1_Psikhologia_p_1241_ni_1


1 Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. “Психология” ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ мағынаға ие. Тұрмыстыќ технологиялыќ білім: Наќты білім Интуициялыќ мінез білімі Білім беруде бөгеттер болуы Білімнің көзі- баќылау Берілетін білім- шектеулі Ғылыми психологиялыќ білім: Талдап ќорытылған білімАќыл- парасаттылыќ білімБілім жинаќталады жєне беріледі. Білімнің көзі- експеримент Білім єрќашан кеңейіп отырады. Бұл ұғымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:
Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады. Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті. Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі. Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.
2. Психологияның  даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз. Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді: 1 этап жан туралы ылым - Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жыл бұрын берілген. Жан адам өміріндегі түсініксіз пайда болған құбылыс деп түсіндірді.2-ші этап Психология сана туралы ғылым- XVII ғасырдағы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен сәйкес келеді. Ойлауға қабілеттілікті, сезінуді, уайымды сана деп түсінді. Негізгі оқыту әдісі адамның өзін -өзі бақылауы және фактілерге сүйену деп санады.3-ші этап Психология мінез-құлық туралы ғылым- XX ғасырдан басталды. Психолог-тардың мақсаты –адамдардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, реакцияларын бақылау болып табылды.4-ші этап Психология психиканың заңдылықтары мен механизмдерін, фактлерін үйретуші ғылым-дүниеге материалистік көзқарас бойынща ұйғарым жасады. Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады. Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы; Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы; У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы. Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесіретінде қолданылып жүр. Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі. Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардыңмеханизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.
3. Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз.
Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы. Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.  Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.  Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындаы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Және т.б. салалары толып жетеді. Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.
4 Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның әр даму кезеңiне орай өзiнiң. зерттеу пәнiне деген көзқарасыныңөзгерiп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы әлi алда. Психологияны. дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пәлсапамен бiрге кележатыр.ХIХ .. со.ы - ХХ .. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында .лан.айыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психология-ны. ф.лсападан бөлiнiп, жаратылыстану .ылымдарымен .штасып, .зiнi. эксперименттiк зерттеулерiн.йымдастыра баста.ан д.уiрi. Б.л ХIХ .. кейiнгi ширегi бол.анымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тере.iнде өрiс алды. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады 1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. 2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді . 4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз. Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адпмның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетінбайқауға болады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар: байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету; зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет; байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу. Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. 2) Тәжірибе.Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т.б.Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс; Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз. Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.Тұлғаның қалыптасуы болашақта басты адамға әсер ететін күш болып қалады. Іс-әрекет және мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі :бұл жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал интерериозация механизмі басты рөл атқарады. Іс-әрекеттің басты принципі субъектілік және заттылық болып табылады. Іс-әрекет теориясын қалаушылар жеке тұлға бүкіл өз өміріндегі өмір сүретін ортасына және сол қоғамдағы әлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуында оның балалық және жастық шағндағы өмірі өз әсерін тигізеді. Осы теорияны қалаушылардың тұлғаның позитивті өзгеруін оның әлеуметтік өсуіне байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша адамға сана туылған кезде берілмейді, ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық қарым-қатынастар мен нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі бұл төрт компоненті тұлға моделі болып табылады. Бұл моделде басты орынды қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін-өзі бақылауды негізге алады. Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады. Қабілеттілік- тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқталуына әкеліп соғады. Мінез- тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Өзін-өзі бақылау- тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте тығыз байланыста. Тұлғаның когнитивті теориясы Когнитивті теория гуманистікке жақын, бірақта кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді. Скиннер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады. Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып келеді. Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады. Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт «жұмсақ», «өткір» және аралық немесе формалды динамика. «Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни, жүйке жүйесі және ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады. «Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады. Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы ңменң деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен, адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумі бар адамды ңкемелденген тұлғаң деп атады.
7. Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген). Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады. Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі. Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте, және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін өзі ұстау тәрбиесін алады. Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса реттелмейтін, стихиялық сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін “кездейсоқ” болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін. Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау. Психологияда әлеуметтеуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтың концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты – индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек. Әлеуметтенумен бір уақытта өтетін процесс – инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегі адам әрекетінің рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам мәдениетті табыспен игерсе оның әлеуметтік тәжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес және керсінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін -өзі өзектендіру (самоактуализация). Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін өзі дамыту және өзін- өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орынды алады. Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуынынң қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ. Келесі мәселе - тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым - тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.
8. Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз.
Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсiктер сезiм мүшелерімiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, ибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесi не орай көру, есту, сипау , иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А . Р . Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi- генетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты . Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк. Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты , яғни iшек, қарын , жүрек , қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулерд i миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзалар да пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсi ктерд iң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады , осыдан бұлар адамның көңiл - күй қалпына жақындау келедi. Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөн iндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк негiзiн құрап , оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында бер iлген ( тельца Паччини ). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердiбейнелейдi. Аталған топқа , сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың шеңберлi сайларында жайласқан . Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды . Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмi не жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.
9 Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз. Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс. Термин 4 түрлі мағынада қолданылады: 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция; 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады; 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері; 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалықпсихоанализде қолданылады. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретініинтероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.
10.Түйсіктердің қандай негізге сүйеніп жіктелетінің атаңыз. Сонымен, түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау көзi. Сезiм мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс - тiтiркену деп қабылданған. Тiтiркенуден, өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiкжүйке жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандайпсихикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие. Түйсiктiң физиологиялық механизмi - арнайы жүйке тетiгiталдағыш қызметi. Əр талдағыш үш бөлiктен тұрады: 1)сыртқы энергияны жүйке процесiне қосушы дененiң шеткi бөлiктерiнде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлiгiне жеткiзушi афференттiк немесе сезiмтал жүйкелер; 3) шеткi бөлiктен жеткен жүйке импульстарын өңдеушi талдағыштың миқабығындағы бөлiктерi. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасуша-ларына сай арнайы мекендерi болады. Түйсiк пайда болуы үшiн барша талдағыштардың тұтастай, бiрлiктi қызметi қажет. Сонымен бiрге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тiтiркендiргiштердiң əсерiне орай икемдi өзгерiске келе беретiн мүше, мұндай өзгерiстерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетiктерге де ие. Мысалы, терi қабатына инемен əсер етiлсе, ол жер дiрiл қағатыны байқалады, осындай тiтiркендiргiштерден тамыр тартылуы, терi жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары жəне т.б. бəрi де түйсiк реакцияларына байланысты туындайтыны белгiлi. Сонымен, түйсiктер тiптi де енжар процесс емес, олардың белсендiлiгi ерекше. Бұлпроцестердiң бəрiнiң де белсендiлiк сипаты түйсiктердiң өзiнше жауап əрекетке келуқасиетiнен туындап отыр.
11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз. қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi. Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады. Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек. Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады. Түйсiну мен абылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны жағынан байып отырды. Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады. Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.Қабылдаудың заттылығы – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз. Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады.
12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз. Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады. Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз. Қабылдаудың заттылығы – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз.Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады. Қабылдаудағы иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер әр түрлi ерекшелiктерiне байланысты. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, терiс бейнелерi - галлюцинациялардан ажырату қажет. Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. Әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.
13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз. Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мысалы: заттың көлемі мен түрін қабылдау – көру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады. Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам өмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.Қозғалысты қабылдау - әртүрлі объекттердің уақыт аралығында кеңістікте өзгеруі. Ол әртүрлі анализаторлардың байланысына тәуелді. Мысалы: көру, кинестетикалық анализаторлар.Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сөзі, қазақша жақындату деген
мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды.
14. Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз. Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет: Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы; Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру; Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру; Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру; Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет, 3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық болады екен. Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi. Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек. зақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудiқайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгiiс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтiтежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.
15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз. Есте қалдыру жəне қайта жаңғырту үшiн жұмсалатын əрекеттердiң сипатына орай естiң əр түрi келесiнегiзгi үш өлшемге сəйкес болуы шарт: 1) əрекеттегi басымдау болған психикалық белсендiлiктiң сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезiмдiқ, бейнелiжəне сөз - логикалы болып бөлiнедi; 2) iс-əрекет мақсатына орай ес - ырықты жəнеырықсыз болуы мүмкiн; 3) дүниелiк iс-əрекеттегi рөлi мен орнына тəуелдi жатталып,сақталу мерзiмiнiң мөлшерiне байланысты - қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жəне нақтықызметтiк естер ажыратылады.Қозғалысты ес - əрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бiрлiктi жүйесiн естеқалдырып, сақтап жəне қайта жаңғырту. Кейбiр адамдарда осы ес түрi басқаларынан гөрiбасымдау келедi. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаза да, бимен көрсетуге шебер. Ал екiншi бiреулердiң қозғалысты есi тiптi шабан. Сезiмдiк ес. Əдетте, қажеттерiмiз бен қызығулары-мыздың, қоршаған ортаменқатынасымыздың қаншалықты тиiмдi не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңiл-күйiмiзбен танытамыз. Бейнелi ес - елестерге, табиғат көрiнiстерiне, сонымен бiрге дыбыстар, дəмгенегiзделген жад iздерi. Ол көру, есiту, сипай сезу, иiстiк жəне дəмдiк болып бөлiнедi. Егеркөру, есiту естерi əрбiр жете дамыған адамның өмiрлiк бағыт-бағдарында қалыптасатынболса, онда сезiмдiк, иiстiк пен дəмдiк естер адамның кəсiптiк қасиеттерiне жатады.Сөздiк-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына бiздiң ой-өрiсiмiз кiредi. Ой тiлсiзөрнектелмейдi, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздi-логикалы болатыныосыдан. Бiздiң ойымыз əртүрлi тiл формаларымен берiлетiндiктен, оны қайта жаңғыртуматериалдың тек негiзгi азмұнын жеткiзумен не сөзбе-сөз қалтықсыз aйталануыменжүзеге асуы мүмкiн. Егер кейiнгi жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеугетүспейтiн болса, онда оның өзгерiссiз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауғаайналады.Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бiрiздi, кезекпен келетiн 2 деңгейiқұралады. Адам өмiр тəжiри-бесiнiң көбi ырықсыз ес əрдемiмен жинақталып, соныңарқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажеттi болған тұр-мыстық бiлiктерiмiздiң қорықалыптасады. Бiрақ iс-əрекет барысында адамның өз iс-əрекеттерiн басшылыққа алу қажеттiгi де туындап қалады. Бұл жағдайда iске ырықты ес қосылады да, осыдан бiзгекеректi болған материалды алға ниет қып белгiлеумен аттаймыз немесе еске түсiремiз.
16 Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз. Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырып, түсiндiрген. Солардың алғашқысы Аристотель ұсынған ассоциациялық теория. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Кейіннен психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар: 1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз. 2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн. 3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi. Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын ашқан И.М.Сеченов пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша асаоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады. ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60 ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен. ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы – гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдiXX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл бағыттың негiзгi постулаты тұтастың жүйелi ұйымдасуы ол құралған бөлшектердiң қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi.Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүредi. Адам үшiн сол мезетте өзектi болатын кейбiр күйлер есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгiлi нұсқаулар туғызады. Естiң физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi. Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялықтеория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң биокибернетикалық теориясы пайда болады. Әр түрлi ЭВМнiң (электро-есеп машина) iшiндегi мәлiметтердi сақтау және солармен жұмыс iстеудi ойластырған кезiнде, адам есiнiң механизмдерiне сүенген. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi. Бұл бағытта копьютерлердiң электронды есте сақтауларын, қайта жаңғыртуын қарастырады. Естi психологиялық зерттеудiң табыстарына қарамастан iздердiң есте қалуының физиологиялық механизмдерi мен естiң табиғаты толығымен зерттелмеген.
17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз Естiң генетикалық және иммунитеттiк түрi адамға туылғанында берiледi, ал нервтiк түрi өмiр бақи қалыптасады және дамиды. Бiр-екi айлық балалар ең алдыменен анасын, соңынан басқаларды тани бастайды. Сол кезiнде үй iшiндегiлердiң бiреусi үш немесе көп күнге дейiн көрiнбесе, бала оны ұмытып кетедi екен. Балада естiң тану түрi бiрiншi дамиды екен. Зерттеулерге қарағанда, 3 жасар бала, жарты жыл бұрын көрген заттарын тани алса, 4 жасар бала бiр жыл бұрын, 6 жасар бала бiр жарым жыл бұрын көрген заттарын танитын көрiнедi. Мектеп жасына дейiн балаларда көбiнесе эмоциялық және эйдетикалық есi болады. Есте сақтағандарының көбiсi ұзақ мерзiмдi сақталады. Жастайынан балаларға тақпақтарды, өлеңдердi жаттатып, қайталау, айтылған ертегiлердi, әңгiмелердi айтып берүдi сүрау – естi дамытуының басты шарттары. Бұл балалардың есте сақтау және қайта жаңғыртулары ерiксiз болып келедi. Ал мектепке келгеннен кейiн балаларда ерiктi, сөздiқ -мағыналық, логиқалық естi мұғалiмдер түрлi шаралармен дамытады. Естi тәрбиелеу дегенiмiз, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдiстерiн дұрыс жолға қойып орындауымен байланысты және сонымен естiң көлемiн нығайту. Егер жаттаудың жүесiн жақсы бiлсе және орындаса, жаттағанды еске түсiруi де еске қалдыруда зор нәтижелi болмақ.Естiң әр адамда даралық ерекшелiктерi болады. Бiреулер түрiн жақсы еске сақтайды да, сөздердi тез ұмыта бередi. Бiреулер әңдердi тез еске сақтайды, бiреулер қимылдарды. Ал қазақ ақындарында мен жырауларында естү есi жақсы дамыған болытын едi. Осындай ерекшелiктерiне орай естiң типтерiн бөлiнедi. Есте қалдыру мен ұмытудың шапшаңдығына, олардың баяулығына орай төрт типке бөлiнедi: есте қалдыру ұмыту 1. Шапшаң – баяу, 2. Баяу-баяу, 3. Шапшаң – шапашаң, 4. Баяу – шапшаң. Бiрiншi типтегi адамдар оқыған немеес жаттаған нәрсесiн бiр реттен ақ есiнде жақсы қалдырады. Естi дамытуға әр кезде болады. Адамға бiлiм алу үшiн әр кезде ес керек болып жатады. Оқудың сапасын көтеру үшiн естi дамыту қажет. Бiздiң көргенiмiздiң, естiгенiмiздiң және сезiнгенiмiздiң көбiсi ұмытылып кетедi, өйткенi оған зейiнсiз қараймыз. Ес – зейiн, қабылдау және ойлау құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Сондықтан, есте сақтауды жақсартамын десеңiз байқағыштықты, таңдаушылықты, елестету мен түсiнудi және санаға жеткiзудi жетiлдiру қажет. Психологтарменен өте көп тәсiлдер ашылған. Осыларды колданғанда, мысалы, шетел тiлдердi тез жаттауға болады немесе емтихандарға дайындалуға көмектеседi. Бұл мнемотехникалар: ВИЗУАЛИЗАЦИЯ. Жаттаған сөздерден бейненi құрастырып жаттау. ''thesunshines’’ дегенде ‘’күн шықты’’ деп жаттамай, орнына күннiң жарқырағанын елестетiңiз.УАҚЫТҚА БАҒЫТ-БАҒДАР ҚОЮ. Егер есте сақталатын мәлiметтi тек емтихан тапсырғанға дейiн деп сақтаса, ол тез ұмытылады. Ал сол мәлiмет болашақ мамандық бойынша жұмыс iстегенде керек болады деп сақтаса, ол көп уахытқа қалады. АССОЦИАТИВТІ ЕСТЕ САҚТАУ. Есте сақталатын сандарға, сөздерге, қимылдарға т.б. ассоциативтi байланыстарды табу. Мысалы, телефонның номiрiн сақтағанда, сандарды әйгiлi жылдармен байланыстыру. Бiр сөздерде, сойлемдерде белгiлi көшелердi немесе орындарды елестету. Қимылдарда бiр аңдармен байланыстыру.‘’МИНУСТЫ’’ ‘’ПЛЮСҚА’’ АУЫСТЫРУ. Бiр нәрсенi еске сақтағыңыз келсе оны жақсы көңiл күйiңiзбен байланыстырыңыз. Немесе жаттайтын нәрсенiң қабылдауын жағымды қылып өзiңiзге көрсетiңiз. Сол кезде ол көпке дейiн сақталады. ФАМИЛИЯЛАРДЫ ЕСКЕ САҚТАУ. Басқа адаммен танысқанда фамилиясын немесе атын дұрыс еске сақтамасаңыз, сол адамды ренжiтiп аласыз. Сiзде сөздердердi еске сақтау қабылеттiң дамымағанын ол қайдан бiлсiн. Сол үшiн ең алдыменен айтылғанда дұрыс естiп алыңыз. Түсiнбесеңiз тағы қайталауды сұраңыз. Онда түрған еш нәрсе жоқ. Содан барып сол сөздiң мәнiн түсiнүге тырысыңыз немесе өзiңiз өте жақсы бiлетiн ұқсас атты адамдармен байланыстырыңыз.ТӘУЛIК БОЙЫ ЕСКЕ САҚТАУЫМЫЗ ӨЗГЕРЕДI. Табиғи адамда әр кезде жұмыс қабылетi өсiп немесе төмен түсуi қалыптасқан. Есте де күшеюi немесе әлсiреуi болады. Сонымен түнде, сағат 2-4 дейiн және күндiз сағат 12-14 арасында есте сақтауымыз нашарлайды. Ал таң ертең сағат 8-12 дейiн және күндiз 14-17 дейiн еске сақтауымыз күшеедi. Бiрақ кейбiр кездерде адамның кеш уақыттарында ойлау және еске сақтау жұмысы жақсарады. ӨЗГЕ ТIЛГЕ АУДАРУ. Еске сақтау мәлiметтi өзiңе түсiнiктi ұғымдармен, өз сөзiңе ауыстыру. Өзiiнiң тәжиребеңнен алынған нәрселерге байланыстырғанда еске сақтау жақсарады.
18. Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күште жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Жаттауды схема, кесте, диаграммалар (әсіресе оларды оқушылардың өздері құрастырған болса) жеңілдете түседі. Формулалар, даталар, есімдср, шет тіл сөздері т. б, жаттауды басқаша үймыдастырған жөн. Шет тіл сөзін жаттағанда оның мәнін түсініп қана қоймай, оның ана тіліндегі қай сөзге сай келетінін де, белгілі тәртіппен орналасқан дыбыстар мен әріптердң үйлесімі екенін де есте сақтау керек. Жаттауды жеңілдету үшін сездерді мазмұнына, ортақ түбіріне немесе дыбыстық жағынан ұқсастығына қарап топтастыруға болады. Жаңа сөзді бұрыннан таныс сөзбен салыстырып, олардың маңызы, дыбыстық жәнс әріптік құрамы жағынан болатын ұқсастығын, айырмашылықтарын тауып отыру да мақсатқа сияды. Кейде сездің қай әріптен басталып, қандай буынмен аякталатынын, кітап немесе сөздіктің қай жерінде басылғанын есте сақтау сияқты сыртқы ассоциациялар жасауға да болады. Ерікті түрде есте қалдыруды қайталау арқылы жаттығудың маңызы зор. Бір рет қабылдап қайталаған нәрсені бір дегеннен адам есте қалдыра алмайды, ол үшін оларды бірнеше рет қайталап, арнаулы тәсілдермен жаттығып отыруы керек. Адам баласы қабылдаған нәрселердің барлығын есте қалдыра берудің қажеті жоқ. Олардың барлығы біздің өмірімізге керек бола бермейді, сондықтан керексіз нәрселерді есте сақтаудың пайдасы жоқ. Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет: Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы; Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру; Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру; Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру; Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет, 3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық болады екен. Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi.Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi. Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек. зақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгiiс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтiтежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.
19.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз. Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiнушындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларынқажет ететiн процесс.Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.
20.Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз. Əр адамда оның ақыл-қабiлетiне орай өзiндiк ойлау ерекшелiгi болады. Осы ерекшелiктен əр тұлғаның ақыл сапасы көрiнедi. "Ақыл" түсiнiгiнiң ауқымы "ойлау"түсiнiгiнен кеңiрек келедi, себебi "ақылдылық" интеллект сияқты тек ойлау қабiлетiненкөрiнбей, басқа да таным процестерiнiң тұтастай желiсiнен байқалады. Кей адамдаройлауда көрнекi-бейнелердi көбiрек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдардынегiзiне алып, ой жүгiртедi. Ой əрекетiнiң ерекшелiгi сондай-ақ адам көңiл-күйiмен де,оның топтаған бiлiмдерi мен еңбек, тұрмыс тəжiрибесiне де, өзiнде қалыптастырған ойлауəдiстерiне де тəуелдi келедi.Ойлау процесiнiң жеке кезеңдерiн қарастыра отырып, əрқандай ой əрекетiнiңмiндет, мақсат белгiлеу, яғни бастап-қы кезеңдегi ойлаудың жеке, дара ерекшелiгiадамның дербестiгi мен белсендiлiгiнен көрiнетiнiн байқаймыз. Тұлғаның ойлау дербестiгi оның жаңа мəселелер мен проблемаларды қоя бiлiп, оларды тың əдiстерменшеше бiлуiнде, ал бұл қабiлет өз кезеңiнде ойлаудың белсендiлiгiмен, яғни кезiккенмiндеттер мен мəселелердi өз бетiнше шешуге ұмтылыс жасап, өзiнше шешiм жолдарымен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелiгi, əсiресе,мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4жастағы сəбилер үлкен-дерге "неге олай?", "неге бұлай?" деген сұрақтарды жиi қояды. Мəселе шешуге орай құбылыстар байланысын (ассоциация) iздестiрiп, болжам(гипотеза) жасауда ойлау қасиетi-нiң ауқымдығы, яғни қойылған проблеманы тұтастайкөре бiлiп, оған байланысты болмыс сырларын көптен қамтып, өткендi, қазiргi менболашақ жағдайларды штастыра пайда-лана бiлу үлкен мəнге ие. Мұндай адамдарды көбiне "өрiсi кең" депипаттаймыз.Əрқандай шешiм сындарлы ойға түсiп, жұрттың айтқанын не өз топшылауыңдыжалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтiрiп, "оң" не "қарсы" тараптарын таразылағанды талап етедi. Сындарлы ақыл сипаты адамның объек-тив жағдайлар мен өз iс-əрекетiне орынды баға беру қабiлетiнен, нақты бағыт ұсынып, алға тартылғанболшамдарды жан-жақты өлшестiрiп, оларды тексеру нəтижелерiн объектив бағалайалуынан келiп шығады. Сындарлы ой дамуының негiзi əрбiр тұлғаның терең бiлiмдiлiгiмен тəжiрибесiнде.Шешiм қорытындысын тексеру барысында жəне оның нəтижелерiн практикағаендiруде ойлау икемдiлiгi үлкен маңызға ие. Ой икемдiлiгi əрқандай субъекттiң қандай дамəселе бойынша қатып қалған көрсетпелер мен бұрыннан қалыптасқан əдiстердiңқұрсауында қалып қоймай, жағдай-лар өзгерiсiне орай жылдам да жаңа шешiмдерге келеалуын көрсетедi. Бұрыннан қабылданған ойлау жəне əрекет стерео-типтерiнен(қайталанып тұратын əрекет-өрнек) құтылу өте күрделi, салмақ түсiретiн, қажеттiойластыруды талап ететiн процесс. Бұл адамды ой еркiндiгiне, жаңашыл ойлауға арнайытəрбиелеудi керек етедi.Ойлаудың жеке дара ерекшелiктерiн əңгiмелей отырып, келесi жəйттi естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзi емес, адам, бiртұтас тұлға. Талай аналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейiнде қалып жатқанының куəсiмiз, сондықтан əрқандайұшқыр ойдың жасампаз, белсендi əрекетпен ұштасқаны, əр адамның өз барындықызметiн пайдалы, өнiмдi еңбек əрекетiне жұмсағаны жөн.
21 Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв). Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды. Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аішараттардың (тіл, срін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б.) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі. Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.Ауызиш сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшсліктері төмендегідей: Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді; Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тогызыншы» деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады. Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей: Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді; Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі); Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:
Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды. Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга тырысады, кеп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
22. Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңыз. Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз. Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу,  тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі. Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог. Ауызша сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.  Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі —диалогтық сөййлеу. Диалогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей: Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді; Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тогызыншы» деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады; 2. Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады; 3. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады. Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей: Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді; Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі); Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді. Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:
1)  Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга тырысады, кеп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
3)   Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4)    Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам озінің туысқандарына, таныстарына хаг арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т.б. создер.  Бұдан басқа, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизіміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі – хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын – жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат – міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жетіледі
23. Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз. Адам баласының сана-ссзімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы.  Тіл немесе сөйлеу үш түрлі қызымет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызымет адамның тілі арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір - бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызыметін ғылыми атауда коммуникативті қызымет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез - құлқы мен іс - әрекетіндегі даралық тәжірбиелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат - міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл - ойымен байланысты.Ақыл - ой не интелекті әрекет ең алдымен, іс - әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс - әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат - мүдделермен салыстырады. Осындай ақыл - ой нәтижесінде әр адамның мінез - құлқындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Тіл адамның ақыл - ой әрекеттеріндегі қатынас құралы. Ал қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым - қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағұлматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік - тарихи тәжірибелерін дамытады. Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым - қатынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін құрал – тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект - өзге адамдар және олардың санасы мен ниеттіліктері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым - қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс - әрекеттер жасауға түрткі болатың себептер.Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауыжеке адамдар (үш-төрт адам) арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар болады.
24. Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз. Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануын – зейін дейді. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Зейінің қызметтері:
1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді
Зейінді негізгі үш топқа бөліп қарастырады. Олар: 1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы жүзеге асырылады. 2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі жағдайлар мен себептер әсер етеді. 3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес. Яғни, байқап отырсақ, зейіннің қызметінің нәтижесінде оның түрлерін ажыратуға мүмкіндік аламыз.
25. Зейіннің психологиялық теорияларын интерпретациялаңыз. Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді. Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді. Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады. Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.
2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.
3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.
4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.
5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.
6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.
7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.
Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.
Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.
26 .Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлін айқындаңыз. Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.Қиялдың ғылыми техникада және көркем Шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді. Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.
Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады. Осылайша, қиял адам организімінің процесстерін реттеуде де және олардың жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.
27. Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз. Қиял процессі ес сияқты ерікті(мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады. Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз. Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты. Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялыжәне шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс. Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді. Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады. Бірақ кейбір адамдар үшін арман тек іс-әрекеттің орнын ауыстырушы ретінде ғана қолданылады. Олардың армандары тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстың себептерінің бірі, олардың әрдайым сәтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді. Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның позитивті мәні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде. Мысалы: Сәтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі. Өз кезегінде негативті психикалық күй адамның әлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді. Бұндай жағдайда арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады. Ол негативті психикалық күйдің нейтрализациясына және адамның жалпы белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс болып табылады. Алайда, қиял пассивтіформада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады. Егер ерікті немесе белсенді қиял әдемленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нәтижені ойлайды. Ал қиял іс-әрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап, өзі елестететін әлемге кетуіне әсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай және дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады. Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.
28. Қиял және шығармашылық өзарабайланысын айқындаңыз. Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, өзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс.Қиялдын бұл түрі арқылы жаңа бейнелер жасалады Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің т.б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем бейне арқылы береді. Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін "көреді", олардың мінез-құлықтарын "елесетеді", сөзін "естиді". Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз кейіпкерлерімен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін "сезіп", қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер. К.Маркс айтқандай, ғылымның "сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады". Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С. Макаренко айтқандай: "жеке адамның келешегін жобалауда" мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
29 Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы. Сезiмдер туралы жалпы ұғым. Сезiмдердiң пайда болуы.Жалпылау аккумуляциялау механизiмi. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищевтiң сезiмдердi тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде қарастыруы. Сезiмдердiң ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу қызметтерi. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту. Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi. Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз. Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады. Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады. Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен. өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.
30.Эмоцияның негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы аитылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады.Эмоцияның бір түрі – аффектер. Аффектер дегеніміз қысқы уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты. Аффектер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. Адам бойы қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. “Фрустрация” латыншадан аударғанда - көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құзалып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады. Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі – эмпатия. Эматия адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің мән-жайын психологияда ашып көрсеткен – американдық психолог Э. Титченер. Ол филисофиядағы ұнату сезімнің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық – адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл – ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Құмарлықтың ұнамсыз түрімен күрес жүргізіп, жексұрын қылықтарға жол бермеу керек. Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.
31 Эмоцияның негiзгi қызметтерiне  талдаңыз. Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi. Эмоцияның қызметтерi Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады. Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек.
Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады. Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Олар әртүрлi бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, әлсiреуi, тiптен толық өшiп қалуға дейiн, жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. Көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.
32. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз. Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89). Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi. Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.
33. Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз. Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін.
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
   -ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
   -тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
   -тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
34 Адамның еріктік қасиеттері мен  дамуы  жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз. Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi. Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi. Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.Батылдық - жекее адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi. Ұстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат және оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дәлелдеп қорғай алады. Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек төрт жасқа қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн тәрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. “Баланы жастан” деп халық бекер айпаған. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор.
35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз. Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырттай əрекет-қылығында,қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынанкөрiнедi. Темперамент ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек барысына ықпал етуi табиғиқұбылыс. Дегенмен,темпераментайырмашылықтарындағы басты қасиет – олардыңпсихикалық мүмкiн-дiктер деңгейiнде емес, өзiндiк iске асу көрiнiстерiнде.Егер iс-əрекет қалыпты жағдайда жүрiп жатса, соңғы нəтиже мен темпераментарасында ешқандай тəуелдi байланыс болмайды. Бұл ғылыми дəлелденген. Сонымен,тұлғаның қалыпты жағдайдағы əрекет нəтижесi оның шап-шаң не енжар екендiгiне қарамай,бiрдей өлшемде болады, себебi соңғы өнiм нəтижесi басқа факторларға, əсiресе сеп-түрткiлер мен қабiлет деңгейiне байланысты келедi. Темпера-мент ерекшелiктерi солəрекеттi орындау тəсiлдерiн өзгертуге ықпал жасауы мүмкiн. Темпераментiне қарай адамдар соңғы нəтиже емес, сол нəтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпера-менттiң тума ерекшелiктерi тəжiрибе, əлеуметтiк ортаға жəне өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрiнiс бередi.Жағдайға орай жауап-əрекет, бiр жағынан жүйке жүйесiнiң сипатына, екiншi тараптан – оқутəрбие мен кəсiби тəжiрибеге тəуелдi (Р. М. Грановская). Мысалы, тəжiрибелi шқыштың,боксердiң, жүргiзушiнiң əрекет шапшаңдығы тума берiлген қасиет емес, жаттығу менйренудiң нəтижесi. Ал сол əрекеттердiң iске асу шегi жүйке жүйесiнiң мүмкiндiктерiменанықталады.Көптеген кəсiби қызметтер үйрету, оқытумен кемел-денбейдi, ондайдатемперамент бiтiстерi шек қояды. Мысалы, домбыраны əркiм де тартуы мүмкiн, ал шеберкүштi болу - кемде-кем адамға берiлген өнер. Мұндайда маман дайындау үшiн кəсiбитаңдаумен бiр кəсiби бағдарлы тəрбие əбден қажет. Психологиялық ерекшелiктерiненегiздеп, кəсiби маман-дандырылған адамдар өз еңбегiнде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.Адам iс-əрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның тем-перамент ерекшелiктерiнетiкелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдарментiлдесу қажеттiгi көп жерде, бiр өмiр қалпынан екiншiсiне көшу керек болған жағдайлардасангвиник дамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер рекетте сылбыр, енжаркөрiнгенiмен, жай, iрқалыпты, тұрақты бiр тəртiппен орындалатын қызметтерде өтетиiмдi келедi. Қайталануы көп, жалықтыра-тын, арапайым iстерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршапшалдықпайды. Ал қызмет бабы мен əдiстерi шектелген, еркiн қимылға үмкiндiк жоқжерде - сангвиник пен холерик типтi де шыдамайды.
36 Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестнуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темпераментадамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
37. Ойлауды дамытуға арналған әдістерді сипаттама беріңіз. Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бiр жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады. Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады. Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды. Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
38. Павловтың темперамент туралы теориясын түсіндіріңіз И.П. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. И.П.Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады. И.П.Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, өшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер, И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жануарға жасаған болса, Б.М.Тепловпен оның шәкірттері осындай экспериментті адамдарға жасады. И.П.Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв жүйесі күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің өкілдері. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв қызметінің типі адаммен бірге туады және оның түгелдей өзгеріске ұшырауы неғайбыл. Дегенмен И. П. Павлов нерв қызметі типтерінің жекеленген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені байқалған. Осыдан И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу процесінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады,- деген қорытындыға келеді.
39 Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темпераменттер Холерик Флегматик Сангвиник Меланхолик Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.  Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді.  Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. 
40.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлеріңіз талдаңыз. Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез аршатады.  Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.  Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.  Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
41 Мінездің  қалыптасуына әсер ететін  заңдылықтарын дәлелдеңіз Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады.Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие. Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.
42. 47. Мінездің  тұлғалық  ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз. Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.
43. Темперамент пен мінездің  айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз Темперамент және мінез-құлық. Темперамент адамның жалпы мінез-құлық мәдениетіне тәуелді. Мәселен, кей адам өзін тежеп, тізгіндеп отыру былай тұрсын керісінше жанталасу, өршелену, ашу-ыза, қуаныш, күйіп-пісу секілді эмоциялық жағдайларды әдейі жасап отырады. Кейбіреулер тіпті күйгелектікке түсіп, темпераментінің күшті не әлсіз жақтарын паш етіп, басқаларда үрей немесе аяушылық сезімін туғызғысы келеді. Мұндайлар көбіне барлық жағдайды темпераментке нервке аударып, өзінің ұстамсыздығын, дөрекілігін, жөнсіз, әдепсіз, сотқарлығын ақтағысы келеді. Бұл тәрбиесіз, мәдениетсіз адамның қылығы. Адамның өз мінез-құлқын қоғамда қабылданған моральға сәйкес ұйымдастыра алуы мәдениеттілік болып табылады. Жеке адам басқалардың жағдайымен, көңіл-күйімен санасып отыруы керек, оларға ілтипатпен қарап, көңіл қалдыратындай әсерлер туғызбауға тырысып отырған жөн. Бұл үшін ұстамдылық қажет. Күйіп-пісіп жүретін холерик өзін тежеп, тізгіндейді басқалармен орынсыз дауласа бермейді, назарын басқа жаққа аударып, қолайсыз ситуациядан бойын аулақ ұстайды. Меланхоликтің өзін-өзі үрейге де, қорқынышқа да билетпей ұстауына болады.
44 Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз. Бөгде  адамның  тұлғалық  дəрежесi  жөнiнде  бiз  оның  дене  құрылымы,  психологиялық  жəне  қылықəрекеттiк  белгiлерi  бойынша  топшылаймыз.  Бұл  белгiлер адамның  сырт  көрiнiсiнен,  киiмiнен,  əрекетқылығынан,  сөзiнен,  бет  əлпетi  мен  ымишарасынан  байқалады.  Адамның  сырт  көрiнiсi  мен  психологиялық  бейнесi арасында тiкелей  де  толық  байланыс  болмағанымен,  бұлардың  екеуi  қандай  да  өзара  ықпалды қатынаста.  Əрқандай  адам  жөнiндегi  бiздiң  бiрiншi  паймдауымыз  осы  сырт  келбет  пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежлденақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара  байланысты  екенiн  дəлелдеген    (Э.  Кречмер,  У.  Шелдон  т.б.).  Дене құрылымы  ерекше  бiтiске  ие  болған  адамдар,  мiнезi  жағынан  да  өзара  ұқсамас.  Осы тұрғыдан  барша  адамдар  үш  типке  жатады:  астеник,  пикник,  атлетик.  Пикник  типтес адамдар көңiлдi,  үйiршең,  əңгiмешiл,əрқандай  қиыншылыққа  жасымайды;  астеник адамдар  көбiне  тұйық,  оңашаланғанды  ұнатады,  ұдайы  ойға  шомып  жүредi;  ал атлетиктер ұстамсыз, дүлей келедi.  Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары  мен  жеделдiгiне  орай  жеке  адамның  ерекшелiктерiн  байқаймыз.  Адамның сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқутəрбие барысында пайда болады.       Кейбiр  қатынастарға  байланысты  адамдардың  психологиялық  бейнесi  тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама  өзгерiссiз  сақталады.  Осыдан  бiз  адамды  көпшiлiк  iшiнде  ажырата  бiлемiз.  Жəне  бiр тұрақты  сақталатын  қасиеттер адам  мiнезi,  қылықəрекетi  мен  əдеттерi.  Осылар бойынша  санамызда  жасалған  образдар  арқылы  бiз  көп  заманнан  ажырасқан адамымызды танимыз.Кейде  кездейсоқ  ұшырасқан  адамымыз  көптен  таныс  сияқты  болып  көрiнедi.  Ал тiлдесе  келе,  оның  əрекетқылығына  мəн  бере,  тiптi  басқа  бiреу  екенiне  көз  жеткiземiз. Кейде,  керiсiнше,  алғашқыда  танымасақ  та,  адамнң  мiнез  бiтiстерiнен,  əрекетқылығынан  бұрыннан  бiзге  таныс  белгiлердi  байқап,  жақындасуға  тырыыз.  Осыдан, бiздiң  санамызда  бекiген  адам  бейнесiнде  үлкен  рөл  ойнайтынмiнез  бiтiстерi,  екiншi орында  адамның сырт көрiнiстерi.   Уақыт  ағымына  берiлмей,  ұзақ  мерзiм  сақталатын  белгiлердамның қажетсiнулерi,  əрекетқылық  мотивтерi  мен  қызығулары.  Бұлар  бойынша  бiз  адамды тануымыз  мүмкiн,  бiрақ  бұл  үшiн  аталған  белгiлер  сол  адамның  сырт  көрiнiсi  мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс. 
45.А.Е.Личко бойынша мінез акцентуация типтерін түсіндіріңіз.Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар төмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі: 1)Мүдделермен бейімділіктердің ортасы 2) Сезімдермен, еріктің бағытталу ортасы; 3)Қауымдастық ақыл ой ортасы. Жеткіншектер және жасөспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым көрсеткішті болуы және жасөспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті көрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.«Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация –бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға өту тенденциясы бар қырлар. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады. Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін. Барлық акцентуацияларды Личко –адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады. Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясыпсихиатриялық диагноз болуы мүмкін емес. А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.Акцентуациялық мінез типінің екі негізгі жіктеуі бар.
46 К.Леонград бойынша мінез типтерінің сипаттамасын жасаңыз. Кез келген адам мазасыздық жағдайын сезінеді. Мазасыздық – бұл реалды және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу. Егер қауіптілік реалды болса, мазасыздық күшті жұмылдырып, шоғырландыруға көмектесіп, бейімделуді орындайды. Егер адам мұндай жағдайда жиі болса, онда психика жұқарады, ал өнімділік төмендейді. Мазасыздық бұл жерде ішкі тынышсыздыққа, дүрлігуге, қамдануға, қозғыштыққа өтеді. Сондлықтан да мінез – бұл тұлғаның фрустрациялық жағдайларға қарсы тұруы, мазасыздықтың шешілуінің индивидуалды тәсілі. Фруструация – бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Бірақ, белгілі болғандай, жағдай қиындығы – бұл субъектілік құбылыс; сондықтан бір адамға танысу қиын (бұл астеникалық тұлғаларда болады), басқаларға айырылысу қиын (оларды тұйықталған), біреулерге монотонды еңбек қиын, басқаларға экстремалды жағдайларда әрекет жасау мүмкіндігі қиын. Қалған тапсырмалар жеңіл шешіледі және де адамның өмір сүру жолы жалпы өнімді болып табылады. Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, адамда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко). Айқын акцентуация –  “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның дезадаптацияға әкелу мүмкіндігін көрсететін шеткі норма варианты. Жасырын акцентуация бұл қарапайым норманың көрінуі. К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма варианты деп түсінді. Сондықтан адамнығ күшті жағына қарағанда, оның жетіспеушілігін тізбелеу әсерін жасау түрін сипаттайды. Осында әдістің ерекшелігі, бірақ әрине, оған медициналық диагноз қою жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және  Т әріптерімен көрсетемін.Қазір, әсіресе Кеңестік тәсілдер шегінде бұл бөлімдердің тарихи құндылығы бар, “таңдамалылық” түсінігі тоталды формалды – динамикалық сапа сияқты темперамент категориясына жатады. Міне, осы типтер: 1. Демонстративті (истероидты) (М)  — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән. 2. Педантты (жоғары пунктуалды) (М) — өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип. 3. Тұйықталған тип (М) – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады. 4. Қозғыш тип ( эпилептоидты ) (М) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім. 5. Гипертимді тип (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес. 6. Дистимді тип (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды. 7.Қауіпті – қорқақ  тип (Т)  — қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді. 8.Циклотимді тип (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі. 9. Эмотивті тип (Т) – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды. 10. Аффективті – экзальтировты тип (Т) – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады. Аталған белгілердің акцентуациясының әлсіз түрінде көрсетілген. Олардың кейде пайдасы да бар. Мысалы истероидты акцентуациясы бар Адам публикалық мамандыққа шизоидты акцентуация шығармашылық ойлауға және оригиналды шешім қабылдауға, параноидты мінез-құлқының мақсаттылығында көрінеді. К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбінесе К. Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.
47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз. Жеке адамның мінезінің қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етеді және оның рөлі өте маңызды. Мінез қалыптасуына сензитивті кезең екі-үш жастан тоғыз-он жасқа дейінгі кезең болып табылады, себебі осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсенді қатынасқа түседі. Осы кезеңде баланың сеніміне кіре отырып, мінез-құлықтың керекті формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерімен әсер ете алу мүмкіншілігі жоғары. Баланың мектепке дейінгі кезеңінде мінездің келесі қырлары қалыптасады: ақ көңілділік, көпшілдік, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзімшілдік, мейірімсіздік, байыпсыздық. Ал бастауыш сынып кезінде адамдармен қарым-қатынаста көрінетін қырлары қалыстасады Егер баланың мінезіндегі белгілі бір қырлары отбасында қалыптасып, ол мектеп кезінде қолдауға ие болса, бұл мінез қыры одан әрі қарай дамып, қалыптасады. Жасөспірімдік шақта мінездің ерікті қырлары, ал жастық шақта адамгершілік, жауапкершілік ауысады. Мінез адам өмірінің барлық жолдарында қалыптасады және өзгереді. Адам мінезінің қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтанда мінез басқа да тұлғаның қырлары сияқты іс-әрекет кезінде қалыптасады. Адамның мінезінің өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және оның объективті фактор екендігі еш дау тудырмайды.
49 Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз Комплимент айту - екіжүзділіктің, жасандылықтың, біреуге жағынудың белгісі. Көп адамдар комплиментті мазақтау, өшін алу мақсатында қолданады, сондықтан ешкімнің сөзіне мән бермеңіз. ал комплимент айта алмау - нағыз шынайылық" деп жазыпты.
50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз. Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық
ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. . Психикалық даму үдерісі тек генетикалық себептерден ғана бол-май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланысты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігімен ерекшеленеді Сензитивтік–бұл кей орта ықпалдарын өткізіп, қалғандарына тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек өкіліне, оның даму бағытына қоршаған орта ықпал-әсерінің ауқымы мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъекті болуына оның бір ғана белсенділігі жеткіліксіз. Оның қандай орта ықпалдарын қалайтыны сол адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді. Өзін қоршаған ортаға жаңалықты өзгерістер ендіре отырып, адам өз генотиптік бағдарламасын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет-қылық формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде даралықты, жекеленген қылық формалары пайда бола бастайды.Адамның табиғи тұстарын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адамдағы биологиялық сипаттарды оның бойындағы қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн. Адам құрылымындағы биологиялық нышандардың өзін де тек адамилық нышаны деп білген дұрыс. Адам тумадан өзінің әмбебап дамуының генетикалық мүмкіндіктеріне негіз болған жоғары биологиялық құрылымға ие. Адам биологиясының өзі де әлеуметтік себепті, яғни оның қоғамдық – тарихи дамуымен орайласқан.Психиканың пісіп жетілуі мен қалыптасуын ажырата білген орынды. Психиканың пісіп жетілуі–бұл адам психикасының іштей өз бетінше (спонтанное) өзгерістерге түсуі. Психиканың қалыптасуы– бұл психиканың сыртқы ықпалдарға және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге тәуелді дамып, белгілі нәтижеге келуі.
51. Психология 21 ғасыр ғылымы" тақырыбында эссе құрыңыз. Психология Қазақстанға 90-шы жылдары келе бастаған ғылым болып есептеледі. Осы кезден бастап ЖОО-да психологтарды даярлайты бөлімдер ашыла бастады. Алғашында орыс топтары ашылды. Өйткені, материялдық база дайын болмай шықты. Ресей, шетел оқулықтарына сүй,ніп оқытып жатты. Ал қазіргі таңда теориялық, жалпы психология, балалар психологиясы салаларында мәліметтер жеткілікті. Психология- ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде психолог болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды. Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады. Жоғарыда айтқанымыздай, үнемі компьютер мен телефон, телевизор арқылы көретін атыс-шабыс ойындар кинолар баланың психологиясын бұзады. Тіпті дүкенде сатылатын ойыншықтардың біршамасы баланы ой-қабілеті дамытуға арналған деп айту қиын. Қарапайым ғана мысал, қыздардың сүйіп ойнайтын Барби қуыршақтары боянып, сыланған бойжеткен қыздың бейнесі. Ол қыздарды кішкентайынан теріс қылықтарға бейімдейді. Тәрбие бүлдіршін кезден басталмай ма? Олардың көретін мультфильмдері де құбыжықтар мен басқа планеталардың соғысы мен тартысқа толы. Балалардың назары теледидарда болғандықтан, мейірімділікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін телеарналар көбірек болса екен. Мысалы «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалар балаларды танымдық, психологиялық жағынан дамытатын бірден-бір арна деп есептеймін. Қазақтың ұлттық тәрбиесіне көп мән берілген. «XXI ғасыр – психология ғасыры» деп Эйнштейннің өзі айтып кеткендей, қазіргі кезде барлық білім беру мекемелерінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға үлкен назар аударылып келеді. Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеу-меттік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, соның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Педагог-психологтың жұмысы барысында кездесетін қиын- дықтарды келесі психологтар өз еңбектерінде қарастырған: В.Н.Карандашев, В.А.Фокин, Т.М.Буякас, О.Н., Е.А.Климова, Г.Леонова, С. Лучкина, Е. Марченко, Л.К. Сеил, М. Степанова және т.б. Дегенмен, осы күнге дейін педагог-психологтардың жұмысындағы кездесетін қиындықтар мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Психология және педаго-гика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылық тудырады. Осыны жүзе-ге асырудың жолдарын іздестіру зерттеу мәселесінің өзектілігін тудырады.
52. Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз. Өмірлік циклдің әрбір кезеңі үшін қоғаммен берілетін негізгі специикалық мәселе тән. Бұл мәселенің шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейінде, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның жалпы қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды бектуге негізделеді. Тұлға дамуын – дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі. Мысалы, егер де бірінші деңгейде бала да қоршаған әлемге деген сенімсіздігі қалыптасса, онда мектеп жасында мұғалімдердің әсерімен ол бала сенім жағына қарай таңдау жасай алады. Деңгейдің әр біреуінің емес қол жеткізген тепе-теңдігі өзін Эго – біртектіліктің жаңа формасын ашумен белгілейді және аса кеңірек әлеуметтік айналаға субъектісінің қосылуына мүмкіндік ашады. Эго – біртектіліктің бір формасына өту біртектіліктің дағдарысын тудырады. Оны Э. Эриксон «Бұрылу пунктары», «прогресс пен регресс, интеграция мен тоқтапқалулардың арасындағы таңдау мезеті деп атаған».
Э.Эриксон бойынша тұлғаның өмірлік жолының деңгейлері
Өмірлік жолдың деңгейлері Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапалары Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Нәрсетелік (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам Сенімділік-сенімсіздік Энергия және өмірлік қуаныш
2. Ерте жас (1-3 жас) Ата-аналар Автономия-қобалжу, ұялу Тәуелсіздік
3. Ойнау жасы (3-6 жас) Ата-аналар, ағалары мен апалары Инициативтілік-кінә сезімі Мақсаттылық
4. Мектеп жасы (6-12 жас) Мектеп, көршілер Қолжеткізу-толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар топтары Біртектілік-біртектілік диффузиясы Өзін-өзі анықтау, жанқиярлық пен берілгендік
6. Жастық шақ (20-25 жас) Достары, жақсы көретін адамдары Интимділік-изоляциясы Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі Шығармашылық-тоқырау Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат, жақын адамдары Интеграция-өмірге көңіл қалу Данышпандылық
53Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз. Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі – «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді. Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория,Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Ерік – қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады. Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді.
54«XXI ғасыр- психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз, 53 сурактан жазуга болады.
55. Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз. Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн ж/е оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi ж/е оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп ж/е белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады. Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең 2-3 жастан 9-10 жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең 1-ден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық ж/е оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды ж/е қалыптасады. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады ж/е өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады д.а. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ж/е обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды
55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері–тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажыралады:
шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамды және т.б.
Мінездің зерделік, ой-өріс(интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тарапы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне,бұл сапа-мен бірге жүретін тұрақтылықпен табандылыққасиеттеріне байла-нысты келеді. Алтұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады. Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастар-дың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объек-тердiң маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтiрiкшi, əдептi - дөрекiт.б.).
2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер - ерiншект.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзiмшiлт.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты - салақт.б.).
Аталған қатынастардың бəрiнiңде мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адам-мен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарама-қарсы, бiрақ бiрiнiң кемшi-лiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iс-əрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндi реккелiп, мiнез түрiнiң басқаларынан Ажыралуына себепшi болады.
56 Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз. Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика - (грек тілінен алынған logic - сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегі мен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы балаларды қандай да бір өсімдіктермен таныстыруда оның құрамын көрсетуден бастаймыз. (тамыры,сабағы,жапырағы). Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса,онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі. Біріктіру –бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі,бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек,элементтер тобы ретінде қарастырылады.Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие.Бала жекелеп талдау мен әріптерді тануға қол жеткізеді,ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды,буыннан сөз,сөзден-сөйлем,сөйлемдерді біріктіріп мәтін мазмұнын шығарады.Салыстыру - әрқандай заттар мен құбылыстардың, не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті.Күнделікті тұрмыстық салыстырулар.Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз - ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады. Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.Сынып оқушылары бірдей емес.Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл,біріңғай жаттығулар орындау жалықтырады.Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,кітапқа ,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Оқу еңбегінің қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қлай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады.
1. Қабылдау
2. Түсіну
3. Есте сақтау
4. Қорыту және жүйелеу.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек». Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті. Демек адамның ойы – ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сонда логиканың өзіндік ерекшелігі неде? Ойлау формалары немесе логикалық формалар үшеу: ұғым, ой пікір және ой қорыту. Психолого-педагогикалық ғылымда логикалық ойлауды бастауыш сыныптардан бастапкіргізу керек деген ұғым бар.Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек:мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамыуымен байланысты болуы керек. Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шарты -мен ғана дамиды: көрнекі әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық. Алғашқыда 3-4 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады.Бала перамидка жинағысы келеді,одан соң оны түзетіп қалауға тырысады. 5-6 жаста көрнекі-мүсіндік ойлау дамиды,бұл көріп тұрған заттардан керектісін таңдай білуді, бұл заттардың бір-бірімен, бөлшектерінің өзара байланысын,қатынасын анықтауға көмектеседі бала мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Оқыту процесінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен міндеті. Қорыта келе логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Біз бұл ұғым және олармен байланысты мәселелер бойынша психолошиялық, педагогикалық оқу әдістемелік әдебиеттерді және ғылыми зерттеу жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды деген пікірге келдік. «Ойлау - логиканың заңдылықтарымен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова.
58. Өзіңіздің студенттік тобыңызға  психологиялық мінездеме беріңіз. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті.Биология және биотехнология факультетінің, биофизика және биомедитцина кафедрасының 1-курс магистранттары,педагогика биология мамандығындағы студенттерге психологиялық мінездеме.Бұл мамандықтың студенттерінің жас ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан ойлау,қабылдау,есте сақтау қабілеттерінде өзіндік ерекшеліктері байқалады.Барлық студенттердің ұлты қазақ,ұлттық тәлім-тәрбиелері,әдет-ғұрыптары өздерінің өскен елді-мекеніне шыққан ортасына байланыс әртүрлі болып келген.Барлықтарының оку үлгерімі өте жақсы, берілген тапсырмаларды тиянақты дер кезінде орндай алады, өте ұйымшыл көпшіл, адамгершіліктері өте жоғарғы дәрежеде.Оқудан тыс белсенділіктері айтарлықтай жоғарғы дәрежеде.Жағымсыз жақтары көп жағдайда байқалған емес,байқалған жағдайда көп емес.Басқа топтағы студенттермен қарым-қатынастары өте жақсы. Әлеуметтік-идеологиялық қасиеттері жоғары, Ұлттық идеологияны білуі өте жақсы деңгейде.Қоғамдық белсенділігі ягни ұйымдастырушылық каблеттері жоғарғы денгейде. Жеке психологиялық қабілеттері:ойлау қаблеттері артүрлі,мінездері де әртүрлі,жан дүниелерініңде тұрақтылықтары, психикалық темперамент (сангвинник,меланхолик,флегматик холерик)әртүрлі. Әрбір тұлғаның бағытталуы өзіне,қоршаған ортаға, іс-әрекетке байланысты болып келеді
59 Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз. Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. Көптеген адам қабілеттері үшін бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұығлдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол тоқталмайды. Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруге, сол немес басқа да ықпалға көтеріңкі сезімталдылық кезеңінен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады. Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталынатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы кезең екенін атап өту керек, және де қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса, онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады. Сондықтан баланың қабілетін дамыту үшін тұлғалық сияқты оның барлық кезеңдері маңызды. Бала есейген сәтте жібертіп алған толықтырып алады деп ойлауға болмайды.
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту сосын мектеп, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына бастабында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды. Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түйткіл болатын ол ойын. Ойын барысында көптеген қозғалыс,құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем-суретшілік және басқа шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынытығы дамуы болып табылады. Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлері ойын, жапсыру және сызу болсын, қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет. Қабілеттің жақсырақ дамытатын балаларды ойландыратын шығармашылық әрекет. Мұндай әрекет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанда, өзі үшін жаңа білім ашқанда, кез келген жаңаны құрумен байланысты. Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша, онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Оынмен қоса, шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуге және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді. Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни, баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттіліктің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті ғана жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалынбайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды.Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тәрбиенің ерекшілігі болып табылады. Егер ата-аналар балаларының қабілеттілігінің дамуына қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады. Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макророртаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқаорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуінде, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр. Кәсіби бағдарланудың қажеттілігі әрбір адам тап келетін - өмірлік жолын таңдау және кәсібін анықтаудағы мәселелер, төтенше өзекті мәселелермен шарттастырылған. Кәсіби бағдарланудың француз психологы А.Леон диагностикалық және тәрбиелік деп атаған екі тұжырымдамасы тарихи қалыптасқан. Бірінші – диагностикалық - жеке тұлғаның кәсіби жарамдылығын анықтауға таңдау жүргізеді. Кеңесші тест көмегімен адамның қабілеттілігін өлшейді және кәсіпке қойылатын талаптармен оларды жинастыру жолымен оның аталмыш кәсіпке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды.
60. Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз.  Тұлғаның даму мен белсенділігі оның практикалық іс-әрекеттегі шындықты тану мен қоршаған ортамен эмоциялық байланыс құрумен анықталады. Тұлғаның қабілетін дамыту механизмдері оның творчествалық мәселесінің ерекше өзектілігін көрсетіп отыр. Творчествалық қабілеттің динамикалық тұлғалық сипаттамасы шығармашылықтың және оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді. Белсенділік тұлғаның иеленген білімі, көзқарасы және түсініктерінің ойлау, эмоция, сөз және т.б. процестер арқылы көріну және өзгеру жүйесі болса, ал творчествалық қабілет ол шығармашылық, әдемілік, көріктілік пен сымбаттылық. Мұның барлығы адамның өмірлік позициясындағы шығармашылық іс-әрекетінен көрінеді. Әр жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып, творчествалық қабілетін арттыру олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік жасау болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тәжірибе танымдық іс–әрекеті мен оның жеке даралық қабілетінің негізі болып табылады. Ол тұлғаның интеллектуалды дамуы мен шығармашылық қабілетінен көрінеді. Қазіргі таңда психология ғылымында кеңес психологтары Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, О.К. Тихомировтың еңбектерінен жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық іс–әрекет, тұлғаның дамуы мен жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, В.С. Мерлиннің зерттеулерінен психикалық жаңа білімді қалыптастыру тәсілі және тұлғаның әлеуметтік әрекеттену факторы екендігін көреміз. Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында өз халқының тарихы мен ұлттық құндылықтарды пайдалану (М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Л.К. Көмекбаева) белсенділігі жоғарылап, оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді. Тұлғаның жеке даралық дамуы мен қалыптасуы туралы мәселені шешкенде, ең алдымен, баланың ақыл – ойының даму деңгейін ескеру маңызды орын алады. Оның жаңа материалды меңгеруі қандай білім мен іскерліктерді талап ететіндігіне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, ол іс-әрекеттің себептеріне айналады. Тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыру оның қоршаған ортамен қатынасы, әлеуметтенуі мен қарым-қатынасының алатын орнын басқа адамдармен өзара бірлескен іс-әрекеттегі жағдайы арқылы анықталады. Ол қарым-қатынасқа түсуші жақтармен ұйымдастырылатын жұмыстар негізінде жүзеге асырылады. Осындай дамыту іс-шараларына тренингтерді, топтық пікір таластарды, іскерлік ойындарды және т.б. жатқызамыз. Мысалы, топтық пікірталастар түрлі мақсаттарға қол жеткізуде қолданылады: мәселенің түпнұсқалы шешімін табу, оқыту мақсаттарында пікірлерді сәйкестендіру және бірыңғай шешім жасау. Ал белсенділік дегеніміз сол іс-әрекетті орындауға ынталандыру. Ынталандыру мадақтау, жарыстыру, айыптау, яғни ықпалды әрекеттер болып табылады.
Тұлғаның творчествалық қабілетін дамыту, шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, оның болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын жақсартудың алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Әрине, қабілетті баланы анықтау көпқырлы және күрделі процесс болып табылады. Қабілет дегеніміз не? Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет деп, мысалы, ақынның, жазушының, ғалымның, педагогтың және тағы да басқалардың қызметінде айрықша маңызы бар бақылағыштығын айтамыз. Суретшінің жұмысы үшін айрықша маңызы баркөру есін, жазушының творчествосы үшін өте керекті эмоциялық ес пен эмоциялық қиялды, инженер мен техникке керекті техникалық қиялды, сонымен қатар музыкалық естігіштікті қабілеттер деп атаймыз. Ал қабілеттілік – қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің үздік орындалуының шарты болатын психикалық қасиеттер. «Қабілет» ұғымымен қатар «тәсілқой» және «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі. Қабілетті адам бұл жерде епті адам ретінде түсіндіріледі, ал «епті» ұғымы сөздікте жоқ. Сонымен қабілеттің ұғымы іс-әрекеттегі жетістіктермен арақатынаста анықталады. «Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.


Приложенные файлы

  • docx 18162906
    Размер файла: 125 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий