UMK_aleu_pedagog_zhanaPiP__Word


4.1. Дәрістік сабақтар
Рет.
№ Cабақтың тақырыптары [әдебиет №, §§…, беттері] Көлемі,
сағаты
1 Әлеуметтiк педагогиканың бiлiм саласы ретінде қалыптасуы мен қазіргі қоғамда алатын орны (№1, §1, 5-15 бет) 2
2 Әлеуметтiк педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерi (№1, §1.4, 53-67 бет). 2
3 Әлеуметтiк педагогикалық процесс және оны жетiлдiрудiң жолдары (№1 , §2.1 79-119 бет). 2
4 Адамның әлеуметтiк дамуының ерекшелiктерi (№ 2, 4 тарау §1.2 42, 43-52 бет). 2
5 Әлеуметтік тәрбие мәнi мен мазмұны (№ 2, 8тарау §1,2 96-105 бет). (№6 , 8 тарау §1,2 127-134 бет). 2
6 Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметгiк мәдени ортасы ретінде (№1 , 2 тарау §2,3,4 119-150 бет). 2
7 Оқу-тәрбие мекемелерi-өскелең ұрпақты әлеуметтендiру институттары ретінде (№1, 2 тарау §5 175-189 бет). 2
8 Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі
(№2 , 9 тарау §1,2,3 106-112 бет). 2
9 Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары. (№1, 3 тарау §1.2.3. 194-218 бет). 2
10 Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемалары (№2, 11 тарау §1,2,3 132-143 бет). 2
11 Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет пен процесс (№3, 2 тарау §1,2, 175-189 бет). 2
12 'Гұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы (№1, 4 тарау §1,2,3, 236-259 бет). 2
13 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы(№1, 4тарау §2,3 249-259, бет). (№6, 7 тарау §1,2,3, 117-124 бет). 2
14 Бала кұқын қорғаудың әлеуметтік педагогикалық технологиялары (№6, 6 тарау §,2,3, 95-106 бет). 2
15 Европа және АҚШ елдеріндегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесі. (№9, 3 тарау §1,2,3, 80-87 бет). 2
БАРЛЫҒЫ: 30
6. Дәрістер кешені
№1Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтiк педагогиканың бiлiм саласы ретінде қалыптасуы мен қазіргі қоғамда алатын орны»
Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ортаның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады.
Әлеуметтік педагогиканың ұғымдары.
Ең алдымен, әлеуметтік орта ұғымын анықтап алғанымыз жөн. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіде, баланың қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.
Әлеуметтік тәрбие – көп қырлы ұғым. Бұл – қоғамның болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы; қоғамның, ұжымның, өзге адамдардың адамды қолдауы, сүйеніш болуы, қол ұшын беруі, адамның отбасында, қоғамда қабылданған құқықтық, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық ережелер мен қарым-қатынастар үлгісін үйренуіне, қабылдауына жәрдемдесу. Нағыз тәрбие бала табиғатын, оның өмірлік тәжірибесі мен қызығушылықтарын терең түсінуді қажет етеді.
Әлеуметтік жұмыс ұғымы – белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алуы үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.
Балаға шағын ұжым ішінде өзін-өзі көрсете білуі үшін де, өтірікке, жаманшылықтарға, атап айтқанда, қылмыстық ортаға, маскүнемдікке, нашақорлыққа, ата-аналар тарапынан болатын қатыгездікке қарсы тұра білуі үшін де ересек әріптестерінің көмегі қажет.
Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.
Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшеліктерді және қоғамдық тәрбиені есепке алады.
Бұл ерекшеліктерді білу - әрбір әлеуметтік қызметкердің міндеті.
Әлеуметтік-педагогикалық көмек - тәуекел топтағы отбасыларда балаларды тәрбиелеуге және дамытуға, педагогикалық қателіктерді және жанжалдық жағдайларды жеңуге, ата-аналарға балаларды тәрбиелеу құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар құруға бағыттылған.
Әлеуметтік педагогтың «тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты - проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.
Бала мен әлеуметтік қоршаған орта өзінің әрбір даму кезеңдерінде және әлеуметтік сапа жағдайы мен бұрынғы қалыптасып қалған өлшемдер, талаптар аралығындағы туындаған қайшылықтарды тез сезініп отырады. Егер бағалау нормасы дер кезінде өзгермесе, субъект ретіндегі баланың әлеуметтік өмірде дамуға қажетті қолайлы жағдай жасалмаса, өмірлік маңызды шешімге келу кезеңіндегі кедергілер, яғни «өмірдің проблемалық жағдайы» пайда болады. Егер отбасы мен әлеуметтік орта балаға бұл кедергілерді жоюға көмектесе алмаса, онда ол «тәуекелділік жағдайға» жетеді. Ал егер бұл тұста педагог маман араласпаса, қиыншылықтар көбейе түседі де, бала «әлеуметтік қауіпті жағдайға» ұшырайды, сөйтіп, «тәуекел тобына» амалсыз тап болады.
«Әлеуметтік жетім» феномені, яғни, ата-анасы тірі бола тұрса да балаларды мемлекетке тәрбиелеуге тапсыру: төмендегідей отбасының мектептен алшақ орналасуымен, ауыл арасында көліктің жоқтығымен, ата-аналардың балаларды оқытуға, тәрбиелеуге жағдайының келмейтіндігімен, тұрғын үйлерінің болмауымен, жұмыссыздық, миграциялық үрдістердің күшейе түсуімен, толық емес отбасы, маскүнемдік, ата-аналардың девиантты мінез-құлқы, кезбелік және т.б. әлеуметтік себептермен түсіндіріледі. Сол үшін де проблемадан шығудың жалғыз жолы ретінде, балаларды мемлекет қарамағына тапсыруға жол беріледі. Мамандардың айтуы бойынша, әсіресе, төменгі мектеп жасындағы балаларды мемлекеттік мекемелерде тәрбиелеу өте күрделі болуы мүмкін, интернатта баланың тәрбиеленуінің шығыны да көп.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, бұл проблемадан шығудың жолы ретінде бала және отбасы проблемаларын шешудің альтернативтік формаларын құруға және отбасыларға көмек көрсету үшін мақсатты бағытталған әлеуметтік жұмыс атқару ұсынылады.
Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп отырған қазіргі заманғыдай кезеңде, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарасы қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін де, жасөспірімнің өзі үшін де үлкен қауіп тууы ықтимал. Өйткені бұл проблема балалар мен жастар арасында қылмыстық әрекеттердің өсуіне алып келуі мүмкін. Онсыз да бұл проблема Қазақстан бойынша толықтай зерттелінбеген. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы ретінде әр мектепте балалар мен педагогтар, ата-аналар арасында профилактикалық жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың мамандығы енгізілуі тиіс деп есептейміз.
Әлеуметтік педагогиканың пән ретіндегі функциялары
Әлеуметтік педагогиканың мазмұны оның функцияларымен анықталады. Олар:
Танымдық – оның өкілетті мүшелерінің (әлеуметтік педагогтардың), арнайы дайындықтан өткен адамдардың (ізденушілер, магистранттар, докторанттар) педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін зерттеуі.
Ғылыми – адамның әлеуметтенуі мен әлеуметтік дамуының заңдылықтарын, оның дамуына қоршаған орта факторларының ықпалын зерттеу; әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды негіздейтін теориялық базаны жасақтау.
Диагностикалық (бағалаушылық) – тұлғаның әлеуметтену деңгейін, топтың әлеуметтік ерекшелігін диагностикалау; құжаттардың, мекемелер қызметінің, жеке мамандардың, сондай-ақ, социум мен ондағы жүріп отыратын үрдістерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бағалау, сараптау.
Прогностикалық (болжаушылық) – ортаның әлеуметтік-педагогикалық үрдістері дамуының перспективаларын анықтау, адамның ол үрдістердегі орны мен жекетұлғалық қасиеттерінің айқындалуын қамтамсыз ету.
Түсіндірушілік - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды және олардың қызмет етуі мен өзгеруі мүмкіндіктерін сипаттау, түсіндіру.
Бейімдеушілік – адамның жекетұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның қоршаған ортаға кірігуін ынталандыруға бағытталған іс-әрекет.
Өзгертушілік - әлеуметтік педагогика педагогикалық шынайы жағдайды, педагогикалық қарым-қатынастарды, оқу-тәрбие процесін және өз мазмұнын өзгертіп отыруға бейімділік.
Коррекциялық – мамандардың балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуы, ата-аналар мен тәрбиешілердің тәрбиелеуші іс-әрекеті процестерін реттеуге бағытталған қызметі.
Реабилитациялық –адамдардың дамуға, тәрбие алуға, кәсіби қызметке деген жеке мүмкіндіктерінің қайта қалпына келтірілуіне бағытталған мамандардың әлеуметтік іс-әрекеті.
Мобилизациялық – мамандардың адамның немесе топтың белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы белсенділігін арттыруға бағытталған қызметі.
Профилактикалық - мамандардың қалыптасушы тұлғаның немесе топтың түрлі әлеуметтік ауытқушылықтарының алдын алудағы жүргізетін іс-әрекеті.
Білім берушілік - әлеуметтік сфера мамандарын дайындаудың мазұнын, әдістерін анықтау.
Басқарушылық – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын, топтар мен ұжымдардағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды басқаруға бағытталған мамандардың әлеуметтік қызметі.
№2 Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтiк педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерi».
Әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;
- білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;
- білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін арттыру;
- педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл арқылы технологияландыру, оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру негізінде жобалау;
- ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен әлеуметтік педагогиканың ақпараттық білім беру ортасын ұйымдастыру;
- әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.
Принциптері:
- әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін демократияландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;
- білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;
- білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;
- білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін қамтамасыз ететін жан-жақтылық;
- топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
- білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі, вариативтілігі;
- өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін бейімделгіштік;
- әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.
Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.
Мұғалім практикасында жүйелілік жəне бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:
- оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу əрекеттерін жасауға үйрету;
- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау;
- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тəсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін ол қылықтарды түзету;
- əрдайым пəн аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- оқу əдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды - логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару;
- қысқа жəне қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мəселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тəрбиелік) дəріс нəтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына жəне балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.
- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;
- оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты əрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.
- оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;
- сезімдік тəжірибе мен тірек білімдерді орынсыз əрі жиі жаңғыртуға əуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, əркімге белгілі əшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.
Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.
Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:
- қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау.
- қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;
- қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.
- есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бəрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.
- есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет;
- қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;
- оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру;
- алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;
- оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;
- оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.
Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені ғана түсіне алады.
Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:
- өтілуге тиіс материалдардың бəрі əр жас қабылдауына сəйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;
- оқушы санасы қандай да пəнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;
- оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тəжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу жəне оқытуда ескеру;
- оқу мазмұны жəне тəсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;
- оқушылардың əртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру;
- оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа жəне үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру;
- оқу жұмысы белгілі дəрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар əрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім əр оқу ситуациясына сəйкес оқу желісін тиянақты əрі нақты белгілеп барғаны жөн;
- педагогиканың жəне психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жəрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану;
- сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолдану, жаңа жəне күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа жəне төмен оқушыларды тарту;
- жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.
Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:
- оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тəсілдерін ендіру;
- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;
- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;
- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру;
- жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне қатынастары аумағында қарастыра талдау;
- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шəкірттерге кең жария ету;
- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;
- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;
- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру.
Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:
- əр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей əрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ əрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;
- сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен əзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау;
- демократиялық қарым-қатынас стилін ғана ұстану;
- балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару;
- сыныпта қапелімде болып қалатын дау-дамайды əрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы жəне намысқа тиер сөздерсіз шешу;
- күдер үзгендей əрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген əзіл-қалжыңды пайдалану;
- оқуды əсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу;
- кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тəрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап;
- əрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сəттерден ұнамды эмоционал қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту;
- оқу материалдары, оқу əдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану.
Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді.
Оқудың өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі – теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тəжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:
- мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық – тарихи практикамен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дəлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дəрежеде алып бару;
- тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы «білім – бай, қуатты тіршілік» қағидасымен тəрбиелеу;
- балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек əдістері жөнінде əңгімелеу;
- оқушыларды өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі жəне сол білімді қолдану саласы ретінде пайдалану;
- өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде бір мұғалім не сабақ болмауы тиіс;
- мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдалану, оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тəрбие жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пəні -өндіріс» байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару;
- оқушылармен бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы мəселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпау.
- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастыру, аймақтың келешек дамуына орай кəсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару;
- проблемді ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары теорияны практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды əрқилы жолдармен пайдалануға тырысу;
- балаларды еңбекке, қоғамдық жəне жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің өз бойынан көрсетуі.
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.
Табиғи жинақталу принципі –баланың дамуын қабілетін зерттеу
Халықтық принцип – ұлттық мәдениетпен дәстүрлі ана тілін оқытуды ұсынады.
Адамгершілік принципі - әр бір баланың жеке басын қалыптастыруда оның физикалық, эмоциалық, қайырымды, әлеуметтік дамуын,кризистік жағдайда жылы жүзбен қарап көмек көрсетудің негізін қарастырады.
Әлеуметтік жауапкершілік принципі – адамдардың шығармашылықта, білім алуында, қарым-қатынас қанағаттандырады. Ол мынадай жағдай жасауға мысалы, дарынды балалар физикалық әлсіз балалар ойының дамымай қалуынан, мінез-құлықтарда ақаулары бар, жетім балалар, мүгедек балалардың қатыгездік жағдайда қиналған баланың даму жағдайын жасау.
№3Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтiк педагогикалық процесс жене оны жетiлдiрудiң жолдары».
Педагогикалық процесс - күрделі дамушы жүйе. Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік - педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары.
Педагогика ғылым ретінде ол жеке бір тұлғаның немесе қоғамның дамуы, қалыптасуын блім алуын зерттейді. Педагогикалық ғылымның негізгі міндеті ол білім беру, үйрету. Педагогика ол философиямен ғылым ретінде ХҮІІ ғасырда бөлініп шықты. Педагогикалық ғылым басты назарды адам және қоғамды оқыту үшін оқу-тәрбие ісін жандандыруға бөлді. Педагогикалық ғылым әрбір адамға білім береді. Мемлекет даму үшін педагогикалық ғылым өте қажет. Себебі, экономиканы дамыту үшін берілетін білім көлемін ұлғайту қажеттілігі туады. Педагогикалық ғылым мемлекетті ілгері дамыту үшін де қажет.
Ф. Бэкон (1561-1626) педагогика ғылым ретінде ХҮІІ ғасырда қалыптастырды. Я.А. Коменский (1592-1670), ДЖ. Локк (1632-1704), Ж.Ж. Руссо (1712-1778), И.Ф. Гербарт, Дистерверг, Песталоции. М.В. Ломоносов “Риторика”, “Грамматика” деген кітап жазды. К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов педагогиканың дамуына үлес қосты.
Жас ұрпақты өмірге бейімдеуде қоғамның әлеуметтік – экономикалық қажеттілігі экономикалық теорияның пайда болуының және дамуының объективті алғышарты. Педагогиканың ерекше ғылыми білім саласына бөлінуі және оның көрнекті қайраткерлері. Саясат пен қоғамдық идеяның педагогикалық теорияның дамуына әсері. Халық педагогикасының қалыптасуы. Педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі мен орны және оның басқа ғылымдармен байланысы (философия, психология, әлеуметтану және физиология)
Педагогика жеке адамдардың дамуын зерттейді.
Педагогиканың категориялары:
даму;
білім;
білім алу;
тәлім-тәрбие.
Даму – жеке адамдардың ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерінен қалыптасу процесі
Даму
Психикалық (интеллект, эмоция, мінезі, еркіндігі, бейімділігі)
Жалпы
Физикалық (ағзаның шынығуы)

Білім – ғылыми білімді игере білудің қорытында процесі.
Білім алу – мақсатқа жету жолындағы, оқушы мен мұғалім арасындағы түсіністігі сол жолда адамдардың білім деңгейінің өсуі.
Тәрбие – қоғамдағы адамдардың жеке дамуының оның жақсы жақтары, көзқарасы, сапасына, жеке дамуына әсер етеді.
Педагогиканың зерттеу әдістері:
педагогикалық бақылау;
әңгімелесу арқылы зерттеу;
педагогикалық эксперимент;
педагогикалық тәжірибені оқыту;
әлеуметтік әдіс;
математикалық статистика.
№4 Дәріс сабақ
Тақырып: «Адамның әлеуметтiк дамуының ерекшелiктерi».
Адам - табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» - деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден - оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден - адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам - ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
Қазіргі кезде адамды түрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Ол адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты дегеніміз - адамның жеке басына тән сипаттар жиынтығы. Оны көбіне гуманистік касиеттер жүйесі деп атайды. Гуманизм (лат. humanus -адамгершілік, ізгілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. Оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы - жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.
Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің ролі зор. «Адамды адам еткен - еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ,әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы керек. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіруді» адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы әлеуметтік өмірге дайындау. Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді.
Адам -өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болды. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасӛспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.
Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырады. Бұл жерде басты ролді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата – аналар атқарады. Осы сатыда ата – аналар мен балалар арасындағы өзара қарым – қатынастар олардың бір – біріне деген жақындық, жауапкершілік ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
Жасөспірім кезеңде (13-19), яғни «күрделі», «ӛтпелі», «қиын», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымды қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен ролін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл - параллелді құндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агентерінен - ата – аналардан, мектептен, құрбы құрдастарынан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұлар жасөспірімдердің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерге шындығында да жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы іс - әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзінде сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Ең соңында әлеуметтенушылар әлеуметтендіру сатысының жасӛспірімдерге тән тағы бір ерекшелігін атап көрсетіп жүр.
Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық әлеуметтік және моральдық – психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп жетіледі. Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен крінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз отбасымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан өз бетінше өмір салтын құрудан, ата –анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан, сайлауға қатысудан және тағы басқа әрекеттерден байқалады.
Адам қартайғанда, яғни әлеуметендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш – қайраты мейлінше қатып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай – ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын кӛрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш – қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.
№5 Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтік тәрбие мәнi мен мазмұны».
"Тәрбие" терминiн әрдайым тар мақанада "тәрбиешi тәрбиелейдi, кең мақынада өмiр тәрбиелейдi" деп қолданады. Тәрбие - көптiң iсi. Сондықтан тәрбие мәселелерiмен кәсiп - одақ ұйымдары, еңбек ұжымдары, әлеуметтiк орта, мектеп пен ата - ана, бүкiл жұртшылық болып айналысады. Тәрбие арқылы және адамның дүниеге ғылыми - материалистiк көзқарасы, мiнез - құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттерi қалыптасады.
Әлеуметтік тәрбие – қоғамға қамқорлық болашақ ұрпаққа, қоғамдарда адамдарды көтермелеу, ұжыммен басқа адамдардың өнегелі қоғамдық қабылдауы, жанұяда қоғамда болған, экономикалық және азаматтық тұрмыстық. Адамға көмек беру – бұл өмірінде жаңа жол табуына үйрету, жаңа өмірлік жағдайларға дайын тұрды. Тәрбие ол баланы трең түсіну жетістікке жету үшін баланы білуіміз керек, бақылай білуіміз керек. Оның істеген қылығына анализ жасай білуіміз керек, бала өмір сүретін ортаны түсіну. Әлеуметтік тәрбие ол адамға көмектесу процестегі дамуына, жетістікке жетуіне, қоғамдық қарым-қатынасты бағдарлай білуін білдіреді. Әлеуметтік тәрбие жанұяда, мектепте барлықбілім беруде еңбек етеді. Әлеуметтік жұмыс термині адамға, топқа көмек көрсетуді оның әлеуметтік жағдайын жақсартуда оның кәсіби қызметін білдіреді.
Әлеуметтік тәрбие беру ісі – тәрбиеленушіде болатын туа біткен мінез-құлықты, тұқым қуалаушылық қасиеттерді қажет жағдайда өзгерту керек деген мақсатта жұмыс жасайды. Бұл тәрбие түрі көбінесе, жас жеткіншекке көтерілу, жандану, белгілі бір дәрежеге жету сияқты алға ұмтылушылық, оптимистік көзқарасты үйретеді. Тәрбиенің мұндай түрі, көбінесе оқу орнына жаңа келген жеткіншекті сол ортаға бейімдеуде көп мүмкіндік береді.
Жеке адамдарды қалыптастыру және оны әлеуметтендіру әлеуметтік тәрбиемен байланысты. Әлеуметтік тәрбие дегеніміз не? Бұл қоғамдағы өсіп келе жатқан ұрпақты қамқорлыққа алу. Қазақстандағы тәрбиелеу адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қадағалайды. Физикалық, психикалық әлеуметтік даму қоғамдық, мемлекеттік және жеке оқу тәрбие орындарында құрылады. Бұл құрылым әлеуметтік қараусыз қалған жанұялармен балалардың дамуына бағытталған көмек; балалардытәрбиелеуде адамдар мен табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, кризистік жағдайда жанұямен балаларға көмек; әлеуметтік тәрбие білім мен оқумен баланың өзіндік білім алуымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік тәрбиеМәні
Жеке адамдарды қалыптастыру және оны
әлеумет тендіру
Қоғамдағы өсіп келе жат-қан ұрпақты қамқорлыққа алу
Бұл құрылым әлеуметтік қараусыз жанұямен балалардың дамуына бағытталған көмек
Жеке басына көмек, қорғану құқығы

Түрлері
Міндеті
Мақсаты

Әлеуметтік тәрбиені қалай ұйымдастыру керек?
Бірінші тапсырма болып тұлғаның жеке басына көмек.
Оны кризистік жағдайларда, мысалы: жанұяда, мектепте, баланың денсаулығын, физикалық, психикалық және баланың әлеуметтік жағдайын қалпына келтіру.
Оның қоғамдық өміріндегі профессионалды өзіндік анықтаудың қорғану құқығын ұйымдастыру оның әлеуметтік, физикалық, танымдық, шығармашылық жұмысында, денсаулығын қорғауға алуды ұйымдастыру.
Жеткіншектер бозбалалар мен бойжеткендер өмірінде өзіндік шешімге келудегі көмектестіруді ұйымдастыру.
Әлеуметтік тәрбиеге анализ жасай отырып, педагог баланың жеке басын қалыптастыруда:
табиғат пен ана тілі;
жанұядағы, мектептегі, қоршаған ортадағы қарым-қатынас оның іс-әрекеті;
БАҚ, әдебиет өнер;
Балалардың өз өмірі мақсатқа жету жоспары, кіші қоғамдағы баланың орындайтын ролі.
№6 Дәріс сабақ
Тақырып: «Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың
әлеуметтiк мәдени ортасы ретінде».
Социология ғылымы отбасын тұтас қоғам организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістерді міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ, өндірістк кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құру тікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдық, психологиялық жаңаруы барынша созылмалъ оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да отбасывда жаңа қатынастар, жаңа моральдық орнығуы экономикалык салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға негізгі әлеуметтік, экономикалык факторлар мен бірге биологиялық, психологиялық және демография-лық факторлар да қатысады. Отбасын "болжамдаудың" қиындығы осындай себептерге байланысты.
Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар - әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңцері зның бір қызметінің жойылып, екінші қызметінің қалыптасуымен және отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Сһбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды ісейінгі ұрпаққа жеткізегін тәрбиелік қызмет;
өндірістік — шаруашылық кызметі;
отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Отбасының адамга қатысты қызметі мыналар;
Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар.
Ата-аналық қызметі- отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді;
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі. Отбасы тұрмысы психологиялық түрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу жөне ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іскс асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалык отбасы дамуындағы ерекшелік олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан бұндай әлеуметгік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал қалаларда, әсіресе үлкен қалаларда бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақгығысып қалады. Отбасы тәрбиесіне ден қойған мұғалім бұл жағдайды естен шығармауы тиіс.
Қоғамда жүріп жатқан түрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жүмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық тойынғандық (щамадан тыс еркелету, коңілін жықпау, мейманасы тасығандық) жағдайда алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, немкетгі қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасынан торығупшлағ, қавдыбастар, "қызыкты" әсерді іздеушілер өсіпшығады.
Қазіргі кезде отбасының "уақталу" процесі жүруде. Ол дегеніміз — жас ата-аналардан түратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен жас отбасьінда алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің кемуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының срекшелігін қүрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан жэне өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығы; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеу; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел-ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз түрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың "өзі үшін өмір сүруге" үмтылған тоғышарлық үмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы — шағын отбасындағы тәрбие әдісгерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатгалады. Ажырасудың 90 пайызы тұрмыс қолай-сыздығы мен дайыңдықсыз салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, ейткені кей жағдайда ажырасу баланың лсихикасына теріс әсср стетін үрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдин алады.
Бір балалы отбасының әлеуметтік –педагогикалық проблемалары
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда ага, опке сияқты тәлімгер іні, қаршідас сияқты қамқорлыққа алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынасгар аясын мүддем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызыгу-шылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағыы кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңгарамыз.
Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге туган бауырлардың да туыстық қатынас бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары ауылда; мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бүқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне негіз қалайды.
Мұғалімнің оқушылардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бүрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.
Бірінші ереже, Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жүртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. "Міндеті", "қажетті" деген үзілді-кесідді сөздерден соң ата-ананын ақыл кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата- аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкің. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дүрыс норма - ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарда жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талап-шылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнына "Үлгерім экраны", "Ашық журнал" сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. "Қара тізімге" ілінгең әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата-ана мекгептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бүзылады. Осының бөрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне үласады. Мұғалім, сыньш жетекшісі осы жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін тандағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білімі жоқ ата-аналардың.
Қазіргі отбасының мәні, міндеті және мәселелі. Отбасыларының негізгі түрлері, олардың сипаттамасы және баланың жеке басын әлеуметтендіруге әсері.
Балалы жанұя. Жанұялық тәрбие дәстүрі әр ғасыр сайын қалыптасып отырды. Платон заманынан осы заманғы ғалымдармен педагогтардың пайымдауынша адамдардың қалыптасып дамуына, оның адам болуына, оның ақыл-ойы физиологиялық және рухани қабілеті, оның денсаулығы мен моральдық принциптары тек қана ата-анасына әсер етеді.
Егерде ата-анасы оның денсаулығына жаны мен жүрегін беріп, қамқор жасаса қоршаған ортаның зиянды әсерінен баласы қорғанып жүреді. Бірақта қандай байлықта, комфортта, физикалық мықты қылып өсірсе де баланы түзу жолмен ғана, ғылымды игерген, егерде онда рухани дамымаған жеке адамдардың гуманды ерекшеліктері болмаса ортаға жақсылық әкелмейді.
Өнегелі тәрбие, психологиялық дамыту, мұғалімнің қарым-қатынастық, өмір жағдайы – жанұяда қалыптасады.
В.А.Сухомолинский жазғандай баланы көп қуанышқа бөлеу керек. Ата-ананың жалғыз дұрыс курсы.
Ата-ананың тәрбие қорытындысы қатыгездігімен жұмсағына байланыстыемес, олардың балаға деген ыстық сезімі. Бала жеткіншек кезінде жанұядағы жағдайы бойынша сіңіреді. Ата-анаға үнемі өз іс-әрекеттеріне бағалап отыруынмектепке дейінгі жаста бұл баланы сыйлау, еркелету, т.б. Бұл оған мораль, білім мен ақыл, батылдылық. Баланың беделін түсірмей оны үнемі көтеріп отыру керек. Баламен үнемі қарым-қатынаста болса баласы туралы көп нәрсе біледі. Жеткіншек кезінде ата-анасына баламен ерекше қарым-қатынаста болу керек. Оны сыйлау, пікірін ескере отыру. Әлеуметтік педагогикада ата-ана қарым-қатынаста кеңес жүргізуде баланың басындағы тәрбиесіне көңіл аудару керек. Оның негізгі ерекшеліктері жанұяда баланы тыңдау. Оны кішкентай жасынан бастап сыйлау және ата-анаға көңіл аударуға үлкен адамдарды сыйлауға үйрету керек.
Баланы жанұяда тәртіппен тәрбиелеген дұрыс, баланың ақыл-ой қабілеті дұрыс дамуына әсер етеді. Осы тәртіпке үйреніп алған бала, өімр бойы қайталап әдет алады. Бұнда күнделікті тәртібі маңызды роль атқарады, үйдегі міндеті және т.б.
Отбасымен жұмыс. Әлеуметтік педагогикада жанұямен жұмыс істегенде оны білуден бастайды. Бұл қолайсыз жанұялар, бала ата-ананың арасындағы ұрыста жүретін, ата-ана маскүнем, нашақор, мүгедек немесе аурулар. Қазіргі заман жағдайы - ата-ана жұмыссыздығында қосты.
Әлеуметтік педагогика баланы күнделікті қарауға талап етеді, жанұяда әкесі немесе шешесі жоқ немесе туыстарында апасының қолында тәрбиеленсе де олар тойлатып кеткенде жалғыз қалып қояды. Дәл осындай жанұяда бала мінез-құлқының ауытқуы байқалады. Жанұяда баламен контакт болмағанда, оны тек материалды қамтамасыз етуі. Жанұядағы психологиялық климат түсінігі бар. Бұл тұрақты эмоциялық балаға мейірбандық пен әсер етуі, махаббаты жатады. Әлеуметтік педагогика жанұяны қарастырарда жанұя типін анықтауы тиіс, қалалық және ауылдық жанұя, дәстүрлі, қазіргі заманғы, көп балалы, толық емес, қашқын жанұясы, эмиграт, асырап алушы ма, ұлты және т.б.
Әлеуметтік педагогикадағы жанұяда әр түрлі мәселелерді көздейді:
ауру бала, мүгедек бала;
қарт ата-ана, мүгедек, зейнеткер;
жезөкшелік;
алқаш, нашақор;
ата-ана ажырасу.
Әлеуметтік педагогикада жанұя жұмыстағы бірінші орындағы тапсырмасы – мәселелерді шешуге рұқсат алу, сонымен қатар, олардың ескерулерімен нейтрализациясына көңіл аударуы. Ескертулерге жанұяларға мемлекет тарапынан төлем ақы, жеңілдіктер алу, әлеуметтік көмек.
Әлеуметтік педагог педагогикалық мәселелерді басқа жанұямен жұмыс істегенде әлеуметтік, экономикалық, медициналық және психологиялық тапсырмаларды шешеді.
Басты мақсаты – жанұяның ішкі күшін толықтыру дағдарыстарының алдын алу. Ол үшін:
мәселеге анализ жасау қажет;
мамандардан кеңес алу қажет;
дағдарыстан шығуға жол іздеу.
Әлеуметтік педагог жанұяға көмек көрсеткенде мынадай жұмыстарды атқарады:
жанұямен кеңес жүргізу, әртүрлі төлемақылар және әлеуметтік жеңілдіктер алу мүмкіндегіне көмек;
жанұяға табыстың кірісін үлкейту, үлкендердің пайда табуға кәсіптік орын алатын болса, кредит алып беру;
жұмыссыз жалғыз басты анаға көмек;
көптеген ата-аналар педагогикалық көмегін қажет етеді. Кеңесті жеке және топ түрінде өткізуге болады. Ауру баласымен ата-анасын қосып немесе ата-анасы яғни, 1 сыныпқа баратын немесе қиын баламен қарым-қатынас.
жанұямен жұмыс істегенде баланың жанұядағы жағдайына көңіл аудару керек. Жанұя туралы барлық ақпараттарды жинау: мектептен, көршілерінен, поликлиникадан;
маскүнем және нашақор эанұямен жұмыс істегенде бірінші орында балалар үйімен анықтап алу керек. Ата-аналық құқығынан айырылғанда – дұрыс жанұяға беру.
Осыдан кейін ата-анасын емдеуге кіріседі. Әлеуметтік педагогикада баласы мүгедек жанұяға көңіл аударады, арнайы мектепке орналастыру, балаларға арбалар алуға, жаздағы демалысқа жолдама алуға көмектеседі. Әлеуметтік педагог заңгерлермен байланысады, жанұядағы кеңесі ұйымдарға, үнемі дауда болады.
Ата-анасы лекторя жүргізгенде келесі тақырыпта өтеді:
педагогика мен психологияның – баланы тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым;
баланы тәрбиелеудегі ата-ана ролі;
қиын баланы тәрбиелеу;
физиологиялық және ақыл-ойы кеміс баланы тәрбиелеу;
баланы мектепке дайындау;
жанұядағы баланы эстетикаға тәрбиелеу;
жыныстық тәрбие;
діни тәртіпке тәрбиелеу;
шылым шегу мен нашақорлықтың зияндығы.
№7 Дәріс сабақ
Тақырып: «Оқу-тәрбие мекемелерi - өскелең ұрпақты әлеуметтендiру
институттары ретінде».
Болашағын ойлаған ел - ұрпағын саналы, білімді, салауатты етіп тәрбиелеуді көздері анық. «Тәрбиеге бас иген - құл болмайды, тәрбиесіз - ел болмайды » деген Б.Момышұлының сөзінде көп мағына бар. Тәрбие жұмысының ұйымдастыру жүйесі -оқушылардың білім алу мен сабақтан тыс өмірін, жан-жақты қызметі мен қарым - қатынасын, әлеуметтік және пәндік, эстетикалық ортаның әсерін бүкіл педагогикалық үрдіспен кіріктіре қамтитын тәрбиенің педагогикалық бағдарламасы. Тәрбие жүйесі бір жағынан өзінің мақсаттары, әдістері, қағидалары, тұжырымдамасы бар тәрбие жұмысының жүйесі ретінде, ал екінші жағынан, тәрбиенің іске асырылатын бағдарламасы ретінде қарастырылады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды жан-жақты зерттеу: а) денсаулығы;
б) әлеуметтік жағдайы; в) білім деңгейі, қабілеті, қызығушылығы.
Қазіргі заманғы ұрпақ таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің міндеті болып отыр.
Ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мәдениетті қалыптастыру талабын туындатты
XXI ғасыр – бұл ақпараттық, технологиялық мәдениет дәуірі. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Мұғалімдік қызметтің басты бағыты – тәрбиеленушілермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен рухани мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Мұғалім – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі. Қазақстан мемлекетінің патриотын тәрбиелеудегі белсенді насихаттаушы, рухани адамгершілікті, жауапкершілікті қалыптастырушы.
Мектепте тәрбие тағылымын тану арқылы Әл-Фараби айтқан: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді бойына дарыту». Жеке тұлғаның сана сезімі мен намысына, мінез-құлқы мен дүниетанымына ықпал етіп, ана тілінде Қазақтан тарихы мен мәдениетін меңгерген, ыстық қайратты, нұрлы ақыл, жылы жүректі адамды тәрбиелеу болып табылмақ.
Ұлттық тәрбие үрдісі педагогикалық тәрбиенің тәлімгерлік мақсатын ашып, жеке тұлғаны заман талабына сай адамгершілікке тәрбиелеп, иманды да инабатты, кішіпейіл де қамқор, отаншыл да арлы, қоршаған ортасына жанашыр, табиғатты сүйіп, қорғай алатын саналы да абзал азамат етіп қалыптастыру үшін тәрбиетану не тәрбие аспектілерін танытатын тағылымтану пәнін оқыту арқылы жүзеге асырылады.
№8 Дәріс сабақ
Тақырып: «Баланың және жасөспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі».
Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен болса да көрсеткісі келу пайда болады. Мұғалімге әсіресе өз тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рольді мұғалім өткізетін сабақ атқарады. Кез-келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани байланысу, өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу. Дегенмен, сабақтың мазмұны есте қалу, мұғалім мен оқушының ашық қатынасуы үшін сабақ үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет. Сабақ оқытудың мәселесі – бұл психологиялық қтынасудың мәселесі және «бұны психологиялық қарым-қатынастың негізіне көңіл аудармай шешу мүмкін емес»- деп белгілі психолог А.Н.Леоньтев айтқан.
«Әрбір мектептегі сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу, осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-келген сабақ – іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде, мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны оқушыға бере алуында»- деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. «Оқушыны ғылыммен тәрбиелегің келсе,- деді ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.»
Оқушы тұлғасына ықыласпен көңіл қою – бұл сынып ұжымының расында оның ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының айрықша екенін мойындау. Педагог әр баламен ерекше санасуы қажет.
Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет.
Бұл кезде мұғалімнің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол оқушыларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір оқушылармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық талабы – ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.
Оқушымен табысты жұмыс істеудің кепілдігі – үздіксіз шыншыл, өзара сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу, сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Оқушылармен жұмыс істегенде ең бастысы – жақсы ұжым тудыра отырып мұғалімге барлық тәрбиелеу ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы – мектеп жұмысына біріккен сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында әрбір оқушыға әсер ете алу әдістері оңай табылады.
Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына қойған міндеттер келер көмекті күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеруді үздіксіз талап етеді.
Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.
Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ .
Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.
Көптеген мұғалімдер өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді. «Мектеп тақырыбынан» басқа әңгімеден, жан-жақты сөйлесуден мұғалімнің алар ақпараты байланысқа көп әсер береді. Ашық талқыланған ата-ананың өз балаларына қатынасы емес тақырыпта әңгімелесуі, мұғалімнің олар туралы көз-қарасын жөндеуге, кейбір жағымсыз ақпараттарды қай кезде және қалай жеткізудің жөн екенін табуға көп көмек береді.
Мұғалім ата-анамен үй жағдайында қатынасу тиімдірек. Көптеген мұғалімдер оқушы қиын, әлсіз, кінәлі болса ғана пәтерлеріне барады.Бұл дұрыс емес. Барлық жақсы немесе жаман оқитын оқушылардың үйлеріне барып тұруы қажет. Ата-ананың «мектепте ол не істеп қойды?» деген сұрағына жауап беріп, алдын ала баратындығы туралы ескертіп қою керек.
Кейбір педагогтар ата-анамен әңгімелесу кезінде өзінің барлық шағымын бірден алдына тартуға тырысады. Бұлай жасауға болмайды. Бұдан ата-ананың (баласына ғана емес, өзіңізге де) ашуланғанынан басқа нәтиже ала алмайсыз. Сіздің ең алғаш жүргізген әңгімеңіз бала туралы бақылағаныңыз, ойыңыз, алған әсеріңіз туралы болуы қажет. Баланың жағымды және жағымсыз қиындықтары бірден талқыланбасын, әлі ешқандай акцентті жасауға асықпаңыз. Абайлап бастаңыз. Ата-ананың тәрбие, талап қалаған жағдайы туралы бағасын, көз-қарасын анықтап алыңыз. Ең алғаш үйіне бару кезінде ата-ананың баласы туралы оның жан-жақты мінезінің ерекшелігі, қылығы, ортасы, күн тәртібі, үлкендер мен өзара қатынасуы туралы ақпаратты көп алуға тырысыңыз. Бұдан әдептілік, сұрақ қою, ақыл сұрау, өтініш айту- ата-анаға, оның психологиясына өте жақсы әсер етеді. Олар өз балалары мен жетекшінің нәтижелі жұмыс істеитіндігін түсінеді және бұл мұғалімге көмектескісі келеді. Содан сіз туралы ойланғыш, әдепті деп түсінген ата-ана өзі де, баласын да сізді ойлауға, сізбен теңбе-тең қатынасуға шақыртатындығына сенімді болуыңызға болады.
Әрине, мұғалім ата-анамен әңгімесінде оған ақыл, ұсыныстар беруіне тура келеді. Бұны ешқашанда үзілді-кесілді формада жасамаңыз. Ақылды мысал ретінде келтіріп беріңіз. Бұл үшін басқа ата-ананың тәрбиесінде бар жағымды тәжірибені қолдануға болады. Осымен қатар нақты жағдай, нақты тұлға болғандықтан, ата-анаға да ойлану, күдіктену өрісін қалдыру қажет. Егер ата-ана сізбен келіспесе, қарсы шықса оларға оқушы туралы шағым айтуға, ашулануға, шыдамсыздық көрсетуге, шектен шығуға болмайды. Осындай әңгімелесуде байқаусызда шығып кеткен, жетік ойланылмаған сөздермен біреуді өкпелетуге, тіл тигізге, әділдікті бұзуға өзіңізді жібермеңіз, ол кезде байқап өз сөзіңізді жан-жақты жөнмен айтуға тырысыныз. Әйтпесе сіз өзіңіздің тәрбие беру жұмысыңыздағы сенімді серігіңізден, ата-ана мен өз оқушыларыңыздың жақсы көз-қарасынан мәңгі болмаса да, ұзақ уақытқа айырыласыз. Сіз ата-анамен олардың баласы жөнінде сөйлесуге келгеніңізді есте сақтаңыз, сіздің міндетіңіз – тәрбиелеу күштеріңізді біріктіруге бағыттталған тығыз байланыс жасау. Осыдан ата-ана педагог емес екенін есте сақтай отырып оларға мектеп пен жанұяның талабын біріктіру ойын тастайтын әңгімеге бұрып, ата-анаға педагогпен бірігіп мінез-құлық бағытын жасауға көмектесу қажет. Әрине кейбір ата-ана өз баласына кері қылық көрсетіп, тән және ой денсаулығына қарсы тәрбиелейтін, жауапкершіліктен қашатын жағдайлар да кездеседі. Бұл ерекше жағдай. Сенім мен ақылдасу әдістерінің күші жоқ жерде, нақты іс-әрекетті қолданып, көмекке заң күшін, көпшілік көз-қарасын, халық пен мемлекет ұйымдарының белсенділерін шақыру қажет.
Мұғалім мен ата-ананың өзара іскерлік қатынасы тез арада өздігінен келе қоймайды. Олар мұғалімнің саналы, мақсатты бағытталған, творчествалық жұмысы – оның нәтижесінде келеді. Ата-анамен байланысты тек қана мамандық міндетім деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған дұрыс. Ата-анамен жан-жақты байланысу формасы – ол мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші. Ата-анамен педагогтың қатысуында араласқым келсе араласам, болмаса араласпаймын деген таңдау-ереже бойынша жоқ. Оқушының жеткілікті жақсы жақтары үшін, оның рухани көңіл күйі үшін мұғалімге бұл таңдау бір мағыналы болып келеді, бұл жерде адамдық қарым-қатынастың өнерінен айналып өту мүмкін емес.
№9 Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары».
«Ауытқу» деп – топтың немесе жеке адамның қоғамдағы мінез – құлық нормаларына сай келмей, оны бұзуын айтады.
«Ауытқу» топтарына – гениилер, бұзақылар, діндарлар, қоғамнан шеттелген адамдар т.б. жатады. Қоғам дамуының барлық кезеңінде адам өміріне жай қылықтармен, жай қылықтармен, яғни ауытқулармен күресу жүріп отырды. Оның құралдары мен әдістері қоғамдық санаға, үкімет басындағы адамдардың мүддесіне, әлеуметті–экономикалық қатынастарға байланысты болды.
Девианттық мінез-құлық жөніндегі алғашқы ғылыми көзқарас француз ғалымы
Эмиль Дюргтеймнің (1858-1917) атымен байланысты. Ол франциялық әлеуметтік мектеп ашып, «әлеуметтік аномия» түсінігін енгізді.
«Әлеуметтік аномия» деп – ескі мінез – құлық нормалары мен құндылықтардың нақты қарым – қатынасқа сай болмауын, ал жаңаның әлі қабылданбауын айтады. Сонымен, девиантты мінез-құлық (латынның deviatic - ауытқу) – ауытқыған мінез-құлық – ол адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік әрекеттерінің, қылықтарының көпшілік таныған мөлшерден ауытқуы. Бұл нәтижесінде қоғамдық ережелерді бұзуға әкеледі және қоғамның немесе әлеуметтік топтың тарапынан шара қолдануды қажет етеді. Кең мағынада девиантты мінез-құлық өзіне әлеуметтік мөлшерден кез-келген ауытқуды енгізеді. Олар жағымды да (ерлік, асқан еңбекқорлық, өзін-өзі құрбан ету, үздік жетістіктер т.с.с.), жағымсыз да (қылмыс, қоғамдық тәртіпті, құлықтық мөлшерлерді, әдет-ғұрыпты, дәстүрді бұзу т.с.с.) болуы мүмкін. Тар мағынада, мөлшерден тек қана теріс ауытқуларын айтады. Осындай девианттық мінез-құлықтар әлеуметтік өмірдің шырқын бұзуға, аномияға әкеледі.
Девиантты мінез – құлық жөніндегі теорияның жеке ғылым ретінде пайда болуы Р.Мертон мен А.Коэннің атымен байланысты. Р.Мертон қоғам мүшелерінің нормадан ауытқуына әсер ететін әлеуметтік құралымға талдау жасайды. Ағылшын ғалымы Д.Уоми әлеуметтік ауытқу – объективтік құбылыс емес, субъективтік белгі деді. Оның ойынша ауытқу – белгілі бір ішкі әрекет
сапасына қатысты қасиет емес, әлеуметтік тұрғыдан берілген бағаның нәтижесі. Ауытқу түсінігіне толық анықтаманы Г.А.Авенесов берді. Ол «адамның мінез –құлқындағы ауытқу» дегеніміз – қоғам нормалары мен типтеріне сай келмейтін норманың бұзылуын айтады. Ауытқу нақты бір адамға қатысты, жеке адамның мінез-құлқында кезлесуі мүмкін.
Жалпы балалардың девиантқа душар болу себептерін зерделей келе төмендегідей топтастыруға болады:
мектепте оқуға мүмкіндігі болмай қалған мектеп жасындағы балалар;
табиги және әлеуметтік жетімдер;
ата-ананың қарауынсыз қалған балалар;
отбасындағы әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен: кедей үйден қашқан балалар, ата-аналық қүқыгынан айырылғандардың балалары т.б.;
нашақор жөне улы заттарды пайдаланатындар;
құқық жөне тәртіп бұзатындар;
қылмыстық іске барғандар т.б.
Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отырғандығын біз жақсы білеміз . Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады. Бұл пікірлердің саналуандығына төмендегі кестеден көзіңізді жеткізе аласыз.
Девиациялық концепциялар
Түсіндіру тұрғысындағы девиация Теория Автор Жетекші идея
1 2 3 4
Биологиялық Қылмыстық бағыныштылықпен байланысқан физикалық белгілер

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері Ч. Ломброзо
У.Х. Шелдон Дене бітімінің физикалық ерекшеліктері девиацияның себебіне айналады.
Психологиялық Психоаналитикалық теория З.Фрейд Тұлғаға тән конфликттік жағдайлар девиацияны тудырады
Әлеуметтік Аномия
Әлеуметтік дезорганизация
Мәдениеттанушылық теориялар
Стигмеотизация теориясы
Радикалды криминалогия Э.Дюркгейм
Шоу мен Маккей
Селлин, Миллер, Сутерленд,Клауорди, Оулин
Беккер
Турк, Квинни, Тэйлор, Уолтон және Янг Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды
Көп жағдайда девиация мәдениет құндылықтарының,нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады.
Девиацияның пайда болу себебі субкультура мен мемелекеттік нормалар арсындағы конфликтілер
Девиация - билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез-құлықтарына қоятын таңба тәрізді
Девиация капиталистік қоғамның нормаларына карсы әрекеттің нәтижесі болып табылады.
№10 Дәріс сабақ
Тақырып: «Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемалары».
Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік «меннің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.
№11 Дәріс сабақ
Тақырып: «Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет пен процесс».
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды "Білімділігіне" және "Түсініктілігіне" шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.
Педагогтің кәсіби даярылығындағы технологиялық қағида болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А.С.Макаренко бүкіл әлемдік танымал "Педагогикалық поэмасында"
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В.П.Беспалько "Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба",- деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарайды.
В.М.Монахов "Педагогикалық технологиялар дегеніміз оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі" деп түсіндірді.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н.Е.Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғарғы руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.
№12 Дәріс сабақ
Тақырып: «Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы».
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы,ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді. Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. «Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.
Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады.
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылармен ынтымақтастықга бола алу қабілеті» критерийі –қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтымдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда колданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Казіргі кезенде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгісебебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері тандағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдыңда есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандьгқ, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, окушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі «балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымының жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формальды, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы окушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.
Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және окушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
№13 Дәріс сабақ
Тақырып: «Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы».
Отбасымен жұмыс формалары және мұқтаждарға жәрдем беру жолдары. әлеуметтік педагогтыиң жұмыс нысаны-балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар,яғни бүкіл отбасы мүшелері. Оларға жәрдем беру ж ұмыстарын мыналар құрайды: білім алуға, медициналық, көмек алуға қолдау көрсету, мәлімет беру.
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны
әлеуметтік педагогикалық көмек Психологиялық көмек Дәнекерлік жұмыстары
Ата аналардың педагогикалық сауатын ашу;
Балаларды оқытуға көмектесу;
Тәрбиелеуге көмектесу; Отбасында психологиялық жағдай орнатуға қолайлы;
Психологиялық көмек;
Қарым-қатынасын реттеуге;
Психоллогиялық қолдау;
Психологиялық түзету; Үйлестіру;
Ұйымдастыру;
Жеткізу;
Мәлімет беру;
Біріктіру;
Хабарландыру;
Байланыстыру;
Білім беру екі бағытта жүргізіледі: білім беру және оқыта отырып тәрбиелеу . осыған орай ата-аналарымен жұмыс бағыты да, ата-аналарға педагогикалық білім беріп, отбасында кездесетін қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктердің алдын алып, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және педагогикалық сауатын ашып, қарым-қатынас мәдениетін көтеру шараларын қамтиды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында әлеуметтік-педагогикалық білімі жеткіліксіз болса, бір ғана материалдық қамтамасыз ету ісін көздегенінен көптеген қателіктер кетіп жатады. өйткені, материалдық қамтамасыз ету жас ата-аналар арасында тәрбилеу мақсатын дұрыс түсіне алмағандар, балаға екеуі бірдей талап қоя алмағаны, артық еркелетуі, не болмаса шектен тыс қаталдық баланың көз алдында өзара мәмілеге келе алмай, ұрысып керісуі, баланы ұрып-соғу, зеку, кемсіту, баланы бағып-тәрбиелеуді басқаларға сеніп тапсыратындар. Сондықтан, әлеуметтік педагог әке-шешелерімен мынадай іс-шаралар жүргізеді:
әке мен ананы болашақтағы бала тәрбиесіне педагогикалық және әлеуметтік –психологиялық даярлау;
ата-ананың бала тәрбиесіндегі беделінің маңызын және жеке үлгі-өнеге көрсетудің рөлін, өзара қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;
баланы жолдастарынынң арасында өзін ұстауға, олармен қарым-қатынас орната білуге үйрету жолдарын меңгерулеріне үйрету;
тәрбиелеуде балалардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескеруді қаперіне салу;
баланы өзіне-өзі қызмет етуге жаттықтыру, әдет-дағды қалыптастыру және оны ұйымдастырудағы отбасының рөлін анықтап көрсету;
мадақтау, мақтау және жазалау әдіс-тәсілдерін сауатты қолдана білу жолдарын қарастыру;
ата-аналарының тәрбиеде жіберген қателерінің себеп-салдарынан мәлімет беру, айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және сендіру;
балаларды еңбек етуге тәрбиелеп, кәсіп таңдауына байланысты ақыл-кеңестер ұйымдастыру, олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу жолдарын нұсқау;
оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға кеңестер беру;
мектепке даярлау және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмектесу;
баланы құлықтық, дене тәрбиеі, эстетикалық, экологиялық, экономикалық жақтан отбасында тәрбиелеу қажеттігінет көз жеткізу және жолдарын көрсету;
жасында еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: ішімдікке әуестену, шылым шегу, нашақорлықтың еліктеудің алдын алу шараларын үйрету және отбасының тұрмыстық жағдайын көтеруге, статусын жоғарылатуға көмктесу;
Бұлардың басқа кедей отбасы мүшелерімен бала тәрбиесіне байланысты семинарлық жұмыстар өткізудің де өзіндік орны және пайдасы бар. Мысалы, жас отбасына қаражатын дұрыс пайдалану туралы кеңестер, азықтану ережелерін сақтаудың жолдарын үйрету, санитарлық және гигиеналық ережелерін сақтау, отбасы қарым-қатынасын реттеу, туындаған мәселелерге байланысты тура жол тауып, шешу жолдары қарастырылады.
Әке-шешелерге беретін көмегі ақыл-кеңестер баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап, қажеттілігін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой-санасына, ақыл-есіне ықпал ететін әңгімелер өткізу, семинарлар мен сұхбат, дөңгелек үстел секілді басқа да іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік педагогикалық қызметтің пәрменділігін көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелермен үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен, әлеуметтік қызметкерлердің мектеппен жұмысы және ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.
1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің (жағдайы нашар
отбасы балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:
- ата – аналарға кәсіби білім беретін және жұмысқа орналасу үшін көмек
көрсететін арнаулы топтар;
- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға
көмектесу;
- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет
көрсету;
- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;
- балалар үйін құру және тексеру
- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;
- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;
- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын
жандандыру;
- ата – аналарғаүй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;
- жетім балаларды асырап алуға кӛмектесу;
- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.
2. Ақыл – есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет
көрсету жұмысының мазмұнына:
- интернат – үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;
- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру жатады;
3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс
мазмұнына:
- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар
- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;
- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;
- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс;
- үйінен қашқан жас балалар үшін ақысыз «сенім телефондарының» қызмет
кӛрсетуі жатады;
4. Әлеуметтік қызметкерлердің мектептегі жұмысының мазмұны:
- жеке топпен, отбасымен жұмыс
- мектеп қызметкерлерімен және мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасау,
профилактикалық жұмыстар мен кеңестер беру;
- әлеуметтік қамсыздандыру және қайырымдылық мекемелерімен жұмыс
ұйымдастыру;
- ережелер мен заңдарды өзгерту қажет болса араласу, мектепте бұндай
жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлердің жеке адамның дамуы,
психотерапея әдістемесі, әлеуметтендіру саясаты, саяси ағым, әлеуметтік
жұмысты ғылыми – зерттеу және бағалау облысынан білімі болуы керек.
№14 Дәріс сабақ
Тақырып: «Бала кұқын қорғаудың әлеуметтік педагогикалық технологиялары».
Дәріс мазмұны: Бала құқығын халықаралық тұрғыда қорғау дегеніміз – қарқынды дамитын тұлға қалыптастыру мақсатында бала құқығын қалыптастыру мен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдардың өзара үйлесімді әрекеттерінің жүйесі, сондай-ақ, ұлттық заң жүйесін нығайтуға атсалысу, нашар дамыған мемлекеттердің балаларына халықаралық көмек көрсету.
1989 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында «балаларға еркіндіктің ұлы Хартиясы мен, бала құқығының әлемдік конституциясын» бір ауыздан қабылдады, оны публицистер БҰҰ-ның бала құқығы жайлы Конвенциясы деп атай бастады.1994 жылдың 8 маусымында еліміз БҰҰ-ның бала құқықтары жөніндегі конвенциясына қол қойды. Оның ережелері мен, қағидалары ересектер әлемі мен балалар әлемі арасындағы қарым-қатынасты реттейтін халықаралық құқық нормалары күшіне ие әрі балалық шаққа байланысты қатынастардың жаңа этикасын анықтайды.
Адамзат бұл құжатты қабылдауға біртіндеп келді: 1924 жылы Ұлттар Лигасы шеңберінде бала құқығының Женевалық декларациясы қабылданды, 1948 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын, ал 1959 жылы бала құқығы декларациясын қабылдады. Заңды құжат негізінде бала құқығы жайлап БҰҰ Конвенциясы Декларацияның негізін дамытады, яғни оны қабылдаған мемлекетке бала жағдайы жайлы жауапкершілікті жүктеді, мықты заңдық кепілдемелер мен нормаларды ұсынды.
Конвенцияның басты мақсаты - бала құқығын барынша қорғау. Оның баптары бала құқығын қамтамасыз етуге тиісті негізгі: өмір сүру, даму, қорғау және қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету сияқты төрт талапқа сүйенеді.
Конвенция – бұл жоғары әлеуметтік-қоғамдық мағынасы бар құжат. Ол баланы адамзат бөлігі ретінде қабылдауға, жалпыадамзаттық құндылықтар мен тұлғаның қарқынды дамуына, оны қандай да болмасын белгілеріне қарап кемсітпеуге негізделген. Конвенция бала мүддесінің мемлекет мүддесінен жоғары екенін атап қана қоймай, мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік қорғаусыз қалған топтарға: жесірге, мүгедектерге, қашқындарға, заң бұзушыларға қорғаныс көрсету қажеттілігін бөліп көрсетеді.
Конвенция – жоғары халықаралық стандартқа ие құқықтық құжат. Ол баланы дербес құқық иесі ретінде көрсетеді, мемлекеттің бұл құқықтарды орындаудағы жоғары талаптарын жариялайды, әрбір мемлекет өз ұлттық заңдылығын бұл халықаралық актіге сай қылуын талап етеді. БҰҰ-ның бала құқығы жайлы комитеті әртүрлі тұрғыдан бала құқықтарын белгілей отырып, мемлекеттің де құқықтық жауапкершілік нормаларын бекітеді, арнайы бақылау механизмін енгізеді, және оған жоғары құзырлар береді.
Конвенция – жоғары педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаларға ата-анасы жағынан, мұғалімдері жағынан көрсетілетін авторитаризм кең таралған құбылыс.
Конвенция үлкендер мен балаларды басқа құқықтық, педагогикалық негізде қарым-қатынас қалыптастыруға шақырады. Бала ойына, көзқарасына, тұлғасына қадірлей қарау жалпыадамзаттық мәдениет нормасы ғана емес, құқық нормасына да айналуы керек.
Бала құқығы жайлы Конвенция әлемнің барлық мемлекеттерінде қолданыс тапқан әлемдегі бірінші келісім болды. Қазақстан Республикасында 1994 жылы қабылданған бұл Конвенция бала құқығы мен мүдделерін қорғау мәселелерінде негізгі құжатқа айналды, сондай-ақ ҚР Конституциясы (1995 ж. 30 тамыз), «Жанұя мен неке жайлы» ҚР Заңы (17.12.1998) «Мемлекеттік әлеуметтік көмек жайлы» ҚР Заңы (17 шілде, 2001 ж.), «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету жайлы» ҚР Заңы (11 шілде, 2002 ж.), «Бала құқығы жайлы» ҚР Заңы (8 тамыз, 2002 ж.) және т.б. құжаттарды қорғауға көмектесті.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) оңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Олеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
№15 Дәріс сабақ
Тақырып: Европа және АҚШ елдеріндегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесі.
Дәріс мазмұны: АҚШ, Ұлыбритания, Германиядағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Қиын балалармен, кемтарлармен, ересек-жұмыссыздармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. АҚШ-тағы ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Ата-аналармен ағартушылық педагогикалық жұмыс. Әлеуметтік педагогтың инвалидтермен жұмысы.
Батыс Еуропаның педагогтары әлеуметтік мәселелерді жан-жақты зерттеп, заман талабының сұранысын қанағаттанды-ру бағытында көптеген ізденіс жұмыстарын атқарды. Педагоги-ка ғылымының жаңа тармағы әлеуметтік педагогика пайда бол-ды. Ол тәрбиеге әлеуметтік факторлардың және педагогикалық практиканың қоғам дамуына тигізетін әсерін талдайды. Ерекше көңіл аударатын мәселе – әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік жұмыспен байланыстылығында.
Біздің пікірімізше, әлеуметтік педагогика – әлеуметтік жұ-мыстың ғылыми-әдістемелік негізін салушы. Себебі, қоғамдағы білімнің қалыптастырушы сұрақтар, топтағы қарама-қайшылық тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы негізінен педагогикалық әдістердің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыстың ғылыми негіздері әлеуметтік жұмыстың қағидасы, мазмұны, әдістері, жолы және амалы сияқты әлеуметтік педа-гогикалық элементтерді қамтуы қажет. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік жұмыс құрылымдағы психологиямен қатар түсінді-рушілік қызметті де орындайды. Әлеуметтік міндеттерді шешу көп жағдайда адамның тәрбиелілігімен анықталатын болғандық-тан, педагогикадағы болжаушылық қызмет тән. Педагогиканың бұл тармағына әлеуметтік жұмыстың субъектісі тұлғаның да-муының жетекші рөлі жатады.
Әлеуметтік педагогиканың шетелдік тәжірибесін оқу бір-қатар зерттеу әдістерді қолдануды қажет етеді. Олардың арасы-нан жалпы (тарихи, жүйелі талдау, салыстыру және т.б.) және жеке (сауалнама, бақылау, құжаттарды талдау) әдістерді бөліп қарастыруға болады.
Мысалы: шетелдің әлеуметтік педагогика даму тәжірибесі тұтас жүйелі элементтерден тұрады: мақсат, объект, субъект, мазмұн, қызмет, басқару, әлеуметтік педагогика амалдары.
Батыс Еуропа елдерінде әлеуметтік педагогикалық білім беру саласында мамандыққа сәйкес, практикалық оқу орнына көп көңіл бөлінген. Оқушылардың қызығушылығын есепке алу-дан басқа басты өлшем бір оқушының немесе мектептегі оқушы топтың білім алу жолында кеңес беруші тәжірибелі ұстаздың болғанын талап етеді. Ұстаздың жоғары кәсіби біліктілігі шы-ғармашылықпен айналысатын теория мен практиканы ұштас-тыра білетін маман ретінде, педагогикалық дағдысы қалыптас-қан оқушы бойына қажетті білім мен тәрбиені жеткізе білетін шеберліктің болуы шарт.
Балалармен әлеуметтік жұмыс аймағындағы қызықты жұ-мыстар АҚШ-та жүргізілгенін ерекше атап айтқан жөн. Бала-ларға әлеуметтік көмек беретін арнайы мекемелер келесідей қызмет көрсете алады: жағдайы нашар отбасыларының ата-ана-ларына тегін кәсіби білім беру ұйымдастырылған арнайы топ; жұмысқа орналастыруға көмекті қамтамасыздандыру; күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларына қарау; күйеуге шықпаған аналарға қала орталықтарында денсаулық сақтау қызмет орнын құру; зорлық-зомбылыққа ұшырайтын ба-лаларды қорғау қызмет орнына қолдаушылық көрсету; балалар үйін қадағалау; асыранды балалардың отбасымен жұмыс жасау; жаңа отбасын балалардың бейімделуіне бақылау жүргізу; бала-ларға білім беретін әлеуметтік көмек көрсету; қызмет орында-рына дамыту, т.б. Мұндай орталықтар жағдайы едәуір жақсы отбасыларына ақылы қызмет көрсеткен. Кейбір жағдайда ғана қызмет көрсететін мекеме отбасының кіріс қаржысынан тәуелсіз атқарылатын болған. Әлеуметтік қызмет көрсету орындары жетім балаларды асырап алу жөніндегі мәселелерді өз міндетіне алған.
Ақыл-есі кем балаларға әлеуметтік қызмет көрсету пси-хиатриялық ауруханаларда және интернат үйлерінде, сондай-ақ, арнайы стационарлар мен диспансерлерде, емханаларда жүргі-зілген.
Бірқатар батыс елдері тәрізді АҚШ-та үйінен қашқан қаң-ғыбас балалармен жұмыс жасаған. Сондай-ақ, жетім сәбилер баспаханасы мен жатақханалар қызмет атқарған. Жеке және топтық кеңес беру орындары ата-аналармен әңгіме өткізу арқы-лы балаларды отбасына оралту мақсатын көздеді. Жас қашқын балаларға арналған тегін «сенім телефоны» орнатылып оларға арнайы көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы-лармен әлеуметтік жұмыс АҚШ-та бірнеше бағдарламалардың негізінде құрылған: полиция, кәмелетке толмаған балалардың соты, мектептер. Соңғы екі мекеме екі топқа бөлінеді: «қиын» және сотталған жасөспірімдерге орта және арнайы мектеп бағ-дарламалары есептелген.
Әлеуметтік жұмыстар АҚШ-тан басқа елдерде де қамтыл-ған. Әрі олардың қызмет көрсету сипаты сол ұлттың ерекшелігі іске асырылады. Мұндай мекемелердің бірі –Германия.
ХІХ ғасыр – Германиядағы әлеуметтік жұмыстың басталу ғасыры. Әлеуметтік жұмыстың өзіндік мамандарының сұраны-сы әлеуметтік мектептердің ашылуына түрткі болды. 1905 жылы алғашқы христиандық әлеуметтік әйелдер мектебі пайда болды. Соңғы төрт жыл ағымында тағы 13 мектеп жұмысын бастайды. Онда буржуазиялық отбасынан шыққан қыздар қайырымдылық мекемелеріндегі қамқоршы-тәрбиеші кәсібін оқыған. Халықты қамтамасыздандыру жөніндегі Пруссиялық министрліктің жар-лығы бойынша 1920 жылы мемлекеттегі әлеуметтік жұмысшы-лардың мамандарын басқару жүргізілді. Бұл заңды акт екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияның әлеуметтік іс-әрекеті саласындағы мамандарды даярлаумен шұғылданған.
Ерекше атап өтетін жәйт, Германияда ғалымдар әлеумет-тік жұмыс пен әлеуметтік педагогика арасындағы айырмашы-лықтың ара-жігін ашып көрсетті. Әлеуметтік жұмыс пен әлеу-меттік педагогика – адамды мәдениет пен әлеуметтік және мате-риалдық жағдайды қамтамасыздандыру мақсатында әсер ететін ерекше форма. Әлеуметтік жұмыс клиентті күту мен қамқорлық көрсетумен байланысты. Әлеуметтік педагогика негізінен клиенттерге білім беру және тәрбиелеу сұрақтарымен шұғылда-нады. Мысалы: әлеуметтік педагог балаға Еуропаның мәдениет дәстүріндегі рухани тәрбиесін беру мақсатын көздейді.
Әлеуметтік педагог клиенттің күнделікті өміріне қатыса-ды, оларға педагогикалық ықпал етеді. Клиентті бақылайды, жалпы өмірін зерттеп, өзіндік ғылыми-әдістемелік қорытынды-лар жасайды. Нақты әлеуметтік сұрақтармен шұғылданып, олар-дың шешілу жолдарын іздейді. Әлеуметтік жұмысшы мен әлеу-меттік педагогтың ортақ жұмыстары көп. Бірақ аталған бағыт-тың мамандары түрлі әлеуметтік кәсіптердің ерекшеліктерін есепке алумен жүргізіледі.
Финляндиядағы міндетті білім беру тоғыз жылдық мек-тептен құрылған. Ол жалпы білім беру негізін қамтамасыз етеді. Бұл барлық түлектердің экономикалық жағдайын немесе тұр-ғын үйін анықтауға мүмкіндік алады. Міндетті мектептегі оқу мақсаты – баланың толық құқықты жауапкершілік қасиетінің жағдайы болуын, тәуелсіз болуын, шығармашыл адамды сүйе білетін, ынтымақтастыққа түсе алатын азаматты тәрбиелеу.
Финляндиядағы әлеуметтік тәрбиенің басты қағидасы– ба-ланың тәрбиесіне негізгі жауапты отбасы, ал мектеп бұл мін-детті шешудегі тек қолдау көрсетуші мекеме ретінде танылады.
Қазіргі кезеңде Финляндияда көптеген ата-аналардың пе-дагогикалық-психологиялық білімнен хабары бар. Осыған бай-ланысты міндетті білім беру мектептеріндегі мұғалімдер соңғы он-жиырма жыл ата-ананы ағарту ісімен шұғылданбай, отба-сымен қарым-қатынас құрып үлгерген. Бұл – нақты бір топтың оқушысына жауап беретін педагогтың мектеп семестрінің ағы-мында ата-анамен бірнеше рет әңгіме өткізгенінің көрінісі. Ата-аналармен кездесулер жалпы түрде жүргізіледі. Ата-аналар мек-теп ұйымдастырған түрлі іс-шаралаға қатысуда белсенділік та-ныта біледі. Мысалы: жұмыс орындарына баруы, лагерь жұмы-сына қатысуы. Маңызды жағдай – мектепте мазасыз мәселе туылар болса отбасының ол туралы хабардар болғандығы.
Сонымен қатар, жалпы міндетті білім беру мектептерінде мұғалімдер мен бірге студент-практиканттар жұмыс жүргізеді. Олардың білімі әдеттегі мұғалімге қажетті дайындықты және бір жыл арнайы оқуды қамтыды. Әлеуметтік педагогтарды да-йындау жүйесінде ұстаздық білімі жоқ адамдарға университет-тер 5 жылдық бағдарлама құрастырған. Оның мақсаты – сту-денттің білімін толықтыруға, еңбек етуге толық құқылы тұлға ретінде бейімделуге даярлау.
1960 жылдың соңында Норвегияда жаңа мектеп пайда болды (негізінен 7-9 жылдық) білім беру министрі мұғалімдерді дайындау жүйесін жасады. Арнайы пәндерді оқыту бойынша мұғалім бір жылдық білім алуы тиіс еді. Оқусыз олар мектепке жұмысқа алынбады.
Әлеуметтік педагог – бұл педагогтардың қатарын толық-тырған жаңа сападағы мамандық иесі. Бүгінде бұл мәселе әлем деңгейіндегі арнайы зерттеу пәні болып отыр. Бүгінгі және бо-лашақтағы әртүрлі санат топтарындағы тұлғаның қалыптасуы көбінесе әлеуметтік педагогиканың сәттілігіне тәуелділігін жоқ-қа шығаруға болмайды.
АҚШ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер Батыста аг-рарлық қоғамның индустриалды қоғамға көшуге түрткі болып, адамның әлеуметтенуіне ғылымның және техниканың ілгеріле-уіне, білім саласында теория мен практиканың дамуына жаңа серпіліс туғызды. Қоғамдық өмірді әлеуметтік реформалау стра-тегиясы «индустрияландыру мен урбанизациялау ғасырында адами және рухани құндылықтарды сақтау үшін» деген мақсат қойды. Батыстағы индустриялық қоғамның өркендеуімен бірге адамзаттық білім және педагогика саласында ғылым мен әлеуметтік жұмыстың жетілуіне себеп болды. Индустриялық қоғам жаңа әлеуметтік жағдай туғызып адамда әлеуметті-типті және жеке тұлғалық бастаманы қатар қалыптастыру міндетін қойды. Ал бұл жағдай өз кезегінде баланың жеке дамуы мен аза-мат болып өсуіне түрткі болды.
Бұл кезеңде Англияда сеттельмент-орталықтарының қоз-ғалыстары басталды. Оның негізін 1884 жылы Тойнбихолл қала-сында Самуэль Барнет құраған. Университет студенттері сон-дай-ақ, кәсіпкерлер Лондонның қалың тоғайларында, кейін Ұлыбританияның көптеген қалаларының аудандарында қоныс-танды. Олар білімнің мәдениеттегі іс-әрекет түрлерінің және әлеуметтік реформалардың озық идеяларын таратушылар бол-ды. Бұл адамдар жергілікті тұрғындардың кедейшілік туралы уайым-қайғыларын жеңілдету мақсатында әлеуметтік педагоги-калық жұмыс жүргізді. Әлеуметтік көкейкесті мәселелерді білім мен тәрбие арқылы, утопиялық идеямен шешу жолдарын жүзеге асыруға талпынды. Бірақ, ол алдында болған талпыныстар тәріз-ді сәтсіз аяқталды.
Иммигранттардың жаппай етек алуынан ХІХ ғасырда Америкада сеттельменттер қозғалысының белсенділігі артты. Алғашқы америкалық сеттельмент 1886 жылы Нью-Йоркте пай-да болған гильдия еді. Стэнтон Коит біраз уақыт Пойнби-Холл қаласында тұрып, Нью-Йоркке америкалық қозғалыс филиалын ашу мақсатында қайта келді. Ол жергілікті гильдияның негізін құрды, кейін ол Лауэр-Ист-Саид ретінде университеттік сеттель-мент деп танымал болған. 1896 жылға қарай АҚШ-та 44-ке жуық сеттельменттік ұйымдар мен қозғалыстар болды. Ал 1911 жылы 400-ге сеттельмент орталықтарының іс-әрекет бағ-дарламасы эмперикалық сипатта болып, әрдайым кеңейіп отыр-ды. Бірақ, тұтастай алғанда оларды қайырымдылық істен гөрі білім беру әрекеті көп қызықтырды. Олар әлеуметтік жұмыстар-дың жақсаруына үлкен әсер етті.
Шығыс пен Орталық Батысқа жұмыс іздеп отбасының өмірін жақсарту мақсатында эммигранттар көптеп қоныстанды. 1889 жылы Чикагода Дж.Адамс пен Э.Г.Стар ұйымдастырған Хулл-Хаус деп аталатын эммигранттар үйі ашылған. Мұнда 19 түрлі ұлт өкілдеріне қызмет көрсетіліп, жұмыс істейтін қыз-дарға тұрғын үй беріп отырған. Үйде күндізгі бала-бақша, мұра-жай және ұлдарға арналған клуб, шағын театр жұмыс жасады. Ер адамдар қоғамдық іс-шараларға, әйелдер топтағы сабақтарға қатысты. Топтық жұмыс, қоғамдық ұйым және насихаттар қолданылды. Адамс «жаңа қазіргі заман әйелін» бейнеледі. Оның сеттельмент қозғалысы шеңберіндегі жұмысы жоғары ба-ғаланып, 1931 жылы ол Нобель сыйлығын иеленді.
Сеттельменттер қозғалысының басты доминанты әлеумет-тік реформа және саяси акциялар еді. Белсенділердің назарында эммигранттардың әлеуметтік медициналық, отбасылық және жеке мәселелері болды. Олардың қиын өмірлік сәттерінің себебі – тұрғын үйдің жағдайына қанағаттанбаушылық және халықтың шамадан тыс тығыздығы. Қорғаныс техникасының жоқтығы, кәсіпорындардағы санитарлық жағдайдың төмендігі, зорық-тырар еңбек жүйесі, яғни, бала мен ересек адамның жұмыс уа-қытының бірдей болуы жалдамалы жұмысшы-эммигранттардың өмір жағдайының тым нашар болуына әкеліп соқты. Білім беру бағдарламаларында, кеңес беру мекемелерінде эммигранттың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әрқашан есепке алынып отырды.
Алғашқы он жылдың ішінде жұмысшы-сеттельменттер қа-уымды саяси күшке айналдырды. Олардың белсенді іс-әрекеті-нің арқасында балалар еңбегі жайлы заң, қоғамдық денсаулық туралы және жалдамалы бала күтуші қызметі, мемлекеттік тұрғын үй, музыкалық мектеп, кедейлер үшін өнер сабағы, ересектерге арналған кешкі бастауыш мектебі, көгалдандыру курсы, ойын алаңдары мен саябақ жайлы құжаттар пайда болды.
1900 жылдардың басында сеттельменттер мен жергілікті қала федерацияларында орталықтар ұйымдастырылды. Ол кү-ресті күшейту үшін жасалған еді. Осы себепті 1911 жылы сет-тельменттердің ұлттық федерациясын ұйымдастырған еді. 1950 жылы «қозғалыс» шеңберінде бұл федерацияда 250-ден 300-ге дейінгі ұжымдық мүшелер есепке тіркелген. Ол 1979 жылғы америкалық жергілікті орталықтарының бірлестігі деп аталған. Бұл атау түрлі ұйымдардың мүшелерін жақсы бей-неледі. Бүгінгі күнде үкіметтен қаржыланатын бағдарламалар сеттельменттен бастау алған еді. Мәселен, бала күтушінің қызметі сеттельменттердің ынта көрсетуінен Лилиан Уолдтың ұйымдастыруымен құрылған. 1951-1960 жылдары қауым мен аудандарды дамытуда көптеген зерттеушілер «кедейшілікпен соғыс» бағдарламасының негіздерін салушылардың бірі Л.Джонсон еді.
Прагматикалық педагогиканың әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жарқын өкілдерінің бірі Дж.Дьюи (1859-1952) болды. Прагматизм – бұл шынайы америкалық дүниеге көзқарас пен дүниетаным. Л.Фейер: «Дьюидің прагматикалық күші америка халқы үшін және ол сөзін де америка халқына арнады» - деген еді.
Білім беру мәселелері жөнінде Дьюи бірнеше еңбектер жазды. Онда мектеп пәндерінің мазмұны саяси пікірталасты, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарды қамтыған жөн деген. Себебі, оқушылар қазіргі заман жаңалықтарымен таны-сып, әлемнің сипатын түсінуге тырысады, қозғалушы бағытын көріп, ондағы өзінің рөлін анықтайды.
Оның «Болашақ мектебі» және «Мектеп және қоғам» ат-ты кітаптары арнайы көңіл аударуға тұрарлық. Онда прагмати-калық тәрбие түсінігі Дьюидің идеясымен байланысты. Америкалық педагог, тұлғаның дамуы оның туылған ішкі түй-сіктері мен қарқынына тәуелді деген.
Дьюи бойынша, тәрбие мақсаты индивидтің ішкі өсу про-цесінен шығуы керек әрі әлеуметтік шарттардан тыс анықтал-ғаны жөн дейді. Дьюидің «Демократия және білім» деп атала-тын кітабы – білім философиясындағы алғашқы күрделі еңбек-тердің бірі. Оның еңбегін қазіргі ғалымдар Платонның «Мемле-кет», Руссоның «Эмиль» кітаптарының қатарына қосып бағала-ған.

Приложенные файлы

  • docx 18404305
    Размер файла: 152 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий