практикалық жұмыс №7


Тәжірибелік жұмыс №7
Ұңғыны қалыпты режимде зерттеу көрсеткіштерін өңдеу
Сабақтың мақсаты: Ұңғының әртүрлі режиде жұмыс жасауын игеру және зерттеулер мәліметтері бойынша индикаторлы қисықтарын тұрғызу.
Сабақтың жоспары:
Қалыптасқан режимдегі ұңғыны игеру және қарастыру;
Қалыптасқан режимде ұңғы зертеулерінің нәтижесін пайдаланып, индикаторлы диаграмманы құру;
Әр түрлі әдіспен пайдаланылатын, мұнай, айдау ұңғыларын зерттеу кезінде, «қалыптасқан сұрапталу әдісін» қолданылады. Осы әдісті қолданған кезде, қалыптасқан режимде жұмыс жасап тұрғандағы игерілетін ұңғылардағы сұйық өнімділігінің (Q) қабат және түп қысымдарының өзерісіне ∆Р тәуелділігін анықтайды. Бұл тәуелділік индикаторлы диограммалар деп аталады (сызықтар). Қабат қысымы ретінде Рқаб. жұмыс жасап тұрған ұңғылар арасындағы қабаттағы динамикалық қысымының мәнін қабылдайды. Индикаторлы диограмманы құру үшін екі, үш немесе одан да көп нүктелер қажет. Егер, Ртүп =Рқаб. яғни ұңғы тоқтатылған.
Индикаторлы диаграммалар тік, жартылай шеңбер немесе түп аймағандағы қабаттың сұйықтықты фильтрациялау режиміне тәуелді, өнімділік осіне байланысты иілген болуы мүмкін.
Тік индикаторлы диограмма мына жағдайда пайда болады: егер, ұңғының жұмыс жасау режимі қарқанды болып, қабат Дарсидің сызықты заңына байланысты біртекті сұйықтықты фильтрацияласа:
Q = K ( Pқаб.- Pтүп) = K∆P (1)
Мұндағы, К – ұңғының өнімділік коэффициенті; ұңғының барлық жұмыс жасау режимінде сұйықтықты фильтрациялау Дарсидің сызықты заңына бағынса, онда К тұрақты мән болады. Жартылай шеңбер формалы индикатор диограммасы қабат сызықты емес заңына байланысты біртекті сұйықтықты фильтрациялауын айтады. Мұндай диаграммалар жарықшақты коллекторларға тән. Ұңғы түбіне ағып келетін сұйықтықтың мәні мынадай:
Q = K∆Pⁿ (2)
Мұндағы, n – фильтрациялаудың көрсеткіші.
Фильтрациялау сызықты емесе заңына тәуелді болғанда, өнімділік коэффициенті К тұрақсыз және депрессиядға тәуелді болады.
Егер индикаторлы сызық бірінші тік болып, содан жартылай шеңберге айналса, онда қабаттың сұйықтықты фильтрациялауы бастапқы уақытта сызықты заңға тәуелді болып, содан, сұйықтықтың қозғалу жылдамдығынан, қысымның өзгерісі әсерінен фильтрациялау сызықты емес заңға бағынатындықдан болады. Иілген формалы индикаторлы диаграммалар ұңғыны қалыптаспаған режимде зерттеген кезде пайда болады.
Зерттеудің практикалық мысалдарын қарастырайық
Тереңдік сорапты ұңғы үш жұмыс жасау режиміне зерттелген. Әрбір қалыптасқан режим кезінде өнімділіктің және эхолотпен алынған динамикалық деңгейдің мәндерін алады.
Зерттеулер нәтижелері
Ұңғының жұмыс жасау режимі Сұйықтықтың өнімділігі Q, т/тәул Динамикалық деңгей (сағадан санағанда) hД, м Статикалық деңгей ћст, м
Депрессия ∆ћ, м ст. сұйықтық..
I
II
III 3,0
5.5
8,5 590
670
760 500 90
170
260
Осы мәндер арқылы индикаторлы диаграммаларды құрамыз. Тік сызық алынған (сурет 1). Нөлдік нүкте статикалық деңгейдің жатуына сай келген. Алынған диаграмманың теңдеуі мынау:
Q = K (hдин. — hтұр.) т/тәул (3)
K= =0,032 т/с; (4)
Сонда, Q = 0,032 (hдин. – 500) (5)
Тағы да бір мысалды қарастырайық
Ортадан тепкіш батырмалы электрлі сорап ЭЦН8-700-300 арқылы жұмыс жасап тұрған ұңғы ағыстың өзгерісіне зерттелген.
Сұйықтықтағы судың құрамы 99,5%, газ өте аз, сұйықтық тығыздығының салыстырмалы мәні р ≈ 1, сұйықтықтың статикалық деңгейі Ћст =150 м, сорапты қондырған тереңдік L = 310м, пайдалану тізбегінің диаметрі D = 219мм, сорапты құбырлардың диаметрі dусл= 89мм, кабель диаметрі dK = 35мм.
Индикаторлы диограмманы құрып, өнімділік коэффициентін анықтау қажет.
Ұңғының жұмыс жасау режимі, жоғарғы өнімділігтен төмен өнімділікке ауытыруы, шығару линиясындағы шығу штуцерін ауыстыру арқылы жүзеге асады.
Ұңғының қалыптасқан режимде жұмыс жасау кезінде сағадағы шығу задвижкасын жайлап (гидравликалық соққыны болдырмау үшін) толығымен жабады. Осы уақытта сағадағы қысымды тұрақтандырады.
Сорап жұмыс жасап тұрған кезде, задвижканы жапқан кезде сұйықтықтың динамикалық деңгейі уақыт өте өзгермейді десе:
Н0 = hдин + (6)
Мұндағы, Hо – Q=0 болғандағы сораптың напоры, м; h'дин – Q1 = 600 м3/тәул болғандағы динамикалық деңгей, м; рг = 20 кгс/см3 – бірінші режимде задвижканы жапқаннан соң ұғы сағасындағы манометрдің көрсеткіші.
Содан соң, мұнайды біріншіден азырақ алу үшін, задвижканы шамалап ашады.. Қалыптасқан режимде өнімділік өлшемі Q = 400м3/тәул. Ысырманы жапқаннан соң саға қысымы р2 40 кгс/см2.
Екінші режимде ұқсас теңдеу жазуға болады:
Н0 = h дин + (7)
Мұндағы, h дин — екінші режимдегі динамикалық деңгей.
Айдалып жатқан сұйықтықтың тығыздығы екі режимде де бірдей болғасын, теңдеулердің оң бөліктерін теңестіріп саға қысымының өзгерісін анықтаймыз:
h дин + + h дин + (8)
осыдан р2 - р1 = (9)
Ұңғының өнімділік коэффициенті мынаған тең (ағыс теңдеуінің көрсеткіші мынаған тең болса п = 1):
К1 = (10)
Үшінші нүктені табу үшін задвижканы қайта ашып, қалыптасқан режимдегі ұңғының өнімділігі Q3=300 м3/тәул, ал жапқаннан соң саға қысымы анықталады p3 = 50 кгс/см2.
Екінші және үшінші режимдер үшін өнімділік коэффициентін анықтаймыз:
К1 = (11)
Өнімділік коэффициенттері К1 = К2 и п = 1.
Ұңғыға ағатын сұйықтықтың индикаторлы диаграммасын өнімділік пен саға қысымы арқылы тұрғызамыз.
Мәнжазба тақырыптары:
Индикаторлы диограммалардың тағайындалуы;
Қалыптаспаған режимдегі индикаторлы сызықтар;
Ұңғыларды зерттеу;
Блиц - тест
Термикалық өнім өлшегіш:
а) қабаттағы суды анықтау үшін;
б) қабаттың өнімділігін анықтау үшін;
в) қабат сұйығындағы газ мөлшерін анықтау үшін;
г) қабат температурасын анықтау үшін;.2) зумпфтың тағайындалуы:
а) кернді жинау үшін;
б) судың минерализациялануын өлшеу үшін;
в) ұңғыға құлаған қондырғыларды жинау үшін;
г) ұңғыны толығымен тереңдету үшін.
Бақылау сұрақтары:
Индикаторлы қисық қандай байланысты көрсетеді?
Индикаторлы қисықтың формасы нені көрсетеді?
Өнімділік коэффициентін төмендету, нені білдіреді?
Глоссарий
Сазды парафинді қабаттар – мұнайдан тұнбаға түскен парафин мен шаз.
Бөтен сулар – айдалатын сулар.
Кольматация - ластанып, бітелу.
Динамикалық қабат қысымы– жұмыс жасап тұрған ұңғылар қысымдар арасындағы қабаттағы қалыптасқан қысым.
Зумпф – ұңғыдағы өнімділік қабатынан төмен тереңдік.
Негізгі әдебиеттер
1. В.И.Кудинов. Основы нефтегазопромыслового дела. М., Ижевск 200
2. А.И.Акульшин. Эксплуатация нефтяных и газовых скважин. М., «Недра» 1989г.
Қосымша әдебиеттер
3.И.Х. Абрикосов Нефтепромысловая геология. М., «Недра» 1998г

Приложенные файлы

  • docx 18048190
    Размер файла: 38 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий