Тарих билет экзамен — ответы


1 – билет
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат-міндеттері.
Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбесін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек.“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.
Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
• оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
• оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
• гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
• оқушыларда тарихты оқып-үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері).
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Үйсіндер.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы Қызыл аңғар (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды.
Ғұндар: саяси тарихы, әскери жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті.
Саяcи тарихы.
Ғұндaрдың қоғамдық құрылысы. Мeмлекeт билеушіcінің титулы - «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй». Шаньюйге түменбaсы, жүзбасы, онбасылар бағынышты бoлды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдаp басқарды. Ақсaқaлдар мемлекeт ісін тaлқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндaрда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік eтті. Ғұндардың тастағы cуреттeрінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері cалынған. Олардың ойынша бұқа күш пeн биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй oшағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көpкемдік (aңдық стиль) дәстүpімeн байланысты келеді.
«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты.
Нұрлы жол - болашаққа бастар жол
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2014 жылғы 11 қараша
      Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.      Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
      Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту., көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
2 - билет
1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы V-XII ғасырлардағы Түркі мемлекеттері.
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 
581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі (603-704 жж.). қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар. 
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)Кейіннен Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады.
2. Қазақ халқының 1905-1907 жылдардағы революцияға қатысуы. І және ІI Мемлекеттік Думаға сайлау.
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.
1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.[1]Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
3. Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер!
Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың өмірі мен  қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен  еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалады. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және медальдарымен марапатталған [1, 15-б.].
Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, ғалым, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Чернышевский атындағы № 19 бірінші сатылы мектепте оқыды. Төртінші сыныпты бітірген соң 14-ші мектепте оқыды. Дінмұхамед оқу озаты болмаған, бірақ  қиын ғылымдарды үлкен сүйсінушілікпен меңгерген. Мектептегі сабақтарынан кейін республика Мемлекеттік жоспарының аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.
1931 жылы жас Д.А. Қонаев Мәскеуге Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтына оқуға түсу үшін барады. 1936 жылғы шілде айында Д.А. Қонаев институттың тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жіберіледі. Өзінің Балқаш-Қоңыратқа жіберілгені туралы кейіннен былай деп жазған: «Мұнда менің еңбек жолым басталды. Мен бұл өлкеге бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық практикадан өткенде, Қоңыратпен және оның адамдарымен танысқан болатынмын. Ол кезде мен жаңа ғана құрылған шығыс үйіндінің ондығы болып жұмыс істегенмін. Жұмыс істеп жүріп, «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын анықтау» тақырыбына арналған дипломдық жұмысыма материал жинадым. Дипломымды «өте жақсы» деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы алғашқы қадамдарым Қазақстанның түсті металлургиясымен байланысты болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты мыс өнеркәсібінің, сонан кейін Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш өнеркәсібінің қалыптас-тыруға қатысушылардың бірі болғанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін» [2, 45-б.]. Осында болғанда, Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін иеленді.
3 – билет
1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.
Моңғол мемлекетінің құрылуы (XIII ғ.). Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Ұлыстардың құрылуы.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.
Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.
2. Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96" \o "Ақпан төңкерісі" Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы —Әлихан Бөкейханов.[1]«Алаш» партиясының өмірге келуі
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын асырады
3.ҚР әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру жолында.
Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану. 2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты. Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру.
4 – билет
1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы ХV-XVII ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздері.
Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.
XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік.
Қазақ жүздері
Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді:
Ұлы жүз
Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).
Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.
Орта жүз
Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.
Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз
Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы)
Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б. Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.
Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.
Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.
Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.
Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.
Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады.
Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.
Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.
Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.
Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.
Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап,
Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.
Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.
2. 1917 жылғы қазан революциясы тұсындағы Қазақстан. Кеңестік биліктің орнауы және Азамат соғысы (1918-1920 жж.).
Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы. 1917 жылғы қазан төңкерісі. Большевиктердің билікке келуі. В.И. Ленин және Кеңес үкіметінің құрылуы. Ішкі және сыртқы саясаты. Кеңестік биліктің жергілікті басқару мекемелері. Қазақ большевиктері, өлкедегі эсерлер және меньшевиктер. Түркістан мұсылмандарының 4 –ші жалпы сьезі (27 қараша, 1917 ж.). Түркістан автономиясының құрылуы. М. Тынышбаев. М.Шоқай. Екінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (5-13 желтоқсан, 1917 ж.). Алашорда үкіметінің құрылуы. Алашорда және Кеңестер. Алаш әскері.
Шаруашылық және мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдар. Өлке экономикасының даму ерекшелігі.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм» саясаты. Ә.Жангелдиннің экспедициясы. Колчак әскерін талқандау.
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының Қазақ бөлімі (11 мамыр, 1918 ж.). Мұхамедияр Тұнғаншин. Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің құрылуы (Кирревком - 10 шілде, 1919 ж.). Алашордашыларға амнистия жариялау (4 қараша 1919 ж.). Түркістан АКСР-нің құрылуы (1918-1924 жж.). Т.Рысқұлов, С.Қожанов. О.Жандосов, Н.Төреқұлов және т.б. қызметі.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚазАКСР) құрылуы (26 тамыз, 1920 ж.). КСРО-ның құрылуы (1922 ж.). Большевиктер билігінің нығаюы. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің іске асырылуы. Ұлттық-территориялық межелеу және оның нәтижелері (1924 ж.). Қазақстан құрамында Қарақалпақ автономиялық облысының құрылуы. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуы. КСРО Конституциясы (1924 ж.). Большевиктер саясатының амбиваленттік (ішкі қайшылық) сипаты.
Қазақстандағы астаналар тарихы (Орынбор, Қызылорда, Алматы).
3.«ҚР мемлекеттік егемендігі» туралы конституциялық заң. Бірінші бүкілхалықтық сайлау.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды.
5 – билет
1. Түркі халықтарының ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр әл-Фараби, Қ.А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М.Х. Дулати, Қ. Жалаири).
1)Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді, солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдердіүйренеді. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғалымдардың шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруеті", "Ізгі қала тұргындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. 2) Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж.ж)
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
3) Әбу Райхан әл-Бируни . Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді. 
2. Қазақстандағы ұлттық мемлекеттіліктің құрылуы. Қазақ АКСР құрылуы.
Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.
Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.
Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.
Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.
Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.
Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
3. Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Жастардың демократиялық қоғам құру жолындағы күресі.
1986 Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: себептерi және салдары. Жастар баскөтерулерiнiң маңызы.
Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бейбіт шеруінің түрі ұлттық болғанымен, ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде, орыс халқына бағытталмаған болатын. Бірақ республиканың және одақтың партиялық-бюрократтық жүйе тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастардың бүлігі деп бағаланып, шындық бүркемеленді.Бейбіт шеруді басып-жаншуда зандылық өрескел бұзылды. Жастарды қуып таратуда сырттан арнайы әскери бөлімдер жеткізіліп, орыс ұлтының өкілдерінен халық жасақтары жасақталып, өрт сөндіру машиналары, төмір таяқтар, шағын саперлік күрекгер, үйретілген иттер пайдаланылды. Ұсталғандар прокурордың санкциясынсыз түрмелерге қамалып, онда орын жетпегендерді ұрып-соғып, зебірлеп қысты күні киімсіз қала сыртына апарып тастады. Қылмысты істер бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт жүргізілді. Бұл шаралардың барысында ішкі істер орындарында 3,5 мыңнан астам адам ұсталып, 103 адам сотталды, 270 студент жоғарғы оқу орындарынан, 753 адам комсомолдан, 52 адам партиядан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Келік министрлігінен 309 адам жумыстан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 рекгоры қызметтен алынды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Олардың ішінде қазақ халқының батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков бар. Партия ұйымдарын тазалау жүзеге асырылып, тек 1937 ж. обылыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 23 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің ербір үшінші қызметкері жумыстан босатылды. Мундай тазарту жумыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол ұйымдарында да кеңінен жүргізілді.
6 – билет
1. Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар (XVIII-XIX ғғ.).
18 ғасырдың ортасында Ресей үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты пәрменрді жүргізіле бастады.Кіші жүз қазақтары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жайық бойында көшіп қонатын.Ал қыс айларындажайықтың он жақ жағалауында қыстайтын еді.Алайда патша үкіметінің Жайық бойына көшіп – қонуға тыйым салынуына байланысты ол мүмкін болмай қалды.Сол себепті Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысуы кездейсоқ емес еді.Ол патшаүкіметінің жерге қатысты қысымының күшеюінен еді, Мысалы,Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев көтерілісі кезінде Жайық бекінісін қоршауға,Кулагин бекінісін алуға қатысты.Екі мың қазақ сарбазы Орынборға шабуыл жасауға қатысты.Орта жүз қазақтары Пресно – горьковский бекінісіне шабуыл жасап,басқа да соғыс қимылдарына қатысып,қатар – қатар тұрған бекіністерге қауіп төндірді.
Е.Пугачевкөтерілісі басылғана кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді.Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші – қон жүйесінің бұзылуы болатын.Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады.Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды.Оның өзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп,ақы төленуі тиіс еді.
Ханның рұқсат беруі тек ханның ғана емес,сонымен қатар Жайық қазақтарының ағамандарының кірісті кәсіпшілігіне айналды.Нұралы ханның мұндай іс әрекеті қарапайы халықтың ғана емес,сондайақ сұлтандар мен ру басыларының,билердің заңды нараздылығын туғызды. Бұл Кіші жүздегі саяси ахуалды мүлде шиеленістіріп жіберді.Хан беделін күннен – күнге төмендете берді.
Ресейдің орталық саясаты мен ханның іс – әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар күшейе бастады.Оған қоса 1782 – 1783 жылдың қысында «жұт»басталды.Сол уақыттағы «жұт»туралы деректер мына жағдайларды сереттейді; «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мындаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады.Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады.Ал бұл жерлерде оларды қазақтар қарсы алып,тонап отырды.1783 жылы көктемде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті».
Көтерілісті ұйымдастырушу белгілі батыр әрі шешен, Е.Пугачев көтерілісіне араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды.Көтеріліс 1783 жылы басталып,1797 жылға дейін созылды.Көтерілістің халықтық сипат алу себебі:патша үкіметінің отарлық саясаты,олардың қазақ жерлерін тартып алуы,бекіністердің салынуы,ғасырлар бойы қалыптасқан көші – қон жүйесінің бұзылуы,ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі,қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектклуі болатын.Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ,Ералы,Досалы жыл сайын Орынбордан жалақы алып отыратын.Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қызмет етті.Кіші жүздегі көші – қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды.Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптаралыққа ұсындырды.Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі Бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады.Көтерішілердің ең негізі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып ,ол көтерілістің негізгі ошағына айналды.Сырым Датұлы 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.
Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.Сонымен бірге Нұралы Ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді.Мысалы, 1785 жылы Ресей патшайымы 2 Екатеринаға Кіші жүз ағамандарының жазған хатында: «Біз Кіші орданың қырғыз – қазақ жұрты,барлық халқы,ханның маңайындағылардан басқа,Нұралы ханға ашулымыз ..... Біз патшадан жаманшылық көргеннен емес,ханның зұлымдылығына байланысты сізбен ешқандайда ымыраға келе алмаймыз. Сондықтан ол орнынан алынбайынша біз сізбен келіссөз жүргізіп,бітімге келмейміз деп,бірауыздан шештік»,- деген талап қойған.
Жазалаушы отрядтан қаша отырып,көптеген сарбаздарынан айырылған С.Датұлы 1797 жылы 3 тамызда мыңға жуық жасағымен Хан кеңесіне келеді.Хан кеңесіндегі келіссөздерден кейі С.Датұлы күресті тоқтатынын жариялады.Бұл жолы Хан кеңесі Кіші жүзді саяси дағдарыстан шығаруда қабілетілігін көрсетті.Соған байланысты 1797 жылы қазан айында Айшуақ хан болып тағайындалады.Ал бұл 14 жылға созылған.С.Датұлының қозғалысының жеңілісінің көрінісі болатын.
2. ХХ ғ.б. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде. . Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.
Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазақстан қоғамының тыныштығы, шекараның мызғымас беріктігі, еліміз аумағының тұтастығы, тәуелсіз және егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың негізгі міндеттері болып табылады. Алайда барлық осы міндеттердің шешілуі ең бірінші кезекте әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасымен байланысты.

7 - билет
1.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. «Кіші қазан» идеясы. Тоталитарлық жүйенің орнауы.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды.
«Кіші қазан» идеясы.1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады
2.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау (Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов және т.б.).
Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды.
3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы тұңғыш Президент – Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.
8 - билет
1. Қазақстан І дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліс.
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша  біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық  бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды және жалға алуға даярланды.
2. Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру. II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
3.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
Қайта құру" концепциясы ұлт меселесін де одан ері ұшықтыра түсті. Ұлттық қатынастардағы ұзақ жылдар бойы жиналған шиеленіс 1936 ж. желтоқсанда жас демократияның өміршіл-екімшілдік жүйемен ашық қақтығысына алып келді. Қайта құру тусында орталық өміршіл-екімшіл жүйе 16-желтоқсанда Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1- ші хатшысы Д.А. Қонаевты, республикаға беймәлім бурынғы Ульянов обылыстық партия комитетінің хатшысы Г.В. Колбинмен алмастырды. Бұл шешімге наразы болған жастар келесі күні Орталық Комитет жанында жиналып ез наразылықтарын білдірді. Желтоқсанда Алматыда болған уақиғалардың негізінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тұтас тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси факгорлар жатты. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі патша өкіметі және кеңес екіметі тусында аяққа басылды, қазақ халқының экономикалық мүддесі ескерілмей ұлттық байлығы тоналды.
1991ж. 3 желтоқсанда Минск түбінде Ресей Президенті Б. Ельциң Украина Президенті Л.М. Кравчук және Белорусь Жоғарғы Кеңесінің терағасы С.С. Шушкевич: 1"жаңа Одақтық келісім-шарт түйыққа тірелді, республикалардың Одақтан шығуы және теуелсіз мемлекеттердің қүрылуы өмірдің шындығына айналды" - деп мойындап, Теуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру женіндегі Беловежск келісіміне қол қойды. Беловежск келісімі Кеңестер Одағының тарағандығын өмір шындығына айналдырды. Осы түста 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев ашық сайланды. Муныңөзі елде және халықаралық аяда оның беделін көтеруге үлкен әсерін тигізді. Н.Ә. Назарбаевтың президент сайлануы, сондай-ақ республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық меселелерді шешуге де ықпалын тигізді. Көп үзамай президент өзінің өкімімен вице-президент, премьер-министр мен оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президент және Министрлер Кабинеті аппаратының басшылары арасындағы міндеттерін беліп бекітті. Бүл өзгеріс республика басшыларының алдына қойылған міндеттерді атқаруға жағдай жасады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары ғҚазақстан Республикасының мемлекеттік теуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы теуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол езінің жеріне, үлттық табысына түгелдей иелік ету қүқығы бар, теуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республикадағы барлық үлттардың екілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар кезі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылад
9 – билет
1. 1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қос үкіметтілік және оның негіздері.
Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
2. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.).
1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.
Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті.
Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.
Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.
Одақты қайта құру идеясы п.б. және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қаз.тер-ғы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және эконом. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тур. батыл мәлімденді. Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне аспады.
3. Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі.
Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.
Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.
Қазақстан өзінің экономикалық реформаларды ілгерілетуімен, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің күрделі экологиялық проблемаларын шешудегі табысты тәжірибесімен мақтана алады.
Қазақстанның белсенді ұстанымы, оның ЕҚЫҰ-ның құндылықтарына адалдығы еліміздің Ұйымға төрағалық етуге қол жеткізуін қамтамасыз етті, сондай-ақ осы функцияларды атқарғаннан кейін де еліміз ықыласты ынтымақтастықты жалғастыра беретін болады. ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде Қазақстан біздің ортақ Ұйымымыздың болашағы үшін жоғары жауапкершілікті толық сезінеді. Біз ЕҚЫҰ-ның өзгермелі өмір шындығына бейімделіп, өзінің әлемдік деңгейдегі беделін сақтай алатынына, Солтүстік Атлантика және Еуразия кеңістіктерін жалғастыратын жаңарған үнқатысу алаңына айналарына үміттіміз. Қазақстан осы міндеттерді іске асыруға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және “Үштікке” қатысушы ел ретінде де өз үлесін қосуға әзір. Қазақстанның Сыртқы істер министрі.
10 – билет
1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдыңқызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.
2. Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. 
Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты.шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1970-1985)
1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.
3. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
11- билет
1. ХХ ғ.б. қазақ баспасөздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.
Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов,С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада:  Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…  “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар”  бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған
2.Күштеп ұжымдастыру (1929-1932 жж.) оның салдарлары. Сталиндік-голощекиндік күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының қарсылығы.
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында.
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.
1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдардыкәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
3. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.
Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
12 - билет
1. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кеңес одақғы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға Еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командиры болып азамат соғысына қатысушы генерал Панфилов тағайындалды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8млн. қазақстандықтар қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді.
- Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.- Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артелълер Қазақстанға көшірілді. Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді.
2.Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында: КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.
М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері.
(1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалымстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.
3. Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясында да осы ерекшелік анық көрсетілді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – делінген, Ата Заңның алғашқы сөйлемінде.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына 2050 Стратегиясын ұсына отырып: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған ша-ңырағына айналды», – деуі осының нәтижесі болса керек.
Әлемдік жаһандану жағдайында әлем елдерінің басым бөлігі полиэтносты. Яғни бір ғана ұлттық алабөтен басымдығы байқалып тұрған елдер аз. Халықаралық стандарттар бойынша, ел халқының кем дегенде 1 пайызына тең болса, ол халықты этникалық топқа жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай ірі 7 этникалық топ бар – қазақтар (63,1%), орыстар (23,7%), өзбектер (2,94%), украиндер (2,68%), ұйғырлар (1,53), татарлар (1,44%) және немістер (1,4%). Ең бастысы, бұл этникалық топтар Қазақстанның барлық аймағында қоныстанған. Оларға қоса, елімізде корейлер, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, поляктар, белорустар, дүнгендер т.б. ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін осы халықтардың өзара татулығы мен келісімі қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес. Бүгінде Қазақстанда өзін «Қазақстан азаматымын» деп есептейтін кез келген адам діни, этникалық, саяси көзқарасына қарамастан, өзін еркін сезіне алады.


13-билет
1. Қазақстандағы индустрияландыру (1928-1940 жж.) және оның әлеуметтік-экономикалық зардабы.
Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.
2. ХХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың асқынуы. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары. Семей, Капустин яр, Азғыр т.б.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1].
2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.
Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.
29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» – деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев
Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр.
Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.
Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және көму проблемалары болып табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу үшін және олардың нәтижесін нақты іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті ұсынады.
3. «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы.
2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік. Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік. Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік. Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік. Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік. Жаңа қазақстандық арман Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 2015 жылдың сәуірінде өтіп, қазақстандықтардың абсолютті көпшілігі қолдау көрсеткен кезектен тыс президенттік сайлау барысында пайда болған бүкілхалықтық арманға айналды. Шын мәнінде, осы бүкілхалықтық сенім кепілі біздің Болашағы Біртұтас Ұлт туындауындағы тарихи акт болды. Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жасаудан бастадық.
14 - билет
1. 1920-1940 жж. Қазақстандағы мәдени және ағартушылықтың қалыптасуы. Басты бағыттары мен қиыншылықтары.
Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.
Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.
2. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді.
Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Зерттеудің нәтижесінде радиацияның адамға тигізетін ықпалының ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.
Содан бері 26 жылдай уақыт өтсе де, сынақ зардабын тартқандар улы қарудың уытын әлі күнге дейін сезінуде. Өйткені ажал атомының зардабы тіршілік иесінің ағзасында ұзақ уақыт бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін көрінеді.
3. «Мәңгілік ел – ХХI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан – әлем мойындаған ел.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.
15-билет
1. 1917-1939 жылдардағы Қазақстан халқы.
Кеңес үкіметі орнаған кезде патшалық қоныстандыру саясатының салдары мен нәтижесі өз күшінде еді. Қазақстандағы қоныс аударатын бес аймақта ашылған қоныстандыру мекемелерінің көші-қон үдерісін реттеудегі отарлаумен ұштастырылған әдіс-амалдары мен қолданылатын терминдері кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ерекше өзгеріске ұшырамады.
«1917-1926 жж. көші-қон үдерістері: негізгі факторлары, түрлері және халық құрамына тигізген әсері» деп аталатын бөлімде 1917 ж. мен 1926 ж. Бүкілодақтық халық санағы арасын қамтыған бірінші кезеңдегі көші-қон үдерістерінің негізгі факторлары, түрлері мен халықтың құрамына тигізген әсерлері, демографиялық салдарлары талданады.
Бұл кезеңде саяси оқиғалардың ықпалымен және нәтижелерімен тұтасқан экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни, этностық және тұрмыстық факторлар кешені көші-қон қозғалысының белсендірілуіне ерекше әсер етті.
1916 ж. ұлт азаттық қозғалысқа қатысқандарды қудалаудан қашқандардан басталған қазақтар көші-қоны кеңес өкіметінің жеңісінен кейін де байқалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1917-1918 жж., 1921-1922 жж. ашаршылықтар нәтижесінде сыртқы көші-қондағы тұрғылықты халықтың көші-қоны Қазақстаннан сыртқа қарай бағытталса, европалық ұлт өкілдерінің көші-қоны, керісінше, Қазақстанға ағылуын жалғастырды. Бұл кезеңде бұрынғы патша өкіметінің отарлауынан бастау алған көші-қон жаңа кеңестік түрге ауысты, бірақ патша өкіметі кезіндегідей көші-қоншылардың лек-легімен келуі өндірістендіру басталғанға дейін тоқтатылды. Қазақстанға өз бетінше көші-қонға тыйым салынды. Соған қарамастан, орыс, украин және т.б. ұлт өкілдерінің қазақ жеріне көші-қоны тоқтаған жоқ. Бірақ, Қазақстанға қарай бағытталған көші-қон қарқынының саябырсуына орай, бұл кезеңде қазақтар халық құрамындағы артықшылық үлесін сақтады. 1926 ж. санақта – 58,5% болды. Сондықтан, бұл кезеңді, салыстырмалы түрде, Қазақстанға сырттан бағытталған көші-қонның саябырсу кезеңі деп атаймыз.1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі халықтың сыртқа көші-қоны
1917-1918 жж. Түркістан Республикасын жайлаған аштық пен 1921-1922 жж. Қазақстан аумағын түгел қамтығын ашаршылықтан туындаған стихиялы көші-қонмен ұласты. Бұл кезеңде де Қазақстаннан сыртқа қашқандар – қысым көрген жергілікті ұлт өкілдері де, сырттан келгендер – патшалық билік кезеңінен отарлық қоныстандыру ұғымы бойына сіңген европалық көші-қоншылар.
2. 1953-1964 жылдардағы Қазақстан («Хрущев жылымығы», Тың игеру: жетістігі мен салдары).
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
3. Қазақстан-2050 стратегиясы: қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыттары (14 - желтоқсан 2012 жыл). 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды.
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.
Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.
16-билет
1. ХХ ғ. 20-50 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық интелегенцияны жазалау (XX ғ. 30-50 жж.). Қазақстандағы «Үлкен террор».
Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады. Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды.
«37» деген сан халық зердесіне қанды әріптермен жазылып, мәңгі өшпестей орын алды. Қаһарлы да қорқынышты кезеңнің символы сынды сол цифрлар содан кейінгі жарты ғасыр бойы ауыздан ауызға негізінен құпия ғана жеткізілді. Қысқа мерзімгі «жылымықта» да шын сырын ашпады. Шын сырын ашпаған күйі, үрейлі науқанның белгісі ретінде жүрек түкпіріне ұялаған қалпы, бертінге дейін санада өзгеріссіз сақталып келді. Тек тоталитаризмнің көбесін сөккен қайта құру жылдары мен тәуелсіздік дәуірі ғана қаралы кезең шындығын ашуға мүмкіндік берді.
Халық жанына жойқын жара салған осынау үрейлі Отыз жетіде тарихтағы ең қатыгез және жаппай сипат алған кісі өлтіру науқаны басталды. Шетелдік зерттеушілер «үлкен террор» деп атаған сонау 1937–1938 жылдары Кеңес Одағында, халықаралық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мәліметі бойынша, 1 миллион 710 мыңнан астам адам саяси айып тағылып тұтқынға алынған да, солардың кемі 725 мыңы атып тасталған. (Бұлардың ішінде атылған 25 мыңдай қазақстандық да бар). Совет мемлекеті осы Үлкен террор кезінде орта есеппен күн сайын өзінің бір мың азаматын атып өлтіріп отырды.
«Мемориалдың» тұжырымдауынша, Үлкен террор, сөз жоқ, – совет өкіметінің айрықша қанды із қалдырған террорлық науқаны, дегенмен бұл оның мейлінше салқынқандылықпен жүзеге асырған көп террорлық әрекеттерінің бірі ғана. Өйткені мұндай қылмысты оқиғалар кеңестік биліктің әйгілі Қазан төңкерісінен бергі бүткіл ғұмыры бойы орын алып келген.
2. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы.
Орыстандыру — патшалық Ресей империясы мен Кеңес Одағындағы халықтарды ана тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен, ұлттық болмысынан айырып, орыс ұлтына сіңіру, ассимиляциялау бағытында жүргізілген саясат. Ресей империясында орыстандыру шоқындыру ісімен тығыз байланыста жүргізілді. Отарланған аймақтардың халықтарын православиеге көшіруде патша өкіметі бастапқы кезде күш те қолданды. 16 ғасырда жауланған Қазан, Сібір және Астрахан хандықтарының халқын орыстандыру барысында билік орындары жергілікті мешіттер мен ислами білім беру орындарын өзіне қаратуға тырысты. Күш қолдану нәтижесінде Сібір мен Орал өңірі халықтарының көпшілігі христиандықты қабылдауга мәжбүр болды, шоқынган татарлар, марийлер, мордвалар қауымдары қалыптасты. Орыстандыруды күштеп жүргізу халық наразылығын өршіте түсетіндіктен патша өкіметі 19 ғасырдан жаңа әдіс қолдана бастады. Осы ретте 1865 жылы«Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-94 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін 1895 жылы«Қырғыз православиелік миссионерлік қоғамы» құрылып, 20 ғасырдың басында Семей облысында - 5, Ақмола облысында - 3 жергілікті бөлімшесі ашылды. Орыстандыру жер мәселесімен де тығыз байланыстырылды. Мәселен генерал- губернатор Е.Колпаковский ішкі Ресейден келген орыс шаруаларын қазақтармен аралас қоныстандыруға ерекше мән берді. Христиан дінін қабылдап, орыстанған қазақтарға орыс мұжықтарына берілетін жеңілдіктерді жасауға тырысты. Билік орындарыньщ шенеуніктері отар аймақтардың халықтарын орыстандыруды нәтижелі жүргізу үшін миссионер ғалымдардан «бұратаналардың» дінін, тілін, әдебиетін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты терең танып меңгеруді басты шарт ретінде талап етті. Мәселен 1881 жылы Ташкентте ашылған Шығыстану қоғамы алдында Шығыс халықтарын орыстандыру міндеті тұрғанын Түркістан әскери округі басшысы генерал Мациевский баса ескерткен. «Бұратана» халықтарды орыстандыру жолындағы патша өкіметінің айла-әрекеттерінің бірі - мұсылман халықтарының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб әліпбиі негізіндегі жазуын қолданыстан шығару болды. Араб әліпбиін мұсылман халықтарының қолдануынан қалайда ығыстырып, оньщ орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асыруда Н.И.Ильминский белсенділік танытты. \
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 ж.) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.
«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірінҚазақстанның алдындабүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған ҚазақстанРеспубликасының 1993 жылғы Конституциясыжәнехалықаралықәріішкі саяси өмір шындығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясыашып берді.
Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғыҚР Конституциясының белгілі бір оң рөлін атап көрсетті–яки, олҚазақстанныңегемен мемлекетжәнеәлемдік қауымдастықтың толық мәнді мүшесі ретінде қалыптасуының аяқталуын ресімдеді, қорытынды құжат, конституциялық заң шығарудың 1990-1992 жылдардағыбірінші толқынына өзінше бір белгі болдыжәне «…қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі кезең болды»
17-билет
1. ХХ ғ.б. Қазақстандағы Ұлттық аумақты межелеу.
Ұлттық-мемлекеттік межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде де жалғасты. Мәселен, Бұхар халықтық Кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйектегі бесінші құрылтайында: «Бұхар халықтарының ерік-жігерін білдіре отырып, Түркістан мен Хорезмнің өзбектерімен бірге Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім білдіреміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бірауыздан қолдайды» деген қаулы қабылданды. 10 күннен кейін Бүкілхорезм Кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады.
Түркістан ОАК-нің 1924 жылғы 16 қыркүйектегі III Төтенше сессиясында қабылданған қаулыда былай деп жазылды: «Қырғыз (қазақ. — авт.) халқының жұмысшылары мен диқаншыларының бүкіл ерік-жігерін қолдау үшін ТАКСР-інің киргиз (қазақ) облыстарын Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына біріктіру мақсатында қырғыз (қазақ) халқына ТАКСР құрамынан шығуға құқық берілсін».
Жаңадан құрылған республикалар мен облыстар өкілдерінің қатысуымен РК(б)П ОК Саяси Бюросының 1924 жылғы 11 қазанда өткен кезектен тыс отырысында жаңа республикалар мен облыстар бойынша мемлекеттік қорлар мен капиталы экономикалық межелеу мен бөлу тәртібі айқындалды.
Ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз бөлігі Қазақ АКСР-інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды КАКСР-інің үкіметі құрған, жоғарыда аталған ревкомдар жүзеге асырды.
1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР-іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекараларын нақтылау одан әрі жүргізілді.
Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылғы ақпанда Төркүлде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілгені заңды түрде ресімделді.
2. Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттері (1985-1990 жж.).
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.
М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.
«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
3.Мемлкеттегі этнодемографиялық үрдістер. Шетелдердегі қазақ ирриденталары мен диаспораларының пайда болуының тарихы.
Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым дейтін болсақ, ең алдымен «диаспора» деген ненің атауы, қарастыратын мәселесі не, терминологиялық жүйесі қандай деген сұрақтар туындары да анық. Осы ретте күнделікті лексиконымызда, БАҚ жүзінде диаспора сөзінің біршама көбірек қолданылатындығын да еске ұстағанымыз дұрыс болмақ. Әсіресе, шетелдерде тұратын қандастарға байланысты «диаспора» термині жиі қолданылғанымен, олардың басым бөлігіне тән «ирредент» термині көп қолданыла бермейді.
«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді [1], яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады. Әу баста Палестинадан тыс жерлерге тарап кеткен еврейлерге байланысты қолданылған болса, бүгіндері әлемдегі күллі діни және этникалық топтарға қатысты терминге айналған. Диаспора міндетті түрде көші-қонның нәтижесінде немесе салдарынан болады және осыған сәйкес қалыптасуы да әртүрлі болуы мүмкін.
Көші-қон тіршілік қамына байланысты, қақтығыс-жанжал мәжбүрлегендіктен және түрліше басқа да жүйелі сипаттар негізінде туындайтындығы белгілі. Көші-қонның өзі көшу қашықтығына (алысқа немесе жақынға), қалу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша), шекара сызығын кесіп өтуіне (ішкі және сыртқы), тұратын мекенжайына (қаладан ауылға немесе, ауылдан қалаға т.б.), кету себебіне (өз еркімен немесе зорлықпен, экологиялық жағдайға байланысты), кетушілердің сандық ауқымына (жаппай немесе жекелей), әлеуметтік құрылымы мен сипатына байланысты болып келетіндігі белгілі. Біздің қазақ ұлтының көші-қондық сипатына да осы аталғандардың барлығы тән. Ішкі және сыртқы миграция қатар жүрілетін демографиялық құбылыс және қазір ол қазақ халқының пайдасына жұмыс істеп жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Оның дәлелі жергілікті ұлттың соңғы санақтағы 67 пайыздық көрсеткіші
Енді қазақ диаспорасы мен қазақ ирреденттері турасына көшелік. Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы бойынша 10 млн.-нан астамы Қазақстанда, 5 млн.-дайы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы 5 млн.-ның 4 млн.нан астамы «ирредент», қалған бөлігі «диаспора» болып табылатыны анық.
Қазақ диаспорасының пайда болуы, қалыптасуын зерттеген ғалым Г.М. Меңдіқұлова «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» атты монографиялық еңбегінде былай деп атап көрсетеді: «За пределами территории Казахстана около 4 млн 500 тыс. казахов проживают в 14 государствах бывшего СССР и 25 странах мира, из которых лишь около 800 тыс. представляют собой диаспору, остальные 3 млн 700 тыс. являются казахской ирредентой, т.е. проживают на сопредельных с Казахстаном землях, оторванных от него и присоединенных к России, Китаю, Узбекистану в разные исторические периоды вследствие аферистических игр и амбиций политической элиты тех времен». Тарихи шындық солай болғандығын айту — бүгінгі тағдыр табыстырған тату көршілерге, әлемдік саясатта үлкен беделі бар державаларға қандай да бір аумақтық талаптар қою, олардан жер даулау емесі анық. Бірақ ғалым тұжырымы нақты фактілермен дәлелденген.
Аталған монографияда автор ирредент қазақтар өмір сүретін аумақты былай деп көрсетеді: «К ирреденте относятся казахи, проживающие в Астраханской, Оренбургской, Курганской, Омской, Горно-Алтайской автономной областях России, районах Алтая, Тарбагатая, Или, Кульджи, Еренкабырги, Барколь-Кумула – Синьцзян-Уйгурского Автономного района Китая, Баян-Ульгинском аймаке Монголии, районах Сырдарьи, Чирчика, Кызылкумов и Мырзашол в Узбекистане» — деп көрсетеді [3]..
«1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 процентінен айрылған. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мың»,- деп көрсетеді «Қызылдар қырғыны» атты деректі зерттеу мақалалар жинағында. Дегенмен, осынау дүрбелең жылдары шетел асқан қазақтардың көбісі, әсіресе Қытайға өткендері өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін туған жерлеріне қайта оралғаны мәлім. Ал Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстанның ішкі аудандары, Тәжікстанға, Ресейге өткен қазақтардың бірсыпырасы тұрақты мекендеп қалды. Міне, осылар – қазақ диаспорасының негізгі шоғыры.
Моңғолия қазақтары арасында 1916-1937 жылдар аралығында қазіргі Қазақстан аумағынан ауып барған қазақ отбасылары санаулы ғана түтін екендігін ескерген жөн. Яғни, олардың жалпы саны 1991 жылға дейін мекендеген Баян-Өлгий қазақтары арасында 100 отбасынан аспайды. Мысал үшін, 8000 қазақ мекендеген Улаанхус өлкесінде жан-жақтағы отауларын қоса есептегенде 4 түтіннен тұратын бір ғана тобықты рулы әулет болатын. Қазақстан аумағынан еріксіз ауғандар Қазақтар шоғырлана отырған Баян-Өлгийге қарағанда, Ұланбатыр маңында, ішкі өлкелерге сіңуді жөн санаған. Себебі, 1938 жылы оларды отанынан қашқандар есебінде қудалады. Аман қалғандары ру сұрап, тегін тектеп жатпайтын моңғол арасына кетіп жан сақтауды қолай көрген.

18-билет
1 ХХ ғ.б. Қазақстандағы Ұлттық аумақты межелеу.
17 билет 1 сурак бірдей.
Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттері (1985-1990 жж.).
50-сұрақпен бірдей.
Мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер. Шетелдердегі қазақ ирриденталары мен диаспораларының пайда болуының тарихы.
51-сұрақпен бірдей.
19-билет
1.Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер (1940-1958 жж.)
2.Ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан.
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиісЕлiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2. 1-2].
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылы­ғы­мен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Кас­пийді қорғау бағдарламаларын ха­лықаралық деңгейде ынталанды­руы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын ала­тын қоршаған ортаны залалды әсер­лерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақта­ры болып табылады.

3.Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы».
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялықжәне инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

20-билет
1.Қазақ КСР-ның мемлекеттілік тәуелсіздік Декларациясы. 1991 жылғы тамыз бүлігі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орнауы (ТМД).
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді:Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
2. Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі.
Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.
Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.
Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру – тоталитарлық басқаруға барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары – сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам.
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы – қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуі. А.Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы әрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.
3.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтілуінің маңызы.
Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.
Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.
21-билет
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары).
Рәміздері. Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.
Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
2.Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары.
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді.[1]. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген.[2]. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз.[3]. 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.[4].
Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды).
3.«Интеллектуальды ұлт - 2020» Президенттік бағдарлама және оның мәні. «Назарбаев - университет» жоғарғы оқу орны базасында инновациялық жобаларды қалыптастыру.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. «Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
22-билет
1.Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.
Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.
Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.
2. Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
X ғасырдың 80 жылдары соңы мен 90 жылдары басында орталыққа бағынбау әрекеттері өрши түсті. Бұл кезеңде одақтас республикалар өзінің тәуелсіздігін жариялай бастады. 1990-1991 жылдары басты мәселе жаңа одақтас келісімшартқа қол қою болды. Келісімшарт жобасы жарияланды.
1991 жылы 19 тамызда ерге таңнан бастап Кеңес Одағының радиостанциялары В.И.Янаев, Павлов, О.Д.Баклановтың қол қойған мәлімдемесін жариялады. Мұнда М.С.Горбачевтың денсаулығына байланысты КСРО Президенті міндетін атқара алмайтындығы айтылды (М.С.Горбачев Қырымдағы Фороста демалыста болатын, 1991 жылы 19тамыздаМәскеугеқайтуытиіс еді). 1991 жылы 18тамызда М.С. Горбачевке Форосқа мемлекеттік, партиялық құрылымдардың кейбір жоғары шенді тұлғалары келіп, Бүкіл КСРО аумағында төтенше жағдай енгізуге арналған санкцияны талап етті. Президент бұл талапты орындаудан бас тартады, сөйтіп КСРО Конституциясының 127 бабына сәйкес КСРО Президенті міндеттері Янаев Геннадий Ивановичке өтеді.
Сол күні-ақ ТЖМК-ның №1 қаулысы жарияланды, мұнда КСРО заңдары мен Конституциясына қайшы келетін билік пен басқару органдарының заңдары мен шешімдерінің күші жоқ деп есептелуі, митингілер мен демонстрацияларға тыйым салу, бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнату айтылды. Бағаны төмендетуге, тілек білдірушілерге 0,15 га жер беру, еңбекақыны көбейтуге уәде етілді.
Қазақстанда барлық республикалық газеттер мен радио және телевидение халыққа ТЖМК құжаттарын жеткізді. КСРО Мемтелерадиосы төрағасы Л.Кравченконың куәлік етуінше, Н.Ә.Назарбаев ТЖМК-ны қолдау және мойындау туралы арнайы бейне ролик дайындайды. Н.Ә.Назарбаевтың тележолдауы Мәскеуге жөнелтілгенімен, бірінші арнадан көрсетілмеді.
1991 жылы 19 тамызда Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде халықты ұстамдылық пен сабырлылыққа шақырды. Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтіндігі айтылды.
19 тамызда «Азат», «Азамат», «Алаш», «Единство», «Невада-Семей», КДПО сияқты демократиялық партиялар мен қозғалыстар өкілдері митинг ашып, үнқағаз шығарды. Болған оқиғаны мемлекеттік төңкеріс ретінде бағалап, қазақстандықтарды оған қатыспауға шақырды. Төңкерісті ұйымдастырушыларды сотқа беруді талап етеді.
Бүлік жеңіліске ұшыраған соң, Президент пен Қазақстан Парламенті бірнеше акциялар жүргізді.
1991 жылы 28 тамызда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумы болып, Н.Ә.Назарбаев өзін ҚазКП ОК бірінші хатшысы міндетінен босатты.
Пленум екі қаулы қабылдады:
1. Қаз КП ОК қызметінің тоқтатылуы туралы; 2. 1991 жылы қыркүйекте «КОКП пен елдегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясы туралы» күн тәртібіндегі Қазақстан компартиясы XVIII (төтенше) съезін шақыру туралы.
1991 жылы 28 тамызда Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойды.
Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, КСРО құлауының іргелі себептері мынадай: - экономикалық дамып бара жатқан технологияның артта қалуы, қоғамның артта қалуы; - жарыса қарулану Кеңес Одағы құлауының бір себебі болды. Кеңес Одағының экономикалық кешен құрылымын өндіруші салалардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталды. КСРО-да әскери негізде 9 министрлік жұмыс істеді, олар шексіз қамтамасыз етілді; - ұлттық мәселе де елдің құлауына себеп болды. Ұлттық қатынастар басқаруға келмейтін жағдайға жетіп, ушықты.
1991 жылы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
3.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық даму жолы» атты еңбегіне талдау жаса.
1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өзінің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық ұсыныспен Қазақстан халқының алдына шығу себебін Н. Назарбаев: “Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”-деп түсіндірді [127, 5 б.]. Ал, оның қалай пайда болғандығы туралы: “Осы жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болтын”-деп жазды [127, 11 б.]. Демек, біріншіден, еңбек Елбысының ел болашағының қандай болатындығы туралы өз ойын, уақыт талабынан шыға отырып, халықпен бөлісу арқылы айқындап алу қажеттігінен туындаса, екіншіден, Президенттің атқаруға тиісті Коститутциялық міндетін орындау барысында пайда болған. Сондықтан еңбек біржағынан, ел басқарып отырған тұлғаның ел болашағының алыс перспективсы туралы ой-толғаныстарының жемісі болса, екінші жағынан Президенттің өз құқықтарына сай ұсынған мемлекеттің дамуының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағытын айқындаған бағдарлама, яғни ресми құжат болып табылады. Біздің ойымызша еңбектің басты ерекшеліктерінің бірі де осында.
23-билет
1.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.
1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.
1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.
Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
2.Тәуелсіз мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. Республика халқының демографиялық құрамы.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.
1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 – 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. – 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 – 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.
3. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан–2030».
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.2. Реформаларды аяқтау.3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық апатқа” ұшырайды.
24-билет
1.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.
22 билет 3 сұрақпен бірдей 2. ҚР ұлттық тарихн зерделеу: «Мәдени мұра» бағдарламасы.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi
a.елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
b.мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;
c.көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту;
d.әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру;
eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру.
3.Қазіргі Қазақстан тарихындағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялық кезеңі (нарықтық экономикаға көшу, жекешелендіру, шетелдік инвестицияны тарту, Қазақстан экономикасын реформалау).
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар:
1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5) энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді.
25-билет
1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.
3-билет бірдей.
2.Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші. ЭКСПО-2017.
Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Астана 2017 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
3.Тәуелсіз Қазақстандағы халық санағы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың елге оралуы.Қазақтардың дүниежүзілік Құрылтайы.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік құндылықтардың бірі –
«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үйқымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.
1-нші құрылтай
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.
3-нші құрылтай
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
26-билет
1.Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Ұлттық тарих жылы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру.
«Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан –ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.
Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.
2.Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерін құру турлы заңы. Азаматтардың қауіпсіздігі және тәуелсіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы. Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті. Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..
ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары. Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған. ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.
3.«Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан дамудың жаңа баспалдағы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2006 ж.).
Бәсекеге қабілеттілік индексі бәсекеге қабілеттіліктің үш астары бойынша — макроэкономика, қоғамдық институттар және технология жағынан есептелінсе, жаңа заманауи жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі (БҚИ) тоғыз аспекті бойынша алынады: институттар, инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау және бастауыш білім, жоғарғы білім және біліктілікті арттыру, нарықтық тиімділік, технология, бизнес, инновация дамуы. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау және бастауыш білім беру, бизнес пен инновация мәселелерін шыңдау жұмыстары күн тәртібінде тұрды. Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыруда ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің технологиялық өлшемі — технологиялық даярлық (66-орын) пен инновацияға (70-орын) байланысты БҚИ-нің екі параметрі өзектілігінің маңызы зор болды. Нәтижелі қорытындыларға жету үшін, алға қойылған Стартегия және басқа бағдарламалық құжаттардың технологиялық дамуының басымдылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді анықтайтын және өнеркәсіп саясаты туралы, ұлттық экономиканы дамытудың жаңа жолдары жөніндегі құжаттар қажет болды. Мамандар тарапынан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің баға критериилерін отандық мамандар жасау керектігі айтылған (әлемдік саудада, жалпыэкономикалық сипатта, технологиялық, институционалдық, ұлттық экономиканың жеке нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын) ұсыныстар жасалынды. Әсіресе Президент Жолдауына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика институты ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өзіндік жолы мен тәсілдерін әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы қазақстандық моделінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, ғылыми ұсыныстарымен шығып отырды. Ұзақмерзімді стратегиялық даму тиімділігінің негізі — тұрғындардың жан басына шақққандағы ЖІӨ өсуінде болды, ал жүргізіліп жатқан экономиканы жаңғырту — халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатына құрылды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен ел дамуының тірегі: ЖІӨ жоғарғы технологиялық өндіріс үлесін арттыру, дамыған елдер стандартына келтіру мақсатында экономиканың құрылымын жетілдіру және Қазақстанның бәсекеге қабілетті басымдылығын жүзеге асыруға бағытталған ұлттық экономиканы жаңғырту.
27-билет
1.ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы».
Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.
Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».
2.Білікті мамандарды дайындаудағы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.
Жоба елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең бөлінісін қамтамасыз етуді, еңбек күші мол өңірлерден кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс орындары мол аймақтарға жас мамандарды тартуды көздейді. Бірақ, аталған мамандарды жұмыс күші тапшы өңірлерде даярлау, сол жерлерге әлеуметтік тұрғыда бейімдеуге басымдық берілген. «Серпін-2050» жобасы жастардың тәлім-тәрибесіне, өздерінің қабілет-қарымдарын мейілінше толық пайдалана білуіне, көшбасшылық қасиеттерін, отансүйгіштіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігінмен ерекшеленеді. Жобаға қатысушылардың әлеуеметтік мәселелері толық шешімін тауып, сапалы білім алуларына мүмкіндік берілумен қатар, белсенді қоғамдық жұымстармен де айналысуларына жағдай жасау қарастырылған. «Серпін-2050» жобасы жастарды бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Жастардың өзара қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады.
Жобаға туу көрсеткіші жоғары өңірлердің жастары қатса алады. Ал, қабылдаушы жақ ретінде 7 өңір таңдалған. Жобаға 2015-2016 оқу жылында 18 ЖОО, 25 арнаулы орта білім беру мекемелері тартылған. Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар, педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілді. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта, арнаулы орта оқу орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған.
3.Қазіргі ҚР Конституциясының қабылдануы. Бүкілхалықтық референдум. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Референдум(лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
Референдумның негізгі екі түрі бар:
Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;
Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
28-билет
1.ҚР-ның әлемдік қауымдастықтағы орны, сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.
Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.
Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су коммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, өндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады.
Мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуында идеология маңызды роль атқарады. Өйткені, кез келген сала сияқты сыртқы саясат сол ұлттың салт-санасын, тілін, дінін, дәстүрін, дүниетанымын, психологиясын, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормаларын т.б. көрсетудің айнасы, олардың көріну түрінің бірі болып табылады.
2.«Қазақстан-2050 бағдарламасын іске асыруда «Нұр Отан. Болашақ жолында» ХДП Стратегиясы.
Сессияда қаралған алғашқы мәселе – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері жөнінде өрбіді. Бұл туралы баяндама жасаған «Нұр Отанның» Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов елордалық партия ұйымының қысқа мерзім аралығында қандай шаруаларды еңсергенін атап өтті.
Бүгінде қалалық филиалдың 35 мыңдай мүшесі және 327 бастауыш партия ұйымы бар.
Биыл жыл басынан бері филиалдың қоғамдық қабылдауына 6 311 тұрғын әртүрлі арыз-шағыммен келсе, соның 70 пайызы қысқа мерзім ішінде шешілген.
Биыл «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Саяси менеджментмектебінде 22 төраға арнайы бағдар­лама бойынша оқып шыққан. Бө­лімшенің өзінде партия белсен­ді­ле­ріне арналған қоғамдық-саяси және құқықтық тақырыпта 9 семинар өткізген.
«Электронды партия» жобасы бойынша партия мүшелері туралы электронды базаны құру жөніндегі шаруаларды аяқтаған елордалық филиал енді кадрлық резервті жасақтау жұмыстарын қолға алыпты.
Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе – партияның «Нұр Отан, нұрлы болашақ жолында!» атты саяси доктринасының жобасы туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сөз алды.
Партияның алдағы он жылдағы бағ­дарламасын айқындайтын бұл ма­ңыз­ды құжат Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясын басшылыққа ала әзірленгенімен құнды. Бүгінге дейін Қазақстанның бірде-бір саяси партиясы стратегиялық міндеттерге сай келетін мұндай іргелі құжат ұсынып көрген емес» деді Ерлан Сыдықов.Астаналықтар партияның саяси доктринасы туралы пікірлерін ортаға сал­ғаннан кейін күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV сессиясына делегаттар сайланды. 18 қазан күні өтетін алқалы жиынға 100 адам сайланды.
3.Тәуелсіздік жылдары қарсаңындағы Бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді: 1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.
29-билет
1.Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңы. Саяси партиялардың дамуы және қазіргі кездегі партиялық жүйесі.
1-бап. Саяси партия ұғымы
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады. 2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ. 3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды 4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. 5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет
нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi 1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi.
2.«Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: құрылымы, міндеттері және ұйымдастыру жұмыстары.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
- этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
- қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
- азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. Ассамблея құрылымы Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды. Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3.Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XХI ғасыр» атты манифесінің негізгі бағыттары. Соғысқа және ядролық қару мен терроризмге қарсы шаралары.
Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.
Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді. Өзара сенім қағидаттарына сәйкес еуразиялық-атлантикалық мега-құрылым – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылды. Державалардың бейбітшілікті сақтау жөніндегі үйлесімді іс-қимылдары мен БҰҰ-ның көпқырлы операцияларының нәтижесінде тұтастай бір жанжалдар мен соғыстар мәселесі ретке келтірілді. Міне, енді біз осы барлық жетістіктердің эрозиясын көріп отырмыз. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді.Соғыссыз әлем – бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы.
30-билет
1.ҚР-ның әлемдік қауымдастықтағы орны, сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
2.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы 2004 жылғы заңы. «НұрОтан» Жастар қанатының қызметі.
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және
қағидаттары
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
2) саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жастардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;
4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
5) жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
7) жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу;
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:
1) қазақстандық патриотизм;
2) тарихи, мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтардың басымдығы;
3) азаматтық, жауапкершілік, еңбекқорлық
6) отбасылық құндылықтардың басымдығы;
7) жастардың мемлекеттік қолдау алуға құқықтарының заңдылығы мен теңдігі
8) жастардың тән саулығын сақтау және қорғау;
9) жастарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға жастар ұйымдарын жаппай тарту;
10) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудағы және іске асырудағы ғылыми, кешенді және дәйекті тәсіл;
11) ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау және барлық мүдделі тараптардың ресурстарын тарту қағидаттарына негізделеді
3.Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуы туралы көзқарастарының қалыптасуы.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
31-билет
1. «Қазақстан-2020» ҚР Жастар саясаты туралы мемлекеттік бағдарлама.
1999 жылғы 28 тамыздағы ӛкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейіннен аталған құжатты үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003–2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы»,сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006–2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Аталған бағдарламалардың Бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы Әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, Жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру Үшін жағдай жасауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Жастар саясаты туралы» 2004жылғы 7шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының Қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда. 2008 жылы «Нұр - Отан» халықтық – демократиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр - Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жӛніндегі кеңес құрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті. Демографиялық ахуал Ел тұрғындарының 26% -дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары құрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. Адамға жақындады. Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві»,«Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда
2. «Европаға жол» атты Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасы. ЕҚЫҰ - құрамына кіруі, төрағалық қызметі және оның нәтижелері.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.
3.Экономикалық Одақ құру туралы келісім. Кедендік Одақтың құрылуы.
Тарихи деректер
Тарихи деректерге сәйкес, ке­ден­дік одақ 19 ғасырда орныға бас­таған. Франция мен Монако ара­сындағы (1865 ж.), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі ара­сындағы (1924 ж.) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж.) - Еуропалық одақ (1993 ж.) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж.) құрылған. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.

Приложенные файлы

  • docx 15162626
    Размер файла: 148 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий