1257_zin__1257_zi_tanu


1.Өзін өзі танудың теориялық негіздері.Ақиқат құндылығы.
Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
2. Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.
3. Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
4.Ішкі тыныштық. Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.
5. Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Ақиқат – өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып,материалдық материалдық әлем ретінде көрініс береді. Энштейн материя тығыздалған энергия екенін анықтады.
Ақиқат- өзгермейді,ол жалғыз.
Ақиқат – адамның шынайы болмысы
Ақиқат- кеңістік пен уақытпен шектелмейді.
Ақиқат- барлық ел ,барлық заман ,барлық адамзат үшін бір.
Тек қана өзін өзі тану арқылы ақиқаттық игілікке жетесің.
2.(24,26,28)Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуының мәні мен түрлері.
Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру, integеr – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылды тереңдету.
Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндермен интеграциясы - ықпалдастық, кіріктіру, біріктіру, шоғырландыру, деген мағынаны білдіреді.
«Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез-келген ғылым әрдайым зиян келтіреді» (М.Монтень)
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» (Әл Фараби)
Білім тек табыс табу үшін емес, өмір сүру үшін қажет.
Интеграциялаудың жолдары
-Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру
-Қазіргі ғылыми жаналықтармен таныстыру
-Әрбір оқу пәндерінің мазмұнын жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау
Мысалдар:
Химия пәнінен Атом туралы айтқанда:
Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.
Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі.
Физика пәнінен. Толқын
Толқын – ай мен күннің тартылыс күшінен, желдің әсерінен атмосфералық қысымның ауытқуынан, су асты жер сілкісінен, жанартау атқылауынан пайда болатын теңіздермен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.
Адамның мінез-құлқына теңеп, мінез-құлық ауыспалы болмауы үшін жаны тыныш, жүрегі жақсылықты қабылдайтындай рухани деңгейде болу керек.
Биология сабағы:
Топырақ - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат.
(Адамға сүйіспеншілік, мейірім-шапағат беріп, дұрыс-әрекет жасауға тәрбиелесе, онда ол рухани бай болып қалыптасады. Топырақты да күтіп баптамаса, құнарландырмаса, онда ол дұрыс өспейді. Құнарсыз топырақ өсімдікті жойып жібереді. Ал сүйіспеншіліксіз, мейірімсіз тәрбиеленген адам қатыгез, жаман әрекетке жақын адам болып өседі). (Топырақ - тіршілік бесігі, қорек көзі) (Топырақ өсімдік қорегі баспана), (Адам өмірі топырақпен байланысты).
География.Күн барлық адамға бірдей өз нұрын төгеді. Күн – кіршіксіз, риясыз таза сүйіспеншіліктің ұлы белгісі. Егер із күнге қарай жүрсек, онда көлеңкеміз артта қалады, ал күннен бері қарай жүрсек, көлеңкеміз алдымызда жүреді.
Геометрия.Тақырып: «Сәуле және кесінді». Сәуле мен кесінді екеуі де түзу сызыққа жататын математикалық ұғым. Сәуле бір шеті тұйықталған түзу. Ол шексіз, қиылысады,жалғаса береді. Руханилыққа,сүйіспеншілікке, адамгершілікке толы жан болса, сәуле сияқты шексіз кеңістікке шығып,қиылысу сияқты тұста бойындағы барын жан-жағына таратады. Ал, кесінді екі жағы тұйықталған түзу сызық. Ол тұрақты қалыпта тұрады. Руханилықты сіңіріп,бойына ештеңе дарыта білмеген адам да бір орында тұрақтап қалып,күйзеліске ұшырайды. Адам да өз бойындағы құндылықтарды дамыта білгенде және өз әрекеттерінде шынайы болғанда ғана оның ойларының және істерінің қосындысында тепе-теңдік болады.
Физика.Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
Су қатты, сұйық және газ күйінде болады. Осы 3 өлшемге 1 өлшем қосылып, 4-ші өлшемге жетсе онда ол адам нұрға жоғары санаға жетеді. Біз табиғи жарық көзі болуымыз керек. Өзімшілдік – табиғи күй емес. Екі бірдей ыдысқа құйылған суға ұдайы екі түрлі мағынадағы сөз айтылған: «сен кереметсің» деген ыдыстағы су кристалданып, әдемі өрнек түзген, ал «сен жамансың»деген ыдыстағы судың түрі бұзылып, ретсіз кристалл пайда болған. Демек, табиғаттың өзі жамандыққа қарсы, оны қаламайды, сұлулық , жақсылық бар жерде, үйлесімділік пайда болады.
Қазақ әдебиеті. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.Жыраулар шығармаларында адамды жақсы қасиеттерге, ізгі істерге жетелейтін тәрбиелік мәні бар туындылар көп . Мысал ретінде Асан Қайғы жырларынан үзінді алынды:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Өлеңде кешірімді, сабырлы, шыншыл болуды, ашуға берілген жаман әдептен аулақ болуды дәріптейтін ой көзделген. Бойыңды ашу кернесе, руханилығыңның азғындағаны. Ашу екінші бір адамның ашуын қоздырады. Түбінде ол ешкімге жақсылық әкелмейді. Себебі, оның энергетикасы нашар. Абай және Шәкәрім шығармашылықтары әдебиет пен өзін-өзі танудың интеграциясының көркем үлгісі бола алады.
Қазақстан тарихы. Тақырып: «Аңырақай шайқасы» .Бұл пәннің мазмұнына өзін-өзі тану өзегінің салынуы оқушылардың елжандылық,азаматтық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. «Арт-терапия» әдісін қолданып, нақты бір тарихи жағдайға сурет салғызу арқылы олардың сезімдерін, ішкі ой толқынын,туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін байқауға болады. Ол үшін мысалы, «Аңырақай шайқасы» туралы тапсырма беруге болады. Оқушылардың рухани бастауларын жетілдіру мақсатында қазақ халқының жаудан жерін қорғаған батырларының бейнесін өз ішкі әлемінен өткізіп, өзін соларға ұқсатып салынған суреттерден баланың қиялын ғана емес, сонымен қатар оның жүрегіндегі сүйіспеншілікт, елжандылықты да көре аламыз.
Жанды білім:
Адамды рухтандырады;
Ғылым көкжиегіне еліктіреді;
Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;
Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді;
Сергектік пен эволюция әкеледі;
Жанды білім қанат.
Жансыз білім:
Бұлар – білмесе де болатынын білеміз;
Бұлар – хабарлана салысымен ұмытылып қалатыны;
Бұлар – жас адамдардың мектеп табалдырығынан әрі қарай алмайтыны және ол үшін өкінбейтіні;
Жансыз білім – аяққа түскен салмақ.
Қалай ықпалдастыруға болады:
Сыртқы ықпалдасу (өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Ішкі ықпалдасу (дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)
3.Педагогиканың үш типі
Педагогиканың 3 типі Г. Батищев пайымдауынша:
Қалыптастыру педагогикасы - әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін жан-жақты жетілдіру (мұғалім оқушы). Адам және әлем – бастапқыда ешбір рухани әлеуеті болмайтын биоәлеуметтік құбылыс. Қалыптастыру педагогикасының ортақ стратегиясы постулат бойынша анықталады: зат адамға билік етеді, жетелейді және бағыттайды. Қалыптастыру педагогикасы тәрбиеленушінің таңдау мүмкіндігін және өмірдегі орнын табуды қабылдауын жабады немесе жанғыртпай өзіндік жеке тұлғалық ұятын басады. Бұл адамды белсенділігі төменділікке, әлеуметтік- топтық бекінуде жауапкершіліксіз сыбайластыққа әкеледі(әлеуметтік- топтық эгоизм).
Қабілеттерін дамыту педагогикасы- әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін жан-жақты жетілдіру (мұғалім оқушы). Адам және әлем – бастапқыда ешбір рухани әлеуеті болмайтын биоәлеуметтік құбылыс.
Тұлғаның біліктерді, мамандықты меңгеруіне, қоғам меншігіне айналуына мүмкіндік беретін қабілеттерін қара бастың қамы үшін дамыту талаптарынан туындайды.
Кемелдендіру педагогикасы - адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару, рухани бастауын ашу. Адамды өзін-өзі жүзеге асыруға талпынатын шексіз рухани әлеует ретінде қабылдайды. Бұл тұрғыдан алғанда оқытудан басымдылығы және шын мәнісінде оқытуды тәрбиенің бөлігі құқығында ғана енгізу қарастырылады.
4. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі.
Жаһандану, ғаламдану, әлемді ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың“ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық,ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1"ыстық,мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының - компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы; 3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастық-тардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83&action=edit&redlink=1"Жаһандану  -қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін —өндірісті, ғылымды, қаржыларды,тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0&action=edit&redlink=1"сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
Дағдарыс:
1. Жеке тұлғалық: зияткерлік, эмоционалдық, тәндік.
2. Қоғамдық: экономикалық, саяси, мәдени, тбасылық, білім беру.
3.Экологиялық: ниет бұзылуы, климаттық, ресурстық, табиғи.
Рухани дағдарыс: жеке тұлғалық, экологиялық, қоғамдық: .иетің жолдасың.
Неге арналсаң соны істе. Ж.Аймауытов.
Шығудың жолы: «жаңа аскетизм». Руханилық ойдың, істің таза болуы.
Аскетизм рақымшылдық жасау, материалдық құндылықтарды рухани құндылықтарға өзгерту. Іс әрекеттің дұрыс болуы.
Жаһандық теңсіздік ғаламдық тепе теңдіктің бұзылуына ікеп соғады. Мысалы: Арал!!! Семей Невада. тб.
Жаһандану жағдайында оған жұтылып кетпеу керек. Жаһандық теңсіздікті сүйіспеншілікпен, руханилықпен жеңуге болады.Жүректі тыңдау.
Қаталдық қатыгездікке айналмауы керек. Ғ.Мұстафин.
Ауере Печчи: адам өзін өзі өзгертуді ойлауы керек. Мәселенің шешмі адамның рухани дүниесінде.
Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі
ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады,ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек.
5.(50,69) Ішкі (рухани адамгершілік) және сыртқы зияткерлік білім. Жанды білімдер.
Білім берудің 2 аспектісі бар
Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін)
1.Рухани-адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін) Тұтастай білім беру = сыртқы білім + ішкі білім
- Адам тұлғасының барлық аспектілері ақыл, қол, жүректің үйлесімді дамуы қарастырылады;
- Байсалды тұлғаны дамыту;
- Адамның жаратылысынан бар рухани-адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарын анықтап, күнделікті өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік жасау;
Ойы, ісі, сөзі бірлікте болатын мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсат етіледі.
Сыртқы білім
ақыл үшін Ішкі білім
жүрек үшін
-Сыртқы, интеллектуалды
-Сыртқы дүниені зерттейді
-Кітаби білім (жеке тәжірибесіз тануға болады)
-Қалауларды оятады, сырттағыға тартады
-Дүниеде күн көру үшін қажет
-Интеллектіні дамытады
-Ақыл мен тәнге қарасты
-Сыртқы білімнің мақсаты - ақпарат беру
-Интернет
-Аллергия пайда болады -Ішкі рухани-адамгершілікті
-Ішкі дүниені зерттейді-Практикалық білім (тек жеке тәжірибе арқылы пайда болады)
-Әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды
-Өмірлік мақсаттармен байланысты (не үшін өмір сүру керек)
-Интуицияны дамытады
-Жүрекке қарасты
-Ішкі білімнің мақсаты трансформация (сананы ояту)
-Иннернет
-Энергия (күш-қуат береді)
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани-адамгершілік мәнін айқындап беру. Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады. Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі түп қазық болуы керек. Яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы тиіс.
Өзін-өзі тану – білім беру үдерісінде тұтастық пен адамдықты, рухтылықты қамтамасыз ететін мета пән болып табылады.
6.Мұғалімнің үш стилі.
Авторитарлық стиль (өктемдік)
Либералдық стиль (хаос, тез өзгеру, бейберекеттік )
Ізгілікті стиль (ешкімге қиянат жасамау,ойы, сөзі, ісі жақсылыққа бағытталған мұғалім)
 Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.    Демократиялық (ізгілік)стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.  Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді. 7. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының рухани-адамгершілік сипаты (Рим клубының тұжырымдамалары).
Бүкіл елдер мен халықтарға қатысы бар жаһандандық проблемаларды бүкіл әлем қауымдастығының бірлескен күш жұмсауымен шешуге болады. Әрі қарайғы даму осы проблемалар мен дағдарыстарды шешумен байланысты. Бір-бірімен өзара байланысты осы дағдарыстарды былайша сипаттауға болады:
1.Жеке тұлғалық:
- зияткерлік-интеллектуальдық
- эмоциональдық
- тәндік.
2.Қоғамдық:
- экономикалық
- саяси
- мәдени
- отбасылық
- білім беру.
3.Экологиялық:
- климаттық
- ресурстық
- табиғи.
Қазіргі бұл дағдарыстардың бастапқы себебі бірыңғай әлемдік шаруашылық қалыптастыруға негізделген әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді жаһандандырумен байланысты болса, екінші себеп ғылыми-техникалық революцияның кеңінен қанат жаюы, ол адамның бүкіл мүмкіндіктерін, соның ішінде өзін өзі жойып жіберуін де бірнеше есеге арттырды. Осы екі процестің әсерінен бұрын жергілікті сипатта болған проблемалар енді жаһандық мәселелерге айналуда. Жаһандану проблемаларын жете түсінуде және оларды шешу жолдарын іздестіруде Рим клубы айтарлықтай роль атқарды.
Рим клубы — 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген.
Рим клубы өз жұмысын табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа талдау жүргізуден бастаған болатын. Алғашқы зерттеу нәтижелері Дж. Форрестердің «Әлемдік динамика» (1971) деп аталатын еңбегінде жарияланып, онда табиғат ресурстары осы қарқынмен пайдаланыла беретін болса, ол 2020 жылға қарай бүкіләлемдік экологиялық апатқа алып келетіндігі дәлелденді. Ол жұмысты ілгері апарушылар мұндай апатты жағдайдан шығудың жолын өнеркәсіп өндірісі мен тұрғындар санын саналы түрде консервациялаудан іздестіріп, ғаламдық тепе-теңдік үлгісі бойынша дамуға (баяндама Пределы роста, 1972) көшуді ұсынды.
Келесі «Адамзат бетбұрыс нүктесінде» (Человечество у поворотного пункта. М.Месарович и Э.Пестель (1974) баяндамасын дайындаушылар «ғаламдық тепе-теңдік ахуалына» қол жеткізу маңызды емес, мәселе, әлемдік жүйелердің түрлі бөліктерінің жүйелі өзара тәуелді дамуға-«органикалық өсуге» көшуінде деген ұсыныс жасады, олардың ойынша бүкіл адамзаттың тепе-теңдікте дамуына осылай жетуге болады. Бұл көзқарас «Өсу шеңберінен тыс» (За пределами роста) деп аталатын  Э.Пестеля (1988) баяндамасында көрініс тапты.
Бұлардың қай-қайсысы да стихиялы өзіндік дамудан бастартып, саналы реттеуге көшуді болжаған еді.
Рим клубының Нет пределов обучению (1979) баяндамасы бұқаралық білім беруді дамыту перспективаларына арналды, осылайша түрлі әлеуметтік топтағы адамдар мәдениеті мен әлемнің түрлі елдері деңгейіндегі айырмашылықты біршама азайтуға болады деп есептелді.
Әлеуметтік ғаламдық проблемаларды шешу перспективалары бойынша Рим клубының жалпы ұстанымы А.Печчеидің «Адамдық қасиеттер» (Человеческие качества) (1977) деп аталатын кітабында көрініс тапқан. А.Печчеи жетістікке ең алдымен адамдық қасиеттерді өзгерту жолымен қол жеткізуге болады деп есептейді, ал ол «жаңа гуманизмді», яғни ғаламдану, әділеттілікке сүйіспеншілік және қиянат жасаудан аулақ болу қасиеттерін тәрбиелеу арқасында ғана мүмкін.
8. Ізгілік психологиясының классиктері рухани- адамгершілік білім туралы
Iзгiлiк пcиxoлoгияcы aмepикaндық пcиxoлoгия бaғыты, oны зepттeyдiң пәнi aдaмғa ғaнa тән epeкшe, жoғapы көpiнicтep, coндaй-aқ тұлғaның өзiндiк кeмeлдeнyi жәнe дaмyы, oның жoғapы құндылықтapы, cүйicпeншiлiк, шығapмaшылық, epкiндiк, жayaпкepшiлiк, тәyeлciздiк, әлeмдi тaнy, пcиxикaлық дeнi cayлық, тepeң тұлғaapaлық қapым-қaтынac жacay жәнe т.б. бoлып тaбылaды. Адамзаттың өміріне холизмдік (грекше- біртұтас) көзқарасты басшылыққа алады. Барлық адам тумысынан болмысынан ізгі болады деген іргелі көзқарасты ұстанады; Әр адамның өзіндік әлеуетәне бағытталады. Рухани дамудың, өзін іс жүзінде көрсете білудің маңыздылығына назар аударады.
Адам бойында өзгеретін бір зат болса-ол өзін-өзі қалай сезінетіндігін өзгертуі қажет.
A.Мacлoy өзiнiң зepттeyлepiндe: «Мeн гyмaниcтiк тұғыpды қoлдaймын, мұндaй көзқapac aдaмның филocoфиялық жәнe биoлoгиялық мүмкiндiктepiн түбeгeйлi көpceтeдi. Бұл тұтac үpдic тұлғaның aвтoнoмдығынa жәнe тәyeлciздiгiнe ұмтылыcын cипaттaйды. Мeнiң oйымшa, бiз aдaмдapмeн, әcipece бaлaлapмeн қapым-қaтынacтa ocындaй қaғидaны ұcтaнyымыз қaжeт. Бұл тұлғaның pyxaни жeтiлyi мeн кeмeлдeнyiнe ceнiм opнaтып, oның дepбecтiгi мeн өз epкiмeн әpeкeт eтyiнe көңiл ayдapып, нәтижeнiң aлдын-aлa бeлгiлeнyi мeн cыpттaй бaқылayғa тaйым caлынaды»-дeп жазылған
A.Мacлoy: «...Eгep бiз көмeкшi, кeңecшi, мұғaлiм, бacшы бoлғымыз кeлce, aдaмды қaндaй бoлca дa, oны coл күйiндe қaбылдaп, бaлaны қopқытпaй, oның қopқынышын бoлдыpмaйтын жaғдaй жacayымыз кepeк. Ocындaй қaтынac бaлaның қaтeлiктep жiбepe oтыpып, бeлceндiлiгiн жoғaлтпayынa, өзiн-өзi жeтiлдipyiнe, өзiндiк мүмкiндiктepiн aшyғa мүмкiндiк бepeдi. Бiз әpбip бiлiм aлyшының aлaтын «acyын» бaғaлaй бiлyгe, oның cүйiктi шұғылдaнaтын iciн дұpыc қaбылдayғa үйpeнгeнiмiз aбзaл»,- дeп aнықтaғaн.
Бiлiм бepy жүйeciнiң мaқcaтының бipi oқyшының бapлық пcиxoлoгиялық қaжeттiлiктepiнiң қaнaғaттaндыpылyы бoлып тaбылaды. Бiлiм aлyшы бapлық қaжeттiлiктepдiң opындaлғaнының apқacындa ғaнa өзiндiк кeмeлдeнy күйiнe жeтeдi. Coнымeн қaтap, бiлiм бepy жүйeci өмipдiң cәттiлiктepiн жәнe әceмдiктi ceзiнyгe зop ықпaл жacayы тиic. Coның нәтижeciндe, aдaмдa өмipлiк құндылықтap пaйдa бoлaды.
«Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал» - деп атап көрсеткен.- американдық психолог У. Джеймс.
Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
1. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
2. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
3. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару
С.Л. Рубинштейн: «адам іс-әрекеті, оның практикалық және теориялық іс-әрекеттері, соның ішінде оқу іс-әрекеті де ми қызметі және қимылдың сыртқы актілері, объектінің өзгеруі мен әсер етуін жүзеге асыратын басқарулар сияқты психологиялық (түрткілік, танымдық т.б.) процестерді енгізеді. Біріншілері – ниеттенуші – ой бағыттаушы; дайындаушы
«жоспарлы» афференттеуші, реттеуші бола, екіншілері – орындаушылар ( іс-әрекет) –дұрыс іс-әрекет.
Біріншілердің нәтижесі жоспар, өзгертуге әсер ету бағдарламасы.
Екіншісінікі – өзгеруге әсер етудің нәтижесі болып турады.
9. Жарыққа шығару қағидаты.
Профессор А.Ф.Лосев «Тұлға бұл зомби емес, ол ғажап әлем, оны қалыптастыру құдреті ешкімге берілмеген» Бұл қағидат өзін өзі тану пәнін оқыту үдерісінде, біз тұлғаны қоғамның тапсырысы бойынша қалыптастырмайтынымызды, оқушы тұлғасының бұрынан бар рухани адамгершілік әлеуетін, жарыққа шығаратынымызды көрсетеді.
Рухани адамгершілік білім, ол жүректің терең түкпірінде өтетін ішкі құбылыс. ӨӨТ мұғалімі білімді дайын күйінде ұсынбайды, оқытпайды, ол тек оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді зерттеуден, өзінің ішкі жан дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттайды. Өзінің ішкі жан дүниесін ашып, саналы даму жолына түскеннен кейін, оқушы өзіне қажетті барлық білімді өзі айқындайды. Ішкі ар-ұждан даусы оның мәңгілік рухани ұстазына айналады.
10. Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім Гуманист-ойшылдың өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
«Сен өзгерсең, сенің айналаңдағы әлем де өзгереді», «Сыртқы әлем – адамның ішкі әлемінің бейнесі», «Әлем кемел, адамның қабылдауы кемел емес», «Сыртқы әлемге тұрақтап қалма, ол өткінші, мәңгілік құндылықтарға тұрақта –ол өзгермейді»
«Үдеріс нәтижеден де маңызды»
Лао-Цзы (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.)
«Алдымен өз-өзіңді таны»
«Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер»
«Кімде-кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі»
«Кім де кім әлемді қозғағысы келсе, әуелі өзін қозғасын» Сократ
«Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің Құдайын да таниды»Қожа Ахмет Йассауи түркі халықтарының жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқат та жүзеге асады.
Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады.
Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166)
11. Көшбасшылық және басқару. Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.
- Маған белгілі бір мақсатқа қалай ең тиімді жолымен жетуге болады?Басқару өз назарын төменгі деңгейге аударады.
- Менің неге қол жеткізгім келеді? Көшбасшылық жоғары деңгеймен байланысты болады.
- Басқарушы іс әрекеттің істелу қажеттілігіне қарай жасайды.
- Көшбасшылық не істеу керектігіне қарай жасайды.
Петер Друкер, Уоррен Бенис
Көшбасшы болу шеберлігін үйрету мүмкін емес, оған адамның тек өзі ғана үйрене алады.
Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.
« Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табылс, онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де, билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттыққа бөленеді. Егер билеуші адамның бойында әділдік пен шындық біріксе, ол сапалы, қабылдаған заңдары жоғары деңгейде болады.»
Билеушіден халқыңды бағындыр деп сұрау қажет емес, халықтың өзі ақылды билеушінің басқаруын қалауы керек.
Сократ
- Өз мүддесін басқаның мүддесінен жоғары қоймағанда ғана көшбасшы өседі және өз қызметінде ұзақ тұрақтайды. Парадокс Өзін-өзі аямаумен, өзінен – өзі бас тартумен көшбасшы Өзін-өзі күшейтеді.
- Көшбасшы өзгелер туралы өсек айтпайды және ешқандай дамуға күшін кетірмейді. Үнемдеу – күштің қайнар бұлағы.
- Ақылды көшбасшы аз және қысқа сөйлейді. Сайып келгенде ешқандай табиғи әрекет мәңгі жасалмайды. Жауын жауады, кейіннен қояды. Күн күркірейді, соңынан тынышталады.
- Сіз қанша мәжбүр етсеңіз, топ соншалықты қарсылық көрсетеді. Сіздің айлаңыз құтылып кету үшін қарсы айланы тудырады. Әрбір заңмен бірге заңсыздық келеді.
Лао Цзы
Көшбасшы- халқын шын ықыласымен сүюімен қатар мына бес қасиет болу керек.
Кісіге шын құрмет, кеңпейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.
Біріншісі- жарамсақтануға жол бермейді.
Екіншісі- барлығын бағындырады.
Үшіншісі- адамдардың көңіліне сенім ұялатады.
Төртіншісі- жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады
Басшы-көшбасшы халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды.
Конфуций
Жалпылама қорытынды.
12. Әр кім өзі жасаған әдебиет пәнінің жоспарын апарсын
13. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Қазақстанның үш ойшылының немесе педагогінің өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
Қазақ халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Оған «Отан-отбасынан басталады» деген тәмсіл дәлел бола алады. Шындығында да отбасы –кіші бір мемлекет,яғни үлкен мемлекеттің кішкентай бір құрамдас бөлігі. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын,елі үшін еш нәрседен тайынбайтын,жұртына қамқор,патриот азамат осы отбасынан шығады. Ал оны біздің біздің халқымыз ертеден-ақ білген, Соның үшін де «Жақсылықта алдымен анаңа жаса, «Өзіңді өзің жаттай сыйла,жат жанынан түңілсін», «Бала бауыр етің», «Әке асқар тау,ана-мөлдір бұлақ,бала – жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек. Халқымызда баланың рухани-адамгершілік тұрғыда дамып,өзін қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелейтін салт-дәстүрлері жетерлік.
Және соның барлығы дерлік қазақ халқының отбасылық қарым-қатынастарды ерекше маңызды орынға қоятындығын көрсетеді. Қазақта отбасын құру адам өміріндегі ең маңызды қадамдар болып саналады. «Бас екеу болмай,мал екеу болмайды» деп түсінген халқымыз,бүгінгідей материалдық жағдайды жақсартып алып барып отбасын құру дегенді жақтырмайтын еді. Қанша көп табыс тапқанымен де, бас құрмаған адамға бақ құтаймаған деп түсінді. Отбасын болмашы себептермен бұзуға да жол берілмеген. «Ұя бұзған оңбайды». Тіпті Әз Тәукенің кезінде атақты «Жеті жарғының» бірі осы отбасы тақырыбына арналған. Онда «Өзге біреудің» әйелімен зинақорлық жсап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырсын» делінген. Ер жігітке тілейтін ең жақсы тілек: «Денсаулық,ақ жаулық,он саулық». Демек,денсаулығы бар адам үйленіп,отбасын құруы керек,содан кейін ғана материалдық байлық орын алады. Материалдық құндылықтардың өзі ертең өмірге келетін баланың денсаулығы мен бақытты өмір үшін ғана жиналатын.
Жалпы қазақ халқындағы бүкіл салт-дәстүр- отбасылық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған десек артық айтпайсыз. Үйлену,дүниеге бала әкелу,баланы бесікке салу,тұсауын кесу,сүндетке отырғызу,тоқымын тағу т.с.с толып жатқан салт-дәстүр,жөн-жоралығы- барлығы да баланың адамгершілік-рухани тұрғыда дамуына бағытталған әрекеттер. Баланың рухани кемел адам болуы үшін қазақ халқы салт-дәстүрлермен қатар тыйым сөздерді,ырымдарды жиі қайталап отырған.
Біздің халық жетімін жылатпаған халық. Тіпті сонау ерте кездегі қазақ халқы ертегілеріне көз салар болсақ «Баяғыда бір жетім бала балыпты», деп басталатын ертегі кездеспейтін, бұл сарындас ертегілер кейін пайда болды. Керісінше, «Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, тек бір перзентке зар бопты» деп басталатын ертегінің көпшілігі. Бұның өзі халқымыздағы отбасының, артында қалатын ұрпақтың.ол қрпақтың сапасының ең алғашқы орында тұрғандығының тағы бір дәлелі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
«Жетілудің негізі – кенді, жүректі жетілдіру, бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз»
«Адамның тәні мен жаны табиғаттан жаралған, тән қажеттілігімен ғана өмір сүретін адам, хайуаннан айырмашылығы жоқ, тек қана жаннан шығатын –өзіңді түсінуге ұмтылыс, жауыздықтан қашып, қайырымдылық іс жасауға талпыну –адамды адам етеді»
Абай Құнанбайұлы (1945-1904)
«Өзіңді-өзің танысаң, істің басы...»
«Адамның екі қажеттілігі бар – дене және жан қажеттіліктері. Өзін өзі күту, өзін–өзі жақсы көру, менменшілдік пен атаққұмарлық–бұл дене қажеттіліктері. Ұят, адал қызмет етуге тырысу – жан қажеттіліктері»
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
«Біздің нақты болмысымыз – шындық,
Шындық – ақиқатты түсіндіруші»
«Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің»
«Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы»
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
14. Ұлы және шынайы көшбасшылар.
Ұлы көшбасшы өзі үшін, ал шынайы көшбасшы басқалар үшін өмір сүреді.
Ұлы көшбасшы: Гитлер, Шыңғысхан, Сталин, Бірінші Петр, А.Македонский
Шынайы көшбасшы: Абай Құнанбаев, Махатма Ганди, Тереза шешей, А.Линкольн, Л.Н.Толстой
Ұлы көшбасшы - Шыңғысхан.XIII ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз. Монғол империясының, Еке Монғол ұлыстың құрылуы соның есімімен байланысты, оның кеңеюі еуразия этносының көпшілігіне, оның ішінде Поволжия этносына әсер етті.
Ұлы көшбасшы - Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler [ˈaːdɔlf ˈhɪtlɐ]; (1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Үшінші рейх тоталитарлық диктатурасының негізін қалаушы, ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei көсемі (1921—1945), Германия рейхсканцлері (1933—1945), Германия фюрері (1934—1945), Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1941 жылдың 19 желтоқсанынан).
Шынайы көшбасшы - Абай.«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Шынайы көшбасшы - Мохандас Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) - Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді
Шынайы көшбасшының үлгілері.
- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.
Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.
- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.
- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.
15. Риясыз қызмет ету – шынайы көшбасшының іргетасы.
Идеалға негізделген риясыздық- бұл көшбасшылықтың нағыз іргетасы. Риясыздық- көшбасшыны және оған ергендерді шексіз жетістіктерге қол жеткізуге рухтандырады.
- «Сендердің орталарыңда кім бірінші болғысы келсе, сол сендерге қызмет етуі тиіс». Иисус Христос
- «Лайықты көшбасшы өз адамдарын жақсы біледі және аналарынан артық қамқорлық жасайды».доктор М.Л.Чиббер
Шынайы көшбасшының үлгілері.
- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.
Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.
- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.
- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.
16. Өзін-өзі танудың психологиядан өзгешелігін ашу.
Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңартулар жас жеткіншектерді жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым тұтастығында тәрбиелеуді нысана тұтады.«Мен күрделі істі қолға алдым, оның нәтижесін жүз жылдан кейін көруіміз мүмкін. Алайда ,даналықтың адамгершілік құндылықтардың «таза қайнар көзіне»оралуымыз керек,әйтпесе қоғам ешқашанда аяқтан тұрып кете алмайды», -деп Сара Алпысқызы өз пікірін білдіре отырып,өзін- өзі тану жобасы заманауи білім беру жүйесінің негізіне айналуы тиіс. Өзін- өзі тану жобасының басты мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп,адамның өзін толық іске асыруына өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына,қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Өзін- өзі тану пәні мәні жағынан оқушылардың қабылдау, түйсіну,білім,білік дағдыларын іштей тұтастырып,оларды еркін қолдана алумен үйретумен және оның өз"Менінің" шегін танытумен ерекшеленеді.
Психология- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдады.
Сонымен психология адамды бір- бірінен ерекшелеуге бағытталады. Мысалы: адамдар темперамент, мінез арқылы өзгешеленеді.Ал өзін өзі тану барлық адамдарды жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы біріктіреді
17.(18) Заманауи философия бастауларына оралу. Жалған материализм тұжырымынан тұтас рухани-материалдық әлем тұжырымына өту (руханилық, адамгершілік, олардың өзара байланысы).
Рухани-адамгершілік–адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады.
«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Сара Алпысқызы
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
Ш.Амонашвили
«Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі».
«Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»
Совет-Хан Ғаббасов
Заманауи ғылым адамды тән-жан-рух үштігінің тұтастығы ретінде түсінуге қайта бет бұрды.
Рухани-адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады.
С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың  қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
Бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие беру баст міндет. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.
19. Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (Ш.А.Амонашвили). Ізгілік педагогикасының манифесі.
Педагогика – әлемдегі керемет өнер. Әр баланың өзінің педагогикасы болуы керек. Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. «Ұлы Дидактика», «Аналар мектебі». Коменский ізімен Англияда Джон Локк(1632-1704), Францияда Жан- Жак Руссо(1712-1781), Швейцарияда И.Г. Песталоцци(1746-1827), Германияда И. Герварт(1776-1841), Адольф Дистерберг(1790-1866) және т.б. ғылым өкілдері келіп шықты. ХVII ғ. мен XIXғ. аралығы педагогикалық теорияның қарқын ала дамыған, тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ресейде К.Д. Ушинский, Н.И. Пирогов, В.В. Водовозов, Л.Н. Толстой және т.б. Ұлттық педагогикалық теория мен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Кобеев, А. Байтурсынов, С. Аспандияров және т.б. Еңбектерінде көрініс тапты.
Рухани ізгілік (Ш.Амонашвили) Әрбір бала- керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шесіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмытылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен- ақ пайда болады, Сондықтан да кез- келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.
Ізгілікті педагогикалық ойлар постулаты:
1.Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
2.Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
3. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.
Ізгілікті педагогиканың кезеңдері:
- Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
- Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады.
- Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
Ізгілік педагогикасының идеясы:
- Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі; - Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі;
- Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру;
- Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру.
Ізгілік педагогикасының 3 постулаты
Баланың бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім
Өз бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім
Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім
Ізгілік педагогикасының манифесі
Баланы философиялық тұрғыдан қабылдау;
Баланың біртұтас болмыс дегеніміз- рухани және материалдық екі болмыстың толыққандылығы: мұнда рухани болмыс жетекші болып табылады.
Ізгілікті педагогика Манифесінде мұғалім- нұр себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне бағыт-бағдар береді.
20.Шынайы көшбасшылық – тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі. Көшбасшылық үдерісіне нелер жатады? Амбиция және көшбасшылық.
- Тұлғаның рухани- адамгершілік дамуы деген не?
Бұл өз мінезін кемелдендіру тілегі мен табандылығы.
- Кімнің ойы, сөзі және ісі бірлікте болса ғана, шынайы көшбасшы бола алады.
- Ойы, сөзі және ісі бір блған адамға біз сенеміз.
- Көшбасшының соңынан ерген адам үшін оның жеке басының үлгісі аса маңызды.
Көшбасшылық үдерісіке нелер жатады.
Болу; Істеу; Көру; Сөйлеу.
Болу- бұл көшбасшылықтың көзі.
Істеу- бұл жеке үлгісіне негізделген көшбасшылықтың силі.
Көру-(ұсақ белгісіне дейін көру).
Сөйлеу-(шабытпен, жұмсақ, сүйіспеншілікпен, жүректен жүрекке жеткізу).
Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.
Жігер шынайылық, адалдық, шешім қабылдаудағы батылдық, тиянақтылық (Ақиқат)
Дұрыс мінез- құлық, кәсіби біліктілік және білім (Дұрыс әрекет)
Тыныштық, ішкі тепе- теңдік (Ішкі тыныштық)
Жанашырлық, әлсіздерге көңіл бөлу, басқалардың пікірлеріне құлақ салу ( Қиянат жасамау)
РИЯСЫЗДЫҚ (СҮЙІСПЕНШІЛІК)
- Шынайы көшбасшы жеке басының мүддесінен риясыздықпен бас тартып, қажет болса, өзі құрбандыққа барады.
- Шынайы көшбасшы биіктерге қолжеткізу үшін осындай қасиеттерге ие болуы керек.
Амбиция және көшбасшылық.
Амбиция мен көшбасшылықтың арасындағ байланысты қарастырып көрейік. Амбициясыз құрметті көшбасшы болуға бола ма? Қазіргі заманда келесі пікір кеңінен таралған: амбиция бұл- көшбасшының маңызды қозғаушы күші. Қазіргі қоғамда үнемі мынадай ойларды естуге болады: « О, бұл өте амбициясы жоғары жас азамат! Оның үлкен болашағы бар және ол үлкен жетістіктерге қол жеткізеді!» немесе: « Жастардың дүрыс амбициясы болған жақсы!». Жоғарыда айтылған пікірлер көшбасшы іс-әрекеті тиімділігінің риясыздықпен байланысты болатынына қарсы пікір болып табылады. Өйткені адамның амбициялары мен мансапқа қол жеткізу ұмтылыстары риясыздықпен сәйкес келмейді. Сонымен, амбициясы және мансапқа ұмтылысы болмаған жағдайда көшбасшы болуға болама? Осы ойларды талдап көрейік.
Сөздіктерде амбиция ұғымын « жетістікке жету немесе қызметтік өсу» деп қарастырад. Шын мәнінде, амбициялар үлкен түрткілер болып табылады. Амбициясы бар адам міндетті түрде жетістікке қарай жылжиды және кәсіби тұрғыдан өседі, өте белсенді, жақсы, бірақ қысқа мерзімдік нәтижелерді көрсетеді. Ал мәңгі жоғары құндылықтарға бағдарланған адамдар әр кезде ұзақ мерзімдік нәтижелерге қол жеткізеді.
Френсис Бекон, адам табиғатын танитын ағылшын білгірі амбициялар туралы былай деп жазған: «Амбиция үнемі қозғалатын өтке ұқсайды, бұл адамды белсенді ететін оның ағзасындағы шырын. Бірақ оның қозғалысы тоқтатылған жағдайда өт өте ащы, зиянды және улы болады. Осылайша амбициясы бар адамдар жоғарыға қарай жолды анықтап, жылжи бастағанда мазасыз, тынымсыз болады; бірақ, олардың ойлары іске аспай бәріне белгілі болғанда, өздеріне қанағатсыз болады, адамдарға және түрлі жағдайларға ашулы көзқараспен қарайды. Түрлі дағдарыстардың болуы амбициясы бар адамдар үшін қолайлы, өйткені сол кезде өздерін көрсету үшін бар ынтасын салады, көп жағдайда оларға патшаның немесе мемлекеттің қызметкерлері жатады»Френсис Бекон амбициясы бар адамдардың табиғатын түсіндіре отырып, өз Отаны алднда борышын ақтайтын және қызмет ететін адамдар, мансапты көздемей, нағыз көшбасшы болып, қоғамға пайдасын тигізіп, үлкен игілік, мейірімділік жасайды. Басқаша айтқанда, жеке басын, мүддесін ойламайтын адамдар. Бірақ адамға « Мен, маған және менікі» шеңберінен адамдарға шығу оңай сопайды, сол себептен, түрлі мемлекеттер, қоғамдар, үйымдар өзінің жеке басының қамын ойлап кетпейтіндей етіп, олардың амбицияларын идеалар деңгейіне дейін жеткізіп, көшбасшыларға жағдай жасайды.
Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
       Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:
       · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен
       · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер
       · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді
       Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады.  Көшбасшы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.
       Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста  өмірілік тәжірибе жинағанда болады.
       Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:
       · «ойыншылар»
       · «ашықтар»
        «Ойыншылар»  сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ.  Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында  өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.
       «Ашықтар»  бұл  ұжым көзқарасымен  әрекет ететін  көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар  ұжыммен шын  қарым-қатынас құрады. «Ашықтар»   қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар   «Ойыншыларға»   қарағанда  аздау болады.
21.(33,42,60)Сабақтардың құрылымдық – мазмұндық ерекшеліктері. Сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері:
Сабақты жоспарлау бойынша ұстанымдыр:
1.Тақырып оқулықтан алынады, қалған материалдарды мұғалім өзі таңдайды. Мұғалімнің шығармашылық қатынасы маңызды. Оқулықтан нені алатынын, ол мұғалімнің сыйы ретінде жаңадан нені ұсынатынын жүрекпен ұғынатыны абзал.
2.Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық сабақтың тақырыбымен байланысты көрініс табуы тиіс.
3.Сабақтың міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық қүндылыққа сәйкес қасиеттер көрініс табуы тиіс.
- «Өзін-өзі тану» пәні бойынша практикалық сабақтардың әзірлемесі
басында: жоғары оқу орнынң аты, мерзімі, номері, тақырып, құндылық, қасиет, оқытушы, курс (топ), студенттер саны. -Сабақ барысының құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену, Орманға саяхат, Тыныс алу, Су түбіне саяхат.
Үй тапсырмасын тексеру.
Дәйексөз.
Әңгімелеу.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Топта ән айту.
Үйге тапсырма.
Соңғы тыныштық сәті.
Мақсаты: (жалпыадамзаттық құндылықтаға сәйкес болуы шарт) студенттерге табиғаттың ғажаптығы туралы, түсінік бере отырып, сүйспеншілік құндылығының мәнін ашу; (ұғындыру)
денсаулықтың қадірін түсіндіре отыры дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіру.
Оқушыларға білімнің мәнін жеткізе отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу;
Адам өміріндегі мәнін аша отырып, сабарлылық, төзімділік қасеиеттерге баули отырып ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімдік: жағымды ойлау, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту; (дамытуға білім беру, баулу)
Дамытушылық: студенттерге сыпайылық әдептілік қасеттерге баулу, (қасиеттер: жанашырлық, қамқорлық жасауға баулу), балалардың бойында
Тәрбиелік: мейрімді, жанашыр, қамқор болуға тәрбиелеу; (қасиеттерге сәйкес болуы керек)
Сабақтың рухани адамгершілік тереңдігі
Ақиқат
Бастауыш буын: шындықты айту, тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық, оптимизм, кішіпіейілділік т.б
Орта буын: білім іздеу, ойдың сөздің және істің бірлігі, қараапйымдылық, барлығынанажақсылық көру, өз өзіне адал болу, шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылыдық т.б
Жоғары буын: өз бойынан ақиқат іздеу, тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, мәңгілік уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білу, білім іздеу,ь өзіне өзі есеп беру, барлық дінге құрмет көрсету, өзіне өзі сену, жауапкершілік т.б.
Сүйспеншілік
Бастауыш буын: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, жан жануарларды жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық т.б.
Орта буын: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет көрсету, жанашырлық т.б.
Жоғары буын: жақсы көру және кішіпейілділік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік т.б.
Дұрыс әрекет
Бастауыш буын: шындықты айту, ұрлық жасамау,, уәдені орындау, ұрыспау, денсаулық пен тазалық, ата ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық т.б.
Орта буын: әдепті болу, ұқыптылық, өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, зиянды әрекеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, өз өзіне сенімді болу, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі парызын орындау т.б.
Жоғары буын: жауапкершілік және тіртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу, уақытты үнемдей білу, құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ т.б) қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік т.б.
Ішкі тыныштық
Бастауыш буын: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, назар салу, шыдамдылық, тәртіп т.б.
Орта буын: дұрыс ырғақпен өмір асқақа ой, құмарлықты шектеу, өзіне өзі сенімділік, іске берілу, ұстамдылық, өзін өзі құрметтеу, қарапайымдылық, жағымды ойлау т.б.
Жоғары буын: қарапайым өмір, асқақ ой, құмарлықты шектеу, өзіне өзі сенімділік, іске берілу, ұстамдылық өзін өзі құрметтеу, қарапайымдылық, жағымды ойлау т.б.
Қиянат жасамау
Бастауыш буын: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, жан жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік т.б.
Орта буын: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, (кеңпейілділік), ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау т.б.
Жоғары буын: барлық дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен не болмасы іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы, жақсы азамат болу т.б.
22.Тұлға құрылымы.
Адам тұлғасының құрылымы
Рухани деңгей
Ажырату деңгейі(Ақыл- парасат,білім)
жеке сана

Меңтальдық деңгей(Ақыл,әсер)
Эмоциональдық деңгей түпкі сана ,
бес сезім мүшесі

Физикалық деңгей "сыртқы әрекеттеріміз арқылы"
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі,ісі, адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Қиянат жасамау-рухани деңгей
Ақиқат- интеллектуалды деңгей
Сүйіспеншілік-адамгершілік деңгей(ментальды,ақыл-ой,сөз.)
Тыныштық-эмоцибағыттап отыру.ялық деңгей
Дұрыс әрекет-физикалық деңгей
23.Шынайы көшбасшының үлгілері. Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.
Шынайы көшбасшының үлгілері.
- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.
Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.
- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.
- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.
Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.
Жігер шынайылық, адалдық, шешім қабылдаудағы батылдық, тиянақтылық (Ақиқат)
Дұрыс мінез- құлық, кәсіби біліктілік және білім (Дұрыс әрекет)
Тыныштық, ішкі тепе- теңдік (Ішкі тыныштық)
Жанашырлық, әлсіздерге көңіл бөлу, басқалардың пікірлеріне құлақ салу ( Қиянат жасамау)
- Шынайы көшбасшы жеке басының мүддесінен риясыздықпен бас тартып, қажет болса, өзі құрбандыққа барады.
- Шынайы көшбасшы биіктерге қолжеткізу үшін осындай қасиеттерге ие болуы керек.
25. Заманауи психология бастауларына оралу (К.Г.Юнг, В.Франкл, К.Роджерс және басқалары). А.Маслоу қажеттілік, өзін-өзі өзектендіру, метоқажеттілік, метапатология иерархиялары туралы.
Батыс психологиясының негізгі үш бағыты.
Психоаналитикалық бағыт-аналитикалық зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндірілед, с.қ. Тәуелділік регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктер қанағаттандырылмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді.(З. Фрейд, Э. Эриксон, К. Хорни және т.б.)
Бихевиористік бағыт- бұл бағыт өкілдерінің пікірінше адамға әлеуметтік орта «үздіксіз» әсер етеді. Сенімділік сезімін жоғвлтады, жауапкершіліктен қашады, сенімсіз достық қатынасты «қауіпті әлем» деп санайды.(Д.Б. Уотсон, И. Павлов, Б.Ф. Скинер және т.б.)
Гуманистік бағыт- ізгілікке бағыттау, сүйіспеншілік. Гуманистік бағыт өткен бағыттар арқасында пайда болды.(К.Г. Юнг, В. Франкл, К. Роджерс, А. Маслоу, Э. Фромм және т.б.)
Гуманистік психологияның негізгі ұстанымы
- Адамзаттың өміріне холизмдік (біртұтас) көзқарасты басшылыққа алады.
Барлық адам тумысынан, болмысынан ізгі болады деген көзқарасты ұстанады.
К.Юнг психологиялық функцияның төрт түрін көрсетеді: ойлау, сезім, түйсік және интуиция.
Ойлау сезіну рационалды (өйткені олар ақылға бағына әрекет етеді);
Түйсіну мен интуиция иррационалды(олардың қызметі ақылға сүйенбейді)
Адамның қажеттіліктер иерархиясы (А. Маслоу)
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер
Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, қатынас, ұйқы және т.б.
Қауіпсіздік қажеттілігі
Қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық
Әлеуметтік қажеттілік
(әлеуметтік орны)
Өзін – өзі сыйлау
(табыс, мәртебе)
Рухани қажеттілік
Мәңгілік рухани құндылықтарға мұқтаждықтың қанағаттанбауы метапатологияға әкеліп соғады.
Метапатология- жұтаңдану. А. Маслоудың қолданатын бұл термині психикалық ауытқуларды белгілеуге, метоқажеттілік фрустрациясының нәтижесінде дамуға арналған (мысалы: апатия- немқұрайлылық, депрессия-күйзеліс, цинизм-арсыздық, әдепсіздік).
Десакрализация- жалпы адамзаттық құндылықтармен моральдан түңіліп кеткен жастардың бойында пайда болған психологиялық қорғаныс механизмі. Ол көбінесе өмірде кездесетін үлкендердің сөзі басқа, ойы басқа, ісі мүлде бөлек болуына байланысты болады. Бұл екіжүзділік жас адамдардың скептиктерге айналуына, жалпы адамзаттық құндылықтармен моральға сенбеуіне, соңғы нәтижесінде өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырады.
 Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиыны.
 Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:  1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.  2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.  3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.  Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік. 
27.Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
Алғаш рет З.Фрейд адам санасынан басқа оған бағынбайтын бөлігін тауып, түсінік берді. Невроздарды зерттей келе, ол сана бөлігінен бөлектенген сезімдерді тауып, оны «түпкі сана» деп атады. Ашу, сараңдық, жек көру, қорқыныш, қызғаныш және т.б. төменгі сананың ішінде орын алады.К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа «жоғарғы сана» бар екенін айтты. Егер сырттан алған ақпаратты дұрыс, сүйіспеншілікпен қабылдасақ, төменгі санамыз таза болады. Егер төменгі санамыз таза болса, онда интуиция арқылы жоғарғы санаға қол жеткізуге болады. Біз сонда ғана руханилыққа қол жеткіземіз.
Сананы тазарту
Сананы тазарту жалпыадамзаттық құндылықтардың жарық сәулесін біртіндеп бойға сіңіру арқылы іске асырылады. Бұл құндылықтарды өмірімізге енгізу арқылы біз түпкі санамызда орын алған негативті үдерістерден арыламыз, осы орайда эмоция күші мен билігінен айрылып, біртіндеп өмірімізден алыстай бастайды. Сондықтан да санамызды тазарту барысында эмоциямызға бақылау жасап, тыныштыққа қол жеткізуіміз керек. Біз әрқашанда жоғары сана аймағына жетеміз деген позитивті оймен өмір сүруге үйренуіміз керек. Бұл күрделі жолға, тек жақсы позитивті ойлар, әдемі суреттер, жақсы кинофильмдер, табиғаттың әдемі бейнесі т.б. арқылы жете аламыз. Сонымен қатар жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік те тыс қалмайды. Бұндай риясыз сүйіспеншілікті бастан кешіру санамызды оятатын рухани энергияны қажет етеді. Ол бізге тыныштықты табуға, кемел адам дәрежесіне жетуге көмектеседі.
29. Мұғалімнің үш типі. Мұғалімдерге арналған ережелер. Мысалдар.
Мұғалімнің үш типі.
Шағымданушы
Түсіндіруші
Шабыттандырушы
Мұғалімдерге арналған ережелер.
1.ереже -басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында
2.ереже- бірінші ережеге қара.
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. Абай ҚұнанбайұлыМұғалім өз оқушыларына жақсы біліммен қатар, озық тәрбие береді. Әр мұғалім оқушыларын шабыттандыра алуы тиіс. Олардың болашаққа деген бағдарын айқын таныту керек деп білемін. Оқушылардың сабаққа ынтасы мұғалімге байланысты. Оқушы мұғалімге еліктеп, бой түзейді. Жақсы ұстаз әр балаға шабыт сыйлайды. Мұғалім - түсіндіруші. Мұғалім сабақты жақсы әрі жан-жақты түсіндіре алуы қажет. Сабақ барысында түрлі ойындар өткізіп, оқушылар қызығушылығын арттарған жөн. Сабақ кезінде өмірден алынған әңгімелер, аңыздар арқылы сабақтың жақсы өтуін қадағалау – әр мұғалім қызметі.
30.Адамның құндылықтар жүйесінің жіктемесі, мысалдар.
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
Аксиология (грек тілінен аударғанда axios – құндылық, logos – ілім, оқыту) – құндылық ұғымын зерттейтін философия саласы
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды, өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезексе шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады
Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін  білеміз.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
31.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын тиімді жүзеге асыру шарттары (әр шартының мәнін нақты ашуға мысалдар келтіру).
Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың мынадай үш шарты бар:
Сүйіспеншілік сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасау
РАББ мектептің тұтас педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру
РАББ үдерісінде тек жағымды позитивті әдістерді қолдану қажеттігі
Бұл шарттар бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырылуы тиіс.
І шарт. Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттестігінде бірі-біріне деген сенім үлкен рөл атқарады. Мұғалім шәкіртінің қабілетіне, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерге құрметпен қарауы тиіс. Оқушының жеке басын құрметтеу оның өзін-өзі түсінуіне, ұғынуына жағдай тудырады.Сонымен қатар керемет мұғалім баланы шабыттандыра біледі. Жүрегіне нұр ұялатып, әр ісіне сүйіспеншіілк танытқан жағдайда бала кез келген істі құлшына, ықыласпен әрі шабыттана атқарады. Сөйтіп, ынтымақтастық және шығармашылық атмосфера туады.
ІІ шарт. Рухани-адамгершілік білі м беру бағдарлмамасын жүзеге асыруды жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ барысында ғана емес, сыныптың және мектептің тұтас педагогикалық үдерісімен байланысты жүргізілуі арқылы ұйымдастыру қажет.
ІІІ шарт. Өзін-өзі тану сабақтары басқа пәндерді оқыту әдістерінен өзгеше . Өйткені мұнда оқушының ғылыми негіздегі оқу материалдарын меңгеруі ғана емес, оның тұтас тұлғалық қалыптасуына қажетті құндылықтар жүйесі беріледі. Сол себепті пәнді оқытуда тек жағымды әдіс-тәсілдер қолданылады. Сүйіспеншілікке құрылған сабақ оқушыны тек ізгілікке жетелейтіні сөзсіз.
32.Тыңдаушыларға ақпарат беру тиімділігі. Рухани-адамгершілік білім беруде мұғалімге қажет қасиеттер. Мысалдар.
Жолдауды жеткізу сөйлеу-10%, Мета-жолдау (жасырын жолдау-90%)
Егер айтып берсең, ұмытамын.
Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын.
Егер еліктіре тартсаң, расымен ұмытпаймын.
Мұғалімге басты екі қасиет қажет:
1-ші Қарапайымдылық- өз кемшіліктерін ұғыну үшін;
2-ші Кемелденуге тілек- өз кемшіліктерінен құтылу үшін.
(Ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған)
Сабақты қызықты, тиімді өту үшін төмендегі ережені ұстанумыз керек:
5 «Т» Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.
34.Классиктер еліктеу үлгісі ретіндегі ата-аналар мен мұғалім туралы. Мұғалім өміріндегі жағымды көңіл күйге енудің маңызы туралы.
«Ең оңайы - еліктеу, ең  ащысы - тәжірибе, ең  мәртебелісі – ойлау» дегенКонфуцидің нақыл сөзіне сүйенетін болсақ, еліктеу адам тәрбиесіндегі оңай жолдың бірі. Алайда, адам еліктеу арқылы өзінің бойындағы қасиеттерін жетілдіреді, көрген-білген жақсы әрекеттерді өз бойынажинақтауға ұмтылады. Мектеп жасындағы балалар көбінесе ата-аналарына, өзінен үлкен аға-әпкелеріне әсіресе алғашқы мұғаліміне ұқсағысы келіп, солардың іс-әрекеттерін өзіне үлгі етеді. Бұл халық даналығында, ежелден келе жатқан бала тәрбиесінде бар құбылыс.
Педагогикалық тұрғыда мектепжасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы оқушылырдың ата-анасына және мұғаліміне еліктеуі олардың танымдық қабілеттерін жетілдіре түеді. Бұл туралы классикалық педагогиканыңөкілдері қаншама тұжырымдар айтып кеткен. Мәселен, баланың ата-анасына еліктеуін Ж. Аймауытов арнайы қарастырған. Ол отбасын сол кездегі терминмен яғни «үйелмен» деп атай отырып, баланың тәрбиесі үйден басталатынын дәйектеген. Ж.Аймауытов бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне және көрсеткен үлгісіне байланысты, “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалын айтады. Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Мағжан Жұмабаев тәрбиенiң дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық сияқты төрт түрін түсіндіре келіп, бала көргенін,естігенін үлгі тұтып өсетінін айтады. «Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын»-, деп тәрбие мақсатын айқындап бередi.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. “Ата-аналар кітабында” екі түрлі отбасындағы ата-ананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады. Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Олардың бірі-біріне еліктеп өсетінін, бір-бірін үлгі тұтатынына айтады.
В.А.Сухомлинский: Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби шеберлікке сай болуы керек. Мұғалім    қызметіндегі     сырт кескін-келбеті, мінез-құлқы, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білуі оқушылардың бойында еліктеушілікті туғызатынын айта келіп, атақты педагог мұғалімнің кәсіби шеберлігін де тұжырымдап көрсеткен.
Ізгілікті педагог Ш.А.Амонашвили әр баланың өз ата-анасына еліктейтінін оқушыларының сабақтағы іс-әрекеттері арқылы танып отырған. Үй тапсырмасын орындауда кейбір балалар ата-анасының айтқанын заң деп қабылдайтынын ол өзінің эксперимент ретінде жүргізген жұмыстарында дәлелдеп көрсеткен. Ал мұғалімге еліктеу барлық бастауыш мектеп оқушысының бойында болатын құбылыс деп айтады. Баланы тәрбиелеуде, оқытуда ең алдымен өзің оған рухани адамгершіліктің үлгісі бола біл» дей отырып, Ш. Амонашвили үлгі болудың мәнін түсіндіреді. Амонашвилидің ұстанымы – «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету» дейді. Сонымен қатар ол «Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек» деген ұстанымды насихаттайды.
Белгілі педагог С. Соловейчик келтірілген статистика мәліметі бойынша ата-аналар баласының тәрбиесінде күніне 17 минут арнайды.
Бұл жеткілікті ме? Осы уақыт ішінде жақсы адамды қалайша тәрбиелеуге болады?
Мұғалімнің жағымды күйге енуі оны бойындағы адамгершілік қасиеттердің өзара үндестігінен байқалады. Жаны таза, жүрегі жылылыққа толы мұғалім кез келген ортада, кезкелген жағдайда жол тауып, жағымды әсер қалдырады. Мұндай мұғалім оқушыларды өзіне тарта біледі, баурап алады. Сол себепті оқушылар да оған еліктеп, одан үлгі алуға, сондай мұғалім болуға ұмтылады. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ  беретін оқытушы болса, екіншісі жоғары беделді адамдарға ықпал етуші адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты  кешіре біледі, сондықтан әр-бір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды және оған еліктеп өседі.
35.Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдану реті. Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек.
Әдістемелік тәсілдердің жіктемесі
Жағымды күйге келу формалары (сабақтың басында және соңындағы іштей жағымды күйге келу) - Жағымды күйге келу сабақтың басында және соңында өткізіледі, кейде сабақта тәртіп бұзылғар жаңдайда сабақтың ортасында да өткізуге болады.
Сабақтың дәйексөзі (жағымды ой-пікір) – Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес келетін нақты сөзді тақтаға жазу керек. Балалар оларды есте сақтау, түпкі санада сақталу үшін бірнеше рет дауыстап айтады немесе дәптеріне жазады.
Оқиға және әңгіме айту. – Әңгіменің мақсаты-бұрын меңгерген білімді көкейкесті ету, оқушылардың алдағы тұрған міндеттерді шешуі үшін оқу-танымдық іс-әрекетке олардың белсенді қатысуына зейінін, мүмкіндіктерін шоғырландыру. Әңгіме барысында оқушылардың жаңаны тануға дайындығы мен түсіну дәрежесі анықталады. Әңгімелесуді ұйымдастырудағы жақсы нәтиже көбінесе қойылатын сұрақтардың дұрыс болуына байланысты. Сұрақтар балалардың ойына түрткі салу үшін ақты, қысқа, логикалық тұрғыда ойластырылған болуы тиіс.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс (ойындар, сахналау, дөңгелеу үстелдер, плакат жасау, сурет салу, өлең құрастыру, ән шығару, ұсақ түйек жасау және т.б. - Шығармашылық жұмыс, топпен іс-әрекеттерді мұғалімнің оқиғаны айтып беруінен соң өткізген дұрыс. Егер оны өткізуге үлгермеген жағдайда келесі сабақта өткізуге болады.
Сабақты жоспарлау бойынша ұстанымдар:
Тақырып оқулықтан алынады, қалған материалдарды мұғалім өзі таңдайды. Мұғалімнің шығармашылық қатынасы маңызды. Оқулықтан нені алатынын, ол мұғалімнің сыйы ретінде жаңадан нені ұсынатынын жүрекпен ұғынатыны абзал.
Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық сабақтың тақырыбымен байланысты көрініс табуы тиіс.
Сабақтың міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық қүндылыққа сәйкес қасиеттер көрініс табуы тиіс.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша практикалық сабақтардың әзірлемесі
басында: жоғары оқу орнынң аты, мерзімі, номері, тақырып, құндылық, қасиет, оқытушы, курс (топ), студенттер саны.
Сабақ барысының құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену, Орманға саяхат, Тыныс алу, Су түбіне саяхат.
Үй тапсырмасын тексеру.
Дәйексөз.
Әңгімелеу.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Топта ән айту.
Үйге тапсырма.
Соңғы тыныштық сәті.
36.Мұғалім өміріндегі шабыттандырушы мысалдар (үш мысал). Оларға ортақ не бар?
Көп нәрсе шабыттандырады. Адамдармен араласқанды жақсы көреді. Балаларды өте жақсы көреді. Балаларды тыңдағанды жақсы көреді. Бұл мұғалімдер үшін үлкен шабыт.
Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.
Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім ата-анасы сияқты оқушыны сүйсе, онда ол бүкіл кітаптарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім Лев Толстой
Біз мектепте балалар үшінбіз, сондықтан олардың өздеріне сенуіне көмектесуге тиіспіз. Сонда мектеп оқушылар мен педагогтер үшін жаңалықтар мен ашылулар әлеміне, өмір қуанышына, тыныштық әлеміне, үйлесім мен ынтымақтастыққа айналады.
Жақсылық жасау, жақсылыққа үйрету, қиындықпен мақсатқа қол жеткізу, сүйіспеншілікпен ақиқатқа қызмет ету- міне, осы даналық.
(Мұғалімнің күнделігінен)
1 мысал
Шабыт- адамның белсенді қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келуімен, сергек күймен ілесіп жүретін жалпы көңіл-күйінің көтеріңкі күйі. Мұндай күй, әдетте, адамдар олардың қолынан бір нәрселер жақсы келген өмірлерінің сәттерінде болады. Шабыт үздіксіз ізденудің нәтижесі екені даусыз, мәселен, жазушылар өздерінің ең тамаша шығармаларын жазған сәтте, актерлер ең жақсы рольдерін ойнағанда, суретшілер өздерінің ең тамаша суреттерін салған сәтте шабыттанады екен. Шабытты өз шығармашылық қызметім тұрғысынан, яғни педагогтық мамандық қырынан қарастыратын болсам, менің көтеріңкі көңіл-күйде болуым аудиториядағы жағымды қарым-қатынасқа, студент бойында сабаққа қызығушылықтың туындауына байланысты. Шәкірттің сенің пәніңді сүйіп оқуы, тапсырманы ынта-ықыласпен орындауы, сыйластықты қарым-қатынаста болуы, сені көргенде жылы шырай білдіруі – бұлардың барлығы ұстаздық қызметтің ауырлығын сездірмей, шығармашылыққа жетелейтін жағдайлар. Әсіресе, алған сенен алған білімдерінің пайдалылығын сезініп, оны тәжірибеде қолданып нәтижеге жеткені жөнінде бөліскенде ерекше бір күйге еніп, өз еңбегіңнің ақталғанына соншалықты қанағаттану сезіміне бөленесің.
2-мысал
Шабыт дегенде бірден ойға келетін - адамның ұшқыр қиялы, ойы. Осы аталғандардан барып, шабыт шырқау шегіне жетіп, өз жемісін береді. Ол үшін әрине үздіксіз іздену керек екені даусыз. Әркімнің шабыты өз алдына, өзгеден ерекшеленіп тұрады. Мысалы, ақындар өмірден көргендерін әдемі ұйқас жолдарымен оқырмандардың жүрегіне жеткізіп өлең шығарады, сол өлеңге сазгерлер әуен ойлап тауып, үйлестіріп, жақсы ән шығарады. Міне, байқап отырғаныңыздай әркімнің өзінің өнері, шығармашылық шеберлігі бар. Тек қана бұлар ғана емес, сонымен қатар, шабыттың шыңында жүрген жазушы, драматург, ұстаз, суретші, мүсінші, ғалым, және т.б. өнер майталмандары баршылық. Осылардың барлығы өз өнерлерін шабыт арқылы жарыққа шығарып, көпшіліктің ықыласына бөленіп, қошеметін көріп жүргендер. Айтып отырғанымыздан шабыттың өнермен, шығармашылықпен тығыз қарым-қатынаста екенін байқауға болады. Бірақ, бұл барлық адамдардың шабыты бірдей деген сөз емес.
Мына ғаламда тіршілік етіп жатқан әрбір адам өз жүрегінде арманын аялап ұстайды. Менің де ойласам, жүзімде еріксіз күлкі үйірілтіп, өмірге деген құлшынысымды арттыратын армандарым мен солардың негізінде құралған мақсаттарым жетіп артылады. Мен әрдайым шабытта болу үшін даналардың күш-жігер берер сөздерін оқимын.
Қорыта келсем, арман барда, оны орындауға құлшыныс бар, яғни өмір сүруге шабыт бар! Мені туған жерімнің табиғаты, самал желі, ауасы, дархан даласы шабыттандырады. Анамның маған деген мейірімінен шабыттанамын. Дүниеге әкелген нәрестелерім өмір сүруіме шабыт береді. Жолдасымның маған деген қомқорлығы мен сүйіспеншілігінен шабыттанамын. Шәкірттерім шабыттандырады. Өзімнің ұстаздарымның ілтипаттылығынан шабыттанамын.
Шабыт қайдан келеді? Шабытты адам анағұрлым әлемге көтеріледі. Ол үшін пенделік ұсақ- түйек маңызды емес. Ол қағазбен емес жүрекпен сөйлейді. Егер адам асқақ ойласа, онда оған міндетті түрде шабыт келеді. Біз шабытпен өмір сүруді үйрене аламыз. Біз шабытты өмір сүре аламыз және біз осыған үйренуге тиіспіз. Бізге ішкі жаратушымызды оятуымыз керек! Ол неліктен бостан-босқа ұйқыда жатыр? Оны ояту керек. Кейде адам шабыттанушы болуға шешім қабылдайды. Шабыт басқа жақтан емес «мен өзім қалаймын» деген сияқты іштен туады. Шабытты адам адамзат үшін бақыт.
37.Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымымен байланысы.
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.
Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
2.СҮЙІСПЕНШІЛІК
Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.
3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.
5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. 
Ішкі үйлесімдікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.
Қиянат жасамау – рухани деңгей
Ақиқат – интеллектуалдық деңгей. (ажырату, интуиция)
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)
Тыныштық – эмоциялық деңгей
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей
Әрекет арқылы сүйіспеншілік- Дұрыс әрекетСезім арқылы сүйіспеншілік- Ішкі тыныштықОй және сөз арқылы сүйіспеншілік- АқиқатТүсінісу арқылы сүйіспеншілік- Қиянат жасамау
38.. Классиктер абсолюттік ақиқат туралы.
Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында  адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне  грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.Әбу Насыр Әл-Фараби  (870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, музыка зерттеушісі.
Фарабидің философиялық  көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт бақыт үшін жаралған» дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай?  Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді.
Шәкәрім « ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті етеді» . Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, өлмес адам жанының мәңгілік қажеттіліктері және өзіндік ерекшелігі бар субстационалдық негіз ретінде түсіндіреді . Шәкәрімнің философиясы Ар-ождан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан арылтатын және оны дұрыс жолға түсіретіні анық жол.
Ақиқат – өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып,материалдық материалдық әлем ретінде көрініс береді. Энштейн материя тығыздалған энергия екенін анықтады.
Ақиқат- өзгермейді,ол жалғыз.
Ақиқат – адамның шынайы болмысы
Ақиқат- кеңістік пен уақытпен шектелмейді.
Ақиқат- барлық ел ,барлық заман ,барлық адамзат үшін бір.
Тек қана өзін өзі тану арқылы ақиқаттық игілікке жетесің
Сократ
Сократ философиялық әңгіме айтудың жаңа әдісін енгізді. Ол бойынша, сұхбаттасушылардың бірі тығырыққа тірейтін сұрақтар қойып отырады.Сократ бұл тәсілді өзі әңгімеге тартқан қарсы пікірдегі адамдардың білместігін бұзып өтіп, ақиқатқа жету үшін пайдаланды.
Ақиқат жол жөнекей жұлып ала салатын гүл емес,ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты.
Гераклит
Бұл – адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді және де таба алмастан ашығып қажиды.
К.Д.Ушинский
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
«Менікі» мен «Менікінің» мағынасы екі.
«Мен » өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін,оған бекі
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келмес,
«Мені » мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.
Абай
Мейірімділік,сүйіспеншілік,қайырымдылық,адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді. Сол үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бір-бірімен тату тұруында сөз жоқ.
Шәкәрім
Шәкәрім «ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті етеді».
Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, өлмес адам жанының мәңгілік қажеттіліктері және өзіндік ерекшелігі бар субстационалдық негіз ретінде түсіндіреді . Шәкәрімнің философиясы Ар-ождан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан арылтатын және оны дұрыс жолға түсіретіні анық жол.
Экхарт Толле неміс жазушысы, философ:
Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғаныңды оны жоғалтқанға дейін білмейсің.Түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады.
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғанс абсолюттік ақиқат бар. Сен оны тапқан кезде ғана,сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады.
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Ақиқат – интеллектуалды аспект
Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект
Дұрыс әрекет – физикалық аспект
Тыныштық – эмоционалдық аспект
Қиянат жасамау – рухани аспект.
Ақиқат- адамның шынайы болмысы.Адам ақиқатпен жүрген кезде ғана, оның аты тарихта мәңгілікке қалады. Мәңгілік ақиқат мәңгі тыныштықты алып келеді. Егер адам жаман қылықтарға еріксіз көніп жатса, мысалы: ашу, қызғаншақтық, күндеушілік, тәкаппарлықты және сол сияқты, онда оның барлық өмірі қайғы мен абыржуларға толы болады.
39.Сүйіспеншілік энергиясы. Ғалымдар сүйіспеншілік энергиясы туралы. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі.
Сүйіспеншілік- эмоция емес, ол дүниені өзгертуге бейім, өмір еруші және демеуші қуатты энергия
Адам –сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш.
Сүйіспеншілікэнергиясын қалай береміз?
- Ізгі ниетпен жақсы істер жасау, таза ой арқылы, жан жадыратар жылы сөзбен, мейірім шуағы төгіліп тұрған көзқараспен, жүзіңде еш бояусыз риясыз, таза күлімсіреумен және өзара түсінісумен.
I= U
R
I- сүйіспеншіліктің ток күші
U- зейінді қуатқа шоғырландыру
R- қарсылық, эго
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі қуаттың аздығы .
Қосымша:
Атымтай Жомарт(аңыз)
Заманында Атымтай жомарттың атағы әлемге таралыпты. Соған күйінген бір патша жендетін шақырып алып: - Менің де қолым береген еді, бірақ атақ-абырой Атымтайда. Сондықтан сен оны өлтіріп, басын осында жеткізсең, алтын-күміспен жарылқаймын, - депті. Сонымен тәтті қиялы тамсандырған жендет елден-ел, жерден-жер қоймай дүниені кезеді. Арып-ашып келе жатқан оған бір күні иман жүзді бір жігіт ұшырасады - Алыстан жолаушылап келе жатқанға ұқсайсыз. Жүріңіз біздің үйге, қонақ болыңыз. Әл жинап, демалып, асықпай аттанарсыз, - деп қоярда-қоймай үйіне шақырып бәйек болады.Жігіт үш күн бойы таудан отын шауып әкеп, оны сатып, түскен ақшасына бейтаныс қонағын күтумен болады. Төртінші күні қонақ:- Бауырым, құрметіңе ризамын. Мен кетемін демесем, тік тұрып қонақ етуден жалықпайтын сияқтысың. Әрі менің кім екенімді, не шаруамен жүргенімде де жұмысың жоқ. Сондықтан мен саған өзім жағдайымды айтайын. Мен бір елдің патшасының жендетімін. Атымтай деген жомартты іздеп шықтым. Оның басын шауып, патшама алып барсам, алтын мен күміске қарық болайын деп тұрмын. Сондықтан мен жолымнан қалмағаным дұрыс. Жолаушы жұмысы жүрсе бітеді деген, - деп асығыстық жағдайын баян етеді. Оны естіген жігіттің көзінде қуаныш нұры оянып:
- О, менің құрметті қонағым, сіздің жолыңыз болды ендеше. Іздеген Атымтайыңыз мен боламын. Мінеки, басым, алыңыз. Патшаңызға аман-есен жеткізіңіз де, сый-құрметке ие болыңыз, - деп басын иеді. Жендет аң-таң. Сенбейін десе, алдындағы жігіт өтірік айтатын, қалжыңдайтын адам емес. Өзін құрмет тұтып, сый көрсеткен адамға қол көтере алмай еліне құр қол аттанады.Келген соң патшасына көрген-білгенін түгел айтып береді. Соңында: - Сіздің бұйрығыңызды орындай алмағаным үшін оның орнына өз басымды алуыңызды өтінем, - деп сөзін тәмәмдайды. Патша ойланып қалады. - Апырай-ә, мен де өзімді жомартпын деп жүрмін. Шын берем десем, аса жақын адамға ең арысы жарты патшалығымды бере алатын шығармын. Алайды Аллаһ берген аманат-жалғыз жанымды атын-затын білмейтін белгісіз біреуге қия салу деген - ақылға сыйымсыз жайт қой! Қой, мұнан кейін Атымтаймен жомарттық салыстыруым ұят екен, - деп райынан қайтыпты. 40.Сүйіспеншілік түрлері. Біздің жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашылуына нелер кедергі жасайды және нелер ықпал етеді? Сүйіспеншілікке толы өмір (Мысалдар).
Өзімшіл сүйіспеншілік-адам тек өзін ғана ойлайды, сүю оның «маған» деген эгоистік қажеттіліктеріне құрылады. ( шамның жарығымен салыстыруға болады)
Өзара сүйіспеншілік- «сен-маған, мен-саған» деген есеп пен міндетке құрылады, жағдайға қарай (құбылмалы, уақытша, өткінші болып өзгереді. (Ай сәулесімен салыстыруға болады)
Риясыз сүйіспеншілік - бәріне бірдей нұр шуағын шашады, ештеңе қажетсінбейді, қайтарымын сұрамайды, бәріне қол ұшын береді.( Әлем жүйесі - жер, күн , су, от салыстырамыз)
Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі келтіреді ?
Эгоизм, ашу-ыза, көре алмаушылық, шыдамсыздық, қалаулар, сараңдық.
Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді ?
Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүл жарады.
Мысалдар:
41.Адамзаттың ұлы тұлғалары өмірінен Дұрыс әрекетке мысал.
 Сиқы Индира Гандидің өзінің жазғанынан:
«Бірде анамның туысы келеді. Ол маған әдемі тігілген көйлек әкелді. Алайда анам сыйлықты кері қайырып, бізге тек қолдан тоқылған киім киетінімізді түсіндірді. Қонақ анамның сөзіне кейіп:
- Сіздер мұнда жынданған боларсыздар, балаға қолдан тоқылған киім кигізіп, азаптаудың қажеті қанша? –дейді.
Анам мені шақырып алып:
- Апайың саған әдемі көйлек әкеліпті, ұнатсаң кие ғой. Алайда біздің шетелдік заттарды жаққан үлкен алауды ойла. Біз бәріміз қолдан тоқылған сари киіп жүргенде, сен сәнді көйлек кигің келе ме?-деді.
Мен қатты қызығып, көйлекке қол соза беріпедім, сол сәтте:
- Бұл көйлекті кимеймін!-деген ішкі даусымды естідім.
- Неге алмайсың? Саған әдемі заттар ұнамай ма? –деп туысым қызықтыра түсті.
Мен оған үлкндерден естігенім бойынша жауап қайтардым.
- Жарайды, періштем менің. Ал, шетелдік қуыршағың ше?-деді ойланбастан.
Мен үшін ол қуыршақ ең қымбат, жанымдай жақсы көретін досым еді.
Мен көр ойландым. Менде қуыршағыма деген махаббатым мен отан алдындағы борыш ұғымы тұрды.
Мен шешім қабылдадым. Кіре беріске барып қуыршағымды жағып жібердім. Содан бері сіріңке тұтатуды жек көремін»
Ш.Құдайбердіұлы Ахат Шәкәрімұлының әкесі туралы жазған естелігінен Шәкәрімнің сөзі, ойы және ісі бір жерден шықандығын көруге болады.
Ахат Шәкәрімнің айтуы бойынша 1918 жылы Алаш азаматтары Шәкәрімнің сыртынан сот қып сайлаған тұсында Белгібай деген байдын қызы мұғалім жігітпен қашып кеткен екен. Ол кезеңде бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің қашып кетуі үлкен қылмыс саналған. Белгібайдың арызымен ұсталған қыз бен жігіттің сотында сот Шәкәрім: «Біздің сот - ар соты, ардан, адамгершіліктен аспай, әділін айтамыз» - деген сөздерді айта келе: «Қыздың басына бостандық берілсін! Өзі сүйген адамына барсын!» -деп шешім қабылдаған екен. Сонда сол замандағы байлар Шәкәрімге қарсы сөйлесе керек. Сонда да Шәкәрім өзінің әділ ісі мен ізгі сөзінен таймаған екен.
Б.Момышұлы Бауыржан Момышұлының бірде қонаққа туған жері Жуалыда қонақта болыпты. Сонда ауылдың бетке ұстар азаматтары, әкімдері Бауыржан Момышұлын барын салып күтіп жатады. Өздерінің еңбектері, жасаған жақсылықтары жайында мақтанып жатыр. Ал Баукең есіктің төр жағында отырып, ашық тұрған есіктен қазан ошақ жақта әжейдің жалғыз күйбеңдеп жүргенін байқап отырады. Сонда Баукең:
- Ал бәрін жақсы екенсіңдер, жағдайларың жақсы екен. Мына қолымдағы қол сағатты жаңадан алып едім, көріңдер де көрімдігін беріңдер – депті. Барықтары сасқандарынан ақшаларын бір-бірінен қалыспай оттаға тастапты. Сонда Бауыржан батыр қазан ошақтың басындағы әжейді шақыртып, оған өзінің алғысын айып:
- Мықты болсаңда, сендер үшін қызмет еткен аналарды ардақтаңдар. – деп, көрімдіктен түскеннің бәрін сол кісінің қолына ұстатыпты. Әжей сол кезде қатты ризашылығын білдіріп, батасын беріпті. Жанындағы кісілер болса, өздерінің қылықтарын түсініп, ұялыпты.
43.Риясыз сүйіспеншіліктің мәні. Сүйіспеншілік пен басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы.
Шын мәнінде, біздің өміріміз сүйіспеншілік оқиғаларынан тұрады. Біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалу - өзімшіл сүйіспеншілік.
Өзімшіл сүйіспеншілік немесе біреуге үйреншікті үйір болу, байланып қалуы азап шектіртеді, қайғы-қасірет әкеледі. Риясыз сүйіспеншілік марапат іздемейді, ол өзі - Сый.
Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен, іспен, түсінісумен, оймен
Риясыз сүйіспеншілік
Әрекет арқылы сүйіспеншілік-Дұрыс әрекет
Сезім арқылы сүйіспеншілік-Ішкі тыныштық
Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік-Ақиқат
Түсінуарқылысүйіспеншілік-Қиянатжасамау
Педагогикадағы сүйіспеншілік.
Педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студентті сыйламау студентің эмоциясына, сезімі мен ішкітолқынысына немқұрайлы қарау.Сүйіспеншілік арқылы ғана өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана кемел адам бола алады.
Я .А. Коменский «.....алдымен сүю керек,сонан соң оқыту қажет....»
Ақиқатқа сүйене отырып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет етсе, ішкі жан тыныштығы болады, ішкі жан тыныштық орнаса қиянат өзінен өзі жасалмайды.
В.А. Сухомлинский «Мұғалімнің балаға махаббаты, баланың мұғалімге махаббаты ұғымына салынатын нәрсе, меніңше, бір адамның басқа адамның рухани байлығына таңырқауы, сүйсінуі....»
44.Сабақтың дәйексөзі. Сабақта дәйексөзбен қалай жұмыс жүргізу керек.
Адам нені ойласа өзі де сондай болады. Оқушылардың ойларын нақты сабаққа сәйкес әңгімелеп айту арқылы неғұрлым асқақа нәрселерге бағыттау жолын табу керек. Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес клетін нақыл сөзді тақтағы жазып қою керек. Балалар оларды есте сақтау, түпкі санада сақталуы үшін бірнеше рет дауыстап айтады немесе дәптерлеріне жазады. Егер бастағанда ештеңе шықпаса онда талаптаныңыз, талаптаныңыз тағы да талаптаныңыз. Бұл сүйспеншілік береді, және кешіледі, эгоизм алады және ұмыстады. 7-8 бала айтады.
«Бәрін сүй, бәріне қызмет ет», «бәріне көмектес, ешкімді ренжітпе»
Өзіңе әділ бол, сонда басқаларға жалған сөйлемейсің.
«Шындықты айту ұзақ емес,
Ал жалған айтсаң, ұзақ, ұзақ, өте ұзақ шексіз жалған айтуға тура келеді. Ең жақсысы уақытынды шығын қылма». Б.Заходер.
Дәйексөздердің оқушыларға жағымды әсері келесідей түйінделеді:
1. Денсаулықты жақсартады.
2. Шабыттанудың ішкі қайна көзіне сенімді дамытуға көмектеседі.
3. Өзіне сенімділікті дамытуға көмектеседі.
4. Қауіпсіздікті және игілікті сезіндіреді.
5. Нақты пәнге ойын тұрақтандыруға көмектеседі, осылайша ақыл қалыптасады.
6. Жағымды ойлауға түрткі салады.
7. Қарапайымдылықты сіңіреді.
8. Қорқынышты сейілтуге көмектеседі.
9. Даналық пен турашылдықты дамытады.
10. Интуицияны ынталандырады.
Қортындылар
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, оқытудың әдстемесі ретінде жағымды ойлау мен дәйексөздарді күнделікті
45.Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі.
Ақиқат
Бастауыш буын: шындықты айту, тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық, оптимизм, кішіпіейілділік т.б
Орта буын: білім іздеу, ойдың сөздің және істің бірлігі, қараапйымдылық, барлығынанажақсылық көру, өз өзіне адал болу, шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылыдық т.б
Жоғары буын: өз бойынан ақиқат іздеу, тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, мәңгілік уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білу, білім іздеу,ь өзіне өзі есеп беру, барлық дінге құрмет көрсету, өзіне өзі сену, жауапкершілік т.б.
Сүйспеншілік
Бастауыш буын: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, жан жануарларды жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық т.б.
Орта буын: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет көрсету, жанашырлық т.б.
Жоғары буын: жақсы көру және кішіпейілділік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік т.б.
Дұрыс әрекет
Бастауыш буын: шындықты айту, ұрлық жасамау,, уәдені орындау, ұрыспау, денсаулық пен тазалық, ата ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық т.б.
Орта буын: әдепті болу, ұқыптылық, өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, зиянды әрекеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, өз өзіне сенімді болу, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі парызын орындау т.б.
Жоғары буын: жауапкершілік және тіртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу, уақытты үнемдей білу, құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ т.б) қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік т.б.
Ішкі тыныштық
Бастауыш буын: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, назар салу, шыдамдылық, тәртіп т.б.
Орта буын: дұрыс ырғақпен өмір асқақа ой, құмарлықты шектеу, өзіне өзі сенімділік, іске берілу, ұстамдылық, өзін өзі құрметтеу, қарапайымдылық, жағымды ойлау т.б.
Жоғары буын: қарапайым өмір, асқақ ой, құмарлықты шектеу, өзіне өзі сенімділік, іске берілу, ұстамдылық өзін өзі құрметтеу, қарапайымдылық, жағымды ойлау т.б.
Қиянат жасамау
Бастауыш буын: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, жан жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік т.б.
Орта буын: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, (кеңпейілділік), ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау т.б.
Жоғары буын: барлық дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен не болмасы іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы, жақсы азамат болу т.б.
46.Қарсылық көрсетпеу, пікір білдірмеу және байланып қалмау (үш өсиет әңгіме) – шынайы еркіндік пен дұрыс әрекет қырлары (сіздің түсінігіңіз бен мысалдар).
Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» дұрыс әрекетке өсиет әңгіме.
Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:
- Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді? – деді.
Үйші айтты:
- Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.
Көрші:
- Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді.
Үйші айтты:
- Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, - деді.
Жалшының байлығы, дұрыс әрекетке аңыз әңгіме. Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүріпті.Оның ешкімі жоқ екен. Ол мал- мүлкі және ақшасын баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанады. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Бай бір күні жалшысының үйіне есігін бір теуіп кіріп барады. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мыналарды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.
— Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.
— Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді “мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:
— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.
Сонда жалшысы: — Қожайын, жағдайың құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым отбасым, екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құла ниектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді. Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. Бұл күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…
Отанға деген сүйіспеншілік дұрыс әрекетке (аңыз әңгіме)
Ерте кезде жиі болатын шапқыншылықтардан әбден шаршаған қазақ елі бір күні жаудың күші ала алмайтындай бір қамал соғуға шешім қабылдайды. Бұл қамалды салу үшін тұрғындар ынтымақмен, бар күш жігерлерін салады. Алайда бұл қамалдың бір жақ қабырғасы еш нық тұрар емес, қайта қайта құлай берді. Шаршаған жұрт, әбден қажыды. Сонда халық арасынан бір дана шығып, бұл қамалды нық тұрғызудың амалын білемін дейді. Ол үшін жалғыз ұлы бар ананы тауып, ол ұлын өз еркімен осы қабырғаға тірідей қалауы керек және жігіт те өз еркімен Отан үшін жанын пида ету керек деп айтады. Көп іздемей ақ, ондай ана мен бала табылды. Ер жігіт қамалға келіп, Отан алдындағы парызым, елімді аман алып қалуға дайынмын деп, қабырға тұсына келіп тұра кетеді. Анасы қайғыдан әрең шыдап,тұрғанда дана одан сен қалай ғана балаңды қидың деп сұрапты, сонда ол, менің ұлымның екі анасы бар, бірі мен болсам екіншісі Отан анасы, бүгін оны екінші анасы шақырды, қалай жібермеймін деп Отан үшін жалғыз ұлын қиюға әзір екенін көрсетіп, қайратталық танытады. Сонда дана жасалғалы жатқан әрекетті тоқтатып, келесідей сөзді айтады: «бізді жау алдындағы қорқыныш пен шарасыздық көзімізді жұмып қойғандай, алайда біздің жасағалы тұрған ісіміз дұрыс болмас, мен мына ана мен баланың әрекетін көріп, мұндай аналар мен балалары бар бізді жеңу мүмкін емес, баланы жіберіңдер де қамалды аяқтаңыздар деп бұйырады. Ол уақыттардан бері талай шапқыншылықтар болды, қиын замандар өтті және ол қамал он рет құлады, алайда халықтың күшімен оны он бірінші рет қайта тұрғызды. Расыменде, Отанға деген сүйіспеншілік, рухты өшіру мүмкін емес. Халықтың Отанға деген сүйіспеншіліктің шегі жоқ, ол мәңгі. Егер Отан алдында парызын сезінген ұл болса, Отанға деген шексіз ризашылығымен оған деген сүйіспеншілігін дұрыс әрекетімен көрсете білсе, ондай елде тәртіп те, тәрбие де, рух та мәңгі болмақ!
Шіріген картоп
дұрыс әрекетке өсиет әңгіме
Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді.
Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып, мынандай тапсырма береді:
- Айналайын, балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.
Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.
Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.
Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды.
Енді балаларға ауыр, сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.
- Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке, сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік, - дейді.
Әкесі: - Айналайын, құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім, сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніш те осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал, бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, - дейді.
Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.
47.Дұрыс әрекет практикасы (тәннің, тілдің және ақылдың үш дұшпандары). Қанағат шегі (мысалдар).
Ақиқаттан туындағанның барлығы - дұрыс әрекет.Дұрыс әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзінде жүзеге асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы - өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі
Тәннің үш дұшпаны:
Екіжүзділік
Сараңдық, дүниеқоңыздық
Тірі жанды жәбірлеуге бейімділік
Сөздің үш дұшпаны:
Үрей таратудан айызы қану (рахаттану)
Жалған сөйлеу
Өсек айту
Ақылдың үш дұшпаны:
Көрсеқызарлық
Көреалмаушылық
Арсыздық
Дұрыс әрекетке тән қасиеттер:
А) әдет – Өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек.Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет шағын істердің өзі әдетпен орнығыды.
Ә) Қанағат- тілек қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның амал әрекетіне себепші болады. Тек тілеу қалауынды тыйғанда ғана адамеркіндікке қол жеткізеді.
Б) ынтымақтастық- жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әртүрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте , тәртіпке, өзара сыйластыққа ынтамақтастыққа, үйренеді.
В) тәртіп- тәртіп адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет адам бойына бала кезінен бастап даруы керек.
Қанағат шегі (мысалдар)
Азық. Мысалдар мен іс-тәжірибелік тапсырмалар
(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)
Өмірде парықсыз тамақтанудан қалай арылуға болады?
Алдымен қашан, қалай тамақтану қажеттілігін, босқа тамақтануды анықтауымыз қажет
Осы өзекті мәселелерге байыппен қарап, шешімін табуға көмектесетін бірнеше сауалдарды саралауымыз қажет
Дүкенге бармас бұрын, ең қажетті заттарды қаншалықты қанша мөлшерде алуды, ойланбастан алынатын қажетті шамалы азықтардан бас тартуды жоспарлайсыз ба?
Азықтың шығарылу мерзімін тексеріп қашан, қай уақытқа дайындайтыныңызды және ысырапсыз қолдануды жоспарлайсыз ба?
Этикеттегі азық құрамын оқып, сондай-ақ қажетсіз жасанды қоспаларды (май, қант, кофейн, дәмдеуші глюканат) мұқият қарап шығасыз ба?
Өз бақшаңызда немесе балконда көкөністерді өсіріп үнем жасауға, пайдалануға мүмкіндігіңіз бар ма?
Қонақ күткенде қонақтарды керемет тағамдармен таң қалдыру немесе тағамды дастарханға мошылықпен толтыруың, қайсысы сізге маңызды?
Көбіне тағамның жартысы ысырап болып босқа төгілетін, мейманхана мен асханаларда жиі тамақтанасыз ба?
Энергия.мысалдар және практикалық тапсырмалар.
(сыртқы тәндік тұрғыдағы іс-әрекет)
Төменде өз күшіміз бен энергиямызды бекер шашуға бейім болатын өмірлік мысалдар келтірілген.
Өз күшіңіздің деңгейі оңтайлы уақытта алдымен не істейтініңізді бейнелейтіндей өз жұмысыңызды ұйымдастырасыз ба?
Сіздің талғампаздық деңгейіңіз қандай және нормадан асып кетпеген бе, қол жетпеске ұмтылыста сізге жұмысыңызды педанттық қайта жасауға мәжбүр етпей ме?
Энергияңыз бен уақытыңызды алатын жиhазыңызға шан жұқтырмау, үйіңізді идеалды тазалықта ұстауға фанатиктілігіңіз (бірбеткейлік) ұлғайтылған емес пе?
Сіз машинамен жолға шыққанда бірнеше істі бірден тындыра алатындай етіп, өз істеріңізді жоспарлайсыз ба? Бұл сондай-ақ белгілі бір энергия типі болатын бензинді үнемдейді.
Адамға ұнауға құштарлықпен ұмтылыста қаншалықты энергия мен күш жұмсаймыз?
Не істеу керек?
Өз құмарлығыңыздың шегін белгілеп қойыңыз
Азықты ысырап етпеңіз
Ақшаны шашпаңыз
Күшіңізді сарылтпаңыз
Уақытты үнемдеңіз
48.Оқытудың диалогтік әдісінің мақсаты. Оқиға айту өнері. Оқиға айту кезіндегі мұғалімнің міндеттері.
- Есте жоқ ерте заманнан бері оқиғалар ұрпақтан ұрпаққа ақпарат берудің құралы қызметін атқарып келді.
- Батылдық, адалдық және сенім сияқты құндылықтар сюжетке қоса өріліп және осылайша балалар үшін үлгі болу қвзметін атқарады.
- Отбасылық ортада оқиға айту бірден басты алданыш болады және әңгімелеуші үлкендер мен тыңдаушы балалар арасында сүйіспеншілік пен бірлік атмосфеасын құруға көмектесті.
- Заманау әңгімелеуші теледидар болыпады, және де ондағы берілет құндылықтар мен моральдық адамгершілік критерилерді біздің балалардың бойына сіңіру керек пе деген үлкен мәселе туындайды.
Мұғалімнің міндеттері:
оқушыларға этикалық стилдің дәйектемесінің үлгісі бола білуі керек;
оқушыларға ойын нақты жеткізе білуге үйрету керек;
оқушылардың ойын жеткізулеріне мүмкіндік туғызып, шыдамдылық таныта білуі керек;
олардың дәйектеріне түзетулер енгізгенде сыпайылық таныта білу қажет;
өз ойын оқушыға таңбау, өз ойының дұрыстығына көз жеткізуге ешкімді мәжбүрлемеу;
Жақсы ұйымдастырылған пікірлесудің үлкен білімдік және тәрбиелік мәні бар:
мәселені терең түсінуге және өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады;
өзгелердің пікірімен санаса білуге үйренеді;
Мұғалім мен оқушының өзара әрекетті:
белсенді жақ, тек қана өзі ғана ықпал етіп қоймай өзгелерге де бірдей әсерін тигізеді;
өзара серіктестікте болады;
өзгелердің де көзқарасын, ұстанымын қабылдай білуге дайын болады;
тілектестікке, бір іске бірге қатысуға жұмыла алу;
бір- бірін қабылдай алу;
белсенді гуманистік ұстанымда болу;

49.Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Ішкі тыныштық және басқа жалпыадамзаттық құндылықтардың байланысы. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері қандай?
Ішкі тыныштық-жүрегімнің тыныштығы. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде ғана адам жанында тыныштық орнайды. Ақиқат+сүйіспеншілік+дұрыс әрекет=ішкі тыныштық
Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі.
Жан тыныштығы мен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес
Жан тыныштығы мен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз.
Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ІШКІ ТЫНЫШТЫҚТЫҢ хош иісті гүлі шешек атады.
ҚАДАҒАЛАҢЫЗ:
- Сөзіңізді (шын сөйлеңіз, көп сөйлемеңіз, өзгелерді жазғырып, сынап-мінемеңіз, сүйспеншілікпен, ілтипатпен сөйлеңіз) АҚИҚАТ
- Іс-әрекетіңізді (ар-намысқа сәйкес, ұят болмайтындай әрекет етіңіз, көмектесіңіз, зиян келтірмеңіз, мемлекеттің заңына сәйкес әрекет етіңіз) ПАРЫЗ
- Ой-ниетіңізді (тек жақсылық ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ болыңыз) ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ
- Мінез-құлқыңызды (өзіңіздің шынайы табиғатыңыз болып табылатын мейрімділік пен бақытты
көрсетіңіз)МАХАББАТ
- Жүрегіңізді (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз) ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет еткенде ішкі тыныштық орнайды.
Ішкі тыныштықпен өмір сүру - ажырату, дұрыс әрекет ету арқылы, жүрегіңді тыңдау арқылы келеді.
Ақыл мен жүрек - ажырата білу деңгейіне, яғни ментальді деңгейге әкеледі.
Ментальді деңгей мен ар-ұждан - ажырата білу деңгейіне әкеледі.
Рухани деңгейге көтерілу дегеніміз - ар ұждан мен ажырату, білу деңгейі
Тыныштыққа ену практикасы:
1. Жағымды күйге енуді күн сайын қайталаңыз. Бұл – сананы тынышталдырып, қадағалайтын және әлемді түсінудің тура жолы.
2. Күні бойы адамдарға махаббат нұрын шашып көріңіз. Ұйықтар алдында күні бойына істегеніңізді еске түсіріп, одан да жоғарыға қол жеткізу үшін шешім қабылдаңыз.
3. Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізге ұрысып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
4. Ашулана бастасаңыз, онда: бір стақан суық су ішіңіз; айнадан бет-жүзіңізге қараңыз; тыныш қана жатыңыз; ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.
5.Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық
құндылықтарға толы ән салыңыз.
6. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және олардыжұбатуға үйреніңіз.
7. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз.Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз, одан да үндемей қалыңыз.
8. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты
тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.
9. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтардыұстануға ұмтылыңыз.
10. Жақсы компания, орта табыңыз.
11. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбататын сөздерді дауыстап айтыңыз.
Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері:
Адам- ақиқатты түсіне алғанда ғана, жақсыға ұмтылғанда ғана, дұрыс әрекет жасағанда ғана, жүрегін сүйіспеншілікке толтырғанда ғана ішкі тыныштыққа жетеді.
Сезімің сергек болсын, айнала қоршаған ортаға немқұрайды қарама!
Басыңа қиыншылық түссе, рухыңды түсірме. Асығыс әрекетке көшпе, алдымен жақсылап ойланып ал.
Қиыншылықтардан адами қасиетке лайықты шығудың жолын жайдары, жан тыныштығында отырып ойластыр.
Ішкі тыныштықты жоғалту-адам үшін ең үлкен азап. Ешқандай сыртқы күштер адам тыныштығын бұза алмайды.
Ішкі тыныштықтан айрылу- тек оның өзінің мазасыз ойлары мен іс-әрекетінің ғана нәтижесі.
51.Әңгімелердің дереккөздері. Әңгіме таңдау кезінде жас ерекшеліктерін ескеру (мысалдар).
әңгімелердің дереккөздері:
Фольклор, мифолоия, тарихи кітаптар, өмірлік жағдаяттар, әулиелердің, көрнекті адамдардың өмірін сипаттау, аңыздар, ертегілер, мысалдыр, ұлы пайғамбарлардың ғибратнамалары және рухани кітаптары.
Жетімдер үйі тәрбиеленушілерінің сыйлығы. Бір сыйлықтың оқаиғасы.
Қайырымдылық тамшылары:
Біз құрбым екуміз сауда орталығында болдық және жарнамалық викторинадан жұмсақ ойыншық сатып алдық. Келе жатып, әкесімен жүрген ақыл есі кем балаға ойыншықты сыйладық. Ол рахмет! Деді. Оның әкесі жылап жібере жаздады. Бала бірнеше ай сөйлемей жүр екен. Бұл маған үміттенуге көмектеседі.
әңгіме таңдау:
Сәйкес келетін оқиғаны таңдауда біз оқушылардың жасына байланысты нені жақсы көретіндіктен, нені ұнатпайтындарын есепке алуымыз керек. Баланың ұл не қыз екенііне назар аудару қажет, ұлдарға көбінесе шытырман оқиғалы әңгімелер мен фантастиканы сүйіп тыңдайды, ал қыздар болса, не,ұрлы романтикаға үйір және жоғары эстетикалық қасиеттермен ерекшеленетін неғұрлым жайлы, мейірімді әңгімелерді тыңдайды. Қыздарға бақытты аяқталатын оқиғалар ұнайды.
Тағы бір нәрсеге мұғалім назар аударуы тиіс бұл балалардың отбасылық жағадйы. Мысалы: өздерін қабыл алмаған немесе сүйкіссіз сезінетін назшар отбасынан шыққан балаларға бақытты отбасының өмірін салыстыруды көрсететні әңгімелер ауыр әсер қалдырады және жағымсыз реакция тудырады.
Әңгіме таңдау үшін жөн сілтеу тізімі:
Әңгіме айтудың ұзақтығы тыңдаушының жасына байланысты болады. Мысалға, кіші жастағы оқушылар үлкен балалар сияқты ұзақ шоғырлана алмайды.
Әңгімені иллюстрациялап және осы сәтте оқытылатын құндылықтардың мәнін ерекше көрсетіп қою керек, сонда оны сөзбен түсіндіруге уақыт кетпейді.
Сондай ақ, әңгіме мұғалімнің көздеген мақсатына сай болуы тиіс. Әңгіме дені сау баланы дамыту үшін құндылықтарды қабылдауға ықпал етіп қана қоймай сонымен қатар шығармашылық қабілеттерге ынталандыруы тиіс.
Ұсынылатын әдістемелік тәсілдердің тізімі:
Қуыршақ (театрланған), суреттер мен карточкалар, диопроектр, слайдтар немесе фильмдерден үзінділер, магнитті тақта немесе қатты картондар
Телевизвор, интерактивті тақта, музыкалық орталық, т.б
Ең негізгісі мұғалім өзі үйрететін дүниелерді өзі тәжірибе жүзінде меңгеруі тиіс, өзінің басынана өткізген болуы шарт. Ондай болмаған жағдайда, үйретіп отырған мәселесі шынайы болмайды, өзгелердің жүрегіне жетпейді.
Алдымен өзің жемей тұрып, кәмпиттің тәтті екенін айтып түсіндіру мүмкін емес.
Оқиғаны айтып берудің пайдасы
- балаларға білім береді;
- зейінді шоғырландыра білу, тыңдай білу іскерлігін дамытуға көмектеседі;
- отабсында немесе сыныпта әңгімелеуші мен тыңдаушының ортасында байланыс орнатады;
- шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытуға көмектеседі;
- тыңдаушының бойын еркін ұстауға әсер етіп, жағымды жағдай туғызып, көңіл күйлерін көтереді;
- оқушыға үйретіліп отырған құндылықтарды есте сақтауға мүмкіндік береді.
- жақсы, дұрыс мінез құлық қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
- тыңдаған оқиғаны, көтеріңкі бейнелеп көрсету балалардың жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал етеді.
1 жастан бастап 10 жасқа дейін.
бұл жаста балалардың қиялы өте жақсы дамиды. Олар көбінесе өздері ойлап тапқан ертегі әлемінде өз әлемдерінде, яғни адамдар бір біріне сыйлайтын, ешкімге қиянат жасамайтын, бақытты әлемде өмір сүреді. Балаларға жан жануарлар, ағаштардың сөйлейтіні, олардың сыйқырлы бір әлем бола алатыны оарлды еш таңқалдырмайды, солай болуы тиіс тәрізді қабыладйды және сезінеді.
Оларға айтылатын оқуғалар, ертегілер бақытты балалалық шақтың қылын шертетіндей, олардың қиялына қанат бітіретіндей болуы керек. Балалардың бүгінгі қиялы, қиялдай білуі олардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасап, өмір бойға игілігіне жарайтыны сөзсіз.
11 жастан 15 жасқа дейін:
Балалардың жас ерекшелігіне қарай енді балаалрға қиялдан гөрі айнала қоршаған орта, әлем туралы білу маңызды бола бастайды. Бұл жаста балаларға тарихи немесе, күнделікті тұрмыстық оқиғалар қызықты бола бастайды.
15 жастан жоғары
Жасөспірімдерді ғылым, техника қызықтырады. Оларға ертегі мен аңыз іңгңмелерден гөрі барлық жерде дәлеледердің болуы маңызды бола бастайды. Олар үшін реалистік тұрғыдағы баурап әкететін, ғылыми көпшілік, библиографиялық әңгімелер қажет.
52. Қиянат жамсамау құндылығының мәні. Өзіңе қатысты қиянат жасамау. Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері.
Қиянат жасамау ,яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу қайырымдылық, қоршаған ортамен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет. Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтын жиынтығынан тұрады.Қиянат жасамау, сүйіспеншілік,дұрыс әрекет ету және жантыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді табиғи заңдарын бұзбайды.Осылайша олар барлық адамдарды,жан-жауарлармен мен қоршаған әлемді сүйеді.
Қиянат жасамау-түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік
Түсіну-барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы
Қиянат жасамау-Ақиқат,Сүйіспеншілік,дұрыс әрект және Жан тыныштығының іс жүз,ндегі тәтті жемісі.
Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктер:
-барлық болмыстың бірлігін жете түсіну
-қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншіләік ретінде көрініс береді
-қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттердіқамтиды
-табиғатқа қатысты-бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғат заңдылықтарын құрметтеу
-қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді,ол - басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау;
Өзіне қатысты қиянат жасамау;
-Өзіне қатысты қиянат жасамау-бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау
-Өтірік айту ,дөрекі сөйлеу-қиянат;
-Жаман сөз есту -құлаққа қиянат;
-Барлығынан жамандық көру-көзге қиянат
-Жаман иіс искеу-мұрынға қиянат
-Жаман әрекет жасау-тәнге қиянат
-Жағымсыз ойлар -бүкіл әлемге қиянат.
Қиянат жасаудың себептері;
-Сүйіспеншіліктің жетіспеуі
-Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі
-өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат
-Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат;
Қиянат жасамаудың практикасы;
-Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу
-Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну;
-Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдылықты дамыту
-Қоршаған ортаға қамқорлық жасау;
-Барлық энергия түрлерін бекер шашпау,тамақты, ақшаны электрді және т.б.
-Тілектеріне шек қою
-Нағыз бардың өзара байланысын түсіну
-кешіре білуге үйрену;
Рухани деңгей "Рухани деңгейге жеткендеадам
автоматты түрде өзінен өзі қиянатжасамайды "
Ажырату деңгейі(Ақыл- парасат,білім)

жеке сана
Меңтальдық деңгей(Ақыл,әсер)

Эмоциональдық деңгей түпкі сана , бес сезім мүшесі
Физикалық деңгей
53. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі қайырымдылық акциялары, драма үйірмелері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
Оқудан тыс іс шаралардың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы сыныптар арасында, сыныпішілік т.б. түрлі спорттық шаралар, ата-аналармен бірлескен дөңгелек үстел, сайыстар, қайырымдылық акцияларын, көрме, дискуссия, драма үйірмелерін, пікірсайыс, ақындарбұрышын, саяхаттартағы да басқа көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға болады. Оқудан тыс шаралардың маңызы:1. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытады;2. Балалардың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын қалыптастырады;3. Балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік нормалар мен таныстырады;
4. Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, шығармашылық іс-әрекетте рарқылыөзін-өзі айқындауға басшылық жасайды;5. Табиғат байлықтарына жауапкершілік пен қарайтын тұлға қалыптастырады;6. Оқушылардың патриоттық қасиеттерін арттырып, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелейді; Оқудан тыс шаралар арқылы құндылықтарды енгізеді;1. Спорт арқылы ұжымға, бірлікке, қамқорлыққа үйренеді;2. Дискуссия – дұрыс шешім қабылдау, татулыққа, сыйлауға, тыңдай білуге баулиды;3. Кез-келген құндылықты ала отырып, драмалық үйірмелерде оқушыларға жазуға, рөлдерге бөлуде ішкі сұлулығын көрсетуге ықпал етеді; 4. Қайырымдылық акциясы. Оны қабырға газеті, сайт арқылы жүзеге асыруда қайырымдылыққа үйретеді; 5. Клубтар (сурет, қолөнер) ұйымдастыру. Бұйымдарды сыйлық түрінде сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді; 6. Ақындар бұрышы ұйымдастыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды өлеңдер, шығарма түрінде көрсетуге үйретеді. Қайырымдылық акциясы. Оны қабырға газеті, сайт арқылы жүзеге асыруда қайырымдылыққа үйретеді.Драмаландыру – қойылымды қою барысында мәселенің рухани шешімін көрсету. Мысалы: Бауырсақ ертегісі.
54. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
Ана от анасы. Оның қорғаушысы.Ана мен баланың ортасындағы байланыс болуы керек.Ұлт болашағы ананың алақанында. Оноре де Бальзак.
Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынана, ананың ақ сүтінене нәр алады. М.Горький
Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетті өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата әжесіне, күтушіге, балабақшаға).
Өте ерте жастан тәрбиеге әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейіріммен, жылылықтан, ізгіліктен сүйіспеншіліктен кенде қалды. Өкінішке орай көптеген балалар ана махаббатының не екеніні білмейді.Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар.Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ, (үшін жақсы өзінің жақсы мінез\құлын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.) мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңына түсу, үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды ұмыстып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарды. Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады.
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тұтастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны.Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар намысына, абройына нұқсан келмейтін әрекеттреге ғана барады. Әйелдің шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез құлқында ғана. Адамгершілік оның тыныс алысы сияқты, қарапайымдылығы оның өмірлік күші, ақиқат жолында жүргуі оның күнделікті парызы. Ана өзінің ар намысын сақтауда өзін құрбандыққа шала алады. Ол өз да, а лығы мен ақылдылығының арқасында күйеуінің алдында кішірейе алады. Күйеуінің амандығын, оның қуанышы, оның тілектері мен қалауларын сезініп, түсінуі, өзінің де игілікке жетуінің кілті екеніні түсінуі керек. Мұндай әйелдер жаратушының ризашылығына бөленеді. Рухани, ізгі әйелдердің күйеуіне әкелетін игіліктері:қоғамда жақсы жақсы атақ, сәттілік, әсемде мәнерлі тіл, ақыл-парасат, мақсатқа талпынушылық және шыдамдылық. Егер әйел рухани, ізгі болмаса онда осы барлық қасиеттерді күйеуінен ада етеді. Ең бірінші ол күйеуінің қоғамдағы орнын, яғни жақсы атағын жоқ қылды. Содан кейін сәттәләк оған жолдас болмайды да, ол өзіне лайықсыз әрекеттер жасай бастайды. Онан соң оның сөзі өзгереді. Ақыл\есі нашарлай бастайды. Онан соң ол жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата алмайды. Мақсатқа талпынушылықтарын қызықтырмайды. Шыдамдылығы таусылады. Нәтижесінде түрлі келеңсіз жәйттер болады.
Әйелге сыпайылық, ибалылық қажет. Онсыз әйел сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Сыпайы, ибалы әйел әрдайым ішкі түйсігімен сезініп дұрыс әрекеттерге барады. Сыпайы ибалы әйел өз отбасында ибалылықпен билік жүргізіп, ол қоғамға, бүкіл әлемге ықпал етеді. Сыпайы ибалы әйел тұрмыстың тауқыметімен ұсақталып кетпейді, өзі сыйлап, өзін де сыйлата алады.
Отбасындағы береке әйелге байланысты. Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Бірақ әрбір әйел білуге тиіс нәрсе. Егер отбасыңызда бақ, береке, мошылық болсын десеңіз отбасыңызды тек қана өзінің ішкі қзығушылымен ғана өмір сүрмейі крек.
Бұл ой ниет дастарханнан басталады. Егер отабсы мүшелері өз дастархандарына жай ғана басқаларды шақыра алатын болса, өздерінің ас тұзымен өзелерменбөлісе алса, онда ол отбасында молшылық, береке орнайды.
Егер отбасы құлқынның құлын ғана ойлап, өзімшіл болса, ондай адамдар олардан бас тартып, отбасына пайда ойлайтындар ғана бас сұғып, өздеріне қажетін ғана алып, сізге бақыт тілемейді.
Демек риясыз жақсылық жасау отбасының бақ, берекесінің негізі болмақ.
Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып, дамиды. Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады. Кешегі, бүгінгі, келешекте ана бәрінің өзегі болмақ. Ұлттың жүрегі, тынысы болмақ.
Ананың міндеті\ руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Егер ол адамгершілікпен әрект етсе балалары да соны жасамақ.
Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды. Шығыс даналығы.
Жақсы отбасының қасиеттері.
Үлгілі жақсы ата аналар: беделді болу керек; ажырата білуге үйретуі тиіс; сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс; өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.
Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері:
Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;
Әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;
Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді;
Отбасында бір бірімен жақсы қарым қатынасты болады;
Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

55.Жағымды көңіл күй (сабақтың басында және аяғында). Жағымды көңіл күйді жүргізу әдістемесі. Жағымды көңіл күйді жағымды әсері
Жағымды ойлау (2-5 минут) ақыл ойды тыныштандыру, сабырлы қалыпқа түсіру.Жағымды ойлау – бұл адамның жақсы және жаман ойларды іріктеп, жақсы ойларды өрбіте білу қабілеті. Өз бойында жағымсыз және келеңсіз ойлардан арылып, жаман жағдайлардан сабақ алу және тәжірибе жинақтау.Әлем шексіз зор, оның сізге деген қарым қатынасы қандай жағдайда болса да, тек сізге ғана байланысты.Адамның жақсыны қабылдай білу және жаманнан аулақ болу қабілеті жағымды ойлаудың негізгі мақсаты боып табылады. Ала жағымды ойлаудың әдістемелік тәсілдері жағымды ойлауға жылдам көшуге және тұтастай алғанда өз өмірін үйлестіруге мүмкіндік береді.Өзін өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлауСабақтың басында жағымды  күйге келу әдісін қолдану тәжірибесі төмендегідей көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.Тәртіп, өзін - өзі қадағалау; денсаулық; ақылдың байсалдылығы; ес, зейін қою; интуиция; басқаларға деген сүйспеншілік; ішкі тыныштық;
56.Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтан тыс іс-шараларға енгізу. Мысалдар.
Сыныптан тыс іс-әрекет – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын, мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған, сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін, тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді;
сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады;
сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді;
4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрлері тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді;
5.сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуде мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұғанқосымша, оғаншығармашылықбелсенділіктіталапетеді;
6.сыныптантыстәрбиежұмысыоқушылардыңмүмкіндіктерінесайқолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтанкейін, мейрамнемесесенбіжәнежексенбікүндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
Оқудан тыс іс-шаралардың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы сыныптар арасында, сыныпішілік т.б. түрлі спорттық шаралар, ата-аналармен бірлескен дөңгелек үстел, сайыстар, қайырымдылық акцияларын, көрме, дискуссия, драма үйірмелерін, пікірсайыс, ақындар бұрышын, саяхаттартағы да басқа көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға болады.   
Оқудан тыс шаралардың маңызы:
1.   Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытады;2.    Балалардың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын қалыптастырады;3.   Балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік нормалар мен таныстырады;4.    Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, шығармашылық іс-әрекетте рарқылыөзін-өзі айқындауға басшылық жасайды;5.   Табиғат байлықтарына жауапкершілік пен қарайтын тұлға қалыптастырады;6.   Оқушылардың патриоттыққа ниеттерін арттырып, Отанын, отбасын, достарын, мектебінсүюгетәрбиелейді;
 Оқудан тыс шаралар арқылы құндылықтарды енгізеді;1.   Спорт арқылы ұжымға, бірлікке, қамқорлыққа үйренеді;
2.   Дискуссия – дұрыс шешім қабылдау, татулыққа, сыйлауға, тыңдай білуге баулиды;3.    Кез-келген құндылықты ала отырып, драмалық үйірмелерде оқушыларға жазуға, рөлдерге бөлуде ішкі сұлулығын көрсетуге ықпал етеді;
4.    Қайырымдылықакциясы. Оны қабырғагазеті, сайт арқылыжүзегеасырудақайырымдылыққаүйретеді;
5.    Клубтар (сурет, қолөнер) ұйымдастыру. Бұйымдардысыйлықтүріндесүйіспеншілікпенсыйлауғаүйретеді;
6.    Ақындарбұрышыұйымдастыруарқылыжалпыадамзаттыққұндылықтардыөлеңдер, шығарматүріндекөрсетугеүйретеді.
57.(63)Топтық жұмыстың түрлері (мысалдар), оның пайдасы.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқушылардың бойына топтық, тестік, жолдармен сіңіруге болады. Олар арқылы өздерінің ішкі түрткілері, сқақ ойындары, кішігірім шығармашылық ойындары арқылы әрекет етеді. Оқушылар табиғатынан қимыл қозғалысқа бейім, сондықтан топтық әрекет олардың энергиясын қажетті арнаға бағыттайды. Оларды ойын арқылы бірбірімен дұрыс қарым қатынас құруға қалыптастырады.
Қойылым көрсету: Шекспир айтқандай: «Бүкіл әлем сахна, ал, адамдар актерлер» деген. Бұл тіркесте, өмір ойын болғандықтан, біз өзіміздің рөлімізді дұрыс орындауға міндеттіміз. Мәселе, осыда, онда рөлдерді дұрыс орындауға «үйрену» керек. Белгілі жағдаятты имитациялайтын қойылымды орындау, балалардың ойлау қабілетін жаттықтыратын, оқытатын және ойнататын тәсіл. Ол балалардың өзіне деген сенімін арттырып, батылдығын ширатып, өзгелермен қарым қатынасқа, топпен жұмыс жасауға көмектеседі. Топтың құрамы 4-6 оқушылардан құралып, әрқайсының белсенділік танытуына мүмкіндік береді.Барлық топтар кезекпен қойылымдарын көрсетеді, қалғандары қарап, тыңдап отырады. Қойылымдарды бүкіл сынып оқушыларымен талдаған пайдалы. Оқиғалар қойылымы. Бастапқыда оқушыларға қойылымды бетқимылымен бейнелеуді өтіну керек. Балалардың өздеріне сенімдері артқаннан кейін, мұғалім қойылатын әңгімені, не қойылымды көрсетуді сұрайды. Бейімделу үшін қойылымнын соңын өз бетінше өзгертуге болады. Соңынан, неге солай көрсеткенін түсіндіруді талап етіледі. Қойылымдардың пайдасы: Өзіне деген сенімін бекіту. Шығармашылық тұрғыдан ойлану. Ажырата білу дағдысын дамыту. Өз іс әрекетінің өзгелермен үйлестіру дағдысын қалыптастыру.
Тестілеу. Балалардың не істегенін, сонымен бірге мұғалімнің жетстігін анықтауға көмектеседі. Тестілеудің басты мақсаты оқушылардың құндылықтар ұғымының өзгерісін және олардың қатынасын анықтайды. Егерде нәтижелері ойдағыдай болмаса, құндылықтарды түсінбесе, онда қайтадан оларға түсіндіріп, тестілеу қажет. Отабсы мүшелері баланың мінезін қалыптастыруға ортаның әсерінің маңызды екенін ескеруі тиіс. Кейбір оқушылар үнемі тестіге «қате» жауап береді. Мұндай жағдайда мұғалімнің міндеті жанұядағы қиындықтар мен мәселелерді білуі тиіс. ТЕст жүргізуде бірнеше ұсыныстар: бірнеше вариантты жауап бар тесттер. Мұғалім сабақтың мазмұнына нақты сұрақ беріп, оған үш мүмкін жауап ұсынады. Оқушылар қай жауаптың түрін таңдайды: а,б,в. Тестілеу барысында оқушылардың шыншылдығын қолдау керек. Біраз оқушылар дұрыс жауапты біледі, тіпті оны өмірде қолданбаса да дұрыс жауаптытаңдайды. Өзін шынай бағалаған оқушының жауабы қате болса да, оны қолдау қает. Оқушылар есейген сайын, оларды ойландыратын күрделі сұрақтар қоюға болады. Тестілеудің пайдасы. Өзін өзі таниды. Өзінің адалдығын анықтайды. Ерекшеліктерін байқайды. Мұғалім баға береді. Ойнап отырып оқиды.
58.Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі шаттық шеңберлері, ақындар бұрышы, пікірсайыс клубтары, ғылым күндері (оларды өткізу ережелері, мысалдар).
Ақындар бұрышы ұйымдастыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды өлеңдер, шығарма түрінде көрсетуге үйретеді.Клубтар (сурет, қолөнер) ұйымдастыру. Бұйымдарды сыйлық түрінде сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді.
Ақындар бұрышының мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтарды өлеңдер, шығарма түрінде көрсетуге үйретеді.
  «Үйректің ұсқынсыз балапаны» ертегісін үзінді келтірейін. Бұл ертегінің кереметі – жазушы үйректің ұсқынсыз балапаны бейнесінде өз тағдырын бейнелейді. Андерсен жас кезінде кедейліктен қанаты қайырылып көбінесе күлкіге ұшырап жүрген екен. Бірақ сол ертегілерінің, уытты қаламының арқасында ақымақ байсымақтарды ұтып шығыпты.   Ол сәулетті құстарға ұшып барайын. Олар мынандай жексұрын түріңмен біздің қасымызға келдің деп, барған бойда шоқып өлтірер. Мейлі өлтірсе өлтірсін! Үйрек, тауық және құс бағушылардың таяғына жегілгенше және қысты күні аштыққа ұшырап, суыққа тоңып азап шеккенше, солардың тепкісінен өлгенім көп артық. Содан кейін балапан суға түсті де тамаша аққуларға қарай жүзді, аққулар мұны көре салып қанаттарын қағып-қағып жіберіп, балапанға қарай жүзді.
   –Өлтіріңіздер мені! – деп балапан басын төмен салбыратты. Бір кезде ол айнадай мөлдір судан өзінің сұлу сәулесін көрді. Ол енді баяғы кейіпсіз сұрғылт балапан емес, нағыз аққудың өзі болыпты. Көп азап шегіп, қиындық көргендіктен, ол басына қонған бақытты және өзін қоршаған сәулетті мейлінше жақсы бағалай білді. Ал үлкен аққулар оның айналасында жүріп балпанды тұмсықтарымен сипады. Нақ сол кезде суға кішкентай балалар жүгіріп келді. Олар аққуларға нанның қиқымын, астықтың дәндерін лақтырды, ал балалардың ең кішісі:
– Жаңадан тағы бір аққу ұшып келіпті деп! Ұшып келіпті! –деп айғай салды. Басқалары да оны қостап:«Жаңа», «Жаңа» деп айғайлады.   Балалар қуанғандығынан алақанын соғып, секіріп биледі.Содан кейін ата-аналарына барып нанның қиқымдарын әкеліп аққуларға тағы лақтырды. Баларда да, үлкендер де:
   – Жаңадан ұшып келген аққу бәрінен жақсы! әрі сұлу, әрі жас! –десті. Ал кәрі аққулар балапанның алдында бастарын иді.   Балапан не болғанын өзі түсінбей, ұялып басын қанатының астына жасырды.
– Мен ұсқынсыз балапан кезімде, мұндай бақытты күнді арман еткен едім! –деді балапан.
Бұл қойылымды келтіру барысында әр адам тумысынан сұлу екенін баса айтқымыз келеді.
59. Шығармашылық жұмыстар (мысалдар), оның пайдасы.
Оқиғалар қойылымы. Бастапқыда оқушыларға қойылымды бетқимылымен бейнелеуді өтіну керек. Балалардың өздеріне сенімдері артқаннан кейін, мұғалім қойылатын әңгімені, не қойылымды көрсетуді сұрайды. Бейімделу үшін қойылымнын соңын өз бетінше өзгертуге болады. Соңынан, неге солай көрсеткенін түсіндіруді талап етіледі. Қойылымдардың пайдасы: Өзіне деген сенімін бекіту. Шығармашылық тұрғыдан ойлану. Ажырата білу дағдысын дамыту. Өз іс әрекетінің өзгелермен үйлестіру дағдысын қалыптастыру.
Тестілеу. Балалардың не істегенін, сонымен бірге мұғалімнің жетстігін анықтауға көмектеседі. Тестілеудің басты мақсаты оқушылардың құндылықтар ұғымының өзгерісін және олардың қатынасын анықтайды. Егерде нәтижелері ойдағыдай болмаса, құндылықтарды түсінбесе, онда қайтадан оларға түсіндіріп, тестілеу қажет. Отабсы мүшелері баланың мінезін қалыптастыруға ортаның әсерінің маңызды екенін ескеруі тиіс. Кейбір оқушылар үнемі тестіге «қате» жауап береді. Мұндай жағдайда мұғалімнің міндеті жанұядағы қиындықтар мен мәселелерді білуі тиіс. ТЕст жүргізуде бірнеше ұсыныстар: бірнеше вариантты жауап бар тесттер. Мұғалім сабақтың мазмұнына нақты сұрақ беріп, оған үш мүмкін жауап ұсынады. Оқушылар қай жауаптың түрін таңдайды: а,б,в. Тестілеу барысында оқушылардың шыншылдығын қолдау керек. Біраз оқушылар дұрыс жауапты біледі, тіпті оны өмірде қолданбаса да дұрыс жауаптытаңдайды. Өзін шынай бағалаған оқушының жауабы қате болса да, оны қолдау қает. Оқушылар есейген сайын, оларды ойландыратын күрделі сұрақтар қоюға болады. Тестілеудің пайдасы. Өзін өзі таниды. Өзінің адалдығын анықтайды. Ерекшеліктерін байқайды. Мұғалім баға береді. Ойнап отырып оқиды.
61.Адам тұлғасының құрылымы. Ақылдың табиғаты. Парасат (интеллект).
Ақылдың табиғаты
-Ақылды айға теңеуге болады,Себебі ай өзінен жарық шығармайды.Ол басқалардан қуат алады. Сол сияқты ақыл да рухани деңгеймен біріккенде парасатқа ұласады.
- Ақыл толассыз ой,пікірлер ,қалаулар мен мазасыздықтардан тұрады.
-Таза ақыл жалғыз өзі жақсы мен жаманды,дұрыс пен бұрысты ажырата алмайды.Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы қажет (интеллект)
-Ақылдың міндеті-сезімді қадағалау,егерақыл сезімге бой алдырса ,онда ол сезімнің құлы болады да адамды бақытсыз етеді.
-Егер ақыл-ойды жоғары рухани "Мен"ге бұрсақ, онда ол сезімді оңай , дұрыс басқарып, адамды бақытты етеді.
-Ақыл-бұл кілт,жүрек құлпы.
-Ақылды құлқынның құлына айналдырсаң онда жүректің "құлпысы"жабылып қалады да біздің өмірімізді, жан дүниемізді мазасыздық билейді.
-Ал ақылды рухани дүниеге барсаң ,жүректің "құлпысы" ашылып, сіздің бен жан дүниенізде тыныштық орнайды.
Парасат(интеллект).
-Ақыл -парасат(интеллект) жақсы мен жаманды,өтірік пен шындықты, уақытша дүние мен мәңгілікті ажырата білу күшіне ие.
-Ажырата білу-ішкі ақылдылыққа,даналыққа жол бастайды.
-Ақыл-парасат (интеллект) адамның шынайы жоғары "Мені"-нің күші.
-Адам ақыл парасаттың негізінде өзінің шынайы табиғатын таниды,сезінеді.
-Ақыл-парасаттың (интеллекта) міндетті - ақылды бақылап, бағыттап отыру.
62. Өзін-өзі тану және жаратылыстану циклындағы пәндерді ықпалдастыру мысалдары.
Интеграциялаудың жолдары
Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру
Қазіргі ғылыми жаналықтармен таныстыру
Әрбір оқу пәндерінің мазмұнын жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау
Мысалдар:
Химия пәнінен Атом туралы айтқанда:
Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.
Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі.
Астрономияда Күн жүйесі
Күн жүйесі күннен оны сегіз үлкен планетадан тұрады. “Күн” күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады.
Күнді жүрекке теңеп, жан-жағына нұрын шашып, өзгелерге жылылық сыйлайды.
Физика пәнінен. Тақырып: Толқын
Толқын – ай мен күннің тартылыс күшінен, желдің әсерінен атмосфералық қысымның ауытқуынан, су асты жер сілкісінен, жанартау атқылауынан пайда болатын теңіздермен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.
Адамның мінез-құлқына теңеп, мінез-құлық ауыспалы болмауы үшін жаны тыныш, жүрегі жақсылықты қабылдайтындай рухани деңгейде болу керек.
Биология сабағы:
Топырақ - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат.
(Адамға сүйіспеншілік, мейірім-шапағат беріп, дұрыс-әрекет жасауға тәрбиелесе, онда ол рухани бай болып қалыптасады. Топырақты да күтіп баптамаса, құнарландырмаса, онда ол дұрыс өспейді. Құнарсыз топырақ өсімдікті жойып жібереді. Ал сүйіспеншіліксіз, мейірімсіз тәрбиеленген адам қатыгез, жаман әрекетке жақын адам болып өседі). (Топырақ - тіршілік бесігі, қорек көзі) (Топырақ өсімдік қорегі баспана), (Адам өмірі топырақпен байланысты).
Ауа: сығылады, жылуды сақтайды, отты жанғызады
(Ізгілік жан-жағына шуағын шашып, жүрекке нұр, күш қуат береді).
«География» пәні. 5-сынып. Күн барлық адамға бірдей өз нұрын төгеді. Күн – кіршіксіз, риясыз таза сүйіспеншіліктің ұлы белгісі. Егер із күнге қарай жүрсек, онда көлеңкеміз артта қалады, ал күннен бері қарай жүрсек, көлеңкеміз алдымызда жүреді. Күн – мәңгілік, жалпыадамзаттық құндылығы болса, көлеңке – жағымсыз әрекеттер. Ендеше, «Өзін-өзі тану» пәнінің интеграциялануында жалпыадамзаттық құндылықтарға бет бұрсақ, онда жағымсыз әрекеттеріміз артта қалады да, үйлесімді нұрлы өмір сүруімізге өз кедергісін тигізбейді.
«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
Сәуле мен кесінді екеуі де түзу сызыққа жататын математикалық ұғым. Сәуле бір шеті тұйықталған түзу. Ол шексіз, қиылысады,жалғаса береді. Руханилыққа,сүйіспеншілікке, адамгершілікке толы жан болса, сәуле сияқты шексіз кеңістікке шығып,қиылысу сияқты тұста бойындағы барын жан-жағына таратады. Ал, кесінді екі жағы тұйықталған түзу сызық. Ол тұрақты қалыпта тұрады. Руханилықты сіңіріп,бойына ештеңе дарыта білмеген адам да бір орында тұрақтап қалып,күйзеліске ұшырайды. Адам да өз бойындағы құндылықтарды дамыта білгенде және өз әрекеттерінде шынайы болғанда ғана оның ойларының және істерінің қосындысында тепе-теңдік болады.
«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
Су қатты, сұйық және газ күйінде болады. Осы 3 өлшемге 1 өлшем қосылып, 4-ші өлшемге жетсе онда ол адам нұрға жоғары санаға жетеді. Біз табиғи жарық көзі болуымыз керек. Өзімшілдік – табиғи күй емес. Екі бірдей ыдысқа құйылған суға ұдайы екі түрлі мағынадағы сөз айтылған: «сен кереметсің» деген ыдыстағы су кристалданып, әдемі өрнек түзген, ал «сен жамансың»деген ыдыстағы судың түрі бұзылып, ретсіз кристалл пайда болған. Демек, табиғаттың өзі жамандыққа қарсы, оны қаламайды, сұлулық , жақсылық бар жерде, үйлесімділік пайда болады.
64.Ақылды тыныштандыруға қол жеткізу үшін пайымдау және ажырата білу қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.
Ойлану және ажырата білу
-Бізді толғандыратын дүниелер қаншалықты мәнді?
-Мені толғандырған жайлар мен уайымдар өмірде бір нәрсені жақсы жаққа қарай өзгерте ала ма?
-Бізді толғандыратын жайлар мен уайымдар ол біздің жақтыртпаушылық сезімдерімізбен өзімізе "меншіктеп алған" дүниелеріміз
-Айнала қоршаған әлем ол біздің ойымыз бе езіміміздегі бейнелердің қайта шағылысуы немесе жаңғырық деуге болады.
"Жақсы адамдарды кездестірсең одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез-құлықтағы адамды кездестірсең өзінді зертте" КОНФУЦИЙ
Пайымдау - ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы.  Ойдың  ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтастыруға, білімдерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Пайымдау  жеке тұлғаның міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Пайымдау — ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой  тұжырымдардың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы.
65.Сабақта музыка қолдану әдістері, музыканың пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту, хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері.
Джослин Годвин «Аспан мен жер үйлесімділігі» атты еңбегінде Музыка әлем бейнесін біртұтас жинақтайды, сондықтан да ол рухани әлемді ояту үшін құнды және әлем бейнесін жарық дүниеге келгенше иеленеді. Сондықтан өнерді бала өмірінің құрамды және сүйікті бөлігі ету керек.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде музыкалық тәрбие туралы бірнеше белгілі тұжырымдамалар бар. Кең тараған тұжырымдаманың бірі Карл Орфтың «Шульверк. Музыка для детей» деп аталады.
Бұл тұжырымдаманың негізгі принципі былай айқындалады: «іс әрекетке түсу арқылы шығармашылықпен оқимыз (учимся, делая и творя)». Балалар музыканы жан даусымен, қимылмен, шынайы қалпында бірлесіп орындайды да, танымдық іс әрекетке түседі. Музыкалық тәрбиенің мақсаты: балалардың қабілеттерінің ашуға мүмкіндіктер жасау, олардың өзбетінше болуына көмектесу, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Сабақта музыкалық аспаптар қолданылады, әуенді қимылдармен қосып үйрету ұсынылады, балаларды дамытуға шығармашылық ойындарды қолдану талап етіледі.
Музыкалық аспапты меңгеру: Бала қандай аспап таңдаса да қолау көрсету қажет. Пианино, скрипка, сырнай, қобық, домбыра, тсс.
Дауылпаз, тамбурин, цимбала, металдық үшбұрышты меңгеру қажет. Соңғы аспаптар өте белсенді немесе агрессивті, сонымен бірге олар эмоциялық, психикалық мәселелері бар балалар үшін пайдалы.
Музыкалық аспаптар игерген балалар біртіндеп сабырлы күйге келіп, өздеріне сенімді және тұрақты болады. Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. Ол оқушылар назарына бір объектіге тұрақтандырады және денелерін босаң қалыпқа келтіреді. Ол үшін классикалық немесе халық әуендерін қолнауға болады. Хор айту дағдылары:1) Әнді отырып орындағанда, орындыққа жартылай, екі аяқты жерге тең басып, қолды екі тізенің үстіне қойып, түзу еркін отыру.2) Тұрып орындағанда екі аяққа тең тұрып, қолды жанына түсіріп, еркін тұру3) Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, өз деңгейінде ұстау4) Әнді орындағанда иықты көтермей денені еркін ұстау керек.5) Хор шығармасын біркелкі көркем орындау, үшін мұғалімнің қол қимылын түсініп, ұқыптылықпен іске асыру.6) Хор шығармасын орындағанда әнші өзгелерден ерекшеленбей, бірін - бірі тыңдап біркелкі орындау.Хормен ән айтудың пайдасы: оқушылар денелерін тік ұстауға дағдыланады, бір-бірінен озбай,бәрі бірге,ынтымақтастықта ән айтып үйренеді
66.Бала мінезіне кері әсер ететін ата-аналардың балаларға қарым-қатынасының типтері.
Орынсыз қамқорлық (бала ата\анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетңмен шешңм қабылдай алмайды). Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез\құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды) Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы) мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).
Жоғары талаптар қою (балалар сасқалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады) Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу\ыза басым, қызба болады.Өсе келе түрлі қылмыс, зорлық\зомбылық жасау, наркомания сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).
Отбасында балаларды тәрбиелеу типтері.
Ынтымақтастық баланың өзіндік тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну, түсіну. Оның осы өмірге өзінің мақсат міндеттерімен келгеніні ұмытпау. Ол осы өмірге бір жаңа леп әкелгенін есте ұстау, Ата аналар баланың өзінің бойында бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйспеншілікпен, құрметпен жағдай жасауы тиіс. Бала да сол кезде ата анасының беделін, құрметін түсініп, оларлың айтқандарына құлақ сала бастайды. Материалдық қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу жақсы болсаң аласың, қол жеткізесің (ақша, сыйлық, ойын сауық т.б) жаман болсаң жазаланасың.
Зорлық зомбылық негізінде тәрбиелеу істегің келмесе де, істейсің, істемесең жазалаймын.
Тәрбиеден тысқары қалу\ бұл бетімен кетушілік, балаларға немқұрайлы қарау. Қалай болса, солай болсын, барлық балалар да осылай істейді.
Агрессивті баланың ата\анасының бойындағы қасиеттер: Отбасында ешқандай ережелердің болмауы; Балаларға ешқандай бақылаудың болмауы; Тәртіптің болмауы; Отбасында түрлі мәселенің шешімін табу іскерліктерінің болмауы; Балаға сөзбен немесе іспен қиянат жасамау.
Ынтымақтастықта тәрбиелеу:
1.Барлық баланы жақсы көру керек. Жақсы көрсең барлығын жаңғыртатын күш. Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;
2. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.
3. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.
Баланы ақылғы құлақ қоюғыштыққа, тілағыштықа қалай жеткізуге болады? Баланың жүрегінде жоғары «мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсек онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыідау кере деп тұрсып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.
Бала ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдыменынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін\өзі жақсы мінез\құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Күнделікті өмірде ата\аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.
Ата-аналар отбасында міне-құлық ережелерін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

67.Қиянат жасамау тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деген жолдар бар,яғни бұл жолдардан адам баласына қиянат жасалмау керек екендігі айтылған.Қиянат жасамау,яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы,кешіре білу,қайырымды болу,қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық,бауырмалдық және теңдік сезімі,ұлттық сана өзге ұлттардың мәдениеті мен түрлі дәстүрлеріне деген құрмет.Қиянат жасамау-түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік.Түсіну-барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы.Қиянат жасамау-ақиқат.Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды.Табиғатқа қатысты қиянат жасамау бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғаттың заңдылықтарын құрметтеу.Қиянат жасамау тек зиян келтірмеу дегенді білдірмейді,ол басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.Қиянат жасамау жайлы ұлы Абайдың отыз сегізінші қара сөзіне тоқталсақ:Қиянат-хақиқат пен растықтың дұшпаны.Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?Көңілде өзге махаббат тұрғанда адам хақлықты қолдайды.Адамның ғылымы,білімі,хақиқатқа,растыққа құмар болып,әрнәрсенің түбін,хикметін білмекке табылады.Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы :-Адал жүр ,адал тұр!Өтірік айтпа! Біреуге қылдай қиянат жасама!Өтірік мақтану да қиянат.Қиянатпен елді алдап қылмысты болғым келмейді- деп қиянат жайлы өз ойын айтады.Өзіңе қатысты қиянат жасамау өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау яғни өтірік айту,дөрекі сөйлеу-тілге қиянат болса,жаман сөз есту- ол құлаққа қиянат,барлығынан жамандық -көру көзге қиянат,жаман иіс иіскеу-мұрынға қиянат,жаман әрекет жасау-тәнге қиянат,жағымсыз ойлау-бүкіл әлемге қиянат.Қиянат жасаудың себептері сүйіспеншіліктің,рухани-адамгершілік білімнің жетіспеушілігінен туындаса,тағы бір себептері өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат,әлем туралы өзіндік түсінігінесәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.Қиянат жасамау үшін не істеу керек?Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу,барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну.Сонымен қатар бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдықты дамыту,қоршаған ортаға қамқорлық жасау,барлық қуат көздерін бекер шашпау(тамақ,ақша,электр,су),тілектерге шек қоя білу,кешіре білуге үйрену.Қиянат жасамауды ары қарай ажырата түсетін болсақ онда:өз бойымыздағы кері эмоциялардың көрінуін бақылау яғни ажарату,ойлану,әдепсіз сөйлеуден өзін –өзі тоқтату,жаман ортадан аулақ жүру,зиянды ақпараттардан өзімізді тоқтата алсақ қиянат жасалмайды.Өзін өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау:Бастауыш буын:әрқашан көмектесу,ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,жан жануарларға қамқорлық жасау,қауіпті заттар мен ойнамау,топпен жұмыс істеу,бірлік.Орта буын:басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,толеранттылық (кеңпейілдік),ақжарқындылық,татулық.Мәдени мұраны құрметтеу,қоғам меншігін қамқорлау,қоршаған ортаны қорғау.Жоғарғы буын:барлық дін мен мәдениетті құрметтеу,оймен сөзбен не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу,әлеуметтік әділеттілік,адам құқығы,жақсы азамат болу және т.б.
68.Педагогикадағы сүйіспеншілік.
Педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студентті сыйламау студентің эмоциясына, сезімі мен ішкітолқынысына немқұрайлы қарау.Сүйіспеншілік арқылы ғана өзің жеке тұлға ретінде табуға және адамзаттық сүйіспеншілік әлеміне енуге болады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана кемел адам бола алады.
Я .А. Коменский «.....алдымен сүю керек,сонан соң оқыту қажет....»
Ақиқатқа сүйене отырып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет етсе, ішкі жан тыныштығы болады, ішкі жан тыныштық орнаса қиянат өзінен өзі жасалмайды.
В.А. Сухомлинский «Мұғалімнің балаға махаббаты, баланың мұғалімге махаббаты ұғымына салынатын нәрсе, меніңше, бір адамның басқа адамның рухани байлығына таңырқауы, сүйсінуі....»
70.Классиктер рухани-адамгершілік әңгімелердің мәні және басымдылығы туралы (мысалдар).
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады
71.Тәрбие ісіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Ынтымақтастықтағы тәрбие.
Отбасы – ұлттық, мемлекеттің, әлемнің адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.
«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский
Психиатрлар балалардың нәрестелік кезеңнен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамудың өте маңызды екенін баса айтады. Бұл кезде ата\ ананың ақыл\ой дамуына әсері өте күшті. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез\құлық үлгісі болып табылады.
Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата\аналармен бар жан\тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез\құлықтарын да). Кей\кейде балалар ата\аналарының тілін алмайды. Бірақ\та олардың мінез\құлықтарын, іс\әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді. Олар ата\аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік таныса оны байқап қояды.
Ата\аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бір\ақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды. Білім балаларға жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс. Академиялық білім білім алушыға өмір сүру үшін табыс табуға үйретеді. Алайда білім тек қана өмір сүру үшін пайда табуды ғана көздемеуі керек.
Білім білім алушыны өмірде кездескен қиыншылықтарға қарсы тұруға рухани, адами тұрғыда дайындауы керек. Білім беруде адамзаттық құдылықтардың жоқ болуынан білім алушылардың бойында алаңдау, мазасыздық, үрейлену басым болып отыр
72.Музыканың өсімдіктерге, жан-жануарларға және адамдарға әсері. Адам өмірінің әуені.
Белгілі үнді ғалымы Джагадас Чандра Боуз өсімдіктерге тәжірибе жүргізеді. Кейіннен оның ісін жалғастырған Мадрас қаласындағы Аннамалай университеті ботаника кафедрасының меңгерушісі доктор Т.С.Сингх 1950 жылы су өсімдігі гидриллаға тәжірибе жүргізген. Ғалым күннің шығуымен өсімдік клеткасындағы протоплазма жылдам қозғалысқа түскенін байқаған Сингх 6 фут (1фут=0,3м) биіктікте электрлік камертонды жарты сағатқа қосқаннан кейін таңғы 6да протоплазма қозғалысының жылдамдығы түс кезіндегі жылдамдық қалпына жеткенін анықтаған.
Содан кейін Сингх көмекшісінен гидрила жанында скрипка тартуды өтінген. Скрипка ойыны әсерінен протоплазменың қоғалыс жылдамжығы артқан.
Осы тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып, Сингх гүлдер мен көкөністерді зерттеген. Тәжірибесі тағы да сондай нәтиже көрсеткен. Өсімдіктердің жапырақтары екі айда 72 пайызға, биіктігі 20 пайызға артқан. Бұл тек екі айда өол жеткізген нәтиже.
Жасалған тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, доктор Сингх Бихар ауылшаруашылық журналында былай деп жазды: «Өсімдітердің өсуіне, гулденуіне, пісуіне және өнімділігіне үйлесімді дыбыс толқындарының әсер етеіні сөзсіз».
20 ғасырдың 60шы жылдары КСРО заманында ауылшаруашылық дақылдарына тәжірибелер жасалғаны белгілі. Күйтабаққа жазылған музыканы динамик арқылы ойнатқанда, өнім аудан бойынша жиналған орташа көрсеткіштен 25-60 пайызға жоғары болған.
АҚШ-та 50-шы жылдары бағбан Артур Локер оранжереяға музыка қосқан. Нәтижесінде, бақ өсімдіктерінің музыканың әсерінен жақсы өскені байқалған. Сабақтары мен гүлдері көбейіп, түстері ашық реңге бөленіп, ұзақ мерзім бөленген.
Музыканың өсімдікке қолайлы болғаны анықталғаннан кейін, барлық әуен өсімдікке қолайлы әсер етеді ме? Деген сұрақ қойылған.
Дороти Ретоллак (АҚШ зерттеушісі) үш гүлзарға тәжірибе жүргізген. Екі гүлзарға динамик орнатқан. Үшіншісіне орнатпаған. Бірінші гүлзарға батыстық және шығыстық классикалық музыка қосылған; екіншісінде рок стиліндегі «хэви метал яғни ауыр рок» музыкасы қосылған. Бірнеше күннен кейін, бірінші гүлзардағы өсімдіктердің динамик бағытына қарай өскені байқалды. Сонымен қатар классикалық музыканы ұзақ уақыт қосқанда, өсімдіктер динамикке шырмалып өскен.Екінші гүлзардағы өсімдіктер динамиктен басқа жаққа бұрылып өскен. Ал, музыка қосылмаған гүлзардағы өсімдіктерге қарағанда классикалық әуен қосылған гүлзар өсімдіктері бір аптадан кейін өте жақсы қалыпта өскен.Классикалық музыка қосылған гүлзар өсімдіктері ұзарып, қалың болып өскен. Рок музыкасының әсерінен өсімдіктер солып, өліп қалған. Немесе сиреп, сабақтары жіңішкеріп, түрлі бағытта жапырылып қалған. Дороти Ретоллак өз кітабында гүлзардың суретін көрсетіп, оны «Бейберекет!» (Хаос!) деп сипаттайды.
Әуеннің жануарларға әсері.
Сопы Инайат Хан «Музыка» кітабында былай деп жазады: «Тіпті қазіргі кезде, үнді елінде қарапайым панджа аспабының үнімен айналасына кобралар мен басқа жыландарды жинайтын адамдар бар.
Осы тәжірибені бірнеше рет қайталағанда панджа аспабынын үні жыландарды баурап, барлығын маңайына жинаған. (жыланның есту аппараты жоқ, олар дыбыс тербелістерінің терісімен сезеді). Алғашында олар індерінен шығып, аспаптың дыбысы олардың жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен, дыбысқа жақындай түседі, өзін қорғау инстинктісін ұмытып, ешнәрсені байқамайды. Кобралар экстазға беріліп, бастарын тік көтеріп, созып, оңға, солға тербелтеді. Бұл қалып аспаптың үні тоқтағанша жалғасады.
ХІХ ғасырдың басында Британни монастырінде монах әйелдер үй жануарларына арнайы әндер айтып отырған. Моцарттың серенадасы орындалғанда сиырлар екі есе көп сүт берген. ХХ ғасырда осы жаңалықты неміс фермерлері біліп, Моцартың музыкасын фермадағы сиырларға тыңдатып, сүттің көлемін арттырған.
Ресей Ғылым академиясының зерттеушісі В.Морозовтың мәлімдемесі бойынша тағы бір тәжірибеде Финляндия елінде рок музыкасының әсерінен еттің ең төменгі сапасы байқалғанын хабарлайды, оның себебі қасапхананың жанында динамиктен рок музыкасы үнемі қосылып тұрған. Сол жердегі сиырлар динамик үнінен қатты үріккен. Біріншіден, сүт ашшы, етттің сапасы төмен болған. Бұл бір ғана дерек емес, тіпті пілдерде рок әуендерінен үріккен.
Африкадағы пілдер құрамында алкоголі бар ағаш жемістерін сүйсіне жеген, әбден тойынғанда масайып, ауыл тұрғындарына шабуыл жасап, үйлерді таптап, жемістерді іздеген. Қалай ойлайсыз, адамдар олардан калай құтылған? Атумен емес, жоғары децибелді рок әуендерін қолданумен құтылған.
Сонымен қатар, музыканың жануарларға әсері, олардың қалай қолағ үйретілетіні жөнінде көптеген аңыздар мен әңімелер бар. Солардың бірі «Гамельн қаласынан шыққан флейташы» деп аталды. Бұл әңгімеде флейтада ойнаған музыкант әуеннің сыйқырлы күші арқылы өзінің соңынан егеуқұйрықтарды ғана емес, балаларды да ілестіре алатыны туралы айтылады.
Тағы бір мысал, ХХ ғасырдың 50 жылдардың соңында Шотландияда бір топ бала теңіздің жағасына барып, биік тастарға отырып тюленьдердің ән айтқан. Бұл тіршілік иелері өте сақ, өздерін адамдардан аулақ ұстайды. Олар әнді ести сала, аяқ астынан пайда болып, балалардың қасына барып жатады да транстық қалыпқа түседі. Ал, ән айту тоқтағанда, теңізге қарай жылжып, суға сүңгіп кетеді.
Музыканың адамға әсері
Ежелгі грек дәуірінен Пифагордың ізбасарлары әуеннің шипагерлік күшіне сенген. Олардың пікірінше, әуеннің белгілі бір түрлері адамның көңіл күйін көтереді және адамды тыныштандырып шипа береді. Осындай оқиға американдық терапевт Х.Лингерманның «Музыканың шипагерлік қуаты» атты кітабында сипатталады: «Жазушы Мэнли Холл» өзінің шығармашылығында ашулы адамға музыканаң әсері туралы былай жазады: «Ашушаң бір адам қолындағы қылышымен жауына қарсы ұмтылады, сол кезде пифагорлық данагөй адам жағдаятты түсіне қойып, лира аспабында ойнай жөнеледі. Сол сәтте ашушаң адамның ашу мен жеккөрушілігі тарқап, момақан күйге түседі».
Х.Лингерман өзінің тәжірибесінде әуенді адамдардың ақылы мен эмоциясын қалыпты күйге келтіру үшін қолданған. Ол «Музыканаң шипагерлік қуаты» атты кітабында мынадай қортыныды жасайды:
«Нәтижелер қуантарлықтай болды, мен адамдардың физикалық, эмоциялық тұрақтылығының жақсарғанын және жан тебіреністерін байқадым. Әдемі әуен адамды үнемі тепетеңдікке түсіріп, жанын тыныштандырып, рухани қалыпқа келтіреді».
Қазіргі медицинада музыкалық терапия (арт терапия) деген бағыт бар. С.В.Шушаржанның зертеуі бойынша, музыка адамды сырқаттан тез айықтырады.
Балалардың музыкаға деген қызығушылығы мен махаббатын арттырып, оларды салауатты өмірге баулу керек. Ол үшін балаларды музыкалық үйірмелерге қатыстыру мүмкіндігін қарастыру абзал.
Пренфис Малфорд «Ой алға жылжиды» атты еңбегінде: «Болашақ білім беруде музыканың әр шәкірт үшін оқу мен жазу тәрізді қажет болатынын адамдар анық байқап, оның адамдардың қуатын, денсаулығын және күшін арттыратын құрал» ретінде қабылданатынын көрсетті.
Доктор Джон Дайамондтың «Сіздің тәніңізге алдамайды» (Ваше тело не лжет) кітабында: «Ауыр рок музыка үрей тудырып, оқушылардың оқу үлегерімі мен тәртібіне теріс әсер етіп», оларды жоғары белсенділікке мәжбүрлейтінін айтады. Зерттеуші байқағандай: «Жұмыста үлкендердің еңбек қабілеті төмендеп, көп қате жіберуі, жалпы қажуы байқалады, шешім қабылдауы қиындап, ешбір себепсіз барлық күш қайратынан айырылғандай, бойын қанағатсыздану сезімі билейді. Бұл түрлі клиникалық бақылаулардан белгілі. Мен өз тәжірибемде, мектеп оқушыларының оқу үлгерімдерінің рок музыкасына тәуелді екенін байқадым, оқушы сабаққа дайындалса да оның оқу үлегерімі төмен болады».
Сонымен бірге доктор рок музыкасы адамды тәндік тұрғыдан әлсірететінін түсіндіреді. Ол туралы тәндік параметрлерді тексергенде рок музыка адамның бұлшық еттерінің тонусын төмендететінін анықтады.
Музыканың пайдалы қасиеттері:Тән мен ақылды сергектікке әкеледі.
Денесін босаң қалыпқа түсіреді.Жүйкесін тыныштандырады.
Шығармашылығын арттырады.Сүйіспеншілік сезімін оятады.
73.. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні, оның ар-ұжданмен байланысы.
Осы шақпен өмір сүріңіз.Мен болашақты болжағым келмейді. Мені қазіргі іс-әрекетім
толғандырады, Жаратушы маған болашақты болжай алатын билік
берген жоқ.
Мен мынанәрсенітүсіндім – Осы шақпенөмірсүріп, оны қабылдайалукерек,
алғақарайұмтылуғакедергіболыпжатқанішкіқарсылағымыздыжеңугеұлы
жол осы. Неге? Өйткенісіз осы шақпенөмірсүрсеңіз, ондасізболашақта не
болатынынаүңілебермейсіз, себебісізболашағыңыздыбилейалмайсызғой.М.Ганди
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана ақиқат бар,ол абсолюттік ақиқат.Сен оны тапқан кезде ғана ,сенің іс әрекетің онымен үйлесім табады.
Ақиқат- көпқырлылықтың біртұтастығы түсіну, өзін бәріне қатысы бар. Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші ,кері әсер етеді.Әрқашан шындықты айту керек.шындықты өте жұмсақ жеткізу керек.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?
Мен кіммін?
Бұл менмін.Мен бармын,яғни мәңгілікпін. Мен осы келген қонақпын. Денем өлсе де мен өлмеймін.Менікінің барлығы уақытша.
Ақыл мен жан -мен өзім,тән менікі
«Мені » «Менікінің» мағынасы екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін,оған бекі
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келмес,
«Мені » мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес- деп ұлы Абай жырлаған.
2.Менің өмірдегі мақсатым.
Өзімнің шынайы болмысымды тану,өйткені Ақиқат адамның шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуаты ағынына жол ашады.Бес құндылық арқылы ақиқатқа жете аламын.
3.Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Яғни бүгінгі сәтпен өмір сүруі керек.Кешегі күн тарих.Оны қайтарып ала алмаймыз.Ертеңгі күн болашақ.Бүгінгі күн ертеңгі күннің жемісі.Сондықтан дәл бүгінгі күнмен жүру керек. Әрекетіңді сүйіспеншілікпен жасасаң,ол дұрыс әрекет болмақ.Ертеңгі күні сол дұрыс әрекетіңнің жемісін көресің.
4. Өзімнің ішкі «Менімді» қалай ғана тани аламын?
Шынайы болмысымды тануда жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы өз менімді танимын.Кез келген сәтті жақсы шығарып салу арқылы ішкі жан дүниемді тани аламын.
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені Ақиқат –адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.
Ақиқат – барлығының бастауы, түп тамыры.Ақиқат дән секілді,ішіміздегі нәріміз,рухымыз.
Біздің әрқайсымызда үш тұлға бар:
Біріншісі- біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінеміз.
Екіншісі –басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс.Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті,көңіл қойып,сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да ,өздерінде сендіруге тырысады. Бұл екеуі де нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.
Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс.
Біз қазір және әрқашанда сәулелінұр болып табыламыз. Өзін- өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.
Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.
Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.
 Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нірсені немесе ойды шынайы жеткізу.Ақиқатқа жүгіну айтқан - істеген,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады.
Мысалы: Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады,әрине ол мойындамайды. Алайда оның Ар- ұжданы оның есіне салып тұрады.Сөз ар- ұжданды басшылыққа алса, ол ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін.Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде, сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.Дұрыс әрекет ақиқат жолын ұстау болып табылады.
Егер, мүмкін болғанша жиірірек өз тыныс алуыңды ұғатын болсаң, әркез ол туралы есіңе алсаң, осылайша жыл бойы істесең пайдасы мол болар еді.
Тыныс алуды ұғынуың сені осы сәтке итермелейді, ал бұл барлық ішкі трансформация үшін кілт. Тыныс алуды ұғу арқылы сен абсолютті қатысасың. Сен сондай-ақ, бір мезетте ойланып және тыныс алуды ұға алмайтыныңды ескересің. Тыныс алуды ұғыну арқылы ақылға тоқтау салады. Шебер жалған және ақиқат жақсы мен жаман хабарға бірдей мойын бұрады. Ол үшін тек бір ғана сәт бар және сол сәт табиғи.
Барлығы бір уақыт бойынша және бір уақытта нақ осы сәтте өтіп жатқандай болады.
Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді, (Профессор П.П.Гаряевтің толқындыгенетика бойынша еңбегінде үдерістің молекулалық-жасушалық деңгейде қалай өтетіні жан-жақты сипатталған). Әрқашан шындықты айту керек. Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек. Егер шындық адамның жүрегін жаралайтын болса, онда үндемеген дұрыс.
74. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.
Әке отбасында ең басты орныды иеленеді. Еркек\ білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы. Еркек - әйелін, балаларын қорғаушы, отбасыны барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.
Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата анарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез –құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынана шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілікпен тәртіп болуы тиіс.
Үлгілі, жақсы ата\аналар:
Беделді болуы керек; Ажырата білуге үйреті тиіс; Сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; Балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйреруі тиіс; Өздері жақсы үлгі бола білуә тиіс.
Үлгілі, жақсы отбасының қасиеттері:
Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады; Әр қайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды; Қуанышты, жан тыныштығында өмір сүреді; Отбасында бір \бірімен жақсы қарым\қатынаста болады; Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.
Жақсы отбасының қасиеттері.
Үлгілі жақсы ата аналар: беделді болу керек; ажырата білуге үйретуі тиіс; сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс; өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.
Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері:
Әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;
Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді;
Отбасында бір бірімен жақсы қарым қатынасты болады;
Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.
75. Сабақта бағалау формалары. Тестілеу. Сабақ мониторингі.
«Өзін өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау «Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»негізінде жүргізіледі.
Рухани адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес. Сапалық бағалау маңызды, сондықтан бағалау әрбір жартыжылдықтың қортындысы бойынша «сынақ» түрінде қойылады.
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қою критерийә қызметін атқарады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын орындаған оқушыға «сынақ» қойылады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
-Бағдарламада анықталған көлемде жалпыадаматтық құндылықтар туралы қарапайым түсініктерінің болуы; Қазақстанның және басқа халықтардың рухани мұралары туралы білімінің болуы;
Мұғалім белгілеген дәйексөздерді, өлеңдерді жатқа білуі;
Сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай білуі;
Оқушылардың құқығы мен міндеттерін білуі мен түсінуі, оқушы паразын орындау (мектептің қажетті құралдарының болуы және үй жұмысын, сынып жұмысын орындауы);
Адамдарға, табиғатқа қоғамдық мүліктерге мұқият болуы және саналы қарауы;
Денсаулықты сақтау үшін жағымды ойлаудың маңызын терең түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі, және қолдана алуы тиіс:
Тестлеу: Бұл оқушылардың бір нәрсені қалай жасағаныны білу үшін ғана емес, сонымен қатар мұғалім ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенімізді тексеруге мүмкіндік беретін бірден бір ең пайдалы жұмыс.
Өзін өзі тану сабақтарының бірден бір негізгі міндеті оқушылардың өзіне және өзінің айналасындаылардың барлығына салауатты әрі жағымды көзқарасын дамытуға көмектесу;
Кіші жастағы оқушыларға өздерінің әдеттері мен басымдықтарын өзгерту не,ұрлым жеңілдеу, ал үлкендерге бұл қиынға түседі;
Халықта мақал бар: «жас шыбықтың түзу өсуіне көмектесуге болады, ал ол ағашқа айналғанда оның өсуін бағыттай алмайсың.
Мониторинг дегенiмiз не латын тiлiнен аударғанда (напоминающий, еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Жалпы мониторинг дегеніміз
-Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.
-Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
-Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.
Мониторингтiң атқаратын қызметi
1.Әрекет барысына түзетулер енгiзу.
2.Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.
3.Аралық мiндеттерiн  орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.
4.Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.
Мониторингтiң түрлерi:
-Педагогикалық;
-әлеуметтанымдық;
-психологиялық;
-медициналық;
-экономикалық;
-демографиялық.
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг қызметi:
-Мақсат.
-Ұйымдастыру.
-Ақпарат өңдеу.
-Шешiм қабылдау.
-Болжам жасау.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар
-Ақпараттың толықтылығы.
-Нақтылығы.
-Объективтiлiгi.
-Үздiксiздiгi.
-Уақытында орындалуы.
-Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.
-Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру сапасын мониторингілеу бағдарламасы
Өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалы құрамы:
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары сертификаттарының болуы («Бөбек» ҰҒПББСО, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалдары).
Мұғалімдерге сауалнама жүргізу (мотивация, пәннің рухани-адамгершілік негізін түсіну тереңдігі, пәнді оқыту әдістемесін меңгеруі, өзін-өзі жетілдіру ықыласы, ой, сөз және істің бірлігі тәжірибесі, мұғалімнің оқушылары үшін үлгі болуын түсіну).
Сабақ барысындағы шығармашылық бағытты және мұғалімнің әдістемелік сауаттылығын анықтау (сабақтарға қатысу, сабақ жоспарын қарау және әңгімелесу кезінде).
2.Ұйымдағы моральдық-психологиялық ахуал:
Ұйым әкімшілігінің жұмыс стилі (әкімшілікпен, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу; ұйым басшылығына сауалнама жүргізу, пәнге және өзін-өзі тану мұғалімдерін іріктеуге деген қатынасын анықтау).
Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің сабақтан тыс іс-әрекетіне ықпалдастыру (өзін-өзі тану бойынша мектеп ішілік іс-шараларды өткізу).
Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің оқу іс-әрекетіне ықпалдастыру (жалпыадамзаттық құндылықтарды гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнына ықпалдастыратын мұғалімдердің болуы, тәжірибе алмасу).
3.Өзін-өзі тану кабинеттерінің жай-күйі:
Кабинеттердің саны (оқушылардың санына сәйкес)
Техникалық құрал-жабдықтардың болуы (магнитофон – міндетті түрде, қалған құрал-жабдықтар – мектептің материалдық мүмкіндіктеріне қарай)
Парталардың орналасуы (мектептің материалдық мүмкіндіктеріне қарай шеңбер құрып отыру абзал)
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының бұрышы
4.Сабақтарға қатысу:
Сабақ құрылымын талдау:
а) Сабақтың ұйымдастыру сәті шаттық шеңберін немесе позитивтік күйге енуді, сабақ тақырыбын хабарлауды қамтуы тиіс;
б) позитивтік ой-пікірлер оқушылардың есте сақтауы үшін қысқа әрі жеңіл болуы керек (қайталаған абзал);
в) сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік құрылымын терең айқындайтын оқиға немесе тәмсілдер (мұғалімнің қалауы бойынша оқулықтан немесе басқа да кітаптардан алынады) және оқушыларды рухани-адамгершілік ойларға жетелейтін әңгіме құру;
г) сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік беретін шығармашылық іс-әрекет немесе топтық жұмыстар (шығармашылық іс-әрекет кезінде салмақты музыкалық сүйемелдеу абзал);
д) музыка және топтық ән салу мұғалімнің қалауына байланысты сабақтың кез келген уақытында қолданылуға болады (топтық ән салу оң бейнелердің пайда болуын қамтамасыз етеді);
Сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін ашу (сабақтың әрбір кезеңінде мұғалімнің пайдаланатын барлық әдісі оқушыларды адам табиғатының мәні, өмір мәні, адамның шынайы құндылықтары туралы ойларға түрткі болуы керек; мұғалімнің ебін тауып құрған әңгімесі үлкен маңызға ие);
Мұғалімнің басым стилі: авторитарлық (мұғалім өз пікірін алға қояды, үнемі оқушыларды түзетіп, олардың ойларын аяқтап отырады және т.б.); либералдық (мұғалім бір-біріне кереғар пікірлердің барлығымен келісе береді, оқушыларды сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік өзегіне терең бойлауға бағыттамайды, маңызды қорытындылардан алшақтап, риторикалық бірыңғай сұрақтар қояды); гуманистік (мұғалім ықыласпен барлық оқушылардың пікірлерін тыңдап шығады және дұрыс қойылған сұрақтар арқылы терең рухани-адамгершілік жауаптарға бағыттайды);
Сабақ барысындағы тәртіп (оқушылардың оқулықтары мен жұмыс дәптерінің болуы, жұмыс дәптерлерінің арналуы, оқушылардың оқу процесіне белсене қатысуы).
5.Білім беру ұйымына жасалған мониторинг нәтижесін талдау (он төрт көрсеткіш бойынша шартты үш балдық бағамен жинақ кестесін толтыру).
6.Әдістемелік қолдау көрсету (қатынасқан сабақтарды талдау, мини-семинар өткізу).
7.Жинақ кестесі үшін ескертпе:
6 және 7 бағанға 0; 0,5 немесе 1 ұпай қойылады. 7 бағанның 1 тармақшасына 0; 1 немесе 2 ұпай қойылады. 7 бағанның ұпайлары қосылып, орташа арифметикалық мәні шығарылады. Барлық қатысқан сабақтардың орташа арифметикалық мәндері қосылып, қатысқан сбақтардың санына бөлінеді. Нәтижесінде алынған сан 7 бағанның көрсеткішін (сабақ сапасын) құрайды.
6 және 7 бағандардың ұпай сандарының қосындысы мектептің жалпы ұпай санын көрсетеді. Мектеп (бала бақша, колледж) бойынша жалпы ұпай санының ең үлкен мәні – 16 ұпай.
8.Мектептің жалпы бағасы:
0-8 ұпай – қанағаттандырылаған
9-12 – жақсы
13-16 – үздік
Тест. Тестілеу.
Балалардың не істегенін, сонымен бірге мұғалімнің жетстігін анықтауға көмектеседі. Тестілеудің басты мақсаты оқушылардың құндылықтар ұғымының өзгерісін және олардың қатынасын анықтайды. Егерде нәтижелері ойдағыдай болмаса, құндылықтарды түсінбесе, онда қайтадан оларға түсіндіріп, тестілеу қажет. Отабсы мүшелері баланың мінезін қалыптастыруға ортаның әсерінің маңызды екенін ескеруі тиіс. Кейбір оқушылар үнемі тестіге «қате» жауап береді. Мұндай жағдайда мұғалімнің міндеті жанұядағы қиындықтар мен мәселелерді білуі тиіс. ТЕст жүргізуде бірнеше ұсыныстар: бірнеше вариантты жауап бар тесттер. Мұғалім сабақтың мазмұнына нақты сұрақ беріп, оған үш мүмкін жауап ұсынады. Оқушылар қай жауаптың түрін таңдайды: а,б,в. Тестілеу барысында оқушылардың шыншылдығын қолдау керек. Біраз оқушылар дұрыс жауапты біледі, тіпті оны өмірде қолданбаса да дұрыс жауаптытаңдайды. Өзін шынай бағалаған оқушының жауабы қате болса да, оны қолдау қает. Оқушылар есейген сайын, оларды ойландыратын күрделі сұрақтар қоюға болады. Тестілеудің пайдасы. Өзін өзі таниды. Өзінің адалдығын анықтайды. Ерекшеліктерін байқайды. Мұғалім баға береді.
Оқушылар білімін,білігін және дағдысын тексеру –оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперементтік деп бөлугеболады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.
Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаныбілдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылытексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-біріменбайланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудыңәдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.
Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен көрсетуге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, алкөлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5жауап).
Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.
 
Тапсырма Жауап
а ә б в г
1 0 0 0 0 0
2 0 0 0 0 0


Приложенные файлы

  • docx 18070546
    Размер файла: 175 kB Загрузок: 4

Добавить комментарий