tarikh_ekzamen_112-137


112. Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономиялық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптасуындағы қиыншылықтар мен қайшылықтар туралы қазақша реферат
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Нарықтық экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталды. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.
Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға   тән инфрақұрылымның   кейбір   түрлері биржалар,   коммерциялық   банктер,   сауда  үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылату керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.
1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекетгік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты  мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл «ҚазМұнайГаз», энергетикада— «КЕГОК», телекоммуникацияда — «Қазақтелеком», темір жолда — «Қазақстан темір жолы».
Бірақ жекешелеңдіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты.
Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарыңда Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны тоқтату қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны -ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама кабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар «Қазақстан — 2030» ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.
1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың,   немесе   «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада   еліміздің   саяси,   әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді Онда елдің ішкі және сыртқы   саясатындағы мүмкіндіктерді   барынша пайдалана отырып,   мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.
Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту: 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
«Қазақстан — 2030» бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот және қүқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті.
«Казақстан — 2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты.
Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Казақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
113. Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа
1991 жылы  КСРО  құлады,  соның  нәтижесінде  Қазақстан  басқа  да  КСРО  құрамындағы   республикалар  сияқты  егемен,  тәуелсіз  мемлекет  болып  жарияланды.  Әкімшіл - әміршіл  жүйе,  жоспарлы  экономика  өмірден  кетті.  Бұл  жүйе  өмір  сүрген  70 жылдың  көлемінде  елдің  экономикасы  тұрақты  дағдарысқа   ұшырай  бастады.  Қоғамдық  меншік  адамдардың  еңбекке  деген  ынтасын  жойды,  тепе-теңдік  үстем  болды.  Барлығы  да  жоғарыдан  жоспарланды,  оны  орындау  міндетке  айналды.  Өндірістің  негізгі   құралдары   министрліктердің  қарамағына  шоғырланды.  Қатаң  орталықтандырылған  принцип  орнады. Министрліктер  жоғарыдан  төменге  дейін  жоспарлады,  бүкіл  қорды  бөлушіге  айналдырды.  Жоспар  заңға  айналды.  Өндіріс  органдары  өз  өнімдерінің  пайдасының  иесі  болудан  қалды.  Өндіріс  органдарының  материалдық  ынтасы  жойылды.  КСРО  өнімінің  сапасы  жөнінен  көптеген  елдерден  артта  қалды.  20 проценттен  астам  өндіріс  органдары   тиімсіз  жұмыс  істеді.  Ауыл  шаруашылығы  сын  көтермейтін  жағдайға  жетті.  Ең  жақсы,  қолайлы  деген   жылдарда  егістің  әр  гектарынан  17-19 центнерден  өнім  алды,  бұл  Еуропа  елдерінен  2,5  есе  кем  еді.  Батыс  Германияда  ауыл  шаруашылығындағы  бір  жұмыскер  67  адамды  тамақпен  қамтамасыз  етті, Америкада  бұл  көрсеткіш  бұдан  да  жоғары  еді, ал  КСРО-да  7-8 адамды  ғана  тамақпен  қамтамасыз  ете  алды. 80-жылдардың  екінші  жартысындағы  Горбачевтің  “қайта  құруы”  да  дұл  кемшіліктерді  жоя  алмады.Мемлекеттік  органдар  тиімсіз  жұмыс  істейтін  мекемелердің  одан  әрі  өмір  сүруіне  мүмкіндік  жасады.Жоспарлаушы,  өнімді  бөлуші  және  бақылаушы  органдар  көбейген  үстіне  көбейе  түсті.  Бірақ  одан  экономика  жақсармады. Әкімшіл,  жоспарлы  экономика  ғылым  мен  техника  жаңалықтарының  өндіріске  енуіне  зиянын  тигізді.  Сонымен,  КСРО  экономика  саласында  индустриялы  елдерден   барлық  көрсеткіштер  бойынша  артта  қалды:  ғылыми-техникалық  жаңалықтар,  өндірістің  тиімділігі,  өнімнің  сапасы, т.б.Осы  көрсетілген  және  басқа  да  кемшіліктер  КСРО-ның  құлауына  әкелді.  Оның  құрамындағы  15  республика  өздерінің  дербестігін  жариялады,  оның  бірі – Қазақстан.Нарықтық  қатынастың  өмірлілігін  және  жемістілігін  әлем  елдерінің  тәжірибесі  дәлелдеді.  Нарықтық  экономикаға  көшу  адамдардың  ынтасының  артуына  жол  ашты.  Ол  еңбекті  сүюге,  шығармашылдыққа,  бастаманың,  еңбек  өнімділігінің   артуына  жағдай  жасады.Нарықтық  экономиканың  моделі (үлгісі).  Барлық  елдер,  шағын  елден  ұлы  елге  дейін,  өз  алдына  дербес,  стратегиялық  және  әлеуметтік-экономикалық  міндеттер  қояды.Ол  тұрақты  экономикалық  даму:-еңбекке  жарамды  адамдарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету;-барлық  азаматтардың  тұрақты  өмір  деңгейін  сақтау,  әсіресе  материалдық  жағынан  аз  қамтамасыз  етілгендерді  қорғау;-табысты  әділетті  бөлу;-ақшаның  құнсыздануын  бақылау,  оның  тұрақтылығын  сақтау;-өндірістің  жоғарғы  тиімділігіне  қол  жеткізу.Халықаралық  сауданың  және  қаражаттық  қарым-қатынастың  ақылға  сыйымды  теңдігін (балансын)  жақтау.Экономиканың  стратегиялық  мақсатын  іске  асыру  деңгейі   дамыған  нарықтық  экономикасы  бар  елдерде  әр  түрлі,  әрқайсысы  өз  проблемаларын  әр  түрлі  жолмен  жұргізген.  Әрқайсысы  өз  елдерінің  экономикалық-әлеуметтік  дәрежелерін,  оның  ерекшеліктерін  ескерген.  Бұдан  экономикалық  жетістікке  жетудің,  нарықтық  экономиканы  қалыптастырудың  әр  елде  әр  түрлі  жолдары,  тәсілдері  болатынын  білеміз.  әр  елдің  өз  моделі,  үлгісі  болады.Соған  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  да  нарықтық  экономикаға  өтудің,  оны  қалыптастырудың  өз  үлгісін жасауы қажет болды. Бірде – бір мемлекет нарықтық экономиканы бірден тәжірибеге  енгізе  отырып,  алдын – ала оның  моделін – үлгісін  жасамайды.  Әрқайсысы  экономикалық мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  өз бетінше  жол  салады,  оны  жасап,  дамытуда  мына  факторларды  басшылыққа  алады: табиғи  байлығы,  демографиялық,  географиялық,  әлуметтік жағдай,  саяси жүйе,  ұлттық  дәстүр  және  құндылық,  көрші  елдердің  әсері,  дүние  жүзінің  экономикасының  жағдайы,  т.б.  Қазақстан да өзіндік  ерекшелігі  бар ел.  Сондықтан  да  оның  ұлттық  экономикасының  өз моделі  болу  керек,  оны  білу  өте  қажет.Қазақстанның  табиғи  байлығы,  оның  жобасы  және  зерттелген шикізат  қоры бар. Қазақстанның  түсті,  сирек  металдар  мен  темір  рудасын  шығарудағы  КСРО  құрамындағы  үлесі:  алтынан 9, темір  рудасынан 10,  марганецтен  13,  бокситтен 22,  молибденне  29,  мыстан 31,  титаннан  40,  мырыштан  50,  вольфрамнан  53,  күмістен  55,  ураннан  56,қорғасынан  70,  бариттен 80, хромнан 80 пайыз.Қазақстан  жерінде  мыстың  дүниежүзілік   қоры  10,  қорғасынның  19,  мырыштың  13, марганецтің,  хромит  рудасының  30  пайызы  Қазақстан  жерінде.  Бариттің,  вольфрамның  анықталған  қоры  дүниежүзілік  қордан  артық.Қазақстанның  экономикасы  жоғары  дәрежеде  мемлекеттендірілген.  Мұнда  жоғары  дәрежедегі  өндіріс  аппараттары  қалыптасқан.  Экономика  саласында  базалық – негізгі  салалар,  ғылыми – техникалық  потенциалы  күшті  өнеркәсіп  кешендері  басым  еді.  Сонымен  қатар  арзан  жұмыс  қолы  жеткілікті  болды,  демографиялық  жағдай  да  қолайлы  еді. Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет,  әрбір  ұлттың  өзіндік  құндылықтары  мен  дәстүрі  бар,  еңбек,  тұрмыс,  мәдениетті  дамытуда  стратегиялық  өмірлік  тәжірибесі  болды.Қазақстанның  экономикасына  басқа  елдердің  әсері  күшті  еді,  олармен  мемлекетаралық,  экономикалық,  саяси,  басқа  да   қатынаста  болды.  Бұл  бірінші  кезекте  Ресейге  қатысты.Кеңес  өкіметі  тұсында  Қазақстан  халқының  өз  менталитеті  қалыптасты,  ол  кері  әсерін  тигізді,  тигізуде  де.Қазақстанның  ішкі  рыногының  көлемі  тар  еді,  халқы  16,6  миллион.  Бұл  факторлар  елдің  экономикасының  моделіне  сөзсіз  әсерін  тигізді.Сонымен,  Қазақстан  ешбір  елдің  де  экономикалық  үлгісін  қабылдай  алмады  немесе  будандалған  үлгі  жасай  алмайтын  еді.  Республиканың  өз  жағдайы  бар,  өз  үлгісін  тудыратын  факторлары  бар.  Ол  өзінің  дамуында  басқа  елдердің  тәжірибесін,  жетістігін,  кемшілігін  зерттей  отырып,  өз  үлгісін  жасауға  тиісті  болды.  Оның  қазіргі  бір  айғағы  «Қазақстан – 2030»  экономикалық  стратегиясы.Жекшелендіру – экономикалық  реформаның  маңызды  бағытының  бірі.  Нарықтық  қатынастың  экономикалық  негізі – меншікті  мемлекеттен  ажырату,  жекшелендіру,  өзара  тең  түрлі  меншікетерді  қалыптастыру, сонымен  қатар  тауар  өндірушілердің  дербестігін  арттыру.  Бұл  процесс  аймақтың,  елдің  немесе  дүние  жүзі  көлемінде  іске  асырылады.  Олай  болса,  нарықтық  қатынас  ғаламдық  проблема  екен. Дүние  жүзі  елдерінде  осы  бағытта  жарыс  жүріп  жатыр (кім  көп  және  сапалы  шығарады,  сол  көп таратады, т.б.).Нарыққа  өткенде  экономика  адамдардың  мүддесі  үшін  қызмет  етеді,  тауар  өндірушілер  мен   тауарды  тұтынушылардың  байланысы  нығаяды.Ел  экономикасында  қандай  өзгерістер  жүріп  жатыр?  Ең  негізгісі – мемлекеттік  меншіктен  бас  тарту,  өзара  тең,  аралас  меншікті  қалыптастыру.  Ол үшін  меншікті  мемлекеттен  ажырату  және  жекешелендіру,  бәсекенің  ролін  арттыру  керек.Бұл  проблеманың  төңірегінде  әр  түрлі саяси күштердің  арасында  өткер  күрес  жүріп  жатыр.  Жекешелендіру  қандай  қарқынмен  және  қандай  көлемде  жүруі  керек?  Негізгі  меншікті кім,  қандай көлемде  алады? Ол  қазір  қандай  сипат  алуда?  Осы  және  басқа да  мәселелер  бүкіл халықтың  назарын  өзіне  тартты.Көптеген  елдер  меншікті  жекешелендіру  саясатын  жүргізді. Әрбір елде  оның  нысаны  мен  тәсілі  әр  түрлі болады.   Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  жарияланысымен-ақ  бізде  де  меншікті жекешелендіру жүргізіле  бастады. Жекешелендіру  нәтижесінде шаруашылық субъектілері меншік  түрлері  бойынша  былайша  қалыптасты. Барлығы  133443 шаруашылық түрлері болды. Оның  мемлекет  қарамағындағылары – 23439, жеке меншікте – 106955,  аралас  меншікте – 4716,  шетелдік – 3051. Олардың  ішінде ұсақ кәсіптер 138496,  орта  кәсіптер – 17340.Қазіргі  мемлекет  меншігінің  салмағы 20% көлемінде.  Мемлекет қарамағында  темір  жол  және  әуе  жолы,  байланыс  және  коммуникация,  мұнгай  шығару  қалды. Сонымен  қоғамдық  меншік  мемлекет билігінен  алынды,  жеке  және  аралас  меншік  үстем болды.Жекешелендіруден  1996жылы бюджетке 19359898 мың теңге түсті. 1997 жылдың  екі айында республика  бойынша  сатылған, сатып  алынған мекемелерден  2,2 млрд теңге түсті, оның  2,1 млрд.-ы  республика  бюджетіне, ал  75 мың  теңгесі  жергілікті  бюджетке  түсті .
114. ҚР-ғы әлеуметтік-экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауи даму моделі.
1.Құрметті отандастар!
      Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.      Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе.      Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі.      Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.      Мен ел халқына өзімнің жаңа Жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа арнаймын.      Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.      Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.      Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті.      Онда үш маңызды міндет қойылған.      Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.      Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.      Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.      2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.      Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.      Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.      Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.      Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет.      Екінші. Қолжетімді баспана.      Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік.      Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.      Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз.      Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.      Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жолды қарастыру қажет.      Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс.      Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады.      Соның бәрін жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек.      Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді.      Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жасап, қабылдауды тапсырамын.      Үшінші. Өңірлерді дамыту.      Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы.      Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты.      Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.      Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда.      Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңірлерге қоныс аударуына көмек қолын созуы тиіс.      Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады.      Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс.      Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.      Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті.      Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды.      Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.      Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді.      Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетті.      Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым.      Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан алынған сабақ ұдайы ескерілуі керек.      Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын.      Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет.      Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн.      Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды.      Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бітіруі тиіс.      Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.      Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры.      Біріншіден, Электронды үкіметті дамыту керек.      2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс.      2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс.      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселелерін де беру керек.      Екіншіден, жаңғыртудың маңызды мәселесі – әкімшілік ресімдерін оңайлату.      Менің тапсырмам бойынша рұқсат ету құжаттарының тізімі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқартылды.      Үкімет лицензиялар мен рұқсат ету қағаздарының барлық түрлерінің үштен бірін қысқартатын заң жобасын дайындады.      Келесі қадам – рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу.      Үшіншіден, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет.      Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.      Бесінші. ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.      Біздің маңызды міндетіміз – басқарушылардың білікті саяси табын дайындау.      Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын.      Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктейді.      Олар елдің экономикалық даму серпінділігіне байластырылған, бизнес-құрылымдармен қарайлас жалақы алатын болады.      Олар біздің Қазақстанымызды ХХІ ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды.      Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.      Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс.      Судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін түбегейлі түрде қайта қарау қажет.      Апелляциялық инстанциялардың істерді қайта қарауға төменгі соттарға қайтару жөніндегі негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң жүзінде шектеу керек.      Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады.      Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс.      Арбитраждық және аралық соттар жүйесін нығайту керек.      Биыл жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін, жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын дайындауды аяқтау қажет.      Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту.      2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.      Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралуға тиіс.      Біртұтас экономикалық кеңістікте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісімен Еуразпол – Еуразия полициясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілді деп санаймын.      Үкіметке тиісті ұсыныстарды әзірлеп, БЭК бойынша біздің әріптестерімізге жіберуді тапсырамын.      Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.      Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда.      Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.      Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.      Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.      Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет.      Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек.      Үкіметке үш айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырамын.      Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.      Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.      Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.      Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.      Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.      Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.      Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.      Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.      Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет.      Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.      Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.      Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.      Медицина институтын бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Политехникалық жоо-ны тәмамдаған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осындай.      Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту орталықтарын құруды тапсырамын.      Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет.      Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе.      Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс.      Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.      Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.      Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.      Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.      Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.      Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.      Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.      Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады.      Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы не үшін керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.      Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.      Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет.      Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын.      Бізде тіпті ондай оқулықтар, жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізетін оқытушылар жоқ.      Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік.      Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.      Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.      Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.      Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.      Қан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді.      Біз онымен жүйелі түрде айналысып келеміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарында да жасалады.      Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде медициналық пойыздар, автокөлік, медициналық авиация пайдаланылады.      Астанадағы Болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивіне айналмақ.      Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ.      Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесі бойынша жасағандай, Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.      Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет.      Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.      Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.      Әкімдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын.      Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын.      Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.      Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді.      Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.      Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.      Сонымен бірге, бүгінде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ.      Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан.      Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүдделеріне қызмет істейді.      Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек.      Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.      Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.      Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.      Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс.      Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді.      Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды.      Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс.      Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қарастыруды тапсырамын.
Құрметті қазақстандықтар!
      Мен бүгін біздің шикізат ресурстарымыз бен инфрақұрылымдарымыздың жоғарғы бөліністері саласында, осы бөліністерге қызмет көрсететін жаңа ғаламат жобалардың бастау алатындығы туралы хабарламақпын.      Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйттерді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бойынша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.      «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл шынымен де ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы салынып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз.      1200 шақырымға созылатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісудің де маңызы үлкен.      Бұл жобалар Жезқазған - Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.      Екінші. Үкіметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастыруды тапсырамын. Бұл тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бүтіндей оңтүстіктің экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.      Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерімен қамтамасыз етеді.      Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тонна пропилен мен 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.      Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысына кірісу қажет.      Алтыншы. Үкіметке елдің, астананы қоса алғанда, орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.      Бұл көп қаржыны қажет ететін, маңызды жұмыс. Газға тәуелділіктен арылу үшін біз оны жасауымыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз.      Бұл жобалардың көпшілігі бойынша инвестициялау мәселелері шешілген, ал қалғандары бойынша шешу қажет.      Үкімет пен Парламентке жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жөнінде ұсыныс енгіземін.      Бізге жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Мен оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық.      Бұл жобалардың бәрі біздің экономикамыздың, біздің еліміздің бейнесін бүтіндей өзгертетін болады.      Жоғарыда айтылғандардың бәрі әлемдегі ықтимал деген дағдарыстарға қайтаратын біздің жауабымыз болмақ.      Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз.      Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Жаңа, жас кәсіпкерлердің пайда болуына көптеген мүмкіндіктер туады. Олар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тиіс.      Қаржы шығындарын бақылау үшін 2008-2009 дағдарыс жылдары кезеңінде нақты және тиімді жұмыс істеген және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия секілді арнайы комиссия құруды тапсырамын.      Бұл жобалардың барлығын біз осы жылдың өзінде бастайтынымызды атап көрсетемін.      Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажет.      Перспективалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.      «Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдау үшін негіз қалайды.      Отандық ғалымдарды қолдау қажет.      Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс.      Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми-білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар.      Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң.      Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет.      Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырамын.      Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады.      Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.      Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі.      Бізде 1 пайызға да жетпейді.      Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес.      Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс.      Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді.      Үкіметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын.      Өздеріңіз білетіндей, менің қамқорлығымдағы ерекше шаруа – іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту.      Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда.      Қазірдің өзінде көптеген қазақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді.      Үкіметке бағдарламаға инновациялар енгізу үстіндегі бастаушы және жас бизнесмендерді қолдаудың қосымша шараларына қатысты өзгерістер енгізуді тапсырамын.      Бүгінде қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.      Кеден және салық комитеттеріне, қаржы полициясына құқықтық нормаларды, оның ішінде қосарланған салық салу бойынша құқықтық нормаларды қолдануда бірізді болу қажет.      Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың болжамдылығы мен транспаренттілігі Қазақстандағы іскерлік инвестициялық ахуалдың негізі болуы тиіс.      Біздің шенеуніктер инвесторларға тосқауыл қоюға емес, қай жағынан да оңды жәрдемдесуге тиіс деп табанды талап етемін.      Біз отандық және шетелдік инвесторлармен нормативтік-құқықтық актілер жобаларын жасау үдерісінде тұрақты консультациялар өткізудің тетігін нығайтуға тиіспіз.      Кәсіпорындардың бизнесті жауапкершілікпен жүргізудің қағидаттарын сақтауын ынталандырудың стратегиясын жасап, жүзеге асыру бойынша ұлттық байланыс орталықтарын құру қажет.      2012 жылы Қазақстанның БСҰ-ға өтуі туралы келіссөздер аяқталуы тиіс.      Бұл біздің экономикамыздың инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жоғарылатады.      Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.      Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.      Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.      Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр.      Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек.      Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет.      Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсырамын.      Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет.      Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.      Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Құрметті отандастар!
      Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттары қызметінің темірқазық мәселесі.      Оның үстіне мен соңғы Мәжіліс сайлауына қатысқан барлық партиялардың сындарлы ұсыныстарын ескеруге ұмтылдым.      Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз.      Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр.      Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын!
2. Қазақстан заманауи өркениетті мемлекеттің үлгілі моделі болып табылады - Иордания Парламенті Сенатының төрағасы Тахер әл-Масри
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауы елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де елеулі пікір туғызды. Агенттігіміз үшін Иордания Хашимит Корольдігі Парламентінің Сенат төрағасы Тахер әл-Масри бұл құжатқа өзінің түсіндірмесін берді. «Ең алдымен өзінің өршіл талаптарымен, жетістіктерімен және бастамаларымен кеңінен танымал  Қазақстан халқын Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен құттықтағым келеді. Сондай-ақ әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан Қазақстанды қол жеткізіп отырған тұрақты экономикалық өсімімен құттықтаймын», - деп мәлімдеді Т. әл-Масри. Иордания Сенатының спикері 2012 жылғы 27 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Қазақстан Президентінің Жолдауы оның көшбасшылық көрегендігін көрсетеді, бұл аса жоғары құрметтеуге лайық. Құжатта ол бүгінгі жаһандық болмысты түсіне отырып, онымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға тырысады, ұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған жаңа шараларды қабылдай отырып, барлық деңгейде республика азаматтарының өмірін жақсарту үшін кірістерді бөлу жолдарын көрсетеді - бұл оның дана басшылығының басты көрсеткіштерінің бірі,.деген пікірін білдірді.  Т. әл-Масри Жоғары Мәртебелі ҚР Президентінің жұмыспен қамту саласындағы саясатпен байланысты көзқарастары, оқытудың тиімді жүйесін құру және жас қазақстандықтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу, елдің барлық аймақтарында кәсіпкерлік рухты және  бизнестегі бастамашылдықты ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау және Қазақстанның әртүрлі аймақтарына инвестиция салу жөніндегі пікірлері нақты жағдайды терең түсіне білген және өсімнің жоғары қарқынына жетуге ұмтылған сарабдал саясаткердің ілгерішіл қадамдарын қуаттайды, деп атап көрсетті. «Нұрсұлтан Назарбаевтың өнеркәсіптік жобалардағы инновацияларды қолдау, ғылыми-зерттеулерді нығайту және ғылыми-зерттеу орталықтарының үздіксіз дамуы үшін қолайлы орта құру, университеттермен және барлық мемлекеттік секторлар арасында тиімді әріптестік орнату, Үкімет алдына қойылған «Бизнестің жол картасы-2020» жобасын дамыту және белсендіру, іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу, көптеген жұмыс орындарын ашу жөніндегі елеулі еңбектері біздер үшін шабыт көзі болмақ», - деп атап өтті Тахер әл-Масри.    Біз Қазақстан Президентінің азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысын жоғары бағалаймыз. Бұған қоса, өңірлерді дамыту саясаты, келешегі зор экономикалық аймақтарды қолдау үшін қажетті қаражатпен қамтамасыз ету, әрбір келешегі зор қалаларда арнайы өнеркәсіп құру, жергілікті өзін өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысу аясын кеңейту, сондай-ақ аймақтарды дамыту жұмыстарымен қатар әлеуметтік ахуалды жақсартуды да атап айтуға болады. Ел азаматтарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, олардың мемлекет пен үкіметке деген сенімін нығайту, электронды үкіметті дамыту, азаматтарды ақпараттық технологияларды игеруге ынталандыру шаралары еліктеуге тұрарлық, - деді Тахер әл-Масри. Ол Қазақстан Президентінің мемлекеттік басқаруды дамыту, Үкіметтің алдына ең биік талаптарды қою, жеке сектормен жоғары дәрежелі бәсекелестік және кәсіби деңгейде жұмыс істеу тәрізді ұмтылыстарын өте жоғары бағалады. Н.Назарбаевтың  заңның басымдылығын, сот жүйесінің әділдігін, ұйымдасқан қылмыспен күрестегі, жемқорлықтың барлық түрлеріне батыл тойтарыс беру, Үкімет жұмысының тазалығы мен ашықтығын қатаң қамтамасыз етуді талап етуі Қазақстанның озық үлгідегі дамыған мемлекет екенін қуаттайды. «Қазіргі заманғы дамыған мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі болып саналатын сапа мәселесіне, әсіресе, адам ресурстарын сапалы дамытуға көңіл бөлуін де де жоғары бағалаймыз. Елдің даму бағдарламаларын жоғары деңгейлі білім беру мәселелерімен, лайықты өмір деңгейімен, оқу орындарын бітіргендерді жұмыспен қамтамасыз етумен ұштастыру, қазақстандық жастарды өздерінің ана тілін жетік білуімен қатар, әлемнің бірнеше тілдерін де меңгеруге шақыру сияқты қадамдар бізді толғандырады», - деп атап көрсетті Иордания Сенатының төрағасы.   Т. әл-Масри денсаулық сақтау ісін дамыту, медициналық қызмет дәрежесін көтеру, жаңа ауруханалар салу, қазақстандықтарға лайықты әлеуметтік жағдай жасау және қамқорлыққа алу, ісік ауруларына қарсы тиімді күресуді талап етуді ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи мемлекет құру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет пен ұлттың барлық тетіктері мен буындарын, азаматтық қоғамды, жалпы және жеке сектордың жұмылдырылуын, ұлттық бірлікті нығайту қадамдарын жоғары бағалады. «Біз Жоғары Мәртебелі Презденттің Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесіне айналдырудағы елдің сыртқы саясатын әртараптандырудағы, достық көршілестікке, әлем елдерімен тығыз ынтымақтастық орнатудағы, халықаралық деңгейдегі бейбітшілікті нығайтудағы, жер шарын ядролық қарудан азат ету, дүниедегі дағдарыстарды еңсерудегі «G-Global 2020» бастамасын ұсынуына, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездерін шақыруына, барлық халықтарды бірлесіп өмір сүруге және ықпалдасуға шақыруына да өзіміздің ризашылығымызды және жоғары бағамызды білдіреміз», - деп атап өтті Т.әл-Масри сөзін түйіндей келіп.
115. Ұлттық валютаның енгізілуі. Теңге курсын тұрақтандыру шаралары.
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін». Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау – бюджет комиссиясының  төрағасы С.Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.
1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады! 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп-сәтте жоқ болып кетті.
Қазақстан Президенті мен Үкіметінің аса зор жігер күшіне қарамастан, біртұтас экономикалық кеңістікті құру мен рубль аймағын сақтаудың жолы болмады. Бөлшектену үдерістері Ресейдегі ақша айырбасынан кейін күрт ушығып кетті. Ұлттық валютаны енгізуді 1961-1991 жылдарғы кеңестік сом төлем құралы болып табылмайтын ТМД –ның басқа өңірлерінен ескі ақша тасқынының алдын алу үшін тездетуге тура келді. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премьер-министр С.А. Терещенко, Қазақстанның Вице-президенті Е.Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д.Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, қаржы министрі Е.Дербісов пен Экономика министрі Б. Ізтілеуов бар ҚР-ның Мемлекеттік комиссиясы  құрылды.
Мемлекеттік комиссияның алдында сол тұста бірмағыналы жауапты талап ететін салмақты мәселелер тұрды. Атап айтқанда, мүқият талдаудан соң нұсқаның ішінен ұлттық валютаға тікелей көшу туралы шешім қабылдады. Біз сол кезде республика осындайда тәуелсіз ақша-несие саясатын ілезде жүргізе бастайды дейтін тұрғыдан келдік. Сонымен қатар теңгенің тікелей енгізілуі халықты болашақтағы белгісіздіктен құтылтады. Және ең ақыр аяғы ұлттық валюта оның шетел валютаға қатысындағы шынайы бағамын айқындауға мүмкіндік берді. Тек теңгенің бағалар ақырына дейін «босамаған» кезед енгіщілгені теріс жәйт  болды.
Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін.
1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР-ның Президенті
Н.Назарбаев
Алматы, 1993 жылғы қарашаның 12-сі
Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру басталар қарсаңында телевидение мен радиода оның мақсатын және қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды біршама тыныштандырды. Айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат сегізде басталды және 20 қарашада сағат жиырмада теңгені орнықтырып аяқталды. Айырбастау коэффициенті бір теңгеге 500 рубль болды.
Алғашқы теңгелер Англияда шығарылды. Бакноталардың пайда болуымен бір мезгілде Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытында алғашқы Қазақстан монеталарын шығаруға дайындық басталды. Ал, елді қағаз ақшамен өзі қамтамасыз етуі үшін Алматыда банкнота фабрикасын құру шешілді. Осы жөніндегі шешім 1992 жылы мамырда қабылданды және ҚР Президентінің «ҚР-ның ұлттық мемлекеттік банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Жарлығында белгіленді. «Қазақстан теңге сарайы» РМК тіркеу туралы куәлікті 1998 жылы қарашада алды.
116. ҚР саяси жүйені реформалаудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.
Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда  қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау, жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет, кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [1, 5 б.].
Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады.
Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету.
Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жаңғыртумен сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады. Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын қабылдағаннан кейін ғана айтуға болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикалық байланысын көптеген дамыған және дамушы елдермен жақсартуға, бұрынғы серіктестермен қарым-қатынасты қайта жөндеуге, интеграция жолында дүниежүзілік нарыққа жылжуға мүмкіндік берді. Сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы осы салада мемлекеттік монополияны жойды, кәсіпорындарға, фирмаларға және жеке тұлғаларға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелестік негіздер енгізді [3]. Тәуелсіздікті жариялау салдарынан жаңа саяси институттарды, саяси партияларды, қоғамдық-саяси қозғалыстарды құруды және дамытуды қалыптастыру болды.
Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігін нығайтуға, экономикалық құрылымдардың либерализациялауын және рационализациялауын қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру міндеттілігін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты болдыртпауға  бағытталғанын атап өткен жөн.
Қазақстандағы саяси реформалар барысында елдің партиялық жүйесін дамытуға бағдар мен күшті ынталандырмақ болған президенттік институтының жаңғыртушылық сипаты пайда болды, сондай-ақ демократизациялау үрдістерінің қайтымсыздығында сенімділік реформалардың реттілік курстарымен кепіл беріліп, қоғамдық сана-сезімнің құндылықты бағдарларында трансформацияға маңызды түбірлі өзгерістерді қамтамасыз етті [1, 5 б.].
Президенттік үкіметтің тарихи тағдыры, бастаулары және оның одан әрі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы және Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» Қазақ ССР Заңымен тығыз байланысты. Қазақ ССР Президентінің лауазымын құру тәуелсіздік мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға шешуші ықпалын тигізді, КСРО құлдырағаннан кейін мемлекеттік үкіметтің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстандағы Президенттің лауазымын енгізу демократиялық дамудың жолын, өркениетті саяси жүйенің қалыптасудың талпынуын куәләндырды. Сонымен қатар Қазақстандағы президенттілік институтына ең басынан елдің даму ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдайымен, саяси мүдделердің байланысымен себептескен өзгешелік ерекшеліктері тән болған.
Президент лауазымының өзгешелігін анықтайтын маңызы зор факторларға бұдан бұрынғы елдің саяси дамуы, бұрын болған мемлекеттік үкімет ұйымының өзгешелігі, саяси күштердің өзара қатынасы, саяси мәдениеттің деңгейін жатқызуға болады.
Қазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің үкімет қалыптасуы мен қызметіне — Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі  Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап, Президент лауазымын өзгертуге әкелді.
Атқарушы үкімет бірінші рет мемлекеттік үкіметтің дербес тармағы ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында аталған. Атқарушы үкіметтің заңнамалық үкіметтен тәуелсіздік алу мен үкіметтің бөліну институтының құрылу жолындағы маңызды қадам 1991 жылдың соңында өткізілген барша халықтық президент сайлауы болды. Атқарушы үкіметтің нығаю мен күшею үрдісі қуат ала бастады [5, 15 б.].
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.
Жалпылай алғанда, қалыптаспаған демократия жағдайында орнатылған басқару жүйесінде үкіметтің заңнамалық органын босатуға әкелген үкіметтің саяси тармақтары арасындағы шиеленісте анықталған біршама түйінді мәселелер болды. Жаңғырту жағдайында Қазақстандағы парламенттік жүйенің тиімсіздігінде әділ негіз болды. Парламенттік жүйе тек дамыған көп партиялық жағдайда тиімді қызмет ете алады. Ал Қазақстанда көп партиялық саяси жүйенің құрылу үдерісі айтарлықтай күрделі және қарама-қайшы дамыды. Ол бастапқы деңгейде болып, өзгешелік мүдделері бар әлеуметтік қабаттар мен топтар толығымен қалыптаспаған қоғамның кішкене бөлігін жанады.
Республиканың Жоғарғы Кеңесі сол мерзімде тиімді, кәсіби қызмет ете алмай, сабақтас экономикалық реформалардың өткізілуін қамтамасыз ете алмады. Әлеуметтік топтар өздеріне тән мүдделерімен соңына дейін қалыптасып үлгерген жоқ. Нәтижесінде республиканың Жоғарғы Кеңесі сол кезеңде тиімді, кәсіби деңгейде жұмыс істей алмады және кезекті экономикалық реформалардың жүргізілуін қамтамасыз ете алмады.
Бұл қарама-қайшылықтар 1995 жылдың 30 тамызында жалпы ұлттық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен жойылды, ол (Конституция) жоғары билік органдарының жүйесін және олардың қызметі мен өзара әрекетінің механизмін рәсімдеді, сонымен бірге Президенттің жоғары билік органдарының жүйесіндегі орнын анықтады.
1998 жылдың 7 қазанында және 2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі болды, бұл өзгертулер мен толықтырулар саяси партиялардың билік жүргізуге қатысу мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті.
Бұл оқиғалардың бәрі Қазақстан Республикасында демократиялық түрдегі сапалы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Алайда бүгінгі күні бұл үрдісті аяқталды деп айта алмаймыз. Қазақстанның саяси жүйесін демократия жағына жаңғырту саяси партиялардың әрі қарай дамуын және нақты партиялар жүйесінің қалыптасуын, азаматтық қоғам институттарының дамуын талап етеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біз саяси жүйемізді жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз. Оның барлық негізгі элементтерін реформалауды жалғастырамыз –Пaрлaмeнттің, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының рөлін арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту».
Демократияландыруға бағытталған, Егемен Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және соттық болып бөлінуі кезіндегі бірлігін сақтап қалды, «ұстанымдар» мен «қарама-қайшылықтар» жүйесін қалыптастырды, мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне қажет құқықтық негіздемелер жасады. Бұл Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін қажет маңызды шартқа айналды.
Құқықтық мемлекет идеясының негізінде азаматтарды билік тарапынан болатын үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке бас еркіндігін, негізгі тұлғалық құқықтарды, дәлірек айтқанда, өмір сүру, қауіпсіздік, меншік құқықтарын қамтамасыз ету жатыр. Бұл, біріншіден, мемлекет пен қоғамды бөлу жағдайында, ал екіншіден, мемлекеттің қызмет аясын құқықпен, бірінші кезекте, халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі заң – конституциямен шектеу кезінде мүмкін. Осылайша, құқықтық мемлекет – құқық басым болатын, заң үстем болатын, адам мен азаматтың  құқығы мен еркіндігі мойындалатын демократиялық мемлекет.
ҚР Конституциясында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Бұл сөзбен мемлекет құқықтық мемлекет идеалы жолын ұстайтындығы жайлы және оның негізгі принциптерін жүзеге асыруға ұмтылуы жайлы мәлімдейді.
Құқықтық мемлекеттің жалпыға танылған принциптері мыналар: халық егемендігі, Конституцияның ұлықтылығы, барлығының заң алдында тең болуы, мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі, адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік органдарының қызметі оны заң, атқарушы және сот деп бөлу принципінің негізінде жүзеге асырылады.
Халық еркіндігі дегеніміз халық билігінің үстем болуы дегенді білдіреді, мұны ҚР Конституциясының 3-бабынан көруге болады: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді … Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар».
Конституцияның ұлықтылық принципі 4-бапта көрсетілген, онда былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, … нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады».
Заң алдында барлығының тең болуы жайлы принципті ҚР Конституциясының 14-бабынан көруге болады: «Заң алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі принципін жүзеге асыру мемлекеттік және жеке меншікті қорғау кезіндегі теңдікті мойындау формасына ие болады (ҚР Конституциясының 6-бабы): «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және ортақ қорғалады».
Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы принципі 12-бапта: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» және ҚР Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» көрініс тапқан.
Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер көрініс тапты, бұл Қазақстанның шынайы құрылуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл үшін республикада объективті алғышарттар қажетінше қалыптасқан, олар мемлекет басшылығының, бірінші кезекте, оның Президентінің, яғни, Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен саяси жаңғыртудағы саяси еркіндігінің болуымен толықтырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан елде қоғамның объективті қажеттіліктерінен және жаңа жалпықазақстандық құндылықтар жүйесінің қалыптасуынан туындаған мемлекеттік, экономикалық және саяси салалардағы түбегейлі өзгерістер нәтижесінде болған демократиялық, құқықтық мемлекетті бекітудің жаңартылған жолымен нық әрі сенімді келе жатыр. Бұл ретте заманауи қоғамға өтуге бағытталған барлық жаңғырту үрдістерінің эволюциялық тұрғыда өтетіндігі Қазақстан Республикасының артықшылығы болып табылады. Сонымен бірге, біздің елдегі жаңғыртудың практикалық тәжірибесінің өзі басқа жолды емес, осындай даму жолын таңдауды көздейді. Егемендікті алған күннен бүгінгі күнге дейінгі барлық реформалардың бейбіт және жүйелі түрде жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн. Әр реформа Қазақстанның стратегиялық дамуының басты мақсаты – демократияға көшуге кезең-кезеңмен қол жеткізуге бағытталды.
Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан — 2050» Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің бірі болып табылады [6].
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын түбегейлі өзгерістермен шартталған демократиялық, құқықтық мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған жолы бойынша нық жүріп келеді.
117. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасыҚазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.      Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.      Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.      Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды.      Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды.      Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді.      Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.      Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы – жеке иелікте.      Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды.      Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті.      ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
      Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті.      Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6 %-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.      Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.      Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.      Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.      Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.      Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі және болашақ ұрпаққауіпсіздігінің кепілі.      Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.      «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды.      Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.      Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.      Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд. теңге болды.      Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды.      Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды.      Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.      Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.      Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.      Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті.      Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.      Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.      «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.      Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды.      1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.      Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз.      Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.      1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.      Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
      Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті.      Біз өткізу нарықтарын әртараптандырып, өз позицияларымызды берік орнықтырдық, сол арқылы өнімімізді өткізудің бір бағытқа тәуелділігін азайттық.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
      Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты.      Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.      Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың  шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.      Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз.      Біз «Өзен–Түркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас-Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салуды бастадық.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық.      Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.
      Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі.      Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.      Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды.      Енді біздің алдымызда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз. 
118. ҚР атом қаруынсыз беделі
29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн ретінде белгілі. 1945 жылдың тамыз айында Жапонияның қос қаласына (Хирошима, Нагасаки) атом бомбасы тасталды. Кеңестер Одағындағы алғашқы ядролық қаруды сынау да 1949 жылдың 29 тамызында өткенін тарих айғақтайды. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен әлемдегі төртінші орын алатын Семейдегі ядролық полигон жабылды. Жиырма бес жылдан бері Қазақстан барлық мемлекеттерді ядролық қарусыз, бейбіт әлемді құруға шақырып келеді. Осы орайда дүниежүзілік қауымдастықты атом қаруынсыз, бейбіт әлемді құруға үндеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. ҚР Президентінің ұсынысымен бірталай жобалар жүзеге асырылып, атом қаруынсыз жаһанды құруға үндеген бағдарламалар қолға алынды. Мысалы, 2012 жылдың 29 тамызында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ядролық сынақтарды түбегейлі тоқтату және әлемді ядролық қарудан арылтуға бағытталған «Атом жобасы» халықаралық кампаниясы жүзеге асып жатқаны анық. Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы және атом қаруынсыз Қазақстан жайында Жапония азаматтарының пікірін білген едік.
Назарбаев мырза — қазіргі Қазақстанның әкесі Хироши Йошино, ғалым (Ибараки): — Мен жалпы тіл білімі және Африка тілдері бойынша зерттеушімін. Әрі Орта Азия халықтарының тілдеріне қызығушылығым бар. Қазақстанды танып-білу үшін кітаптардан оқу аз, бұл елді өз көзіңмен көруің керек. Өзім Қазақстанда бір рет болдым. Қазақстанды көрмей тұрғанда экономикасы, өндірісі және білім жүйесі артта қалған ел деп ойлайтынмын. Бұл ойымның дұрыс еместігін Қазақстанға студенттік топ құрамында барғанда бірден ұқтым. Жапония Қазақстаннан табиғи газды сатып алатындығын білемін. Бүгінде Жапонияның ТМД елдерімен бизнестегі әріптестігі және ЖОО арасындағы ынтымақтастығы қарқынды даму үстінде. Хирошима мен Нагасакиде 1945 жылы атом бомбасының жарылғаны туралы әлемдегі барша халық біледі ғой. Ол жарылыс біздің тарихымыздағы зор қасірет. Нагасакиде жарылыс кезінде адам тұрмақ, 1 шақырым қашықтықтағы жануарларларға дейін қырылып қалған. 2 шақырым радиуста орналасқан үйлердің барлығы қираған. Мыңдаған үй күлге айналды. Ал Хирошимадағы жарылыс нәтижесінде радиация әсерінен 413 мың адам көз жұмды. Қаншама адам ауруға шалдықты. Жарылыстың ұзақ кезеңдік зарарын халық көрді. Хирошима, Нагасаки сияқты тарихи қалалары бар Жапония мен Президент Назарбаевтың бастамасымен бейбітшілікке бағытталған бағдарламаларды әлемдік қауымдастыққа ұсынған Қазақстанның ынтымақтастығы бұдан ары да қарқынды дамиды деп сенемін. Қазақстан болашағы зор бұндай ынтымақтастықта ТМД-дағы жетекші ел ретінде маңызды рөл атқарады. Назарбаев мырза — қазіргі Қазақстанның әкесі. Елбасы ретінде оның жылдам әрі дана шешім қабылдауынан басқарушылық үлгісінің өте жақсы екені аңғарылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жарқын болашағын айқындап берді деуге болады. Қиын кезеңдерде елді алға бастап жүруі Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты ақыл иесі екендігін танытады
Томоко Хоукйо, суретші (Чиба): — Әрине, зұлмат кезеңді еске алу кімге де болса қиын. 1945 жылы Жапонияның қос қаласында атом бомбасының жарылғаны туралы кітаптардан және сол оқиғаны көзімен көрген қариялардан естиміз. Көзімен көргендердің айтуы бойынша, жарылыс толқынынан тіпті балалар да ұшып кеткен. Бір жарылыста бүкіл шаһар қирап қалды. Мыңдаған адам қырылып, қаншама әулет ұрпақсыз қалды? Қазіргі адамзат тек бейбітшілікке қызмет етуі қажет. Адамзатқа қарсы бағытталған қару түрлерінің болмауы керек. Мен Қазақстанға алғаш келгенде ұшы қиыры жоқ кең даланы көріп, таңдандым. Мен туып-өскен Жапонияда бұндай байтақ дала көріністері жоқ қой. Қаптаған ғимараттар мен үйлері сықасқан аудандардың ортасында өскен менің кең даланы алғаш көруім. Қазақ пен жапонның бет-әлпеті өте ұқсас. Қазақпен кездескенде туыстық жақындықты сеземін. Қазақстан халқы кеңпейіл, тұрғындары мейрімді деген ой түйдім. Суретші ретінде Орта Азия, оның ішінде Қазақстанның табиғатын, өнерін қылқаламмен өрнектеуге ден қойып жүрмін. Маған қазақтың ою-өрнектері өте ұнайды. 2014 жылы «Жапония мен Орта Азияны жалғаған жаңаша жапон картинасы» деген тақырыппен Чибада жеке көрмем өтті. Былтыр Гиндзадағы үлкен галереяда «Кең далада жайқалған гүлдер мен Қазақстан балалары» деген тақырыппен көрме өткіздім. Сондай-ақ 2014 жылы Қазақстанның тұңғыш Президентінің мұражайында «Жапон сұлулығы» деген көрмемді көпшілік тамашалады. Қазақстан мен Жапонияны не байланыстырады десек, Орта Азия төріндегі қарқынды дамып келе жатқан республиканың кезінде полигонды жабуы және бейбітшілікті қолдауда ел Президентінің атқарып жатқан істері баршаны сүйсіндіруде. Алдағы уақытта да қазақ пен жапон халықтарының мәдени ынтымақтастығын нығайтуға өз үлесімді қоссам деймін. Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан болашақта шарықтап дамыған, ғажайып елге айналады деп сенемін. Халқын атом зұлматынан құтқарған қамқор басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқы барынша қолдап, ұзақ мерзімдік Президенттік қызметін атқаруы, әрі бірнеше кітаптың авторы болып, доктор дәрежесіне ие болуы оның нағыз қажырлы еңбек иесі екендігін көрсетеді. Қиын кезеңдерде елді алға бастап жүруі Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты ақыл иесі екендігін танытады. Қазақстан экономикасының қарқынды түрде дамуы Президенттің қажыр-қайратының арқасы деуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан ары да өз қызметін осы қарқында жалғастыратынына сенемін. Оған Қазақстан басшысының әлемдік аренадағы абыройы дәлел.
Нұрсұлтан Назарбаевтың дара басшы екені сөзсіз Комацу Хисао, Токио университетінің құрметті профессоры (Токио): — Жапонияның Хирошима шаһарына барғандар біледі, Гэнбакудому деген тарихи ғимарат бар. Хирошиманың жарылыста күл-талқаны шыққанда, тарихи ескерткіш ретінде осы нысанды ғана қалдырып, қаланы қайта тұрғызды. Кірпіштен салынған бұл ғимарат жарылыс орталығынан 160 метр жерде орналасқан болатын. Бүгінде Гэнбакудому Хирошиманың ең танымал тарихи нысаны. Менің негізгі мамандығым Орта Азия тарихы болғандықтан ежелгі Қазақстан туралы жақсы білемін. Қазақстанның басты ерекшелігі — байтақ жерге иелік етіп, Ресей мен Қытай сияқты қос алпауыттың ортасында орналасса да тұғырлы ел ретінде тәуелсіздігін бекіте білген, табиғи ресурстарға бай мемлекет екендігінде. Сондықтан Қазақстан Еуразия аймағында маңызды рөлге ие болып, қарқынды даму жолына түсті. Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы тұсындағы 1990 жылдан бастап-ақ ел тұтқасын қолына алып, міне 25 жыл бойында Қазақстанның саяси тізгінін ұстап келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңес Одағы ыдыраған қиын кезде, одан кейінгі үлкен реформалар кезеңінде де Қазақстандағы тыныштық пен ел тәуелсіздігін қолдан жібермей, қазіргі даму дәуіріне бастап келген орасан еңбегін жоғары бағалаймыз. Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің ортасында Қазақстанның тәуелсіздігін мықтап ұстап тұруы оңай емес деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың дара басшы екені сөзсіз. «Алыс болашақта дәл Назарбаевтай тұлға туа ма?» деген сұрақ та көкейге келері анық.Семей полигонының жабылуы
29 тамыз Қазақстан тарихы үшін ерекше күн. Бұл Семей полигонындағы сынақтардың басталған күні және полигонның жабылған күні. Екі оқиғаның арасында 42 жыл өтті. Алғашқы сынақтың ғылыми жетекшісі Курчатов болып жарияланды, ол Берияның жарлығына сәйкес РДС-1 сынағын өкізуге өкім шығарды. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де полигон көз шағылыстырарлық жарық берді, бұл КСРО алғашқы атом бомбасын әзірлеу мен сынақтан өткізуді табысты аяқтады дегенді білдірді. Жарылыс қуаты тротил баламасының 22 килотоннасын құрады. Полигон тарихында барлығы 456 ядролық және термоядролық жарылыс болды. Ядролық зарядтардың жинақталған қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасы қуатынан 2,5 мың есе артық болды. Бұл сынақтардың халық пен экологияға тигізген зардабын әлі күнге дейін бағалау мүмкін емес. 1989 жылы Қазақстанда ядроға қарсы Олжас Сүлейменов бастаған «Семей-Невада» қозғалысы пайда болды. Ядросыз өмір үшін күрескен қазақстандықтардың басты мақсаты Семей полигонын ғана емес, жер бетіндегі басқа да полигондарды жабу болды. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны президентіміз Назарбаевтың Жарлығымен жабылған болатын.
119. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Ядролық қару сынақтардың салдарымен күресу
1. Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Семей ядролық полигоны
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Ядролық сынақтар
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Қорытынды бөлім
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.[2][3][4]Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белужий», «Ленкоса», «Трешкин» аралдарында жиырмашақты мұнай ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Мұнай ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады. Аудан халқы үшін кәсіптік және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз: 1. Аудан жеріндегі каналдары қалпына келтіру, бітелген жерін аршып, қазып, Қиғаштын мол тұшы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз ету керек. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі кезде Жайық өзенінің теңізге құяр тамағы тайыздалған. Жылдар бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек. Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз, ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады. Төртіншіден, су келсе каналдар бойындағы көлдер жағасы мен жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі, ауа райы жақсарады, табиғат түзіледі. 2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті.
Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ. 3. Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын дедектетіп біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да өлді. Сонда осы мол мұнай Қазақстанның келешекте соры болмай ма? Себебі деректер бойынша Каспийдің Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың жалпы құны 500млрд доллар. Ал теңіз тіршілігі жойылса, халықаралық сот жыл сайын сондай мөлшердегі айыпты біздің елге салады да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырғы созылар? Осы сұрақтар еріксіз ойландырады. Ең қиыны, теңізіміздің ертеңі не болады? Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың мол қоры жатқаңына қай жақ та күдіктенбеді. Кеңес үкіметін ойландырған бұрғылау кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын. Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің атырауында орналасқан мұнай бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген крокодильдерді көрсеткен. Оның себебі мұнай араласқан ортаға ең төзіімсіз тіршілік – крокодильдер екен. Ал апарылған крокодильдер онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың КСРО-дан Каспий теңізінің су асты алқабын сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуәрде де теңіз асты мұнайын өндіру жөнінде әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан түсірілген бейнематериалдарындағы мұнай белгілері дәнекер болса керек. Алайда негізгі келісімшарт Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі «Қазақстан-Каспийшельф» компаниясын құру туоалы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халықаралық консорциум болып қайта құрылды. Қазақстан шельфінің теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау облыстарының жерінде жатқаны белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекалармен тұтас келеді. ШШШельф орналасқан аймаққа қарай судың тереңдігі – 1,5 метрден 9 метрге дейін барады. Оңтүстік бетін құрайтын Түрікменстан шекарасыа дейінгі тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады. Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің аз жұмсалуыне әсерін тигізері хақ. Сейсмикалық барлау жұмыстарының жүргізілуіне 1994 жылдың тамыз айында Ақтауға «Вестерн Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді. Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы «Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты. Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына көше бастады. Оған Қазақстанның бұл консорциумға қаражат қоспауы да әсер етті. Сол жылдары Ақтау қаласында консорциумның мониторингі өтті. Онда консорциумның алматы филиалының өкілдері басым болды. Негізгі әңгіме теңіздің экологиялық жағынан бүлінбеуіне арналды. Геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде «егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын» деген пікір айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім алынған жоқ. Тек консорциумның қорына 200 млн доллардың бөлінгендігі, одан 20 млн әлеуметтік салаға, 6 млн мамандар дайындауға кететіні белгілі болды. Мұнай өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз. Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын. Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Сонда Қазақстан 23,5 тонна уылдырық экспорттауға құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған. Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру)
Невада - Семей
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
120. Қазақстан-халықаралық қатынастағы тәуелсіз ел?
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.). 2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жетістіктері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкекжәне тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
 
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.
Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
121. Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.
Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.
Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.
1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қаулыға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.
1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.
122. Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы елдерімен ынтымақтастығы артып келеді. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттарда ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады: 1) Экономикалық қызмет; 2) Үкіметтің тиімділігі; 3) Бизнестің тиімділігі; 4) Инфрақұрылым. Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. Қазақстан барлық факторлар бойынша рейтингісі жақсарды деп көрсетіледі. Мысалға, экономика саласында – 28-ші орында, 7 сатыға көтерілген, үкіметтің тиімділігі – 3 сатыға жоғарылап, 18-ші орынға, бизнестің тиімділігі — 34-ші орынға орналасып, 2 сатыға, ал инфрақұрылым бойынша – 43-ші орынға жайғасқан. Қазақстанның осы рейтингтегі бәсекелестік басымдылығы мемлекеттік қаржылар (5-ші орын), еңбек нарығы (5-ші орын), фискалдық саясат (9-шы орын) және жұмысбастылық арқылы (14-ші орын) байқалады. Мамандардың пікірінше, IMD рейтингісі нәтижесі бойынша 2012 жылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қабылданған шараларының өзектілігін атап өткен.
ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себепті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда. Экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде Қазақстанның достастық елдермен сыртқы сауда айналымы 34,7 млрд. долларды құраған. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдері– мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы.
Қазақ елі даму қарқыны жөнінен әлемдегі көшбасшылардың «үштігіне» кіріп отыр. Ernst&Young аудиторлық компаниясы Қазақстанның алдағы уақыта — 2011-2015 жылдар аралығында да экономикалық өсімі бойынша дүниежүзіндегі алғашқы үш мемлекеттің қатарында болатындығын жариялады. Ernst&Young Қарқынды дамушы нарықтар орталығы өздерінің елімізді «әлемдік нарықтағы маңызды ойыншыға айналып келе жатқан» мемлекет санайтындарын жеткізді. Ұлыбритания сынды алпауыт елдер «0,27 пайыздық» өсім көрсеткішін қанағат тұтып отырғанда, Қазақстан Көшбасшысы ел Үкіметі алдына алдағы бес жыл бойы ең кем дегенде 7 пайыздық өсімді сақтауды міндеттеді. Осындай қарқынмен ілгерілесек, Елбасының«әлемнің жоғары табысты елдері қатарына өту» бастамасы іске аспақ. Президент Н.Назарбаевтың бұл мұраты шетелдік сарапшыларды тамсандырады, бірақ қайран қалдырмайды. Қатысушыларға Қазақстанда жағымды макроэкономикалық орта қалыптасқан. Бұған даму көрсеткіштері дәлел. Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 6,5%-ды құрап, былтырғы жылдың сәйкес көрсеткішінен сәл асты. Инфляция жылдық шамада 8% деңгейінде және жоспарланған дәлізде болады.
Елбасымыз француздық «Valeurs actuelles» журналында биылғы 2012 жылдың қазан айында берген сұхбатында:«Қазақстанның ендігі 5 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі 12,5 пайызды құрайтын болады. Шикізаттық емес сектор үлесі 10-нан 40 пайызға дейін ұлғаймақ. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі қазіргіден 1,5 есе, ал агроөнеркәсіп кешенінде 2 есе көбейеді. Біз өзімізді құрылыс материалдарымен 80 пайыз қамтамасыз ететін боламыз. Отынның әр түріне деген қажеттілікті отандық мұнай өңдеу зауыттары қанағаттандыратын болады. Басқаша айтқанда, алдағы жылдарда Қазақстан алға қарай өте үлкен қадам жасауға тиіс». Әлемдік экономикалық кеңістікте Қазақстанның өз жолы бар. Сонымен 50 елдің қатарына қарай адымдап келеміз. Сол қиын уақытқа қарамай жетістіктерге қол жеткізген 10 елдің қатарындамыз. Мұны «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры айтып отыр. Олар жүргізген сауалнама осыны растаған. Ал, оған емес әлемнің 57 елінің 247 жетекші экономистері, қаржы талдаушылары, ғалымдары, компаниялардың топ-менеджерлері, журналистері мен саясаткерлері қатысқан. Осы жылдың үш тоқсанында бізде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және байланыс салалары жедел дамыған. Тұрақты да қарқынды өсуді экономиканың барлық салалары көрсетіпті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар.
Сонымен қатар бизнестің белсенділігі артты. Бұл өз кезегінде нақты жалақының 6,8 пайызға өсуіне ықпал етіп, бөлшек сауда айналымының 13 пайызға артуына септігін тигізді. Осының арқасында ішкі сұраныс өсіп, ІЖӨ деңгейі көтерілді. Қазіргі жағымды жаңалық энергия тасығыштар, металдар, астық бағалары қалпына келуде. Жан басына шаққандағы инвестициялар бойынша Қазақстан ТМД-да көшбастаушы болып табылады. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетел инвестициялары былайғы Орталық Азия мемлекеттерін бүтіндей алғандағы шетел капиталы салымдарынан айтарлықтай асып түседі. Қазақстандағы инвестициялық ахуалға берілетін басты баға да осы. Инвестициялардағы бизнестің жеке қаражатының үлес салмағы өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы 32,9 пайыздан 46,0 пайызға өскен. Бұл бизнестің инвестициялық әлеуетінің қалпына келуінен хабар беретін жақсы көрсеткіш. Негізгі капиталға салынатын жалпы инвестиция көлемінде дәстүрлі түрде көшбасшы орын алатын шетел капиталының көлемі керісінше қысқарған. Олардың үлесі 40,9% -дан 25,3% – ға азайған. Соған қарамастан негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі өзгермеген.
Биылдан бастап іске асырыла бастаған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның өзіндік даму жолы. Оның негізгі мақсатының өзі экономиканы әртараптандыру және еліміздің ұзақ мерзімде бәсекелестік қабілеттілігін арттыру. Мұнда жеке бизнес пен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіруге баса назар аударылған. Мемлекет күш-жігерін шикізаттық емес бағытты дамытуға жұмсайтын болады. Бизнес болса әртараптандыру мақсаттарына жауап беретін салаларды көтеруге атсалысады. Осы бағдарламаны іске асыру арқылы экономика 46 млрд. АҚШ долларынан асатын жылдық қосымша құн құруға мүмкіндік алады. Қазақстанның әлемдік қауымдастықта өзінің беделін көтерудің жолында кең көлемде жұмыс атқаруда. Бұл өз кезегінде, өзге де дамушы және дамыған мемлекеттермен тығыз сауда-саттық және экономикалық жағынан қарым-қатынас жасауда тиімділігін көрсетеді деп біледі.Себебі беделі артқан мемлекеттерге аса сенімділік білдіріледі. Әлемдік нарықта өзінің орнын орнықтырып, тұрақтанған мемлекетіміз келешекте ірі келісімдер мен шетел инвестицияларға ие бола алады. Мемлекеттің ІЖӨ-ң деңгейін жоғарылатып, әлемнің түрлі рейтингтерінде орнын біршама жақсартады. Халықтың жағдайы көтеріліп, орташа жалақы көлемі артып, жұмысқа деген құлшынысын жақсартады. Бұл тиісінше, мемлекеттің дамуында айрықша маңызды рөл атқарады.
123. Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
Тарихи шолу
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
ТМД-ның Қазақстанға әсері
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі. Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
124. ҚР ТМД елдерімен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы және Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.
1992 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.
2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.
2013 жылғы 22 қазаннан бастап Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Саакян болып табылады.
Екіжақты қатынастар Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартқа (1999 ж. 1-2 қыркүйек) сәйкес дамып келеді.
2010 жылғы 20-21 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Арменияға іссапармен келді.
2011 жылғы 12 тамызда Армения Республикасының Президенті С.Саргсян Бурабайда өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
2014 жылғы Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 8,21 млн. АҚШ долл. құрап (экспорт – 0,41 млн., импорт – 7,8 млн. АҚШ долл.)
2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 1,4 млн.  АҚШ долл. құрап, 52,9% төмендеді, (экспорт – 148 мың,  59,1% өсіп, импорт – 1,24 млн.  56,5% төмендеді).
Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. 2013 жылғы 24-25 қазанда Ереванда ҮАК 5-ші отырысы болып өтті.
Қазақстан және Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Мәдениет саласында ынтымақтастық туралы келісіммен (2006 жылғы қараша, Астана қ.) бекітілген.
Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуының 20-жылдығын атап өту шеңберінде 2012 жылғы 27-31 тамыз кезеңінде Ереванда «Қазақфильм» делегациясының қатысуымен Арменияда Қазақстан киносы күндері өтті. Армян көрерменіне қазақстандық режиссерлердің 5 үздік фильмі ұсынылды.
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы (2015 жылдан).
Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Гашимов Закир Ариф оглу (2009 жылдан).
Қазақстан-Әзербайжан қатынастары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылы мамырда Бакуге жасаған ресми сапарының қорытындысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар туралы шартқа сәйкес дамып келеді.
2011 жылғы 19-21 қазанда ӘР Президенті И.Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Сапар шеңберінде Әзербайжан басшысы Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің 1-ші Саммитінің жұмысына қатысты.
2013 жылғы 16 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаев Габала  қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің  3-ші Саммитінің жұмысына қатысты.
2014 жылы Қазақстан мен Әзербайжан  арасындағы  тауар айналымының көлемі 252,1 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 220,3 млн. долл., импорт – 32,1 млн. долл.).
2015 жылғы қаңтар-мамыр айларында өзара тауар айналымы 41 млн. АҚШ долл. құрап, 72,1% төмендеді. Оның ішінде, экспорт – 36,8 млн. долл., импорт – 4,2 млн. долл.
Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық комиссияның 11-ші кезекті отырысы 2014 жылғы 25 қарашада Астана қаласында өтті. Отырыстың барысында энергетика, тасымалдау мен көлік жүйелері, ауыл шаруашылығы, білім мен  туризм салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге қатысты екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.
Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік қайраткерлері мен белгілі өнер қайраткерлерінен тұратын «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы белсенді қызмет етуде.
Ақтау қаласында жыл сайын өткізілетін «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестиваліне Әзербайжанның мәдениет және өнер қайраткерлері, спорттық делегациялары қатысады.
2011 жылы 13 мамырда Баку мемлекеттік Университетінде Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті Орталығының ресми ашылу рәсімі өтті.
2012 ж. 6-9 маусымда Астанада Әзербайжанның Қазақстандағы Мәдениет күндері өткізілді.
2012 ж. 18-21  қараша аралығында Баку қаласында Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері өтті.
Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасындағы қатынастар
1992 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды.1997 жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.2012 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов.2010 жылдың қаңтар айынан бері Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Анатольевич Брылев.
Саяси қатынастарҚазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің ұстанымдары аймақтық және халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша өзара сәйкес келеді. Екі жақты және көп жақты форматтарда, ТМД мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы жоғарғы және басқа деңгейлердегі байланыстар нығая түсуде.2011 жылғы маңызды оқиғалардың бірі – Беларусь Республикасы Президенті АЛукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары (2011 жылғы 23-25 мамыр). Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен бетпе-бет және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтті.Келіссөздер барысында қазақстандық-белорусстық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, оның ішінде «Жол картасы» аясында 2010-2011 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалу барысы. Белорусстық әріптестердің Жоспарда бекітілген мерзімдерге сәйкес алға қойылған міндеттерді орындау қажеттілігіне назары аударылды, сондай-ақ белорусстық компаниялардың Қазақстан Республикасы Қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысуы қарастырылды.Жалпы келіссөздер іскери және өзара түсінушілік мәнерінде жүзеге асты, тараптар барлық күн тәртібі бойынша ортақ ұстанымдарын айқындады. Қол жеткізілген уағдаластықтар тағы бір мәрте қазақстандық-белорусстық қарым-қатынастардың өзара стратегиялық бағдарда екендігін растады, осы ретте Қазақстан басшысының айрықша рөлі сөзсіз. Келіссөздердің нәтижелері қазақстандық және белорусстық бұқаралық ақпарат құралдарында жағымды көрініс тапты.Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь Президенттерінің тараптардың экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа да мемлекетаралық қарым-қатынастар бойынша жақындасуы мақсатында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ басқа да келісімшарттарға қол қойылды.2011 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімов Беларуське жұмыс сапарымен келді. Қазақстанның Премьер-Министрі ЕурАзЭҚ-тың үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық кеңесіне қатысты. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кедендік одақтың жоғарғы органы) отырысында үкімет басшылары деңгейінде Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік заңнамасын кодификациялаудың амалдары талқыланды, оның ішінде Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі Декларацияны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар айтылды. Мемлекетаралық кеңестің күн тәртібіндегі негізгі сұрақтардың бірі – бақылауды ресейлік-қазақстандық шекарадан Кедендік одақтың сыртқы шекараларына тасымалдауды ұйымдастыру. Біртұтас экономикалық кеңістікті құру мәселелері, сондай-ақ Кедендік одақ мүше мемлекеттерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі талқыланды.Сол күні ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың БР Премьер-Министрі М.Мясниковичпен келіссөздері өтті. Нәтижелер негізінде екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде Хаттамаға қол қойылды.2011 жылғы 30-31 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында ҰҚШҰ даму перспективалары мен өзекті проблемаларына байланысты мәселелр қарастырылды, атап айтқанда, Ұйымның басқа халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері мен ҰҚШҰ үйлестік тетіктерінің қызметі талқыланды. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің басшылары өткен жылғы желтоқсан сессиясында қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылуы туралы баяндамаларды тыңдады. Сондай-ақ Министрлер бірқатар аймақтардағы ахуалдың даму ерекшеліктерін талқылады, оның ішінде Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Ауғанстан. Осы орайда туындайтын қауіп-қатерлердің алдын-алу үшін ҰҚШҰ мемлекеттері тарапынан қабылданатын мүмкін қадамдар қарастырылды.2011 жылғы 24-26 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджановтың ресми сапары өтті және Мәжіліс Төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблея кеңесіне қатысты. Сапар барысында Мәжіліс спикері Беларусь Республикасы Президенті А.Лукашенкомен, Премьер-Министрі М.Мясниковичпен, сондай-ақ өзінің әріптестері Ұлттық жиналыстың жоғарғы және төменгі палаталарының Төрағалары В.Андрейченко және А.Рубиновпен кездесті. Кездесу барысында О.Мұхамеджанов екі елдің экономика, саясат, мәдени-гуманитарлық әрекеттестік салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын атап өтті. Бұдан бөлек Мәжіліс спикері экономикалық ықпалдастық осы күнгі қатерлерге қарсы тұруға ықпал ететіндігін атап өтті.Қазақстанның ресми делегациясы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблея кеңесі отырысының жұмысына ат салысты. Оның барысында Кедендік одақтағы ықпалдастық үдерістер мен Еуразиялық экономикалық одақты құру жөнінде мәселелердің бірқатары қарастырылды.2012 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары өтті.Сапар барысында Елбасы Беларусь Республикасы Президенті А.Г.Лукашенкомен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында қазақстандық- белорусстық ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық саладағы перспективалары талқыланды, сонымен бірге халықаралық күн тәртібіндегі проблемалардың кең спектрі бойынша пікірлермен алмасты.Қзақстан мен Беларусь арасындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көлік және инвестициялық ынтымақтастық шеңберіндегі әрекеттестікті нығайту жөніндегі практикалық амалдардарға ерекше назар аударылды, сондай-ақ 2009-2016 жж. арналған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын («Жол картасы») жүзеге асыру шеңберінде 2012-2013 жж. арналған Бірлескен іс-шаралардың жоспарын тиімді орындау мәселелеріне көңіл бөлінді.Сонымен бірге екі елдің басшылары ТМД, ЕурАзЭҚ, КО, БЭК, ҰҚШҰ аймақтық ықпалдастық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь Президенттерінің Бірлескен мәлімдемесіне, дипломатиялық өкілдіктерді орналастыруға арналған өзара жер учаскелерін беру жөніндегі үкіметаралық келісімге, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды, сонымен қатар екі ел арасындағы кәсіпорындар мен мекемелер арасында екі жақты құжаттар қабылданды.Қазақстандық-белорусстық қатынастардың өзегі – сауда-экономикалық ынтымақтастық болып табылады, ол 2009 – 2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстан Беларусьтің ТМД шеңберінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.Қазіргі уақытта қазақстандық-белорусстық ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасы есебінде 65 келісімшарт пен әр түрлі салалардағы келісімдер бар. Олардың түпнегізгілері: Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт, 2009-2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім, Еркін сауда жөніндегі келісім және т.б.Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ұйымдастырылып отыратын екі жақты сапарлар, жоғарғы және жоғары деңгейдегі кездесулер, әрі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, кәсіпорындар мен екі елдің іскери топтарының кездесулері ықпал етеді. Екі жақты табысты ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына екі елдің іскери топтары өкілдерінің көрмелерге қатысуы септігін тигізеді, олардың шеңберінде өнімдердің тұсаукесерлері ұйымдастырылады, сондай-ақ әр түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер мен келіссөздер жүргізіледі.1996 жылдан бастап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссия нәтижелі түрде қызметін атқарып келеді.2011 жылғы 6-7 қазанда Гомель қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссияның кезекті VIII отырысы өтті. 40 адамнан құралған қазақстандық делегацияны ҚР Төтенше істер жөніндегі министрі, қазақстандық тараптың Үкіметаралық комиссиядағы төрағасы В.Божко бастап әкелді. Белорусстық тарапты - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ҮАК-тің Белорусстық тарапының төрағасы – В.Иванов басқарды. Күн тәртібіне 13 сұрақ енгізілді. Оларды талқылау барысында Үкіметаралық комиссия жетінші отырысы Хатттамасының орындалуы тыңдалды, сонымен бірге мүдделі тараптардың қатысуымен ҚР мен БР үкімет басшылары сапарлары барысында берген тапсырмалары мен мәселелерінің тізімі толықтай жан-жақты қарастырылды. Кезекті тоғызыншы отырыс 2012 жылдың екінші жартысында Талдықорған қаласында өтеді.726,9 млн. АҚШ долларын құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Қазақстаннан экспорт 57%-ға қысқарып, 103,5 млн. АҚШ долларына жетті, ал Қазақстанға тасымалданатын белорусстық импорт 37,8%-ға артып және 623,4 млн. АҚШ долларын құрады.Өндірістік кооперацияны дамыту мақсатында 2010-2011 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралардың жоспары жүзеге асырылды. «Жол картасында» көзделген 27 жобаның қатарынан Қазақстанның Индустрияландыру картасына белорусстық техниканы құрастыратын 5 бірлескен жоба енді. Олардың жалпы сомасы 98,6 млн. АҚШ долларға тең. Қазіргі уақытта тараптар 2012-2013 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады.Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар біршама қарқынды дамып келеді. 2012 жылғы 1 қаңтарға сәйкес, Қазақстанда белорусстық капиталдың қатысуымен 115 кәсіпорын тіркелген, жұмыс үстіндегілердің саны – 82.Қазақстандық нарықта барынша белсенді жұмыс істеп келе жатқан «МТЗ», «БЕЛАЗ», «МАЗ», «Атлант» сияқты танымал өнеркәсіптік брендтерді атауға болады.Қазақстандық мұнайдың Беларусь Республикасы аумағы арқылы алыс шетелдерге тасымалы Ресей Федерациясының «АК «Транснефть» ААҚ мұнай құбырлы жүйесі арқылы өтеді.Белорусстық бағыттағы қазақстандық мұнайдың тасымалы Ресей Федерациясы аумағы арқылы транзитпен ілеседі, осыған орай қазақстандық мұнайдың транзитіне байланысты мәселелер ресейлік тараппен мақұлдануы тиіс.Агро-өнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтастық дамуда. Ауыл аймақтары мен кіші қалаларды агроқалашықтар салу арқылы жандандыру сияқты белорусстық тәжірибе зерттеліп келеді. Қазіргі уақытта Беларусьте 1481 агроқалашықтар тұрғызылған.Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындар ауыл шарушылық техниканы (астық жинау комбайндері, шөп машиналар, көп функционалды топырақ өңдеу агрегаттары) шығарумен айналысуда.Көлік саласында ынтымақтастық жалғасып келеді. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрақты тікелей әуе байланыс бір жақты қатынасты «Белавиа» белорусстық әуе компаниясы жүзеге асырады. Ал 2011 жылғы 7 қыркүйектен бастап «Белавиа» навигацияның қысқы кезеңіне, аптасына екі рет жиілікпен Минск-Астана-Минск бағыты бойынша әуе қатынасына ауысты.Өңіраралық ынтымақтастық дамыту мен нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Тұрақты негізде облыстық атқарушы комитет төрағалары, қала, аймақ, БР кәсіпорындардың басшыларымен, өткізілетін кездесулер мен келіссөздердің барысында екі жақты сауда көлемін арттыру жолында, сауда ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарды құру бойынша шаралар белгіленіп отыр, әрі екі ел экономикаларына инвестицияларды ынталандыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Сондай-ақ ҚР мен БР аймақтары арасында нақты бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жалғасуда. Ауыл шарушылық техниканы өндіру, жолаушы-жүк лифттерін жинау, дизельді қозғалтқыштарды жинау, коммуналды мақсаттарға арналған жабдықтарды орнату үшін жолаушы, жүк техника мен МАЗ автошассилерін жинау бойынша бірлескен кәсіпорындар құрылған.Беларусьтің дамыған ғылыми әлеуеті мен іргелі зерттеулер саласында нақты білімдерге бай екендігін ескере отыра, ғылыми саладағы ынтымақтастықты нығайтуда айқын перспективлалар бар.Оның негізін Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім құрайды. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде қазақстандық-белорусстық комиссия қызмет істейді.Бүгінгі таңда әскери-техникалық ынтмақтастықтың өзектілігі артып келеді. Аталған саладағы негізгі құжат Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімшарт, тараптар оны 1997 жылы қабылдаған. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Үкіметтері арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім (Астрахань қ., 1998 жылдың 3 қыркүйегі) ерекше маңызды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі белорусстық-қазақстандық Үкіметаралық комиссия шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде шағын комиссия қызмет істейді.Екі ел арасында 2007 жылдан бастау алған әскери білім саласында ынтымақтастық белсенді даму үстінде. Ынтымақтастық ҰҚШҰ мүше мемлекеттері үшін әскери кадрларды даярлау туралы келісім шеңберінде жүзеге асады.Жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрліктері арасында Екі жақты ынтымақтастық жоспары келісіледі және жүзеге асырылады. Оның шеңберінде екі ел аумақтарында шашамен 30 іс-шара (жұмыс сапарлары, консультациялар, жарыстар, бірлескен оқулар, дайындық) ұйымдастырылады.Мәдени-гумантиралық саладағы қазақстандық-белорусстық ынтымақтастық 1996 жылда қабылданған Мәдениет, ғылым мен білім саласындағы үкіметаралық келісімге және 1999 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Беларусь Республикасы Мәдениет министрлігі арасында қабылданған Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес орындалады. Оларды орындау аясында көптеген мәдени өзара алмасу дәстүрлері қайта орнатылып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылды.2009 жылы өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республиксына ресми сапары мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қатынастардың жандануына үлкен серпін берді.Осылайша 2009 жылы Минск қаласында Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын насихаттау аясында Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Мәдениет күндері сәтті өткізілді, сәйкесінше 2010 жылы Беларусьтің Қазақстандағы Мәдениет күндері ұйымдастырылды.2009-2011 жылдар аралығында Минск қаласында қазақстандық танымал классика және эстарада орындаушыларының қатысуымен жеке концерттер ұйымдастырылды, әрі қазақ кино күндері мен қолданбалы өнер көрмелері өтті.Минск қаласында Достық үйімен бірлесе отыра, қазақ жазушылары мен ақындары Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, А.Құнанбаевқа арналған әдеби кештер өткізілді. 2011 жылы танымал белорус жазушысы, Беларусь Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Н.Метлицкийдің көмегімен Елшілік А.Құнанбевтың өлеңдерін белорус тіліне аударумен айналысты.Беларусь Республикасының Президенті жанындағы басқару академиясымен бірлесе отыра, жыл сайын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылады, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын насихаттауға негізделген басқа да іс-шаралар өтеді.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін насихаттау шеңберінде жыл сайын Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған отандастарымыз туралы естелікті мәңгі есте қалдыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.Қазақстан Елшілігі тұрақты түрде Беларусь аумағында қайтыс болған қазақстандық жауынгерлердің есімдерін анықтау үшін іздестіру жұмыстарын атқарады. 2009-2011 жылдар аралығындағы жұмыстың нәтижесінде Елшілік ертеректе хабарсыз жоғалғандар қатарында болған екі мың қазақстандықтың аттары енген естелік кітапты басып шығарды.Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің халықаралық күніне арналған Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру ісіне қосқан үлесі туралы ақпаратты насихаттау мақсатында, 2011 жылы Минсктің орталығында «ХХ ғасырдың ядролық апаттары» пантеонына Семей сынақ полигонының топырғы салынған капсуланы орнату рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қатынастар
Жалпы мағлұматтар
Дипломатиялық қатынастардың орнатылу мерзімі – 22 шілде 1992 жыл.Дипломатиялық өкілдіктердің ашылу мерзімі – 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Киев қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі қызмет атқарады;
1994 жылдың мамырынан бері Алматы қаласында және 2001 жылдың қаңтарынан бастап Астана қаласында Украинаның Елшілігі қызмет атқарады.Тіркелген Елшілер:Қазақстан Республикасының Елшісі – Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев, 2004 жылы 10 ақпанда тағайындалды.Украинаның Елшісі – Николай Федосович Селивон, 2006 жылы 5 қыркүйекте тағайындалды.Саяси қатынастарҚазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді.Киев Қазақстанның ЕҚЫҰ–да төрағалық ету өтінішін қолдап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі бастамаларды, әсіресе АӨСШК идеясын, қолдауда, Қазақстанның ДСҰ–на кіру үрдісінде қолқабыс ету бойынша келісілді.БҰҰ шеңберінде ынтымақтастық жемісті болып отыр.Елбасыларының өзара сапарлары барысында – Украина Президенті В.Ющенконың 2005 жылы мамырда және 2006 жылы қаңтарда Астана қаласына және Қазақстан Президентінің Украинаға 2005 жылы қарашада, екі жақты қатынастарды жандыруға ұмтылыстарын қуаттады.Соңғы уағдалыстықтар Президент Н.Назарбаевтың 2007 жылы ақпанда Киев қаласына, Президент В.Ющенконың 2008 жылы наурызда Астана қаласына ресми сапары барысында қол жеткізілді және 2007-2008 ж.ж. Қазақстан–Украина Іс–қимылдар жоспарында (“Жол картасы – 2”) қамтыды. Жоспар орындалып, сауда–экономикалық, көліктік, отын–энергетика, агроөндірістік, аэрокосмостық, ғылыми және әскери–техникалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.Қазіргі таңда тараптар “Жол картасы – 3” бойынша келіссөздер жүргізуде.Тараптар заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы мен кеңеюіне мүдделі. Бұл мақсатта екі елдің Парламенттерінде тиісті Топтар қызмет атқаруда.Құқықтық–келісім–шарт базасы 80–нен астам құжаттарды қамтиды, оның ішінде, 1994 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісім.Сауда–экономикалық қатынастарҚазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 2008 жылы $4,9 млрд (ҚР жалпы сыртқы сауда айналымында 4,4%) құрады. Қазақстан Украинаның әлемдегі сауда серіктестерінің арасында сегізінші орынға ие болды. Қазақстандық импорт $1,8 млрд, экспорт – $3,1 млрд және оның жалпы сауда айналымында 63,2% құрады.2009 жылғы қаңтар-маусым айларында сауда айналымы $ 2,159 млрд. (p/s –Украина Мемстатком мәліметтері) құрады және 2008 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 10,3% азайды. Қазақстандық экспорттың көлемі $1,37 млрд. құрап, 12,6% азайды, импорты – $785 млн. құрап, 3,8% азайды.Экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Қазақстан-украина экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырыстарында қарастырылады. Барлығы сегіз комиссия өтіп, соңғысы 2008 жылы 6 қарашада Астанада болып, келесісі 2010 жылы Киевте өтуге жоспарланған. Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы болып ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі С.Мынбаев, украиндық – Отын және энергетика министрі Ю.Продан табылады.Екі жақты қатынастардың нығаюына және сауда айналымының өсуіне себепші болатын фактор институционалдық жасаушы, өкілдіктердің және біріккен кәсіпорындардың құрылуы болып табылады. Маңызды орынды алып отырған аймақаралық байланыстар.Мәселелердің маңызды блоктары – отын–энергетикалық комплекс және көліктік–транзиттік сала.Украина өз территориясының транзиттігі бойынша әлемде ең жоғары коэффициентке ие. Территориясы арқылы қолайлы трансконтиненталды жүк ағымдары өтеді. Украинаның Батыспен, әсіресе энергетикалық жүйелерді біріктіруі Қазақстан үшін еуропалық аймақта экономикалық мүдделерін ілгерілету үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.Теңіздік көлік саласында украиндық порттарды пайдалану тұрғысынан ынтымақтастық қызығушылық тудырып отыр. «Пивденный» теңіздік мұнай терминалы аумағында және Одесса облысының Южный қаласындағы мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жолдау жобаларын бірге іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.Қазақстан мен Украинада мұнай–газ жабдықтарын бірігіп шығару перспективалары зерттелуде, көліктік инфрақұрылымды салу мәселелері пысықталуда.Тараптардың мүдделерінің қиылысуы – машина жасау. Украина КСРО кезеңінен бері қажетті базаны сақтап қалды, Қазақстан ауыл–шаруашылық техникасын, электростанция техникаларын жеткізу, вагондарды импорттауға мүдделі. Бір мезгілде бұл техникаларды Қазақстанның территориясында жинау және қызмет көрсету зауыттарын құру мүмкіндіктері қарастырылып отыр.Мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықМәдени–гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда. Басты бағыттары білім, ғылым, мәдениет, туризм және спорт, аймақтық байланыстарды тереңдету, Қазақстанның украиналық диаспорасына мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруымен көмек көрсетуі, олардың этникалық Отанымен байланысын қолқабыс ету.Ғылыми–техникалық ынтымақтастық дамуда, оның ішінде, аэрокосмостық салада. Қазақстанның космостық секторына кадрларды дайындау және қайта дайындау, Жерді қашықтық зондпен тексеру және ғылыми зерттемелер спутниктерін жасау, Байқоңыр космодромында ракета–космостық жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық космостық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып отыр.Энергетика объектілерін, атом станцияларын салу, ядролық отынды бірігіп өндіру мәселелері пысықталуда.Білім саласында екі жақты байланыстардың потенциалы мамандарды дайындау, лицензиялау, оқу орындарын аттестациялау және аккредитациялау, нормативтік–құқықтық және методикалық базаны бірігіп дамыту, жоғары білім саласында мамандарды дайындау және қайта дайындау, екі елдің ҒЗИ және ЖОО, Ғылым Академиялары арасында ынтымақтастық мүмкіндіктерінде қорытылып отыр.2007-2008 жылдары өзара өткізілген Ұлттық Жылдар екі жақты ынтымақтастықтардың маңыздылығын және тиімділігін бекітті, саяси және іскерлік байланыстардың әрі қарай дамуына, серіктестіктің тереңдеуіне, мәдени алмасуда жаңа мүмкіндіктер ашты. 2007 жылы Қазақстанның жылы шеңберінде орын алған 200 астам іс–шаралар экономикалық сипатта болды. Олардың табыстылығын тауар айналымының өсуінен байқауға болады.2005 жылы мамыр айында Синельково қаласында (Днепропетровск облысы) 1943 жылы Украинаны неміс–фашистік басқыншылардан құтқаруда 19-жеке кавалериялық корпустың жауынгері – қазақтың ұлы ақыны Ж.Жабаевтың ұлы А.Жамбыловтың ескерткішінің ашылу салтанаты болып өтті. 2008-2009 жылы Киевтегі көшенің бірі ұлы қазақ ақыны және ойшысы Жамбыл Жабаевтың атымен аталып, ескерткіш тасы қойылды. 2009 жылы 9 мамырда украин жерінде бостандық пен бейбітшілік үшін жанын пида еткен батырларға естелік ретінде Синельниково қаласында Соғыс мәртебесі музейінде Алғадай Жымбылұлының бөлмесі ашылды.Қазақстан Республикасының этникалық келісім және саясатын насихаттау мақсатында украин тілінде Президент Н.Назарбаевтың еңбектері басылып шығарылды, олардың ішінде: “Тарих толқынында”, “Қазақстан – 2030” және “Сындарлы он жыл”; кітаптар: “Нұрсұлтан Назарбаев – қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім моделінің құрушысы”, “Бейбітшілік және келісім саясаты” және “Қазақстан жолы”.Одан басқа, қазақтың жазушысы, мемлекеттік және қоғамдық қайраткері Олжас Сүлейменовтың “Хат тілі” және “Тарих алдындағы түркілер” атты кітаптарының украин тіліне аударылымы жасалды.Қазақстан мен Украина мұражайлары өзара ынтымақтаса бастады. 2009 жылы наурызда Львов өнер палацында украиндық ақынның 195 жылдығына ұштастырылған “Шевченко. Украинаға қайту” көрмесі өтті. Көрмеде алғаш рет Қастеев атындағы Алматы мемлекеттік өнер мұражайынан әкелінген және бұрын ешбір жерде қойылмаған Шевченконың жеті полотносы көрсетілді.Әскери–техникалық ынтымақтастық 2005 жылғы 18 қарашадағы Үкіметаралық келісім негізінде іске асып отыр. Қазақстан мен Украинаның ӘӨК өнеркәсіптері арасында іскерлік байланыстар кеңеюде. Өзара іс–қимылдардың перспективалы бағыттары әскери дәне радиолокациялық тезниканың жаңаруы мен модернизациялануы, самолеттерді, танкілерді модернизациялау және ремонттау болып табылады. Екі елдің Қорғаныс министрліктері арасындағы 2006-2007 жылдарға арналған екі жақты ынтымақтастық Бағдарламасы бойынша Қазақстан мен Украинаның әскери–теңіз күштері арасындағы ынтымақтастық перспективалы бағыттарын келісу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді, бейбітшілік операцияларды дайындау және өткізуді ұйымдастыру, қазақстандық мамандар және ғылыми–педагогикалық кадрларды дайындау жұмыстары атқарылды.
Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды.
Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Орман Кәрімұлы Нұрбаев (2012 жылғы желтоқсаннан бастап).
Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Акмырадов Мактымгулы Кыясович (2010 жылғы ақпаннан бастап).
Екіжақты ынтымақтастық 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес дамып келеді.
2013 жылғы 10-11 мамырда Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
2014 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Түрікменстанға ресми сапары болып өтті. 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы Түрікменстан және Иран президенттерімен бірге «Өзен-Берекет-Горган» халықаралық темір жол магистралінің ашылу салтанатына қатысты. 
ҚР Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда айналымының көлемі 475 млн. АҚШ долл. (экспорт – 353,8  млн., импорт – 121,2 млн.) құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артты. 
2015 жылғы қаңтар-мамыр айларында сауда айналымы 81 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 55,3 млн.АҚШ долл., импорт – 25,7 млн. АҚШ долл.).
Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысы 2014 жылғы 3-4 маусымда Астана қаласында өтті.
2010 жылғы 26-27 мамыр Ашхабадта ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі мен Түрікменстан сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Түрікменстандағы сауда миссиясы өтті.
2014 жылғы 29 сәуір – 2 мамыр аралығында Қазақстанда Түрікменстанның Мәдениет күндері өткізілді.
 Қазақстан Республикасында Түрікмен қоғамдық-мәдени орталық (Алматы) жұмыс істейді, Түрікмен ұлттық-мәдени орталықтары Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды қалаларында Қазақстан халық Ассамблеясына өте белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастар 
1993 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Тәжікстан Республикасы (ТР) арасында Дипломатиялық қатынастар орнатылды.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Смағұлов Ағыбай Дынкенұлы (2011 жылғы мамыр).
Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Назирмад Ализода (2014 жылғы маусым).
Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Тәжікстанға жасаған ресми сапары барысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы шартқасәйкес дамуда. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі іс жүзінде байланыстардың барлық салаларын қамтитын 80-нен астам құжаттардан тұрады.
2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары жасалды.
2015 жылғы 15-16 қазанда Тәжікстан Президенті Э.Рахмон ТМД-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесіне қатысу шеңберінде жұмыстық сапармен Қазақстанда болды. 
Экономикалық саладағы екіжақты қатынастардың тереңдеуіне 2015 жылғы 19-20 наурызда Душанбеде 12-ші отырысы өткізілген Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-тәжікстан үкіметаралық комиссиясының қызметі жәрдем етуде.
2015 жылы 19-20 наурызда Душанбеде Комиссияның 12-отырысы өтті.
2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 580 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт 415,4 млн.АҚШ долл., импорт 164,9 млн. АҚШ долл.). 
Қазақстанның Тәжікстанға шығаратын негізгі өнімдері астық, ұн, күнбағыс майы, құрылыс және лактық бояу материалдары, мұнай газы және газ тектес көмірсутегі, мұнай мен мұнай өнімдері болып табылады.
Қазақстанға шығаратын Тәжікстан тауарларын көкөністер, жемістер, руда және қорғасын, мырыш, мыс концентраттары құрайды.
Тәжікстанда жыл сайын «Экспорт және инвестициялар жөніндегі «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі» жүйесінде бизнес-форумдар мен саудалық миссиялар өткізіліп тұрады.
«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы мен «Тәжікстан темір жолы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ынтымақтастық дамуда. 
Екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығы жыл сайын нығаюда. Әр жылда ҚР азаматтары үшін Тәжікстандағы және ТР азаматтары үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары бөлініп отырады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастар
Жалпы мағлұматтар1992 жылдың 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.1992 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2006 жылдың 12 желтоқсаннан бері Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников. 2014 жылдың 11 ақпаннан бері Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин.Саяси диалог. Қазақстандық-ресейлік қатынастар әртүрлі салаларда қарқынды дамумен сипатталады. Мемлекет басшыларының ұдайы кездесулері мен келіссөздері Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда жетекші орынды алады.Үкімет басшылары деңгейінде қарқынды өзара іс-қимылдар жүргізілуде. Екіжақты және көпжақты форматтардағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылдар мәселелері ұдайы талқылануда. Парламентаралық байланыстар жоспарлы дамуда. Тиісті парламенттік комиссиялардың және комитеттердің жұмыстары парламентаралық ынтымақтастыққа жүйелі сипат береді. ҚР Парламенті Сенатында бұл – «Қазақстан Республикасы-Ресей Федерациясы» парламенттік ынтымақтастық комитеті (комитеттің тең төрағасы К.Ищанов), Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінде – ҚР Парламенті Сенатымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ (топтың тең төрағасы И.Умаханов); ҚР Парламенті Мәжілісінде – РФ Мемлекеттік думасымен ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік топ (басшысы С.Дьяченко), Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасында – ҚР Парламентімен байланысы бойынша депутаттық топ (басшысы О.Савченко).Екі елдің сыртқы саясат іс-қимылдары көп жоспарлы және жан-жақты сипатқа ие. 2014 жылдың 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Ресей Федерациясында (Мәскеу) ресми сапармен болды. Оның барысында өзінің әріптесі С.Лавровпен екіжақты келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың бағыттары бойынша кіші комиссиялардың отырыстары тұрақты өткізілуде: банкаралық және инвестициялық; көліктік; өңіраралық және шекара маңы; әскери-техникалық; ОЭК саласында; ғылым және жаңа технологиялар саласында, өнеркәсіп саласында. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданған және оны орындау бойынша 2012-2014 жылдарға арналған Жоспар жүзеге асырылуда.Мемлекет басшыларымен қол қойылған 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылып жатыр. Екіжақты қарым-қатынастың тиімді дамуына өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшылары қатысуымен жыл сайын өңіраралық ынтымақтастық Форумы өткізіледі.Өзара сауда - ынтымақтастықтың маңызды аспектісі. Ресей Қазақстанның дәстүрлі түрде ірі сауда серіктесі болып табылады.2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы сауда айналымы 23,49 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың сыртқы саудасының жалпы көлемінің 17,9%) құрды және 2012 жылмен салыстарғанда 1,7% өсті. ҚР экспорты 5,8 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың жалпы экспорт көлемінің 7%), ҚР-дың импорты 17,69 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың жалпы импорт көлемінің 36,2%) құрды. Отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келе жатыр, соның ішінде әлем нарығына қазақстандық көмірсутегін барлау, өндіру және тасымалдау салалары. Ресейлік компаниялар қазақстандық ірі көмірсутек шикізаты кен орындарын өңдеуіне қатысады. Ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы іске қосылған. «Казына Капитал Менеджмент» және «Роснано» қатысуларымен 100 млн. АҚШ долл. көлемін құрайтын бірлескен нанотехнологиялар қоры құрылды.Ғарышты игеру мен «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану саласындағы ынтымақтастық дамып келеді.Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен қызмет іске асырылуда, соның ішінде көліктік дәліздерді іске асыру бөлігіндегі: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік - Оңтүстік», «Батыс - Шығыс» және басқа жобалар. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынас серпінді дамуды жалғастырып келеді. Екі мемлекет халықтары арасындағы достастықты тереңдету, РФ тұрғындарын тарих туралы ақпараттандыру, қазақ халқының мәдени мұрағаты мен құндылықтары, Қазақстан имиджін нығайту, әртүрлі салалардағы мемлекеттің жетістіктерін жария ету және Қазақстанды Ресей қоғамында қазіргі заманға сай қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде ұсыну бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тату көршілікті және стратегиялық әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тығыз негізді, өзара тиімді қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың әлеуетін көтеруді бірлескен күш салысумен жалғастырып жатыр.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (2010 жылғы қаңтардан).
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Алишер Алахитдинович Салахитдинов (2012 жылғы қыркүйектен).
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық Мәңгілік достық туралы шарт (31.10.1998ж.) және Стратегиялық әріптестік туралы шартқа (14.06.2013 ж.) сәйкес дамып келеді.
2013 жылғы 13-14 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға ресми сапары барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
2014 жылғы 24-25 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтың Қазақстанға ресми сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2,10 млрд. АҚШ долл. құрап (экспорт - 1,12 млрд., импорт - 962 млн.), 2012 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмендеді.
2015 жылғы қаңтар-мамыр айларында өзара қазақстан-өзбек сауда айналымы 8,8% төмендеп, 659,9 млн. АҚШ долл. (экспорт – 377,4 млн. АҚШ долл., импорт – 282,5 млн. АҚШ долл.).
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мақсатында , екі ел арасында ҚР мен ӨР Үкімет басшыларының бірінші орынбасарлары деңгейінде Екіжақты ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық комиссия қызмет атқаруда. Аталмыш комиссияның 14-ші отырысы 2014 жылғы 26 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізілді.
Шығармашылық ұжымдар, мәдениет және өнер өкілдерінің өзара сапарлары тұрақты түрде ұйымдастырылады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке 2013 жылғы маусымдағы ресми сапары барысында қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашу салтанаты өтті.
2012 жылғы мамыр айында Өзбекстанда «Біз - бір халықпыз» атты Достық фестивалі аясында Әйтеке бидің 370-жылдығын тойлауға арналған мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы қатынастар
Жалпы мәліметтер
1992 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Кишинев қаласындағы Бас консулдығы ашылды. Бас консул Игорь Мусалимов.
2015 жылғы қазан айынан бастапМолдова Республикасының Ресей Федерациясы мен қосара Қазақстан Республикасындағы Елшісі Думитру Брагиш.
Саяси қатынастар
1999 ж. қыркүйекте Молдова Республикасының Президенті П.Лучинский Қазақстанға ресми сапарымен келді.
2003 ж. қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Молдоваға ресми сапармен келді.
2002 ж. қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов Молдовада ресми сапармен болды.
 2010 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде Шығыс Еуропа елдері бойынша турне шеңберінде Кишинеу және Тирасполь (Днестр маңы) қалаларына сапар шекті. Сапар шеңберінде Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Днестр маңы жанжалын реттеу мәселелерін талқылау үшін Украина және Днестр маңы басшылығымен келіссөздер өткізді.
Сапарлар санының аздығына қарамастан, тараптар халықаралық ұйымдардың саммиттері аясында бірнеше рет кездесті. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атына Молдова Республикасы Премьер-Министрінен елге ресми сапармен келу туралы шақырту хаты келді.
2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда ТМД басшылары Кеңесінің отырысы шенберінде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Молдова Республикасының Премьер-Министрі Кирилл Габуричпен екіжақты кездесуі болды.
2015 жылғы 27 тамызды ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Молдованың Министрлер кабинетінің басшысы Валерий Стрелецпен телефон арқылы сөйлеуі болды.
Әңгімелесу барысында тараптар барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарастарын растады.
Тұрақты байланыс сыртқы саяси ведомстволарар арасындасақталуда. Өзара түсіністік пен өзекті халықаралық мәселелер бойынша тәсілдердің жақындығы Қазақстан-Молдова саяси диалогының ерекше белгілері болып қалуда.
Молдова Республикасы Қазақстан Республикасының кандидатурасын2017-2018 жж БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлауды қолдайды, сондай-ақ, қылмыстық сот жұмысы саласындағы Еуропа Кеңесініңтөрт мақсатты конвенциясына Қазақстанның қосылуын қолдайды.
Құқықтық-шарт базасы 18 халықаралық шарттар мен келісімдерден тұрады, олардың ішінен 13-ші мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейлердеқол қойылды.
2015 жылғы 2 мамырда ҚР және МР Ішкі істер министрі заңсыз болған тұлғаларды реадмиссиялау туралы үкіметаралық келісімге және заңсыз болған тұлғаларды реадмиссиялау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындаКелісімді жүзеге асыру бойынша Атқарушы хаттамағақол қойылды, қазіргі уақытта оларды күшіне еңгізу үшін Тараптар мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруда.
Экономикалық ынтымақтастық
Үкіметаралық коммиссия. Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Молдова Үкіметаралық комиссия шенберінде талқыланады.Комиссияның тең төрағалары екі елдің ауыл шаурашылық министрлердің орынбасарлары болып табылады.
2015 жылғы 22 шілдеде Кишиневте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Молдова Үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы өтті, осы отырыс барысындакөптеген мәселелер талқыланды.
Қазақстан мен Молдова арасындағы сауда айналымы.
Қазақстаннан Молдоваға экспорты.2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан Молдоваға экспорт 45,1%-ға төмендеп, 9,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Молдовадан Қазақстанға импорты.2015 жылдың қаңтар-қыркүйекте 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 178,2%-ға өсу тіркелді және    49,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Статистика ақпараттарына сәйкес, қазіргі уақытта 54 Қазақстан-Молдова бірлескен кәсіпорындарықызмет атқарады.
2005-2015 жылдаркезенінде Молдова Республикасынан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың көлемі 122,4 млн. АҚШ долларын құрады. 2005-2015 жылдаркезенінде Қазақстаннан Молдова Республикасына тікелей инвестициялар көлемі 2,0 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан мен Молдова арасында мәдени-гуманитарлық салалардақарым-қатынастар дамуда.
2012 жылғы 10 желтоқсанда Комрат қаласында(Гәгәузия) Даңқ саяжолында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мүсіні салтанатты түрде ашылды.
2008 жылғы 9 мамырдаАнений Ной ауданының Гура-Быкулуй ауылындағы Теоретикалық лицейінің ғимаратындақазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің құрметіне мемориалдық тақта орнатылған.
Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 70 жылдығын тойлау бойынша, Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бастамасымен 2015 жылғы  24 сәуірде Кишинев қаласында Ұлы Отан соғысының құрбандарын еске алу үшін «Вечность» мемориалдық кешенінде Павлодар облысы, Ақсу қаласынан келген делегация Молдоваға алма ағаштарының көшеттерін әкеліп отырғызды.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов (2015 жылдың 16 наурыздан бастап).
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Эсенгул Касымович Омуралиев (2012 жылдың 15 ақпанынан бастап).
Екіжақты ынтымақтастық 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шартқа және 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шартқа сәйкес дамып келеді.
2012 жылғы 22 тамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңестің үшінші отырысы өткізілді. Отырыс қорытындылары бойынша қазақстан-қырғыз стратегиялық одақтастық пен әріптестіктің келешек бағыттары анықталды.
2014 жылғы 7 қарашада Қырғызстан Республикасының Президенті А.Атамбаевтың мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңесінің төртінші отырысы өтті.
Қазақстан Қырғызстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі болып табылады. Қырғыз Республикасының сыртқы сауда айналымында Қазақстан үшінші орынға ие.
2014 жылғы екіжақты сауда көлемі 1,056 млрд. АҚШ долл. деңгейіне жетті (оның ішінде экспорт - 705 млн. АҚШ долл., импорт - 351,2 млн. АҚШ долл. құрады), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,8% жоғары.
2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы 272 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт - 211 млн. АҚШ долл., импорт - 61 млн. АҚШ долл.), өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,2% төмен.
Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметаралық Кеңесінің жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық кеңесті екі мемлекеттің Үкімет басшылары басқарады. ҮАК 5-ші отырысы 2014 жылғы 13 қазанда Астанада болып өтті.  
Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэзиялық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіледі.
2013 жылғы 20 қыркүйек - 21 қазан кезеңінде Астана және Алматы қаласында Ш.Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қырғызстанның Қазақстандағы Мәдениет күндері өтті.
2014 жылы қазан және қараша айларында Бішкекте М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастрольдері өткізілді.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
125. ҚР сыртқы саясаттағы жетістіктері. ҚР ЕҚЫҰ мүшесі. ҚР ЕҚЫҰ-ға жетекшілігі.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.
ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.
Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
Тарихы[өңдеу]
20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар. [1.1б.].   Төрағалық  жөніндегі  шешім  ЕҚЫҰ  мүше  мемлекеттерінің  Қазақстанның  әлемдік  процестегі  позитивті  рөлі , оның  құқықтық , демократиялық  мемлекет  құруға  шынайы  ұмтылыстарын  ресми  бағалауы  болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның  төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда .    Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  реформаларының  басты  субьектісіне  айналды , өйткені  ол – ЕҚЫҰ дағы  батыстың  да , шығыстың  да  елдерімен  жақсы  қарым – қатынастағы  және  ешқайсысымен  қайшылығы  немесе  территориялық  таластары  жоқ  жалғыз  және  ішкі  саясаты  ұлтаралық  және  конфессияаралық  тұрақтылықпен  сипатталатын  бірден-бір  мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда [2.1б.].   ЕҚЫҰ ның  төрағасы  ретінде  Қазақстанның  алдында  үш  бағыттағы  мәселелерді  шешу  міндеті  тұр:  әскери-саяси , экономика-экологиялық  және  гуманитарлық  бағыт.    Халықаралық  аренадағы  ең  өзекті  мәселелердің  бірі – ядролық  қаруды  таратпау  режимін  бұзу  тенденцияларының  байқалуы , және  заңсыз  негізде  кейбір  мемлекеттердің  ядролық  қаруды  иемденуі (Пәкістан , Үндістан)  ядролық  қаруға  ие  болмаған  мемлекеттердің  әскери  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажеттілік туғызады.  Қазақстан Республикасы төраға ретінде қатысушы-мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық  форумымен  тереңдетуге  ұмтылуда.  ХХІ  ғасырдағы  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықтың  қауіптеріне  қарсы  тұру  жөніндегі  ЕҚЫҰ  Стратегиясының  жүзеге  асырылуына  және  бұдан  басқа  да  ЕҚЫҰ  құжаттарындағы  принцип – нормалардың:  «Әскери  ақпаратпен  жаһандық  алмасу» , «Ядролық , химиялық  және  биологиялық  қарудың  таралмауын   реттейтін  принциптер» , қауіпсіздіктің  әскери – саяси  аспектілеріне  қатысты  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  Кодексінің (1994 жыл  Будапешт)  орындалуына  Қазақстан  мүше - мемлекеттердің  қатысуын  ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде.  1996  жылы  қабылданған  ХХІ  ғасырдағы  Еуропаға  арналған  ортақ  және  барлығын  қамтитын  қауіпсіздік  моделі  туралы  Лиссабондық  декларация  Еуропада  ядролық  қарудан  еркін  аймақтарды  құруға  шақырады.  ЕҚЫҰ-  ның  шеңберінде  мемлекеттердің  әскери – саяси  ынтымақтастығын  тереңдету  мәселесі  ЕҚЫҰ  күн  тәртібінің  жеке  бір  мәселесі  ретінде  қарастырылуда ,  өйткені  ұйымның  негізгі  міндеті – қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету [2.1б.].   Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  механизмін  жетілдіру  мәселесін  шешу  де  қажет,  оның  көмегімен  қақтығыстардың  алдын  алып , Балқандардағы  қанды  қақтығыс  секілді  жағдайларға  жол  бермеуге  көмегін  тигізеді.  Ол  үшін  Балқандардағы ,  Днестр  бойы (Молдова), Таулы  Қарабахтағы , Солтүстік  Кавказдағы  қақтығыстардың  негізін  түпкілікті  зерттеп , зерттеу  нәтижесі  бойынша талқылау жүргізіп , ЕҚЫҰ- ның  деңгейінде  шешім  қабылдаудың  мағынасы  бар[3.2б.].     ЕҚЫҰ- ның  мүшелері  болып  табылатын  Орталық  Азия  аймағының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселесі  де  қазіргі  таңда  өте  өзекті.  Орталық  Азия  аймағына  жақын  орналасқан , тіптен  бұл  аймаққа  кіретін  Ауғаныстан  Республикасы  жөнінде  сөз  қозғап  отырмыз.  Бүгінде  бұл  мемлекетте  ЕҚЫҰ-ның  мүшелері  болып  табылатын  мемлекеттердің  көпұлтты  күштері  бұл  елде  қалыптасқан  қарама – қайшылықтарды  шешуге  талпынып  жатыр.  Бұл  мәселені  ЕҚЫҰ-ның  шеңберінде  қарастыру  және  ол  бойынша  рационалды  шешімдердің  қабылдануы – бұл  елде  және  аймақтағы  шиеленісті  азайтар  еді.    Қазақстан  болса ,  ЕҚЫҰ-ның  Төрағасы  ретінде  ЕҚЫҰ  құрылымын  жетілдіру  ісіне  өз  үлестерін  қос  алатын  еді.  Біз  білетіндей , ЕҚЫҰ- ның  Бас  хатшысы  өзінің  өкілеті  мен  статусы  бойынша  ЕҚЫҰ- ның  басты  басқарушы  тұлғасы  емес , бірақ  бұл  лауазымның  иесі  ұйым  қызметінің  ағымдағы  міндеттерін тиімді  шешімдермен  қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан , 1992 жылы  қызметі  бекітілген  ЕҚЫҰ  Бас  хатшысының  өкілеттілігін  кеңейтудің  де  мағынасы  бар.  Ал  Төраға  өкілеттілігінің  мерзімі  3-4 жылға  дейін  ұзартылған  жағдайда , Төрағамен  және  басқа  да  қатысушы  мемлекеттермен  қойылған  міндеттерді  шешуде  көлемді , маңызды  істер  жасауда  үлгеретін  еді [3.2б.].   ЕҚЫҰ – еуропалық  континентте  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  қамтамасыз  ету  мәселелерімен  айналысатын  беделді  халықаралық  ұйым.  Басқа  да  континенттерде  ЕҚЫҰ-на  ұқсас  ұйымдар  қызмет  атқаруда.  Мысалы  , құрылуына Қазақстан  бастамашы  болған  , Азияда  АӨСШК-  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  пен  сенім  шаралары  бойынша  Кеңес  жұмысын  атқаруда.  Ал  Қазақстан  еуроазияттық  ел  есебінде , АӨСШК  құрылуына  бастамашы  болған  ел  ретінде  , бұл  екі  ұйымның  арасында  байланыстырушы  негіз  ретінде  өзін  көрсете  алады.  Конференциялар  мен  семинарлар  көмегімен  бұл  екі  ұйым  еуропалық  және  азиялық  континенттерде  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  сақтау  бойынша  өздерінің  тәжірибелерімен  бөлісе  алар  еді.  ЕҚЫҰ- ның  атауы  мен  қызмет  ету  аясының   басым  көпшілігі  азиялық  ШЫҰ – Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  ұқсас.  Бір мезгілде  ШЫҰ -на  және  ЕҚЫҰ-на  мүше  болған,қазіргі таңда ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстанның екі жақтың ынтымақтасуында байланыстырушы рөлін атқару міндеті тұр.     Сонымен  бірге , ЕҚЫҰ- ның  қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыру да Қазақстан міндеттерінің бірі. ЕҚЫҰ жаһандық экологиялық мәселелерді, соның ішінде бұрынғы емей ядролық полигоны мен Арал теңізіне қатысты мәселелерді шешуде жағымды рөл атқара алады [4.1б.].    Әлемде азық – түлік дағдарысы дами түсіп, азық – түлікке деген  бағалар көтеріліп, ЕҚЫҰ-ның құрамына кіретін елдерде де дағдарыс сезілетіні анық.Сараптамашылардың болжамы бойынша азық – түлік дағдарысы 2015 жылға дейін жалғасуы мүмкін.  Сондықтан , бүгінг күнде азық - түлік дағдарысының өсуіне қарсы  шаралар  жөнінде мәселені ЕҚЫҰ -ның күн тәртібіне қоюымыз керек. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Таяушығыстық сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев азық – түлік қауіпіне байланысты Қазақстан жерін астық, күріш және  басқа да дәнді – дақылдарды өсіру үшін қолдануға әр түрлі мемлекеттердің инвестициялар құюының мүмкіндігі туралы ұсыныс жасады.  Бұл идеяны  ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекеттерге де қолданыла алады. Олар да Қазақстан жеріне инвестицияларын құя алады. ЕҚЫҰ ның қатысушы-мемлекеттерінің шетелдік  корпорациялары (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия және  басқалары) Қазақстанның  мұнай – газ өндірісіне көп мөлшерде қаржы инвестициялап, бұдан  сол елдер мен олардың  халықтары мен Қазақстан да пайдасын көреді. Осыны астыққа да қолдануға болады, және тек Қазақстан жерінде ғана емес, Ресей , Украина , Орталық  Азия мемлекеттерінің жерінде жүзеге асыруға болады. Мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы азық – түлік дағдарысын жеңіп шығу ЕҚЫҰ қызметінің басты векторларының біріне айналар еді [5.11б.]. ЕҚЫҰ-ның барлық  қатысушы-мемлекеттері  жоспарлы  экономикадан экономиканы басқаруда нарықтық әдістерді  қолданатын экономикаға көшті. ЕҚЫҰ-ның батыстық қатысушы елдерінің нарықтық экономиканы жүргізуде үлкен тәжірибеге ие. ЕҚЫҰ-ның басқарушы органдарында нарықтық экономиканы жүргізудің тәжірибесін беру формаларын талқылауға болатын еді.[5.13 б.]   Еуропалық мемлекеттерінің теміржол рельстерінің ені ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, соның ішінде Қазақстанмен де салыстырып қарастырғанда ені бойынша әр түрлі екенін білеміз. Еуропадағы рельс абанының ені 1435 мм құраса, ТМД елдерінде ол 1520 мм құрайды. Еуроазиялық кеңістікте жыл сайынғы жүктердің қозғалысы 600 миллиард долларға бағаланады. Сонымен  қатар, қаржы мен қатар уақыт та үнемделінбейді. ЕҚЫҰ -ның қатысушы мемлекеттері теміржол колеясының енін  өзгертетін мемлекеттердің темір жол саласына инвестициялар  құю мәселесін талқылап, Еуропалық  Одақ, ЕурАЗ эқ – ТМД, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО)  , Еуропалық қайта құру мен даму банкі және Азиялық даму банкі потенциялдарын қолдану  арқылы барлығын бірден емес біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік бар.   ЕҚЫҰ -ның Төрағасы ретінде 1975 жылғы ЕҚЫҰ -ның алғашқы және негізгі құжаты Хельсинкилік Қорытынды актісі талап еткендей, Қазақстан да мемлекеттердің бұл жаһандық транспорттық экономикалықынтымақтастығының нығаюына айтарлықтай үлкен рөл атқарып,  транспорттық  жүйенің дамуына үлесін қоса алады [6, 35б.].   Қазақстанның  2010 жылы  ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда,  Орталық  Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен  , есірткі  трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында  белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда [2.1б].    Жоғарыда көрсетілген кейбір міндеттер Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің басымды міндеттері ретінде белгілей аламыз,ал Қазақстан олардың міндетті түрде орындалуына бар күшін салуда.
126. ҚР заманауи мәдени үдерістер
Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды. Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді. Қазақстанда 1980 жылдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан мәдени процестер бір жағынан алып қарағанда тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста, партияларда, әлеуметтік реализмде көрінді. Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен сипатталады. 1986 жылғы декабрь оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл» деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында  өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. Ізгілендіру зиялылары және өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік қорғаусыз қалды, ол Қазақстанда 1992 жылы оқытушылар мен дәрігерлердің ереуілге шығуына себеп болды. Сол кезде мәдениетті коммерцияға айналдыру үрдісі де байқалды. Қоғамды демократиялауды сылтау етіп рухани салаға төмен сынамалы изолар – порнографияны, күштеуді, қаталдылықты насихаттайтын кино өнімдері енді». Посткеңестік кеңістіктегі мемлекет айтарлықтай қысқа тарихи мерзім ішінде рухани және мәдени даму саласындағы проблемалардың кешеніне тап болды. Олардың ішінде: бұрын болған бірыңғай мәдени кеңістіктің өткенге кетуі және ұлттық идентификациялаудың жаңа парадигмінің өмірге келу; коллективтендіру көзқарастарының құнсыздануы және оның құлаған орнында өзінің идеясы және дүниетаным бағытыны бойынша әртүрлі құндылықтардың қалыптасуы болды. Соңғысы түпкілікті есепте бірқатар дәстүрлі бірлестікті және мемлекеттің қалыптасуын айқындады. Демократизация процесіндегі эволюция қоғамдық құрылымның әр алуандылығын және шынайы континентін тікелей анықтады. Сол кезде плюрализм және мультимәдениет идеялының бірқатар көрсеткіштері өзін ақтамады және кері процестер туғызды. Бұл жағдайда Қазақстанның қайта дамуы үшін ұлтты, қоғамдық тұрақтылықты, ұлттың бірлігін және қоғамдық келісімді сақтаудың кілті қазақтардың және басқа да этностардың бай тарихи және мәдени мұрасын нысанаға алу болды. Ғаламдандырудың өсу қарқыны этникалық ерекшелікті және қайталамаушылықты сақтаудың әмбебап үлгісін әзірлеу міндеттеріне белсенді жағдай жасады. Мәдени мұраға жүгіну ұлттық мәдениетті дамытуда этнодифференцияциялау функцияларын анықтау міндеті келген кезде ерекше өзектілікке ие болады. Біздің жүз жылдығымыздағы психология ауқымды идеяларда, үлгілерде немесе идея жүйелерінде және санасыздық сферасынан адамдардың ойлау қабілеті шығатын үлгілерде анықтау қиындыққа соқтыратын архетиптер туралы бірнеше рет ойлады. Ұлттық ертегі, мифология, ертедегі заңдар, сәулет, әдебиет, тарих, мәдениет, әуен және т.б. әрбір адамның сана-сезімінде тарих пен мәдениеттік өзіндік бағасын, сондай-ақ «Біз» және «Өзгелер» деп бөлуді тудыруға мүмкіндік туғызатын,  құпия құбылыс арқылы бейнені қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай архетипсіз ұлттық ой, әлемнің ұлттық бейнесі, ұлттық рухани және материалдық мұра туралы айту тіптен мүмкін емес. Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың тепе-тең субъектісі ретінде өркениетті қалыптасуы, оған республика берген, халықтың мәдени байлығындағы орны мен рөлін терең ойлауды талап етеді. ЮНЕСКО қабылдаған «Бүкіләлемдік мәдениет және табиғи мұра туралы конвенцияға», сондай-ақ «Мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ұсынымға» сәйкес, осы саладағы нормативтік жүйелердің реттелуін сақтауға және айрықша құзыретке жауап беру мемлекеттік құрылымның арқасына жүктелген. Алайда, кең жұртшылықты тарта отырып, жалпы ұлттық деңгейде куәландыруды жүргізу және тілді, материалдық, интеллектуалдық және рухани жетістіктерді сақтау мен дамыту тұрғысында тарихи-мәдени мұраларды анықтау қажеттілігі туды, оның негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы этникалық бейнесі қалыптасады. Барша адамзаттың ізгілік құндылықтары контекстінде қазақстандық қоғамның тарихи-мәдени мұрасына салыстырма талдау жасау тек қана имманентті әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды байытуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанды қазіргі әлемде бірегей тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызады. XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері  мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;  көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. Осы Бағдарламаны әзiрлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсендi де сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады. ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б. салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды.  Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады. «Мәдени мұра» - «Культурное наследие» Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда – ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықаралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздейтінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарихтың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар болашаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарих «ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп атап көрсеткен еді. «Мәдени мұра» бағдарламасының келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, жинастыру және ғылыми шығармаларды қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді. Эвристикалық және эмпирикалық іс-әрекет ғылымның методологиялық және методикалық тұрғыдағы жаңалықтарымен толыға түсіп, қазақ халқының мәдени мұрасы бұрынғы идеологиялық бұрмалаушылықтан арылып, жалпы адамзаттық құндылық сапасында көрініс табуға тиіс. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру процесінің әрбір кезеңі жаңа коррективалар мен іске асыру тетіктерін көрсетуде. Бағдарламаны жүзеге асырудың 2004-2006 жж. бірінші және 2007-2009 жж. есептелген екінші кезеңінің бастапқы кезінің тәжірибесі бағдарламаның сапасы мен орындалу мерзіміне оның қандай ведомоствоға жататынының әсер ететінін көрсетті. Қазіргі күн нақтылығы негізгі орындаушы туралы мәселеге қайта қарау қажеттігін талап етуде. Бұған бірнеше мәнді негіз бар. Біріншісі Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының паспортының өзінен туындайды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінің жетекші ғылыми-зертеу институттары, ғалым-зерттеушілері мен техникалық мамандары жұмылдырылған.Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құзырына беру қажеттілігі төмендегі ұсыныстар мен мәселелер кешенінен туындайды. Мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, баспалардың идеялық ұстанымы көрінетін жобалар тұжырымдамасын жасау қажет. Оның жоспарында тұжырымдамаларды қалыптастыру мен оны талқылау мерзімі ескерілуі керек. Әрбір бағыт бойынша жобаның бас қосымша орындаушысы мәртебесін анықтау керек. Ең алдымен, бұл жазба ескерткіштері мен елеулі деген шығармаларды таңдап алу және жүйелеу. Бұл жағдайда, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласына қатысы бар сарапшыларды, жоғарғы білікті аудармашыларды және ғылыми редакторларды, мамандарды іріктеу мәселесі алға шығады. Кейбір жағдайларда, жұмыс бірнеше рет тілдік өңдеуден өткізуді (шет ел тілінен орысшаға, ал одан соң орысшадан қазақшаға аудару), сонымен қатар көлемді ғылыми түсініктер мен түсіндірулерді қажет етті. Бұл үшін уақыт пен нарық талабына сәйкес келетіндей материалдық-техникалық база құрылуы қажет. Көрсетілетін қызметтің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілу мәселелері тиянақты шешілуі тиіс. Себебі кейде материалды өткізетін мерзімде, әсіресе көне тілдерден аударылғандарды теретін компьютерлік технология саласындағы мамандардың болмауы келеңсіз жағдайлар тудырады. Осы жерде айта кетер жайт, оларды пайдалану мен еңбегі үшін төлемақысы да жобада қарастырылмаған. Ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін жаңғыртуда, халқымыздың мәдени мұрасының өзіндік құндылықтарын қайта екшелеп, жүйелеуде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ерекше маңыздылық танытып отырғандығы баршамызға аян. Қазақ елінде, бүгінгі жаңарған Отанымыздың тағдыр шешті кезеңдерінен бірге қайнасып өткен, тарихы терең, халқының рухани байлығы әр заманда биіктен көрінген Қостанай мен Арқалық өлкелерінде «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобаның өзекті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу біздің еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени даму бағытына сай жауап беретіндей дер кезіндегі және нақты жасалынған іс-шара болып есептелінеді. ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық даму қарқыны мен жеткен жетістіктері мәдени үрдістердің ілгері жылжуына зор әсерін тигізді. Осы орайда, қазіргі Қазақстандағы мемлекет тарапынан басшылыққа алынып отырған ғылым мен мәдениет арасындағы жемісті келісімнің үлгісіне айналып отырған «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобасын атап айтуға толық құқылымыз. Оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылғы 13 маусымдағы «Мәдени мұра» жобасының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысындағы баяндамасында айқындап көрсеткен қазақ халқының, сонымен қатар елімізде тұратын барлық этностардың өзіндік мазмұны бай тіліне, рухани және материалдық мәдениетіне жүгінген. Сонымен қоса, бір мезгілде бүкіл әлемдік өркениеттің рухани-мәдени дамуының көп қырлы тәжірибелерін де сіңіре білуімізде. Бұл Бағдарлама еліміздің мәдени мұраларын сақтауға, пайдалануға және зерттеуге, үгіт-насихат, даму жалғастығы және тарихи-мәдени салт-дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны зерттеудің тұтастай жүйесін құру іс-шаралары, оның ішінде қазіргі кезеңдегі ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр және әдет-ғұрып, төл ұлтымыздың жазуы мен тарихымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесін талдау, әр қырынан тарихи және ғылыми сериялар жасау, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта өңдеу, қалпына келтіру және мұражайларға айналдыруға, мәдени мұраның ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық құрамдас мәселелерін нығайту және дамытуды зерттеуге байланысты негізгі аспектілерді анықтайды. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2004-2006 жж. «Тарих және этнология» саласы бойынша «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы», «История Казахстана в русских источниках», «История Казахстана в западных источниках» 10-томдық сериялар, «История Казахстана в античных источниках», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» 2-томдық сериялар соңғы жылдары жарық көрді. Сонымен қатар 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан өркениеттер тоғысында: антикалық дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік мәдени тұғырлардың өзгеріске түсуі мен дамуы» Ұлттық стратегиялық жобаны іске асырудың талаптары мен міндеттерін нақтылау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарлама нәтижесінің тиімділігін арттыру мен нәтижелігі жөніндегі ұсынысты басшылыққа алды: жалпыұлттық ынтымақтас үрдісіне, ұлтаралық келісімге және жалпыұлттық идеологияның нығаюына жағдай жасау; Қазақстанның ұлттық нышандарын көне ұлттық мемлекеттіліктің ескерткіштерін жаңғырту арқылы насихаттау және қазіргі нышандар; Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырудың қуатты құралы ретіндегі Республиканың қайталанбас ұлттық брендін қалыптастыру; Әлемдік тарихтағы көшпенділердің рөлін жан-жақты ашу; Қазақстанның Ұлы дала өркениеті мен түрік мәдениетінің алтын бесігі екенін насихаттау; Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде табылған тарихи-мәдени мұраларды ғылыми айналымға тарту және білім беру саласына еңгізу мақсатында жан-жақты кешенді түрде зерттеу; «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеудің тұғырлы ұстанымдарын әзірлеу; «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер жүйеленіп, енген оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу; табиғи-мәдени мұражайлар, қорықтар жасауды және Қазақстан Республикасының таңдаулы тарихи орындарының туристік бағыттарын әзірлеуді ғылыми тұрғыда негіздеу; ғылыми-теориялық конференциялар өткізу және шетелдерде көрмелер ұйымдастыру түріндегі халықаралық қызмет аясын кеңейту; шет тілдерін меңгерген ғылыми мамандарды даярлау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін және  тәуелсіздігін жариялау жаңа жағдайлардағы мәдениет құрылымының міндеттерін ұғынуда түбегейлі өзгерістер және отандық мәдениеттің одан әрі дамуының болашағын енгізді. «Қазақстанның мәдениетін дамыту қазақстандық қоғамды консолидациялау идеясына қызмет етуі тиіс,  ұлтаралық келісімді бекітумен бірге ұлт ішіндегі бірлікті жетілдіру өте маңызды болып табылады...ондағы мақсат ұлттық идеяның біріктіруші, конструктивті рөл ойнайтындығы болып табылады». Соңғы жылдары әртүрлі жанрларды дамытуда және отандық мәдениеттің бағыты мемлекет тарапынан, сол секілді Қазақстан тарапынан мәдениетті дамудың міндеттерін ұғынуда жаңа серпіліспен көзге түсті. Әлеуметтік-экономикалық және саяси реформа саласындағы Қазақстанның жетістіктері мәдени процестерге айтарлықтай ықпал етті. Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады. Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіру жөніндегі еліміздің стратегиясы қазіргі Қазақстанның мәдениетіндегі бастамалардың көкжиегін анықтайды. Республикамызда 15 жыл бойына көпқабатты, нарықтық, экономикалық, адамдарға өздерінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, саяси және мәдени мүдделерін бүкіләлемдік өркениетте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін демократиялық қоғам құрылуда.  Біздің мемлекетіміздің егеменді және тәуелсіз даму процесін бекіту мен жетілдіру ісіне Қазақстанның мәдениет және өнер жанры саласындағылармен қоса барлығы өзінің қолдан келген үлесін қосуда.
127. Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі замаңғы Қазақстан мәдениеті.
Жиырма жыл тарих таразысына салып қарағанда – қас қағым сәт. Соған қарамастан еліміз осы уақыттың ішінде ғасырға тең даму жолынан ӛтті. Біздің ежелгі арманымыз тәуелсіздік және оны баянды ететін мемлекеттің болуы еді. Енді сол арманымыз жүзеге асты. Кеңес дәуірінде хандық билікті жоққа шығарып, қазақтарда Қазан тӛңкерісіне дейін мемлекет болған жоқ деген кӛзқарас үстем болды. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Қазақтарда мемлекет болды және сол кезде еліміз тәуелсіз болды. Қаз дауысты Қазыбектің сӛзімен айтсақ: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сӛзді асырмаған елміз». Ел болмаса жер болмаса, мұндай асқақ сезім болар ма еді?! Мемлекет болмаса, ел, жер болар ма еді?! Алғашқы қазақ мемлекетін құрғандар – Жәнібек пен Керей еді. Қазір Астанада оларға ескерткіш орнатылды. Ол мемлекет «Қазақ ордасы» деп аталды. Жаңа мемлекетпен бірге тарихқа жаңа этнос – қазақ ұлты келді. Осы мемлекет Абылай хан дәуіріне дейін ӛмір сүрді. Абылайдан кейін біз Ресейдің құрамына бодан болып кірдік. Қарапайым сана тұрғысынан тәуелсіздік бізге кенеттен, оп-оңай келе салған сияқты болып кӛрінеді. Кеңес одағының ыдырауы, республикалардың бірінен соң бірі егемендігін жариялауы – тәуелсіздігіміздің басты себебі осы деген түсінік бар. Мүлдем жаңсақ түсінік. Бүйтіп біз тәуелсіздігіміздің бағасын, қадір-қасиетін біле алмаймыз. Ел тәуелсіздігі бір мезетте бола қоятын процесс емес. Философияда сандық ӛзгерістердің сапалық ӛзгерістерге айналуы деген заң бар. Тәуелсіздік – еліміздің дамып жетілуінің жаңа, сапалы кезеңі. Оның артында талай ірілі-ұсақ сандық ӛзгерістер - «мың ӛліп, мың тірілген» халқымыздың елі мен жері үшін моңғолдармен, жоңғарлармен, қалмақтармен, орыстармен күресі жатыр. Тәуелсіздік тұсында адамдар жаңаша ойлап, жаңаша әрекет жасай бастайды. Қазақта тауып айтылған сӛз бар: «ӛзімдікі дегенде ӛгіздей қара күшім бар» деген. Тәуелсіздік тұсында біз ӛзімізді қожайын ретінде сезіне бастадық. Кеңес дәуірінде біз «жеке меншік» деген сӛзге жатырқай қарадық. Жеке меншік дегеннің не екенін біз қазір ғана түсініп жатырмыз. Қазір ӛзінің жері, шаруашылығы, кәсіпорны, дүкені бар адамдар кӛбейді. Жекедегі мектептер, университеттер пайда болды. Бұл – адамдардың санасына, дүниетанымына зор ықпал етеді екен. Адамдар ӛздерін «Мен» деп танып, «ӛзім білем», «ӛзім істеймін», «ӛзім жауаптымын» дейтін болды. Қандай реформа, бастама болса да, оны жеке тұлға ұсынғанмен, түбінде жүзеге асыратын күш – халық. Ал халықты ұлы істерге ұйымдастыратын, жұмылдыратын ел басшысы. Тәуелсіздік алған тұста, осындай ӛтпелі, шешуші кезеңде, еліміздің бағына орай, арамыздан кӛшбасшы болатын, сӛзімен ісі сай келетін, байыпты ойлайтын, батыл, іскер, кӛреген тұлға табылды. Бұдан 20 жыл бұрын халқымыз ел тізгінін ұлт перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Ол еліміздің, бүкіл қазақстандықтардың сенімін ақтады және ақтап келеді, болашақта да ақтай береді деп сенеміз. Назарбаевты Президент етіп, кеңес заманындағыдай, жоғарыдан ешкім сайлаған жоқ. Оны сайлаған партия да, парламент те емес. Оны сайлаған халық. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген осы. Тұңғыш Президентіміздің қайта-қайта сайланып, 20 жыл бойы билік басында отырғаны іштегі, сырттағы заңның мәнісіне емес, әрпіне ден қоятын заңқойларға маза бермейтін сияқты. Олар Қазақстанның жаңа-жаңа аяғынан тік тұра бастағанын, мемлекетіміздің балаң екенін есепке алмайды, Қазақстанды демократиялық жолмен екі ғасыр бойы дамып келе жатқан АҚШ-пен, Франциямен немесе Англиямен салыстырмақ болады. АҚШ Президентінің екі мерзімнен артық билік басында болмайтыны түсінікті, қалыпты нәрсе. Оларда бәрі реттеліп, жолға қойылған. Дамыған елдердей боламыз деп, жас мемлекетке сондай талап қою артығырақ болады. Финляндияның бұрынғы Президенті Урхо Калева Кекконен қатарынан 4 рет президенттікке сайланып, мемлекетті 30 жылға жуық басқарды. Ол басқарған жылдары Финляндия экономикасы артта қалған елден технологиясы жағынан әлемдегі ең озық мемлекетке айналды. Қазір бұл ел халқының ӛмір сүру коэффициенті бойынша дүниежүзіндегі ең алдыңғы орында тұрған ел болып саналады. Қазақстанның осы 20 жылдың ішіндегі бүкіл әлемді таңдандырған жетістіктерін біз орынды түрде Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен байланыстырамыз. Қай жерде де – іште де, сыртта да – Қазақстан туралы әңгіме болса, алдымен тұңғыш Президентіміздің есімі аталады. Еліне еңбегі сіңген ерді ардақтау ата салтымызға тән қасиет. Сӛйтіп, біз хандарымызды, билерімізді, батырларымызды, ойшыл даналарымызды құрметтеп келеміз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қағидаға сүйенген халықпыз ғой. Орыста «от добра добра не ищут» деген мақал бар. Кеше біз Нұрсұлтан Әбішұлын бірауыздан тағы да Президент етіп сайладық. К.Маркс Дантенің мына сӛзін ұнатады екен: «ӛз жолыңмен жүре бер, жұрт, мейлі, не десе, о десін». Бізге де кейде осындай ұстаным артық болмас еді. Адам да, қоғам да ӛзінің ӛсу, даму жолын іздейді, дүниеден ӛз орнын тапқысы келеді. Философияда «жол», «орын» деген ұғымдарға ерекше мән беріледі. Абай да «орын таппай баптанба» дейді. Табиғат жолы, қоғам жолы, тарих жолы дейміз. Қытайлықтар «дао» десе, үнділіктер «рита», гректер «логос» дейді. Майлықожаға сӛз берейік: Жолын тапсаң, орын кӛп Білмейді соның жолын кӛп. Табалайды бір-бірін Қойшы ісін соның деп. Қай жерде оңып жүр еді Қай тірлігі оның деп. Біздерге кесел болар кесір-осы кӛре алмаушылық, қызғаныш, табалау. «Бар болсаң, қазақ кӛре алмайды, жоқ болсаң, бӛліп бере алмайды» деген мақал бар. Хакім Абайдың ӛкінішпен айтқан сӛзі: Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Күйкентайы үстінде шықылдықтап. Ӛзі алмайды, қыранға алдырмайды Күні бойы шабады бос салақтап. Айналайын, Абай-ай, айтасың-ау дегің келеді де тұрады. Ел болып, халық болып ілгері басу үшін бізге керегі бірлік, ынтымақ, түсіністік. Тәуелсіздік алған жылдары біз де ӛз жолымызды таппақ болып, дамыған Еуропа, Азия елдерінің, АҚШ-тын тәжірибесін талдадық, зерттедік. Бірақ ешкімге еліктемей, ӛз жолымызды іздеп таптық. Президенттің сӛздерінде, жыл сайынғы халыққа жолдауларында, әлемге аян болған «2030» бағдарламасында бетке ұстаған жолымыздың мән-жайы бүге-шігесіне дейін айқын болды. Құдайға шүкір, жолымыз оң болды. «Қазақстан жолы» туралы жер жүзінде айтыла бастады. Еліміз, Конституциямызда жазылғандай, «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде» орнықты деп айта аламыз. Белгіленген реформалар рет-ретімен, кезегімен жүзеге асып жатыр. Халықтың әл-ауқаты жылдан жылға жақсаруда. Кешегі ӛткен «Нұр Отан» партиясының ХІУ съезінде Елбасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктері туралы толығырақ айтты. Біз халық әл-ауқатының жаһандық рейтингінде әлемдегі алғашқы 50 мемлекеттің қатарына еніппіз. Жан басында шаққандағы ІЖО кӛлемі биылғы жылы 10 мың доллардан асып түскелі отыр. Ал бір кездегі жылдық табысымыз 700 доллардан аспағанын білесіздер. «Біз кезінде бұл туралы армандай алдық па?» - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. «Халықаралық сарапшылар қазірдің ӛзінде Қазақстанды ең жедел ӛсіп отырған әлем экономикасының үштігіне қосты. Біздің алдымызда тек Катар мен Қытай тұр», - деп мәлімдеді Елбасы. Шүкіршілік етуге болады. Біздің жетістігімізді ешкім жоққа шығара алмайды, ешкім тартып алмайды. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Біз әдетте қиялшыл, арманшыл, жоқты жасырып, барды асырып, бар нәрсемен бірге болар – ау, болса екен дейтін нәрсеге кӛбірек кӛңіл бӛлетін халықпыз ғой. Артық кетіп қалатынымыз да бар. Ойлану керек. Ел бар, халық бар дегендей. Әртүрлі адамдар бар. Біреу бізді түсінсе, біреу түсінбеуі мүмкін. Біреу жетістікті кӛрсе, басқа біреу, «кӛрмес түйені де кӛрмес» дегендей, кемшілікке кӛбірек кӛңіл бӛлер. Қоғамдағы оңтайлы ӛзгерістер әрбір үйдің, әр адамның ӛмірінде кӛрініс тауып жатыр ма? Қазақстан сондай дейік, ал ана адам қандай, мына адам қандай? Социологияда қоғам ӛмірін зерттегенде екі деңгейге назар аударады: макро - және микро – деңгейлер. Макродеңгейде, жалпы ел кӛлемінде қордаланған проблемалар бірте-бірте шешіліп, ілгерілеу байқалғанмен микродеңгейде - әр үйде, жеке адамның тұрмысында, психологиясында, кӛзқарасында, кӛңіл күйінде жағдай басқаша кӛрінуі мүмкін. Билік басындағы адамдар мұны естен шығармаса дейміз. Әдетте бастықтарға күңгей жақты кӛрсетеді де, кӛлеңке жақтары тасада қалады. Кӛзбояушылық қанға сіңген қасиет. Іс оңға басқан сайын осындай олқылықтарға кӛңіл бӛлу керек. Лауазымды шенеуніктер де, әкімдер де, сала жетекшілері де, депутаттар да, Президент пен Премьер-министр де тӛменгі деңгейдегі жайттарға назар аударса, халық кӛңілінен шығар еді. Билік пен халықтың бірлігі нығаяр еді. Қоғам сондай болса, адам, жекелеген адамдар қандай? Жастарға оқуға, еңбек етуге, ӛсуге, ӛзін ӛзі кӛрсетуге жағдай жасалып жатыр. Елімізді алға апаратын, ӛркениетті елдер қатарына қосатын сол жастар. Жастар да әртүрлі: ынталылар, жігерлілер, елім, жерім, отаным дейтін патриоттар, белсенділер бар. Сонымен бірге қалай болса солай ӛмір сүретін, «әзір асқа тік қасық» болғысы келетін, жиырмада да, отызда да ата-ананың арқасында күн кӛретін масылдар да бар. Капитализм жатыпішерлер мен арамтамақтармен сыйыспайтын қоғам. Жастардың ішінде қалай еткенде де, қандай жолмен болса да ақша жасап, баюды кӛздейтін, материалдық игіліктен басқаны білмейтін пысықайлар да бар. Бір сӛзбен, жақсы да бар, жаман да бар. Шындық екі жақты да елеуді қажет етеді. Бұрынғыдай бәрін бақылап, бәрін жӛнге салатын комсомол, партия жоқ. Осы арада тәрбие мәселесі тағы да алдымыздан шығады. Жаңа қоғам қай кезде де жаңа адамды қажет етеді. ХУІ – ХУІІ ғасырларда Еуропада капиталистік қатынастар орныға бастаған кезде ол қоғам да жаңа адамдарды қажет етті және оларды Қайта ӛрлеу және Жаңа дәуір мәдениеті, әдебиеті, философиясы тәрбиелеп шығарды. Ол заман, Энгельс айтқандай, «алыптарды қажет етіп, алыптарды туғызған заман» болды. Ӛнердің, ғылымның, саясаттың, философияның, істің, сӛздің алыптары дүниеге келді. Олардың есімдері бәрімізге белгілі: Данте, Кузанский, Макиавелли, Мартин Лютер, Эразм Роттердамский, Леонардо да Винче, Микеланджело тағы басқалар. Сол жаңа капиталистік қоғам жан- жақты жетілген адамдарды, тұлғаларды, дара тұлғаларды қажет етті және солар сол кезде пайда болды. Мұны Энгельс «капитализмнің игі миссиясы» деп атады. Капитализмге католицизмнен басқа дін де қажет болды: христиан дінінің жаңа тармағы – протестантизм дүниеге келді. Протестантизм этикасы адамды еңбекқорлыққа, іскерлікке, батылдыққа, үнемділікке, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Капитализмге керегі осы. Біз «ештен кеш жақсы» деп, дамыған елдерден екі-үш ғасыр кейін капиталистік жолға енді бет бұрып жатырмыз. Бізге де қазір алғыр, батыл, білікті, дербестікті, жауапкершілікті жақсы түсінетін, кәсіби - маман адамдар керек. Аз уақыттың ішінде олардың алғашқы легі кӛрініп те қалды: жап-жас шенеуініктер, бизнесмендер, қаржыгерлер, фермерлер, кәсіпкерлер, әкімдер, министрлер, қажылар пайда болды. Бұл да – Елбасының прагматистік саясатының арқасы. Дейтұрғанмен, жаңа адамды тәрбиелеу мәселесі қазір ӛзекті сипат алды. Біз бұрынғыдай білім саласына баса кӛңіл бӛліп жатырмыз. Білім туралы заң да қабылданып, әртүрлі реформалар да жүзеге асып жатыр. Кредиттік оқу деген енгізілді, емтиханның орнына тестілеуге кӛштік. Бакалавриат, магистратура, PhD енгізіліп, диссертациялық кеңестер жабылды. Біз «нар тәуекел» деп шетелдік стандартқа кӛштік. Оңды ӛзгерістер бар. Мен күмән туғызатын жақтарын сӛз еткім келеді. Кредиттік оқудың мәнісі – білім алушының ӛзіндік жұмысын жолға қою, ӛздігінен оқуға үйрету. Аудиторияда тыңдаған дәрісін, ӛткен сабағын ол үйде, кітапханада қажетті әдебиеттерді пайдалана отырып пысықтайды, толықтырады. Оқытушы оған білім алудың жолдарын, тәсілдерін үйретеді, бағыт береді. Біздің балаларымыз кӛбіне кредиттік жүйемен оқуға дайын емес болып шықты. Оларға ізденімпаздық, шыдамдылық, ынталылық жетіспей жатады. Бұған оларды мектепте, мектепке дейін үйде дайындау керек еді. Біз мұнымен санаспай, шетелдік үлгілерді енгізіп алдық. Мен тестілеу дегенге үлкен күмәнмен қараймын. Әсіресе гуманитарлық пәндерді - әдебиетті, тілді, тарихты, философияны – тестілеу деген бұл пәндердің мәні мен мағынасына қайшы келеді. Тестілеу оқушыны, студентті жаңаша ойлауға, ізденуге, шығармашылыққа үйретпейді, керісінше, құр жаттауға, формальдық білімге итермелейді. Жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін мұндай білім, әрине, жеткіліксіз. Кейбір мектептер, соның ішінде дарынды балаларды оқытатын мектептер бірыңғай тестілеуге (ЕНТ) кіретін пәндерге ғана баса кӛңіл бӛліп, мектеп бағдарламасындағы басқа пәндерді атүсті оқытады. Бір сӛзбен, қазіргі мектеп бітірушілер мектептен тиянақты, іргелі білім алып шықпайды. Мен әртүрлі жиындарда тестілеу жолымен біз болашақ ғалымдарды, жетілген тұлғаларды тәрбиелей алмайтынымызды айтып жүрмін. Бірақ әріптестер бұл әлемдік стандарттың үлгісі ғой деп қақпайлай береді. Біздер шетелдердегі стандарттарды ойланбай қабылдай саламыз. Бірақ олардың шетелдердегі және біздегі негіздері бірдей болмаған соң күткендей нәтиже шықпайды. Озық үлгіден үйрену керек, бірақ еліктеудің қажеті жоқ. Бұл айта-айта жауыр болған қағида. Жаңа адамды, тұлғаны қалыптастыру білім берумен бітпейтін іс. Сонымен бірге, соның алдында отбасында, мектепке дейін балаларды осы бағытта тәрбиелеу керек. Оқу мен тәрбие - ӛзара байланысты процесс. Жӛн-жосық кӛрген, тәрбиеленген баланы оқыту жеңіл және жемісті болады. Ондай шәкірт ӛзі үшін оқиды, сӛйтіп, ұстазға кӛмектеседі. Ұстаз бен шәкірттің мүддесі бір жерден шығады. Бір қиын жері – қазір бізде тиянақты, мақсатты тәрбие ісі ойдағыдай деп айтуға келмейді. Ұстаздар, педагогтар кімді, қандай адамды тәрбиелеу керек екенін біле бермейтін сияқты. Олар шәкірттерін бәрі бірдей, бір қалыптан, пробиркадан шыққан адамдардай кӛреді. Қазір бізде не кӛп, ғалым – педагогтар, докторлар, профессорлар, академиктер кӛп, педагогикалық институттар, университеттер, академиялар бар. Бірақ олардың ғылыми тәрбиесі бір кездегі билердің, шешендердің, жыраулардың, Ыбырайдың, Абайдың кезіндегі тәрбиедей пәрменді емес. Қандай беделді, ӛнерлі адамдарды, шешендерді, кӛсемдерді, батырларды, хандарды, билерді олар тәрбиелеп шығарды. Олардың сӛздері дуалы, ӛтімді, адамдарға жетімді болды. Бізде үй тәрбиесі, мектепке дейінгі тәрбие деген жоқтың қасы. Ал тәрбиенің негізі, баланың ынта-жігері, мақсаты, бейімділігі үйде, мектепке дейін қалыптасады. Тәрбие жұмысы ата-ананың ұстаздардың, үлкендердің ықпалымен бітпейді. Тәрбиеленетін шәкірт сонымен бірге ӛзін ӛзі тәрбиелеуі керек. Тәрбие ӛзін ӛзі тәрбиелеумен ұштасуы керек. «Адам болам» деген бала ӛзіне ӛзі немқұрайлы қарай алмайды. Тәрбие жұмысында ғылым – білімге арқа сүйеу жеткіліксіз. Біздің ата- бабаларымыз халық даналығын, ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білген. Баланы жастайынан сӛзге, сӛзді тыңдауға, түсінуге үйреткен. Қазір мемлекет қыруар қаржы шығарып, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Мұндай бағдарлама басқа елдерде жоқ. Халқымыздың, әлемдік мәдениеттің рухани қазыналары оңдаған, жүздеген томдар болып жарық керіп жатыр. Ал сол байлықты іздейтін, игеретін жастар кӛрінбейді. Біздің байлығымыз тек қана шикізат, ұлан-байтақ жер емес, бабалар сӛзі, даналар сӛзі, сол «Мәдени мұра». Оны игеру үшін кӛп қаржының керегі жоқ. Ол байлық кітапханаларда, үйлерімізде, мұражайларда сақтаулы. Тек соны іздейтін, пайдаланатын, одан сабақ алатын жастар керек. Сондай жастарды тәрбиелеу керек. Тәуелсіздігіміздің бір рухани тұғыры – идеология болуы керек. Жасыратыны жоқ, біз идеологияны жоқтап жүрміз. Осы идеологиялық жұмыс бізде қазір ақсап жатыр. Ақ пен қараны, дос пен қасты ажыратпақ болған, бәрін де ӛзіне бағындырған кеңестік идеологиядан жүрегіміз шайылғаны рас. Бірақ бұған қарап идеологияның қажеті жоқ десек, қателесеміз. Тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуы идеологиямен тығыз байланысты. Идеология – түп мағынасында идея жӛніндегі ілім ғой. Идеясыз қоғам дами ала ма? Қазақстанның 20 жыл ішіндегі жетістіктері Елбасы ұсынған батыл, амбициялы идеялардың іске асуымен келіп жатыр. Идеологияның қызметі - қоғам алға тартқан идеяларды халаық санасына сіңіріп, материалдық күшке айналдыру, халықты сол идеяларды жүзеге асыруға жұмылдыру. Мен кейде ойлаймын: қоғамдағы бүкіл идеологиялық жұмысты біз бір кісінің – Президенттің мойына артып қойған сияқтымыз. Тек сол кісінің сӛздерінде, жолдауларында, еңбектерінде идеологиялық нұсқаулар анық байқалады. Идеология жетістіктерді насихаттаумен шектелмейді. Оның міндеті – елде қордаланған мәселелерге жұртшылықтың назарын аудару, «ушыққан жараның» аузын ашу. Маркс кезінде идеологияны жалған сана, үстем таптың мүддесін кӛздейтін сыңаржақты кӛзқарас деп сипаттады. Тарихтың тәлкегіне сай, Маркс ілімін бетке ұстаған социалистік идеология да сыңаржақтылыққа ұрынды. Маркс идеологияға ғылыми тұрғыдан қарайды. Жоқ. Идеологияның қызметі қоғам заңдарын ашу емес, ашылған заңдарды іске басшылыққа, практикалық санаға айналдыру. Идеологиялық жұмысқа тиянақты бет бұратын шақ туды. Алда бізді бұрынғыдан да күрделі белестер күтіп тұр. Ғылымда мынадай ереже бар: проблема қойылады, ерте ме, кеш пе шешіледі. Бірақ мұнымен іс бітпейді, бұрынғыдан да күрделі жаңа проблемалар туындайды. Сол сияқты біз тәуелсіздік жолында алғашқы қадамдарды жасадық. Оның сара жолға айналуы әлі алда.
128. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
Еліміздің мәдени мұрасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Бағдарламаның мақсаты
Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау: - «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру; - Мәдени – әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау; - Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау; - Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту; - Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау; - Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену; - Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Қазақстанның «Мәдени мұра» бағдарламасының ерекшеліктері
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітаптар басып шығару
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.
129. Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді. 
Тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады:
дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
болашаққа инвестиция – орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;
тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;
ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.     
2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:   
Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.
Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.
2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.  
2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту және дәйектілікпен әртараптандырылуы нәтижесінде ел азаматтарының әл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.
130. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
«Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады».
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді.
Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV Съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр. 
«Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады. 
Партияның саяси Доктринасында бекітіліген – Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін құрайды.
Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының идеологиялық негізін қалайды.
4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
      Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.      Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап, жағдайлар жасайды.      Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.      Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере отырып та өзекті бола түседі.      Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі.      Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады.      Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға – өзін өзі реттейтін ұйымдарға кезең-кезеңмен беру бойынша шаралар қабылданатын болады.      Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады.      Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің көлемі өсетін болады, оның ішінде осындай форматта рұқсаттарды беру де қамтамасыз етіледі.      Білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік саланың базалық салаларында тиісті қызметтерді электрондық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.      Қызметтің неғұрлым сыбайлас жемқорлықшыл саласына жататын мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылатын болады. Нақ осында әрбір төртінші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалады.      Ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматтандырылған түрде таңдауды енгізу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімін жетілдіру сияқты шаралар қажет етіледі.      Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде кеден, салық салаларында, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, банк қызметі салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері барынша автоматтандырылады.      «Бір терезе» қағидаты бойынша (ХҚКО арқылы) халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі де кеңейтіледі.      Тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ашықтық қағидаты түйінді фактор болып табылады, сондықтан да оны енгізу жөніндегі жұмыс тұрақты, жүйелі негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне мониторинг арқылы жүргізілетін болады.
131. «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан даму қарқыны жағынан жаңа белестер табалдырығында» деп аталатын ҚР Президентінің жолдауындағы әлемнің бәсекеге қабілетті және тұрақты дамушы елдер қатарына қосылуындағы басым бағыттары.
132. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан-2050 Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI-ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.
Смотреть приложение («Қазақстан-2050» 3 пункт)
133. «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын ҚР Президентінің Қазақстанның дамыған 30 елінің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары.
      Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.      Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.      Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.      Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.      Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді.      Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, роботты техника, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.      Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.      Бірінші кезекте, әсіресе, баға қалыптастырудың ашық тетіктері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.      Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе.      Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.      «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын.      Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет.      Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шетелден тасымалдаудың қажеті жоқ.      Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру маңызды. Олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдеріне қолдау көрсетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе, Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік-инновациялық кластер қазір Астанадағы Назарбаев Университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардың қосалқы өндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды.      Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – Қазақстанның ғылыми қамтымды экономикасының ұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді.      Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр.      Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет.      Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығу үшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, Ақтау портының қуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек.      Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бейнеу жаңа теміржолын салып жатырмыз. Ол орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығамыз, бұл жөнінде ҚХР-мен келісім бар.      Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.      Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев Университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет.      Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз.      Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр.      Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.      Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек.      Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?      Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.      Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.      Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.      Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.      Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.      Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.      Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.      Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады.      Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн.      Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды.      Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.      Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.      Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.      Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын.      Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет. Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.      Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзіне және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр.
134. ҚР Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. 
Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз.
Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді?
Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады.
Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.
Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы  технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.
Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.   
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Құрметті қазақстандықтар!
Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі – 15 пайыз.
***
Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.
  ***
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.
Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.
Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.   
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.
Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.  
Құрметті қазақстандықтар!
Әлемдік экономикадағы ахуал мынадай дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.
Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.
Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек.
Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс.
Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.
Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты.
Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.
Құрметті қазақстандықтар!
Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға – біздің осы басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
135. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, дамуы» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері
      Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Алғашқы онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды. Біз Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысы біз үшін қолайлы бола алды ма? Ол уақыттары өндіріс тоқтап, адамдар жұмыссыз және өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. Біз лайықты түрде, әрбір қадам сайын ол дағдарысты еңсере білдік. Біздің еліміз өзгерістердің алғашқы нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы келіп жетті.      Сол уақыттары қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды жекешелендіру мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық компаниялардың келуі. Сол кезеңде біз жаңа елордамыз – Астананың құрылысын қолға алдық, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау алды. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен ауылдарды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс салушыларға алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер алып шықты.      Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.      Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.      Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды.      Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.      Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.      Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.      Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.      Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.
* * *
      Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.
Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады.
ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз
      Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.      Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.      Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.      Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.      Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз.
136. Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.  Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.   Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.  Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мемлекет басшысы  Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алғандығын айтты. « Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
««Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,   ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!  Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.
137. Президент және Қазақстанның жаңа Астанасы
Сонымен, Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1917-1920 жылдары Семей қаласы (ол кезде Алаш-қала) болды.1920 жылдан кейін Қырғыз АССР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді. 1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына ауысып, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді. 1929 жылы астана тағы да өзгеріп, бұл жолы таңдау Алма-Ата қаласына түсті. 1936 жылы Қазақ АССР-ы РКФСР құрамынан бөлініп, Қазақ ССР-ы болып қайта құрылды. Осылайша Алма-Ата қаласы 1929-1936 жылдары Қазақ АССР-ының, 1936-1991 жылдары Қазақ ССР-ының, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда қала аты Алматы деп көрсетіліп, оның ел астанасы екендігі айтылған. Алма-Атаның Алматы болып өзгеруі осы құжаттан бастау алады. 1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті.  
1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.Халық саны: 697,3 мың адам (2011) Халық санының тығыздығы: 958 адам/шаршы шақырым Аумағы: 72,2 мың гектар: «Алматы» ауданы – 21,4 мың гектар, «Сарыарқа» ауданы - 19,6 мың гектар, «Есіл» ауданы – 31,2 мың гектар. Телефон коды: Қазақстан бойынша қалааралық код – 7172; халықаралық код – 107 – 7172 Климаты: Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С.1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана Есіл өзенінде орналасқан. Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.1. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан.  Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Зал ортасында әлемдік діндердің өкілдері қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан.
 2. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. 
3. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.  
4. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.
  5. Думан ойын-сауық орталығы.  2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен.  Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.    
6. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.
  7. Декоративтік мүсіндер. Астана қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырды. Шарт бойынша байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінде орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, оларды барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.
Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.  
Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.
Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін,  «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.
Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Астаналық тұрғындардың орташа номиналды айлық жалақысы 154 мың теңге шамасында. 
Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.  Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты.
Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері  үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.
2016 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – 88 қабатты  «Әбу-Даби Плаза» кешенін іске қосу жоспарланған.
Жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі бар. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны.
Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.
Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы
Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Енді 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтеді.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:
«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[3]Егемендік. Президент
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[4]Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
«Қазақстан жолы» (А., 2012).
«Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).

Приложенные файлы

  • docx 17949936
    Размер файла: 299 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий