SILLABUS_kaz_2014-2015_ot_30_09_14g


СИЛЛАБУС
«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
Курс 3Семестр 5-6
Дәрістер:5 сағат
Практикалық
(семинарлық) сабақтар:25 сағат
Оқытушымен бірге студенттердің
өзіндік жұмысы 30 сағат
Студенттердің аудиториядан
тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ):30 сағат
Бақылау түрі:емтихан
Барлығы:90 сағат (2 кредит)
2014
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мәжілісінде талқыланған
Хаттама № _______ «____» ___________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессорКамалиев М.А.
1.Жалпы мәліметтер:
ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медица университеті
Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау
Пән, пәннің коды: OZ-3225, Қоғамдық денсаулық сақтау
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина».
Оқу сағаттарының/кредиттерінің көлемі – 90 сағат (2 кредит)
Курс – 3 Оқу семестрі – 5,6.
Кафедра оқытушылары жөнінде мәліметтер
№ Оқытушының аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми зерттеу аймақтары
және жетістіктері
1 Камалиев Максут Адилханұлы кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профес
сор Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
348 ғылыми еңбектері бар.
2. Талкимбаева Найля Ануарқызы доцент м.ғ.д. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
48 ғылыми еңбектері бар.
3. Айтманбетова
Акмарал Аршабайқызы доцент м.ғ.к. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
40 ғылыми еңбектері бар.
4. Кожекенова Жанат Асетқызы доцент м.ғ.к. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
11 ғылыми еңбектері бар.
5. Шахиева
Адиля Маратқызы аға оқытушы м.ғ.к. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
67 ғылыми еңбектері бар.
6. Буздаева
Сауле
Сағатқызы аға оқытушы м.ғ.к. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
28 ғылыми еңбектері бар.
7. Нурбакыт Ардақ Нурбакытқызы аға оқытушы м.ғ.к. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
16 ғылыми еңбектері бар.
8 Дармен Нұргүл Жарылқасынқызы аға оқытушы Медицина ғылымының магистрі Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы. 4 ғылыми еңбектері бар.
9 Баймолдин Нургиса Мусипович оқытушы Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
9. Орманова Арайлы Макулбековна оқытушы Денсаулық сақтау магистрі Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
2 ғылыми еңбектері бар.
10 Мусина Майра Сақыпкерей-қызы оқытушы Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы. 2 ғылыми еңбектері бар.
11. Абиырова Назым Бейсеновна оқытушы Медицина ғылымының магистрі Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласы және медицина тарихының маманы.
5 ғылыми еңбектері бар.
Байланыс ақпараты:
Кафедраның орналасқан орны: Толе би көш., 92. Интро 2, екінші қабат.
Телефон 292 64 54
1.9 Пән саясаты:
Студент міндетті:
оқу процесіне шығармашылық, ерекшелік және креативтік таныта отырып белсенді қатынасу;
аудиторлық сабақтың барлық түріне қатысу (дәрістер, практикалық сабақтар;
әрбір сабаққа дайындалу (берілген материалды оқып игеріп сол бойынша тапсырмаларды орындау);
жұмысты күнтізбелік график бойынша дер кезінде орындап тапсыру;
белгілі себертермен жіберілген аудиторлық сабақтарды құжатпен негіздеу;
жіберілген аудиторлық сабақтарды оқытушы көрсеткен уақытта өтеу;
сабаққа кешікпеу;
сабақ уақтысында алаңдамау;
сабақ уақытында ұялы телефонды сөндіру;
кафедра оқытушылары мен көмекші қызметкерлеріне құрмет білдіру;
мәдениеттілікті және әдептілікті сақтау;
кафедра мүліктеріне мұқият болу;
сырт келбетіне және жүріс-тұрысына ұқыпты болу.
Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда қолданатын шаралар: Студент тапсырманы орындамаған жағдайда тәртіптік және тәрбиелік сипатты шаралар қолданылуы мүмкін.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту проблемалары денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің нақтылы құзіреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.
Барлық дәрігерлер жоғары деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімдігін қамтамасыз етушілер болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алулары керек.
Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясы мен тактикасын адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғары деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамды тұрақты дамытумен бірбүтін және жүйелі түсіну қажет.
2.2Пәннің мақсаты:
Қоғамдық денсаулықты жетілдіруге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын даярлау.
2.3.Оқу міндеттері:
қоғамдық денсаулықты бағалау және басқару методологиясы және әдістемесін үйрету;
қоғамдық денсаулықты жүйелі түрде талдауға оқыту;
қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге дайындықты қалыптастыру.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студенттерде білімді қалыптастыру:
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгермелілігімен байланысты халық денсаулығы көрсеткіштері мен тенденциялары туралы;
денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздері туралы;
халықтың өлім жене аурушылдық деңгейлері мен құрылымымен бірге Қазақстан халық денсаулығының қазіргі жағдайы туралы;
халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі аймағындағы Қазақстан Республикасының заңдылық негіздері туралы ;
біріншілік медициналық-санитарлық, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;
халыққа санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;
халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық-ағарту жұмысының принциптері, әдістері мен құралдары туралы;
азаматтарды әлеуметтік сақтандыру негіздері, әлеуметтік кепілдіктер түрлері, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты дәрігерлік сараптау принциптері туралы;
экономика негіздері және денсаулық сақтаудағы экономикалық қатынастар туралы;
денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері, медициналық мекеменің қызмет етуін қамтамасыз етудегі менеджер ролі туралы;
денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік әрекеттің негіздері, осы жүйедегі бизнес және маркетинг туралы;
медициналық көмек сапасын басқару принциптері: денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау, талдау және бағалау туралы;
денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріндегі тіркеу және есеп беру жүйесі туралы.
Студенттерде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:
әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты халық денсаулығы жағдайы көрсеткіштерін есептеу және бағалау;
негізгі себеп-салдар байланыстарын анықтау, халық денсаулығына факторлардың әсер дәрежесі мен бағытын бағалау;
халық денсаулығын зерттеуде медициналық-статистикалық әдістерді қолдану;
қолайсыз факторлардың әсерін болдыртпау және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстарды өңдеу;
медициналық мекемеде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізу, мекеме және қызметкерлер жұмысына шолу жасап, есеп берулер құрастыру;
халық аурушылдығы, өлімінен экономикалық тиімділікті және шығынды, жалпы және өзіндік медициналық көмек құнын есептеу;
денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-профилактикалық және санитарлық эпидемияға қарсы жұмысын талдау және бағалау;
медициналық көмек сапасын бағалау;
халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысу;
денсаулық жағдайы және денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері жұмысын талдау және бағалауда компьютерлік технологияны игеру;
кәсіби міндеттерді шешуде ғылыми, оқу, нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану.
Студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:
Курстастарымен жақсы өзара қарым-қатынасты құру;
Басқа студенттердің көзқарасын сыйлау;
Қарым-қатынаста/араласуда шынайылық таныту;
Кішігірім топтармен жұмыс істей білу;
Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:
ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін анықтайтын заңнамалық актілердің негізгі ережелерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру:
Жұмыста аналитикалық зерттеу әдістерін қолдану;
Компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;
Өз бетімен оқу барысында интернет қорларын белсенді;
Өзін жетілдіруге арналған on-line оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және т.б. қолдану;
Нормативтік-анықтамалық әдебиеттермен, статистикалық жинақтармен, зерттеудің заманауи әдістеріне қатысты өзіндік жұмыс дағдыларына баулу.
2.5. Алғы реквизиттері: саясаттану, информатика, экология, социология, құқы негіздері, экономикалық құқы негіздері, биостатистика.
2.6. Соңғы реквизиттері: дәлелдеу медицинасының негіздері, ішкі аурулар, хирургия, акушерлік және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік практика.
2.7. Пәннің қысқаша мазмұны
Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым ретінде денсаулықтың әлеуметтік байланыстылығын, денсаулық сақтау жүйесі мен қызметтерінің тиімді қызмет ету үдерісін қамтамасыз ететін әлеуметтік функцияларды, денсаулық сақтау құрылымдары мен мамандарын зерттейді. Пәннің маңызы. Қоғамдық денсаулық сақтаудың білімдер мен практикалық әрекет жүйесіндегі ролі мен орны. Пәннің қалыптасу тарихы, сатылары және дамуы. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың бөлімдері. Қоғамдық денсаулықты зерттеуде қолданылатын негізгі зерттеу әдістері.
Қоғамдық денсаулық Қазақстан халқы өсіп-өнуінің даму заңдылықтарын айқындайды, демографиялық үдерістерді зерттейді, перспективаны болжайды, халық санын мемлекеттік реттеу бойынша ұсыныстар өңдейді.
Қоғамдық денсаулықтың болашақ мамандарға білім беру және практикалық әрекеті жүйесіндегі ролі мен орны. Кез-келген маман өз ісін жақсы ұйымдастырушы болуы тиіс, өз жұмысын, өзіне қарасты медициналық персоналдар жұмысын дұрыс ұйымдастырып, медициналық және еңбек заңдылықтарын білуі тиіс; менеджмент, маркетинг, экономика және басқару элементтерін игеруі тиіс.
2.8. Тақырыптық жоспар: тақырыптары, әр сабақты жүргізу формасы мен ұзақтығы (дәрістер, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмысы).
Пәннің сағаттарын бөлу
Барлық сағаттар саны Дәрістер Практикалық сабақтар ОСӨЖ Өзіндік жұмыс Семестр Бақылау формасы
90 5 25 30 30 5-6 емтихан

Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1 Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және оқыту пәні ретінде. Денсаулықтың әлеуметтік факторлары Презентация 1
2 Денсаулықтың әлеуметтік факторлары Презентация 1
3 Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Презентация 1
4 Халық денсаулығын кешенді бағалау. Халық аурушылдығы және оны зерттеу әдістері. Презентация 1
5 Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұйымдастыру-құқықтық негіздері. Презентация 1
Барлығы 5

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1
Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе. Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдіснамалары. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Халық аурушылдығы. Репродуктивті денсаулық. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия 3
2 Халық денсаулығын кешенді бағалау. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия 3
3 Халыққа көрсетілетін көмектің ұйымдастыру ұстанымдары мен түрлері. Медициналық-статистикалық құжаттар. Қала халқына медициналық көмекті ұйымдастыру. Ауыл халқына медициналық көмекті ұйымдастыру. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, кейс-стади, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия, видеоматериалдарды карау. 3
4 Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия 2
Аралық бақылау 1
5 Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын талдау. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі еңбекке жарамсыздықты сараптауды ұйымдастыру. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, кейс-стади, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия, іс ойындары. 3
6 Денсаулық сақтау экономикасы. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын экономикалық талдау. Денсаулық сақтауды жоспарлау. Денсаулық сақтауды қаржыландыру. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия. 3
7 Денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау. Медициналық кызметті аккредитациялау және лицензиялау. Денсаулық сақтаудағы стандарттау. Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия, іс ойындар, жағдайды үлгілеу. 3
8
Денсаулық сақтаудағы менеджмент. Денсаулық сақтаудағы маркетинг. Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік. Денсаулық сақтаудағы бизнес-жоспарлау.
Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия, іс ойындар, жағдайды үлгілеу. 3
Аралық бақылау 1
Барлығы 25
Оқытушымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштері. Халық миграциясының негізгі тенденциялары, халық денсаулығына әсер етуі. Халық аурушылдығы: медициналық-әлеуметтік маңызы, көрсеткіштерді есепке алу және бағалау. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
2 Халық денсаулығының көрсеткіші ретіндегі дене бітімдік дамуы. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
3 Халыққа көрсетілетін көмектің ұйымдастыру ұстанымдары мен түрлері. Өндірістік өнеркәсіп жұмысшыларына медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
4 Ана мен балаларға амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмекті ұйымдастыру. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 3
5 ЕПМ жұмысын талдау. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
6 Денсаулық сақтау экономикасы. Бір жылда бір тұрғынға бюджеттік қаржыландыруын есептеу методикасы. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
7 Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік. Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасу тарихы. Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Денсаулық сақтаудағы маркетинг. Маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 4
8 Денсаулық сақтаудағы бизнес-жоспарлау: мақсаты, міндеттері, бизнес-жоспарды дайындау әдісі. Денсаулық сақтау мекемелерін басқару дағдылары және әдістері. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау 3
Барлығы 30
Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Жүргізу түрі Сағат саны
1 Денсаулықпен байланысты өмір сапасы Дискуссия, презентация. 1
2 Денсаулықтың валеологиялық аспектілері Дискуссия, презентация. 1
3 Медицина және денсаулық сақтаудың теориялары Дискуссия, презентация. 1
4 Халықтың табиғи қозғалысын талдау Дискуссия, презентация. 1
5 Репродукциялық денсаулық және тұрғы Дискуссия, презентация. 1
6 Аурушылдықты индивидуальды және жинақ тіркеу Дискуссия, презентация. 1
7 Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы Дискуссия, презентация. 2
8 Ересектер денсаулығы Дискуссия, презентация. 2
9 Қоғамдық денсаулықпен байланысты медицинаның этикалық проблемалары Дискуссия, презентация. 2
10 Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыбы Дискуссия, презентация. 2
11 Қазақстанға арналған мыңжылдықтың даму мақсаттары Дискуссия, презентация. 2
12 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі Дискуссия, презентация. 2
13 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы Дискуссия, презентация. 2
14 Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек Дискуссия, презентация. 2
15 Медициналық сақтандыру Дискуссия, презентация. 2
16 Денсаулық сақтаудағы бизнес-жоспарлау Дискуссия, презентация. 2
17 Шетелдік денсаулық сақтау Дискуссия, презентация. 2
18 Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар Дискуссия, презентация. 2
Барлығы 30
2.9 Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар
Жеке тапсырмаларды орындау: баяндамалар (презентациялар), эссе, рецензиялар; курстық жұмыс дайындау; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы; тест сұрақтарын, эталон жауаптар және кроссвордтар құрастыру; үйлестіру материалдары мен көрнекі құралдар дайындау. Жеке тапсырмаларды орындау және тапсыру берілген тақырып қарастырылған пән бөлімі өтетін аптадан кешікпеуі тиіс.
Семестр бойында студент әдістемелік нұсқауларда ұсынылып, тақырып бойынша оқытушы белгілеген тақырыптарға екі жұмыс орындайды.
2.2.10. Негізгі және қосымша әдебиет
Қазақ тіліндегі негізгі әдебиет:
1. Бигалиева Р.К., Исмаилов Ш.М.. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: Оқулық (мемлекеттік тілде). – Алматы, 2001.-371 б.
Орыс тіліндегі негізгі әдебиет:
Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.-512с.,2011
Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.-512 с,2009
Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение.- 288с- 2012
Аканов А.А., Камалиев М.А. Система здравоохранения Республики Казахстан: современное состояние, проблемы, перспективы. К вопросу о финансовой устойчивости в системах здравоохранения. 2010 - 56 с.
Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 г.
Государственная программа «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы, от 29 ноября 2010 года.
Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 г.г.- Астана, 2006. - 243 с.
Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2013.
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года №865 «Об утверждении Правил проведения профилактических медицинских осмотров целевых групп населения »
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 августа 2013 года № 479 «Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно – поликлиническую помощь».
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июля 2010 года № 498 «Об утверждении Правил оказания стационарной помощи в медицинских организациях по охране здоровья матери и ребенка»
http://online.zakon.kz/
http://www.poliklinika.kz/
http://www.mz.gov.kz
Постановление Правительства Республики Казахстан №2136 от 15.12.2009 г. «Об утверждении Перечня Гарантированного объема бесплатной медицинской помощи»
Бизнес- планирование в системе здравоохранения./ М.А. Камалиев и др.2002.- 34 с
Камалиев М.А. и др Бизнес-планирование в системе здравоохранения. Уч.метод.пособие. Алматы:"Эверо2009",-34 с.
Организация и оценка качества леч,-проф.помощи населению. Под ред. В.З.Кучеренко,- 2008.- 560с.
Қосымша әдебиет:
Васильева, Т.П., Трофимов В.В. Методологические и методические подходы к управлению профессиональной компетентностью медицинского персонала в современных условиях// Общественное здоровье и здравоохранение.-2008.-№1.
Дудин М.Н., Лясников Н.В. Мотивация как инструмент стабилизации сферы здравоохранения на современном этапе // Главврач. - 2009. - №9. - С.81-83.
Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения // Статистический ежегодник.
Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». – Астана, 2011.
Налоговый кодекс Республики Казахстан от 12.06.2001. Доп. От 10.12.2008.
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: Учебное пособие для вузов. – М.: ГЭОТАР-медиа, 2008. – 64 с.
Татькова А.Ю., Чечельницкая С.М., Румянцев А.Г. К вопросу о методике оценки качества жизни, обусловленного здоровьем// Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2009. - №2.- С.46-51
Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. 184 с.
Конституция Республики Казахстан.
Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения: Учебное пособие для вузов / Под ред. В.З. Кучеренко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 256 с.
http://kkmfd.mz.gov.kz/Кадыров Ф.Н.  Стимулирующие системы оплаты труда в здравоохранении в рамках введения эффективного контракта /Под ред. академика РАМН В.И.Стародубова. – М.: ISBN 978-5-903834-06-8. 2014.- 360 с.
Кудрина В.Г., Андреева Т.В., Дзеранова Н.Г. Эффективность обучения медицинских работников информационным технологиям: М.- «Менеджер здравоохранения»,2013.-248с.
Бизнес- планирование в системе здравоохранения./ М.А. Камалиев и др.- 38с.2009
Бурибаева Ж.К. Системный анализ и моделирование в общественном здравоохранении. 2009, -66с.
Система мониторинга и оценки деятельности органов и организаций здравоохранения. Теория и практика. Уч.метод. пособие. Авторы; Аканов А.А., Камалиев М.А., Усатаев М.М. и др. 2009.-80с.
2.11 Оқу және оқыту әдістері
Дәрістер – кіріспе, тақырыптық, шолу, қорытынды.
Практикалық сабақтар – түрлі оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерді алдын-ала оқып білімді белсенді пайдаланып өткізетін семинарлар.
СӨЖ – жеке тапсырмаларды орындау: баяндамалар (презентациялар), эссе, рецензиялар дайындау; курстық жұмыстарды орындау; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы; тест сұрақтарын, кроссвордтар, жауап эталондарын құрастыру; үйлестіру материалы мен көрнекі құралдар дайындау. Жеке тапсырмаларды орындап тапсыру берілген тақырып қарастырылатын пән бөліміне сәйкес аптадан кешікпей жүргізілуі тиіс.
2.12 Білімді бағалау критерилері мен ережелері: әрбір деңгейдегі білімді бағалау шкаласы мен критерилері
Біліктілікті бағалау
№ Тақырыбы Бағаланатын біліктіліктер
Когнитивті
(білім) Операциялық
(тәжірибелік дағдылар) Аксилогиялық
(коммуни-кативті дағдылар) Құқықтық (құқықтық біліктілік) Үздіксіз оқу және жетілдіру
1 Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе. Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдіснамалары. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Халық аурушылдығы. Репродуктивті денсаулық. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау.
Демографиялық және аурушылдық көрсеткіштерін есептеу және талдау арқылы ситуациялық есептер шығару Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
2 Халық денсаулығын кешенді бағалау. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау.
ҚРКонститу-циясы 30.08.95, Кодекс РК
«Халық денсаулығы және денсау-лық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009,
«Саламатты Казахстан»2011-2015 жылдарға мем.бағдарлама 29.11.2010. Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
3 Халыққа көрсетілетін көмектің ұйымдастыру ұстанымдары мен түрлері. Медициналық-статистикалық құжаттар. Қала халқына медициналық көмекті ұйымдастыру. Ауыл халқына медициналық көмекті ұйымдастыру. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау.
Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
4 Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау. Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
Аралық бақылау 5 Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын талдау. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі еңбекке жарамсыздықты сараптауды ұйымдастыру. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау. ЕПМ көрсеткіштерін есептеу арқылы ситуациялық есептер шығару ЕПМ тіркеу-оперативті және есептік құжаттармен жұмыс жасау. Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
6 Денсаулық сақтау экономикасы. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын экономикалық талдау. Денсаулық сақтауды жоспарлау. Денсаулық сақтауды қаржыландыру. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау. Денсаулық сақтаудағы экономика бойынша ситуациялық есептер шығару Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
7 Денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау. Медициналық кызметті аккредитациялау және лицензиялау. Денсаулық сақтаудағы стандарттау.
Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау. Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
8 Денсаулық сақтаудағы менеджмент. Денсаулық сақтаудағы маркетинг. Денсаулық сақтаудағы Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік. бизнес-жоспарлау. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау. Тесттік тапсырмаларды орындау. Шағын топтарда жұмыс істеу қабілеттілігін бағалау, пікірталасқа түсе білу және өз көзқарасын дәлелдей білу. Әр сабақта студенттердің өзіндік жұмысын бақылау
Аралық бақылау *Студент 1 кредитке СӨЖ-ның 1 тақырыбын өзі таңдау арқылы дайындайды, 2 кредитке 2 тақырып дайындайды
*Бағаланатын біліктіліктің саны 15+2 аралық бақылау
Пән бойынша сомалық қорытынды рейтинг 100 балға тең.
Күнделік бақылау:
- ауызша сұрау;
- жазбаша сұрау;
- тестілеу;
- ситуациялық есептер шешімін тексеру;
- аралық бақылау
- рефераттарды, баяндамалар мен презентациялар қорғауды бағалау.
Қорытынды бақылау: нәтижелерді кешенді бағалау:
- білімді күнделікті бақылау;
- тестілеу;
- ауызша пікірталас
Студенттердің білімін бақылауды ауызша жүргізу технологиясы
Күнделікті бақылау t – құзыреттерді қалыптастыру деңгейін бағалау
t= (Z+N+K+P+S)/n, мұндағы
n – барлық құзыреттер бойынша тапсырмалар саны
Z: z1+z2…zn - білім бағасы
N: n1+n2…nn - тәжірибелік дағдылар бағасы
K: k1+k2…kn - коммуникативті дағдылар бағасы
P: p1+p2…pn - құқықтық құзыреттер бағасы
S: s1+s2…sn - СӨЖ бағасы
t – күнделікті бақылау = оқытудың бес құзыреті бойынша орта баға: білім, тәжірибелік дағды, коммуникативті дағды, құқықтық құзырет, өзіндік жетілдіру дағдысы және аралық бақылау.
Күнделікті тест бақылауын бағалау шкаласы.

ЧЕК-ПАРАҚ
Күнделікті тестік бақылаудағы тестілеу нәтижесін бағалау
Тест түріндегі тапсырмалар саны - 10
1 дұрыс жауапқа 5 балл
максимальды жианлатын балл саны -100 балл Дұрыс жауаптар саны Жиналған балл қосындысы
(1 дұрыс жауапқа 5 балл Х дұрыс жауаптар саны)
Максимальды балл – 100.
Балл қорытындысы ________________________________
Оқытушының қолы ___________________
ЧЕК-ПАРАҚ
Аралық бақылаудағы тест тапсыру нәтижесін бағалау
Тест түріндегі тапсырмалар саны - 25
1 дұрыс жауапқа 4 балл
максимальды жианлатын балл саны -100 балл Дұрыс жауаптар саны Жиналған балл қосындысы
(1 дұрыс жауапқа 4 балл Х дұрыс жауаптар саны)
Максимальды балл – 100.
Балл қорытындысы ________________________________
Оқытушының қолы ___________________
Емтиханға жіберу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 60 % құрайды, сондықтан пән бойынша семестрлік бағасы келесі формуламен анықталады:
Rд = t+r1+r2+...+rn/m × 0,6,, мұндағы
t – күнделікті бақылау
r – аралық бақылау
m – күнделікті және аралық бақылаулардың саны
Аралық бақылау (r): саны - 2, жүргізу үлгісі –тест сұрақтары және жазбаша жауап сұрақтары түрінде.
Білім – максимал 100 балл
Критерилер бағасы, балл
Қатысу, дәріс мәліметтері мен қосымша әдебиеттерді (үш және одан жоғары) қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау 95-100
Қатысу, дәріс мәліметтері мен бір қосымша әдебиетті қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау 90-94
Қатысу, дәріс мәліметтерін қолдана отырып ауызша толық жауап беру 85-89
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, өз бетінше, бірақ тапсырманы дәлдіксіз орындаған 80-84
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, тапсырманы өз бетінше, бірақ дәлдіксіз, толымсыз орындаған 75-79
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, жұмыстың бір сатысында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 70-74
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың бірнеше сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 65-69
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың барлық сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 60-64
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау 55-59
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде дөрекі қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау 50-54
Қатысу, материалды білмеу, тапсырманы орындамау 0-49
Сабаққа қатыспау 0
Тәжірибелік дағдылар – максимал 100 балл
Критерилер бағасы, балл
Қатысу, дәріс мәліметтері мен қосымша әдебиеттерді (үш және одан жоғары) қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау 95-100
Қатысу, дәріс мәліметтері мен бір қосымша әдебиетті қолдана отырып толық жауап беру, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындау 90-94
Қатысу, дәріс мәліметтерін қолдана отырып ауызша толық жауап беру 85-89
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, өз бетінше, бірақ тапсырманы дәлдіксіз орындаған 80-84
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, тапсырманы өз бетінше, бірақ дәлдіксіз, толымсыз орындаған 75-79
Қатысу, ауызша жауап беруде болмашы қателіктер жіберген, жұмыстың бір сатысында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 70-74
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың бірнеше сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 65-69
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, жұмыстың барлық сатыларында оқытушының көмегіне жүгініп, тапсырманы дәлдіксіз, толымсыз орындаған 60-64
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде айтарлықтай қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау 55-59
Қатысу, толымсыз ауызша жауап беруде дөрекі қателіктер жіберген, тапсырманы орындамау 50-54
Қатысу, материалды білмеу, тапсырманы орындамау 0-49
Сабаққа қатыспау 0
Коммуникативті біліктілік - максимал 100 балл
Критерилер бағасы, балл
Зерттелетін тақырып бойынша негізгі теориялар мен бағыттарда еркін әрекет жасау; айналамен байланыс орнатуға машықтану мен дағдылануда кіршіксіз, оқу тапсырмаларын орындауда өз бетінше тиімді қатынас жасау 95-100
Зерттелетін тақырып бойынша негізгі теориялар мен бағыттарда еркін әрекет жасау; айналамен байланыс орнатуға толық машықтану және дағдылану, оқу тапсырмаларын орындауда өз бетінше тиімді қатынас жасау 90-94
Практикалық сабақтарға белсене қатысу; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын айтарлық толық меңгеру, оқу тапсырмаларын орындауда өз бетінше тиімді қатынас жасау 85-89
Практикалық сабақтарға өз бетінше саналы түрде қатынасу; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын меңгеру, оқу тапсырмаларын орындауда өз бетінше тиімді қатынас жасау 80-84
Практикалық сабақтарға саналы түрде қатынасу; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 75-79
Стандарттық жағдайларда оларды дұрыс бағалай отырып, әрекет жасай білу; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 70-74
Оқытушының жетекшілігімен стандарттық жағдайларда әрекет жасай білу, айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 65-69
Оқытушының жетекшілігімен стандарттық жағдайларда әрекет жасай білу; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын толымсыз меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 60-64
Айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын толымсыз меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 55-59
Практикалық сабақтарға белсенді қатынаспау; айналамен байланыс орнату машықтары мен дағдыларын толымсыз меңгеру, оларды оқу тапсырмаларын шешуде қолдану 50-54
Практикалық сабақтардағы пассивтілік; коммуникативті дағдылаы мен машықтарының болмауы 0-49
Сабаққа қатыспау 0
Құқықтық біліктілік - максимально 100 балл
Критерилер бағасы, балл
Заңдылық актілердің негізгі ережелерін меңгеру; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін мүлткісіз игеру 95-100
Заңдылық актілердің негізгі ережелерін меңгеру; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін толық игеру 90-94
Денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін айтарлық толық игеру 85-89
Заңдылық актілердің негізгі ережелерін өз бетінше зерделей білу; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін игеру 80-84
Заңдылық актілердің негізгі ережелерін, оларға дұрыс баға бере отырып зерделей білу; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін игеру 75-79
Заңдылық актілердің негізгі ережелерін меңгеру; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін игеру 70-74
Оқытушының жетекшілігімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін меңгеру; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін игеру 65-69
Оқытушының жетекшілігімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін меңгеру; денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін толымсыз игеру 60-64
Денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін толымсыз игеру 55-59
Денсаулық сақтау сферасының нормативтік-құқықтық негізін әлсіз игеру 50-54
Құқықтық біліктілік бойынша дағдының болмауы 0-49
Сабаққа қатыспау 0
Өзін жетілдіру - максимал 100 балл
Критерилер бағасы, балл
Графикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді (5 және одан жоғары) қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру. 95-100
Графикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді (2-5) қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру. 90-94
Графикалық материалдар мен қосымша бір әдебиетті қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толық орындалуы. Материалды еркін және толық бақылау. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру. 85-89
Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толық жауап беру. 80-84
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толымсыз жауап беру. 75-79
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда болмашы дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына толымсыз, болмашы қателіктермен жауап беру. 70-74
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген. Бақылау сұрақтарына айтарлықтай қателіктермен толымсыз жауап беру. 65-69
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген, материалдың логикасы мен мазмұны бұзылған. Бақылау сұрақтарына айтарлықтай қателіктермен толымсыз жауап беру. 60-64
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Материалды баяндауда айтарлықтай дәлсіздіктер жіберілген, материалдың логикасы мен мазмұны бұзылған. Бақылау сұрақтарына жауап бермеу. 55-59
СӨЖ формаларына сәйкес барлық талаптардың толымсыз орындалуы. Жұмысты ауызша қорғай алмау. 50-54
СӨЖ болмауы 0
* Пән бойынша балл-рейтингтік бағалау 2-үлгіде көрсетіледі.
Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы
Қорытынды бақылау: интеграцияланған емтихан екі сатыдан тұрады:
1) тестілеу,
2) ауызша (билет бойынша, тәжірибелік дағдыларды тексеру)
1 және 2 сатыдағы емтихан бағаларының үлес салмағы:
1 саты – 60%
2 саты – 40%
Е=Е1* 0,25+ Е2* 0,15, мұндағы
Е1 – I сатыдағы емтихан бағасы (пән бойынша тестілеу)
Е2 – II сатыдағы емтихан бағасы (пән бойынша ауызша сұрау)
Қорытынды баға емтиханға жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасынан тұрады:
 
I=RД*0.6+( Е1* 0,25+ Е2* 0,15)
Қорытынды рейтинг 60% емтиханға жіберу рейтингісінен және 40% қорытынды бағалау бағасынан тұрады.
Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы
Әріптік жүйесі бойынша бағасы Балдардың цифрлық эквиваленті Пайыздық
Мөлшері,% Дәстүрлік жүйесі
бойынша бағасы
А 4,0 95-100 ҮЗДІК
А- 3,67 90-94 В 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С 2,33 70-74 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Приложенные файлы

  • docx 17966138
    Размер файла: 128 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий