леп белгісі мен көп нүкте


Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Леп белгісі. Көп нүкте
Көрнекілігі Интерактивті тақта,
Мақсаты Білімдік: Оқушылардың леп белгісі қойылатын орындар, леп белгісін қоюдың себептері жөніндегі пунктуациялық дағдыларын қалыптастыру, жаңа материалды меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың пуктуациядан алған білімдерін әрі қарай дамыта отырып, ойлау дәрежелерін арттыру, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазуға, өзіндік шығармашылыққа баулу.Тәрбиелік: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, байланыстыра шешен сөйлеуге үйретуге тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Топқа бөлу Оқушыларды отырған орындарына байланысты топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Қайырлы күн, оқушылар! Күндерің сәтті өтуін тілей отырып, сендерді «Шеңберге» шақырамын. Жаңбырды жақсы көресіңдер ме? Ал оның дауысын ше? Дауысын қайталап бере аласыңдар ма?
Дәл қазір біз жаңбырдың даусын келтіреміз. Ол үшін бір-біріміздің іс-әрекетімізді қайталап, мұқият болуымыз керек. Ал ендеше, бастаймыз. (Африка жауыны)
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту 1. Пунктуация дегеніміз не?2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?Жауап: Сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте, көп нүкте.Сонымен қатар, сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері де бар: атап айтқанда, сұрау белгісі мен леп белгісі (?!), Леп белгісі мен сұрау белгісі (!?), көп нүктелі сұрау белгісі (?..), көп нүктелі леп белгісі (!..).3. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілері қойылады?Жауап: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері мыналар: үтір (,), сызықша (–), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), жақша ( ), тырнақша (“ ”).4. Нүкте қандай жағдайларда қойылады?Жауап: 1). Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.2). Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.3). Жыл, ғасыр, сағат, мунит, секунд сөздері қысқартылып қолданылса, нүкте қойылады.
Мағынаны тану Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерден соң қойылады. Ұранды сөйлемдерден кейін қойылады. (7 жағдай) Шіркін, айтушы мен болғанда, ұқтырушым сен болсайшы, Абай! Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз мынау бассыздықты! Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған! Тоғжан! Япырмай; жақсы айттыңыз - ау! Жоқ! Бармаймын. “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! – Есенсіз бе! – деді Асқар Айбалаға келіп.
Көп нүкте. Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер болуы да мүмкін. Осындай жағдайларда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.(5 жағдай) Қара дауыл, топырақ... Қайтесің Нұрланның шала теориясын... Баян-ауылдың жері жетеді жыртуға... (З.Шашкин) Қуаныш Реніш ӨкінішАлақай, паһ, шіркін Ту, ойпырмай, ойбай, әй Қап, ту - у, ойпырмайСүйсіну Риза болу Таңдану Паһ, шіркін, ту - у Бәрекелді, еһе, пай - пай Апырай, ой, е - е, а, о
“Салыстыру” стратегиясы.Сөйлем соңына леп белгісін қою үшін оны танытатын белгінің бар - жоғын анықтап алу керек, ол үшін мына сөйлемдерді салыстырамыз:– Түу, бұл үлкен сыйлық қой, ақсақал!Аса ризашылық сезіммен, көтеріңкілеппен айтылып тұр, сондықтан леп белгісі (!)қойылады.– Қыран болатынын қайдан білесіз?Көңіл күйі көрінбейді, сұрау мәні бар, сұрау белгісі (?) қойылады.Қарт балапанның кішісін мақтады.Көңіл күй мәні де, сұрау да жоқ, хабар бар, сондықтан (.) нүкте қойылады.
Ой толғаныс “Келісу - келіспеу” стратегиясы.I топОқушылар неге келісетін – келіспейтіндіктерін түсіндіріп береді.1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. (Келісемін).2. Сөйлем соңында тек қана нүкте қойылады. (Келіспеймін).3. Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).4. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады. (Келісемін).5. Сөйлем соңында тыныс белгілері қабаттаса қойылады. (Келісемін).6. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылмайды. (Келіспеймін).7. Ұранды сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).II топ1. Сұраулы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).2. Сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).3. Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады. (Келісемін).4. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы лексикология деп аталады. (Келіспеймін - Пунктуация).5. Ұзындық, көлем өлшемдерінің (км, м, см, га, л, т. б.) және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды. (Келісемін).6. Жалпылауыш сөздерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін). Мысалы: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.7. Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғалы сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. (Келісемін). Мысалы: Болат – ұстаз.
Оқулықпен жұмыс: 155-жаттығу
158-жаттығу
162-жаттығу
«Иә» және «Жоқ» стратегиясыОқушыларға тест сұрақтары үлестіріліп беріледі де, олар орындағаннан кейін талқыланады. Тест 15 сұрақтан құралған.1. Сөйлем соңына тек нүкте ғана қойылады.Иә. (Жоқ.)2. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.(Иә.) Жоқ.3. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы пунктуация деп аталады.(Иә.) Жоқ.4. Ой аяқталмағанда нүкте қойылады.Иә. (Жоқ.)5. Бата, тілек мәнді сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.(Иә.) Жоқ.6.– Өркенің өссін, азамат!
– Көп жаса, қарағым! деген сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады.Иә. (Жоқ.)7. Өкініш, реніш мағынасын білдіретін сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.(Иә.) Жоқ.8. Паһ, шіркін, өңеріне болайын – деген сөйлем сүйсіну мағынасын көрсетіп тұр.(Иә.) Жоқ.9. Күн ыстық па? – деген сөйлем хабарлау мағынасын білдіріп тұр.Иә. (Жоқ.)10. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады.(Иә.) Жоқ11. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.(Иә.) Жоқ.12. Сөйлем аяғында нүкте қойылады.(Иә.) Жоқ.13. Көне түркі: Орхон, Енисей, Талас жазулары қазақ тілінің негізі болып саналады.(Иә.) Жоқ.14. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.(Иә.) Жоқ.15. Ұранды сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады.(Иә.) Жоқ.
Леп белгісі дегеніміз не?
Леп белгісі қандай жағдайларда қойылады?
Қуанышты сөйлемдерден соң қойылатын тыныс белгі
Көп нүкте дегеніміз не?
Көп нүкте қандай жағдайларда қойылады?
Бағалау Бағалау парақшаларын толтыру
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. 152, 163
Бағалау парағы
№ Үй тапсырмасы Келісу-келіспеу Жаттығу жұмыстары «Иә», «Жоқ» Пысықтау сұрақтары Қорытынды баға
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Приложенные файлы

  • docx 18048655
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий