6.05 тема 3.1.4


ЖОСПАР
ӨО шеберінің аты-жөні: Абиева Ботакоз НуртаевнаКүні:______________
Пәні: Өндірістік оқыту
Топ: БКМ-11 тобыСабақтың тақырыбы: Сымдарды жалғау түрлері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқу материалын толықтай меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізу. Сымдарды бір-біріне жалғау түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін күшейту, білім алуға деген ынталарын аттыру.
Тәрбиелігі: Білім алушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Траверс, ағаш кесетін ара, балға, ілмектер ТФ-16, ТФ-20, оқшаулағыштар, тістеуік, биметалл болат мыс сымдар.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Cтуденттердің сабаққа қатысуын, шеберханада жұмыс жасау үшін арнайы киіммен болуларын, жұмысқа дайындықтарын тексеру (5 минут)
ІІ. КІРІСПЕ НҰСҚАУ
Сабақтың тақырыбын мәлімдеу: Сымдарды жалғау түрлері.
Оқытылған материалды игеру деңгейін тексеру: Синквейн әдісімен орындалатын тапсырма жайлы мәлімет алу. (20 минут)
Орындалатын жұмыс және оны орындау тәсілдері мен технологиясы:
1)Бейне-фильмнің, презентацияның көмегімен орындалатын жұмыс түсіндіріледі, сымдарды жалғау түрлері және олардың орындалу жолдары, сымдарды бір-біріне тоғыстыру,оқшаулағыштарға жалғау әдістері .
2)Техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаухат жүргізіледі
3) Жүргізілетін еңбек әрекеттеріне cынақ жүргізу (65 минут)
ІІІ. АҒЫМДАҒЫ НҰСҚАУ
Өздік жұмыс:
1.Өздік жұмыстың тапсырмасымен танысу
2. Қажетті құрал-саймандарды алу
3. Жұмыс орнын дайындау
4. Бағалардың бойымен сымдарды тарқату жолдары
5. Сымдарды қосарланған айналмалы тамбурмен тарқату әдістері
6. Сымдарды тоғыстыру жолдары
7. Сымдарды оқшаулағыштарға байлау
8. Сымдардың иілген жерлерін анықтау
9. Бағаналарды нөмірлеу жолдары
Мақсатты шолулар: Студенттердің өзіндік жұмыстарының дұрыс бастауын қадағалау үшін аралау. Студенттердің жұмыс орнын ұйымдастыруларының дұрыстығын тексеру.
Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру, санитарлық талаптар (140 минут)
IV. ҚОРЫТЫНДЫ НҰСҚАУ
Өзіндік жұмыстың орындалуын талдау (5 минут)
Орындалған жұмысты бағалау (5 минут)
Типтік қателердің өзіндік белгілерін анықтау (3 минут)
Қателерді топтастыру (2 минут)
Қателердің пайда болуын талдау (2 минут)
Жұмыс орнын ретке келтіру (13минут)
Рефлексия кестемен (5 минут)
Қорытынды бағалау (5 минут)
Үй тапсырмасы : Сымдарды жалғау жолдарын қарастырып келу
Өндірістік оқыту шебері: __________ Абиева Б.Н.
ЦК төрайымы ___________ Оразбаева Б.М.

Приложенные файлы

  • docx 18048975
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий