Variant_9


?
1.Кіндік жараның қабынуын қалай атаймыз:
+омфалит
везикулопустулез
пемфигус
абцесс
флегмона
?
2.Омфалиттің қандай түрілері ажыратылады:
+жай түрі, флегманозды,некротикалық
катаральды,катаральды емес
ауыр,орта,женіл
асқунымен
асқунысыз
?
3.Омфалиттің жай түрі қалай аталады:
++«суланған» кіндік
«болбыр» кіндік
«құрғақ» кіндік
«кір» кіндік
«қызыл» кіндік
?
4.Құрсақішілік кезеңннің ұзақтығы:
++270 күн
250 күн
260 күн
300 күн
290 күн
?
5.Төмендегілердің қайсысы тозаңдық аллергендерге жатады?
A. жусан
B. ++цитрустар
C. сиір сүті
D. банан
E. шоколад
?
6.Бронхиолитпен ауыратын науқасқа, гипоксия кезінде селективті емес адреномимектиктер тобындағы бронходилятаторлар не себептен жеңілдік әкелмейді?
A. +++жүректің оттегіге қажеттілігін арттырады
B. тыныс алу орталығын тежейді
C. өкпелік гипертензияны күшейтеді
D. жөтелу орталығын тежейді
E. иммуноглобулиндердің синтезін тежейді
?
7. Балаларға жедел бронхиолит кезінде тамырішіне 2,4% эуффилин тағайындалды. Препарат дозасын көрсетіңіз мл/кг:
A.++ 0,3-0,4
B. 5-8
C. 1-4
D. 4-5
E. 0,8- 1
?
8.Жедел бронхиолитте науқастың ауырлық жағдайы қандай синдроммен байланысты болады?
A. ++тыныс жеткіліксіздігімен
B. интоксикациялық
C. обструктивті
D. ауырсыну
E. катаральді
?
9.Толочинова-Роже ауруы бұл:
A. ++қарыншааралық перде дефекті бұлшық ет бөлігінде
B. жүрекше аралық перде дефекті
C. қарыншааралық перде дефекті мембранозды бөлігінде
D. қарыншааралық перде дефекті мен жүрекше аралық перде дефекті бірге
E. жүрекше аралық перде дефекті кіші дефекті
?
10.Төменде көрсетілген тума ақаулардың қайсысы кіші қанайналым шеңберіннің кедейленуімен жүреді?
A. +++Фалло тетрадасы
B. Ашық артериалды өзек
C. қарыншааралық перде дефекті
D. жүрекше аралық перде дефекті
E. постдукталды аорта коарктациясы
?
11.Жоғары қарыншааралық перде дефектісі кезінде аускультативті естіледі:
A. ++төстің сол жағында III-IV қабырға аралықта систолалық шу.
B. V нүктеде диастолалық шу
C. сол жақтан II қ/а диастолалық шу
D. жүрек түрткісінде систолалық шу
E. оң жақтан II қ/а дөрекі систолалық шу
?
12.Фалло пентадасын қамтиды:
A. ++өкпе артериясының стенозы, жүрекшеаралық перденің дефекті , қарыншааралық перденің дефекті, оң қарынша гипертрофиясы, қолқа декстрапозициясы
B. сол жақ жүрекше мен қарынша гипертрофиясы
C. қарыншааралық перденің дефекті, жүрекшеаралық перде дефекті, ашық артериалды өзек
D. қарыншааралық перде дефекті, жүрекшеаралық перде дефекті, ашық артериалды өзек, қолқа коарктациясы, оң қарыншаның гипертрофиясы
E. ашық артериалды өзек, қолқа стенозы, өкпе артериясының стенозы, қарыншааралық перде дефекті, оң қарыншаның гипертрофиясы
?
13.Пиелонефритті қандай аурумен дифференциялайды?
А. ++бүйрек туберкулезы
В. пневмония
С. гастрит
D. бронхит
Е. өт жолдары дискинезиясы
?
14.Нитрофуран препараттарына жатады?
А.++фурадонин
В. димедрол
С. супрастин
D. омепразол
Е. тавегил
?
15.Егер жалпы зәр анализінде пиелонефрит диагнозы үшін көз жеткізерлік дәлелдеме болмаса қандай диагностика жүргізу керек?
А Нечипоренко бойынша сынама
В. Зимницкий сынамасы
С. ++Зәрді бактериологиялық себу
D. жалпы зәр анализы
Е. Қан биохимиясы
?
16.1 мл зәрдегі шынайы болып табылатын бактериурия мөлшері?
А.++100 000 микроб және одан жоғары
В. 50000
С. 40000
D. 30000
Е. 20000
?
17.Көп темір жоғалту салдарынан анемияға әкелетін себеп:
++мелена
гемосинтез ферментінің тапшылығы
мальабсорбция
мыс тапшылығы
В витамині тобының тапшылығы
?
18.Темір сіңірілуінің бұзылуына әкелетін себепті белгілеңіз:
++фолий қышқылдың тапшылығы
жиі ЖРВИ
көкеттік жарық
полиптер
мелена
?
19.Аталғандардың қайсысы темірді көп жоғалту салдарынан, темір тапшылық анемияға әкелетін себеп болып табылады?
++полиптер
мыс тапшылығы
В витамин тапшылығы
Фолий қышқылы тапшылығы
Гемосинтетаза ферментінің тапшылығы
?
20.Күніне жетіп туған балаларға темір жетіспеушілік анемияның арнайы алдын алуы қашан жүргізіледі?
++3 айдан
туғаннан кейін 2 аптасынан
1 айдан
2 айдан
6 айдан
?
21.Қай өсімдіктектес препарат өтайдағыш әсерге ие?
хофитол++оксафеналиднемозолсенадециквапон?
22.Қандай жағдайда он екі елі ішектің геликобактермен зақымдануы болады?
иммунитет төмендегенде
++Он екі елі ішектің қышқылдануында және оның эпителиінің металлазиясында
сфинктердің зақымдануында
ішектегі құралдардың асқазанға қарай жылжиғанда
асқазан жүйесінің қызметі төмендегенде
?
23.Аутоиммунды гастрит кезінде атрофияның тез дамуына алып келетін себеп?
Простагландиндердің өндірілуінің төмендеуі
++жиектік жасушаларға аутоантиденелердің өндірілуі
Циклооксигенеазаның тежелуі
Бикарбонаттар өндірілуінің төмендеуі
Шырыш өндірілуінің төмендеуі
?
24.Қай препараттың антисекреторлы әсері күштірек?
Протондық помпа ингибиторы
++Антацидтер
Холинолитиктер
Антибиотиктер
Спазмолитиктер
?
25.Баланың жұқпалы аурумен ауруының бастапқы кезеңінде қандай иммуноглобулиндер анықталады:
иммуноглобулин М
++иммуноглобулин Е
иммуноглобулин Д
иммуноглобулин А
иммуноглобулин G
?
26.Баланың жұқпалы аурумен аурудың соңғы кезеңінде қандай иммуноглобулиндер анықталады:
иммуноглобулин G
++иммуноглобулин Е
иммуноглобулин Д
иммуноглобулин М
иммуноглобулин А
?
27.Аталғандардың барлығы арнайы емес қорғау факторларына жатады, басқа:
сілекейдің лизоцимасы және пропердинасы++қан
тері
тыныс жолдарының кірпікті эпителиі
шырышты?
28. Қандай бөртпе саусақтың ұшымен басқанда жоғалмайды:
петехия
++розеола
папула
эритема
дақ
?
29.Желшешекпен ауырған баланы қандай бөлімшеге госпитализациялау керек:
ішека урулары
++боксталған
гепатиттік
бронхөкпелік
гельминттік
?
30.6 айға дейінгі балалардағы менингитке тән симптом:
Лессаж симптомы
++жоғарғы Брудзинский симптомы
төменгі Брудзинский симптомы
ортаңғы Брудзинский симптомы
Керниг симптомы
?
31.Бала үш апталық, туғаннан бастап төспен тамақтануда. Қарау барысында анасы баланың мазасыздануына, сирек зәр бөлуге, 3 апта бойы 250 грамм салмақ қосқанына шағымданады. Баланың бұл жағдайының себебі?
транзиторлы зәрқышқылы инфаркті
++гипогалактиязәршығару жолдарының инфекциясы
нормотрофияфизиологиялық салмақ жоғалту
?
32.Ауыр интранаталды периодпен және туған кезде асфиксия болған бала қанында метаболитикалық бұзылыстар (гипокальциемия, гипомагнеемия, гипогликемия, гипернатриемия) анықталды. Нейросонографияда өрмекші қабатында арахноидальды киста бар. Бұл балада қандай синдром болуы мүмкін?
тырыспалық синдром
++бұлшықеттік гипотония
вертикалды нистагм
гипотермия
тахикардия
?
33.Жаңа туған сәбиде кіндік жарасынан серозды бөлініс, жеңіл гиперемия және кіндік сақинасының аздап инфильтрациялануы анықталды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, қан анализінде өзгерістер жоқ, кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Сіздің болжамдық диагнозыңыз?
катаралды омфалит
++іріңді омфалит
гангренозды омфалит
іріңді омфалит және кіндік артериясының тромбоартериті
іріңді омфалит және кіндік венасының тромбофлебиті
?
34.Флегманозды омфалит кезінде кіндіктік жараның қандай өзгерістері тән:
кіндік маңында тері инфильтрацияланған, ісінген, гиперемияланған
++кіндік маңындағы тері гиперемияланбаған
кіндік маңындағы тері ісінбеген
кіндік аймағы іш беткейінен сыртқа шығып тұрмайды
кіндік маңындағы тері өзгермеген
?
35.Жаңа туған сәби терісінде қатты қызыл дақ пайда болды. Зақымдалу ошағы тез жайылды. 2 күннен соң терінің зақымдалған аймағы сұр-көгерген түске боялды, ортасында жұмсару пайда болды, сосын өлген тері қабаты түлеп, іріңді қапшықтары бар жаралы беткейлер пайда болды. Емдеу барысында жаралы қабаты эпителизацияланып, тыртық қалыптасты. Мүмкін болатын диагноз?
Жаңа туған сәби пузырчаткасы
++некротикалық флегмона
Риттер эксфолиативті дерматиті
везикулопустулезРожалық қабыну
?
36.Бала 11 айлық , дене температурасы 38. Жөтел ұстамалы, қиын шығарылатын қақырықпен. ТЖ минутына 54. Кеуде клеткасы «бөшке» тәрізді. Өкпе аускультациясында: қатқыл тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ысқырықты сырылдар барлық өкпе алаңдарында естіледы. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыстың қорапты сипаты байқалады. Баладағы мүмкін болатын диагноз қандай?
A. жедел қарапайым бронхит
B. ++обструктивті бронхит
C. ларингиотрахеит
D. ошақты пневмония
E. жедел трахеит
?
37.Берілген симптомокомплекс қандай ауруға тән: жоғары тыныс алу жолдарында катаральды көріністер, аурудын басталуында құрғақ жөтел сосын ылғалдыға ауысуы, өкпе аускультациясында –қатқыл тыныс , жайылмалы құрғақ және әр түрлі колибрлі ылғалды сырылдар?
A жедел трахеобронхит.
B. ++жедел қарапайым бронхит
C. обструктивті бронхит
D. жедел бронхиолит
E. ошақты пневмония
?
38.Жедел бронхиолит кезінде аталған қай клиникалық белгінің болуы антибактериальды терапияны қолдануға көрсеткіш болып табылады?
A. ентігудің айқындығы
B. ++ателектаздың болуы
C. майда көпіршікті сырылдардың көптігі
D. сырылдардың екіжақты локализациясы
E. жиі жөтел
?
39.Ер бала 1 жаста. Өмірінің бірінші айларынан обструктивті синдромына байланысты бірнеше рет ем қабылдаған. Салмағы 7 кг. Физикалық дамуының артта қалуы байқалады. Қарау кезінде тері жабындылары және шырышты қабаттары бозғылт. ТАЖ 38 минутына. Өкпе қатқыл тыныс, тыныс шығару күшейген, барлық өкпе алаңдарында әртүрлі калибрлі ылғалды және ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Өкпе перкусиясында: өкпелік дыбыстың қораптық сипаты. Іші үлкейген. Үлкен дәреті сазды, майлы жылтыр, қиындықпен жуылады. Үлкен дәрет өзгерістерін анасы дисбактериозбен байланыстырады. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?
A. рецидивті бронхит
B. ++муковицидоз
C. бронх демікпесі
D. бронхэктазды ауру
E. идиопатиялық альвеолит
?
40.Қалалық балалар ауруханасына Жедел бронхиолит диагнозымен 6 айлық бала жеткізілді. Осы ауруға тыныс алу жүйесінің қандай зақымдануы тән?
A. терминальды бронхиолдардың біржақты зақымдануы
B. терминальды бронхиолдардың диффузды зақымдануы
C. ++ІІІ реттік бронхтардың өткіштігіның бұзылуы
D. ІІ реттік бронхтардың біржақты зақымдануы
E. басты бронхтардың екіжақты зақымдануы
?
41.Жедел ревматикалық қызбаның латентті ағымы бар баланы қарағанда ентігу, жүрек қағу, өкпесінде майда көпіршіктік сырылдар, цианоздық беттің қызаруы, шырышты қабатының цианозы анықталды. Аускультацияда шапалақты 1 тон, пресистолық шу, митралдық тарсыл. ЭКГ-да сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы. Рентгенограммада сол жақ жүрекшенің үлкеюі, кіші қан айналым шеңберінде іркілу. Науқаста төменде көрсетілген ақаулардың қайсысы байқалады?
A митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі.
B. үш жармалы қақпақшаның стенозы
C.++ митральды қақпақшаның стенозы
D. аорталды стеноз
E. аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі
?
42.Жедел ревматизмдік қызбаның үздіксіз - қайталмалы ағымы бар науқасты қарағанда бетінің цианозы, акроцианоз, мойын веналары кеңейген, оң веналық пульс анықталды. Аускультацияда семсер тәрізді өсінді үстінен жоғары және сол жаққа таралатын үрлемелі систолалық шу естіледі, терең демалғанда күшейіп, тыныс шығарғанда әлсірейді. Бауыры ұлғайған. ЭКГ-да Р тісшесі үшкір, жоғары. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі үшбұрышты, он жақ қарыншамен жүрекшенің ұлғаюына байланысты. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы дұрыс болып табылады:
A. митралдық қақпақшаның жеткіліксіздігі
B. митралдық қақпақшаның стенозы
C.++ үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
D. үш жармалы қақпақшаның стенозы
E. аорталық қақпақшаның стенозы
?
43.14 жастағы бала клиникаға тізе, сирақ табан буының ұшпалы ауырсынуына, ісінуімен қозғалыстың шектелуіне шағымданып түсті. Кезенді жүрек тұсының ауырсынуы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі. Терісі бозарған, көз асты көгерген. Жоғары көрсетілген буындардың активті және пассивті қозғалысы ауырсынумен.Жүректің салыстырмалы шекаралары: оң жақ - төстің оң жақ қыры бойында, жоғарғы шекарасы 3 қабырға, сол жақ - ортаңғы бұғана сызығы бойында. Аускультацияда жүрек тоны орташа тұйықталған. 1 тон әлсіреген, жүрек түрткісінде үрмелі систолалық шу. Ең мүмкін диагнозыңыз?
A. Рейтер синдромы
B. ЖРҚ, аорта қақпақша зақымдалуымен кардит
C. ++ЖРҚ, полиартрит,митральді қақпақша зақымдалуымен кардит
D. ревматойдты артрит
E. ЖРҚ, полиартрит
?
44.Ер бала 5 жаста. ЭКГ-да сол жақ қарыншаға күш түсуі, рентгенограммада- кіші қан айналым шеңберінің гиперволемиясы, жүректің сол жақ бөлімінің ұлғаюы. Аталғандардың қайсысы мүмкін диагноз?
A. қарыншааралық перде дефекті;
B. өкпе артериясының стенозы
C. ++ашық артериалды өзек
D. Субаортальды стеноз
E. аорта коарктациясы
?
45.Бала 4 жаста, ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененің төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кенейген. Жүрек қағысы күшейген, 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяғынан пульс анықталмайды. АҚ - 160/90 мм рт.ст. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
A. феохромоцитомаB. вегето-тамырлық дистонияC. ++аорта коарктациясыD. ашық артериальді өзекE. аорта стенозы
?
46.Нефротикалық синдромның стероидтық тәуелділік туындауы кезіндегі минимальды өзгеріске тағайындалады?
А. антикоагулянттар
В. иммуномодуляторлар
С. ++цитостатиктар
D. антиагреганттар
Е. глюкокортикоидтармен пульс-терапия
?
47.Қандай дәрілік препарат ісіктің туындауына әкеледі?
А. антибиотиктер
В. витаминдер
С. ++гипотензивті
D. антигистаминды
Е. жүрек гликозидтері.
?
48.Тұқымқуалайтын нефрит патогенезінің негізгі буыны қандай?
А. реагинді типті аллергиялвқ реакциялар
В. подоциттер дисэмбриогенезі
С. ++коллаген генетикалық синтез дефектісі
D. мембраналық ақуыз тасымалдаушылардың құрылысының өзгерістері.
Е. бүйректің қыртысты қабатының дисэмбриогенезі.
?
49.Тұқымқуалайтын нефрит кезінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері кезінде көрсеткіш?
А. цитостатикалық терапия
В. глюкокортикоидты терапия
С. ++бүйрек трансплантациясы
D. гемабсорбция
Е. плазмаферез.
?
50.Жедел бүйрек жеткіліксіздгіне әкелетін қандай преренальды факторлар бар?
А.. энтеробиоз
В. диетотерапия
С. ++Жоғары мөлшердегі электролиттердің жоғалту және сусыздану
D. АҚ тез жоғарылауы
Е. сәйкессіз қанды құю кезіндегі гемолиз
?
51.Вера 4 жаста, ауруханаға мұрыннан қан кетуімен және денесіндегі көптеген көгерулермен түскен. Осыған дейін ауруханада жамбас флегмонасымен емделген. 2 рет қан құйған. Объективті: терісі бозарған, денесінде көптеген экхимоздармен петехиалар, ауызында, көз конъюктивасында қан құйылған. Жүрек тондары тұйықталған, 110 рет мин. Дейін тахикардия. Бауыр ұлғаймаған, көкбауыры қабырға доғасынан 1см төмен. Шымшу, жгут, соққылау симптомдары оң. Салмағы 20 кг. Қан анализінде Эр - 4,2*1012, Hb - 115г/л, Ц.П - 0,9, Le - 7*109, э - 1%, п - 3%, с - 45%, л - 41%, м - 9%, СОЭ - 18мм/ч, тромбоциттер 10*109, тромбоциттер анизоцитозы. Қан кету уақыты 15 мин. Сүйек миы пунктатында: қызыл және ақ өсуі өзгермеген, мегакариоцитарлы өсінділер қозған, тромбоциттердің үзілуі жоғарылаған. Сіздің диагнозыныз:
гемофилия
геморрагиялық диатез
++тромбоцитепниялық пурпура
жедел лейкоз
Виллебранд ауруы
?
52.10 жасар қыз бала ара шақаннан кейін тізе және шынтақ буындарынын үстінде түйінді бөртпелер пайда болды, осындай бөртпелер санында, жамбасында пайда болды. Ішкі мүшелерінде патологиялар жоқ. Температурасы 37,2. Диагноз қойыныз:
тромбоцитопениялық пурпура
Верльгоф ауруы
+++геморрагиялық васкулит терілік синдроммен
Эбштейн ауруы
Гиппел Линдау синромы
?
53.5 жасар Сережа репираторлық инфекциямен ауырды. 1 аптадан кейін температурасы 38С жоғарлады, аяқ қолында қызыл бөртпелер пайда болды, буындарында ісіну мен ауырсыну байқалады. Қарағанда геморрагиялық бөртпелер папула және дақтар түінде, түсі "қызыл вино" түсті, симметриялы орналасқан, шынтақ, тізе буындарының бүгу бетінде орналасқан, буындары ісінген көлемі ұлғайған қимылы ауырсунымен. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Орташа тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бүйрек пальпацияланбайды. Соққылау симптомы теріс. Ауыз қуысы таза. Бадамша бездері ұлғаймаған. Сіздің диагнозыныз
тромбоцитопениялық пурпура
гемофилия
++ геморрагиялық диатез
жедел лейкоз
Рандю Ослер ауруы
?
54.3 жасар Игорь, жедел ауырды, пенвмониядан кейін қайтадан дене температурасы 38 жоғарлады, басының ауруы, геморрагиялық бөртпелер тізе, шынтақ буындарында папула және дақтар түрі қызыл, іші терісінде қан талаған, мойын лимфатүйіндері ұлғайған, кариозды тістері бар. Қан анализінде эритроциттер 4,5x1012 , Нв 111г\м, т.к 0,9, L 8 109 , э.2, т 1, с 69, л 29, ЭТЖ 18мм/с, тромбоциттер 210х10, Ли Уайт бойынша қан ұю 3 мин, зәріде белок 0,3 г/л, Le-10-12, эр-30-40, Грегерсен сынамасы терісі. Сіздің диагнозыныз
геморрагиялық васкулит абдоминалдық синдромымен
гемофилия
++геморрагиялық васкулит терілік буындық түрі
жедел лейкоз
гемраргиялық васкулит терілік, бүйректік синдромымен
?
55.10 жасар Валя, жедел ауырды, кенеттен ара шақаннын соң, бірнеше сағаттан кейін бундарын үстінде бөртпелер түйіндер және дақтар пайда болды, осындай бөртпелер сонын ішкі жағында, жамбасында пайда болды, шымшу, жгіи симптомы теріс температурасы 37,2, 2 күннен кейін бөртпелер қоныр болды, кейбір элементтерде нероздар және қанды қабыршақтар пайда болды. Сіздің диагнозыныз:
гемофилия
++геморрагиялық васкулит тері буындық түрі
геморрагиялық васкулит жай түрі
тромбоцитопения
жедел лейкоз
?
56.Егер микроскопияда дуоденальды құрамда көп мөлшерде лейкоциттердің анықталуы, лейкоцит, лямблиялар, холецистографияда қабаттылығының 111ст. бірден бұзылуы анықталса, эхографияда өт қабы қабырғасының қалыңдауы 5 мм. ӨЖД-ның қай түрінде кіреді?
ӨЖД-ның нипертоникалық түрі
Холецистит
++ ӨЖД-ның гипотоникалық түрі
Панкреатит
Гепатит
?
57.Өт жолдарында қабыну процесінің белгісін атаңыз?
«В» порциясында билирубин деңгейінің төмендеуі
Билирубин концентрациясының төмендеуі
++Билирубин концентрациясы өзгермейді
«А» порциясында билирубин деңгейінің жоғарлауы
«С» порциясында билирубин деңгейінің жоғарлауы
?
58.Өт шығару жолдарының дискинезиясының гипертоникалық түріне қандай клиникалық көрініс тән?
Оң қабырға астында шаншып ауырсыну
Кіндік маңында ауырсыну
++Қысқауақытты оң қабырға астында ауырсыну
Эпигастрииде ауырсыну
Оң қабырға астында ауырсыну мен жауырынға иррадиациясы
?
59.Муковисцидоздың ішектік формасына қандай морфологиялық өзгерістер тән?
Субтотальды ішек атрофиясы
Өзгеріс жоқ
++Ұйқы безінің фиброэластозы
Ішектік лимфангиэктазия
Өзгерістер айқын емес
?
60.14 жасар бала ауруханаға келесі шағымдармен түскен эпигстария аймағындағы кенет ұстамалы, қадалған тәрізді ауырсынуы, әсіресе түнгі уақытта, тамақ ішкеннен кейін ауырсынуы басылады. Пальпация кезінде пилородуоденальды аймақта ауырсынуы, Мендель симптомы оң. Болжам диагноз
Жедел панкреатит
Жедел гастрит
++Он екі елі ішектің ойық жарасы
Жедел холецистит
Е. Жедел аппендицит
?
61.Парагриппен науқас бала 7 күн амбулаторлы емделді. Учаскелік дәрігердің тексеруінен қайта өткенде келесі ауру белгілері сақталып қалған: тез шаршағыштық, тершеңдік, бас ауруы. Балада инфекциялық үрдістің ағымы бойынша ұзақтығын анықтаңыз:
созылыңқы
созылмалы
++асқынған
жітіатипті
?
62.5 жастағы баладан дәрігер бадамша бездердің лакуналарынан іріңді жабындыларды байқаған. Қандай зертханалық әдіс аурудың этиологиясын нақтылауға мүмкіндік береді:
копроскопиягемокультураға қан
жалпы қан анализі
++аңқадан флораға жұғынды
жалпы зәр анализі?
63.Паротитті инфекция кезіндегі серозды менингитті ең алдымен қандай аурудан ажырату керек:
ротавирусты инфекцияданполиомиелиттентоксоплазмоздан
++туберкулезді менингиттентырысқақтан
?
64.Менингококты инфекциясы бар балаға люмбальді пункция жүргізгеннен кейін қанша уақытқа қатаң төсектік тәртіп тағайындалады:
1 сағат
3 сағат
4 сағат
++2 сағат
5 сағат
?
65.Парагрипп кезінде круп синдромы асқыну болып есептеледі, егер:
нәрестелердегі парагрипп7 жастан асқан балалардағы парагрипппреморбидті аясы қолайсыз балаларда
++круп аурудың 4-5-ші күні туындағанда
круп аурудың басында туындағанда
?
66.Менингококкты инфекциямен науқасқа қажет:
үйде қарау
үйде оқшаулап қарау
амбулаторлы емдеу
++боксты бөлімшеге жатқызу
ауырудың ауырлығы мен түріне байлынысты шешім қабылданады
?
67.Тыныс алу жиілігін бір минутта нақты санау үшін бала күйі:
жылауық
айқайлағыш
мазасыз++ тыныш
белсенді қимылда
?
68.Аталған синдромдардың қайсысы риновирусты инфекцияның клиникасында жетекші болып табылады:
бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
экзантема
айқын интоксикация
++мұрыннан көп серозды бөліністер
круп синдромы
?
69.5 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 37,0 С, құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауысы дірілі өзгермеген, ТЖ 28 рет минутында. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда- өкпесінде қатан тыныс, құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ритмді. Қан анализінде өзгеріссіз. Өкпе рентгенде: өкпе суретнің күшеюы байқалады. Мүмкін болатын диагноз қандай?
A .ошақты пневмония.
B. обструктивті бронхит
C. аденовирусты инфекция
D.++ жедел жай бронхит
E. бронхиолит
?
70.3 жастағы балада шұғыл ұстамалы жөтел пайда болуы. Ентігу мазасызданғанда болып, ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталынды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, өкпені тындағанда: тынысы қатан, бірен саран құрғақ ісқірықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде - өкпе суретінің кеңеюы байқаланады. Мүмкін болатын диагноз қандай?
A. ошақты пневмония
B. жедел жай бронхит
C. аденовирусты инфекция
D. ++бөгде зат
E. обструктивті бронхит
?
71.Бала 2 жас 6 айлық. Қарауда сүйек жүйесінде деформациялар бар, тістерінің дұрыс емес өсуі анықталады. Са және Р, сілтілі фосфатаза қалыпты. Осы клиникалық анықтамалар бойынша рахиттің кезеңін анықтаңыз:
Бастаушы
Өршу
Реконвалесценция
++Қалдық белгілер
Белсенді
?
72.3 айлық бала, туылғаннан жасанды тамақтандырылуда, сиыр сүтін береді, туылғандағы салмағы 2500 г, шала туылған, осыдан 1 ай бұрын балада тынымсыздық, мазасыздық, тітіркенгіштік, үркектік пайда болған, қатты сөйлегенде, қатты дыбыста, тосын жарық болған кезде қорқады, тершеңдік көрініс береді.Қараған кезде ұйқы кезіндегі жоғары тершеңдік, бұлшық ет гипотониясы, бас сүйектерін қарау кезінде үлкен еңбектің кырының жұмсақтығы байқалады, шүйде аймағында шаштың болмауы. R-да білезік сүйектің әлсіз остеопорозы көрініс береді. Биохимиялық - фосфор деңгейі төмендеген, сілтілі фосфотазаның активтілігі жоғарлаған. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз:
А Рахит 3 жеделдеу ағымды.
В. Рахит 2 жеделдеу ағымды
С. Рахит 2 реконвалесценция кезеңі
D. ++Рахит 1 бастапқы кезең
Е. Рахит 3 реконвалесценция кезеңі
?
73.8 айлық бала, 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылуда, бейімделмеген сүт қоспаларын ішеді, Д2 витамин профилактикасы жүргізілмеген, күз мезгілінде туылған, балаға тек қоспалар беріледі. Қарау кезінде сүйектерінің өзгерісі байқалады: басы үшбүрыш формалы- Quadratum, маңдай –төбе сүйектерінің дөңестенуі, кеуде торы екі бүйірінен қысылған, төменгі аппертура жазылған, рахиттік «чети» байқалады, гаррисонов жүлгесі, «інжу жібі». Үлкен еңбек 2,0*2,0 см кырлары жұмсарған. Бұлшық ет гипотониясы, «бақа тәріздес іш», іш бұлшық еттерінің ажырауы. Бауыр +3см, басқа ішкі мүшелерде ақау жоқ. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз:
А. Рахит 3 жеделдеу ағымды
В. Рахит 2 жеделдеу ағымды
С. Рахит 2 реконвалесценция кезеңі
D. ++Рахит 1 бастапқы кезең
Е. Рахит 3 реконвалесценция кезеңі
?
74.10 айлық бала, анамнезінен 5 айда рахит 2-мен ауырған, Д2 витаминнің емдік дозасы тағайындалған. Жалпа қарау кезінде сүйек-бұлшық ет жүйесінің жағдайы қанағаттанарлық: бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық, үлкен еңбекгі жабық. Лабораторлық анализде: фосфор деңгейі қалыпты шамасында, кальций деңгейі шамалы төмендеген, сілтілі фосфотаза қалыпты мөлшерде. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз:
А. Рахит 3 реконвалесценция кезеңі
В. Рахит 1 бастапқы кезең
С. Рахит 2 жеделдеу ағымды
D. ++Рахит 2 реконвалесценция кезеңі
Е. Рахит 2 қалдық көріністі
?
75.Бала 6 айлық. Жиі, қиын жөтелге, ентігуге шағымданады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, ентігу экспираторлы сипатта. ТАЖ-45 рет минутында, ЖЖЖ-120 рет минутында. Т-38,2. Перкуторлы дыбыс жеңіл қораптық сипатта, тыныс әлсіреген жерде құрғақ және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз: Жедел бронхиолит. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу керек?
A .пикфлоуметрия.
B. бронхография
C. бронхоскопия
D. ++өкпе рентгені
E. шырыш микроскопиясы
?
76.Өкпе құрылымының патологиялық процесстеріне ұшрауына байланысты, созылмалы облитирлеуші бронхиолиттің қандай түрлерін ажыратады?
A. аз симптомды, көп симптомды
B. генерализденген, локалды
C. манифестті, жеделдеу
D.++ констриктивті, пролиферативті
E. найзағайлы, созылынқы
?
77.Бала 10 жаста. Стационарда пневмонияға қарсы ем алып жатыр. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршықтәрізді сызықтар өтеді, анық сызық тәрізді көлеңке көрінеді. Рентгенологиялық өзгерістер қандай пневмонияға тән?
A. ошақты-құйылу
B. ошақты
C. сегментарлы
D. ++интерстициальды
E. крупозды
?
78.Науқас 5 жаста. Шағымдары: Т-39,4, ентігу, жөтел. Бала шұғыл ауырды. Қарау кезінде: терісі бозғылт, таза. Оң жақ кеуде клеткасының тыныс актісінде артта қалуы. Оң жақ өкпенің төменгі шегінің қозғалғыштығының шектелуі. Оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалды. Өкпе R-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде инфильтративті көлеңке анықталған. Қойылған диагноз: Оң жақты крупозды пневмония. Сипатталған клиникалық жағдайда аурудың қандай этиологиясын ойлауға болады?
A. хломидия.
B. стрептококк
C. цитомегаловирус
D.++ пневмококк
E. микоплазма
?
79.3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененін төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырға аралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Осы клиникалық көріністердің аорта коарктациясын ақтылайды.A. АҚ аяқ пен қолда бірдей
B.оң жақ қарыншадағы миокард гипертрофиясыC.АҚ қолға қарағанда аяқта жоғарыD. ++АҚ аяққа қарағанда қолда жоғарыE.рентгенограммада өкпе сүретінің күшеюі?
80.Аурухананың қабылдау бөліміне 6 жасар ер бала тәбетінің төмендеуі, құсу, іш өту, әлсіздік, тахикардия, ентігу шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінде 1 ай бойы қабылдағаны белгілі болды. ЭКГ - ST сегменті корыто формалы, Т тісшесі теріс, P-Q интервалы ұзарған. Балаға тағайындау керек:A. кальций препараттарынB. допамин инфузиясын
C. дигоксин инфузиясынD. ++калий препараттарынE. зәр айдағыш препараттар
?
81.Бала 5 жаста.Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәріздес пульс, жиі жөтел ауызға қақырықтың толуы байқалады. Аускультация кезінде екі жақты өкпенің төмен аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі, ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген.Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады:
A. тоталды жүрек жетіспеушілігі
B. жедел пневмония
C. перикардит
D. жедел оң жақты қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
E. ++жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі
?
82.12 жасар бала ЖРВИ-мен ауырған. Аурудың 5-ші тәуілігінде брадикардия, пульс минутына 59, экстрасистола пайда болған. Баланы ЭКГ, ФКГ, қан және зәр анализіне бағыттаған. 8-ші тәуілігінде балада физикалық жүктемеден кейін демікпе, ерекше әлсіздік, жіп-тәрізді пульс, аузынан көпіршікті қақырықты жиі жөтел пайда болған. Өкпесін тыңдағанда өкпесінің төменгі екі жағынан ылғалды сырылдар естіледі. Бұл науқаста қандай асқыну дамыған:
A. жедел бронхиолит
B. перикардит
C. жедел пневмония
D. жедел оң қарыншалық жетіспушілік
E. ++жедел сол қарыншалық жетіспушілік
?
83.Бала 12 жаста, интоксикация әсерінен жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Температура 38,9. Соққылау симптомы оң. Жалпы зәр анализінде лейкоцитурия, бактериурия, УЗИ: шумақ тостағанша жүйесінінің қабынулық өзгерістері. Сіздің диагнозыңыз?
А. нефротикалық синдром
В. гломерулонефрит
С. тубулопатия
D. цистит
Е. ++жедел пиелонефрит
?
84.Баланың диагнозы: Туа пайда болған нефритикалық синдромы – финский типі. Бүйректе қандай морфологиялық өзгерістер көрінеді ?
А. мезигмеальды
В. мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит
С. шумақтардың склерозы
D. ++фокальды-сегментарлы гломерулонефрит
Е. өзекшелердің микрокистозы
?
85.Бала 8 жаста, реанимация бөлімшесіне мына диагнозбен ауыстырылды: күйік ауруы(S=25%), тұрақты түрдегі диурез төмендеуіне (1/4нормадан) және креатининнің 0,28 ммоль/л дейін жоғарылауына байланысты; мочевина 48ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:
A.интерстициалды нефрит
B.цистит
C.гломерулонефрит
D.пиелонефрит
E.++жедел бүйрек жеткіліксіздігі
?
86.Балалардағы тотальды бүйрек жеткіліксіздігінің II-III дәрежесіндегі ең эффективті ем?
A.Антибиотиктер
B.Гемодиализ
C.Консервативті ем
D.Гормонотерапия
E.++Перитонеальды диализ
?
87.Қыз бала 10 жаста. Қол-аяқтарында гемморагиялық бөртпелерге шағымданады. Анамнезі: бөртпелер вирустық инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болған. Объективті: Сирағында нүкте тәрізді,папулезді гемморагиялық бөртпелер байқалады.Симметриялы. Тері-буын жүйесі деформацияға ұшырамаған. Іші жүмсақ, кіндік аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыр және көкбауыр шекаралары қабырға қырында. Гемморагиялық васкулит диагнозы қойылған. Аталғандардың қайсысы фармокотерапияда қолданылғаны тиімді:
Антибактериальді терапия
Жүрек гликозидтері
Цитозин,аробинозит
инсулин+нарий хлорид
++дезагрегатты терапия,гепарин
?
88.5 жастағы әлсіздікке шағымданған баланы жалпы қарауда: перифериялық лимфа түйіндерінің бұршақтың көлеміндей ұлғаюы, бауырдың +1,5 см-ге ұлғаюы байқалды. Қанында: HB-115г/л, эритроциттер 3,1 млн, лейкоциттер 25,3х109 /л, тромбоциттер 80 мың, ретикулоциттер-2промиль, лейкоформулада: эоз-1%, т/я -2%,с/я-12%, лимфоциттер-82%, моноциттер- 5%,. СОЭ-28 мм/сағ.
Мыналардың қайсысын диагностикада қолданған тиімді?
A. Абдоминальді пункция
B. Буынның пункциясы
C. Жұлынның пункциясы
D. плевральді пункция
E. ++Стернальді пункция
?
89.6 жастағы әлсіздікке шағымданған баланы жалпы қарауда: перифериялық лимфа түйіндерінің бұршақтың көлеміндей ұлғаюы, бауырдың +1,5 см-ге ұлғаюы байқалды. Қанында анықталды: HB-110г/л, эритроциттер 3,1 млн, лейкоциттер 25,3х109 /л, тромбоциттер 80 мың, ретикулоциттер-2промиль, лейкоформулада: эоз-1%, т/я -2%,с/я-12%, лимфоциттер-82%, моноциттер- 5%,. СОЭ-28 мм/сағ.
Аталғандардың қайсысы фармокотерапияда қолданылғаны тиімді:
A. УКС + жүрек гликозидтері
B. Сәулелендіру + дезагрегаттар
C. Химиотерапия + инсулин
D. ++сәулелендіру + тиоурацил
E. Сәулелендіру,полихимиотерапия
?
90.7 жастағы бала, 6 айдан бері ауру. Әлсіз, тәбеті төмендеген. Ата-анасы терінің бозарғанын, тез шаршағыштықты, аз қозғалысты, тұйықтықты байқаған. Анамнезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін жекелеген ЖРВИ анықталды. Обьективті қарағанда: тері бозарған, қолтық ойысы , шап аймағында , жыныс мүшесі мен мойнында қола түсті пигментация, бетінде петехия тәрізді геморрагиялық бөртпе, дисэмбриогенездің кіші белгілері (қолдадағы бас бармақтың дисплазиясы, құлақ қалқаны деформациясф, гипоспадия). Физикалық дамуының артта қалуы, боймен салмақты пропорционалды қатынасының төмендеуі. Төмендегі синдромдардың қайсысына жақын? 
A. Гоше ауруы
B. Эстрема-Дамешек анемиясы 
C. Жүре пайда болған анемия 
D. Теміржетіспеушілік анемия 
E. ++Фанкони анемиясы 
?
91.14 жасар қыз бала өт тас ауруымен ауырады. Ауру ауырсынусыз өтеді. Тексеріс нәтижесінде кальфицирленбеген, жекеленген 0,5 см конкеремент анықталды. Сіздің емдеу тактикаңыз:
A. оперативті ем.
B. холекинетик тағайындау
C. спазмолитикалық терапия
D. холеретиктер тағайындау
E. ++урсодезоксихолий қышқылы препараттарын тағайындау
?
92.10 жасар қыз бала созылмалы гастродуоденит диагнозымен Helicobacter pylori анықталған. Әкесінде – ойық жара. Зерттеу нәтижесінде Helicobacter pylori жанұя мүшелерінің барлығында анықталған. Сіздің емдеу тактикаңыз:
A Балаға кемінде 4 аптадан тұратын антацидті препараттармен емдеу жүргізу
B. Отбасы мүшелерінің барлығына бір уақытта эрадикациялық терапия тағайындау
C. Әкесіне және баласына бір уақытта эрадикациялық терапия тағайындау
D. ++ФЭГДС өткізіп, патология анықталған жағдайда эрадикациялық терапия тағайындау
E.. Балаға эрадикациялық ем курсын жүргізу
?
93.15 жасар ұл бала он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Профилактикалық тексеріс кезінде асқыныстар анықталған жоқ. Осыған дейін физиотерапия, спазмолитиктер, антисекреторлы терапия курстарын алған. Зерттеу нәтижесінде Helicobacter pylori оң нәтиже көрсетті. Сіздің тактикаңыз қандай:
A. Спазмолитикалық тағайындау
B. Антацидтер қабылдау
C. Емдеудің қажеті жоқ
D. Фитотерапия тағайындау
E. ++Эрадикациялық ем жүргізу
?
94.14 жасар ұл бала 4 жыл көлемінде он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Зерттеуде Helicobacter pylori анықталды. «Үштік» антихеликобактериялық терапия қабылдаған. 6 апта бұрын өткізілген эрадикация бақылауы Helicobacter pylori ге оң нәтиже берді. Сіздің емдеу тактикаңыз:
Антацидты терапия
Протонды помпа ингибиторларының үзілісті курстық терапиясы
протон помпасының ингибиторларымен терапия
Хирургиялық ем
++Эрадикациялық квадротерапия тағайындау
?
95.Бала 10 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене температурасының жоғарлауына, басының ауруына, бүкіл денеде, сонымен қатар бастың шашты бөлігіндегі розеолезді-везикулезді сипаттағы бөртпеге шағымданған. Ол оқитын мектепте желшешекпен сырқаттанған балалар болған. Бала желшешек диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Науқасқа жергілікті емнің қандай әдісін қолдану керек:
бөртпе элементтерін жару
бөртпе элементтерін гормоналды маймен өңдеу
жалпы ваннаға түсіру
тері жамылғыларын УФ сәулелендіру
++бөртпе элементтерін бриллиант жасылымен өңдеу
?
96.Бала 5 жаста. Бетінде, жазу беткейлерінде қызғылт түсті, дақты сипаттағы, бірікпейтін бөртпелер бар, шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
қызылша
скарлатина
лимфаденит
қызамық
+паротит
?
97.Бала 4 жаста. Қараған кезде бет терісінде, жазу беткейлерінде ұсақ дақты, қызғылт түсті, бірікпейтін бөртпе мен артқы мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Баланың гемограммасынан қандай өзгерістерді күтесіз:
атипті мононуклеарлар
лейкоцитоз
ретикулоцитоз
плазматикалық жасушалар
++цитомегалар
?
98.Аймақтық педиатр балада инфекционды мононуклеоз бар деп күдіктенді. Қанның жалпы анализінде 30% атипті мононуклеарлар табылды.
Инфекционды мононуклеозбен ауырған балада қандай клиникалық белгілер болуы керек:
баспа синдромы, экзантема синдромы, лимфоаденопатия
баспа синдромы, экзантема синдромы, спленомегалия
баспа синдромы, экзантема синдромы, гепатомегалия
баспа синдромы, экзантема синдромы, панкреатит
++баспа синдромы, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия, экзантема мүмкін
?
99.Балаға 5 ай. Сырқаттанғанына 1 апта болған. Сырқаты 38° С дене қызуымен басталды, тамақтанғаннан соң құсу пайда болды, нәжіс 8 ретке жиіледі, сулы, қызғылт сары түсті, ақ қорытылмаған түйіншектермен. Соңғы күндері құсуы тұрақты, нәжісі 12-15 дейін жиіледі. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тургоры мен серпімділігін бірнеше төмендеген, еңбегі толы. Іші кепкен, ішектері шұрылдайды, сигма түйілмеген (спазмдалмаған). Анусы үңіреймеген. Сіздің болжамдау диагнозыңыз.
дизентерия
брюшной тиф
сальмонеллез
тырысқақ
++эшерихиоз
?
100.5 жастағы баланың диагнозы: Бронхиальды астма, ауруханада жатқанына 10-шы күні дене қызуы 380С-қа дейін көтеріліп, шайнағанда ауырсыну, басының ауырсынуы, қайталап құсу, ішінің ауырсынуы пайда болды. Дәрігер қарап пальпация жасағанда ауырсынатын екі жағында құлақ маңының ісінуін, сілекей бөлінуінің төмендегенін, терісінің қызармағанын байқаған. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:
дифтерия
менингококкты инфекция
цитомегаловирусты инфекция
энтеровирусты инфекция
++паротитті инфекция

Приложенные файлы

  • docx 18176173
    Размер файла: 74 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий