socio EK11K!


1.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

2 Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Социология және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды.
Әлеуметтік философия да, социология да қоғамды тұтас, жүйелі түрде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Әлеуметтік философия қоғамдық проблемаларды логикалық ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Социология болса басқа қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдала отырып эмпирикалық тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға сүйенеді
Социология және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалап, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде социологиядағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің осы қатарындағы қайталанатындарын, тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау. Іс жүзінде социология тарих беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.
Социология және саясаттану арасында өзара тығыз байланыс:
әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері ;
саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;
саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды.
Саясаттану биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология да жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси құрылымын зерделей алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында жасайды.
Социология және психология. Егер социология өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы туындайды.
Социология және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, социология қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді.

3 .Әлеуметтану білімінің құрылымы
Социологияның ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады [12]:
Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; социология пәні туралы ілімді, әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; социологиялық білімнің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен социологиялық зерттеулердің өзі.
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.
Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасының проблемасы екі қырын қамтиды: функционалдық және генетикалық. Функционалдық қыры ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.
Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды.
Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды.
Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары.
Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн. Д.Марковичтің анықтамасы бойынша арнайы әлеуметтік теориялар - жеке қоғамдық құбылыстарды өзінің зерделеу пәні ретінде алып қарайтын және олардың құрылымын, дамуының ерекшелік заңдарын және басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстарының ерекшеліктерін зерттейтін теориялар [13]. Жалпы социологиялық теориядан өзгеше олар барлық қоғамдық құбылыстардың өзара әрекеті емес, бірақ қандай да бір қоғамдық құбылыстың (социологияның пәні болатын) және барлық өзге қоғамдық құбылыстардың ерекше байланыстарын зерделейді.

4.О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы.Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды.
Конттың ойынша, кез келген объект екі көзқарас (статикалық және динамикалық) тұрғысынан зерттеледі. Мұның әлеуметтік жүйені зерттеуде де қатысы бар. Сондықтан социология оның доктринасында екі бөлікке бөлінеді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Екі пән де Конттың “тәртіп және прогресс” деп аталатын ұранының екі бөлігіне сәйкес келеді. Әлеуметтік статика үшін басты мақсат - әлеуметтік тәртіп заңдарын табу болса, әлеуметтік динамика үшін - прогресс заңдарын анықтау. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Олардың біріншісінің объектісі - “тыныштық қалпындағы” қоғам болса, екіншісінің объектісі - “қозғалыс қалпындағы” қоғам болып табылады. Конттың социологияның осы екі бөлімінің маңыздылығына берген салыстырмалы бағасы өзгеріп отырады: “Позитивті философия курсында” ол социологияның басты бөлігі - әлеуметтік динамика деп есептесе, “Жүйеде” әлеуметтік статиканы социологияның басты бөлімі деп санайды.
Әлеуметтік статика “ұжымдық тіршілік ету құрылымын” бөліп көрсетіп, барлық адамзат қоғамына тән тіршілік ету жағдайларын және соған сәйкес үйлесімділік заңдарын зерттейді. Бұл жағдайлар индивидке, отбасыға және қоғамға (адамзатқа) қатысты.Конттың ойынша әлеуметтік статика зерттейтін қоғамның құрылымы түбегейлі өзгермейді. Ол тек сындарлы кезеңдерде қиындықты бастан кешіуі мүмкін, бірақ прогрестің арқасында қайта қалпына келеді. Өйткеніоныңформулаларыныңбірінесәйкес “прогресс - тәртіптіңдамуы”.
Әлеуметтік динамика - прогресс теориясы. Прогресс түсінігі тек адамзат қоғамына тән болып келді, олардың өзіне тән ерекшелігін жасап, социологияны биологиядан бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жануарлар қауымдастығымен салыстырғанда, бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жинақталған материалдық және рухани байлықтарды қалдыра алуының арқасында прогресс мүмкін болады. Қоғам мен адамзат арасында айырмашылықтың болмауы салдарынан және социологияның “адамзат табиғатының позитивті теориясының” құрамына кіруі нәтижесінде Конттың прогресс теориясы өзінің негізі бойынша антропологиялық болып табылады.
Конт үнемі прогрестің үздіксіз және сабақтастық сипатын ерекшелейді. Кеңістікте әлеуметтік статика ынтымақтастықты қалай анықтаса, әлеуметтік динамика оның уақытын анықтайды. Әлеуметтік динамика қоғамның жүйелілік күйін өткен шақтың нәтижесі мен болашақтың қажетті қайнар көзі ретінде қарастырады, өйткені Лейбництің аксиомасына сәйкес “осы уақыт болашақты тудырады”.
О.Конттың әлеуметтік статика мен динамикаға бөлуін белгілі бір формада социологияның бүкіл тарихы бойында сақталып қалды. Социология тәсілдеріне қатысты салыстырмалы тарихи тәсіл туралы бақылау, тәжірибе оның көптеген жорамалдары да өз мағынасын сақтап қалды.

5 Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі.“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет.М.Вебер келтірген мысал ерекше: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет өтетін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші байланыстар
Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі [6]. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы.
Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:
қандай да бір әрекет етуші индивидтерді;
осы әрекеттерден болған сыртқы дүниедегі өзгерістерді;
Әлеуметтік іс-әрекет П.А. Сорокин оларды былай жіктейді:
1) өзара іс-әрекет субъектілерінің саны бойынша - екі адамның бір-бірімен; бір адам мен көп адамның; көп адамдардың іс-әрекеті;
2) іс-әрекет субъектілерінің өзара қарым-қатынасының сипаты - бір жақты және екі жақты, сондай-ақ ынтымақтастық және бітіспестік бойынша;
3) өзінің ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
4)өзара іс-әрекеттің саналылығы бойынша - саналы және санасыз;
Іс-әрекеттің тағы екі жалпы түрі бар: ынтымақтастық және бақталастық (кейде бәсекелестік деп атайды). Ынтымақтастық жеке адамдардың іс-әрекеті екі жаққа да тиімді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты әрекеттерін білдіреді.
Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады:
адамдардың қоғамдық өмірінде болатын барлық іс-әрекеттері;
адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын іс-әрекеттер;

6 . Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда
пайда болуы және қалыптасуы
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экон-қ соц-я жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғ.орт. АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болып, білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғ бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар, экономистер, философ және социалист-утопистер ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-социологиялық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. ХVІІІ ғ экономикалық социологияның дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық” кезеңі басталды.Экономикалық өмірге социологиялық тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды.
В.В. Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық социология - үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына логикасына, кәдімгі адамдардың жүріс-тұрысына әкеліп тірейді. Социологтар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын, “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Социологтар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның жүріс-тұрысын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.
Қазіргі күнде экономикалық социология ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды социология, еңбек социологиясы, аймақ социологиясы, басқару социологиясы, ұйымдастыру социологиясы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық социологияның пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды.
Көптеген зерттеушілер Ю.В. Веселов көрсеткен экономикалық социологияның объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық социология экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады” [2]. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі социологияға келіп тірелетін екі негізгі тұрғы қалыптасқан.
1-тұрғы экономикалық социология, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макросоциологиялық талдауға жақындау болады. Социология пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.
2-тұрғы зерттеудің алғашқы тармағы “экономикалық жүріс-тұрыс” категориясы деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет социологиясы мен түсіндірмелі социологиясынан барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В. Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: “Экономикалық социология экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің формасы ретінде зерттеп біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді” .
7 Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
Один из важнейших механизмов социально-правового регулирования - правовая социализация, в ходе которой осуществляется целенаправленное формирование личности, для которой санкционированные правом требования являются обязательным условием принятия решения о поведении, имеющем юридически значимые последствия.
Правовая социализация - это замена правомерного поведения по принуждению правомерным поведением, обусловленным личностными особенностями.
Цели правовой социализации оказываются достигнутыми тогда, когда индивиды достигают такого типа поведения, при котором они хотят действовать так, как они должны действовать в качестве членов данного общества.
Они должны желать делать то, что необходимо для общества.
Право, как вид социального регулирования, оказывает самое прямое влияние на процессы социализации, ориентируя индивида в многообразной социальной действительности.
Правовая социализация - это процесс включения индивида в систему правоотношений данного общества на основе усвоения всей правовой культурыданного общества.
Можно говорить о правовой культуре как элементе культуры всего общества и правовой культуре индивида.
Правовая социализация - это часть единого процесса включения индивида в общественные отношения данного конкретного общества.
Она заключается:
-   в усвоении правой культуры данного общества,
-   в деятельностном освоении правовой действительности,
-   в поэтапном формировании правового сознания индивида.
Именно опосредование внутриличностными структурами особенностей правовой действительности позволяет обеспечить устойчивое правовое поведение.
В ходе социализации у граждан может сформироваться как позитивное, так инегативное отношение к явлениям правовой действительности:
-   законам,
-   органам власти,
-   способам правового регулирования и т.д.
Позитивное отношение формируется только в том случае, если в законах адекватно отражаются как общие, так и групповые и частные интересы.
На наш взгляд, именно государству должна принадлежать ведущая роль в определении общего интереса, поскольку общий интерес должен конкретизироваться в целях правового регулирования.
Определение целей правового регулирования, как правило, лежит за пределами права.
Исходным моментом является определение (разработка) государственной политики в той или иной сфере регулирования.
Правовое поведение - это не всякое социально значимое поведение, а лишь поведение, которому свойственны следующие признаки:
1) четкая регламентированность законом или иными правовыми актами. Правовое поведение должно быть предусмотрено нормами права - предписывающими, разрешающими или запрещающими;
2) подконтрольность государству в виде его правоприменительных или правоохранительных органов;
3) способность повлечь юридически значимые последствия.
Различают правомерное и противоправное поведение. Механизм реализации права различен для правомерного и противоправного поведения. В первом случае речь идет о действии разрешающих и обязывающих норм. Во втором - в случае противоправного поведения - о действии запрещающих норм.
Таким образом, правовое поведение индивида предопределяется правовой социализацией и принятием юридически значимого решения.

8 Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
Отбасы және неке ұғымы. Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.
Отбасы – заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым. Бұл ұғымға әр түрлі ғылым салалары өзінше жауап береді.отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, дүниеге бала келіп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу, т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкімде күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар: 1) отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;2) өмірге ұрпақ әкелу қызметі.Неке және некенің түрлері. Қоғамда жаңа отбасының пайда болуы неке ұғымымен тікелей байланысты. Неке дегеніміз – ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Неке одағын құру негізінде ер мен әйелдің рухани және тәндік жақындығы, бірге өмір сүру, бала тәрбиелеуге, өзара қамқор болуға деген ортақ ниеті болу керек. Махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік – отбасы бақытының қайнар бұлағы. Ешбір заң екі адамды бірін – бірі жақсы көруге күштей алмайды.Сендер неке құру негізінде әйел мен ер адамның бірігіп өмір сүруге деген ортақ ниеті сезімдері, т. б. мақсат – мүдделерінің болуы тиіс екендігін түсінген боларсыңдар. Алайда өмірде әр түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Заңдық негізде некелері тіркелген, бірақ жеке бастарының мүліктік , материалдық, әлеуметтік мәселелерін шешіп алу мақсатында құрылатын некенің түрі болады. Мұндай некені заңда жалған неке деп атайды. Жалған неке ерлі-зайыптылардың арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындатпайтын отбасын құру ниетінсіз, заңда белгіленген тәртіпте жасалған неке. Мұндай неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Алайда мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот тәртібімен қарағанға дейін шынайы отбасын құратын болса, сот «Неке және отбасы туралы» Заңның 26-бабына сәйкес , некені жарамсыз деп тани алмайды, яғни мұндай отбасында заңда көрсетілген барлық құқықтық негіздер пайда болады.Неке және отбасы қағидасы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.акже традиционно науке выделяют еще 3 формы брака, различающихся своей структурой:
Моногамия — брак между одним мужчиной и одной женщиной, данная форма брака преобладает в современных развитых обществах.
Полигамия — брак между одним и несколькими индивидами. Выделяют две формы полигамии: полигиния — брак между одним мужчиной и несколькими женщинами; полиандрия — брак между одной женщиной и несколькими мужчинами;
Групповой брак — брак между несколькими женщинами и несколькими мужчинами.
Функции Репродуктивная функция, экономическую функцию, воспитательная функция, коммуникативной функции,

9 Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (урбанизация мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.
Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1)  ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2)  әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3)   қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.

10 Девиантты және делинквенті мінез-құлық
Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттік мінез-құлық болып табылады. “Девианттік мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады [11].
Девианттік мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.
Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқытушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әрқашан әлеуметтік стратификацияланған деп есептейді. “Жазық” болатын және барлық мүшелері тең дәрежелі болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да. Қабатталмаған, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял, адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің стратификациялық теориясының негізгі қағидасы әлеуметтік стратификациялардың нақты ипостасьтары көп және әр алуан болса да, олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа әдетте басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады ғой; және керісінше.Осыны басшылыққа ала отырып, П.Сорокин әлеуметтік стратификацияның әрбір нысанын жеке-жеке талдауды ұсынады және оларды былай анықтайды:1. Егер де қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі тең емес, олардың арасында байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік принциптермен құрылғанына қарамастан экономикалық қабаттануымен сипатталады.2.Егер де қандай да бір топтың шегінде беделі мен рөлі, атағы мен мәртебесі мағынасында иерархиялық әр түрлі дәрежелер болатын болса, онда бұл берілген топтың өзінің конституциясында немесе декларациясында жариялағанына тәуелсіз саяси жіктелгенін білдіреді.3.Егер қандай да бір қоғамның мүшелері өз қызметінің, айналысатын шаруаларының түрі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген болса, ал кейбір кәсіптер осы ретте басқалармен салыстырғанда неғұрлым мерейлі болып саналатын және қандай да бір кәсіби топтың мүшелері әр түрлі рангтегі жетекшілерге және бағыныштыларға бөлінетін болса, онда мұндай топ бастықтары сайланатынына немесе тағайындалатынына, оларға лауазымдар мұраға қалатынына немесе жеке қасиеттерімен келетініне қарамастан кәсіби жіктеледі. П.Сорокин өзінің теориясының көмегімен мынадай сұрақтарға жауап табуға тырысады: “әлеуметтік ғимараттың биіктігі қандай”, “әлеуметтік конустың табанынан төбесіне дейінгі қашықтық қандай”, “оның беткейлері тік пе көлбеу ме”. Бұл сұрақтардың жауаптары әлеуметтік стратификацияны сандық бағалауға - “әлеуметтік ғимараттың” сыртқы көрінісін бағалауға көмектеседі. Оның ішкі құрылымы, оның тұтастығы - сапалық талдау пәні, ол үшін “ғимараттың ішіне кіріп, оның ішкі құрылыстарын: қатардың сипаты мен орналасуын, бір қабаттан екінші қабатқа жеткізетін лифтілер мен баспалдақтарды және басқа да бір қабаттан бір қабатқа көтерілу және түсуге арналған құрылғыларды зерделеу қажет”. Басқаша айтқанда, әлеуметтік мобильділік механизмдерін зерттеумен айналысу қажет.
12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары. Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.
13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік. ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді: а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар; б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72б.]. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988 - 89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988 - 89 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.]. 1987 жылдың жазында Кеңес социологиялық ассоциациясының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеті базасында социология бөлімшесінің ашылуы Қазақстан социология ғылымының қалыптасуында шешуші болды және мамандар даярлауда базалық болды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы социологиялық орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен “Социолог” кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қызмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу және халық шаруашылығы мамандарының социологиялық біліктілігін көтеру. Қазақстандағы социологияның институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының департаменті бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу үшін ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген кезеңде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды. Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.
14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
Әлеуметтік институт деп-көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
 белгілібірқызметаясын;
 белгіленгенқұқықтар мен міндеттернегізіндеқоғамдық, ұйымдықнемесебасқаруфункцияларынорындауғаөкілеттіадамдартобын;
 ресмитұлғаларарасындағықарым-қатынастыңұйымдықнормалары мен принциптерін;
 қойылғанміндеттердішешугеқажеттіматериалдыққұралдардықамтиды.
Неғұрлыммаңыздықажеттіліктердіқамтамасызететінәлеуметтікинституттардың бес негізгітүрі бар :
бала туу, өсуі (отбасыжәненеке институты);
қауіпсіздікжәнеәлеуметтіктәртіп (саясиинституттар, мемлекет);
тұрмыстыққұрал-жабдықтарөндіру (экономикалықинституттар, өндіріс);
білімді беру, өскелеңұрпақтыәлеуметтендіру, кадрлардаярлау (білім беру, ғылымижәнемәдениинституттар);
руханимәселелер, тіршілікмағынасыншешетінқажеттіліктер (дін институты).
Әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.
Әлеуметтік ұйымдар.Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ”. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады. Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады. Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес. Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады.
Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың белгілі бір типологиясы болады. Ұйымдар ресми және бейресми болып бөлінеді.
Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым.Бейресми ұйым қандай да бір топтың ішіндегі ұзақтығы азды-көпті тұлғааралық араласудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің спонтанды қалыптасқан жүйесін білдіреді. Бейресми ұйым өзін екі негізгі: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді.
Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері спонтанды дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі. Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастардың спонтанды пайда болған, тікелей таңдаушылықжәне бір-біріне өзара қызығушылық таныту негізінде құралатын жүйесі.
15.Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
Аномия - “әлеуметтік өзара әрекеттестікті басқаратын нормалардың жарылысымен сипатталатын әлеуметтік жағдай” немесе “қоғам мүшелерінің едәуір билігі міндеттеуші нормалардың бар екенін біле тұра оларға жағымсыз немесе бей-жай түрде қарайтындай күйі”-өзін-өзі өлтіру. Мұндай жағдай, қоғам мүшелері бұрынғы нормаларға еті үйреніп және оларды орындауға дағдыланып, жаңа нормалар қалыптасып бітпеген кезде, реформалар дәуірі мен әлеуметтік алапаттар барысында, өтпелі кезеңдерде жиі болып отырады. “Бұрынғы иерархия бұзылды, ал жаңасы лезде орныға алмайды”. Мұндай жағдайда көбісі өзін нормативті вакуумдегідей сезініп, әлеуметтік бағдарын жоғалтып алатыны түсінікті.
Дюркгейм, мысалы, экономикалық дағдарыс кезеңдерінде өзін-өзі өлтірудің өршу себептерін қарастырады. Оның пайымдауы бойынша, қоғамда өзін-өзі ұстай білуге үйретілген, өз өмірлерінің жағдайларына байланысты ішкі тәртіптілігімен ерекшеленетін әлеуметтік топтар бар; бұл адамдар “жаңа қажетті құбандықтарға неғұрлым аз қысыммен төтеп бере алады” деп санайды. Сонымен бірге, өз кәсібінің түрі мен өмір сүру қалпына сәйкес мүмкіндігінше прогреске тез жетуге ұмтылатындардың өткен шақта да, болашақта да тірегі жоқ, сондықтан да олар экономикалық дағарыстың жиі құрбаны болып, өмірден өз еркімен кетеді. “Жоғары процент (1 млн-ға 720 адам) өзін-өзі өлтіруге көбінесе тағдырдың тәлкегіне ұшырамаған адамдар бейім екендігіне көз жеткізеді”.
Аномия сонымен қатар неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәйкестік бар деген қорытындыға келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді.
16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде
Отбасы социологиясы - отбасының қалыптасуы мен қызмет етуін, отбасылық-некелік қатынастарды нақтылы мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайда зерттейтін социологияның бір саласы. Мұнда отбасы әлеуметтік институт ретінде ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа туған-туыстары арасындағы өзара қарым-қатынастарын реттеп отыратын әлеуметтік нормалар жиынтығы ретінде сипатталады.
Отбасы
1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері
Үйреністік
Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет
2. Символикалық мәдени белгілер
Неке жүзігі Некелік ритуал
3. Утилитарлық мәдени белгілер
Үй Пәтер Жиһаз
4. Ауызша және жазбаша кодекс
Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар
5. Идеология
Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық


17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады. Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.
18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
Ең үлкен зерттеу мен ақпарат тиімділігін қазіргі таңда сұхбаттасу әдісі көрсетті. Оның мынадай артықшылықтары бар:
1. Формасымен әдеттегі әңгімеге ұқсас сұхбат алу жағдайы еркін күйдегі әңгімелесудің пайда болуына және жауаптардың шындығын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. 60-70 жж. өткізілген зерттеулер басқа адаммен әңгімелесуге қарағанда, респондент “сауалнамамен жалғыз қалғанда ғана” тым ашық болады деген жалған пікірді теріске шығарғанын атап кетейік.
2. сұхбаттасу техникасы сұрау әдісін бақылау әдісімен үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазіргі сауалнамалар, әдетте, сұхбат алушыға респонденттің жүріс-тұрысындағы, оның жалпы сұрақтар мен сұхбатты қабылдауындағы жеке сәттерге баға беру (нақтылы формализмге негізделген тараулар бойынша) және т.б. ұсынылатын арнайы “сұхбат алушылар блогына” ие.
3.сұхбаттасу тәжірибе мен арнайы зерттеулер көрсеткендей, кейде бір жарым сағатқа дейін созылады және соған сәйкес ақпараттың біршама едәуір көлемін алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістеме күрделі құрылымы бар сұрақтарды, бақылау сұрақтарын және қақпан-сұрақтар қолдануға мүмкіндік туғызып, респонденттің психологиялық күйіне байланысты ақпараттың бұрмалану деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
4.Сауалнама жүргізуге қарағанда сұрақтардың жоспарланбай қабылдану проблемасы, яғни респонденттің сұрақтың мағынасын немесе жеке сөздердің м әнін дұрыс түсінбеуі жойылады.
еңбегі біршама жоғары еңбек ақыны қажет етеді. сұхбат жүргізу техникасын қолданған кезде көлік пен байланыс қызметіне көп болады.

19.Қоғам құрылымындағы тұлға
Әлеуметтік іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оны мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан .табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын;биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы; мұрагерлік деңгей - ата-аналарының гендік қорының негізінде болып дамитын; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласу және іс-әрекеті барысында алған деңгей. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.
Социология проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады [10]:
1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер бар және тұлғаның мінез-құлқын анықтап отыратын болады;3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны оның қалыптасуының бастапқы сатысында жеке адамнан айырып көрсететін дәл осы шығармашылық қабілеттері;4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани дүниесі; 5) тұлға басшылыққа алатын өнегелілік нормалары мен принциптері. Және де сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымның өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерін ұғынуымен байланысты. Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).
20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.
1-кесте
Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
Отбасы Мемлекет Бизнес Білім беру Дін
1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері
Үйреністік
Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет Құлақ асу
Түзу ниет
Субординация Өнімділік Үнемділік
Табыс алу Білімге деген құштарлық
Сабаққа қатысу Қошеметтеушілік
Түзу ниет
Табыну
2. Символикалық мәдени белгілер
Неке жүзігі
Некелік ритуал Ту
Мөр
Герб
Ұлттық гимн
Фабрика маркасы
Патент белгісі Мектеп эмблемасы Мектеп әндері Крест
Иконалар
Әулиелер
Гимн
3. Утилитарлық мәдени белгілер
Үй
Пәтер
Жиһаз Қоғамдық ғимараттар Қоғамдық жұмыстар
Бланктер мен нысандар Дүкен, фабрика Жабдық
Бланктер мен нысандар Сыныптар Кітапханалар Стадиондар Шіркеу ғимараттары Шіркеу реквизиті Әдебиет
4. Ауызша және жазбаша кодекс
Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар Конституция Заңдар Келісім-шарттар
Лицензиялар Оқушылар ережелері Сенім
Шіркеу тыйымдары
5. Идеология
Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық Мемлекеттік құқық
Демократия Ұлтшылдық Монополиялар
Еркін сауда
Еңбек ету құқығы Академиялық бостандық Прогрессивтік білім беру
Оқытудағы теңдік Православие Баптизм Протестантизм
Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады

21.Әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде [18] осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан [19], ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.
Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.
Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік стратификациясының алты өлшемін бөліп қараған
1. Кәсіп рөлі.
2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу.
3. Кіріс немесе байлық. 4. Білім беру немесе білім алу. 5. Діни немесе салттық тазалық. 6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу
Барлық әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы экономиканың негіз қалаушы рөлі туралы өзінің негізгі тезисін ұстана отырып, Карл Маркс таптардың барлық негізгі сипаттамаларына сүйеніп, өзінің әлеуметтік қабаттану үлгісінің негізіне өндірістік қатынастарды алған. К.Маркс экономикалық ұйымның кез келген түрінде өндіріс құрал-жабдықтарына ие үстем тап және үстем тапқа қызмет ететін тап бар деп сендіреді
М.Вебердің көзқарасы Маркстың көзқарасына жақын келді! Ол да Маркс сиякты таптың экономикалық негізіе көбірек көңіл бөлді! Бірақ айырмашылығы бар :
1.Таптың белгілерін тек қана Маркс секілді меншікпен доғаруға болмайды деді.таптың көптеген әлеуметік белгілері бар:білім,қабілет,мәртебе т.б
2.Әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус,мәртбе,престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде маңызды рөл атқарады!ал ондай категориялар Марксте қарастырылмаған
Вебердің көзқарасы бойыншы стратефикациялауда негізгі 3 өлшем бар:билік,меншік,мәртебе
22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болды.
Этносоцилогия әр түрлі этникалық орталар мен әлеуметтік топтардағы этникалық процестерді анықтайтын әрі зерттейтін ғылыми пән.
Этносоциология арнайы социологиялық орта деңгей теориясы ретінде эмпирикалық зерттеулер негізінде қалыптасты.
Этносоциологияның пәні - этникалық топтардың дамуының әлеуметтік аспектілерін және қызмет етуін, олардың бірдейлігін, өзін-өзі ұйымдастыру формалары мен мүдделерін, ұжымдық жүріс-тұрыс заңдылықтарын, этникалық топтардың әрекеттесуін, осы топтарға енген тұлғалардың өзара байланысын және әлеуметтік ортасын зерттейді [1].
Этносоциологиялық зерттеудің саласы өте кең. Олар - әлеуметтік өзгерістердің этникалық ерекшеліктері, кәсіби ұстанымдардағы тенденциялар, этникалық топтардағы әлеуметтік жылжулар қарқыны, ішкі және сыртқы көші-қон, отбасы ішіндегі қатынастардың этникалық өзіне тән ерекшелігі, тілдердің дамуындағы этнолингвистикалық жүріс-тұрыс пен тенденциялар, мәдени аралық өзара әрекеттесу, мәдени аралық шекаралар проблемалары, мәдени ара қашықтықтағы діннің рөлі, этникалық өзіндік сана-сезім, авто және гетеро таптаурындар, этносаралық ынтымақтастық, этникалық мүдделер мен этносаралық тілдесуге нұсқама, этносаралық ұстанымдар, шыдамдылық пен шыдамсыздық, ұлтшылдық проблемалары, этносаралық жанжалдардың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық негіздері.
Этносоциология қоғам өмірінің барлық әлеуметтік маңызы бар салаларының этникалық өзіне тән ерекшеліктерін социологиялық өлшемдер мен социологиялық зерттеу әдістерін қолдану тұрғысынан қарастырып, зерттейді.
Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты [2].
Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші жоспарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін социологияда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.
Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін мәртебелер.
Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).
Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді.
Мәселен, бір адам көптеген мәртебеге ие болады, осылайша көптеген топтар мен ұйымдарға қатысады. Ол - еркек, әке, ұл, бауыр, оқытушы, профессор, партия мүшесі және т.с.с. Бір адам иеленген барлық мәртебелер жиынтығы мәртебелік жиым деп аталады. Әдетте, адамды басқа адамдармен сәйкестендіретін немесе оның өзін-өзі сәйкестендіретін мәртебелерінің бірі басты мәртебе, сол адамның өзіне тән болады. Басты мәртебе салыстырмалы түрде алынады - ол адамның жынысына, нәсіліне немесе кәсібіне байланысты емес. Өмірдің сәні мен салтын, адамның мінез-құлық үлгісін анықтайтын мәртебесі әрқашан басты мәртебе болып табылады. Мұндай мәртебе көбінесе негізгі жұмыс орнындағы лауазымына байланысты болады.
Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі - адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі -адамның шағын (әдетте бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі - үлкен әлеуметтік қауымдастықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.
Әлеуметтік мәртебенің және жеке басының мәртебесінің айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының мәртебесіне қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын “дәреже” деп аталады [16]. Индивид бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, не болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік мәртебемен байланысты. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын білдіреді.
24. Сауалнаманың құрылымы
Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.
Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:
сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;
негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;
сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;
сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.
Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.
Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:
Мысал:
1.“N” қаласында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау;
2. халықтың қалалық әкімшілік қызметіне көзқарасы;
3.қалалық билік құрылымдары басшыларының рейтингін анықтау
Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:
Мысал:
Сіз болашақта басқа қалаға тұрақты тұруға ауысқыңыз келе ме?
1. Иә
2. Әлі шешкен жоқпын
3. Жоқ (( 3 сұраққа көшу)
4. Жауап беруге қиналамын ((3 сұраққа көшу)
Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.
Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.
Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейік: қалалық билік органдарының қызметін бағалау белгілі бір дәрежеде респонденттің білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Бұл жағдайда, тиісінше сауалнаманың “шағын төлқұжатына” білім мен әлеуметтік-кәсіби жағдайына қатысты сұрақтар енгізіледі.
25.Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);
Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
2 кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.); сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);
сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
4 кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);
Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
Зерттеудің соңғы есебін дайындау;
Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;
Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.
26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау (3).
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Социология жөніндегі қазіргі методологиялық әдебиеттерде социология проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары социолог-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын социология ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін социолог-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.
2. Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
Социологиялық зерттеулердегі болжамдар ақиқат “жатқан жақты” көрсететіндей бағдар беруші рөлін атқарады. Мұндай бағдарсыз қайсы бір жаққа жылжу мүмкін емес. Болжамдардың маңыздылығы мынада, олар көрсеткіштер мен индикаторлардың бүкіл жүйесін белгілі бір түрде құруға көмектеседі, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді өңдеуді белгілі бір тәртіппен бағыттайды, оларды социологиялық зерттеудің қойылған мақсаттарына қызмет етуге бағындырады. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін.
5. Социологиялық зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт және жұмыс кезеңдері жатады:
-зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;
--тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен -табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;
- алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;
-негізгі зерттеуді жүргізу;
- алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;
27. Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.
Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.
Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді
Тіл - адам тәжірибесін шоғырланудың, сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы. Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Ырым бұл өзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің символдық-таптаурын жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері.
28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, Р.Дарендорф жанжалды зерттеудегі қосқан үлестері
Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында) [2].
“Жанжал” сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элитарлар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы алып келеді.
Жанжал социологиясының дамуында Ральф Дарендорф (Германия) және Льюс Козер (АҚШ) үлкен рөл атқарды. Өзінің “Әлеуметтік жанжалдың қызметтері” атты кітабында Л.Козер жанжалды “құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру немесе көзін жоюға жететін күш пен ресурстарға ие болу үшін күрес” ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік жанжал қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік жанжалды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану импульсі ретінде дәлелдейді [4].
Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде қоғамдағы индивидтердің ынтымақтастығына баса назар аударды.
Диаметральды қарама-қарсы көзқарасты неміс социологы Р.Дарендорф ұстанды. Ол үшін жанжал - жанжал социологиясының орталық категориясы болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше - жанжалдасқан екі жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды. Жанжалдар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және жат” құбылыс [5]. Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында, плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде, - әлеуметтік жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол жанжалды реттеудің (шешудің емес) жеңіл формалары. Жанжалды “шешу”, яғни оны толығымен жою.

29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі [8].
Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Социологияда субмәдениеттің пайда болуын қоғамдық субмәдени және мәдени қажеттіліктеріне жағымды жауап ретінде (кәсіби мәдениет) және қоғамда үстемдік етуші мәдениет пен әлеуметтік құрылымдарға жағымсыз әсер ретінде (деликвентті субмәдениет, яғни қоғамның қылмыстық топтар мәдениеті) қарастырылады. Ұлттық, дінаралық, кәсіби субмәдениеттерді, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, т.б. субмәдениетін атап көрсетуге болады. Субмәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы жасы үлкен-кішілі топтар, әлеуметтік топтар, ірі бейресми бірлестіктер болып табылады. Субмәдениет түсінігі әлеуметік топтар қатарын мамандандыру, урбанизациялау әсерінен болатын мәдениеттің бірігу мен жіктеу процестерін және мәдени салт-дәстүрден ұзап кетуге әкелетін әлеуметтік мобильділіктің күшею процестерін зерттеп білуге көмектеседі.
30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
саясат социологиясы дегеніміз - саяси институттар мен процестерді әлеуметтік құбылыс, қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ретінде, басқа да әлеуметтік процестермен өзара әрекеттесудің факторы ретінде зерттейтін социологиялық ғылымының (білімінің) саласы. Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен социологиялық көрісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан айқындалған еді.
Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың әсер етуі құрайды.
Саяси социологияның зерттеуінің пәндік сапасы: қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси саланың қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси социологияның негізгі пәні: саяси билік, оның қызмет етуінің әдістері мен формаларын және индивидтердің, әлеуметтік топтардың, этникалық қауымдастықтардың саяси санасын, мүдделері мен іс-қимылын нақтылы және жеке-жеке жіктеп зерттеу.
Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағдайда - субъект шешім қабылдайды, оның орындалуын қадағалайды, өзінің қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. Екінші жағдайда - бұл негізінде саяси субъектілердің объектісі болып табылатын азамат.
Саяси социология жалпы әлеуметік саяси қатынастардың төрт деңгейін зерттейді:
1. Саяси-әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, саяси іс-әрекетті, оларды тұтастай алғанда зерттеуіне жауапты жалпы саяси социологиялық деңгей.
2. Жекелеген елдердің әлеуметтік-саяси қатынастарын талдайтын және сипаттайтын елтану деңгейі.
3. Жекелеген әлеуметтік-саяси процестерді және саяси іс-әрекеттердің түрлерін, мысалы, сайлау компаниясын зерттеуге бағытталған іс жүргізу деңгейі.
4. Нақтылы социологиялық зерттеулер арқылы қоғамдық пікірді анықтау және талдаудың сарапталу деңгейі.

31 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді.
Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.
1. Бірінші саты - дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. Сонымен бірге жанжалды басу үшін, ресурстарды зерттеу керек, жанжалға билік, БАҚ сияқты сыртқы факторлардың әсерін бағалау қажет. Әрі қарай жанжалды шешудің бірнеше нұсқаларын жасап, оларды шешу салдарын болжау қажет, жеңістің немесе жеңілістің бағасын анықтап, содан кейін келісімге дайындалу керек. Келісімнің мақсаты істің қиялы емес, берлігі болуы тиіс.
2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.
Міндеттер келесіден тұрады:
1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;
2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;
3) Басым проблемаға назар аудару;
4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;
5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру.
3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін:
1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір-біріне хабарлау керек;
2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;
3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;
4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек.
Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші - “страус” стратегиясы - жанжалдың бар болуын мойындамау. “Страус” қабілетті болатын ең үлкен нәрсе ол - “иә, жанжал бар” деп айту. Бірақ өзі оны шешу үшін ештеңе істемейді.
“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.
“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.
“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.
Жанжалдың жағымды және жағымсыздығына қатысты әр түрлі көзқарастар бар, осы жағдайда сөз жанжалдың жағымды және жағымсыз қызметтері жайында болады. Жабық сипаттағы ұзаққа созылған жанжалдар, адамның психикасын бұзады, үнемі шиеленіс күйінде ұстайды, сондықтан қарсылас жақтарды ашық соқтығысуға алып келетін күтпеген оқиға, жағдайларды бәсеңдетеді, психологиялық қызушылықты төмендетеді, дұрыс
32 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни социологтардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне осының бәрі “соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, оның әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребиі үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады. Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді емес.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-социологтар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен формаларын өзгертуде.
Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындау үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсендеуі немесе оны артуы мүмкін.
Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам жүріс-тұрысын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз. Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау.

33 ХХ ғасырдың І жартысындағы шетелдік классикалық әлеуметтануға қай әлеуметтанушылар жатады, олардың негізгі идеяларына талдау жасаңыз
Огюст Конт-француз философы, социологы, ғылым методологы,философиядағы позитивтік мектебін құрушылардың бірі.
Адамзат тарихында Конт бірнеше тамаша афоризмдердің авторы болып қалды, олар мыналар: “Тәртіп және прогресс”, “Болжай алу үшін білуің керек, бір нәрсе істеу үшін болжай алуың керек”, “Бір нәрсе істеу үшін білуің керек, іс-әрекет жасау үшін ойлау керек”.
Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде өзінің “Позитивті саясат жүйесінің” ІV томына қосады.Мұнда кейін Конт дамытқан бірнеше маңызды идеялар орын алған, соның ішінде жаңа қоғамда ғалымдардың ерекше рөлі туралы идея, адамзат дамуындағы басты екі дәуірдің: сындарлы және органикалық дәуірдің бөлінуі.
Екінші кезең- бұл алты томдық “Позитивті философия курсы” жасалып, басылып шыққан кемелденген кезең
Үшінші кезең, Бұл кезде төрт томдық “Позитивті саясат жүйесі немесе Адамзат дінін орнықтырушы социологиялық трактат”, “Позитивтік катехизис”жасалды. Осы уақытта Конт “субъективті” көзқарас пен “субъективті” тәсілге баса көңіл бөледі.
Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын - өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. 1) Теологиялық 2) Метафизикалық 3) Позитивті
Джон Стюарт Милль- ағылшын экономисі, философ,саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі.
Милльдің социология үшін аса маңызды болған еңбегі “Силлогистик және индукциялық логиканың жүйесі”деп аталады.
Бұл еңбекте социология үшін маңызды төрт тәсіл берілген:
1. Ұқсастық тәсілі 2. Өзгешелік тәсілі 3. Қалдықтар тәсілі: 4. Ілеспе өзгерістер тәсілі
Карл Маркс - неміс философы, социологы, марксизмнің негізін қалаушы. Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес оның тұжырымдауынша “тарихтың қозғаушы күші” болып табылады; бұл идея Маркстің творчествосын соншалықты терең баурап алғаны, батыс социологиясында маркстік теорияны кейде “конфликт теориясы” (conflіct theory) деп атайды; 5) Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.
Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эволюционизмнің классигі.
Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), “Биологияның негіздемелері” (1864 - 1867), “Психология негіздері” (1879 - 1893), “Социология негіздері (3 томдық, 1876 - 1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері “Әлеуметтік статика” (1850) және “Социология зерттеу пәні ретінде” (1873).
Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

34 Тұлғаның қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтену жағдайлары
Қазіргі кезедегі жаһанданумен өте тығыз байланысты болып табылады деп айта салындар ғой.
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (урбанизация мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.
Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1)  ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2)  әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3)   қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.

35 Қазақстандағы қазіргі кездегі діншілдік деңгейі және дінге деген қызығушылық қандай?
Қазақстандағы қазіргі діни жағдайға баға беруден бастасақ?
- Бүгінгі таңда Қазақстандағы діни жағдай тұрақты. Дегенмен діннің қазіргі қазақстандық қоғамға айтарлықтай ықпалын атап кеткен жөн. Діни бірлестіктердің көбеюі, дін үйлерінің жаппай бой көтеруі осыған дәлел. Қазақстанда қазіргі кезде 4551 діни бірлестік бар (салыстыра кетсек: 1990 жылы олардың саны небары 670 болатын). Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі дінді этникалық мәдениеттің және ұлттық салт-дәстүрдің элементі ретінде қарастырады. Дәстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы кеңеюде, халықтың діни ықпалға бой алдыруы жиілеуде, діни бірлестіктердің әлеуметтік функциялары күшеюде, діни білімнің рөлі артуда, діни миссионерлердің қызметі жандануда.
Осы факторлардың барлығы қазіргі қоғамдағы діннің ықпалының артып отырғанын айғақтайды. Біздің мемлекетімізде түрлі конфессия өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың арасында мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар, буддистер мен иудеилер де бар. Мұнда ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар өзара ажырамас деген барабарлық логика жатыр.
Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның 2010-2020 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының бес негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді.
Көп дінді Қазақстандағы қазіргі діни жағдай күрделі әрі үдемелі, үнемі сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Дәстүрлі діндер, ислам және христиандық, қазақстандық қоғамның қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр.

36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті.Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді.Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды, ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді, сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту – бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін.
Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі.
Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды.

37 Сауалнама сурау мен сұхбаттасуды әдіс ретінде салыстырыңыз
Социологиялық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі - сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді.
Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде - бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланады.
Сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді.
Аталған әдістердің әрқайсысын оның зерттеу мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық тиімділігі тұрғысынан қарастырайық.
Сауалнамашының қатысуымен және кеңес беруімен сауалнама жүргізу. Бұл әдіс сұхбатқа қарағанда арзанырақ, ақпарат жинауды бұл жерде тезірек жүзеге асыруға болады. Респонденттердің жауап беруден бас тартуы да шамалы. Бірақ, сауалнама жүргізу күрделі құрылымы бар сұрақтарды пайдалануға мүмкіндік бермейді, сауалнаманың ең жеңіл көрінісін ғана пайдалануға жол береді. Осының барлығының нәтижесінде ол сұхбатқа орнын берді.
Пошталық сұрау (жауабы төленген сауалнамаларды пошта арқылы жіберу) бүгінде, көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады.Посткеңестік мемелекеттерде пошталық сұрау поштаның нашар жұмысына байланысты тиімді емес. Бұл әдістің артықшылығы - оның арзандығында, кемшілігі - көлемінің, құрылымы мен дизайнының шектеулігінде, ал ең басты кемшілігі -сауалнамалардың аса төмен қайтарымдылығында.
Баспасөздік сұраудың пошталық сұрау сияқты артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Сауалнамалардың кеміндегі қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бұл жерде ынталандыру қажет. Мысалы - келіп-түскен сауалнамалардың нөмірлері бойынша лотерея.
Ең үлкен зерттеу мен ақпарат тиімділігін қазіргі таңда пәтердегі жеке сұхбат әдісі көрсетті.
Пәтердегі жеке сұхбат әдісіне қарсы болған жағдайға орай социологиялық және маркетингтік зерттеу ұйымдары көшеде сұрау мен телефондық сұхбат әдістемелерін кеңінен қолдануға тура келеді.
Көшедегі сұраулар аса шектелген зерттеу мүмкіндіктеріне ие. Сұрақнаманың көлемі бұл жерде өте қысқа. Іріктеудің репрезентативтілігіне қол жеткізу үлкен проблема туғызады. Сондықтан, бұл әдістеме көбінесе, күнделікті маркетингтік міндеттерді шешу үшін немесе қосымша ретінде пайдаланылады.
Телефондық сұраудың әлдеқайда үлкен перспективалары бар. Бұл әдіс жеке сұхбатқа қарағанда біршама арзанға түседі. Ол сұхбат алушының әрекеттерін тиімді бақылауға, әсіресе телефондық сұраудың қазіргі заманғы компьютерлік жүйесін пайдалану кезінде оны барынша бірегейлеуге мүмкіндік береді. Жеке сұхбатқа қарағанда, телефондық сұрауда сұхбат алушының респондентке беретін құпиялылық кепілдігі онша тиімді емес. Жеке сұхбатқа жарамды кейбір тақырыптар телефондық сұхбаттың тақырыбы бола алмайды. Сонымен ,сұрау түрін таңдау зерттеу мақсатына байланысты.Қандай сұрау түрі пайдалансын ол тиянақты,респондентке түсінікті,қарапайым,мән-мағынасы жоғары болуы керек.
38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
мәселелер бар? Дәлелдер келтіріңіз
Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды  және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
    Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген  терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі  авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.
    Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін  басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.
    Жас отбасын құрудың мақсаттарын  шешудегі әлеуметтік жоспар некелік  серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай және қауымдастықты  құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың  айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы  мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының  мақсаттарын шешудәі кең тараған  қате жолдарының бірі.
    Жас отбасының өмірлік мақсаттарын  шешудегі әрбір осы алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ  әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.
    Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды  фазаға – баланың тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас отбасының бірге  тұрған бір-екі жылында дүниеге  келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.
    Өмірлік бағдарға, отбасында рольдерді бөліп  алуына, балалы болуына байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге  бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
    Екінші  түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.
    Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы.    Жағарыда  айтылған жас отбасылардың түрлері  жалпы қалыпты тіршілік етуге  ешбір «қауіп» туғызбайтын белгілері  бойынша жіктеледі. Мұндай түрлер, оны  білу әлеуметтік қызметкер үшін қажет.

39 ХІХ ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
Социология ғылымы пайда болмас бұрын алдымен ол философия құрамында протосоциологияға дейін дамыған болатын. Протосоциология ғылымы алғаш қалыптас болатын, ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын бірқатар елеулі шектеулермен және кемшіліктермен сипатталады:
- басым болған идеологиялардың үстемдігі;
- түрлі жағдайларда немесе құбылыстарды дәлелдеуге нақты эмпирикалық логикалық дәйектер жетіспеген кезде құдыретті күшке және өзге де дәлелденбеген нәрселерге жиі жүгінуі ол кездің білімі барлық қағидалар мен тұжырымдардан қатаңдықты, логикалық үйлесімділікті және дәйектілікті талап ететін ғылыми өлшемдерге жауап бере алмады;
- қоғамның қазіргі күйін емес, оның болашағын суреттеу;
- әлеуметтік құбылыстарды шешетін диалектиканың болмауы. Қоғам әлдебір сыртқы күштер арқылы біржолата реттеліп жасалған немесе керісінше, тәуелсіздердің ыңғайы мен қалауына толық бейімделген қауым ретінде қабылданды. Қоғам қолдамаған кейбір өте сирек болатын әлеуметтік тенденциялар заңды процесс ретінде емес, әлдебір тұрақты сурет немесе билеушілердің шексіз зорлық-замбылығының жемісі ретінде қарастырылды.
- Жалпы теориялық тұжырымдардың шынайы өмірден қол үзуі қатаң бақылаулармен басқа да объективті ғылыми рәсімдерге жүгінетін мәліметтердің жоқ болуы. Сондықтан мұндай әлеуметтік ілім абстрактілі сипат алды.
Социологияның дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды социологиялық жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.
Біріншіден, ол өзінің зерттеу объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы керек. Екіншіден, зерттеу сол заманның ғылыми қауымы социологияны ғылым ретінде есептеуіне мүмкіндік беретін белгілері - принциптермен, амал-тәсілдермен толықтырылуы тиіс болды. Басқаша айтқанда, социологияның қалыптасуы жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына қоғам идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер етті.
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуының келесі бір алғышарты әлеуметтік детерминизм түсінігі болып табылады. Бұл түсінік бойынша қоғамды былық пен зорлық-замбылық билемейді, керісінше, кеңістіктік және уақыттың реттелу, себеп-салдарлы байланыстары бір құбылыстардың басқа процестерге себепші болу шарттары билейді. Әлеуметтік заңдар идеясы социологияның қалыптасуы мен құрылуында маңызды орын алады. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік құбылыстар табиғи құбылыстар сияқты туынды айла-шарғыларға көнбейді, олар едәуір мықты және тұрақты болып келеді, сондықтан оларды белгілі бір шекте және тек олардың өздеріне сүйене отырып басқаруға болады; оларға түсінуге оңай кеңістіктік және уақыттық реттелу тән. Мұның барлығы әлеуметтік құбылыстар жөніндегі ғылымның қажеттілігін айқындай түседі.
Белгілі бір мағынада, социология әлеуметтік дамуға жататын үш заңның белгіленуінен дамыды деп айтуға болады:
әлеуметтік даму бар және ол тұрақты және әмбебап сипат алады;
қиын кезең негізіне ғылыми білімнің өсуі жатыр, ол техника мен өндірістің дамуымен жүзеге асады;
қоғам өзінің дамуында жетіле түседі, яғни онда прогресс заңы әрекет етеді.
Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада қорытындылай келіп, социологияның қалыптасуының алғышарттары ретінде маңызды орын алады.
Әлеуметтік заң социологияның пайда болуымен бір мезгілде онтологиялық және эпистинологиялық негізін білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік заңдарды танып білуде түрлі тәсілдердің болуын және пайда болуын дәлелдеу талап етілді. Жаңа ғылымды құру үшін оның методологиялық мәртебесін бекіту қажет болды.

40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты.
Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “индивид” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға даму нәтижеснде қалыптасқан болатын болса, тұлғаның дамуы – ол жаңа құндылықтар мен нормаларды өзінің өмір жолында қабылдауы.
Тұлғаның тәрбиесі – ол тұлғаның әлеуметтенуі мен дамуы барысында мәдени нормалар мен құндылықтарды игеру дәрежесі.
41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз
Нашақорлық –бұл бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналған есірткі заттарды қолданудан пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі. Еліміздің экономикасы артқан сайын, есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Яғни, нашақорлардың 60 пайызын бірнеше рет көзге түскен жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастар қаншама? Осы қасіреттен талай жастар жас ғұмырларын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірлерімен мезгілсіз қоштасуда. Қазіргі таңда нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып, асқынып барады. Есірткі пайдалану салдарынан адамның тұрмыстық және қаржылық жағдайы төмендейді. Есірткіні қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады: орталық жүйке жүйесібас миының қызметінің бұзылуына әкеледі, осыдан ашушаңдық, ұйқысыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз -тұра алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша табу үші қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскендерін өздері де аңдамай қалады.
2012 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қаласында «2012-2016 жылдарға арналған есірткі және есірткі бизнесіне қарсы» салалық бағдарламасы аясында «Нашақорлықтың жастар санасына әсері: әуестенушілік, зардап-залал» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.Осы дөңгелек үстелде бүгінгі таңда Бүгінгі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор адам бар екен. Алайда, басты мәселе нашақорлардың санында емес, жас мөлшерінде болып отыр.
Маскүнемдік те қауіпті дерттің бірі. Оған қарсы алдын алу шараларының бірнеше бағытта жүргізілуі тектен-тек емес. Алайда араққа салынып кетпеу – әрбір жеке адамның өзінің түйсігіне де байланысты дер едік. Кейбіреулер дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатса, енді біреулер өзінің маскүнем екендігін мойындамай, ішімдікке қарсы егілуге (кодирование) намыстанып жатады. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды. Ел бойынша наркологиялық мекемелерде 235 416 адам маскүнемдік дерті бойынша есепте тұр. Бұл Қазақстандағы әрбір 100 мың адамның 144,2 маскүнемдікке бой алдырғандығын айғақтайды. Республикамыз бойынша 1 адамға шаққанда жылына орта есеппен 31 литр сыра, 12 литр арақ ішіледі  екен. Тағы бір дерек мынаны айтады: ел тұрғындарының 33,3 пайызы, яғни 3/1 арақ ішеді, солардың 59,7 пайызы 20 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер.
Бүгінде маскүнемдік пен нашақорлық кезең-кезеңімен асқына түскен аурулар екені жасырын емес. «Ауруын жасырған өледі» демей ме? Адам маскүнемдігін жасырып, ине мен есірткі тұтынатынын ауру деп санамай, ағзасының қалай бейімделіп кеткенін де аңдамай қалып жататын жайттар өкінтеді. Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Бұл өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, яғни адамның өз бойындағы қабілетті, ақылды ерікті түрде бұзуы болып табылады. Ал, ауруды жұқтыру адамның әлеуметтік жағдайына, қоршаған ортасына, алған тәрбиесіне білім деңгейіне байланысты болары хақ. Статистикаға сүйенсек, қазір маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдыққандардың орташа жасы жасарып бара жатырғанын айтады. Бұл дертке шалдығып, ауруынан айыға алмай жүргендердің басым бөлігі алғаш рет спиртті ішімдік пен есірткінің дәмін ерте татып, яғни кәмелетке толмай ауызданғандар болса керек. Мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген ағза ішімдік пен есірткінің құрсауына түссе, одан айығу қиын. Емдеу де күрделі. Өкініштісі сол, қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кетті. Еліміз салауатты қоғам құрып, жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше зейін қойып отыр..
42.Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз
Социологиялық зерттеу үшін бағдарлама өте қажет, бағдарламаны социологиялық зерттеудің маңызды бөлігі деп айтсақ та болады. Онсыз социологиялық зерттеу толық болмайды, Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологиялық бағдарлама мынадай құрылымнан тұрады.1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау; 2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою. 3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру. 4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.5. Зерттеу жоспарлары. 6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау. 7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау. Біз социологиялық зерттеуге белгілі бір тақырыпты алдық дейік, оны бағдарлама бойынша жасайтын болсақ алдымен онымен тақырыптың өзектілігін анықтауымыз керекпіз.Яғни осы міселе қазіргі қоғамда қаншалықты орынға ие,мен бұл тақырыпты не үшін алдым,осындай сауалдарға жауапты бағдарламаның осы бөлімінен көре аламыз.Екіншіден зерттеу пәні мен объектісін анықтаймыз. Және зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтап алуымыз керек, қандай мақсатпен мен бұл зерттеуді жасап жатырмын, осы зерттеудің мақсатына байланысты міндеттер құрылады. Осы зерттеу барысында қандай міндеттер атқаратынымызды белгілеп алу керек. Түсініксіз терминдерге анықтама беріп кету, социологиялық зерттеуді толық түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу бірліктері,яғни бас жиынтық пен іріктеу жиынтығын анықтап алу керек.біз социологиялық зерттеуді адамдарды 100 пайыз қорыта алмаймыз. Бас жиынтық 5000 адам болса, біз іріктеу жиынтығы 500 адамға зерттеу жасап,сол адамдардың жауабы арқалы жалпылай қорытындылай аламыз. Және де ең соңғы социологиялық зерттеудің қорытындысы міндетті түрде болу керек.Бұл қорытынды зерттеуіміздің ең соңғы нүктесі десекте болады.
43.Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін атаңыз. Өз жауабыңызға талдау жасаңыз.
Менің ойлауымша қазіргі заманғы қазақ отбасыларындағы, соның ішіндегі жас отбасылардағы әлеуметтік мәселелердің көпшілігі тұрғын үй мен отбасыдағы қаржы мәселесі деп айтар едім. Қазір адамдардың көпшілігінің күнкқөрісі жұмыстан тапқан азын-шоғын жалақыға қарап тұр, өзіңнің тұрғын үйің болса жақсы, ал тұрғын үйің болмаса жағдай мүлдем төмен. Орта есеппен орта деңгейлі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 80-90 мыңды құрайды. Осы алматы қаласын мысалға алар болсақ, 1 бөлмелі пәтерлердің айына жалдағандағы сомасы 60-70 мыңды құрайды. Яғни тапқан жалақының 80 пайызы пәтерге кетіп отырады.Ал тамақ алуға, транспорт жүйелеріне кететін ақшаның құнын қандай екенін айтпаса да белгілі. Отбасыдағы қаржы мәселесінің жетіспеушілігі отбасыда болатын жанжалдың бастауы деп айтсақ болады. Қазіргі кездегі жұмыссыздық мәселесі, және де жалақы мөлшерінің аздығы, азық- түлік пен киім-кешектің бағаларының аспандап тұруы отбасынждағы жағдайларға тікелей әсер етеді.Соның салдарынан,яғни қаржының жетімпеушілігінен күнделікте қажетті заттармен қанағаттанбағандықтан отбасында түрлі дау- жанжалдар болып тұрады.Осының бәрі адамдардағы күйзеліске әкеліп соғады, кейбір жағдарларда отбасының бұзылуына да әкеліп соғуы мүмкін.
44.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
Сауалнама әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұрақтардың белгілі бір типологиясы бар. Сұрақтар екі негіздеме: функционалдық қызметі мен құрылымы бойынша жіктеледі. Функционалдық қызмет бойынша сұрақтар функционалдық-психологиялық, мазмұндық, бақылау, фильтр- сұрақтар және респонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына қатысты сұрақтарға бөлінеді.
Функционалдық-психологиялық сұрақтарға, ең алдымен, сауалнама алушы мен респондент арасында сенім жағдайын орнату, респондент тарапынан күдікті жою, сауалнама тақырыбына қандай да бір жалпы қызығушылықты орнату үшін қызмет ететін байланыс сұрақтары жатады. Функционалдық-психологиялық категорияға шиеленісті немесе шаршағандықты басу үшін сауалнамаға енгізілетін сұрақтар да жатады.
Мазмұндық сұрақтар зерттеудің негізгі проблемаларынан шығады. Оларда респонденттің хабардарлығы жөнінде (көбінесе мұндай сұрақтар тест түрінде болады), респонденттің қандай да бір оқиғағаларға, құбылыстарға, адамдарға көзқарасы, көңіл-күй, талғам, қажеттілік, құндылықтық бағдарлар туралы сұрақтарға бөлуге болады.
Бақылау сұрақтары (олардың “қақпан-сұрақтар” деп аталатын түрі болады) респонденттің адалдығын тексеру үшін және оның есте сақтауына, хабардарлығының деңгейіне, оның жауап беру кезінде қоғамда үстем ететін таптаурындар ұстануға ұмтылысымен және зерттеушілерге жақсы таныс басқа да осы секілді факторлармен байланысты бұрмалауды жою үшін қызмет етеді. Қақпан-сұрақтар өте сирек пайдаланылады, көбіне кез келген сұраққа өзінің білімсіздігін көрсетуге ұялатын және “әйтеуір, бір нәрсе айтамын” деген принцип бойынша жауап беретін респонденттерді анықтау үшін қолданылады.
Фильтр-сұрақтар жалпы зерттеуге немесе сауалнаманың жеке блоктарына қатысы жоқ респонденттер бөлігін сұрыптау үшін қызмет етеді. Мысалы, мақсаты - сайлау нәтижелерін болжау болатын сұрауда “Қазақстанның азаматысыз ба?” және “Жасыңыз қанша? дегендер фильтр-сұрақтар болады.
Құрылымы жағынан сұрақтар ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Жауаптар нұсқалары берілмейтін сұрақ ашық деп аталады. Сіздің пікіріңізше, демократия дегеніміз не” немесе “Кімді жыл адамы деп атар едіңіз” сияқты қарапайым ашық сұрақтармен қатар, ауызша ұқсастықтарды таңдап алуды, сөйлемнің аяқталуын немесе суретті сипаттауды қажет ететін сұрақтар да бар.
Жабық сұрақтар жауаптар нұсқаларымен қатар жүреді. Жабық сұрақтардың алуан түрлері бар. Дихотомды сұрақ респонденттен екі қарама-қарсы нұсқадан таңдауды қажет етеді (“ия - жоқ”, “қара - ақ”), баламалы сұрақ - бірнеше нұсқалардың ішінен біреуін ғана таңдауды, меню-сұрақ ұсынылған жиынтықтың ішінен бірнешеуін таңдауға мүмкіндік береді;
Шамалары бар жабық сұрақтар өте жиі пайдаланылады. Лайкерт шамасы респонденттен белгілі бір ой-тұжырыммен келісу немесе келіспеу деңгейін талап етеді. Маңыздылық шамасында респонденттің өзі немесе қоғам үшін (респонденттің пікірінше) қайсы бір факторларға баға беруін білдіреді (“Сіз үшін әтір суын таңдағанда оның қорабы қаншалықты маңызды - өте маңызды - айтарлықтай маңызды - аса маңызды емес - мүлдем маңызды емес). Балдық (5-балдық, 10-балдық және т.б.) және балдық емес (өте жақсы - өте жаман) шамалар пайдаланылады. Бағалау объектілері әр түрлі- өнімнің сапасынан үкіметтің іс-әрекеттеріне дейін болуы мүмкін.
Жартылай жабық сұрақтар сұрақты жабу, яғни жауаптардың барлық ықтимал нұсқаларын таңдап алу мүмкін болмағанда пайдаланылады. Нұсқаулар жиынтығына “тағы не?”, “нақтылы не?” деген градация енгізіледі.
45. Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстырыңыз
Қолданылатын әдістемелер бойынша зерттеулер сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық әдістемелердің ерекше белгісі формализмге негізделу және бұқаралық болып табылады. Бұл жағдайда формализмге негізделу деп талданатын өзгермелі жиынтықты дәлме-дәл тіркеу және олардың өлшенетіндігін түсінеміз. Жиналатын мәліметтердің бір типтілігі, олардың сандық өңдеу мүмкіндігі ақпарат жинауда бұқаралықты қамтамасыз етуге, яғни, мысалы, сұраумен адамдардың біршама көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді.
Формализмге негізделу арқылы қол жеткізілетін қамтудың кеңдігі - сандық әдістемелердің сөзсіз жетістігі. Алайда, формализмге негізделудің кемшілігі де болады, өйткені “зерттеудің епті айласын, әдісін” бірден шектейді.
Сапалық әдістемелерде формализмге негізделу мүмкін емес немесе кем дегенде өте шектелген, өйткені ақпараттың әрбір иеленушісі мен қайнар көзі (адам, үй шаруашылығы, ұйым) бұл жерде өте бағалы және бірегей болып саналады. Формализмге негізделудің жоқтығы бұқаралықты да жояды. Алайда қамту кеңдігінен бас тарту зерттеудің тереңдігімен орны толтырылады. Сапалық зерттеулерде сандық зерттеуге қарағанда едәуір жиі зерттеу бағдарламалары мен болжамдарын жасау кезінде жоспарланбаған, күтпеген ақпарат алуға мүмкіндік туады.
Сандық әдістемелерге формализмге негізделген сұраулардың әр түрлерін, құрылымдық бақылауды және мәтіндерге (деректі материалдарға, газет басылымдарына, жарнамаларға және т.б.) контент-талдауды жатқызамыз.
Сапалық зерттеулерге, әдетте терең сұхбат (іn-depth-іntervіew), фокус-топтар, бақылау, эксперимент, өмірбаяндық әдіс және т.б. жатқызылады. Сандық және сапалық әдістер өзінің “еңбек бөлінісіне” ие. Әлеуметтік ақпарат жинау мен талдауда біріншілері - қорытындылау, құрылымдық, типтендіру функциясын орындаса, екіншілері - түсіну, нақтылау және жеке даралау функциясын орындайды.
46. Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеуметтенуі түсініктеріне сәйкес келетін әлеуметтік сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады.ал керісінше адм дамуына теріс ықпалын білдерсе кері әлеуметтену болады. Әрқайсысына жеке-жеке мысал келтірер болсам, бірінші әлеуметтену процесі. Біздің кішкентай кезімізден бастап, балабақша баруымыз,мектепке барып, униветситетке барып өзімізді рухан жағымыздан байытып, білім деңгейімізді жоғарылатуымыз әлекметтену процесі болып табылады. Ал кері әлеуметтену процесіне мысал келтірсем, біздің рухани жағымыз дамымаса, жасаған іс –әрекетіміз қоғамға зиянын тигізсе,яғни ұрлық жасасақ, себепсіз адамдарды ұрып-соқсақ бұлар
47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттік мінез-құлық болып табылады. “Девианттік мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді: Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дін мүл
дем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлік келтірмей, жұртқа жария етілмей ерлі-зайыптылардың бір шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Бүгін Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22%–некесіз туылғандар. Некелескен ерлі-зайыптыларға көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ер азаматқа отбасын адал табыспен асырап-бағу, оларға қамқор болу секілді міндеттер жүктелсе, ұл-қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруашылығымен айналысу әйелдің еншісінде. Олар қалай болғанда да өздерінің ерлі-зайыпты екенін сезінулері керек. Ал, «азаматтық некеде» мұндай жауапкершіліктер атымен жоқ. Олар бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен өмір сүреді. Сосын дәм-тұзы жарасып жатса, асықпай үйлену тойының қамына кіріседі. Ал, бір-бірінің ойынан шықпай жатса, «біз бір-бірімізге сай емес екенбіз, мен іздеген адам басқа екен» деп күнделікті теледидардан көретін батыс киноларындағы көріністі қайталайды. Мұнымен қоса азаматтық некеде әйел мен еркектің әрмен қарай тұрмыс құрып кетулері екі талай нәрсе. Мұндай отбасында дүниеге келген сәби әкесі мен шешесі ажырасқан жағдайда бала көбінде анасының қолында қалып, әкелік тәрбиеден, мейірімнен жырақта болу қаупі бар.
49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы гендерлік өзекті мәселе деп мен қазақстан халқының санын,яғни демографиялық жағдайды көтеру, көп бала туу мәселесін айтар едім. Өзіміз білетіндей Қазақтың жері ұлан байтақ,ал халық саны өте аз болып саналады.Халық санын көбейту тек қана Қазақстан жерін адамдармен толықтыру ғана емес, қазақ елінің экономикасының дамуына, рухани құндылықтардың жоғарылауы , салт- дәстүрдің сақталуына да елеулі түрде әсер ететіні белгілі.Яғни жер бетіндегі қазақтардың саны 12 млн-дай болса,Қазақстандағы таза қазақтардың саны 8-9 млнды ғана құрайды.Бұл өте аз көрсеткіш,осы көрсеткішті өзгерту және осы көрсеткішті көбейту еліміздегі гендерлік мәселелер ішіндегі өзектісі болып табылады. Осыған байланысты көптеген ынталандыру шаралары бар. 5 баладан көп туған аналарымызға «Алтын алқа» белгісі беріледі, бала туғаннан кейін 1 жасқа дейін көптеген жәрдемақылар беріледі. Және дүниеге келген әр балаға «жөргек» деп аталатын жәрдемақы беріледі.т.б.
50. Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
Э.Дюркгейм бойынша, аномия --өзін-өзі өлтіру болып табылады. Мұндай жағдай, қоғам мүшелері бұрынғы нормаларға еті үйреніп және оларды орындауға дағдыланып, жаңа нормалар қалыптасып бітпеген кезде, реформалар дәуірі мен әлеуметтік алапаттар барысында, өтпелі кезеңдерде жиі болып отырады. Дюркгейм, мысалы, экономикалық дағдарыс кезеңдерінде өзін-өзі өлтірудің өршу себептерін қарастырады. Оның пайымдауы бойынша, қоғамда өзін-өзі ұстай білуге үйретілген, өз өмірлерінің жағдайларына байланысты ішкі тәртіптілігімен ерекшеленетін әлеуметтік топтар бар; бұл адамдар “жаңа қажетті құбандықтарға неғұрлым аз қысыммен төтеп бере алады” деп санайды. Сонымен бірге, өз кәсібінің түрі мен өмір сүру қалпына сәйкес мүмкіндігінше прогреске тез жетуге ұмтылатындардың өткен шақта да, болашақта да тірегі жоқ, сондықтан да олар экономикалық дағарыстың жиі құрбаны болып, өмірден өз еркімен кетеді. Аномия сонымен қатар неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәйкестік бар деген қорытындыға келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді.
Аномия қоғамға қауіпті екенін жоғары да айтылған мысалдардан да көруге болады. Аномияға ұшырамау үшін адамдардың өздерінің ерік- жігері мықты болуы керек. Ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтір статистикасының арасындағы тұрақты сәйкестік бар екенін зерттеулеріміз көрсетті.Отбасының шырқының бұзылуы адамдағы жеке бастың стресіне әкелетіні сөзсіз,ал оған көптеген адамдар шыдай алмайды. Сондықтан суицидке жол беріп жатады.Суицид қоғамға терім әсерін әкелетіні сөзсіз.
51.Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты.
Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
52. Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз.
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. «Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы сәуірдің соңына 68,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8% болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4% құрады», – дейді Ә. Смайылов. Жұмысбастылық бағдарламасы өзін-өзі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздық пен әл-ауқаты төмен халықтың еңбек нарығында және ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге бағытталған. Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген. «Жұмысбастылық 2020» бағдарламасы шеңберінде кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру. ірі өндірістік компанияларда моноқалалар тұрғындарын жұмысқа орналастыру, олардың оқу орталықтарында оқуға квоталар бөлу (мақсатты жинау). Бағдарлама мынадай нысаналы көрсеткіштерге жету үшін өңдеу өнеркәсібі үлесін; қала құрушы кәсіпорындарынан тыс тұрақты жұмыс орындары санын; белсенді істеп жатқан шағын және орташа кәсіпорындар санын; халық табысын; бюджетке түсетін қаражат көлемін көбейту, сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейін және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесін; экономикалық әлеуеті төмен бір салалы қалалардың санын азайтуға бағытталатын болады.
53. Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
мәселелер бар? Дәлелдер келтіріңіз
Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды  және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
    Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген  терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі  авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.
    Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін  басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.
    Жас отбасын құрудың мақсаттарын  шешудегі әлеуметтік жоспар некелік  серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай және қауымдастықты  құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың  айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы  мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының  мақсаттарын шешудәі кең тараған  қате жолдарының бірі.
    Жас отбасының өмірлік мақсаттарын  шешудегі әрбір осы алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ  әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.
    Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды  фазаға – баланың тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас отбасының бірге  тұрған бір-екі жылында дүниеге  келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.
    Өмірлік бағдарға, отбасында рольдерді бөліп  алуына, балалы болуына байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге  бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
    Екінші  түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.
    Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы.    Жағарыда  айтылған жас отбасылардың түрлері  жалпы қалыпты тіршілік етуге  ешбір «қауіп» туғызбайтын белгілері  бойынша жіктеледі. Мұндай түрлер, оны  білу әлеуметтік қызметкер үшін қажет.
54.Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.
Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:
сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;
негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;
сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;
сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.
Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.
Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.
Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:
Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:
Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.
Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.
Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейік: қалалық билік органдарының қызметін бағалау белгілі бір дәрежеде респонденттің білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Бұл жағдайда, тиісінше сауалнаманың “шағын төлқұжатына” білім мен әлеуметтік-кәсіби жағдайына қатысты сұрақтар енгізіледі.
55.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
Сауалнама әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұрақтардың белгілі бір типологиясы бар. Сұрақтар екі негіздеме: функционалдық қызметі мен құрылымы бойынша жіктеледі. Функционалдық қызмет бойынша сұрақтар функционалдық-психологиялық, мазмұндық, бақылау, фильтр- сұрақтар және респонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына қатысты сұрақтарға бөлінеді.
Функционалдық-психологиялық сұрақтарға, ең алдымен, сауалнама алушы мен респондент арасында сенім жағдайын орнату, респондент тарапынан күдікті жою, сауалнама тақырыбына қандай да бір жалпы қызығушылықты орнату үшін қызмет ететін байланыс сұрақтары жатады. Функционалдық-психологиялық категорияға шиеленісті немесе шаршағандықты басу үшін сауалнамаға енгізілетін сұрақтар да жатады.
Мазмұндық сұрақтар зерттеудің негізгі проблемаларынан шығады. Оларда респонденттің хабардарлығы жөнінде (көбінесе мұндай сұрақтар тест түрінде болады), респонденттің қандай да бір оқиғағаларға, құбылыстарға, адамдарға көзқарасы, көңіл-күй, талғам, қажеттілік, құндылықтық бағдарлар туралы сұрақтарға бөлуге болады.
Бақылау сұрақтары (олардың “қақпан-сұрақтар” деп аталатын түрі болады) респонденттің адалдығын тексеру үшін және оның есте сақтауына, хабардарлығының деңгейіне, оның жауап беру кезінде қоғамда үстем ететін таптаурындар ұстануға ұмтылысымен және зерттеушілерге жақсы таныс басқа да осы секілді факторлармен байланысты бұрмалауды жою үшін қызмет етеді. Қақпан-сұрақтар өте сирек пайдаланылады, көбіне кез келген сұраққа өзінің білімсіздігін көрсетуге ұялатын және “әйтеуір, бір нәрсе айтамын” деген принцип бойынша жауап беретін респонденттерді анықтау үшін қолданылады.
Фильтр-сұрақтар жалпы зерттеуге немесе сауалнаманың жеке блоктарына қатысы жоқ респонденттер бөлігін сұрыптау үшін қызмет етеді. Мысалы, мақсаты - сайлау нәтижелерін болжау болатын сұрауда “Қазақстанның азаматысыз ба?” және “Жасыңыз қанша? дегендер фильтр-сұрақтар болады.
Құрылымы жағынан сұрақтар ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Жауаптар нұсқалары берілмейтін сұрақ ашық деп аталады. Сіздің пікіріңізше, демократия дегеніміз не” немесе “Кімді жыл адамы деп атар едіңіз” сияқты қарапайым ашық сұрақтармен қатар, ауызша ұқсастықтарды таңдап алуды, сөйлемнің аяқталуын немесе суретті сипаттауды қажет ететін сұрақтар да бар.
Жабық сұрақтар жауаптар нұсқаларымен қатар жүреді. Жабық сұрақтардың алуан түрлері бар. Дихотомды сұрақ респонденттен екі қарама-қарсы нұсқадан таңдауды қажет етеді (“ия - жоқ”, “қара - ақ”), баламалы сұрақ - бірнеше нұсқалардың ішінен біреуін ғана таңдауды, меню-сұрақ ұсынылған жиынтықтың ішінен бірнешеуін таңдауға мүмкіндік береді;
Шамалары бар жабық сұрақтар өте жиі пайдаланылады. Лайкерт шамасы респонденттен белгілі бір ой-тұжырыммен келісу немесе келіспеу деңгейін талап етеді. Маңыздылық шамасында респонденттің өзі немесе қоғам үшін (респонденттің пікірінше) қайсы бір факторларға баға беруін білдіреді (“Сіз үшін әтір суын таңдағанда оның қорабы қаншалықты маңызды - өте маңызды - айтарлықтай маңызды - аса маңызды емес - мүлдем маңызды емес). Балдық (5-балдық, 10-балдық және т.б.) және балдық емес (өте жақсы - өте жаман) шамалар пайдаланылады. Бағалау объектілері әр түрлі- өнімнің сапасынан үкіметтің іс-әрекеттеріне дейін болуы мүмкін.
Жартылай жабық сұрақтар сұрақты жабу, яғни жауаптардың барлық ықтимал нұсқаларын таңдап алу мүмкін болмағанда пайдаланылады. Нұсқаулар жиынтығына “тағы не?”, “нақтылы не?” деген градация енгізіледі.
56. Сіз Ч.Ломброзоның келесі пікірімен келісесіз бе, қылмыскерлер туыла пайда болады, бұл туыла біткен қылмыстылық белгілі бір сыртқы параетрлерімен қалыпты адамнан өзгеше ерекшелендіріп көрсетеді, ал бір жағынан – жануарлар мен жабайы адамзатпен жақындата түседі.
Қылмыскер— қылмыс жасаушы адам, яғни мемлекеттің қылмыстық заңында қылмыс деп көрсетіліп, жаза белгілеу арқылы тыйым салынған әрекеттің жасалуына кінәлі адам. Қылмыскер ұғымының мағынасы кінәнің қасақана және абайсызда жасалуына орай ашылады. Бұл ұғымға, негізінен, үнемі қылмыс жасайтын, яғни қылмыс жасауды күнкөріс кәсібіне айналдырған (мысалы, кәсіби ұры, есірткі сатушы, жалдамалы кісі өлтіруші, т.б) немесе жүйке ауруына байланысты қылмысты өз сұранысын өтеу жолына айналдырған (мысалы, адамжегіш, вандалист, т.б.) адам сай келеді.
Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-ақ тексерілушініңдамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер, қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді.
Қылмыс жасау, сонымен бірге, мораль нормасын бұзу болып табылады. Кез келген құқықтан гөрі моральдің реттеу ауқымы кең, ол басқа ешбір құқық саласы реттемейтін махаббат, достық, жанашырлық сияқты қасиеттерді, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, ұстаз бен шәкірттің арасындағы қатынасты, т.б. қамтиды. Мораль нормалары негізінен ауызша (әдет-ғұрып) кейде жазбаша (әдеп кодексі, Гиппократ анты, т.б.)
57. Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты. Мұнда адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жатқызады. Осы тұжырымға әлеуметтанулық талдау жасаңыз, әр деңгейдің ерекшелігін сипаттаңыз.Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді.
Біріншісі - төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл “жарым адамның” ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой арқылы рухани
болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай индивидті “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жетеді. Алайда бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады,
сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогресс - қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.
58.Е.Эрлихтің пайымдауын қалай түсінесіз: «біздің уақытымызда, барлық өткен уақыттардай құқықтың дамуының негізгі мәселесі заңнамаларда емес, құқық ғылымында да емес, сот тәжірибесінде емес, қоғамның өзінде».
Адамдардың табиғатқа қатынасу ережесін бұзудың арты әр уақытта кесірлі апатқа әкеледі .Сондықтан ғылыми дәлелдерге негізделген табиғат ережелеріне адам әр уақытта сүйеніп отыруы қажет.Әлеументтік ереже өзін жасаған тапқа және топқа әр уақытта жақсы практикалық нәтиже көрсетіп отырады ,өйткені бұл әлеументтік ереже сол таптың немесе топтың мүддесі мен мұң-мұқтажын,талап-тілегін орындау үшін жасалған ,керісінше бұл ереже тапқа ,немесе топқа қарсы тұрған тап пен топқа қайшы келіуі мүмкін. Сондықтан әлеументтік ереженің сақталуы ,іске асуы үшін қоғамның белгілі бір дәрежеде ықпалын қажет етеді.Құқықтық ереженіңсапалыболуы, оны жасайтын адамныңөрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады.Біріншіден, құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі. Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әр қайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әр қайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынындай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды.Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатынастардың бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында нақты тұжырымдалған. Біріншіболып мұндай қағиданы өзінің “ Тірі құқық” атты еңбегінде Е.Эрлих айтты.
59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда. Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті. Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді. Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына біз бірінші орынға жас отбасын қоямыз. Жаңарған қоғамда «жас отбасы» терминінің пайда болуы үшін көптеген уақыт пен күш жігер керек болды. Бұл отбасының ерекше түрінің қалыптасқандығын айтпайды. Оның мәселелері жаңашыл отбасының негізін құратын мәселелерге кіреді. Сондықтан да жас отбасыға деген қарым-қатынас толығымен отбасы институтына қатысты жүргізіліп жатқан әлеуметттік саясатпен анықталады. Сонымен қатар, жас отбасының қоғам өміріндегі ерекше маңыздылығы мен ерекше функцияларын да елемей қоюға болмайды. Оны біз оның инновациялық әлеуеттілігі, өмір сүру мен қызмет стилін анықтау кезінде түсініп, көруіміз тиіс. Жас отбасы мәселесін тек осы уақыттағы ғана емес, сонымен бірге болашақ қоғамның өмір сүру қызметінің барлық салаларында да қарастыруымыз керек.Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады. Терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың көптеген бөлігі кедейлік шекарасында қалып қойды. Адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құрылымында мағыналы деформация болды. Қазіргі таңда аз қамтылғандардың тобына көп балалы және толық емес, жұмыссыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге жастардың, студенттердің отбасылары, кішкентай балалары бар отбасылар да кіруде
60.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнамажазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.
№ Сүрақ
1 Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
2 Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
3 Әлеуметтану білімінің құрылымы
4 О.Конт ..Оның ...қарастыруы. Әл-к стат. және динамика тұж.
5 Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қат.
6 Экономикалық әлеум-ң әлемдік ғылымда п б ж\е қалыптасуы
7 Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факт. Сипат.
8 Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
9 Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
10 Девиантты және делинквенті мінез-құлық
11 П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
12 Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
13 Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
14 Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
15 Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
16 Отбасы әлеуметтік институты ретінде
17 Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты миен міндеті
18 Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
19 Қоғам құрылымындағы тұлға
20 Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
21 Әлеуметтік стратификация
22 Этноәлеуметтану объектісі және пәні
23 Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
24 Сауалнаманың құрылымы
25 Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
26 Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
27 Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
28 Әл-к жанжалдар қоғамның ...бөлшегі. Л.Козер, Р.Дарендорф
29 «Мәдениет» және «субмәдениет» арас. Субмәдениеттің түрлері
30 Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
31 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
32 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
33 ХХ ғасырдың І жартысындағы шетелдік классикалық әлеуме...
34 Тұлғаның қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтену жағдайлары
35 Қазақстандағы қазіргі кездегі діншілдік деңгейі және дінге деген қызығушылық қандай?
36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
37 Сауалнама сурау мен сұхбаттасуды әдіс ретінде салыстырыңыз
38 Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті мәселелер бар?
39 ХІХ ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін...
40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәр...
41 Қазаіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеумет...
42 Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? ..
43 Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін ...
44 Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқ...
45 Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстыр..
46 Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеум...
47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
48 Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
50 Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
52 Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз
53 Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті мәселелер бар?
55 Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқ...
56 Сіз Ч.Ломброзоның келесі пікірімен келісесіз бе,
57 Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға
58. Е.Эрлихтің пайымдауын қалай түсінесіз:
59 Қазір қоғамда отбасылардың тұрақсыздығына қа... Өз пікіріңіз
60 Сауалнама әдісінің артықшылық.2 бағананы құрайтын кесте.

Приложенные файлы

  • docx 18026341
    Размер файла: 169 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий