dopolnitelno_kval_test_kaz


Шок кезінде ең бірінші пайда болады//
АҚҚ-ның төмендеуі//
Тәуліктік диурездің азаюы//
Тері жамылғысының көгеруі//
Есінің бұзылуы//
+Ақ дақ симптомының оң мәнді болуы.
***
Атропиннің енгізілген мөлшерінің тиімділігі бағаланады//
Мидриаздың болуы, сілекей өндірілуінің(саливация) болмауы//
Қарашықтың көлемі, жүрек соғуының жиілігімен//
Жүрек соғуының жиілігі, қарашықтың көлемі, бронхоспазмның болмауы//
+Сілекей өндірілуінің болмауы, бронхорея, тершеңдік, брадикардия//
Сілекей өндірілуінің болмауы, миоз, тершеңдік
***
Ішек тітіркену синдромының басты симптомы- бұл//
Инфекция//
Иммунологиялық бұзылыстар//
+Нейроваскулярлық бұзылыстар//
Тағамның белгілі бір түрлеріне сезімталдықтың артуы//
Қатерлі туріне өтуі
***
Науқаста миокард инфарктысының 20-ншы күні кеудесінде ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, перикард үйкелісінің шуы пайда болды, қанның клиникалық анализінде – ЭТЖ жоғарылауы. Болуы мүмкін//
Миокард инфарктысының қайталануы//
Идиопатиялық перикардит//
+Дресслердің инфарктан кейінгі синдромы//
Миокардтың үзілуі (разрыв)//
Миокардтың қалталанып кеңейіп кетуі (аневризмасы)
***
Жүрек жетіспеушілігінің I сатысын емдеудегі препараттардың тиімді кешенін таңдаңыз//
+Диуретиктер мен АПФ ингибиторлары//
Диуретиктер, жүрек гликозидтері мен милринон//
b-блокаторлар мен добутамин//
b-блокаторлар, жүрек гликозидтері мен лидокаин//
Кордарон, кальций антагонистері мен жүрек гликозидтері
***
Шылым шегетін 33 жастағы әйел адамда бір жыл ішінде үшінші рет, S9орналасқан ошақты пневмония анықталады. Аурудың кезеңдерінде шаршағыштық , жөтел, қан жолақтары бар қақырықтың бөлінуі мазалайды . Мүмкін болатын диагнозыңыз//
Бронх обыры(рак )//
Созылмалы бронхит//
Туберкулез//
Пневмония инфарктысы//
+Бронхоэктаз ауруы
***
24 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38,6 С дейін көтерілуіне, мойынын қозғалта алмауға, арқасындағы ауырғандық, жүрек айну, құсу, тамағының ауырғандығына шағымданады. Симптомдар 2 күн бұрын саябақта пайда болған. Барлық денесінде жиегі анық емес қызыл дақтар анықталады. Қарағанда- жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ұлғайған талақ пальпацияланады, араны қызарған, желке бұлшықеттері керілген. Сіздің болжам диагнозыңыз//
ЖРВИ//
Себебі белгісіз сепсис//
+Лайма ауруы//
Вирусты менингит//
Тағаммен улану
***
Төмендегіден , ревматойдты артриттың кеш дамитын симптомын белгілеңіз//
Ертеңгілік қозғалта алмау//
Буындардың ісінуі мен деформациясы//
Қан сарысуында ревматойдты фактордың анықталуы//
+Субхондриальды остеопороз//
Теріасты түйіндері
***
64 жастағы науқас әйел адам үйіне жалпы тәжірибе дәрігерін шақырып, бас айналуына, әлсіздікке, қолдағы дірілге, көз алдының қарауытуына шағымданады. Қант диабетінің II түрімен ауыруына қатысты глибенкламид (маниннил) қабылдайды. Науқастың үйінде сіз экспресс- әдіспен қанда қанттың 3,1 ммоль/л мөлшерін анықтайсыз, шағым пайда
болуынан 2 күн бұрын науқас тізе буынының ауырғандығынан «америкалық аспиринді» ішке қабылдайтынын білесіз. Жедел жәрдем шараларынан басқа қазіргі жағдайда сіздің ұсынатын тағайындауыңыз//
Диетаны қатаң сақтау//
+Глибенкламидтың мөлшерін төмендету (артритті емдеу кезінде)//
Аспириннің мөлшерін арттыру//
Диетаға картоп немесе тәулігіне макарон өнімін қосу//
Ревматолог консультациясы
***
Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігінде аускультативті//
Тамырға берілетін қатаң систолалық шу естіледі//
+I тон әлсіз, систолалық шу//
I тон, диастолалық шу//
Жүрек ұшында I тон , қолқа үстінде II тон әлсіреген//
Жүректің барлық беткейінде диастолалық шу естіледі
***
Жүрек тампонадасын төмендегілердің қайсысы көрсетеді//
Куссмауль симптомы//
Күшейген жүрек соққысы//
Инспираторлы ентікпе//
+Парадоксальды пульс (pulsus paradoxus)//
Жоғары пульстік қысым
***
35 жастағы әйел адам жалпы тәжірибе дәрігеріне ұзақтығы 5-10 минутқа созылатын кеуде клеткасындағы кезеңді ауырғандыққа шағымданады. Ауырғандық тыныштықта, физикалық жүктемеде пайда болады, ешқайда тарамайды. Шылым енді шекпейді, АҚҚ бұрын көтерілмеген. Жанұясының екі адамы 50 және 56 жаста жүрек ауруынан қайтқан. Қарағанда- науқастың жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ-ы 120/70 мм. сын.бб, ЖСЖ 70 рет минутына. Жүрек ұшы соққысы артқан, кеуденің сол жақ жиегінде систолалық шу естіледі және ол тұрғанда күшейеді. ЭКГ- да : ST мен T арнамалы емес өзгерісі. Болжам диагнозыңыз//
Функциональды шу, вегето- тамырлы дистония//
Аортальды стеноз//
+Гипертрофиялық кардиомиопатия//
Митральды стеноз//
Өкпе артериясының стенозы.
***
Инфарктан кейінгі кардиосклероз және жүрек жеткіліксіздігінің I-II сатысымен сырқаттанатын 68 жастағы науқаста жыбыр аритмиясына(4 жыл бойына тұрақты) қатысты дәрігерлік тактикаңызды таңдаңыз//
Синусты ритмді қалыптастыру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен (немесе ұқсас дәрімен )алдын-ала емдеу//
Стационарда жыбыр аритмиясын синусты ритмге ауыстыру(хинидин немесе ЭИТ көмегімен)//
+Жүрек гликозидтермен жыбыр аритмиясының нормосистолалық түрін қалыптастыру , тиімді болмаса- В- адреноблокаторлармен бірге//
Тұрақты электрокардиостимуляцияға ауыстыру//
Мұндай науқасқа күнделікті терапия қажет емес
***
Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардиядасының ұстамасы кезінде көбінесе//
Жүрек тондары тынықталған//
I тон әлсіз, II тон күшейген//
Жүрек тондары күшейген//
I тон күшейген, II тон әлсіреген//
+Жүректің III тоны естіледі
***
Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардияны тоқтату үшін тиімді препаратты(таңдау препараты) таңдаңыз//
Новокаинамид//
Верапамил//
Лидокаин//
Ритмилен//
+Аденозинтрифосфат
***
Алғаш рет анықталған стенокардияда жалпы тәжірибе дәрігерінің тактикасы//
Үйге барып белсенді қараумен амбулаторлы жағдайда емдеу және бақылау//
Емхана науқасын әрбір 2-4 күн бойы үйге барып белсенді қараумен амбулаторлы жағдайда емдеу және бақылау//
Жоспарлы госпитализациялау(амбулаторлы жағдайда алдын-ала емдеумен )//
+Шұғыл түрде госпитализациялау//
Емхананың күндізгі стационарында емдеу.
Профилактикалық қарауда жас әйел адамда АҚҚ-ның 160/90 мм.сын.б.б көтерілгендігі анықталды. Кезеңді бас ауырғандығына шағымданады. ЭКГ: ST сегментінің бейарнамалы өзгерісі. 10 жыл бойы оральды контрацептив қабылдайды. АҚҚ неден көтерілуі мүмкін//
Артериальды гипертензия//
+Оральды контрацептиваны қабылдаудан//
Нейроциркуляторлы дистония//
Оральды контрацептиваның тиімсіздігі нәтижесінде жүктіліктің дамуынан//
Электролиттердің бұзылысынан
***
Науқас 65 жаста. Бойы 160см , дене салмағы 105кг. Шағымданбайды. Аш қарында қандағы глюкоза мөлшері – 6,2 мммоль/л. Науқасты жүргізудің тактикасын таңдаңыз//
Науқастың дені сау, тексеру мен емді қажет етпейді//
+Науқаста қант диабеті, диета ұстау және динамикада қандағы глюкозаның деңгейін бақылау керек//
Перооралды глюкозаға толлеранттылықты анықтау әдісін жүргізу//
Науқаста гипогликемия, анамнезін дұрыс жинақтау//
Зәрдегі глюкозаның деңгейін анықтау.
***
65 жастағы ер адам жалпы тәжірибе дәрігерін оң жақ аяғындағы кенет пайда болған ауырғандық пен парестезияға шағымданып шақырды. Объективті қарағанда оң жақ табан мен сирағы бозғылт түсті, және ол аяғын көтергенде артады. Оң жақ табанның сыртқы артериясында тамыр соққысы жоқ. Бұл симптомдар байланысты//
Беткей тромбофлебит//
Омыртқа жотасының бел бөлігі дискасының жарығы//
+Артериальды окклюзия//
Сирақтың терең веналарының венозды жеткіліксіздігі//
Шеткі нейропатия.
***
Бауыр циррозы бар науқастардың максимальды өмір ұзақтығын қамтамасыз етуге болады, егер//
Глюкокортикойдтарды қолданып жүйелі ем терапиясын өткізу//
Қатаң шектелген диетаны дұрыс ұстануын қамтамасыз ету//
Портокавальды анастомоз немесе спленоэктомия операциясын дер кезінде жүргізу//
+Психотерапия , ішімдікке тыйым салу және гепатотоксикалық заттарды , толық қанды құнарлы тамақтану мен этиотропты әсер беру шаралар жүйесін қамтамасыз ету//
Иммуномодуляциялаушы терапияны қолдану
***
Жас ер адам көшеде есінен танған, ауыр жағдайда жатыр. Қарағанда дене жарақаты жоқ. Тері жамылғысы айқын көгерген, қолында көктамыр бойымен инъекция орындары анықталады. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тондары тынықталған, ритмі дұрыс, ЖСЖ 70 рет минутына. АҚҚ-ы 90/60 мм.сын.б.б . Сіздің болжам диагнозыңыз//
Гипогликемиялық кома//
Алкогольды кома//
+Наркотикалық кома//
Жедел жүрек жетіспеушілігі//
Апоплексиялық кома
***
Қандай ағзаның қатерлі ісігінде асцит жиі дамиды//
Бауырдың қатерлі ісігі//
+Аналық без қатерлі ісігі//
Ұйқыасты безінің қатерлі ісігі//
Тоқ ішектің қатерлі ісігі//
Асқазанның қатерлі ісігі
***
Асқазан-ішек жолының жоғары бөлігінен қан кетуде мелена пайда болатын қанның аз мөлшері//
25 мл//
60 мл ден аз//
60-100мл//
+250мл//
500мл
***
Тюбаж тағайындауының көрсеткіштері//
Өт- шығару жолдарының гипермоторлы дискинезиясы//
Өт-тас ауруы//
+Өт-шығару жолдарының гипомоторлы дискинезиясы//
Холецистоэктомиядан кейінгі синдром//
Бауырішілік холестазбен жүретін бауыр ауруы
***
Балалардағы дамымай қалудың жиі себебі//
Муковисцидоз//
Ішектік мальабсорбция//
+Психо-әлеуметтік жоғалту(психосоциальды депривация)//
Хромосомды бұзылыстар//
Қатерлі ісіктер
***
2 айлық сәбиді жалпы тәжірибе дәрігері қарағанда үшінші-төртінші қабырғааралықта экстракардиалды өтетін дөрекі пансистолалық шу анықтады. Анасының айтуы бойынша сәби 130-140 г сүт емеді. Объективті: сәби белсенді, физикалық дамуы жасына сай. ЖСЖ 120 рет минутына , ТАЖ 36 рет минутына . Өкпеде пуэрильді тыныс . Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Сәбиді бағыттау керек//
Стационардың кардиологиялық бөліміне//
Стационардың кардиохирургиялық бөліміне//
Стационардың соматикалық бөліміне//
+ Педиатрдың консультациясына//
Кардиохирургтың шұғыл консультациясына
***
Ер бала 1 жаста. Өмірінің екінші жартысында психомотрлы дамуының кешігуі байқалды, 9 айлығынан кейін құрысу пайда болды. Қарағанда терісі мен шашы ашық түсті. Невропатологта құрысуға байланысты, дерматологта экземаға байланысты бақыланады. Қанның клиникалық анализы патологиясыз, зәр анализы қалыпты. Анасы зәрінен «тышқан иісі» шығатынын айтады. Сіздің диагнозыңыз//
Гипотиреоз//
Балалық церебральды салдану//
+Фенилкетонурия//
Гликогеноз//
Эпилепсия
***
Бала 7 жаста. Сырқаттануына 5-нші күн. Дене қызуы 37,6 С. Қиын демалуға, инспираторлы ентікпеге, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: аранында қақ (налеты), сыбырлап сөйлейді, тері жамылғысы бозғылт, ЖСЖ 120 рет минутына, тондары дұрыс естілмейді, жүрек тынықтығының сол жақ шекарасы емізіктен 2 см сыртқа ығысқан . Болжам диагнозыңыз//
Жалған круп//
Баспа//
Ревматизм//
ЖРВИ, миокардит//
+Дифтерия
***
10 жастағы балаға жалпы тәжірибе дәрігері шақырылды. Ауырып жатқанына екінші тәулік. Дене қызуы 39,0 С. Іші мен бел аймағында ауырғандық, бас ауруы. Тері жамылғысы бозғылт, таза. 19 тәулік бойы кіші дәретке шықпаған. Болжам диагнозыңыз//
Жедел пиелонефрит//
+Жедел гломерулонефрит//
Цистит//
Атониялық несеп қуығы//
Қуық-несепағар рефлюксі
***
Бала 13 жаста. 3 күн бойы ауырады. Дене қызуы 38,0С. Ішіндегі ауырғандыққа , 2 реттік құсу, жасыл шырыш араласқан жиі үлкен дәретке шығуға шағымданады. Императивты шақыруы төмен. Сіздің диагнозыңыз//
Тағамдық токсикоинфекция//
Сальмонеллез//
Псевдотуберкулез//
+Дизентерия//
Іш сүзегі
***
Бала тамақтануындағы орнын алмастыра алмайтын затты таңдаңыз//
+Линоль қышқылы//
Глюкоза//
Крахмал//
Таурин//
Е дәрумені
***
Тарылған (стеноздаушы )ларинготрахеитке тән//
Экспираторлы ентікпе//
+Инспираторлы ентікпе//
Көкжөтел тәрізді жөтел//
Битональды жөтел//
Дауыстың дұрыс шықпауы
***
Спонтанды пневмоторксың ең жиі себебі//
Өкпе абсцессі//
Өкпе обыры//
Бронхоэктаз//
+Өкпенің буллезды кистасы//
Өкпе ателектазы
***
Онкологиялық аурулардың скринингы өткізіледі//
Ісік анықталған науқастарда//
60 жастан асқан тұрғындар арасында//
Ісік аурумен ауырған адамдар арасында//
«Зиянды» өндірістерде жұмыс жасайтын контигенттер арасында//
+Бөлек топтар арасында
***
Асқазанның обыр алды ауруына жатқызуға болады//
Өт-тас ауруы//
Геморрагиялық гастрит//
Мэллори-Вейсса ауруы//
Созылмалы панкреатит//
+Асқазанның үлкен иінінің (кривизна)созылмалы жарасы
***
Қандай белгілерді сүт безінің «мазасыздану белгісіне» жатқызуға болады//
+Емізіктен қанды бөліністердің бөлінуі//
ЭТЖ-ның өсуі//
Сүт бездерінің терісінің күңгірт пигментациясы//
Дене қызуының ұзақ көтерілуі//
Сүт безінің түктенуінің артуы
***
Әйел адамдардың қандай топтары жатыр мойнының обырымен (рагы) жиі ауырады//
Босанбаған әйел адамдар//
Қант диабеті және семіздікпен сырқаттанатын егде жастағы науқастар//
Босанған бірақ емізбейтін әйел адамдар//
+Некеге ерте отырған, 45-50 жастағы көп босанған әйел адамдар//
Прогестинді контрацепция ретінде қолданған әйел адамдар
***
Жатырдан тыс жүктіліктің бұзылысына тән белгі//
+Іштің төменгі бөлігінде қатты тұрақты ауырғандықтың кенет басталуы//
Іштің төменгі бөлігінде кезектесетін шаншу тәрізді ауырғандықтың кенет басталуы//
Шап үстінде тұрақты ауырғандықтың біртіндеп дамуы//
Кіндіктің төменгі бөлігінде күшті «қанжар сұққандай» ауырғандық//
Іштің төменгі бөлігінде шаншу тәрізді ауырғандықтың біртіндеп дамуы
***
Менингитке күмәнданатын клиникалық белгілер болып табылады//
Интоксикация, қызба, АҚҚ-ның көтерілуі, шүйде аймағындағы бас ауруы, көз алдының қарауытуы//
Интоксикация, қызба, АҚҚ-ның төмендеуі, тахикардия, бас айналуы//
Интоксикация, қызба, бет жүйкесінің парезі, артикуляцияның бұзылысы//
Интоксикация, қызба, құрысу синдромы, санасының бұзылысы//
+Қызба, интоксикация, мойын мен дене бұлшықеттерінің тоникалық керілуі, дене қалпын ауыстырғаннан кейін кенет құсудың пайда болуы
***
Жұтқыншақтың жергілікті дифтериясына тән//
Жедел басталуы, жоғары температура, айқын улану, кенет қызарған бадамшабездерде нүктелі сарғыш қақтың (налеты) болуы//
Жұтынғанда тамақтың интенсивті ауырсынуы, қатты ісінген, қызарған бадамшабездердегі іріңді қақтар//
Дене қызуының жоғары температурасы , жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бадамшабездерде торлы ақшыл қақтың болуы//
Ұзаққа созылған қызба, гепатоспленомегалия, әлсіз ісінген бадамшабездердің некрозданған өзгерістері//
+Қызба, аздаған улану, тамақта аздаған ауырғандық , көгерген бадамшабездердегі тығыз сұрғыш қақтың болуы
***
Тұмау эпидемиясы кезінде бұрын көктамырішілік наша қолданған 17 жастағы жас адам бас ауырғандығына, денесінің сыну сезіміне, делсалдық, оянған кездегі жарықтан қорқуға шағымданады. Дене қызуы 37,3 С, желке бұлшықетерінің керілуі.
Дәрігер төсек режимін, көп реттік сұйық ішу, панадолды ішке қабылдауды тағайындады. 12 сағаттан кейін лоқсу мен бас ауыруы қосылды. Науқас ұйқышыл болды. Шақырумен келген кезекші дәрігер науқасты госпитализациялады. Мүмкін болатын диагноз//
Тұмаудың ауыр түрі//
ЖИТС-энцефалопатия//
Герпестік энцефалит//
Лейкоэнцефалит//
+Менингококкты менингит
***
Сыртқы құлақ зақымданғанда келесі белгі тән//
Естудің кенет нашарлауы//
Құлақта соққылы(пульсирующий) ауырғандық//
Есту түтігінен іріңді бөліністердің бөлінуі//
+Құлақ бүртігін(козелок) басқанда ауырғандықтың пайда болуы//
Құлақтағы сыздап ауырғандық
***
Трахеотомияның көрсеткішін көрсетіңіз//
Тыныс жолының жоғары бөлігінің бітелуі (непроходимость) –бөгде дене//
+Жедел тыныс жетіспеушілігі//
Жедел жүрек жетіспеушілігі//
Секреция өнімдерімен тыныс жолдарының өтуінің бұзылысы//
Жедел алмасу бұзылыстары
***
Босанудың басы деп есептеледі//
Шырышты тығынның бөлінуі//
Ұрық маңы суының бөлінуі//
+ Ретті толғақтың дамуы//
Алдыңғы жағында жатқан бөліктің төмен түсуі//
Жатыр тонусының тұрақты артуы
***
Төмендегілердің қайсысы жүктілік кезіндегі жүрек ауруының белгісі болып табылады//
Сирақ пен аяқ басының ісінуі//
Функциональды систолалық шу//
Тыныс алу белсенділігінің жоғарылауы//
+Аритмия//
Физикалық жүктеме кезіндегі ентікпе
***
Жүктіліктің болуы мүмкін белгілеріне жатады//
+Кезекті етеккірінің кешігуі//
Іштің ақ сызығы мен сүт бездері емізігінің пигментациялануы//
Іш қатуға бейім болу//
Жатыр өлшемінің ұлғаюы//
Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау
***
Миокард инфарктысын басынан өткерген науқаста 6 аптадан кейін кеуде клеткасында ауырғандық және қызба пайда болды. Тексеруде перикардит пен плеврит анықталды. Болжам диагнозыңыз//
+Дресслер синдромы//
Миокардит//
Кардиомиопатия//
Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы//
Нейроциркуляторлы дистония
***
45 жастағы әйел адам дәрігерге күшті эмоциядан, физикалық жүктемеден кейін күшейетін кенет пайда болған әлсіздікке шағымданды. Қарағанда- науқас қолын әрең көтереді. АҚҚ-ы 200/100 мм.сын.бб. Қан сарысуында К+ 2,5 ммоль/л . Болжам диагнозыңыз//
Нейроциркуляторлы дистония//
Артериальды гипертония Iдәрежесі//
Артериальды гипертония II дәрежесі//
Артериальды гипертония III дәрежесі//
+Кон синдромы
***
27 жастағы ер адам эпигастрий мен оң жақ қабырғаастында кенет пайда болған ауырғандықты сезді. Бірнеше сағаттан кейін ауырғандық азайды. Объективті: тілі құрғақ, іші тартылған, іш қабырғасының бұлшықеті керілген. АҚҚ-ы 90/60 сын.бб , пульсі 120 рет/мин. Болжам диагнозыңыз//
Созылмалы гастрит//
+Жара ауруы, 12 елі ішек жарасының тесілуі//
Өт шығару жолдарының дискинезиясы//
Іш қолқасы аневризмасының жыртылуы//
Жедел ішек өткізбеушілігі
***
Стенокардияны емдеудегі нитраттардың негізгі әсері//
+Венозды сыйымдылықтың ұлғаюы//
Коронарлы вазодилатация//
Коллатеральды қанағысының жақсаруы//
Жүктемеден кейінгінің (постнагрузка) азаюы//
Нитраттарға төзімділік
***
Жыбыр аритмиясында қарыншалардың жиырылу жиілігі тәуелді//
Жүрекшелермен импульстің өту жылдамдығымен//
Сол жақ қарыншаның эндокардтан эпикардқа импульстің өту жылдамдығымен//
Пуркинье талшықтарынан импульстің өту жылдамдығымен//
Жүрекшелер дірілінің жылдамдығымен//
+Атриовентриукулярлы қосылыстың рефрактерлі кезеңімен
***
Екі қақпашалы (митральды) қақпашаның жақсы естілетін орнын таңдаңыз//
+5-і қабырғааралықта, ортаңғы-бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай//
2-і қабырғаарылықта, төстің оң жақ жиегінен//
2-і қабырғаарылықта, төстің сол жақ жиегінен//
Төстің соңы мен емізікше тәрізді өсіндінің қосылған жері//
Қосымша 5-і нүкте (Боткин нүктесі)
***
Қан сарысуында жалпы билирубиннің қандай деңгейінде сарғаю дамиды//
20,5 ммоль/л аса//
30,5 ммоль/л аса//
+34,2 ммоль/л аса//
45,5 ммоль/л аса//
50,0 ммоль/л аса
***
Дене салмағының индексі қандай формуламен есептеледі//
Бойы сантиметрмен, аламыз салмақ килограммен//
Квадратталған килограммен алынған салмақпен бөлінген бойы сантиметрмен//
Салмақ килограммен, метрмен алынған бойымен көбейтілген//
+Салмақ килограммен, сантиметрмен алынған квадратталған боймен бөлінген//
Салмақ килограммен, алынған бойы сантиметрмен
***
АҚҚ-ның төменде көрсетілгендердің қайсысы артериальды гипертензияның ауыр дәрежесіне сәйкес келеді//
< 120/80//
120/80 - 129/84//
130/85 - 139/89//
160/100 - 179/109//
+> 180/110
***
Холестеринді төмендетудің бірінші қатардағы препаратын таңдаңыздар//
Никотин қышқылы//
Эссенциале//
Фибраттар//
+Статиндар//
Гуарем
***
Қант диабеті ауруының алғашқы жылдары енгізілетін инсулинге қажетілік құрайды//
тәулігіне 0,3 Б 1 кг дене салмағына//
+тәулігіне 0,4 Б 1кг дене салмағына//
тәулігіне 0,5 Б 1кг дене салмағына//
инсулин жетіспеушілігінің деңгейіне тәуелді жеке дара//
тәулігіне 0,6 Б 1кг дене салмағына
***
Айқын арықтау тән//
+лимфопролиферативті аурулар//
миелопролиферативті аурулар//
Кули ауруы//
Мегалобласты анемия//
Геморрагиялық васкулитке
***
Қатерлі обырдың қатерсіз обырдан айырмашылығы байланысты//
Обыр салмағының ұлғаюына//
Қалыпсыз (аномальды)ақуыздардың бөлінуіне//
Метастаздың болуы//
+Обырдың өсуі//
ЭТЖ жоғарылауы
***
37 жастағы В. науқаста ерте таңертеңгілік уақытта төс артында күшейетін басып ауырғандық пайда болады. Күндіз ауыр физикалық жүктемені жақсы көтереді.
Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен жүргізілген сынама оң мәнді. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін//
ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II//
ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК III//
ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV//
ЖИА. Үдемелі стенокардия//
+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
***
Нефротикалық синдромның басты клиникалық белгісі болып табылады//
Гематурия//
+Протеинурия 3,5 г/ тәул жоғары//
Артериальды гипертензия//
Пиурия//
Гипоизостенурия
***
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ненің нәтижесінде дамиды//
Арналардың (каналы) оқшауланған зақымдануы//
Шумақшалардың оқшауланған зақымдануы//
Жинақтағыш түтікшесінің оқшауланған зақымдануы//
+Барлық нефронның зақымдануы//
Әкелетін артериоланың оқшауланған зақымдануы
***
Атериальды гипертензиямен сырқаттанатын 75 жастағы У. науқас өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. ӨСОА(ХОБЛ) өршуі анықталды. Төмендегілердің қайсысы науқасқа қарсы көрсетілген//
Престариум//
Дилтиазем//
Кордафен//
+Обзидан//
Арифон
***
Өкпе эмфиземасында тыныс//
Везикулярлы//
+Везикулярлы әлсіреген//
Везикулярлы күшейген//
Бронх тынысы//
Саккадирленген
***
Крепитация тән//
Өкпе эмфиземасы//
Өкпе абсцессі//
+Крупозды пневмония//
Бронхиальды астма//
Кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілісі
***
Науқастағы оң мәнді венозды соққы тән//
Митральды қақпашаның жеткіліксіздігіне//
Митральды стеноз//
Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігіне//
Қолқа өзегінің тарылуы//
+Үш жармалы қақпашаның жеткіліксіздігіне
***
Жүректің абсолютті тынықтығының айқын кеңеюінің себебі//
Оң жақ жүрекшенің дилатациясы//
+Оң жақ қарыншаның дилатациясы//
Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы//
Сол жақ қарыншаның дилатациясы//
Сол жақ қарынша гипертрофиясы
***
Альбуминурия, гипопротеинемия цилиндруриямен бірге ісіну тән//
+Жедел гломерулонефритке//
Пиелонефритке//
Бүйрек-тас ауруы//
Цистит//
Нефроптозға
***
Глюкозаға төзімділікті анықтау тестысын жүргізгенде қандағы қанттың қалыпты деңгейі//
Жүктемеден 30-60 минуттан соң ақырғы мөлшерден 80% және одан жоғары деңгейге артады//
+Жүктемеден 30-60 минуттан соң ақырғы мөлшерден 80% аспайды//
Жүктемеден 1 сағаттан кейін ақырғы дейгей 100 % артады//
Жүктемеден 2 сағаттан соң 8-9 ммоль/л жетеді//
Жүктемеден 60 минуттан соң ақырғы деңгей 20 % және одан да жоғары артады.***
Нитраттарға төзімділіктің дамып кету қатерін төмендету үшін жүргізеді//
Тәулік бойы қанда дәрілердің құрамының бірдей болуын қаматамасыз ету//
+Дәрі қабылдау арасында үзіліс жасау//
Дәрінің аз мөлшерін қолдану//
Дәрінің жоғары мөлшерін қолдану//
Әр түрлі дәрілерді біріктіру
***
Ірі бронхтардың шырышты қабығының зақымдалуымен жүретін созылмалы бронхиттің басты симптомы болып табылады//
Күшті құрғақ жөтел//
+Қақырықты жөтел//
Тұрақты ентігу//
Ұстамалы құрғақ жөтел//
Ұстамалы ентігу
***
Бронхиальды обструкция (бітелу) ненің көмегімен анықталады//
+Спирография, пневмотахография//
Бронхоскопия//
Қанның газдық құрамын тексеру//
Өкпе рентгенографиясы//
Ангиопульмонография
***
Созылмалы обструктивті бронхитпен сырқаттанатын науқастарда бронхоспазмды жою үшін дәрілер алынады//
Науқастың жағдайын бақылай отырып 2-3 күндік ем сынамасы арқылы//
Сыртқы тыныс алу қызметінің клиниалық және нақты көрсеткіштерін бақылай отырып 2-3 күндік ем сынамасы арқылы//
+Дәріні енгізгенге дейін және кейін ОФВ 1 көрсеткішін салыстыруға негізделген дәрінің кезекті тиімділігін зерттеу жолымен//
Спирометрияның көрсеткішіне негізделіп//
Алып кеткен еміне қарай
***
Альбутамол (вентолин) бронхты мына жолмен кеңейтеді//
Бронх ағашының a-рецепторын тежеумен//
+Бронхтардың b2- адренорецепторларының селективті қозуымен//
Бронхтың салалы бұлшықетіне әсер етумен//
Кезбе жүйкесі қимылының азаюымен//
Гистаминді тежеумен
***
Митральды қақпашаның пролапсында аускультативты симптоматика айқын//
Науқастың горизантальды қалпында//
+Вертикальды қалпында//
Сол жақ бүйіріне жатқанда//
Тұлғасын алға еңкейткенде//
Оң жақ бүйіріне жатқанда
***
ЖИА бар науқастардың болжамы атеросклероздық сіңбенің(бляшка ) қандай орналасуында қолайсыз болады//
Оң жақ тәж артериясында//
Алдыңғы төмендеген тәж артериясында//
+Сол жақ тәж артериясының жалпы бағанасында//
Иіліп өтетін тәж артериясында//
Тұйық жиек (тупого края)артериясы
***
Сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің негізгі белгісі//
Әлсіздік//
+Жүрек астмасының ұстамасы//
Аяқтың ісінуі//
Үлкен қанайналым шеңберіндегі венозды іркіліс//
Гепатомегалия
***
Физикалық жүктеме кезіндегі естен тану мына науқастарға жиі тән//
+Аортальды стеноз//
Митральды стеноз//
Аорталық жеткіліксіздік//
Митральды жеткіліксіздік//
Үш жармалы қақпашаның жеткіліксіздігі
***
Жүрек ырғағының бұзылысының ең бірінші клиникалық түріне жатпайды//
Экстросистолия//
+Атриовентрикулярлы диссоциация//
Жүректің жеделдетілген эктопиялық ырғағы//
Атриовентрикулярлы тежелу (блокада)//
Синоатриальды тежелу
Миокард инфарктысының жедел кезеңінде жиіленген қарыншалық экстрасистолияны емдеудің біріншілік таңдау препараты//
Новокаинамид//
Кордарон//
+Лидокаин//
Бета-блокаторлар//
Жүрек гликозидтері
***
18 жастағы жас әйел адамда эмоциональды қайғыдан кейін салқын сұйық немесе ыссы тағам (тығыз тағам жақсы өтеді) қабылдағанда дисфагияның пайда болғанына шағымданады. Кейін дисфагия қобалжығанда, шаршағанда дамиды. Тәбеті сақталған, салмақ жоғалтпаған. Физикалық қарағанда патология жоқ. Науқасқа тағайындау керек//
Сұйық тағам//
+Неврозды емдеу//
Ішті қармайтын дәрілер//
Физио ем//
Дәрумендермен емдеу
***
Псевдокоронарлы (эзофагальды)синдромда ауырғандықты басады//
Нитроглицерин//
+Дене қалпын ауыстыру (тігінен көлденеңге)//
Транквилизаторлар//
Холинолитиктер//
Спазмолитиктер
***
Қалтқы тарылуының (стеноз) күмән тудырмайтын клиникалық белгісі//
Өтпен құсу//
Іштің құрылдауы//
Траубе аймағындағы резонанс//
+Тағам қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейінгі шашырау дыбысы (шум плеска)//
Көрінетін перистальтика (қозғалыс )
***
Начало формы
Жара ауруының диетотерапиясында бөліп (дробное питание) тамақтануға ақуыздық тағам өнімдерін қосу әкеледі//
+Асқазан құрамында қышқылының азаюы//
Асқазан құрамында қышқылының жоғарылауы//
Асқазан құрамында пепсин деңгейінің артуы//
Асқазан құрамында пепсин деңгейінің төмендеуі//
Секретин деңгейінің төмендеуі
***
Вирусты гепатитке симптомкешені тән//
Сарғаю, қышыну, ксантома, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатаза мен холестерин деңгейінің жоғары болуы//
+Сарғаю, анорексия, жүрек айну, жұмсақ бауыр, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі//
Сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминазаның белсенділігінің сәл артуы, гипергаммаглобулинемия, бірыңғайсалалы бұлшықетке антидененің оң мәнді реакциясы//
Сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ өзгерістер және трансаминазаның белсенділігінің сәл жоғарылауы//
Сарғаю(әрқашан емес) , іштің жоғары оң жақ квадрантындағы ауырғандық, іші жұмсақ, лейкоцитоз
***
Бауырлық кома мынаның нәтижесінде дамиды//
+Бауыр клеткасының массивті некрозынан//
Жайылған фиброздан//
Тромбозбен бірге жүретін бауырдағы микроциркуляцияның бұзылысынан//
Сәйкесінше бүйрек жетіспеушілігінен//
Холангиттан
***
Өт -тас ауруында болады//
+Өт қышқылдары мен холестерин қатынасының азаюы//
Өттегі билирубин деңгейінің төмендеуі//
Өт қышқылдары деңгейінің артуы//
Лецитин деңгейінің артуы//
Өттегі ақуыз мөлшерінің төмендеуі
***
Созылмалы панкреатиттің клиникалық белгісі болып табылады//
Қант диабетінің дамуы//
+Сыртқы секреция қызметінің төмендеуі//
Сарғаю//
Аминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы//
Гепатомегалия
***
Созылмалы панкреатиттің ремиссия фазасында емдеуге қолданылады//
Кортикостероидтар//
Контрикал//
Ферменттік препараттар//
+Диета//
Спазмолитиктер
***
Панкреатиті өршіген науқаста алғашқы екі күнде қолданылатын диета//
Ақуыздық//
Көмірсу//
Майлы//
+Аштық//
Ақуызды көмірсулі
***
Бейарнамалы жаралы колитте келесі рентгенологиялық белгілер диагностикалық маңызға ие//
Ішек диаметрінің артуы//
Көптеген гаустрациялар//
«малтатастар» (булыжный мостовой) көрінісі//
Ішек жиектері бойымен қапшық тәрізді кеңеюі//
+Гаустрацияның өзгеруі, жоғалуы, ішек кіреберісінің қысқаруы мен тарылуы
***
Бейарнамалы жаралы колиттің алдын- алуында маңызды//
Диета//
+Сульфасалазинды 1-2г тәулігіне қабылдау//
Физикалық жүктемені шектеу//
Тыныштандыратын дәрілерді қабылдау//
Ферменттік препараттарды қабылдау
***
Бейарнамалы жаралы колит өршуінде тағайындалады//
+Сүт шектелген диета//
Ақуызсыз диета//
Ұсақталған тағам//
Моносахаридтер шектелген диета//
Май мөлшері төмендетілген диета
***
Асқазанның жара ауруы мен обырын ажырату диагностикасында ең маңызды болып табылады//
Рентгенологиялық тексеру//
Асқазан сөлін гистаминмен тексеру//
Нәжісті жасырын қанға тексеру//
+Эндоскопиялық тексеру биопсиямен//
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ
***
Лейкоцитурияға тән симптом//
+Пиелонефрит//
Гломерулонефрит//
Амилоидоз//
Нефролитиаз//
Поликистоз
***
Жедел нефриттік синдром сипаталады//
Ісіну, гипо- және диспротеинемия, гиперхолестеринемия//
Артериальды гипертензия, гиперхолестеринемия//
+Артериальды гипертензия, протеинурия, гематурия//
Протеинурия, ісіну, гипо, диспротеинемия//
Артериальды гипертензия, азотемия, анемия
***
Протеинурия, гипопротеинемия эритроцитурия және ісінумен бірге көбінесе тән//
+Жедел гломерулонефрит//
Пиелонефрит//
Бүйрек тас ауруы//
Цистит//
Бүйрек амилоидозы
***
Жеделдеу гломерулонефритте бүйрек жеткіліксіздігі дамиды//
+Ауру басталғаннан 3-5 айдан кейін//
Жылдан кейін//
3 жылдан кейін//
Аурудың алғашқы аптасынан//
Артериальды гипертензияның айқындылығына тәуелді
***
Қан сарысуында ненің деңгейі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесін нақты көрсетеді//
Мочевина//
Қалдық азот//
+Креатинин//
Калий//
Несеп қышқылы
***
50 жастағы науқас әйел адам әлсіреуге және омыртқа жотасындағы ауырғандыққа шағымданады, қандағы гемоглобиннің деңгейі 65 г/л, протеинурия 22г, қан сарысуындағы альбумин 40 г/л. Болжам диагнозыңыз//
Созылмалы гломерулонефрит уремия сатысында//
+Миелом ауруы//
Екіншілік амилоидоз бүйрек зақымдалумен//
Созылмалы пиелонефрит//
Бүйрек поликистозы

Приложенные файлы

  • docx 18236559
    Размер файла: 52 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий