауық, күркетауық, мысыр тауығы және кейбір тау- ық тектес жабайы құстардың ащы ішегінде тіршілік ететін Raillietina туыстарына жататын таспа құртгардың қоздыруынан пайда болатын гельминтоз. Бұл құртгардың аралық иесі құмырсқалар. Райетиноз ауруына душар болған құстың 80-90%-ы шығынға ұшырауы мүмкін.Эпизоотологиясы. ТМД елдерінде тауықтектестілер райетинозы кең таралған гельминтоз. Ол Қазақстанның Шығыс және Оңтүстік өңірлерінде жиі тіркеледі. Инвазияны негізгі таратушысы — райетинозға шалдыққан үй және жабайы тауықтектес құстар. Бұл дертпен 2 айлық жастан асқан балапандар қатты ауырады. Кеселдің өріс алу кезеңі көбінесе жаз айларының аяқ шенінде, әсіресе жаңбырлы күндерден кейін және күзде басталады.Анықтау. Аурудың клиникалық белгілеріне қарап, гельмин- токапрологиялық зерттеулер арқылы құрттың үзінділері мен жұмыртқаларын тауып, ал сойылған құстан ересек құрттарды іздестіріп, диагноз қоюға болады.Ветеринариялық – санитарлық шаралар: Балапандарды ересек тауықтардан бөлек, құрғақ алаңдарда бағып өсірген дұрыс, қора-жайды саңғырықтан тазартып, оны биотермиялық әдіспен зарарсыздандыруды ұмытпаған жөн. Райетионоз жыл сайын тіркеліп тұратын тауық фермаларында, ай сайын құстарды (3-5 бас) арнайы сойып, оларда гельминттердің бар-жоғын анықтап алады. Егер 1-2 бастан цестодалар табылса, онда сақтық және емдеу дауаларын жедел жүргізуі қажет. Жалпы зоотехникалық-санитарлық талаптардың мұқият орындаавлуын қадағалау керек.
Телязиоз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы. Телязиоз – ірі қараның көзінде паразиттік тіршілік ететін Spirurata тек бұтағына, Thelaziidae тұқымдасына, Thelazia туысына жататын нематодалар тудыратын гельминтоз. Ең көп тараған түрі Thelazia rhodesi мал көзінің ішкі қабығы қалтарыс қуысын және үшінші қабығының астын мекендейді. Қалған 2 түрі Th.gulosa және Th.skjabini көз шарасының ішкі жағындағы жас безінің түтікшелері мен өзегін мекендейді. Ноғала кеңінен тараған аурулардың бірі. Онымен зақымданған сиырдың сүті кемиді, төлдің өсу қарқыны тежеледі, тіпті малдың көзі көрмей де қалуы мүмкін. Ноғала құрты ірі қарадан басқа зубр, қодастан табылған. Қоздырғышы: телязия құрттары өте ұсақ, ұзындығы 21мм дейін, ені 0,18-0,5мм, ақшыл түсті, жіңішке, жұмыр келеді. Th. Rhodesi еркегінің тұрқы 0,7-1,1см, ал ұрғашысыныкі 1,7-2,1см. Нематоданың сырт қабығы (кутикуласы) көлденең жолдақты сызықшалармен көмкерілген. Ауыз қуысы өте кішкентай. Спикулалары тең емес, ұзынды-қысқалы. Th.gulosa еркегінің тұрқы 0,5-0,9см, ұрғашысыныкі 0,5-1,6см, денесінің сырт қабығы жылтыр, ауыз қуысы дамыған, тостаған тәрізді, спикулалары тең емес. Th.skjabini еркегінің тұрқы 0,5-0,9см, ұрғашысыныкі 1,1-1,9см, сырт қабығы жылтыр, ауыз қуысы тар, спикулалары тең. Биологиясы: телязиоз қоздырғыштары биогельминттерге жатады, аралық иесі сиыр шыбындары. Паразиттің 3түрінің өсіп-өнуі бір-біріне өте ұқсас. Шыбындар малдың көз жасын жалап жүріп, паразит балаңқұрттарын қабылдап алады. Балаңқұрттар шыбын денесінде 0,5-1айдың ішінде өсіп жетіледі. Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар шыбынның бас бөлігіне ауысып, тұмсықтарына енеді. Шыбын мал көзіне қонған кезде , балаңқұрттар тұмсығынан шығып, көздің кілегей қабығы қуысына немесе жас безінің түтікшелеріне енеді. Мұнда олар 1-1,5ай өткен соң, жынысы жетілген ересек құртқа айналып, бірнеше ай, кейде бірнеше жыл өмір сүреді.
Телязиоз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралары. Телязиоз – ірі қараның көзінде паразиттік тіршілік ететін Spirurata тек бұтағына, Thelaziidae тұқымдасына, Thelazia туысына жататын нематодалар тудыратын гельминтоз.Ноғала құрты ірі қарадан басқа зубр, қодастан табылған. Эпизоотологиясы: телязиозеліміздің Солтүстік өлкесінен басқа жерлердің бәріне тараған. Телязия құрты сиырдан жылдың қай маусымында болсын табылса береді, бірақ ауру жаз айларында кездеседі. Себебі, жазда құрттардың аралық иелері – шыбындарөте көп. Мал құртты көбіне өрісте жұқтырады, бірақ, телязиоз қора малдарында да байқалуы ықтимал. Паразит тасымалдаушы шыбындарға инвазияны жұқтырудың негізгі көзі- телязиозға шалдыққан сақа мал. Қыс бойы нематодалар мал көзінде сақталып, жаз шыға шыбындарға таралады. Телязиоз мал жасын талғамайды. Гельминтозға ірі қараның кәрі-жасы бірдей шалдығады, бірақ бұзаулар арасында инвазия көбінесе жіті түрде өтеді. Анықтау:Телязиозға диагноз қою үшін, малдың көзін жуып-шайып, шайындының ішінен ересек құртты не оның балаңқұрттарын іздестіріп, табу керек. Ол үшін көзі жасаурап қызарып тұрған ірі қараны бөліп алады да, құрттың бар-жоғын тексереді. Әуелі түліктің басын мықты шарбаққа не бағанаға байлап бекітеді. Асау бұзау-тайьшшаларды екі танауынан қысып ұстап бекітуге болады. Малдың басын бір жағына сәл қисайтып және төмен қаратып, оның үстіңгі және астыңғы қабақтарын сол қолдың саусақтарымен көтеріп ашады, ал оң қолмен үшінші қабақ тұсынан көз ұсына 2-3 пайыздық бор қышқылының ерітіндісі немесе басқа антисептикке толы резина бүріккіш ұштығын кіргізеді де, сүйықтың қатты ағынымен жуып-шайып, бар нематодаларды шайып шығады. Көмекші адам түбі қара түсті ыдысты (әдетте фотографиялық ыдыс) көз астында тосып түру керек. Көзді шайып болғаннан соң шайындыдан ақшыл түсті жыбырлап жүрген Th.rhodesi құрттарын көреміз. Ал телязияның қалған екі түрі «тереңде» қоныс тебуіне байланысты, бұл әдіспен табылмайды. Бірақ олардың балаңқұрттарын іздестіруге болады. Ол үшін жас безінен бөлініп аққан сұйықты жинап алып, оны үлкейткіш әйнекше (лупа) немесе микроскоп көмегімен тексереді. Өлген малдарды зерттегенде жоғарғы көз қабағын өзіне қарай тартып, ішінен жас ағарын тауып алып, кішкене, жіңішке, сүйір қайшымен оны ұзынынан тіледі, тілік арасынан жүмыр құрттарды табуға болады. Немесе қайшының көмегінсіз-ақ, жасағарды қолмен сығыңқырағанда да гельминттер шыға келеді. Кейде көздің жас безін қандауыр пышақпен тіліп ажыратып, бөлек алады да, жеке ыдысқа салып жаяды. Көп кешікпей гельминттер су бетіне қалкып, соңынан тұнып ыдыстың түбіне жиналады. Ветеринариялық-санитариялық шаралары: Жыл сайын ірі қараның телязиозы байқалған шаруашылықтар мен фермаларда сақтық дегельминтизациялар жүргізіледі. Оны ерте көктемде, сиыр шыбыны ұшқанға дейін, малдың кәрі-жасына қарамай, барлығын қамтып өткізу керек. Дегельминтизацияны мүмкіндік болса шаруашылыктарда, фермаларда жоспарлы түрде, бір мезгілде өткізіп отыру қажет. Бұл дерттен сақтандыру үшін жазда, күннің ыстық кезінде, жәндіктердің өршіген шағында, түлікті жабық қораларда немесе лапастарда ұстайды. Ең маңызды сақтық шара: қораларды, аула-алаңдарды мұқият қитезек пен көңдерден, қоқыстардан тазартып отыру қажет.Ірі қара телязиозын алдын алу және жою шараларын, қоздырушының биологиясын және жергілікті климаттық географиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізеді. Сиыр шыбындармен күресу үшін, жазғы жайылым кезінде ірі қара малдарына арнайы құралдармен инсектицид дәрілерін шашады.
Трематодалардың ветеринариялық- санитариялық маңызы. Трематодологияда көптеген құрт аурулары кезедеседі. Соның ішінде күйістілер декрецелиозына ветеринариялық – санитарлық шара:Дикроцелиоз кездесетін шаруашылықта малды міндетті тұрде дегельминтизациялап отырады. Г.И. Дйков,И.С. Дементьевтердің (1979) ұсыныстар бойынша оңтүстікте күйіс қайыратындарға дегельминтизацияның біріншісін желтоқсанда, екіншісін наурызда, үшіншісш шілдеде, ал орталық Шығыс Қазақстанда – біріншісін шілдеде, екіншісін ақпанда, үшіншісін тамызда жасаған дұрыс. Гексахлорпараксилол, гексихол дәрілерін, малды топтастырып, құрамды жеммен қатарынан үш күн береді. Малды құмырсқа илеуі маңайына, әсіресе таңсәріде, сондайақ кешке қарай жаймаған жөн. Аурудың алдын алудың тағы бір жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерінің тұрақты мекен қоныстарын түбегейлі өзгерту.Бұл үшін жайылымдағы тастарды теріп алып, өткен жылғы ескі шөппен қоса, тал томар шоғырларын өртеп жібереді, жерді жыртып, мәдени өсімдіктерді егеді. Өрістегі бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге тауықтар жіберуге болады.
Трематодалардың морфологиясы мен биологиясы.Трематодалар (грек сөзі thrematodes- сорғышты, емізік) - жалпақ құрттар қатарына жатады. Бұлар қоздыратын аурулар трематодоздар деп аталады.Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, олар мал мен адамның бауыры мен ұйқы безінде, қан тамырларында, құстың ащы ішегінде, аналық ұрық түтігінде, т.б. мүшелерінде мекендеп, өмір сүреді. Бұлардың көп тараған 3 мындай түрі бар.Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне қарай пішіні жапырақ сияқты, тіл тәрізді болады, ұзындығы әр қилы: 0,1 мл- ден 10-15 см-ге дейін жетеді. Ауыз сорғышы денесінің алдыңғы ұшына орналасқан, ал көбісінің қүрсақ сорғышы денесінің орта шеніне жайғасқан, бірақ кейбіреулерінің (парамфистоматолар) қүрсақ емізігі қүрттың ең артқы шетінен орын тепкен. Сорғыштары арқылы олар иесінің ұлпасына жабысып түрады. Бекіну органдарынан басқа трематодалардың асқорыту, зәршығару, жүйке (нерв) және жыныстық жүйелері бар. Қан айналу, тыныс алу ағзалары жоқ.Қоректенуі. Қоректік зат құрттың ауызы арқылы жұтқыншаққа барып, одан тармақталған, шеті түйық, екі ішекке өтеді. Қорытылмаған ас қалдығын сол ауыз тесігі көмегімен сыртқа шығарып тастайды.Зәр шығару. Құрт денесіне тарамдалып орналасқан жіңішке түтікшелер зәр шығару қызметін артқарады. Түтікшілер арқылы зиянды сұйық құрт денесінің шетіне орналасқан қуықшаға жина- лып, сол арқылы сыртқа несеп шығарылады.Жүйке жүйесі жұтқыншақтың шеттеріне жалғасқан жүйке түйінінен басталады да, талшықтары құрт денесінің барлық жеріне таралады.Жыныстық агзалары. Сорғыштардың басым көпшілігі қосжыныстылар немесе (гермафродиттер), бірақ дара жыныстылары да кездеседі (шистосоматалар). Еркектік мүшелері екі еннен (аталық бездері) тұрады, әрқайсысы ен түтігімен жалғасып, түқым жиналатын кең түтік боп түйісіп, еркектік жыныс тесігімен аяқталады. Түтік тесігіне таяу, қысқа бөлігі нығыздалып, сыртынан көпіршікпен қапталады, оны жыныстық сауыт (бурса) дейді. Аналык мүшелері оотип, тұқымдық немесе аналық без, тұқымдық түтігі, тұқым қабылдағыш, уыздық, мелис денешігі, Лаурер каналшасы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс тесігінен қүралған. Оотипте- ерекектік және үрғашылық үрық шағылысып, жұмыртқа пайда болады. Уыздықта жиналған қоректік заттар жетіліп келе жатқан жұмыртқаның қоректенуіне жұмсалады. Қүрт жұмыртқасы жак- сы жылжуы үшін Мелис денешігі оотип пен басқа да жыныс жол- дарын майлайтын сұйықтық бөліп тұрады. Лаурер каналшасы сыртқы ортаға қажетсіз артық заттарды шығарады және кейде ұрғашьшық жыныс тесігінің міндетін атқарады.Барлық трематодалар жұмыртқаларының бір жақ ұшында қақпақшасы орналасады.Сорғыш құрттар, аралық иелері болып саналатын, суда немесе құрлықта тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысуымен өсіп, өнеді. Кейбіреулерінің даму кезеңі ұлулармен шектелмейді, олардан басқа сорғыштардың келесі сатысы даму үшін, қосымша иелері боп табылатын алтыаяқты жәндіктер, өрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т.б. қажет. Ақтық иелері іш- құрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бөліп шығарады. Жүмыртқа ішіндегі ең алғашқы балаң құртты мирацидий деп атайды. Балаң құрттың ары қарай дамуы аралық иесі ұлумен байланысты. ¥лу денесінде мирацидий - спороцистаға, ал ол редияға айналып жетіледі. (құрылық бауыраяқтыларда трематодалардың редиялық сатысы жоқ). Редиялар сорғыштың келесі даму сатысы церкарийлерге айналады. ¥лу денесінен құйрықты церкарийлер бөлініп шығады, олар судағы немесе жағадағы өсімдіктерге жабысып, құйрықтарын тастап, қабыршықтанып, дөңгеленіп, соңғы адолескарий деп аталатын жұқпалы сатысына жетіледі. Егер құрттың дамуы үшін қосымша ие қажет болса, онда церкарийлер бұлардың ішіне еніп инвазиялық сатысы метацеркарийлерге айналады.
Трихинеллез, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары Бұл жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды, жұмыр құрттар қоздыратын, бүлшық еттердің зақымдануымен сипатталатың гельминтоз ауруы. Ересектері жануарлар мен адамның ащы ішегінде тіршіліе етеді, ал балаң құрттары олардың көлденеі жолақ еттерін мекендейді. Шошқа ұшасынан алынған бұлшық етті компрессорлық, ларвоскопиялық әдіспен зерттейді. Ол үшін көкет ұшынан 50-60г екі сынама кесек кесіп алынады. Әр сынамадан үлкендігін күріш н/е бидай дәніндей етіп, арнаулы қайшымен 12 тілім кесіп алады. Компрессориумның қос шынысы арасына, кесілген ет тілімдерін қыстырып, сығып, микроскоппен қарайды. Егер одан құрт табылса, онда жануар дертті жұқтырғаны. Адамды трихиннеллезден сақтандыру үшін шошқа, жабайы шошқа, аю, сазкүзен ұшаларын міндетті түрде осы гельминтозға тексереді. ¥шаларды біржола жойып немесе өтелдеуге жіберу үшін паразиттің бір данасы да жеткілікті. Бұлшық еті бар басқа ағза өнімдері (субпродукты) де өтелдеуге кетеді. Шошқаның сырт майын, ет-майын 100°С температурада 20 минут бойы шыжғырып ерітеді, ал ішкі майын жарамды деп санайды.Шошқа және т.б. етінен малдәрігерлік-санитарлық лаборато- рияда трихиннелла табылса, шұғыл шаралар қолдану үшін, ет әкелінген жердің малдәрігерлеріне хабарлау керек. Ал, терісі баға- лы аңдарды өсіретін фермаларда, шаруашьшықта хайуанаттарға кез келген ет, ағзаларды жегізуге болмайды. Ит, мысық, жабайы аңдар, егеуқұйрық, тьпықан өлекселерін өртеп жібереді. Алдын ала зарарсыздандырмаған қасапхана қалдықтарын, үй тастандыла- рын шошқа мен терісі бағалы аңдарға жегізбейді. Кейде өлексе ұшаларын жақсылап қайнатқаннан соң немесе ет-сүйек үгінді ретінде ит пен аңға не құсқа береді. Дератизация шараларын қатаң түрде өткізген дұрыс. Шошқа фермасында, қасапханада, ет комбинатында кеміргіштерді жою, үшін зоокумарин т.б. улы дәрілерді қолданады. Шошқалардың тентіреп жүруіне жол бер- меу қажет. Трихиннеллездің табиғи ошақтары білінген елді ме- кендерде бұл ішқұрт ауруының аса қатерлі екенін ескере оты- рып, медицина қызметкерлері мен малдәрігерлері тізе қосып атқ- аратын сақтық дауалардың маңызы ерекше зор.Шошқаларды ет комбинатындағы сойыс қалдықтарымен, сон- дай-ақ, аң шаруашылығындағы және аңшылықта ұсталынған жыр- тқыштардың еті мен ет ұшасымен азықтандыруға рұқсат етілмейді.
Трихинеллез, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы Бұл жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды, жұмыр құрттар қоздыратын, бүлшық еттердің зақымдануымен сипатталатың гельминтоз ауруы. Бұл кұрт сүт қоректілердің 100-ден астам түрінен табылған. Жіктелуі: Тек тармағы: Trichocephalata Тұқымдасы: Trichinelidae Туысы: Trichinella Түрлері: T. spiralis - шошқаларда T. native – Орта Азиядағы жыртқыштарда T. nelsoni – Африкадағы жыртқыштарда T. pseudospiralis – тауқтарда, ұйректерде, торғайларда, еноттарда Сырт құрылысы: Trichinella spiralis - өте ұсақ және шаш тәрізді нематодалар. Басы денесінің өзге жағымен салыстарығанда ол жіңішке болып, әсіресе өңеші ерекшеленіп көрінеді. Тұрқы: еркегі 1,4 -1,6 мм., ұрғашысы 3-4 мм. Олардың жатырының ішінде қаптаған майда балаң құрттар болады. Өйткені, ұрғашылары туады. Ересек трихинеллалар хайуанаттар мен адамның ащы ішегінде тоғышарлық тіршілік етеді. Ал, олардың балаң құрттары қаңқа немесе көлденең жолақ еттерде мекендейді. Даму айналымы: Биогельминттер. Бұл құрттардың ерекшелігі – бір организм, яғни адам немесе сол мақұлық, хайуан бірден ақтық та, аралық та иесі болып саналады. Шошқаның ащы ішегіндегі ұрғашы тоғышар ұрықтар салады. Бұлар лимфа тамырларына еніп, лимфаның ағысымен бірге әуелі қан айналысының кіші одан кейін үлкен шеңберіне келеді. Бұдан барлық органдар мен талшықтарға өтеді. Майда тамыршалар жүйеден ұрықтар шошқалардың көлденең жолақ бұлшық етіне еніп, өседі. Өз айналасына капсуланы қалыптастырады, спираль тәрізденіп инвазиялы күйге айналады (25 жылға дейін сақталады). Шошқалар трихинелдардың қабықтары қарын шырынның әсерінен ериді және тоғышардың ұрықтары ащы ішектің қабырғаларына енеді. Мұнда олар өсіп, түлейді және 2-3 күннен кейін жынысы жетілген еркек және ұрғашы құрттарға айналады. Шошқа ішіндегі жынысы жетілмеген ұрғашы трихинелдар тіршілігінің ұзақтығы 8 аптаға жуық. Бұдан кейін ұрғашылары ішектен шығады, ал, еркектері жаңадан бірігуге қалып қояды. Сырт белгілері: Көптеген трихинеллез қоздырғышы жұқтырылған шошқада денесінің қызуы сәл көтеріледі. Ол әлсірейді, жиі лоқсиды, іші өтеді, тез арықтап 12-15 күннен кейін өледі. Кейде дерт созылмалы түрде 1-1,5 ай бойы өрбиді. Хайуанның қоңы төмендейді. Оның тыныс алуы жиілейді, денесін сипағанда ауырсынады. Ол бір орында ұзақ күні бойы жатып алады, арықтайды. Адамдарда бұлшық еттердің ауырсынғаны, бетінің іскене (одутловатка) байқалады. Адамдарға тиабендазол және басқа бензимидазол тобына жататын дәрілер пайдаланады.
Трихоцефалездар, анықтау және ветеринариялық-санитариялық шаралары. Шошқа трихоцефалезы үй жане жабайы шошқалардың Trichocephalata тек тармағына, trichocephalidae тұқымдасына жататын жұмыр құрт туғызатын ішқұрт ауруы. Анықтау: Олар шошқаның тоқ ішегінде, бйенінде жүретін паразит. шошқа нәжісін гельминтоовоскопиялық қалқыту әдістерінің біреуімен тексеріп, нақтылы диагноз қояды, гельминтоскопиялық әдіспен өлексе бүйенінен ересек құрттарды іздестіреді. Ветеринариялық-санитариялық шаралары: Трихоцафалез байкалган шаруашылықта шошқаны екі дүркін сактык дегельминтизациядан өткізеді: біріншісін- көгемде доңыздарды лагерьге айдап шығар қарсаңында, екіншісін- оларды қорага қамар алдында. Кейде торайларды 1,5 айлык жасына жеткенде және одан 1-1,5 ай өткен соң профилактикалық мақсатпен қайтадан дәрілейді. Жалпы зоотехниялык-малдәрігерлік шараларды іске асыру керек, нақтылап айтқанда: емшекте торайлары бар мегежіндерді оқшау ұстау, торайларды таза, кұрғак, күн сәулесі түсіп тұратын серуен алаңдарында бағып күту, қораларды тәулік сайын көңнен тазарту және айына 1-2 дүркін еден мен қабырғаларды қайнаған сумен немесе калий (натрий) сілтісімен дезинвазиялау, құнды азыкпен қамтамасыз ету. КүйістілерТрихоцефалезы - кой, ешкі, ірі кара және кейбір күйіс кайыратындардың ішкұрт ауруы. Оның қоздырғ ышы Тrichocephalus туысына жататын, тоқ ішек пен бүйенді мекендейтін нематодалар. Анықтау: малдың тірі кезінде – Фюллеборн немесе басқа да гельминтовоскопиялық қалқыту әдісінің бірін қолданып, құрт жұмыртқасын табу арқылы диагноз қояды. Өлген мал өлексесін жарып, тоқ ішегі мен бүйенінен трихоцефала құрттарын іздестіреді. Ветеринариялық-санитариялық шаралары: жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралармен қатар, мал күтімін жақсарту, азықтандыру, қажетті жағдайда оларды дегельминтизациялау сияқты жұмыстар жүргізіледі. ЕТ ҚОРЕКТІЛЕР ТРИХОЦЕФАЛЕЗЫТрихоцефалезбен ит, түлкі, қасқыр, сазқұндыз (нутрия) ауыра- ды. Оны, ТһісһосерһаІШае тұқымдасына жататын, аңның тоқ ішегі мен соқыр ішегінде тіршілік ететін Тһісһосерһаіиз уиіріз және Т.пШгіа жұмыр құрттары тудырады.Қоздыргышы. Нематоданың бас жағы өте жіңішке қылдай болса, құйрығы жуандау келеді. Құрттың тұрқы 3,8-7,5 см. Еркегі- нің құйрығының ұш жағы жұмырланған, жіптей ұзын жалғыз спи- куласы бар, ол сырты тікеншелермен қапталған қынаптың ішінде орналасқан. Жұмыртқасы бөшке сияқты, қоңыр түсті, тығыншық- тары көрініп тұрады, аумағы 0,087-0,093 х 0,037-0,040 мм.Өсіп, өнуі. Бұл құрттардың өсіп, дамуы басқа трихоцефала құрттарына ұқсас.Эпизоотологиясы, аурудың өрбуі, сырт белгілері, өлекседегі өзгерістер зерттелмеген.Анықтау. Капрологиялық Фюллеборн немесе басқа гельмин- тоовоскопиялық қалқыту әдістерін қолдана отырып, диагноз қояды. Өлген ет қоректілердің тоқ ішегінен құрттарды іздейді.Емі жоқ десе де болады.Сақтандыру (қараңыз: ет қоректілер токсокарозы және ток- соаскаридозы).
Фасциолез, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы.Фасциолез - жіті және созылмалы түрде өтетін, көптеген мал түрі зақымданатын, бауыр құрт ауруы. Сүт қоректілердің 40-тан астам түрі бауыр қүрттарға сезімтал келеді. Көбінесе фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара мал, түйе жиі ауырады, ал жылқы, шошқа, қоян тәрізділер сирек шалдығады, сонымен қатар, бұл гельминтоз адам- ға да қауіпті. Трематодалар малды1ң бауырын, анығырақ айтқанда өт жолдарын мекендейді.Қоздырғышы екі түрлі қан сорғыштар: Fasciola hepatica және Ғ.gigantica (Cobbold, 1885). Біріншісін кәдімгі, екіншісін алып фасциола деп атайды.Кәдімгі фасциола жапырақ тәрізді, ұзындығы 2-3 см, тұмсық жағы сәл шығыңқы, денесінде көптеген тікенекшелері бар құрт. Ауыз бен құрсақ сорғыштарының арасы тым жақын. Қос жыныс ағзалары ағаштың бұтағындай көптеген тармақтардан тұрады. Денесінің тұтастай ортасын екі ені алып жатыр, ал сыртқы екі шетін уыздық жайлаған. Жатыры және басқа аналық жыныс мүшелері сорғыштың алдыңғы жағына таман орын тепкен.Алып фасциола сүлік сияқты ұзынша келеді, тұрқы 3,5-7,5 см, ішкі мүшелерінің орналасуы кәдімгі фасциоланыкіндей, айырмашылығы шамалы.
Фасциолез, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары.Фасциолез - жіті және созылмалы түрде өтетін, көптеген мал түрі зақымданатын, бауыр құрт ауруы. Сүт қоректілердің 40-тан астам түрі бауыр қүрттарға сезімтал келеді. Көбінесе фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара мал, түйе жиі ауырады, ал жылқы, шошқа, қоян тәрізділер сирек шалдығады, сонымен қатар, бұл гельминтоз адам- ға да қауіпті. Трематодалар малдың бауырын, анығырақ айтқанда өт жолдарын мекендейді.Эпизоотологиясы. Фасциолез жер шарының барлық елдерін- де кең тараған.Қазақстанда қой және ірі қара фасциолезі жиі тіркеледі. Фасциолез көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседі. Әсіресе шалшық сулары мол, саз-батпақты өрістерде, мал көптеп зақымданады. Себебі, сулы мекендерде фасциола жұмыртқалары, адолескарийлері және аралық иелері ұзақ мерзім өлмейді және тез көбейеді. Мысалы, кіші тоспа ұлуы тайыз шалшық су түбінде 20 см тереңдікте еніп, тіршілігін сақтайды. Оларды бөгетті тұщы көлдің, кішігірім өзендердің жағасынан және осы суларға жақын жатқан жайылымдардың ылғалды топырақтарынан көптеп кездестіруге болады. Ал, адолескарий болса, қорша ған орта әсеріне өте төзімді келеді; суда бір жылға дейін тіршілігін сақтайды, шөпте 1,5-6 ай, сүрлемде 0,5-1 айға дейін өмір сүреді.Малдың фасциолезі біздің елімізде кең тараған ішқұрт ауруы. Ғ.gigantica тудыратын фасциолез Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Ал, Fasciola hepatica деп аталатын түрінің таралу аймағы өте кең. Олар Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Оңтүстік Батыс және Оңтүстік облыстарда трематодтардың екі түрі де жиі кездеседі.Бауыр құртпен барлық жастағы мал залалданады, әсіресе қозы, бұзау жиі шалдығады және көбінесе өлімге ұшырайды. Ал, кейбір жағдайда сақа малдың да өлім-жітімі болуы мүмкін. Қазақстанда фасциолез жаздың соңғы айларында білінеді де, мал шығыны күзде, қыста және ерте көкгемде байқалады. Республиканың Оңгүстік жылы аудандарында бұл дерт жылдың барлық маусымында кездесе береді. Анықтау.Фасциолезге диагноз қою үшін эпизоотологиялық мәліметтерді сараптайды, клиникалық сыртқы белгілерін анықтайды және гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізеді. Өлекседен немесе лажсыз сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістерді айқындап, өт жолдарынан құрттарды іздестіреді.Эпизоотлогиялық деректер жинағанда шаруашылықтағы фас-циолездің бұрын-соңғы жағдайын, ауырған мал түрін, жасын, гельминтоздың қай маусымда шыққанын, жайылым және басқаларын толық есепке алады.Клиникалық белгілері арқылы фасциолезге диагноз қою қиын. Сол себептенде, ауруды зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Ол үшін гельминтокапрологиялық зерттеулер жүргізеді. Мал нәжісінен гельминтоовоскопиялық әдістердің бірімен құрт жұмыртқасы іздестіріледі.Ветеринариялық – санитариялық шаралар:Фасциолездан сақтандыру шараларын жан-жақты жүргізген жөн. Сақтық дауалардың ең негізгісі малды жоспарлы дегельминтизациядан өткізу. Аурудың алдын алу үшін профилактикалық дегельминтизацияны жылына екі рет жүргізеді. Кейде қажет болған жағдайда үш рет өткізеді. Бірінші рет малды өріске шығарардан 10-15 күн бұрын дәрілейді, екінші рет жайылым маусымы аяқталған кезде. Егер қараша, желтоқсан айларында отардағы, табындағы мал нәжісінен 15-25% сорғыштардың жұмыртқалары (сойып қарағанда бауырынан құрттардың өздері) табылса, онда дегельминтизация үшінші рет жасалады. Дегельминтизацияны жасардағы міндетті шарт — барлық мал басын түгелдей қамту. Дәрі тек қойға ғана емес, сондай-ақ олармен өрістес басқа малға да беріледі. Мал өрісін гельминт жұмыртқасынан қорғау мақсатымен бұл әрекет мал қорада, не айналасы қоршалған аулада атқарылады. Жүмыс аяқталысымен малдың қиын бір жерге үйіп, биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.Шаруашылықта фасциолезды болдыртпаудың басты шараларының бірі трематодалардың аралық иелерін - буынаяқтыларды (кіші таспа ұлу және құлақша таспа ұлу) жою. Бұл үшін сазды, батпақты, жарамсыз көлшіктерді құрғатса ұлулардың тіршілігіне қолайсыз жағдай туады, жайылымдағы ылғалдың жеткіліксіздігінен олар біртіндеп қырыла бастайды. Су ұлуларының биотоптарын дер кезінде тауып, оларды жылына екі рет жою шараларын қарас- тырады (тотияйн ертіндісі 1:5000, 5,4 - дихлорсалициланилид 1:1000 қолданылады ). Шаруашылыққа жаңадан басқа жақтан келген мал нәжісін бауыр құрттқа тексеру қажет. Үлуларды биологиялық әдіс арқылы санын азайтуға болады. Ол үшін сазды, көлшікті жайылымдарға үйрек пен қаз жаяды.
Хабертиоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары Бұл күйісті малдың, қой және кейбір жабайы күйістілердің бүйені мен тоқ ішегінде тоғышарлық тіршілік ететін құрт. Лабораториялық зерттеулер және анықтау: Ұрықтарын өсіріп, гельминтоларвоскопиялық әдістермен зерттеу. Хабертияның залалдағыш ұрықтарының тұрқы 0,71 - 0,88 мм, жіп тәріздес, ішегі, жұмыр кірпікшеге ұқсас, 32 торшадан құралған. Олар екі қатар болып қалыптасқан. Ветеринариялық-санитариялық алдын – ала сақтандыру шаралары Қозыларды, төлді сақа малдан бөлек учаскелерде бағу. Жайылым айырбастау, дәрілеу дегельминтизация жасау,Әр жайылым загон бөліктерің 6 - 7 күндей пайдаланып, оған екінші рет 2 - 2,5 ай өткен сон оралады.Барлық малдарды профилактикалық дегельминтизациялардан екі рет өткізеді. Біріншісі – көктемде, мал жайылымға шықпай түрғанда, екіншісі – күзде, мал қораға бағылған кезде. Етке дәрілер ивермек, айвень, аверсек зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотиктержүйке жүйесіне ісер етіп салдандырып өлтіреді.Тері астына егеді, қарсы көрсетіліп жеті күн етін, жиырма сегіз күн сүтін ішпеу керек.Албендазоль ұнтақ, таблетка, суспензия түрінде қолданады.Жемге қосып немесе сумен 0,5г – 10 кг салмағына өлшеп береді.Панакур дәрісінде қолданған жақсы.Жеммен қосып беруге болады.Биотермиялық жолмен қиды залалсыздандыру өте тиімді, бактерия, құрттарды жойып жібереді.Қиды бір жерге үйіп геотермиялық жаңдыру керек.
Ценуроз, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен, мидың, бас сүйектің семуімен сипатталатын мал - жануарлардың ауруы. Құрттың жынысы жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қасқырдың және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларво- цистасы қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқ- тылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миында және жұлы- нында) мекендейді. Ценуроз қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру. Қоздырғышы. Құрттың ересек сатысы - Миltісерs тиltісерs (Ьезке, 1780), ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м-ге дейін барады, денесі 200-250 бунақтардан құралған. Көпіршігі - Соепиrиз сеrebrаlіз - іші түссіз сұйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секілді нүкге- дей жүзден артық сколекстері байқалады. Мида 2-3 ценур кездесе- ді, олардың үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай. Аурудың өрбуі. Ценуроз қоздырғышының мал денесіне тигізер ықпалы, құрт онкосферасы ащы ішек қабаттарын тесіп өткеннен бастап байқалады. Патоморфологиялық өзгерістер ащы ішек пен тоқ ішекте, бүйенде айқындала түседі, бұлардың кілегей қабаты- нан көптеген нүкте тәріздес қанталауларды көруге болады. Одан кейін онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқьшы барлық дене мүшелеріне таралады. Бас миында алғашқы өзгеріс ауру жұкгыр- ғаннан кейін 2 тәулік өтісімен анықталған. Ценур көпіршігі орна- ласқан жер зақымдалып, қабынады. Көпіршік күнделікті өсіп, ұл- ғайған сайын орталық жүйке жүйесінің қызметін бүза бастайды.Айналманы оташылдық тәсілмен, яғни малдың басына операция жасау арқылы ғана емдейді. Бұл әдіс аурудың сырт белгілерінің төртінші сатысы кезінде, яғни миқұр- тының мейлінше үлкейген шағында қолданылады. Ценуроз анық- талысымен бас сүйекті жұқарған тұсынан тесіп, шприцпен әуелі көпіршіктің сұйығын сорып алады, артынан оның қабығын қысқ- ашпен суырып тастайды. Бірақ көбінесе қабық сұйығымен бірге ілесіп шығады. Сүйекті тесуге бұрғьшау аспабын (трепан) немесе ірі малдан қан алатын ине қолданылады.Сақтандыру. Соңғы жылдары Қазақ ұлттық аграрлық уни- верситетінің паразитология кафедрасында мультицепс құртының онкосферасьшан алынған ценурозға қарсы вакцина сынақтан өтті (Авторлары: М.С. Сабаншиев, М.А. Бердіқұлов және Н.А. Ахмет- беков). Кафедрада және шаруашылықтарда жүргізілген тәжрибе- лер қой ценурозына қарсы даярланған вакцинаның профилакти- калық көрсеткіші өте жоғары екендігін көрсетті. Вакцина жас ту- ған қозыларды ценуроздан толық сақтандыра алатыны дәлелденді. Жалпы, қой ценурозына қарсы жүргізілінетін ветеринариялық және санитариялық шаралар, басқа ларвалды цестодоздарға ар- налған шаралармен бірге жүргізіледі. (Қараңыз: ит пен басқа етқо- ректілердің тениидоздарына және ларвалды цестодоздарына қар- сы қолданылатын сауықтыру шаралары )
Ценуроз, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен, мидың, бас сүйектің семуімен сипатталатын мал - жануарлардың ауруы. Құрттың жынысы жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қасқырдың және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларво- цистасы қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқ- тылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миында және жұлы- нында) мекендейді. Ценуроз қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру. Эпизоотологиясы. Ценуроз Қазақстанның қой өсіретін бар- лық шаруашылықтарында кездеседі. Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар ауырады. Ал екі жастан асқан қой бүл дертке сирек шалдыгады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тіркеледі. Гельминтоздың малға жұғу мезгілі оларды жайылымға шығару мерзіміне дәл келеді. Республикамыздың солтүстік аудан- дарында мал өлімі жазғытұрым басталып, күздің аяғына дейін жалғасады. Оңгүстікте жас төлдердің тентекке ұшырауы сөуір- мамыр айларында басталып, шілде-тамызда көбейе түседі. Цену- роздың клиникалық белгілері қойға оның қоздырғышы жұққанан кейін 3-6 ай өткен соң ғана біліне бастайды. Бұл аурудың ең асқынатын кезі - ерте көктем.Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды міндет атқ- арады, өйткені олар сыртқы ортаға таспа құрттың мындаған, мил- лиондаған жұмыртқаларын шашады. Цестодалардың жұмыртқа- сы күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде тез жойьшады, ал керісін- ше көлеңкелі, ылғалды жерлерде тірлігін ұзақ уақыт (бір жылға дейін) сақтай алады. малдың басына операция жасау арқылы ғана емдейді. Бұл әдіс аурудың сырт белгілерінің төртінші сатысы кезінде, яғни миқұр- тының мейлінше үлкейген шағында қолданылады. Ценуроз анық- талысымен бас сүйекті жұқарған тұсынан тесіп, шприцпен әуелі көпіршіктің сұйығын сорып алады, артынан оның қабығын қысқ- ашпен суырып тастайды. Бірақ көбінесе қабық сұйығымен бірге ілесіп шығады. Сүйекті тесуге бұрғьшау аспабын (трепан) немесе ірі малдан қан алатын ине қолданылады.Сақтандыру. Соңғы жылдары Қазақ ұлттық аграрлық уни- верситетінің паразитология кафедрасында мультицепс құртының онкосферасьшан алынған ценурозға қарсы вакцина сынақтан өтті (Авторлары: М.С. Сабаншиев, М.А. Бердіқұлов және Н.А. Ахмет- беков). Кафедрада және шаруашылықтарда жүргізілген тәжрибе- лер қой ценурозына қарсы даярланған вакцинаның профилакти- калық көрсеткіші өте жоғары екендігін көрсетті. Вакцина жас ту- ған қозыларды ценуроздан толық сақтандыра алатыны дәлелденді. Жалпы, қой ценурозына қарсы жүргізілінетін ветеринариялық және санитариялық шаралар, басқа ларвалды цестодоздарға ар- налған шаралармен бірге жүргізіледі. (Қараңыз: ит пен басқа етқо- ректілердің тениидоздарына және ларвалды цестодоздарына қар- сы қолданылатын сауықтыру шаралары )
Цестодалардың морфологиясы мен биологиясы. Цестодтар бітімі таспаға үқсаған, жалпақ қүрттар. Бүлар тудыратын ауруларды цестодоз- дар деп атайды. Таспалы, яғни жынысы жетілген имагиналдық түрі омыртқалылардың асқорыту жүйесін мекендейді, ал олардың лавроцисталары (копіршіктері) немесе балаңқүрттары омыртқалы немесе омыртқасыздардың әр түрлі мүшелері мен үлпаларына орналасады. Малдәрігерлік, медициналық маңызы зор таспа қүрт- тар екі текке бөлінеді:шынжыр қүрттар (цепень- дер) және- баулы қүрттар. Цестодтар жалпақ қүрт- тар типіне,класына жатады. Олар екі класс тармағына бөлінеді:жәнетармағы бунақ- тары жоқ, аздаған гельминттер. Олар жаңғызтүқымдасынан түрады. Бүлар мекре түқымдас балықтардың және тас бақалардың паразиттері. Цестодалар таспа сатысында көптеген сүтқоректілердің ас қорыту мүшелерін мекендейді. Шынжыр күрттардың денесі үш бөлімнен түрады: бас (ско- лекс), мойын (шейка) және бунақ дене (стробила). Таспа қүрттар- дың үзындығы, түрлеріне байланысты, бірнеше миллиметрден бірнеше метрге дейін жетеді. Сколекс қүрт денесінің алдына орналасқан, колемі, пішіні, қү- рылымы әрқилы, 2-4 сорғышы бар. Қүрт сколексінің алдында түм- сық тәрізді өсіндісі болады, оның 1 -2-3 қатарлы ілмекшелері болуы мүмкін (қарулы сколекс). Сколекс озінің сорғыштары және ілмек- шелерімен ішектің кілегей қабығына мықтап бекінеді. Мойын сколекстің астыңғы жалғасы, дененің бунақтарға болін- беген жіңішке түсы. Мойыннан немесе өсу шебінен (зонасынан) жаңа жас бунақтар қалыптасып жатады, олар жетілген сайын, стробиланың артына қарай жылжи береді. Қүрттың үзаруын және жаңа бунақтардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бунақ дене немесе стробила ңестоданың мойнына жалғасқан және көптеген бунақтардан (буылтықтардан, проглоттидалардан) қүралған. Жаңа пайда болған проглоттидаларда жыныс мүшелері болмайды, одан кейінгілерінде әуелі аталық, сонан соң аналық жыныс мүшелері дами бастайды. Аталық және аналық жыныс мүшелері толық қалыптасқан бунақтарды қызтекелік, яғни гер- мафродиттік бунақтар деп атайды. Жетілген жыныс мүшелері озара шағылысқан соң, еркектік ағзалар біртіндеп оздігінен жойыла береді, ал аналық мүшелері керісінше дараланады, бірақ көп кешікпей олар да жойыла бастайды, бунақ ішінде тек қана жатыр қалады. Жатыры қүрт жүмыртқаларына толы, ең соңғы бунақ- тарды жетілген бунақтар дейді. Жетілген бунақтар күнделікті стро- бпладан үзілігі (дестробиляңия қүбылысы), нәжіспен, саңғырық- пен бірге сыртқы ортаға таралады. Жуйке жүйесі сколекске орналасқан бірнеше түйіншектер- ден басталады. Оның колденең үзын талшықтары бунақ денесінен отіп, өзара көлденең тармақшалармен жалғасады. Таспа қүрттардың асқорыту ағзалары болмайды, олар өз иесі ішегіндегі асты бүкіл денесімен сору арқылы қоректенеді. Тыныс алу, қан айналу жүйелері де болмайды. Несеп шығару жолдары- ның қүрылымы сорғыш қүрттарға үқсас. Жыныс мүшелері. Еркектік ағзалары бір немесе бірнеше, тіпті көптеген үсақ еннен (аталық бездерден) түрады. Олардан ен түтік- тері басталып, бара-бара бір-бірімен қосылып, соңында дара кең түтікке айналып, жыныс тесігімен аяқталады және сыргынан жы- ныстық сауытпен қоршалады. Аналық мүшелері түқымдық ана- лық безден (көбінесе біреу ғана), түқымдық түтіктен, түқым қабыл- дағыш, уыздық, Мелис денешігі, оотип, қынап және жабық жа- тырдан түрады. Аналық және аталық жыныс тесіктері әр бунақтың бүйірінен ашылады. Шынжыр қүрттардың жүмыртқалары біркелкі, сондықтан бүлардың түрлерін ажырату өте қиын. Жетілген жү- мыртқалардың бітімі сопақ, дөңгелек не шар тәрізді болады, сырт- қы қабығы жүқа, нәзік, ішінде үрығы (онкосферасы) айқын көрінеді. Онкосфера дегеніміз алты ілмешекті ұрық. Ол қалың қабық- шамен қоршалған, ал сыртын тарамдалған тағы бір қабат эмбри- офор қоршап тұрады. Онкосфера көбінесе түссіз немесе сары, сарғыш-қоңыр түсті келеді. Таспа құрттардың барлығы биогельминттер. Яғни олар ақтық және аралық иелерінің қатысуымен өсіп-өніп отырады. Аралық иелері денесіндегі балаңқүрттардың ларвалдық сатыларын лар- воцисталар деп атайды. Олар ішкі қүрылысының ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге, тұрпатқа бөлінеді. Цистицерк іші сүйыққа толған, сырты қалың дәне- кер тоқыма қабықпен (қапшық) қапталған көпіршік. Бұның көлемі, пішіні, аталуы цестода түріне, жасына, организмде орналасқан орнына байланысты. Көпіршіктің ішкі герменативті қабығына бір немесе бірнеше сколекс (қарулы не қарусыз) орналасуы мүмкін. Ценур көпіршігі - мүның ішкі қабығында бірнеше (ондаған, жүзде- ген) сколекстер болады және олар топ-тобымен оқшауланып тұра- ды. Ларвоцисталар әдетте сүтқоректілер ағзаларына орналасады. Эхинококк - бір камералы қос қабықты көпіршік, ішінде мөлдір сүйығы бар. Бүлар сүт қоректілердің көптеген түр- лерін зақымдайды. Қазақшасы «беріш», «бершімек». Ішкі өсу қа- бығына иненің жасуындай жүздеген, мыңдаған қүрттың үрық сколекстері немесе протосколекстері орналасқан. Шығарушы қал- ташаның өзінде де протосколекстер болады, олардың өсіп-жетіл- гендері қалташадан ажырап, сұйық ішінде өте уақ дақтар сияқта- нып көзге ілінеді (эхинококк «қүмы»), Кейбір бершімекте үрық сколекстері дамымайды, мүндайларын ацефалоциста деп атайды. Кей жағдайда көпіршіктің ішінде екінші буын, оның ішінде үшінші буын («немере») үрпақтар туындап отырады, олар эхинококктің қабықтарын тесіп жарып, сыртына да шығып, өсуін жалғастыра береді.коптеген майда камералардан қү- ралған көпіршік. Эхинококкпен салыстырғанда оның көлемі кіші- рек, сүйығы аз, іші «қүрғақ», араның үясына үқсас, ішкі қабығы өте үсақ протосколекстерге («нүктелерге») толы. Альвеококктың аралық иелері адам мен кеміргіштер. Цистицеркоид - микроско- пиялық үсақ ларвоциста, алдыңғы жағында жалғыз ғана сколексі бар, ал артқы шетінде, «құйрықшасы», яғни церкомер орналасқан. Цистицеркоидтердің аралық иелері сауытты орибатид топырақ кенелері, алтыаяқты жәндіктер және шаян тәрізділер. Цепеньдердің (шынжыр қүрттар) осіп-онуі сыртқы ортаға ере- сек қүрттардың жетілген бунақтар бөліп, таратуынан басталады. Оның іші толған құрт жұмыртқалары. Бунақ қабығы жиырылып немесе ыдырап, ішіндегі жұмыртқаларын мал жайылымдарына шашады. Мал жануарлар жайылымда құрт жұмыртқаларын шөп- пен немесе сумен қоса жұтып, цестодозды жұқтырады. Мал ішегін- де жұмыртқадан босап шыққан онкосфералар қан тамырларына еніп, бүкіл үлпаларға, ағзаларға тарайды. Олар өздерінің бейім- делген ағзасына жеткен соң, құрттың түріне байланысты, әр түрлі ларваңисталарға (ңистиңерк, ңенур, ехинококк т.б.) айналады. Ал, қүрттың ақтық иелері ларваңисталармен зақымданған мал ағзала- рын жеп, гельминттерді жұқтырады. Олардың ішегінде ларваңис- талардан қүрт сколекстері босап, ішектің кілегей қабығына бекініп, ересек таспа қүртқа айналады.
Цестодоздардың ветеринариялық- санитариялық маңызы. Адам мен үй және кейбір тағы тұяқтыларға ларвалды цесто- доздарды яғни цистицеркоздарды (жылауық, етқұрт), ценуроздар- ды (айналма, бұлшық ет ценурозы), эхинококкозды (бершімек) таратушылар негізінен ит, ішінара түжі, қасқыр, шиебөрі т.б. Ал, альвеококкозды таратушы жабайы ет қоректілер болып санала- ды. Тенииде құртгарьшың биологиясына байланысты аталған гель- минтоздардан сауықтыру дауалары екі үлкен күрделі бағытга жүр- гізіледі: а) малды және оны күтетін адамдарды иттердің нәжісімен таралатьін таспа қүрт жұмыртқаларынан сақтандыру; ә) иттерге ларвоциста көпіршіктерімен залалданған мал ағзаларын жегізбеу.Малды жылауық, айналма, бершімек т.б. цестодоз ауру- ларынан сақтандыру жолдары. Қой және сиыр өсіретін шаруа- шылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірың- ғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына «төл құжат» беру, қарғыбау- мен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізеді. Иесіз, қаңғыбас бұралқы иттердің барлығын құрту шарт. Иттерді құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткізілуі тиіс.Дегельминтизацияны топтастырып жүргізу (15-20 итп) арқылы жақсы нөтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндайда тек жұмыс істелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделеді. Аталған шара- ны жүзеге асыру үшіі^иттерді жері тегіс, тақыр, елді мекеннен, жолдан, суаттан алыстау, шеткерілеу орналасқан алаңға жинау керек. Итгерді дәрілер алдында шынжырмен темір немесе ағаш Қазыққа мықтап байлаған жөн. Дөрі берерде тұмсығын арнаулы қысқышпен қысып, басын ұстап отырады. Иттердің ішек цестода- ларына қарсы, тиімділігі өрқилы көптеген антгельминтиктер пай- даланылады.Филиксан. Бұл дәріні итгің салмағына қарай береді: 15 кг-ға дейін 0,4 г/кг, ал 15 кг асса 0,2-0,3 г/кг. Дөріні берер алдында оны өте жүқа қағазға орап нанға не қамырға қосып болюс жасайды. Дәріленген итп 5-6 сағаттан кейін тамақтандырады. Осы аралық- та оның ішінен таспа құрттар түседі.Сульфенді әр игке, апггық мерзімін сақтамай, 100 мг/кг есе- бінде азыққа араластырып береді, емделген иттерден құрт 12-24 сағатга бөлініп шығады.
Шошқа аскаридозы, қоздырушысының морфологиясы мен биологиясы Шошқа аскаридозы - шошқалардың ащы ішектерінде паразиттік тірііпілік ететін ascaris suum нематодтары туғызатын ауру. Аскаридоз шошқа иммунитетІн, яғни, табиғи резистенттілігін төмендетеді, жануар азып, тозады. Аскаридиозға көбінесе 4 айға дейінгі торайлар бейім келеді. Шошқа қорасының yашар тазартлуы, ластануы, азықта витаминдердің жетіснеуі аскаридоздың тіралуына себеп болады. Шошқа аскаридаларының инвазиялық жұмыртқалары адамға да қауіпті.
Шошқа аскаридозы, эпизоотологиясы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шараларыШошқа аскаридозы - шошқалардың ащы ішектерінде паразиттік тірііпілік ететін ascaris suum нематодтары туғызатын ауру. Аскаридоз шошқа иммунитетІн, яғни, табиғи резистенттілігін төмендетеді, жануар азып, тозады. Аскаридиозға көбінесе 4 айға дейінгі торайлар бейім келеді. Шошқа қорасының yашар тазартлуы, ластануы, азықта витаминдердің жетіснеуі аскаридоздың тіралуына себеп болады. Шошқа аскаридаларының инвазиялық жұмыртқалары адамға да қауіпті.Шошқаның аскаридоз ауруыньщ кеңінен таралуьша байланысты, оның зияндылығы орасан зор. Торай арасында өлім-жітім жиі кез- деседі. Зақымданған торай тәулігіне 100-200 г салмағьш кемітеді.Қоздырғышы – ascaris suum (Gоеzе, 1782), шошқаның ащы ішегін мекендейтін ірі жұмыр құрт. Оның түсі ақшыл, ұзындығы: еркегішкі -10-22 см, ұрғашысыныкі - 22-30 см. Екі тең спикуласы бар. Бәтегі нематода денесінің алдыңғы бөлігіне орналасқан. Сопақша жұмыртқасы күрең не сарғьіш өңді, сыртқы қабьщтары қалың және кедір-бұдыр боладыЭпизоотологиясы. Аскарида көбінесе 1-3 айлық торайларда кездеседі. Ал, ересек шошқаның бірен-сараны ғана ауырады. Гель- минтоздың жұмыртқасын таратушы аскарида құртымен зараршн- ған сақа доңыздар, Әсіресе, шошқа қорасы айналасына үйген нәжістен аскарида тез жұғады. Деиесінде құрты бар мегежіндер күніне нәжіспен бірге аскарида жұмыртқаларын шашады. Онымен жем-су ластанады. Кейде торайлар енесінің ластанған емшегі ар- қылы зақымданады. Құрт жұмыртқалары малдың, адамның аяғы- мен, шыбындармен және шаң тозаңмен еуға, жемге түсуі мүмкін. Жауын құрттарын да естен шығармау керек, себебі олардьщ ішін- де қүрт жүмыртқалары көп уақыт сақталады. Аскариданың жұқпа- лы сатьісына жеткен жұмыртқалары қоршаған ортаның қолайсыз (ылғалдың аздығы, оттегінің жетіспеуі, температураның өзгеріп тұруы) жағдайларына өте төзімді келеді. Мұндай жұмыртқалар құмды және құмдауыт топырақтарда 2,5 жылға дейін сақталуы ықтимал. Құрт жұмыртқалары кейбір химиялық улы заттарға да төтеп бере алады. Жұмыртқа ішіндегі балаң құрттары 2% сілті, алмас (хлорлы сынап) ерітінділеріне де төзеді. Температурасы 60°С ыстық су жұмыртқалардың 40-50 процентін ғана өлтіре ала- ды, ал 30°С-та олар бір тәулік өткен соң ғана жұқпалы қабілетінен айырылады.Аскаридоздың жиі тіркеліп, көп таралуы шаруашылықтарда тазалық сақтық шаралардың жоқтығынан немесе олардың жүйелі түрде өткізбеуінен.Анықтау. Аскаридозға диагноз қоярда эпизотологиялық, деректерін және сырттай клиникалық белгілерін ескеу керек. Сонымен қатар шошұа нәжісін Щербович , Дарлинг т,б қалқыту әдістерінің бірімен тексеріп , аскарида жұмыртқаларын іздестереді немесе диагностикалық дегельминтизация жүргізеді. Сойылған шошқаның ащы ішегін нематодалар іздестіріледі. Сонымен қатар , доңыздың өкпе ауырын майдалап турап , Берман әдісі бойынша балаң құртты іздейді. Ветеринарлық санитарлық шаралар ретінде жылына қораны екі рет яғни жазғытұрым жане күзде қораны тазалап залалсыздандырады. шошқа нәжісін көн сақтаитын жерге жинап биотермиялық жолмен залалсыздандырады. Аскаридоз жылда тіркеліп тұратын шаруашлықтарда шошқалар міндетті түрде сақтық дегельминтизациялардан қтуге тиіс, тиімді антигельминттерді еркінше азыққа қосып берген жөн. Жылна ек дүкін , яғни жазғытұрым және күзде шошқа қораларвн тазартып , залалсыздандырады. Шошқа нәжісін көң сақтайтын жерге жинап , биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады . Қора жай , серуен алаңдарын, оттықтырады. Үш , бес проценттің ыстық сілті ертіндісімен , сондірлмеген әк немесее торт бес проценттік карбол ұышұылымен , он проценттік лидолмен дезинвазиялайды . Шошқа бағылатын жайылым бөлтектерн , егер мүмкншілік болған жағдайларда , жазда әр он күн салып, ал ерте көктем мен күзде он бес он үш күн аралығында өзгертіп отыру кеерк. Шошқалардың аскаридозын алдын алуға келесі шаралар жүргізіледі :құрамы витаминдер және минералдық заттармен толтырылған азықтармен қамтамасыз ету; шошқаларды жазғы кезде лагерлік жүйеде бағып ұстау, мамыр тамыз айларында әрбір он күн сайын жайлымды ауыстыру; қораларды, оттықтарды, науаларды, күтім заттарын және шаруашылық құрал саймандарын үнемі тазалап және мехнаикалық тазартып, оларға ертінділермен немесе ыстық қайнаған сумен залалсыздандыру жүргізу;ферма айналасындағы жерлерді айдап, жыртады,серуен алаңдарына әк себелп , артынан тегістеледі.
Шошқа метастронгилезі, эпизоотолоиясы, анықтау және вет.сан шаралары. Шошқа метастронгилезін Меtаstrопgуlidае тұқымдасына жа- татын жұмыр құрттардың 3 түрі қоздырады. Бұл гельминтозбен көбінесе торайлар ауырады.Эпизоотологияс:. Шошқалар метастронгилюс құрттарын серуен алаңдарында, ферма маңайында, қораларда және өрістерде жұқтырады. Сыртқы қоршаған ортада, паразиттер ұзақ уақыт бойы (4 жылға дейін) сақталады. Шошқалар қораларғатақау, топырағы жұмсақ және ылғалды, өсімдік қалдықтары мол жерлерде гельминтозға жиі залалданады. Бұл гельминтоз тұрақты бір жерде жыл сайын шы- ғып тұруы ықтимал. Гельминтозбен көбінесе торайлар ауырады, ал ересек шошқалар бұл дертке төзімді келеді, бірақ олар негізгі паразит тасымалдаушылар болып саналады. Қазақстанның кейбір оңтүстік-шығыс аудандарында метастронгилез аналық шошқадан ажыратылған торайлар мен марқаторайларда күзде, ересек шошқаларда — жазғытұрым және күз айларындажиі байқалады.Бұл дерт 2-6 айлық шошқалар арасында көбірек кездеседі.Анықтау.: Гельминтоздың эпизоотологиялық деректерін анықтап, клиникалық белгілерін зерттейді. Капрологиялык зерттеуге гельминтоовоскопиялық Щербович әдісін қолданған тиімді. Өлген мал өлексесінің ауатамырларынан ересек паразиттерді, ал өкпе ұлпаларының тіліктеріненкомпрессорлық әдіспен балаңқұрттарын іздестіреді. Сақтандыру: Метастронгилез жыл сайын шығатын шаруа- шылықтарда, жоспарлы түрде жылына екі рет сақтық дегельминтизациялар жүргізілуі тиіс. Біріншісін күзде, шошқаларды қораға ауыстырудан 10 күн бұрын, екіншісін көктемде, доңызды өріске немесе серуен ауласына шығармас бұрын жүргізеді. Ал, емдікдегельмтинтизация аурудың клиникалық белгілері білінген кезде, жылдың кез келген уақытында жүргізе беруге болады. Сонымен қатар, зоогигиеналық шараларды мұқият орындап отыру керек: нәжісті үнемі жинап, көң қоймаларында заларсыздандыру, шошқа қоралары мен лагерлерді құрғақ дөңестеу жерлерге орналастыру, едендер мен серуен алаңдарын таза ұстау, жоспарлы түрде оларды дезинвазиялау, шошқаларды азықтандыруды жақсарту, оларды жаңбырдан кейін жайылымға шығармау, т.т.
Шошқа цистицеркозы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Қоздырғышы. Жынысы жетілген цестоданы Таепіа solium (L 1758) немесе доңыз таспасы дейді. Құрттың дене тұрқы 1,5-3 м және толып жатқан бунақтардан құралады (олардың саны 900-ге жуық. Кішкентай домалақ басының ені 0,6-1,0 мм, сколексі қару- лы, төрт емізігінен басқа қос тәжді ілгешіктері бар, олардың саны 22-32. Қызтекелік бунақтардағы тұқымдық бір-біріне тең емес үш бөліктерден қалыптасқан, ал пісіп-жетілген буылтықтардағы жатырдың бұтақтармақгарының саны 7-12. Ларвоцистаны Сусtі- сеrсus сеllиlоsае дейді, ол тары не бұршақ дәніндей ғана, ішіндегі сколексі қарулы. Шошқадан басқа аралық иелерінің қатарына қабан, аю, түйе, ит, мысық, қоян және адам қосылады. Актық иесі адам. Өсіп, өнуі. Құрттың жетілген бунақтары адам дәретімен бірге сыртқы ортаға шығады. Далада ауа-райының әсерімен жұмыртқа- лар проглотщдалардан босап, шашылып жем-шөпті, суды, қора маңын былғайды. Шошқалар қорегін бірге құрт жұмыртқаларын жүшп зақымданады. Ас қорыту жүйесіне түскен жұмыртқалар дан өте ұсақ онкосфералар шығып, ішекке жетеді. Олар қармақшыларымен ішектің қабатын тесіп, қанға енеді, одан хайуанның ба лық денесіне тарап, ағзалардың ет тармақтарына турақтайды. Олар өсіп, өніп 3-4 айдай мерзімде көпіршік финнаға айналады. ТораР мегежін ұшасынан финнаның 100 мыңнан асгтамын табуға болады Адам цистицерктермен зақымданған шошқа етін, қабан немесе ак етін жеп тениоз ауруына ұрынады. Оның ішегінде паразит өзінің жыныстық сатысына 2-3 ай ішінде жетеді. Кейбір жағдайларда це- стоданың жұмыртқаларын адам ластанған жеміс-жидек, көкөніс арқылы жұқтырады. Кейде ішінде шошқа таспасы бар адам қүсқан- да, оның асқазанына құсықпен бірге қүрттың жұмыртқаларға толы жетілген бунақтары түседі. Одан босап шықкан онкосфералар қан тамырларына еніп, қан ағымымен бүкіл денеге тарайды. Сөйпп цистицерктер адам бұлшық еттерін, жүрегін, жүлынын, миын, көзін зақымдап, адамды финноз ауруына шалдыктырады, денсаулығына өте қатер төндіретін халға душар етеді.Эпизоотологиясы. Ішегінде шошқа таспасы бар адам бірнеше жыл бойы финноз ауруын таратушы болып саналады. Мысалы, бір адам ғана бүкіл ферма шошқасына цитицеркоз дертін жүкты- руы ықтимал. Құрт жұмыртқалары жайылымға желмен, мал күту- шілердің аяқ киімімен, хайуандардың түяғымен тарайды. Суар- малы жайылымдар да қауіпті болып саналады. Мнвазияның тара- луына фермаларда әжетханалардың жоқтығы немесе олардың жабдықталмағаны себепкер болады. Ал адам ет құртымен залал- данған шошқа етін жеп ауьграды.Аурудың өрбуі, өлекседегі өзгерістер. (қараңыз: ірі караның цистиңеркозы). Сырт белгілері білінбейтін күйде өтеді, өдетте айқын емес, торайлардың өсіп, жетілуі баяулайды, кейде қоңы төмендейді. Анықтау (қараңыз: ірі қараның цистицеркозы).Емі жоқ. Мал цистицеркоздары мен адам тенидоздарының алдын алу, малдәрігерлік және медициналық қызметгің міндеті. Ең негізгі шара - ол ірі қара мен шошқаларды таспа құрттар жұмыртқала- рының жұғуынан сақгандыру және адам денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан (тениаринхоз бен те- ниоздан) сауықгыру.Мал дәрігерлік шаралар. Ет комбинаттарында, қасапханалар- да сойылған ірі қара мен шошқаларды міндетгі түрде финнозға тексеру. Сойылатын малды кез-келген аулада бауыздауға тыйым салу қажет. Ет сататын сауда нүктелерінде мал дәрігері тексер- меген еттің сатылуьша жол бермейтін қатаң тәртіп орнату керек. Мал соятын кәсіпорындағы малдәрігерлік қызметкерлер тексеру барысында цистицерктер табылған малды байқасымен-ақ, жоғар- ғы малдәрігерлік және медициналық мекемелерге дереу хабар- лайды.Егер жануардың еті финналармен қатгы залалданса, яғни зерт- телген еттің 40 см2-де 3-тен астам ларвоциста табылса, онда ондай етті малдәрігерлік-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес, өтел- деуге жібереді. Ал шамалы зақымданған етті (еттің 40 см2-де етқұрттың саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану үшін, оны қайнатып пісіреді, қажетті мөлшерде тұздайды немесе жақсылап тоңазытып залалсыздандырады.Медициналық шаралар. Сойылған ірі қарадан немесе шош- қадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қай ша- руашылықтан келгендігі анықгалып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі.Цистицеркоз малға адамның дәретінен жұғатын болғандық- тан, барлық фермаларда жабық әжетханалар болуы керек.Цистицеркоз бен тениидоздардың етек алып тарамауы үшін халық арасында санитарлық үгіт-насихат, ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізудің ерекше маңызы бар.
Шошқаның аскаридоз ауруыньщ кеңінен таралуьша байланысты, оның зияндылығы орасан зор. Торай арасында өлім-жітім жиі кез- деседі. Зақымданған торай тәулігіне 100-200 г салмағьш кемітеді.Қоздырғышы – ascaris suum (Gоеzе, 1782), шошқаның ащы ішегін мекендейтін ірі жұмыр құрт. Оның түсі ақшыл, ұзындығы: еркегішкі -10-22 см, ұрғашысыныкі - 22-30 см. Екі тең спикуласы бар. Бәтегі нематода денесінің алдыңғы бөлігіне орналасқан. Сопақша жұмыртқасы күрең не сарғьіш өңді, сыртқы қабьщтары қалың және кедір-бұдыр болады.Өсіп, онуі. Құрт аралык ие қатынасынсыз өсіп, өнеді. Құрт жұмыртқалары хайуан нәжісімен бірге қоршаған ортаға таралады. Жұмыртқа ішінде (ауа-райының жағдайына қарай) 0,5-1 ай аралы- ғында инвазиялық, яғни жұқпалы сатысьша жеткен балаң құрт пайда болады. Шошқаға аскарида жұмыртқалары, олармен залал- данған жем-су арқылы жұғады. Ішекте жұмыртқалардан балаң құрттар босап шығып, аталған ағзаның (ворсинкалар) арасына еніп, қан тамырлары арқылы бауырға, одан жүрекке, ең соңында өкпеге түседі. Өкпенің қан тамырлары арқылы альвеолаларға өтіп, ары қарай жылжып ауатамырлары мен кеңірдек қуысына ауыса- ды. Одан әрі тыныс жолдарындағы кілегейлі сұйықпен ілесіп көме- кейге жетеді. Хайуан жөтелген шақта ауыз қуысына қайта түсіп, сілекеймен бірге қайта жұтады. Хайуан ішегінде 1,5-2 ай шама- сында олар ересек құртқа айналады.
Ірі қара цистицеркозы, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары Қоздыргышы. Жынысы жетілген сатысын — Таепіаrһупсһus saginatus (өгіз таспасы) деп атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, аумағы 1-2 мл, сколексі қарусыз, мойны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай кө- лемі ұлғая түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі бөліктерден құрылған. Өсіп, өнуі. Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шық- қан соң, ондағы жұмыртқалар өсімдікке, жемге, суға енеді, жайы- лымдар ластанады. Ал ірі қара оларды шөп немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денеге енген жұмыртқалар онкосферасы мал ішегінің ішкі қабығын тесіп өтіп, қан тамырларына түседі, қан арқылы бұлшық еттер талшығының арал ығына барып жайғаса- ды. Онда олар 3-6 айда жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып, тіпті шала пісірілген, қуырылған етте тіршілігін сақтайды. Адам- ға гельминтоз осындай еттер арқылы жұғады. Адам организмінде көпіршіктің ішіндегі балаңқұрт өзінің сколексімен ішектің кілегей қабатына бекініп, 2,5-3 ай аралығында ересек өгіз таспасына айна- лады, яғни құрттың ақтық иесін тениаринхоз дертіне душар етеді. Аурудың өрбуі. Гельминтгік зардаптың әсері құрт онкосфе- расының мал ағзаларымен ұлпаларын жайлаған шақта ғана біліне бастайды. Ал жұқпалы сатысына жеткен цистицерк-көпіршіктер мал денесіне оншалықты зиян тигізбейді. Өлекседегі өзгерістер. Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте төрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс, өсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан ара- ласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.Анықтау. Ірі қара финнозын малдың тірі кезінде анықтау өте қиын, себебі айқын клиникалық белгілері болмайды. Гельминтозды аллергиялық реакциямен ғана ажыратуға болады. Бірақ бұл өдіс өндірісте қолданылған емес. Ал, сойылған малдың ұшасын тексе- ріп, етқұрттарды іздеп, диагноз қояды. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды.Тілді қолмен қысып, қажет болса оны ұзынынан кескен жөн. Жүректі ұшынан аяғына дейін қақ жарып, өр бөлігін ұзынынан екі рет, көлденеңінен бір қайтара тіліп тексереді. Көк ет те қалыс қалмауы керек. Егер жүректен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті де тексереді. Ал бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зертгейді. Цистицерктер бар бол- са оларды жай көзбен көруге де болады.Емі әлі күнге дейін жолға қойылмаған, ашылмаған мәселе. Мал цистицеркоздары мен адам тенидоздарының алдын алу, малдәрігерлік және медициналық қызметгің міндеті. Ең негізгі шара - ол ірі қара мен шошқаларды таспа құрттар жұмыртқала- рының жұғуынан сақгандыру және адам денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан (тениаринхоз бен те- ниоздан) сауықгыру.Мал дәрігерлік шаралар. Ет комбинаттарында, қасапханалар- да сойылған ірі қара мен шошқаларды міндетгі түрде финнозға тексеру. Сойылатын малды кез-келген аулада бауыздауға тыйым салу қажет. Ет сататын сауда нүктелерінде мал дәрігері тексер- меген еттің сатылуьша жол бермейтін қатаң тәртіп орнату керек. Мал соятын кәсіпорындағы малдәрігерлік қызметкерлер тексеру барысында цистицерктер табылған малды байқасымен-ақ, жоғар- ғы малдәрігерлік және медициналық мекемелерге дереу хабар- лайды.Егер жануардың еті финналармен қатгы залалданса, яғни зерт- телген еттің 40 см2-де 3-тен астам ларвоциста табылса, онда ондай етті малдәрігерлік-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес, өтел- деуге жібереді. Ал шамалы зақымданған етті (еттің 40 см2-де етқұрттың саны 3-тен кем болса) тағамға пайдалану үшін, оны қайнатып пісіреді, қажетті мөлшерде тұздайды немесе жақсылап тоңазытып залалсыздандырады.Медициналық шаралар. Сойылған ірі қарадан немесе шош- қадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қай ша- руашылықтан келгендігі анықгалып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі.Цистицеркоз малға адамның дәретінен жұғатын болғандық- тан, барлық фермаларда жабық әжетханалар болуы керек.Цистицеркоз бен тениидоздардың етек алып тарамауы үшін халық арасында санитарлық үгіт-насихат, ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізудің ерекше маңызы бар.
Эзофагостомоз, анықтау және ветеринариялық - санитариялық шаралары Бүл ішқүрт ауруы мал шаруашылығына әжептеуір экономи- калық зиян келтіретін, елімізде кең таралған гельминтоз. Қоздырғышы. Oesophagostomum (Моііп, 1861) туысына жа- татын жүмыр қүрттар: О. columbianum, О. venulosum және 0. Radiatum (Н.М. Gerber, 1975). Алғашқы екі түрі көбінесе қойдан табылса, ал үшіншісі - ірі қарада болады. Үй жануарларынан басқа бүл нематодалар кейбір жабайы күйісқайратындарды да залалдайды.Анықтау.Малдың тірі кезінде диагноз қою өте қиын.Эпизоотологиялық деректер, аурудың сырт белгілері және гельминтокопрологиялық зерттеулер жеткіліксіз, диагностикалық дегельминтизацияның да нәтижесі шамалы.Нақтылы тәсіл құрт жұмыртқаларынан балаңқұрттарын өсіріп, жұқпалы сатысына жеткізіп, солардың түрін анықтау арқылы дигноз қою.Гельминтоовоскопиялық қалқыту әдістерінің тиімділері Фюллеборн, Дарлинг т.т. Ветеринариялық санитарлық шаралары.Жайылым айырбастау, дәрілеу дегельминтизация жасау. Әр жайылым загон бөліктерің 6 - 7 күндей пайдаланып, оған екінші рет 2 - 2,5 ай өткен сон оралады.Барлық малдарды профилактикалық дегельминтизациялардан екі рет өткізеді. Біріншісі – көктемде, мал жайылымға шықпай түрғанда, екіншісі – күзде, мал қораға бағылған кезде. Етке дәрілер ивермек, айвень, аверсек зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотиктержүйке жүйесіне ісер етіп салдандырып өлтіреді.Тері астына егеді, қарсы көрсетіліп жеті күн етін, жиырма сегіз күн сүтін ішпеу керек.Албендазоль ұнтақ, таблетка, суспензия түрінде қолданады.Жемге қосып немесе сумен 0,5г – 10 кг салмағына өлшеп береді.Панакур дәрісінде қолданған жақсы.Жеммен қосып беруге болады.Биотермиялық жолмен қиды залалсыздандыру өте тиімді, бактерия, құрттарды жойып жібереді.Қиды бір жерге үйіп геотермиялық жаңдыру керек.
Эуритремоз, анықтау және ветеринариялық- санитариялық шаралары.Эуритримоз үй және кейбір жабайы (бұғы, енеке) күйіс малдарында кездесетін гельминтоз. Ересек құрттар малдың ұйқы безінің паразиттері.Ауруды анықтау үшін мал нәжісін гельминтоовоскопиялық әдістермен зерттейді (қараңыз: фасциолез, дикроцелиоз). Эуритрема жұмыртқасы (0,048х0,032-0,036 мөлшерінде) дикроцелий жұмыртқаларына ұқсайды, бірақ одан ірілеу. Емі мен сақтық шаралары: жете зерттелмеген. Тек, дикроцелиоз ауруына қарсы қолданылатын сақтық шараларын ұсынуға болады.

Приложенные файлы

  • docx 18406082
    Размер файла: 183 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий