Sa_1179_tandyru_kurs


Кіріспе
Сақтандыру қоғамдық-өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі болып табылады. Адамдар мүліктердің иелері ретінде сақтандыруды өздерінің мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқа да күтпеген жағдайда болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданып келеді.
Мұның өзі мүдделі адамдардың материалдық шығындарын бірігіп өтеу әдісін ойластыруға жұмылдырады. Мұндай жағдайда, ілгеріде мүмкін болатын шығынды бірігу арқылы көптің есебінен өтеу мүлік иелеріне өте пайдалы және олардың мүліктерінің сақталуына кепілдік береді.
Табиғат апаты, кез-келген уақытта болып тұрмайтын кездейсоқ жәйт, сондықтан зардап шегетіндердің саны мүдделі жақтарға қарағанда әлдеқайда аз мөлшерде болады. Мұндай жағдайда мүмкін болатын залалды бірігу арқылы өтеу, мүдделі мүлік иелерінің апаттың салдарынан болған шығынды азайтады. Сақтандыру салымына қатысушылар анағұрлым көп болса, соғұрлым қатысушылардың әрқайсысының шығынға төленетін тиесілі қаражаты аз болады.
Сақтандыру қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір оқиғаға байланысты жан-жақты, универсалды қорғау құралы болып табылады.
Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру төлемі, сақтандырушылардың жарналарынан құрылатын қор есебінен төленеді.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қатерлі сипаты. Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. Бұл курстық жұмыста жоғарыда айиылған сақтандыру қызметінің бір саласы «жалпы сақтандыру» жайлы жазылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты — мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
1.сақтандырудың экономикалық мәніне тоқталу;
2.сақтандырудың жалпы сипаттамасын беру;
3.сақтандыру қызметін қарастыру;
4.сақтандыру ұйымдарының құрылуын көрсету;
5.ҚР-дағы сақтандыру мен қайта сақтандырудың ағымдық есебін, яғни жағдайын бейнелеу.
Зерттеудің деңгейі. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1.Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі рөлі және әлеуметтік - экономикалық мәні.
1.1Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы.
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өндірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай – ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен аңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі - бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.
ақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысаныңда жасалады, Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұңдай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін оммерциялық айналымға берілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұлтабыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлі қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізулі субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міңдеттемелерінің кеңесі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің серік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық иеліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халықпен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шьығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табынатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1. Табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2. Нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру
жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;
3. Халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға;
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны артты. Нарық жағдайынада (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және т.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезенде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған зандардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандыру мен әлеуметтікміндеттердіорындалудыңмаңыздылығынесепке ала отырып, мемлекетсақтандырудамуыбақылаусызөз бетімен жібереалмауда. Сондықтансақтандырудыңдамуықазіргізамаңғықұқыктыксалалрдыңбірініңсақтандырукүқығыныңдамуыменбіргеболды.
Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен сипатталады:
1. Кездейсоктыктың белгілері;
2. Жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын объективті түрде қанағаттандыру;
3. Сақтандыруда оған қатысушы сақтандырушылар арасында болған шығынды өтеу таралымы іске асады;
4. Шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында; Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген, қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет.[1]
1.2 Сақтандырудың аткаратын қызметтері.
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән қызметтері атқарады. Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі кызметтерін атап көрсетуге болады.
Бөлу қызметі: сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтаңдыруда бөлу қызметі сақтаңдырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.
Бақылау қызметі: тараптардың сақтық телемдерін жұмындыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операциялардың нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едеуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектерін ұсынатын мемлекеттік немесе акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандырудымдамытудың негізі мақсаты мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық канды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуде және кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынандай міндеттері шешуді көзделді:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міңдетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының - сақтаңдыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актерий, уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік жұмысты жүзеге асыратын езге де занды және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандартты ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін ұйымдастыру;
- cақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орталығымен төлеу қабілеті бойынша талаптарды күшейту;
- осы замаңғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.[2]
Қазіргі замаңғы сақтаңдыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи техногендік сипаттағы көлденең шығыстардьі өтеу белгісіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы кағидаттарында сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тарту мүмкін береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы корларының қызметі сияқты, сақтандыру ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру жіктеу қажет.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының түрақты және сенімді түрде дамуына септігін тигізуі керек, халықтың әлеуметтік қорғауын көтеру үшін, азаматтардың мүліктерін және шаруашылық субъектілерді сақтандыруға толықтыруын негізді орнату керек.
Сақтандырудың дамуы, оз кезегінде заң қорларының жетілуіне байланысты болады, мемлекеттің ақша - несиелік саясаты мен салыктық-бюджеттік тиімділігіне, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымының қызметінің сенімділігіне байланысты болады.
Кез - келген салада кәсіпкерлік кызмет өмір мен мүліктің жоғалу тәуекеліне ықпалды, олардың уақыты мен масштабын анықтау мүмкін емес, кездейсоқтық емес, кәсіпкерлік табысының шығу тегі капиталды салудың тәуекеліне берілген төлемі болын табылады. Экономикалық қатынастардың жүйесі саймандар қатарын өңдеді, олар тәуекелді тиімді басқаруға жол береді, кәсіпкер үшін қауіпсіз орынды таңдай отырып.
Сақтандыру қаржы рыногнің элементтерінің бірі болып табылып экономикалық категориялар арасынан ерекше орынға ие болады. Сақтандырудың айырмашылықты ерекшелігі болып каржы қаражаттары мағыналарының шоғырлануы болып табынады. Дүниеде сақтандыру капиталы банктен түсіп ғана қоймай, одан озып кетеді:
АҚШ, Финляндия, Швейцария, Жапония және басқа да мемлекеттерқатарында сақтандыру қорлары бұл мемлекеттердің жалпы ұлттықөнімінен 3-4 мәрте алып түседі. Сақтандыру компаниялары АҚШ долларымен 4триллион сомасы көлемінде экономикаға салынған қаражаттан жалпы көлемдерін басқарып отырады. Көріп отырғанымыздай;, онда сақтандыруөзінің спецификасы мен орындалатын функциясының күшімен қоғамда экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Қазақстан Республикасында сақтандыру резервтері ішкі вальдық өкілінің 0,2% құрайды, жүз сақтандыру қаржыларын инвестициондық процесске әрекеттенуіне жол бермейді.
Сақтандыру әлеуметтік қолсыздандыру мәселелерін сәтті шешуге жол береді, мемлекеттің әлеуметтік жүйесінің қажетті элементі болып табылады. Дамыған елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне мемлекеттік әлеуметтік қамсыздануды, нормативтікті, жеке сақтандыруды, мемлекеттік емес зейнеткерлік қамсыздандыруды өзіне қосады. Қазақстанда бұл жүйені нақтырақ және реттеу қажет.
Осыдан басқа сақтандыру аса қажетті кызметті орындайды -бюджеттік шығын бөлігінің жүгін төмендету, өйткені табиғи және техногенді болмыстар кезінде шығындар тығынын қалады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңызды факторлар қатарымен анықталады.[3]
Біріншіден, сақтандыру халық пен ұйымның әр түрлі қызығушынығын қорғауға жол береді, мемлекет жағы қарастырынған шара көлемі мен мінезге қарамастан. Табиғи және техногенді болмыстардың әрекетін жою шығыны мемлекеттік бюджетке тиелген, олардың мүмкіндіктері шектелген.
Екіншіден, қазіргі жағдайда сақтандыру механизмін қолдану еліміздегі кәсіпкерлік кызметтінің жедел дамуын, Қазақстан экономикасының негізгі салалық ерешеліктерін қоса алғанда қолданылатын технологияның өндірісінің кейінгі жетіле түсуін, оның климаты мен географиялық орналасуын және экономиканың деңгейінің дамуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, қазіргі сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:
1. күтілмеген табиғи - техногенді жағдайларды өтеу бәлігіндегі мемлекеттік бюджеттің жүгін азайтуға;
2. сақтандыру арқылы жеке әлеуметтік қамту мәселелерін шешуге;
3. халық пен ұйымның жинағын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру экономикалың қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі үлгілерін қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыруды жіктеу қажет.[4]
1.3 Сақтандырудың түрлері мен жіктелуі.
Сақтандыру көп қырлы ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен сақтандыру объектілері қамтиды.
Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен ерекшеледі: ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүрзілуі мүмкін. Сақтаңдыру қатынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.
Жіктеу дегеніміз - өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге жинақталуы. Қазіргі Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі. Сақтандырудың жіктелуі мынандай екі белгілі байланысты: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтандыру жауапкершілігіндегі өзгешелік. Осыған байланысты сақтандыру объектілер және қауіп қатердің түрлері бойынша жіктеледі.
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі» өмірді сақтандыру саласы және «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырынады.
Тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделеін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуте шығындарды өтеуге мүмкіншіліктер береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық кұкықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылған, олар: 1. өмірді сақтандыру; 2. аннуитетті сақтандыру.
Өмірді сақтандыру - сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жалпы сақтаңдыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрыңғыға қарағанда салыстарымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:
1. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2. Медициналық сақтаңдыру;
3. Автомобиль көлігін сақтандыру;
4. Темір жол көлігін сақтандыру;
5. Әуе көлігін сақтандыру;
6. Су көлігін сақтандыру;
7. Жүктерді сақтандыру;
8. Көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - кұқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11. Темір жол көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12. Әуе көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. Су көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;
14. Тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. Шарт бойынша азаматтық - құкықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16. Зиян келтіргені үшін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысаныңдағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты заңнама занды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.[5]
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне міндетті болып анықталатынын айтуға болады. бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табынады. «Өнім» деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болын келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ «Өнім» деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) ескеруді қамтамасыз өтетін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді.
Сақтандырудың жіктелуі- Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылған тұлға жазалайтын жағдайдың немесе аурудың салдарын қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығындарын шектеулі сомада не ішінара немесе толық өтеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Төленетін өтемдердің негіздері мен көлемі азаматтың деликтік құдықтық нормалармен айқындалатын адамның өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянның түрлерімен байланысты.
Медициналық сақтандыру,сақтандырылатындардың медициналық мекемесін медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығындарын ішінара жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (бұл қатынастардың азаматтық - құқықтық реттеу сұрақтары ескерілмеген) уақыт санын көтере алмай мүліктік айла - амалға жол салынды. Басқа жақтан, Қазақстанда кейбір ұйымдармен іс жүзінде медициналық сақтандыру бойынша шарттың сақтандыру қызметтері көрсетілетін болды. осымен байланысты қатынастарда қатысушылар тең жағдайда болып келеді. Және қымбат медициналық қызметтерде стационарлық емдеуде, протездеуде және тағы басқа қажеттік пайда болған жағдайда бұл сақтандыру сөзсіз өте пайдалы болды. Осының барысында қалыптасқан қажеттілік тиісті сақтандыру нормалары қалыптасуының қажеттілігін әкелді.
Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік құралын иеленуге, пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау шартымен тығыз байланыста болатын көлікті сақтандыру мен қатар, жоғарыға айтылғандай сақтандырудың жеке класында болып келетін жүктерді сақтандыру тұрады. Жүктерді сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалын кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады. Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қодданынады.
Мысалы, әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілернің азаматтық құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52 бабына сәйкес, банктердегі салымдарды (депозиттерді) ұжымдық Қазақстан Республикасы жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленуі өз өмірін немесе денсаулығына сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де шартпен сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек - қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актІлерінде жазынған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемінің көлеміне, қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын телеу міндетіне әсер етеді.
Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылғандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге құқылы.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, медициналык сақтандыру, автомобиль көлігін сақтандыру, темір жол келігін сақтандыру, әуе көлігін сақтандыру, су көлігін сақтандыру ,жүктерді сақтандыру, мүлікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, темір жол көлігі иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, әуе көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, су көлігі иелерінің азаматтық – кұқықтық жауалкершілігін сақтандыру. Тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Сақтандыру объектілеріндегі өзгешелікке байланысты сақтандыру жеке және мүліктік болып бөлінеді. Азаматтық өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және басына сақтандыруға жатады, мысалы, олардың белгілі жасқа келгеніне сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (пайда алушы адам сақтандырылған болуы мүмкін).
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық - құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
Мүліктік сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бүлінуі және занда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыру мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Мүлікті сақтандырудың объектілері — сақтанушының мүліктік мүдделері, яғни құрылыс, үй мүліктері, малдар, көлік кұралдары, субъектелері - сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс -қимыл жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл санатында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланынады:
А. белгілі бір істің түрі;
Б. сол іспен шұғылданатын нақтыны қоғамдың ұйым.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекелдің түрлері де көбеюде. Нарықты экономика жағдайында кәсіпкерлер үшін коммерциялық тәуекелділікті сақтандырудың маңызы зор. Коммерциялық тәуекелділІкті сақтаңдыруда сақтандыру объектісі сақтанушының коммерциялық қызметі болып табылады.
Коммерциялық сақтандыруда сақтандыру тарифтер көптеген факторларға байланысты. Олар коммерциялық кызметтің түрі,сақтандыру мерзімі, нарық қатынастарының тұрақтылық деңгейі. Сақтаңдырудың бұл түрі шаруашылықтың барлық салаларын қалпына келтіру мен дамытудағы перспективалы сақтандыру болып табылады.[6]
Жауапкершілікті сақтандыру - сақтандыру қызметінің жеке саласы болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру объектісіне -сақтанушының қандай да бір әрекетін немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілуі мүмкін үшінші жақ алдындағы жауапкершілігі жатады. Субъектілері - сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы.
Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты- залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық - құкықтық шарттардан және басқа да негіздерден пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.
Жауапкершілікті сақтандыру ерікті және міндетті түрде жүргізіледі. Жауапкершілікті сақтандырудың оны басқа салалардан бөліп тұратын өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру түрлерінде сақтандыру окиғасының болуын анықтау сақтандырудың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін азаматтың - құқықтың нормалары мен тікелей байланысты.
2. Жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға келтірген зиянының орнын, келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасы көлемінде жабуды қамтамасыз етеді, яғни жауапкершіліктісақтандыру келісім шарты үшінші тұлғаның пайдасына жасалады.
3. Жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға алдындағы жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.
Кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру - кәсіби кызметі барысында үшінші тұлғаға зиян келтіруі мүмкін, әр түрлі категориядағы тұлғалардың мүліктік мүддесін сақтандыру түрлерін қамтиды. Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудағы тәуекелдер екі топқа бөлінеді:
1. Үшінші тұлғаның денсаулығына залал келтіру және денежарақатымен байланысты тәуекелдер. Мұндай жағдайлар дәрігерлер, хирургтар, дантистер, формацевтер тәжірибесінде жиі кездеседі.
2. Материалды шығын келтірумен байланысты тәуекелдер. Кәсіби қызметке талап және оның жүрзілуі арнаулы заңды және нормативті актілерге сәйкес белгіленеді. Сақтандыру жеке кәсіби қызметпен айналысатыны тұлғаға қатысты жүргізіледі. Жеке тәжірибеленуші маманның (сақтанушының) клиентке келтірілген материалдық зияны мен оның көлемі соттың шешімі бойынша анықталған жағдайда ғана сақтандыру оқиғасы болады деп есептеледі.
Экологиялық сақтандыру қазіргі кездегі актуальды мәселелердің бірі. Экологиялық сақтаңдыруда сақтандыру сомасы екі жактың келісімі бойынша немесе табиғатты қоршаған ортаны ластау жауапкершілігінің лимиті бойынша анықталады.
Аннуитет шарты сақтандырушының шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.
Жинақтаушы емес сақтандыруда сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі болып сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру нысандарының тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан объектілерінің өзгешілігі.
Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы кабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сонымен сақтанушы пайдаланатын сақтандырудың әртүрлі жиынын сақтандыру нарығының ассортиментін кұрайды.
2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісін талдау.
2.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы.
Экономикалық негізделген сақтандыру компаниялары басқа сақтаңдырушылармен өз қарым - қатынастарын қайта сақтандыру негізгінде құрады. Сақтандыру нарығын дамытудың объективті негізі - кездейсоқ келеңсіз жағдайға ұшыраған жағдайда жапа шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқыны ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі.
Сақтандыру қарым - қатынасын жасау үшін сақтанушылар -заңды немесе жеке тұлға, қайсыбір сақтандырушымен сақтандыру келісім шартын рәсімдейді. Сақтандырушы агенттер мен брокерлер сатушылар мен сатып алушылар арасында делдалдық қызмет атқарады. Олар сақтандыру келісім шартын жасалуына өз ықпалын тигізеді.
Қазақстанда сақтандыру нарығы 1989 жылдан қалыптасып келеді, содан бері мемлекеттік сақтандыру монополист ретінде жалғыз, бірегей кызмет етпейтін болды.
Жинақтаушы сақтандыру елімізде орын алған құнсыздану және ұлттық валютаны енгізудің әсерінен елеулі шығынға ұшырады. Егер мемлекеттік сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуын қолданатын болса, онда оны дамытуға мұқият көңіл бөлуі қажет.
Экономикалық нақтыны секторында өндіріс көлемінің құлдырауы және 90-шы жылдардың басындағы оның тиімділігінің күрт төмендеуі сақтандыру нарығына күшті ықпал етті. 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесінің калыптасуы жер сілкінісі тәрізді өтті: ұйымдастырылмаған, басқаруға көнбейтін және бақылаусыз.
Өтпелі экономикадағы жүйесіз қалыптасулар өтпелі кезеңдегі институнионалды қайта құрулар экономикалық өрлеулерге емес, бір мезеттік пайдаға бағытталуы осындай ортаның қалыптасуына әкеліп соқтырады. Мұнда алып сату операциялары негізгі роль атқарады. Әрине, бұл сақтандыру нарығының қалыптасуына әсер етпей қалмады. Бірақ бұл келеңсіз құбылысты сақтандыру сыйақыларының түсімін төмендеткенде сақтандырудың тәукелді және міндетті түрлерінің үлесі артты, нәтижесінде сыйақы мен төлемдердің негізгі сомасы ірі сақтандыру компанияларында шоғырландырып, шағын және қаржылық тұрақсыз компаниялардың іс-әрекеті кері кетті.
2000 жылдың бірінші каңтарыңда Қазақстанда сақтандыру қызметін жүзеге асыруға 70-сақтандыру ұйымының лицензиясы болды, оның ішінде мемлекеттік 8 және 3 мемлекеттік шетел капиталымен. Шетелдік төл сақтандыру ұйымдары мен мамандандырылған қайта сақтандырушы ұйымдар жоқ.
Нарықтық қатыныстарға көшу жағдайында қаржы несие саласының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және ары карай сақтауда маңызды рөл атқарады.
Қазақстандық сақтандыру нарығының қалыптастыру жекеменшік және акционерлік сақтандыру компанияларының пайда болуымен байланысты. Отандық сақтандыру нарығының қалыптасуының бірінші кезеңінде белгілі бір шамада шағын компаниялар болғандықтан нарықтың негізгі үлесі мемлекеттік сақтандырудың үлесінде болды. Капиталдың аса өсімі байқалған жоқ, компанияның операциялары да дамымаған. БІрақ, осыған қарамастан сақтандырушылардың іс-әрекеті үшін біртіндеп экономикалық кеңістік қалыптасты.
2003 жылы сақтандыру нарығын ынталандыратын міндетті түрде сақтандыру бойынша бір қатар зандар шықты осының нәтижесінде өткен жылы міндетті сақтандыру көлемі 67,9%-ға артты.
ҚР «Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша Ұйымдастырушы құқықтық шаралар туралы» бағдарламаға сәйкес 1994 жылы кіру табалдырығы жоғарылатады, сақтандырушынардың жарғылық қорының ең төменгі деңгейі 2 млн теңгеге көтеріліп талаптары күшейтілді, сақтандыру іс-әрекеттік лицензиялау енгізіліп, сонымен қатар сақтандырушы ұйымдарға сақтандырудан басқа іс-әрекетпен айналысуға тыйым салынады. Нәтижесінде сақтандырушы компаниялардың саны 1 жылда 10 еседен артық төмендеді және олардың саны небәрі 22 болды. 1994 жылы сақтандыру компанияларының өсу қарқыны бірден төмендеп, олардың саны тұрақтана бастады.
Бүгінгі таңда Қазақстанныц сақтандыру саласында 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішіне 4 шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) өкілдіктерінің қатысуымен, 3 өмірді сақтандыру, 29 сақтандыру ұйымының көлік құралдары иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға лицензиясы бар, 12 сақтандыру брокері, 30 актуарий, 36 аудиторлық мекеме және сақтандыру қызметіне аудит жүргізуге лицензиясы бар 70 аудитор қызмет етеді.
2001-2002 жылдары сақтандыру компанияларының санының қысқаруы сақтандыру компанияларының капиталдандыру деңгейіне, олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне заң талаптарының күшімен түсіндіріледі. Сонымен қатар отандық сақтандыру компаниясында теңсіздік мәселесі де орын алғаннарықтың 60% жуығы 5 ірі сақтандыру компанияларының үлесінде. Бірақ сақтандыру секторының шоғырландыру дәрежесініңтөмеңдіуінің оңды құбылыс екеннін атап өткен жөн. Сонымен, егер 2005 жылдың 1 қаңтарында 5 ең ірі компанияның үлесіне сыйақының 79% тиесілі болса 2005 жыны 1 шілдесінде бұл көрсеткіш 58,2% төмендеді.
Сақтандырушының жарғылық қоры 100 мың сом көлемінде бекітілді. Еркін жеке басты сақтандыру үлесі сақтандыру портфелінің 10% құрайды. Дамыған шетелдерде бұл көрсеткіш 90% ке жуықтайды. Істің қалыптасқан жағдайына сақтанушы - жеке тұлғалардың және олардың жеке басты сақтандырудағы жұмыс берушілерінің салық салуға деген көз-қарасы да әсерін тигізеді өмірді сақтандыру сыйлықтарының үлесі жалпы жиналған сақтандыру сыйлықтарының 1,1% құрайды. Салыстыру үшін шетелдерді қарастыратын болсақ 2002 жылғы мәлімет бойынша бұл көрсеткіш Жапонияда- 72%, АҚШ-та 48%. Германияда 40%.
Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша нарық сыйымдылығы тұрғындардың көпшілігінің табысы төмен болғандықтан төмен. Сонымен қатар тұрғындар мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақынар алуға ниеттенген және сақтандыруға деген қызығушынығы тиісті деңгейде емес.
Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуы жаңа сақтандыру өнімдерін жасау, ұсыну және олардың жоғарғы сұранысқа ие болуы жыл өткен сайын сақтандырудың қанат жайып келе жатқандығын және сақтандыру компанияларына деген халық сенімінің артқандығын білдіреді.
Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру бір жағынан бизнесті және адамдарды қолайсыз жағдайдан қорғау құралы болып, екінші жағынан табыс әкелетін іс-әрекет түрі болып табылады. Сақтандыру ұйымдары өзінің тікелей міндеттерін атқара отырып, ел экономикасының инвестиция көзіне айналады. 2010 жылдың 1 қаңтарына сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 66,3% - ға өсіп 73,3 млрд. теңгеге жетті. Қазақстанның сақтандыру нарығы жаңа компаниялардың пайда болуымен осындай көрсеткіштерге қол жеткізді. 2009 жылы сақтандыру ұйымдары активтерінің бөлінуін келесі суреттен көруге болады.
2009 жыны жиынтық активтер сомасының көбеюі есебінен активтер құрылымыңда біршама өзгерістер болды. Активтер құрылымында жедел салымдар үлесі 15,7%-дан 10%-ға суреттен көруге болады.
2009 жылы жиынтық активтер сомасының көбеюі есебінен активтер құрылымыңда біршама өзгерістер болды. Активтер құрылымында жедел салымдар үлесі 15,7%-дан 10%-ға төмендеген. Ал бағалы қағаздарда инвестицияланған активтер сомасы 44,6% -дан 57,5%-ға көтерілген. Бұл көрсеткіштің өсуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденционалды нормативтерді орындауларымен байланысты. Басқа да занды тұлғалардың капиталдарына 2%-ды, ақшалай қаражаттар 6%-ды, сақтанушылар мен делдардардан алынатын сыйақы сомалары - 13%-ды, басқа да активтер 12% құрап отыр.
Сақтандыру резервтері- сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының өз міндеттемелерін орындалуын қамтасыз етуге ғана арналады. Сақтандырушы өзінің қабылдаған сақтандыру міндеттемелерін өтеу үшін сақтанушылардың төлеген сақтандыру жарнасынан сақтандыру салалары бойынша сақтандыру резервтерін құрайды. Мұнай және газ өндіру саласындағы сақтандыру тәуекелділіктерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы едеуір мөлшердегі шетелдік валютаның жұмсалуына, жоғалуына байланысты екенін ескерсек, шетелдік нарықта тәуекелділікті сақтақдырудың қажетті және лажсыздықтан қолданылып отырған шаралар екенін аңғару қиын емес. Бұлар экспортқа шығарылатын өнімдердің ысырапқа ұшырауына, шетелдік жабдықтарды алмастыружағдайлардың себеп – салдарына байланысты туындайды.
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын операциялары.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда, әйеддерге — 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.[7]
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы қаңтардың бірінен бастап жүзеге асырылып келеді. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.
Зейнетақ төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік керсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақылар мөлшері көтерілді және зейнетақы төлемдерін көтеру үш топ бойынша жүзеге асырылды. Бірінші топқа зейнетақы мөлшері 1994 жылдын 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнеткерлер кіреді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінің 25 пайызына ұлғайтылды. Екінші топқа зейнетақылары 1994-1998 жылдары тағайындалған зейнеткерлер кірді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінің 8,4 пайызына көтерілді. Үшінші топқа зейнетақылары 1998-2001 жылдары тағайындалған зейнеткерлер жатады. Олардың зейнетақыларының мөлшері 2001 жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен 8,4 пайызға көбейді. 2003 жылы зейнетақы мөлшері 12 пайызға көтерілді, енді оның ең төменгі мөлшері 5000 теңгені құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әртүрлі жәрдемақылар маңызды орын алады.
Жәрдемақы — бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда паңда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.
Әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша және тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, жеңілдіктер жатады.
Сырқаттық бетшелер бойынша төлемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторииларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар шаруашылық жүргізуші субъектілердің — жұмыс берушілердің — қаражаттары есебінен жүзеге асырылады, жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы, балаға қарау жөніндегі жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жқмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекге мертігуге немесе кәсіби ауруға байланысты болса, әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз пайызы мөлшерінде төлейді.
2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніңдегі, асыраушысынан айырылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан балғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа кіріскенге дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады және олар айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты қайта қаралып отырады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды.
Мүгедек адамдарға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.[8]
3.Дүниежүзілік каржы нарығындағы сақтандыру қызметінің даму тенденциялары.
3.1 Әлемдік қаржы нарығындағы сақтандыру қызметінің маңызымен алатын орны.
Дүниежүзілік экономикада 80-ші жылдардың ортасынан белсенді түрде болған шоғырлану, интеграция, глобализация процесстері, дүниежүзілік сақтандыру нарығының сапалық және сандық параметрлеріне әсер етті, оның құрылымын өзгертті, сақтандыру қызметімен халықаралық сауда жүйесін, аймақтық келісімдер мен ұлттық экономикалар шегіндегі сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудегі әрекеттер бойынша.
Дүниежүзілік сақтандыру нарығының глобализациясы - ұлттық сақтандыру шаруашылықтарының арасындағы экономикалық және заңдылық кедергілерді жою процессі дүниежүзілік экономикаға әсер ететін, процесстің ең соңғы мақсаты- бірлікті сақтандыру кеңестігін құру.
Егер жалпы тұтынудың дәстүрлі сақтандыру қызметтерінің түріне тұтыну сұранысының деңгейінің жоғары толуының нәтижесінде, сонымен бірге өзін-өзі сақтаңдыру мен басқа жабдықтарды пайдалану рөлінің көбеюінен ірі халықаралық қызметіндегі менеджмент тәуекелі 80-ші жылдың ортасындағы АҚШ сақтандыру нарығынан алынған сақтандыру сыйақысының үлесі, дүниежүзілік сақтандыру сыйақысының жалпы көлемінен 50% көлемінде құралды, Азиядағы европалық мемлекеттердің үлесі-20% аз емес, онда 90-шы жылдардың соңында көрсетілген топтар мемлекеттері арасындағы болған 32% көлемінде болды, әрбір ажыратылған дүниежүзілік сақтандыру нарығының құрылынына келеді.
Масштабты құйылу мен сіңірудің негізгі себептері мен алғы шарттары:
- ұлттық және дүниежүзілік сақтандыру нарықтарының аса қашықтығы нарықтағы үлкен қатысушылар санынен кагштализацияның жоғары деңгейімен және олар арасындағы қатыгезді бәсекелестік;
- ары-қарай даму қажеттілігі мен нарықтың бөлігі алу жолымен сақтандыру премиясын көбейту, қол жеткен сақтандыру компаниясына қарайтын;
- өте ірі капитал қажеттілігі, әсіресе қайта сақтандыруда, сақтандыруға ірі және өте ірі тәуекелдерді қабындау үшін;
- сақтандыру қаржынын қалыптастыру негізгі сияқты өзінің географиялық қызметін кеңейтуге талпыну;
- істі жүргізуге шығындарды қысқартуға талпыну;
- ұсынылған сақтандыру түрлері мен сақтандыру қызметінің қатарын кеңейтуге талпыну, сонымен бірге сақтандыру қызмет көрсетуді сатудың жаңа тәсілдерін қолдану.[9]
3.2 Сақтандыру қызметіндегі даму тенденциялары.
Сақтандыру банктік және қаржы каггаталдарын есіру- 90-шы жылдардың соңындағы бұқаралық және масштабты болмыс капиталды құю формасы болып табылады және сақтандыру қызметін сату торын пайдалануда өзара қызығушылықты бейнелейді банктік қызмет көрсету үшін. Бір уақытта жаңа қаржылық кызметтің түрлері пайда болады, өзінше сақтандыру, банктік және қаржылық қызметтер арасындағы конвергенциясын көрсететін, сақтандырушыларға сақтану қорғанышты қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Банктік құрылым мекемелерінде сақтандырушылардың тікелей қатысуыкеңеюде. Дүниежүзілік сақтандыру нарығының басқа тенденциясы болып халықаралық мега брокерлердің қалыптасуы саналады - шоғырлану процессінің әрекеттінен және қайта сақтандыру қоғамының сіңіруі және сақтаңдыру компаниялардың клиенттерінің ұқсас процесстері. Альтернативті сақтандыру мен қайта сақтандырудың сыйымдылығында және үлкен рөлді, клиенттердің глобальдық басқару активтерін болып табылады.
Телекоммуникациия, интернет облысындағы қазіргі замаңғы технологиялардың дамуы, бір жағынан тікелей тұтынушыға кіруді көрсетеді, екінші жағынан - арнайы сақтандыру қызметтерінің болуына сұранысты қалыптастырады, әлеуетті залалдардың орнын толтыратын жаңа тәуекелдіктен туылдаған.
Сақтандырушынар үшін интернет - бұл сақтандыру қызметін «тікелей» сатудың тиімді тәсілі. Бұл сату тәсілін дамуындағы шығынның тиімділігі компьютерлік торларды тұтынушылармен пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Интернет - технологияның ену әр түрлі мемлекеттің заң қабылдаушылармен сақтандыру мен қайта сақтандыру келісім-шарты бойынша ресмилендірудің тәсілі мен формалары жайлы сәйкес шешімдерді қабылдауды талап етеді. Бір уақытты траснсшекаралы сауда тәртібінде сақтандыруоперацияларының занды жүргізу мәселері шиеленеді, өйткені ұлттық зандылық мұндай келісім - шарттарды түзуде шектік орнатқан.
Қайта сақтандырудың қазіргі замаңғы дүниежүзілік нарығы әлі үлкен шектікте, тікелей сақтандыру нарығына қарағанда, глобализация процессімен жараланған және қор капиталын өсіруімен. 90-шы жылдардың ортасынан бастап қайтасақтандырудың тұрақты дүниежүзілік орталықтары қалыптасты.
Сақтандырудың халыкаралық мінезі арасындағы конфликт 80-90 -шы жылдардың қарсаңындағы дүниежүзілік сақтандыру нарығының глобализациясымен және сақтандыру қызметі қоғамының шарттыңұлттық реттеуімен және сақтандыру қызметтерін сату сақтандыру кызметтерін саудалауды реттеу халықаралық жүйесін өзгерту тенденциясын тудырды.
Кесте 1. Шетелдердегі ЖЮ -дегі сақтаңдыру үлесі,%
Мемлекеттер Сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемі
Өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру
Өмірді сақтандыру
Швейцария 11,9 3,6 8,3
Жапония 11,8 2,4 9,4
Улыбритания 11,2 3,4 7,8
Франция 9,2 2,9  6,3
АҚШ 8,4 4,6 3,8
Канада 7,3          4,3 3,0
Германия 6,5 3,8 2,7
Топ бойынша орташа есеппен 9,5 3,6 5,9
Нарықты экономикасы дамыған елдердің жалпы ішкі өніміндегі сақтандырудың үлесін келесі 1 - кестеден көруге болады. Елімізде сақтандыру сыйақыларының жалпы ішкі өнімгеқатынасы 2009 жылы 1,1 пайызды құрап отыр. Дамыған елдерде топ бойынша орташа есеппен бұл көрсеткіш 9,5%-ды құрайды,соның ішінде өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру түрлері бойынша 3,6%, өмірді сақтандыру бойынша 5,9%.[10]
Қорытынды
Сақтандыру сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенін білдіреді.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мудделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта біліктік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
сақтандыру обьектісі бойынша — жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Жалпы сақтандырудың сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру, медициналық сақтандыру, автомобиль көлігін сақтандыру, темір жол көлігін сақтандыру, әуе көлігін сақтандыру, жүктерді сақтандыру, мүлікті сақтандыру, азаматтардың жауапкершілігін сақтандыру, өмірді сақтандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру сияқты түрлері бар. Сақтандыру қызметі және ондағы реттелетін нормалар ҚР-ның Валюталық кодексінде мазмұндалған сақтандыру қызметі дегеніміз – сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты, ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Сондай - ақ мұнда сақтандыру делдалының қызметін де қоса кеткен жөн.
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты — мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногін қалыптастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық - бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметті қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Сонымен қорыта келе, қазіргі заманғы сақтық рыногінің толыққанды жұмыс істеуі, сонымен бірге сақтық міндеттемелердің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Сақтандыру нарығының құрылуына халықаралық тәжірибені іскерлік қолдану. Сақтандыру компаниялары әлемдегі жетекші сақтандыру компанияларымен серіктесуі керек, шетелдердің қатысуымен бірлесе отырып сақтандыру, кеңес, брокерлік комапнияларды құру қажет. Сақтандыру қызметінің шарттары және тиімді тандау түрлерімен сақтандырушыларды қамтамасыз ететін.
ҚР-ның сақтандыру нарығында 2005 жылғы жағдай бойынша 37 сақтандыру ұйымы, 12 сақтандыру брокері, 30 актуарий және 36 аудиторлық ұйым лицензиялық қызметті жүзеге асырады. 2005 жылдағы сақтандыру ұйымының инвестициялық портфелінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі – 51,2%-дан 40%-ға дейін келеді, II деңгейдегі банктердің салымдары 20,7%-дан 24,4%-ға дейін өсті. Ал сақтандыру міндеттемелер саласы 2005 жылы – 25 567,7 млн.теңге болды.
Ал Қазақстандық кәсіпкерлер мен азаматтарға, яғни сақтандыру жүйесін пайдаланушыларға келетін болсақ,олар сақтандыру мәселелеріне келгенде парықсыздық танытады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР заңы 2011ж.
2. Азаматтық кодекс (ерекше бөлім) Алматы 2012ж.
3. Жуйриков К. К. Страхование: одна из платформ Казахстанского «барс», Алматы, 2009г.
4. Жуйриков К. К.; Назарчук И. ; Жуйриков Р.Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Алматы 2014г.
5. Жуйриков К. К. Формы и методы страхования. Алматы 2013г.
6. Серикова Г. С. Совершенствование страхования в РК. Автореферат Алматы,2012г.
7. ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы — Алматы: Қазақстан, 2012.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Статистикалық бюллетень», маусым, 2013.
9. Айтуған А. «Жинақтаушы зейнетақы қоры меншік капиталына келетін табысты үлестіру», 2011.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.2013.

Приложенные файлы

  • docx 18166593
    Размер файла: 69 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий