sillabus kaz


Ф КГМУ 4/3-03/03
ПП КГМУ 4/03
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Клиникаға кіріспе кафедрасы
СИЛЛАБУС
«Балалар ауруларына кіріспе» БАК-3404 пәні бойынша
«Жалпы медицина» 5В130100 мамандығы
Оқу сағаттар көлемі – 90 (2 кредит)
Курс 3
Семестр V
Қарағанды 2014 ж.

«Жалпы медицина» - 5В130100 мамандығы бойынша «Балалар ауруларына кіріспе»
БАК-3404 пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды 29.09.2014 ж.
Силлабус кафедра отырысында қаралып, бекітілді
__.__. 2014. Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі Кабиева С.М.
Оқытушылар жайындағы мәліметтер:

Кафедра меңгерушісі: профессор м.а. Кабиева Сауле Маутовна, медицина ғылымының докторы, дәрігер-педиатр, балалардың кардиоревматологиясы бойынша бірінші категориялы, педиатрия бойынша жоғарғы категориялы. Тәжірибелік сабақты және дәрісті қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді. Докторлық диссертация тақырыбы бекітілген.
Ғылыми қызығушылығы - жас балалар және неонотология саласындағы жүрек патологиясы. 60 аса ғылыми жұмыстардың және үш оқу әдістемесінің авторы.
Қызмет телефоны: 41-64-52 (облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы).

Оқытушылар:
Ассистент Абильдина Назерке Турсыновна, дәрігер-педиатр II санатты дәрігер, балалар гастроэнтерологы, 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Сабақты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Қазақ тіліндегі әдістемелік жұмыстарға, мәселелі оқыту бағдарламасына жауапты. 2 ғылыми баспа жұмысының, 3 оқу әдістемелік құралының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.

Ассистент Дундукова Расима Сабировна, педагогикалық стажы 5 жылдан аса, дәрігер-педиатр, I санатты дәрігер. Кафедрадағы оқу кәсіптік тәжірибені жүргізу және ұйымдастыруға жауапты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.

Ассистент Корнеева Елена Аркадьевна жоғары санатты дәрігер-педиатр, денсаулықсақтау тәжірибесінде жұмыс істеді, тәжірибелік сабақта орыс тілінде жүргізеді

Ассистент Курилова Вероника Викторовна дәрігер-педиатр, бірінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 26 жыл жұмыс істеген, сабақты орыс тілінде жүргізеді. Кафедрада АҚ жөнінде жауапты. Педогогикалық білімін жоғарлату сертификаты бар.
Ассистент Аукенова Ляззат Бахтыбаевна, дәрігер-педиатр, функционалді диагностика дәрігері, бірінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 20 жылдан артық жұмыс істеген. Тәжірибелік сабақты қазақ тілінде жүргізеді
Ассистент Асетова Жанар Асеновна, дәрігер – педиатр, екінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 9 жылдан артық жұмыс істеген. Тәжірибелік сабақты қазақ тілінде жүргізеді
Байланыс ақпараты: Оқу бөлімінің кестесі бойынша сабақтар кафедраның клиникалық базасында жүргізіледі: ММ”Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы”(С.Сейфуллин көшесі 11), автобустар 51,34, маршруттар 01,06,30,011 (аялдама Школьник дүкені ); автобустар 7,33,41,122,127,165,146 маршруттар 28,02 (аялдама Монша). Байланыс телефоны 41-64-52.
Электрондық мекен-жай: [email protected]
Оқу пәнінің саясаты кафедраның клиникалық базасындағы оқу үрдісінің кезекті және мақсаты түрде өтуімен бекітіледі. Палатада, мейірбике бекетінде, емшара бөлмесінде, науқас отбасымен танысудың алғашқы тәжірибені қабылдау немесе медициналық мамандармен өзара-қатынастарын тығыз дамыту. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғарғы мектепте жалпы принциптерге үйретуге негізделген, сырт принциптерге үйретуге негізделген, сырт пішіндерін қатаң қадағалау; үтіктелген таза ақ халаттың немесе хирургиялық киімнің, қатырылған қалпақ, ауыстырылатын аяқ киім, маскалардың болуы. Сонымен қатар, емдеу-диагностикалық үрдісте дәрігер көмекшісі ретінде, медициналық этика, деонтология принциптерімен, науқас адамды күту мен бақылаудағы арнайы білім мен әдістерді, арнайы манипуляцияларды жүргізуді үйретуге қатаң көңіл бөлінеді.
Пәннің бірінші сабағында білімнің базистік деңгейін бағалау жүргізіледі. Базистік білімнің бағасы 100 балдық өлшеммен оқу журналына қойылады. Базистік білімнің бағасы ӨР санағанда қосылмайды.
Студенттерге оқытушы ағымдық бағаны оқу журналына 100 балдық өлшеммен әрбір орындалған тапсырма/бөлім үшін қойылады (бірнеше сабақтың тақырыбын біріктірген интегрирленген тақырып). Тапсырма/бөлім үшін қойылатын ағымдық бағаға оқу жұмысының барлық түрі кіреді (аудиторлы және аудиториядан тыс).
Пән бойынша ағымдық бақылау әрбір кредиттің ОСӨЖ тақырып жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ағымдық бақылауға өтілген барлық дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптары кіреді.
Себепсіз босатылған сабақтар өтелмейді. Егер келмеген жалпы тәжірибелік сабақтардың саны 50 пайызды құраса студент тапсырманы/бөлімді тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.
Себепті салдармен босатылған сабақтар өтеледі.
Босатылған сабақтарды өтеу үшін:
факультеттің деканынан немесе декан орынбасарынан сабаққа өтеу қағазын алады;
сабаққа келген уақыттан бастап екінші сабаққа өтеу қағазын кафедраға тапсырады
Сабақты өтеу ережелері:
кафедраның жеке жұмыс және кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушыға тақырыпты ауызша өтейді;
Студент себепті салдармен жіберілген сабақты уақытында өтемесе себепсіз жіберілген сабақпен теңеседі. Электронды журналға «0» белгісі қойылады.
Сырқаттану себебімен сабақтың 1/3 бөлігін босатқан жағдайда студент ҚММУ-дың емханасына қаралып, дәрігер-бақылау кеңесімен медициналық қортынды алып академиялық демалысқа шығуына мүмкіндік алуына болады.
Пән бойынша қортынды бақылау жұмыс бағдарламасының жоспарына сәйкес компьютерлік орталықта тестілік тапсырма бойынша емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
Қортынды бақылауға пән бойынша жұмыс бағдарламасымен құарастырылған барлық тақырып сұрақтары кіреді. Студенттерге қортынды бақылауға арналған тестілік тапсырмалар берілмейді.
Кіріспе
«Балалар ауруларына кіріспе» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы баланың жүйелері мен мүшелерінің жастық даму ерекшеліктері жөнінде жүйеленген ғылыми білімдерді мазмұндайды, сонымен қатар, әртүрлі жастағы дені сау және науқас балаларды қарау әдістерін, салауатты өмір шарттарын, ерте жастағы балаларды тиімді тамақтандыру шарттарын оқытуды қарастырады.
Қоғам игілігінің басты көрсеткіші балалардың денсаулығы, сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау мемлекетіміздің басты тапсырмасы болып табылады. Осыған байланысты, бұл пәнді оқыту балаларға медициналық қызмет көрсету сферасында білімді мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Бала ағзасының өсу және даму заңдылықтарын білу, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің балалармен жұмыс істеу кезіндегі ерекшеліктерді ескеруге үйретеді.
Студенттердің пәнді игеруі балаға зейнмен қарауға және баланың немесе оның ата-анасының психикалық жағдайын түсінуге жағдай жасайды.
Пәннің мақсаты: студенттерде дәрігер қызметінің кәсіби дайындығына қажетті әр түрлі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен қатынасу дағдыларын құрастыру, баланың жастық ерекшеліктеріне сай дамуын және денсаулық жағдайының ауытқуларын бағалауды үйрету.
Оқыту тапсырмалары
1. Пәнге кіріспе, балалар ауруханасының және оның бөлімдерінің жұмысының ұйымдастырылумен таныстыру. Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық өлшемдері
2. Мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін оқыту және тексеру әдістерімен таныстыру
3. Дәрігер тағайындауын және маңызды диагностикалық ісшараларды орындауды үйрету. Балалардың физикалық және жыныстық жетілу заңдылықтары
4. Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау
5. Балаларды тиімді тамақтандырудың негізгі шарттары
Оқытудың соңғы нәтижелері (компетенциялар)
Дублиндік дескрипторлар бірінші деңгей (бакалавриат) Блум пирамидасы
Дескриптор бойынша оқытудың соңғы нәтижелері Компетенция
A Бұл оқу аймағы бойынша өз білімінің және түсінігінің басты элементтерін көрсете білу
Білімі - бала ағзасының және мүшелерінің анатомиялық-физиологиялықм негізгі ерекшеліктерін сипаттайды
- қалыпты жағдайда және патологияда физикалді зерттеу әдістердің мәліметтерін танып біле алады
- дәрігердің кәсіби деонтологиялық шарттарын анықтайды
- негізі лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерін атайды және қортындылайды 1, 2, 4,6
Түсінуі -баланың физикалық дамуының көрсеткіштерін анықтайды 1,2,4,6
B Алған білімін және түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; Қолдануы -қалыпты жағдайда және патологияда науқас баланың физикалді зерттеуінің қортындысын сипаттап, дағдыларын көрсетеді (сұрастыру, қару, пальпация, перкуссия, аускультация)
-патологиядағы өзгерістердің механизмі мен себебін түсіндіреді
- лабораторлы- инструменталді зерттеу нәтижелерін талдайды
- ішкі ағзалар ауруларының кең таралған симптомдары және синдромын анықтайды;
- алғашқы диагнозды құрастырады және негіздейді 1, 2, 3, 4, 5,6,7
C Зерттеу аймағының мәселелерін шешу және аргументтер қалыптастыру Талдау - науқастарды клиникалық зерттеу нәтижелерін бағалайды және талдайды
- бала жасындағы аурулардың негізігі симптомдары және синдромының пайда болу себебіне гипотезаларды ұсынады және ақпараттайды
- жүйелер мен ағзаларды клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің құндылықтары жөнінде өз ой-тұжырымын құрастыра білу
- ауруларды зерттегенде клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің маңыздылығының қажеттілігін анықтау
- балалармен және оның ата-анасымен қарым – қатынас жасағанда дәрігерлік деонтология сұрақтарын талқылау и 1,2,3,4, 5,6,7
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларын есепке ала отырып,ақпаратты жинау және интерпретация жасау. Синтез - негізігі симптомдардың және синдромының пайда болу механизмін негіздеп жіктей білу қабілеттілігін көрсету
- науқасты физикалді зерттеудің реттілігін жүйелеп көрсету қабілеттілігі
- диагнозды негіздеу белгілерімен, клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, ақпарттау қабілеттілігін көрсету
- студенттік үйірмеде және СӨЖ тақырыбын презентация түрінде көрсетіп, өзінің көзқарасын талдау және оқу әдебиеттерімен жұмыс істей алатындығын көрсету
- оқу аймағында алынатын ақпаратты қортындылу және талдау, өзінің ой-тұжырымын бұқара алдында жеткізе білу 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8
E Ақпаратты, ойын, мәселесін және шешімін мамандарға, маман еместерге айту
Бағалау - баланың антропометриялық зерттеуінің нәтижесін бағалау: дене салмағын, кеуде және бас шеңберін өлшеу;
- антропометриялық зерттеуінің стандарттар мен индекс нәтижесінің негізінде баланың физикалық дамуын бағалау;
- дені сау және науқас баланы клиникалық зерттеуді бағалауды жүзеге асыру: қарау, аускультация, перкуссия, пальпация;
- баланың жүйке-психикалық дамуын бағалау;
- лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау;
- бала өмірінің алғашқы жылында тамақтану әдісін есептеуді анықтау және түзету 1,2,3,4,5,6,7,8
Компетенция тізімі: 1.Жалпы білім. 2. Биомедициналық ғылымды білу. 3.Коммункативті дағдылар. 4.Өзін үнемі жетілдіру дағдысы. 5.Ғылыми зерттеу дағдысы. 6.Топен жұмыс істеу дағдысы 7. Кәсібилік 8. Клиникалық дағдысы
Пререквизиттер: анатомия-1, физиология-1, клиникаға кіріспе-1, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар-1.
Постреквизиттер: балалар аурулары-2, балалар хирургиясы
Пәннің қысқаша мазмұны
Пәнге кіріспе, балалар аурулары ауруханасының және бөлімдерінің жұмысының ұйымдастыруымен таныстыру. Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық критерилері. Балалық кезеңдері. Педиатриядағы жас және жастық кезеңдерге бөлінуі. Балалардың физикалық дамуының және жыныстық жетілуінің заңдылықтары. Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау. Балалардың лифа түйіндерінің және тері асты май қабатының және терісінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардың сүйек және бұлшықет жөүйесін зерттеу әдістері және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Әртүрлі жастағы балалардың қанайналым мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардың асқорыту мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардағы бүйрек және зәршығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардағы эндокриндік жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Иммундық жүйе.Дені сау баланың тамақтануы

Пән бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тақ№
Тап

Тақырыптар атауы Сағ. саны Өткізу қалпы Ұзақтығы
Кредит 1 1 1 Баланы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері 1 Кіріспе дәріс 50 мин
2 1 Баланың физикалық дамуының және жыныстық жетілуінің заңдылықтары 1 Шолу көркемді 50 мин
3 2 Балалардың психомоторлы дамуы. Бала психикасының құралу кезеңдері 1 Шолу көркемді 50 мин
4 2 Бала терісінің физиологиялық ерекшеліктері. Бөртпелердің морфологиялық элементтері 1 Шолу көркемді 50 мин
5 3 Балалардың тыныс алу жүйесінің сипаттамалары. Зерттеу әдістері 1 Мәселелі дәріс 50 мин
6 3 Жүрек – қантамыр жүйесін зерттеу 1 Шолу көркемді 50 мин
барлығы 6 Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тақ№
Тап

Тақырыптар атауы Өткізу қалпы Сағ.
саны
Кредит 1 1 1 Пәнге кіріспе, балалар аурулары ауруханасының және бөлімдерінің жұмысының ұйымдастыруымен таныстыру. Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық критерилері. Балалық кезеңдері Пікірталас 1
2 2 Терінің және тері асты май қабатының, лимфа түйіндерінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
3 2 Балалардың сүйек және бұлшықет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
4 3 Балалардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
5 3 Балалардың қанайналым мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері Эвристикалық әңгімелесу 2
барлығы 9
ОСӨЖ сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тақ№
Тап№
Тақырыптар атауы Өткізу қалпы Сағ.саны
Кредит 1 1 1 Әртүрлі жастағы балалардың антропометриялық өлшемдерінің зерттеу әдістері. Формулалар мен сызбалар арқылы физикалық дамуды бағалау Пікірталас 3
2 2 Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау Жағдайлық есепті шешу 2
3 2 Сүйектер мен буындарды зерттеу. Сүйек қаңқасының сүйектену уақыты. Сүйек – бұлшықет жүйесінің дисэмбриогенезінің стигмалары МДМ-де және мектепте оқытушымен бірге жұмыс 2
4 3 Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері. Пікірталас 2
3 Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері. Дөңгелек үстел 2
5 3 Әртүрлі жастағы балалардың жүрек – қан тамыр жүйесін зерттеу әдістері. Пікірталас 3
6 Сабақ бойынша қортынды бақылау 1
барлығы 15
Кеңесу уақыты:
Кеңес апта сайын сенбі күндері кафедрада 9.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Аралық бақылау уақыты: Ағымдық бақылау кафедрада кредиттің ОСӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспарына сәйкес соңғы тақырыбының уақытында жүргізіледі
Қорытынды бақылау уақыты: Академиялық күнтізбеге сәйкес.

СӨЖ сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тақ

Тап№
Тақырыптар атауы Өткізу қалпы Сағат
тар саны
Кредит 1 1 1 Балалардың физикалық дамуының ауытқуы. Гипотрофия және паратрофия, гипостатура, нанизм және гигантизм түсініктері. Рферат дайындау 5
2 2 Жасөспірімдердің жүйке-психикалық дамуының ерекшеліктері және оған эндокринді жүйесінің әсері. Балалардың жыныстық дамуы Жоба дайындау 5
3 3 Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалді сынамалары ( Шалков бойынша, Штанге сынамасы, степ-тест, велоэргометрия). Жүрек-қантамыр жүйесін инструменталді зерттеу әдістері (ЭКГ, эхокардиография, допплер-кардиография және т.б.). Тақырыпты оқу. Жоба дайындау 5
барлығы 15
СӨЖ орындау және тапсыру кестесі: ОСӨЖ тапсырмасы бойынша соңғы тақырыпты оқу күніне сәйкес сабақты жүргізетін оқытушыға тапсырады
Пән бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

тақ №
тап Тақырыптар атауы Сағаттар саны Өткізу қалпы Ұзақтығы
Кредит 2 1 1 Балаларда асқорыту жүйесінің сипаттамасы. Асқазан ішек жолын зерттеу 1 Мәселелі дәріс 50 мин
2 1 Зәр құралу мен зәр шығару кезеңдері. Зақымдалудың негізіг синдромдары 1 Шолу көркемді 50 мин
3 2 Эндокринді патологиясы бар балаларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктері 1 Шолу көркемді 50 мин
4 2 Балалардың қанжасаушы және қан жүйесі 1 Шолу көркемді 50 мин
барлығы 4 Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

тақ №
тап Тақырыптар атауы Өткізу қалпы Сағ.
саны
Кредит 2 1 1 Балалардың асқорыту мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
CBL 2
2 2 Балалардағы бүйрек және зәршығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
3 2 Балалардағы эндокриндік жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Жыныстық жетілу Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
4 3 Балалардағы қанды және қан жасаушы мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Аз топтардағы жұмыс(АТ) 2
5 3 Табиғи тамақтанатын ерте жастағы балалардың рационалді тамақтануының негізгі шарттары. Тамақтанудың тәуліктік көлемін есептеу әдістері. Қосымша тамақты қосу CBL 2
Барлығы 10
ОСӨЖ сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

тақ №
тап Тақырыптар атауы Өткізу қалпы Сағ. саны
Кредит 2 1 1 Балалардағы асқорыту мүшелерін зерттеу әдістері Пікірталас 2
2 2 Балалардағы бүйрек және зәршығару жүйесін зерттеу әдістері Жағдайлық есепті шешу 2
3 2 Балалардағы эндокриндік бездерін зерттеу әдістері МДМ-де және мектепте оқытушымен бірге жұмыс 2
4 3 Қан жүйесін зерттеу әдістері. Перифериялық қанның көрсеткіштері, сүйек миының өзгерістері. Лимфа түйіндерін, көкбауырды пальпациялау Пікірталас 2
5 3 Иммундық жүйе. Қорғаныстың арнайы және арнайы емес механизмдері Дөңгелек үстел 2
6 3 Жасанды және аралас тамақтандырудың ережелері, тиімділігін бағалау, жиі болатын қателіктер Пікірталас 2
7 3 Асқорыту жүйесін зерттеу әдістері Пікірталас 2
8 Бөлім бойынша қортынды сабақ 1
барлығы 15
Кеңесу уақыты:
Кеңес апта сайын сенбі күндері кафедрада 9.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Аралық бақылау уақыты: Ағымдық бақылау кафедрада кредиттің ОСӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспарына сәйкес соңғы тақырыбының уақытында жүргізіледі
Қорытынды бақылау уақыты: Академиялық күнтізбеге сәйкес.
СӨЖ сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

тақ №
тап Тақырыптар атауы Өткізілу қалпы Сағат
тар саны
Кредит 2 1 1 Әртүрлі жастағы дені сау балалардың ішегінің бактериалді флорасы, оның физиологиялық рөлі. Эубиоз және дисбактериоз түсінігі Тақырыпты оқу. Жоба дайындау 5
2 2 Балаларда зат алмасуы. Ақуыз, май және көмірсу алмасуының ерекшелігі. Энергетикалық алмасуы. Су-тұз алмасуы. Дәрумендер алмасуы Реферат дайындау 5
3 3 Сүт қоспаларының жіктелуі. Жасанды сүт қоспаларын таңдау шарттары Жоба дайындау 5
Барлығы 15
СӨЖ орындау және тапсыру кестесі: ОСӨЖ тапсырмасы бойынша соңғы тақырыпты оқу күніне сәйкес сабақты жүргізетін оқытушыға тапсырады
Әдебиеттер: негізгі және қосымша
Негізгі:
1.Асқамбай К. Балалар аурулары пропедевтикасы және балалар ауруларының қүтімі [Мәтін] : оқулық / К. Асқамбай, 2014, Эверо. - 364 б
2.Баймұханбетова Б.Н. Балалар ауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар [Мәтін] : оқу құралы / Б. Н. Баймұханбетова, АҚНҰР, 2012. - 340 б.
3.Шәкімова Г.Ә.; Шабдарова С.К.; Дадамбаев Е.Т.; Иманбаева Т.М.; Орынбасарова К.Қ. Балалар аурулары пропедевтикасы [Мәтін] : оқулық / Г. Ә. Шәкімова [и др.]. - 2-е изд., испр. - Алматы : Эверо, 2011. - 312 б.
4.Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары [Мәтін] : оқулық / Б. Түсіпқалиев, 2012. - 1144 б.
5.Түсіпқалиев Б.Т. Балалар ауруларының пропедевтикасы [Мәтін] : медициналық жоғары орындарының студенттеріне арналған оқу әдебиеті / Б. Т. Түсіпқалиев, 2009, Эверо. - 460 б.
Қосымша:
Кильдиярова Р.Р. Основы формирования здоровья детей : учебник / Р. Р. Кильдиярова, В. И. Макарова, Ю. Ф. Лобанов, 2015, ГЭОТАР-Медиа. - 328 с.
Н.А.Геппе, Н.С.Подчерняева. Пропедевтика детских болезней [Текст] : учебник / ред.Н.А.Геппе,Н.С.Подчерняева. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с. : ил. + CD
Кильдиярова Р.Р. Физикальное обследование ребенка : учебное пособие / Р. Р. Кильдиярова, Р. Р. Лобанов, Т. И. Легонькова, 2015, ГЭОТАР-Медиа. - 256 с.
Капитан Т.В.  Пропедевтика детских болезней с уходом за детьми [Текст] : учеб. для вузов / Т. В. Капитан. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 656 с.
Геппе, Н.А. \ред.\; Подчерняева, Н.С. \ред.\  Пропедевтика детских болезней [Электронный ресурс] : электр. учебник / ред. А. С. Калмыкова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные учебники).
Чапова, Ольга Игоревна Пропедевтика детских болезней [Text] : учеб. пос.для медвузов / Чапова, Ольга Игоревна, Лазарева Г.Ю. - М. : Владос-пресс, 2005. - 360 с. - (Конспекты лекций для медицинских вузов).
Дроздов, А. А. , Дядя, Г.И.; Осипова, О.В. Пропедевтика детских болезней [Текст] : учебное пособие / А. А. Дроздов, Г. И. Дядя, О. В. Осипова. - М. : Эксмо, 2007. - 352 с. –
Юрьев, В.В. \ред.\; Хомич, М.М. \ред.\ Пропедевтика детских болезней [Текст] : учебник / ред.: В. В. Юрьев, М. М. Хомич. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 720 с.
Кильдиярова, Р.Р.; Макарова, В.И. Пропедевтика детских болезней [Текст] : учебник / ред.: Р. Р. Кильдиярова, В. И. Макарова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 680 с.
Калмыкова, А.С. Пропедевтика детских болезней [Электронный ресурс] : электр. учебник / ред. А. С. Калмыкова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные учебники).
Геппе, Н.А. Пропедевтика детских болезней [Электронный ресурс] : электр. учебник / ред. Н. А. Геппе. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные учебники).
Оқыту мен үйретудің әдістері:
Дәрістер: мәселелі және шолу-көркемді дәрістер
Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептерді шығару, аз топтарда жұмыс жасау; жағдайды моделдеу; рентгенограмма, электрокардиограмма жасау
Оқытушының бақылауымен жүретін студенттің өзіндік жөұмысы (ОСӨЖ): мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде оқытушымен жұмыс істеу, балалар бөлімінде жұмыс жасау, дискуссия, дөңгелек үстелдер, жағдайлық есепті талдау.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің оқулықпен және қосымша әдебиетпен, электронды тасымалдауымен жұмыс жасауы; тестілік тапсырмаларды шешу және дайындау, жағдайлық есептерді дайындау және шешу, конференцияда баяндау, презентация және реферат дайындау
Оқушылардың білімі мен дағдыларды бағалау әдістері:
Пән бойынша ағымды бақылау: тестілеу, жағдайлық есепті шешу, аз топтарда өзін өзі бағалау және топпен бағалау, науқас төсегінде тәжірибелік дағдыларды бағалау.
Пән бойынша аралық бақылау: жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу, теориялық сұраққа жауап беру, жағдайлық есепті шешу.
Пән бойынша қортынды бақылау: компьютерлік тестілеумен жүретін емтихан

Білімді бағалаудың ережелері және критерилері: әрбір деңгейдегі білімді бағалау шкаласы және критериі (ағымды, аралық, қортынды бақылау), барлық сабақ түрлерін бағалаудың ережесі (аудиторлы, ОСӨЖ, СӨЖ)
Бағалау шкаласы
Әріптік жүйе бойынша бағалауБағаның сандық эквивалентіБағаның пайыздық мазмұныДәстүрлі жүйе бойынша бағалауА 4 95-100 «Үздік»
А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 «Жақсы»
В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»
Білімді бағалау критерилері**
«Үздік» бағасы оқушының бағдарлық материалды толық меңгерген жағдайында және қандайда бір қате жібермей, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын уақытында дұрыс орындаса, жұмыс бойынша қатесіз есеп беріп, жоғарғы деңгейде ойлау қабілетін көрсетіп, коллоквиум және үй тапсырмаларын қатесіз тапсырған жағдайда, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан жағдайда, пән бойынша қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса және жұмыс бағдарламасын жүйелей алса қойылады.
«Жақсы» бағасы студент жұмыс материалын 75%-дан төмен игермесе, жауап берген кезде қате жібермей, бақылау және тәжірибе жұмыстарын уақытылы орындап, ескертусіз тапсырса және коллоквиум мен үй тапсырмасын дөрекі ескертусіз орындаса, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиеттерді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысса, принципальді емес қателіктер жіберіп, студенттің өзімен түзетілсе, жұмыс бағдарламасын оқытушы көмегімен жүйелей алған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасы студент бағдарлама материалын 50% дан аз меңгермесе, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын орындауда оқытушының көмегіне зәру болса, коллоквиум тапсырғанда қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарына белсенділік танытпаса, тек қана оқу әдебиеттерімен шектелсе және материалды жүйелеу кезінде көптеген қиындықтарға ұшыраса қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы жұмыс бағдарламасымен қарастырылған негізгі білім материалын игермесе, пәннің жартысынан көп материалын игермеген жағдайда, жауаптарында принципиальді қателіктер жіберсе, тапсырмаларды орындамаса, ағымды,аралық және қортынды бақылауды өтпесе, негізгі әдебиетпен жұмыс жасалмаған жағдайда қойлады.
* Ескерту: Кредиттік оқу жүйесі үшін.
**Ескерту: ҚР МЖМБС негізінде «ҚР-ның білім жүйесі.Жоғарғы оқу орындарында білімді бақылау және бағалау» құралған.
Рейтингті есептеу әдісі және пән бойынша интегральді бағалауды құрастыру (ҚММУдың ағымдық 2014-2015 жылға бекіткен рейтинг жүйесіне сәйкес құралады).
«Балалар ауруларына кіріспе» пәні бойынша ағымдық бақылау сұрақтары
Жаңа туылған нәрестенің терісінің ерекшелігі
Нәрестенің май тінінде басым болатын май қышқылдары
4 жастағы баланың Филиппиндік тесті
Саналы сөйлеу қай жаста пайда болады?
Тамақтанудың созылмалы бұзылыуына әкеліп соғатын негізгі фактор –бұл:
Паратрофияның негізгі себебі?
Құрсақішілік даму кезеңі жалғасады:
Пренаталді дамудың алғашқы кезеңі жүреді:
Үлкен еңбегінің жабылуының оптимальді уақыты қай жасқа келеді (айлық жас):
Үлкен еңбек қай жердің қиылысында орналасқан:
Баланы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
Әртүрлі жастағы балалардың антропометриялық өлшемдерінің зерттеу әдістері.
Формулалар мен сызбалар арқылы физикалық дамуды бағалау
7 жатағы дені сау балада қалыпты жағдайда қай лимфа түйіндері анықталады
Ерте жастағы балалардың тер бездері
Моторлық сөйлеу қай жаста пайда болады
Жаңа туған нәрестеде дыбыстық қоздырғышқа қандай шартты рефлекс байқаладыБалаларда паратрофия болғанда қандай алдын-алу шаралардан тұрады?
Паратрофия кезінде дене салмағы асады:
Пренаталді дамудың эмбрионалді кезеңі жүреді:
Пренатальді кезеңнің фетальді кезеңінің дамуы жүреді:
Кіші еңбек қай жердің қиылысында орналасқан:
Бүйір еңбектері орналасқан:
Баланың физикалық дамуының және жыныстық жетілуінің заңдылықтары.
Әртүрлі жастағы балаларда антропометриялық өлшемдердің әдістері.
Физикалық дамуын формула және сызба бойынша бағалау
Балалардың психомоторлы дамуы.Бала психикасының құралу кезеңдері.Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау
Бала терісінің физиологиялық ерекшеліктері.
Бөртпелердің морфологиялық элементтері
Балалардың тыныс алу жүйесінің сипаттамалары.
Балалардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Жүрек – қантамыр жүйесін зерттеу.Жүрек-қантамыр жүйесін инструменталді зерттеу әдістері (ЭКГ, эхокардиография, допплер-кардиография және т.б.).
Пәнге кіріспе, балалар аурулары ауруханасының және бөлімдерінің жұмысының ұйымдастыруымен таныстыру.
Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық критерилері.
Балалық кезеңдері
Терінің және тері асты май қабатының, лимфа түйіндерінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Балалардың сүйек және бұлшықет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Балалардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі. Әр түрлі жастағы балаларда тыныс алу мүшелерін зерттеу әдістері.
«Балалар ауруларына кіріспе» пәні бойынша қортынды сұрақтар
Отандық педиатрияның жетістіктері.
Балалаық кезеңдер, сипаттамалары
Балалардан анамнез жинау ерекшелігі
Бала дене температурасы және терморегуляциясы
Баланы жалпы қарау. Жағдайының ауырлығын бағалайтын клиникалық өлшемдері.
Баланың физикалық дамуы. «Биологиялық акселерация»
Баланың бірінші жарты жылдығында физикалық және психомоторлы дамуы.
Баланың бірінші жарты жылдығында физикалық және психомоторлы дамуы
2 -ден 15 жас арасындағы балалардың физикалық дамуы
Балалардың дамуының физикалық көрсеткіші. Центильді бағалау әдісі.
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Балалардың психомоторлы дамуы. Тәрбиенің рөлі, импритинг.
Балалардың жүйке-психикалық дамуы.
Балалардың сезімтал мүшелері (көру, есту, иіс, дәм,тері сезімталдығы).
Балалардың терісінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Балалардың сүйек жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Балалардың бұлшықет жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Сүйек және бұлшықет жүйесінің зерттеу әдістері
Балалардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу әдістері
Балалардың мұрын қуысының және оның қосалқыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістері
Балалардың қан айналым жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу әдістері
Ұрықтың және нәреситенің қан айналымы
Балалардың асқорыту жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу ерекшеліктері.
Балалардың зәр шығару және зәр түзету жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу ерекшеліктері.
Балалардың эндокриндік жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу ерекшеліктері.Жыныстық жетілу
Балалардың қан және қан жасаушы жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу ерекшеліктері.
Перифериялық қанның ерекшеліктері.
Балалардағы қан жасаудың ерекшеліктері
Жалпы қан анализі.
Балалардың лимфоиднты жүйесі және иммунитеті
Жаңа туылған нәресте. Күні жетіліп және шала туылған нәресте
Нәрестенің шекаралық жағдайы
Табиғи тамақтандыру және қосымша тағам енгізу техникасы
Уыз маңыздылығы. Табиөөғи тамақтандырудың жетістіктері
Қосымша тамақтандыруда енгізілетін тағамдар
Уыз сипаттамасы
Ана сүтінің сипаттамасы
Емізетін ананың тамақтануы және режимі
Ана сүтімен қоректендірудің қиындылықтары және қарсы көрсеткіштер Баланы емшектен айыру уақыты мен ережесі .
Гипогалактия себебі, формасы және дәрежесі
Баланы бақылау өлшеуі
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру техникасы, қателіктері
Сүт қоспаларының жіктелуі
Аралас тамақтандыру
Аралас тамақтандыру техникасы
Жаңа туылған нәрестені тамақтандыру
1 жастан асқан балалардың тамақтандыру ерекшелігі
Мектеп жасындағы балаларды тамақтандыру
Балаларда зат алмасуы.
Ақуыз, май және көмірсу алмасуының ерекшелігі.
Энергетикалық алмасуы. Су-тұз алмасуы.
Дәрумендер алмасуы, маңыздылығы

Приложенные файлы

  • docx 17965438
    Размер файла: 73 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий