Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді 2 3 Үрмелі аспаптар тобына жатады. Саздан жасалып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар. Саздан жасалынады. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас.Бұл аспапта халық әндері орындалады. Үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. Мүштік арқылы үрлеп айналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады. Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Үрлеп ойналатын музыкалық аспап.Оны бұрын жауынгерлерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі бар. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалатын көне үрмелі музыкалық аспап. Ол ертеректе – бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырады. Шанағы дөңгелек шеңбер етіліп екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бұзау, түйе терісі қапталып жасалады. Дабылды саусақпен немесе таяқшамен ұрып ойнайды. Үлкен етіп жасалады 3 м. 40 см биіктігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі. Бұл аспап ел арасында “аттамыс дабылы” деп аталады. Бірнеше түрі бар: қан жығалы, қол дауылпаз, қазан дауылпаз, нар дауылпаз. Қазан дауылпаз қазан тәрізді шұңғыл, шанақты, үш бұтты. Оның қабын қағып, белгі беру үшін пайдаланған, аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады. Бір жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңырау ілінген ұрмалы-сілкімелі, жарғақты,сырғалы аспап. Бақсылардың қолданатын аспабы болған. Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Бұрынғы кезде қоңырауды бесікке байлаған. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады. Металдан жасалынған шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ – қоңыраулар тағылған, бетін терімен қаптаған. Арнайы таяқшамен ұрып ойнаған. Қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі босап ,сыртқы қабығы бөліктенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін белдеуше бау тағады. Үш ішекті, шанағы қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады. Беті тұтастай шыңылтыр терімен жабылады. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Шанағы емен, үйеңкі, қарағай, долана секілді қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады, беті жартылай ашық. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Ыспалы аспаптардың ішінде ішегі тарамыстан жуан етіп ызып жасалынған, арғы шығу тегі қылқобыз, сазген, егек аспаптарынан тарайды. Аспаптың дауысы боздаған нар түйенің даусына ұқсас. Шертпелі және көп ішекті аспаптар Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды. Шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішікті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра,қобыз аспаптарына ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады. Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен. Бізге жетігендеген атау осылай жеткен. соңы

Приложенные файлы

  • ppt 18048481
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий