Функционалды диагностикалық кабинетте жұмыс іст..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІТақырыбы: Функционалды диагностикалық кабинетте жұмыс істеу. Орындаған: Факультет: тіс емдеу Топ: 402-02 Қабылдаған: Алматы СӨЖ Кіріспе Эргономика —адамға жұмыс істеуге барынша оптимальды жағдай жасауды, яғни жұмыс орнының ыңғайлы болуын зерттейтін ғылым. Бүл ғылым адам еңбегінің сапасы жоғарлауына, сонымен қатар адамға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп, оның денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін сақтауға жағдай жасайды. Эргономика мақсаты:Дәрігердің және мейірбикенің жұмыс көлемін азайту; Кәсіби ауруладың пайда болу қаупін жою;Жұмыс істеу әдісінің сапасын жақсарту, науқасқа түсетін ауыртпалдықты азайту; жұмыс уақытын тиімді пайдалану арқасында дәрігердің бос уақытын білімін жетілдіруге жұмсау;Дәрігерге көріну үшін күтуге кеткен науқастың уақытын үнемдеу, келу ретін азайту және бір келгенде жүргізілетін жұмыс көлемін арттыру. Жұмыс уақытын нақты ұйымдастыру үшін медициналық жиһаздарды және стоматологиялық құралдарды дұрыс орналастыру керек. Бұл жұмыскерлердің еркін қозғалуына және жұмыс орнының реттелуіне әсер етеді. Профессор Л. Шан стоматологияда еуропалық эргономиканың “әкесі” болып табылады. Ол тіс дәрігері мен ассистенттің біріге жұмыс істеу әдісін ойлап тапты. Қазіргі кезде бұл әдіс “төрт қолмен жұмыс істеу” деп аталады. Мысалы, егер де дәрігер ұштыққа немесе пистолетті қолға алу үшін созылып тұратын болса, уақытын жоғалтады, сонымен қатар бұндай қосымша қимылдар кейіннен шаршатады. Сондықтан бұндай құралдар қолдану жиілігіне байланысты дәрігерге жақын орналасуы керек. Турбиналы ұштық механикалыққа қарағанда жақын, ал пистолет сорғышқа (слюноотсос) қарағанда жақын орналасады. Артық қимылдарды қысқарту мақсатында барлық құралдар ассистенттен 50 см қашықтықта дәрігерге тез берілетіндей орналасуы керек. Стоматологиялық жабдықтардың дизайнын бағалау:Нарықтағы стоматологиялық жабдықтар артқы және бүйір жақта үстелшелермен қамтылған. Қазіргі кезде стоматологиялық жабдықтардың 4 түрі кеңінен тараған. Бүйір жақтан берілетін жабдық түрі(Установка с боковой подачей )Құралдың бұндай түрі көптеген он жылдардан бері танымал. Бұл көбінесе стоматологиялық факультеттерде қолданылады. Бұл жабдық түрінде студент өзі ұштықты ауыстырады, өзіне қажет құралды алады. Бұл кезде болашақ дәрігердің көңілі басқаға ауады да, қайта жұмысқа ойын тұйықтандыруға кедергі жасайды. .Сонымен қатар бұндай үстелде жұмыс жасағанда дәрігер шаршайды. Бұл дизайн ассистентті қүралдардан қашықтатады. Сорғыш ассистент жағынан орналасқандықтан бұл дәрігерді жұмыс орнынан, яғни науқастан едәуір алшақтатады.. Арттан беру Бұл дизайн түрінде де дәрігер ұштықты өзі ауыстырады, әдеттегідей көптеген ыңғайсз жағдайларға әкеледі. Жабдықтар бекітіліп жасалатындықтан дәрігер де ассистент те жұмыс қалпын өзгерте алмайды. Сорғыш, пистолет ассистенттің жұмыс аймағында, бірақ артында орналасқандықтан ассистент тез шаршап, стресске жиі шалдығатын болады. Бірақ көптеген эргономикалық кемшіліктерге қарамастан бұл дизайнның артықшылығы науқас құралдарды көріп тұрмайды. Бөлінген жабдықЖабдық пен үстелшені бөлу машинаны оператор және ассистенттің жылжымалы пистолеті және сорғышы бар үстелшеге ажыратады. Басқа да дизайндар сияқты бұл дизайнда да дәрігер ұштықты өзі ауыстырады, бұл да дәрігердің еңбек сапасын төмендетеді. Трансторакс типіндегі кеуделік үстелшесі бар жабдықКеудеүстілік үстелшесі бар жабдық жасалатын қимылдар мен уақытты үнемдейді және барынша эргономикалық талаптарға сай болып табылады. Ассистеент кез келген ұштықты кеудеүстілік үстелшеге жылдам беріп отыра алады, сонымен қатар қалған құралдарды да ассистенттің жылжымалы үстелі үстінен беріп отырады. Ассистент үстелшесі оңай қозғалады, себебі дөңгелектері бар әрі шлангілер кедергі бермейді. Қорытынды Зерттеу нәтижелері бойынша, «төрт қолдық»эргономикалық стоматологияда ең тиімді әдіс бұл – жұмыс сапасын жақсартатын және дәрігерді шаршатпайтындай етіп жұмыс орнын ұйымдастыру. Бұл үшін дәрігер және ассистентке қолайлы жабдықты таңдау. Жұмыс барысында ассиситенттің дәрігерге қажетті құралды беру іне ешқандай кедергі болмау керек. Ауыз қуысында жұмыс жасағанда дәрігердің көңілі тек жұмыста тұйықталуы тиіс. Дәрігер артық қимылдар жасап, көңілін басқаға аударудан аулақ болғаны жөн Қолданылған әдебиеттер:“Методы исследования в ортопедической стоматологии” И.Ю.Лебеденко, М. 2003www.stamil.com.uawww.medicreferat.ru

Приложенные файлы

  • pptx 18048354
    Размер файла: 200 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий