Klin_zha_1171_day


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Мамандығы: «Жалпы медицина»Курс: 3Модуль: «Несептік- жыныстық жүйе» Құрастырушылар: аға оқытушы- Рахыжанова С.О.Оқытушы -Аккалиев М.Н. Аударғандар:доцент –Сайдахметова А.С.аға оқытушы- Рахыжанова С.О. Физиологиялық пәндер кафедрасыTBL –технологиясы бойынша «Несеп түзілуі мен несеп шығарылуының нейрогуморалды реттелуі. Жасқа қатысты ерекшеліктері» тақырыпты талқылау. Сабақтың жоспарыЖеке тест шешу – 10 мин. Топта тест шешу – 15 мин.Клиникалық жағдайды топта талқылау – 20 мин.Клиникалық жағдайды талқылау – 50 мин.Тәжірибелік дағдыларды меңгеру – 10 мин.Жеке қорытынды тест шешу – 10 мин.Кері байланыс – 5 мин. Клиникалық жағдай2011ж 1/Х 29 – жастағы науқас Л. ауруханаға түсті. Сырқаттың шағымдары: сол жақ бел омыртқасында ауырсыну пайда болған. Дене температурасы 38,8˚С дейін көтерілген, қалшылдау, дизуриялық құблыстар (кіші дәрет кезінде ауырсыну) байқалды. Anamnes morbi: Өзі 3-4 күннен бастап ауыра бастаған. Бастапқы кезде дизуриялық құблыстар пайда болды, оған ыстығының көтерілгені, қалшылдауы қосылды. Жағдайы нашарлағаннан кейін жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдеммен кезекші ауруханаға жеткізіліп, науқас нефрологиялық бөлімге жатқызылды. Anamnes vitaeБоткин ауруы, туберкулез, венерологиялық ауруларымен ауырмаған. Балалық шағында – қызылша, гриппен ауырған, баспамен жиі аурғандығы анықталған. Жағымсыз әдеттері – жоқ. Аллергиясы жоқ. Status praesents Жалпы жағдайы орташа. Терісінің беткей қабаты бозарған және сілемейлі қабығы субэктериялық. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылы жоқ, ТЖ– 1 минутта 22 рет. Cor тондары таза, ЖСЖ – 1 минутта 78 рет, шулар жоқ. АҚ – 120/80 мм с.б. Тілі ақ өңезбен жабылған, құрғақтау. Status localis:Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырсыну сезімі байқалмайды, ішперде тітіркену симптомдары жоқ, Бауыры және көкбауры үлкеймеген.Пальпация кезінде сол жақ бүйрегінде ауырсынуы байқалады. Дәреті орнықты. Болжамды диагноз: Созылмалы пиелонефриттің өршуі. Бірінші топқа арналған сұрақтар: Зәр шығару орталығының рефлексті орталығы жұлынның қай сегменттерінде орналасады?Зәрдің түсі неге байланысты?Зәр түзілуінің гуморалды реттелуі.Қабыну кезде зәрде қандай өзгерістер байқалады?Олигоурия кезінде диурез көлемі қанша? Екінші топқа арналған сұрақтар: Бүйректерді жүйкелендіретін симпатикалық талшықтарды тітіркендіру диурезге қалай әсер етеді?Юкстагломерулярлы аппараттың функциясы қандай?Жүйке жүйесінің зәр түзілуін реттеудегі маңызы?Несеп жүйесінің қабыну кезінде дизурияны немен түсіндіресіндер?Қабыну кезінде несептің түсі нені анықтайды? Зерттеу жоспары: Зерттеу жоспары: Қанның кеңейтілген талдауы; Зәрдің жалпы талдауы; Қанды RW анықтау, СПИД Зәрді бактериоскопиялық тұрғыдан зерттеу; УЗИ (несептік-жыныстық жүйесін анықтау); Экскреторлы урография; Қанның биохимиялық талдауы; ЭКГ Флюрография. Зерттеу нәтижелерін талдау : Қан талдауы: Нв 120 г/л, эритроциттер – 3 х 1012/л; лейкоциттер - 12 х 109/л; э. 2%; п.15%; с.50%; лимф. 26%; мон. 7%; СОЭ 45 мм/ сағ. Қан мочевинасы 8ммоль/л. Зерттеу нәтижелерін талдау: Зәрдің талдауы: меншікті салмағы 1015, реакциясы қышқылды, 0,16% белок, лейкоциттер барлық қарау аймағында толығымен жауып жатыр. УЗИ (несептік - жыныстық жүйесін зерттеу) Урография ЭКГ Емдеу жоспары: Емдеу жоспары: Дезинтоксикациялық терапия;Антибактериалдық терапия;Қабынуға қарсы терапия;Дәрументерапия;Уросептиктер;Фитотерапия. Тәжірибелік дағдыларды игеру: Несептің жалпы талдауы.Реберг сынамасы, Нечипуренко, Зимницкий бойынша талдаулар. Болжам диагнозды талдау: Сырқаттың шағымдары: сол жақ бел омыртқасында ауырсыну пайда болған. Дене температурасы 38,8˚С дейін көтерілген, қалшылдау, дизуриялық құбылыстар (кіші дәрет кезінде ауырсыну) байқалды. Қан талдауы: лейкоциттер 12 х 109/л, СОЭ 45мм сағ. Зәрдің талдауы: меншікті салмғы 1015, реакциясы қышқылды, 0,16% белок, лейкоциттер барлық қарау аймағында толығымен жауып жатыр.Науқастың шағымдарына және зерттеу кезінде қойылған болжам диагнозы: Созылмалы пиелонефриттің өршуі.

Приложенные файлы

  • ppt 18233448
    Размер файла: 564 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий