СРС-1. Химиялық заттардың ауаға тараған кездегі халықтың іс-әрекеті


Химиялық заттардың ауаға тараған кездегі халықтың іс-әрекеті
Шаруашылық жүргізу объектілерінің бірқатарында КӘУЗ-ді өндіру, қолдану, сақтау, ал кейбір аудандарда тасымалдауы жүргізіледі. Бұл ең алдымен химиялық, мұнай өңдейтін, мұнай- химиялық және оларға жақын өндіріс салаларына, салқындатқыш агент ретінде аммиак тектес заттарды қолданатын тоңазытқыштары бар кәсіпорындарға, хлорды қолданатын су құбырлары және тазарту құрылыстарында, КӘУЗ цистерналарын сақтайтын жолдары бар темір жол тансаларында сонымен бірге улы химикаттармен басқа да заттардың оймаларына қатысты.Аммиак,хлор,көміртегі тотығы, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртегі, үшхлорлы фосфор, фторлы сутек және т.б. КӘУЗ болып табылады. Қарсылас жақтың жоғарыда аталған объектілерге ядролық немесе қарапайым соққыларының нәтижесінде және кейбір табиғат зілзалаларында (мысалы, жер сілкінісі, өрт және темір жол авариясы кезінде) немесе өндірістегі авария кезінде КӘУЗ-дің төгілуі мүмкін және сонымен байланысты жергілікті жер мен ауа уланады. Сонымен катар КӘУЗ төгілген ауданда болған жұмысшылар, кызметкерлер жене басқа да халық санаттарының зақымданбауына кепілдік жоқ. КӘУЗ төгілгенде химиялық зақымданудың екінші ошағы деп аталатын ошақ пайда болады (химиялык зақымданудың бірінші ошағы деп аталатын қарсылас жақтың улағыш заттарды қолданғанда пайда болған ошақтардан айырмасы бар). Бұл зақымдану ошақтары КӘУЗ-дің тікелей төгілген және олардың буларының таралу учаскесі болып бөлінеді. КӘУЗ-ден пайда болған зақымданған ошақтардың маңызды сипаттамасы болып заттардың тікелей төгілген учаскелерінің сақталу ұзақтығы, яғни залалданудың тұрақтылығы. Бұл шама КӘУЗ-дің төгілгендегі өзін өзі дегазациялау уақытымен анықталады 20°С температурада қайнайтын улы заттар (үш хлорлы фосфор, күкіртті көміртегі) баяу буланады да толық буланып бітісенше төгілген жерінде ұзақ уақыт жатады; мұндай заттардың булары жақын маңдарға таралады. Қайнау температурасы шамамен 20°С дейінгі улы заттар (көміртегі тотығы, хлор, аммиак, күкіртті ангидрид) төгілген жағдайда тез буланып кетеді, олардың булары жел бағытымен қозғалады, сондықтан қауіпті концентрациялы мұндай заттар авария орнынан алыс қашықтықтарға да жетуі мүмкін. Адамдардарға КӘУЗ-дің зақымдағыш әсері олардың адам терісіне тамып-сұйық түрінде немесе олардың буының тыныс алу кезінде ішке өтуінің нәтижесінде болады. КӘУЗ-дің уландырғыш қасиеті негізінен жалпы уландыратын және тұншықтырғыш әсерлі заттар болып табылады; көп жағдайда олармен уланудың белгілері: бас ауруы, бас айналу, көздің қарауытуы, құлақтың шыңылдауы, әлсіздіктің үдеуі, демікпе, лоқсу, құсу, ал күшті уланған кезде- талып жығылу, естен тану және өлім. Айта кететін жағдай, КӘУЗ-дің залалдану тұрақтылығы ашық жермен салыстырғанда елді мекенде жоғары болады, өйткені төгілген заттардың тез булануына әсер ететін желдің әсері, әдетте. елді мекенді жерлердің жағдайында аз байқалады. Елді мекендерде және ормандарда КӘУЗ-дің буымен залалданған ауаның тұрып қалуы мүмкін. Сондықтан елді мекендерде, өндірістік үйлерде, үйдің жер асты бөлігінде және коммуникациялық туннельдерде булардың салыстырмалы жоғарғы концентрациясы пайда болады. Сонымен бірге кейбір КӘУЗ-дің уландырғыш буларының әсерінің сипаты өзгеруі мүмкін: мысалы, 0,1-2 мг/л хлор концентрациясының буларын бір сағат аралығыңда жұтқанда адам өліміне әкеледі, ал осы заттың 10-15 мг/л буының концентрациясы тыныстық рефлекторлық тоқтауын тудырады және 1-2 тыныс алғанда өлімге душар етеді. Кейбір КӘУЗ-дің буларының жоғарғы концентрациясы адам терісінің зақымдануын тудырулары КӘУЗ-ден туындаған зақымдану ошағындағы іс-әрекетінің тәртібі, қарсылас жақтың улағыш заттарды қолдануынан алған зақымдану ошақтарындағы іс-әрекетінің тәртібінен айырмашылығы аз, осы жағдайда да негізгі корғаныс құралы ретінде әртүрлі газқағарларды, ал кейбір жағдайда теріні қорғау құралдары қолданылады. Дегенмен КӘУЗ зақымдану ошағындағы халықтың қорғану іс-әрекетінде белгілі бір ерекшеліктер бар. Мысалы, аммиак және көміртек қышқылын және т.б. сүзгілі газқағарлар (ГП-5, ГП-4у және т.б.) өте нашар ұстайды, бұл олардың әсер етуінен қорғануды қиындата түседі. Бұл заттардан тыныс органдарын қорғау үшін арнайы өндірістік немесе оқшаулағыш газқағарларды қолданады. Арнайы өндірістік газқағарлардың көп маркалары бар. Әрбір марка белгілі бір заттарға немесе заттардың топтарына арналған. Мысалға, «КД» маркалы газқағарды (қораптың түсі сұр) - аммиак және аммиак пен күкіртті сутектің қосындысының буынан, «В» маркалы газқағарды (қораптың түсі сары) -хлордан, күкіртті газ бен күкіртті сутектің буынан, «СО» маркалы газқағарды (қораптың түсі ақ) - көміртегі тотығынан, «А» маркалы газқағарды (қораптың түсі қоңыр) - күкіртгі көміртегі буынан, сонымен қатар керосин, бензин, бензол және басқада органикалық затгардың буынан, «Е» маркалы газқағар (қораптың түсі қара)- фосфорлы сутегі буынан қорғануға қолданады. Аммиактан қорғану: «К» және «М» маркалы сүзгіш өнеркәсіптік газқағарлар, аммиак пен күкіртті сутегі коспасы болғанда - «КД», ал өте жоғары концентрация жағдайында —оқшаулағыш газқағарлар және қорғаныс киімдері қолданылады. Хлордан корғану: «В» және «М» маркалы өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлары, ГП-5 азаматтық газқағарлар;—балаларға арналған газқағарлары мен қорғаныс жиынтықтары, өте жоғары концентрацияда (8,6 мг/л жоғары кезінде) - оқшаулағыш газқағарлары қолданылады. Күкіртті ангидридтен қорғануы: «В» және «М» маркалы өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлары, ГП-5 азаматтық газқағарлары, балалар және оқшаулағыш газқағарлары қолданылады. Авария кезінде КӘУЗ буларының концентрациясы белгісіз болса сүзгілі газқағарларды (қарапайым, сондай-ақ арнайы өндірістік)-тек залалданған аймақтан өзін-өзі құтқару мақсатында шығу үшін қолдануға тура келеді. Мұндай жағдайда әртүрлі жүмыстарды орындау үшін коршаған ортадан оқшаулайтын газқағарларын пайдалану керек; сонымен қатар мұндай газқағарларды өндірістік жайдайлардағы үйдің жер асты бөлігіндегі, коммуникациялы туннельдердегі КӘУЗ буларының жоғарғы концентрациясында немесе зақымданған КӘУЗ сыйымдылығы маңында міндетті түрде қолданады. КӘУЗ-дің төгілуі кезінде газқағарларды колдану жайлы мәселеге барлау жұмысы шешеді. Сонымен бірге барлау түрлі газқағарлардың (әсіресе сүзгілі) қолданылуы мүмкін аумағын анықтайды. Әдетте, КӘУЗ -дің тікелей төгілген учаскесінің аумағы онша көп емес; сондықтан құтқару мақсаты мен адамдардың тез шығуын қамтамасыз етілуі мүмкін. Желдің бағытын ескере отырып, мұндай істі қысқа маршрутпен орындау қажет. Залалданған учаскеден бірінші кезекте газқағарлары жоқ немесе сүзгілі газкағарлары бар, бірақ панаханаларға жасырынбаған адамдарды шығару керек соңғы. Кезекте панаханадағы адамдарды эвакуациялайды. КӘУЗ-бен көп мөлшерде, әсіресе хлор және оның туындысымен улану кезінде, кез келген физикалық ауырлықтар, соның ішінде залалданған аймақтан өз бетімен шығушылар, демалыс және жүрек-тамырлар жүйесінің ауырлауының артуына кездеседі, бұл улануды одан сайын ауырлатуы мүмкін. КӘУЗ-бен залалданғандарды көп жағдайда көлік құралдарының көмегімен эвакуацияланушылар деп қарастырылады. Теріге түскен фосфорорганикалық КӘУЗ-ді залалсыздандыру үшін химиялық улануға қарсы дербес пакетті пайдалану керек. Пакет болмаған кезде зақымданған учаскесін сабынды қолдана отырып жуу керек. Кейбір басқада КӘУЗ-ді залалсыздандыру үшін қолда бар заттарды қолдануға болады; мысалы, сұйык хлорды бейтараптандыру үшін- өндірістің сілтілі қалдықтарын немесе гипосульфиттің судағы ерітінділерін сөндірілген известьпен және басқа да заттармен, ал сұйық хлорпикринді залалсыздандыру үшін- күкіртті натридің судағы ерітіндісін. КӘУЗ -дің төгілуімен байланысты болатын авариялардың зардаптарын жою күрделі және көп еңбекті талап ететін процесс. Осы жағдайда негізгі шаралар: КӘУЗ-дің төгілуін тоқтату мақсатында шұғыл жүмыстарды жүргізу; КӘУЗ-ді төгілу учаскесінде жалдар түрғызып жайылдырмау немесе сүйықтықты арнайы тосқауылдар арқылы жинақтау; КӘУЗ буларының таралу жолдарына әртүрлі машиналарды қолдана отырып су пердесін, сонымен бірге осындай жолға отпен, от қоспалары араласқан бөшкелерінен от пердесін тосқауылға қою және т.с.с. КӘУЗ-ді өндіретін немесе қолданылатын объектідегі газ-құтқарушылар қызметінің штаттағы жеке құрамымен көбіне алғашқы шұғыл жұмыстарды жүргізеді. Егер қажет болса газдан құтқарушы қызметке көмекке АҚ құрамалары – құтқарушы, медициналық, өртке қарсы, қоғамдық тәртіп күзетшілер және басқалар бөлінеді; қажет болса құрамада емес жұмысшылар мен қызметкерлерде бөлінуі де мумкін. Сондықтан КӘУЗ-ді қолданатын немесе сақтайтын өндіріске жақын тұратын аумақтың халыктары КӘУЗ-дің төгілуінен туындайтын апат зардаптарын жоюға қатысуға әзір болулары тиіс. КӘУЗ-дің төгілгендегі зардаптарын жоюға катысатын әрбір адамның міндетіне зақымдаушыларға көмек көрсете білуі кіреді (сонымен қатар өін-өзі және өзара көмек көрсету). Олар зақымдаушыларға газқағар кигізе білуге, адамдарды зақымдану ошағынан шығаруды, керек жағдайда зақымдаушыларға жасанды тыныс алдыру және жүрекке тікелей емес массаж жасай білу, терідегі КӘУЗ-ді бейтараптандыра білу, көзді сумен немесе қажетті ерітіндімен жууды білуі қажет. Осылардың барлығы зақымданған ошақтың зардаптарын жоюда тез және тиімді жұмыс істеуге, КӘУЗ-дің өсерінен шығын болмауын немесе азаюын, объектінің қызметінің тұрақтылығын көтеруді қамтамасыз етуге әсер етеді.
Қорыта келгенде осы өндіріс авариялар алуан түрлі болуы мүмкін. Өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және өндірістік тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясы мен ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы өндірістік аварияларды реттеу. Сонымен қатар құрамаға кірмеген кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері де апатты жоюдан жұмыстарды жүргізуге,обьектідегі зардап шеккендерді құтқаруға әзір болулары керек.

Приложенные файлы

  • docx 18048495
    Размер файла: 65 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий