Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру


Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Жарияланды 28-02-2013, 22:58 Категориясы: Әдістемелік көмек 
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімСабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыруҚазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған.1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.1-слайд «Көбелек»2. Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар.«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады.2- слайд3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауОқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. Бағалау техникасының түрлері «Өзін - өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»3 - слайд4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалануАКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда сандық технологияларда құзырлық таныта білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.5. Талантты және дарынды балаларды оқытуҚазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Талант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.4 - слайд6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы негізінде сипатталады.5 - слайд7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бола алады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді.Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді.Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.6 - слайдМұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. «бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрті болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдірген, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау « Көмектесе алатындар бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
Кері қайтуМетаойлау
Метатаным немесе метаойлау-ойлау туралы білу деген сөз. Әлемдегі ең танымал педагогтар мен психологтар,философтар мәселен Дж.Дьюи мен Жан Пиажені алсақ та,Лев Выготский мен Бенжамин Блумды алсақ та оқытуда таным процесін зерттеуге ең бірінші мән берген.Бала алдымен оқу,үйрену кезіндегі өзінің ойлау әрекеті туралы өзі ойлана алу керек.Мұғалім баланы оған үйрету қажет.Бала «Мен қалай ойлаймын?»Бүгінгі сабақта мен нені және қалай үйрендім?Не қиын болды?Нені орындау қолымнан келді,нені орындай алмадым? Неге орындай алмадым? Енді маған қандай көмек керек?» деген мәселелер көлемінде ойлана алуы керек.
20 Қаз, 20:32
дарынды және талантты оқушылардың инклюзивті ортада талаптарын қанағаттандыру
 
«Дарынды балалар» бағдарламасы
Мәселенің өзектілігі
 
            Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?
–        Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.
–        Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.
–        Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.
–        Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.
–        Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.
Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.
Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.
Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.
            Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.
            Дарынды балалардың белгілері:
-         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.
Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.
Міндеттері:
-         Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі;
-         Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы
-         Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;
-         Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;
-         Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;
-         Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;
-         Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.
-         Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;
Бағыттары:
-оқушылармен жұмыс;
-ата-аналармен жұмыс;
-педагогикалық ұжыммен жұмыс.
Кезеңдері:
Дайындық кезеңі
Сараптамалық
Ұйымдастырылған-әрекеттік;
Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы
1-кезең – дайындық
Мақсаты:
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:
            Мұғалімдер де, оқушылар да мынаны түсінгені абзал:
Мектеп – қателесуге рұқсат етілетін орын;
Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;
Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;
Оқушы тек өз-өзімен ғана салыстырылады;
Мұғалім мақтаудың ретін табуы керек;
Оқушыларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;
Міндеттері:
- Нормативті негізді үйрену.
- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.
- Міндеттерді үлестіру
- Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.
Диагностика:
Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі.
Оқушылар келесі бағытта танылып айқындалады:
- шығармашылық ойлау қабілеті;
- өзін-өзі бағалау деңгейі;
- төзімділік;      
- әрекеттің тәуірлеу түрлері;
- сезімталдық күші;
- Сіз көшбасшысыз ба?
- Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?
- Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;
- Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;
Мұғалімдер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. «5»-ке оқитын және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.
Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.
Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:
1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).
2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).
3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар оқушылар (әдетте жоғары сынып жасында кездеседі).
Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру
II кезең –сараптамалық
Мақсаты:
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.
I саты (бастауыш мектеп) – дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т.б.
            Бұл саты балалардың білім алуда мұғалім жетекшілігімен және оз бетінше үйренуіне негізделгендігінен танылады. Бұл кезеңде сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерді оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, әрбір оқушы өзінің эмоциялық, физикалық талаптарын іске асыра алатындай қосымша білім қызметінің сапасын ұсынуға бағытталған бірегей процесс ретінде ұйымдастыру өте маңызды (оқудың қосымша сабақтарынан басқа балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған бағдарламалар ұсыну).
Баланың шығармашылық әлеуеті әртүрлі білім аймағынан дамуы мүмкін, бірақ көркемдік дамудағы  өзіндік табиғи әрекет әлдеқайда шынайы және ақылға қонымды болып табылады. Осыған байланысты қосымша сабақтар (үйірмелер) ұйымдастырылған дұрыс:
- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);
-қуыршақ театры (Абельдинова Ж.К.)
- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);
- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)
Жетекші –Омарова А.А.);
«Жас зерттеуші» - «Зерде»
Сабақтағы және сабақтан тыс әрекет оқушылардың өз мүмкіндіктерін  әркелкі әрекет ортасында шығара алатындай жағдайда құрылуы керек. Бұл жаңа білім мен жаңа тәжірибенің бастау көзі ретінде маңызды, сонымен қатар бұл білім II және III сынып сатыларында басқа әрекет ортасындағы құрылым негізі ретінде қызмет етуі тиіс.
            2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.
Дарынды оқушылармен жұмыс мазмұны әрбір оқу тәртібінің аймағында анықталады. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз үйренуге икемдеуі керек, таным процесі мұндай балалар үшін құнды болғаны жөн.
II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі  дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.
3-саты.Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтік-дағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін ЗУН жүйесінің  артық байланысымен  басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады. Бұдан мектепте білім беру кеңістігінің жаңа принциптері мен ұйымдастыру әдістері қалыптасады:
- жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);
- жоғары сынып оқушыларының өз қалауындағы профильді бағытқа қатынасының анықтамасы;
- қарым-қатынас өрісінің этикалық көзқарас бойынша анық айқындалуы.
Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары
            Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:
- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;
-оқытудың даралану және жіктелу принципі;
- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;
- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі
III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік.
Мақсаты:
Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқушылардың қабілетін дамыту үшін қажетті тәсілдерді қолданады. Мектеп психологтары балалардың дәстүрлі емес ойлауын анықтау үшін алдын ала сауалнама жүргізді. Әр сыныпқа сынып бойынша біртұтас және әр балаға жеке мінездеме материалдары жиналған папка арналады. Осы 2010-2011 оқу жылында портфолионы жаңалау және оқушылар арасында «Өзімді таныстырамын» атты сайыс өткізу жоспарланды. Бұл бағытта сынып жетекшілері  өз жұмысының толық талдауын жүргізуі керек. Жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетіледі, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспары жасалады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың келесі жүйесі жасалды:
Номинациялар:
1.        «Еуропа бесігінде тербелгендер»номинациясына ( 1-11 сынып оқушылары) «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады. Кубок иегерлері мен  «Ақыл-ой Одиссеясы» республикалық конкурсының алтын белгі иелері
2.        «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз»номинациясына  (1-7 сынып оқушылары) республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болады.
3.        «Талаптың мініп тұлпарын...»номинациясы (10-11 сынып оқушылары) халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.
4.        «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»номинациясы (8-10 сынып оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының, халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа оқулардың жеңімпаздарына беріледі.
5.        «Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары) республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.
6.        «Абай ізбасары»номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге» үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады.
Дарынды балаларға –дайын ұстаздар
Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
Мұғалім міндетті:
жақсы тілектес және сезгіш болуға;
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;
қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;
дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
пысық және белсенді мінезді болып келуге;
әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);
икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;
 дені сау және өмірде тұрақты болуға;
 дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.
«Дарынды балалармен жұмыс әдістері»
Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.
Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.
1.                Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.
2.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.
3.                 Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.
4.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.
5.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.
6.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.
7.                Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.
Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:
 
- әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;
- таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;
- оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;
- абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;
- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;
- тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;
- көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;
- шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;
- өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;
- білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.
 
Төменде дарынды балалардың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ қабілеттер мен икемділіктер келтіріледі.
 
«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері»
 
Дарындылықтың сақталуы мен дамуы – бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы  қоғамдық дамудың да, жеке тағдырдың да мәселесі.
 
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?
 
Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:
әр тұлғаның дамуына әсер ету;
мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;
дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно)
 
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының  нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.
 
Екінші саты диагностикалық мәнді білдіреді десек те болады. Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог және психотерапевт маман көрсеткен жүйкелік-психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)
 
Академиялық жетістіктер саласында дарынды балалардың тіл мен әдебиетке, математика мен жаратылыстануға бөлек икемділіктері  әлдеқайда дамыған болуы ықтимал. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).
 
Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).
 
Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда сіздерге жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.
 
Көптеген балалар белгілі бір ортада  ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.
 
Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады (авторлық бағдарламалар, жеке сабақтар – кеңестер және т.б., сонымен қатар лицей, гимназия, колледждердегі жан-жақты бағдарламалар).
Дарынды балалар әлеуметтік бейімделудің алғашқы деңгейлерінен өз қатарластарынан әлдеқайда тез өтеді (айтқанды тыңдау және үлгілі тәртіп, үлкендердің оң бағасын алуға бағытталған); олар жасөспірім шағында балалық ептілік бейнесін жиі азайтады және стандартты ережелерге, топтық нормалар мен авторитарлы көшбасшылықта топішілік бағыттарға қарсылық танытады.
 
Төменде дарынды баланың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ икемділіктер мен жасай алу шаралары келтірілген:
 
Танымдық қабілеттер мен машықтар
-ақпараттың кең көлемін игеру.
- бай сөздік қор.
- игерілгенді жаңа материалға көшіру.
- себеп-салдарлық байланысты құру.
- құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.
- шешім шығара білу.
- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.
- ақпаратты ұйымдастыру.
- күрделі ойларды аулай білу.
- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.
- қарсылыққа сезімталдық.
- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.
-жағдайды талдау.
- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.
- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.
- талқылай білу.
- болжам жасау.
- ойды тәжірибеде қолдану.
- қайта жасауға икемділік.
- ойлаудағы сыншылдық.
-жоғары білімқұмарлық.
 
2. Шығармашылық қабілеттер
                        -тәуекелшілдік қабілет.
                        - бағытынан тайған ойлау қабілеті.
                        -ойлау мен әрекетте икемділік.
                        -ойлау жылдамдығы.
                        - өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.
                        -бай қиял.
                        -әркелкі нәрселерді қабылдау.
                        -жоғары эстетикалық құндылықтар
                        -дамыған сезгіштік.
3. Эмоционалды ортаның ерекшеліктері
                        -шынайы Мен-концепциясы.
                        -өзгеге сыйластық.
                        -адамдарға эмпатикалық қатынас.
                        - өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.
                        -өзін-өзі талдауға икемділік.
                        -сынға шыдамды қатынас.
                        -нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.
                        -тапсырманы орындауда табанды болу.
                        -ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.
                        -мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.
                        -жарысқойлық.
                        -әзілқойлық сезімі.
                        -құлықты мәселелерді талдауда сезгіштік.
                        - өз күші мен қабілетіне сенімділік.
 
Дарынды балалармен жұмыс істеушілерге, ұстаздарға ұсыныс.
 
Тәжірибенің көрсеткеніндей, ұстаздың жоғары дарынды баламен өзара әрекет жасауының әсерлірек әдістері – оның материалмен өзіндік жұмыс жүргізуіне бағытталған қосымша сабақтар. Пән мұғаліміне жұмыста керек болады:
1.      баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.
2.      әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша  кеңес беру тақырыбын анықтау.
3.      Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.
4.      Балаға жеткізу керек:
- тақырып атауы.
-тақырыпты игеру жоспары.
- негізгі сұрақтар
- ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдер.
-тәжірибелік жұмыстар.
- керекті әдебиеттер тізімі
- бақылау формасы.
-өзін-өзі тексеруге тапсырмалар.
Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:
- пән
- кеңес берілген күн мен уақыт
- басты қаралған сұрақтар
- бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты
- негізгі жұмсалған уақыт
- бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар
- анықталмаған сұрақтар
- уақытынан кешігу себептері.
Мұғалім жақсы тілектес әрі сезгіш болуы керек, баланың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оның шығармашылық және өндірістік ойлауын кеңейтуі, таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарына талпынуы қажет. Сол кезде бар жан дүниесі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді мойындауға болады. Біздің мектептің мұғалімдері үшін арнайы келесі ынталандыру жүйесі жоспарланды. Куәлік қағазымен расталатын төс белгілері бар келесі номинациялар жасалды:
 
1.                            «Ұлағатты ұстаз» - бұл номинацияоқушылары республикалық пән олимпиадаларының, республикалық ғылыми жарыстардың, халықаралық жарыстардың, халықаралық студенттік конференциялардың, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған мұғалімге беріледі. Мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әртүрлі облыстық және республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға табыс етіледі.
2.                            «Жаңашыл ұстаз»- білім берудің жаңа технологияларын білетін және белсенді қолданатын жаңашыл ұстаздарға ұсынылатын номинация. Оқушылардың сапалы білім алуына ықпал ететін бар жаңа әдістер мен тәсілдерді, технологияларды өз тәжірибесіне қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді.
3.                            «Тәжірибелі ұстаз»  - бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі 20 жылдан жоғары, әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған (облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар) мұғалімдер иеленеді.
4.                            «Ізденімпаз ұстаз» - бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады.
5.                            «Үздік сынып жетекші»- жаңашыл, қиялы бай, шығармашыл. Кез келген сәтте көмек көрсетуге даяр. Ұйымдастырушы, психолог. Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар. Кәсіби сауатты, білікті.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістік жұмыстың бұл санаттағы оқушылармен бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылғанына байланысты.
Бұл жұмыс өзіне әртүрлі типтегі дарындылықты тудырудың  диагностикалық әдістемелерін қалыптастыруды, дарынды балалар туралы ақпарат сараптамасын, олардың білім алу және даму жағдайын жүктейді.
Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:
Үйлестіруші бағыт:
Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі.
Ғылыми-зерттеушілік бағыт:
Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.
Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы.
Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.
Ғылыми-әдістемелік бағыт:
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы.
            Эксперименттік бағыт:
Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.
Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.
Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психолого-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында және қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.
            Танымдық болмысы жоғары деңгейдегі оқушылармен жұмыс
Мақсаты: 1. Оқушылардың дамуы мен өзін-өзі дамыту шартын туғызу бағытында мектептің педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру.
I жартыжылдық
  Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан
Бақылау мақсаты Оқушыларға қосымша сабақтар арқылы жағдай жасауды талдау Пәндер бойынша мектеп олимпиадаларының қорытындысын талдау Оқушылармен жеке жұмыс жасау жағдайын туғызуды талдау Мұғалімге оқу жағдайын ұйымдастыру әдістемесін талдау
Бақылау аймағы Пән мұғалімдері Пән мұғалімдері Пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог Пән мұғалімдері
Бақылау түрі Жаппай Тақырыптық Тақырыптық Тақырыптық
Бақылау формасы Пәндік-жинақтап талдаушы Пәндік-жинақтап талдаушы Пәндік-жинақтап талдаушы Пәндік-жинақтап талдаушы
Бақылау әдістері Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру Әңгімелесу, байқау Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру Әңгімелесу, байқау
Атқарушылар ОТЖ бойынша директордың орынбасары ТЖ бойынша директордың орынбасары ОТЖ және ТЖ бойынша директордың орынбасары ОТЖ бойынша директордың орынбасары
Қорытынды Анықтама Есеп-өтінім Орынбасарлар жанындағы жиналыс Әдістемелік кеңес
II жартыжылдық
Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр
Пәндер бойынша муниципалды олимпиадалар қорытындысын талдау Медалға үміткер оқушылармен жұмысты сараптау Физикалық психологиялық дайындық деңгейлерін талдау Жобалық аптаның қорытындысын сараптау Оқушылардың білім алуы қорытындысын талдау бойынша ӘБМ жұмысын саралау және жетістікке жеткізу шартын жоспарлау жағдайын талдау
Әлеуметтік педагогтар, пән мұғалімдері Пән мұғалімдері Әлеуметтік педагогтар Сынып жетекшілері, ӘБМ жетекшілері ӘБМ жетекшілері
Проблемалық Тақырыптық Проблемалық Жаппай Тақырыптық
Пәндік-жинақтап талдаушы Әдістемелік-жинақтап талдаушы Шолулық Пәндік-жинақтап талдаушы Шолулық
Сұхбаттасу Сұхбаттасу, байқау, құжаттарды тексеру Сұхбаттасу, құжаттарды тексеру Сұхбаттасу, байқау Сараптау
ОТЖ бойынша директордың орынбасары ОТЖ бойынша директордың орынбасары ТЖ бойынша директордың орынбасары ТЖ бойынша директордың орынбасары ОТЖ бойынша директордың орынбасары
Анықтама ӘБМ отырысы Педкеңес Анықтама Анықтама
Дарынды балалармен жұмыс. Жоғары сынып оқушыларының көбісі оқуды жалғастыруы уәжсіз және өзін кәсіптік бағытқа дайындауға талпынады, мұнда білім алуды даралау идеясын жүзеге асыратын және шығармашылығын көрсету және оқушылардың іске асыруына мүмкіндік беретін технологиялар әлдеқайда зор көмек береді. Бұл бәрінен бұрын проблемалық оқыту технологиясына және «шағын топтарды» оқыту әдістемесіне сәйкес жобалық білім беру технологиясы болып табылады.
Мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру.
Міндеттері:
            -педагогтардың жаңа технологиялармен қарулануында, табысқа жету уәжінің бейнеленуінде әдістемелік деңгейін іске асыру;
            - жоғары зияткерлік қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүйелеу;
            - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жариялау бойынша жұмысты жалғастыру;
            - педагогикалық ұжымның даму мониторинг жүйесін жүзеге асыру;
2. Шағын топтарда білім беру әдістемесі.
Бұл әдістеме семинар сабақтарда әсерлірек қолданылады. «Шағын топтарда» білім берудің мәнісі сыныптың 3-4 топқа бөлінуінде жатыр. Мақсатқа сай олардың әрқайсысына 5-7 адамнан бөлінеді, мұндай бала санымен білім беру жағдайы жақсырақ жүргізіледі.
            Әрбір микротоп семинарда талқыланып жатқан сұрақтардың біріне жауап дайындайды, ол сұрақтар өз қалаулары немесе жеребе тастау жолымен таңдалынады. Сұрақтарды талдау барысында әр топтың оқушылары шығып сөйлейді, қарсы пікір айтады, пікірлерді сараптайды және толықтыру жасайды. Оқушылар дұрыс жауап үшін жеке бағалар алады, ал «шағын топтар» белгілі ұпай жинайды.
            Ойындық жағдай семинарда қажетті эмоциялық күй туғызып және оқушыларды одан да қауырт және әркелкі жұмыс жасауға итермелейді.
Жобалық оқыту технологисы
Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі – сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.
            Жобалық оқытудың өз мәнінде тұлғаға бағытталғандығы маңызды болып табылады, ол оқушыларға өзінің және өзгелердің тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттырады, өз еңбегі нәтижесінен қанағат алуға мүмкіндік береді, оқуда жетістікке жету жағдайын жете ұғуға көмектеседі.
IV кезең – оқушылардың қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Мақсаты:
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесін жіктеу.
Міндеттері:
- Оқушылар бейімділігінің диагностикасы.
- Ғылыми зерттеулер, сынып сағаттарын өткізу материалдары, викториналар, мерекелік шаралар негізі бойынша дарынды балалармен жұмыс жасау әдістемелік ұсынымдарының жоспары.
- Талантты оқушылармен жұмыс істеу үшін мектепте әдістемелік кітапхана бөлімін қалыптастыру.
- Арнайы курстар, факультативтер, элективті курстарды оқыту бағдарламаларына бейімдеу.
-Педагог біліктілігін арттыру.
Кадрлық қамтамасыздандыру
Топ Қызметтері Құрамы
Әкімшілік-үйлестірушілік Жалпы бақылау мен басшылықты жүзеге асыру.
Ұжым әрекетінің жетекшілігі.
Ситуацияны сараптау және ішінара түзету енгізу. Мектеп директоры
 
Кеңес беруші, әдістемелік Жобаның іске асуын үйлестіру.
Семинарлар, кеңестер өткізу.
Әдістемелік ұсынымдарды дайындау және баспадан шығару.
Сараптама әрекеті. ОТЖ бойынша директордың орынбасары
Мектеп педагогтары Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру Сынып жетекшілері,
Мұғалімдер,
Педагогтар
Мектеппен бірлесіп жұмыс істейтін мамандар Педагогтарға кәсіптік көмек ұйымдастыру.
Тренингтер, дөңгелек столдар, кездесулер өткізу.
Диагностика.
Мектептің және ауданның іс-шараларына қатысу. Педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының әдіскерлері
Әдістемелік қамтамасыздыру
Әрекет бағыттары Мазмұны
Ақпараттық қамтамасыздандыру 1. Нормативті-құқықтық қамтамасыздандыру:
1.1 Мектепішілік пән олимпиадаларын өткізу туралы
2.1 Пән апталықтарын (декада) өткізу туралы
3.1Конкурстар, викториналар және т.б. туралы
4. Бағдарламалық қамтамасыздандыру
5. Ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындау (ұсыныс, жариялау, бағыттар бойынша әдебиеттер тізімі).
6. Материалдарды баспадан шығару, сайттар мен суретті есеп беруді рәсімдеу.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыру 1. Дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мақсатты әдістемелік біріктіруді құру.
2. Педагог мамандар біліктілігін мектептің тақырыптық семинарлары арқылы көтеру.
3. Педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтауды үйрену.
4. Жүйе жұмысының мониторингі.
Проблемалар:
1.         Оқушылармен осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми-әдістемелік қолдаудың әлсіздігі.
2.         Мұғалімдердің оқытуды жекелеп өткізуге дайын еместігі.
3.         Қабілетті және дарынды балаларды психолого-педагогикалық жағынан сүйемелдеп отыру мәселе болып қала бермек.
4.         Қабілетті және дарынды балалардың ата-аналары әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді қажет етіп тұрады.
5.         Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата-аналар ынтымақтастығының орындалуын талап етеді.
Көрсетілген проблемалар дарынды балалардағы шығармашылық және зияткерлік әлеуеттің толықтай ашылмайтынын аңғартады. Дарынды балаларды оқыту мен дамыту мәселесі барлық педагогтық қоғамның қалт еткізбес назары мен өзара тығыз әрекеттестігін талап етеді.
Күтілетін нәтижелер
1.        Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
2.        Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім» категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.
3.        Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
4.        Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
5.        Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6.        Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру
7.        Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау
8.        Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
9.       Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.
 
Автор: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары 
АНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТУДІҢ АЛҒЫШАРТЫ
Сүлейменова Ләззат Батырбекқызы
(Қаратөбе мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі)
Еліміздің көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту маңызды болып отыр. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғарғы жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын түрлі сайыстар мен бағдарламалар жүргізіліп жатыр.
Алайда мұндай сайыстар талант пен қабілетті өрістетудің барлық балалардың әлеуетін дамытудың жолы болып табылмайтынын көрсетіп отыр. Сондықтан да талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсілді  өз тәжірибемізге енгізіп пайдалануымыз қажет.  Білім берудегі инклюзивті тәсіл оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге,  кеңейтілген тапсырмалар арқылы барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ету, барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
 
Фриман, дарынды баланың бойында кездесетін ерекшеліктерін төменде көрсетілгендей жіктеп берді, олар:
-         Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары , олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
-         Өз білімін жетілдіру: олар білім беру үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын зерттей алады:
-         Ойлау қабілетінің жылдамдығы : олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін , бірақ,  жоспардың жүзеге асуына тез жетеді.
-         Мәселене шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді.
-         Икемділік : басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешеімдерді көріп, қабылдай алады.
-         Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.
-         Шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерінен ұзақ уақытқа шоғырлану қабілеттері бар;
-                Ерте символдық белсенділік: ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайтын.  (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж ІІІ басылым,  73 – бет) Осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Сондықтан мұғалім ретінде оқушыларға білім беру барысында  қолайлы жағдай туғызу арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Өз тәжірибемде талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда  және  сыни ойландыратын, өз бетімен іздендіретін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын кеңейтілген тапсырмалар беріп отырамын. Кеңейтілген тапсырмалардың «Бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет» идеясын басшылаққа ала отырып, А,В,С деңгейіндегі тапсырмаларды  ұсынып отырамын. Оқушылардың тәжірибелері мен білім деңгейлері әртүрлі болып келеді. Кейбіреуінің білімі  терең, кейбірінің құштарлығы жоғары, кейбіреуінің қызығушылығы төмен болатындықтан, бұл тапсырмалар нәтижелері бойынша оқушылар өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жауаптардың алуан нұсқаларын қарастырады.
Дарынды және талантты балаларда зерігуді болдырмау мақсатында  8 сыныптағы «Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама» тақырыбындағы сабағымда кеңейтілген тапсырманың «Нағыз құзіреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асырдым. Топтық тапсырмаларда «Ыстық орындық» әдісі бойынша тапсырма берген болатынмын. Бұл жерде топтағы  оқушы рөлде болған кезде жас ғалым ретінде ойлауын дамытуға, келешектің көзқарасын болжауға, қойылған сұрақтарға жауап бере алмай қалу жауапкершілігін сезіне отырып, тақырыпты толық меңгеруге тырысты. Мұндай тапсырмалар дарында балаларды оқытудың аса зор мақсаты болып табылады.  Осының нәтижесінде оқушыларды өзін-өзі ынталандыра алуына және оларда ұмтылыс пен қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, «Қазақстанның биік таулы өлкелері» тақырыбындағы  сабағымды қорытындылау үшін «кезбе тілші» әдісін  қолдандым.  Оқушылар  «Жиһанкез» бағдарламасының желісімен ала отырып,   Тянь-Шань тауының етегінде тұрғандарын және оқиға орнынан ақпарат ұсынып, онда жер сілкінісі болып жатырғанын айтып өтті. Бұл жерде топ көшбасшысы тілшіге еліктеп, рөлді жауапкершілікпен, асқан шеберлікпен орындап, образға ене білді. Көшбасшының бойынан Фриманның дарынды, талантты балалардың ішіндегі ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің мәселені шешу,  күрделілікке деген сүйіспеншілік қабілеттері байқалды. Тапсырма барысында  ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетіп,  қызығушылығын арттыру үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылып отырды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж ІІІ басылым,  73 – бет) Мұндай  тапсырмалар  оқушының жауап бергенде өте шығармашыл болуына мүмкіндік береді. Жай тапсырма арқылы оқушының әртүрлі қырларын көре алмас едім және құнды пікірлерге жетелей алмас едім. Сондықтан да оқушының қиялын ұштап,  жан-жақты ойлауы үшін  оған түрткі болу керек деп ойлаймын.
«Тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым шығармашыл тәсілдерді қолдану» идеясын басшылыққа ала отырып, «Аласа таулы өлкелер» тақырыбындағы сабағымда оқушылардың өздеріне тұжырым жасатып, түйінін макет арқылы жеткізу  жұмысы  берілген болатын.  Оқушылар тапсырма  аясындағы сұрақтарды  кең түрде талқылап, соңында шешімдерін макет ретінде көрсетті. Бұл тұста осы тақырыпқа байланысты мәліметтерді  практикалық тұрғыда  байланыстыра отырып, мәтіндегі  басты ойды ашты.
Талантты және дарынды оқушылар топпен жұмыстану барысында креативтік орта құрып, топ мүшелерінің өз мінез құлқына, жалпы өмірге, өзіне шығармашылықпен қарауына түрткі бола алады.  Сондықтан да талантты және дарындың оқушылардың сыни ойлауын дамытатын, шығармашылықпен жұмыстандыратын тапсырмаларды бере отырып,  оларды өз бетімен дами алатын, өздеріне жоғары мақсаттар қойып сол мақсаттарға жете алатындай деңгейге жеткізу қажет.
Қорыта келе  талантты және дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту үшін кеңейтілген тапсырмаларды қолдану арқылы  оқытуды түрлі нысанда ұсынуға, оқушылардың өз әлеуеті деңгейінде, сондай-ақ ағымдағы жетістіктері деңгейінде бағалануында түрлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж ІІІ басылым
«Талантты және дарынды  оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалар» ресурстық парағы
 Сабақты жоспарлауда бағдарламаның жеті модулін қолдану
САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІ МОДУЛІН ЫҚПАЛДАСТЫРУ
ADMIN · АПР 3RD, 2014 · 0 COMMENTМатниязова  Айнур  ТалгатовнаМаңғыстау  облысы  Бейнеу  ауданыКүйкен  орта  мектебіМатниязова  Айнур  ТалгатовнаСАБАҚ  ҮДЕРІСІНДЕ  ОҚЫТУДЫҢ  ЖЕТІ  МОДУЛІН  ЫҚПАЛДАСТЫРУҚазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай  игі  істердің бірі  —  Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің     біліктілігін    арттыру   курстарының үшінші (негізгі) деңгей    бағдарламасын     (бұдан    әрі – Бағдарлама) зерделеу. Бұл бағдарламада  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім  беру  негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны  дұрыс  меңгеру  қажет. Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  (конструктивті)  теориялық  оқытуға  негізделген   тәсіл.  Сондықтан  оқыту  мен  оқудың  қазіргі  заманғы  әдістері  мен  мұғалімнің  күнделікті  тәжірибесі  және  кәсіби  мән – мәтінмен  өзара  байланыста  қарастырылады.Егемен,  Тәуелсіз  еліміздің  болашағы  жастардың  қолында.  Әйтсе  де оған  дұрыс  бағыт  бағдар  берушінің  бірі  ата – ана  болса,  тағы  бірі  ол – біз,  яғни  мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп  десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін  өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз  болғандықтан,  ал  сол ұстаз заман талабына  сай болу үшін  әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты  білікті  болуды талап  етеді.
Бағдарламаның  жетекші  мақсаты  әрбір  ел  үшін  маңызды  болып  табылатын  рухани,  мәдени  және  адамгершілік  құндылықтарының  негізінде  жастарды  өз  елінің  мәдениетін  құрметтеуге  тәрбиелеу;  екіншіден  – жастарды  жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде  өзіне  сенімді  және  табысты  болуға  мүмкіндік  беретін  дағдылары  мен  түсініктерін  дамытуға,  өмірлік  жағдайларда  өз  білімдерін  қолдануға  ықпал  тигізетін  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретуді  қамтиды.  Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
1-модуль.  Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  әдіс – тәсілдері  оқу  бағдарламасының  басты  мақсаты  деп  білемін.  Сыныпты  топқа  бөліп  оқыту,  ережеге,  уақытқа  бағыну,  постер  қорғату.  Біз  жаңа  әдістер  ретінде  «Диалог  арқылы  оқыту»  мен  «Қалай  оқу  керектігін  үйренуді»  ғана  қарастырамыз,  себебі  олар  әлеуметтік – сындарлылық  көзқарасымен  тығыз  байланысты.  Диалог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің  шәкірттердің  өзіндік  ой – пікірін  жүйелеуі  мен  дамытуына  көмектесетін  амал  екенін  меңзейді.
Топқа  бөліну  арқылы   жұмыс  жасау  үстінде
2-модуль. Сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі.   Бұл  жаңаша  әдіс — тәсіл  арқылы  оқушының  өз  ойын  суреттеу  арқылы  ойлау  қабілеті,  сөйлеу  мәдениеті  дамиды.     «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
 
Берілген  тапсырманы  дәлелдеу  үстінде
 
3-модуль. Оқыту  үшін  және  оқытуды  бағалау.  Бұл  әр  сабақтың  соңындағы  оқушылардың  білімдерін  тиянақтау  жиынтығы.
 
4 — модуль.Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  —  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) пайдалану.
АКТ-ны  пайдалану  үстінде
5- модуль.Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.
6- модуль.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту.
7-модуль. Оқытуды  басқару  және  көшбасшылық.  Мектеп    жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін өрістетудегі  негізгі  тұлға –мұғалім. [12]
Мұғалімнің  міндеті – баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей  мүмкіндік  ашу,  өзін  тұлға  ретінде  сезінген бала  әрқашанда  өмірде  өз  жолын  таба  алады.
Мен   тәжірибемді  өзім  оқытатын   сыныптан  бастауды  жөн  санадым.  Зерттеуге  5 «Ә»  сыныбын  алдым.  Бір  сабағымды  дәстүрлі  оқыту  аясында  өткіздім.  Өзім  түсіндірдім, өзім  бағаладым.  Бұл  сабағым  да  нашар  деп  айта  алмаймын,  оқушылар  жақсы  түсінді Екінші  сабағымды  жаңаша  әдіс-тәсілдер  арқылы  яғни  жеті  модуль  аясында  өткіздім.  Мен  оларға  сабақты  бастамас  бұрын,   ең  алдымен  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруымыз  керектігін,  тапсырманы  орындауда  өз  ойын  постерге  түсіріп,  оны  қорғау  арқылы  орындауға  болатындығын  айттым,  сондықтан  бірінші  ынтымақтастық   атмосферасын   қалыптастырып   алдым.   Ең  бірінші  топқа  өзім  бөлдім.
Ол  үшін  әр  оқушының  неге  бейім  екенін  анықтап  алу  қажет.  Бастапқыда  оқушылар  бір  бөлінген  топ  бойынша  отыра  берейік  дегендері  де  болды,   содан  кейін  оқушылар  өздері  бөлгісі  келетінін  айтып,  тіпті  топқа  ат  қойып  бөлудің  өзіндік  мәні  бар  екенін  түсінді.
Ережелермен  таныстырдым,  әркім  өз  ойын  қысылмай  ашық  жеткізуіне  болатындығын  ескерттім. Бұл  сабақтың  ерекшелігі  оқушылар  өздерін  өзі  бағалайтындығын,   содан  соң  сабақтан  алған  әсерлерін  көңіл-күй  парақшасына  стикерлер  арқылы  жазып  қалдыруына  болатындығын  түсіндірдім.
Жиырмасыншы  ғасырдың  басында — ақ  Дьюи мектептің оқушылар «тобы» қатарға құрылған парталармен бөлінген орындарда  отыру  үшін  құрылған  көңілсіз  орын  болып  табылатындығын көре  білген.  Бұл,  ол айтқандай, материалды  тыңдаушылардың  белсенді емес тобына бірқалыпта беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында,  ол  сыныптарды  бір  нәрсе жасауға емес, «тыңдауға» арналған  орын  деп санады (1990). Топтық жұмыстар оқушылардың белсенділігін, сенімділігін арттырады.   Топқа  бөлудің  де  өзінше  мәні  бар  екенін   оқушылар  сабақ  барысында  түсіне  бастады.
 Тағы  бір   сабағымда  «Кең ауқымды дәріс» әдісін  пайдаландым.  Робинзон  Крузо  мен  оның  кемесінің  суретін  интерактивті тақтадан  оқушыларға  көрсеттім.  Берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс  ақпараттың  тізімін  дәптерлеріне жазу,  содан  соң  жұпта талқылау, шағын топта  және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады. Көпке  дейін  жаңа әдіске  үйрену  оңай  болған  жоқ. Уақытқа  бағына  алмады,  тіпті  ережені  де  естен  шығарып  отырған  кездері  болды. Жаңа әдіске  басында  түсінбеген  оқушылар  суретті  қалай  саламыз,  оны  қалай  қорғаймыз  деп  біраз  қиналғандары  да  болды.  Артынша  бұл  жаңа  әдістің  тиімділігін  көргенде,  «Келесі  сабақтарда  да  осылай  бола  ма?» – деген  қызығушылық  сезімдері  байқалып  жатты.  Оқушылар  тапсырма  бойынша  топпен  бірлесе  жұмыс  жасады,  өз  ойларын  ортаға  салып  постер  арқылы  қорғап  шықты.
       Ол  бұрын  тек  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойланушы,  өз ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  apттыpa  түсу  үшін   шығармашылық қабілеттерін  дамытуда   әртүрлі  әдіс — тәсілдерді  қолдануға  болады.  Бұл   бағдарлама  жаңа   буын   оқулықтарының   талаптарын  жүзеге  асыруда  оқушылардың   білім  деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін  айтуда  тез   арада  дұрыс  шешімдер  табуға  атсалысатын   бірден – бір  тиімді  бағдарлама  деп  есептеймін. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды  жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі  дамыған,  сандық технологияларда  құзырлылық  танытатын оқушы  ретінде  қалыптасуын  қамтиды.  Тапсырма  беру кезінде  жаңаша  әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың  маңызы  зор.   Мысалы, мен  бір  сабағымда РАФТ  ( роль/аудитория/ форма/тақырып  )  әдісін  пайдаландым.
оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды ;
проблема бойынша өз көзқарасы  бойынша рефлексия жасай алады;
ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;
сыныптастарына ұсынылған проблема туралы өз елестетуін жеткізе алады;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі  артады.
Выготскийдің   оқытудағы  сөздің,  сөйлеудің  негізгі  рөлі  туралы  пікірі  эмпириялық  зерттеуде  қолдау  тапқан.  Барнс (1971) сыныпта  тіл  қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Барнс  оқытудың  мұғалімді  селқос  тыңдағанда  ғана  емес,  вербальды  құралдарды  қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті. [39]
            
Сындарлы  оқыту  нәтижесінде  мұғалім  мен  оқушыда  мынадай  жетіскендіктерді  байқауға  болады:
Жұмысына қызығушылық танытады;
Жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;
Озық ойлы оқушы қалыптастырады;
Шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;
Жеке қабілеттерін айқындап отырады;
Әр оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды;
Жұпта ,топта бірлесіп жұмыс істей алады;
Бір — бірінің сөзін тыңдап , құрметтеуге үйренеді;
хОқушының жеке қабілеті айқындалады;
Еркін қиялдайды, сергиді.
     Сабақты  қорыту  кезеңінде  бағалау  критерийлері   жазылған   парақшалармен бағалау  жүргізіледі.  Формативті  бағалау,    сонымен  бірге  оқушылардың  бірін — бірі  бағалауы  жүрді.  Сол  арқылы  мен  өзім  жиынтықты бағалау  жүргіздім.  Зерттеу  нәтижесінде  оушыларға  да  ең  ұнағаны    осы  тәсіл  болды,  себебі  оқушылар  өз  деңгейлерін  білді.
Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы   жаңа  тәсілдерінің тиімділігі :
1.Бір — бірінің пікірін тыңдайды,  ынтымақты қарым -қатынастың негізі қаланады.
2.Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір — біріне құрметпен қарауға ұмтылады.
3.Өз ойын ашық, еркін айтуға , пікір алмасуға, бірін — бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп,  пікір алмастырады .
4.Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып , қиындықты шешуге көмектеседі .
5.Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады .
Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «баланың  мәдени  дамуындағы  кез келген  қызмет  екі  түрлі  келбетте  сахнаға екі  мәрте  шығады:  біріншісі-әлеуметтік,  содан  соң – психологиялық  санат ретінде  баланың  жан  дүниесінде  көрініс  табады».  Бұны  осы  дәрежеде  ерікті зейінге, логикалық  жадыға  және  түсініктердің  қалыптасуына қолдануға  болады [27]
Әр  сабағымның  соңында  «Қабырға газеті»  әдісін  пайдаланып  көрдім.   Бір  күнгі  бір  сабақтағы  тақырыптарды  орындап   болған  соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, өз әсерлерін,  пікірлерін,  өз  сезімдерін білдіреді. Көңіл — күй  парақшаларына  смайликтер  қыстыру  арқылы  да  сабақтан  алған  әсерлерін  білдіреді.  Кейбір  оқушылар  сабаққа  дейінгі  көңіл-күйі   қобалжулы  болса,  осы  жаңа  әдіс  бойынша  өткізілген  сабақ  арқылы  көңіл –күйінде  өзгешелік  болғандығын  жасырмай  смайлик  арқылы  білдірді.
Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  білетіндігін  және  білмейтіндігін  анықтау  үшін  түсіністікпен  қарау  керек.  Оқушылар  қысқа  ғана  жауап  беретін  мұғалімнің  сұрағымен  салыстырғанда  диалогтік  сұхбаттасу  мұғалімдер  де,  оқушылар  да   білім  алуға  қомақты  үлес  қосатын  өзара  іс-қимылдың  шын  мәніндегі  тиімді  түрі  болып  табылады.
Балалар  өзінің  түсінігін  өзіндік  зерттеулері  мен  әлеуметтік  өзара байланысқа  сәйкес  құратын  белсенді  білім  алушылар  болып  табылады.  Осы  жаңа  әдіс- тәсілдерді  пайдалану  арқылы  оқушыларды  шынайылыққа,   өзіне  деген  сенімділікке  тәрбиелейміз.  Біздің болашақ – жастарымыз,  сондықтан олардың  жақсы  оқып  білім  алуына  бар  күш-жігерімізді  жұмсауымыз  керек.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.
Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:
Мұғалімге  арналған  нұсқаулық   ІІІ деңгей;
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Жарияланды 16-05-2013, 13:46 Категориясы: Ұстаздарға
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылырдың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымдарын жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, оқушы ретінде қалыптастыру. Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Осы мәселелерді шешу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін қарастыруға болады. Соның ішінде Кембридж университетінің ұстаздары ұсынған оқытудың жеті модулін айтуға болады.
Бұл модульге жататындар:
1) Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) АКТ - ны қолдану.
5) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
Диалогтік оқытудың мәні және сипаты
«Диалогтік оқытудың тиімділігі»
1934 жылы Л.Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен.Л.Выготский танымдық дамудың оқушылар өздерінің «Жақын даму аймағында» ( (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.(Нұсқаулық 103-бет).
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.
Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіменің үш түрін көрсетті.
• Әңгіме-дебат
• Кумулятивтік әңгіме
• Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады.
·8-сыныпта «Бөкей хандығының құрылуы тақырыбында» ашық сабақ өткіздім. Оқушыларды екі топқа бөліп, Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын айтқызып әңгіме дебат құрғыздым. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін қорғады, постер жасады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді.
·7-сыныпта «Ұлы Жібек жолы» тақырыбын өткенде оқушыларға: ҰлыЖібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды?деп сұрақ беру арқылы оқушылардың пікір алмасуына, өз ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келу арқылы сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік беруге болады?
·8-сыныпта«ХVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан» тақырыбында өткізілген сабақта оқушыларға тарихи құжат материалдарына сүйеніп Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәні неден көрінді? Мысалдар келтіріңдер,- деп сұрақ қою арқылы ойлануға тапсырмалар берілді.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі — төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
8- сыныпқа өткізген cабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ — жауап, тексеру сұрақтарын дайындалды.
Мысалы: қазақстан тарихы «ХІХ ғ. 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар» тақырыбын өткізген кезде:
·Неліктен патша үкіметі Қазақстан аумағында әкімшілік реформаларды жүргізді?
·Реформалар бойынша қандай әкімшілік аумақтық бөлініске бөлінді?
·Басқару құрылымының ерекшеліктері неде?
·Реформалардың отаршылдық сипаты неден көрінді?
·Не себепті көтеріліс басталды?
Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді.
Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыланды.
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме — мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі — топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаланылды.
Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мысалы:
·Реформалардың отаршылдық сипата болуын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.
Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?
Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажеттігін айтты.
Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады.Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.
Мәселен, 7- сыныпта «IХ ғ. соңы- XI ғ. басындағы Қимақ қағанаты » тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша екі топ:
·Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен оқиғалар.
·Қимақ қағанатының әлсіреуіне әсер еткен оқиғалар
диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір — біріне өздерінің ой — пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен оқытуға қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады. Әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу барысында дәлелдеді.
Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері.Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету.Сілтеме: І.Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-104 беттерІІ.Таныстырылым, бейнефильмдерОқу нәтижесі 1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады;3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;4.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.Түйінді идеялар: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.Сабақта қолданатын материалдар(ресурс) Үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, бейнероликтер, түрлі-түсті стикерлерОқыту әдістері Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия Тапсырмалар ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексияСабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті Оқуға арналған тапсырмалар Коучтың іс -әрекеті Мұғалімдердің іс -әрекетіІ. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 2 минКөңіл- күйтудыру Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің коучингімізге қош келіпсіздер!Қатысушы ұстаздардың психологиялық кедергілерін жеңу үшін «Күміс құмған-ай» сергіту сәтін би билеп, жүргіземін. Бүгінгі коучингтегі басты талап - бәріміз бір үйдің баласындай болып, белсенді қатысу. Қатысушы мұғалімдер бейнесюжет бойынша би билейді.1 мин Топқа бөлу. Жүрек, қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың суреттері бейнеленген қиындылар арқылы топқа бөледі. Жүрек,қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың суреттерінің қиындысын құрастырып, 5 топқа бөлінеді.7 мин1.Тақырыпты анықтау. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген? Сурет бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?» - деп қатысушыларға сұрақтар қоямын.Бүгінгі коучингтің тақырыбын жариялаймын.Шульман «үш көмекші» деп «бас, жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен де кездестіреміз. « Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.2.Сабақтың мақсатын анықтау.«Бүгінгі коучингтен не күтесіз?» - деп сұрақ қоямын.Бүгін біз сіздермен осы коучинг барысында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйренетін боламыз.3.Табыс критерийлерін жазу.1)Диалогтік оқыту жайлы, оның маңыздылығы жайлы түсіндіріңіз.2) Әңгіменің түрлері, өз сабағыңызда әңгіменің қай түрі сипат алатындығы жайлы баяндаңыз.3)Сұрақтың қандай түрін сабақта қолданатындығыңыз туралы әңгімелеңіз.4) Сабақта диалогтік оқытуды қолдану бойынша өз ұсынысыңызбен бөлісіңіз.4.Миға шабуыл:1)Диалог дегеніміз не?2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?3)Әңгіме дегеніміз не?4)Сұрақты қалай қою керек?5)Сұрақтың қандай түрлері бар?Жауаптар:1.Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды- коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқуматериалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудіңнақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.4.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.5.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады.Мұғалімдер өз ойын түрлі-түсті стикерге жазады.Әр топ өз жазбаларын оқиды.Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді.І тапсырмаПостер жасау15 мин Әр топқа постер жасауға тапсырма беру.«Сиқырлы қобдишаның» ішінен тапсырманың нөмірін таңдату. №1. Диалогтік оқытудың тиімділігі№2. Әңгіменің түрлері№3. Сұрақтың түрлері№4. Диалогтің бес үлгісі№5. Сарапшы топЖоғарыда аталған 4 тапсырма бойынша тарапта материалдары қатысушыларға беріледі.Бағалау критерийлерітоптар Тақырыптың ашылуы Ойдың жүйелілігі Постердің безендірі-луі Өзіндік жаңа идея қорытынды1-5 балдық жүйемен бағаланады.Диалогтік оқытуМерсеркөрсеткен әңгіменің 3 түрі:Таңдалған тапсырма бойынша берілген тарапта материалмен ЖИГСО әдісі бойынша оқып, танысады. Топ ішінде талқылайды, ой қорытады. Бірігіп постер жасайды, оны қорғайды.Сарапшы топ критерий бойынша бағалайды.ІІ тапсырма Рөлдік ойын10 мин Әр топқа бейнежазбадағы диалог беріледі. Топ мүшелері сол диалогтің сөздерін өздері орындауы керек.№1.«Екі сәби арасындағы диалог»№2.«Құстардың диалогі»№3.«Басшы мен қызметкердің диалогі» Топ атынан бір мұғалімнен шығып орындайды.«Басбармақ» арқылы бір-бірін бағалайды.ІІІ тапсырма«Ойлан, жұптас, талқыла» 15 мин «Мақтаншақ қыз» мультфильмін тамашалау. Мультфильмді тамашалаған соң, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды.Талқылауға ұсынылатын тапсырмалар:№1.Мақтаншақ қыз бен шешесін сипаттаңыз№2.Мақтаншақ қыздың әрекеттеріне баға беріңіз№3.Мақтаншақ қызды қалай өзгертуге болады?№4.Ханның бейнесін сипаттап, әрекетін талдаңыз.№5. Осы мультфильмді бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.Көрген мультфильм бойынша ой бөліседі. Әңгімелесу барысында әңгіменің қай түрі пайдаланылға-нын баяндайды.ІҮ тапсырма«Сұрақ қою шеберлері» 5 мин Тәжірибе жүзінде ашық сұрақ құрастыруға тапсырма беру."Жіңішке” сұрақтар "Жуан” сұрақтарБір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар.Кім? Не?Қашан?... қалай аталады?... болған ба? ...мүмкін?... болады?... жасауы мүмкін бе?... сіз келісесіз бе?... дұрыс па? Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар.Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз?Сіз неге ... деп ойлайсыз?Сіз неге ... деп есептейсіз?... айырмашылығы неде?Егер ... болса, не болатындығына болжау жасаңыз?Осы көрген мультфильм бойынша бірнеше ашық сұрақ құрастырады.Қорытындылау5 мин Коучингті қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын: Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз?Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма?Диалогтік оқытудың маңыздылығы туралы не айтасыз?Қатысушы мұғалімдер сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айтады.Рефлексия 5 мин «Тау рефлексиясы». Бүгінгі коучинг бойынша мына суреттегі тауды «Диалогтік оқыту» деп алсақ, сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер? Міне, осыған сәйкес, алдарыңызда жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгеніңізді, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, таудың суретіне жабыстырыңыз. Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс-тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.
Коучинг тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту
Жалпы мақсаты: «Мұғалімдердің оқуы-жаңа идеялардың тууы»
Диалогтік оқытуды
және ұйымдастыру формаларымен таныстыру
Күтілетін нәтижелер: — оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;
— білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімені, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;
— бастауыш және орта буында оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге:
— сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;
— диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады
Ресурстар
/Керекті жабдықтар/ АКТ, МАН, флипчарт, маркерлер, стикер, кәмпиттер.
1. Ұйымдастыру (5 минут): «Тәтті сый» Кәмпиттер түсіне байланысты топқа бөлу.
2. "Қаздар ұшуы" бейнефильмін көрсету
Түйінді идея:
Тілдің оқыту мен оқудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым қатынас жасауда өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі.
<p
www.jospar.kzБарлық пәннен күнделікті сабақ жоспарларорта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар</p
Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.
Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру.Оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастыру.
3. Топтық жұмыс (постер қорғау)
1.Мінсіз оқушы бейнесі…
2.Мінсіз мұғалім бейнесі…
3.Мінсіз мектеп бейнесі…
1). Білімді оқушы -мұғалім еңбегінің нәтижесі.
2). Мұғалім мектептің ұйытқысы, негізгі қозғау механизмі.
3). Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай.
4. Сергіту сәті ("Қызыл өрік" биі)
5. Слайд ( Диалогтік оқытудың түрлері)
6. Қолдану.
Топпен жұмыс1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.
7. Қорытынды.Сухомлинский сөзі:“Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”
8. Кері байланыс.«Мадақтау сэндвичі”
Топ мүшелері берілген бағалау өлшемдеріне байланысты бағаланады және қойған бағаларына түсініктеме айтады
Сыни түрғыдан ойлаудың сегіз құралын сабақта қолдану
 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын  басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы  оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым  бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.  Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.  СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту – Эвокация Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия. Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну. Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс  Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады.  Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.  СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.  Сабақ кезеңдері Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар  Қызығушылығын ояту кезең Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру, Мағынаны тану кезеңі Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру  Ой толғаныс кезеңі Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,  Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.  ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.  Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс. Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.  İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады. v + - ? Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі) Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)- Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) Ой толғау (бұл неден жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.  Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады. Кім? Ана Қандай? Мейірімді, ақылды Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді. Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу. Синоним Адам  RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с  Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.  Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.  Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы - Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.  Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап беру)  Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.  Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.  Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.  БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.  Білемін. Білдім. Білгім келеді.  ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.  Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары көп әрі қолдануға ыңғайлы, жеңіл, тиімді. Іс – тәжірибе көрсеткендей СТО – технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі. Жекеден жалпыға Дифференциалдықтан сенімділікке Интуициядан логикаға Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.  Үлгі сабақ: Дүниетану 4 - сынып Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы туралы Конвенция Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бұрынғы алған білімдерін еске түсіре отырып, «Бала құқығы туралы Конвенция» туралы білім беру. Дамытушылық: Сөздік қорын, тілдік жүйесін, дүниетанымын кеңейту, дамыту. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: Мазмұнға байланысты: Конвенцияның баптарымен танысады, құқықтық сауаты ашылады. СТО ойлауды дамытуға байланысты: Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді. Алған білімдерін өмірде қолдана алатын болады. Топпен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа үйренеді, өз білімдеріне қорытынды жасай алады, толлеранттыққа бейімделеді. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары; Блум таксаномиясы, бес жолды өлең, топтастыру, пікір – талас, екі жазбалы күнделік. Көрнекіліктері: түсті маркерлерлер, бағалау парағы, а - 4 форматтар, БҰҰ –ның эмблемалары, карточкалар. Сабақтың барысы: 1 Психологиялық ұйымдастыру кезеңі: • Алдымен бүкіл сынып, содан кейін әр топ қол ұстасып, бір – біріне іштей тілек тілейді. • Сабақтың мақсаты, міндеті баяндау. • Әр топтың бағалаушысын сайлау.  2 Қызығушылығын ояту кезеңі: • Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар 1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? 2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдары қай жылдан бастап шыға бастады? 3. Қазақстан Республикасының заңдары неге 1991 жылдан бастап шыға бастады? 4. Тәуелсіз мемлекет деген қандай мемлекет? 5. Құқық деген не ? 6. Азамат деген кім? 7. Қазақстан Республикасының азаматы деген кім? 8. Азаматтықты растайтын қандай құжат бар? 9. Ол құжат қай мекемелерде тіркеліп, беріледі? 10. Азаматтың тегі кімнен (әкесінен, атасынан) беріледі? 11. Заң деген не? 12. Сендер қандай заңдарды білесіңдер? 13. 1991 жылы Қазақстан қандай мемлекет болды? 14. Тәуелсіз мемлекеттердің барлығы қандай үлкен ұйымға бағынады?  • Ол қандай ұйым екенін сендердің үй жұмыстарыңнан көрейік. БҰҰ – туралы ізденіс жұмыстарын тексеру. • Әр топ басқа топтарға үй жұмысы бойынша сұрақтар қояды. • БҰҰ – на топтастыру жасау 3.Мағынаны тану кезеңі: • Сабақтың тақырыбын бір оқушыға оқыту. Жаңа тақырыпты түсіндіру. – Бала деп кімді айтамыз? – Ендеше жер бетіндегі балаларға арналған заң бар екен.Ол заң «Бала құқығы туралы Конвенция» деп аталады. Бұл заңды жер бетіндегі барлық халықтардың құқығын қорғайтын ұйым БҰҰ шығарды. Бұл балаларға арналған заң 1989 жылы шықты. Бұл маңызды құжатты дайындау үшін көптеген жылдар қажет болды. БҰҰ –да жұмыс істейтін адамдар дүние жүзі халықтар балаларының тыныс – тіршілігін, өмірін зерттеп, танысты.Олар Африка, Азия сияқты т.б елдерді зерттеп жүріп, білімсіз жүрген, ауырып тіпті қиын өмірде өсіп жатқан көріп, ойланып, осы заңды шығарған Міне осы заң шыққаннан бастап әлем балаларының өмірі жақсарды.Олар бір – бірімен хат арқылы, электронды почта арқылы қарым – қатынас жасап жүр. • Дәптермен жұмыс. Сөздік. Конвенция – бала құқығы жөніндегі халықаралық шарт.  • Екі жазбалы күнделік. Конвенция баптарына талдау жасау  1-топқа (1, 3 баптары жазылған карточка) 1-бап «Барлық адам болмысынан тең және азат болып туады. Барлық адамға ақыл - ой берілген, сондықтан бір – біріне бауырмалдық қатынас жасаулары тиіс. 3 - бап «Әр адамның жеке басының ісіне басқаны араластырмауға, өмір сүруге және еркіндікке құқығы бар» Түсіндірме сөздік: болмысынан – туғаннан бастап азат – еркін тәуелсіз бауырмалдық - сыйластық  2 – топқа (5, 16 – баптар жазылған карточка) 5 - бап «Ешкімнің де азапталмау, қаталдық пен адамшылыққа жат қылықтармен жазаланбауы тиіс» 16 – бап «Әр кім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар» Түсіндірме сөздік: азапталмауы – қиналмау адамшылыққа жат қылық – жаман іс-әрекет жеке бас бостандығы – тек өзіне қатысты  3 – топ (7, 12- баптар жазылған карточка) 7- бап « Барлық адам заң алдында тең» 12 – бап «Азамат өз құқықтарын пайдаланады, басқа адамдардың құқықтарын бұзбауы тиіс» Түсіндірме сөздік: заң –мемлекет бекіткен, баршаға ортақ ереже  4 – топқа (25, 26 – баптар жазылған карточка) 25- бап «Адамның тұрғын үйіне қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді » 26 - бап « Меншік, мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» Түсіндірме сөздік: тұрғын үй – өмір сүріп жүрген үй қол сұқпайды – тартып алу кепілдік - рұқсат 4. Ойтолғаныс кезеңі: • Пікір – талас: - Балалар, бағанадан бері біз бала құқығы, еркіндігі, бостандығы туралы айтып жатырмыз. Ал, олай болса біз сендерден мектеп формасын киюді талап етеміз. Қалай ойлайсыңдар мектеп формасын киіп жүру керек па керек емес пе ?  Біздің қарарымыз: «Мектеп формасын кию керек» 1, 2 –топ жақтаушы топ тар/3, 4 – даттаушы топтар.  1. Сабақты қорытындылау: 5 –жолды өлеңді тақтаға жазып сабақты қорытындылау. Конвенция Әділ, қатал Көмектеседі, қорғайды, тәрбиелейді. Бала құқығы туралы - заң Заң Әр топтың бағалау парағын жиып, оқушыларға баға қойып, үйге тапсырма беру.
 
 
 
оммуникативтік құзыреттілікті дамытудың  соңғы аспектісі өнімді топтық байланысуды «Кубизм», «Акеадемиялық дау-дамай», «Бұрыштар», «бірлесе оқу» сияқты стратегияларды қолдануда сапалы жүзеге асыруға болады.   «Бұрыштар» стратегиясы 7-сынып С. СейФуллин «Бандыны қуған Хамит»  І Хамит жеңеді   ІІ Кудря жеңеді   ІІІ Хамит пен Кудря тең түседі   Екі топтан қосылып үш жікке бөлініп, әр «бұрыш» өз пікірін қорғап шығуға тырысады.   «Кубизм» стратегиясын Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?»Өлеңін оқыған кезде былай қолдандым :  1 Суретте Аягөз өзенің ағысын, табиғатын ақын қалай суреттейді? 2.Түсіндір.  Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай түсіндіреді?   3.Пайымда   «Қу заманға сұм басшы  Сорымызға тап болды » деген ақын наласын қалай түсінесіңдер?  4. Зертте.   Ақынның өлең жолдарын осындай өкінішпен жырлауына қандай себептер итермеледі деп ойлайсыңдар?  5. Талда   Өлеңнің негізігі идеясын анықта  6. Бағала  Өлеңнің бүгінгі таңдағы маңызы, мәні  Бұл стратегияны қазақ тілі сабағында да тиімді қолдануға болады.   1. Суретте Жедел өткен шақ дегеніміз не?   2. Түсіндір Жедел өткен шақтың жасалу жолын түсіндіріп көрсет.  3. Талда « келді» жедел өткен шақта тұрған етістікті жікте   4 Талда (1) «келіп» етістігін жікте   5. Салыстыр Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты,- ті ) мен ІІІ жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты,- ті ) салыстыр  6. Қолдан Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді қатыстырып, 5-6 сөйлем құраңдар (7-сынып «Жеделөткен шақ»)  Қазақ тілінде «Мен есімшемін» деген эссе жазуға, мысалы: Мен- етістіктің ерекше мағыналық түрімін. Мен есім сөздердің қызметін атқарғанда кім? не? қандай? деген сұрақтарға жауап бергенді жөн көремін. Етістік қызметін атқарған кезде етістіктің төл сұрақтарына жауап бергенді жақсы көремін. Мен жіктелгенде етістік болып, көптелген, септелген кездерімде есім сөздердің қызметін атқарғанымды жаңа сабақта нақты мысалдармен дәлелдеп көрген шығарсыңдар...  әдебиет сабағында «РАФТ» 1-топ «Шығыс ұлынан хат» 2- топ «Шығыс ұлдарына хат» (болашақтан) 3- топ Авторға хат   РОЛЬ –шығыс ұлы, болашақ ұрпақ, оқушы   АУДИТОРИЯ-оқушылар, майдан даласы, Б. Бұлқышев   ФОРМАСЫ – хат, алғыс, үндеу  ТАҚЫРЫП- Ұлы Отан соғысы   Осы сияқты жазба жұмыстарынан оқушылардың жазбаша байланысу аспектісін өз бойынан көрсете алатындығы білінеді.  3-аспектісі диалогты «Үш қадамды сухбат», «Жуан-жіңішке сұрақ», «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Жұппен интервью» стратегиялары арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Сонымен бірге, СТО технологиясының әрқашан оқушыларға ескертіп отыратын философиялық қағидалалары бар   «Біз үшін барлық пікір құнды»  «Талқыланатын тақырыптан ауытқыма»  «Басқаның сөзін бөлме»Осы тұжырымдамалардың өзі оқушының бойында коммуникативтік құзыреттіліктің сапалы қалыптасуына үлкен ықпал етеді.   -бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырады. 
Әңгімелесу, әңгімелесу түрлері
Ребустың шешуі:“Бірінші байлық денсаулық”
Әңгімелесу әдісі
•Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
•Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
•Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
•Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
•Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
ӘҢГІМЕЛЕСУ ӘДІСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мулдағалиева Рауан Бақытқызы
«Өрлеу» БАҰО филиалы БҚОПҚБАИ  ДБО тренері
 
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе немесе сабақтың тұсаукесерін ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.  Әңгімелесу әдісі оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Қазақстен  Республикасының педагог  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  курстарының үшінші деңгей бағдарламасында әңгімелесу(диалог) арқылы оқытудың маңызы мен сұрақ қою техникасына қатысты мұғалімдердің ой-пайымы мен ұғым-түсініктерін өрістету ойластырылған. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Барнс: «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Мұғалімді селсоқ тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни,сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады.» -деп көрсетеді. Оқыту барысында әңгімелесудің атқаратын ролінің маңыздылығын көрсететін дәлелдер жеткілікті. Яғни,  әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
•    оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•    басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену;
•    мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
•   құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.
•    ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
•    уақыттың көп кетуі;
•    оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Мерсер әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесуді үш түрі болады деп көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Ендеше оқытуда әңгімелесу әдісін қалай қолданып жүрміз? Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Мұғалімдер сұрақтың маңызына көңіл бөлмеген жағдайда сыныпта сұрақ қою үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша мұғалімнің ықпалымен болатын әңгімелесу жүреді де, оқушылардың білім алуына, оқуға ынталануына, бір-бірімен сұхбат құруына мүмкіндік беріле бермейді.      Оқытуда әңгіменің қай түрін қолдансақ та, оқушылардың оқуға ынтасын арттыруы үшін не істеу керектігін ойланады. Оқушының ішкі уәжі «Мен» тұрғысынан маңызды жеке мүддесін ескерген жөн. Оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сол себепті де сындарлы оқытуда әр адам үшін маңызды деген мәселе немесе мәселелер жиынтығы төңірегінде шоғырланады.  Мұғалім мақсаты оқушыға сабақтағы әңгіменің оған қажетті (оқушы үшін мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатынын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін сұрақ қою маңызды дағды болып табылады, себебі дұрыс қойылған сұрақ қана оқытудың тиімді құралына айналып оқушылардың оқуында нәтижеге жеткізеді.  Мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезеңінде І бетпе-бетте алған негізгі идеяларды енгізіп, ІІ бетпе-бетке келгенде әңгімелесудің түрлерін сыныпта оқушылардың жеке топтарымен өткізугенін, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайтындығын айтады  және оқушылардың:
-          Оқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын;
-          Бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын;
-          Сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын;
-          Оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтады.
Бірақ та, тәжірибе көрсеткендей әңгімелесу әдісін қолданған алғашқы кездерде артық шу, оқушылардың тапсырманы жай орындауы, бірлесіп талқылау барысында бір-бірімен келіспей қалуы  сияқты кедергілер кездеседі. Бұл кедергінің болуы – оқыту үдерісіндегі әңгімелесу әдісінің құндылығын түсінбеу, оны тек оқытуды түрлендіру ретінде қарастырудан болып отыр. Әңгімелесу кезінде кез-келген бала бірден оқыту үдерісіне еніп кете алмайды, мазасыздық болуы заңды. Сонда әңгімелесуді қалай ұйымдастырған жөн? Ең біріншіден, балаларды эмоциональдық  қолдау керек. Себебі, кейбір оқушылар жалпы болып жатқан әңгімелесуге өз еркімен бірден кірісіп кете алмайды. Ондай оқушыларға өз мүмкіндігін көрсету үшін шағын жұптағы, үштіктегі жұмыстарда әңгімелесуге қатысуға тарту пайдалы. Әңгімелесуге кезінде мұғалім оқушының білім алуы үшін  ынталандырады, оқыту мен тәрбиелеу қатар жүреді және оқушының басқа балалармен іскерлік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын шыңдайды.Жоғарыда айтып кеткендей,  оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сондықтан оқу материалын мұғалімнің сүзгіден өткізіп, оқушы үшін ең маңыздысын белгілеп, оқыту үдерісінде әңгімелесудің қай түрін қолданғанда тиімді екенін айқындау қажет.  Алайда, сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтыруды мұғалім өзі белгілеп, әңгімелесу түрлерін таңдайды.
Әңгіме-дебат - оқу пікірталастары ретінде әңгімелесу әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту үдерісіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Әңгіме-дебат өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Әңгіме-дебат оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Зерттеушілік әңгімеде қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді, ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді. Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелерді талқылау оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.  Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Зерттеушілік әңгімеде  мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.
Әңгімелесу әдісінің құндылығы оқушылардың бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Оқушылар әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда олардың оқуы тиімдірек болады. Оқушылар әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы  өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады.
 
 
Пайдаланылған әдебиет:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей, 3-ші басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі», ДББҰ, 2012 ж.
Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?

Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
Менің зерттеу жұмысымның проблемасы «Топтық жұмыс барысындағы диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбын өзекті деп ала отырып, мен мектептің даму жоспарын осы басымдықтар арқылы құрып алдым. Енді осы жоспар бойынша мектеп тәжірибесін өзгерту үшін, мектептің даму үрдісін жүзеге асыру үшін мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыра отырып мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылатындығы жөнінде мағлұмат, ақпарат беретін «Бірінші деңгей бағдарламасының негізгі бағыттары» тақырыбында таныстырылым өткіздім. Таныстырылым өткізу үшін мектеп директорынан рұқсат алдым. Таныстырылым өткізуге жан-жақты дайындалдым. Мектеп ұжымын жинап, курста бірге оқыған әріптесім екеуміз курстың барысы, мақсаты мен міндеттері туралы слайдтармен таныстырылым жасадық. Сонымен қатар мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарымыз бар екенін айтып, сол жұмыстарымызды жүзеге асыру барысында әріптестеріміздің қолдауын сезінгіміз келетінін айтып өттік. Бұл таныстырылымға барлық мұғалімдерді қатыстырдық. Таныстырылым өткізудің мақсаты: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру Факультетімен бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламасы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен мазмұнын таныстыру болды. Таныстырылым кезінде мен кіріспе бөлімінде әр модульге жеке тоқталып, әлемдік деңгейде білім беру туралы ақпарат бердім. Келесі жоспарда Кембридж технологияларының тиімділігі туралы слайд арқылы түсіндірдім. «Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі» тақырыбы бойынша тақтаға жазып түсіндіре отырып, «Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырылғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек» деп /Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-11бет, 2014ж./ сөзімен аяқтадым. Кейін топтық жұмысқа байланысты көрсетілім көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өттім.
Келесі қадамым топтық жұмыстың маңызы мен ерекшелігін айта келе, мұғалімдерді қатыстыра отырып сын тұрғысынан ойлау модулінің көзбен көру айғақтары стратегиясын іс-әрекет арқылы көрсеттім. Түстер арқылы мұғалімдерді екі топқа бөлдім. Кедергілер: мұғалімдер қандай тапсырма береді, оны қалай орындаймыз деген оймен ұзақ уақыт топпен жұмыс істеуге жүрексінді. Тапсырма көзбен көру статегиясындағы: екі топқа картина көрсеттім. Суретке әр топ ат қойып, оны салған автор қорғау керек, қорғап болғаннан кейін екінші топ сұрақ қояды. Топпен жұмыс өте қызу өтті. Екі топ та өз ойларын еркін жеткізді. Екі топқа рахмет айта келе, осы стратегияның тиімді жақтарына тоқталдым. Таныстырылым соңында кері байланыс жүргізіп, рефлексия туралы түсінік бердім. Барлық мұғалімдерге ұнады, өз ойларын стикерге жазып білдірді. Нәтижесінде тың ақпараттар алды, кері байланыс орнату арқылы өз ойларын айтуға мүмкіндік берілді, мұғалімдер курс мазмұнын түсінді. Мектептің даму үрдісін жүзеге асыру мақсатындағы алғашқы қадамым сәтті болды деуіме болады. Мен оны таныстырылым соңында әріптестерімнің маған жазған рефлексияларынан байқадым. Осы таныстырылымның арқасында көптеген мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып, шығармашылық топқа мүше болатынын айтты.


Таныстырылым жасау барысы Кері байланыс
Келесі қадамым мұғалімдер мен оқушылар арасында сенімділік қарым-қатынас орнату, өзгеріс туралы көзқарастарын қалыптастыру арқылы шағын шығармашылық топ құру мақсатында тренинг сабақ өткіздім. Мақсатым жаңа бағдарламаны басты назарға ала отырып, өзгеріске алғашқы қадамын жасату болды. Осы тренинг сабақтың нәтижесінде мұғалімдердің шығармашылық тобын құру, өзімнің негізгі зерттеу тақырыбымды енгізу. Мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларға «Өзгеріс не үшін қажет?» деген сауал қойдым. Тренинг үлестірмелі материалдардағы видеотаспадағы көріністер арқылы пікірлесу, диалог арқылы түйіндедім. Осы бағдарламаның артықшылықтарын көрсеттім, мектеп басымдылықтарынан анықталған тақырыбымның мазмұнымен таныстырдым. Мен таңдап алған тақырыбымның маңыздылығын талдап түсіндірдім. Осы сабақтан соң менің тақырыбыма байланысты мұғалімдердің қызығушылығы арта бастағанын көре бастадым. Осы тренингтен кейін мен шығармашылық топта жұмыс істеуге қызығушылық танытқан Л. есімді тәжірибелі, талапшыл, жаңа әдіс-тәсілдерді игерген, көпшілікпен жұмыс істей алатын, ұйымдастырушылық қабілеті бар мұғалімді кәсіби әңгімеге тартып, оған коуч болуға ұсыныс жасадым. Л. есімді әріптесім екінші санатты, ұйғыр сыныптарында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Міне осы себепті де мен ол кісіге жұмысты сеніп тапсырдым. Жалпы коучинг-ағылшын тілінен сөзбе-сөз аудармасы-тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл-әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі./Мұғалімге арналған нұсқаулық ДББҰ-40бет,2014ж./Коучингті әріптестер арасында жүргізу оңай емес, бұл жауапкершілік пен көп ізденісті, дайындықты талап етеді. Ол үшін мектеп қажеттілігі мен оқушы қажеттілігін анықтап, сол қажеттіліктер бойынша тақырып таңдап, дайындалды. Қандай да бір әдіс-тәсілдерді, қимыл-қозғалысты үйреткіміз келсе әріптестерімізге іс-тәжірибені практикада жасату арқылы үйрету керек.
Бұл сессияның мақсаты-коуч пен тәлім алушы оқыту тәжірибелерін бірге талқылап, талдап мұғалімдерге оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесе отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері туралы толық, нақты мағлұмат беру. Тәжірибеде қалай дұрыс пайдалануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші деңгей бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерге өз мектептерінде құзырлы коуч пен тәлімгер, мектеп көшбасшысы болуға оқытуға бағытталған. Тәлімгерлік үдерісі коучинг үдерісімен өзара байланысты: тәлімгерлік тәлім алушыға кәсіби қолдау көрсетуге бағытталса, коучинг оның міндеттерін ашуға арналған. Оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіреді.
Жоспар бойынша «Жеті модуль» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Көшбасшы мұғалім ретінде мен коуч мұғалімге қолдау көрсетіп, семинардың өтілу жоспарына, мерзіміне, өтілу орнын белгілеуге, мұғалімдерді ұйымдастыруға көмектестім. Бірінші коучинг семинарының мақсаты-мұғалімдерге жеті модуль туралы түсінік беру. «Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік-сын тұрғысынан ойлау. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауын дамытады, саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді»-деп түсіндірілді. /Мұғалімге арналған нұсқаулық. 20 бет, 2014ж./
Дарынды және талантты балаларды оқытуда кез келген мұғалім балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта туғызуға тырысады-делінген. Осы модульдерге экрандағы слайдтар арқылы тоқталып өттім. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану сияқты модульдерге жеке-жеке түсінік бердім. Семинардан күтілетін нәтиже: мұғалімдер жеті модуль туралы меңгереді, сабақ беру үдерістеріне енгізеді. Семинар барысында білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланысты болуы керектігі де сөз болды. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығы туралы да айтылып өтті.
Жоспардағы 1 коучинг-сессиясын «Топтық жұмыс барысындағы диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбында өткізуді ұйғардық. Топтық жұмыс-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топты қалай ұйымдастыруға болады?- деген сұраққа жауап берілді. Топтың саны, топтағы жұмыс нәтижесі, топты ұйымдастыру ережесі, топтарда жұмыс істеу ережесі туралы мағлұмат берілді. Топтық жұмыс барысында диалогтік оқытудың рөлі ерекше екендігіне де семинар барысында тоқталынып өтілді. «Мерсердің зерттеуіне сәйкес диалогтік оқытудағы әңгіменің үш түрін ажыратып сипаттама берген: әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме, кумулятивтік әңгіме» /Мұғалімге арналған нұсқаулық.30бет,2014ж./ Әңгімелердің ерекшеліктеріне тоқтала келе коуч мұғалім ұстаздарды семинар барысында геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлді. Осы әдісті болашақтағы сабақтарында қолдануларына болатындығы туралы ескертілді. Тақырып түсінікті болу үшін топқа бөлінген мұғалімдерге тапсырма берілді. Оларға маркер, постер таратылды. «Оқытуда кездесетін кедергілер» тақырыбы туралы өз ойларын топ ішінде талқылап, постерге түсіріп, таныстырылым жасау ұсынылды. Әр топ өз жұмыстарына кірісіп кетті. Коуч әр топқа барып бақылап отырды. Топ мүшелері топ ережесін сақтай отырып жұмыс істеді. Оқытуда кездесетін кедергілерді әр топ өз түсінгендері бойынша, пайымдауынша постерге түсіріп қорғап шықты. Топтар өз жұмыстарын аяқтаған соң, коуч мұғалім сергіту сәтін өткізді. Коучингке қатысқан мұғалімдер семинар соңында рефлексия жазып үйренді. Келесі коучинг-сессияны«Топтық жұмыс барысындағы диалогтік оқытудың маңыздылығы» деген тақырыпқа жоспарладық. Семинардан алынған мағлұматтар, атқарылған іс-әрекеттерді мұғалімдер өз сабақтарына енгізу керек. Ол үшін коуч мұғалімге шеберлік класын өткізуді ұсындым. Өзі сабақ беретін 5-сынып оқушыларымен шеберлік класын өткізуді жоспарлады. Осы сабаққа шығармашылық топтағы барлық мұғалімдер тартылды.Бұл сабақтың мақсаты-тәжірибе алмасу және коучтің сабағына қатыса отырып, жаңа форматтағы сабақ үлгісін, сабақтағы жаңа әдіс-тәсілдерді, топтық жұмыс , оның ішінде диалогтік оқыту қалай іске асатындығын үйрену. Коуч өз сабағында топтық жұмысты шебер ұйымдастыра білді. Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақпаев «Менің атым Қожа». Осы тақырып бойынша оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс істеді. Сыныптың топтық жұмысты жақсы меңгергендігі, флепчатпен машықтанғандықтары көрінді. Оқушылар салынған суреттері бойынша сөйлеп, бір-біріне пікір айтып, сұрақ қойып, тыңдай да білді. Осы сабақтан мұғалімдер өздеріне жаңа әдіс-тәсілдер алды.
Коуч мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді түрде ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ./Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 40 бет, 2014ж./ Шығармашылық топқа тартылған мұғалімдер мектепті дамыту жұмысына белсене атсалысушылар. Бұл мұғалімдер мектепті қалай өзгертеді? Алдымен, әрине, сабақ беру үрдістеріне өзгеріс енгізулері керек. Мектепте өткізілген таныстырылым, коучинг семинарлар, шеберлік класынан алған, үйренген әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізетіннің алдында мұғалімдерді орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары туралы хабардар еткенді жөн деп таптық. Коучпен ақылдаса келе, әріптестеріміздің пікірлерін ескере келе келесі коучинг семинарды белгіледік. Тізбектелген сабақтар топтамасына семинарда толық мағлұмат беріп, қалай жазылатындығы, не қамтылатындығына кеңінен түсінік берілді. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейтіні туралы айтылды.
Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты: әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу, жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп ұйымдастырылуы, жеті модульді ықпалдастыру, оқу міндеттерін көрсету, барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау екендігі түсіндірілді. Қысқа мерзімді жоспар-жеке, дербес сабақ екендігі айтылды. Семинардан шығармашылық топқа тартылған мұғалімдер орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қалай жоспарлау керектігі туралы мағлұмат ала білді.
Кез-келген командада барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігі және қолдау көрсетілетіндігі, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулерін де коуч жете түсіндірді және шеберлік класын өткізген кезде осыған көз жеткізгендіктерін айтты. Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі семинар, кәсіби әңгіме барыстарында үнемі айтылып отырылды.
Коуч тарапынан өткізілген семинар барысында менің анықтаған өзекті проблемам «Топтық жұмыс барысындағы диалогтік оқытудың тиімділігі» болғандықтан осы тақырыпты басты назарда ұстап, дамытуды көздедік. Коучинг семинардан соң мұғалімдер өтілетін сабақтар топтамасын жасауға кірісті. Ендігі кезекте сабақтар жоспарланып, мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдап, кері байланыс орнатып, сабақтан соң коуч сессияларын өткізіп тұруды жоспарладық. Мектептегі тәжірибе кезеңінің үшінші аптасының бірінші күнінен бастап сабақтар топтамасы өтіле бастады. Мұғалімдерге көшбасшылық тарапынан да коуч-мұғалім тарапынан қолдау көрсетіліп отырды. Мұғалімдер кәсіби әңгімеге тартылып отырды. МДЖ-ның негізгі тақырыбы, өзекті мәселем «Топтық жұмыс барысындағы диалогтік оқытудың тиімділігі» болғандықтан осы тақырыпты басты назарда үнемі ұстауға тырыстық. Сессиялар соңында мұғалімдердің жазған рефлексиялары арқылы олардың тағы қандай көмекті қажет ететіндіктері анықталып отырылды. Бірігіп құрған жоспарымызға өзгерістер жұмыс барысында енгізіліп отырылды./қосымша 1 Коучинг жоспары/
Тәлімгерлік жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі-дей келе мектептегі тәжірибе барысында дамыту жұмысына өзгеріс енгізетін шығармашылық топтың ішінде тәлімгерлік жұмысқа баса назар аударылды. Осы мақсатта мектептегі тәжірибелі Ж. есімді ұстаз тәлімгерлікке тартылған еді. Мектепті дамыту жоспарына өз үлесін қоса отырып, тәлімгер де коучинг семинарларына қатысты, жаңа әдіс-тәсілдерге қанық болды. Бұл мұғалімді тәлімгерлікке тартқандағы мақсатым- өз-өзіне сенімді, жаңалыққа жаны құмар, өзі де үйреніп, өзгені де үйрете алатын жаңашыл ұстаз болғандығы еді. Шығармашылық топқа тартылғандығына ризашылығын білдіре келе, алдағы атқарылатын іс-шараларды ақылдаса отырып бірге жоспарлауды ұсынды. Тәлімгер озық тәжірибелі ұстаз болғандықтан сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерін үйренуге ұсыныс айтып жүрген Г. есімді мұғалімге өзінің әдістемелік көмегін ұсынғысы келетіндігін, білген-түйгендерін жас маманға үйреткісі келетіндігі туралы айтты.
Тәлімгерлік жұмысты жоспарлау барысында тәлім алушыны бірінші кәсіби әңгімеге тартып кездесу ұйымдастырғанды жоспарладық. Тәлімгер мен тәлім алушының өздерінің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарына тоқталады. Кәсіби әңгіме барысында тәлім алушы жас маман болғандықтан үйренемін, білемін деген қызығушылығын танытты. Тәлім алушының сабағына қатысу барысында, сабақтың бірсарынды, мұғалім сабақта көбінесе өзі сөйлеп, өзі сұрақ қойып, өзі жауап беретіндігі анықталды. Сабаққа қатысу барысында тәлімгер оқушылардың жауаптарын тыңдап және олардың оқуға деген реакциясын жазып алып отырды. Сабақ соңында екеуінің арасында кәсіби әңгіме орнады. Тәлім алушыдан әрбір оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мұғалім сабақтың мақсатын қалай анықтағандығы туралы сұралды. Олар сыныптағы әрбір оқушының қажеттіліктеріне сәйкес келе ме? деген сұрақтар қоя отырып, тәлім алушының сабағына талдау жасалды. Кәсіби әңгімеден кейін тәлімгер өзі жаңа форматтағы үлгі сабағын көрсететін болды. Тәлімгер өз сабағында топтық жұмысты шебер ұйымдастыра білді. Тәлім алушы сабақтың әр кезеңін мұқият бақылап, жаңа әдіс-тәсілдерді жазып алып отырды. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмысты, топ ішіндегі бірлескен жұмысты, балалардың постермен жұмыс істеуінің бәрін бақылап жазып алып отырды. Тәлімгер өзінің сабағы арқылы тәлім алушыға шынайы мақсат қоя білуді, оған жету жолдарын жоспарлауды үйретті. Сабақтан кейінгі кісіби әңгіме барысында жас маманның педагог қалыптасуына, сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін жетілдіруге көмек көрсететіндігін айтты. Тәлімгер өзінде бар білімімен, тәжірибесімен бөлісуден бас тартпайтындығын ескертті. Тәлімгер тарапынан жеті модуль стратегиялары, топпен жұмыс барысындағы диалогтік оқыту туралы қосымша мағлұмат берілді. Ендігі кезекте білген, үйренген әдіс-тәсілдерін өз сабақтарына енгізгені туралы сабақ өтіп беруі ұсынылды. Тәлім алушы бұл ұсыныс өзінің де ойында жүргендігін айтып, сабақ өтуге келісім берді. 9 сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспарлағаны туралы тәлімгер екеумізге ескертті. Бейне жазба негізіндегі кәсіби әңгімеге керек болғандықтан, тәлімгер сабақты бейнетаспаға түсіруді ұсынды. Жас маман сабаққа жан-жақты дайындалып келген. Сабақта топпен жұмыс болды. Әр топ оқушылары постермен, маркермен жұмыс істеді. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып әр топ қорғап шықты. Аз уақыт ішінде біраз әдіс-тәсілдерді меңгергендігі көрінді. Ең бастысы мұғалімнің бойынан өзгеруге деген талпыныс бар екендігі байқалды. Бейнежазба негізіндегі кәсіби әңгіме барысында кері байланыс орнатылды. Тәлім алушының сабағына рахмет айта келе тәлімгер біраз кеткен кемшіліктерге тоқталды. Тәлім алушы сабақта кеткен кемшіліктерін жазып алып, қосымша нұсқаулықтар алды. /қосымша 2 Тәлімгер жоспары/
Блум таксономиясы
Математика сабағында Блум таксономиясын қолдану
Жарияланды 16-04-2013, 21:04 Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы:«Қысқаша көбейту формулалары»
Сабақ мақсаты:
● Қысқаша көбейту формулалары туралы оқушы білімдерін жинақтау, жүйелеу, тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
● Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту;
● Алға қойған мақсатқа жете білуге, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақ типі: Білім, білік және дағдыны тексеру сабағы
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, маркер, үлестірмелер, сызбалар (қысқаша көбейту формулалары)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, оқушыларды
3 топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №219 (3 - 8), 222 (3 - 6) есеп нәтижесі таратылады. Оқушылар бір - бірін тексереді. Бағалау парағына дұрыс жауаптардың жартысына тең ұпайды жазамыз.
Бағалау парағында сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. Сабақ соңында осы ұпай бойынша бағаланатын болады.
Білім кезеңі. Оқушылар, бүгін біз өз білімімізді сынап көрейік. Еске түсірейік, сендер қандай қысқаша көбейту формулаларын білесіңдер?
(қосындының квадраты, айырманың квадраты, квадраттардың айырымы, қосындының кубы, айырманың кубы, кубтардың айырымы, кубтардың қосындысы). Дұрыс балалар, енді осы формулаларды қандай деңгейде жаттап алғандарыңды тексеріп көрейін. Мен қазір формуланы айтамын, сендер оны алдарыңдағы А3 қағазға жалғастырып аяқтап жазасыңдар.
1. (а + b)²= а²+2аb+b²
2. а² - b² = (а - b) (а+b)
3. а³- b³ = (а - b) (а²+аb+b²)
4. (а - b)³= а³- 3а²b+3аb²- b³
5. (а - b)²= а²- 2аb+b²
6. а³ + b³ = (а+b) (а²- аb+b²)
7. (а + b)³= а³+3а²b+3аb²+b³
3. Өтілген материалды бекіту.
Түсіну кезеңі. «Көпмүшелерді түрлендір». Оқушыларға тапсырма таратылады, ол слайдта да көрініп тұр. Есеп нәтижесіне сәйкес әріпті тауып, оқушылар сөз құрастырады. Тапсырма уақыты - 5 минут.
Тапсырма------------------Жауаптары-----------------------Әріптер
(x+y)(x2 - xy+y2)
(5x+y) 3
(1 - a) 3
(2x2 - y2)(4x4+2x2y2+y4)----------------- x2+8х+16
9m2 - 30mn+25n2
16b2 – a4
x3+y3
125x3+75x2y+15xy2+y3
1 - 3a+3a2 - a3
8x6 - y6 А
КСПАЬЛ
Оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір - бірін бағалайды. Егер дәптерде «Паскаль» сөзі шықса, бағалау парағына 5 ұпай, ал басқа сөз шыққан болса, дұрыс шыққан әріптердің санынан 2 - ні алып тастап бағалау парағына жазыңдар.
Анықтамалық ақпарат: Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19 1623 жыл — Тамыздың 19 1662 жыл) - XVII - ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы. Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады.
Қолдану кезеңі. “Эстафета” бөлімінде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер шығарамыз. Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, есепті тақтада орындайды. 1 - есеп нәтижесін 2, 3 тапсырмаларға қолданамыз. 3 - есеп нәтижесін 4 - есепке, 4 - есептің нәтижесін 5 - есепке. Яғни, сендердің 1 - есептерің дұрыс шықпаса қалғандары да дұрыс шықпайды деген сөз.
Сергіту сәті. Оқушыларға сан айтылады. Егер ол сан қандай да бір санның квадраты болса, оң қолдарыңды, кубы болса сол қолдарыңды, бір уақытта квадраты да кубы да болса екі қолдарыңды көтеріңдер.
Талдау кезеңі. Оқулықпен жұмыс №230, 231, 232. Алдымен есеп топта шығарылып, талқыланады. Есеп жауабына қарай топтар бірін - бірі бағалайды.
4. Қорытындылау.
Жинақтау кезеңі.
«Белгі - тірек» ойыны.
Қысқаша көбейту формулалары шамамен бұдан 4 мың жыл бұрын белгілі болған. Вавилондықтар және басқа да халықтар бұл формулаларды ауызша және геометриялық түрде тұжырымдаған. Ежелгі Грекияда алгебралық сұрақтар геометрия тіліне көшіріліп отырған. Эвклидтің «Бастамалар» атты екінші кітабында гректердің геометриялық алгебрасы берілген. Эвклидтің аталған кітабында қысқаша көбейту формулаларын қалайша түсіндірілді, қалай берілді деп ойлайсыңдар?
5. Бағалау. Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, мұғалімге оқушы дәптерлерін жинап береді. Бағалау кестесіне сәйкес оқушылар бағаланады.
23 - 25ұпай “5”
19 - 22 ұпай “4”
18 ұпайға дейін “3”
Үйге тапсырма: «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау», №225, 227 есептер
Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері
Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;
4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
ІІ Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
ІІІ Талдау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
IV Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
V Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
VI Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ
Оқу үдерісі жас ерекшеліктері тұрғысынан
«Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл олардың көзқарасын сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз. Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз.
«Жалған ұстаным»
ЗТ тұжырымдамасы даму психологиясынан шығады. Балалар ниетті және басқа да маңызды саналы операцияларды (көз тігу бағыты, назар аудару, талаптану) түсіну қабілеттерін ерте көрсетеді. Соған қарамастан, 80-жылдардың басында Г.Виммер мен Дж.Пернер 3–4 жасқа жеткенге дейін ЗТ толыққанды дамымайтынын көрсетті. Зерттеулер 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың жалған көзқарасты басқа біреуге таңуын қадағалау және тексеру үшін бірнеше эксперимент жүргізді. Эксперименттердің бірінде балалар кейіпкер Максидің шоколадын жәшікке тастап кеткен кезде оның анасы шоколадтың кішкене бөлігін ас дайындауға алады да, тәттіні басқа жерге қойып кеткені туралы сценаны бақылайды. Макси қайтып келгенде эксперимент жасаушы: «Макси шоколадты  қай жерден іздейді?» деген сұрақ қояды. 1983 жылғы алғашқы нәтижелер, 5 жастан үлкен балаларда Максиге жалған түсінік беру проблемалары кездеспейтінін, бұл жасы кішірек балаларда кездесетінін көрсетеді (олар Макси шоколадты анасы қойған жерден іздейді деп ойлайды). Жалған ұстанымның алдына қойылған міндет балалар дамуындағы кезеңдер арасындағы нақты бөлінуді айқындайды. Ол кезеңдер ақыл мен шындықты «айқын» көрсету және ақыл мен шындықты «айқын емес» көрсету. Бұл олардың шынымен болған жайт пен адамдар көзқарасына негізделген пікірді оңай айыра алатынын білдіреді.
Жалған ұстаным міндетінің нәтижелері үш жаста күрт өзгерістер болатынын көрсетеді. Бұл көптеген психологтар мен философтарды (Leslie, 1987; Fodor, 1992) үш жасқа қарай белсендірек болатын туа біткен модуль ретінде, ЗТ үшін жауапты терең танымдық құрылымды сипаттауға әкелді. Бұл танымдық құрылым психикалық ақаулар болғанда жұмыс істеуі немесе едәуір нашарлауы мүмкін. Мұндай көзқарас аутизм сияқты елеулі психиатриялық патологиялардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері бойынша алынған дәлелдерге сәйкес келеді (Baron-Cohen, 1995; Frith et al., 1994). Аутизммен ауыратын балалар зияткерлік және сөйлеу қабілеттерін тестілеуге арналған басқа танымдық тапсырмаларға қарағанда, жалған ұстаным міндеттерін орындау кезінде төмен көрсеткіш байқатады.
Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады (Barron, 2002) және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық әрі тұлғаішілік үдеріс деп сипатталады. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу барысында шығармашылық әлеуетінің негізі ретінде қаралатын өзіндік идеяларды дамытуға немесе өндіруге, яғни үдеріске көңіл аудару қажет. Мұндай үдерісті түсіну үшін конвергентті және дивергентті ойлау арасындағы Гилфордтың (1956) айырмашылықты шектеу түсініктерімен танысқан пайдалы. Конвергентті ойлауға байланысты проблемалардың көбіне бір дұрыс шешімі болады, ал дивергентті ойлауға қатысты проблемалар, проблеманы шешетін субъектілердің кейбіреулері жаңа, жоғары сапалы жұмыстарға негізделген, сондықтан креативті шешімдерге бастау болады.
Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер мен дарын арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте жоғары зияткерлік қабілеттермен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970) зияткерлік қабілет пен шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған есептер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауаптар туындатуды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл» болатын барлық заттар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік.
 Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат оқудың танымдық теориясымен анықталуы мүмкін. Маргарет Дональдсон сияқты көптеген психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудырды, өйткені 1950-ші жылдары Пиаже идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология саласындағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектер сияқты сондай неврологиялық құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Госвами мен Брайант ересектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибесінен болатын алшақтықта екенін түсіндіруге болады деп есептейді. Осы арқылы проблеманы шешу үшін әзірше оқушылар оқуға «дайын» болғанша күте тұру керек деген қалыптасқан пікірге деген сенімді шайқалтты.
Заманауи ойлау біздің оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясында шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖАДА-сына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды – оқу үдерісінің белсенді қатысушылары, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деп санайды. Осы теорияны ұстанатын мектептер сыныпта ерте жастан тиісті жеке орта мен оқу бағдарламаларын құрады. Мұғалімдер мен ересектер балалармен еркін сөйлеседі, ал оқу бағдарламасына балалардың тәжірибесін енгізу арқылы оқу сабақтарына маңыз беріледі.
Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген болжамы бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін ұсынады. Аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым дамыған және кемірек дамыған құрдастарымен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады: мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі ретінде емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды.
АҚШ-та жүргізілген әртүрлі жастағы сыныптарды оқыту саласындағы зерттеулер мұғалімдерге жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу проблемаларын шешудің жекелеген тәсілдерін ұсынады. Авторлардың пікірі бойынша, бұл мұғалім үшін оқушылар жеке тұлға болып табылатын сыныптарда және мұғалімнің кәсіби ойы оқу бағдарламасына емес, оқушыларды оқыту үдерісіне бағытталған сыныптарда табысты шешімін табуға тиіс. Бұл жағдайда мұғалім әрбір оқушыны оқу континуумы деп санайды және бұл кезде бар уақытын белгілі жастағы балалар үшін қандай бағдарламаның қолайлы екендігіне жұмсамай, осы континуум бойынша қозғалу кезінде оларды қолдауға тырысады. Аралас жастағы оқуды зерттеу әртүрлі жастағы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда үдерістік тәсілдің қолайлы екендігін көрсетеді. Бұл олардың даму деңгейіне сәйкес барлық балалар бірге қатыса алатын ашық тапсырма, тәжірибе мен жобаны қамтамасыз ететін мұғалімдерді қамтиды. Әртүрлі жастағы табысты сыныптарда мұғалім оқыту жөніндегі фасилитатордың рөлін атқарады және «білім беруші» субъекті ретінде әрекет етпейді, қайта оқу үдерісін бағыттайды, толықтырады және қолдайды. Әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету үшін олар оқушылардың жеке сұраныстарын, дамуы мен мүдделерін білуге тиіс. Яғни оқыту үшін бағалау әртүрлі жастағыларды табысты оқытудың маңызды құралы болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда төменгі жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткен жөн.
Метасананы оқыту жолдарының бірі – ойлау тілін анық етіп жасау, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады. Міндет – лексиканы қалыптастыру, оны біз «Бүгін біз… туралы ойлаймыз», «Бұл сабақ… туралы», «Не туралы ойладық?» деген сауалдарды ойбағдар ретінде ұсына отырып, біздің сабақ беруіміздің сипатын аша түсіп, балаларымыздың өзіндік ойлауы мен түсінігінің кемелденуіне пайдалы болса дейміз. Пайдаланылған терминдерді түсіндіру қажеттігімен бірге балаларға сол терминдерге өз сөздерімен анықтама беру міндетін де жүктеу керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін креативтілік идеяларды жинақтау үдерісінде шоғырланады. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады. Идеяларды өндіру сапасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта қарау мүмкіндіктерін зерттейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Atkinson, R.C. & Shiffrin, R.M., (1968). Human memory: A proposed system and its control processes. [Адам жадысы: ұсынылатын жүйе және оны бақылау үдерісі] In K.W.Spence and J.T.Spence (Eds.), The Psychology of Learning and Motivation: Advances in Research and Theory, Vol. 2. New York: Academic Press, 89–195.
Baddeley, A.D. & Hitch, G., (1974). Working memory. In G.H. Bower (Ed.), The Psychology of Learning and Motivation: Advances in Research and Theory. [Оқу мен ынталандыру психологиясы: Озат зерттеулер мен теориялар] (Vol. 8, pp. 47–89). New York: Academic Press.
Bandura, A., (1977). Social Learning Theory. [Әлеуметтік оқыту теориясы]. New York: General Learning Press.
Baron-Cohen, S., (1995). Mindblindness: An Essay on Autism and Theory of Mind. [Сезім соқырлығы: Аутизмді зерттеу және сана теориясы] Boston: MIT Press/Bradford Books.
Barron, B., (2002). Creative work in relational context and its developmental significance. [Релятивистік мәнмәтіндегі шығармашылық жұмыс және даму үшін оның маңыздылығы] Human Development, 45, 367–371.
Chen, Z., Sanchez, R. & Campbell, T., (1997). From beyond to within their grasp: Analogical problem solving in 10- and 13-month-olds. [Түсінуден тыс және оның ішінде: 10 және 13 ай жасындағы ұқсастық бойынша проблемаларды шешу] Developmental Psychology, 33, 790–801.
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық көшбасшылық колледжінің зерттеулері (2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесіндекөшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқыты сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бқндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.
МакБет және басқалардың (2004) зерттеуі көшбасшылықтың табысты болуының алты факторын қарастырады:
Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін.
Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағыттылушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, керісінше ол мұғалімдерді өзі қамтиды, яғни оны тағайындамайды, ал мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады.
Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенде баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты.
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау).
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас).
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу).
Адалдық (сенімді және шынайы өзара қарым-қатынас).
Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты тарату мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер таңдау;
бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану;
кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
 
Ұжымдық іс-әрекет
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
 
Мұғалімдер үшін маңызы
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
мұғалім өзіннің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылау;
оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату;
оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектелетін шекарадан тыс кеңейту;
оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге болатындығына сенімді болу;
оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.
 
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ)
 
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.
7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс.
Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.
 
Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы
 
Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. Олар сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады, бұл осы Бағдарламаның басында келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.
Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісе және оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады.HertsCam-да (Хертс Кэм) бұл Network Events желілік қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дауыс»журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Бұндай жарияланымдар web-сайттарға сілтемелер арқылы мектеп және облыс аймақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алады.
 
Оқуда көшбасшылықты дамыту стратегиялары
 
Либерман және басқалар (2007) көшбасшылықты қолдау және мұғалімді дамыту мақсатында ойдағыдай қолданылып жүрген төрт стратегияға сипаттама берген. Мұғалімдер МКДЖ тәсілі ретінде өз беттерімен, немесе әріптестерімен бірлесіп оларды жекелеп те, болмаса әртүрлі нұсқада ықпалдастырып та қолдана алады.
 
Lesson-study
 
Lesson-study жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға да, сонымен қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық әлеуетін дамытуға, ақыр соңында – оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға арналған. Lesson-study туралы толық ақпаратты Мұғалімге арналған нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) алдыңғы тарауынан табуға болады. Lesson-study-дің кең тараған түрі төрт кезеңнен тұрады:
1-кезең: Жеке немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің немесе тәжірибе мұғалімдердің кеңес беру арқылы сабақтың мақсатын қою және оны дайындау.
2-кезең: Lesson-study жүргізу және Lesson-study-ға қатысушылардың оны бақылауы.
3-кезең: Lesson-study-ға қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де, оқыту үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді талқылауы.
4-кезең: Талқылауды жалғастыру және Lesson-study-ді жақсарту жөніндегі дамыту жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.
 
Оқыту саласындағы грант
 
Мұғалімдер зерттеу жұмысын ғалымдардың «пешенесіне жазылған» нәрсе деп, өздерін зерттеуші деп есептемейді. Мұғалімнің кең қауымға таратылмаған білімі мен құнды тәжірибесі құмға сіңген судай болып ізсіз жоғала береді. Осыған байланысты АҚШ-та Карнегидің оқуды жақсарту қоры (CFAT) «Оқыту саласындағы грант» деп аталған бағдарламаны жасап шығарды. Ол гранттың мәні мынада: ғалымдар өз жұмыстарын жұртшылыққа жария етеді, бұл жұмыс талданып, сыни сүзгіден өткізіледі, содан кейін тәжірибеде қолдануға басқаларға таратылады. «Оқыту саласындағы грант» мұғалімдерді оқыту аспектілерін, зерделеп, талдауға және болашақта оны басқалар пайдалана алатын «белгілі бір өнімді» жасауға шақыруға бағытталған. Нәтижесінде ол ғылыми жұмыс қоғам «меншігіне» айналады; оны жан-жақты талдап, сынап, дамытылады және тәжірибеде кеңінен қолданылатын болады.
 
Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
 
Мектеп сонымен қатар мұғалімді ынталандыру объектісі де бола алады. Мектепте ұйымдастырылатын ғылыми-зерттеу семинарларының көздеген бірнеше мақсаттары бар: мұғалімдер мен мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; мұғалімнің де, мектептің де әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруы үшін оларды шешудің ұсынымдары мен стратегияларын әзірлейді.
 
Зерттеуші мектеп
 
Мектепті зерттеуші мектепке айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері бойынша дамытуға жол ашады:
оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
мектептің өзін өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету;
оқушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға жылжыту;
жастарға олардың білім алу мәселелері бойынша кеңес беру және оларды ғылыми зерттеулерге тарту;
рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық қызметкерлері тартылған мектеп реформаларына атсалысу;
мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті зерттеуші мектеп етіп түрлендіру мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Джеймс (2005) оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамыту аса маңызды.
 
                ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ
 
Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:
бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
 
Заманауи түсінік
 
Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оныоқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтікбағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.
 
Бағалаудың мәні
 
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
қадағалау;
алынған мәліметтердің интерпретациясы;
бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдердіқорытындылау.
 
Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушылардықадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.
 
Интерпретация
Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрліне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.
 
Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытындыжасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.
 
Оқуды бағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.
 
Оқыту үшін бағалау
ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.
 
Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалану
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.
Мектептер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайды және мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.
Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқыту үшін бағалауғаауыстырылуы мүмкін. Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер анағұрлым проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.
 
 
Мұғалімдер үшін маңызы
Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емтихан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстары қайталап өткізуге болады.
Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.
Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.
Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.
Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
 
Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.
Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.
 
Блэк пен Уильямның түпнұсқалық зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік»сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды (10-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

10-сурет. Оқушының өзін өзі бағалауын дамыту
 
  Пайдаланылған әдебиет 
 
Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика] Wiley-Blackwell
Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education.
Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және оқыту] University of Cambridge Faculty of Education.
Black, P. and Wiliam, D. (1989a) Assessment and Classroom Learning, Assessment in Education: Principles, Policy and Practice [Бағалау және сыныпты оқыту, білім беру саласындағы баға: ұстанымдар, саясат пен практика]. 5 (1): 5-75.
Black, P. and Wiliam, D. (1998b) Inside the black box: raising standards throughclassroom assessment [Қара жәшіктің іші: сыныпты бағалау арқылы стандарттарды арттыру]. King’s College London, School of Education (now available from NFER/Nelson).
Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық
технологиялар
Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:
- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) кешенді пайдалану.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Бүгінгі таңда қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, Ақтау қаласындағы «Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курсына қатысып, бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген сол модулдардың ішінде «білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды».
Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.
Оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды (электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру. Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойды.
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.
Білім салалары:
Технологиялық білім
Мазмұндық- технологиялық білім
Мазмұндық білім
Мазмұндық-педагогикалық білім
Педагогикалық білім
Технологиялық - педагогикалық білім
АКТ зерттегендер:
Бекта, Сох, Кокс пен Уэб, Kennewel and Beauchamp, Birnbaum, Мишра мен Келер
АКТ оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер:
Электрондық пошта, мультимедиялық презентация, ВИКИ, Блоктар, Платформа, Онлайн, Форум, ІР телефон
Оқытудың 5 аспектісі бойынша АКТ қолдану:
Көрсетілім
Модельдеу
Бағалау мен талдау
Ұсыну және қайталай ұсыну
Тестілеу және құптау
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Осы модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, жұмысынан тұрады.
АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:
1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;
2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;
3. Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;
4. Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;
5. Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;
6. Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
2. Мұғалімдердің ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды (АКТ) қолданудағы тәсілдері:
Дәстүрлі педагогика жаңа педагогика кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу мұғалім оқушыға білім береді.
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады. Анық, қолмен жазылған есеп оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі. Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады. Нені білуді және нені еске сақтауды шешу мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды Кәсіби, қағазға басылған құжаттар оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі. Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады.
3. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларға(АКТ)мыналар жатады:
1. Теледидар бағдарламалары;
2. Сандық теледидар;
3. Интернет/WWW;
4. Ұялы телефон;
5. Ұтқыр қондырғыштар;
6. Компьютер/ноутбук;
Жалпы ақпараттық технологияны сабақ барыстарында оқушыларға қолдану:
1. Пәнге қызығушылығы артады, құлшыныс, жігерін оятады;
2. Шығармашылық қабілеттері артады;
3. Өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады;
4. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;;
5.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;
  Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Қазақ тілі ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі болып табылады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының  өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:
орта қабілеттіліктен жоғары;
тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
шығармашылықтың жоғары деңгейі.
 
Заманауи түсінік
Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ сипаттамаларды көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта  дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуальдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға жетіп қалуы, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік аффективке және т.б.) көбірек жатады,  ал талант түрлі саладағы неғұрлым жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол көптеген құзыретті субъектілердің аздаған санына ғана тиесілі болып қалады.
 
Қорытынды
Қазіргі уақытта дарынды және таланттыларды моноаспектілік аясында (мысалы, жоғары IQ) қарастырудан бас тартып, көпаспектілік пайдасына қарай ауысу үрдісі қалыптасуда, ол ерекше қабілеттердің кең ауқымын көздейді.
Қабілет пен қасиетке қатысын анықтайтын мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды құрамы болып табылады.
Бағдарламаның рәсімі мен мазмұнын анықтау мультимәдени келешектің тең дәрежесін қамтуға тиіс.
Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері тұрғысынан қарастырылады.
Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету неғұрлым маңызды.
Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көпаспектілі тәжірибе қажет.
 
Мұғалімдер үшін маңызы
 
Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың академиялық жетістіктері ресми тіркеліп, ол баланың таланттарын көрсететін портфолиоға қосылуы мүмкін. Оқыту және оқу тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі кездеседі, немесе күнделікті оқы мәнмәтінінде қолданылмайтын, әдетте оқудан тыс кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерлік дарыны, жоғары әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және таланттылық ауқымын анықтауға көмектесі үшін баланың мінез-құлқының сипаттамалары енгізілген бақылау үлгілері жасалды, мысалы: «өте әсершілдік танытады, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар».
 
Мұғалімдер дарынды және талантты оқушыларды қалай табады?
 
Білім беру саласын жетілдіру зерттеулері жөніндегі АҚШ офисі (1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Бейімділігі:
оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау;
ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану.
Таланты:
оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар ынталандыруды шұғылдық және эмоционалдық тұрғысынан бағалау.
 
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым  «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.
Мұғалімдердің дарынды балалардың мінез-құлқын ұғыну сипаты олардың осы проблемаларды түсіну және ол үшін қам жеу дәрежесін көрсетеді. Мәселен, кейбір мұғалімдер дарынды балалардың әдеттен тыс идеялар ұсынуға бейімділіктерін ынталандырады, ал кейбіреулері – мұндай мінезді тәртіпбұзушылық деп санайды. Кейбір мұғалімдер дарынды балалардың кездейсоқ шешімдерге күмәнмен қарау бейімділігін қош көреді, ал кейбіреулері – мұны сыйламаушылық деп біледі. Кей кездері онша қолайсыз тәртіп көңіл қалғандықтың нышаны болуы ықтимал. Әдетте ақпаратты тез игеріп алатын оқушылар негізгі қағидаттарды жеңіл аңғарады, олар зияткерлік тапсырмаларды жақсы көреді және де жекелеген оқу кезеңін айналып өтеді, сондықтан егер бағдарламаның сол тапсырмаларын және сыныптағы басқа оқушылармен бірдей жылдамдықта орындау қажет болған жағдайда, олардың іштері пысады, сосын олар алаңдай бастайды. Мұндай оқушылар «сыныптың күлдіргішіне» айналып, сабақтың өту тәртібін бұзады, немесе өзінің бойындағы оқуға деген ықыласын басады. Сондықтан мұндай оқушыларды проблемалық субъектілер ретінде қарамай, мұғалім оқушылардың дарындылығы мен таланты тұрғысынан осындай жағымсыз тәртіптің шығу себебін анықтап, оларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды.
 
  Пайдаланылған әдебиет
Dauban, J & Crossland. J., (2009). ‘Working with Gifted and Talented Children at an Iron Age Hill Fort in North Somerset’. [«Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы Темір ғасыры». Бастауыш сыныптардағы тарих. Талантты да дарынды балалармен жұмыс істеу] in Primary History 51. Spring, 2009 (Historical Association, UK).
Eyre, D and Lowe. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Secondary School. [Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту] David Fulton.
Eyre, D and McClure. L., (2001). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Primary School. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру] David Fulton.
Freeman, J., (1998). Educating the Very Able. [Ерекше қабілеттілерді оқыту] The Stationery Offce, London.
McAlpine, D.  and Reid, N. (1996) Teachers observation scale for identifying childrenwith special abilities [Оқушылардың арнайы қабілеттерін анықтауға арналғанмұғалімдердің бақылау шәкілі]. Wellingtom: New Zealand Council for Educational Research
Neihart, M., Reis, S. M., Robinson, N. M. and Moon, S. M. (2002) The social and emotional development of gifted children: What do we know? [Дарынды және таланты балаларды әлеуметтік және эмоциялық дамыту: Біз не білеміз?].National Association of Gifted Children. Prufrock Press
Renzulli, J. S. (1978). What Makes Giftedness? Re-examining a Definition. [Дарындылықты не тудырады? Анықтамасын қайта қарау]. Phi Delta Kappan, 60: p180–181.
Renzulli, J. S. and Reis, S. M. (1985). The Schoolwide Enrichment Model: A Comprehensive Plan for Educational Excellence. [Мектепте білімді жетілдіру моделі:Озық тәжірибеге арналған жалпы білім беретін жоспар]. Mansfi eld Center, CT: Creative Learning Press.
 
  Дифференциалды оқыту технологиясы
 
Дамыта оқыту  технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский  өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында»  айтып талдап берген. Содан кейін  орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский  еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары  Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен  В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны  «субъект» ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген  киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі  көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген  үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан  өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер»  бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі  өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана  білу» дейді. «Әркім қолда барын  ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар  едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер  айналасында сөз қозғау. Соның  ішінде ең бастысы - әлемдік білім  кеңістігіне ену жолындағы алғашқы  қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты  тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім  саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға  қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы  шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат  өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер  жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі  көрікті ойдың ауыздан шығарда  жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында  быт-шыты шыққанына талай ұстаз  куә. Білім жетерлік, бірақ оны  оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар  ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға  ретінде жан-жақты дамуына осы  сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға  жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын  ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді  ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар  іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай  оқушының таным белсенділігін арттыруды  мақсат ет. Танымдық белсенділікті  қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы  жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан  сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық  технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап  оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан  бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін  жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың  деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың  өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін  меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап  оқыту технологиясында жұмыс  міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты  мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы  болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау  мемлекеттік білім стандарты  талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы  «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға  міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі  төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса  не істеуге болады? - деген сұрақ  туады. І деңгейден аса алмай  жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды  үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап  оқыту технологиясының екінші бір  жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім  жүйесінде қолдананылаты рейтинг  – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар  рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың  деңгейлік сабақ өткеннен кейін  де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған  тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды
Деңгейлеп-саралап  оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Ұстаздық деген  киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі  көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген  үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан  өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер»  бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі  өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана  білу» дейді. «Әркім қолда барын  ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар  едік. Не ексең, соңы орасың.
Өзектілігі - Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Деңгейлеп-саралап оқыту  технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты  мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта  қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына  қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп-саралап окыту  технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім  жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.
Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.
Тақырып – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту  технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Зерттеудің  объектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті.
Зерттеудің  бұйымы – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны).
Зерттеудің  мақсаты – баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.
Зерттеудің  тапсырмалары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне көз жеткізу.
Әр пән бойынша  оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау
- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Зерттеу болжамы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның  тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу  мүмкіндігі болып табылады.
Қорғалатын  жағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Жаңашылдығы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
Сын тұрғысынан ойлау(СТО) – қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі.
СТО дегеніміз – не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықталады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.
Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту
оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту
Мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауы – мұғалім өзінің оқыту және оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, мойындауға, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделеді.
Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Джон Дьюи: «Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, сыни тұрғысынан ойлауға итермелейді».
Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі –
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.






















Приложенные файлы

  • docx 18048215
    Размер файла: 525 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий