1256_zin-_1257_zi_tanu_Sessia-zhauaptar (1)

№1. Жеке тұлға ұғымы. Адам, индивид, даралық, жеке тұлға, іс-әрекет субъектісі ұғымдарының арақатынасы
Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.
Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
№2.Студенттік шақтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Өзін-өзі танудың студент тұлғасы дамуындағы рөлі.
Жалпы студенттік жас  биологиялық, психологиялық, әлеуметтік процестерге негізделген ең жоғары «пиктік» нәтижлердің болуымен сипатталады.
Егер студентті 18 – 20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса, бұл кезең студенттің өнегелі және эстетикалық сезімдерінің активті дамуына, мінез -  құлқының қалыптасуы мен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. Бұл жаста «экономикалық белсенділік» басталады. Демографтардың пайымдауынша, осы кезеңде адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға құлшынысы басталады.
Т.И Лисовскийдің пікірінше 19 – 20 жас – бұл риясыз құрбан болу  және толық жауап қайтару, бірақ жағымсыз көріністері де бар.
Жастық шақ - өзін - өзі байқау және өзін - өзі бағалау  алаңы. Өзін - өзі бағалау идеалды және реалды «Мен»-ді салыстыру арқылы жүзеге асады.
З.Эриксонның пікірі бойынша, жастық шақ, социалды және жеке – тұлғалы, идентификациялы және өзін-өзі анықтаудағы сериялық таңдаулардан тұратын,  ұқсастық дағдарысы айналасында қалыптасады.
Адамның көптеген  арнайы-спецификалық қажеттіліктері, қарым-қатынас жасау мен тұлға болып қалыптасу қажеттіліктерін  қоса есептегенде, адамға  туа бітеді.
Әдетте адамның  тұлға болып қалыптасуының қайнар көзі ретінде қоғам, ал оның дамуына әсер етуші күш ретінде заттық құбылыс  жүйесіндегі қарама-қайшылық  қарастырылады.
Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын  және оқудың табыстылығына әсер ететін факторларды  екі категорияға бөлуге болады: оқу орнына студентпен бірге келгендер және оқу процессі кезінде пайда болғандар – оларды басқаруға болады.
Бірінші катергорияға мыналарды жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға деген қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші курс студентінің «мен қайда келдім» және «қоршаған ортам қандай»  екендігін түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады. Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп,  екінші топтағы факторлар шешуші рольді атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б..
Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін  студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін  болашақ  жұмысқа деген қызығушылықтары мен  сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер  өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде  қарастырады, саудамен айналысады және т.б.. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары  бірінші  топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан  олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға  көңілдерін көбірек бөледі.
Мамандықты және оқу орнын таңдау қазіргі кезде студенттер үшін көкейтесті  мәселе. Әлеуметтік-мәдени, тұлғалық,  статустық дәрежесі болатын білімнің құндылығы, өзіндік әлеуметтік  феномен ретінде өз дәрежесіне көтерілмей отыр.
Зерттеушілер қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп  атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы  білімді алады.
екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін  оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және  өмірлік оптимизм тән болып келеді.
Бұл екі түр  үшін «традиционалист» қарама-қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби  дайындықты  бағалайды және ол диплом алу үшін, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білім алады.
Таным және білім саласындағы студенттердің қызметін үш негізгі топқа жіктеуге болады:
Бірінші түрдегі   тұлға оқудағы мақсаттар мен міндеттердің  ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай студенттердің білім саласы жоспардағыға қарағанда әлдеқайда ауқымырақ болады, студенттердің әлеуметтікбелсенділігі оқу орны өмірінің  түрлі формаларында танылады. Студенттердің бұл тобы жан-жақты кәсіби дайындыққа бейімделген.
Екінші түрдегі   тұлға шағын мамандануға  бейімделген. Мұнда да студенттердің  танымдық қызметі оқу жоспарының шеңберінен асады.
Студенттердің танымдық қызметінің үшінші түрі  тек оқу жоспарымен ғана шектеледі.  Бұндай тұлғалар -  өнерлілігі жағынан да, белсенділігі жағынан да  төмен болып табылады. 
Студенттердің оқу-танымдық  қызметін талдау нәтижесінде  студенттердің үш типологиялық  тобы анықталды.
Оқуға қарым-қатынасы жағынан  зерттеушілердің бірқатары  5 топты бөліп көрсетеді.
Бірінші топтағы студенттер  білім алуға, кәсіби шеберлікке  ұмтылады. Олар оқу қызметінің барлық салаларында да белсенді болады.
Екінші топтағы студенттер оқу қызметінің барлық саласындағы білімді алуға ұмтылады. Бұл топ үшін  жан-жақты қызметтермен айналысу тән болып келеді, бірақ олар оқытушылық және басқа да пәндердің  негізін терең меңгеруден жалыққыш болып келеді.  Сондықтан да олар  көбінде  үстіртін біліммен шектелетін болып келеді. Олардың қызметінің негізгі мақсаты – бәрінен де аз-аздан болуы.
Үшінші топтағы студенттер тек өздерінің мамандығына ғана қызығушылық танытады. Оларға тек  болашақтағы кәсіби мамандық үшін қажетті ғана білімді алу (өздерінің пікірі бойынша) тән болып келеді.
Төртінші топтағы студенттердің  оқу үлгірімі орташа болғанымен, олар тек өздеріне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылық танытады. Олар сабаққа жүйелі түрде қатыспайды, оқу қызметінің және оқу жоспарындағы пәндердің қандай да бір түрлеріне қызығушылық танытпайды,  себебі олардың  кәсіби қызығушылықтары әлі қалыптаса қоймаған.
Бесінші топқа еріншек және жалқау студенттер жатады. Оқу орнына олар ата-аналарының талабы бойынша немесе армияға бармау үшін, сондай-ақ жұмысқа бармау үшін келеді.
Т.И.Лисовский мынадай   студенттер типологиясын ұсынады:
«Гармониялық». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Өте жақсы оқиды,  ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мәдениетті, ашық, әдебиет пен өнерге қызығушылығы бар, спортпен шұғылданады.
«Кәсіби». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Жақсы оқиды, ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарға сирек қатысады, себебі жоғарғы оқу орнынан кейінгі практикалық  жұмыстарға бейімделген, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мұндай студенттер үшін ең бастысы – жақсы оқу.
«Академик». Мамандығын  саналы түрде  таңдайды. Тек «өте жақсыға» оқиды. Аспирантурада оқуға бейімделген. Өзге пәндерге зиян келтірсе де,  көбінде ғылыми зерттеушілік жұмыспен айналысады.
«Қоғамшыл». Оған қоғамдық жұмыстарға икемділік тән. Осының салдарынан оқуға және ғылыми жұмыстарға деген  белсенділігі төмендейді. Дегенмен, ол өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына толығымен сенімді. Әдебиетпен және өнермен шұғылданады.
«Өнер сүюші».Әдебиет пен өнерге жақын болғандықтан, ғылыми жұмыстарға аз қатысады. Бірақ, сабақты жақсы оқиды. Оған көркемдік қабілеттілік пен кең  ой-өріс тән.
«Ынталы». Өз мамандығын саналы түрде таңдамайды. Бар күшін сала отырып, сабақты  адал ниетпен оқиды. Ұжым адамдарымен аз араласады. Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсағандықтан, өнермен және әдебиетпен аз шұғылданады, киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады.
«Орта деңгейлі». Сабақты артық күш жұмсамай  мүмкіндігінше оқиды. Соны мақтан тұтады. Оның мақсаты: «Диплом алып, басқалардан кем жұмыс жасаймын». Мамандықты таңдауда көп ойланбайды. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды.
«Түңілген». Өзі қабілетті болғанымен, таңдалған мамандығы ол үшін аз тартымды болып табылады. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды. Жақсы  оқуға тырысқанымен, оқудан  ешқандай ырзашылық алмайды. Өнермен, спортпен шұғылдануға талпынады.
«Еріншек». «Аз күш жұмсау» мақсатында нашар оқиды. Дегенмен өзін толығымен мақтан етеді. Болашақтағы кәсібіне жауапкершілікпен қарамайды. Ғылыми-зертеушілік жұмыстарға және қоғамдық өмірге қатыспайды.
«Өнерпаз». Оған кез-келген жұмысты  шығармашылық жолмен шешу тән – оқуға да, қоғамдық жұмыстарға да қатысады. Ұқыптылықты, жинақтылықты, бас көтермейістейтін жұмысты  жаны сүймейді. Сондықтан да, «Маған  бұл қызық емес» немесе «Маған  бұл қызық» принципы бойынша дұрыс оқымайды. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналыса отырып, түрлі мәселелерді шешудің бірқилы жолдарын іздейді.
«Ұлы». Мәртебелі факультеттерде  сәтті оқиды, қарапайым студенттерге жоғарыдан қарайды. Компанияда басшы болуға ұмтылады, басқа студенттерге немқұрайлы, менсінбей қарайды.
Студенттердің өздері  өз орталарында бірнеше топтарға бөлінеді:
үздік оқитындар – «жаттампаздар» - жоғары интеллектті, өз  еңбектерімен жақсы нәтижелерге жететіндер.
үздік оқитындар – «ақылдылар» - жоғары интеллектті, өздерінің сұрақтарымен кей  жағдайларда мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайда қалдырады.
«еңбекқорлар» - олардың қабілеттері мен оқудағы табыстарына тек қызығуға болады.
«кездейсоқтар» - бұлардың құрамы алуан түрлі: зорлықпен оқытин ұлдар мен білімді әйел болуды көздейтін қыздар.
№3. «Мен – тұжырымдамасы» ұғымы, құрылымы.Өзін-өзі танудың нәтижесі болып Мен бейнесін айқындау, ал кей кездері, мысалға, тұлға ұмтылып отырған жаңа Мен бейнесін құрастыру да табылады. Бұл Мен бейнесі бірден пайда болмайды, бастапқыда Меннің жекелеген аспектілері, тұлғаның ерекшеліктері, жүріс-тұрыс ерекшеліктері айқындалады, яғни өзі туралы түсініктер қалыптасады. Тек қана жүйелі түрде өзін-өзі танудың барысында бұл жекелеген түсініктер тұтастай бейнеге шоғырланады. Бұл кезде маңызды рөлді өзін-өзі бағалау, өзін басқа адамдармен немесе қандай да бір идеалды бейнемен салыстыру іс-әрекеті ойнайды. Таңдап алынған нормативтерге (шкалаға) байланысты өзін-өзі бағалау жоғары, орташа, төмен, адекватты (шындыққа сәйкес келетін), адекватты емес асырып жіберілген немесе адекватты емес төмендетіліп жіберілген болады. Мен бейнесі рационалды түсіндірілуін, негізделуін, тұрақтылығын алған кезде, ол Мен-тұжырымдама деп аталатын психологиялық түзілімге ұласады. Қалыптасып қалған Мен-тұжырымдама адамның өмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларына әсерін тигізеді, оның ниеттерін, жоспарларын, ұмтылыстарын анықтайды, яғни, субъект ретіндегі Меннің іс-әрекетіне ене отырып, өзін-өзі реттеуші функцияны орындайды. Өз іс-әрекетін өзін-өзі реттеу барысында қандай да бір нормативтермен және үлгілермен салыстырып көру өмірге тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, жүріс-тұрысты бейімделгіш етеді. Өзін-өзі бақылау өзін-өзі тану процесінің өзінде де қажет және өзін-өзі бағалау, бізді басқа адамдардың бағалау мәліметтеріне арқа сүйейді.
Мен тұжырымдаманың негізін, оның мазмұнын өзі туралы білімдер, яғни өз тұлғасының өзіндік бейнесі құрайды. Мысалы, адам өзі туралы: мен ақылдымын, кісіге үйірмін, біршама эгодарашылмын, зейіндімін, сырт келбетім сүйкімді және т.с. дейді. Осы бір «көрініске» бірден қарым-қатынас, көзқарас салынады. Мысалы, жалпы алғанда мен өз өзіме қанағаттанамын және өзімді қандай болсам, солайша қабылдаймын - өзін-өзі жоғары құрметтеу. Алуан түрлі варианттар болуы ықтимал, мысалы: өзімнің қабілеттеріме көңілім көншиді, бірақ сырт бейнеме қанағаттанбаймын және т.с.
№4. Мен тұжырымдамасының жалпы психологиялық ерекшеліктері.
Енді біздің адамның Мен-тұжырымдамасы туралы түсініктерімізді кеңейте түсетін кейбір ортақ психологиялық ерекшеліктерді суреттеуге әрекет етіп көрейік. Оларға келесілерді жатқызуымызға болады.
Мен-тұжырымдаманың толықтығы – фрагментарлығы – адамның өз тұлғасын қаншалықты толық және жан-жақты білетіндігімен, оның ішінде өз өзіне де неліктен өзге емес, осындай екендігін, оның мықты және әлсіз қырларына не себепші болып отырғандығын қаншалықты оймен өлшеп түсіндіре алатындығымен анықталады.
Өзі туралы білімдердің тереңдігі – үстірттігі – өзін тек сана деңгейінде ғана емес, санасыз деңгейде танып-білу, сондай-ақ өзің туралы басқалардың не білетіндігін және алдымен өзін-өзі талдауға қиындықпен берілетінді танып-білу қабілеті. Өзі туралы үстірт, шалағай білімдер, керісінше, үздік-создылықпен, жүйесіздікпен және жылдам танып-білуге қол жетерліктей қасиеттермен ғана сипатталады. Өзін-өзі терең танып-білу – бұл Аренаны үнемі кеңейте түсуге деген ұмтылыс («Джогари терезесін» еске алайық).
Мен-тұжырымдаманың үйлесімділігі – кикілжіңділігі әртүрлі, тіптен қарама-қайшылықты тұлғалардың адам дәл осылайша түсінетін тұтас бірлікті құрай отырып, бір бірімен қаншалықты «сыйысатындығымен» анықталады. Кикілжіңді Мен-тұжырымдамамен біз адам қандай да бір қасиеттерді қабылдап, өзгелерін теріске шығарғанда немесе ол дәл бір қасиетіне және ерекшелігіне бір мезгілде қанағаттанған да, қанағаттанбаған да кезде, «Ниет етемін», «Істей аламын» және «Керек» арасында коллизиялар пайда болғанда істес боламыз.
Өзі туралы түсініктердің адекваттылығы – адекватты еместігі – тағы бір маңызды сипаттама. Оның мәнісі түсінікті. Адам өз өзінің іс жүзінде шындыққа сәйкес келмейтін және нақты болмыспен кикілжіңдерге алып келетін бейнесін жасап, оған сенуі мүмкін; осы кикілжіңнің себептері, әдетте, өзгелерге таңылады. Ал енді адекватты тұжырымдама – әлемге, өзге адамдарға табыстырақ бейімделудің кепілі.
Мен-тұжырымдаманың тұрақтылығы – динамикалығы екі аспектте қарастырыла алады. Біріншіден, бұл уақыт аспекті. Ол адамның уақыттың белгілі аралығы ішінде өзі туралы тұрақты түсінікті қаншалықты сақтап қалуға қабілеттілігімен сипатталады. Екіншіден, бұл адамның өзі туралы түсініктерді уақыт бойынша қаншалықты жылдам кеңейтуге және тереңдетуге, қажет болған жағдайда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті екендігімен анықталатын, тұлғалық өсу аспекті.
Өзін-өзі қабылдау – қабылдамау – өзін-өзі төмен құрметтеуге ие болып отырған адамдар өздерін өзгелерден анағұрлым нашарырақпын деп есептегенде болады, осының нәтижесінде мұндай адамдарда өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі қалыптасады. Өзін-өзі төмен қабылдау әлде өзімен өзі күресуге, әлде бой ұсынушылық пен апатияға, ал кей кездері өзіне өзі қол жұмсау туралы ойларға алып келеді. Толыққанды өмір сүру үшін адам басқалардың көзқарасына сәйкес оңды болып табылмайтын қасиеттерін де өзінің жоғары қабылдауына ие болуға тиіс деп есептеледі. Мұнымен әбден, алайда бір айтарлықтай ескертумен келісуімізге болады: өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі ол оңды өзін тану және дамыту тенденциясымен етене үйлесімін тапқан кезде ғана оңды әсерін береді. Мұнсыз өзін-өзі қабылдау көрсеқызарлық пен өзіне өзі масаттануға ұласып кетеді. Біз бұл жерде Мен-тұжырымдаманың оның өзіндік келбетін және ерекшелігін мазмұндырақ түсінуге, өзін-өзі тануға белгілі бір бағытталғандық беруге мүмкіндік жасайтын, өзін-өзі тереңірек талдау үшін координаталар жүйесін белгілейтін тек кейбір ғана маңызды сипаттамаларын келтіріп кеттік.
Осы мәселені талаптанудың нақтылы деңгейінің қалыптасуы мысалында ашып көрсетуге әрекет жасайық. Істің мәнісі кез-келген іс-әрекетте, қарым-қатынас жасау барысында біздің өз мүмкіндіктерімізді іс-әрекеттің талаптарымен немесе бізге басқа адамдар қойып отырған талаптармен байланыстырып көретіндігімізде (өзімізді бағалайтынды-ғымызда) болып отыр. Осыған орай біз әлде қиынырақ, әлде жеңілірек мақсаттар қоямыз, басқаша айтар болсақ, мақсатқа деген белгілі бір қатынас немесе талаптану деңгейі қалыптасады. Адам өз алдына неғұрлым қиынырақ мақсаттар қойса, оның талаптану деңгейі соғұрлым жоғарырақ; керісінше, егер ол оңай мақсаттар қоюды жөн көрсе, бұл оның төмен талаптануын, табысқа жете алмауға, ал осы арқылы – өзіне деген көзқарасты өзгертуге қорқуын дәлелдейді.
№5.« Джохари терезесі » - өзін-өзі танудың құралы.
Өзiн-өзi тану аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi.
«Джогари терезесi»
Мен өзім жайлы жақсы білетінім Өзім жайлы білмейтінім
Мен жайлы өзге адамдардың білуі Арена Соқыр дақ
Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі Жасырын аймақ Белгісіз
Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын біле алады.
№6.Өзін-өзі тану аймағы мен саласы.
Енді өзін-өзі тану салаларын бөліп көрсетейік. Дәстүрлі түрде психологияда екі аймақ: сана мен санасыз бөліп көрсетіледі, алайда кейбір тұжырымдамаларда тағы бір салаға – санадан тысқа немесе жоғарғы санасызға көңіл бөлінеді. Мысалы, З. Фрейд тұлғаның құрылымында толығымен сана саласында тұрған және нақтылық қағидасына бағынышты Эгоны немесе Менді, бір мезгілде сана аумағында да, санасыз аумағында да тұрған, өзінің мәнісі бойынша адамзат жасап шығарған және нақтылы тұлғаның жүріс-тұрысын реттеп отыратын нормалар, құндылықтар, алуан түрлі тыйым салулар болып келетін Жоғары-Мені немесе Шамадан тыс Менді, сонымен қатар инстинктерді таратушы болып табылатын және санасыздың аумағында тұрған Ид-ны немесе Ононы бөліп көрсетеді. К. Юнгке сәйкес, тұлға бірқатар инстанциялардың үйлесімі болып келеді: Эго – адамның нақтылы Мені; Бетперде – адамның басқалардың алдында осындай болып көрінгісі келетіні; Көлеңке – адамға жағымсыз келетін, онда үрей тудыратын және ақыр соңында өзінікі деп есептегісі келмейтін барлық тұлғалық қасиеттер осында ығыстырылып шығарылатын санасыздың саласы; ақырында, осының негізін мифтерде, аңыздарда, көптеген халықтардағы архетиптер немесе алғашқы бейнелер деп аталатындар, мысалға, Ана архетипі, Батыр архетипі, Арғы ата архетипі және т.б. құрайтын ұжымдық санасыз. Ұжымдық санасыздың негізін құра отырып, архетиптерді адам ұйқыда, шығармашылықта арнайы көрсетеді, олар оның тұлғасының, дербес мінез- құлқының өзіндік келбетін анықтайды.
Сана мен санасыздың бар болуының одан да кең спектрі американдық ғалым К.Уилбердің Мәңгілік психологиясында көрсетілген. Мұнда тұтас бес деңгей бөліп көрсетіледі:
1) Майнд деңгейі, немесе адамның әртүрлі – Брахман, Дао, Құдай деп аталатын универсумның абсолютті және шекті нақтылығына өзінің ұқсастығын интуициямен ұғынуы;
2) трансперальды аймақ – бұл деңгей Спектрдің адам өзінің Баршаға бірыңғаймен ұқсастығын ұғынбайтын, тұлғадан тысты сипаттайтын, сонда да оның тұлғасы жекелеген ағзаның шегімен шектеліп қалмайтын саласы болып келеді, дәл осында біз архетиптермен (К.Юнгтегі секілді) кездесіп отырамыз;
3) экзистенциальдық деңгей (экзистенция – бұл күнелту) – бұл деңгейде адам өзін негізінен алғанда барлық психосоматикалық оағзамен (психе – жан, сома – дене) теңестіреді, мұнда Мен қоршаған орта арасындағы анық шектеу жүреді;
4) Эго (Мен) деңгейі – бұл деңгейде өзіндік Меннің ағзадан бөлініп шығуы жүреді, Мен бейнесі бөлініп көрсетіледі;
5) Көлеңке деңгейі – адам бойын аулақ салған, қабылдамаған нәрселер санасыз аймаққа кетеді, бірақ, бұл сөзсіз, тұлғаның ажырамастай бөлігі болып қалуын нақтылы жалғастыра береді.
№7.Өзін-өзі танудың кедергілері және оларды жеңу жолдары.
Өзін-өзі танудың кедергілер айтарлықтай көп. Ең жалпы тұрғыда оларды екі үлкен топқа бөлуімізге болады:
1.адам жаратылысының кемелденбеуімен байланысты кедергілер
2.өзін-өзі танып отырған адамның тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатын кедергілер.
Атақты австриялық ғалым К.Лоренц адамның өзін-өзі тануының жолындағы үш кедергіні бөліп көрсетеді:
1) ең қарапайым. Ол адамның өзін-өзі тануына оған өзінің пайда болуының тарихын көруге тыйым салатындығымен кедергі келтіреді.
Басқаша жеткізер болсақ, адамның өзінің кішірек бауырларымен туыстастығын танығысы келмейді. Әрі осы эмоциялық бөліну күшінің орасан зор болғаны соншама, адамның шығуы туралы ақылға көнбейтін теорияларды тудырады (К.Лоренц атап көрсеткеніндей, хайуандардан шығу кей жағдайларда теріске шығарылмағанымен, шимпанземен жақын туыстық әлде логикалық кульбиттер сериясымен атталып өтеді, әлде айлашыл астыртын жолдармен орағытып өтіледі);
2) біздің жүріс-тұрыстарымыздың табиғи себептілік заңдарына бағынатынын тануға деген эмоциялық антипатия. Бұл кедергі еркін еместіктің көмескі сезімі мен әбден ақталған, еркіндікке деген қажеттілік және олардың әрекеттері кездейсоқ себептермен емес, жоғары мақсаттармен анықталса екен деген ақталған ниет арасындағы қарама-қайшылықпен туындайды;
3) әлемді заттар әлеміне және тек жалғыз өзі ғана құндылық ретінде тануға лайықты адамның ішкі заңының әлеміне бөлетін идеалистік философияның, әсіресе батыс мәдениетіндегі идеалистік философияның мұрасы. Осындай бөлу адамның эгоцентризмін тамаша ақтайды, оның өзінің табиғат заңдарына тәуелділігіне деген антипатисыяның алдынан шығады – әрі сондықтан мұның қоғамдық санаға осыншама терең енгендігіне таңданудың еш қажеті жоқ.
Осылайша, К.Лоренцтің түсініктеріне сәйкес, адамның өзін-өзі тануына ең үлкен кедергі болып адамның өзін табиғаттың бір бөлігімін деп тануға ниет етпеуі, өзін жоғары құндылыққа санауы және өзін табиғатты басқаруға құқылымын деп есептеуі (ғылымда «антропоцентризм» деп аталатын, адамның және табиғаттың өзара әрекеттесуіне осындай көзқарас бар) табылады.
Егер философиялық биіктен жекелеген адамның психологиясы деңгейіне түсетін болсақ, біздің әрқайсымызға өзімізді тануымызға кедергі жасап қалуы мүмкін одан да дағдылырақ кедергілерді бөліп көрсетуімізге болады. Бұл кедергілер екі топ құрайды: біріншісіне кейбір объективті факторлар себепші болады, екіншісіне – адамның өзі өзі үшін құратын кедергілер себепші болады.
Бірінші топқа келесі кедергілерді жатқызуға болады:
- өзін-өзі танудың мотивациялық, үрдісуалдық және бағалау компоненттерінің қалыптаспауы нәтижесінде туындайтын кедергілер (мысалға, адамда өзін-өзі тануға деген қажеттілік мүлдем жоқ немесе әлсіз дамыған, өзені деген қарапайым әуестік шеңберінен шықпайтын, айқын білінетін қызығушылық жоқ);
- өзін-өзі тану әрекеттерінің: табудың, бекітудің, талдаудың, бағалаудың, қабылдаудың қалыптаспауы;
- өзін-өзі танудың әртүрлі амал-тәсілдерін: сәйкестендіруді, оефлексияны толыққанды пайдалана білмеу;
- өз өзінің адекватты бейнесін құруға, өз тұлғасын қабылдауға, жеке бас сәйкестігі сезіміне ие болуға қабілетсіздік.
Ғылыми және практикалық тану тұрғысынан алғанда кедергілердің, адамның өзі саналы түрде немесе ұғынбай құратын екінші тобы қызықтырақ болып табылады:
- өзін-өзі тануға қорқу. Ол тұлғаның өз бойынан қорқынышты, жиіркенішті, жағымсыз, өзіне деген сенімділікті шайқалтып тастайтын, өз талаптарының деңгейінде болу қажеттілігін қоршап тастайтын бір нәрсені аңғарып қалудан үрейленудің нәтижесінде пайда болады. Осы кедергінің бар болуы адамның шамамен алғанда дәл өзі дәрігерге қаралудан, тексерілуге жатудан бас тартатын себептер бойынша өзін-өзі танудан бас тартуына алып келеді. Ол үшін жағымсыз, өзімен жұмыс істеуге күш-жігер жұмсауды қажет ететін болып шығуы мүмкін танылған нәрсені жан ауруымен уайымдаудың орнына, өзің туралы көп нәрсені біле бермеген дұрысырақ-ау деген ой тартымдырақ болып шығады;
- тұлғаның өзін әлеуметтік қоршаған ортаның талаптарына сәйкес бағалауға ұмтылуы. Аталған феномен гуманистік психологияда жақсы суреттелген. Адам социум талаптарына сәйкес өмір сүріп, әрекет жасай бастайды, нәтижесінде оның нақтылы Мені, К.Роджерстің пікірінше, тұлғаның терең сезімдерін, уайымдарын, тәжірибесін көрсететін идеалды Меннен көбірек алыстай бастайды. Адам өзінің бойынан басқалар өзінен байқаған нәрселерді таниды, осыны қабылдайды, шын мәнінде не болып табылатындығынан қайта отырып, осы адекватты емес бейнемен өмір сүре бастайды. Мұндай екіжақтылықтың, сырттай қарағанда бәрі де танытуға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін жасалатындығына қарамастан, ақыр соңында тұлғаішілік кикілжіңдерге, невроздық тұлғаға, басқа адамдармен қарым-қатынастағы сар көптеген проблемаларға алып келетіндігін атай кетуіміз керек.
З. Фрейдтің және оның ізбасарларының жұмыстарының арқасында психологияда тұлғаның өзінің психологиялық қорғаныстарынан өтуге қабілетсіздігінің нәтижесінде туындайтын кедергілер жақсылап тұрып зерттелген. Қорғаныстар қалай пайда болады? Психоанализ өкілдерінің пікірінше, сырттан қарағанда, сана үшін жағымсыз импульстар, көбінесе бұл сексуалдық және агрессиялық инстинкттер, санадан тысқа ығыстырылып шығарылады, бірақ із-түссіз жоғалып кетпейді, оны жағымсыз қажеттіліктерді қанағаттандыруға «икемдей» отырып, Менге әсер етулерін жалғастыра береді. Екінші жағынан, Менге қоғам жасап шығарған нормалар, тыйым салулар болыр келетін Супер-Эго (Меннен тыс) әсер етеді. Бұл Меннің қорғаныс механизмдерін құруына алып келеді. Осы механизмдердің ең таралғандарына мыналар жатады: ығыстыру – үрей тудыратын импульстарды санадан шығарып тастау; қарама-қарсы реакция түзу – сана үшін жағымсыз тенденцияны қарама-қарсы тенденцияға өзгерту; проекциялау – сана үшін жағымсыз әрекетті немесе ойды басқа адамға қосып жазу; өш қайтару – қол жеткізбейтін объекттен қол жетерлік объектке санадан тыс қайта бағыт-бағдар алу; рационализация – өзін-өзі алдау, ақылға сыйымсыз әрекетті немесе қылықты ақылмен түсіндіруге тырысу және т.с. Қорғаныстардың болуы өзін, әсіресе тұлғаның өздерінің жағымсыздығына орай жарақат келтіретін болып табылатын ерекшеліктері мен бейімділіктерін тануға кедергі келтіретіні түсінікті. Сондықтан қорғаныстарды ұғыну, қабылданбайтынды өзіне қабылдау өзін-өзі тану сфнрасын кеңейтеді, тұлғаны гармониялы және психологиялық тұрғыдан сау етеді деп есептеледі. Өзін-өзі танудың кедергісіне өзінің эгоцентризмін жеңе білмеуді де жатқызуға болады. Эгоцентрист деп өзінің көзқарастарын, құндылықтарын, ой жүгіртулерін, әрекеттерін жалғыз ғана дұрыс деп есептейтін адамды атайды. Бұл адам әңгімелесуші адамының орнына тұруға, өзге көзқарасты қабылдауға қабілетсіз болғандықтан, оның эгоцентризмі басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуына кедергісін келтіреді. Эгоцентристке өзі туралы адекватты түсінік жасау, қазірде бар өзін-өзі бағалауын өзгерту өте қиын. Мысалы, егер ол өзін ақылды, дарындымын деп санаса, оның түсінігін өзгерту іс жүзінде мүмкін.
№8.Адамның ішкі жан дүниесінің ерекшеліктері.
Адамның ішкі әлемі, яғни оның ой жүгіртулері, қиялдары, түс көрулері әлде сезімдік-бейнелік түрде, әлде іштен сөйлеу түріне енгізілген ой түрінде, әлде, көбіне көп, біріншісінің және екіншісінің үйлесімінде болады. Болу тәсілі – монолог немесе диалог: өз өзімен, өзгелермен, басқа адамға өзіңмен болып жатқан оқиғалар туралы әңгімелеп беру; күрделі диалог: өзіндік Мен басқаның көзімен көрсетіледі. Арнайы зерттеудің көмегімен біздің психикамыздың біздің ішкі өмірімізді сипаттайтын жеті ең кең таралған күйі анықталған болатын.
1. «Меннің өзін-өзі көрсетуі» - адамның қазіргі уақытқа жатқызылған, өзі туралы ой жүгіртулері; күйдің ерекшеліктері – монологтық ойлау (монолог) және ішкі сөйлеуде Мен есімдігінің басым келуі.
2. «Басқа туралы ой жүгірту» - диалогпен, «Сен» етістігінің басым болуымен сипатталады. Бұл күй үшін өзін-өзі қолпаштау тән, бірақ оймен сынға алу ықтимал.
3. «Ой бейнелерінің объективтендірілмеуі» - басқа немесе басқалар абстрактылы түрде елестетіледі және баста тіршілік еткендей болады. Субъект өзіне, өзінің артықшылықтарына қадала көңіл аударған, кемшіліктер жоққа шығарылады.
4. «Болашақты жоспарлау» - осында адам өзінің келешегіне ой жүгіртетін, болашақты жоспарлайтын, белгілі бір мақсаттар қоятын, оларды іске асыру мәселелеріне ой жүгіртетін күй.
5. «Кедергілерге бекіну» - адамның, кедергілерге, қиындықтарға бекіне отырып, жалғыздықты сезінуімен «(«ешкімнің ешкімге керегі жоқ»), қиын жағдайдың шешімін табуда өзара әрекеттесу мүмкіндігін жоққа шығаруымен сипатталады.
6. «Әлемді сезіммен қабылдау» - барлық бейнелер өте жарқын, контрастылы көрсетілген, ойлар дыбысталған (дауыстар түріндегі ойлар).
7. «Қиялдар» - кез келген мақсаттар қол жетерлік болып көрінетін ең шығармашылық күй, бұл ретте кедергілер елеулі емес ретінде қарастырылады («Шығатын жол табуға болмайтын шығатын жолсыз жағдай жоқ»). Адам өзін мықты да белсенді, кез келген биіктікке шыға алатын адам ретінде көрсетеді.
№9. Адамгершілік құндылықтар мен нормалар адамның ішкі жан дүниесінің негізі. Адамгершілік құндылықтар мен нормаларға қойылатын қоғамдық талаптардың жүйесі.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз — адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк — әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. 
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. 
Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).
Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi — әлемдi тануы.
№10. Сана және оның атқаратын қызметі.
Енді негізгі сұраққа жүгінейік: адам өзін қалай таниды? (өзін-өзі танудың механизмдері қандай?). Бұл үшін бізге мәселені кеңірек позициядан қарап шығу, атап айтқанда, өзін-өзі тануды жалпы алғанда тұлғаның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде қарап шығу қажет болады. Ежелгі заманнан бері адамдарды: адам деген кім? Ол жануарлардан несімен ерекшеленеді? деген сұрақтар қызықтырып келген болатын. Бұл жайында талай-талай ғылыми еңбектер жазылды, көптеген ғылыми конференциялар өткізілді. Ғалымдардың осы саладағы іздестірулерін талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, философия, психология, педагогика жөнінідегі көптеген оқулықтарда келтірілетін келесі анықтаманы беруге болады: адам – бұл санаға, тілге ие, еңбек құралдарын жасап шығаратын және пайдаланатын тірі организм. Көріп отырғанымыздай, бірінші орында сана тұр. Дәл осы сана адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы болып табылады. Дәл сол кезде «адам» түсінігіне анықтама беруге қарағанда, «сана» түсінігіне анықтама беру күрделірек іс болып шықты. Әдетте арнайы сөздіктерде сана «психиканың дамуының жоғарғы, адамға ғана тән деңгейі» ретінде түсіндіріледі, бірақ мұндай анықтама аталған түсініктің бүкіл алуан түрлілігін және ерекшелігін көрсете бермейді. Осыларда солай бола тұрса да, сананың ең елеулі белгілерін бөліп көрсетуге әрекеттер жасалатын, күрделірек, есте сақтау үшін қиын анықтамалар да бар. Мысал үшін отандық философ және психолог А.ГШ.Спиркин берген олардың біреуін ғана келтіре кетейік. Оның пікірінше, «сана – бұл мидың болмысты талдай қорыта, бағалай және мақсатты бағыттай көрсетуден және конструктивті-шығармашылық түрлендіруден, әрекеттерді алдын ала оймен құрудан және олардың нәтижелерін алдын ала білуден, адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын ақылға сыйымды реттеуден және өздігінен өзі бақылаудан тұратын, жоғарғы, адамға ғана тән және тілмен, сөйлеумен байланысты функциясы». «Сана» түсінігін анықтау туралы жоғарыда айтылғандардың бәрін жинақтай отырып, келесіні констатациялауымызға болады:
- сана адамның қоршаған болмыстан өзін бөліп көрсетуге деген қабілетімен сипатталады, көптеген жануарларға бұл қол жеткізбес нәрсе, басқаша айтар болсақ, адам үшін қоршаған әлем объективтік (яғни оған байланысты емес) нақтылық ретінде көріне бастайды, осының нәтижесінде «Мен – Мен емес» түрі бойынша шектеуге деген қабілет пайда болады;
- адам қоршаған болмысты жалпылама бейнелейді және, сөзді пайдалана отырып, осы бейнелеулерді буыннан буынға беруге қабілетті өз білімдерінде бекітеді;
- адамдар өз жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бұрынырақ біліп қоюға және жоспарлауға, өмірлік мақсаттар қоюға және оған қол жеткізуге қабілетті;
- біз әлемге құштарлықпен қараймыз, өзіміздің құштарлығымызды эмоцияларда, сезімдерде, уайымдауларда және т.с. көрсетеміз.
Біздің санамыз «Мен – Мен емес» жүйесінде қызмет атқаратындықтан, оның орталығында Мен тұрады, осы мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың, алуан түрлі қарым-қатынастың бүкіл жиынтығының бастамашысы ретінде алға шығады. Біздің әрқайсымыз өзіміздің Меніміз не екенін білеміз, бірақ бұған ғылыми анықтама беру де қиын. Егер айтарлықтай қарапайым сөзбен білдіретін болсақ, онда Мен – бұл ішкі жағынан қарастырылып отырған тұлға, адамның өз өзін қоршаған ортадан бөліп алуға және өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының субъекті (бастамашысы) ретінде көрініс табуға деген қабілеттілігі.
Осылайша, адам болу – демек санаға ие болу, яғни өзін-өзі қоршаған сыртқы әлемнен бөліп көрсете, осы әлемге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыра, онымен өзара әрекеттесе, оған мақсатты бағытталған өзгерістер енгізе білуге ие болу деген сөз. Егер де сыртқы әлемнің «Мен емесінің» орнына Менді қойса, «Мен – Мен» жүйесі құрылады және біз сана-сезім деп аталатын мүлдем өзге психикалық болмысты аламыз. Басқаша айтар болсақ, санаға ие бола отырып, адам міндетті түрде сана-сезімге, яғни өзін-өзі тануға, өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарауға қабілетке, өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі реттеуге қабілетке ие болады.
№11. Өзін-өзі танудың үрдіс ретінде мақсаты мотивтері
Үрдіс - бір нәрсені дамытудағы жағдайлардың, құбылыстардың дәйекті алмасуы; тарырақ түсінігінде – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін іс-әрекеттердің дәйекттілігі. Біз өзін-өзі тануды дәл осы екінші, тарырақ мағынасында қарастыратын боламыз: өзін-өзі тану – бұл осының нәтижесінде мақсатқа, яғни өзі туралы білімге, Мен бейнесіне, Мен-тұжырымдамаға қол жеткізілетін әрекеттердің жиынтығы және дәйектілігі. Өзін-өзі тану әрекеттердің дәйектілігі болып табылатындықтан, оның өзі спецификалы танымдық іс-әрекетті көрсетеді және, кез келген іс-әрекет секілді, мақсатардың, мотивтердің, тәсілдер мен нәтижелердің сипаттамасы арқылы баяндала алады.
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың өзгешелігін көрсетуге болады. Сонымен, алдымен біз өзімізден қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын, мысалға, сенімсіздікті табамыз. Табу сәті өте маңызды, онсыз барлық одан кейінгі өзін-өзі тану мәнінен айырылады. кейде дәл осы табу ең күрделі сәт болып табылады, бізде осыған өзіміз көңіл тоқтатпайтын, талдау аясы етпейтін нәрсе көп. Кей кездері маңызы бар ерекшелік немесе сипаттаманы адам, оның оңды потенциалын пайдалану мүмкін емес болатындай, өте кеш табады. Дәл сол кезде өз бойымыздан қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын табу жеткіліксіз болады, оны санада бекіту, нығайту, одан арғы өмір барысында жоғалтып алмау қажет болады. Біздер, адамдардың белгілі бір ортасымен қарым-қатынас жасай отырып, жек көруді бастан кешіретін, бірақ оны келесі жағдайға дейін бекітпейтін, нәтижесінде – тиісті талдау жүргізіп, өзіміздің жек көрушілік шамамызды жалпы алғанда бағалай алмайтын жағдайлар болып тұрады.
[*Үрдіс (лат.) – алға жылжу]
Келесі қадам – бұл тұлғаның қандай да бір ерекшелігін, жүріс-тұрыс сипаттамасын, ептілігін, қабілетін және т.с. талдау. Талдау барысында қасиеттің құрылымы, оның басқа қасиеттермен өзара байланысы айқындалады, ал ең негізгісі, себеп-салдарлық байланыстар анықталады. Өз бойымызда сенімсіздікті тауып және бекітіп, нақтылы сұрақтар қоюымыз керек: менің сенімсіздігім неден көрініс табады? Мен оны барлық жағдайларда бастан кешіремін бе? Оның пайда болу себептері не болып табылады? Ол қандай басқа қасиеттермен (темперамент түрі, мейірбандық, рақымдылық және т.с.) байланысқан? Осы сұрақтарды реттілікпен қоя және оларға жауап бере отырып, біз өзіміздің сенімсіздігіміз және оның таралу шекарасы туралы түсінігімізді тереңдете түсеміз. Келесі кезең – оны қандай да бір қасиеттің өзіміз үшін жасаған кейбір идеалды бейнесімен, әлде жалпы қабылданған және өзіміз игерген үлгілермен салыстыра отырып, қандай да болсын қасиетті бағалаймыз. Аталған жағдайда біз өзімізді әртүрлі: өзімізді басқа адамдармен немесе нақтылы жақсы таныс адаммен салыстыра отырып, өте сенімсіз адам ретінде; тек белгілі бір жағдайларда көрініс табатын сенімсіздігі бар, орташа сенімсіз тұлға ретінде; сенімді адам, ал сенімсіздігі тек қана сындарлы, күтпеген жағдайларда көрініс табатын және, көбіне көп таза күйіндегі сенімсіздік ретінде емес, абыржушылық ретінде көрініс табатын адам ретінде бағалай аламыз. Және ақыр соңында, аталған қасиетті қабылдау немесе қабылдамау актісі келіп жетеді. Қабылдаған жағдайда біз өз сенімсіздігімізді Мен-тұжырымдаманың құрылымына енгіземіз, оның бар екендігіне байыппен қараймыз, одан позитив табуға тырысамыз, сенімсіздіктің көрініс табуын шектеу және болашақта өзіміздің бойымызда сенімділікті дамыту жөнінде міндет қоя аламыз. Бірақ біз сенімсіздікті қабылдамай, (санасыздық саласына) итеріп тастайтын, барша адамға сенімді адам екенімізді дәлелдеуге әрекет жасайтын, ал егер итеріп тастамасақ, онымен «күресе» бастайтын, жою бастайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай күрес тек жағдайды, жалпы өз өзіміздің күйімізді нашарлатып, басқа адамдармен кикілжіңдерге ұласып кететін тұлғааралық кикілжіңдерді тудырады. Жалпы алғанда өзімен өзі күрес – бұл нонсенс екендігін, өзіңде бар ең қымбат нәрсемен, яғни өзіңмен күресуден жаман нәрсе жоқ екендігін айтқанымыз жөн. Сондықтан өзін-өзі қабылдау өнері – өзін-өзі тану актін аяқтай отырып, жаңа актіні – өзін-өзі жетілдіру актін (бұл туралы келесі тарауда айтатын боламыз) бастайтын үлкен өнер.
Сонымен, үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану – бұл өз бойынан қандай да болсын қасиеттерді, тұлғалық және жүріс-тұрыстық сипаттамаларды табу, оларды бекіту, жан-жақты талдау, бағалау және қабылдау Мотив - іс-әрекетке нақтылы итермелеу, онда қандай да болсын қажеттілік көрініс табады. Мысалға алар болсақ, қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік қарым-қатынас мотивін, еңбекке деген қажеттілік – еңбек іс-әрекеті мотивін, өзін-өзі тану қажеттігі – өзін-өзі тану мотивтерін белсенді етеді. Қандай да болсын мотивтің әсер етуімен адам іс-әрекеттің белгілі бір мақсаттарын қояды, іс-әрекеттердің тәсілдерін, амалдарын, реттілігін пайдалана отырып, оларға қол жеткізеді.
Мақсат – бұл болашақ нәтиженің бейнесі. Біз өзін-өзі танудың Мақсаттары туралы сөз қозғағанда, олар өте әртүрлі болуы мүмкін, барлығы да өзін-өзі тану барысында қол жеткізілетін болашақ нәтиженің қандай бейнесі көрінетіндігіне байланысты. Мақсаттар кең және тар, нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болады.
Өзін-өзі танудың шекті кең мақсаттарына жалпы алғанда өз тұлғасын танып білу және өмірлік мақсаттарды танып білу жатады. Өзін-өзі танудың мақсаты ретінде өзін тұлға ретінде, өзінің Мен-тұжырымдамасын тек сана деңгейінде ғана емес, санасыздық және санадан тыс (жоғарғы санасыздық) деңгейінде де танып-білуді қоятын адамдар кездеседі. Мұндай өзін-өзі тану, өмірдің барлық өзге мақсаттарын екінші орынға ығыстыра отырып, өзінен өзі өмірлік мақсатқа айналуы мүмкін. Қарапайым адам болса, өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағанын интуитивті сезіне отырып, өзінің өз өзін тануын өмір сүру, жасампаздықпен айналысу, өзін тану және дамыту үшін жеткілікті нақтылы белгілі бір шеңберлермен шектеп отырады. Өзін-өзі танудың өзге кең мақсаты өмірлік мақсаттар болып табылады. Біздің әрқайсымыз өз өзімізге: мен өмірде неге қол жеткізгім келеді? Қандай кәсіпті таңдауым керек? Менің басшы болғым келе ме, қол астындағы адам болғым келе ме? Мен өз балаларымды қаншалықты және қалай тәрбиелеуге қабілеттімін? және т.с. сұрақтарды қоямыз. Өмірлік мақсаттарды айқындау, танып-білу өмірдің өзіне тұрақтылық, мақсатты бағытталғандық, ұғынылғандық береді. Дәл сол кезде өмірлік мақсаттарын ойланбайтын, ағыс бойынша жүзе беретін талай адам бар. Осының бәрі, әрине, олардың өмірін кедей етеді, оны ұғынылмаған, ал адамның жүріс-тұрысын – болжанбайтын етеді. Өзін-өзі танудың тар мақсаттарына біз үшін қазіргі сәтте өзекті бола бастайтын өзіндік Мен бейнесінің нақтылы мазмұны жатады. Тар мақсаттар координаталардың әртүрлі жүйелерінде қарастырылуы мүмкін, мысалға: біз өзіміздің зияттық мүмкіндіктерімізді немесе мінез ерекшеліктерімізді, зейіннің қасиеттерін немесе өзіміздің коммуникативтілігімізді танып-білеміз. Осы тізімді жалғастыра беруімізге болады, алайда өз тұлғамыздың нысандарының немесе іс-әрекет пен жүріс-тұрыс сипаттамаларымыздың тізімі емес, бүгінгі таңда тұлға үшін маңызды болып табылатын нәрсе маңызды. Егер біз кәсіпті таңдап алсақ, өзіміздің таңдап алған саладағы қабілеттерімізді бағалау маңызды болмақ. Егер біз адаммен танысқымыз және достасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативтік қасиеттерімізді, ұнай білуімізді, жақсы дос болу қабілетімізді танып-білу маңызды болмақ. Өзін-өзі тану мақсаттарын жүйелі қою да мүмкін болады. Ең кең таралған және праткикада кеңінен қолданылатын жүйелердің бірі: «Ниет етем» - «Істей аламын» - «Керек» деген жүйе болып табылады. Адам осы сұрақтарға – жақын және алыс болашақта неге қол жеткізгім келеді, менің мүмкіндіктерім қандай және осының барлығы социумның, қоршаған адамдардың талаптарына қаншалықты жауап береді – дегендерге анық та дәл жауап берген кезде ол өзін-өзі танудың шекараларын айтарлықтай кеңейте түседі.
Өзіміз атап кеткеніміздей, өзін-өзі танудың мақсаттары нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болып келеді. Нақтылы мақсат – біз өзімізде шындығында да барды табамыз және талдаймыз, нақтылы емес мақсат – біз өзімізде шындығында жоқ нәрсені бекітуге және өзімізден танып білуге әрекет жасаймыз.
Мысал. Кей адамдар оларда жоқ қабілеттерді табуға, оның үстіне талдауға және бағалауға әрекет етеді. Оларды өздерінен таба алмай, олар бұларды ойдан ойластырады, олардың бар екендігіне сене бастайды. Нәтижесінде өзін-өзі тануын жалған ізбен жібереді. Өзін-өзі тануды жалған ізбен жібере отырып, адам өзін-өзі толығымен ойдан жасайтын, жалған Мен-тұжырымдаманы құратын, осы бейнеге сәйкес өмір сүре бастайтын және, нәтижесі ретінде, болмыстан толығымен қол үзу, бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі, тұлғаішілік және тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуы жүретін жағдайлар болып тұрады. Осылайша, өзін-өзі тану мақсаттарының нақты еместігі және жалғандығы ақырғы нәтиженің – Мен бейнесінің және Мен-тұжырымдамасының нақты еместігімен және жалғандығымен етене қабысады. Адамды не нәрсе өзін-өзі танудың кең және тар, нақтылы және нақтылы емес мақсаттарын қоюға итермелейді? Әрине, осылардан тиісті қажеттіліктер көрінісін табатын мотивтер. Мұндай мотивтерді екі топқа: спецификалық, яғни өзін-өзі тану іс-әрекетінің өзінің негізінде жатқан және өзін-өзі танумен жанама түрде байланысқан спецификалық емес деп бөліп көрсетуге болады.
Спецификалық мотивтерге өз өзіне деген қызығушылық жатады. Қызығушылық – бұл эмоциялық боялған танымдық қажеттілік. Аталған жағдайда - эмоциялық боялған, өзін-өзі тануға деген қажеттілік. Өзіне деген қызығушылықты арттырудың бірнеше сатысын бөліп ажыратады:
білмекке құмарлық;
өзіне деген қызығушылықтың өзі;
өзін-өзі тануға деген құштарлық.
Білмекке құмарлық - өзіне деген қызығушылықтың бастапқы түрі - өзі туралы, негізінен алғанда адамға белгісіз емес, бірақ басқаларға белгілі болуы мүмкін екенді танып-білуге ұмтылыспен сипатталады. Білмекке құмарлық тұрақты сипатқа ие емес, яғни білмекке құмарлық қанағаттанғандықтан кейін-ақ ол ғайып болады, адамды басқа, одан да маңыздырақ мәселелер іліп әкетеді. Қолайлы жағдайлар болған кезде білмекке құмарлық өзіне деген тұрақты қызығушылыққа ұласып кетеді, ол өзін-өзі танудың күн өткен сайын жаңа мақсаттарын анықтай бастайды, өзін-өзі тану жөніндегі іс-әрекеттің шекараларын кеңейте түседі. Өзіне деген қызығушылық белгілі бір шекаралардан өткен, эмоциялық қызуға ие болған кезде, ол өзін-өзі тануға деген құштарлыққа айналады, адам осы құштарлыққа өз өмірінің айтарлықтай бөлігін арнайды.
Өзін-өзі тануға деген құштарлықтың теріс түсініктері болып өзінен ерекше бір, іс жүзінде болуы мүмкін емес нәрсені іздестіру мақсатымен соқыр сезімге ену үшін алкогольді, есірткіні, психологиялық заттарды пайдалану болып табылады.
Өзін-өзі танудың спецификалы емес мотивтеріне қалған мотивтердің барлығы жатады, оларды да өзін-өзі тану іс-әрекетін өрістету үшін маңыздылығы бойынша үш топқа бөлуге болады: Менмен байланысты мотивтер (мұнда осылардың негізінде біздер талдап шыққан қажеттіліктер жатқан өзін-өзі құрметтеу, Меннің тұтастығы мотивтері, өзіндік сәйкестікке қол жеткізу мотиві, өзін басқалар тарапынан тану мотиві жатады), өзін тану және дамыту мен байланысты мотивтер (атап айтар болсақ, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі өзектендіру мотивтері); іс-әрекеттің басқа түрлерінің мотивтері (қарым-қатынас, мәртебе, жетістіктер, таным, оқу мотивтері, моральдық мотивтер және т.с.) жатады. Олардың өзін-өзі тану мотивімен және өзін-өзі тану іс-әрекетімен өзара байланысу механизмдері шамамен алғанда бірдей. Өзін-өзі танудың дамыған мотиві барлық өзге мотивтердің қызмет етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Өзіне деген қызығушылық өзін тану және дамыту мотивтерін ынталандырады. Өз кезегінде, айқын білінетін өзін тану және дамыту мотивтері өзін-өзі тануға деген қажеттілікті және спецификалық мотивті - өзіне деген қызығушылықты қалыптастыруға оңды әсерін тигізеді. Басқа мотивтер туралы да дәл осыны айтқан жөн. Мысалы, егер бұл сіңіріп алатын құштарлық болмаса, өзіне деген қызығушылық, қарым-қатынас мотивіне тиісті бояу бере отырып, басқа адамдарға деген қызығушылыққа да себепкер болады. Өзін-өзі тану мотиві әлсіз дамыған жағдайларда өзге, айқынырақ білінген мотивтер оны алмастырып, өзін-өзі тану іс-әрекетіне себепкер болады. Мысалы, тұлға қол жетуге деген айқын білінетін мотивке ие, бірақ өзіне деген қызығушылық көрініс таппаған. Тек қана жолы болғыштыққа, сәттілікке тірек арта отырып жоғары, маңызды нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан өз мүмкіндіктерін таразы басына тартуға, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалауға, яғни өзін-өзі танумен айналысуға тура келеді. Басқаша жеткізер болсақ, өзін-өзі танусыз бір де бір мотивті толық шамада жүзеге асыруға болмайды, ақыр аяғында бәрі де өзін-өзі білуге, өзіне көзқарасқа, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылауға қабілеттілікке келіп тұйықталады, тек осы жағдайда ғана барлық қалған мотивтерді жүзеге асыру табысты болмақ.
№12. Өзін-өзі тәрбиелеу – өзін-өзі дамыту құралы
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзін тану және дамытуының аса маңызды құралы ретінде тұлғаның өзі қол жеткізуге ниет еткен нәтижелер туралы түсініктерінің әсерімен мақсатты бағытталғандыққа және жете түсінушілікке ие болып келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғалық қасиеттерді, ептіліктерді, қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу және жүріс-тұрыс амал-тәсілдерін табу, бекіту және жетілдіру жөніндегі саналы және мақсатқа бағытталған іс-әрекет. Кез келген іс-әрекет секілді, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілік мотивациялық негізбен, мақсаттармен, амал-тәсілдермен және нәтижелермен сипатталады. Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері кең де алуан түрлі және ең әртүрлі қажеттіліктердің:
өзін тану және дамытуға: өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі танытуға деген;
өзіне, өзінің қазіргі орнына көңілі көңілі толмаушылықпен байланысты;
«Не, мен басқалардан кеммін бе?», «Мен басқалардың өзімнің алдыма түсуіне мүмкіндік бермеймін, мен неге қабілетті екендігімді әлі көрсетемін!» дегендей тұлғалық-мәртебелік сипаттағы;
басқаларды өзіне бағынышты етуге, оларды пайдалануға деген ұмтылыс себепкер болған қажеттіліктердің негізінде пайда болады.
Кез-келген жағдайда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік және өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері екінші реттік сипатқа ие. Тіптен өзін тану және дамытудың: өзін-өзі бекітудің, өзін-өзі жетілдірудің, өзін-өзі танытудың мықты жағымды мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің автоматты түрде пайда болуына кепілдік бермейді. Дамыған мотивациясы бар талай адам өзін-өзі жетілдіруді ниет етеді. Көбінесе бұл процесс стихиялы, бағытталмаған сипатқа ие болады, өзіңнің дамуыңда тым болмағанда бір адм алға жылжу үшін өмірдің өзі алға тартатын кездейсоқ жағдайлар мен мүмкіндіктер пайдаланылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің пайда болуының қажетті шарты өзін-өзі тәрбиелеуді дербес іс-әрекетке бөлу болып табылады. бұл тек қана саналы түрде алға қойылған мақсаттар, белгілі бір ерік-жігер күш салуларының шығындалуын жоспарлау бар болғанда мүмкін болады. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғадан ерлікті, табандылықты, мақсатқа ұмтылғыштықты талап ететін ерік-жігер процесі. Адамда өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу әдеті қалыптасқанда, онда ерік-жігер деңгейі төмендейді, осыны қанағаттандыру жеке-тұлғалық мәнге ие бола бастайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге деген шынайы қажеттілік қалыптасады.
Сондықтан өзіңді тәрбиелеуді ұйымдастыруда дәл алғашқы сәттер әрқашан да ең күрделі болып шығады. Өзін-өзі тәрбиелеудің анық білінген мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюдың ерекшелігін, яғни өзіндік келбетін анықтайды. Мақсаттап, өз кезегінде, әртүрлі болуы мүмкін.
Кей кездері адам өзінің тұлғасының мықты жақтарын табу үшін талай уақыт шығындайды. Аталған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты өзін-өзі танудың мақсатымен сайма-сай келеді. Оның ерекшелігі мықты жақтарын іздестіруді адамның өзін-өзі тану емес, өзін-өзі тәрбиелеу факторы ретінде бағалайтындығынан тұрады. Мақсаттар ретінде кей кездері өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру көрініс табады.
Мақсаттар өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру нысаны бойынша ерекшеленуі мүмкін, мысалға: өзінің бойында белгілі бір тұлғалық қасиеттерді; психикалық үрдістерді (жады, ойлау, елестету); қабілеттерді; адамдармен қатынас жасай білуді; қандай да болсын іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті нақтылы дағдыларды дамыту.
Мақсаттар басқаларға билік етуге, оларға бағынуға немесе ынтымақтасуға ұмтылудан туындылар ретінде қойылуы мүмкін. Өзін-өзі тәрбиелеудің «Барлығы да өзін-өзі жетілдірумен айналысады, мен жұрттан неммен кеммін» дегендей пікірлерді «жұқтырып», сәннің әсерімен де өзекті бола бастауы қызықты жәйт.
Әрбір нақтылы тұлғаның мақсаттары мен оларды қою жағдайларының тізімін айтарлықтай кеңейтуге болады. Істің мәнісі, алайда, мұнда емес. Ең бастысы – жағымды мотивацияның әсерімен адам өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюға дайын және қояды да, мақсаттар қою құндылығы осы үрдістің құндылық нормативтерімен сәйкес келуі үшін, бұған белгілі бір ерік-жігер күшін салады. Бұл кезде негізгі шарт сақталуға тиіс: өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын қою өзін-өзі теріске шығарумен, өзімен, өзінің кемістіктерімен күресумен ілесе жүрмеуге тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін, ал осы арқылы даму міндеттерін де шешу тұлғаның өзін толық және сөзсіз қабылдауына байланысты болып келеді, олай болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу өзімен күресу сипатын ала бастайды, ал өзін тану және дамыту өз өзімен (жарияланған немесе жарияланбаған) соғысқа келіп тіреледі. Бұл тұлғаны құру емес, оны жою жолы. Қандай да бір жаңаны алу, игеру - өзін-өзі тәрбиелеудің және жағымды нәтижеге қол жеткізудің лайықты жолы.
Қарастырып отырған мәселенің контекстінде ерекше назарға өзін-өзі қабылдау тәсілдері мен құралдары лайық. Оларды талдау өзін-өзі тәрбиелеу жолында әр адам үшін өзекті сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: менің өзін тану және дамытуыма қатысы бар мәселелерді мен қалайша шеше аламын? Қазіргі ғылым мен практикада мұндай тәсілдер аз емес. Солардың тек бірнешеуіне ғана тоқтала кетейік.
Өзін-өзі ынталандыру – бұл осының нәтижесінде тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу үшін өзіне мотивтерді өз бетінше анықтайтын, қол жеткізілген нәтижелердің барлық оң және теріс жақтарын, өзін-өзі тәрбиелеу барысында өзі алған басымдықтарды таразы басына тартатын процесс. Өзін-өзі ынталандырудың тиімді түрі өзін-өзі нандыру болып табылады, бұл кезде, қисынды дәлелдерді пайдалана отырып, адам өзін-өзі өзгерту қажеттігіне нандырады, өзінде қажетті мақсатты жасап шығарады. Бірқатар жағдайларда, тіптен өзін «жаңа өмірді бастау» қажеттігіне нандырып-ап, солай болғанда да тұлғада ойға алғанды жүзеге асырумен қиындықтар туындайды, бұл жерде өзінің инерттілігі, жалқаулығы және т.с. түріндегі кедергілерді жеңіп шығудың тиімді амал-тәсілі ретінде өзіне өзі бұйрық беру көмекке келеді. Бұл кезде, егер адамның бойынан жалқаулық табылса, ол жоққа шығарылмайды, бірақ оған бұл қасиет толық шамада көрініс таба алатын арнайы уақыт бөлінеді (мысалға, сенбі күні 17 сағаттан 20 сағатқа дейін).
Өзін-өзі ынталандыру әдістері екінші кезеңде өзін-өзі бағдарламалау әдістеріне табиғи түрде ұласады. Өзін-өзі тәрбиелеуде нәтижеге қол жеткізу үшін, әрекеттер бағдарламасы қажет, мысалға: басқалармен кикілжіңге түсуімді қою үшін мен не жасаймын? Өзімнің елестетуімді дамыту үшін не жасау керек? Өз бағдарламасын (оны ойда ұстауға болса да, бағдарлама жазылған болса құба құп болады) жасаудың негізінде: нәтижелерге жету үшін не істеу керек, қандай дәйектілікпен және қанша уақыт ішінде істеу керек деген, жоспарлау актісі жүзеге асырылады. Оған алдағы нақтылы іс-әрекетке қатысты өзіне- өзі нұсқау беру тәсілі жатады.
Мысалға, адам өзінің алдына мынандай мақсат қойды – жұрт көзінше сөз сөйлеуде сенімділікке жету. Баяндаманың алдында ол өзіне өзін қалай ұстау керектігі жайында нұсқау бере алады:
сөйленетін сөздің мәтінін ойша жаңғырту;
өзін мәтіннің нашар еместігіне және басқалардың бұл мәтінмен таныс еместігіне нандыру;
сөз сөйлеу фактісінің өзін ойша ойнап шығу;
үрейді сейілтетін қажетті жаттығулар жасау;
тіптен бұлар сәтсіз болса да, сөз сөйлеудің нәтижелерін болжап білу (бұдан қорқатын дәнеме де жоқ, өмір жалғасады және бір ғана сәтсіздік өмірді өзгертпейді).
Мұндай нұсқау өз өзінен-ақ сенімділік пен күш береді, ал оның үстіне сөз сөйлеу шындығында да жақсы өтсе, ол бекітіліп қалады және оны тұлға оңды бастан кешіреді. Келесі тәсілдер де осындай деуге болады: өзін тану және дамыту және ойға алғанды жүзеге асыру барысына өз өзін жолшыбай бақылау; өздерінің жиынтығында іс-әрекеттің өзінің жүрісіне де, одан арғы өзін тану және дамыту бағдарламасына да қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бақылау. Ақырында, күн ішінде, апта ішінде, жыл ішінде, ұзағырақ уақыт аралығында қол жеткізгенді талдаудың зор маңызы бар. Қол жеткізгенді констатациялаудың және өз бағдарламасын жүзеге асырудың одан арғы келешегін анықтаудың тиімді түрлері болып өз өзіне есеп беру және істелген нәрсені, ие болынған жүріс-тұрыс ерекшеліктері мен қасиеттерін өз бетінше бағалау табылады. Бұл жерде, біз бірнеше мәрте атап өткендей, тұлғаның дамуын одан әрі өз бетінше болжаумен байланысты рефлексивтік механизмдер бар. Жүргізілген өзін-өзі бақылаудың негізінде мақсаттарды және нәтижеге қол жеткізу тәсілдерін түзету жүзеге асырылады.
Өзін - өзі тәрбиелеу тәсілі ретінде өзін тану қолданылады. Өзін тану – осының негізінде өзін тану және дамыту жөніндегі іс-әрекет өрбитін дербес іс-әрекет екені біздің есімізде, бірақ бұл тұлға өзі туралы білімдердің жетіспейтіндігін анықтаған кезде өзекті бола бастайтын өзін-өзі тәрбиелеу құралы да; қол жеткізілгенді бағалауға және өзін тану және дамытуға мүмкіндік беретін, өз іс-әрекетін талдау; осында табыстар мен сәтсіздіктер тіркелетін, басқалар тарапынан қойылатын талаптар айқындалатын, нәтижесінде тағы да өзін-өзі бекіту мен өзін танытудың одан арғы мақсаттары дәлдеп тексерілетін, әлеуметтік қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін талдау; өзіңнің қоршаған әлем туралы дүниетанымыңды кеңейтуге, ондағы өз орныңды тануға, өз тұлғаңды одан әрі құру үшін негіз ретінде қажетті эрудиция алуға мүмкіндік беретін, өз өзіңе білім беру. Нәтижелерге келер болсақ, оларға қол жеткізу деңгейін әр тұлға жеке бағалайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі қомақты болып, бірақ адам оларға қанағаттанбаған және өзінің алдына жаңа мақсаттар қоятын жағдайлар болып тұрады. Нәтиже қарапайым болып, бірақ өзін-өзі жетілдіру жолында тіптен осындай кішігірім алға жылжуды өзінен күтпегендіктен, индивид оған да балаша қуанатын жағдайлар да некен-саяқ емес. Әлеуметтік қоршаған ортаға, жалпы алғанда қоғамға келер болсақ, олардың талаптары объективті және оның әрбір мүшесінің уайымдаулары мен комплекстеріне байланысты емес, нәтижелердің талаптарға сәйкестігінен көрініс табады: сен басқалар, қоғам үшін не бердің? Сенің қоғамдық дамуға жеке үлесің қандай? Мұндай бағалауды ешкім де тура тұжырымдамайды, бірақ саналы түрде немесе интуиция дәрежесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін тану және дамыту жолына тұрған әркім ойда ұстайды. Бұл ақыр нәтижесінде қол жеткізілгенге қанағаттанғандық деңгейін: дананың қанағаттанбауын және қарапайым тұлғаның өз өзіне мақсаттануын тудырады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тәрбиелеуді тұлғаның өзін тану және дамыту құралы ретінде сипаттап алып, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті туралы мәселе қойғанымыз мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ.
№13. Педагогтың өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытудың ерекшеліктері.
Педагогтың кәсіби сана-сезімі – бұл кәсіпқой ретінде өзін, іс-әрекет пен педагогикалық қатынаста көрініс табатын өзінің тұлғалық ерекшеліктерін ұғынуы. Кәсіби сана-сезім жалпы алғанда сана-сезіммен ортақ қасиеттерге, белгілерге де, өзінің спецификасына да ие. Ортақ белгілер, жалпы алғандағы сана-сезім секілді, кәсіби сана-сезімнің өзінің құрылымына өзін-өзі тануды, эмоциялық-құндылық қатынасты, өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі реттеуді және өзін-өзі бақылауды қосатындығымен анықталады, мұнда сонымен қатар сәйкестендіру және рефлексия механизмдері де міндет атқарады.
Ерекшелігі – тұлғаның өзінің жиынтығында педагогты оқушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен, әкімшілікпен, өз өзімен өзара әрекеттесуде суреттейтін қасиеттері және ерекшеліктері танылады, бағаланады, реттелуге жатады. Осыдан барып өзін-өзі тану нысандары: кәсіптік-педагогикалық бағытталғандық; педагогикалық қабілеттер; арнайы білімдер мен ептіліктер; өз белсенділігінің деңгейі; іс-әрекеттің педагогикалық стилі және көптеген өзгелер болуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда өзін адам ретінде қабылдаудың өзін кәсіпқой ретінде қабылдаумен дәл келмеуі мүмкін.
Мысал. Тұлға жалпы алғанда өз-өзіне қанағаттануы, өзіне деген құрметті бастан кешуі, өзін құзыреттімін деп сезінуі мүмкін, бірақ бұл кезде өзінің кәсіби жетістіктеріне, әкімшілікпен, әріптестерімен қатынастарына онша қанағаттанбаған болуы; онша жоғары емес біліктілігі жайында айып сезімін сезінуі және т.с. мүмкін. Осындай келіспеушілік тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларындағы өзімен жеткіліксіз сәйкестендірумен куәландырады, бұл тұлғаішілік кикілжіңдерді тудыруы мүмкін.
Мұғалімнің А.К.Маркова бөліп көрсеткен кәсіби сана-сезімінің құрамдас бөліктерін келтірейік:
• Өз кәсібінің нормаларын, ережелерін, үлгісін (яғни педагогикалық іс-әрекетке, қатынасқа, тұлғаға қойылатын талаптарды) өз қасиеттерін ұғыну үшін эталондар ретінде ұғыну. Бұл процесте кәсіптік дүниетанымның негіздері қаланады. Егер педагог өзінің қандай болуы керектігінен және өзінің қоршаған адамдармен қатынастарын қалай құру керектігінен хабардар болмаса, онда өзін бағалауы қиынға соғады. Жалпы білімдарлықтың негізінде мұғалімнің кәсіби білімі, оның мұғалім еңбегінің жеке концепциясы қалыптасады, өзінің жүріс-тұрысында ол осыған сүйенеді.
• Жоғарыда тізіп көрсетілген қасиеттерді басқа әріптестерінен жете түсіну, өзін біліктілігі орташа қандай да бір абстрактылы да, нақтылы да кәсіпқоймен салыстыру.
• Өзін кәсіпқой ретінде қоршаған адамдар – оқушылар, әріптестері, басшылық және т.б. тарапынан жете түсіну;
• Өзінің жекелеген қырларын өзінше бағалау: өз өзін, өзінің педагогикалық іс-әрекетін, қатынасын, тұлғасын түсіну және ұғыну; өз өзінің ерекшеліктерін бағалау және эмоциялық қарау. Біртіндеп мұғалімге кәсіптік сенімділік немесе сенімсіздік сезімін беретін тұрақты Мен-концепция қалыптасады. Оның негізінде өз өзіне қатысты мектепте болып жатқанның бәрі бағаланады. Бұл кезде: бүгінгі мүмкіндіктерді (өзекті өзін-өзі бағалау), кешегі (ретроспективалық өзін-өзі бағалау), болашақ жетістіктерді (идеалды өзін-өзі бағалау) бағалау және басқалар тарапынан бағалау (рефлексивті өзін-өзі бағалау) өзгеше болады. Егер өзекті бағалау ретроспективалық бағалаудан, ал идеалды бағалау – өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл кәсіптік сана-сезімнің өскендігін айтады. Мұғалімнің өзін-өзі бағалауының оптималды құрылымы болып осында ретроспективалық және өзекті, өзекті және идеалды өзін-өзі бағалаулар арасында минималды айырмашылықтар, кәсіптік өзін-өзі бағалаудың жасампаздығы және шынайылығы туралы куәландыратын, сана-сезім негізінде әрекет жасауға қабілеттілік бар құрылым есептеледі Мұғалімнің жалпы алғанда өз өзін оңды бағалауы, өзінің оңды қасиеттерін, келешектерін анықтауы, позитивті Мен-концепциясын құруы өзіне деген сенімділікті, өз кәсібіне қанағаттанғандықты, көңілі толғандықты, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады. Көбіне көп дәл осындай мұғалім өзін-өзі жүзеге асыруға тырысады. Психологияда педагогтың
Мен-концепциясының оқушылардың Мен-концепциясының дамуына әсерін дәлелдейтін талай эксперименталдық мәліметтердің бар екендігін атап көрсетуіміз керек. Р.Бернстің (ағылшын ғалымы) жинақтап қорытатын «Мен-концепцияның» даму» және тәрбие» жұмысына көңіл аударалық, мұнда мұғалімдердің Мен-концепциясының және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің балалардың тұлғалық дамуына, олардың өзін-өзі қабылдауына әсерін зерттеу нәтижелері баяндалады. Р. Бернс мұғалімде жағымды Мен-концепцияның болуы оның сыныптағы жүріс-тұрысына ғана емес, өздерінің қабілеттерін толық шамада көрсете бастайтын және осыны олардың мүмкіндіктеріне сенімді мұғаліммен қатынас арқылы ұғына отырып, өзінің құндылық сезіміне ие болатын оқушылардың сабақ үлгеріміне де оңтайлы әсер ететіндігін атап көрсетеді. Төмен өзін-өзі бағалауға ие мұғалімдер бір нәрсесімен барлық қалған оқушылардан ерекшеленетін балаларға жек көретіндігін кей кездері көрсетіп отырады. Егер мұғалімнің басым психологиялық күйі қорғалмағандық сезімі болып табылса, онда тек оқушылармен ғана емес, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен де қатынастарда үрейлілік, күдікшілдік арта түседі. Сондықтан қорғалмағандық сезімін бастан кешетін мұғалім, Р. Бернс көрсеткеніндей, кей кездері авторитарлық рольдермен сәйкестендіріленеді, бұл жүріс-тұрыстағы шамадан тыс қатаңдыққа және өктемдікке алып келеді. Өзін-өзі бағалауы төмендетілген мұғалімдерде мектеп оқушысының тұлғасына зиянды әсерін тигізуге қабілетті, айқын жағымсыз потенциалы бар мақсаттар анықталды.
Солардың кейбірін келтірейік:
• өзіңді жақсы көрмейтін оқушыларға теріс қарау;
• қиындықтар оқушыларға бәсеңсуге мүмкіндік бермейтіндіктен, оқушыларға қиындықтар жасаудың кез- келген мүмкіндіктерін пайдалану;
• мүмкіндігіне қарай оқыту іс-әрекетін бәсекелестік күрес негізінде құру;
• оларда кеткен ағаттықтары үшін кінә сезімін тудыра отырып, оқушыларды оқуға ынталандыру;
• қатаң тәртіп орнатуға ұмтылу;
• оқушыны жазалау дәрежесін оның кінәсіне пропорционал арттыру.
Педагог концепциясының оқушылар тұлғасының дамуына және олардың Мен-концепциясына әсері мәселесін талдаудың нәтижелерін шығара келе, Р. Бернс мынандай қорытынды жасайды: «Өзіне балаларды оқыту міндетін жүктеген адам өзін сенімді сезінуге тиіс. Бұл кезде өз өзіңді де түсінуге ұмтылмасаң, басқаларды түсіне қою, оның үстіне оларға көмектесуге тырысу бекер іс болмақ. Төмен өзін-өзі бағалауға ие индивид басқаларды өзінің үрейлерінің, қорқыныштарының және қанағаттанбаған қажеттіліктері арқылы қабылдайды. Жоғары өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділік адамға өзінің билігін немесе өз басының маңыздылығын көрсете отырып, өзін-өзі бекіту ниетін жеңіп шығуға және өз іс-әрекетінің бағдары етіп басқалардың қажеттілігін жасауға мүмкіндік береді».
Отандық психологияда да педагогтың кәсіптік сана сезімін көптеген зерттеулер жүргізілген. Жекелей алар болсақ, Л.М.Митина кәсіптік сана-сезімнің төмен және жоғары деңгейлері бар мұғалімдерді бөліп көрсетті. Мұғалімнің кәсіптік сана-сезімнің дамуының төмен деңгейінің әдетте конструктивтік емес жүріс-тұрысты және педагогикалық өзара әрекеттесуді анықтайтын, тұрақтылығы жеткіліксіз бейнеге жинақталатын, оның жекелеген қасиеттері мен сапаларын ғана ұғынумен және өзін-өзі бағалаумен сипатталатындығы атап өтіледі. Ал, енді жоғары деңгей мұғалімнің Мен бейнесінің оның өз кәсіптік іс-әрекетінің мақсаттарын және оларға жасампаздықпен қол жеткізу үшін қажетті амалдарды ұғынуымен байланысты құндылық бағдарларының жалпы жүйесіне сіңісіп кететіндігімен анықталады. Кәсіптік сана-сезім құрылымының қысқаша талдауын жасап шығып, енді педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының өзегешелігіне тоқталайық.
№14. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы педагогикалық әрекеттің табысты болуының шарты.
Жалпы алғандағы өзін-өзі тану секілді, кәсіптік өзін-өзі тану педагогтың іс-әрекетінің, қатынасының және тұлғасының ерекшелігімен анықталатын, белгілі бір мотивацияның әсерімен өзектелінеді. Кәсіптік өзін-өзі танудың мотивтері алуан түрлі. Олардың ең негізгі түрлері төмендегідей көрсетуге болады.
Біріншіден, кәсіптік өзін-өзі тануға өзіне деген қызығушылық, кәсіпқой ретінде өзінің мықты және әлсіз қасиеттерін ұғынуға, өзінің тұлғасы туралы дүниетанымын кеңейтуге ұмтылыс түрткі болады.
Екіншіден, өзін-өзі тануға деген қажеттілік тәрбиеші немесе мұғалім өз еңбегі мен оның нәтижелері арасындағы дисбалансты тапқан кезде пайда болады, бұл да өзін тану процесін ынталандырады. Мысалға, оқушылардың нашар үлгерімі мұғалімді өзінің жүріс-тұрысында, сабақ беру әдістемесінде ненің қанағаттанғысыз нәтижелерге немесе балалармен, әріптестерімен, әкімшілікпен кикілжіңдерге алып келетіндігін ойланып қалуға мәжбүрлейді. Өзін зерделеу, дисбаланстың себептерін табу педагогқа: іс-әрекетіндегі, жүріс-тұрысындағы, өзара әрекеттесуіндегі кемшіліктерді жоюға; өзі мен қоршаған адамдар арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге; дисбалансқа ілесе жүрген теріс эмоциялық уайымдауларды жоюға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, өзін-өзі тану өз атына басқалардың: әкімшіліктің, әріптестерінің, ата-аналардың, кей кездері оқушылардың да сын тұрғысынан жасалған ескертулерінің нәтижесінде өзектелінеді. Сынға берілген жауап әртүрлі болуы мүмкін: деструктивті - өкпелермен, кек алу ниетімен ілесе жүріп, сын қабыл алынбайды; конструктивті – мұғалімнің пікірі бойынша істің нақтылы жай-күйіне сай келмейтін нәрсе ғана қабыданбайды және оның кейбір кемшіліктері қабыл алынып мойындалады. Кез-келген жағдайда конструктивтік тұрғы өзін-өзі тануға және өз іс-әрекетін бағалауға итермелейді.
Төртіншіден, өзін-өзі танудың стимулдары ретінде кәсіптік өзін тану және дамытудың мотивтері: өзін-өзі бекітулер, өзін-өзі жетілдірулер, өзін-өзі танытулар көрініс табуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, педагог өзін өз іс-әрекетін айтарлықтай жақсарту, өзі тұлға ретінде өсуі, өз еңбегінде елеулірек нәтижелерге қол жеткізу үшін танып-біледі. Егер өзін-өзі бекітудің мотивтері туралы айтар болсақ, олардың өз құндылығы бойынша айтарлықтай ерекшеленетіндігі есімізде. Бір жағдайларда мұғалім өзін басқаларға билік ету және осы арқылы бекіну үшін таниды; өзге жағдайларда – оны меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, өзінің мүмкіндігін жаңа педагогикалық технологияға бейімдеп кәсіпқой ретінде нығаяды. Егер де басым рөлді өзін-өзі жетілдіру және өзін таныту мотивтері ойнай бастайтын болса, онда өзін тану тұлғалық өсу қажеттігін ұғынумен байланысты терең мағынамен толығады. Одан өзге, психологияда педагогтың өзінің кәсіби еңбегінің қандай саласын негізгі, жетекші ретінде бөліп көрсететіндігімен сипатталатын «педагогикалық центрация» түсінігі бөліп көрсетіледі. Психолог А.Б.Орлов жеті негізгі педагогикалық центрацияны бөліп көрсетеді:
өзінің Менінің мүдделерінде;
әкімшіліктің, басшылықтың мүддесінде;
жұмыстағы әріптестерінің мүддесінде;
оқыту және тәрбиелеу технологиясының талаптарында;
оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінде;
гуманистік, яғни өз мәнісінің және басқа адамдардың: әріптестерінің, ата-аналарының, оқушылардың мәнісінің мүдделеріне центрация.
Педагогтың жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінің мотивациясы оның центрациясының типімен анықталады, бұл кәсіптік өзін-өзі танудың өзгешелігін де бағыттайды. Мысалға, мұғалім әкімшіліктің мүделеріне центрацияланған, осыған орай мақтау сөзге лайық болу, осыларға жақын болу және т.б. үшін директордың, оқу ісі жөніндегі меңгерушінің талаптары мен күтулеріне сәйкес келу, олардың нұсқауларын дәл және мүлтіксіз орындау мотивтері белсенді бола бастайды. Сондықтан өз бойыңнан аталған мотивті ең толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қасиеттер мен тұлға ерекшеліктерін тану, «ашу» керек. Осыған ұқсас ой жүгіртулерді центрацияның басқа типтеріне қатысты да жасауға болады. Ең құнды болып гуманистік центрация табылады, оған өзін тану және дамыту мотивациясы, өзін тұлға ретінде және кәсіпқой ретінде ең терең және жан-жақты тану себепкер болады және осы гуманистік центрация да бұларға себепкер болып келеді. Кәсіптік өзін-өзі тану тәсілдеріне келетін болсақ, олар жалпы алғанда тұлға өзін-өзі танығандағыдай: табу, белгілеу, талдау, бағалау және қабылдау, ал кәсіптік өзін-өзі танудың құралдары өзгеше және педагогикалық еңбектің сипатымен анықталады.
Өз іс-әрекетін, қатынасты және тұлғаны талдау – бұл өзінің сабақты қалай өткізе алғандығын, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, эмоциялық күйін, өзінің сенімділік деңгейін және басқа да көптегенін бағалай отырып, іс жүзінде педагог күн сайын пайдаланатын жетекші құрал. Осындай талдаудың барысында мұғалім өз тұлғасын зерттейді, өзінің мықты және әлсіз жақтарын анықтайды, ықтимал кикілжіңдердің себептерін іздеп табады. Өкінішке орай, кемшіліктер мен кикілжіңдерді табу әрқашан өз тұлғасымен ара қатыста бола бермейді. Ағаттықтар, кикілжіңдер үшін жауапкершілік өзіне емес, басқаларға (нашар сабақ үлгерімі – балалар қабілетсіз, ата-аналармен кикілжіңдер – ата-аналар кінәлі және т.с.) жүктелетін мысалдар аз емес. Мұндай позиция өзін-өзі тануды ынталандырмайды, тұлғаның қорғаныс реакциясы бола отырып, оны тежеп отырады.
Өзін педагогтың қандай да бір нормативтік үлгісімен немесе идеалымен, сондай-ақ педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын нақтылы адамдармен салыстыру. Педагогикалық кәсіпті таңдап алған кез келген адамда (бұл кез келген басқа кәсіпке де тән) уақыт өте келе тәрбиешінің, мұғалімнің, оқытушының және т.с. қандай да бір нормативі немесе идеалды бейнесі қалыптасады. Бұл бейне анық ұғынылған немесе ұғынылмаған абстрактылы немесе нақтылы адам түрінде көрініс табуы мүмкін (мысалға, менің өзімді мектепте орыс тіліне оқытқан мұғалімге ұқсас болғым келеді). Бірақ кез келген жағдайда тұлғаның нормативке немесе идеалға сай болуға ұмтылысы табиғи құбылыс. Егер салыстыру барысында өз тұлғасының нормативке жақындығының пайдасына қорытындылар жасалатын болса, педагог қанағатттану сезімін бастан кешеді, оның өз өзін құрметтеуі мен өзін-өзі қабылдау деңгейі арта түседі. Олай болмаған жағдайда екі тенденция өзектенеді: әлде осылар өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыспен ілесе жүрмейтін, өзін-өзі құрметтеудің төмендеуі, қанағаттанбау сезімінің арта түсуі, әлде өзін қабылдау аясында кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері дамиды. Өзін салыстыру тек нормативтік үлгімен немесе идеалмен ғана емес, нақтылы адамдармен, жанында жұмыс істеп жүрген өз әріптестерімен жүреді. Мұнда да салыстырудың нәтижелеріне жауап қайтарудың әртүрлі варианттары табылады: егер тұлға өзін басқалардан жоғарырақ бағаласа, ол қанағаттану, өзімен бірдейлік, ұқсастық сезімін, өзін-өзі құрметтеу мен өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейін бастан кешеді; егер мұндай салыстыру оның пайдасына болмаса, педагог басқаларды «жолы болғыштар» деп санай отырып, қызғанышты бастан кешеді, алдау, манипуляциялау және билік механизмдерін пайдалана отырып, бірақ өзінде немесе басқада ештемені өзгертпей, кез келген амал-тәсілмен нығаюға, бекуге тырысады немесе өзге, ең жақсы жағдайда – салауатты қызғаныш өзін тану және дамытуды күшейтеді («Мен басқалардан кем болмай, жоғары болсам, дәл осындай нәтижелерге қол жеткізе аламын»).
Педагогтың тұлғасын және оның іс-әрекетін басқа адамдардың бағалауы.
Педагогикалық іс-әрекет, басқа еш іс-әрекет осындай болмағанындай, қарқынды бағалау іс-әрекетіне ұшырап отырады. Педагогтар ашық сабақтарды жиі өткізіп отырады, олардың балалармен өткізетін сабақтарына әкімшілік қатысып отырады, алуан түрлі тексерулер жүреді және т.с. Онымен қоймай, тәрбиешілер, мұғалімдер балалардан қызығушылық, әуестену, нәтижелілік, ұйымдасқандық және көптеген басқа реакциялар түрінде тұрақты кері байланысты алып отырады. Өзі туралы, өзінің жүріс-тұрысы туралы белгілі бір ақпаратты ата-аналармен қатынас жасау береді. Педагог әрқашан жұрттың көзінде, сабақты, сыныптан тыс жұмысты талдау болсын, оқушылармен, ата-аналармен қатынас және т.б. болсын, басқаларға қарағанда сынға жиірек ұшырап отырады. Мұғалімдерге кей кездері ата-аналар, және тек бір біріне емес, әкімшілікке шағым айтады. Әкімшілік, мұғалімге талаптар қоя отырып, олардың орындалуын қадағалайды, олай болмаған жағдайда оны сынға алады. Сынға деген көзқарас – педагогтың кемеліне жету өлшемдерінің бірі. Сын өзін-өзі тану үшін стимул болып шығуы мүмкін, бірақ өзін-өзі танумен айнлысуға деген барлық ниетті жойып жіберуі де мүмкін. Солай болса да, өз тұлғасын басқалар тарапынан бағалау өзін-өзі тану мотивациясын дамытудың және осы процесті өрістетудің қуатты факторы ретінде көрініс табады.
Өзінің біліктілігін педагогикалық курстарда жүйелі түрде арттыру да тек кәсіптік құзыреттілікті арттырудың шарты болып қана қоймай, өзін-өзі тануды ынталандыруы мүмкін. Өзінің біліктілігін арттыра, жаңа білімдерді, ептіліктерді, технологияларды меңгере отырып, педагог бір мезгілде өз өзін де таниды. Әсіресе бұл курстардың бағдарламасына психологиялық сипаттағы білімдер мен технологиялар енгізілген жағдайларда тиімді болып келеді. Педагогтармен өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, тұлғалық өсу тренингтерін өткізу дамуға да, өзін-өзі тануға да мүмкіндіктер береді.
Өз-өзіне білім беру. Кез келген кәсіп өз өзіне білім беруді қажет етеді, бірақ педагогикалық кәсіп – тұрақты, бүкіл өмір бойындағы өз өзіне білім беруді керек етеді, олай болмағанда «формаңды жоғалтып аласың». Өзіне өзі білім беру бірінші кезекте - өзін тану бойынша сан көптеген міндеттерді қосатын, өзін тану және дамыту факторы (кез келген жаңа, өз бетінше алынатын ақпарат өз тәжірибесімен, өз тұлғасымен ара қатыста болады, осының нәтижесінде тұлғаның өзі де тұрақты қайта бағалауға ұшырап отырады. Өзін-өзі тануды жетілдіру тұрғысынан психологиямен – оның теориялық та, білім берумен және педагог тұлғасымен байланысты қолданбалы бағыттарымен де өз бетінше шұғылданулар жақсы нәтиже беретіндігін тағы бір қайталайық. Қазіргі психологияда бар, педагог тұлғасын және оның іс-әрекетін зерттеу әдістемелері мұғалімге, тәрбиешіге және басқаларға тұтастай өз өзін сипаттауды құрастыруға, өзіне жан-жақты қамтыған баға беруге көмектесуі мүмкін. Өзін-өзі тану механизмдері – индентификация мен рефлексия да өз сипатына ие бола бастайды. Идеалмен, нормативтік бейнемен немесе өз кәсібіндегі нақтылы адаммен, сонымен қатар өз тұлғасының, іс-әрекетінің және қатынасының әртүрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып, педагог өзінің тұлғалық қасиеттерін, жүріс-тұрыс сипаттамаларын бөліп көрсету және бекіту мүмкіндігіне ие болады. Рефлексия тереңдігі бойынша әртүрлі талдау жүргізуге және өзін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі психологияда педагог рефлексиясының жоғары деңгейінің терең де жан-жақты тануға ықпал ететіндігін, кәсіптік құзыреттілік дамуының стратегиясын қолдайтын, дәлелдейтін талай эксперименттік мәліметтер бар. Таптаурынға немесе стереотиптендіруге деген анық тенденциямен бірлесе отырып, рефлексияның төменгі деңгейі индивидтің өзін-өзі танудағы және өзінің кәсіптік өзін тану және дамытуының мақсаттарын қоюдағы мүмкіндіктерін күрт төмендетіп жібереді. Өзін-өзі тану нәтижелеріне келер болсақ, олардың өзгешелігі өзі туралы, өзінің оқытушылық қабілеттері, педагогикалық бағытталғандығы, ойлауы және т.б. түсініктерінің толықтығынан, жан-жақтылығынан және тереңдігінен, жалпы алғанда кәсіптік Мен-концепциядан тұрады. Өзін-өзі танудың мазмұнына: жоғары немесе төмен өзін-өзі құрметтеу, өзімен ұқсастық немесе ұқсас еместік сезімі, өзін-өзі қабылдау деңгейі қатынастары әсер етеді. Біз атап өткеніміздей, педагогтың оптимальды Мен-концепциясы, өзін-өзі қбылдаудың жоғары деңгейі педагогикалық процеске қатысушылардың барлығымен қатынастарды тұрақты құрудың, әртүрлі жастағы оқушылардың тұрақты жағымды Мен-концепциясын қалыптастырудың шарттары болып табылады. Психологияда педагогқа өзінің кәсіптік өзін-өзі тануын ұйымдастыруына көмек бере алатын дамыған құралдары бар. Бұл алуан түрлі тесттік әдістемелер, сонымен қатар өзін-өзі бағалауға негізделген әдістемелер. Мысал үшін ағылшын психологы Р. Бернс ұсынған, салыстырмалы түрде қарапайым сұрақтардың тізімін келтіреміз. Оларға жауап бере отырып, мұғалім өзін-өзі түсінуін және Мен-концепциясын ұғынуын тереңдете алады:
1. Мен өзімді аяқталған, толығымен қалыптасқан тұлғамын деп есептеймін бе, әлде менде ішкі өсу мен дамудың резервтері бар ма?
2. Мен өзіме жеткілікті сенімдімін бе?
3. Мен әртүрлі көзқарастарды шыдамдылықпен қабылдауға қабілеттімін бе? Догматизмнен аулақ болуға, айталық: осындай міндеттерді шешудің бір ғана әдісі бар; аталған тақырып дұрыс баяндалған бір оқулық қана бар, бір нәрсеге үйренудің бір ғана тәсілі бар және т.с. деген пікір айтпауға менде зияттық икемділік жеткілікті ме?
4. Менің тұлғалық және кәсіптік дамуым үшін қажетті, өзіме айтылған сынды қабылдауға қабілеттімін бе? Мен басқа адамдармен өзімнің жеке басымның және кәсіптік мәселелерімді ашық талқылай аламын ба?
5. Мен шындығына келгенде:менің оқушыларымның әлемді қалай қабылдайтындығын? Қандай мұғалім болып шығатындығымды? Менің өзіме олардың көзімен қарай алатындығымды білемін бе?
6. Маған оқушылармен тығыз қатынастар ұнай ма, әлде олармен тұлғасыз, жатсынып қатынас жасауды жөн көремін бе? Мен үшін не маңыздырақ – оқу пәнінің мазмұны ма немесе оқушыларды қабылдаудың қажеттіліктері мен ерекшеліктері ме?
7. Баланың алдында оқуда туындайтын қиындықтардың себебін анықтауға тырысамын ба, әлде мен оларды әрқашан баланың қабілетсіздігі есебіне жатқызуға дайынмын ба? Оларға табысты, түсінуді, өзіне деген сенімділікті сезінуге мүмкіндік беру үшін, артта қалып отырған оқушылардың оқу сабақтарының сипатын өзгертуге тырысамын ба? Балалардың дамуының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет екендігіне сенемін бе? Менің сабақтарым әрбір оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылған ба?
8. Менің сабақ беру стилім, мәнерім мектеп оқушыларында оқуға деген сүйіспеншілікті және «менің» пәніме деген қызығушылықты оята ма?
§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
Кәсіптік өзін тану және дамыту өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту бағыттары бойынша жүруі мүмкін. Педагог кәсіптік салада әртүрлі мотивтер бойынша бекінеді: мұғалім бейнесінің қандай да бір нормативіне сай болуға; басқалардан кем болмауға; әкімшілік пен басшылықтың талаптары деңгейінде болуға ұмтылыс; басқаларға, директордың «еркелері» деп аталатындарға қызғаныш және т.б. Бұл мотивтер өз өзімен жұмыс істеуді ынталандыруы мүмкін, бірақ көбіне көп әртүрлі манипуляциялық техникаларды пайдалану арқылы қанағаттандырылады. Манипуляция жасау барысында осылар туралы қарама-қарсы жақ болжамайтын да жасырын әсер ету және өз мақсаттарын көксеу арқылы біржақты пайдаға қол жеткізіледі, бұл кезде тәуелсіздік, «іске қам жеу», жоғарғы мүдделерді күйттеуге ұмтылу иллюзиясы жасалады.
1 мысал. Сыныпта мұғалімнің нағыз диктатор болуы, осылайша жоғарырақ нәтижелерге қол жеткізе отырып, балалармен өзара қарым-қатынасын қорқыту негізінде құруы, бірақ осы кезде іс жүзінде өзімен жұмыс істемеуі, сабақ беру әдістемесін жетілдірмеуі мүмкін. Дәл осы мұғалімнің, әріптестерінің және өзінің көзінде нығая отырып, әріптестерінің алдында өзінің «жетістіктерімен» «мақтануы» мүмкін.
2 мысал. Оқушыларға, олардың жалқаулығына және қабілетсіздігіне, осындай «нашар» сыныпқа үнемі шағым айтулар мұғалімге, осылар үшін кінә балаларға және олардың ата-аналарына жүктелетін, педагогикалық іс-әрекетіндегі сәтсіздіктері мен мүлт кетулері үшін ақтау болып қызмет атқарады.
3 мысал. Барлығына авторлар мен кітаптарды атай отырып, бірақ нақтылы олардың бір де бірін түсінікті түрде оқымастан, өзіңнің қаншалықты көп оқығандығыңды, барлық педагогикалық және әдістемелік жаңалықтарды игергендігіңді, мектеп оқушыларымен жұмыстың бірегей әдіс-тәсілдерін пайдаланатындығыңды әңгіме ете отырып, басшылық пен әріптестер алдында нығаюға, бекінуге болады. Жалпы алғанда манипуляция жасау тәсілдері көп екені белгілі.
Өзін-өзі жетілдіруге көбінесе бүгінгі өзіңнен асып түсуге ұмтылу, жоғарырақ нәтижелерге жетуге, өзінің шеберлігін арттыруға, өзі үшін маңызды тұлға қасиеттерін алуға деген ұмтылыс түрткі болады. Бұл жағымды өзгеру, қандай да бір Мен идеалына жақындау, тұлғалық өсуге деген тенденцияны жүзеге асыру мақсатымен өзімен тұрақты жұмыс істеу.
Педагогтың өзін-өзі жетілдіру процесі өзіне келесі кезеңдерді қосады:
өз тұлғасын, іс-әрекетін және қатынасын өз бетінше талдау. Өзін-өзі тану барысында өзі туралы, өзінің тұлғасының күшті және әлсіз жақтары туралы түсінік айқындала бастайды, тұлғаның өзін-өзі қабылдау механизмдері іске қосылады. Өзін-өзі жетілдіру стратегиясын таңдау тұлға өзін-өзі қабылдай ма, жоқ па (тұлғаның жекелеген қасиеттерін қабылдай ма, жоқпа) екендігіне байланысты болады;
идеалды Мен бейнесін қалыптастыру өзін-өзі болжау механизмдерін іске қосу арқылы жүзеге асырылады, осы бейненің өзі азды-көпті жалпыланған немесе нақтыланған, уақытта қашықтаған немесе жақындастырылған болуы және т.с. мүмкін;
осында педагогтың өзін-өзі жетілдіру жөніндегі әрекеттерінің реті, уақыты, шарттары, жағдайлары анықталатын, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіне өзі білім берудің нәтижелері, тәсілдері мен амалдары анықталатын, өзін тану және дамыту бағдарламасын қалыптастыру;
бағдарламаны жүзеге асыру;
өзінің кәсіптік дамуы бойынша одан арғы өзімен жұмысқа түзетулер енгізе отырып, жүргізілген жұмыстың тиімділігін бағалау және бақылау.
Өзін-өзі таныту – бұл өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі бекіту (олардың жағымды түрлерінде) сәтінен басталатын және қолайлы жағдайлар кезінде олардың шеңберінен алысқа шығатын, өзін тану және дамытудың жоғарғы деңгейі.
Бұл тұлға өзінің кәсіптік іс-әрекетімен, әлеуметтік қоршаған ортасымен толықтай ұқсастық, кемелденгендік сезіміне; тіптен қарапайым міндеттерді, тапсырмаларды шешкен кезде іс жасау қабілеттілігіне ие болған кезде жүреді.
Мұнда енді тұлғаға өзін-өзі жетілдіру, жоспарлар, бағдарламалар және т.с. құру керек болмайды, өзін-өзі жетілдіру осының барысында адам өзін толығымен жүзеге асыратын, өмір мен еңбектің мәндерін ұғынатын, қоғамдық танылатын нәтижелерге объективті түрде қол жеткізетін күнделікті және тұрақты акт бола бастайды. Сан көптеген психологиялық зерттеулер өзін-өзі танытатын педагогтың, осы жолға тұрмаған педагогқа қарағанда, балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, олардың жағымды Мен-концепциясын дамытуда бір саты жоғарырақ нәтижелерге қол жеткізетіндігін көрсетіп отыр. Өзін-өзі танытатын тұлға болу – демек, бақытты адам, барлық қатынастарда, өмірдің барлық салаларында бақытты кісі болу деген сөз. Қарастырылып отырған мәселенің контекстінде педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының кезеңдерімен байланысты сұрақтар ерекше өзектілікке ие бола бастайды. Психолог Л.М. Митина мұғалімнің кәсіптік өзін тану және дамытуының екі үлгісін: адаптациялық және кәсіптік даму үлгілерін бөліп көрсетеді.
Адаптациялық үлгі өмір тікелей байланыстар шегінен шықпаған кезде, жалпы өмірлік стратегияны жүзеге асырады. Адам өмірдің өзінің ішінде тұрғандай болады: оның кез келген қатынасы – бұл жалпы алғанда өмірге емес, болмыстың жекелеген құбылыстарына деген қатынас. Мұнда сыртқы рефлексия қызмет атқарады. Мұғалімнің жүріс-тұрысына негізгі әсерді сыртқы жағдайлар және талаптар береді, сондықтан оның өзін тану және дамытуы осы талаптарға бейімделу жолымен жүреді және кәсіптік бейімделудің келесі сатыларынан өтеді. Қоғамның, педагогикалық ұжымның арта түскен талаптары жоғары оқу орынында (училищеде) қалыптасқан кәсіптік білімдермен, ептіліктермен, тұлғалық ерекшеліктермен қарама-қайшылыққа енеді. Кәсіптік қауымдастыққа бейімделуге тырыса отырып, жас мұғалім кей кездері сынамаушылықты көрсете отырып, бөтен адамның тәжірибесін алады, бойына сіңіреді, игереді. Маңызы бар ортаның талаптарын қанағаттандыруға, кәсіптік қалыптасуға деген ұмтылыс басым болады. Басшылық пен кәсіптік қауымдастықтың талаптарына бейімделу қажеттігі оқушыда қалыптасқан іс-әрекет пен қатынастың дербес стилімен, кәсіптік танымдармен, өз тәсілдерімен және «техникаларымен», мұғалім өзінің жеке ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін кәсіптік ортаның талаптарына бейімделген. Сонымен қатар, өткеннің жетістіктері, стереотиптерді пайдалану, өз тәжірибесін қағидаға айналдыру арқылы тіршілік еткен кездегі кәсіптік қарама-қайшылықтар пайда болады. Осының бәрі кей кездері белсенділіктің, кәсіптік өсудің төмендеуіне, жаңаны қабылдамаушылыққа алып келеді.
Кәсіптік даму үлгісі өмірдің құндылықтарын да, адамның өзін де айқындайтын ішкі рефлексияның өзінің көрініс табуларымен сипатталады. Осындай стратегия кезінде өз өзін және тіршілік әрекетінің өз мотивтерінің толықтығы критерийі бойынша бөліп көрсетілетін, өзін-өзі ұғынудың үш деңгейі бар: 1) өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу «Мен» мен «Басқа адамды» салыстырып көру шеңберінде; 2) «Мен» және «Менді» салыстырып көру шеңберінде; 3) «Мен» және «Жоғарғы Менді» (Идеалды Мен, Шығармашылық Мен) салыстырып көру шеңберінде жүреді.
Мұнда өзін тану және дамыту мұғалімнің тұлғасын өз бетінше жобалауының үздіксіз процесі ретінде көрініс табады және сана-сезімнің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Аталған үлгіні қарастыра отырып, Л.М. Митина да үш сатыны бөліп көрсетеді: өзін-өзі анықтау - өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу «Мен» және «Басқаны» (мұғалімді, оқушыны, ата-ананы) салыстырып көру шеңберінде жүреді. Алдымен белгілі бір қасиет басқа адамда қабылданады және түсініледі, ал одан кейін өзіне көшіріледі және өз өзгерістері мен түрлендірулерінің қажеттігін бекітудің, таңдау мен анықтаудың саналы актісі жүреді.
Басқаны тәжірибесімен байи отырып, өзінің кәсіптік көзқарастарын жоғалтып алмау, педагогикалық ортаның теріс әсерлеріне берілмеу, өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу Мен және Мен жүйесінде жүретін өзін-өзі көрсету маңызды болмақ. Мұғалім өзі туралы дайын білулерді пайдаланады. Бұл сатыда ол өзінің жүріс-тұрысын өзі жүзеге асырып отырған мотивациямен байланыстырады. Мотивтердің өздері де қоғамдық және ішкі талаптар тұрғысынан бағаланады. Негізгі мотив – мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін толығырақ көрсетуге ұмтылуы; өзін-өзі жүзеге асыру - өзі тіралы білулердің ара қатынасын белгілеу «Мен» және «Жоғарғы Мен» (Идеалды Мен, Шығармашылық Мен) шеңберінде жүреді. Бұл сатыда жалпы алғандағы мұғалімнің өмірлік философиясы қалыптасады, өмірдің мәні, өзінің қоғамдық құндылығы ұғынылады. Өз өзін, өзінің өмірдегі орнын ұғыну шеңберлерін кеңейту өзін кәсіптік іс-әрекетте жүзеге асыру мүмкіндігімен қарама-қайшылыққа енеді. Өзінің кәсіптік дамуының біржақтылығын ұғына отырып, мұғалім оны жеңіп шығады және осылайша жан-жақты даму қажеттігін, яғни өзінің шығармашылық Менін жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандырады.
Осылайша, кәсіптік өзін-өзі тану мен кәсіптік өзін тану және дамыту, педагогтың кәсіпқой ретінде даму векторы мен стратегиясын анықтай отырып, бір бірімен тығыз байланысқан болып шығады. Отандық психологияда педагогтарды қазірде бар өзін тану және дамытудың деңгейінің және кәсіптік өзін тану және дамытуға ұмтылудың ара қатынасына байланысты бөліп көрсету және суреттеу әрекеттері жасалуда. Мысалға, С.М. Рогожникованың зерттеуінде педагогтар кәсіптік өзін-өзі танудың референттік көрсеткіші ретіндегі өзін-өзі жетілдіру тенденциясының және кәсіптік өзін-өзі тану кемелдігінің аса маңызды көрсеткіші ретіндегі өзін-өзі қабылдау деңгейінің ара қатынасына байланысты педагогтардың төрт түрі бөліп көрсетілді:
1) өзін-өзі танытатын – жоғары өзін-өзі қабылдау өзін-өзі жетілдіруге деген анық байқалатын ұмтылыспен үйлесімін табады;
2) өз өзіне жеткілікті - өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығымен үйлеседі;
3) Өзін-өзі бекітетін - өзін-өзі қабылдаудың төменгі деңгейі өзін-өзі жетілдіруге деген анық байқалатын ұмтылыспен үйлесімін табады;
4) ішкі кикілжіңді - өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығымен үйлесетін өзін төмен қабылдау. Аталған типтердің қысқаша сипаттамасын берейік.
Өзін-өзі танытатын тип басқаларды жоғары қабылдаумен, жүріс-тұрыстың сенімділігімен, икемділігімен, спонтандығымен, сезімталдықпен, басым болуға, басқаларды басып тастауға деген ұмтылыстардың болмауымен, ашықтықпен, өзін-өзі құрметтеумен, жақсы бейімделушілік қабілеттерімен, эмоциялық жайлылықпен ерекшеленеді, бұл мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне, оның ішінде коммуникативтік құзыреттіліктің дамуына (қатынастағы құзреттілікке) оңды әсерін береді. Аталған типтегі тұлға іс жүзінде мәселелерден кетіп қалуға бейім емес, оның ішкі кикілжіңдік деңгейі төмен.
Өз өзіне жеткілікті тип бейімделгіштіктің, эмоциялық жайлылықтың, сенімділіктің, сезімталдықтың, жүріс-тұрыстың спонтандығының, әңгімелесушіге көзқарастардағы конструктивтіліктің төменірек мәндерімен және ішкі кикілжіңдіктің, мәселеден кетіп қалудыңғ ашықтық пен өзіне құндылығының жоғарырақ көрсеткіштерімен сипатталады. Алайда, С.М.Рогожникованың атап көрсеткеніндей, бұл айырмашылықтар жағдайлардың көпшілігінде бірінші типен салыстырғанда онша елеулі емес. Нәтижесінде осы типтегі педагог бірінші типтегі мұғалімге қарағанда азырақ қолайлы тұлғалық-кәсіптік ерекшеліктерге ие, бірақ үшінші және төртінші типтердің өкіліне қарағанда көбірек қолайлы ерекшеліктерге ие. Сірә,өзін-өзі қабылдау, жалпы алғанда өзіне қанағаттандыруды тудыра отырып, тұлғаның барлық инстанцияларының айтарлықтай жоғары үйлесімділігін қамтамасыз ететін болса керек. Бірақ, өзіміздің есімізде бар екендігіндей (Л.М.Митина бойынша), өзін тану және дамытусыз жақсы бейімделу ақыр нәтижесінде стагнацияға алып келуі мүмкін.
Өзін-өзі бекітетін тип - өз өзін қабылдамау, ішкі кикілжіңдік өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты өмірге әкеледі, бірақ ол көпшілік жағдайда өзінің қателері мен мүлт кетулерін түзету, өзінің кемшіліктерімен күресу жолымен жүреді. Өзін-өзі жетілдіру өз бойында тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамыту есебіне қарағанда, көбірек дәрежеде іс-әрекет әдістемесін және технологиясын меңгеру есебінен жүреді.
Ішкі кикілжіңді тип басқа типтермен салыстырғанда, тұлғалық-кәсіптік сипаттамалардың ең қолайсыз үйлесіміне ие. Өзін қабылдамай, мұғалім балаларды да қабылдамайды, педагогикалық өзара әрекеттесу жағдайларында өзін икемсіз ұстайды, жүріс-тұрысы табиғи емес, ол спонтандылыққа ие емес, стереотиптерге тым берілгіш келеді. Қиындықтарды ойланып-толғанбауға тырысып, проблемалардан басын аулақ ұстайды. Эмоциялық жайсыздықты бастан кешіреді, ықтимал әрекеттердің варианттарын есептеп шықпайды, басқаларға сезімтал емес, өзінің жүріс-тұрысында жағдайды басшылыққа алады және ситуативтік міндеттерді шешеді.
Осылайша, дамуға, алға қарай жылжуға деген ұмтылыстың болмауымен үйлесімде, адекватты өзін-өзі қабылдаудың болмауы, өзіне деген жек көрушілік ішкі кикілжіңдерді, өмірге, өзінің еңбегіне, қоршаған адамдарға, бірінше кезекте «нашар», қабілетсіз, педагогқа дұшпандықпен қарайтын ретінде қабылданатын балаларға қанағаттанбаушылықты тудырады, бұл ішкі ашуланғыштықты, кикілжіңдікті сыртқа қарай лақ еткізіп шашуға итермелейді, аса жоғары талап қойғыштықты өмірге әкеледі.
Бейімделгіштіктің төмен көрсеткіштері дәл осындай типтің тәуекел тобын құрайтындығын және стагнация сатысына көшуге дайындығын куәландырады. Келтірілген типология оптималды болып педагогтардағы осында өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі жетілдіру қолайлы үйлесімде тұрған өзін-өзі танытатын тип болып табылатындығын көрсетеді. Алдайда, С.М.Рогожникованың мәліметтері бойынша, мұндай педагогтар тек 25% ғана. Осы сұраққа жауап бізді өзін тану және дамыту кедергілері мәселесіне жақындастыра әкеледі.
№15. Педагогтың «Мен» тұжырымдамасы
Р. Бернс ұсынған, салыстырмалы түрде қарапайым сұрақтардың тізімін келтіреміз. Оларға жауап бере отырып, мұғалім өзін-өзі түсінуін және Мен-концепциясын ұғынуын тереңдете алады:
1. Мен өзімді аяқталған, толығымен қалыптасқан тұлғамын деп есептеймін бе, әлде менде ішкі өсу мен дамудың резервтері бар ма?
2. Мен өзіме жеткілікті сенімдімін бе?
3. Мен әртүрлі көзқарастарды шыдамдылықпен қабылдауға қабілеттімін бе? Догматизмнен аулақ болуға, айталық: осындай міндеттерді шешудің бір ғана әдісі бар; аталған тақырып дұрыс баяндалған бір оқулық қана бар, бір нәрсеге үйренудің бір ғана тәсілі бар және т.с. деген пікір айтпауға менде зияттық икемділік жеткілікті ме?
4. Менің тұлғалық және кәсіптік дамуым үшін қажетті, өзіме айтылған сынды қабылдауға қабілеттімін бе? Мен басқа адамдармен өзімнің жеке басымның және кәсіптік мәселелерімді ашық талқылай аламын ба?
5. Мен шындығына келгенде:менің оқушыларымның әлемді қалай қабылдайтындығын? Қандай мұғалім болып шығатындығымды? Менің өзіме олардың көзімен қарай алатындығымды білемін бе?
6. Маған оқушылармен тығыз қатынастар ұнай ма, әлде олармен тұлғасыз, жатсынып қатынас жасауды жөн көремін бе? Мен үшін не маңыздырақ – оқу пәнінің мазмұны ма немесе оқушыларды қабылдаудың қажеттіліктері мен ерекшеліктері ме?
7. Баланың алдында оқуда туындайтын қиындықтардың себебін анықтауға тырысамын ба, әлде мен оларды әрқашан баланың қабілетсіздігі есебіне жатқызуға дайынмын ба? Оларға табысты, түсінуді, өзіне деген сенімділікті сезінуге мүмкіндік беру үшін, артта қалып отырған оқушылардың оқу сабақтарының сипатын өзгертуге тырысамын ба? Балалардың дамуының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет екендігіне сенемін бе? Менің сабақтарым әрбір оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылған ба?
8. Менің сабақ беру стилім, мәнерім мектеп оқушыларында оқуға деген сүйіспеншілікті және «менің» пәніме деген қызығушылықты оята ма
№16. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы. Өзін-өзі дамытудың формалары (өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі көкейкестендіру)
Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани – адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту заман талабы.
Тұлғаның өзін-өзі тануы – үзіліссіз процесс. Мектептің алғашқы сатысынан бастап, білім беру мен тәрбие процесі жас ұрпақты әлеуметтендірудің балама негізін қалайды.
Тұлға дамуын жетілдіру өзіндік сананы дамыту арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін психоанализді қолдану ісі табысты болмақ. Психоанализдің қолданбалы әдістері кең мағынада тұлғаның өзіндік дамуын мақсатты, жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Психоанализ-тлғаның өзін-өзі тану құралы. Психоанализ «Псюхе» – жан, «анализ» – талдау деген мағынаны береді, яғни тұлғаның ішкі жан дүниесіндегі санадан тыс құбылыстарға терең талдау жасау.
Өзін-өзі танудың үрдісуалдық қырларын қарастырып шығып: қорытындысында біз не аламыз? Өзін-өзі тану нәтижелерін өз өмірімізде қалай пайдалануға болады? деген сұрақтар қойғанымыз мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды, көкейге қонымды болады. Ең алдымен, өзін-өзі танудың негізінде өзің туралы білімдер туады. Осы білімдер жақындық қағидаі бойынша конструкттарға топтасады, мысалға, зияттық қасиеттер, мінез ерекшеліктері, эмоциялық қасиеттер, қабілеттер, жүріс-тұрыс сипаттамалары. Өз кезегінде, аталған конструкттар өзінің жиынтығында Мен бейнесін айқындайды. Мен бейнесін келістіру, құрамдас бөліктерін негіздеу адам үшін оның Мен-тұжырымдамасын айқындайды, түсінікті етеді. Әрине, оның айтарлықтай бөлігі санасыздық саласында қалатындықтан, Мен-тұжырымдама тұтастай және толығымен ұғыныла алмайды. Сондықтан, біз өзіміз байқап қалғанымыздай, өзін-өзі тану аяқталған үрдіс бола алмайды.
Мен-тұжырымдаманың ұғынылу дәрежесі көбіне-көп адамға, оның өзін-өзі тануға қабілеттілігінің дамуына, оның өзін-өзі тануға ұмтылысына және өзін-өзі танумен жүйелі түрде айналысу әдетіне байланысты болып келеді.
Мен бейнесінің «кірпіштері» (өзі туралы білімдер) шынайы және жалған, адекватты және адекватсыз, салыстырмалы толық және фрагментарлы болуы мүмкін. Егер адам өзіне шындығында да тән қасиетті табатын болса, мұндай білім шынайы болады. Өзің туралы жалған білім – бұл аталған тұлғада дамымаған қасиетті табу және бекіту. Жалған білім туралы айтпай-ақ, өзің туралы шынайы білім адекваттылық дәрежесімен ерекшеленуі мүмкін (мұнда енді қарым-қатынас компоненті сыналай кіреді). Мысалы, тұлға өзін коммуникабельді, қарым-қатынасты адаммын деп есептейді, бірақ қоршаған адамдар аталған адамда коммуникабелділік шамалы ғана дамыған деп ұйғарады. Ақыр соңында, өзің туралы білімдердің толықтығы қандай да бір қасиетті немесе толығымен тұлғаны жан-жақты тануды болжайды. Адам, өзінің қасиеттерін талдай отырып, тек мазмұндық сипаттамаларды ғана емес, олардың даму дәрежесін де, қолданылу саласын да бөліп көрсетеді, шектеулерді ұғынады, мықты және әлсіз жақтарын анықтайды. Фрагментарлылық – бұл үздіктілік, біржақтылық, түсіндіруге қабілетсіздік, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға қабілетсіздік. Бірақ жалпы алғанда өзі туралы, тұлғаның жекелеген қасиеттерін білу өзін-өзі танудың жалғыз ғана нәтижесі болып табылмайды.
Адам, оның ішінде өз өзі туралы ақпаратты жинау және өңдеу жөніндегі компьютер емес. Өзін-өзі танудың барысында-ақ өзін-өзі танудың ақырғы кезеңдерінде барған сайын көбірек айтарлықтай роль ойнай бастайтын және өзін-өзі танудың мазмұнымен бірге оның нәтижелерінің спецификасын анықтайтын эмоциялық-құндылық компонент іске қосылады. Эмоциялық-құндылық қатынастары алуан түрлі және ең әртүрлі түсініктерде көрсетілуі мүмкін: көңіл ауу, сүйіспеншілік, махаббат, аулақ болу, өз өзіне сенімділік, өз өзіне жетушілік және т.с. Психологияда осыларға өзіңнің ең алуан түрлі эмоциялық уайымдауларыңды орналастыруға болатындай, координаталардың қандай да бір шартты жүйесінің қандай да бір өзекті осьтерін бөліп шығару әрекеттері жасалуда.
Отандық психолог В.В.Столин өзіңмен қатынастың осындай үш осін бөліп көрсетуді ұсынады: «симпатия-антипатия», «құрметтеу-құрметтемеу», «жақындық-алыстық». Мысалы, өзіңе көңіл ауу өзіңе құрметпен және жақындықты сезінумен үйлесе отырып, өзіңе деген сүйіспеншілікті тудырады; өзіңе құрметпен қарамаумен және алыс болу сезімімен бірге, антипатия - өз өзіңді қабылдамауды, өз өзіңе жиіркенішті болуды, кей кездері өзіңе деген өшпенділікті және т.с. тудырады. Өзін-өзі танудың ең жалпы нәтижелерін өз-өзіңе деген эмоціиялық-құндылық қатынастар тұрғысынан бөліп көрсетуген тырысатын болсақ, оларға сәйкестік сезімін, өзін-өзі қабылдауды, өзін-өзі құрметтеуді және нәтиже ретінде – жеке бас құзыреттілігі сезімін жатқызуға болады. Осы түсініктердің барлығы бір бірімен тығыз байланысқан, қазіргі психологияда белсенді зерттелуде және талқылануда.
Сәйкестік. «Сәйкестік» сезімін алғаш рет американдық психолог Э. Эрикссон бөліп алып, суреттеген болатын және ол тұлғалық тепе-теңдік, өзіндік шынайылық және толыққандылық, әлемге және басқа адамдарға өзара қатыстылық сезімін білдіреді. Сәйкестік сезімі тек өзін-өзі ұқсастыру нәтижесінде ғана емес, өзіңнің уақытта және кеңістікте тіршілік етуіңнің үздіксіздігін ұғыну, басқалардың да осы ұқсастықты және үздіксіздікті танитындығы фактін қабылдау нәтижесінде пайда болады. Қолайлы жағдайларда бұл сезім жас өсе келе ұлғая түседі, адам өзінің өткені мен болашағы, өзінің кім болғысы келетіні мен өзіне қатысты өзгелердің күтетінін қалай қабылдайтындығы арасында көпіршелер құрады. Егер сәйкестік сезімі туындамаса немесе, әрі қарай көрсететініміздей, адам тек өзінің бір бөлігімен сәйкестенсе, өзіңнің өз тұлғаңнан алшақтау, тұлғаның шағын құрылымдары, құрылымдары және оның мақсаттары арасындағы келісушіліктен қалу және т.с. туындайды. Бұл ауыр уайымдауларға, дағдарысты құбылыстарға, өмірдің мәнін жоғалтуға, үміт үзуге, торығуға алып келеді.
Өзін-өзі қабылдау тұлғаның сәйкестігімен тығыз байланысты, өз бойынан теріс пен оңды, мықты мен әлсізді мойындауды қосады және өзіңе сайма-сайлықтың негізінде өзіңе жақындық шамасын білдіреді. Өзін-өзі қабылдау өзің туралы білімдердің, өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттеріңді егжей-тегжейлі талдаудың, оларды бағалаудың және тіптен адам өзінің әлсіз қасиеттеріне жатқызатын қасиеттерге де оңды эмоциялық қараудың негізінде пайда болады. Өзін қабылдамаған немесе ішінара қабылдаған жағдайда бұл әркімнің қолынан келе бермейтін өзімен күресуге, өзін қайта құруға деген ұмтылыс пайда болады. Шынайы Өзін-өзі қабылдау өзіңмен күресуді білдірмейді, бірақ ол адам өзге болуға деген мақсат қоймайды дегенді де білдірмейді. Шынайы өзін-өзі қабылдау – бұл өзін тану және дамыту мен өзін-өзі жетілдіру үшін негіз.
Сәйкестік және өзін-өзі қабылдау сезімінің негізінде осында тұлғаның өзіне көңілі аууының дәрежесі көрінетін өзін-өзі құрметтеу пайда болады. Өзін-өзі құрметтеу – бұл өзіңе құндылық ретінде тұтас оңды қарау, онда сан көптеген өзін-өзі бағалаулар интеграцияланады. Адамның қандай да бір салаларда өзін жоғары, қандай да бірінде төмен бағалайтындығы түсінікті, алайда жалпы алғанда ол өзін қабылдайды, өзінің оң қабағымен қарайды, өзін және өз жетістіктерін мақтаныш тұтады. Осы өзін-өзі құрметтеудің нақтылы болғаны маңызды. Өзін-өзі төмен құрметтеген жағдайда адам өзін жақсы көруден қалады, тұлғаішілік кикілжіңдерді бастан кешіреді, шамадан тыс құрметтеген жағдайда - өзіне ғана шоғырланады, өзіне сүйсіне қарайды, басқаларға менсінбей қарайды, өзіне деген сенімділікті, өзіне ризалықты, эгоцентризмді көрсетеді.
Өзін-өзі құрметтеудің тек өзіне оңды қараудың және жекелеген өзін-өзі бағалаулардың негізінде ғана емес, өзінің талаптанулары мен нақтылы жетістіктерін салыстырып көрумен де қалыптасатындығын атай кетуіміз керек. Өз уақытында американдық физиолог У.Джемс тұлғаның талаптануларын және ол қол жеткізетін табыстарды байланыстыратын бірегей формула шығарған болатын. Бұл формула мынандай түрге ие:
Табыс = Талаптанулар Өзін-өзі құрметтеу
Табыс неғұрлым жоғары және ұмтылыстар неғұрлым төмен болған сайын, өзін-өзі құрметтеу соғұрлым жоғарырақ және керісінше, талаптанулар неғұрлым жоғары және табыс неғұрлым төмен болған сайын, адам өзін-өзі соғұрлым азырақ құрметтейтін болады. Алайда, парадокс адамның іс-әрекет мақсаттарына қатысы ретіндегі талаптанулардан толығымен бас тарта алмайтындығынан тұрады, табыс және сәтсіздік – жағдайларға да, тұлғаның өзіне де тәуелді болатын нақтылы категориялар. Сондықтан адам табыстарға және өткен тәжірибеге байланысты өзінің талаптануларын түрлендіріп отыруға мәжбүр, ал талаптанулардың өзгеруі, өз кезегінде, табыстарға әсер етеді.
Осыдан барып жекелеген жағдайларда біз өзіміздің табыстарымызға масаттанамыз немесе сәтсіздіктерімізге өкінеміз, кейде өзімізді құрметтейміз, кейде өзімізге көңіліміз онша тола қоймайды. Ең бастысы, нақтылы жағдайдан тысқары жерде, жалпы алғанда сәтсіздіктерді уақытша құбылыс ретінде қабылдай отырып, өзімізге оң қарай алуымыз, ал егер бұл сәтсіздіктер тұрақты сипатқа ие болса, рухтың бойда болуын, өзімізге деген сенімді жоғалтпау, жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің тактикасы мен стратегиясын өзгерте алуымыз. Нақтылы талаптанулар болған кезде, жоғары өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі қабылдау болған жағдайда, тегеурінді еңбек еткен кезде көптеген мәселелер шешілуі мүмкін. Үлкен есеппен алғанымызда, мұндай сенім адамға өмір сүруге, кедергілерді жеңуге, нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақыр соңында, сәйкестіктің, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-өзі құрметтеудің қолайлы үйлесімі өзін, өзінің мүмкіндіктерін білуге, өз өмірінің мағыналылығы мен құндылығына деген сенімге, адам өзінің өмірін өз бетінше құруға қабілетті екендігіне сенімге, өзінің таңдауларын және өзінің тағдырын (ал ол әр адамда бар) анықтауға негізделген өз құзыреттілігі сезімін тудырады. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі танудың нәтижелері айтарлықтай кең және өзі туралы білімдер мен өзіне эмоциялық-құндылық қараудың: сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, тұлғалық құзыреттілік сезімдерінің қорытпасы болып келеді. Енді осы күрделі «ас үйінің» бүкіл жұмысын іштей анықтайтын кейбір психологиялық механизмдерді талдауға бет бұрайық.
№17. Портфолио – педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытудың кәсіби құралы.
Шет мемлекеттердің тәжірибесінде адам жетістігін бағалаудың бір түрі ретінде Портфолио (portfolio assessment) әдісі кеңінен қолданылып келеді. Ал енді «Портфолио дегеніміз не?» деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек«Портфолиоға» педагогика ғылымында түрліше анықтама беріледі. Шетел тілдерінің сөздігінде portfolio ұғымы былайша түсіндіріледі:
1) жазба жұмыстарын,құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал;
2) портфель;
3) «іс» папка;
4) Министр лауазымы;
5) Бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы,құжаттар, қағаздар және т.б.
6) Құнды қағаздар портфелі:
7) Суреттер папкасы.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:• жүйелілік;• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;• ақпараттың объективтілігі;• көрнекілік.Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:• жүйелілік;• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;• ақпараттың объективтілігі;• көрнекілік.Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.Портфолио• Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:• педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға;• педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);• мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫҚұрылымы:1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.Сыртқы беті:- фото (5х6),- тегі, аты, әкесінің аты,- диплом бойынша мамандығы;- жұмыс орны, атқаратын қызметі;- білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,- үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша);- жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;- білімі туралы диплом көшірмесі;- ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;- еңбек кітапшасының көшірмесі;- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;- алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктеріПедагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;- алғыс хаттарының көшірмесі;- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;- алғыс хаттарының көшірмесі;- cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫҚұрылымы:1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;Кері байланыс жұмысының материалдары:- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.Портфолио бөлімдері1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы 2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесі Күні 3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату ( шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде) № Шаралар Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні 4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) № Пән Тақырып Сынып / топ Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі Күні 5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) № Қызмет мазмұны Дәлелдейтін құжаттар Сынып / топ Сараптама қорытындысы Күні 6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № Пән Шаралар Нәтиже Дәлелдейтін құжаттар Күні 7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № Пән Сынып / топ Сараптау түрі Нәтиже (білім сапасы) Күні 8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № Бағалауға қатысушылар Бағалау пәні Сараптау түрі Сараптау жұмысының нәтижесі КүніМұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы
№18. Педагогтың кәсіптік өзін-өзі тануы және дамытуын психологиялық-педагогикалық қолдау.
Өзінің практикалық іс-әрекетінде педагог кей кездері әр баланың мәселелерімен нақтылы ұшырасып, бетпе-бет қалып отырады, бұл мәселелерге, бір жағынан, өзіне адекватты, барабар қарамау себепкер болады және әлде сенімсіздік, үрейлілік, әлде өзіне сенімділік (басқаларды басып тастау, оларға басымдық көрсетуге дейін) феномендерін тудырады; екінші жағынан – осының әдеттегі көрінісі әртүрлі түрлерде және формаларда көрініс табатын ұйымдаспағандық болып табылатын, өзін-өзі реттеудің кемшіліктері себепкер болады. Өзін тану және дамытуға келер болсақ, көбіне көп мектеп оқушыларында мәселелер өзін тану және дамыту мақсаттарын анықтау, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерін таңдап алу саласында пайда болады, ал негізгісі – ойға алғанды жүзеге асыруда ерік-жігердің жетіспеу мәселесі. Теориялық бөлікте біз өзінің тұлғасын өз бетінше құру процестерінде көмекке зәру болып отырған балаларға педагог тарапынан берілуі мүмкін болатын көмектің кейбір жолдарын белгілеуге тырысып көреміз. Әрине, белгіленген мәселелерді шешу психологиялық-педагогикалық ілесе жүру тұрғысын жүзеге асырған кезде ең үйлесімді, орнықты іске асырылады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай ілесе жүру біздің заманымызда қандай да бір себептермен (көптеген оқу орындарында алға қойылған міндеттерді шешу үшін өздеріне жауапкершілік арта алатын психологтар жоқ деген жағдайға сүйене отырып) мүмкін болмай отыр. Солай болса да, тіпті осындай күрделі жадайлардың өзінде де, оқушылар үшін өзін тану және дамыту үшін, нақтылы тұлғаның нақтылы мәселелерін шешу үшін жағдай жасауға болады.
Өзін танудың ықтимал мәселелерінің және дамытудағы кедергілердің бүкіл шеңберін баяндап шығу мүмкіндігіне ие бола алмай, олардың ең әдеттегілеріне тоқтала кетейік.
Адамның сана-сезімінің маңызды қыры өзін-өзі құрметтеудің, өз ар-намысы сезімінің негізінде жатқан, өзіне деген сенімділік болып табылады. Өзіне деген сенімсіздік, керісінше, өз күшіне және қабілетіне сенбеуден, іс-әрекетті орындаудан, өз ниеттері мен қажеттіліктерін қанағаттандырудан бас тартудан көрініс табады, жеке басының өсуі мен дамуы келешегінен айырады. Сенімсіздік кей кездері аса жоғары үрейлілікпен, өкпелеп қалушылықпен және қорғалмағандықпен, толыққанды еместік сезімімен ілесе жүреді.
Бала кезде сенімсіздік айтарлықтай ерте анықталады. Оның қалыптасу механизмі ретінде, табыссыздықтың өзіне қарағанда жүрекке қаттырақ тиетін, қоршаған адамдардың теріс бағалауларына, өзгелердің келеке етуіне көбеюі тарпынан табыссыздық көрініс табады. Сенімсіз баланы оның жүріс-тұрысының ерекше көріністерінен танып-білуге болады. Осындай көріністердің мысалдарын келтірейік:
іс-әрекеттің төмен мотивациясы, табысқа қол жеткізу әрекеттерінен бас тарту, жеңіл-желпі жұмысқа үміттену;
кез келген іс-әрекетті орындаған кездегі үрейліліктің жоғары деңгейі: «Менің қолымнан келмейді», «Мен істей алмаймын» (көрініс табу түрі – тәрбиеші немесе мұғалім сурет салу, жазу , кез келген өзге тапсырманы орындау барысын қарап көру мақсатымен жақындап келгенде, өз шығармашылығының нәтижелерін қолымен жаба қояды);
таңдау жағдайындағы табансыздық және жарысқа түсу жағдайларындағы теріс үміттер;
нашар әлеуметтік бейімделу, ұялшақтық, сынға деген жоғары сезімталдық;
мектеп жасына дейінгі мекемеге, мектепке, педагогтарға, құрбыларына қырын көзбен қарау;
бірқатар жағдайларда осы сенімсіздікпен қабылданатын, мақтау сөзге құлақ салуға қабілетсіздік және т.с.
Нәтижесінде сенімсіздік қорғаныс жүріс-тұрысының әртүрлі типтеріне себепкер болатын, тереңде жатқан инстанция болып табылады. Дәл сол кезде сенімсіздік-тұрақсыз, қарама-қайшылықты Мен-концепциясының, ұғынылмауы да мүмкін өзін-өзі төмен бағалаудың нәтижесі екендігін де атай кеткеніміз жөн болады. Бұл жерде сенімсіздіктің негізгі себептерін іздеу керек.
Сенімсіздіктің алдын алу мен оны жеңудің жолдары қандай екен? Оларға үш стратегиялық бағытты жатқызуға болады.
1.Нақтылы жетістіктерді арттыру, яғни объективті табысқа жету.
2.Маңызы бар өзге адамдардың (адамдардың, балалардың, сыныптастарының) балаға деген көзқарасын өзгерту.
Баланың өзіне деген көзқарасын өзгерту.
Сенімсіз балалармен жұмыс істеудің нақтылы бағыттарын тізіп өтейік:
педагог табыс жағдайын мақсатты бағыттай отырып жасауға, яғни балаға әдейі оның қолынан келетін тапсырма беруге, оны жетістіктерге кепілдік берілген жағдайларға қоюға ұмтылуға тиіс;
сондай-ақ іс-әрекеттің әр түрлерінде және мәселелік жағдайларда балалардың алдына белгілі бір күш салуларды қажет ететін, бірақ шын мәніндегі мүмкіндіктерінен артып кетпейтін нақтылы мақсаттар қойған да пайдалы;
баланың жүріс-тұрысындағы шамалы ғана оңды өзгерістерді атап өткен және оларды ынталандырып, марапаттаған жөн, бұл кезде оның жетістіктерінің басқа балалардың жетістіктерімен салыстырмалы сипаттаудан аулақ болған маңызды (әрине, ілгері басуды атап өте отырып, салыстыруды баланың өзінің жетістіктерімен, оның жуырдағы өткенімен жасау керек);
баламен жұмыс нәтижесі теріс болған жағдайда оның нақтылы әрекеттерін бағалау керек, нәтижесі оңды болғанда – жалпы алғанда баланы мақтап қоюға болады;
балаларды сәтсіздікті ұстамдылықпен, сабырлылықпен бағалауға үйреткен, бірақ міндетті түрде болашақ табыстардың келешегін ашқан пайдалы;
өз түсіндірмелеріңізде оңды сәттерді өзін-өзі бағалау нәтижелері ретінде де, оған деген қабілеттіліктің өзі ретінде де баса көрсете отырып, балаларды өзін-өзі бағалауға тартқан мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ;
оның нәтижелеріндегі және іс-әрекет тәсілдеріндегі, амалдарындағы оңды сәттерді табуға нұсқау бере отырып, нақтылы баланы бағалауға басқа балаларды жұмылдырған жақсы амал-тәсіл болып табылады;
одан кейін, осы тапсырмалар барлық балаларға берілген кезде ол басқалардан кем түспей орындап шығуы үшін, баламен алдын ала сабақтар өткізу қажет. Бұл өзін-өзі оңды қабылдауды ынталандырады, баланы қанаттандырады және өзіне деген сенімділікті арттырады.
№19-25 сұрақтар (бірдей) Педагогикалық қолдау көрсетудің мәні және негізгі қағидалары
Сабақтар өзін-өзі тану мен қарапайым өзін-өзі қабылдауға, жәбірлемеу іс-әрекеттер жасай және жәбірлемеу қарсылық көрсете білуден көрініс табатын зорлық жасамау ұстанымының бастапқы элеменеттеріне ие болуға бағыт алған. Сабақтарды өткізу әдістемесі баланың субъективтік еркіндігін, оның анықталуға деген құқын және өзі үшін, тіптен олар педагогқа жақпаса да, тартымдырақ болып табылатын позицияларды таңдап алу құқығын максималды ескере отырып құрылады. Сабақтарды құрудың негізгі қағидатерін келтірейік.
Контраст қағидасы. Оның мәнісі балаға дәйекті түрде әртүрлі позицияларды: мейірбан және қас, бейбітшілік сүйгіш және аргессивті, басшының және бағыныштының позицияларын алу ұсынылатындығынан тұрады. Баланың еркіндігі оның өз ішінен қандай да бір позицияны таңдап алуынан тұрады. Контраст балалардың іс-әрекетінің ең алуан түрлеріндегі нақтылы әдістемелік тәсіл ретінде де қолданылады. Мысалы, ертегілерді оқыған және талдаған кезде олар ертегінің альтернативті аяғын ойлап шығарады: оңда кейіпкерлерден оң қасиеттерді де, теріс қасиеттерді де, жағымсыз кейіпкерлерден – тек қана теріс емес, оң сипаттамаларды да бөліп көрсетеді.
Тіршілік әрекетінің барлық салаларын жүзеге асыру қағидасы. Балаға мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік сүйгіштік және т.с. секілді күрделі рухани қасиеттердің мағынасын түсіну және анықтау қиынға соғады. Алайда балалардың осы қасиеттердің мағынасын түсінуіне қарағанда, олардың осы қасиеттердің көрініс табуына ілеспелі белгілі бір күй-жағдайларды басынан кешіруі маңызды. Аталған қағида: танымдық деңгейде – баланың тәжірибесіне арқа сүйей отырып, қандай да бір қасиет туралы түсініктерді өзектендіруді; сенсорлық деңгейде – көру, есту, түйсіну, сезу, ептіліктерді жасап шығару арқылы өз сезімдері мен пайда болған түсініктер арасындағы аналогияларды анықтау; эмоциялық деңгейде – белгілі бір қасиеттің көрініс табуына ілеспелі қандай да болсын күйді бастан кешіруге деген қабілеттілікті дамыту; жүріс-тұрыс деңгейінде – нақтылы немесе қиялдағы, ойдағы жағдайларды ойнап шығу, нақтылы іс-әрекеттерді жете зерделеуді болжайды.
Қорыта талдау қағидасы. Нақтылы уайымдауға, бастан кешіруге және жүріс-тұрыс жасауға көшпес бұрын, бала әдеби туындылардағы, кинофильмдердегі кейіпкерлердің мысалдарында қандай да бір уайымдауларды және жүріс-тұрыс тәсілдерін танып-білуге үйренуге, символдық сипаттағы нысандарға сипаттамалар беруге үйренуге тиіс. Осы мақсатта бет – маска, адамның, қуыршақтың тұрысының схемалық бейнелері қолданылады, қандай да болсын мал-жануардың (мысалға, жылы шырайлы ешкі, қас қасқыр және т.с.) бейнелері ойналады.
Өмірлік жағдайларды үлгілеу қағидасы. Сабақтарды өткізу барысында оңды мазмұны да бар, теріс мазмұны да бар әртүрлі жағдаларды, оқиғаларды үлгілеуге зор мән беріледі. Осы жағдайларды, оқиғаларды жасай отырып, бала өз бетінше, ересектердің көмегінсіз және сыбырлап айтусыз, өз тәжірибесіне кейініректе нақтылы өмірге көшірілуі мүмкін тыңнан бір нәрселерді қоса отырып, олардан шығатын жол табуға үйренеді.
№20. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша
педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұны
Ұзақ уақыт бойы теорияда да, практикада да бала немесе кез келген үйренуші адам ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар тарапынан, яғни өздерінде қоғамның жастарды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі әлеуметтік тапсырысын іске асыратын адамдар тарапынан сыртқы әсер ету объекті ретінде қарастырылып келді. Педагогика да осы тұрғыға сәйкес қалыптасты. Я.А.Коменскийдің өзі мектепке дейінгі мекемелерде сыныптық-сабақтық жүйені енгізген болатын, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі жетілдірілді, білімді игерудің психологиялық заңдылықтары ашылды.
Уақыт өте келе білімдерді, дағдылар мен ептіліктерді иегру барысын басқару идеялары дамытылды, бақылау мен бағалау түрлері жасап шығарылды және дәлдеп тексерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің үнемі жылдамдауымен тек қана оқыту мен тәрбиелеудің ақырғы нәтижесіне (білімдер, дағдылар, ептіліктер, тіршілік әрекетінің әлеуметтік жарамды нормаларын және тәсілдерін игеру) бағыт-бағдар алудың енді уақыт талабына жауап бермейтіндігі түсінікті бола бастады. Адам қажетті білімдер мен мәліметтердің барлық қосындысын толыққанды игере алмайтын, оларды қарапайым психологиялық шектеулерге орай өмірде қолдануға қабілетсіз болып шықты – жады өлшемсіз бола алмайды.
Міне, сол кезде кез келген оқыту мен тәрбиелеу білім беріп, дағдылармен және ептіліктермен қаруландырып қана қоймай, дамытушы болуға, яғни әр тұлғаның потенциалын толыққанды ашу және жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тиістігі туралы идея туындады. Ой қарапайым: егер тұлға зияттық дамудың жоғары деңгейіне ие болса, қажет болған жағдайда ол толыққанды қызмет атқару үшін өзіне қажеттіні еске түсіре немесе «толықтыра» алады. Дәл осы дамытушы оқыту идеясын тұжырымдауға және жасап шығаруға түрткі болды. Отандық ғылымда дамытушы оқытудың теориялық негіздерін психология классигі Л.С.Выготский салды. Ол бірқатар түпкілікті және маңызды ережелерді тұжырымдады:
оқытудың дамудың артында жүрмей, дамудың алдында жүріп, оны өзінің артынан жетектейтіндігі туралы;
тұлғаның дамуының өзекті және жақындағы аймақтары туралы. Өзекті даму аймағы – бұл баланың ересектердің көмегінсіз, өз бетінше жасауға қабілеттісінің бәрі. Жақын аралық даму аймағы – бұл бала бүгін ересектердің, ата-аналарының, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және т.б. көмегімен жасап жатқан, ал ертең өз бетінше жасайтындар. Осыдан барып мынандай қорытынды жасалады – оқыту (тәрбиелеу секілді) жақындағы даму аймағына, яғни баланың ертеңгі күніне арқа сүйеуге тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол дамытушы болады.
Өзінің практикалық іс-әрекетінде педагог кей кездері әр баланың мәселелерімен нақтылы ұшырасып, бетпе-бет қалып отырады, бұл мәселелерге, бір жағынан, өзіне адекватты, барабар қарамау себепкер болады және әлде сенімсіздік, үрейлілік, әлде өзіне сенімділік (басқаларды басып тастау, оларға басымдық көрсетуге дейін) феномендерін тудырады; екінші жағынан – осының әдеттегі көрінісі әртүрлі түрлерде және формаларда көрініс табатын ұйымдаспағандық болып табылатын, өзін-өзі реттеудің кемшіліктері себепкер болады. Өзін тану және дамытуға келер болсақ, көбіне көп мектеп оқушыларында мәселелер өзін тану және дамыту мақсаттарын анықтау, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерін таңдап алу саласында пайда болады, ал негізгісі – ойға алғанды жүзеге асыруда ерік-жігердің жетіспеу мәселесі. Теориялық бөлікте біз өзінің тұлғасын өз бетінше құру процестерінде көмекке зәру болып отырған балаларға педагог тарапынан берілуі мүмкін болатын көмектің кейбір жолдарын белгілеуге тырысып көреміз. Әрине, белгіленген мәселелерді шешу психологиялық-педагогикалық ілесе жүру тұрғысын жүзеге асырған кезде ең үйлесімді, орнықты іске асырылады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай ілесе жүру біздің заманымызда қандай да бір себептермен (көптеген оқу орындарында алға қойылған міндеттерді шешу үшін өздеріне жауапкершілік арта алатын психологтар жоқ деген жағдайға сүйене отырып) мүмкін болмай отыр. Солай болса да, тіпті осындай күрделі жадайлардың өзінде де, оқушылар үшін өзін тану және дамыту үшін, нақтылы тұлғаның нақтылы мәселелерін шешу үшін жағдай жасауға болады.
№21. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары
Енді өзін-өзі тану мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, іс-әрекеттерді дәйекті түрде алмастыру ретіндегі өзін-өзі тану процесінің өзіне көңіл қоялық. Өзін-өзі тануды ұйымдастыру барысында қандай құрал-амалдарды пайдалануға болады? деген сұраққа жауап беріп көрелік. Өзін-өзі танудың ең кең таралған амал-тәсілдеріне мыналар жатады: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандай да бір «өлшегішпен» салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, әр қасиетте, жүрыс-тұрыс сипаттамасында қарама-қайшылықтарды танып-білу.
Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін, өз жүріс-тұрысын, ішкі әлем оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Адамзат бір кездері психологияның негізгі әдісі болып табылған және «интроспекция» (ішке қарай үңілу) деп аталған, ал психологияның өзі «интроспективалы» деген атау алған өзін-өзі бақылаумен баяғыдан таныс. Бұл әдіс өте субъективті және адам психикасының дәл көрінісін бермейтіндіктен, кейініректе бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тартылды, алайда өзін-өзі тану тәсілі ретінде оның зор маңызы бар.Мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау барысында фактілерді жинау процесі жүзеге асырылады, олардың кейбірі маңыздылығына немесе қайталанғыштығына орай біздің санамыздың объектісі бола бастайды, яғни табылады, бекітіледі, талдауға ұшырап отырады.
Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылаудың көмегімен табылған нәрсе талдауға (бөлшектеуге, ыдыратуға) ұшырайды, оның барысында тұлғаның ерекшелігі немесе жүріс-тұрыс сипаттамасы оны құрайтын бөліктерге бөлшектенеді, себеп-салдарлық байланыстар анықталады, өзі туралы, аталған нақтылы қасиет туралы ойлану процесі жүреді. Мысал. Сіз өзін-өзі бақылау және жағымсыз эмоцияларды бекіту арқылы өзіңіздің ұялшақ екеніңізді анықтадыңыз немесе таптыңыз. Өзін-өзі талдау арқылы мұның шынында осындай екендігін, яғни ұлшақтық белгілерінің қандай екендігін дәлдеп тексереміз. Сіз өзіңізге: «Мен қысылып-қымтырыламын, мен қызарамын (немесе бозарамын), қойылған сұрақтарға түсінікті жауап бере алмаймын» деуіңіз мүмкін. Бірақ егер тек осыған ғана тоқталып қалсаңыз, Сізді жағымсыз сезімдер мен уайымдаулар орап әкетуі мүмкін, кемшілік кешені туындауы мүмкін. Алайда бұл тек бастапқы өзін-өзі талдау ғана.
Өз өзін қандай да бір «өлшеммен» салыстыру. «Өлшем» мен «шкала» сөздері – бұл шартты түсініктер, алайда олар аталған тәсілдің мәнісін айтарлықтай дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өзімізді басқа адамдармен, әлде идеалдармен, әлде қабылданған нормативтермен үнемі салыстырып отырамыз. Салыстыру тәсілі өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз өзін бағалауды құруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру мұның полярлық полюстері қарама-қарсылықтар болып табылатын шкаламен жүзеге асырылады, мысалы: ақылды – топас, жақсы – жаман, әділ - әділ емес, зейінді – зейінсіз, еңбексүйгіш – жалқау. Әрі біз осы шкаладан өзімізге орынды міндетті түрде табамыз.
Өз тұлғасын үлгілеу енді өзін-өзі танудың айтарлықтай арнайы әдістеріне жатады және оны ең жақсысы, мысалы, психологтың көмегіне сүйене отырып қолданған жөн болады. Бірақ, өкінішке орай, психологпен әңгімелесу барлығына қол жеткізе бермейді, сондықтан өзін-өзі үлгілеу элементтерін өз бетінше қолдануға да болады. Үлгілеу – бұл жекелеген қасиеттер мен сипаттамаларды нақтылы процестердің (аталған жағдайда өзінің тұлғасының, өзінің басқалармен қарым-қатынасының) символдарында, белгілерінде, нысандарында көрсету..
Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініңп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды.
Жалпы алғанда өзін-өзі қабылдау - өзін-өзі танудың қорытындылаушы бөлімінің маңызды сәті, дәл осы өзін-өзі жетілдірудің, өзін тану және дамыту дың бастапқы нүктесі болып табылады, бір мезгілде өзін-өзі тану кезеңі ретінде де, тұлғаның бірлігі мен үйлесімділігінің жетістігі ретінде де, өзін тану және дамыту механизмі ретінде де көрініс табады.
Өзін-өзі танудың ең кең және қол жетерлік тәсілі болып басқа адамдарды тану табылады. Өзіміздің жақындарымызға, достарымызға сипаттама бере отырып, олардың жүріс-тұрысының мотивтерін талдай отырып, өзімізді басқалармен салыстыра отырып, біз осы сипаттамаларды кей кезде санадан тыс өз өзімізге көшіреміз. Осындай салыстыру жалпы мен ерекшені бөліп көрсетуге, өзіміздің басқалардан айырмашылығымызды және оның нақты неден тұратынын бөліп көрсетуімізге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану тәсілдеріне бет бұрайық.
Өзін-өзі танудың кең таралған тәсілдерінің бірі, әртүрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін өз өзіне есеп беру болып табылады. Ауызша өз өзіне есеп беру аптаның, айдың және т.с. соңында жүргізілуі мүмкін. Мұнда күннің немесе аптаның оқиғаларын жаңғырту: өзіңнің әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысыңды талдап шығу; барлық позитивтер мен негативтерді атап өту; қандай да бір түрде әрекет жасауға түрткі болған себептерді көрсету; одан да тиімдірек жүріс-тұрыс үлгілерін қарастырып шығу; өз бойыңда «есепті» кезеңде көрініс тапқан қасиеттер мен жеке бас ерекшеліктерін бөліп көрсету маңызды.
Өз өзіне есеп берудің өзге түрі күнделік жүргізу болып табылады. Ол уақыт шығындауды және ерік-жігерді қажет еткенімен, осы түрдің басымдықтары айдан анық. Біріншіден, адам оқиғаларды өзінде жазып алған кезде онда, әсіресе алуан түрлі уайымдауларды сөз түрінде білдіру керек болған жағдайларда, ойдың қарқынды жұмысы жүреді, осының нәтижесінде оқиғаларды да, уайымдауларды да ұғыну процесі жүреді. Екіншіден, күнделік жүргізу бізде бар ең бірегей нәрсені – біздің өміріміз бен оқуымыздың маңызды нәтижесі ретінде көрініс табатын өз өмірлік тәжірибемізді жазбаша түрде бекітіп қоюға мүмкіндік береді. Үшіншіден, күнделікте өзіңнің өткен өміріңді баяндауға, осылайша оны терең ұғынуға, өз тұлғаңның даму динамикасын табуға болады. Төртіншіден, күнделік мұнда баяндау талдаумен үйлесетін өзіңе өзіндік сипаттама беруге мүмкін сыйлайды. Өзін-өзі танудың келесі тәсілдері кинофильмдер, спектакльдер көру, көркем әдебиет оқу болып табылады. Көркем әдебиетті оқи отырып, біз кейіпкерлердің психологиялық порттері мен сипаттамаларына, олардың әрекеттеріне, басқа адамдармен қатынастарына назар аудара бастаймыз, сіз еркіңізден тыс өзіңізді осы кейіпкерлермен салыстырасыз.
№22. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары
Ғалымдар педагогта өзінің даму келешегін анықтауға үш мүмкіндігі немесе үш жолы,үш бағдары бар екендігін атап көрсетеді: бейімделу жолы, өзін тану және дамыту жолы және стагнация (тұралау, іс-әрекеттің бей-берекет болу, тұлғаның азғындау) жолы. Бейімделу білім беру жүйесінің барлық талаптарына бейімделу, іс-әрекеттің барлық түрлерін игеру, рольдік позицияларды меңгеру мүмкіндігі болып келеді. Өзін тану және дамыту үнемі өзін-өзі жетілдіруге, өзгеруге, ақыр нәтижесінде өзін кәсіпқой ретінде толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Стагнация мұғалім өзінің дамуында тоқтап қалған, стереотиптерді, ескі багажды пайдалану есебінен өмір сүрген және т.с. кезде туындайды, нәтижесінде кәсіптік белсенділік төмендейді, жаңаны қабылдамаушылық арта түседі және нәтижесі ретінде, тіптен бір кездері талаптар деңгейінде болуға мүмкіндік бергеннін өзі жоғалтылады. Еңбек жолының бүкіл кезеңі бойында тұлғалық-кәсіптік өсу және өзін-өзі жетілдіру – педагогикалық кәсіп туралы айтпай-ақ, кез келген кәсіп өкілдерінің табысты іс-әрекетінің міндетті шарты. Мұнда кез келген іркілісті, белсенділіктің кез келген құлдырауын педагогикалық процеске қатысушылар міндетті түрде байқап қалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне теріс әсерін тигізеді.
№23. Педагогтің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытудағы кедергілер жеңу жолдары.
Педагогтің өзін-өзі дамытудағы кедергілері:
1.Сенімсіздік және сенімсіз балалармен жұмыс жасау
2. Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеу
3. Үрейлі балалармен жұмыс істеу
4. Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
Сенімсіздік және оны жеңу жолдары
Бала кезде сенімсіздік айтарлықтай ерте анықталады. Оның қалыптасу механизмі ретінде, табыссыздықтың өзіне қарағанда жүрекке қаттырақ тиетін, қоршаған адамдардың теріс бағалауларына, өзгелердің келеке етуіне көбеюі тарпынан табыссыздық көрініс табады. Сенімсіз баланы оның жүріс-тұрысының ерекше көріністерінен танып-білуге болады.
Нәтижесінде сенімсіздік қорғаныс жүріс-тұрысының әртүрлі типтеріне себепкер болатын, тереңде жатқан инстанция болып табылады. Дәл сол кезде сенімсіздік-тұрақсыз, қарама-қайшылықты Мен-концепциясының, ұғынылмауы да мүмкін өзін-өзі төмен бағалаудың нәтижесі екендігін де атай кеткеніміз жөн болады. Бұл жерде сенімсіздіктің негізгі себептерін іздеу керек.
Сенімсіздіктің алдын алу мен оны жеңудің жолдарына үш стратегиялық бағытты жатқызуға болады.
1.Нақтылы жетістіктерді арттыру, яғни объективті табысқа жету.
2.Маңызы бар өзге адамдардың (адамдардың, балалардың, сыныптастарының) балаға деген көзқарасын өзгерту.
Баланың өзіне деген көзқарасын өзгерту.
Сенімсіз балалармен жұмыс істеудің нақтылы бағыттарын тізіп өтейік:
педагог табыс жағдайын мақсатты бағыттай отырып жасауға, яғни балаға әдейі оның қолынан келетін тапсырма беруге, оны жетістіктерге кепілдік берілген жағдайларға қоюға ұмтылуға тиіс;
сондай-ақ іс-әрекеттің әр түрлерінде және мәселелік жағдайларда балалардың алдына белгілі бір күш салуларды қажет ететін, бірақ шын мәніндегі мүмкіндіктерінен артып кетпейтін нақтылы мақсаттар қойған да пайдалы;
баланың жүріс-тұрысындағы шамалы ғана оңды өзгерістерді атап өткен және оларды ынталандырып, марапаттаған жөн, бұл кезде оның жетістіктерінің басқа балалардың жетістіктерімен салыстырмалы сипаттаудан аулақ болған маңызды (әрине, ілгері басуды атап өте отырып, салыстыруды баланың өзінің жетістіктерімен, оның жуырдағы өткенімен жасау керек);
баламен жұмыс нәтижесі теріс болған жағдайда оның нақтылы әрекеттерін бағалау керек, нәтижесі оңды болғанда – жалпы алғанда баланы мақтап қоюға болады;
балаларды сәтсіздікті ұстамдылықпен, сабырлылықпен бағалауға үйреткен, бірақ міндетті түрде болашақ табыстардың келешегін ашқан пайдалы;
өз түсіндірмелеріңізде оңды сәттерді өзін-өзі бағалау нәтижелері ретінде де, оған деген қабілеттіліктің өзі ретінде де баса көрсете отырып, балаларды өзін-өзі бағалауға тартқан мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ;
оның нәтижелеріндегі және іс-әрекет тәсілдеріндегі, амалдарындағы оңды сәттерді табуға нұсқау бере отырып, нақтылы баланы бағалауға басқа балаларды жұмылдырған жақсы амал-тәсіл болып табылады;
одан кейін, осы тапсырмалар барлық балаларға берілген кезде ол басқалардан кем түспей орындап шығуы үшін, баламен алдын ала сабақтар өткізу қажет. Бұл өзін-өзі оңды қабылдауды ынталандырады, баланы қанаттандырады және өзіне деген сенімділікті арттырады.
Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеудің өзгешелігі
Өз өзіне сенімділік – бұған да Мен-концепциясының адекватты еместігі, өзін-өзі асыра бағалауға, мадақтауға лайық, басқалардан озық болуға ұмтылу себепкер болған, сенімсіздіктің екінші қыры, тұлғаның санадан тыс деңгейде қалатын ішкі үрейді жанға жара салмай бастан кешіруіне мүмкіндік беретін қорғаныс реакциясы. Өз өзіне сенімді бала, сенімсіз баладан өзгешелігі, өзін көзге түсіп қалатындай етіп ұстайды, кез келген амалмен көзге түсуге және өзін-өзі бекітуге тырысып бағады, балаларға және өзіне орындауға тура келетін тапсырмаға менсінбей қарайтындығын көрсетеді. Мұндай балалармен жұмыс істеу белгілі бір қиындықтармен ұштасып отырады. Олар өздерінің күткендерімен тұспа-тұс келмеген және өзінің өзін-өзі жоғары бағалауына сай келмейтін бағаларға қарсы тұрады. Дәл сол кезде онымен өзара әрекеттесу тактикасы шамамен алғанда сенімсіз балалармен болған тактикаға ұқсас. Бұл ретте мынаны есте ұстаған маңызды – баланы оның өзін-өзі бағалауын төмендетіп жіберетін жағдайларға жеткізбеген жөн, оларды төмендетпей, нақтылы жетістіктердің деңгейін өзін-өзі бағалауларға тарту, яғни өзі туралы пікір нақтылы табыстармен бекітілетіндей табыс жағдайларын жасау керек. Өзін-өзі бағалауы тым жоғары балалардың әдетте өзімшіл екендігін, өзінің ұстанымы мен өз мүдделерін басқалардікінен жоғары қоятындығын, өзінің пікірі ғана дұрыс және басқалар өздеріне бағынуы тиіс деп санайтындығын атай кетуіміз керек. Егер осындай бағыну, мойынсұну болмаса, олар жасырын және ашықтан ашық агрессия актілерін қолданады. Сондықтан педагог тарапынан осындай балалармен жұмыс істеудің маңызды стратегиялық бағыты нақтылы жетістіктер мен өзін-өзі бағалауларды сәйкестікке келтіру ғана емес, децентрацияны, басқа адамдардың орнына өзін қою, олардың көзқарасын қабылдау және ескере білуді қалыптастыру да болып табылады. Аталған міндетті шешудің ең тиімді түрі мектеп жасына дейінгі бала да, төменгі сынып оқушысы да, жасөспірім де ойындағы жүріс-тұрыстың әртүрлі позицияларын көрсете алатын, жүріс-тұрыстің әртүрлі стратегияларын жүзеге асыра алатын рольдік ойын болып табылады. Өзін-өзі бағалауы жоғары және эгоцентристік позициясы балаларға топта, оның үстіне кез келген амал-айламен көшбасшы орнын алып қалуға ұмтылу тән, әрі олар мұны әрқашан жол берілетін тәсілдермен жасай бермейді. Мұндай жағдайларда педагог өз өзіне сенімді баланы немесе жасөспірімді істің шын мәніндегі жағдайына алып келуге, бірақ осы кезде оның өз-өзін құрметтеуін және танымға ие болу үміттерін төмендетпеуге, жалған бедел шынайы бедел болуы үшін, теріс іс-әрекетті оңды арнаға бұрып бағыттауға тиіс. Жинақталып келіп, бұл тәсілдер өзіне тұрақты қарауды қамтамасыз етеді, басқалармен оңды өзара әрекеттесу қабілеттілігін дамытады.
Үрейлі балалармен жұмыс істеу
Үрейлілік сенімсіздіктің қажетті атрибуты болып табылады, алайда оқшау, өз бетінше көрініс таба да алады. Тіпті сенімді балалардың өздері бірқатар жағдайларда жоғары үрейлілікті бастан кешуі мүмкін. Үрейлілік – бұл тіпті бейтарап жағдайдың өзі қауіп төндіретіндей етіп қабылданатын, психологиялық күш түсу жағдайы. Үрейліліктің белгілі бір деңгейі іс-әрекеттің кез келген түрінде қажет (мысалға, үрейліліктің шамалы деңгейі іс-әрекеттің нәтижелілігін арттырады; бірақ, егер үрейлілік шамадан тыс бола бастаса, ол нәтижелілікті күрт төмендетіп жібереді, іс-әрекетті тежейді, бала психикасының тежелуіне де әкелуі мүмкін).
Үрейліліктің өзіне тән көріністері:
мазасыздық;
ашуланғыштық;
көз жасын парлатқыштық;
енжарлық және бөгеліп қалушылық;
адекватты емес реакция;
болуы мүмкін қызарып кету, дене мүшелерінің еріксіз тартылулары және т.с.
Түрлері бойынша жағдайлық және тұлғалық үрейлілікті ажыратады.
Жағдайлық үрейлілік нақтылы жағдайда көрініс табады және іс-әрекеттің күрделілігін және маңыздылығын бағалаумен, нақтылы және күтілетін бағалаумен байланысты болып келеді.
Тұлғалық үрейлілік – тұрақты құрылым және индивидтің әр алуан жағдайлардағы реакцияларының ерекше типін сипаттайды.
Үрейлілікті жеңіп шығудың ортақ жолдары
1. Ең алдымен үрейліліктің пайда болуының негізгі себептерін жоюға, яғни өзін-өзі бағалауды арттыруға, сенімділікті тудыруға, басқалармен қарым-қатынас жасау мен өзара әрекеттесу дағдыларына үйретуге, іс-әрекеттің жоғары нәтижелері үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тырысып көрген жөн.
2. Балаларды үрейлілікті жеңіп шығуға көмектесетін өзін-өзі реттеудің арнайы дағдыларына (тәсілдеріне) үйреткен маңызды;
а) үрейді барлық адамдардың бастан кешетіндігін, оның қажет екендігін және алға қойылған міндеттерді орындап шығуға көмектесетіндігін, сондықтан мұндай күйден қорықпау керектігін түсіндірген және мысалдармен көрсетіп берген пайдалы;
ә) іс-әрекеттің алдында баланы белгілі бір эмоциялық күйге келтірген, бұл үшін «жағымды естеліктерді» пайдаланған жөн: «Өткен жолы осыны қалай жақсы жасап шыққаның есіңде ме?)»;
б) балаларды өздерінің ымдарын, ишараларын, дауысын бақылауға үйрету, шиеленісті күйден арылу үшін жымиюға үйрету қажет;
в) медиктер мен психологтар балаларды үрей жағдайында арнайы тыныстауға үйретуге ұсыныс жасайды: демді ішке тарту демді сыртқа шығарғанға қарағанда ұзынырақ, тынысты ұстап тұру;
г) «ойша жаттығу» - баланы әрекет жасағаннан кейін және әрекет жасағанға дейін үрей жағдайын ойша (бастапқыда ересек адамның көмегімен, одан кейін өз бетінше) ойнап беруге үйрету;
3. Үрейлі балалармен жұмыс істегенде ересек адамның ұстанымы, оның балаға дем бере білуі, сенімділік ұялата алуы аса маңызды: дер кезінде айтылған дем беретін фраза, жымиыс, жан ашу, сипау – осының барлығы да баланың өмірлік тонусының артуына, шиеленісті жеңуге ықпал етеді.
4. Үрейлі балалар үшін оқиғаны, қандай да бір істі күту жан төзгісіз екендігі белгілі, сондықтан оларды мүмкіндігінше жанына жарақат салудан арылту керек.
5.Үрейлілікті жеңіп шығуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға алуан түрлі қозғалыс жаттығулары, балаларды қимыл-қозғалыс мәдениетіне, өзінің денесі мен эмоцияларын игеруге үйрету көмегін береді.
6. Баланың үрейлілігін жазалаумен қорқытып күшейте түсуге жол беруге болмайды (жазалаудың өзі және тіптен оның қаупі педагогтың іс-әрекетінің арсеналынан толығымен алынып тасталуы тиіс).
Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
Егер сенімсіздік, өз өзіне сенімділік немесе үрейлілік өзін-өзі бағалаудың адекватты еместігін, өзін-өзі төмен құрметтеуді, өзінше талаптанудың төмен деңгейін көрсететін болса, ұйымдаспағандық сана-сезімнің екінші жағын - өзін-өзі реттеуді сипаттайды. Өзін ұйымдастыра білмеу - өзін-өзі реттеу механизмдерінің қалыптасқандығындағы кемшіліктердің тікелей көрінісі.
Ұйымдаспағандық көптеген сипаттамаларды қосады: тәртіпсіздік, тыңдамаушылық, басқарылмайтындық және т.с.
Ұйымдаспағандық шынайы (қасақана немесе байқаусыз) және жалған болады. Шынайы абайсыз ұйымдаспағандыққа тән көріністер – жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін сақтамау, жоғары энергетика, гипербелсенділік.
Шынайы қасақана ұйымдаспағандықтың көріністері – қыр көрсеткіштік, еркелік, тентектік, арандатушылық. Ұйымдаспағандықтың, әсіресе мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы ұйымдаспағандықтың негізгі себебі ретінде жүріс-тұрысты өз еркімен реттеудің кемшілігін таныған жөн, бұл еркін зейіннің, жігердің дамымағандығынан өз көрінісін табады. Негізгі міндет – жүріс-тұрыстың еркіндігін арттыру, баланы көбірек басқарылатын ету. Аталған себептің оқшаулана көрініс таппайтындығы түсінікті, оған басқа да себептер, мысалға, бас миы қыртысының функционалдық мүмкіндіктерінің қалыптаспағандығы, жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын білмеу, балалық-ата-аналық қатынастардың бұзылуы (шамадан тыс қамқоршылық пен бақылау немесе бетімен жіберу), «құрбы-құрбы» жүйесіндегі қатынастардың бұзылуы және т.б. келіп қосылады.
Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеуде ерекше назарды балалар мен ата-аналардың қатынастарына аудару керек. Ата-аналармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыра отырып, оларға ұйымдаспаған балаларды тәрбиелеудің келесі тактикасын ұсына алады:
1. Баланың ұйымдаспағандығының және тіл алмаушлыығының себептерін анықтап білу.
2. Ата-ананың өзінің жүріс-тұрысын, онда баланы ненің ұйымдаспағандықтың көрініс табуына арандататындығын талдап шығу.
3. Баланы ол қандай болса, солайша қабылдау, бұл үшін ашуға булықпауға және баланы күні бұрын құрастырылған үлгіге еріксіз айдамауға үйренген өте маңызды;
4. Сүйіспеншілік пен талап қойғыштықтың оптималды балансын орнатуға тырысу;
5. Тәртіпке салатын әсер етулерді ұйымдастыратын әсер етулерге алмастыру;
6. Ол кедергі жасап жатқанда, баладан қашпау, «бірге жасаймыз», «көмек көрсетемін», «өз бетімізше әрекет жасаймыз» қағидалары бойынша бірлескен іс-әрекетке жиірек қосылу;
7. Баланың кез келген іс-әрекетін мотивациялауға тырысу.
8. Бұл сәт әлі келіп жетпеген және болжам тек теріс қана емес, оң болуы да мүмкін, баланың болашағы үшін алаңдауды қою (теріс болжам болған жағдайда баланы сәтсіздіктерге және өмірдің қиыншылықтарына кодтау жүреді).
9. Өз отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынастарды үйлесімді ету. Балалардың осы категориясымен жұмыс істеуде ең қиыны гипербелсенді балалармен, яғни бір сәт те орнында отыра алмайтын, өзінің белсенділігімен бар адамдарды дәл бір «есінен айыратын» балалармен іс-әрекет жасау тәсілдері болып келеді.
№24. Педагогтің тұлғасы мен кәсіптік құзіреттілігінің мәні
Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін, оның іс-әрекеті мен қатынасын бөліп көрсетуге әр алуан тұрғылар, оның кәсіптік құзыреттілігінің ерекшеліктері мен өзіндік бейнесіне әртүрлі көзқарастар бар Педагог тұлғасының аса маңызды құрамдас бөліктеріне: кәсіптік-педагогикалық бағытталғандық, кәсіптік білімдер мен ептіліктер, кәсіптік педагогикалық бағытталғандық, жады, ойлау және елестету, кәсіптік сана-сезім жатады.
Кәсіби белсенділік педагогтың өз іс-әрекетінің аясын үнемі кеңейтуге, нормативтердің шеңберінен шығып кетуге ұмтылысымен сипатталады, бұл сабақ берудің, туындаған міндеттерді стереотипті емес шешудің жаңа түрлерін, әдістерін және амал-тәсілдерін, үнемі іздестіруден, өзінің әкімшілікпен, әріптестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынастарын жетілдіругі қабілеттілігінен, өз жұмысының рефлексиясы негізінде үнемі талдаудан, ақырында, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық амалдары мен құралдарын пайдалана отырып, өзін тану және дамытумен айналысуға ұмтылуынан көрініс табады. Қарастырылып отырған мәселелердің контекстінде дәл осы кәсіби белсенділік өзін тану және дамытудың маңызды шарты болып табылады
Кәсіптік білмдер мен ептіліктер кәсіби даярлықтың мазмұнын құрайды. Білімдер мен ептіліктерге ие болмай, педагог өзінің міндеттерін мүлдее жүзеге асыра алмас еді. Кәсіби білімдер алуан түрлі: бұл - өз пәнін жақсы білу, педагогика, психология салаларындағы, басқалармен қатынас құру сферасындағы білімдер және өзінің кәсіби мүмкіндіктерін білу.
Педагогикалық қабілеттіліктер әр педагог, бірақ әртүрлі шамада ие болатын тұлғалық потенциалды сипаттайды. Ең маңызды қабілеттіліктерді тізіп көрсетейік және суреттеп берейік:
академиялық – ғылым салаларына: математикаға, физикаға, әдебиетке, шет тіліне және т.с. сәйкес келеді; олар мұғалімнің ғылымға аса жоғары қызығушылығынан көрініс табады (ол жаңалық ашылуларды қадағалап отырады, мүмкіндігінше өз саласында зерттеу жұмыстарын жүргізеді):
дидактикалық – жауап белсенділікті тудыра отырып, оқушыларға оқу материалын қол жетерліктей, түсінікті, қызықты етіп беру; нәтижесі осындай мұғалімде оқитын оқушылар көрсететін жоғары нәтижелер болып табылады;
перцептивтік – балалардың ішкі әлеміне ену, баланың тұлғасын және оның күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылағыштық;
коммуникативтік – балалармен өнімді қатынас жасау, оларға дұрыс тұрғыны таба, сенімді өзара қарым-қатынас орната білу;
тілдік – оларды эмоциялық экспрессиямен қанықтыра отырып, өз ойларын анық, дәл және бірізді баяндай білу, тіл мәдениетін меңгеру; оқушылар ұжымын топтастыру, оны әртүрлі міндеттерді шешуге жұмылдыру, сонымен қатар өз жұмысын ұйымдастыруға, қандай да бір істерді орындауға уақытты дұрыс бөлуге қабілеттілік;
жобалаушылық - өзінің де, оқушылардың да іс-әрекетін жобалай білумен, материалды және сабақ сценарийін баяндаудың, сыныптан тыс шаларардың және т.с. бірізділігін тұрғыза білумен байланысты;
авторитарлық – балаларға тікелей эмоциялық-еріктік әсер ету, осының негізінде оларда шын мәніндегі беделге қол жеткізе білу;
педагогикалық елестету - өз іс-әрекеттерінің де, басқалардың іс-әрекеттерінің де нәтижелерін күні бұрын біле білуден, енді сана деңгейінде қажетті түзетулер енгізе білуден көрініс табатын, қабілеттіліктердің арнайы тобы;
зейінді бөлу – бір уақытта іс-әрекеттің әртүрлі түрлерімен айналыса алу: сабақ жүргізе, барлық оқушыларды көре, одан арғы оқиғалардың барысын болжай білу және т.с.
Педагогикалық жады, ойлау және елестету. Педагогикалық іс-әрекетпен айналысу мұғалімнің психикалық процестеріне (оның ниеттеріне тәуелсіз) белгілі бір бағытталғандық береді және оларды кәсіпқой етеді, осында кәсіпқойдың тұлғасына өз талаптары қойылатын дәрігердің, инженердің, жұмысшының міндеттерінен өзгеше арнайы міндеттерді шешеді.
Кәсіби сана-сезім – бұл қандай да бір ерекше түр емес, дәл сол сана-сезімнің өзі, бірақ оның «нысаны» болып жалпы алғанда тұлға емес, кәсіби маңызы бар тұлғалық сипаттамалар мен ерекшеліктер табылады. Ол өзіне кәсіби өзін-өзі реттеу мен кәсіби өзін-өзі бақылаудың ерекшеліктеріне себепкер болатын, маман ретіндегі өзі туралы білімдерді, өзіне маман ретінде эмоциялық-құндылық көзқарасты қосады.
Тұлғаның кәсіптік-педагогикалық бағытталғандығы әдетте осында жетекші маңызға балаларға, іс-әрекетке, өзіне қарау ие бола бастайтын, қатынастардың ерекше түрі ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш типін сипаттай отырып, кәсіптік-педагогикалық бағытталғандықтың сегіз типін алуға болады, бірақ оптималды ретінде барлық үш компонент: балаларға қарау, заттарға қарау және өзіне қарау көрініс тапқан типті, оптималды емес ретінде – бағытталғандықтың бір де бір типі айтарлықтай дәрежеде көрініс таппаған типті таныған жөн.
А.К. Маркова бойынша кәсіби құзыреттілік – бұл мұғалімнің осында айтарлықтай жоғары деңгейде педагогикалық қатынас, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, осында мектеп оқушыларын оықту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізілетін еңбегі. Осылайша, құзыреттіліктің құрылымында мұғалімнің тұлғасы, педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қатынас жәнен педагог еңбегінің нәтижелілігін сипаттайтын екі құрамдас бөлік – оқушылардың оқығандығы мен тәрбиелілігі бөліп көрсетіледі. Мұғалім еңбегінің қырларының әрқайсысында келесі құрамдас бөліктер мүшеленеді:
1) кәсіби (объективті қажет) психологиялық және педагогикалық білімдер;
2) кәсіби (объективті қажет) педагогикалық ептіліктер;
3) одан кәсібі қажет ететін, мұғалімнің кәсіби психологиялық позициялары, нұсқаулары, мақсаттары;
4) мұғалімнің кәсіптік білімдер мен ептіліктерді меңгеру деңгейін қажет ететін тұлғалық ерекшеліктері. Білімдер мен ептіліктер – бұл мұғалім еңбегінің объективті сипаттамалары, ал позициялар мен тұлғалық ерекшеліктер – оның кәсіптің талаптарына сәйкестігі үшін қажетті субъективтік сипаттамалар екендігі атап өтіледі.
№26. Педагогтің ізгілікті ұстанымы-оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына табысты педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудың негізі
Педагогтің негізгі ұстанымы балаларға және өз тұлғасына қатысты жағымды ашықтыққа қол жеткізу.
Оңды ашықтық баланы ол қандай болса, сондай етіп: теріс емес, оңды қасиеттер мен сапаларға, өзін тіршілік әрекетінің қандай да бір саласында көрсете білу мүмкіндіктеріне сеніммен қабылдаумен сипатталады.
Педагогтың оңды ашықтық жағдайына қол жеткізуінің шарттары болып мыналар табылады:
• өзінің шынайы Меніне бет бұру, өз өзін қабылдау;
• балаларға және педагогикалық үрдістің басқа субъекттеріне: әкімшілікке, ата-аналарға, әріптестеріне шыдамдылықпен қарау қабілеті; шыдамдылықтың негізінде қабылдау және шыдау механизмдері жатыр;
• педагогтың өмірдің табиғи жүрісіне рефлекстік ілесу қабілеті, өткеннің уайымдауларымен және болашақтың қамымен жанды жемей, қазіргі уақытпен өмір сүре білу (әрине, бұл болашақты жоспарлауды жоққа шығармайды);
• балаларды сүйе білу жай ғана оңды эмоциялық қатынас ретінде емес, әр балада тұлғалық бастауды, яғни оның өзін-өзі анықтай білуін, өзін құра білуін күшейту, болмыстың әртүрлі жақтарына өз бетінше қатынастарын жасап шығу - өз өзін тану және дамыту жөніндегі спецификалы іс-әрекет ретінде де түсініледі
Үрейлілікті, қорқынышты, толыққанды еместік сезімін жеңу.
Мектептегі немесе кез келген өзге оқу мекемесіндегі сабақтардың оқушыларда қобалжушылық, үрей, қорқыныш тудыратындығы жасырын құпия емес. Осы қорқыныштың мәнісі адамның кез келген сәтте қауқарсыз болып қала алатындығында, оның абыройына нұқсан келеді, ол іс-әрекетті орындай алмайды, мұны басқалар байқап қалып, оны теріс бағалайды. Осы қорқыныш өзін тану және дамыту ды, жеке басымен эксперимент жасауды оқшаулайды, әлеуметтік қоршаған ортаның айтқанына бола әрекет жасауға, қабылданған нормалар мен үлгілерді қатаң басшылыққа алуға әлде, керісінше, оларды толығымен елемеуге, тексере келгенде қорқыныштың екінші қыры болып шығатын тәуелсіздікті көрсетуге мәжбүрлейді.
Үрей мен қобалжушылық деңгейін қалай төмендетуге болады? Бағалау іс-әрекетінің жүйесін қайта қарау керек. Акцентті оңды бағалауға көшіру, оқушыға немесе студентке: өз дамуында қалай жылжу керектігін, қашан жауап беру, сынақ тапсыру, бақылау жұмысын тапсыру керектігін және т.с. өзінің шешуіне мүмкіндік беру керек. Қазіргі жағдайларда бұл қиын, бірақ икемді бақылау жүйесінің элементтерін педагогикалық практикаға енгізу әбден мүмкін іс.
Осы қағидатерді практикада жүзеге асыру тек оқушылар ғана емес, педагогтар да өзін тану және дамыту , өзін-өзі жетілдіру, бір бірімен қатынастар жүйесін өзге негізде – сенім, тілектестік, Жәбірлемеу негізде құру үшін нақтылы мүмкіндіктер алады.
Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және дамыту
Төменгі мектеп жасында баланың әлеуметтік байланыстары ғана кеңейіп қоймайды, оған ересектер мен құрбылары тарапынан қатынас өзгереді, жаңа іс-әрекет, бала үшін жетекші болатын іс-әрекет – оқу пайда болады. Оқу өзін-өзі тануға арналған мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді. Пәндерді оқи отырып, бала өзінің танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, басқа мектеп оқушыларымен, қоғамдағы ересек адам ретіндегі мұғаліммен жаңа қатынастарға түседі. Басқалардың бағалауларына арқа сүйей отырып, ол өзін, өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін бағалауға, тек қана оқудағы іс-әрекетіндегі ғана емес, өмірдің басқа салаларындағы да іс-әрекетіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктеріне қатысты өз уайымдауларын талдауға; мұғалімдермен, ата-аналарымен, құрбыларымен әрекеттестіктерін бағалауға үйренеді. Төменгі мектеп жасының аяғына қарай, іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың еркіндігімен қатар, индивидтің өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін екінші механизм болып табылатын рефлексия пайда болады.
Қолайлы жағдайлар кезінде дәл осы жаста, өзінің Менін жаңа деңгейде аша отырып, жасөспірім алғаш рет тек тіршілік әрекетінің ғана емес, өзін тану және дамыту дың да субъектісі, өз өмірбаянының авторы және жасаушысы бола бастайды. Қазіргі психологияда өзінің Менін бекіту үшін жасөспірімдер өздерін қиятын тәуекелдің түрлері айтарлықтай егжей-тегжейлі суреттелген. Отандық психолог Б.М.Мастеров ұсынған тәуекел түрлерінің жіктемесін келтірейік:
физикалық тәуекел – жасөспірімдердің: екінші қабаттан секіріп түсу, кең өзеннен жүзіп өту, түнде орманды кесіп өту және т.с., яғни ересек адамдардың шашын мүлдем тік тұрғызатын (мұны не үшін жасайды? Жөн-жосықсық тәуекелге барудың қажеті қанша?) «ерліктері» баршамызға жақсы мәлім. Жасөспірім үшін өзінің Менінің нақтылығын сезіну сезімін беретін физикалық тәуекелдің мәні: «Егер мен өле алсам, демек, Мен бармын», әбден түсіндіруге келеді;
әлеуметтік тәуекел – топтық құндылықтарды басшылыққа алу немесе оларды қабылдамау (әрбір нақтылы жағдайда) жасөспірімді ересектер тарапынан да, құрбылары тарапынан да бағалаудың критерийі болып табылады, бұл осы сыртқы бағалауды өзін-өзі бағалауға айналдырады; түр тармақтары – сәйкессіздік тәуекелі және таңдау тәуекелі.
өзін-өзі ашу тәуекелі – көп жағдайда жасөспірімдерден: «Олар мені түсінбейді» дегенді естуге болады. Әсіресе бұл айтылған сөздердің мұғалімдерге, ата-аналарға, кей кездері құрбыларына да қатысы бар. Егер де жауап ретінде одан: «Ал өзіңді түсінулері үшін не істедің?» деп сұраса, кей кездері үнсіздік орнай қалады. «Басқаның алдында өзін-өзі ашу» деген тәуекелге бару, сені күлкіге айналдыратын болады деген қауіптің алдында тұру дегенді білдіреді; ашылмау – дұрыс түсінілмеу немесе мүлдем түсінілмеу деген екінші қауіп.
Осылайша, тұлғалық тәуекел даму мен өзін тану және дамыту дың қажетті шарттарының бірі болып табылады. Тәуекел жағдайында болып, жасөспірім өзіне тұлғаның өзін-өзі құру процестерінде қажетті тікелей тәжірибе үшін «материалды» қамтамасыз етеді. Онымен қоймай, тәуекел жағдайы өзін-өзі танудың мектеп оқушысына өз тұлғасын мақсатты бағыттай отырып құруға, өз әрекеттері, жалпы алғанда өз өмірі үшін жауапкершілікті өзіне ала білумен бірге шын мәніндегі дербестік және автономия қасиеттерін алуға мүмкіндік беретін рефлекстік процестерін белсенді етеді.
Егер жасөспірім кезеңде тек қана өзін жаңа қырынан ашу, өз мінезінің жекелеген ерекшеліктері мен қасиеттерін тану, олардың бар екендігіне көз жеткізу үшін олармен эксперимент жүрсе, онда ерте жастық кезеңінде осының нәтижесінде өз тұлғасының, өзінің ішкі әлемінің өз өзіне ұқсастығы, тұтастығы және бірегейлігі сезімі туындайтын біріктіруші процесс жүреді. Ал болашаққа бағыт-бағдар алу қазіргіні қайтадан ой елегінен өткізуге алып келеді және өзін тану және дамыту дың басты векторын анықтайды: «Менің неге қол жеткізгім келеді?», «Қандай кәсіпті таңдап аламын», «Бұл үшін мен қандай мүмкіндіктерге және тұлғалық таланттарға иемін». Нәтижесінде өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың барлық механизмдері іске қосылған болып шығады.
№27. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы:мақсаты,мотивтері тәсілдері,қалыптасу үдерісі, нәтижелері
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану спецификалық белсенділік түрінің көрінісі ретінде келеді, демек, оның негізінде өзін-өзі танудағы қажеттілік деп атауымызға болатын қажеттілік жатыр.
Мотив - іс-әрекетке нақтылы итермелеу, онда қандай да болсын қажеттілік көрініс табады. Мысалға алар болсақ, қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік қарым-қатынас мотивін, еңбекке деген қажеттілік – еңбек іс-әрекеті мотивін, өзін-өзі тану қажеттігі – өзін-өзі тану мотивтерін белсенді етеді. Қандай да болсын мотивтің әсер етуімен адам іс-әрекеттің белгілі бір мақсаттарын қояды, іс-әрекеттердің тәсілдерін, амалдарын, реттілігін пайдалана отырып, оларға қол жеткізеді.
Мақсат – бұл болашақ нәтиженің бейнесі. Біз өзін-өзі танудың Мақсаттары туралы сөз қозғағанда, олар өте әртүрлі болуы мүмкін, барлығы да өзін-өзі тану барысында қол жеткізілетін болашақ нәтиженің қандай бейнесі көрінетіндігіне байланысты. Мақсаттар кең және тар, нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болады.
Өзін-өзі танудың шекті кең мақсаттарына жалпы алғанда өз тұлғасын танып білу және өмірлік мақсаттарды танып білу жатады. Өзін-өзі танудың мақсаты ретінде өзін тұлға ретінде, өзінің Мен-тұжырымдамасын тек сана деңгейінде ғана емес, санасыздық және санадан тыс (жоғарғы санасыздық) деңгейінде де танып-білуді қоятын адамдар кездеседі. Мұндай өзін-өзі тану, өмірдің барлық өзге мақсаттарын екінші орынға ығыстыра отырып, өзінен өзі өмірлік мақсатқа айналуы мүмкін. Қарапайым адам болса, өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағанын интуитивті сезіне отырып, өзінің өз өзін тануын өмір сүру, жасампаздықпен айналысу, өзін тану және дамыту үшін жеткілікті нақтылы белгілі бір шеңберлермен шектеп отырады. Өзін-өзі танудың өзге кең мақсаты өмірлік мақсаттар болып табылады. Біздің әрқайсымыз өз өзімізге: мен өмірде неге қол жеткізгім келеді? Қандай кәсіпті таңдауым керек? Менің басшы болғым келе ме, қол астындағы адам болғым келе ме? Мен өз балаларымды қаншалықты және қалай тәрбиелеуге қабілеттімін? және т.с. сұрақтарды қоямыз. Өмірлік мақсаттарды айқындау, танып-білу өмірдің өзіне тұрақтылық, мақсатты бағытталғандық, ұғынылғандық береді. Дәл сол кезде өмірлік мақсаттарын ойланбайтын, ағыс бойынша жүзе беретін талай адам бар. Осының бәрі, әрине, олардың өмірін кедей етеді, оны ұғынылмаған, ал адамның жүріс-тұрысын – болжанбайтын етеді. Өзін-өзі танудың тар мақсаттарына біз үшін қазіргі сәтте өзекті бола бастайтын өзіндік Мен бейнесінің нақтылы мазмұны жатады. Тар мақсаттар координаталардың әртүрлі жүйелерінде қарастырылуы мүмкін.
Өзіміз атап кеткеніміздей, өзін-өзі танудың мақсаттары нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болып келеді. Нақтылы мақсат – біз өзімізде шындығында да барды табамыз және талдаймыз, нақтылы емес мақсат – біз өзімізде шындығында жоқ нәрсені бекітуге және өзімізден танып білуге әрекет жасаймыз.
Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
Енді өзін-өзі тану мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, іс-әрекеттерді дәйекті түрде алмастыру ретіндегі өзін-өзі тану процесінің өзіне көңіл қоялық. Өзін-өзі тануды ұйымдастыру барысында қандай құрал-амалдарды пайдалануға болады? деген сұраққа жауап беріп көрелік. Өзін-өзі танудың ең кең таралған амал-тәсілдеріне мыналар жатады: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандай да бір «өлшегішпен» салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, әр қасиетте, жүрыс-тұрыс сипаттамасында қарама-қайшылықтарды танып-білу.
Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін, өз жүріс-тұрысын, ішкі әлем оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Адамзат бір кездері психологияның негізгі әдісі болып табылған және «интроспекция» (ішке қарай үңілу) деп аталған, ал психологияның өзі «интроспективалы» деген атау алған өзін-өзі бақылаумен баяғыдан таныс. Бұл әдіс өте субъективті және адам психикасының дәл көрінісін бермейтіндіктен, кейініректе бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тартылды, алайда өзін-өзі тану тәсілі ретінде оның зор маңызы бар. Өзін-өзі бақылау жолшыбай аз ұғынылған және мақсатты бағытталған болады. Біз бір нәрсені жасаймыз, араласып-құраласамыз, дем аламыз және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра отырып, бір мезгілде өзімізді бақылағандай боламыз. Жүріс-тұрыс басқалар немесе біздің өзіміз белгілеген норматив шегінен шығып кеткеннен-ақ, біз оған түзетулер енгіземіз. Солай бола тұрса да, мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау барысында фактілерді жинау процесі жүзеге асырылады, олардың кейбірі маңыздылығына немесе қайталанғыштығына орай біздің санамыздың объектісі бола бастайды, яғни табылады, бекітіледі, талдауға ұшырап отырады.
Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылаудың көмегімен табылған нәрсе талдауға (бөлшектеуге, ыдыратуға) ұшырайды, оның барысында тұлғаның ерекшелігі немесе жүріс-тұрыс сипаттамасы оны құрайтын бөліктерге бөлшектенеді, себеп-салдарлық байланыстар анықталады, өзі туралы, аталған нақтылы қасиет туралы ойлану процесі жүреді,өзін-өзі талдау алгоритмі айтарлықтай қарапайым, ол тек қана өзіне назар аударуды, біршама уақытты және өмірлік фактілерді тарта отырып, өзіне сұрақ қоя білуді, оларға дұрыс жауап беруді ғана қажет етеді.
Өз өзін қандай да бір «өлшеммен» салыстыру. «Өлшем» мен «шкала» сөздері – бұл шартты түсініктер, алайда олар аталған тәсілдің мәнісін айтарлықтай дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өзімізді басқа адамдармен, әлде идеалдармен, әлде қабылданған нормативтермен үнемі салыстырып отырамыз. Салыстыру тәсілі өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз өзін бағалауды құруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру мұның полярлық полюстері қарама-қарсылықтар болып табылатын шкаламен жүзеге асырылады, мысалы: ақылды – топас, жақсы – жаман, әділ - әділ емес, зейінді – зейінсіз, еңбексүйгіш – жалқау. Әрі біз осы шкаладан өзімізге орынды міндетті түрде табамыз.
Өз тұлғасын үлгілеу енді өзін-өзі танудың айтарлықтай арнайы әдістеріне жатады және оны ең жақсысы, мысалы, психологтың көмегіне сүйене отырып қолданған жөн болады. Бірақ, өкінішке орай, психологпен әңгімелесу барлығына қол жеткізе бермейді, сондықтан өзін-өзі үлгілеу элементтерін өз бетінше қолдануға да болады. Үлгілеу – бұл жекелеген қасиеттер мен сипаттамаларды нақтылы процестердің (аталған жағдайда өзінің тұлғасының, өзінің басқалармен қарым-қатынасының) символдарында, белгілерінде, нысандарында көрсету.
Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініңп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкінӨзін-өзі танудың ең кең және қол жетерлік тәсілі болып басқа адамдарды тану табылады. Өзіміздің жақындарымызға, достарымызға сипаттама бере отырып, олардың жүріс-тұрысының мотивтерін талдай отырып, өзімізді басқалармен салыстыра отырып, біз осы сипаттамаларды кей кезде санадан тыс өз өзімізге көшіреміз. Осындай салыстыру жалпы мен ерекшені бөліп көрсетуге, өзіміздің басқалардан айырмашылығымызды және оның нақты неден тұратынын бөліп көрсетуімізге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану тәсілдеріне бет бұрайық.
Өзін-өзі танудың кең таралған тәсілдерінің бірі, әртүрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін өз өзіне есеп беру болып табылады. Ауызша өз өзіне есеп беру аптаның, айдың және т.с. соңында жүргізілуі мүмкін. Мұнда күннің немесе аптаның оқиғаларын жаңғырту: өзіңнің әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысыңды талдап шығу; барлық позитивтер мен негативтерді атап өту; қандай да бір түрде әрекет жасауға түрткі болған себептерді көрсету; одан да тиімдірек жүріс-тұрыс үлгілерін қарастырып шығу; өз бойыңда «есепті» кезеңде көрініс тапқан қасиеттер мен жеке бас ерекшеліктерін бөліп көрсету маңызды.
Өзін-өзі тану нәтижелері
Өзін-өзі танудың үрдісуалдық қырларын қарастырып шығып: қорытындысында біз не аламыз? Өзін-өзі тану нәтижелерін өз өмірімізде қалай пайдалануға болады? деген сұрақтар қойғанымыз мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды, көкейге қонымды болады. Ең алдымен, өзін-өзі танудың негізінде өзің туралы білімдер туады. Осы білімдер жақындық қағида бойынша конструкттарға топтасады, мысалға, зияттық қасиеттер, мінез ерекшеліктері, эмоциялық қасиеттер, қабілеттер, жүріс-тұрыс сипаттамалары. Өз кезегінде, аталған конструкттар өзінің жиынтығында Мен бейнесін айқындайды. Мен бейнесін келістіру, құрамдас бөліктерін негіздеу адам үшін оның Мен-тұжырымдамасын айқындайды, түсінікті етеді. Әрине, оның айтарлықтай бөлігі санасыздық саласында қалатындықтан, Мен-тұжырымдама тұтастай және толығымен ұғыныла алмайды. Сондықтан, біз өзіміз байқап қалғанымыздай, өзін-өзі тану аяқталған үрдіс бола алмайды.
Өзін-өзі қабылдау тұлғаның сәйкестігімен тығыз байланысты, өз бойынан теріс пен оңды, мықты мен әлсізді мойындауды қосады және өзіңе сайма-сайлықтың негізінде өзіңе жақындық шамасын білдіреді. Өзін-өзі қабылдау өзің туралы білімдердің, өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттеріңді егжей-тегжейлі талдаудың, оларды бағалаудың және тіптен адам өзінің әлсіз қасиеттеріне жатқызатын қасиеттерге де оңды эмоциялық қараудың негізінде пайда болады. Өзін қабылдамаған немесе ішінара қабылдаған жағдайда бұл әркімнің қолынан келе бермейтін өзімен күресуге, өзін қайта құруға деген ұмтылыс пайда болады.
Өзін-өзі тану – өзінің мақсаттары, мотивтері, тәсілдері мен амал-құралдары бар, өз бойында белгілі бір қасиеттерді немесе жүріс-тұрыс сипаттамаларын табу, бекіту, талдау, бағалау, қабылдау жөніндегі үрдіс.
Өзін-өзі танудың мотивтері тиісті қажеттіліктердің: өзін-өзі тануға, өзін-өзі құрметтеуге, өзінің Менінің тұтастығына деген қажеттіліктердің негізінде туындайды. Өзін-өзі танудың мақсаттары кең – өзін жалпы алғанда танудан және өзінің өмірлік мақсаттарын танудан тұратын – және өмір және нақтылы жағдайлар себепші болған тарырақ болып келеді. Өзін-өзі танудың тәсілдері болып: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, қарама-қарсылықтарды ұғыну болып табылады. Өзін-өзі танудың амал-құралдары – басқа адамдарды тану, өз өзіне есеп беру, кинофильмдер көру, әдебиет оқу, психологияны зерттеу. Өзін-өзі танудың нәтижесі болып ұғыну үшін қол жетерлік Мен-тұжырымдамаға біріккен, өзі туралы білімдер жүйесі және өз өзіне қарау жүйесі: тұлғалық сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, өз құзыреттілігі сезімі болып табылады.
Өзін-өзі танудың механизмдері ретінде сәйкестендіру мен рефлексияның өзара әрекеттесуі көрініс табады. Сәйкестендіру басқа адамға немесе өз өзіне ұқса болуға, ал рефлексия – шеттелуге, терең де толыққанды өзін-өзі талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әр алуан позициялар алуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі танудың нәтижесінде жалпы алғанда адам табиғатының жетілмегендігімен, өзін-өзі тануға қалыптаспаған қабілетпен немесе адам өз алдына өзі қоятын кедергілермен байланысты әртүрлі кедергілер туындауы мүмкін.
№28. Рефлексия – педагогтың өзін-өзі тануының тетігі.
Рефлексия – латынша «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау).
Рефлексия - кері қарай бұрылу, яғни адамның өз әрекеттерінің, ойларының басына бірнеше мәрте бұрылу қабілеттілігі, сырттан бақылаушының орнына тұра білу, өзіңнің не істеп жатқаныңды, оның ішінде өзіңді қалай танып-білетініңді ойлана білу. Басқаша айтар болсақ, рефлексия – бұл субъектілерді қосарлана, айнадағыдай өзара көрсету механизмі. Осы субъектілер адамдар да (басқамен сәйкестене отырып, адам өзіне оның көзімен қарайды), әртүрлі мендер де: Мен-танушы, Мен-танылушы, бір мезгілде Мен-танушыны және Мен-танылушыны бақылайтын Мен-бақылаушы болуы мүмкін.
Дәстүрлі түрде психологияда рефлексияның бірнеше түрлерін ажыратады:
коммуникативтік – оның объектісі болып басқа адамның ішкі әлемі және оның әрекеттеріеің себептері туралы түсініктер табылады. Мұнда рефлексия басқа адамды тану механизмі болып көрініс табады;
тұлғалық – таным нысаны болып танушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, жүріс-тұрыс сипаттамалары, басқаға қатынас жүйесі табылады;
зияттық – алуан түрлі міндеттерді шешу барысында, шешудің әртүрлі тәсілдерін талдау, ұтымдырақ шешімдер табу, тапсырманың шарттарына бірнеше мәрте қайтып оралу қабілеттілігінен көрінісін табады.
Егер рефлексиялық механизмнің жұмыс істеу реттілігін бөліп көрсетуге әрекет жасап көрсек, отандық зерттеуші А.А.Тюков көрсетіп отырғанындай, мұндай кезеңдер Алтау болады.
1. Рефлексивтен шығу – басқа тәсілдермен және амалдармен басқа адамды және өз өзіңді тану мүмкін болмағанда жүзеге асырылады.
2. Интенционалдылық (интенция – бағытталғандық) – рефлексиялау объектіне бағытталғандық, оны басқа объекттердің арасынан бөліп алу.
3. Бастапқы категориялау – осылардың көмегімен рефлексиялау жүзеге асырылатын бастапқы амал-тәсілдерді таңдап алу.
4. Рефлексиялық амал-тәсілдер жүйесін құрастыру – таңдап алынған бастапқы амал-тәсілдер қандай да бір жүйеге біріктіріледі, бұл рефлексиялық талдауды мақсатты бағыттай және негізді түрде тексеруге мүмкіндік береді.
5. Рефлексиялық мазмұнды сызбалау – әртүрлі белгілік құралдарды: бейнелерді, символдарды, сызбаларды тілдік конструкцияларды пайдалану есебінен жүргізіледі (мысалы, үш дана туралы тапсырманы шешу үшін, оларды суретке салуға немесе сызба түрінде бейнелеуге болады – бұл рефлексиялық тануды ұйымдастырады).
6. Рефлексиялық суреттеуді объективтендіру – алынған нәтижені бағалау және талқылау; нәтиже қанағаттанғысыз болған жағдайда, рефлексия үрдісі қайтадан іске қосылады.
Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде мұғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтыынын және балалар, басқа адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілеті. Педагогикалық рефлексия назарында - оқушы тәрбиешіден және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу.
№29. Тұлғаның әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану.
Алғаш рет өзін тану мәселесі Ежелгі Шығыстың діни тұжырымдамаларында пайда болды, мұнда өзін-өзі танудың мағынасы мен мәнін ашып қана қоймай, осының элементтері қазіргі психологияда қолданылатын, өзін-өзі танудың бірегей технологиясын жасап шығару әрекеті жасалды. Ең аяқталған түрінде өзін-өзі тану мәселесі буддизмде ашып көрсетілген. Буддизм ілімінің мәнісі Будданың – Гаутама принцтің үш діни өсиетінде баяндалған. Бірінші діни өсиетінде Гаутама осылардан аулақ болу керек екі ақырғы шекті көрсетеді:
- сезімдік ләззаттарға ерік беру және шекті аскетизм. Бұған көру мен білімге ықпал ететін, бейбітшілікке, жоғарғы даналыққа, шаттануға және нирванаға әкелетін ортаңғы жолды таңдап алып қол жеткізуге болады. Одан әрі Гаутама өмір – азап шегу (дуккха): туу, ауру және өлім; әуестіктермен, ниеттермен байланыстының бәрі дуккха болып келеді.
Азап шегудің себебі ниеттерден, өмірге әуестіктен, сезімдік ләззаттардан тұрады. Азап шегудің тоқтатылуы ниеттерден бөліну, олардан бас тарту, қабыл алмау, босану арқылы мүмкін болады, бұл ортаңғы, сегіздік жолға түсу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жол өзіне: 1) дұрыс түсінуді; 2) дұрыс ойды; 3) дұрыс сөйлеуді; 4) дұрыс әрекет жасауды; 5) дұрыс өмір салтын; 6) дұрыс пиғылды; 7) дұрыс күш-жігерді; 8) дұрыс зейінді қосады.
Екінші діни өсиетте адамда жанның жоқтығы туралы теория баяндалады: «Дененің (рупаның) жаны жоқ. Егер де жан бар болса, дене дуккхидің субъекті болмас еді. Бірақ дене жансыз болып табылатындықтан, ол – дуккхидің субъектісі». Осыдан барып адамның өзінің Менінен бас тарту керектігі келіп шығады.
Үшінші діни өсиетте адамның шынайы санасын тұмандап тастайтын надандықпен қозғалысқа келтірілетін «өмір дөңгелегі» туралы айтылады. Надандық әрекеттерді тудырады, осының нәтижесінде әлемде түрлер бөліп шығаратын үйреншікті сана қалыптасады. Түрлермен түйісу барысында ниеттер тудыратын сезімдер пайда болады, ниеттер сараңдықтың себебі болып шығады, сараңдық мәңгілік өмір сүруді көксеуге, өмірді көксеу – тууға алып келеді, туудың болмай қоймайтын нәтижесі болып кәрілік және өлім табылады. Басқаша айтар болсақ, тірі ағзасы Будданың іліміне бас ұрмағанынша, «өмір дөңгелегінде» айналуға душар болады.
«Өмір дөңгелегінен» сытылып шығу үшін не істеу керек? Буддизмге құлшылық ететін адам өзінің Менінен бас тартып, жарқындыққа және ақыр соңында нирванаға қол жеткізуге тиіс. Нирвана – бұл толық ішкі болмыс, ниеттердің болмауы, шүбәсіз қанағаттанғандық пен өзіне-өзі жеткіліктілік, сыртқы әлемнен қол үзгендік күйі. Нирвана – абсолютпен толықтай тұтасу. Нирвана күйіне қалай қол жеткізуге болады? Міне, осы жерде алдыңғы көрініске өзін-өзі тану келіп шығады. Тізбек құрылады: жетілген өзін-өзі тану жетілген өзін-өзі реттеу – жарқындану – нирвана. Осылайша, өзін-өзі тану шекті мақсатқа, яғни нирвана күйіне қол жеткізудің міндетті шарты болып табылады. Өзін-өзі білмейтін адам оған ешқашан да жақындамайды, «өмір дөңгелегінде» ұзаққа қалады. Өзін-өзі танудың бетке ұстар амал-тәсілдерінің бірі буддизмде осыған орасан зор мағына берілетін медитация болып табылады. Медитациялау барысында буддашы өз өзінің психика ағынын, өзінің Мен-бейнелерін, сезімдерін, ойларын, ұмтылыстарын және т.с. интуициялық қарастыруға ұшыратады, осының нәтижесінде осының бәрі жеке, тәуелсіз өмір сүрмейтіндігін және бұл мағынада оның Менін оның психикасының қандай да бір көрініс табуына да, олардың қосындысына да қиюластыруға болмайтындығы мүмкін емес нәрсе, сондықтан да өзінің Мені туралы нақтылы бар бір нәрсе ретінде тек шартты түрде айтуға болады. Осылайша, медитациялау арқылы өзін-өзі тануға болады, оның өзін-өзі реттеуін табиғи етеді, соқыр сезімді өзектендіру есебінен толықтай өзін-өзі ұстай білуге алып келеді, осының нәтижесінде әлеммен гармониялы бірігуге қол жеткізіледі. Өзін-өзі танудың мағынасы мәсіхшілдікте біршама өзгеше қарастырылады. Өзімізге белгілі, мәсіхшілдіктің негізгі идеялары болып: күнәҺарлық идеясы, құтқарылу және өтелу идеясы, Құдай - адам, Құдай – құтқарушы идеясы табылады.
КүнәҺарлық идеясынан, бір жағынан, адамзаттың басына төнген барлық бақытсыздықтардың себебі ретіндегі күнәҺарлық туралы ілім, екінші жағынан – арылу, құтқарылу туралы ілім өсіп шықты. Осындай арылтушы және құтқарушы өзін адамзатқа, әлемге құрбандыққа шалған Иса Мәсіх болды. Осы бір өз еркімен жасалған құрбандық адамзатты күнәдан арылтты. Сондықтан Иса Мәсіхке сену, оның ілімін ұстану – әрбір дінге сенген адам үшін жеке басын құтқару жолы.
Мәсізшілдікте өзін-өзі тану өзінің құдай берген жаратылысын ұғыну, Құдаймен бірігу тәсілі ретінде көрініс табады.
*Соңғы жылдарда жарық көрген, әлемнің діни бірлестіктері мен діндері бойынша анықтамалықтарда және энциклопедиялық сөздіктерде прин Шакьямуни («дуана») жиі еске алынады – бұл принц Гаутаманың екінші есімі – Редактордың ескертуі.
Мұнда индивид пен тұлға арасында шек жүргізіледі. Индивид үшін ақыр аяғында тіршілік етудің жекеленуіне, ол қандай: «өзге дербес» немесе «өзге ұжымшыл» болғанына қарамастан, осы өзгемен шайылып кетпеу, талқандалмау үшін өзгені теріске шығаруға және т.с. алып келетін өзін-өзі нығайту тән. Тұлға болса – бұл мүлде өзгеше, кемелденген тұлға – бұл Құдай. Ал адам Құдайдың бейнесі бойынша және оған үйлестікте жаратылғандықтан, ол да тұлғаға ие, бірақ ол кей кездері адамнан жасырынған және индивид түрімен көрініс табады. Осы ой түйініне негіз болатын пайымдауларды басшылыққа ала отырып, өзін-өзі танудың жолдары мен амал-тәсілдері шығарылады. Индивидтің өзін-өзі тануы өзінде тек оңды жақтарды ғана емес, теріс жақтарды да ұғыну, өзін тұтастай қабылдай білу қабілетін дамытудан тұрады. Адам өзінің күнәҺарлық шамасын неғұрлым көбірек дәрежеде ұғынса, тәубеге келу жолына неғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болса, ол өзін тану және дамыту жолына соғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болады.
Тұлғаның өзін-өзі тануы – бұл өзінде Тірі Құдай бейнесін ашудан тұратын, өзінің шынайы борышын танып-білуі. Мұның амалы сену, тәсілдері – шіркеудің құпияларына тартылу болып табылады. Осының нәтижесінде адам өз өзі болып шығады. «Өз өзі болу, - деп жазады митрополит Антоний Сурожский, - біздің құтқарылуымыз және өзгеруіміз үшін біздің бейнемізде болуды ниет еткеннің бейнесі бойынша болу деген сөз».
№30. Тұлғаның қоғамға қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі тану.
Өзін-өзі тану мәселесіне гуманистік психологияда ерекше мән-маңыз беріледі. Мұнда өзін-өзі тану тұлғаның өзін тану және дамытуының, өзін-өзі танытуының, яғни басқалар, әлеуметтік қоршаған орта таңып отырған адам болып шықпай, өзі болуға қабілетті кісі болып шығуға қабілеттілігінің қажетті шарты ретінде қарастырылады. Гуманистік психологияның жұрт мойындаған беделді адамдарының бірі американдық ғалым К.Роджерс болып табылады. Оның тұжырымдамасына сәйкес, адамда екі құрамдас бөлік көзге ерекше түседі: Нақтылы Мен мен Идеалды Мен және адамға тиесілі емес, бірақ оған үлкен әсерін тигізетін тағы бір құрамдас бөлік – бұл Әлеуметтік қоршаған орта. Нақтылы Мен - өзі, өзінің сезімдері, ойлары, ұмтылыстары және т.с. секілді түсініктердің жүйесі. Нақтылы Мен – адамның болғысы келген нәрсе, оның тәжірибесі мен тереңде жатқан күйзелістері. Әлеуметтік қоршаған орта – бұл адамға сырттан таңылатындардың бәрі: жүріс-тұрыс нормалары, құндылықтары, көзқарастары тәсілдері және т.с. Нақтылы Мен мен Идеалды Мен арасында туындайтын сәйкессіздік үрей сезімін, жүріс-тұрыстың адаптивтік емес түрлерін, алуан түрлі психологиялық мәселелер тудырады, бұл тәжірибенің бұрмалануына, болмаса оны теріске шығаруға алып келеді. Осыдан барып өзін-өзі тану – бұл өз тәжірибесін, тереңде жатқан күйзелістерін игеру амалы, ақыр нәтижесінде - өз өзі болу тәсілі. Бұл үшін тұлғаның өзін қалай қабылдайтындығын, оны басқалардың қалай қабылдайтындығын, өз тәжірибесін бұрмалауға итермелейтін, қоршаған адамдардың көңіліне бола әрекет етуге итермелейтін себептерді ұғыну қажет болады.
Өзін-өзі танудың нәтижесінде адам тек осылар болған кезде ғана өмірдің толыққандылығы, өмір қуанышын сезіну, өмірдің мән-мағынасын ұғыну мүмкін болатын тұлғалық өсуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болады. Ақыр соңында, дұрыс мағына, тұрмыстық психология тұрғысынан алғанда, өзін-өзі тану айтарлықтай оңай анықталады. Егер тіптен, ешқашан психологияны оқымаған және ол турасында көмескі түсініктері ғана бар кез келген адамды өзін-өзі танудың мәні неде деп сұрай қалсақ, ол сірә былай: «Өзін-өзі тану еңбекте, басқа адамдармен қарым-қатынаста, қандай да бір іспен айналысқанда өз мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік береді» деп жауап қайырар – және де жалпы алғанда оныкі дұрыс та болып шығады. Дәл сол кезде кейбіреулері былайша жауап беруі де мүмкін: «Өз мақсаттарыма қол жеткізу үшін, оларды басқару үшін, басқаларға билігім болуы үшін мен өз өзімді танимын». Осылайша, дұрыс мағына тұрғысынан өзін-өзі танудың екі мәні бар: біріншісі – жағымды, екіншісі – жағымсыз. Шынында да, жағымды мән кез келген істің, жағдайдың, басқа адамдардың адамға белгілі бір талаптар қоятындығынан және жұмыста, келіссөздерде табысқа қол жеткізу, қарым-қатынас орнату үшін оның өз мүмкіндіктерін таразы басына салып, өз тұлғасының қасиеттеріне тірек артуға тиіс екендігінен тұрады, бірақ оларды алдын-ала өзінде танып алу қажет.
Жағымсыз мән өзін-өзі, өз тұлғасының мықты және әлсіз жақтарын жақсы білуді кей кездері адамның өз пайдасын күйттеген мақсаттарда: өзінің кеудемсоқтығын, өзінің ниеттерін қанағаттандыру, басқалардан үстемдікке қол жеткізу, өзіне белгілі бір басымдықтарды қамтамасыз ету және т.с.с. үшін пайдаланатындығынан тұрады.
Сонымен, адам үшін өзін-өзі танудың мағынасы мен маңызы, мәні неден тұрады деген сұраққа қысқаша жауап беруге әрекет жасап көрдік. Әркім осы мағынаны өзі үшін өзі анықтайды. Дәл сол кезде ең жалпы тұрғыда алғанда өзін-өзі танудың үш мағынасы бар:
дінге сенетін адам үшін өзін-өзі тану – бұл өзінде Құдайлық бастауды тану арқылы Құдаймен бірлесу тәсілі;
үстіртін психологиялық деңгейде өзін-өзі тану өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін өмірде және іс-әрекетте ең толығымен пайдалану амалы, әлде басқа адамдарды басқару тәсілі ретінде көрініс табады;
ғылым ашып көрсетуге тырысып жатқан тереңдетілген психологиялық деңгейде өзін-өзі тану – бұл психикалық және психологиялық саулыққа, гармония мен кемелдікке, өзін тану және дамыту мен өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болу жолы.
№31. Өзін-өзі бағалау ұғымы. Мен тұжырымдамасы құрылымындағы өзін-өзі бағалау.
Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін бағалау адамға тән, өзі туралы білім және дүниетаным, тәртіптер мен құндылықтардың ұштасуымен дәнекерленеді. Өзін-өзі бағалау көрсеткіші қылықты және іс-әрекеггі басқаратын міндетті атқарады, өйткені адамның қажеттіліктері мен талаптану деңгейлерін оның мүмкіндіктерімен салыстыруға жағдай тутызады және төмендегі қатынастан анықталады:
мұндағы Ө. б. - өзін бағалау;
Т — талаптану денгейі;
М - мүмкіндіктердің деңгейі.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі басқаруды іске асырудың «өзегі» бола мотивацияның құрылымына еніп, өзін басқарудың бағыттылығын, құралдарын таңдауды және қылықтың нәтижелі болуын талқылай анықтайды. Барлық ұғынылған қылықтық реакцияларды және жүріс тұрыстарын дифференцияцияланған және адекватгы көрінісі, қылығын басқара алуының жеткілікті дәрежедегі деңгейі, өзіндік сананы тұтастай дамып жетілген дәрежесіне, басқалардың бағалауына емес өзін-өзі адекватты бағалауына және өзін-өзі бағалауға зейінін бағдарлауға сәйкес келеді. Өзін-өзі бағалау - бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқаратын зейінділікке біртіндеп ауысады.
Өзін-өзі реттеп басқарудың екі деңгейлі үрдістерін бөліп айтуға болады:
1. Тактикалық нақты қылық актісі үрдісінде өзін басқару айқын уақыт
аралығымен шектеледі;
2.Стратегиялық - мұны өзін ұйымдастыру деңгейі деп атауға болады- белгілі уақытқа  созылған үрдіс,  тұлғалық өзгеруін  жоспарлауымен, даралы тұтастай бағыттауды қамтамасыздандырып, өзін-өзі тәрбиелеуменбайланысты.
«МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» - жеке «мен» түсінігінен алынған, ұйымдастырылған когнитивті құрылым. Бұл құбылыстың бес функциясын бөліп көрсетеді. Мен тұжырымдаманы реттеу, бейімдеу, қорғаныс, талаптану және өзін - өзі көрсету сияқты қызметтері іс-әрекетті, танымды, қарым-қатынасты, мінез-құлықты мақсатқа бағытталған түрде ынталандыруға және реттеуге, тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дүниеге қатынастарының үйлесімділігін табуға бағытталған.
«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа «Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер «Мен» образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi
№32. Қарама-қарсылықтарды жете ұғыну – өзін-өзі тану үрдісінің тәсілі. Өзін танудың жағымды (позитивті) және жағымсыз (негативті) тәсілдері.
Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы, бөлініп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкін еай. Адамдар әдетте теріс сипаттамаларға жатқызатын өзге қасиетті – агрессивтілікті алайық. Көптеген мәдениеттерде және қоғамдарда аргессивтілік өзінің бұзып-талқандағыштығына орай ынталандырылмайды және тұлғаның әлсіздігінің, оның кемеліне жетпегенінің көрсеткіші ретінде, өзін-өзі байыппен ұстай алмау ретінде, ұстам мен салмақтылықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Бірақ агрессивтілік – бұл бір мезгілде «бу шығара» білу, жинақталып қалған теріс энергиядан босану қабілеті, катарсис, тазару тәсілі де. Сондықтан тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан алғанда сөз адамның мүлдем агрессивтілік көрсетпеуі туралы емес, оны көрсетудің қолайлы тәсілдерін игеру туралы болады, мысалы, деструктивтік агрессияны конструктивтік агрессияға көшіруге үйрену, басқа адамдарға, мал-жануарларға, заттарға зиян келтірмейтін орнын басушы әрекеттерді меңгеру, сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сабыр сақтау, төзім, шыдамдылық және т.б. тәсілдерін меңгеру маңызды болмақ. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды. Осы ережені ұялшақтық мысалынан талдап қорытайық. Мысал. Кей адамдар өзіндегі ұялшақтықты басқа адамдармен қатынас жасауда кедергі келтіретін теріс қасиет ретінде қабылдап, осы фактіні қатты уайымдауы мүмкін. Уайымдаулар, өз кезегінде, қоршаған адамдарға қатысты күдіктілікті күшейте түседі. Күдіктілік ұялшақтықты күшейте түседі. Шеңбер тұйықталады. Ұялшақтық қабылданбайды, онымен күрес басталады. Күрес іс жүзінде тек қана уайымдаулардың күшеюіне ғана келіп тіреледі. Алайда ұяылшақтықтан күшті, оңды жақты бөліп көрсе болғаны, ол еш жанға батпайтындай қабылдануы мүмкін. Осындай мықты жақ, мысалға, адамдардың қарым-қатынасына сезімталдық болуы мүмкін, бұл жанның нәзік ұйымдастырылуының және ішкі әлемнің көрсеткіші болып көрініс табады. Шындығына келгенде мұның екеуі де (нюанстарды қоспағанда) бір нәрсе болғанымен де, ұялшақтыққа қарағанда, өзіндегі сезімталдықты, нәзік жан құрылысын қабылдау оңайырақ соғады.
№33. Студенттік шақтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Өзін-өзі танудың студент тұлғасы дамуындағы рөлі.
Жалпы студенттік жас  биологиялық, психологиялық, әлеуметтік процестерге негізделген ең жоғары «пиктік» нәтижелердің болуымен сипатталады.
Егер студентті 18 – 20 жастағы тұлға ретінде қабылдаса, бұл кезең студенттің өнегелі және эстетикалық сезімдерінің активті дамуына, мінез -  құлқының қалыптасуы мен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін меңгеруіне байланысты. Бұл жаста «экономикалық белсенділік» басталады. Демографтардың пайымдауынша, осы кезеңде адамның дербес өндіру қызметі, еңбек биографиясының басы және отбасын құруға құлшынысы басталады.
Т.И Лисовскийдің пікірінше 19 – 20 жас – бұл риясыз құрбан болу  және толық жауап қайтару, бірақ жағымсыз көріністері де бар.
Жастық шақ - өзін - өзі байқау және өзін - өзі бағалау  алаңы. Өзін - өзі бағалау идеалды және реалды «Мен»-ді салыстыру арқылы жүзеге асады.
З.Эриксонның пікірі бойынша, жастық шақ, социалды және жеке – тұлғалы, идентификациялы және өзін-өзі анықтаудағы сериялық таңдаулардан тұратын,  ұқсастық дағдарысы айналасында қалыптасады.
Адамның көптеген  арнайы-спецификалық қажеттіліктері, қарым-қатынас жасау мен тұлға болып қалыптасу қажеттіліктерін  қоса есептегенде, адамға  туа бітеді.
Әдетте адамның  тұлға болып қалыптасуының қайнар көзі ретінде қоғам, ал оның дамуына әсер етуші күш ретінде заттық құбылыс  жүйесіндегі қарама-қайшылық  қарастырылады.
Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейнесін сипаттайтын  және оқудың табыстылығына әсер ететін факторларды  екі категорияға бөлуге болады: оқу орнына студентпен бірге келгендер және оқу процессі кезінде пайда болғандар – оларды басқаруға болады.
Бірінші катергорияға мыналарды жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға деген қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын факторлар бірінші курс студентінің «мен қайда келдім» және «қоршаған ортам қандай»  екендігін түсінгісі келген кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады. Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп,  екінші топтағы факторлар шешуші рольді атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б..
Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін  студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін  болашақ  жұмысқа деген қызығушылықтары мен  сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер  өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде  қарастырады, саудамен айналысады және т.б.. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары  бірінші  топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан  олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға  көңілдерін көбірек бөледі.
Мамандықты және оқу орнын таңдау қазіргі кезде студенттер үшін көкейтесті  мәселе. Әлеуметтік-мәдени, тұлғалық,  статустық дәрежесі болатын білімнің құндылығы, өзіндік әлеуметтік  феномен ретінде өз дәрежесіне көтерілмей отыр.
Зерттеушілер қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп  атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы  білімді алады.
екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін  оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және  өмірлік оптимизм тән болып келеді.
Бұл екі түр  үшін «традиционалист» қарама-қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби  дайындықты  бағалайды және ол диплом алу үшін, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білім алады.
Таным және білім саласындағы студенттердің қызметін үш негізгі топқа жіктеуге болады:
Бірінші түрдегі   тұлға оқудағы мақсаттар мен міндеттердің  ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай студенттердің білім саласы жоспардағыға қарағанда әлдеқайда ауқымырақ болады, студенттердің әлеуметтікбелсенділігі оқу орны өмірінің  түрлі формаларында танылады. Студенттердің бұл тобы жан-жақты кәсіби дайындыққа бейімделген.
Екінші түрдегі   тұлға шағын мамандануға  бейімделген. Мұнда да студенттердің  танымдық қызметі оқу жоспарының шеңберінен асады.
Студенттердің танымдық қызметінің үшінші түрі  тек оқу жоспарымен ғана шектеледі.  Бұндай тұлғалар -  өнерлілігі жағынан да, белсенділігі жағынан да  төмен болып табылады. 
Студенттердің оқу-танымдық  қызметін талдау нәтижесінде  студенттердің үш типологиялық  тобы анықталды.
Оқуға қарым-қатынасы жағынан  зерттеушілердің бірқатары  5 топты бөліп көрсетеді.
Бірінші топтағы студенттер  білім алуға, кәсіби шеберлікке  ұмтылады. Олар оқу қызметінің барлық салаларында да белсенді болады.
Екінші топтағы студенттер оқу қызметінің барлық саласындағы білімді алуға ұмтылады. Бұл топ үшін  жан-жақты қызметтермен айналысу тән болып келеді, бірақ олар оқытушылық және басқа да пәндердің  негізін терең меңгеруден жалыққыш болып келеді.  Сондықтан да олар  көбінде  үстіртін біліммен шектелетін болып келеді. Олардың қызметінің негізгі мақсаты – бәрінен де аз-аздан болуы.
Үшінші топтағы студенттер тек өздерінің мамандығына ғана қызығушылық танытады. Оларға тек  болашақтағы кәсіби мамандық үшін қажетті ғана білімді алу (өздерінің пікірі бойынша) тән болып келеді.
Төртінші топтағы студенттердің  оқу үлгірімі орташа болғанымен, олар тек өздеріне ұнайтын пәндерге ғана қызығушылық танытады. Олар сабаққа жүйелі түрде қатыспайды, оқу қызметінің және оқу жоспарындағы пәндердің қандай да бір түрлеріне қызығушылық танытпайды,  себебі олардың  кәсіби қызығушылықтары әлі қалыптаса қоймаған.
Бесінші топқа еріншек және жалқау студенттер жатады. Оқу орнына олар ата-аналарының талабы бойынша немесе армияға бармау үшін, сондай-ақ жұмысқа бармау үшін келеді.
Т.И.Лисовский мынадай   студенттер типологиясын ұсынады:
«Гармониялық». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Өте жақсы оқиды,  ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мәдениетті, ашық, әдебиет пен өнерге қызығушылығы бар, спортпен шұғылданады.
«Кәсіби». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Жақсы оқиды, ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарға сирек қатысады, себебі жоғарғы оқу орнынан кейінгі практикалық  жұмыстарға бейімделген, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мұндай студенттер үшін ең бастысы – жақсы оқу.
«Академик». Мамандығын  саналы түрде  таңдайды. Тек «өте жақсыға» оқиды. Аспирантурада оқуға бейімделген. Өзге пәндерге зиян келтірсе де,  көбінде ғылыми зерттеушілік жұмыспен айналысады.
«Қоғамшыл». Оған қоғамдық жұмыстарға икемділік тән. Осының салдарынан оқуға және ғылыми жұмыстарға деген  белсенділігі төмендейді. Дегенмен, ол өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына толығымен сенімді. Әдебиетпен және өнермен шұғылданады.
«Өнер сүюші».Әдебиет пен өнерге жақын болғандықтан, ғылыми жұмыстарға аз қатысады. Бірақ, сабақты жақсы оқиды. Оған көркемдік қабілеттілік пен кең  ой-өріс тән.
«Ынталы». Өз мамандығын саналы түрде таңдамайды. Бар күшін сала отырып, сабақты  адал ниетпен оқиды. Ұжым адамдарымен аз араласады. Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсағандықтан, өнермен және әдебиетпен аз шұғылданады, киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады.
«Орта деңгейлі». Сабақты артық күш жұмсамай  мүмкіндігінше оқиды. Соны мақтан тұтады. Оның мақсаты: «Диплом алып, басқалардан кем жұмыс жасаймын». Мамандықты таңдауда көп ойланбайды. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды.
«Түңілген». Өзі қабілетті болғанымен, таңдалған мамандығы ол үшін аз тартымды болып табылады. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды. Жақсы  оқуға тырысқанымен, оқудан  ешқандай ырзашылық алмайды. Өнермен, спортпен шұғылдануға талпынады.
«Еріншек». «Аз күш жұмсау» мақсатында нашар оқиды. Дегенмен өзін толығымен мақтан етеді. Болашақтағы кәсібіне жауапкершілікпен қарамайды. Ғылыми-зертеушілік жұмыстарға және қоғамдық өмірге қатыспайды.
«Өнерпаз». Оған кез-келген жұмысты  шығармашылық жолмен шешу тән – оқуға да, қоғамдық жұмыстарға да қатысады. Ұқыптылықты, жинақтылықты, бас көтермейістейтін жұмысты  жаны сүймейді. Сондықтан да, «Маған  бұл қызық емес» немесе «Маған  бұл қызық» принципы бойынша дұрыс оқымайды. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналыса отырып, түрлі мәселелерді шешудің бірқилы жолдарын іздейді.
«Ұлы». Мәртебелі факультеттерде  сәтті оқиды, қарапайым студенттерге жоғарыдан қарайды. Компанияда басшы болуға ұмтылады, басқа студенттерге немқұрайлы, менсінбей қарайды.
Студенттердің өздері  өз орталарында бірнеше топтарға бөлінеді:
үздік оқитындар – «жаттампаздар» - жоғары интеллектті, өз  еңбектерімен жақсы нәтижелерге жететіндер.
үздік оқитындар – «ақылдылар» - жоғары интеллектті, өздерінің сұрақтарымен кей  жағдайларда мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайда қалдырады.
«еңбекқорлар» - олардың қабілеттері мен оқудағы табыстарына тек қызығуға болады.
«кездейсоқтар» - бұлардың құрамы алуан түрлі: зорлықпен оқытин ұлдар мен білімді әйел болуды көздейтін қыздар.
№34. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы.
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы.
Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады
Өзiн-өзi тану процесi
Анықтау
Қабылдау

Бекiту

Талдау

Баға
1. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.
2. Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады.
3. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.
4. Өзiн-өзi танудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.
№35. Өзін-өзі тану – адамның өзіндік санасының құрылымдық компоненті.
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.

1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау
5. Өзiн-өзi бағалау
В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:-өзінің ұқсастығының санасы-өзінің «Менінің» санасы-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:-өзін-өзі тану-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:
1. танымдық (когнетивті)
2. эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)
3. мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)
№36. Тұлға санасы құрылымындағы өзіндік сана.
Сананың екі түрін бөліп көрсетуге болады ( В.П.Зинченко):
І . Тұрмыстық сана (тұрмысқа арналған сана), оған енетіндер: а) әрекеттер тәжірибесі, биодинамикалық қозғалыстардың қасиеттері.
ІІ. Рефлективті сана. Оған енетіндер: а) мән; ә) мағына.
Мән - адамдардың меңгерген қоғамдық санадағы мазмұны,- операциялық мәндер, заттық, вербальды мәндер, ғылыми және тұрмыстық мәндер- түсініктер болуы мүмкін.
Мағына- ақпараттарға, ситуацияларға қатынасы және субъективті түсінуі. Түсінбеушілік мәндердің астарын ұғына алмаудан болуы мүмкін. Мәндермен мағыналардың өзара трансформациялану үрдістері (мәндерді түсініуі мен мағыналарды білдіруі) өзара түсіністік пен диологты тәсілдерде көрініс табады.
№37. Студент тұлғасы үшін « Өмір бойы білім алу» ұстанымының маңызы.
XXI-ғасыр технология ғасыры десек қателеспейміз. Себебі жер мен көкте технология саласы көктеп өрлеген. Мысалғы жалғыз компьютерді алсақ онымен көптеген істерді жүзеге асыруға  болады.  Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін бұл мамандықтардың маңызы өте зор.  «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты кезекті халқына анраған жолдауында көрсеткендей, «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.  Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деген Елбасымыздың ұстанымын қолдаймыз және осы бағытта ұжымымызбен бірлесе жас ұрпақты заман талабына сай оқытып, білім берудеміз. Бөлім дәрісханаларының материалдық – техникалық базасы талапқа сай жабдықталған, алты компьютер сыныбы интернет желісіне қосылып, оқушылардың ізденіс жұмыстарын жүргізуіне толық мүмкіндік жасалған. Қазіргі күні бөлімде 420 студент бар, олар 16 топқа бөлінген. Оның ішінде бюджет   негізінде оқитын 225 студент және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша 25 студет білім алуда.  Жаңа оқу жоспары негізінде бөлім кеңесі жұмыс істейді. Кеңес мүшелері оқыту – әдістемелік және тәрбие саласын, оқушылардың тұрмыстық жағдайын қадағалайды. Әр айдың қортындысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысу нәтижелері бөлім кеңсінде қаралып, талқыланады. Оқушылардың өндірістік және оқу практикасын жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасау мақсатында мекеме, кәсіп орын, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыс жасап отырамыз. Өндірістік практикаға жіберілген оқушылар оқу – әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етіледі және түлектеріміздің жұмыспен қамтылуы жайлы де назардан тыс қалмайды. «Оқу мен тәрбие – егіз» демекші бөлімнің топ жетекшілері түрлі бағытпен тақырыптарды қамтыған тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөледі. Атап айтқанда, «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі», «Егемендік шежіресі», «Шылым шегудің денсаулыққа зияндығы», «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып,  «Әлем нашақорлыққа қарсы», «Бейбітшілік жасасын»,  «Экология және біз»,  «Діни – экстримистік ұйымдардың Қазақстан Республикасының территориясындағы іс–қимылдары», «Ұшқыны Ұлы Жеңістің», «Мақтанышым – Жетісу», «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»,  «Абай – дана, Абай – дара» тағы басқа тәрбие сағаттары өткізіледі. Бөлім студенттері   «Жас Отан» жастар қанатымен бірлікте жұмыс атқаратын, жастардың қоғамдағы орнын айқындап, саяси бағытта тәрбиелейтін, «Болашақ» ұйымның белсенді мүшелері. Еліміздің еңсесін биіктетіп, рухын асқақтатар – білімді жастар. Осы орайда сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білікті маман даярлау біздің басты міндетіміз болып қала бермек.

№38-39 жоқ екен еш жерде.
(39 суракка катысты)Адамның  өзін — өзітануарқылықалыптастырудыңәдіснамалықнегізіретіндеоқытужүйесіндегікөзқарастар, тұлғаныңшығармашылықжәнекәсібидербенстігіндамытутуралыидеялар; отандықжәнещетелдікоқытутеориясындағы, педагогикаменпсихологиядаізгіліктікдәстүрлерменой –пікірлер, бүгінгітәрбиеніңадамғабағытталғанәлеуметтік –психологиялыққырларынқарастырудыңмаңызыартыпкеледі. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін — өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды».
Гегель бойынша «Мен» нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің – жалпы «Мен» формуласының мағынасы ерекше. Жеке «Мен» тек қана өзге «Мен» қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша «Мен» — рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:
-              тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;
-              өзін-өзі тану – ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;
-              өзін-өзі тану – тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.
Нақты Мен — өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен – адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану — өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін.
№40. Тұлғаның бағыттылығы және оның адам өміріндегі рөлі. «Тұлғаның бағытталғандығын анықтау» тестінің (МТІ) нәтижесін пайдалану.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық- эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін зерделегенде кәсіби қарым-қатынас ұғымына тоқталмай кетуге болмайды.Тұлға бағыттылығы оның психикалық өмір бейнесінің мазмұнымен байланысты неғұрлым жалпы категория болып табылады. Бұл тұлғаның жүйе құраушы қасиеті. Тұлға бағыттылығы қоғамдык индивид ретінде онын позициясын анықтайды.Бағыттылық- бұл адамның шындыққа таңдамалы қатынасты өзінше бастан кешіруін, оның әрекетіне әсер етуін сипаттайды.Бағыттылықтұлға кұрылымында жетекші компонент бола отырып оның барлық құрылымдық мазмұнына әсер етеді: қабілеттер, психикалык процестер, эмоция, сезім. Кәсіби бағыттылықтың арқасында кәсіби оқу үрдісіндетұрақты мотив пен студенттерге сәйкес кабілеттер қалыптасады. Студент тұлғасында кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы қажеттіліктер, мотив, құмарлық,жүріс-тұрыс нормасын іштей қайта құрумен, қазіргімаманға қойылатын талаптарды саналы игерумен жүреді. Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мынандай тұлғалық сипаттардан тұрады: табандылық, тұрақтылык, адалдық, болашақ мамандығына берілу қайта құрылады.
№41. Гуманизм – өзге адаммен қарым-қатынас қағидасы. Адамның өзге адаммен өзара әрекеттестігі: отбасында, топта, ұжымда.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..’«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесіретінде қалыптасады.Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс)XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм. Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі. Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды. Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері: -антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою; -шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу). -кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар аудару; -Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну; -тұлғаның алғашқы қатарға қойылу; -әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.
№42. Руханилықтың мәні. Адамның рухани қалпы және оның үш негізгі аспектісі: интеллектуалдық, этикалық, эстетикалық.
Руханилық ұғымы жаңа мәнге не болып, ал, ұлттық сана - сезім онымен ажырамас байланысқаұласты. Рухани мәдениет дәстүрлеріне қызығушылық қатты артып, оның тарихи тағдырымен дамуын теоретикалық ұғыну қажеттілігі пайда болды.Рухани ізденіс мәселелері, олардың мәні мен ерекшеліктері жаңалық емес. Оларәлеуметтік - философиялық теория мен қоғамның мәдени жаңару практикасы үшіндәстүрлі маңыздылығын сақтайды. Қоғам өміріндегі мәселелер қайталанбаскүрделілігімен бүкіл ғылым тарихы бойы шешусіз созылуда. Руханилықты зерттеумәселелері көп аспектілі және қарама - қайшылықты. Олардың реті қоғамдағы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың шарттары бойынша қойылады...Жеке тұлғаның санасы мен сана-сезімінің руханилығының тарихи-философиялыққырлары.
Философия тарихында руханилық мәселесі интеллектуалды өмірдің қажеттіліктерінежауап ретінде пайда болды, ол ең басынан бастап адамнан өзінің іс-әрекеттері менсөздеріне белгілі этикалық және құқықтық ережелер деңгейінде бағалау іскерлігін талапетті. Өзінің іс-әрекеттерін реттей және оның нәтижелерін алдын ала қарастыра отырып,саналы адам жауапкершілікті толығымен өзіне алады. Руханилықтың мәні - философиятарихында ең алдымен адамның "мен" мәселесімен байланысты ашылады. "Рух" сөзіненшыққан "руханилық" ұғымы, "дем" және "дем алу" сөздерінің этимологиялық байланысы,адамның өмір сүргіштік қызметтерінің рухани қабілеттерін еске түсіреді.Руханилық адамның өнегелілікке бейімделген еркі ретінде діни руханилық ерекшеленеді,алайда, ортақ ұқсастықтары да коп. Құдаймен жеке тұлғалық қатынасында әлеуметтікқажеттіліктерін қанағаттандыруы, адамның діни рухани көрінісі ретінде рухтыңпрактикалық - жүзеге асырушы қызметі арқылы адамдардың бір-бірінің алдындағы өзараміндеттері, "коллективтік санасыздық" яғни, жеке тұлғаның рулық, әлеуметтік өмірініңтарихи тәжірибесі түрінде жалғасын тапты. Осы жерде, адамгершілік руханилығыныңнегізі ретінде, әлеуметтік байланыстардың қайтымдылығын көрсететін өзара"этностың"қалыптасуының рөлі әдебиетте әділ белгіленген.
Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.Рухани өмірді зерттеуге Сократ, Платон, Гегель, З.Фрейд, А.Камю, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің «Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігінде» табиғи материалдық бастамалардан өзгеше затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, «затсыз, идеалды бастама» деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс - әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзіне сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт – кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бірітіп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана іске асады. «Ақыл – ой дегеніміз – рух» деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар, одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан – жақты, сан алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.Идеалды, затсыз бастама дегеніміз – сол байланыстар әлемінің адам санасында бейнеленуі.Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.Рухани өндіріс қоғамдық сананы, қоғамдық пікірді тудырады. Оның негізін қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе кері мағынасы бар әртүрлі құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.
№43. Жеке тұлғаның коммуникативті құзіреттілігінің дамуына өзін-өзі танудың ықпалы.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады.Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді. Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу” [1]. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” және “жеке тұлға” түсініктерінің сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар:
адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.[1](39 суракка катысты) Адамның  өзін-өзітануарқылықалыптастырудыңәдіснамалықнегізіретіндеоқытужүйесіндегікөзқарастар, тұлғаныңшығармашылықжәнекәсібидербенстігіндамытутуралыидеялар; отандықжәнещетелдікоқытутеориясындағы, педагогикаменпсихологиядаізгіліктікдәстүрлерменой –пікірлер, бүгінгітәрбиеніңадамғабағытталғанәлеуметтік –психологиялыққырларынқарастырудыңмаңызыартыпкеледі. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін — өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды».
Гегель бойынша «Мен» нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің – жалпы «Мен» формуласының мағынасы ерекше. Жеке «Мен» тек қана өзге «Мен» қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша «Мен» — рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:
-              тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;
-              өзін-өзі тану – ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;
-              өзін-өзі тану – тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.
Нақты Мен — өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен – адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану — өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін.
№44. Қарым-қатынас – коммуникативті іс-әрекеттің ерекше түрі.
Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделіпроцесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушыныңжеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Мазмұны
1Педагогикалыққарым-қатынас2Перцептивтік қарым-қатынас3Фатикалыққарым-қатынас4Қарым-қатынастың жетекші түрі5Пайдаланылған әдебиет6Тағы қараңызПедагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Перцептивтік қарым-қатынас
Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым-қатынас
Фатикалық қарым-қатынас (лат.fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың жетекші түрі
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.[3]Жоспар:
1. Қарым-қатынас теорияларын зерттеуші ғалымдар.
2. Қарым-қатынас ұғымына анықтамалар.
3. Қарым-қатынасқа қажеттілік.
Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеушілердің  көңілін аударып отыр. Қарым — қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерін өту және өзгеру  механизімдері философтар мен социологтардың (Б.Д. Парыгин 1971; И.С.Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А.А. Леонтьев, 1979), әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф. Прошнев, 1966; Г.М. Андреева, 1980), балалар және жасерекшелік (В.С. Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский 1976-1981). Бірақ зерттеушілер қарым-қатынас түсінігіне біркелкі анықтама бермейді. М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) – қарым-қатынас деп  үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды; М.С. Коган, 1974 – адам қарым-қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз-өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Балл Г.А., Брановицский В.Н., Довгиалло А.М. – Ойлау және қарым-қатынас, 1973), адамның машинамен өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б.Ф. Ломов «Қарым-қатынас мәселесі», 1981 ж.).[30,22б.
Шетелдерде қарым-қатынастың көптеген дифенициасы ұсынылған Д.Денцстің мәліметтеріне байланысты А.А. Леонтьев (1973), ағылшын тілд» әдебиеттерде  1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді.
М.И. Лисинаның пікірінше, қарым-қатынас екі  адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған  қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және  жалпы нәтижеге қол жеткізуі.
К.Обуховский, А.А. Леонтьев, Абульханова-Славская К.А. бойынша, қарым-қатынас жай ғана әрекет емес өзара әрекет жасасу: ол қатысушылар арасында жүзеге асады, әрқайсысы белсенділікке ие және өз партнерлерінен соны талап етеді,
Қарым-қатынас жоғарғы дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологиялық құбылыс. [29; 78б]
Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.
Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік іс-әрекетке де жатады., яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы қарым-қатынас.
Толыққанды қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық — жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік аномалиялар — толыққанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп толық айтуға болады.[29; б.118]
Қарым-қатынас адамдар арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар, сондай-ақ әлеуметтік қатыгнастардың жүйесін құрайды.
Қарым-қатынас  ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті.[24; б.185]
Қарым-қатынас актісі адам  басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай-ақ белсенді кері байланысты, ақпарат алмасу жағын көздейді. [29; б.106]
“Қарым-қатынас” ұғымына қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі бұл мәселеге деген  әртүрлі көзқарастар мен қатыстардың әсері. Біз келесі анықтамаларды қолданамыз. Қарым-қатынас- адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс.
Практикада “қарым-қатынас” және “қатынас” ұғымдарын жиі шатастырады. Бұл ұғымдар мүлдем де бір  мағынаны бермейді. Қарым-қатынас қатынастарды жүзеге асыру үрдісі.
Қарым-қатынас адамның бір-біріне қарым-қатынас жасау құралы мен механизмі туралы мәселеде маңызды роль атқарады.
Қарым-қатынаста адамдардың өзара  бағыттылық әрекетінен басқа маңызды сипаты ретінде оның  мүшелерінің белсенділігі қарастырылады,  яғни олардың әрқайсысы субъект ретінде көрінеді. Белсенділіктің көрінуі адамның өз партнерына қарым-қатынас барысында бастамашылдықпен әсер етуінен көрініп партнер оның әсерін қабылдайды және оған жауап береді. Екі адам қарым-қатынасқа түскенде олар кезектікпен әрекеттеседі және бір бірінің әсерін қабылдайды. Сондықтан біз бір жақты белсенділікті жағдайдаларды қарым-қатынасқа жатқызбаймыз.
Қарым-қатынас үшін оның  мүшелерінің  физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды. Қарым-қатынастың бұл ерешелігіне А.А. Бодалев 1965, Е.Э. Смирнова, 1973 және т.б. психологтер көңіл аударған.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін  өзара әрекеттестігі. Сонымен бірге қарым-қатынас үшін кем дегенде екі адам керек оның әрқайсысы субъект ретінде көрінуі тиіс.Жоғарыда аталған қарым-қатынас ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты. Абсолютты өзара әрекеттестіктің қарым-қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым-қатынас жайлы түсінікті  жалпы біріктіру.
Қарым-қатынастың мәнін тек қана ақпарат алуға бағыттау коммуникацияға айналдырады, ал коммуникация – қарым-қатынасқа қарағанда тар мағынадағы құбылыс.
Қарым-қатынасқа анықтама берумен тоқталмайды;  ары қарй түсініктеме беру талап етіледі. Қарым-қатынасты психологиялық категория ретінде қарастыра отырып біз оны іс-әрекет ретінде интерпретация береміз. Сондықтан,  қарым-қатынас синонимі ретінде «коммуникативті іс-әрекет» ұғымы алынады.
Кеңестік психолотер қарым-қатынас феноменіне әртүрлі көзқараспен қарай отырып бір ауыздан қарым-қатынас пен іс-әрекеттің тығыз байланысын атап көрсетеді.
Іс-әрекет категориясы кеңестік психологияда маңызды орынға ие. Іс-әрекеттің бірнеше теориялары қарастырылған олардың ішінде С.Л. Рубинштейн (1946-1973), Б.Г. Ананьев (1980), Л.С. Выготский (1982-1983), А.Н. Леонтьев (1983) олардың ішінде еңбектері ерекше маңызға ие.
Қарым-қатынасты түсінудің негізіне  А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет концепциясын және А.В. Запорожец (1979), Д.Б. Эльконин (1960-1978), В.В. Давыдов (1977), П.Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген концепциядағы көзқарас бойынша  іс-әрекет нақты процес, әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс-әрекеттің  екіншісінен айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады. [30,25б.]
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің байланысын әртүрлі түсінуге болады. Г.Э. Андреева пікірінше, адамның әлеуметтік тұрмысының екі жағын сипаттайтын,   екі  тең мәнді категория ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің біржағы ретінде қарастырылады, ал іс-әрекеттің өқзі қарым-қатынас шарты болып табылады, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде интерпретацияланады.
Қарастырып кеткеніміздей қарым-қатынас – коммуникативті іс-әрекет синонимдер, коммуникативті іс-әрекетке дұрыс түсініктеме беру үшін оның құрылымын тарқата қарастырайық:
Қарым –қатынас пәні:  бұл басқа адам, қарым-қатынас бойынша субъект ретінде портнер, бұндай  қарым-қатынастың  пәнінің ұқсас анықтамасын Т.В. Драгунова(1967) береді.
Қарым-қатынасқа қажеттілік: адамдардың басқа адамдарды тануға және бағалауға талпысыны және солар арқылы олардың көмегімен өзін-өзі тануға және өзіндік бағалауға ұмтылу.
Адамдар өзі туралды, өзін қоршағандары туралы іс-әрекеттің әр бейнелі түрлеріне байланысты біле алады, өйткені,  адам іс-әрекеттің әрқайсысында көріне алады. Бірақ қарым-қатынас  ерекше рөлге ие, өйткені, басқа адамға  өз пәні ретінде бағытталған екі жақты процесс бола отырып сонымен бірге өзі де тану объектісі болады.
Коммуникативті мотивтер – ол қарым-қатынастың қолданылу себептері.
Қарым-қатынас әрекеті – бұл коммуникатвиті іс-әрекеттің бірлігі,  басқа адамға өзінің объектісі ретінде бағытталған тұтас акт.Қарым-қатынас әрекетінің екі негізгі категориясы:
-  инициативті актілер;
-  жауап беруші актілер.
Қарым-қатынас міндеті – қарым-қатынас процесінде жүзеге асатын мақсатқа бағытталған әртүрлі әрекеттер. [5, 30-33б.]
Қарым-қатынас мақсаты мен міндеті -өзара сәкес келмеуі де мүмкін.
Қарым-қатынас құралы – бұл қарым-қатынас әрекеті жүзеге асатын операциялар.
Қарым-қатынас өнімі –  қарым-қатынас негізінде пайда болған материалды және рухани сипаттағы  түсініктер.
Сонымен,  қарым-қатынасты коммуникативті іс-әрекет ретінде қарастыру қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің басқа түрлері мен сәйкестендіріп осы жүйеде қарым-қатынас орнын  түсіну және  индивидтің жалпы өмірлік іс-әрекеті мен қарым-қатынастың байланысын  анықтау.
И.Ә. Әбеуованың пікірінше,  қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет.
№45. Вербальды қарым-қатынас. Сөз сөйлеу мәдениеті. Вербальсыз қарым-қатынас. Вербальсыз қарым-қатынас құралдары.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас
№ 46. Комплимент - тұлғааралық вербальды қарым-қарым қатынастың маңызды құраушысы
Вербальды қарым-қатынас дегеніміздің өзі – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу. Ал комлимент вербальды қарым-қатынас барысында маңызды рөл атқарады. Себебі комплимент деген сөз жылы лебіз, қошемет сөз айту деген мағынаны білдіреді. Адамды үнемі мақтап, болмаса жылы сөз бен лебіз білдіріп отыру, әрбір әрекетіне көңіл бөліп отыру, яғни ол адамның рухани өсуіне ықпал етеді. Олар өздеріне сеніп тапсырылған іске сеніммен кірісіп, қабілетін толық ашуға мүмкіндік алады.
№ 47. Отбасының адамның өзгермелі жағдайға бейімделуі мен икемделуіндегі рөлі. Өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тану
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.  Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.  Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.  Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.  Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.  Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.  Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.   Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.  Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ы шешу қоғамның құзырында. 
Әке – ұрпақ  иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
№ 48. Достық- тұлғалық қарым- қатынастың жоғарғы формасы
Достық – мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу.
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр
Достық туралы бірер сөз
«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.
Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді.  Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам  шынайы достыққа лайық емес.
Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен  сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.
Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?
Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен  еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Жақсы дос – жан азығы. Достық - бұл адам өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Достық деген сөзге нақты анықтама беру қиын, тіпті анықтамасы жоқ деуге келеді. Себебі, әр адамның көзқарасы мен түсінігі әртүрлі. Тек өмірлік көзқарасы ортақ, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Демек, достық - ол тек адамдардың арасында ғана болады деген қатып қалған түсінік емес.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
№ 49. Қазіргі отбасының инструменталды құндылық ретіндегі мәселелері. Қазіргі заманғы отбасының образы. Отбасындағы ер адам мен әйелдің рөлдері.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.  Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.  Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.  Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.  Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.  Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.  Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.   Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.  Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ы шешу қоғамның құзырында. 
Әке – ұрпақ  иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе,  ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.
Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ананың қадірі жайлы ерекше айтылған. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.  Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, – да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.
Нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың», – деп түсіндіреді.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
Әйел адамды сыйлау
       Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана. Ана - өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Сондықтан да мақал-мәтелдерде «әкесіз жетім жарым жетім, анасыз жетім нағыз жетім», «анасыз  өмір – сөнген көмір», «сақаудың тілін анасы түсінеді». Сонымен қазақ халқы «қызын қызыл гүлім»  деп еркелеткен, баласы: анам – ардағым, анам – аяулым деп мадақтап, сый-құрмет көрсеткен ерлері: әйелім – жаным, сүйіктім, асыл аруым, жан серігім деп аялаған. Өз отбасында сыйласа білген адамдар өзге адамды сыйлай алады, өзгелер мен сыйласа алады. Сонда ғана, ененің ана екенін, ананың да ене екенін қатты ұғынасың. Анаңның ақ сүтіне қарыз болсаң, енеңнің ақ пейіліне, өзегін қақ жарып шыққан баласын, қиғаны үшін қарыздар. Ердің жақсысын асырып, жаманын жасыратын, жыртығын жамайтын тек  әйел ғана. Ер азаматтар «Артымда тұяқ қалды» деп жатады. Олар алдымен өзін дүниеге әкелгені үшін анасына борышты болса, екінші ретте өзіне бала сыйлағаны үшін қосағына қарыздар. «Әйелдің жақсысы - ақылшың», - деп әйелдің абзал қасиеттері еріне кеңес беріп, ақыл айтып отыруын айтқан. Әйел затының тағы бір ерекшелігі – кемпіріне әже болу. Әже ақылдың кені, өткеннің шежіресі. Әжені үлкен ана ретінде сыйлау, немеренің оған, оның немересіне бауырмалдылығы дәстүрге деген ықыласқа бастау болады. «Немере етін жеп, сүйегін берер», «Бала балым  баланың баласы жаным», - деп немересін баласынанда жақсы көріп, жанына жақын тұтқан.
№ 50. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы. Өзін-өзі дамытудың формалары (өзін- өзі тануы, өзін- өзі жетілдіруі, өзін-өзі көкейкестендіруі).
Егер өзін тану және дамыту ға адамның тіршілік әрекетінің уақытында және кеңістігінде өрбитін спецификалы үрдіс ретінде қарайтын болсақ, оның біржақты еместігін және көп жоспарлы екендігін атай кеткен жөн. Мұнда, мысалға, өзін-өзі тану процесін суреттейтін әрекеттердің реттілігіне қарағанда, өзін тану және дамыту ды сипаттайтын әрекеттердің реттілігін анық та дәл бөліп көрсету анағұрлым күрделірек. Бұл көптеген субептермен түсіндіріледі, олардың ішіндегі аса маңыздысы болып өзін тану және дамыту дың әртүрлі формаларының бар болуы табылады.
Орыс тілінде өзін тану және дамыту процесінің әртүрлі нюанстарын: өзін-өзі көрсетуді, өзін-өзі белгілеуді, өзін-өзі бекітуді, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі танытуды, өзін-өзі жүзеге асыруды және т.б. бекітетін сан көптеген терминдердің бар екендігі кездейсоқ нәрсе емес.
Оның барлығы да құрамдас бөліктер – «өзін-өзі» деген бірінші бөлім іс-әрекеттің субъектісі, бастамашысы адам болып табылатындығын көрсетеді, екінші бөлігі – іс-әрекеттің спеціификасын, өзіндік келбетін сипаттайды: өзін-өзі көрсету, бекітілу, жүзеге асырылу, жетілу. Сондықтан, өзін-өзі танумен болған жағдайдағыдай, өзін тану және дамыту дың мақсаттарын, мотивтерін және нәтижелерін жай ғана талдап шығу мүмкін болып көрінбейді. Осының бәрін өзін тану және дамыту дың қандай да бір түрінің шеңберінде талдап шығуға болады.
Өзін тану және дамыту дың қандай түрлері ең маңызды болып табылады және өзінің жиынтығында өзін тану және дамыту ды айтарлықтай толық суреттейді? Оларға: өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту жатқызылады.
Өзін-өзі бекіту тұлға ретінде өзі туралы толық шамада мәлімдеуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жетілдіру қандай да бір идеалға жақындау ұмтылысын көрсетеді.
Өзін-өзі таныту - өз бойынан белгілі бір потенциалды айқындау және оны өмірде пайдалану.
Үш түрдің барлығы да әртүрлі дәрежеде өзін көрсетуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан дәл осылар мұнда қозғалыстың ішкі сәті тұлғаның өзін-өзі құруы болып табылатын, жалпы алғандағы өзін тану және дамыту процесін адекватты сипаттайды.
Өзін тану және дамыту дың көрсетілген үш негізгі түрі бір бірімен тығыз байланысты. Бір жағынан, бастапқы болып өзін-өзі бекіту табылады. Толық шамада жетілу және танылу үшін, алдымен өз көзіңде және басқалардың көзінде бекініп қалу керек. Екінші жағынан, өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі танытатын тұлға объективті түрде, адамның өзі дамудың осы кезеңдерінде өзін-өзі бекітуге деген қажеттілікке ұшырағанынан қарамастан, өзін-өзі бекітетін де тұлға болып табылады. Дәл сол кезде өзін бастапқы бекіту актілері өзін-өзі таныту актілері де болып табылады. Айтылғандарды ескере отырып, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту түрлеріндегі өзін тану және дамыту дың мақсаттарын, мотивтерін, тәсілдері мен нәтижелерін талдап шығайық.
§1. Өзін-өзі бекіту
Соңғы кездері өзін-өзі бекіту қазіргі ғылымның ең көп зерттелетін мәселелерінің бірі бола бастады. Оның философиялық, жалпы психологиялық аспекттерін қарастыру, әртүрлі жас кезеңдеріндегі спецификасын анықтау, оңды өзін-өзі бекітудің арнайы тренингтік сабақтарын жасап шығару әрекеттері жасалуда. Ғалымдардың күш-жігерлері сондай-ақ әсіресе жаксөспірім жаста, ерте балғын жас кезеңінде, одан кейінгі кезеңдерде де өзін-өзі бекітудің кей кездері наркомания, алкоголь ішу және темекі тарту, құқыққа қарсы әрекеттер жасау түріндегі теріс сипат қабылдайтындығымен де «қамшыланады».
Өзін-өзі бекіту деген не? Терминнің құрылымын негізге ала отырып, ол екі бөліктен тұрады: «өзін-өзі» - өз бетінше, ешкімнің де көмегінсіз және «бекіту» - бір нәрсені өзінде қатаң жасағың келгенге ұмтылу. Демек, өзін-өзі бекіту – бұл өз бойында өз бетінше бір нәрсені немесе, осы қасиетті жағдайлар да, басқа адамдар да, бекітілетін субъекттің өзі де ауытқытпайтындай, тұлғаны жалпы алғанда қатаң жасау.
Мысал. Өзінің ойында бекініп қалу үшін, адам өзінің алдына қиынырақ зияттық міндеттер қояды; оларды шеше отырып, шынында да ақылды екеніне көзін жеткізеді. Өзінің ересектік сезімінде бекініп қалу үшін, жасөспірім темекі тарта, балағат сөз айта, яғни қазіргі нормалар бойынша балаларға тыйым салынған нәрселерді жасай бастайды.
Егер ғылыми анықтама беруге әрекет жасап көрсек, ол былайша естілетін болады.
Өзін-өзі бекіту – тұлғаның өзінің белгілі бір қасиеттерін, мінезінің ерекшеліктерін, жүріс-тұрыс пен іс-әрекет тәсілдерін табу, растау жөніндегі, өзін тану және дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын спецификалы іс-әрекеті.
Аталған іс-әрекеттің негізінде тірі әлемнің басқа өкілдерінің арасында бәсекелестікпен тіршілік етудің бастапқы қажеттіліктерінен синтезделетін, өзін-өзі бекітуге деген қажеттілік жатыр. Адамда ол үш мотив түріне ие бола бастайды: басқалар секілді болу, басқалардан жақсырақ болу және теріс тұрғыда – барлығынан нашар болу. Алғашқы екі мотив өзін-өзі бекітуді сипаттайды, соңғысы - өзін-өзі жоққа шығаруды сипаттайды. Әрине, біз бұрынырақта атап өткеніміздей, өзін-өзі бекіту мотивтері басқа мотивтермен: өзін-өзі танумен, өзін-өзі жетілдірумен, өзін танытумен тығыз байланысты.
Өзін-өзі бекітудің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Өзін-өзі бекіту сферасының ерекшеліктеріне, мотивтері мен қажеттіліктеріне байланысты олар айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін. Бір адам үшін мақсат – сенімділікке ие болу, басқа адам үшін - өзінің басқалардан нашарырақ еместігін дәлелдеу, үшінші адам үшін - өзінің басымдылығы, ерекшелігі сезімін, демек, басқаларды басқаруға деген құқығының негізді екендігін не болса да бастан өткеріп қалу.
Өзін-өзі бекітудің тәсілдері де алуан түрлі. Олар өзін-өзі бекітудің таңдап алынған салаларына және түрлеріне байланысты болып келеді. Өзін-өзі бекітудің салалары болып адам үшін тұлғалық маңыздылыққа ие болатын, іс жүзінде тіршілік әрекетінің барлық түрлері болуы мүмкін: біреу үшін бұл жұмыс немесе оқу; басқа біреу үшін – спорт, өнер, ғылым; біреу үшін – құқыққа қарсы әрекеттер. Адам кімнің көзінде: өзінің немесе жақын әрі маңызды адамдардың, танымайтын адамдардың көзінде ойнау фактісі де аз роль ойнамайды. Дәл сол кезде барлық тәсілдер өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі жоққа шығарудың жетекші мотивіне байланысты классификациялануы мүмкін. «Басқалар секілді болу» мотиві басқалар жасағанды жасау, аталған топтың күткенінің шегінен шығып кететін әрекеттерді жасамау секілді тәсілдерді анықтайды. Егер біреуді кінәлау немесе оған күлу, кемсіту қабылданған болса, тұлға оның басқалар секілді кінәлайтындығын, күлетіндігін, кемсітетінін барлығына дәлелдеп бағатын болады. Егер игілікті әрекеттер жасау және оларды мақтаныш ету қабылданған болса, тұлға осыған ұқсас әрекет жасайтын болады. Егер топтағы маңыздылыққа интеллект ие бола бастаса, тұлға осыған ұқсас әрекет жасайтын болады. Кез келген жағдайда мұнда конформизм механизмі, яғни топтан тәуелділік, топқа икемделушілік механизмі жұмыс істейді. «Барлығына қарағанда жақсырақ болу» мотиві көшбасшылық орындарды алу, ерік-жігерде, ойда, тапқырлықта бекіну (басқаларда жоқ нәрсеге ие болудың арқасында немесе басқаларды елеп-ескермеу, жек көру, теріс қабақпен қараудың, кемсітудің басқа түрлері есебінен) секілді амал-тәсілдерді өмірге әкеледі. «Барлығына қарағанда жаманырақ болу» мотиві адам өзгелердің назар аударуына лайық еместігін, талантқа ие еместігін, барлығынан да нашар екендігін көрсеткен кезде, тұлғаның өзін-өзі теріске шығару тәсілдеріне алып келеді. Осындай позиция кей кездері белгілі бір ұтыстар да береді, адамға есіркей қарай, жаны аши бастайды, оған белгілі бір артықшылықтар бере («одан не аласың») бастайды, ал ол болса осы кезде осындай өзін-өзі төмендету арқылы бекітіле бастайды.
Өзін-өзі бекітудің нәтижелері айдан анық – олар адамға өзінің қажеттігі, пайдалылығы сезімін береді, оның көзінше өз өмірі мен іс-әрекетінің мәнін «ақтайды», «мен басқалардан кем емеспін» деген нұсқау немесе кез келген әрекеттерді дәне іс-әрекеттерді жеңіп отыратын басымдылық, өзінің ерекшелік сезімі жұмыс істей бастайды. Өзін-өзі теріске шығарған жағдайда адам өзінің түкке жарамсыздығына, қажетсіздігіне, төмендігіне бекіне бастайды, бұл да кей кездері өзінің артықшылықтарын беруі мүмкін.
Бірақ адам өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі танытудың маңыздырақ мақсаттарын қойған кезде, өзін-өзі бекітудің басқа да жоғары сфераларының болуы мүмкін. Аталған жағдайда, өзінің потенциалын толығымен жоғалта қоймаса да, өзін-өзі бекітуге деген жеке бастың қажеттілігі екінші қатарға қарай жылжиды, ал өзін-өзі бекіту тұлғаның өзін-өзі қалайша бекітетініне ғана емес, оның артықшылықтарын тани отырып, басқалардың да тұлғасын қалайша бекітетіндігіне байланысты болатын объективтік үрдіс бола бастайды.
§ 2. Өзін-өзі жетілдіру
Өзін-өзі жетілдіру – бұл, сірә, өзін тану және дамыту дың ең адекватты түрі болса керек. Ол адамның өзі (өз бетінше) жақсырақ болуға тырысатындығын, қандай да бір идеалға ұмтылатындығын, өзінде әзірге жоқ тұлғаның ерекшеліктері мен қасиеттеріне ие болатындығын, өзі игермеген іс-әрекет түрлерін игере бастайтындығын білдіреді. Басқаша сөздермен айтар болсақ, өзін-өзі жетілдіру – бұл тұлғаның дамуын, өз қасиеттері мен қабілеттерін саналы түрде басқару процесі. Идеал әдетте қол жеткізбейтіндей болғанымен және әр адамның оны өзінше түсінетіндігіне қарамастан, солай болса да, егер ол бар болса, дамуға деген тенденция өмірге ұғынғандық береді, оны толықтықпен, тқрақтылықпен және белгілікпен қанықтырады. Өзін-өзі жетілдіру әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін: бір жағдайда - әлеуметтік маңызы бар қасиеттер мен ерекшеліктерге ие болу, басқа жағдайда - өмір мен іс-әрекеттің теріс тәсілдерін игеру. Тұлға кәсіптік құзыреттілікке ие болуда өзін-өзі жетілдірген кезде әңгіме істің бір жағы жайында, ұрлықшы шеберлігін шыңдаған немесе адамдарды пайдаланып қалу тәсіәлдерін жетілдіре түскен кезде – әңгіме мүлдем басқа туралы. Өзін-өзі жетілдірудің өзін-өзі бұзу деп аталатын, әртүрлі себептерге орай адам тұлғасының жақсаруына емес, идеалға қол жеткізуге емес, керісінше, деградация мен регресске, өзіне бұрынырақта тән болып келген жетістіктерін, жеке бас ерекшеліктері мен қасиеттерін жоғалтуға алып келетін арнайы күш-жігер жұмсайтын кері процесі де болуы мүмкін.
Бұл жерде біз көңілімізді негізінен алғанда өзін-өзі жетілдірудің тұлғалық өсу деп аталатын жағымды аспектіне аударамыз. Қазіргі психологиялық әдебиетте тұлғалық өсудің ерекшеліктерін, өзіндік келбетін, мақсаттарын баяндайтын тұжырымдамалардың орасан зор саны бар.
Парапсихологияда, эзотерикада (эзотерика – құпия білімдер) тұлғалық өсу рухани практика, асыл білімдерге ортақтасу есебінен сананы кеңейту ретінде қарастырылады. Амал-тәсілдер ретінде парапсихологиялық қабілеттерді: көріпкелдікті, телепатияны, телекинезді және т.б. оятатын арнайы техникалар қолданылады.
Психоанализде бұл үлкен еркіндікке (К.Юнг) қарай қозғалу; кемелдікке қарай қозғалу ретінде түсінілетін, тұлғалық басымдылық мақсатында өзіне орталықтанудан ортаны конструктивтік игеруге қарай қозғалу секілді түсінілетін, дербестікке немесе өзін тану және дамыту ға деген тенденция (А.Адлер).
Гештальттерапияда – ортаға тірек артудың өзіне тірек артуға және өзін-өзі реттеуге көшу (Ф.Перлз). Гуманистік психологияда тұлғалық өсу тұлғаның көбірек автономия, тәуелсіздік алуын, кемелдікке және психологиялық саулыққа (К.Роджерс) немесе жоғарырақ бола бастаған қажеттіліктерін дәйекті түрде қанағаттандыруға (А.Маслоу) ұмтылуды білдіреді.
Біз қабылдап та қойған талдау схемасын қолдана отырып, осы тұрғыларды талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, өзін-өзі жетілдіруге, тұлғалық өсуге деген ұмтылыстың негізінде осының базасында өзін-өзі жетілдіру мотивтері (шекті болып өзін-өзі жүзеге асыру мотиві табылады), тұлғалық өсу мотивтері қалыптасатын тиісті қажеттілік жатқанын атай кеткеніміз жөн. Басқаша айтар болсақ, өзімізді осы өмірде ең толығырақ жүзеге асыру үшін, ал өзін-өзі жетілдіру арқылы өз тіршілігіміздің, өз өміріміздің мағынасын түсіну және оған ие болу үшін өз өзімізді жетілдіруіміз қажет болады, ал бұл болса өзін тану және дамыту дың жоғарырақ түріне - өзін-өзі танытуға тән болып келеді.
Өзін-өзі жетілдіру мақсаттары ретінде өзін-өзі бекіту мақсаттары – басқалардан кем болмау, басқалардан жақсырақ болу ғана емес және көбінесе олар емес, өзің болғаннан жақсырақ болу; өзің қол жеткізгенге қарағанда маңыздырақ нәтижелерге қол жеткізу мақсаттары көбірек көрініс табады.
Өзін-өзі жетілдіру тәсілдері де алуан түрлі. Олардың іс-әрекеттің алуан түрлерінде анықталуы мүмкін. Мысалға, жаңа білімдерге, іс-әрекеттің жаңа түрлеріне ие бола отырып, адам өз дамуында бір сатыға жоғары тұрады. Нақтылы мақсат – басқалармен кикілжіңге бармау мақсатын қоя отырып – және оған қол жеткізе отырып, ол да жаңа деңгейге көтеріледі.
Зиянды әдеттерден бас тарта отырып та, ол өз дамуында тағы да бір қадам жасайды. Бұл тізімді жалғастыра беруімізге болады. Мұны қалайша жасауға болады? Өзін-өзі жетілдіру амал-тәсілдері ретінде өзін-өзі тәрбиелеу амал-тәсілдері көрініс табады. Оларға өзімен өзі жарысу, өзін-өзі міндеттеу, өзіне өзі бұйрық беру және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы сөз қозғағанда, біз бұларға тоқталатын боламыз.
Өзін-өзі жетілдірудің нәтижелеріне ең алдымен: өзіне, өзінің жетістіктеріне, өзіңнің өз талаптарыңа күшің жететіндігіне қанағаттанғандық; өмірге, іс-әрекетке, қоршаған адамдармен қатынастарыңа қанағаттанғандық жатады.
§ 3. Өзін-өзі таныту
Өзін-өзі таныту өзін тану және дамыту дың жоғарғы түрі болып табылады және өзіне белгілі бір дәрежеде алдындағы екі түрді, әсіресе онымен ортақ мақсаттар мен мотивтерге ие бола отырып, өзін-өзі жетілдіру түрін қосады. Ал енді өзін-өзі танытудың алдындағы түрлерден ерекшелігі мұнда адамның жүріс-тұрысы мен өмірінің эоғарғы мағыналық мотивтерінің танытылатындығынан тұрады. Өзін-өзі таныту теориясының авторы А. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін-өзі таныту – бұл адамның кім болуға қабілетті екендігіне бола білуі, яғни адам өз борышын орындауға - өзінің жоғарғы қажеттіліктеріне: Ақиқатқа, Әдемілікке, Кемелдікке және т.с. сәйкес, өзінде барды жүзеге асыруға міндетті. А.Маслоуға сәйкес, өзін-өзі танытуға деген қажеттілік адамның қажеттіліктерінің қатарындағы жоғарғы саты болып табылады, егер төменірек реттегі қажеттіліктер жүзеге асырылмаған болса, ол пайда бола және жүзеге асырыла алмайды.
Осылайша, өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктің негізінде адамды өз тіршілігінің жоғарғы мағыналарын жүзеге асыруға бағыттап отыратын мотивтер дүниеге келеді. Гуманистік психологияның өзге өкілі – В.Франклге сәйкес, өмірдің мағыналары адамға әу бастан берілмеген, оларды арнайы іздеп табу қажет. Оның пікірі бойынша, мағынаны іздестірудің үш ең ортақ жолы бар: біздің өмірімізде жасайтындығымыз (творчество, жасампаздық); біз әлемнен алатынымыз (уайымдаулар); өзіміздің өзгертуіміз қолымыздан келмейтін тағдырға қатысты өзіміз алып отырған позиция. Тиісінше, оларға құндылықтардың үш тобы да бөлініп беріледі: жасампаздық, уайымдау және қатынастар. Мағынаны сұрақ қоятын адам немесе дәл осылай сұрақты ойластыратын жағдай анықтайды. Мағыналар осының көмегімен іздеп табылатын тәсілді В.Франкл ар-ұждан деп атайды.
Ар-ұждан – осы нақтылы жағдайдың жалғыз ғана мағынасын интуитивті іздеп табу. Өмірдің мағынасы ләззатты іздестіруде, бақытқа ұмтылуда емес, құндылықтарды: жасампаздықты, уайымдауды, қатынасты ұғынуда және жүзеге асыруда.
Өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктің негізінде жалпы алғандағы өз өмірінің мағынасын іздестірудегі мотивтер өмірге келеді. Бұл мотивтер өзін-өзі таныту деп аталған, өзін тану және дамыту дың спецификалы түрін анықтайды да.
Өзін-өзі танытудың мақсаты барлық канондар бойынша түңілушілікті тудыруға тиіс болатын, уақыттың өте қысқа аралығы ретіндегі өмірді сезінудің толықтығына қол жеткізуден тұрады. Бірақ, өте сирек жағдайларды қоспағанда, өз өмірін қолынан келгенінше сүретіндіктен, адам мұндай түңілушілікті бастан кешпейді, ал егер өмірді оның барлық толығында сүру, яғни өзін-өзі таныту және өзін-өзі жүзеге асыру қолынан келсе, онда ол өзіне және өз өміріне жоғарғы қанағаттанғандықты басынан кешіреді, өмірінің соңына дейін белсенділік танытуға, табыстарға және өзінің жасай алғандарына қуануға қабілетті болып келеді. Әрине, алдындағы жағдайлардағыдай, кері тенденция - өзінің міндетіне ілеспеуге ұмтылыс та бар. Дәл осы жерде өзін-өзі алдау, сан көптеген қорғаныстар, өз алдындағы өтірік-жалған, ал қорытындысында - өзінің кезеңдеуінде Э.Эрикссон даналықпен бекіткен түңілу өмірге келеді.
Осылайша, өзін-өзі таныту барысында адам болмысының екі сызығы - өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту тығыз беттеседі.
Бұл мүмкін болғанынша өзін танып-білу - өзінің таланттарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін ең толығымен пайдалану тәсілі ретіндегі өзін-өзі таныту үшін негізге ие болу деген сөз. Өзін-өзі таныту - өмірдің мағынасына ие болу, өзін жүзеге асыру, осылайша өз борышын, міндетін орындап шығу және нәтиже ретінде, өмірдің толыққандылығын, тіршілік етудің толыққандылығын сезіну.
Өзін-өзі танытудың тәсілдері қандай? А.Маслоу өзін-өзі танытуға алып келетін жүріс-тұрыстың осындай сегіз жолын бөліп көрсетеді:
- толықтай шоғырлана және шома отырып, жан тәнімен және риясыз уайымдау; өзін-өзі таныту сәтінде индивид тұтастай және толығымен адам болып табылады; бұл Мен өзін-өзі жүзеге асыратын сәт;
- өмір – бұл үнемі таңдау: алға жылжуды немесе кері шегінуді таңдау процесі; өзін-өзі таныту – бұл көп мәрте жекелеген таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлау немесе ұрламау және т.б. таңдауы берілген үздіксіз үрдіс; өзін-өзі таныту өсу мүмкіндігін таңдап алуды білдіреді;
- адамның өз өзіне құлақ қоя білу, яғни басқалардың пікіріне емес, өз тәжірибесіне бағдар алу қабілеті;
- адал болу қабілеті, өзіне жауапкершілік ала білу. А.Маслоудың атап көрсетуінше, «адам өзіне жауапкершілік алған әрбір ретте ол өзін-өзі танытады»;
- тәуелсіз болуға, басқаларға тәуелді емес позицияларды ұстап қалуға деген қабілеттілік;
- тек ақырғы күй ғана емес, өз мүмкіндіктерін таныту процесі де;
- сәттер: сатып алуға болмайтын, кепілдік беріле алмайтын және тіптен іздеу де мүмкін болмайтын жоғарғы уайымдаулар, ләззатқа бату сәттері; - адамның өз психопатологияларын әшкерелеуге қабілеттілігі - өзінің қорғаныстарын айқындай алуға және осыдан кейін өзінен осыларды жеңіп шығуға қабілеттілігі.
А.Маслоу сондай-ақ өз жұмыстарында өзін-өзі танытуға қабілеттілікке ие болуда адамдарға көмек көрсетудің жолдарын да көрсетеді. Оның пікірінше, шынайы оқытудың міндеті – осы мүмкін болғанынша ең жақсы адам болу.
Өзін-өзі танытудың нәтижелері туралы айтар болсақ, олар бұрынырақта айтылғандардың барлығынан бүкіл анықтығымен анықтала алады. Ең маңызды нәтиже - өмірдің мәнділігін және өз болмысыңның толыққандығын сезіну, жиі-жиі кездесіп отырған сәисіздіктерге және қателерге қарамастан, барлығының да дұрыс жасағаныңды, басқалардың сенен тұлғаны танығандығын, сенің бірегей дербестігіңді және бір мезгілдегі әмбебаптығыңды танығандығын сезіну. Ал бұл үшін, әрине, өмір сүруге, жасампаздық істеуге, өз өзіңді жетілдіруге және өз өзіңді танытуға болады.
Осылайша, біз өзін тану және дамыту – бұл оңды бағытта да, адамзат жасап шығарған жоғарғы бейнелерге және идеалдарға сәйкестік тұрғысынан алғанда теріс бағытта да жүруі мүмкін күрделі, сызықтық емес, көп жоспарлы үрдіс екендігін көрсетуге әрекет жасап көрдік. Үрдіс ретінде өзін тану және дамыту дың оның түрлерімен анықталатын өз мақсаттары, мотивтері, нәтижелері бар.
Аталған тарауды өз тағдырына қатысты адамның өзін тану және дамыту ының мәнісін анық білдіре білген В.Франклиннің сөздерімен аяқтағымыз келеді: «Тағдыр өзгертіле алмайды, әйтпесе ол тағдыр болмас еді. Өзін-өзі қалыптастыруға және қайта қалыптастыруға қабілеттілік – адамзат тіршілігінің басымдығы».
Өзін тану және дамыту ды үрдіс ретінде сипаттап шығып, енді адамға өзін-өзі тануға, өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі танытуға, яғни өзін тану және дамыту ға мүмкіндік беретін психологиялық механизмдер мәселесіне тоқтала кетейік.
№ 51. Өзін- өзі танудың үрдіс ретіндегі жалпы сипаттамасы
Үрдіс - бір нәрсені дамытудағы жағдайлардың, құбылыстардың дәйекті алмасуы; тарырақ түсінігінде – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін іс-әрекеттердің дәйекттілігі. Біз өзін-өзі тануды дәл осы екінші, тарырақ мағынасында қарастыратын боламыз: өзін-өзі тану – бұл осының нәтижесінде мақсатқа, яғни өзі туралы білімге, Мен бейнесіне, Мен-тұжырымдамаға қол жеткізілетін әрекеттердің жиынтығы және дәйектілігі. Өзін-өзі тану әрекеттердің дәйектілігі болып табылатындықтан, оның өзі спецификалы танымдық іс-әрекетті көрсетеді және, кез келген іс-әрекет секілді, мақсатардың, мотивтердің, тәсілдер мен нәтижелердің сипаттамасы арқылы баяндала алады.
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың өзгешелігін көрсетуге болады. Сонымен, алдымен біз өзімізден қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын, мысалға, сенімсіздікті табамыз. Табу сәті өте маңызды, онсыз барлық одан кейінгі өзін-өзі тану мәнінен айырылады. кейде дәл осы табу ең күрделі сәт болып табылады, бізде осыған өзіміз көңіл тоқтатпайтын, талдау аясы етпейтін нәрсе көп. Кей кездері маңызы бар ерекшелік немесе сипаттаманы адам, оның оңды потенциалын пайдалану мүмкін емес болатындай, өте кеш табады. Дәл сол кезде өз бойымыздан қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын табу жеткіліксіз болады, оны санада бекіту, нығайту, одан арғы өмір барысында жоғалтып алмау қажет болады. Біздер, адамдардың белгілі бір ортасымен қарым-қатынас жасай отырып, жек көруді бастан кешіретін, бірақ оны келесі жағдайға дейін бекітпейтін, нәтижесінде – тиісті талдау жүргізіп, өзіміздің жек көрушілік шамамызды жалпы алғанда бағалай алмайтын жағдайлар болып тұрады.
[*Үрдіс (лат.) – алға жылжу]
Келесі қадам – бұл тұлғаның қандай да бір ерекшелігін, жүріс-тұрыс сипаттамасын, ептілігін, қабілетін және т.с. талдау. Талдау барысында қасиеттің құрылымы, оның басқа қасиеттермен өзара байланысы айқындалады, ал ең негізгісі, себеп-салдарлық байланыстар анықталады. Өз бойымызда сенімсіздікті тауып және бекітіп, нақтылы сұрақтар қоюымыз керек: менің сенімсіздігім неден көрініс табады? Мен оны барлық жағдайларда бастан кешіремін бе? Оның пайда болу себептері не болып табылады? Ол қандай басқа қасиеттермен (темперамент түрі, мейірбандық, рақымдылық және т.с.) байланысқан? Осы сұрақтарды реттілікпен қоя және оларға жауап бере отырып, біз өзіміздің сенімсіздігіміз және оның таралу шекарасы туралы түсінігімізді тереңдете түсеміз. Келесі кезең – оны қандай да бір қасиеттің өзіміз үшін жасаған кейбір идеалды бейнесімен, әлде жалпы қабылданған және өзіміз игерген үлгілермен салыстыра отырып, қандай да болсын қасиетті бағалаймыз. Аталған жағдайда біз өзімізді әртүрлі: өзімізді басқа адамдармен немесе нақтылы жақсы таныс адаммен салыстыра отырып, өте сенімсіз адам ретінде; тек белгілі бір жағдайларда көрініс табатын сенімсіздігі бар, орташа сенімсіз тұлға ретінде; сенімді адам, ал сенімсіздігі тек қана сындарлы, күтпеген жағдайларда көрініс табатын және, көбіне көп таза күйіндегі сенімсіздік ретінде емес, абыржушылық ретінде көрініс табатын адам ретінде бағалай аламыз. Және ақыр соңында, аталған қасиетті қабылдау немесе қабылдамау актісі келіп жетеді. Қабылдаған жағдайда біз өз сенімсіздігімізді Мен-тұжырымдаманың құрылымына енгіземіз, оның бар екендігіне байыппен қараймыз, одан позитив табуға тырысамыз, сенімсіздіктің көрініс табуын шектеу және болашақта өзіміздің бойымызда сенімділікті дамыту жөнінде міндет қоя аламыз. Бірақ біз сенімсіздікті қабылдамай, (санасыздық саласына) итеріп тастайтын, барша адамға сенімді адам екенімізді дәлелдеуге әрекет жасайтын, ал егер итеріп тастамасақ, онымен «күресе» бастайтын, жою бастайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай күрес тек жағдайды, жалпы өз өзіміздің күйімізді нашарлатып, басқа адамдармен кикілжіңдерге ұласып кететін тұлғааралық кикілжіңдерді тудырады. Жалпы алғанда өзімен өзі күрес – бұл нонсенс екендігін, өзіңде бар ең қымбат нәрсемен, яғни өзіңмен күресуден жаман нәрсе жоқ екендігін айтқанымыз жөн. Сондықтан өзін-өзі қабылдау өнері – өзін-өзі тану актін аяқтай отырып, жаңа актіні – өзін-өзі жетілдіру актін (бұл туралы келесі тарауда айтатын боламыз) бастайтын үлкен өнер.
Сонымен, үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану – бұл өз бойынан қандай да болсын қасиеттерді, тұлғалық және жүріс-тұрыстық сипаттамаларды табу, оларды бекіту, жан-жақты талдау, бағалау және қабылдау. Өзін-өзі танудың ең ортақ заңдылықтары қандай екен? Оларға келесілер жатқызыла алады.
Танылғандық-танылмағандық дәрежесі. Көптеген жағдайларда өзін-өзі тану процесі үздіксіз сипатқа ие болып келеді және белгілі бір шекке дейін ұғынылмаған болып келеді. Адам жәй ғана өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, қарым-қатынас жасайды, өзімен өзі тоқтамайтын диалог жүргізеді (біздің бойымызда өзіміз оянғаннан бастап «көп сөйлей» бастайтын, ал кей кездері өзін ұйқыда жатқанымызда да көрсететін «көп сөйлегіш» өмір сүреді). Өмір сүруіміздің барысында басқа адамдар туралы фактілер, мәліметтер жинақталады, олар санның сапаға ауысуы заңының әсер етуіне орай күндердің бір күнінде ұғынылып, санада бекініп қалады, бірақ ұғынылмай қалып, біздің жүріс-тұрысымызды және өз өзімізді реттеу тәсілдерін анықтай отырып, ұғынылмаған қондырғы деңгейінде қызмет атқаруы да мүмкін. Мен-тұжырымдаманың айтарлықтай бөлігінің, әсіресе жоғары білімімен ерекшеленбейтін, рефлексияға бейім емес, яғни өз өзіне қатысты бақылаушы позициясына тұруға қабілетсіз адамдарда осылайша қалыптасатындығын атай кетуіміз қажет. Ұғынылған үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану мақсатты бағытталғандығымен сипатталады, яғни адам өзінің алдына арнайы мақсатты – бұл үшін өзін талдауға және бағалауға көмектесетін спецификалы амал-тәсіл, құралдарды пайдалана отырып, өзінің бойынан қандай да бір қабілетті, бейімділікті, тұлға ерекшелігін айқындауды қояды. Дәл осы жағдайда өзін-өзі тану ұғынылған іс-әрекетке айналып шығады және оның заңдарына бағынады. Адам өзінің өзін-өзі тануын іс-әрекетке неғұрлым жиірек айналдырып отырса, ол өзін соғұрлым жылдамырақ және тереңірек танып-біледі. Шындығына келсек мұнда, эмоционалдылықтың жоғары деңгейі, өзін-өзі қабылдамауы кезінде өзін-өзі тану өзі туралы объективті білімді емес, алуан түрлі кемшіліктерді, оның ішінде толыққандылық емес кемшілігін тудыратын өзін-өзі қазбалауды тудыратын, медальдың екінші қыры да бар.
Өмір жолының әртүрлі кезеңдеріндегі өзін-өзі танудың әртүрлі қанығушылығы бар. Біздің өміріміз тағдырды және өмірбаянды күрт өзгертіп жібере алатын тыныш және сындарлы кезеңдерден, оқиғаларға қанықпаған және қаныққан үзіктерден тұрады. Сондықтан өзін-өзі тану өмір оқиғаларға қаныққан, жауапты шешімдер қабылдау: оқу, жұмыс істеу орнын, жұбайды таңдау және т.с. қажет болған жерде белсенді бола бастайды. Салмақты шешім қабылдау үшін, адам тек жағдаяттарды, оның тағдырына қатысатын басқа адамдарды ғана емес, өз өзін де, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін де жақсы білуге тиіс. Бұл жағдайларда өзін-өзі тану, тұлғаға қысқа уақыт аралығында өзі туралы осыған дейінгі ұзақ жылдар бойы алмаған ақпарат алуға мүмкіндік бере отырып, белсенді міндет атқарады. Осы кезеңдердің көпшілігі психологияда жақсы танымал және зерттелген, бұған мыналар жатады: сәби өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде тани бастайтын, Меннің бастапқы әлеуметтік жүйесі қалыптасатын, өзі туралы мәлімдеуге, көрсетуге деген ниет пайда болатын 3 жас дағдарысы – атақты балалық «Мен өзімді!» еске алайық; бала өзін оқыту субъекті ретінде тани бастайтын және онда өзін оқушы ретінде бағалау қажеттілігі пайда болатын жеті жас дағдарысы; қайнап қызуы бойынша 3 жастағы дағдарыстан кем түспейтін жасөспірім жастағы дағдарыс. Жасөспірім өзінің Меніндегі көп нәрсені енді әлеуметтік қоршаған ортамен, құрбыларымен өзара әрекеттесу контекстінде ашады, ересек болу сезімі пайда болады, жүріс-тұрыстың балалық нормаларынан ересек нормаларға бағыт бұру процесі жүріп отырады. Ересек адамдарда да дағдарыстар бар, мысалға: отыз жас дағларысы; кемелденген жас дағдарысы; зейнеткерлік демалысына шығумен байланысты дағдарыс. Барлық осы жағдайларда өмірді қайта ұғыну, қалыптасып қалған Мен бейнесін бекіту, болашаққа өзін тану және дамыту келешегін анықтау жүреді, жетістіктер мен сәтсіздіктерді бағалау жүріп отырады.
Өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағандығы – бұл, сірә, ең қызықты заңдылықтардың бірі. Оған нақтылы өмірдің өзін-өзі танып-білу процесін басып озуы себепкер болады, адам туылып та қойды, өмір сүріп жатыр, онда тіптен өзінің физикалық Менін қоршаған әлемнен бөліп көрсету түріндегі өзін-өзі білуінің қарапайым актілері де қалыптасып қойды, ал өзін-өзі ол біршама кейініректе танитын болады. Дәл осы ересек адамға да тән, болмысында оның тұлғасы мен өмірі ол өз өзі туралы білетінге қарағанда байырақ. Танылмаған нәрсе, көрінбейтін дақ әрқашан да бар («Джогари терезесін» есімізге түсірейік). Сондықтан, тіптен осы саладағы зор қабілеттерге ие болып отырған адамдарға да, өз өзін толығымен танып-білу мүмкін. Мысалы, будда монахтары өмір бойы өзін-өзі танумен және өзін жетілдіру практикасымен айналысады, бірақ тек жалғыз Будда (принц Гаутама) ғана өз шегіне жетті. Кейбір адамдарда істің осындай жайы, егер олар өздерін танып біле алмаса, үміт үзу, өмірдің мәнсіздігі сезімін тудыруы мүмкін. Алайда істің шындығында істің мұндай жағдайы қалыпты үрдіс, аталған фактіні біз өлімнің болмай қоймайтындығын қабылдағандығымыздай қабылдай салу керек. Өз өзімізді толықтай тану емес, тереңірек және жан-жақтырақ тануға деген ұмтылыс маңызды, ал одан да маңыздырағы – өмірден, іс-әрекеттен танып-білінгенді, әсіресе өз тұлғасының мықты жақтарын адекватты пайдаланған. Өзін-өзі танудың жалпы заңдылықтарынан: танып-түсіну дәрежесінен, әртүрлі қаныққандықтан, түпкілікті аяқталмағандықтан өзге, оның тұтастай көрінісін толықтырып отыратын, өзін-өзі танудың кейбір спецификалық ерекшеліктері де бөліп көрсетіледі.
1. Өзін-өзі тану өз дамуында екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде өзін-өзі тану «Мен – өзгелер» жүйесінде жүзеге асырылады. Бір жағынан, ерте балалық шағынан бастап адам тұлғааралық қатынастар жүйесінде болады, басқа адамдар үнемі оны бағалап отырады, және өз еркімен және өз еркінен тыс ол осы бағалауларды басшылыққа ала, оларды қандай да бір дәрежеде қабылдай, бағалау тәсілдерінің өздерін игере бастайды. Екінші жағынан, алдымен ересектердің бағалауларын қайталай отырып, ал одан кейін осы бағалауларды өз бетімен тұжырымдай отырып, баланың өзі басқаларды бағалау тәжірибесіне ие бола бастайды. Осылайша ол өзара бағалаулар жүйесі арқылы өзін басқалармен салыстыруға үйренеді, біртіндеп өзінің Менін біле бастайды, онда өзі туралы бастапқы түсініктер, одан кейін өзінің басқалардан өзгешелігін түсіну арқылы Мен бейнесін құрудың алғашқы тәжірибесі қалыптасады. Екінші кезеңде өзі туралы білімдерді байланстыру енді адам әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайларда қалыптасқан өзі туралы дайын білімдерді пайдалана бастайтын «Мен-Мен» жүйесінің шеңберінде жүріп отырады. Мұнда ол енді өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелілігін, өзінің адамдармен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін, өз тұлғасының ерекшеліктерін және жүріс-тұрыс сипаттамаларын талдай бастайды. Яғни өзін-өзі тану өз өзінде танылатынды табуға, бекітуге, талдауға, бағалауға және қабылдауға қабілетті дербес үрдіс ретінде жұмыс істей бастайды. Сөздің шындығы үшін бірінші кезеңнің өз потенциалын өмірдің соңына дейін сақтап қалатындығын атай кеткеніміз жөн, ол жай ғана екінші кезеңнің құрылымына етене енеді және өз мәнін жоғалтпайды.
2. Өзін-өзі танудың қарқындылығы, тереңдігі, негізділігі тұлғаның көптеген қалыптасқан қасиеттеріне, жекелей алатын болсақ, тұлғаның бағытталғандығын анықтайтын сипатқа ие қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, оларға экстраверсия мен интроверсия жатады. Экстраверт – сыртқы әлемге бағыт-бағдар алған адам, ол осы әлеммен өмір сүреді, оның оқиғаларына қаныққан. Сондықтан оның сана-сезімі өзін сыртқы әлемнен тану саласында жүреді. Интроверт болса, керісінше, ішкі әлемге және оның оқиғаларына бағыт-бағдар алған, оған өзінің уайымдары, армандары, өз өзімен ішкі диалог маңызды. Оның өзін-өзі тануының өзінің ішкі әлемі саласында жүзеге асырылатындығы түсінікті де. Әрине, бұл дегеніміз экстраверт ішкі әлемді өз өзінен танып білуге, ал интроверт – өзін сыртқы әлемнен танып білуге қабілетсіз дегенді білдірмейді. Бұл жерде сөз адам экстраверсия-интроверсияға байланысты таңдап алатын басымдылықтар туралы болып отыр. Кейбір өзге де ерекшеліктер, оның ішінде мінез акценттелуінің әр алуан типтерінің өзін-өзі танудың өзіндік келбеті мен салаларына әсері туралы да осыны айтуымызға болады.
3. Әртүрлі адамдар өзін-өзі тануға әртүрлі қабілетке ие. Қабілеттер – бұл тұлғаның білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды игеру жылдамдығы, тереңдігі, сапасы осыларға байланысты болып келетін, бірақ осы білімдерге, ептіліктерге, дағдыларға сыйыстырылмайтын қасиеттері.
Өзін-өзі тануға деген қабілеттер – бұл өз өзін жылдам, сапалы, жан-жақты және адекватты тануға мүмкіндік беретіндей тұлға сипаттамалары. Осы қабілеттердің дамуының әртүрлі деңгейіне орай адамдар бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: біреулері өзін-өзі танумен үнемі айналысады, өзін жақсы және жан-жақты біледі әрі осы білімдерді өмірі мен іс-әрекетінде қолдана алады; екінші біреулер өзін-өзі танумен оқтын-оқтын айналысып отырады, олардың өзі туралы білімдері үзік-үзік және фрагментарлы болып келеді және ең бастысы, олардың өзі туралы түсініктері адекватты емес, яғни шындыққа сәйкес келмейді. Өзін-өзі бағалауы тым артық немесе төмен, өз өздерін ойлап тапқан және, осы себептерге орай, өздерінің әлеммен, әлеуметтік қоршаған ортамен өз қатынастарын дұрыс құруға қабілетсіз адамдармен біз жиі кездесіп отырамыз. Бірақ, кез келген қабілет секілді, өзін-өзі тану қабілетін дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Ең алдымен өзін-өзі танудың оңды мотивациясын қалыптастыру; өзін-өзі танудың негізгі механизмдерінің потенциалын – идентификация мен рефлексияны толығымен пайдалану; өзін-өзі танудың спецификалы тәсілдеріне – өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі талдауға, өзін-өзі үлгілеуге және т.б. үйрену; өзінің өзі танудың әртүрлі тәсілдерін: көркем әдебиет оқуды, психологияны зерттеуді, күнделік жүргізіп отыруды және т.б. пайдалану қажет.
сипаттамасы
№ 52. Жеке тұлғаның өзін- өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру. Өзін- өзі тәрбиелеу әдістері.
§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзін тану және дамытуының аса маңызды құралы ретінде тұлғаның өзі қол жеткізуге ниет еткен нәтижелер туралы түсініктерінің әсерімен мақсатты бағытталғандыққа және жете түсінушілікке ие болып келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғалық қасиеттерді, ептіліктерді, қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу және жүріс-тұрыс амал-тәсілдерін табу, бекіту және жетілдіру жөніндегі саналы және мақсатқа бағытталған іс-әрекет. Кез келген іс-әрекет секілді, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілік мотивациялық негізбен, мақсаттармен, амал-тәсілдермен және нәтижелермен сипатталады. Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері кең де алуан түрлі және ең әртүрлі қажеттіліктердің:
өзін тану және дамытуға: өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі танытуға деген;
өзіне, өзінің қазіргі орнына көңілі көңілі толмаушылықпен байланысты;
«Не, мен басқалардан кеммін бе?», «Мен басқалардың өзімнің алдыма түсуіне мүмкіндік бермеймін, мен неге қабілетті екендігімді әлі көрсетемін!» дегендей тұлғалық-мәртебелік сипаттағы;
басқаларды өзіне бағынышты етуге, оларды пайдалануға деген ұмтылыс себепкер болған қажеттіліктердің негізінде пайда болады.
Кез-келген жағдайда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік және өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері екінші реттік сипатқа ие. Тіптен өзін тану және дамытудың: өзін-өзі бекітудің, өзін-өзі жетілдірудің, өзін-өзі танытудың мықты жағымды мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің автоматты түрде пайда болуына кепілдік бермейді. Дамыған мотивациясы бар талай адам өзін-өзі жетілдіруді ниет етеді. Көбінесе бұл процесс стихиялы, бағытталмаған сипатқа ие болады, өзіңнің дамуыңда тым болмағанда бір адм алға жылжу үшін өмірдің өзі алға тартатын кездейсоқ жағдайлар мен мүмкіндіктер пайдаланылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің пайда болуының қажетті шарты өзін-өзі тәрбиелеуді дербес іс-әрекетке бөлу болып табылады. бұл тек қана саналы түрде алға қойылған мақсаттар, белгілі бір ерік-жігер күш салуларының шығындалуын жоспарлау бар болғанда мүмкін болады. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғадан ерлікті, табандылықты, мақсатқа ұмтылғыштықты талап ететін ерік-жігер процесі. Адамда өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу әдеті қалыптасқанда, онда ерік-жігер деңгейі төмендейді, осыны қанағаттандыру жеке-тұлғалық мәнге ие бола бастайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге деген шынайы қажеттілік қалыптасады.
Сондықтан өзіңді тәрбиелеуді ұйымдастыруда дәл алғашқы сәттер әрқашан да ең күрделі болып шығады. Өзін-өзі тәрбиелеудің анық білінген мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюдың ерекшелігін, яғни өзіндік келбетін анықтайды. Мақсаттап, өз кезегінде, әртүрлі болуы мүмкін.
Кей кездері адам өзінің тұлғасының мықты жақтарын табу үшін талай уақыт шығындайды. Аталған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты өзін-өзі танудың мақсатымен сайма-сай келеді. Оның ерекшелігі мықты жақтарын іздестіруді адамның өзін-өзі тану емес, өзін-өзі тәрбиелеу факторы ретінде бағалайтындығынан тұрады. Мақсаттар ретінде кей кездері өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру көрініс табады.
Мақсаттар өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру нысаны бойынша ерекшеленуі мүмкін, мысалға: өзінің бойында белгілі бір тұлғалық қасиеттерді; психикалық үрдістерді (жады, ойлау, елестету); қабілеттерді; адамдармен қатынас жасай білуді; қандай да болсын іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті нақтылы дағдыларды дамыту.
Мақсаттар басқаларға билік етуге, оларға бағынуға немесе ынтымақтасуға ұмтылудан туындылар ретінде қойылуы мүмкін. Өзін-өзі тәрбиелеудің «Барлығы да өзін-өзі жетілдірумен айналысады, мен жұрттан неммен кеммін» дегендей пікірлерді «жұқтырып», сәннің әсерімен де өзекті бола бастауы қызықты жәйт.
Әрбір нақтылы тұлғаның мақсаттары мен оларды қою жағдайларының тізімін айтарлықтай кеңейтуге болады. Істің мәнісі, алайда, мұнда емес. Ең бастысы – жағымды мотивацияның әсерімен адам өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюға дайын және қояды да, мақсаттар қою құндылығы осы үрдістің құндылық нормативтерімен сәйкес келуі үшін, бұған белгілі бір ерік-жігер күшін салады. Бұл кезде негізгі шарт сақталуға тиіс: өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын қою өзін-өзі теріске шығарумен, өзімен, өзінің кемістіктерімен күресумен ілесе жүрмеуге тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін, ал осы арқылы даму міндеттерін де шешу тұлғаның өзін толық және сөзсіз қабылдауына байланысты болып келеді, олай болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу өзімен күресу сипатын ала бастайды, ал өзін тану және дамыту өз өзімен (жарияланған немесе жарияланбаған) соғысқа келіп тіреледі. Бұл тұлғаны құру емес, оны жою жолы. Қандай да бір жаңаны алу, игеру - өзін-өзі тәрбиелеудің және жағымды нәтижеге қол жеткізудің лайықты жолы.
Қарастырып отырған мәселенің контекстінде ерекше назарға өзін-өзі қабылдау тәсілдері мен құралдары лайық. Оларды талдау өзін-өзі тәрбиелеу жолында әр адам үшін өзекті сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді: менің өзін тану және дамытуыма қатысы бар мәселелерді мен қалайша шеше аламын? Қазіргі ғылым мен практикада мұндай тәсілдер аз емес. Солардың тек бірнешеуіне ғана тоқтала кетейік.
Өзін-өзі ынталандыру – бұл осының нәтижесінде тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу үшін өзіне мотивтерді өз бетінше анықтайтын, қол жеткізілген нәтижелердің барлық оң және теріс жақтарын, өзін-өзі тәрбиелеу барысында өзі алған басымдықтарды таразы басына тартатын процесс. Өзін-өзі ынталандырудың тиімді түрі өзін-өзі нандыру болып табылады, бұл кезде, қисынды дәлелдерді пайдалана отырып, адам өзін-өзі өзгерту қажеттігіне нандырады, өзінде қажетті мақсатты жасап шығарады. Бірқатар жағдайларда, тіптен өзін «жаңа өмірді бастау» қажеттігіне нандырып-ап, солай болғанда да тұлғада ойға алғанды жүзеге асырумен қиындықтар туындайды, бұл жерде өзінің инерттілігі, жалқаулығы және т.с. түріндегі кедергілерді жеңіп шығудың тиімді амал-тәсілі ретінде өзіне өзі бұйрық беру көмекке келеді. Бұл кезде, егер адамның бойынан жалқаулық табылса, ол жоққа шығарылмайды, бірақ оған бұл қасиет толық шамада көрініс таба алатын арнайы уақыт бөлінеді (мысалға, сенбі күні 17 сағаттан 20 сағатқа дейін).
Өзін-өзі ынталандыру әдістері екінші кезеңде өзін-өзі бағдарламалау әдістеріне табиғи түрде ұласады. Өзін-өзі тәрбиелеуде нәтижеге қол жеткізу үшін, әрекеттер бағдарламасы қажет, мысалға: басқалармен кикілжіңге түсуімді қою үшін мен не жасаймын? Өзімнің елестетуімді дамыту үшін не жасау керек? Өз бағдарламасын (оны ойда ұстауға болса да, бағдарлама жазылған болса құба құп болады) жасаудың негізінде: нәтижелерге жету үшін не істеу керек, қандай дәйектілікпен және қанша уақыт ішінде істеу керек деген, жоспарлау актісі жүзеге асырылады. Оған алдағы нақтылы іс-әрекетке қатысты өзіне- өзі нұсқау беру тәсілі жатады.
Мысалға, адам өзінің алдына мынандай мақсат қойды – жұрт көзінше сөз сөйлеуде сенімділікке жету. Баяндаманың алдында ол өзіне өзін қалай ұстау керектігі жайында нұсқау бере алады:
сөйленетін сөздің мәтінін ойша жаңғырту;
өзін мәтіннің нашар еместігіне және басқалардың бұл мәтінмен таныс еместігіне нандыру;
сөз сөйлеу фактісінің өзін ойша ойнап шығу;
үрейді сейілтетін қажетті жаттығулар жасау;
тіптен бұлар сәтсіз болса да, сөз сөйлеудің нәтижелерін болжап білу (бұдан қорқатын дәнеме де жоқ, өмір жалғасады және бір ғана сәтсіздік өмірді өзгертпейді).
Мұндай нұсқау өз өзінен-ақ сенімділік пен күш береді, ал оның үстіне сөз сөйлеу шындығында да жақсы өтсе, ол бекітіліп қалады және оны тұлға оңды бастан кешіреді. Келесі тәсілдер де осындай деуге болады: өзін тану және дамыту және ойға алғанды жүзеге асыру барысына өз өзін жолшыбай бақылау; өздерінің жиынтығында іс-әрекеттің өзінің жүрісіне де, одан арғы өзін тану және дамыту бағдарламасына да қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бақылау. Ақырында, күн ішінде, апта ішінде, жыл ішінде, ұзағырақ уақыт аралығында қол жеткізгенді талдаудың зор маңызы бар. Қол жеткізгенді констатациялаудың және өз бағдарламасын жүзеге асырудың одан арғы келешегін анықтаудың тиімді түрлері болып өз өзіне есеп беру және істелген нәрсені, ие болынған жүріс-тұрыс ерекшеліктері мен қасиеттерін өз бетінше бағалау табылады. Бұл жерде, біз бірнеше мәрте атап өткендей, тұлғаның дамуын одан әрі өз бетінше болжаумен байланысты рефлексивтік механизмдер бар. Жүргізілген өзін-өзі бақылаудың негізінде мақсаттарды және нәтижеге қол жеткізу тәсілдерін түзету жүзеге асырылады. Өзін - өзі тәрбиелеу тәсілі ретінде өзін тану қолданылады. Өзін тану – осының негізінде өзін тану және дамыту жөніндегі іс-әрекет өрбитін дербес іс-әрекет екені біздің есімізде, бірақ бұл тұлға өзі туралы білімдердің жетіспейтіндігін анықтаған кезде өзекті бола бастайтын өзін-өзі тәрбиелеу құралы да; қол жеткізілгенді бағалауға және өзін тану және дамытуға мүмкіндік беретін, өз іс-әрекетін талдау; осында табыстар мен сәтсіздіктер тіркелетін, басқалар тарапынан қойылатын талаптар айқындалатын, нәтижесінде тағы да өзін-өзі бекіту мен өзін танытудың одан арғы мақсаттары дәлдеп тексерілетін, әлеуметтік қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін талдау; өзіңнің қоршаған әлем туралы дүниетанымыңды кеңейтуге, ондағы өз орныңды тануға, өз тұлғаңды одан әрі құру үшін негіз ретінде қажетті эрудиция алуға мүмкіндік беретін, өз өзіңе білім беру. Нәтижелерге келер болсақ, оларға қол жеткізу деңгейін әр тұлға жеке бағалайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі қомақты болып, бірақ адам оларға қанағаттанбаған және өзінің алдына жаңа мақсаттар қоятын жағдайлар болып тұрады. Нәтиже қарапайым болып, бірақ өзін-өзі жетілдіру жолында тіптен осындай кішігірім алға жылжуды өзінен күтпегендіктен, индивид оған да балаша қуанатын жағдайлар да некен-саяқ емес. Әлеуметтік қоршаған ортаға, жалпы алғанда қоғамға келер болсақ, олардың талаптары объективті және оның әрбір мүшесінің уайымдаулары мен комплекстеріне байланысты емес, нәтижелердің талаптарға сәйкестігінен көрініс табады: сен басқалар, қоғам үшін не бердің? Сенің қоғамдық дамуға жеке үлесің қандай? Мұндай бағалауды ешкім де тура тұжырымдамайды, бірақ саналы түрде немесе интуиция дәрежесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін тану және дамыту жолына тұрған әркім ойда ұстайды. Бұл ақыр нәтижесінде қол жеткізілгенге қанағаттанғандық деңгейін: дананың қанағаттанбауын және қарапайым тұлғаның өз өзіне мақсаттануын тудырады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тәрбиелеуді тұлғаның өзін тану және дамыту құралы ретінде сипаттап алып, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті туралы мәселе қойғанымыз мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ.
§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті - өзіне мақсат қоюдың, амал-тәсілдерді, құралдарды таңдаудың және нәтиже алудың, өзін, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту мен өзгертудің, психикалық процестер мен ерекшеліктердің, іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың, социуммен және жалпы әлеммен өзара әрекеттесудің жеке ұйғарылған және әлеуметтік-құндылық тәсілдерін қосатын күрделі де ауқымды түсінік. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті туралы мәселе кездейсоқ пайда болмайды және өзін-өзі тәрбиелеумен әркімнің айналысатындығымен, бірақ мұндай істің әрқашан әлеуметтік маңызды сипатқа ие бола бермейтіндігімен, өзінің тұлғасын өзі құрудағы себептілік пен дәйектілік заңдарына бағынышты екендігімен байланысты болып келеді.
Бөліп көрсетілген белгілер өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. Шындығында да, егер тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен өзінің эгоистік мотивтерін қанағаттандыру, басқа адамдарға билік жасауға және оларға үстемдік етуге қол жеткізуге ұмтылу, тұлғаның басқаларды жою, басып тастау, қоғамға зиян келтіру үшін қажетті антиәлеуметтік қасиеттері мен сапаларын жетілдіру үшін айналысатын болса – мұндай өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетпен еш қиылыспайды.
Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттары және пиғылдары игілікті, ал өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың мотивтері нақтылы қоғам мен социумның талаптарымен ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтармен біте қайнасқан болуы керек (мысалға, тоталитарлық қоғамда осы қоғамның идеалдарына сай келетін өзін-өзі тәрбиелеу құндылыққа ие бола бастайды. Сонымен қатар «халық жауларына» деген өшпенділікті тәрбиелеу сталиндік режим кезінде қолдау алып отырды және т.с.). Осылайша, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті – бұл өз бойында тұлға қасиеттерін және жүріс-тұрыс тәсілдерін өз бетінше бекітуге және өз өзінше жетілдіруге, жалпы адамзаттық идеалдармен: Ақиқатпен, Сұлулықпен, Мейірбандықпен және т.б. өзара әрекеттесуге ұмтылу және адамның ең толықтай өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту тәсілі.
Мәдениеттің өзге бір белгісі өзін-өзі тәрбиелеудің жүйелілігі болып табылады. Жүйелілік дегеніміз жиынтығында өзінің тіршілік етуінің өзгеріп отыратын жағдайларында тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі танытуының үздіксіз процесін қамтамасыз ете отырып, жүйенің әр элементі өзінің нақтылы міндетін шешетін, өзінің ролін орындайтын, өзін-өзі танудың, өзін-өзі тәрбиелеудің және өзін тану және дамытудың органикалық байланысын және өзара келісушілігін білдіреді. Егер өзін-өзі тәрбиелеу ерік-жігер арқылы өзін жай ғана мәжбүрлеу процесі жүрген кезде белгілі бір жүйесіз, жеткілікті мотивациялық негізсіз, оқтын-оқтын жүзеге асырылса, жеке бас міндеттерін шешсе, мұндай өзін-өзі тәрбиелеу ақыр нәтижесінде елеулі оң нәтиже бере қоймайды. Онымен қоса, егер өзін-өзі тәрбиелеу басқалардың қысымымен жүзеге асырылатын болса (ал мұндай жағдайлар сирек емес, мысалға, ата-аналары өз балаларынан күнделік жүргізуді, «Өз ерік-жігерімді қалай дамытуыма болады» тақырыбына шығарма жазуды және т.с. талап етеді), өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілікті қалыптасу процесі ретінде көрсетілсе, онда өзін-өзі тәрбиелеуге сүйіспеншілік емес, қажетсіз және жағымсыз міндет ретінде жек көрушілік орнығады. Бақылаудың әлсіреуімен бірге өзін-өзі тәрбиелеу актілері де тоқтатылады.
Жүйелілік – бұл бүкіл өмір бойына жүзеге асырылатын еріктілік, тұрақтылық, өзара байланыстылық. Жүйелілікпен бұлар да мәдениеттің маңызды белгілері ретінде көрініс табатын, өзін-өзі тәрбиелеудің дәйектілігі мен алгоритмділігі тығыз байланысты. Бір сәтке өзіміздің көз алдымызға мынандай сәтті келтірейік: өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса бастап, адам әлде өзінің тіршілік әрекетінің тұтастай кезеңдері арқылы қолынан келмейтін мақсаттар қояды, әлде нәтижелерді тезірек алуға көңіл аударады, немесе қол жеткен табыстарды жалған бағалайды – осының барлығы өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасында (егер ол болған болса) ереулі іркіліс болғандығын, операциялық-ерік-жігер компоненттеріне мотивациялық компоненттер қарама-қарсы қойылғандығын және т.с. куәландырады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл асығып-аптығуға, дәйексіздікке, алға қарай секірістерге немесе ақталмаған кері шегінуге төзе алмайтын процесс. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне алға немесе артқа қарай жасалған әр қадам анық дәлдестірілуі, негізделуі тиіс болатын, өзін-өзі тәрбиелеу актілерін жүзеге асырудағы жүйелілік, дәйектілік, бірізділік себепкер болады. Енді өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің құрылымына бет бұрайық, ол өзіне: 1) өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын таңдау және қою мәдениетін; 2) өзін-өзі тану мәдениетін; 3) өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары мәдениетін; 4) осыларда өзін-өзі тәрбиелеу жүзеге асырылатын жағдайлар, шарттар мәдениетін қосады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын таңдау және қою мәдениеті тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің адам тұрған даму кезеңімен байланысты қазіргі жағдайға (тұлғаның даму ерекшеліктеріне) адекватты мақсаттар қоюға қабілеттілігінен тұрады – бұл әлде жағымды өзін-өзі таныту мақсаттары, әлде жағымды өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту мақсаттары. Мақсаттар қою жалпы адамзаттық құндылықтарды, сондай-ақ мотивациялар мен мақсаттардың нақтылы жағдайларға және, егер бұл талаптар антиәлеуметтік сипатқа ие болмаса және индивидтің мақсаттары мен нанымдарына түпкілікті қарама-қайшы келмесе, қоршаған ортаның талаптарына жарамдылығын ескере отырып, қалыптасып қойған мотивацияға жауап беруге тиіс.
Өзін-өзі тану мәдениеті өзін-өзі тәрбиелеу процесіне табиғи түрде қосылады және оның мазмұны мен бағытталғандығына себепкер болады. Ол өзін-өзі танудың әлеуметтік жарамды жолдарын және тәсілдерін пайдаланудан; тұлға өзін-өзі танудың қажетті тәсілдеріне ие болған кездегі жүйелілік пен дәйектіліктен; өз бетінше немесе басқалардың шамалы көмегімен өзінің тұрақты тұрғысын құруға қабілеттілігінен; теріс немесе әлсіз жақтардың әсер етуін минимумға дейін келтіре отырып, іс-әрекетте өзінің мықты жақтарын максималды пайдаланудан; өзімен сәйкестендіруден, өзін қабылдаудан; өзін-өзі құрметтеудің қажетті деңгейіне қол жеткізуден; өзін-өзі тану мәселелерінде тұлғалық құзыреттілікке ие болудан тұрады.
Өзін-өзі тану мәдениеті өзін-өзі танудың айқын білінген мотивтерінің негізінде, тұлғада сәйкестендіру және рефлексия механизмдері дамыған кезде тұлғаның өзін, өзінің қасиеттерін табуға, бекітуге, талдауға және қабылдауға деген қабілеттілікке ие болатындығынан тұрады.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары мәдениеті – бұл өзін-өзі тәрбиелеудің айқын білінген мотивациясының негізінде мақсаттарға жылдамырақ қол жеткізуге және оңды нәтижелер алуға ықпал ететін тәсілдер мен амалдарды таңдай білу. Біреу үшін бұл өз өзіне бұйрық беру әдістері, екінші біреу үшін - өзін-өзі ынталандыру, үшінші адам үшін - өзінің дамуының бағдарламасын құрастыру. Ең бастысы – қандай да бір амалдарды, тәсілдерді, құралдарды пайдаланудың жүйелілігін, дәйектілігін сақтау, әлеуметтік және тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу.
Осыларда өзін-өзі тәрбиелеу жүзеге асырылатын жағдайлар, шарттар мәдениеті. Егер бұл үшін арнайы жағдайлар жасалмаса, қолайлы атмосфера болмаса, мақсаттарды қоюдағы мәдениет, өзін-өзі тану мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері, амалдары және құралдары туралы толық шамада ауыз толтыра сөз айтуға болмайды.
Егер мұнымен ешкім айналыспаса; өзіне өзі білім беру мүмкіндіктері шектеулі болса; өзін-өзі тәрбиелеуді қалайша жүзеге асыру керектігі туралы қарапайым білімдер болмаса, осы процесте көмекке келер мұғалім болмаса, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу қиынға соғады. Сондықтан тиісті жағдайлар жасау, өмірлік мақсаттарға қол жеткізу құралдары ретінде өзін тану және дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу құндылықтарын әдетке айналдыру тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудың күрделі мәселелерін шешуі үшін маңызды алғышарттар болып табылады.
§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері
Айтылғанның бәрінен қандай да бір оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қою мәдениетін, өзін-өзі тануды ұйымдастыру мәдениетін, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын таңдау мәдениетін дамытуға келіп тірелетіндігі түсінікті болып отыр. Алдын-ала «қалыптастыру» терминінің біршама шартты екендігін атай кеткен жөн. Қалыптастыру тұлғаға өзін өз бетінше құруға, өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру актілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайлар жасау деп түсінідіріледі (мысалға, мектепте өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу процестерін ынталандыру міндеттерін де, өзін-өзі тәрбиелеудің әдістеріне, амалдарына, құралдарын оқыту міндеттерін де шешуге мүмкіндік беретін атмосфераны қалыптастыру). Өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетін оқушылардың өз бетінше жасайтын іс-әрекеті ретінде бөліп көрсетуі үшін, өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың ең жалпы принциптері қандай екен? Мұндай принциптерге келесілерді жатқызуға болады.
Еркіндік принципі. Тек осы қағидалы жүзеге асырған кезде ғана оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктің пайда болуы үшін алғышарттар жасалады. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының еркіндігі өз дамуының және тұлғалық өсудің дербес жолдарын таңдау мүмкіндігінен тұрады, мұның әкімшілікке, ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушылардың өздеріне қатысы бар. Еркіндікке деген қажеттілік өзін тану және дамыту туралы және қатысушыларда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік пайда болатындығы туралы сөз айту қиынырақ. Әрине, мұнда еркіндік барлығына рұқсат берілгендік немесе оқытпау және оқымау мүмкіндігі ретінде емес, қоғам (бағдарламалар, стандарттар) белгілеген мақсаттарға қол жеткізе отырып, таңдау жасаудың, қоршаған адамдармен қатынасты өз мүдделеріне және қабілеттеріне сәйкес, бірақ басқаларға зиян келтірусіз құрудың объективті ұғынылған қажеттігі.
Жәбірлеусіз, дамытатын ортаны құру принципі. Егер педагогикалық үрдістің барлық субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу мәжбүрлеумен байланысты болса, еркіндік принципі жүзеге асырыла алмайды. Өзара әрекеттесудің өзі бір-біріне деген сенім, қабылдау, құптау, дербестік және бір-біріне шыдамдылық негізінде құрылатын жеке тұлғалардың гармониясы болған кезде ғана мүмкін болады. Егер осы принцип сақталатын болса, өзін-өзі еркін көрсету және өзін тану және дамыту үшін қолайлы атмосфера жасалады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі жетілдірудің пәрменді құралы ретінде қабылданатын болады.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларына тұлғалық тұрғы принципі. Ол білім беру процесіне әрбір қатысушының әркімнің өзінің іс-әрекетінің: директор - әкімшілік іс-әрекеттің, мұғалім – сабақ беру іс-әрекетінің, оқушы – оқу іс-әрекетінің және т.с. субъектісі болып табылатындығының қарапайым фактісін мойындауын білдіреді. Тұлғалық тұрғы принципі әркімнің басқа адамдардан өзгеше қайталанбас тұлға болу, өзінің қажеттіліктеріне, көзқарастыраны, ұмтылыстары мен мүдделеріне, яғни, басқаша айтар болсақ, адамның нені қабылдайтындығына, не істейтіндігіне, аталған сәтте қандай міндеттер шешетіндігіне өзінің субъективтік тәжірибесіне ие болу құқығын танып, мойындауды білдіреді.
Тізіп көрестілген үш принцип өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру жағдайларын жасау үшін шекті ортақ болып табылады. Олардың шеңберінде оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасайтын кейбір жеке аспекттерді бөліп көрсетуге болады.
Олардың негізгісі болып педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы табылады. Өзін жүзеге асыратын, сабақтарда және басқа да мектептегі және мектептен тыс шараларда күш-жігерін аямайтын мұғалім балалардың өздерінің өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруында еліктеуге үлгі болып шығады. Мұндай жағдайларда балалардан талап етудің, оларға түсіндірудің қажеті жоқ. Мұғалім өзіңе қалай үнемі жетілуге, өзіңде бұрын болмаған қасиеттерді, білімдер мен ептіліктерді алуға болатындығының үлгісі. Керісінше, егер педагогтың өзі жетілмесе – бұл балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше маңыз бермейтіндігінің көрсеткіші.
Енді мектепте өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың нақтылы түрлеріне көңіл бөлейік. Практика мектептегі тіптен төменгі мектеп жасынан бастап енгізіле алатын психология сабақтарының үлкен мүмкіндікке ие екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда психология бойынша тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересек мектепке дейінгілер үшін оқулықтар жазылғанын атай кету керек (мысалға, И.В.Вачковтың «Балдырғандарға арналған психология» оқу құралы қызығушылық тудырады). Психологияны оқып, білу өз өзінен қызықты, онымен қоймай, ол өз тұлғасына деген қызығушылықты арттырады, келесідей: мен кім болып табыламын? Қандай мүмкіндіктерге иемін? – деген сұрақтарға ойланып қалуға мәжбүр етеді, өзін-өзі тануға, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді айтарлықтай ынталандырады, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктерді өзекті ету үшін бастапқы негізді құрайды. Қазіргі уақытта біздің еліміздің әртүрлі аймақтарында психологияны факультативтік курс ретінде берудің талай тәжірибесі бар. Психологияны беруді құру мен ұйымдастырудың мысалы болып М.А. Подвойскаяның «Мектептегі психология сабақтары» оқу құралы табылады, мұнда 8-9 сынып оқушыларымен сабақтардың мазмұны ашып көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар отандық психолог әйгілі пофессор C. М. Жақыпов., Ф.Бизақованың «Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар» атты оқу құралында психотүзету сабақтарының мазмұны, олардың мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептегі оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрастырылған бағдарламалары айқын көрсетілумен қатар, авторлардың өткізілген сабақтарға қатысты бақылаулары, оның ескертулері келтіріледі.
Өзін тану және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған, әртүрлі жастағы балалармен арнайы сабақтардың тұтас циклдарын жасап шығаруға және енгізуге назар аударғымыз келеді.
Өзін тану және дамытуға ілесе жүру мәселелерін ашып көрсеткен кезде, біз осында өзін тану және дамыту бойынша мектеп оқушыларына арналған тұтастай курстар жасап шығарылған Г.К.Селевконың технологиясын көрсеткен де болатынбыз. 1-4 сыныптарда бұл «Этика бастаулары» курсы, бұл курстың міндеттері өзіне, өзінің ішкі әлеміне қызығушылықты ояту, өзін-өзі талдау мен өзін-өзі реттеудің бастапқы тәсілдеріне үйрету болып табылады; 5 сыныпта – «Өзіңді таны» (өзін-өзі тану мотивтері бекітіледі, оқушылар өзін-өзі жетілдірудің қажеттігін түсінуге әкелінеді); 6 сыныпта – «Өзіңді өзің жаса» (өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері дамытылады); 7 сыныпта – «Өзіңді оқуға үйрет (өзіне өзі білім беруге деген қажеттіліктер ынталандырылады); 8 сыныпта – «Өзіңді бекіт» (өзін-өзі бекітудің оптималды мотивациясы қалыптастырылады және өзін әлеуметтік жарамды тәсілдермен бекітуге қабілеттіліктер дамытылады); 9 сыныпта – «Өзіңді тап» (орталық ретінде өзін-өзі анықтау мотивациясын дамыту міндеті қойылады); 10 сыныпта – «Өзіңді басқар» (оқушылар өзін-өзі реттеу негіздерімен танысады, автономиялық пен дербестік көріністерін мотивациялау өзекті етіледі); 11 сыныпта – «Өзіңді жүзеге асыр» (өзін-өзі жүзеге асыруға мақсат қалыптастырылады). Аталған бағдарлама мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін өз бетінше дамыту және қалыптастыру жөніндегі іс-әрекетін қалайша ұйымдастыруға болатынының мысалы болып табылады (Г.К.Селевконың «Мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру жөніндегі құрал» кітабын қараңыз). Сірә, осылардың негізінде өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік қалыптасатын, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді ынталандырудың ең тиімді түрлерінің бірі арнайы әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Тренинг басқаша тәсілдермен шешілмейтін сан көптеген спецификалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, тренинг тобындағы жұмыс – бұл оқушылардың өз таңдауы, мұнда мәжбүрлеу жоқ. Екіншіден, тренинг нақтылы жағдайға қарағанда, жанға азырақ жарақат салатындай етіп қабылданатын, басқа қатысушылар тарапынан өзі туралы нақтылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, тренинг – бұл өзіңнің басқаларға қатынасыңды көрсету практикасы және өзіңді басқалардың қабылдау практикасы. Төртіншіден, тренинг өмірдің әртүрлі аспектілеріне: өткенге, қазіргіге және болашаққа қатысы бар нақтылы дағдылар мен ептіліктерді жасап шығаруға мүмкіндік береді.Аталған түрдің мүмкіндіктерінің осы тізімін жалғастыра беруге болады, ол шындығында да шексіз-шетсіз және оны жүргізу барысында жүргізуші, әдетте психолог қоятын нақтылы міндеттермен анықталады. Қазіргі уақытта осында психолог бар мектептерде және оқу орындарында тренингтер кең таралымға ие болды және тек қатысушылардың ғана емес, топ жетекшісінің де тұлғасының өзін тану және дамыту және қалыптасу процесіне оңтайлы әсерін тигізуде, яғни әдеттегі оқулар түрінде жүргізілетін дәстүрлі оқытуға осы жетіспей отырған, бірлескен өсу және өзгеру актілері байқалады. Тренинг сабақтарының тақырыптары әр алуан, дәл сол кезде қарым-қатынгас пен өзара әрекеттесу тренингтерімен қатар өзін-өзі тануға, өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған спецификалы сабақтар көбірек тарала бастауда.
Отандық психолог Г.А.Цукерман жасап шығарған тренингтердің тамаша сценарийін ұсынуымызға болады, мұнда өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту мәселелері жасөспірім жастағы балалар үшін ең қол жетерліктей және, ең бастысы, қызғылықты қарастырылған (Г.А.Цукерманның, Б.М.Мастеровтың «Өзін тану және дамыту психологиясы» кітабын қараңыз). Психологқа да, мұғалімге де пайдалы, өзінің алдына мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін қойған басқа да көптеген жете зерделеулер бар.
Оқушылармен өзін тану және дамыту бойынша психология сабақтарын, арнайы сабақтар, тренингтер және т.с. өткізу оқушылардың өзіне өзі білім берумен айналысуға, яғни олардың өзі туралы түсініктерін кеңейтулеріне, өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама құруларына көмектесетін әдебиет оқуға деген табиғи ниеттерін оятады. Қазіргі уақытта осыларда диагностикалық әдістемелер түсінікті түрде келтірілетін, өзін тану және дамыту бойынша жалықтырмайтын ұсыныстар берілетін, оқушыларға арналған талай оқу құралдары бар. Осылардың ішіндегі ең сәттілеріне Ю.М. Орлов жазған «Өзін-өзі тану және мінезді өз бетінше тәрбиелеу», А.М. Прихожан жазған «Жолы болмаушыға арналған психологиялық анықтамалық немесе Өзіңе деген сенімділікке қалай ие болуға болады» кутаптары және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың ең пәрменді түрлерінің бірі психолог жүргізетін дербес кеңес берулер табылады. Осындай жұмыс кезінде оқушыларды толғандыратын мәселелерге ең тереңдей енуге жағдайлар жасалады, болуы мүмкін сәтсіздіктердің себептерін бірлесе іздестіру үшін алғышарттар туындайды өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің нақтылы жолдары белгіленеді. Оқушының психологпен әңгімесінің өзі өшпестей із қалдырады, өзінің қазіргі жағдайын ой елегінен өткізуге мәжбүрлейді, өзін-өзі оңды бағытта өзгерту тенденциясын ынталандырады. Егер де әр оқушыда осындай кездесу мүмкіндігі болса және ол қажетті психологиялық және психотерапиялық көмек алып отырса, көптеген мектеп мәселелері өз өзінен ғайып болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес нәрсе. Тіптен мектепте психолог болған күннің өзінде де (ал мұндай мектептер объективтік және субъективтік себептерге орай өте аз), барлық мәселелерді жалғыз өзі шешу оның қолынан келе қоймайды. Сондықтан мұндай мәселелердің ең көбі пәннен сабақ беруші мұғалімге немесе сынып жетекшісіне келеді. Ақыр нәтижесінде, әрбір оқушыға қаншалықты көмек және қолдау көрсетуге болатындығы осы мұғалімдерге, олардың психологиялық сауаттылығы мен оңды әсер етуге қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті ынталандыратын көмекші құрал ретінде педагогикалық ұжым мен мұғалім жүргізетін сыныптан тыс жұмысты атаған жөн. Егер мектепте мектеп оқушыларына психологиялық білім беру жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілмесе, ол көмекші құралдан негізгі құралға айналып шыға келеді. Сыныптан тыс іс-әрекеттің нақтылы бағыттары ретінде «Психологиялық кештерді», «Психологиялық Көңілділер мен тапқырлар клубын», «Психологиялық кроссвордтарды», «Қатынас жасау сабақтарын» және көптеген басқаларын айта аламыз. Бір жағдайларда сыныптан тыс жұмыс мектепте өткізілетін шаралар шеңберін табиғи түрде толықтырады және кеңейтеді, басқа жағдайларда - өзі өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, Мен және Басқаларды ашу жөніндегі негізгі іс-әрекет болып шығады. Көп нәрсе, әрине, педагогтың мүдделеріне, оның психология саласындағы эрудициясына, әртүрлі жастағы балалармен бірлесе отырып, осындай түрдегі іс-әрекетті жүргізуге дайындығына байланысты болып келеді. Өкінішке орай, психологиялық білім алудың, өзіне және басқаларға қызығушылық оятудың жалғыз ғана көзі, өзімен жұмыс істеуді бастаудың стимулы болып табылатын, балалармен сыныптан тыс дүркін-дүркін жұмыс жиірек жүргізіледі. Кей кездері бұл да жоқ. Сонымен, біз өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру – бұл ересектер тарапынан да, балалардың өз тарапынан да белгілі бір күш-жігерді қажет ететін күрделі процесс екендігін көрсетуге әрекет жасап көрдік. Идеалды вариантында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін бүкіл мектеп деңгейінде тиісті жағдайлар қалыптасқанда, мақсатты бағытталған өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін алғышарттар жасалғанда, психология сабақтары, арнайы сабақтар, тренингтер, кеңес берулер, сыныптан тыс сабақтар жүргізілгенде қалыптастыруға болады. Басқаша айтар болсақ, өзін-өзі тәрбиелеу мотивациясының пайда болуына, өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы бағдарламасын, оны жүзеге асыру жолдары мен құралдарын таңдап алуға ықпал ететін бірегей педаггоикалық, зорлықшыл емес, өзін-өзі дамытатын орта құрылған кезде осындай болмақ. Үйреншіктілік, еркіндікті шектеу, мәжбүрлеу атмосферасы, өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеуге арнайы оқытудың болмауы, керісінше, өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерді шектеп тастайды, ал өзін-өзі тану мен өзін-өзі бекіту әлеуметтік жарамды емес немесе тіптен антиәлеуметтік жолдармен жүреді. Қорытындылай келе, өзін тану және дамытудың белгілі бір жас кезеңдерінде объективтік заңдылықтарға бағынышты екендігін атай кетуіміз керек. Көп нәрсе әлеуметтік қоршаған ортаға, әр баланың өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту процестеріне ілесе жүруге және қолдау көрсетуге өзіне міндеттер алатын ересектерге байланысты болып келеді. Өз бетінше өмір сүруге, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзінің Жер бетіндегі Адам борышын орындап шығуға алғышарттар жасайтын, тұлғаның өзін тану және дамыту мәдениетіне алып келетін өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті олардың осы процестерді қалайша ұйымдастыра алатындығына, өздерінің осы процестерге қаншалықты қосылғандығына байланысты болып келеді.
Қорытындылар
Өзін тану және дамыту, өзінің мәнісі бойынша субъективтік процестер бола отырып, солай болса да өзінің қалыптасуында белгілі бір объективтік заңдылықтарға бағынған.
Өзін-өзі тану өзінің физикалық Менін, әлеуметтік Менін бөліп көрсету, өзінің ішкі әлемін, өзі туралы тұтас түсінікті, өзінің тұлғасы туралы түсініктерді одан әрі жекешелендіре және тереңдете отырып, өзінің Мен-концепциясын ашу кезеңдерінен өтетін, далпы алғандағы сана-сезім шеңберінде дамиды.
Өзін тану және дамыту өзін тіршілік әрекетінің субъектісі ретінде ұғыну, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту процестерінен басталады, өзін өзін тану және дамыту субъектісі ретінде ұғыну кезеңінен өтеді (қолайлы жағдайлар кезінде) және өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту актілерінде, өз өзін өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде құруда жүзеге асырылады. Өзін тану және дамытудың өзіне тән қиындықтары болып: өзін тану және дамытудың мотивациялық негізінің, амалдары мен тәсілдерінің қалыптаспағандығы; сенімсіздік пен өз өзіне сенімділікті туындататын адекватты емес өзін-өзі бағалаулар, бұл өмірлік мақсаттарды қоюдағы қиыншылықтарға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға ниет етпеуге және т.б. себепкер болады.
Егер тұлғаға (оның қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде) жағымдык ілесе жүру шеңберінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілетін болса, өзін тану және дамыту процестері тиімдірек және әлеуметтік-жарамды нормаларда өрбитін болады. Егер оқу орындарында ілесе жүру идеясына жүзеге асырылса және оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру өзін тану және дамытуға бағытталған болса, бұл өзара әрекеттесудің әрбір субъектісінің өзімен жұмыс істеуіне қолайлы алғышарттар жасайды, дербес өзін тану және дамытуды ынталандырады. Қазіргі таңда педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының өзін тануы және дамытуына бағдарланған, әр тұлғаның жағымды потенциалдық мүмкіндіктеріне сенімге негізделген гуманизм идеялары ең көзге түсерліктей етіп көрініс табатын талай арнайы технологиялар белгілі.
Осы оқу құралында мысал үшін К.Роджерстің тұлғалық бағытталған оқыту технологиясы, Г.К.Селевконың мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы және жәбірлемеу педагогика мен психология идеяларының негізінде өзін тануға және дамытуға ілесе жүру технологиясы қарастырылды. Өзін тану және дамыту барысында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен көмек көрсетудің кейбір нақтылы бағыттары ашып көрсетілді. Сенімсіз және өзіне тым сенімді балаларға, үрейлілікті бастан кешіріп отырған мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына көмек көрсету тәсілдері көрсетілген, ұйымдаспаған балалармен жұмыстың бағдарлары белгіленген, олардың кәсіптік өзін-өзі анықтауы кезеңінде мектеп оқушыларымен іс-әрекеттің спецификасы көрсетілген. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өзін тану және дамыту құралы ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәнісі ашып көрсетілген, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің жалпы сипаттамасы берілген, оқу орындарының әртүрлі жас кезеңдерінде психологиялық-педагогикалық ілесе жүру және тұлғаға қолдау көрсету идеяларын жүзеге асыру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері көрсетілген.
№ 53. Өзін- өзі жетілдірудің мақсаты. Тұлғалық өсу ұғымы
Өзін-өзі жетілдіру
Өзін-өзі жетілдіру – бұл, сірә, өзін тану және дамыту дың ең адекватты түрі болса керек. Ол адамның өзі (өз бетінше) жақсырақ болуға тырысатындығын, қандай да бір идеалға ұмтылатындығын, өзінде әзірге жоқ тұлғаның ерекшеліктері мен қасиеттеріне ие болатындығын, өзі игермеген іс-әрекет түрлерін игере бастайтындығын білдіреді. Басқаша сөздермен айтар болсақ, өзін-өзі жетілдіру – бұл тұлғаның дамуын, өз қасиеттері мен қабілеттерін саналы түрде басқару процесі. Идеал әдетте қол жеткізбейтіндей болғанымен және әр адамның оны өзінше түсінетіндігіне қарамастан, солай болса да, егер ол бар болса, дамуға деген тенденция өмірге ұғынғандық береді, оны толықтықпен, тқрақтылықпен және белгілікпен қанықтырады. Өзін-өзі жетілдіру әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін: бір жағдайда - әлеуметтік маңызы бар қасиеттер мен ерекшеліктерге ие болу, басқа жағдайда - өмір мен іс-әрекеттің теріс тәсілдерін игеру. Тұлға кәсіптік құзыреттілікке ие болуда өзін-өзі жетілдірген кезде әңгіме істің бір жағы жайында, ұрлықшы шеберлігін шыңдаған немесе адамдарды пайдаланып қалу тәсіәлдерін жетілдіре түскен кезде – әңгіме мүлдем басқа туралы. Өзін-өзі жетілдірудің өзін-өзі бұзу деп аталатын, әртүрлі себептерге орай адам тұлғасының жақсаруына емес, идеалға қол жеткізуге емес, керісінше, деградация мен регресске, өзіне бұрынырақта тән болып келген жетістіктерін, жеке бас ерекшеліктері мен қасиеттерін жоғалтуға алып келетін арнайы күш-жігер жұмсайтын кері процесі де болуы мүмкін.
Бұл жерде біз көңілімізді негізінен алғанда өзін-өзі жетілдірудің тұлғалық өсу деп аталатын жағымды аспектіне аударамыз. Қазіргі психологиялық әдебиетте тұлғалық өсудің ерекшеліктерін, өзіндік келбетін, мақсаттарын баяндайтын тұжырымдамалардың орасан зор саны бар.
Парапсихологияда, эзотерикада (эзотерика – құпия білімдер) тұлғалық өсу рухани практика, асыл білімдерге ортақтасу есебінен сананы кеңейту ретінде қарастырылады. Амал-тәсілдер ретінде парапсихологиялық қабілеттерді: көріпкелдікті, телепатияны, телекинезді және т.б. оятатын арнайы техникалар қолданылады.
Психоанализде бұл үлкен еркіндікке (К.Юнг) қарай қозғалу; кемелдікке қарай қозғалу ретінде түсінілетін, тұлғалық басымдылық мақсатында өзіне орталықтанудан ортаны конструктивтік игеруге қарай қозғалу секілді түсінілетін, дербестікке немесе өзін тану және дамыту ға деген тенденция (А.Адлер).
Гештальттерапияда – ортаға тірек артудың өзіне тірек артуға және өзін-өзі реттеуге көшу (Ф.Перлз). Гуманистік психологияда тұлғалық өсу тұлғаның көбірек автономия, тәуелсіздік алуын, кемелдікке және психологиялық саулыққа (К.Роджерс) немесе жоғарырақ бола бастаған қажеттіліктерін дәйекті түрде қанағаттандыруға (А.Маслоу) ұмтылуды білдіреді.
Біз қабылдап та қойған талдау схемасын қолдана отырып, осы тұрғыларды талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, өзін-өзі жетілдіруге, тұлғалық өсуге деген ұмтылыстың негізінде осының базасында өзін-өзі жетілдіру мотивтері (шекті болып өзін-өзі жүзеге асыру мотиві табылады), тұлғалық өсу мотивтері қалыптасатын тиісті қажеттілік жатқанын атай кеткеніміз жөн. Басқаша айтар болсақ, өзімізді осы өмірде ең толығырақ жүзеге асыру үшін, ал өзін-өзі жетілдіру арқылы өз тіршілігіміздің, өз өміріміздің мағынасын түсіну және оған ие болу үшін өз өзімізді жетілдіруіміз қажет болады, ал бұл болса өзін тану және дамыту дың жоғарырақ түріне - өзін-өзі танытуға тән болып келеді.
Өзін-өзі жетілдіру мақсаттары ретінде өзін-өзі бекіту мақсаттары – басқалардан кем болмау, басқалардан жақсырақ болу ғана емес және көбінесе олар емес, өзің болғаннан жақсырақ болу; өзің қол жеткізгенге қарағанда маңыздырақ нәтижелерге қол жеткізу мақсаттары көбірек көрініс табады.
Өзін-өзі жетілдіру тәсілдері де алуан түрлі. Олардың іс-әрекеттің алуан түрлерінде анықталуы мүмкін. Мысалға, жаңа білімдерге, іс-әрекеттің жаңа түрлеріне ие бола отырып, адам өз дамуында бір сатыға жоғары тұрады. Нақтылы мақсат – басқалармен кикілжіңге бармау мақсатын қоя отырып – және оған қол жеткізе отырып, ол да жаңа деңгейге көтеріледі.
Зиянды әдеттерден бас тарта отырып та, ол өз дамуында тағы да бір қадам жасайды. Бұл тізімді жалғастыра беруімізге болады. Мұны қалайша жасауға болады? Өзін-өзі жетілдіру амал-тәсілдері ретінде өзін-өзі тәрбиелеу амал-тәсілдері көрініс табады. Оларға өзімен өзі жарысу, өзін-өзі міндеттеу, өзіне өзі бұйрық беру және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы сөз қозғағанда, біз бұларға тоқталатын боламыз.
Өзін-өзі жетілдірудің нәтижелеріне ең алдымен: өзіне, өзінің жетістіктеріне, өзіңнің өз талаптарыңа күшің жететіндігіне қанағаттанғандық; өмірге, іс-әрекетке, қоршаған адамдармен қатынастарыңа қанағаттанғандық жатады.
№ 54. Өзін- өзі тану - тұлғалық өсу факторы.
(бұл тақырып бойынша мардымды мәлімет жоқ, сондықтан өзіңіздің ойлау немесе сөйлеу шеберлігіңізді пайдалансаңыз оп- оңааааааай Р. S: Ақмарал)
Өзін тану және дамыту, өзінің мәнісі бойынша субъективтік процестер бола отырып, солай болса да өзінің қалыптасуында белгілі бір объективтік заңдылықтарға бағынған.
Өзін-өзі тану өзінің физикалық Менін, әлеуметтік Менін бөліп көрсету, өзінің ішкі әлемін, өзі туралы тұтас түсінікті, өзінің тұлғасы туралы түсініктерді одан әрі жекешелендіре және тереңдете отырып, өзінің Мен-концепциясын ашу кезеңдерінен өтетін, далпы алғандағы сана-сезім шеңберінде дамиды.
Өзін тану және дамыту өзін тіршілік әрекетінің субъектісі ретінде ұғыну, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту процестерінен басталады, өзін өзін тану және дамыту субъектісі ретінде ұғыну кезеңінен өтеді (қолайлы жағдайлар кезінде) және өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту актілерінде, өз өзін өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде құруда жүзеге асырылады. Өзін тану және дамытудың өзіне тән қиындықтары болып: өзін тану және дамытудың мотивациялық негізінің, амалдары мен тәсілдерінің қалыптаспағандығы; сенімсіздік пен өз өзіне сенімділікті туындататын адекватты емес өзін-өзі бағалаулар, бұл өмірлік мақсаттарды қоюдағы қиыншылықтарға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға ниет етпеуге және т.б. себепкер болады.
Егер тұлғаға (оның қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде) жағымдык ілесе жүру шеңберінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілетін болса, өзін тану және дамыту процестері тиімдірек және әлеуметтік-жарамды нормаларда өрбитін болады. Егер оқу орындарында ілесе жүру идеясына жүзеге асырылса және оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру өзін тану және дамытуға бағытталған болса, бұл өзара әрекеттесудің әрбір субъектісінің өзімен жұмыс істеуіне қолайлы алғышарттар жасайды, дербес өзін тану және дамытуды ынталандырады. Қазіргі таңда педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының өзін тануы және дамытуына бағдарланған, әр тұлғаның жағымды потенциалдық мүмкіндіктеріне сенімге негізделген гуманизм идеялары ең көзге түсерліктей етіп көрініс табатын талай арнайы технологиялар белгілі.
Осы оқу құралында мысал үшін К.Роджерстің тұлғалық бағытталған оқыту технологиясы, Г.К.Селевконың мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы және жәбірлемеу педагогика мен психология идеяларының негізінде өзін тануға және дамытуға ілесе жүру технологиясы қарастырылды. Өзін тану және дамыту барысында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен көмек көрсетудің кейбір нақтылы бағыттары ашып көрсетілді. Сенімсіз және өзіне тым сенімді балаларға, үрейлілікті бастан кешіріп отырған мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына көмек көрсету тәсілдері көрсетілген, ұйымдаспаған балалармен жұмыстың бағдарлары белгіленген, олардың кәсіптік өзін-өзі анықтауы кезеңінде мектеп оқушыларымен іс-әрекеттің спецификасы көрсетілген. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өзін тану және дамыту құралы ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәнісі ашып көрсетілген, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің жалпы сипаттамасы берілген, оқу орындарының әртүрлі жас кезеңдерінде психологиялық-педагогикалық ілесе жүру және тұлғаға қолдау көрсету идеяларын жүзеге асыру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері көрсетілген.
№55. Темперамент типтерінің ара-қатынасы және студенттік іс-әрекеттің табыстылығы (өзінің темпераментін мысалға ала отырып ашып көрсету)
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [1]Темпераменттер
ХолерикФлегматикСангвиникМеланхоликХолерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
№56. Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Өнерге деген эмоционалдық қатынас
«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.б.) айтуға болады. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
көркем әдебиет,
музыка,
мүсін,
кескіндеме,
театр,
кино,
би,
сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,2) мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.
Қазіргі таңдағы көпетегн зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:
Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.
Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.
Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған творчестволық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.
Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.
Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің творчестволық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.
Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.
Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.
Арттерапия өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.Арттерапияны құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде қолдануға болады.Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен өткiзуге болады. Арттерапевт арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз, түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын функциясы айтарлықтай қиын әрi ситуацияға байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен творчествоның белгiлi бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде творчествоның, өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет болады. Арттерапевт сурет творчествосымен өзi шұғылданып жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп, түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың Әрқашанда ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдын ол қатысушылармен олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол “lстей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы. Клиентті болып жатқан ситуацияға қызықтыру керек, сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына, көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы, ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi характердiң сұрақтары шешiледi.Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс. Зерттеу жұмысымызда қолданған арттерапияның құрамды элементтерінің бірі - ертегі терапиясы.Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады. Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:
өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;
оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;
қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;- үндестік пен күшті сезіну.Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. Психологиялық қызмет көрсету барысындаертегілерді қолдануға болады ма деген сұраққа біздің екі түрлі жауабымыз бар: жалпы және психологтарға арналған.1. Ертегіні бәрі де жақсы көреді. Ертегіні мойындағысы келмейтін адамдардың өзі де жақсы көреді. Ертегіде бәрі де ертегідегідей ғажайып болады. Ертегіде мен туралы емес, әсіресе мен туралы, сіз туралы және ол туралы, біздің балаларымыз туралы деген сияқты жағдайлар кездеседі. Өз проблемаларымызды ертегі формасында көруіміз бен қабылдауымыз оңайырақ болады, она ауыр тимейді және көңіліміз де қалмайды. Ертегі кейіпкерлеріне әрбір жағдайдан шығып кету оңай, өйткені, ертегілерде бәрі де мүмкін болады. Кейіннен ойланып қарасақ, бұл шешімді өміріңдегі өзіңнің жағдайларыңа да қолдануға болады. Өйткені, ертегінің соңы әрқашан жақсы болып аяқталатыны барлығымызға мәлім.2. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар
№57. Өзін-өзі тану – ерекше танымдық іс-әрекет.
Өзін тану дегеніміз не екен? Бір жағынан, «өзін тану» терминінің құрылымын негізге ала отырып, анықтама беру айтарлықтай оңай. Өзін тану – бұл өзін, өзінің потенциалдық және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, зияттық ерекшеліктерін, мінезінің белгілерін, өзінің басқа адамдармен қатынастарын және т.с. тану үрдісі. Екінші жағынан, осыларға берілетін жауапты анықтамадан табуға болмайтын, өзін-өзі танудың маңызы, құрылымы, механизмдері туралы көптеген сұрақтар туындайды. Ежелгі Грекциядағы храмдардың бірінің қас бетінде қашалған дельфтік сәуегейдің: «Өзіңді- өзің таны» деген сөз саптауының әлі күнге дейін жұмбақ боп қалып отырғандығы және қандай да бір құпиямен жабылғаны тегіннен тегін болмаса керек.Көптеген адамдар үшін бұл фраза құпия болып табылмайды және олар мұны өзіңді-өзің тану керектігі жөніндегі императив (нұсқау) ретінде дәлме-дәл түсінеді. Егер олардан өз-өзін сипаттап берулерін өтінсек («Өзің туралы не білесің?»), сұрап тұрған адамның таңданысына, жауап сараң және өте жалпылама болып шығады, мысалы: «Мен ақылдымын, жақсымын, әділмін, басқалармен қатынас құра аламын». Кішкентай бала да өзі туралы шамамен осылайша жауап береді: «Мен жақсымын», «Мен үлкенмін» деп, ата-аналары айтқан сөздерді қайталайды. Білім алмаған, мәдениеті аз қоғамдарда өмір сүріп жатқан адамдардың өзін-өзі бағалауда және сипаттама беруде мүлдем қысылып-қымтырылып қалатындығын атай кеткен қызықты болар.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өздерін бағалап берулері сұралған, Орта Азия шаруаларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген отандық психолог А.Р. Луриядан қызықты мәлімет табамыз. Көпшілігі сұрақты мүлдем түсінбеген, екінші біреулері, өздерінен не керек екенін ұғынған соң: «Мен туралы көршілерімнен сұраңыздар, олар менен жақсы біледі» деген. Мәдениеті жоғары және білімі бар адамды «Өзіңді-өзі таны» деген сөз саптауы қатты ойландырып-толғандырады, қайта-қайта философиялық жаңа сұрақтарды тудырады. Біз солардың бар-жоғы төртеуін қоймақпыз:
- Адам үшін өзін танудың мәні қандай?
- Өзіңде нені тану керек және нені танымау керек? (Өзін тану нысаны болып не табылады?)
- Адам өзін-өзі қалай, қалайша таниды? (Өзін танудың механизмдері, жолдары және амал-тәсілдері қандай?)
- Адам өзін таныды, әрі қарай не болады?
Одан арғы баяндау барысында осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз.
№58. Өзін-өзі танудың үрдіс ретіндегі заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Үрдіс - бір нәрсені дамытудағы жағдайлардың, құбылыстардың дәйекті алмасуы; тарырақ түсінігінде – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін іс-әрекеттердің дәйекттілігі. Біз өзін-өзі тануды дәл осы екінші, тарырақ мағынасында қарастыратын боламыз: өзін-өзі тану – бұл осының нәтижесінде мақсатқа, яғни өзі туралы білімге, Мен бейнесіне, Мен-тұжырымдамаға қол жеткізілетін әрекеттердің жиынтығы және дәйектілігі. Өзін-өзі тану әрекеттердің дәйектілігі болып табылатындықтан, оның өзі спецификалы танымдық іс-әрекетті көрсетеді және, кез келген іс-әрекет секілді, мақсатардың, мотивтердің, тәсілдер мен нәтижелердің сипаттамасы арқылы баяндала алады.
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың өзгешелігін көрсетуге болады. Сонымен, алдымен біз өзімізден қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын, мысалға, сенімсіздікті табамыз. Табу сәті өте маңызды, онсыз барлық одан кейінгі өзін-өзі тану мәнінен айырылады. кейде дәл осы табу ең күрделі сәт болып табылады, бізде осыған өзіміз көңіл тоқтатпайтын, талдау аясы етпейтін нәрсе көп. Кей кездері маңызы бар ерекшелік немесе сипаттаманы адам, оның оңды потенциалын пайдалану мүмкін емес болатындай, өте кеш табады. Дәл сол кезде өз бойымыздан қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын табу жеткіліксіз болады, оны санада бекіту, нығайту, одан арғы өмір барысында жоғалтып алмау қажет болады. Біздер, адамдардың белгілі бір ортасымен қарым-қатынас жасай отырып, жек көруді бастан кешіретін, бірақ оны келесі жағдайға дейін бекітпейтін, нәтижесінде – тиісті талдау жүргізіп, өзіміздің жек көрушілік шамамызды жалпы алғанда бағалай алмайтын жағдайлар болып тұрады.
[*Үрдіс (лат.) – алға жылжу]
Келесі қадам – бұл тұлғаның қандай да бір ерекшелігін, жүріс-тұрыс сипаттамасын, ептілігін, қабілетін және т.с. талдау. Талдау барысында қасиеттің құрылымы, оның басқа қасиеттермен өзара байланысы айқындалады, ал ең негізгісі, себеп-салдарлық байланыстар анықталады. Өз бойымызда сенімсіздікті тауып және бекітіп, нақтылы сұрақтар қоюымыз керек: менің сенімсіздігім неден көрініс табады? Мен оны барлық жағдайларда бастан кешіремін бе? Оның пайда болу себептері не болып табылады? Ол қандай басқа қасиеттермен (темперамент түрі, мейірбандық, рақымдылық және т.с.) байланысқан? Осы сұрақтарды реттілікпен қоя және оларға жауап бере отырып, біз өзіміздің сенімсіздігіміз және оның таралу шекарасы туралы түсінігімізді тереңдете түсеміз. Келесі кезең – оны қандай да бір қасиеттің өзіміз үшін жасаған кейбір идеалды бейнесімен, әлде жалпы қабылданған және өзіміз игерген үлгілермен салыстыра отырып, қандай да болсын қасиетті бағалаймыз. Аталған жағдайда біз өзімізді әртүрлі: өзімізді басқа адамдармен немесе нақтылы жақсы таныс адаммен салыстыра отырып, өте сенімсіз адам ретінде; тек белгілі бір жағдайларда көрініс табатын сенімсіздігі бар, орташа сенімсіз тұлға ретінде; сенімді адам, ал сенімсіздігі тек қана сындарлы, күтпеген жағдайларда көрініс табатын және, көбіне көп таза күйіндегі сенімсіздік ретінде емес, абыржушылық ретінде көрініс табатын адам ретінде бағалай аламыз. Және ақыр соңында, аталған қасиетті қабылдау немесе қабылдамау актісі келіп жетеді. Қабылдаған жағдайда біз өз сенімсіздігімізді Мен-тұжырымдаманың құрылымына енгіземіз, оның бар екендігіне байыппен қараймыз, одан позитив табуға тырысамыз, сенімсіздіктің көрініс табуын шектеу және болашақта өзіміздің бойымызда сенімділікті дамыту жөнінде міндет қоя аламыз. Бірақ біз сенімсіздікті қабылдамай, (санасыздық саласына) итеріп тастайтын, барша адамға сенімді адам екенімізді дәлелдеуге әрекет жасайтын, ал егер итеріп тастамасақ, онымен «күресе» бастайтын, жою бастайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай күрес тек жағдайды, жалпы өз өзіміздің күйімізді нашарлатып, басқа адамдармен кикілжіңдерге ұласып кететін тұлғааралық кикілжіңдерді тудырады. Жалпы алғанда өзімен өзі күрес – бұл нонсенс екендігін, өзіңде бар ең қымбат нәрсемен, яғни өзіңмен күресуден жаман нәрсе жоқ екендігін айтқанымыз жөн. Сондықтан өзін-өзі қабылдау өнері – өзін-өзі тану актін аяқтай отырып, жаңа актіні – өзін-өзі жетілдіру актін (бұл туралы келесі тарауда айтатын боламыз) бастайтын үлкен өнер.
Сонымен, үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану – бұл өз бойынан қандай да болсын қасиеттерді, тұлғалық және жүріс-тұрыстық сипаттамаларды табу, оларды бекіту, жан-жақты талдау, бағалау және қабылдау. Өзін-өзі танудың ең ортақ заңдылықтары қандай екен? Оларға келесілер жатқызыла алады.
Танылғандық-танылмағандық дәрежесі. Көптеген жағдайларда өзін-өзі тану процесі үздіксіз сипатқа ие болып келеді және белгілі бір шекке дейін ұғынылмаған болып келеді. Адам жәй ғана өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, қарым-қатынас жасайды, өзімен өзі тоқтамайтын диалог жүргізеді (біздің бойымызда өзіміз оянғаннан бастап «көп сөйлей» бастайтын, ал кей кездері өзін ұйқыда жатқанымызда да көрсететін «көп сөйлегіш» өмір сүреді). Өмір сүруіміздің барысында басқа адамдар туралы фактілер, мәліметтер жинақталады, олар санның сапаға ауысуы заңының әсер етуіне орай күндердің бір күнінде ұғынылып, санада бекініп қалады, бірақ ұғынылмай қалып, біздің жүріс-тұрысымызды және өз өзімізді реттеу тәсілдерін анықтай отырып, ұғынылмаған қондырғы деңгейінде қызмет атқаруы да мүмкін. Мен-тұжырымдаманың айтарлықтай бөлігінің, әсіресе жоғары білімімен ерекшеленбейтін, рефлексияға бейім емес, яғни өз өзіне қатысты бақылаушы позициясына тұруға қабілетсіз адамдарда осылайша қалыптасатындығын атай кетуіміз қажет. Ұғынылған үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану мақсатты бағытталғандығымен сипатталады, яғни адам өзінің алдына арнайы мақсатты – бұл үшін өзін талдауға және бағалауға көмектесетін спецификалы амал-тәсіл, құралдарды пайдалана отырып, өзінің бойынан қандай да бір қабілетті, бейімділікті, тұлға ерекшелігін айқындауды қояды. Дәл осы жағдайда өзін-өзі тану ұғынылған іс-әрекетке айналып шығады және оның заңдарына бағынады. Адам өзінің өзін-өзі тануын іс-әрекетке неғұрлым жиірек айналдырып отырса, ол өзін соғұрлым жылдамырақ және тереңірек танып-біледі. Шындығына келсек мұнда, эмоционалдылықтың жоғары деңгейі, өзін-өзі қабылдамауы кезінде өзін-өзі тану өзі туралы объективті білімді емес, алуан түрлі кемшіліктерді, оның ішінде толыққандылық емес кемшілігін тудыратын өзін-өзі қазбалауды тудыратын, медальдың екінші қыры да бар.
Өмір жолының әртүрлі кезеңдеріндегі өзін-өзі танудың әртүрлі қанығушылығы бар. Біздің өміріміз тағдырды және өмірбаянды күрт өзгертіп жібере алатын тыныш және сындарлы кезеңдерден, оқиғаларға қанықпаған және қаныққан үзіктерден тұрады. Сондықтан өзін-өзі тану өмір оқиғаларға қаныққан, жауапты шешімдер қабылдау: оқу, жұмыс істеу орнын, жұбайды таңдау және т.с. қажет болған жерде белсенді бола бастайды. Салмақты шешім қабылдау үшін, адам тек жағдаяттарды, оның тағдырына қатысатын басқа адамдарды ғана емес, өз өзін де, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін де жақсы білуге тиіс. Бұл жағдайларда өзін-өзі тану, тұлғаға қысқа уақыт аралығында өзі туралы осыған дейінгі ұзақ жылдар бойы алмаған ақпарат алуға мүмкіндік бере отырып, белсенді міндет атқарады. Осы кезеңдердің көпшілігі психологияда жақсы танымал және зерттелген, бұған мыналар жатады: сәби өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде тани бастайтын, Меннің бастапқы әлеуметтік жүйесі қалыптасатын, өзі туралы мәлімдеуге, көрсетуге деген ниет пайда болатын 3 жас дағдарысы – атақты балалық «Мен өзімді!» еске алайық; бала өзін оқыту субъекті ретінде тани бастайтын және онда өзін оқушы ретінде бағалау қажеттілігі пайда болатын жеті жас дағдарысы; қайнап қызуы бойынша 3 жастағы дағдарыстан кем түспейтін жасөспірім жастағы дағдарыс. Жасөспірім өзінің Меніндегі көп нәрсені енді әлеуметтік қоршаған ортамен, құрбыларымен өзара әрекеттесу контекстінде ашады, ересек болу сезімі пайда болады, жүріс-тұрыстың балалық нормаларынан ересек нормаларға бағыт бұру процесі жүріп отырады. Ересек адамдарда да дағдарыстар бар, мысалға: отыз жас дағларысы; кемелденген жас дағдарысы; зейнеткерлік демалысына шығумен байланысты дағдарыс. Барлық осы жағдайларда өмірді қайта ұғыну, қалыптасып қалған Мен бейнесін бекіту, болашаққа өзін тану және дамыту келешегін анықтау жүреді, жетістіктер мен сәтсіздіктерді бағалау жүріп отырады.
Өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағандығы – бұл, сірә, ең қызықты заңдылықтардың бірі. Оған нақтылы өмірдің өзін-өзі танып-білу процесін басып озуы себепкер болады, адам туылып та қойды, өмір сүріп жатыр, онда тіптен өзінің физикалық Менін қоршаған әлемнен бөліп көрсету түріндегі өзін-өзі білуінің қарапайым актілері де қалыптасып қойды, ал өзін-өзі ол біршама кейініректе танитын болады. Дәл осы ересек адамға да тән, болмысында оның тұлғасы мен өмірі ол өз өзі туралы білетінге қарағанда байырақ. Танылмаған нәрсе, көрінбейтін дақ әрқашан да бар («Джогари терезесін» есімізге түсірейік). Сондықтан, тіптен осы саладағы зор қабілеттерге ие болып отырған адамдарға да, өз өзін толығымен танып-білу мүмкін. Мысалы, будда монахтары өмір бойы өзін-өзі танумен және өзін жетілдіру практикасымен айналысады, бірақ тек жалғыз Будда (принц Гаутама) ғана өз шегіне жетті. Кейбір адамдарда істің осындай жайы, егер олар өздерін танып біле алмаса, үміт үзу, өмірдің мәнсіздігі сезімін тудыруы мүмкін. Алайда істің шындығында істің мұндай жағдайы қалыпты үрдіс, аталған фактіні біз өлімнің болмай қоймайтындығын қабылдағандығымыздай қабылдай салу керек. Өз өзімізді толықтай тану емес, тереңірек және жан-жақтырақ тануға деген ұмтылыс маңызды, ал одан да маңыздырағы – өмірден, іс-әрекеттен танып-білінгенді, әсіресе өз тұлғасының мықты жақтарын адекватты пайдаланған. Өзін-өзі танудың жалпы заңдылықтарынан: танып-түсіну дәрежесінен, әртүрлі қаныққандықтан, түпкілікті аяқталмағандықтан өзге, оның тұтастай көрінісін толықтырып отыратын, өзін-өзі танудың кейбір спецификалық ерекшеліктері де бөліп көрсетіледі.
1. Өзін-өзі тану өз дамуында екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде өзін-өзі тану «Мен – өзгелер» жүйесінде жүзеге асырылады. Бір жағынан, ерте балалық шағынан бастап адам тұлғааралық қатынастар жүйесінде болады, басқа адамдар үнемі оны бағалап отырады, және өз еркімен және өз еркінен тыс ол осы бағалауларды басшылыққа ала, оларды қандай да бір дәрежеде қабылдай, бағалау тәсілдерінің өздерін игере бастайды. Екінші жағынан, алдымен ересектердің бағалауларын қайталай отырып, ал одан кейін осы бағалауларды өз бетімен тұжырымдай отырып, баланың өзі басқаларды бағалау тәжірибесіне ие бола бастайды. Осылайша ол өзара бағалаулар жүйесі арқылы өзін басқалармен салыстыруға үйренеді, біртіндеп өзінің Менін біле бастайды, онда өзі туралы бастапқы түсініктер, одан кейін өзінің басқалардан өзгешелігін түсіну арқылы Мен бейнесін құрудың алғашқы тәжірибесі қалыптасады. Екінші кезеңде өзі туралы білімдерді байланстыру енді адам әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайларда қалыптасқан өзі туралы дайын білімдерді пайдалана бастайтын «Мен-Мен» жүйесінің шеңберінде жүріп отырады. Мұнда ол енді өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелілігін, өзінің адамдармен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін, өз тұлғасының ерекшеліктерін және жүріс-тұрыс сипаттамаларын талдай бастайды. Яғни өзін-өзі тану өз өзінде танылатынды табуға, бекітуге, талдауға, бағалауға және қабылдауға қабілетті дербес үрдіс ретінде жұмыс істей бастайды. Сөздің шындығы үшін бірінші кезеңнің өз потенциалын өмірдің соңына дейін сақтап қалатындығын атай кеткеніміз жөн, ол жай ғана екінші кезеңнің құрылымына етене енеді және өз мәнін жоғалтпайды.
2. Өзін-өзі танудың қарқындылығы, тереңдігі, негізділігі тұлғаның көптеген қалыптасқан қасиеттеріне, жекелей алатын болсақ, тұлғаның бағытталғандығын анықтайтын сипатқа ие қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, оларға экстраверсия мен интроверсия жатады. Экстраверт – сыртқы әлемге бағыт-бағдар алған адам, ол осы әлеммен өмір сүреді, оның оқиғаларына қаныққан. Сондықтан оның сана-сезімі өзін сыртқы әлемнен тану саласында жүреді. Интроверт болса, керісінше, ішкі әлемге және оның оқиғаларына бағыт-бағдар алған, оған өзінің уайымдары, армандары, өз өзімен ішкі диалог маңызды. Оның өзін-өзі тануының өзінің ішкі әлемі саласында жүзеге асырылатындығы түсінікті де. Әрине, бұл дегеніміз экстраверт ішкі әлемді өз өзінен танып білуге, ал интроверт – өзін сыртқы әлемнен танып білуге қабілетсіз дегенді білдірмейді. Бұл жерде сөз адам экстраверсия-интроверсияға байланысты таңдап алатын басымдылықтар туралы болып отыр. Кейбір өзге де ерекшеліктер, оның ішінде мінез акценттелуінің әр алуан типтерінің өзін-өзі танудың өзіндік келбеті мен салаларына әсері туралы да осыны айтуымызға болады.
3. Әртүрлі адамдар өзін-өзі тануға әртүрлі қабілетке ие. Қабілеттер – бұл тұлғаның білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды игеру жылдамдығы, тереңдігі, сапасы осыларға байланысты болып келетін, бірақ осы білімдерге, ептіліктерге, дағдыларға сыйыстырылмайтын қасиеттері.
Өзін-өзі тануға деген қабілеттер – бұл өз өзін жылдам, сапалы, жан-жақты және адекватты тануға мүмкіндік беретіндей тұлға сипаттамалары. Осы қабілеттердің дамуының әртүрлі деңгейіне орай адамдар бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: біреулері өзін-өзі танумен үнемі айналысады, өзін жақсы және жан-жақты біледі әрі осы білімдерді өмірі мен іс-әрекетінде қолдана алады; екінші біреулер өзін-өзі танумен оқтын-оқтын айналысып отырады, олардың өзі туралы білімдері үзік-үзік және фрагментарлы болып келеді және ең бастысы, олардың өзі туралы түсініктері адекватты емес, яғни шындыққа сәйкес келмейді. Өзін-өзі бағалауы тым артық немесе төмен, өз өздерін ойлап тапқан және, осы себептерге орай, өздерінің әлеммен, әлеуметтік қоршаған ортамен өз қатынастарын дұрыс құруға қабілетсіз адамдармен біз жиі кездесіп отырамыз. Бірақ, кез келген қабілет секілді, өзін-өзі тану қабілетін дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Ең алдымен өзін-өзі танудың оңды мотивациясын қалыптастыру; өзін-өзі танудың негізгі механизмдерінің потенциалын – идентификация мен рефлексияны толығымен пайдалану; өзін-өзі танудың спецификалы тәсілдеріне – өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі талдауға, өзін-өзі үлгілеуге және т.б. үйрену; өзінің өзі танудың әртүрлі тәсілдерін: көркем әдебиет оқуды, психологияны зерттеуді, күнделік жүргізіп отыруды және т.б. пайдалану қажет.
§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
Тұлға белсенділігінің қайнар көзі оның қажеттіліктері болып табылады. Кең мағынасындағы қажеттілік – бұл бірдемеге деген мұқтаждық, қажетсіну, ал тарырақ мағынасында – осыдан адамның өмір сүру жағдайларына тәуелсіздігі көрініс табатын жағдай, күй. Адам бисоциальды тірі организм болғандықтан, оның қажеттіліктері де биологиялық та, әлеуметтік те болуы мүмкін. Биологиялық қажеттіліктерге: суға, тамаққа, жылуға, ауаға, жыныстық серікке деген қажеттілік және көптеген басқалары жатады. Іргелі әлеуметтік қажеттіліктерге: еңбекке, танымға, қарым-қатынасқа, жетістіктерге және т.б. деген қажеттілік жатады.
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану спецификалық белсенділік түрінің көрінісі ретінде келеді, демек, оның негізінде өзін-өзі танудағы қажеттілік деп атауымызға болатын қажеттілік жатыр. Өзін-өзі танудағы қажеттілік жалпырақ тұрғыдағы қажеттіліктің, дәл айтқанда танымға деген қажеттіліктің көрінісі болып табылады. Оны қанағаттандыру аясы ретінде әлем, қоршаған болмыс көрініс табады. Өте ерте кезден көрініс таба бастайтын және әу-бастан көрініс тапқан потенциалға ие болып келетін аталмыш қажеттілік қалыптасқандықтан ғана адам адам болып шықты. Танымға деген қажеттіліксіз еңбек те, қарым-қатынас та, оқу да мүмкін болмайды. Өзін-өзі танудың объекті адамның өзі, оның ішкі әлемі болып шыққан кезде танымға деген қажеттілік өзін-өзі тануға деген қажеттілік түріне ие болып шығады.
Мотив - іс-әрекетке нақтылы итермелеу, онда қандай да болсын қажеттілік көрініс табады. Мысалға алар болсақ, қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік қарым-қатынас мотивін, еңбекке деген қажеттілік – еңбек іс-әрекеті мотивін, өзін-өзі тану қажеттігі – өзін-өзі тану мотивтерін белсенді етеді. Қандай да болсын мотивтің әсер етуімен адам іс-әрекеттің белгілі бір мақсаттарын қояды, іс-әрекеттердің тәсілдерін, амалдарын, реттілігін пайдалана отырып, оларға қол жеткізеді.
Мақсат – бұл болашақ нәтиженің бейнесі. Біз өзін-өзі танудың Мақсаттары туралы сөз қозғағанда, олар өте әртүрлі болуы мүмкін, барлығы да өзін-өзі тану барысында қол жеткізілетін болашақ нәтиженің қандай бейнесі көрінетіндігіне байланысты. Мақсаттар кең және тар, нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болады.
Өзін-өзі танудың шекті кең мақсаттарына жалпы алғанда өз тұлғасын танып білу және өмірлік мақсаттарды танып білу жатады. Өзін-өзі танудың мақсаты ретінде өзін тұлға ретінде, өзінің Мен-тұжырымдамасын тек сана деңгейінде ғана емес, санасыздық және санадан тыс (жоғарғы санасыздық) деңгейінде де танып-білуді қоятын адамдар кездеседі. Мұндай өзін-өзі тану, өмірдің барлық өзге мақсаттарын екінші орынға ығыстыра отырып, өзінен өзі өмірлік мақсатқа айналуы мүмкін. Қарапайым адам болса, өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағанын интуитивті сезіне отырып, өзінің өз өзін тануын өмір сүру, жасампаздықпен айналысу, өзін тану және дамыту үшін жеткілікті нақтылы белгілі бір шеңберлермен шектеп отырады. Өзін-өзі танудың өзге кең мақсаты өмірлік мақсаттар болып табылады. Біздің әрқайсымыз өз өзімізге: мен өмірде неге қол жеткізгім келеді? Қандай кәсіпті таңдауым керек? Менің басшы болғым келе ме, қол астындағы адам болғым келе ме? Мен өз балаларымды қаншалықты және қалай тәрбиелеуге қабілеттімін? және т.с. сұрақтарды қоямыз. Өмірлік мақсаттарды айқындау, танып-білу өмірдің өзіне тұрақтылық, мақсатты бағытталғандық, ұғынылғандық береді. Дәл сол кезде өмірлік мақсаттарын ойланбайтын, ағыс бойынша жүзе беретін талай адам бар. Осының бәрі, әрине, олардың өмірін кедей етеді, оны ұғынылмаған, ал адамның жүріс-тұрысын – болжанбайтын етеді. Өзін-өзі танудың тар мақсаттарына біз үшін қазіргі сәтте өзекті бола бастайтын өзіндік Мен бейнесінің нақтылы мазмұны жатады. Тар мақсаттар координаталардың әртүрлі жүйелерінде қарастырылуы мүмкін, мысалға: біз өзіміздің зияттық мүмкіндіктерімізді немесе мінез ерекшеліктерімізді, зейіннің қасиеттерін немесе өзіміздің коммуникативтілігімізді танып-білеміз. Осы тізімді жалғастыра беруімізге болады, алайда өз тұлғамыздың нысандарының немесе іс-әрекет пен жүріс-тұрыс сипаттамаларымыздың тізімі емес, бүгінгі таңда тұлға үшін маңызды болып табылатын нәрсе маңызды. Егер біз кәсіпті таңдап алсақ, өзіміздің таңдап алған саладағы қабілеттерімізді бағалау маңызды болмақ. Егер біз адаммен танысқымыз және достасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативтік қасиеттерімізді, ұнай білуімізді, жақсы дос болу қабілетімізді танып-білу маңызды болмақ. Өзін-өзі тану мақсаттарын жүйелі қою да мүмкін болады. Ең кең таралған және праткикада кеңінен қолданылатын жүйелердің бірі: «Ниет етем» - «Істей аламын» - «Керек» деген жүйе болып табылады. Адам осы сұрақтарға – жақын және алыс болашақта неге қол жеткізгім келеді, менің мүмкіндіктерім қандай және осының барлығы социумның, қоршаған адамдардың талаптарына қаншалықты жауап береді – дегендерге анық та дәл жауап берген кезде ол өзін-өзі танудың шекараларын айтарлықтай кеңейте түседі.
Өзіміз атап кеткеніміздей, өзін-өзі танудың мақсаттары нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болып келеді. Нақтылы мақсат – біз өзімізде шындығында да барды табамыз және талдаймыз, нақтылы емес мақсат – біз өзімізде шындығында жоқ нәрсені бекітуге және өзімізден танып білуге әрекет жасаймыз.
Мысал. Кей адамдар оларда жоқ қабілеттерді табуға, оның үстіне талдауға және бағалауға әрекет етеді. Оларды өздерінен таба алмай, олар бұларды ойдан ойластырады, олардың бар екендігіне сене бастайды. Нәтижесінде өзін-өзі тануын жалған ізбен жібереді. Өзін-өзі тануды жалған ізбен жібере отырып, адам өзін-өзі толығымен ойдан жасайтын, жалған Мен-тұжырымдаманы құратын, осы бейнеге сәйкес өмір сүре бастайтын және, нәтижесі ретінде, болмыстан толығымен қол үзу, бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі, тұлғаішілік және тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуы жүретін жағдайлар болып тұрады. Осылайша, өзін-өзі тану мақсаттарының нақты еместігі және жалғандығы ақырғы нәтиженің – Мен бейнесінің және Мен-тұжырымдамасының нақты еместігімен және жалғандығымен етене қабысады. Адамды не нәрсе өзін-өзі танудың кең және тар, нақтылы және нақтылы емес мақсаттарын қоюға итермелейді? Әрине, осылардан тиісті қажеттіліктер көрінісін табатын мотивтер. Мұндай мотивтерді екі топқа: спецификалық, яғни өзін-өзі тану іс-әрекетінің өзінің негізінде жатқан және өзін-өзі танумен жанама түрде байланысқан спецификалық емес деп бөліп көрсетуге болады.
Спецификалық мотивтерге өз өзіне деген қызығушылық жатады. Қызығушылық – бұл эмоциялық боялған танымдық қажеттілік. Аталған жағдайда - эмоциялық боялған, өзін-өзі тануға деген қажеттілік. Өзіне деген қызығушылықты арттырудың бірнеше сатысын бөліп ажыратады:
білмекке құмарлық;
өзіне деген қызығушылықтың өзі;
өзін-өзі тануға деген құштарлық.
Білмекке құмарлық - өзіне деген қызығушылықтың бастапқы түрі - өзі туралы, негізінен алғанда адамға белгісіз емес, бірақ басқаларға белгілі болуы мүмкін екенді танып-білуге ұмтылыспен сипатталады. Білмекке құмарлық тұрақты сипатқа ие емес, яғни білмекке құмарлық қанағаттанғандықтан кейін-ақ ол ғайып болады, адамды басқа, одан да маңыздырақ мәселелер іліп әкетеді. Қолайлы жағдайлар болған кезде білмекке құмарлық өзіне деген тұрақты қызығушылыққа ұласып кетеді, ол өзін-өзі танудың күн өткен сайын жаңа мақсаттарын анықтай бастайды, өзін-өзі тану жөніндегі іс-әрекеттің шекараларын кеңейте түседі. Өзіне деген қызығушылық белгілі бір шекаралардан өткен, эмоциялық қызуға ие болған кезде, ол өзін-өзі тануға деген құштарлыққа айналады, адам осы құштарлыққа өз өмірінің айтарлықтай бөлігін арнайды.
Өзін-өзі тануға деген құштарлықтың теріс түсініктері болып өзінен ерекше бір, іс жүзінде болуы мүмкін емес нәрсені іздестіру мақсатымен соқыр сезімге ену үшін алкогольді, есірткіні, психологиялық заттарды пайдалану болып табылады.
Өзін-өзі танудың спецификалы емес мотивтеріне қалған мотивтердің барлығы жатады, оларды да өзін-өзі тану іс-әрекетін өрістету үшін маңыздылығы бойынша үш топқа бөлуге болады: Менмен байланысты мотивтер (мұнда осылардың негізінде біздер талдап шыққан қажеттіліктер жатқан өзін-өзі құрметтеу, Меннің тұтастығы мотивтері, өзіндік сәйкестікке қол жеткізу мотиві, өзін басқалар тарапынан тану мотиві жатады), өзін тану және дамыту мен байланысты мотивтер (атап айтар болсақ, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі өзектендіру мотивтері); іс-әрекеттің басқа түрлерінің мотивтері (қарым-қатынас, мәртебе, жетістіктер, таным, оқу мотивтері, моральдық мотивтер және т.с.) жатады. Олардың өзін-өзі тану мотивімен және өзін-өзі тану іс-әрекетімен өзара байланысу механизмдері шамамен алғанда бірдей. Өзін-өзі танудың дамыған мотиві барлық өзге мотивтердің қызмет етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Өзіне деген қызығушылық өзін тану және дамыту мотивтерін ынталандырады. Өз кезегінде, айқын білінетін өзін тану және дамыту мотивтері өзін-өзі тануға деген қажеттілікті және спецификалық мотивті - өзіне деген қызығушылықты қалыптастыруға оңды әсерін тигізеді. Басқа мотивтер туралы да дәл осыны айтқан жөн. Мысалы, егер бұл сіңіріп алатын құштарлық болмаса, өзіне деген қызығушылық, қарым-қатынас мотивіне тиісті бояу бере отырып, басқа адамдарға деген қызығушылыққа да себепкер болады. Өзін-өзі тану мотиві әлсіз дамыған жағдайларда өзге, айқынырақ білінген мотивтер оны алмастырып, өзін-өзі тану іс-әрекетіне себепкер болады. Мысалы, тұлға қол жетуге деген айқын білінетін мотивке ие, бірақ өзіне деген қызығушылық көрініс таппаған
§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
Өзін-өзі танудың ең кең таралған амал-тәсілдеріне мыналар жатады: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандай да бір «өлшегішпен» салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, әр қасиетте, жүрыс-тұрыс сипаттамасында қарама-қайшылықтарды танып-білу.
Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін, өз жүріс-тұрысын, ішкі әлем оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Адамзат бір кездері психологияның негізгі әдісі болып табылған және «интроспекция» (ішке қарай үңілу) деп аталған, ал психологияның өзі «интроспективалы» деген атау алған өзін-өзі бақылаумен баяғыдан таныс. Бұл әдіс өте субъективті және адам психикасының дәл көрінісін бермейтіндіктен, кейініректе бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тартылды, алайда өзін-өзі тану тәсілі ретінде оның зор маңызы бар. Өзін-өзі бақылау жолшыбай аз ұғынылған және мақсатты бағытталған болады. Жолшыбай аз ұғынылған ретінде өзін-өзі бақылау үнемі жүзеге асырылып отырады және біздің санамыздың қызмет атқаруына ұқсас болып келеді. Біз бір нәрсені жасаймыз, араласып-құраласамыз, дем аламыз және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра отырып, бір мезгілде өзімізді бақылағандай боламыз. Жүріс-тұрыс басқалар немесе біздің өзіміз белгілеген норматив шегінен шығып кеткеннен-ақ, біз оған түзетулер енгіземіз. Солай бола тұрса да, мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау барысында фактілерді жинау процесі жүзеге асырылады, олардың кейбірі маңыздылығына немесе қайталанғыштығына орай біздің санамыздың объектісі бола бастайды, яғни табылады, бекітіледі, талдауға ұшырап отырады.
Мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау біз қандай да бір қабілетті, тұлғаның қасиеттерін, жүріс-тұрыс сипаттамаларын табуды және оның көрініс беруін өзімізде бекітіп қалуды мақсат етіп қойған кезде орын алады. Бұл үшін адам кей кездері өз өзін тиісті жағдайларға қояды немесе өзімен өзіндік эксперимент жүргізе отырып, осындай жағдайларды өзі жасайды. Осындай эксперимент жүргізу үшін жақсы мүмкіндіктерді өз бойынан белгілі бір қасиеттер мен сапаларды табуға және бекітуге мүмкіндік беретін, арнайы ұйымдастырылған психологиялық тренингтер жасап береді. Айтылғаннан жолшыбай да, мақсаттцы бағытталған өзін-өзі бақылаудың да тұлғаның қасиеттерін, мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін және көптеген басқаларды табуға және бекітуге мүмкіндіктер беретіндігі түсінікті.
Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылаудың көмегімен табылған нәрсе талдауға (бөлшектеуге, ыдыратуға) ұшырайды, оның барысында тұлғаның ерекшелігі немесе жүріс-тұрыс сипаттамасы оны құрайтын бөліктерге бөлшектенеді, себеп-салдарлық байланыстар анықталады, өзі туралы, аталған нақтылы қасиет туралы ойлану процесі жүреді. Мысал. Сіз өзін-өзі бақылау және жағымсыз эмоцияларды бекіту арқылы өзіңіздің ұялшақ екеніңізді анықтадыңыз немесе таптыңыз. Өзін-өзі талдау арқылы мұның шынында осындай екендігін, яғни ұлшақтық белгілерінің қандай екендігін дәлдеп тексереміз. Сіз өзіңізге: «Мен қысылып-қымтырыламын, мен қызарамын (немесе бозарамын), қойылған сұрақтарға түсінікті жауап бере алмаймын» деуіңіз мүмкін. Бірақ егер тек осыған ғана тоқталып қалсаңыз, Сізді жағымсыз сезімдер мен уайымдаулар орап әкетуі мүмкін, кемшілік кешені туындауы мүмкін. Алайда бұл тек бастапқы өзін-өзі талдау ғана. Одан әрі, бұл туралы ой жүгірте отырып, тағы да сұрақтар қоюымызға болады: бұл әрқашан көрініс таба ма? Мен жақын және туыс адамдармен қарым-қатынаста ұялшақпын ба?
- Жоқ. Сабаққа жауап бере отырып, мен ұялшақтық көрсетемін бе? – Жоқ. Ал танымайтын адамдармен қарым-қатывнаста ше? – Иә. Бәрімен бе? – Жоқ, тек қарама-қарсы жыныс өкілдерімен ғана.
Осылайша, сіздің ұялшақ екендігіңіз, бірақ жалпы емес, қарама-қарсы жыныс өкілдерімен ұялшақ екендігіңіз анықталады. Бұл немен туындаған? Бұл әлде ұнап қалуға тырысу, әлде өзіңізді әртүрлі жағдайларда қалай ұстау керектігін білмеу, немесе өзіңізге қатысты келемеждің немесе қалжыңның нәтижесінде бала кездің өзінде пайда болған, қарама-қарсы жыныстағы бөтен адамдармен қарым-қатынаста көрініс табатын сенімсіздік деп ойлануға болады. Біз енді өзіміздің гипотезалық мысалымыздағы гипотезалық шындыққа жақындап та келеміз. Ересек адамның ұялшақтығының себебі оны келемеждеудің нәтижесі ретіндегі, бала кезінде бастан кешкен, жасырынып қалған реніш те болуы мүмкін екен.
Көріп отырғанымыздай, осында келтірілген өзін-өзі талдау алгоритмі айтарлықтай қарапайым, ол тек қана өзіне назар аударуды, біршама уақытты және өмірлік фактілерді тарта отырып, өзіне сұрақ қоя білуді, оларға дұрыс жауап беруді ғана қажет етеді.
Өз өзін қандай да бір «өлшеммен» салыстыру. «Өлшем» мен «шкала» сөздері – бұл шартты түсініктер, алайда олар аталған тәсілдің мәнісін айтарлықтай дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өзімізді басқа адамдармен, әлде идеалдармен, әлде қабылданған нормативтермен үнемі салыстырып отырамыз. Салыстыру тәсілі өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз өзін бағалауды құруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру мұның полярлық полюстері қарама-қарсылықтар болып табылатын шкаламен жүзеге асырылады, мысалы: ақылды – топас, жақсы – жаман, әділ - әділ емес, зейінді – зейінсіз, еңбексүйгіш – жалқау. Әрі біз осы шкаладан өзімізге орынды міндетті түрде табамыз.
Мысал. Сіз: «Мен айтарлықтай ақылдымын, бірақ онша міндетті емеспін, мен мейірімді адаммын, бірақ өзіме кейде сенімді емеспін» дейсіз. Мұндай өлшемдер сізде бүкіл өмір бойында, кей кездері санадан тыс, өзіңізді басқа адамдармен немесе жалпы танылған нормативтермен үнемі салыстырудың негізінде қалыптасады. Өлшемдер әртүрлі: аталған жағдайдағы секілді шкала түрінде немесе сіз, осы қатарда өзіңізге де орын таба отырып, адамдарды қандай да бір қасиеттің көрінушілік дәрежесі бойынша дәрежеге бөлген кездегі дәреже түрінде болады, мысалға, сіз өз бойыңыздан өзіңізге өмір сүруге, еңбек етуге, басқа адамдармен өзара әрекеттесуге күш беретін мықты қасиеттерді және, керісінше, өмірді қиындататын, дисгармония енгізетін, теріс эмоциялар тудыратын, тұлғаның әлсіз Өз тұлғасын үлгілеу енді өзін-өзі танудың айтарлықтай арнайы әдістеріне жатады және оны ең жақсысы, мысалы, психологтың көмегіне сүйене отырып қолданған жөн болады. Бірақ, өкінішке орай, психологпен әңгімелесу барлығына қол жеткізе бермейді, сондықтан өзін-өзі үлгілеу элементтерін өз бетінше қолдануға да болады. Үлгілеу – бұл жекелеген қасиеттер мен сипаттамаларды нақтылы процестердің (аталған жағдайда өзінің тұлғасының, өзінің басқалармен қарым-қатынасының) символдарында, белгілерінде, нысандарында көрсету.
Үлгілеудің ең қарапайым мысалы, мысалға, өзін-өзі суретке салу болып табылады: «Мен қазіргідемін», «Мен болашақтамын», «Мен дос ретінде», «Мен оқушы ретінде» және көптеген басқалары. Сурет өзін-өзі талдауды жеңілдетеді: мен қандаймын, менің қандай ерекшеліктерім, қасиеттерім бар, мен нені керек етемін, мен не істей аламын және т.с. Мен және басқа да маңызды адамдар символдармен (мысалға, шеңберлермен) белгіленетін, өзі мен басқалар арасындағы байланыстар: симпатиялар, антипатиялар, басым болу, бағынышты болу, кикілжіңдер және т.с. жазылатын және ой елегінен өткізілетін тәсіл де тиімді болып табылады. Осылайша тұлғаның өзінің қасиеттерін де: олардың қандай да біреулерін орталықта орналастыруға, біреулерін – шеткері жақта орналастырып, оларды бір біріне жақындық дәрежесі бойынша (біреулері - өмір сүруге, қоршаған адамдармен қатынас құруға көмектеседі, басқалары – кедергі келтіреді, тұлғаны әлсіз етеді) топтастырып, белгілеуге де болады. осыдан кейін дәл осыған ұқсас талдау жүргізіледі, өзін-өзі ойлану, өзінің жүріс-тұрысын және әрекеттерін ойлану жүреді. қасиеттерін бөліп көрсете аласыз.
Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініңп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкін еай. Адамдар әдетте теріс сипаттамаларға жатқызатын өзге қасиетті – агрессивтілікті алайық. Көптеген мәдениеттерде және қоғамдарда аргессивтілік өзінің бұзып-талқандағыштығына орай ынталандырылмайды және тұлғаның әлсіздігінің, оның кемеліне жетпегенінің көрсеткіші ретінде, өзін-өзі байыппен ұстай алмау ретінде, ұстам мен салмақтылықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Бірақ агрессивтілік – бұл бір мезгілде «бу шығара» білу, жинақталып қалған теріс энергиядан босану қабілеті, катарсис, тазару тәсілі де. Сондықтан тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан алғанда сөз адамның мүлдем агрессивтілік көрсетпеуі туралы емес, оны көрсетудің қолайлы тәсілдерін игеру туралы болады, мысалы, деструктивтік агрессияны конструктивтік агрессияға көшіруге үйрену, басқа адамдарға, мал-жануарларға, заттарға зиян келтірмейтін орнын басушы әрекеттерді меңгеру, сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сабыр сақтау, төзім, шыдамдылық және т.б. тәсілдерін меңгеру маңызды болмақ. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды. Осы ережені ұялшақтық мысалынан талдап қорытайық. Мысал. Кей адамдар өзіндегі ұялшақтықты басқа адамдармен қатынас жасауда кедергі келтіретін теріс қасиет ретінде қабылдап, осы фактіні қатты уайымдауы мүмкін. Уайымдаулар, өз кезегінде, қоршаған адамдарға қатысты күдіктілікті күшейте түседі. Күдіктілік ұялшақтықты күшейте түседі. Шеңбер тұйықталады. Ұялшақтық қабылданбайды, онымен күрес басталады. Күрес іс жүзінде тек қана уайымдаулардың күшеюіне ғана келіп тіреледі. Алайда ұяылшақтықтан күшті, оңды жақты бөліп көрсе болғаны, ол еш жанға батпайтындай қабылдануы мүмкін. Осындай мықты жақ, мысалға, адамдардың қарым-қатынасына сезімталдық болуы мүмкін, бұл жанның нәзік ұйымдастырылуының және ішкі әлемнің көрсеткіші болып көрініс табады. Шындығына келгенде мұның екеуі де (нюанстарды қоспағанда) бір нәрсе болғанымен де, ұялшақтыққа қарағанда, өзіндегі сезімталдықты, нәзік жан құрылысын қабылдау оңайырақ соғады.

№59. Қарама-қайшылықтарды жете ұғыну – өзін-өзі тану үрдісінің тәсілі. Тұлғаның темпераменті – өзін-өзі тану объектісі.
Қарама-қайшылықтарды жете ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды. Мысал. Жауапкершілік – бұл мықты қасиет. Кей кездері біз жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігі туралы айтамыз, адамдардың осы қасиетті көрсетуін ниет етеміз. Бірақ жауапкершіліктің немесе шамадан тыс жауапкершіліктің жоғары деңгейі адамға кедергісін келтіреді, теріс уайымдар туғызады, өйткені барлық жерде және барлық жағдайларда жауапты болу мүмкін еай. Адамдар әдетте теріс сипаттамаларға жатқызатын өзге қасиетті – агрессивтілікті алайық. Көптеген мәдениеттерде және қоғамдарда аргессивтілік өзінің бұзып-талқандағыштығына орай ынталандырылмайды және тұлғаның әлсіздігінің, оның кемеліне жетпегенінің көрсеткіші ретінде, өзін-өзі байыппен ұстай алмау ретінде, ұстам мен салмақтылықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Бірақ агрессивтілік – бұл бір мезгілде «бу шығара» білу, жинақталып қалған теріс энергиядан босану қабілеті, катарсис, тазару тәсілі де. Сондықтан тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу тұрғысынан алғанда сөз адамның мүлдем агрессивтілік көрсетпеуі туралы емес, оны көрсетудің қолайлы тәсілдерін игеру туралы болады, мысалы, деструктивтік агрессияны конструктивтік агрессияға көшіруге үйрену, басқа адамдарға, мал-жануарларға, заттарға зиян келтірмейтін орнын басушы әрекеттерді меңгеру, сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сабыр сақтау, төзім, шыдамдылық және т.б. тәсілдерін меңгеру маңызды болмақ. Әдетте адам, өзінің бойынан қандай да бір қасиетті тауып және тіптен оны талдап шығып, егер бұл қасиет оңды болса және оның өз талаптану деңгейінде болу қажеттілігіне жауап берсе, қанағаттану сезімін бастан кешіреді немесе, егер осы қасиет теріс, әлсіз қасиет категориясына жататын болса, қанағаттанбау сезімін бастан кешеді. Мұндай тәсіл біржақты болып табылады. Оңды, мықты қасиеттен әлсіз жақтарды табу, ал теріс қасиеттен – оңды және мықты жақтарды табу маңызды. Дәл осындай ішкі жұмыс көбінесе қасиеттерді қайтадан тұжырымдауды, алмастыруды мүмкін етеді, осының нәтижесінде қасиет өзінің игілігі ретінде түсініледі, ал оның теріс зардаптары минимумға келіп саяды. Осы ережені ұялшақтық мысалынан талдап қорытайық. Мысал. Кей адамдар өзіндегі ұялшақтықты басқа адамдармен қатынас жасауда кедергі келтіретін теріс қасиет ретінде қабылдап, осы фактіні қатты уайымдауы мүмкін. Уайымдаулар, өз кезегінде, қоршаған адамдарға қатысты күдіктілікті күшейте түседі. Күдіктілік ұялшақтықты күшейте түседі. Шеңбер тұйықталады. Ұялшақтық қабылданбайды, онымен күрес басталады. Күрес іс жүзінде тек қана уайымдаулардың күшеюіне ғана келіп тіреледі. Алайда ұяылшақтықтан күшті, оңды жақты бөліп көрсе болғаны, ол еш жанға батпайтындай қабылдануы мүмкін. Осындай мықты жақ, мысалға, адамдардың қарым-қатынасына сезімталдық болуы мүмкін, бұл жанның нәзік ұйымдастырылуының және ішкі әлемнің көрсеткіші болып көрініс табады. Шындығына келгенде мұның екеуі де (нюанстарды қоспағанда) бір нәрсе болғанымен де, ұялшақтыққа қарағанда, өзіндегі сезімталдықты, нәзік жан құрылысын қабылдау оңайырақ соғады.
Жалпы алғанда өзін-өзі қабылдау - өзін-өзі танудың қорытындылаушы бөлімінің маңызды сәті, дәл осы өзін-өзі жетілдірудің, өзін тану және дамыту дың бастапқы нүктесі болып табылады, бір мезгілде өзін-өзі тану кезеңі ретінде де, тұлғаның бірлігі мен үйлесімділігінің жетістігі ретінде де, өзін тану және дамыту механизмі ретінде де көрініс табады.
Өзін-өзі танудың ең кең және қол жетерлік тәсілі болып басқа адамдарды тану табылады. Өзіміздің жақындарымызға, достарымызға сипаттама бере отырып, олардың жүріс-тұрысының мотивтерін талдай отырып, өзімізді басқалармен салыстыра отырып, біз осы сипаттамаларды кей кезде санадан тыс өз өзімізге көшіреміз. Осындай салыстыру жалпы мен ерекшені бөліп көрсетуге, өзіміздің басқалардан айырмашылығымызды және оның нақты неден тұратынын бөліп көрсетуімізге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану тәсілдеріне бет бұрайық.
Өзін-өзі танудың кең таралған тәсілдерінің бірі, әртүрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін өз өзіне есеп беру болып табылады. Ауызша өз өзіне есеп беру аптаның, айдың және т.с. соңында жүргізілуі мүмкін. Мұнда күннің немесе аптаның оқиғаларын жаңғырту: өзіңнің әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысыңды талдап шығу; барлық позитивтер мен негативтерді атап өту; қандай да бір түрде әрекет жасауға түрткі болған себептерді көрсету; одан да тиімдірек жүріс-тұрыс үлгілерін қарастырып шығу; өз бойыңда «есепті» кезеңде көрініс тапқан қасиеттер мен жеке бас ерекшеліктерін бөліп көрсету маңызды.
Өз өзіне есеп берудің өзге түрі күнделік жүргізу болып табылады. Ол уақыт шығындауды және ерік-жігерді қажет еткенімен, осы түрдің басымдықтары айдан анық. Біріншіден, адам оқиғаларды өзінде жазып алған кезде онда, әсіресе алуан түрлі уайымдауларды сөз түрінде білдіру керек болған жағдайларда, ойдың қарқынды жұмысы жүреді, осының нәтижесінде оқиғаларды да, уайымдауларды да ұғыну процесі жүреді. Екіншіден, күнделік жүргізу бізде бар ең бірегей нәрсені – біздің өміріміз бен оқуымыздың маңызды нәтижесі ретінде көрініс табатын өз өмірлік тәжірибемізді жазбаша түрде бекітіп қоюға мүмкіндік береді. Үшіншіден, күнделікте өзіңнің өткен өміріңді баяндауға, осылайша оны терең ұғынуға, өз тұлғаңның даму динамикасын табуға болады. Төртіншіден, күнделік мұнда баяндау талдаумен үйлесетін өзіңе өзіндік сипаттама беруге мүмкін сыйлайды. Өзін-өзі танудың келесі тәсілдері кинофильмдер, спектакльдер көру, көркем әдебиет оқу болып табылады. Жазушылардың, әсіресе классиктердің тамаша психологтар екендігі белгілі, оның үстіне, олар кей кездері мұны шешуге ғылыми психология тек енді ғана кірісе бастаған мәселелерді көтереді. Көркем әдебиетті оқи отырып, біз кейіпкерлердің психологиялық порттері мен сипаттамаларына, олардың әрекеттеріне, басқа адамдармен қатынастарына назар аудара бастаймыз, сіз еркіңізден тыс өзіңізді осы кейіпкерлермен салыстырасыз. Фильм, спектакль көріп, көркем туындыны оқып, өзіңізге: негізгі кейіпкерлердің әрекеттері қандай? деген бірқатар сұрақ қоюға тырысыңыз. Бас кейіпкердің мінезінің қалыптасуында қандай факторлар жетекші роль ойнап шықты? Адамды дәл осындай болуға не итермеледі? Ол басқаша әрекет жасай алар ма еді? Өзіңіз осындай жағдайда не істер едіңіз? Өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша, кейіпкерге өзгеше болу, өзгеру үшін не істеу керек? және т.с. Адам неғұрлым көбірек оқыған сайын, адамның оның ішінде өзін-өзі тану мәселелерінде де соншама көбірек мағлұматты деген ақиқат жақсы таныс. Және, сірә, өзін-өзі тану үшін ең кең мүмкіндіктерді психологияны, оның ішінде тұлға психологиясы, топтар психологиясы; әлеуметтік психология, танымдық әрекет психологиясы секілді тарауларын оқу береді. Қазіргі таңда көптеген орта және жоғарғы оқу орындарында психология міндетті пән болып табылады, бұл, сөз жоқ, оңды фактор болып табылады. Осыған байланысты көптеген пайдалы мәлімееттер білім қалуға, өзіңнің психологиялық сауаттылығыңды арттыруға, өзін-өзі тану сферасын кеңейтуге болатын, көпшілікке арналған психологиялық әдебиеттің көлемі айтарлықтай арта түсті. Психологиялық тестілеуді қолданған пайдалы, бірақ интерпретациялау нұсқаулары мен тәсілдерін зейін қоя оқып шығып, байсалды, сынақтан өткен тесттерді қолданған жақсы екендігін есте ұстау керек. Егер мүмкіндік бар болса, интерпретациялауды маман-психологпен бірлесе жүзеге асырған жақсырақ болады. Ойын-сауықтық тесттерге тиісінше қарап, оларды шындап қабылдамаған жөн.
№60. Өзін-өзі сыйлау – өзін-өзі тану үрдісінің нәтижесі.
Сәйкестік және өзін-өзі қабылдау сезімінің негізінде осында тұлғаның өзіне көңілі аууының дәрежесі көрінетін өзін-өзі құрметтеу пайда болады. Өзін-өзі құрметтеу – бұл өзіңе құндылық ретінде тұтас оңды қарау, онда сан көптеген өзін-өзі бағалаулар интеграцияланады. Адамның қандай да бір салаларда өзін жоғары, қандай да бірінде төмен бағалайтындығы түсінікті, алайда жалпы алғанда ол өзін қабылдайды, өзінің оң қабағымен қарайды, өзін және өз жетістіктерін мақтаныш тұтады. Осы өзін-өзі құрметтеудің нақтылы болғаны маңызды. Өзін-өзі төмен құрметтеген жағдайда адам өзін жақсы көруден қалады, тұлғаішілік кикілжіңдерді бастан кешіреді, шамадан тыс құрметтеген жағдайда - өзіне ғана шоғырланады, өзіне сүйсіне қарайды, басқаларға менсінбей қарайды, өзіне деген сенімділікті, өзіне ризалықты, эгоцентризмді көрсетеді.
Өзін-өзі құрметтеудің тек өзіне оңды қараудың және жекелеген өзін-өзі бағалаулардың негізінде ғана емес, өзінің талаптанулары мен нақтылы жетістіктерін салыстырып көрумен де қалыптасатындығын атай кетуіміз керек. Өз уақытында американдық физиолог У.Джемс тұлғаның талаптануларын және ол қол жеткізетін табыстарды байланыстыратын бірегей формула шығарған болатын. Бұл формула мынандай түрге ие:
Табыс = Талаптанулар Өзін-өзі құрметтеу
Табыс неғұрлым жоғары және ұмтылыстар неғұрлым төмен болған сайын, өзін-өзі құрметтеу соғұрлым жоғарырақ және керісінше, талаптанулар неғұрлым жоғары және табыс неғұрлым төмен болған сайын, адам өзін-өзі соғұрлым азырақ құрметтейтін болады. Алайда, парадокс адамның іс-әрекет мақсаттарына қатысы ретіндегі талаптанулардан толығымен бас тарта алмайтындығынан тұрады, табыс және сәтсіздік – жағдайларға да, тұлғаның өзіне де тәуелді болатын нақтылы категориялар. Сондықтан адам табыстарға және өткен тәжірибеге байланысты өзінің талаптануларын түрлендіріп отыруға мәжбүр, ал талаптанулардың өзгеруі, өз кезегінде, табыстарға әсер етеді.
Осыдан барып жекелеген жағдайларда біз өзіміздің табыстарымызға масаттанамыз немесе сәтсіздіктерімізге өкінеміз, кейде өзімізді құрметтейміз, кейде өзімізге көңіліміз онша тола қоймайды. Ең бастысы, нақтылы жағдайдан тысқары жерде, жалпы алғанда сәтсіздіктерді уақытша құбылыс ретінде қабылдай отырып, өзімізге оң қарай алуымыз, ал егер бұл сәтсіздіктер тұрақты сипатқа ие болса, рухтың бойда болуын, өзімізге деген сенімді жоғалтпау, жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің тактикасы мен стратегиясын өзгерте алуымыз. Нақтылы талаптанулар болған кезде, жоғары өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі қабылдау болған жағдайда, тегеурінді еңбек еткен кезде көптеген мәселелер шешілуі мүмкін. Үлкен есеппен алғанымызда, мұндай сенім адамға өмір сүруге, кедергілерді жеңуге, нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақыр соңында, сәйкестіктің, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-өзі құрметтеудің қолайлы үйлесімі өзін, өзінің мүмкіндіктерін білуге, өз өмірінің мағыналылығы мен құндылығына деген сенімге, адам өзінің өмірін өз бетінше құруға қабілетті екендігіне сенімге, өзінің таңдауларын және өзінің тағдырын (ал ол әр адамда бар) анықтауға негізделген өз құзыреттілігі сезімін тудырады. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі танудың нәтижелері айтарлықтай кең және өзі туралы білімдер мен өзіне эмоциялық-құндылық қараудың: сәйкестік, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, тұлғалық құзыреттілік сезімдерінің қорытпасы болып келеді.
№61. Өзін-өзі қабылдау – өзін-өзі тану үрдісінің нәтижесі.
Өзін-өзі қабылдау тұлғаның сәйкестігімен тығыз байланысты, өз бойынан теріс пен оңды, мықты мен әлсізді мойындауды қосады және өзіңе сайма-сайлықтың негізінде өзіңе жақындық шамасын білдіреді. Өзін-өзі қабылдау өзің туралы білімдердің, өзіңнің мықты және әлсіз қасиеттеріңді егжей-тегжейлі талдаудың, оларды бағалаудың және тіптен адам өзінің әлсіз қасиеттеріне жатқызатын қасиеттерге де оңды эмоциялық қараудың негізінде пайда болады. Өзін қабылдамаған немесе ішінара қабылдаған жағдайда бұл әркімнің қолынан келе бермейтін өзімен күресуге, өзін қайта құруға деген ұмтылыс пайда болады. Шынайы Өзін-өзі қабылдау өзіңмен күресуді білдірмейді, бірақ ол адам өзге болуға деген мақсат қоймайды дегенді де білдірмейді. Шынайы өзін-өзі қабылдау – бұл өзін тану және дамыту мен өзін-өзі жетілдіру үшін негіз.
Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
Өзін-өзі қабылдау – бұл жалпы алғанда тұлға секілді, өз тұлғасының барлық аспекттерінің тіршілік етуге құқығын танып, мойындау. Күшті жақтар секілді, әлсіз жақтар да, оңды жақтар секілді, теріс жақтар да – осылардың барлығы да, осы әлсіз жақтар, теріс ерекшеліктер бізде қандай теріс эмоциялар мен уайымдаулар тудырғанымен де, тіршілік етуге, қызмет атқаруға тең құқыққа ие. Психологияда мынандай факт баяғыдан белгілі және дәлелденген: адам өзін, өз қасиеттерін (тіптен негативті эмоциялар тудыратындарын да) неғұрлым көбірек шамада қабылдауға қабілетті болса, олд соғұрлым көбірек шамада гармониялы тұлға болып табылады және алға жылжитын өзін алға жылжытатын өзін тану және дамытуға көбірек дәрежеде қабілетті.
Біріншіден, мынаны анықтап алған маңызды: адам өз бойынан нені сөзсіз қабылдайды, таниды, мойындайды және неге оңды қарайды; өзінің бойынан нені негативті, теріс уайымдаулар тудыратындай етіп ұғынады (қандай да бір қасиеттер немесе сапалар қабылданбайды да, оларды жою бойынша күрес басталып кетеді); өзінің бойынан не нәрсені мұның қабылдауға болмайтындай болып, санасыздыққа ығыстырылғандықтан, сондықтан қабылдана алмайтындығына орай ұғына алмайды.
Екіншіден, «нашар» қондырғысының қызмет етуіне орай толық қабылдамау ретінде, адамда өз өзін теріс бағалау қалыптасатын жағдайлар ерекше талқылауға лайық болып келеді. Өз өзіне және басқаларға әртүрлі қараудың осы жағдайларын Э.Берн (американдық ғалым) суреттеп берген, ол индивидтің: «Мен жақсымын, Сен - жамансың», «Мен жақсымын – Сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жамансың» секілді әртүрлі өмірлік позицияларын бөліп көрсетеді. Соңғы екі жағдайда «Мен нашармын» деген қондырғы басым болып келеді. Алайда соңғы жағдайда ол әлемге деген мүлдем теріс көзқарасты көрсетеді: «Барлығы нашар адамдар, оның ішінде мен де жаманмын». Бұл позиция - өзін-өзі төмендету жәнебір мезгілде оңды қасиетке ие ретінде қабылданатындардың және бағаланатындардың барлығына деген қызғаныш.
Осындай өзін-өзі қабылдамау әлде өзіне өзі қол жұмсауға дейінгі де шаттықсыз және пессимистік ойларға алып келеді, әлде, керісінше, оны тұлға өзі үшін белгілі бір материалдық игіліктер мен басымдықтарға ие болу үшін «толықтай шамада» пайдаланып қалады (яғни, басқалармен манипуляция жасаудың элементарлы процесі жүзеге асырылады).
Үшіншіден, неліктен тұлғаның дәл бір қасиеттерін және ерекшеліктерін адамдар әртүрлі қабылдайды немесе қабылдамайды? деген сұрақ түпкілікті маңызға ие бола бастайды.
Мысал. Бір адам мейірімділік – оның күшті жағы және ол мұны толығымен қабылдаймын деп есептейді. Екінші біреу, керісінше, мейірімділікті теріс сипаттамасы деп есептеп, одан арылуға ниет етеді. Істің мәнісі – тұлғаның әу бастағы әртүрлі мақсаттарында және оның басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің әртүрлі иәжірибесінде. Егер ол риясыз қабылданса, яғни қоршаған адамдар тарапынан «сыйлық алуға» деген мақсат болмаса, мейірімділік, сөз жоқ, оңды қасиет ретінде қабылданатын болады, мақтаныш аясы болып табылады. Мейірімділік үшін сыйлық күтілетін (жауап қайырымдылығы немесе мейірімділігі түрінде болса да) болса, бірақ индивид оны алмаса, өзінің қайырымдылығы және мейірімділігі осыдан арылу жақсырақ болатын нәрсе ретінде бағаланатын және қабылданатын болады. Ал мейірімділікпен, жақсылықпен күресі қажет пе? Көптеген адамдар бұл ақылға сыймайтын нәрсе деп жауап қайыратын шығар? Бірақ адамдар мұнымен күреседі ғой!
Адамның іргелі қабілеттерінің бірі болып болжауға деген қабілеттілік табылады. Шынында да, адамдарға күн сайын және сағат сайын алдын ала білуге, яғни оқиғалардың өрбуін болжауға, нәтижелерді дөп басып айтуға тура келеді, мұнсыз өмірді, іс-әрекетті және осымен байланыстының бәрін жоспарлау мүмкін болмас еді. Болжау деп психологияда әдетте болашақты жорамалдау, алдын ала білу, күн ілгері болжау түсініледі. Мұндай болжау әрқашан да ықтималдық сипатқа ие болып келеді. Бұл түсінікті де – қандай да бір оқиғаны дәл және біржақты алдын ала білу немесе жорамалдау аса күрделі және проблемалы болып келеді.
Көбіне көп адамдар қандай да оқиғалардың дамуын, басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжайды: мысалы, педагог осылар балалардың білімдарлық және тәрбиелілік деңгейі түрінде көрініс табатын, өз еңбегінің нәтижелерін міндетті түрде болжайды. Тұлға өзін жүзеге асырылатын болжаудың ортасына қойғанда, тек өзінің іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, өзін де жаңа және жаңартылған қасиетте күні бұрын көрген кезде, біз өзін-өзі болжаумен –сыртқы және ішкі өмірдің алдағы іс-әрекеттің және өзін тану және дамыту дың міндеттерін шешумен байланысты оқиғаларын күн ілгері білу қабілетімен істес боламыз. Өзін-өзі танумен үйлесе отырып, өзін-өзі болжау тұлғалық дамудың келешектерін анықтауға, тұлға жақын немесе алыстағылау уақытта осыларға ұмтылатын болатын және осыларға бағыт-бағдар алатын талаптар жүйесін, сол идеалды Мен бейнесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі болжаулардың мазмұны мен бағытталғандығы үш позициядан қарастырылуы мүмкін:
1) өмірлік жолдың белгілі бір оқиғаларына (ішкі өмірдің, ортаның әрекеттері, оқиғалары);
2) өзін-өзі болжау бағыттылығы аладын ала болатын дүниенің, оқиғалардың ішінен өзінің жүріс -тұрысын, ішкі өмірінде болып жатқан дүние ретінде көрініс тауып, қызық қозғалыстың ішінде өзін сол мзетте көріп машықтанып отырады.
3) өзіндік болжау арқылы өмірлік жолдың әр кезеңдеріндегі оқиғаларда өзін көрсетумен қатар, іс әркетімен тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Келешекте аладын ала болжау арқылы оның даму жолын және жүзеге асырылуын анық көре алады, сонымен қатар өзі туралы ой туындайды. Өзін танудың мазмұнына орай: бейнелі және таңымдық компоненттеп екіге бөледі: адам өзінің бейнесін көз алдына алдын ала елестету арқылы, өзін болашақта болжап көре алады және өзінің өмірбаяны картасы болады.
№62 (№50 сұрақпен бірдей)
№63. Өзін-өзі бағалау ұғымы. Мен тұжырымдамасы құрылымындағы өзін-өзі бағалау.
Мен-тұжырымдаманың ұғынылу дәрежесі көбіне-көп адамға, оның өзін-өзі тануға қабілеттілігінің дамуына, оның өзін-өзі тануға ұмтылысына және өзін-өзі танумен жүйелі түрде айналысу әдетіне байланысты болып келеді.
Мен бейнесінің «кірпіштері» (өзі туралы білімдер) шынайы және жалған, адекватты және адекватсыз, салыстырмалы толық және фрагментарлы болуы мүмкін. Егер адам өзіне шындығында да тән қасиетті табатын болса, мұндай білім шынайы болады. Өзің туралы жалған білім – бұл аталған тұлғада дамымаған қасиетті табу және бекіту. Жалған білім туралы айтпай-ақ, өзің туралы шынайы білім адекваттылық дәрежесімен ерекшеленуі мүмкін (мұнда енді қарым-қатынас компоненті сыналай кіреді). Мысалы, тұлға өзін коммуникабельді, қарым-қатынасты адаммын деп есептейді, бірақ қоршаған адамдар аталған адамда коммуникабелділік шамалы ғана дамыған деп ұйғарады. Ақыр соңында, өзің туралы білімдердің толықтығы қандай да бір қасиетті немесе толығымен тұлғаны жан-жақты тануды болжайды. Адам, өзінің қасиеттерін талдай отырып, тек мазмұндық сипаттамаларды ғана емес, олардың даму дәрежесін де, қолданылу саласын да бөліп көрсетеді, шектеулерді ұғынады, мықты және әлсіз жақтарын анықтайды. Фрагментарлылық – бұл үздіктілік, біржақтылық, түсіндіруге қабілетсіздік, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға қабілетсіздік. Бірақ жалпы алғанда өзі туралы, тұлғаның жекелеген қасиеттерін білу өзін-өзі танудың жалғыз ғана нәтижесі болып табылмайды.
Адам, оның ішінде өз өзі туралы ақпаратты жинау және өңдеу жөніндегі компьютер емес. Өзін-өзі танудың барысында-ақ өзін-өзі танудың ақырғы кезеңдерінде барған сайын көбірек айтарлықтай роль ойнай бастайтын және өзін-өзі танудың мазмұнымен бірге оның нәтижелерінің спецификасын анықтайтын эмоциялық-құндылық компонент іске қосылады. Эмоциялық-құндылық қатынастары алуан түрлі және ең әртүрлі түсініктерде көрсетілуі мүмкін: көңіл ауу, сүйіспеншілік, махаббат, аулақ болу, өз өзіне сенімділік, өз өзіне жетушілік және т.с. Психологияда осыларға өзіңнің ең алуан түрлі эмоциялық уайымдауларыңды орналастыруға болатындай, координаталардың қандай да бір шартты жүйесінің қандай да бір өзекті осьтерін бөліп шығару әрекеттері жасалуда.
Отандық психолог В.В.Столин өзіңмен қатынастың осындай үш осін бөліп көрсетуді ұсынады: «симпатия-антипатия», «құрметтеу-құрметтемеу», «жақындық-алыстық». Мысалы, өзіңе көңіл ауу өзіңе құрметпен және жақындықты сезінумен үйлесе отырып, өзіңе деген сүйіспеншілікті тудырады; өзіңе құрметпен қарамаумен және алыс болу сезімімен бірге, антипатия - өз өзіңді қабылдамауды, өз өзіңе жиіркенішті болуды, кей кездері өзіңе деген өшпенділікті және т.с. тудырады. Өзін-өзі танудың ең жалпы нәтижелерін өз-өзіңе деген эмоціиялық-құндылық қатынастар тұрғысынан бөліп көрсетуген тырысатын болсақ, оларға сәйкестік сезімін, өзін-өзі қабылдауды, өзін-өзі құрметтеуді және нәтиже ретінде – жеке бас құзыреттілігі сезімін жатқызуға болады. Осы түсініктердің барлығы бір бірімен тығыз байланысқан, қазіргі психологияда белсенді зерттелуде және талқылануда.
Сәйкестік. «Сәйкестік» сезімін алғаш рет американдық психолог Э. Эрикссон бөліп алып, суреттеген болатын және ол тұлғалық тепе-теңдік, өзіндік шынайылық және толыққандылық, әлемге және басқа адамдарға өзара қатыстылық сезімін білдіреді. Сәйкестік сезімі тек өзін-өзі ұқсастыру нәтижесінде ғана емес, өзіңнің уақытта және кеңістікте тіршілік етуіңнің үздіксіздігін ұғыну, басқалардың да осы ұқсастықты және үздіксіздікті танитындығы фактін қабылдау нәтижесінде пайда болады. Қолайлы жағдайларда бұл сезім жас өсе келе ұлғая түседі, адам өзінің өткені мен болашағы, өзінің кім болғысы келетіні мен өзіне қатысты өзгелердің күтетінін қалай қабылдайтындығы арасында көпіршелер құрады. Егер сәйкестік сезімі туындамаса немесе, әрі қарай көрсететініміздей, адам тек өзінің бір бөлігімен сәйкестенсе, өзіңнің өз тұлғаңнан алшақтау, тұлғаның шағын құрылымдары, құрылымдары және оның мақсаттары арасындағы келісушіліктен қалу және т.с. туындайды. Бұл ауыр уайымдауларға, дағдарысты құбылыстарға, өмірдің мәнін жоғалтуға, үміт үзуге, торығуға алып келеді.
№64. Достық – қажетті даму факторы және әрбір адам тағдырындағы маңызды өмірлік құндылық.
Достық – мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу.
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр
Достық туралы бірер сөз
«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.
Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді.  Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам  шынайы достыққа лайық емес.
Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен  сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.
Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?
Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен  еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Жақсы дос – жан азығы. Достық - бұл адам өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Достық деген сөзге нақты анықтама беру қиын, тіпті анықтамасы жоқ деуге келеді. Себебі, әр адамның көзқарасы мен түсінігі әртүрлі. Тек өмірлік көзқарасы ортақ, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Демек, достық - ол тек адамдардың арасында ғана болады деген қатып қалған түсінік емес.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.№65. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі достық және өзі турал түсініктері.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
Достықтың қанша түрі бар?Достық – бірін-бірі ұғысып,  түсінісетін адамдар арасында ғана қалыптасады. Дос туралы жырламаған ақын, айтпаған әнші жоқ. «Жүз теңген болғанша, жүз досың болғаны артық» деген мақал тегін айтылмаған. Шынында да жүз досың болғанға не жетсін. Достық туралы Әйтімбет шешеннің айтқан сөзі. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет шешен:- Достың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, – дейді.- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.Достық – адам өмірінің өзегі. Өз жақын досыңа көмектесу – парыз. Дана Абай да достық туралы:- Жүрегі жұмсақ білген құл,Шын дос таппай тыншымас.Пайда, мақтан бәрі тұл,Доссыз ауыз тұщымас, – деп жырлады.Бұл даналар сөзі келер ұрпаққа үлгі болары күмәнсіз.
Сенім керек алдыменДостық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түспек. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. Мен осы кішкентай ғана өмірімде талай жанмен дос болып көрдім. Және талайының мінезін де аңғарғам. Арам дос та, адал дос та кездесті. Бірақ мен мақтан тұта алатындай, сенімді әрі кеңпейілді досым болғанына қуанам. Оған сенемін және білем. Досыма қиын жағдайда қол ұшын берем, әрине, ол да маған қиын кезде көмектесуге даяр. Осындай сенімді жан досымды мақтан етем!
Менің жан достарымМенің достарым көп. Арамыздан қыл өтпейді. Достық – таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Ол байлық әрбір адамда болуы тиіс. Ол болмаса, бұл өмірдің қызығы да, мәні де жоқ. Достық ұғымы өте кең. Дос – қиналғанда да, қуанғанда да бөлісер  өмірлік тірегің. Менің сүйенішім, тірегім болып, бала кезден бірге оқып, сырымызды да, жырымызды да бірге айтып, керек кезде жанымнан табылған жан достарым өте көп.
№66. Жеке тұлғаның коммуникативті құзіреттілігінің дамуына өзін-өзі танудың ықпалы.
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.
Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:
-  коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педогогика және психология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).
-  коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);
- қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер елдің тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайту;
күнделікті оқу үдерісінде ресми-іскери сөйлесуге тән тілдік тұлғаларды, сөз тіркестерін меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренуі;
 
-  вербальды және вербальды емес қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және шарттасуды жүргізу, кәсіби педоггогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану).
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай қазақ тілін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану – еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
№67. Тұлғаның өзіндік құндылығы. Менің өзіндік құндылығым Декларациясы – өз-өзіне әнұран.
Тұлғаның өзіндік құндылығы.Менің өзіндік құндылығым Декларациясы – өз-өзіне әнұран.
Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.
Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері
Құндылықтық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды-қуану,сүйсіну,таңдану,табыну т.б. туғызады.Оның ішіндегі ең жоғарғысы-қассиеттерге табыну.Адамға қасиеттер қажет,мейлі ол дін болсын немесе діни емес зайырлық қасиеттер болсын.Бұл мәселе,әсіресе,қоғаның адамгершілік тұғырлары мен мәдени дәстүрлерінің құнсыздануы мен деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады.Құндылықтар — қасиеттер.Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден,ана сүтімен бірге,өзінің ана тілі арқылы,мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына моральдық жауапкешіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі.
Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылыұтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылыұтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын <> шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдкниет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылыұтар кешені бар. Құндылықтар адам болиысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар – өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттәләктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.
Заттар мен құбылыстар сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өміріне деген қатынасын – өзіне-өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдар, дәуірлер, мәдениеттер, адам қоғамдары арасында қаншалықты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мәнді диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымдық бейсаналықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрделілігі мен институционалданған этностық нормаларына, ерекшеліктеріне дейін.
№69. Сәйкестілік (бірегейлік) пен рефлекцияның өзара әрекеттестігі – өзін-өзі танудың тетіктері.
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді.Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.Қызмет нәтижесіне қарай рефлексия ұсынады келесі жіктеулерді:1. эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы2. әрекетттік рефлексия.3. оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.1. Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.Әрекеттік рефлексия.2. Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.3. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі.Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көңіл - күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін - өзі ұмытуына байланысты. Сондай - ақ өзіндік баға адамның психологиялық - физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге келген қарым - қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді.Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі сияқты көп астарлы. Оның мазмұны моральдік - адамгершілік құндылықтар, қарым - қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді де, ал керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкеледі. Қандай да тұлғаның бір өзіндік бағаны беру мәнін арттырады
Бірегейлік — басты өлшем. Республиканың мемлекеттік кұрылысы мен дамуына тура қатысы бар бұл әлеуметтік- философиялық қондырғыдағы пішінделуі бойынша "бірегейлік объектінің өз ұғымына барабарлығын, болмысының нақтылығын, тұтастығын білдіреді". Олай болса, мемлекеттік бірегейлік дегеніміз — Қазақстан Республикасының тәуелсіз, унитарлы, демократиялық мемлекет ұғымына сай келуін, ал ұлттың бірегейлік божа, қарастырылып отырған қауымдастықтың тәуелсіз ұлтқа тән белгілер мен қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының ұлттық унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Сайып келгенде, Қазақстанның гүлденуі қазақ ұлтының еркендеуіне немесе қазақ ұлтының әлеуметтік прогреске қол созуы Қазақстан коғамының дамуына ықпал етіп отыруы тиіс. Өйткені этностың даму қисынының өзі — ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, ұлттық өзіндік санасы жоғарылар мен төмендерден, ұлт тілін білетіндер мен білмейтіндерден, ұлттық дәстүр мен моральды сақтайтындар мен сақтамайтындардан, кейде ұлттық мүдделер үшін белсенді күресетіндер мен күреспейтіндерден, т.б. тұрады. Ұлттық психологияға, моральға, дәстүрлерге қатысты да осы формуланы колдануға болады: ұлт өкілдері арасында оларды бойына сіңіріп алып жүрушілер бар және оларды елемейтіндер бар. Тиісінше, олардың алдыңғылары "ұлт екілі" ұғымына бірегейлігі барлар, соңғылары бірегейлігі жоқтар болып шығады. Ұлттық психологияның нағыздығы оның белгілерінің ұлттың жекелеген өкілдерінің кез келгенінен табыла бермейтінін көрсетеді. Ұлт болған соң оның ұлтты келбеттейтін, оның тұрпатты өкілдері және ұлтты келбеттей алмайтын топтар болады. Осы тұстан: ұлтты келбеттей алатындарға және келбеттей алмайтындарға кімдер
№70. Мен тарих ағымындамын. Өзіңіздің тарихыңызды жазыңыз, оның тұтас алғанда тарихи үрдіспен байланысын сипаттаңыз.
Мен тарих ағымындамын
Өмірге келген әр жанның жарық дүниенің төрт бұрышының бірінен өзіне лайық орын тауып, ғұмыр кешері сөзсіз. Ол адам сол өмірінің кезеңдерін мүмкін сәтті, мүмкін сәтсіз өткізер. Өйткені, жұмыр жерді мекен еткен пенделердің тағдыры, өмір ағымы бір – бірімен тоғыса бере ме немесе, тағдыр оларға бірдей сый ұсынып, бәріне күліп қарар ма екен?… Әй, қайдам!? Әлде жаратқан тәңірі «тәттіні көп берсем, қадірі кетер» дей ме? Сондықтан болар, адамдардың бірі бұл өмірге риза боп шаттанып, тұла бойын, жаны мен тәнін қуаныш билесе, екіншісі тәлкекке түсіп, теперіш көрген тағдырына қарғыс айтады.Бұндай екі түрлі арнамен ағып жатқан ала – құла тіршілік иелерінің өмірі күнделікті көз алдымызда кинотаспадай өтіп жатыр. Бірақ сәттіліктің түпкі себебін базбіреуі тұрмыс деңгейінен, келесілері басқа құндылықтардан іздейді.Тұрмысы мен болмысы біте қайнасқан қазақ халқы өз басынан алмағайып замандарды өткізе отырып, тәуелсіз заманға да жетті. Бұл бүкіл қазақ халқы үшін сәтті кезең деп толық айта аламыз.
Тарихты адам жасайды. Оған өзгеріс жасап, заман ағымын өзгертетін күшке ие адамды жарық дүниеге  сыйлай алған құдіретке бас имеске шара жоқ. Бұл өмірге қаншама сәтті жан иесі келіп, халыққа пайдасын тигізіп, елінің есінде қалды. Мен білетін ұлылар, даналардың бәрі мен үшін сәтті адам образын сомдайды. Тұтас халықтың өміріне өзгеріс жасаған тұлғалардың бірімен – бірін салыстыруға да келмейтіндігі тайға таңба басқандай. Менің көңіліме тұнып, көз алдыма келіп, өз өміріме үлгі боларлықтай адамдар да – сол тұлғалар.Үзілмес шынжырдай бұғауды мойнына қамыт қылып салған қым – қуыт зауал заман артта қалып, таңы арайлап атқан, егемендігін алып, бақыт құшағына бөленген бүгінгі қазақтың маңдайына біткен бірегей тұлға – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев. Ойы мен арманы ұштасқан, сөзі мен ісі қабысқан, ел қамы, болашағы деп тынымсыз еңбек еткен ел ағасы — менімен қосқанда бүгінгі және ертеңгі әр қазақ үшін сәтті адам образының керемет үлгісі. Ол өмірге келгенде даланың әр гүлі атып, күні күліп, таңы арайланып, көкжиегі нұрға бөленген шығар. Табиғат ерекше күйге бөленіп, уақыт та өз жүрісінен жаңыла жаздағандай болды ма бәлкім. Бәрі мүмкін… Әйтеуір менің жүрегім сол кезде мына жарық дүниеде бір өзгеріс болған шығар – ау деген ойға толады да тұрады…Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан соң, жаны ақ парақтай жарқырай ағарып, аңқылдақ сәби көзқараспен қадам басып, өсе берер. Осы жолда ол түрлі бұралаң соқпақтар мен сүрлеулерге түсер.Бірі сәтті, бірі қатты, бірі тәтті күндер оларға түрлі қызықтары мен шыжықтарын ұсынар. Адам баласы өз ұрпағын осындай кезеңдерге алдын – ала дайындап, оның болашаққа деген қадамын ырымдап «Сәтжан», «Сәттіғұл», «Сәтбай» деп ат қойып жатса, аптаның үшінші күнін де «сәрсенбінің сәті» деп өздерін сәт сайын жақсылыққа ыңғайлап жатады. Тұрмыстағы мұндай пендешілік тірлік ұғымдар — «қалып айтпайтын» халықтың атам заманнан келе жатқан игі ырым, тілегі.
Мен ел үмітін ақтауға тырысқан, отанын қорғап, сол үшін еңбек етіп, тер төккен, намысы мен отаншылдық сезімі қоса өрілген қос өзендей  қатар аққан кеудесі күмбірге, көкірегі сәулеге толы жанның әрбірі ел үшін сәттті туылған адам деп айта аламын. Өмірге кірпіш болып қалана білген, халқының керегіне мейлі аз , мейлі көп мөлшерде жарай білген жандар ғана мен үшін сәтті адам болып елестейтінін қайталағым келеді.Халықтың бағы мен арына бола туған ақмаңдай ұлдары мен қыздары тарихта да, осы өмірде де аз кездеспейді. Өйткені, бұл жарық дүние, оның тыныштығы мен бейбіт тынысына да сол адамдардың септігі тиіп отыруы әбден мүмкін. Мен өзім және өз тұстастарыма бүкіл жан дүниеммен жар салғым келеді. «Ей, адамзат! Ей, арлы қазақ! Алдымыздағы шамшырақтай жанып тұрған азаматтарымыздың ақылды қадамдары мен асыл істеріне қолдау болып, қолымыздағыны қадірлей білейік, солардың өмірін өзімізге үлгі етейік, сөзі мен ісін көкірегімізге тоқып, құлақ – көзімізді соған бағындырайық!» деген жанайқай кеудемнің түкпірінен күмбір қағып, кішкентай жүрегіме тыныштық берер емес. Қане, маңдайға біткен асыл азаматтар мен алтын отанымызды алақанға сала көтерейікші бір…
Тарих дөңгелегін бірге дөңгелетіп сап түзеген сәтті адамдар қатары көз алдымнан қадам басып өте бергендей…
Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың  жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі , мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістгі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.  Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.  Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.  Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.  Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды. Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік беребі. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.  Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.  Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан «Заманымыздың кеселі » аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.  
№71. Мен және сен. Махаббат тарихын сипаттаңыз, сізді не үшін толғандырды, өзіндік терең із қалдырды... түсіндіріңіз.
Махаббат туралы өзіңізге ұнайтын өлең оқыңыз. Осы щығарманың сіздің сезіміңізге қозғау салғанын түсіндіріз
Сен және мен сыршылдықтың үлгісі,
өмір менен қатал тағдыр күлкісі.
Сен және мен аяғы жоқ бір дастан,
жазып жатқан өмір бойы «бір кісі».
 Сен және мен қос шынармыз ежелден,
асып кеткен сағат белбеу межеден.
Сен және мен шешімі жоқ бір жұмбақ,
Келмейтұғын, өткізуге ежеден.. .
 
Сен және мен арамызда шексіздік,
іште дауыл, ал арада үнсіздік.
Сен және мен бәлкім бірге болмаспыз,
сел сезімге туындаттың сен күдік.
 Сенген едім, өмірлік бұл сезім деп,
алдап кетті сері-сезік мені тек,
махаббатқа енді қайтіп сенейін.
Енді қайтып жүрек оны сезінбек.
№72. Өмірдің мәні түсінігі. Виктор Франклдің өмірдің мәніне талпыну теориясының негізгі ережелері.
Өмірдің мәні! Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры  қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды.  Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.  Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген  адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы.     
Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның  мәні мен мағынасы адамның жүрегіне  айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа  мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында  мезі болып, ол істен  түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу  жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас заттар көп араласа беретін болса,  адамның денесіндегі таза, пәк жан  жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады.  Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие  жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге  екі түрлі міндет жүктейді.  Бала бұл жұмыстарды бір орында  қаққан қазықтай қозғалмай, шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала тапсырылған  міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық бітетінін түсінеді.  Енді тәжірибе жасаушы ғалым бөлмеге сәбиді жалғыз қалдырып, өзі сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып кетеді.  Осы сәтті пайдаланған сәби  шартты бұзып, жылжып барып айтқан тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бөлмеге кіріп,  ештеме  байқамаған кісіше,  тапсырманы тексереді де,  риза болған кейіпте  уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана өте маңызды  болып көрінген тәтті кәмпиттің  табан астында сәби үшін мәні жоғалады.  Ол арам жолмен табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала алмай қатты қиналады. 
Виктор Франклдің өмірдің мәні теориясы.
Адамдaрдың өмір мәнін табуға ұмтылатын талпынысын жан-жақты зерттеген психолог ғалымдардың тағы біреуі — Виктор Франкл еді. Ол «адамдарды талпындырып тұратын күш-өзінің өмір сүруінің түпкі мағынасын тапсам деген ой. Көптеген адамдар өзін-өзі өлтірудің, жынданып кетудің, араққа салынып кетудің, наркотикке  ұрынудың негізгі себебі осы сұрақтың жауабын таба алмай шатасуда деп пікір түйген. Виктор Франкл екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында Австрияда тұрып жатты.  Фашистік Германия Австрияны басып алған соң ұлты еврей Франклдің жағдайы мүшкіл болады. Ол сол кездің өзінде хәм атақты психолог, ғалым болғандықтан АҚШ оны қуана-қуана шақырады.  Бірақ Франкл қартайған ата-анасын жау қолына қалдырып кетуге дәті бармай отбасында қалады. Көп ұзамай фашистер оны тұтқындап, лагерге әке-шешесімен бірге тоғытады.  Лагерде ата-анасы ұлдарының қолында қайтыс болады. Адам жанының құпия сырларын зерттеп үйренген ғалым лагерде де тұтқын жандардың тіршілігін жіті бақылап зерттей береді. Тұтқындарды мал секілді қорлай беретін фашистер түрмедегі кез келген бейшараны әр түрлі сылтаумен өлтіріп тастауға ұмтылып тұратын. Концлагерге алғаш келіп кіргенде көбінің ойы мынадай болатын. Бұл жерден денсаулығы темірдей жастар мен мығым денелі азаматтар ғана тірі шығатын шығар. Біз секілді жасы келіп, шау тартқандар мына азапқа бір апта да шыдамас деп қайғырады. Арада үш жыл  өткенде жағдай мүлде басқаша болып өзгереді. Осы арада кітаптан үзінді келтіре кететін мынадай қызықты фактілер бар. «Өзін өзі өлтіру туралы ой біздің әр қайсымызды да мазалайтын. Айналаңда адамдар топырлап өліп, ажал қаупі әр күн, әр сағат сайын төбеңде төніп тұрған соң еріксіз өлу туралы ойлап кетесің. Мен түрмеге түскен күні кешке өзіме өзім «сымға барып асылмаймын» деп серт бердім. Бұл фраза тұтқындар арасында жиі қолданылатын. Ауыр азап пен ит  қорлыққа шыдай алмаған кейбір бауырлар өте жоғары  кернеудегі тоғы бар  сым тартылған қоршауға барып асылып қалатын».  Осылайша Франкл әу бастан ақ миынан өзін өлтіру туралы ойларды аластап қуып шығады.
            Керісінше түрмеде денсаулығы мықты күшті азаматтардан гөрі кеудесінде үміті күшті, алда арманы бар, өмірінде белгілі бір мақсатқа ұмтылған ақжүрек адамдар әлдеқайда шыдамды әрі өміршең боп шығады екен. Тамақтарын тығылып жеген, біреудің нанын ұрлаған, тапқан дәрілерін өзі ғана ішіп емделгендер, ауыр жұмыста өзінің ғана шаруасын тындырып жолдасымен жұмысы болмаған өзімшіл жас жігіттердің түгелге жуығы түрмеде ажал құшты деп жазады. Тіпті керек десеңіз фашистерге сатылып, жағдайы жақсы болды дегендердің өздері сүзектен өліп жатты. Қақаған аязда  жолдасына соңғы киімін, мұзда тұрғанда жалаң аяқ қалып қойған досына екі етігінің біреуін шешіп берген, сабындай қара нанды бөлісіп жеген альтруистер түрменің тозағынан тірі шығады.     Осыдан барып, «Адам жаны сірі. Егер ол өлмеймін деп үлкен мақсатқа талпынатын болса азап тартып бұзылған, күйреген тәнін қалпына қайтадан келтіріп алады» деп түйін жасайды. Франкл түрмеде жатып және мынадай қызық құбылысты дәл байқаған. Түрменің іші адам шошитын жер болса да жанға қуат болар қуанышты сәтті ол жерден де табуға болатын дейді. Ауыр жұмыстан өлейін деп әрең келген соң біздерді тамақ ішуге асханаға жіберетін. Ол жерде бізбен бірге қамауда  жатқан Ф. есімді аспаз бартын. Оның басқалардан айрымашылығы сол,  ешқашан тұтқындарға сорпа құйғанда  олармен тамыр-таныстығына, туыстығына  қарамайтын. Өзгелер болса танысы не  туысы келе қалса қазанның түбін қопарып, сорпаның қоюуын құйып беруге барын салып  бағатын. Ф. Аспаздың сол болмашы әділдігінің өзі кеудені қуанышқа толтырып, адам рухына әл беретін. Лагерде кімнің ажал құшатынын алдын ала оп-оңай білуге болатын. Әдетте, тұтқындардың біреуі болашақ өмірден үмітін үзсе өмірі де сол мезгілде қоса үзілетін. Ертеңгі күннен жақсылық күтуден біржолата түңілген жігіттер күнделікті ісінен жаңылатын. Таң ертең тұрып жуынбайтын. Қатарға барып қосылмайтын. Ұрып, соғып,  қорқыту оларға ешқандай әсер етпейтін. Тіпті бірнеше күн далаға да шықпастан үлкен, кіші дәретіне былғанып жата беретін. Ең соңғы күні қалтасының қуысына тығып қойған ең соңғы шылымын алып шегеді. Сол кезде оның сол күні өлетіні анық болады. Олармен тілдескенде маған беретін жауабы әманда біреу еді: «Маған келешектен күтетін дым да қалған жоқ!».
Менің түрмедегі және бір танысым қызық жағдайда жан тапсырды. Бір күні ол маған өзінің ғажайып түс көргенін айтып берді. Түсінде бір дауыс оған менен білгің келген нәрсе болса сұрай бер  мен  сұрақтарыңа   жауап берем деп тіл қатыпты.  Мен:  түрмедегі мына азап қашан бітеді деп сұрадым. Дауыс маған «30 наурызда бітеді» деп жауап берді. Бұл оқиға 1945 жылдың ақпан айында болды. Менің досым осы көрген түсін айтқанда оның өмірге деген құштарлығы өте жақсы болатын. Кеудесі де үміт пен сенімге толатын. Себебі, ол көрген түсін Құдайдан келген аян деп нық сенетін. Арада зымырап бір ай өте шықты. Әне-міне дегенше 29 наурыз да болды. Бірақ біздің азат болатын түріміз жоқ. Сол күні кешке менің досымның ыстығы көтеріліп, ауырып, мазасы қаша бастады. Ол ертеңіне түрмеден босанып шықпайтынан көзі жеткен соң бірден құлазып, құлдырап кетті. Келесі күні азанда ол қайтыс болды. Адамның жаны туралы білетін кісі бұл құбылысты қиналыссыз түсінеді. Адам жаны үміттен кесіліп, жанына тірек болар сенім таппағанда денсаулықтағы иммун жүйесі де қоса құлдырайды. Менің досымның сенімі күйреп, үміті үзілгенде денеде қолайлы сәтті күтіп жатқан сүзектің бүкіл вирусы асқынып шыға келді. Осылайша ол бір күнде үмітсіздіктің құрбаны болды. Бірақ қалай болғанда да түсінде естіген дауыс оған дұрыс жауап берген. Расында да оның азапты өмірі 30 наурыз күні тоқтады ғой.
Түрмеде өзін өзі өлтіреуге әркеттенген тұтқындарды құтқарып қалуға рұқсат етілмейтін. Фашистер өлгісі келгендерді ана дүниеге кедергісіз  шығарып салғанды жақсы көретін.  Мысалы, асылып жатқан адамдардың арқанын кесіп, оларға көмек көрсетуге тыйым салынған. Мен қасымдағы екі жолдасымды ажалдан алып қалдым десе де болады. Олардың екеуі де «Бізде болашақ жоқ. Ертеңгі күннен күтетін дәнеме де қалған жоқ» деп асылуға іштей дайындық қылып жүрген. Мен олардың екеуімен де сырластым. Сөйтсем біреуінің кішкентай баласы туыстарына еріп, шетелге өтіп кетіпті. Ол әлі сонда тірі екен. Мен оған қалайда сол балаға тірі жету керек. Онымен жолығып, ары қарай жаңа өмір бастауға мүмкіндік мол деп сендірдім. Ал екіншісі ғылыммен терең айналысатын  ғалым екен. Ол соғысқа дейін бірнеше кітап та шығарып үлгерген. Бірақ жұмысы толық аяқталмаған. Мен оған қалай да тірі қалып, сол кітаптарды жазып бітіру керек деп үгіттей бастадым. Расында да сәлден соң оның кеудесінде үміт оты күшейіп, болашаққа ұмтыла бастады. Кейін екеуі де аман қалды.
            Азапқа толы төрт жыл артта қалған соң Франкл тұтқыннан босап шығады. Сол кезде оның түрінен адам шошитындай еді.  Арсиған  сүйектерді  құр терімен қаптап қойған секілді. Бұрынғы үйі боса да жоқ. Кабинеті, кітаптары, бомбаның астында қалды. Он бес  жыл көз майын тауысып, зерттеп жазған докторлық дисертациясын фашистер өртеп жіберген. Түрмеде ата-анасы, әйелі бақилық болып кетсе де, Франкл  жаңа  өмір бастайды. Кейін келе сырқаттанып жатқан ауру адамдарға өмірдің мәні туралы мазмұнды  әңгімелер айтып, сырқат кісілердің жаңа өмір бастауына жәрдем қылады. Бұл ғылымды «логотерапия» яғни өмірдің шаттықа толы мән-мағынасын табу арқылы бақытты тағдырға  қол жеткізетін  ғылым  деп атайтын. Ол осы ілімді дамыту арқылы ең атақты ғалымға айналады. Ғылыми атағы жөнінен  онымен теңдес келетін ешкім жоқ еді. Көптеген қуатты елдердің  президенттері, ғалымдары, философтары онымен жолығысып, өмірдің мәні туралы сөйлескісі келіп, өтініш жасайтын. Өмірдің мағынасын іздеу деген ұмтылыс кез келген адамға туа бітетін мінез. Осы талпыныстың  шынайылығы мен тұрақтылығы  пенденің  бүкіл өмірінің қай арнаға  ауатынын анықтап тұрады.  Уақытша қызыққа алданып, өмірінің мағынасын жоғалтып алған адам бейне бір  ауасыз бос кеңістікке шығып кетіп, қалқып жүргендей жағымсыз сезімге шырмалады. Бұл өмірде табан тірейтін тиянақты ештеме таппаған ғаріп жандар небір бақытсыздықты бастан өткереді. Оны психолог ғалымдар «экзистенциалды вакуум» деп атаған. Дәл осы «тіршілік вакуумы» адам тағдырында кездесетін күллі қасірет пен қайғының қайнар бұлағы деп санайды. Ең қызығы Франкл «өмірдің мәні рақат пен қызық» деп есептейтін философтарға үзілді кесілді қарсы шығады. Керісінше дәл осы қызық қуалайтын құмарлық  адам өмірінің мәнін жояды. Сондықтан адамдар қиындықпен ізденіп, осы әлемге жасырылған өмір сырын тапсын деп қорытындылай келе бөтен адамды  жақсы көріп, арланбай  оның қызметін қылып, әжетіне риясыз жарағанда адамның өзі де тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Неғұрлым ол қасындағы серігіне, жолдасына, әріптесіне көмектесіп, соның көңілін тауып шаруасына жегілсе соғұрлым  оның адамгершілік қасиеттері шыңдалып, ешкімге тәуелсіз тұлғаға айналады деп түйіндейді. Осылайша Освенцумдағы тозақи түрмеден тірі шыққан Виктор Франкл 1997 жылы 92 жасында дүниеден көшті. Франклдың  «адамзатқа пайдам тисе» деген игі арманы оны өмірдің ең қиын белестерінен аман-есен алып өтіп, ақыл есі алжымаған айқын қалпында о дүниеге салтанатпен шығарып салды. 
Сөз соңында оқушыларға мынадай ақиқаттарды бірнеше мәрте қайталап айтып, саналарына сіңіруге тырысу керек. Балалар сендер  бұл  дүниеге қасыңдағы жолдасыңды, сабақ  беретін ұстаздарыңды күн сайын қуантып, оларға шаттық силау үшін ғана келдіңдер. Бозбала кезіңнен қартайып шау тартқанша сенің міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық силау. Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ!  
№ 73. ӨЗІН-ӨЗІ ЖАҚЫН АДАМДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ТАНУ
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.
№74. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУ БАҒДАРЛАМАСЫ
өзін-өзі жетілдіру әдістерін және амал-тәсілдерін нашар меңгеру, осыған орай өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қоюда, бағдарламаны жасап шығаруда, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдірудің амал-тәсілдері мен құралдарын таңдауда қиындықтар туындайды. Осының барлығы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің тиісті саласын анықтайды да.
Мәселелер мен қиындықтардың осы тізімдемесін жалғастыруға болады. Ең бастысы – қиындықтар реестрін құру емес, нақтылы мектептің, мектепке дейінгі мекеменің, училищенің алдында тұрған негізгі міндеттерді анықтау. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың және педагогтарға көмек көрсетудің басым мақсатттарын таңдап алу үш фактормен анықталады:
1) жалпы алғанда оқу орны үшін оның іс-әрекетінің тиімділігін төмендететін жалпы объективтік қиындықтардың бар болуымен (мысалға, басқа мектептермен салыстырғанда, жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің жыл сайынғы төмен пайызы, педагогтардың оқушылармен өзара әрекеттесуіндегі жоғары кикілжіңдік);
2) педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейімен, педагогтардың жалпы алғанда мектеп үшін әдеттегі бола бастайтын жеке бас ерекшеліктерінің өзгешелігімен (мысалға, авторитарлық стильдің, өзара әрекеттесудің тәртіптік үлгісіне бағдар алудың басым болуы және т.с.);
3) оның «мамандануын» ескере отырып, оқу орны көздейтін перспективалық мақсаттармен анықталады. Жиынтығында осы үш параметрдің барлығы педагогтармен жұмыс істеу тактикасын, олардың өзін тану және дамытуы үшін бағыттарды таңдауды анықтайды да.
№75. МАХАББАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ СТИЛЬДЕРІ, МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ. МАХАББАТ-АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМ .
Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.
Достық — адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз — жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.
Махаббат — достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние — бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш — махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы — махаббат — құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп. Махаббат — жануарлар дүниесіндегі биологиялық инстинктіге негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, кеңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қоркынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.
Жомарттық — басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.
Ізгілік пен зулымдық — этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.
Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.
Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.
Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.
Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.
Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.
Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.
Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.
Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:
Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".
Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.
Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.
Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі.
Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.
Жүздесу — адами табиғаттың болмыстық алғышарты. Өйткені, адам санасының өзі адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас — жүздесу — оны (адамды) баска қоршаған табиғи ортадан беліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың кос жартышарларының сұхбатының нәтижесі. Ешбір адам бүкіл өмір бойы өзіне-өзі ғана жеткілікті болып, басқа ешкімді қажет етпей өмір сүре алмайды.
№76. ІШКІ ЖАН ДҮНИЕНІҢ «ТӨЛҚҰЖАТЫН» ЖАСАУ
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып,  Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің, қазақтың әсем сазын, асқабақ әуенін бағалап тыңдай білген жөн болар. Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.ерсі бояну да көңілге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып айғайлап сөйлеу өте ұят, өзісшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «Қалай айтылды, неге айтылды?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын – жақсы қыз, өнегелі, тәрбиелі қыз.  Қыз балалар әдемілікке аса назар аударады. Бірақ асқан сұлулықтың өз зияны бар екендігін бірі білер, бірі білмес.  Әдемі болу әртүрлі проблемар тудырғанымен, оның шешудің бірнеше жолы  бар. Сұлулық- адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Қыздардың көрікті болуы көптеген жайсыздықтарға әкеледі. Әдемі болу ең басты  бақталастықты  туғызады.  Бақталастық та – адам өмірі  тек бәсекемен өтіп, көрсеқызар болып, қызғанышпен, көреалмаушылықпен жалғаса береді. Бұл жағымсыз қырлар арқылы қыздар көп қалта шығынына ұшырайды. Шығын- үстіндегі киіммен, түрлі әдемі, қымбат бұйымдарымен, косметика, сұлылық салонымен тізбектеліп кетеді. Өте әдемі қыз мен-мен келеді. Өзін өзгелерден артық санап, биіктен қарап, тәкәппарлық сезімі ұялайды. Соның арқасында “өзіне лайықты” санайтын жар табалмай “ана болу” бақытынан айырылып қалуы да ықтимал.  Ғалымдардың пікірінше жоғарыда айтылған мысалдардан басқа да түйткілді мәселелерге ұрындырады. Мұндай жайттар орын алмау  үшін көптеген факторларға назар аудару керек. Алдымен қыз өте қарапайым болу керек. Ешкімді ренжітпей, кемсітпей өзінің әдемілігін тек іштей сезініп, жария қылмауы дұрыс болады.  Ақшаны үнемді пайдалануы шарт. Оңды, солды шашпай керекті кәдеге жаратып, өзіне ұнайтын қажетті жұмыспен айналысса. Ал қыздың ең басты  өмірдегі міндеті, мақсаты “ана атану”, “ана бақытын” сезіну. Сондықтан ер-азаматтарға  мейлінше қарапайым болып, көп көңіл бөлгені жөн.Сұлу болу мәселесі түйіткілді болғанымен, оны еңсерудің көптеген мәселелері бар. Менің ойымша  әдемілікті сезініп, өр көкірек болған қыздарымыз өмірде өте жалғыз, бақытсыз. Бұл өмірдегі ең қиыны- жалғыздық. Әдемі қыздар жалғыздық сезіміне беріліп, өмірлеріңіз қорқынышта өтпесін!!!Әдемі болу өнеріСұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады. Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз.Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика.Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды.Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну. Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды боладыАжарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы  экономика  мектебі  мамандары¬ның зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа көрсеткіштен 14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі адамдар ежелден ұрпақ жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл екі қасиет өзара бірлікте бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың айтуынша, зерттеу әдемі әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың ақылды келетінін көрсеткен. Өңі сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ бойынша жоғары болып шыққан. Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона университетінің ғалымдары өресі биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген болатын.
№77. ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРГЕ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: ӨМІРГЕ ҚУАНЫШ -БҰЛ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ АУРУДАН САУЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ.(халық даналығы)
(әркім өз ойын қосып жазу керек)
Жылау - адамның көңіл-күйінде тебіреніс (қуану, қайғыру, сағыну, залану) пайда болған кезде туындайтын құбылыс. Өмірде жыламайтын адам болмайды. Өмірдің тауқыметті шақтары болады екен, қалайда жылайтын күндер болады.
Біздің кейде жылағымыз келеді. Неге дейсіз ғой...
Тұрмыстың тақсыретін тартқан кезде жылағымыз келеді. Аурудың азабын тартып қиналған кезде жылағымыз келеді. Қарныңның ашқанына, киіміңнің жыртылғанына емес, ақылыңның жоқтығына жылағың келеді. Бір нәрсеге опық жеп назаланған кезде жылағың келеді. Өмірде біреуді сағынған кезде жылағымыз келеді. Қатты қуанып тебіренген кезде жылағымыз келеді. Бір нәрсеге айырықша әсерленген кезде жылағыңыз келеді. Сәтсіздікке жолығып, өкінген кезде жылағымыз келеді.
Күлкі
Күлкі - өмірдің ажары, тұрмыстың шаттығы. Күле алу, біреуге күлу - адамзатқа ғана тән қасиет. Алайда, ауру адам, аш адам, азап шеккен адам, тағдырдың талқысына түскен адам күле ала ма? Езуіне күлкі табы түсіп, жымия ала ма?
Біз кейде күлеміз, шынын айтар болсақ...
Бір нәрсеге қуанған кезде күлкіміз үйіріледі. Табысқа қол жеткізген кезде мәз болып күлеміз. Әдемі киім кие алған кезде шаттанып күлеміз. Жақсы тамақ іше алған кезде масаттана күлеміз. Өмірде біреуді сүйе алғанымызға бақытты боп күлеміз. Өмірде біреу бізді сүйгеніне марқайып күлеміз. Қолымызға азын-аулақ тиын-тебен түскенде, денің сау, тірі жүргенің ойыңа түсіп миығыңды бір тартып қоясың. Өмірде адамша жасап жатқаныңа дән риза болып күлесің.
№78. МАХАББАТ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: МАХАББАТСЫЗ- ДҮНИЕ БОС, ХАЙУАНҒА ОНЫ ҚОСЫҢДАР. (АБАЙ)
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар!
                                      Абай
 
Дүниеде өзгелерден бағалырақ үш нәрсе бар. Ол – махаббат, сенім, достық.
Махаббат.  Осы  бір ауыз сөз адам өмірінің ажырамас бір бөлшегі іспетті. Бұл дүниенің шыр етіп шарана болып есігін ашқаннан бастап ана махаббатына бөленеміз. Ана махаббаты сәби үшін ең қажетті азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосатын өмір баспалдағы. Біздің қоғамда ана махаббатына құштар қаншама сәби бар, қаншама тағдыр бар...
Махаббат- өте ауқымды тақырып. Оны жырлап, оның құдіреттілігін қағазға түсірген жан жоқ шығар, сірә! Махаббат десек көз алдымызға қыз бен жігіт арасындағы сезім ғана елестейтіні анық .Көпшілігімізге аға- апаларымыз: «бесіктен белің шықпай жатып, саған махаббаттың не керегі бар!» деп айтатыны жасырын емес. Жоқ, махаббат тек сезім ғана емес, махаббат- құндылық. Әр өскелең ұрпақтың санасында Отанға, туған жеріне, ата – анасына, мамандығына деген шексіз махаббаты болуы керек.  «Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады әрі мол шығады» - деген екен сырбаз жазушы Ғабиден Мұстафин.
Иә, жастарға жол сілтеу, оң бағытқа түсіру аға буынның құзіретіндегі дүние.
Қазақ әдебиітінде өзіндік өрнегі бар, шоқтығы биік майталман ақындардың махаббатты жырға қоспағаны кем де кем. Қазақ поэзиясының бастауында тұратын һакім Абай шығармашылығында сұлу қыздың бейнесін:
 Білектей арқасында өрген бұрым, 
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
№79. ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ БІЛДІРІҢІЗДЕР: МАХАББАТСЫЗ ДҮНИЕ БОС, ХАЙУАНҒА ОНЫ ҚОСЫҢДАР. (АБАЙ)
(әркім өз ойын қосып жазу керек)
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
№80. ӨЗІҢІЗ ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТАБЫСҚА ЖЕТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАСИЕТ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙСЫЗ? ҚАСИЕТТЕРГЕ СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ.
Ұстаз деген кім? Ол қандай болуы керек? Қалай жақсы ұстаз болуға болады? Дәл осы сауалдарға ойшылдардың сөздерінен жауап іздеп көрейік...
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. А. Құнанбайұлы 
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға. А. Құнанбайұлы
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селұос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет. Өйткені, бұлар, жұрт айтқандай, тамшымен тас тесетін бейнебір – су тәрізді. Әл-Фараби
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғ. Мүсірепов
Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. С. Көбеев
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Ы. Жақаев
Ұстаздың абырой болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды. С. Сараи
Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Беделдің келуі қиын, кетуі оңай. Ы. Жақаев
Жалғыз екенсің, артыңнан ерген ізбасарың жоқ екен, онда құның шамалы, шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз ағаш сияқты. Ы.Жақаев
Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті де, салмақты, сыпайы да, әдепті, кішіпейіл болуға, таза киініп, таза жүруге тиісті. М. Ғабдулин
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы? М. Әуезов
№81. Төмендегі айтылымдарға өз ойларыңызды білдіріңіздер:
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық. (Абай) (Әркім өз ойын жазады.)
№82. Ойланып көріңіз, басқа адамның алдында кешірім сұрау сіз үшін оңай ма? Кестені толтырыңыз.
Кешірім сурау пайдасы. Қан қысымын төмендетеді. Ашушаң адамдар басқалардың соққысына оңай ұшырайды. Мұндайда қан қысымын өлшеткен жөн. Мамандардың айтуынша: «Егер басқалар сізді ренжітсе немесе қателік өткізсе, кең пейілділікпен кешіре білсеңіз, ашуыңыз басылып, қан қысымыңыз да қалыпты болады».
2. Рухани жүкті азайтады. Көзі тар адамдардың рухани басымы да ауыр болады. Өйткені олар көңіліне бүккен көп ісін ашып-жарып айта алмайді. Көңілінде бүкпесі жоқ кешірімшіл адамдар тұрмыс пен қызметте де көңілді болады. Сондықтан оларға түсетін қысым да аз болады.
3. Қас ойлайтын кісіні дос етесіз. Не істесе де басқаларға қастық ойлайтын, қасақана пәле іздеп тұратындармен ешкім отаса алмайды, егер кешірімшіл болсаңыз, басқалар да сізге кешірімшіл көзқарас ұстанатын болады.
4. Ашуды тежейді. Көңілсіздіктен ешкім де жақсылық таппайды. Сондықтан мүмкіндіктің барынша кешірімшіл болған абзал.
5. Жүрек ритмін орнықтырады. Әдеттегі адамдардың жүрегі минутына 70 рет соғады. Ашуланған кезде, әсіресе, біреумен бет жыртысқан кезде жүректің ритмі тездеп, жүрек қызметі ауырлайды. Сондықтан, кешірімшіл болу жүрек қызметін қалпына түсіріп, көңіл-күйді орнықтырады.
6. Арақ-темекіден аулақ боласыз. Кейбіреулер қатты ашуланса темекі тартып, арақ ішіп құсасынан арылғысы келеді. Бұл денсаулыққа зиянды. Ең жақсысы кешірімшіл болып, көңіліңізді кеңге салсаңыз, бұл мәселелер оңай шешілері хақ.
7. Күйіктен, мұң-шерден арылтады. Бірер істің байыбына бара алмайтын іші тар адамдар үнемі мұң басып жүреді. Кешірімшіл болсаңыз, бұл азаптан да аулақ боласыз.
8. Адамдармен тіл табысу оңайлайды. Кейбіреулер бірер іске душар бола қалса, егер өз себебінен болса басқалардан кір іздейді; басқалардың мәселесі болса айқұлақтанып шыға келеді. Мұндай адамдар жүрек ауруына оңай кіріптар болады.
9. Барыс-келісті кеңейтеді. Кешірімшіл, кеңпейіл адамдардың қоғамдық байланысы кең, достары көп болады.
10. Отбасы жарасымдылығын сақтайды. Отбасында ерлі-зайыптылар қатынасы ақаусыз, отбасы байланысының басты дәнекері саналады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне кешірімшіл болса, өзара бауырмалдық түсінігі арта түседі. Қазан-аяқ сылдырламайтын отбасы жоқ. Тек кешірімшіл күйді ұстау қайшылықты шешудің кілті болып саналады.
№83. Қиялданып көріңіз де, топтағы топтағы әр студентке, ерекше комплимент жазыңыз. Ұстамдылықты ұмытпаңыз. Міндетті түрде кімге арнадыңыз, есімін көрсетіңіз. Кейін комплименттеріңізді алмастырыңздар. Сізге арналған комплиментті қалай қабылдау керектігін естеріңізге түсіріңіздер. (әркім өзі жазады)
№84. Уақытты тиімді жұмсау жоспарын жасаңыз.
Біздер көбіне жоспар жасағанда бір нәрсені ұмыт қалдырамыз. "Маңызды" істердің көпшілігі қуаныш әкеле бермейтінін аңғармаймыз. Содан да болар, уақыт өте келе жүзеге асатын жоспарлар көпшілігімізді қайран қалдырып жатады. Таңғалуға уақыт жоқ. Сондықтан қазірден бастап жұмысқа қатысты тізімдердің қатарына жеке өміріңізге қатысты жоспарларды енгізуге тырысыңыз.
Уақытты ақшамен өлшеуге бола ма?
Үнемі асығыс пен қарбалас үстінде жүретін адамдар уақыттың аздық ететінін айтып, шағымданады. Шындығында, бәрі де өзіңіздің қалай ойлағаныңызға байланысты.
Уақыттан озып кетудің қызық бір тәсілі - басыңыздағы жұмыстарды бір сәтке ысыра тұрып, өзгелерге көңіл бөлу.
Соңғы уақытта жүргізілген төрт зерттеудің қорытындысы бір тұжырымға келіп тірелді: еш нәрсеге үлгере алмай жатсаңыз... Өзгелердің проблемасын шешуге ат салысып көріңіз.
"Уақыттың ақша" тұратынына сенесіз бе? Алдын ала құттықтап қояйын, сіз де өз-өзіңізді торға түсіріп отырсыз. Уақытты ақша табумен ғана қарастыратын адамдар бос сәттің рахатын сезіне алмайтын болып шықты.
Зеттеу қорытындысы анықтағандай, табыс көзін алып келмейтін жұмыстар уақытқа ақша деп қарайтын адамдарға қолайсыздық сыйлайтын көрінеді. Мұндай адамдар бос уақыттың қадір-қасиетін түсінуден қалған-ды.
Уақытыңызды тиімділікке құрыңыз
Қанша уақытым қалды екен деп уайымдамай-ақ қойыңыз. Ең дұрысы, уақытты оңтайлы жұмсау керектігіне көңіл бөлсеңіз болғаны.
Шаршадыңыз ба? Психологтардың ұйғарымы бойынша, дәл осындай уақытта шығармашылық жұмысқа кірісу керек.
Мысалы, Марк Биман мен Джон Куниос сынды зерттеушілер серпілуге таңертеңгілік уақыттың ең тиімді екенін атап көрсетеді. Иә, ұйқыдан тұрған адамның басына күтпеген жерден керемет идеялар кеп тұрады. Бірақ, бір қиындық: біздер көбінесе ертеңгілік уақытта абыр-сабыр болып, бір жаққа асығып жатамыз ғой. Оған да қарсы бір амал бар: оятқышты бір сағатқа ерте қою. Сол уақытта асықпай-аптықпай алдағы жоспарларды реттеуге мүмкіндік тумақ.
Сіз бәрінен бұрын адамсыз ғой?! Жұмыс істеуге зауқыңыз соқпай отырған күннің өзінде жұмысты бітіруге тырысыңыз.
Уақыт сізді қалыптастырады
Кез келген салада жұмыс істеуге кеткен 10 мың сағат сізді сол саланың білгір мамамына айналдыра алады.
Әр салада жетістікке жеткен адамдардың өмір деректерін ақтарған зерттеушілер бір қорытындыға келіп отыр: адамға жоғары деңгейдегі білікті қалыптастыру үшін 10 жыл кететін болып шықты.
Сонымен қатар компьютер алдында көп сағаттарын жоғалтатын адамдар кейбір біліктерінен айырылып қалуы мүмкін. Тағы да зерттеу қорытындысына сүйене кетсек, мұндай адамдар дипломатиялық және сауда-саттық мәселесінде көбіне жетістікке жете алмақ емес.
Экран алдында өткізілген көп уақыт адамның нейронды жүйесіне әсер етіп, нәтижесінде адамдармен, сыртқы ортамен қарым-қатынас қабілеті төмендеп кетпек. Және смс жазудың майталманына айналған жандар өзгелердің көңіл-күйін сезінуде олақ болып шықпақ.
Өмір суреті
Бизнесмен Рэй Авериннің ойынша, өмірді қалыпқа келтіру тіпті де қиын емес екен: "Сіз өмірге келгенде алдыңызда 30 000 күн болады. Бұл сіздің арқа сүйер жалғыз мүмкіндігіңіз. Осы туралы ойланыңыз", - дейді.
Бүгінгі таңда Аверин 65 жаста. Өзінің  есептеуі бойынша, өмір сүретін 5 625 күні қалыпты және "өмірді артқа айналдыру арқылы" тіршілік құра беретіне әбден сенімді.
Алдағыны ойлап қана қоюға болмас. Уақыт өткен сайын артыңызға үңіліп отырыңыз.
Сіздің миыңыз - компьютер емес. Сіздің есіңізде не қалды және шын мәнінде не болды - екеуі екі нәрсе. Сіздің жадыңыз өткен күннің естеліктерін безендіріп қоюға әуес келеді. Тәтті естеліктер - жақсы өмір сүруіңізге жалғыз себептердің бірі.
Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман өзінің психологияға арналған көп жұмыстарының бірінде адам миы өтіп кеткен оқиға ішінен екі-ақ сәтті жақсы сақтайтынын айтады: эмоциялық жанталас пен финал.
№85. Студенттің өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық өсу бағдарламасы.
Н.Ә. Назарбаев Н.Ә.Назарбаев университетінде оқыған«Білім қоғамы жолында» дәрісінде ел студенттеріне «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет.Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деп өз дәрісінде атап өткен болатын.
Тақырыптың өзектілігі Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі мен әдіснамалық аспектісі мынадай бағыттарда көрініс тапқан:тұлғаның өзін-өзі дамыту механизмінің негіздемесі мен түсіндірмесі (Ф.Перлс, К.Роджерс, Д.Узнадзе, К.Юнг); тұлғаның өзін-өзі дамытуын өркендететін негізгі факторларды тексеру,оның әлеуметтік табиғаты мен мазмұны (Л.Божобич, К.Левин, Ж.Пиаже, Э.Эриксон және т.б.). Тұлғаның философиялық негізі өзіндік даму субъектісі іспеттес және іс-әрекеттегі тұлға санасын қалыптастыру проблемасын қарастырумен байланысты. (Л.Выготский, А.Леонтьев, Л.Рубинштейн және т.б.).Сондықтанда оқу – тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы (Сократтық диологтар), «ойындық жобалау, « ми шабуылы», «пікірталас», «дөңгелек үстел». т.б.жатады.
Зерттеу мақсаты: Жеке тұлға белсенділігі, инетерактивті әдістер түсінігіне тоқтала отырып, колледж студенттерінің өзін -өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастыру жұмысының мазмұнын ашу, оны теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін педагогикалық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу міндеттері :
Студенттердің өзін - өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау.
Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін артыруда интерактивті әдістерді қолдану жолдарын негіздеу.
Зерттеу обьектісі :
колледж студенттердің өзін – өзі дамыту , жеке тұлғалық белсенділігі.
Зерттеу пәні:
Колледж студенттерінің интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғалық белсенділігін ұйымдастыру үрдісі.
1.Тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісінің кейбір аспектілерімен ( «Мен тұжырым- дамасының» құрылуын) Е.Чеснокова, А.Спиркин және т.б. шұғылдануда. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі педагогикалық және әдістемелік жағынан түбегейлі қарастырылғанын айтпай кетуге болмайды.
Кез келген пәнді оқыту әдістемесі тек оқытушының жоғарғы кәсібилігінің арқасында көкейкесті бола алады.Яғни,педагогтың өзіне тән тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне байланысты.Оқытушылар кәсіби іс-әрекетінің мазмұнына қарай мынадай қасиеттерге ие болуы керек:оқу үрдісін жобалай,оқыту технологиясының әр түрлі әдістерін меңгере, оқытудың инновациялық жүйесін пайдалана педагогикалық рефлекцияны жүзеге асыра алуы,яғни, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық,мәселелік міндеттерін шеше алуы керек. Сонымен қатар оқушылардың тұлғалық белсенділігінің деңгейін көтеруге көмектеседі. және де оқытуды тұлғаралық өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады. Тұлғалық таянуды жүзеге асыру педагогтің адекваттық тұлға- лық қасиетін талап етеді:эмпатиялық,қызығушылық,толеранттық және т.б.
Тұлға туралы американдық ілімдердің көшбасшысы Г.Олпорттың тұлғаның концептуалдық теориясы бойынша даралық диспозицияның 3 типін бөлуге болады,олар:
Кардиналды диспозиция-бұл адамның өмірлік әрекетіне мәнді әсер етеді;
Орталық диспозиция-бұл тұлғаның жалпы сипаттамасы өзіне таңдап алады;
Қайталанатын диспозиция-бұл біршама тұрақты,қарапайым қажеттіліктермен байланысты.
Г.Олпорт бойынша әрбір жеке индивидум белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі тұлға әрекетіне позитивті-шығармашыл ұмтылушы «Менің» қатысуымен шартталады.
Г.Олпорт «Өзінділікті» мұндай тұлғалық аспектілерден құралатынын анықтайды:өз денеңді сезу;өзіндік пікір айту;өзін-өзі бағалау;өзін-өзі тану және өзін – өзі рационалды басқару.
Тұлғаның белсенділігін арттырудағы өзіндік сана-сезімнің реттегіштік рөлі тұлғаның өзін тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін,қызығуларын құндылығын,мұратын және мінез-құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауында көрінеді.
Тұлға белсенділігінің психологиялық-педагогикалық табиғатын тұлғаның құрылымына байланыстырып түсіндіруді төменгі сызба арқылы көрсетуге болады.
Адам өзіне сыни көзқараспен қарай отырып өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке жеткізетіні сөзсіз.Оның ішінде өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып,рухани күш алады,өзінің айналасын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын,өзіне сыни көзбен қарауын,талап қоя білуін, сәтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді.Сондай-ақ,тұлғаның өзінің іс-әрекетінің тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.
Өзін-өзі белсендіретін тұлға-қай уақытта болсын өзінің мүмкіндіктерін үнемі толық ашып дамытуға ұмтылушылық қасиеті бар тұлға.Осындай тұлға болып жетілуде жеткіншектер мен жасөспірімдер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым-қатынас жасауға,өз ойындағысын орындауға қабілеті бола отырып ізгілікті,тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесінде өзін қалыптас- тыра алады.Тұлға өзінің өмірлік қуатының мәнін,мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық,рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі нысандық үрдіс ретінде тұлға белсенділігін арттыруда өзін-өзі жетілдіру қызметі де өз үлесін байқатады.Бұл үрдіс оқу - тәрбие жұмысын зерттеуде ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей отырып психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі бола алады.
Тұлға өзінің теріс қылықтарын жойып,жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы мақсатты іс-әрекетті өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Көп жағдайда жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығынан жеткіншектер мен жасөспірімдер өз қылықтары- ның мотивтерін, яғни себеп-салдарын түсіне бермейді.Бұлай дейтініміз, олар үлкендердің қолдауы мен көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды.Осыған орай,тұлғалық қасиеттердің едәуір дәрежеде қалыптасқан кезең жасөспірімдік шақта өзін-өзі тәрбиелеуді адамның моралды қасиеттерінің негізгі түрі ретінде дамыту қажет.Нәтижесінде жасөспірім өзінің іс-әрекеті,ақыл-санасын іштей бақылап,бағыттай отырып өзін-өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тыйылып,жақсы әдеттерін,жағымды мінез-құлқын дамытып жетілдіруге мүмкіндігі туады.Мұндай жағдайда оған ерік күш-жігерін берік ұстау, ұстамдылық,табандылық және т.б.тұлғалық сапалары маңызды рөл атқарады. Бұл сапалар тұлға белсенділігін дамытудағы эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткішін көрсетеді.
Тұлға белсенділігін арттыруда өмірлік ұстанымның рөлі ерекше.Бұл тұлғаның дүниетанымдық,моралдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы болып табылады.Өмірлік ұстаным негізінде оқушылар өз әрекетін белсенді немесе баяу етіп көрсетеді.Дәлірек айтсақ,белсенді деп отырғанымыз, олар айналасындағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады,ал баяу дегеніміз, қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы сақтаумен шектеледі.Жеке тұлғаның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен,ар-ожданынан,идеялық бір бағыттылығынан байқалады.
Тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы оның қоғамдық байлыққа деген пікірінен,іс-әрекетінен,қоғамдық қызметінен,өмірге деген көзқарасынан білінеді,ондай-ақ іс-әрекет пен сөз ұғымының бірлігінен,адамның алға қойған мақсатты орындаудағы белсенділігінен,теориялық білім,білік,іскерлік қабілетін жүзеге асыра білуінен байқалады.Белсенділік оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті,мазмұнды,көлемді танымдық қолданылатын, шығармашылықты арттыратын,білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі,дағды мен шеберліктің қалыптасуы оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған.Бұл танымдық-ой еңбегінің төмендеуі мен тоқтап қалуынан сақтайтын,жігерлі,мақсатты бағытталған жүйе.Жас буынның өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп,орындау арқылы дамытуға болады.Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып барлық тапсырмалармен, яғни түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз етіп отыру керек. Жалпы адамның жетілу барысында өзін-өзі зерттеп тануға бой ұрудың маңызы өте зор.Өзін биік адамгершілікке,мәдениеттілікке жеткізу үшін не білесің,нені білмейсің,оған қоса қандай жақсы қасиет бар,қандай жағымсыз қылықтан арылу керек екендігін жете түсіну керек.Ол тек өзіңді-өзің жете біліп,көп оқып,үйреніп,іздену арқылы мүмкін екені мәлім.Осы орайда,біз студенттердің өздері зерттеп,тануынаізденуіне ерекше көңіл бөлеміз
2.«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act»-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау.
Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын, оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.
«Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі болуына әсер етеді. Оқы процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым – қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге, балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады, әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау.Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.
Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық- педогогикалық консилиум» және т.б
Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады. Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
Аквариум әдісі: “Аквариум”– балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.
Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.
Дебат. Оқушылардың сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.
Еркін микрофон. Бұл әдісті сыныптан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.
Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.
Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.
Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты және қысқа болуы керек.
Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.
Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже.
Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.
Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.
Оқушылардың өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына,болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына,еңбек нарығына бейімделуіне,өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.Сонымен қатар әр оқушыға өзін-өзі тәрбиелеудің жолы мен бағытын көрсете отырып,ешқашан жалғандық пен зұлымдыққа бармауына,азаматтыққа жету баспалдағына жол ашуға,мақсатқа ұмтыла білуге және де қол жеткеніне қанағаттануына,өзгені тыңдай білу,түсіне білуге,қолдай білуге және әр баланың өз өмірі туралы көз қарасының дамуына ықпал ету қажет.
Осы тұста Абай атамыздың:
Іздеген жетер мұратқа,
Өзіңе сен,өзіңді алып шығар.
Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- деген сөздерін мысалға келтіруге болады.
Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаттары:
- ЖОО-ның әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеум