dinamika


Динамика / Теория_1
1. Динамика анықтамасы?
Жауабы: Дене қозғалысының пайда болу себептері мен салдарын қарастырып, қозғалыстың қасиеттерін сипаттайтын механика бөлімі.
2. Күш деген не?
Жауабы: Бір дененің екінше денеге әрекет ету өлшемі ретінде алынатын дененің үдеуіне пропорционал шама.
3. Инерциалды санақ жүйесі (ИСЖ) деген не?
Жауабы: Инерция заңы орныдалатын санақ жүйесін инерциалды санақ жүйесі.
4. Жермен байланысты санақ жүйелерін ИСЖ деп есептеуге бола ма?
Жауабы: Жер бетінде өтетін тәжірибелерде инерция заңы жеткілікті дәлдікпен орындалады, сондықтан Жермен байланысқан санақ жүйелерін ИСЖ деп есептейміз.
5. Инерциалды емес санақ жүйесі?
Жауабы: Егер қарастырып отырған санақ жүйесі Жерге қатысты үдемелі қозғалса, бұл жүйеде инерция құбылысы болмайды, және механиканың екінші заңы орындалмайды.
6. Центрге тартқыш күш деген не?
Жауабы: Дененің шеңбер бойымен қозғалысы кезінде айналу центріне бағытталған күш.
7. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы анықтамасы?
Жауабы: Бір түзу бойында жататаын екі дененің бір-біріне әсерлесу күші, денелердің массасына тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал.
8. Салмақ деген не?
Жауабы: Жерге тартылу нәтижесінде горизонталь тірекке (еденге) немесе ілгішке әсер ететін күш.
9. Үйкеліс күші деген не?
Жауабы: Үйкеле қозғалатын екі дененің бір біріне қатысты орын ауыстыруы кезінде пайда болатын күш.
10. Бір біріне қатысты қозғалмайтын денелер арасындағы күш?
Жауабы: Тыныштық үйкеліс күші.
11. Серпімділік күші (Гук заңы) анықтамасы?
Жауабы: Стерженнің серпімді деформация кезіндегі абсолют ұзаруы оған әсер ететін күшке тура пропорционал.
12. Қысым деген не?
Жауабы: Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің әрекет етілетін ауданға қатынасы.
13. Қатты денелер қысымының бағыты?
Жауабы: Әсер еткен күштің бағытында болады.
14. Паскаль принципі?
Жауабы: Сұйық пен газ өзіне түсірген қысымды барлық бағытта бірдей таратады.
15. Гидростатикалық қысым тұжырымдамасы?
Жауабы: Тек сұйық бағанының биіктігіне тәуелді, ыдыстың пішініне тәуелді емес.
16. Архимед күші деген не?
Жауабы: Қандай да бір сұйықта немесе газда орналасқан көлемі V денеге үнемі жоғары бағытталатын күш.
1. Құбырдың көлденең қимасы кішірейген кезде, оның жылдамдығы...
Жауабы: Арта түседі.
2. Беттік керілу күші анықтамасы?
Жауабы: Сұйықтың беттік керілу коэффициенті сан жағынан бірлік ұзындыққа сұйық беттігі тарапынан әсер ететін күш.
3. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?
Жауабы: Дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.
4. Сырғанау үйкеліс күші неге тәуелді?
Жауабы: Қысым күшіне.
5. F күшінің әсерінен a үдеумен жылжып бара жатқан көлденең тақтайдың үстінде массасы m денеге әсер ететін үйкеліс күші мынаған тең (μ – үйкеліс коэффициенті) :
Жауабы: μmg.
6. Үйкеліс күшінің әсерімен горизонталь жолда жүріп бара жатқан шаналалардың тоқтау уақыты неге байланысты?
Жауабы: Бастапқы жылдамдық және үйкеліс коэффициентіне.
7. Серіппенің қатаңдығы k тең. Осы серіппенің жартысының қатаңдығы неге тең?
Жауабы: 2k.
8. Бір серіппенің қатаңдығы k. Параллель қосылған осындай екі серіппе жүйесінің қатаңдығы: Жауабы: 2k.
9. Бір серіппенің қатаңдығы k. Тізбектей қосылған осындай екі серіппе жүйесінің қатаңдығы:
Жауабы: k/2.
10. Бірқалыпты қозғалатын автомобильдің салмағы дөңес көпірдің ең жоғарғы нүктесінде қалай өзгереді?
Жауабы: Азаяды.
11. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын нүктеге түсірілген тең әсерлі күш векторы қалай бағытталған?
Жауабы: Күш жылдамдық векторына перпендикуляр бағытталған.
12. Сұйықта батып бара жатқан дененің бірқалыпты қозғалысының шартын көрсетіңіз. mg – ауырлық күші, F{k}-ортаның кедергі күші(сұйықтың), F{A}-Архимед күші.
Жауабы: mg=F{k}+F{A}.
13. Архимед заңының тұжырымдамасы: сұйыққа батырылған денеге әсер етуші кері итеруші күш:
Жауабы: Ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тең.
14. Куб формалы ыдыс салмағы P-ға тең сұйықпен толтырылған. Ыдыстың түбіне және оның төрт қабырғасына түсетін қысымның толық күшін анықтаңыз.
Жауабы: 3P.
15. Ыдыстың түбіне түсірілетін гидростатикалық қысым неге тәуелді?
Жауабы: Сұйық бағанының биіктігіне.
16. Бассейнде жүзіп жүрген қайықтан суға алдымен бөрене тасталды, содан кейін темір білеуше тасталды. Судың деңгейі қалай өзгереді?
Жауабы: Бөрене тасталғанда өзгермейді, темір білеуше тасталғанда төмендейді.
1. Суда жүзіп жүрген адам дем алған кезде, оған әсер ететін Архимед күші:
Жауабы: Артады. (Өйткені адам дем алған кезде дененің көлемі ұлғаяды)
2. Денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нольге тең болғанда дене қалай қозғалады?
Жауабы: Дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады.
3. Динамиканың инерция заңы қалай тұжырымдалады?
Жауабы: Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, ол өзінің салыстырмалы тыныштық күйін немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтайды.
4. Күш моменті физикалық шама, ол неге тең?
Жауабы: Күш пен иіннің көбейтіндісіне.
5. Автомобиль a үдеумен қозғалады. Массасы m адам орындықтың арқасына қандай күшпен әсер етеді?
Жауабы: F=ma.
6. Нормальдық үдеу дегеніміз не?
Жауабы: Жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеруін анықтайтын толық үдеудің құраушысы.
7. Уақыттың қандай да бір аралығындағы орын ауыстыруды анықтау үшін, мынаны ғана білген жеткілікті:
Жауабы: Дененің массасын, денеге әсер ететін күшті және бастапқы жылдамдықты.
8. Автомобиль двигателі сөндірулі тұрғанда горизонталь тас жолмен бірқалыпты қозғалыс жасай алады ма?
Жауабы: Жоқ, себебі дөңгелектердің жолмен үйкелісі және ауаның кедергісі жердің тартылысымен теңестіріледі.
9. Сұйықтағы және газдардағы үйкеліс күші құрғақ үйкеліс күшінен қалай ажыратылады?
Жауабы: Денелердің формасына тәуелді.
10. Серіппенің қатаңдық коэффициенті дегеніміз не?
Жауабы: Серпімділік күшінің абсолют деформация шамасына қатынасы.
11. Үйкеліссіз ортада дене бірқалыпты қозғалады. Үйкелісі бар ортада дене...
Жауабы: Бірқалыпты кемімелі қозғалады.
12. Гук заңындағы (-) таңбасы нені білдіреді?
Жауабы: Серіппенің ұзаруы күшке қарама-қарсы бағытта екендігін.
13. Сырғанау үйкеліс коэффициенті тыныштық үйкеліс коэффициентінен..
Жауабы: Аз болады.
14. Жер серігіндегі ғарышкерлер уақытты қандай сағатпен өлшеу керек?
Жауабы: Серіппелі сағатпен.
15. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы Кеплердің екінші заңының тұжырымы болып табылады?
Жауабы: Планеталар бірдей уақыт аралығында бірдей ауданды қамтып өтеді.
намика / Теория_4
1. Инерттілік (инерция) анықтамасы?
Жауабы: Дененің бастапқы күйін сақтай алу қабілеті, яғни дененің сыртқы әсерге қарсылық қабілеті.
2. Тығыздық деген не?
Жауабы: Бірлік көлемге келетін масса.
3. Күш дегеніміз не?
Жауабы: Денелердің өзара механикалық әсерінің сипаты (өлшемі) болатын векторлық шама.
4. Инерциалды санақ жүйесі (ИСЖ)?
Жауабы: Ньютон заңдары орныдалатын санақ жүйесі.
5. Ауырлық күші анықтамасы?
Жауабы: Массасы үлкен денеге массасы көп кіші дененің тартылыс күші.
6. Үйкеліс күші анықтамасы?
Жауабы: Жанасушы денелер (бір дене бөлшектері) арасында пайда болатын, қозғалысқа қарсы бағытталатын күш.
7. Серпімділік күші анықтамасы?
Жауабы: Деформацияны жоюға бағытталған күш.
8. Архимед күші анықтамасы?
Жауабы: Сұйыққа (газға) батырылған денені кері итеруші күш.
9. Архимед заңы:
Жауабы: Дененің қанша көлемі сұйыққа батса, сонша көлемдегі сұйықты ығыстырып шығарады.
10. Дене массасының көлемге қатынасы?
Жауабы: Тығыздық.
11. Күштің өлшем бірлігі?
Жауабы: кг*м/c^2.
12. Көлемдері бірдей екі бөшкенің біреуі бензинмен, ал екіншісі сумен толтырылған. Олардың массалары ( p{бензин}=710 кг/м^3, p{су}=1000 кг/м^3 ).
Жауабы: m{1}<m{2}.
13. Мыстан жасалған денені қыздырғанда, оның массасы, көлемі және тығыздығының өзгерісі:
Жауабы: Массасы өзгермейді, көлемі ұлғаяды, тығыздығы кемиді.
14. М массалы планетаның айналасында, массасы m серігі қозғалады. Осы кездегі серіктің планетаға гравитациялық тартылыс күші:
Жауабы: Mm массалар көбейтіндісіне тура пропорционал.
15. Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы:
F=Gm{1}m{2}/R^2.
16. Бірінші ғарыштық жылдамдықты есептеу үшін оқушы екі: физикалық заңды және центрге тартқыш үдеудің формуласын қолданып, mv^2/R=GmM/R^2 теңдеуін жазды. Оқушының қолданған заңдары:
Жауабы: Ньютонның II заңы мен бүкіләлемдік тартылыс заңы.
1. Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын күш?
Жауабы: Ауырлық күші.
2. Жер бетінде байқалатын төменде келтірілген құбылыстардың тартылыс күшінің әсерімен түсіндірілетіні?
Жауабы: Теңіздер мен мұхиттардағы тасулар; жаңбырдың тамшылауы; судың бір ыдыстан екінші ыдысқа құйылуы.
3. Ауырлық күшінің әсерінен дене:
Жауабы: Бір қалыпты үдемелі қозғалады, үдеу g векторы төмен бағытталған.
4. Еркін түсу үдеуі дегеніміз не?
Жауабы: Тек қана ауырлық күшінің әсерінен дененің алатын үдеуі.
5. Серпімділік күші дегеніміз не?
Жауабы: Денелердің деформациялануы кезінде пайда болатын және деформациялану кезінде дене бөлшектерінің орын алмасу бағытытына қарсы бағытталған күш.
6. Ұшақтың ұшуына қарсы жұмыс атқаратын күштер?
Жауабы: Ауырлық және ауаның үйкеліс күші.
7. Жүк машинасы жолда тайғанақтап жүре алмай тұр. Артқы дөңгелектерінің жермен үйкелісін арттыру үшін, жүргізушінің әрекеті?
Жауабы: Машина кузовын ауырлату; артқы дөңгелектер астына құм салу.
8. Дене сұйыққа батырылған. Салмақсыздық жағдайында кері итеруші күш...
Жауабы: Нольге тең.
9. Мына жағдайда ауа шарына әсер ететін кері итеруші күш үлкен:
Жауабы: Жер бетінде.
10. Кеменің шөгімі өзеннен теңізге өткенде:
Жауабы: Азаяды.
11. Стақандағы тұзды суда таза судың мұз кесегі жүзіп жүр. Сұйықтың температурасы тұрақты. Мұз ерігеннен кейінгі судың деңгейі?
Жауабы: Жоғарылайды.
12. Стақандағы тұзды суда сондай судың мұз кесегі жүзіп жүр. Сұйықтың температурасы тұрақты. Мұз ерігеннен кейінгі судың деңгейі?
Жауабы: Өзгермейді.
13. Суы бар ыдыста жүзіп жүрген мұз кесегі еріген кездегі судың деңгейі?
Жауабы: Өзгеріссіз қалады.
14. Сұйықтар мен газдарға толық батырылған денеге әсер ететін ығыстырушы күш тәуелді емес:
Жауабы: Батырылған дененің пішініне.
15. Суға батырылған дене қалқып шығады, егер...
Жауабы: Дененің ауырлық күші Архимед күшінен кіші болса.
16. Су көлігінің көтеруші күші өзендегі және теңіздегі суға қатысты салыстыра отырып, оның шамасы?
Жауабы: Теңіз суында үлкен.
1. Ауа шарын биіктікке көтеру кезінде оған әсер етуші Архимед күші:
Жауабы: Азаяды.
2. Сүңгуір қайықтың цистернасындағы суды ағызғанда қайық су бетіне көтеріледі. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады:
Жауабы: Көлем тұрақты болған жағдайда масса азаяды, сондықтан тығыздық төмендейді.
3. Суға батқан кемелерді көтеру үшін трюмдегі камераға ауа толтырады, осы кезде кеме су бетіне шығады. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады:
Жауабы: Масса тұрақты болған жағдайда көлем ұлғаяды, сондықтан тығыздық төмендейді.
4. Сұйық қайықтың цистерналарын сумен толтырғанда, ол суға тереңірек батады. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады:
Жауабы: Көлем тұрақты болған жағдайда масса артады, сондықтан тығыздық артады.
5. Егер сұйыққа батырылған денеге әсер ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, дене:
Жауабы: Сұйыққа батады.
6. Санақ жүйесі лифтімен тығыз байланысты. Төменде келтірілген жағдайлардың ішіндегі инерциалды санақ жүйесі: Лифт:
Жауабы: Бір қалыпты жоғары қозғалады; бір қалыпты төмен қозғалады.
7. Денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нольге тең болғанда дене қалай қозғалады?
Жауабы: Дененің жылдамдығы кез келген мәнге ие болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде уақытқа қатысты тұрақты болуы керек.
8. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы денеге әсер ететін күштерге тең әсерлі күш:
Жауабы: F=0.
9. Денедегі барлық күштер теңестірілген. Осы дененің қозғалыс траекториясы:
Жауабы: Түзу.
10. Күш әсер еткенде дененің қозғалысы:
Жауабы: Үдемелі.
11. Келе жатқан автомобильдің әйнегіне маса келіп соғылады.Масаға және автомобильге әсер ететін күштер?
Жауабы: Бірдей.
12. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын нүктеге түсірілетін тең әсерлі күш векторы қалай бағытталған?
Жауабы: Күш жылдамдық векторына кері перпендикуляр бағытталған.
13. Ұзындығы l, көлбеулік бұрышы a, ал үйкеліс коэффициенті u(мю) көлбеу жақықтықтың бойымен сырғанаған дененің көлбеужазықтықтың соңғы нүктесіндегі жылдамдығы?
Жауабы: v = sqrt 2gl(sina-u*cosa) / sqrt - түбір асты.
14. Дене салмақсыздық жағдайда. Дене қандай күштің әсерінен қозғалады?
Жауабы: Тек ауырлық күшінің.
15. Жерді айнала қозғалған автоматты станциядағы динамометрдің көрсетуі?
Жауабы: 0 H.
16. Жеңіл автокөлік массасы 2т, ал жүк автокөлігінің массасы 8т. Жүк автокөлігінің тарту күші жеңіл автокөлігінен 2 есе артық. Олардың үдеулерін салыстырсақ:
Жауабы: жеңіл автокөліктікі 2 есе артық.

Приложенные файлы

  • docx 18241635
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий