BANK_ISI


БАНК ІСІ
Банк ашу және банк операцияларын лицензиялау тәртібі
ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынандай 3 кезеңнен тұрады:
1.Банк ашуға рұқсат алу;
2.Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу; Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1.Рұқсат алу үшін өтініш
2.Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа)
3.Банктің жарғысы (түпнұсқа)
4.Банк жарғысын қабылдау және банк органының сайлау туралы хаттама
5.Құрылтайшылар туралы мәліметтер
6.Құрылтайшылардың соңғы екі жылдық есептелген бухгалтерлік балансы заңды тұлғалар үшін
7.Құрылтайшылардың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды
8.Егер банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы құрылтайшылық шарты соңғы есеп мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытындысы
9. Банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер соның ішінде бас бухгалтерінің банк төрағасының банк жұйесінде кемінде 3 жыл, ал олардың орынбасарларында кем дегенде кем дегенде 2 жыл банк филиалдарының жетекшілері мен бас бухгалтерінің еңбек тәжірибесінде 1 жыл болуы қажет
10. Жаңадан құрылған банктің толық ұйымдастыру құрылымы ( банктің өкілетті органымен) бекітілуі тиіс
11. Жаңадан құрылған банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі ( банктің өкілетті органымен) бекітілуі тиіс
12. Жаңадан құрылған банктің несиелік комитеті тураалы ережесі
13.Жаңадан құрылған банктің бизнес-жоспары, банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп-айырысу балансы), бастапқы қаржылық 3 жылға арналған пайда және зияны туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру жолдары.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш 3 ай әрі кеткенде 6 ай мерзім ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштерінің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылған банк қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап 1 ай ішінде ҚР-ң Әділет Министрлігінде Банк мемлекеттік тіркеуге алынады, оған қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға рұқсат берген және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алуы тиіс. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап, 1 жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
1. Ұйымдастырушылыұ, техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктердің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
2.Жарияланған жарлық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындамағанын растайтын құжатты берген уақыттан бастап 1 ай ішінде қаржылық қадағалау агенттігі қарайды, лицензиялық мерзімі шектелмейді және онда банктердің жүргізілген операциялар көрсетіледі.
Банк маркетингі: қағидаттары,әдістері және стратегиялары.
Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажет ететін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі.Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттерді анықтауға бағытталған.Банктік маркетинг – бұл нақты саяси-қоғамдық және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметінің, сыртқы және ішкі саясаты, стратегиясы мен тактикасы. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет. Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады. Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг басымдыққы ие болып келеді. Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға тартуға күрделі емес, сонымен қатар олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі – банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі – банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.
Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға – табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады. Бүгінгі маркетинг – бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.
Банктер ең алдымен өз қніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге – шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете бәлу керек.
Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:
1. Нақты нарықтық мақсатқа – барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.
2. Маркетинг – бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау).
3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.
4. Маркетингі нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік ишешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.
5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақты түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.
6. Маркетингі ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:
1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.
Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болады.
Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен – клиент пайдасы, содан кейін – банк мүддесі. Клиентке бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.
Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:
1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.
3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.
4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.
Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады. Банктік жоспарлау жүйесі стратегиялық жоспарлаудан және маркетингті жоспарлаудан тұрады. Стратегиялық жоспарлау – банк қызметін стратегиялық басқару процесінің мәнді бөлігі. Ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеу және оларға бағытталған ағымдағы қызмет жоспарларын жасау оның нәтижесі болып табылуы қажет.
Әдетте банктің стратегиялық жоспарында келесі көрсетілгендер көрініс табады: 1)бастапқы шарттар және банктің әрекетр етуі жоспарланған ортаны бағалау; 2)қаражаттарды бөлуге жүзеге асырылатын нарық басымдықтары; 3)банктің күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін бағалау; 4)нарық мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсатындағы стратегия түзетулері; 5)стратгиялық іс-әрекет уақытын таңдау; 6)күтілетін нәтижелер. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды бағалау үшін: 1) банктік стратегияға әсер ететін факторларды анықтау қажет; 2) олардың әсер етуіне талдау жүргізу қажет.
Банк тәуекелдерінің жіктелуі мен оларды басқару әдістері
Екінші деңгейлі банктер өздерінің кез келген банктік операцияларын жүзеге асыру барысында әр түрлі тәуекелдер түрлерімен кездеседі. Жалпы алғанда, банктік тәуекелдің келесідей түрлері бар:
Валюта туекелі – банк өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты болған шығыстарының туындау тәуекелі. Шығыстарының қаупі құндық көріністерде валюталар бойынша банктердің позицияларын қайта бағалаудан пайда болды.
Кредит тәуекелі – банктік заем, лизинг, факторинг, операцияларын, банктік кепілдік беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргізу кезінде өзіне алынған ақша міндеттерін орындау бойынша шарттың бастапқы талаптарын клиенттердің бұзуы салдарынан болған шығындарының туындау тәуекелі.
Операция тәуекелі – қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологияның қызмет етуі сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары.
Операция тәуекеліне мынадай тәуекеллер жатады:
•Жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;
•Ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат жне стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
•Бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;
•Қызметтердің сәйкес басқармауына немесе банктің біліксіз штатына байланысты;
•Бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
•Банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған (операциялары) тәуекелдер;
•Заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда, ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел.
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады. Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым. Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады. Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады. Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі. Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады. Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды. Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады. Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды: • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау; • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі; • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі; • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы; • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау; • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру; •мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу; • әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы; • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану; • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі. Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет. Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады. Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы. "Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді. Адам — басты түлға. Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады. Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп. Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады. Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар. Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады. Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды: • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін камтамасыз ету; •іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру; • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі; • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта даярлаудың жөне орналастырудың тиімді жүйесін жасау.
Банктің лизингтік, траст, факторингтік және форфейтингтік қызметтері
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық.
Шұғыл лизинг – бұл мұліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Қаржылық лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Факторинг – жабдықтаушы клиенттің жабжықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания – өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2.Клиент – факторинг компаниясымен келісім-шарт жасаушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3.Кәсіпорын-тауарды сатып алушы – фирма.
Форфейтинг – бұл форфейтордың , яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспорттерге импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы. Форфейтинг мәмілесіне үш қатысушы болады:
1.Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2.Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3.Форфейтер, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
4.Траст операциялары – клиенттердің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банк операциялары. Траст операцияларына қатысушылар мыналар:
1.Траст құрылтайшысы;
2.Траст иемденушісі;
3.Бенефициар.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
1.Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иелену;
2.Сенім-хат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3.Агенттік қызметтер.
Банк тәуекелдерінің жіктелуі мен оларды басқару әдістері
Екінші деңгейлі банктер өздерінің кез келген банктік операцияларын жүзеге асыру барысында әр түрлі тәуекелдер түрлерімен кездеседі. Жалпы алғанда, банктік тәуекелдің келесідей түрлері бар:
Валюта туекелі – банк өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты болған шығыстарының туындау тәуекелі. Шығыстарының қаупі құндық көріністерде валюталар бойынша банктердің позицияларын қайта бағалаудан пайда болды.
Кредит тәуекелі – банктік заем, лизинг, факторинг, операцияларын, банктік кепілдік беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргізу кезінде өзіне алынған ақша міндеттерін орындау бойынша шарттың бастапқы талаптарын клиенттердің бұзуы салдарынан болған шығындарының туындау тәуекелі.
Операция тәуекелі – қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологияның қызмет етуі сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары.
Операция тәуекеліне мынадай тәуекеллер жатады:
•Жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;
•Ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат жне стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
•Бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;
•Қызметтердің сәйкес басқармауына немесе банктің біліксіз штатына байланысты;
•Бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
•Банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған (операциялары) тәуекелдер;
•Заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда, ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел.
Депозит қоржыны және коммерциялық банктің депозиттік саясаты
Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді. Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат- банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты- ҚР заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету. Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс: - банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту; - меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру; - банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау; - барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану. Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді. Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет. Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік- депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет. Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады: - депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау; - депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс; - тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс; - депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет. Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді. Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету. Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс: - жалпы ереже; - депозиттік саясатттың мақсаты мен міндеттері; - банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті; - банк ресурсының құрылымы; - ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісімшартты бекіту тәртібі; - депозиттік келісімшартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжат-тардың тізімі; - депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар; - банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі; - ҚР Ұлттық банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі; - құжаттарды сақтау тәртібі. Клиенттердің құрамына және банк қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері болуы мүмкін. Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгей, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, “бәрі клиенттер үшін” деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.
Депозиттік операциялардың мәні, түрлері және депозит түрлерінің жіктелу
Банктің депозиттік саясаты оның стратегиялық жоспарының негізінде жасалады. Депозит – бұл клиенттің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Пассивтік депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер, жинақ салымдары, мерзімді депозиттері, шартты депозиттер.
Сондай-ақ оларды төмендегідей белгілеріне қарай жіктеуге болады: мерзіміне қарай, салым иелерінің категорияларына қарай, қаражаттарды салу және қайтарып алу шарттарына қарай, пайыз төлеу тәсіліне қарай, банктің активті операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай; басқа да.
Талап етілуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етілуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шаттардағы қаражаттар. Бұл депозиттер бойынша төленетін процент өте төмен немесе тіптен жоқ. Мұндай депозиттерге клиенттердің есеп айырысу шоттарын, талап етуіне дейінгі салынған салымдарды, корреспонденттік шоттарды жатқызуға болады.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша құралдары. Ол төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылмайды, салыну мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, төленетін проценті де соғұрлым жоғары болады. Проценттік ставкалар әдетте қалқымалы.
Жинақ салымдары – белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда алдына-ала ескертуді талап етпейтін, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны алу және салу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуді қажет ететін салым түрі. Ол әдетте нақты бір мақсатқа арналып жинақталады.
Шартты депозиттер – алынуы белгілі бір шарттың орындалуымен байланысты мысалы, зейнетақы жасына жету,кәмелетке жету,үйлену тағы сондай сияқты депозит.
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
•салым қабылдау (депозиттер);
•клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және оларды жүргізу;
•өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
•банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
•репо операциялары;
•еуровалюталық несие алу.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі
құралады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар, меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала
алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеудің жинақ салымдары құнды демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданылады.
Коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіншіліктерін пайдаланады.
Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование) ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен (дилермен) жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі еуровалюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар есептеледі.
Активті операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
•Несиелік операциялар;
•Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
•Қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
•Кассалық операциялар;
•Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активті операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
•Мемлекеттік бағылы қағаздар;
•Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1)Акциялар;
2)Облигациялар;
3)Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4)Ипотекалық куәліктер;
5)Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржылық лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесе өзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Коммерциялық банктердің қызметін реттейтін пруденциалдық нормативтер.
ҚР-сы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады. 1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады: • пруденциялық нормативтер белгілеу; • банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару; • банктердің қызметін реттеу; • банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру; • банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану; • банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру. ҚР Ұлттық банкі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банк капиталының көлемін анықтауға құқылы. Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді. Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктердің жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар ҚР-дағы банктер туралы заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті. Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген « Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: 1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері; 2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; 3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; 4) өтімділік коэффициенті; 5) ашық валюталық позиция лимиті; 6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
Коммерциялық банктің өтімділігі
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі. Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады: •депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру; • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамсыз ету; • активтерді зиянсыз сату • тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің коэффициенті – бұл банк балансының мәліметі бойынша белгіленетін, несиелік және өтімді деп аталатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтердің бірқатар тиісті баптарына арақатынасын көрсететін көрсеткіші. Өтімділіктің кеңінен тараған қаржылық коэффициенттері: *ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің қатынасына тең болатын ағымдағы өтімділік коэффициенті, *дебиторлық берешектің ағымдағы міндеттемеге қатынасын қоса алғанда өтімді құнды қағаздар мен қолма-қол ақша сомасына тең өтімділіктің шапшаң кэффициенті.
Коммерциялық банктердің өтімділік коэффициентін әдетте Ұлттық Банк белгілейді және ол міндетті сипатқа ие немесе ұсыныс түріндегі сипатқа ие болады. ҚР ұлттық банкінің 2-ші деңгейдегі банктердің өтімділігін реттеудегі рөлі мынада: ҚР президентінің ұлттық банк туралы жарлығына сәйкес 2-ші деңгейдегі банктердің қызметі ұлттық банк белгілеген нормативтерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: ағымдық жағдайы және даму болашағы
Банк жүйесі- банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асыруды, нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.
Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.
Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және радио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.
Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады.
Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың ортасынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады.
Соңғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалық карталардан немесе персоналды компьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады.
Вексельмен жасалатын коммерциялық банктердің операцияларын мынандай түрге бөлуге болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар: вексельді қайта есепке алу (орталық банктің жүзеге асыруы); Кепілдік операциялары: аваль, вексельді кепілге ала отырып ссуда беру; Коммиссиондық операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.
Коммерциялық банктердің кеңінен тараған вексель операциясына - вексельді есепке алу операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен тиісті құжаттарды талап етеді және вексельдің мәтіні мен тұлғаның төлем қаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған әрбір вексельге «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде сақталады.
Қазақстанда банктердің акцептік операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.
Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.
Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырысу қызметі ұйымдастырылады. Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да мысалы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Франция елдері дебеттік аударымдар құралдары арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады. Германия, Жапония, Нидерланды және Швеция елдері есеп айырысу барысында кредиттік аударымның құралдарын қолданады. Сондықтан да банктердің операцияларын жетілдіру және дамыту барысындағы маңызды аспект – банк қызметі аясындағы шетел тәжірибесін талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзімізге қолайлыларын алу болып табылады.
Қазақстан Респубдикасында банк қызметін реттейтін заңдар мен нормативті құжаттар.
Банктердің қызметі ҚР Конституциясымен және заңдарымен ,ҚР-сы жасасқан халықаралық шарттарымен , сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-ның заң құжаттары мен Президентінің заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі. Банкілер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдары болып табылады.
1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға 08.07.2005 жылы жағдайы бойынша өзгертулермен және толықтырулар ендірілген. Оның «банк қызметін қүқықтық реттеу» деп аталатын 4-бабына сәйкес «банк қызметі» ҚР Конституциясы және заңнамасымен, ҚР бекіткен халықаралық келісімшарттар – келісімдермен, сонымен қатар өкілетті орган мен Ұлттық банктің ҚР Президентінің олардың құүзіретіне қатысты мәселелер бойынша қабылдаған заңнамалық актілері және жарғыларының негізінде орындалуы үшін жасалған нормативті қүқықтық актілерімен реттеледі.
Сонымен қатар осы заңда банк операцияларының негізгі түрлеріне мыналар жатады: депозиттер қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; касса операциялары: аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау; қарыз беру операциялары: төлем, жеделдік және қайтарушылық жағдайларында ақша түрінде несиелер беру; сейф операциялары; ломбард операциялары; төлем карточкаларын шығару; ақшалай орындалатын банк кепілдіктерін беру; лизинг қызметін жүзеге асыру; жеке құнды қағаздар шығару (акцияларды қоспағанда); факторинг операциялары; форфейтинг операциялары. Банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру, инвестициялық қоржынды және кастодиалдық қызметті басқару қүқығына ие. Яғни Қазақстан коммерциялық банктерінің өнім қатары өте кең және сәйкес өнім стратегиясын жоспарлау түсімді көбейтуге және қаржы операцияларын жүзеге асыру үрдісінде туындайтын тәуекелдіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қазақстандағы банк бизнесінің негізгі мәселелері жоғары заң шығарушылық деңгейде, еліміздің қаржы саласында қабылданған және әрекет ететін нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясаты
Ақша- несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттін ақша несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-тың жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаныі кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінің бір өкіл кіреді. АНС-ның мақсаты инвляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. • Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):- несиенің бағасын (Р- сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу; - коммерциялық банктердің балансына қатысты лимиттер белгілеу. • Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналған):- ашық нарықтағы операциялар; - міндетті резервтік талаптар; - несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді: • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; • ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме; • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • «овердрафт» займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты. 1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу; 4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу. Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық қызметін жан жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» ( №2форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3форма); сондай-ақ ҚР Статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф-мерзімді- тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі»(№5-3-мерзімді-тоқсандық-жылдық формалары). Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады: - өтімділік коэффициенті; - қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер; - компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер; - пайдалылық коэффициенттер.

Приложенные файлы

  • docx 18070204
    Размер файла: 51 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий