Bank_isi


Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады.
"Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған.
“Коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
“банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.
Банктік қадағалау - бұл банк қызметіндегі қандай да бір ауытқуларды білу мақсатында бақылауды сипаттайды.
Банктерді инспекциялау банк тәуекелін жалпы тексеру арқылы банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындауға, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын ескеруге негізделеді.
Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді жою бойынша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасауы мүмкін.
Банктік қадағалау – банктік заңдылықтардың орындалуын қамтамасыз ететін әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметін сипаттайды.
Инспекциялау банктің қызметтерінің толық немесе жеке бір сұрақтар бойынша зерттеу жолымен, оның нақты қаржылық және институционалды жағдайы туралы мәліметтерді анықтау үшін және банктің басшылары немесе жеке қызметкерлерінің қызметінің қазіргі заңдылыққа сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі.
Банктерді инспекциялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес түрде немесе басқа ұйымдардан мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Ұлттық банктен банктерге кешенді және ағымдық тексерулер жүргізілуі мүмкін.
CAMEL рейтинг жүйесі - қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз “банктердің банкі” болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді.
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
атаулы сертификаттар;
мәлімдеуші сертификаттар.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
аударылатын;
аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Овердрафт – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Арнайы провизиялар – бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда “қаражат салу, жұмсау” дегенді білдіреді. Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
Портфелдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық органдардың бағалы қағаздарына және корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына немесе өзге бағалы қағаздарына жұмсаған қаражаттар.
Капитал – банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банкомат – банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматандырылған құрылым.
Номе банкинг – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі.
Кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.
Құқықтық база – төлем жүесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелерін нақты айқындауға мүмкіндік жасайды.
СВИФТ-2 ақпараттар 4 ай бойында сақталады.
СВИФТ жүйесіне қосылғанға дейін банктердің корреспондетттерімен хабарламалар алмасуы телекс арқылы жүргізілді.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды білдіреді. Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың мақсаты пайдалануын тексеру жатады.
Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі.
Несиелік мониторинг – несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісімшарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Жоба – заттай объектілерді және технологиялық процестерді іске асыруға қажетті материалдық, қаржылай, еңбек және басқа да ресурстар қамтитын техникалық және ұйымдастыру құжаттарын, сондай-ақ олардың орындалуына байланысты басқару шешімдерін және шараларын жасайтын немесе жұмылдыратын, көздеген мақсаттар төңірегінде қалыптасқан жүйе.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
ұйымдастырудың күрделілігі;
лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Шетелде факторинг – бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді.
Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Форфейтинг сөзі француз тілінде “a forfaіt”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Коммерциялық банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;
сенім-хат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
агенттік қызметтер.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
инвестицияларды жүзеге асыру;
интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмлелер бойынша халықаралық аударымдар;
жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:
мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;
валюталық келісімшарттың толық сомасына жаслаған мәмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;
хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;
ҚР-ғы шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валюталық операциялары;
Бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;
Бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;
Брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;
өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттерің сатып алуы.
Валюталық операцияларды тіркеуге талу үшін қажетті құжаттар тізімі:
тіркеуі үшін өтініш;
валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған);
төл құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
ҚР статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және аяқталуын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Валюталық операциялар бойынша тіркеу куәлігін беру, лицензиялау және хабарламаны қабылдауды ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы және валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады.
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
құжатты аккредитив;
өтелген және өтелмеген;
қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндай аккредитивтің басты артықшылығы мұндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефициардың қалауы бойынша іске асады.
Халықаралық банктік тәжірибиеде аккредитивтің автоматты түрде жаңартылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.
Аккредитивпен есеп айырысу формасы мына жағдайларда пайдаланылады:
бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісімшарт жасалса;
келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.
Жанама кепіл-хаттың қатысушыларына жоғарыда айтылған тараптардан басқа төртінші қатысушы немесе бенефициардың еліндегі банк болуы мүмкін. Мұндай мәміледе принципал банкі бенфициардың еліндегі банкке контркепіл-хатын береді, ал ол оны растайды (31-сурет).
Бенефициар
Принципал

контракт

кепіл-хат
Бенефициар БАНКІ
Принципал
БАНКІ

қарсы кепіл-хат

31-сурет. Жанама кепіл-хатты пайдалану сызбасы
Принципал банктің контркепіл-хатының мерзімі бенефициар банктің кепіл-хатына қарағанда 7-15 күнге артық болып келеді. Бұл әрине принципал банктің беретін қарсы кепіл-хаттың пошта арқылы бенефициар банкке жету күндерін қосып ескереді.
Инкассо және аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар. 1978 жылы тамыз айында Халықаралық сауда палатасы (ХСП) кепіл-хаттың негізгі ережесін, яғни «Келісілген кепіл-хат бойынша ортақ ережесін» жасап шығарды (ХСП №325 басылымы). 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Талап етілетін кепіл-хатқа арналған ортақ ереже» күшіне енді (ХСП №458 басылымы).
Кепіл-хаттың қозғалысына байланысты мынадай кодты сөздер қолданылады:
МТ 760 Кепіл-хатты шығару.
МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу. МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау. МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау
Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады:
«конкурстық кепіл-хат», яғни Бенефициар ұйымдастыратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепіл-хаттың түрі;
«міндеттеменің орындалуына берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа сәйкес аванстық төлемдер жаслаған жағдайда Бенефициардың алдындағы Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепіл-хат;
«аванстық төлемнің қайтарылуына берілетін кепіл-хат», яғни Бенефициармен арада жасалған келісімшартқа сәйкес Өтініш иесінің белгілі міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз ететін кепіл-хат түрі.
Өтініш беруші мен Кепіл берушінің қаржылық жағдайына сараптама жасау үшін мынадай құжаттарды талап етеді:
соңғы күнге жасалаған бухгалтерлік балансы мен оған қосымшаларды;
басқа қызмет көрсететін банктерден шотының айналымы туралы анықтама;
басқа банктер алдында қарызының жағдайы туралы анықтама;
берешек және алашақ қарыздары туралы құжаттар.
Өтініш берішінің қаржылық жағдайына сараптамаға қоса Өтініш беруші / Кепіл берушінің құқығын растайтын құжаттарына құқықтық сараптама жүргізіледі.
Банк менеджментін талдау - банк қызметін қол жеткізген нақты нәтижелерін болжанғандарымен, сондай-ақ өткен мерзімдердегі көрсеткіштермен салыстыру негізінде бағалауды білдіреді.
Несие бизнесі екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру.
Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды.
Несиелік пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.
Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.
Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
Банк клиенттерінің құрамы.
Банктік операциялар сипаттамасы.
Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және бақа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.;
Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу);
Экономикалық:
жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:
басқаратын субъекті
басқарылатын объект
Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процессін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Директорлар Кеңесі;
Басқарма;
Несиелік комитет;
Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
Тәуекел басқармасы;
Шағын және ортта бизнесті несиелеу департаменті;
Ипотекалық несиелеу департаменті;
Ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
Несиелік тәуекел басқармасы;
Проблемалық несиелер басқармасы;
Несиелік бөлімдер;
Несиелік менеджер
Несиелік-тәуекел менеджері.
Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.
Несие лимиті – 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегі. Несиелік лимит ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі лимитті несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне және қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.
Несие қоржыны – несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.
Несиелерді авторизациялау − несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг - несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім-шарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Несиелік қоржынды басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі.
Пайыз тәуекелі - бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемелерінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.
Пайыз тәуекелі мынадай себептерге байланысты пайда болады:
пайыз мөлшерлемесінің түрлерін (тіркемелі, өзгермелі және т.б.) дұрыс таңдамау;
Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;
банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;
депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;
өзге де себептер.
Пайыз тәуекелін бақарудың басты мақсаты пайыз маржасының деңгейіне бақылау жасау болып табылады.
Банктік тәжірибеде пайыз тәуекелінің мынадай екі түрі болады:
базалық пайыз тәуекелі;
уақыт алшақтығының тәуекелі.
Базалық пайыз тәуекелі – банктің қаражатты бір пайыз мөлшерлемесімен тарта отырып, оны басқа пайыз мөлшерлемесімен орналастыру нәтижесінде туындайтын тәуекел.
Нарықта пайыз мөлшерлемесінеде ешқандай өзгеріс болмаған жағдайдағы банктің пайыздық маржасын есептейік: Пайыздық маржа пайыздық табыстар – пайыздық шығыстар.
Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.
Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.
Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Банк пайдасын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді.
Факторингтік несие – жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
GAP-тік талдаудың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тәуекелді жылдам және оңай бағалауға болады.
Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Банктің филиалы– филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тулга болып табылмайтын банктік мекеме.
Банктің өкілдігі– банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және онын атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100% -ға дейін құрылады
Провизиялар – активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар – бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Жинақ салымдары − олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Әрбір аймақта СВИФТ өзінің аймақтық әкімшілігін құрады.
Инвестициялық несиелер – жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие – банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды иегеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
“Траст” ағылшын тілінен аударғанда “сенім” деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Бенефициар - траст келісім-шартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.
Корпоративтік клиент – қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иеленетін және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.
авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді.
«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды.
Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айрысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады
Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады
Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
Лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
Пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Банкаралық клиринг - талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алуға негізделген, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысулардың жүйесін білдіреді.
Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді.
Несие (кредит лат. credit – сенім) - қайтару шартымен, белгілі бір мерзімге қарызды пайдаланғаны үшін қарыз алушыға берген ақшалай немесе тауар нысанындағы қарыз.
Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Алтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.
Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат
Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куәландыратын құжат.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды.
несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Банктің меншікті капиталы– банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылы қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Депозиттік саясатттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.
Еншілес банк – жарғылык капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлім – ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жок, заңды тұлга емес, ҚР Ұлттық банктің келісімі негізінде кұрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады
НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді.
Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция.
Несиелік желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі.
Инспекциялық (іштей) қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі. Инспекциялау әдісінің артықшылығы - банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады.
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.
Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.
ҚР Ұлттық банкі көбіне клиенттік аударымдарды жүзеге асырады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.
Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады:
пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау;
Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау;
GAP талдауы;
Дюрация;
Имитациялық моделдеу.
Пайыздық маржаның деңгейін бағалау тәжірибесі туралы жоғарыда мысалдар келтірілген.
Spread – бұл банктің активтері мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
Қаржы мәмілесінде - орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
векселін форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;
уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;
пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;
құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;
форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Қазақстан Ұлттық банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген «банктердің банкі» болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын мүліктерге ие заңды тұлға.
Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді.
Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар:
сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;
сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы.
Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.
Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.
Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:
- тікелей (үш жақты);
- жанама (төрт жақты).
Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк және бенефициар жатады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Статус-Репорт – банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
GAP-тік талдаудың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тәуекелді жылдам және оңай бағалауға болады. Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5.07.2000).
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг.
Бір қарыз алушы деп банктік топтың қатысушысының алдында қандай да бір міндеттеме бойынша борышқор болып табылатын кез келген тұлға.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады.
Егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Аккредитивке қарағанда өте арзан және жалдам болып келеді.
“Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”.
Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспонденттік шот бір категорияға төмендеп жіктеледі.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.

Приложенные файлы

  • docx 18070208
    Размер файла: 62 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий