Tekebaev_Almat_otchet


ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Сәулет – құрылыс факультеті

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Орындаған: РПЗС– 35 тобының студенті
Текебаев А.А.
Практика жетекшісі: .


Астана 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Практиканың негізгі бағыты
Практиканы сапалы өткізу үшін студенттердің міндеттері
Ақтау қаласындағы ЖШС «А и К» мекемесі туралы жалпы мінездеме
Лауазымдық нұскаулықтар
Құрылыстың қызметі
Кұрылыс обьектісінін мінездемесі
Істелінген жұмыстардың қысқаша мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Мен, Текебаев Алмат Амангельдыулы ЕҰУ-нің РПЗС-35 тобының студенті Маңғыстау облысында Ақтау қаласындағы ЖШС «А и К»  мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибенің басты мақсаты мамандығымызға сәйкес қосымша білім алу, яғни университет қабырғасындағы теориялық біліміміздің іс жүзінде қалай жүзеге асатынын көзімізбен көру болып табылады.
Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді. Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім. Өндірістік тәжірибе бекітілген келісімшарт негізінде қызмет саласы бойынша әр түрлі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибе базалары: мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім беру туралы» Заңына келесі толықтырулар енгізілді:
«Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік» жаңа бабы енгізілді. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барабарлығын арттыруға, кадрларды даярлау деңгейін экономика салаларының және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындатуға, оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамытуға, экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тартуға, кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысуға бағытталған.
Тәжірибелік оқыту 2004 жылғы 5 сәуірдегі ҚР БжҒМ № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Тәжірибеден өту мерзімі колледждің оқу үрдісінің кестесімен анықталады. Студенттер тәжірибеден колледж директоры бекіткен «СЭК студенттерінің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша ережесі», сонымен
қатар колледждің жетекші оқытушылары әзірлеген тәжірибе бағдарламасы негізінде өтеді.
Өндірістік тәжірибе бекітілген келісімшарт негізінде қызмет саласы бойынша әр түрлі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибе базалары: мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады.
Өндірістік тәжірибе жетекшісі тәжірибе мен әлеуметтік серіктестермен жұмысы бойынша бөлім меңгерушісі болып табылады, ол студенттердің өндірістік тәжірибесін жоспарлап, ұйымдастырып, өтілуін бақылап, қамтамасыз етеді. Практика ЖОО-да ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, сәулет кәсібімен таныстырады.
Студенттердің өндірістік практикасы жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол өндірістерде, ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Өндірістік практика бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Өндірістік практика қарастырылған профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін немесе оқытудың теориялық курсы толығымен біткеннен кейін ұйымдастырылады.

Практиканың негізгі бағыты:
студенттердің университетте алған теориялық білімдерін
машықтандыру;
практикалық қызметтің тәсілдерін үйрену, өндірістің қазіргі
заманғы техникасын және технологиясын игеру;
еңбекті ұйымдастыру мен ғылыми– техникалық жетістіктердің жаңа
әдістерімен, ақпараттық жүйемен және компьютерлік
технологиямен танысу;
өндірістік, монтаждық, конструкторлық-жобалау мекемелердің
құрылымдары, әртекті бөлімдердің функциялары және олардың
өзара әрекеттері туралы жалпы мағлұматты қалыптастыру,
сонымен қатар қолданыстағы инструктивті-нормативтік
құжаттармен, бақылау жүйесі және нормасымен, еңбекті қорғау
және техника қауіпсіздігі сұраныстарымен танысу;
өндірістік кәсіпорынның экономикалық әрекеттерін оқып үйрену.

Жоғары оқу орындарында кәсіби практика оқыту процесінде алынған,
практикалық дағдысының қалыптасуын, теориялық білімді бекітуге, сонымен
қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.
Университетте ұйымдастырылатын барлық кәсіби практика түрлері және
олардың мақсатты бағыттары ҚР МЖМБС және мамандықтың ЖОЖ сәйкес
анықталады.:
- оқу-таныстыру, тілдік; педагогикалык; педагогикалық;
- өндірістік, өз кезінде технологиялық және диплом алды болып бөлінуі
мүмкін
Практиканы сапалы өткізу үшін студенттердің міндеттері:
Практика бағдарламасымен танысу жеке тапсырмалар және қажетті
кеңестер алып практика бағдарламасын толық орындау;
Практика базасына уақытында бару;
Кәсіпорын жанындағы бекітілген практика жетекшісін практика
бағдарламасымен және жеке тапсырмасымен таныстырып,
практиканы бастуға рұқсат алу;
Практика өту кезінде мекеменің ішкі тәртібін, техника қауіпсіздігі
мен еңбек корғау шарттарын қатаң сақтау;
Мекемеден тағайындалған жетекші тапсырмаларын бұлжытпай
орындау;
Кафедрадан алған тапсырмалар бойынша шұғыл жұмыстарға қатысу;
Кәсіпорында орнатылған ішкі еңбек тәртібін сақтау;
Жүйелі түрде күнделік (қосымша Б) жүргізіп, кемінде аптасына бір
рет кафедра жанынан тағайындалған практика жетекшісі мен
кәсіпорын жанынан тағайындалған практика жетекшілеріне қол
қоюға ұсыну;
Күнделікке кәсіпорынға келу уақыты мен кету уақытын белгілеп
отыру;
Соңғы аптасында практика өту бойынша есеп (қосымша А)жасау;
Практика соңында кәсіпорыннан уақытша қолдануға алған
әдебиеттер, кіруге рұқсат қағазы және басқалай заттарды тапсыру;
Практика аяқталып, университетке қайта оралғаннан кейін 2 күндік
мерзім ішінде жетекшіге барлық тапсырмаларды орындағаны
жөнінде есебін, кәсіпорыннан берілген мінездемені, күнделігін,
сонымен қоса, сауалнаманы тапсыру;
Белгіленген уақытында практика жөніндегі есебін қорғау;
Практика өту кезінде студент практикант есебінде саналады;
Практика бағдарламасына сәйкес келсе кәсіпорында бос жұмыс
орыны болған жағдайында студент, магистрант жұмысқа алынады.
Практика бағдарламасына сай емес жұмысқа студент тартуға рұқсат
етілмейді;
Студенттер практикант есебінде жұмысқа орналасқан соң
кәсіпорында орнатылған еңбек қорғау ережесі мен ішкі тәртіп
ережелеріне бағынады;
ЖОО жағынан студент практика өтуі КПж/еСМ департаменті,
деканаттар, кафедра меңгерушілері және тікелей практика
жетекшілерімен бақылауға алынады.
Ақтау қаласындағы ЖШС «А и К» мекемесі туралы жалпы мінездеме
САЯСАТЫ
Ақтау қаласындағы ЖШС «А и К» мекемесі объектілерді жобалау мен салуға бастапқы-рұқсаттама құжаттар дайындау және беру, атқарушылық және топографиялық түсірілімдер орындау, біздің мемлекетіміздің мұнайлы мекені – Ақтау қаласының кезекшілік жоспарын жүргізу бойынша мамандандырылған сәулет ұйымы болып табылады.
Жоғары әлеуетке ие бола отырып, ЖШС келушілердің сұраныстарын барынша толығымен қанағаттандыратын, сапалы қызмет көрсетуге бағытталған өзінің негізгі бағытын ұстанады.
МІНДЕТІ:
2012 жылғы 14 желтоқсандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – «Стратегия-2050» (электроэнергияның жаңартылған көздері)және «Aktau Future Energy» халықаралық көрмені өткізу бойынша ұлттық жоспарына сәйкес, біз Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының сұраныстарын ескере отырып, қаланың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыруға, жабдықталған жағдайда жұмыс істеуге және өмір сүруге көмектесеміз.
СТРАТЕГИЯСЫ:
тапсырыс берушіге қажетті қызмет түрлерін әзірлеу және нарыққа шығару;
тапсырыс берушілердің талаптары мен күтулері негізінде көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту;
ҰСТАНЫМДАРЫ:
біздің қызметтердің сапасы тұтынушылардың талаптарына сәйкес болуы және олардың күтулерінен басым түсуі тиіс;
Тиімді кері байланыс негізінде сұраныстарды, сұрауларды және күтулерді зер салып зерттеу арқылы тапсырыс берушілердің қызығушылығын ескере отырып, ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру. Қызметкерлер, өнім берушілер, серіктестер және толығымен қоғамда барлық қызығушылық танытқан тараптардың ұсыныстарын жан-жақты ескеру. Біз өзіміз туралы жақсы естелік қалдыруға тырысамыз.
Тапсырыс берушілердің ағымдағы және болашақтағы талаптарына және олардың біздің қызметтерге қанағаттанушылығына жүйелік талдау жасау;
ISO 9001:2008 халықаралық стандарты негізінде сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау және нәтижелілігін үнемі жақсарту;
қызметкерлердің тұрақты кәсіби жоғарылауына, олардың сапалы жұмыста қызығушылық танытуларына мүмкіндігінше көмек көрсету.
Тапсырыс берушілерге құрмет көрсету және оларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;
өзектілігі – өз қызметінде қазіргі заманғы технологиялар мен басқару әдістерін қолдана отырып, уақытпен бірге болашаққа қадам басу және бір қадам алға;
ұйымдар-серіктестермен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара тиімді қарым-қатынас жасау.
ЖШС «А и К» мекемесі басшылығы сапа саласындағы осы Саясатты іске асыру, оны ЖШС барлық қызметкерлерімен түсінуді және қолдауды қамтамасыз ету үшін өзіне жауапкершілік артады.
Лауазымдық нұсқаулықтар
1)Ортақ белгілері
Кұрылыстық-монтаждық жұмыстардың мастері басқарушылардың қатарына кіреді, жұмысқа кіруі және шығуы директордың бұйрығымен жүреді.
Әрлеу және монтаждық жұмыстардың мастері білуі тиіс:
Кұрылыстық-монтаждық жұмыс мастері жоқ болған жағдайда, оның лауазымдық міндеттерін белгіленген тартіпте тағайындалған орынбасар атқарады.Ол жұмыстың сапалы, тиімди және уақытылы орындалуына толығымен жауапкершілікти өз мойнына алады.
2)Функциялар
Құрылыстық-монтаждық жұмыстардың мастерына келесі функциялар умит артылады:
Өндірістік телімді басқару.
Енбектін озық адістері мен тасілдерін енгізу уйымы.
Жұмысшылар мен бригадирлердін профессионалды шеберліктері мен дәрежелерін жоғарылату ұйымы.
Кауіпсіздик белгілер мен карауылдау ережелерінін сакталуын кадағалау.
3)Лауазымдык міндеттер
1. Әрбір жұмыс орнында еңбектін кауіпсіз және дұрыс жағдай жасалуын қамтамасыз етеді.
2. Жұмысшылардың кауіпсіз жұмыс жасауға алдын-ала түсіндіріп, уйретеді.
3. Жұмысшылардың жеке және ортақ қорғаныс кұралдарын дұрыс қолдануын кадағалайды.
4. Технологиялық, транспортты, ауыркөтергіш, энергетикалық және т.б. жабдыктардың кауіпсіз жағдайда және эксплуатация жасауды кадағалайды.
Кауіп-қатері жоғары жұмыстарды тікелей жетекшілік етеді.
Жетекшіге болған қайғылы оқиға туралы уақытылы баяндайды, зақымданған жұмыскерге бірінші көмекті ұйымдастырады.
Ортаны қорғау нұсқамасы мен медициналық тексерістен өтпеген жұмыскерлерді өздігінен жұмыс істеуге рұқсат бермейді..
Ауырлықтарды тасымалдау нормасын кадағалап, жұмыс орындарына кауіпсіздік белгілері мен алдын-алушы жазулар, плакаттармен қамтамасыз етеді.
Жұмыс бастар алдында жұмысшылармен 3-5 минуттық жұмыс мінездемесі, олардың денсаулық күинн және қауіпсіздік белгілері туралы куалігі бар-жоғын туралы әнгіме жүргізеді..
Әлі үйренбеген, жоғары оқу орыннан куалігі жоқ адамдарды ауыркөтергіш механизмдермен және де қауіптілігі жоғары қурал-жабдықтармен қолдануға руқсат бермейди .
Жұмыс орындарда және қоймаларда келген материалдарды, бөлшектерді, бұйымдарды шашып тастамай, ыңғайластырып жинауын қадағалайды..
Жұмысшыларға бөтен адам кіргізіп, жұмыс істетуіне рұқсат бермейді, ал жаңа келген кадрларға еңбек етудін кауіпсіз жақтарын уйретеді..
Уақыт пен демалыс тартібін сақтап, Әйел және жасөспірім жұмыскерлерді күзеткермен камтамасыз етеді..
Жұмысшылар санитарлық және кауіпсіздік техникаларын бұзған жағдайда, жүйелі түрде олармен талдау жасайды, оларды нұскамаға сүйенгенін талап етеді..
Жұмыс орнында аяқ-асты оқиғалардың алдын-алу шарттарын жүргізеді..

Құрылыстың қызметі
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Құрылыс қызметі – жаңа объектілерді салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері, коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.
Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал бағасының арзандауына ықпалын тигізеді. Экономиканың әртүрлі салаларында және ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін.
Құрылыс — өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады.
Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі тетігі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады. Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу үрдісі.Тендерлер келісім–шартқа сәйкес алған міндеттемелерін орындауға материалдық тұрғыдан кепілдік беретін жұмысты орындаушыларды конкурстық негізде іріктеудің негізгі әдісі болып табылады. Тапсырыс берушілер баға, сапа, мерзім көрсеткіштері арқылы келісім-шарттардың немесе мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарына қол жеткізеді. Тендерлік әдісті пайдаланудың негізгі артықшылығы – бәсекелестік жағдайын туғызу. Сол арқылы, бірнеше жеткізушілер мен мердігерлерді тарту кезінде құрылыс қызметтері нарығындағы монополиялық жағдайды жоюға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда құрылыс жұмыстарының бағасын арзандатуға, ғимараттар мен құрылғыларды жобалау мен құрылысын жүргізуге кететін уақытты қысқартуға, атқаратын жұмыстардың сапасын арттыруға болады. Сонда да көптеген инвесторлар тапсырыстарды өздерінің тікелей қатынастардағы, жергілікті мердігерлік ұйымдарына беруде, себебі инвесторлар бөгде ұйымдарға, сырттан келген мердігерлерге толық сенбейді немесе мердігерлердің біліктілік деңгейі белгісіз, тапсырыс берушінің тендерлерді ұйымдастырудағы тәжірибесі аз, үміткерлерді алдын-ала жіктеу тәжірибесінің қолданылмауы, «сыбайластық» және басқа жағдайлар әсерін тигізеді. Сондықтан, мердігерлік құрылыс ұйымдарының өздері тендерлер мен конкурстарға қатысуда толық тәжірибе жинақтамаған, олар өздерінің конкурсқа ұсынып отырған шарттарын тиімді түрде, анық жеткізе алмайды.
Бас мердігер – иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар – қосалқы мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін, олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты орындаушысы.
Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттарды салу, қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны.
Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.
Құрылыстың мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.
Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар – құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар).
Жобалау-іздестіру жұмыстары – инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар.
Елбасының «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының елімізде құрылыс саласын дамытуда бәсекелік қабілеттілігін арттыру маңыздылығы уақыт өткен сайын айқын аңғарылады. Құрылыс жобаларын жүзеге асыру өңірлердегі индустриялық-инновациялық дамуға жаңа серпін берумен бірге, экспорттық мүмкіндікті арттырса, халықтың энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мен индустриялық аймақ құруға қатысты мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз қалап отыр. Демек, инновациялық бағыт арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға қеңінен жол ашылып, халықтың дағдарыс салқынын сезінбеуіне керісінше әлеуметтік жағдайдың оң шешілуіне мүмкіндік туатынын көреміз.
Қазіргі таңда құрылыс қызметтері саласындағы бәсекелестік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық құбылысқа айналды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қауымдастық аясына интеграциялануы, экономиканың қарқынды дамуы Астана, Алматы және басқа қалалардағы ірі құрылыс нысандарын жобалауға және салуға көптеген шетелдік құрылыс компанияларын, инженерлер мен мамандар тартылды. Инжинирингтік қызметтер мен құрылыс жүргізуге байланысты тапсырыстардың ауқымды көлемі шағын зауыттар, фабрикалар, қоймалар, дүкендер, кеңселер және тұрғын үйлер салуға қатысты қарапайым міндеттердің үлесіне берілді.
Бәсекеге қабілеттілік=сапа+баға+қызмет көрсету. Бәсекеге қабілеттілікті басқару, яғни төменде айтылғандардың тиімді қатынасын қамтамасыздандыру: сапаны жоғарылату, өндіріс шығындарын кеміту, үнемдеу мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жеделдету .
Құрылыс саласындағы жобалардың сапасын көтеруге ең алдымен елімізде қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы» ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, отандық құрылыс компаниялары шетелдік алдыңғы қатарлы құрылыс ұйымдарымен қарым–қатынас жасауы тиіс, олардың осы салада жинақталған озық тәжірибелері мен білімдерін, жаңа технологиялары мен менеджментін үйренуі қажет. Прогрессивті технологияларды игеру арқылы отандық құрылыс кәсіпорындары отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі, ол өз кезегінде құрылыс өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне жол ашады. Сол арқылы салынатын тұрғын үй бағасы тұрақталып, тұрғындардың көп бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған шараларды ұзақ мерзім аралығында іске асыруға қарамастан компанияның көрсеткіштері төмендеп бара жатқаны байқалса, онда қабылданған стратегияны қайтадан қарастырған жөн. Егер компанияның жағдайы төмендеп, келешегіне қауіп төнсе, бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жаңадан құру керек. Ал, керісінше, жалпылама көрсеткіштер көтерілген байқалған жағдайда іріктеп алынған стратегияның дұрыстығы дәлелденеді және осы бағыттың құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін басқарудағы тиімділігін дәлелдейді.
Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілетін басқарудың басты мақсаты – тендерлерде жеңіске жету арқылы құрылыс жұмыстарын мердігерлік жолмен жүргізуге тапсырыс алу. Сондықтан, құрылыс компаниясының әлеуетінің факторларын іріктеп алудың негізгі белгісі ретінде құрылыс нарығының жекелеген сегменттеріндегі тендерлік комитеттердің қоятын нақты талаптары алынуы тиіс. Әлеует факторлары құрылыс ұйымы қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын жекелеген құрамдас бөліктері арқылы топтастырылады: өндірістік, басқару, қаржылық және инновациялық факторлар.
Ең маңызды факторларға құрылыс компанияларының қызметінің қаржылық жағдайын көрсететін факторлар кірді. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін компаниялар көбінде сырттан тартылған несие ресурстарын пайдаланады. Ал, несие алу кезінде қарыз алушы кәсіпорынның несиелік тарихына мән берілмейді: бұрын несие алған жағдайлары, оларды уақытында қайтаруы сияқты мәселелер. Маңыздылығы жөнінен екінші орында компания мүлкілерінің құрылымы тұр және олардың қалыптасу көздеріне мән берілуі керек.
Кұрылыс обьектісінін мінездемесі
Мен практикада болған объект ол Биология бағыты бойынша оқыту жүзеге асырылып жатырған Назарбаев Зияткерлік мектебі салынып жатқан құрылыс кешені 2012 жылы басталып 2015 жылдың ортасына дейін бітуге жоспарланған. Ғимарат Ақтау қаласында 33 шағын ауданда орналасқан. Мектеп:
3 қабатты;Қолданылған материалдар: заманауи кірпіш;

пенаблок;


Әйнек;

Сыртқы қабырға қалыңдығы 750 мм ішкі аралық қабырға қалыңдығы 200 мм. Қызмет көрсету блогы бар тұғырбеттік бөлімнің өлшемдері 70,0×80,0 м, меймандар бөлмелеріне күн сәулесінің жақсы түсуі (инсоляция), жылдың ыстық маусымындағы желдің қолайлы бағыты ескеріліп, маңайындағы басқа құрылыстармен, табиғатпен жарасымды үйлестірілген.  Ішкі-сыртқы әрлеуіне мәрмәр, алюминий, сәндік сылақ, Қазақстанның жергілікті материалдары — ұлутас, гранит пайдаланылады. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болады.


Істелінген жұмыстардың қысқаша мазмұны
25.05.15 – Атқарушы директормен таныстым.Құрылыс алаңында сақталуы керек қауыпсіздік ережелерімен таныстым.
26.05.15 -- Жетекшім алдағы уақытта қандай жұмыстар істейтінімді, мекеменің ішкі өзіндік ережелерімен таныстырды.
27.05.15 – Обьекті басындағы прораб, бригадирлермен таныстым. Құрылыс объектісімен таныстым.
28.05.15 – Негізгі технологиялық процестермен, құрылыста қолданылатын әдістермен таныстым.
29.05.15 – Құрылыс материалдарымен таныстым. Қай жерде қалай қолдану керек екенін көрдім.
30.05.15 – Обьекті басындагы букіл жұмысшылардың колдарын кауіпсіздік ережелер журналына койдыртып, журдим.
01.06.15 – Құрылыс аланың тазаладым.
02.06.15 – Құрылыста қолданылатын машиналарды көріп, қандай қызметтер атқаратынымен таныстым.
03.06.15 – Көптеген құрылыс материалдарымен таныстым. Құрылыс материалдарының (бетон, кірпіш) физикалық , химиялық қасиеттерін толығырақ түсіндіріп өтті.
04.06.15 – Бетон беріктігін тексеретін специалист келді, сонын касында журіп, бетон маркасы туралы косымша тағы мағлұмат жинадым.
05.06.15 – Жетекшіммен бірге құрылыс алаңын аралап шықтым.Құрылыс материалдарын қабылдап алғанда қастарында жүрдім.
06-09.06.15 –Құрылыс барысында болатын жұмыстарды көріп, практика жүзінде жұмыс істедім.
10.06.15 – Мастер, прорабтармен материалдар түрлерін көріп таңдап, сапасын анықтадық.
11.06.15 – Нысан объекттерімен танысу. Практика жүзінде көру, үйрену.
12.06.15 – Ғимараттың конструктивті сұлбасымен танысу.
13.06.15 – Құрылыс аланың тазаладым.
15.06.15 – Технозормен экскурцияға қатысып құрылыста қателік бар немесе жоқ екенін тексердік.
16-17.06.15 – Проектімен жұмыс жасадық. Сызбалардың қыр сырын түсіндірді.
18-19.06.15 – Құрылыс жобасы қайтадан көріп шығып талқыладық. СНиПтерді қайталап көріп шықтым.
20-26.06.15 – AutoCAD, ArhiCAD, SketchUP программаларымен жұмыс істеп түсінбегендерімді сұрап үйрендім.
Құрылыс алаңының қысқаша сүреттері:






Корытынды
Қорытындыға айтарым, университетте алған білім мен кабілеттер практика кезинде коп комеги тиді, бірақ сондада білмейтін, көрмеген нәрселер өте көп.Бірінші күннен байқағаным тәжірибеде көрудің пайдасы өте көп екен. Теория жағынын білгеніміз бен практика жағынан көбірек көріп үйренуіміз керек екен.Қасымдағы прораб, бригадирлер практика барысында қателіктерімді түзетіп,үйретіп жүрді. Күнде көрмеген, жаңа нәрселерді түсіндіріп, яғни қалай және қайда қолданатын айтып жүрді. Практика өту кезінде қоршаған ортаны қорғау тәртібін, техника қауіпсіздігі және өндірістік тазалақты сақтауды үйрендім. Бұдан басқа практика барысында салынб жатқан ресторан сызбаларымен танысып шығып түсінгенім СНиП терді жақсылап үйренуіміз керек екен. Мен тағы практика барысында документпен жұмыс істеудің маңызді екенін түсіндім. AutoCAD, ArhiCAD сияқты программалар мен жақсы жұмыс істеу керек екенін түсіндім. Құрылыста қолданылатын машиналарды салынып жатқан құрылыс алаңына қарай дұрыс таңдай білу керек екен.Құрылыс материалдарының түрлерін дұрыс таңдау маңызды екен. Біз оқу барысында сабақтарды терең үйреніп қана қоймай өзіміз әр жақтан ізденуіміз керек екен. Жалпы айтқанда кұрылыс обьектісінде жүрген маған ұнады, өйткені «ҚҰРЫЛЫС» деген не екенін өз көзіммен көріп, оның шын өмірде қандай екенін білдім. Нысанда жүргенімде қауіпсіздік ережесін қатаң түрде сақтау керектігін, тыйым салынған нәрсеге бей – жай қарамау керектігін ұқтым.Әр сөзіме , ісіме нық сенімді болуым керек. Өндірістік тәжірибе барысында үйреген білгенімді, көрген- түйгенімді алдағы уақытта өз қажетіме жарататыныма сенімдімін. Жетекшім маған үнемі ізденісте жүру керектігін айтты
Пайдаланылган адебиеттерhttp://astanagorarch.kz/ru/http://www.twirpx.com/http://www.2dip.ru/http://www.opraktike.ru/

Приложенные файлы

  • docx 17926175
    Размер файла: 3 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий