Курстык жұмыс новый


ЖоспарКІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын құқық қорғау қызметінің мәні мен мазмұны1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметi . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51.2. Кеден ісі саласында кездесетін негізгі қылмыстар және олардың түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.3. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің қылмыстық іс жүргізуі. 182 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕДЕЛ - IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТI2.1. Кеден органдарымен жүзеге асырылатын жедел – iздестiру қызметi мен оның негiзгi бағыттары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .232.2. Жедел іздестіру қызметінің қылмыстық құқықтық нысанының әлемдік тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .252.3. Кеден органдарының жедел бөлiмшелерiнiң жедел – iздестiру процесін мәлiметтермен қамтамасыз ету және жеткiзiлiмдi бақылау әдiсi. . . . . . . . . . .29
3. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жедел- іздестіру бойынша тәжірибесі
3.1.Контрабанда және кеден ережелері және қылмыстармен күрес жүргізу қызметіне талдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34 Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37 Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .39
КІРІСПЕ
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң, нағыз мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекеттік қызмет түрлерін құра бастады. Солардың бірі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруменеліміздің экономикалық мүдделерін егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында кеден қызметі құрылады. Оған көптеген ауыр міндеттер жүктелді. Себебі кеден органдары бірнеше органның құзыреттілігіне жататын қызметтерді қамтиды. Кеден органы құрылғаннан бері осы уақытқа дейін көптеген жағымды көрсеткіштерге қол жеткізді. Осының негізінде алыс-жақын шетелмен экономикалық, сауда қатынастары арта түсті. Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасы көптеген дүниежүзілік экономикалық ұйымдарға мүше. Соның ішінде Дүгиежүзілік сауда ұйымы, дүниежүзілік кеден ұйымы және евразиялық экономикалық одақтардың мүшесі.Көптеген елдермен тығыз байланыста, достастықта. Мұнда кеденнің рөлі ерекше өйткені кеден бұл ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі. Өткен жылы 2014 жылы 14 тамыз күні Елбасының көреген саясатының нәтижесінде Салық комитеті, Кеден бақылау комитеті, Қаржы полициясы яғни орталық атқарушы органдары біріктірілді нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті құрылды. Сонымен Мемлекеттік кіріс комитетінің негізгі қызметі экономикалық тергеу қызметін жүзеге асыру.
Жоғарыда айтып өткенімдей кеден органының негізгі қызметінің бірі Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғау болып табылады. Дәл қазірге дейін елімізде экспорттан импорт басым болуда. Экспорттың импорттан төмен болып келуі біздің әліге дейін дайын өнім өндіруде әлсіз екендігімізді көрсетеді. Ал экспорттың басым бөлігін шикізат құрайды. Осының бәрін шекарада бақылап, құрамын, көлемін белгілеп отыратын кеден органдары болып табылады. Ал кеден органдарының құқықтық қызметіне келер болсақ, ол кеден саласында орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтармен күресті жүзеге асырады. Әңгіме осы тұрғыда ары қарай өрбитін болады. Кеден органдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды жүзеге асыра отырып мемлекетіміздің экономикалық, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ал бұл еліміздің кеденшілері үшін әрине оңай шаруа емес. Кеденшілер осы тұрғыда көптеген жағдайлармен кездесіп жатады. Қазіргі уақытта ақшаның ең көп айналатын жері кеден болуда. Соған байланысты кеденсаласында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың түр-түрі орын алып жатады. Мемлекеттің кіріс бөлігінің едәуір бөлігінің кеден органдары құрайды.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылатын, ол бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жатқызылған құқыққа қарсы іс-әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.
Жалпы менің курстық жұмысым өзінің тақырыбына сай көптеген қажетті мәліметтерді қамтиды. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының жедел іздестіру қызметмәні мен мазмұнын. Оны қалай дамытып, жетілдіріп дұрыс жолға қоюды. Кеден ісі саласындағы күн сайын өсіп келе жатқан қылмыстардың алдын алу, оны қалай жүзеге асыру. Сондай-ақ бұл жұмыс өзінің құрамында кеден органдарының контрабанда және кеден ісі саласындағы құқықбұзушылықтармен күресі бойынша негізгі мәліметтер және нақты іс-тәжірибелік материалдармен толық қамтылған. Алменің бұл тақырыпты таңдап алу мақсатым осы саладағы негізгі мәселелерді айқын ашып көрсетіп, сол мәселелерге қатысты тиімді ұсыныстар жасау болып табылады.
Кеден ісі саласындағы қылмыстық әрекеттерді тергеп-тексеруді мемлекеттік кіріс органдарының экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.1. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын құқық қорғау қызметінің мәні мен мазмұны
1.1. Қазақстан Республикасының кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметi
Кеден органдарының құқық қорғау қызметі кеден ісі аясындағы қоғамдық қатынастарды қорғау мақсатында заң негізінде және нормаларды жүзеге асыратын қызмет түрі. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы кодексінде бекітілген олардың құқық қорғау ретіндегі ерекшелігі осында. Кеден ісі туралы кодекстің 15 бабына сәйкес Кеден органдары контрабанда туралы кедендік төлемдерді салықтарды төлеуден жалтару істері бойынша іс жүргізу Қр заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады. Кеден органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің қылмыс деп танылған олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындалатын жасайтын және жасаған тұлғаларды анықтау халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдардың сауал салуларын орындау мақсатында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырады. Жедел іздестіру туралы заңына сәйкес кеден органдары Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша әкімшілік процестерді жүргізеді.
2001 жылдың 22 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар жөніндегі Президент Жарлығына сәйкес кеден органдары жедел іздестіруді жүзеге асыру бойынша өкілеттілікпен функцияларынан айырылыды. 2004 жылы 9 тамызынан бастап жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттілік қайта берілді
Кеден ісі саласында орын алатын заң бұзушылықтар заң бұзушылықтың қай түріне жататындығын тауардың құны 5000 айлық есептік көрсеткіштен асуы тиіс. Яғни 1 айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге х 5000 а.е.к = 9.910.000 болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал ол суммадан аз болса әкімшілік жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Мемлекет пен оньң органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құкықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазакстан Республнкасыньщ егемендігін қамтамасыз етуге, қазакстандық қоғам мен мемлекеттің түрақты әрі дәйекгі дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қьгзм құқықтыққамтамасыз етуге бағьпталган үлттъқ зандарды қальптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республнкасы Конституциясьшьщ 1-бабында "Қазақстан Республпкасы өзін демократпяльщ зайырлы, қүқықгық және әлеуметпк мемлекет репнде орньщгырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды.
Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды. Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғн ҚР Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.
Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.
Кейбір авторлар құқық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. кең мағынада - бұл азамттардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен құқық тәртібін қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың қызметі.
Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заңнамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі.
Алайда, сол немесе өзге мемлекеттік органдары құқық қорғау қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өлшемдердің мәнін айқын игеру үшін белгілі шамада шартты түрде алынған, бірақ "құқық қорғау қызметі" атаулы сіңісті болған қызмет белгілерін анықтау аса маңызды.
ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:
- біріншіден құқық қорғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сияқты заңдық ықпал ету шаралары қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады.
Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;
- екіншіден, қолданылатын заңдық ықпал ету шарлары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;
- үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.
- төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Айтылғандарды ескере отырып, құқық қорғау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестіктте заңдық ықпал ету шараларын (соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызмет.
Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмұны айқындалып әлеуметтікфункциялардың әр түрлілігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- конституциялық бақылау;
- соттың төрелігі;
- соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;
- прокурорлық қадағалау;
- қылмыстарды анықтау және тергеу;
- заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу , соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қыдмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижлерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлілігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі
Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (фунцйияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында құқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді. Бұл алақұлалық осы міселенің заңдық тәртіппен реттелмегендігімен түсіндіріледі, сондай-ақ заң актілерінде де құқық қорғау қызметіне түсінік берілмеген. Бір автор, қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізілетіндерді құқық қорғау органдары десе, екіншілері
- қылмыстар мен өзгеше қол сұғуларды түбірімен жояды десе, үшіншілері қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалайды дейтіндер.
- Ғылымда сот құқық қорғау органы болып табылатындығы туралы пікір қалыптасқан. алайда біздің ойымызша, соттарды құқық қорғау органдарына жатқызу дұрыс емесе, өйткені сот құқық қорғау органдарынан құқықтық мәртебесімен ерекшелінетін айрықша мемлекеттік орган болып табылады. сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1-бабының 2 тармағына сәйкес соттардың міндеті "азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республика халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету" болып табылады.
Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, оның функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарына мыналарды жатықзуға болады:
- соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері);
- прокуратура органдары;
- қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР ІІМ, ҰҚК, ӘДМ, Қаржы полициясы агенттігінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);
- құқықтық көмек пен құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар (адвокатура, нотариат).
Соттар (аудандық және оларға теңестірілгендер, облыстық және оларға теңестірілендер, ҚР Жоғары Соты) бізше, құқық қорғау оргнадарына жатады.
анықтама жүргізу - алдын ала тергеу немесе алдын ала істі қарау формаларының бірі болып келеді. Алдын ала істі қарау - бұл анықтама жүргізу органдары мен тергеу органдарының дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау қызметтерінен тұрады.
Анықтама жүргізу нәтижесінде алынған дәлелдемелер және алдын ала тергеу кезінде алынаған дәлелдемелер сол алдында бірдей маңызға ие.
Кеден органдары мына істерде анықтама жүргізеді:
1) Контрабанда.
2) Технологиялардың заңсыз экспорты, қару жарақ, әскери техника және жаппай қырып жоятын қару жасауға қолданылатын, ғылыми-техникалық информациялар мен қызметтердің заңсыз экспорты кезінде.
3) ҚР-ның территориясына халықтың көркем әдеби шығармалары, тарихи, археологиялық және көркем сурет шығармалары қайтып оралмауы кезінде.
4) Шетелден шетел валюталарының қайтып оралмауы кезінде.
5) Кеден төлемдерін төлеуден жалтарғанда.
ҚР-ның Кеден органдарының кеден ережелерінің бұзушылығын табу үшін, кеден органының құрылымында " Контрабандамен және кеден тәртібін бұзушылықпен күресу" жөніндегі басқарма құрылған. Сонымен қатар, кеден ережелерін бұзушылықпен күресу жөніндегі аймақтық кеден басқармасы құрылған.
Анықтама жүргізу органы - бұл оның басқарушысы және ол анықтама жүргізу құзыретіне жатқызылған кез келген іске анықтама жүргізе алады. Анықтама жүргізетін тұлға - бұл анықтама жүргізуге құзыреті бар лауазымды тұлға. Кеден органдарында анықтама жүргізуді мынадай лауазымды тұлғалар іске асырады, олар: Кеден органы бастығының немесе бастық орынбасарының бұйрығы бойынша аға инспектор анықтама жүргізеді.
Анықтама жүргізу қылмыстық істің қозғалуына алып келеді. Қылмыстық істі қозғауға құқықбұзушылық туралы мәліметтер негіз болады. Мұндай мәліметтер негізінен кеден бақылауын іске асырғанда, оған: документтерді тексергенде, жүктер мен транспортты тінту кезінде, жеке тінту кезінде алынады.
Кеденнің лауазымды тұлғасы осындай мәлімет алысымен алған мәліметтердегі фактілерді 3-күн ішінде тексереді. Кейбір жағдайларда бұл мерзім 10-күнге ұзартылуы мүмкін. Қылмыстық істі қозғағанға дейін жедел - іздестіру қызметтерін жүргізуге болады. Егер контрабанда немесе басқа да қылмыстар кедендік бақылау немесе кедендік рәсімдеу кезінде табылса, соларды тапқан лауазымды тұлға протокол жасайды.
Осы кезде кеден органының бастығы немесе оның орынбасары мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Қылмыстық істі қозғау жөнінде шешім.
2) Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту жөнінде шешім.
3) Протокол және контрабанда немесе басқа да қылмыстар туралы материалдарды тергеуге жіберу жөніндегі шешім.
Кедендік қылмыстар ауыр қылмыстар категориясына жатқызылғанда Кедендік қылмыстар бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу жүргізіледі. Ал кедендік төлемдерді төлеуден жалтару ауыр емес қылмыстар категориясына жатқызылған.
Кеден органының лауазымды тұлғасы қылмыстық істі қозғап, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттерін жүргізеді. Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттеріне жататындар:
дәлелдемелерді табу және бекіту жөніндегі іс-әрекет, тексеру, тінту, кәуландыу, қылмыскерді ұстау, күдіктенушілерді ұстау және тергеу, зардап шегушілерді және куәларды тергеу.Тергеу процесінде ғимараттарды, тауарларды жеке бұйымдарды документтерді тексеру қажеттілігі туындайды. Тексеру - қылмыс іздерін табу мақсатында және басқа да заттай, дәлелдемелерді табу үшін жасалады. Кеден қылмыстарының ішінде тексеру көбінесе контрабандамен байланысты және контрабандалық заттарды табу үшін жүргізіледі, тауарларының сапасын анықтау үшін фбрикалық маркиорвкасын және басқа да ерекше белгілерін анықтау үшін арнайы маман шақырып, тексеру жүргізіледі.
Тінту жүргізу үшін белгілі бір мәліметтерге негізделу қажет. Тінтуді Прокурордың санкциясымен анықтама жүргізуге құзыретті лауазымды тұлға жүргізеді. Ал кейбір жағдайларда, тінту прокурордың санкциясынсыз жүргүзілуі мүмкін бірақ осы тінту туралы мәліметті 24 сағат ішінде прокурорға жеткізу қажет. Заң бойынша жеке тінтуді жүргізуге болады. Прокурордың санкциясынсыз мынадай жағдайларда жеке тінту жүргізіледі:
1) Қылмыскерлерді ұстау кезінде.
2) Тінту жасалып жатқан ғимараттағы мекемедегі тұлға осы іске қажетті документтер мен заттарды өзіне тығып тұр деген толық мәлімет кезінде.
Жеке тінту тінтіліп жатқан тұлғаның жынысымен бірдей айғақтар қатысумен жүргізіледі. Жеке тінту кезінде: киімі, аяқ киімі, қолындағы заттары және денесі тінтіледі.
Тексеру, тінту куәландыру кезінде кем дегенде 2-айға қатысуы қажет. Кеденге анықтама жүргізу органы ретінде қылмыскерлерді ұстауға құқық берілген. Бұл шара қылмыстық - процессуалдық міндеттеме негізінде және күдіктенуші тұлғаны қысқа мерзімге бостандығынан айырады және күдіктенуші түрін анықтау үшін, белгілі бір қылмысқа қатысы барлығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Ұстауға негіз болатын мәліметтер:
1) Қылмыс үстінде немесе қылмыс жасап болғаннан кейін ұсталған тұлға.
2) Куәгерлердің мәліметі бойынша.
3) Күдіктенушіде, немесе оның киімінде, немесе оның үйінде қылмыс із табылса
Егер ұсталған тұлға шетел тұлғасы болса, онда анықтама жүргізу органының бастығы осы мәліметті контрабандамен және кеден ережелерін бұзумен күресу жөніндегі басқармаға хабарлайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешіміне дейін тұлға 48 сағаттан артық ұсталмауы тиіс. Ал кейбір жағдайларда 72 сағаттан артық ұсталмауы тиіс. Күдіктенуші егер бостандықта болса, онда оны тергеуге шақыру қағазы арқылы шақырылыады. Егер себепсіз жағдайлармен күдіктенуші тергеуге келмесе, онда оны күшпен әкеледі, тергеу алдында күдіктенушіге қандай қылмыста күдіктенгені туралы айтылады. Тергеу жүргізіп жатқан тұлған, күдіктенушіге оның құқықтарын түсіндіреді, күдіктенушінің қорғаушығақұқығы бар, неден күдіктеніп жатқанын білу құқығы, түсініктеме беру, дәлелдемелер беру, мінездеме беру, тергеу хаттамамен танысуға құқығы бар және алдын ала тергеу жасаған тұлғаның шығарған шешіміне шағым жасау құқығы. Қылмыс орнының кәлары болып азматтар және кеден қызметкерлері бола алады, себебі сол салада кеден қылмыстары жасалып жатқанда, кеден органдары және т.б. құқық қорғау органдары сол қылмыстарды табады.
Кеден органдары анықтама жүргізу кезінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың қаржылық операцияларын және банктегі шоттарын тексере алады. Бұл іс-әрекеттер "Банктер және Банк қызметтері туралы заңға қайшы келмейді.
Кеден органдары анықтама жүргізу кезінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаның ақша салымдары, мүлкіне арест салынбайды. Бұл құқық кейінгі тергеуді жүргізетін тергеушіге берілген. Алдын ала тергеу істері міндетті кезінде, анықтама қызметілерін жүргізу қылмыстық істі қозғаған күннен бастап 10- күн ішінде аяқтауы қажет. Контабанда жөніндегі іске анықтама қызметін жүргізіп болғаннан кейін, осы істі ішкі істер тергеушілері, прокуратура тергеушілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тергеушілері қарайды. Қару-жарақ, әскери техника және жаппай қырып жоятын қару жасауға қолданылатын:ғылыми -техникалық информациялар мен қызметтердің заңсыз экспортымен байланысты қылмыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеушілерімен қаралады. Шетелден шетел валюталарының қайтып келмеуіне байланысты қылмыстар ішкі істер органдарының тергеушілерімен қаралады. Ал кеден төлемдерін төлеуден жалтарумен байланысты қылмыстар толығымен кеден органдарымен қаралады, себебі: бұл қылмыс алдын ала тергеуге, міндетті емес, сондықтан бұл істер жөнінде кәдімгі тергеу жасалады.
1.2. Кеден ісі саласында кездесетін негізгі қылмыстар және олардың түрлері
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құқық қорғау қызметі мемлекеттің кедендік құқықтық қатынас сферасының ішкі және сыртқы функциясында көрініс беретін мемлекеттік қызмет. Бұл қызметтің мақсаты болып мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және кеден органдарының қызметі сферасындағы басқа да құқық саласы.
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құқық қорғау қызметі "Қазақстан Республикасы кеден кодексінде" бекітілген. Кеден органдарының негізгі функциялары мен мақсаты болып, басқа құқықтық нормаларды қорғауда кеден органдарымен қолданылатын, жүзеге асырылатын, сақталатын құрал ретіндегі нормалар.
Қазақстан Республикасы кеден кодексіне сәйкес кеден органдары:
- Қазақстан Республикасы кеден заңдылығын және басқа да заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді, яғни кеден ісін жүзеге асыру барысындағы азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғап, бақылауды жүзеге асырады;
- Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы экономикалық қызығушылығын және қауіпсіздігін сақтау;
- Сауда экономикалық қатынастарды реттеуде кедендік құралдарды қолданады;
- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту барысында рұқсат беру тәртібінің салты сақталуын қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік қауіпсіздікті қорғауда халық қызығушылығын, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда, табиғи қоршаған ортаны қорғауда республика тұтынушыларының әкелінетін тауарлардағы қызығушылығын қорғауда әрекеттеседі
Кеден ісі саласында орын алатын негізгі қылмыстардың түрлері:
Анықтау бойынша кеден органы құзыретіндегі қылмыстарға келесілер жатады.
1) контрабанда
2) әскери техника және қару жарақ, ғылыми-техникалық ақпарат пен қызметтердің заңсыз экспорты
3) шетелдік және Қазақстан Республикасы халқының археологиялық және тарихи, көркем заттарының Қазақстан Республикасы территориясына қайтпауы
4) шетел валютасындағы құралдардың шетелден қайтпауы және кеден төлемдерінен бас тарту
Контрабанда
Көптеген елдердің тәжірибесінде контрабанданы (итальян сөзі contro -қарсы, bando- мемлекет қаулысына) мемлекет шекарасы арқылы заңсыз түрде, қылмыс деп табылатын тауарлар мен басқа да құралдардың өтуі түсініледі. Қазақстан Республикасының контрабанда үшін жауапкершілік қылмыстық кодекстің 234-286 бабында белгіленген. Осы берілген баптар бойынша контрабандаға келесілер жатады:
1) Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы кедендік бақылаудың жасырып, немесе жалған құжаттарды қолданып, немесе декларацияламау жолымен;
а) тауарлар мен басқа да заттарды;
б) есірткі заттарды, психотропты, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды; қару жарақ, қопарғыш құрылғылар, қару жарақ және оқ дәрілер, ядролық, химиялық, биологиялық жаппай жою қарулары; жаппай жою қаруларын жасайтын материалдар мен құрылғылар; стратегиялық маңызды шикізат пен мәдени құндылықтардың Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы заңсыз өтуі
2) Қазақстан Республикасы ҚК 234-баптың 1-ші және 2-ші бөліктерінде (тармақтарында) қарастырылған әрекеттерді лауазым иесі қызмет бабын пайдаланып немесе кедендік бақылауды жүргізуші тұлғаға қысым көрсету жолымен жасау;
3) Қазақстан Республикасы ҚК 234-баптың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасауы
Контрабанда объектісі - Қазақстан Республикасы кеден территориясы арқылы тауарлар мен көлік құралдар жеке қатынасында шекарадан арнайы өту тәртібі жиынтығын құрайтын сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу ережесі бұзылады. Контрабандамен байланысты қылмыстардың жасалуы зиянды әсерін тигізеді;
1) экономикалық қауіпсіздікке (стратегиялық маңызды шикізат тауарларын заңсыз әкетуде);
2) қоғамдық қауіпсіздікке (есірткі заттарын, психотропты, қару жарақ заттарын заңсыз алып жүру кезінде);
3) Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, әлемдік қауымдастық қауіпсіздігіне (жаппай жою қарулары және оны жасауға қажетті материалдар мен құрылғыларды, жабдықтарды заңсыз әкелу мен әкету);
4) мәдениет құндылықтарын (мәдени құндылықтар контрабандасы кезінде)
Контрабанда объектісін сипатттау үшін оның маңызды құқықтық мәніне қылмыс заты (құралы) ие болады. Осыған байланысты жазалауды дифференциалдай отырып, заң контрабанданы екі түрге бөледі.
Контрабанданың бірінші түріндегі заттар еркін айналыстағы кез келген тауарлар жатады; онеркәсіптік және өндірістік тауарлар, шаруашылық-тұрмыстық заттар, валюта, валюта бағалықтары, зергерлік бұйымдар, көлік-құралдары, алкогол сусындары, темекі бұйымдары және т.б.
Контрабанданың екінші түріндегі заттарға еркін азаматтық айналыстан ішінара және толық алынған заттар жатады (есірткі заттары, психотропты, күшті әсер етуші, улы, уландырғыш, радиоактивті, жарылғыш заттар, қару жарақ, қопарғыш заттар, оқ-дәрі, химиялық, биологиялық, ядролық жаппай жою қарулары), сонымен қатар, кеден шекарасы арқылы алып өтудің арнайы ережесі бекіткен тауарлар, заттар (жаппай жою қаруын жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар, стратегиялық маңызды шикізат тауарлар, мәдени құндылықтар).
Контрабанданың объективті жағы - Қазақстан Республикасы кеден территориясы арқылы тауарлардың өтуі, яғни тауарларды кез-келген әдіспен, халықаралық пошта жіберулерін, құбыр жолы көлігін және электр жүйесі арқылы тасымалдауды қоса алғанда Қазақстан Республикасы территориясынан әкету және әкелу. Контрабандабелсенді әрекет формасында іске асырылады, бірақ оны қылмыстық әрекетсіздік жолмен іске асыруға да болады. Мұндай жағдайлар бірнеше қатысушылар көмегімен жүзеге асырылады, соынң ішінде ұйымдасқан топ құрамында; мұнда жекелеген қатысушылар кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуіне тікелей қатыспайды, байланысты емес.
Контрабанда қылмысы келесі жағдайда аяқталады деп саналады; тауарлар мен басқа да құралдарды нақты түрде Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арықлы өткен кезінен бастап, яғни, оның кеден территориясына әкеліген кезде немесе осы ел территориясы арқылы келесі мемлекетке еркін кеден аймағы және еркін қойма арқылы өткен кезде дайындалу және оқталу стадиялары болуы мүмкін. Контрабандаға дайындалуға, мысалы заңсыз түрде стратегиялық маңызды шикізат тауарларын әкетуге лицензия алу, есірткі заттарын, мәдени құндылықтарды әкетуге куәлік алу; құпия жайларды жабдықтау; өзге тұлғаларды қылмыс жасауға үгіттеу және қылмыс жасауға жағдай жасайтын барлық әрекеттер. Алайда, бұл жерде ескеретін бір жай, берілген стадиялы қылмысқа дайындалу әрекеттерін дәлелдеу өте қиын.
Кеден шекарасы арқылы тауарлардың заңсыз өту кезінен бастап, сот тәжірибесі қылмысты аяқталған деп санайды. Ал кеден шекарасынан өтпеген кезге дейін орналасқан жеріне қарамастан әрекет тек контрабандаға дайындалу немесе оқталу болып табылады.
Контрабанда субъектісі ретінде азаматтығына қарамастан 16 бапқа толған жеке тұлға бола алады.
Контрабанданың маманданған түріне қарай арнайы субъекті ретінде, өзінің қызмет бабын пайдаланып, қылмыс жасаған лауазым иесі болады. Контрабанданың субъективті жағы - кінәнің қасақана формасымен сипатталады.
Заңмен қарастырылған жағдайда кінәлі адам жағдайдың сәйкес қиындығын, қылмыстық оқталудың жүзеге асырылуы стадиясын, басқа тұлғаның қатысуымен қылмыстың жасалуы фактісін сезінуі, білуі қажет.
Құқықтық мәндегі контрабанда кезінде мотив пен мақсат қылмыс мамандығы үшін қажет.
Олар көбінесе заңсыз жолмен баюға ұмтылу сипатына ие болады немесе басқа да түрлерге.
Маманданған қылмыскерлердің бірінші түріне бірнеше рет жасау немесе өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы лауазым иесінің жасауы, сонымен қатар кедендік бақылауды жүргізуші тұлғаға қысым (күш) көрсету арқылы жасау жатады.Маманданған контрабанданың 2-ші түрі ауыр белгілерге ие - ұйымдасқан топтың қылмыс жасау.
Қылмысты бірнеше рет жасау - тұлғаның жалғыз өзі немесе басқа да тұлғалармен қосылып құқыққа қарсы әрекеттің бірнеше рет, екі немесе одан да көбірек қайталануы, егер бұрын жасаған қылмыс үшін заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстың жауапкершілктен босатылмаған болса, немесе тұлғаның бұрын жасаған қылмыс үшін сотталуы өтелмеген немесе алынып талған болмаса.
Өзінің қызмет бабын пайдаланып лауазым иесінің контрабанда қылмысын жасау - билік өкілі, орындаушы немесе әкімшілік-шаруашылық қызметі тұрақты, уақытша немесе арнайы тапсырыс бойынша атқарушы мемлекеттік және мунуципальды (кәсіпорын, ұйым, мекеме) орган қызметкерлерінің қылмысты жасауы болып табылады. Маманданған контрабанданың субъектісі бақылау қызметін атқарушы немесе кеден заңымен талап етіліп басқа да міндеттерде орындаушы лауазым иесі болады. Бұл шекара қызметіндегі бақылау - жіберуші пунктіндегі кеден органы лауазым исеі; кеден шекарасы арқылы тұрақты түрде тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау қызметімен байланысты лауазым иесі (теңіз кеме капитаны темір жол поезд бастығы, самолет экипажының капитаны, халықаралық көрме директорлары) мемлекеттік биліктің жоғарғы органы өкілдері лауазымды тұлғалар, яғни қызмет бабымен шекарадан өтуші ттұлғалар.
Контрабанда кезінде өз қызмет бабын пайдалану келесіні білдіреді; жоғарыда көрсетілген тұлғалардың бірі өз өкілеттігінен шығатын қызмет мүддесінен тыс заңсыз түрде қылмысты жасауға кедергілерді жия отырып немесе қылмыстың жасалу жолын өзі және басқа да тұлғалар арқылы жеңілдете отырып контрабанданың затын әкелі және әкету.
Кеден бақылауын жүзеге асырушы тұлғаға күш көрсету арқылы контрабанданы жасау (жүргізу). Күш көрсету арқылы контрабанданың жүзеге асыру белгісінде күштеу мен оның түрлері ғана емес (физикалық және психикалық), сонымен қатар күштеу деңгейі де ескерілуі қажет. Физикалық күштеу бір немесе бірнеше рет - ұруды білдіреді, бұл контрабанданың құрамын қамтитын жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа немесе ауыр жарақат тигізеді. Психикалық күштеуге ауырлық деңгейіне қарамай, қорқыту болып табылады.
Ұйымдасқан топтың контрабанданы жасауы - ең қатал жазалауға тартылатын қылмыстың қауіпті түрі ретінде танылады. Бұл жағдайда контрабандаға екі немесе одан да көп адам алдын ала қылмыс жасау орны, уақыты, іске асыру әдісі, топтағы адамдар қылмыс жасау кезінде өз қызметтері туралы ойласып, келіседі.
Контрабанда кезіндегі ұйымдасқан топтың белгісі қатысушылар арасындағы қызмет бөлісу тұрақты болып табылады, яғни бір ғана қылмыс атқару үшін ұзақ дайындықты қажет етеді. Контрабандаға жаза қолдану ҚК-тің 234-286 бабымен қарастырылған.
1 тармақ бойынша - 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
2 тармақ бойынша - меншігін тәркілеу арқылы 7 жылдан 12 жылға дейін
Бұдан да қатал жаза маманданған қылмыс түріне берілуі мүмкін;
3 тармақ бойынша - мүкін тәркілеу арқылы 10-15 дейін
4 тармақ бойынша - мүлкін тәркілеу арқылы 15-20 дейін
Қазақстан Республикасы ҚК-нің баптарында, жаппай жою қаруын жасауда қолданылуы мүмкін ғылыми-техникалық ақпаратта және қызметті, технологияны заңсыз экспорттаған, оны жеткізуге арнайы экспорт бақылауы бекітілген қарулану мен әскери техниканың заңсыз экспорты үшін жауапкершілікке тартылу қарастырылған.
Қылмыстыңобъектісі - сыртқы экономикалық қызметте жүзеге асырылатын белгіленген тәртіп, соның ішінде жекелеген тауар түрлері экспортына мемлекеттік монополия және олардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібі болып табылады.
Қылмыс заты жаппай жою қаруын жасауда қолданылуы мүмкін ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет, технологиялар, оларды жеткізу құралдары, қарулану және әскери техника болып табылады.
Қылмыстың объективті жағы - заңсыз экспорт, яғни жоғарыда аталған мақсатта ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметті, технологияны Қазақстан кеден шекарасынан бір немесе бірнеше шетел мемлекетіне жету болып табылады. Берілген нормада сәйкес заңсыздық ретінде бекітілген арнайы экспорттық бақылауды бұзу табылады.
Демек, қылмысты жүзеге асыру әдісі қол сұғу затының сипатына, сонымен қатар арнайы экспорт бақылауын бұзу ерекшелігіне тікелей байланысты болады.
Қылмыс аяқталды деп есептелінеді - арнайы экспорт бақылауын бұза отырып жоғарыда аталған Қазақстан кеден территориясынан әкету кезінен немесе қызметтерді Қазақстан шегінен тыс ұсыну кезінен бастап.
Заңсыз экспортқа бағытталған тұлға әрекеті, оған тәуелсіз жағдайларға байланысты аяқталмай қалса (мысалы, арнайы экспорт бақылауын бұза отырып, әкету объектісі кеден бақылауын жүргізу кезінде анықталған болса) онда ол қылмысқа аяқталу стадиясын түзейді.
Заңсыз экспорт субъектісі есі дұрыс 16-ға толған, азаматтығына тәуелсіз, жеке тұлға. Берілген қылмыстың ерекшелігіне қарай субъектісі дайындаушы кәсіпорын экспорт ұйымдарының, осындай операцияны жүргізу өкілеттігі бар мекемелердің лауазым иелері. Қылмыс Қазақстан шегінен тыс жерлерде жасалғаны үшін осы сипаттағы қызмет көрсетуде қылмыстық жауапкершілікке тек Қазақстанның азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар тартылады.
Қылмыстың субъективті жағы кінәнің қасақана формасы. Арнайы экспорт бақылауын және кедендік рәсімдеудің бекітілген тәртібін бұзу, Қазақстан шегінен тыс кеден территориясы арқылы технологияны, ғылыми-техникалық ақпаратты шетелден өткізуде, оларды жаппай жою қаруын жасауда қолданылатын тұлға сезеді. Кінәнің мақсаты мен мотив әр түрлі болуы мүмкін.
ҚР-сы территориясына шет елдің және ҚР-сы халқының көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарының қайтарылмауы.
Берілген қылмысқа жауапкершілік Қазақстан халқының мәдени мұраларын сақтау, сонымен қатар мәдени құндылықты заңсыз әкету және меншік құқығын заңсыз беруді қорғау мақсатында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес қайтару міндетті болып табылатын, шет ел мен Қазақстан халқының көркем, тарихи және археологиялық құндылығының бекітілген мерзімде ҚР-ның территориясына қайтарылмауы қылмыс болып табылады. Қылмыс объектісі шет ел мемлекетінің және Қазақстан Республикасы халқының көркем, тарихи, археологиялық құндылықтарын өткізуші мемлекеттік монополия болып табылады.
Осы қылмыстың заты Қазақстан Республикасы " Мәдени құндылықты әкету және әкелу туралы" заңында көрсетілген мәдени құндылқтар тізімі.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеден органдары үлкен рөл атқарады. Кеден органдары сыртық сауда айналымын реттеуге қатыса отырып, сонымен қатар фискалдық функцияны жүзеге асыра отырып, ол мемлекет бюджетін толықтырады және ол арқылы мемлекеттің экономикалық проблемаларын шешуге көмектеседі.
Кеден органдары протекционистік шаралар арқылы мемлекеттік өндірісті қорғайды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы ашық болғалы бері бұрынғыға қарағанда Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі күрделі проблемаға айналды.
Оны қамтамасыз етуге кеден органдары СЭҚ-ті реттеуге жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кеден органдарының құзыретіне келесілер тиесілі болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы кеден саясатын құруда және оны жүзеге асыруға қатысады;
2. Қаңдылықты қамтамасыз етуді, кеден ісін жүзеге асыруда азаматтардың кеден органдарының, мекемелердің және ұйымдардың мүдделері мен құқығын қорғауда шаралар қолданады;
3. Қазақстан Республикасының экономикалық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсізідігін өзінің құзыреттілігі шегінде қамтамасыз етеді;
4. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғайды;
5. Сауда-экономикалық қатынастарды реттеуде кедендік реттеудің құралдарын пайдаланады;
6. Кеден салықтарын, баждарын және т.б. кеден төлемдерін алады;
7. Қазақстан Республикасының кеден территориясынан өткізілетін тауарлардың өткізу тәртібін қамтамасыз етеді;
8. Контрабандамен, салық заңдылықтарын және кеден тәртібін бұзушылықпен, кеден шекарасы арқылы наркотикалық заттардың, қарулардың, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің халқы жинаған археологиялық, тарихи, көркем заттардың жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің және т.б. тауарлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізеді, сонымен қатар халықаралық терроризммен күресуде көмек береді;
9. Кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауын жетілдіреді және оны жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының кеден территориясынан өтетін тауар айналымын тездетуге жағдай жасайды;
10. Кедендік сыртық сауда статистикасын және арнайы статистиканы жүргізеді;
11. СЭҚ ТН жүргізеді;
12. СЭҚ субъектілерінің, сонымен қатар азаматтардың, ұйымдардың, мекемелердің және кеден органдарының СЭБ-ын дамытуға көмектеседі;
13. Мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, адам денсаулығы мен өмірін, жануарлар мен өсімдіктерді, сырттан келетін тауарлардан қазақстандық тұтынушылар мүдделерін қорғаудағы шараларды жүзеге асыруға көмектеседі;
14. Қазақстан мүддесіне стратегиялық маңызы бар материалдардың сыртқа әкетілуін бақылауды жүзеге асырады;
15. Өз құзыреттілігі шегінде валюталық бақылауды жүзеге асырады;
16. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарын жасауға қатысады, шетел мемлекеттерінің кеден және т.б компетентті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі сұрақтары мен айналысатын, ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17. Кеден ісі саласында консультативтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
18. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің және т.б мемлекеттік органдардың, кеден органдарының мекемелердің және азаматтарының кеден сұрақтары бойынша мәліметтерін бекітілген тәртіппен жүзеге асырады;
19. Біртұтас қаржы-шаруашылық саясатты жүзеге асырады, кеден органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын дамытады.
Қазақстанның кеден қызметінің приоритетті бағыты болып, құрылған программада белгіленгендей, мыналар табылады:
фискалды және құқық қорғаушылық функцияны жүзеге асырады, кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу технологиясын жетілдіру, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және оның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін күшейтуде барлық мемлекеттік органдар қызмет артқарады, бұл олардың Конституциялық қызметінің бірі болып табылады. Кеден органдарының құзыретіне ҚР-ң экономикалық қауіпсіздігінің келесідей сұрақтары кіреді:
Контарбандамен, заңсыз валюталық операциялармен, кеден тәртібін бұзушылықтармен күресу, мемлекеттік бюджетті толықтыру және мемлекеттің экономикалық мүддесін және СЭҚ қатысушылардың мүддесін қорғауда мемлекеттік реттеу шараларын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден органдарының басты қызметі - бұл белгіленген кедендік құқықтық нормаларды сақтау үшін барлық қоғамдық қатынастар қатысушыларына әсер ету.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі, оның экономикалық мүдделері және оны қорғаудың әртүрлі аспектілері бар. Мысалы, ішкі және сыртқы экономикалық мүдделер.
Ішкі экономикалық мүдделер өндірісті және ауылшаруашылығын дамытумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар көлікті және байланысты дамыту мен байланысты болады, т.б кеден органдары өздерінің құралдарымен және өзіне тән әдістерімен аталғандарды және олардан пайда болған (жалпы мемтекеттік, аймақтық, кәсіпорындық және т.б) кәсіпорынның және шаруашлықы жасаушы ұйымдардың мемлекеттік, аймақтық нақты мүдделерін қорғауға арналған.
Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау үшін қолданылатын құралдары мен әдістерін екі топқа бөлуге болады:
1. Құқықтық реттеу құралдары және құқық қорғаушылық қызмет әдісі. Мұндай жағдайда кеден органдары заңдылықты бұзуға бағытталған әрекетті заңға сәйкес өкіметтік билікті пайдалана отырып құқықтық күштеу, яғни санкциялар, қорғау шараларын қолдану. Бұл топ кеден органдарының құқық қорғаушылық қызметін құрады.
2. Сыртқы сауда қатынастарын экономикалық реттеу құралдары және әдістері. Олар: тарифтік реттеу (кеден төлемдері, алымдар, салықтар, кеден құнын анықтау әдістері, валюталық бақылау, тауардың шыққан жерін анықтау және т.б) және тарифтік емесе реттеу (эмбарго, әкелуге тыйым салу немесе тауарларды шығаруға, тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер: лицензиялар, квоталар, сертификаттаулар және т.б шектеулер).
Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын кедендік реттеулер өзіне құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралары мен программаларды қосады. Бұлар мемлекеттің экономикалық мүддесін қамтамасыз ету мақсатында, сауда экономикалық қатынастарды қамтамасыз ету және даму процесін оптималдау үшін, ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру және бұл экономиканы бұзатын сырттан келетін деструктивті элементтерден шеттету үшін қолданылады.
1.3. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің қылмыстық іс жүргізуі
Кедендік қылмыстар мен күрестің тиімділігі қылмысты ашу қадағалаудың деңгейіне, яғни оның толықтығына уақытылығына тәуелді. Демек құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігі едәуір дәрежеде қадағалайтын органдардың қылмыстың бар екенін анықтап, жинаған материалдарды құқық қорғау органдарына уақытылы бағыттау талабын орындауынан көрінеді. Сонымен қатар кеден қылмыстарымен күрестің тиімділігін құқық қорғау органдарының бірігіп жүргізген іс шаралары арқылы арттыруға болады. Дегенмен бүгінгі күні, өкінішке орай, кеден қылмыстарымен күрестегі кемшілік ретінде құқық қорғау, ревизиялық-қадағалау, валюттік-экспорттік органдарының өзара қатынастығының әлсіздігін атап өтуге болады. Қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты қаржы-шаруашылық қызметтерін жиі-жиі тексеріп қадағалу үшін салық құқық қорғау оргадары өзара бірігіп күрес жүргізулері қажет.
Қазіргі нарықтык қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және қоғамдық кауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс.
Қазақстан кеден органдарының тарихына және кеден саласындагы проблемаларға катысты жазылған бірнеше еңбектердің авторы М.О. Әбсеметов кеден саласында жасалатын қылмыстарға контрабанда, шетел валютасындағы қаражатты шетелден кайтармау, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, есірткі, кару-жарак, ок-дәрілср халықтың мәдени және тарихи мұраларын, жойылып кету каупі бар жануарлар мен өсімдіктерді, интеллектуалдык меншік объектілерін кеден шекарасы аркылы заңсыз айналымын жаткызған. Тағы бір ғалымдардың пайымдауынша кедендік кылмыстарға тек қана кедсн органдарымен тексерілетін төмендсгі қылмыстар емес (ҚР ҚК-нің 234, 236, 286-баптары) сонымен бірге басқа да мемлекеттің сыртқы экономикасы кызметі саласына зиян келтіретін төмендегідей кылмыстарды жаткызған, ( ҚР ҚК-нің 243-бабы) жаппай зақымдау каруын, қару-жарак және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын техноголияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және кызметтерді заңсыз экспорттау, ( ҚР ҚК-нің 235-бабы) шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау.
Сонымен қатар бұл ғалымдар осы кеден саласындағы қылмыстарға жасалғаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген Қазақстанның халықаралық келісімдерінің заңдарының нормаларында белгіленген кедендік істің тәртібіне пайда табу мақсатымен қол сұғатын жеке тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігін жатқызған.
Қазақстан арқылы шет елдерде жҥк және адам тасымалдауда бұған үлкен септігін тигізуде, көпшілігінде ҚР кедендік шекарасынан тауарларды заңсыз өткізуге тырысады. Контрабандалық операцияларды жасарда көпшілігінде құжаттарды, лицензияларды, экспорттарды пайдаланады.
Кеден органдары арнайы қҧзырлы мемлекеттік басқару органы немесе атқарушы-басқарушы органы болып табылады. Жергілікті органдардың шешімдерін орындауда кеден ісі бойынша басқарманың актілерін жасауға құқы бар. Олардың кедендік қатынасты әкімшілік- құқықтық реттеуге қатысу бағыты осында байқалады. Осындай реттеудің екінші бағыты кедендік, әкімшіліктік, қылмыстық, мемлекеттік, халықаралық қаржылық, азаматтық және басқа да сыртқы экономикалық іс-әрекетке және лауазымдық тұлғалар мен кеден органдарының қатысуымен болған іс-жүргізулерде құқықтық қатынастар саласында нормаларды реттеу болып табылады.
Кеден саласындағы істерде мемлекеттік тетік бөлігі ретіндегі кедендік органдармен сыртқы экономикалық іс-әрекеттерге қатысушылардың арасындағы қатынастарда жүздеген нормативті актілер бар.
Құқықтық нормалар-бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет тарапынан белгіленген немесе санкцияланған және міндетті ережесі қорғалынған тәртіп.
Құқықтық нормалары тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесін
білдіреді, анықтайды және қорғайды, олар құқық субъектілерінің ара-қатынасын істерін тиімді қолдануға бағытталган.
Қазақстан Республикасында кеден ісі Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өз құзырының шегіндегі Кедендік Кодекс қарастырылған актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарын тасымалдауда қабылданған күн болып нақты өткен күн есепке алынады. Егер де Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында халықаралық келісім-шарт бойынша басқа да ережелер белгіленген болса, онда Қазақстан Республикасының Кедендік Кодексінде қарастырылған басқа кеден ісінде халықаралық келісім шарттың ережелері қолданылады. Бұдан басқа да тәртіп бұзушылықтан құқық қорғау органдарына прокуратураға, сотқа, ІІМ, ҰҚК, қаржы полициясына, кеден органдарына жүктелген.
Сонымен, құқықтық нормаларды қорғау функциясы әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде құқықтық нормаларды бұзушыларға мемлекеттік еріксіз көндіру шараларын немесе лауазымдық тұлғадан келтірілген залалды өндіріп алу, оның кейбір жеке құқықтардың мемлекеттік, кедендік органдардың немесе лауазымдық тұлғалардың қайсібір міндеттерін орындау болып табылады.
Кеден органдарының құқық қорғаудағы қызметі кеден төңірегіндегі құқықтық қатынастардың мемлекеттік ішкі және сыртқы функциясының айқындалуы болып табылады. Бұл қызметтің мақсаты кеден органдарының төңірегіндегі қызметте адамзаттық, кедендік, әкімшілік, мемлекеттік нормалардың сақталуын, қолданылуын қамтамасыз ету.
Кеден органдарының саласы қызметінде құқықтық нормаларды пайдалану- ол субъектілердің кеден органдарындағы лауазымдық тұлғалардың және сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың арасындағы осы нормада қарастырылған құқықтық қатынастарын жүзеге асыру.
Құқықтық нормаларды орындау-ол жеке, лауазымдық немесе заңды тұлғаның өзіне
жүктелген норманың міндеттерін орындаудағы іс- әрекет.
Сонымен, кеден органдарының қызметі, заңдарының шеңберінде жҥзеге асыруда творчестволық құқықтық, құқық қолдану,құқықтық орындаушылық, мемлекеттік құқық қорғау қызметі аспектері бар.
Кедендік органдарында құқық қорғау қызметі әр түрлі формада- құқықтық-әкімшілік, құқықтық - қылмыстық, құқықтық-іс жүргізу, жедел-іздестіру және т.б. жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметі қҧқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуден басқа Қазақстанның заңдарын және халықаралық келісім-шарттарын бұзушылықты анықтаумен де айналысады.
Кедендік органдарының құқықтық қорғаудағы қызметінің құқықтық-әкімшілік формасы айқындалады: кедендік және валюталық бақылауды жүзеге асыруда анықталған жолмен, тарауларды кедендік дайындықтан өткізуден және әкімшілік тарапынан тәртіп бұзушылықты және қылмыстық, кедендік, валюталық, салықтық және басқа заңдылықтардың түрлері бойынша кедендік органдарының құқық қорғау қызметінде айқындалады және құқықтық-әкімшілік нормаларын кедендік ережені орындаудан бас тарту фактілерін тексеруге бағытталады. Бұл іс-әрекеттер кедендік ереже мен әкімшілік нормаларының бұзылғанын байқаған жағдайда тиісті үлгіде хаттама толтырылады.
Кедендік органдарының құқық қорғаудағы қылмыстық іс жүргізу формасы тергеу органы ретінде қылмыстық белгілері бойынша, деректерге сүйене отырып, олармен күресу кедендік органдарының құзырына жүктелген контрабанда және т.б. жағдайда қылмысты істі ашумен айқындалады. Кедендік органдардың қызметінің маңызды формасы болып өзінің және қызметкерлері мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Кедендік органдарының қызметінің бір түрі құқық қорғаудың элементтеріне енетін (криминалистикалық) арнаулы (іздестіру, барлау) қызметі жедел-іздестіру қызметі болып табылады.
Бұндай қызмет түрінің тағайындалуы кедендік бақылаудың, қылмыс жасаудың алдын алудың, кедендік ережелердің орындалу тиімділігін арттырады. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары тасымалданарда Қазақстанның азаматтығы барлығына қарамай сыртқы экономикалық іс-әрекетке (жеке және занды тұлғалар) қатысушылардың барлығы да кеден зандылықтарының ережесінде көрсетілген ескертпелерге ілесуі керек.
Осы ережеге мынадай қажетті шарттар енеді, тиісті кеден рәсімдерін анықтау, кеден бақылауынан өту, кеден құжаттарын даярлау,кеден төлемдері мен салықтарын жинау, кедендік жеңілдіктерді пайдалану мен басқа да ережелер Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Президенттің Жарлығына сәйкес Қазақстанның әкімшілік заңына арнайы сілтеме жасамай-ақ тәртіп бұзушылыққа жауапкершілігі қарастырылған. Кеден ережесінің бұзылғандығы жөніндегі істері кеден органдарының лауазымды тұлғалары арқылы жүргізіледі.
Тұлға ұғымына заң шығарушылар жеке және занды тұлғаларды (отандық және шетелдік занды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды) сонымен қатар лауазымдық тұлғаларды жатқызады.
Лауазымдық тұлғалар егер де олардың қызметтік міндеттеріне белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз ету болса, ал оның орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген занды тұлғалармен жеке кәсіпкерлердің жауапқа тартылуы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартудан босатпайды.
2 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕДЕЛ - IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТI
2.1. Кеден органдарымен жүзеге асырылатын жедел – iздестiру қызметi мен оның негiзгi бағыттары
Жедел– іздестіру қызметі - бұл қызмет түрі мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен жүзеге асырылады, олардың құзыреті шеңберінде жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы азаматтар мен адамдардың бостандығы мен құқығын өмірін, денсаулығын, меншігін қылмыстық пиғылдарын қорғау және мемлекетіміз бен қоғамымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жедел іздестіру қызметінің мақсаты - мемлекеттік қоғамның, тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жедел іздестіру қызметі - бұр арнайы қызмет, арнайы мақсатқа жетуге бағытталған. Ол қызметпен тек құзырету бар органдар айналыса алады. Жедел іздестіру қызметі - бұл спецификалық қызмет түрі және ол конспирация принціпіне сүйенеді, яғни жасырын әдістер мен құралдарды қолданады.
Конспиративтілік - бұл жедел іздестіру қызметінің маңызды тәртібі және ол жасырын, алдын ала жақсы дайындалған қылмыстармен күресуде басты құрал болып табылады қылмысты жасырын түрде жасауға қарсы тұратын адеваттық жасырын әдіс қолданылады.
Жедел іздестіру қызметі әртүрлі қызмет түрлерін қамтиды. Негізгі қызметтерінің бірі информациялық қызметі, информациялық аспект маңызды мағынаға ие және информациялық қайнар көздермен жұмыс істеу оның басты мақсат болып табылады. Информациялық жасырын қайнар көздермен жұмыс істеудің негізгі бағыты мынада:
қызмыскерлердің қызығушылығы туралы ақпарат. Жасалып қойған қылмыс туралы фактілі ақпарат алу және сол ақпарат арқылы сол қылмысты ашу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
Арнайы техникалық құралдар және криминалистік құралдар арқылы алынған ақпараттарды қайта тексеру мен дұрыстығын дәлелдеу және қосымша ақпараттар алу. Алынған ақпарат үздіксіз қайта өңдеуге жіберіліп отырылады, анализденіп, қылмыс механизмі ашу процесінде қолданылады және нақты қылмыскерлерді іздеуге қолданылады.
Жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:      1) ішкi iстер органдары;      2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;      3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;      4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;      7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Жедел іздестіру қызметі - бұл бір мезгілде барлауды іздеуші қызмет және мақсатты іздестіру қызметі болып табылады.
Кеден органдары келесідей Жедел іздестіру шараларын жүзеге асырады:
1) Азаматтардан сұрау, анықтама алу; салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер алу.
2) Құжаттар мен заттарды зерттеу; бақылау; ғимараттарды, мекемелерді, үй жайларды және транспорт құралдарын зерттеу; бақыланатын әкелімдерді жүзеге асыру.
Кеден органдарына почталық жіберулерді, телегарфтық және басқа да хабарламаларды бақылап отыруда, құқық берілген және телефон сөздерін тыңдауға құқық берілген.
Жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы мемлекеттік құпия болып табылады.
Кеден органдарының жедел - іздестіру қызметінің практикасы оны қолданудың келесідей объективті қажетті бағыттарын анықтауға көмектесті:
1) Кеден органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жедел іздестіру қызметі.
2) Кеден ісі саласындағы басқа да қылмыстармен және контрабандамен күрес жөніндегі жедел - іздестіру қызметі
Жедел іздестіру қызметімен айналысатын, кеден органдарының бөлімшелеріне жататындар:
1) ҚР-ның Кеден Комитетінің қауіпсіздік Басқармасы.
2) Кеден тәртібін бұзушылықпен күресу жөніндегі Басқарма
Кеден органының қауіпсіздік бөлімшесі мынадай функциялар атқарады:
1) Кеден ісін басқаруға қарсы тұру.
2) Қылмыстық ойы бар адамдардың кеден саласына өтуіне қарсы тұру.
3) Кеден органы қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, олардың жанұя мүшелерінің қауіпсіздігіне қол сұғудан қарсы іс-әрекет жасау.
4) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және белгілі бір қауіпті деңгейдегі ақпараттардың сыртқа шығуымен күресу.
5) Кеден органдары өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа құқық қорғау органдарының бөлімшелерімен бірігіп іс-атқаруы.
Кеден органдары өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелері арқасында кеден қатарларындағы құқықбұзушылық жасаған тұлғалардан тазартылу.
Кеден тәртібін бұзушылықпен күресу жөніндегі бөлімше мынадай қызметтер атқарады: кеден саласындағы заңдардың бұзылғандығын анықтайды және алдын алады. Осы бөлімшеге жан-жақтан, ақпараттардың негізгі ағымы келеді. Ағымдағы материалдардың анализі негізінде осы бөлімше қызметкерлері дайындалып жатқан немесе жүзеге асқан контрабандалық операциялардың алдын алады.
Кеден тәртібін бұзушылықпен күресуді ұйымдастыру үшін қарсы тұрған оппоненттердің жеке-жеке іс-әрекетін бөліп қарау қажет.
Осыған байланысты бұл жұмыстар мына тізбекте іске асырылады: есірткі заттары контрабандасымен күресу; қару жарақтың заңсыз әкелу мен онымен күресу; ірі мөлшердегі кеден тәртібінің бұзылуымен күресу және т.б.
Жыл сайын контрабанда түрлері және саны өсіп отырғанына қарамастан, есірткі заттары контрабандасы мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен күресу қазіргі таңда бірінші орында.
Қазақстандық кеденшілер жыл сайын мыңдаған килограмм есірткі заттар, миллиона ампул және күшті әсер ететін психотропты таблеткалар тәркілеп жатыр.
Қазіргі таңда ең ірі проблемалардың бірі: "Қару- жарақтың заңсыз айналымымен күресті тиімді ұйымдастыру болып отыр. Жер бетіндегі шексіз, бітпейтін әскери қақтығыстар осыған өз әсерін тигізіп отыр. Осы жұмысқа жетісті нәтиже беру үшін шетелдік кеден органдарымен ынтымақтастық құру және шетелдік құқық органдарымен тығыз байланыста бол керек.
2.2. Жедел іздестіру қызметінің қылмыстық құқықтық нысанының әлемдік тәжірибесі(Федеральды Германия мемлекеті бойынша)
Кедендік қылмыстық ведомства
Бұл салада кедендік қылмыстық ведомства (қылмыстық деңгейде федеральды қаулы ретінде) жұмыс істейді, жедел іздестіру кедендері және қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша басты кеден бөлімдері.
А) кедендік-қылмыстық
Кедендік қылмыстық қаулы саласында 500 қызметкер жұмыс істейді. Олардың негізгі атақаратын қызметтері;
- Салықтық-қылмыстық және салықтық-әкімшілік құқықбұзушылықтар жағдайында, олардың соңына түсуде жедел іздестіру кедендері мен басқада кеден қызметі бөлімдеріне қолдау көрсету. Сонымен қатар анықтау істері бойынша жедел іздестіру.
Кедендерге координациялық қызмет бойынша анықтауды жүргізу және кедендік тергеушілердің дәрежесін көтеру.
- Контрабандаға қарсы күрес, көлік-құралдары тауарлардың заңсыз өтуін сонымен қатар сыртқы экономикалық айналысты бақылау жүргізуге қатысу;
- Сыртқы экономикалық құқыққа және қару-жарақты бақылаумен байланысты заңдарға қайшы келетін қылмыстар бойынша орын алатын почталық және сымтетік байланыстарды бақылау;
- Құқықтық және әкімшілік көмекті жүзеге асыру мақсатында шетелдік кеден органдарымен тығыз байланыста болу.
Б) Жедел іздестіру кедендері
Кеден төлемдері мен акциздері алынатын жерлерде, ақшалай құралдарының қайтарылатын жерінде шаруашылық қылмыстар орын алады. Өйткені онда төлемдерден жалтарудың көптеген түрлері жүзеге асып жатады.
Сол себептен ол жерде кедендік тергеушілердің қызметі басталады.
Германия жедел іздестіру кедендік қызметі өзінің құрамында кеден қызметінің криминалистік полицейлерін қамтиды. 21 жедел іздестіру кедендерімен олардың 2.200 шенеуніктері қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Оған қоса полицейлік қызметте қосылады. Кедендік тергеушілердің анықтау қызметінің негізгілері мыналар болып табылады:
- Есірткі сферасындағы қылмыстық қызметтер;
- Кедендік және акциздік құқық сферасындағы кедендік төлемдермен, салықтардан жалтару;
- Сыртқы экономикалық құқықты бұзу;
- Ауылшаруашылығы тауарлары бақылаумен айналысу бойынша белгіленген төлемдер субсидияларына байланысты қылмыстар.
Кеден органдарының ішкі істер органдарымен өзара байланысы.
Германия кеден органдары мен полицейлердің қарым-қатынасы жалғасып жатқан дәстүрге ие. Бұл есірткімен күреске байланысты болған. Гамбург қаласында алғашқы есірткі кәсібін бақылауға байланысты бірліктің, топтың құрылғанынан 25 жыл бұрын басталған дәстүр болатын.
Ал қазіргі кезде бұл байланыс Федеративті Германия Республикасының барлық территориясында кең қанатын жайған. 28 біріккен бақылау топтары құрылып және басқада анықтау сферасында жайылуда. Мысалға айтар болсық қазіргі уақытта әртүрлі федералды жерлерде ақшаны төлеумен оны жымқыруға қатысты қаржы бақылау топтары құрылуда. Ол несиелік ұйымдардың алдында таныстыруынаанамудер жасаумен де айналысады. Мұндай бірлескен топтар кейде тығыз байланыс құрып жұмыс істеу кезінде құрылып тұрады. Сонымен қатар мынандай да біріккен топтар болады. Мысалға: ерекше қылмысты тергеу кезіндегі шығармашылық іс бойынша уақытша қарым- қатынаста болатын біріккен топтар болады.
Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша басты кеден бөлімі бірінші орында кедендік және акциздік құқық нормаларының бұзылуы орын алғанда, оны бақылау мен жазалау жұмыстарымен айналысады.
Салықтық-қылмыстық жазалауға, мысалға контрабанда немесе салықтарды төлеуден жалтарған жағдайда, оны жазалауға жалпы соттар жауап береді. Мұндай жағдайда қылмыстық құқықбұзушылықпен айналысатын бөлім істі прокурорларға өткізеді. Ең соңғы жағдайда оларға соттың жүргізеді.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша бөлім анықталған қылмыс бойынша соттың бұйрығын дайындайды. Мұндай жағдайда жауапкершілік жүктелген сот қылмыскерге жазаны бас сотпен бірге кеңеспестен жазаны тағайындай береді.
Бірақ, ауыр жағдайда орын алмаса мысалға әкімшілік құқықбұзушылық орын алғанда, әкімшілік құқықбұзушылық бөлімі әкімшілік жаза ретінде белгілі бір мөлшердегі ақыны алу бойынша өздері акт жасайды.
Ақшаны жымқыруға қарсы
1993жыл 29 қарашада қабылданған ақша жымқыруға байланысты заңның негізгі қылмыстық жолмен ақшаны жымқыруға және ұйымдасқан қылмыстарды анықтау мен ашуға байланысты.
Кеден органдарының жедел іздестіру қызметі ұйымдасқан түрде ақшаны жымқырудың халықаралық деңгейінде қадағалау жұмыстарын жүргізумен қатар қылмыстық істе қозғайды. Ақша жымқыру жағдайы көбінесе халықаралық тауар қатынасында орын алады. Мұндай жағдайда кеден органдары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде дәлелдер тауып бұл қылмыс түрімен күрес жүргізуде. Өйткені бұл қылмыс түрі кеден органдарының жедел іздестіру қызметіне жүктелсін.
Федеральды қылмыстық ведомства ақшаны жымқыруға қарсы күресті ойдағыдай іске асыру үшін Висбаден қаласында қаржылық анықтау тобын құрған. Бұл топ кедендік қылмыстық ведомствасы және сол ведомствасының қызметкерлерінен құралған жоғарыда айтылып өткен топ ақша жымқырудың ұйымдасқан тобына қарсы анықтау жұмыстарын жүргізеді және бұл қылмыс бойынша халықаралық аренада орын алған жағдайда егер ол екі ведомствананың ережесіне сай болса мұндай қаржы анықтау топтары полиция және кеден органдары қызметкерлерінен құралады. Олар сонымен қатар федеральды жерлер деңгейінде де құралған.
Халықаралық құқықтық және әкімшілік көмек
Қылмыстық және шаруашылық қылмыс шекарамен ғана шектеліп қоймайды. Ол жалпы халықаралық мінезге сай болып келеді. Ол барлық мемлекеттердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібіне қатер төндіреді. Сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде салық түсімін азайтып жібереді. Мұндай кедендік ереженің бұзылуын бақылау мақсатында, соның ішінде халықаралық тұрғыда алғанда Евроодаққа мүше елдердің кеден органдары өзара бір-бірімен тығыз байланыста. Егер жағдай біраз көлемді болса, онда оған үшінші бір мемлекет те қатысады. Тек ол ғана емес, сонымен қатар Евроодақтың тысындағы мемлекеттер арасында бұл проблемалар бойынша кеден қызметтері келісім-шарттар жасасып, бірігіп жұмыс істеуде.
Мұндай бірлестіктер көбінесе есірткі контрабандасында кездеседі. Сонымен қатар қару мен темекі Евроодақтың территориясында ауылшаруашылық тауарларына қойылған субсидияларға байланысты алаяқтыққа қарсы да жоғарыдағыдай бірлестіктер құрылуда.
Жергілікті халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігі
Жалпы бұл бойынша Германияның кеден қызметі төмендегідей қауіпсіздік түрлерін сақтайды:
- Жергілікті халық пен қоршаған орта қауіпсіздігі;
- Экономиканы қорғау;
- Халықаралық қауіпсіздік.
Есірткі төңірегіндегі қылмыстар
Дүниежүзілік есірткімен айналысатын топтар Германия территориясында да кокаин, героин, марихуанна, және басқа да есірткі түрлерін сатумен айналысады. 1990 жылы Германияда федеральды үкіметпен есірткі заттарымен күрес бойынша қабылданған ұлттық жоспарда, кеден органына есірткі қылмысы бойынша өте қажет міндет белгіленген.
Есірткі заттарының контрабандасы мен оны саудалау үлкен көлемде кеден органы қызметімен байланысты болып келеді. Өйткені көбінесе есірткі заттары басқа мемлекеттерден Германияға еніп отырады.
Бұл күресті сәтті жүргізу үшін қатысы бар мемлекеттер тығыз байланысты өзара орнатуы қажет. Кеден органдары халықаралық тауар айырбас тәжірибесіне негізделіп және өздерінің тауар өткізушілермен дәстүрлі тығыз қатынастар ұстана отырып, сонымен қатар әлемнің барлық кеден органдарымен байланысқа түсе отырып бұл салаға көптеген қымбат қазыналар бөлуде. Бұл мақсатта айтып өтетін жағдай ақпараттық жүйені дамыту қажет. Өйткені ол арқылы тез арада басқа елден келген ақпаратты өңдеп, оны басқа да тиісті қатыс бар мемлекеттер мен органдарға жеткізуге көмек береді.
Мұндай ақпарат жүйесіне қазіргі уақытта қолданыста болған "Балкан-инфо" ақпарат жүйесі 28 мемлекетке қызмет етуде. Бұл автомобильмен тасу жолдары бойынша. Ал теңіз жолдары бойынша күдікті заттар тасымалдануы "Маринфо" ақпараттық жүй арқылы мүше елдер ақпараттық алыс-берісте болады.
Халықаралық кеден ұйымы да бұл салалар бойынша іс-тәжірибеде болсын өзінің жан-жақты анықтау қызметі бойынша іздестіру, бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Мұндай қылмыстарды анықтау бойынша мемлекеттің ішінде кеден қызметі мен полицейлердін бірігіп жұмыс істеуі, әрине өз бетінше жетістік. Өйткені кеден органына құқық бұзушылықтың қай түрі бойынша болмасын қолғабысын көрсетуде. Мысалы есірткі контрабандасы мен ақша жымқыру бойынша.
Кеден органдарының есірткі контрабандасы мен күрес бойынша басты органның бірі болуын мынадан-ақ байқауға болады: Жыл сайынғы есірткі қылмысының 70%-ін кеден органдары тіркейді.
Қару-жарақ контрабандасы
Қару-жарақ контрабандасы және онымен сауда бұрын соңды болмағандай дамуда. Кеден органдары және ішкі істер органдарымен тәркіленген қару-жарақ саны күннен-күнге артуда. Бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дәреже көрсетіп отырғандығын айтып кету артық болмас. Бұл көрсеткіш Евроодақ шекарасының күшейтілгеніне де қарамай артуда. Мұның себебі Шығыс Европа елдерінде және Франциямен Бельгия қару-жарақ биржасындағы барлық қару түрінің "қаруға деген лицензия" қолданбай, алмай айналысқа шығаруымен байланысты.
Қазіргі уақыттағы Шығыс Европамен ашық шекара және бақылаусыз Европаның көршілес елдері арқылы қару-жарақты Германия территориясына алып келуді оңайлаытп жіберді.
Бұл жағдайды деке тұлғалармен қатар тәжірибелі қару-жарақ саудасымен айналысатындар да пайдалануда.
Радиоактивті материалдардан қорғану
Ядролық жанар-жағармай мен басқа да радиоавтивті матералдардың заңсыз түрде тасымалдануы қазіргі уақытта қысымын арттыруда. Бұл жағдай кеден органын басқа елден келіп отырған жолаушыларды да қатаң бақылаудан өткізуіне итермелеуде. Мұндай заттарды алып келу соңғы уақытта Шығыс Европа елдерінен көбеюде.
Бұл саладағы тасымалдаудың бақылаусыздығы қаупі туғаннан соң кеден органдары бойынша аз уақыт ішінде радиоавтивті материалдарды бақылау жағдайы жақсарды
Кеден қазіргі уақытта радиациялықөлшеуін қолдануда. Егер радиоавтивті материалдардың заңсыз алп келінуі туралы күдік туа қалған жағдайда, тез арада жергілікті радиациялық қорғау органдары іске кіріседі.
Экономиканы өнеркәсіптік қорғау
Тауарларды жалған тауар белгісімен алып өту немесе тауар құжаттарын жалған түрде толтырып алып өту секілді әрекеттер кеден органдарына көптеген артық істер мен зияндарын алып келеді. Мұндай жаздайлар көбінесе тауарлар бағасы төмен елдерден Германия кеден шекарасына тауарлар мен көлік құралдары келген уақытта болады.Ал бұл болса отандық экономикаға айтарлықтай шығын алып келеді. Әсіресе текстильді заттар, жоғары сапалы сағаттар, иіссулар, музыкалық заттар, сонымен қатар компьютерлерді программамен қамтамасыз ету заттары тауар белгісінің құқықтық сапасын бұзу арқылы авторлық құқықты бұзу арқылы келіп жатады.
Жоғарыда аталып өткен тауарлар кеден органы тарапынан тәркіленіп жатады. Мұның мақсаты отандық өндірушліре мен отандық сауданы жағымсыз бәсекелестіктен қорғау. мұндай мәселе Мюнхен қаласында орналасқан бас қаржы дирекциясында Федералды Германия Республикасы территориясында орталықтан жүргізіліп отыратындығы айтылып өтілген.
2.3. Кеден органдарының жедел бөлiмшелерiнiң жедел – iздестiру процесін мәлiметтермен қамтамасыз ету және жеткiзiлiмдi бақылау әдiсi
Кез келген жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, оны жүргізу алдында оны алдын ала информациямен қамтамасыз ету қажет. Бұл дегеніміз алдымен жаңадан пайда болған жағдайда, проблемаға қатысты барлық мәліметтерді талдап, кейіннен осы туындаған жағдайға байланысты шешімдер қабылданады және осы шешімдерді шешуге қажетті құралдар анықталады.
Мәліметтермен қамтамасыз ету жедел іздестіру қызметінің жеке облсыс болып табылады. Жедел іздестіру қызмет процесі кезінде алынған мәліметтер біріншіден: жедел қызметкерлер немесе жедел бөлімшелерге қажет соынмен бірге кеден органдары жүйесінің басқа да звеноларына қажет. Көп жағдайларда осы алынған мәліметтер тағы кімге керек болатыны белгісіз болуы мүмкін. Жедел бөлімшелердің жақсы қызмет атқаруы үшін мәліметтер алатын арнайы механизм қажет. Осы механизм арқылы қызушылық білдірген жедел бөлімшелер мен қызметкерлер дұрыс мәліметтер алып, оны қолдана алуы қажет.
Басқа қызметкерлермен табылған мәліметтерді белгілі бір төртіп арқылы алып, оны жедел мақсаттарда қолдануға болады.
Сонымен мәліметтермен қамтамасыз етілу - бұл жедел іздестіру қызметінің әртүрлі звено субъектілерінің арасында мәліметтерді айырбастауды ұйымдастыру жұмыстары.
Жедел іздестіру қызметінің мәліметтермен қамтамасыз ету келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1) Бұл мәліметтермен қамтамасыз ету жалпылама мінездемеге ие және осы мәліметтермен қамтамасыз ету немесе жедел қызметкерлерге жүктелген.
2) Мәліметтермен қамтамасыз ету осы арнайы жұмыспен айналысатын - секретариат, информация-аналитикалық бөлімше, бөлімшелерге жүктелген.
3) Мәліметтермен қамтамасыз ету барлық жедел іздестіру процесін қамтыған. Ол жұмыс бағытын анықтау және құқықбұзушылық фактілерін іздеу жұмысы және осы жұмыстар нәтижесін талдау.
Жедел іздестіру қызметін мәліметтермен қамтамасыз ету процесі әртүрлі мағынадағы операцияларды қамтиды. Жедел қызметкерге іс-жүргізуге қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету процестері:
1) Мәліметті табу, жинау.
2) Табылған мәліметтерді документті түрде жинақтау.
3) Мәліметтер базасын комплектеу.
4) Жедел қызметкерлерге мен бөлімшелердің мәліметтік қажеттілігін қанағаттандыру.
Кеден органдары жедел бөлімшелерінің жедел іздестіру қызметтерін мәліметтермен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін кеден сферасында мәліметтердің қауіпсіздік жүйесін құру қажеті. Осы жүйенің негізгі компоненті - жасырын кеден ісі өндірісінің механизмін құру.
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті актілері.
2) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдары өз құзыреті шеңберінде негізгі заңға сүйеніп нормативті актілер шығарады. Осы нормативті актілерде жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тактикасы көрсетліген. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде тұлғалардың бостандығы мен құқықтарының сақталуые қамтамасыз ететін шаралар:
1) Жедел іздестіру қызметтерін жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтерді заңда көрсетілмеген мақсаттарда қолдануға болмайды.
2) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган іс-әрекетіне жоғары тұрған органға немесе прокуратураға, сотқа шағымдануға болады.
3) Прокуратура немесе сот талабы ьойынша шағымды жан-жақты және толық қарау мақсатында сотқа барлық іс қағаздары мен құжаттары беріледі.
4) Жедел іздестіру қызметі нәтижесінде алынған тұлғаның жеке өмірі мен абыройы туралы мәліметтер сақталуға жатпайды және жоюға жіберіледі. Тек бұл мәліметтерде заңға қайшы істер болмауы қажет.
1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Кеден органдарында жедел іздестіру қызметтерін жүзеге асыра алады.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері:
1) Өз құзыретіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүддесін, бостандығын, құқығын қорғау; мемлекеттің қоғамның меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың экономикалық және қорғану потенциалын нығайту.
2) Қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізу жөніндегі тергеушінің тапсырмаларын, прокурордың жарлықтарын және соттың анықтамаларын орындау.
3) Мемлекет, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деген анықталған мәліметтерді және фактілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарына уақтылы, хабарлап тұру.
4) Келісім - шарт негізінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарына және шетелдің құқық қорғау органдарына керекті сұрауларын (мәліметтерін) беріп отыру.
5) жедел іздестіру шараларын орындау кезінде Конституцияны, қамтамасыз ету және мәлімет қайнар көздерінің құпиялығын қамтамасыз ету.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жауапкершілігі:
1) Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде құқыққа қайшы келетін іс-әрекет жасаған қызметкерлер, әрекет етіп жатқан заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырған органның іс-әрекет нәтижесінде жасалған шығынды, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзі төлейді.
Жедел іздестіру шараларын жүргізуге негіз болатындар:
1) Қылмыстық істің қозғалуы.
2) Жасалынатын, жасалынып жатқан, жасалып қойған құқықбұзушылық туралы мәліметтің органдарға түсуі.
3) Азаматтардың белгісіз жағдайда жоғалуы және танылмаған өліктің табылуы кезінде.
4) Халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің арнайы қызметкерлерінің тыңшылық, барлаушылық іс-әрекеті кезінде.
5) Қылмыстық іс-бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізу жөніндегі тергеушінің тапсырмалары, прокурордың жарлықтары және соттың анықтамалары.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға іс-әрекетпен көмектесу:
1) Лауазымды тұлғалар және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіпорын, ұйым, мекеме қызметкерлері, әскери бөлімше қызметкерлері және Қазақстан Републикасының қоғамдық бірлестіктері жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға өз қызметтеріндегі келеңсіздіктерді шешуге іс-әрекетпен көмектесуі керек.
2) Жеке тұлғалар өз еркімен жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып және жүргізуге көмектесуі.
3) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар кәмелет жасқа толған іс қабілеттілігі бар тұлғалармен бірге қарым қатынас жасау туралы контракті құруға құқығы бар.
Жедел іздестіру қызметі нәтижесін қолдану тәртібі:
1) Жедел іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу іс-әрекеттерін жүргізуде қолданылуы мүмкін.
2) Жедел іздестіру қызметін ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер, белгілі бір жедел іздестіру шаралары, мәліметтердің қайнар көздері мен алу әдістері және мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия ешқандай жариялануға жатпайды.
3) кәсіби міндетін орындау барысында белгілі болған, жедел іздестіру қызметі туралы мәліметтерді жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілетін жауапкершілікке тартылады.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер:
1) Адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін іс-әрекеттер жасамау.
2) Саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер мүдделер үшін іс-әрекет жасамау.
3) Азаматтардың құқықбұзушылық жасауға итермелеу іс-әрекеттерін жасамау.
4) Жедел іздестіру мәліметтеріндегі дұрыс емес мәліметтерді қолданбау.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың шетел органдарымен бірлесіп әрекет жасауы:
1) Қазақстан Республикасының заңына және келісім-шартына сәйкес ҚР-ның территориясында шетелдік органдар жедел іздестіру шараларын бірігіп жүзеге асыруы.
2) Басқа шетел заңдарына және сол елдермен орнатылған клесім-шартқа, сәйкес Қазақстан Республикасының жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар, шетел мемлекеттерінің территорияда жедел - іздестіру шараларын бірігіп жүзеге асыруы.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарды Республикалық және жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылып отырылады. Бұл қаржылар ұлттық немесе шетел валютасында болуы мүмкін.
Оперативті іздестіру қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету мыналармен жүзеге асырылады:
Республикалық және жергілікті бюджет құралдарынан.
Сот шешімі бойынша тәркіленген: автотранспорт, радиоэлектрондық құралдар, аудио және бейне техника, электронды - есептеуіш құралдар, оргтехника және басқа да мүліктер.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы:
1) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкерлері мемлекет қамқорлығына алынады және оларға қосымша жеңілдіктер берілген.
2) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкерлерінің заңды іс-әрекеттеріне осы, іске қатысты құзыретті тұлғадан басқа ешкім араласа алмайды.
3) Жедел іздестіру қызмтетін жүзеге асырушы органның бастықтары өз қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін, мүліктің сақтауын және олардың жанұя мүшелерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
4) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкерлеріне мынадай жағдайлар жасалған: медициналық қызмет көрсету, арнайы кәсіби дайындық алу, кәсіби біліктілігін арттыруға.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен бірлесіп іс-атқаратын азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы:
1) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен бірлесіп іс-атқаратын азаматтар мемлекет қамқорлығына алынады.
2) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен бірлесіп іс-атқаратын азаматтар мен олардың жанұя мүшелерімен бірлесіп іс-атқаратын азаматтар мен олардың жанұя мүшелерімен бірлесіп іс-атқаратын азаматтар мен олардың жанұя мүшелерінің денсаулығы, өмірі мен мүлкіне қауіп төндірілсе, осы органдар құқыққа қарсы әрекетті болдырмау жөніндегі барлық керекті шараларды қолдану.
3) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен конфиденциалды түрде іс-атқарған азаматтар туралы мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады және олардың жазбаша түрде рұқсат етілген кезде ғана жарияланады.
4) Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен іс-атқарған азаматтар, сыйлық алуға құқығы бар және зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
5) Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде азамат қайтыс болса оның отбасына жәрдемақы беріледі және осы жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде азаматтардың жарақат алуына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.
3. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден бақылау департаментінің жедел іздестіру тәжірибесі
3.1. Контрабанда және кеден ережелері және қылмыстармен күрес жүргізу қызметіне талдау
Өткен жылдың бірінші жарты жылдығында  Республиканың кеден органдары 451 қылмыстық іс және 4751 әкімшілік іс қозғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 286 бабы бойынша заңсыз айналымнан 47 кг жуық есірткі құралы, соның ішінде 40 кг – героин, 4 кг – гашиш, 1 кг – кокаиналынды. Сомасы 397 млн. теңгеге тауар тәркіленді, 3 млрд. 665 млн. теңгеге келтірілген залал өндіріліп алынды.
Жылдың басынан бастап  жедел жұмыстарын өткізу нәтижесінде тауарларды контрабандалық жолмен өткізудің, соның ішінде мұнай өнімдерінің, есірткі құралдарының және халық тұтынатын тауарлардың бірқатар тұрақты арнасы анықталды.
Мұнай өнімдерінің контрабандасы ҚР Қылмыстық кодексінің 234 бабы бойынша 2014 жылғы сәуір және мамыр кезеңінде  Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Құлан» кеден бекетінде кедендік бақылау  барысында дизель отыны мен жанармайы бар 427  цистерна ұсталды.
Ұсталған тауарларды Қазақстан резиденттері Ресей компанияларынан алып Қырғыз Республикасына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің және Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген Тауарға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың (2010 жылғы 20 мамырдағы №257) нормаларын бұза отырып экспорттаған.
Көрсетілген Келісімнің нормаларына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасынан  Кеден одағының  кедендік аумағынан тыс дизель отыны мен жанармайды экспорттауға тыйым салынған.
Осылайша, ұсталған мұнай өнімдері Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына экспортталуы мүмкін емес, осыған байланысты аталған тауарды кеден органдары ұстады.
Жамбыл облысы бойынша КБД осы факті бойынша 10 қазақстандық компанияға қатысты мұнай өнімдерінің жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеден астам сомаға 10 қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта қылмыстық істерді Жамбыл облысы бойынша ЭҚСЖКД кеден органдарымен бірлесіп тергеуде.
Есірткінің контрабандасы
Жазғы кезеңнің келуіне және ауыл шаруашылық өнімдердің ірі көлемде өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын заңсыз әкелумен айналысатын қылмыстық топтардың белсенділігі белгіленеді, ол есірткі құралдары контрабандасының анықталған ірі партия фактілерін куәландырады.
Мәселен, 2014 жылғы 14 шілдеде «Қордай» кеденінің «Қарасу» кеден бекетінің қызмекерлері Ресей Федерациясының азаматы басқаруындағы, «Шевроле Niva» маркалы автокөлігінің инспекциялық-текрсеріп қарау кешенін және қызметтік-іздестіру иттерін қолданып кедендік бақылау жүргізу кезінде отын жүйесінің газ баллонында бөгде затпен толтырылған екінші сыйымдылық анықтады.
Газ баллонды ашу кезінде жалпы салмағы 25 кг жуық «ГЕРОИН» есірткі құралының 25 орамы және жалпы салмағы 3 кг «ГАШИШ» есірткі құралының 8 орамы алынды.
2014 жылғы 16 шілдеде «Қордай» кеденінің қызметкерлері ұқсас фактіні анықтаған, олар «Мазда» маркалы автомашинаны басқарған Қырғыз Республикасының азаматын ұстады.
Инспекциялық-тексеріп қарау кешенінің және қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен көлік құралына  тексеріп қарау барысында жалпы салмағы 9 кг. 870 гр. «ГЕРОИН» есірткі құралы бар 20 орам анықталды.
Аталған фактілер бойынша «Қордай» кедені ҚР ҚК-нің 250-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғап, тергеу жүргізуде.
Халық тұтынатын тауарлардың контрабандасы яғни ҚР Қылмыстық Кодексінің 234 бабы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кедендік декларацияларында әкелінетін салық салынатын тауарлардың орнына салығы аз төленетін тауарлары көрсетілетін схема белгіленді (жасырын тауарлар).
Ағымдағы жылғы 15 шілдеде Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының жедел әрекет ету  мобильдік топ және Алматы облысы бойынша КБД қызметкерлері жедел ақпаратты пысықтау шеңберінде Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Саймасай  кентінде орналасқан өндірістік базаның аумағында ҚХР-даң жүк автомашинамен әкелінген халық тұтынатын тауарларын заңсыз қайта тиеу фактісін анықтады.
Автомашинаның шанағын қарап тексеру барысында кедендік декларацияда мәлімделген кафель мен әйнек мақтасы мәліметінің орнына қымбат тұратын халық тұтынатын тауарлары анықталды, мәселен жалпы сомасы 90 млн. теңгеден астам киім, планшет, сағат, мобильді телефон, мобильді телефонға арналған аксессуарлар.
Қазіргі уақытта кеден және басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 3-бөлігінің «2» тармағы бойынша яғни ұйымдасқан топпен жасалған экономикалық контрабанда бойынша  қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 236 бабы бойынша кедендік бақылау комитеті талдау және тексеру нәтижесі бойынша 2013 жылы ҚХР-дан Алматы облысы бойынша КБД-нің қызмет аймағына халық тұтынатын тауарлары әкелінген төрт компанияның кедендік төлемдерін төлеуден жалтару фактісін анықтады.
Тексерумен компанияларда мемлекет бюджетіне тауарларды кедендік тазарту кезінде кедендік төлемдерді төлемеу салдарынан қалыптасқан 1 млрд. 900 млн. теңгеден аса берешегі бар фактісі анықталды.Бүгінгі күні 1 млрд. 400 млн. теңге өндіріліп алынды.
Аталған фактілер бойынша Кедендік бақылау комитеттің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы ҚР ҚК 236-бабының 1-бөлігі бойынша 4 қылмыстық іс қозғады.
Кедендік бақылау комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымды өкілетін теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 361-бабының 2-бөлігі бойынша 4 қылмыстық іс қозғады. 
Қылмыстық істер Алматы облысы бойынша ЭҚСҚКД-ға тергеу тиістілігі бойынша берілді, аталған қылмыстық істерді тергеу бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құру туралы мәселесі шешілуде.
Қазіргі уақытта басқа ұқсас фактілерді анықтау бойынша шаралар өткізілуде.
Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы ірі тұрақты контрабанда арналарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Қорытынды
Сонымен, қорытындылай келе,Қазақстан Республикасы Кеден органдарының жұмыстарының жедел іздестіру қызметінің еліміздегі басқа салалар секілді тәжірибесі аз екені мәлім, соған қарамастан көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Осы орайда мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына байланысты біраз мәселелерді атап көрсеткен дұрыс.
Бірінші мәселе, кеден ісі саласындағы қылмыстардың жалпы санының жылдан жылға өсуі. Оның себептері біріншіден, бізбен көршілес жатқан елдердің экономикасының біздің елмен салыстырғандағы айырмашылығы және кейбір елдердің ұстанып отырған саясаты. Оған мысал ретінде Өзбекстанды алуға болады. Ол мемлекетпен Қазақстанның арасында тауар айналымының көп екендігіне қарамастан екі мемлекет арасындағы шекараның жабық болуы. Бір жағынан бұл өте дұрыс саясат деп айтар едім. Өйткені Өзбекстан Республикасы қауіпті елдермен шекаралас яғни есірткінің ошағы деуге болады. Әсіресе еліміздің оңтүстік өңірінде қылмыстың артып кетуінің бір себебі Қытай Халық Республикасы және Өзбекістан Республикасымен шекаралас болуы. Сонымен қатар Иран, Туркия, Ауғаныстан.
Тәжікстан мемлекеттерінен келген тауарлардың осы өңірден ішке енуі. ал бұл мәселелерге деген менің ұсынысым Өзбекістан мемлекеті арасындағы саяси мәселелерді шешу. сондай-ақ сол елдердің кеден органдарымен тығыз байланыс орнату.
Екінші мәселе. Кеден органдарының жалпы қазіргі заманға сай түрлі бақылау техникалық құралдарымен толық қамтамасыз етілмегендігі. Шынын айту керек біздің елде 100 пайызға дейін толық инфрақұрылым яғни техникалық тексеру құрал жабдықтарымен қамтылмаған.
Жоғарыда аталған талдаулар мен негіздерге сүйене отырып мен мынадай ұсыныстарды келтіремін:
тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде рұқсат етулік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
экономикалық контрабанда мен кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
құқықбұзушылықтарды тергеудің әдістемесі мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың тетігін әзірлеу;
есіркілердің, қарау-жарақ пен оқ-дәрілердің, валюталардың, энергия таратқыштардың заңсыз өткізілуін бақылау жөніндегі шараларды күшейту, инттеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
кеден ережелерін бұзушылықтарымен, өткізіліп жатқан кеден процедураларын топтастыру, халықаралық терроризммен күресті күшейту, діни экстремизм, есірткі трафиктермен күресті тиімді жүзеге асыру мақсатында,жасалған келісімдер шеңберінде шет елдердің кеден органдарымен тығыз байланыстарды жүзеге асыру;
Елімізге көп контрабанда және заңсыз миграция темір жолмен яғни жолаушылар вагоны арқылы келеді. Жолаушыларды толық тексерудің реті болмайды өтйкені тексеру жүйесі кеңес дәуіріндегі әдістер яғни кинологтар және кеден қызметкерлерінің тексеруімен жүезеге асырылады. Мұнда менің ұсынысым Батыс елдерінің тәжірибесі мол болғандықтан тексерудің Батыстық әдістерін және тексеру техникаларымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар тексеруді бірнеше сатыда жүзеге асыру тиімді болады.
Келен қызметкерлеріне психологиялық сабақтарды өткізу, яғни заң бұзушыны анықтауда үлкен маңызға ие.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі,2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңымен.3. Вибол. Е. Правовые основы управления таможенным делом в Республике Казахстан. Дисс. канд. юр.наук./Алматы.-1999.-137б.4. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 2001 жыл 22 қаңтар №536;5. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жыл 12 тамыз №1238;6. Гребенщикова Л.В., Кубасова И.А, Сарсембаев М.А. Таможенное законодательство Казахстана и международные таможенные конвенции./ Алматы.-1996.7. Мауленов К.С.Основы таможенного законодательства./ /Основы государства и права РК/ Алматы.-1997.-493б.8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;9. Алибеков “Таможенное дело в Республике Казахстан” Алматы 1997 год;10. Алибеков “Таможенное право” Алматы 1997 год;11. Драганов В.Г. “Основы таможенного дела” Москва 1998 год;12. Сәрсенбаев М.А. “Таможенное право” Алматы 1998 год;13. Мадиярова Д.М. “Кеден ісін ұйымдастыру және басқару” Алматы 2000 жыл;14. Российское таможенное право: учебник для вузов. / руководитель авторского коллектива Б.Н.Габричидзе – Москва 1997 год;15. Садықов Е. “Ішкі экономикалық қатер” Ақиқат журналы 1, 1998 жыл;16. М.Шабанбаев “Қауіпсіздік бәрінен де қымбат” Егеменді Қазақстан / 13 желтоқсан / 2000 жыл;17. Ү.Құланбай “Кеден – мемлекеттің шекарадағы сенімді қалқаны” Егеменді Қазақстан / 16 ақпан / 2000 жыл;18. Н.Назарбаев “Қауіпсіздікке мән бермеу – нақты қатерді бағаламаумен тең” Егеменді Қазақстан / 25 ақпан / 2000 жыл;19. Габричидзе Б.Н. Таможенное право./ Москва.-199520. Борисов К.Г. Международное таможенное право./ Москва.-199721. Е.О.Алауханов “Есірткіні ауыздықтау қауіпсіз қоғамға жол ашу” Үкімет жаршысы, 1,2001 жыл;22. М.Нүркенов “Экономикалық қауіпсіздік күзетінде” Егеменді Қазақстан / 30 қараша / 2001 жыл;23. В.Пресняков “Экономическая безопасность: таможенные методыи средства обеспечения”. Внешняя торговля 1995 жыл, 12.24. Ершов А.Д. Управление экономической безопасностью в таможенном деле: материалы научно-практической конференций «Таможенная деятельность и обеспечение экономической безопасности государства» Ростов на-Дону: 1998 жыл;25. Кисловский Ю.Г. Контрабанда: история и современность. М.Автор 1999 жыл;26. Беляшов В.А. “Таможенный энциклопедический справочник” Минск 1999 жыл;27. Бекбосунов И. “Ответственность за нарушение таможенных правил” Внешнеэкономическая деятельность, 2001 жыл, 1;28. Л. Матақбаева "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Ммелекеттер Достастығындағы интеграциялық саясаты туралы". Ақиқат журналы, 3, 1999 жыл.29. М. Нүкенов "Экономикалық қауiпсiздiк күзетiнде". Егемен Қазақстан, 2001 жыл.30. Ә. Дүйсенбек "Бiрiккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан". Егемен Қазақстан/06.02.2001 жыл./31. В. Пресняков "Экономическая безопасность: таможенные методы и средства обеспечения". Внешняя торговля, 1995 год, 12.32. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жұйесіне дейін)./Алматы.-2001.33. Тленчиева Г.Д. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане./Алматы.-1996.34. Шалтыков А.И. История таможеного дела./Алматы.-1999.
35. http://www.customs.kz
36. Жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі заңы

Приложенные файлы

  • docx 18048459
    Размер файла: 87 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий