umit-saulesi


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
Наурызбай
Тағанұлы
Редакциялаған:
Көркемдеуші дизайнер:
Шәмшикова Гүлжанар
Бақыт Сабыржанұлы
Үміل
cәуلеلі
190
Үміт cәулесі
келіп, ауырып жатқан баласының жағдайын сұрайды.
«Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір» ، деп жауап берді
әйелі. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда хазірет
Үммү Сүләйм күйеуінен: «Әбу Талха» ، деді көзіне
көзін қадаған күйі, ، Қарызға алған нәрсені қайтарған
жөн бе, жөн емес пе?
О не дегенің? Әрине, қарызды міндетті түрде
қайтару қажет.
Олай болса, Алла тағала саған аманаттаған ұлын
өзі қайтып алды!
Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы:
Бәріміз Алла тағала үшін жаратылдық. Ерте ме,
кеш пе түбінде соған қайтамыз, ، деп Жаратушының
ісіне ризашылықпен мойынсұнып, көнгеннен басқа
артық қылық жасамады.
Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға (с.а.с.)
барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын жайып: ، Уа,
Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі ісін оған екі
есе ғып қайтара гөр! ، деп дұға етті.
Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Әбу Талханың
үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тап
ты. Атын «Абдуллаһ» деп қойды. Пайғамбарымыздың
өнегесін алып өскен Абдуллаһ кейіннен Исламға аянбай
қызмет еткен ұлы тұлғалардың біріне айналды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Қандай да
бір пенденің басына бір қиыншылық келсе:
«Барлығы
Алладан келді және Аллаға қайта оралады. Уа, Алла
тағалам, бұл тартқан қиыншылығым үшін маған мол
сауап жаза гөр, соңын қайырлы ете гөр!»
، десе, Алла
тағала оның бұл қиыншылығы үшін мол сауап жазып,
соңын қайырлы етеді» ، деген.
1:9
Үміт cәулесі
Данте былай деген: «Өмір жайлы ойлан, себебі
бұл күнің қайта айналып келмейді». Хадисте одан да
көркем әрі толық былай делінеді: «Әр намазды соңғы
намазыңдай оқы!». Кімде-кім осы күнін өмірімнің
соңғы күні деп қабылдаса, онда тәубесі жаңарып, ама
лы жақсарып, Раббысына тағаты күшейіп, Пайғамбарға
ерген болады».
Қайғырмау үшін өзіңнен бүгінің, өткенің және
келешегің жайлы мыналарды сұрауға дағдылан:
1.
Болашақтан немесе ондағы жабырқаудан
қорыққандықтан бүгінгі күнімде істейтін істерді кейінге
қалдыруым керек пе?
2.
Өткен күндердің еншісінде қалған істердің
себебінен осы күнімді қайғылы қылмақпын ба?
3.
Таңертең ұйқыдан оянып, осы күнімді толықтай
пайдалануға кіріссем қалай болады?
4.
Осы күніммен өмір сүрсем, өмірімнен пайда ала
аламын ба?
5.
Бұл амалдарды қашан бастаймын? Келер аптада
ма, әлде ертең бе, жоқ бүгін бе?
Міне осы сұрақтар туындаған адам уақытын пайда
лы етіп өткізе алады.
 \n  \n, 
Хазірет Үммү Сүләйм ары таза, тәрбиелі, има
ны берік әйел болатын. Құшағындағы баласы дүние
салғанда, асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі
жуып, кебіндеген соң, үйдің бір тұсына апарып қойған
күйі көршілерге қарап: ، Әзірге әкесіне хабар бермеңдер!
، деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха кеш бата үйге
1::
Үміт cәулесі
әділдікті көрмейміз. Сол секілді жеңуші мен жеңілуші
бар да, кек алу жоқ. Олай болса әділдік орнайтын екінші
әлемнің болуы міндетті».
Шейх Али Әт-Тантауи Канттың сөзін былай
түсіндіреді: «Бұл сөздер ، ақырет күні мен қияметке
іштей сеніп, мойындау».
Алла тағала Құранда «Мүмин» сүресінің 17-ая
тында былай деген:
با
لا
عي
س
�ا
إ
لا
ظ
«Бүгін
әділетсіздікке жол берілмейді. Күдіксіз Алла тез есеп
алушы».
Ғалымдардың сөздері мен қауымдардың
тәжірибелерінен мысалдар:
Роберт Люис Стивенсон: «Барлық адам қанша қиын
болса да бір күн ішінде тіршілігін жасайды және әрбір
адам күн қызарып батқанша бақытты сезіне алады.
Міне, өмір деген осы».
Стивен Люкс былай деген: «Сәби өседі, жігіттік
жасқа жетеді, отбасын құрады, үйленген соң:
«Үйленгеннен кейін не болмақ? Осы барлық шақтардың
ақыры қайда апарады?» деп ойланады екен. Соңында
зейнеткерлікке шыққанда бір тұжырымға келеді. Ал ол
кезде әлсіреп, өткеніне қарайды. Расында ол бүкіл өмірін
зая жіберген болады. Уақыт өте келе біз өміріміздің
мәні осы күніміздің әрбір сәттері мен сағаттары екенін
ұғамыз. Сол секілді тәубеге келуді кейін қалдырушылар
да дәл сондай жағдайға ұшырайды».
Ілгеріде бір кісі: «Мен сендерді «кейін істеймін» де
ген сөзден сақтануды ескертемін. Себебі осы сөз қанша
адамды ізгі істер мен тәубеге келуден кешіктірді» деген
екен.
Француз философы Монтескьё: «Өмірім ізгіліктен
жұрдай, жамандыққа толы күйде өтті», ، деген екен.
1:7
Үміт cәулесі
атырдық. Ол (Ибраһим) нағыз мұсылман еді. Ол
мүшріктерден емес еді
» ، 3 рет.
Алла тағалаға жаратқандарының санындай,
разылығының мөлшеріндей, тағының салмағындай,
сөздерінің көлеміндей дәріптеу мен мадақ болсын!»
،
3 рет.
Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп,
Мұхаммедті пайғамбар деп өз ризашылығымды
білдірдім
» ، 3 рет.
Алланың толық сөздерімен Оның жаратқан
мақұлықтарының кесірінен Оған сыйынамын!
» ، 3рет.
Уа, Алла! Сенімен (Сенің көмегіңмен) таң
атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір
сүреміз әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз
Сен жақ
».
11.
Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз
әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) мүлік Оған тән, (барлық)
мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті
барлық нәрсеге толық жетеді
» ، 100 рет.
Алла тағала алғашқылар мен кейінгілерді жинайтын
ақырет күні оның әділдігінен жүрегің тынышталады.
Бұл дүниеде өзгеде есесі кеткен адам сол күні ақысын
алады, кім бұл өмірде зұлымдық көрсе, ол күні кегін
қайтарады, жамандық жасағандар сол күні жазасын
алады.
Немістің атақты философы Кант былай деген: «Ра
сында бұл дүниенің қойылымы толық емес, міндетті
түрде екінші көрініс болуы керек. Себебі, біз бұл өмірде
эәбірлеуші мен жәбірленуші адамдарды көреміз де,
1:6
Үміт cәулесі
оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтау-мадақ
Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық
жетеді. Уа,Раббым! Мен сенен осы түнгі және одан
кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы түнгі және
одан кейінгі жамандықтардан сақтауыңды тілеймін.
Уа, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі жаман (халде)
қартаюдан Өзіңе сыйынамын. Уа,Раббым! Тозақ аза
бынан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын
».
2.
Хадисте:
«Уа,
көмес пен көрнеуді Білуші, көктер
мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раб
бы әрі патшасы Алла! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ
екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен әрі
шайтанның жамандығы мен тұзағынан Өзіңе сыйына
мын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық
жасап қоюдан Өзіңе сыйынамын
».
Алланың атымен, Ол сондай Алла, Оның
есімімен (болғанымызда) көктер мен жердегі ешбір
нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды
» ، 3 рет.
Уа, Алла! Расында сен Алласың, Сенен басқа
ешбір тәңір жоқ. Сен жалғызсың, Сенің серігің
жоқ. Шын мәнінде Мұхаммед, (оған Алланың сәлемі
мен игілігі болсын!) Сенің құлың әрі елшің екендігіне
осы таңда Өзіңді куә етемін және ғаршыңды
көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл
мақұлықтарыңды куә етемін
» ، 4 рет.
5.
Уа, Алла! Біліп тұрып Саған серік қосудан Өзің
сақтай гөр! Білмегендерім үшін де Сенен жарылқау
тілеймін!
» ، 3 рет.
Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес әрі
пайғамбарымыз Мұхаммедтің әкелген діні бойын
ша, сондай-ақ атамыз Ибраһимның үмбетіне таң
1:5
Үміт cәулесі
«Маған салауаттарыңды жұма күні мен түні
көбейтіңдер! Өйткені салауаттарың маған жетеді»,
، дегенде, сахабалар одан: «Сіздің денеңіз шіріп кетсе
қалай жетеді?» ، деп сұрайды. Ол (с.а.с.): «Расында
Алла тағала жерге пайғамбарлардың денелерін шірітуін
харам еткен»,
، дейді. Егер кім оның көрсеткен нұрлы
жолымен жүріп, соңынан ерсе, онда бұл еруі көңіліне
кеңдік, қадірінің өсуі және жақсы ат бермек.
Расында пайғамбарға салауат айтудың ең толығы
намаздағы: «Уа, Алла тағалам! Ибраһим және оның
отбасына игілік еткендей Мұхаммедке және оның от
басына да игілік ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы
әрі жоғарысың. Уа, Алла тағалам! Ибраһим мен оның
отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның
отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде Сен аса
мақтаулы әрі жоғарысың» деген салауат екені белгілі.
Күнделікті өмірде таңертең оқылып, әдетке айнал
дыруымыз қажет зікірлер жайында сөз қозғамақпыз.
Себебі ол бақытқа кенелуге, адамдардан және жындар
дан болған шайтандардан сақтануға және таң атқаннан
күн батқанша пенденің қорғалуына себеп болады.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жеткен сол зікірлер:
1.
Біз күн батырдық және бүкіл мүлік Аллаға тән
болып күн батырды. Барлық мақтау-мадақтар Аллаға
лайық, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі
1:4
Үміт cәулесі
етіп, қиыншылықты айықтыратын кім?»
дегеннің
елшісімін»,
، деген екен».
Қысылған кеудеге кең тыныс алдыратын, қайғы-
мұңды кетіретін, ашуды басатын себептердің бірі ،
пайғамбарға салауат айту. Алла «Ахзап» сүресінің 56-
аятында:
ت او
و
ع او
ص او
مآ
لا ا
أ ا
«Оған салауат
айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар»
, ، деген.
Тирмизидің «Сүнән» хадис жинағында
баяндалғандай Үбай ибн Кағб бірде пайғамбарға:
«Уа, Алланың елшісі, сізге дұға еткенде салауатты
қаншалықты айтайын?» ، дегенде, ол: «Қалауың білсін»,
، деді. Сонда Үбай ибн Кағб: «Төрттен бірін бе?» ، де
генде, ол: «Қалауың білсін, егер артығырақ айтсаң өзің
үшін жақсы», ، деді. Кағб: «Жартысынан көбін бе?» ،
дегенде, ол: «Өзің білерсің, егер арттырсаң қайыр бар»,
، деді, Кағб оған: «Ал толығымен сізге салауат айтсам
ше?» ، дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ендеше,
күнәларың кешіріліп, қайғың кетеді»,، деген екен.
Мына бір хадисте пайғамбарға салауат айту
қайғыны кетіретінін растайды. Адамзаттың асылы
(с.а.с.) бір хадисінде:
�ا ى
ع ى
ع او
ع ا
ب
«Маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған
бір рет салауат айтып, мен үшін Алла тағаладан
мейірім тілегенге он есе мейірім көрсетіледі»
және
тағы біреуінде:
1:3
Үміт cәулесі
Басына қиындық келген адамдардың мешітке жиі
барғаны дұрыс. Әрі Раббысын разы қылып, өзін жан
күйзелісінен құтқару үшін маңдайын сәждеге қойғаны
абзал. Егер олай істемесе, жан күйзелісіне шыдамай
іштей құлазып кетуі ғажап емес. Адам жанына ра
хат сыйлайтын намаздан басқа еш нәрсе жоқ. Егер
ақылға салып қарасақ, күнделікті бес уақыт намаз
нығметтердің ішіндегі ең ұлысы екеніне көз жеткіземіз.
Намаз біздің дәрежемізді көтереді, қайғы-мұңды ба
сады әрі сырқатты емдеудің бір жолы. Жүрекке иман
нұрын сеуіп, қуанышқа бөлейді. Қазақ халқы жарапазан
айтқанда да намазды қосып айтып, оның қуанышы мен
қайғысын былайша түсіндірген:
Намазды оразамен ұстап барсаң,
Үстінен қыл көпірдің секіртеді.
Намазды оразамен ұстамасаң,
Астында қыл көпірдің өкіртеді.
Хақ тағала намаз жайлы «Таһа» сүресінің 132-ая
صا
و
صلا
ب
أ
«Үй ішіңді намазға
бұйыр және өзің де оған көңіл бөл»
,، деген.
Ибн Асакир және Ибн әль-Қаиим былай дейді:
«Бір салиқалы кісіге Шамның жолдарының бірінде
ұры кездесіп қалып, оны өлтірмек болады. Сонда
ол екі ракағат намаз оқуға аз ғана уақыт сұрап ала
ды да, намаз оқи бастағанда «Нәміл» сүресінің:
سلا
و
د ا
إ
لا
بي
«Немесе қиналғандар
өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты
айықтыратын кім?» ،
деген аят есіне түсіп, сол аят
ты 3 рет қайталап оқиды
.
Сол кезде аспаннан найзасы
бар бір періште түсіп, ұрыны өлтіреді де, әлгі салиқалы
кісіге: «
Мен,
қиналғандар өзіне жалбарынғанда қабыл
1:2
Үміт cәулесі
Егер бұл қасиетті сөзді толық айта алмасаң,
жиған-терген дүниеңмен арқаланба. Өйткені дүние
сені құтқара алмайды. Құранда мал-пұлдың жәрдем
бермейтіндігі жайлы «Хаққа» сүресінің 2:-29-аятын
да:
«Малым маған еш пайда бермеді. Күш қуатым
жойылып кетті (дейді)»
дейді екен.
Егер Жаратушы иеңнен алыстап жатсаң, сәтін та
уып жатқан ешбір ісіңмен мақтанба! Расында одан
бас тартуың үлкен сәтсіздік, қасіреттің шыңы және
қорлыққа апарады. Алла «Бақара» сүресінің 61-аятын
«Оларға қорлық, жоқшылық жүктелді»
, ، деген.
Жаратқан хақ тағала:
صلا
ب او
ني
سا او
مآ
ني
لا ا
صلا
«Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен жәрдем
деп, қиналғанда демеу болар дұрыс жол
ды көрсеткен. Сондықтан бойыңды қорқыныш билеп,
қайғыға батсаң, бірден намазға тұр. Жаның жай тауып,
өз-өзіңе келесің. Намаз Алланың қалауымен адамның
бойындағы қандай қайғы, үрей болсын, уытын басушы,
әрі адамның жан дүниесін әр түрлі бәледен азат етуші.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басына бір іс түссе «Әй, Біләл!
Жанымызды рахатқа бөлеші», ، деп азан айтуға иша
рат ететін. Өйткені, намаз пайғамбарымыздың (с.а.с.)
көзінің қарашығы, қуанышының негізі болатын.
Өткен тарихтағы біртуар тұлғалардың өміріне
үңілсек, дау-дамайға душар болған қиын-қыстау кез
дерде, Алланы ұлықтаған күйде, жалбарына намаз
оқығандарын көреміз. Міне, осындай ізгі жандар намаз
арқылы қайғы отын сөндіріп, жан рахатына бөленетін.
1:1
Үміт cәулесі
Мұғаз!» ، деп қайталады. «Иә, Алланың елшісі (с.а.с.),
тыңдап тұрмын» ،деп Мұғаз да ерекше ынта таныт
ты. Үш рет айтқан соң Расулалла (с.а.с.): «
Кім шын
жүректен «Бір Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед
Оның елшісі» деп куәлік сөзін айтса, жаһаннамның
оты оған харам»
، деді. Мұғаз (р.а.): «Мұны айтып,
адамдарды қуандыруға бола ма?» ، деп сұрағанда:
«Жоқ, өйткені олар соған тым арқа сүйеп, амал ету
ден қалады» ، деді». Мұғаз (р.а.) бұл хадисті өмірінің
соңында ғана айтып кеткен екен.
Осы сөз бойынша амал еткен адам бақытқа кенеліп,
тозақтың ыстық отынан құтылады. Алла «Зумәр»
сүресінің 61-аятында:
«Алла тақуаларды құтқарады»
، деген.
Жәрдемге кенелу, шүкір ету және көмек табу
үшін осы сөзге шақырушы да бақыт таппақ. Осы сөзді
сүйген адам басқалардан үстем болып, мейірімге
бөленіп, құрметтелмек. Алла «Мұнафиқун» сүресінің
«Негізінде үстемдік Аллаға, елшісіне
әрі мұсылмандарға тән»
, ، деп иман келтірген
мұсылмандардың да үстем болатындығын айтқан.
Құлдық қамытын киген Біләл да осы сөзді айтып,
мойындау арқылы азат етілді. Алла оны ақыретке дейін
аты аталатын әйгілі де үлгілі етті.
Бұл ұлы сөзді Әбу Ләһаб қырсығып айтпай, өмірден
бақытсыз өтті, ақыреті де бақытсыз болмақ. Алла «Хаж»
сүресінің 1:-аятында:
«Алла кімді қорласа, сонда оны
құрметтеуші болмайды»
, ، дегені де нақты. Куәлік
сөзін айтқан пайғамбарлар мен дін жолында өмірлерін
сарып еткен шаһидтердің денелері шірімейді де олардың
денелеріне ешбір тірі жәндік зиянын тигізе алмайды.
1:0
Үміт cәулесі
5.
Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун»
сүресінің 2-аятында:
«Мүміндер намаздарында іштей
жалбарынады»
, ، деген.
6.
Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла
«Ниса» сүресінің :2-аятында:
«Ал, сонда олар
Құранды түсінбей ме?», ،
деген.
7.
Аптап ыстық күнде ораза ұстау.
:.
Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.а.с.): «
Оң
қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасы
рын болуы керек
» деген.
9.
Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу,
қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте:
ما
لا
ع
�ا
ن ،ا
دلا
ع
Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-
қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала
оны қиямет-қайымның қайғы-мұңдарының бірінен
құтқарады
»,، деген.
10.
Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау).
Алла тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында:
«Ақырет
қайырлы да тұрақты»
, ، деген.
«Лә иләһә иллә Алла, Мухаммадур-расулуллаһ»
деген куәлік сөзіміз қос дүниедегі қол жеткізген ең
асыл нығметіміз әрі бақытымыздың кілті іспетті. Осы
сөзді көзі тірісінде айтқан адам қандай бақытты. Әнас
ибн Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте былай делінген:
«Алланың елшісі (с.а.с.) мен Мұғаз (р.а.) бірге түйеге
мінгесіп келе жатыр еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әй,
Мұғаз!» деп өзіне қаратты. Мұғаз: «Иә, Алланың елшісі
(с.а.с.), тыңдап тұрмын», ، деп үн қатты. Тағы да: «Ей,
179
Үміт cәулесі
уынан, басқалардың кедергілерінен және адамдардың
қателерінен қорғалады. Алла ол жайлы «Рағыд»
сүресінің 11-аятында:
«Әркімнің алды-артынан
Алланың әмірі бойынша қадағалап қорғаушы
(періштелер) бар»
, ، деген.
Міне, пенде осы жолда жүруі арқылы бақыт таппақ.
Өйткені ол өзінің құдайы бар екенін біледі. Алдын
да үлгі тұтар адам, қолында Кітабы, жүрегінде иман
нұры, қасында өзін жамандықтан тыятын достары бар.
Осылайша ол Нағим жәннатына бет алып, тағаттана
амал етіп, игі істерге құлшынады. Алла тағала «Әнғам»
сүресінің ::-аятында:
دا
ءا
ي ن
ب ي
�ا ى
ه
«Алланың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа,
тура жолға салады»
, ، дейді. Егер адам тура жолға
түсіп, сонымен жүре білсе қайғы-мұңы, уайымы кетеді.
\f \n  \r \n 
1.
Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла
«Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі
бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе:
«...таң сәріден
жарылқау тілеушілер»
, ، деген.
2.
Жеке қалып ойлану. Алла тағала «Әли Имран»
сүресінің 191-аятында:
Сондай-ақ олар көктер мен
жердің жаратылуы жайында ойланады»
, ، деген.
3.
Жақсы адамдармен араласу. Алла тағала «Кәһф»
сүресінің 2:-аятында:
«жалбарынғандармен бірге өзің
де сабыр ет», ،
деген.
4.
Зікір ету. Алла тағала «Ахзап» сүресінің 41-ая
тында: «
Алланы өте көп зікір етіңдер»
, ، деген.
17:
Үміт cәулесі
батты болатын. Және бір үйдің балалары болғандықтан
топырлап жүретін. Бірде Яқұп осы балаларын Мысыр
еліне жібергенде жұрттың көзіне түспеулері үшін Мы
сыр қаласына жеке-жеке кіруді бұйырған болатын.
Бұл жайлы Құранда
أ
م
و
و
ب ن
م
ت
«Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек
қақпалардан кіріңдер»
88
، деп бұйырған. Олай бол
са күншіл мен көре алмаушыларға өзіңдегі барды
көрсетпеу де діни тұрғыда орынды. Тіпті қызғаншақтар
мен күншілдердің зиянынан сақтану үшін оларға
сыйлық беру де керек екен. Бұл жайында
ه ي
ب
«Асқан жақсылықпен қарым-қатынас жаса»
، деп бұйырған болатын.
Көркем мінез-құлық ، бақыт, сәттілік, ал жаман
мінез ، бақытсыздық және сәтсіздік.
Пенде Пайғамбарымыз (с.а.с) салып кеткен сара
жолмен жүрмейінше, ешқашан бақыт тауып, оның
нығметіне бөлене алмайды. Бақыт өзі тура жол
ды ұстай білген адамға берілмек. Ол бұл жолда
жақсы нәтижеге жететініне көңілі сенеді, тағдырына
иланған, Раббысының белгілеген уақытына дейін өмір
сүретінін біледі және Алланың жазған тағдырына
разы. Өзін туралыққа бастайтын Жаратушысының бар
екеніне сенеді. Осы жолда жүрген пенде орынсыз сөз
сөйлеуден сақтанады. Адасқандарға ермейді. Қарсы
келгендерге сөзімен дәлел айтады. Шайтанның арба
177
Үміт cәулесі
адамның өзін адастырып, зардап шектіреді, барлық
жасаған ізгі істерінің сауабын жоқ етеді. Сондай-ақ
қызғаныш ешуақытта біреудің өмірін өзгерткен емес.
Бақ-берекесін, дүниесін қызғанумен біреуді кедей ете
алмайсың, Өйткені оның бақуатты өмір сүруі Алланың
жазған тағдыры. Ал сол тағдырды өзгертуге тырысып,
оның әдемі, бай, жолының көп болатынын көре алмай,
өзінен-өзі азапталып, уайымға салынып жүреді. Бұл
жайында Жүсіп Баласағұн «Күншіл адам ، мұңшыл»
деп дөп басып айтқан. Ешбір күншіл мұратына жете
алмаған. Ешкімнен құрмет көрмеген. Көре алмаушылық
жүйкені тоздырады. Өсекке жетелейді. Өмірдің
қысқаруына себеп болады.
Олай болса Алланың тағдырына қарсы келме,
пенденің қолындағының барлығы пәни екендігін ойла.
Алла елшісі (с.а.с.) «
Мұсылманның көңілінде иман мен
қызғаныш бірге болмайды
» дейді және «
Өзіңе жақсы
көргенді өзгеге тілемейінше толық иман еткен болып
саналмайсың
» деп, өзің қуанғанда өзгені де ұмытпауды
бұйырған.
Осылайша өзің қызғаныштан құтылғаның секілді
өзгенің қызғанышынан сақтанып жүруің де керек. Бұл
жайлы Алла тағала
ح ا
سا
ش ن
«Күншілдердің
қызғаныш кесірінен (Аллаға сиынамын)»
، деп
дұға етуімізді бұйырған. Және біреудің қызғанышына
түрткі болмау да өте маңызды. Егер бай болуың
біреудің саған деген қызғанышын арттыратын болса,
онда байлығыңды оның көзінше айтпа, тіпті көрсетпе
де. Бұған мысал ретінде Яқұп пайғамбардың балалары
жайлы айтатын болсақ, оның балалары әдемі де сым
«Фалақ» сүресі, 5-аят
176
Үміт cәулесі
сені сөгемін» деген кезде, Әбу Бәкір (р.а.): «Керісінше
ол (сөгісің) өзіңмен бірге қабіріңе кіреді» депті. Амр
ибн Асқа бірде бір кісі: «Сенімен соғысуға өзімді дай
ындаймын» деген кезде ол: «Міне, қазір өзіңді жаман
нәрсемен шұғылдандырып қойдың» деген екен.
Генерал Эйсенгауер: «Өзіміз жақсы көрмейтін адам
дар жайлы ойлап бір минутымызды да босқа өткізбейік»,
، деп өзгені жамандауды босқа өткен уақытпен теңеген.
Алла тағала «Фұрқан» сүресінің 72-аятында:
Бос (пайдасыз) сөзге кездессе, ол жерден абырой
мен өтеді»
және осы сүренің 63-аятында:
«..Оларға
білместер тіл тигізсе де ол «бейбітшілік» деп дұрыс
жауап береді», ،
деген. Сондықтан білместердің,
надандардың айтқан сөздеріне ашуланып, олармен
жанжалдасудың пайдасы жоқ.
Конфуций: «Ашулы адамның тілі әрдайым уға толы
болады», ، деген екен. Бір хадисте пайғамбарымыз
(с.а.с): «Ашуланба! Ашуланба! Ашуланба!» деген.
Тағы бір хадисте: «Ашу ، лапылдаған оттың шоғының
бірі» делінген. Расында шайтан лағынет адамды үш
жағдайда жеңеді: ашуланғанда, шаһуаты көтерілгенде
және бейғамдықта болғанда.
Қызғаныш пен күншілдік адамның жасаған игі
істерін жоқ ететін жаман сипат. Бұл жайында Алла
елшісі: «
Қызғаныштан сақтаныңдар! От отын
ды өртеп жоқ қылатыны секілді қызғаныш та
жақсылықтарды жоқ етеді
» деген. Олай болса
күншілдік пен көре алмаушылық өзгені де, оның дүниесі
мен бала шағасына да зиян келтіруден бұрын күңшіл
175
Үміт cәулесі
береді. Парақта:
«Сен неге ашуланасың, сен Құдай
емессің ғой, Алла бәрін көріп тұр, сен Алладан асып
қайда барасың, сен жәй әлсіз пендесің»
деген жазуды
оқығаннан кейін ашуы біраз басылады. Сосын екінші
қағаз беріледі. Ол парақта:
«Жер бетіндегі баршаға
мейірімді бол, барша әлемнің жаратушысы Алла
тағала да саған мейірімді болсын!»
дегенді оқиды.
Сосын ашуы толық басылғаннан кейін үшінші парақ
беріледі, онда:
«Адамдарды тек Алланың құқығына
кемшілік жасағанда ғана жазала. Өйткені оларды осы
ғана дұрыстайды»
деп жазылған екен.
Бір хадисте:
«Алланың құзырында ашуын басқан
пендеден артық ешкім болмайды. Пенде өз ашуын бас
са, Алла тағала оның жүрегін нұрға толтырады
», ،
делінген.
Егер сен адамдарды кешіре білсең, дүниенің ізеті
мен ақыреттің сыйына кенелесің. Құранда «Шура»
сүресінің 40-аятында:
«...Сонда кім кешірім етіп жа
расса, онда оның сыйлығын Алла береді»
деген.
Шекспир: «Өзің өртеніп кетпес үшін жауларыңа
көп от жақпа!» деп өзгені өртегеннен көрі өзің бір шам
болып жағылғаның абзал екендігін айтса керек. Бір кісі
табиғиндерден болған ғалым Салим ибн Абдуллаһ ибн
Омарға: «Сен жаман адамсың» деген кезде, ол: «Менің
шынайы бейнемді сен ғана таныдың» деп, өзін жаман
адам қатарына санап, өзгені жақсы адам деп санаған
екен.
Бір кісі Әбу Бәкір Сыддыққа: «Алланың атымен
ант етемін, сенімен бірге қабіріңе қоса кіретіндей етіп
174
Үміт cәулесі
мұсылмандардың алдында қор болудан қорқу керек.
Ақыретте әлі жетпегендер сенен ақысын алады, шын
қор болу сол сәтте болмақ.
Ашуды қайтарудың тағы бір жолы ، ашуланған кез
де адамның жағдайын өзгертуі. Мысалы, тұрып тұрған
болса отыру, ал егер отырған болса жату т.б.
Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Зарға: «
Ей, Әбу Зар! Сен бұл
әлемде қызыл адамнан да, қара адамнан да дәрежең
жоғары емес. Тек амалың арқылы олардан жоғары
бола аласың. Ашуланғаныңда тік тұрған болсаң, отыр.
Отырған болсаң, жат
» деп, ашуды тыюдың жолы,
тұрған болсаң отыр, орырған болсаң жат секілді тұрған
орныңды өзгерту керектігін айтқан.
Шындығында ашу-ыза адамның жүрегіндегі бір
от іспетті. Адам ашуланғанда ісініп, көздері қызарып
қорқынышты кейіпке енеді. Осындай кезде ашулы адам
Асыл пайғамбарымыздың (с.а.с.) өсиетін есіне алып,
егер тұрған болса отырсын, отырса дереу жатсын.
Егер ашу бұдан да кетпесе, салқын сумен дәрет алсын
немесе жуынсын. Өйткені отты тек су ғана өшіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Кмде-кім ашуланса, сумен
дәрет алсын, өйткені ашу оттан
», ، деген.
Келесісі ، ашуланған кезде сабыр сақтап, үндемеу.
Тағы бірі ، ашуларын жұтқандарға және адамдарды
кешірім етушілерге берілетін мол сауапты еске алу.
Муғтамар ибн Сүлеймен былай дейді: «Сіздерден
алдыңғы қауымда өте бір ашушаң адам болған екен. Ол
үш қағазға бір нәрсе жазып үш кісіге береді. Бірінші
адамға: «Мен ашуланғанымда бер», екіншісіне: «Менің
ашуым басылғанда бер», үшіншісіне: «Менің ашуым
толық кеткенде бер» деп таратып береді. Біраз уақыттан
кейін қатты ашулана бастады. Оған бірінші парақты
173
Үміт cәулесі
Бірде Омар (р.а.) бір кісіге ашуланып, дүре соғуды
бұйырады. Сонда ол Омарға Құранның мына ая
тын оқиды:
«Кешір! Жақсылыққа шақыр және
надандарға мән берме»
(«Ағраф» сүресі, 199-аят). Омар
(р.а.) бұл аят жайлы терең ойға салынып, ақырында ол
адамды кешірді. Және бірде Омар ибн Абдулазиз бір
адамның жазалануы үшін бұйрық берді. Сосын ол адам
«Ашуларын тыйғандар»
(«Әли Имран»
сүресі, 134-аят) деген аятты оқыды. Омар артынша
әлгіні босатқан екен.
Алла тағала Құран кәрімде тақуаларды сипаттағанда,
олардың мына үш сипатын айтады. Олар:
ني
ني
لا
ي
�ا
سا
نلا
ع
ني
«...
(кек алуға күш жете
тұра) ашу-ызасын баса алатындар, (қастандық ет
кен) адамдарды кешіре алатындар, Алла тағала игі
іс істегендерді ұнатады»
:6
деген.
Алланың жазалауынан қорқу керек. Алла барлық
нәрсені көріп, біліп тұр, Оның құдіреті барша жараты
лыстан үстем. Егер мен бір адамға ашуланып, оған күш
көрсетсем, ақыретте Алла да маған қаһарланып, жаза
лауы қатал болуы мүмкін. Ашулы адам өзіне ақылмен
тоқтау салмаса, түр әлпеті өзгеріп, арсылдаған итке,
жануарға ұқсайтындығын ойлау керек. Ал мейірімді,
кешірімді, ашуланбайтын адамның пайғамбарға,
әулиелерге, ғалымдарға ұқсайтындығын ойлап,
ашуланғанда өзін осылайша тоқтатуы қажет.
Ашулы адамға шайтан: «Егер сен ашуыңды бассаң,
сенің әлсіз, төмен екендігің байқалып, ел ішінде қор
боласың, бәрі сені сорлы деп санайды» деп азғырады.
Алайда дүниеде қор болудан емес, ақыретте Алланың,
172
Үміт cәулесі
«..Білмегендер оларды абырой сақтағандықтарынан
бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер»,
، деген.
Мағынасы: Адамдардан ризық, нәсіп күтіп жал
барынба! Расында Алла тағала ризықты, ажалды
кепілдікке алған. Өйткені ешкімнен сұрамайтын адам
дар игі, бастары көтеріңкі және абыройлы болып келеді.
Бұл жайында Құранда:
«...(кедейлер) тіленшілік
етпегендіктерінен басқалар оларды бай деп ой
лайды, кейіптерінен де белгілі, ешкімнен қадалып
тіленшілік жасамайды...
» деп мұсылман кедейлер, на
мысты, абыройлы болғандықтары сонша олардың кедей
екендіктерін біле алмайды. Тек білер болса парасатты,
көкірегі ояу адамдар ғана тани алады екен. Және олар
сұрағанда да қадалып, артынан қалмай, байларға жа
бысып, жалбарынып тіленшілік жасамайтындығымен
сипатталған. Тіпті олардың сұрамайтындықтарынан
басқалар оны бай деп ойлап қалады екен. Бұл да кедей
мұсылманның Құрандағы сипаты.
Бір кісі Салман Фарисиға келіп былай дейді: «Әй,
Алланың құлы! Маған насихат айт!». Салман Фариси:
«Ашуланба!» дегенде әлгі кісі: «Ашуланбау қолымнан
келмейді», ، дейді. «Олай болса, ашуланған кезіңде тілің
мен қолыңа ие бол!» ، деген екен. Өйткені қысқа сәттегі
ашу, пендені өмір бойы өкіндіретін іске жетелейді.
Адам ашуланғанда ашуын басу оған парыз болады.
Ал бұл парызды орындау үшін пенденің білімі болуы
қажет. Білімі болуы керек дегеніміз мыналар:
Ашуды
басу жайлы аят пен хадистерді білу немесе есіне алуы
қажет.
171
Үміт cәулесі
، деген. Расында уайым мен қайғыны қарыздың көптігі
мен тақыр кедейлік әкелмек. Сол үшін Пайғамбарымыз
(с.а.с.) одан Аллаға сыйынып былай деген:
«Алла
тағалам! Күпірлік пен кедейліктің жамандығынан
өзіңе сыйынамын» және «Кедейлік аз қалса күпірлік
бола жаздады»
, ، деп оның қаншалықты ауыр сынақ
екенін білдірген.
Осы хадистердің мағынасы бізге мынаны білдіреді:
Сен үшін өміріңе жетерлік азығың болуы керек. Сонда
ол сені басқаларға қол жайып тіленуден тыяды. Осы
лайша сенің сүйкімің қашпайды әрі ешкімге кіріптар
болмайсың. Өз нәсібеңе қанағат етсең, ешкімге алақан
да жаймайсың. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
ها
تآ ا
�ا
و ا
فا
زِر
نا
أ ن
«Өзіне жететіндей
ризық-несібесі болған және Алланың берген ризық-
несібесін Алланың қалауымен қанағат тұтқан мұсылман
адам сөзсіз жетістікке жетеді»,
، деген. Сахих хади
«Артыңдағы мұрагерлеріңді бай күйде қалдыруың
оларды басқаларға мұқтаж күйде қалдырғаныңнан
, ، деген. Олай болса, мұсылман адам тепе-
теңдікті сақтап, беруде де, сұрауда да орнымен болса
жарағаны. Тіпті кейде қолындағының барлығын беру
де адамды тақыр жерге отырғызса, шексіз сараңдық
та адамды, адамгершіліктен шығарып, бауырына де
ген жанашырлықтан айырады. Бұл туралы Құранда:
«(сараңдық жасап )
қолыңды мойныңа байлап алма
(тым ысырапқа барып)
қолыңды бүкілдей
ашып та жіберме
» деп, беруде тепе теңдік ұстануды
дұрыс санаған. Олай болса сұраушыдан, беруші қол
жақсы болмақ. Алла «Бақара» сүресінің 273-аятында:
170
Үміт cәулесі
нақты, бірақ аурудан айығуы күмәнді. Бірақ науқас
аурудан жазылуы күмәнді бола тұра ащы дәріні, опе
рацияны тоқтатпайды. Дәл осы секілді ақыреті үшін
күмәнданған адам былай деу керек: сабыр ететін
күндерің өте аз, ары кетсе өлімге дейін ғана. Ал бұл
ақыретпен салыстырғанда түк емес. Егер ақырет өтірік
болса, сенің еш нәрсең кетпейді, өйткені сен онсыз да
мәңгілік жоқ боласың. Ал егер ақырет бар болса ، бар
екені нақты ، иман келтірмегенің үшін мәңгілік тозақ
отында жанасың. Али (р.а.) ақыретті жоққа шығарған
адамға былай деген екен: «
Егер сенің айтқаның рас
болса, сен де, біз де құтыламыз (мен иман еткенім үшін
дүниеден құр қалмаймын). Ал егер менің дегенім рас
болса, мен құтыламын, ал сен мәңгілік азапталасың
деген. Бұл сөзді Али (р.а.) ақыретіне күмәнданғаны
үшін емес, сөз жарыстырған атеистің ақыл деңгейіне
сай сөйлеген. Мұндай тәкаппарға мына аят толық жа
уап болады:
ع
ب ا
دلا
ةا
لا
شا
ني
لا
ئـ
لو
نو
صن
ي
با
لا
«Ақыретін сатып, дүние тіршілігін
таңдағандарға жан түршігерлік азап орнайды, тит
тей де аяушылық болмайды»
:5
Ақшаны ысырап ету, керексіз нәрсеге жұмсау
، берекесіздіктің қайнары. Ислам діні игі кәсіпке,
қанағатшылдықпен ақшаны үнемдеуге және оны ізгілік
жолында жұмсауға шақырады. Бұлай істеген пенде
мал-мүлкімен сыйлы болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Салиқалы кісінің қолындағы мал-мүлік қандай жақсы»
«Бақара» сүресі, :6-аят
169
Үміт cәулесі
соғады. Мал-мүлкі тәкаппарлыққа ұрындырғандарға
Құран былай дейді:
قا
�ا
دن
ع ا
فن
دن
ع ا
«Сендердің
жандарыңдағы дүние байлығы бітеді, ал Алла
құзырындағы мейірім қазынасы түгесілмейді»
(«Нахл» сүресі, 96-аят).
Ал енді шайтанның азғыруымен
көкіректікке салынатындарға келер болсақ, оларға шай
тан: «көзбен көріп, қолмен ұстай алатын мына тәтті
дүние тұрғанда, болып-болмайтыны белгісіз ақыретті
ойлаудың пайдасы қанша?» деп күмән салады. Бұған
былайша жауап беруге болады. Егер қолма-қол
берілетін ақшаның мөлшері, кейін берілетін ақшамен
бірдей болса, қолма қол берілген ақша абзал екені ай
дан анық. Бірақ, мұндай мәселеде ақырет пен дүниені
салыстыру, 1 г. алтын мен 1 млн т алтынды салыстыру
секілді қисынсыздық. Өркөкірек атеистке ақыреттік
сауда барысында кейіндеу берілетін 100 г. алтынның
орнына қолма қол 10 г. алтын берілсе, оп-оңай келісе
кетеді.
Сол секілді барлық саудагерлер де машақатты
бірінші көреді, қарымын кейін алады. Егер келешек
те берілетін он дирхамнан, дереу берілетін бір дирхам
артық дейтін болсаң, бұл қысқа ғұмырды, ақыреттің
мәңгілік ұзақ уақытымен салыстыр, бұлай салыстыру да
мүмкін емес. Енді осы жауапқа қанағаттанған атеисттің
ойына шайтан екінші бір мынадай ой салады: «Нақты
нәрсе, күмәнді нәрседен артық. Ақырет күмәнді, дүние
нақты». Алайда нақты айғақ ұқсасы бар болғанда ғана
күмәннен артық саналады. Қалайша саудагердің шар
шап, шалдығуы нақты, ал табысты болуы күмәнді,
аңшы, аң аулағанша шаршап-шалдығуы нақты, ал
аңды ұстауы күмәнді, науқас адам, науқасынан айығуы
үшін ащы дәрі ішеді, тіпті операцияға барады, бұлар
16:
Үміт cәулесі
рек. Олардың есебін қалай беретіндігін ойлауы тиіс.
«Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен
сұраққа тартыласыңдар»
:3
, ، деп ескертілген
2.
Алла тағаланың кітабындағы әрбір аятты мән бере
отырып оқу керек. Өйткені Құран ، әлемдегі барлық
мәселенің шешімінің кілті. Түсінетін адам үшін мына
бір аяттың өзі жеткілікті:
«Ей, иман келтіргендер!
Сендерді малдарың да, балаларың да Алланы еске
алуға бөгет жасамасын. Кімде-кім мұны істесе, ол
қасіретке ұшыраған болады»
:4
Абайла, дүние жинау үшін уақытыңды зая етпе.
Өйткені дүние қызығына алдану саған ақыретті
ұмыттырады, иманның нұрын жүрегіңнен өшіреді.
Алла елшісі (с.а.с.):
«Дүние қуғанның байлығына көз
тікпеңдер! Өйткені ол иманыңдағы тазалықты,
амалыңдағы ықыласты өшіріп жоқ етеді!»
، деген.
Алла тағала адам баласының бойына өзін жоғары
ұстау сезімін дарытқан. Бірақ, бұл сезім адамға Алла
дан басқаларға бас имеу үшін берілген. Басқаларды
құрметтеу керек. Бірақ оларды тәңірі секілді көріп,
табынуға болмайды. Сондықтан Алла тағала құлдарына
тек Өзіне ғана бас иетін, ал басқалардың алдында ба
сын тік ұстай алатындай сезім берген. Өкінішке орай
кейбір кісілер осы сезімін тәкаппарлыққа айналдырып,
тіпті, Жаратушысының алдында да бас имейтіндей
дәрежеге келген. Олардың кейбіреуін қолындағы мал-
мүлкі тәкаппарлыққа ұрындырса, енді біреулері Адам
ата жаратылғанда: «Мен одан қайырлымын, себебі
мен оттан, ал ол топырақтан жаратылды» деп Аллаға
қарсы шыққан Ібілістің азғыруымен қуыс кеуделерін
«Тәкасур» сүресі, :-аят
167
Үміт cәулесі
шы Раббымыз! Сен бұларды бізден бай қылдың, оларға
мұқтаж еттің. Бірақ бұлар біздің ақымызды бермеді»
деп арызданады. Сонда титтей де бір кемшілігі
болғандарды дереу тозаққа апаруын бұйырып жатты.
Ал егер кемшілігі болмаса ол пендеге: «осы жерде тұр,
берілген нығметтерге шүкір ет, әрбір ішкен судың,
әрбір түйір нанның, дүниеде алған ләззаттың қарымын
бер»
дейді.
Байлығын дұрыс жолда тапқандардың жағдайы
ақыретте бұлай болса, шектен шыққан байлардың
жағдайы қалай болмақ? Харамға батып, көптеген
күмәнді жолдармен табыс тауып, нәпсі рахатына ма
лынып жүргендердің жағдайы қалай болмақ? Ха
рам дүние жегендерге Құранда былай деп айтылған:
«Қабірге түскенге дейін дүниені көбейтуге де
ген құмарлықтарың сендерді (құлшылықтан)
айырды»
82
Жаман мақсаттар адамның жүрегін жаулап, адамды
шайтанның ойыншығына айналдырады. Ондай ауруға
ұшырағандар міндетті түрде шарасын табуға тырысуы
керек. Өйткені ол тән сырқатынан да жаман. Ондай
кеселдің нәтижесінде адамның тән ауруына шалдығуы
да ғажап емес.
Алланың құзырына жүрек тазалығымен келген
дер ғана құтылып, табысқа жетеді. Байлықтың буына
мақтанбаудың екі түрлі емі бар:
1.
Әрдайым өлімді еске алу. Өмірдің қысқа екенін,
байлықтың да тұрақсыз екендігін, қандай жолмен мал
тапқандығы, байлыққа қалай алданғандығын, барлық
байлық, зәулім сарайлар егесі қабірге барғаннан
кейін еш пайда бермейтіндігін ойлап, ой қорыту ке
«Тәкасур» сүресі, 1,2-аят
166
Үміт cәулесі

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Байлар
ақыретте қайта тірілгенде төрт топ болады:
1.
Мал-дүниені харам жолмен тауып, харам жолда
жұмсаған топтар. Бұларды «тозаққа алып кетіңдер»
деп бұйырады.
2.
Харам жолмен табыс тауып, бірақ оны адал
жолда жұмсағандар. Алла тағала «бұларды тозаққа
алып кетіңдер» дейді.
3.
Адал жолмен табыс тауып, оны арам жолға
жұмсаған байлар. Бұларды да «тозаққа алып кетіңдер»
деп бұйырады.
4.
Адал жолмен мал тауып, оны адал жолда
қолданушы байлар. Сонда: «Бұларды тоқтатып
сұраңдар, мүмкін байлықтары себебінен парыздарын
толық орындамай, намазынан немесе дәретінен бір
кемшілік жасаған ба екен?» ، деп айтылады. Әлгі бай
лар:
Адал табыс таптым, адал жолда жұмсадым.
Парыздарды да толық орындадым, ، дейді.
Байлығыңды мақтан еткен шығарсың, қымбат
та әшекейлі киімдер киіп өмір сүрген боларсың? ، деп
сұралады.
Уа, Раббым! Байлығымды мақтаныш етпедім,
тек қажет болған киімдерді кидім. Мақтанып,
тәкаппарлану үшін киім киген жоқпын.
Мүмкін туыстық қатынасты дұрыс жаса
май, кедейлердің ақысын бермеген боларсың? Адам
дарды алалап, біреуді төмен, біреуді жоғары санаған
боларсың?
Осылай сұрақ-жауап болып жатқанда, байларда
ақысы бар кедейлер оларды қоршап
алып
: «Уа, Жарату
165
Үміт cәулесі
، Көрдің бе, балам. Күнә жүрекке қадалған шеге
секілді. Оны қанша жуып шайсаң да орны дақ болып қала
береді. Ақырында жүрегіңді жаралайды. Сондықтан
күнәдан аулақ бол, ، деген екен. Пайғамбарымыз да
(с.а.с.):
«Адам баласы күнә жасаған сайын жүрегінде
қара дақ пайда болады. Оны дереу тәубе арқылы
жоймаса, сол күйінде жүрегінде қалады. Тағы күнә
істегенде екінші дақ пайда болады»
деген. Енді осы
күнәның зардаптарына кеңінен тоқталсақ:
1.
Күнә ، Раббысы мен пенденің арасындағы пер
де. Алла ол туралы «Мұтаффифин» сүресінің 15-ая
тында:
«Жоқ, олай емес. Негізінде олар есеп күнінде
Раббыларының дидарын көре алмайды», ،
деген.
2.
Күнә жасау арқылы пенде Жаратушысына жек
көрінішті болады. «Бақара» сүресі 276-аятта:
«Алла
күпірлік пен күнәдан бас тартпаған адамдарды
жақсы көрмейді»
, ، деп айтылған.
3.
Күнәға бой алдырған адам әрдайым уайымшыл,
мұңшыл келеді.
4.
Жүректі қорқыныш пен қобалжу билейді. Алла
«Таһа» сүресінің 124-аятында:
«...Оған бір тар тұрмыс
болады»

деген.
5.
Күнәһардың жүрегінде қаттылық пен зұлымдық
болады. «Мәида» сүресінің 13-аятында:
«...Жүректерін
қатайттық»
,، деген.
6.
Жүздері қарайып, түнереді.
7.
Күнә иманның азаюына әкеп. «Мутаффи
фин» сүресінің 14-аятында:
«Жоқ, бәлкім олардың
жүректерін істеген қылықтарының таты басты»
،
деген.
164
Үміт cәулесі
амалдарымен Раббысына жолығар күн. Ол туралы хади
сте:
ءا
ل
�ا
�ا
ءا
ل
ءا
ل
�ا
أ
�ا
ءا
ل
أ
«Кім
Алла тағаламен қауышатын күнді жақсы көрсе, Алла
онымен қауышуды жақсы көреді»
, ، деген.
«Өтірікші мен күнәһар адамның
жағдайы қандай жаман»
(«Жасия» сүресі, 7),
«Жоқ!
Қайта олардың жасаған жаман істері жүректерін
кірлетті»
(«Мутаффифин» сүресі, 14), ، деп айтылғандай
күнәның зардаптары өте жаман. Адам баласы сыртқы
көрінісіне мән бергені секілді ішкі жан дүниесіне де
мән беруі керек. Сыртқы көрінісімізді бұзып тұрған бір
нәрсені байқасақ, дереу оны жөндеуге кірісеміз. Мыса
лы, шалбарымыздың балағы қайырылып қалса, байқай
салысымен оны түзетеміз. Бетімізге кір жағылса, оны
дереу сүртеміз. Сол секілді ішкі дүниеміздің де сәнін
кетіретін кемшіліктерді дереу жөндеуіміз, тіпті ондай
кемшіліктерге жол бермеуіміз керек. Осы жерде мына
әңгімені айта кетейік: Бір күні әкесі күнәлардың зар
дабын ұлының көзіне көрсету үшін былай деп ұсыныс
айтады:
، Балам, бір жамандық жасап қойсаң, бақшадағы
ағашқа бір шеге қақ. Ал егер бір жақсылық жасасаң,
әлгі шегені суырып ал. Сөйтіп жасаған жамандық пен
жақсылықтарыңды салыстырып көр.
Баласы әкесінің айтқанын екі етпей, сол күннен ба
стап бақшадағы ағашқа кейде шеге қағып, кейде оны
суырып алып жатады. Бірақ бала жақсылық жасап, әлгі
шегені суырып алса да, орны тесік болып қала беретінін
байқайды. Сонда әкесі:
163
Үміт cәулесі
4. Жақсы кәсіп үйрену.
Хадисте
«Расында Алла
жақсы және жақсы нәрселерді ғана қабыл етеді»
, ،
деген.
5. Адамдарға жақсы мінез-құлық пен махаббат
сыйлау
. Біреуге жақсылық жасау, досыңды қуанту،
көңілге әрі жүрекке қуаныш сыйлайды.
6. Қарыздан таза болу және ақша жұмсағанда
ысырап етпеу.
Бұл жайлы Алла «Фурқан» сүресінің
67-аятында:
«Олар мал сарып қылғанда, ысырап та
қылмай, сараңдық та істемей, орта жолда тұрады»
،
деген.
 \n\b \n
1. Мұсылман болған күн. Алланың парыз еткен
амалдарын орындап, иман ләззатын сезген күн. Алла
ол жайында: «Әнфал» сүресінің 24-аятында:
ني
لا ا
أ ا
كي
ي ا
ل م
كا
د ا
إ
لو
رل
و
بي
سا
«Әй, мүминдер!
Сендерді өздеріңе тіршілік сыйлайтын нәрсеге
(дінге) шақырған кезде, Алланың әрі елшісінің тілін
алыңдар»,
، деген.
2. Күнәлардан тазарған күн. Пенде күнәларынан
тазарып тәубе етіп, Раббысына қайта шын ықыласпен
бет бұрған күн. Ол туралы «ясин» сүресінің 25-аятында:
«Раббымның мені кешіргенін және құрметтегенін
Әттең қауымым білгенде ғой»,
، деп, Алланың
кешірімін алып, жаннатқа кірген бақытты сәтін айту
да. Өйткені тәубе жасаған құлына Хақ тағала ерекше
қуанып, оны анасынан жаңа туғандай күнәсіз етеді.
3. Раббысымен қауышқан күн. Өмірінің соңғы
кездеріндегі істеген амалдары ізгі болып, қабыл етілген
162
Үміт cәулесі
көрсетіп, қиындықтың түбінен жақсылық іздеуге
бойымызды үйретуіміз керек. Кітаптың соңғы
қорытындысында жазушы Базаржумхурдың бы
лай дегенін мысал келтіреді: «Сыйдың алдындағы
қиындық ، ас ішер алдындағы аштық секілді. Ішетін
жерін жақсартып, ләззаттана асын ішеді». Платон:
«Баршылық, молшылық кезінде емес, қиындық пен
жоқшылық кезде тапқан достан айырылма», ، деген.
Қиыншылық ақиқатқа көзіңді ашады. Платон бірде:
«Молшылық түн секілді, не істеп, не жегеніңді көре
алмайсың. Ал қиындық күндіз секілді, ол жерде өзіңнің
және өзгенің қалағанын көре аласың», ، депті. Азда
шир: «Қиындық, таршылық жағымды иіс су секілді.
Ол арқылы баршылық кезде көре алмаған нәрселеріңді
көресің», ، деген.
1. Игі амалдар.
Иман етіп, Алланың алдындағы
міндетті толық орындау, қамшының сабындай қысқа
ғұмырымызды әрі ақырет өмірімізді бақытты етеді.
Алла тағала «Нахыл» сүресінің 97- аятында:
«Ер не
месе әйел иман еткен бойда ізгі іс істесе, олар үшін
жақсы өмір дайындаймыз»,
، деп уәде еткен.
2. Салиқалы әйел.
Ол жайлы Алла «Фурқан»
сүресінің 74-аятында:
«Бізге жұбайларымыздан,
ұрпақтарымыздан көзайымдық бер!»
، деген.
3. Кең үй.
Бұл жайында бір хадисте Пайғамбарымыз
«Алла тағалам, менің үйімді кең ете гөр!»
،
деген.
161
Үміт cәулесі
«Егер біз адам баласына мол нығмет нәсіп етіп, со
нан кейін оны қайтарып алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер
үзіп, бізге қарсы келеді. Алайда оған тиген зияннан
кейін, нығметтерімізді арттырсақ: «Жамандықтар
менен кетті» деп қуанып, мақтанады. Бірақ сабыр
етіп, ізгі іс істегендер үшін жарылқау және зор сауап
бар».
Әл-Хафиз ибн Касир: «Алла өзі мейірім еткен
құлдарынан өзге жағымсыз сипаттағы құлдары жай
ында хабар береді. Ондайлар егер өзіне нығметтен
кейін қиындық келсе, болашаққа деген көзқарасынан
күдер үзіп, қажи бастап, бұрын ізгілік пен ғанибет
көрмегендей, өткенін жоққа шығара бастайды», ، де
ген екен.
Сол секілді егер кедейліктен кейін жағдайы ор
нына келсе, Алла тағала «Һуд» сүресінің 10-аятында
айтқандай:
«Ол жамандықтар менен кетті»,
،
дейді.
Осыдан кейін менің басыма қиындық пен жамандық
келмейді деп ойлап, түк болмағандай:
«...күдіксіз ол
қуанып, мақтанады»,
، деп тайраңдап шыға келетінін
баяндайды. Олай болса адам баласы жақсылықта Аллаға
шүкірін айтып, қияндықта сабыр етер болса мол сый-
сыйапақта кенеледі. Бұл:
«сабыр етіп, ізгі іс істегендер
үшін жарылқау және зор сауап бар»
деген Алланың
уәдесі.
Қиындыққа сабыр етудің нәтижесі жаннат сыйы
екенін білу қажет. Біз өзімізді қиындық келгенде
сабырлық етуге, жаратушымызға деген жақсы әдеп
160
Үміт cәулесі
қайғырма, бәлкім марапат болар және сынаққа мұңайма,
бәлкім сый болар. Доктор Самуэль Джонсон бы
лай дейді: «Расында әрбір оқиғаның пайдалы, жақсы
жағын іздеу бір жылда бір мың фунтқа ие болғаннан да
қымбат» деп әрдайым істің жақсы жағын көре алу мол
бақыт екендігін айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с) алғаш дінді жайған шағында
да жанында жүріп тура жолдың жалауын көтергендердің
көбі кедейлер, қиындыққа душар болғандар және
қарапайым адамдар еді. Ал жүрегі иманға кенелген
осы ізгілерге қарсы күрескендердің көпшілігі беделді,
бақуатты және танымал тұлғалар еді. Олар мүміндерге
қарап:
«Біздер дәулеттіміз әрі үрім-бұтағымыз мол.
Сондықтан да азапқа душар болмаймыз»
деп дүние
байлықтарымен мақтанып, даңдайсыды. Алайда ислам
тарихында аттары қалған сол кедей сахабалар емес пе.
Ахмад ибн Ханбал Бақи ибн Мухалладты ауырып
жатқанында зиярат еткен еді. Сонда Ахмад: «Ей, Аб
дуррахман, Алланың сауабымен қуант! Сау күндерде
ауру, ал ауру болған күндеріңде саулық жоқ», ، деді.
Осылайша ол адам баласы саулығында ішкі дүниесіне
мән бермей, керісінше нәпсі қалауының күшейіп, өмірге
құштарлығы арта түсетінін, ал қатты науқастық халінде
бойын әлсіздік билеп, өлімге бір табан жақындай
түскендей сезініп, жаратқанның құдіретін мойындай
түсетінін білдірген-ді. Имам Ахмадтың сөзі Құрандағы
«Һуд» сүресінің 9, 11-аяттарынан алынған:
«Саба» сүресі, 35-аят
159
Үміт cәулесі
толы қауырт өмір кешіп, соған қымбат құн төлейді.
«Дәрігер халықты емдейді, бірақ өзі науқас болады».
Рим империясын басқарған ойшыл патша Маркс
Аурелиюс бір күні былай деді: «Бүгін көп сөйлейтін,
құдайға қарсы шыққан менменшілдер мен өздерін
ғана жақсы көретін адамдарды қарсы аламын. Бірақ,
мен оларға таңқалып, таңырқамаймын да. Себебі
мен бұл әлемді оларсыз елестете алмаймын», ، деп
өмірде жақсылармен қатар жамандар да болатынын
мойындаған екен.
Теңізшілердің бірі Тынық мұхитта адасып, жиыр
ма бір күн жоғалып кетеді. Кейіннен құтқарылып аман
қалған соң, одан адамдар осы оқиғадан алған ең үлкен
сабағы жайлы сұрағанда ол: «Егер таза су, жетерліктей
асың болса, өмірге ешқашан наразылық білдірмеуің ке
рек», ، деп жауап береді.
Бір кісі: «Өмір бір бөлік ас пен судан тұрады, ал одан
басқалары артық нәрсе», ، деген. Жонатан Суифт былай
деген: «Расында әлемдегі ең абзал дәрігерлер: тәртіп,
тыныштық, қуаныш. Тағамың аз болса да шаттық пен
тыныштықта ішсең, осы пайдалы ем. Өйткені семіздік
созылмалы ауруға, ал қомағайлық зеректікті жояды.
Тыныштық ، жүрек пен жанның рахаты, ал шаттық
пайдалы азық және қуаныш» деген екен.
Сенің мойныңда киелі міндетің бар, ол ، тағдыр
тығырыққа тірегенде нәтижесі өзіңе пайдалы бо
луы үшін соған бойсұнып, наразылық танытпасаң,
жақсылыққа қол жеткізесің. Басыңа түскен мехнатқа
15:
Үміт cәулесі
өткізудемін. Оған қоса дәрігерлер мені жеуден тыйған
майлы заттарды да ішіп жатырмын. Осы сапарым
да бұрын-соңды көрмеген рахатқа, шаттыққа толы
күндерімді өткізудемін». Дэйл Карнеги ол кісінің сол
бір дертінен айығып кеткендігін мәлім етеді. Себебі
науқастың қолданған тәсілі өте пайдалы болғандықтан
ауруын жеңе алды. Иә, шаттық, қуаныш және дема
лу дәрігерлердің жазып берген дәрі-дәрмектерінен
әлдеқайда артық.
Дэйл Карнеги: «Статистикалық мәліметке сүйенер
болсақ, Америкадағы өлімге әкелетін аурулардың
алғашқы сатысында қобалжу, үрей орын алыпты. Соңғы
дүниежүзілік соғыста американдық жауынгерлердің
үштен бірі көз жұмған екен. Сол уақыттан бері жүрек
ауруынан қайтыс болған адам саны екі миллион. Соның
бір миллионы жүйке жүйесі мен қобалжудан туындай
тын аурулардың себебінен» деп жазады.
Доктор Алексис Каррельдың мынадай ой түюіне
де басты себеп болған дерт ، жүрек аурулары. Ол
өз сөзінде: «Қобалжумен қалай күресуді білмеген
кәсіпкерлер ерте көз жұмады» дейді. Өлімнің мерзімі
әу бастан шешіліп қойылған және себебі де бар. Ол жай
ында Алла тағала «Әли Имран» сүресінің 145-аятында:
«Алланың бұйрығы болмайынша, ешкім өлмейді,
ол жазулы бір мерзім»
деген.
Қытайлықтар мен афроамерикандықтар арасын
да жүрек ауруынан көз жұматын адамдардың саны аз
көрінеді. Себебі олар өмірлерінде қайғыға көп бой ал
дыра бермейді. Жүрек ұстамасынан қайтыс болатын
дәрігерлердің саны дәл осы аурудан көз жұматын шаруа
адамнан жиырма есе көп. Себебі дәрігерлер қиындыққа
157
Үміт cәулесі
қиындықтарға төтеп бере алмас еді. Ол жайлы Гандидің
өзі: «Егер құлшылық жасамасам, біраз уақыттан бері
жынданып кетер едім» деген. Міне, Ганди мұсылман
емес, бірақ, дұрыс жолды ұстанған адам еді.
Алла тағала «Анкабут» сүресінің 65-аятын
«Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаға
бағыштаған түрде жалбарынады»
деген.
Бір ғалым кісі «Ислам ғалымдары, тарихшыла
ры және әдебиетшілерінің сөздерін зерттеп көрдім.
Олардың біреуінен де қобалжу, қорқыныш және рухани
ауру жайында сөз таппадым. Мұның себебі олар дінге
деген сенімдері мен имандарының арқасында жүректері
тыныштық пен жайлылықта, қиындық пен қайғырудан
алшақ өмір сүрген.
Дэйл Карнеги асқазанына жара шыққан бір
науқас адамның оқиғасын әнгімелейді. Оның дертінің
ушыққаны соншалықты оған дәрігерлер бірнеше айлық
өмірі қалғанын ескертеді. Сол кезде күтпеген жерден
науқас (есімі Һани) бір таңқаларлық шешім айтты:
«Егер өлуіме аз ғана уақыт қалса, неліктен қыдырып,
сол уақытты жақсы өткізбеске? Мен өмірімнің соңына
дейін әлемді аралармын деп армандаушы едім. Міне,
сол арманымды жүзеге асыратын уақыт жеткендей»
деп билет сатып алды. Сол уақытта дәрігерлер оған бұл
ойының өліммен аяқталуы мүмкін екенін, денесінің ай
далада қалып кетерін айтып, райынан қайтармақ болды.
Бірақ шешіміне түбегейлі бекінген Һани жолға аттан
ды. Ол кемеге мініп, мол қызыққа, ләззатқа толы сапар
шегіп, көңілі жадырап, қуаныштан ән шырқады. Науқас
сапарын шаттық пен қуанышқа толы нәрселермен ба
стады. Ол әйеліне хатында былай деді: «Мен кемедегі
барлық тәтті тағамдарды ішіп-жеп, ән салып уақыт
156
Үміт cәулесі
Бір кісі Жунейд Бағдадидан: «Харамға қарамаудан
қалайша тыйыламын?» деп кеңес сұрайды. Сонда Жу
нейд: «Барлық нәрсені көруші Алла тағала, сен харамға
қарамастан бұрын сені көретінін ойлаумен тыйыласың»
деп Алланың адамды әрдайым көріп тұратынын ойлап
жүру харамнан тыйылдыратынын білдірген.
Абдуллаһ ибн Динар былай деді: Омар ибн Хат
табпен бірге Меккеге сапарға шықтық. Жарты жолға
жетіп түнедік. Таудан бір шопан түсіп хазірет Омардың
жанына отырды. Хазірет Омар шопанға былай деді:
Мына отарыңнан бір қой сат! ، Сонда шопан:
Малдың иесі мен емес. Мен құлмын.
Қожайынға «Бір қойды қасқыр жеді» деп
айтарсың.
Олай болса Алла қайда?! (Алла көріп тұр емес
пе).
Шопанның сөзінен кейін хазірет Омар жылап
жіберді. Келесі күні қожайынына барып, құлды сатып
алып азат етеді. Оған: «Осы сөзің сені дүниеде азат етті,
ақыретте де азат етеді деп үміт етемін» деп сүйсінген
екен.
Әбу Осман былай дейді: «Әбу Хафс маған былай деп
өсиет айтты: «Алла үшін уағыз айтып отырған болсаң,
өз нәпсіңе және жүрегіңе де уағыз айт! Көпшіліктің
алдында болғаныңа алданба! Өйткені олар сенің сырт
келбетіңе қарайды, ал Алла болса сенің ішкі жан
дүниеңе қарайды».
Маһатма Ганди (Үндістанның рухани басшы
сы) құлшылық қуатынан рухани азық алмағанда,
155
Үміт cәулесі
естіп таңырқап Ұстазына: «Сіздің жас шәкіртіңіз бұдан
да мол сый-сыяпатқа лайықты екен» дейді.
Әбу Мұсадан жеткен риуаятта:
«Алланың елшісімен жорыққа бірге шыққанда
біз тәкбір айтқан кезде дауыстарымызды қатты
шығарушы едік. Сонда ардақты елші бізді шақырып:
«Ей, халайық, дауыстарыңды бәсеңдетіңдер. Шынында
сендер ғайып және керең тәңірге емес, естуші, көруші
Аллаға жалбарынудасыңдар»
79
، дегені айтылады
:0
Зылиха Юсуфпен (а.с.) жеке қалғанда, үйінде тұрған
бір пұттың бетін пердемен жауып қояды. Юсуф (а.с.)
Зылиханың бұл істегенін көріп: «Жансыз нәрседен
ұялғанша Ұлы Жаратушымыздың көруінен ұялмайсың
ба?» деп жаратушыдан жасыру мүмкін емес екендігін
білдіреді.
Бір жас жігіт күңнен арсыз іске баруын сұрады. Күң:
Сен ұялмаймысың?
Кімнен ұяламын? Мені мына жұлдыздардан
басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқ, ، дегенде, күң:
Сол жұлдыздардың жаратушысынан, ، деп
таңырқағандай кейіппен оған Алланың көріп тұратынын
білдірген екен.
Әбдул Халим әл-Ғиуал, «Назарат фи әл-Ақида әл-Исламия.
154
Үміт cәулесі
ген сипатын толық біліп соған тәуекел етіп жүру қиын-
қыстау заматта қорқынышты сейілтеді, құлшылықта
ықыласты арттырады.
Бірде
Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейіл періште
келіп: «Ихсан деген не?» деп сұрағанда, Алла елшісі
(с.а.с.): «Ихсан ол ، Алланы көріп тұрғандай ғибадат
етуің, сен оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деп
жауап берген болатын. Олай болса, Алла бізді көріп
тұрғандай сезіммен намаз оқуымыз, ораза тұтуымыз,
зекет-садақа беруіміз, біреуге жақсылық жасауымыз
керек. Адамның көруі емес Алланың көруі маңызды әрі
сауапты саналмақ.
Бір ұстаздың жас шәкірті болыпты. Ұстаз оған
айрықша сый жасап, басқалардан артық санайтын.
Шәкірттерінің кейбіреулері: «Біз одан ересек болсақ
та неге оны айрықша өбектейсіз?» деп наразылық
танытады. Сонда Ұстаз бірнеше кұс алдырып, әрбір
шәкірттеріне бір-біреуден беріп: «Әрбірің ешкім
көрмейтін жерге барып, құстарды бауыздап маған
әкеліңдер!» дейді. Сүйікті шәкіртіне де бір құс пен
пышағын беріп, басқаларға айтқанын оған да айтты.
Өзге шәкірттерінің барлығы қолдарындағы құстарын
бауыздап ұстазына алып келді, ал жас шәкірт құсын
бауыздамай қайта алып келді. Ұстаз оған: «Басқа
жолдастарың секілді сен неге құсты бауыздап
әкелмедің?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ешкім көрмейтін
жерді таба алмадым. Өйткен Алла мені барлық жерде
көріп тұр!» деп жауап қатады. Өзге шәкірттер бұл сөзді
153
Үміт cәулесі
жаратқандарының барлығын еш қалтқысыз көруде.
Алла көру үшін көзге, жарыққа, денеге мұқтаж емес.
Оның көруі біздің көруімізден мүлдем басқа. Адам
дар мен жан-жануарлардың көру деңгейлері өз ара
ларында түрлі болып келеді, ал Алла тағаланың көру
сипаты шексіз. Ол қараңғы түнде қара тастың үстінде
жорғалаған қара құмырсқаны да көреді. Әлемнің қай
жерінде қандай жапырақ түскені де назарынан тыс емес,
теңіздің тұңғиығындағы түрлі жаратылыстардың іс-
әрекеттерін де, жердің астындағы түрлі жәндіктерді де
еш кедергісіз көреді. Құран кәрімде:
Анығында көктегі және жердегі барлық нәрсе
Аллаға жасырын емес
، деп, біз білетін әлемнің
барлығы Алланың бақылауында тұратындығын айтқан.
Алла ұйықтамайды, мызғымайды, шаршамайды,
ол барлық нәрсені бақылаушы, көруші, білуші. Тіпті
адамның не ойлап, қандай ниетте екендігін де біледі.
Олай болса адам баласы барлық ісін Алланың алдын
да тұрғандай істесе, сауабы мол болады. Алла көріп
тұрғанын сезінгендіктен күнәдан аулақ жүреді. Тіпті
біреудің жаманшылығына дәл сондай жамандықпен жа
уап бермейді. Өйткені біреудің істеген қастандығын
Алла көріп тұр деп жазасын ұлы сотқа қалдырады да,
Раббына тәуекел етіп жүре береді.
Мұса (а.с.) мен Һарун залым перғауынға барған
кезде Алла тағала:
أ ا
م ي
إ ا
فا
لا
«Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін және
, ، дейді. Сондықтан Алланың көруші де
«ТаҺа» сүресі, 46-аят.
152
Үміт cәулесі
пайдалы нәрселердің жемісін тереді. Жеке құлшылықта
адам істеген ісін басқа біреу көрсін деген рияшылдықтан
аулақ болады. Өйткені оны Алладан басқа ешкім
көрмейді де естімейді. Тарихтағы қандай ғалым не
месе көркем мінезімен, өзінің жақсылықтарымен аты
қалған адамдардың барлығы да рухани сусынын осы
жеке құлшылықтан бастағанын байқаймыз. Адамзаттың
асылы, әз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірі де бұған куә. Ол
өзіне уахи келмей тұрып, Мекке қаласының күйбең
тірлігінен жырақтап, Хира үңгірін паналап, жалғыз
қалғанды ұнататын. Осылайша Жаратқан иеміз оның
рухын шыңдап, алдында күтіп тұрған ұлық міндетке
дайындағандай еді. Жеке дара оқшаулану арқылы адам
рухына азық, жүрегіне қуат жинайды.
Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) дұшпандары өлтіру
үшін ізіне түскенде, ол досы Әбу Бәкірмен бірге үңгірге
келіп жасырынады. Сол кезде із кесушілер оларды іздеп
үңгірдің аузына дейін келеді. Бұл оқиғаны Әбу Бәкірдің
(р.а.) өзі былай деп баяндаған: «Пайғамбарымызбен
(с.а.с.) бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда,
саңылаудан төбемізде жүрген мүшріктердің аяғын
көріп: «Уа, Алланың елшісі! Егер мыналардың біреуі
аяғының астына сәл үңіле қалса, бізді сөзсіз көріп қояды
ғой» ، дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу
Бәкір! Үшіншісі Алла болған екеудің қандай да бір
жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?» ، деді»
76
Алла тағала барша адамзатты және барша жа
ратылысты еш қиындықсыз жаратты. Өзінің
Мүслим, Фадаилус-Сахаба, 1.
151
Үміт cәулесі
арқасында пендеде өмірге деген жаңаша бір құлшыныс
пайда болып, өмірге сеніммен қарай бастайды.
Міне, жеке құлшылық жамандық атаулының
бәрінен алшақ тұруға көмектеседі. Пенде жеке дара
құлшылық жасау арқылы кір басқан көңілін көз жа
стары арқылы жуып тазартады, көкірек көзін ашып,
қайғы-мұңын сейілтеді.
Негізінен мұсылман пенденің жеке басына
құлшылығын атқаратын, Алланы жеке отырып еске
алатын, Құран оқитын, өзін есепке тартатын, дұға жа
сайтын, жарылқау тілейтін, жамандықтан жан дүниесін
тазартатын кездері, арнайы уақыттары болуы қажет.
Тақуа жандар бес парызының тысында орындайтын
жеке құлшылықтарға да ерекше мән берген. Өйткені
олар үшін жеке құлшылық ، Жаратқан иемен жеке
қалып тілдесу мүмкіндігі. Сондықтан кейбір тақуа жан
дар «Мен жеке құлшылық жасаудан артық жан рахатын,
шарапаттылықты, үстемділікті көрмедім де естімедім.
Жеке құлшылық ، жамандық атаулыдан алыс болу,
уақытты және өмірді тиімді өткізу. Әрі көре алмаушы
лар мен іші тарлардан аулақ болу. Жеке құлшылық ،
қияметті ойлау, Алламен кездесуге дайындық, Аллаға
бойсұну, хикметті нәрселерге ой жүгірту, даналық
теңізінен маржан іздеу болып табылады».
Жеке құлшылық тілден болатын айыпты, іс-
әрекетте болатын кемшілікті, ойлаудағы қателікті және
нәпсінің қателіктерін жасырады. Бір сөзбен айтқанда,
кісі бойындағы жақсы қасиеттердің қорғаны. Соны
мен қатар ішкі дүниенің жандануына әрі көркеюіне
жол ашады. Уақыттың берекесін кіргізіп, Алланың
жаратқандарына қарап терең ой жүгірту болып табыла
ды. Құлшылық кезінде жүрегі қуанышта, ал ақылы тек
199
1.
Абдурахман Рафат Баша. «Суар мин хаятис-сахабати»
Каир, 1997 ж.
2.
Абдул Хамид Махмуд Таһмаз. Фиқһул Ханафи фи
саубил жадид. Жидда, Дарул Башир, 199: ж.
3.
Ахмад ибн Ханбәл. Муснәд. Египет, 1949 ж.
4.
Айдул Қарни, «Лә тахзан». Египет, 2004 ж.
5.
Әбу Ләйс Самарқанди. Танбихул-ғафилин.
6.
әл-Һинди, Алауиддин Али Муттақи ибн Хусамуд
дин.
Канзуль-уммаль фи сунәниль-ақуаль уәль-афаль. Бей
рут, 2004 ж.
7.
әл-Мұғжамул-муфаһрис лил-алфазил Құран.
:.
Имам Әби Зәкәрия ибн Шәрәфу Нәуәуи Дамашқи.
Риадус-салихин. Бейрут: «Дарус-сақафатил арабия».
1997 ж.
9.
Әбу Хамид әл-Ғазали. «Мукашафатул-қулуб». Каир,
2004 ж.
10.
Тафсирул Жалалайн. «Дарус-саадат», һижри 1411
жыл.
11.
Имам Ғазали. Иһия-улумуд-дин. Каир: Мактабатул
қаййма, 1999 ж.
12.
Фаһриддин әр-Рази. Тафсирул-кабир.
13.
Қуртуби Әбу Абдуллах. әл-Жами ғи ахкамиль-Қуран.
Бейрут, 19:: ж.
14.
Халифа
Алтай
кәрім:
азақша
мағына
және
түсінігі
.
Сауд
Арабиясы
, 1991
15.
Қандаһләуи М. Ю., Хаятус-сахаба, Бейрут, 19
72 ж.
19:
Үміт cәулесі
қиыншылықтары. Адамға бұл қиыншылық оқтарының
бірі тимесе бірі тиеді. Бұл да тимесе ажал оғы тиеді»
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылайша сахабаларға
өлімді, ажалды естеріне түсірген кезде, сахабалардың
көзінен жас парлап ақты. Қабір пендені не бақытқа не
месе мәңгілік азапқа апарар жер.
Бүрәйда (р.а.) жеткізген хадисте:
«Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған
едім. Енді зиярат етулеріңе болады» ، деп айтты»
93
десе, ендігі бір хадисте
«Кімде-кім қабірлерді зиярат
етуді қаласа, зиярат етсін. Өйткені қабір пәни дүниені
ұмыттырып, ақыретті есімізге салады»
94
، делінген.
Олай болса қабір зияратының басты мақсаты ، бұл
дүниенің пәни, ақыреттің мәңгілік мекен екендігін ой
ланып, соған қарай амал ету.
Өкінішке орай қазіргі таңда адамдардың көпшілігі
қабірге, тіпті өлім болған үйге барса да, өз ақыретін еске
алмауда. Өте аз адамдар ғана ғибратпен қарап, ойланып,
өз-өзіне есеп беруде.
197
Үміт cәулесі
зияратшыларға Құран оқуына ыңғайлы етіп те қойған.
Шариғатта мазарда Құран оқу жайлы нақты үкім
айтылмаған. Сондықтан ол жерлерде Құран оқудың
оқасы жоқ.Тақуа кісілердің кейбіреулерінің қабірді
зиярат еткенде «Ясин», «Мүлік», «Ықылас» сүрелерін
оқығандығы мәлім.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірлерді зиярат
жасағандығы жайында хадис кітаптарында мәліметтер
жеткілікті. Ол (с.а.с.) зиярат жасағанда қабірдегілерге:
«Ассаламун алайкум, әй, қабір халқы! Алла сіздерге
де біздерге де кешірім етсін. Сіздер біздің алдымызда
болғансыңдар, біз де сіздердің арттарыңыздан келеміз»,
، деп сәлем беріп, үн қататын.
Осман ибн Аффан (р.а.):
«Пайғамбарымыз (с.а.с.)
мәйітті жерлеп болған соң қабір басында тұрып:
«Бауырларың үшін Алладан кешірім тілеп, (Мүнкәр-
Нәкір періштелерінің алдында) иманына берік болуын
сұраңдар. Өйткені, ол дәл қазір сұраққа тартылып
жатыр» ، деп айтатын еді»
92
، деген.
Тағы бір хадисте қабір зияратын Ибн Масғуд бы
лай деп түсіндіреді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) жерге
қолындағы таяқшасымен төрт бұрышқа ұқсас етіп сыз
ды. Сосын оның ортасына бір ұзын сызық, бұл ұзын
сызықтың сыртына тағы бір сызық сызды. Сосын бұл
үлкен сызықтың жанына да бірнеше сызықтар сызды.
Алла елшісі (с.а.с.) бұл сызғандарын былай деп
түсіндірді: «Мынау сызық ، адам. Бұның төңірегіндегі
төрт бұрышты сызық ، оның ажалы. Ал мына
сыртындағы сызықтар ، адамның армандары. Бұл ар
ман сызығын кесіп өткен кішкентай сызықтар ، оның
196
Үміт cәулесі
نيضبر نيب ةاشلاك
Шындығында, мұнафықтар екі отардың
ортасында қалған мал секілді
», ، деген. Сондықтан
олар әрдайым екіойлы жүргендіктен, Аллаға сеніп,
тәуекел ете алмайды.
Уиллиам Джеймс былай дейді: «Сол күні орындалуы
керек болған істі орындауға бел бусаң, өзіңді мәселенің
нәтижесімен ойландырып қоятын уайымнан толықтай
айрыласың. Бұл дегеніміз ، егер сен дәлелге сүйенетін
жақсы шешімге келсең, еш бүгілмей, қобалжымай,
артқа шегінбей соны орындауға кіріс. Өзінен кейін тек
күдік қана туғызатын бос уайыммен уақытыңды далаға
кетірме және артыңа қарама».
Шешім қабылдаудағы батылдық қобалжу мен
күйзелістен құтқарады. «Мұхаммед» сүресінің 21-ая
тында:
ل
ار
نا
ل
�ا او
ف
لا
ع ا
«Іске бекінген
сәтте, Аллаға берген сөздерінде тұрса, олар үшін
қайырлы болар еді», ، деген.
Ата-ананың, туған-туыстардың қабірлерін зиярат
жасау ، сауабы мол амал. Бұл, әрине ер кісілерге тән.
Әйел кісілерге ол жерде сезімге беріліп, дауыс көтере
жылап, діннің әдебіне қайшы істер істемеу шарты
мен оларға да рұқсат бар. Алла елшісі (с.а.с.) алғашқы
уақытта, діни сенім адамдарда толық қалыптасып, дінге
қайшы әдеттерден тазарғанға дейін қабірлерді зиярат
етуге тыйым салған. Сонымен қатар ол кездері мазар
жерлері таза болмағандықтан, Құран тек таза жер
де оқылуы керектігін алға тарта отырып, мазарларда
оқылмайды делінген. Алайда қазіргі таңда мазарлар
мен қабірлердің айналасы таза, тіпті кейбір жерлерін
195
Үміт cәулесі
Қандай да бір мәселе сені мазаласа, сол саланың
адамдарымен кеңесу керек. Сонан соң Алла тағаладан
қайырлысын сұрап, нәтижеде көңілі қайсысын қаласа
соны істегені дұрыс.
Мұнафықтықтың бір белгісі осындай жағдайда
түрлі ой айтып, адамды күмәндандырып, игі жоспар
ларды бұзу болып табылады. Өйткені олардың өздері
әрдайым екіұшты ойда болғандықтан, нақты шешімге
келе алмайды. «Әли-Имран» сүресінің 167-аятында:
«Үйлерінде отырып алып, туыстарына: «егер
олар тілімізді алғанда, өлтірілмес еді» дегендерге,
«өлімді өз бастарыңнан арашалап алып көріңдерші,
егер айтқандарың шын болса»
، деп мұнафықтардың
сөздерін мысалға келтірген.
Мұнафықтар әрдайым
«егер» деген сөздерді
жиі қолданады. Аяттағы «егер олар тілімізді алғанда,
ажал құшпас еді» ، деген секілді. Алайда олар ақырет
үшін қайсысы қайырлы екенін білмейді. Сондықтан
олар «шіркін»
, «мүмкін»
деген сөзді өте жақсы
көреді, бұларды жиі қолданады. Өйткені олардың има
ны болмағандықтан әрдайым қиыншылықтан қашып,
оңайды армандап, не істерін білмей жүреді.
Олардың осындай құбылмалығы жайлы Құранда
«Ниса» сүресінің 142 ، аятында:
ه ى
ني
ه ى
إ
«Олар не онда жоқ, не мұнда жоқ, екі
ұдай мұсылман мен кәпірдің ортасында»
، деп, бірде
мұсылмандарға, бірде мүшріктерге болысып, екіарада
жүре беретіндіктерін айтқан. Және бір хадисте:
قفانملا لثم
194
Үміт cәулесі
жақсы ойларын ортаға салады және кеңесудің соңғы
шешімі қандай болса да, оған разылық танытуы керек.
Кеңесуге мән бермеген сайын қате-кемшіліктер
көбейіп, ақылға жүгінген кезде қате-кемшіліктер
азая түседі. Дана қазақ халқы: «Кеңес қылған ел аз
бас, кеңінен пішкен тон тозбас» деп кеңесудің
маңыздылығын кейінгі ұрпаққа мақал етіп қалдырған.
Көп жағдайда біз жалған болса да мақтауды жақсы
көреміз. Ал, рас болса да айып пен сынды сүймейміз.
Міне, осы үлкен айып және қате.
�ا ى
ف
ع ا
«Егер шешім
қабылдасаң, Аллаға тәуекел ет»
، деген зор
мазмұнды аят бар.
Біздің көпшілігіміз шешім қабылдауда көп
қобалжимыз. Қайсысы дұрыс болар деп, басымызды
ауыртамыз. Мұндай жағдайда мұсылманның жолда
старымен кеңесіп, Алладан қайырлысын тілеуі өте
маңызды. Айналасындағылармен ақылдасқаннан кейін
шешім қабылдап, Аллаға тәуекел етіп, іске кірісу қажет.
Құранда «Әли-Имран» сүресінің 159- аятында Алла
тағала:
«Жұмысыңды олармен кеңес. Шешім
қабылдағаннан кейін Аллаға тәуекел ет. Өйткені
Алла тағала өзіне сеніп, тәуекел еткендерді жақсы
көреді»,
، деген.
«Әли Имран» сүресі, 159-аят
193
Үміт cәулесі
ب ىرو
ش
«Олардың істері өзара кеңесу арқылы
، делінген. Кеңесу ، түйіні түйткіл мәселені
шешу үшін басқадан ақыл сұрау, көпшіліктің пікіріне
жүгініп, ақылдасу дегенді білдіреді. Мұндай мәселелерде
істі әбден талқылап барып шешім қабылдамаса, соңы
өкінішпен аяқталуы мүмкін. Негізінде
ең ақылды адам
، кеңесуге мән беретін, басқалардың көзқарастарына
құрмет көрсететін кісі. Ал қандай мәселе болмасын
тек өз көзқарасымен жүретін, тіпті басқаға да өзінің
ойын мәжбүрлеп қабылдатуға тырысатын адамдар
басқаларға жек көрінішті болмақ.
Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың мына ісі бізге
өнеге. Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұд соғысының алдын
да сахабалармен кеңесіп, Мәдина қаласының ішінде
бекініп, қорғаныс бағытын ұстануды ұсынады. Алай
да кеңестен Мәдина сыртына шығып соғысу шешімі
шығады. Пайғамбарымыз да осы шешімге келісіп,
Мәдина қаласының сыртындағы Ұхұд тауына қарай
сапарға аттанып, сол жерде соғысып, бірнеше сахабасы
нан айырылады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Мен әу
бастан-ақ қалада қалып соғысайық деп айтып едім ғой»
демейді. Тағдырға қарсы шықпайды, бауырларына кінә
тақпай, кеңесуден шыққан нәтижеге келіседі.
Бір ғалым бұл мәселені былай түсіндіреді: «Алла
елшісі Ұхұдқа шығарда, ол жерде 70 сахабаның шейіт
боларын білсе де, кеңесуден қорытылған шешімге
бойсұну үшін Ұхұд тауында соғысты. Күйреген Мәдина
қаласын қайта тұрғызуға болады, ал шариғаттың бір
міндеті, бір тірегі құлатылса қайта тұрғызу мүмкін
емес. Олай болса, кеңес алқасында әрбір мүше өздерінің
192
Үміт cәулесі
алып, жүректері иман мен Исламды қабылдауға дайын
тұрады. Баланың табиғатына қажетті рухани азығын
беру оны тәрбиелейтін әке-шешесі мен оған әсер ететін
қоршаған ортасына байланысты. Ақша қардай көңілді
күпірлік пен күнә көр қылады. Адам күпірлік ұйығына
батып, тәкаппарлығынан айналасындағы Алланы
көрсететін дәлелдерге көз жұмып, құлақтарын бітеп,
жүрек пердесін қарайтып, өзіне нұр шашқан жолдардан
мақұрым қалып, күндіз көзін қолмен көлегейлеп «күн
жоқ» деген ғафыл рухқа ұқсайды.
Иман мен ізгі амалдар арқылы адам баласы табиғи
таза жаратылысты сақтап қалады. Ислам рухымен
туылған әрбір жаратылыс ес білгеннен өздігінен
қоршаған орта туралы ойланып, пайда болу мақсаты
жайында толғап, ақиқатты іздеуге құлшынбаса, түбінде
христиан, яхуди немесе мәжуси болуы немесе адасқан
күпірлік ағымдарының біріне жем болып кетуі ғажап
емес.
Иә, жаңадан туылған барлық жас нәресте мұсылман
мінезімен туылады, оны әке-шешесі, достары, оқу орны
секілді сырттан келетін әсерлер дұрыс немесе жа
ман жолға бағыттайды. Ал тағдырда бұл себептердің
барлығы есептеліп «бұл адам таза да тұнық Алланың
берген табиғи мінезін сақтап бақытты болады» неме
се «таза табиғатын кірлетіп күпірлікке батып адасушы
болады» деп жазылады екен.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, көптің
пікірі жалғыз жарымның шешімінен әлдеқайда жөн бо
лады. Құранда мұсылмандардың сипаты айтылғанда:
191
Үміт cәулесі
\n  
Адамның туа бітті қасиеттерінің бірі ، ес білгеннен
бастап жақсылыққа жаны жадырап, жамандықтан
жүрегі мазаланып тұрады. Жаман ортаның қысымына
ұшырамай тұрып өз-өзінен жамандыққа салынып
кеткен ешкім жоқ. Адам баласына жақсылық істеуді
бұйырып, жамандықтан тыйған Алла осы сезімді де
қатар берді. Сондықтан Жаратушының заңдарына
бойсұнып, әмірлеріне бағынғандар еш қия басып,
жүрісінен жаңылмасы анық. Соған лайық Раббымыз
ешқашан жаман істерге бізді бұйырмаған, итермеле
ген де емес. Туа бітті жаратылысымен кісі еш уақытта
жамандыққа беттемейді, адамдар өздері бастап күнә
істеп, таза жүрегін кірлетіп, жамандыққа бой үйретеді.
Кіршіксіз таза жан дүниемізді аман сақтап қалу немесе
оны кірлетіп қателіктер істеу әр адамның қалауына не
месе әке-шешесі, достарының ықпал еткен тәрбиесіне
байланысты. Бұны мына хадис жақсы түсіндіреді:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады:
«Күллі сәби мұсылман
болып туылады, кейіннен әке-шешесі оны христиан,
еврей немесе мәжуси қылады»
Сәби туылғанда таза, пәк, періштедей болғандығы
сондай, барлық нәрсе жазыла алатындай бір қағаз
немесе үстіне еш нәрсе көшірілмеген бір бейне та
спа немесе түзелтілуге бейім бір ағаштың көшеті
тәріздес. Мөлдір бұлақтың суы пайдалы да шипа
лы бола тұра, оған топырақ шашып, табиғи бейнесін
өзгертуге, ылайлап басқа түске айналдыруға болады.
Сол сияқты жас сәбидің табиғи жаратылысы таза пәк
сезімі ақиқаттарға ашық, жақсылыққа өте бейім бола
ды. 5-15 жас аралығындағы балаға не түсіндірсең соны
Үміт cәулесі
кеселге ұшырап, не бір басқа пәле-жалаға ұрынып өз
өмірін жойып жіберуі бек мүмкін.
Қайғының Алла тарапынан келген сынақ екендігі
күмәнсіз. Мысалы, ауру, қайғы-мұң, қиындықтар т.б.
секілді жайсыздықтар нәтижесінде адам көңілінде бітеу
жара пайда болады. Сондықтан өзің қуанатын әрі Алла
дан жақсы және разы болатын өмір сұрауың керек. Со
нымен қатар жан тазалығымен, кең пейілмен разы етуін
өтінуің қажет. Өйткені, бұл ، осы дүниенің нығметі.
Кейбір кісілер: «Расында, дүниеде жаннат бар, кім оған
кірмеген болса, ақыреттің жаннатына кірмейді» деп осы
мәселеге назар аударған.
Бақытты болу ، адамзат баласын көне заманнан бері
толғандырып келе жатқан басты армандарының бірі.
Бақыт туралы ойланбаған, қалам тартып жыр жазбаған
даналар мен абыздар жоқ шығар, сірә. Бір қызығы, сол
бақытты әркім әр жерден іздеп әлекке түсіп жатады.
Бірі бақытты байлықтан, бірі денсаулықтан, бірі атақ-
даңқтан іздесе, енді біреулері жылы ұя, адал жар, бала-
шағадан табуды жөн көреді.
Өмірде еңбегін сатып, маңдай термен тапқан бір
күндік адал азығын қанағат тұтып, көңілі тоқ, өмірі ты
ныш күй кешіп жатқан адамдар бар. Екінші біреулерді
күзеткен қатулы қарауылдары бар, зәулім сарайлар
да тұрады. Ішкені алдында, ішпегені артында. Сырт
көзге үлде мен бүлдеге оранған бұл көрінісі керемет
бақыттай көрінеді. Бірақ бай адамның бәрі бақытты
бола бермейді. Адамзат бұрынғылардың қолы жетпеген
дүние игіліктерін молынан пайдаланып жатқан заманда
Үміт cәулесі
қайғырып жүрсе, қалайша жадырап қуанар еді, қалайша
жүрегі жай табар еді, үмбеті қалай жұбаныш табар еді?!
Өз кезегінде қайғы ، Алланың құлға берген бір
сынағы. Ал пенде басына келген сынаққа сабыр
сақтайды. Міне, осы сабыр Алланың таразысының
алдында жоғары маңызға ие. Шариғат Алланың
мейіріміне, кеңдігіне әрі пайғамбар (с.а.с.) арқылы жет
кен тура жолға, әр мұсылман жасаған жақсылықтарға
қуануға шақырады. Ал
«Алла бір құлды жақсы көрсе,
жүрегіне қайғы орнатады. Егер бір құлды жек көрсе,
жүрегіне қобыз орнатады»
деген хабарға келсек, мұны
кейбір ғалымдар яһуди және христиандардан келіп
жеткен мәліметтер десе, енді біреулер оның Тәуратта
келгенін айтады. Хадистің келіп жеткен тізбегі күмәнді
болғанымен, мағынасы сабақ алуға тұрарлық. Расында
мүмін өзінің күнәсін ойлап қайғырады. Ал парықсыз,
күнәһар адам болса, қаперіне ештеңе де кіріп шықпай,
қуаныш, ойын-күлкі, ырду-дырдумен жүре береді. Егер
ізгі адамдардың жүрегінде қайғы орнаса, аз жақсылықты
жасаймын деп жүріп, сауабы мол жақсылықты уысынан
шығарып алғандықтан және істеп қойған күнәларының
өзекті өртеуінен болмақ. Ал, күнәһар адамдардың
қайғысы дүниеден құр қалудан, шаһуаттары қалаған
істерді істей алмай немесе дүниелік мақсаттарына жете
алмағандықтан туындап жатады.
Қайғы ، қараңғы түнек сияқты әрі адамның биікке
көтерілуіне кедергі келтіретін тұсау. Сондықтан бо
лар Абай атамыз: «Шығар есігін таба алмай, уайым-
қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де
бір антұрғандық» деп қатты қайғыға берілу құптарлық
іс еместігін айтқан. Уайым-қайғыға салынған адам өмір
сүру қабілетін тоқтатып, іштей мүжіліп не ауруға, не
Үміт cәулесі
бара жатқандарын уайымдайтын. Құранда оның осы
уайымы:
اف
أ
ثي
لا ا
ب او
ل ن
إ
هِرا
ثآ ى
خا
“Олар Құранға сенбеді деп қатты күйзеліп, өзіңді жеп
бітіре жаздайсың”
(«Кәһф» сүресі, 6-аят)
،
деп баян
далады. Ешбір дүние мен байлық оның көңілін аулаған
емес, қолында дәулеті болмағаны үшін қайғыруды
жөнсіздік деп ұғатын. Тек дінді толық түсінбегендердің
жағдайына қайғыратын.
Орынды қайғы ، адамның Раббысына құлшылығы
көңілден шықпады деп, сонымен қатар бір күнә жасап
қойғандығы үшін қайғыру. Сонда ғана оның ар-ожданы
ашынып, тура жолда екенін білдіреді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бір хадисінде:
«Алла тағала мұсылман құлының басына келген
шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш
пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық
себепті, тіпті, қолына немесе аяғына кірген кішкене
тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді»
деген.
Міне, бұл хадис мұсылманның басына кел
ген қиындықтың оның күнәсінің кешірілуіне себеп
болатындығын нақты білдіріп тұр. Әрине, басына бәле
келуін тілеп, оны құлшылық деп есептеуі дұрыс емес.
Егер осылай жасау дұрыс болған болса, шариғат оны
бұйырып соған шақыратын еді. Әрі пайғамбарымыз
(с.а.с.) өмірін солай өткізетін еді. Егер әрдайым
Үміт cәулесі
қызықшылыққа кез болғанда бәсеңдеп, жалыны бірте-
бірте сөне береді.
Жағдаяттарға қарай қайғының орын алуы да заңды
құбылыс. Сондықтан да мүминдер жаннатқа кірген
لا ا
ع
أ ي
لا
«Барлық мақтау
қайғымызды сейілткен Алла тағалаға лайық»
(«Фа
тыр» сүресі, 34-аят) деп айтады екен. Бұл сөз олардың
дүниеде бастарына еркінен тыс келген қиындықтарға
қайғырғандығын білдіреді. Яғни, қараптан-қарап
қайғыны тілеуге болмайды. Өйткені ол Жаратқанның
жарлығына бағынышты. Ал адам қашан қайғыға салын
са, дұға және терең ғибадатпен қарсы тұрып, арылуға
тырысуы керек. Кейбір қайғының, қамығудың орынды
екендігіне мысал келтірер болсақ, Алла Құранда:
«көлік сұрай келгенде: «Сендерге мінгізетін
көлігім жоқ» дедің. Өздері де дәрмен қыларлық
нәрсе таба алмай, амалсыз қолы байланып,
қамығып (үйлеріне) қайтқандарға айып жоқ»
(«Тәубе» сүресі, 92-аят) деген. Бұл жерде Алла тағала
оларды қайғырғандары үшін емес, имандарының
күштілігінен қайғырғандарын құптаған. Себебі олардың
Алла елшісіне ілесе алмай, дін үшін ұзақ сапарға шыға
алмайтындықтары және Алла жолында жұмсайтын еш
нәрселері жоқтығы үшін қайғырғандығы айтылып тұр.
Ал екіжүзділер бұл сапарға шықпай артта қалғандары
үшін қуанған болатын.
Алла елшісі де өзінің қамы үшін емес, өзгенің
бақытын ойлап қайғыратын. Ұлық Раббыларының
үндеуіне құлақ аспай, қараңғылық қапасында қалып
Үміт cәулесі
кітаптары мен жинақтарын жазған. Сол секілді Таһа
Хусейн де көзі соқыр бола тұра өзінің күнделіктері мен
әдеби еңбектерін жазып шыққан.
Абай атамыз «Қары көп қалың қыстың артынан
көгі қалың, көлі мол жаз келеді», — деп қандай жақсы
айтқан.
Қайғыру ، Алла тыйым салған қасиет. Құранда
او
ت
و او
«Кейімеңдер де, қайғырмаңдар...»
,
ت
�ا
«Қайғырма, Алла бізбен бірге...»
Қайғыру талпынысты бәсеңдетіп, уайымды
өршітеді. Адам белсенділігіне кері әсерін тигізеді.
Өмірдің ағысын бәсеңдететін жайт десе де болады.
Қайғы дегеніміз шайтанның адамды оңай құрығына іліп,
алға басқан аяғын кері кетіртетін қуатты қаруларының
бірі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Алла тағалам, мұң мен
қайғыдан сақтай гөр!...»
деп сыйынған. Қайғы мен
мұң екеуі ағайынды қасіреттер. Айырмашылығы мұң
болашағыңды бұлыңғыр етсе, қайғы өткеніңді еске
салып, өзегіңді өртеуге тырысады. Екеуі де адамның
нақты шешім қабылдауына тосқауыл жасап, жігерін
құм қылады. Бір жағынан, қайғы пенденің өмірін
құлдырауға ұшыратып, рухын жасытатын жағымсыз
күй. Ол ғапылдыққа түсіп, ғибадаттан жалығып, тұралап
қалған кезде пайда болады. Жақсылыққа немесе өмірде
Үміт cәулесі
Құран аятында былай делінген:
ار
لا
ار
ي
لا
«Олай болса, әр қиындықтың соңында бір
жеңілдік келеді. Расында, әр қиындықтан кейін
жеңілдік бар»
Бұл аяттарда жеңілдік сөзінің екі мәрте
қайталануы да біреуі дүниедегі жеңілдік болса, екіншісі
ақыреттегі жаннатқа кіру жеңілдігі деп тәпсірленген.
Демек, бір қиындықтың нәтижесінде дүние мен ақырет
жеңілдігі болмақ. Біреу науқастанса, жалған дүниедегі
жеңілдігі науқасынан айығуы, екінші жеңілдігі болса,
ақыреті үшін сол науқасы арқылы күнәлары кешіріліп,
сауабы молаяды екен.
Бұл жайлы
Уилиам Джеймс: «Біздің қиындығымыз
، өзіміз күтпеген жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Достаевский мен Толстой қиын ғұмыр кешпегенде
өздерінің өшпес романдары мен әңгімелерін жазбас еді.
Жетімдік, соқырлық, ғаріптік пен кедейлік ، адамның
дарындылық пен жетістіктеріне, дамуы мен сыйға ие
болуына себеп болады» дейді.
Ұлы адамдардың өміріне қараған кезде қиындықтың
олар үшін жақсылықтарға бастама болғанын көреміз.
Мысалы, Ибнул-Әсир «Жәмиғуль-усул» және «ән-
ниһая» атты кітаптарын мүгедек болған кезінде жазған.
Әс-Сарахси өзінің танымал 30 томдық «әл-Мабсут» атты
кітабын құдықта зынданда жатқанда жазды. «Сахихуль-
Муслим» кітабын Қуртуби кемеде кетіп бара жатып
жазды. Жүз мыңдаған хадистерді жазған хадисшілер
кедей болған әрі кітаптарын шет жерде жүріп жазған.
Данышпан кісі түрмеде жатқан кезінде Құранды
жаттағанын және қырық том кітап оқығанын айтты.
Ал Абуль Ала әл-Маарри соқыр бола тұра танымал
Үміт cәулесі
сар едің. Ізгі істеріңді көбейтіп, жақсы қасиеттеріңді
арттырар едің. Сонымен қатар «Бүгін, жаман сөздерді,
ғайбатты тастаймын, бүгін үйімді дұрыстаймын,
бүгін тазалыққа, келбетіме көңіл бөлемін әрі жүріс-
тұрысымда, сөзімде, әрекетімде астамшылыққа бой ал
дырмай орта жолды ұстанамын» дер едің. Иә, «Раббыма
деген құлшылығымды арттырамын, намазды барын
ша толық орындаймын, нәпіл амалдарды арттырамын,
Құранымды қолға аламын, пайдалы кітаптар оқимын,
оқығаннан ғибрат алып, қалған соңғы сәттерімді мәнді
де сәнді өткіземін» деген сөздердің де айтылары ақиқат.
Бүгін, батқан күн сияқты өткен күн өтіп кетті,
ол үшін жыламаймын және оны есіме де алмаймын.
Өйткені кешегі күн бізді мәңгілікке тастап кетті,
қайтадан бізге оралмайды. Болашақ беймәлім дүние.
Сондықтан арман қуып, бос қиялмен өмір сүрмеймін.
Жоқ нәрсеге асықпаймын. Өйткені, әлі келмеген ертеңгі
күнді ойлап, үмітсіздікке салынатындай ештеңе де жоқ.
Ең бастысы ертеңгі күн үшін жоспар құрып, Аллаға
тәуекелмен бастаймын.
Өмірін бақытты өткізгісі келген адам үшін
күнделігінде жазылатын бағалы сөз «Кешегі күн ، та
рих, ертеңгі күн ، құпия, бүгінгі күн ، сыйлық» деген
ұран болуы тиіс.
Жер бетін басқан түннің қара түнегінен кейін атқан
таңның шуағымен айналаның нұрға бөленетіндігі
қандай ақиқат болса, қайғы-мұңға батқан жанның да
қайғысы сейіліп, артынан жеңілдік келері хақ. Бұл ،
Алла тағаланың жалпы жаратылысқа жазған заңы.
Үміт cәулесі
Құранда Алла тағала «Хадид» сүресінің 23-аятында:
تا
ف ا
م ى
ع ا
«Бұл өткенге өкінбеулерің үшін»
деген. Егер аман-есен таң атырсаң, кештің батуын
күтпе, жаман болса да, жақсы болса да кешегі күнің өтті
және ертеңгі күнің әлі келген жоқ. Сондықтан күннің
шығуымен жарысып несібеңді тер. Ертең пайда әкелетін
іс-әрекет пен құлшылықтарыңды жасап қал. Тіпті бір
күндік ғұмырыңды сол күні дүниеге келгендей, сол күні
өлетіндей өткіз. Міне, сонда өткен күннің қара түнек
қайғысына жолықпайсың, келешектің қорқынышына
да соқтықпайсың. Намазыңды терең ықыласпен,
Алланың ұлықтығын мойындап, бас иген күйде орын
да. Құранды терең ойлап оқы, Алланы әрдайым еске ал,
көркем мінезді бол, несібеңе разылық таныт, сыртқы
көрінісіңе де көңіл бөл, елге пайдасы тиетін істермен
шұғылдан. Бір күндік өміріңнің сағаттарын әр минутын
жылдар, секундтарын айлар деп пайымдап, берілген
мүмкіндіктерді қалт жіберме. Неғұрлым мәуелі ағашты
көбірек ексең, соншалықты жақсылыққа кенелесің.
Сол күні күнәң үшін кешірім сұра, Раббыңды есіңе ал,
қайтар күнге дайындық жаса. Жаратқан Иеміз нәсіп
еткен ырыздығыңа, әйел, бала-шағаңа, баспанаңа,
жұмысыңа, міндетіңе, жеткен жетістігіңе разы бол.
ني
كا
شلا
م ن
تآ ا
«..Саған бергендерімді ал
да, шүкірлік етушілерден бол..»
дегендей күніңді сары
уайымға салынбай, ешкімге ешқандай ыза-кек сақтамай,
құрдымға сүйреп, жарға жығар көреалмаушылық пен
іштарлыққа бой алдырмай көңіл тоқтығымен өткіз.
Егер де бүгін өлетініңе нақты көзің жетіп тұрса,
әлбетте сол күннің әрбір сәтін пайдалы өткізуге тыры
Үміт cәулесі
күнәһар пенделердің өзіне
«Әй, құлдарым»
деп тіл
қатуда. Үлкен күнә жасағандардың өзіне осылай на
зар аударса, Алланың басқаларға деген назары қандай
болмақ?! Сонымен қатар оларды мейірімінен үміт
үзбеуге шақырып «
Алланың мейірімінен күдер
үзбеңдер»
деп бұйырып тұр. Әрі Өзінің аса мейірімді
әрі кешірімді екенін хабарлап, үлкен-кіші күнәлардың
барлығын кешіретінін айтып сүйіншіледі. Осылайша
Өзінің кемелдік сипат иесі екенін баршаға білдірді.
Сондықтан үмітсіздікке иманды мұсылман емес шай
тан түсетіні белгілі.
 \t \f ,  \b  \f, 
Өткенді ойлап, қайғыға салына беру ، ақымақтық.
Бұның бәрі жігеріңді жасыта береді. Өткен нәрсе өтті
де кетті, қанша қайғырғаныңмен ол қайта айналып
келмейді. Сондықтан өзіңді өткен шақтың шырмауына
шырмалып өмір сүруден құтқар. Өткен шақтың парақ
беттерін қайта ашып ақтару, уақыт жоғалту және текке
шаршау, жабылған жараның аузын ашып қанатумен
бірдей.
Шал ақын: «
Өткен қайтып келмейді, алғанын
Құдай бермейді» деп бір ауыз сөзбен ойын керемет
қайырады. Құранда Алла бұрынғы өткен халықтар жай
лы былай деген:
«Міне, солар бір үмбет еді
өтіп кетті...»
. Сондықтан да өткен заманға қайта оралу,
өткенді түгендеуден пайда жоқ. Өткенге қайта оралу,
ұнды диірменнен өткізгенмен тең. Бұрынғы заманда
өткенге өкінген адамға: «Өлікті қабірден шығарма» деп
айтылады екен.
Үміт cәулесі
береді және нәпіл амалдарды орындауда белсенділік
беріп, ізгі амалдарда жарысуға жігерлендіреді
»,، де
ген. Расында кейбір жандар Алланың мейірімділігін,
кешірімін, оған деген тәубесін, арманын, оған (Аллаға)
жақын болуын, соның жолында ыждағаттануын еске
алу және берік тұруы арқылы түзеледі.
Томас Эдисон: «Адам үшін ойдан қашып барып
тығылатын ешбір құрал жоқ», ، деген. Шындығында
бұл тәжірибе расталған. Өйткені адам оқып-жазғанда
міндетті түрде ойланады. Бірақ ойды реттеп, шектейтін
нәрсе ، салмақты, пайдалы амалдар, ал бос нәрсемен
айналысатындар қиялшыл, жалған сөйлеушілер болып
келеді.
Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ
болғандықтан, пенденің бойында қате-кемшілік, күнәға
бой алдыру орын алып тұрады. Адам баласы періште
емес. Сүрініп, шалынып жатқан осындай жағдайларда
бойын қайта тіктеп, тіршілігін жалғастырудың
мүмкіндігі жоқ па? Бар, әрине. Ислам діні адамдарға
үміт сыйлайды. Құран аяттары мен пайғамбарымыздың
хадистеріне үңілсек, бұл пікірімізді қуаттайтын
көптеген хабар табамыз.
Мұхаммед, оларға былай де: “Әй, күнә жасау
да шектен шығып, өздеріне зиян еткен құлдарым!
Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер. Ол күнәлардың
барлығын кешіруші. Өйткені Ол тым жарылқаушы,
өте мейірімді”»
(«Зүмәр» сүресі, 53-аят).
Алла тағала құлдарының назарын аударып,
жүректерін қарату үшін астамшылыққа бой алдырған
Үміт cәулесі
Франциядағы Бордо қаласының әкімі Монте бы
лай дейді: «Мен сендердің мәселелеріңді бауырым мен
өкпем арқылы емес, қолыммен шешуге тырысамын».
Корнель университетіндегі медицина институтының
докторы Расал Сесиль шорбуын (артрит) ауруына
әкеліп соғатын 4 себепті атап өткен. Олар:
1.
Отбасының шырқы бұзылуы;
2.
Материалдық жағдайдың қиындауы мен қайғы;
3.
Жекешелену және қобалжу;
4.
Жеккөрушілік пен ыза.
Доктор Уиллиам Марк Гаунгиль Американың сто
матологтар кеңесінде мынадай мағлұмат айтқан: «Ра
сында қорқыныш пен қобалжу секілді қайғылы, шерлі
сезімдер денеге кальцийдің таралуына себеп болады.
Ал ол өз кезегінде тістің құруына алып келеді».
Дэйл Карнеги: «Америкалық қара нәсілділер мен
қытайлықтар қобалжудың себебінен болатын жүрек ау
руларына өте сирек ұшырайды. Себебі олар бастарына
келген әрбір істі тыныш, байсалды түрде қабылдайды»
деген. «Әлемдегі жойқын 5 аурудың нәтижесінен
қайтыс болатын адамдардың санынан америкалық өзін-
өзі өлтірушілер (суицид) саны әлдеқайда көбірек», ، деп
қоса кетті. Бұл расында таңқаларлық шындық.Өйткені
болашағына үмітсіз, қайғыға салынған адам өз-өзіне
қол жұмсау, қиыншылықтан шығу жолы деп ойлайды.
Уиллиам Джеймс: «Ақиқатында Алла тағала біздің
қателіктерімізді кешіреді, ал нерв жүйеміз ешқашан
кешіре алмайды» деп Алланың мейірімдігін ойлау
маңызды екендігін айтқан.
Ибн Әл-Уазир «Әл-ауасим уа қауасим» атты
кітабында: «
Алланың мейірімділігін тілеу құл үшін үміт
есігін ашады да, оған тағаттана құлшылық етуге күш
Үміт cәулесі
Медицина саласында Нобель сыйлығының иегері
доктор Алексис Каррель: «Расында қорқынышпен
күресе алмайтын кәсіпкерлер ерте қайтыс бола
ды» деген екен. Әрбір нәрсе тағдырға байланысты,
бірақ, бұл сөздің мағынасы: адамның тұла бойын
құртып, денсаулығына зиян беретін бірден-бір себеп ،
қорқыныш десе дұрыс болады. Қайғы адамның ішіндегі
жараны да қоздыратыны бар. Доктор Джозеф Монтано:
«Күйгелектік мәселелері» атты кітабында: «Адам өзі
ішіп жүрген асына байланысты емес, керісінше, жегідей
жеген уайымынан жараға душар болады» деген. «Лайф»
журналының мәлімдемесіне сай бұл уытты бітеу жара
адамды құртатын аурулардың ішінде оныншы орында
екен.
Доктор Эдуард Бодольскийдің «Қайғыны тастап,
одан да жақсы іске кіріс» атты кітабының бөлімдерінің
тақырыптары мынадай екен:
Қайғының жүрекке әсері
Қайғы қан қысымының көтерілуіне себеп
Қайғы-мұң ревматизм (буын аурулары) ауруын
туғызуға себеп
Асқазаныңа жаның ашыса, мүлдем қайғырмауға
тырыс
Қайғыру және қалқан безі
Қант ауруы мен қайғының байланысы.
Психикалық медицина саласының мамандарының
бірі доктор Карл Манингер өзінің «Адам ، өз-өзіне
жау» атты кітабында былай дейді: «біздің денеміз бен
ақылымызды қорқынышпен, қайғымен, өшпенділікпен,
қастықпен және жек көрушілікпен құртамыз» деп таң
қаларлық мағлұмат береді.
Үміт cәулесі
де бір антұрғандық» деп қайғы мұңға түсіп, іссіз,
әрекетсіз жырақта қалуды, антұрғандық, ақымақтық
деп сипаттаған.
Джордж Бернард Шоу былай дейді: «Бақытсыз-
дықтың сыры ، өткеніңде бақытты болдың ба, жоқ па
деп ойлануыңда. Сен ол жайлы ойланбай ісіңе толықтай
беріл, сол кезде қан айналымың жақсара түсіп, ойың
жақсы жұмыс істейді де, жаңа өмір тез арада ойыңдағы
қобалжу сезімін толастатады. Тоқтамай өз ісіңе берілген
күйде алға жүре бер. Себебі бұл жер бетіндегі ең арзан
әрі абзал ем». Арабтың кей даналары: «Өмір болмашы
нәрсеге көңіл бөлу үшін өте қысқа» десе тағы бір ғалым:
«Өмір ، біз оны өшпенділікпен қысқартуымыздан да
қысқа» ، деген.
Америка тарихындағы, бәлкім, ең ұлы үнділік жа
уынгер болып саналатын капитан Джордж Курк өзінің
қойын дәптерінің 77-бетінде: «Расында үнділердің
барлық қобалжуы мен бақытсыздығы сол кездегі
оқиғадан емес, керісінше қиялдарының себебінен»
، деген. Шын мәнінде адам көбінесе алдағы қауіп-
қатерді көп ойлап, жүйке жүйесін тоздырып, шаршап,
қайғырады, алда болатын жақсылықты еш ойламайды.
Алайда қазіргі жағдайы және бұрын да қаншама қиын
жағдайлар басынан өткенін ойлап, мұның барлығы бір
Алланың қолында деп тәуекел ету ең дұрысы. Егер
пендеде, Аллаға деген сенімі аз болса, әр нәрседен
қорқу туындай берері сөзсіз. Алла тағала Құранда
«Мұнафиқун» сүресінің 4-аятында:
«...әрбір шыққан
дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан
деп әрдайым үрей мен қорқынышта
жүретіндерді сипаттаған.
Үміт cәулесі
болса да оған шамасы жетпеді. Олардың пайымдауынша,
білім-ғылым шарықтап дамыған сайын Құдайға деген
сенім өздігінен жоғалуы керек еді. Алайда әлемде орын
алып жатқан дінге деген ерекше құлшыныс олардың
теорияларының барлығының күлін көкке ұшырды.
Сондықтан Алла тарапынан келген елшілердің шыншыл
екенін мойындайтын уақыт жеткен сияқты.
«Иман келтіріп, ізгі іс істеген ер мен әйелдерге
баянды ғұмыр береміз. Әрі оларға істеген істерінің
қарымына керемет сый арнаймыз»
(«Нахыл» сүресі,
97-аят).
Бұл жердегі баянды ғұмырдың аясында жүректердің
орнығып жай табуы, ар-ұждандарының таза болуы,
қандай жағдай болмасын салқынқанды болуын, басына
бір жай түссе жүрегінің тыныш болуын айтады. Осын
дай дәрежеге жету Алланы раббым деп, Исламды дінім
деп, Мұхаммедті (с.а.с.) пайғамбарым деп разылық
танытқан адамның қолынан ғана келеді.
Жаратылудың ең жоғарғы мақсаты ، Аллаға иман
келтіру. Ал адамның ең жоғарғы дәрежесі Алланы тану.
Ал жете танығаннан кейін Оны жақсы көру ерекше бір
ләззат болмақ. Ұлық Жаратқанды танып, жақсы көру
бүкіл бақыттың, ал оны танымау қасірет пен қайғының
қайнары.
Абай атамыз: «шығар есігін таба алмай, уайым-
қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі
Үміт cәулесі
«Олардың көңілдерін және көздерін (ақиқатты
түсінуден) теріс айналдырамыз да, бұдан бұрын
сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікке са
лып қоямыз»
(Әнғам сүресі, 110-аят) деп сипаттаған.
Расында, нағыз бақытсыз ، тақырға отырған адам, иман
байлығынан құр қалған жан. Иман екі дүние бақытын
сыйласа, имансыздық осы дүниеде һәм ақыретте де
қасірет тартқызады. Және Жаратқан иеміз:
Ал кім Мені еске алмаса, күдіксіз, оған бір
тар тұрмыс болады»
(«Та-һа» сүресі, 124) деп осы
мәселенің мәнін ашуда.
Міне, имансыз өткен өмір неткен өкінішті
десеңізші! Қараңғылықтан, өмірдің қиыншылығынан
өздерін арылтып, жандарына рахат сыйлаймыз деп өз
өмірлерін қиятын кейбір имансыздардың өмірі осыған
үлкен мысал. Қазіргі таңда суицид оқиғаларының
әлемде өркениеті дамыған елдерде көп орын алуы бізге
көп нәрседен сыр ұқтырса керек. Алланың адамзатты
бақытқа бастар заңдарына құлақ аспай, өмірдің мәнін
тек материалды байлықтан іздегендердің жағдайы
қандай өкінішті! Атеистік идеологияның ызғары
қайтып, Ислам қауқары артып айқын көріне бастаған
қазіргі заманда ойланған адам үшін көптеген ғибраттар
бар. Материализмге сүйенген атеистік түсініктің
жойқын соққы жеуі біздерді Алла тағаланың шариғатын
мойындауға жетелейді. Арам пиғылды, қарау жандар
аспанда жарқырап тұрған күнді қанша бүркемелемек
«Білімге ден қоймаған халық қаншалықты бай
болғанмен, уақыт өте келе бүкіл байлығы білімді, өнерлі
халықтың қолына өтеді» деп ұлы жазушы Мұхтар
Әуезов келешекке кемел бағдар жасаған. Өркениеттің
керуеніне ілесіп, көштен қалмауға талпынған еліміз ру
хани салада да бірқатар белестерді бағындырып келеді.
Дін турасында келелі еңбектер мен тағылымы мол
кітаптар көпшіліктің қолына тиген сайын ескішілдік
пен надандық келмеске кетіп, рухы мығым, ойы тұнық,
санасы парасатты ұлт өрендері қалыптасып, теңіз
түбінен шағылысқан жақұттай көзге түсе бастады.
Әрине, мұның бәрі дінге жанашыр, ұлтқа жанашыр
азаматтарымыздың маңдай терінің еленгені деп білеміз.
Осы орайда қолдарыңызға тиіп отырған кітаптың
арқалар жүгі өзгеше. Діни ахуалдың бір кетігін кірпіш
боп қалауға ұмтылған еңбек айрықша тақырыптарымен-
ақ өз алдына бөлек ізденістің нәтижесі екенін көрсетеді.
Автор Тағанұлы Наурызбай Өтпенов көп жыл
дін саласында аянбай қызмет атқарып, ел ықыласына
бөленіп жүрген жан. Дін насихатындағы талай жылғы
тәжірибесін ортаға салған ол кітабында Исламдағы
құндылықтар жүйесіне ерекше мән беріп, өзгеден
ерек ұмтылып, тың тақырыптарға қалам тартып,
оқырмандарға жаңа туынды ұсынып отыр. Айталық,
адами мінез, адамгершілік қасиеттерді сөз етумен
қатар, «Қайғыны сейілту», «Мансап ، уақытша ләззат»,
Үміт cәулесі
Тоқтаусыз арман жоқтаусыз қалдырмас
.....................................
113
Шайтанның азғыруы
.....................................................................
115
Дұғаға жауап беруші Алла
...........................................................
117
Алла бізге жетеді
...........................................................................
11:
Кеңдігі аспан мен жердей жаннат
...............................................
120
Алланың нығметі шексіз
..............................................................
121
Ойлан да шүкір ет!
........................................................................
125
Жаратылысты тану иманды арттырады
......................................
131
Бос уақытты пайдалы іспен өткіз
................................................
133
Тұрақсыз болма
.............................................................................
135
«Сендерді орташа үмбет қылдық»
...............................................
136
Сезімдегі тепе-теңдік
....................................................................
139
Пенде сүрлеуі
................................................................................
142
Алланы еске алу
............................................................................
145
Жеке құлшылықтың берекеті
.......................................................
149
Аллаға еш нәрсе жасырын емес
...................................................
152
Рухани тыныштық
.........................................................................
156
Разылық
..........................................................................................
159
Сынақтар хикметі
..........................................................................
160
Бақытты болуы жолдары
..............................................................
162
Мұсылман адамның өмірінде мереке секілді 3 күні бар
...........
163
Байлық
...........................................................................................
166
ысырапшылдық
.............................................................................
170
Ашу ، дұшпан
................................................................................
172
Кешірім
..........................................................................................
175
Күншілдік пен қызғаныш
.............................................................
176
Тура жолдың сыры
........................................................................
17:
Ізгі адам он түрлі амалды босқа жібермейді
..............................
179
Жаннаттың кілті
............................................................................
1:0
Намаз
..............................................................................................
1:2
Салауат
...........................................................................................
1:4
Таңғы зікір
.....................................................................................
1:5
Есеп күніне дайындық
..................................................................
1:7
Бәріміз Алладан келдік, Аллаға қайта ораламыз
.......................
1:9
адам баласы мұсылман рухымен туылады
.................................
191
Кеңесу
............................................................................................
192
Шешім қабылдау
...........................................................................
194
Қабірді зияраты
.............................................................................
196
Пайдаланылған әдебиеттер:
.........................................................
199
Пікір
....................................................................................................
Иман ، өмір мәні, бақыт қайнары
....................................................
Үміт өрге тартады...
........................................................................
12
Кешегі өтті, ертең белгісіз, ал бүгінгің сый
..................................
17
Әр қиындықтың соңы
.....................................................................
19
Қайғыны сейілту
.............................................................................
21
Бақыт деген не?
...............................................................................
25
Жақсылық жасап жүрсең
................................................................
29
Несібеңе разы бол
...........................................................................
33
Сабыр ету шүкірден артық
.............................................................
35
Жақында болатын қуанышты ойла!
..............................................
3:
Алланың сөзіне құлақ сал!
.............................................................
39
Тағдыр
..............................................................................................
43
Жұрттан алғыс күтпе!
.....................................................................
46
Жаман ойдан аулақ бол!
.................................................................
49
Бір сағаттық терең ой
.....................................................................
54
Кітап ، жан азығы
...........................................................................
5:
Білім жолы ، жаннат жолы
............................................................
61
Жақсылыққа шақыру үшін керек үш сипат
..................................
63
Еңбек ету
..........................................................................................
70
Табыстың онда тоғызы саудада
....................................................
73
Аса мұқтаж болмайынша қайыр тілеу ، харам
............................
7:
Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын
................
:1
досы көптің қайғысы жоқ
...............................................................
:2
Адамның өз кемшіліктерін білу жолы
..........................................
90
Жақсы сөз ، жарым ырыс
...............................................................
91
Уәдеге беріктік
...............................................................................
93
Сырды сақтау
...................................................................................
96
Несібеңді тауыспай дүниеден өтпейсің
........................................
96
Өмір тауқыметтен тұрады
..............................................................
99
Ақырет пен дүниені бағамдауда тепе-теңдікті сақтау
...............
101
Ақырет дүниеден қайырлы
..........................................................
104
Жәннатта мұсылман қалағанын алады
........................................
105
Жаратылғаннан емес Жаратушыдан қорық!
..............................
107
Мансап ، уақытша ләззат
.............................................................
109
УДК 2:
ББК :6.3:
Т 13
Н. Тағанұлы
Т 13
Үміт сәулесі. ، Ал
ма
ты, 2013. ، 200 бет.
ISBN 97:-601-7271-91-6
Белгілі қоғам жанашыры Қайрат Базарбайұлы
Махметовтың қолдауымен жарық көрген бұл еңбекте
оқырманға ой саларлық рухани астарлы бірқатар мазмұнды,
өнегелі тақырыптар топтастырылған. Аят-хадистердің астар
лы мәні түсіндіріліп, күнделікті өмірге қажетті ақыл-кеңестер
мен мұсылмандық ізгі қасиеттер туралы сөз болады.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.
УДК 2:
ББК :6.3:
ISBN 97:-601-7271-91-6
© Н.Тағанұлы, 2013
Қазақстан Республикасы Дін істері
агенттігінің дінтану сараптамасының
оң қорытындысы берілген
Наурызбай
Тағанұлы
Алматы, 2013
Үміل
لәуلеلі
Үміт cәулесі
періштелердің өзін шаң қаптырып кетеді. Ал егер
жүректе иман оты тұтанбаса, онда бұл теңдессіз өнер
туындысы бес тиынға татымас нәрсеге айналады.
Шәкәрім атамыз бұл жайлы:
«Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсісі айуанмен анық теңдес.
Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлің келсе, жол тап та, осыны емдес!» ، дейді. Яғни,
философтардың пайымдауындағы «ойланатын хайу
ан» дәрежесіне түседі. Жоғарыда келтірілген аяттың
жалғасында:
ني
فا
أ
ها
«Содан кейін оны ең
төменгілерден де төмен еттік»
(«Тин» сүресі, 5-аят)
деу арқылы имансыз қара жүрек адамдық шекарасынан
аттап, хайуандық межеден асып, ауыз айтуға бармай
тын төмен дәрежеге түспек. Майлықожа ақын бір өлең
шумағында:
«Алланың аты ашады көңілдегі қараңды,
Нышаны дейді пейіштің жазғы соққан самалы»,،
деген екен.
Егер жүректе жаратқан Иеге деген иман болма
са, айналада қоршаған нәрселердің бәрі жау, өмір
дегенің кім күшті болса сол жеңіп шығатын арпалыс
алаңына айналып, адам ешқашан тыным таппай өмірін
қынжылыспен, өзгеге сенімсіздікпен, ал өлімді ойласа
тіптен үрейден арылмаған күйде күн кешеді. Өйткені
өлу ، топырақтың бауырына түсіп шіріп жоқ болу,
жарық дүниеде сүйгендерімен қош айтысу, жалғанды
жалпағынан басып жиған-терген мал-дүние мен атақ-
даңқынан айырылу секілді көрініп жүрегіне тыным
бермейді. Имансыз адам жайлы Құранда:
   , 
Иман ، өмірдің қиындығын жеңілдетіп, ащысын
ләззатқа, қорқынышты шаттыққа, қараңғыны жарыққа
айналдыратын тылсым күш. Айналаға иман көзімен
қараған жан өмірдегі кез келген оқиғадан ғибрат
алады. Иман пенденің өмір асуларына шуақ шашып
нұрландырады. Мысалы, қараңғы орманда кетіп бара
жатқан адам қорыққаннан қос көрініп, қалайша зәулім
ағашты құбажыққа ұқсатып үрейленсе, арайлап күн
шыққанда зәресін алған нәрсенің қорқынышты емес
екендіктерін көргенде соншалықты көңілі орнына
түсіп жайланады. Науқастың дертін Алланың сынағы
деп біліп, басына келгенге налымай сабырлық таныт
са, хадисте айтылғандай ыстығы көтеріліп денесінің
қалтырауы арқылы ағашты сілкігенде ондағы қураған
жапырақтарының самсып төгілгені секілді күналарының
төгіліп, тазарып жатқанын парықтаса, әрине,
шағымданып, наразылық танытпайды. Қиындыққа
тап болған адам сабырлық танытқан жағдайда,
Пайғамбарымыздың айтқанындай, оның қарымына
жәннаттан ерекше сый берілетінін еске алғанда көңілі
жайланып, жарым көңіліне медет болары сөзсіз.
Иманмен нұрланған жүрек Жаратқан иенің ең
көркем есімдерінің тамаша айнасына айналады. Өйткені
Құрандағы мына бір аятта:
«Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық»
(«Тин» сүресі, 4-аят) дейді. Има
нын шыңдау арқылы
Үміт cәулесі
нытады. Оң жақтан келіп, құрығына ілетін шайтанның
қайғы, уайым деген түпсіз кеселдерінен арылудың
жолдарын көрсетіп, әрбір сөзін қасиетті Құранның аят
тары мен пайғамбарымыздың хадистерімен қуаттап,
жеңіл әрі жүрдек баяндайды. Алла тағаланың сансыз
нығметтеріне басқаша қырдан қарап, көкірек көзін
аша түседі. Сан түрлі тақырыптардың тобықтай түйіні
бір арнада тоғысып, оқушысын шабыттандырып, қос
өмірдің құндылықтарын игеруге ұмтылдырады.
Өз тарапымнан автордың қаламы ұштала түссін,
дін қамындағы асыл азаматтарымыздың қатары молая
берсін деген тілек айтқым келеді.
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти Маямеров Ержан Малғажыұлы
Үміт cәулесі
«Достық», «Кешегі тарих өтті, ертеңгі белгісіз, бүгінгің
сый» сынды тақырыптар Исламның нәзік тұстарының
сырларын тереңірек аша түскендей.
Жүрекке иман орнықса да қайғының тұңғиығына
түсіп, уайым шыңырауынан шыға алмай жүрген бауыр
ларымызды арагідік кездестіретініміз рас. Кітап авторы
осы маңызды тұсты ескеріп, ешбір ғылым түсіндіріп
бере алмайтын қилы сезімдерді тепе-теңдікте ұстауды,
Жаратушының адам бойына дарытқан құпия қасиеттерді
шыңдауды, уайымды артқа тастап, қайғының бұлтын
сейілтіп, ақиқат дінмен бақытқа жетуді кеңінен ашып
түсіндіреді. Кітаптан үзінді келтіре кетсек:
«Қолда барды қанағат тұтпай, наразылық таныту
адамды көптеген қиындықтарға жетелейді. Соңы жоқ
азаппен, таршылықпен күн кешеді. Ақыреттің және
осы дүниенің қиындығын тартатындар ، өздеріне тиіс
еместі іздегендер әрі шамасы жетпейтін істің соңында
жүргендер де солар». Сонымен қатар «Дүниенің
қиыншылығы қанша көбейсе де, түрленсе де ол мәңгілік
жалғаса бермейді. Қиыншылықтың уақыты, қуаныштың
уақытынан көп болмайды. Ауыртпалықтың уақыты
жеңілдіктің уақытынан артық емес. Қиналып төрт жыл
оқуың қырық жылға жетеді. Ал жетпіс жылдық бұл
дүние өмірінде сабыр еткен жан жаннатқа кіріп, рахат
өмір сүреді. Құранда ауыртпалықтан кейін жеңілдік бар
деп сүйіншіленген. Басқа келген бәлені көріп, одан да
қиынына ұшыраған жандарды еске алу және бұл кел
ген қиындықтар, күнәнің кешірілуіне себеп деп білу
үлкен сауапқа кенелудің ең төте жолы» деп толғанысты,
мағыналы сөз саптауымен ойын қорытады.
Кітап оқырманның Жаратушыға құлшынысын
күшейтіп, рухын шыңдап, Исламды жаңа тұнығынан та
150
Үміт cәулесі
тен. Олардың пайдалары өз алдына, ал негізгі мақсаты
Алланың разылығына бөлену. Раббыңның разылығы
، адам баласының қол жеткізетін ең жоғарғы мәртебесі.
Шынайы ықылас, адал көңілмен жасалатын
құлшылық Жаратқанның ұлықтығын мойындап,
пенденің әлсіздігін мойындауды білдіреді. Құлшылық
Хақ тағала мен жеке адамның арасындағы рухани бай
ланысты күшейтіп, оның дәрежесін көтереді.
Құлшылық адамның жан дүниесін нұрға бөлейді.
Жүрегін жұмсартып, мінезін түзейді. Жаратқанға жал
барыну арқылы пенде тойымсыз нәпсінің қалауларынан
құтылып, жан тыныштығына кенеледі. Құран бұл
шындықты «Жүректер Алланы еске алған кезде ғана
жайланады» деп білдірген. Ал адам баласының ең
қажетсінген нәрсесі осы жан тыныштығы мен жүрек
жайлылығы емес пе?!
Психолог мамандардың айтуы бойынша, адам
өзінің ішінде жиналып қалған мәселелерін басқа
біреуге ақтарған кезде ғана көңілі орнына түсіп
жеңілдеп қалады. Бірақ ішіндегісін әркімге емес, сол
мәселені шеше алатын, ақыл-кеңес бере алатын біреуге
ашқаны жөн. Ал кей кезде адамдарға аша алмайтын
жағдайлар да болады. Міне, сондықтан да пенде өз мұң-
мұқтаждықтарын өзіне «Күре тамырынан да жақын»,
ерекше мейірімді әрі шексіз құдіретті Алла тағалаға
жайып салғанда жүрегі нағыз бақытқа кенеледі.
Пенде кейде біліп, кейде білместікпен күнәға бой
алдырып қояды. Осы істеген арсыздығынан арылғысы
келген адам тәубе ету және дұға жасау арқылы осы ішкі
сезімдерін Жаратқанға білдіріп, енді оны жасамаймын
деп өкінішін ақтарады. Адамның күнәсін мойындауы ар-
ожданының тынышталуын қамтамасыз етеді. Осының
145
Үміт cәулесі
дейді: «Денесі, ойы және болмысы басқа адам болуға
құлшынатын кісіден асқан бақытсыз жан жоқ» деген.
Әрбір адамның өзіндік қасиеттері, сипаты және
күш-құдіреті бар және бір адам екінші адам болып
өзгермейді.
Эмерсон өзінің «Өз-өзіңе деген сенім» атты
мақаласында: «Бір уақыт келеді, сол кезде антрополо
гия ғылымы қызғанышты ақымақтық деп, ал біреуге
еліктеушілікті өзін-өзі өлтіру деп санайды. Қандай
жағдай болса да өзін «өзіммін» деп санаса, міне, осы
оның тағдыры. Мына дүние пайдалы нәрселерге қанша
толы болса да, кез келген жан өзіне бөлініп берілген
жерге егін егіп, еңбектенбейінше жеміске қол жеткізе
алмайды. Адамның күш-жігері өз ішінде жасырынып
жатады. Ешбір жан өзінің күшінің деңгейін өзі сынап
байқап көрмейінше, біле алмайды» деген.
Жаббар Иемізді еске алу кір басқан көңілді тазар
татын жүрек нұры һәм шипасы.
بو
لا
�ا
Алланы еске алумен жүрек
тыныштық табады»
(«Рағыд» сүресі, 2:-аят) деп осы
үлкен ақиқатты баяндап тұр.
أ
Мені еске алыңдар, мен де сендерді
еске аламын...»
(«Бақара» сүресі, 152-аят) деп Өзін еске
алғанда мейірім шапағатын төгіп, қорғап-қолдайтынын
білдіріп тұр. Сәбит Бәнәни деген тақуа кісі «Раббымның
мені қашан еске алатынын мен нақты білемін» деген
кезінде төңірегінде үймелеген жамағат: «Оны қалай
144
Үміт cәулесі
мүгедек жандардың он екі мүшесі сауларға қарағанда
үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын өмірде кездестіріп
жатқан жоқпыз ба? Мәселе жалқаулыққа салынбауда.
Жетістікке жету үшін алдыменен мақсат, содан соң оған
деген нақты сенім мен жігер қажет.
Негізінен кісінің бойында жақсылықпен қатар
жамандыққа бейім қасиеттер де берілген. Сол сезімдерді
орнымен пайдаланған кезде ғана кәмілдікке жете ала
ды. Мәселен, адам баласы құмарлық сезімдерін адал
жолмен неке қидырып үйлену, бала-шағалы болу
арқылы тәрбиелесе, жақсылыққа қол жеткізеді. Ал
жаман жолда пайдаланса, арсыздық пен ұятсыздыққа
жол беріп, масқаралыққа душар болады. Сол секілді
қырсықтық мінезді нәпсінің жетегінде кетпей, білім алу,
халыққа қызмет жолында қолданса, үлкен жетістікке
қол жеткізеді. Егер бұрыс бағытта қолданса, онда әдейі
Жаратушыны танығысы келмейтін зұлымдардың бірі
болып шыға келеді.
Доктор Джеймс Гордон Галилки: «Расында адамның
өзгедегіні қалауы деген нәрсе ежелден бері жалғасып
келе жатқан құбылыс. Өзінде жоқты қалау барлық адам
баласына тән жайт. Ал мүлде қаламау деген нәрсе жан
дүниені рухани жүдеуге алып барады. Осы екі нәрсе
адам үшін проблема болып табылады» деген.
Бір оқымысты: «Сенің жаратылысың басқа, ешкімге
ұқсамайсың, саған да ешкім ұқсамайды. Өйткені жа
ратушы жаратылғандарды бір-бірінен бөлек қылып
жаратқан. Алла «Ләйл» сүресінің 4-аятында:
«Негізінен
кәсіптерің түрлі-түрлі»
деген.
«Бала тәрбиесі» жайында он үш кітап және
мыңдаған мақалалар жазған Ангело Баттеро былай
143
Үміт cәулесі
орындарға тағайындаған. Мысалы, Әлиді қазылыққа,
Муазды ұстаздыққа, Халидті қолбасшылыққа лайық
көрген. Ал өзінен басшылық сұрап келген Әбу
Зәррға көтере алмайтындығын білгендіктен он
дай міндетті бермеген. Адамдардың сипаттарының
әрқилы, тілдерінің, түстерінің сан алуан болуы Алла
тағаланың құдіреттілігінің айқын белгілерінен. Әбу
Бәкір (р.а.) өзінің мейірімділігімен, жұмсақтығымен
Ислам үмбетіне өзіндік пайдасын тигізді. Ал Омар (р.а.)
болса өзінің қаталдығымен дұшпандардың кесірінен
сақтандырып жәрдемдесті.
Мәселенің барлық түйіні адамның өз қабілеттерін
дұрыс танып-білуіне келіп тіреледі. Адам баласы өмірде
жақсы жетістікке жетуі үшін бойындағы қабілеттері
мен бейімділіктерін дөп басып анықтауы қажет. Сол
кезде ғана өзінің жақсы көретін ісін таңдап, үлкен
жетістіктерге жете алады. Адам ұдайы тәрбиеленіп,
жетіліп отыратын тіршілік иесі болғандықтан, өзін дамы
тып отыруы тиіс. Мына нәрсе менің қолымнан келмейді
екен деп әр нәрсенің басын бір шалып, жалқаулық таны
тып, өмірден күдер үзуге болмайды. Өзінің бейімділігін
тура анықтай алған жағдайда болашақ кәсібін де
соған сай реттейді. Ақиқатында, әрбір адамға шама
сы жететін істі атқаратындай өзіне тән қабілет-қарым
берілген. Психолог мамандар: «Өз-өзіңді таны да, не
істейтініңді анықта» деп ой қорытады. Осыған қатысты
Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе» деп
орынды айтқан. Сол кезде ғана оның өзіне әрі өзгеге
пайдасы тиеді. Әйтпесе басшылыққа қабілеті жоқ адам
міндетті түрде елді аузыма қаратып, оларды дегеніме
көндіремін деп тыраштанса, масқара болудан басқа түк
таппайды. Негізінен қабілетсіз адам жоқ. Тіпті кейбір
142
Үміт cәулесі
Расында дін шыншылдық пен әділдікке негізделген.
Әділдік сөзде, іс-әрекетте, мінез-құлықта және үкім бе
руде болуы керек.
و ا
«Раббыңның сөзі (Құран)
шындық әрі туралықпен тәмамдалған...»
69
Адам баласы Хақ тағаланың ерекше етіп жаратқан,
бойына әр қилы қасиет дарытып, Өзінің көркем есімдерін
ең жақсы бейнеде көрсете алатын шеберлігінің туын
дысы. Тұла бойдағы сан қырлы қабілеттерді ғылым
әлі толық танып біле алған жоқ. Бәрінің анотомиялық
құрылысы бір болғанымен, қабілет-қарымы мен мінез-
құлқы әр алуан. Сан түрлі болуының өзі Жаратқан иенің
нағыз шеберлігін көрсететін дәлелдердің бірі. Құран
кәрімде осы мәселеге қатысты:
«Ол сендерді жер бетінің халифалары қылды
және сендерді берген нығметтері арқылы сынау
үшін (байлық, мансап, күш-қуат және ақыл-ой
тұрғысынан) біріңді біріңнен әр түрлі дәрежеде үстем
етті»
(«Әнғам» сүресі, 165-аят) делінген.
Міне, осы мәселені нақты білген Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанына
үңілсек, ол кісінің шебер әрі көреген басшы болғанына
көзіміз жетеді. Ол ешқандай қабілеттерді ысырап
етпей қолданғандықтан, аз уақыттың ішінде адам
сенгісіз үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің сахаба
ларын бойларындағы қабілеттеріне қарап, лайықты
141
Үміт cәулесі
لا
سا
نلا
مو
ل
زي
لا
«Расында елшілерімізді ашық
мұғжизаларымызбен жібердік және елшілермен
бірге адам баласының әділдікті тұрғызуы үшін
(«Хадид» сүресі, 25-аят). Ислам діні мінез-
құлық құндылықтарының өлшемін алып келді, қастерлі
үмбеттің тәрбиеленіп шығуына себеп болды.
و
أ
ك ا
«Сендерді бір орташа үмбет
қылдық...»
(«Бақара» сүресі, 143-аят). Қай жерде бол
масын әділдік қатаң талап етіледі. Мысалы, үкім беру
жайында мына аятта:
«Ей, иман келтіргендер, өздеріңнің, әке-
шешелеріңнің және туған-туыстарыңның мүддесіне
қарсы болса да, Алла үшін куәгер болып, әділдікті
сақтаңдар!
(Куәлік еткендерің)
бай бол
сын, мейлі ке
дей болсын, Алла олардан үстем тұрады. Олай болса,
әділеттен теріс айналып, нәпсілеріңнің жетегінде
кетпеңдер. Егер тілдерің жаңылып, шындықты
бұрмаласаңдар, расында Алла не істегендеріңді толық
(«Ниса» сүресі, 135-аят) деп өз мүддемізге, тіпті
туған-тусымыздың мүддесіне қайшы келіп тұрса да,
әділдіктен қылдай болса да ажырамауды мұсылманның
мойнына міндеттеп тұр. Ислами уыздан нәр алған дана
халқымыз: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман
жоқ», «Әділдіктің белгісі біле тұра бұрмаған, жақсы
адамның белгісі өткен істі қумаған» деп, осы аяттың
мәнін аша түскендей.
140
Үміт cәулесі
Сондықтан да хадисте:
صلا
ع
صلا ا
«Сабыр
، соққының алғаш тиген кезінде көрінеді»
делінген.
Яғни, болары болып, бояуы сіңіп кеткен кезде «Е, басқа
салғанға көнеміз ғой» деу сабырлыққа жатпайды. Алла
тағала адам баласын мақтаншақ деп сипаттаған. Егер
басына бір жамандық келсе, өте төзімсіз. Ал жақсылық
келген болса, өте сараң. Тек шынайы иман келтіргендер
одан тыс. Сондықтан Алланың құдіретіне күмәнсіз
сеніп, маңдайын сәждеге тигізген жандар тепе-теңдікті
сақтайды. Кеңшілік кезінде шүкіршілік қылады. Баста
рына бәле келсе, сабыр сақтайды.
Тұрақсыз сезім адам баласын шаршатып, түтіп
жібереді. Егер ашуланған болса одан әрі қоза түседі.
Астамшылығы соншалық тіпті өзін ұмытып кетеді. Ал
егер қуанған болса, өз шамасын білмей дарақыланады.
Сын айтып сөккен біреуді жақтырмай, онымен өштеседі.
Жақсы көрген адамын әсере мақтайды. Бір хабарда бы
лай делінген:
«Жақсы көретін адамыңды қатты жақсы көрме,
бір күні жек көретін адамыңа айналуы бек мүмкін. Жек
көретін адамыңды қатты жек көрме, бір күні жақсы
көретін адамыңа айналуы мүмкін»
(Тирмизи). Енді бір
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге былай деп дұға
ету керектігін үйретеді:
اضرلاو بضغلا يف لدعلا كلأسأو
«Ашу
кезінде де, разы болған кезде де әділдікті сұраймын».
Кім сезімін ақылға жеңдіре алып, әр нәрсені өзінің ор
нымен бағамдай алса, ақиқатты танып, туралыққа жол
бастағаны. Құранда:
لا
م ا
زن
و
ب ا
ر ا
139
Үміт cәулесі
тамақтану, жанұя құру дүние істері болғанымен, одан
бас тарту астамшылық. Өйткені дүние істерінде ниетті
дұрыстау арқылы есепсіз сауапқа кенелу мүмкіндігі бар.
Жақсы көрудің де, жек көрудің де өлшемі болған
мына хадиске құлақ асайық:
«Біреуді жақсы көрсең,
шектен тыс қатты жақсы көрме, бір күні жек
көретін адамыңа айналуы мүмкін, біреуді жек көрсең,
қатты жек көрме, бір күні жақсы көретін адамыңа
айналуы мүмкін»
(Тирмизи жеткізді). Құранда осы
мәселеге қатысты:
«Алла сендер мен Мекке кәпірлері
ішіндегі жауласып жүргендердің арасында ، (оларға
иман беріп, исламға кіргізу арқылы) ، бір достық
туғызуы мүмкін»
деп айтылған («Мумтахина» сүресі,
7-аят). Уаһб ибн Мунаббиһ былай дейді: «Әр нәрсенің
екі жағы және ортасы бар. Бір жағы кемісе, екінші
жақ ауып кетеді. Ал ортасынан ұсталса, екі жақ та
тепе-теңдік болады. Сондықтан барлық жағдайда ор
таны ұстаныңдар». Демек, қазіргі қоғамдағы, Ислам
әлеміндегі қиыншылықтарды шешудің бірден-бір жолы
، орта жолды ұстану.
Адамның сезімі екі жағдайда толқиды. Қатты
қуанғанда немесе кенеттен келген қайғылы жағдайда.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисте:
«Маған ақымақтықты білдіретін мына екі
жағымсыз дауысқа тыйым салынған: бірі ، нығмет
берілгенде, бірі ، қайғы келгенде»
деп өлшем көрсеткен.
13:
Үміт cәулесі
дүниеде өздерін тергеп-тексермегендердің есебі ауыр
болмақ», ، дейді.
Тарық ибн Шихаб (р.а.) мына бір оқиғаны жеткізеді:
«Бірде Салман Парсының үйіне барып, түнде қалай
намаз оқитынын көргім келді. Түн ауа тұрды да,
кәдімгідей намаз оқыды. Одан ерекше құлшылық
күткен мен әлгіні азсындым. Менің күйімді түсінген
болуы керек, өзі бастап мені сөзге тартты: «Бес уақыт
намазға ерекше мән бер. Адам баласы өте ауыр күнә
жасамаса, бұл бес уақыт намаз ұсақ күнәларын жуып
шаяды. Адамдар кешке қарай үш түрлі болады. Түн
кейбір адамдарға пайда, кейбіреуге зиян әкеледі.
Енді біреуге пайда да, зиян да әкелмейді. Алғашқы
топтағылар түн баласы көз ілмей ғибадат жасайды. Ал
өздеріне кесір тигізетіндер түнделетіп түрлі күнә жасай
тындар. Үшінші топтағылар, жылы төсекте таңға дейін
қамсыз ұйықтаушылар. Бұларға зиян да, пайда да жоқ.
Уа, Тарық, ақырын жүріп, анық бас, шамаң келмейтін
істерге аса құмартпа».
Дүниеде Алладан шынайы қорқатын пенде болу
үшін өзін қатты қинайтын іске ұрыну міндет емес.
Дүниеден бас тартпай, Алланың адал етіп берген рызық-
несібесімен ләззаттанып, бала-шағамен қайырлы-
берекелі өмір сүріп те шынайы құлдардың қатарында
болу әбден мүмкін. Бұл ақиқатты Пайғамбарымыздың
өмірінен көре аламыз. Адамзаттың асылы (с.а.с.)
уақытында ұйықтап, уақытында ғибадат жасап,
жанұясымен өте бақытты өмір сүре білді. Ислам Алланың
діні болғандықтан адамның бүкіл қажеттіліктерін
шеше алады. Алланың адамды тамақтануға, дем алуға
мұқтажсыз етіп жаратуға толықтай күші жетер еді.
Бірақ әр нәрседе де бір хикмет бар. Исламда ұйықтау,
137
Үміт cәулесі
болуы үшін сендерді артық-кемсіз, әділетті орта
үмбет еттік»
(«Бақара» сүресі, 143-аят) деу арқылы
мұсылмандарды астамшылыққа бой алдырмай тепе-
теңдікті сақтауға шақырады. Жалпы орта жолды ұстану
، шетте қалып жырақтану, бөлінушілік нәтижесінде
басқа келетін жарға жығылу қаупінен сақтайды. Хан
зала ал-Асади мына оқиғаны жеткізеді:
Бірде пайғамбарымызға барып: «Мен екіжүзді бол
дым», ، дедім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) себебін сұрады.
Мен жауабын айттым:
Сіздің қасыңызда болып, сіз бізге жәннат-тозақ
жайында әңгімелеп бергеніңізде, оны көріп отырғандай
сезінеміз. Ал сіздің құзырыңыздан шығып, бала-шаға,
мал-мүлікпен әуре болсақ, көп нәрсені ұмытып кете
барамыз. Осы сәтте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Алланың атымен ант етейін, егер сендер бар
ша уақытта менің жанымдағыдай сезімде болсаңдар,
періштелер сендермен қол ұзатып, сәлем беріп аман
дасар еді. Әй, Ханзала, әр нәрсенің өз уақыты бар.
Дүние сағатында ، дүние, ақырет сағатында ، ақырет
тіршілігі», ، деді.
Алла елшісі (с.а.с.) әр нәрсені өз орнымен
бағамдауға тәрбиелейді. Егер осы бір насихатты өзімізге
жолбасшы етсек, Алла тағала мақтаған орта, әділдік
жолындағы үмбет боламыз. Алла тағала адам баласы
на періштелермен қатар жануарларда бар қасиеттерді
беру арқылы оның адам болуын қалады. Бірақ осы
өмірде оған нәпсі беру арқылы ол үшін сынақ мекені
етті. Хасан Басри: «Мұсылман әрдайым өз нәпсісіне
кейіп, тергеп тұрады. Бұл дүниеде өздерін әрдайым тер
геуге алғандарға о дүниеде есеп жеңіл болады. Ал бұл
136
Үміт cәулесі
Алланың барлық нәрсеге күші жетеді»
деген. Қалай
жаратылсаң солай өмір сүруге тырыс. Өзіңді қинап,
жасандылықпен тіпті дауысыңды да өзгертпе. Өз табиғи
жүрісіңмен жүріп, өзіңді Құранмен тәрбиелеуге ұмтыл.
Өйткені сенің өзіңдік қасиетің, тұлғаң бар. Сен солай
жаратылғандығыңнан адамдар сені осылай таниды.
Сондықтан әр істің басын бір шалып тұрақсыз болма.
Адам өз табиғатын жасыруға қанша әрекет еткенімен
бәрібір бос әурешілік. Атам қазақ айтқандай «Қазанда
не бар болса, шөмішке сол нәрсе ілінеді».
 \n \n \t \r 
Әділдік ақылдың да, шариғаттың да талабы. Кім
шынайы бақытқа қол жеткізгісі келсе, ашулы кезінде
де, қуанышты кезінде де тепе-теңдікті сақтап әділдік та
ныта білуі үшін өзінің сезімдерін дұрыстап, әрекеттерін
реттеуі керек. Әр түрлі жағдайларда шектен шығып
астамшылық жасау ، зұлымдықпен пара-пар. Орташа
болудың ең абзалы ол шариғат түсірген өлшем. Сон
да ғана өмір әділдікке негізделеді. Адамдардың ең
әділетсізі нәпсі қалауына ерік беріп, сезімінің жетегінде
кеткені. Салиқалы ақылмен емес, нәпсі қалауымен
мәселеге үңілген кезде адам бойында көре алмаушылық,
жек көрушілік үстемдік ете бастайды. Өйткені ол тек
қиялмен өмір сүреді.
Құран кәрімде:
ع ءا
او
نو
اط
كا
ج
ادي
لو
رلا
نو
سا
نلا
«Сол сияқты адамдарға куә
болуларың үшін, сондай-ақ Пайғамбар сендерге куә
«Бақара» сүресі, 14:-аят
135
Үміт cәулесі
Рахаттану бір ғапылдық болса, бос уақыт бір
ұрлықшы. Ал адамның ақылы ، осы екі нәрсенің
арасындағы жемтік. Олай болса бүгіннің ісін ертеңге
қалдырма. Бүгіннен бастап уақытты бос жібермеуге
тырыс. Кітап оқы немесе Алланы еске алып, мақтау
айт, намаз оқы, кеңсеңді ретте, үйіңді түзе, басқаға
пайдаңды тигіз, бос уақытыңды осылайша өткіз.
Шама келгенше бос еліктеуге үйірсек болма.
Өйткені кейбіреулер басқа біреулердің кейпіне енеміз
деп өздерінің қандай екенін, тіпті сөзін де, ісін де,
жағдайын да ұмытып кетеді. Адам атадан бастап ең
соңғы жаратылысқа дейін екі адам бір бейнеде келмеген.
Ал олай болса неге қабілеттер мен мінез-құлық бірдей
болсын?! Сен өзің ерекше жаратылған бір болмыссың,
дәл сен секілді бұрын тарихта ешкім болмаған және
кейін де болмайды. Бұл Алланың құдіреті мен шексіз
шелері. Ендеше басқа біреуге еліктеуден, жалтақтаудан
өзіңді құтқарғаның дұрыс. Әрдайым өз бейнеңде, өз
болмысыңды сақта. Сырт көз адамдарға алдамшы
көрінбе. Алла тағала қасиетті Құранда:
سا
«Әр қауым (су ішетін) өз суатын білді
(өз
табиғаттарына сай таңдауларын жасады)
..»
67
: тағы бір
ب
او
نو
ت ا
أ
تا
لا
او
سا
ف ا
هي
ه
و
ري
ك ى
�ا
اعي
�ا
«Әркімнің жүз бұратын
өз жағы бар. Сондықтан игі істерде жарысыңдар.
Қайда болмаңдар, Алла сендердің баршаларыңды
(есеп-қисап үшін өз алдына) келтіреді. Әлбетте,
134
Үміт cәулесі
үйретті. Бір істі бітірсе екінші іспен айналысып, ұтымды
пайдаға қол жеткізді. Мұсылман адамды сипаттағанда
«Мұсылман дегеніміз өзгеге тілімен де, қолымен де
зиян келтірмеген адам»
деп пайдалы болудың жолын
нұсқаған-ды. Хәкім Абайша айтқанда:
«Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Үнемі өмір өтпек ، ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек».
Уақыт ، саған берілген ең қымбат капитал. Оны
орнымен жұмсасаң табысқа кенелесің, ал беталды
жұмсасаң тақырға отырып, бармағыңды тістеп қаласың.
Орыстың атақты қолбасшысы А.В.Суворов: «Ми
нут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын
шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді» деген
екен.
Ғалымдар уақытын бос өткізушілерді батып бара
жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған
жолаушыларға теңеген. Уақыт сені күтіп тұрмайды. Өз
қозғалысымен алға жылжып кете береді. Бізбен сана
спайды, сарқырап аққан өзендей тез ағып кете шығады.
Сондықтан өмірдің әрбір сәтін екі дүниенің пайдасы
на шешілетін істермен толтырып қалуға тырыс. Елге,
қоғамға, адамзат баласына пайдаң тисін.
Қазақ халқы «уақыттың бос өткені, өмірдің бос
өткені» деп босқа айтпаса керек. Адам қаншама ұзақ
өмір сүрсе де бәрібір бұл дүние көзді ашып-жұмғандай-
ақ. Мұны уақытша өлімді бастан өткерген адамдардың
«Сол сәтте бүкіл өмірім көз алдыма келді» дегеніне
қарап-ақ бағамдай беріңіз. Иә, бұл өмірдің өткінші
екенін бәрі де мойындайды, бірақ сәттерден тұратын
сол өмірді тиімді өткізуді тек ақылдылар ғана біледі.
133
Үміт cәулесі
іспетті. Осы дүние арқылы мәнгілік ақырет жәннатына
ие боламыз. Дүниеде игі істер істеу арқылы сауабымыз
ды молайтып, күнәлардан тыйылу арқылы Алланың
бұйрығын орындап, фирдаус жәннатына кіреміз. Олай
болса, осы дүниеде не ексек, ақыретте соны орамыз.
Сондықтан болса керек Алла елшісі (с.а.с.):
ةعرزم ايندلا
ةرخ
«Дүние ، ақырет егістігі»
деп нақты айтқан.
  \n  
Дүние тіршілігінде бос адамдар ، сөзқұмарлар мен
өсекқұмарлар. Ондай адамдарды Алла тағала Құранда:
لا
م او
ي ن
ب او
«Олар артта қалушылармен
бірге болуды қоштады»
, ، деп сипаттайды. Адамның
зейіні үшін ең қатерлі нәрсе еш нәрсемен айналы
спай, уақытты бос өткізу. Сол уақытта адам зейіні
жүргізушісі жоқ көлік секілді оңға бір, солға бір
теңселіп, соқтығысады. Бос қалған адамды шайтан
үйірсектеп, түрлі жаман ой салып, түбінде соларды
жасатуға итермелейді.
Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыз
و ،
صلا :
نلا
م
ري
ك ا
هي
ف
م
Адам
баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және
денсаулық
، дей отырып уақытты бос, пайдасыз
істермен өткізбеуге шақырады. Ол шақырып қана
қойған жоқ, ісімен көрсете білді. Қыруар міндетінің
арасында құлшылығын да жасады, үй тіршіліктеріне де
қарасты, елшілерді де қабылдап, жамағатына дінін де
«Тәубе» сүресі, :7-аят.
132
Үміт cәулесі
«Олар жер мен көктің патшалығы мен Алланың
жаратқанына зер салып қарамайды ма?»
(Ағраф
сүресі 1:5-аят)
Олар үстеріндегі аспанды қалайша
(тіреусіз) жаратқанымызға, оны (жұлдыздармен)
әшекейлегенімізге, онда ешқандай саңылау-сызат
жоқтығына назар салып қарамайды ма?
» (Қаф
сүресі 6-аят)
ِرا
Көк пен жердің жаратылысында, күн мен түннің
кезекпен алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлел
бар
» (Әли Имран 190-аят) ،
делінеді.
Олай болса, адам баласы дүниеге келген заматтан ба
стап айналасындағы жаратылыстарға қарап, тамсанып,
таңырқап мұншама керемет жаратылыстың иесі болма
уы мүмкін емес және ол аса құдірет иесі, шексіз шебер,
шексіз ілім иесі деп иманы артады. Жаратылысқа осын
дай көзқараспен қарау адамның иманын кемелдендіріп,
Аллаға жақындатады. Сондықтан Құран:
�ا ى
ي ا
لا
Шындығында, құлдарының арасынан
Алладан шын қорқатындар ، ғұламалар
64
, ، деу
арқылы ғалым, көкірек көзі ояу кісілердің Жаратушы
сын танудағы ерекшеліктерін арнайы атап өтеді. Ра
сында да, күллі ғаламның жаратылысынан бейхабар,
тек бір күндігін ғана ойлап, көп нәрсеге өресі жете
бермейтін адамға қарағанда, жаратылысқа ойлы жүзбен
қарай білетін ойлы жанның деңгейі бір емес. Сондай-ақ
дүние ақырет өнімі, ақырет азығы болатын егіс алқабы
131
Үміт cәулесі
дүниемен салыстырғанда сіз үшін қайырлы, ، деп
мұсылмандар үшін дүниенің Алланың берген бір жұтым
су нығметінің жанында қадірінің қаншалықты екенін
көрсеткен.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шүкіршілік етіп,
әрдайым құлшылықты ұмытпауға үйрететін бір дұғасы
бар. Онда былай делінеді:
«Иә, Алла! Біздің саған шүкіршілік етіп, Сені
әрдайым еске алып, Саған көркем түрде құлшылық
етуімізге жәрдеміңді бер!»
(Ахмад, Әбу Нағим)
  \n
Дүние Алла тағаланың көркем есімдерінің көрінісі.
Алла тағаланың шеберлігін, құдіретінің күштілігін,
шексіз мейірімділігін, әділеттілігін және басқа да си
паттарын осы дүниеге имани көзқараспен қарап көруге
болады. Мысалы, жан-жануарлардың өз балаларына
деген мейірімін көріп Алланың мейірімділігін, әлемдегі
табиғаттың әдемілігі арқылы Алланың жәмал (әдемі)
есімін көресің. Аспанның дүрсілі мен найзағайдың
ойнауы Жаратушының құдірет сипатының көрінісі
болмақ. Құран кәрімнің көптеген аяттарында бізге
жаратылысымызға қарап ой жіберуімізді бұйырады.
Мысалы:
ا ىل
نو
ظن
فَ
«Олар түйенің қалай
жаратылғанына назар салмай ма?»
(Ғашия 17-аят)
130
Үміт cәулесі
керек екенін үйреткен адамға рахмет айту ، осының бәрі
де өз кезегінде шүкіршілік.
Алланың елшісі (с.а.с.):
«Кімде-кім адамдарға
шүкірлік етпесе, Аллаға да шүкірлік етпейді»
деген
(Тирмизи).
Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) қуанышты
хабар келсе немесе Алла тағала оны сүйіншілесе, де
реу шүкірлік ету үшін сәждеге жығылатын»
63
, ، деген.
Мұндай шүкір сәждесі естеріңізде болсын, дәретпен де,
дәретсіз де жасала береді.
Алла тағаланың берген көзге көрінетін сыртқы
нығметтері және көзге көрінбейтін ішкі нығметтері бар:
1.
Көзге көрінетін нығметтерге: Денсаулық, мал-
байлық, жақсы қызмет-мансап және т.б.
2.
Көзге көрінбейтін нығметтерге: Тура жолда болу,
ынталы жүрек, Аллаға ризалық білдіру, Алланы жақсы
көру, көркем мінез және т.б. жатады. Адамдардың
көбі елей бермейтін ұлы нығметтер де бар. Әрине,
оны білмегендіктен адамдардың көбі оған шүкіршілік
етпейді.
«Судың да сұрауы бар» демекші, бір иманды жан
мұсылмандардың басшысына кіріп, оған су ұсынады
да: «Уа, мұсылмандардың басшысы! Егер дүние және
ондағы қызықты мына бір жұтым суды ішу үшін пида
қылар ма едіңіз?» дегенде ол басын изейді. Сонда әлгі:
«Ендеше, суды ішіңіз, Алла берекесін берсін» ، деп
ризалығын танытыпты. Кейін суды ішіп болған соң:
«Уа, мұсылмандардың басшысы! Егер дүние және
ондағы қызықты мына бір жұтым суды қайта шығару
жолында пида қылар ма едіңіз?» ، дегенде, тағы да
бас изейді. Сонда жолаушы: «Сол бір жұтым су бүкіл
129
Үміт cәулесі
бетінде жүру оңай бола ма?! Егер аурудың себебінен
ұйқысыздыққа тап болсаң, ұйқы ләззатын сезіну қалай
болар екен!? Қалаған тағаммен толтыра тойып ішіп
жүрген асқазаның, ас қорыта алмайтын сырқатқа тап
болса, жағдайымыз қалай болмақ?! Еститін құлақ,
көретін көз нығметіне ойланып қара. Ыстық-суықты
сезетін, алапестен аман болған теріңе қара.
Көзіңді таудай алтынға берер ме едің?! Құлағыңды
күміске сатар ма едің?! Тіліңді патша сарайына ай
ырбастап, мылқау болуды қалайсың ба?! Бағалы
маржан мен жақұтқа қолыңды айырбастап шолақ бо
луды қалайсың ба?! Расында сен мол нығметке иесің,
бірақ оның қадірін білмей жабырқаулы күн кешесің.
Қолыңда бақыт кілті тұрса да, қолдың кірі ақшаға бола
мазасызданасың. Нығмет ، қазынаға толы байлық, соған
ақыл жүгірт және шүкіршілік ет. Жаббар иеміз:
«Тұла
бойларың тұнып тұрған нығмет, көрмейсіңдер
ме?»
(«Әз-Зәрият» сүресі, 20-аят) дегендей өз бойыңа
қарап ойлан, отбасыңа, туысқандарыңа, амалыңа,
денсаулығыңа, достарыңа және айналаңа қарап пікір
қыл. Өкінішке орай, Құранда айтылғандай:
«Олар
Алланың нығметін мойындайды да кейін қарсы
келеді
» («Нахыл» сүресі, :3-аят).
Шүкіршілікті әр түрлі жолмен көрсетуге болады.
Қолынан келмейтінін біліп, Алланың берген шексіз
нығметтерінен ұялу, Оған аз шүкірлік ететінін мой
ындау да шүкірлік. Хақ тағаланың жұмсақтығы
мен жасырушы екенін білу, берген нығметтеріне
кішіпейілділікпен қарап, оны көркем түрде пайдалану,
кішігірім нығметтің өзін ең үлкен нығмет деп қабылдау,
Жаратушымыздың берген нығметтеріне шүкірлік қылу
12:
Үміт cәулесі
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Ендеше, Қағбаның Иесімен
ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер»
, ، дейді.
Сондай-ақ, Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) мына
бір сөзіне ой жүгіртейік:
«Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің
әшекейі. Кедейліктің әшекейі ، тілемсектіктен бой
ын тарту, нығметтің әшекейі ، шүкірлік ету, бәле-
қазаның әшекейі ، оған сабыр ету, білімнің әшекейі
، салмақтылық, шәкірттің әшекейі ، өзін төмен
ұстауы, Алладан қорқудың әшекейі ، көп жылау,
басқаға жақсылық жасаудың әшекейі ، міндетсінбеу,
намаздың әшекейі ، қорқынышпен оқу»,
، деген екен.
Мұсылман пенде нығметке қуанып, белгілі бір
табысқа жеткенде, шүкіршілік етіп, Алланы мадақтап,
ұлықтауы керек. Ол үшін «Әлхамдулилләһ» деп шын
жүректен айтуы тиіс.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай деген екен:
«Алла тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде
тағы да бес нәрсе береді:
1.
Шүкіршілік берсе, ризығын арттырады;
2.
Дұғагөйлік берсе, дұғасын қабыл етеді;
3.
Истиғфар тілеуді берсе, кешірім жасайды;
4.
Тәубешілік берсе, тәубесін қабыл алады;
5.
Жомарттық берсе, садақасын қабыл етеді».
Егер Алланың саған берген нығметін есіңе ала
тын болсаң, шашыңнан бастап аяғыңның ұшына дейін
толған сансыз нығмет екенін түсінесің. Хақ тағала:
«Ол сендерге көрінетін және көрінбейтін
нығметтерін сыйлады»
деп осыған назар аударта
ды («Лұқман» сүресі, 20-аят). Сонымен қатар
деше, Рабыларыңның қай нығметтерін өтірік
дейді. Иә, аяғыңнан айырылсаң жер
127
Үміт cәулесі
Тағы бір хадисте:
«Алтын мен күмісті жи
нап, оларды Алла жолында жұмсамағандарды
күйзелтуші азаппен сүйіншіле»
(«Тәубе» сүресі, 34-
аят) деген аят түскенде пайғамбармен (с.а.с.) бірге са
парда жүр едік. Аят түскен соң сахабалардың бірі: «Ал
тын мен күміс жайында түсті ғой. Енді қандай малды
жиғанымыз дұрыс екендігін білгіміз келеді», ، деді.
Сонда Расулалла (с.а.с.):
«Ең жақсысы ، зікір етуден
талмайтын тіл, шүкір етуден талмайтын жүрек, има
нына тірек болатын мүмін жұбай»
, ، деп шүкіршіл
жүректің маңыздылығын түсіндіреді
60
Пайғамбардың (с.а.с.) өзі Алланың нығметтеріне
шүкір етуде үмбетіне үлкен үлгі. Ол түні бойы Раб
бысына құлшылық қылып, аяқтары ісінгенше намаз
оқыған. Сонда оған жұбайларының бірі: «Уа, Алланың
елшісі! Өзіңізді неге соншалықты қинайсыз? Сіздің
бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңыз кешірілген жоқ
па?» ، дегенде, адамзаттың ардақтысы (с.а.с.):
«Олай
болса, шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?» ، деп
жауап береді»
61
Өмірдің кез-келген сәттерінде бақыттың қадірін
түсініп, шүкір етіп жүру имандылықтың көрінісі. Бірде
Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларының (р.а.) алдына шығып:
«Уа, сахабаларым! Қалай тұрдыңдар?» ، деп сұрапты.
Сонда сахабалар (р.а.): «Аллаға мүмін болып тұрдық,
уа, Расулалла!», ، деп жауап береді. Пайғамбар (с.а.с.):
«Имандарыңның белгісі қандай?» ، деп сұрағанда са
хабалар (р.а.): «Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік,
тағдыр-қазаға разылық білдіреміз», ، дейді. Сонда
Ахмет, Тирмизи, Ибн Мажә.
126
Үміт cәулесі
етерсіңдер»
(«Нахыл» сүресі, 7:-аят), ، деген. Бұл аят
арқылы өмірімізден бастап, дене мүшеміздің барлығы
Алланың нығметі екенін ұғамыз. Жаратылыста шүкір
осыншалықты маңызды бола тұра, өкініштісі, адам
баласының көбісі бұл қасиеттен мақұрым. «Сәба»
сүресінің 13-аятында бұл шындық:
رو
شلا
دا
لي
“Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте
аз”
, ، деп баяндалады.
Әсілінде кімде-кім шүкір етер болса, Алла
тағала оның несібесін кеңейтеді. Бұл жайында Құран
دي
ل ي
با
ك ن
دي
ش ن
«Сонда
Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, нығметімді есе
лей түсемін. Ал көрсоқырлық қылсаңдар, расында
азабым қатты» деп білдірген еді»
(«Ибраһим» сүресі,
7-аят), ، деп көрсетілген.
Әлемге рақым ретінде жіберілген пайғамбарлар
сұлтаны әз Мұхаммед (с.а.с.) көптеген хадистерінде өз
үмбетіне нығметке шүкір етудің сырларын түсіндірген.
Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді:
«Мүміннің ісі неткен ғажап! Шындығында
оның барлық ісі қайырлы. Бұл мүміннен басқаға
бұйырылмаған. Егер оның басында қуаныш болса,
Аллаға шүкір етеді ، сонысына сауап-сый алады. Егер
оған бір жамандық төнсе, оған сабыр етеді ، онысы
на да сауап алады. Алланың мұсылманға жазған әрбір
тағдыры қайырлы»
(Мүслим риуаят еткен).
149
Үміт cәулесі
Ғалымдардың бірі: «Алла тағаланың: «Құлдарымның
жүректеріне қараймын. Жүрегінде Мені зікір етуі басым
болған пендемнің қалауын орындап оның досы бола
мын» дегенін айтады.
Хасан Басри: «Зікірдің екі түрі бар: 1. Сырт көзге
білдірмей рухыңмен Алланы еске алу. Бұл зікірдің өте
үлкен сыяпаты бар; 2. Бұдан да артығы Алланың харам
еткен нәрселерін жасауға шақ қалған кезіңде Алланы
есіңе алып, одан бас тартуың» деген екен.
Кейбір хабарларда әр адам жан тәсілім етер кез
де таңдайы кеуіп, қатты шөлдейтіндігі. Тек Алланы
еске алып тілін құрғатпағандар соңғы демінде бұлай
қаталамайтындығы айтылған.
Муаз ибн Жәбәл (р.а.): «Жаннаттықтардың бір ғана
қайғысы бар. Ол тірі кездерінде Алланы зікір етпей
өткізген уақыттары» деген екен
75
Иә, бауырым, міне, Алланы еске алу күллі дерттің
шипасы. Алланы зікір ету періштелердің азығы, біздің
рухымыздың қуаты. Жасалуы жеңіл бірақ, қияметте
салмағы өте ауыр басатын қасиет. Оны еске алмаған
адамдарды Пайғамбарымыз өлікке теңеген. Сондықтан
әрдайым Алланы еске алу бізді үмітсіздіктен құтқарып,
жанымызға шуақ сыйлайды.
Құлшылық ، Жаратушы иемізге шүкіршілікті,
адал мойынсұнушылығымызды, Оған деген
сүйіспеншілігімізді көрсететін іс-әрекет. Намаз, ора
за, зекет, қажылық секілді құлшылық іс-амалдардың
жеке адамнан бастап қоғамдық пайдалары шаш етек
14:
Үміт cәулесі
онымен бірге боламын. Егер ол Мені іштей есіне алып,
мадақ айтса, Мен де оны солай есіме аламын. Ал егер
Мені көпшіліктің ортасында есіне алып, мадақ айтып
ұлықтаса, Мен оны одан да қайырлы көпшіліктің, ал
дында есіме алып, мақтан тұтамын ، деп айтты»
، деген
72
Әрдайым жан-тәнімен беріліп зікір
жасаушылардың жүгі жеңілдейді. Солар қиямет күні
ауыр жүктен құтылып, Алланың алдына абыроймен
барады
», ، деген
73
Әбу Дәрда (р.а.) мына бір оқиғаны баяндайды: «Бірде
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Қиямет күні Алла тағала
кейбір адамдарды жақұт-маржаннан жасалған
орындықтарда отырған өте нұрлы бір бейнеде қайта
тірілтеді. Жұрттың бәрі оларға қызғана да қызыға
қарап тамсанатын болады. Алайда олар пайғамбар
да, шейіттер де емес еді, ، деді. Осы хадисті тыңдап
отырған бір бәдәуи салған жерден: «Уа, Алла елшісі!
Олардың кім екенін және ерекшеліктері туралы айтып
бересіз бе? Оларды білгіміз келеді» ، дегенде, сүйікті
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар әр түрлі тайпадан, әр
түрлі елден болғанына қарамастан, Алла үшін бір жер
ге жиналып, оны зікір етушілер,
، деді»
74
Халифа Омар (р.а.): «Алланы көп зікір етіңдер.
Өйткені, Алланы еске алу адамның дертіне шипа,
жанына дауа болады. Жұртты өсектеп, ғайбаттаумен
шұғылданбаңдар, себебі бұл жаман әдет сау адамды
ауру қылады, сырқаттың дертін одан сайын күшейтіп
жібереді» ، деген екен.
Хайсами, Мәжмауз-зауаид, 10/77 (16770)
147
Үміт cәулесі
Құран кәрімде зікірдің қасиеті туралы аяттар өте
көп кездесуі қаншалықты дәрежеде маңызды екенін
көзге шұқып тұрып көрсетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Раббысын
еске алушы мен Раббысын еске алмайтынның мысалы,
өлі мен тірінің мысалы сияқты».
Сонымен қатар тағы
бір хадисінде:
«Әл-Муфарридундар озды» ، деді. Олар:
«Уа, Алланың елшісі! Әл-Муфарридундар деген кімдер?»
، деп сұрады. Сонда ол: «Алланы көп еске алатын ерлер
мен әйелдер» ، деді». «Мен сендерге амалдарыңның ең
абзалын, Раббыларыңның алдында ең жақсысын және
алтындап ақша садақа еткеннен де, жауларыңмен
кескілесіп, мерт болудан да қайырлысын айтайын ба?»
، деді. Олар: «Әрине, айтыңыз» ، деп қуана сұрағанда:
«Алланы еске алу», ، деп жауап берді».
Мына бір хабарда: «Бір жолы бір кісі келіп: «Уа, Хақ
расулы! Мен үшін Исламның амалдары көбейіп кетті,
өзім қартайып қалдым, маған бір амал айтыңызшы,
мен соған өлгенімше берік болайын» ، деді. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тілің Алланы еске алудан
тыныштық таппасын»
деді.
Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген хадисте:
«Расулалла
(с.а.с.): Алла тағала: Құлым Мен туралы қандай ойда
болса, Мен де оған солай қараймын. Сондай-ақ, құлым
Мені есіне алып, Маған мадақ айтып ұлықтаса, Мен
146
Үміт cәулесі
білесің?» деп сұрайды. «Ол өте оңай. Мен Раббымды
еске алған кезде, Ол да мені сол кезде есіне алады»
деген екен сонда Сәбит Бәнәни
70
Хубәйб ибн Убәйд айтады: «Әбу Дәрдаға біреу
келіп:
Маған үгіт-насихат айтсаңыз, ، деп өтінді. Әбу
Дәрда оған:
Алла басыңа іс түскен, қайғылы күндеріңде
өзіңді ескерсін десең, мұңсыз-қамсыз күндеріңде
оны көп еске ал. Қандай да бір дүниелік игілікке қол
жеткізсең, оның уысыңнан шығып кететінін, ақыры не
мен аяқталатындығын да бір сәт ұмытушы болма, ، деп
кеңес берді»
71
Алланы еске алу өміріміз үшін өте маңызды
қасиеттердің бірі болғандықтан Құранда:
�ا
«Алланы еске алу ، құлшылықтың ең
ұлысы»
(«Анкәбут» сүресі, 45-аят) делінген. Ибн Аб
бас осы аятты былайша тәпсірлеген: «Бұл аяттың екі
қыры бар:
1.
Алланың сендерді еске алуы ، сендердің Оны
зікір еткендеріңнен де жоғары.
2.
Алланы зікір ету, Оны еске алмай жасаған барлық
құлшылықтан жоғары».
Құлшылықтың ең төресі саналған намаз белгілі
уақыттарда жасалады. Ал Алланы зікір ету ، ешқандай
уақытпен шектелмеген құлшылық. Пенде қалаған
уақытында Алланы зікір ете алады.
125
Үміт cәулесі
сыз нығметіне қалайша лайықты түрде шүкіршілік жа
сай алады?
Тіпті ішіп-жеген асымызды табиғи жолмен
сыртқа шығарудың өзі де шебер Жаратушының үлкен
жақсылығы. Табиғи жолмен қажетімізді өтеудің қадірін
ұғыну үшін ауруханалардағы бұл нығметтен мақұрым
жандарды барып көріп, тәубеге келуге болады.
Шүкір ، жақсылық жасаушыға қарыздар екеніңді
сезіну, оның алдында бас иіп, алғысыңды білдіру.
Шүкір ету ، пенденің Алла тағала алдындағы ең үлкен
міндеті.
Алла тағала өзінің нығметтеріне, ырзық-
несібесіне қанағат етуші құлдарын жақсы көреді.
Өйткені Жаратқанның берген ырзығына шүкірлік ету
иманның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-
ақ, Алла тағала Өзіне күпірлік қылмай, шүкірлік етуді
бұйырған. Бұл жөнінде «Бақара» сүресінің 152-ая
тында:
نو
ت
و ي
ل
و
أ ي
«Мені естеріңе
алыңдар, сонда Мен де сендерді есіме аламын. Маған
шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер»
, ، делінген.
Ендеше, Жаратқанның берген өміріне, денсаулығына,
материалдық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп,
лайықты түрде шүкірлік қылу қажет.
«Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді
аналарыңның құрсақтарынан шығарып, сен
дерге құлақ, көз, жүрек берді. Бәлкім, шүкір
120
Үміт cәулесі
қорқатындардың қайғы мен уайымға салынғанын талай
көреміз. Міне, бұл иманның әлсіздігінен.
 \b\n\f     \n 
Бұл дүниеде қиындық көрсең, жаннатты есіңе ал.
Егер осыған сеніп, соған сай іс әрекет жасасаң, бүкіл
сәтсіздігің жетістікке, жоғалтқан нәрсең құдай жо
лында құрбандыққа айналмақ. Расында адамдардың
ішіндегі ең ақылдысы ақырет үшін қамданып, іс-амал
жасағандары. Өйткені ақырет жұрты мәңгі әрі қайырлы.
Ал адамдардың ең ақымағы бұл дүниені тұрақты
мекенім деп бар үмітін осы дүниеге байлағандар. Олар
бастарына шамалы қайғы келсе қатты қорқады, басына
бір іс түсе қалса қатты өкінеді. Себебі олар бұл дүниеден
басқаны көрмейді де ойламайды, әрі одан басқа нәрсе
үшін амал жасамайды. Егер олар жүректеріндегі дерт
тен арылып, көздеріндегі пердені ашып қараса, мәңгілік
жаннатты және оның қаншалықты маңызды екенін
білер еді. Осылайша Құранға құлақ асып, жаннаттың
қандай екеніне де көз жеткізер еді. Жаннат көңіл бөлуге
және сол үшін шаршап амал жасауға лайықты Алланың
сыйы.
Жаннат тұрғындары жайлы бір ойланып көрдік
пе? Олар ауырмайды, қайғырмайды әрі мәңгілік өмір
сүреді. Мәңгі жас болып қала береді. Қыз балалар
1: жаста болса, ер балалар сақадай 33 жаста болады.
Қартайып, әлсіреу болмайды. Олар ішінен сырты, сыр
тынан іші көрінетін бөлмелерде тұрады. Онда адам ба
ласы көрмеген, естімеген, тіпті ешбір пенденің ойына
келмеген сый-сыяпаттар бар. Ұзындығы көз жетпейтін
119
Үміт cәулесі
артпақ. Кері жағдайда бейшара, дәрменсіз пенде ба
сына қайғы түссе, одан құтыла алмай әбігерге салы
нады. Құранда да:
ني
م م
تن
ك ن
او
�ا ى
«Егер мүмін
болсаңдар, Аллаға ғана тәуекел етіңдер»
Мәидә»
сүресі, 23-аят) деп айтылған.
Пайғамбарымыз да (с.а.с.)
осы тұрғыда әрдайым былай деп дұға ететін:
«Уа,
Алла тағалам! Саған ғана бойсұндым. Бір Өзіңе иман
келтірдім. Саған ғана тәуекел еттім және күнәларым
үшін тәубе етіп, бір Өзіңе қарай бет бұрдым. Сенің
қолдауыңмен (дұшпандарға қарсы) күрестім. Уа, Алла
тағалам! Сенен басқа Тәңір жоқ. Тура жолдан тайды
рып жіберуіңнен қорқып, Ұлылығыңа сиынамын. Сен
өлмейтін мәңгі Тірісің. Ал жындар мен адамдар өлім
құрығынан құтыла алмайды
59
Қайғыдан құтылудың бір жолы خ «Аса құдіретті
Аллаға тәуекел еттім! Алла бізге жеткілікті, Ол неткен
жақсы қамқоршы» деп дұға етуі керек. Тіпті малың
азайып, қарызың басыңнан асып кетсе де «Алла бізге
жеткілікті, Ол неткен жақсы қамқоршы» деп дұға
қыл. Егер дұшпаннан қорқып, бойыңды үрей билесе
«Алла бізге жеткілікті, Ол неткен жақсы қамқоршы»
деп өз-өзіңе басу айт. Себебі Жаратқан Жаппар ие бы
лай деп сүйіншілейді:
ري
و ا
دا
«Раббың сен
үшін жетекшілік пен көмекшілікте жетіп асады!»
(«Фұрқан» сүресі, 31-аят).
Егер тірілтуші де, жан алушы да, ризық беруші де
бір Алла болса, онда неліктен адамдардан үрейленесің?
Адамдарға сенім артып сүйеніп, ризалықтарын
іздегендердің, соларға жақындаушылардың, олар
ды көп мақтаушылардың және зияндықтарынан
11:
Үміт cәулесі
жай. Тіліңмен қадам басып, қажетіңді сұрауды көбейт.
Қайта-қайта сұрап, дұға есігін қақ. Оның мейірімінен
үміт етіп, жәрдемін күт. Ол жайында жақсы ойда бол.
Қашан қуанышқа бөленіп құтылғаныңша жалбарын.
Себебі Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде:
«Қайсыбірің
«Раббыма қанша дұға етсем де қабыл алмады» деп
асығыстық жасамаса болғаны, дұғасы міндетті түрде
қабыл болады»
5:
، деп біздерге жол көрсеткен.
Істі Аллаға тапсыру, Оған тәуекел ету, уәдесіне
сену, бергеніне ризашылық таныту, Ол туралы жақсы
ойда болып, көмегін күту
иманның жемістерінің бірі
және нағыз мұсылмандық сипат. Істің соңы жақсы бола
тынына сенген мұсылман әр ісінде Раббына арқа сүйеп,
әрдайым көмегіне, қамқорлығына, қолдауына ие болып
отырады.
Ибраһим пайғамбар отқа тасталған кезінде періште
келіп «Көмектесуге рұқсат ет» дейді. Сонда Ибраһим
пайғамбар Жаратушы Иесіне арқа сүйеп: «Алла бізге
жетеді, Ол неткен жақсы қамқоршы» деген еді. Оның
осы тәуекеліне дән риза болған Алла тағала тәнді жан
дырар отты оған жанына жайлы етіп салқындатқан жоқ
па еді? Ибраһим да дүниедегі ең жақсы күндері сол отта
өткізген қырық күнім деп, Алла ол жерді жаннаттай
жайнатып қойғанын айтқан.
Адам баласы жалғыз өзі айналасында орын алып
жатқан жайттарға төтеп бере алмайды, өйткені ол
әлсіз болып жаратылған. Тек Раббысына тәуекел етіп,
сенім артса және ісін Оған тапсырса ғана күш-қуаты
117
Үміт cәулесі
қатерден) мені қорғай көр. (Жермен-жексен
болу секілді) аяғымнан шалынып, құрдымға кету
ден Сенің ұлықтығыңа сыйынамын!
Қиналған жанның панасы, басына іс түскеннің
көмекшісі, бүкіл жаратылыстың зікір етіп ұлықтаушысы
، Алла тағала. Кеңшілікте де, таршылықта да,
қиыншылықта да, жақсылықта да Одан дұға тілеп,
жалбарыну, әрдайым Оны өзімізбен бірге сезініп, дұға
есігін қағу біздің міндетіміз. Міне, сонда бізге деген
көмегі мен жәрдемі, жеңілдігі жетеді. Хақ тағала:
أ ُ
د ا
إ
لا
بي
«Қиналған жан жалбарынғанда,
сұрағанын беретін» («
Нәміл» сүресі, 62-аят) деп осыны
бізге тәлім етеді. Егер Оған деген сеніміңді жоғалтсаң,
барлық нәрсені жоғалтқаның. Раббыңа жалбарынып
дұға жасау өз алдына бір құлшылық. Дұға жасауды
әдетке айналдырған құл өкінуге, қайғыруға, қобалжуға
лайық емес. Алла бізге өте жақын әрі естуші, дұғаны
қабыл етуші, егер қиналған адам Одан дұға тілеп,
көмек сұраса оның дұғасын қабыл етеді. Сен әлсізсің,
мұқтажсың, ал Алла мұқтаж емес әрі күш құдірет иесі.
Құранда:
ل
أ ي
نو
«Маған дұға етіңдер, сендерге
жауап берейін (яғни дұға-тілектеріңді қабыл етейін)»
(«Ғафир» сүресі, 60-аят) ، деп Жаратушымыз ескертеді.
Олай болса, басыңа қиын іс түссе, қайғыға батсаң,
Раббыңды көп есіңе ал, ұлық есімдерін атап зікір ет,
құдіретінен медет сұра, жалбарынып жәрдем тіле. Оның
есімін ұлықтау және бостандықтың тәжін кию үшін
маңдайыңды сәждеге қой. Балшықтан жаратыла тұра
азаттық алқасын тағу үшін қолыңды созып алақаныңды
116
Үміт cәулесі
керек» деп артын ойлатып, сонымен әлек ететіні де бар.
Осылайша шайтан адамға артта қалатын бала-шағасын
ойлатып, дүниенің әлегіне салады.
Сол секілді шайтан адамның солынан жақындап,
тыйым салынған мекендерге (түнгі клубтар, ойын-сауық
кештері т.б.) және күнәлі іс-әрекеттерге итермелейді.
Қазіргі күні кең жайылған барлық харам жолдар мен ха
рам істер жасалатын орындар ، шайтанның сол жақтан
соққан соққысының нәтижелері.
Сол секілді шайтанның адамдарды тағы бір азғыру
түрі ، шындықты айтқансып, жаман нәрселерді жақсы
етіп көрсетіп, пенденің оң жағынан жақындауы. Мүмін
үшін ең қауіптісі де осы. Күнәларға жуымайтын,
құлшылықты табиғатына сіңірген мүмінге шайтан оң
істермен келеді. Оған өзінің істеріне көңілін толтырып,
өзіне-өзін мақтатып, кінәні басқалардан іздетіп, жеңіске
жетер жолда жеңіліске ұшыратады. Түнде тәһәжжүд на
мазын оқыса, ертеңіне мұны басқаларға мақтанышпен
айтып, намазының сауабынан құр қалдырады. Қажылық
жасаса да мақтаныш үшін жасап, біреу көрсін, біреу
естісін деген күнәға батырады.
Жалпы алғанда, шайтанның оңнан келуіне оның
үлкен мәселелерді кішірейтіп, түймедейді түйедей етіп
көрсетуін де жатқызуға болады. Міне, осы және осыған
ұқсас жағдайлар да шайтанның оң жақтан соққан
ауыр соққылары. Сондықтан Алла елшісі (с.а.с.) дұға
жасағанда мына дұғаны тастамаған екен:
“Уа, Алла тағалам! Алдымнан, артымнан,
оңымнан, солымнан және үстімнен (келетін барлық
115
Үміт cәулесі
«(Ібіліс) «Қайта тірілетін күнге дейін
мұрсат бер» деді. (Алла): «Саған сұрағаның берілді»,
، деді. (Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның үшін,
әлбетте, мен де адамдарға қарсы Сенің тура жолыңа
көлденең тұрамын. Сонан соң оларға алды-арты
нан, оң-солынан келемін, нәтижесінде көбінің шүкір
ететіндерден емес екенін көресің деді»
(«Ағраф»
сүресі, 14-17 аяттар).
Шайтан адам баласына жаман істер жасатса да,
өзінің жаман пиғылын сездіртпейді. Бірін күнә істерді
істеуге азғырса, енді бірін игі істермен арбайды. Ал
енді бірін үмітсіздікке ұшыратып, өмірін қайғы-мұңға
айналдырады. Мұны шайтанның адам баласына солы
нан болмаса оңынан, алдынан немесе артынан арбап
келуі дейміз. Ал енді осыны шамалы мысалдармен аша
түсейік.
Шайтан пенденің болашақ жайлы үміт-арманын
өшіреді, өлімнен кейінгі өмірді жоқ деп сендіріп,
көңілге қаяу салып, болашақты қараңғы, қасіретке
толы етіп көрсетеді. Жаннат пен тозақ бар ма, жоқ па
деп күмәндандырады. Тіпті, ақыретке барғанда өзім
жауап беремін дегендей ой салады. «Адамдардың көбі
намаз оқымай-ақ, ораза ұстамай-ақ жүр ғой, сен де осы
лай жүре бер, көппен көрген ұлы той» деп азғырып,
адамдардың барлығын өзі секілді етіп көрсетеді. Осы
лайша шайтан адамның алдағы үмітін жою үшін алды
нан келеді.
Сол секілді шайтан: «Заман өзгерді,
пайғамбарларлардың заманы тарихта ғана қалды. Бала-
шаға бар, аш қалады, ақша жинау керек, ертең кедей
болсаң, ешкім жәрдем бермейді, дүние жинап, бай болу
114
Үміт cәулесі
анық көреміз ғой. Көбіміздің кезінде жылы-жұмсақтың
бәрін аузымызға тосып, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай отыратын данагөй апа-атала
рымыз, түнгі ұйқысын төрт бөліп, өздері жемей жегізіп,
өздері кимей кигізген ата-аналарымыз, қиналғанда
көмек қолын созған дос-жаранымыз, құлын-тайдай
тебісіп қатар өскен құрбы-құрдастарымыз бен туған
бауырларымыз арғы ақиқат дүниеге аттанып жатқан
жоқ па? Пенде әрдайым басқалардың өліп жатқанын
көре тұра, өзін ең соңғы өлетін адамдай ойлайды. Өлім
жақын уақытта өзіне келмейтіндей сезінеді. Аурудың
айтпай келгеніндей, өлім де ескертпей келеді.
Осыған қатысты Мәлік ибн Динар деген бір тақуа
кісі: «Кімде-кім дүниеге үйленуге ұсыныс жасаса, одан
қалың мал ретінде дінін түгел беруін сұрайды», ، деген
екен. Иә, дүние қылықты қалыңдық секілді. Бірақ ол
адамға жар болып жарытпайды. Сондықтан дүниенің
осы алдамшылығын білген данагөйлер оны құлай
сүймеген. Осыған орай Шал ақын:
«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар», ، деген. Бұл
дерттен құтылудың ең негізгі жолы ، терең ой жүгіртіп,
жаратылыстың түпкі мақсатын ойлап, дүниенің
ләззаттарын жоятын өлімді жиі еске алу. Сахабаларды
шыңдардың шыңына шығарған негізгі қасиет олардың
бұл дүниеден гөрі ақырет әлеміне терең сенулері
еді. Сондықтан олар қара қылды қақ жарардай терең
жауапкершілікпен өмір сүрді.
113
Үміт cәулесі
  
Адам дүниеде нәпсінің жетегінде кетіп
дүниеқұмарлыққа салынғандықтан, дүние тәтті көрініп,
бұл дүниеден кеткісі келмейді. Пенде өлім жайлы
ойлағысы келмейді. Кімде-кім бір нәрсені ұнатпаса, оны
өзінен алыс санайды, алыстатады да. Өзіне ұнағанын
армандайды. Нәпсіге ұнайтыны да осы дүниеде қалу.
Бұл өмірде мәңгі қалудың шарасын жасайды. Өзіне
қажет санаған байлық, отбасы, үй, достары және басқа
нәрселерді іздестіреді. Осылайша оның жүрегі осыларға
беріліп, осылардан айырылғысы келмейді. Өлімді еш
ойламайды, ойлауға да мұрша таппайды. Егер өлім
жайлы ой келсе, оны кейінге ысырады. «Алдыңда ұзын
өмір бар, өлімге әлі ерте, қартайғанда тәубе етсең де
жетеді» ، деп өзін алдаусыратады. Қартайғаннан кейін:
«Әлі біраз уақыт бар. Әуелі мына үйімді бітіріп алайын,
мына бау-бақшаның жемісін жейін, сосын тәубе етіп
үлгерермін. Соларды бітіріп алған соң балама үй салып
берейін» деген секілді ойларға алданып, тағысын тағы
бітпейтін тіршіліктен өлімді ойлауды кешіктіре береді.
Бір ісі біткен соң шаруа, тіршілік тағы шыға береді.
Осылайша күтпеген мезетте ажал келіп, алқымынан
алғанға дейін өлімді ойлауды кейінге қалдыра береді.
Өлім келгенде қатты қайғырады, өкінеді. Бірақ ол кезде
тым кеш болады. Тозақтықтардың көпшілігі тәубені
кешіктіргендер болады екен.
Дүниеге берілген адам бір күні бос уақыт тауып
тәубе етемін деп ойлайды. Алайда олай емес. Дүниеден
тек дүниені тәрк еткендер ғана құтылған. Бір хадисте:
«Кімді жақсы көрсең оны жақсы көр, бәрібір сен одан
، делінген. Айналамызға қарасақ бұны
112
Үміт cәулесі
генде Алла елшісі оған: «
Әй, Әбу Зәрр! Шындығында
бұған сенің шамаң келмейді. Басшылық ، мойынға
жүктелген ауыр аманат. Сондай-ақ ол қиямет күні
әділдік жасай алмаған басшыны масқара қылып, опық
жегізеді. Алайда басшылық қызметке лайық болып,
міндетін мінсіз, адал атқарғандардың жөні бөлек» ،
деп негізгі өлшемді белгілеп берген-ді.
Ислам тарихынан көргеніміздей, атақты саха
балар да дүниеге құл болып кетуден сақтану үшін
мұндай жоғары лауазымнан қашқан. Мәселен, әзірет
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) халифа сайланар кезде
ол қызметтен қанша қашса да, ақиқаттың ақ туын
желбірету үшін ел басқаруға көнген еді. Ол халифа
ретінде сайланған соң елге жасаған құтпасында: «Уа,
әлеумет! Мен араларыңыздағы ең жақсы кісі болма
сам да, сіздерге басшы болып сайландым. Құран мен
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті өміріміздің бедерін
айқындаушы құралымыз болмақ. Шамам келмейтін
жауапкершілігі ауыр істі еріксіз мойныма алдым. Бұл
міндетті абыроймен алып жүре алатын біреудің сайла
нуын қалар едім. Сіздерге Алладан қорқыңдар деймін»,
، деп көңіл тебіренісін білдірген еді.
Әділеттің символына айналған Омар Фаруқтың
(р.а.) ел басқарудағы жауапкершілік сезімі ، бүкіл
адамзатқа қайталанбас үлгі-өнеге. Оның «Егер Ефрат
өзенінің жағалауында бір түйе жоғалып кетсе немесе бір
қой суға батып өлсе, оның есебін Алла менен сұрай ма
деп қорқамын» деп, халифа сайланған соң күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан айырылған-ды.
111
Үміт cәулесі
луды қалаған ешкім, ақырет ләззатын татқан емес, Алла
бұларға мейірім етсін», ، дейді.
Халил ибн Ахмет: «Уа, Алла тағалам, өз жаныңда
мені мәртебесі ең жоғарғылардан, өз көзқарасымда
ең төменгілерден, ал халық назарында орташа
болғандардың қатарынан ете гөр!», ، деп дұға тілейді
екен.
Фудайл ибн Иаз: «Мүмкіндігінше атақты болмауға
тырыс. Өйткені халықтың сені елемеуі зиян келтірмегені
секілді, мақтап-марапаттауы да пайда бермейді.
Алланың алдында қадірлі, жұрттың алдында масқара
болғанның ешқандай да зияны жоқ»,، деп халықтың
алдында қандай болғаның емес, Жаратушы жаппар
иеміздің құзырында қандай болғанымыз өте маңызды
екендігін айтқан.
Бұл айтылғанның бәрінен атаққұмарлыққа
ұмтылып, соны ғана мақсат тұтудың жаман қасиет екенін
ұғынамыз. Жоғары лауазым, қызметке жеткен кезде
оның буына мастанатындар ерік-жігері төмен жандар
болып табылады. Алайда діннің таралуы мақсатында
жоғары лауазымды қалау, Алла тағаланың қалауымен
танымал болу, құптарлық іс осы. Егер адам өзі қаламаса
да ел оны лайық деп тапса, сол қызметті мойнына
алғаны жөн. Бұл жайлы Пайғамбарымыз Абдуррах
ман ибн Сәмураға (р.а.): «
Әй, Абдуллаһ ибн Сәмура!
Өздігіңнен билікке ұмтылма. Егер саған сұрамай-ақ
билік берілсе, сол істе Алланың қолдауын табасың.
Ал, егер оны өзің сұрап алсаң, бүкіл жауапкершілігі
мойныңа артылады»,
، деген
57
Бірде тақуалығымен танымал Әбу Зәрр (р.а.) Рақым
пайғамбарынан (с.а.с.) басшылық лауазым сұрап кел
110
Үміт cәулесі
Ал Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай
дегенін жеткізеді:
«Алланың қорғауында болғандардан
тыс, күнәһар болуға адамның діні әрі дүниесі жағынан
ел ішінде танымал болуы жетеді. Тіпті, күнә ретінде
жетіп артылады. Алла тағала сендердің мәшһүр
болғаныңа қарамайды. Алла тек жүректеріңе және
амалдарыңа қарайды»
, ، деген. Хасан Басри бұл
хадисті түсіндіріп жатқанда біреу оған: «Шындығында,
сен адамдар арасында танымалсың ، деп, атақты болу
жаман болса, ол сенде де бар емес пе», ، дегендей астар
лап сұрайды. Сонда Хасан Басри: «Хадисте танымал
болудың мағынасы бұл емес. Оның мағынасы дінде
бидғатшы, ал дүние жағынан пасық болған адам», ،
деп жаман жағынан әйгілі болуды айтқан.
Әли (р.а.) былай дейді: «
Салтанатты таста,
атақтың соңын қума! Танымал болу үшін өзіңді
көтерме. Білімді секілді көрінуге тырыспа, бірақ
білімді бол. Ісіңді құпия сақта, көп сөйлеме, сонда аман
боласың. Осы ісіңмен жақсы адамдарды қуантып,
пасық та күнәһар адамдарды ашуландырған боласың
، деген екен.
Халид ибн Мағдан төңірегіндегі адамдардың саны
көбейгенде, әйгілі болып тәкаппарлыққа түсіп кетем
бе деп қорыққандықтан сабақ беретін алқасын тастап
кетеді екен.
Әбу Али жанында үш адамнан көп кісі отырса,
тұрып кетеді екен. Хаушаб деген кісі өзінің аты та
нымал болуды қаламағандықтан: «Менің атым жұма
оқылатын мешітке дейін жетті», ، деп өкінген екен.
Бишр деген кісі былай деген екен: «Елге танымал бо
109
Үміт cәулесі
сипаттағанда
نو
فا
«...
Жазғырушылардың
айыптауынан қорықпайтындар
...» деп өзі тура дінде
болғандықтан, пиғылы жамандардың жазғыруынан, ай
ыптауынан қорықпайтындығын айтқан.
Өмірдегі жауапкершіліктердің бірі ، мансап. Себебі
мансап үшін алынатын салық ، сенің өте қымбат
нәрселерің. Олар ، арайлы жүзің, денсаулығың және
тыныштығың. Оған қоса қаның, жақсы атағың, рахатың,
абыройың, құрметің және мейірімділігің. Міне, осы
күнделікті салықтардан құтылатындар өте аз. Хадисте
басшылықты тілеме
» делінеді.
Дүние кісіге барлық нәрсе берді деп ойлайық. Алай
да адам баласы онымен қай жерге дейін бармақ? Пәни
бітпек. Бір салиқалы кісі ұлына: «Балам, басшы болма!
Негізі басшылықтың қайғы-қасіреті көп», ، депті. Рас,
ешқашан басшы болуға, жұрттың назары тегіс өзіңе
ауғанына құштарланбау қажет. Себебі сын сөздер мен
ауыртпашылықтар алдымен басшылардың басына
төнеді.
Көбінесе адамның жоғары лауазымға деген
талпыныстағы мақсат ، атақты, танымал, өзгелерден
өзін жоғары етіп көрсету болып келеді. Ал ондай ниет
пен мансапты болу абыройсыздыққа ұрындырады. Әнас
(р.а.):
«Адамдар тарапынан діні мен дүниесі жағынан
есімі ат үркетіндей танымал болу, күнә ретінде оған
жеткілікті. Бұдан тек Алланың қорғауында болғандар
ғана тыс»
55
, ، деген.
10:
Үміт cәулесі
рып: «Көке, менің саған ақыретте шапағат етуім үшін
«лә илаһа иллалла» деп айтшы» деп өтінеді. Әбу Тәліп
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мен өлген соң жұрттың
мені алжып, не айтқанын білмеді деп кінәламайтынына
көзім жетсе, өтінішіңді ойланбастан орындаған болар
едім. Құрайыш ажалдан қорқып иманын айтты деп ар
тымнан сөз қылатынын білгендіктен айтпаймын» деген
болатын.
Жанындай сүйетін көкесінің ақыретте жау
ыз мүшріктермен бірдей мүшкіл халде қалуын
қаламағандықтан Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) оны тәухидке
шақыруын доғармады. Әбу Тәліптің жүрегі тоқтаған
сәтте хазірет Аббас та қасында еді. Көзі жұмылып бара
жатып Әбу Тәліптің бір сөздерді айтқандығын дәлелге
алып, ол мұсылман болды дейді. Бірақ бұл күмәнді.
Өйткені Имам Әбу Ханифа иман етпей кеткендігін ай
тады. Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) да хазірет Аббастың
сөзін құптамайды, өйткені нақты еш нәрсе естімеген.
Алайда Алла елшісі (с.а.с.) бірнеше күн қатарынан Әбу
Тәліпке дұға жасайды. Бұл жағдайды білген сахабалар
да Ислам дінін қабылдамай өліп кеткен туыстарына
дұға тілей бастайды. Іле-шала төмендегі аят уахи болды:
Пайғамбарға немесе басқа мұсылмандарға туысқан
болса да, жаһаннамдық екені белгілі мүшріктер үшін
кешірім сұрау дұрыс емес”
. Бұл аят түскеннен бастап
Ислам дінін қабылдамай қайтыс болғандарға дұға етуге
тыйым салынады.
Олай болса біреулердің айып тағуынан, кемсітуінен,
келемеждеуінен қорқып, ақиқаттан ауытқу дұрыс
емес. Құран кәрімде шынайы иманды мұсылмандарды
«Тәуба» сүресі, 113-аят
107
Үміт cәулесі
дасам, сіздермен бірге пейіште бола аламын ба?» деп
сұрайды. Екі жаһан сардары (с.а.с.) сонда: «Иә, әрине,
бола аласың, Аллаға ант етейін, Асуадтың жәннаттағы
ақ түсті болғандығы сонша, оның сәулесі мың жылдық
ұзақ жолдан көрінетін болады» деп сүйіншілеген.
Осындай шаттықтан Асуад Аллаға иман етіп, қатты
қуаныштан жылап жібереді.
  
Адам әлсіздігінің бірі ، айналасындағы адамдардың
айтқанымен өмір сүру. Кейбіреулердің жамандауы
нан қорқып, кемсітуінен сақтанып, дұрыс болмаса да
олардың қалағанымен жүру. Тіпті мәңгілік өміріне бай
ланысты дінін қорғай алмай, кейбір надан адамдардың
жамандауынан қорқып, «сөз болады, ұят-ақ, беделіме
нұқсан келеді, өмір бойы жаман атты боламын» деп
бұрыс дінді, жаман жолды ұстанып, хараммен ауыз
данып, парыз амалдарды орындағысы келмейтіндер
жетерлік. Пенде адамнан емес Алладан қорқуы ке
рек. Құранда:
ني
م م
تن
ك ن
إ
و
ت
Егер шы
найы мұсылман болсаңдар, олардан емес, Менен
деп, мұсылманның тек бір Алладан қорқу
керектігін айтқан. Тарихтан мысал келтірер болсақ,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Әбу Тәліптің Ислам
дінін қабыл алмауының да басты себебі қауымының
айыптауынан қорқу болатын. Расулаллаға қаншалықты
қаны туыс жақын болса да, қауымының жамандауы
нан, абыройының түсуінен иман келтірмеді. Әбу Тәліп
қайтыс болар сәтінде Алла елшісі (с.а.с.) жанына ба
106
Үміт cәулесі
өміріміздегі қағидаларымен өлшеп, бір нәтижеге жету
мүмкін емес. Өйткені пәни әлемде барлық нәрсе бір
хикметке байланысты жаратылған, ал ақыретте еш
себепсіз-ақ дегенің лезде орындалып, қалауыңа сай
мың құбылады. Онда емтихан сыры болмағандықтан,
таңғажайыптар артып, әдеттен тыс кейіптерге бөленіп,
таңдандырған үстіне таңдандырады. Алланың құдіреті
мен нығметіне шүкір қылап мадақтап, разылығын ай
тып «Әлһамду лиллаһ», «Аллаһу акбар» дейді.
Дүниеде ағаш сөйлемейді, тас сөзді түсінбейді,
су бұйрықты тыңдамайды, жануар ұғынбайды. Ал
ақыретте барлық нәрселерге жан бітіп, адамдарға
қызмет қылады. Қиялмен, жүрекпен, сезіммен нені
ойласақ, нені қаласақ, барлығы беріледі. Қалаған заттар
еш себепсіз, қиналмастан бар болады.
Осындай әлемде адамдар ақыреттегі дәрежелеріне
қарай Алланың нығметтеріне ие болады. Пәни дүниедегі
келбет-ажары, болмыс-кейпі сол қалыпында қалса да
әдемілігі, әсемдігі артады. Кемшіліктері толықтырылып,
айыптарынан айығып, кәміл бейнеде болады. Алла
пейіште мұсылмандарға нығметін артығымен төгіп,
жақсы көргендерін, қалағандарын береді. Олай болса кез
келген пейіштік пенде қалаған тері реңіне өзгере алады.
Мысалы, қара нәсілділер жәннатта ақ болғылары келсе
немесе ақ нәсілді қара болғысы келсе Алла өтініштерін
оп-оңай орындайды. Алтын ғасырда бұған ұқсас оқиға
болғанын баяндасақ, тақырыпты жақсырақ аша түсетіні
хақ. Хабашистандық Асуад есімді көмірдей қап-қара кісі
пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, расулалла, Алла
сіздерді түр, түс және пайғамбарлық жағынан ерекше
қылып жаратты. Егер мен сіздердің сенгендеріңізге
сеніп, иман келтірсем, жақсы амалдарыңызды орын
105
Үміт cәулесі
ларды нұсқады да: «Сен көріп тұрған мына сүйектер
де бір кезде сендер сияқты дүниені пайда қылумен
шұғылданып жүрген жандар еді. Міне, қазір еттерінен
ажырап, саудырап сүйектері ғана қалды. Бірте-бірте
әбден шіріп, топыраққа айналады. Ал мына нәжістер
бұрын желінген жылы-жұмсақ тағамдар еді. Қайдан
болса, әйтеуір тауып, ауызға тоғытушы еді. Қазір
қарашы, жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Ал
мынау тозығы жеткен маталар бір кездерде әдемі,
әсем киімдер еді. Жел олардың тоз-тозын шығарған.
Мына сүйектер олар мініп алып, жер-жерді шар
лап, шапқылап жүрген көліктерінің сүйектері. Міне,
дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тіршілігі
үшін жылағысы келгендер жыласын»,
، деген. Тағы
бір даналыққа толы інжу-маржан сөзінде дүние мен
ақыреттің мәнін ұқтырып:
«Бұл дүние мен мәңгілік
дүниенің айырмашылығын білу үшін араларыңнан
біреуің саусағын теңізге салсын да, одан не ілгеніне
қарасын»
52
, ،
деп біздерге өсиет айтқан. Майлықожа
бабамыз да:
«Бұл дүние екі жол:
Бірі оң да, бірі сол.
Бірін тапсаң, бірі жоқ,
Дүние қысқа, ақырет мол», ، деп осы мәнге үн
қосады.
 
Ақырет
،
құдірет мекені болғандықтан, біздің
шектеулі әлемімізбен салыстыра алмаймыз. Бұл
Риадус-салихин (Мүслим).
104
Үміт cәулесі
Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл дүниедегі байлықты
осы жақта қалдырып кетеміз. Арғы дүниеге ештеңе де
алып кете алмасымыз хақ. Мәңгілік өмірге бұл жақтан
бір нәрсе алып барудың қажеті де шамалы. Ол жақтың
байлығы онсыз да жеткілікті. Енді өзіңіз ой жүгіртіп
байқаңызшы, біздің дүниеқұмарлығымыз мал-дүниені
жинап-теріп арғы дүниеге алып кететіндей өмір сүретін
адамдарға ұқсап кеткен жоқ па?
Мына бір қиссаны еске сала кетейік. Бірде өте
бақуатты кісі өлер алдында балаларына: «Өмірден
өткенімде мені кебіндеген соң, маған мына шұлығымды
аяғыма кигізіп көміңдер» деп өсиет айтыпты. Әкесі
қайтыс болғаннан кейін молда кебіндеп жатқанда бала
сы барып: «Әкем мына шұлықты аяғыма кигіз деп өсиет
қалдырып еді, соңғы сөзін орындауға рұқсат етсеңіз»
дейді. Әлгі молда шариғат бойынша бұлай істеу дұрыс
емес деп кигізбей қояды. Балалары әкелерін қара жердің
қойнына беріп үйлеріне оралғанда көршілері бір хат
әкеліп береді. Балалары хатты ашып оқыса онда былай
делінген екен: «Балаларым, көрдіңдер ме, мен қанша
бай болсам да мына дүниеден бір шүберек шұлықты
да алып кете алмадым. Олай болса, дүниеге алда
нып қалмай, сау кездеріңде ақырет азығын жинауға
тырысыңдар!».
Бір күні мейірім жаршысы Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Әбу Хұрайраға:
«Әй, Әбу Хұрайра, саған дүниені шын
бет-бейнесімен көрсетейін бе?», ، деп сұрады. ، «Иә,
көрсетіңіз», ، дегенде, Алла елшісі оны Мәдинаның
қоқыстары төгілетін жерге ертіп барды. Онда
жыртық киімдер, адамның түрлі ластықтары,
тіпті адам сүйектері де шашылып жатыр еді. Со
103
Үміт cәулесі
дәулетті еді. Кейбір ғибратты кітаптарда баяндалғандай
Алланың досы атанған Ибраһим пайғамбар (а.с.) да өте
бай болған екен. Періштелердің өзі «Уа, Жаратқан, Сен
Ибраһимді досым дейсің ғой» деп соншама байлық
пен достықты қалай бағамдаудың мәнісін түсіне ал
май сұраған кезде «Шынайы дос па, емес пе, білу
үшін оны сынап көріңдер» дейді. Періштелер ұзақ
жолдан әбден титықтап, шаршап-шалдыққан жолау
шы бейнесінде келіп, аш екенін айтып, тамақ беруін
сұрайды. Ибраһим пайғамбар бір қойды сойып жіберіп,
етін пісіріп әкеп алдарына қояды. Олар тамаққа қол соза
бере «бисмиллә» деудің орнына періштелерге ғана тән
«Суббухун, Қуддусун, Раббул-мәләикәти уәр-Рух» де
ген зікірді айтады. Жаратқанды жанынан артық жақсы
көретін ынтық пайғамбар бұл керемет сөздерге таң
қалып «Құдай үшін өтінемін, қойларымның төрттен
бірін сендерге берейін, әлгі ғажап сөздерді тағы бір
рет айтыңдаршы» деп қиыла сұрайды. Періштелер
қайталайды. Бұл жолы Ибраһим (а.с.) «жартысын сен
дерге берейін тағы бір рет қайталаңдаршы» деп, ақыр
соңында қойларының барлығын әлгі қонақтарына
береді. Сонда ғана періштелер Жаратқанның Ибраһимді
неге досым деп атағанын ұққан екен.
Тақауа әрі ілімді Имам Әбу Ханифаның да бай,
дәулетті кісі болғаны тарихымызда белгілі. Дүниеге
айрылмастай жабысып қалмай, қажет кезінде елдің
игілігі үшін жұмсай білсек, дүниенің көптігінің зияны
тимейді. Қайта елге пайда әкеледі. Мұсылман дәулетті
болмаса парыз етілген зекетті кім төлеп, міндеттелген
қажылыққа кім барады, кім мешіт-медресе, көпір, жол,
аурухана мен ғылым ошақтарын салады?
102
Үміт cәулесі
ақыреттегі мәңгілік бақытқа осы дүние арқылы қол
жеткізетіндігіміз айтылған.
Мұсылман адам дүниені дұрыс бағамдай алған кез
де ғана шынайы міндетін дұрыс атқара алады. Әйтпесе
асырасілтеушілікке немесе мүлдем немқұрайдылыққа
салынып, тепе-теңдікті жоғалтып алады. Ислам дінінің
түпкі мақсатын дұрыс түсінгенде ғана осы дүние мен
ақыретте бақытқа қол жеткізе алмақ. Онда негізгі өлшем
қандай болмақ? Негізгі өлшемді де бізге бекітіп берген,
бізді жаратқан Алла тағала. Ол Құран кәрімде:
«Алланың саған бергендерімен ақырет жұртын
қала, бірақ дүниедегі нәсібіңді ұмытпа!»
، деп
(«Қасас» сүресі, 77) алтын қағиданы белгілеген. Бұл
аятта «ибтағи» (жан дүниеңмен қалау) етістігі ақырет
үшін қолданылған. Яғни, Алланың осы дүниеде бер
ген несібелерінің (ақыл-сана, денсаулық, мал-дүние,
бала-шаға т.б.) игілігін көрумен қатар негізгі мақсат,
ақыретті ұмытпау керектігі баса айтылып тұр. Мұны
мұсылман ғалымдары «дүниеге дүниедей, ал ақыретке
ақыреттей мән беру» деп түйіндеген.
Міне, дүниені екі келбеті тұрғысынан бағамдасақ,
дүниеде де ақыретте де ізгілікке кенелгендерден бола
мыз. Ол дегеніңіз дүниені жүректе емес, қолда ұстау
түсінігі. Сондай түсінікке ие бола алсақ, Қарунның
байлығындай самсаған байлыққа қол жеткізе ала
мыз. Өйткені Алла тағала бізді жер бетіне халифа етіп
жіберген. Пайғамбарымыздың саңлақ сахабасы Абдур
рахан ибн Ауф (р.а.) шет елдермен сауда жасасатын өте
бай кісі еді. Пайғамбарымыз оған «Неге бай боласың?»
деп ұрысқан емес. Досы Әбу Бәкір (р.а.) де, Осман да
101
Үміт cәулесі
үшеуінің де жауабы бір жерден шығып еді: «Аштық
итермеледі». Иә, үшеуі де Алла үшін барын беріп жүрсе
де, өздеріне азық боларлық бір тілім нан таба алмағаны
үшін дөңбекшіп ұйықтай алмай, сыртқа шыққан еді
51
Олар өздері үшін емес, өзгелерді бақытты ету үшін
ғұмыр кешті.
Егер бұл дүние рахаттану үшін, ләззат алу үшін
жаратылғанда, бұлар мұндай күй кешпес еді. Алла
елшісі (с.а.с.): «
Дүние ، мүміннің зынданы, кәпірдің
жәннаты
» деп айтпас еді,
«дүниеде аш болғандар
ақыретте тозақ отын көрмейді»
деп сүйіншілемес еді.
    \n\r  \n\n
Бұл дүниенің ой-шұқыры көп. Бірде күле қараса,
бірде жылатады. Мұсылман баласы осындай ойлы-
қырлы, аумалы-төкпелі дүниеде әрқашан теңдікті
сақтайтын жан. Сол үшін біз күніне қырық рет
Жаратқанға жалбарынып, бізді тура жолға бастай гөр
деп дұға тілеп, екі аяғымызды тең бастыруын сұраймыз.
Көптеген Құран аяттары мен хадистерге қараған
кезімізде дүниені терістегендей көрінуі мүмкін. Алайда
басқа да аят-хадистерге зер салғанда адамдармен қоян-
қолтық араласып жаннатқа кіретіндігіміз, тау басына
шығып кетіп терең құлшылыққа берілген пенденің емес,
адамдардың арасында жүріп, олардың қиындықтарын
шешуге тырысқын жанның күшті мұсылман екендігін,
адал еңбекпен мал табудың артықшылығын, тіпті
Мүслим, Әшриба, 140; Тирмизи, Зуһд, 39; Кәнзул-Уммал,
124
Үміт cәулесі
тұнық емес май түбіндегі қалдыққа ұқсас болып келеді.
Ал екіншісі майға ұқсайды. Алла тағала қаннан бұл екі
артық затты сорып, қанды тазартып отыратын өт пен
көк бауыр (талақ) жаратты. Өт пен көк бауырда, бауыр
мен жалғасқан түтіктер бар. Осы түтіктер арқылы қанды
тазартады. Осылайша қан тап-таза күйде сақталады.
Қан сұйық болады. Егер сұйық болмаса тамырлар
арқылы ағзаларға жоғары қарай көтеріле алмас еді.
Сондықтан Алла тағала екі бүйректі жаратты. Бұлардың
әрқайсысының бауырға созылған түтіктері бар.
Бүйрек бауырдан қанды тікелей сормай
ды, бауырдың майда тамырлары арқылы шыққан
сұйықтықты сорып, тазартып отырады. Қан соңында
тап-таза, азық болуға қолайлы халге енеді. Сосын
Алла тағала бауырдан бірнеше тамырлар шығарған,
ол тамырларды да бірнеше топқа бөлген. Әр топты өз
ішінде бірнеше кішкентай топқа бөлген. Қан осы тамыр
лар арқылы адамның басынан аяғына дейінгі барлық
мүшелеріне тарап, азық болады. Егер осы ағзалардың
біреуі істен шығып қалса, қан бұзылып, адамдар түрлі
ауру, науқасқа шалдығады.
Бұлардың барлығы Алланың адам баласына
жасаған сансыз нығметі. Егер тамырлардың біреуі
істен шықса, өмір сүре алмасымыз анық. Олай бол
са, біріншіден Алланың бізге берген нығметіне қарап,
шүкір ету қажет. Өйткені біз тек тамақ жеудегі Алланың
нығметін ғана білдік. Алайда тамақ жеу, Алланың
сансыз нығметтерінің ең төменгісі ғана. Сен тамақ
жеуді тек қарның ашқанда ғана білесің. Алайда жа
нуар да ашыққанда қоректі, шаршағанда дем алуды,
нәпсі қаламаса құмартпауды біледі. Ал адам баласы
жануардың білгенінен артығын білмесе, Алланың сан
123
Үміт cәулесі
Алла тағала шайнауда зор маңызға ие тілді жаратты.
Өйткені тіл ауыздың барлық жерінде жүре алады. Ол
тамақты тістердің арасына ыңғайлайды. Сонымен қатар
тіл тамақтың дәмін сездіреді, адамды сөйлетеді және
тағы да көптеген қызметтері бар.
Сосын тамақ майдаланды делік, бірақ құрғақ
тамақты қалай жұтасың, күшің жетпейді. Алла
тағала тілдің астынан келетін сілекейді жаратты. Осы
ылғалдылықты тамаққа қосу арқылы оңай жұта аласың.
Одан кейін осы майдаланған, ылғалдылықпен
араласқан тамақты асқазанға алып баратын не? Әрине,
жұтқыншақ, Алла тағала сол арқылы тамақтың асқазанға
оңай түсу жолын жасап берді. Тамақты сығылып
асқазанға түсетіндей етіп жаратты.
Алла тағала асқазанды бір ас пісіретін қазан іспетті
жасаған. Барлық түскен тамақтарды алып, аузы жабы
лып, өзінің айналасындағы ағзалардың ыстықтығымен
тамақ қорытылып, толық болғанға дейін асқазан есігі
жабық тұрады. Асқазанның оң жағында бауыр, сол
жағында көк бауыр, алдында кеуде сүйектері, ал ар
тында арқа еттер бар. Осылайша асқазан қоршалып,
осылардың ыстықтығымен асқазандағы тамақ пісіп,
бір ашытқыға айналады. Осылайша тамырлардың
тесіктерінен өтуге ыңғайлы күйге келеді.
Тамақ бұл кезде адам денесіне азық болуға әлі жа
рамсыз. Осылайша Алла тағала асқазандағы азық пен
бауырдың арасына түтіктер жаратқан. Азықтар осы
түтіктер арқылы ағып бауырға барады. Бауыр бір қан
секілді, одан жан-жаққа тамырлар тарайды. Асқазаннан
кейінгі екінші бір пісіретін орын секілді азықтардың
барлығы осы бауырда тұрады. Бауыр осы азықты қанға
айналдырады. Қанда екі артық нәрсе пайда болады. Бірі
122
Үміт cәулесі
етіп жаратты. Егер бұлар бірге болғанда немесе бір-
бірінің үстінде орналасқанда, керекті қызметін атқара
алмас еді. Сондай-ақ алдындағы асты алып жеудің өзі
қиынға соғар еді. Сондықтан олардың арасын ашқанда
айыр, біріктіргенде ожау секілді, ал жұмсаң тас-түйін
жұдырық болады. Сосын саусақтардың ұштары жайы
лып кетпей, саусақпен ала алмағанды осы тырнақпен алу
үшін Алла тағала олардың бастарына тырнақ жаратқан.
Тырнақтарды саусақтардың ұштарын қорғайтындай
қылып қаптап қойды.
Ал енді екі қолмен алған ас, егер асқазанға бармаса
мүлде пайда жоқ. Сондықтан асқазанға ауыз арқылы
баратын жол жасады. Осылайша Алла тағала ауыз
ды жаратты. Ауызды асқазан жолы болуымен қатар,
асқазанның бір қақпасы етті.
Тамақты ауызға қойғанмен жұту қажет болады.
Сондықтан тамақты ұсақтайтын диірмен секілді екі
жақты жаратты. Ол екі жаққа тістерді тізіп қойды.
Астыңғы тістер үстіңгі тістерге сай қозғалып, екеуі бір-
біріне тиіп, ортадағы азықты асқазанға лайықты етіп
бөлшектеп, майдалайды. Бірақ асымыз кейде сынды
руды, сосын ұнтақтауды қажет етеді. Сондықтан оны
бөлетін алдыңғы күрек тістер мен майдалайтын азу
тістерді ерекше етіп жаратты. Астыңғы жақты үстіңгі
жақтың ыңғайына қарай қозғалатын етті. Өйткені бір
нәрсені шайнағанда үстіңгі жақ қимылдайтын болса,
адамның басы шайқалып, өз кезегінде бұл ауырлық
тудырар еді. Алайда диірмендерге келсек, оның
үстіңгі тасы қимылдайды. Бірақ Алла тағала адамға
астыңғы жақты шайнауға ыңғайлы болсын деп, еркін
қимылдайтын қылды.
121
Үміт cәулесі
ағаштар, зәулім сарайлар, жемістері иілген ағаштар,
сылдырап аққан бұлақтар бар. Иісі жұпар аңқиды.
Ондағы қуаныш ، нағыз қуаныш. Ал енді бізге осын
шама нәрселерді ойламайтындай басымызға не күн
туды?! Олай болса, әй, кедейліктен зардап шегіп, ба
сына келген қиыншылықтан мезі болғандар! Мына пәни
өмірдің қиыншылығының өткінші екенін, ал соған са
быр еткендерге арғы өмірде мәңгілік жаннат берілетінін
ойлаңдар.
ِرا
دلا ى
ف
ص ا
ب م
«Сабыр еткендіктерің
үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Ақыреттегі
баратын мекендерің қандай жақсы» («
Рағыд» сүресі,
24-аят) деп түсіндіруге тіл жетпейтін ақырет ақиқаты
мұсылман үшін шексіз бақыт мекені болмақ.
Қасиетті Құранда Алла тағала:
«Егер Алланың
нығметтерін санамақ болсаң, есебіне жете алмайсың»
дейді («Нахыл» сүресі, 1:-аят). Сол нығметтердің бірі
خ ас ішу. Адам тамақтануда қолданатын ағзалары
жайлы ойланса, оның үлкен нығмет екенін түсінеді.
Мысалы, біз алдымыздағы асты алу үшін бір құралға
мұқтажбыз. Сондықтан Алла тағала біз үшін екі қол
жаратты. Осы екі қолмен қалағанымызды ала ала
мыз. Бұл қолмен айналасында не бар болса, соны
алуға ыңғайлы етіп, қолды түрлі бағытқа бара алатын
етіп жаратты. Қолдарымызды жиналып, ұзаратындай
икемді етіп жаратты, ал егер оқтаудай тіп-тіке болса
қайтер едік? Ұстап алуға ыңғайлы қылып бес саусақты
алақанды жаратты. Саусақтардың өзіне әр түрлі пішін
беріп, бір-біріне үйлесімді, жұмыс істеуге өте оңтайлы
100
Үміт cәулесі
«Дүние лағынеттелген және ондағы бүкіл
нәрселер де лағынеттелген, тек Алланы еске алу,
Оны дос қылатын нәрселер, ғалым және білім алу
шылар бұдан тыс»
50
, ،
деп дүниенің алдамшылығын
білдірген. Сондықтан қиялға берілмей, шынайы
тіршілік жағдайында өмір сүру керек. Өмірді шынайы
бейнесінде қабылдап солай ғұмыр кеш. Өзіңді тұрған
жеріңе, айналаңа бейімде. Еш уақытта саған мінсіз дос
табылмайды және өзің де мінсіз бола алмайсың. Өйткені
бәрі жеткілікті болу, бәрі мінсіз болу бұл дүниеге тән
емес.
Бұл өмірдің қаталдығынан өкінбе, өйткені жалған
ғұмырың машақаттан, қу тіршіліктен тұрады. Арасында
қуанышты сәттер де орын алып жатады. Бірақ оның бәрі
де өткінші. Сондықтан Алла тағала өзінің сүйген, әулие
құлдарын бұл жерде тұрақты етпеген.
Бұл өмір сынақ болмаса, мұнда ауру мен машақат,
кедейшілік кездеспес еді. Алайда Нұх (а.с.) өз
қауымынан қатты азап көрді, оны келеке етті, Ибраһим
(а.с.) отқа тасталды, Яқуб (а.с.) жылағаны сонша,
көз жанарынан айырылды, Аюб (а.с.) өлімші ауруға
шалдықты, Мұхаммед (а.с.) кедейшілікпен өмір сүрді,
жаулары достарын өлтірді, өзін отанынан қуды. Осы
лайша Алланың сүйген құлдары мен пайғамбарлар
әрдайым бұл өмірде қиыншылық көрді.
Бір жолы Хақ Пайғамбар хазірет Әбу Бәкір және
Омармен түн ортасында Мәдинаның бір көшесінде
ойламаған жерден кездесіп қалып, бір-бірінен түн
жарымында неге сыртқа шыққанын сұрасады. Сонда
Үміт cәулесі
Алла елшісі (с.а.с.) біреуге сөз бергенде
«үміттенеміз» деген сөзді қосып айтатын. Ал Ибн
Масғуд қандай да бір уәде бергенде «Егер Алла қаласа»
деген сөзді қосып айтатын. Берген уәдеге осы сөздерді
қосып айту абзал. Өйткені алдағы істің барлығы
Алланың қалауымен болады. Берген уәдені міндетті
түрде орындау керек. Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде:
«Мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі үшеу:
сөйлегенде өтірік айтады, берген уәдесінде тұрмайды,
аманатқа қиянат жасайды»
44
деген.
Бір себеп немесе бөгет болған жағдайда ғана өзгеріс
орын алуы мүмкін. Яғни сөз беріп, уәде етіп, одан кейін
бір кедергі болып уәдесін орындай алмаса, бұл адам
мұнафық саналмайды.
Алла елшісі (с.а.с) Әбу Хайсам деген сахабаға
бір қызметші беремін деп сөз берген болатын. Бірде
Пайғамбарымызға (с.а.с.) үш тұтқын әкелінді. Олардың
екеуін әлдекімдерге берді де, біреуін алып қалды. Сол
мезетте қызы Фатима (р.а.) келіп: «Әкешім! Диірмен
тасып айналдырудан қолымның күс-күс болғанын
қарашы?» ، деп, бір қызметші сұрап келгендігін
білдіреді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) әлдеқашан бер
ген уәдесін есіне алып: «Әбу Хайсамға берген уәдем
қалай болмақ?» ، деп берген уәдесін орындауды жөн
санайды
45
Үміт cәулесі
берілген уәде орындаусыз қалады. Бұлай істеу күнә
болып саналады.
Алла тағала Құранда:
«Ей, иман еткендер! Берген
уәделеріңде тұрыңдар»
, ، деген. Алла елшісі (с.а.с.):
«Уәде ، зат тәрізді. Қалайша бір затты біреуге, бер
геннен кейін қайтып алмайтының секілді, уәде де
берілгеннен кейін қайта алынбайды»
деп түсіндірген.
Омар (р.а.) өмірінің соңында: «
Құрайыштың бір
кісісі менен қызымды сұрап, уәдемді алып еді. Аллаға
ант етейін, мен мұнафықтық белгімен Алланың
құзырына барғанды қаламаймын. Сондықтан куә
болыңдар, мен қызымды оған бердім!»
، деп өлім ау
зында жатса да уәдесіне беріктік танытқан.
Абдурахман ибн Әбу Ханса былай дейді: «Алла
елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық келмей тұрып, оны
мен арада сауда жасасқан болатынмын. Бірде оған
қарызданып қалдым да: «Пәлен деген жерде кездесейік,
қарызыңды алып келіп беремін», ، деп сөз бердім.
Сол күні уағадаласқан жерге келуді ұмытып кетіппін.
Ертеңіне де есімде болмады. Үшінші күні алып-
ұшып барсам, әлі сол жерде мені күтіп тұр екен. Мені
көрісімен: «Ей, жігіт! Сен мені қинап қойдың ғой! Сені
осы жерде үш күннен бері күтудемін», ، дейді. Кездесу
ге келісіп қойған соң, уәдесін бұзбастан Пайғамбарымыз
(с.а.с.) әлгі жігітті уәделескен жерінде үш күн күткен
екен.
Бір кісі Ибраһим Наһаиден: «Біреу біреуге
кездесеміз деп сөз берсе, қанша уақыт күтуі керек?»
، деп сұрайды. Ибраһим Наһай: «Алдағы намаздың
кіретін уақытына дейін күтуі керек», ، деп жауап береді.
«Мәида» сүресі, 1-аят.
Үміт cәулесі
сол сөзі үшін әлгі адамға ақыретке дейін ашулы екенін
жазып қояды
40
Келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Шын
мұсылман ، тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін
адам»
41
деп, жақсы сөзі мен жарым ырыс сыйлайтын,
ешкімге зияны тимейтін тілді айтқан.
Орынды сөйлеу ، әдептілік пен сыпайылықтың
белгісі. Сондықтан шәкірт ұстаздың, кіші үлкеннің ай
ыбын бетіне баспағаны дұрыс. Тіпті әрбір адамға айтар
сөзіміз құлаққа жағымды, бас шұлғытатындай қисынды
болуы тиіс. Әлішер Науаидың:
Аузына келгенін айту ، наданның ісі,
Алдына келгенін жеу ، хайуанның ісі, ، дегені
орынды ескерту.
Бос сөйлеу де жаман қасиеттердің бірі. Алла елшісі
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне
иман етсе, сөйлегенде жақсы сөз сөйлесін, әйтпесе
үндемесін»
42
، деп, тілін жамандықтан сақтау керектігін
ескерткен. Демек, кей жағдайда үнсіз қалу, бос сөзден
абзал. «Аз сөз ، алтын, көп сөз ، көмір» деген ғой ата
ларымыз.
\n \f  
Адамның салақұлаш тілі шамасы мейлі жетсін,
мейлі жетпесін уәде беруге бейім тұрады. Тіпті ойлан
бастан уәде беріп қоятын кездер де жиі кездеседі. Сосын
нәпсі сол уәдені орындамауға жетелейді. Осылайша
Үміт cәулесі
Сондықтан қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән
беру керек. Ауызға келгенді айта беру сөз қадірін ғана
кетіріп қоймай, сөйлеушінің де мәдениетінің төмендігін
елге паш етіп, кейін опық жеуіне әкеп соғады. Одан
қалса тыңдаушының жүрегіне жазықсыз жара түсіруі
мүмкін. «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз»
дегендей, қисық сөзден аулақ болып, керісінше дуа
лы ауызды сөзбен тілімізді әрлегеніміз дұрыс емес
пе?! Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Мұсылманның
белгісі ، тілінен тамар шырасы» деп айтқанындай,
сөйлеген сөзіміз ішкі жан дүниеміздің белгісі ретінде
сыртқа жайылады.
Сондай-ақ біздің әрбір айтқан сөзімізді екі
иығымыздағы періште жазып отыратынын да естен
шығармаған жөн.
Ибн Масғуд: «Мен Пайғамбардың (с.а.с) былай
дегенін естідім:
«Шындығында, адам баласының
қателіктерінің көбі тілінен»
39
Алла елшісі (с.а.с):
ضِر
ضِر ا
Әлдекім Алланың разылығын алатындай бір сөз
сөйлейді, осы сөз иесін жоғары дәрежеге жеткізеді
деп ойламайды. Сол сөзі үшін Алла тағала ол адамға
деген разылығын ақыретке дейін жазып қояды. Енді
бірі Алланың ашуын шақыратын бір сөз сөйлейді, бұл
сөзі басына бәле әкелетінін ойламайды. Алла тағала
Үміт cәулесі
Және екі киімің бар екен. Біреуін күндіз, екіншісін
түнде киеді екенсің!» ، дейді. Омар (р.а.):
Бұдан басқа тағы да естігендерің болды ма?
Жоқ.
Олай болса, мен бұл екеуінен де құтылдым,
، деп, Омар өз қателігін Салман арқылы тауып, екі
кемшіліктен құтылғанын айтады.
3.
Нәпсінің кемшіліктерін дұшпаннан да білуге бола
Өйткені олар әрдайым қарсыласының кемшіліктерін
санап отырады. Сондықтан кейбір жағдайда кемшілікті
айтпайтын, әрдайым мақтай беретін достан кемшілік
пен айыптарды санап шығатын дұшпан артық.
4.
Көпшілікпен бірге болу.
Көпшілік арасында
жүргенде олардың арасынан түрлі кемшілігі бар адам
дар шығады. Міне, соларды көріп: «Өзімде де мұндай
кемшілік бар емес пе?» ، деп кісі өз кемшілігін мой
ындай бастайды. Мұсылман ، мұсылманның айна
сы. Сондықтан өзгенің бойынан жаман қылықтарды
көргенде, сондай сипаттардан өзін аулақ ұстағаны, егер
де бойында кездесіп жатса, онда олардан арылудың жол
дарын қарастырғаны жөн. Хазірет Исадан (а.с.): «Саған
әдепті кім үйретті?» ، деп сұрағанда, ол: «Маған ешкім
үйретпеді. Тек үйренгенім жаманның жамандығынан
жиіркендім және надандығынан сақтандым, бәрі осы
ғана» депті.
Ақиқатты жеткізуде айтылған сөз шынайы көңілден
шығып, тыңдаушының жүрегіне жол табуы тиіс. Қазақ
халқында «Өнер алды ، қызыл тіл», «Тіл ، тас жара
ды, тас жармаса, бас жарады» деген мақалдар бар.
Үміт cәулесі
біз үшін дүниеде кісі айыбын жария айту мен оңаша
айтудың айырмашылығын көрсеткендей.
\n\b   \t  
Алла тағала бір құлына жақсылық қаласа, оған
нәпсісінің кемшіліктерін көрсетеді. Сондықтан Аллаға
жақын әулие адамдар өздерін әрдайым басқалардан
төмен санайтын.
Айып, кемшіліктер білінгенде оны емдеу, оны
тәрбиелеу оңайға түседі. Алайда адамдардың көпшілігі
өз нәпсілерінің кемшіліктерін білмейді. Кейбіреулер
басқаның жүзіндегі кішкентай дақты көреді, ал өз
денесіндегі үлкен жараны байқамайды. Жығылып жа
тып, сүрінгенге күледі. Басқаға әрдайым тергеуші, ал
өзіне келгенде қорғаушы бола қалады. Адамның өз
кемшіліктерін көре білуге мына төрт жол жәрдем етеді:
1.
Алланың досы тақуа адамнан білім алып, шәкірт
болу
. Мұндай тақуа адам мен сенің жағдайың, оқушы
мен оқытушы секілді. Ол саған нәпсіңнің айыптарын
айтып, оны дұрыстау жолын көрсетеді.
2.
Діндар, кемшілікті бетке айтатын адаммен дос
Омар (р.а.) «Менің кемшіліктерімді көрсеткен
адамға Алла разы болсын» дейтін. Омар (р.а.) Салман
Парсыдан өзінің кемшіліктерін сұрайтын. Онымен
жолыққан сайын: «Саған менің қандай кемшіліктерім
мәлім?» ، деп сұрайды. Сонда Салман: «Менен мұндай
мәселе жайлы сұрама» ، дейді. Омар қоярда-қоймай
сұрап тұрып алады. Ақырында Салман: «Менің
естуімше, сен бір дастарқаныңа екі айран қояды екенсің.
Үміт cәулесі
Өзіме ұнаған сөзді оған да қатысты қыламын». Демек,
«досыңды мақтағаның ، өзіңді жақтағаның».
Есіңде болсын, досыңның білімге мұқтаждығы
дүние-мүлікке деген мұқтаждықтан анағұрлым артық.
Егер білгенің бар болса досыңмен бөліс. Дін мен
дүниеде оған ең пайдалы дегендерді ұсынуың керек.
Егер ол кей жерлерде жаңсақ кетіп жатса, сенің міндетің
оған ақыл айту. Қандай жағдайда жаның ашып көрген
жаман қасиеттерін оның өзіне айтып ескертіп отыр.
Бірақ осының бәрін оған оңаша айтып, намысына ти
мей, кінәламай, жылы-жылы сөзбен жеткізуің керек.
Пайғамбарымыз: «Мүмин ، мүминнің айнасы» дейді.
Ақылды адам өзгенің қатесінен сабақ алған адам. Өзге
адамдарға қарап жүріп өзіңнің мінез-құлқыңды да
дұрыстауға болады.
Имам Шафиғи былай дейді: «Досына жасырын на
сихат айтқан адам шынымен де досына насихат айтқан
болып саналады. Ал жұрттың алдында ақыл айтқан
адам досының кінәларын бетіне басып, кемшілігін
әшкерелеген болады». «Саған кемшілігіңді айтқан адам
ды жақсы көресің бе?» деп сұраған біреуге Мусри: «Егер
оңаша жерде айтса, басымды иемін. Ал көпшіліктің
ішінде айтса, ұнатпаймын», ، деген екен.
Алла тағала да қиямет күнінде мүмин құлына
күнәларын жасырын айтып, оны жұмаққа алып бара
тын періштелердің қолына ана адамның амал дәптерін
мөрлеп береді. Періштелер жұмақ есігінің алдына кел
генде мөрлі амал дәптерін адамның өзіне береді. Ал
Алланың азабына душар болғандарға келсек, оның
күнәларын мына өмірде куә болған адамдар жайып
салады. Сонда дүниедегі күнәлары жеке-жеке аталған
адам қатты қысылып азапталады. Міне, мұның бәрі
Үміт cәулесі
сеп болады. Бұған қоса досыңа жиі сыйлық беріп
отырған да абзал, бұл да пайғамбарымыздың аманаты.
«Үш түрлі мінезіңді көргенде досыңның саған де
ген көңілін одан сайын күшейтеді», ، деп хазірет Омар
айтқан үш мінез төмендегідей:
1.
Кездескенде бірінші болып сәлем беру,
2.
Отырғанда қасыңа келсе, ығысып орын беру;
3.
Өзі жақсы көретін есімімен немесе лақап атымен
атау.
Саған жасаған жақсылығына алғыс айтуың да
досыңның сендегі бір ақысы. Хазірет Али былай дейді:
«Досының жақсы ниетіне алғыс айта алмаған адам
досының жасаған жақсылығына да алғыс айта алмай
ды». Досыңның көңілін жаулап алудың ең төте жолы
досыңды сыртынан әлдебіреу жамандап жатқанда оны
ақтап алу.
Қандай жағдай болса да қорғап-қолпаштап отыру.
Сенің осындай қасиеттеріңді білген досың сенімен өмір
бойы достық құруға дайын болады. Сен өзіңнің қалай
еске алынуыңды қаласаң, өзгені де солай еске ал. Ондай
жағдайда екі өлшем бар:
Алғашқысы, егер сен жайлы жаман сөз айтылғанда
досыңның сені ақтап алғанын қаласаң, сен де досыңды
сырттай қорғаштап жүруің керек. Екіншісі, досыңның
әрдайым сенің ол жайлы айтқандарыңнан хабар
дар болады деп біл. Сол кезде тіліңді ғайбаттан да
қорғай аласың. Сахабалардың бірі былай дейді: «Мен
әрдайым досымды жанымда жүр деп санаймын. Тек
қана досымның естігісі келетін сөзді айтамын».
Ал
тағы біреуі болса: «Менің досым әңгіменің арқауы
бола бастаса, мен өзімді сол досымның орнына қоямын.
Үміт cәулесі
түрін ғана танимын», ، деген біреуге Шағби: «Ол
ақымақтардың таныстығы», ، деген екен.
Ибн Аббас: «Сен үшін адамдардың арасындағы
ең сүйіктісі кім?» деген сұраққа «Досым» деп жауап
берген екен. Сол Аббас бірде: «Ешқандай мұқтаждығы
болмаса да менің мәжілісіме үш рет келген адамның
марапатының қаншалықты көп болатынын тіпті еле
стете алмаймын». Саид ибн Ас былай дейді: «Үш рет
менімен отырған адамға бауыр басып, кейін ол кел
ген сайын қуанып қаламын. Ол сөйлесе, жақсылап
тыңдаймын. Ығысып жанымнан орын беремін». Қазақ
халқының: «бір көрген біліс, екі көрген таныс, үш
көрген туыс» деген.
Достық өзара жаман сөздердің болмағанын талап
етумен қоймай, екеуара түсіністік болуын да қажет етеді.
Осы тұрғыдан алғанда арадағы жылы-жылы лебіздер
достықтың жетекші құралы бола алады. Қамкөңіл
жанның бір мезгіл жағдайын сұрап, аз-маз отырып
көңілін көтеріп әңгіме айту әлгі кісінің қаншалықты
бақытты ететінін білсеңіз ғой?! Сол секілді өмір бойы
жаныңда жүріп, барлық қыр-сырыңды білетін жақын
адамыңнан бір мезгіл жылы сөз есту кісіні керемет
қуанышқа бөлейді. Баяғының қариялары «сөйлесетін
адам құрып бара жатыр» деп жылайды екен. Кейін
түсінсек, ол кісілер қатарының азайғанын ойлап
қайғырады екен ғой. Әйтпесе жер бетінде сөйлесетін
кісі қалмайды емес, қалады.
Хазірет пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Егер досыңды жақсы көретін болсаң, оған жақсы
көретініңді айтып білдір»
. Жақсы көретініңді айту
арадағы достық пен махаббатты одан сайын арттыруға
Үміт cәулесі
жан бітіреді»
(«Әнғам» сүресі, 36-аят). Сосын ол
досыңды жоқтап, жаназа намазын оқы».
Ибн Шұғбаның елу үш досы болған екен. Бір күні
досының бір мәселесін шешуге көмектеседі. Досы
Ибн Шұғбаға риза болып сый-сыяпат жібереді. Мұны
көрген Ибн Шұғба досына: «Сыйлығыңды кері ал.
Саған көмектесу менің міндетім. Егер досың саған
көмектеспесе, дәрет алып төрт рет тәкбір айт та, оны
өлдіге сана» деген екен.
Пайғамбарымыз: «
Әй, Әбу Хұрайра, көршіңмен
араңыз жақсы болсын. Сонда ғана шын мұсылман
боласың. Досыңа да адал бол. Сонда шын мүмин
боласың
», ، дейді.
Алла разылығы үшін досына амандаса барған
адамға періштелер былай дейді: «Жарайсың, әр
қадамың сен үшін жақсылық, жұмақ та саған жағымды
болды». Ата ибн Әбу Рәбах былай дейді: «Үш күн бойы
көріспесеңдер, достарыңды іздеңдер. Егер ауырып
қалса, барып көңілдерін сұраңдар. Егер қиналып жатса,
көмек беріңдер. Ұмытып кетсе, естеріне түсіріңдер».
Бірде Ибн Омардың жан-жағына қарап әлдекімді
іздеп тұрғанын байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан
кімді іздеп тұрғанын сұрайды. Ибн Омар әлдекімді
жақсы көретінін, сол адамды іздеп тұрғанын айтады.
Сонда Ардақты елші (с.а.с.) оған:
Егер біреуді жақсы көрсең, атын, әкесінің атын
және тұратын жерін сұрап ал. Егер ол ауырып жатса,
көңілін сұрап бар. Қиналып жатса, барып көмектес,
،
дейді.
Басқа бір риуаятта
«Оның атасының атын,
шыққан руы мен тегін сұра»,
، деген де сөз бар. «Мен
бір адамды жақсы көремін. Бірақ атын білмеймін,
Үміт cәулесі
ибн Зейналабидин (р.а.): «Олай болса сендер нағыз дос
емессіңдер», ، деді.
Бір риуятта Малик ибн Динар мен Мұхаммед ибн
Уаси екеуі Хасан Басридің үйіне келеді. Ол кезде Ха
сан үйінде жоқ еді. Мұхаммед Хасанның кереуетінің
астынан бір қоржынын шығарады да ішіндегі астан
жей бастайды. Малик оған: «Үй егесі келгенше жеме,
тоқта!» ، десе де, Мұхаммед оның сөзіне құлақ аспай
жей береді. Өйткені Мұхаммед Маликтен асқан жо
март, мінез-құлық жағынан да Маликке қарағанда
көркем мінезді болатын. Сол сәтте Хасан Басри үйге
келеді де: «Ей, Малик! Біз де Мұхаммедтің істегенін
істейтінбіз» деп, достардың үйінде еркін жүрудің шы
найы жақындықтан туындайтынын айтқан екен. Бұлай
болуы да орынды, өйткені Құранда:
تا
م م
م ا
اعي
ج او
ت ن
أ
حا
ل
قي
«...Немесе кілттеріне
ие болған үйлерден немесе достарыңның үйлерінен
тамақ жеулеріңде айып жоқ» («
Нұр» сүресі, 61-
аят) деген аят бар
Бұл аятта достың отбасы сенің
де отбасың екендігін білдіруде. Өйткені бұрындары
үйлерінің кілттерін көршісінің, досының үйіне тастап,
қалағанынша қолдануына рұқсат беріп кететін болған.
Бірақ бұған қарамастан жоғарыдағы аят түскенге
дейін кілтті тастап кеткен үйден, достың үйінен тамақ
жемейтін. Аят түскеннен кейін мұсылмандар досының
үйінен қалағанынша қолдана алатын болды.
Баяғыда бір ғұлама былай деген екен: «Бауырыңның
саған қандай да көмек бергенін қаласаң, оған
жағдайыңды айт. Егер ұмытып кетсе, екінші рет есіне
сал. Онда да саған көмек бермесе, тәкбір айт та, мына
аятты оқы:
«Өлгендерді Алла тағала қайта тірілтіп
Үміт cәулесі
2.
Досыңды өзіңдей көру. Досыңды өз орныңа
қойып, өзіңе қалай қарасаң, оған да солай қарауың
керек. Байлығыңа досыңды ортақ етуің керек, мал-
мүлкіңнің жартысын оған беруге шын жүректен
ризашылық танытуың керек. Хасан Басри былай дейді:
«Бізден бұрынғы мұсылмандар қандай да бір дүниесі
болса, оны теңдей етіп екіге бөліп, бір бөлігін досына
беретін», ، дейді.
3.
Досыңды өзінен артық көру. Оның мұң-
мұқтаждығын, өзінің қажеттілігінен бірінші ойлау.
Бұл шыншылдардың, бір-бірін жақсы көргендердің ең
жоғарғы дәрежесі. Мәймун ибн Мәрхан былай дейді:
«Кімде-кім достарының жақсылық жасауларын
тоқтатуын қаласа, барып қабірдегілермен дос болсын
деп дос досына жақсылық жасамаса бекер екендігін
білдірген.
Әбу Хұрайраның басынан достықтың қадірін
ұқтыратын мынадай бір оқиға өткен екен. Бір кісі Әбу
Хұрайраға келіп:
Алла разылығы үшін сенімен дос болғым келеді,
، дейді. Ол:
Достың ақысын білесің бе?
Жоқ, сен айтып берсең.
Достықтың ақысы ، алтын мен күмісіңді
досыңнан бұрын қолданбауың!
Мен қазірше ондай деңгейде емеспін.
Олай болса, менен алыс жүр, ، деп достықтың
осы деңгейін көрсеткен екен.
Али Зейнулабидин (р.а.) бір кісілерге: «Сендердің
қайсыбірің қолын досының қалтасына немесе әмиянына
салып, оның рұқсатынсыз қалаған ақшаны ала алады?»
дегенде, ол: «Олай жасай алмаймыз» дейді. Сонда Али
Үміт cәулесі
ә) Разы болғанда;
б) Әлдебір көмек сұрағанда;
в) Әлденеге қуанып жүргенде.
Адал достықтың туын нық ұстаған адам алмағайып,
басына қандай да бір іс түссе де өзінің бірқалыпты
күйінен айнымайды. Адамгершілігі бар болса,
досыңызбен араздасып қалған күннің өзінде де ол
сіздің сырыңызды әшкерелеуге бармайды. Керісінше,
бұрынғы досы болсаңыз да, жүрген жерінде сізді мақтап
жүреді.
Қазақ мақалында: «Жақсы дос пайдасын
тигізбесе, зиянын тигізбейді; жаман дос алдыңды орап
жүргізбейді», «Адал дос жаныңды сақтайды, аяр дос
малыңды сақтайды» десе, тағы бір мақалда «Доссыз
адам ، тамырсыз терек», «Досы жоқ адам ، тұзы жоқ
тағам» деген.
Алла елшісі (с.а.с.): «
Екі ағайынды екі қол тәрізді.
Біреуі екіншісін жуғаны секілді өзін де жуады
», ، деген.
Бұл хадисте Алла елшісі екі досты қол мен аяққа емес,
екі қолға теңеген. Өйткені екі қол бір мақсатта бір-біріне
қайшы әрекет жасамайды, керісінше жәрдемдеседі.
Достық тек бір мақсатта бірлескенде ғана жүзеге аса
ды. Мақсаты бірдің жаны бір дегендей екеуі бір адам
секілді болады. Олар қиындықта бір-біріне рухани әрі
материалдық тұрғыдан қолдау көрсетеді.
Достық мал-пұл жағынан үш түрлі болып келеді
1.
Досыңды қызметшіңдей көру. Досыңды
қызметшің секілді көріп, байлығыңның бір бөлігін
оның қажетіне беріп отырасың. Ол бір нәрсеге мұқтаж
болғанда, сұрауға мәжбүр етпей, сұрамастан беріп
отыруың да достықтың бір түрі.
Үміт cәулесі
топталған, жинақталған және түрлі бөліктерден
топтастырылған әскерлер. Олар өзара танысып,
түсінісе алады. Бір-бірлерімен жақын бола алады.
Алайда олардың бір-біріне лайықты болмағандары
түсінісе алмайды. Бір-бірін жек көреді
», ، деген.
Сол үшін қазекем де «Сен маған досыңның кім
екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтайын» немесе
«Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген
екен.
Дос ، адам баласы үшін қастерлі ұғымдардың
бірі. Өмірдегі қайғыңды жеңілдетіп, қиыншылық пен
қызықшылығыңды бірге бөлісіп, жыласаң жылап,
қуансаң шаттанатын дос ، өмірдегі адал серік. Бұл
өмірде тура жүруге, туралықта жүргеніңді білу жолында
да ең қажетті себептердің бірі ол ، жақсы жолдас табу.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаман дос пен жақсы до
сты сипаттағанда: «Жақсы дос әтір сатушыға ұқсайды,
қасында жүрсең жақсы иіс иіскейсің немесе кейде
жақсы иісті әтірді сыйға тартады. Жаман дос темір
ұстасы секілді, қасында жүрсең жағымсыз иіс иіскейсің
немесе бір жеріңді күйдіріп аласың» ، деген еді.
Зүннун Мысри былай дейді: «Сенің ешқандай да
қателік істемегеніңді қалайтын адамнан ешқандай да
қайыр жоқ. Ренжіген кезде досының сырын жұртқа жа
ятын адамнан жөнді жолдас шықпайды. Өйткені сыр
сақтау достықтың негізі».
Мына төрт жағдайда саған деген көзқарасы өзгерген
адаммен достаспа:
a) Ренжігенде;
Үміт cәулесі
зекетке берілген түйелердің алдына жемге тастайды да,
тіленшіге дүре соқтырады
37
\n\b\b    ,  \b
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Егер бір
мүмін бір отырысқа кіре қалса, ол жерде жүз мұнафық
пен бір мүмин отырса, міндетті түрде мүминнің жанына
барғанға дейін жақындай береді. Ал бір мұнафық, жүз
мүмин және бір мұнафық отырған отырысқа кірсе, ол
да сол отырыс тарағанға дейін мұнафықтың жанында
отырады»
3:
Бір риуаятта: Меккеде бір әйел болатын. Ол
әйелдердің барлығын күлдіретін. Дәл осы әйел
секілді Мәдина қаласында да бір әйел болатын. Бір
кезде Меккелік әйел Мәдина қаласына келіп, Айша
анамыздың бөлмесіне кіріп, оны әңгімесімен күлдіреді.
Айша анамыз одан қайда қонақтағанын сұрайды. Ол
Айша анамыздың досы Мәдиналық әйелдің үйіне
келгенін айтады. Сонда Айша анамыз былай дейді:
«Алла тағала және оның елшісі дұрыс айтады. Алла
елшісі (с.а.с): «Рухтар түрлі топтардан жинақталған
әскерлер» ، деген болатын.
Олай болса адам ақылы мен түсінігіне және сыртқы
келбетіне қарай дос болады. Тіпті, бұл екеуі болмаған
жағдайда, яғни ақылы мен түсінігі бір-біріне сай кел
месе, сыртқы келбеттері де ұқсас болмаса рухани
жақындықпен бір-бірімен дос бола алады. Өйткені,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде «
Рухтар ،
Үміт cәулесі
1.
Алла тағалаға наразылық таныту. Мұндай кезде
қайыр тілену өзінің кедей екендігін жұртқа паш ету
және Алланың нығметтерінің оған аз берілгендігін айту
болып табылады. Яғни осы әрекеті арқылы адамдарға
өзінің жағдайын баяндап, Алла тағаланың үстінен
шағым айтқандай сезіледі.
2.
Қайыр тілеу басқа біреудің алдында өз дәрежесін
төмендетеді. Пенде Алладан басқаның алдында өзін
төмен түсірмеуі керек. Аса зәру жағдайға душар бол
майынша, басқа адамдардан сұрау харам.
3.
Тіленші берушіні жауапкершілігінен құтқара ал
майды. Берген адамның ниетіне сай амал етуі керек.
Міне, мұндай үш жағдай қайыр тілеудің дұрыс емес
екенін көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с):
«Тіленшілік
، жаман іс. Жаман істердің ішінде тек тіленшілік
қана халал етілген»
, ، дейді. Яғни, дініміз бойынша
тіленшілік жағымсыз істердің қатарынан саналған және
аса зәру жағдайдың тысында оған рұқсат берілмеген.
Сондықтан кімде-кім бай бола тұра тіленшілік жасаса,
ол тозақтың отын жинағаны.
Бір кеште Омар (р.а.) әлдебір тіленшінің дауысын
естиді. Қасындағылардың біреуін шақырып: «Мына
адамды алып барып, кешкі тамағын бер!» ، деп тапсыра
ды. Ол кісі оған кешкі тамағын жегізеді. Бір кезде Омар
(р.а.) әлгінің тіленген даусын тағы естиді. Жанындағы
адамға: «Мен саған мына адамды тамақтандыр деп
айтпадым ба?» ، деп сұрайды. Қасындағы адам: «Мен
оны тамақтандырдым», ، дейді. Сосын Омар тіленшінің
қолының астында бір дорба нан жатқанын байқап
қалып, тіленшінің қасына барады да: «Сен тіленші емес,
саудагерсің!» деп қолындағы нан толы дорбаны алып,
Үміт cәулесі
Қағбаны тауап етіп жүрген едім. Бір кедейдің бәсең
дауыспен былай деп дұға етіп жатқанын естідім: «Уа,
Раббым! Көріп тұрғаныңдай ашпын, жалаңашпын.
Бұл көріп тұрған жағдайыма шара тапқайсың! Уа,
көрінбейтін, барлық нәрсені көруші Раббым!» Кедейге
назар салып қарасам үстінде ескі екі киімі бар. Денесін
толық жабуға да жетпейді. Мен ішімнен: «Ақшамды
осы кедейге беруден басқа лайықты жер көріп тұрған
жоқпын» дедім дағы, дереу ақшаларымды алып келіп
оған ұсындым. Сонда әлгі кедей: «Төрт дирхам екі
шапанның құны. Ал бір дирхамды үшке бөліп кедейлер
ге таратамын. Осы маған жетеді деп», ، бес дирхамын
ғана алып, қалғанын кері қайтарды. Келесі күні әлгі
кедей кісі үстіне екі шапан киіп алыпты. Мұны көріп
іштей өкінгендей болдым. Ол маған бұрылып қарады
да қолымнан ұстап, Қағбаны жеті мәрте тауап еттірді.
Қағбаны әр тауап жасаған сайын аяғымыздың астында
асыл тастар қаттала берді. Тобығымызға дейін көтеріліп,
дыбыстары шығып жатты. Бірақ бұны екеуміз ғана көре
алдық. Кедей маған: «Бұл байлықтың барлығын Алла
маған берді, бірақ оны қабыл алмадым. Өйткені байлық
ауыр жүк, әрі сынақ үшін беріледі. Халықтың бергенін
аламын. Өйткені олардың бергені өздері үшін сауап
және Алланың мейірімі болады» ، деді.
Қайыр-садақа сұрауды жалпы түгелдей харам неме
се түгелдей дұрыс деп айта алмаймыз. Тіленудің харам
жағы да бар. Сұраудың дұрыстығы жайлы Алла елшісі
(с.а.с.):
«Тіленші ат мініп келсе де, сұрауға құқы бар»
, ،
деген. Олай болса, тіленшіге беру оған көмектесу болып
табылады. Ал егер мұқтаж болмаған жағдайдың өзінде
тіленшілік жасаса бұл харам. Тіленшілікті харам ететін
үш жағдай бар:
Үміт cәулесі
рататындай діни сауатқа ие болмайынша сауда кәсібіне
араласуына болмайтындығын айтқан.
  \t 
Кедей адам өзіне берілетін нәрсені алмай тұрып
мына үш жағдайға назар аударуы қажет:
1.
Берілген садақа
2.
Берушінің мақсаты
3.
Алушының мақсаты
Біріншісі: садақаның адал және барлық күмәндардан
таза болуы керек. Егер малдың адал екендігінде күмән
туындаса, алудан аулақ болған жөн.
Екіншісі: садақаны берушінің мақсаты кедейді
қуанту, қажеттілігін жеңілдету болса, қабыл алуға бо
лады. Бірақ бұны бергеннен кейін міндетсіну, даңдайсу
болса, алмаған дұрыс. Сонымен қатар, берушінің
мақсаты атақ-даңқ, рия болса, мұндай адамның бергенін
алу, оның бұрыс мақсатына жәрдем беру болып табыла
ды. Мұсылман ғұлама Суфиян Саури берілген садақаны
кері егесіне қайтарып, былай деген екен: «Егер олар
берген садақаларымен тәкаппарлыққа салынбайтынын
білгенде, садақаларын қабыл алар едім».
Үшіншісі: садақаны алудағы мақсатқа келер болсақ,
алушы өзінің сол садақаға мұқтаж екендігіне, оны
дұрыс жұмсай алатындығына көз жеткізуі керек. Егер
берілген садақа қажеттілігінен асып жатса немесе оны
харам жолға жұмсар болса, артығын қайтарғаны дұрыс.
Ал Алла жолында жұмсайтын болса алуында еш әбестік
жоқ. Меккенің маңында мекендейтін біреу былай дейді:
«Алла жолына жұмсағым келген біраз ақшам болатын.
Үміт cәулесі
көсір. Өйткені ондай табыстың берекесі мол келеді. Ал
арам жолмен тапқан адамның табысы қаншалықты көп
болса да, берекесіз болады. Және ондай табыс иесінің
жүрегіне тыныштық күйін сыйламайды, әрдайым өзін
жайсыз сезінеді. «Арамнан алған түйеден, адалдан алған
ешкі артық» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек.
Адалдан тапқан асты ғана жеу дұғаның қабыл
болуының негізгі шарттарының бірі. Ардақты
пайғамбарымыз (с.а.с) Әбу Хұрайрадан жеткен бір
хадисінде:
«Уа, адамдар! Расында Алла пәк, тек таза
нәрселерді (яғни, халал жолмен табылғанды, рұқсат
етілгенді) ғана қабыл етеді. Шын мәнінде, Алла
елшілерге бұйырғанын мүміндерге де бұйырды. Хақ
«Уа, елшілер! Таза ризықтардан жеңдер
де, ізгі амал істеңдер»
(«Муминун» сүресі, 51) және
«Уа, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың
жақсыларынан жеңдер»
(«Бақара» сүресі, 172) деген»
деді. Сонан соң үсті басы шаң, шаштары ұйысқан, ұзақ
жол жүріп келген қалпында қолдарын көкке көтеріп:
«Уа, Раббым! Уа, Раббым» деп дұға етіп тұрған адам
туралы: «Бірақ ішкен-жегені харам, кигені харам және
хараммен азықтанғанның дұғасы қалайша қабыл бол
сын?!» деп Алла тағаланың тек таза нәрселерді ғана
қабыл ететіндігін айтқан. Сондықтан мұсылман баласы
асты аузына алып барар алдында оның адал екендігіне,
дұрыс жолмен табылғандығына көз жеткізу керек. Бұл
нәрсеге өте мұқияттылық таныту қажет. Хазірет Омар
(р.а.): «Біздің базарымызда тек қана шариғи білімі бар
адамның ғана сауда жасауына рұқсат» ، деп шариғаттан
хабары жоқ адамның харам істерге ұрынатындығын
ескере отырып, ондай адамның адал мен арамды ажы
Үміт cәулесі
Алла елшісі (с.а.с):
«Ешкімге де маңдай терімен
тапқанынан артық ризық бұйырмаған. Дәуіт пайғамбар
да өз еңбегімен күн көрген»
дейді. Меккеде жүргенде са
удамен де айналысқан және үй шаруасына да араласуды
намыс көрмеген. Айша анамыз сүйікті елшінің (с.а.с)
қолы бір босамайтындығын айтқан. Міне, осылайша
адамзаттың ең ардақты тұлғалары, хақ расулдарының
өздері өзгеге үлгі болып, тер төгіп, еңбек етуді ар
санамаған, өз нәпақаларын ешкімнің қолына қарамай
өздері табатын болған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
«Менің сахабаларым аспандағы жұлдыздар тәрізді,
олардың қайсы біріне ерсеңдер де адаспайсыңдар»
،
деп турашылдығына куәлік берген сахабалары да дүние
тіршілігіне араласып өз нандарын өздері тауып жеген.
Олар саудамен айналысқан, құрма бағын өсіріп бағбан
болған, мал асырап баққан және тағы да басқа кәсіп
түрлерімен айналысқандықтарына тарих куә.
Ислам адам баласына дүние-мүлкін тек қана адал
жолмен тауып, дәл сол тазалықты ұстанған түрде адал
жолда жұмсауын бұйырған. Пайғабарымыз (с.а.с)
«Пен
де қиямет күні төрт нәрседен сұралмайынша, алға
жылжи алмайды. Олар: Өмірін қалай өткізгендігі,
денсаулығын қалай тоздырғандығы, дүние мүлкін қалай
тауып, қайда жұмсағандығы және ілімімен қалай амал
еткендігі»
дейді. Тағы бір хадисте:
«Кез-келген пенденің
харам әбден сіңген тәніне тозақ оты ғана лайықты»
деп қатаң ескерткен. Осы хадистерді негізге алған
мұсылман асының адал болуын қатты қадағалайтыны
сөзсіз. Хазірет Әли (р.а) «Асының адал болуын ойлап,
сол үшін уайым шеккен адамдарды жаннат сағына
күтеді» деп, адал кәсіптің маңыздылығына аса мән бер
ген. Адал кәсіптің осы дүниеде де берер жемісі көл-
Үміт cәулесі
естіген жылан аузын ашты, әлгі құс етті жыланның ау
зына тастады да ұшып кетті».
Иә, расында бүкіл дүние-мүліктің иесі Алла
тағала кімге қанша мөлшерде беретінін және қай кез
де беретінін Өзі біледі. Ибраһим (а.с.) Аллаға деген
сенімінің беріктігі сонша, әрбір ісін Раббысынан деп
біліп, ішкізіп-жегізетін тек бір Алла екендігін біздерге
мысал етіп:
ني
و ي
ي ي
لا
«Ол маған жегізеді де
ішкізеді»
деген. Өйткені асқазанымызды, ауызды
жаратқан Алла нәсіпсіз-нәпақасыз қалдырмайды. Олай
болса, адам баласы кісінің ала жібін аттамай, адал жол
мен тапқан ризығына қанағат етуі керек. Қазақ атам да:
«Бай болып көргеніміз жоқ, кедей болып өлгеніміз жоқ»
деп өмірдің негізгі мәнін дөп басып айтып кеткен ғой.
Дүние бір жағынан көз тартарлық ләззаттарға толы
болғанымен, екінші жағынан шаршататын күйбеңі де аз
емес. Ата-ана, әйел, бала-шаға, дос-жаран, баспана ، осы
сияқты нәрселердің бәрі бір жағынан адамға қуаныш
сыйласа, екінші жағынан шаршатып-шалдықтырып
әбігерге салады. Тіпті кейде жағымсыз жақтары да ба
сып кетіп жатқан секілді сезіледі.
Алла тағала бұл дүниеде барлық нәрсені жұп
қылып жаратып, бір-біріне қарама-қарсы сипаттардың
болғанын қалады. Жақсылық пен жамандық, қуаныш
пен қайғы, өлім мен өмір, ақ пен қара, ыстық пен суық
секілді. Нәтижесінде жақсылық, қуаныш жаннатта бол
са, жамандық атаулының барлығын Алла тағала тозаққа
жинайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
Үміт cәулесі
Күллі мақлұқатты ырыздық-несібесіз қалдырмаған
шебер Алла ардақтап жаратқан адам баласын аш-
жалаңаш қалдырмақ емес. Пайғамбарымыздың кезінде
кейбіреулер кедейліктен қорқып балаларын өлтіретін
болған. Ал қазір де кедейліктен қорқып жас бала
ны алдырып тастау әдетке айналды. Бұлай істеудің
дұрыс емес екендігі жайлы Құдай тағала:
ت
كا
و
إ
«Кедейшіліктен қорқып,
балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де
ризықтандырамыз», ، дей отырып шыр етіп дүниеге
келген әрбір сәбидің ырыздығымен қоса біздің де
несібемізді жіберуші Өзі екенін анық білдіруі түсінгенге
сабақ емес пе?! Атам қазақ та бұл ақиқатты «Дүниеге
бір қозы келсе, бір түп жусан артық шығады» деп ке
ремет айтып кеткен ғой.
Ана құрсағында жатқанда аузын қозғалтпаса да
кіндігі арқылы адам баласына қорегі үздіксіз келіп
тұрады. Сосын қызылшақа боп дүниеге келгеннен соң
аузын шамалы ғана икемдесе болғаны, мейірімді анасы
иіп қоя береді. Ең әлсіз ағаш құрты керемет шырын боп
пісіп тұрған жемістермен қоректенеді. Көкірек көзі ояу
жандарға осы мысал-ақ жетіп артылады.
Ғалымдар арасында «Сен ризықты іздемесең де ол
сені іздеп табады» деген мәні терең сөз бар. Ислам
ды бойына судай сіңірген қазекем де «Қуған жетпейді,
бұйырған кетпейді» демей ме? Реті келгенде ғибратты
мына бір оқиғаны да айта кетейік. Ғұлама кісі өз көзімен
көрген бір жайтты былайша баян етеді: «Бір соқыр жы
ланды көрдім. Басын көкке созып тұр екен. Сол кезде
бір құс ұшып келіп қанатын қағып шырылдай бастады,
тұмсығында бір түйір еті бар екен. Құс қанатының үнін
Үміт cәулесі
құстың, жер бетінде жыбырлаған құмырсқа мен жер
бауырлаған жыланның ризығын кешіктірмей беріп,
бұл дүниедегі игіліктің бәрін мінсіз жаратып, бір тиын
ақы сұрамай-ақ адам баласына тегін тарту етті. Нәзік
те әлжуаз жәндіктердің де тегіс ризықсыз қалмауы
соқырға таяқ ұстатқандай Жаратқан Жаббар Иенің күллі
жаратылыстың ырыздық-несібесін қамтамасыз етуші
екенін көрсетеді. Бұл ақиқат Құранда:
ا ي
بآ
د ن
م ا
زِر
�ا ى
«Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Алла
тағалаға тиесілі»
46
деп білдірген. Екі дүние бақытына
бастар жолдың жаңылтпас нұсқаушысы әз Мұхаммед
صا
خ و
ت ،
طلا
ي ا
�ا ى
ع
نو
ل«
ب
حو
«Егер Алла тағалаға шынайы түрде тәуекел
етсеңдер, сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып
шығып, кешке қарай жемсауы тоқ қайтқан құстар
секілді ризықтандырар еді»
деген хадисі арқылы бізге
тамаша мысал береді. Тағы бір хадисінде: «Еңбекқор
қолдарың қимылдап тұрған кезде ризық-несібе жайын
да уайымдамаңдар. Өйткені адам анасынан туылғанда
жалаңаш, қызылшақа боп дүниеге келеді. Содан кейін
оны Ұлы Алла әр түрлі ризықпен ризықтандырады», ،
дейді. Мына аятта Жаратқан иеміз:
شي
م م
ب ا
دلا
لا
«Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін ара
ларында біз үлестірдік»
деп, ана құрсағында жатқанда
адамның ырыздық-несібеcінің өлшеніп қойылғанын ба
яндайды.
«Һуд» сүресі, 6-аят.
Үміт cәулесі
Сырды жасыра білу үлкен ерлік. Бірде шөл арабы
на сыр сақтасын деп 10 динар беріледі. Кейіннен ол
қиналып, динарды иесіне қайтарып беріп, құпиясын
ашатынын айтады. Себебі сырды жасыру беріктікті,
сабырды және табандылықты қажет етеді.
Жақұп пайғамбар да баласы Юсуфқа көрген түсіңді
ешкімге тіс жарып айтпа деген болатын. Өйткені ол
түсінде 12 жұлдыз көріп өзінің келешекте ерекше адам
болатындығын аңғарған еді. Егер ол жайлы бауырлары
на айтар болса, олар қызғаныштан зиян тигізуі мүмкін
еді. «Юсуф» сүресінің 5-аятында:
«Түсіңді туыстарыңа
айтпа!»
делінген. Өйткені адамның әлсіз тұсы сырды
сақтай алмай, адамдарға ашуы. Адамның жаны сыр
ды ашуға және хабарды жеткізуге қызығып тұрады.
Бұлардың бақыт тақырыбымен байланысы сол, егер
адам сырды ашатын болса нәтижесінде соған өкініп,
қайғырады.
Сырды жасыру жайлы Жахыздың өте көркем
әдеби ізденісі бар, қалаған адам оқып көрсе болады.
Ал Құранда «Кәһф» сүресінің 19-аятында:
«Сондай-
ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін
، деген. Міне, бұның негізі сырды жасыру болып
табылады. Бір оқымысты «Сырды жасырмағанның басы
кетеді», ، деген екен.
  \b\n  \n\r \n 
Жоқты бар етуші, он сегіз мың ғаламның Жарату
шысы, күллі әлемнің Раббы Алла тағала жер астындағы
шылаушанның, судағы балықтың, аспанда қалықтаған
Үміт cәулесі
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде» ، деп жырлаған.
Асыл дініміз мал-мүлік жинап дәулетті болуға
тыйым салмайды. Өйткені дүниелік заттар адамның
пәни өмірлік қажеттіліктеріне жатады. Қайта Ислам
діні адамға өзгелерге кіріптар болмауы үшін кәсіппен
айналысып еңбек етуін бұйырады. Алла тағала Құран
кәрімде:
«Намаз оқыған соң, әр тарапқа ағылыңдар
да Алланың кеңшілігінен несібелеріңді іздеңдер.
Сондай-ақ Алланы көбірек еске алыңдар. Әрине
(жетістікке жетіп, азаптан) құтыласыңдар»
(«Жұма»
сүресі, 10-аят) ، деп, мұсылмандарды құлшылықтарын
өтеп болғаннан соң, жер бетіндегі ризықтарды іздеп,
адал еңбек етуге шақырады. Әз елші (с.а.с)
«Алла
тағала белгілі бір мамандық иесі болған құлды жақсы
көреді»
، деген хадисінде де жұмыс істеуге ынталан
дырады. Мұсылман адамға арамдық араласпаған кез-
келген таза, адал кәсіппен айналысып, сол арқылы өз
ризық-несібесін тауып жеуіне рұқсат. Және нәпақасын
табу жолында өзгелерге еш зиянын тигізбеуі керек. Со
нымен қатар, дүние табамын деп жүріп, Алланың парыз
еткен міндеттерін де ұмытып кетуіне болмайды. Оның
жұмысы мойнындағы міндеттеріне, құлшылықтарына
кері әсерін тигізбеуі лазым.
Үміт cәулесі
«Кейбір күнәлар бар, ол күнәларды қиыншылық пен
шаршап-шалдығу ғана өшіре алады», «Адал саудагер
қиямет күнінде шыншылдар мен Алла жолында жанын
пида еткен шаһидтермен бірге болады»
31
, «Кімде-кім
тіленші болуды қаламай, бала-шағасының нәпақасын
табу үшін және кедей көршілеріне жәрдем беру үшін
адал еңбек етіп табыс тапса, ол адам қиямет күні
Алланың құзырында жаңа туған айдың нұрындай жүзі
нұрланып тұратын болады», «Шындығында Алла
тағала, қолынан бір іс келетін құлды жақсы көреді»
Алла елшісі (с.а.с.) бірде сахабалармен бірге
отырған болатын. Сахабалар бір жас жігіттің таң ат
пастан жұмысқа кетіп бара жатқанын көріп: «Бұл жас
жігітке обал болды-ау! Шіркін, осы жастық шағы мен
мол күш-қуатын Алла жолына арнаса болар еді» дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бұлай демеңдер! Егер
ол елге қол жаймау үшін еңбек етіп жүрген болса, бұл
еңбегі Алла жолында жүргенмен тең саналады. Әлсіз
әке-шешесінің немесе бала-шағасының нәпақасын табу
үшін, олардың тіленшілік жасамаулары үшін несібесін
табуға кетіп бара жатқан болса, бұл да Алла жолында
болып саналады. Ал егер мақтаныш үшін, байлығының
көптігімен достарына өркөкіректеніп, тәкаппарлану
үшін жұмыс істеп жүрсе, оның бұлайша жұмыс істеуі
шайтанның жолы
» дейді
33
Иса (а.с.) пайғамбар ғибадатқа ден қойған бір
кісіден:
Үміт cәулесі
дұрыстауға және амалдарын түзетуге ынтықтырады.
Қасиетті Құранда:
«(Уа, мүміндер) Сендердің
араларыңда игілікке шақыратын, жақсылыққа
үндеп, жамандықтан тыятын бір қауым болсын.
Міне, солар нағыз жетістікке жеткендер»
(«Әли-
Имран» сүресі, 104-аят) деп айтылған.
Иә, уағыз айта білу үшін терең білім, парасат-пай
ым, тақуалық әрі көркем мінез қажет. Жақсылыққа
шақырушы адам қашан да өзіне сын көзбен қарауды,
тақуалығынан айнымай сөзі мен ісінің бір жерден
шығуына мән беріп, әрдайым есеп беруді әдетке ай
налдыруы тиіс. Өйткені Пайғамбардың (с.а.с.) өнегелі
ісін жалғастырып, дін атынан сөз сөйлеудің ақыретте
де сұрағы жеңіл болмасы сөзсіз. Сондықтан қай кез
де де дінге үлкен жауапкершілікпен қарап, шынайы
болу қажет.
«Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Дін
дегеніміз шынайылық таныту ، дегенде, сахаба
лар: Кімге шынайылық таныту? ، деп сұрағанда ол
(с.а.с.): Аллаһқа, Кітабына, пайғамбарына, мұсылман
басшыларға және жалпы мұсылмандарға ، деп жауап
берді
30
. Яғни Аллаһқа шынайы түрде иман етіп, риясыз
бойсұну, Кітабына кәміл иман келтіріп, үкімдерімен
амал ету, пайғамбарына адал үмбет болу, мұсылман
басшыларға бойсұнып, игі істерде қолдау көрсетіп, ша
лыс басып жатса, насихат айтып тура жолға шақыру
және жалпы мұсылмандарға риясыз бауырмалдық
көрсетіп, насихат айтуды меңзеген.
Үміт cәулесі
таусылып барады», ، дейді. Отырғандар ашумен өре
түрегелді. Кейбірі қабағын түйіп: «Алла елшісіне бұлай
деуге қалай дәтің барды?» деп дүрсе қоя берді. Алайда
мейірімді пайғамбарымыз (с.а.с) бұған ашуланбады.
Әлгі жігітті жанына шақырып алды. Сөйтті де оған
сұрақ қойды:
Мұндай зинаны анаңа жасалуын қалар ма едің?
Әке-шешем сен үшін пида болсын, уа, Алла
елшісі, қаламаймын!
Ешкім де анасына мұндай арсыздықты
қаламайды! Туған қызыңның зина жасағанын қалар ма
едің?
Жаным саған құрбан болсын, уа, Алла елшісі,
қаламайтын едім!
Ешкім өз қызына мұны тілемейді! Әпкеңе жаса
луын қалар ма едің?
Жоқ, қаламаймын.
Біреу қарындасыңмен зинаға барғанын қалар ма
едің?
Жоқ, жоқ, қаламаймын!
Ешкім әпкесіне де, қарындасына да зина жаса
луын қаламайды!
Бұл ең соңғы сөзі еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
алдында әлгі жігіт жуасып сала берді. Сонда мейірімді
Пайғамбар (с.а.с) қолын жас жігіттің көкірегіне қойып:
«Алла тағалам, мұның күнәларын кешір, жүрегін таза
лап, ар намысын сақта!» деп дұға етті. Жуләйбиб осы
дұғадан кейін арлы тұлғаға айналды.
Тарихта қай кезеңді алып қарасақ та мұсылмандар
халықты жақсылыққа шақыру насихатын тоқтатпаған.
Өйткені Ислам насихатпен ғана пенделерге бақи өмірдің
артықшылығын еске салып, олардың ықылас, ниеттерін
Үміт cәулесі
иесің»
27
деп ардақты елшінің мінез-құлқының қандай
жоғары деңгейде болғандығын баяндайды. Ол сахаба
ларына халықты Алланың тура жолына шақыру үшін
көркем мінез-құлықтың Исламда аса маңызды екенін
ескертіп және ақыретте жаннаттың төрінен зәулім са
рай берілетінін айтып сүйіншілейтін. Алла елшісі Муаз
ибн Жәбәлға
«Адамдарға жақсы мінез-құлық көрсет»
деген.
Осы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып қана
халықты игілікке тәрбиелей аламыз. Пайғамбарымыз
«Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан
қайтаруды тек мейрімді, жұмсақ әрі фақиһ (дінді
терең түсінген) адам ғана жасай алады»
деген
29
Насихат жасағанда жұмсақтық аса қажет. Бірде ха
лифа Мамунға бір насихатшы келіп, намысына тиетін
ауыр сөздер айтып, масқаралаған кезде халифа Ма
мун оған былай дейді: «Мына жерден жақсылықпен
аттанғаның дұрыс. Алла тағала сенен де жақсыны
(Мұсаны) менен де жаманға (Перғауынға) жібергенде
жұмсақ болуды бұйырып:
«Оған жұмсақ сөз айт.
Мүмкін ол насихатты тыңдар немесе қорқар», -
де
ген болатын («Таһа» сүресі, 44-аят).
Алла елшісінің (с.а.с) жұмсақтығы жайлы мына
оқиғаны мысал ете кетейік. Бір күні пайғамбарымыз
(с.а.с.) бірнеше сахабасымен мешітте отыр еді. Бір
кезде бір жас жігіт кіріп келді. Сахабалар бұл кісінің
есімін ашық айтпайды, бірақ кейбір риуаяттардан
оның есімінің Жуләйбиб (р.а.) екенін білеміз. Әлгі кісі:
«Пайғамбарым, маған зина жасауға рұқсат бер, төзімім
«Қалам» сүресі, 4-аят.
Үміт cәулесі
тымайтын киімі бар, арық келген, аяқтары қисық, өзі
қарапайым бір жан. Ол кісіге болып жатқан жайт жайлы
хабар беріп еді, Ахнаф ибн Қаис естігеніне таң қалмады.
Себебі ол кісі талай-талай оқиғаларды көрген қарт. Ха
бар жеткізушіге жай ғана: «Иншалла жақсылық бол
сын», ، деді. Артынша қарияның алдына үйіндегілері
таңғы асын әкеледі. Қария ештеңе болмағандай, асықпай
таңғы асын жеуге кіріседі. Алдына қойылған таңғы асы
қатып қалған нан, май, тұз, бір шыны су еді. Алланың
атымен таңғы асын бастап, соңында шүкірлігін айтты
да өзін күтіп отырған хабаршыға былай дейді: «Бұл
бидай ، Ирактан, ал май ، Шамнан, бұлардың барлығы
үлкен нығмет». Содан кейін киімін киіп, балдағын алып
ұрыс болып жатқан жерге келді. Даусы шыққаны сол
екен, төбелесіп жатқандар бірден арттарына бұрылып
қарап, кілт тоқтай қалды. Айнала жым-жырт. Бәрі
де қарияны үнсіз тыңдай қалады. Қария екі жаққа да
көкейге қонымды бітім айтып, дауларын тоқтатып,
үйді-үйлеріне тарқатады. Ешбірі қарсы келместен,
қаруларын қынаптарына салып, жөндеріне кетеді.
Демек бақыт дегеніміз байлық, зәулім сарай неме
се алтын-күмісте емес. Керісінше иманды, тағдырына
риза, көпшіл және иманы асқан тақуалығында.
3. Көркем мінез.
Дінді түсіндіргенде көркем мінез,
жұмсақтық аса маңызды. Көркем мінез болмаса, білім
мен тақуалық жетпейді. Адам өз бойындағы жақсы
мінез-құлық қасиеттерімен халықты жақсылыққа
шақыруы қажет. Екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз
(с.а.с.) көркем мінезді ең кемеліне жеткізіп, жанындағы
сахабаларына өнеге қыла білген. Ол жайында Алла
тағала Құранда:
«Расында сен сондай тамаша мінезге
Үміт cәулесі
жан қалмаған соң адамдар надандарды өздеріне басшы
етіп алады. Халық олардан пәтуа сұрағанда білмесе
де пәтуа беріп, өз білгендерінше үкім шығарады.
Нәтижесінде өздері де адасып, өзгелерді де адасты
рады», ،
деп айтқан
26
2. Тақуалық.
Тақуа деп Алла тағала харам қылған
нәрселерден тиылып, бұйырған әмірлерін бұлжытпай
орындап жүрген құлға айтылады. Басқаларды
жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақыру үшін өзі
иләһи әмірлерді орындап, тыйым салынған істерден
сақтанып тақуалығы олардан үстем болуы керек. Әрбір
білімді адамның білгенімен амал етуінде де тақуалық
өте қажет. Өйткені тақуалығы арқылы басқалар оның
сөзіне, ісіне мән бере тыңдайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сахабаларын бір жерге Ислам дінін уағыздау үшін
басшылық қызметіне тағайындап
«Қай жерде болсаң
да Алладан қорық!»
дейтін. Өйткені бұл өсиеті халықты
жақсылыққа шақыруға, игілікке жетелеуге және кез кел
ген зұлымдықтан құтылуға жол ашады.
Расында абырой адамның байлығында, үйінде,
мінген көлігінде емес. Адамның қадірі ، ілімінде,
көркем мінезділігінде, тақуалығында. Алла ол жайында
«Хұжұрат» сүресінің 13-аятында:
«Алланың қасында
ең ардақтылар ، тақуалар»
, ، деген. Осы жерде бір
оқиғаны баяндайын: Куфа қаласында бір мешітте екі
топтың арасында бүлік шығып, ерлер қанжарлары мен
қылыштарын жалаңдатып, ұрыс басталып кетеді. Ара
ларынан бір кісі байқатпай шығып, Ахнаф ибн Қаис
деген данагөй қарияға барады. Бұл дауды тоқтату тек
соның қолынан келетініне сеніп, ауласына кірсе, ол кісі
қойларын сауып отыр екен. Үстінде он динарға да та
Үміт cәулесі
білімімен халықты жақсылыққа шақыруға бұйырған.
Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараның ара
жігін ажыратушы етіп жіберілген Құран кәрімнің ең
алғашқы аяты «
Оқы! Жаратқан Раббыңнын аты
мен
!» деген әмірмен басталған. Құран кәрімнің 670
жерінде білім жайында баян етіледі. Сондықтан да
халықты жақсылыққа шақыру үшін білімді болу ،
Ислам дінінің ең басты талабы. Білімді адамдардың
өзге адамдардан айырмашылығын Құран кәрім:
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»
деп
көрсеткен. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадис шарифінде:
«Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған
айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді»
деген
25
Мұсылман үшін білімді болу оң-солын, әлемнің жа
ратылу мәнін ұғынуға, қала берді халықтың ғибадатын
кемшіліксіз орындауына жол ашады. Дұрыс діни білімі
болмаса ғибадаттарына нұқсан келтіріп, Исламда
бұйырылмаған бидғат істерді үйретуіне, тіпті кейбір
теріс жолдарға кетуіне себепкер болады. Омардың
(р.а.) бір сөзінде: «
Мен бір мұсылманның күнә жа
сауынан қорықпаймын. Мен тек Құранды негізсіз
(білімсіз) түсіндіретін адамнан қорқамын
» деген.
Білімсіздіктің көптеген адасушылыққа жол ашады
тіпті Алла тағала бір халықты жазалағанда олардың
арасынан білімділерді алып қояды екен. Абдуллаһ ибн
Амр ибн Ас (р.а.) жеткізген хадисте Әз елші (с.а.с):
«Алла ілімді адамдардың көкірегінен суырып алмай
ды, олардың ішіндегі шынайы ғалымдардың бірде-бірін
қалдырмайды. Сол кезде араларында бірде-бір білімді
«Зумар» сүресі, 9-аят.
Үміт cәулесі
«Атқа мініп тұрып атқан», ، дегенде, ол: «Қателестің»,
، дейді. Кейін Ибраһим: «Жаяу тұрып атқан абзал»,
، деп едім, тағы да қате, ، деді. Кейін өзі: «Егер ата
тын заты бір орында тұрса, жаяу тұрып атқан дұрыс,
ал егер ататын заты қозғалыста болса атқа мініп тұрып
атқан абзал», ، деді. Мен содан кейін орнымнан тұрдым.
Қоштасып сыртқа шығып бара жатқанымда іштегі
адамдардың жылаған дауыстарын естідім. Сол кезде
ол кісі жан тәсілім еткен еді. Алла елшісі (с.а.с.): «
кім білім жолында болса, оған Алла жаннат жолын
жеңілдетеді
» деген.
Ғұламалар ، адамдардың ішіндегі ең көңілдері
кең, шаттыққа толы, қуаныштары ұлылары. Өйткені
хадисте айтылғандай олар пайғамбардың мұрагерлері
болғандықтан, аса құнды ілім байлығына ие. Ардақты
пайғамбарымыз да (с.а.с.) «
Алла тағалам, сенен пай
далы ілім, қорқатын жүрек, қабыл болатын дұға
тілеймін
» деп тілеген. Шын мәнінде Алладан тек пайда
лы ілім сұраған жөн. Әйтпесе шайтанда да ілім бар еді.
Бірақ, ол тәкаппарлығына салынып, Алланың қаһарына
ұшырады. Сол секілді Жаратқан жаппар иені мойында
майтын білім де адамды тәкаппарлыққа алып барады.
 \t \r\t
1.
Надандықты жою үшін әрбір мұсылман
баласына білім парыз етілген. Алла тағала алғаш Адам
ды (а.с.) жаратып, оған барлық нәрселердің есімдерін
үйрету арқылы періштелерден де үстем етті, әрі жер
бетіне халифа етіп жіберді. Сондықтан Алла тағала
адам баласына өзі дарытқан ілімін үйренуге, алған
Үміт cәулесі
кейбір маңызды болған ұйқы мен тамақтану секілді
жайттарда ғана ізденісін тоқтататын еді. Әр уақытта
оның жүзінен қиындықтың белгісі мен қолдарынан
ізденісінің нәтижесі көрініп тұратын еді.
Фиқх ғалымы Абуль-Хасан Али ибн Иса өлім ау
зында жатқанда Абу Райханның көңілін сұрап барған
кездегі оқиғасын былай әңгімелейді: «Мен ол кісінің
бөлмесіне кіргенімде қиналып, хал үстінде жатыр екен.
Сол кезде ол маған: «Бір күні сен маған мирас жай
ында не айтып едің?» ، деді. Сонда мен оған жаным
ашып: «Осындай кезде соны сұрайсыз ба?» ، дедім.
Сонда ол маған: «Әй, жігіт, мен ол мәселе жайында
білемін және өмірден өтіп барам, егер білмеген болсам
үндемей қоя салғаным жақсы емес пе?» ، деді. Мен
оған сондағы мәселені қайта айтып едім, ол хал үстінде
жатса да білгенін тегіс маған үйретіп кетті». Өмірін
ілімге арнағандар, өмірінің соңғы сәтін де сол игі іспен
бітіргенді қалайды. Кім қалай өмір сүрсе солай өледі
емес пе. Сондай-ақ бұл өмірдің соңы, жаңа өмірдің ба
сталуы деп білген ғалымдар еш уақытта үмітсіздікке
түскен емес.
Әбу Ханифаның шәкірті имам Әбу Юсуф ауырып,
есінен танып жатқан кезінде Ибраһим ибн әл-Жаррах
оның жағдайын сұрай келеді. Сонда ғалым есін жиып
былай деген: «Сен алдында менен қандай мәселе
жайында сұраған едің?». Ибраһим ибн әл-Жаррах:
«Осы халіңізде үйретпекшісіз бе?» ، деп, науқасты
тынышталдырмақ болады. Имам: «Ол мәселе жайын
да пікір алысқанымызда тұрған ештеңе жоқ, бәлкім
осының себебінен бір кісі құтылар», ، деді. Сонан соң
ол: «Әй, Ибраһим! Жерде тұрып оқ атқан абзал ма,
жоқ әлде атқа мініп тұрып атқан ба?» ، деді. Ибраһим:
Үміт cәулесі
Қорыта айтсақ, кітап оқудың көптеген пайдалары
бар. Олар:
Уәсуәса мен қайғыны сейілтеді;
Жалған сөзге кірісіп кетуден сақтайды;
Жалған айтушылармен араласудан сақтайды;
Тілді машықтандырады, қате сөйлеуден
сақтайды. Шешендікке баулиды;
Ақыл дамиды, ой ұшқыр және сана таза болады;
Білім дамып, түсінік кеңейеді;
Адамдардың тәжірибесінен және ғалымдардың
шешімінен пайда алады;
Білім-ғылымды сараптауға және әртүрлі
мәдениеттерді оқып, оның өмірдегі маңыздылығын
түсінуге үйретеді.
Ислам жайлы кітап болса, иманның артуына себеп
болады. Өйткені кітап көркем уағыз, жамандықтан ты
яды, жақсылыққа шақырады.
Сананың сан-саққа кетуінен, жүректі мазасыздану
дан, уақытты босқа өлтіруден сақтайды.
Сөзді байыппен түсінуге, мәтінді терең зерделеуге,
одан мақсат етілген нәрсені түсінуге, сонымен қатар
астарлы сөздерді түсінуге көмектеседі.
Әбу Райхан әл-Бируни (һижраның 440-жылы
өмірден өткен) 7: жыл өмір сүрген. Ол өмірін ғылымға
арнап, бар күш-жігерін сол жолда жұмсап, кітаптар
жазуға ерекше мән берген. Ол кісі ғылымға кіріскенде
айналасындағы басқа нәрселерге көңіл бөлмей, өз ісіне
тереңдеп бойлайтын. Жүрегі ойлаудан, көзі қараудан,
ал қолы жазудан тоқтамайтын еді. Тек тіршіліктегі
Үміт cәулесі
жақсы екен деп естісем, оны іздеп тауып алатынмын
және одан пайда алуға тырысатынмын. Бітіп қалмаса
екен деп оның парағы қаншалықты қалғанына қайта-
қайта қарайтынмын. Ал, Құранның парағы қаншалықты
көп болса, менің де өмірім соншалықты кәміл әрі
қуанышты».
Әл-Утби кейбір ғалымдардың кітабына байланы
сты былай деген: «Егер кітап қалың әрі парақтары көп
болмаса, оны қайта көшіретін едім».
Хәкім Абай:
«Артық ғылым кітапта, ерінбе
оқып көруге» десе,
Ахмет Байтұрсынов: «Оқусыз
халық қанша бай болса да біраз жылдардан кейін оның
байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді» деп
көштен қалмауға шақырған. Кітаптың маңызын жақсы
түсінген М. Горький: «
Егер мен бай болсам, тек қана
кітап сатып алар ем»,
Кітап әлемдегі құпиялы ұлы
ғажайыптардың бірі» деп сөз қалдырған.
Серке
Қожамқұлов: «Кітап ، өмір ұстазы. Сондықтан жастар
кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай
өмірді білу, білім алу мүмкін емес», ، деп жастарды
кітап оқуға шақырған.
«Бар кітап бір кітапты түсіну үшін оқылады» де
гендей, кітаптардың ішіндегі ең ардақтысы мына кітап:
كِر
«(Уа, Мұхаммед!): Бұл саған түсірілген кітап.
Сондықтан көңіліңде кірбің болмасын. Бұл кітап
саған (Аллаға асылық қылған адамдарды) ескертуің
және мүміндерге насихат айтып, Раббыларының
оларға деген рақымы мен кеңшілігін естеріне
салуың үшін түсірілді»
(«Ағраф» сүресі, 2-аят).
Үміт cәулесі
да жалықтырмайды. Оны сөреңнен алып тастамайын
ша, саған ізгіліктің нұрын төге береді. Кітапқа ұзақ
уақыт байлану адамды пайдасыз нәрсеге қараудан, бос
сөйлеуден, мінезі жаман кісілермен араласып, жағымсыз
қасиеттерін жұқтырудан аман сақтайды. Сонымен қатар
ақиқатты танып, одан пайда алуға жәрдемдеседі, олай
болмаса да бос қиялдардан қорғап, жалқаулыққа жар
беруден, ойын-сауыққа әдеттенуден алыстатады. Кітап
өз иесі үшін аса үлкен нығметтерге жетелеп, болашаққа
жол сілтейді. Сонымен, күнді бос күлкімен, түнді ой
ынмен өткізгеннен абзал нәрсе, ол ، кітап оқу. Өмірін
бос, мәнсіз, ізгіліктен мақұрым өткізгісі келгендер үшін
кітап ешқандай пайда бермейтіндей, тіпті ақылына
ақыл, тәжірибесіне тәжірибе қоспайтын секілді көрінеді.
Кітаптың артықшылығы жайлы төмендегі
мәліметтерді ұсына кетейік:
Әбу Ұбайданың айтуынша, Әлмуләһһәб деген
кісі балаларына: «Әй, балаларым! Базарда тек қана
білім алуға қажетті заттарды сатудан басқа іспен
айналыспаңдар» деп өсиет қалдырған екен.
Бір досым маған былай деді: «Шам елінен келген
бір ғалымның қасында болып, кітап оқыдым, одан
көптеген әсер алдым. Ол кісі: «Бүкіл көркемдік кітапта
ғана қалды» деді. Әл-Хасан Лулуйдің: «Қырық жыл
бойы жатсам да, тұрсам да, отырсам да қолтығымнан
кітапты тастаған емеспін» дегенін естідім.
Ибн Әл-Жаһм былай деген: «Ұйықтайтын
уақыттан басқа кезде көзім ілініп, қалғысам даналық
кітаптарының бірін қолыма алатынмын. Сөйтіп одан
өзімді оятып, ұйқымды ашатын нәрсе табатынмын.
Осылай жүрегіме қуаныш ұялайтын». Ибн Әл-Жаһм
тағы бір сөзінде былай деген: «Егер бір кітап жайлы өте
Үміт cәулесі
Адамның өз ғұмырында қол жеткізген ең асқақ
жетістіктерінің бірі ، кітап оқуға дағдыланып, пай
далы нәрселермен сананы дамыту. Кітап өмірлік
тәжірибелерді бойына жинақтаған, көнеден сыр шертіп,
болашаққа бағдар ұсынатын данагөй қария іспетті.
Кітап жайлы оның қадірін білгендердің бірі кітапқұмар
шығыстық әл-Жахиз деген жазушы: «Кітап ، айнымас
дос, жалықтырмайтын серік, ақы сұрамайтын кеңесші,
салмақ салмайтын көрші. Әрі сенен еш нәрсеңді алғысы
келмейтін дос, алдамайды, екіжүзділік танытпайды, ай
ласын асырып та кетпейді» деген.
Шекспир: «Кітап
маған тақтан да қымбат» десе, Бауст: «Наданмен
қас болғанша, кітаппен дос бол» деген екен.
Гюго да өз кезегінде:
Кітап ، асып-та
спайтын асыл досымыз» деп ой түйеді.
Кітапқа қарасаң көзің тоймайды, жігеріңді қайрап,
тіліңді байытады. Сонымен қатар жан дүниеңді
тебірентіп, шешендікке баулиды. Өреңді кеңітіп,
санаңды дамытады. Кітап арқылы адам басқаларды
құрметтеуді үйренеді. Көп адамдар білмейтін
нәрселерге қол жеткізесің. Әрі алданып қалудан аман,
басқа біреудің есігінде тұрып телміріп білім алудан
аулақ боласың. Өзіңнен мінезі нашар біреумен бірге
отырудан, жамандармен араласудан, бай-манаптармен
байланыс орнатып, оларға жалтаңдап тәуелді болудан
құтыласың.
Кітап күндіз саған қалай бойсұнса, түнде де солай
бойсұнады. Сапарда да, жай уақытта да жаныңнан та
былады. Ұйқысырап әлсіздік танытпайды. Сен оған
ештеңе бермесең де ол саған пайдасын беруін бір сәт те
тоқтатпайтын ұстаз. Қаншалықты онымен бірге болсаң
Үміт cәулесі
неге толық сіңеді. Қан мен ет қалауы жоқ, күші жоқ,
өздігінен еш нәрсе істей алмайтыны белгілі. Олай
болса кейбір періштелер, асқазандағы асты сол жерде
сақтаса, екінші бірі оны қан, ет пен сүйекке айналды
рады, енді біреуі азықтың артығын сыртқа бөліп тастап
отырса, енді бірі сүйек сипатындағы азықты сүйекке, ет
сипатындағы азықты етке қосып отырады, енді бірі сол
азықты қосқанда аз да емес, көп те емес өз мөлшерімен
беріп отырады. Әр ағзаға өзіне керектісін ғана беріп
отырмаса, бір аяққа аз бір аяққа көп берсе, немесе екі
аяққа азық бермей, қоректің барлығын дене мен қолға
бере берсе, адамның аяқтары туылғанда қалай болса, со
лай жетілмей қалады емес пе?! Нәзіктігіне қарай көздің
қабағына, нұрлануына қарай көзге, қалыңдығына қарай
балтырға, қаттылығына қарай сүйекке және салмақ
пен түріне қарай бір асқазандағы азықты бөліп беру
періштенің міндеті. Ағзалардың кейбіреулері үлкен,
енді бірі кішкентай, енді бірі көп қорек қажет етеді.
Бұлардың барлығына теңдей бөлетін періште әділ болма
са, мұны дұрыс орындамаса, адамның барлық азғалары
теңдей өспейді. Бұл істердің барлығын өздігінен болып
жатыр деген адам қандай надан, білімсіз болмақ.
Негізінде адам бір көзіне азықты жеткізу үшін
бір періште емес, жүздеген періштеге мұқтаж. Алай
да бұлардың санын тек жаратушы Раббымыз ғана
біледі. Иә, осының бәріне адам баласы ой жүгіртіп,
Жаратқанға мадақ айтуы тиіс. Құранда: «
Сен егер
Алланың нығметтерін санамақ болсаң, санап туыса
алмайсың»
деп сыйға тартқан нығметтерін ұмытшақ
пенделерінің есіне салуда.
Үміт cәулесі
Құран періштелерге иман етудің парыз екенін
білдіреді және олардың бар екендігі мен нендей
мақұлық екендігін де айтып өтеді:
«Кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге,
кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе, міне,
солар шыншылдар, нағыз тақуалар
» («Бақара», 177
аят).
Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде
бұл тақырып кеңінен баяндалған. Айша анамыздан
(р.а.) жеткен бір хадисте: «
Періштелер нұрдан, жын
дар жалындаған оттан, Адам болса топырақтан
жаратылған
» (Мүслим, Зухд,10) дейді.
Алла тағала періштелерді жаратқаннан соң оларға
түрлі қызметтер жүктеген. Оларды мынадай түрлі
топтарға бөлген:
Аспан әлеміне қызмет етуші періштелер:
Жер бетіне қызмет етуші періштелер:
Ғаршыны көтеріп тұрушы періштелер.
Алла тағала жер бетіндегі барлық іс-әрекеттерді
қозғаушы етіп періштелерді тағайындады. Сонымен
қатар, адам баласының ішкі құрылысының жүйесіне де
періштелер тағайындады. Аятта «
Алланың әмірі бой
ынша әркімнің алдынан қалмай жүретін қорғаушы
періштелер бар
» («Рағыд» сүресі, 11-аят) делінген.
Адам баласы асты жегеннен кейінгі оның қорытылуы,
денеге жайылып қорекке айналуы секілді істердің
барлығын періштелер атқармақ. Бұл істе кейде жеті
періште, кейде он періште, кейде жүз, кейде одан да
көп періште өкілдік міндетін атқаруда.
Адамның жеп-ішкені аз уақыттан кейін қорек бо
лып, қанға өтіп, содан кейін ет пен сүйекке айналады.
Ет пен сүйек болғаннан кейін, асқазандағы азық де
Үміт cәулесі
Омар ибн Абдулазиз: «Алланың нығметтері жайлы
ойлау ، ғибадаттың ең жоғарысы» деп көкейдегісін паш
етеді.
Пайғамбармыз бір күні ойдың тұңғиығына түсіп
кеткен бір топтың жанына барып былай дейді:
Неге сөйлемейсіздер?
Біз Раббымыздың жаратқандары жайлы ойланып
отырмыз.
Дұрыс, Алланың жаратқандары жайлы
ойланыңдар! Алланың өзі жайлы (болмысы қандай екен
деп) ойланбаңдар.
Және бір хадисінде
: «Алланың жаратқандары
жайлы ойланыңдар, Оның өзі жайлы ойланбаңдар.
Өйткені сендер Хақ тағаланы лайықты түрде танып-
біле алмайсыңдар»
деп ескерткен.
Хатем деген тағы бір кісі: «Ғибраттан білім, зікірден
сағыныш, ойланудан қорқыныш туады» деген.
Ибн Аббас: «Жақсылық жайлы ойлау адамды
жақсылық жасауға ұмтылдырады. Жамандық жайлы
ойлап жиіркену жамандықты тастауға жетелейді» деген.
Бір күні Алла елшісі сахабаларымен дидарласып
отырып, ұзақ ойға шомып: «естідіңдер ме?» дейді ке
неттен. Сонда сахабалар таңдана: «Уа, Алланың елшісі,
нені естуіміз керек?» деп сұрағанда пайғамбарымыз:
«Періштелердің көптігінен аспан сықырлап тұр ғой»
деген екен.
Жаратылыстың ең ұлысы адам екенінде еш шүбә
жоқ. Адам денесіндегі Алланың сансыз нығметтерін
көріп тамсанудан басқа еш шараң қалмайды. Хадистер
де айтылғандай, 360 періште әрбір мұсылманды, әсіресе,
қарттар мен сәбилерді қорғап жүреді екен. Әлбетте, осы
айтылған 360 періштенің өзіндік міндеттері бар.
Үміт cәулесі
    \b 
Ислам діні адам баласының санасын әр түрлі жалған
нанымдардан арылтып, әлемнің жаратылуы, болмыс
пен өзі туралы ой жүгіртуге шақырады. Өйткені ол ақыл
иесі болғандықтан, ақиқатқа ойлау арқылы қол жеткізуі
керек. Сол үшін де оған еркін ойлау мүмкіндігі берілген.
Ислам діні жаратылыс жайында терең ой жүгіртуді
құлшылыққа есептейді. Сондықтан Құранның
көптеген жерлерінде «
Ойланбай ма?
», «
Ақыл салып
қарамайды ма
?» ، деген үндеулер де жиі кездеседі.
Ата бабаларымыз:
Көп ойласаң ، дана боласың,
Көп ойнасаң ، бала боласың.
Түйедей бойың болғанша
Түймедей ойың болсын
, ، деп сабақтаса, мына мақал
тақырыпты одан әрі аша түседі:
Нақыл қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса,،
деп тоқсан ауыз
сөзді тобықтай түйіндеген.Тақырыпты одан әрі тарқату
үшін мына бір тәмсіл әнгімеге көңіл аударсақ:
Бірде Лұқман хәкім жалғыз өзі елден жырақта
отырған көрінеді. Қызметшісі жанына келіп: «Сен ұзақ
уақыт бойы жалғыз өзің отырасың! Адамдармен бірге
отырғаның өзің үшін жақсы болар ма еді!» ، дейді.
Сонда Лұқман: «Ұзақ уақыт бойы жалғыз отыру ойлау
қабілетін арттырады. Ұзақ уақыт бойы ойлану жаннат
жолына жетелейді!» деген екен.
Сондай-ақ Уаһб ибн Мунаббиһ: «Адамның көп
ойланған сайын білімі де артады, білімі артқан сайын
ізгі амалдары артады» деген.
Үміт cәулесі
«Сендердің жақсы деп ойлағандарың жаман,
ал жаман деп түйген нәрселерің жақсы болуы ғажап
емес»
делінген. Сонымен қатар «Тәубе» сүресінің 124
аятында:
جِر ى
جِر
«Иман келтіргендер имандары артып, қуанады.
Ал жүректерінде дерті барлар, олардың күпірлігіне
күпірлік қосылып, кәпір болған күйде өледі»
، деп
қандай жағдайда да мұсылманның иманы артып, қуана
берсе, кәпірлердің имансыздығы артып, жек көрініші
арта беретіндігі айтылып тұр. Мұның түбірі өмірдегі
оқиғаларды дұрыс бағамдамай, күпірлік көзімен қарап,
жаман ойлаудан туындайды. Сондықтан дұға еткен
де тақуа ғалымдар: «Уа, Алла тағалам, бізге иманды
сүйдіріп, жүрегімізде оны арттыра гөр. Күпірлікті жек
көргізіп, оны бізден алыстата көр!» деп жиі дұға еткен.
Бірде Мұса пайғамбар Алла тағалаға: «Уа, Раб
бым, сенің жақсы көрген құлдарыңды жақсы көрмеген
құлдарыңнан қалай ажыратамын?» ، деп сұрайды. Сонда
Алла тағала: «Мұса! Мен жақсы көрген пенделерімнің
екі сипаты болады. Бірінші белгі, мен оған мені еске алу
ды, зікір етуді жақсы көрдіремін де жер мен көктегілерге
оның атын жария етемін. Екінші белгісі, харам істерден
оны ұзақ етіп, азабыма ұшыратпаймын», ، дейді. Со
сын: «Жек көрген пендеме де екі сипат беремін: мені
еске алуды, зікір етуді ұмыттырамын және оны нәпсі
қалауымен қалдырамын да, ол нәпсінің жетегіне кетіп,
харам істеп азабыма ұшырайды», ، деп жауап қатады.
«Бақара» сүресі, 216-аят.
Үміт cәулесі
ондай жағдайға душар етпегейсің» деп өзінің ондай
жағдайға түсіп қалмауы үшін дұға етуі керек.
Пенде болған соң ұрыс-керіссіз өмір жоқ қой.
Сондай жағдайда Пайғамбарымыздың: «
Мұсылман
мұсылманмен үш күннен артық араздасып, араласпай
қоюларына болмайды
», ، деген хадисін еске алып, тез
арада жарасуға тырысу қажет.
Жаратқан иеміз жайында да жаман ойға берілмеу
қажет. Құдай тағалаға деген жаман ой қандай десең,
ол Алла тағала жасаған күнәларымды кешірмейді деп
жаман ойлау. Шын жүректен жасалған тәубені Жасаған
иеміз әрдайым қабыл алып, кісі ақысынан басқа кез
келген күнәні кешіретіндігі көптеген аят-хадистер
де айтылған. Бір құдси хадисте Алла тағала
«Құлым
мен жайлы қандай ойда болса, ақыретте оған со
лай қатынас жасаймын»
деп бізді жақсы ойлауға
шақырған.
Сол секілді тек қана адамдар жайлы емес, айнала
мызда орын алып жатқан оқиғалар туралы да жақсы
ойлау қажет.
Әбу Дарда былай дейді: «Адамдар жек көретін үш
нәрсені мен жақсы көремін: кедейлікті, науқастықты,
өлімді. Кедейлікті жақсы көремін, өйткені ол
тұрақтылық береді. Науқастықты жақсы көремін,
өйткені ол күнәларымды өшіреді. Өлімді жек көрмеймін,
өйткені ол мені Аллаға қауыштырады».
Құранда айтылғандай жек көру де, жақсы көру де
шариғаттың шеңберінде орынды болмақ. Өйткені адам
бір нәрсені жек көрсе, ол оған зиянды да, пайдалы да
болуы мүмкін. Сол секілді бір нәрсені жақсы көрсе,
ол пайдалы да зиянды да болуы мүмкін. Сондықтан
Құранда:
و
ائ
ش
او
ت ن
أ ى
و
ل
و
ائ
ش
او
ت ن
أ ى
Үміт cәулесі
Төркініңе кет, ، дейді ойланбастан. Қайтып келген
қыздарына үйіндегілер:
Әй, Зейнеп-ай, ерте бастан өзің таңғы асты
ішпеуің керек еді немесе түнде жатарда тістеріңді таза
лап жатқаныңда ғой, ، деп кейіс білдірген кезде, Зейнеп:
،
Таңертең ертемен тістерімді шұқығаным жұрттан
бұрын таңғы асты ішкендігімнің де, түнде тістерімді
тазаламай жатқандығымнан да емес. Түнде жатарда
тістерімді мисуакпен тазалап жатқан болатынмын.
Таңертең тұрғанда сол мисуактың талшықтарының
тістерімнің арасына тұрып қалғандығын байқап, со
ларды тазалап жатқан едім, ، дейді. Көрдіңіздер ме,
асығыстықпен жаман ойдың нәтижесінде жасалған
шешімнің неге апаратынын.
Шайтанның уәсуәсасы да адамға жаман ой салып,
түрлі психологиялық ауруларға ұшыратады. Бірнеше
күн бұрын бір жолдасымен ренжіскен адам, осы
ренжісудегі болған жайтты есіне түсіріп, «сен сол кез
де былай деуің керек еді» деп жаман ой салып, «оның
саған істеген алдыңғы да жамандықтары бар» деп оның
бұрыңғы істеген істерінің барлығын өзіне қарсы қояды.
Осылайша жолдасы жайлы жаман ой ойлаған сайын,
оған деген жек көрініші арта береді де, ол адамды қас
жауындай жек көреді. Бұл шайтанның уәсуәсасынан,
жаман ойдан құтылудың шарасы жоғарыдағы аят
«Күмәннің (жаман ой) көбінен сақтаныңдар.
Өйткені, күмәннің кейбірі ، күнә»
, ، деу арқылы
жоқ жерден өзіміздің күнәға ұрынып қалмауымызды
айтып ескертіп тұр. Тіпті күнә істегенін көрсеңіз де
көрмеген сыңай танытып, бауырыңыз жайлы жаман
ойдан сақтанып, оны жұртқа жаймай, керісінше «Уа,
Алла тағалам, күнәһар пенделеріңді кешіре гөр. Мені
Үміт cәулесі
кеткізеді», «Еңбек етсең ер боласың, жатып ішсең жер
боласың», «Еңбегі бардың өнбегі бар» деп тәрбиелеген.
«Сауда жасаңдар! Өйткені табыстың онда тоғызы
саудада»
36
деген Пайғамбарымыз (с.а.с.) еңбек ету тек
дүниелік табыс емес сонымен қатар
«Кейбір күнәларға
намаз да, ораза да, қажылық та кәффарат (өтем) бола
алмайды. Ондай күнәлар тек қана адал, маңдай тер
мен табыс табу үшін еңбектенгенде ғана кешіріліп,
тазаруы мүмкін
» деп адал еңбектің адам күнәларының
жуылып-шайылуына себеп болатындығын құлшылық
екендігін айтқан. Басқа бір хадисінде:
«Сендерден
біреуің құрма ағашының көшетін егейін деп жатқан
сәтте қиямет келіп қалса, егер үлгерсе оны ексін»
деген. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) кез-келген
бастаған игі істі аяғына дейін толық орындауымызға
және соңғы демімізге дейін еңбек етуді тоқтатпауымызға
шақырады. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай еңбек те
құлшылық болып есептеледі. Ал жалқаулық ، адам
ды бойкүйездікке салып, дүние істері мен ақырет
амалдарына салғырттық танытуына әкеліп соғатын
аса қатерлі дерт. Адамзатқа үлгі ретінде жіберілген
Пайғамбарымыз (с.а.с) жалқаулық кеселінен пана
тілеп, Алла тағалаға сыйынатын болған. Өзінің (с.а.с)
даналыққа толы бір хадисінде
«Жұмыссыз қол қусырып
отыру адамның жүрегін өлтіреді»
деп қатаң ескерткен.
Бұл жайлы Абай атамыз да бір сөзінде: «Тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген. Тағы
бір өлеңінде жұмыс істеу турасында:
«Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Үміт cәулесі
ғибадаттан тұрады, ал дүние тіршілікке қатысты сала
лардан тұрады. Әрбір адам өзінің жетік меңгерген са
ласын ары қарай дамытуы керек. Сол салада жетістікке
жетіп еліне пайдалы болуы дінімізде үлкен сауапты іс
саналмақ. Алланың берген аманатын дұрыс қолдану
иманды адамның міндеті. Егер адам баласы аманатқа
қиянат жасап, арам пиғыл мен жетесіздік салдарынан
талай теңіздің табаны құрғап, өзен сулары батпаққа ай
налып, ауа ластанып уға айналса, ақыретте бұлар үшін
адам баласы сұралады. Құранда «
Адамдардың істеген
қылмыстары кесірінен құрлық та, теңіз де бүлінді
деп осы ақиқатты айтса керек. Бұл аятты нақтылайтын
мына бір хадисте:
«Егер бұзақы адам қайтыс болса, жан-жануарлар
мен ағаштар, ел мен сол елдің тұрғындары тыныштық
Сондықтан бұл қылмыстарын тоқтатып,
райларынан қайтуларын меңзеп аяттың соңында
«мүмкін олар райынан қайтар»
деп ескерткен. Адам
дар істеген бүліктерін дұрыстауға тырысса, бұзуға емес
тұрғызуға, ластауға емес тазартуға тырысса, көп еңбек
етіп жер бетін гүлдендіру үшін қолдарынан келгенін
жасаса, Құрандағы «муслихун», яғни «дұрыстаушылар»
деген сипатқа лайықты болар еді.
\b \n  \n\n
Атам қазақ та ұрпағын әрдайым адал еңбекке ынта
ландырып, «Адал еңбек елге жеткізеді, арам еңбек елден
«Рум» сүресі, 41-аят
Үміт cәулесі
молынан ал деп азғырып тұрады. Саудагер саудада адал
болу үшін шайтанның азғыруына төтеп беріп, үздіксіз
шайтанмен де, нәпсімен де күресумен болады» деп жа
уап береді.
Әюб ибн Тамими әс-Сахтияни: «Еңбек етіп, адал
дан тапқан табысым аз болса да, тіленіп көп тапқан та
бысымнан жақсы» деген. Және бір сөзінде: «Еңбек ет.
Өйткені ең үлкен бақыт басқаларға мұқтаж болмау»
деген екен.
Бұл хадистер мен риуаяттардан адал еңбектің
дұрыс екендігін түсінеміз. Бірақ жұмыс істеу адамды
дүниеқоңыздыққа салып, құлшылықты тәрк еткізіп,
тіпті Алланы ұмыттыруы да мүмкін. Егер бұлай бола
тын болса, жұмыс істеудің ақыреттік еш пайдасы бол
майды. Сондықтан жұмыс істеу адамның қажеттілігіне
қарай міндет болады. Иманды мұсылман сауда жасау
да өзіне, отбасына аса қажет болғандығы үшін жұмыс
істеп жүрсе және құлшылығын да қалдырмаса, онда ол
дүние мен ақыретін бірге алып жүрген нағыз тақуа адам
болғаны. Ал егер отбасына жетерлік мал-мүлкі бола
тұра одан артық табыс тапқысы келсе, дұрыс ниетте бо
луы керек. Мол табыс тауып садақа берейін, малымды
көбейтіп зекет берейін, жұмыссыздарға жұмыс беріп
көмектесейін деген ниетпен жұмыс істеуі қажет. Сонда
ғана істеген жұмысының барлығы сауапқа айналады.
Ал егер тәкаппарлыққа салынып, достарына мақтаныш
үшін еңбек етіп, мол табыс табуға тырысса, ниеті дұрыс
болмағаны үшін бұл тапқан табысының еш пайдасы
болмайды.
Олай болса нағыз тақуа кісі
діні мен дүниесін
бірге алып жүре алған адам. Құранда 115 жерде
ақырет сөзі келсе, 115 жерде дүние сөзі айтылған. Дін
Үміт cәулесі
Сенің күнделікті ішіп-жеміңді кім тауып беруде?
، деп сұрайды. Әлгі кісі:
Бауырым,
،
деп жауап береді.
Олай болса бауырың сенен артық ғибадат жасай
ды екен, дейді Иса пайғамбар.
Алла елшісі (с.а.с.):
«Кімде-кім тіленшілік жа
сап, тіленудің бір есігін ашар болса, Алла тағала
кедейліктен оған тіленудің жетпіс есігін ашады»
деп
еңбек етуден, шаршап табыс табудан бас тартып, оңай
тіленшілікке бастайтын болса, Алла оның тіленшілігін
одан сайын арттырып, тапқан табысын еш уақытта
жетпейтін етіп, тіленші халге жетпіс есе артығымен
түсіреді.
Лұқман хакім баласына былай дейді: «Балам, адал
еңбек ет. Кедей болудан сақтан. Өйткені кедей адам
мына үш жағдайға ұшырайды: Діні әлсірейді, ақылы
әлсірейді, көркем мінезі жоғалады. Бұл үшеуінен де
ауыры көпшілік оны келеке ететін болады».
Омар (р.а.): «Ешбіріңіз отырып алып: «Алла
тағалам! Маған рызық бере гөр» деп дұға етпесін.
Аспаннан алтын мен күміс еш уақытта жауған емес»
деп еңбексіз құр дұғаның пайдасы жоқ екендігін айтқан.
Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүниесі үшін еңбек етпейтін,
не ақыреті үшін құлшылық жасамайтын адамды жек
көремін» дейді.
Ибраһим Наһаиден біреу: «Сіздің ойыңызша, әділ
саудагер артық па, жоқ әлде толығымен құлшылыққа
бекінген құл артық па?» деп сұрады, сонда Ибраһим
Наһаи: «Менің ойымша, саудагер артық. Өйткені әділ
саудагер үнемі жиһад етеді. Шайтан таразыда әрдайым
оны азғырып, бергенде кем бер деп азғырып, алғанда
Үміт cәулесі
көргеніне, естігеніне жауапты»
деу арқылы біреу
жайлы нақты мәліметке ие болмайынша, ол жайлы жа
ман ойламауға шақырады.
Тағы бір аятта Жаратқан жаббар иеміз бізге
қарата:
ظلا
ظلا
اري
ك او
جا او
مآ
ني
لا ا
أ ا
«Ей,
иман келтіргендер, күмәннің (жаман ой) көбінен
сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі ، күнә»
деп бұйырады. Жаман ой адамдар арасындағы жақсы
қарым-қатынастың түбіріне балта шабатын қасиет.
Әбу Хұрайрадан келіп жеткен бір хадисте
Адамзаттың ардақтысы
«Жаман ойдан аулақ болыңдар.
Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді көруге және есту
ге құмартпаңдар. Жеке бас өмірлеріңе қатысты
мәселелерді де тіміскілеп, білуге тырыспаңдар»
ді.
Жаман ойлау кез келген мәселеде жағымсыз
нәтижелерге бастайды. Әсіресе ол бір отбасыға сыналап
кірсе, ол ошақты ойрандамай қоймайды. Тарихта орын
алған мына бір оқиғаны айта кетсек артықтық етпес.
Хажжаждың Зейнеп деген қарындасы Мұғира атты
кісіге тұрмысқа шыққан екен. Мұғира өте секемшіл,
ал Зейнеп керісінше аңғалдау болса керек. Бір күні
таңертең ерте тұрған Зейнеп дәрет алмай тұрып тісін
шұқып отыр екен. Сол кезде жұбайы байқап қойып:
Әй, Зейнеп, егер тістеріңнің арасындағы
нәрселер таңғы астың қалдықтары болса, ол сенің
сабырсыздығың (яғни, ешкімнің хабарынсыз таңғы ас
ішкенің), ал егер ол түнгі тамақтың қалдықтары болса,
ластығыңның дәлелі. Екі жағдай да маған ұнамайды.
«Исра» сүресі, 36-аят.
Үміт cәулесі
Пайғамбардың (с.а.с.) былай деп айтқанын естідім:
Алла ең бірінші қаламды жаратты. Сосын оған:
«Жаз!» деп әмір берді. Қалам: «Не жазайын?»
، деп
сұрады. Алла тағала: «Ақырет күніне дейін орын ала
тын нәрсенің бәрін жаз» деді»
. Балам, мен сондай-ақ
Пайғамбардың:
«Кімде-кім осындай сеніммен өлмесе,
ол менен емес»
, ، дегенін естідім»,، дегені айтылады.
Сондықтан да болған нәрсеге «Алланың жазғаны солай
шығар» деп сену ең дұрысы.
Құранда былай айтылады:
«Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге қандай да бір
бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын
Кітапта (тағдыр кітабында) жазулы. Шындығында,
бұл Алла үшін жеңіл»
16
Басқа келген барлық нәрсе кенеттен келмейді.
Сені айналып өткен нәрсе де қателесіп сырт айналған
емес. Егер осы сенім жүрегіңе бекіген болса, басқа
келген пәлекет ، құрбандыққа, қиындық ، шаттыққа
айналмақ. Олай болса, ауру, кедейлік, өлім де сен үшін
қайғы әкелмейді. Өйткені Алла тағдырда бәрін солай
жазып қойған. Тағдырға жазылғанның нәтижесінде са
уап пен күнәнің кешірілуі бар. Басына келгенге сабыр
сақтаушыларға және Алланың алғанына, бергеніне разы
болғандарға қандай қуаныш!
Тағдырға толық иман келтірмейінше жүрегің ты
нышталып, жаның жай таппайды. Сенің басыңа келген
нәрсе тағдыр кітабында жазылған. Сондықтан өзіңді
қасіреттің қараңғы қапасына қамама. Ең бастысы,
«Хадид» сүресі, 22-аят.
Үміт cәулесі
қалдық. Қолында бір ағаш бұтағы болатын. Жерге
сызықтар сыза бастады. Сосын:
«Жаннат пен тозақта
орны белгіленіп қоймаған ешбір адам жоқ, барлығының
барар жері белгілі»
، деді. Көпшілік: «Уа, Алланың
елшісі! Олай болса пешенемізге жазылғанға сеніп
(ешқандай іс-амал жасамай) жүрсек болмай ма?» ،
деп сұрағанда,:
«Амал етіңдер. Әрбір пенде тағдырда
жазылғанына қол жеткізеді. Жаннаттықтар пейішке
жетелейтін амалда табысты болады. Тозақтықтар
тозаққа жетелейтін амалда табысты болады»,
، деді.
Бұдан кейін мына аятты оқыды:
Ал енді әлдекім (Алла жолында мал-пұлын)
берсе , тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп
білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді
кім сараңдық істесе, (Аллаға құлшылық етуді) еле
месе, жақсылықты өтірікке шығарса, сонда оның
ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз»
(«Ләйл»
сүресі, 5-10-аяттар).
Міне, осы аяттар бізге
жаннат үшін күш-қайрат
жұмсап, ниет етіп, осы жолға ұмтылғандарға, жаннат
жолы жеңілдетілетінін, ал кімде-кім жамандықты қалап,
тозақи амалдарға бейімдік көрсетіп, бар тапқанын сол
жолда жұмсаса, барар жері де тозақ болатындығын ай
туда.
Сондай-ақ бір хадисте сахаба Ұбаданың бала
«Балам, сенің басыңнан өткен барлық істің
болмауының мүмкін еместігін және болмаған істің
болуының мүмкін еместігін түсінбейінше, сен еш
уақытта діннің (тәтті) дәмін тата алмайсың.
Мен
Үміт cәулесі
де көздеріне жас алмаған кездері некен-саяқ екенін
көреміз.
Біз өмір сүріп жүрген орта жүйке жүйемізді тозды
рып жіберуге жеткілікті. Көңілімізді жайсыздыққа алып
баратын себептер жетіп асады. Сондықтан біздерге осын
дай жайсыздықтардан арылатын ең жақсы жол Алланың
кәләмі Құранды тыңдау. Құранды тыңдауда Алланың
разылығы мен сауап бар. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
сүннеті. Қадірін біліп тыңдаған адам одан еш уақытта
жалықпайды. Мұсылман үмбетінің шамшырақтары
болған ұлық иамамдар мен ғалымдар қанша тыңдаса
да Құранға тоймаған, тыңдаған сайын таңданыстары
арта берген.
Бұл айтылғандардан біздер де сабақ алып, Құранға
жақындай түсуіміз қажет. Күніне бір уақыт белгілеп,
40-50 минут Құран оқысақ жөн болар еді. Алла тағала
Құранда:
بو
لا
�ا
«Естеріңде болсын,
Алланы еске алумен жүректер тыныштық таба
ды»
демей ме. Сонымен қатар Алла елшісі (с.а.с.):
«Үйлеріңде Құранды көп оқыңдар. Құран оқылмаған
үйде жақсылық аз, жамандық көп болады. Ол
үйдің тұрғындарының кеудесі қысылады»
«Құран
оқыңдар! Расында ол қиямет күнінде өзінің достарына
шапағатшы болады»
15
, ، деген болатын.
Али (р.а.) былай дейді: «Бірде біз Бақиул-ғарқад
деген жерде болатынбыз. Алла елшісі келіп, біздің
жанымызға отырды. Біз де ол кісіні қоршап отыра
Дарақутни, Әнас және Жәбирден риуаят етілген
Үміт cәулесі
Құран тыңдайтын. Тіпті Әбу Бәкірдің әдемі әуезбен
оқыған Құраны жұрттың бәрін өзіне елтігенінен
қорыққан мүшіріктер оның Құранды жария оқуына
тыйым салған-ды. Сол кездегі Қағбаның дуалдарына
өлеңдері алтын әріптермен нақышталып жазылып,
іліп қойған атақты арабтың шайырлары да Құранды
тыңдап, ондағы ғажайып құдіретті байқап өлең жазула
рын тастаған жоқ па еді. Қала берді жындардың өзі оны
естіген кезде:
ب ا
ف
رلا ى
إ ي
ي }1{
اب
ع
انآ
ق ا
س ا
إ او
«Біз тура жолды көрсеткен ғажайып және ешқашан
естімеген Құран естіп, оған сендік»
(«Жын» сүресі,1)
деп таңданысын жасыра алмаған.
Бертін келе орын алған мына бір оқиғаны да мысалға
бере кетейік. Орта ғасырларда бір мұсылман жазушысы
Еуропаға кемемен сапар шегеді. Жолда югославиялық
бір әйел кісімен танысады. Ол өз Отанынан қысым
көріп, әділетсіздікке шыдамай қашып бара жатқан
әйел екен. Жолда сапар уақытында әлгі жазушы бір топ
мұсылмандармен жиналып жамағатпен намаз оқиды.
Әлгі әйел Құран оқылған кезде түсінбесе де үніне,
әуеніне құлақ салып, қатты әсерленіп қалады. Намаз
біткеннен соң жазушыдан не оқығанын сұрайды. Бұл
неғылған ғажап сөздер, неткен әсерлі деп таңғалғанын
білдіреді. Жазушы мән-жайды айтып, Алланың сөзі
екенін шамасы келгенше түсіндіруге тырысады.
Тіл білмейтіндігіне қарамастан әлгі әйел Құранның
мұғжизалық қасиетін түсініп, қатты ұнақтан екен.
Құран жүрекке тыныштық, рухымызға қуат береді.
Егер тарих парақтарын аударсақ, біздің алдымызда
өткен сахабалар, табиғиндер және басқа да ғұламалар
Құран Кәрімнен рухани күш алып, Құран оқылған жер
Үміт cәулесі
нәрсе бермейінше, мен дем салмаймын,
، деп шарт
қояды.
Яһудилер мұның ақысына біршама қой беруге сөз
береді. Әлгі сахаба барып, шаян шаққан яһудиге «Фа
тиха» сүресін оқып, үрлеген кезде әлгі кісі дертінен сол
мезет жазылады.
Құранның мұндай шипалық қасиеттері өте көп.
Сондықтан да осы дүниенің күйбеңінен жұқарған
жүйкеңді Алланың сөзін тыңдаумен тыныштандыр.
Өзің оқы немесе даусы жақсы қаридан тыңда. Жүректің
тынышталуына себеп болады. Алланың ризалығына
жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құранды біреуден
естігенді ұнататын еді. Сахабаларынан Құранды
оқуларын өтінген кездері болған. Бұл жайлы Ибн Масғуд
«Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Қанекей,
Құран оқышы», ، деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі,
сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» ،
дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан
тыңдағанды ұнатамын» ، деді
13
، дейді.
Бірде Ардақты елші (с.а.с.) Әбу Муса Әл-Ашғаридің
(р.а) мешітте Құран оқып жатқанын есітіп, тыңдап
тұрып қалды. Ертесі күні азанда оған «Мен кеше сенің
артыңда тұрып, Құран тыңдағанымды көрмедің», ، деп
өзінің Құран тыңдауды ұнататынын білдірген еді. Сол
кезде Әбу Муса Әл-Ашғари «Уа, Алланың елшісі, егер
сенің Құран тыңдағаныңды білгенімде, оны одан сайын
нақышына келтіріп, жақсылап оқитын едім», ، деген
екен.
Пайғамбарымызды былай қойғанда, Құранға иман
келтірмеген мүшіріктердің өзі бір-бірінен тығылып
Бұхари, Фадайлуль-Құран 33; Мүслим, Саләтуль-мусафирин
Үміт cәулесі
өте көп. Оны оқу, тіпті тыңдаудың өзі құлшылық са
налады.
Құран адамның материалдық науқастарымен бірге
рухани кеселдеріне де шипа екендігі жайлы:
او
مآ
ني
و ى
«Құран ، иман келтіргендер үшін шипа әрі
тура жолға салушы»
12
،
дейді.
Құранның адам баласы үшін шипа екенін ардақты
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде орын алған мына
бір оқиға да қуаттай түседі. Бір күні сахабалар сапарға
шығады. Күн бата демалу үшін яһудилер тұратын бір
ауылға аялдайды. Ауыл тұрғындары келген құтты
қонақтарға аялдауға рұқсат бермей, ауылдың сыртына
шығарып жібереді. Сол арада яһудилердің көсемін шаян
шағып алады. Олар оның уын қайтару үшін қолдан кел
ген емнің бәрін жасап баққанымен, ешқандай нәтиже
шықпайды. Сол кезде араларынан бір кісі тұрып:
Әлгі жолаушыларға аялдауға рұқсат бергенде,
олардан бір дәрі-дәрмек шығып қалар ма еді, ، деп кейіс
білдіреді. Ақылдаса келе яһудилер ауылдың шетіне
уақытша тұрақтаған әлгі сахабаларға келіп:
Әй, жамағат! Біздің көсемімізді шаян шағып
алды. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ
ешқандай нәтиже шықпады. Сендердің қолдарыңда
бұған ем боларлық еш нәрсе жоқ па? ، деп өтініш
білдіреді.
Сахабалардың арасынан біреуі тұрып:
Иә, бар. Аллаға ант етемін, мен дем са
лып емдеймін! Бірақ біз сендерге құдайы қонақ
болып барғанымызда сендер бізге жылы шырай
танытпадыңдар. Сол үшін сендер бізге ақысына бір
Үміт cәулесі
наты сыйға тартылатыны мына аятта меңзеледі:
ِرا
دلا ى
ص ا
ب م
“Сабыр еткендіктерің үшін,
Алланың ғажап сыйы сендерге болсын! Ақыреттегі
орындарың қандай жақсы” дейді»
(«Рағыд» сүресі,
24-аят). Сондықтан біз қандай да бір қиыншылық бол
масын оның артында зор сауап әрі қайыр бар екенін
білуіміз керек.
Бір данышпан былай деген екен:
Кім төрт нәрсемен мақтанса, опық жейтін бо
лады: Мына өмірмен мақтанса, ажал жастығына бас
қойғанда өкінетін болады. Зәулім сарайымен мақтанса,
тар көрге кіргенде өзегі өртенеді. Байлығымен
мақтанса, есепке тартылғанда өкінетін болады.
Күнәлі істерімен мақтанса, тозақ отымен бетпе-бет
келгенде өкіретін болады
».
Расында өмір қамшының сабындай ғана, ондағы
қазына түкке тұрғысыз дүние, ал ақырет жұрты қайырлы
әрі мәңгілік. Кім бұл дүниеде қиындық көрсе, ол жақта
сыйлық бар. Кім бұл дүниеде шаршаса, ақыретте
рахатқа бөленеді. Енді кім дүниеге байланып, оған
ғашық болып, жүрегі сол дүниенің кесірінен семіріп,
тас боп қатқан болса, ақыреттегі несібесінен мақұрым
қалады. Ал мұндай жандар бастарына бір қиыншылық
келсе, байбалам салады. Өйткені олар алысқа қарап
ақыретті ойламайды.
Құран кәрім адамзатты екі дүние бақытына
жетелейтін қағидалар мен заңдылықтардың жинағын
қамтыған иләһи кітап. Онда күллі ғылымның бастаула
ры бар. Шариғат заңдарымен қатар өзге де қасиеттері
Үміт cәулесі
\n  \t
Дүниенің қиыншылығы қанша көбейсе де, түрленсе
де ол мәңгілік жалғаса бермейді. Қиыншылықтың
уақыты, қуаныштың уақытынан көп болмайды.
Ауыртпалықтың уақыты жеңілдіктің уақытынан артық
емес. Қиналып төрт жыл оқуың қырық жылға жетеді.
Ал жетпіс жылдық бұл дүние өмірінде сабыр еткен жан
жаннатқа кіріп, мәнгілік рахат өмір сүреді. Құранда
«ауыртпалықтан кейін жеңілдік бар» деген. Басқа
келген бәлені көріп, одан да қиынына ұшыраған жан
дарды еске алу және бұл келген қиындықтар, күнәнің
кешірілуіне себеп деп білу үлкен сауапқа кенелудің ең
төте жолы. Бұл жайлы Құранда:
نو
با
صلا ى
ي ا
«Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлықтары
есепсіз беріледі»
делінеді.
Олай болса, кішкене ауыртпалыққа, қиындыққа
түңілмейік, мұның барлығы өткінші екеніне сенейік.
Адамдардың ең бақыттысы бұл өмірдің кемшіліктерін
толықтыруға тырысқан емес, ақыретін ойлаған адам.
Алла тағала аманаттаған нәрсесін қолыңнан қайта
алғанда сабыр сақтап, үмітсіздікке түспесең, орнына
одан әлдеқайда қайырлысын нәсіп етеді. Бұл жай
ында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде бы
лай делінген:
«Екі көзінінен айырылған адам сабыр
сақтаса, қарымына жаннатты сыйлаймын»
11
Басыңа бейнет келсе өкінбе, расында оны тағдырыңа
жазған Алланың өзі. Оның құзырында жаннат әрі зор
сауап бар. Сынаққа тап болып, басына қиыншылық
келген Алланың жақын құлдары үшін фирдаус жан
Үміт cәулесі
көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабыр
лы құлдарды жақсы көретіндігін, сабырлы жандарды
айтулы сый-сыяпатқа бөлейтіндігін қуана жеткізген.
Айталық, «Әли Имран» сүресінің 146-аятында:
«Алла
сабырлыларды жақсы көреді»
деп, өз сүйіспеншілігіне
артығымен бөленетіндердің сабырлы жандар екендігін
білдіреді. Ислам ғалымдары сабырды бірнеше топқа
бөліп қарастырған. Солардың бірқатарын атай кетсек:
дүниелік қиындықтарға сабыр;
нәпсінің қалауына қарсы сабыр;
Аллаға бағыну үшін сабыр;
адамдарды дінге шақырғанда басқа келетін
қиындықтарға сабыр;
дұшпанмен кездескенде көрсетілетін сабыр;
қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында
туындайтын түрлі қиыншылықтарға сабыр.
Алла елшісінің (с.а.с.) өмірін зерделей қарасақ, асқан
сабырлығы мен парасат-пайымының кереметтігіне куә
боламыз. Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) қиын-қыстау
сын сағаттардың бәрінде бір сәт те босаңдық танытпаған.
Ет жақындары дүниеден озғанда да, Алланың асыл
дінін насихаттау барысында қалың елдің мазағы мен
қастандығына душар болса да мойымай, халықтың
жүрегіне жол табуды мұрат тұтып, қажыр-қайратын
соңына дейін дін жолында сарп етті. Сол себепті
ақиқатты айтып түсіндіру мүмкін емес деген көптеген
адамдардың өзі Исламға бас иіп, тас болып қатқан
жүректері жібіп сала берді. Егер Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) бойында осындай мызғымас сабырлық қасиеті
болмағанда, мыңдаған адамның Исламды қабылдауы
сірә мүмкін болмас еді?!
Үміт cәулесі
Сондықтан кеңшілікте, баршылықта, деннің
саулығында сабырлы болу таршылықта, жоқшылықта
сабыр етуден қиын. Сондықтан байлық сынағы
кедейліктің сынағынан ауыр. Алла тағала мүмін
пенделеріне байлық, әйел және бала сынағын ескертіп:
«Ей, иман еткендер! Байлықтарың, балаларың
Алланы еске алуларыңа бөгет болмасын. Кімде-кім
мұны істер болса олар зиянға ұшырағандардан»,
،
деп ескерту жасаған.
Шынайы мұсылман адам байлық пен деннің
саулығында сабыр етіп, бұларға Алланың берген амана
ты ретінде қарап, уақыты келгенде қайтарып беретінін
білу қажет. Байлықта Алланың ақысы бар деп Алла
жолында жұмсау, денсаулықтың ақысы деп Алла жо
лында қызмет ету, адамдарға жәрдем беру арқылы бұл
аманатты сақтай алады. Осылайша сабыр мен шүкір
қатар атқарылады.
Сабыр ، адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі.
Адамның жаны қалайтын, көңіліне майдай жағатын
жағдайларға қарама-қайшы құбылыстар орын алған
кезде кез-келген адам сабырға жүгінгені абзал. Басқа
түскен ауырпалықтарды көтере алмай, нәпсіге ырық
беріп тағдырына ризашылық танытпай, іштей налып,
өмірден баз кешіп, қайғы-мұңға салыну ، сабырсыздың
ісі болмақ. Жамандықтың соңы жақсылықпен, қайғының
соңы қуанышпен ұштасары анық. Ендеше, Алла тарапы
нан жіберілген сынақ пен сыйға ризашылықпен қарап,
шүкірлік ету ، кісіліктің белгісі. Алла тағала Құрандағы
Үміт cәулесі
сынып, қанағат тұтпаудан сақтайды»
، деп Алланың
берген несібесіне разы болуды дұрыс санаған.
Адамдар сабыр мен шүкірді салыстырып, сабыр
шүкірден жоғары десе, енді біреулері шүкір сабыр
дан жоғары деген. Ал енді біреулері екеуі тең деген.
Төртінші пікірдегі кісілер болса, бұл екеуінің қайсысы
жоғары болатындығы жағдайға байланысты өзгереді
деген.
Бір риуаятта былай делінген: «Жер бетіндегі ең
көп шүкір еткен адамды алып келеді. Алла тағала
оған шүкір еткені үшін қарымын береді. Сосын жер
бетіндегі ең көп сабыр еткен адамды алдырады. Оған
былай дейді: «Шүкір еткенге қанша берсек, саған да
сол мөлшерде бергенімізге разы боласың ба?» Ол: «Иә,
Раббым! Разы боламын», ، дейді. Сонда Алла тағала:
«Жоқ, мен оған нығмет бердім, ол шүкір етті. Ал саған
қиындық бердім, сен сабыр еттің. Сондықтан сенің
ақыңды оның ақысынан бірнеше есе арттырамын», ،
дейді
. Құранда «Зумар» сүресінің 10-аятында:
«Сабыр
етушілерге есепсіз сый-сыяпат береміз»
, ، деген.
Адам кедей кезінде сабырлы бола алады. Ал бай, дені
сау, дәрежесі жоғары адам кедейге қарағанда көбірек
сабыр сақтауға аса мұқтаж. Себебі пенде дүниенің
байлығына беріліп, нәпсі жетегінде кетсе, дүние мен
ақырет бақытынан айырылады. Тіпті, әулиелердің бірі
былай деген: «
Таршылықта тек мүмін, ал кеңшілікте
тек шыншылдар ғана сабыр ете алады
».
Үміт cәулесі
, ، деген. Ол дегеніңіз, егер пенденің жейтін асы,
басында баспанасы және жаны тыныштық тапқан болса,
онда ол бақытқа әрі ең абзал игілікке қол жеткізгені.
Алайда осы аталғандар көптеген адамдарда бола тұра,
олар оны бағаламайды немесе байқамайды.
Адам баласының нәпсісі екі түрлі мінезді бо
лып келеді. Біріншісі, пенденің басына қиын күн туа
қалса, аспанды тастап жіберуден тайынбай, Аллаға
наразылығын білдіреді. Сабырды ұмытып, тіпті
тоқтау айтқанға көнбейді. Екіншісі, денсаулығы бар
уақытында ол үшін бұдан басқа жақсы нәрсе жоқ.
Ойнап-күліп нәпсіні тояттандырудың қамын қылады.
Тамақтың бір түріне тояттамай дастарқанына түрлі
тамақтар алдырады, үйіндегі сүйіп қосылған әйелін
кінәлап, басқасын армандайды. Көліктің де ең
жақсысын аңсайды. Әрдайым заманының ең озығын
таңдайды. Қолындағының барлығынан кемшілік тауып,
ең кемелін іздейді. Осылайша қолындағы барлық рахат
ты өз нәпсіқұмарлығымен азапқа айналдырады. Мұндай
жанның құлқыны бір уыс топырақпен ғана толады.
Қолда барды қанағат тұтпай, наразылық таныту
адамды көптеген қиындықтарға жетелейді. Соңы жоқ
азаппен, таршылықпен күн кешеді. Ақыреттің және
осы дүниенің қиындығын тартатындар ، өздеріне тиіс
еместі іздегендер әрі шамасы жетпейтін істің соңында
жүргендер де солар. Сол үшін болар Алла елшісі (с.а.с.):
«Пәни дүниеде өздеріңнен үстем болып, жоғары
тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға қараңдар.
Өйткені бұл сендерді Алланың берген нығметтерін аз
Үміт cәулесі
дәстүрден нәр алған атам қазақ «қайырымды жүрек
қартаймайды», «жайылымы болмаса мал азады,
қайырымы болмаса жан азады» деп өте орынды айтқан.
Алланың бергеніне, мейлі ол денсаулық, байлық,
қабілет болсын, разы болу ، Құранның өсиеті.
ني
شلا
م ن
و
تآ ا
م
«Ендеше, саған
бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол»
,
дейді қасиетті аятта.
Ата ибн Рабах өз заманының атақты ғалымы еді. Өзі
құл, бұйра шашты, қара нәсілді, пұшық, кемтар болған
екен. Әл-Ахнаф ибн Қайс өте арық, бүкір, маймақ, дене
бітімі ұсқынсыздау жан болған. Әл-Аъмаш өте атақты
хадис ғалымы. Бұл кісі де құл, көзі нашар көретін,
өте кедей, киімі қырық жамау, үйі де жұпыны болған
екен. Бұлардың ешқайсысы өздерінің бұл халдеріне
наразылық танытып, өкінген емес. Ал пайғамбарлардың
өміріне көз жүгіртсек, олардың әр қайсысы түрлі
саланың маманы болғанын көреміз. Дәуіт пайғамбар
темір ұстасы, Зәкәрия пайғамбар ағаш шебері, Ыдырыс
пайғамбар тігінші болған. Міне, адамдардың ішіндегі ең
ізгілерінің өмірінің өзі осындай қарапайым. Олай болса,
Алланың саған берген ырыздық-несібесіне, қабілетіңе,
түр-әлпетіңе, мүмкіншіліктеріңе, барыңа қанағат қыл.
Өзіңе тимеген үлес үшін қайғырма. Алланың берген
несібесіне разы бол.
Тирмизиден жеткен мына хадисте:
«Кімнің жүрегі
тыныш, дені сау және бір күндік азығы бар күйде ұйқыға
кетсе, оған дүние толығымен иелігіне берілгендей бо
Үміт cәулесі
қайғысына ортақ бол, ашыққанды тамақтандыр,
ауырғанды зиярат ет, жығылғанға сүйеу бол, сонда жан-
сарайың қуаныштың гүлзарына айналады. Аристотель:
«Ақиқатында үлгілі адам өзгелерге бір іс ұсынса соған
қуанады да, егер оған басқалар бір нәрсе ұсынса соған
ұялады. Себебі басқаларға жақсылық жасау, көңіл бөлу
ол үстемдік», ، деген.
Расында, жақсы амал жұпар иісті әтір сияқты,
сатушыға да, сатып алушыға да ләззат сыйлайды.
Жақсылықтың жемісі жүректі тыныштандырып,
шаттыққа бөлейді. Көркем мінезге мұқтаж жандарға
жылы шырай таныту, жылы жүзбен қарсы алу садақа
болып табылады. Себебі хадисте
«Бауырыңды жылы
жүзбен қарсы алу ، садақа»
делінген.
Әбу Зәрр Жундуб ибн Жунәда және Мұғаз ибн
Жәбәл (р.а.) жеткізген хадисте:
«Расулалла (с.а.с.):
«Қайда жүрсең де Алладан қорқып, бұйрықтарын
орындап, тыйымдарынан сақтан! Әрбір күнәнің ар
тынан уақыт оздырмай оны жуып-шаятын жақсылық
жаса! Адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді
бол! ، деп бұйырды», ،
делінген (Тирмизи, Бирр 55).
Яғни, біреуге жақсылық жасасақ, біліп не білмей істеген
күнәларымызға кешірім болатындығын осы хадистен
ұғынамыз. Бұл Құдай тағаланың пендесіне деген ерекше
рақымы, әрі қоғам ретінде өмір сүру үшін жаратылған
адам баласы үшін ізгіліктің қайнары. Ардақты
пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның адал сахабалары
қарақан басының пайдасын ойламай өз ғұмырларын
өзгені бақытты ету жолына арнаған еді.
Түптеп келгенде өзгеге жасаған жақсылық түбінде
өзің үшін олжа емес пе? Оның осы дүниеде де, ақыретте
де пайдасы шаш етектен. Міне, осы мұсылманшылық
Үміт cәулесі
жануарға жасаған жақсылықтың өзінің қайтарымсыз
қалмайтындығын көреміз. Ал енді шөлдеген адамды
сусындандырып, қиналғанға жәрдемші, жығылғанға
сүйеніш болғанның алар мәртебесі қандай?
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) тағы бір сөзінде:
«Жасаған жақсылықтары жанын жадыратып, ал
жамандықтары көңіліне қаяу салған адам нағыз
мұсылман», ،
деген.
Исламның осындай өсиеттерімен сусындаған тақуа
кісілердің бірі Ибн әл-Мүбарактың жасаған ізгі амалы
бізге үлгі боларлық. Ол бірде керуенмен қажылыққа
кетіп бара жатып, жолда күл-қоқыстың ішінен жеуге
татырлық азық теріп жүрген әйелді көреді. Жөн сұрап,
неге қоқыс ақтарып жатқанын білгісі келгенде, әйел
аштық азабын тартып, үш күннен бері тіске басарлық
нәрсе таппағанын айтып, көзіне жас алады. Сонда
Ибн әл-Мүбарак қажылыққа деп жинаған қаржысын
тұтастай шиеттей қыздары бар әлгі әйелге береді. Осы
лайша сол жылы қажылыққа бара алмай, жарты жолдан
кері қайтады. Бірақ көп ұзамай түсінде «Қажылығың
қабыл, күнәң кешірілсін!» деген дауыс естиді. Алла
тағала Құранда осындай жандарды сипаттап:
ي
صا
نا
و
م
فن
«Өздері таршылықта бола
тұра, өзгелерді өз жандарынан артық көреді»
(«Ха
шыр» сүресі, 9-аят) дейді.
Жасалған жақсылықтардың жемісі ، мінез көркеюі,
ар-ұжданның тазалығы, әрі жүректің тыныштығына жол
ашады. Қаншалықты қайғы басып мазаң қашып тұрса
да басқаларға жақсылық жасасаңыз, шуақ шашсаң,
ғажап бір жеңілдеп қаласыз. Жарлы-жақыбайға садақа
бер, жәбір көргенге қол ұшын соз, қайғырғанның
Үміт cәулесі
ف ا
لا
«Кімде-кім жақсылық жасаса, өзіне
(яғни пайдасын өзі көреді)»
(«Жәсия» сүресі, 15).
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде былай деген
екен:
«Алла тағала қиямет күні бір құлына: «Әй,
Адам баласы, Мен сенен тамақ сұрағанымда,
тамақтандырмадың», ، дегенде, пенде: «Алла
тағалам, Сен әлемнің Раббысысың, мен Сені қалай
тамақтандырамын?» ، деп таңданыс білдіреді. Сол
уақытта Алла тағала: «Пәленше құлым сенен тамақ
сұрағанда, сен оның қолын қайтармадың ба? Оны
тамақтандырғаныңда, оның сауабын Менен ала
тын едің. Ей, пендем, Мен су сұрағанымда, маған су
бермедің», - дейді.
Сен бүкіл әлемнің Раббысысың, мен Саған қалай
су беремін?
Пәленше пендем сенен су сұрағанда, бермедің.
Оның шөлін қандырғаныңда сауабын Менен
алатыныңды білмедің бе? Ей, құлым, ауырғанымда
келіп жағдайымды сұрамадың.
Уа, Раббым, Сенің жағдайынды қалай сұраймын?
Сен пәленше пендемнің ауырғанын білмедің бе?
Оған барып хал-жағдайын сұрағанда, оның жанынан
Мені табатын едің».
Осы хадисте бір назар аударатыны «Мені соның
қасынан табар едің»
деген сөз. Яғни, Алла тағала дәйім
жығылғанның жанынан, қысылғанның қасынан табы
лады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағаланың күнәһар
әйелді жаннатқа кіргізгені жайында баяндаған. Ол
әйел шөлден қаталап, тілі ауызына сыймай жатқан
итке жаны ашып, құдыққа қиналып түсіп, аяқкиімімен
су алып шығып, шөлін басқан-ды. Міне, осы жерден
Үміт cәулесі
иеміз «Шындығында, Алланы еске алып қана жүректер
жай табады» («Рағыд» сүресі, 2:) деп ақиқаттың басын
ашып көрсетеді.
Бір ғалым «Адам жүрегі Аллаға ғана тән орын,
оған Алладан өзгені орнықтырма» десе, енді бірі «Бір
жүректе екі (бірі Аллаға, екіншісі дүниеге деген) ма
хаббат қатар орнықпайды» деген.
Адам баласы мәңгілік үшін жаратылғандықтан,
мәңгі бақи жоқ болмайтын Ұлық Жаратқанға
байланғанда ғана қанағат қылады. Шен-шекпен, атақ-
абырой, байлық-мансаптың ешқайсысы ақыретте
зәредей пайда бере алмайды. Құранда: «Қиямет күні
мал-дүниенің де, бала-шаға, әулеттің де түкке септігі
тимейді. Ол күні тек қана пәк көңіл, таза жүрекпен кел
гендер ұтады» («Шұғара» сүресі, ::-:9
)
делінген
Адамдарға жақсылық жасау ، бақытқа жетелейтін
қысқа жолдардың бірі. Бұл тек қана кісінің жеке ба
сына ғана қатысты емес. Сонымен қатар қоғамның да
бақытына жол ашатын бірден-бір мәселе екенін айта
кету керек. Себебі бақыттың өзі де бөліскен сайын
арта түсіп, ал қайғы бөліскен сайын азаяды емес пе?
Ардақтап жаратылған адам баласы жақсылық көруге
лайық. Бірақ біреулер мұны ұғынып, парықтай алма
уы мүмкін. Ұлық Алла тағала ешбір жақсылықтың
қайтарымсыз қалмайтындығын көптеген аяттарда
былайша білдіреді:
ي ا
لا
«Кімде-кім
мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жа
саса, соның қарымын алады»
(«Зилзәл» сүресі, 7),
Үміт cәулесі
айдап бара жатқан бір адамды көріп, жөн сұрайын деп
тоқтап күтіп тұрады. Сөйтсе әлгі қойшы өз әкесі екен.
Бірден танып сәлем беріп:
Әкем-ау, мына жүрісіңіз не? Бір сәт жинаған
дүниеңіздің рахатын көрсеңіз етті, ، дейді. Сонда Сағыд
ұлына:
Маған дүниеңді айтып басымды қатырма, ، деп
қабағын шытты да:
Егер мансапты болуды қаласам, әрине, қолымнан
келеді. Бірақ осы өмірімді өзім таңдадым. Бұдан да на
шарын таңдағым келеді, бірақ Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) «
Расында Алла тағала бақуатты, тақуа және
ешкімге байлығымен мақтанбайтын құлын жақсы
көреді
» дегенін естіген едім, ، дейді.
Сахабалар өзгені бақытты ету аңсарымен өмір
сүргендіктен дүниенің пәни рақатын іздемеді. Жүрегіне
иман қонғандықтан әлдеқашан бақытын тапқан жан
дар еді. Шын мәнінде адам баласы Ислам дініне тастай
берік, Раббысына шынайы құлшылық етсе, дүние мен
ақыретте бақытты болады. Ал Раббысын мойында
май, иманның дәмін татып көрмегендер өмірдің мәнін
пайымдай алмағандықтан дүниеде де, ақыретте де
бақытсыздық дертіне душар болмақ.
Бақытты өмір дегеніміз уақыт пен кеңістіктен
тәуелсіз. Құранда: «Сендер өздеріңді өзгертпейінше,
Алла ешбір қауымды өзгерпейді» демей ме? Олай
болса, бақыт кілті адамның өз қолында. Мұсылман
пенде өткенді тағдыр, болашақ өз қолымда деп біліп,
Аллаға тәуекел етіп, имандылықтың шыңына жетуге
ұмтылады. Қашан жүрегімізбен Аллаға байланып және
ісімізбен оны көрсете білсек, сонда ғана жүрек тыныш
талып, көңіліміз жай табады. Құран Кәрімде Жаратқан
Үміт cәулесі
болған. Бірақ Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ең бақытты
жан еді. Себебі ол нағыз бақытты дүниеден емес,
иман құндылықтарынан деп білетін. Өйткені Алланың
толықтырған нығметі ، Ислам діні. «Мәйда» сүресінің
3-аятындағы: «...нығметімді тамамдадым»
дегені осы
нығмет болса керек.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) бақытты өзгенің
қос дүниесін бақытты етуден іздеді. Қаласа әлемдегі
ең бай адам болар еді. Өйткені Алла тағала мем
лекет қазынасына түсетін олжаның бестен бірін
Пайғамбардың жеке басына тиесілі деп белгілеген. Өз
жандарынан артық көрген адал сахабалары оған алтын
нан сарай салып беруге қауқарлары жететін. Бірақ ол
бір күн тоқ, бір күн аш жүріп, кедейлердің жай-күйін
шынайы сезінді. Бір адамның көңіліне иман ұялату жо
лында бар асылын беруге бар еді. Әзірет Әлиге: «
Бір
адамның сенің себепкерлігіңмен иманға келуі, сахара
толы қызыл түйеңнің болғанынан артық»
деп үйреткен
жоқ па еді?
Адамзаттың ардақтысынан (с.а.с.) тәлім алған са
хабалар да қиыншылық пен таршылыққа мойымай
бақытты өмір сүрген. Ел басқарған халифа Омардың
(р.а.) қырық жамау жалғыз ғана киімі болған деседі. Үйі
де өте қарапайым лашық еді. Ит басына іркіп төгіліп
жатқан біздің жеп ішкендеріміздің сахабалар дәмін
де көрген емес. Күнделікті бір жапырақ нан мен оған
жағып жейтін бір қадақ майдан басқа тамағы болмаған
және бір аяқкиімді жылдар бойы сүйреткендер де бар
еді.
Бір күні Сағыд ибн Әбу Уаққастың ұлы Омар
әкесінің қал-жағдайын біліп қайтпақ ниетпен жолға
шығады. Жолшыбай жолдың шаңын бұрқыратып қой
Үміт cәулесі
да көп жүректерде тыныштықтан гөрі үрей басым. Неге
десең, өткінші дүние бақыт сыйлай алмайды. Ақиық
ақын Мұқағали:
Үміт үзбей іздейді олар,
Тыңдап сол бір жақұтты.
Оны алыстан іздемегін,
Жүректен тап бақытты!,، десе, Құран кәрімде:
«Біліп қойыңдар! Дүние тіршілігі ، құр ойын-күлкі,
алданыш, сән, өзара мақтанысу, мал-мүлік пен
балалардың көптігімен жарысу ғана»
деп, бес күндік
ғұмырда алданбауды ескертеді. Олай болса, бақыт де
ген перғауындай әлемдегі ең әсем сарайда тұру емес,
Харун Рашидтің әскеріндей әскерге қолбасшы болу не
месе Кардованың бақшасындай әсем бақшада серуендеу
емес. Миллиондар жазылған чекте, ең қымбат көлік те,
тіл үйірер тәтті тағам да, тіпті бұл дүние бақыттың кілті
болмақ емес. Атам қазақ мына өмірді «жалған дүние»
деп бекер атамаған. Олай болса бақытты күрмеуге
келмейтін қамшының сабындай қысқа дүние мен оның
материалдық игіліктерінен емес, басқа құндылықтардан
іздеген жөн. Ардақты елші (с.а.с.): «
Шын байлық мал-
мүліктің көптігінде емес, жан байлығында
» деп алтын
өлшем айтқан.
Қос дүниенің бақытына жетуге үмбетін сүйреген
асыл жан Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с.) еді. Сүйікті
елшінің ғибратты ғұмырына бір сәт көз салып көрейікші.
Шатыры құрма талының бұтағынан, қабырғасы
балшықтан жасалған бөлмеде ұйықтап, аштықтан
ішіне екі тас байлап жүретін өте қарапайым жан еді.
Қамыстан тоқылған төсенештен мүбәрәк денесінде ізі
қалатын. Үйінде екі айлап қазан қайнамаған кездері
Үміт cәулесі
Қазақ халқы «Жақсылыққа жақсылық ، әр кісінің
ісі, жамандыққа жақсылық ، ер кісінің ісі» деп бекер
айтпаған ғой. Пайғамбарлардың барлығы ешкімнен
алғыс та күтпей, марапат та сұрамай:
�ا ى
«Менің ақымды тек Алла тағала ғана береді»
дегенін
Құрандағы аяттардан оқып білеміз
20
Сөзімізді Ардақты елшінің:
«Мұсылман ، саф
(таза жүректі), жомарт, ал фажир (күнә істеуде
шектен шыққан адам) ، айлакер һәм арсыз»
деген
хадисімен бастайық. Пайғамбарымыз (с.а..с) бұл жер
де мұсылманды саф (т
аза жүректі) дей отырып, көңіл
айдынының тазалығын, біреу жайлы жаман ойға
берілмейтіндігін, солай бол
уы қажет екенін айтады.
Жақсылықтың жаршысы мұсылман қалайша түзу ниетті
болса, өзге мұсылман бауыры жайлы да солай ойлауы
тиіс. Тіпті өзін төмен санаса да, бауырын өзінен ар
дайым артық көргені жөн. Керісінше жағдайда әлемде
өзінен таза адам таппай қалады. Жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ жоқ екенін парықтаған жан адамның
бойындағы болмашы кемшілікті зорайтып жіберіп,
жақсы қасиеттерін көрмей қалады. Құран кәрімде:
«(Бір нәрсеге) Көзің нақты жетпей тұрып, көңіл
аударма. Өйткені, құлақ, көз, көңіл бұлардың бәрі
«Һуд» сүресі, 29, 51; «Шұғара» сүресі, 106-109; 142-145; 161-
Үміт cәулесі
зиян тигізбейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Беруші қол
алушы қолға қарағанда қайырлы»,
، деген. Алланың
разылығын қалаған тақуа, ізгі пенделердің де айтар сөзі
«Инсан» сүресінде айтылған:
«Тек Алланың разылығына қол жеткізу үшін
кембағалдарға, жетімдер мен тұтқындарға ішіп-
жегізеді. Біз сендерге тек қана Алла разылығы
үшін береміз. Сендерден ақы сұрамақ түгілі алғыс
алуды да күтпейміз»
деген сөздей болуы керек.
Көптеген адамдар кейбіреулердің осындай жақсылықты
түсінбеушіліктеріне қарап, таңырқап, салы суға кетіп
жатады. Ал Құран жақсылықты көрмейтін ондай
адамдардың тәкаппарлыққа салынып, паңдануларын:
نو
ي او
نا
ك ا
ني
ل
ز
إ ا
ل ن
«Оған ти
ген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-
ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға
істеген істері көркем көрсетілді»
деп білдіреді.
Егер ақымаққа қалам сыйлап кейін ол сен жайлы
жамандап жазса яки ақылсызға таяқ беріп онымен
қойын қайырып, басыңды жарып жатса таңқалма. Бұл
жақсылықты білмейтіндердің табиғаты. Күллі әлемді
иіп беріп, қызметіне ұсынып, сансыз нығметтерге
бөлеген ұлы құдірет иесі Алла тағаланың өзіне осылай
жасап жатқанда, сіз бен бізге жасағандарына таңдануға
бола ма!?
Үміт cәулесі
шығаратындарға жолықсаң, олармен қақтығыспа.
Олар сенің жақсылығыңды жояды, саған қарсы келіп,
көре алмастық қылуы да мүмкін. Пайғамбарлардың
өмірлеріне қарайықшы, Нұх пайғамбар (а.с.) тоғыз
жүз жылдан астам уақыт елін уайымдап, азғындықтан
арылып, тура жолға келуге шақырса, елі оны мазақ етіп
қорлады, Ибраһим пайғамбарды (а.с.) отқа тастады,
Зәкәрия пайғамбарды (а.с.) арамен аралап, денесін қақ
бөліп шейіт қылды, Иса пайғамбарды (а.с.) қудалап,
өлтірмекші болды. Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.)
өз елінен қуып шығып, дос-жарандары мен туыста
рын өлтірді. Күнделікті өмірде де мұндай оқиғалар
аз орын алып жатқан жоқ. Мәселен, әкесі баласын
тамақтандырып, киіндіреді, тәрбиелейді, білгенін
үйретеді, оның рахаты үшін талай түндерін ұйқысыз
өткізеді, аузындағысын жырып баласына береді, балам
демалсын деп шаршап-шалдығады, ал сол бала өскенде
бүкіл жақсылықты ұмытып, әкесіне қарсы шығып жата
ды. Ал кейбірі өмірін өзі үшін пида еткен әке-шешесін
қартайған шағында түк болмағандай қарттар үйіне
апарып тастай салады. Осындай жағдайларға тап бо
лып, ізгі істері құмға сіңген судай жойылып кеткен
жандардың сабыр сақтап, байыптылықпен, істеген
істерінің қарымын рақым қазынасы түгесілмейтін Алла
дан үміт етуден басқа жолы жоқ. Өйткені Алла ешкімнің
жақсылығын қарымсыз қалдырмайды. Жаратқан Иеміз
«Кімде-кім шаңның тозаңындай жақсылық жасаса,
оның қарымын алады»
деп кепілдік берген.
Сондықтан да істеген істеріңнің барлығын
тек Алланың разылығы үшін жаса. Сонда қандай
жағдайда да жетістікке жетіп, табысқа кенелетін сен
боласың. Біреудің рахмет айтпауы, қарсы шығуы еш
Үміт cәулесі
өзіңе жүктелген міндетті атқаруға тырыс. Мысалы,
сенің бір міндетің ، денсаулығыңды сақтап, салауат
ты өмір салтын ұстану. Бұл міндетіңді барынша ты
рысып атқарып жүрсең де ауырып қалсаң, демек осы
ауру сенің тағдырыңа жазылған деп түсіну керек. Ұлы
Жаратушы Ие «Құлым басына ауру келгенде не істер
екен» деп осы ауруды тағдырыма жазған деп ойлап,
сабыр сақтай отырып міндетіңді атқаруыңды ары қарай
жалғастыруың қажет. Басыңа осы аурудың келуімен
сенің мойныңа тағы бір міндет жүктеледі. Ол ، Аллаға
тәуекел ете отырып, осы аурудан жазылудың жолдарын
қарастырып, шамаң келгенше емделуге тырысу және
еңбегіңнің нәтижесін Жаратқан Иеден күту.
Ашуға алдырмас бұрын тағдырға бойұсын, өкінішке
қалмас үшін тағдырды мойында. Алла елшісі (с.а.с.) бір
сөзінде:
�ا
و ا
و ا
ك
نا
ك ا
ك ت
ف ي
�ا
ءا
«Егер мен былай істесем, былай болатын еді»
деме, «Алланың жазғаны осы және Алла өз қалағанын
жасады деп айт»
деген. Олай болса қандай да бір
іс болғаннан соң былай істеген басқаша болар еді деп
өкіну орынсыз, ең маңыздысы шама жетсе екінші мәрте
қайталамау. Атам қазақ та «Өткен
іске өкінбе, жетпесті
қума» деп даналық қалдырған.
Алла құлдарын Өзін еске алу үшін жарат
ты, Өзіне шүкір ету үшін рызықтандырды. Соған
қарамастан көптеген адамдар алғысын басқа біреуге
айтады. Сондықтан сен де жақсылығыңды жоққа

Приложенные файлы

  • pdf 17928524
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 1

Добавить комментарий