palliativti_k_1199_tim


Қызылорда медициналық колледжі
«Мейірбике ісі» қолданбалы бакалавры
реферат


Тақырыбы: Қазақстан Респубикасындағы паллиативті көмек қауымдастығы.Қазақстандағы хоспистер. Паллиативті көмектің халықаралық стандарттары.
Қабылдаған:Байғабылова Ләззат
Орындағандар: Матова Бақытгүл
Мырзабек Айдана
Саим Ләйлә
2016 жыл
Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Паллиативті көмек.
Негізгі бөлім:
А)Қазақстан Республикасындағы паллиативті көмек қауымдастығы.
Ә)Қазақстандағы хоспистер.
Қорытынды.
Паллиативті көмектің халықаралық стандарттары. Паллиативті көмек
Бұрын паллиативті көмек қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды симптоматикалық емдеу деп саналатын, қазір бұл ұғым дамудың соңғы сатысындағы кез келген ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине, соның ішінде көпшілігі онкологиялық науқастарға таралады.
«Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бет перде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу – емделмейтін аурудың көрінуін жасыру және/немесе «қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта паллиативті көмек - медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы- қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту.
Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек:
– қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады;
– өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ;
– науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады;
– емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасы- на көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетед;і
; – емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады;
– емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді; – жеткілікті түрдегі уақтылы жүргізілген шаралардың басқа емдеу әдістерімен жиынтығы науқастың өмірін ұзартуы мүмкін.
Сонымен, паллиативті көмектің негізгі міндеттері .
Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.
Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру.
Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады.
Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады:
1. 4-сатыдағы қатерлі ісігі бар науқастар;
2. Терминалды сатыдағы ЖИТС науқастары;
3. Дамудың терминалдық сатысындағы онкологиялық емес күшейген ауруы бар науқастар (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми қанайналымының бұзылуынан бола- тын ауыр салдар және т.б.).
Паллиативті көмек көрсетуге арналған стационарлық ұйымдар жалпы бейінді ауруханалардың базасында орналасқан хоспистер, паллиативті көмек бөлімі (палаталар) болып табылады, сонымен қатар әлеуметтік қорғау стационарлық ұйымдары бар. Үйге көмек көрсету өз бетінше жеке құрылым ретінде ұйымдастырылған немесе құрылымдық стационарлық бөлімше болып табылатын көшпелі қызмет мамандарымен жүзеге асады.
Паллиативті көмекті ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін. Егер науқастардың көпшілігінің қалған өмірін өз үйінде өткізіп, өз үйінде өлгісі келетінін ескеретін болсақ, онда үй жағдайында көмек көрсету айтарлықта мақсатты болар еді.
Науқастың кешенді күтімі мен көмектің әрбір түріне қажеттілігін қанағаттандыру үшін медициналық та, медициналық емес те мамандықтар бойынша әртүрлі ма- мандарды тарту қажет. Сондықтан бригада немесе хоспис штаты әдетте дәрігерлерден, сәйкесінше дайындықтан өткен мейіргерлерден, психологтан, әлеуметтік қызметкерден және дін қызметшісінен тұрады. Көмек көрсету үшін басқа мамандар қажеттілігіне қарай тартылады. Сонымен қатар туысқандарының және еріктілердің көмегі пайдала- нылады.
Медицинаның ғылым ретінде прогресі, медициналық технологиялардың жетілуі бұған дейінгі уақытта өлімге кесілген емделушілердің көпшілік бөлігін, бүгінгі күні созылмалы ауруы бар науқас ретінде, яғни қалған өмірін ауруынан мүлдем айығып кетуге мүмкіндігі жоқ адам ретінде өмір сүруіне әкелді. Өкінішке орай, көптеген созылмалы аурулардың табиғи ағымы күшейетіндігімен сипатталады және сол немесе басқа кезеңде өліммен аяқталатын декомпенсациямен бітеді. Дегенмен, аурудың осындай ағымы кезінде өмірден озу бірнеше аптадан бірнеше айға созылатын соңғы кезеңде өтеді, мұнда симптомдар спектрі незігі ауруымен байланысты туындаған көріністерден басқа, ілеспе аурулардың клиникалық көрінісімен, емнің жанама әсерлерімен және созылмалы ауруларының күшеюімен байланысты психологиялық және әлеуметтік салдарымен анықталады.
-400053373755 Көптеген елдерде денсаулық сақтау саласы бюджетінің үлкен бөлігі өмірінің соңғы жылдарында адамдарға медициналық көмек көрсету үшін жұмсалатына қарамастан, олар өз қажеттіліктеріне қарай тиісті көмекті әрдайым ала алмайды. Оларға күтім жасаумен, медициналық қызмет көрсетумен, көптеген препараттардың тапшылығымен немесе қымбаттығымен, орта және кіші медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігімен, үйге көмек көрсету үшін көліктің жетіспеуімен байланысты қиындықтар – осының бәрі мәселені ушықтырып тұр.
Емделушілердің өздерінің уайым-қайғысымен қатар, олардың туыстарының да қайғы-қасіретіне тап боласың. Күшейген созылмалы сырқаттың соңғы сатысындағы емделушілердің өмір сүру сапасын жақсарту қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелерінің бірі болып табылады, ал көмек көрсету шешімі паллиативті медицинада маңызды.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «…біздің елімізде паллиативті көмекті дамытуға мемлекеттің мүдделі екендігін растайтын оңалту және паллиативті көмек қызметін дамыту (хоспистер, мейіргерлік күтім ауруханалары және т.б.)» міндеттері тұр.Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында өлім-жітімді төмендету, белсенді ұзақ жасауды арттыру арқылы халықтың қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негізгі индикаторлары анықталған.Қазіргі уақытта Қазақстанда паллиативті қызметті жетілдіру жолдарын анықтауға, арнайы медициналық ұйымдар – хоспистердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.
Сондықтан, «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012- 2016 жылдарға арналған бағдарламасында»: – онкологиялық диспансерлер мен көп салалы ауруханалар базасында онкологиялық науқастарға қалпына келтіру емін жүргізу және оңалту бөлімдерін құру, стационарлық және амбулаториялық деңгейде диагностика жасау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу, стационарға орналастыру технологияларын дамыту,
амбулаториялық деңгейде толық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, паллиативті емдеу бөлімдерін (орталықтарын) құру қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін паллиативті көмекті ұйымдастыру және басқарумен байланысты бірқатар мәселелер бар. Паллиативті көмек әдетте онкологиялық науқастарға айтарлықтай қолжетімді. Қатерсіз аурудан қайтыс болатын науқастарға көрсетіліетін көмек мардымсыз. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әртүрлі патологиядағы ем қонбайтын науқастарға жасына байланысты медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек қажеттіліктері туралы нақты статистикалық база жоқ. Алынған мәліметтер республикада паллиативті көмекті одан әрі дамыту және мамандандырылған медициналық ұйымды ұйымдастыру қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасындағы паллиативті көмек қауымдастығы

«Адамгершілік» қоғамдық қауымдастығы.
-6330952995295
Адамгершілік атты жастардың волонтерлік паллиативті және әлеуметтік көмек көрсететін қоғамдық бірлестігі 2012 жылы шілде айында Қарағанда мемлекеттік медицина университетінің студенттері арқылы ашылды.
Бұл ұйымның мақсаты - паллиативті медицинадағы қоғамдық проблемалар мен медициналық әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу және салауатты өмір салтын насихаттау үшін әлеуметтік қолайлы орта қалыптастыру.
Онкологиялық науқастарға «Амазонка» көмек қоры.
-6330955101590 Онкологиялық науқастарды қолдайтын «Амазонка »қоғамдық қолдау қоры 2011 жылы ресми түрде тіркелді,бірақ 2007 жылдан бастап өз жұмысына кіріскен.
Қордың мақсаты – физикалыз және заңды тұлғалардың күшін біріктіру арқылы онкологиялық және аурудың терминалды сатасындағы немесе
Басқа да аурулармен ауыратын нақастарға әлеуметтік,мәдени,танымдық және қауымға пайда келтіру мақсатында көмек беру.
Қордың міндеті – онкологиялық науқастарға әлеуметтік көмек қорын құру.
Ұйымның басты бағытына:
Онкологиялық тегін тексеріп,кеңес беруі;
Пациенттерге психалогиялық көмек беру;
Онко науқастарды қолдауға арналған акциялар ұйымдастыру;
Үйге арнайы әлеуметтік көмек көрсету /психоневралогиялық мүгедек балаларға/
Тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға,18 жастан асқан мүгедек балаларға , І,ІІ топтағы мүгедек адамдар мен қарт адамдарға.
Хоспис- терминальді пациенттерге өмірінің соңғы күндерін қамтамасыз ету мақсатында паллиативті көмек көрсету.
«Кредо» қоғамдық қауымдастығы
-517525402590
1999 жылы тіркелген «Кредо» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы ЖҚТБ/СПИД және нашақорлықты алдын алуға бағытталған ассоциациялық ұйымның паллиативті өмек ассоциациясының және Қарағанды облысының азаматтық Альянс ұйымының мүшесі болып табылады.
Жұмысының бағыты – нашақорлық,ВИЧ,СПИД –тің алдын алуға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының бағдарламалары мен жобаларына мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу,аз қамтылған отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізу,құқықтық сұрақтарға кеңес беру,өмірде қиын жағдайға душар болған адамдарға трагедиялық және кризистік жағдайларын болдырмау.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында және әлеуметтік қорғау,көмек беруді анализдеу.
«Обырға бірге қарсы тұру» қоғамдық қоры
-5175254060190
2015 жылдың 22 қазанында Астана қаласында"Паллиативтік көмек: өмірдің жаңа сапасы" атты халықаралық конференция ("Шаңырақ" залы) және «Қолжетімді опиоидтар: әркімнің құқы» тақырыбында дөңгелек үстел ("Орда" залы) өтті.
Бүгінгі күні паллиативтік көмекке түрлі патологиямен ауыратын 98 мыңға жуық қазақстандық пациенттер мұқтаж. Олардың  ішінде алдыңғы кезекте қатерлі ісікке шалдыққан жандар тұр. 
Қазақстанда паллиативтік көмек енді ғана тұрғындарға медико-әлеуметтік көмек көрсетутің маңызды бөлігіне айналып келеді. Елімізде паллиативтік көмекті дамыту 2009 жылы ҚР «Қазақстан Республикасы халықтарының денсаулығы туралы» кодексін қабылдаудан бастау алса да , паллиативтік көмек әлі де болса барлық инкурабельді (жазылмайтын) пациенттер үшін қолжетімді болмай тұр.
2013 жылы паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын қабылдау – осы саладағы маңызды жетістіктердің бірі болды. Дегенмен, осы стандарттарды жүзеге асыру үшін көптеген кедергілер бар:
ауруды емдеу мен заманауи жансыздандыру әдістерінің тиімді препараттарына мүмкіндіктің аздығы;
хоспистар санының аздығы, ауруға қарсы кабинеттер мен күндізгі стационарлардың қызметіне қол жетімсіздік, сонымен қатар үйдегі паллиативтік көмектің аздығы;
«паллиативтік көмек» мамандығының немесе ҚР мамандықтарының ұлттық классификаторында «паллиативтік медицина» ұғымының болмауы;
дәрігер-кадрларды, медбикелерді, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді, еріктілерді (волонтерлерді) дайындаудың дамымаған жүйесі;
аудандық онколог, жалпы тәжірибиелік дәрігер, учаскелік медбикелер арасында паллиативтік көмек көрсетудің тәжірибелік дағдысының төменгі деңгейі және т.б.  
"Паллиативтік көмек: өмірдің жаңа сапасы" халықаралық конференция аясында:  паллиативтік көмекті дамытудың әлемдік тенденциялары, Қазақстан Республикасында паллиативтік көмек көрсетудің стандарттары, паллиативтік қызметті дамытудың экономикалық және клиникалық аспектілері, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан табысты жобалар, білім және кәсіби дайындықтың рөлі, тиімді ауруға қарсы терапия, терминалды ауруларды симптомдық емдеу, паллиативтік көмектің психологиялық аспектісі тақырыптары талқыланады.
«Қолжетімді опиоидтар: әркімнің құқы» дөңгелек үстел аясында: опиоидты анальгетиктер қажеттілігіне есеп, тиімді опиоидты анальгетиктер алуға кедергілерді анықтау; ұлттық тізімде ауруға қарсы препараттардың алуан түрлерін кеңейту қажеттігі және опиоидтердің таблетка түрін ендіру; опиоидты анальгетиктер қажеттілігіне есепті қайта қарау; опиоидты анальгетиктер бойынша нормативті актілерге қажетті түзету сынды тақырыптарды талқылау көзделіп отыр.
2013 жылдың 10 қазан айында Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Қорында «Предикция, превенция және онкологиядағы паллиативтік көмек» атты тақырыпта Еуразиялық обырға қарсы форум өткен болатын. Форумды ұйымдастырушылар – «Обырға бірге қарсы тұру» қоғамдық қоры, Еуразиялық онкологтар федерациясы мен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Қорының қолдауымен Алматы онкологиялық орталығы, Қазақстан денсаулық сақтау Министрлігі мен Алматы қаласындағы денсаулық сақтау Басқармасы.
Форум барысында көбінесе алғашқы онкологиялық конференциялардағы талдау шеңберіндегі сұрақтар қаарстырылды, мысалы: обыр ауруының қауіптерін қалай төмендетуге болады (превенция), ауруды ертерек қалай байқауға болады (предикция) және арнайы емдеу көмектесе алмайтын адамдардың өмірлік сапасын қалай жақсартуға болады (паллиативтік көмек).
Форумның бағдарламасында обыр ауруын алдын алу мен оны бақылау, оны ерте кезден емдеу, қатерлі ісіктер скринингі, паллиативтік және хоспистік көмек көрсету, ауруды басу және науқастарды ілеспелі емдеу сияқты сұрақтар қаралды. Диагноз қойылған уақыттан бастап, обырмен ауыратын адамдардың өмірінің сапасын жоғарылату, пост-стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру және науқастармен жұмыс істеудің психологиялық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Форум шеңберінде 11 қазан айында жақында өзінің қатарында кез келген Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсетуді дамытуға мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды біріктіруге бағытталған «Паллиативтік көмек көрсетудің Қазақстандық қауымдастығы» (ПКҚА) заңды тұлғалар біріккен бірінші конференция өтті. Негізінде Қазақстанда паллиативті көмек қауымдастығы 2013 жылы 10 қазанда құрылды.
Осыдан кейін конференцияға қатысушыларға ұлттық ассоциацияның қайтадан құрған паллиативтік көмек көрсету мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттар ұсынылған болатын.
Конференцияға қатысушылары Қазақстан Республикасында паллиативтік көмек көрсетудің жүйесін құру және дамыту бойынша нұсқаулықтардан тұратын бұрыштаманы талқылады.
12 қазан – Халықаралық хоспис және паллиативті көмек күні. Бұл күні Сорос-Қазақстан және Алматы онкологиялық орталығының қолдауымен «Обырға қарсы біргеміз» Қоры Халықаралық хоспис және паллиативті көмек күніне орай ақпараттық кампания өткізеді Акция аясында Алматы және Астана қалаларының ірі кинотеатрларында, осы қалалардың әуежайында, банктер және басқа мекемелермен қатар паллиативті көмек туралы ақпараттық роликтер көрсетіледі. Волонтерлар тобы халыққа паллиативті және хоспистік көмек ұғымдарының мәнін түсіндіреді және ақпараттық қағаздар таратады.
Қазақстандағы хоспистер.
-774703249930 Егер кең түрде айтар болсақ, Хоспис немесе Паллиативті көмек көрсету орталығында онкологиялық сырқаттың 3-інші және 4-інші, яғни өмірді тікелей қиратушы сатыларына шалдыққан пациенттерге және олардың туған-туыстарына көмек, қолдау көрсетіледі. Ауыр сырқаттың соңғы, яғни терминальді сатысына тап болған, жан-жақты, соның ішінде паллиативті-медициналық көмекке аса мұқтаж әр адам хоспистің көмегіне, қолдауына жүгіне алады. Паллиативті көмектің өзі медициналық, психологиялық, әлеуметтік, заңды-құқықтық бағыттарды қамтиды. Сайып келгенде, дүниежүзінде мұның барлығы бір ұғымның шеңберінде «хоспистік қозғалыс» деп аталады.
 
Деректерге ден қойсақ, дүниежүзінде хоспистік қозғалыс алғаш Англияда пайда болыпты. 1967 жылы ағылшын баронессасы Сесилия Сандерстің бастамасымен жер бетінде тұңғыш рет қасиетті Христофор хосписі ашылған. Өзінің идеяларын белсенді насихаттаған баронесса аз уақытта-ақ әлемнің әр түкпірінен қолдау табады. Артынша хоспистік қозғалыс Европа елдерін, АҚШ-ты жаулап алады. Қазіргі уақытта Англияда ересектерге арналған 300-ден астам, балаларға арналған 43 хоспис қызмет етеді.
 Көрші Ресейде алғашқы хоспис 1992 жылы қазіргі Санкт-Петербург қаласында пайда болған. Ал 1997 жылы мұндай мекеме Москва қаласында да ашылады. «Бірінші Москва хосписі» деп аталатын бұл мекемеден соң осы елде де қозғалыс қанат жайып, бүгінде 100-ден астам хоспис пациенттерге тұрақты көмек көрсетеді.
 Халықаралық стандарттарға сәйкес Хоспистегі көмектің 80 пайызы стационарлық жағдайда жүзеге асырылуы керек. Сонымен қатар, батыс жақта паллиативті көмек көрсетудің жақсы дамыған ақпараттық желісі де қалыптасқанын білеміз. Европа мемлекеттерінде мұндай мекемелер негізінен қайырымдылық көздерімен қаржыландырылады. Батыстың кейбір елдерінде хоспистің жалпы шығынының 15-30 пайызын мемлекет өзі көтереді. Дегенмен, кәрі құрлықтағы хоспистік бюджеттің негізгі бөлігін қайырымдылық қаржылары құрайды. Бұл ретте кірістің кең тараған бір түрі – әртүрлі заттарды саудалайтын шағын дүкендер желісі. Саудадан түскен барлық қаражат хоспистерге аударылып, ары қарай бекітілген жарғы бойынша жұмсалады.
 
Қазақстанда алғашқы хоспис 1999 жылдың маусым айында Алматы қаласында құрылды. Қала әкімінің және денсаулық сақтау басқармасының шешімімен қалалық №2 аурухана қайта ұйымдастырылып, оның базасында 30 төсек-орындық хоспис өз жұмысын бастаған болатын. Орталықты құрушылар қатерлі ісікке және емдеуге келмейтін басқа да сырқаттарға шалдыққан пациенттерді адам төзгісіз ауырсынулардан, қорқыныш-үрейден құтқару мақсатын көздеген еді. Мекеменің қызметі мен көмегі тек пациенттерге ғана емес, сонымен бірге олардың туысқандарына да ауадай қажет екенін ұғынған мамандар хоспистің мүмкіндіктерін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізеді. Бүгінде оңтүстік астанадағы бұл орталық стационарлық жағдайда жүзден астам адамды қабылдап, паллиативті терапия бойынша әлемдік стандарттарға сай сапалы көмек көрсете алатын деңгейге жетіп отыр. Алғашқы Алматы хосписі құрылған сәттен бастап-ақ мұнда еліміздің барлық өңірінен медицина мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер жиі келіп, паллиативті көмек көрсетудің негіздерін үйреніп, кейін осындай мекемелер Павлодарда, Өскеменде, Қарағандыда пайда болды.  
 
Бірер жыл бұрын паллиативті көмектің даму деңгейін саралау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен барлық елдердің Паллиативті Қолдау Атласы құрастырылды. Аталмыш Атласқа сәйкес, біздің Қазақстан 2013-2014 жылдары III А тобына жататын елдердің қатарынан орын алған екен. Бұл топқа жататын елдерде паллиативті көмек көрсетудің деңгейі фрагментарлық сипатқа ғана ие болып, қаржыландыру жағы демеушілерге тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, бұл топ пациенттерді жан мен тән азабынан құтқару, күйзелісті азайту үшін аса қажет морфинге және басқа да опиоидтық препараттарға қолжетімділіктің шектелгенімен сипатталады.
 
Дегенмен, биылғы жылдың наурыз айында елімізде есірткі заттарды медициналық мақсаттарға қолданудың жаңа Ережелері күшіне енгізілгенін айтуға тиіспіз. Нәтижесінде Қазақстанда онкологиялық сырқатқа душар болған адамдарға есірткі заттарды медициналық мақсатта қолданудың нормасы ұлғайтылуда. Бүгінде еліміздің әрбір облысында, Алматы және Астана қалаларында паллиативті көмек көрсету орталықтары – ауруханалар жұмыс істейді. Жалпы, Қазақстандағы Паллиативті көмек көрсету жүйесі өз қызметінде халықаралық стандарттар нормаларын, еліміздің қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.
 
127004219575 Павлодар облысында алғашқы паллиа- тивті көмек көрсету орталығы, яғни хоспис 1999 жылы Павлодар қаласында «Солярис» қоғамдық бірлестігінің базасында құрылды. Негізгі ұйымдастырушылары – Астана медицина академиясының түлектері. Алғаш ашылған күнінен бастап біраз уақыт орталық шетелдік қорлардың гранттық қаржысымен қаржыландырылды. Мұнда волонтерлер, яғни еріктілер тобы жұмыла жұмыс атқарып, әрқайсысы өз алдына жазылмайтын ауруға душар болғандарға көмек көрсету мақсатын қойды. Бұл жолда қиындықтар да аз кездескен жоқ дейді алғашқы хоспистің құрылуы кезінде басы-қасында болғандар. Бастапқыда пациенттерге көмек үй күтімі жағдайында көрсетілді. Ол кезде үйде күтім жасау қызметін көрсетуге қатынайтын арнайы көлік те болаған жоқ. Тіпті, орталық қызметкерлері айлап ақы алмайтын кездері аз емес-ті. Бірақ ізгі мақсат жолындағы жандар еш мойымады, қиындықтарға қарамастан, жұмыстарын жүйелі жалғастыра берді.
 
Тек 2007 жылдан бастап хосписті қаржыландыру Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге аса бастады. Егер алғашқы жылдары хосписте шамамен 300-дей пациентке көмек көрсетілсе, уақыт өте келе ұйымның қызмет көрсету мүмкіндіктері жақсарып, тәуліктік стационар жағдайында және үйде көмек алушылардың саны артты. Жұмыс сапасын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу бағытына да жіті көңіл бөлінді. Павлодардағы орталықтың қызметкерлері Бірінші Москва хосписінде паллиативті көмек бойынша білім жетілдіріп, Польша, АҚШ және тағы басқа елдердегі хоспистердің жұмысымен танысу үшін арнайы сапарларға да жиі шықты. Москваның Сеченов атындағы академиясында паллиативті медицина бойынша курстан өтіп, білім жетілдірген дәрігердің бірі - Әсем Төлегенқызы Қасенова кейін осы хоспистің директоры қызметін ойдағыдай атқарды.
 
Паллиативті көмек көрсетудің қажеттілігін және оны дамытудың, жұмыс сапасын жетілдірудің халықаралық маңызға ие екенін жұртшылық біраз жылдардан соң ғана тереңнен түсіне бастағаны рас. Бұл ретте мемлекеттің де осы бағытқа түбегейлі назары ауып, хоспистердің жұмысын жетілдіру тетіктерін қолға алды. Халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттерге паллиативті көмек ауруханаларда, хоспистерде, қарттар үйлерінде, стационарларда және үй жағдайында кәсіби біліктілікке ие медициналық қызметкерлермен көрсетілуі тиіс. Мұндай қызметті ұйымдастырудың тиімді үлгілері Польшада, Румынияда, Венгрияда, Украинада, Ұлыбританияда және басқа мемлекеттерде жақсы жолға қойылған. Қазақстанда, соның ішінде Павлодарда да осы тектес елдердің тәжірибесі негізге алынған.
 
Айрықша аурухана
 
-1231903103245 2014 жылдың 14 қазаны күні Павлодар облысы әкімдігінің Қаулысымен бұрынғы «Солярис» қоғамдық бірлестігі жанындағы Хоспистің базасында «Павлодар облыстық паллиативті көмек көрсету ауруханасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекеме Павлодар қаласы, Жаяу Мұса көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан. Аурухана мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша медициналық қызметін 2015 жылдың қаңтар айынан бастап кетті. Бас дәрігері – алғашқы Павлодар хосписінің негізін қалаушылардың бірі, білікті маман Әсем Қасенова.
  Хоспистің мемлекеттік кәсіпорынға көшуінің нәтижесінде бірталай оң өзгеріс орын алды. Мәселен, мемлекеттік тапсырыстың көлемі 64 пайызға артты, кіші медициналық персоналға зиянды еңбек жағдайына байланысты 30 пайыз көлемінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді, дәрігерлер құрамы 54 пайыздан 64 пайызға, ал орта медициналық персоналдың құрамы 50 пайыздан 75 пайызға көбейді, санитарлардың қосымша 2 штаттық бірлігі енгізілді.
  Онкологиялық сырқатқа шалдыққан адамдар саны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұрған Павлодар облысы үшін паллиативті көмек бағытын барынша дамыту, әрине, аса қажет-ақ. Ең өкініштісі – қатерлі ісікке шалдығушылар уақыт өткен сайын жасарып келеді дейді мамандар. Бұл – тұтас қоғамды ойландыратын, қатерлі дертке ерте жастан шалдығушылықтың себеп-салдарларын жіті саралап, алдын алу шараларын мейлінше күшейтуді талап ететін аса өткір мәселе. Өңірімізде көмектің паллиативті түріне мұқтаж болып, жүгініп келуші пациенттердің қатары аз емес. Бірақ мұқтаждықты толықтай шешуге аурухананың мүмкіндіктері жетіспейді. 
 
   Хоспистің қағидаттары
 
1. Хоспистің негізгі идеясы – физикалық және рухани тұрғыдан сырқат азабы мен баз кешуді жеңілдету. Біз жеке тұрғыда көп нәрсе тындыра алмаймыз, тек пациентпен және оның жақындарымен бірлікте ғана орасан күш пен мүмкіндіктер табамыз.
 
2. Өлімді асықтыруға болмайды және өлімді тежеуге де болмайды. Әр адамның өз Өмірі бар. Оның уақытын ешкім де білмейді. Біз пациенттің осынау өмір кезеңіндегі жол серіктері ғанамыз.
 
3. Егер пациентті емдеу мүмкін болмаса, бұл оған ештеңе де жасау мүмкін емес дегенді білдірмейді. Дені сау адам үшін өмірде ұсақ-түйек, қажетсіз саналатын дүние пациент үшін орасан зор маңызға ие.
 
4. Пациент пен оның жақын туыстары – біртұтас орта. Осы ортаға кірмес бұрын саналы болуға тырыс. Сәуегейсіме, тек көмектес.
 
5. Әр адам - өзінше әлем, өзінше тұлға. Пациентке өз сеніміңді тықпалауға болмайды. Біз оған бергеннен гөрі пациент бізге көп нәрсе бере алады.
 
6. Сен пациенттің барлық талап-тілегін, қалауын бұлжытпай қабылдауың керек, тіпті, агрессия болса да. Бірдеңе жасамас бұрын әуелі адамды түсіне біл, бірдеңені түсіп, көз жеткізбес бұрын әуелі оны қабылдай біл.
 
7. Егер пациент қалап тұрса және ол оған дайын болса, тек шындықты айт. Әрдайым шындыққа және шынайылыққа дайын бол, бірақ асығыстық жасама.
 
8. Хоспис – өлім үйі емес. Бұл соңына дейінгі лайықты өмір. Біз тірі адамдармен жұмыс істейміз. Тек олар бізден бұрын мәңгілікке көз жұмады.
 
9. Пациентке келгенде асықпа, жанында отыра тұр. Уақыт қаншалықты аз болса да, барлығын жасау үшін кейде соның өзі жеткілікті болады.
 
10. Өзіңнің мейіріміңді, адалдығың мен шынайы ниетіңді пациентпен бірге қалдырма – үнемі өзіңмен ала жүр.
Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсету стандарты
Паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарты – паллиативтік көмек көрсетудің барлық бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыратын, сонымен қатар, осындай көмек көрсетуге арналған емдеудің әдістемелік негіздемесін және материалдық техникалық базасын қамтамасыз ететін негізгі заңнамалық бекітілген нормативті-құқықтық құжат.
      1. Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсету стандарты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының   және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 16-тармағына  сәйкес әзірленді.
      2. Паллиативтік көмекті жүзеге асыратын ұйым жазылмайтын, ауыр, өршіген аурулармен зардап шегетін пациенттердің өмір сүру сапасын және жалпы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
      3. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарға паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
      4. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімге жататын халық санатының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938 қаулысымен бекітілген.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халық санаты үшін паллиативтік көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді, бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесіне сәйкес барынша көп дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
      6. Паллиативтік көмекті ұсынуға мемлекеттік және жеке меншік нысандарының денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ тиісті лицензиясы бар үкіметтік емес ұйымдар қатысады.
      7. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен түсініктер:      1) білікті медициналық көмек – мамандандырылған диагностика, емдеу және медициналық оңалтуды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек;      2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – ауруларды профилактикалау мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностиканы, емдеуді және медициналық оңалтуды пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкері көрсететін медициналық көмек;      3) жақынан айырылу кезінде қолдау көрсету (пациенттің қайтыс болуы) – пациент қайтыс болғаннан кейін ауыр қазасын бастан өткеру сәтінде отбасына қолдау көрсету;      4) көп бейінді мамандар тобы (бұдан әрі - КБМТ) – өзінің құрамында медицина және әлеуметтік қызметкерлерді, ал қажет болған жағдайда паллиативтік көмек көрсету бойынша арнайы даярлығы бар басқа мамандарды қамтитын паллиативтік көмек көрсету жөніндегітоп;      5) паллиативтік көмек – медициналық және әлеуметтік қызметтің бағыты, оның мақсаты денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен расталған терминалдық сатыдағы (соңғы) жазылмайтын аурумен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын және жалпы жай-күйін жасқарту болып табылады;      6) паллиативтік көмек бөлімшесі (палатасы) – аурудың терминалдық сатысындағы жазылмайтын науқасқа білікті медициналық және психологиялық көмек көрсететін көп бейінді немесе мамандандырылған ауруханалардың құрамындағы бөлімше;      7) пациенттің биологиялық өлімі (пациенттің өлімі) ол организмнің өмір сүру әрекеті тоқтады дегенді білдіреді, бұл жағдайда өмір сүруге қажетті барлық маңызды функциялар қайтырылмастай өшкен;      8) стационарды алмастыратын көмек – күні бойы төрт сағаттан бастап сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау ұзақтығымен дәрігерге дейін және білікті, мамандандырылған медициналық көмек беру нысаны;      9) стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек беру нысаны;      10) ұтқыр бригадалар – үйде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету жөніндегі бригада;      11) хоспис – жазылмайтын науқас пациенттерге және олардың туыстарына стационар деңгейінде паллиативтік көмек (медициналық, психологиялық әлеуметтік және рухани) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым.      12) фтизиатриядағы паллиативтік көмек – бұл туберкулезбен ауыратын науқастардағы дене, психикалық, тәни және әлеуметтік салдарын жеңілдету мақсатында туберкулездің жазылмайтын түрімен және ТБ/АИТВ/ЖИТС ауыратын науқастарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қатысты қабылданатын шаралардың кешені.

Приложенные файлы

  • docx 18075696
    Размер файла: 543 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий