Sillabus_Ekonom_teoria_docx


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық институты
«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы
Силлабус
Пән Экономикалық теория негіздері ( 2 кредит )
Мамандық: _Барлық экономикалық емес мамандықтар үшін____
Курс _1,2_
Оқытушы: Жиенбаев Ұ.Б.
2016-2017 оқу жылы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Экономикалық теория негіздері ( 2 кредит )
сабақ өткізілетін орын ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны оқытушы байл. Тел
email
Ағайынды Жұбановтар көшесі Сабақ кестесі бойынша Жиенбаев Ұ.Б. 22-15-03
87057503262
[email protected]
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
“Экономикалық теория негіздері” пәні барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық тұғырнамасы болып табылады. Сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге негізделген.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:
Экономикалық дамудың заңдылықтарын нақты игере отырып, нарықтық қатынас жағдайында жұмыс жасай алатын, жоғары сұранысқа ие мамандарды дайындау курсты оқытудың негізгі мақсаттарына жатады. Сондықтан да курстың негізгі міндеттері студенттерді теориялық экономикада қалыптасқан негізгі түсініктермен, категориялармен, батыстық және отандық атақты ғалым-экономистердің теорияларымен, тұжырымдамаларымен таныстыру және студенттердің экономикалық ойлау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Теориялық экономика негіздерін білмей, қоғамдағы экономикалық жағдайды түсініп, оған байланысты экономикалық тұжырым жасау мүмкін емес.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:
Философия, әлеуметтану, саясаттану, информатика, экономикалық матиматика,
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:
Ақша, несие, банк, экономикалық ілімдер тарихы, салық және салық салу, микроэкономика, макроэкономика
ОҚЫТУ ӘДІСІ:
Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.
Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.
Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.
Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, презентация, мәнжазба, эссе т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындалады және уақытында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.
Мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде үш рет 6, 11 және 14 апталарда өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.
Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.
КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ
№ Тапсырма түрлері Апталар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 Үй жұмысы * * * * * * * * * * * * * * *
2 Практикалық сабақ * * * * * * * * * * * * * * *
3 Дәрістегі тест тапсырмасы * * * * * * * * * * * * * * *
4 Жазбаша сұрақ* * 5 Тест тапсырмалары * * * * * * * * * * * * * * *
6 Аралық бақылау * *
7 Мәнжазба, эссе, баяндама * 8 Бақылау жұмысы * * 9 Коллоквиум * * БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ 0 0-49%
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Апталар Тақырыптар сағаты
І модуль Экономикақалыптасуының негіздері мен заңдылықтары 7
1 01 Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. 1
2 02 Қоғамдық өндіріс негіздері 1
3 03 Меншік және экономикалық жүйе 1
4 04 Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал 1
5 05 Нарық және бәсеке 1
6 06 Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі 1
7 07Фирма және кәсіпкерлік теориясы 1
ІІ модуль Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс 2
8 01 Өндіріс, фирманың шығындары және табысы 1
9 02 Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу 1
IІІ модуль Нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі 6
10 01Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу 1
11 02Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы 1
12 03Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде 1
13 04 Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі 1
14 05 Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу 1
15 06 Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері 1
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
І модуль Экономикақалыптасуының негіздері мен заңдылықтары 7
1 01 Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. 1
2 02 Қоғамдық өндіріс негіздері 1
3 03 Меншік және экономикалық жүйе 1
4 04 Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал 1
5 05 Нарық және бәсеке 1
6 06 Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі 1
7 07Фирма және кәсіпкерлік теориясы 1
ІІ модульНарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс 2
8 01 Өндіріс, фирманың шығындары және табысы 1
9 02 Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу 1
IІІ модульНарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі 6
10 01Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу 11 02Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы 1
12 03Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде 1
1
13 04 Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі 14 05 Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу 1
15 06 Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері 1
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ-1
Экономика дегеніміз не және оның көп жақтылығының мәні неде?
Экономикалық теорияның дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі Американ ғалым экономисі кім?
Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы нені қолдану арқылы жүзеге асырады?
Экономикалық теория әдістерінің айырмашылығы және негізі.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы қандай экономика ретінде дамыды?
Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі экономикалық теорияның алатын орны.
Қазақстанда нарықтық экономикаға кәшу жағдайы қандай?
Экономикалық теорияның атқаратын қызметін атаңыз?
Нарықтық экономика жағдайында жеке меншік құқы нені білдіреді.
Қазақстанда меншіктің алуан түрлі нысандарының объективті қажеттілігін қалай түсіндіресің.
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны неде?
Жекешелендірудің объектілері мен субъектілеріне не жатады?
Қазақстанда жекешелендіру барысында қандай кемшіліктер мен қателіктер орын алды?
Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылды?
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің әлеуметтік –экономикалық салдары неден көрінеді?
Натуралды шаруашылық пен тауарлы шаруашылықтың айырмашылықтары мен ортақ белгілерін қалай түсінесіз?
Тауарға сіңген еңбектің екі жақты қасиетінің ғылыми өзектілігі неде?
Ақша дегеніміз не. Ақша нысандарының формаларын атаңыз?
Ақша қандай қызметтерді атқарады?
Несие ақшаны қалай түсінесіз. Олардың қандай түрлері бар?
Инфляция ұғымын қалай түсінесіз?
Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның түрлерін атаңыз?
Ақша айналымын тұрақтандыру әдістері мен түрлері қандай?
Инфляцияның туындауына әсер етуші маңызды себептер және оны бәсеңдету шараларын атаңыз?
Ақша айналысы заңының экономикалық мәні неде?
Экономикалық жүйе қандай элементтерден тұрады?
Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі белгілерін атаңыз.
Әкімшілдік - әміршілдік экономикалық жүйенің қандай негізгі кемшіліктері мен ерекшеліктері бар? Осы жүйенің негізін не құрайды?
Аралас экономикалық жүйе дегеніміз не?
Нарықтық экономикалық жүйенің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?
Өтпелі экономиканың негізгі сипаттық белгілерін атаңыз?
Өтпелі экономикада ескі экономикалық элементтердің және жаңа экономикалық элементтердің бір мезгілде болуын қалай түсінесіз?
Нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан моделі қандай?
Не себептен ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату басты міндет болып табылады?
Қазақстан Республикасында нарықтық инфрақұрылым институттарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз?
Қазақстан Республикасындағы өтпелі экономиканың ерекшеліктері қандай?
Сізге нарықтың қандай түрлері белгілі?
Нарықтың кемшілігі, артықшылығы неде?
Нарық қандай қызметтерді атқарады?
Нарық инфрақұрылымын қалай түсінесіз?
Нарық экономикасын адамзаттың экономикалық өмірін ұйымдастырудың идеалды моделі деп есептеуге бола ма?
Неге адамдар пропорцияларды реттеудің нарықтық әдістеріне тән экономикадан қорқады? Олар барлығын мемлекет реттегенін қалайды.
Нарықтық экономиканың субъектілері, олардың өзара іс - әрекеті жайлы сізге не белгілі?
Экономикалық жүйенің негізгі мәселелерінің не, қалай, кім үшін? Мазмүнын ашыңыз. Сіз осы сұрақтарға өзіңіздің сұрақтарыңызды қоса аласыз ба?
Бәсекелі нарықтық экономикалық жағымды жақтарын атаңыз? Сіздің көзқарасыңыз бойынша жағымсыз жақтары қандай?
Сұраным заңының мәні неде?
Сұраным қисығының жылжуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Ұсыным заңының мәні неде?
Ұсыным мөлшеріне әсер ететін жағдайларды атаңыз. Олардың әсерлері график түрінде қалай көрсетіледі?
Нарықтың тепе-теңдігі деген не?
Нарықтың тепе-теңдігінің бұзылуы неге әкеледі?
Сұраным икемділігі деген не? Мысалдар келтіріңіз.
Ұсыным икемділігі, икемсіздігі деген не?
Капитал дегеніміз не? Капиталдың түрлері және олардың өндіріс процесіндегі ролі.
Капиталдың қорлануын қалай түсінесіз және осы процесс қандай салдарға алып келеді?
Капитал амортизациясын қалай түсінесіз?
Негізгі капиталдың тозуының қандай түрлерін білесіз?
Инвестицияға анықтама беріңіз?
Инвестиция қандай қызметтерді атқарады?
Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту не үшін қажет?
Инвестицияға қатысты қандай теорияны білесіз?
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ-2
Фирманың (кәсіпорынның) шығындарының қандай нысандарын білесіз?
Тұрақты, айнымалы, жалпы, орташа, шекті шығындарының экономикалық мәні неде?
Шығындар мен пайданың өзара байланысы және өзара тәуелділігі неде?
Орташа, жалпы, шекті табыстар дегеніміз не?
Құнның еңбек теориясы тұрғысында өндіріс шығындарының экономикалық мазмұнын түсіндіріңдер.Еңбек ақы, процент, рента, пайда түріндегі табыстарды алу неден тәуелді?Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз?Инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы шаралардың өзара қандай байланысы бар?Филлипс қисығы нені көрсетеді?Макроэкономикалық тепе-теңдік сөзінің астарында қандай мағына жатыр?Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның қандай түрлері бар?Инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттары қандай?Экономикадағы циклдық дамудың себептері не болып табылады?
Экономикалық циклдың фазалары қандай белгілермен сипатталады?
Қазіргі кезеңдегі экономикалық цикл немен сипатталады?
Қазақста Республикасының дағдарысқа қарсы саясатын қалай түсінесіз?
Экономикалық өсу дегеніміз не және оның қандай типтерін білесіз?
Экономикалық өсудің қазіргі типтерінің ерекшелігі неде?
Мультипликатор – акселератор моделінің көлемі мен өндірістік қызметтерінің мәні қандай?
Экономикалық және әлеуметтік прогрестің көрсеткіштері қандай?
Экономикалық өсудің факторларына ҒТП-тің жетістіктерін пайдалану қалай әсер етеді?
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің негізгі белгілері қандай?
23. Экономиканы мемлекеттік реттеу қандай негізгі мақсаттарды көздейді?
24.Нарықтық экономикада мемлекет Қандай экономикалық қызмет атқарады? Сіздің ойыңызша, мемлекеттің атқаратын қызметтерінің қайсысы маңыздырақ?
25.Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттік реттеудің қандай жаңа түрлері болуы мүмкін?
26.Ұлттық банктің негізгі міндеттері қандай? Ұлттық банкті мемлекеттің ақша стратегиясының негзгі бағытын анықтайтын тәуелсіз ұйым деп санауға болады ма?
Қаржы дегеніміз не және оның ақшадан айырмашылығы неде?
Қаржы жүйесі дегеніміз не?
Бюджет құралдары қандай мақсаттарға жұмсалады?
Мемлекеттік бюджет тапшылығы дегеніміз не және оның пайда болуының себептері? Мемлекеттік бюджет тапшылығын жоюдың қандай көздері бар?
Мемлекеттің фискалдық саясаты дегеніміз не және ол қандай мақсатта пайдаланылады?
Табыстардың қандай түрлерін білесің, олардың бір-бірінен айырмашылығы?
Өмір сүру минимумы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
Әлемдік шаруашылық, оны қалай түсінесіз? Оның ерекше тетігі мен даму кезеңдері қандай?
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не, оның әлем шаруашылығы үшін маңызы қандай?
Қазіргі жағдайда дүниежүзілік шаруашылық дамуы қандай ерекшеліктермен сипатталады?
Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың интеграция мәнін қалай түсінесіз?
Салыстырмалы артықшылық теориясы дегеніміз не?
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі нысандары қандай?
Сыртқы экономикалық реттеуді қалай түсінесіз?
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі формалары.
Сіздер халықаралық мамандану мен кооперацияның қандай нышандарын білесіздер?
КОЛЛОКВИУМ СҰРАҚТАРЫ-1
Мерқантилистік мектептің кемшілігі неде?
Физиократтардың негізін қалаушы кім және олардың алға қойған мәселесінің мәні неде?
Экономикалықтеорияныңзерттеу пәніне не жатады?
Экономикалық категория дегеніміз не?
Экономикалық заңдар үғымын қалай түсінесіз?
Өндіріс факторларына не жатады?
Өндірістік функция дегеніміз не?
Экономикалық жүйеніңэлементтері қандай?
Аралас экономикалық жүйенің басқа модельдерден артықшылықтары қандай?
Меншік пен меншік қатынастарының мәні неде?
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны қандай?
Меншік объектілеріне не жатады?
Меншік субъектілерінің мүдделерінің қайшылығы неде?
Меншікті иемденудіңтиптері мен нысандары қандай?
Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?
Басқа меншік нысандарымен салыстырғанда акционерлік меншік негізінде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың қандайартыкшылығы бар?
Жекешелендірудің қандай тәсілдерін білесіз?
Экономикалық жүйе тиімді қызмет етуі үшін мемлекеттік және жеке меншіктің үлестері қанша болу керек деп ойлайсыз, оны анықтайтын қандай факторлар?
Қазақстандағы жекешелендірудің нәтижелері мен салдары туралы не білесіз?
Шаруашылықты қандай нысанда ұйымдастыруға болады?
Натуралдық шаруашылықтыңтауарлы шаруашылыққа ауысуыныңсебептері қандай?
Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары қандай?
Натуралды өндіріс пен тауарлы өндірістің мақсаттары қандай?
Тауар мен игіліктің айырмашылықтары қандай?
Тауардың қандай қасиеттері бар?
Тұтыну құнының қандай қасиеттерін білесіз?
Тауар өндірісінің белгілері қандай?
Құн және айырбас құнының мәні неде?
Айырбас құнының қандай нысандары бар?
Тауар бағасы қалай анықталады?
Тауар құнын анықтайтын қандай факторлар?
Ақшаның пайда болу себептері қандай?
Ақшаны ақша ететін қандай қасиеттер?
Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?
Ақша неліктен жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқарады?
Металл ақшаларды қағаз ақшалардың ауыстыруын қалай түсіндіруге болады?
Қағаз ақшалар неліктен құнсызданады?
Ұлттықвалюта - теңгенің шығу тарихы туралы не айта аласыз?
Әлемдік жетекші қандай валюталарды білесіз,олар туралы ойыңыз қандай?
Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері қандай?
Кәсіпкерліктің шығармашылық қызметінің маңызын қалай түсіндіресіз?
Кәсіпкерліктің қандай белгілері бар?
Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлерін білесіз?
Кәсіпкерлік тэуекел дегеніміз не, оның деңгейін қалай төмендетуге болады?
Акционерлік қоғам мен акционердің құкыктары мсн міндет-тері қандай?
КОЛЛОКВИУМ СҰРАҚТАРЫ-2
Фирманың (кәсіпорынның) шығындарының қандай нысандарын білесіз?
Тұрақты, айнымалы, жалпы, орташа, шекті шығындарының экономикалық мәні неде?
Шығындар мен пайданың өзара байланысы және өзара тәуелділігі неде?
Орташа, жалпы, шекті табыстар дегеніміз не?
Құнның еңбек теориясы тұрғысында өндіріс шығындарының экономикалық мазмұнын түсіндіріңдер.
Еңбек ақы, процент, рента, пайда түріндегі табыстарды алу неден тәуелді?
Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз?
Инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы шаралардың өзара қандай байланысы бар?
Филлипс қисығы нені көрсетеді?
Макроэкономикалық тепе-теңдік сөзінің астарында қандай мағына жатыр?
Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның қандай түрлері бар?
Инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттары қандай?
Экономикадағы циклдық дамудың себептері не болып табылады?
Экономикалық циклдың фазалары қандай белгілермен сипатталады?
Қазіргі кезеңдегі экономикалық цикл немен сипатталады?
Қазақста Республикасының дағдарысқа қарсы саясатын қалай түсінесіз?
Экономикалық өсу дегеніміз не және оның қандай типтерін білесіз?
Экономикалық өсудің қазіргі типтерінің ерекшелігі неде?
Мультипликатор – акселератор моделінің көлемі мен өндірістік қызметтерінің мәні қандай?
Экономикалық және әлеуметтік прогрестің көрсеткіштері қандай?
Экономикалық өсудің факторларына ҒТП-тің жетістіктерін пайдалану қалай әсер етеді?
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің негізгі белгілері қандай?
Экономиканы мемлекеттік реттеу қандай негізгі мақсаттарды көздейді?
Нарықтық экономикада мемлекет Қандай экономикалық қызмет атқарады? Сіздің ойыңызша, мемлекеттің атқаратын қызметтерінің қайсысы маңыздырақ?
.Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттік реттеудің қандай жаңа түрлері болуы мүмкін?
Ұлттық банктің негізгі міндеттері қандай? Ұлттық банкті мемлекеттің ақша стратегиясының негзгі бағытын анықтайтын тәуелсіз ұйым деп санауға болады ма?
Қаржы дегеніміз не және оның ақшадан айырмашылығы неде?
Қаржы жүйесі дегеніміз не?
Бюджет құралдары қандай мақсаттарға жұмсалады?
Мемлекеттік бюджет тапшылығы дегеніміз не және оның пайда болуының себептері? Мемлекеттік бюджет тапшылығын жоюдың қандай көздері бар?
Мемлекеттің фискалдық саясаты дегеніміз не және ол қандай мақсатта пайдаланылады?
Табыстардың қандай түрлерін білесің, олардың бір-бірінен айырмашылығы?
Өмір сүру минимумы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
Әлемдік шаруашылық, оны қалай түсінесіз? Оның ерекше тетігі мен даму кезеңдері қандай?
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не, оның әлем шаруашылығы үшін маңызы қандай?
Қазіргі жағдайда дүниежүзілік шаруашылық дамуы қандай ерекшеліктермен сипатталады?
Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың интеграция мәнін қалай түсінесіз?
Сіздер халықаралық мамандану мен кооперацияның қандай нышандарын білесіздер?
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТТЕРІ-1
1-нұсқа.
Экономикалық теория көзқарасы бойынша “экономика” бұл:
А) шаруашылық қызметі;
В) адамдардың мақсаттары мен шектеулі ресурстарының арасындағы қатынастарға байланысты, олардың іс-әрекеті;
С) шаруашылық жасау туралы ғылым;
Д) статистика;
Е) демография.
Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді…
А) физиократтар; В) маржиналистер; С) меркантелистер;
Д) классикалық саяси экономия; Е) институционализм.
Ұлттың байлығының көзі ауыл шаруашылығында деп есептейді…
А) меркантелистер; В) марксизм; С) марженализм;
Д) Физиократтар; Е) институционализм.
“Көрінбейтін қол” жеке өндірушілер мен тұтынушылардың дербес іс - әрекетін солай қылып бағыттайды, нәтижесінде барлық жүйе ұзақ мерзімді экономикалық тепе – теңдік жағдайында болады деген тұжырымды кім ұсынды?
А) У. Петти В) Ф. Кенэ С) К. Маркс Д) К. Менгер Е) А. Смит
5. К. Маркс ашқан буржуазиялық қоғамның негізгі заңы:
А) құндылық В) қосымша құн С) сұраным және ұсыным
Д) меншік құқы теориясы Е) ұтымды күту
6. 1936 жылы Дж. М. Кейнстің шығарған кітабы аталады
А) “халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы”
В) “саяси экономияның принциптері”
С) “жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы”,
Д) “капитал”
Е) “Ресейде капитализмнің дамуы”
7. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:
А) демографиялық өзгерістер; В) статистикалық есеп берулер;
С) еңбек қатынастары; Д) әлеуметтік даму.
Е) шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар;
8. Мемлекеттік саясатты іске асыру барысында дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін экономикалық теорияның функциясы (атқаратын қызметі):
А) танымдылық В) тәжірибелік С) прогностикалық
Д) методологиялық Е) мағлұматтық
9. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады?
А) индукция; В) дедукция; С) ғылыми абстракция;
Д) талдау (анализ) Е) біріктіру (синтез)
10. Экономикалық өмірдің құбылыстары арасында объективті орындалатын тұрақты себепті – салдарлы байланыстар…
А) экономикалық заңдар; В) табиғат заңдары;
С) экономикалық категориялар; Д) әлеуметтік өмірдің заңдары;
Е) құқық заңдары.
11. “Нарықта сұраным баға, тұтынушылардың табыстары, бәсеке сияқты оны анықтайтын әртүрлі факторларды зерттеу жолымен оқылатын экономикалық теорияның әдісі:
А) ғылыми абстракция; В) логикалық және тарихи;
С) индукция және дедукция; Д) талдау; Е) синтез.
12. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі…
А) микроэкономика; В) макроэкономика; С) саяси экономия;
Д) экономикс; Е) жалпы экономика.
13. Жалпы ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бағыты:
А) микроэкономика; В) экономикс; С) саяси экономия;
Д) макроэкономика; Е) салалық экономика.
14. Ақшаға эгоистік қызығушылық төмендегілердің қайсысының арекетінің басты мотиві болып саналады?
А) экономикалық адамның; В) мемлекеттің; С) кәсіпорынның;
Д) кооперативтің; Е) қоғамдық ұйымдардың.
15. Жеке тұлғаның шығынды азайта отырып барынша жоғары нәтиже алуға ұмтылу әрекеті
А) ұтымсыз В) біреудің арқасындағылар
С) тұтынушылық Д) қоғамдық Е) ұтымды
16. Шаруашылық іс - әрекеттерге қозғаушы болатын мотивтері – экономикалық…
А) мүдделер; В) заңдар; С) категориялар; Д) әдістер; Е) тәсілдер.
17. Адам табиғатпен одан кейін бір-біріменде өзара әрекет етеді. Осының негізінде орын алады?
А) өндіріс; В) бөлу; С) айырбас; Д) тұтыну; Е) қайта бөлу.
18. Адамның жеңіп шығуға тырысатын қанағаттанбаушылық немесе мұқтаждық жағдайы…
А) қажеттіліктер; В) мүдделер; С) игіліктер; Д) өндіріс; Е) тұтыну.
19. Алғашқы (төменгі) қажеттілік, бұл қажеттілік
А) тамаққа, киімге; В) білімге; С) өнерге;
Д) өндіріске; Е) әшекейлік бұйымдарға
20. Қажеттілікті қанағаттандырылатын құрал…
А) игілік; В) түрткі; С) мүдделер; Д) өндіріс; Е) айырбас.
21. Өндірістің жеке факторы
А) еңбек; В) капитал; С)жер; Д) машиналар; Е) кәсіпкерлік қабілет.
22. Табыс әкелетін факторы
А) капитал; В) ењбек; С) жер ресурстары;
Д) шикізат және материалдар; Е) кәсіпкерлік қабілет.
23. Жер, өндіріс факторы ретінде өзінің иесіне табыстың қандай түрін әкеледі…
А) рента;В) еңбек ақы; С)пайда;Д)процент; Е)дивиденд.
24. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі…
А) өндіріс; В) түтыну; С) бөлу; Д) айырбас; Е) қайта бөлу.
25. К. Маркстің пікірінше, тек қана құнның нышандарының ауысуы орын алатын адам қызметінің саласы…
А) айырбас;В) бөлу; С) өндіру; Д) тұтыну; Е) иемдену.
26. Иемдену құқы, пайдалану құқы, иелік ету құқы меншіктің қандай мазмұнын көрсетеді:
А) Ќ±ќыќтыќ.В) Саяси.С) Әлеуметтік.
D) Экономикалық. Е) Қоғамдық.
27. Меншік иесіне не әкелу арќылы меншік экономикалық өткізіледі:
A) Шығын. B) Табыс.С) Қуаныш.D) Қайғы.
Е) Көңіл қалдырушылық.
28. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншіктер нышаны:
А) Мемлекеттік.В) Жеке.С) Ұжымдық.
) Акционерлік.Е) Тұлғалық.
29. Жеке меншіктің теріс жақтарына жатады:
Меншік иелерінің мүліктік жіктелінуі.
Кәсіпкерлікті ынталандыру.
Еңбексіз табыс табу бойынша өмір сүру мүмкіндігі.
Бәсекенің дамуы.
Тауар айырбасының, нарықтың дамуы.
30. Қоғамдық меншіктің негізгі нысандары:
A) Мемлекеттік және акционерлік.
B)Кооперативтік және муниципалдық.
C) Мемлекетттік және муниципальдық.
D)Акционерлікжәне кооперативтік.
E) Акционерлік және муниципальдық.
2-нұсқа
1. Экономикалық теория көзқарасы бойынша “экономика” бұл:
A) Адамдардың мақсаттары мен шектеулі ресурстарының арасындағы қатынастарға байланысты, олардың іс-әрекеті.
B) Шаруашылық қызметі.C) Шаруашылық жасау туралы ғылым
D) Статистика. E) Демография.
2. Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді:
А) Физиократтар. В) Маржиналист С) Меркантелистер.
D) Классикалық саяси экономия. Е) Институционализм.
3. Ұлттың байлығының көзі ауыл шаруашылығында деп есептейді:
A) Физиократтар. B) Меркантелистер. C) Марксизм.
D) Маржинализм. E) Институционализм.
4. Тауарлы өндіріске дейін болған экономиканы ұйымдастырудың тарихи нышаны:
А) Жоспарлы шаруашылық. В) Натуралды шаруашылық.
С) Патриалхалды шарушылық. D) Нарықтық экономика.
Е) Феодалдық шарушылық.
5. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:
А) Демографиялық қатынастар.
В) Шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар.
С) Таптық қатынастар.
D) Еңбек қатынастары.
Е) Әлеуметтік мәселелер.
6. «Не бар немесе не болу керек» – бұл қандай экономиканың оқыту пәні?
А) Макроэкономика. В) Позитивті экономика. С) Микроэкономика.
D) Нормативті экономика.E) Интерэкономика.
7. Микроэкономикада оқытылады:
A) Нарықтағы тауарларға сұранысты анықтайтын факторлар.
B) Экономикалық ауытқу. C) Бағаның жалпы деңгейі.
D)Халық шаруашылығындағы жұмысшылар саны.
E) Жұмыссыздық деңгейі.
8. Зерттелетін құбылыстың жеке, кездейсоқ, өтпелі жақтарын ескермей оның мәнді, тұрақты типтік жақтарын көрсететін әдіс – бұл:
А) Талдау .В) Индукция. С) Ғылыми абсртакция D) Моделдеу. E) Бақылау.
9. Материалдық қажеттіліктерге жатпайды:
A) Киім.B) Автокөлікті жөндеу.C) Қалалық сенбілікке қатысу.
D) Заңгер консультациясы.E) Фирманың автокөлікке қажеттілігі
10. А.Маслоу пирамидасына сәйкес, қажеттіліктер ерекшеленеді:
A) Физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік.
B) Физиологиялық қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.
C) Өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; физиологиялық қажеттілік.
D) Сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; өзіндік дамуға қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.
E) Өзіндік өсуге қажеттілік; физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік.
11. Экономикалық теорияның толық анықтамасын көрсетіңіз:
A) Өндіру және тауар айырбасы процесі.B) Ақша, банк жүйесі, капитал
C) Елдің ұлттық байлығы.
D) Адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қоғамның шектелген ресурстарын пайдалану тәсілдері.E) Ұдайы өндіріс процесі.
12. Төмендегі жағдайлардың қайсысы экономикалық теория пәнін анықтауға қатысы жоқ:
A) Ресурстарды тиімді пайдалану.
B) Өндірістік ресурстардың шектеусіздігі.
C) Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру.
D) Экономикалық игіліктердің шектеусіздігі.
E) Ресурстардың шектеулігі.
13. Экономикалық теорияның негізгі атқаратын қызметтері:
A)Ұдайы өндіріс және бөлу. B)Танымдық және тєжірибелік.
C)Бақылау және ынталандыру. D)Әдістемелік және ақпараттық. E)Ақпараттық және бақылау.
14. Экономикалық саясаттың негізгі мақсатына жатпайды:
Толық жұмыспен қамтуға жету.
Экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету.
C) Бағаның тұрақты деңгейі.
Бюджет тапшылығының болмауы.
Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық еркіндігі.
15. Экономиканың нақтылығын математикалық символдар мен алгоритмдер көмегімен қарастырып жүйелейтін әдіс бұл:
A) Талдау.B) Ғылыми абстракция.C) Эксперимент. D) Модельдеу.E) Бақылау.
16. “Көрінбейтін қол” ұғымын қалыптастырған:
A) К.Маркс. B) А.Смит.C) А.МАршалл.D) Дж.Кейнс.E) И.Хальдун.
17.. Өндірістің негізгі факторларына жатады:
A) Еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет.B) Меншік.
C) Ақша және кәсіпкерлік әрекет. D) Еңбек және капитал.
Е) Ақша және меншік, кәміпкерлік және капитал.
18. Нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің шарты болып табылады
Натуралды шаруашылық:
Алуан түрлі меншік нышандарының болуы және шарушылық субъектілерінің дербестігі.
С) Орталықтандырылған жоспарлы экономика.
D) Патриархалді шаруашылық.Е) Сыртқы саудаға монополия.
19. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі:
А) Түтыну.В) Бөлу. С) Өндіріс. D) Айырбас. E) Қайта бөлу.
20. Макроэкономикалық көрсеткішке жатады:
A) Таза экономикалық жағдай. B) Елдің ұлттық байлығы.
C) Фирманың өндірістік шығындары.
D) Табыс. E) Кәсіпорын пайдасы.
21. Өндіріс құрал – жабдықтарын және материалдық игіліктерді иемдену қатынасы:
А) Меншік.В) Өндіріс. С) Бөлу. D) Айырбас. Е) Тұтыну.
22. “Меншіктің құқықтық теориясына” барынша көп үлес қосқан ғалым – экономист:
А) А. Пигу. В) К. Маркс. C) Л. Вальрас. D) А. Маршалл. E) Р. Коуз.
23. Иемдену құқы, пайдалану құқы, иелік ету құқы меншіктің қандай мазмұнын көрсетеді:
А) Ќ±ќыќтыќ.В) Саяси.С) Әлеуметтік.D) Экономикалық. Е) Қоғамдық.
24. Меншік иесіне не әкелу арќылы меншік экономикалық өткізіледі:
A) Шығын. B) Табыс. С) Қуаныш. D) Қайғы. Е) Көңіл қалдырушылық.
25. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншіктер нышаны:
А) Мемлекеттік.В) Жеке.С) Ұжымдық.
D) Акционерлік. Е) Тұлғалық.
26. Жеке меншіктің теріс жақтарына жатады:
Меншік иелерінің мүліктік жіктелінуі.
Кәсіпкерлікті ынталандыру.
Еңбексіз табыс табу бойынша өмір сүру мүмкіндігі.
Бәсекенің дамуы.
Тауар айырбасының, нарықтың дамуы.
27. Қоғамдық меншіктің негізгі нысандары:
Мемлекеттік және акционерлік.
Кооперативтік және муниципалдық.
Мемлекетттік және муниципальдық.
Акционерлік және кооперативтік.
Акционерлік және муниципальдық.
28. Акционерлікжәнебірлескен (үлестік) меншікжатады:
A) Өзіндікменшікке. B) Жекетоптықменшікке. C)Қоғамдықменшікке.
D) Жеке-дараменшікке. E) Мемлекеттікменшікке.
29. “Меншік” түсінігініңэкономикалықмазмұны:
A) Игіліктердіпайдаланужәнеоғанбилікету.B)Иемденужәнебасқару.
C) Табыстабу.D) Игіліктердіиемдену.E) Басқару және табыс табу.
30. Меншік экономикалық табыс әкеледі:
A) Меншікті басқару процесінде.B) Меншікті сату нәтижесінде.
C) Табыс табу арқылы. D) Егер заңды түрде бекітілсе.
E) Егер шаруашылықта пайдаланылса.
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТТЕРІ-2
1-нұсқа
1. Экономика теорияның көзқарасы бойынша “экономика” бұл:
А) Статистика.
В) Шаруашылық қызметі.
С) Шаруашылық жасау туралы ғылым.
Д) Адамдардың мақсаттары мен шектеулі ресурстарының арасындағы қатынастарға байланысты, олардың іс-әрекеті.
Е) Демография.
2.Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді:
А)Классикалық саяси экономия. В)Меркантелистер. С)Физиократтар. Д)Маржиналистер. Е)Институционализм.
3.Тауарлы өндіріске дейін болған экономиканы ұйымдастырудың тарихи нышаны:
А) Патриалхалды шарушылық. В) Жоспарлы шаруашылық. С) Натуралды шаруашылық. Д) Нарықтық экономика. Е) Феодалдық шарушылық.
4. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады:
А) Талдау (анализ). В) Индукция. С) Дедукция. Д) Ғылыми абстракция. Е) Біріктіру (синтез).
5. Экономикалық жүйелердің жіктелуі қандай факторлармен анықталады:
А) Табыс деңгейімен. В) Қорлану көздерімен. С) Экономиканың салалық құрылымымен.
Д) Меншік типтері және экономиканы ұйымдастырумен. Е) Таптық құрылымымен.
6. Қазақстан қандай экономикалық жүйені құруда:
А) Дәстүрлі. В) Мемлекеттік – жоспарлы. С) Нарықтық, еркін бәсекелестік.
Д) Аралас Е) Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика.
7.Қажеттілікті қанағаттандыратын құрал:
А) Игілік. В) Түрткі. С) Мүдделер. Д) Өндіріс. Е) Айырбас.
8. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншіктер нышаны:
А) Акционерлік. В) Жеке. С) Ұжымдық. Д) Мемлекеттік. Е) Тұлғалық.
9. Бағаның өзгеруі тұтынушыларға көп немесе аз мөлшердегі тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуелділік сипаттайтын зањ:
А) Сұраным. В) Ұсыным. С) Құн. Д) Еңбектің өзгеруі. Е) Қорлану.
10. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі сипатталады:
А) Өндіріс көлемінің өсімі қосымша ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етпейді.
В) Жұмыспен қамтылғандар санының өсуімен.
С) Жұмыс күнінің ұзаруымен.
Д) Қосымша шикізат, материалдарды пайдаланумен.
Е) Жаңа жерлерді игерумен.
11. Тұрақты шығындар, бұл:
А) Қосылатын шығын. В) Өзгеретін шығындар. С) Өнімнің бір-бірлігіне шаққандағы шығын. Д) Өзгермейтін шығындар. Е) Азаятын шығын.
12. Қарызға берілетін немесе қарызға алынатын капиталдан түсетін табыс, бұл:
А) Пайда. В) Рента. С) Процент. Д) Еңбек ақы. Е) Девиденд.
13. Өндірістің құлдырауы тоқталатын, бірте-бірте артық тауарлар мөлшерінің азаятын фазасы:
А) Өрлеу. В) Тоқырау. С) Дағдарыс. Д) Жандану. Е) Өрлеудің шегіне жету.
14. Қозғалмайтын мүліктердің кепілдігімен, ұзақ мерзімді қарыз түрінде берілетін несие нышаны аталады:
А) Банктік. В) Коммерциялық. С) Ипотекалық. Д) Тұтынушылық. Е) Мемлекеттік.
15. А.Маслоу пирамидасына сәйкес, қажеттіліктер ерекшеленеді:
А) Физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік.
В) Физиологиялық қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.
С) Өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; физиологиялық қажеттілік.
Д) Сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; өзіндік дамуға қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.
Е) Өзіндік өсуге қажеттілік; физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік.
16. Нарықты эконмикаға тән:
А) Кәсіпкерлік таңдау еркіндігі. В) Орталықтандырылған жоспарлау. С) Мемлекеттік меншікті иемдену.
Д) Бәсекенің болмауы. Е) Монополияның болмауы.
17. Экономикалық теория негіздерінің негізгі атқаратын қызметтері:
А) Ақпараттық және бақылау. В) Ұдайы өндіріс және бөлу. С) Бақылау және ынталандыру.
Д) Әдістемелік және ақпараттық. Е) Танымдық және тєжірибелік.
18. Тауар бағасын белгілегенде ақшаның атқаратын қызметі:
А) Айналыс құралы. В) Қор жинау құралы. С) Құн өлшемі. Д) Капиталдың жинақталуы. Е) Дүниежүзілік ақша.
19. Ұсыным икемді, егер икемділік коэффициенті:
А) 1-ге тең. В) 1-ден кем. С) 1-ден артық. Д) 0-ге тең. Е) шексіздікке тең.
20. Нарықты экономика үшін маңызды элемент болып табылады:
А) Жалпылама мемлекеттік реттеу. В) Тиімді кәсіподақтар. С) Нарықтағы белсенді бәсеке.
Д) Кәсіпкерлердің салыстырмалы әрекеті. Е) Әлеуметтік кепілдіктер.
21. Елдегі экономикалық құлдыраумен байланысты жұмыссыздық түрі аталады:
А)Құрылымдық. В)Қалыпты. С)Циклдық. Д)Жасырын. Е)Фрикциондық.
22. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі:
А) Айырбас. В) Түтыну. С) Бөлу. Д) Өндіріс. Е) Қайта бөлу.
23. Экономикалық өсудің интенсивті типіне тән:
А) Пайдалы қазбалардың жаңа кендерін ашып іске қосу. В) Қосымша жұмыс күшін тарту.
С) Жетілдірілген технологияны пайдалану. Д) Қосымша өндіріс құрал-жабдықтарын тарту.
Е) Қосымша тұтыну заттарын тарту.
24. Негізгі капиталдың құрамдас бөлігі болып табылмайды:
А) Шикізат материалдар. В) Ғимарат. С) Станоктар, машиналар. Д) Жабдықтар. Е) Көліктер.
25. Жұмыс күші дегеніміз:
А) Еңбек етуге қажетті адамдардың табиғи және ойлау қабілетінің жиынтығы.
В) Тауар өндіруге жұмсалған еңбек.
С) Білікті қызметкер.
Д) Қосымша құн өндіретін еңбек.
Е) Жалдамалы еңбек.
26. Дивиденд бұл т‰сетін табыс:
А) Жерден. В)Депозиттен. С)Кредиттен. Д) Акциядан. Е)Арендадан.
27. Ұсынымға әсер етпейтін фактор:
А) Берілген өнімнің алмастырушысының болуы.
В) Өндіріс факторларының бағасы.
С) Нарықтағы тауарлар саны.
Д) Салық мөлшері.
Е) Технология.
28. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі:
А) Саяси экономия. В) Макроэкономика. С) Микроэкономика. Д) Экономикс. Е) Жалпы экономика.
29. Мемлекеттің фискалдық саясаты, бұл:
А) Салық салу және бюджет құралдарын жұмсау арқылы экономиканы реттеу.
В) Баға деңгейін шектеу жолымен әсер ету.
С) Еңбек ақының шекті деңгейін белгілеу.
Д) Есептеу қарқын өзгерту.
Е) Айналысқа жаңа ақша шығару.
30. Экономикалық игіліктерге тән емес:
А) Шектелген.
В) Өндіріс процесінде жасалатын нәтиже.
С) Ресурстар шығынын қажет етеді.
Д) Шектеусіздік.
Е) Қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы.
2-нұсқа
1. Экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде негізгі әдіс болып табылады?
А) Ғылыми абстракция. В) Қоғамдық практика. С) Экономикалық эксперимент. Д) Анализ және синтез. Е) Дедукция.
2. Мүліктің кепілдігімен қарыз беретін банк, аталады:
А) Ипотекалық. В) Инвестициялық. С) Эмиссиялық. Д) Инновациялық. Е) Коммерциялық.
3. Ұлттың байлығының көзі ауыл шаруашылығында деп есептейді:
А) Меркантелистер. В) Институционализм. С) Марксизм. Д) Маржинализм. Е) Физиократтар.
4. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:
А) Еңбек қатынастары. В) Демографиялық қатынастар. С) Таптық қатынастар.
Д) Шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар.
Е) Әлеуметтік мәселелер.
5. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі:
А) Саяси экономия. В) Макроэкономика. С) Микроэкономика.
Д) Экономикс. Е) Жалпы экономика.
6. Нарықтық жүйенің артықшылығы:
А) Бірқалыпты дамымайды.
В) Әлеуметтік кепілдіктердің болмауында.
С) Сыртқы әсерлерге қатысты қанағаттанѓысыздығы.
Д) Шектеулі ресурстарды тиімді бөледі.
Е) Қоғамдық игіліктерді өндірмейді.
7. 2003 жылы қабылданған «Жер кодексіне» сәйкес Қазақстанның жер қатынастарында қандай елеулі өзгеріс болды:
А) Жерге ұжымдық меншік. В) Жерді национализациялау. С) Жерге мемлекеттік монополия.
Д) Жерді жеке меншікке тегін беру. Е) Жерге жеке меншік институтын енгізу.
8. Иемдену құқы, пайдалану құқы, иелік ету құқы меншіктің қандай мазмұнын көрсетеді:
А)Экономикалық. В)Заңды. С)Саяси. Д)Әлеуметтік. Е)Қоғамдық.
9. Қазақстандағы мемлекеттік меншікті өзгертудегі негізгі әдіс:
А) Кооперациялау. В) Демополизация. С) Конверсия. Д) Национализация. Е) Жекешелендіру.
10. Баға жоғарылаған сайын сатушылар көп тауарлар сатуға тырысатын жағдай бейнелейді:
А) Сұраным. В) Ұсыным. С) Құн. Д) Еңбектің өзгеруі. Е) Еңбек өнімділігінің өсуі.
11. Негізгі капиталдың құны енеді:
А) Отынѓа. В) Шикізатқа. С) Машиналар мен ғимараттарѓа. Д) Көмекші материалдарға. Е) Электроќуатќа.
12. Тағы бір өнім бірлігін өндірумен байланысты орын алатын қосымша шығындар:
А) Шекті. В) Тұрақты. С) Өзгермелі. Д) Сөзсіз. Е) Жалпы.
13. Пайда факторлық табыс ретінде алынады:
А) Биржадағы ойыннан. В) Капиталдан. С) Жерден. Д) Еңбектен. Е) Кәсіпкерліктен.
14. Мемлекеттің фискалдық саясаты, бұл:
А) Салық салу және бюджет құралдарын жұмсау арқылы экономиканы реттеу.
В) Баға деңгейін шектеу жолымен әсер ету.
С) Еңбек ақының шекті деңгейін белгілеу.
Д) Есептеу қарқын өзгерту.
Е) Айналысқа жаңа ақша шығару.
15. Қазақстанда басты эмиссиялық орталық банк рөлін атқарады:
А) Ұлттық банк. В) Коммерциялық банктер. С) Ипотекалық банк.
Д) Зейнетақы қорлары. Е) Сақтандыру компаниялары.
16. Экономикалық игіліктерге тән емес:
А) Шектелген. В) Өндіріс процесінде жасалатын нәтиже.
С) Ресурстар шығынын қажет етеді. Д) Шектеусіздік.
Е) Қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы.
17. Жәй тауар өндірісінің капиталистік тауар өндірісінен айырмашылығы:
А) Өндіріс факторларына жеке меншік иесі мен өнім өндірушінің бір болуы.
В) Жеке меншіктің болуы.
С) Жалдамалы еңбекті пайдалануы.
Д) Жасалған материалдық игіліктер мен қызметтерге ішкі сұраныстың болуы.
Е) Қосымша жұмыс күшін пайдалануы.
18. Нарық шаруашылығы шартына тән:
А) Бағаны мемлекет белгілейді. В) Ақпаратттар легі мемлекеттен түседі.
С) Жеке меншік ортақ меншікпен алмастырылады.
Д) Жеке субъектілердің шаруашылық іс-әрекеті нарықпен байланысты.
Е) Өндіріс мәселелерін үкімет шешеді.
19. Төмендегі жағдайлардың қайсысы экономикалық теория пәнін анықтауға қатысы жоқ:
А) Өндірістік ресурстардың шектеусіздігі. В) Ресурстарды тиімді пайдалану. С) Экономикалық игіліктердің шектеусіздігі.
Д) Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру. Е) Ресурстардың шектеулігі.
20. Экономиканың нақтылығын математикалық символдар мен алгоритмдер көмегімен қарастырып жүйелейтін әдіс бұл:
А) Эксперимент. В) Талдау. С) Ғылыми абстракция. Д) Модельдеу. Е) Бақылау.
21. Егер сұранымның икемділік коэффициенті бірден үлкен болса, онда сұраным:
А) Нақты икемді. В) Икемсіз. С) Икемді. Д) Нақты икемсіз. Е) Бір бірлік икемді
22. Өндірістің шекті шығындары бұл:
А) Әрбір қоымша өнім бірлігіне жұмсалған өндіріс шығындары.
В) Бір өнім бірлігіне шаққандағы өндіріс шығындары.
С) Төмендету арықылы өндірісті жүргізу мүмкін емес шығындар көлемі.
Д) Ұлғайту арқылы өндірісті шығымға ұшырататын өндіріс шығындары.
Е) Бір өнім бірлігіне есептелген жиынтық шығындар.
23. Материалдық қажеттіліктерге жатпайды:
А) Фирманың автокөлікке қажеттілігі. В) Киім. С) Автокөлікті жөндеу.
Д) Қалалық сенбілікке қатысу. Е) Заңгер консультациясы.
24. Жалпы ұлттық өнім көрсеткіші бұл:
А) Жеке бизнес өндірген тауарлар мен қызметтер саны.
В) Үкімет пен қалалық органдардың жалпы шығындары.
С) Сатылған тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі.
Д) Соңғы өндірілген ұлттық өнімдер мен қызметтердің нарықтық бағасы.
Е) Жеке тұлғалардың жалпы шығындары.
25. Ресрустарға жеке меншікпен және еркін бәсеке механизмімен сипатталатын экономикалық жүйенің типін көрсетіңіз:
А) Аралас. В) Дәстүрлі. С) Жоспарлы. Д) Нарықтық. Е) Патриархалды.
26. Салық салудағы және бюджет тапшылығын реттеудегі мемлекеттік саясат аталады:
А) Фискалдық. В) Ақша кредит. С) Әлеуметтік. Д) Баға мен табыстарды реттеу. Е) Әкімшілік реттеу.
27. Қандай мектептің өкілдері сауданы ұлттық байлықтың негізгі көзі деп есептеді:
А) Физиократтар. В) Классикалық. С) Меркенталистер. Д)Маржиналистер. Е)Монетаристер.
28. Тауарлы шаруашылық дегеніміз:
А) Қол еңбегі қолданылатын өндіріс.
В) Өздері үшін өнім өндіретін шаруашылық.
С) Жетілдірілген машиналар мен жабдықтарды қолданатын шаруашылық.
Д) Шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне өнім өндіру.
Е) Сату үшін тауар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру.
29. Қандай капитал негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді:
А) Өнеркәсіп. В) Банк. С) Ақша. Д) Тауарлы. Е) Тұрақты.
30. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі:
А) Айырбас. В) Түтыну. С) Бөлу. Д) Өндіріс. Е) Қайта бөлу.
МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Мерқантилизм кезеңдерінің өзімдік ерекшеліктері.
Ф. Кэненің экономикалық кестесі.
Қазіргі кездегі экономиканың жаңа зерттеу әдістері.
Экономикалық модель және оның көрсеткіштері.
Экономикалық зандар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетінін байланысы.
Адам өміріндегі материалдық және рухани қажеттіліктер.
Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.
Қоғам және экономика.
Өндірістік факторларды тиімді пайдалану жолдары.
Экономикалық және экономикалық емес игіліктер.
Адам капиталыныңәлеуметтік-экономикалық ролі.
Өндірістік функция және оның түрлері.
Мемлекеттік меншіктің пайда болу эволюциясы.
ҚР меншік қатынастары мен құқықтарын мемлекеттік реттеу.
К.Маркс теориясындағы меншік және меншік қатынастары.
Әлемдік тәжірибедегі жекешелендіру және оның тәсілдері.
ҚР мемлекетік меншікті жекешелендірудің ерекшеліктері.
Экономикадағы шағын және орта бизнестің орны.
Фирма - экономиканың нақты секторының негізгі кұрылымдық бөлімшесі.
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.
Қазақстанның экономикалық жүйесі: қалыптасу және даму ерекшеліктері.
Нарықтық экономикалық жүйе: іргелі міндеттері мен мақсаттары.
Нарықтық экономика моделі: ерекшеліктері мен белгілері.
Мемлекеттің рынокқа араласу нысандары және реттеуші қызметтері.
Экономикалық тиімділік және әлеуметтік әділеттілік.
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы.
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері.
Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамыту мақсатындағы реформалар.
Тауар және қор биржаларының кұрылымы, негізгі қызметтері қандай?
Жәрменкенің рөлі, мақсаттары, қызметтері, шешетінмәселелері қандай?
Нарықтағы тауар артықшылығы және оның нәтижесі.
Тауар тапшылығының себептері және оны жою зандылықтары.
Сұраныстың икемділігіне әсер етуші факторлар.
ҚР табиғи монополия және олардың іс-әрекеттерін мемлекеттік реттеу.
ҚР табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттіктің құрылымы, қызметтері, өкілеттігі.
Нарықтың монополиялануын шектеу туралы зандарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
Монополияның артықшылықтары мен кемшіліктері.
Капиталдың айналымы және ауыспалы айналымы.
Капитал: әртүрлі көзқарастар, капиталдың мәні.
Капиталдың қорлануының мәні және факторлары.
Инвестициялар: мәні, мақсаттары мен нысандары.
Инвестиция экономикалық өсудің көзі ретінде.
Нарықтық экономикадағы жалақының түрлері.
ҚР жалақы жүйесі және жалақы қоры деңгейі.
Жалақы- халықтың негізгі табыс көзі.
Пайданың түрлері жоне оны максималдау ережесі.
Дж.М. Ксйнстің ақша, пайыз теориясы.
ҚР ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы мен жер рентасы.
Ұлттық экономика және экономикалық саясат.
Мемлекеттік трансферттік төлемдер.
Қосымша құн әдісі арқылы ЖҰӨ-ді есептеудің ерекшеліктері.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісі.
Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.
Макроэкономикалық тепе-теңціктің классикалық теориясы.
Л.Вальрастың жалпы тепе-теңцік үлгісі.
«AD-AS» макроэкономикалық тепе-теңдік моделі.
Экономикалық өсу ұлттық экономиканың мақсаты ретінде.
ҒТП және экономикалық өсу.
Экономикалық циклдың ішкі және сыртқы факторлары.
ҚР-дағы экономикалық дағдарыс кезеңдері.
.Қазақстандағы жұмыссыздықтың түрлері.
Демография және жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары.
Қазақстандағы инфляцияның шығу себептері.
Қазақстандағы инфляцияның ерскшеліктері.
ҚР инфляцияға қарсы саясат. Мемлекет нарықтық шаруашылықтың субъектісі ретінде.
Ұлттық бәсекелестікті арттырудағы мемлекеттің орны.
Мемлекет және экономикалық қауіпсіздік.
Мемлекет пен рыноктың ара қатынасын сипаттайтын модельдер.
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары, оларды тиімді пайдалану.
Экономиканы реттеудегі қаржылық тетіктердің рөлі мен маңызы.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты.
Әлеуметгік саясаттың нысандары, әдістері, қаржыландыру көздері.
Халықғың табыстары олардың түрлері және қалыптасу көздері.
Жеке табыстарды бөлу және қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы.
ҚР әлеуметтіу қорғау жүйесі. Сауда, халықаралық капитал нарығы.
Салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы – 2011 ж.
Национальная экономика: учебная пособие под общ. ред. Сидорович А.В., Абишева А.А. – Алматы: Экономика, 2009 г.
Экономическая теория. Учебник. Под общ. ред. Видяпина В.И., Дабрынина А.И.,М., ИНФРА, 2012 г.
Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы. / профессор Е.Б.Жатқанбаевтың жетекшілігімен. Алматы, 2006 ж.
Қосымша:
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – 2010 ж.
Смит А. Исследования о природе и причинах богатства народов. Петрозаводск, 1993 г.
Маршалл А. Принципы экономической науки. М., 1992 г.
Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, проценты и денег. М., 1992 г.
Самуэльсон Н., Нордхаус В. Экономика. М., 2000 г.
Жатқанбаев Е.Б. Методология экономических исследований. Алматы, КазНУ, 1998 г.
Аубакиров Я.А. Национальная экономика: теретика-методологические и практические проблемы развития. – Алматы: Рарират, 2009 г.
Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. Под ред. Сабденова О. – Алматы, 2007 г.
Кошанов А. Национальные экономические интересы и отнашения собственности. –Алматы: ИД «Эксклюзив», 2009. – 535с.
Есентугелов А. Стратегия процветания страны в условиях меняющегося мира. Астана, 2011 г.
Байгісиев М.Қ. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: «Раритет», 2010 ж.

Приложенные файлы

  • docx 17966205
    Размер файла: 71 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий