№5 саб


Модуль - «Ортопедиялық стоматология»
Пән– «Ортопедиялық стоматология» - ПДО 07
Мамандық – 051302 « Стоматология»
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырып №5: Провизорлық сауыттар. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, дайындау әдістері

Курс - 5
Цикл -35 сабақ
Алматы, 2014
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология модулінің отырысында талқыланды
«_______» _________ 2014жыл № Хаттама
Ортопедиялық стоматология модулінің
жетекшісі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков
1. Тақырып №5: Провизорлық сауыттар. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштері, дайындау әдістері
2.Мақсаты: студенттерде компетенция бойынша қалыптастыру:
провизорлық сауыттарға көрсеткіштері бар науқастарды қабылдау ерекшеліктері ережелері;
медициналық құжаттарды толтыру;
қосымша әдебиеттер, анықтамалар мен арнайы баспалармен (конспектілеу, аннотация жасау, рефераттау) жұмыс жасау;
заманауи компьютерлік технологияларды пайдаланып тапсырмаларға (сұрақтар, есептер) өзіндік жауап табу;
клиникалық кезеңдерді орындауда теориялық білімді қолдана білу;
провизорлық сауыттарды дайындау әдістері.
3.Оқытудың міндеттері:
тақырып бойынша білімді тереңдету және бекіту;
Internet көздері және әдебиеттерімен жұмыс дағдыларын жетілдіру;
медициналық-құқықты аспектілер бойынша коммуникативті дағдыларды жетілдіру;
провизорлы сауыттарды дайындаудын клиникалық кезеңдерінде тәжірибелік дағдыларды жетілдіру;
білім алушыларға өз ойын дәл жеткізуге және өз пікірінде тұруға дағдылануға үйрету;
оқу құралдары бойынша студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелігін және тиімділігін тексеру;
4.Оқуды өткізу түрі:
тақырып бойынша ақыл- кеңес;
қосымша әдебиеттер,анықтамалармен,арнайы баспалармен(конспектілеу,аннотирлеу,рефераттау) жұмыс;
заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып тапсырмаларға және сұрақтарға өзіндік жауап табу дағдыларын қалыптастыру;
провизорлы сауыттарды дайындаудың клиникалық кезеңінде тәжірибелік дағдыларды орындау;
студенттердің өзіндік жұмысы барысында алынған теориялық және тәжірибелік нәтижелерді талқылау;
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді өз бетімен оқу.
Оқытушы ұсынған дерек көздері бойынша конспект (аннотация, реферат) дайындау;
Тақырып бойынша глоссарий құрастыру;
Тақырып бойынша библиографиялық тізім дайындау;
Тақырып бойынша эссе жазу;
Сызба , кесте құру, салыстырмалы сипаттама және т.б беру;
Тәжірибелік жаттығуларды орындау.Ситуациялық есептерді, клиникалық жағдайларды талдау, науқастарды қабылдау, провизорлы сауыттарды дайындаудың клиникалық кезеңдері
6. Оқуға қажетті материалдар
- мультимедия түріндегі тұсау кесу (презентация) ( болмаса мәтін турінде жасау)
-тақырып бойынша оқу әдебиеті
-стоматологиялық құрылғылар жиынтығы
-өздігінен қатаятын пластмасса жиынтығы
- ситуациялық есептер, студенттерге арналған фантом мүсіндері.
Оқыту және үйретудің әдістері: ауызша сұрау, оқытушының жұмысын бақылау, демонст-рация, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс жасау.
Сабақтың хронометражы (академиялық 3 сағат есебінде)
№ Сабақ сатылары Сабақ сатыларының
құрамы Оқыту әдістері Бақылау әдістері
(оқытушының таңдауы бойынша) Сабақ сатысына берілген уақыт
1. Кіріспе сатысы Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. - - 5 минут
2. Дайындық бақылауының деңгейі Білім деңгейін анықтау - 1.Ауызша сұрау
2Жазбаша сұрау
3. Қалыңдаған сұрау
4.Блиц-сұрау
5.Тестілеу 45 минут
3. Негізгі саты 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді
2. Ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді.
3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру,
демонстрация, талдау, оқытушының жұмысын бақылау
Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау 65 минут
4. Сапаны бағалау сатысы 1.Білімді қорытынды бақылау 1.Жазбаша сұрау
2.Қалыңдаған сұрау
3.Блиц-сұрақ
4.Тестілеу
5. Ситуациялық есептерді шығару 10 минут
2.Кері байланыс құру 10 минут
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу 5 минут
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру. 5 минут
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру 5 минут
Барлығы 150 минут (академиялық 3 сағат 50 минуттан =150 минут)
7. Әдебиеттер:
Негізгі :
1. С. Рузуддинов., А.А. Седунов., И.Ә. Құлманбетов., Ю.С. Лобанов «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы» Алматы -2011
2. И.Ә.Құлманбетов., С.Р.Рузуддинов «Ортопедиялық стоматология. 1001 тест сұрақтары» Алматы -2009
Қосымша :1. Нападов М.А. Паламарчук В.М. Хохлов Э.М. Медицинская деонтология и психотерапия в стоматологии – Киев. Здоровье.
2. Н.Г.Аболмасов.,.Н.Н.Аболмасов., В.А.Бычков., А.Аль-Хаким «Ортопедическая стоматология » Москва 2011.
8.Бақылау (сұрақтар, тест, тапсырмалар және т.б )
1.Провизорлы сауыттарды дайындауда қандай материалдар қолданылады.
+A) LUXATEMP NE
B) GC GRADIA
C) ПРОТАКРИЛ
D) Полиуретан
E) Кристасил2.protemp 3 дайындалған провизорлы сауыттар қандай әдіспен жасалынады.
+A клиникада суық полимеризация әдісімен
B) зертханада ыстық полимеризация әдісімен
C) отқа төзімді мүсінде құю әдісімен
D) штамтау әдісімен
E қабаттап пісіру әдісімен
3.45 жастағы ер адам тістерін протездеу мақсатымен клиникаға келді. 1.1 тіс жоқ, металлокерамикалық көпір тәрізді протез құрылымы таңдалды. Науқасқа көпір тәрізді протез толық дайын болғанша қандай құрылым ұсынуға болады.
A) штампталып – дәнекерленген көпір тәрізді протез.
+B) провизорлы сауыттар
C) Логан сауыты
D) Жартылай алмалы пластиналы протез
E) Толық алмалы пластиналы протез
4.Қандай сауыт дайындауда пластмассалы провизорлы сауыт қолдануға болмайды.
A) металды пластмассалы сауыттар
B) металды керамикалық сауыттар
+C) штампталған сауыттар
D) фарфорлы сауыттар
E) Тұтас құйылған металды сауыттар
5.Қандай материалмен провизорлы сауыттарды бекітеді.
А) АдгезорВ) УницемС) БелацинД) Fuji T+Е) Сулы дентин.

Приложенные файлы

  • docx 18048218
    Размер файла: 89 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий