Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары


Қазақ диалектологиясы
Прктикалық сабақ тапсырмалары
1. Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік
Талқыланатын сұрақтар:
1. Диалектология ғылымы, оның зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.
2. Жергілікті диалекті мен говорлар туралы ұғым, пайда болу жолдары.
3. Зерттеу сипатына қарай бөлінуі
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, асты сызылған диалект сөздерді сөздіктен қарап, мағынасы мен жергілікті қолдану аймағын табыңыз:
Ақындардың ұстазы,
Өлеңі өрнек үн берген.
Сөздің зергек ұстасы,
Жаһанда шолып үлгерген.
Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ
Қыдырып айтқан биліктің беделі жок.
Ердің жонасы қалың болса,
Аттың арқасына жайлы болады.
Молшылық болсын десең ,
Құшырланып еңбек ет.
Тер төгіп еңбек етсең дүр тересің.
Егін жақсы шықса,
Халыққа үлкен алапа.
Ел егінді салады пұл болсын деп,
Төре жұртын жияда құл болсын деп.
Тоқты сойған тоқалдар Шөміш алып қоқаңдар.
Тоқал қатын өр келетұғыны несі?
Кеселді кісі ер келетұғыны несі?
Кедей кісінің кер келетұғыны несі?
2 – жаттығу. Мақал-мәтелдердегі диалект сөздердің орнына әдеби нормадағы баламасын қойып, дәптерге жазыңыз:
1. Қопал бөрі қой үйретеді,
Ақуа адам ел үркітеді
2. Жүдәлі жерде қалмайды
Сыпатты адам сырын жасырмайды
3. Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ
4. Жақсы лебез – жарым ырыс
5. Қарау адам – күншіл,
Менер адам – меншіл
6. Жалтсыз бұйырмағаннан татар
7. Алапатты олжа үшін өледі
Күншіл күндеумен өледі
8. Түйе шудасын,
Жылқы жалын, Пада мүйізін төсейді
3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, Әбіш Кекілбаев шығармаларында кездесетін диалектизмдердің әдеби баламасын табыңыз.
Үлгі: Елеместің Шайхатты көп мошқайтыны да – оның тұтымының жоқтығы. Содан болар, талай жерде оның тапсырмасын орындаймын деп жаны көзіне көрінсе де, титекендей түйткіл қашса не дейсің. Аштан өлмес. Әйтеуір, ешкім насырына тимейді ғой. Жақан ондай-ондайға көп қыңбайтын боп барады («Автомобиль»).
Оның өзі де ұзатылған қыздың отын жинайтын шошаласында иесіз қалды («Құс қанаты»). Қуғыншыдан үркіп жөңкіле қашқан тағы үйір жолында не тұрса да қарамапты. Айдалада жалғыз жайылып тұрған бурыл байталды да қақпайлап әкеп, өздерімен бірге аранға жығыпты («Үркер»). Іштерінде Есетжан мінетіндей біреуі жоқ, өңшең тұғжым! Сол тұғжым бурылдың көлеңке бетінде төсі жылтырап Самат ағам тұрады («Үркер»). Қойыртпақ ішіп, күпке түсіп, солардың көңілін көтереді («Үркер»). Тұманның арты жібіскі жаңбырға айналды («Үркер»). Миы зеңитіндей күн бүгін әдеттегісінен әлдеқайда қағу («Ақырғы аялдама»). Тұсында әуел бастағы қарағай лашықтардың орнына осындай тәпене сыламалар салына бастағанына Петр патша қандай қуанып еді! Үйлерінің көбі – сол баяғы бір қабат сылама («Ақырғы аялдама»). Шәйдың дәмі ұнай ма, айтыңыз. Сізге шәйді басқа дүмшеден құйсын («Үркер»). Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!... («Шыңырау»). Балалары қақшаңдаған әкесіне тартпай, балағын жинай алмай жүрген шешесіне тартып туған. Ӛңшең бір аузынан сөзі түскен бозым («Тасбақаның шөбі»).
4 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып шығып, сөйлем құрастыр. Олардың әдеби баламасын есте сақтаңыздар.
Жозы – аласа дөңгелек стол. Жар – үйдің қабырғасы. Сақа – үйдегі тіреу, бағана. Сой – тұқым, тек. Құдағай – құдағи. Тума – жекжат, туысқан. Шошала – ас пісіретін үй. таға– нағашы. Әпше – апа.
5 – жаттығу. Берілген сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, астын сызыңдар
«Дәукен қарттың әңгелегі шығыпты» деген гу-гу сөз ең алдымен ауыл балаларының құлағына тиді. Тілек пен қуанышты сермеп қалам, Халқымның құттық айтам сайлауына (И.Жылқайдаров). Бар - барын айтады, жоқ – зарын айтады, Құда базына айтады, Құдағай назын айтады (мақал). Әпшесі қалада оқиды екен. Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауысып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті (С.Мұқанов).
6 – жаттығу. Берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер Сым, азан, атыз, бәдірен, жарын, есім қосу, тұқай, кемпірауыз, пияла.
7 – жаттығу. «Әр кәлләда бір қиял» мақалының мағынасын түсіндір және диалект сөздер қатысқан 10 мақал тауып жазыңыз.
8 – жаттығу. Мына сөйлемдердегі диалектілердің әдеби баламасын жазып, қай облыста, қай ауданда қолданылатынын табыңыздар.
Үлгі:
Сұрасаң арғы түбі аға сойдан, Негізі беріш ұлы ағатайдан. (Х.Ерғалиев). Сой – тұқым, тек. (Батыс Қазақстан, Орал, Чапаев). Жағын таянып, шам жарығынан жарға түскен өз басының көлеңкесіне қарап ұзақ отырды. Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (Х.Есенжанов «Ақ жайық» романы). Иттерге құнтын сілтеп, өшіктіріп, кейбіреуін тартып жіберіп қыңсылатты. Қаңылтыр шәйнекті алды да, босағадағы ләгөнге қолын тосқан Асқарға су құйды. Қызмет тәртібін қатты ұстайтын Рахмет қажетті жұмысы бар адамды болмаса жай келгендерді қабылдамайды. Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырғада жаннат қаптан ішік, қара құлынжарғақ ілулі тұр. Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті. Аңызғаққа шыжыған Асқардың да аңқасы кеуіп, ақ таңдай бола бастағасын ауылға беттеді (С.Мұқанов. «Ботагөз» романы).
2. Тақырып. Жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер мен ұлттық тіл
Талқыланатын сұрақтар:
1. Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл
2. Әлеуметтік диалектіле туралы түсінік
3. Жаргон, арго, кәсіби сөздер
4. Әлеуметтік диалектілер және ұлттық тіл
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің ішінен диалект сөз болып тұрған сөздерді анықтаңыздар, мағынасын түсіндіріп жазыңыздар.
Үлгі:
Көк мұз бен қыз жамылған тон алаңғыт тартып қалды (Т.Ахтанов «Дала сыры»). Алаңғыт – күңгірт (Қызылорда, Арал)
Бұрын үнемі жарқылдап жалын атып жүретін аржайы барлаушының қапелімде бүйтіп көңілсіздене қалуы комсоргты қатты таң қалдырды (Ә. Нұрпейісов «Курляндия»). Көйлек тігем деп бес метр бескөз алып едім, тігілмей әлі жатыр (Б. Майлин. Шығармалары). Қолының бөртігі бар, сол ісейін десе керек (Д.Досжанов «Жібек жолы»). Құранды молда теріс оқыр Дағарадай болып сәлдесі, Мал құмар көңілі бек соқыр Бүркіттен кем бе жем жесі (Абай) Шынында да, ашу үстінде төре тұқымының төлін зақымдап алар болса, қазаққа тағы да бір таусылмас далаба табылатын еді ғой (Ә.Кекілбаев «Үркер»). Шұға жәй сөйлескені болмаса, Әбдірахманмен онша ежіл – қожыл бола алмады (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»). Жетіқабат жердің астында қараңғы, үңірейген үңгір забой, есебі, көрдің ішіндей десе болады (С.Сейфуллин. Әңгімелері). Үстіндегі жеңсізі желбірей-желбірей әуелі оң қолынан, сосын сол қолынан сыпырылып түсе бастады (Ә.Кекілбаев «Үркер»).
2 – жаттығу. Берілген мақал – мәтелдерден диалект сөздерді тауып, мағынасын анықтап, түсіндір.
1. Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.
2. Үйдің сәні сандық болар,
Қораның сәні жандық болар.
3. Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
4. Көп іздеген көмбе үстінен шығады.
5. Шығасыға иесі басшы.
6. Құмсыз жер болмас,
Балберкісіз ау болмас.
7. Аспазшы пуға семіреді.
3 – жаттығу. Құрамында диалект сөздері бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, түсіндір. Қай аймаққа тән екендігін анықтаңыздар. Тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар
Аласат салу, баз кешу, маш болып істеу, пыш болу, қаза басу, шұрқан салу, үрдіс қылмау, қаржымын қайтару, башайлап көрсету, бұлды сатпайы болу, ай үйлі болып кету, айшығы айналып жүру.
4 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазыңыздар. Сөйлемдегі диалект сөздердің мағынасын еске сақтаңыздар.
1. Ертеңгі шайға бәріміз бір қора болып, жозыны айнала келіп отырмыз. (Б.Соқпақбаев «Біз де бала болғанбыз») Жозы – аласа дөңгелек стол.
2. Жастар жөні тегіс атқа мінген. (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» ) Жөні – жағы.
3. Сөзінің беті түзеліп, бар аңғары танылған соң, дәл желке тұсынан жөткіріп қап, түрегеле қойдым. (М.Әуезов «Абай жолы») Жөткіру – жөтелу, тамағын қыру.
4. Сүйірлер суды кезекпен ішетін құйақтан айрылды да, қауыны алма, егіні жұлма болды. (Қ.Әбдіқадыров «Тәтті қауын») Жұлма – сирек, селдір шыққан егін.
5. Бұл сүйікті өсімдіктер тонның етегіне ұстаған жұрын сияқты жағалықты көмкеріп қойғандай көрінеді. (Х.Есенжанов «Ақжайық») Жұрын – тонның етегіне, жеңіне немесе бөріктің айналасына теріден салған жиек.
6. – Кемпес, ә, кемпес! – деп Зағипа жеңгейге қарады. (Ғ.Сыланов «Домбыра күйі – ақиық») Кемпес – кемпір.
7. Енді екеуің ақырын ілбіп отырып, анау сағы жұлдызды беттріңе ал! – деп, батыс жақтағы бір жұлдызды қамшысының ұшымен екі жігітке ұзақ көрсетіп, көзестіріп тұр. (М.Әуезов «Абай жолы») Көзестіру – көз жіберу, бақылау.
8. Оны олар өздері де білген жоқ, үлкен бір қызғын уақиғаны бастарынан кешіріп жатты. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») Қызғын – қызық.
9. Анадай жерде иіріліп тұрған балықшыларға жетіп кеп, Мөңкеден басқасының барлығын сыпырып алып, лабазға апарып төге салды. (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Лабаз – балық қабылдайтын, әрі тұздайтын орын.
10. Осы қып–қысқа ағыс қараста оның назарын аударған және бір нәрсе немістің М.Г.А. пулеметі болды. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») Ағыс – оқыс.
5 – жаттығу. Берілген диалектілерді әдеби мағынасымен дәптерлеріңе көшіріп жазыңыздар. Берілген диалектілерді пайдаланып әңгіме құрастырыңыздар
Жарын – келер жыл
Тұғжым – мығым, тегеурінді
Күп – сайдың тұйық, ояң жерінде иірілген су
Жібіскі – сіркіреп, майдалап жауатын жаңбыр.
Қағу – құрғақ салқын самал жел.
Сылама – қам кесектен салынған, іші-сыртын сылап тастаған үй.
Шарқат– шәйі орамал, әйелдер басына тартады, ер адамдар белбеу етіп байлайды.
Дүмше — шай шығаратын ақ құман;
Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш.
Бозым – бозөкпе.
6 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, асты сызылған диалекті сөздердің мағынасын түсіндір Бұл адамды алғашқы кезде ұнатпағаныммен, тілдесе келе тәуір көріп кеттім. Осы кезде үстінен май иісі аңқыған тәпелтек бойлы, ойнақы көз бір адам ішке кіріп келді. Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай, жанынан өте шықтым. Кел, тез таңып берейін,- деп ол аптечкасын ашты да, мазды баттастыра жағып, шекемді айналдыра шандып тастады. Үйде ешкім жоқ, жалғыз отыр едім, тамды әлдекім дүсірлетіп, ілденеше рет айнала шапты да, ат терезенің алдына келіп осқырына тұра қалды. - Ақымақ, екінші рет біреудің қалтасына түсуші болма! – деді де, маған ызбарлана бір қарап, тамақ ішуге жүріп кетті. Даусым оған жетпейтінін білсем де, барымша айқайлап, сүдігерге сүріне-қабына жүгірдім. Сонан соң үйге кіріп бір пиялай айранды нансыз сіміре салды да әлгі матасекілін тырылдатып бір жаққа ғайып болады. Үйдегі ата-анасы түнемеге кірпік қақпай, таң атқанша дыр еткен дыбысқа құлақ түріп жатқаны сол.
7 – жаттығу. Берілген мақалдарды дәптерге көшіріп жазып, диалектілердің дұрыс баламасын төменде берілген сөздер арасынан тауып жазыңдар
1. Жақсының сөйлескені өбіскендей,
Жаманның сөйлескені тебіскендей,
2. Сегіз жасар баланың тісі түсер,
Сексен жасар ғұрыптың ісі түсер.
3. Арадағы бозбайтал анадағыны мұнда айтар,
Мұндағыны онда айтар.
4. Жылай – жылай жай қазсаң
Күле-күле су ішерсің.
5. Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
Диалектілердің мағыналары: құдық; сүйісу; қала; жақындасу; өсекші; кәрі, қария;
8 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, диалектілік тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңдар 1.Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ»). 2. Бір топ адам ауылға жұлдыз толғанда келіп түсті (Ш.Мұртаза «Жұлдыз көпір»). 3. Әйел орнынан ұшып тұрса да, әлденеден ұялып, тақтыға барар-бармасын білмей екі оқтылау болып тұрды (Б.Майлин Шығармалары, Алматы, 1962). 4.-Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, - деді, -жас жан еді обалына қалмайық ерге шықсын... (І.Есенберлин «Көшпенділер»). 5. Күн сиыр түс болғанда қарасы мың жарымдай қойды қаптатып айдап келе жатқан жастау қойшы көлденең кезікті (І.Жансүгіров «Жетісу естеліктері»). 6. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі»). 7. Жас мұғалім қыз жай ғана жымиды да, ішін алдырмай отырып қалды. (Ж.Аймауытов «Қартқожа»). 8. Күн кеуім тартты ма, қараңғыда жобалап жүріп екі баласын құшақтап, беттерінен сүйді (Д.Исабеков). 9. Дәукен қарт дауыстағанда селк ете қап, көздері атыздай болды (Н.Серәлиев «Әңгелек»). 10. Көккөлден күдер суды кездестіре алмайсың (Ә.Асқаров. «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын»).
3 Тақырып. Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Талқыланатын сұрақтар:
1. Жергілікті диалектілердің әдеби тілге қатысы
2. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге негіз болуы жайы
3. Диалектілердің көркем әдебиетте пайдаланылуы
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, диалект сөздердің мағыналарын ажыратыңыздар.
1. Бұрын үнемі жарқылдап жалын атып жүретін аржайы барлаушының қапелімде бүйтіп көңілсіздене қалуы комсоргты қатты таң қалдырды. ( Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 2. Пісірген асым қайдағы бір қиякелді түгіл, өз адамдарыма да жетер емес. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 4. Ә, ә, таптық, таптық... Біз «осы не бітіріп жүр» деп құстаналасақ, корректіровщик екен ғой. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 5. Ексім жел. Ызғарлы, суық жел. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп, тыға түседі. (Б.Майлин. Шығармалары, Алматы,1962) 6. Әбілқайыр осы бей-берекет кездегі әбеқоңыр дастарқанның басындағы мөлтек мәжілістен тоғайып тұрды. (Ә.Кекілбаев «Үркер», 1981) 7. Жетіқабат жердің астында қараңғы үңгірейген үңгір забой, есебі, көрдің ішіндей десе болады. (С.Сейфуллин. Әңгімелер мен повестер, 1958) 8. Лүктен басымды көтерсем, қос желкенді бір дәу келіп-ақ қалған екен. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 9. Таласов мырза істен шыққан лабазына өрт салғызып, жаласын жұмысшыларға жапты. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 10. Үлкен қыстауда жалғыз өзі елегізитін сияқты. (Ж. Нәжімеденов «Кішкентай»)
2 – жаттығу. Меттаграмманың жауабын тауып, қай елді мекенге жататын диалект сөз екенін айтыңыз.
Оңтүстікте бар, Батыста жоқ. Алматыда бар, Ақтөбеде жоқ. (...)
3 – жаттығу. Көркем әдебиеттен туыстық атауларға байланысты 10 диалект тауып жазыңыз.
4 – жаттығу. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
1) Ақша жілік 1) (Әдемі)
2) Әйеш 2) (Жарамсақтану)
3) Жақат 3) (Бытыстыру)
4) Көдек 4) (Соқыр)
5) Кәри 5) (Кәрі жілік)
6) Ламайлау 6) (Ұятсыз)
7) Дәйіс 7) (Икемсіз)
5 – жаттығу. Мына сұрақтарға жауап тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
1) «Диалект» сөзі грекше аударғанда қандай мағына береді? 2) Белгілі бір жердегі жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер қалай аталады? 3) Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты нешеге және қалай бөлінеді? 4) Белгілі бір аймақ көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен сол жердің тұрғындары қолданатын сөздер... 5) Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара, біріңғай емес. Осыған байланысты олар қалай бөлінеді?
6 – жаттығу. Берілген диалект сөздерден сөйлем құра.
Шырпы, малақай, биялай, пияла, іңкәл, кәсе, бестақа.
7 – жаттығу. Берілген диалектілік тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашыңдар, сөйлем құрастырыңыздар.
1.Лоққыға түсу- \Сөзге еру\ 2.Мәтел қылу- \кесел жасау\ 3.Ауаны ұшу- \зәресі үшу\ 4.Машурат жасау- \ ұйғару\ 5.Жері құсау- \жердің ылғалдануы\ 6.Ләпай таптырмау- \қоныс таптырмау\ 7.Жоқ тапсыру- \сұрау салу,жоқ іздеу\ 8.Ит бұйда ету- \ұрсу, сөгу\ 9.Төрт аяқ жегілу- \түгелдей іске қосылу\ 10.Серпіні сегіз болу- \беделі арту, айтқаны болу\ 11.Бет қаратпайтын туу- \қыз туу\ 12.Елік ауыз болу- \қисыны кету, ұйқаспау\ 13.Ақылы там- \ақылды\
8 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып, есте сақтаңдар, мысалдарды дәптерлеріңе көшіріп жазып алыңыздар. 1. Жүдә (Жамбыл, Сар, Тал, Шымк, Шиелі; Торғ. Маңғ) тіпті, тым, аса М.Әуезов. «Білекке білек»: Осыларға шыли сөз қатып жүретінім не екен? Мәмілеге келетіндей,жүдә! 2. Көрсебағар -(Жамбыл, Шу, Гур, Маң) көрсе қызар, көрсе құмар. Ә.Кекілбаев. «Үркер»: Қазақтың ғой ондай- ондай көрсебағар тұлынан тұтып шығады. 3. Дәмбілше//жәмбәлше -(Қ.орда, Сыр, Жам) ерте пісетін кішкене сары қауын. Н.Серәлиев. «Әңгелек»:Таудың тасындай жыпырлап жатқан тостағандай дәмбілшелер көкпеңбек. 4. Ища - көңіл күйді білдіретін одағай (Алм, Орал, Ақт) Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Ища! Мен жиренген болар едім. 5. Шалан-Үйдің ішке кіріп келе жатқандағы бөлмесі Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгілерін толтыра носилькаға балық құйып жатыр. 6. Барың-(Маңғ,Ақт.Ақт)-бару, барып келу, барды, барыңдар. Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Раушанды біздің үйге алып барың. 7. Кеуіл - көңіл, ой. (Жамб,Қорд,Сыр,Гур,Маң,Ақт;) Қ.Әбдіқадыров. «Тәтті қауын»: Жоқ жерден пайда түскен соң, мен де елдің кеуілін қайтармай :бұл әулие мені бақ деп айтты деп, өтірік айтатын болдым. 8. Жалпақ қылу -бүлдіру (Алматы,Орт.Қаз) Қ.Әбдәқадыров «Тәтті қауын»: Жаңылып жалпақ қылыппын! 9. Һамма- барлығы (Түрк,Шымк,Қ.орда) Қ.Әбдіқадыров «Тәтті қауын»: һамма базарға қара!
4. Тақырып. Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Дыбыстық өзгерістерге ұшырап, ш/ч, л/д, а/ ә, е /ә, д/ т, с/ щ, д/ п, б/ п, к/ г, ж/ й, с/ т, р/ қ дыбыстарының алмасуынан болатын диалект сөздерге мысал келтір және олардың қандай аймақта қолданылатындығын айт. Мысалы: с/ш: мысық – мышық, есек – ешек, масқара – машқара. д/ л: маңдай – маңлай, теңдік – теңлік, тыңда – тыңла т.б.
2 – жаттығу. Дауысты дыбыстардың алмасуынан болған диалект сөздерге көркем шығармалардан мысалдар келтіріңіздер. а/ә: қәзір-қазір. а/ә: ажым-әжім. а/ә: шәйнек – шайнек, шәй – шай а/ә: абыржулы - әбіржулі. а/ә:Жәртісі - жартысы а/ә:Жәудіреп – жаудырау а/ә: панде – пенде, пәнде а/ә: Жәутеңдеп-жаутаңдап. а/ә:Жәңәгі – жаңағы ә/а дәне – дана ә/а: Кәтер-қатер ә/а: Кәрекет-қаракет ә/а: Кәсиет-қасиет ә/а: Кәте-қате
3 – жаттығу. Дыбыстардың түсіп қалуына байланысты сөйлемдер берілген, дәптерлеріңізге көшіріп жазып, фонетикалық ерекшеліктерге мән беріңіздер.
А әрпінің түсіп қалуы:
Бұндай сәтте тығырықтан қалай шығудың ила-тәсілдерін ойлап,түнімен ұйықтамай екі көзі есікте болды («Бақытын бастан тепкен»// «Қазақстан әйелдері» 4-бет №21 мамыр 2005)
Ила-айла
І әрпінің түсіп қалуы:
Бұл хатты Шойынқұлаққа көрсетерімді де, көрсетпесімді де білмей әр – сәр болдым ( Д. Исабеков. « Шойынқұлақ» ).
Әр-сәр – әрі-сәрі
К әрпінің түсіп қалуы:
Таңертеңге қалатын ештеңке жоқ, - деді әйелі ( Шет ел әдебиеті 2008жыл).
Ештеңке-ештеңе
Әуелі бері қарап, амандық – саулық сұрап, содан соң «Жоқ, ата, келмей жатыр, келсе өзім – ақ хабарлаймын ғой », - деп жай – жапсарын түсіндірсе өкпе жоқ – ау, кірпікшешен сияқты үйінің түкпіріне қарап бетін сүртіп тұрып, « жоқ » дегені күйдіреді екен ( Д. Исабеков. « Ақырамаштан наурызға дейін» ).
Кірпікшешен – кірпішешен.
Қазіргі қоғамда жастар арасында бір ғана таныстық-кездесуді қанағат тұтып, қызды алып қашу кәдетке айналған тәрізді. (―Қыз алып қашу сән бе?‖// ―Қазақстан әйелдері‖ №8.тамыз. 2011 ж.)
кәдет (әдет)
Т әрпінің түсіп қалуы:
Ана демекші Гүлнар өз анасы Рысалды (Рысқан) да жиын– тойды әнге бөлеп жіберетін, өте ақылды, қасиетті жан жайтында айта кетті. («Ақ отау» газеті, қазан) Жайтында – жайында Бұл ауылға Тарбағатай артқылы барамыз. («Жүздесу», №33, 14-21 тамыз, 2007ж,3-бет.)
артқылы – арқылы
Биылғы жылы мақта шаруашылығына байланысты бір бөлтек жерден ойдағыдай өнім алынған. («Ақ босаға қыркүйек,2005 №9»)
Бөлтек – бөлек
Н әрпінің түсіп қалуы:
Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады. (Ә.Кекілбаев «Аш бөрі» 22 б.).
Бешпент – бешпет
Шопандар мен сақманшы, екінші тыңда бақтаншы. (К.Әзірбаев)
Бақтаншы – бақташы
Д әрпінің түсіп қалуы:
Бір кезде ел-сал болған бойын жиып алғандай шіміркене қозғалып, Нұрлыбеккке қарай бұрыла түсті. (Б.Майлин Шығармалары, Алматы, 1962)
Ел-сал – дел-сал
Бір итке жегізіп ет табанда өлді, Қан кетіп мұрынынан дірек-дірек. (Т.Ізтілеуов, Рүстем дастан)
Дірек-дірек – дірдек-дірдек
Ғ әрпінің түсіп қалуы:
Бүгінгі күні жастарымызды жұмға күнгі намаздан көп көретін болдық. («Ислам және өркениет »)
Жұмға-жұма
Й әрпінің түсіп қалуы:
Нұргүл апам бақуат па, маған сәлем айтты ма? Былай қарай аттанарда Танакөзді көрмеп пе ең? (М.Шаханов«Танакөз» )
Бақуат-байқуат
Ш әрпінің түсіп қалуы:
Өндіріс малдарына үстеп құнарлы азық, жақсы жоңыршқа береміз. (Ж.Нәжімеденов «Ақ шағыл»)
Жоңыршқа – жоңышқа
Л әрпінің түсіп қалуы:
Үшеуі бірдей «бұ кім?» десіп есікке қарағанда, бұлар отырған үйдің есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киінген екі қонақ кіріп келді. ( М.Әуезов «Қорғансыздың күні»)
бұ кім-бұл кім?
П әрпінің түсіп қалуы:
Бірігіп иін тіресе ығы – жығы тігілген басын бұған жапа тіккен үйлермен мал – жанға лық толы. («Қазақ әдебиеті» 2008жыл)
Жапа – жаппа
Ғ әрпінің түсіп қалуы:
Жалпы бір сөзбен айтқанда, бұл тек ажап мұраның аймақтық бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істердің бастамасы ғана. (―Қазақстан әйелдері‖ №12.желтоқсан. 2005 ж.)
Ажап – ғажап
4 – жаттығу. Берілген сөйлемдерден диалектілерді тауып, олардың қандай дыбыстық ерекшелікке түсіп тұрғандығын анықтаңыздар.
Үлгі: Кәседегі шайдың буы Шәймерденнің есіне ескі кездерді түсіріп жіберді. (Ақиқат жур.№1 «Жас өренге өсиет»)
ә/е: кәседегі – кеседегі
Бұл қымыз бесінші кәседен соң Жайбасардың маңдайын тершітті. Атасы балуан болмаған,бірақ өзі зембілдей. Көрші апайдың ләгенін сындырғаным әлі есімде. Бірақ былтыр да, биыл да жазда көгі көз туындырып, жайқалып өсіп тұрған мақта су тапшылығы салдарынан әрінен айрылып, күзге әрең-әрең ілдалап ілініп, екі-үш жылдан бері өнімге кеселін келтіріп жүргені Қаршығаны кәдіктендіре бастады. Жарты ақшасын кепілге беріп, үйге мәз-мейрам болып оралды. Біздің байырғы атамыз – адамзаттың бесігі, жарық дүниенің жаратылған жері – Шығыс жұртының көзі қашан ашылып,оянар екен? Ондағы өркениет қашан гүлдемек? («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Алайда, ескі мемлекеттік апппаратты қиратып, жаңасын іске қосу аралығындағы кеңістікті тым далитып, аласапыранға айналдырып алдық білем. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Жарайды, полигон жабылды, халық қасіреті де бірте – бірте ұмыт болар. Енді келесі бір мәселені талдап көрелік. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Бүгін де Жириновский сияқты «жын» жайлаған Ресей мен Пушкин Ресейін біз екі бөлек бағалауға қайыра көшелік. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Амантай қолбағын жоғалтып алғанын кеште ғана байқады. (С.Мұқанов. «Ботагөз»). Қайғыру мағынасындағы тіркестерді бірінің орнына бірін қолдана алмайды. Себебі, синонимдер топтарында кейіпкердің әлеуметтік белгісі, жас ерекшеліктері мен жағдаяттық ерекшеліктері әсер етеді. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 8/2010). Содан кейін ғана тарихымыз жаңғұра бастады. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Ештеңкеге түсінбеген ол қайта – қайта сұрай беруге де қысылды. («Таңшолпан» журналы, 5/2005 « Бала қылығы»). Ат басын ауылға тіреген жолайшылар кейін қарай кетіп йатыр. («Тұмар» журналы, 1/2007).
5 – жаттығу. Берілген сәйкестіктерді оқып шығып, алмасуларға мысал келтіріңіздер. Е/і : Керпіш-кірпіш Зембер – зембіл Ү/ө : Дүнен-дөнен Ө/ү: Төнеріп- түнеріп Ы/І: Сықылды-секілді. Пысты-пісті. Ұ/ы: Жаңғұра – жаңғыра О/ұ: Орпақ-ұрпақ. Ы/ұ: мұнда – мында. Ә/е : Кәсе-кесе Е/ә : Зембіл-зәмбіл
6 – жаттығу. Метатеза құбылысы кездесетін 5 диалект сөз теріп жаз және сол сөздерді қатыстырып мәтін құраңыз.
7 – жаттығу. Қай дыбыстардың алмасуынан жасалған диалект сөздер екенін табыңыздар. Диалект сөздерді қатыстырып мәтін құраңыздар.
Үлгі: Қысынбау-қысылмау – н/л
Тәреңке-тәрелке. Байда – пайда Бейіл – пейіл. Салбақтау-салпақтау. Бәле – пәле. Бәтуасыз – пәтуасыз. Зұрқия – сұрқия Гүмбез – күмбез Кәперіне – қаперіне Зарар−залал Бірінчі – бірінші Хәл – қал
8 – жаттығу. Сөйлемдерді дәптерлеріңе көшіріп жазып, диалект сөздерді дыбыстық ерекшеліктеріне талдаңыздар. Диалект сөздердің мағынасын ашып, қай аймақта жиі қолданылатынын табыңыздар.
1. Ақсақалдар өздеріне белкүрек сұрады. («Жүздесу», №33, 14-21 тамыз, 2007ж,3-бет.) Белкүрек - күрек 2. Ол менен шүйінші сұрап кеп еді.( «Ана тілі» 2006жыл) шүйінші – сүйінші 3. Балаларымыз Отан қорғауға әшкерге бармақшы. («Қаз тілі мен әдеб. 1998ж) Әшкерге-әскерге 4. Бүгінгі күні жеке серіктестіктер арасында өз өнімдерін өзге өнімдерге айырбаштау жақсы жолға қойылған. («Ақ босаға», қараша,2004 №11) Айырбаш – айырбас 5. Бірақ сайтан түртті ме, періште түртті ме, «не сұрасаң орындаймын» дегенді айтып қалды ғой. (Қадыр Мырза Әлі «Иірім») Сайтан – шайтан 6. Үлкен ілтифат, ізет көрсетті. (Қадыр Мырза Әлі «Иірім») Ілтифат- ілтипат 7. Бірақ екіншідей ұйқың сергек болсын. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») Екіншідей – екіншілей. 8. Ол адамдардың аты – жөндерін дүзетіп алармын деп жүріп тарс ұмытып кетіппін. (Д.Исабеков. « Социализм зәулімі » ) Дүзетіп – түзетіп. 9. Сіріңке шағып қарасам, қан! (Д. Исабеков. « Шойынқұлақ ») Шағу – жағу. 10.Бірнеше рет жақсы араласатын достарыма сырымды айтып, кейін олар оны бәріне әшкерелеп мені келемеш еткен соң, жан баласына жуыспайтын болды. (―Қазақстан әйелдері‖ №11.қараша. 2008.) Келемеш – Келемеж 11.Баланың шашын қырпып таста. («Өлке тағдыры»газеті) Қырпу-қырқу 12.Кешегі баламның қалған жалғыз көзім-бұл жылаған соң, бізде не тақат болады? (М.Әуезов «Қорғансыздың күні») тақат-тағат 13.Қолына бір буда қағаз ұстатады. (Д.Исабеков «Мінездер») буда – бума 14.Көктемде ағаш пұтақтары жасарып, әдемі әсерге бөленді. («Сенбілік науқаны басталарда...»//Қала мен дала газ.№4 ) Пұтақтары-бұтақтары
5. Тақырып Қазақ диалектілеріндегі лексикалық ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:)
1. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер.
2. Заттың сынын, қимыл, әрекетін білдіретін сөздер.
3. Әдеби тілде баламасы бар доминанттар.
4. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер
Әдебиеттер: 1-10
.
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, диалект сөздердің мағыналарын ажыратыңыздар.
1. Бұрын үнемі жарқылдап жалын атып жүретін аржайы барлаушының қапелімде бүйтіп көңілсіздене қалуы комсоргты қатты таң қалдырды. ( Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 2. Пісірген асым қайдағы бір қиякелді түгіл, өз адамдарыма да жетер емес. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 4. Ә, ә, таптық, таптық... Біз «осы не бітіріп жүр» деп құстаналасақ, корректіровщик екен ғой. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 5. Ексім жел. Ызғарлы, суық жел. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп, тыға түседі. (Б.Майлин. Шығармалары, Алматы,1962) 6. Әбілқайыр осы бей-берекет кездегі әбеқоңыр дастарқанның басындағы мөлтек мәжілістен тоғайып тұрды. (Ә.Кекілбаев «Үркер», 1981) 7. Жетіқабат жердің астында қараңғы үңгірейген үңгір забой, есебі, көрдің ішіндей десе болады. (С.Сейфуллин. Әңгімелер мен повестер, 1958) 8. Лүктен басымды көтерсем, қос желкенді бір дәу келіп-ақ қалған екен. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 9. Таласов мырза істен шыққан лабазына өрт салғызып, жаласын жұмысшыларға жапты. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 10. Үлкен қыстауда жалғыз өзі елегізитін сияқты. (Ж. Нәжімеденов «Кішкентай»)
2 – жаттығу. Меттаграмманың жауабын тауып, қай елді мекенге жататын диалект сөз екенін айтыңыз.
Оңтүстікте бар,
Батыста жоқ.
Алматыда бар,
Ақтөбеде жоқ. (...)
3 – жаттығу. Көркем әдебиеттен туыстық атауларға байланысты 10 диалект тауып жазыңыз.
4 – жаттығу. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
1) Ақша жілік
2) Әйеш
3) Жақат
4) Көдек
5) Кәри
6) Ламайлау
7) Дәйіс
1) (Әдемі)
2) (Жарамсақтану)
3) (Бытыстыру)
4) (Соқыр)
5) (Кәрі жілік)
6) (Ұятсыз)
7) (Икемсіз)
5 – жаттығу. Мына сұрақтарға жауап тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
1) «Диалект» сөзі грекше аударғанда қандай мағына береді?
2) Белгілі бір жердегі жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер қалай аталады?
3) Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты нешеге және қалай бөлінеді?
4) Белгілі бір аймақ көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен сол жердің тұрғындары қолданатын сөздер...
5) Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара, біріңғай емес. Осыған байланысты олар қалай бөлінеді?
6 – жаттығу. Берілген диалект сөздерден сөйлем құра.
Шырпы, малақай, биялай, пияла, іңкәл, кәсе, бестақа.
7 – жаттығу. Берілген диалектілік тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашыңдар, сөйлем құрастырыңыздар.
1.Лоққыға түсу- \Сөзге еру\ 2.Мәтел қылу- \кесел жасау\ 3.Ауаны ұшу- \зәресі үшу\ 4.Машурат жасау- \ ұйғару\ 5.Жері құсау- \жердің ылғалдануы\ 6.Ләпай таптырмау- \қоныс таптырмау\ 7.Жоқ тапсыру- \сұрау салу,жоқ іздеу\ 8.Ит бұйда ету- \ұрсу, сөгу\ 9.Төрт аяқ жегілу- \түгелдей іске қосылу\ 10.Серпіні сегіз болу- \беделі арту, айтқаны болу\ 11.Бет қаратпайтын туу- \қыз туу\ 12.Елік ауыз болу- \қисыны кету, ұйқаспау\ 13.Ақылы там- \ақылды\
8 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып, есте сақтаңдар, мысалдарды дәптерлеріңе көшіріп жазып алыңыздар.
1. Жүдә (Жамбыл, Сар, Тал, Шымк, Шиелі; Торғ. Маңғ) тіпті, тым, аса М.Әуезов. «Білекке білек»: Осыларға шыли сөз қатып жүретінім не екен? Мәмілеге келетіндей,жүдә!
2. Көрсебағар -(Жамбыл, Шу, Гур, Маң) көрсе қызар, көрсе құмар. Ә.Кекілбаев. «Үркер»: Қазақтың ғой ондай- ондай көрсебағар тұлынан тұтып шығады.
3. Дәмбілше//жәмбәлше -(Қ.орда, Сыр, Жам) ерте пісетін кішкене сары қауын. Н.Серәлиев. «Әңгелек»:Таудың тасындай жыпырлап жатқан тостағандай дәмбілшелер көкпеңбек.
4. Ища - көңіл күйді білдіретін одағай (Алм, Орал, Ақт) Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Ища! Мен жиренген болар едім.
5. Шалан-Үйдің ішке кіріп келе жатқандағы бөлмесі Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгілерін толтыра носилькаға балық құйып жатыр.
6. Барың-(Маңғ,Ақт.Ақт)-бару, барып келу, барды, барыңдар. Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Раушанды біздің үйге алып барың.
7. Кеуіл - көңіл, ой. (Жамб,Қорд,Сыр,Гур,Маң,Ақт;) Қ.Әбдіқадыров. «Тәтті қауын»: Жоқ жерден пайда түскен соң, мен де елдің кеуілін қайтармай :бұл әулие мені бақ деп айтты деп, өтірік айтатын болдым.
8. Жалпақ қылу -бүлдіру (Алматы,Орт.Қаз) Қ.Әбдәқадыров «Тәтті қауын»: Жаңылып жалпақ қылыппын!
9. Һамма- барлығы (Түрк,Шымк,Қ.орда) Қ.Әбдіқадыров «Тәтті қауын»: һамма базарға қара!
6 Тақырып. Диалектілік сипаттағы лексика
Талқыланатын сұрақтар:
1. Омонимдер
2. Көп мағыналы сөздер
3. Неологизмдер
4. Архаизмдер
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Сөйлемдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, диалект сөдердің мағыналарын қарастырыңыздар, есте сақтаңыздар.
1. Көшені шаңдатып мана көнек сиырлар келе жатқанда өзінің туып-өскен деревнясы есіне түсіп, Галяның көңілі бір селт етті. (Т.Ахтанов «Дәрігер Галя»)
көнек сиыр – сауын сиыр
2. Аласа дөңестің ар жағы өзен танабы ылди. (Т.Ахтанов «дәрігер Галя»)
танабы – алқабы, жағасы
3. Галя ең жақын тұрған аласа үйге келді. Шоланға кірді. (Т.Ахтанов «Дәрігер Галя»)
шолан – ас үй
4. Артынан әлгі зәнталақ сұлап жатған бәйтеректің басын тепкілеп: «Кімнің мықты екенін көрдің бе?!» - депті. (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
зәнталақ – қу, пәле
5. Менің әкеммен көжетамырлығы бар болатын. (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
көжетамыр – дос
6. Өйткені қол-аяғы сықырлаған тарамыс шал олардың ондай-ондай бопсасына құлақ аса қоятындай қай бір қайнағалары не жезделері бопты! (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
бопсасына – еркелігіне
7. Салқындау болар деп, шайланы опанға тігіп еді. (Д.Исабеков «Дермене»)
шайла – күрке
8. Бұрынғы зорекерлігімен адам баласын елемейтін менмендігіне басып бұл сауалды да жүре тыңдап жауапсыз қалдырайын деп еді, малдың көзі ожаудан шығып, өзіне тесіліп тұр екен. (Д.Исабеков «Дермене»)
зорекерлік – зорлықшылдық
9. Бір-екі рет қағып түсірсе, машық қып алады. (М.Әуезов «Бүркітші»)
машық – әдет
10. Бекбол мұның өзі жасаған бір қыр екенін түсінен сезді де үндемеді.
қыр – амал, айла
2 – жаттығу. Мақал мәтелдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, диалект сөздердің әдеби баламасын табыңыздар.
Ақындардың ұстазы, Өлеңі өрнек үн берген. Сөздің зергек ұстасы, Жаһанды шолып үлгерген. Алашағым кетсе де, Айташағым кетпесін. Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ Қыдырып айтқан биліктің беделі жок. Ердің жонасы қылың болса, Аттың арқасына жайлы болады. Молшылық болсын десең , Құшырланып еңбек ет. Тер төгіп еңбек етсең дүр тересің. Егін жақсы шықса, Халыққа үлкен алапа. Ел егінді салады пұл болсын деп, Төре жұртын жияда құл болсын деп. Тоқты сойған тоқалдар Шөміш алып қоқаңдар.
3 – жаттығу. Диалект сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тәуір – біршама жақсы, оңды Тәуір көрді – жақсы көрді, ұнатты Тәпелтек – аласа, тапал, бәкене Тәпелтек бойлы – аласа бойлы Қыжырлан – кектену, ызалану Қыжыры қайнап- ызаланып Шанды – шиелеп байлап тастау Шандып тастады – таңып байлап тастады Там – қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған шатырсыз үй Ызбар – айбат, ашу, сес Сүдігер – дәнді дақылдар егу үшін күзде жыртылған жер Пиялай - кесе, шыны-аяқ Түнеме – түнеп шығатын жай,орын; *Бұл жерде түнімен деген мағынада Сырықтай – ұзын, биік
4 – жаттығу. Мына мақал-мәтелдердегі диалект сөздердің орнына әдеби тілдегі баламасын қойып, көшіріп жазыңыздар.
Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ Қыдырып айтқан биліктің беделі жок. Кенеуі жоқ – тойымы жоқ (Гур. Маңғ.) Ердің жонасы қылың болса, Аттың арқасына жайлы болады. Жона – ердің қапталының астына салатын желдік Егін жақсы шықса, Халыққа үлкен алапа. Алапа – олжа, пайда, табыс Тоқты сойған тоқалдар Шөміш алып қоқаңдар. Шөміш – ожау. (Талд.) Бір нақақты күйдіргеннен, Он қылмыстыны ақтаған артық. Нақақ-босқа,текке Көршінді ұры деме,өзіңе-өзің ықтиятты бол. Ықтиятты-зерек,ұқыпты Алсам ризамын,тойсам сыпамын. Сыпамын-құрметтеймін Жаман туыстан, жақсы қоңсы артық. Қоңсы – көрші Астың жақсысы – қазанжаппай Сөздің жақсысы – ләппай Қазанжаппай – қазанға піскен нан Аузы кіші, қарны әйдік, Қой семірсе көтерер Қарны кішік, аузы әйдік Ит семірсе құтырар Әйдік – үлкен, зор 5 – жаттығу. Қарамен берілген диалект сөздердің әдеби баламасын жазып, лексикалық мағынасын түсіндіріңіздер. Ет асса күртік қалмайды. Мал ноғайда, сіпсе тоғайда. Рақаттың түбі кеңіс, Еңбектің түбі жеміс. Құнты жоқ кісі кесеумен қамшылар. Сүдігермен жүргеннің аты майрылар. Халықтың қамын ойласаң, Қардарың соның ішінде. Шылаудың шұрайлысын балық жинайды, Жердің шұрайлысын халық жайлайды. Омаштың он орғаны-маланың бір барғаны Әкем мұрап болғанша, отырған жерің ой болсын. Жақсының ісі жәндеттін, Жаманның ісі міндеттін. Жаман жабы жемқор болса, дорбаның түбін тесер.
6 – жаттығу. Берілген диалектілер кездесетін мақал–мәтелдерді ойлап табыңыздар. Жадағай– жағасы сырма жұқа шапан. Пәтлі - екпінді; Аспақ – жаза құралы, даршөңгегі. Кеңіс– молшылық, байлық. Қарма - балықтан жасалған тағамның түрі. Там – кішкене үй Дарбаза – қақпа мейман – қонақ Қарысын – тігісін
7 – жаттығу. Берілген диалект сөздерді мағынасына қарай ажыратып, сызықпен көрсет.
Дырау Шелек ыдыс Лыпсы Теңіз желі Мияз Үлкен, зор Бөрдек Тіпті,тым Желауыз Мақта жаулау жуырқан Кешір Бір кісілік көрпе Қоза Кербез адам Бөстек Сәбіз 8 – жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіріңіздер. Мақал-мәтелдердегі диалект сөздердің баламаларын төмендегі мағынасымен алмастырып, қайта жазып көріңіздер. Әр диалект сөзге өзіңіз сөйлем құрастырыңыздар. Шыры болса қомында, Алты айшылық жолында, Атан түйе арымас. Жат үйінде жатық бол! Жайынның жаңсасын жеген жатпас. Қазадағы балық - қазандағы балық. Қопал бөрі қой үйретеді, Ақуа адам ел үркітеді. Жүдәні жерде қалмайды. Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ. Қарау адам – күншіл, Менер адам – меншіл. Жалтсыз бұйырмағаннан татар. Алапатты олжа үшін өледі, Күншіл күндеумен өледі. Шыры– майы Жатық - әдепті, сыпайы. Жаңса – жайынның жон еті. Қаза – аудың бір түрі. Қопал – аңқау, ақуа – ақымақ Жүдәні – білімді Пәрмені – арызы, сылтауы Менер – қу, залым, айлалы Жалтсыз – ұятсыз Алапатты – озбыр
7. Тақырып Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Балық шаруашылығымен байланысты сөздер.
2. Бау – бақша шаруашылығымен байланысты сөздер.
3. Су шаруашылығымен байланысты сөздер.
4. Мақта және темекі шаруашылығымен байланысты сөздер
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Берілген мақалдарды оқып шығып, диалект сөздерді анықтаңыздар. Диалектілердің мағыналары төменде келтірілген, диалект сөз бен оның әдеби тілдегі мағыналарын сәйкестендіріңдер.
Қорыққан бұрын мұш көтерер. Көп бауырсақ ішінде бір қалаш. Таудағы қар көлдің басы, күздегі күйек төлдің басы. Желмен жарыспа, ноймен алыспа, Желінсау қой қосаққа кірмейді. Өгіздің жаманы самиян қайырар. Бұқа буға семіреді, азбан дуға семіреді. Түйе қартайса көшегіне ереді. Күйсіз көлік жүгірмес, күліктің көркі маңында. Арқытта сыпа да бар, сарқытта шыпа да бар.
Керек сөздер: жұдырық, нан,бөлке, күзде туған қозы, дүлей, қой-ешкінің желіні іспей, ақ болып кетуі, мойынағаш, өгіздің мойынтұрығына өткізіп, жетекті бекітетін ағаш, бұқалық, өгіз, бота, тұяғы болат талмай шабатын жүйрік тұлпар, ырыс
2 – жаттығу. Тест жұмысын орындаңыз.
1. Синонимдес сөздерді табыңыз
А) жуа, сарымсақ; С) қызамық, кекіре; В) қаңылтыр, сым; Д) сым, леген; Е) бал, әсел
2. Диалект сөзден болған кәсіби сөзді көрсетіңіз
А) шемішке; В) полюс; С) глобус; Д) кернеу; Е) тарих
3. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
А) көнерген сөз; В) диалект сөз; С) кірме сөз; Д) термин сөз; Е) кәсіби сөз
4. «Тырық», «көтерем» диалектілерінің әдеби тілдегі баламасы
А) зәулім; В) шалғай; С) арық; Д) ескі-құсқы; Е) кішкентай
5. Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз
А) Табалдырықта отырма; В) Бидайға орақ түскелі тұр; С) Бау-бақшадан жеміс тердік.
Д) Бүгін азанда ояндым; Е) Оның нағашысы әскерден келді
6. Синоним болатын диалектілерді табыңыз
А) түбек, шүмек; С) былғары, тері; В) ауқат, тамақ; Д) кебеже, сандық; Е) қоржын, қалта
7. Қазір әдеби сөзге айналған диалект сөзді табыңыз
А) полат; В) кеден; С) бережақ Д) жар; Е) дуал
8. Мақта шаруашылығына қатысты диалект сөзді көрсетіңіз
А) ақыр; В) пәшік; С) жәмше; Д) қоза; Е) жом
9. Жозы, жуазы дегеніміз не?
А) үй қабырғасы; В) қысқаш; С) дөңгелек үстел; Д) түйенің түрі; Е) шұлық
10. Киім-кешекке қатысты диалектілер қатары
А) жалбай, зодық; В) желауыз, қышын; С) дәп, асар; Д) бодық, ұша; Е) әттік, морда
3 – жаттығу. Бау бақша шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді пайдалана отырып, «Жазғы жұмыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыздар.
4 – жаттығу. Мәтінді оқып, түсіндіріңіздер. Дәптерге көшіріп жазып алыңыздар.
Әке сөзі әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, Жетісуда, Семей облысының кейбір аудандарында «шырағым», «қарағым» мағынасында қолданылады. Әдеби тілдегі жағымды мағынада қолданылатын әжептәуір сөзі Орал облысының Орда, Жәнібек аудандарында керісінше «нашар» мағынасында қолданылады. Мысалы: араб-иран тілдерінде «кесе, бокал» мағынасында жұмсалатын пияла сөзі қазақ тіліне еніп, әртүрлі мағынада жұмсалып кеткен. Орталық-солтүстік сөйленістерде керосин шамының шынысын атау үшін, ал оңтүстік сөйленістер тобында бұл сөзді шай ішетін кесені атау үшін қолданады. Әке. Бұл сөз «Қазақ тілінің сөздігінде»: 1. Баласы болған ер адам. 2. Ауыс. Бір нәрсенің ең үлкені, зоры. Мысал: Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің (мақал). 3. Жергілікті. Қарағым, қалқам. Арабшаға шорқақ ем, оқып бересің бе, әке, – деп түсіндірілсе, жазушы қолданысында бұл сөз ауыспалы мәнінде, яғни жасы кішіге, балаға қатысты қолданылады. Мысалы: – Әкелерімнің жараса қалғанын қарашы! – деп ақкөңіл Қайырбек төрдегі қонақтарына бір, өз қызы Қатираға бір қарап мәз боп отыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 56-б.).
5 – жаттығу. Сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, мағынасын ашыңыздар. Қандай кәсіпке жататын сөздер екенін ажыратыңыздар.
1. Ауыл ақсақалдары ашымақтан ауыз тиіп болған соң, біздер де жайғастық. («Тұмар» журналы, 3/2008)
2. Баланың қатты қорыққаны соншалық, шаңдатып қозыхананың ар жағынан бір шықты. («Тұмар» журналы, 3/2008)
3. Ет базарының ал жағындағы тексеру шеккісінің жанына аяңдады. («Таңшолпан» журналы, 3/2002)
4. Кеңес осы жолы ұтырлы шешім қабылдады. (М.Мағауин «Көк мұнар»)
5. - Ат үстінен түскен жаңағы сықпытсыздау жігіт сені іздеп жүрген. («Ізденіс» журналы, 3/2006)
6. Қолын қалтасына сүңгітіп жіберіп, тұянадай кітапша алып шықты. («Ізденіс» журналы, 3/2006)
7. Ертіп келгені - өз баласындай еркесоқ бала. («Педагог» журналы,5/2006)
8. Күнсұлу легеннің қасында, тақтайда жатқан сабынды ұсынды. (Ғ.Мүсірепов «Ашынған ана»)
9. - Ауыз үйге кестапандай мөшек әкеліп қойғансың ба? («Таңшолпан» 4/2007)
10. - Бұл Амантайдың баласы жүдә өнерлі екен,- деді таңдана қарап. (С.Мұқанов. «Ботагөз»)
6 – жаттығу. Бау-бақша шаруашылығына байланысты сөздерді табыңыз. Қалған жауаптардың мағынасын түсіндіріп кетіңіздер.
А) пісте, шалғам, пашақ
Ә) зорат, шиіт, қоза
Б) табан, қаяз, таутан
7 – жаттығу. «Қоңсы - қоңсыдан тәлім алар, ғалым - ілім алар» тақырыбында мақала жазыңыздар.
8 – жаттығу. Су шаруашылығына байланысты «Судың да сұрауы бар» тақырыбында газет бетіне мақала жазыңыздар.
8. Тақырып. Диалектілік неологизмдер, архаизмдер, кірме сөздер
Талқыланатын сұрақтар:)
1. Кірме сөздердің ену жолдары
2. Орыс, араб-парсы, моңғол тілдерінен енген сөздер
3. Туысқан түркі және қытай тілдерінен енген сөздер
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» атты шығармасынан алынған сөйлемдерден диалект сөздерді теріп, мағынасымен дәптерге жазыңыздар.
1) Кедейлер бір-бір арық «кершолақтарын» не тозығы жеткен трантастарға, немесе екі доңғалақты «қазақ арбаларға» жегеді. (12 бет)
2) Бұл- қартаң адамдарға әзірлеп жатқан ылау. (16 бет)
3) Үйінде аяғына киер лыпасы жоқ кейбір балалар, күртік үстіндегі шуға дембесі қонған кезде, тысқа жалаң аяқ та жүгіре шығады... (22 бет)
4) Осы қызыл- түннің сілемінен әлі арылып болмаған қоңыр түсті бұлтқа араласа, қызыл түс күреңденіп, жоғарырақ бір қабаты қызыл- күрең, одан жоғарырақ бір қабаты күрең боп, қызылдың өзі әлденеше түске боялады. (32 бет)
5) Осы дөңгелек көлдің күнгей жақ жарымы жалтыр және жалтырақ түбі аттың тұяғы батпайтын құм қайраң. (35 бет)
6) Сүйрік суырылып болғанша, сүліктің кейбіреуі баланың қанына тойып боп, домалап түсіп те қалады. (37 бет)
7) Жадидті бұл арада еске түсірудегі мақсатымыз- оның қазақ ауылына қалай келуін көрсету. (75 бет)
8) Әлі есімде: жаз кигіз үйінде, қос жылы шым үйінде. (77 бет)
9) Төргі бөлмеде Шақанды жағалай отырған көпшіліктің ішінде: үстінде көк кителі бар, бұтында қызыл лампасты көк шұға шалбары бар, аяғында кигіз байпақты қазақы етігі бар. (111- бет)
2 – жаттығу. Берілген диалект сөздердің қатарын оқып шығып, дәптерге көшіріп алып, есте сақтаңыздар Жар – үйдің қабырғасы. (Орал, Казталовка, Жәнібек, Жымпиты). Құнт – қамшы. (Көкшетеу, Щучинск). Ләгөн – (леген) қол жуатын шылапшын. (Жәнібек, Орда). Тәртіп – белгілі бір қоғам мен ұйым мүшелеріне берілген ереже. Ызбайлы – сыпайы, әдепті. (Орал, Жәнібек) Құлынжарғақ – құлынның не тайдың терісінен істелген сырт киім. (Шымкент, Арыс). Аша – үйдегі тіреу, бағана. (Көкшетау, Еңбекшілдер). Аңызғақ – аңызақ, қапырық.(Көкшетау). Ересен – орасан, үлкен, өте, тым. (Алматы). Аржайы – жайдары, жарқын мінезді (Арал, Орал, Орда) Бескөз – матаның түрі ( Алматы, Жамбыл) Бөртік – бөрткен (Гурьев, Маңғыстау) Дағара – темірден, мыстан жасалған үлкен ыдыс (Жамбыл, Шымкент) Далаба – дау, жанжал, машақат (Маңғыстау) Ежіл – қожыл болу – сыр айтысып шүйіркелесу (Торғай) Есебі – мысалы, айталық (Көкшетау, Семей) Жеңсіз – кәжекейдің қысқа түрі, шолақ жең (Түрікменстан, Ташкент) Қақыраю – кекірею (Қостанай, Торғай)
3 – жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердегі диалект сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңыздар. Түйе шудасын, Жылқы жалын, Пада мүйізін төсейді. Ерді кебенек ішінде таны. Басы бапан, аяғы сапан. Су болса, түсіп өлейін, Ұшпа болса, ұшып өлейін. Көнектен шошынған бие оңбас Көптен бөлінген үй оңбас. Батырдан сауға Мергеннен сыралқы. Ылдисыз өр болмайды. Қапысын таппас ер болмайды. Қойды қорадан сат, Астықты ұрадан сат. Кері кеткен еріншек, Кеусен сұрауға да ерінеді. Шөп жаманы қоға, Құс жаманы шажа. Ел қадірін білмеген-зәнталақ, Көл қадірін білмеген-дуадақ.
4 – жаттығу. Берілген кірме сөздерді дәптерге жазып алып, есте сақтаңыздар. Әдеби тілдегі кірме сөздер мен диалектілік кірме сөздерді бөліп жазыңыздар.
Монғол тілінен енген кірме сөздер: жыл, қайшы, көк, аға, жарлық, аймақ, құрылтай, ноян, нөкер, ұлыс, Нарынқол (Жіңішке өзен), Алтай (Алтын тау), Мұқыр (шолақ, қысқа), Нұра (жыра), Зайсан (жақсы), Долаңқара (жеті тау), Баянауыл (баин ола – бай тау), Қатонқарағай (қатон қайың), тоқым, тұсамыс, құнажын, құнан, дөнежін, боран, бура, бұқа, төл, қойшы, қой, жым, аулау, қақпан, өлекшин, аң, барыс, бұғы, домбыра, жапсар, балшық, бауырсақ, балта, темір, алтын, тебен, әбдіре, төркін, абысын, ер, құдағи, тентек, сары, күрең, көкпеңбек, ала;
Парсы тілінен енген кірме сөздер: саз, надан, шер, рай, шабандоз, жар, дариға, қан, базар, апта, бақыт, дүние, дастархан, нан, шам, дәуір, дәрі, кедей, кеден, байрақ, борыш, ақиқат, өкімет, әкім, жәрдем, шарт, зейнет, махаббат, нұр, өмір, қасиет, қайран, шіркін, жомарт, перзент, арай, іңкәр, ғаламат, ғұлама, мәшһүр, тағдыр, уәлайат, мүкәмал, шырағдан, жарапазан, уәзипа, ләскер, хикмет, дидар, жай;
Араб тілінен енген кірме сөздер: тәрбие, мұғалім, кәмелет, кітап, дәптер, пән, әліппе, қалам, дәуіт, тарих, емле, қағаз, математика, астрономия, азимут, муссон, алгебра, зат, нүкте, амал, дәреже, логарифм, сүмбіле, ақырап, қауыс, уақыт, ғасыр, уәде, бұлбұл, мирас, сахара, әйел, шейіт, абырой, құдірет, ораза, дұға, бағбан, қаражат, дүкен, дарбаза, мақта, сарай, зембіл, салтанат, сәлем, ғылым, емтихан, тәржіме, қанағат, бұқара, ауқат, мата, жүгері, керуен, мердікер, күкірт, аспап, куә, табиғат, сүдігер, шәкірт, дария, мырза, азамат, ғибрат, дүр, баһадүр, зеңгі, жыға, байырқату, мемлекет, мекеме, мәжіліс, рамазан, әулие; Орыс тілінен енген кірме сөздер: болыс, кереует, жәшік, шен, рет, бәтеңке, бөшке, көшір, бөлке, сөмке, самауыр, тәрелке, бөкебай, пима, помыш, бедіре, кәмпит, божы, рысқұт, тұрба, күмәжник, порым, аршын, пар, өшірет, сөтке, күршек, кілет, мәтке, сіріңке, шәйнек, әшмөшке, барқыт, калош, сиса, лампы, зауыт, кіниге, карта, пансион, учелище, пәнер, семенария, ләпке, банкі, ентірнат, парта, класс, агроном, жорнал, газет, секөнт, минөт, парохот, мәшине, пабрік, сажын, загон, ыскылад, десетине, әренда, қотыр, землемер, учаске, проснине;
5 – жаттығу. Абай Құнанбаевтың кірме сөздерді қолданған өлеңдерін мысалға келтіріп, дәптерлеріңізге көшіріп жазыңыздар.
6 – жаттығу. Мына диалект сөздерді диалектологиялық сөздіктен тауып, толтырыңыздар. Шөміш – Теппе – Құрамыс– Там – Падашы – Кәшегі – Күршек – Атауыз – Іңкәл – Әсел – Сүмсе –
7 – жаттығу. Орыс тілінен енген кірме сөздерді пайдалана отырып, «Автобус аялдамасында», «Емханада кезекте» тақырыптарында диалог құрастырыңыздар.
8 – жаттығу. Берілген кірме сөздердің қай тілдерден енгенін анықтап, бөліп жазыңыздар. Дәліз, айуан, жүдә, ауқат, белкүрек, нөгер, әсел, миман, тандыр, дарбаза, манат//мәнет, скірт, ағлөп, тауша-текше, пиала, шиша, мұштау, шақтау-бұтақтау, пісте, бадыраң//бәдірең, аданас, іңкәл, өтпек, шеккі, кәстеңке, кәнеу, сәтнек.
9. Тақырып. Қазақ диалектілеріндегі морфологиялық ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларына байланысты ерекшеліктер
2. Етістік тұлғаларына байланысты ерекшеліктер
3. Біріккен сөздер мен қос сөздерден болған диалектілер
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Қос сөздердің жұптарын дұрыс табыңдар:
Бәкін-тоғай Бәкін-шүкің
Шыған-қоқай Некен-нұқан
Абай-нұқан Шыған-тоғай
Некен-шүкін Абай-қоқай
2-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, диалект сыңарларын жазыңыздар.
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ. (...)
Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады. (...)
Судан алады,
Суға салса өледі. (...)
3 – жаттығу. Мына диалект сөздерді оқып шығып, морфологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Осы сөздерді қолдана отырып, «Арқаның серісі - Ақан» атты шағын мәтін құрастырыңыздар.
Азан – таңертеңгі уақыт
Айтулы – атақты, қадірлі, ардақты
Шаптылап – шауып
Отырғамын, білдірісті – отырған, білдірді
Таңғалысты – таңғаларлықтай
Туылғандай – туғандай
Атсайшы – атшы
Әліге дейін – әлі күнге дейін
Бәкүн-шүкін – маңызды емес
4 – жаттығу. Өлең жолдарын оқып, морфологиялық ерекшелікке түскен сөздерді табыңыздар.
О, махаббат, сен отсың жалындаған,
Алаулап, мыжғырылып жанып барам.
Сен қыссың қаталданып қабақ шытқан,
Қаһарыңнан қорқып мен батылданғам.
О, махаббат, сен сусың сылдырлаған,
Жүрекке терең бойлап сырыңды ұғам.
Г.Көлбаева «Махаббат»
5 – жаттығу. «Менің Қазақстаным» атты шағын шығарма жазыңыздар. Шығармада міндетті түрде мына диалект сөздерді қолданыңыздар:
дамылдаған, машайық, абажадай, бұ йақта түзең, ақбалық, жақса, жұтпа, жам, ақбасшөп, жүдә көрім, әйдік, тақыл, дембе-дем, жұмыс жасау, елкі, сірә, тымсалы, жайбар, аманғы, дағарадай, орпағына, еміл, алапатты, ірә басқа.
6 – жаттығу. Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай талдап, берілген диалектілерге сөйлем құрастырыңыздар.
Туылған – туған
Күніге – күнде
Аттамағын – аттамашы
бере тұғынмын – беретінмін
Емен – емеспін
Жесей, ішсей, іштіңке, ғылмайды- жесеңші, ішсеңші, ештеңе, қылмайды
Жарадар – жаралы
Күзгі салым – күзге таман
Жүріліп – жүргізіліп
Жүргем – жүргенмін
7 – жаттығу. Берілген диалектілердің қай аймаққа жататындығын диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып анықтаңыздар.
Үлгі: Жайбарсып (мықтысыну) - Шығыс Қазақстан.
Жамбар тарту (жақын тарту,туыс көру) –
Кәр ету (ашу шақыру) –
Жампылдап (жалтақтап қарау) –
Адақтап (орындау) –
Ада қылу (аяқта, бітіру) –
Әбессіну (қымсыну, ұялу) –
Башалау (анықтау, тәптіштеу) –
Айырбастау (ұсақтау, майдалау) –
Дағ етпеу (түкте етпеу, ештеме де қылмау, залал шекпеу) –
8 – жаттығу. Д.Исабековтың шығармаларынан алынған сөйлемдердің ішінен морфологиялық ерекшеліктерге ұшыраған диалектілерді теріп жазып, дұрыс нұсқасын келтіріңіздер.
1.Ит үрді дегенше, үйден бір адам атылып шықты дей бер. (Д.Исабеков. «Ақырамаштан наурызға дейін»). 2. Неміс генералдарының ішінде аңдысса ұтып, алысса жығатындай әлмені бар осы Шернер ғой, қауіпті жау нағыз! – деп Разумов сәл тоқтады. (Ә.Нұрпейісов. «Курляндия»). 3. Кележақ уақытта жалғасармыз. (Д.Исабеков. «Кемпірлер») 4. Құйқасының әр жерінде аламыш төбе болғандықтан, басына үнемі кестелі тақия киіп отырады. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 5. Мына есіктің баспасын ауыстыратын болыпты ғой. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») 6. Тұрмысымыз берілеп келе жақсарды. (Д.Исабеков. «Социализм зәулімі»). 7. Қақтаманы біз үнемі жасап отырмаймыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 8. - Ол құлақтанып қойса қайтеміз, - деді. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 9. Төр алдында шарада сабаланған қымыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 10. Мақтаның шақтауы жақындап келеді. (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ»).
10. Тақырып. Сөйленістердегі үстеу, шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Үстеу сөздер, түрлері, ерекшеліктері.
2. Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктері
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. «Диалектология» сөзіндегі әріптерден сөз құрастырыңыздар.
Үлгі: ол, лек, тек, ток, ия, ......
2 – жаттығу. Берілген сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, астын сызыңдар.
1. «Дәукен қарттың әңгелегі шығыпты» деген гу-гу сөз ең алдымен ауыл балаларының құлағына тиді.
2. Тілек пен қуанышты сермеп қалам,
Халқымның құттық айтам сайлауына (И.Жылқайдаров)
3. Бар – барын айтады, жоқ – зарын айтады,
Құда базына айтады, Құдағай назын айтады (мақал)
4. Әпшесі қалада оқиды екен.
5. Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауысып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті (С.Мұқанов)
3 – жаттығу. Берілген сөздерді қолдана отырып жеті сөйлем құрастырыңыздар. Әр сөйлемде міндетті түрде сөйленістерде кездесетін шылаулар қатысу керек.
1. Көктем-жаңбыр. 2. Жаз-күн шықты. 3. Күз-тұман түседі. 4. Қыс-қар жауады. 5. Аспан-бұлт. 6. Су-балық. 7. Жер-шөп.
4 – жаттығу. Тест тапсырмасын орындаңыздар.
1. Диалект термині қай тілден алынған?
а) грек ә) латын б) араб
2.Диалектологиялық сөздік қай жылы жарық көрді?
а) 1990 ә) 1958 б) 1969
3. Диалект сөзді табыңыз?
а) кәсе ә) қазан б) табақ
4.Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы қалай аталады?
а) семасиология ә) терминология б) диалектология
5. Диалект сөзді табыңыз.
а) там ә) доп б) көз
6. Белгілі бір жердегі тұрғындарадың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді қалай атайды?
а) кәсіби сөздер ә) диалект сөздер б) кірме сөздер
7. Диалект сөзді табыңыз?
а) нағашы ә) құдағай б) бөле
8. «Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.
а) Ас ә) Өнім б) Тұқым
9. Диалект сөзді табыңыз
а) шалбар ә) сым б) шам
10.Іңкәл сөзінің беретін мағынасы
а) еттің наны ә) салат б) қуырдақ, манты,
5 – жаттығу. Диалектілік үстеу сөздер мен шылауларды мағынасына қарай топтастырыңдар.
Шаққа, ілкі, жори, рабайда, жарын, қайыра, дембе-дем, азын-шоғын, кіл, шекті, әмбі, жә, ерен-паранда, бойлай, шығайда, сиқатты, керегінде, ірә, ерепан, азанда, шанда, азда-аз, керегінде, тұрғай, дейтұрғанмен. Сын-қимыл үстеу: Мезгіл үстеу: Мөлшер үстеу: Күшейткіш үстеу: Септеулік шылаулар: Жалғаулық шылаулар:
6 – жаттығу. Сөйлемдерден диалектілерді тауып, олардан сөйлем құрастырыңыздар.
Ол үйге кіл кереметтерді ілді. – Ой, көрші ауылға барып, таныс-тамырды көріп, шек тарттық қой! Барсам ештеңке болмаған екен, бәрі орнында. Балаларға қызықты сүгірет.
7 – жаттығу. Мақалды жалғастырып жазыңыздар, диалект сөздерді табыңыздар.
1. Су патшасы – мұрап, ...
2. Үйдің сәні сандық болар, ...
3. Жаман адамға мал бітсе, ...
4. Құмсыз жер болмас, ...
8 – жаттығу. Өздеріңіз білетін поэзиялық шығармалардан диалекті сөз кездесетін бірнеше мысал келтіріңіздер.
11. Тақырып. Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтар
Талқыланатын сұрақтар:
1. Зат есім тудыратын жұрнақтар
2. Сын есім тудыратын жұрнақтар
3. Етістік тудыратын жұрнақтар
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған диалектілерге морфологиялық талдау жасай отырып, диалекті сөздердің қалай жасалғандығын түсіндіріңіздер. 1.Олай болса құраманың хал –жағдайына қал-қадірімізше тереңінен үңіліп көрелік. 2.Өкінішке қарай, Лео мырза да өзінің отбасылық жағдайын себеп қылып Қазақстанға келуден тайсақтап шықпақ. 3.Бірақ артынан бар мәселе тек ақшада ғана емес екені, жоғарыда айтылған мамандардың бас тартқанынан барып аңдадық. 4.Біздің Футбол федерациясының басшылары бар жауапкершілікті өзіне алмай, мәселені отандық басшылармен ақылдаса отырып, шешетін адам іздеген сиықты. 5.Бұрынғы қазақ қыздары мен келіншектері бет-ауызды боямайтұғын. 6. Өзін ретті ұстаудағы істейтіндері табылса ертеңгісін жұпар сабынмен жуыну, шашты түспесін, ажарлы болсын деп қатықпен, кешкісін бетке әжім түспесін деп кілегей жағу сықылдылар ғана болатын. 7.Сүйінші хабардың елге тез тарайтыны бар емес пе."Ұлы Ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің жаңа еңбектері табылыпты дейтұғын әңгімені естігенде ел құлағының елеңдеп қалғаны рас". 8.Айтыс өнерінің қазіргі жағдайы осындай сұрақты еріксіз тудырмақ. 9.Алматыға жұмыс сапарымен келіп, қалалық жедел және шұғыл көмек көрсету ауруханасына ат басын бұрып, осы замандық, ең озық құрылғылармен жабдықталған мекеменің хал-күйімен танысты. 10. Күзгі жиын-терін уағында да арзандатылған бағамен аламыз.
2 – жаттығу. Берілген диалект сөздерге морфологиялық талдау жасап, жасалуын түсіндіріңіздер. Әрқайсысына сөйлем құраңыздар.
Пойызбынан-пойызбен Барғым бар болатын-барғым келетін Мынаусы-мынасы Біздікілер-біздердікі Сандалау-сандалу Жеткеру-жеткізу Берешек-бережақ Келатыр-келе жатыр Кетті емес пе-кеткен жоқ па
3 – жаттығу. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған диалектілерге морфологиялық талдау жасай отырып, диалекті сөздердің қалай жасалғандығын түсіндіріңіздер.
1.Біздің жаққа келулі бәрің қашып, Үш тағаннан қалың құм төрін асып. (Х.Ерғалиев) 2. Етпеске кеңес келелі, Азырақ сөйлеп берелі. (Майлықожа) 3.Мәжіліс үстінде келген кейбір ойларымды ғана ортаға салғым бар. 4.Бұндай сәт кез-келген сәтте туа бермейтіні анық,осы мүмкіндікті пайдаланған жастар кешкілік жиналып отырмақ жасады. 5.Шұбарлы жердің табиғаты әмәнда адам баласын сүйсіндіріп келеді. 6.Жүдәлі адам ешқашанда жерде қалмайды. 7.Ол өзінің әлдемділігінің арқасында қандай шаруаны да қиналмастан тындырып келеді. («Қазақ әдебиеті» газеті, 18.06.2008ж.) 8.Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, бәрі де маңдайға жазылмыш. («Жұлдыз» журналы, 13.05.2009 ж.) 10.Қалқам, үй ішін жайғап жіберші, мына қонақ баламен әңгімелесейін. («Қазақ әдебиеті» газеті, 15.04.2011.)
4 – жаттығу. Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан алынған мысалдарды дәптерлеріңізге көшіріп жазып алыңыздар. Қарамен берілген диалект сөздердің әдеби нормадағы мағынасын табыңыздар.
Жолдың екі жақ жағасы биік шилер. Қияқтары желкілдеп қау болып көрінеді. Адал еттіден Жүніс, Мұхамедилерде бір кәрілеу торы ат бар. Бізде түк жоқ. Екі үйдің аяқ лау етері сол ғана. Арық тізесі ағаштай сорайып, иегін тіреген аурушаң шешем жез шәугімнен ақ су құйып отыр. Мүмкін болса, бір уыс, жарым уыс ақ талқанды өзіне бөлек жасап жейді. Бір түйір, жарты түйір тәтті табылса, аузының дәмін алып, ақ суды сонымен ішеді. Қолыма ілінген бір тал кәмпитті көз ілеспейтін жылдамдықпен қағып алдым да, мен-дағы қонақтарға орын босатқан болып, түрегеп кеттім. Бәлем, түстің бе қолға, деймін де, біреуін таңдап киіп алам. Және бірнеше парын үйге әкеп, әбдіреге салып қоямын. Тамағымыз – талқан. Кәдімгі қара талқан. Кішкене пияламен таңертең бір пияла, түсте бір пияла, кешке бір пияла арпаның талқанын береді.
5 – жаттығу. –хана қосымшасы арқылы жасалған диалект сөздерге мысал келтіріп, оларды кірістіріп, «Ақтөбе көшесінде» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыздар.
6 – жаттығу. Поэзиялық шығармалардан морфологиялық ерекшелікке байланысты он шақты мысалдар тауып жазыңыздар.
12. Тақырып. Диалектілік лексикография
Талқыланатын сұрақтар:
1. Жалпы лексикографияның салалары.
2. Алғашқы диалектологиялық сөздіктер. (С.Аманжолов, Ж.Досқараев)
3. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері .А. 1969, А1991, 1999, 2001жж.
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Берілген диалект сөздерді қолданылатын аймағына қарай топтастырып жаз.
Берілген диалектілер: жар, сақа, таутан, ақсыла, пісте, келдек, сүмсе, кәстеңке, белкүрек, дарбаза, тандыр, дәліз, сүгірет, қардар, кіл, бек, ірә, шайлау, мауыздай, теппе, шаппа, шұбарлы.
2 – жаттығу. М.Гумеров пен М.Қабанбаевтың шығармаларынан алынған мысалдарды дәптерлеріңізге көшіріп жазып алыңыздар. Қарамен берілген диалект сөздердің әдеби нормадағы мағынасын табыңыздар.
Ой, жарамайды, жарамайды. Маған қырындап жүрген бір жігітпен әудежар шекісе қалсаң, биялайың жоқ, ортаға неңді тастайсың? Мына қоян құлақшыныңды ма? Күні бойы шотпен шағып, тастардың үлгісін жинаймыз. Кіреберісте, оң қолда, кішкене шым үй бар. Жарты сағаттай әуреленіп, бір құшақ шөпті зорға жұлдым. «Шіркін, шотаяқ болса! – деймін өзіміздің қораны еске алып. – Онда мына маяны оп-оңай үңгіп кірер едім». Электр шамдары сонау аумақта ауланың дарбазасынан басталды да, сонсын сенекке кіре берісте, сенектің ішінде, коридорда, бөлмелерде бірден-бір жарқырап тұр. Неге беталбатты қаңғып, басың ауған жаққа кете бересің дейсіз бе? Жалықтым. Ақыры айналсоқтап жүріп, бір ыңғайлы кілтеңі келгенде, шап беріп, жирен аттың жалына жармаса кеттім. Сол кезде, әлгі сасық қорс етіп, қайта үркіп жөнелгенде, дағар есікті іліп, қоса алып кетеді. Сырт көрінісінде қыстақтың өзге үйлерінен ешқандай айырмасы жоқ, бұл там қоржын тәрізді үш бұлың жай. Ортадағысы далаң үй. Сынған түгіл дәнеңе де етпеген. Тек көк еті ауырып қалған ғой. Қазір барысымен дереу сужапырақ тартсаң, ештеңе етпейді, басылып кетеді. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта бастадым. Аузыма түтіннің жап-жаман ыс дәмі келеді. - Әй, қылжақтамай бар деймін, бар деген соң. - Айталық, бармадым, әже. Онда не болады? - Бармасаң тоқмаш жейсің. - Піскен тоқмаш па, шикі тоқмаш па? Менің қылжағым тойғыза бастағандықтан әжем енді үндемейді.
3 – жаттығу. Берілген мақалдардың мағынасын түсіндіріңіздер. Ерекшеленген диалект сөздердің мағынасы мен қай аймаққа жататындығын диалектологиялық сөздіктен қарап орындаңыздар.
1. Ер болсаң, бопсаға шыда.
2. Тозған елді там жияр.
3. Кері кеткен еріншек, кеусен сұрауға да ерінеді.
4. Қойды қорадан сат, астықты ұрадан сат.
5. Жайынның жаңсасын жеген жатпас.
6. Әр кәлләда бір қиял.
7. Қорыққан бұрын мұш көтерер.
8. Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас.
9. Мәуесі бардың әуесі бар.
10. Үйдің сәні сандық болар, қораның сәні жандық болар.
4 – жаттығу. Берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер, қай аймақтарда қолданылатынын анықтаңыздар. Малақай, азан, атыз, бәдірен, жарын, тұқым, кемпірауыз, пияла, бөгіребас, құнт, жәшік.
5 – жаттығу. Өз аймағыңда жиі қолданылатын жергілікті тіл ерекшеліктеріне жататын сөздерді тауып, оларға түсінік бер.
6 – жаттығу. Мына диалект сөздердің мағынасын тауып, қай аймақта қолданылатынын айтыңыздар. Оларды қатыстырып, қысқа әңгіме құрастырыңыздар. Жозы, шырыш, қасқарша, әттік, құлақ, долы, тәртіп, кебек.
7 – жаттығу. Құрамында диалект сөздері бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, түсіндіріңіздер. Қай аймаққа тән екендігін анықтаңыздар. Аласат салу, баз кешу, маш болып істеу, пыш болу, қаза басу, шұрқан салу, үрдіс қылмау, қаржымын қайтару, башайлап көрсету, бұлды сатпайы болу, ай үйлі болып кету, айшығы айналып жүру.
13. Тақырып. Қазақ диалектілеріндегі синтаксистік ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы.
2. Сөз тіркестері.
3. Синтаксистік түйдектер.
Әдебиеттер: 1-10
Қарастырылатын мәселелер:
1. Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы.
2. Сөз тіркестері.
3. Синтаксистік түйдектер.
1 – жаттығу. Төменде берілген етістікті және есімді сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар. Табиғаты алмады, жатпай тұрып , әнтенде қалды, шақаты да келмеді, тыраң асты, қолым құтаймайды, таңдайды жұлып барады, тұяқкесті болды, суы құрыды, араны жүретін, жаман дат түйді, байлауы жоқ, қол көтерілді, сыңар аяқ қалдырмау, мысы шамырқанды, жарық сәуле жанды, жауырына көбе сыймаған, маңы жібермеді, парқы білінбейді, мүсәт ет, бала шығы болды, таң көрсетпеді, жүзі шыдамады, көздері атыздай болды, зәресі қалпақтай ұшты, жарты терідей жалпылдайды.
2 – жаттығу. Тұйық етістіктен жасалған сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңдар. Табиғаты алмау, әнтенде қалу, қыбы қану, көк тер болу, көңіліне ақтық салу, кетігіне тап ете түсу, күлмәнін ашу, ежіл-қозыл болу, екі құлағы төрт болу, қыбым қану, екі оқтылау болу, шіркеу келтірмеу, дәп-дәбе қылмау, бұлық айдау, іші парт болу, әулие ағашқа шығу, сыңар аяқ қалдырмау, тәнті болу, кеуім тарту, жаны қыдыру, ілбіп басу, мүйізі ішіне жасырыну, мүсәт ету, бала шығы болу, сауқаны ұшу, қамыры ашу, мыштай болу, екіленбей көрсету, үлпетке бару, жарты терідей жалпылдау.
3 – жаттығу. Есімшеден жасалған сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар. Жұлдыз толғанда, иіс алмас, сиыр түс болғанда, мәтел боп тұрғаны, көрсе басар, жанды өлтірерде, көл шайқаған, араны жүретін, ат байлар, көңілі көншімейтін, күмәнға шығарды, уызы арылмаған, мысы шамырқанды, жауырына көбе сыймаған, сауқаны ұшу, ат құлағы көрінбейтін боран, дерек қатқандай.
4 – жаттығу. Көсемшеден жасалған сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің әдеби мағыналарын табыңыздар. Қыжырым қайнап, жатпай тұрып, шіркеу келтірмей, мүңкір болып, таңдайды жұлып барады, мәлім қылып, дәп – дәбе қыла, пыш болып, тұқыртып ұстағанда, ілбіп басу, әбестеу көріп, дымын шығармай, мүңкір болып, мыштай болып, кіленбей көрсету, зәресі қалпақтай болу, ала қойды бөле қырықпай, толасын күтіп.
5 – жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін ажыратыңыздар. 1. Ол тағы да тұмсығын мегзеп, қара шоқпарды сілтеп кеп қалғанда, бұл бөріде тыраң асты. (С.Сейфуллин. «Таңдамалы жинақ») 2. – Қайдағы самарқандық? Ондай сорт болушы ма еді? - деді звеновод Пікәнға ала көзімен жатпай тұрып. (Д. Исабеков. «Талахан – 186») 3. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты. (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі») 4. Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») 5. Труба түбіндегі жапырақ тас үй мехцех. Бұл әншейін келешегіне қарай қойылған ат. Әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ. (Ғ. Мұстафин шығ., 12.04.2009 ж) 6. Оның шапшаңдығы қолды – аяқты баладай шау бөлініп тұрады. (Әуезов «Қорғансыздың күні») 7. Соңғы екі жылда Елбасының мысы шамырқанды. (Т.Жұртбай «Сүре сөз» 7-бет.) 8. Мараттың алған әйелі зиба бойлы, ақ құба адам екен. (Ә.Кекілбаев «Үркер», 158-бет)
6 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің ішіндегі тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңдар.
1.Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым. (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ») 2. Бір топ адам ауылға жұлдыз толғанда келіп түсті. (Ш.Мұртаза «Жұлдыз көпір») 3. Әйел орнынан ұшып тұрса да, әлденеден ұялып, тақтыға барар-бармасын білмей екі оқтылау болып тұрды. (І.Есенберлин «Көшпенділер»). 4.Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, -деді, -жас жан еді обалына қалмайық ерге шықсын. (Б.Майлин. Шығармалары, Алматы, 1992) 5. Күн сиыр түс болғанда қарамы мың жарымдай қойды қаптатып айдап келе жаткан жастау қойшы көлденең кезікті. (І.Жансүгіров «Жетісу естеліктері») 6. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты. (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі») 7. Жас мұғалім қыз жай ғана жымиды да, ішін алдырмай отырып қалды. (Ж.Аймауытов «Қартқожа») 8. Көккөлден күдер суды кездестіре алмайсың. (Ә. Асқаров: «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын») 9. Дәукен қарт дауыстағанда селк ете қап, көздері атыздай болды. (Н.Серәлиев. «Әңгелек»)
7 – жаттығу. Берілген есімді тіркестердің маыналарын тауып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Суайт күндері, жұлдыз толғанда, қам тастамай, иіс алмас, қолды – аяқты баладай, сап соққандай, шіркеу келтірмей, назары пәс, рия тоны, мегжемді жер, ағашқа мәуе бітсе бәсең-бәсең, бауыры құтсыз, жанды өлтірерде, дәупірім су, жолым үй, зиба бойлы, тізгін ұшымен, ілкі мезетте, жайын жұмыс, ақ пен қызылдың арасында, ат құлағы көрінбейтін боран, зыбан ұрмауы, дерек қатқандай, күдер суды.
14. Тақырып. Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы
Талқыланатын сұрақтар:
1. С.Аманжоловтың өмірі мен қызметі
2. Ж.Досқараев,Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев еңбектері.
3. Академик Ш.Сарыбаевтың орны
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Диалект сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауын дәлелдеңіздер.
«Ақ көйлектер» жаңа сергігендей ашына қимылдап, Кендебайдың бауырлата зымыратып оң қанат айдаушысы Тұрдыхонға жөнелткен добын қақпақылдап әкетті де лезге жеткізбей-ақ «Шалқыма» қақпасына шүйіріп барып та қалды (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 145-б.). Екі жыл қатарынан сол желтоқсанның басындағы тобықшылар ұшқанақтан басқа ештеңе түспеді (Ә. Кекілбаев, «Ең бақытты күн».1-т. 89-б.) Түніменен «соқыр теке» деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Ғ.Сланов «Дөң асқан» 17 б.). Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев «Аш бөрі» 22 б.). Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты!. (Ә.Кекілбаев «Аш бөрі» 34- б.). Қасқыр болар, сірә, - деді жігіт көкалақан дойырын нығарлап. (Қ.Сланов, Дөң асқан. 8-б.). Тек салынып жатқан мектептің бір тұсындағы шалғыны орылған беткейде балалар шулап, қақпақыл салып, доп ойнап жатыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 135-б.). Күз түсіп, өзенге шәуіш жүре бастағаннан бері бұл үйге біздің құлағымыз үйреніп те болған-ды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында туғандар. 321-б.). Сол тұсқа барғанда, ағынға бір басын сүңгіп қалқыған жуан ағаш кідірістеп, бір күдіске тірелгендей, қайырлап, шөге берді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 230-б.). Бөтекеңді бұлтитып, өзіңді шелегіңмен қосып атқа өңгеріп алып кетейін бе? (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдану. 18-б.).
2 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен боялған диалектілердің қай тілден енген кірме сөздер екенін анықтаңыздар.
– Әкелерімнің жараса қалғанын қарашы! – деп ақкөңіл Қайырбек төрдегі қонақтарына бір, өз қызы Қатираға бір қарап мәз боп отыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 56-б.). Қауғаны астауға сырғытып жіберіп, әйкелде талтайып тұрып алды (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн» 36-б.). - Шәйдың дәмі ұнай ма, айтыңыз. Сізге шәйді басқа дүмшеден құйсын. (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн» 42-б.). Қасқыр болар, сірә, - деді жігіт көкалақан дойырын нығарлап. (Қ.Сланов, Дөң асқан. 8-б.). Шәбіктің аузына балықтың бал дәмі келе қалды; жас балықтың кеспелері тұздықталып, алдына тартылып келгендегіден жақсы иіс мұрнын жарып кеткендей болды ма, қалай, суы тізеден асатын жағадағы аудың бір ұшына байланған қайың соққыны ұстай алып, сүріне-қабына үйіре жөнелді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.). Құмның бұта-бұтасын қуалап жүгірген шақырықтың, өзен бойында аяулы келте әнін қайыра бастаған қызғыштың әуені анда-санда естіліп қояды (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.). Құмның көп жері әлі де баяғы қалпында болғанмен, өзен тескен жерлері оралым-оралым балғын тоғай: қазот, бидайық, шырмауық, ажырық, таспа жоңышқа сияқты өсімдікке бөленді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 33-б.). Сондай сабырлы кісі екен, екінші тақасын енді қаға бастаған алдындағы жігіттің шоңқайма етігін алдына қояды да баласына назарын салып үнсіз қарайды (Қ.Сланов,Таңдамалы. 4-т. 253-б.). Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш кәжекейін баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 51-б.). Осы запоным болмаса, көйлегімнің алды дақ болар еді (Ә.Нұрп., Курл.).
3 – жаттығу. Мына диалектілерді кірістіріп, мәтін құрастырыңыздар.
Адуын-ашулы. Зәрезет – қорқып. Әдепкіде – алғашқыда. Ықылым – ерте. Маңдыта – түсіндіре. Делбеп – аулап. Бәдірен – қияр. Әмәнда - қай кезде де Немике – жаман. Әлемет – керемет
4 – жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен диалект сөздерді табыңыздар, әдеби баламасын жазыңыздар.
Бастары қауқиған күнбағарлардың алтын шаштары түсіп қалыпты да жиі-жиі пістелері біздиіп, ойлы адамның маңдайындай дөңес тартқан (Ғ.Сланов. «Барлаушылар» 210 б.). Арланды ақыры сойылға жығып, атқа өңгергендегі жігіттердің қау-қауы бұның құлағын қытықтайды (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 29-б.). Инженер біресе алдымыздағы қайқаңның арғы басындағы өркеш тасты, біресе сол жағымыздағы қабақты, біресе ойда иреңдеген өзенді нұсқап тұр (Қ.Сланов, өзен ағысы – өмір ағысы. 5-т. 307б.). Бұршақпай қолында ұстап келген ашқышын таба алмай, үстел үстіндегі заттардың астан-кестеңін шығарды (Қ.Сланов, Замандастар. 142-б.). Тақша тақта басқандай етіп сәбет ен шыңнан, жиырма мыңнан салғыртты басқанда, арқасына шыбыртқы тиген қызып өгізше қайқаңдады деп еді пәлем. (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 2-т. 98-б.). Жарқабақты шынтақтап, әлдеқашан жауды қарауылдың ұшына алып жатқан атқыштар мылтық шаппасын тартып-тартып қатар шыққан он шақты гүрсіл жерді солқ еткізді (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 338-б.). Көк бұйра толқын ұрған көк жайқын күздік сауранкөктің жалына ұмтылып, найқала сәлемдеседі (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 240-б.). Қыз жамылғышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Қ.Сланов, Замандастар. 217-б.).
5 – жаттығу. Диалект сөздерді теріп жазыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер.
Еміс-еміс білетіні – қызыл балықтар. Теңіздегі балықшылар: «Шіркін, қызыл балықтың етіндей ет бар ма? Ондай балық бар деймісің!» десіп, ауыздарының суы құритын (Ғ.Сланов. «Дөң асқан», 39-б.). Қос жолым үйді жасырған Қамшысайдың арқа жақ құлай берісі: ―Қапия мен Тақаттың‖ жайлауы – ―Құр тоғай‖ деп аталады (Қ. Сланов, «Дөң асқан», 42-б.). Е, бұ да бір ағайын. Ныспысы – Әурен. Осы елдің ат үстіндегі азаматтарының бірі. Қалада қызмет атқарады. Еліне демалысқа келіп жатыр екен, маған көрісе келіпті, - деді (Ә.Кекілбаев, «Аш бөрі», 23б.). Шыны аяқтың түбіне жұққан қан күрең шайды ішіп жатып: ―Шындарыңды айтыңдаршы, балалар, басқа үйден осындай шай іштіңдер ме?‖ - деді (Ә.Кекілбаев, «Құс қанаты», 11-б.). Тереңдігі 16 сантиметр қам тастамай жыртып, дұрыс малаласақ керек (Ш.Мұртаза, «Қара маржан»). Мені не қылса да көне берер, иіс алмас, ең бастысы – ауылда миллионер әкесі бар, шіріген бай санаса керек (М.Мағ., «Көк кептер».). Бір күні кебеш шанамен шығып кеттім, күннің суықтығы 41 градусқа барады (К.Әзірб., «Шығармалары»). Есей жымды шатқалға қамап, қуып тыққан ызалы жолбарыстай қып-қызыл көздерінен от төгіп, арпалысып жүр еді (Ә.Нұрп,, «Қан мен тер»).
15. Тақырып. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау, зерттеу жолдары
Практикалық сабақ жоспары (1 сағ)
Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау, зерттеу жолдары
Әдебиеттер: 1-10
Бақылау.

Приложенные файлы

  • docx 18048232
    Размер файла: 91 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий