Karaganda


«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні:
05_01_ОВП_каз
$$$001
Рахиттың 2 дәрежесі кезіндегі Д витаминінің емдік дозасы:
А) 100-200 мың МЕ
В) 200-300 мың МЕ
С) 300-500 мың МЕ
Д) 400-600 мың МЕ
Е) 600-800 мың МЕ
{Дұрыс жауабы} = Д
$$$002
3 айлық балаға, 4 сағат ішінде пероральді регидратациялық тұздарды БЖАИЖ бағдарламасы бойынша (Б жоспары) айқын сусызданудың емінде қанша қолдану керек:
А) 100-200 мл
В) 200-300 мл
С) 200-400 мл
Д) 300-500 мл
Е) 500-700 мл
{Дұрыс жауабы} = С
$$$003
Дәрігер қабылдауында 14 жасар бала А. «Д» бақылауда 1 жыл бойы келесі диагнозбен тұрады: 12 елі ішектің пиязшығының ойық жарасы. Қарау барысында: шағымдары жоқ, мүшелер мен жүйелердің функционалді жағдайы ерекшеліксіз. Соңғы бақылау ФГДС-та – патология анықталмаған. Осы баладағы денсаулық тобы:
A) I денсаулық тобы
B) II денсаулық тобы
C) III денсаулық тобы
D) IV денсаулық тобы
E) V денсаулық тобы
{Дұрыс жауабы} = С
$$$004
БЖАИЖ бойынша қандай жағдай балалар өлімінің себебі бола алмайды:
A) тамақтанудың бұзылысы
B) қызылша
C) құлақ инфекциясы
D) пневмония
E) диарея
{Дұрыс жауабы} = С
$$$005
5 күндік, жаңа туылған бала М. Анамнезінен белгілі: қыз 1-ші жүктіліктен, жүктіліктің 1-ші триместрі айқын жүрек айну және құсумен өткен. 42 жастағы бедеуліктен ұзақ емделген анадан туылған. I- ші босану, 42-43 аптадағы жүктіліктен. Туылғандағы салмағы 4400гр, бойы 55 см. Бұл жаңа туылған баладағы қауіп тобы:
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
{Дұрыс жауабы} = А
$$$006
2 апта мен 2 ай аралығындағы бала алуы қажет сүттің тәуліктік мөлшері:
A) 1/4 дене салмағынан
B) 1/5 дене салмағынан
C) 1/6 дене салмағынан
D) 1/7 дене салмағынан
E) 1/8 дене салмағынан
{Дұрыс жауабы} = С
$$$007
Жалпы тәжірибе дәрігерінің(аймақтық терапевт, аймақтық педиатр) қызметтік міндеттері мына бұйрықта көрініс тапқан:
A) ҚР ДҰ 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 Бұйрығы
B) ҚР ДҰ 2011 жылғы 16 наурыз №145 Бұйрығы
C) ҚР ДҰ 2012 жылғы 26 желтоқсан № 885 Бұйрығы
D) ҚР ДҰ 2015 жылғы 30 қаңтар № 44 Бұйрығы
E) ҚР ДҰ 2015 жылғы 31 наурыз № 183 Бұйрығы
{Дұрыс жауабы}= А
$$$008
Артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын тұлғаларға қанайналым ауруларын ерте анықтау мақсатында скрининг жүргізу жиілігі:
A) жылына1 рет
B) 2 жылда 1 рет
C) 3 жылда 1 рет
D) 4 жылда 1 рет
E) 5 жылда 1 рет
{Дұрыс жауабы} = В
$$$009
Балаларда реприздармен және құсумен қосарласатын ұстамалы жөтел кездеседі:
A) Бронх демікпесінде
B) Жедел бронхитте
C) жедел трахеобронхитте
D) Көкжөтелде
E) Крупозды пневмонияда
{Дұрыс жауабы} = D
$$$010
Бронхтық обструкцияны анықтаудың скринингтік әдісі болып табылады:
A) пикфлоуметрияB) пульсоксиметрияC) рентгенографияD) спирометрияE) флюорография{Дұрыс жауабы} = А
$$$011
30-жасар әйелге 2 ай бұрын ревматикалық этиологиялы митралді қақпақша ақауы бойынша ота жасалған. Ағымдағы уақытта шағымдары жоқ. Объективті қарау кезінде өкпе, жүрек, іш қуысы мүшелерінде өзгерістер анықталмаған. Стеноздың қайталануының алдын алудың маңызды факторы болып табылпады:
A) ацетилсалицил қашқылын мезгілдік тағайындау
B) тонзиллэктомия
C) бициллинді мезгілдік тағайындау
D) жыл бойы бициллинді профилактика
E)клопидогрель
{Дұрыс жауабы}= D
$$$012
Науқас П., 62 жаста, 40 минуттан бергі болатын төс артындағы күйдірген, қысқан ауырсынуға шағымданады. ЖИА 10 жылдан бері ауырады. ЖТД тактикасы:
A) шұғыл госпитализация.
B) үйдегістационар.
C) күндізгі стационар.
D) жоспарлы госпитализация.
E) емхана жағдайында қарау.
{Дұрыс жауабы}= A
$$$013
Эпидемияның өршуі кезінде ЖРВИ медикаментозды профилактикасы үшін таңдау препараты болып табылады:
A) аква марис
B) иммуналC) назавальD) оксолин жақпа майы
E) ремантадин{Дұрыс жауабы} = Е
$$$014
Бала Т. 3 жаста. Анасының айтуы бойынша тәбеті өте нашар, мазасыз, жер мен топырақ жейді. Қарау кезінде бала өте әлсіз, тері жамылғысы бозарған, шаштары құрғақ және өңсіз, тырнақтары иілген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасынан +2 см, көк бауыры қабырға доғасынан +1 см шығынқы. ЖҚА: Нв – 61 г/л, эр -2.31х 1012/л, Түстік көрсеткіш – 0.79, ретикулоциттер-20/00. ЖДТ таксикасы:
A) 3-6 мг/кг темір препараттарымен емдеу
B) сарысулық темір деңгейін және жалпы теммір байланыстыру қабілетін анықтауға жолдау
C) стационарға госпитализациялау
D) гематолог консультациясына жолдама
E) 1-2 мг/кг есебі бойынша темір препараттарымен емдеу
{Дұрыс жауабы} = С
$$$015
Бала 1 жаста. Тексеріс кезіңде анықталды: перкуторлы жүрек шекараларының оңға және солға ұлғаюы, аускультативті төстің сол жақ III- IV қабырғааралықта дөрекі сист.шу, өкпе артериясында II тон акценті. ЭКГ-да: жүректің екі қарыншасының гипертрофиясы. R- өкпе сүретінің күшейуі, жүрек өлшемінің ұлғаюы.
A) ЖАПА
B) ҚАПА
C) ААӨ
D) Фалло тетрадасы
E) аорта стенозы
{Дұрыс жауабы} = В
$$$016
Ұл бала 13 айлық. Салмағы 8 кг. Дене температурасы – 37,5ºC. Анасының айтуы бойынша балада соғ\ңғы 3 айда құрғақ жөтел. Жаплпы қауіп белгілері жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 41 рет. Кеуде қуысының керілуі жоқ. Бала тыныс шығарғанда ысқырықты шуыл естіледі. Тыныштық жағдайында ысқырықты тыныс жоқ. Жылдам әсер етуші бронхолитиктердің үш циклын қолданғаннан кейін тыныс алу жиілігі минутына 41 рет деңгейінде сақталды. Диарея, қызба, тамағында және құлағында ауырсыну жоқ. Дене салмағы қалыпты, аяқтарда ісіну жоқ. Алақандары бозғылт, әппақ болып көрінеді. БШАИЖ бойынша болжамды диагноз:
A) Пневмония
B) Бронхит
C) Анемия
D) Диарея
E) Гипертрофия
{Дұрыс жауабы} = А
$$$017
Науқас В., 57 жаста, автобус жүргізушісі ауруханадан шығарылған, ол жақта 30 күн бойы ЖИМ диагнозымен жатқан. Емханалық қалпына келтіру бойынша 70 күн ем алған. 2 дәрежелі қан айналым жеткіліксіздік белгілері сақталған. Еңбекке жарамсыздық сараптамасына қатысты ДКК жүргізудегі ЖТД тактикасы:
A) «жұмысқа кірісу» белгісімен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жабу
уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 10 күнге ұзарту және әрі
B) қарай«жұмысқа кірісу» белгісімен жабу.
C) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 10 күнге ұзарту және 088/е үлгі. толтыру үшін зерттеулерге жіберу
D) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту және 072/е үлгі толтыру үшін зерттеулерге жіберу
E) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жабу және уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын ашу
{ Дұрыс жауабы }= С
$$$018
ЖДТ қабылдауына колледж оқушысы дене шынықтыру сабағының негізгі тобынан босату қағазы үшін келді.Ұзақ уақыт бойы Екі жақты нефроптоз фонындағы созылмалы екі жақты пиелонефрит.СБЖо бойынша бақылауда тұрады. Жеңіл дәрежелі ТЖА. ЖДТ тактикасы:
A) үлгі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын толтыру
B) сабақтан босату бойынша құжатты беруден бас тарту
C) сабақтан босату жайлы № 095 -/ е үлгісін толтыру
D) №035-1/ е үлгісі бойынша ДКК қорытындысын толтыру
E) сабақтан босату бойынша еркін үлгідегі анықтама толтыру
{ Дұрыс жауабы}= D
$$$019
Науқас оң жақ балтыр аймағындағы ауырсынуға шағымданып медициналық көмекке жүгініп келді. Мекен жайы бойынша емханаға біреудің көмегімен жеткен. Аузынан қатты алкоголь иісінің шығуы және адекватты емес мінез-құлық назар аудартады. Қарау кезінде оң жақ кіші жіліншік сүйегінің сынығы анықталды.Еңбекке жарамсыздық сараптамасындағы ЖДТ тактикасы:
A) үлгі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын толтыру
B) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беруден бас тарту
C) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын толтыру … Үлгі № 094/ е
D) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын толтыру … Үлгі № 095 -1/ е
E) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын толтыру … Үлгі № 095 -/ е
{ Дұрыс жауабы }= С
$$$020
Диагностикалық зерттреуден (экскреторлық урография) өту үшін пациентке жұмыстан сұрану керек болды. Ол жұмыстан босатылуға құқық беретін құжатты алуға келді. ЖТД тактикасы:
A) үлгі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын толтыру
B) уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын құжатты беруден бас тарту
C) ДКК қорытындысын №035-1/ е үлгісі бойынша толтыру
D) Жұмыстан босатудың ерікті түрде анықтамасын толтыру
E) Амбулаторлық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан № 027 / е үлгісі бойынша көшірме толтыру.
{Дұрыс жауабы}= Е
$$$021
18 жасар науқасты ЖТД үйінде қарауда. Шағымдары: қалтырау, терең тыныс кезінде күшейетін кеуде қуысының оң жағындағы ауырсыну, ентігу, дене қызуының 39,30 С дейін жоғарылауы. Бір апта бұрын суық тиюмен ауырған. Жағдайының нашарлауына 2 күн болған. Қарау кезінде өкпелік дыбыстың тұйықталуы және оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныстың әлсіреуі. Науқасқа тағайындау қажет:
A) Аминопенициллиндер
B) Аминогликозидтер
C) Карбапенемдер
D) Монобактамдар
E) Цефалоспориндер
{Дұрыс жауабы} = А
$$$022
Анамнезінде бронхтық демікпесі бар науқаста қарау кезінде артериалды гипертензияның І дәрежесі анықталды. Емдеудің рационалды препараты болып табылады:
A) амлодипинB) анаприлинC) атенололD) каптоприлE) эналаприл{Дұрыс жауабы} = А
$$$023
Жүрек гликозидтерін тағайындау көрсетілген:
A) СЖЖ профилактикасы
B) СЖЖ I дәр.
C) СЖЖ IIА дәр.
D) СЖЖ IIБ дәр.
E) СЖЖ III дәр.
{Дұрыс жауабы} = D
$$$024
Науқас тағам қабылдағаннан жарты сағаттан кейін болатын эпигастралды аймақта болатын басып ауырсынуға шағымданады; сода қабылдағаннан кейін ғана басылатын қыжыл. 2 жылдан бері ауырады, емделмеген. Объективті: тіл ақ жабындымен жабылған, терең пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну. ЭФГДС: асқазан шырышы гиперемирленген, ісінген, антралды аймақта – бірен саран қанқұйылулар. Қосымша зерттеу әдісі:
A) 24-сағаттық рН-метрия
B) эндоскопиялықая рН-метрия
C) электрогастрографиялық әдіс
D) Helicobacter pylori зерттеу
E) гастротест әдісімен асқазан секрециясын зерттеу
{Дұрыс жауабы}= D
$$$025
4 күндік, жаңа туылған нәресте Г. Анамнезінен жүктіліктің 6-7 апта, 15-16 апта және 25-26 апта мерзімінде түсік тастау қаупі фонында өткен, бірінші жүктіліктен. Анасы 44 жаста, созылмалы пиелонефритпен зардап шегеді. Бала жүктіліктің 42-43 апталық мерзімінде 1-ші созылып өткен босанудан 4160 гр салмақпен және 53 см бойымен дүниеге келген. Бұл балаға екпе жасау тәсілі:
A) жеке кесте бойынша
B) екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша
C) невролог қарауынан кейін жіне қарсы көрсеткіштер болмаса
D) екпе күнтізбесі бойынша және ауру белгілері болмаса
E) өмірінің алғашқы жарты жылдығында уақытша медициналық шегерілім беру.
{Дұрыс жауабы} = С
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні:
05_02_Внутренние болезни_каз
$$$001
Зәрдің Нечипоренко сынамасы бойынша қалыпты көрсеткіші:
А) Лейкоциттер - 0, эритроциттер – 1 мл 100-ге дейін
В) Лейкоциттер – 1 мл 100-ге дейін, эритроциттер – жоқ
С) Лейкоциттер –1 мл 1000-га дейін, эритроциттер – 1 мл 100-ге дейін
D) Лейкоциттер – 1 мл 2000-га дейін, эритроцитттер – 1 мл 1000-га дейін
Е) Лейкоциттер – 1 мл 4000-га дейін, эритроциттер – 1 мл 10000-га дейін
{Дұрыс жауабы}= D
$$$002
Науқас 42 жаста, суықтанғаннан кейінгі жөтелге шағымданады. Анамнезінде созылмалы бронхит. Дарігер қақырықты зерттеу талдамасына жіберді.
Өршу сатысында қақырықта не анықталуы мүмкін:
А) Атипиялық белгісі бар жасушалардың көп мөлшері
В) Нейтрофильді лейкоциттердің көп мөлшері
С) Эозинофильдердің көп мөлшері
D) Эластикалық талшықтардың көп мөлшері
E) Эритроциттердін көп мөлшері
{Дұрыс жауабы} = В
$$$003
56 жастағы науқас, кеудесіндегі қысып ауырсыну ұстамасына шағымданады. Дәрігер ұстама кезінде ЭКГ тағайындады, Стенокардия ұстамасы кезінде ЭКГ-де қандай өзгерістер анықталуы мүмкін:
A) Интервал PQ > 0,20 сВ) ST сегментінің 1 мм-ге депрессиясы
С) ST сегментінің 5 мм-ге көтерілуі
D)  QRS комплексінің түсіп қалуына дейін,  PQ интервалының ұзаруы
Е) PQ < 0,12 с, дельта толқындарының болуы, QRS комплексінің ұзаруы, STинтервалымен Т тісшесінің QRS комплексына дискорданттылығы
{Дұрыс жауабы} = В
$$$004
Науқас Н. 23 жаста, Инженер, отбасылық дәрігерге айқын ісінулік синдромымен, макрогематуриямен шағымданып келді. Тексеруден кейін жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром диагнозы қойылды. Емдеу тактикасы:
A) глюкокортикостероидты препараттар
B) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
C) хинидинтуындыларыD) алтын препараттары
E) антибактериалды препараттар
{Дұрыс жауабы}= A
$$$005
Тілдің күю сезімі, диспепсиялық бұзылыстар, (тәбеттің төмендеуі жүрек айну), өзін нашар сезінуі, қол-аяқтың ұюы, парастезиялардың болуы кездеседі:
А) Гемолитикалық анемияда
В) Дәрумен В12 дефициттіанемияда
С) Қан кету себептерінен болған анемияда
D) Апластикалық анемияда
Е)Темір тапшы анемияда
{Дұрыс жауабы}= B
$$$006
50 жастағы, артық салмағы бар әйелде 2 рет аш қарынға гликемия деңгейі 6,9 және 7,2 ммоль/л дейін жоғарлауы анықталды. Мүмкін болатын диагноз:
А) СеміздікВ) Қант диабеті 1 тип
С) Қант диабеті 2 тип
D) аш қарынға гликемияның бұзылуы
Е) Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
{Дұрыс жауабы}= C
$$$007
Асқазан ойық жара ауруымен ауыратын науқаста өршу сатысында жеген тағаммен құсуға, шіріген жұмыртқа иісімен кекіруге шағымдары пайда болды. Қандай мүмкін болатын асқыныс пайда болды:
A) пенетрация
B) перфорация
C) қан кету
D) асқазан қалтқысының стенозы
E) ойық жара малигнизациясы
{Дұрыс жауабы}= D
$$$008
Науқас 68 жаста, үйге дәрігер шақырды, аз өнімді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тәбеттінің төмендеуіне, дене қызуының 38,5-ке дейін көтерілуіне шағымданады. Жоғарыда көрсетілген шағымдар науқасты 2 күн бойы мазалайды. Дәрігер науқаста бірінші кезекте қандай ауру жайында күдіктенуі қажет:
A) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
B)Ауруханадан тыс пневмония
C) Өкпе туберкулезі
D) Жедел жүрек жеткіліксіздігі
E) Бронхиальді демікпе
{Дұрыс жауабы}=B
$$$009
59 жастағы ер адам, психоэмоционалды кұйзелістен кейін пайда болған, жүрек аймағындағы қысып-басып тұратын ауырсынуларға шағымданады. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін ауырсыну басылады. Уақыт өткеннен кейін қайтадан басталады. Анаменезінде 5 жыл ЖИА. Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, тері қабаттары бозарған, өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс. АҚ 140/90 мм.сын.бағ., пульс 60. ЭКГ-да: V1-V4 тіркемелерінде ST изолиниядан төмен, Т тісшесі теріс. Болжамды диагноз:
А) Жедел миокард инфарктісі
В) Жүректің ишемиялық ауруы. Тұрақты күштемелі стенокардиясы
С) Жүректің ишемиялық ауруы.Үдемелі стенокардия.
Д) Омыртқа кеуде бөлімінің остеохондрозы
Е) Өкпе артериясының тромбоэмболисы.
{Дұрыс жауабы}= C
$$$010
Науқас 18 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерді үйге шақырғанда шағымданады: дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуәне, бастың ауруына. Науқас өзін екі аптадан бері аурумын деп санайды, дәрігерге қаралмаған, одан кейін жиі зәр шығаруы мен оң мықын аймағының ауырсынуы қосылған. Оны суық тиюмен байланыстырады. Болжам диагноз:
А) Ауруханадан тыс оң жақтық төменгі бөліктік пневмония
В) Жедел пиелонефрит
С) Жедел оң жақты сальпингоофорит
Д) Жедел цистит
Е) Жедел панкреатит
{Дұрыс жауабы} = В
{Ауырлығы} = 3
$$$011
Науқас 25 жаста, бас айналу, айқын шаршағыштық, дәм сезудің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде асқазан ойық-жарасы. Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт. Қан талдауы: Нв- 85 г/л; эритроцит- 3,8*1012/л; ТК- 0,8; Тромбоциттер- 165*109/л; ретикулоцит- 0,5 %. Б/х: сарысулық темір 4,5 ммоль/л. Диагноз:
А) апластикалық анемия
В) фолий тапшылық анемия
С) постгеморрагиялық анемия
Д) теміртапшылықты анемия
Е) В12 дефицитті анемия
{Дұрыс жауабы}=D
$$$012
Науқас 35 жаста, екі апта бойы жалғасатын түнгі және ашқарынға пайда болатын ауырсынуға шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде он екі елі еһішектің алдыңғы қабырғасында көлемі 1,2 см ойық- жара анықталды. Биоптатта Helicobacter pylori анықталды. Адекватты ем нұсқасы:
А) протонды помпа ингибиторлары+ амоксоциллин+ кларитромицин
В) протонды помпа ингибиторы+ метронидазол+ ампициллин
С) Н2-гистаминоблокатор+висмут субсалицилаты+ тетрациклин
Д) протонды помпа ингибиторы+ висмут субсалицилат
Е) субсалицилат+ тетрациклин+ метронидазол
{Дұрыс жауабы}= A
$$$013
Науқас 34 жаста, ентігуге, әлсіздікке, жүрек қағысына, жұктеме кезінде болатын жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір жыл бұрын жедел ревматикалық қызба бойынша емделген. Қарау кезінде: жүрек шекаралары солға және жоғарыға ығысқан, жүрек ұшында І тон әлсіреген, осы жерде систолалық шу естіледі, 3-ші нүктеде ІІ тон акценті. Болжам диагноз:
А) Митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі
В) Сол жақ атриовентрикулярлы өзектің стенозы
С) Аорта қақпақшасының стенозы
Д) Аорта қақпақшасының жеткіліксіздігі
Е) Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
{Дұрыс жауабы}= А
05_03_Детские болезни_каз
$$$001
2 жастағы балада қалыпты қандай тыныс естіледі.
А) Әлсіреген
В) Пуэрильді
С) Қатқыл
Д) Везукулярлы
Е) Бронхиальды
{Дұрыс жауабы}= В
$$$002
Балада гиперестезия, тремор, бұлшықеттік гипотония, қалтыраулар, Хвостек синдромы оң. Бұл науқастың биохимиалық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін.
А) Гипогликемия
В) Гипокальциемия
С) Гипомагниемия
Д) Гиперкальциемия
Е) Гипергликемия
{Дұрыс жауабы}= В
$$$003
Бала 7 айлық- II жүктіліктен оң физиологиялық жағдайда өтті. Жалпы қарағанда: өзбетімен отырмайды, маңдай және самай төмпешіктері анық, қабырғалық «моншақтары», Горрисон саласы сезіледі. Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыры қабырға астынан 2 см- ге шығып тұрады. Басқа мүшелер өзгерусіз. Бұл науқаста биохимиялық қан анализінің өзгерістері тән.
А) Гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның көтерлеуі
В) Гпокальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның көтерлеуі
С) Гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның көтерлеуі
Д) Гиперкальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның көтерлеуі
Е) Гипокальциемия, гиперфосфатемия, сілтілі фосфатазаның көтерлеуі
{Дұрыс жауабы}= В
$$$004
3,5 айлық қыз балада жеңіл тершеңдік, бұлшықет гипотониясы, шүйделік тақырлануы, жеңіл пероральді цианоз. Бұл балада рентгенограммада қандай өзгерістер болуы мүмкін.
А) Остеопороз, бокальді метафиздің кеңеюі
В) Алдын -ала жіктелу аймағының анық болмауы мен бұлынғырлануы
С) Өсу аймағының әрі келкі қалындауы
Д) Өзгерістер жоқ
Е) Кеуде клеткасының деформациясы
{Дұрыс жауабы}= Д
$$$005
Науқасты көп мөлшердегі майлы тағамды қолданғаннан кейін пайда болған тұрақты сол жақ қабырға асты ауырсынуына шығымданады, ауырсыну арқасына берілді. Пальпация кезінде Шоффара мен Мейо-Робсона аймағында ауырсынады қан аралас іш өту, әлсіздік, сәл нейтральді лейкоцитоз, солға ығысуы айқын емес, ұзақ емес амилазурия. Төменде келтірілген лабораторлық мәліметтердің қайсысы осы ауруға көп мәлімет береді.
А) Қанда трисинді анықтау
В) Қанда эластазаны анықтау
С) Қанда эмилазаны анықтау
Д) Қанда сілтілі фосфатазаны анықтау
Е) Қанда глюкозаны анықтау
{Дұрыс жауабы}= С
$$$006
Бала 2,5 ай. Туғандағы салмағы 3600гр, бойы 53 см. 3,5 айынан бастап тамақтандырғаннан кейін жиі «фонтан» тәрізді құсулар болды. Жалпы қарау: тері қабаты бозғылт, құрғақ «мәрмәр» суретімен. Тері асты май мен қабаты жұқарған, тері тургоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ. Қарау барысында бала салмағы -4300гр. Бұл науқастың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болады.
А) Метаболикалық алкалоз, гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия.
В) Метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия.
С) 17 КС пен 17 ОКС тәуліктік зәрде мөлшерінің көтерлеуі
Д) Холестерин, бета- липопротеидтер, триглициридтер мөлшерінің көбеюі
Е) Метаболикалық алкалоз, гипокалиемия, гипохлоремия, гипонатриемия.
{Дұрыс жауабы}= А
$$$007
7 айлық балада ЖРВИ фонында ауруның 4 күні жағдайы нашарлады, дене қызуы 37,8 С дейін жоғарлады, экспираторлы сипаттағы ентігу, оральді ысқырық пайда болды. Аукультация кезінде – ұзарған дем шығару, екі жақты әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. ЖҚА- лейк. 5,8*109/л, эр- 14%, п/я- 1%, с- 48%, л- 29%, м- 8%, СОЭ- 3 мм/ч. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді.
А) Бронхиолит
В) Обструктивті бронхит
С) Рецидивті бронхит
Д) Пневмония
Е) Плеврит
{Дұрыс жауабы}= В
$$$008
Бала полиомиелитпен ауырған, басқа вакционацияға қатынасы.
А) Жоспар бойынша қалыпты дозамен егу.
В) Мүлде екпеу
С) Иммунитетке қатысты серологиялық тексергенен кейін егу
Д) Аз көлемде егу
Е) Қадағалап егу
{Дұрыс жауабы}= В
$$$009
6 жасар қыз. Ұстамалы жөтелге, шулы тынысқа шағымданады. Тұншығу сезімі шоколад жегеннен кейін пайда болды. Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта қашықтықта естілетін тыныс, өкпеде қораптық дыбыс, құрғақ сырылдар барлық өкпе аймағында, тондар тұйықталған. Кеуде клеткасының рентгенограммасы- өкпе түбірінде бронхоөкпелік суреті күшейген, ошақты көлеңкелер жоқ. Төмендегілердің қайсысы ұстаманы басу үшін тағайындау керек.
А) Адреналин
В) Сальбутамол
С) Кальция глюконаты
Д) Эуфиллин
Е) Глюкоза
{Дұрыс жауабы}= В
$$$010
10 жасар балада, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация симптомына байланысты, дене t0-сы 38.7 0 С, ұрғылау симптомы оң. ЖЗА-лейкоцитурия, бактериурия. УДЗ-да ТШЖ-де қабыну өзгерістері көрінеді. Төменде келтірілгендердің қайсысын баланың гипртермиясын басу үшін тағайыднау керек?
A) Қызу басушы заттарды беру
B) Физикалық суықтандыру әдістері
C) Аминазин мен пипольфеном енгізу
D) Дроперидол енгізу
E) Антибиотик енгізу
{Дұрыс жауап}= A
$$$011
Қабыдау кезінде анасы 3 айлық баласының белсенді гуілдеуінің жоқтығына шағымданады. Бұл жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?
А) 3 айға дейін белсенді гуілдеудің болмауы қалыпты болуы мүмкін
B) Балада есту өткірлігі төмен. Міндетті түрде баланы сурдолог, генетик консультациясына жіберу
C) Психомоторлы дамудың қалуы ОТЖ патогенезиясының әсеріном развитии вследствие патологии ЦНС
D) Дамуында қалу соматикалық аурудан жіберілген балада болады
E) Міндеттітүрдебаланыневропотологконсультациясынажіберу
{Дұрыс жауап}= A
$$$012
3 айлық баланы қараған кезде, дәрігер оның тершеңдігіне, шүйде шашының жоқтығына, үлкен еңбек шеті бойынша бас сүйегінің жұмсақтығына көңіл бөлді. Төмендегілердің қайсысы емнің келесі қадамы болды?
A) Неврологтан консультациялану
B) Стационарға жатқызу
C) Тәулігіне 2000 МЕ D2 витаминін тағайындау
D) Тәулігіне 500-1000 МЕ D2 витаминін тағайындау
E) Тәулігіне 10000 МЕ D2 итамин тағайындау
{Дұрыс жауап}= D
$$$013
1 айлық балада өмірінің алғашқы аптасынан бастап тұрақты «көк жөтел тәрізді» жөтел, төсті қанағаттанарлық сорады, бірақ дене салмағы артпайды. Өкпеде перкуторлы дыбыста қысқарған және тұйықталған аймақтары бар, аускультативті – екі жақсты әр түрлі калибрлі ылғалды, құрғақ сырылдар. Нәжісі көп мөлшерде, іші өтіп, жылтыр іртіктерімен, тұтқыр, тәулігіне 8 рет. Қай препаратты тағайындау дұрыс болады?
A) Антибиотиктер
B) Креон
C) Жөтелге қарсы дәрі
D) Амбробене
E) Куросурф
{Дұрыс жауап}= В
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Хирургиялық аурулары» пәні:
05_04_Хирургические болезни_каз
$$$001
Механикалық тоқ ішектің өтімсіздігі кезіндегі ең жиі себептерінің бірі:
А) Жабыспалы үрдіс
В) Рентгенотерапиядан кейін ішектердің тарылуы
С) Ісік
D) Ішектің қайырылмасы
Е) Инвагинация
{Дұрыс жауап}=С
$$$002
Іштің жабық жарақаты кезінде бауыр тұйықталуының болмауы тән:
А) Көкбауыр жарылуында
В) Ұйқы безінің жарақатында
С) Жедел аппендецитте
D) Аналық безінің апоплексиясында
Е) Қуысты мүшенің жарылуында (асқазан, ішек)
{Дұрыс жауап}=Е
$$$003
Науқас шап аймағында жарықтың болуына шағымданады. Жарық қысылғанда шап үсті аймағында ауырсынуға және зәр шығарудың жалған сезіміне шақырады. Науқаста жарыұтың қандай түрі:
А) Жапқыш тесіктің жарығы
В) Жылжымалы жарық
С) Шаптың тік жарығы
D) Сан жарығы
Е) Шаптың қиғаш жарығы
{Дұрыс жауап}=В
$$$004
Өздігімен қалпына келетін қысылған жарық кезінде операция жасауға абсолютті көрссеткіш:
А) айқын перитониттің симптомдары
В) қысылудың басталған уақыты
С) қосымша аурулары
D) науқастың жасы мен жынысы
Е) науқасқа зерттелудің толығымен жүргізілмеуі
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындылығы}=3
$$$005
Теріасты қабатының флегмонасы кезінде шұғыл хирургиялық ем жүргізуге нақты белгі:
А) Жоғары температура
В) Лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы
С) Айқын лейкоцитоз
D) Флегмона аймағындағы флюктуация
Е) Айқын ісіну
{Дұрыс жауап}=D
{Қиындылығы}=3
$$$006
Тік ішектің полипі анықталған жағдайда участкелік дәрігердің іс-әрекеті:
А) Бақылау
В) Медикаментозды ем
С) Онкологқа жіберу
D) Эндоскопиялық полипэктомия
Е) Ауруханадағы хирургиялық ем жүргізу
{Дұрыс жауап}=С
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Психиатрия және наркология» пәні:
05_05_Психиатрия и наркология_каз
$$$001
Автоматты еріксіз ой ағыны қалай аталады?
А) жабысқақ ойлар
B) ментизмC) аса бағалы ойлар
D) персеверация
E) ойдың тұрақталуы
{ Дұрыс жауап } = В
$$$002
17 жасар науқас, мектепке барғысы келмейді. Жолдастарымен кездесуін қойды, үйде отырды, балағат сөздермен сипаталатын әндерді айта бастаған. Ауруханада да, ескертулерге қарамастан дәл сол өлендерді әндетті, бет әлпеті ақымақ тәрізді, кейде мағынасыз күледі, медбикелерге агрессивті жауап қайтарады, ұсынылған тағамды тастайды, басқа науқастардын алдында тұрған тамақтарын тартып алады. Науқаста қандай жетекші синдром?
А) параноидты синдром
B) гебефрениялық синдром
C) депрессивті синдром
D) кататониялықсиндром
E) маниакальді синдром
{ Дұрыс жауап} = В
$$$003
37 жасар науқас, бөлімшеде бір апта бойы жатыр, дәрігерлерді арнайы агенттер қызметінің адамдары деп санайды. Өзін және науқастарды – тұтқындар есептейді. Синдромды анықтаңыз?
А) Әсер ету сандырағы
В) Инсценировка сандырағы
С) Өзін өзі төмендету сандырағы
D) Жабысқақ ойлар
E) Идеаторлы автоматизмдер
{ Дұрыс жауап } = В
$$$004
Жасөспірім 15 жаста, психиатриялық стационарға бірінші рет түсіп тұр, өзінің есі дұрысында әңгімелесу кезінде басында ойлардың үзілуі, тоқтатылуын белгілейді. Бір уақытта әңгіменің желісінен жаңылысады, сонымен бірге басында бостық сезіледі, ол сөйлесуді қояды және бірнеше уақыттан кейін жалғастыруы мүмкін. Берілгендердің қайсысы ойдын бұзылуы болуы мүмкін?
A) Ментизм
B) Ойдың мағынасының жоғалуы
C) Ойдың жылдамдауы
D) Шперунг
E) Үйлессіздік
{ Дұрыс жауап } = D
$$$005
Психиатриялық стационарға 42 жасар науқас өз үйінің өрт болып жатқан жерінен ауруханаға түсті. Науқас қимылсыз позада, сұрақтрға жауап бермейді, көз қарасы кеңістікте, қоршаған ортаға назар аудармайды.Бұндай жағдайда үш сағат бойы отырды. Қандай ем жүргізу қажет?
А) Диуретиктер
В) Транквилизаторлар
С) Ноотроптар
Д) Витаминдер
Е) Қабынуға қарсы препараттар
{ Дұрыс жауап } = В
$$$006
Ауруханаға 35 жасар науқас, жолдасымен ажырасқанан кейін жеткізілді. Қарау барысында өзін ебедейсіз ұстайды. Қоршаған ортада ориентациясы бұзылған. Қарау барысында: ешкімді танымайды, көзін қатты шығарып, таңырқайды. Үлкен көзді көріп тұрмын, мені сол көз қылқындырып жатыр дейді. Сұрақтарға орынсыз жауап береді.
А) Нейролептиктер
В) Транквилизаторлар
С) Ноотроптар
Д) Витаминдер
Е) Қабынуға қарсы препараттар
{ Дұрыс жауап } = А
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Неврология» пәні:
05_06_Неврология_каз
$$$001
Истериялық тырыспалық ұстамаға тән симптом?
A) тоникалық фазаның жедел брадипноэмен кезектесуі
B) генерализденген тырыспалар кезінде еріксіз зәр шығуы, цианоз, сілекей ағуы, тілді тістеуі болмайды
C) тырыспа кезінде сананың болмауы
D) тырыпспалық ұстамадан соң ұзақ ұйқыға кету
E) тырыспа алдыңда сенсорлық аураның байқалуы
{ Дұрыс жауап }=B
$$$002
Науқаста көз жұмуы мен көз алмасының вертикальды жазықтықта қозғалуынан басқа қозғалыстары толықтай шектелген. Науқасты зерттеу кезінде күрделі психикалық қызметі сақталғаны анықталды. Бұл қай синдром?
A) аикнетикалық мутизм синдромы
B) «өз ішінен тұйықталу»синдромы
C) лунатизмсиндромыD) аффективті бұзылыстар
E) истерия{ Дұрыс жауап }=B
$$$003
Айқын тетрапарез, психикалық артта қалу, псевдобульбарлы синдром неге тән?
А) гидроанэнцефалияға
В) окклюзионды гидроцефалияға
С) сыртқы гидроцефалияға
D) босану жарақатынан кейінгі гидроцефалияға
Е) байланыспалы гидроцефалияға
{ Дұрыс жауап }=C
{ Қиындық деңгейі }=2
$$$004
Әйел адам, 54 жаста, бухгалтер, ұзақ уақыт бойы қантты диабет, созылмалы холециститпен зардап шегеді, жолдасының қайтыс болуынан 1 жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтауының нашарлауы, бас айналуы, эмоционалды лабильділікке шағымданды. Аталған бұзылыстардың ең ықтимал себебі?
A) мидың тамырлық бұзылысы
B) мидың дегенеративті ауруы
C) ми ісігі
D) үдемелі паралич
E) реактивті психоз
{ Дұрыс жауап }=A
$$$005
Науқас, 50 жаста, бетінің оң жақ бөлігіндегі ұстамалы ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну кенеттен пайда болады, өткір, кесіп ауырсынады, ұзақтығы 10-15 секунд. Ауырсыну сөйлеу, шайнау, жұтыну кезінде пайда болады. Ауырсыну ұстамасы басталған кезде, мимикалық бұлшықеттердің спазмы, тері қызаруы байқалады. Ұстамадан тыс уақытта оң жақ инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы, оң жақ жоғарғы жақтың гипестезиясы байқалады. Диагноз?
A) бет нервісінің нейропатиясы
B) мигрень
C) беттік симпаталгия
D) үшкіл нервтің невралгиясы
E) үшкіл нервтің невропатиясы
{ Дұрыс жауап }=C
$$$006
52 жастағы әйел адамды 6 ай бойы үдемелі деменция, атактикалық жүріс, тремор мен миоклоникалық тырыспалар мазалайды. Сөйлеуі баяулаған және түсініксіз, қол қозғалысы икемсіз бола бастады. Науқас отбасында дегенеративті неврологиялық аурулар болған жоқ. МРТ ауытқуларды анықтаған жоқ. ЭЭГ-да фонды белсенділіктің бір интервалдан кейін қайталанатын және бастың екі жағына таралатын кезеңді үшкір разрядты бұзылысын анықтады. Ангиограммада миішілік өзгерістер жоқ. Диагноз?
A) мультиинфарктті деменция;
B) жұлындық сухотка;
C) фридрейхов атаксиясы;
D) субарахноидальды қан құйылу;
E) менингоэнцефалит;
{ Дұрыс жауап }=E
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Жұқпалы аурулар» пәні:
05_07_Инфекционные болезни_каз
$$$001
Дизентерия кезіндегі тенезм туралы түсінік
А) Ауырсыну, дефекацияға жалған лоқсулар
В) Ауырсыну, несептің жалған шығуына
С) Толқын тәрізді кәуешек құбырлы АІЖ жиырылуы
D) Жұтудың бұзулуы
Е) Лоқсу
{Дұрыс жауап}= A
$$$002
Стационарға науқас қалтырауға, дененің қызуының көтерілуіне, оң аяқтың қызаруына шағымданып түсті. Қарағанда: оң аяқтың терісінде ашық түсті гиперемия анық шекарамен және ісінген қан үйіндісімен, ұстағанда ыстық. Қандай диагноз болу мүмкін?
А) Оба бубондық формасы
B) Тері-бубонды туляремия,
C) Сібір жарасы карбункулезды формасы
D) Бруцеллез сүйек-буын формасы
E) Оң аяқтың эритематозды формалы тілмесі
{Дұрыс жауап}= Е
$$$003
Науқас 43 жаста. Шағымдары: дене температурасының 38,6ºС дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айнуы, көп ретті құсу, іштегі ауырсыну, жасыл түсті жиі сұйық, жағымсыз иісті нәжіс. Ауруын піспеген жұмыртқа қолдануымен байланыстырады. Қандай диагноз болуы мүмкін?
А) дизентерия
В) тырысқақ
С) сальмонеллез
Д) эширихиоз
Е) тағам токсикоинфекциясы
{Дұрыс жауабы}=С
$$$004
Науқас А, студент. Ауруының 1-ші күнінде маңдай аймағы, көз ауруына, жөтелге шағымданады. Жедел басталды, температура 38,5°С дейін көтеріліп, миалгия, әлсіздік. Тобында мұрнынан су ағып, жөтелге шағымданған студенттер бар. Жағдайы орташа ауырлықта, бет қызарған,коньюнктивит. Тынысы везикулярлы, минутына 18 рет, құрғақ жөтел, төс аймағында жағымсыз сезім. Жүрек тоны әлсіреген, пульс 112 с/мин, АҚ 100/80 мм с.б.б. Іште патологиясы жоқ. Диспепсиясы жоқ, менингиальды құбылыс теріс. Қарау кезінде ауыз жұтқыншақтың шырышты қабығы ашық гиперемиялы, жұмсақ таңдайы ісінген, доға және тілше аймағында анық «түйіншектер» байқалады. Төмендегі емдеудің қайсысы тиімді қадам болып табылады?
А) ремантидин
В) ампициллин
С) ацикловир
Д) оксалин майы
Е) левофлоксацин
{Дұрыс жауабы}=А
$$$005
Науқас К., 28 жаста. Шағымдары : жүрек айну, құсу, эпигастрии аймағындағы дискомфорт, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқ . Ауырғанына 5-ші күн, дене температурасы 39°С, ауру белгілері жоғарыда көрсетілген. Қаралған күні таңертең тоқтаусыз құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Склерасы субиктериялық. Пульс 60 рет минутына, қанағаттанарлық. Жүрек тондары тұйықталған. Тілі ақ өңезбен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы шекарасында пальпацияланады, консистенциясы эластикалық. Өт қабы нүктесінде ауырсыну жоқ. Зәрдің түсі қара. Төменде аталғандардың қайсысы анықтаудағы келесі қадам болады?
А) қандағы амилаза құрамын анықтау
В) қандағы қант мөлшерін анықтау
С) қандағы АЛТ мөлшерін анықтау
Д) қандағы креатинин мөлшерін анықтау
Е) қандағы холестерин мөлшерін анықтау
{Дұрыс жауабы}=С
$$$006
Науқас К., 32 жаста. Ауырғанның 5-ші күні. Шағымы бас ауыруы, сол жақ аяғы қатты ауырғандықтан баса алмайды. Қалтырау, әлсіздік, дене температурасы 38°С дейін көтерілуі байқалады. Сосын сол жақ балтыр мен табан аймағында күйдіру мен ауырсыну болған. Табанда көпіршіктер, терінің гиперемиясы байқалған. Эпид.анамнезі: ауырғанға дейін екі күн алдын сол жақ аяғының ұшын жарақаттаған. Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, дене температурасы 37,9°С, сол балтыры ісінген, теріде анық жиектерімен айқын гиперемия. Табанының сырт жағында, балтырдың алдыңғы беткейінде – серозды сұйықтығы бар бірен саран көпіршіктер. Қан анализі: Л-12,0х109г/л; э-2, П-21, С-51, Лимф.-22, М-4, ЭТЖ-25 мм/сағ. Дәрігердің келесі тактикасы?
А) көпіршікті ашу және мазьді таңғыш салу
В) пенициллин қатарындағы антибиотикті тағайындау
С) дезинтоксикациялық терапия
Д) КІ электрофоррез
Е) левомецитин қатарындағы антибиотикті тағайындау
{Дұрыс жауабы}=В
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Фтизиатрия» пәні:
05_08_Фтизиатрия_каз
$$$001
Өте жылдам және сезімтал молекулярлы-генетикалық зерттеу әдісі болып табылады:
А) Лeвенштейн–Йeнсен ортасы 
В) Циль — Нильсeн бояуы 
С) Люминeсцентті зерттеу
D) Хpеrt MTB/RIF
Е) BАCTEC MGIT 960
{Правильный ответ} = D
$$$002
Науқас К. Шағымы: шырышты-іріңді қақырық, кешкілік дене қызуының 38С дейін көтерілуі, түнгі тершендік, жалпы әлсіздік. Жалпы қан анализінде лeйкоциттер - 10,1, ЭТЖ 33 мм/с. ТМБ бактериоскопиялық әдіспен анықталған. Кеуденің жалпы шолу ренгенограммасында өкпенің жоғарғы бөлігінде сақина тәрізді қараю көрінеді, яғни ол екі перпендикулярлы біріккен проекциялы суреттерінде сақталған. Болжам диагноз:
А) Инфильтративті туберкулез
В) Ошақты тубeркулез
С) Тубeркулома
D) Кавернозды туберкулез
Е) Диccеминирлі туберкулез
{Дұрыс жауап}= D
$$$003
Науқас Д., 41 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, он жақ кеудесінің ауырсынуы, кешкілік дене қызуының 37С дейін көтерілуі, түнгі тершендік. Кеуде қуысының рентгенограммасында он жақта 3 қабырғадан бастап диафрагма куполасына дейінгі біртекті интенсивті жоғарғы шекарасы айқын қиғаш қараюды көреміз. Болжам диагнoз:
А) Он жақтың пневмoниясы
В) Өкпенің орталық ісігі
С) Он өкпенің абcцессі
D) Брoнхоэктаз ауруы
Е) Он жақтық экccудативті плeврит
{Дұрыс жауап}= Е
$$$004
Науқас Н., Шағымы: аздаған шырышты қақырық бөлетін кезеңді жөтел, жалпы әлсіздік, тершеңдік. Жалпы шолу рентгенограммада сол жақтың бұғана асты аймағында диаметрі 3,0 см дөңгелек пішінді қараюды көреміз, қараю манайында ошақтар мен фиброздары бар. Болжам диагнoз:
A) Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулез
B) Өкпенің кавернозды туберкулезі
C) Поликистоз
D) Өкпенің туберкуломасы
E) Циррозды өкпе туберкулезі
{Дұрыс жауап}=D
$$$005
Науқас C. Шағымы: құрғақ жөтел, он жақ кеуденің ауырсынуы, кешкілік дене қызуының 37C дейін көтерілуі, түнгі тершендік. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында 3 қабырғадан диафрагманың куполасына дейінгі гомогенді интенсивті қараю, жоғарғы қиғаш анық шекарасымен көрінеді. Келесі тaктика:
A) Tуберкулин диaгностика
B) Кеуденің рeнтген тoмографиясы
C) Cпирография
D) Өкпенің КT-сі
E) Плeвра пункциясы
{Дұрыс жауап} = Е
$$$006
Науқас И., 38 жаста. Шағымы: 3 аптаға созылған шырышты қақырық бөлетін жөтел, түнгі тершеңдік. Қарағанда: науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы физиологиялық түсті. Тынысалу жүйесі: Өкпе тынысы қатаңдау, сырылдар жоқ. Тынысалу жиілігі минутына -18 рет, басқа ішкі мүшелері өзгеріссіз. Келесі тактика:
A) 058/у формасын толтыру
B) 089/у формасын толтыру
C) ТБ 15 формасын толтыру
D) ТБ 01 формасын толтыру
E) ТБ 09 формасын толтыру
{Дұрыс жауап}= С
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша «Акушерия және гинекология» пәні:
05_09_Акушерство и гинекология_каз
$$$001
Преэклампсияның алдын-алу үшін тағайындайды:
A) аз мөлшерде аспирин
B) зәр айдаушы заттар
C) цинк заттары
D) омега - полиқанықпаған май қышқылы
E) витамин Е
{Правильный ответ}= A
$$$002
27 апталық қайта жүкті әйелде алдыңғы құрсақ қабырғасында, балтырларында ісінулер анаықталды, АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. Зәрінде: белок- 0,67 г/л. Болжамды диагноз:
A) Созылмалы пиелонефрит
B) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
C) Артериалды гипертензия
D) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
E) Созылмалы гломерулонефрит
{Правильный ответ}= D
$$$003
Преэклампсияның ауыр дәрежесінің емдеу ұзақтығы …
A) 10-14 күн
B) 3-5 күн
C) 1-2 күн
D) 6-7күн
E) 8-9күн
{Правильный ответ}= C
$$$004
Әйел 34 жаста. Етеккірінің 2,5 айға кідіруімен шағымданды. Өзін жүктімін деп есептейді. Анамнезінде: 3 жасында жәншаудан соң гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: протеинурия, микрогематурия. Бірінші жүктілік ісінумен өткен, жедел босанумен аяқталған, 3 медициналық түсік болған. Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/60, 110/65 мм.сын.бағ. Ісіну жоқ. Бимануальды зерттеуде: Жатырлық жүктілік 10-11 апта. Болжамды диагноз:
A) Жүктілік 10-11 апта, Созылмалы цистит өршу фазасы
B) Жүктілік 10-11 апта
C) Жүктілік 10-11 апта. Созылмалы пиелонефрит
D) Жүктілік 10-11 апта. Зәр тас ауруы
E) Жүктілік 10-11 апта. Созылмалы гломерулонефрит
{Правильный ответ}= E
$$$005
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы кезінде босанудың ІІІ кезеңін жүргізудің ерекшеліктері:
A) Жиырылтқыш заттарды енгізу
B) Кристалоидты сұйықтықтарды құю
C) Плацентаны қолмен сыдырып шығару
D) Жатырды сыртынан уқалау
E) Ұрық жолдасын Креде-Лазаревич әдісімен шығару
{Дұрыс жауабы } =С
$$$006
Ерте босанудан кейінгі кезең, қан жоғалту көлемі 200 мл, қан кету жалғасуда. Жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ. Жатырды сыртынапн уқалаудан кейін жатыр жиырылды, алайда кейін қайта босаңсыды.Қан жоғалту 350 мл, әйел бозарып кетті, бас айналу қосылды, АҚ -90/50 ммс.б.б. Ps -98 соққы/мин.Тактика:
A) Қан құюға көшу
B) Жатыр қуысын қолмен қарап шығу және жатырды жұдырықпен уқалау
C) Босану жолдарын қарап шығу
D) Бакеев бойынша клеммалар салу
E) Утеротоникалық заттарды енгізу
{Дұрыс жауабы} =B
$$$007
Босанған әйел 36 жаста, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша ауру қағазын алу үшін емханаға келді.ҚР ДСМ 31 наурыз 2015 жылғы № 183 бұйрығына сәйкес асқынған босанудан кейін босанудан кейінгі демалыс неше күнге беріледі:
A) 30 күнге
B) 35 күнге
C) 56 күнге
D) 70 күнге
E) 100 күнге
{Дұрыс жауабы} = D
$$$008
Қайта жүкті әйел босану үйіне 37 апталық мезгілінде түсті. АҚҚ 150/90мм.сын.бағ. Зәрінде: белок -2,64г/л. Алдыңғы құрсақ қабырғасында, қолдарында, балтырларында, бетінде айқын ісіну. УДЗ-де: ұрық фетометриясы бойынша 32 апта. Болжамды диагноз:
A) Преэклампсия ауыр дәрежесі, ҚІҰДК (ЗВУР)ІІІ дәрежесі.
B) Преэклампсия жеңіл дәрежесі, ҚІҰДК (ЗВУР)ІІІ дәрежесі
C) Преэклампсия жеңіл дәрежесі, ҚІҰДК (ЗВУР)І-ІІ дәрежесі
D) Преэклампсия ауыр дәрежесі, ҚІҰДК (ЗВУР)ІІ дәрежесі
E) Гестационды гипертентия. ҚІҰДК (ЗВУР)ІІ дәрежесі
{Правильный ответ}= A
$$$009
9 апталық жүкті әйелде құсу тәулігіне 20 және одан көп. Тағам қабылдамаушылық, жүдеген, салмағын қарқынды жоғалтуда, гипотония, пульс 100 соққы минутына. Диурез төмендеген, қалдықтық азот жоғарлаған, зәрінде креатинин, ацетонурия ++++. Болжамды диагноз:
A) Холециститтің өршуі
B) Бүйрек жеткіліксіздігі
C) Жүктілердің құсуы, орташа дәреже
D) Жүктілердің құсуы, жеңіл дәреже
E) Кенеттен құсу
{Правильный ответ}= E
$$$010
24 жастағы бірінші босанушы, тұрақты босану қызметі басталғаннан 5 сағат өткен соң уақыты жеткен жүктілікпен түсті. Жамбас өлшемдері 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбысы - 9*10см, Соловьев индексі-15см, іш айналымы-98см, жатыр түбі биіктігі-32 см. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасы 5см ашылған, қағанақ суы бүтін, кіндік баудың жанасуы(предлежание), кіші жамбас кіреберісінде бас, қозғалмалы. Диагональді конъюгата-10,5см. Диагноз: Жүктілік 39-40 апталық, босанудың бірінші кезеңі .....
A) Кіндік баудың жанасуы, қарапайым жалпақ жамбас ІІ дәрежелі
B) Тар жамбас І дәрежелі, кіндік баудың түсуі.
C) Тар жамбас ІІІ дәрежелі, кіндік баудың жанасуы
D) Жалпақ рахиттік жамбас, кіндік баудың түсуі.
E) Кіндік баудың жанасуы, көлденең тарлыған жамбас
{Правильный ответ}= A
$$$011
Науқас 26 жаста, стационарға іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну және жыныс жолдарынан қанды бөліністер шағымымен жеткізілді.
Қынаптық қарау кезінде: жатыр мойны сақталған, сыртқы аңқа саусақ ұшын өткізеді, жатыр 6-7 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең. Болжамды диагноз:
A) Жүктілік 6-7 апта. Плацентаның орналасуы
B) Жүктілік 6-7 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
C) Жүктілік 6-7 апта. Өздігінен басталған түсік
D) Жүктілік 6-7 апта. Жолдағы түсік
E) Жүктілік 6-7 апта. Жатырдан тыс жүктілік
{Дұрыс жауабы} = C
$$$012
ЖДТ дәрігері 37-38 апталық жүкті әйел үйіне шақырылды. Жүктілік 7, босану 4, түсіктер 2. Іштегі ауырсыну және жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Кейінірек жалпы әлсіздік, ентігу қосылған. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 ммс.б.б., пульс 100 соққы/минутына. Жатыр гипертонуста, ауырсынады. Ұрық жүрек соғысы естілмейді. Дәрігер тактикасы:
Емханаға шақыру
Динамикада бақылау
Стационарға госпитализациялау
Айнамен қарау
Қынаптық тексеріс
{Дұрыс жауабы} = C
$$$013
Акушер-гинекологқа инфекциялық ауруханада қызамық бойынша емделіп шыққан жүкті әйел қаралуға келді. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Дәрігерлік тактика:
A) Витаминотерапия жүргізу
B) Гормонтерапия тағайындау және диспансерлік бақылауды жалғастыру
C) Жүктілікті үзу
D) Жүктілікті қалдыру (сақтау)
E) Ұрықтың даму ақаулары анықталғанда жүктілікті үзу
{Дұрыс жауабы} = С
АГ деңгей – А
Әйел жүктілік бойынша акушер-гинекологтың тіркеуіне қай мерзімде туруы қажет.
5 апта
12 апта
14 апта
16 апта
20 апта
{Дұрыс жауабы}= B
Деңгей – В
1. Науқас К., 32 жаста 4 жыл көлемінде жатыр мойыны эрозиясы бойынша акушер-гинекологта кезеңді түрде ем қабылдап жүр. Әртүрлі ерітінділермен қынаптық ванналар мен майлы тампондар қолданылады. Соңғы 3-4 күнде науқаста жыныс жолдарынан ретсіз иіссіз, қанды бөлінділер мазалайды. Гинекологиялық анамнезі: етеккірі циклі 13 жастан , ретті, ауырсынусыз. Жыныстық өмірі 22 жастан. Тұрмыс құрған, екі баласы бар. Жүктілігі патологиясыз өтті. Жалпы қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. ТАЖ 18 рет минутына , АҚ 110/70 мм.с.б. Бимануальды зерттеуде: ұлғайған, тығыз, төмпешікті жатыр мойыны. Жатыр қалыпты өлшемді, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр маңы тіңі инфильтрация жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойында түсті орамжапырақ тәрізді өсулер көрінеді, қараудан кейін қан кетулер. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
A) Жатыр мойын ісігі, экзофитті өсу,I дәреже
B) Жатыр мойын ісігі, экзофитті өсу, II дәреже
C) Жатыр мойын ісігі, экзофитті өсу, III дәреже
D)Жатыр мойын ісігі, экзофитті өсу, IV дәреже
E) Жатыр мойын ісігі, экзофитті өсу, 0 стадия{Дұрыс жауабы}= А
Емханаға 29 жасар науқас келді, шағымдары кезекті түрде үш айға кідірілген етеккір циклінен кейін ұзақ жатырлық қан кетуге. ХГ тест теріс. Науқаста 3 жыл көлемінде біріншілік бедеулік. Анамнезінен бала кезінде желшешекпен ауырған, 16 жаста холецистоэктомия. Гинекологиялық анамнезі: етеккір циклі 14 жастан, ретті, бірден қалыптасқан. Жыныстық өмірі 20 жастан. Соңғы жылы науқаста еттеккір циклінің бұзылысы байқалған. Қазіргі жағдайының нашарлауы кезекті циклдің бұзылысы. Бимануальды зерттеуде және қынапты айнамен қарауда патологиялық өзгерістер анықталмаған. Гистероскопия бақылауымен жатыр қуысын емдік диагностикалық қырнау жүргізілді. Гистологиялық зерттеу қорытындысы: эндометрийдің қарапайым гиперплазиясы . Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
Дисфункциональды жатырдан қан кету
Пременопауза кезіңде жатырлық қан кету.
Жатырдың көптеген миомасы,метрорагия
Аденомиоз негізінде менометроррагия
Ановуляторлы қан кету
{Дұрыс жауабы}= А
3. Науқас П., 30 жаста акушер-гинекологтың қабылдауына келді, шағымдары әлсіздік, дене қызуының 38 0С жоғарлауы, оң жақ сүт безінің ауырсынуы, тығыздалуы,қызаруы, қалтырау. Анамнезінен: үш апта бұрын бала туған, салмағы 3950 г, бойы 52 см. Үшінші тәулікте перзентханадан шығарылды. Қазіргі жағдайының нашарлауы 3 күн көлемінде, суық тиюмен байланыстырады. Медициналық көмекке жүгінбеді. Жалпы қарағанда: тері жабындылары бозарған, ЖЖЖ -110 рет/мин., АҚ - 100/60 мм.с.б., дене қызуы 37,8 0С. Оң жақ сүт безі көлемі ұлғайған, барлық сыртқы бөлігі гиперемирленген, төменгі сыртқы квадрантта тығыздалу бар, пальпация кезінде ауырсынады. Оң жақ қолтық асты ойықта ұлғайған,ауырсынулы лимфа түйіндері пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз?
A) Лактационды, іріңді мастит
B) Лактационды, серозды маститC) Лактационды инфильтративті мастит
D)абсцедирлеуші мастит
E) Лактостаз
{Дұрыс жауабы}= А
4. Науқас Г., 25 жаста , емханаға акушер –гинекологқа жүрген, отырған кезде күшеетін оң жақ үлкен жыныс ерінінің аймағында ауырсынуына, ашу сезіміне, дене қызуының 39 С дейін жоғарлауына, әлсіздікке, қалтырауға шағымданып келді. Анамнезінен : созылмалы пиелонефрит, цистит. Акушерлік анамнез: етеккір циклі 13 жастан, ретті. Жыныстық өмірі 20 жастан, ретсіз, бірнеше жыныстық серігі бар. Қарағанда: тері жабындылары қалыпты түсте, ылғалды. ТАЖ 20 рет минутына , АҚ 100/70мм.б.с., ЖЖЖ 88 рет минутына. Гинекологиялық қарау кезінде: оң жақ үлкен ерні ісінген, ауырсынумен, гиперемирленген, пальпация кезінде жұмсақ аймақ анықталынады. Алдын ала диагнозды қойыңыз?A) Бартолий безінің кистасы B) БартолинитC) Бартолий безінің абсцессі D) ВульвовагинитE) Бартолий безінің кистасының іріңдеуі
{Дұрыс жауабы}= В
Науқас Б., 46 жас, акушер – гинекологқа жыныс жолдарынан көп мөлшерде бөлінді болуына, ащу сезіміне, зәр шығару кезінде күшеетін сыртқы жыныс мүшелері аймағында қышынуға шағымданып келді . Анамнезінде: созылмалы гемарой, цистит. Акушерлік анамнез: етеккір циклі 14 жастан, ретті, жүктілік 2, босану– 1, 1 – түсік.Қараған кезде : сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, ісінген, гиперемирленген, қасыған іздер көрініп тұр. Айнамен қараған кезде : жатыр мойны мен қынап гиперемирленген, іріңді бөлінділер. Бимануальды ішастар –қынаптық зерттеуде: жатыр мойыны цилиндрлік формада, сыртқы аңқа жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, қозғалмалы,ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтан анықталынбайды. Күмбезі бос, ауырсынусыз. Алдын ала диагнозды қойыңыз? A) ВульвовагинитB) ВульвитC) ЭндоцервицитD) Бактериальды вагинозE) Кольпит
{Дұрыс жауабы}= А
Науқас Г., 28 жаста акушер-гинекологқа еттеккір циклінің 35 күннен артық бұзылысына және жүктіліктің болмауына шағымданып келді. Анамнезінен: балалық кезде қызылшамен,паротитпен,жиі баспалармен ауырған. Гинекологиялық анамнез: менархе 13 жастан, қазіргі уақытқа дейін қалыптаспаған, ретсіз келеді 30-45-65 күн, ұзақтығы, 1-2 күн, аз, ауырсынусыз. Тұрмыста 4 жыл, жыныстық өмірі ретті. Күйеуі тексерілген - сау. Қарағанда : бойы - 160 см, дене салмағы - 70 кг, иекте, үрпі айналасында, іштің ақ сызығы бойымен түктену бар. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынап пен жатыр мойының шырышты қабаты таза. PV: Жатыр мойны коникалық пішінде, сыртқы аңқасы жабық. Жатыр денесі дұрыст қалыпта, кішкентай. Жатыр қосалқылары айналасында екі жақтан 5,0х3,5х3,5 ижәне4,5х2,0х2,0 см көлемді тығыз түзіліс анықталынады. Сіздің диагнозыңыз:
Аналық без поликистозы
Екі жақты аналық без кистасы
Етеккір циклінің бұзылысы
Созылмалы сальпингит, жеделдеу ағым
созылмалы оофорит, жеделдеу ағым
{Дұрыс жауабы}= А
Деңгей – С
Әйел адам, 35 жаста. Емханаға келесі шағымдармен жүгінді: іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, 38 ОС дейін дене қызуының көтерілуі, жиі несеп шығару, жыныс жолдарынан шырышты иіссіз бөлінділер. Өмір анамнезінен: тұмаумен жиі ауырады. Гинекологиялық анамнез: етеккір циклі 13 жасынан, бірден бекітілді (3-4 күннен, цикл 30 күн), жүйелі түрде, ауырсынусыз, жыныстық өмірі 22 жастан бастап. Жүктілік – 2, босану – 1, түсік тастау – 1. 3 жыл өздігінен түсік тастағаннан бері жатыр қосалқыларының жедел қабынуы дамыды. Қазіргі жағдайының нашарлауын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты, перифериялық ісінулер анықталмайды. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ, ТАЖ минутына 18 рет. АҚ 110/70 мм.сн.бғ. Іші ұлғаймаған, тыныс алу актісіне қатысады. Жоғарғы бөліктерін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз, төменгі бөліктерінде – алдыңғы құрсақ қабырғасының айқын кернеулігі анықталады, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында, әсіресе сол жақта анық емес,айқын емес кернеулік .Іш перденің тітіркену симптомы анықталмайды. Бимануальды қарау кезінде жатыр қосалқылары нақты анықталмайды, ауырсынумен, ісінулі, қамыр тәрізді консистенциялы, қосалқылар аймағында ауырлық сезімі. Айнамен қарағанда – қабынулық эндоцервицит,серозды іріңді бөлінділер. Зерттеулер кезінде: ЖҚА – L – 10*109/л, ЭТЖ – 17 мм/сағ, ЖЗА – қалыпты. Жұғындының тазалық дәрежесі
3-4 дәреже, жұқпалы қоздырғыш агенті бар. Алдын ала диагнозды қойыңыз?  
A) Созылмалы эндометрит өршу кезеңі B) Созылмалы параметрит өршу кезеңі C) Созылмалы цервицит өршу кезеңі
D) Созылмалы оофарит өршу кезеңі E) Созылмалы сальпингоофарит өршу кезеңі
{Дұрыс жауабы}= Е
Р,. есімді әйел 28 жаста, перзетхананың қабылдау бөліміне толғақтармен келіп түсті. Анамнезінен: үшінші жүктілік мерзімі 39-40 апта, алдыңдағы екі жүктілігі жатыр қабырғаларын қырнаумен болған ауруханадан тыс түсікпен аяқталды. Түсіктен кейінгі кезең метроэндометритпен асқынған. 3 жыл көлемінде жүктілік болмаған. Қазіргі жүктіліктің ағымы : емханада 7-8 аптадан қаралуда, 27-30 аптасында уақытына бұрын босану қауіпімен стационарда емделді. Босану қызметі таңертең пайда болды, жедел жәрдем бригадасы шақырылып, әйел адам перзентханаға жеткізілді. Босануы біріншілік босану қызметінің әлсіздігімен асқынды, босануды күшейту өткізілді, медикаментозы ұйқы қолданылды. Таңертең босану өздігінен болды. 10 минуттан кейін ұрық жолдасы өздігінен бөлінді. Қарағанда – ұрық жолдасы бүтін, барлық қабаттары бар. Жатыр мойынын айнамен қарағанда: бүтін. Қынап пен аралықтың жыртылуы жоқ. Жалпы қарағанда: Жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы 80 кг. Тері жабындылары бозарған. АҚ 110/60 мм с.б, Ps 100 рет минутына, ырғақты, толуы аз. Жатры пальпация кезінде жұмсақ ,жатыр түбі кіндік деңгейінде. Жыныс жолдарынан көп көлемді қанды бөлінділер. Қан жоғалтуы 800 мл. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
А) 39-40 аптасында баспен келген жедел босану. Ерте босанудан кейінгі кезең. Гипотониялық қан кету.
B) 38-39 апталық жүктілік. Баспен келуі, көлденең орналасуы. Прелиминарлы кезең. Плацентаның шеткері бекінуі.
39-40 апталық III жедел босану, баспен келуі, белсенді фаза. Жеңіл дәрежелі гестоз.
Срочные роды в 39-40 апталық жедел босану, баспн келуі. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын сыдырылуы.
Срочные роды в 39-40 апталық I босану, баспен келуі, босанудың 1 кезеңі, белсенді фаза. п
{Дұрыс жауабы}= А
30 жастағы С., деген науқас емханаға келді . Шағымдары іштің төменгі бөлігінде лезде пайда болған ауырсыну. Анамнезінен жедел ауырған, бір сағат көлемінде іштің төменгі бөлігінде лезде ауырсыну, әлсіздік, бас айналу пайда болған. Гинекологиялық анамнез: етеккір циклі 14 жастан, ретті, бірден қалыптасты. Соңғы етеккірі 8 апта бұрын болған. Жалпы қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәреже, ауырсыну синдромына байланысты. Қарау барысында тері жабындылары ақшыл, ЖЖЖ - 110 рет/мин, АҚ – 80/40 мм.с.б. Іші шамалы үрленген, тыныс алу актісіне қатыспайды. Іштің төменгі бөлігі ауырсынумен, сол жерде іш перденің тітіркену симптомы анықталынады. Алдыңғы іш перденің перкуссиясы кезінде дыбыстың тұйықталуы, ауырсынумен. Айнамен қарағанда: жатыр мойыны цилиндрлік формалы, көкшіл түсті,
Цервикальды каналдан қоңыр түсті бөлінділер, орташа көлемді. Күмбездері түсіп тұр. Қынаптық зерттеуде: айқын ауырсынудың себебінен жатыр мен жатыр қосалқыларын нақты пальпациялау мүмкін емес. Күмбездері пальпация кезінде ауырсынумен, қысқарған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
A) аналық без апоплексиясы
B) аналық безінің айналуы
Жатырдан тыс жүктілік
Аналық без кистасы
Жедел аппендицит
{Дұрыс жауабы}= С
Науқас К.,25 жаста емханаға акушер-гинекологқа тәулігіне 5-10 рет құсуға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бас ауырсынуына шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы соңғы тәулік бойы, диета сақтаумаумен байланыстырады. Анамнезінде жиі суық тию, пиелонефрит. Гинекологиялық анамнез: етеккір циклі 13 жастан, ретті. Жүктілік – 1, босануы – 1 , асқынусыз. Қазіргі кезде 18-19 апталық жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұр. Жалпы қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттар таза, қалыпты түсті. ТАЖ 19 рет минутына, ЖЖЖ 85 рет минутына, АҚ-100/60 мм. с.б. Гинекологиялық зерттеулер қорытындысы: жатыр 18-19 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, домалақ формада, жұмсақ консистенциялы. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жатыр күмбездері бос. Жатырдың тұру биіктігі 20 см. Айнамен қарағанда: жатыр мойыны таза,көгерген, бөлінділер қалыпты. Сіздің алдың ала диагнозыңыз?
A) 19 апталық жүктілік.Жүктілер токсикозы, жеңіл дәрежелі. Шұғыл госпитализация.
B) 19 апталық жүктілік. Жүктілер токсикозы, орташа дәрежелі. Жоспарлы госпитализация.
C) 18 апталық жүктілік. Тағамдық токсикоинфекция. Дегидродатация 2 дәреже.Шұғыл госпитализация.
D) 19 апталық жүктілік. Созылмалы гастрит, өршу кезеңі. Күндізгі стационар жағдайында емделді .E) 16 апталық жүктілік. Жүктілер токсикозы, ауыр дәрежелі. Шұғыл госпитализация.
{Дұрыс жауабы}= В
5. Науқас А., 23 жаста емханаға соңғы жыл көлемінде етеккірінің ретсіз келуіне,екі жыл көлемінде жүктіліктің болмауына шағымданып келді, жүктіліктен қорғанбайды. Гинекологиялық анамнезі: етеккір циклі 14 жастан, ретті, бірден қалыптасқан. Етеккір циклінің бұзылысы соңғы жылда байқалады. Акушер-гинекологпен қаралып гистеросальпингографияға біріншілк біріншілік бедеулікке байланысты жіберілді. Қарағанда: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлігі булла тәрізді кеңейген, контрасты зат құрсақ қуысына шықпайды. Берілген өзгерістер қандай ауруға тән:
Созылмалы сальпингитхламидиялы этиология
Жатыр түтіктерінің аденомиозы мен эндометриозы
Жыныс мүшелерінің туберкулезі
Жедел сальпингоофорит
Жатыр түтіктерінің айналасында жабысқақ үрдіс
{Дұрыс жауабы}= С
Науқас Б., 26 жас. Емханаға акушер-гинекологқа бір апта көлемінде мазалайтын жыныс жолдарынан жағымсыз иісті, көпіршікті көп бөлінетін бөліністерге, ашу сезіміне, сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына шағымданып келді. Гинекологиялық анамнез: етеккір циклі 13 жастан, ретті. Жыныстық өмірі 19 жастан, ретсіз, бірнеше жыныстық серігі бар. Қазіргі жағдайының нашарлауын екі апта бұрын кездейсоқ танымайтын адаммен болған жыныстық қатынаспен байланыстырады. Қарау кезіндегі гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнемен қарау: қынап пен жатыр мойынының шырышты қабаттары қызарған, көп мөлшерде көпіршікті бөліністер. Бимануальды зерттеу: Жатыр мойыны цилиндрлі пішінде, сыртқы аңқа жабық. Жатыр дұрыс қалыпта, қозғалмады, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтан да анықталмайды. Күмбездері ауырсынусыз, бос. Сіздің диагнозыңыз:
Вульвовагинит;
Бактериальды вагиноз;
Эндоцервицит;
Вульвит;
Трихомонадты кольпит;
{Дұрыс жауабы}= Е
1
Дене қызуының 39Сдейін көтеруіне, маңдай және шеке аймағында локализденген айқын бас ауруына, миалгияға, мұрынның бітелуіне, тамақтың жыбырлауына, жиі құрғақ жөтелге деген шағымдармен медициналық көмекке науқас келді. Ауырғанына12 сағат, ауру жедел басталды.
Қандай диагноз болу мүмкін?
Парагрипп.
Грипп.
Паратиф В.
РС-инфекциясы.
C) Аденовирусты инфекциясы.
{Дұрыс жауап}= В
2
Дизентерия кезіндегі тенезм туралы түсінік
А) Ауырсыну, дефекацияға жалған лоқсулар
В) Ауырсыну, несептің жалған шығуына
С) Толқын тәрізді кәуешек құбырлы АІЖ жиырылуы
D) Жұтудың бұзулуы
Е) Лоқсу
{Дұрыс жауап}= A
1
23 жастағы ер адам, лоқсуға, оң жақ қабырға астында ауруы, тәбеттің болмағандығына шағымданды. Анамнезінде жыныстық серігі біреу. Ылғи қайнатылмаған суды ішеді. Серологиялық мәліметтері: HbsAg теріс, anti-HBs теріс, anti-HBcor IgM теріс, anti-HBcor Ig G теріс, anti-HAV IgM оң. Болжам диагнозы қандай?
Вирусты гепатит ВСозылмалы вирусты гепатит В
Вирусты гепатит АЖедел вирусты гепатит С
Созылмалы вирусты гепатит С
{Дұрыс жауап}= С
2
Дене қызуының 39Сдейін көтеруіне, маңдай және шеке аймағында локализденген айқын бас ауруына, миалгияға, мұрынның бітелуіне, тамақтың жыбырлауына, жиі құрғақ жөтелге деген шағымдармен медициналық көмекке науқас келді. Ауырғанына12 сағат, ауру жедел басталды.
Қандай диагноз болу мүмкін?
Парагрипп.
Грипп.
Паратиф В.
РС-инфекциясы.
C) Аденовирусты инфекциясы.
{Дұрыс жауап}= В
3
Стационарға науқас қалтырауға, дененің қызуының көтерілуіне, оң аяқтың қызаруына шағымданып түсті. Қарағанда: оң аяқтың терісінде ашық түсті гиперемия анық шекарамен және ісінген қан үйіндісімен, ұстағанда ыстық. Қандай диагноз болу мүмкін?
А) Оба бубондық формасы
B) Тері-бубонды туляремия,
C) Сібір жарасы карбункулезды формасы
D) Бруцеллез сүйек-буын формасы
E) Оң аяқтың эритематозды формалы тілмесі
{Дұрыс жауап}= Е
4
Науқас 43 жаста. Шағымдары: дене температурасының 38,6ºС дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айнуы, көп ретті құсу, іштегі ауырсыну, жасыл түсті жиі сұйық, жағымсыз иісті нәжіс. Ауруын піспеген жұмыртқа қолдануымен байланыстырады. Қандай диагноз болуы мүмкін?
А) дизентерия
В) тырысқақ
С) сальмонеллез
Д) эширихиоз
Е) тағам токсикоинфекциясы
{Дұрыс жауабы}=С
1
25 жастағы ер адам «Жедел жәрдем» шақырды. Қонақта болғаннан 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Бастың, эпигастрия, кіндіктің маңайы, жүрек айнуы, 4 ретке дейін құсуы, жиі сұйық сулы нәжіске шағымдары болды Түскенде: дене қызуы - 380С болған. Ішінің кебуі, пальпация кезінде кіндіктің маңайы ауруы және оң жақ мықынының маңайы ауырған. АҚ - 90/60 сын.бағ.мм. Тамырдың соғуы - 100 соққы минутына. Кіші дәретке аз барған нәжіс көп мөлшерде, қара-жасыл түсті иісті. Емделушіге қандай этиотропты препаратты тағайындау керек?
А) Ципрофлоксацин
В) Пенициллин
С) Тамифлю
D) Супрастин
E) Фуросемид
{Дұрыс жауап}= A
2
Ауру "жедел жәрдемді" 6.00-де дене қызуының 400С көтерілуіне, бастың қатты ауруына, лоқсуға, қайта құсуға шағымданады. Жедел ауырған, 22.00 шамасында, аяқасты бастың ауруы, лоқсу болған.Түнде бастың ауруы күшейді, екі рет құсық болды. Жалпы жағдайы ауыр. Температурасы 40,8˚С. Солғын, тежелген. Дененің терісінде "жұлдызды" мол геморрагиялық бөртпе. А/Қ 80/40 сын.бағ.мм. Тамырдың соғуы - 104 соққы минутына. Нақты желке бұлшықетінің регидтілігі, Керниг симптомы оң. Бірінші кезекте қандай емдеуді тағайындау қажет?
A)Левомицетин сукцинаты, преднизолон, маннитол.
B)Диклофенак, супрастин, ципрофлоксацин.
C)Бисептол, фуросемид, лоперамид.
D)Пенициллин, гентамицин, димедрол.
E)Цефазолин, левомицетин, маннитол.
{Дұрыс жауап}= А
3
Науқас 50 жаста. Асқазан ісігіне операция жасалған. Операциядан үш ай өткен соң жедел температураның 37,6ºС дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалған. Екі күннен кейін зәрі қарайып және нәжіс ағарған. Аурудың жетінші күнінде сарғаю қосылды. Объективті: шырышты қабық пен тері жабындыларының сарғаюы айқын. Пульс минутына 60 рет. Іш кеппеген, симметриялы. Бауыр қабырға доғасынан 1 см шығыңқы, сезімтал. Ортнер, Курвуазье симптомы теріс. Жалпы билирубин 171 ммоль/л, байланысқан -151 ммоль/л, АЛТ-700нмоль с\л, холестерин 4,2 ммоль/л, протромбинді индекс - 62%. Төмендегі келтірілгендердің қайсысы диагностикада тиімді қадам болып саналады?
А) Бурштейн сынамасы
В) вирусты гепатитке маркерлар
С) амилаза және қандағы қант
Д) нәжісті бактериологиялық зерттеу
Е) қанды бактериологиялық зерттеу
{Дұрыс жауабы}=В
4
Науқас А, студент. Ауруының 1-ші күнінде маңдай аймағы, көз ауруына, жөтелге шағымданады. Жедел басталды, температура 38,5°С дейін көтеріліп, миалгия, әлсіздік. Тобында мұрнынан су ағып, жөтелге шағымданған студенттер бар. Жағдайы орташа ауырлықта, бет қызарған,коньюнктивит. Тынысы везикулярлы, минутына 18 рет, құрғақ жөтел, төс аймағында жағымсыз сезім. Жүрек тоны әлсіреген, пульс 112 с/мин, АҚ 100/80 мм с.б.б. Іште патологиясы жоқ. Диспепсиясы жоқ, менингиальды құбылыс теріс. Қарау кезінде ауыз жұтқыншақтың шырышты қабығы ашық гиперемиялы, жұмсақ таңдайы ісінген, доға және тілше аймағында анық «түйіншектер» байқалады. Төмендегі емдеудің қайсысы тиімді қадам болып табылады?
А) ремантидин
В) ампициллин
С) ацикловир
Д) оксалин майы
Е) левофлоксацин
{Дұрыс жауабы}=А
5
Науқас К., 28 жаста. Шағымдары : жүрек айну, құсу, эпигастрии аймағындағы дискомфорт, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқ . Ауырғанына 5-ші күн, дене температурасы 39°С, ауру белгілері жоғарыда көрсетілген. Қаралған күні таңертең тоқтаусыз құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Склерасы субиктериялық. Пульс 60 рет минутына, қанағаттанарлық. Жүрек тондары тұйықталған. Тілі ақ өңезбен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы шекарасында пальпацияланады, консистенциясы эластикалық. Өт қабы нүктесінде ауырсыну жоқ. Зәрдің түсі қара. Төменде аталғандардың қайсысы анықтаудағы келесі қадам болады?
А) қандағы амилаза құрамын анықтау
В) қандағы қант мөлшерін анықтау
С) қандағы АЛТ мөлшерін анықтау
Д) қандағы креатинин мөлшерін анықтау
Е) қандағы холестерин мөлшерін анықтау
{Дұрыс жауабы}=С
6
Науқас К., 32 жаста. Ауырғанның 5-ші күні . Шағымы бас ауыруы , сол жақ аяғы қатты ауырғандықтан баса алмайды.Қалтырау, әлсіздік, дене температурасы 38°С дейін көтерілуі байқалады. Сосын сол жақ балтыр мен табан аймағында күйдіру мен ауырсыну болған. Табанда көпіршіктер, терінің гиперемиясы байқалған. Эпид.анамнезі: ауырғанға дейін екі күн алдын сол жақ аяғының ұшын жарақаттаған. Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, дене температурасы 37,9°С, сол балтыры ісінген, теріде анық жиектерімен айқын гиперемия. Табанының сырт жағында, балтырдың алдыңғы беткейінде – серозды сұйықтығы бар бірен саран көпіршіктер. Қан анализі: Л-12,0х109г/л; э-2, П-21, С-51, Лимф.-22, М-4, ЭТЖ-25 мм/сағ. Дәрігердің келесі тактикасы?
А) көпіршікті ашу және мазьді таңғыш салу
В) пенициллин қатарындағы антибиотикті тағайындау
С) дезинтоксикациялық терапия
Д) КІ электрофоррез
Е) левомецитин қатарындағы антибиотикті тағайындау
{Дұрыс жауабы}=В
Төмендегі тізілген ақаудың қайсысы кіші қан айналым азаюмен және цианозбен өтеді? Екі дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) ҚАПА
B) Фалло ауруы
C) ЖАПА
D) өкпе артериясының тарылуы
E) өкпе артериясының стенозы
{Дұрыс жауап} = B,Е
Бала 7 айлық – физиологиялық ағымда өткен екіншілік босанудан туылған.2-ші айдан бастап сиыр сүтімен тамақтандырылған. Көкөніс ботқасын зауқынсыз жейді. Тамақтандыруда ботқалар басым. Объективті қарағанда: өз еркімен отырмайды, маңдайлық және шекелік төмпешіктер айқын көрінеді, Гаррисон жүлгесі,рахиттік шорлар «четкалар» пальпацияланады. Бұлшықеттік тонус төмендеген, бауыр 2 см қабырға доғасынан сыртқа шығады. Басқа мүшелерде өзгерістер жоқ. Са – 1,8 ммоль/л, Р-0,9 ммоль/л. Болжамды диагноз қандай?
A) І рахит, бастапқы кезең, жедел ағымы
B) фосфат-диабет
C) ІІI рахит өршу кезеңі, рецидивті ағымы
D) ІІ рахит өршу кезеңі, жеделдеу ағымы
E) Дебре-де Тони-Фанкони синдромы
{Дұрыс жауап}= D
Бала 6 жаста . Шағымы: температурасы 39.8˚С жоғарлауы , бас ауруы , ентігу 80-ге дейін, ауыз-мұрын ұшбұрышының цианозы. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, жиі қинайтын жөтел,терісі бозғылт, Т- 39.2˚С, бала мазасыз, тәбеті жоқ. Перкуссияда –өкпеде тимпанит, өкпенің жиегі төмендеген, салыстырмалы жүрек тұйықталу шекарасының тарылуы. Аускультацияда : тұрақсыз бірен саран құрғақ сырылдар естіледі. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршықтәрізді сызықтар өтеді, айқын жолақ тәрізді көлеңке анықталады. Сәйкес болатын диагноз қандай?
A) ошақты пневмония
B) интерстициальды пневмония
C) сегментарлы пневмония
D) крупозды пневмония
E) созылмалы пневмония
{Дұрыс жауап}= B
Қабылдау бөліміне 10 жасар бала келесі шағымдармен түсті: іштің қатты ауырсынуына, жүрек айнумен құсу. Объективті қарағанда: есі анық емес, ұйқышыл, қойылған сұрақтарға нақты жауап бермейді. Терісі және шырыш қабаттары құрғақ. Дене салмағы 35кг, ауызынан ацетон иісі шығады, тынысы терең, шулы ЖСЖ -110 минутында, ҚҚ 85/45мм.с.б. бауыры +2см қабырға доғасынан. Қан анализінде қант 18ммоль/л, зәр, ацетон +++. Балаға диагноз қойыңыз:
1 типті қант диабеті, кетоацидоздық гипергликемиялық кома 1
1 типті қант диабеті, кетоацидоздық гипергликемиялық кома 2
1 типті қант диабеті, кетоацидоздық гипергликемиялық кома 3
Қант емес диабет
транзиторлық глюкозурия
{Дұрыс жауап}= A
Бала 10 жаста ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: бас ауруы, құсу, шаршағыштық, диурездің азаюына, зәр түсінің өзгеруіне. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Қарау кезінде бетінде және сирағында ісіктер байқалады. АҚ 145/90. ЖСЖ 102/мин. Тәулігіне 300 мл зәр шығады. Жалпы зәр анализі: тығыздық - 1024, белок - 1,5 г/л, эритроциттер бүкіл к/а, лейкоциттер - 4-6 көру аймағында, цилиндрлер – гиалинді 8-12 к/а. Клиникалық қан анализі: Hb - 105 г/л, лейкоцит - 9,2*109, тромбоциттер - 530*109, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Биохимиялық қан анализі: жалпы белок - 60 г/л, альбумин - 32 г/л, мочевина - 15 ммоль/л, креатинин – 94 мкм/л, АСЛ:О 1:1000, калий - 6,1 м/л. Эндогенді креатиннің клиренс сынағы: - 52 мл/мин. Төменде көрсетілген диагноздардың қасысы ең ықтимал?
А) Тұқым қуалайтын нефрит, бүйрек функциясы сақталған
В) Жедел ағымды гломерулонефрит, жедел бүйрек жетіспеушілігі
С) Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром, жедел кезеңнің бүйрек жетіспеушілігі
D) Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, бүйрек функциясы сақталған
Е) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, жедел кезеңнің бүйрек жетіспеушілігі
{Дұрыс жауабы} = C
14 жастағы бала, бірнеше рет ревматимзның атакасынан кейін келесі симптомдар анықталды, жүректің түрткісі күшейген және төменге ығысқан, жүрек ұшінде үрлеген систолық шуы қатаңғы тембрымен, шу жатқанда жақсы естіледі, физикалық күштен кейін күшейеді, жүрек үшінде 1 тон әлсіреген, өкпе артериясында 2 тон күшейген ЭКГде сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада жүрек сол жақ үлкейген. Төменде көрсетілген ақаудың қайсы дұрыс болып табылады?
A) митаральді стеноз
B) митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі
C) аорта доғасының стенозы
D) аорта қақпақшаның стенозы
E) митральді қақпақшаның стенозы және жетіспеушілігі
{Дұрыс жауап}= B
В. есімді 5 жасар бала, ауруханага келесі шағымдармен түсті: аяқ қолдағы бөртпелер, тобық буынында ісінуі мен ауырсыну, іштегі ауырсыну. Анамнезіде бала 1ай бұрын жұтынудың ауырсынуымен дене температурасы 38.5 С жоғарылаған. Баланың түскен кездегі жағдайы ауыр. Құлақ қалқанында, балтырда, жамбаста, ұмада дақты және дақты-папулезді геморрагиялық бөртпелер бар. Тобық буыны ісінген, пальпация және қозғалыс кезінде ауырсынады. Тобық буын терісінде некроздалған элементтері бар қосарланған геморрагиялық бөртпе. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, кіндік маңы ауырсынады. Бауыр және көк бауыр пальпацияланбайды. Болжамды диагноз қандай?
Гемофилия А
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
Жедел лейкоз
Геморрагиялық васкулит
Миньковский-Шаффар анемиясы
{Дұрыс жауап}= D
Бала 4 жаста, 3 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Сол кезден бері жөтелі тоқтамаған. 3,5 айынан бастап атопиялық дерматитпен зардап шегеді. Қазіргі ауруы температураның жоғарылауы, бас ауруы, мұрыннан шырышты бөлінділер және құрғақ жөтелмен басталған. Аймақтық дәрігердің қарауы кезінде бала жағдайы орташа ауырлық деңгейде. Дене температурасы 37,6 C. Перкуссия: өкпеде қорапты дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, дем шығаруы ұзарған, жайылмалы құрғақ ысқырықты сырыл, жекеленген ылғалды орташа көпіршікті сырыл . ТЖ 28 минутына. Кеуде клеткасының рентгенограммасы: өкпе суреті күшейген, өкпе тіні үрленген, қабырғааралық кеңейген және горизантальды орналасқан. Қандай фармакотерапия тиімдірек?
Сальбутамол 2 мг күніне 3 рет
Амоксицилин 30 мг/кг
Преднизолон 2 мг/кг
Синекорд 25 тамшыдан 4 рет күніне
Либексин күніне 1/4 рет
{Дұрыс жауап}= A
Науқас 5 жаста. Шағымдары: Т-39,4, ентігу, жөтел. Бала жедел ауырып бастаған. Қарау кезінде: терісі бозғылт, таза. Оң жақ кеуде клеткасының тыныс актісінде артта қалуы. Оң жақ өкпенің төменгі шегінің қозғалғыштығының шектелуі. Оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалды. Өкпе R-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде инфильтративті көлеңке анықталған. Қойылған диагноз: Оң жақты крупозды пневмония. Сипатталған клиникалық жағдайда аурудың қандай этиологиясын ойлауға болады?
A) хламидия.
B) стрептоккок
C) цитомегаловирус
D) пневмококк
E) микоплазма
{Дұрыс жауап}= D
12 жасар ревматизммен ауыратын балада, зерттегенде жүрекұшы түрткісі күшейген және астыға ығысқан, жүрек шекаралары солға ұлғайған. Аускультацияда систолық шу естіледі, келесі 1 тонан кейін және ол жүрекұшында жақсы естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тиімді диагностика болып табылады?
A) АҚ тәуліктік мониторингі
B) ЭХО-КС, жүрек рентгенографиясы
C) ЭКГ тәуліктік мониторингі
D) фонокардиографияE) кардиоинтервалография
{Дұрыс жауап} = B
Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылаған, жайылған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті естіледі. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Төмендегілердің қайсысы науқасты жүргізу үшін негізгі қадам болып табылады?
A) индометацин в/і 0,1-0,2мг/кг қолдану
B) хирургиялық операция
C) ибупрофенді в/і енгізу
D) ақауды хирургиялық коррекциялау кері көрсеткіш
E) жүрек гликозидтерін тағайындау
{Дұрыс жауап} = B
С. есімді 9 жасар ұл бала, ауруханаға келесі шағымдармен келді: жарақат алған соң бірнеше сағаттан кейін сол жақ тізе буынында ауырсыну мен қозғалысы шектелген. Анамнезінен анасы жағынан атасы мен ағасының ұзақ сыртқы қан кетумен зардап шегетіні белгілі. 5 жасында оң жақ тобық буынында, кейін сол жақ шынтақ буынында қан құюылулар болған. Қарау кезінде бала жағдайы ауыр. Сол жақ тізе буынының қозғалыс кезіндегі ауырсынуына және аяғының баса алмауына шағымданады. Терісі бозарған, әр түрлі кезеңді, диаметрі 1-4 см гематомалар бар. Сол жақ тізе және сол жақ шынтақ буыны оң жақ буындарымен салыстырғанда буын көлемі 2 см-ге ұлғайған. Қандай фармакотерапия тиімдірек?
Иммуноглобулин 0.5 г/кг
Криопреципитат 25-40 ед/кг
Аминокапрон кышкылы 0.05 г/кг 4 рет
Дицинон 12.5 мг/кг
Преднизолон 1 мг/кг
{Дұрыс жауап}= B
Настя И. 1 жас 4 ай, анасының айтуы бойынша келесі шағымдармен клиникаға түсті: тәбеті төмендеген, енжар, дәм сезуі бұрмаланған. Анамнез: бала 1- ші жүктіліктен, ІІІ триместрде гестационды анемиямен жүрген. Түскен кезде: жағдайы орташа ауырлықта, терісі мен шырышты қабаты бозарған. Шашы әлсіз, сынғыш. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасынан +2.5 см. Көкбауыр қабырға доғасында. Зәрі мен нәжіс түсі өзгермеген. Жекеленген сөздер айтады. Жалпы қан анализі: HB – 81г/л, Эр- 3,0х 1012/л, ТК- 0,68 ; ретикулоциттер- 1,9 %. Эритроциттердің айқын анизо-, пойкило-, микроцитозы. Биохимиялық қан анализы: темір- 5.3 мкмоль/л, жалпы темірбайланыстырушы қабілеті- 98.9 мкмоль/л.
Қандай фармакотерапия тиімдірек?
Темір препараты 5 мг/кг дозада
Темір препараты 3 мг/кг дозада
Аминокапрон кышкылы 0.05 г/кг 4 рет
Дицинон 12.5 мг/кг
Эритроцитарлы масса құю 3 мл/кг
{Дұрыс жауап}= B
1. Артериялық гиперетензиямен және бронх демікпесімен сырқаттанатын науқасқа гипотензивті ем тағайындау қажет. Берілген жағдайда қай препарат қарсы көрсетілген
лизиноприл
верапамил
индапамид
амлодипин
карведилол
{Дұрыс жауабы }= Е
1. ЖТД қабылдауына 58 жастағы ер адам жүгінді. 2 жылдай ентігу, жүрек қағу және бас аурулары мазалайды, тексерілмеген, емделмеген. Жағдайының нашарлауын соңғы 2 аптада байқады: ентігу біршама күшейген, тыныштықта да мазалай бастады, осының салдарынан науқас басын жоғары көтеріп жатуға мәжбүр. Объективті: акроцианоз, тері жамылғылары бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы, қолқадағы ІІ тонның акценті. Өкпеде тыныс әлсіреген, төменгі бөліктерде аздаған ылғалды сырылдар. ЖЖЖ минутына 130-150 соққы, тамыр соғуының бұзылуы 20, АҚ 210/130 мм.сн.бғ. S=D. Бауыры ұлғаймаған. Перифериялық ісінулер жоқ. ЭКГ: жүрекшелердің тахисистолалық жыбыр аритмиясы. Сол жақ жүрекше гипертрофиясының белгілері. Бүйректердің сцинтиграфиясы: оң жақ бүйрек – өзгеріссіз. Сол жақ бүйрек – өлшемі біршама кішірейген, препаратты кенеттен жинақтауы және шығаруы бәсеңдеді.
ЭхоКГ: қолқа тығыз. Сол жақ жүрекше=4,9 см, Диастолалық өлшемнің соңы=6,7 см, Систолалық өлшемнің соңы=5,2 см, Қарыншааралық аралықтың қалыңдығы=1,7 см, ТЗС = 1,1 см.
Клиникалық-зертханалық мәліметтер қай жағдайға тән?
A) Симптоматиялық артериялық гипертензия. Сол жақ бүйрек артериясының атеросклерозы левой почечной артерии. ҚАЖ III ФК.
B) 3 дәрежелі артериялық гипертензия, қауіп 4. Жыбыр аритмия (тахисистолиялық форма). ҚАЖ II ФК.
C) ЖИА, күш түсі стенокардиясы ФК 3. Жыбыр аритмия (тахисистолиялық форма). 3 дәрежелі артериялық гипертензия. ҚАЖ  III ФК
D) Сол жақ бүйрек үсті безінің феохромоцитомасы. 3 дәрежелі симптоматикалық артериялық гипертензия.Жыбыр аритмия (тахисистолиялық форма). ҚАЖ  III ФК
E) 3 дәрежелі артериялық гипертензия, қауіп 4. Қолқа және тәждік артерияның атеросклерозы. ЖИА. Күш түсі стенокардиясы, ФК III. Жыбыр аритмия (тахисистолиялық форма). ҚАЖ IIФК. Нефросклероз.
{Дұрыс жауап}= A
2. 51 жастағы науқас түнде ұстама тәрізді күшейетін және нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы қысып ауырсынудан оянады. Шақыртылған жедел медициналық көмек бригадасы ЭКГ түсінді, онда I, aVL, V1-V4 тіркемелерінде ST сегментінің изосызықтан жоғарылауы анықталды. Не туралы ойлайсыз:
ЖИА, интрамуралды миокард инфарктісі
ЖИА, үдемелі стенокардия
ЖИА, сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының миокард инфарктісі
ЖИА, жүрек ұшының қамтуымен сол жақ қарыншаның алдыңғы-бүйірлік қабырғасының субэндокардиалды миокард инфарктісі
ЖИА, сол жақ қарыншаның алдыңғы-бүйірлік қабырғасының трансмуралды миокард инфарктісі
{Дұрыс жауап}= C
3. Берілген диагностикалық белгілер қай анемияның белгілері болып табылады:
Тері мен шырышты қабаттардың ақшылдығы, дистрофиялық өзгерістердің әсерінен склераның көкшілдігі, мұрын ерін үшбұрышы аймағының, алақанның каротин алмасуының бұзылысы салдарынан жеңіл сарғыштығы, койлонихиялар, хейлиттер, гастриттің нақты емес белгілері, еріксіз зәр шығару, сфинкттерлер әлсіздігінен; жүрек тамыр жүйесінің зақымдалу симптомдары: жүрек соғысы, ентігу, кеудесінің ауырсынуы мен кейде аяқтардың ісінуі, гипохромия, гемоглобиннің азаюы, МСН 27 пг-дан аз, МСV төмендеген, анизоцитоз бен пойкилоцитозбен қосарланған микроцитоз.
A) Темір жетіспеушілік анемия
B) Фолий жетіспеушілік анемия
C) Гемолитикалық анемия
D) Созылмалы постгеморрагиялық анемия
E) Апластикалық анемия
{Дұрыс жауап}= A
4. Қабылдау бөліміне 34 жастағы С., деген науқас жеткізілді, шағымдары бүкіл іш аймағында толғақ тәрізді ауырсынуы, көп сұйық нәжіс пен құсу. Берілген шағымдар тәулік бойы мазалап жатыр. Дене қызуы Берілген шағымдар тәулік бойы мазалап жатыр. Дене қызуы 38.2 С, тері жабындысы ақшыл. Пульс 96 рет минутына, ырғақты, АҚ 90\60 мм. с.б. Тілі ылғалды, сұр жабындымен қапталған, іші кеппеген, барлық бөліктері ауырсынады. ЖҚА лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдатылған. Мүмкін болатын диагноз:
A) Тағамдық токсикоинфекция
B) Жедел дизентерия
C) Жедел аппендицит
D) Мезентериальды тромбоз
E) Тоқ ішектің талшықты аденомасы
{Дұрыс жауап}= A
5. Қабылдауда науқас О., 31 жаста, шағымы үштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, тамақ қабылдаумен және дефекациямен байланысты емес, қан аралас сұйық нәжіс күніне 5 рет, тізе және тобық буындарының қақсап ауырсынуы мен ісінуі және қозғалысы шектелген, дене температурасы 390С дейін жоғарлаған. Анамнезінен: соңғы 4 жылда іштің жайылмалы ауырсынуымен көрініп, өздігінен қайтатын эпизодты қызба 38-390С байқалған. Диагноз қойылды: ревматический полиартрит, емделген. Жалпы қарау қорытындылары: бойы - 164см. Салмағы - 58кг. Тері қабаттары бозарған, балтырында көпдеген түйінді эритема. Сол жақ тізе және тобық буындары ісінген, қызарған және қозғалысы шектелген. АҚ - 110/65мм/сын.бағ., ЖЖЖ-72 соққы минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ішек жолдарымен орташа ауырсыну бар.
Лабораторлы зерттеу әдістерінің қортындылары: ЖҚА: Эр - 3,9*1012/л; Нв - 115/л;Л - 14,0*109/л; Э - 0,П - 10, С - 66, ЛФ - 20, М - 4, ЭТЖ - 42мм. ЖЗА: ақуыз - теріс, глюкоза – теріс. Қан плазмасының зерттеуі: жалпы билирубин-16,0 мкмоль/л, амилаза-51 U/L, глюкоза -5,8 ммоль/л, АLТ-28 U/L, АSТ-26 U/L, холестерин-6,5 мкмоль/л, ПТИ – 86 %.
Инструменталды зерттеу қорытындылары. Колоноскопия: мықын, көлденең тоқ ішектің шырышты қабығы гиперемирленген, тамыр суреті нақты емес, 1см дейін бірен саран сызықты жаралар. Әлсіз контактылы қан кету. Соқыр ішек және жоғарлаған тоқ ішектің шырышты қабағы өзгеріссіз. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз:
А) Ішектің тітіркену синдромы, диареялы синдромның басымдығымен. Ревматикалық артрит, полиартрит, активтілік 1 дәреже
В) Спецификалық емес жаралы колит, стенозданбаған формалы. Ревматикалық артрит, полиартрит, активтілік 2 дәреже
С) Созылмалы токсикалық энтерит, жеңіл ауырлық дәрежесі. Ревматикалық артрит, активтілік 2 дәреже
D) Ішектік дисбиоз 3 дәрежесі, жайылмалы форма, 2 дәреже. Ревматикалық артрит, полиартрит, активтілік 3 дәреже
E) Созылмалы субкомпенсирленген энтероколит, жеңіл ағымды. Ревматикалық артрит, активтілік 2 дәреже
{Дұрыс жауап}= B
6. Науқас 50 жаста, дәрігер қабылдауының кезегінде отырғанда естен танып қалды. Туысқандарының айтуы бойынша 40 мин бұрын науқаста қозғыштық пайда болған. Қасындағы адамдардың тыныштандыруына қарамастан науқас байланысқа түспей, үлкен күшпен қашып шықты. Есінен таңып, жерге құлап қалды.
Анамнезінен: 8 жыл бойы артериалды гипертензия, кризбен зардап шегеді, ретсіз емделген. 4 жыл бұрын қант диабеті анықталып, инсулин тағайындалған. Науқас диета сақтамаған. Көп жылдар бойы алкоголь қабылдайды.
Жалпы қарағанда: жағдайы коматозды, есі жоқ. Терісі бозарған, ылғалды. Көзі жабық, қарашығы біркелкі тарылған, конъюнктивальды рефлекс төмен. Бұлшық ет тонусы диффузды төмендеген. Менингиалды белгілер жоқ. Дене температурасы 36,7 °С. Тынысы терең, 20 рет минутына. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары әлсіреген. Пульс 90 рет минутына, ритмды. АҚ 140/ 90 мм сын. бағ. Тілі ылғалды, таза. Ауыз қуысында бөгде иіс жоқ. Іші жұмсақ. Пальпацияда бауыр ұлғайған, тығыз. Капилляр қандағы глюкозы деңгейі – 1,7 ммоль/л. Медикаментозды терапия тактикасын анықтаңыз.
А) 40-60 мл 40% глюкоза т/і
B) тері астына 0,5-1,0 мл 0,1% атропин сульфатын енгізу
C) 30-60 мг преднизолон т/і
D) 40-60 мл 10% глюкоза т/і
E) тері астына 10 ЕД инсулин
{Дұрыс жауабы }= А
1. ЖТД қабылдауына ана баласымен келді. Қыз бала 7 жаста. Бойы 130см, салмағы 40кг. Шағымдары әлсіздік, шаршағыштық, физикалық жүктемеге толеранттылықтың төмендеуі. Жалпы қарағанда: гипотрофия, тері жабындылары ақшыл. Төстің сол жақ қыры бойымен 2-3 қабырғааралықта систола диастолалық шу естіледі. Төстің негізінде систолалық діріл, систолалық шу байқалады. Шу мойынға таралмайды. Қан талдауы: гемоглобин 120г\л, эритроциттер 4*10 12\л. Бауыр қабырға доғасынан 2 см-ге төмен. Науқасқа жүрек қуыстарының катетеризациясы жасалынды, келесі мәліметтер алынды:
Өкпелік артериядағы РаО2=88%
Оң жақ қарыншадағы РаО2=80%
Оң жақ жүрекшедегі РаО2=79%
Қолқада РаО2=94%
Өкпелік артерияның қақпақшасында қысым деңгейі 60 мм.с.б. Аортограммада қолқа бөлікте диаметрі 13мм және дистальды бөлігінде диаметрі 2мм мен ұзындығы 6 мм болатын ампулярлы кеңейген тамыр бойымен өкпелік артерияға контрастты заттың лақтырылуы анықталынады. Қорытындыңыз:
Өкпелік артерияның қақпақшалы стенозы, ашық артериялық түтік.
Қарыншааралық перденің ақауы мен ашық артериялық түтік.
Жүрекшеаралық перденің ақауы.
Аортаның қақпақшалы стенозы.
Аортаның қақпақшалы стенозы мен ашық артериялық түтік.
{Дұрыс жауап}= A
2. ЖТД қабылдауында 42 жастағы В. деген науқас, шағымдары буындардағы ауырсыну, әлсіздік,тәбетінің төмендеуі, терісінің сарғаюы. Бірнеше күн ауырып жүр. Бір жарым ай бұрын ойық жара ауруы бойынша ота жасалынған. Отаға дейін және кейін қан құйылған, барлығы 1000мл. Эпидемиологиялық анамнезі тыныш. Ішімдік қабылдайды. Жалпы қарағанда: склерасы, шырышты қабаты мен тері жабындысы сарғыш, нәжісі ахолиялық, зәрі сыра түсті. Пульс 64 рет минутына, жүрек пен өкпе өзгеріссіз. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал пальпация кезінде, бауырдың төменгі шеті қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, шеті дөңгелектенген. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 15*20*18 см. Көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализінде: Л7.2*10 9\л, ЭТЖ-15 мм\саг, жалпы билирубин-300 мкмоль\л, тікелей фракция- 250 мкмоль\л, АлАТ - 6.2 мкмоль\ сағ\л (қалыпты көрсеткіші 0.7 мкмоль\л).
Берілген клинико лабораторлы көрсеткіштер қандай жағдайға тән?
Созылмалы вирусты гепатит В
Жедел вирусты гепатит В
Жедел вирусты гепатит А
Бауыр циррозы
Созылмалы вирусты гепатит С
{Дұрыс жауап}= B
3. Науқас Н., 76 жаста, эпизодты естен тану, әлсіздік, тез шаршағыштық, дискомфорт, кеуде аймағының қысылуы мен аурсынуы, жүрек соғысы және ырғағының бұзылысын сезіну, айқын физикалық күштеме кезіндегі ентігуге шағымданады. Дәрілік заттарды тұрақты қабылдамайды. Жалпы жағдайы: жүрек тондарының дыбысы әлсіз. АҚ- 110/70 мм.сын.бағ. ЭКГ — 48–54 рет минутына ритм жиілігімен синусты брадикардия, реполяризацияның жайылмалы бұзылыстары. Кабинетте кезекті дәрігердің қарауында есінен таңып қалды, ЭКГда жүрекшелік пароксизмалды фибрилляция тіркелген. Естен таңудың мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:
Созылмалы бас ми қанайналымының жеткіліксіздігі
Ұйқы артериясының атеросклерозы
Пароксизмалды жыбыр аритмиясы
Атрио–вентрикулярлы блокада
Синнусты түйіннің әлсіздік синдромы
{Дұрыс жауабы }= Е
4. Жалпы тәжірибелі дәрігерге 63 жастағы ер адам ентігуге, аз көлемде бөлінетін іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы 3 күн бұрын басталған, суық тигізумен байланыстырады. 4 жыл бұрын қант диабеті анықталған, эндокринологта тіркеуде тұрады. Объективті: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультацияда инспираторлы сықыр, бронхофонияның, дыбыс дірілінің күшеюі. Тексеру кезінде: ЖҚА: Hb 112 г/л, Эритроциттер - 3.8* 1012/л, Лейкоциттер - 10* 109/л, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Берілген жағдайда антибактериальды препараттардың қай тобын тағайындаған тиімді
аминопенициллиндер
аминогликозидтер
монобактамдар
респираторлы фторхинолондар
карбапенемдер
{Дұрыс жауабы }= D
5. Науқас Д., 55 жас. Дәрігерді үйіне ентігуге, кезеңді пайда болатын жиі жүрек соғу сезіміне, балтырының және аяқ бастарының ісінуіне шағымданып шақырды. Ауруының басталғанына 5-6 жыл болған. Емделмеген. Жағдайының нашарлауы бір күн бұрын алкоголь қабылдаған соң басталған – кенеттен ентігу пайда болған, кезеңді түрде пайда болатын ритмсіз жүрек соғуын сезіне бастаған. Валокордин қабылдаған, әсері болмаған. Осы жағдайы бір тәулік бойы сақталған. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жамылғылары таза, қалыпты түсте. Балтыр және аяқ басының ісінуі. ТЖ – 20 рет минутына, тынысы базальды бөліктерінде қатқыл үнмен, сырылдар жоқ. Жүрек тондары аздап тұйықталған, шулар жоқ. ЖЖЖ – 136 рет минутына, жүрек ритмі дұрыс емес, пульс дефициті 20-25 рет минутына, АҚҚ – 1170 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, барлық аймағында ауырсынусыз, бауыр оң жақ бұғана орта сызығы бойынша +0,5 см. Қан анализінде: гемоглобин - 142 г%, эритроциттер - 4,5 млн, лейкоциттер - 5,5 тыс. тыс., ЭТЖ - 7 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз қандай
ритм бұзылысымен миокардиодистрофия: жыбыр аритмиясының персистирлеуші формасы. Қан айналым жеткіліксіздігі II А дәрежесі,ФК 2.
қарыншаастылық пароксизмальды тахикардия ұстамасы. Жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өкпе ісінуі.
ЖИА: күштемелі стенокардия, қарыншалық және қарыншаастылық экстрасистолия. ФК III
ЖИА, тұрақты күштемелі стенокардия, III функционалды класс; жыбыр аритмиясы; созылмалы журек жеткіліксіздігі IIБ дәрежесі
ЖКС. Пароксизмалды жыбыр аритмиясы, жүрек жеткіліксіздігі сердечная I - дәрежесі
{Дұрыс жауабы }= A
6. Науқас С., 20 жаста, студент, дәрігерге интенсивті бас ауруына, зәрінің күңгірттенуі, беті мен аяғындағы ісікке шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған. Жалпы қарағанда: беті мен балтыры ісінген. АҚ 200/ 110 мм.сын.бағ. Зерттегенде: қан анализі: Hb – 124 г/л, ЭТЖ-20 мм/с, жалпы ақуыз – 60 г/л, альбумин – 50 г/л., зәр анализі: протеинурия – 13,5 г/т, эритроцит –20 к/а, цилиндр 3-5 к/а. УДЗ бүйрек өлшемі өзгермеген, бүйрек тінінің эхогенділігі жоғарлаған. Науқасқа қандай диагноз қоясыз.
A) жедел гломерулонефрит нефротикалық вариант
B) жедел гломерулонефрит аралас форма
C) жеделгломерулонефрит гипертониялық форма
D) жедел гломерулонефрит гематуриялық вариант
E) жеделгломерулонефрит латентті форма
{ Дұрыс жауабы}= B

Приложенные файлы

  • docx 18066888
    Размер файла: 115 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий