tarikh_otvety


1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
   Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. 
«Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну.Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы». Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау. «Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі. Қазақ, орыс, Ресей, шетел ғалымдары Қазақстан тарихы туралы. Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа бастамалар мен бағыттар. Отандық тарих ғылымындағы теориялық мәселелер. Қазақстан тарихы қазақстандықтардың жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті түзу, азаматтанушылық, патриоттық және интернациональдық тәрбиелеудің бірден бір құралы. Ұлттық тарихтың басымдықтары. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еңбектері. Қазақстан тарихының Еуразия халықтары тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудағы маңызы.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауы. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы
2.XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметiк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
3. Ресей империясының Қазақстанға қоныс аудару саясатының күшеюінің себептерін атаңыз. Столыпиннің аграралық реформасының мәнін түсіндіріңіз және аграрлық саладағы қатынастарды сипаттаңыз.
Қазақстанда патшалық аграрлық және қоныстандыру саясатына сараптама жасаңыз.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.
Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері
Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.
Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.
Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.
Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.
1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.
Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.
Столыпин аграрлы реформасының нәтижесін анықтаңыз.
Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы
Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.
Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.
Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.
Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.
Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдайда өзгерді. Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан бірнеше миллион десятина жер тартып алынды».
4. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері мен оның отарлық мәнін сипаттаңыз .
Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды.Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.
Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмолауездерінде жедел дамыды.
Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.
Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.
Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.
Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.
1900 жылы Ақмола облысында кәсіпшіліктерге барып жұмыс істейтін қазақтар 12 мыңға жетті, ал Торғай облысында бүкіл шаруашылықтар санының 50%-ы шетке барып жалданатын болды. Бұл кәсіпшіліктерге көбіне кедейленген қазақтар мұқтаждықтан жалдануға мәжбүр болды.
Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық аулау көсіпшілігі болды.
Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды.
Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі.
Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтайөңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан.
1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854—1860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды.
Қарағанды кемір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты — осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды.
Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді.
Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.
1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды.
Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз — Ермак темір жолын осы 1899 жылы ұйымдасқан "Воскресенск кен өнеркәсібі" акционерлік қоғамы салды. Бұл қоғамның негізгі акционерлері Деров, Бродский, Викторский, Смирнов және басқалар. Қоғамның жоғары басқармасы Киевте орналасты. Қоғам бес жылға (1899—1903 жылдары) жуық, 1903 жылғы дағдарысқа дейін емір сүрді. 1913 жылы барлық зауыт кеніштері, Екібастұз көмір бассейні және темір жол бар дүние-мүлкімен ағылшын-француз капиталистерінің қолына өтті.
1914 жылы Лондондағы Орыс Азия корпорациясы ағылшын миллионері Л.Уркварттың басшылығымен екі кен өнеркәсібі акционерлік қоғамын негіздеді: "Қырғыз (Екібастұз) кен өнеркөсібі акционерлік қоғамы" және "Риддер (Лениногорск) кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы".
Лесли Уркварт және оның компаниясы қарамағында сол кезде Оралдың түсті кен әндірісі ошақтары болды. Британ қаржы олигархиясының аса ірі екілі Л.Уркварт басқарған ағылшын-американ кәсіпкерлері аса бай Кенді Алтай және Екібастұз өңірінде ескі кәсіпорындарды қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуға кірісті.
1914—1915 жылдары Риддер кен байыту фабрикасы іске қосылды. Оларда байытылып қайта өңделген мырыш және қорғасын концентраттары ұзақ жол жүріп Екібастұзға жеткізілді. Екібастұз көмірі мен коксінде олар балқытылған металға айналды.
Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыды. Сауда операцияларынан көп пайда түсетін болғандықтан, орыс және жергілікті буржуазияның ауыр өнеркәсіпті дамытуға ынтасы болмады. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп ірі капиталды қажет етті. Дегенмен өлкеде көмір, мұнай, мыс кендерін өндіретін кәсіпорындар ашылды.
Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30—40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты
Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұзкөмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.
XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Зыряновск түсті кен орындарына қожалық етті. Атырауауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.
Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты.
5. ХХ бас кезіндегі Қазақстандағы ұлттық және діни қозғалыстардың пайда болуы мен олардың қызметі жайлы баяндаңыз.
Бұл қозғалыстың негізі түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы еді. Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуына Ресей империясының қол астында отаршылдардың тепкісін көріп, тауқыметін тартқан түркі тілдес және өзге де мұсылман халықтарының әлеуметтік - саяси жағдайы төзгісіз болуы ықпал етті. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтарының тұрмыс - тіршілігін тығырыққа тіреп, дағдарысқа ұшыратты. Мұның өзі Ресей мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күреске жетеледі. Ресей мұсылмандарының азаттық күресі Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде мұсылмандық қозғалысқа ұласып ұлттық автономия құруды мақсат еткен “унитарлық” және “федеративтік” ағымдарды күшейте түсті. Ұлттық автономияға қол жеткізуді мақсат еткен “унитарлық” және “федеративтік” ағымдардың пайда болуын жалпы ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылмандық қозғалыс тарихынан тыс қарастыру мүмкін емес. Себебі біз қарастырып отырған мәселенің түп-тамыры Ресей мұсылмандық қозғалысымен тығыз байланысты. Сондықтанда мәселені жан-жақты дәлелдеу үшін және оның мәнін ашу мақсатында, ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман қозғалысымен байланыстыра талдауды жөн көрдік. Мұсылман қозғалысының мемлекеттілік мәселелерге байланысты идеялары тұншылықтырылды. Ал мұсылман халықтарының азаттығы жолындағы күресте көзге түсіп, танымал болған зиялыларды кеңестік билік құғын-сүргінге түсіріп, жазықсыз жазаның құрбандары етті. З.Валиди, М.Шоқай тәрізді қайраткерлер шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Ұлттық автономияға байланысты “унитарлық” және “федералистік” ағымдардың бастамалары өркениетке қол созған ұлттардың идеясы түрінде тарихта ғана қалды. Кеңес өкіметі Ресейдегі барлық ұлттар мен халықтарды өзінің “басты- бітімі” негізінде бір орталықтан ғана басқаратын мемлекет құрамына кіргізді. Әйтсе де ғасыр басындағы Ресейде орын алған мұсылмандық қозғалыс “бұратана” халықтардың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік із қалдырды. Бұл қозғалысқа ат салысқан қайраткерлер отарлық бұғауға қарамастан ұлттық бостандық үшін күреске жұмыла кірісіп, пәрменді әрекет етуге талпынды. Сөйтіп шеткері аймақтардың саяси күштеріне ұйтқы бола алатындықтарын, осы өлкедегі халықтардың құқығын қорғай алатындықтарын іс-жүзінде дәлелдеуге қабілетті екендіктерін көрсетті. Мәселенің тарихын оқып - үйрену мен ой - зердеде салмақтауда оның бастауларын патша өкіметінің қазақ даласындағы рухани отарлауымен байланыстыра қарастыру керек. Себебі империяның орыстандыру, шоқындыру әрекетіне қарсы тұрарлық қазақ халқының қолынан келер мүмкіндіктері санаулы ғана еді. Солардың бірі жалпы бұқара халықты ұйысын бұзып, ұлттық санасын ояту болма екінші мұсылмандық қозғалысты тудырып, халық арасында мұсылмандық ғибратты тарату болды. Азаттық үшін күресте халықтың санасын оятып, оны білім, ғылымға шақырым ұлттық идея мәселесімен қатар өркениеттік мәдениетке жетелеген қазақ зиялыларының өкілдері болса, мұсылмандық қозғалысты ұйымдастырушылар да жоғарыда көрсетілген деңгейдегі ұлт таңдаулылары болатын. 1. Бөкейханов Ә. Шығармалары. -Алматы.1994 -270б. Мұсылмандық қозғалыстың тарихын зерделеуде оның бастаулары 1905 - 1907 жылдардағы бірінші орыс революциясымен қатар келгендігін ескеру қажет. Осы аталған қозғалыстың мақсаты да отарлық тәуелділіктен құтылу, өзін-өзі басқаруға қол жеткізу болды. Сондықтан да ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылмандық қозғалысты қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін жүргізілген ұлт-азаттық, идеялық күрестермен байланыстыра қарастырудың маңызы зор. Мұсылмандық қозғалыс деңгейіндегі құрылтайлар жер, дін, әйел, оқу-ағарту, жергілікті басқару, Ресейдің мемлекеттік құрылымы туралы мәселелерді қарап, талқылап отырды. Әсіресе мемлекеттік, оның құрылымы түрі жайында үлкен пікір - таластар болды. Мұның өзі мұсылмандық қозғалыстың іс-әрекетінің бағыт - бағдарын анық көрсетеді. Осыған байланысты мұсылмандық қозғалыс шеңберінде ұлттық мемлекеттік мәселесін нақты тарихи деректер негізінде, оның ішінде мерзімді басылым материалдары көмегімен жекелеген мәселелерге бөліп қарастырып, оқып- үйрену оның маңызын айқындауға септігін тигізеді.
6. Қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы және оның әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі туралы баяндаңыз. Азаттық қозғалыс идеологиясының қалай туындағанын түсіндіріңіз.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.
Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».
XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби»(1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.
1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті. 1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды. Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді. 1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысыт сылтау етіп, жұмыса «ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық тартыстар, жергілікті халықтар мен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады және қазақ феодалдарының сатқындығы. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Трихи маңызы ретінде 1916жыл, көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер еткенән айтуға болады. Сонымен қатар қазақ халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.
7. Қазақ зиялы қауым өкілдерінің І және ІІ-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және олардың қызметі туралы баяндаңыз.
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.
Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.
Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.
1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.[1]
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.
Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.
II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.
Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.
8. Қазақ ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ағартушылық қызметі туралы баяндаңыз.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.
Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана». XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ә. Ермеков, X. Досмүхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді.
9. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты туралы және Қазақстандағы жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі туралы баяндаңыз.
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты. Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англияалғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.
Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.
Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.
Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.
Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.
Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.
Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.
Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.
Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.
Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.
10. 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, негізгі кезеңдерін атаңыз.
1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті. 1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды. Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді. 1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысыт сылтау етіп, жұмыса «ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық тартыстар, жергілікті халықтар мен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады және қазақ феодалдарының сатқындығы. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Трихи маңызы ретінде 1916жыл, көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер еткенән айтуға болады. Сонымен қатар қазақ халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.
11. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсерін анықтаңыз. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін Қазақстандағы саяси биліктің қалай өзгеріске ұшырағанын баяндаңыз.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.
қпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.
Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.
12. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы мен олардың қызметі туралы баяндаңыз.
Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.
Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.
Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).
Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.
Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.
Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.
Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.
Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.
Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.
Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.
Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды. 2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды. 3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).
Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: 1. Шаруаларға жер беру 2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні 3. Соғысты тоқтату 4. Халыққа бейбітшілік беру
Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.
Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.
Саяси партиялар мен ағымдар.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.
1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.
Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.
Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.
Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар.
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер: 1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясын құру. 5. Сот ісі. 6. Дін мәселесі. 7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау. 8. Құрылтай жиналысын шақыру. 9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 11. Халық ағарту ісі. 12. ЗемствоОсы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.
1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.
Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.
1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.
«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты: 1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру. 2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.
Мақсаты: 1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді. 2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:
1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. 2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. 3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті. 4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері: 1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды. 2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады 3. Шаруаларға жер бермеді. 4. Империалистік соғысты жалғастырды
13. 1917 ж. жазындағы саяси дағдарыс туралы баяндаңыз және шілдедегі Жалпықазақ съезінің Алаш партиясын құру туралы шешімінің маңыздылығын бағалаңыз.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
1) Мемлекет билеу түрі;
2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі;
4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында . Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды . Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған. Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған
14. Қазан төңкерісі кезеңіндегі Казақстан. Қазақстан қалаларында Кеңес өкіметін орнатудың себептері мен жолдарын атаңыз.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді.
74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.
15. Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі, тарихи маңызы мен рөлі туралы баяндаңыз.
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Ақпан төңкерісі мен одан кейін орын алған қазан төңкерісі Ресейді әбігерге салды. Билік жиі ауысқан соң заңсыздықтар белең алып, ел ішінде ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық күшейді. Халық қай биліктің етегін ұстарын, кімнің заңын сақтарын білмей сарсаңға түсті. Ұзақ жылдар бойына ақ патшаның бодандығында болып, мойынына темір бұғау түскен қазақ халқы үшін азаттық алатын орайлы сәт енді туғандай болып еді.
Қазақ елінің алдағы таңда қай бағытты таңдайтынын айқындау мақсатында 1917 жылдың желтоқса айының 5 мен 13 аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ съезі шақырылды. Ұлт зиялылары автономия құру бастамасын бір ауыздан қолдап, оның қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті. Тек автономия ресми жариялау мәселесіне келгенде алауыздық танытып, бір мәмілеге келе алмай, ұзақ пікірталасқа жол берді.
Ә.Бөкейхан бастаған топ ең алдымен қазақ даласын мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерінің автономияға қатысты пікірін білу керектігін және Түркістан қазақтарының автономия құрамына қосылу мәселесін шешіп алуды ұсынды. Ал Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері ешкімнің пікіріне қарамастан, дереу автономия жариялау керектігін алға тартты. Ұзақ талас-тартыстан кейін екі тараптың өкілдері ортақ мәмлеге келіп, желтоқсан айының 12 жұлдызында Алашорда автономиясын жариялады. Бұл туралы Әлімхан Ермеков былай деп тебірене жазды: «… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды («Сары арқа», 1918 ж 22 қаңтар).
Съезд мүшелері ортақ мәмлеге келген соң Уақытша Ұлттық Кеңес құру және оны «Алашорда» деп атау туралы қаулы шығарды. Алашорданың орталығы Семей қаласы болады деп бекітілді және төрағалығына Әлихан Бөкейхан сайланды.
Ел ішін бұзақылар мен ұры-қарыдан қорғау мақсатында ұлттық милициялар құрамын жасақтау туралы келісім жасалып, олардың әр облыстағы саны бекітілді. Милицияға қажетті дүниелер ұлттық қордан сатып алынатын болды. Сондай-ақ Оңтүстік өңірдегі халықты автономия құрамына тарту мақсатында Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыру қажет екендігі айтылды. Бұл жиынға автономия атынан өкіл ретінде Бақтыкерей Құлманов, Міржақып Дулатов және Тұрағұл Құнанбаевті жіберу туралы ұйғарым жасалды.
Алаш автономиясы жарияланған тұста қазақ даласы әлі де болса терең ұйқыда жатқан болатын. Ұзақ жылдар бойына отарлық езгіде болған халық әлемдік өзгерістерден кенже қалып қойды. Соғыс өнерін толық меңгермен, от қарумен қаруланбаған қазақ халқы жеке дара мемлекет болып тұра алмады. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметі ақтар қосынын тастап, ұлттық дербестік беруге уәде берген большевиктер жағына шықты. Ал олар әуелдегі сөзінен танып, Алашорда партиясы мен Алаш үкіметінен тарих сахнасынан күшпен шығарып, мүшелерін өлімге қиды.
Десек те, бұл оқиғаның тарихи маңызы зор болатын. Қазақ даласында пайда болған ұлттық мемлекеттік құрылымды жойса да, кеңес билігі Қазақстанның автономиялық үкімет мәртебесін сақтап, одақ құрамына дербес республика есебінде қабылдады. Бұл 1991 жылы Тәуелсіз ел болып бөлініп шығудың басты алғышарты болған еді.
17. Қырғыз (Қазақ) АКСР мен Қазақ КСР-інің құрылуының қалай жүзеге асқанын сипаттаңыз.
Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Большевиктердің радикалды әрекеттері, орталықтағы және шет аймақтағы, ұлттық элитаның өкілдерін, Құрылтай жинлысы¬ның шешіміне қарамастан, автономияны жариялауға итермеледі.
Азамат соғысы аяқталуы және контрреолюциялық кұштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды.1919жылы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады.Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын,мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып,өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабылданды.Осыған байланысты 1919жылы 10шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.Революциялық комитеттің бірінші құрамына С.Песткофский (төраға),А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешов, Б.Қаратаев кірді.Әртүрлі уакытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев,С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленеді.
Қырғыз революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру,денсаулық сақтау және халық ағарту,егіншілік,юстиция,пошта және телеграф,азық-түлік,жұмысшы-шаруа инспекциясы,халық щаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.
1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз Автономялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады.
1920жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңстерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты.Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды.Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С.М.Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В.Радус-Зенкович)сайланды.Съезд Қырғыз АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың,еңбекші қазақ халқының,шаруалардың,казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді.Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын,нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан,барлық азаматтардың тең құқықтығын,тегін білім алу құқығын,қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз,жиналыс , баспасөз, ождан бостандығын қуаттап , баянды етті.Азаматтардың еңбек ету,елін қорғау міндеттері де белгіленеді.
Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде,экономикалық құрылыс туралы,әкімшілік мәселесі жөнінде,кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады.
Қазақ АКСР-і құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезін шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды.Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихы маңызы болды.Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады.Қазақ халқының басқа ұлттар мен қатар қалыптасу процесі күшейді.Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мен достығы нығая түсті.
18. Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы Казақстан. ЖЭС-ке көшудің себептері мен мәнін атаңыз.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық – түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).
19. Қазақстандағы 1921 ж. жер-су реформасы: оның мақсаты мен мәнін, нәтижесін анықтаңыз.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
•1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:
-Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
-Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
•1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
-Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
-1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
•1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»
атанды).Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
-Еңбек артельдерін құру.
-Кедейлерге жер беру.
-Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:
•Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол
атқарады.
•Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
•Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.
•Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
20. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық шекара мәселесіндегі Орталықтың командалық-әкімшілік шешімдері туралы баяндаңыз. Тұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауының себептерін анықтаңыз.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1]. 1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қантардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
21. Қазақстандағы индустрияландыру және оның ерекшеліктері туралы баяндаңыз. Осы мәселе бойынша қазақ мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ұстанымдарынан мысал келтіріңіз.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстандабірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Қазақстанды индустрияландырудың сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері болды, олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен, сондай-ақ табиғи, еңбек және экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады. Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ізін қалдырды, өнеркәсіпті, құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті. Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.
Ол, ен алдымен, Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия (5,8), Әзірбайжан (5,9), Өзбекстан (4,7), Түркіменстан (6,7), Украина (7,3) сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика арасында Ресейден (8,7), Қырғызстаннан (9,9), Грузиядан (10), Тәжікстаннан (8,8) және Армениядан (8,7) кейін алтыншы орынды иеленді.[9].
Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негізінен жаңа құрылыстардың, басқаша айтсақ, қайта құрылған Риддер мен Қарсқбайды қоспағанда, тақыр жерде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды. Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі, Мәскеудегі, Ленинградтағы, Донбастағы, Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. Сондықтан республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің, қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев — Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды.
Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды. Құрамында 17 шахтасы (1931 жыл), ГРЭС (1933 жыл), Нұра су құбыры (1933 жыл), байыту фабрикасы (1933 жыл) бар «Қарағанда уголь» тресі, «Казполиметалл», «Алтайполиметалл», Ақтөбе химия. Семей етконсерві, Гурьев балық консервілеу, Алматы жеміс-көкөніс, Семей шұға комбинаттары т.б. - осындай кәсіпорындар санатына жатты.[10].
Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды.
Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді.
Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. Қазақстанға станоктар мен жабдықтар Орталықтан, Ленинградтан, Оралдан, Украинадан және басқа да аймақтардан әкелінетін.[11].
Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың асабай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті. Бұл жылдары Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанның Оңтүстігімен жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы, Трансқазақстан магистралінің негізгі бөліктері (Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Бертіс, Жарық—Жезқазған) салынды, бұл тораптар Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде зор рөл атқарды; Рубцовск-Риддер желісі Шығыс Қазақстанның түсті металлургиялық кәсіпорындарына қызмет көрсетті, ал Орал—Илецк теміржолы республиканың батыс аудандарын Орынбор өлкесімен және Ресейдің басқа да өнеркәсібі өркендеген облыстарымен байланыстырды.[12].
Жоғарыда аталған қиындықтар мен ерекшеліктер, сондай-ақ күрделі қоғамдық-саяси жағдай және Қазақстанның артта қалған экономикасының ауыр жағдайы 20-жылдарда және 30-жылдардың басында республиканы индустрияландыру және ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі манайында қым-қигаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда болды. Біреулер «көшпенділіктен социализмге» өтудің мүмкін еместігін және көшпенділік өмір салтының қазақ халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индустрияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын көлденең тартты.[13]. Енді біреулер — өнеркәсіпті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс», «Қазақстан үшін мүмкін емес іс», «артта қалған көшпенді халық», «шектен тыс индустрияландырудың қарқынын көтере алмайды», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатады», «ал қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды» сияқты пікірлерді дәлелдеуге тырысты.[14]. Үшінші жақ республиканың Одақ құрамында дәйекті дамуының қажеттігі, бірақ Қазақстанның ерекше мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ өнеркәсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған бағыт шүбәсіз дұрыс» [15]. деп дәлелдеді. Төртіншілер шет аймақтар шикізат базасы ғана болып қалмауы керек және индустрияландыруды жүргізгенде республиканың ерекшеліктерін ескеру қажет деген пікірді ортаға салды.[16].
Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді.[17]. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту»,[18]. - деп мәлімдеді.
Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді. Мәселен, БК(б)П Өлкомының хатшысы Ф.И. Голощекин «Большевик Казахстана» журналында (1927, №2) жарияланған мақаласында: Қазақстан үшін «өнеркәсіп саласында негізгісі ірі емес, ұсақ және орта буында (жарма жасаушы, жүн жуатын, май шайқайтын кәсіпорындар, жөндеу шеберханалары т.с.с.), басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығымен айналысатын және оны рентабелді ететін істер» [19]. деп жазды. VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—23 қараша) ол: «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір ескеруіміз керек»,[20].— деп ерекше атап өтті.
22. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қалай жүзеге асқандығы туралы баяндаңыз. Күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жж. көтерілістерді сипаттаңыз.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Берілген кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін мәселенің тарихнамасы күрделі және қайшылықты жолдардан өтті, жалпы алғанда сатылап дамыды. Бүгінгі таңда шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын арнайы зерттеген ғылыми еңбектер өте аз десек те болады. Берілген тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеулер мен басылымдарда тек сәйкесінше бөлімдер ғана бар. Ал Орталық Қазақстан өңіріндегі шаруалардың қарулы қарсылықтарының тарихы көп еңбектерде жалпылама қарастырылып өтеді. Т.Омарбековтың монографиясында ХХ ғасырдың 20–90 жылдарында Қазақстандағы 1920–1930 жылдары орын алған әлеуметтік—экономикалық үрдістердің негізігі мәселелері бойынша: «кіші Қазан» саясаты, байлардың мүліктерін кәмпескелеу, көшпелі халықты отырықшыландыру және ұжымдастыру, 1931–1933 жылдардағы аштық туралы жарық көрген әдебиеттердің бірқатар кешеніне кеңінен тарихнамалық шолу жасалынған [1, 23–41 б.]. Берілген шолуда тарихнаманың даму кезеңдері мен сипатына қатысты ойталқылар, көзқарастар беріліп, басқа зерттеулерге сыни талдау жасап, зерттелуші тақырып бойынша кейбір сәттерді ғана қамтиды. Сонымен қатар 30 жылдардағы Орталық Қазақстан өңіріндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістері туралы мұрағат деректерімен толықтырылған біршама толыққанды деректер берілген. Шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихына арналған қазақстандық тарихшылардың жаңадан шыққан басылымдарына қысқаша сипаттама Т.Алланиязов пен А.Таукеновтың біріккен басылымында берілді [2, 6–8 б.]. Бұнда ұжымдастыру кезеңіндегі Қарағанды облысының Шет ауданындағы және Қарсақпай өңіріндегі шаруалар көтерілістерінің тарихы туралы арнайы зерттеулері берілген. 2002 жылы жарық көрген Т.Алланиязовтың еңбегінде Қазақстандағы 1929–1932 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихы бойынша әдебиеттердің методологиялық және деректанулық негіздерімен қатар шаруалар көтерілістері тарихын зерттеу үрдісіне кеңейтілген сипаттама берілген [3]. Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Бұл отандық тарихнамаға сол кезеңде қойылған партиялық қатаң талаптар мен идеологиялық қысымнан болды. Кеңестік дәуірде жарық көрген еңбектерде партия саясатына қарсы шаруалар көтерілістері тек тап күресі шеңберінде ғана қарастырылды. Сонымен қатар олар «бандиттік», «антикеңестік», «контрреволюциялық» қозғалыстар ретінде қарастырылды. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды. Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі, қазақ шаруаларының қарулы көтерілістерінің тарихын тарихшылар экономист, заңгер, тіл білімі мен әлеуметтанушы мамандармен бірлесе отырып кешенді түрде зерттеу қажеттігін баса атап өткен болатын [4, 74 б.]. 1980 жылдардың соңындағы қоғамдық өмірді либералдандыру жағдайында қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылық арта түсті. Қазақстандағы ұжымдастыру мәселелері бойынша концептуалдық жағынан алғанда барынша жаңа болып Ж.Абылхожин, М.Қозыбаев пен М.Тәтімовтардың мақаласы табылды [5]. Ол Қазақстандағы ұжымдастыру тарихының тарихнамасында қазіргі заманғы кезеңінің бастамасын салып берді, себебі мәселенің негізгі құрамдас бөліктері сол кезеңде қазақстандық тарих ғылымында қалыптасып жатқан жаңа парадигмалардың тұрғысынан алғанда байланыстырылып қарастырылды. Бұнда республикадағы ұжымдастыру кезеңінде іс жүзінде болған барлық жағдайлар барынша толық көрінісінде құрастырылып берілді. Сонымен қатар авторлар шаруалардың қарулы көтерілістері туралы мәселені де назардан тыс қалдырмаған. Бірқатар округтер мен аудандарда орын алған ірі қақтығыстар мен жанжалдардың бірнешеуін көрсетіп бере отырып, зерттеушілер сол жылдардағы партиялық құжаттарда бұл оқиғаларды тек тап күресінің ашық көрінісімен және ішкі және сыртқы жауларды іздеумен түсіндіруге талпыныс жасағандығы байқалады деп дәл көрсетеді. Бұл мақаланың барынша кеңейтілген түрі 1991 жылы жарық көрді [6]. Бұл басылымды сипаттасақ, мұнда ең алдымен ұжымдастырудың қарқынына саяси—идеологиялық реттеулердің ықпал ету механизмі дәл көрсетілген, бұның нәтижесінде 1931 жылдың күзінде Қазақстанда барлық шаруашылықтың 65% ұжымдастырылды. Сонымен бірге күш көрсету жағдайында төтенше режимде жүрген ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау науқанының тәжірибесі мен идеологиясы да барынша суреттелген. Мақалада 1928–1929 және 1929–1930 жылдарда үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл және Семей) осындай дайындау науқандарымен қатар жүрген қуғын—сүргін саясатының көлемін сипаттайтын статистикалық материал берілген. Бай—кулактарды жою саясатының сипаты, мазмұны мен салдарын анық көрсетіп берген. 1980 жылдарда жарық көрген отандық тарихшылардың мақалалары ұжымдастыру жылдары орын алған демографиялық апаттық жағдайлар көрініс табуымен, қуғын—сүргін мен босқынға ұшырау, 1932–1933 жылдардағы аштықтың нәтижесінде Қазақстандағы адами шығындар туралы мәліметтердің көрсетілуімен құнды. Берілген мақалалардан шығатын қорытынды, авторлардың көрсетуінше, сол кезеңде орын алған қайғылы оқиғалардың себебі «кездейсоқтықтан» (қателіктер мен бұрмалаушылықтар) емес, болып жатқанның бәрі «заңды құбылыс», тіпті «фатальді» деп көрсетеді, жалпы алғанда әкімшілік—жұмылдырушылық және бұйрықтық—күштеу әдістері табиғаты жағынан апатты болып табылады. Сол себепті жіберілген қателіктер мен бұрмалаулар шын мәнінде қоғамды ұйымдастырудың сталиндік моделінің шынайы қисынын көрсетіп береді [6, 215 б.]. Шаруалардың қарулы көтерілістері тарихын зерттеу жағдайы тек 1991 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының күштеп ұжымдастыру жағдайларын зерттеу үшін Комиссия құрғаннан кейін өзгере бастады [7, 20 б.]. «Қазақстан Кеңестері» газеті редакциясының 1992 жылы мамырдың соңында өткізген дөңгелек үстелдің кезінде бұрын құпия ұсталған мұрағат құжаттарын зерттеудің алдын ала қорытындыларын жасау барысында, алғаш рет баскөтерулердің саны, оларға қатысқандардың саны туралы мәліметтер беріліп, шаруалардың қарсылығын туғызған себептер атап өтілді. М.Қ. Қозыбаев «әсіресе қызықты мәлімет ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалардың 372 баскөтерулері бойынша анықталды» деп атап көрсетті ]. «Шаруалардың тарапынан қарсылық көрсетілді ме?» деген сұраққа жауап ретінде Қ.С. Алдажұманов баскөтерулердің себебі болып «ауылдар мен деревняларда жүргізілген саясатқа ашық қарсылық», «күштеп қысым көрсету мен қатаң үкім» болғандығын көрсетті. Баскөтерулерге итермелеген тікелей жағдайдың бірі ретінде Қ.С.Алдажұманов «ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау саясаты, сонымен қатар КСРО ХКК мен ОАК 1930 жылғы 1 ақпандағы тап ретінде кулактар мен байларды жою туралы қаулыларының негізінде тап күресін жасанды түрде шиеленістіру» екендігін атап өтті. Жағдайды сипаттай келе, ол наразылардың бір бөлігі қарсылық көрсету жолына түскендігін, бұл «бандитизм» ретінде жіктелгенін атап өтті және республика шын мәнінде азамат соғысы жағдайында болғандығын көрсетті. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен. Комиссиямен алынған алдын ала мәліметтер «30 жылдардағы көтерілістер 80 мыңдай тұрғындарды қамтығанын», «ірі көтерілістерге қатысқаны үшін ғана ОГПУ үштігінің шешімімен ОГПУ 5551 адамның сотталғанын, оның 883 атылғанын» көрсетті [7, 21 б.]. Бұл Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері туралы тарихи білімдердегі қарқынды жетістіктің бастамасы болды. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. Мұнда шаруалар қарулы көтерілістерінің масштабы мен географиясы, адами шығындар, шаруаларға қарсы қуғындаулар, малды етке өткізудің сипаты мен салдары, бай шаруашылықтарды тәркілеудің мазмұны мен нәтижелері сияқты сұрақтар кеңейтілген және тереңнен зерттеуге мүмкіндік берген жаңа фактілік және статиститкалық материалдармен біршама толықтырылды.
23. Қазақстандағы 1931-1932 жж. аштықтың себептерін, экономикалық және демографиялық зардаптарын түсіндіріңіз. «Бесеудің» хатына және Т.Рысқұловтың Сталинге жазған хатына шолу жасаңыз
1980ж аяғы-1990ж басындағы тарихи-демографиялық мазмұндағы еңбектерде Қазақстан халқының нәубет жылдарындағы шығыны, оның себеп-салдары туралы мәселелер көтерілді. Бұлардың қатарына М.Қ.Қозыбаев, М.Х.Асылбеков, Ж.Б.Абылхожин, М.Б. Тәтімов, М.Н.Сдыков, В.В.Козина, А.Н.Алексеенконың еңбектерін жатқызуға болады.
1931-1933 жж ашаршылық, күштеп ұжымдастыру және оның демографиялық дамуға тигізген кері салдары М.Б.Тәтімов, Ж.Б.Абылхожин, М.Қ.Қозыбаевтардың бірігіп жазған мақаласында көтеріледі. Сол сияқты 1930-жылдардың басындағы нәубет барысында азайған халық саны туралы мәліметті алғашқылардың бірі болып М.Тәтімов өз еңбектерінің бірінде көрсетеді. Автор 1926 және 1939 жж санақ мәліметтерін салыстыра отырып, байырғы халықтың шығыны 2 млн. 635 мың адам деп көрсетеді. А.Н.Алексеенконың еңбектерінде ХХ ғасырдың 20-90 жж. республикадағы халықтың сандық өсімі мен ұлттық құрамы, қала мен ауыл халқының орналасуы, табиғи өсім және т.б. мәселелер жан-жақты көтеріледі. Ал М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның еңбектерінде 1980ж аяғы мен 1990ж басындағы республика халқы санының өзгерісі, ұлттық, жыныстық-жастық құрамы туралы мәселелер талданады.
1931–1933 жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Аштық жылдарындағы халық шығыны:1930 ж аштықтан 313 мың адам,1931 ж аштықтан 755 мың адам,1932 ж аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты(1 млн750 мың адам).1 млн астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ.1931–1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 млн өлді. 1929 ж Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 ж 4,5 млн ғана қалды.1932 жылғы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев Ф.И.Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деп аталды. 1933 ж мемлекет қайраткері,сол кезде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары, елді жайлаған аштықтың себептері, халықтың тартып отырған қасіреті жайлы И.В.Сталинге ашық хат жазды.1930 – 1933 жж аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
24. ХХ ғ. 20-30-жж. Қазақстандағы саяси процестер туралы баяндаңыз және олардың салдарына баға береңіз: сталиндік саяси қуғын-сүргін, Қазақстанға халықтарды күштеп көшіру, олардың қасіретті тағдыры.
Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан.ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 19жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929ж 54, 1930ж 77, 1931ж болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921ж 3 топ, 351адам, 1930ж 85 топ, 1925 адам, 1931ж 80 топ,3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жж Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 ж ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті. Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды. Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары:
1) 1929 – 1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883- і атылды.
2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин, І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.
2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.
3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.
7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.
8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Респ. егістіктерінде техника көбейді. 1-бесжылдықта – 9 мың трактор, 2-бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) –200-ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді. Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
25. ХХ ғ. 20-30-жж. Қазақстандағы мәдени өзгерістер және оның қарама-қайшылықты сипаты туралы баяндаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни халықтың сауатын ашу мәселесін көтерді.Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өріс алды. Алайда қаржы мен мұғалімдердің жетіспеуі науқан барысында қиындықтар туғызды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың 16 пайызы тартылса, 1935 жылы 91 пайызы тартылды.Кеңес үкіметі қазақстанда кеңестік ғылымның қалыптасуына жол ашты. Алғашқы ашылған ғылыми-зерттеу мекемелер:1922 жылы- Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы т.б. ашылды. 1932 жылы қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 15-86 лаборатория мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді.20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды.Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды.С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Әуезов т.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты.Алайда кеңес саясаты таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды.Мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ мәдениетінің қалыптасқан тұстары ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары ретінде қаралды.
27. Ұлы Отан соғысының басталу себептерін түсіндіріңіз, оның негізгі кезеңдерін қарастырыңыз. Республика экономикасы мен өмірін соғыс жағдайына қайта құру қалай жүзеге асқанын баяндаңыз
Бірінші кезең (22 маусым 1941 ж.–18 қараша 1942 ж.) соғыс басталған уақыттан бастап кеңес әскерінің Сталинград түбіндегі шабуылының басталуына дейін аралық. Бұл КСРО-ға ең ауыр кезең болды.Шабуыл жасау мақсатында жауынгерлер мен әскери техникасын сақадай сай дайындаған неміс әскері біршама сәттілікке қол жеткізді. 1941 жылдың қараша айының соңына дейін қарсыласының күшіне төтеп бере алмаған кеңес әскері жауларына ұлан-ғайыр жерді тастап, артқа шегінуге мәжбүр болды. Осы аралықта олар көптеген жауынгерлерінен айрылып, із-түзсіз жоғалғандар саны көбейді, 5 млн.-ға жуық адам тұтқынға түсті, сонымен қатар мыңдаған танктер мен ұшақтарынан айрылды.1941 жылдың күзінде фашистік-неміс әскері бар күшін Мәскеуді жаулап алуға салды. Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүейегінен бастап 1942 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасты. 1941 жылдың 5-6 желтоқсанында Қызыл Армия шабуылға көшіп, қарсыластың қорғаныс майданын бұзады. Фашистік әскер Мәскеуден 100-250 км-ге айдатылды. Мәскеуді жаулап алу жоспары іске аспай қалады, шығыстағы аяқасты соғыс жоспары құрдымға кетеді.Мәскеу түбіндегі жеңіс халықаралық үлкен мәнге ие болды. Жапония мен Түркия КСРО-ға қарсы соғысқа қатысудан бас тартты. Халықаралық аренада абыройға ие болған КСРО антигитлерлік коалиция құруға сеп болады. Алайда 1942 жылдың жазында кеңестік басшының қателігінен (ең алдымен Сталиннің қателігінен) Қызыл Армия Солтүстік-Батыс, Харьков түбінде және Қырымда ірі жеңілістерге ұшырайды. Фашистік-неміс әскері Волгаға – Сталинград пен Кавказға жетеді. Кеңес әскерінің осы бағыттардағы қажырлы қорғанысы, сонымен қатар ел экономикасын әскери жолға бағыттау, әскери шаруашылықты жөнге салу, жау тылындағы партизандық қозғалысты дамыту сияқты стратегиялық жұмыстар кеңес әскерінің шабуыл жасауына оңтайлы әсер етті.
Екінші кезең (19 қараша 1942 ж. –1943 ж. соңы) – соғыстағы түбірлі өзгеріс кезеңі. Қорғаныс ұрыстарында жауды әбден титықтатып, әлсіреткен кеңес әскері 19 қараша 1942 жылы Сталинград түбіндегі 300 мың адамы бар 22 фашистік дивизияны қоршап алып, қарсы шабуылға көшті. 2 ақпан 1943 жылы бұл топ жойылды. Осы уақытта жау әскері Солтүстік Кавказдан да қуылды. 1943 жылдың жазына дейін кеңес-германдық майдан тұрақтанды.Майданныңөздеріне ыңғайлы кескіндемесін пайдалана отырып, фашист әскері стратегиялық бастамасын қайтарып алу мақсатымен және Курск доғасындағы кеңес әскери тобын жаулап алу үшін 5 шілде 1943 жылы Курск түбінде шабуылға шығады. Қиян-кескі ұрыс барысында қарсыластың шабуылына тойтарыс беріледі. 23 тамыз 1943 жылы кеңес әскері Орел, Белгород, Харьковты жау қолынан босатады, Днепрге шығып, 6 қараша 1943 жылы Киевті босатады.Жаз-күз шабуылы кезінде қарсыластың жарты дивизиясы ойрандатылып, Кеңес Одағының бірқатар шекарасы босатылды. Фашистік одақтың ыдырауы басталды, 1943 жылы Италия соғысудан бас тартады.1943 жыл майдандағы жауынгерлік әрекеттерге түбегейлі өзгеріс әкелген жыл болып қана қоймай, кеңестік тыл жұмыстарына да өзгеріс әкелген жыл болды. Тылдың жанкешті еңбегінің арқасында 1943 жылдың соңында Кеңес Одағы Германияны экономикалық тұрғыдан жеңді. Әскери өнеркәсіп 1943 жылы майданға 29,9 мың ұшақ, 24,1 мың танк, 130,3 мың зеңбіректің барлық түрін берді. 1943 жылы Кеңес Одағы соғыс техникасы, қарудың негізгі түрлерін өндіруден Германияны біршама басып озды.
Үшінші кезең(1943 жылдың соңы – 8 мамыр 1945 ж.) – Ұлы Отан соғысынқорытындылаушы кезең. 1944 жылы кеңес экономикасы соғыс жылдарындағы ең биік белеске көтерілді. Өнеркәсіп, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы дами түсті. Әсіресе әскери өнеркәсіп тез көтерілді. Танктер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар 1943 жылмен салыстырғанда 24-тен 29 мыңға көтерілді, ал соғыс ұшақтары – 30 мыңнан 33 мың данаға өсті. Соғыстың басынан 1945 жылға дейін 6 мыңға жуық кәсіпорын іске қосылды.1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің жеңісімен есте қалды. КСРО-ның барлық шекарасы фашистік басқыншылардан тазартылды. Кеңес Одағы Еуропа елдеріне көмекке келді – Кеңес Әскері Польша, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия, Югославияны босатты, қарқынды ұрыспен Норвегияға дейін жетті. Румыния мен Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шығып кетті.Кеңес Әскерінің сәтті шабуылдық әрекеттері одақтастарды 6 маусым 1944 жылы Еуропада екінші майдан ашуға итермеледі – генерал Д. Эйзенхауэрдың (1890-1969) басқаруымен англо-американдық жасақтар Францияның солтүстігіне, Нормандияға түседі. Бірақ кеңес-германдық майдан бұрынғышаЕкінші дүниежүзілік соғыстың басты және белсенді майданы болып қала берді.Қысқы шабуыл барысында 1945 жылы Кеңес Әскері жауды 500 км-ден астам жерге шегіндірді. Польша, Венгрия мен Австрия, Чехословакияның шығыс бөлігі дерлік жаудан босатылады. Кеңес Әскері Одерге шығады(Берлиннен 60 км). 25 сәуір 1945 жылы Эльбада, Торгау ауданында кеңес әскери жасағының америкалық және ағылшын жасақтарымен тарихи кездесуі болады.Берлиндегі шайқастар қиян-кескі және қажырлы сипатқа ие. 30 сәуірде рейхстагқа Жеңіс туы орнатылады. 8 мамырда фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгу актісіне қол қойылады. 9 мамыр – Жеңіс күні болып белгіленеді. 1945 жылдың 17 шілде 2 тамыз аралығында Берлин маңы – Потсдамда КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшыларының Үшінші конференциясы өтеді. Басшылар соғыстан кейін Еуропада бейбітшілік орнату, неміс мәселелері және басқа да сұрақтарға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 24 маусым 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді.
28. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің майдандағы ерліктерінің себептерін қарастырыңыз және олардың ерлік жолдарын сипаттаңыз.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. жылқышев та ерекше көзге түсті.
29. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың тыл жұмыстарындағы ерен еңбектерін және олардың соғыс салдарынан қираған аудандарды қалпына келтіруге көрсеткен көмектерін баяндаңыз.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін  ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев  1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда  еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды.30. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайды баяндаңыз. Коммунистік партияның тарихи зерттеулерден ұлтшылдық көріністерін іздестіруі және қазақ халқының рухани мұрасын күйретуге тырысуы адам тағдырына қалай әсер етті және оны немен түсіндіресіз?
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
31. Сталиннің жеке басына табынуды, Хрущев «жылымығын» еңсеру және кеңестік құрылысты реформалауға талпыныс туралы баяндаңыз.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
32. Одақтық және республикалық қазақстандық басшылар арасындағы қарым-қатынастың қиындауының мәнін түсіндіріңіз: Ж.Шаяхметов және Ж.Тәшеновтің қызметі мен тағдыры.
------------------
33. Тың және тыңайған жерлерді игеру неге астық мәселесін шешудің экстенсивті жолы болғанын түсіндіріңіз. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің пайдасы мен зиянын сипаттыңыз.
Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шар.ғы үшін аса ауыр кезең болды.1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Оның нәтижелері : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық шаруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан ,Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумында Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз, Көкшетау,Торғай,Павлодар. Бұл жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Жағымды құбылыстар:Қазақстан КСРОның негізгі астықты аймағына айналды, экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті,Қазақстан көп ұлтты респ.болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз құбылыстар: экологиялық жағдай ауырлады, мал шаруашылығы төмендеді, тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді,жер-су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игері басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.1954-1962 ж 2 млн адам келді.Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды.Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. Мысалы КСРОға келген 350мың адамның 200мыңы Қазақстанға оралды.Мал шаруы ашылығының артта қалу себептері:күштерді ұжымдастырудың зардаптары,материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі,жайылымдық жерлердің қысқаруы.Басты себеп:әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттері. Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
34. КСРО-дағы 1965 ж. реформалар неге ауқымды күткен нәтижелер бермегенін сараптаңыз. Қазақстан экономикасының біржақты бағытының қалыптасуы неліктен екенін және оның мәнін сипаттаңыз. Брежневтік «тоқыраудың» себептерін зерделеңіз.
1966 жылы басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 пайызы жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызы артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.  Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту. Алайда көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға – өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербе тігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.  Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.  70 жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылдық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі. 
35. 1970-80-ші жж. тоқыраулық кезеңдегі Қазақстандағы экологиялық проблемаларды сараптаңыз, олардың ауқымын көрсетіңіз.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
36. 1970-80-ші жж. КСРО-дағы ұлттық саясаттың бұрмалануы мен әділетсіздігі неден көрінгенін қарастырыңыз. Целиноград қаласындағы оқиғаның неден шыққанын түсіндіріңіз
Целиноград оқиғасы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды.
Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті.
37. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісінің себептері мен тарихи маңызын сараптаңыз.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
38. 1989 ж. «Тіл туралы Заңнан» бастап Қазақстандағы тіл саясатын сараптаңыз.
Туған тіл төңірегіндегі келелі әңгіме, тартысты күрес 1989 жылы наурызда «Қазақ әдебиеті» газетінде «Ана тілім – ардақтым» айдарымен жарияланған мақалалардан бастау алады. Тілші-ғалым, академик Ә. Қайдаров республикада мемлекеттік тіл – бір тіл, ол – қазақ тілі болуға тиіс екенін жан-жақты дәлелдеп жеткізген материалы осы айдармен жарық көрді /7/. Бұдан кейін жазушы С. Елубаев өз ойларын жоғарыдағы пікірмен сабақтастыра түсті /8/. Осыдан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде сол жылы белгілі әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану қажеттігі туралы республика жұртшылығына арналған ашық хаты «Тіл тағдыры – ел тағдыры» айдарымен жарияланды да, қоғамда тіл мәселесі төңірегінде үлкен толқыныс туғызды. Республиканың түкпір-түкпірінен ашық хатты қолдаған пікір-ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясына толассыз түсіп жатты. Олардың арасында жеке авторлармен бірге мың жарым адамға дейін қол қойған ұжымдық хаттар да көп болды. Сол кезеңде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуын қолдап, қордалы ой қозғаған заңгер-ғалым С. Сартаев, жазушы С. Шаймерденов, өздерін шынайы интернационалист ретінде танытқан қазақстандық орыс жазушылары Д. Снегин, И. Щеголихин, тілші-ғалым, украин А. Гаркавец құнды пікірлерін білдірді. 1989 жылы тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық комиссиясы дайындаған «Қазақ ССР-індегі тіл саясаты мен тіл құрылысының концепциясы» жобасы тұңғыш рет жарияланып, «Қазақ тілінің бұрын да мемлекеттік тіл ретінде белгіленгені мәлім, бірақ ұлт саясатындағы қиғаштықтардың салдарынан саяси, мемлекетік, ғылыми және мәдени өмірде лайықты дәрежеде қолданылмай келді,» /9/ – деп бұл мәселедегі істің нақтылы жайы ашық атап көрсетілді және «Міне сондықтан да қазақ тілінің мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, мәдениет, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінде, қызмет көрсету саласында кеңінен қоданылуына және барынша дамытылуына қазақ тілінде арнаулы орта және жоғары білім алу үшін жағдай жасау, оны үйренгісі келетін жұрттың бәріне мүмкіндік туғызу туралы қамқорлықты республика өз мойнына алуы үшін қазақ тілін қорғау және дамыту мақсатында оны Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі деп ресми түрде, конституция жүзінде тану керек,» /9/ – деп қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру мәселесі алғаш рет ресми құжат ретінде жұртшылық талқысына ұсынылды. Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, қазақ тіліне мұндай құрмет көрсету Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің өз ана тілін қолдану құқығын еш кемсітпей, еркін дамуына бөгет болмауға тиіс екендігі баса айтылды. Тіл тұжырымдамасынан кейін іле-шала баспасөзде жарияланған Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің «Республикада қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы» 1987 жылғы 3 наурыздағы қаулысын орындау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы /10/ қазақ тілінің өрісін кеңейтуге үлкен септігін тигізді. Қаулыда қазақ тілін оқып-үйренудегі 1987-1989 жылдар аралығында оңды өзгерістермен қатар, қоғамдағы рөлін кеңейту процесі әлі де баяу жүзеге асырылып жатқандығы, қолданылу аясын шектеудің бұған дейін орын алып келген үрдісі әлі жойылмағандығы т.б. кемшіліктер атап көрсетілді. Осы кемшіліктерді жоюдың, қазақ тілін жан-жақты дамытудың мемлекеттік шаралары белгіленіп, бұларды орындау тиісті министрліктер мен ведомстволарға міндеттелді. Республикада Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңының жобасы талқыланып жатқан кезеңде 1989 жылғы 20 қыркүйекте өткен СОКП Орталық Комитетінің Пленумы «Партияның қазіргі жағдайдағы ұлт саясаты» тақырыбына арналып, ұлттық-тіл құрылысы мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, оған айрықша маңыз берді. Пленумда «Партияның қазіргі жағдайдағы ұлт саясаты» атты СОКП платформасы қабылданды. Бұл саяси құжаттың КСРО-дағы ұлт тілдері үшін маңызы зор болды. Осы платформаның «Ұлттық мәдениеттер мен тілдер туралы» тарауында: «Одақтас немесе автономиялы республикаға аты берілген ұлттың тілін мемлекеттік тіл деп тану – республикалардың өздері шешетін мәселе. Мемлекеттік тіл статусы тілді кемсітуге бастамауға тиіс, ол мұның қоғамдық және мәдени функцияларын кеңейтуді, бұл үшін қажетті материалдық-техникалық, кадр, педагогикалық немесе басқа да мәселелерді шешуді, басқа ұлт өкілдерінің жергілікті тілді оқып-үйренуін көтермелеп, оған көмектесуді көздейді» /11/ деп жазылып, ұлт тілдерінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге кең мүмкіндік ашып берді. Тіл мәселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нәтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылдап, оның 1-бабында «Қазақ тілі Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі болып табылады» /12/ деп көрсетілді. Осылайша, халықтың көптен күткен арманы орындалды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бұл заң 1990 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілді. Бұл тарихи оқиға 1980-ші жылдардың соңына қарай қоғамдық өмірде орныға түскен әлеуметтік әділет принциптерінің бір жеңісі, қоғамтанушы ғалымдар мен көпшіліктің туған тіл жөніндегі талап-тілектері мен ұсыныстарын аса мұқият зерттеп қорытындылаудың нәтижесі болды. Республикада Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін ғана 1990 жылдың 24 сәуірінде «ССРО халықтарының тілдері туралы» КСРО заңы қабылданып, онда тілдердің құқықтық мәртебесі нақтылы анықталды. Осы заңның 4-бабында: «Одақтас, автономиялы республикалар тілдерінің праволық статусын анықтауға, соның ішінде оларды мемлекеттік тілдер ретінде белгілеуге праволы» /13/ деп атап көрсетілді.
39. КСРО-ның ыдырауы мен ТМД-ның құрылуы себептерін неден көресіз және осы процестерді сараптаңыз. ТМД-ның болашақ дамуына сіздің көзқарасыңыз қандай?
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы және оның Қазақстан үшін тарихи маңызын анықтаңыз. Оның негізгі ережелерін сараптаңыз.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қа­был­даған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­ти­ту­ция­лық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабыл­данды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заң­ның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшы­лық­қа алуға тиіс Қазақстан мем­лекетінің құқықтық принциптері баян­дал­ды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқық­тары дек­ла­рациясында, халықаралық құ­қықтың жал­пы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адам­ның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қару­сыз­дану принципіне адалдығын мойындау жатады.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституция­лық заң бойынша Қазақстан Республи­ка­сы тәуелсіз, демократиялық және құқық­тық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мем­лекет ретінде Қазақстан Конститу­ция­лық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы сая­сатты дербес белгілеп, жүр­гі­зеді. Демокра­тиялық және құқықтық мем­лекетті құру стратегиялық мақсат бо­лып табылады. Кон­ституциялық заңда мем­лекеттік тәуел­сіздіктің маңызды прин­ципі орнықтырыл­ды. Қазақстан Республикасының бүкіл ау­мағында оның Конституциясы мен заңда­ры қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құла­уы­мен және оның Конституциясы мен заңда­ры­ның Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары консти­ту­циялық заң бойынша қалыптасатын ұлт­тық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғам­дас­тыққа кіруі үшін бұл ереженің зор ма­ңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағы қазіргі шека­ра­ларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мем­лекеттің басқа мемлекеттермен өзара қа­ты­насының негізгі принциптері оның тәу­елсіздігінің елеулі белгісі болып табылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Рес­публикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құ­қық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуел­сіз­ді­гін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қа­зақстан Республикасының ашық екені жа­рияланды. Мемлекеттік егемендіктің атал­мыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қыз­­метінің негізіне алынды және алғаш­қы күннен бастап жүзеге асырыла бастады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституци­я­лық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматта­ры­ның мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының ан­ықтамасы келтірілді. Атап айтқанда, бұл заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақ­станның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы еге­мен­діктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыратындығы» жазылды.Заң Қазақстан халқын таптарға бөл­мейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бі­р­ыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемен­дік­тің маңызды элементін – өз азаматты­ғы­ның болуын баянды етті. Республика­ның барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік жә­не мүліктік жағдайына, шұғылданатын қыз­метіне, тұрғылықты орнына қарамас­тан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушы­лық­тың заң бойынша жазаланатыны ерек­ше атап көрсетілді.
41. Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық-құқықтық реформаларының тарихи маңызын түсіндіріңіз және негізгі кезеңдерін сараптаңыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялыққұрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесіжәнежергіліктіөзін-өзі басқару негіздері.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтарыменбостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді[2].Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді
42. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бекітілуі және олардың тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі маңызын көрсетіңіз Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
43. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру процесін сараптаңыз. Қоғамдық өмірдегі саяси партиялардың рөлін анықтаңыз.
1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты. 20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды.
44. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасының жағдайына сараптама беріңіз. Нарықтық қатынастарға көшудің мәнін ашыңыз және ҚР экономикасының даму барысын сараптаңыз.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда—  “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді.45. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен алғашқы нәтижелерін сараптаңыз.
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ.. Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.
Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрметті қазақстандықтар! Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі - 15 пайыз. *** Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. ***
46. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесі саласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру саясатын, оның нәтижелерін сараптаңыз
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды. Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер - туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр. Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сома
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды.
Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi.
Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтіп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір мектептерде пән ретінде оқытылады.
47. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасының негізгі бағыттарын сараптаңыз. Баршаңызғы белгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.
Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.
Енді, сол тапсырмаларға тоқталып өтсек.
Тұжырымдамадағы 1,2,3 тапсырмаларға орай орталық мемлекеттік органдарға елімізді әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуді жүктеді. Біз осы жоспарды орындау бойынша нақты іс-шараларды атқаратын боламыз.
Ал, құжаттағы 4, 5 тапсырмаларда аталып өткендей әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың жағдайын және еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.
Ал, 6-шы тапсырмада Үкіметке 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізуді тапсырды.
Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет.
7-ші ТАПСЫРМА
Үкіметке «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорын­дарға тексеру жүргізу бөлігінде рати­фи­ка­цияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы; Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекс­терге еңбек дауларын әдейілеп туын­дат­қаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы; әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орын­да­ма­ғандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселелерді қарау тапсырылды.
Осыған орай, еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу қажет. Әсіресе, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту, әлеуметтік-еңбек дауларын туын­дат­қаны үшін құқықтық жауапкершілікті қолға алуды енгізу қажет. Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындат­қаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылатын болады.
8-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлт­тық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүр­гізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізуді; медиация институтын дамытуға бағыт­талған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етуді; даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақ­са­тын­да Медиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық таныту жөнінде тапсырма берді.
Осы орайда еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.
Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселе атап көрсетілді: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселе­лерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі.
9-шы ТАПСЫРМА
Елбасы Үкіметке жыл аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізіп және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасауды міндеттеді.
Бұл ретте кәсіптік одақтар институттарын жаңғырту жұмыстары атқарылатын болады.
Елбасы мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар екендігін атап айтты.
10-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметіне ең тө­менгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепіл­дік­терді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керек. 2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындықтан да бұл өте маңыздылығын айтты.
Бұл орайда көшбасшымыз әрбір қазақстандық өзінен бас­тауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бас­тауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін, мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнау мүмкін еместігін басымдықпен айтты.
11-ші ТАПСЫРМА
Үкіметке жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасауды және енгізу жөнінде тапсырма берілді.
Ең біріншіден тұрғын үй жағдайының үлгі-қа­лыптары- қолжетімділік пен жайлылық.
Тұрғын үй, үй, пәтер – әрбір қазақстандық үшін бірінші дәрежелі мәселе, мұның өзі жеке бастың өмірі мен отбасындағы жақсы ауанның сенімді негізі, бұларсыз әл-ауқат пен өнімді еңбекке атымен қол жетпейді.
Сондықтан Елбасы тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ал, оның үстіне жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіріле түсетін болады.
12-ші ТАПСЫРМА
Жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым минис­трлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз ету бағдарламасын дайындауда.
Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындары­ның үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің та­бысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.
Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргізілгендігі жөн деп есептейді:
1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;
2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;
3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
13-ші ТАПСЫРМА
2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде бі­лім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді; Қазақстан тарихы бойынша оқу жос­пар­ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын тал­­дау­дан өткізіп, оқу орындарында Қазақ­стан тарихын оқытудың мазмұны мен пі­шінін өз­герту жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру; орта, техникалық және кәсіптік, жо­ға­ры оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс енгізу.
14-ші ТАПСЫРМА
Егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттеу; жыл аяғына дейін емдік құрал­дарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәр­мен­ді тетіктерін енгізу.
Бұл орайда әрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы болуы тиіс. Елбасы тарапынан а Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық денсаулығына бөлекше көңіл бөлінуде.
15-ші ТАПСЫРМА
Оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасау:
Сондықтан Елбасы әрбір қазақстандық саламатты өмір салтынсыз, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс екендігін атап өтті.
Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау қолға алынатын болады.
16-шы ТАПСЫРМА
Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін әзірлеу; қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныстар енгізу. Сонымен бірге құзырлы органдарға мамандандырылған спорт­тық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.
17-ші ТАПСЫРМА
«Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы; Президент жанындағы Әйелдер істері және от­ба­сы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиямен бірлесіп ата-ана­лардың балаларының балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұ­мысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін та­быс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұр­ғы­да реттеу мәселелерін қарастыру тапсырылды.
Сондай-ақ, Президент жа­нын­дағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп, «Мемлекеттік жастар саясаты ту­ралы» ҚР Заңына жас маманның мәр­тебесін құқықтық айқындау, оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастыруды; жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлеу арқылы көпбалалы отбасыларды қамқорлық көрсету, жастарды қолдау, көтермелеу, белсенділігін арттыру шараларын қарастыру тапсырылды.
18-ші ТАПСЫРМА
«Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізу; «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заң жобасын әзірлеу; мемлекеттік қызметтер ұсыну үлгілерін және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесін құру; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп «электронды әкімдіктің» облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын құру жөнінен ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Сонымен бірге, 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету; журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп Журналистік этика кодексінің жобасын әзірлеу; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлеу міндеті жүктелді.
19-шы ТАПСЫРМА
Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдау, «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын Парламентке ұсыну;
мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжы­рым­дамасын жаңарту; бұқаралық іс-шаралар өткізудің бірүлгілік ережесін бекіту; Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерімен бірлесіп облыстар арасындағы ақпараттар және мәдени жетістіктер алмасуды күшейту, өзара «облыс аптасын» тұрақты өткізу, әлеуметтік бұқаралық іс-шаралар өткізу моделін әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
20-шы ТАПСЫРМА
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбас­шы­лық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиім­ділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар енгізу; азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттеу; Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырмасы.
48. ҚР білім жүйесінің «Білім және ғылым туралы» заңынан Болон конвенциясына қосылуына дейінгі реформалар барысын баяндаңыз. Реформалаудың мәні мен мақсатын түсіндіріңіз.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Сондықтан мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.
Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
білім сапасын бақылау;
студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.
49. Қазіргі Қазақстандағы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру жолында қолданыс тапқан жаңа инновациялық әдістерді баяндаңыз. Қазақстан Республикасындағы ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарды қай ғалымдардың, ғылыми мекемелер мен ұйымдардың атымен байланыстырар едіңіз.
Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыра отырып, экономиканы инновациялық жолмен дамыту мəселесіне нарықтық экономикаға өткен кезеңнен кейін аса үлкен мəн беріле бастады. Қазіргі таңда еліміздегі ғылыми-техникалық сала мен инновациялық қызметте мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып аймақтық, салааралық, мемлекеттік сипаттағы арнайы инновациялық субъектілерден тұратын тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру табылады.
Ресми жəне заңнамалық құжаттарда «инновациялық инфрақұрылым — инновациялардың өндірісіне жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат еткен түрлі мекемелердің жиынтығы» деп түсіндіріледі. Алайда мұндай анықтама уақыт өткен сайын үнемі түзетіліп əрі толықтырылып тұруды қажет етеді. Себебі инновациялық инфрақұрылым құрамына кіретін ұйымдардың саны үнемі артып, инновациялық қызметті ұйымдастыру мен қолдаудың жаңа формалары пайда болуда.Инновациялық инфрақұрылымға кіретін барлық ұйымдар инновациялық қызметтің біртұтастығын білдіретін белгілі бір технологиялық жəне экономикалық байланыста болады.Ғылыми зерттеуді жаңғырту.
Өндірісті технологиялық жаңғырту арқылы олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін ҒЗИ мен жоо-дағы ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипат алары сөзсіз. Себебі ендігі кезекте ғалымдар нақты өндіріс үшін нақты технологиялар мен əзірлемелер жасауға ұмтылады жəне оларды қолданысқа енгізуге болатын кəсіпорындардың бар болуы бұл үдерісті жеделдетеді.
Еліміздің ұлттық, экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше стратегиялық маңызды салаларда ҒЗИ-не қажетті инновациялық əзірлеме жасап шығару үшін мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Себебі ғалымдар агроөнеркəсіп немесе ғарыш саласында Қазақстан экономикасын бəсекеге қабілетті ете алатын жаңалық қашан ашады деп күтіп отыруға болмайды, керісінше, ғалымның алдына нақты мақсат пен тапсырма беріп, оның орындалуы үшін барлық жағдайлар жасау керек. Осыған орай, «Sony» компаниясының негізін қалаушы Акио Моританың сөзін келтіруге болады: «Егер инженер немесе ғалымның алдына нақты мақсат қойса, ол оған жету үшін барлығын жасайды. Бірақ мақсат қоймай, бір уыс ақша беріп, бір зат ойлап тап десе, табыс күтуге болмайды» [11]. Яғни заманауи зертханалар мен инновациялық орталықтар құрып, барлық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін арттыратын ынталандырушы шараларды жүзеге асыру қажет. Жаңартылған технологиялармен жұмыс істеп, айтарлықтай табысқа қол жеткізген кəсіпорындар ҒЗТКƏ жұмысын жалғастыруға мүдделі болады. Осындай сатыларды қамти отырып, бұл кезеңде инновациялық идеялар мен жаңашыл бастамалар көптеп туындайды. Əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен ұлттық мəдени ерекшеліктеріне қарай əлем елдерінің инновациялық даму жолы əр түрлі болып келеді. Қазіргі таңда бойынша қалыптасқан модельдерді 4 топқа жіктеп қарастырады:
Ғылым саласында көшбасшылыққа бағытталған, ірі мақсатты жобаларды жүзеге асырып, ғылыми-өндірістік циклдың барлық кезеңдерін қамти алатын, əскери саладағы инновациялық əлеуеті жоғары мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция).
Жаңашылдықтарды енгізуге   бағытталған,   инновациялардың   дамуына   жағымды   орта қалыптастырған,  экономиканың (Германия, Швеция, Швейцария).
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы жаңашылдықтарды енгізуді ынталандыратын, əлемдік ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін игеруге бейім, ғылым мен технология саласындағы əр түрлі секторларды ұтымды үйлестіре алатын мемлекеттер (Жапония, Оңтүстік Корея).
Инновациялық факторларды   қолдана    отырып,   индустриялық бағытталған мемлекеттер. Бұл топтағы елдер экономиканы əлемдегі ҒТП арқылы жаңғыртады (Қытай, Үндістан).
Əлемдегі мемлекеттердің инновациялық даму бойынша қай деңгейде екендігін мұқият зерттеп, 80 түрлі көрсеткіштердің негізінде есептелетін индекс — «жаһандық инновациялық индекс».
Бұл индексті есептеу бойынша жұмыстар 2007 жылдан бастап жүргізіледі. 2014 жылы зерттеу əлемдік ЖІӨ-нің 99,5%-ын өндіретін жəне əлем халқының    95%-ы өмір сүретін 143 мемлекетті қамтиды.
50. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» бағдарламасының негізгі мәні мен маңызын, орындалу барысын сараптаңыз.
Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген еді. Бүгін де осы мақсатқа жету үшін еліміздің ғылыми элитасы қоғамды зерттеп, оның интеллектуалды әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Сондағы ғалымдардың бірі әрі бірегейі əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның пікірін білген едік. Профессордың айтуынша, Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары. «Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Оның басты себебі неде? Ақпарат немесе білім қоғамы ғылым мен технологияны, сондай-ақ олардың қоғаммен байланысын мүлдем жаңа арнаға бұрды. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Қазіргі заманғы ғылым жаңа технологияларды өндірумен қатар, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған жаңа саланы - гуманитарлық технология саласын дүниеге əкелді. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамының интеллектуалдық əлеуетінің дамуы жəне өзекті проблемалары зерттеліп, талдау жүргізіле бастады. Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтардың заманауи қағидаларын талдау, қажетін қабылдау, құндылығын сақтау, дəстүрін жалғастыру - жаңа заманның, өрлеуге бет бұрған қазақ елінің басты мақсаты, айқын мұраты. Ақпараттық қоғам немесе индустриалдық қоғамның дамуын тереңірек зерделеуде өзге елдердің тəжірибесіне сүйенеріміз анық. Дегенмен өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымыз, ұлттық интеллектіміз бен əлеуетімізді тек өзіміз құраймыз, өзіміз жасаймыз жəне ол тек бізге керек», - дейді Гүлмира Серікбайқызы. Алайда, интеллектуалдылық бірден қалыптаса қоймайтын қасиет. Әрбір адамның интеллектуалдылығын арттыру үшін соған сай орта қалыптастыру керек екендігін алға тартады. «Адамның интеллектуалды əлеуетін инвестиция ретінде қарастыру үшін де бізге сол адамды интеллектуалды азамат ретінде қалыптастыру керек жəне оның интеллектуал болып өсуі үшін де салым салу керек. Салым дегеніміз, сол азаматтың зерделі де сергек, зерек те зиялы болып өсіп, қалыптасуына қажет қаржылық-материалдық, рухани-мəдени, өнегелі-тəрбиелік ортаны жасай білу дегеніміз. Сонда ғана қоғамға интеллектуалды азамат өз тарапынан қарымын қайтара еңбек етеді. Бұл тұрғыда біздің əлеуетіміз қаншалықты деп сұрамастан бізді басқалар атап көрсетіп, нысана етерліктей қашан жоғары деңгейде дамимыз деген сұрақтың жауабына жетуіміз керек. Мұның өзін таяуда Елбасы бағдарламалық мақаласында нақтылап берді: «Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың əл-ауқатқа жəне жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады». Қазақстан ғылымында адам капиталының дамуы мен интеллектуалды қоғам əлеуетін арттыруға арналған гуманитарлық технология саласы бойынша зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай зерттеулердің бастауында профессор Сұлтанбаеваның да тұрғанын атап өту керек. Бұл мəселеге жаңа дем беріп отырғаны рас. Жəне де елімізде ұлттың интеллектуалдық капиталы қалыптасуына бағытталған мемлекеттік реформалардың тиімді жүзеге асуына қатысты гуманитарлық базис əзірленуіне, сараптамалар жүргізілуіне ықпал етерлік ғылыми орта қалыптастыратыны тағы бар. Елбасы қолдауымен іске асқан зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің құрылуы осы саладағы зерттеулерді жүргізудің балама құрылымдары болып табылады. Дегенмен де, әлі күнге дейін елімізде гуманитарлық зерттеулер жүргізудің өзіндік проблемалары бар. Бұл туралы профессор: «Қазақстандық қоғамдық-саяси ғылым саласында гуманитарлық технологиялар саласын зерттеудің əлсіз жағы басымырақ. Өйткені, бізде бұл ғылым саласы жайлы əлі жалпы түсінік қалыптасып үлгермеген. Зерттеу жағынан кенже ғылым болып табылады. Оның үстіне бізде гуманитарлық технология саласында интеллектуалдық ұлт қалыптастыруға бағытталған гуманитарлық құралдарды басқаруда кешенді зерттеу орталықтары, зертханалары жоқ», дейді. Бірақ соған қарамастан, қазіргі таңда профессор Г.Сұлтанбаеваның жетекшілігімен бір топ ғалымдар мен студенттер «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді. Елбасы «Интеллектуалдық ұлт - 2020» жобасын жариялағаннан бері Білім және ғылым министрлігі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыра бастаған еді. Ғылыми жоба аясында Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы қолдауымен алғаш рет журналистика факультеті студенттерінің «Қазақ елі» ғылыми экспедициясы еліміздің шет аймақтарында екі жыл қатарынан зерттеулер жүргізді. Бұл ғылыми жорық нәтижесінде «Қазақ халқының тарихи-семиотикалық құндылықтары» атласы әзірленді. Бұл құжат ғылыми монографияға еніп, ЮНЕСКО-ның мәдени бағдарламасына табыс етілді. Жастардың туған жерінің мәдени құндылықтарын зерттеуде, бағалауда, оны құрметтеуде мұндай жобалардың қоғамдық мәні ерекше. Ғылыми жорық сапарға шығар алдында жыл сайын бүкіл қазақ жастары белсене қатысқан әлеуметтік желілердегі «Ауылға хат» ақпараттық науқанын өткізу де нәтижесін беріп отыр. Екі жыл бойына ел-елден келген хаттардың үздік топтамасы таяуда баспадан жарық көрді. Ауыл - қазақ өркениетінің ошағы. Сондықтан да жастардың ауылды құрметтеуі, ауыл өмірі мен тіршілігіне үн қатуы бүгінгі қазақ қоғамы үшін рухани қолдау! Сондықтан да, «Интеллектуалды ұлт- 2020» жобасы ел азаматтарының әлеуетін арттырып, сауатты да саналы қоғам құру үшін алдына міндеттер де қоюы тиіс. Бұл, ең алдымен, ғалымдар мен білім беру саласының мамандарына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Профессор Г.Сұлтанбаева да бұл ойды қолдайды: «Қазақстандық ғалымдардың алдында гуманитарлық технологияларды зерттеу, оның мүмкіндіктерін қарастыру, нəтижелерін интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жарату міндеті тұр. Бұл міндеттер озық ойлы, ізгі ниетті ғылыми қауымға интеллектуалды азамат қалыптастыру, олардың шешім қабылдау процесіне қатысуын белсендіру, адам мен қоғам арасындағы сенімді арттыру сияқты талаптарды жүктейді», - деді ол.
51. Қазіргі Қазақстан территориясындағы көші-қон және демографиялық процестерді бағалаңыз Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет. Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
52. Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасын қабылдаудың қажеттілігін дәлелдеңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі мен маңызын бағалаңыз.
Қазiргi әлем Қазақстанды кеңестiк елдердің ішіндегі саяси жүйесі берік, қоғамдық тұрақтылығы бар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасы үйлесiмдi мемлекет ретiнде қарастырады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы Қазақстан халқына Жолдаyында: «Азаматтық қоғам және ұлтаралық келiсiм – бiздiң басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттердің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалды» дегенді айтады.
Этносаралық келiсiм - мемлекеттiк саясаттың негiзгi басым бағыты және Қазақстан қоғамының негiзiн қалаyшы құндылығы.  Ол егемен мемлекетiмiздiң тарихындағы бөлiнбес айрықша игiлiгі. Бұл құндылық негізінен орталық және  жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан халқының Ассамблеясы мен тиімді жұмысының арқасында қалыптасты.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды моноэтникалық емес, көпұлтты мемлекет ретінде құрылымдап,  нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де  белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымын айта кеткен жөн.  «Ұлттық идеяны бір ғана этникалық топтың еншісіне артып қою - сол этностың өзіне де де құрдымға әкетеді. Көптеген мемлекеттер этникалық көтерiлiстiң  позитивтi және негативтi салдарын дер кезiнде түсiнбегендiктен ұзақ мерзiмдi соғыс алаңына айналып кетті»
Қазақстандағы этносаралық келiсiмді нығайту саясатыны қазақ халқының діни және ұлттық дәстүрі негізінде жүргізіледі. Яғни асқан төзімділік, толеранттылық, сонымен қатар көршілес халықтарды мәдени дәстүрін жатсынбай қабылдау сияқты ерекшелігі бар. Этносаралық диалогтың мемлекеттік деңгейдегі саясаты ғана емес, қарапайым адамның күнделікті қарым-қатынасы негізінде болатын қоғамдық бастаманың діңгегі де осы.
Елiмiзде Қазақстан Халқының Ассамблеясының құрылyы ұлтаралық жағдайдың дұрысталyына айтарлықтай үлес қосты.  Қазақстан Халқының Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын бiрегей орган болып есептеледi.  1995 жылы наyрыз кезеңiнде  Қазақстан Халқының Ассамблеясы  2007-жылғы Ассамблеяның алынyына дейiнгi аралықта консyльтативтi-кеңес орыны ретiнде қалыптасты. Ал жаңасы, яғни 2007 жылғысы үлкен статyсқа ие болып, Респyбликаның негiзгi заңында белгiлендi, сонымен қатар қиын кезеңнен өтiп мемлекеттiң стратегиясының бiрыңғай формасының төңiрегiнде әртүрлi механизмдер қабылданды.
Ассамблеяның қызметі
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Қазiргi таңда Қазақстан халқының Ассамблеясы мемлекеттiк ресми органдармен бiрлесе отырып, жоспарланған превентивтi iс-шараларды өткiзедi:
- этносаралық қатынастың үйлесiмдiгi мен рyхани-мәдени өзара әрекеттi, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандық бiрегейлiктi нығайтy мен қалыптастырy;
- демократияландыру мен азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне қоғамның барлық бөлiгiнiң ат салысуы;
- Қазақстандағы  этносаралық қатынасқа сыртқы қауіптердің ықпалын жою.
ықпал етyшi факторларды атаy -эксперттерге ұсылған болатын.
53. Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуын сипаттаңыз
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27].
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау;
-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
-мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті.
Меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Мәдениет дегеніміз- яғни бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығамашылығының жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілдРеспубликаның бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың көп жылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын,дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі «Жазу тілі»кітабы жарияланды.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалық үндестік деп жар салып жатқан дәуір.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс” басталды. (Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносының алтын топтамасы” акциясын ұйымдастырды. Қалың көрермен қауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы реставрацияланды. Рейтинг көшбасшылары: «Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг, девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қан мен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызға айналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой Гук Ин, 1984).
2011 ж. наурызында Алматы қаласында «Қазақфильм» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай “Қазақстанның жаңа деректі киносы” атты фестиваль өткізді .
54. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны мен іске асқан нәтижелерін сараптаңыз.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында Алматы облысы кітапханаларыбойынша
2014–2016 жылдарға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Н. Ә. Назарбаев
К І Р І С П Е
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
М А Қ С А Т Ы
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
- «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;
- Мәдени – әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;
- Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;
- Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;
- Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;
- Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;
- Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Қазақстанның «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Программа реализуется по нескольким направлениям:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.
Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.
АСЫЛ МҰРА
Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.
Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».
Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.
55. Қазіргі Қазақстан территориясында бірнеше діндердің болуын түсіндіріңіз. Діндер тарихын салыстырыңыз.
Қазақстандағы ең кең таралған діндер ислам және христиандық болып табылады. Сонымен қатар иудаизм мен буддизм да орын алады.
2009 жылғы өткізілген халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстан халықының 97 %-ы өзін діндар деп санап, 3 %-ы өзін атеист деп санап немесе жауап беруден бас тартқан[1].
мұсылмандар11 237,9 70,19
христиандар4 190,1 26,17
атеисттер450,5 2,81
иудаисттер5,3 0,03
буддисттер14,6 0,09
басқа діндер 30,1 0,19
жауап беруден бас тартқандар 81,0 0,51
Барлығы 16 009,6 100,00
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%BC" \o "Ислам" Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмірсүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттантаралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда(Испиджаб) табылды.
Несториандық бағыттағы христиан діні[өңдеу]
Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты "Құдай емес, — адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.
Жалпы, христиан дінін қазақ жеріне, одан Шығыс Түркістанға, тіпті сонау моңғолияға дейін таратқан — Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар еді. X—XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман дініхристиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман халифтер тағайындады. Бірақ моңғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде моңғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Мысалы, Батыйдың ұлы Сартақ несториандық дінге үлкен қолдау жасаған. Жалпы, христиан діні қазақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде қауым болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған тарихи жәдігерлер археологиялық қазбалардан белгілі шіркеулер қалдығы, сирия тілінде қағазға, қышқа жазылған христиандық уағыздар, крест рәміздер, иконалар, металл крестер және ортағасырлық авторлардың мәліметтері. Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — крест пен көгершін.
56. Қазақстандағы мұсылмандық мұраның тарихи аспектілерін бағалаңыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясында Президент Н.Назарбаевтың айтылған сөздерімен нақтыланады: «Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. XХI ғасырдың ең басты заңы – татулық! Келісім – экономика мен сая-саттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті Мәңгілік болуы керек»,- деп атап көрсеткен. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын тұжырымдай отырып, зайырлы мемлекет ел халқының тарихи таңдауы болғанын ерекше ескертті және қоғам назарын мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара тиімді әрекеттестігінің үлгісін іздеуге бағыттады. Қазақстан кез келген экстремизмге түбегейлі қарсы бола отырып, дәстүрлі діндерді қолдайды.Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекет-терге өте қатаң қарсы тұратын болады», - деп ерекше атап өтіледі. Сол себепті де, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту идеясын жүзеге асыру секілді маңызды әрі жауапты міндеттер тұр. Қоғамымыздың зайырлы сипаты «Діни қызмет және діни бірлес-тіктер туралы» Заңның нормаларындағы сенім бостандығы, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуы, мемлекеттік немесе жалпыға міндеттелген арнайы діннің болмауы, діни ұйымдардың заң алдындағы теңдігі, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара әрекеттестігі секілді мәселелер олардың нақты белгілері арқылы айқындалады.Осы орайда, бүгінгі таңда ауданымызда 16 этнос пен 3 конфессия өкілдері бар. Өңір бойынша діни ахуалды саралап, реттеу мақса-тында аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, діни экстремизм мен терроризмге қарсы» кеңес өз жұмысын тоқтатқан емес. Ауданда 21 мұсылман, 3 православиялық, 2 протестанттық, барлығы 26 діни бірлестік заңға сәйкес қызмет атқарады. 2013 жылы діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобалар аясында ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарға «Діни экстримизм, діни терроризмнің алдын алу» тақырыбына 1 млн. теңгеге лот бөлінді. Осы жоба аясында «Бүгінгі қоғамдық өмірдегі әртүрлі діни бірлестік өкілдерінің тең құқылы қатысуы» және «Дінаралық түсіністік – бейбітшілікке жол» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, «Достық эстафетасы» акциясы, «Конфессияаралық ынтымақтасу» байқауы, «Брейн-Ринг» интеллектуалды ойыны, «Терроризм мен діни экстре-мизімнің алдын алу» және «Алакөл ауданы бойынша дінаралық толеранттылық» тақырыптары негізінде көшпелі семинарлар өткізілді. Осы іс-шараларға аудандағы елді – мекендерден 4000-ға жуық адамдар қатысты«Қазақстан-2050» Стратегиясының жасампаз міндеттерін жүзеге асыруға тұрғындардың кейбір топтарының қатыспай қалуын болдырмау үшін қоғамдық және діни мүдделер арасындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ, радикалды діни идеологияларды жою бағытында шоғырланатын болады. Бұл міндеттерді қоғамда жүзеге асыруда екі онжылдықтан бері Отанымыздың сенімді тірегі ретінде қызмет атқарып келе жатқан келесідей негізгі идеялар басшылыққа алынбақ:- бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз; - Қазақстан – толерантты, қоғамды, зайырлы мемлекет; - отансүйгіштік, ұлттық дәстүржәне мәдениет – ұлттың рухани негізі. Рухани діни құндылықтар қоғамда толеранттылық пен түрлі кон-фессия өкілдері арасында өзара сыйластықты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму мақсаттарының негізін қалыптастыруы тиіс (Дереккөз).Дін – адамзат баласын имандылыққа, ізеттілікке, мейірімді-лікке, адамгершілікке, жалпы айтқанда адами рухани құндылықтарға жетелейді. Оның шариғатын, ұстанымын, насихатын оң түсініп, дұрыс қабылдаған жөн. Діни сауатсыздықтың салдарынан жастардың, жасөспірімдердің адасуының алдын алу мақсатында бірінші кезекте ата-ана, ұстаздар, ұжым, орта олардың діни бағытын аңғарып, жол көрсетіп, ықпал етейік. Себебі бұл әрекетіміз бірлігі жарасқан, дамыған 30 елдің қатарына енеміз деген мақсаты-мыздың жүзеге асуына, ұлттық идеямыз Мәңгілік Ел ұста-нымымыздың мәңгілікке айналуына үлес қоспақ.
57. Қазіргі кезеңдегі конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін және әлемдік діндер көшбасшыларының съездерінің рөлін бағалаңыз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.
Съездің қатысушылары құрамының көрнекілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогы І Съездің тұжырымдамалық идеясы және дау-дамайды шешу тәсілі ретінде дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастардағы күш көрсету мен террор әдістеріне қарсы қойылды. Съезге қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті.
Бірегей және есте қаларлық оқиғаға айналған форум бүкіл әлемдегі адамзат баласының бейбіт және лайықты өмірі үшін түрлі діндер өкілдерінің ынтымақтастығы мен бірлігінің өзектілігін және аса қажеттігін көрсетіп берді. Съездің идеясын К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен және әлемнің өзге де аса ықпалды саясаткерлері қолдады.
Форум қорытындысы бойынша рухани көшбасшылар болашақтағы үйлесімді әлемнің негіздері ретінде адамзат үшін бейбітшілік пен өрлеуді қамтамасыз ету және барлық қоғамда тұрақтылықты сақтау бағытындағы бірлескен іс-әрекеттері туралы мәлімдеген декларация қабылдады. Ауқымды шараның табысы І Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімінде бекітілді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.
Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.
Бірінші күні Съезд жұмысының барысында қатысушылар басшылыққа алған негізгі бөлігі көрініс тапқан «Дінаралық диалог қағидаттары» қабылданды. Екінші съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжатта «қырғиқабақ идеологияны» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты.
Форум төрт секция отырысы бойынша өтті: 1) «Орнықты дамуға қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі». 2) «Дін және мультикультурализм». 3) «Дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи талаптар». 4) «Дін және жастар».
Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Қатысушылардың үндеуі қабылданды. Бұл құжаттан биік рухани мән-мағынаға толы үн байқалып тұрды. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты ғаламшарымыздың болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісім мен  бейбітшілікке, әділеттілік пен жасампаздыққа ұмтылуға шақырды.
Өткізіліп келе жатқан жылдар ішінде Съезд барлық діндердің міндеті қазіргі заманда көбінесе ортақ екенін айқын көрсетіп берді. Бұл – рухани  бос қуысты және адамзаттың моральдық-адамгершілік құндылықтары дағдарысының қатерін еңсеру. Бұл – кез келген қоғамның еңбексүйгіштік, адалдық және әділеттілік құндылықтары іспеттес жасампаздық бастауларын нығайту қажеттілігі. Мұнымен қоса, діннің бітімгершілік күші кез келген қоғамдағы жанжал-қақтығыстардың, төзімсіздік пен радикализмнің алдын алуға мүмкіндік жасауда болып отыр.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастыққа жалпыұлттық консенсус пен қоғамның топтасуының үлгісін көрсетіп келеді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау саласында бай тәжірибеге ие және осы тараптағы кең ауқымды әрі тиімді ынтымақтастыққа қашанда әзір.
Әлемнің діни көшбасшыларын Астанаға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасы мәдениеттер мен өркениеттер диалогының жаһандық үдерісінің дамуында орасан маңызды орын алады.
58. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінің негізгі мазмұнын зерделеңіз.
1. Ұлттық келбетті ұлықтайық
2. Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы
3. Мәдениет келешегі
4. Алаш мұрасы және осы заман
5. Ұлттық бірегейлік туралы
6. Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар
7. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары
8. Тарихтың шеңберлері ұлттық зерде
Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», - деп түсіндірді З. Қыбылдинов.
Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған.
Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде», - деп түйді З. Қыбылдинов.
59. Елбасының «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны мен маңызын зерделеңіз.
Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ендеше Елбасы ұсынып отырған – «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді.  Ежелгі және орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазақ тарихының тарихи кезеңдерінің тұтастай объективті көрінісін айшықтау мен жұртшылыққа түсінікті қалыпқа түсіру жұмысы өз авторларын күтуде.Уақыт талабы – заманауи тарихи сананы жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық атсалысуы қажет екендігін ескертуде. Сондықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. 
60. Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың мәнін түсіндіріңіз.
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".[1]Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
«Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Патриотизм ұғымына енетіндер: - Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, - Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауы. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Әр адамның өз анасынан басқа, Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада, Болуы керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы тірегі Қадамына, шуақ шашар үнемі. Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі – ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Біз ата дәстүріне сүйене отырып, халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетукін армандаймыз. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білеміз. Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым. Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Соңғы уақыттарда басылым беттерінде «патриоттық тәрбие», «азаматтық тәрбие» ұғымдары қатар қолданылып келеді. Біздің көзқарасымызша, «азаматтық тәрбие» мен «патриоттық тәрбие» ұғымдары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады. «Патриоттық тәрбие», «азаматтық тәрбиенің» бір бөлігі болып табылып, оны нақтылай және тереңдете түседі, жеке тұлғаның Отанды сүю, өз халқының өткеніне сыйластықпен қарау сияқты, азаматтың адамгершілік негізін құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттерінің қалыптасуына себептігін тигізеді. Патриоттық тәрбие ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына ықпал тигізуде де үлкен мәнге ие. Бұл бірінші кезекте жеке тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттіктерінің дамуына да тигізер ықпалы мол. Патриотизмның адамгершілік жақтарын борыш, саналылық, жауапкершілік сезімдері құрайды. Бұл-азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетінің маңызды компоненттері. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті үлкен мәнге ие, ол азаматтық және патриоттық тәрбиенің өзара байланысының нәтижесі болуы тіс. «Азаматтық тәрбие» де, «патриоттық тәрбие» де жеке тұлғаның қызығушы-лықтарын жүзеге асыру және олардың талап-сұраныстары мен мүмкіндіктері негізінде құрылуы қажет. Біз «азаматтық» және «патриоттық тәрбие» ұғымдары біріктірілуі тиіс деп санаймыз. Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады. Жүйелі патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие тәрбиенің идеялық-саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б. элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана Отанды өркендету мен қорғауға ішкі даярлық пен қабілетті қалыптастыруға білгілі бір әлеуметтік- саяси бағыт береді. Сөйтіп, патриоттық тәрбие басқа тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту және қорғау жолындағы қызметті көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық дәстүрлер түзе отырып, олар кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады. 
61. Қазақ халқының қалыптасу процесін қарастырыңыз. Халық болып қалыптасу үдерісі
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.[1]
62. Қазақ хандығының құрылуы тарихын түсіндіріңіз және Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдық мерейтойының мемлекеттік дәрежеде аталып өтелуінің маңыздылығына тоқталыңыз.
Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында келтірілген.
Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.
Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.[1] 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ-ға дейін жеткіздік».
Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар[өңдеу]
Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
63. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мазмұнын түсіндіріңіз .
Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен бастап ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Бұл тұрғыда көптеген ұсыныстар ортаға салынып, қоғамда қызу пікірталастар болғаны белгілі. Шын мәнісінде, ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар.  Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді. Қазақтың ұлттық идеясы туралы кезінде әртүрлі пікірлер айтылғанымен оның айқын тұжырымы қалыптасқан жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көрініс берген ізденістер бір арнаға тоғыспай аяқсыз қалды. Міне, осы сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады. Президент өз сөзінде: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деді. Н. Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
Сонымен қатар, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында: «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек. Бұл идея қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет. Осыны ұғынуға тиіспіз» деді. Расында да, біріншіден, «Мәңгілік ел» идеясын зерттеп, зерделеуде, насихаттауда һәм оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл орайда көзі ашық, көкірегі ояу әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал.
Екіншіден, ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, білімгерлерге жете жеткізу үшін қажырлы жұмыс істеуіміз керек. Өскелең ұрпақтың санасына, өмір салтына сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.
Үшіншіден, келешегі кемел «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізу жұмыстың бір парасы ғана. Ол жаһандық ақпараттық, ғылыми кеңістіктен ойып тұрып орын алуы тиіс. Бұл орайдағы сүбелі жұмыстар отандық ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің еншісінде.
Төртіншіден, қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.
Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Ал оны мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасы сіңірудің маңызы зор екені бесенеден белгілі.
Қорыта айтқанда, Президент алға қойған зияткерлік реформасы – болашақтың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.
Мектептерде қазір «Мәңгілік Ел» таңдау пәні ретінде кіргізілген.,кабинеттер ашылып,оқушыларға осы идея туралы түсінік беріледі.
Мәңгілік Елдің 7 қадамы
1 қадам:
Мәңгілік Ел,- бұл Тәуелсіздік және Астана.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұта аламыз.
2 қадам;
Мәңгілік Ел-бұл Жалпыұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім.
Бейбітшілік пен келісімінің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыіжылдықтарға жалғасады.
3 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Зайырлы мемлекет және Жоғары Руханият
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге қз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшхүр етуге мүмкіндік береді..Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жахандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
4 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап,қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
5 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
6 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Тарихтың,Мәдениет пен Тілдің ортақтығы
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі,үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
7 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Ұлттық қауіпсіздік және қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз..Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
64. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен тәуелсіз Қазақстанның 7 жаһандық жетістігінің мәнін түсіндіріңіз.
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
ЖаҺандану баламалары
Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді.ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.Жаһандық демократия
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.
Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.
Жаһандық ақпараттық кеңістік
Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Жаһандық теңсіздік
Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда.Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.
Мүндай ғаламдық теңсіздікті:
Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық;
Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;
Xалық санының артуы;
Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы;
Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;
Үкіметтік шешімдер;
Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;
Әділетті бөлістің болмауы;
Сауатсыздық;
Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.
Жаһандануға қарсы қозғалыс
Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамды құйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:
"Destroy IMF" - Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым;
"Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық;
"Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;
"Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;
"Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.Жаһандану үлгілері
Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.65. Ұлттық мемлекет құру жолындағы күрес барысын түсіндіріңіз. Отан қорғаушылардың қасиетті күресі мен тарихи тағдырын бағалаңыз.
XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:
Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).
Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген эсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.
Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.
ХХ ғасырдың басы қазақ тарихына ұлы өзгерістер әкелді. Олардың ішінде ұлтты ұлықтағандары да, ұлттық қасіретіне айналғандары да бар. ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының ой пікірінің өрлеуі 1905 жылғы бірінші орыс ревалюция идеяларының және сол кездегі ықпалмен, мұсылмандық қозғалыстар негізінде қалыптасты. Аталған 1905 - 1907 жылғы бірінші орыс ревалюциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалысының бел алуына өз ықпалын тигізді. Ә. Бөкейханов 1910 жылы жарық көрген «Қырғыздар - қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың түрлері» атты әйгілі мақаласында 1905 жылдан бастап қарқын алған қазақ азаттық қозғалысында екі саяси бағыт қалыптасып жатқандығын, оның бірі батысшылдар, яғни қоғам дамуына батыс жетістіктерін үлгі тұтушылар, ал екіншісі қазақтарды бүкіл мұсылмандармен біріктіруге ұмтылған ұлттық - діни, түрікшіл бағыт екендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды. М. Шоқайдың да үлестерімен газет 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан және Қазан төңкерістері секілді маңызды саяси оқиғаларда қазақ халқының мүддесін қорғау ісінде маңызды рөл атқарды. М. Шоқайдың ой санасының өсіп жетілуіне Ә. Бөкейханов жіті көңіл бөлгені күмәнсіз. Ә. Бөкейхановтың ілтипатына іліккен З. Тоған мен М. Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін алдынғы қатарда жұмыс істеді.
66. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен әлемдік қауымдастықтағы өзіндік орнын бағалаңыз.
Тәуелсіз даму жыл-ғы Қ.Р-ң сыртқы саяси қызметін қарастырғанда негізінен Қ-ң көп елдермен қатынастарының шарттық- құқықтық базасының қалыптасқанын, әлемдік қоғамдастықтың елге деген сенімі мен құрметінің атап өткен абзал. Қ.Р-ң сыртқы саяси бағыттары ең алдымен еліміздің географиялық орналасуы ж/е оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаттағы факторлардың ықпалымен қалыптасты.
Қазақстан Ресеймен көп жоспарлы ынтымақтастыққа зор маңыз береді. Қ-Ресей екі жақты қатынастарында елеулі прогреске қол жеткізілді. 1988ж 6шіл-де Мәскеуде қол қойылған Мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларация екі елдің болашағы үшін тарихи маңызы мәні бар, ол 21ғ-ға бағдарланған.
Қытаймен жоғары өрлеу бағытында дамып келе жатқан ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызды рөл атқарады. Өзара сауда көлемі ұлғайып келеді, саяси байланыстар тұрақты түрде даму үстінде. Батыс Қ-нан Қытайға мұнай құбырын тартуға да маңызды мән беріледі. Мұнайдың әлемдік нарықтағы жағдаяты осы таңдаудың пайдалы екенін көрсетіп отыр.
АҚШ-мен көп жоспарлы ынтымақтастықтың Қаз. үшін зор стратегиялық мәні бар. Қаз-Американ қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне шықты. Бүгінгі таңда АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы б/т.
Герман бағыты ҚР Қазақстан-неміс капиталының мүдделері толық қамтамасыз етіп отыр.
Сауд Арабиясымен байланыстар барған сайын толыға түсуде. Бұл мемлекет басшысы Қаз-ның жаңа елорда – Астананы көркейтуге айтарлықтай көмек көрсетті. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
67. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының көпвекторлығын бағалаңыз.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. 2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр.
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде.
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.68. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен әріптестігінің маңызын негіздеңіз.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (Грузияны қоспағанда) басшылары аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.
69. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен нығайтудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету --- Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты — елдің аумағын, егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне басқаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этникааралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңаша қауіп қатерлермен қиындай түсті деуге болады.
Осының нәтижесінде 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңының орнына 2012 жылы 6 қаңтарда жаңа «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды. Өкінішке орай, бұл заңның Қазақстанның ішкі саяси мәселелерінің шиеленісуінен кейін ғана қолға алынғандығы, жалпы қауіпсіздік жүйесінің толықтай қамтамасыз етілмегендігіне назар аудартады. Жаңа заңның қабылдануына соңғы уақыттағы қауіп қатерлердің көрініс табуы әсер етті.
Аталған екі заңды өзара салыстыратын болсақ, 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында ұлттық қауіпсіздік «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі– елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі» делінсе, 2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында былай анықтама беріледі: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi». Бұл жердегі ерекшелік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің субъектілері нақтыланған. Бұл қатер төнген кездегі қауіптің бағытталу нысанын айқындауда маңызды.
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет мынадай міндеттерді шешеді: Бейбіт кезенде:
әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тетігін жетілдіру;
қорғаныс әлеуетін неғұрлым ықтимал соғыс қатеріне сайма-сай және елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін деңгейде ұстау;
Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды олардың
сыртқы және ішкі қатерлердің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі үйлесімді ісқимылдарға әзірлігін арттыру мақсатында жан-жакты қамтамасыз ету және сапалык тұрғыда жетілдіру;
Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және баска да әмірлік маңызды мүлдесіне қол сұғушылық және арандату әрекеттерін анықтап, жолын кесу;
елдің мемлекеттік органдарын, ұйымдары мен халқын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге, азаматтык және аумақтық қорғанысқа катысуға жан-жақты дайындау;
экономиканың жүмылдыру даярлыгын қамтамасыз ету;
әскери инфрақүрылымды дамыту және жетіддіру;
әскери қызметтің беделін арттыру, әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенін жүзеге асыру;
қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ел азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау мен әскери кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ісшараларды орындауға моральдық психологиялык әзірлігін қалыптастыру;
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери кұрылымдардың әскери кауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігіне, сондай-ақ іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
Қатерлі кезеңде және әскери қақтығыс басталғанда:
әзірленігі жатқан қарулы шабуылды немесе жағдайдың қатерлі дамуын уақытында анықтау және оларды болдырмау жөнінде шаралар қолдану;
соғыс жағдайын уақытында жариялау, елде немесе оның жекелеген аудандарында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, Қарулы Күштерді стратегиялық орналастыруды агрессияға (қарулы қақтығыска) тойтарыс беру мен оның жолын кесуді ұйымдастыру жөніндегі ісәрекетпен үйлестіру;
Соғыс уақытының нормативтік қүқықтық актілерін қолданысқа дереу енгізу, соғыс қимылдарын даярлау мен жүргізу жөнінде шешім қабыддау және іске асыру;
ел экономикасын, көлік пен коммуникацияларды соғыс уақыты жағдайында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;
азаматтық және аумақтык қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
мемлекет қарамағында бар күштердің, құралдар мен ресурстардын күллі жиынтығымен сыртқы агрессияга тікелей тойтарыс беру немесе қарулы қақтығысты болдырмау.
70. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық интеграциялық бастамалары мен оны жүзеге асыру жолдарын түсіндіріңіз және бағалаңыз.
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін, және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. ТМД-ның оңтүстік шекаралардың тұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі бола алады. Прогресшіл күштер бірлігінің идеялық және практикалық негізі Қазақстан   Республикасы Президентінің ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы жобасы» болып табылады. Жоба ТМД-да болып жатқан үрдістерге сәйкес келеді және халықтардың интеграциясына бағытталады.
Жобаның басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б.
Еуразиялық Одақ ең алдымен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамында болып бір-бірімен саяси-экономикалық және әлеуметтік жағынан жақын тұрған халықтардағы сол тарихи сабақтастығының игі жақтарын үзіп алмай қайта жалғастыру, оны одан әрі дамыту идеясы болып табылады. Сондықтан бұл идея «бұрынғы одақты» аңсау емес, Еуразиялық Одақтың басты мақсаты осы территориядағы елдердің интеграцияға деген қажеттіліктерін, интеграцияға жол ашып беріп тұрған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуропалық Одақ үлгісіндегідей өзара ынтымақтастықты арттыру.
Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі – оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарымқатынасын орната алады» [4].
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. 2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру  жөнінде-  гі келісімге қол қойды. Бұл шартта Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық  кеңістік  жөніндегі келісімдерде айқындалған өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық жолындағы мақсаттар мен міндеттерге жету тұжырымдамасының негіздері қаланды. Қол жеткізген келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық құралдары, қабылданған шешімдер мен тараптар жауапкершілігін бақылау жүйесі қалыптасты.
71. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен саяси-қайраткерлік қызметінің негізгі кезеңдерін бөліп көрсетіңіз.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[3]72. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлін бағалаңыз.
Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді.
Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саясаттық мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету проблемасы туралы айтылып тұр.
Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.
Бірінші жүйе – әмбебаптық халықаралық жүйесі, оның басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысымен қабылдануымен негізделген еді, онда: қазіргі заманғы және келешек ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Сонымен қоса халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Дүниежүзіне және қауіпсіздікке қауіп төнген кезде немесе агрессия актілері жасалған кезде, БҰҰ Жарғысы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруын міндеттейді.
Екінші жүйе ашылуы БҰҰ Жарғысымен қарастырылған аймақтық қауіпсіздік жүйесіне тірек етеді (VIII тарау). Бұл жүйеге қарастырылған Жарғының негізгі талаптары келесідей:
1) онда тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;
2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның шекарасынан аса алмайды;
3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.
Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық даулардың бейбіт жолымен шешілу шаралары құрайды.  Ұжымдық өзін-өзі қорғау туралы БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтаруға ғана қолданыла алады, және олар БҰҰ ҚК сәйкес нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.
Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттер қауіпсіздігінің жеке жүйесі. Мемлекеттік егемендіктің халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан шығатын өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің құқығы – мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.
Әдетте халықаралық қауіпсіздік әмбебап қауіпсіздігіне, немесе Жерде бейбітшілікті қамтамасыз етуге икемделген жалпыға ортаққа, және ғаламшардың бөлек аймағында құрылатын аймақтыққа бөледі. Сондай-ақ әмбебап та, аймақтық та халықаралық қауіпсіздік халықаралық қоғамдастық қатысушыларының ұжымдық күштерімен ғана құрыла алатынын атап өткен жөн.
73. 1995 ж. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдаудың қажеттілігін негіздеңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негізгі ережелерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялыққұрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесіжәнежергіліктіөзін-өзі басқару негіздері.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтарыменбостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді.Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді.
74. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі мазмұны мен бағыттарын қарастырыңыз және әлемдік маңызын сараптаңыз.
МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.    ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр. Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың - Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе. Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы - осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр. Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр. ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.
75. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнын түсіндіріңіз.
Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр. Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін алға қояды.«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп берді.
Жеделдетілген технологиялық жаңғыру керек
Елбасының айтуынша, бұл тұрғыдағы басты міндет – цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету болмақ. Маңызды кешенді міндетті жүзеге асыру үшін елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бүгінгі таңда дамыған елдер экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытқан бұл индустрияларды Қазақстанда өркендету үшін Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Үкімет бұл ретте ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.
Дәстүрлі базалық салаларға серпін
Елбасы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалардан тұратын экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту үшін алдымен еңбек өнімділігін елеулі арттыру қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жердегі негізгі фактор төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін, яғни, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сынды тағы басқа міндеттер орындалу керек. Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Екіншіден, басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үшіншіден, экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс. Елбасы осы ретте жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды. Төртіншіден, Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін  Елбасы Үкімет пен әкімдерге субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшуді, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды, өнімнің өңделу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру сынды тағы басқа шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.Елбасы бұл ретте жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту да маңызды басымдықтардың бірі деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Алтыншыдан, құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отырған урбанизация үдерісіне сай бұл сала экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.
Еңбек нарығын жаңғырту өзекті мәселеЕлбасы бұл ретте жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатынына назар аударта отырып, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы тиістігін атап көрсетті. Осыған орай, Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды міндеттеді.Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны бұрынғыша, Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ» деді Президент. Соған орай Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі дамыған елдердің тәжірибесіне негізделген жүйелі шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.Елбасы назар аудартып, тапсырған мәселелердің тағы бірі мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталды. Бұл ретте Президент Үкіметке тізімге алынған кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ, мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керектігін атап көрсетті. Сол секілді, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік беретінін айта келіп, бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажеттігін ескерте келіп, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ревизия» жасауды тапсырды.
Макроэкономикалық тұрақтылық басты назарда
Елбасының айтуынша, мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіруге және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тартуға бағытталған. Бұл үшін бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режимін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңімен 3-4 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізу міндеттелді. Екіншіден, еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Осыған орай, Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Мұндағы шешуші міндеттің бірі – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Елбасы осыған орай бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігіне назар аудартты. Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеру деңгейін тексеріп, тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет.Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараудың маңыздылығы жоғары тұрғанына да назар аудартты Елбасы. Ол бұл ретте Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылу қажеттігін айтты. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек.

Приложенные файлы

  • docx 18396013
    Размер файла: 326 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий