gotovye_otvety_psikh


1.Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
Психология- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..
Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.
Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.
Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру. 
Психологияның әдістері 2-ге бөлінеді: 1.Негізгі (бақылау,экперимент) 2.Қосалқы (тест,әңгімелесу,интервью)
2. Психологияның даму тарихын кесте түрінде көрсетіңіз
Ежелгі дамуы
Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді.Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы.Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді."Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі.Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған.Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген.Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған.Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау.Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан.Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Жаңа заман
Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді.Ноам ХомскийдіңСкиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес.Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді.Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты.Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді.Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды.Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.
Психология туралы ілімнің Қазақстандағы даму жолдары
XI-XIV
ғасырлардағы қазақ даласындағы психология
XIX ғасырдың 2 жартысындағы психология
Ұлы Отан соғысына дейінгі қазақ даласындағы психология
Ұлы Отан соғысы кезіндегі және кейінгі қазақ даласындағы психология
3. Психология ғылымының негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз.
Психологиялық бiлiмдердiң даму ерекшелiктерi психологияның басқа ғылымдарғатəуелдi байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрiстепжатқан қажеттерiмен белгiленедi. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарабыбасымдау, дүниетанымдық пəн болса, ол қазiргi кезде өзiнiң танымдық қызметiн сақтайотырып, өндiрiстi, мемлекеттi басқарудағы, бiлiм беру жүйесiндегi, денсаулық, заңмекемелерiндегi, мəдениеттегi, спорттағы жəне т.б. кəсiби практикалық iс-əрекеттiң бiрсаласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты бiлiмдер жүйесi ретiнде танылып,əртүрлi еңбек тəжiрибесiмен байланысуда. Əдетте, психология салаларын жiк-теудiңнегiзгi принципi - психиканың iс-əрекетте даму принципi. Сондықтан, көбiнесепсихология салаларын топтастыру негiзiне адамдардың əртүрлi еңбектiк əрекеттерiалынады. Осыған орай психология келесi салаларға бөлiнедi.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнiмге бағыт-талған əрекетiнiңпсихологиялық ерекшелiктерiн, еңбектi ғылыми ұйымдастырудың психологиялықтараптарын зерттеумен бiрге психология ғылымының дербес салаларына айналғанбiлiмдерге жiктеледi. Олардың iшiнде: инженерлiк психология, авиация психологиясы,ғарыштық психология т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметi адамды оқыту мен тəрбиелеудiңпсихологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлiмдерi: оқу психологиясы, тəрбиепсихологиясы, сондай-ақ мұғалiм психологиясы, дамуы жетiмсiз балаларды оқыту-тəрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дəрiгер қызметi мен сырқат адам мiнез-құлығыныңпсихологиялық мəнiн зерттейдi. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялыққұрылым-дарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдiк дəрiлердiңадамның психикалық жағдайына ықпалын белгiлеушi фармакопсихология; науқастыемдеуде қолданылатын психикалық əсерлердi зерттейтiн психотерапия; психикалықалдын алу профилактика жəне психогигиена тарауларына бөлiнедi.
Заң психологиясы құқық жүйесiн iске асыруға бай-ланысты психикалықмəселелердi қарастырады. Онда бiрнеше салаларға жiктеледi: қылмыскер психологиясы,үкiм шығару-шы мен орындаушы психологиясы жəне т.б.
Əскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-əрекетiн; қолбасшы меноның билiгiндегi сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, əскердiрухтандырушы үгiт-насихат психологиясының əдiс-терiн жəне т.б. зерттейдi.
Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым жəне өнер шығармашылықпсихологиясы да кiредi.
Психология тармақтарын топтастыру негiзiне дамудың психологиялық қырлары даалынуы мүмкiн. Бұл жағдайда психологияның даму принципi iске асады. Осығанбайланысты психология келесi салаларға бөлiнедi:
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның əртүрлi психикалық процестерiмен психикалық қасиеттерiнiң онто-генезiн зерттейдi де келесi салаларды өз iшiнеқамтиды: балалар психологиясы, жас өспiрiмдер психологиясы, ересек адамдарпсихологиясы мен кəрiлiк психологиясы (геронтология).
Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология:олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер).
Салыстырмалы психология - психикалық өмiрдiң филогенетикалық (бiртұтасдаму) формаларын зерттейдi.
Психология салаларын топтастырудың жəне бiр жолы - қоғам мен жеке адамарасында болған қатынастарды ескеру. Бұл əдiске орай "Əлеуметтiк психология"атымен психология-ның көптеген салалары бiрiгедi. Əлеуметтiк психология адамдардыңəртүрлi ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрiнiс беретiнпсихикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Жоғарыда келтiрiлген деректер психологияның қолдану аймағының кең екенiненхабар бередi. Мұнда орындалатын мiндеттердiң де сипаты сан алуан: адамныңқарапайым қабылдауын зерттеуден бастап, жалпы өрiс алған күрделi психикалыққұбылыстарды тануға дейiн. Психология-лық бiтiстердi қазiргi заманның дүниежүзiлiкпроблемаларына байланысты да (бейбiтшiлiк үшiн күрес, қоршаған ортаны қорғау,ғарышты игеру жəне т.б.), адамдардың күнделiктi тұрмысына орай да (эмоциональдықкүйзелiстi басу, адам аралық қақтығыстарды үйлестiру жəне т.б.) зерттеп, олар бойыншақажеттi шешiмдерге қол жеткiзуге болады. Бұлай болуы орынды да, себебi аталғанпроблемалардың бəрi қалайда адамға байланысты болғандықтан, бiздi ең алдымен оныңпсихикалық жан дүниесi қызықтыратыны сөзсiз.
Барша психология салаларының iшiнде айрықша орынды жалпы психологияиеленетiнiн атап өткен жөн. Бұл тараудың негiзгi мiндетi психологияның əдiснамалықпроблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының жəнеболмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бiрге жалпыпсихология танымдық жəне практикалық iс-əрекеттi де зерттейдi. Жалпы психологиязерттеулерiнiң нəтижесi психология ғылымының барша салалары мен бөлiмдерiнiң iрге тасы қызметiн атқарады.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптерi менмаңызды əдiстерi жөнiнде таным берiлiп, оның негiзгi пəндiк түсiнiктерi сипатталады.Барластыру қолайлығымен бұл түсiнiктер үш негiзгi категориялар төңiрегiндетоптастырылады: психикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалыққасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшелiктерi.
4. Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
Ежелгі дамуы
Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорватгуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734)атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализдідамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Жаңа заман
Ноам Хомский
Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияныңжасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспенбірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.
5. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңізƏрқандай ғылым сияқты психологияда қилы əдiстедiң тұтас жүйесiн пайдаланады.Психолгияда әдістерді екі топқа бөледі, олар: негізгі ж»не қосалқы. Негізгі әдістер тобына бақылау мен экспериментті жатқызса болады
Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.
Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.
Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеқдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. 
шінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. 
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті  өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына  қарай шығарылады.
Қосалқы зерттеу әдістеріне : анкеттік  әдіс, әңгімелесу  әдісі, тест әдісі, әлеуметтік  өлшем  әдісітерін айтса болады.
6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идкялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы мен қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардың бірі- материалисттік түсінікте жеке тұлға тек объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.
Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады, себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмірінің алғашқы үш - бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата- ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
7. Іс-әрекет ұғымы және құрылымын тұжырымдаңыз.
Барша тiршiлiк иелерi қоршаған дүниемен өмiрлiк маңызы бар байланыстар жасап, əрi оны қажетiне орай өзгертiп, өзiнше бағыт-бағдар таңдауға қабiлеттi, яғни белсендiлiк көрсете алады. Тiршiлiктiң жалпылама сипатын қамты-ған адам қоғамындағы белсендiлiк өз ерекшелiгiне орай айрықша көрiнiске ие. Бұл белсендiлiк көрiнiсi iс-əрекет деп аталады. Адам iс-əрекетi күрделi құбылыс. Оның қыртарап-тарын əртүрлi ғылымдар зерттейдi: əлеуметтiк мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерiн - физиология пəнi; ал психология - iс-əрекеттiң психикалық болмысын танумен шұғылданады. Iс-əрекет психологиясын зерттеуде, əдетте, назарға жеке дара адамның iс- əрекетi алынады, ал кейiнгi уақыттары психологиялық зерттеулердiң объектiсiне бiрлiктi, ұжымдық iс-əрекет те алынып жүр.
Iс-əрекет əрдайым мiндеттi түрде психика қатысуымен түзiлетiн субьектiнiң объектiмен байланысы. Қандай да бiр iс-əрекеттi орындау барысында адам бiр нəрсенi қабылдауы, есiнде қалдыруы, ойлауы, оған зейiн аударуы қажет; əрекет желiсiнде оның қандай да көңiл-күй шарпулары туындап, ерiк сапалары iске қосылады, ниет-ұстамдары мен қатынастары т.б. қалыптасады. Бұларсыз ешбiр iс-əрекет болуы мүмкiн емес. Бiз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердiң бəрi осы iс-əрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрiнiс бередi.
Iс-əрекет қырларының iшiнде психологияның зерттей-тiнi - iс-əрекеттiң субьективтiк жоспары, яғни əрекетшең адамның дүние шындығын өзiнше бейнелеу деңгейi, түрi жəне формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: түрткi, мақсат қою, ерiк жұмсау, эмоциялар бiлдiру т.б. қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудiң арнайы формалары. Субъективке байланыссыз iс-əрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек əрекет иесi - субъективте ғана болады.
Iс-əрекеттiң мақсаты дегенiмiз - сол iс-əрекеттiң болашақ нəтижесiн күнi бұрын санада болжау. Осы болжау, яғни мақсат, заң ретiнде адам əрекетiнiң сипаты мен əдiсiн анықтап бередi. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудiң құралы. Мақсат жеке орындалатын қызметке тыстан келiп қосылмайды, оны сол əрекеттi iске асырушы адамның өзi белгiлейдi. Бұл процеске нақты адамның оқу, тəрбие барысында игерген қоғамдық тəжiрибесi қосылады. Белгiлен-ген мақсат қызмет барысында iске асады. Сонымен бiрге iс-əрекеттiң күрделiлiгi мақсат пен iс-əрекет объектiнiң арасын-дағы жақын сəйкестiкке, əрекеттi орындауға қажет құрал-жабдықтың болуына байланысты.
Адамның қай əрекетi болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезiмдiк жəне саналық, бұлардың əрбiрi өзiне сəйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау жəне реттеу. Əрекет құрылымындағы бiрлктердiң бiршама авто-маттанып, дағды қалыптасуынан келесi тəсiлдер өзгерiске келедi:
а) əрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар бiртұтас əрекетке бiрiгедi, артық, қажетсiз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседi;
ə) əрекетке сезiмдiк бақылау - қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, əрекет нəтижесiн бақылауға қажеттi бағыт-бағдар сараптау қабiлетi дамиды;
б) əрекеттi санамен реттеп бару - зейiннiң əрекет тəсiлдерiнен сол əрекеттiң орындалу жағдайлары мен нə-тижелерiне ауысуы. Осыдан əрекеттегi кейбiр есеп- қисаптық санаға байланысты шешiмдер бiрлiктi əрi ықшам қабылданады. Келесi қимылға көшуге болған iшкi дайындық алдыңғы əрекеттiң орындалуымен бiрге жүргiзiлiп, жаңа əрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады.
8. Іс-әрекет түрлеріне анықтама беріңіз
Дағдылардан тыс, iс-əрекеттiң қажеттi бiрлiгi - ептiлiк. Ептiлiк - бұл бiлiмдер мен дағдылардың нақты əрекетте көрiнуi. Жаңа жағдайлар немесе жаңа объектермен қатынасқа келе, адам өзiнiң бұрыннан игерген бiлiмдерi мен дағдыларын iске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу - көшпеуi ептiлiкке байланысты. Ептiлiктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебi олар əрекеттiң түрлi баламаларын қолдануға мүмкiндiк бередi. Психологияда ептiлiктiң келесi түрлерi анықталған: а) танымдық, ə) жалпы еңбектiк, б) құрама-техникалық, в) ұйымдастыру-технологиялық, г) қызметтiк-бақылау (Е. А. Милерян). Қандай да бiр əрекеттi орындауға байланысты жай ептiлiктер кездейсоқ елiктеуден қалыптасуы мүмкiн. Ал iс-əрекет неғұрлым күрделенген сайын ептiлiктердiң пайда болуы бiлiмге, объектi мазмұнына, объектi мен субъектi арасын-дағы əрекеттiк байланыстарды танып, салыстыра алуға тəуелдi.
Оқу. Тарихи даму барысында еңбек формалары үздiксiз жетiлуде жəне күрделенуде. Осыдан еңбектiк i с-əрекетке қажет бiлiмдер мен дағдыларды еңбек процесiнiң өзiнде игеру анағұрлым қиындықтарға соқтыруда. Сондықтан адамды алдағы еңбектiк iс-əрекеттерге дайындау мақсаты осы iс-əрекеттiң ерекше түрi оқудың өз алдына бөлiнiп шығуын керек еттi. Бұл еңбек түрi - оқу басқа адамдардың өткендегi жинақтаған тəжiрибесiнiң қорытылған нəтижелерiн үйренуге бағышталады. Адамзат бұл үшiн өсiп келе жатқан əулет өмiрiнiң ерекше кезеңiн белгiлеп, оқудың арнайы да негiзгi iс-əрекеттiгiн танытатын жағдайларды жасады. Əрбiр адамның өмiр бойы бiрiздi ауысып отыратын iс-əрекеттерiнiң ортасында оқу өз орнын иелеп, ойыннан кейiнгi, еңбектен алдыңғы процестiк мағынаға ие болады. Оқу ойыннан түбегейлi ерекшеленiп, еңбектiк iс-əрекетке жақындасты. Оқу барысында еңбек процесiндегiдей адам тапсырмалар орындайды, талаптарға бойсынады, мiндет-термен байланысқа келедi. Оқудағы жалпы нұсқаулар мен талаптар ендi ойындық емес, еңбектiк сипатқа ие болады. Сонымен, оқудағы негiзгi мақсат - бұл адамды болашақтағы дербес еңбек қызметiне дайындау, ал мiндетi - өткен əулет тəжiрибесiнiң жалпыланған нəтижесiн ұғу, игеру. Оқу бiлiмдi ұсыну жəне игеруге бағытталған екi тарапты процесс бола тұрып, оқушы мен мұғалiмнiң өзара ықпалды iс-əрекет-терiнiң байланысынан құралады. Оқу - мұғалiм ұсынған бiлiмдердi енжар қабылдап қана қою емес, оларды саналы еңбек процесiнде өзiндiк құрал дəрежесiнде пайдалану үшiн белсендi игеру. Оқу құрылымы келесi бiрлiктерден тұрады: төңi-ректегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жөнiндегi ақпараттар, яғни бiлiмдер; iс-əрекеттiң негiзгi түрлерiн құрайтын тəсiлдер мен қимылдар, яғни дағдылар, iс-əрекет мақсаттары мен жағдайларына орай тəсiлдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпараттарды қолдана бiлу, яғни ептiлiктер. Сонымен, оқу дегенiмiз адамның өз əрекетiн саналы мақсатқа бағындыра басқаруы немесе белгiлi бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игеруi. Оқу үшiн саналы сеп- түрткiлердiң болуы үлкен маңызға ие. Хайуанаттардағы оқу əрекетiнiң мүмкiн еместiгi нақ осыдан. Тiптi адамдағы оқу жұмысының өзi де əрекет-қылықты саналы реттестiру кезеңiне, яғни 6-7 жастарға тура келедi.
Адамзат iс-əрекетiнiң тарихи қалыпты түрi - еңбек. Еңбекжалпыпсихологиялықемес, əлеуметтiк категория. Сондықтан да оныңзаңдылықтарынқоғамдықғылымдарзерттейдi. Ал психологиялықтұрғыданзерттелетiн нəрсежалпыеңбекемес, еңбектiк iс- əрекеттiң психологиялық бiрлiктерi. Еңбек - белгiлiнəтижегежетуүшiн бағытталған, белгiлiмақсатқаорай ерiк күшiн қосуменреттелушiмақсаттыбағдарлы, саналыiс-əрекет. Бастыниеткебайланыстынəтижегежетiсу шарасыболумен бiргееңбек - жекеадамқалыптастырудың негiзгiжолы да. Еңбекпроцесiнде субъектiөнiмiғанапайдаболыпқоймастан, сол субъектiнiң өзi де осы еңбектекемелденедi. Еңбектенуденадамқабiлетiдамиды, оның мiнезiтұрақтанады. Еңбектiк қызметтiң психологиялықерекшелiктерiеңалдыменоныңқоғамдықпайдалыөнiм жасауғабағытталғанiс-əрекетболуында. Еңбекпроцесiндегiəрекеттердiң бəрiтұтасыменеңсоңғыкезеңге, қорытындынəтижегетəуелдiболуыеңбектiк сеп-түрткiлергеөзiндiк сипатбередi: мақсатi с-əрекеттiң өзiндекөрiнбей, оныңөнiмiненбайқалады. Ал еңбектiң қоғамдық бөлшектенуi бұл ерекшелiктi айқындай түседi. Əрқандай адам өз қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн барша заттарды өндiре алмағандығынан, адамəрекетiнiң сеп-түрткiсiоныңөзiс-əрекетiнiң өнiмiмен емес, басқа тұлғалардың қоғамдық қызметiнiң өнiмiмен байланыста болады. Еңбек желiсiнде тек еңбек құралдары ғана емес, адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мəнге ие. Адам еңбегiнiң түрткiлерi де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке бағытталғансубъектив қатынасысанада бейнеленетiн объектив қоғамдық қатынастарға тəуелдi. Əдетте, еңбек адамның қалыпты қажеттiгi. Еңбек ету – өзiңдi iс-əрекетте көрсете бiлу. Əрқандай нақты iс-əрекеттегiдей, еңбекте адамныңбаршақасиеттерi мен сапаларықатысып, көрiнiс бередi. Əрқандайеңбектүрiндеөзiне сайеңбекқұралдарықолданымынтаба бiлуiқажет, адам мiндетiсолқұралдардықолданутəсiлдерiн игеру. Ал бұлүшiн жүйелi бiлiм мен дағдылардыңрөлiкүштi. Мұнсызешқандайеңбекболуымүмкiн емес.
9. Түйсік және оның түрлерінің өзара қатынасына анықтама беріңіз
Түйсiктер адамға қоршаған орта мен өзінiң сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелеуге мүмкiндiк бередi. Олар адамды төңiректегi дүниемен байланыстырып, негiзгi таным көзi ретiнде қызмет етедi, солар арқасында адамның даму мүмкiндiгi ашылады Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi-генетикалық(қызметiнеорай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты. Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк. Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiл-күй қалпына жақындау келедi. Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттарме қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан. Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз бай-ланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.
Түйiсу түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады. Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүше-лерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есiту жəне көру түйсiктерi. Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффектi), толық жiктелiп, мекенделмеген органика-лық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық - жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себеп-салдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.
10. Түйсіктердің қандай негізге сүйеніп жіктелетінін атаңыз
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы.
Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi-генетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.
Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк.
Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiл-күй қалпына жақындау келедi.
Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi
бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан.
Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.
Түйiсу түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей
жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады.
Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүшелерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есту жəне көру түйсiктерi.
Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1)
протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффектi), толық жiктелiп, мекенделмеген органикалық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық - жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себеп-салдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.
11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды. Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды. Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді. 
Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, оларды санада тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады. Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелейтін болса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде бейнелейді. Түйсіну, қабылдау пайда болуы үшін заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.Қабылдау психикалық процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсатқа көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Адамның қабылдау процесі белсенді. Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады. Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты.
Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз., түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз.
Қабылдау бірқатар қасиеттерге ие:
константтылық (тұрақтылық) – жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік беретін ерекше қасиет. Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады (қабылданатын затқа дейінгі ара-қашықтық, жарық түсіру жағдайы, қабылдау бұрышы және т.б.). Ұшақтың биіктегенде барлығы кішкентай болып көрінеді: үйлер, адамдар құмырсқадай болып көрінеді. Ұшақтан түскенде - барлығы өз қалпына келеді. Басқа мысал. Шөл далада ештеңеде жоқ: құм және өмірдің ешқандай белгісі бомайды. Міне, мұнда константтылықтың қасиеті жоғалуы мүмкін: кейде қойды кесірткеден айыру мүмкін болмайды. Шөл даланың ерекше жағдайы қабылдауды бұрмалап, ақпаратты өңдеу процесіне әсер етеді.
Константтылықтың қасиеті қабылданатын обьектіге және оның өмір сүру жағдайларының ерекшеліктеріне икемделетін және кері байланыс механизміне ие, өз бетінше реттелетін әрекетпен түсіндіріледі.
заттылығы – обьект жеке физикалық дене болып кеңістікте және уақытта жекеленуі ретінде қабылдануы. Бұл қасиет фигура мен фонның өзара байланысы кезінде анық көрінеді. Заттың қасиеті, заттылығы затпен байланыс кезінде пайда болады, ол адамға қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Заттың қасиеті қандайда бір бүтіндікте байқалады;
тұтасқығы – бейнелі түрде бөлшек пен бүтіннің ішкі органикалық өзара байланысы. Бұл қасиеттің екі аспектісін қарастыруға болады: а) әр түрлі элементтерді біріктіру; б) оның құрамдас элементтерінің сапасынан құрылған бүтіннің тәуелсіздігі.
Қабылдауды ұйымдастырудың принциптері (заттылық пен тұтастылықтың қасиеттері) гештальтпсихология өкілдерінің еңбектерінде неғұрлым терең және ашық талданған (М. Вертгеймер, Ч. Осгуд және т.б.).
Қабылдаудың тұтастылығы мен құрылымдылығының қайнар көздері бір жағынан обьектілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты болса, екінші жағынан адамның заттық іс-әрекетінде.
● жалпылық – әрбір бейненің аты бар кейбір обьектілер класына жатқызылуы;
мағыналығы қабылдаудың ойлаумен, заттың мәнін түсінумен байланысына негізделген;
қабылдаудың маңызды феномені шынайы әлемге заттық бейненің қатыстылығы болып табылады – жоба феномені (мысалға, көздің сетчаткасында адам заттың бейнесін емес, шынайы әлемдегі шынайы затты көреді). Бұл феноменді тұлғаның қалыптасуындағы барлық деңгейден байқауға болады.
Қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады.
Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.
Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.
Кеңістік пен уақыт – объективтік категория. Дүниедегі заттар мен құбылыстар кеңістікте орын алады, уақыт ішінде өзгеріп, дамып отырады. Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы ғана кеңістікті дұрыс тануға болады.
Уақытты қабылдау адамның эмоция – сезімдерімен, уақытты қалай өткізумен тығыз байланысты адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болады. Керісінше, адамның көңіл-күйі түсіңкі болса, адам уайымдаса немесе ол қайғы-қасірет шексе, уақыт та тым шабан өткендей болып қабылданады.
Уақыттың дұрыс қабылдануы, оның қандай мазмұнда болуымен байланысты. Әрекетсіз өткен ұзақ уақыт болып көрінсе, мазмұны әрекетке толы уақыт- тез өтетін сияқты болады. Сондықтан уақытты субъективті түрде болжамай тек объективті өлшеуіштермен өлшеген жөн болады.
12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
Қабылдау - аса көп талдап, бiрiктiру қызметiн керек ететiн құрылымды əрi белсендi психикалық əрекет. Бұл күрделiлiк пен белсендiлiк келесi жəйттерден көрiнедi.Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезiм мүшелерi жəй тiтiркенуiнiң нəтижесiнде қозулардың шеткi қабылдаушы мүшелерден миға жетуi ғана емес.Қабылдау қызметiне қозғалыс əрекеттерi де қосылады (мəндi тетiктерiн байқастыру үшiн заттарды түртiп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мəндi ерекшелiктердi анықтау мақсатында тиiстi дыбыстарды əуендеп не күбiрлей қайталау).Сондықтан да, психикалық қабылдау процесiн субъектiнiң затты тануға бағытталған тiкелей iс-əрекетi деп қарастырған жөн
Сонымен бiрге, қабылдау өткен тəжiрибе iздерiн жаңғыртуға да байланысты.Осыған орай субъектi өзiне келiп жеткен ақпаратты бұрыннан бар бiлiктерiмен салыстырады, мəндi белгiлерiн айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнiнде болжам жасайды; қабылданған затты тиiстi категориялар тобына жатқызу жөнiнде ұйғарым қабылдайды.Былайша айтқанда, субъектiнiң танымдық iс-əрекетi көрнекiлiк пен ойластыру негiзiнде өтiп, қабылданатын объектi неғұрлым бейтаныс əрi күрделi болса, ондағы көрнекiлiк басымдау келедi.
Мiне сондықтан да, қабылдау барысындағы iс-əрекет ешқашан да бiр сезiм қызметiнiң аймағымен шектелмей, бiрнеше сезiм мүшелерiнiң жұмысы нəтижесiнде қалып-тасады. Жəне бiр, маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жəй деңгейде орындалуы мүмкiн емес, ол психикалық iс-əрекеттiң ең жоғары сатысы - тiлмен тiкелей байланысты. Адам затқа жəй назар аударып, оның қасиеттерiн енжар танып қоймастан, олар iшiндегi мəндi деп есептегендерiн айыра талдай жəне бiрiктiре, заттық бейнеге келтiрiп, оны сөзбен баламаластырады, соның арқасында заттың қасиеттерi мен сапаларын тереңдете тани отырып, белгiлi категориялар тобына қосады. Мысалы, адам уақыт көрсететiн механизiмдi қабылдай, танып, оны "сағат" сөзiмен атайды, əрi осы механизм үшiн онша қажеттi маңызға ие болмаған сағаттың түрi, түсi, көлемi сияқты белгiлерге мəн берместен, оның негiзгi қызметтiк қасиетi - уақыт көрсетуге айыра зейiн аударады. Сонымен қатар, бiр сəтте адам қабылданып жатқан затын белгiлi категорияға жатқызып, сырттай ұқсас болған басқа категория заттарынан (барометр, компас) айырады.Осының бəрi субъектiнiң қабылдау iс-əрекетi өзiнiң психологиялық құрылымы бойынша бейнелi ой iсiне жақын екендiгiн дəлелдейдi.Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерi жəне бөлшектерiмен бiрiге, сезiм мүшелерiне тiкелей əсер етуiнiң нəтижесiнде тұтас түрде бейнеленуi.
Қабылдаудың қасиеттерi
Қабылдаудың заттық тектiлiгi.Қабылдаудың бұл қасиетi оның объективболмыстық көрiнiсiмен түсiндiрiледi, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзi осы объектив дүниенiң өзiнде болуы.Заттай қабылдау адамның тума қасиетi емес, ол өмiр бойы қалыптасып, iс-əрекеттiң барша саласында бағыттау-реттеу қызметiн атқарады.Қоршаған дүниенi заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерiнiң негiзiнде орнығады (И. М. Сеченов).Қозғалыс болмаған жерде бiздiң қабылдауымыз заттық қасиетiнен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар едi.
Қабылдаудың заттық негiздi болуы əрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие.Əдетте, бiз нақты нысанды басқалардан түрi мен сипатына қарай бөлмеймiз, бiз үшiн бұл жағдайда ең қажеттiсi оның тұрмыстық қажеттiлiкке жарайтын негiзгi қасиеттерi.Мысалы, пышақ кесуге жараса - пышақ, болмаса əншейiн металл.Қабылдаудағы басты мiндет - осы қасиеттердi тану.
Қабылдаудың тұтастығы. Түйсiк, жоғарыда айт-қанымыздай, заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуден-ақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас).Мұндай танымның негiзiнде бiздiң бұрынғы тəжiрбиемiзде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлекстi қалыптас-қан байланыстар жатыр. Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты.Қабылдау көп жағдайда бiздiң мезеттiк түйсiну-лерiмiзге тура келе бермейдi, əрi сол түйсiктердiң қарапайым қосындысынан жасалмайды.Адам, əдетте, нақты түйсiнуден дербестенiп, дерексiзденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу бiршама уақыт өтуiн талап қылады.Егер сiз қандай да бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды.Əдетте, тыңдаушы үшiн əн- күй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi.Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейне-ленушi қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды.
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы).Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбiр қасиеттерiнiң бiр тектi сақталуын айтамыз.Өзгерiстер орынын толықтыру қабiлетiне ие қабылдаушы талдағыш-тардан құрылатын тұрақтылыққа орай бiз қоршаған дүние заттарын бiр қалыпты күйiнде танып, бiлемiз.Көбiне заттардың түрi, көлемi мен формасы мызғымас қалпында бейнеленедi.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады.Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану.Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi.Жалпылап тануда нəрселердiң жай-жапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi.
Апперцепция. Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субъектiнiң өзiне де байланысты көрiнiс бередi.Қабылдайтын көз, құлақ емес, əрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшелiк-терiмен де сипатталады.Қабылдау нəтижесiнiң жеке адам психикалық өмiрiне, оның тұлғалық ерекшелiктерiне тəуелдiлiгi апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмiр тəжiрибесi үлкен рөл ойнайды.Сондықтан да бiр заттың өзiн əрқилы адамдар (бiлiмiне, тəжiрибесiне, тəрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтiк дəрежесiне, т.т. орай) əртүрлi қабылдайды.Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесiне де орайлас келедi.Ниет, көңiл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгерiске де түсуi мүмкiн.Мұндай уақытша апперцепция адамның əртүрлi алдануы - иллюзия салдарынан жаңсақ пiкiрлер туғызатын жағдайларда болады.Жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты жалған, терiс, бұрмаланған бейнелер туындайды.Мұн-дайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.4. Қабылдаудың физиологиялық негiздерi
Қабылдау да түйсiк секiлдi рефлекторлы процесс.Оның негiзiнде қоршаған орта заттары мен құбылыста-рының рецепторларға əсер етуiнен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр.Ми қабығы бөлектерiне келiп түскен құрамды тiтiркендiргiштер күрделi талдаудан өтiп, бiрiгiп жатады.Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөлiп алынады, сонымен бiрге оның барша қасиеттерi бiртұтас сапалық бейнеге бiрiктiрiледi.Түйсiкпен салыстырғанда қабылдау процесi ми қыз-метiнiң ең жоғары талдану- бiрiгу формасы.Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мəн жайына жету мүмкiн емес.Мысалы, түсiнiксiз тiлдегi ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкiн емес, тұтасқан дыбыстық сарын.Ал ендi осы баянды түсiнiп, қабылдау үшiн оны бөлек тiркестер мен сөздерге мағынасына орай жiктеу қажет, яғни естiп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшiн талдаумен бiр уақытта бiрiктiру əрекетi де жүрiп жатады.Осының арқасында бiз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тiркестерiн ұғамыз.Мұндағы бiрiгiм уақытша жүйке байланыстарының түзiлуiмен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екi түрiне негiзделген: бiрiншi байланыс түрi талдағыш төңiрегiнде түзiлген де, екiншiсiне - талдағыштар арасындағы байланыс-тар себептi. Бiрiншi жүйке байланысы ағзаға бiр тектi құрамды тiтiркендiргiштердiң əсер етуiнен болады, мысалы, есту талдағышына əсер етушi жеке дыбыстардың ерекше бiрiкпесiнен пайда болған əн-күй бiртұтас күрделi тiтiркен-дiргiш ретiнде қабылданады.Бұл үлкен ми сыңарларында өтетiн бiрiгу процесi мен күрделi синтездiң болуынан.Қүрамды тiтiркендiргiштердiң əсерiнен түзiлетiн жүйке байланыстарының екiншi түрi - əртүрлi талдағыш-тардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңiстiктi қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу жəне басқа да түй-сiктердiң өзара байланысынан жүзеге келедi (И. П. Сеченев).Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңiстiктегi қатынастарды белгiлейтiн сөздiң дыбыстық бейнесi қосылады.Заттардың көлемi мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсiгi бұлшық еттер түйсiгiмен байланыспай болмайды.Қабылдау негiзiнде жатқан уақытша жүйке байла-ныстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды.Əртүрлi талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жəрдемi-мен бiз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерiн де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншiктi салмақ жəне т.б.).Түйсiкке қарағанда қабылдау барысында бiздiң дүниенi тереңiрек қабылдап, дəлiрек тануымыз осыдан.Сонымен, қабылдау сынды бейне түзушi күрделi процесс негiзiнде бiр талдағыштың өзiндегi жəне талда-ғыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық.Осы байланыстар арқылы бiз тiтiркендiргiштердi жете танып, күрделi тұтастық құраған зат қасиеттерiнiң өзара ықпалды əрекеттерiн ескеремiз.

13. Қабылдаудың түрлері: кеңістікті, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз.
Ғылым болмыс жасауының екi түрлi формасы бар деп санайды. Олар - кеңiстiк пенуақыт. Бұл формалар шексiз. Уақыт пен кеңiстiктi түйсiну адамның тiршiлiк етуiне қолайлыжағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетедi. Сол арқылы адам объектив дүниенi бейнелегендеөзiнiң өмiр сүретiн ортасы жайында қажеттi мəлiметтердi бiлiп, тiршiлiк ету жағдайына бейiмделедi.
Кеңiстiк нысандарын қабылдау - күрделi процесс. Дүниедегi заттардың барлығыкеңiстiкте орналасқан. Олардың əрқайсысының белгiлi түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, ендi-енсiз, биiк-аласа, үлкен-кiшi т.б. Олар бiзден түрлi қашық-тықта орналасқан. Кеңiстiктегiзаттардың көлемiн бiр көзбен монокулярлық - көру нəрселердiң тереңдiгi жөнiнде дəлмағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екi көзге түсетiн кескiн қосылып, нəрсенiң
бедерi айқын сезiлiп, бiр кескiнге айналады. Осылайша көрiп, қабылдауда заттар тұтасып,олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсi, рельеф-бедерi əртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседi.
Қашықтық пен заттар көлемiн қабылдауда көздiң конвергенциясы, яғни екi көзбенкөретiн затқа бiр көздей болып əрекет етiп, жақын жердегi нəрселердi ажыратуданбайқалады. Ал алыстағы нəрселерге қарауда олардың екi бөлiнiп кетуi дивергенцияделiнедi. Көздiң түрлiше қашықтық-тағы заттарды көруге бейiмделу қабiлетi аккомодация(көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нəрселердi қабылдау адамның өмiртəжiрибесiмен байланысты. Кеңiстiктi қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орманiшiнде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңiстiктi қабылдауы түрлiше болыпкеледi.
Заттың бағытын қабылдау көздiң торлы қабығындағы сəулеленумен қатар денеқозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тiк тұрып, не отырып,көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңiстiктi дұрыс қабылдаудың көлiкжүргiзушiлер, ұшқыштар мен ғарыш-керлер, суретшiлер мен əскери қызметкерлер, дəлдiкаппарат жасайтын мамандар үшiн маңызы зор.
Уақыт та - материя өмiр сүруiнiң объектив формасы. Дүниедегi материя мензаттардың бəрi де кеңiстiк пен уақыт iшiнде қозғалыста болып, оларда қабылдау бiрнешеқұрылым бiрлiктерi арқылы, құбылыстың белгiлi бiр ырғағымен өтедi, қарқын дəрежесiменөлшенедi. Қарқын - уақыттың бiрiздi тездiгiнiң не баяулығының көрсеткiшi.
Уақытты қабылдауда субъективтi мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақжылдам, қысқа мерзiмде өткен сияқты. Оны дəуiр, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейдi.Соған орай өткен уақиғалар көмескi болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн,сағатпен өлшенедi. Бұл нақтылы iзбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуi, келершақтың ұзақ болып көрiнуi субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез
өтедi, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
14. Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:
1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;
3) Оперативті есте қалдыру;
4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;
5) Ырықсыз есте қалдыру;
6) Логикалық есте қалдыру;
7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:
1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2) Салыстыру.
3) Материалды топтастыру және жіктеу.
4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5) Бейнелі байланыстарға сүйену.
6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7) Мағыналы байланысты орнату.
2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.
3. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
4. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.
15. Естің түрлері мен  процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
Есте қалдыру жəне қайта жаңғырту үшiн жұмсалатын əрекеттердiң сипатына орай естiң əр түрi келесi негiзгi үш өлшемге сəйкес болуы шарт: 1) əрекеттегi басымдау болған психикалық белсендiлiктiң сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезiмдiқ, бейнелi жəне сөз - логикалы болып бөлiнедi; 2) iс-əрекет мақсатына орай ес - ырықты жəне ырықсыз болуы мүмкiн; 3) дүниелiк iс-əрекеттегi рөлi мен орнына тəуелдi жатталып, сақталу мерзiмiнiң мөлшерiне байланысты - қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жəне нақтықызметтiк естер ажыратылады.
Қозғалысты ес - əрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бiрлiктi жүйесiн есте қалдырып, сақтап жəне қайта жаңғырту. Кейбiр адамдарда осы ес түрi басқаларынан гөрi басымдау келедi. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екiншi бiреулердiң қозғалысты есi тiптi шабан. Бұл ес түрiнiң əрқандай еңбектiң дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу əрекеттерiнiң қалыпқа түсуiнде жəне т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, бiз қажеттi əрекет пен қимылдарымызды əрдайым жаңадан үйренiп баруымызға тура
келер едi. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның əрекет еп-тiлiгiнен, еңбектегi ұқыптылығы мен "бармағынан өнер тамғанынан" көрiнедi.
Сезiмдiк ес. Əдетте, қажеттерiмiз бен қызығулары-мыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиiмдi не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңiл-күйiмiзбен танытамыз. Осыдан, көңiл-күй есi адам өмiрi мен iс-əрекетiндеөте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтiп, есiмiзде сақталған сезiмдер əрқашан бiздi əрекетке ынталандырады немесе өткендегi жағымсыз əсерлерге тап келтiрген оқиғалардан сақтандырады. Сiзбен қатынасқан адамның көңiлiн аулау, оқыған кiтабыңыздың кейiпкерiмен қосылып, толғанысқа түсуiңiз осы сезiмдiк еске негiзделген.
Бейнелi ес - елестерге, табиғат көрiнiстерiне, сонымен бiрге дыбыстар, дəмге
негiзделген жад iздерi. Ол көру, есiту, сипай сезу, иiстiк жəне дəмдiк болып бөлiнедi. Егер көру, есiту естерi əрбiр жете дамыған адамның өмiрлiк бағыт-бағдарында қалыптасатын болса, онда сезiмдiк, иiстiк пен дəмдiк естер адамның кəсiптiк қасиеттерiне жатады.
Сəйкес түйсiктер сияқты мұндай ес түрлерi iс-əрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемiстiгi болған ес түрлерiнiң орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерiлуi мүмкiн, мысалы, соқырдың денесiмен сезiнуi, естiгiштiгi, ал кереңнiң көргiштiгi, иiскей, жанаса сезгiштiгi т.б.
Сөздiк-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына бiздiң ой-өрiсiмiз кiредi. Ой тiлсiз өрнектелмейдi, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздi-логикалы болатыны осыдан. Бiздiң ойымыз əртүрлi тiл формаларымен берiлетiндiктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негiзгi мазмұнын жеткiзумен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкiн. Егер кейiнгi жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтiн болса, онда оның өзгерiссiз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға
айналады.
Сөздi-логикалық, мағыналы есте басты мəн екiншi сигналдық жүйеде. Сондықтанда, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелi жəне эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрi адамға ғана тəн қасиет. Сөздi-логикалы ес басқа ес түрлерiнiң дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшiлiк етедi жəне өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерiлуiне ықпалын тигiзедi. Оқу процесiндегi шəкiрттiң бiлiм игеруi мен топтауы, негiзiнен, осы мағыналық еске байланысты.
Iс-əрекет мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлiнедi. Арнайы есте қалдыру не еске түсiру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрiнiс берiп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейiнгi жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсiру) əрекет-терге орай жүзеге келедi.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бiрiздi, кезекпен келетiн 2 деңгейiқұралады. Адам өмiр тəжiри-бесiнiң көбi ырықсыз ес жəрдемiмен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажеттi болған тұр-мыстық бiлiктерiмiздiң қоры қалыптасады. Бiрақ iс-əрекет барысында адамның өз iс-əрекеттерiн басшылыққа алу қажеттiгi де туындап қалады. Бұл жағдайда iске ырықты ес қосылады да, осыдан бiзгекеректi болған материалды алға ниет қып белгiлеумен жаттаймыз немесе еске түсiремiз.
Кейiнгi жылдары зерттеушiлер назары есте қалды-рудың бастапқы кезеңiне,
сыртқы əсерлер iздерi бекiнгенге дейiн өтетiн процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшiн, ол субъектi тарапынан тиiстi дəрежеде өңделiп, игерiлуiтиiс. Ал бұл үшiн белгiлi уақыт аралығы қажет, яғни сырттан түскен əсерлердiң басы бiрiгетiн уақыт. Бұл процесс - жаңа ғана болып өткен оқиғаның бiздiң субъектiк санамызда бiрден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуi: болып өткен оқиға ендi жоқ болса да, бiзоның көрiнiстерiн елестетемiз, құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетедi, бiрақ тəжiрибе топтастыру механизмдерiнiңқызметiнде үлкен рөл ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекiту жəне қайта жаңғырту үшiн қажеттi естiң ерекше формасы ретiнде - қысқа мерзiмдi ес деп танылған. Бұл ес түрi, жоғарыда көрсеткенiмiздей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкiншiлiгiне ие.
Нақты қызметтiк ес адамның нақты iс-əрекет мезетi мен қажетiне орай қозғалыстар жəне қимылдарды орындауына байланысты iске қосылады. Қандай да бiр күрделi əрекеттi орындау үшiн оны бөлшектеп алуымыз керек, кейiн əрекеттiң əр бөлiгiбойынша нəтижеге келiп, екiншiсiне өтемiз. Осы екi арадағы нəтиже сол мезеттегiқажеттiгiмен есiмiзде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есiмiздегiалдыңғы бөлiк нəтижелерi əрқайсысы өз кезегiмен ұмытылып, естен шығып, келесi əрекет бөлiгiнiң ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын əрекет бөлiктерiнiң көлемiмен аумағы əртүрлi, мысалы, балақай жеке əрiптi қинала танудан бастаса, ересек адам, тiптi маман болса, кiтап бетi мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкiн. Қызметтiк естiңжоғары деңгейде, нəтижелi болуы адамның ниеттi жаттығуларына байланысты.
16. Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
Ес механизмдерiн психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрi ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естiң ассоциативтiк теориясы. Бұл теорияның мəнi: дүние заттары мен құбылыс-тарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бiрiнен бiрi бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тiзбектелген" (Сеченов) қалыпта жүредi. Осы процеске тəуелдi мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi - уақытша жүйке байланыстары түзiледi. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бiрi заттардың уақыт пен кеңiстiктегi қатынас бейнесiнен, яғни жанасу ассоциациясы, екiншiсi - олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшiншiсi - қарама-қарсылыққа негiзделген контрастық ассоциациясы, төртiншiсi - себеп- салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д. Джеймс, Спенсер, И. М. Сеченов, И. П. Павлов.
Естiң нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан əлi ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделi ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабiлетiн қазiргi күндегi психология онда жүрiп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерiстермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негiзгi мəнi мынада: есте қалдыру мидың электрлiк белсендiлiгiмен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсендiлiк қандай да бiр жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшiн қолайлы ес iздерiн iске қосатын жүйке тiзбегi болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткiзген импульстер аксон (қозуды жеткiзушi) арқылы бiр жасушадан екiншiсiне берiледi.Аксонның жасушамен тоғысқан жерi синапс деп аталады. Жеке бiр жасушаның өзiндегi осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негiзiнен екi түрде қызмет етедi, бiрi - қоздырушы, екiншiсi - тежеушi. Сонымен, қысқа мерзiмдi не ұзақ мерзiмдi естiң екеуi де бiрдей қозушы немесе тежелушi жүйке элементтерiнiң бiр-бiрiне əсерiнен туындайды. Айырмасы – қысқа мерзiмдi ес белгiлi нейрондардың уақытша электрлiк белсендiлiгiнен болады да ұзақ мерзiмдi ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келiп шығады.
Естiң биохимиялық теориясы. Нəсiлдiк негiзде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестiң есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Əр ағза үшiн тəн болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымал-дау басқа (РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тəн əр жаңа генетикалық естi өзiнде сақтайтындықтан, оның өзi немесе РНК игерiлген тəжiрибенi де бiрден бiрге өткiзуi мүмкiн деген болжам жасалды. Эксперименттер нəтижесiнде тəндi құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тiршiлiк иесiнiң тəжiрибе топтауымен өзгерiске келетiнi анықталды.Бұл келесi сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөнiндегi мəлiметтi өзiнде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы:жануар қажеттi əрекеттi орындауға үйретiлгендi. Оның жүйке жүйесiнiң бiр аймағы-нан РНК молекуласы бөлiп алынды, кейiн ол игерiлген бiлiктi екiншi жануарға өткiзу үшiн жаңа ағзаға егiлдi. Үйретiлген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екiншi жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап бердi.Тағы бiр эксперимент. Планари құрттары бiр бiрiн қорек етедi. Егер бiр планаридi белгiлi бiр əсерленуге үй-ретiп, оны турап, үйретiлмеген екiншiсiне жегiзсе, онда кейiнгi құрт та алғашқысының əрекетiн қайталайтыны байқалған (Д. Мак-Коннел). Аталған эксперимент тəжiрибелерден естiң ерекше iздерi дене молекулаларындағы химиялық бiрiкпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркiн қозғалыста болатыны жəне олардың бiр жануардан екiншiсiне ауыса-тыны толық дəлелдендi.
17.Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз.
Ес - бiр-бiрiмен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделi психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъектi жеке басының өмiрлiк тəжiрибесiн жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Ес психологиясын зерттеудiң бiршама нəтижелi болуына қарамастан, естiң физиологиялық механизмдерi мен өзiндiк табиғаты көпке дейiн сыр болып, философтар мен психологтар естi "материяның жалпы қасиетi" деуден аспады. Кейiнгi 30 жыл iшiнде ғана бұл ғылым бағытында кейбiр саңлақтар көрiнiс бердi.Бұл кезендегi зерттеулер нəтижесiнде есте қалдыру, сақтау жəне жаңғырту тереңде жатқан био химиялық өзгерiстермен байланысты екенi анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тəуелдiлiгi жəне ес iздерiн биохимиялық жолдармен екiншi ағзаға егуге болатыны дəлелдендi.
Ақырында, ес iздерiн сақтауға қажеттi ми аймағын табуға жəне есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелiк механизм-дерiн ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрдi. Қазiргi күнде ес процесiн тану психологиялық, физиологиялық жəне био химиялық негiздердегi iзденiстерге сүйенуде. Осыдан, адам есi - бiртектi қарапайым қызметтен құралмайтыны белгiлi болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естiң бiр-бiрiне ұқсамас 3 типi болатынын алға тартады: 1) сезiмдiк əсердiң тiкелей, нақты iзi; 2) қысқа мерзiмдi ес; 3) ұзақ мерзiмдi ес.
Сезiмдiк əсердiң тiкелей, нақты iзi. Бұл ес жүйесi бiздiң сезiм мүшемiз қабылдаған дүние көрiнiстерiн толық əрi дəл сақтауға жəрдем бередi. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есiмiзде өте қысқа мерзiмге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. iшiнде жойылып кетедi.
Қысқа мерзiмдi есте жоғарыда баяндалған жүйедегiге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезiмдiк деңгейдегi толық көрiнiстей болмай, оқиғаның қандай да бiр шағын баламасына сəйкес келедi. Мысалы, сiзге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесiнде қабылданбай, бiртұтас сөздер қалпында еске алынады. Əдетте, ұсынылған материалдың ең мəндi деген 3-4 бiрлiгi немесе кейiнгi элементтерi ғана қабылданады. Саналы, ерiк күшiн қосумен сол қабылданған сөздiк материалды бiрнеше рет қайталай отырып, оны есте бiршама ұзақ мерзiм сақтауға болады. Ал сезiмдiк естегi нақты бейне қайталан-байды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейдi.
Ұзақ мерзiмдi ес. Баршаға белгiлiдей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелiк бар. Осыдан, ұзақ мерзiмдi ес - жадта сақтау жүйесiнiң маңызды да əрi күрделi түрi. Жоғарыда келтiрiлген 2 ес жүйесiнiң қамту аймағы өте шектелген: бiрiншiсi - шағын уақытқа жұмыс iстесе, екiншiсi - материалдың кiшi бiр бөлiгiн ғана ұстап қалуға қабiлеттi. Ал ұзақ мерзiмдi естiң уақыты да, қамту көлемi де шексiз. Бiрнеше минуттан артық сақталғанның бəрi ұзақ мерзiмдi еске кiредi.
18. есте сақтау мен жаттау ережелерін баяндаңыз
Қысқа мерзiмдi есте жоғарыда баяндалған жүйедегiге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезiмдiк деңгейдегi толық көрiнiстей болмай, оқиғаның қандай да бiр шағын баламасына сəйкес келедi. Мысалы, сiзге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесiнде қабылданбай, бiртұтас сөздер қалпында еске алынады. Əдетте, ұсынылған материалдың ең мəндi деген 3-4 бiрлiгi немесе кейiнгi элементтерi ғана қабылданады. Саналы, ерiк күшiн қосумен сол қабылданған сөздiк материалды бiрнеше рет қайталай отырып, оны есте бiршама ұзақ мерзiм сақтауға болады. Ал сезiмдiк естегi нақты бейне қайталан-байды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейдi. Ұзақ мерзiмдi ес. Баршаға белгiлiдей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзге- шелiк бар. Осыдан, ұзақ мерзiмдi ес - жадта сақтау жүйесiнiң маңызды да əрi күрделi түрi. Жоғарыда келтiрiлген 2 ес жүйесiнiң қамту аймағы өте шектелген: бiрiншiсi - шағын уақытқа жұмыс iстесе, екiншiсi - материалдың кiшi бiр бөлiгiн ғана ұстап қалуға қабiлеттi. Ал ұзақ мерзiмдi естiң уақыты да, қамту көлемi де шексiз. Бiрнеше минуттан артық сақталғанның бəрi ұзақ мерзiмдi еске кiредi. Ұзақ мерзiмдi еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты iздестiрiп, таңдап, қажеттiсiн таба бiлу. Ал есiмiздегi мəлiметтiң көптiгi соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкiн емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажеттi дерек дер кезiнде шыға келетiнiне таңданбасқа болмайды. Бiрақ ұзақ мерзiмдi естiң де аймақ көлемiнiң шегi барын мойындамасқа болмайды, себебi ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дəлелденгендей, ми 10 млрд. Нейрон-нан тұрады, ал əрбiр нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабiлеттi. Бiрақ əрбiр жеке адам миiнiң есте қалдырып, сақтау мүмкiндiгi оның биологиялық, əлеуметтiк дамуына тəуелдi.
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы - ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық əрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тəсiлдердi қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл - болған əсерден ми қабығындағы кейбiр қозу iздерiнiң санада бекiп қалуы. Ми қабығындағы əрқандай процесс соңында бекiмi əр деңгейде болған iз қалдырады. Өмiрде кездестiргендердiң көбi адам есiнде ырықсыз орнығады: төңiректегi заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, əншейiн оқыла салған кiтап мазмұны т.б., ал ендi олардың əрқайсысының жадталуы бiрдей емес. Əдетте, адам үшiн өмiрлiк маңызды нəрселер, қызығулары мен қажеттiлiктерiне орай жəне iс-əрекет мақсаты, мiндетiне байланысты заттар мен оқиғалар жеңiл есте қалады. Тiптi ырықсыз есте қалдырудың өзi де таңда-малы сипатты, адамның төңiрекке қатынасының берiк не əлсiз болуынан. Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген естi ажырата бiлу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекiп қалуы үшiн адам арнайы тəсiлдер қолданады, күрделi ақыл-ой əрекетiн пайдаланады. Оқу барысында ниеттi есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық əрi мүлтiксiз жатталғанша, көп мəрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етiп қою маңызды рөл ойнап, ол есте қалдыру үшiн болған барша iс-əрекеттiң мəнiн айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниет-телмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнiмдi келедi. Өмiр барысында бiз қабылдайтын заттың көбi ал-дымызға қойған арнайы мақсаттарға негiзделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бiрге, егер алға осы мiндет қойылып, оны iске асыру үшiн қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиiмдi нəтижеге жетiп, санада берiк орнығады. Бұл жағдайда жалпы мiндеттер белгiленумен бiрге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы мiндеттердiң де болғаны жөн. Мысалы, бiр жағдайда негiзгi, басты ой-пiкiрдi есте қалдыру мақсаты тұрса, екiншiде - сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшiншi бiрде - деректердi тiзбектей жаттау ниетi тұрады. Түсiнiктi болатын да, есте қалатын да ең алдымен бiздiң iс-əрекетiмiзбен тiкелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бiрақ бiздiң мақсатты əрекетiмiздiң мазмұны-нан тыс, ырықсыз есте қалдыруға негiз болған əрекетке енбеген нəрселер көбiне ырықты есте қалдырудың бол-мағанынан ойда қала бермейдi. Қалай болғанда да ес-керiлетiн жəйт: бiздiң жүйелi бiлiмдерiмiздiң көбi арнайы əрекет-шаралардың нəтижесiнде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниеттi əрекеттiң басты мақсаты - қажеттi материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру жəне тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай əрекет мнемикалық əрекет деп аталады. Мнемикалық əрекетте адам өзiне ұсынылған материалдан қажеттi бөлiгiн таңдап, оны есте қалдыру мiндетiн қояды. Барша жағдайда адам өзiне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра бiлiп, қосымша əсерлерге берiлмей, қайта жаңғырту кезiнде сол материал шеңберiнен ауытқымауы
қажет. Мнемикалық əрекеттiң таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау жəне жатталғанды еске түсiру мақсатында өт-кендегiлердi саналы сараптау - саналы iс-əрекеттiң айрықша формасы болып саналады.
19. Ойлау түрлері мен формаларының табиғатына негіздеме беріңіз
Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама жəне жанама бейнелеуге бағытталған танымдық əрекетi. Түйсiк пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тiкелей сезiмдiк бiлiктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен бiлуге мүмкiн болмаған дүние құбылыстарын жанама қоры-тындылау арқылы бiлiп, танымдық шектерiмiздi кеңейтуде жəрдемдеседi.
Ойлау формалары: Ұғым дегенiмiз - зат немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мəндi қасиеттерiн бейнелейтiн ой.
Пiкiр дегенiмiз ойлау формасы, мүнда бiр нəрсе не мақүлданады, не терiске шығарылады. Пiкiрде, көбiнесе, ұғымның мазмұны ашылады: "Жантану - адамның психикалық өмiрiнiң заңдылықтары туралы ғылым". "Жантану" ұғымының мазмұны осы пiкiрден көрiнедi.
Бiр немесе бiрнеше пiкiр негiзiнде нақты бiр қорытынды жасалады. Бiр немесе бiрнеше пiкiрден жаңа пiкiр шығаратын ойлау формасы - ой қортындылары деп аталады. Ой қорытындылары индуктивтiк жəне дедуктивтiк болып келедi. Индуктивтiк ойқорытындылары жеке фак-тiлердiң негiзiнде қорытынды жасау, жалпы пiкiр айту. Дедуктивтiк ой қорытындылары дегенiмiз - жалпы ережеден жеке қорытынды жасау. Қорытынды пiкiрге келудiң екi түрi де - адамның айналадағы дүние туралы бiлiмiн кеңейтуге көмектеседi.
1. Көлемдiк ауқымына орай ойлау əрекетiнiң түрлерi - дискурсивтiк: өз кезең, кезегiмен өрiстей дамыған ойлау процесi; интуитивтiк: желiсi қарқынды, кезеңдерi нақтылан-баған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесi.
2. Шешiлуi қажет мəселелердiң қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнiмдi) жəне қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нəтижесiнде қандай да мəселе, проблеманың соны, қайталанбас шешiмi табылып, не бұрыннан бар шешiмнiң жетiлген əдiсi жүзеге келедi. Қайта жаңғыртушы ой əрекетiнiң шығарма-шылдықтан айырмашылығы - дайын бiлiмдермен ептiлiк-тердi қолданып, ескi сүрлеумен жүре бiлу.
3. Шешiлетiн мəселелердiң сипатына байланысты ой əркетi теориялық жəне тəжiрибелiк болып бөлiнедi. Теориялық ақыл-ой əркеттерi iске асырылуы тиiс практикалық iс-əрекеттердiң бастауы, негiзi деп түсiндiрiлдi. Əрқандай теориялық оймен ұштаспаған əрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан əрi тума бiткен деп сипатталды Тəжiрибелiк ойлау - бұл сəби ойының бастау формасы емес, ересек адамның пiсiп жетiлген ойлау қабiлетi.
4. Ойлау түрлерiн классификациялауға байланысты психологияда кең тарағанбағыттардың бiрi - шешiлуi тиiс болған мəселенiң мазмұнын негiзге алу, осыдан ойлау: 1) затты-əрекеттiк; 2) көрнекi-бейнелi; 3) сөздi-логикалы болып түрленедi. Затты-əрекеттiк ойлаудың көрiнiс сипаты: қалып-тасқан жағдайды жаңалайөзгертудегi ой iсi белгiлi затқа тiкелей бағытталған нақты əрекетпен бiрге жүредi. Бұл ойформасы 3 жасқа дейiнгi сəбилерге тəн. Көрнекi-бейнелi ойлау заттар мен құбылыстардың тiкелей өздерi емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттыңтұтастай сипаты толық əрi жан-жақты көрiнiс бередi. Бұл тұрғыдан көрнектi-бейнелi ойлауқиялдаумен жанасып кетедi.Сөздi-логикалы ойлау қызметi тiлдiк құралдарға сүйенiп, ойлау процесi өзiнiң тарихи жəне онтогенездiк дамуының соңғы кезеңдерiнде пайда болған. Сөздi-логикалыойлау тiкелей бейнеге ие болмаған түсiнiктердi, логикалық құрылымдарды пайдаланады (мысалы, құн, адалдық, мақта-ныш т.с.с.).
20. Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз
Əр адамда оның ақыл-қабiлетiне орай өзiндiк ойлау ерекшелiгi болады. Осы ерекшелiктен əр тұлғаның ақыл сапасы көрiнедi. "Ақыл" түсiнiгiнiң ауқымы "ойлау" түсiнiгiнен кеңiрек келедi, себебi "ақылдылық" интеллект сияқты тек ойлау қабiлетiнен көрiнбей, басқа да таным процестерiнiң тұтастай желiсiнен байқалады. Кей адамдар ойлауда көрнекi-бейнелердi көбiрек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негiзiне алып, ой жүгiртедi. Ой əрекетiнiң ерекшелiгi сондай-ақ адам көңiл-күйiмен де, оның топтаған бiлiмдерi мен еңбек, тұрмыс тəжiрибесiне де, өзiнде қалыптастырған ойлау əдiстерiне де тəуелдi келедi. Ойлау процесiнiң жеке кезеңдерiн қарастыра отырып, əрқандай ой əрекетiнiң мiндет, мақсат белгiлеу, яғни бастап-қы кезеңдегi ойлаудың жеке, дара ерекшелiгi адамның дербестiгi мен белсендiлiгiнен көрiнетiнiн байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестiгi оның жаңа мəселелер мен проблемаларды қоя бiлiп, оларды тың əдiстермен шеше бiлуiнде, ал бұл қабiлет өз кезеңiнде ойлаудың белсендiлiгiмен, яғни кезiккен мiндеттер мен мəселелердi өз бетiнше шешуге ұмтылыс жасап, өзiнше шешiм жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелiгi, əсiресе, мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4 жастағы сəбилер үлкендерге "неге олай?", "неге бұлай?" деген сұрақтарды жиi қояды. Мəселе шешуге орай құбылыстар байланысын (ассоциация) iздестiрiп, болжам (гипотеза) жасауда ойлау қасиетiнiң ауқымдығы, яғни қойылған проблеманы тұтастай көре бiлiп, оған байланысты болмыс сырларын көптен қамтып, өткендi, қазiргi мен болашақ жағдайларды ұштастыра пайдалана бiлу үлкен мəнге ие. Мұндай адамдарды көбiне "өрiсi кең" деп сипаттаймыз. Əрқандай шешiм сындарлы ойға түсiп, жұрттың айтқанын не өз топшылауыңды жалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтiрiп, "оң" не "қарсы" тараптарын таразылағанды талап етедi. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен өз iс-əрекетiне орынды баға беру қабiлетiнен, нақты бағыт ұсынып, алға тартылған болжамдарды жан-жақты өлшестiрiп, оларды тексеру нəтижелерiн объективті бағалай алуынан келiп шығады. Сындарлы ой дамуының негiзi əрбiр тұлғаның терең бiлiмдiлiгi мен тəжiрибесiнде. Шешiм қорытындысын тексеру барысында жəне оның нəтижелерiн практикаға ендiруде ойлау икемдiлiгi үлкен маңызға ие. Ой икемдiлiгi əрқандай субъекттiң қандай да мəселе бойынша қатып қалған көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан əдiстердiң құрсауында қалып қоймай, жағдай-лар өзгерiсiне орай жылдам да жаңа шешiмдерге келе алуын көрсетедi. Бұрыннан қабылданған ойлау жəне əрекет стерео-типтерiнен (қайталанып тұратын əрекет-өрнек) құтылу өте күрделi, салмақ түсiретiн, қажеттi ойластыруды талап ететiн процесс. Бұл адамды ой еркiндiгiне, жаңашыл ойлауға арнайы тəрбиелеудi керек етедi. Ойлаудың жеке дара ерекшелiктерiн əңгiмелей отырып, келесi жəйттi естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзi емес, адам, бiртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейiнде қалып жатқанының куəсiмiз, сондықтан əрқандай ұшқыр ойдың жасампаз, белсендi əрекетпен ұштасқаны, əр адамның өз дарынды қызметiн пайдалы, өнiмдi еңбек əрекетiне жұмсағаны жөн.Ең негізгі ойлау қасиеттері:
Ойдың сыңдылығы–адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті.
Ойлаудың асығыстығы–адам сауалды, мәселені жан–жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бәр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беруі.
Ойлаудың тездігі–адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дұрыс шешім қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестігі–адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алумен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі–ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған, таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін білдіреді.
Ойлаудың тереңдігі–күрделі сауалдардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдігі–адамның, зерттелетін сауалдың маңызды жақтарын түсірмей, тұтас қамтып, талдай алу қабілеті.
21. Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы,екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды «сөзі  мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. 
Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді;
     1. Сыртқы және ішкі сөйлеу
1.     Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып
2.     Ауызша сөйлеу диалогты және монологты болыпМонологты сөйлеудің өзі 3 — ке бөлінеді:
1.     Ауызша әңгіме
2.     Баяндама жасау
3.     Сөз сөйлеу
Диалогты сөз дегеніміз — екі не бірнеше адамның тілдесуі. 
Диалогтық сөйлеу — сөйлесудің ең қарапайым, ең байырғы түрі.
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері мынадай:
1.     Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып           жатуды тілейді.
2.     Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, текәңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.
3.     Диалогтық логикалық жағы (жоспарлығы, дәлдігі т.б.)кемдеу болады.
4.     Диалог сөз ым — ишаралармен бет пен көздегі мәнерліқозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтыңқозғалысы т.б.) толықтырылады.
  Монологтық сөйлеу дегеніміз — бір адамның сөзі яғни  
  баяндамашының лектородың сөздері. Монолог сөздерге тән кейбір    
   психологиялық ерекшеліктер мынадай:
1.     Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес қүрылады, бүл       алдын - ала даярлықты тілейді.
2.     Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптарқойылады.
3.     Монолог сөз мәнерлі, адамга эсер ететін моменттерді(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер — күнбе — күнгі жиі қолданылатын создер. Пассив сөздер — тілімізде сирекпайдаланылатын мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мысалы, ғылыми — техникалық атаулар және ескірген создер жатады. Актив сөздердің мол болуы адамның сойлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000 — 7000 болыпкелсе, жазушылар мен ақындардың, галымдардың актив сөздері 10000 — 13000 сөзге жетіп отырады. Мыс, Шекспирдің сөздік қоры 12000 — дай болған.
Монологтың байырғы алғашқы түрі алғашқы әңгіме. Ауызша әңгімеде сөйлеуші өзінің корген білгендерін не естігенін яғни көңіліне түйген жайттардыбүдан бейхабар тындаушыларға суреттей айтып береді. Халықтың ертегілері мен аңыз әңгімелерін айтушы жыраулар
Баяндама жасау дегеніміз белгілі бір қүжаттарға негізделіп жасалады яғни белгілі бір мәселе тоңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мыс, оқужылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.
Радио,теледидар сияқты көпшілік коммуникация қүралының дамуы монологты сөйлеудің анағүрлым қиын формасы -микрофон және теледидаркамерасы алдында сөз сойлеуді туғызды. Сабақ беру практикасында мүғалім монологты сөйлеудің барлық формаларын пайдаланады.
Жазбаша сөз сөйлеу ауызша сөз сойлеудн кейін пайда болды. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде ақ адамдар белгілі біроқиғалар туралы деректерді үзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы сурет арқылы берілген. Жазу — сызудамуының бүл кезеңін  идеографиялық сөз сөйлеу деп атаған. Идеографиялық сөйлеу  айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды. Кейінірекиероглифтік жазу пайда болды. Бүл да айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды.Қазір біз пайдаланып жүрген жазу көп кейінірек туған. Оны ойлап табушы ежелгі финикийлер деседі. Ол алфабетикалық жазу деп аталады. Ол графаме мен (әріппен),фонема мен(сөйленген сөздің дыбысы) белгіленеді.
Іштей сөйлеу адамның өзімен - өзі сөйлесуі. Іштей сөйлеу адамдармен қарым - қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі оныңдауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу - ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден түрады. Іштей сөйлеу мен сыртқысөйлеудің айырмашылығы бар, іштей сөйлеу тым қысқа келеді. Ішкі сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеугеайналдыру — интериоризация деп аталады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.
22. Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңыз
Адам озінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ыкналымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алгашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қогам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін — жетілдіруде ең бастысы тұрмыстағы сөйлеу қатынасына ерекше көңіл бөлу.
Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңызды, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіру. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей, күнделікті өмірде қате сөйлеуге үйреніп алсаңыз, қанша дайындалып, ескергеніңізбен көпшілік алдына шыққанда сол әдетіңізді қоя алмайсыз. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы сөйлеу мәнеріңізге аса сақтықпен көңіл аударыңыз. Іскерлік әңгімелесулерге, кездесулерге, достарыңның арасында болатын әртүрлі мәселелерді талқылайтын пікірталастарға, пікірсайыстарға белсенді түрде қатысуға кеңес беріледі. Бұл адамның сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуте, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жазбаша сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:
Әріптің элементтерін үйрену кезеңін деп аталады.
Бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қаблетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оынң әріп жазуға қатысын қимыл – қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп аталады.
Жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейін енді жеке сөздері емес, солардан құралатын сөзге ауады. Бала, сондай – ақ, сөздегі әріптің орналасу да қатты көңіл бөледі.
23. Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз.
Сөз негiзiнен екi қызметтi атқарады: коммуникативтiк, сигнификативтiк. Осықызметтерiне орай сөз тiлдесу құралы жəне ой мен сананың көрiну формасы ретiндетанылады.
Сөздiң негiзгi сипаты оның мағынасында, семанти-калық мазмұнында екенiбаршаға белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мəндiкмазмұнына аударылады. Адам тiлiнiң əрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оныатаумен бiздiң санамызда нақты бiр заттың не құбылыстың бейнесi пайда болады.Осынысы-мен де адам тiлi жануарлардың қысқа мерзiмдi, қылықтық күйiн бiлдiретiнаффектiк "тiлiнен" ажыратылады. Жануарлар "тiлi" ешқашан да нақты бiр затты белгiлiдыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздiң бұл қызметi -сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөздiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктiсөздерден құралған тiлдiң қызметi. Осы қызмет нəтижесiнде адам əртүрлi заттардыңбейнесiн жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзi жоқ болған кезде деолармен iс-əрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселенiп байиды, яғни адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, оған қоса сол заттыңтаңбалық баламасымен де байланысқа келедi.
Сөздiң жəне бiр, күрделiрек қызметi бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мəндi қасиеттерiн ажыратып, заттарды белгiлi категорияларға топтастыру мүмкiншiлiгiнеие боламыз. Осыдан сөз дерексiздендiру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастардыбейнелеуге қолданылады. Сөздiң бұл екiншi қызметi "сөз мағынасы" терминiмен белгiленедi. Сөздi игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренемiз.Сөйлесудiң жəне бiр қызметi - коммуникативтiк өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бiрлiгiнен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бiрiгiп, сөз жəне сөйлем формасына келуiнен əлi сөйлеу шықпайды. Сөйлеу - заттық негiзi бар мағына болғанда ғана iске асады. Əрқандай сөздiң (сөйлеу) белгiлi зат жөнiнде баяны болып, екiншi бiреуге бағытталса ғана, өзiнiң коммуникативтiк қызметiне сай болады. Сөйлеудiң мағыналық мазмұнының өзегi - өрнектеген заты. Бiрақ, нақты белсендi сөйлесу барысында сөз өзiнiң белгiлегенiнен тыс көп хабарды жеткiзе алады, себебi сөз ағымысезiмдiк əрекеттермен толығады: ым, ишара т.б.
Адам тiлiндегi көңiл-күй көрiнiсi үлкен маңызға ие. Сөздi тек ақыл-ой көрiнiсi деп тану оның өрiсiн өте тарылтып жiбередi. Сөзде, əсiресе оның ауызша түрiнде көңiл-күй танытатын көптеген сөйлеу бiрлiктерi қосылады: iркiнiс, ырғақ, əуен; жазба түрiнде -тыныс белгiлерi, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында бiз тек бiлген ақпаратымызды ғанахабарлаумен тынбастан, əңгiме арқауына болған, əңгiме тыңдаушыға болған өз көңiлтолғаныс, қатынастарымызды бiлдiремiз. Сөз неғұрлым өрнектi, əсерлi болған сайын, одан сөйлеушiнiң келбетi, болмысы дəл əрi нақты көрiнедi.
Сөз бiр нəрсе жайында баяндаумен бiрге ықпал жасау құралы да болып қызмететедi. Адам тiлiнiң ықпалдық қызметi - өте мəндi құбылыстардан. Ол тiкелей əрекет-қылықты өзгертпегенiмен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезiмiне қандай да өзгерiс ендiредi. Сөйлеу - əлеуметтiк мiндеттi орындау, тiл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызметiн орындайды.
Сөйлеу процесiнiң негiзгi тiрегi - түсiну, түсiнiсу. Сөз қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес, сөйлеу тiлдесуге арналған жəне тiлдесуде пайда болатын əлеуметтiк өнiм.
Сөйлеу саналы əрекетке айналуы үшiн əңгiме арқылы шешiлетiн мəселе жəне оның мақсаты анық болуы қажет. Сонымен бiрге, əңгiме барысындағы мiндеттiң шешiмi сол əңгiме жүрiп жатқан жағдайға да байланысты. Бұл жағдай əңгiме өзегi болған зат пен əңгiме бағышталған тыңдаушы қауымының сипатымен анықталады. Əңгiме мақсаттары мен жағдайларын бiрлiкте қарастыра отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендiгiн барластырады, осыдан өз сөзiн алдына қойған мiндетiн шешуге жарайтын саналы əрекетке айналдырады.
24. Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптегентітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.[1]3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
1) интенсивтілігі;
2) жаңалығы;
3) аффективтілігі.
П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;
2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Зейінің функциялары:
1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.
25. Зейіннің психологиялық теорияларын интерпретациялаңыз
Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады.

26.Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлін айқындаңыз
Барша психикалық процесстер секiлдi қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнiмi. Қиял бейнелерi оң жəне сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көрiнiстерiн қарапайым түрге келтiрiп, олардың бiртұтастығы мен үйлесiмдiлiгiнен, композициялық бiрлестiгi-нен хабар бередi, осыдан адамда əрқилы бейнелер негiзiнде эстетикалық сезiмдер өрiстейдi. Ал сол тараптағы ми сыңары келiп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметiн атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бiрлiкте екенiн байқаймыз. "Ақылдан ажыратылған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф. Гойя). Қиялдың физиологиялық негiзi - жүйке байланыс-тарының iске қосылуы, бұзылуы, қайта түзiлуi мен жаңа жүйелерге бiрiгуi. Осының арқасында бұрынғы тəжiрибеден өзгеше, бiрақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келiп шығады. Қиялдың сонша күрделi болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңiл-күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетiктердiң тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөлiктерiнде жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бiрге, мида пайда болған бейнелер шеткi процестердiң қызметтерiн өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердiң арасында қиял денедегi органикалық процестермен аса тығыз байланысқан əрi оларды əсерлi өзгерiстерге келтiрiп отырады. Қапелiмде қиялына бiрдеңе түсе кетiп, адамның өзiнен өзi шошынып, терге малынып, қызарып-бозарып, дiрiлдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың əсерiнен кей кездерi адам өзiн сырқатқа да ұрындырады. Тiптi, дəрiгерлiк институттардың төменгi сынып студенттерi оқылып жатқан дəрiстердiң əсерiнен қиялға енiп, өздерiнде болмаған аурулардың белгiлерiн iздеп, əлек болады. Мұндай өзiн-өзi қияли сендiрудiң салдарынан адам қатерлi жағдайға душар болуы мүмкiн. Мажар психиатры Иштван Гарди осының дəлелi ретiнде мынадай болған оқиғаны келтiредi: суытқыш-тар зауытының жұмыскерi рефрежератор машинаның қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе iске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесiнiң асқына суынуынан өлген мəйiтiнiн тауып алып, болған жағдайдың себептерiн тексергенде, рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлiм суықтан емес, суытқыш iшiнде адамның тоңып өлетiнiн қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалды-ғудың себебi маман, өрнек тұтқан адамдардың сөзiн дұрыс қабылдамаудан да болады. Ойланбай айтып салған дəрiгердiң бiр ауыз сөзi шипа iздеп алдына келген адамда ауыр сырқат күмəнiн туғызған жағдайлар болған. Осы күмəннiң кесiрiнен кешегi сап-сау адамда сырқат белгiлерi қозып, ятрогендiк деп аталатын науқас өршiп кеткен. Осындай психикалық зақымдану кейбiр ойсыз, педа-гогикалық мəдениетi кем мұғалiмдердiң оқушыға айтылған ескертулерiнен де туындайды. Осының салдарынан жас шəкiртте дидактогендiк ауру меңдейдi, яғни бала мұғалiмдi көруден қорқып, қалтырай бастайды, тақтаға шықса күмiлжiп, сөйлей алмайды, оқу жұмысын орындау қабiлетiнен айрылады. Сонымен бiрге, қиял бейнелерiн орынды, дұрыс қолдану арқылы адам денесiнде жүрiп жатқан табиғи процес-тердi басқарып, дамытуға да болады. Шынында да, əжеңiздiң дайындаған майлы құртының қышқыл дəмiн қиялдап, есiңiзге алып көрiңiзшi, сол бойда тап сол құрт аузыңызға түскендей, сiлекейiңiз шұбырып бередi. Қызығы, сол сiлекейдi өзiңiзге өзiңiз бұйырып, ағыза алмайсыз. Қиял күшiн арқау еткен француз аптекарi Эмиль Куэ "Саналы сендiру арқылы өзiн өзi басқару мектебi" деп аталған жаңа емдеу əдiсiн ашқан. Сырқат адам өзiне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйi), өзiн ешқандай сырқаты жоқтай сезiнiп, 20-30 мəрте өзiн өзi сендiрудiң келесiдей формуласын қайталайды: "Мен тəуiр боламын, мен тəуiрмiн... . Сырқат бəсеңдедi. Сырқат кеттi...". Бiрнеше минутқа созылған осындай сеанстер күнiне 3-4 рет, əсiресе ұйқыға кетер алдындағы сабырға түсiп, босаңсыған күйде орындалады. Осы күндегi аутогендiк емдеу əдiсi осы Эмиль Куэ жаңалығына негiзделген. Адам өзiнiң iшкi дене мүшелерiнiң қалпын елес-тетумен қатар, қиял арқылы өз дене мүшелерiнiң қимылын да (қол, аяқ, асқазан, жүрек соғысы жəне т.б.) қажеттi жағдайға келтiре алады. Зерттеулер барысында осындай қиял басқарымындағы бұлшық еттерде нақты əрекеттер жасалып жатқандағыдай импульстер пайда болатыны дəлелденген. Қиял негiзiнде бұлшық еттерде туындайтын мұндай əрекеттердi ғылымда идеомоторлық деп атау қабылданған.
27.Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көрiп, бiлмеген, тiптi болуы мүмкiн емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуi мүмкiн. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңiстiк аясындағы нақты болмыстан шығып, шексiздiк əлемiне есiк ашады. Адам тəжiрибесiн түрлендiрушi жəне өзгерiске келтiрушi тосын бейнелер қиялдың негiзгi сипатын құрайды.
Əдетте, күнделiктi өмiрдегi қиял не фантазия мəнi ғылымдағы осы сөздермен берiлетiн ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бiз шындыққа сай келмейтiн, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бəрiн қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял əрқандай шығармашылық iс-əрекеттiң негiзi ретiнде көркем-өнер, ғылыми жəне техникалық ой туындыларына арқау болумен мəдени өмiрдiң барша салаларында көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мəдениет əлемiнiң бəрi дерлiк қиял мен осы қиялға негiзделген шығар-машылықтың жемiсi.
Сонымен бiрге, қиял арқасында адам өз iсiн бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегiнiң нəтижесiн күнi бұрын болжас-тыра алады. Қиял жəрдемiмен болашақ нəтиженi күтудiң өзi адам еңбегiнiң жануарлар тума қылығынан түпкiлiктi өзгешелiгiн танытады.Қиялдың алдағы iс-əрекет өнiмiн болжастыруға мүмкiндiк ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегi ынта-жiгерiне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия керi ықпал да жасауы мүмкiн. Алдағы күтiлген жағымсыз жағдайлар немесе қауiп-қатер мен бақыт-сыздықтар адамды күштi күйзелiске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтiн, шектен тыс, орынсыз қимыл - əрекетке келтiредi. Мұның дəлелi - кенеттен болған өрт кезiнде кей адамдар көрiнiп тұрған көмектi шыдаммен күту- дiң орнына көп қабат үйлердiң жоғарғы қабаттарынан өзiн тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрiнедi" мəтелiнде дəл айтылған. Қиялдың бүгiнгi өмiрден арқан бойы алда болып, болашақта күтiлген кей оқиғаларды күнi бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын бiлдiредi. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсiнуiнен, қоғамдық сананың даму деңгейiне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгi дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсiндiру қажетiнен дiни бейнелер келiп шықса, бүгiнгi күнде бұл үшiн космостық келгiндiлердiң фантастикалық көрiнiс-терi қолданылады.
Қиял қызметi əрқилы деңгейде көрiнуi мүмкiн. Оның көп түрлi болуының басты себебi ең алдымен əр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Əрекет дəрежесiне орай қиял енжар жəне белсендi болып, екiге бөлiнедi. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсiз не болуы мүмкiн емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын əрекет қажеттiгiнен ажыратады. Бұған мысал ретiнде жатып алып, бос қиялмен нəтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдiң "Өлi жандар" поэмасындағы Манилов бейнесiн келтiруге болады. Ш. Айтматовтың "Ақiрет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейiпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсiз болуы мүмкiн. Ниеттелген енжар қиял ерiк күшiмен байланыспаған бейнелер пайда етедi. Мұндай бейнелер əлi болары не болмасы белгiсiз армандаудан келiп шығады, ол жеке адамның қажетсiнуiне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетiн спортшы, емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгiлi. Əлбетте, бiрi жеңiс тұғырына көтерiлгенiн, екiншiсi "5" алғанын елестетедi.
С. Л. Рубинштейн қиялды нақты жəне абстрактты түрге бөлудi ұсынады. Қиялға түсетiн бейнелер əртүрлi болатыны сөзсiз: бiрде ол бейне жалқы, заттасқан, қосалқы бөлектерiмен күрделенген, сонымен бiрге бейне жалпылан-ған, қорытынды схема жəне барша жағдайда қолданылатын символ кейпiнде берiлуi мүмкiн. Бiр бiрiнен жалқы мен жалпы мəнi ерекшеленген көп санды жəне сатылы көрнекi бейнелер жүйесiнiң болуы да ықтимал, осыдан қиялдың нақты, нақтылау, жалпы, əбден дерексiзденген түрлерi келiп шығады.
Сонымен бiрге, нақты қиял бейнелерi қызмет көрi-нiсiне орай бөлектенедi. Осыдан, көз елестерi (қыр жау-қазыны, Абай келбетi, арғымақ жəне т.б.); есiту елестер (бұлбұл əуенi, "Адай" күйi, сарқырама сарыны жəне т.б.); дене сезiмдерi (суық самал, жаңбыр тамшылары, қыспақта қалған бармақ жəне т.б.); иiс сезiмдерi (жусан иiсi, бензин, жаңа орылған шөп жəне т.б.); дəм сезiмдерi (қазы, тiл үйiрген қауын, ашыған сүт жəне т.б.); қозғалыс елестерi (алтыбақан тербелiсi, шыр айналған вальс, гимнастика жаттығулары жəне т.б.); туындайды.
Қиялдың ерекше түрi - арман. Армандау - өзiмiзге ұнаған болашақ бейнелердi қиял ету, əзiрге қол жетпес, бiрақ келешекте орындалса деген адамның өмiрлiк мүддесiн қанағаттандыруға қажет зат не əрекет. Арман - адам үшiн өзiнiң шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт беретiн жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның iске асатыны не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету əрекетiнен ажыратылмайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсiнiмдi. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғаны-мен, iске асу жолдары белгiсiз. Көп жағдайда мұндай арман қиял бейнелерi дəрежесiнен аспай, адамды əрекетке ынталандырмайды.
28. қиял мен шығармашылық өзара байланысы
Көп уақыттар ғылымда шығармашылық процестi заңдастырып, оны үйретiп болмайды деген тұжырым сақта-лып келдi. Осыны қуаттаушы француз психологы Г. Рибо кезiнде: "Мың сан пiкiр айтылып жүрген ойлап табу əдiстерiңiз" бос əңгiме, ал бола қалған күнде жаңалық табушыларды қарапайым механиктер мен сағат жөндушiлер дайындағандай, топтап, қолдан жасап алар едiк" - деп кесiп айтқан. Алайда, мұндай көзқарас уақыт өте шайқала бастады. Шығармашылық iс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу жолына түстi, жаңа мiндеттердi шешу жоспарлы қалыпқа келдi. Ағылшын ғалымы Г. Уоллес шығармашыл еңбектiң 4 кезеңiн бөлiп, ұсынады: 1. Дайындық - идеяның пайда болуы; 2. Ой жетiлуi - қойылған проблемаға орай бiлiмдердiң жинақталуы, жетiспеген деректердi iздеу, топтау; 3. Аян болу - дiттелген нəтиженi сезiммен қауып түсу; 4. Тексеру. Г. С. Альтшулер шығармашылық еңбектiң бiртұтас теориясын нақтылап, бұл процестiң 5 деңгейiн айырады: 1. Нақты нысанға байланысты бiр сұрақ төңiрегiндегi мəселенi шешу; 2. Сұрақ бiр мəселе төңiрегiнде, бiрақ нысан өзгертiлген, шешiмi көп вариантты; 3. Нысан күрделi өзгерiске түседi, осыған байланысты дұрыс шешiм жүздеген қателiктердiң арасынан табылуы қажет, қосымша бiлiмдердi қажет етедi. 4. Нысан түгелдей өзгередi. Проблема шешiмi терең ғылымдық дайындықты талап етедi, əрi сирек кездесетiн құбылыстар арасынан iздестiрiледi; 5. Нысанды қамтыған бүкiл жүйе өзгерiске түседi: шешiм iздеу барысындағы тəуекел мен қателiктер саны шексiз. Мəселенi шешу жолдары бүгiнгi ғылым аймағынан тыс болуы мүмкiн. Сондықтан, бүгiнгi қол жеткен бiлiмдер негiзiнде жаңалықтар аша отырып, қойылған мəселеге əсте-ақырын жақындай түсу қажет. Шығармашылық мəселелердiң шешiмiн табудың ең маңызды тəсiлдерiнiң бiрi - мəселе қандай күрделi қиындық-та болмасын, оны қарапайым түрге келтiру, яғни 4,5 деңгей-дегi проблемаларды арнайы əдiстермен 1,2 деңгейге түсiру керек. Ең бастысы, iздену аймағын мүмкiн болғанша тарылта отырып, "қиын" мəселенiң "оңай" жолын жылдам таба бiлу. Сонымен, бейнелердiң үстiрт көзге оңай, еркiн, тосат-тан пайда болатындай көрiнгенiмен, болмысты қияли өзгерiс-ке келтiру өз заңдарына бағынып, белгiлi əдiстер мен тəсiлдерге орай жүзеге асады. Жаңа елестер талдау жəне бiрiктiру əрекеттерiнiң арқасында пайда болады. Қиял процестерi, ақырында, бастапқы елестердiң ойда бөлшек- тенiп, кейiн олардың жаңа тiзбектерге бiрiгуiнен құралады, яғни аналитик-синтетикалық сипат алады. Қиялдың аналитик-синтетикалық сипаты агглюти-натив (грек тiлiнен-жабыстыру) тəсiлiнде анық көрiнедi. Агглютинация дегенiмiз бiрнеше заттардың жеке элементтерi мен бөлектерiнiң бiр бейнеде қосылуы. Мысалы қазақ ертегiлерiн-дегi су перi, жалғыз көздi дəу, жезтырнақ - адам денесi мен аң, құс мүшелерiнiң қиялдық бiрiгуiнен жасалған бейнелер. Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңiнен қолданылады. Осы тəсiлдiң арқасында жасалған техника көлiктерi көп-ақ: троллейбус, трамвай, аэромашина, гидро-самолет, танк-амфибия жəне т.б. Бейне жасау талдау процесiнде қолданылатын жəне бiр əдiс - бұл акценттеу, яғни түзiлiп жатқан бейнедегi қандай да бiр элементтiң қалыптан тыс кейпiмен көзге түсуi. Осы əдiспен нақты бейненiң мəндi де маңызды қыры баса көрсетiлiп, ол басқа бөлiктерiнен ажыралып тұрады. Көбiне акценттеу əдiсiн əзiл-сықақ суреткерлер жиi қолданады: нұсқаның бiр белгiлерiн шындыққа лайық сақтай отырып, басқа белгiлерiн қиялды идеяға ұштастырып, өзгерiске ендiредi, мысалы, бөспе адамның бейнесi шұбалған сөз тiлiмен көзге түссе, ашқарақ - мес қарнымен танылады. Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкiл нысанға тұтастай қолданылатын болса, онда ол екi əдiсте жалғасын табады: болмыстағы нақ объектiге қарағанда кере-мет ұлғайтылып (гипербола) не кiшiрейтiлiп (литота) берiледi. Бұл тəсiлдер көбiне халық ертегiлерiнде, дəстан, жырларда көрiнген жауды жеңетiн алып денелi, тасқын күштi, "бойымен бұлтты тiреген" ғажайып бейнелердi жасау үшiн қолданылады: Алпамыс, Ер Төстiк, Шора батыр т.б. Қиял елестерiн жасау бiрiктiру жолымен де iске асады. Фантастикалық бейнеге негiз болған елестер бiрiгiп, айырмашылықтары көмескiленiп, ұқсас тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация əдiсiнiң қолданылғаны. Бүның мысалы ретiнде қоршаған орта бедерлерiне ұқсас жасалған ұлттық оюлар мен өрнектердi келтiруге болады. Осы ою-өрнектердi саралай отырып, заты қазақ қолындағы бұйымның қайсысы адайдiкi, ұлы жүздiкi не кiшi жүздiкi екенiн айырып бере алады. Ал ендi, осы заттардың айырмашылығы неде екенiн сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебi ою-өрнек бейнелерi əр қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйiнде орын тепкен.
29. Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз
Эмоция (сезiм шарпуы) - сезiмнiң тiкелей қатынастағы уақытша көрiнiсi. Мысалы,сахнадағы айтыскер ақындардың бiр ауыз тапқыр сөзiне бола, көрермендердiң бiр мезет дүрiлдете қол соғып, қошемет айқай салуы.
Iс-əрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық жəне астеникалықболып бөлiнедi. Стеникалық эмоциялар адамға қуат берiп, iс-əрекетке ынталандырады.Бұл жағдайда адам "тау қопаруға" дайын тұрады. Керiсiнше, кейде толғаныстан адамныңаяқ алысы байланады, енжарлық басады - бұл астеникалық эмоция көрiнiсi. Осыдан,жағдайға, дара ерекшелiктерге орай эмоция адам қылығына əртүрлi ықпал жасауымүмкiн. Мысалы, қорқыныш сезiмiнiң саналы болуынан адам өзiн жинақтап, қатерге қарсы шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш адамды шiдерлеп, "тiзесi қалтырайтын" дəрежеге де келтiредi.
Қуаныш - орындалуы күмəндi болып тұрған қажет-тiлiктiң толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Таңдану - күтiлмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгi. Таңдану бұрыннан бар сезiмдердi тежейдi. Осыдан зейiн толығымен таңдануға себеп болған нысанға ауысады, кейiн ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасiрет - алғашында аз да болса сенiм күттiрген маңызды өмiр қажеттiгiнiң орындалмауы не оның орындал-майтыны жөнiнде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар - субъектте өте маңызды қажеттiлiктiң күштi кедергiге ұшырап, орындалу мүмкiндiгiнiң кенеттен жойы-луына байланысты пайда болып, дүлей көрiнiс беретiн ұнам-сыз эмоциялық қалып.
Жеркену- тiкелейқатынастаболғанобъектердiң (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғаларт.б.) жекеадамидеологиясына, адамгершiлiк не эстетикалықталғамынаымырасызқарама-қарсылықтыболуынантуындайтынұнамсызсезiмтүрi.
Жеккөру- адамаралыққатынастардасубъектiнiңкөзқарас, өмiрлiксалты менсезiмобъектiқылықтарыныңбiр-бiрiнесəйкескелмеуiненжүзберетiнұнамсызкөңiл-күй.
Қорқыныш субъект тез тiршiлiгiне шын немесе болуы мүмкiн қатер жөнiнде ақпараталу мен бiрге пайда болатын сезiмдiк құбылыс.
Ұят- субъектiнiңөзқылық-əрекеттерi, ниеттерi жəне сырт келбетiнiң басқалар күткендей не өз принциптерiне орайлас болмағанын түсiнуден келiп шығатын ұнамсызсезiм түрi.
Эмоциялық толғаныстар бiртектi болмайды. Бiр объекттiң өзi бiрiне бiрi қайшы келген əрқилы сезiмдiк күйдi пайда етедi. Бұл құбылыс амбиваленттi(екiұшты) деп аталады. Амбиваленттi жағдай адамдағы тұрақтықалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезiмi арасындағы қайшылықтан туындайды: мысалы, махаббат жəне қызғаныштан болатын өшпендiлiк екеуi бiрге жүредi.
Өте күштi эмоциялық əрекет көрiнiсi - аффект қысқа да қарқынды өтуiмен ерекшеленедi. Бұл сезiм құбылысы субъектi үшiн өте қажеттi болған өмiр жағдайларының кенеттен өзгерiске түсуiнен болады. Аффектте адамның қозғалысəрекеттерi ұстамсыз күйге келiп, iшкi ағзалар қызметi күйзелiске ұшырайды: тiлден қалады, жүрегi ұстайды,есiнен танытады.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.
Денi сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есiнен танбайды. Адам бойында қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны долылыққа жеткiзбей, аффектiнi ауыздықтап, ерiк күшiне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығында "Ашу дұшпан, ақылдос,ақылыңа ақыл қос" деген мақалдың тағлымдық маңызы зор.
30. Эмоцияның негізігі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) —бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады. Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тизе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн. Адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш бередi. Күштi азап аффектiге және ашық күреске айналып кетуi мүмкiн. Бұл жағдайда адам өзiндiк бақылауын, саналы түрде басқару мүмкiншiлiгi шектеледi, тiптi өз әрекетiн жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзiне бағытталуы мүмкiн.
Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару. өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықарына қатты әсер етедi, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш. Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi. өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.
Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi. Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.
Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады.
Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылығын көрсетедi.
31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне  талдаңыз
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.
Эмоцияның қызметтеріне адамның, яғни эмоцияны шығарған соң, өзін көңіл күйін көрсетіп, жеңілдеп қалуы жатады.
Бұлшық ет тонусы өсіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.
Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.
Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.
Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.
Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.
Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді. Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ңиеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.
Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.
Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмбпияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.
32. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
Қоршаған ортада кезiккендердiң бəрi адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезiмдер пайда етедi.Олардың бiрi ұнап - қуантса, екiншiсi - қапаландырып, жеккөрушiлiк тудырады.Сезiм түрi сан-аулан.Төңiректегi нысандардың жеке қасиеттерi мен сапаларының өзi де адамның белгiлi сезiмiне себепшi болады, мысалы, түсi ұнамайды, дауысы жағымсыз, дəмi татымсыз т.с.Өмiр жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделiрек сезiмдерге себепшi келедi. Сезiм ауқымы өте кең: өкiнiш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиiркену - мұндай сезiм түрлерiн шексiз келтiруге болады. Сезiм - бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiн толғаныс, күйзелiстерi.Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет.Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр.Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз адам – есек", - деген екен.Көп сезiмдерге адамның өзi құштар.Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.Психологтар көп заманнан берi осы сезiм мəселесiнiң төркiнiн ашумен айналысуда.ХVIII-ХIХ ғасырларда бұл сұрақ төңiрегiнде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистiк теория бағыты кең өрiс алды.Бұл бағыт мəнi - адамдағы барша органикалық көрiнiстердiң негiзi психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды.Немiс психологi Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезiмдiк дүниенiң iрге тасы елестер деп саналды.Бұл теорияға орай сезiм-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретiнде жүзеге келедi.Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесiн тiрiлермен салыстырудан қайғы пайда болады.Өз негiзiнде бұл кейiп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасiреттi күй бiлдiрушi əрекет-қылыққа себепшi болады.
Жоғары деңгейдегi сезiмдер Адам жан дүниесiнiң сыры қоршаған ортаға əсер-ленiп қана қоймай, оның құпияларын танып бiлуге ұмты-луында.Мұндай əрекет адам сезiмiнiң жоғары деңгейдегi саналы əрекетiн, эстетикалық талғамы мен адамгершiлiк-моральдық қасиеттерiн сезiне бiлетiн көңiл-күйiне байланыс-ты.Жоғары деңгейдегi сезiмдердiң ақыл-ой, эстетикалық жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар. Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты.Сезiмнiң бұл түрi - балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы.Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады.Таңдану кiсiнi əрбiр нəрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты танып, оларды тереңiрек түсiнуге жетелейдi, оның iзденiмпаздық əрекетiн тудырады.Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасай-ды.Күмəндi жайттарды тəжiрибе жетiстiктерiмен салыстыра отырып, тексередi.Ақиқаттығы айқындалған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады.Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететiндiгiне деген сенiм сезiмi пайда болады.Сенiм оған күш-қуат берiп, көңiлiн көтередi.Ақыл-ой сезiмi - адамның кез-келген iс-əрекетiндегi рухтандырушылық маңызы зор көңiл-күй. Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктi қабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай.Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды.Əсемдiк əлемi адамға өзiнiң сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен жəне шынайы көркемдiлiгiмен əсер етiп, адамның мақсат-мүддесiне, рухани қажеттiгiне лайықты дамиды.Эстетикалық сезiм - мазмұны мен мағынасы жəне түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым.Психология эстетика-лық сезiмдi табиғат пен адам қоғамындағы əсемдiктiң адам- ның жан дүниесiнде бейнеленiп, оның мiнез құлқына, дүниетанымына ықпал етiп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңiл-күйiн шалқытып, iс-əрекеттерiн өрiс- тетушi ықпал ретiнде қарастырады.Өнер мен музыка, əн-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесiн тебiрентiп, өмiрдiң неғұрлым мазмұнды болуына əсер етедi, оны шабыт-тандыра түседi.Мектеп пен оқу орындары түлектерiн əсем-дiктi қабылдап, оған əсерленуге, дүниенiң сұлулығынан лəззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тəрбиелеудi эстетика пəнi арқылы жүзеге асырады. Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi.Адамгершiлiк сезiмi моральдық сезiм деп те айтылады."Мораль" - "морале" деген француз сөзi.Мағынасы - адамгершiлiк.Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты.Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтар-дың əлеуметтiк жағдайы - мұның бəрi адамгершiлiк сезiм көрiнiсiнен байқалып тұрады. Адамгершiлiк сезiмiнiң принципi мен жалпы негiзi - белгiлi бiр қоғамдық- экономикалық сатыларда əлеумет мүшесiнде қалыптасып отыратын мiнез-құлық көрiнiстерi. Гуманистiк жəне демократия үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер - борыш сезiмi, əркiмнiң өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы, əрбiр адам-ның жеке-даралық қасиеттерiн сыйлау, үлкенге құрмет, кiшiге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық жəне əр түрлi ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкiлдерiне деген жалпы гуманистiк қарым-қатынас. Адамгершiлiк сезiм кiсiнiң өткен өмiрiндегi елестерiне, мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруы мен идеяларына жəне дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық iс-əрекет түрлерiне байланысты болып келедi.
Адамның жоғары деңгейдегi сезiмдерiнiң қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзiнiң жеке басына деген жауап-кершiлiктi сезiнуiнде жатыр.Екiншiден, ол отбасындағы тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi.
33. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз.
Адамның еркi белгiлi бiр  қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке адамның ерiктiк қасиеттерiнiң  негiзгiлерiн қарастырып көрейiк.
Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.
Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады. Батылдық – жеке адамның  еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн  көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.
Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.
Өстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.
Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.
Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның  үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат және оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дәлелдеп қорғай алады.
Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк  сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының  даралана ұштасуы болып есептеледi.
Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек төрт жасқа қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн тәрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. “Баланы жастан” деп халық бекер айпаған. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор.
Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысы болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды. Отбасындағы терiс тәрбиеге байланысты бала да қыңырлық пен кiрпияздық, шолжаңдаған еркелiк қалыптасады. Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады.
Баланы отбасында тәрбиелеудiң  қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Өзiнiң тiлегiн нақты жағдайлармен салыстыру, өзгелердiң ырқына бағындыра алу қабiлетi дамиды.
Ерiктiк қасиеттiң дамуында маңызды рөлдi мектеп алады. Мектеп балаға оқыту процесi жүзеге асуға  қажет бiрқатар талаптар қояды. Мәселен, мектеп оқушысы партада белгiлi бiр  уақыт отыруға тиiстi, мұғалiмнiң  рұқсатынсыз ол сыныптас жолдастарымен сөйлесе алмайды, орынан өз қалауынша тұрып далаға шығып кете алмайды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi.
Баланың еркi дамуында дене тәрбиесiнiң де маңызы зор. Спортқа  әуестендiру, дене шынықтыру жұмыстары ретiне қарай жүрiп отыруы тиiс. Сонымен бiрге, өзiн-өзi тәрбиелеу қажеттiлiгiн ұғындыру, ұлы адамдардың өнегелерi мен iстерiне елiктеу ерiктi шыңдауға көмектеседi. Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi  осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен.
34. Темперамент өзгермейді деген ұғымды сыни бағалаңыз
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темпераменттің жалпы түсінігі
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін — темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент -sanguis (қан), флегмативтік темперамент — рһlegma (шырын), меланхоликтік темперамент — melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.
Ми біріншіден, барлық мүшелер мен ұлпалардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да осыған орай өз қызметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент — адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте — пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…»
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). «Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе».
Флегматик — салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық — флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті — бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.
Темперамент және жеке адамның қалпы
Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін еске ұстау қажет. Кейде тыныш бір қалыпты флегматик холерикше эмоциясы бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады.
Осындай көріністер кейбір психологтарды аралас темперамент те болады деген пікірге алып келеді. Мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайды. Аралық темпераменттер болады деген дұрысырақ.
Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке — ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.
Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.
Осы айтылғандарды ескеру және білу — адам темпераменттерінің ерекшеліктерін ажырату үшін қажет.
35. Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.
Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кезден бастап айтыла бастады. Ежелгі грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократ еңбектеріндебұл жайында біраз пікірлерайтылған. Гиппократтыңайтуы бойынша, әртүрлі темпераменттерадамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық затқа байланысты болмақ. Олар: дененіжылытып тұратын- қан, салқындататын- шырын (слизъ), құрғататын бауырдағы- сары өт және оны дымқылдандыратын –қара өт.
Сөйтіп, Гитппократ жәнеоның шәкірттері адамдардағы темпераменттердің әртүрлілігі организмдердегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір бірінен аз көптігіне байланысты деп түсінген.Мәселен организмде қанның пропориясы артықболса,ол сангивинкалық, ал шырын басым болса флегматик темпераменті,ал органиизмде қара өт басым болса меланхолик,организмде сары өт басым болса холерик темпераменті деп атағн.Гиппократорганизмедрдегісұйықтықтардыңбірібіріненекіншщісініңбасымболуыкейбіраурулардыңшығутарихынтүсіндірігедеджарайды.Олмидыңрөлінтүсінебілді,оныбездердіңбірідепсанады.Бұл адамның жеке ерекшеліктерні жаратылыстың ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
36. Ойлауды дамытуға арналған әдістерді сипаттама беріңіз
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/
2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.
3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.
Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/
-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.
-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./
-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.
-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)
Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.(7.57)
Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.
Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол “Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу (8.43).
Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды.
37.Павловтың темперамент туралы теориясын түсіндіріңіз.
Ғылым шындығына келетiн болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесi қызметiмен байланысты екендiгi ежелден-ақ белгiлi болған. Темперамент түрлерiнiң кейбiр жалпы психикалық процестер ерекшелiгiне тəуелдi келуi И. П. Павлов жəне оның шəкiрт-терiнiң еңбектерiнде экспериментальды дəлелденген.
И. П. Павлов иттiң шартты рефлекстiк əрекет ерекше-лiктерiн зерттей отырып, олар қылық-əрекеттерiндегi даралық өзгешелiктердiң пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердiң рефлекстiк қозулары мен сол қозулардың сөну теңдiгi мен дəлдiгiнен көрiнген. Бұл жағдайлардың көрiнуi жүйке процесiнде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу жəне тежелуге байланысты екендiгi жөнiнде эксперименттермен дəлелденген. И. П. Павлов тем-перамент типiнiң жүйке қасиеттерi ретiнде қозу мен тежелу күшiн, тепе-теңдiгiн жəне қозғалмалылығын атап көрсеттi.
Жүйке жүйесi процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бiрдейлiк сипатын көрсетедi. Осы екi процесс күштерiнiң аралық қатынастарынан, бiр процесс күшi екiншiсiнен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туын-дайды. Жүйке жүйесiнiң үшiншi асиетi - жүйке процесiнiң қозғалмалылығы - бiр жүйке процесiнiң екiншi түрiне ауысу жылдамдығында көрiнедi. Аталған жүйке процестерiнiң қасиеттерi негiзiнде жүйке жүйесiнiң типi немесе жоғарғы жүйке қызметiнiң типi деп аталатын құрылым түзiледi. Бұл жүйе əр дара тұлғаның жүйке жүйесiне тəн негiзгi қасиеттер бiрлiгiнен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы. Осы үш қасиеттi негiзге ала отырып, И. П. Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай жəне күштi тип пен əлсiз
типтi айыра, дəстүрлi Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң төрт негiзгi типiн ажыратты:
• күштi, қозу мен тежелуi теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
• күштi, қозу мен тежелуi теңдей, салғырт - флегматик;
• күштi, қозуы басым - холерик;
• əлсiз тип - меланхолик
Сангвиник - жоғары дəрежелi əрекетшең адам, дегенмен, бұл əрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның бəрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мəнерлi, шапшаң. Сəл нəрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiм-талдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама əсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейдi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабiлетi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймықпай кiрiседi, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тəртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз əрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады.
Холерик. Сангвиник сияқты жай əсерлерге берiлмейдi, əрекетшең жəне белсендi. Бiрақ холериктiң əрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi көбiне сырттай көрiнедi, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - əрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төңiректiң бəрi күлкiден жығылып жатқанда, ол
мiзбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым ишара жоқ, сөзi сылбыр, əрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен əрекет-терiн өзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезiмге берiл-мейдi. Əдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейдi, сырттай əсерге төзiмдi. Бар бiлгенi iшiнде - интраверт.
Меланхолик. Өте сезiмтал, бiрақ əрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нəрседен көзiне жас үйiрiлiп, өкпелегiш, сырттай əсердi күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Əдетте, өзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем, тез шаршайды, қызметi болымсыз. Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi əлсiз. Көпшiлiк меланхоликтердiң өздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi көп - толық интраверт.
38. Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз
Темперамент - адамның психикалық əрекетi-нiң нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиет-терiнiң жиынтығы.
Сангвиник - жоғары дəрежелi əрекетшең адам, дегенмен, бұл əрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның бəрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мəнерлi, шапшаң.
Холерик. Сангвиник сияқты жай əсерлерге берiлмейдi, əрекетшең жəне белсендi. Бiрақ холериктiң əрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба.
Флегматик - əрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төңiректiң бəрi күлкiден жығылып жатқанда, ол мiзбақпас.
Меланхолик. Өте сезiмтал, бiрақ əрекетшеңдiгi кем адам. Болмашынəрседен көзiнежасүйiрiлiп, өкпелегiш, сырттайəсердiкүйзелiспенқабылдайды. Ым-ишарасыжоқтыңқасында, дауысы мен қозғалысыөтесылбыр. Əдетте, өзiнесенiмсiз, үркек,болмашықиындықтаншегiнедi.
Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырттай əрекет-қылығында,қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынанкөрiнедi. Темперамент ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек барысына ықпал етуi табиғиқұбылыс. Дегенмен, темперамент айырма-шылықтарындағы басты қасиет - олардыңпсихикалық мүмкiн-дiктер деңгейiнде емес, өзiндiк iске асу көрiнiстерiнде.
Адам iс-əрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның тем-перамент ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тiлдесу қажеттiгi көп жерде, бiр өмiр қалпынан екiншiсiне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер əрекетте сылбыр, енжаркөрiнгенiмен, жай, бiрқалыпты, тұрақты бiр тəртiппен орындалатын қызметтерде өтетиiмдi келедi. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым iстерде меланхолик шы-дамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларғақарағанда онша шаршап-шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен əдiстерi шектелген, еркiн қимылға мүмкiндiк жоқ жерде - сангвиник пен холерик типтi де шыдамайды.
Оқу мен тəрбиенi оңтайластыру мен олардың тиiм-дiлiгiн көтеру жолында əрбiр педагог өз шəкiртiнiң темпера-мент типiн мүмкiндiгiнше нақты анықтап алған жөн. Осытұрғыдан мұғалiмдерге кеңес: холериктiң оқу iстерiн мейлiн-ше жиi бақылауға алған дұрыс. Бұл типтi оқушымен қатты сөзбен, жекiрiп қатынас жасауға тiптi болмайды -қатынасқа сай келеңсiз жауап əрекет болуы сөзсiз. Сонымен бiрге оның қай қылығыболмасын орынды талаппен, əдiл бағалануы тиiс. Сангвиниктердi үздiксiз жаңа, қыз-ғылықты, зейiн тоқтатып, белгiлi күш жұмсауды талап еткен iстерге қосып отыру керек.Оны ұдайы белсендi iс-əрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткiзiп тұру қажет. Флегматик қызғылықты, белсендi əрекетке келiп, жұрт назарында болғандыұнатады. Оны бiр iстен екiншiсiне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмысiстеуде дөрекi сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тiптi жай дауыс көтеру, əзiл-оспақтың өзiорынсыз. Онымен жiберген қате-кемшiлiктерi жөнiнде оңаша əңгiмелескен жөн. Оғанерекше назар бөлiп, əрқандай iс-əрекетте көрсеткен белсендiлiк ұшқыны үшiн демезетiнде мақтап, қошеметтеп барукерек. Ескертулер мен ұнамсызбағанымүмкiндiгiншежұмсартып, байқап жарияеткенорынды. Меланхолик - өтесезiмтал, өкпешiл тұлға,сондықтан оған дегенде өте мейiрлi, жақсы ниет бiлдiре, қатынасу керек.Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз iс-əрекетiн жүзеге келтiруi тiкелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердiң желiсiнде көрiне отырып, еске түсiру, қабылдағанды бекiту жылдамдығына ықпалын тигiзедi, ой жүйрiктiгi мен зейiн тұрақтылығын жəне оның ауыспалылығын айқындап бередi.
39. темперамент және мінез арақатынасы туралы пікір.
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез-келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
40. Мінездің қалыптасуына әсер ететін заңдалықтарын дәлелдеңіз
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық -әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық (юность) шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласыпыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзін басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түр–түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқызысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдырысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, “бақыт” мән– мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді “бақытсыздықтың” қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзінді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.
Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат–жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі ғана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен қинағандардың баршасы мәнін жоғалтып, елеуден қалады.
Кейбір адамдар бозабала шағында сүйкімді, енді біреулері–ересек кезінде көрікті әр іскер. Ал кей тұлғалар егже жасында қайырымдылығымен, ымрашылдығы және данагөйлігімен жұртты өзіне тартады. Осыдан әрбір адам мінезінде белгілі бір жас сатысында қандай да қасиеттердің толық ашылуына себепші бір факторлардың болуы мүмкін деген ой келеді. Ал осы факторлардың табиғаты ғылым үшін әсерге сыр.
Өмір ақырына жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір жағдайынан жамылған бүркемелер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді, әлеуметтік роль мән–мағынасын жоя бастайды. Адам фәни ақырында өзін атынып, өз болмысының төркінін білетін халге жетеді. Өмір балалық күндердегідей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпіне қайта оралады. Жас күнде де игілік, ләззат бермеген көптеген құмарлықтар өшеді. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай, кәрілікке де рух көтеріңкілігі жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмір аяғында адам өзін еркін сезініп, дүниемал, дос–дұшпанның шын мәнін пайымдау деңгейіне жетіседі.
Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүркінген жалған зер–оқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық күйбеңдерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға береді.
Кәрі адамның ең күшті психикалық қасиеттері-өткен өмірдегі өз мәнділігін сезінуі, жетіскен адамдық дәрежесі және жемісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатын тауып, мәңгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуі. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәңгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну– кәрілік даналығы.
41.Мінездің  тұлғалық  ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
Адам ортада өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда адамдар
мінез-құлық әрекетімен ажыратылады. Психологияда «мінез» ( грекше характер – із
қалдыру ) бұл дербестік мағынасы бар барша адамға байланысты ұғым деп
саналады.Әрбір адамның мінезі жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерден
кӛрінеді. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы болып келеді. Адам
мінезінің көріністері әртүрлі оқиғаларға да байланысты. Ол сол кездегі адамның іс –
әрекетіне, ерік – жігеріне , көңіл – күйіне , ақыл – ойына да байланысты болады. Адам
мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты.
Тұлға ретінде адамдардың мінез -құлық тұжырымдамасын әлеуметтанушы Э.Дюркгеймнің «аномия – заңсыздық» теориясынан да көруімізге болады,ал Р. Мертонға жүгінсек мінез - құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған
жетудің әлеуметтік жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Ауытқымалы мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық ,
геофизикалық , экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы: шу , геомагниттік
ӛзгеріс , таршылық жағдайлары үрей туғызып агрессивті, қажетсіз мінез -
құлықтың көрінуіне әкеліп соғады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз
ықпалын тигізеді. Оларға:экономикалық жағдай , мемлекеттік саясат , салт дәстүр
, бұқаралық ақпарат құралдары, этикалық құрылым , әлеуметтік мәртебе ,
референтті топ,отбасының өмір стилі, деңгейлері , отбасындағы өзара қарым -
қатынас, отбасындағы тәрбие, достары , басқа да маңызды адамдар жатады.
Ауытқыған мінез - құлықтың көрсеткіштеріне : агрессия , демонстрация ,
оқудан шығу, еңбектен бет бұру , үйден кету , алкоголизм , наркомания , қоғамға
жат қылықтар , жыныстық жат мінез құлық , суицид жатады.Олар жалпы қоғамға ,
айналадағы адамдарға және ең бірінші ӛздеріне үлкен зиян келтіреді.Адамның
мінез - құлқының ауытқуы жасӛспірім шақта, күйзелгенде, жұмыстан кеткен
жағдайда, алданған жағдайда, күйінген, ренжіген жағдайда болуы мүмкін. Сол
үшін балалардың ауытқымалы мінез -құлық мәселелерін шешуге ата аналардың
ӛздерінің қызығушылығы және әлеуметтік белсенділігі үлкен рөл атқарады.
Балаларға әлеуметтік қолдау тез , әрі тиімді болу,отбасында әлеуметтік
психологиялық қызметтің болуы, баланың қатал күн тәртібін орнату қажет. Оған
балалар – жасӛспірімдер клубын , мектептен тыс және мектеп ішіндегі
үйірмелерді, белсенді сыныптарды , қоғамдық ұйымдарды қажетінше кӛбейту
керек деген пікірдеміз. Қорыта келгенде, әлеуметтік мінез -құлықтың түбегейлі
қалыптасуын әрбір тұлғаның қоғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуіне
және қауіпсіздік пен өзін- өзі қорғаудағы сана- сезімін нығайтудың мүмкіндігінде
деп бағаланылады. Ол үшін әрбір адам, әрбір отбасы жұмыла жұмыс жасаулары
тиіс. Сонда ғана өзіміз өмір сүріп отырған қоғамда келеңсіз оқиғалар белең
алмайтындығына сенімдімін.

42. Темперамент пен мінездің айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз
Мiнез - жеке адамның өзiне тəн қылық - əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiк-терiнiң жиынтығы.Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар - əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi.Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылық-тарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады.Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.Темперамент - адамның психикалық əрекетi-нiң нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиет-терiнiң жиынтығы.Бұл психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-əрекетiнде оның мазмұны, мақсаты жəне сеп- түрткiлерiне тəуелсiз бiрқалыпты көрiнедi, есейген шақта да өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн өрнектейдi.
Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсiндiрiледi, кейде бiрiнiң орнына бiрi қолданылады.Ал iс жүзiнде олай болмауы керек.Мiнез бен темперамент ұқсастығы адамның физио-логиялық ерекшелiктерiне, яғни жүйке жүйесiне болған тəуелдiлiктен.Қандай да мiнездiң қалыптасуында белгiлi жүйкелiк сипатты темперамент үлкен маңызға ие.Сонымен бiрге, темперамент жете дамығанда ғана мiнез бiтiстерi қалыптасады.Темперамент - мiнез дамуына негiз.Мiнездегi ұстамдылық - ұстамсыздық, қозғалғыштық - салғырттық т.б.тiкелей темпераментке байланысты.Бiрақ мiнез темпераментке бүтiндей тəуелдi емес.Бiргелкi темпераментке ие адамдарда əрқилы мiнез белгiлерi болуы мүмкiн.Темперамент ерекшелiк-терi қайсыбiр мiнездi дамытып, басқаларына шектеу қояды.Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтiң өзiне жiгерлiлiк пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады.Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангви-ник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай əрекет-қылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi.Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас келбет-кейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi.
43. Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз.
Ежелгi дəуiрлерден бастап зерттеушiлер адамдардың дене құрылымы жəнефизиологиялық қызметiнiң ерекшелiктерiмен сай келетiн көп түрлiəрекет-қылықтардытоптап, ретке келтiруге ат салысты. Осыған орай мінездің көп түрлi типологиясы қалыптасты. Бұлардың iшiнде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума мінез қасиеттерiне негiзделген – конституциялықтипология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мəнi: əр адам өз дене құрылымына орай өзiндiк психикалық ерекшелiкке ие. Осыдан, дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдерiне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нəзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не ортабойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.
4. Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - əрқилы мүшелiк зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер).
Аталған дене құрылымы типтерiне үш мінез типi сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нəзiк, əлсiз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi,осыдан қоршаған ортаға икемдесуi қиын. Иксотомик - денесi мығым, мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик - семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiлтабысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негiзiн қалаған - Э.Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзiндiк ерекшелiктерiмен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан əрi жалғастырған У.Шелдон болды. Бұл ғалымның да мінез типтерiн айыруда ұстанған принципi - адам дене құрылымы жəне оның өзiнiң жаңалығы - эмбриологиялық белгiлер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшiлiгi жантану ғылымында өткiр сынғаалынды. Бұл теориялардың негiзгi кемшiлiгi - тұлғаның психикалық қасиеттерiнiң қалыптасуында қоршаған орта мен əлеуметтiк жағдайлардың ескерiлмеуi. У. Шелдон теориясынсынға алған Я. Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа əуес болу, ұжымшыл болу неқайырымды болу сияқты темпераменттiк қасиеттерi оның дене құрылымындай нəсiлдiкбелгi емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялықнегiзге ие болғанымен тəрбиежəне əлеуметтiк ортада ғана қалыптасады".
44. Қарым қатынас туралы түсінікке анықтама
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
•1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
•2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
•3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзіменқатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады
45.Қарым қатынастың түрлерін тұжырымдаңыз
Қарым – қатынас  адамның тіршілік бейнесі.  Ол адамның  дүниетануында,  мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.Олтүрлеріменформаларыбойыншаәралуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке  адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы –қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері — әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция – қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
46.Диалогтық бірлескен іс-әрекетті пайымдаңыз
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны — “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев ,М.И.Лисина ,Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова , Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп — екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, әр жас шамасындағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А.Н.Леоньтев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің ,А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста “субъект-субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту.Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрлымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов көтергенді. Г.М.Андреев , П.Яноушек зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауды және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.
С.М.Жақыпов: «Қазіргі оқытудың белсенділік әдістемесінің негізінде топтық дискуссия жатыр. Оның негізгі белгілері мәселенің болуы (шындықтағы, өндірістік, танымдық) және оның шешімі топпен бірлескен түрде орындалады», –деп тоқталды. Негізінде, бірінші (ерте грек) және екінші жағдайда да жоғары деңгейдегі бірлескен танымдық дамуда оқыту формасы мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің мазмұнын ұйымдастыру біріккен-диалогтық болады. “Біріккен-диалогтық” терминін қолданғанда, әрекеттің біріккен мінездемесі ретінде сызып көрсетуге болады, тек қана оқушылардың арасында емес, оқытушылармен қатынаста оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жағдайында қалыптасады. Біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекет жаңа психологиялық білім беру болып табылады.
47. Қарым-қатынас психологиясының алыс және жақын шетелдердегі қазіргі кездегі концепцияларын салыстырыңыз.
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б. факторлардың күшті ықпалында болды.
Қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк.
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
48.Қарым-қатынаста өзара ақпарат алмасу, өзара әрекеттесу, және өзара түсінуге сипаттама беріңіз.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты [2, б. 84-95].
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3, б. 393-401].
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілік байланыс. [4, б. 124].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын, иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу, сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Қарым-қатынаста келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді зона (15-45 см), өте жақын, таныс адамдар қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе дербес зона (45-120 см), достарға бірге істейтін қызметкерлерге арналған кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс емес адамдар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп тобымен қарым-қатынаста көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе жиналыстарда көрінеді.
49. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өмiрiндегiмаңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшiн неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дəлсiздiктер жiберiлуi мүмкiн. Өзiнiң төңiрегiндегiлермен байланысына аса үлкен мəн берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейiм келедi. Керiсiнше, кiмде кiммен ұнамсыз қатынаста болса, адамондайда қарсыласын түбiн түсiре жамандауға ниеттенедi де тұрады. Əрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшелiктербар. Кейбiр ой-сезiмi толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақтыпайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi, екiншi бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға тiптi өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер төңiрегiндегiлердiң өзiне деген бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, бiрде оған сана-сезiмi жетпей қалады.
Кез келген істе өз-өзіңізді ұстай білу, қиын жағдаяттардан шығу, жұмыстағы іскерлігіңіздің және жұмысыңыздың алға басуы тек өмірлік жинақталған іскерлік дағдыларға байланысты екендігі бәріне мәлім. Сонымен қатар адамға қошамет айту да (комплимент) адамның психологиялық қабілеттерін қанағаттандырумен қатар, әңгімелесушімен дұрыс қарым-қатынасты орнатуда, табысқа жетуде үлкен рөл атқарушы фактор болып табылады.
Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iс-əрекетiне болған қатынасынан байқауына болады. Өз əрекет-терi мен сол əрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi мен сапаларын болжас-тыруына болады. Iс-əрекетте нəтижеге жетсе, мақтау алып, не сəт-сiздiкке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезiгумен əр жеке адам өзiнiң қабiлет деңгейiн сезедi. Өмiрде жетiскен iсiне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын iшкi, ниеттегi психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсiнулерi мен мотивтерiнiң оң не терiс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Комплимент айту қоғамда жақсы қарым-қатынас орнатып, қарым-қатынасқа түсушілердің көңіл-күйін көтереді. Сыпайы түрде әрі орынды айтылған комплимент тұйық адамның ашылуына, ұялшақ адамның кішкене өз-өзіне сенімді болуына, мұңайып жүретін адамның көңілін көтеруге септігін тигізеді. Комплимент айту адамның жағымды эмоцияларға қажеттілігін қанағаттандырады. Себебі адам әрқашан өзінің маңызы туралы білгісі келеді.
50. Авторитарлық, демократиялық және либералды стильдердің оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасына әсерін түсіндіріңіз
В.В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасты педагог пен оқушылардың «әлеуметтік – психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде оқушылардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі.Педагогикалық қарым-қатынастың формасы – оқушылар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, оқушы психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың оқушыларға әсер етуін байқатады.
Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың оқушылардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, оқушылар инициативасын табан асты етуі, оқушылар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда оқушылардың өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен оқушылардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог оқушылардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы оқушылардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады. Демократиялық стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.
Педагогикалық қарым-қатынастың либералды – босаң стилі негізінде оқушылардың өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс –тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы сияқты негативтер болады. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен, енжарлығымен түсіндіріледі.Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
51.Қарым-қатынастың этностық аспектілеріне негіздеме беріңіз.
Қоғамдық-тарихи әдебиеттерде «ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті»,
«мәдениаралық коммуникация» ұғымдары ХХ-ғасырдың 80-ж. басынан қолданысқа
енгізіле бастады. қызметі туралы қарастырылды.
Этнос және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеуде С.А.Арутюновтың,
Э.А.Баграмовтың, Ю.В.Бромлейдің, Л.Н.Гумилевтің және т.б. көптеген ғалымдардың
этнологиялық теориялары этносаралық қатынас мәнін терең түсініп және аталмыш
үрдістің ерекшеліктерін анықтауда маңызды орын алады. Этнос:
 этностың барша өкілдеріне тән анықтаушы мінездік және коммуникативтік
моделдермен;
 этностық ішіндегі жекелеген топтарға тән мінездік, коммуникативтік,
құндылық-бағдарлық, әлеуметтік-саяси моделдер мен мәдени элементтермен
ерекшеленеді.
Дегенмен, әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен
сайын өзгеріп отырады. Ол – этностың үнемі әлеуметтік дамуда болатындығының айғағы.
Этнос мүшелерінің мінез-құлық құрылымының бірізділігі қарым-қатынас нормасына
негізделген. Олар:
1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына;
2) жеке адамдардың өзара қатынасына;
3) этникалық топтардың арақатынасына;
4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа
құрылады.
Этностың үшінші психикалық құрылымдары – ұлттық мәдениет пен салт-
дәстүрлер. Қай заманда болмасын әр этнос өкілі алдында тұратын мақсат-міндеттердің
бірі - өз ұлтының өмірін, мәдениетін, ұлттық ерекшеліктерін, наным-сенім, жөн-жоралғы
және т.б. болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезіміне сіңіру. Этнос өкілдерінің ұрпақтан
ұрпаққа осы тарихи-мәдени ақпарат алмасуын жүзеге асырушы құрал – ұлттық мәдениет
пен салт-дәстүрлер. Салт-дәстүрлер этностардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне,
өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,
өзгеріп, жаңарып отырады.
52. Психологиялық қорғаныс механизмдерінің этносарлық қарым-қатынаста қолданылуына мысал келтіріңіз
Сублимация (лат sublіmo – биікке көтеремін) – заттың кристалдық күйден газ тәрізді күйге ауысуы; жылудың жұтылуымен жүретін процесс.Сондай-ақ сублимация қатты және газ тәрізді фазалар қатар өмір сүретін температура мен қысымның барлық интервалында болатын буланудың бір түрі.Сублимация үшін қажетті энергия сублимация жылуы деп аталады.Сублимация жылуы мен қатты дене бетіндегі қаныққан бу қысымы мен температура арасындағы тәуелділік Клапейрон-Клаузиус теңдеуімен өрнектеледі. Металдық кристалдар сублимациясының нәтижесінде бір атомды булар пайда болады; иондық кристалдар буланып, газдық фазада полярлы молекулалар құрады; молекулалық кристалдар молекулалардан тұратын бу түзеді. Сублимацияның негізгі кинетикалық сипаттамасы – сублимация жылдамдығы.Сублимация жылдамдығы – уақыт бірлігі ішінде сублимацияланатын заттың массасы.Зат сублимациясының шекті жылдамдығының температура және газ тәрізді фаза қасиеттеріне тәуелділігі арқылы Жер маңындағы орбиталардан жерге түсетін ғарыштық аппараттарға жылуқорғанғыштығы үшін қолданылатын затты таңдауды анықтайды.Сублимация қатты заттарды тазалау үшін кеңінен қолданылады.
Регрессия (лат.regresso — кері қозғалыс) — теңіздің тартылып, жағасының кері шегінуі. Әдетте, тектоникалық қозғалыстардың әсерінен құрлықтың көтерілуінен, мұхит түбінің ойысуына немесе материктімұз басу кезінде мұхит суы көлемінің азаюына байланысты болады. Ішкі тұйық алаптарда Регрессия климаттың құрғауына байланысты орын алуы мүмкін.Жертарихындатеңіз регрессиялары трансгрессияларымен алмасып отырды.
53. Вербалды және вербалды емес қарым­қатынастағы мәдени айырмашылықтарды көрсетіңіз.
Вербалды емес қарым­қатынаста адамдар өзінің сезімдерін ым, мимика арқылы көрсетеді. Әр түрлі елдерде жест пен мимика әр түрлі түсінікті көрсетеді. Мысалы, орыстар белгілі бір нәрсенің жоғалуын немесе сәтсіздікті білдіретін жест, хорваттарда сәттілікті білдіреді. Өзі туралы айтқанда еуропалықтар қолын төсіне қойса, япондықтар танауына қояды.
Мальта тұрғындары «жоқ» дегенді айту үшін саусақтарының ұштарымен иегін ұстаса, Франция мен Италияда ол жест адамның бір жерінің ауырғандығын көрсетеді. Греция мен Турцияда саусақтармен екіні көрсетуге болмайды, ол бұзақылықты білдіреді. Югославия мен Болгарияда «иә» деп басын изеу, «жоқ» дегенді білдіреді.
Вербалды қарым­қатынасқа келетін болсақ, әртүрлі елдерде жазықтықты қабылдау әртүрлі болады. Мысалы, американдықтар үлкен аудиторияларда жұмыс істейді, есікті кішігірім ашып қояды, ол басшы орында, ешнәрсені жасырмайды дегенді білдіреді. Нью­Йорктегі биік ғимараттар барлық мөлдір, ашық материалдардан құрылған. Әрбір жұмысшы: басшыдан жай жұмыскерге дейін, яғни барлығының жұмыс істеп отырғандары көрінеді. Ал Германияда мүлдем басқаша, жұмыс істеу бөлмелері жабық болуы қажет.
54. Іскерлік қарым қатынасқа мысал жазыңыз.
      Іскерлік кездесу де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Іскерліктің маңызыды принциптеріне сенім жатады. Сенім адамдардың қарым қатыныстардың мүмкін екенін білдіру фарторы. Сенім жоғалтқан жағдайда үміт үзіледі, үміт үзілсе бәрі бітеді. Үміт өте маңызды нәрсе. Қандай да ұжым қарым қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көіңл күйде болу керек. айналаға нұрын себу керек.  Ұрыс  керіс , айқай, шу шығару қажет емес. Кері эмоцияларда қажет емес. Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кесдесулерде бәріне жағымды атмосфера орнату керек.
Мағызды әдеп ол амандасу. Адамдардың бір біріне деген ықыласын , мейрімін көрсету белгісі.  Жақсы, сыпайы сөйлесу әдептіліктің маңызыды шарты. Еркін және сенімді сөйлеу, елдердің тілдерін білу іскер адамға пайдалы және мағызды. Кездесулерде тыңдай білу үлкен өнегелік. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. Нақты іскерлік кездесулерде клиетпен сенімді байланыс орнату, егер клиент сенімді болса онда іс жүзеге асады.
Қонақ ұй және мейрамхана ісіндегі конфликттік байланыстың алдын алу
          Қонақ  үй және мейрамхана бизнесінде әр қашанда конфликттер кездеседі. Мейрамхана бизнесіне тоқтала кетсек: бұл бизнесте көбінесе тамақтануға келетін қонақтардың келіспеушіліктері үшін конфликт жағдайын алып келеді. Яғни әр қонақ өзіне жоғары сапалы  қызмет көрсеткенді талап етеді. Қонақ қанағаттанбаған жағдайда конфликт туындайды. Конфликті алдын алу үшін ең алдымен даяшыдан бастау керек, яғни әр даяшы этикет және эстетика ережелерін қатаң сақтау керек. Егер де даяшының кел беті жинақы, ұқыпты көрінсе, конфлик жағдайынан аулақ қашуға қандайда бір пайызы көтерледі. Қонақ үй бизнесі туралы айтып кетсек: бұл бизнесте майрамхана бизнесі сияқты. Яғни конфликттің пайда болуы ол қонақтың қанағаттанбауынан туындайды.    Іскерлік кездесулерде әр қашанда проблемалар кездеседи. Оларды шешу жолдарына көбіренсе  психология жағынан жақындаған дұрыс.  В. Е. Gilland ғалымы  өзі проблемаларды психалогиялық  әдіспен шешу жолдарын келесі стадияларға бөлді:
Проблеманы анықтау.
Проблеманы екі мөлшерде  анықтау (двумерное определение проблем)
Альтернативті идентификациялау.
Жоспарлау.
Қызмет (деятельность)
Кері байланыс және баға беру.
         Проблеманы анықтау.  Бұл стадияның мақсаты клиетті мұқият тындап, проблеманы талқылап, анықтау керек. яғни бұл стадия клиеттің проблемасын тыңдауға негізделген.
         Проблеманы екі мөлшерде анықтау.  Бұл стадия проблемаға мінездеме беруге негізделген. Нақты проблеманың анықталуын клиентке түсіндіріу. Егерде проблеманы шешуді қиындықтар туындап жатса онда қайтадан бірінші стадияға қайтып қайтып талқалау керек.
         Альтернативті идентификациялау. Бұл стадияда проблеманы альтернативті шешуді талқылайды. Проблеманы шешуді ашық түрде талқылайды және шешу жолдарын ұсынады. Клиентке сұрақтар қойып шешу жолдарын іздейді.
         Жоспарлау. Бұл стадияда проблеманы альтернативті шешуді бағалайды. Кейін шешу жолдарын жоспрлап, клиентке сол проблеманы шешуді мүмкін екенін түсіндіреді.
         Қызмет. Бұл стадияда проблеманы шешуді іске асыру жодарын талқылау.
         Кері байланыс және баға беру. Бұл стадияда іске асырылған шешімдерге баға беру және қандай да жаңа проблемалар пайда болған жағдайда қайтадан проблеманы стадия бойынша шешуді кепіл беру.
55.Қарым қатынастағы конфликт және оны шешу жолдары
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы. Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).
Конфликт қатынастар мен әрекеттердің негізінде бір-бірімен сәйкес емес, бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құндылықтар жатады. Конфликттурлері: тұлға ішіндік адам (өзімен-өзі келіспейді), түлғааралық (екі адам арасында), топаралық (екі топ арасында), тік (бастык пен қызметкер арасында), көлденең (әріптестер арасында).
Конфликттің шығу мүмкіндігі:
-біреудің толық немесе жартылай бағынуы
-ымыраға келуі (компрамисс)
-конфликтті іс- әрекеттің үзілуі
-интеграция және т.б.
Қарым – қатынас процесінде кері байланыстың нәтижелілігін көтеретін белгілі бір ережелер бар. Бұл ережелерді өз іс-әрекеті процесінде адамдармен: қол астындағылар, ұжымдастар, жоғарғы басшылармен үнемі қатынаста болатындықтан әрбір жеке тұлға білуі тиіс. Бұл ережелер бірнешеу:
1. Сіз айтқан ескертулерде тұлғаға тиіспеу керек, ал сіздің әріптесіңіздің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескеру керек.
2. Көбірек қорытынды туралы емес, бақылау туралы айту керек. Бақылау – Сіздің көргеніңіз бен естігеніңіз, ал қорытынды – Сіздің фактіге негізделген қайта толқталуыңыз.
3. Бағалау формасында сөйлемеу керек. Егер сіз кейбір бағалаулар айтатын болсаңыз, мейірім және жауыздық, дұрыстық және дұрыс еместік, жағымды және жағымсыздық туралы т.б. сияқты қарапайым категорияларды қолданасыз. Бұндай типтегі баға сіздің құндылық жүйеңізге негізделеді. Баға қарым – қатынас процесіндегі жақсы түсінушілікке көмектеспейді.
4. Маңызға ие жағдайларда алыс өткенге емес, жақын уақытқа назар аудару керек.
5. Кеңесті барынша аз беру керек. Әріптесіңізбен ой, ақпарат алмаса отырып, өз бақылағаныңызды ғана айтуыңыз керек.
6. Сұқбаттас әріптесіңіздің тұлғасына және оның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді сынға алу мәнсіз, оған ықпал ету мүмкін емес.
7. Әріптесіңізге керекті ақпаратты жеткізу үшін қолайлы жағдай және оның жеткізілуінде дәлдік формасын таңдау керек. Қақтығыстық жағдайдағы мінез-құлық моделінің әр түрі бар.
8.Өзара сенім және әріптестік жағдайын жасау.
Бұл келісім мен өзара түсінікке негізделген, сонымен бірге қарсыластың әлсіз жақтарын пайдалануды көздемеу. Егер екі жақ та ортақ нәтижеге жетуді көздесе және осы негізде әріптестікке ұмтылса, бұл жағдайда қақтығыс сәтті шешіледі. Ортақ мақсат пен өзара іс-әрекет тәжірибесі әріптестерді бір-біріне жақындата түседі. Бұл «қарым- қатынастағы ашықтық тәуекелін» жеңілдетеді. Көрініп тұрғандай, алайда, адамдар өздері қақтығыстық қарым-қатынастағы адаммен бірге ары қарай жақсы жұмыс жүргізу мүмкіндігін ойлап жатпайды. Егер мұндай жағдайдағы жетекші бағыты туралы айтсақ, ол үлкен қиындыққа тап келеді. Мұндайда тіпті дәлелдер де маңызды емес, керісінше мәселені қоя білу, жауап тездігі, шешендік және т.б. тәсілдер маңызды.
56.Тікелей және виртуалды қарым-қатынастың айырмашылығын көрсетіңіз
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
«Виртуалды қарым-қатынас» қазір көпшілік санасын меңдеген түсінік деуге болады. Ол– компьютер, ұялы телефон сияқты техникалық құрылғылар арқылы ғаламтор әлемінде таныстарыңмен, доста­рың­мен байланыс орнатып, ақпарат алма­сып, түрлі чаттарда әңгіме-дүкен құру. Оны жүзеге асыратын алғашқы әлеуметтік желілер негізі Батыста пайда болған екен. Оның ішінде ең танымал дегендері: «Facebook, Twitter, MySpace, YouTube, Badoo, Flickr, Last.fm, LinkedIn, XING, Bebo, Match.com, MyAnimeList, Habbo Hotel, Google+, Tagged.com, Avaaz, Friendster». Кейін Ресейде соларға ұқсас «Вконтакте», «Одноклассники.ru», «Мой Мир@mail.ru», «Гайдпарк», «В кругу друзей», «Привет.ру», «Мой Круг» және т.б. желілер жұмыс істей бастады. Бұл әлеуметтік желілер ең бірін­шіден, әр қолданушы үшін интернет аясын­да оn-line режимінде араласу құралы.
Бүгінде ғаламтор төрінен өзінің жеке әлемін ашпаған адам кемде-кем болар. Мысалы, «Вконтакте» желісінде бүкіл ел бойынша былтырдың өзінде 93 972 043 адам тіркелсе, оның 1 458 723-ін қазақ­стандықтар құраған екен. Ал Facebook-тегілер қатары 1 миллиардтан асқан. Бүгін олардың саны одан әрі артпаса, кем емес. Тіпті кейбір жандар әлеуметтік желілерде, «агент» сияқты чаттарда күнін батырып, сонда таңын атырып жатады. Сонда олар күні бойы ғаламторда не істей береді?
Психологтың айтуынша, бұл қолдану­шы­лардың ғаламторға тәуелділігі. «Егер адам жұмыс барысында әлеуметтік желі­лерде отырса, оның жұмысқа аса ден қой­мағандығы, одан сапалы жұмыс та жасай алмайды. Әлеуметтік желілердің жақсы жақтары да, кері тұстары да бар. Жақсысы – түрлі жаңалықтарға қанығып, ақпарат­тармен алмасып, файлдарды жылдам жібере аласың, орныңда отырып шаруаңды тындырасын. Сондай-ақ алыс ағайының­мен жиі хабар алысып отыруға мол мүм­кіндік. Ал кері тұсына келсек, әр нәрсенің бұрмаланып жетуінде. Мысалы, виртуалды қарым-қатынас турасында айтсақ, біз тірі байланысқа түспей, әңгімелесуші адамның бет-жүзін, көзін, дауыс ырғағын, эмо­циясын көре алмаймыз да, әңгімелесушінің образын өзіміз оймен суреттеп аламыз. Ал ғаламтордағы байланыс жылтыраған журнал сияқты. Көбі онда ең сәтті түскен суреттерін салып, жетістікке жеткен сәт­терін немесе жан күйзелістерін жайға­с­тырады. Мәселен, ғаламтор арқылы біреумен тұрақты араласып жүріп, кейін онымен алғаш кездескенде жайсыз әсерде қалуың мүмкін. Әдетте, бірінші кезекте келетін ой – ол мені алдап соқты деуіңіз мүмкін. Ал шын мәнінде, сізді ешкім алдаған жоқ, тек өзіңіз оны басқаша елестеттіңіз. Демек, бір адамды басқа біреудің образымен елестетіп те сіз өзіңізді өзіңіз шектеп отырғаныңыз» дейді Пси­хологтар қауымдастығының мүшесі Қарлығаш Қолдасова.
Жалпы, психологияда араласудың үш түрі қарастырылады екен. Коммуникативті – ақпарат алмасу түрі, интерактивті – кері байланыс орнату үшін және перцептивті адамдардың бірін-бірі тануы үшін. Виртуалды байланысқа түскендердің әрқайсысының мақсаты әртүрлі. Біреуі достарымен күнде кездесуге уақыты жетпегендіктен олармен әлеуметтік желілер арқылы байланыста болам десе, бірі осындай желілер арқылы кәсібін ай­налдырады. Енді біреулері махаббатын іздеп, өмірлік серігімді тауып алам деген үмітте екен.
Статистикаға көз жүгіртсек, АҚШ-та отбасы құрғандардың 10 пайызы осы әлеуметтік желілер арқылы табысқандар екен. Әлемдегі әрбір бесінші адам бір-бірімен осы желілерде танысады. Сондай-ақ ата-аналардың 69 пайызы балаларымен әлеуметтік желілерде араласады.
Психолог маманның айтуынша, ғаламтор пайдаланушыларының санының көпшілігіне қарап, бұл адамның шынайы өмірде коммуникабельділігін шектейді деп айтуға болмайды. «Қазір адамдардың интернеттегі достар тізімдерін қарасаң, жүздің сыртында, мыңға жуықтап жатады. Мысалы, кейбіреуі ғаламтордан бейтаныс кісімен танысып, кейін шынайы өмірде кездесіп, нағыз ажырамас дос болып та жатады. Олар кейін ғаламтордан да бірте-бірте кете бастайды.
57. Өзің қолданатын мнемотехникаларға эссе жазыңыз.
Алдымен, өзімнің қолданатын мнемотехникаларымды айтпастан бұрын, «Мнемотехника дегеніміз не? Ол не үшін керек?» деген сұрақтарға жауап берейік. Мнемоника — есте сақтау өнері, ал мнемотехника — ақпаратты есте сақтау үшін жеңіллеткен және жад көлемін ассоциация (байланыс) арқылы үлкейтілетін, арнайы амалдар мен тәсілдердің жиынтығы. Ол, абстракты объект пен факторларды есте сақтау үшін, визуалды, аудиолды және кинестетикалық түрінде сақтауға мүмкіндік береді.
Мнемотехника (жаңа қазірні заманғы есте сақтау жүйелер анықтамасы) – «хат іші»жүйесі. Оның негізі визуалды түрде мида сақтау. Мнемоникалық сете сақталуы өзі төрт арнайы этаптан тұрады: бейнелерді кодтау, есте сақтау (екі бейнені қосу), жүйелі түрде есте сақтау, жадымызда бекіту.
«Мнемотехниканы қашан, не үшін қолданамыз?». Мнемотехниканы – өзімізге керек бір затты жадымызда сақтай алмай жатқанда қолданамыз. Ол есте сақталмайтын заттарды есте сақтау үшін керек. Мысалы, екі жүз санның ретін, елу – жүз нөмірлерді есте сақтау үшін, хронологиялық кестені, айтатын сабағымызды, жаңа шетел сөздерін, грамматика ережелерін сақтау тағы басқа үшін керек. Мнемотехникалар абсолютті түрде осы ақпараттарды рет ретімен, нақты айтқыза алады.
Мнемоника ақпаратты бір рет айтқаннан әр элементті сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сексен кездейсоқ сөздердің (сандардың) ретін арада алты секунд интервалмен есте сақтауға алуға болады. Мнемотехника - арнайы мнемониканың әдістерін практика жүзінде қолдану болып табылады. Әдетте, оның мынадай түрлері бар: есте сақтауға арнаоған ақпараттың мағыналы сөз тіркестерін есте сақтау; рифма; ұзын терминдар мен шетел сөздерін үндес сөздері арқылы есте сақтау; ашық дәстүрлі емес (сурет, сөздер арқылы)есте сақтау үшін арналған ақпаратпен байланыстыру.
Есте сақтау тәсілдері көп десек те болады. Түрлі сырттан ақпарат қабылдаған кезде көру, есту, бейнелеу жадын пайдалынса болады. Есте сақтау үшін өлең жолыдары, жүйелі реттік, есте калу үшін қосымша заттар, аудио жад сияқты тағы да басқаларын пайдаланса болады.
Мен өзімнің есте сақтау қабілетім жайлы айтсам, менде кейде жоғары, кейде тіпті төмен болады. Себебі, мысалға айтатын болсақ, адамның аты-жөнін, киген киімін, маған әңгіме айтып жатқандағы детальдарды мен тез ұиытып қаламын, арада уақыт өткеннен кейін қайта-қайта сұраймын. Бұл менде есте сақтау қабілетімнің төмендеу екендігін көрсетеді. Ал кей кездері, мен зейн салып, өзім қызығушылықпен, жауапкершілікпен керек ақпаратты қабылдайтын болсам, онда айтарлықтай жадымда ұзақ сақталады. Менің ойымша, бұл тек ғана жадымның сақтауы нашар емес, мен қалай зейн салып тындауым, қабылдауым, қаншалықты ақпаратты керек қыламын, соған қарап есімде сақтаймын. Алайда, ақпарат тым қиын, не болмаса ұзақ болатын болса, қанша зейн салғанымен оны жаттаудың өзі қиынға түседі. Осындай кездерде мнемотехниканы пайдаланасын. Жоғарыда айтқанымдай, мнемотехникада есте сақтау тәсілдері аз емес. Ал өзім мен бірнеше айла-тәсілдерін қолданамын. Мысалмен айтсам, бірінші тәсілім - ол қысқа сөздерді, әлеуметтік желілерге кіретін құпия сөзді алайық. Барынша бүкіл әлеуметтік желілерде мен бір құпия сөз жасырамын, және оны өзім үшін жаттап аламын. Бірнеше рет кіргенде бір күнде ол жадымда жатталып қалады, яғни мен мұнда қайталап жаттау тәсілін қолданудамын. Бұл ең қарапайымы деп ойлаймын.
Екіншісі, біз белгілі уақыт сабақ оқып, білім аламыз. Сол алған біліміміздің нәтижесін көрсету үшін аралық бақылау не болмаса, экзамен тапсырамыз. Экзаменді тапсыру үшін айтарлықтай көлемді ақпаратты есімізде нақтылап сақтау керек. Бұл тәсіл қарапайым оқу кезінде жадта сақтау болып табылады. Бұл тәсілдің жеңілдігі – біз сол ақпаратпен сабақта таныс болдық. Терең оқымасақта үстіртің таныспыз, және де соны, бір тақырыпты қайталап бірнеше рет оқысан ол жадында тез сақталады.
Үшіншісі, мнемотехникамен тығыз байланысты тәсіл. Себебі, оның мағынасына қарамай жадымызда сақтау. Мномотехника болғандықтан оны автоматты түрге жеткізу қажет болады. Бір сөйлем болса, бір-екі кілттік сөз табу керек, ал абзац болса оған кілттік сөз тіркесін қолданамыз. Мысалғы, этаппен айтатын болсақ, алғашында біз мәтнді оқып, сол мәтінді бөлімдерге бөлеміз. Кейін, әр бөлімге кілттік сөз, сөз тіркесін жалғаймыз. Үшіншісі, ең маңызды этап, онда материал мен кілттік сөздер арасындағы байланыс. Миымызда тез-тез сол кілттік сөз, бөлім, кілттік сөз деп қайталап, олардың байланысын жыдымызда айналдырып шығу керек. Соңғысы, ол ойша, бірақ дұрысы жазбаша, рет-ретімен кілттік сөздерді тізіп, оймен мәтінді еске түсіру. Қосымша, әр кілтік сөзге негізгі, сол мәтіннің мағынасын ашуға көмектесетін арнайы сұрақтар дайындау болып табылады.
Төртінші тәсіл, ол мнемотехникалық негіз үдеріске түседі. Кілттік сөздерді белгілеймізде ойша, кейін оған визуалды оймызда бейне, кейіп беріп елестетеміз.
58. Логикалық ойлауды дамытатын ойындарға сипаттама.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
59. «Есту және тыңдау» тақырыбына эссе жазыңыз
Адамдардың қарым-қаынасы негізінен сөйлеу мен тыңдаудан тұрады. Адамдар күнделікті өмірде ақпарат алмасады. Бірақ ауызша айтылған ақпарат тез ұмытылып қалуы мүмкін. Сол себепті есту мен тыңдауды ажырата білу керек.
Уэбстер сөздігінің жаңартылған нұсқасында «тыңдау» сөзіне «дыбыстарды естуге саналы түрде күш жұмсау» немесе «дыбыстарға назар аудару»деп анықтама берілген. Осының өзінен «тыңдау» сөзі «есту» сөзіне қарағанда кеңірек ұғымды білдіретінін байқауға болады. Негізінде, есту дегеніміз - физикалық түрде дыбсты қабылдау. Ал тыңдау - сөздің мағынасын ұғына отырып есту. Тыңдау адамның еркін білдіруін қажет етеді. Егер адамның тыңдағысы келмесе, ол тек өзіне қажетті немесе өзі қалайтын ақпаратты ғана естиді. Біз көп ақпаратты естиміз, бірақ оның кішігірім бөлігін ғана тыңдаймыз. Себебі біз қоршаған ортадағы әр түрлі дыбыстарды естігендіктен, оған үйреніп, елемейтін болғанбыз.
Тыңдау - ақпарат алмасып жатқан адамдардың бірдей дәрежедегі жауапкершілігін көрсететін белсенді процесс. Адам қызықты әрі пайдалы ақпаратты естігісі келгенде «менің назарым сізде» дегенді білдіретін позада болады. Ол сөйлеушіге бұрылып, көзбе-көз байланыс орнатады, яғни сөйлеушіге назарын аударады. Адам назарының сөйлеушіге шоғырлануы көңіл аударатын өзге факторларға мән бермеуге көмектеседі.
Мысалы, сізге досыңыз келіп, белгілі бір жағдайдың орын алғаны туралы айта бастайды. Сіз оның айтқанын түсіну үшін сөздерін ұғынуға тырысасыз. Оның үстіне әрбір сөзін өзіңізге түсінікті етіп қабылдауға тырысасыз. Яғни бұл жағдайда сіз сөйлеп тұрған досыңызды толығымен естімейсіз. Себебі айтылған мәліметке сараптама жасай бастайсыз, ал айтылып жатқан мәліметті естіп тұрғанмен, тыңдамай қаласыз. Сонымен қатар, сіз сөйлеушінің айтқан ақпаратында ненің басты, ненің қосалқы екенін түсінуге тырысасыз. Нәтижесінде сіз назар аударып тыңдаудың орнына, ойланып кетесіз.
Дұрыс есту мен көңіл бөліп тыңдау - адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін қойылатын ең басты шарт болып табылады.
60. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынас ерекшеліктері туралы баяндаңыз
Жастық ерекшеліктер – деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастық ерекшеліктер мәні адамның тән дене дамуынан айқын көрінеді. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістерде белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да,әлеуметтік пісіп – жетілу көрніс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи негіз қызметін атқарады.
Жас кезеңдері:
1.Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) Бұл кезеңде қарым-қатынас әсіресе ата-аналарының қамқорлығынан көрініс табады. Кішкентай баланың миы әлі толық қалыптаспаған, сондықтан ол даму үстінде болады. Жаңа туған баланың түйсігі жіктелмеген және эмоциямен тығыз байланысты болады. Бала өміріндегі маңызды психикалық жағдайлар есту және көру түйсіктерінің пайда болуынан басталады.
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Нәресте, оған қараушы анасының даусына ықпал ете бастағанда, онымен эмоциялық байланысқа түседі
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін); Нәрестелік кезеңнен сәбилік кезеңге өту кезеңі бір жастағы дағдарыс д. а. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес ең бірінші отбасында байқалады. Бір жастағы дағдарыс баланың алғашқы автаномды сөйлеуінен және өз бетінше алғашқы қадам жасауымен байланысты
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін); Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін); Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет.
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін); Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Есейгендікті өз ойынша түсіне , жеткеншек үлкендермен қарым-қатынаста үлкендердің талабына алғашқы қарсылығын білдіріп белсенді өзінің құқығы мен тәуелсіздігін талап етеді.
7. Жасөспірім шақ (15 жастан, 17 жасқа дейін) Жасөспірімде қалыптасқан есею сезімі, оның жаңа құқықтарға деген талабы үлкендерге деген қарым-қатынасы саласына таралады. Жасөспірімді жастық шақта үлкендермен болған қарым-қатынас түрі қызықтырмайды, себебі ол оның жеке есею деңгейі туралы көзқарасымен сәйкес келмейді.
8. Жастық шақ (18-21 жас аралығы) Жастық шақ – адам өмірінің ең қызық, ең мағыналы, ең жауапты шағы. Жастықтың басты ерекшелігі алдаңғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар болар өткінші дәурен екендігі.
Бұл кезең отбасын құрып, өмірден өз еншіңді алар шақ.
9.Кемелдену кезеңі (21-60) Кемел жастағы адамның өзгелермен қарым-қатынасы бәсеңдейді. Бұл жастағы тұлғалар негізінен өзіне жақын туыстарымен, достарымен, өзін түсінетін тұлғалармен қатынас жасауды немесе өзіндік қатынасқа дәрмен болады
10.Қарттық кезең. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы ролдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде адам терең байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның қарым-қатынас жасау аумағы, міндетті түрде тарылады деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып табылады, ал екінші жағынан қарым-қатынас қарттық кезеңдегі бейімделу жетістігі, яғни қазіргі

Приложенные файлы

  • docx 18223314
    Размер файла: 219 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий