metrologia_shpor_1_-_kolonka


Билет №1
1. Метрология пәні және мақсаты. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Өлшеу – адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады. Кез-келген ғылымдағы секілді метрология ғылымында да қолданылатын терминдерді әркім өзінше түсіндіруге болмайды. Метрология саласындағы терминологияны 16263-70 «ГСИ. Метрология. Термины и определения» Мемлекеттік стандарты белгілейді. Әрбір түсінік үшін анықтамасы берілген жалғыз стандартталған термин бекітіледі.
Метрология – өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылым. Метрологиялық қамсыздандыру – өлшеудің белгілі бір нақтылығына қол жеткізуге қажетті техникалық жабдықтар мен ережелерді қолданудың ғылыми немесе ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру.Көрсетілім – есептеуге сәйкес келетін физикалық шама. Өлшеу принципі - өлшеу негізделген физикалық құбылыстардың жиынтығы. Өлшеу - белгілі бір физикалық шамамен оның өлшем бірлігі ретінде қабылданған мән арасындағы сандық қатынасты іс жүзінде анықтауға арналған ақпараттық процес. Ақпарат - объект туралы алғашқы белгісіз білімдерді азайтуға ықпал жасайтын мәліметтер жиынтығы. Өлшеу эксперименті – қандайда бір нақтылықпен өлшеу нәтижесін анықтауға арналған, ғылыми тұрғыда негізделген әдіс. Өлшеу құрылғыларының дәлдігін арттырудың құрылымдық әдістері. Өлшеу жабдығы – өлшеу экспериментін жүргізуге қолданылатын техникалық сипаттамалары мөлшерленген техникалық құрылғы. Cигнал – ақпараттың материалдық тасымалдаушысы. СИ – халықаралық бірліктер жүйесі – SI (System International). Өлшеу нақтылығы – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтық дәрежесі. Бақылау – бақыланып отырған объекті қасиеттерінің неме-се сипатының белгілі бір мөлшерге сәйкестігін анықтау процессі. Өлшеу ақпаратын алу үшін қолданылатын өлшеу жабдықтарын жасау мен оларда дұрыс пайдалану және бұл кезде пайда болатын ғылыми сұрақтармен айналысатын ғылым өлшеу техникасы деп аталады. Өлшеу техникасының негізгі бір бөлігі электрлік өлшеу техникасы болып табылады. Электрлік өлшеу техникасы – электрлік өлшеу жабдықтарын (өлшеу ақпараты негізінен алғанда электр сигналдарының көмегімен тасымалданаты аспаптар) жасау, пайдалану және оларды ғылыми зерттеу мен байланысты адамдардың ғылыми - өндірістік қызметінің бір саласы. Физикалық шамаларды электрлік өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу – электрлік өлшеу деп аталады. Өлшеу нәтижесі - өлшеу жабдығы көмегімен эксперимент арқылы алынған физикалық шаманың өлшем бірлігі бар сан мәні.
2. Өрнектеу тәсілдеріне қарай қателік түрлері. “Қателік” деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі. Өлшеу нәтижесінің қателігі – ол өлшеу нәтижесі Х пен өлшенетін шаманың ақиқат (немесе нақты) мәні Q арасындағы айырымы: = X – Q (4.1) Ол өлшенетін шама мәнінің анықталмау шегін көрсетеді. Өлшеу құралдарының қателіктері – ол ӨЖ көрсеткіштері мен өлшенетін ФШ-ның айғақты (немесе нақты) мәндері арасындағы аралықты көрсетеді. Ол берілген құралдар арқылы жүргізілген өлшеу нәтижелерінің дәлділігін сипаттайды. Қателіктерді өрнектеу тәсілдері бойынша оларды абсолютті, қатысты және келтірілген деп бөледі. Абсолютті қателік (3.1) формуласы бойынша жазылады және өлшенетін шаманың бірлігімен беріледі. Дегенмен, ол өлшеу дәлдігінің көрсеткіші ретінде бола алмайды, өйткені, мысалы, Х = 100 болған кезде = 0,05 өлшеудің жоғарғы дәлдігіне сәйкес, Х = 1 мм кезінде – төменгіге сәйкес келеді. Сондықтан да қатысты қателік деген түсініктеме енгізілген. Салыстырмалы қателік – абсолютті өлшеу қателігінің өлшенетін шаманың шын мәніне қатысы болып табылады: = /Q = (X - Q)/Q. (4.2) Бұл өлшеу нәтижесінің берілген дәлділік сипаты ӨЖ қателіктерін мөлшерлеу үшін жарамайды, өйткені Q мәнін өзгерткен кезде Q = 0 кезіндегі шегіне шейін әртүрлі мәндерді қабылдайды. Осыған байланысты ӨЖ қателіктерін көрсету және мөлшерлеу үшін қателіктің тағы бір түрі – келтірілген қателік қолданылады. Келтірілген қателік - ӨЖ-нің абсолютті қателігі барлық өлшеу аралығында немесе оның бір бөлігінде тұрақты болатын шартты түрде алынған QN мәніне жататын қатысты қателік: = /QN = (X - Q)/QN. (4.3) Шартты түрде алынған QN мәнін мөлшерлеуші деп атайды. Көбінесе оның орнына берілген ӨЖ-нің жоғарғы өлшеу шегін алады, ол негізгі жағдайда “келтірілген қателік” ұғымының орнына пайдаланылады.
3. Мөлшерленген метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге арналған техникалық құралдар. Метрология құралдары – бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттардың рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ететін жиынтығы. Өлшеу аспаптары (Измерительные приборы) — қалыпты метеорологиялық касиеттері бар және өлшеніп отырган физикалық шаманың маңызын есептеуге (тіркеуге) мүмкіндік беретін техникалық құралдар; мөлшерленген метрологиялық қасиеті бар өлшеу жүргізгенде пайдаланылатын техникалық құрал. Өлшенген шаманы қайта бейнелейтін өлшеу аспаптары мен тиісті шама мен өлшенген шаманы салыстыратын өлшеу аспаптары кеңінен тараган. Әскери тәжірибеде жалпы әскери әмбебап және арнаулы өлшеу аспаптары. болып бөлінетін түрлері қолданылады. Олар нақты бақылау нысаны үшін қолданылады. Олардың техникалық және пайдалану сипаттамалары бойынша өлшеу шектері болады.
Билет №2
1. Метрологияның Қазақстанда даму тарихы. Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады. 1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары). 1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған. Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі. Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған. Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру оменклатурасының кеңеюіне әкелді. 1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды. 1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды. Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған. Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді. нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды.
2. Кездейсоқ шаманың математикалық тосылуы. Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасының біріне оның таралу (үлестірілу) ықтималдығы жатады. Егер Х кездейсоқ шамасы шекті не шексіз әр түрлі х1, х2, ... хn, ... мәндер тізбегін қабылдаса, онда X кездейсоқ шамасының таралу ықтималдығы (таралу заңы) сол х1, х2, ... хn, ... мәндері мен оларға сәйкесті p1, p2, ..., pn, ... ықтималдықтарды көрсету арқылы беріледі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі дискретті кездейсоқ шама =[a, b] кесіндісідеп аталады. Басқа бір жағдайларда таралу ықтималдығы әрбір үшін a<x<b теңсіздігінің PХ(a, b) ықтималдығын көрсету арқылы беріледі. Әсіресе кездейсоқ шама. үшін: PХ(a, b)=(x)dx теңдігін қанағаттандыратын pХ(x) функциясы (ықтималдық тығыздығы) табылатын жағдайлар жиі кездеседі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі үздіксіз кездейсоқ шама деп аталады. Кездейсоқ шама таралу ықтималдығының кейбір жалпы қасиеттері онша көп емес сандық сипаттамалар мөлшерімен жеткілікті дәрежеде толық сипатталады. Ондай сипаттамалардың қатарына Х кездейсоқ шамасының математикалық үміті (EХ) және оның дисперсиясы (DХ) жатады. Кездейсоқ қателіктің жеке мәнін алдын ала болжап айту мүмкін емес. Бірдей шамалардың қандай-да бір өлшемінің кездейсоқ қателіктер жиынтығы ықтималды нақты ережелерге сүйенеді. Олар метрологияда ықтималдық теория мен математикалық статистика әдістерімен жазылады. Осыдан өлшем нәтижелері кездейсоқ қателіктерден тұратын физикалық шама мен сол кездейсоқ қателіктің өзін кездейсоқ шама ретінде қарастырады Кездейсоқ шамалардың қандай да бір мәнінің объективті мүмкін жағдайда пайда болуын мөлшерлі түрде бағалау үшін ықтималдық деген ұғым қызмет етеді, ол бірлік үлесінде беріледі (ақиқатты оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең, ал мүмкін емес оқиғанікі- 0-ге тең)Үздіксіз кездейсоқ шамалардың математикалық түрде жазылуы әдетте кездейсоқ шамалардың дифференциалды үлестіру заңдылықтары арқылы жүзеге асады. Бұл заңдылықтар кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оларға сәйкес ықтималдық тығыздығы арасындағы байланысты анықтайды (үздіксіз деп шексіз өлшеу сандары арқылы алуға болатын шексіз көп мәндері бар кездейсоқ шамаларды айтады).
3. Өлшеу құралдарының жинақталған құрылымдық сұлбасы. Өлшеу аспаптары - өлшенетін физикалық шаманың мәнін оның өзгеру аралығы мен бақылаушыға тікелей қабылданатын өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу кезінде алу үшін арналған өлшеу құралы. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы. Өлшеу құралының берілген тобы көптеген аспаптардан тұрады, олар өлшенетін шамаларымен, пайдалану аймақтарымен, техникалық сипаттамаларымен, әрекет принциптерімен, қолданылатын элементі негізімен және басқа ерекшеліктерімен ажыратылады. Сонда да бұл аспаптардың кейбір ортақ қасиеттері бар. Өлшеу аспаптарының жалпы құрылымдық схемасы 1.6.1-суретте көрсетілген. Өлшенетін ФШ алғашқы өлшеу түрлендіргіші мен қарапайым өлшеу құралдарының жиынтығынан тұратын түрлендіру құрылғысына әсер етеді. Алғашқы түрлендіргіш өлшенетін ФШ-ны өзіне біртекті немесе біртекті емес басқа шамаға түрлендіреді. Сигнал түрлендіргіштің шығысынан қарапайым ӨЖ жиынтығы арқылы өтеді. Қарапайым өлшеу аспаптарында мұндай жиынтық болмауы да мүмкін. Мысалы, аналогты вольтметрлерде өлшенетін кернеу алғашқы электроме-ханикалық ӨТ көмегімен тілшенің бұрылу бұрышына өзгереді. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы. Түрлендіру құрылғысының шығысында параметрлері санағыш құрылғысының кіріс сипаттамаларына сәйкес келетін сигнал пайда болады.
Билет №3
1. Метрологияның ғылым мен өндірістегі ролі мен орны. Метрология (грекше метрон- өлшем, логос- ғылым) - өлшеу туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету әдістері туралы ғылым. Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы (практикалық) метрология. Теориялық (фундаментальдық не ғылыми) метрология – метрологияның негізін құрастырумен, өлшем бірліктер жүйесін, физикалық тұрақтыларды құрумен, өлшеудің жаңа әдістерін құрастырумен айналысатын метрология бөлімі. Заңнамалық метрология – мемлекетте қолдануға рұқсат етілген өлшем бірліктерге, өлшеу әдістеріне, өлшеу құралдары мен өлшеу зертханаларына қойылатын мемлекеттік талаптарды орнатады. Қолданбалы метрология теориялық метрологияның құрастырған жобаларын және заңнамалық метрологияның ережелерін әртүрлі қызмет саласында тәжірибелік қолданылуымен айналысады. Заңдық метрология заңдар және заңдық баптар арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңдық метрология облысына – сынау, өлшеу құралдарының түрлерін бекіту және оларды тексеру мен калиьрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау, өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау кіреді. Метрология пәні берілген дәлдікпен және анықтылықпен обьектілер мен процестер қасиеттері туралы сандық ақпараттарды алуды қарастырады. Метрология құралы- бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттар жиынтығы, олардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Метрологияның негізгі түсінігі – өлшеу. МЕМСТ 16263-70 сәйкес, өлшеу арнайы техникалық құралдар көмегі арқылы тәжірибелік жолмен физикалық шамалар мәндерін табу. Өлшеудің маңыздылығы үш аспектіден көрінеді: философиялық, ғылыми және техникалық. Философиялық аспект бойынша, өлшеу физикалық құбылыстар мен процестерді тануда маңызды әмбебап әдіс болып табылады. Яғни өлшеу танымның әртүрлі әдістерінің көмегі арқылы алынатын мәлімет ретінде қарастырылады. Ғылымда өлшеудің көмегімен теория мен тәжірибе арасындағы байланыс орнатылған. Өлшеудің көмегінсіз ғылыми гипотезаларды тексеру мүмкін емес, яғни ғылымның дамуына әсер етеді, өлшеудің ғылыми аспектісінің мәні осыдан көрінеді Өлшеу процесі басқару не бақылау обьектісі туралы сандық ақпараттар алуды қамтамасыз етеді, ал онсыз техникалық процестің барлық берілген жағдайын алу, бұйымды жоғары сапамен қамтамасыз ету және обьектіні тиімді басқару мүмкін емес. Осының бәрі өлшеудің техникалық аспектісін құрайды. Өлшемдердің метрикалық жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілген. Біз үшін негізгі ақпарат көзі болып табылатын, көршілес Ресейде бұл жүйенің енуі үшін Д.И. Менделеев көп еңбек сіңірген.Ол болашақта метрикалық жүйе әлем халықтарын бір-біріне жақындастыру құралы ретінде үлкен ролі бар екендігін болжаған. Бірақ метрикалық жүйеде негізгі және туынды бірліктерге бөліну болған жоқ. Бірліктер жүйесін негізгі және туынды бірліктерге бөліп қарастыруды алғаш рет 1832 жылы неміс ғалымы К. Ф. Гаусс ұсынды. Физикалық шамалар бірліктерінің бұл жүйесі абсолюттік деп аталған.
Ғылым мен техниканың дамуы жаңа өлшем бірліктерін қажет етеді, ол бұл өз кезегінде фундаментальдық және қолданбалы метрологияны жетілдіруге жағдай жасайды.
2. Кездейсоқ шама мәндерінің шашыраңқылығы өлшеміне дисперсия. Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасының біріне оның таралу (үлестірілу) ықтималдығы жатады. Егер Х кездейсоқ шамасы шекті не шексіз әр түрлі х1, х2, ... хn, ... мәндер тізбегін қабылдаса, онда X кездейсоқ шамасының таралу ықтималдығы (таралу заңы) сол х1, х2, ... хn, ... мәндері мен оларға сәйкесті p1, p2, ..., pn, ... ықтималдықтарды көрсету арқылы беріледі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі дискретті кездейсоқ шама =[a, b] кесіндісідеп аталады. Басқа бір жағдайларда таралу ықтималдығы әрбір үшін a<x<b теңсіздігінің PХ(a, b) ықтималдығын көрсету арқылы беріледі. Әсіресе кездейсоқ шама. үшін: PХ(a, b)=(x)dx теңдігін қанағаттандыратын pХ(x) функциясы (ықтималдық тығыздығы) табылатын жағдайлар жиі кездеседі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі үздіксіз кездейсоқ шама деп аталады. Кездейсоқ шама таралу ықтималдығының кейбір жалпы қасиеттері онша көп емес сандық сипаттамалар мөлшерімен жеткілікті дәрежеде толық сипатталады. Ондай сипаттамалардың қатарына Х кездейсоқ шамасының математикалық үміті (EХ) және оның дисперсиясы (DХ) жатады. Дисперсия (лат. dispersion - шашырау). Дисперсия 1. Электромагниттік сәуле шығарудың дербес спектрлік құрамының қандай да бір уақыт ішінде шашырауы. Модалық дисперсия, материал дисперсиясы, сәулежол дисперсиясы деп ажыратылады. 2. Символдар арасындағы интерференция сурет пен оптикалық талшық арқылы өткенде импульстер ұзақтығының артуына байланысты пайда болатын эффект. Дисперсия оптикалық талшықтың еткізу жолагының шектелуіне әкеледі. Кеңістіктік дисперсия -ортаның диэлектрлік өтімділігі тензорының толқындық векторға, мысалға поляризация жазықтығын айналдыруға келтіретін векторға тәуелділігі. 3. Кешенді өлшеу құралдары. Кешенді өлшеу құралдары барлық өлшеу процедураларын тарату үшін арналған. Өлшеу процесіндегі ролі мен орындайтын функциялары бойынша жіктелуіне сәйкес, оларға өлшеу аспаптары мен қондырғылары, өлшеу жүйелері мен өлшеп-есептеу кешендері жатады. Бұл дәрісте өлшеу аспаптары мен қондырғыларын қарастырамыз. Өлшеу аспаптары - өлшенетін физикалық шаманың мәнін оның өзгеру аралығы мен бақылаушыға тікелей қабылданатын өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу кезінде алу үшін арналған өлшеу құралы. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы. Өлшеу құралының берілген тобы көптеген аспаптардан тұрады, олар өлшенетін шамаларымен, пайдалану аймақтарымен, техникалық сипаттамаларымен, әрекет принциптерімен, қолданылатын элементі негізімен және басқа ерекшеліктерімен ажыратылады. Сонда да бұл аспаптардың кейбір ортақ қасиеттері бар. Өлшеу аспаптарының жалпы құрылымдық схемасы 1.6.1-суретте көрсетілген. Өлшенетін ФШ алғашқы өлшеу түрлендіргіші мен қарапайым өлшеу құралдарының жиынтығынан тұратын түрлендіру құрылғысына әсер етеді. Алғашқы түрлендіргіш өлшенетін ФШ-ны өзіне біртекті немесе біртекті емес басқа шамаға түрлендіреді. Сигнал түрлендіргіштің шығысынан қарапайым ӨЖ жиынтығы арқылы өтеді. Қарапайым өлшеу аспаптарында мұндай жиынтық болмауы да мүмкін. Мысалы, аналогты вольтметрлерде өлшенетін кернеу алғашқы электроме-ханикалық ӨТ көмегімен тілшенің бұрылу бұрышына өзгереді.
3. Кешенді өлшеу құралдары. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал.
Өлшеу құралдары әртүрлі құрылымдық аяқталған құрылымдардан тұрады, олар екі функцияның бірін орындайды: - берілген (белгілі) өлшемді шаманы өрнектейді – мысалы, кірлер – берілген массаны, кедергі магазині – кедергінің дискретті мәндерін - өлшенетін шама мәні туралы ақпарат тасымалдайтын сигналды (көрсеткішті) өңдейді.
Өлшем бірлікті қамтамасыз ету жүйесінде орындайтын роліне байланысты өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: - метрологиялық, метрологиялық мақсаттарға - өлшем бірлікті өрнектеу және (немесе) оны сақтау немесе бірлік өлшемін жұмысшы құралдарына беруге арналған құралдар; -жұмысшы, өлшем бірлікті берумен байланысты емес өлшеулер жүргізу үшін қолданылатын құралдар. Автоматтандыру деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары үш топқа бөлінеді: -Автоматты емес; -Автоматтандырылған өлшем қүралы - автоматты   тәртіпте  бір   немесе   өлшенетін   операция бөлігін жүргізетін, өлшем қүралы. -Автоматты өлшем құралы - өлшем  нәтижесінің   өнделуімен  байланысты   олардың тіркелуінің басқарушы дабыл шығыуы мен берілуі адамның көмегінсіз жүргізілетін әлшем және операция, өлшем құралы Стандарттау деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: -Стандартталған өлшем құралы - стаңдарт талаптарына сәйкес дайындалатын және қолданылатын өлшем құралы; -Стандартталмаған өлшем қүралы- стандарттау   талаптары   бұларға    қажет   емес болып табылатын арнайы өлшеу мәселесін шешуге арналған өлшем құралдары. Өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: -Негізгі өлшем құралы - өлшем қүралының сол физикалық шамасының мәнін өлшенетін есепке сәйкес табуға арналған құрал; -Қосалқы өлшем құралы - өлшем құралының сол физикалық шамасының мәнін өлшем құралына әсер ету негізінде немесе өлшем объекгісін өлшем нәтижесіңцегі қажетті дәлдікті алу үшін есепке алуға арналған құрал. Элементарлы өлшеу құралдары – тура өлшеудің жеке операцияларын жүзеге асыруға арналған өлшеу құралдары. Оған өлшемдер, салыстырғыш және өлшемдік түрлендіргіштер жатады. - өлшем жиынтығы- бір физикалық шаманың әр — түрлі мөлшердегі өлшем жиынтығы, болек немесе әр-түрлі қатынаста практикада қолдануға арналған (мысалы,   соңғылық үзындық өлшемінің жиынтығы); Кешенді өлшеу құралдары - өлшеудің барлық прцедурасын жүзеге асыруға арналған өлшеу құралы. Өлшеуіш аспап- өлшенетін   физикалық   шаманың   мәнін   белгіленген ауқымда табуға арналған өлшем құралы.
Билет №4
1. Метрологияның теориялық негізі. Метрологияның негізгі постулаттары. Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы (практикалық) метрология. Теориялық (фундаментальдық не ғылыми) метрология – метрологияның негізін құрастырумен, өлшем бірліктер жүйесін, физикалық тұрақтыларды құрумен, өлшеудің жаңа әдістерін құрастырумен айналысатын метрология бөлімі. Кез-келген ғылымдар сияқты метрология да бірқатар постулаттарға негізделіп құрылады. Өлшеу теориясының бастапқы ережелерін (постулаттарын) қалыптастырудың бірқатар қиындықтары бар. Бұл бір жағынан постулаттар объективті дәлел болу керектігіне, ал екінші жағынан метрология пәні метрология пәні өлшеу болып табылатындығы, яғни субъективті мақсаттарға жұмсалған адам әрекетінің түрі болып табылатындығына байланысты. Яғни, субъективті элементке ие ғылыми пәнге негіз болатын объективті дәлелдерді қалыптастыру керек. Метрологияның бірінші постулаты постулаты болып табылады: зерттеу объектісінің қабылданған моделі шегінде белгілі-бір өлшенетін физикалық шама мен оның шын мәні бар. Мысалы, бөлшек цилиндр (модель - цилиндр) болса, онда оның өлшеуге болатын диаметрі бар. Ал бөлшекті цилиндр деп есептеуге болмайтын болса, мысалы, оның қимасы эллипс болса, оның диаметрін өлшеудің қажеті жоқ, себебі өлшенген мән бөлшек туралы пайдалы ақпарат бермейді. Өлшенетін шама тек қабылданған модель шегінде ғана жүзеге асады, яғни модель объектке адекватты болғанша мәні болады. Әртүрлі зерттеу мақсатында берілген объектке әртүрлі модельдер сәйкес келетіндіктен постулаттан 1 салдар туындайды:өлшеу объектісінің белгілі бір физикалық шамасы үшін бірнеше өлшенетін шамасы (сәйкесінше олардың шын мәні) болады. Метрологияның бірінші постулатынан өлшеу объектісінің өлшенетін қасиетіне оның моделінің белгілі-бір параметрі сәйкес келу керектігі туындайды. Уақыт аралығында өлшеуге қажетті модель параметрі тұрақты болу қажет. Әйтпесе, өлшеуді жүргізу мүмкін емес. Бұдан -постулат туындалады: өлшенетін шаманың шын мәні тұрақты. Модельдің тұрақты параметрін анықтаған соң, сәйкес шаманы өлшеуге болады. Ауыспалы физикалық шама үшін белгілі –бір тұрақты параметрді таңдап, оны өлшеу керек. Жалпы жағдайда бұндай тұрақты параметр белгілі бір функционал ретінде енгізіледі. Бұл аспект 1- салдарында көрінеді: ауыспалы физикалық шаманы өлшеу үшін оның тұрақты параметрін - өлшенетін шаманы айқындау қажет. Объекттің математикалық моделін құру барысында оның қасиеттерін идеалдандыруға тура келеді. Модель өлшеу объектісінің барлық қасиеттерін толық сипаттамайды. Ол берілген өлшеу нәтижесін шешу үшін маңызы бар кейбір қасиеттерді жуықтап сипаттайды. Модель өлшеу алдында объект туралы апиорлы информацияға негізделіп, өлшеу мақсаты ескеріліп құрылады. Өлшенетін шама қабылданған модельдің параметрі ретінде анықталады, ал оның мәні өлшенетін шаманың нақты мәні ретінде қабылданады. Өлшеу объектісінің моделін құрудағы идеалдандыру модель параметрі мен объекттің шынайы қасиеті арасындағы сәйкессіздікті негіздейді, ол «шектік» деп аталады. «Шектік сәйкессіздік» түсінігі постулатпен орнатылады: өлшенетін шаманың зерттелетін объект қасиетіне сәйкессіздігі бар. Бұл сәйкессіздік өлшеу дәлдігін шектейді. Өлшеу мақсатын, соның ішінде өлшеу дәлдігін жоғарылатуды қажет ететін мақсаттарды өзгерту және нақтылау өлшеу объектісі моделін өзгертуге немесе нақтылауға және өлшенетін шама түсінігін қайта қарастыруға алып келеді. Оның себебі алдында қабылданған анықталатын шектік сәйкессіздігі өлшеу дәлдігін қажетті деңгейге дейін жоғарылатуға мүмкіндік бермейді. Өлшеу объектісінің абсолютті адекватты моделін құру мүмкін емес, сондықтан өлшенетін физикалық шама мен оны сипаттайтын өлшеу объектісі моделі параметрі арасындағы шектік сәйкессіздікті жоюға болмайды. Осыдан 1-салдар туындайды: өлшенетін шаманың шын мәнін табуға болмайды. Модельді өлшеу объектісі туралы апиорлы информация болғанда ғана құруға болады. Информация көбірек болған сайын, соғұрлым модель адекватты және сәйкесінше өлшенетін физикалық шаманы сипаттайтын параметрі дәлірек және дұрыс таңдалған болады. Яғни, апиорлы информацияның көбеюі шектік сәйкессіздікті азайтады. Бұл 2- салдарын туындатады: жетілетін өлшеу дәлдігі өлшеу объектісі туралы апиорлы информациямен анықталады. Бұдан апиорлы информация болмаса, өлшеуді жүргізу мүмкін еместігі айқындалады. Сонымен қатар максималды мүмкін апиорлы информация қажетті дәлдікті өлшенетін шаманы белгілі бағалауды білдіреді. Бұл жағдайда өлшеу қажеттілігі жоқ. Келтірілген постулаттар және олардың салдары метрологияның теориялық негізін құру мүмкіндігі және оны соңғы инстанция шынайылығы деп есептеуге болмайды.
2. Байқап-шолу нәтижелері тобын өңдеу кезінде орындалатын операциялар. Салыстырып тексеру әдісі барысында келесі операциялар орындалуы керек: 1.сыртқы тексеру 2.байқап көру 3.стандарт бойынша ӨҚ ның метрологиялық сипаттамаларын анықтау мысалға Роквел әдісі бойынша қаттылықөлшегіш аспап.
Байқап көру. Қаттылықтың үлгілік өлшемдерін тақтаға қажау керек. Бұл үшін тіреудің бетін жіңішке қабатпен май жағу керек. ЦИАТИМ -221 ГОСТ 9433-80 бойынша немесе УТ(Консталин) ГОСТ 1957-73 бойынша, немесе кез келген өзге ұқсас консистенция (ерітінді және сұйық заттың жұмсақтық, қоюлық дәрежесі) бойынша: аспаптың қателігін анықтау; қателікті тек индентордың тік (жоғарыдан төмен) тұрқында ажырату керек; өлшеудің қателігін мына формуламен есептеп шығару керек: D = [ ( Hcp – Hм) / Нм] x 100% Hcp- қаттылықтың орта мәні. Hм- қаттылықтың куәліктегі мәні. Аспаптың қателігі ±3% тен аспауы керек.
3. Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері. Өлшеу құралы — өлшеулер кезінде пайдаланылатын және нормаланған метеорологиялық қасиеттері бар техникалық құрал. 3Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері.
Өлшеу құралы - өлшеулер кезінде пайдаланылатын және нормаланған метеорологиялық қасиеттері бар техникалық құрал. ’’Сапа көрсеткіші ’’’ (Показатель качества; quality factor) - бұйым сапасының сандық сипаттамасы (программалар үшін - жадтың тұтыну көлемі, аудару уақыты, орындау уақыты, сенімділігі, аяқталғандығы, дәлдігі және т.б.) Өлшеу жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ қасиеттері метрологиялық сипаттамалары деп аталады, оларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Сезімталдылық - сезімталдық дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы. 2. Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген өлшеу жүргізу аралығы. Метрологиялық емес сипаттамаға сенімділік көрсеткіші, электрлік беріктілігі (изоляция беріктілігі), климаттық, механикалық әсерлерге беріктілігі жатады.
Билет №5
1. Өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша өлшеу түрлері. Өлшеу – деп өлшенетін шаманың онымен бірлігімен байланысын анықтауды және бұл шаманың мәнін табуды қамтамасыз ететін физикалық шама бірлігін сақтаушы техникалық құралды қолдану бойынша операциялардың жиынтығын айтады. Өлшеу өнімнің нормативті құжат талаптарына сәйкестігінің негізгі ақарат көзі болып табылады. Тек қана өлшеу ақпаратының шынайылығы мен нақтылығы өндірістің кез-келген сатысында өнімді сынау, ғылыми-зерттеу жұмыстарында т.с.с. кезеңдерде өнімнің сапасы туралы дұрыс шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.Өлшеу классификациясы: а) Бақылау саны бойынша: бірретті өлшенетін өлшеулер – бір рет орындалатын өлшеу. Бұл өлшеудің кемшілігі дөрекі қателікті мүмкіндігі; көпретті өлшенетін өлшеулер – нәтижесі бірнеше өлшеуден алынатын яғни бірнеше біррет өлшенетін өлшеулерден тұратын бір мөлшердегі физикалық шамаларды өлшеу; Көбінесе олардың саны n ≥ 3. Көпретті өлшенетін өлшеулер өлшеу нәтижесіне әсер ететін кездейсоқ факторлар әсерін азайту үшін қолданылады. б) дәлдік айырмашылығы бойынша: дәл өлшеулер – дәл СИ жүйесі бойынша бірдей шарттарда орындалған шаманы өлшеу тәртібі; дәл емес өлшеулер – СИ жүйесімен дәл емес және әртүрлі шарттармен орындалған шаманы өлшеу тәртібі; в) өлшеу нәтижесінің түрі бойынша: абсолютті өлшеу – бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу және физикалық коснтант мәндерін қолдануға негізделген өлшеу; салыстырмалы өлшеу – шаманың бірлік қызметін атқаратын бір аттас немесе бір шаманың екінші шамадан өзгеруін есептеу; г) өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша: тікелей өлшеу – ізделінді физикалық шаманың мәнін тікелей тыс шамалардың қатысынсыз алынатын өлшеу; жанама өлшеу – бұл ізделінді физикалық шаманың мәнін басқа физикалық шамаларды өлшеу арқылы алынатын өлшеу; жиынтық өлшеу – бір уақытта жүргізілетін ізделінді өлшем шамасы теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын бірнеше өлшеу шамаларын өлшеу; бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немес бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу; д) өлшенетін физикалық шаманың өзгеру түрі бойынша: статикалық өлшеу – уақыт бойынша өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес алынатын физикалық шаманы өлшеу; динамикалық өлшеу – өлшемі бойынша өзгеретін физикалық шаманы өлшеу; е) қолданылатын өлшеу құралдарының метрологиялық тағайындалуы бойынша: техникалық өлшеу – жұмыстық өлшеу құралдарының көмегімен өлшеу; метрологиялық өлшеу – физикалық шаманың бірліктерін жұмыстық өлшеу құралдарына өткізу мақсатымен эталондық өлшеу құралдар көмегімен өлшеу; Өлшеу нәтижелері шама мәнін текжуықтап қана бағалайды, өйткені тіпті ең дәл өлшенетін құрылғылар өлшеу шамасының нақты мәнін көрсете алмайды. Өлшеуге әр түрлі факторлар әсер ететіндіктен міндетті түрде өлшеу қателігі болады. Олар өлшеу әдісі өлшеу жүргізілетін құралдар және бақылаушының қабылдауына тәуелді. Өлшеу нәтижесінің дәлдігі – өлшеу нәтижесінің қателігінің 0-ге жақындығын білдіретін өлшеу сапасының мінездесмесінің бірі. Өлшеу қателігі қаншалықты төмен болса дәлдігі соншалықты жоғары болады. Өлшеу қателігі - ∆х өлшенетін шаманың х өлшем нәтижесінің хі нақты (шын) мәнінен ауытқуы: ∆х=х-х_(і(d)) (2.1)Физикалық шаманың шын мәні – объект қасиетін сандық және сапалық тұрғыдан идялды, яғни табиғи түрінде сипаттайды. Ол біздің танымымыздан тәуелсіз абсолютті шындық болып табылады. Ол тек өлшеу әдістерін шексіз жетілдіру мен шексіз өлшеу нәтижесінің арқасында ғана алынуы мүмкін. Физикалық шаманың нақты мәні – эксперименттен өлшеу арқылы табылады, шын мәнге өте жақын болғандықтан нақты мән ретінде қолдануға болады. Өлшеу қателігі – мына белгілер қатары бойынша жіктеледі: а) сандық мәні бойынша; б) байқалу заңдылығы бойынша; с) пайда болу себебіне байланысты; Сандық мәні бойынша өлшеу қателігі болады. Абсолюттік қателік – өлшенетін шаманың нақты мәнінен өзгешелігін білдіреді. ∆х=х-х_d (2.2) Салытырмалы қателік – абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасымен анықталады. Салыстырмалы қателік салыстырмалы бірлік немесе процент арқылы беріледі. δ= ∆х/х немесе δ= ∆х/х*100% (2.3)Өлшеу қателігі байқалу заңдылығы бойынша – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателіктер болып анықталады. Жүйелі қателік (∆с) – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік. Кездейсоқ қателік – бір шаманы бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер. Дөрекі қателік немесе ауытқулар берілген өлшем жағдайларындағы күткен жүйелік немесе кездейсоқ қателіктерде өте жоғары болатын қателіктер. Пайда болу себебіне байланысты өлшеу қателіктері былай жіктеледі: Тәсілдің қателігі – бұл өлшеу әдісінің жетілмегендігінің, есептеу формаларының дөрекілігінің нәтижесін жұмырлаудың салдарынан пайда болатын қателік. Инструменталды қателіктер – себептері қолданатын өлшем құралдарының қасиеттерінде болып табылатын қателіктер. Субъективті жүйелік қателіктер – адам ағзасының ерекшеліктеріне негізделетін адамның жеке қасиеттері келтіретін қателіктер.
2. Өлшем дәлдігінің көрсеткіштері және өлшем нәтижелерін ұсыну формалары. Қақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің нормативтік негізін, нормативтік құжаттар комплексі құрайды. Олар Қазақстан Республикасындағы қажетті өлшем дәлдігі мен бірдейлікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін регламенттейтін, бірдей нормалар мен ережелерді бекітеді.Қазақсатн Республикаының нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді (6 Қосымша):-шама бірліктерін; -мемлекеттік салыстырып тексеру сызбалары мен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын;- өлшеу құралдарын тексеру құралдары мен әдістерін және калибрлеуін;-өлшеу құралдарының нормаланған метрологиялық сипаттамаларының номенклатураларын;- өлшеу дәлдігінің нормаларын; - өлшем дәлдігінің көрсеткіштері мен өлшеу нәтижелерінің берілу формалары мен әдістерін;- өлшеуді орындау әдістемелерін; -материалдар мен заттардың қасиеті жөнінде мәліметтердің берілуі мен дұрыстығын бағалау әдістемені; -материалдар мен заттардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілеріне қойылатын талаптарын; -материалдар мен заттардың қасиеттері бойынша мәліметтерді сараптау және атестациялау, жобалаушы, құрлымдық және техналогиялық құжаттардың метралогиялық сипаттаманың нормативтік құжаттарын калибрлеу мен салыстырып тексеруді, метрологиялық аттестациялауды, сынауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін; - метрология саласындағы терминдер мен анықтамалардыҚР-ң нормативтік құжаттары мыналарға бөлінеді: -негізгі, яғни нормалар мен ережелерді және жалпы талаптарды бекіту; - қандай да болсын түрдегі өлшемдердің нормалар мен ережелерді және талаптарды регламенттеу;ҚР-ң МӨЖ нормативтік құжаттарына бекітілген тәртіпті қолданылатын мемлекетік стандарттар, халықаралық (аймақтық) стандарттар, ережелер, өлшембірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды өткізу тәртібі мен талаптарды анықтайтын нұсқаулар мен басқа да нормативті-әдістемелік құжаттар жатады.
3. ӨҚ пайдалану тәжірибесінде ӨҚ дәлдік класы. Өндірісте немесе күнделікті өмірде өлшеу жүргізген кезде дәлдік қажет бола бермейді. Сонымен бірге өлшемдер қателіктерінің мүмкін инструменталды құраушылары туралы белгілі бір ақпарат болуы қажет. Мұндай ақпарат өлшем құралдарының дәлдік класын көрсету арқылы алынады. Дәлдік класы дегеніміз жіберілетін негізгі қателіктің шектерімен анықталатын берілген түрдегі өлшем құралы дәлдігінің жалпы сипаттамасы. Өлшем құралдарына дәлдік класы оны әзірлеу кезінде беріледі. Ол берілген түрдегі өлшем құралының өкілетті партиясын зерттеу және сынау нәтижесінде жасалады. Мұнда жіберілетін қателіктердің шектеріне номер қойылады және өлшеу диапазоны шегінде қателіктерді өлшеу сипатына байланысты абсолютті, келтірілген немесе салыстырмалы қателіктер түрінде өрнектейді. Келтірілген қателік деп нормаланатын мәннен пайызбен есептелетін салыстырмалы қателік аталады. Әдетте нормаланатын мән ретінде шкаланың соңғы мәні алынады. Жіберілетін абсалютті қателіктердің шектері мына формулалармен анықталады: ∆=±α н/е ∆=(α+βх). Мұндағы : х- өлшенетін шаманың мәні, а, б – х-ке тәуелді емес оң сандар. Жіберілетін келтірілген негізгі қателіктердің шектері мына формуламен анықталады, γ=∆∙100Xn=±ρ%. Мұндағы: Хn-x өрнектелген бірлікте келтірілген нормаланатын мән, әр стандартталған мәндер тіздегінен таңдалатын өлшемсәсәз мән оң сан. Бұл дегеніміз өлшенетән шаманың мәні есептегіш құрылғының көрсеткішінің жоғарғы шегінен сәйкес пайыз саннан артық болмайды.
Билет №6
Физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Физикалық шаманың бірлігі ­ сандық мәні шартты қойылған бірлікке тең және біртекті физикалық шамаларды сандық сипаттау үшін қолданылатын, белгіленген өлшемнің физикалық шамасы. Физикалық шаманың бірлік өлшемі мемлекеттің метрологиялық органдармен анықталып белгіленеді. Туынды бірліктер когеренттік және когеренттік және когеренттік емес болып екіге бөлінеді. Когеренттік дегеніміз көбейткіш саны бірлікке тең болатын, басқа жүйенің бірліктерімен теңдеу арқылы байланысқан, физикалық шаманың туынды бірлігі. Мысалы, жылдамдық бірлігі түзусызықты және тең өлшемді қозғалыс нүктелерінің жылдамдығын анықтайтын теңдеу арқылы түзіледі: V=LT, мұндағы L – жүрілген жолдың ұзындығы, t – қозғалыс уақыты. СИ жүйесінде L және t бірліктерінің орнына v = м/с беріледі. Демек жылдамдық бірлігі когеренттік болып табылады. Физикалық шама бірліктері жүйелік және жүйелік емес болып бөлінеді. Жүйелік бірлік – қабылдаған жүйелердің біреуіне кіретін физикалық шама бірлігі. Барлық негізгі, туынды, дәрежелік және еселік бірліктер жүйелік бірліктер болып табылады. Жүйелік емес бірліктер – ол ешқандай бірліктер жүйесіне кірмейтін физикалық шама бірліктері. Жүйелік емес бірліктер СИ бірліктеріне қатынасы бойынша түрге бөлінеді: СИ бірліктерімен тең жіберілетіндер, мысалы, секунд; көлемдікі – литр және т.с.с. Физикалық шаманың бірлігі – бұл белгіленген мөлшердің физикалық шамасы, оған біртекті физикалық шамаларды сандық өрнектеу үшін қолданылатын, бірге тең, сандық мән шартты түрде берілген. Оған негізгі шаманың өлшемдігі шығарылған дәреженің көрсеткіші, өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Егер барлық өлшемділік көрсеткіштері нөлге тең болса, онда мұндай шаманы мөлшерсіз деп атайды. Тәуелсіз шамалармен және олардың функцияларымен құрылған, физикалық шамалардың жиынтығы физикалық шамалар жүйесі деп аталады. Негізгі деп аталатын, бірнеше физикалық шамалар ерікті түрде; олардың арасындағы байланыс теңдеулерінің негізінде анықталатын, қалған туындылармен анықталады. Қабылданған принциптерге сәйкес физикалық шаманың негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы физикалық шама бірліктерінің жүйесі деп аталады. Негізгі физикалық шаманың бірлігі берілген жүйенің негізгі бірлігі болып табылады. “Физикалық шамалар бірліктері МӨЖ” МЕСТ 8.417-81 ӨЖ бірліктерінің жүйесі пайдаланылады, онда 7 негізгі және 2 қосымша бірліктер қабылданған. Туынды бірлік – теңдеуді негізгі бірліктермен байланыстыратын, осы теңдеумен құрылған бірліктер жүйесінің туынды физикалық шамасының бірлігі.
Физикалық шамалардың еселік және үлестік бірліктерін ажыратады. Еселік – бұл жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе артатын, физикалық шама бірлігі. Үлестік – бұл физикалық шама бірлігі, оның мәні жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе кем болады. Физикалық шама бірліктерін ұдайы өсіру және олардың мөлшерлерін беру. Өлшеулер бірлігі туралы ұғым Өлшеулер жүргізу кезінде олардың бірлігін қамтамасыз ету қажет. Өлшеулер бірлігі - өлшеулер сапасының сипаттамасы, оның нәтижелері заңдастырылған бірліктермен өрнектеледі, олардың мөлшерлері белгіленген шекте ұдайы өсірілген шамалардың мөлшерлеріне тең, ал өлшеулер нәтижелерінің қателіктері берілген ықтималдықпен белгілі болады және белгіленген шектен шықпайды. Бірлік ғылым мен техникаға қажет, кез-келген дәлдік кезінде қамтамасыз етілу керек. Мемлекеттік деңгейде өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің стандарттарымен немесе метрологиялық қызмет органдарының нормативтік құжаттарымен регламенттеледі. Физикалық шаманың бірлігін ұдайы өсіру – мемлекеттік эталон немесе өлшеудің алғашқы үлгілік құралы арқылы ең жоғары дәлдікпен физикалық шама бірлігін материалдандыру бойынша операциялар жиынтығы. Негізгі бірлікті ұдайы өсіру – бірліктің анықталуына сәйкес өлшемі бойынша белгіленген физикалық шама бірлігін ұдайы өсіру. Мемлекеттік бірінші реттік эталондардың көмегімен жүзеге асырылады. Туынды бірлікті ұдайы өсіру – өлшенетін шамамен функционалды байланысқан, басқа шамаларды жанама өлшеу негізінде көрсетілген бірліктер-дегі физикалық шаманың мәндерін анықтау. (Мысалы: F=m*g механика теңдеуі негізінде Ньютон күші бірлігін ұдайы өсіру). Физикалық шама бірліктері жүйелік және жүйеден тыс деп бөлінеді. Жүйелік – қабылданған жүйелердің біреуіне кіретін, физикалық шама бірлігі. Барлық негізгі, туынды, еселік және үлестік бірліктер жүйелік болып табылады. Жүйеден тыс бірлік – қабылданған бірліктер жүйелерінің бір де біріне кірмейтін, физикалық шама бірлігі.
ӨЖ жүйесінің физикалық шамаларының негізгі және қосымша бірліктері. СИ жүйесінің 7 негізгі бірліктері бар, олар: ұзындық – метр (м), масса – килограмм (кг), уақыт – секунд (с), ток күші – ампер (А), термодинамикалық температура – кельвин (К), жарық күші – кандела (кд), зат мөлшері – моль (моль). Метр – ол вакуумдағы жарық 1/299079204580секундта өтетін қашықтық. Киллограмм қазіргі уақыттаплатина және иридия балқымалы цилиндр болып табылатын, халықаралық түп нұсқалы килограммның массасы. Секунд – цези – 133 атомының негізгі күйі екі нәзік деңгейлердің арасындағы өткелдерге тиісті 9 192 631 770 сәулелену мерзімдері. Ампер – өткізгіштің әр аумағында 2·10-7 Н тең 1 м қашықтықтағы күштің өзара әрекетін шақыратын, вакуумда біреу екіншісінен 1 м қашықтықта орналасқан екі шексіз ұзын параллель өткізгіштер және айналма көлденең қиманың аз ауданы бойынша өту кезінде ауыстырылмайтын тоқ күші. Температура Т – жылулық процестердің сипаттау кезінде қолданылатын бас физикалық шамалардың бірі. Температура Кельвинмен өлшенеді. Бір Кельвин судың үш еселі нүктесінің термодинамикалық температурасының 1\273, 16 бөлігіне тең. Канделла – 540·1012 Гц жиіліктегі монохроматикалық сәулелерді шашырататын берілген қор бағытының жарқ күші, осы бағытта сәулеленудің энергетикалық күші 1/683 Вт·ср-1 құрайды. ӨҚ жүйенің соңғы негізгі бірлігі – моль, ол 1971 жылы өлшеу және салмақтар бойынша ХІV Бас конференциясында бірінші алты бірлікті енгізгеннен кейін 11 жыл өткен соң қосымша енгізілген болатын. Моль – көміртек құрамында 12 массалық 0,0012 қг бар болса, сонша құрылымдық элементтерде болатын жүйе заттарының саны.
         СИ жүйесінің екі қосымша бірлігі бар, олар: жазық және кеңістік бұрыштарының өлшемдері. Жазық бұрыш бірлігі – радиан (рад), кеңістік бұрыштікі – стерадиан (ср). Радиан – бұл жазық бұрыштың өлшем бірлігі – доғасының ұзындығы радиусқа тең, дөңгелектің екі ралиустың арасындағы бұрышы. Тәжірибеде көбінесе градус ( 1° = 2π/360 рад = 0,017453 рад ), минут ( 1' = 1°/60 = 2,9088 · 104 рад ) және секунд ( 1'' = 1'/60 = 1°/3600 = 4,8481 · 10-6 рад) қолданылады. 1 рад = 57°17'45'' = 57,2961° = ( 3,4378 · 103)' = ) 2,0627 · 105)'' сәйкес. Стерадиан – бұл бұрышты өлшейтін бірлік – сфераның ортасында бұрыштың төбесімен, сфера үстінен кесетін аудан, сфераның радиусына тең, квадрат жағынан тең аудан.
Өлшеуді орындау әдістемелері. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.
3. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. Өлшеу құралдарын қолдану кезінде шығу сигналындағы өлшенетін шама туралы информацияның оның шын мәніне сәйкестік дәрежесін білу керек. Осы мақсатта әрбір өлшеу құралы үшін белгілі бір метрологиялық сипаттама енгізіледі және нормаланады. Метрологиялық сипаттама бұл - өлшеу нәтижесі мен оның қателігіне әсер ететін өлшеу құралы қасиетінің сипаттамалары. Нормативті-техникалық құжатта көрсетілетін сипаттамалар – нормаланатын, ал эксперимент түрінде анықталатын сипаттамалар – нақты деп аталады. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдау принциптері мен нормалауды құрастыру кезінде бірқатар ережелерді ұстану керек:
1. Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар мен инструменталды қателіктер арасында байлаланыс болу керек; 2.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау бір теорияны ұстану керек; 3.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар кез-келген өлшеу мәселелерін шешуге болатын және осы сипаттамаларға сәйкестігіне өлшеу құралдарын бақылауды жеңіл жүргізуге болатын түрде өрнектелу керек; 4.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеудің инструменталды қателіктерінің қосындысын табу және статистикалық біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек; 5.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралдары жұмысының тәртібі мен қолдану шартына инвариантты болу керек және тек оның қасиетін бейнелеу керек; 6.Нормативті-техникалық құжатта жүргізілетін нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралының жеке экземплярының қасиетін ғана емес, берілген типті өлшеу құралдарының барлық жиынтығының қасиетін сипаттайды.
Өлшеу жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ қасиеттері метрологиялық сипаттамалары деп аталады, оларға мыналарды жатқызуға болады: 1.Сезімталдылық - сезімталдық дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы яғни: 2.Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген өлшеу жүргізу аралығы.  Нормалау деп өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының іс жүзіндегі мәндері олардың номиналды (нақты) мәндерінен рұқсат етілген шекке дейін ғана ауытқуын анықтауды айтады. Метрологиялық сипаттамаларды нормалау арқылы олардың бірін-бірі ауыстыра алатындығы мен өлшемнің бірегейлігі қамтамасыз етіледі. Метрологиялық сипаттамалардың реалды мәндері (іс жүзіндегі мәндері) өлшеу құралдарын жасау кезінде анықталады, содан соң жұмысқа пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады. Егер сипаттамалардың біреуі талапқа сай келмейтін болса, онда мұндай өлшем құралы қайта жөндеуге жіберіледі, не мүлдем қолданудан шығарылады. Метрологиялық сипаттамаларға қойылатын нормалар (талаптар) стандарт арқылы тағайындалады. Сөйтіп өлшем құралының нормаланған жағдай мен жұмыс жағдайында қолданылу айырмашылығы белгіленеді. Өлшем құралдарының қолданылуының нормаланған жағдайы мен жұмыс жағдайы олардың нормативтік-техникалық құжаттарында көрсетіледі. Нормаланған жағдайда метрологиялық сипаттамалардың мәндері әсер етуші факторларға тәуелсіз болады. Өлшем құралдарының көптеген типтері үшін нормаланған жағдайда температура - (293±5) К, салыстырмалы ылғалдық - (65 + 15)%, ток кернеуі - 220 В± 10 %. Нормаланған жағдаймен салыстырып қарағанда, жұмыс жағдайында әсер етуші шамалардың өзгерісі көбірек, сондықтан метрологиялық сипаттамалар әсер етуші факторларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Жұмыс жағдайынан тыс шектерде метрологиялық сипаттамалардың мәндері белгісіз.
Билет №7
1.Физикалық шамалардың Халықаралық бірліктер жүйесі. Ғылымда, техникада және күнделікті өмірде адам бізді қоршаған физикалық объектілердің әртүрлі қасиеттерімен кездеседі. Бұл қасиеттерге объектілердің бір-бірі арасындағы өзара әсерлесу процестері жатады. Олар тікелей физикалық шамалармен беріледі. Әрбір объект үшін физикалық шамамен берілген қасиеттерін мөлшерлі көлемде орнату үшін метрологияда олардың өлшемдері мен мәндері деген ұғым енгізілген. Физикалық шаманың өлшемі – берілген объектінің “физикалық шама” деген ұғымға сәйкес алынған қасиетінің мөлшерлі мәні. Мысалы, әрбір дененің нақты бір массасы болады, осыдан денелерді массасы бойынша ажыратуға болады, яғни бізді қызықтыратын ФШ-ның өлшемі бойынша. Физикалық шаманың мәні – ол оның бірлігі түрінде алынған қандай да бір сан түрінде берілген өлшемін бағалау. Оны өлшеу нәтижесін немесе ФШ-ның Q мәнін q санды мән мен өлшем бірлігі таңдап алынған [Q] араларын байланыстыратын Q = q[Q] негізгі өлшеу теңдеуіне сәйкес есепті шешу нәтижесінен аламыз. Өлшем бірлігіне байланысты ФШ-дың сандық мәні өзгереді де, өлшемі сол күйінде қалады. Физикалық шамалардың бірліктері – бұл белгілі өлшемдегі ФШ, оның өлшемі бірге тең, ол біртекті ФШ-ды мөлшерлі түрде беру үшін қолданылады. ФШ бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік метрологиялық басқармалардың заңға сәйкес бекітілген жолдарымен қойылады. Жалпы еркін түрде негізгі деп аталатын бірнеше ФШ дә-лелденген, қалған туынды деп аталатын шамалар негізгі бірліктер-мен арасындағы белгілі бір байланыс теңдеуі негізінде анықтала-ды. Туынды шамаларға мысал болып: заттың тығыздығы, ол көлем бірлігі болып табылады және заттың массасы ретінде анықталған, уақыт бойынша жылдамдықтың өзгеруінің үдеуі және т.б. жатады. Физикалық шамалар жүйесінде негізгі шамалардың символдары қолданылады. Мысалы, негізгі шамалар болып ұзындық (L), масса (М) және уақыт (Т) алынатын механикалық шамалар жүйесі LMT жүйе деп аталады. ФШ-дың ережелерге сәйкес алынған негізгі және туынды бірліктер жиынтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады. Негізгі ФШ-дың бірлігі жүйенің негізгі өлшем бірліктері болып табылады. Қазіргі уақытта дүние жүзінің көптеген мемлекеттері халықаралық бірліктер жүйесі – SI жүйесіне біріккен.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген мемлекеттік өлшеу жүйесіні негізгі шамаларға сәйкес LMTIQNJ белгілерімен белгіленуі тиіс, олар: ұзындық (L), масса (М), уақыт (Т), электр ток күші (І), температура (Q), заттың мөлшері (N) мен жарық күші (J). Халықаралық бірліктер жүйесі құрамына екі қосымша бірліктерде кіреді, олар:Жазықтықтағы бұрыштың (плоский угол) бірлігі – радиан (рад) - доғасы радиус ұзындығына тең болатын шеңбердің екі радиустері арасындағы бұрыш, оның мәні 57°17'48" бұрышына тең. Екінші қосымша бірлік кеңістіктегі бұрыштың (телесный угол) өлшем бірлігі - стерадиан (ср) – төбесі сфера центріне орналасқан және осы сфераның биіктігінен қабырғалары сфера радусының ұзындығына тең квадраттың ауданына тең болатын аудан қиятын кеңістіктегі бұрыштың мәні. Кеңістіктегі бұрышты жазықтықтағы бұрышты анықтау және қосымша есептеу жүргізулер арқылы төмендегі формуламен анықтайды: мұндағы Q – кеңістіктегі бұрыш; -сфера ішінде осы кеңістіктегі бұрыш арқылы түзілген конус төбесіндегі жазық бұрыш. 1ср кеңістік бұрышына 65°32' мәніне тең жазықтықтағы бұрыш сәйкес келеді. Қосымша бірліктер бұрыштық жылдамдық, үдеу және де басқа шамаларды өлшеу үшін қолданылады. Негізгі өлшем бірліктерінен басқа да осы негізгі өлшем бірліктерінің арақатынасы арқылы қосымша есептеулер негізінде анықталатын туынды өлшем бірліктерде қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Физикалық шамаларды өлшеу диапозоны өте кең аралықта жүргізіледі, сондықтан өлшеулер кезінде есептеулерді қолайлы ету үшін өлшем бірліктерінің еселік мәндерін пайдалану қабылданған. Негізгі бірліктер саны физикалық заңдылықтар мен анықтамалардың өрнектерінде тұрған коэффициенттер санымен тығыз байланыста. Негізгі бірліктерді таңдап алуға тәуелді және теңдеулерді анықтайтын пропорционалды коэффициенттер фундаментті немесе өмірлік тұрақты деп аталады. СИ жүйесінде оларға гравитациялық тұрақты, Планка тұрақтысы, Больцман тұрақтысы және жарық әсері жатады. Оларды жеке заттардың әртүрлі қасиеттерін сипаттайтын ерекше деп аталатын тұрақтылардан ажырату қажет, мысалы электрон массасы, оның заряды және т. б.
2. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды (ММҚ) таратылуы аясында қолданылатын ӨЖӘ-не арналған құжаттардың тізбесі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргіжеді. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады. Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі. Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері: - өлшем бірліктерінің эталондары; - өлшеу құралдары; - өлшеулерді жүргізу әдістемесі; - өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері. 1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау: 1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай – күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды; 2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды; 3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды. 2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау: жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру; Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай – ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.
3.Өлшеу құралдарының дәлдік класының белгіленуі. Дәлдік класы деп өлшем құралдарының сипаттамаларының жиынтығын айтады, ол негізгі және қосымша қателердің рұқсат етілген шектерімен, және өлшемнің дәлдігіне әсер ететін басқа да қасиеттердің жиынтығымен анықталады Дәлдік кластар өлшем құралдарының әрбір түріне арналған стандарттармен белгіленеді, стандарттарда құралдың метрологиялық сипаттамалары мен олардың нормалануы көрсетіледі. Дәлдік класын анықтаудың тәсілдері "ГСИ өлшем құралдарының дәлдік кластары. Жалпы талаптар" деп аталатын ГОСТ-да (ГОСТ 8.401-80) берілген. Дәлдік класын белгілеу негізгі қатенің шектерін беру тәсіліне байланысты. Негізгі қате деп өлшем құралының нормаланған жағдайда пайдаланылуының жүйелі және кездейсоқ қателерінің қосындысын айтады. өлшеммен ұдайы өсірілетін шаманы дәлдік класы сәйкес аспаптармен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру көбінесе градуирлеу деп аталады. Градуирлеу –өлшеудің үлгілік құралының көрсеткіштеріне сәйкес келетін шкалаға белгілер салу; жинақтың тек бір ғана өлшемі аса дәл өлшеммен салыстырылғанда, ал басқа өлшемдердің мөлшерлері олардың аспаптарда өзара салыстырылуымен анықталғанда, калибрлеу.
Билет №8
1. Өлшеу нәтижелерін алу әдістеріне байланысты өлшеу түрлері. Өлшеу нәтижесін алу тәсілдеріне байланысты өлшеу тура, жанама, бірігіп және тұтас өлшеу болып бөлінеді. Бұлай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болған әдістемелік қателіктерді таңдап алу қолайлығы болып табылады. Тура өлшеу деп шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. Жанама өлшеу – ол шаманың мәнін бірдей жағдайда жүргізілген тура өлшеумен алынған шамалар арасындағы белгілі тәуелділік негізінде өлшеу болып табылады. Мұндай өлшеулердің метролгиялық тәжірибеде маңызды мәні бар. Олардың негізінде, мысалы, алғашқы эталондармен алынған негізгі шамалардың бірліктер эталондарымен жазылған мәндерді орнату.Жалпы жағдайда Y өлшенетін шаманы тура өлшеу арқылы алынған Х1, Х2, …, Хn шамаларымен байланыстыратын тәуелділікті мына түрде беруге болады.Мысалы,  = m/V тығыздықты m масса мен V көлемді тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу; активті R = U/I кедергіні U кернеу мен I токты тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу.F функционалды тәуелділіктің түрі бойынша жанама өлшеуді мына түрлерге бөледі: • сызықты тәуелділікпен, мұндағы Ki – і-нші аргументтің тұрақты коэффициенті; • сызықты тәуелділікпен, мұндағы f(Xi) – кейбір функциялар; • аралас типті тәуелділікпен өлшеу. Y пен X арасындағы байланыстың түрі жанама өлшеу қателіктерінің есебін анықтап береді. Жиынтық өлшеу деп бірнеше біртекті шамалардың бірмезгілде өлшенуін айтамыз, ол кезде олардың белгісіз мәндерін осы шамаларды әртүрлі үйлесімділікте тура өлшеу кезінде алынған теңдеулер жүйесін шешумен табады. Бірігіп өлшеу деп екі немесе бірнеше біртекті шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті орнату үшін бірмезгілде өлшеуді айтамыз. Келтірілген анықтамалардан, бұл екі өлшеу түрлері бір-біріне ұқсас екені көрініп тұр. Айырмашылығы, бірігіп өлшеу кезінде бірнеше біртекті шамалар бірмезгілде анықталады да, ал жиынтық өлшеу кезінде - әртүрлі текті шамалар бір мезгілде анықталады. Дәлділік сипаттамасы бойынша өлшеулер тең дәлдікте және тең емес дәлдікте деп бөлінеді. Тең дәлдікте деп СИ дәлдігі бойынша бірдей және бірдей жағдайларда орындалатын қандай да бір ФШ-ды өлшеуді айтады. Сәйкесінше, тең емес дәлдікте деп СИ ділдігі бойынша әртүрлі (немесе) әртүрлі жағдайларда орындалатын ФШ-ды өлшеуді айтады. Тең дәлдіктегі және тең емес дәлдіктегі өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемелері әртүрлі болып келеді. Өлшенетін шаманың өзгеру байланысы бойынша өлшеулер статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Өлшенетін шаманың өзгеру жылдамдығының әсерінен туған қателіктер динамикалық деп аталады. Статикалыққа өзгеру уақыты барысында өзгермейтін нақты өлшеу есептеріне сәйкес алынған ФШ-ды өлшеу жатады. Динамикалық өлшеулер – ФШ-ның өлшемі бойынша өзгеретін өлшеуді айтамыз. Метрологиялық белгіленуіне байланысты өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді. Техникалық өлшеулер жұмыс істеуші СИ арқылы жүргізіледі. Метрологиялық өлшеулер ФШ-дың бірліктерін олардың өлшемдерін жұмысшы СИ-ге беру үшін көрсету мақсатында орындалады. Метрологиялық өлшеулер кезінде қателіктер қажетті ретпен ескеріледі, ал техникалық өлшеу кезінде алдымен берілген тәжірибелік тапсырманы шешу үшін жеткілікті берілген қателік ескеріледі.
2. ӨЖӘ жасау. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.
3. Өлшеу құралдарының тұрпатын тағайындау, сынау және сынау түрлері. Метрология құралдары – бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттардың рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ететін жиынтығы. Өлшеудің ғылыми аспектісінде олардың көмегімен ғылымда теория мен тәжірибенің байланысы жүзеге асырылады. Өлшеу басқару немесе бақылау объектісі жөніндегі мөлшерлі ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді, техникалық процестің барлық берілген шарттарын дәл көрсету, бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және объектіні тиімді түрде басқару мүмкін емес.Берілген оқу құралы өлшеу мен құралдарын таңдап алу, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауға байланысты өндірістік және ғылыми есептерді шешу үшін қажет білімдер мен дағдылық негіздерін беретін мәселелер қарастырылған. Өлшеу техникасы метрологиялық эксперименттер жасау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және метрологиялық жұмыстарды стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ережелерін оқытатын ғылым ретіне де көзқарас қалыптастырады.«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т.б.) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады. Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады. Метрология және өлшеудің негізі ғылыми-өндірістік мәслелелерді шешу барысында қажетті өлшеу әдістерін, жабдықтарын дұрыс, нақты таңдауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар негізін үйрету.Сынаy деп объектінің сандық және сaпалық cипaттамаларын экcпери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым мокеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеy және өндіру процecтері. Сынаудың негізгі белгілері мынaлар болып табылaды: - oбъект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы нeмесе ақауланғaндығы туралы шeшімді қабылдау; - cынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру. Сынаyлар шарттары - сынаулар кезінде әсер етуші фактоpлаpдың және (нeмeсe) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нoрмативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олаp әр түрлі белгілер бойынша жіктeледі: - тaғайындалyы бойынша олaр зерттеуші, бaқылаушы, салыстырyшы және анықтаушы болып бөлінеді; - жүргізу деңгейі бойыншa: мемлекеттік, вeдомство аралық және ведомстволық; - сыналaтын өнімді әзірлеу кезeңдерінің түрі бойынша: алдын алa және қабылдаушы; - дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, пеpиодтық, типтік. Сынаудың мақсаты - номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау. Сынау нәтижесі - бұл объект қасиеттеpінің cипаттамaларын анықтау, объектінің оның берілген талaптарына cәйкеcтігін анықтaу. Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқcaстық бар, біpақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады. Бaқылау - бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талaптарғa немесе нормaлaрға cәйкестігін анықтаy процеcі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдaйы өсіру операциясынaн және бақылаy нәтижесін салыстыpy мен анықтаудан тұрaды. Өлшеу мен бақылaудың айырмашылықтары келесідeн тұрады: - өлшеу нәтижесі - сандық сипаттама, ал бaқылаy - сапалық; - өлшey өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау - мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасындa; - өлшеудің негізгі сипаттaмасы - дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық бoлып тaбылады. Бaқылау аспаптарын шаманың өлшенeтін параметpлерінің күйін тексерy үшін ғана қолданады. Бақылaу бір параметpлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер eту түpіне бaйланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау aca кең тaралған, оның нәтижeлеpі "жaрамды, жарамсыз, ақау" пaйымдаулapы болып тaбылады. Рауaлы бақылау кезіндe шекті рауалы мәндер салыстыpылaды. Электростатикалық жүйенің аспаптары жоғары вольтты сынау құрылғыларында үлкен кернеулерді өлшеуге қолданылады (киловольтметрлер).
Билет №9
1. Бірретті және көпретті өлшеулер. Абсолютті және салыстырмалы өлшеулер. Өлшеу классификациясы: а) Бақылау саны бойынша: бірретті өлшенетін өлшеулер – бір рет орындалатын өлшеу. Бұл өлшеудің кемшілігі дөрекі қателікті мүмкіндігі; көпретті өлшенетін өлшеулер – нәтижесі бірнеше өлшеуден алынатын яғни бірнеше біррет өлшенетін өлшеулерден тұратын бір мөлшердегі физикалық шамаларды өлшеу; Көбінесе олардың саны n ≥ 3. Көпретті өлшенетін өлшеулер өлшеу нәтижесіне әсер ететін кездейсоқ факторлар әсерін азайту үшін қолданылады. б) дәлдік айырмашылығы бойынша: дәл өлшеулер – дәл СИ жүйесі бойынша бірдей шарттарда орындалған шаманы өлшеу тәртібі; дәл емес өлшеулер – СИ жүйесімен дәл емес және әртүрлі шарттармен орындалған шаманы өлшеу тәртібі; в) өлшеу нәтижесінің түрі бойынша: абсолютті өлшеу – бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу және физикалық коснтант мәндерін қолдануға негізделген өлшеу; салыстырмалы өлшеу – шаманың бірлік қызметін атқаратын бір аттас немесе бір шаманың екінші шамадан өзгеруін есептеу; г) өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша: тікелей өлшеу – ізделінді физикалық шаманың мәнін тікелей тыс шамалардың қатысынсыз алынатын өлшеу; жанама өлшеу – бұл ізделінді физикалық шаманың мәнін басқа физикалық шамаларды өлшеу арқылы алынатын өлшеу; жиынтық өлшеу – бір уақытта жүргізілетін ізделінді өлшем шамасы теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын бірнеше өлшеу шамаларын өлшеу; бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немес бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу; д) өлшенетін физикалық шаманың өзгеру түрі бойынша: статикалық өлшеу – уақыт бойынша өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес алынатын физикалық шаманы өлшеу; динамикалық өлшеу – өлшемі бойынша өзгеретін физикалық шаманы өлшеу; е) қолданылатын өлшеу құралдарының метрологиялық тағайындалуы бойынша: техникалық өлшеу – жұмыстық өлшеу құралдарының көмегімен өлшеу; метрологиялық өлшеу – физикалық шаманың бірліктерін жұмыстық өлшеу құралдарына өткізу мақсатымен эталондық өлшеу құралдар көмегімен өлшеу; Өлшеу нәтижелері шама мәнін текжуықтап қана бағалайды, өйткені тіпті ең дәл өлшенетін құрылғылар өлшеу шамасының нақты мәнін көрсете алмайды. Өлшеуге әр түрлі факторлар әсер ететіндіктен міндетті түрде өлшеу қателігі болады. Олар өлшеу әдісі өлшеу жүргізілетін құралдар және бақылаушының қабылдауына тәуелді. Өлшеу нәтижесінің дәлдігі – өлшеу нәтижесінің қателігінің 0-ге жақындығын білдіретін өлшеу сапасының мінездесмесінің бірі. Өлшеу қателігі қаншалықты төмен болса дәлдігі соншалықты жоғары болады. Өлшеу қателігі - ∆х өлшенетін шаманың х өлшем нәтижесінің хі нақты (шын) мәнінен ауытқуы: ∆х=х-х_(і(d)) (2.1) Физикалық шаманың шын мәні – объект қасиетін сандық және сапалық тұрғыдан идялды, яғни табиғи түрінде сипаттайды. Ол біздің танымымыздан тәуелсіз абсолютті шындық болып табылады. Ол тек өлшеу әдістерін шексіз жетілдіру мен шексіз өлшеу нәтижесінің арқасында ғана алынуы мүмкін. Физикалық шаманың нақты мәні – эксперименттен өлшеу арқылы табылады, шын мәнге өте жақын болғандықтан нақты мән ретінде қолдануға болады. Өлшеу қателігі – мына белгілер қатары бойынша жіктеледі: а) сандық мәні бойынша; б) байқалу заңдылығы бойынша; с) пайда болу себебіне байланысты; Сандық мәні бойынша өлшеу қателігі болады. Абсолюттік қателік – өлшенетін шаманың нақты мәнінен өзгешелігін білдіреді. ∆х=х-х_d (2.2) Салытырмалы қателік – абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасымен анықталады. Салыстырмалы қателік салыстырмалы бірлік немесе процент арқылы беріледі. δ= ∆х/х немесе δ= ∆х/х*100% (2.3) Өлшеу қателігі байқалу заңдылығы бойынша – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателіктер болып анықталады. Жүйелі қателік (∆с) – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік. Кездейсоқ қателік – бір шаманы бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер. Дөрекі қателік немесе ауытқулар берілген өлшем жағдайларындағы күткен жүйелік немесе кездейсоқ қателіктерде өте жоғары болатын қателіктер. Пайда болу себебіне байланысты өлшеу қателіктері былай жіктеледі: Тәсілдің қателігі – бұл өлшеу әдісінің жетілмегендігінің, есептеу формаларының дөрекілігінің нәтижесін жұмырлаудың салдарынан пайда болатын қателік. Инструменталды қателіктер – себептері қолданатын өлшем құралдарының қасиеттерінде болып табылатын қателіктер. Субъективті жүйелік қателіктер – адам ағзасының ерекшеліктеріне негізделетін адамның жеке қасиеттері келтіретін қателіктер.
2. Өлшеу жүргізу әдістемелерінің құрамы мен жасау реті. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.
3. Қазақстан Республикасында сериялық өндірісте шығарылатын, немесе сырт елден әкелінетін, метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдарын сынақтан өткізу. Метрологиялық тағайындалуына байланысты өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді. Техникалық өлшеулерді жұмыстық өлшеу құралдарымен жүргізеді. Метрологиялық – олардың мөлшерлерін жұмыстық өлшеу құралдарына беру үшін физикалық шамалар бірліктерін ұдайы өсіру мақсатымен эталондардың көмегімен.Өлшеулер нәтижелерінің өрнектеріне байланысты олар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік – бұл физикалық константалар мәндерін пайдалану арқылы бір немесе бірнеше шамаларды өлшеулер. Салыстырмалы – бұл белгілі шаманың бір аттас шамаға қатынасының өзгеруі.Сынау және бақылау туралы ұғым. Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері. Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады: - объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау; - сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру. Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және (немесе) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі: - тағайындалуы бойынша олар зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді; - жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық; - сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын ала және қабылдаушы; - дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік. Сынаудың мақсаты – номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау. Сынау нәтижесі – бұл объект қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау, объектінің оның берілген талаптарына сәйкестігін анықтау. Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқсастық бар, бірақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады. Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады. Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады: - өлшеу нәтижесі – сандық сипаттама, ал бақылау – сапалық; - өлшеу өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау – мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасында; - өлшеудің негізгі сипаттамасы – дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық болып табылады. Бақылау аспаптарын шаманың өлшенетін параметрлерінің күйін тексеру үшін ғана қолданады. Бақылау бір параметрлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер ету түріне байланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау аса кең таралған, оның нәтижелері "жарамды, жарамсыз, ақау" пайымдаулары болып табылады. Рауалы бақылау кезінде шекті рауалы мәндер салыстырылады.
Билет №10
1. Халықаралық СИ жүйесінің негізгі бірліктері. Бірыңғай халықаралық бірлік жүйесі (СИ жүйесі) 1960 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша ХІ Бас конференциясында қабылданған болатын. Біздің еліміздің территориясында СИ бірлік жүйесі 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді.
СИ жүйесінің 7 негізгі бірліктері бар, олар: ұзындық – метр (м), масса – килограмм (кг), уақыт – секунд (с), ток күші – ампер (А), термодинамикалық температура – кельвин (К), жарық күші – кандела (кд), зат мөлшері – моль (моль). Метр – ол вакуумдағы жарық 1/299079204580секундта өтетін қашықтық.
Киллограмм қазіргі уақыттаплатина және иридия балқымалы цилиндр болып табылатын, халықаралық түп нұсқалы килограммның массасы. Секунд – цези – 133 атомының негізгі күйі екі нәзік деңгейлердің арасындағы өткелдерге тиісті 9 192 631 770 сәулелену мерзімдері. Ампер – өткізгіштің әр аумағында 2·10-7 Н тең 1 м қашықтықтағы күштің өзара әрекетін шақыратын, вакуумда біреу екіншісінен 1 м қашықтықта орналасқан екі шексіз ұзын параллель өткізгіштер және айналма көлденең қиманың аз ауданы бойынша өту кезінде ауыстырылмайтын тоқ күші. Температура Т – жылулық процестердің сипаттау кезінде қолданылатын бас физикалық шамалардың бірі. Температура Кельвинмен өлшенеді. Бір Кельвин судың үш еселі нүктесінің термодинамикалық температурасының 1\273, 16 бөлігіне тең. Канделла – 540·1012 Гц жиіліктегі монохроматикалық сәулелерді шашырататын берілген қор бағытының жарқ күші, осы бағытта сәулеленудің энергетикалық күші 1/683 Вт·ср-1 құрайды. ӨҚ жүйенің соңғы негізгі бірлігі – моль, ол 1971 жылы өлшеу және салмақтар бойынша ХІV Бас конференциясында бірінші алты бірлікті енгізгеннен кейін 11 жыл өткен соң қосымша енгізілген болатын. Моль – көміртек құрамында 12 массалық 0,0012 қг бар болса, сонша құрылымдық элементтерде болатын жүйе заттарының саны.
         СИ жүйесінің екі қосымша бірлігі бар, олар: жазық және кеңістік бұрыштарының өлшемдері. Жазық бұрыш бірлігі – радиан (рад), кеңістік бұрыштікі – стерадиан (ср). Радиан – бұл жазық бұрыштың өлшем бірлігі – доғасының ұзындығы радиусқа тең, дөңгелектің екі ралиустың арасындағы бұрышы. Тәжірибеде көбінесе градус ( 1° = 2π/360 рад = 0,017453 рад ), минут ( 1' = 1°/60 = 2,9088 · 104 рад ) және секунд ( 1'' = 1'/60 = 1°/3600 = 4,8481 · 10-6 рад) қолданылады. 1 рад = 57°17'45'' = 57,2961° = ( 3,4378 · 103)' = ) 2,0627 · 105)'' сәйкес. Стерадиан – бұл бұрышты өлшейтін бірлік – сфераның ортасында бұрыштың төбесімен, сфера үстінен кесетін аудан, сфераның радиусына тең, квадрат жағынан тең аудан.
2. Өлшеу қателіктерін бағалау. Қателіктерді бағалау өлшеу нәтижелерінің дәлдігі жөніндегі объективті берілгендерді алу мақсатында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің дәлділігі қателіктермен сипатталады. Өлшеу қателігі нақты математикалық модельмен сипатталады, ол модельді таңдап алу қателіктер жөніндегі априорлы ақпараттар мен өлшеу кезінде алынған берілгендер арқылы дәлелденеді. Таңдап алынған модельдің көмегімен қателіктің сол бір қасиеттерінің мөлшерлі өрнектелуі үшін қолданылатын сипаттамалары мен параметрлері анықталады.  Қателіктердің сипаттамаларын нүктелі және интервалды деп бөлу қабылданған. Нүктеліге кездейсоқ қателіктің ОКА-сы (СКО) мен жүйелі қателіктің модулінің жоғарғы шегі жатады, интервалдыға - өлшеу нәтижесінің анықталмаған шегі жатады. Егер осы шекаралар кейбір ықтималдылықтың жауабы ретінде анықталса, онда олар сенімді интервалдар деп аталады. Егер де қателіктің минималды мүмкін шегін, нақты жағдайда, сондай қателіктерді кездестіре алмасақ, онда олар шекті (шартсыз) интервалдар деп аталады.
3. ӨҚ метрологиялық аттестаттау. ӨҚ аттестациялау. Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2.30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі. Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде: − автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар; − республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар; − осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары; — сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.
Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі. Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады: − өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш; - өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса); − пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде); − өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы; − өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде); − әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса. Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады: − жүйеге техникалық құжаттар (кешендер); − метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар. Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.
Билет №11
1. Халықаралық бірліктер жүйесінің туынды бірліктері. Бірыңғай халықаралық бірлік жүйесі (СИ жүйесі) 1960 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша ХІ Бас конференциясында қабылданған болатын. Біздің еліміздің территориясында СИ бірлік жүйесі 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Туынды бірлік – теңдеуді негізгі бірліктермен байланыстыратын, осы теңдеумен құрылған бірліктер жүйесінің туынды физикалық шамасының бірлігі. Туынды бірлікті анықтау үшін: -оның бірліктері негізгіге қабылданатын, физикалық шаманы таңдау керек; - осы бірліктердің өлшемін анықтау керек; - шамаларды байланыстыратын теңдеуді таңдау керек; - Ке пропорционалдылық коэффициентін бірге (немесе басқа тұрақты санға) теңестіру керек. Туынды бірліктер когерентті және когерентті емес болуы мүмкін. Когерентті деп жүйенің басқа бірліктерімен онда сандық көбейткіш бірге тең болып қабылданған теңдеумен байланысқан, физикалық шаманың туынды бірлігі аталады.
СИ жүйесінің туынды бірліктері. Туынды бірліктер негізгі бірліктерден туындайды. Туынды бірліктер негізгі бірліктермен функционалды байланыста болады. Функционалдық байланысты бейнелейтін математикалық теңдеулерден туынды бірліктер анықталады. Мысалы, жылдамдықтың бірлігі V = S/T теңдеуінен шығады, мұнда V – жылдамдық, S – жүрілетін жолдың ұзындығы (метр), Т – уақыт (секунд), сөйтіп жылдамдық бір секундта қанша метр жол жүргендігімен өлшенеді (м/с); сол сияқты, аудан бірлігі – м2, көлем бірлігі – м3, үдеу – м/с2, т.с.с. Туынды бірліктердің 17 – не белгілі ғалымдардың есімі берілген, олар: джоуль (Дж) – энергия, жұмыс; герц (Гц) – периодтық процесс жиілігі; ватт (Вт) – қуат; ньютон (Н) – күш, масса; паскаль (Па) – қысым, механикалық кернеу; кулон (Кл) – электр мөлшері, электр заряды; вольт (В) – электр кернеуі, электр потенциалы; фарад (Ф) – электр сыйымдылығы; ом (Ом) – электр кедергісі; сименс (См) – электр өтізгіштік; вебер (Вб) – магнит ағыны; тесла (Тл) – магнит индукциясы; генри (Гн) – индуктивтік; беккерель (Бк) және грэй (Гр) – радиоактивтік сәйлелену бірлігі.
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізі. Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз. Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары: - қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі; - ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы - материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы; - қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүесі. Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді.
ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; - өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
Қазақстан Республикасы метрологиясының техникалық негізін мыналар құрайды: - Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметімен қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүесі; - өлшеу құралдары, соның ішінде мемлекет териториясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері; -заттар мен материалдардың қасиеті мен физикалық константалар жөнінде стандартты анықтама мәліметтері. ҚР МӨЖ-дегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар орындалады: - ҚР МӨЖ-ң нормативті құжаттарды жасау мен жетілдіру; - Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, қолдану, сақтау және жетілдіру; - шама бірліктері, мемлекеттік эталоннан өлшеу құралдарына шама бірліктерінің өлшемінің берілуі.
3. Өлшеу құралдарын салыстыру құқығын аккредиттеу (ҚР СТ 7.5, ҚР СТ 7.8). Өлшеу құралын салыстырып тексеру - метрологиялық органдары (сол органдарға өкілеттілігі бар басқа да ұйымдар) өлшеу құралдарының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтап, растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру құқығы белгіленген тұлғаларға ғана беріледі. Аккредиттеу еркін келісім негізінде жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру зертханасының заңды тұлғалық статусы болуы қажет немесе заңды тұлғаның бөлімшесі бола алады.
Салыстырып тексеру зертханасы келесі талаптарды қанағаттандырады: - Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруде өз бетімен шешім қабылдай алатын болуы керек; - Жүктелген міндетті атқару қамтамасыз ететін метрологиялық қызметі болуы қажет; - Салыстырып тексеру жағдайына сәйкес келетін бөлмелердің болуы керек; - Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге қажетті техникалық базалардың болуы қажет; - Салыстырып тексеру жұмыстары сапасының құжатталған жүйесі болуы керек. Метрология және сертификаттау бойынша ұйымдар өкілетті органдарға берілген құжаттардың тобын (бекітілген үлгінің көшірмесі бойынша басшылық жасау, аккредиттеу қызметіне құқық беретін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің тәуелсіз сараптау бағасының актісі) толық қарастырған соң өз шешімдерін шығарады. Осы ұйымдардың шешімі оң болған жағдайда: - Аккредиттеу аттестаты рәсімделеді; - Аккредиттеу саласы бекітіледі; - Салыстырып тексеру зептханасы Реестрінде заңды тұлғаларды тіркеу жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру зертханасында өлшеу құралдары салыстырып тексеру мемлекеттік эталондық шама бірлігіне бағынатын салыстырып тексеру құралдарын қолдана отырып, салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкестік жүргізіледі. Салыстырып тексеру әдістемесін метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары белгілейді және метрологиялық қызметтің заңды тұлғаларының тапсырмасы бойынша өлшеу құралын шығарушы, оны қолданушы немесе пайдаланушы да салыстырып иексеру әдістемесін дайындайды. Салыстырып тексеру әдістемесі міндетті түрде тапсырыс берушімен алдын ала келісіп алынады. өлшеу құралын салыстырып тексеруді аралық уақыттар пайдаланылатыны белгілейді. Келесі болатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мерзімін өндірісте жөндеуден шыққанда, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың жағынан өлшеу құралдарын салыстырып тексеру қажет болғанда, оны салыстырып тексеру зертханасы белгілейді. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қажетті хаттама толтырылады. Егер салыстырып тексеру нәтижесі көрсеткендей өлшеу құралдары қолдануға жарамды деп саналса, онда ол құрал салыстырып тексерілді деген белгімен таңбаланады немесе салыстырып тексерілгені туралы сертификат рәсімделінеді. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру сертификатын рәсімдеу салыстырып тексеруге ұсыныс беріп отырған заңды және жеке тұлғалар үшін қажет және ол міндетті. Салыстырып тексеру зертхананың шешімі бойынша өлшеу құралдары жарамсыз деп санаса, ол құралды өткізіп отырған заңды және жеке тұлғаларға міндетті түрде өлшеудің жүргізілгені туралы хаттаманы береді. Хаттама зертхана басшыларының және оны атқарған қызметшілерінің қолымен расталады. Салыстырып тексеру белгісімен таңбаланатын суреттер төмендегідей: - Салыстырып тексеру жұмысын жасаған метралогиялық қызмет немесе заңды тұлғалары; - Салыстырып тексеру белгісін қолданатын салыстырып тексеру туралы ақпарат береді; - Салыстырып тексеру белгісін әзірлеуді заңды тұлғалардың өздері жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі аяқталғанда салыстырып тексеру белгілері жойылады. Метрологиялық жұмыста әріптестер арасындағы түсінісушілікті орнату мақсатында, жұмыстың мәнін түсіну үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі заңдылық нормалары бекітілген. РФ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында «Өлшем бірлігін калибрлеу» туралы анықтама және калибрлеу процедурасы туралы атап жазылған. РФ метрология институтында калибрлеудің негізгі қаулысын нормативтік құжаттарды жасауды ұсынған.
Билет №12
1. Еселі және үлес бірліктері. Өлшеулер жүйесі физикалық шамалардың еселік және үлестік бірліктерін ажыратады. Еселік – бұл жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе артатын, физикалық шама бірлігі. Үлестік – бұл физикалық шама бірлігі, оның мәні жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе кем болады. Мысалы, Джоуль – энергия мен жұмыстың нақты өлшемі болып табылады. Ол массаның қозғалысы кезінде атқарылған жұмыс ретінде анықталады да, тұрақты күштердің қозғалуымен 1 граммға тең, ал 1 метр қашықтықта 1 ньютонға тең. Жылудың 1 джоулі калорияның шамамен төрттен біріне және мың бір БТЕ-ге тең. Джоульдің еселі бірліктері мегаджоуль, гигаджоуль, тераджоуль, петаджоуль болып табылады. Джоуль СИ жүйесінде мойындалған жалғыз энергия бірлігі болып табылады. Джоульдің кемшілігі болып оның аз шамасы және соның салдарынан көбейткіш ретінде 10 тең өте үлкен коэффициентті пайдалану қажеттілігі. Дегенмен, СИ жүйесінде үлкен цифрлар мөлшерінен құтылуға мүмкіндік беретін керекті жалғаулар енгізілген. Физикалық шамаларды өлшеу диапозоны өте кең аралықта жүргізіледі, сондықтан өлшеулер кезінде есептеулерді қолайлы ету үшін өлшем бірліктерінің еселік мәндерін пайдалану қабылданған. Еселік көрсеткіш: 1018 экса, 1015 пета, 1012 тера, 109 гига, 106 мега, 103 кило, 102 гекто, 101 дека, 10-1 деци, 10-2 санти, 10-3 милли, 10-6 микро, 10-9 нано, 10-12 пико, 10-15 фемто, 10-18 атто.
2. Шама бірліктерінің эталондары және олардың топтастырылуы. Физикалық шамалар бірліктерінің эталондары деп - бірліктердің дұрыс қайталанымдылығына және оларды сақтауға арналған өлшем құралдарын айтады. Шама бірлігі эталондарының көмегімен дәлдігі төмен өлшем құралдарына бірліктердің размерлері беріледі. Масса бірлігі – килограмның эталоны болып №12 платина – иридий таразы тасы саналады. Ол диаметрі мен биіктігі 39 мм болатын тік цилиндр. Ұзындық бірлігі – метрдің эталоны уақыт бірлігімен (секундпен) анықталады, себебі 1983 жылы өткен Өлшем және Таразы туралы XVII – халықаралық конференцияда қабылданған метрдің жаңа анықтамасы бойынша, 1 метр секундтың 1/299792458 бөлігінде жарықтың вакуумде жүріп өткен жолының ұзындығына тең. Сондықтан уақыт, жиілік және ұзындықтың бірліктері бәріне бірдей ортақ техникалық комплекспен, яғни уақыт, жиілік және ұзындықтың мемлекеттік эталонымен анықталады. Уақыт бірлігі – секундтың эталоны ретінде цезий – 133 атомының негізгі күйінің ең жіңішке екі деңгейі арасындағы ауысуларға сәйкес сәулеленудің 9192631770 – ке тең тербеліс жасайтын уақыт аралығы алынады. Зат мөлшері бірлігі – мольдің эталоны 0,012 г көміртек – 12 атомдарының санына тең атомдары бар жүйенің мөлшері. Электр тогы күшінің бірлігі – ампердің эталоны вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, ұзындығының шегі жоқ, көлденең қимасының ауданы өте аз екі параллель өткізгіш сым арқылы өткенде өткізгіштің әрбір 1 м бөлігінде 2∙10-7 Н күш туғызатын токтың күші. Температура бірлігі – кельвиннің эталоны судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі. Энергия бірлігі – джоульдың эталоны массасы 2 кг, қозғалыс жылдамдығы 1 м/с дененің, немесе массасы 1 кг, қозғалыс жылдамдығы 2 м/с дененің кинетикалық энергиясы. Бірліктерді өте жоғары дәлдікпен көрсететін эталондарды біріншілік эталондар деп атайды. Оларға, мысалы, платина - иридий түп нұсқасы мен эталондық таразылар арқылы алынған масса бірлігі - килограмды анықтауға арналған өлшем құралдарының жиынтығы жатады. Халықаралық СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің көшірмесі орталықтандырылған түрде мемлекеттік эталондардың көмегімен жасалынады. Метрологиялық жұмыстарда екіншілік эталондар көп қолданылады. Олардың мәндері біріншілік эталондар бойынша анықталады. Екіншілік эталондар жергілікті мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін және мемлекеттік эталондардың сақталынуы мен тозбауын қамтамасыз ету үшін жасалынады. Екіншілік эталондар өздерінің метрологиялық қызметтері бойынша эталон – көшірме, эталон – салыстырма, эталон – куә және жұмысшы эталондар болып бөлінеді. Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді. Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады. Эталон - куә мемлекеттік эталонның сақталуын тексеру үшін немесе мемлекеттік эталон бұзылған және жоғалған жағдайда оның орнына пайдалану үшін қолданылады. Жұмысшы эталон бірліктерді сақтау үшін, олардың размерлерін өлшемнің үлгілік құралдарына, ал қажет болған жағдайда өте дәл өлшемдер мен өлшем аспаптарына беру үшін қолданылады. Ұлттық эталондармен қатар, халықаралық эталондар бар, олар Халықаралық Өлшем және Таразы бюросында сақталады. Халықаралық бюро қызметінің бағдарламасы бойынша әр елдің өте ірі метрологиялық лабораторияларындағы ұлттық эталондар бір - бірімен және халықаралық эталондармен салыстырылып отырылады.
3. Салыстырушылар жұмыс орнын жіктеу. Салыстырушылар жұмыс жасайтын орны – қажетті техникалық тәсілдермен қамтылған кеңісітк зонасы. Онда бір немесе бірнеше тексерушілердің еңбек әрекеті жүзеге асырылады.Олар өлшеу тәсілдерін тексеру мен қатар,оларды өңдеу мен тексеру нәтижесін нақтылаумен айналысады. Жұмыс орнындағы жұмысшылар аттестациялану керек. Жұмыс орындары мыналар бойынша классификасияланады: -қолдану сипаты-үнемі және өзгермелі -орындаушы саны-жекелік немесе ұжымдық -қозғалыс деңгейі-стационарлы немесе қозғалмалы -орналасу орны-ішкі территориялы немесе сыртқы территориялы
Текесерушілердің жұмыс орнының аттестациясы мен бағасы суретте берілген. -техникалық деңгейі-Ктех -ұйымдастыру деңгейі-Кұйымдастыру -тексерушілердің жұмыс орнын жоспарлау деңгейі мен еңбек шарттары-К7
Жұмысшыларды аттестациялауды аттестацондық комиссия жүргізеді.Оның құрамын мемлекеттік метрология қызметінің басшысы немесе заң тұлғасындағы метрологиялық қызмет анықтайды.
Техникалық деңгейі бойынша мыналар бағаланады: -техникалық қамту деңгейі-К1 -механизациялау деңгейі-К2 -автоматизация деңгейі-К3. Ктех=(К1+К2+К3)
Ұйымдастыру деңгейі бойынша бағаланады: -тексеру бойынша нормативтік құжат талабын орындау деңгейі,техникалық тәсілдердің қызмет көрсету және эксплуатация деңгейі-К4 -тексерушінің жұмыс орнына артық салмақ түсу деңгейі-К5 -тексерудің,еңбектік шығын нормаларының және нормативтік құжатқа тексерушінің квалификациясының сәйкес келуі-К6. Кұйымдастыру=(К4+К5+К6)\3;
Жоспарлау және еңбек шарттарының деңгейі К7 бойынша бағалана-ды: -тексерушінің алған жұмыс орнының ауданмен сәйкестілігі-0,5 -еңбек пен демалыстың,жұмыс жасайтын ауданның сәйкес кел-
меуі-0. -еңбек шартын ескеріп,демалыспен еңбек режимі-0,5
Тексерушінің жұмыс орнының жалпы бағасы: Кжалпы= (Ктех+Кұйым.+К7) \ 3 Кжалпы <0,7 болса, тексерушінің жұмыс орны аттестацияланбаған\ болыпесептелінеді немесе кері аттестациялануы мүмкін.
Тексерушілердің жұмыс орнын классификациялау. Жұмыс орындарының классификациясы: орналасу орны бойынша, қозғалыс деңгейі бойынша, орындаушы саны бойынша, қолдану сипаты бойынша. Сырттай территория, іштей территория, станционарлы, қозғалмалы, ұжымдық, жекелік, үнемі, уақытша.
Билет №13
1. Өлшеу обьектілері. Қоршаған ортаның барлық объектілері өз қасиеттерімен сипатталады. Қасиет – бұл объектінің (құбылыстың, процестің) бір жағы, ол оның айырмашылығын немесе басқа объектілермен ортақтығын анықтайды және оның оларға деген қатынастарында байқалады. Әр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі. Шама – бұл бірдеңенің қасиеті, ол басқа қасиеттердің арасынан сол немесе өзге тәсілмен ерекшеленуі, соның ішінде сандық бағалануы да мүмкін. Талдау шамаларды 2 түрге бөлуге мүмкіндік береді: нақты және идеал. Идеал шамалар математикаға жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тәсілмен есептеледі. нақты шамалар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық шама – бұл жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерделенетін, материалдық объектілерге тән шама. Физикалық емес шамаларға қоғамдық ғылымдарда: философияда, әлеуметтануда, экономикада және т.б. зерделенетін шамалар жатады. Өлшеу обьектісі болып өз қасиеттерін сипаттайтын физикалық обьект және процесс табылады.•Геометриялық шамаларды өлшеу: ұзындық, диаметр, бұрыш, т.б.•Механикалық және кинематикалық шамаларды өлшеу:масса, күш, айналу жылдамдығы мен үдеуі,деформация, т.б.•Газ бен сұйық параметрлері шамаларды өлшеу: көлем, деңгей,шығу жұмысы, т.б.•Физико-химиялық шамаларды өлшеу: ылғалдылық, қатты, сұйық және газ күйіндегі концентрациялар, электрохимиялық өлшемдер•Жылулық және термодинамикалық шамаларды өлшеу: температура, қысым, жылулық шамалар, циклдық параметрлер•Уақыт және жиілік шамаларды өлшеу: уақытты және уақыт интервалдарын өлшеу, периодты жиіліктегі үрдістерді•Электрлік және магниттік шамаларды өлшеу: ток күші, кедергі, индуктивтілік, т.б.• Радиоэлектронды шамаларды өлшеу: сигнал интенсивтігін, көлем параметрлерін және сигнал спектрлерін, т.б.• Аккустикалық шамаларды өлшеу: ауа,газ және су орталарындағы аккустикалық ш,•Қатты ортадағы, аудиометрия және шу•Оптикалы және оптика- физикалық шамаларды өлшеу:оптикалық қасиеттері бар материалдарды, когеррентті емес оптикалық сәуленің энергетикалық параметрлерін,т.б.•Ионды сәулелену мен ядролық константтарды шамаларды өлшеу радионуклидтердің активтілігі, Ионды сәулеленудің радиометриялық қасиеттері,т.б. Физикалық шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ 16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста – көптеген физикалық шамаларға ортақ, сандық қатынаста олардың әрқайсысы үшін жеке. Физикалық объектілер шексіз алуан түрлілікпен айқындалатын қасиет-тердің көпшілігін иеленеді, олардың кейбіреулерін оларды өлшеу кезіндегі сандардың жиынтығымен анықтау қиын.
2. Қазақстан Республикасының эталондық базасы. 1999-2006 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды iске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгiзуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетiн шамалардың ауқымын кеңейтуге, өлшемдердiң дәлдiгiн жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.Экономиканың, сонымен бiрге ғылым және техниканың дамуы қолданылатын өлшем құралдары паркiнiң үнемi жаңарып тұруын ескертедi. Сонымен бiрге жаңару дәлдiктi жоғарылату және өлшеу ауқымын кеңейту жағында жүредi. Дегенмен, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiне жататын бiрқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиiстi мемлекеттiк эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан (Ресейге, Украинаға) тысқары әкетiледi. Бұл жағдай отандық өнiмнiң әлемдiк рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейдi, республиканың өзiнiң бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр елдерге техникалық және экономикалық тәуелдiлiгiн туғызады. Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету. Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту үшiн мемлекеттiк эталондар және эталондық жабдықтар aлу, қолданыстағы эталондар мен эталондық жабдықтарды жаңғырту және жете жабдықтау қажет. Мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету үшiн қажет: мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ шет елдiк шама бiрлiгiнiң ұлттық эталондарымен салыстыру (салыстырып тексеру) жүргiзу; сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарымен қамтамасыз ету; мемлекеттiк эталондар үшiн шығын материалдарын және қосымша өлшем құралдарын алу; мемлекеттiк эталондарға жөндеу және сервистiк қызмет көрсету; мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру. Халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн олардың шет елдердегi жетекшi метрологиялық институттарда алты айдан кем емес оқуын және ұзақ сынақтан өтуiн жүргiзу қажет. ндалатын өлшемдердiң дәлдiгiн дұрыс бағалауға кепiлдiк беруi қажет. Бағдарламаны iске асыру: халықаралық талаптардың және техникалық аса дамыған елдердiң ұлттық эталондарының дәлдiк деңгейiне сәйкес келетiн эталондар және эталондық жабдықтардың 3 бiрлiгiн жаңартуға және 9 бiрлiгiн сатып алуға; барлық мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеуге және оларға қызмет көрсетуге; мамандарды шет елдердiң жетекшi метрологиялық институттарында оқытуға; өлшем құралдарын және жабдықтарды сынау және метрологиялық аттестаттау жүргiзу сапасын қамтамасыз етуге арналған өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құруға және дамытуға; салыстырып тексеру зертханаларын құруға және дамытуға және әлеуметтiк, экономикалық және саясаттық мәнi бар iс-әрекет саласында пайдаланылатын өлшем құралдары үшiн салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға; заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi арасындағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiне салыстырулар жүргiзуге; Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесiн халықаралық талаптармен үйлестiруге; нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге (өлшеудi орындау әдiстемесi, салыстырып тексеру, өлшем құралдарын калибрлеу, қателiктi және өлшем белгiсiздiгiн бағалау, САД және ҰАД растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi мiндеттерi бойынша, жаңа энергия жинақтаушы технологияларды әзiрлеу, эталондарды және эталондық жабдықтарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар); Эталон орталығындағы барлық технологиялық жабдықтардың үздiксiз және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
3. ӨҚ мөлшерлеу. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері. Тексеру – метрологиялық сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде, өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау операциясынегізгі . Негізгі метрологиялық сипаттама – тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен салыстырумен анықталатын қателік.Мына тексерістерді ажыратады: мемлекеттік және ведомстволық; периодтық және тәуелсіз; кезектен тыс және инспекциялық; кешенді және басқа. Тексеру жүргізудің негізгі талаптары мен тәртібі ПР 50.2.006-96 «МӨЖ. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» ережелерінде келтірілген.Тексеруді метрологиялық қызметтер орындайды; қолдануға жарамды деп танылған өлшеу құралы, тексеру туралы куәлікпен, тексеру таңбасын салумен немесе нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес басқа тәсілдермен ресімделеді.Шаралар мына жолмен тексерілуі мүмкін:- компаратордың (салыстыратын өлшеу құралы) көмегімен аса дәл өлшеммен салыстыру, бұл қарама-қарсы қою немесе орын ауыстыру әдісімен жүзеге асырылады;- өлшеммен ұдайы өсірілетін шаманы дәлдік класы сәйкес аспаптармен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру көбінесе градуирлеу деп аталады. Градуирлеу –өлшеудің үлгілік құралының көрсеткіштеріне сәйкес келетін шкалаға белгілер салу; жинақтың тек бір ғана өлшемі аса дәл өлшеммен салыстырылғанда, ал басқа өлшемдердің мөлшерлері олардың аспаптарда өзара салыстырылуымен анықталғанда, калибрлеу.Өлшеу аспаптарын тексеру мына әдістермен жүргізіледі:- өлшенетін шамаларды және өлшемдермен ұдайы өсірілетін шамаларды тікелей салыстыру. Нәтижелердің ең үлкен айырмашылығы аспаптың негізгі қателігі болып табылады;- сол және бір шаманы өлшеу кезінде тексерілетін және үлгілік аспаптың көрсеткіштерін тікелей салыстыру. Көрсеткіштер айырымы – тексерілетін өлшеу құралының абсолюттік қателігі.Тексеру кезінде үлгілік және тексерілетін өлшеу құралдарының рауалы қателіктері арасындағы оңтайлы ара қатынасты таңдау болып табылады.
Билет №14
1. Өлшеудің негізгі сипаттамалары. Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен физикалық шама мәнін табу. Өлшеуді жүргізу үшін төмендегілер қажет: • Физикалық шама; • өлшеу әдісі; • өлшеу құралы; • оператор; • өлшеуге қажетті жағдайлар. Өлшеу мақсаты – қолдануға ыңғайлы түрде физикалық шама мәнін алу.Кез келген объектілерді жіктеу белгілі бір мақсатпен оындалатын берілген белгілер бойынша шартты топтау болып табылады. Әр түрлі мақсатта бірдей обекттер әртүрлі жіктелуі мүмкін. Өлшеулер бірқатар белгілер бойынша жіктеледі.Кең тараған түрі өлшеу нәтижелерін алу тәсілдері бойынша жіктеу болып табылады. Бұл белгіге сәйкес өлшеу тура, жанама, біріккен және жинақтық болады. Бұндай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау барысында туындайтын өлшеу қателіктерін айқындау әдістемесінің ыңғайлығы болып табылады.Тура өлшеу деп өлшенетін шама мәнін тәкелей өлшеу құралдары көрсеткіштері бойынша табылатын өлшеуді айтады. Мысалы, масса таразы көмегімен өлшенеді, температура термометрмен, кернеу волтметрмен.Жанама өлшеу өлшенетін шама мәнін сол шамамен функционалды тәуелділікте болатын басқа шамаларды тура өлшеу нәтижесі негізінде табылатын өлшеу. Бұндай өлшеулер метрологиялық тәжірибеде маңызды орын алады.Қатар өлшеу – бірнеше бір атты шамаларды бір мезгілде өлшенетін, ізделіп отырған шама мәні тура өлшеу нәтижесінде алынатын мәндер арқылы теңдеулер жүйесін шешу арқылы табылады.Жиынтық өлшеу –бір мезгілде екі немесе бірнеше біртекті емес шамаларды олардың арасындағы функционалды тәуелділікті табу үшін жүргізілетін өлшеу.Өлшеу дәлдігінің сипаттамасы бойынша өлшеулер біртекті және біртексіз болып ажыратылады.Дәлме-дәл өлшеу кез келген физикалық шаманы дәлдігі бірдей өлшеу қүралымен бірдей жағдайда өлшеу.Дәлме-дәл емес өлшеу физикалық шаманы дәлдігі әртүрлі өлшеу құралымен және (немесе) әртүрлі жағдайда өлшеу.
2. Өлшеу құралдары. Өлшеу құралдарының түрлері. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшем бірлікті қамтамасыз ету жүйесінде орындайтын роліне байланысты өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:метрологиялық, метрологиялық мақсаттарға - өлшем бірлікті өрнектеу және (немесе) оны сақтау немесе бірлік өлшемін жұмысшы құралдарына беруге арналған құралдар;жұмысшы, өлшем бірлікті берумен байланысты емес өлшеулер жүргізу үшін қолданылатын құралдар.Автоматтандыру деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары үш топқа бөлінеді: Автоматты емес; Автоматтандырылған өлшем қүралы - автоматты тәртіпте бір немесе өлшенетін операция бөлігін жүргізетін, өлшем қүралы.Автоматты өлшем құралы - өлшем нәтижесінің өнделуімен байланысты олардың тіркелуінің басқарушы дабыл шығыуы мен берілуі адамның көмегінсіз жүргізілетін әлшем және операция, өлшем құралы.Стандарттау деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:Стандартталған өлшем құралы - стаңдарт талаптарына сәйкес дайындалатын және қолданылатын өлшем құралы;Стандартталмаған өлшем қүралы- стандарттау талаптары бұларға қажет емес болып табылатын арнайы өлшеу мәселесін шешуге арналған өлшем құралдары.Өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:Негізгі өлшем құралы - өлшем қүралының сол физикалық шамасының мәнін өлшенетін есепке сәйкес табуға арналған құрал; Қосалқы өлшем құралы - өлшем құралының сол физикалық шамасының мәнін өлшем құралына әсер ету негізінде немесе өлшем объекгісін өлшем нәтижесіңцегі қажетті дәлдікті алу үшін есепке алуға арналған құрал.
3. Қазақстан Республикасының мөлшерлеу жүйесі. Өлшеу жабдықтары мен оның түрлері барған сайын көбейе түсуде және олардың сандық немесе сапалық дамуы өлшеудің біртектілігін қамтамасыз ету аясында болуы керек, яғни өлшеу нәтижесі заңдастырылған өлшем бірліктері мен сипатталуы тиіс. Осыған байланысты - Қазақстан Республикасының мөлшерлеу жүйесі метрологиялық қамтамасыздандыру түсінігі пайда болды, яғни өлшеудің біртектілігі мен қажетті нақтылығына жету үшін техникалық жабдықтарды, ережелер мен үлгілерді қолданудың ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру. Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми негізі метрология - өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және өлшеу кезінде қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылымы болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыздандырудың техникалық негізін: физикалық шамалардың мемлекеттік эталондар жүйесі; физикалық шамалардың өлшем бірліктерін эталондардан барлық өлшеу жабдықтарына үлгі ретіндегі немесе тексеру жабдықтары жүйесі арқылы тасымалдау жүйесі; өлшеу жабдықтарын жасау мен оларды қолданысқа енгізу кезінде олардың біртектілігін қамтамасыз ететін өлшеу жабдықтарын сынақтан өткізудің мемлекттік жүйесі; өлшеу жабдықтарын метрологиялық аттестациялаудың немесе міндетті түрде тексерудің жүйесі; материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымының стандарттық үлгі жүйесі сондай-ақ физикалық константалар, материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымы туралы стандартты анықтамалар жүйесі құрайды. Метрологиялық қамтамасыздандырудың заңдық негізін өлшеудің біртектілігін қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйесі - өлшеудің нақтылыған қамтамасыздандыру, ұйымдастыру және бағалаудың методикасына қатынасы бар ережелердің, шарттардың және нормалардың өзара байланыстылығын бекітетін нормативті- техникалық құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Билет №15
1. МЕСТ 8.417-2002 стандартына сәйкес физикалық шамалардың бірліктері. Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе; физикалық теориялардың негізінде құралған, физикалық шамалардың табиғатта болатын өзара байланысын көрсететін, физикалық шамалардың қандай да бір жүйесінің негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы.Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда, сол шаманы негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін шамалармен байланыстыратын формула қолданылады. Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бірге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары неміс ғалымы Карл Гаусс енгізген. Ол негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне секундты алған. Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады. Бірліктердің СГС жүйесі – үш негізгі өлшем бірлігінен (сантиметр, грамм, секунд: СГС) тұратын физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Ол 1881 жылы электриктердің Парижде өткен 1-халықаралық конгресінде қабылданған. Бірліктердің СГС жүйесі механиканың және электр динамикасының өлшем бірліктерін қамтиды. Алғашында электр динамикасы үшін электрмагниттік (СГСМ) және электрстатикалық (СГСЭ) деп аталатын бірліктердің СГС жүйесінің екі түрі қолданылды. СГСЭ жүйесінің негізіне электр зарядының өзара әсерін, ал СГСМ жүйесінің негізіне магнит зарядының өзара әсерін сипаттайтын Кулон заңы алынады. бірліктердің СГСМ жүйесінде вакуумның магниттік өтімділігі (магнит тұрақтысы): Ұ0 = 1, ал электрлік өтімділігі (электр тұрақтысы) ε0 = 1/с2 с2/м2, мұндағы с – жарық жылдамдығы. Бірліктердің СГСМ жүйесіндегі магнит ағынының өлшем бірлігі – максвелл (Мкс), магнит индукциясының өлшем бірлігі – гаусс (Гс), магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – эрстед (Э), магнит қозғаушы күшінің өлшем бірлігі – гильберт (Гб). Бұл жүйеде электрлік өлшем бірліктеріне атау берілмейді. Ал бірліктердің СГСЭ жүйесінде ε0 = 1, Ұ0 = 1/с2 с2/см2 және онда электрлік бірліктердің атауы болмайды; олардың мөлшерін өлшеу қолайсыз, сондықтан бұл жүйенің бірліктері көбінесе теориялық еңбектерде қолданылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бірліктердің симметриялық (аралас) СГС жүйесі (немесе Гаусс жүйесі) кеңінен қолданыла бастады. Бұл жүйеде Ұ0 = 1 және ε0 = 1. Бұл жүйенің магниттік бірліктері бірліктердің СГСМ жүйесінің бірліктерімен, ал электрлік бірліктері бірліктердің СГСЭ жүйесімен бірдей болып келеді. Бірліктердің СГС жүйесінің негізінде жылу (Цельсий градусын қоса отырып; СГСӘС), жарық (люменді қоса отырып; СГСЛ), радиоактивтілік және иондағыш сәуле (рентгенді қоса отырып; СГСР) бірліктерінің жүйесі құрастырылады. Бірліктердің СГС жүйесінің өлшеу бірліктері физика мен астрономияның теориялық жұмыстарында ғана қолданылады.
2. Эталондар, олардың жіктелуі және түрлері. Өлшеудің ерекше құралы болып эталон табылады.Эталон (фр. etalon) - мөлшерлерін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем. Эталоннан шама бірлігі разрядты эталондарға беріледі, ал олардан - өлшеудің жұмысшы құралдарына беріледі.Эталондар алғашқы, екінші ретті және жұмысшы болып жіктеледі.Алғашқы эталон - ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі деңгейінде өлшеулердің осы саласында мүмкін болатын ең жоғарғы дәлдікпен физикалық шама бірлігін сақтайтын эталон. Алғашқы эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін.Арнайы эталон - алғашқы эталоннан бірлік мөлшерін тікелей беру қажетті дәлдікте жүзеге асырылуы мүмкін емес ерекше жағдайларда бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз етеді және осы жағдайларда алғашқы эталон қызметін атқарады. Ұлттың эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандарты бекітеді. Халықаралық эталонды өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы (ӨСХБ) жасайды және қолдап отырады. ӨСХБ қызметінің маңызды міндеті әр түрлі елдердің ірі метрологиялық лабораторияларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен салыстыру, сондай-ақ оларды өзара салыстыру болып табылады. СИ жүйесінің негізгі шамалары да, туынды шамалары да салыстырылады. Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және килограмм эталондары әрбір 25 жыл сайын, ал электрлік және жарықтық эталондар - 3 жылда бір рет салыстырылады. Алғашқы эталонға екінші және жұмысшы (разрядты) эталондар бағынады.Екінші эталондардың бейнелейтін бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік эталонмен келісіледі. Екінші эталондарды ҚР Мемстандарты, немесе мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар бекітуі мүмкін.Жұмысшы әталондар бірліктің өлшемдерін екінші эталондардан қабылдайды және өз кезегінде өлшемнің жұмысшы құралдарына өлшемді беру үшін қолданылады.Екінші ретті эталон сәйкес физикалық шаманы алғашңы эталонмен салыстыру жолымен алынатын бірлік мөлшерін сақтайды. Екінші ретті эталон салыстырып тексеру жұмыстарына қажет болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік эталонның тез тозуға ұшырамауы үшін жасалады және бекітіледі. Метрологиялық арнаулылығы бойынша екінші ретті эталондардың түрлері:Эталон-көшірме - бірлік мөлшерін жұмысшы эталондарға беруге арналған. Ол алғашқы немесе арнаулы эталонды уақытынан бұрын тозуынан сақтау мақсатында көптеген салыстырып тексерулер жасау қажеттілігі туындағанда әзірленеді. Эталон-көшірме метрологиялық арнаулылығы бойынша мемлекеттік эталонның көшірмесі болып табылады;Салыстыру эталоны - белгілі бір себептермен бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын жағдайларда эталондарды салыстыру үшін пайдаланылады;Эталон-куәгер - мемлекеттік эталонның сақталғандығын және өзгермегендігін тексеруге және оны бұзылған кезде алмастыруға арналған;Жұмысшы эталон - бірлік мөлшерін жұмысшы өлшем құралдарына беру үшін арналған.
3. Шетелдердегі метрология. Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым..батыс еуропа елдерінде аймақтық метрология қызметі, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету сурақтары конституция баптарымен реттеледі. Іс жүзінде барлық елдерде өлшеу бірліктеріне байланысты ғылыми және әдістемелік проблемаларды мемлекеттік мақсаттар мен шешімдер ретінде қарастыру – мемлекеттік метрологиялық институттардың және зертханалардың қызметі. Мысалы, Ұлыбританияның негізгі ғылыми метрология орталығы – Ұлттық физикалық зертхана. батыс еуропа елдеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету және басқа да метрологиялық проблемаларды ЕУРОМЕТ қарастырады. ЕУРОМЕТ – жалпы еуропалық метрология ұйымы. Бұл жұмыстарға Ең көп үлес қосатын Германияның физико-техникалық институты. Германия – еуропалық метрология ұйымдарының белсенді мүшесі. Оның заңды және қолданбалы тәжірибесі халықаралық аспектілерде метрология принциптері мен метрология үрдістерінің дамуын жақсы жетістіктерге жеткізді. Федеральды деңгейдегі метрология негіздері «өлшем бірліктері туралы», «салыстырып тексеру туралы», «медициналық аспаптар туралы» заңмен тағайындалады.
Билет №16
1. Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (ӨБМЖ) стандарттары метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік базасы. Метрологиялық қамтамасыз ету деп өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдарын, ережелері мен нормаларын белгілеп қолдануды айтады. Метрологиялық қамтамасыз етуді стандарттаудың басты мақсаттары мыналар: -елімізде метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аса дәл өлшемдердің әдістері мен құралдарын жасап жетілдіру; -өнімді жобалау мен өндірудің нормаларын, талаптарын және әдістерін белгілеу; -құжаттардың, оның ішінде біркелкіленген (унифицирленген) құжаттардың біріңғай жүйесін белгілеу; -терминдер мен белгілеулердің біріңғай жүйесін жасау; -өнім сапасы көрсеткіштерінің, енімді бақылау мен сынау әдістерінің біркелкі жүйесін анықтау: -өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарының орындалу тәртіптерін белгілеу; -халық шаруашылығы талаптарындағы өзгерістерге сай, заң шығарушы метрологияның ережелеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу; -заң шығарушы метрологияның ережелерінің халық шаруашылығының барлық саласында орындалуын бақылау; -метрологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының өлшем бірегейлігін сақтау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілеу; Мемлекеттік стандарттармен қоса ОБМЖ-нің құрамына салалық, аумақтық стандарттар және техникалық шарттар, нормативтік-техникалық құжаттар кіреді.
2. Стандартты бейнелер. Стандарттау адамның белгілі саладағы әрекетін жүзеге асыру ретін белгілейді және тәжірибедегі ережелерді анықтайды. Стандарттау бойынша жұмыстардың негізгі түрі - стандартты өңдеу және бекіту. Стандарт - стандарттау объектіге қойылатын талаптарды, ережелерді белгілейтін бекітілген ережелік – техникалық құжат. Ол мына түрде болуы мүмкін: - орындалуға жататын бірқатар талаптарды және ережелер-ді құрайтын құжат; - негізгі физикалық бірліктер немесе тұрақтылар (констан-талар) түрінде мысалы, ампер, абсолюттік ноль (Кельвин); - физикалық салыстыру үшін қолданылатын кейбір заттар немесе құбылыстар. Стандарттар категориялар мен түрлерге бөлінеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (МС) республиканың барлық аймақтарында барлық кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен орындалуға міндетті. Салалық стандарт дәл осы саладағы кәсіпорындармен және мекемелермен орындалуға міндетті. Кәсіпорынның стандарты бұл кәсіпорынның немесе кәсіп-орын бірлестікке біріктірген кәсіпорын топқа жататын стандарти-зациялық ережелерді, талаптарды және әдістерді енгізеді. Стандарттаудың негізгі шешетін негізгі мақсаттары мыналар: - өнім мен эксперименттің сапасына қойылатын талаптар-ды белгілеу; - сапа көрстекіштерінің бірыңғай жүйесін белгілеу; - өлшеудің бірлігін және күмәнсіздігін қамтамасыз ету; - мемлекеттік эталондарды құру және мүлде жетілдіру немесе басқа мемлекеттердің эталондарын қолдану ережелерін өңдеу; - физикалық мәндердің бірліктерін қолдану;
3. ТМД мүшесі елдерінде метрология. 1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады. Рессей Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді. Осының нәтижесінде Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды
Билет №17
1. ҚР МӨЖ қарастыратын негізгі мәселелері. Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді. Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді. ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған. ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша): - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; -өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; -өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары: -ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі; -берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру; -өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі; -заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.
ҚР МӨЖ объектілері мыналар: шама бірліктері; - шама бірлік эталондары; - өлшеу құралдары (ӨҚ);
- өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап қою; - өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ); - нормативтік құжаттар (НҚ).
2. Өлшеуіш құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi. метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет; Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімдердің, адамның өмірі мен денсулығы және қоршаған орта үшін, оның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесі үшін процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімдердің, процестердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын іс-әрекеттің алдын алу мақсатында өнімдерді әзірлеу сатысында оның қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Техникалық регламенттің күші таралатын өнімдер мен процестер техникалық регламентте белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.  
Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады. 
2005 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының нормаларын іске асыру мақсатында Комитет 2009 жылы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қауіптерді бағалау жүйесін әзірлеп бекітті, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде сараптамалық топ (бизнес қауымдастық өкілдері) мақұлдады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарында презентацияланды.  Қазіргі таңда мемлекеттік бақылау саласындағы Комитеттің саясатын практикалық іске асыруды Комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы 16 аумақтық департаменті 3 бағыт бойынша жүзеге асыруда: 1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау;  2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау;  3. Тауардың шығарылған елі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау.  1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:  - Республикалық бюджет қаражаты есебінен техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың сәйкестігіне зертханалық сынақтар үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу және сатып алу;  - өнімді өткізу сатысында сәйкестік сертификаты мен декларацияның бар болуын тексеру;  - тауардың затбелгісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты түсіру (таңбалау) бойынша талаптардың сақталуын тексеру.  2. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес Комитет мыналарды:  1) өлшем құралдарын шығаруды, оның жай-күйін және қолданылуын, өлшеулерді орындау әдістемесін қолдануды, шама бірлігі эталонын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;  2) сауда оперцаияларын жасау кезінде шеттетілетін тауарлардың санын бақылауды;  3) өлшеп буу, сату және импорттау кезінде өлшеп буылған тауарлардың санын бақылауды;  4) мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, ту) және олардың бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша лицензияланатын қызметтерді бақылауды қамтитын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады.  3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатаға қатысты олардың тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын жыл сайынғы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында айқындалған. Комитет бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін.  1) сауда қызметінің субъектілері үшін;  2) мемлекеттік метрологиялық бақылау саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін;  3) өлшем құралдарын жасап шығару және жөндеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін;  4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ оның бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін;  5) тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін ҚР заңдары мен Үкімет қаулыларында көзделген бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын тексеру парағының 5 түрін
3. Метрологиялық халықаралық ұйымдар. Өлшем мен салмақ Халықаралық ұйымы (МОМВ). Шама және салмақ жөніндегі бас конференция (ШСБК) 1875 жылы 20 мамырда Парижде 17 мемлекет үкіметтерінің уәкілетті өкілдері «Метрлік конвенцияға» қол қою нәтижесінде құрылды. Қазіргі кезде ШСБК-ның құрамында толық құқықты мүше 51 ел, қауымдасқан мүше – 20 ел бар. Негізгі міндеттері: -шама бірліктерінің бірыңғай халықаралық жүйесін, олардың айқындамалары мен шығарушылық әдістерін құру және ұстау; -шама бірліктерінің халықаралық эталондарын құру және жетілдіру; -өлшем салаларында ғылыми зерттеулер, жаңа дәлдігі жоғары халықаралық эталондарды жасау; -ұлттық метрологиялық институттарда сақталатын ұлттық эталондардың баламалық деңгейін белгілеу. Қазақстан Республикасы Шама және салмақ жөніндегі бас конференцияға (ШСБК) қауымдасқан мүше ретінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте кірді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы № 557 қаулысы).
2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен шама жәнек салмақ халықаралық бюросының арасында «ұлттық өлшем эталондарын және ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшемдердің сертификаттарын» өзара тану туралы келісімге қол (CGPM-MRA) қойылды. Қол қойылған келісім Қазақстанға шама бірліктерін эталондарын халықаралық айыруға қатысуға және республиканың өлшем және калибрлеу мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Келісімнің негізгі мақсаттары: -ұлттық эталондардың баламалық деңгейлерін белгілеу; -ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және  өлшем сертификаттарын өзара тану; -үкіметті және басқа да әкімшілік органдарды халықаралық сауда, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысты барынша кең уағдаластықтар үшін сенімді техникалық база болады.
Билет №18
1. Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқару. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер [9,111]. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының формулировкасы туралы ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау). Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары (1 Қосымша): - қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі; - ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы - материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы; - қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүесі.
2. ӨҚ салыстырып тексеру. ӨҚ салыстырып тексеру түрлері. Өлшем кұралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қьізмет немесе оған уәкілетті органдар орындайтын операциялар жиынтығы. Өлшем құралдарын алғашқы салыстырып тексеру - өлшем құралын өндірістен шығаруда немесе жендеуден кейін, және де өлшем құралдарын шетелден партиялап алып келгенде, сату кезінде жүргізілетін салыстырып тексеру. Өлшем қүралдарын мерзі мді салыстырып тексеру - қолдануда жүрген немесе сақтауда тұрғанда, бекітілген салыстырып тексеру уақыт аралық интервалында жүргізілетін, салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын кезектен тыс салыстырып тексеру - кезекті мерзімді салыстырып тексеру мезгіліие дейін жүргізілетін, олшем қүралдарын салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын инсп екциялық салыстырып тексеру -өлшем құралдарының күйіне және қолдануына мемлекеттік қадағалауды жүргізетін, мемлекеттік метрологшілық қызмет органының жүргізетін, салалық тексеруі. Өлшем құралдарын сараптық салыстырып тексеру - соттың, ирокуратураның, мемлекеттік арбитраждың, атқарушы мемлекеттік органның жазбаша талаптары бойынша , өлшем құралдарының метрологиялық сипатының қолдануға жарамдылығы және дүрыстығының келіспеушілік сұрақтары туындаған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың жазбаша арызы бойынша жүргізетін, олшем құралдарының салалық тексеруі. Өлшем құралдарын бүтіндей салыстырып тексеру -өлшем қүралының метрологиялық сипатын тек өзіне тән қасиеттілігі бойынша анықтайтын, салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын элемент бойынша салыстырып тексеру - өлшем құралының метрологиялық сипатынның мәні оның элементгерімен бөліктерінің метрологиялық сипатымен бекітілетін салыстырып тексеру. Өлшем қүралдарын тандап салыстырып тексеру - партиядан кездейсоқ түрде алынған, оның нәтижесі бойынша партияның барлығының жарамсыздығын туралы ойлауға болатын, өлшем құралының тобын салыстырып іексеру.
3. Метрологиялық халықаралық ұйымдар. Заңды метрологияның Халықаралық ұйымы (МОЗМ). Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық жұмысы екі халықаралық және төрт өңірлік ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар: -Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ); -Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы 12 қарашада Парижде құрылды. Бүгінде ХЗМҰ құрамында толық мүше 59 ел және корреспондент мүше 50 ел бар. Қызметтің негізгі мақсаты - өлшем құралдарын қолданумен және өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен байланысты  туындаған техникалық және әкімшілік проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастық. Негізгі міндеттері: -заңнамалық метрологияның жалпы қағидаттарын айқындау; -оларды біріздендіру мақсатында заңнамалық метрологияның халықаралық маңызды мәселелерін зерделеу; -мүше мемлекеттер тану үшін өлшем құралдарына қажетті сипаттамаларды және қойылатын талаптарды айқындау мен оларды халықаралық практикада қолдану; -өлшем құралдарын қолдаунмен және бақылаумен байланысты үлгілік заңдар мен ережелерді әзірлеу; -оларды қолдану үшін қажетті түсіндірмелері бар әртүрлі мемлекеттерде қолданылатын өлшем құралдары мен оларды қолдану туралы нормативтік құжаттарды аудару және басу. Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗМҰ-дың толық құқылы мүшесі болып табылады («халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы). Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы   Қазақстан Республикасынан ХЗМҰ комитетіне мүше болып табылады.
ХЗМҰ мүшелік Қазақстанға метрология саласындағы халықаралық нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға, республиканың өлшем құралдарын сынау нәтижелерін және метрологиялық қызметті шетелдерде тану үшін негіз құруға мүмкіндік береді.
Билет №19
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Өнім мен қызмет сапасын жоғарылату мемлекеттік мәселе болып табылады және тікелей өндірісте өлшеу күйі мен деңгейімен, бақылаумен, сынаумен және өндірілетін өнімді сертификаттаумен байланысты. Өлшем бірлігі өлшеу нәтижесінде қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақырғы қоғамдық мақсат болып табылады. Халықаралық  деңгейде елде өлшем бірлікті қамтамасыз ету  мемлекеттің басты мақсаты болып табылады.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1993 жылдың 18 қаңтарында «Өлшем бірлік туралы» Қазақстан республикасының заңы қабылданған, ол республиканың метрологиялық инфрақұрылымын басқаруды заңнамалық принциптерге ауыстырып мемлекеттік қадағалаудың келесідей түрлерін орнатты: - өлшеу құралдары типін мемлекеттік сынау және бекіту; - өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау; - өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру; - өлшеу құралдарын дайындау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалға беру жөнінде қызметті лицензиялау; -сату кезінде кез-келген орамадағы өлшеп түйілген тауарлар санын мемлекеттік қадағалау; - өлшеу құралдарын қолдануға жіберуді, күйін және қолдануды, өлшеуді орындау әдістемесін, метрологиялық ережелер мен нормаларды орындауды мемлекеттік қадағалау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен 2000 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданған, ол Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органның «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының моделі негізінде құрылған. Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін орнатады, мемлекеттік басқару органдары, метрологиялық қызмет саласындағы физикалық және заңды тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасы азаматтары мүдделері  мен экономикасын сенімсіз өлшеу нәтижелері салдарынан құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы 7 тарау мен 31 баптан тұрады.
Салыстырып тексеру жүйелері. Өлшеу бірліктерінің өлшемдерін эталонмен жұмысшы өлшеуіш құралдарына дұрыс өткізу үшін салыстырып тексеру жүйелері құрастырылады. Ол метрологиялық эталонның разрядты эталондардың және жүмысшы өлшеу құралдарының бір-біріне тәуелділігін тағайындайджы. Салыстырып тексеру жүйелері мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді: -Мемлекеттік салыстырып тексеру жүйелері мемлекетте қолданылатын өқ осы түрлерінің барлығында қолданылады. -Жергілікті салыстырып тексеру жүйелері министірліктердің метрологиялық органдарында қолданылады, олар тәуелді өнеркәсіптегі өқ-да қолданылады.Мемлекеттік салыстырып тексеру жүйелері ҚР Мемлекеттік стандарттарын бекітеді, ал жергілікті - мемлекеттік метрологиялық қызметтермен немесе өнеркәсіптің басшыларын бекітеді. Нақтылы салыстырып тексеру жүйесін дайындаған кезде белгілі жүйеге сүйенеді.
3. Метрологияның аймақтық ұйымдары. Бүгінгі таңда Қазақстан Метрология бойынша 3 халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады: ХЗМҰ, КООМЕТ ММҰЕВӘ (Мемлекеттік Метрологиялық Ұйымдардың Еуро-Азиялық Әріптестігі), МСК (Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес). 1994 жылы Қазақстан толық мүше ретінде ХЗМҰ кірді. КООМЕТ 1991 жылы Варшавада құрылған. 1992 жылы стандатрттау, метрология және сертификаттау аясында өзара саясат жүргізу мақсатында МСК құрылды. КООМЕТ – аймақтық метрологиялық ұйым – 1991 жылы еуроазиаттық аймақтық елдерде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешуге, ұлттық экономика ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудада техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу мақсатында құрылды. КООМЕТ мүшелері 18 елдің: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, КХДР, Куба, Литва, Молдова, Ресей, Румыния, Словакия, Тәжікстан, Өзбекстан  және Украинаның метрологиялық мекемелері болып табылады. Қазақстан Республикасы 1998 жылғы қарашадан бастап КООМЕТ мүшесі болып табылады. КООМЕТ комитеті құрамына КООМЕТ мүшелері – мемлекеттік метрологиялық мекемелердің басшылары кіретін жоғарғы басқарушы орган болып табылады. Жылына бір рет өткізілетін КООМЕТ комитеті мәжілісінде КООМЕТ қызметін жетілдіру, қатысушы елдер орындайтын бірлескен жобалардан құралатын КООМЕТ жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері шешіледі. КООМЕТ-тің негізгі қызметі: - эталондардың өзара сәйкестігіне жетуге, өлшеуіш аспаптарға және оларды метрологиялық бақылау әдістеріне қойылатын талаптардың ұйғарымдылығына; - ұлттық өлшеу сертификаттарының баламалылығын тануға; - метрологиялық қызметтің жай-күйі туралы ақпаратпен алмасуға; - өзара метрологиялық қызмет көрсетуге жәрдемдесуге бағытталған. КООМЕТ қызметіндегі басты назар эталондар аймағындағы ынтымақтастыққа, әсіресе Халықаралық өлшемдер мен салмақтар Комитетімен (CIPM) бастамашылық етуді жүзеге асыруды қатысуға бөлінді. Ұлттық метрологиялық институттармен (CIPM MRA) берілген калибрлеу және өлшеу сертификаттары мен ұлттық эталондарды өзара тану туралы келісімдер. КООМЕТ-тің жобаларының маңызды саны өлшеу мен калибрлеу мүмкіндіктері туралы мәлімет әзірлеу бойынша,
Билет №20
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады: - мемлекеттік метрологиялық қызмет; - типмпуақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
- басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.
Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді: - шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді; - өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету; - отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету; - материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды: 1) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару; 3) қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді; 4) метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады; 5) өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; 6) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды; 7) өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;
8) өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды; 9) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді; 10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді; 11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;
12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.
2. Өлшегіш құралдардың метрологиялық сипаттамалары және топтастырылуы. Өлшеу құралдарын қолдану кезінде шығу сигналындағы өлшенетін шама туралы информацияның оның шын мәніне сәйкестік дәрежесін білу керек. Осы мақсатта әрбір өлшеу құралы үшін белгілі бір метрологиялық сипаттама енгізіледі және нормаланады. Метрологиялық сипаттама бұл - өлшеу нәтижесі мен оның қателігіне әсер ететін өлшеу құралы қасиетінің сипаттамалары. Нормативті-техникалық құжатта көрсетілетін сипаттамалар – нормаланатын, ал эксперимент түрінде анықталатын сипаттамалар – нақты деп аталады.
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдау принциптері мен нормалауды құрастыру кезінде бірқатар ережелерді ұстану керек: 1.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар мен инструменталды қателіктер арасында байлаланыс болу керек; 2.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау бір теорияны ұстану керек; 3.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар кез-келген өлшеу мәселелерін шешуге болатын және осы сипаттамаларға сәйкестігіне өлшеу құралдарын бақылауды жеңіл жүргізуге болатын түрде өрнектелу керек; 4.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеудің инструменталды қателіктерінің қосындысын табу және статистикалық біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек; 5.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралдары жұмысының тәртібі мен қолдану шартына инвариантты болу керек және тек оның қасиетін бейнелеу керек; 6.Нормативті-техникалық құжатта жүргізілетін нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралының жеке экземплярының қасиетін ғана емес, берілген типті өлшеу құралдарының барлық жиынтығының қасиетін сипаттайды. Өлшеу жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ қасиеттері метрологиялық сипаттамалары деп аталады, оларға мыналарды жатқызуға болады: 1.Сезімталдылық - сезімталдық дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы яғни: 2. Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген өлшеу жүргізу аралығы. 
3.ИМЕКО, ЮНИДО, КОСПАР, ЕВРОМЕТ, ВЕЛМЕТ, ЕАL, КООМЕТ ұйымдарының міндеттері. ИМЕКО – Халықаралық өлшеу техникасы мен аспап жасау бойынша конференция. Оның жұмысының формасы – өдшеу және диагностикалық техниканың даму проблемалары бойынша халықаралық конгрестер мен семинардар жүргізу. ЮНИДО – өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ жүйесін ұйымдастыру, оның басты сақсаты – дамушы елдердің индустриалдануына ықпал ету. КОСПАР – ғарыштық кеңістікті зерттеу бойынша комитет. Өңірлік ұйымдар: -Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-МАҚ; Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МАК) – Тәуелсіз елдер достастығының (ТМД) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үкіметаралық орган. МАК 1992 жылғы 12 наурыздағы «стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге» сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру, көрсетілген қызмет салаларындағы негізгі бағыттарды айқындау үшін құрылды. МАК-тың негізгі функциялары: -стандарттау саласындағы қызметтердің басым бағыттарын әзірлеу; -халықаралық стандарттардың жобаларын бекітуге ұсыну; -стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларды жүргізудің  шығыстар сметасын қарау мен қабылдау.
МАК ИСО-мен, халықаралық электрлік техникалық комиссиямен, Стандарттау жөніндегі Еуропа комиссиясымен және стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтасады. Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады, оның негізгі функциялары: -үкіметаралық келісімдерді және өлшем бірліктерін қамтамасыз етуге қатысты МАК шешімдерін іске асыру жөніндегі ұлттық органдардың қызметін үйлестіру; -өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың  МАК қабылданған ұсынымдарды әзірлеу; -мемлекетаралық эталондарды және үлгілік өлшем құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандарттарының үлгілерін жасау және пайдалану бағдарламалары, физикалық константтар мен заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттар анықтамасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; -ұлттық түпкілікті эталондарға айыру жүргізудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді және өлшем құралдарын салыстырып, тексеруді ұйымдастыру; -МАК-тың басқа да ғылыми-техникалық комиссияларымен, ТМД мемлекетаралық кеңестерінің салалық жұмыс комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау. Метрологиялық қызмет бөлігінде Қазақстан Республикасын МАК кеңесінің мәжілістеріне, МетрҒТК жұмысына, өлшемдердің белгісіздігін бағалау және бұзбайтын бақылау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады. Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы - КООМЕТ; Мемлекеттік метрологиялық Мекемелердің Еуро-Азиялық Ынтымақтастығы (КООМЕТ) 1991 жылы маусымда Варшава қаласында «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойылғаннан кейін құрылды.  Бүгінде 14 ел КООМЕТ метрология мекемесінің мүшесі болып табылады, олар: Беларуссия, Болгария, Германия (қауымдасқан мүше), Қазақстан, Куба, ҚХДР (қауымдасқан мүше), Литва, Молдова, Польша, Россия, Румыния, Словакия, Украина және  Өзбекстан.  КООМЕТ-тегі ынтымақтастық мына салаларда жүзеге асырылады: өлшем бірліктерінің эталондары, заңнамалық метрология, аккредиттеу және сапа менеджментінің жүйесі, ақпарат және оқыту.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары: -шамалардың біркелкілігі, өлшемдердің бірлігі мен олардың нәтижелерінің талап етілетін дәлдігі мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдесу; -ұлттық экономикалардың ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу; Еуроазия мемлекеттерінің метрологиялық қызметтерінің жұмыстарын өңірлердің  осыған ұқсас қызметтерінің жұмысына жақындату, жекелей алғанда EUROMET, EA, WELMEC, АРМР т.б. ұйымдармен өзара мүдделілікке қарай ынтымақтасу. Негізгі міндеттер: -эталондардың өзара сәйкестігіне, оларды метрологиялық бақылау аспаптары мен әдістеріне қойылатын талаптардың келісушілігіне қол жеткізу; -метрологиялық қызмет нәтижелерін куәландыратын ұлттық сертификаттардың баламалығын тану; -метрологиялық қызметтер мен олардың бағыттарының жай-күйі туралы ақпаратпен алмасу; -метрологиялық тақырыптарды бірлесіп әзірлеу; -метрологиялық өзара қызметтер көрсетуге жәрдемдесу. Қазақстан КООМЕТ-ке 1998 жылдың қарашасында кірді. КООМЕТ-ке қатысу жөніндегі жұмысты “ҚазИнМетр” РМК www.kazinmetr.kz. жүзеге асырады. Институттың мамандары КООМЕТ-тің 13 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады. Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық-СӨҚ Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық (СӨҚ) Анкара қаласында 2005 жылғы 9-11 қыркүйекте өткен халықаралық конференцияның шешімі нәтижесінде 1991 жылдың қыркүйегінде құрылды. СӨҚ-ке 18 ел кіреді, олардың ішінде Адыгей, Албания, Әзірбайжан, Башкұртстан, Дағыстан, Грузия, Кабардино-Балкария, Қазақстан, Қырғызстан, Краснодар, Солтүстік Кипрдің Түрік республикасы, Маңголия, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Туркия  және Түркіменстан. СӨҚ қызметінің негізгі мақсаттары: -тауарлармен және қызметтермен алмасуды қамтамасыз ету үшін СӨҚ мүшелерінің арасындағы метрологияны дамыту; -зияткерлік, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласында ынтымақтастықты дамыту; -мамандардың біліктілігін арттыру және бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу. Қазақстан СӨҚ-ке 1992 жылы кірді. СӨҚ Бас Кеңесінің Қазақстаннан техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы мүше болып табылады.  «КазИнМетр» РМК www.kazinmetr.kz СӨҚ БК техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады. Метрология,аккредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы - МКС-С ОАЫ. Метролгия, акредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы (МАС-С ОАЫ) 2003 жылы 4 елдің стандарттау және метрология жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері «Метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығын құру туралы келісім» жасағаннан кейін 2003 жылы құрылды. Қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан МАС-С ОАЫ  мүшелері болып табылады.  МАС-С ОАЫ қызметінің негізгі мақсаттары: -МАС-С ОАЫ-ның метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа саласындағы жобаларын үйлестіру; -метрология саласында МАС-С ОАЫ мүшелері арасында өлшемдер нәтижелерін бақылау бөлігінде ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру; -ресурстар мен қызметтер туралы ақпарат беру; -МАС-С ОАЫ өңірлерінде метрология, аккредиттеу, стандарттау, сапа саласындағы қызметтер көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық; -МАС-С ОАЫ өңірінде ұлттық эталондарға заңнамалық метрология саласында қызметтердің бақыланушылығын дамытуға қолдау көрсетуге арналған ынтымақтастық; -эталондарды, өлшем құралдарын және стандартық үлгілерді өңірлік айыруды ұйымдастыру; -МАС-С ОАЫ шеңберінде метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа мәселелері бойынша тренингтерді ұйымдастыру қызметін үйлестіру және стандарттау, метролгия және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға қатысуға жәрдемдесу; -МАС-С ОАЫ елдерінде метрология, аккредиттеу,  стандарттау және сапа  саласындағы байланыс жүйелерін жетілдіру және ақпаратпен алмасу -ИСО 9000, ИСО 14000 бойынша МАС-С ОАЫ өңірлерінде консалтингтік қызметтерді дамыту. МАС-С ОАЫ-ның метрология жөніндегі техникалық комитетінің негізгі функциялары -заңнамалық метрология саласында келісілген саясатты жүргізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру; -МБМВ эталондарының бақыланушылығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық эталондарға айыру  және өлшем құралдарының салыстырып, тексеру жүргізудің рәсімдері мен бағдарламаларын қалыптастыруды ұйымдастыру; -ұлттық эталондық базаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру; -метрология мәселелеріне қатысты МАС-С ОАЫ шешімдерін іске асыру жөнінде ұлттық органдардың қызметін үйлестіру; -метрология саласында тәжірибе және ақпарат алмасуды ұйымдастыру; -метрология жөніндегі сарапшыларды оқыту үшін бағдарламалар дайындау; -метрология жөніндегі халықаралық ұйымджардың қызметіне қатысу. МАС-С ОАЫ-та Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасын білдіреді.
Билет №21
1.Өлшеу әдістері. Өлшеу әдісі – бұл, өлшенетін физикалық шамаларды олардың бірліктерімен салыстыру жолдарының жиынтығы. Өлшеу шарттары бойынша келесідей ажыратылады: Тура өлшеу әдісі өлшегіш құралдардың өлшенетін санына жанастыру арқылы негізделген. Жанама өлшеу әдісі өлшегіш құралдың сезгіштік. өлшеу шамасынан жанастырылмай тікелей негізделген. Пирометрмен домна пештері температурасын өлшеу. Өлшеу әдістерінің ішінде көп таралған түрі болып өлшеу құралдары мен принциптерін пайдалану жолдарының жиынтығы бойынша жіктеледі. Бұл тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдістері болып бөлінеді. - Тікелей бағалау әдісі шаманың мәнін өлшегіш құралы бойынша тікелей анықтау әдісі. (термометр, вольтметр). Бұл әдіс қлшем жылдамдығын өзгертеді, бірақ өлшеу дәлдігі шектеулі болады.Айырықша дәл өлшеулерді атқару жағдайларында өлшенетін шама туынды өлшем шамасымен салыстыратын әдісі қолданылады. Мысалы, тұрақты ток кернеуін қалыпты элементін эқк-мен салыстыратын конденсатор көмегімен өлшеу.
Салыстыру әдістеріне – дифферициалдық, нольдік, дәл келтіру, орын басу, қарама-қарсы қою, алмастыру өлшеу әдістері жатады.
Дифференциалды әдісте өлшенетін шама х тікелей немесе жанама түрде өлшеммен көшірілетін шамамен хм салыстырылады. Өлшенетін шама х мәнін аспаппен өлшенген айырмашылық ∆х= х—хм және мәні белгілі шама хм арқылы бағалайды, яғни х =хм+∆х. Нөлдік әдіс дифференциалды әдістің бір түрі, оның айырмашылығы екі шаманы салыстырудың нәтижелік тиімділігі нөлге дейін жеткізілуі болып табылады. Бұл жоғары дәлді өлшеу аспабы нөл индикаторымен бақыланады. Нөлдік әдіс мысалы- таразыда өлшеу,оның бір жағында эталон жүктер болады. Орынбасу әдісі – ізделетін шамамен өлшенетін шамамен біртекті шамамен өлшемнің шығу сигналын бір аспапта кезекпен өлшеуге негізделген. Осы өлшеулер нәтижесі бойынша ізделіп отырған шама есептеледі. Екі өлшенетін шама бір аспаппен бірдей шартта өлшенетіндіктен, ол ізделіп отырған шама аспап көрсеткіштерінің қатынасы бойынша анықталатындықтан өлшеу қателігі аз болады. Дәл келтіру әдісінде өлшенентін шамамен өлшеммен көшірілген шама арасындағы айырмашылық шкала белілерін немесе периодты сигналдардың сәйкес келуін қолданып анықтайды. Тәжірбиеде бұл әдіс электр емес өлшеу жүргізгенде қолдананды. Мысалы, конусы бар штангенциркульмен ұзындықты өлшеу. Өлшенетін шама мен өлшем арқылы қамтамассыз етілген шама бір мезгілде салыстыратын аспапқа әсер ететін өлшеммен салыстыру әдісі осы шамалар арасындағы ара-қатынасты белгілеуін қарама-қарсы қою әдісі деп атайды. Бұл әдіспен тең тең иінді таразылардағы жүк оны гирмен теңестіру арқылы өлшейді. Алмастыру әдісі бұл өлшенетін шаманы өлшем арқылы қамтамассыз ететін алмастыру әдісі. Мысалы 1 иінде өлшеу әдісі.
Өлшеу әдістерін әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Дәстүрлі жіктеуде өлшеу әдістері келесі белгілер бойынша жіктеледі: Өлшеу негізі болып табылатын физикалық принцип бойынша барлық өлшеу әдістері электрлік, магнитті, акустикалық, оптикалық, механикалық және т.б. болып бөлінеді.Өлшеу құралы мен обьектісінің байланысы белгісі бойынша өлшеу әдістері статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Өлшеу жүйесінде қолданылатын өлшеу сигналына байланысты өлшеу әдістері аналогтық және цифрлық болып бөлінеді. Ең жетілген жіктеу түрі өлшеу принциптерімен құралдарын қолдану тәсілдерінің жиынтығы бойынша жіктеу болып табылады. Бұл жіктеуге тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі болып ажыратылады.
2. Стандарттық үлгілер. Бірқатар өлшеу облыстары үшін стандарттық үлгілерді қолдану перспективалы болып табылады. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгісі – бұл зат (материал) түріндегі өлшеулер құралы, оның құрамы немесе қасиеті аттестациямен анықталған. Стандарттық үлгілермен жұмыс істеу ережелерін МСТ 8.315-97 «МӨЖ. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Негізгі ережелер» анықтайды. Стандарттық үлгілер өлшеулердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған: - градуирлеу, өлшеу құралын метрологиялық аттестаттау және тексеру; - өлшеуді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау; - өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін бақылау; - заттар мен материалдардың құрамын немесе қасиеттерін сипаттайтын, физикалық шамаларды салыстыру әдістерімен өлшеу. Аттестатталатын сипаттаманың түріне байланысты стандарттық үлгілер (СҮ) ажыратады: - құрамның стандарттық үлгілері – белгілі құрауыштардың (химиялық элементтер, олардың изотоптары және т.б.) құрамын сипаттайтын шамалардың мәндерін ұдайы өсіреді. - қасиеттердің стандарттық үлгілері – құрамын сипаттайтын шамаларды қоспағанда, заттың физикалық, химиялық, техникалық немесе басқа қасиеттерін сипаттайтын шамалардың мәндерін ұдайы өсіреді. Әрекет ету және қолдану саласына байланысты стандарттық үлгілер кәсіпорындардың мемлекеттік, салалық және стандарттық үлгілеріне бөлінеді. Стандарттық үлгілер типтерге біріктіріледі. Тип – бұл үлгілерді біліктілік топтастыру, олардың анықтаушы белгілері одан олар жасалған, сол және бір зат және ол бойынша олар орындалған, бірыңғай құжаттама болып табылады. Әрбір тип үшін оларды аттестаттау кезінде әрекет ету мерзімі белгіленеді (10 жылдан артық емес) және метрологиялық сипаттамалар анықталады. Оларға мыналар жатады: - аттестатталған мән – үлгімен ұдайы өсірілетін, оны аттестаттау кезінде белгіленген және қателігі көрсетіліп куәлікте келтірілген үлгінің аттестатталған сипаттамасының мәні; - аттестатталған мәннің қателігі – үлгінің өлшеу кезінде пайдаланылатын бөлігімен ұдайы өсірілетін шаманың аттестатталған және ақиқат мәндері арасындағы айырым; - біртектілік сипаттамасы – өлшеулер кезінде пайдаланылатын, оның әр түрлі бөліктерімен ұдайы өсірілетін шама мәнінің тұрақтылығымен өрнектелетін үлгі қасиетінің сипаттамасы; - тұрақтылық сипаттамасы – сақтау мен қолданудың берілген шарттарын сақтау кезінде жарамдылық мерзімінің куәлігінде көрсетілген мәнді сақтау үлгісі қасиеттерінің сипаттамасы; - әсер ету функциялары – үлгінің метрологиялық сипаттамаларының берілген қолдану шарттарындағы сыртқы әсер етуші шамалардың өзгеруіне тәуелділігі. Стандарттық үлгілерді қолдану: өлшеу құралдарын өлшеу, сынау, бақылау, тексеру және градуирлеу әдістеріне арналған нормативтік-техникалық құжаттардың; өлшеулерді орындаудың аттестатталған әдістемелерінің; мемлекеттік және жергілікті тексеру сұлбаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылу керек. Стандарттық үлгілер ҚР Стандарттық үлгілердің (СҮ) Мемлекеттік қызметі жасалды. «ҚазМетрИн» РМК Шығыс-Қазақстандағы филиалы МСҮ бас орталығы болып табылады. Келесі мекемелер СҮ орталықтары болып табылады: 1. «Центргеоланалит» ЖАҚ, Қарағанды қ. 2.  «Экогидроаналитик» ЛҚО ЖШС, Алматы қ. 3. «НИИстромпроект» ЖАҚ, Алматы қ. 4. «ВНИИЦВЕТМЕТ» ЕМК, Өскемен қ. ҚР келесі мекемелер СҮ жасап шығарушылар болып табылады: 1.     «Севказгра» ЖШС, Қостанай қ. – 8 шт. 2. «Экогидрохимгео» ОЗ мекемесі, Алматы қ. – 6 шт. 3. «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ – 4 шт. 4. «ВНИИЦВЕТМЕТ» ЕМК – 16 шт. 5.  «Центргеоланалит» ЖАҚ – 22 шт. 6. «Алюминий Казахстана» ААҚ – 1 шт. 7. «Казчерметавтоматика» ААҚ –1шт. 8. ЖМҒӨО, Алматы қ.–1шт. 2008 жылы «ҚазМетрИн» РМК бидайдың  ылғалдылығының  стандарттықүлгісін жасап шығарды. Ол өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, калибрлеуге, ылғал  өлшеуіш  құралдарды градиурлеуге және басқа да (бұдан әрі қарай - ӨОӘ) метрологиялық  аттестаттау  өлшеудің орындау әдістемесі,метрологиялық бақылаудың басқа түрлеріне қолдану барысында өлшеуді орындаудың әдістемесі арқылы қателігін бақылауға арналған. Ылғалдың массалық үлесі 8 ден 25%-ке дейін, абсолютті қателік жіберу шегі 0,2 - 0,25 % дейін. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне өлшеу құралдарын енгізу үшін қажетті құжаттар ҚР СТ 2.79 және МЕМСТ 8.315 сәйкес жүргізіледі.
3. Кешенді өлшеу құралдары. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшеу құралдары әртүрлі құрылымдық аяқталған құрылымдардан тұрады, олар екі функцияның бірін орындайды: - берілген (белгілі) өлшемді шаманы өрнектейді – мысалы, кірлер – берілген массаны, кедергі магазині – кедергінің дискретті мәндерін - өлшенетін шама мәні туралы ақпарат тасымалдайтын сигналды (көрсеткішті) өңдейді. Өлшем бірлікті қамтамасыз ету жүйесінде орындайтын роліне байланысты өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: -метрологиялық, метрологиялық мақсаттарға - өлшем бірлікті өрнектеу және (немесе) оны сақтау немесе бірлік өлшемін жұмысшы құралдарына беруге арналған құралдар; -жұмысшы, өлшем бірлікті берумен байланысты емес өлшеулер жүргізу үшін қолданылатын құралдар. Автоматтандыру деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары үш топқа бөлінеді: -Автоматты емес; -Автоматтандырылған өлшем қүралы -автоматты    тәртіпте   бір    немесе    өлшенетін   операция бөлігін жүргізетін, өлшем қүралы. -Автоматты өлшем құралы - өлшем   нәтижесінің    өнделуімен  байланысты   олардың тіркелуінің басқарушы дабыл шығыуы мен берілуі адамның көмегінсіз жүргізілетін әлшем және операция, өлшем құралы. Стандарттау деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: -Стандартталған өлшем құралы - стаңдарт талаптарына сәйкес дайындалатын және қолданылатын өлшем құралы; -Стандартталмаған өлшем қүралы-стандарттау    талаптары   бұларға     қажет   емес болып табылатын арнайы өлшеу мәселесін шешуге арналған өлшем құралдары. Өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді: -Негізгі өлшем құралы - өлшем қүралының сол физикалық шамасының мәнін өлшенетін есепке сәйкес табуға арналған құрал; -Қосалқы өлшем құралы - өлшем құралының сол физикалық шамасының мәнін өлшем құралына әсер ету негізінде немесе өлшем объекгісін өлшем нәтижесіңцегі қажетті дәлдікті алу үшін есепке алуға арналған құрал Элементарлы өлшеу құралдары – тура өлшеудің жеке операцияларын жүзеге асыруға арналған өлшеу құралдары. Оған өлшемдер, салыстырғыш және өлшемдік түрлендіргіштер жатады. - өлшем жиынтығы- бір физикалық шаманың әр — түрлі мөлшердегі өлшем жиынтығы, болек немесе әр-түрлі қатынаста практикада қолдануға арналған (мысалы,   соңғылық үзындық өлшемінің жиынтығы); Кешенді өлшеу құралдары - өлшеудің барлық прцедурасын жүзеге асыруға арналған өлшеу құралы. Өлшеуіш аспап- өлшенетін    физикалық  шаманың   мәнін   белгіленген ауқымда табуға арналған өлшем құралы.
Билет №22
1. Өлшеу қателіктері. Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен физикалық шама мәнін табу. Өлшеу құралдарының қателігі - өлшеу құралдары көрсеткіштері мен өлшенетін шаманың шын (нақты) мәні арасындағы айырмашылық. Ол осы өлшеу құралымен алынған өлшеу нәтижесінің дәлдігін сипаттайды. Пайда болу сипатына байланысты қателіктер кездейсоқ, жүйелі, және өрескел (дөрекі ) болып ажыратылады. Кездейсоқ қателік – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген бір физикалық мшпама өлшемін қайталап өлшеу жүргізгенде кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателігінің құрамдас бөлігі. Кездейсоқ қателіктердің туындамауы мүмкін емес, олар жойылмайды және өлшеу нәтижесінің құрамында болады. Кездейсоқ қателіктерді тек кездейсоқ процесстер теориясы және математикалық статистика негізінде сипаттауға болады. Жүйелі қателіктерге қарағанда кездейсоқ қателіктерді өлшеу нәтижесіне түзету енгізу арқылы жоюға болмайды, бірақ оларды бақылау санын көбейте отырып азайтуға болады. Сондықтан шынайы мәнінен аз айырмашылығы болатын нәтиже алу үшін шаманы көп рет өлшейді де математикалық өңдейді. Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын немесе заңдылықпен өзгеретін өлшеу қателігінің құрамдас бөлігі. Олардың ерекшелігі – олар айқындалады және соған байланысты түзету енгізіліп жойылады. Дөрекі қателік (ағаттық) бірқатар өлшеу нәтижелерінің ішінде күрт ерекшеленетін жеке бақылау нәтижесінің кездейсоқ қателігі. Олар әдетте, оператордың қатесі және дұрыс емес әрекеттері (дұрыс емесе есептеу, дұрыс жазып аламау, аспапты дұрыс қоспау) нәтижесінде туындайды. Өрнектеу тәсілі бойынша абсолютті, салыстырмалы және келтірілген қателіктер болып ажыратылады. Абсолютті қателік - бұл өлшеу нәтижесі Х мен өлшенетін шаманың шынайы (немесе нақты) мәні Q арасындағы айырмашылық: : Q. Бірақ ол өлшеу дәлдігін толық сипаттамайды. Салыстырмалы қателік – абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың шынайы мәніне қатынасымен анықталады. Келтірілген қателік – Өлшем құралының келтірілген қателігі Өлшем ауқымының бөлігінде немесе барлық ауқымда тұрақты мәніне белгіленген, абсолюттік қателіктің, шартты алынған шама мәніне қатынасы, салыстырмалы қателік. Сыртқы жағдайлардың әсері бойынша өлшеу құралдарының негізгі және туынды қателіктер болады. Өлшеу құралының негізгі қателігі оны қалыпты қолдану жағдайында болатын қателік. Әрбір өлшеу құралы үшін қателігі нормаланатын әсер етуші шамалар жиынтығы (қоршаған орта температурасы, ылғалдылығы, қысым, кернеу жәнет.б.) нормативті құжатта көрсетіледі. Туынды қателік әсер етуші шамалардың бірінің ауытқуынан туындалатын қателік. Өлшенетін шама өзгерісі сипатының әсеріне байланысты өлшеу құралдарының қателігі статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық қателік тұрақты деп қабылданған физиикалық шаманы өлшекге арналған өлшеу құралының қателігі. Динамикалық ауыспалы физикалық шаманы өлшеу кезінде туындайтын және өлшеу құралының өлшеу сигналының өзгеру жылдамдығына (жиілігіне) реакциясының сәйкес келмеуіне негізделген өлшеу құралының қателігі.
2. Өлшегіш құралдардың МЕМСТ 8.009 сәйкес нормаланатын метрологиялық сипаттамалары. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшеу құралдарын қолдану кезінде шығу сигналындағы өлшенетін шама туралы информацияның оның шын мәніне сәйкестік дәрежесін білу керек. Осы мақсатта әрбір өлшеу құралы үшін белгілі бір метрологиялық сипаттама енгізіледі және нормаланады. Метрологиялық сипаттама бұл - өлшеу нәтижесі мен оның қателігіне әсер ететін өлшеу құралы қасиетінің сипаттамалары. Нормативті-техникалық құжатта көрсетілетін сипаттамалар – нормаланатын, ал эксперимент түрінде анықталатын сипаттамалар – нақты деп аталады. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын таңдау принциптері мен нормалауды құрастыру кезінде бірқатар ережелерді ұстану керек: 1.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар мен инструменталды қателіктер арасында байлаланыс болу керек; 2.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау бір теорияны ұстану керек; 3.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар кез-келген өлшеу мәселелерін шешуге болатын және осы сипаттамаларға сәйкестігіне өлшеу құралдарын бақылауды жеңіл жүргізуге болатын түрде өрнектелу керек; 4.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеудің инструменталды қателіктерінің қосындысын табу және статистикалық біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек; 5.Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралдары жұмысының тәртібі мен қолдану шартына инвариантты болу керек және тек оның қасиетін бейнелеу керек; 6.Нормативті-техникалық құжатта жүргізілетін нормаланатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралының жеке экземплярының қасиетін ғана емес, берілген типті өлшеу құралдарының барлық жиынтығының қасиетін сипаттайды.
МЕСТ 16263-70 стандарты бойынша физикалық шама – физикалық обьект қасиеттерінің бірі, сапалық жағынан көптеген физикалық обьектілерге қатысты, ал сандық жағынан әр қайсысына индивидуалды. Яғни физикалық шамалар – физикалық обьект немесе процестердің өлшенген қасиеттері. Физикалық шамалар өлшенетін және бағаланатын болып бөлінеді. Өлшенетін физикалық шамалар бекітілген өлшем бірлікте белгілі бір сан түрінде мөлшерлік өрнектеледі. Өлшем бірліктің болуы және қолданылуы өлшенетін физикалық шамалардың ерекшелігі болып табылады. Белгілі бір себептермен өлшем бірлік енгізілмейтін физикалық шамалар тек бағаланады. Бағалау – белгілі бір шамаға бекітілген ереже бойынша нақты сан орнату операциясы. Шамаларды бағалау шкалалар көмегімен жүзеге асады. Шама шкаласы – дәл өлшеу нәтижелері негізінде келісім бойынша қабылданған оның мәндерінің реті. Физикалық емес шамаларға бірлік енгізу мүмкін емес, сондықтан олар тек қана бағаланады.
3. Кездейсоқ шаманың математикалық тосылуы бұл айналасына жекелеген байқап шолулар, нәтижелері топтастырылған осы секілді мәні. Сенімсіз үзік-үзік кездейсоқ шаманың М(х) математикалық тосылуы осы мәннің М(х)= хр, ықтималдылықта кездейсоқ шаманың барлық мүмкіндікті мәні көбейтіндісінің сомасы ретінде анықталады. Үзіліссіз кездейсоқ шамамалар үшін интеградауға сүйенеді, бұл үшін х, р(х) тан ықтималдылық тығыздығының тәуелділігін білу қажет, олай болса: М(х)= ⌠хр(х)dх Бұл кездейсоқ шаманың барлық мүмкіндік болатын мәндері шексіз рхх шағын ауданына көбейтіндісінің шексіз үлкен сомасына тең болатынын білдіреді, мұндағы рх әрбір х үшін ординатасы х абцисса осінің қарапайым кескінділері. Егер, кездейсоқ қателіктің қиғаш қалыпты бөлінуін тұрғызатын болсақ, онда олар төменде келтірілген кескіндеме ұсынылғандай әрқилы түрді икемденеді. Қиғаш бөлінуде орналасқан ауданы кез келген қиғашы үшін бірлікке сәйкес болады, сондықтан қиғаш сызық кездейсоқ шаманың барлық мәнін қамтиды, яғни байқапшолудың барлық нәтижелерін пайда болатын ықтималдылықтың сомасы бірге тең. Осыған орай, мұның өзі, өлшеу кезінде қалайда бір нәтиже алынады және бұл айқын болады. 1-қисық сызығы үшін барлық аудан у мәніне жақын шоғырланған. Бұл көпшілік нәтиженің математикалық тосудан, яғни нолден нәтиженің айырмашылығы аз екенін білдіреді, мұндай жағдайда байқап шолу нәтижелерінің шашыраңқылы көп те емес, және математикалық тосуға жуық мәндері пайда болудың ықтималдылығы болады. 2-қиғаш сызығы бойынша бөлінуі едәуір шашыраңұылығын сипаттайды. Үлкен қателіктің пайда болу ықтималдылығы ұлғаяды, бірақ қателіктің нолге жуық пайда болу ықтималдылығы кемиді. 3-қиғаш сызығы бойынша шашыраңқылығы тіптен үлкен қателіктің пайда болу ықтималдылығы жоғарғы екендігі байқалады.
Билет №23
1.Кездейсоқ қателік. Өлшеу құралдарының қателігі - өлшеу құралдары көрсеткіштері мен өлшенетін шаманың шын (нақты) мәні арасындағы айырмашылық. Ол осы өлшеу құралымен алынған өлшеу нәтижесінің дәлдігін сипаттайды. Пайда болу сипатына байланысты қателіктер кездейсоқ, жүйелі, және өрескел (дөрекі ) болып ажыратылады. Кездейсоқ қателік – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген бір физикалық мшпама өлшемін қайталап өлшеу жүргізгенде кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателігінің құрамдас бөлігі. Кездейсоқ қателіктердің туындамауы мүмкін емес, олар жойылмайды және өлшеу нәтижесінің құрамында болады. Кездейсоқ қателіктерді тек кездейсоқ процесстер теориясы және математикалық статистика негізінде сипаттауға болады. Жүйелі қателіктерге қарағанда кездейсоқ қателіктерді өлшеу нәтижесіне түзету енгізу арқылы жоюға болмайды, бірақ оларды бақылау санын көбейте отырып азайтуға болады. Сондықтан шынайы мәнінен аз айырмашылығы болатын нәтиже алу үшін шаманы көп рет өлшейді де математикалық өңдейді.
2. Өлшеу құралдарының дәлдік тобы. Өлшеу құралдарын пайдалану тәжірибесінде өлшеу құралдарының дәлдік классы деген сипаттамасын қолданамыз. Дәлдік классы ГОСТ өлшеу құралының дәлдік классы негізгі ережелер стандартымен реттеледі. Бұл стандарт халықаралық стандарттар үлесі. Дәлдік классы дегеніміз рұқста етілген негізгі және қосымша қателіктер шегімен анықталатын өлшеу құралының сипаттамасы, стандартта өлшеу құралының нақты бір түрі.  ГОСТ 8.009-84 көрсетілген сипаттамалар өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын толық сипаттайды. Бірақ қазіргі кезде метрологиялық сипаттамалары басқаша, яғни дәлдік тобы негізінде нормаланатын өлшеу құралдары қолданылады. Өлшем құралының дәлдік тобы - жберілетін негізгі және қосымша қателікпен және де дәлдікке әсер ететін басқа да сипаттармен белгіленетін, тәртіп бойыиша олардың дөлдік деңгейін көрсететін, берілген өлшем құралының жалпылама сипаты. Дәлдік тобы қолданылатын өлшеу құралымен орындалатын өлшеу дәлдігінің тікелей бағасы болып табылмайды,себебі қателіктер сонымен қатар басқа факторларға тәуелді: өлшеу әдісі, өлшеу шарттары және т.б. Дәлдік тобы берілген типті өлшеу құралының қателігі қандай шекте орналасатынын көрсетеді.  Өлшеу құралдарын дәлдік тобы бойынша бөлудің жалпы ережелерін ГОСТ 8.401-80 орнатады. Дәлдік тобымен анықталатын рұқсат етілген негізгі қателік шектері – бұл өлшеу құралының негізгі қателігі мәндері орналасқан интервал. Өлшеу құралдарының дәлдік топтары стандарттарда немесе техникалық шарттарда бекітіледі. Өлшеу құралында екі немесе одан көп дәлдік тобы болуы мүмкін. Негізгі және қосымша қателіктердің рұқсат етілген шектерін келтірілген, салыстырмалы немесе абсолютті қателіктер түрінде көрсетеді. Өрнектеу түрін таңдау қателіктердің өлшеу диапазоны шегінде өзгеру сипатына, сонымен қатар өлшеу құралдарының тағайындалуы мен қолдану шарттарына байланысты.
3. Қазақстан Республикасында сериялық өндірісте шығарылатын, немесе сырт елден әкелінетін, метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдарын сынақтан өткізу. Сынау деп сынау объектісі қасиеттерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын эксперименталды анықтауды айтады. Сынау кезінде объект қасиеттерінің сипаттамаларын эксперименталды анықтау өлшеу, бағалау және бақылау жолымен жүргізілу мүмкін. Сынау объектісі өнім немесе оны өндіру және қызмет көрсету процесі болып табылады. Өнім түріне және сынау бағдарламасына байланысты объект бірлік бұйым немесе оның партиясы бола алады. Кез-келген сынаудың маңызды белгілері мыналар: -  олардың нәтижелері негізінде сынау объектісі туралы шешім қабылдау, мысалы өнімнің жарамдылығы туралы. -  Қажетті нақты немесе модель түзуші сынау шарттарын қою. Сынау шарттары – зерттеу кезінде объекттің қызмет көрсету тәртіптері және (немесе) әсер етуші факторлардың жиынтығы. Сынау мақсаты – сынау барысында шынайы жағдайда емес, берілген номиналды жағдайда параметрдің (сипаттаманың) нақты мәнін табу. Сынау нәтижесі – объект қасиеттерінің сипаттамасын бағалау, бъекттің берілген талаптарға сәйкестігін орнату, объекттің сынау барысында қызмет көрсету сапасын талдау мәліметтері. Сынау нәтижесі дәлдікпен сипатталады. Дәлдік – сынаудың анықталған жағдайында сынау нәтижелерінің объект сипаттамаларының шын мәніне жақындығын көрсететін қасиет. Сынаудың бірқатар түрлері бар. Олар әртүрлі бергілер бойынша жіктеледі. Тағайындалуы бойынша зерттеу, бақылау, салыстырмалы және анықтамалық болады. Жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық, ведомстволық болады. Сыналатын өнімді құрастыру кезеңдерінің түрі бойынша алдын-ала және қабылдау кезіндегі сынау болады. Дайын өнімді сынау түріне байланысты білікті, периодты және типтік қабылдау-өткізу сынаулары болады. Өлшеу және сынау арасында ұқсастықтар бар: біріншіден, екі операция нәтижелері санмен өрнектеледі; екіншіден, екі жағдайда да қателіктер өлшеу (бақылау) нәтижелерінен өлшенетін шаманың (анықталатын сипаттаманың) нақты мәнінің айырмасы ретінде өрнектеледі. Бірақ, метрология көзқарасынан бұл екі операция арасында үлкен айырмашылық бар: өлшеу қателігі сынау қателігінң құрамдас бөлігі, Сынау өлшеуге қарағанда жалпылама операция. Бақылау - өнім параметрі мәнінің бекітілген талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процессі. Кез-келген бақылау мәні екі негізгі кезеңнен тұрады. Біріншісінде белгілі-бір объектінің нақты күйі, оның қасиеттерінің белгілері мен көрсеткіштері туралы мәліметтер алынады. Бұл мәліметтер алғашқы деп аталады. Екінші кезеңде алғашқы мәлімет алдында бекітілген талаптармен, нормалармен, критерийлермен салыстырылады. Бұл кезде нақты мәліметтердің талап етілген мәліметтерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі айқындалады. Олардың айырмашылықтары туралы мәлімен туынды деп аталады. Ол бақылау объектісі туралы сәйкес шешім қабылдауда қолданылады.
Билет №24
1. Өлшеу нәтижесінің сапасы. Өлшеулер дәлдігі — өлшенетін шаманың шын мәніне жуықтығын бейнелеп көрсететін өлшеу нәтижесінің сапасы. Жоғары өлшеулер дәлдігі жүйелі және кездейсоқ қателіктердің барлық түрінің аз ғана шамасына сәйкес болады. Сандық дәлдік салыстырмалы қателік модуліне кері шамамен білдірілуі мүмкін. Мысалы, егер өлшеулер қателігі болса, онда дәлдік болады.өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайтын өлшеудің сапасы; сандық жағынан ө.д. салыстырмалы қателік модуліне кері шамамен көрсетіледі. Егер өлшеу қателігі 2-10-2% = 2-10-4 болса, онда Өлшеу дәлдігі 1/(2-10-4) = 5-103 болады. Өлшеу нәтижесін алу тәсілдеріне байланысты өлшеу тура, жанама, бірігіп және тұтас өлшеу болып бөлінеді. Бұлай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болған әдістемелік қателіктерді таңдап алу қолайлығы болып табылады. Тура өлшеу деп шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. Жанама өлшеу – ол шаманың мәнін бірдей жағдайда жүргізілген тура өлшеумен алынған шамалар арасындағы белгілі тәуелділік негізінде өлшеу болып табылады. Мұндай өлшеулердің метролгиялық тәжірибеде маңызды мәні бар. Олардың негізінде, мысалы, алғашқы эталондармен алынған негізгі шамалардың бірліктер эталондарымен жазылған мәндерді орнату.Жалпы жағдайда Y өлшенетін шаманы тура өлшеу арқылы алынған Х1, Х2, …, Хn шамаларымен байланыстыратын тәуелділікті мына түрде беруге болады. Мысалы,  = m/V тығыздықты m масса мен V көлемді тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу; активті R = U/I кедергіні U кернеу мен I токты тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу.Дәлділік сипаттамасы бойынша өлшеулер тең дәлдікте және тең емес дәлдікте деп бөлінеді. Тең дәлдікте деп СИ дәлдігі бойынша бірдей және бірдей жағдайларда орындалатын қандай да бір ФШ-ды өлшеуді айтады. Сәйкесінше, тең емес дәлдікте деп СИ ділдігі бойынша әртүрлі (немесе) әртүрлі жағдайларда орындалатын ФШ-ды өлшеуді айтады. Тең дәлдіктегі және тең емес дәлдіктегі өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемелері әртүрлі болып келеді.
2. Өлшегіш құралдарға сынақ жасау. «Өлшем бірлігін ќамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 17 бабында 1 тармағына сәйкес көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының типін кейiннен бекiтiлуге тиiс. Өлшем құралдарының типін бекiту туралы шешiмдi уәкілеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының типін бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi. «ҚазМертИн» РМК көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелінген өлшем құралдарын типін бекіту мақсатымен сынақтар «Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» ҚР СТ 2.21-2007 сәйкес жүргізіледі. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу келісім шарт негізінде орындалады.
3. ӨЖӘ жасау. ӨҚ мен олардың дәлдік сипаттамаларын таңдау технологиялық параметрлері мен ӨЖӘ талап ететін қолданыстағы мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттардың негізіндегі жобалау сатысында жүзеге асырылады. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге
дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.
Билет №25
1. Жүйелі жіберілетін қателік. Өлшеудің жүйелі қателіктерін болдырмау тәсілдері. Жүйелі қателік құрамы өлшеу құралдарының физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне, қолдану шарттарына, сонымен қатар бақылаушының жеке сапаларына байланысты болатын әсер етуші факторлардың белгілі бір функциясы болып табылады. Жүйелік қателіктер екі белгісі бойынша жіктеледі: 1)Уақытқа байланысты өзгеру сипатына қарай олар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты - өлшеуклердің барлық сериялары ішінде өзгеріссіз қалатын қателіктер болып табылады. Өзгермелі - өлшеу процесінде өзгерістерге ұшырап отыратын қателіктер болып табылады. Олар монотонды өзгеретін, периодты және күрделі заңдылық бойынша өзгеретіндер болып бөлінеді. Егер қателік өлшеулер процесінде монотонды өсетін немесе азаятын болса, онда ол монотонды өзгеретін деп аталады. Периодты қателік деп мәні уақыттың функциясы болып саналатын қателік есептеледі. Жүйелі қателіктер анағұрлым күрделі заңдылықпен өзгере алады, ол қандай да бір сыртқы факторларға, себептерге негізделген болып келеді. Жүйелі қателіктерді байқау әдістері және оларды аластатуЖүйелі қателіктер болған жағдайда алычнған бақылаулар нтижелері түзетілмес қателіктер болып саналады. Жүйелі қателіктердің өлшеулер кезіндегі әсерлерін болдырмау немесе ескермеуді өлшеулер басталғанға дейін жүйелі қателіктер көзін аластату арқылы мүмкін етуге болады; яғни түзетпелерді анықтау және оларды өлшеулер нәтижелеріне енгізу; алынып тасталмайтын жүйелі қателіктер шекарасын бағалау.
2, Бірліктер өлшемін метрологиялық беру тізбегі. Метрологиялық тізбектің барлық буындарында физикалық шамалардың бірлік мөлшерінің дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін белгілі бір тәртіп орнатылуы керек. Бұл тәртіп салыстырып тексеру сұлбаларында келтіріледі. Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз - эталондардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат. Салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және локальді болып жіктеледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары елдегі барлық физикалық шамалардың өлшем құралдарына таралады, ал локальді салыстырып тексеру құралдары белгілі бір аймақта, салада, ведомствода немесе кәсіпорындарда қолданылатын физикалық шамалардың өлшем құралдарына арналады. Локальді салыстырып тексеру сұлбаларына барлық пайдаланылатын немесе қолданысңа шығарылатын жұмысшы өлшем құралдары енгізілуі қажет. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі. Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі. Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастырайық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады, олар МЕМСТ 8.061-80 көрсетілген. 27-суретте типтік салыстырып тексеру сұлбасы берілген. Сұлбаның сызбасында мыналар көрсетіледі: өлшем құралдарының атаулары, физикалық шама мәнінің диапазоны, қателіктердің белгісі мен мөлшері, салыстырып тексеру әдістерінің атауы. Сұлбаның мәтіндік бөлігі кіріспе бөлімінен және салыстырып тексеру элементтерінің түсініктемелерінен тұрады. Ол көлденең пунктирлік сызықтармен бөлінген бірнеше алаңдардан тұрады. Сұлбаның жоғарғы сатысында эталондар немесе осы сұлба үшін ең жоғарғы дөлдіктегі үлгілі елшем құралдары орналасады. Алғашқы эталонның төменгі алаңдарында 1-ші және 2-ші және т.б. разрядтардағы үлгілі өлшем құралдары орналасады. Төменгі разрядтағы үлгілі өлшем құралдарынан кейін жұмысшы эталондар көрсетіледі. Алаңдардың арасындағы байланыс вертикальді тұтас сызықпен салынады.
3. Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері. Өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді.Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді.ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған [10,159]. ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша): - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; - өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу. ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары: - ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі; - берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру;- өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі; - заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру. ҚР МӨЖ объектілері мыналар: - шама бірліктері; - шама бірлік эталондары; - өлшеу құралдары (ӨҚ); - өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап қою; - өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ); - нормативтік құжаттар (НҚ). Келесі бөлімдерде МӨЖ-ң объектілерін анығырақ қарастырамыз. Бұнда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Шама бірліктері Қазақстан Республикасының териториясында халықаралық өлшеу жүесінің шама бірліктерін қолдануға рұқсат етіледі. Стандартизаци, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның шешімі бойынша халықаралық өлшеу жүесіне кірмейтін шама бірліктері рұқсат етіледі.

Приложенные файлы

  • docx 18293945
    Размер файла: 163 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий