Mongolsky_period


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

4-тақырып. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ). Алтын Орда (1243-ХV ғ. ортасы). ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер (1 сағат) Дәріс жоспары:1. Монғол империясының құрылуы. 2. Алтын Орданың құрылуы.3. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері.4. Моғолстан (ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы). Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468). Ноғай Ордасы (ХІV ғ. cоңы-ХV ғ.). Сібір хандығы (ХV ғ. соңы-ХVІ ғ.).СӨЖ тапсырмалары:1. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. «Казахстан: летопись трех тысячелетии» атты кітабы бойынша «Ак Орда және Кок Орда» бөлімін конспектіле.2. Л.Н. Гумилев. «Древняя Русь и Великая степь» атты кітабы бойынша «Синяя Орда» бөлімін конспектіле. ХІІІ ғасырда бар әлемді орасан ұлы оқиғалар шын мәнінде қатты толқытты. Византия латындықтардан азат болды (латындықтар 1261 ж. Константинопольден аластатылады) және өз ғасырын 1453 ж. дейін ғана соза алды. Ежелгі Русь славян тайпаларының күші негізделген қауымдық-рулық тұрмыстың қалдықтарын жоғалтты. «Русь» этникалық жүйесінің тұтастығы князьдіктердің ұсақталуымен және енші жерлердің вотчинаға айналуымен бірге жоғалды. Кез келген өзгеріске қастықпен қараған Түркі қағанаты әртүрлі мәдениетті бірорталықты мемлекет құрды. Дамудың көп деңгейлігі мен элементтердің алуан түрлілігі кез келген жүйенің тұрақтылығының міндетті шарттары болып табылады. Осыдан, полиэтникалылық және көп деңгейлілік суперэтникалық тұтастықты бұзбай, керісінше нығайтты. Осыған қарамастан ХІІІ ғасырдың басына қарай бәрі өзгерді. ХІІ-ХІІІ ғасырлардың шебінде Монғолияның өзінде болған, объективті үрдістер түркілердің тағдырына әсер етті: біріншіден, этностың емес, Ұлы Даладағы мемлекеттердің саяси ыдырау жолағы басталады; екіншіден, Еуразия кеңістігінде ашындардың билеуші әулеті шыңғыс әулетімен ауыстырылады. Құрылтай – саяси биліктің жоғарғы құзыры Диуан – атқарушы билік, оған кіретіндер: Дамиры – хатшылар Битакчи – писцы Салыкчы – салық шенеуліктері Казначи – қазына шенеуліктері Туткаулы, бакаулы и есаулы Баскаки – салық жинаушылары Ерекшеліктері Дәстүрлі Ашина әулетінің Жоғары әлеуметтік-саяси ұйымын ыдыратып, жаңа әскери-саяси жүйені құрды Бұл қоғамда топтар мен таптар арасындағы басты айырмашылықтар меншіктің түйінді ресурстарға қатынастарынан емес, керісінше билік пен басқаруға қатынастан құралды. Шыңғыс буындары – артықшылығы бар қоғамдық топ, төрелер ғанақұқылы болды елді басқаруға. Ұлық Ұлыстыңсаяси ұйымдасуы Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ). Алтын Орда (1243-ХV ғ. ортасы). ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер хан беклербек басқақ даруги уәзір диуан тумен мыңбасы жүзбасы онбасы елші Ұлы диуан Кіріс және шығысдиуаны құрылтай Төре нойондар Жоғарғы биліктің жоғарғы құзыры құрылтай болды, онда мемлекетке байланысты мәселелер, ішкі саясат мәселелері, ұлысты бөлу және т.б. мәселелер шешілді. Төрелердің жиналысы сондай-ақ ұлыстарда да жиналды. Ибн Баттутаға сәйкес, мұндай жиналыс түрікше «той» деп аталды және жыл сайын шақырылды. Батуттаның сөзі бойынша, тойға Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасы, аймақтық билеушілері келген. Жергілікті халыққа салық салудың өзіндік жүйесі анықталды. Көшпелі-малшылар «копчур» - жүз мал басынан бір басты, «тағар» - әскерлерді жабдықтауға арналған салық төлеуге міндетті болды, ол екі бөлікке бөлінді – «азық» - азық-түлік жинау және «алық» - мал азығын жинау. Егіншілер «қаржы-қаражат» салығын төледі. Тура салықтардан басқа, халық «конгла» - тұрған әскерлерді асырау, «жамалғы» - хабаршылар мен әкімшілік тұлғаларды қамтамасыз ету міндеткерлігі, пошта станцияларын ұстау міндеткерлігін атқарды. Көпестер тауарлардан баждар - сауда салығын төледі. Ұлық Ұлыста салықтар жинаудың анық жүйесі болды, арнайы реестрлер – «дафтари» бойынша есеп жүргізілді. Орыс князьдіктері «шығыс» - әрбір шаруашылықтан мүліктің көлемінен проценттер мөлшерінде алым-салық төледі. Салық жинауды - басқақтар, ал ХІV ғ. бастап қотара сатып алушылар мен жергілікті ақсүйектер жүзеге асырды. Мемлекеттік кеңселерде іс жүргізу түркі дәстүрлерінде түркі тілінде жұмыс істеді. Елді тәкелей басқару атқару билігінің арнайы органы – диуан арқылы жүзеге асырылды, оған дамирлер - хатшылар, битакчи – көшірушілер, салықшылар – салық шенеуніктері, қазынашылар - қаржылық ведомство шенеуніктері және олардың көмекшілері - тұтқауылдар, бақауылдар және есауылдар кірді. Тіпті ХVІІ ғ. аяғына дейін Қазақ хандығының билеушілері және Мәскеудің ұлы князьдары мен патшалары алтын ордалық хаттамалық дәстүрлерде әр түрлі мемлекеттермен арнайы хат жазысты, бұл олардың бөтен дүние сияқты қабылданбаған, ордалық рәміздерді үйреншікті түрде пайдаланып қолданысты. Алтын ордалық хандардың саясаты қалалардың жылдам құрылысына және осы қалаларды саудалық-кәсіптік орталықтарға айналдыруға бағытталды. 100-ден артық болған Ұлық Ұлыстың қалалары ашық және синкретті тәсілдермен құрылды. Олардың 20-на жуығы теңге соғу құқығы бар ірі орталықтар болды. Олардың ең ірісі Сарай Бату, Сарай Әл Жедид, Жайықтағы Сарай, Азау, Бақшасарай, Үкек, Солтүстік Кавказдағы Маджар, Еділ атырауындағы Қажытархан, Мордовиядағы Мохим, Сібірдегі Чилын Тура болды. Көптеген қалалар шығыста ғана емес, сонымен бірге әлемде ең ірілері болып саналды. Сарай Бату халқы 100 мың адамнан асты (ХІV ғ. халқы 5-10 мың адам үлкен болып саналды). Ұлық Ұлыстың территориясында Батыс Еуропа елдерінің, әсіресе Генуя мен Венецияның сауда факторияларын аша бастады, олар Кафа (Феодосия), Солдайя (Судак), Чембала және т.б. 1321 ж. Кебек хан ақша айналымына қатысты реформа жүргізді, барлық жерде бірдей және тұрақты салмақты теңгелері соғылды, ол ішкі де, сыртқы да сауданың жандануына мүмкіндік туғызды. Керуен саудасы едәуір кеңейтілді. Батыс қазақстанда және Еділ бассейнінде жаңа сауда қала орталықтардың пайда болуы Азия мен Еуропадан керуен жолдары шоғырлануына әкелді. Керуен жолдары көркейтілді. Ұлық Ұлыс хандарының бұйрықтары бойынша, сауда жолдарында құдықтар қазылып, керуен-сарайлар салынды.Қазақстанда исламды насихаттау үшін діни сопылық ордендер – Яссавия мен Накшбаидия пайда болды. Өзіндік дін ілімін зерттеулер қыпшақ тілінде арнайы трактатпен жазылды. Осылай, 1430 жылы Құранның ережелерін түсіндіретін, «Мұқаддим кітабы» атты еңбегі жазылды. тайпа Улус пен аймақтардыңбасшылары Ру иеліктері Арыс басшылары Ру басшылары Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік ұйымдасуы (XIV-XVI ғғ.) Ирандағы Хулагуидтер ұлысы XIV ғ. І-жарт. дейін билік етті Қытайдағы Юань әулеті 1368 ж. дейін билік етті Ұлық ұлыстағы «ұлы бөгеліс» (ХІV ғ. ІІ – жарт.) мемлекеттің саяси ыдырау мен қазан татарлары, қырым, астрахан, сібір, ноғай татарлары және қазақтарға сияқты этникалық бөліскеалып келді. Ұлық ұлыстың тәуелді елі орнында ұлы Ресейдің дәні – Мәскеу мемлекеті пайда болды. Ақсақ Темірдің берген соққыларынан Ұлық Ұлыс жазылу сәтті болмады. Темір Орданың түпкілікті ыдырауына әкелетін Едіге мырзаны қалдырды. Едігенің көзінің тірісінде-ақ ноғайлықтар тұтастықтан шығып, ХV ғасырда Үлкен Орда деп атала бастады, бірақ 1438 жылы Сарай әлі де үлкен қала және ірі сауда орталығы болды. Соған қарамастан Орданың ыдырауы жалғаса берді. Таққа отыруға үміткерлер бірде литвалық Гедиминовичтерге, бірде самарқандық Теміршілерге сүйеніп, бір-бірін өлтіріп жатты, ал этностар оқшаулануын жалғастыра берді. 1428 жылы Тюмень бөлініп кетті, онда Әбілқайыр хан «өзбектер» атауын қабылдады. 1438 жылы Қырым мен Қазан бөлініп кетті. Мәскеу алымды үнемі төлеуден бұлтартса да, Ордамен бәрінен де ұзақ одақтас болды. 1480 жылы Сарай жойылды - бұл ноғайлықтар мен қырымдықтардың ісі болды. Жошы ұлысының этномәдени жүйесінің бытырауы ұрыс-таластар мен соғыстардың тікелей салдары болды. Дегенмен Жошы ұлысы бәрінен де ұзағырақ шыдап тұрды. Ұлы Далада болған өзгерістерді кері кету ретінде қарастыру керек. Өйткені қалған күш қалпына келтіруге ғана жетті. Әлеуметтік-экономикалық аспектіде көшпелі әлем артқа қадам жасады. Сөйтіп, Ұлық Ұлыс ыдырады, ал бұл кезде Ақ Орда жаңа дербес этностың – қазақтардың құрылуының ұйтқысы болды.

Приложенные файлы

  • ppt 18402306
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий