1178_os__1179_anatty_buna_1179_deleliler__1257_kilderini_1187_biologiasyn


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қос қанатты бунақделелілер өкілдерінің биологиясы мен медициналық маңызы: масалар, шыбын, бәкене шыбын, шіркей, ақбас құмыты, сона, оқалақОрындаған: Танабай М.Ғ. Тобы:201-Б МПДҚабылдаған:Алипбаева Г.С. {8A107856-5554-42FB-B03E-39F5DBC370BA}Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы ЖоспарҚос қанаттыларКөк шыбынВольфарт шыбыныШіркейСонаМасаҚұмытыОқалақ Қос қанаттылар (Diptera) – жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді. Қос қанаттылар арасында синантроптар да (үй жануарлары, өсімдіктер және микроорганизмдерге қатысты; мысалы, тышқан, шыбын) бар. Қан сорғыш жәндіктер (масса, шіркей, т.б.) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі – ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны– өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны (дрозофила) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері – балық жемі; маса, шыбынды құртады. Қазақстанда 6 түрі (мыс., алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т.б.) “Қызыл кітапқа” енгізілген. Бәкене шыбыныҰсақ, қан соратын қос қанатты насекомдар, денесінің ұзындығы-1,5-3мм,ашық сары, не қоңырқай түсті. Көздері үлкен қара,мұртшалары 16 буыннан және қалың түктерден тұрады. Аяқтары ұзын жіңішке болады.Денесі мен қанаттары ұсақ түкпен қапталған. Аналықтары жануарлардың және адамдардың қанымен қоректенеді. Олар паппатачи ысытпасының вирусын, сонымен бірге тері және висцеральдық лишманиоздың қоздырғыштарын тасымалдайды. Көк шыбын (Callіphorіdae) – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағына жататын өлексе шыбыны. Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңді (мыс., ет көк шыбыны – Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны – Lucіlla serіcuta). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда 10-нан астам түрі кездеседі. Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Көк шыбын Ет көк шыбыны Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады. Шыбындар — кез келген ұшатын жәндік.Этимологияда екіқанатты немесе нағыз шыбынның (екіқанатты) 85 000-ға жуық түрі бар.Шыбын деп аталынатын басқа жәндіктердің екіқанаттылардан ерекшелігі қанатының құрылымында. Вольфарт шыбыны (Calliphoridae) - саркофагид тұқымдасының шыбыны.Денесі 9-14 мм түсі - күлгін-сұрғылт, мұрттары мен аяқтары қара. Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Орталық және СолтүстікАзияда таралған. Шыбын табиғатта өсімдіктерде - өлекселерде кездеседі, қора-жайға жоламайды. Тірі табатын шыбындар. Ұрғашылары ұзындығы 1 мм. 120-200 балаңқұрттарын жануарлар, кейде адамның дене жарақаттарына (құлағына, көзіне, аузына, танау тесігіне) салады. Балаңқұрттар бұл жерден маңдай, мұрын қуыстарына еніп өте ауыр миаз ауруын туғызады. Балаңқұрттар дамуын 3-5 тәулікте аяқтап (18 мм дейін жетеді) жерге түсіп қуыршақтанады. Бір жылда 6 рет тұқым береді. Көбінесе миазбен төл аурады. Зақымданған жануар жарасында жүзге таяау балаңқұрт болуы мүмкін. Әлсіреген жануарлар миаздан кейде өледі. Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) – қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады. Негізгі тұқымдастары: КІРПІШЫБЫНДАР, тахиналар (Tachіnіdae) – қосқанаттылар отрядына жататын қысқа мұртты шыбындар тұқымдасы. Жершарында кең тараған (5000-дай түрі белгілі). Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Ұзындығы 3 – 20 мм. Мұртшалары қысқа, үш бунақты. Дернәсілдері – басқа жәндіктер мен көпаяқтылардың ішкі паразиттері. Кірпіщыбындың кейбір түрінің аналықтары жұмыртқаларын өз иесінің денесіне (Exorіsta, Phryxe, т.б.), кейбіреулері (Dexіa, Taсhіna, т.б.) иелеріне жақын жерлерге салады. Дернәсілдері иелерін тез тауып алады немесе дернәсілдің иесі жұмыртқаны қорегімен бірге жеп қояды. Кірпішыбындардың дернәсілдері 3 тәуліктен 3 аптаға дейін, ал піллә ішінде жататын қуыршақтары 8 тәуліктен 6 аптаға дейін дамиды. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағынан дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады. Кірпішыбындардың көпшілік түрлері алғашқы жәндік паразиті ретінде зиянды жәндіктерді (мыс., астықтың аса қауіпті зиянкестері: бақашық, бізтұмсық, қандалалар) жойып пайда келтіреді, бірақ орман және ауыл шаруашылықтарының зиянкестері болып табылатын түрлері де көп. Нағыз шыбындар (Muscidae) - дөңгелектілер отряд тармағының жәндіктер тұқымдасы. Дене ұзындығы 2-15 мм. 400 түрі белгілі. Кең таралған жәндіктер: ТМД-да 1000-дей түрі бар. Өсімдіктер шырынымен қоректенеді; сапрофагтар, жыртқыштар, кейбір түрлері, қан сорғыштар, (негізінен ұрғашылар). Дернәсілдері, жыртқыштар немесе сапрофагтар, көк қасқа шегірткелердің паразиттері және кейбір түрлері құстардын эктопаразиттері. Шіріген органикалық заттарда дамиды, кейбіреулері тірі өсімдік және жануарлар ағзаларында тіршілік етеді. Нағыз шыбындар арасында көптеген түрлері, синантроптар. Олар адам мен жануарлардың ауру қоздырғыштарын тасымалдайды, белгілілері, үй шыбыны, күзгі істік тұмсық қара шыбын, үй-қора шыбыны, аяқтістілердің бірталай түрлері. ШіркейШіркей (Sіmulііdae) – қосқанатты қансорғыш жәндіктердің тұқымдасы (қ. Қосқанаттылар). Жер шарында кең тараған, 1000-нан астам түрі белгілі. Дене тұрқы 2 – 4 мм, Шіркейдің көпшілік түрінің аналықтары – құстар мен сүтқоректілердің қансорғыштары. Аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Дернәсілдері ағын суларда субстратқа бекініп, тіршілік етеді. Қуыршықтарының бір бөлігі пілләмен оралған. Ересек шіркейлер судан тыс тіршілік етеді. Негізінен таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сілекейі улы. Шіркейлердің шаққанда жергілікті (папулалар, ісіктер, тағы басқа) және жалпы (гиперемия, дене температурасы көтеріледі, тағы басқа) реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Кейбір түрлері адамда және сиырларда, бұғыларда – онхоцеркоз; құстарда – гемоспоридиоз; сондай-ақ туляремия және түйнеме ауруларының қоздырғыштарын таратады. Сона(Tabanіdae) – қосқанаттылар отряды, қысқамұртшалыларға жататын қансорғыштар. Жер шарында кең тараған, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі қысқа, жалпақ, ұзындығы 7 – 30 мм. Мұртшалары тесіп-сору қызметін атқарады. Соналардың қанаттары бір-бірінен алшақ орналасады. Жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Көздері жақсы жетілген. Ылғалды аймақтарда жиі кездеседі, адамды және жануарларды шағып, қанын сорады. Аналықтары мөлшеріне қарай 40 – 300 мг-дай қан сора алады. Шаққан кезде терінің астына сілекейін бүркіп жіберетіндіктен, Сонаның шаққан жері қатты ауырады. Сілекейінің құрамындағы гиалуронидаза ферменті тері асты ұлпасының белогын ыдыратып, қанның ұйып қалмауына жол бермейді, сондықтан Сона шаққан жерден біраз уақыт қан тамшылап тұрады. Дернәсілдері негізінен суда, ылғалды топырақта, шіріген өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Соналар көбейген кезде адам мен жануарларға көп зиян келтіреді. Олар туляремия, трипанозомоз, түйнеме, топалаң, қарасан ауруларын таратады. Қазақстанда Sіlvіus, Chrysops, Tabanus, Atylotus, Hybomіtra,Haematopota туысына жататын 72 түрі тіркелген. МасаМаса, ұзынмұрттылар (Nematocera) — қосқанаттылар отрядының бір тармағы. Мұртшалары ұзын, көп бунақты (7 — 65-ке дейін). Дернәсілінің бас капсуласы жақсы жетілген. Ересек түрі ұшып шығар алдында қуыршақ қабығын арқа жағынан бойлай сөгіп шығады.Негізгі тұқымдастары:ұзын сирақты масалар (Tіpulіdae),беріш масалар (Cecіdomyііdae),қансорғыш маслар (Culіcіdae),шіркейлер (Sіmulііdae),ызылдауық масалар немесе мотыль (Chіronomіdae). Ұзын сирақты масаларҰзын сирақты масалардың 1500-ге жуық түрі бар. ұзындығы 12 — 30 мм. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Ересек түрлері қоректенбейді. Дернәсілдері қара шірікпен, өсімдіктердің тамырымен, балдырлармен қоректенеді. Беріш масалардың4000-ға жуық түрі бар.Ұзындығы 1 — 5 мм. Ересек түрлері көп өмір сүрмейді, қоректенбейді. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқтары болмайды, топырақта орман төсеніші мен шіріген сүректе тіршілік етеді, саңырауқұлақ мицелийін сору арқылы қоректенеді. Дернәсілдердің келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің жапырақ, сабақ ұлпалары, қалыптан тыс ұлғайып өсіп, үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады. Негізгі өкілдері:гессен шыбыны,тары құмыты (Stenodіplosіs panіcі),қарақат құмыты (Thomansіnіana rіbіs).Олар — ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері. Қазақстан “Қызыл кітабына” 5 түрі тіркелген. Қансорғыш масалардың 2500-ге жуық түрі бар, ұзындығы 8 мм-дей. Денесі және қанаттары қабыршақпен қапталған. Ауызы соруға бейімделген. Аталықтары өсімдік шырынымен, аналықтары адамның және сүтқоректілердің қанымен қоректенеді. Дернәсілдері ақпайтын суларда жақсы дамиды. 4 рет түлейді. Адамға безгек плазмодиясының барлық түрін жұқтырады. Москиттер немесе үнсіз масалар туысының 130-дан аса түрі бар. ұзындығы 1,3 — 3,5 мм. Денесі түкпен қапталған. Ересек түрлері сүтқоректілер індерінде, адамның мекен-жайын, ал дернәсілдері органикалық қалдықтарға бай жерлерде тіршілік етеді. Сондай-ақ олар лейшманиоз ауруын таратушылар болып табылады. Маса ҚұмытыҚұмыты (Ceratopogonіdae) — қосқанаттылар отрядының ұзынмұрттылар тұқымдасына жататын қансорғыш жәндіктер. Жер шарында 4 мыңнан астам, ал Қазақстанда 71 түрі белгілі. Денесі бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене тұрқы 1 — 4 мм, денесінің арқа жағы көтеріңкі, тұмсығы ұзын, қабыршақ жапқан қанаттарында дақтар болады. Құмытылардың омыртқалы жануарлар қанымен, жәндіктердің гемолимфасымен және өсімдік сөлімен қоректенетін түрлері де бар. Аталықтары мен аналықтары ауада ұшып жүріп шағылысады. Ұрықтанған аналықтары жұмыртқа салу үшін адамның және жануарлардың қанымен, ал аталықтары тек өсімдіктердің сөлімен қоректенеді. Аналықтары жетілген жұмыртқаларын суға, ылғалды топыраққа, құмға, т.б. жерлерге салады. Олардың жаз айларында даму мерзімі жеке түрлердің өзгешеліктеріне байланысты 30 — 60 күнге дейін созылады. Құмытылардың жұмыртқалары мен дернәсілдері қыста қыстап шығады, олардың даму мерзімі ұзарады. Сілекейі улы, шаққан жері ісіп, қышиды. Құмытылар үй жануарларындағы вирус қоздыратын ауруларды (жылқының африкалық обасы, қойлардың жұқпалы қызба ауруы — блутан, т.б.), маймылдар мен үй құстарындағы гемоспоридиоз ауруларын таратады. Оларды жою үшін арнайы инсектицидтер шашады. ОқалақОқалақ сиырдың тілімен де, мүйізімен де, құйрығымен де, тұяғымен де қасый алмайтын сегізкөзінің айналасынан жон арқадан шағады дағы сол жерге жұмыртқа салып кетеді. Сол жұмыртқалар ет пен терінің арасында құртқа (личинка) айналып өсіп жетіледі.  Міне сол құрттар күн ысығанда  жыбырлайды. Солардың жыбырына жаны шыдамаған сиыр жынданып кете жаздайды. Негізі шаруалар оқалақ құрттарын сиырдың арқасынан өткір қандауырмен (ланцет сияқты арнайы пышақ) тіліп алып тастайды. Оқалақ адамды шақпайды ҚорытындыНасекомдар ішіндегі медициналық маңызы бар қос қанатты қан сорғыштар:масалар, бәкене және ылғал шыбындар, шіркейлер. Олар жұқпалы және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасмалдаушылар болып табылады. Қос қанаттылардың биологиясы мен морфологиясы білу барлық мамандықтағы дәрігерлер ,әсіресе санитарлық дәрігерлер үшін алдын алу шараларын, олармен күресудің тиімді әдістерін игеруге мүмкіндік береді. Пайдаланылған әдебиеттер Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, ІV бөлім, А., 2000; Шарова И.Х., Зоология беспозвоночных, М., 2004. Қ. Көшкімбаев«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI томӘбилаев С, А. Қуандықов,Е.Ө,Төлебаев Р.К. Медициналық биология және генетика.1996, ШымкентӘбилаев С, А. Медициналық биология және генетика.2008 Шымкент Назар аударғандарыңызға рахмет!

Приложенные файлы

  • pptx 18090022
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий