Эпилепсияда аурудың диагнозын нақтылауға мүмкіндік беретін бірнеше электрографиялық белгілер бар



Эпилепсияда аурудың диагнозын нақтылауға мүмкіндік беретін бірнеше электрографиялық белгілер бар, кей жағдайда тіпті ұстама түрін анықтауға болады. ЭЭГ-да эпилептиформды (эпилептикалық) немесе тырыспа белсенділік деп аталатын гиперсинхронды разрядтар (пароксизмдер) тіркеледі. Эпилептиформды белсенділік – эпиилепсиямен сырқаттанған адамдарға тән белгілі бір толқындар мен графоэлементтердің түрін білдіретін интерпретативті термин. Бұл термин ұстамадан тыс мидың белсенділігін сипаттау үшін қолданады. ЭЭГ ̵ дағы келесі өзгерістер эпилептиформды белсенділікке жатады:
Үшкір(острые) толқындар- потенциалдың негізі кеңейген және үшкір шыңды потенциалдың толқыны, ұзақтығы ̶ 75 миллисекунд. Олардың амплитудалары вариабельді (20 ̵ 200мкв және одан да көп). Олар біреулік, топтық және көптік, ал үшкір толқындар монофазды және екі фазды. Жазбада 30мм/сек жылдамдықпен үшкір толқын негізі 2 мм ̵ ден аса кеңейген.
Шыңдар (спайктар) – потенциалдың ауытқулары формасы бойынша үшкір толқындарға ұқсас, бірақ периоды аздау(ұзақтығы)(75 мс) Спайк – үшкір формалы, ұзақтығы 15-70 мс, амплитудасы фондық белсенділік амплитудасынан жоғары жүздеген немесе одан да көп микровольтке дейін жетуі мүмкін потенциал. Негізігі компоненті негативті (теріс). Полиспайктар немесе көптеген спайктар кешен топталған 2 және одан да көп бифазды спайтардан құралған. Жазбада 30мм/сек жылдамдықтағы шыңның кеңдігі 2 мм ̵ ге дейін. Формасы бойынша инеге ұқсайды (спайк).
Үшкір толқындар және шыңдар баяу толқындармен алмасып жүруі мүмкін.
Үшкір толқын – баяу толқындар және пик – толқындар кешені түзіледі.
Спайк-толқын . Баяу толқындар үлесетін спайктардан тұратын паттерн. Пик-толқын кешені жоғары амплитудалығымен және едәуір тұрақты конфигурациямен сипатталады. Пик-толқын кешені жиі сериялы сипатта амплитудты жиілікті көрсеткіштердің жоғары тұрақтылығымен байқалады. Кейде баяу толқынның бірнеше шыңдардан (пик) кейін өтуі мүмкін. Бұл кешен «көптік пик-толқын» деп аталадв.
Үшкір толқын – баяу толқын. Бұл кешен формасы бойынша спайк ̵ толқын кешеніне ұқсайды. Үшкір толқын – баяу толқын кешені де жоғары амплитудалы сипатты, бірақ баяу толқын бұл кешенде басымырақ. Сонымен қатар, бұл кешен сирек сериялы түрде өтеді және қайта пайда болғанында тұрақты конфигурациясы болмайды.
Эпилепсиялық элементтерге тағы кез ̵ келген диапазондағы пароксизмальды толқындар және амплитудасы фондықтан айтарлықтай жоғары полифазды потенциалдар жатады. Олар билатеральді-синхронды немесе жергілікті болуы мүмкін.
Шартты эпилепсиялық элементтерге К условно эпилептическим элементам относят наличие на ЭЭГ да сүйірленген формадағы гиперсинхронды α – және β-ритмдердің болуы жатады, әсіресе, егер осы ритмдердің жергілікті дұрыс таралуы бұзылса. ЭЭГ да жоғарыда айтылған өзгерістер мидың тырыспалық дайындығы табалдырығының төмендеуін көрсетеді.
Белсенділіктің әрқайсысы «спайк ̵ толқынды» санамағанда ЭЭГда түрлі церебральды патологиялық жағдайларда тіркелуі мүмкін және мидың тырыспалық дайындығын көрсетпейді, бірақ жадпы олар науқаста эпилепсияның бар екендігін айғақтайды.
Қалыпты ЭЭГ эпилепсияның интериктальды (ұстамааралық) кезеңінде 20% ̵ ға дейін анықталады, негізінен ұстамалары сирек және эпилепсиялық ошақтары терең орналасқан науқастарда байқалады.. Алайда, фондық жазбадағы ЭЭГ ның қалыпты болуы эпилепсияның жок екенін білдірмейді. Форсирленген тыныспен үш минутты гипервентиляция, және де фотостимуляцияның түрлі нұсқалары мен фармакологиялық сынамалармен жүктеме эпилепсиялық белсенділікті анықтауда өте маңызды,

Приложенные файлы

  • docx 18048307
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий