120_tarih


«Жалпы білім беру пәндері»
кафедрасының отырысында бекітілген
------- қазан 2016ж. №3 хаттама
кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор
______________Тұрысжанова Р.К.
«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына
Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
1. 1905-1907 жж. алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
4. Ә. Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
7. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
8.1916ж.көтерілістің көшбасшылары - Б. Әшекеев, А. Жанбосынов, Ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
9. Қазақстанның1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
10. «Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
16. Қазақ КСР-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
17. ХХ ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
18. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. 20-жж. аштық және оның салдарлары.
19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
24. ХХғ. 20-жж. байлар мен кулактармен күрес.
25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
26. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі.
28. ХХғ. 20-30-жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
29. ХХ ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту КСРО-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ КСР-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
40. «Хрущев жылымығы». ҚазКСР-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
41. ҚазКСР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
42. ХХ ғ. 60-70 жж. ҚазКСР-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
44.ХХ ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (ХХ ғ. 60-80 жж.).
46. КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (ХХ ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
47. ХХ ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
48. 1965 ж.экономикалық реформа. Себеп,салдары.
49. Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
50. ХХ ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
56.Тіл туралы Заң (1989 ж. қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
57. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
58. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «ҚР-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
61. ҚР мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
63. 1990-жж. ҚР ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
64. ҚР экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
66. 1993 ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
70. 1995 ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. ҚР демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
73. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, ҚР-ның ұзақ мерзімді басымды мақсаттары».
74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
76. ҚР әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
77. ҚР-ның «Жемқорлықпен күрес туралы» заңы: өзектілігі және нәтижелері.
78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар.Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
82. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
89. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» (2004 ж. 19 наурыз) және оның маңызы.
90. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы» (2001 ж. 28 ақпан) және оның ХХІ ғ. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы үшін маңызы.
91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ХХІ ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
92.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
94. «ЭКСПО – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
96. Ғылымның дамуы және ХХІ ғасыр үндеулері қарсаңында Қазақстанда ҒТП-ті басқару.
97. ҚР-ның ұлттық саясаты. Қазақстан халықтары Ассамблеясы.
98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
101. ҚР-да көппартиялы жүйенің қалыптасуы және дамуы.
102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
109. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: міндеттері, маңызы.
110. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
116. Астанадағы ОБСЕ саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XХI ғасыр» манифесті.
118. Қазақстанның сыртқы саясаты. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қырқүйек, 2015 ж.) БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы. 120. ҚР-ның саяси жүйесінің трансформациялануы: билік, негізгі заң, қарулы күштер, тіл және мемлекеттіліктің өзге белгілері.
1. 1905-1907 жж. алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды
Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті.
Аграрлық саладағы толқулар негізінен қазақ ауылдары мен қоныс аударушы орыс шаруаларының деревняларында өріс алды. Бірақ ол ұйымдаспаған әлсіз сипатта өтті. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы бой көтерді.
Қазақтардың басым көпшілігі өздернің туып-өскен атамекен жерлерінен айырылып қалудан қауіптеніп, отырықшы егіншілікті кәсіп етті дедік. Қазақтар жергілікті өкімет билігіне отырықшы өмір салтына көшуге жәрдемдесуді сұрап өтініштер жаза бастады. Алайда ол өтініштері көп жағдайда қанағаттандырылмай, үзілді-кесілді кері қайтарылып жатты. Мәселен, 1899 жылы Омбы уезінің бастығы Ақмола облысының генерал-губернаторының атына жолдаған хатында былай деп жазды: «...егер мұндай өтініш берушілердің қатары барған сайын арта түсетін болса, орыс шаруаларына бөлінетін жер..., қазақ даласын отарлау жөніндегі мақсат іске аспай қалады».
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды4. Ә. Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. 1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә. Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909–17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911–14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.Алаш Орда
Ә. Бөкейхановтың Жаза кесіміОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.
6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады.
Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан әрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына әсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады. Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе, жылқы, сиыр, жинады. Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.
1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі мен малы тартып алынды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары», акционерлік қоғамы «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамдары өндірді.
1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери-өнеркәсіп комитеті құрылды. Жылдың аяғына қарай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп комитеті) құрылды.
Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5–7 бөлім болды.
Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды.
Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, тұз өндіру және тасымалдау кәсіпшіліктері болды.
Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, кулактар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен қазақтар саны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар тіркелген.
Әр түрлі алымдардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Соғыс басталуына байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық: әскери салық салынды, ол әскери міндеткерлік атқармайтындар ретінде қолданылды. Сонымен бірге отаршылдық әкімшіліктің қысымымен қазақ халқына майданға көмек көрсету үшін әр түрлі ерікті қайырымдылық жасау міндеттелді.
Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайы нашарлады. Запастағы шен иелері отбасыларының жағдайы өте ауыр еді, олар не кулактар шаруашылығында батырақтар болуға немесе табыс табу үшін өнеркәсіп орталықтарына кетуге мәжбүр болды. Қазақстанда әкімшілік-полициялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді.
1916 жылғы 9 қыркүйекте Министрлер кеңесі Сібір мен Дала және Түркістан өлкелерінің облыстарында полициялық күзет енгізу туралы мәселе қарады. Соғыс жылдарында халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны «әйелдер бүліктері» дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсы бой көрсету деп қарады. Солдаттар бұқарасының бой көрсетулері жергілікті әкімшіліктің жазалау шараларын қатайтуына әкеп соқты. Көтерілістерге қатысқаны үшін, ереуілдер ұйымдастырғаны және басқа әрекеттер үшін өлім жазасы енгізілді. Халық бұқарасының соғысқа және патша өкіметіне қарсы қозғалысы 1915 жылдың екінші жартысында ерекше күшейді. 1916 жылдың басында майданнан революциялық күрес тәжірибесі бар жұмысшылар қайтып орала бастады. Жұмысшы қозғалысы қайтадан өрістей бастады. Семей қаласында еңбекшілердің ерекше бой көрсетуі болып өтті. Онда 1916 жылғы 19–20 қарашада 17 дүкен қиратылды. 1916 жылдың екінші жартысында жұмысшы қозғалысының дамуына қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы зор ықпал жасады. Тыл жұмыстарына шақыруға қарсы көтеріліспен байланысты Қазақстанның кең кәсіпорындары мен темір жолдарында жұмысшылардың ірі толқулары атап өтілген. Бұл толқулар жұмысшы қазақтардың жұмыстан жаппай кетіп қалуына ұласты. Жұмысшы қозғалысын басуға тырысып, өкімет орындары үш айға дейін түрмеге қамауға немесе 3 мың сомға дейін ақшалай айыппұл салуға қатаң шаралар қолданды. 1916 жылдың орта шеніне қарай кедейлер әбден ашынған жағдайға жеткізілді. II Николай патшаның «бұратаналарды» тыл жұмыстарына алуы туралы жарлығы Қазақстанның барлық облыстарындағы көтеріліске ұшқын түсірді.
1916 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыс халықтың барлық топтарын қамтыды: өнеркәсіп орындарының, кеніштер мен кен орындарының жұмысшылары ереуілдер жасады, қалалар мен селоларда дүкендер мен дүңгіршіктерге ойран салынды, Қазақстанның бүкіл аумағы ұлт-азаттық қозғалысының өртіне оранды.
7. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдаармияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин,Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.
Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.
8.1916ж.көтерілістің көшбасшылары - Б. Әшекеев, А. Жанбосынов, Ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілде де келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.
Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушылары менірі қақтығыстар болады.Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Кейкі батыр — Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.
Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.
Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.
Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.
«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды.
Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді.
Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Қүрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.
Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді. Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді.
1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.
Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.
11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
1917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайыңда социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың жауынгерінен түратын екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне көшті. 25 қазанда (қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанындағы Әскери-рев. Комерция-лық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жұмысшыларға, солдатгарға және шаруаларға" үңдеудегі бүкіл өкімет билігінің Советтерге көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етгі. Съезд Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабыддап, БОАК-ті сайлады. Совет үкіметін-Халық Комиссарлары Советін құрды. Оның Председателі болып В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды.
Совет үкіметінің алғашқы актілерінщ бірі "Россия халық-тары праволарының Декларациясы" болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Россия халықтарының тендігі мен суверендігі, олардың өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу правосы жарияланды. Ұлттық және этникалық азшьшық пен топтардың еркін дамуы, ұлтгық және діни артықшылықтарды жою-Совет өкіметінің ұлт программасы, міне осындай еді.
Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің салтанатты шеруін бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуідцеді. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстаңда алғаш рет екімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес большевиктік ұйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының әкімшілік орталығы Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентге, Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен кейін — 22 қарашада Петропандца, 27 желтоқсаңца Ақмолада өкімет билігі Советгер қолына көшті. Оның кщіру себебі Сібір казакгарының ауқатгы бөлігіне арқа сүйеген эсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті. Ұсақ буржуазиялық қайрат-керлердің казактардьщ офицер-атаман топтарымен бірііуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен эсерлердің қатысуымен, "әскери үкімет"құрыдды. Ол Совет екіметімен күреске әзірлік жұмысьш өз қольша алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде үсақ буржуазиялық "делегаттар жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бұл жерлерде казак полкгерімен, жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті халықтардың буржуазияшыл-дарьшан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал өңірі Қызыл гвардия-шыддармен ашықтан-ашық Қазақставда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.
Басқа жол, басқа әдісті әлі танып-білмеген қарапайым халықтың басым бөлігі коммунистердің соңына еріп, ал мүвдай әрекетгің арты немен аяқталатынын әуелде жақсы түсіне алмады. Олар өз арасынан комиссарлар сайлап Совет үкіметін қолдады.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамывда ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсатгар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастадцы.
12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса ма ңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.. Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан т ұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комисс ияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арнал ған н ұсқаулар; бала т әрбиесі ж өніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халы қтық білім беру іс шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулы қтар басылым ға шығарылмайды. Комиссия ж ұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ
болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылы ғын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатынды. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік -автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халы қтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; а қша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет М әметов жұмыс атқарды. Ол М.М әметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар а ударған. Алаш партиясының жетекшілері 1918 жылы 1 с әуірде Халел ж әне Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен ж әне Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады . «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол ар қылы ба қыт табады» деп Ж үсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай тіл саясатын к өтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қ оғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген н әрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп д үниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан
13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған  қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.
1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. 
Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.
Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.
1918ж. жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.
1918ж. аяғы мен 1918ж. басында Әліби Жангелдин мен Амангелді ИмановпенТорғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды.
Ақтөбе майданына 1918ж. Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.
1919ж. көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады.
1919ж. орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді.
Қызыл армияның Түркістан майданы 1919ж. тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүс- тік майданы жабылады.
Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды.. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.
1920ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялануы
1917 жылы 22 карашада Ташкент қаласында өз жұмысын аяқтаған Түркістан өлкелік Кеңестер съезі Түркістанда Кеңестік биліктің орнағанын ресми түрде жария ете отырып, бірақ жаңадан құрылған үкіметтің құрамына жергілікті ұлттардың бірде-бір өкілін енгізбеді. Бұл іс жүзінде Кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі билеу құқын мойындамайтындығының айғағы еді. Саяси жағдайдың мұндай бағыт алуы М. Шоқай төрағалық еткен Түркістан өлкелік мұсылмандар Кеңесін нақты жауап әрекетке көшуге итермеледі.
IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі 26 карашада Қоқан қаласында өз жұмысын бастады. Тау-кен жұмысшылары, мұсылман солдаттар, мұсылман кәсіподақ мүшелерінен, барлығы 200-ден астам өкіл қатысқан бұл съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Туркистан мухтариат) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады.
Түркістан Уақытша кеңесі құрамына барлығы — 54 адам енді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтар Сырдария және Жетісуоблыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ Мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, қаланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 18 өкілі бар болатын. Басқаша айтқанда, Кеңестегі барлық орынның үштен бірі сол тұстағы Түркістан халқының 7%-ын құрған жергілікті емес, еуропалық тұрғындардың үлесіне тиген.
Түркістан Уақытша кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітті. Үкіметтің негізгі міндеті, оның төрағасы болған М.Шоқайдың атап көрсеткендей «байыпты да парасатты саясат жүргізе отырып, бүкіл түркі атаулыны бір қазанда кайнатып, ақырында, бір ұлттық мемлекет түзу» еді.
Съезд Түркістандағы барлық халықтардың құқын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, еврей, жұмысшы, солдат және шаруаларын, барлық тұрғындарын Түркістан билігі төңірегіне топтасуға шақырды.
1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді. Қаланың өзі талан-таражға түсті.
Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе — жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрін
М.Шоқай
Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думағаарнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықтыТүркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.
Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.
Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.
Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.
Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.
16. Қазақ КСР-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
Алғышарттары:
РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялы-аграрлы республикаға айналды;
Жұмыс табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты;
Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді;
Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды;
Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты.
Еңбекке жарамды 3,3 млн. адамның 1 млн. -ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Олардың 20%-ы – түсті металлургияда, 120 мыңы – тасымал жұмысында, 46 мыңы – құрылыстарда еңбек етті.
Осылайша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті.
l 1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды.
Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика)
l 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда:
Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері;
Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.
1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды.
1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды:
112-сі – жұмысшы;
116-сы – колхозшы;
152-сі – қазақ;
60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.
1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты.
1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
20–30 жылдар кезеңінің қорытындысы:
Тиімді жағы:
Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті.
Индустриясы жедел дамыды.
Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.
Тиімсіз жағы:
Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті;
Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты;
Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
Қазақстан тарихындағы алғашқы жазылған ресми конституция КСРО құрылғаннан кейін қабылданды.
1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі В.И. Ленин мен М.И. Калининнің қол қоюымен «Қырғыздың (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданып, оның бірінші тарауында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы РКФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды.
Қазақ АКСР Кеңестерінің ІV съезінде Қазақстанның бірінші Конституциясының жобасы талқыланып, құпталған болатын. Қазақ Орталық Атқару Комитеті 1926 жылдың ақпанында Қазақ АКСР Конституциясын қабылдау туралы қаулы шығарды. Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша автономиялық республикалардың конституциялары Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті бекіткеннен кейін ғана заңды күшіне енетін. Қазақ АКСР Конституциясы заңды түрде жоқ сияқты болды, бірақ та Конституцияның нормалары феодализмнен социализмге өтудегі өтпелі кезеңнің міндеттеріне сай еді [2].
1937 ж. Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша Қазақстан одақ құрамындағы тәуелсіздігін сақтай отырып, тек сөз жүзінде ғана мемлекеттік билікті өзі жүргізетін мемлекет ретінде бекітті. Бұл Конституцияда біраз маңызды мәселелер қамтылды.
Қазақстанның заң жүзінде «Қазақстан» атанғанына бір ғасырдай уақыт болды. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылды. Бірақ соған қарамай Қазақстанның Автономиялы Конституциясы бекітілмеді. Кеңес үкіметі заңы бойынша, Федерацияның орталық органы Конституцияны бекітуі керек еді. Сондықтан 1920 жылдан 1937 жылға дейін Қазақстанда Конституция болған жоқ деуге негіз бар. 1936 жылы КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданды да, ол Конституцияның негізінде Қазақстан Автономиясы субект дәрежесіне көтеріліп, Одақтас Республикаға айналды. Ал одақтас Республиканың Конституциясыз болуы мүмкін емес-ті. Содан, Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Өз кезегінде бұл Конституция 1978 жылға дейін қолданыста болды. Өйткені, сол жылы КСРО-ның үшінші Конституциясы қабылданды.
1936 жылы қабылданған КСРО конституциясының 13 бабына сәйкес Қазақ КСР-ы одақтас республика статусына ие болды. Осыған байланысты 1936 жылғы маусым айында республика Орталық Атқару Комитетінің президиумы Қазақ КСР Конституциясының жобасын дайындау үшін комиссия құрды. 1937 жылдың ақпан айында Қазақстан ОАК-нің президиумы жобаны мақұлдап, республика кеңестерінің төтенше Х съезінің талқылауына ұсынды.
1937 жылдың 9 ақпанында «Социалды Қазақстан» газетінде Қазақ КСР кеңестерінің Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы Ұ. Құлымбетов, Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің хатшысы Т. Жұмабаевтың қатысуымен өткен Х бүкілқазақтық съезінің қарауына беру үшін Қазақ КСР орталық Атқару Комитеті президиумының  Қазақ КСР Конституциясы туралы қаулысы бойынша Қазақтың кеңестік социалистік республикасының конституциясы (негізгі заңы) жобасының мәтіні жарияланды.
1937 жылдың 21-26 наурыз аралығында өткен Кеңестердің Х бүкілқазақтық съезінде, заңды түрде Қазақ КСР-нің нағыз бірінші Конституциясы қабылданды.
17. ХХ ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы терри-ториясының көптеген бөлігі 1918 ж. мамыр айында Түркістан өлкесі Кеңесте-рінің V-cъезінде құрылған Түркістан Автономиялы Социалистік Республика-сының құрамына өтті. Оның құрамына Қазақстан жеріндегі Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Одан кейін, 1921 ж. Түркістан Республикасы БОАК-тің 1921 ж. 11 сәуірдегі Декретіне сәйкес РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. Осы жылы БОАК-тің 1921 ж. 11 сәуірдегі Декреті қабылданғанға дейін Түркістанда ұлттық-территориялық межелерді жүргізу үлкен дайындық жұмыстарын талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай ауыр еді. Аймақтағы саяси-экономикалық жағдай күрделі болғандықтан, Орталық Азияда мемлекет-тердің шекараларын ұлттық құрамына қарай бөлу тек 1924 ж. ғана іске асты.
1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-нің құрамына Сырдария және Жетісу облыстары, Қара-Қалпақ автономиялы облысы және көптеген уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелігіне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсіп, 1926 ж. санақ бойынша 6,6 млн. адам болса, оның 3,6 млн. қазақтар еді, яғни, қазақтар республика тұрғындарының -61 %, орыстар – 1,2 % млн. (18 %), украиндар – 0,8 млн. (12 %) құрады.
Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу аяқталғанына қарамастан, одан кейінгі жылдары да Орта Азия республикалары арасында шекара сызығын анықтауға қатысты тартыстар мен келісімдер жалғаса берді. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын анықтау мақсатында Әулие-Ата уезінің аумағы, табиғи және тарихи, ұлттық бөлінісі анықталуы қажет болды, уезд батысында Ташкент уезінен Арабик өзенінің сағасына дейін, бұл арадан Арық бел өзенінен Көк саймен түйісетін жеріне дейін созылып барады. Шекара сипаттамасы 1926 ж. Әулие – Ата уезі арқылы жүргізіліп, Қазақстан мен Қырғызстан үшін картаға енгізілуге ұсынылды [17].
1926 ж. БОАК жиналысы өтіп (онда төрағалықты М.И. Калинин және хатшы С. Асфендияров жүргізген) қабылданған қаулы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық сызығы анықталды. Оңтүстік Қазақстанның Жамбыл облысы жерімен шектескен жеріндегі Сусамыр жайлауы Қазақ пен Қырғыз АКСР-ларына (шекара сызығы бойымен) жалпы пайдалануға шешім қабылданды.
1927 ж. соңы мен 1928 ж. басындағы Қазақстанның әкімшілік- аумақтық құрылымындағы өзгерістер елді жалпы әкімшілік-құрылымдық аудандасты-рудың бір бөлігі болатын. Республикадағы жаңа әкімшілік-аумақтық құрылым жобасы бойынша губерния, уезд, болыстар таратылып, үш сатылы: округ-аудан-қала, село, ауыл жүйесі енгізілді. Бұл жерде жалпы ортақ шаруашылық және аумақтық экономикалық тиімділігін қамтыған округ, белгілі нүктелерге, айналадағы байланыс және транспорт құралдарын оңтайлы пайдалану сияқты маңызды факторлар ескерілді.
18. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. 20-жж. аштық және оның салдарлары.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).
Оныңміндеттері: 1)Еңбекартельдерінқұру. 2)Кедейлергежерберу. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
Әскери коммунизм саясаты:
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.
«Әскери–коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1)Азық–түлік салғырт енгізілді. 2)Жеке саудаға тыйым салынды. 3)Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4)Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5)Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6)Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.
Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.
Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.
20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).

21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
§ Қазақ ауылын кеңестендіру;
§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Ол қиыншылықтар: 1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді. 3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді. 4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі. 5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. 6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. 7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом). 4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.
Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1) Халық дәстүрі бұзылды. 2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді. 3) Жергілікті мамандар жетіспді. 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).
1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.
Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.
1935 жылғы желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. Табылдинова, А. Сафин.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.
Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.
23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің  өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес  болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған.
1918 жылы күзде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен күресе отырып, халық арасында кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916 жылғы Әулие ата уезінде ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта оралған босқын қазақтарға азық-түлік көмегін көрсетуге күш салады. Т.Рысқұлов Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан жұмыстар жүргізді. 1924 жылы 23-31 мамыр аралығында өткен РКП (б) ХІІІ съезіне қатысады.Осы жылдың жаз айында Коминтерннің Монғолиядағы уәкілі болып жұмыс істейді.Тұрар Рысқұлов Монғол Халық Республикасында Коммунистік интернационалдың уәкілі ретінде тоғыз ай қызмет атқарды. Монғолияда жұмыс атқарған кезіндегі іс-әрекеттеріне байланысты құжаттар Монғол халық революциялық партиясы (1925 жылға дейін Монғол Халық партиясы) Орталық архивінде сақтаулы. Бұл құжаттардың ішінде Т.Рысқұловтың Монғол Халық партиясы Орталық Комитетінің Басқарма жиналысы мен Пленумында сөйлеген сөздері, әр түрлі комиссиялар қатысып жасаған ұсыныстары, оның қатысуымен жасалған партия мен үкіметтің маңызды құжаттарының жобасы, соның ішінде Монғол Халық Республикасының тұңғыш Конституциясы, партияның бағдарламасы мен жарғысының жобалары, партия мен үкіметтің сыртқы саясатын жүзеге асыруда Т.Рысқұловтың міндетіне байланысты материалдар, Коминтерннің Атқару комитетіне жазған оннан астам баяндамасы, өзінің Монғолиядан қайтуына байланысты жазған түсінік хаты сияқты көптеген құжаттардың түп нұсқасы сақталған және сол конституцияның жобасын жасауға белсене қатысып, оған елдің саяси өмірін демократияландыруға байланысты бірсыпыра маңызды ұсыныстар еңгізген. [3]
Т.Рысқұловтың пікірі бойынша МХП-ның жаңа бағдарламасы мен Жарғысына партияның демократиялық негіздерін нығайтуға байланысты біраз тұжырымдар енгізіп отырды.1925 жылы шілде айында Т.Рысқұлов Мәскеуге қайта оралды. Коминтерннің уәкілі ретінде Монғолияда тоғыз ай істеген Тұрар неліктен тез оралды?. Себебі басқарма мүшесі Э.Ринчино мен Коминтерн уәкілі Т.Рысқұловтың арасында болған пікір таластары шектен шығып, Орталық комитеттің іс әрекетіне бөгет бола бастағандығы және бұл мәселе үлкен дау дамайға ұласпай құпия қаулы қабылданды. Дегенмен Э.Ринчиноның билеп төстеу әдісіне тыйым салғандықтан кетуге мәжбүр болды. [4]
Дархан Қыдырәлінің пікірі бойынша Монғолиядан келген архив мамандары, үлкен басшылар қазір Монғолияның ата заңының авторларының бірі ретінде Тұрар Рысқұловты атауда. Сондықтан, Рысқұловтану тәуелсіздігімізбен бірге жаңа белеске көтерілді. Және Рысқұловтың идеяларының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларымен сабақтас жатуы біздің түркі академиясының алдына үлкен міндеттер жүктейді. Монғолиядан қайтып оралған соң Т.Рысқұлов ауылдағы әлеуметтік-экономикалық процесстер туралы пікірсайысына белсене қосылады. Ол оппоненттерінің дәлелдерін, олардың күшті және әлсіз жақтарын, ережелердің даулы немесе жаңсақтығын ескерудің тамаша үлгісін көрсетті.Сонымен бірге құбылыстардың мәніне терең бойлайтындығын, дәл баға беретінін, нақты материалды білетіндігін танытады.
Академик М. Қ. Қозыбаев өзінің зерттеулерінде Т.Рысқұловты былайша атап көрсетеді: «20-жылдары сезімтал қазақ зиялыларын ойландырып, іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі-Орталықтың Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлер оған барынша қарсы тұруға тырысты, дегенмен осы уақытқа дейін ұлтшылдық аясында қарап келген концепция жалған екендігі, оның тек советтік Шығыс емес, әлемдік ұлт қозғалысының көсемдерінің бірі екендігі сөзсіз. [5]
Т.Рысқұловтың әлем тарихындағы тұғыры биік, жұлдызы жарық, ол Сүн-Ят-Сен (Қытай), Д.Неру (Үндістан), Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) қатарындағы қайраткер екендігі күман тудырмайды. «Рысқұлов Советтік Шығыстың көсемі ғана емес, дүние жүзілік ұлттық қозғалыс көсемдерінің бірі».Көптеген материалдары жарық көрген. Соның барлығы қазақтың мәселесі, қазақтың экономикасы, қазақ елінің дамуы, территориясының бүтіндігі, елдің тұтастығы, бірлігі мәселелері Тұрар Рысқұловтың публицистикасында сайрап жатыр. [6]
Қырықтан енді асқанда қыршын кеткен қазақтың тау тұлғалы - Тұрарына Қызыл империяның қатты өшіккені сонша, Тұрар Рысқұловты ату туралы бұйрыққа Сталиннің өзі қол қойыпты. “Халық жауы” деп айыпталған арыс 1938-ші жылдың 10-шы ақпанында атылды. Ал жұбайы АЛЖИР-де 18 жыл айдауда болды, ұлы Ескендір түрмеде көз жұмды. Тұрар Рысқұлов азап пен қиыншылыққа толы күрделі, бірақ сонымен бірге жарқын да өмір сүрді. Оның самғау шақтары мен қанатынан қайырылған кездері көп болды, бірақ ол әрдайым өз қалпынан айнымай, сонау жастық шағынан алға қойған өз халқына қызмет етсем деген мақсатына адал болды. «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаматтық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл бүкіл ел тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деп жазды Ұлт көшбасшысы, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
24. ХХғ. 20-жж. байлар мен кулактармен күрес.
Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХҮ сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қапталдастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте-бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде 1930 жылы Ресейдің қара топырақты аудандарында жеке шаруаны ұжымдастыру небары 10 пайыз төңірегінде болған да, Қазақстанда бұл көрсеткіш 64 пайыз болған.
Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [8.156]. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.
Қол жеткен табыстарды асыра бағалай отырып, елдің басшылары 1929 жылдың аяғында жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізуге кірісті.
Ұжымдастырудың әкімшілік - зорлықшылдық сипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белең алған сол бір қуғын - сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті. Талай жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. 1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсында қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күштеп жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары, қазіргі тілмен айтқанда қазақ меценаттары қудаланды.
Жалпы Қазақстан бойынша барлығы 144474 бас мал тәркіленсе [4.95], Қызылорда округі бойынша алдын-ала жасалған жоспар бойынша 27173 бас мал тәркіленуге тиіс еді. Іс жүзінде 54 байдан 56720 бас мал немесе ірі қараға шаққанда 18139 бас мал тәркіленген [31.7]. Оның 14228 -і бөліске түскен. 4055 -і ұжымшарларға, 10173-і жеке шаруашылықтарға таратылған [32.27]. Тәркіленген малдардың басым бөлігі – қой болды. Атап айтқанда, 43490 бас қой, 5989 бас жылқы, 4318 бас түйе. Тәркіленген малдар 2833 адамға бөлінген. Малдан басқа байлардан 29 киіз үй, 117 киіз, 10 мың бау шөп, 8 қыстау, 5 үй т.б. тәркіленіп, олар клубтарды, мектептерді жөндеу жұмыстарына, артелдерге жіберілді [33.7,9]. Тәркіленген 54 байдың барлығы ірі бай болмағанын мұрағат материалдары дәлелдейді.
Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының беташары іспетті болды. Қазақ байларының малдарын тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да кедейлер еш нәрсе ұтпады. Бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі - ірі байлар қожалықтарын күйрету - Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлылығының күрт төмендеуіне негіз жасады. 1932-33-ші жылдардағы, қазақ халқының айтарлықтай бөлігін жусатып кеткен ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады.
25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылы, осы ауылдың тіршілік көзі болған мал шаруашылығын күйрету 1925 жылғы қыркүйек айында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И.Голощекиннің жауапты хатшы қызметіне келуімен тығыз байланысты.
Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХҮ сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қапталдастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте-бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Күштеп ұжымдастырудың нәтижесінде 1930 жылы Ресейдің қара топырақты аудандарында жеке шаруаны ұжымдастыру небары 10 пайыз төңірегінде болған да, Қазақстанда бұл көрсеткіш 64 пайыз болған.
Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [8.156]. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.
Қол жеткен табыстарды асыра бағалай отырып, елдің басшылары 1929 жылдың аяғында жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізуге кірісті. Шаруаларды ұжымшарға мүшелікке тартуда әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап - қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды [30.56].
Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік - демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды.
Отырықшыландыру науқаны жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі - жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі - әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.
Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате екендігін көрсетіп берді. Бірде - бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа өз қаржысымен отырықшыландыру оларды босқынға ұшыратты.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзіндеҚазақстанда 30—дан астам үлкенді—кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады.1929—1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929–1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды [8, 53 б.]. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдыңкөп бөлігіүкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің VІ Пленумында1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды [9, 208 б.]. Сонымен, ұжымдастырудың айқын тарихы — «тәжірибе жасау мен қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы.Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20–30 жылдары — Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27—тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13—қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19—ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын—сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді. Сонымен, осы жылдарда Қазақстанда жүзеге асырылған әлеуметтік—экономикалық процестер қазақ халқының дәстүрлі даму жолын талқандап қана қоймай, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының халықтық салт — дәстүрлерін аяқ асты етті. Нәтижесінде адамзат өркениетінде өзіндік орны бар, бірегей қазақ ұлтының өзінің рухани тамырларынан қол үзу, өзінен үлкен ұлттың жетегінде кету процесі белең алды.
Қазақстандағы күшпен ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың алып келген ауыр зардаптарының бірі- демографиялық апат еді. Тарихи зерттеулерде Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылыққа байланысты әртүрлі пікірлер мен деректер айтылып жүр. Қазақстандық тарихшы демограф ғалымдар осы жылдардағы ашаршылық құрбандарын 1,5 миллионнан 3 миллионға дейін жеткізіп жүр.
Қасiрет құрбандарының саны туралы мәселе әзiрге ашық қалып отыр. Ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны әлі де болса терең зерттеп, анықтай түсуді талап етеді. Аштық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді. Қайткен күнде де Қазақстан тарихында «1932 жыл» қара жазумен жазылатын дата. Бұл жыл – республика басына төтенше төнген нәубет, бұл жыл – халық тұрмысымен, психологиясымен санаспай басшылық етудiң, әкiмшiлiктегi волюнтаризмнiң аяғы немен тынарын мәңгi еске салып тұруға, мәңгi сақтандырып тұруға тиiс жыл. Бұл жыл – ешуақытта ұмытылуға тиiс емес, керiсiнше, келер ұрпаққа үлкен сабақ болуы тиiс. Бұл – орны толмас халықтық қасiрет.
26. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
Азамат соғысы елге тоқырау мен құлдырауды әкелді. Қазақстанда 250 (307-ң ішінен) ұлттық ұйымдар шара қолданбады. Жезқазған және Успенск кендері суға батырылды, Ембі мұнай шығару орындарының 147-сінен тек 8 ғана қанауға жарамды болды. Ауыл шаруашылығы шығынға ұшырады. 1921 жылы наурызда РК(б)П Х съезі нарық экономикасын құрудың шешуші шарасы қолданылды. Дәл айтқанда Жаңа Экономикалық Саясатқа көшу азық-түлік салығымен алмастырылды, еңбек заңында борыштылық алынып тасталды, сауда жасау еркіндігі рұқсат етілді, жер арендасы, жалдамалы жұмысты және шаруашылық есеп-қисап қолданылды. Мемлекет тек өзіне жеке тармақтар мен үлкенірек ғимараттарды басқаруға қалдырды, қалғандары денационализацияланды – кооперативтерге, жеке тұлғаларға арендаға берілді.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.
Осылайша елдің шаруашылығы дағдарыстан шыға бастады. Нарықтық, тауар-ақша қатынасының деңгейі қалпына келтірілді, ал жеке меншіктің құрылымы көпукладты сипат алды.
1920 жылдардың ортасында ССР-де социализмді құрудың доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Ол өзіне 3 маңызды буынды біріктірді: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени революция.
Маңызды приоритет болып индустрияландыру болып жарияланды. Қазақстандағы индустрияландырудың негізгі принциптері мен әдістері негізінен бұрынғыдай бүкіл ел үшін бірдей болды. Бірақ басынан бастап Қазақстанның шикізаттық дамуының бағыты анықталды. Негізгі міндеті Қазақстанның табиғи ресурстарын геологиялық зерттеу, теміржолдардың құрылысы, ауыр индустрияның дамуы, ең бастысы оны өндіретін тармақтары: жанармай, көмір, мұнай, қара және түсті металлургия.
Қазақстандағы индустрияның дамуының ерекшелігі өндіріс мұнда басынан қайта басталды. Капитал салымының басым бөлігі ауыр өнеркәсіпке – 83,6%, түсті металлургияға – 44,5%, ал мұнайға – 20%, көмір – 15,3%, химиялық – 4,8%, электр энергетикасына – 8,5% капитал салымының көп бөлігі жұмсалды.
Пайдалы қазбалардың жеке базаларында соғыс жылдарына дейінгі бесжылдық алдында заманға сай ірі мекемелер: Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балхаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаты, Кенді Алтайдың түсті металл заводы, Қарағандының көмір шахталары, электр станциялар, тамақ өнеркәсібі салынды. Қазақстан түсті металл өндіру бойынша елде екінші орынға, мұнай өндірісі бойынша үшінші орынға шықты.
Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды.
Сонымен қатар индустрияландырудың жағымсыз жақтары да болды. Ол үлкен қаржыны қажет етті, ол қаражат ауыл шаруашылығы мен ішкі заемнен алу жолымен алынды. Жоспарды сапалы көрсеткіштерге зиян көрсете отырып қандайда жолмен орындау елдің қаржы жағдайына қарсы бағытталды. Өндірістің алдыңғы еңбек озаттары, жарыс, тәртіпті қатаңдатуға күрес тек кейбір қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді, бірақ жалпы толқуды тоқтата алмады.
Социализмді құрудың доктринасының екінші буыны ұжымдастыру болды. Ол қазақ ауылдары мен қыстақтарды біріктіруге күрес түрінде күштеу жолымен дамыды.
Қазақстан ұжымдастыруы 1932 жылдың күзінде аяқтауға міндетті аймаққа жатты. Бірақ ол тұрғылықты тұрғындардың өмірінің ерекшеліктерін есепке алмай жүргізілді, ұжымдастыруды өткізу мерзімі бұзылды, колхозшыларды жаппай маршпен құруды бастады. Егер 1928 жылы Қазақстанда қазақтардың барлығынан 2% ұжымдастырылса, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Күштеу шаралары заңсыз тұтқындауға ұласты, сайлау құқығынан айырды, көбісі ату жазасына кесілді. Тек 1931 жылдың өзінде Қазақстанның ОГПУ органдарымен 21 мыңнан аса адам тұтқындалды, 657 ірі байлар елден шығарылды, 1067 бай шаруашылығы жер аударылды, 145 мың мал басы тәркіленді. Мал шаруашылығының көшпелілерін күштеп көшіру болды.
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мен көшіру өте қорқынышты жағдайда болды. Ауыл шаруашылығында шаруаларды жерден айырғаннан кейін егін түсімі күрт төмендеді. Дәстүрлі құрылымның бұзылуы мал шаруашылығы үшін апатқа айналды. Ұжымдастыру алдында Қазақстанда мал басының саны 40,5 млн болса, 1931 жылғы 1 қаңтар қарсаңында тек 4,5 млн бас қалды.
1931-1933 жылдар аралығындағы аштық кезеңінде 2 млн қазақ және 200-250 мың басқа ұлт өкілдері өлді. Аштықтан және қуғын сүргіннен 1 млн адам Қазақстаннан қашып кетті. Мемлекеттің күштеу саясаты шаруалардың наразылығын тудырды. 1929-1931 жылдарда 400-ден аса қарулы көтерілістер болды, оған 800 мыңға жуық адам қатысты. Ірі ошақтар ең қатыгез жолмен реттеуші әскермен басып – жаншылып отырды. Көтеріліске қатысқаны үшін ОГПУ органдарымен 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды.
Осылайша Кеңес үкіметі уәде берген молшылықтың орнына ел аймақтың үлкен аштық пен көптеген репрессияларға ұшырады.
30 жылдардың ортасында кеңестік ұлттық – мемлекеттік құрылысының үрдісі аяқталды және 1936 жылы желтоқсанда СССР Конституциясы бойынша Қазақ АССР құрама республикасына ауыстырылды. Республиканың формальді статусы СССР құрамында өзгертілді, бірақ суверенизация жоспары бойынша бұрынғыдай құқықсыз және орталық өкіметке бағынды.
Осы тоталитаризм режиміндегі көптеген репрессияның кезеңі болды, алып концентрациялы лагерълер құрылды: Карлаг (Ерекше режимді Қарағанды лагері), Дальний, Степной, Алжир – «Отанның сатқындарына» арналған арнайы әйелдері мен жанұясының мүшелеріне арналған Ақмола лагері. 1930-1940 жылдарда даму адамдарды күштеп жер аударту (депортация) әлеуметтік жағынан, кейін ұлттық белгілері бойынша жүргізілді. 1939 жылы жазбалар бойынша жаппай депортация алдында Қазақстанда 54,7 мың поляк, 3,6 мың латыш, 808 литвалықтар тұрды. 1941 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға фашистерге көмектесті деген айыппен 349713 немістер, ингуштар мен шешендердің көптеген мөлшері, және де балғарлар, түрік-месхеттер жер аударылды. 1946 жылы қазанда республикада 8906982 арнайы жер аударылғандар болды. Жалпы алғанда 30-50 жж. Қазақстанға азғантай есептеулер бойынша ГУЛАГ тұтқындарын есептемегенде 1560 мың адам жер аударылды. 1920 жылдан 1953 жылға дейін жуықтап алғанда 110 мың адам саяси репрессияға ұшырады (қазіргі күнде 96 мыңға жуық адам реабилитияландырылды). Сталиндік репрессияның құрбандары барлық Қазақстан халықтары – 80 ұлттан астам өкілдері болды.
«Буржуазиялық ұлтшылдар»-деп аталған Алаш Орданың бұрынғы қайраткерлері А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Досмұхаметовтар және ұлттық интеллигенцияның физикалық түрлері жойылды. Репрессияға ұшыраған 4297 адам болды, оның 206 адамы ату жазасына кесілді. Жоғарыда аталғаннан басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов, О.Жандосов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Б.Майлин және басқалары жазаланды. Үкімді жиі «үштік» деп аталатын НКВ органының бөлімдері шығарды. Олар сотсыз тәртіп бұзған адамдарды жазалады.
Сонымен ХХ ғасырдың 30 жылдарының соңында өңірде әлеуметтік, экономикалық өзгертулер, мәдениет саласындағы жетістіктер, ғылым мен білім, тоталитарлық режимнің қатаң бақылауында болған Қазақстан үшін жасалған Кеңес одағының статусы Қазақстанның Кеңес одағының құрамында одан әрі дамуын анықтады.
27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі.
дамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді.ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді.ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған.Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті.Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті (Государственный архив Российской Федерации, ф. 9414, оп.1, д.95, л.123).Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын.1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады.Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді.№1 чекист Ф.Э.Дзержинский болса, №1 әскери ревком Л.Троцкий болды. Ал бұл жүйелердің нөмірі бірінші саяси басшысы В.И.Ленин екені белгілі. Ал оның ұлттар арасындағы басшысы Лениннің сенімді серігі И.Сталин болды. Бұл орындардан белгілі дәрежеде үміті барлар Каменов, Рыков, Зиновьев, Бухариндер болды.Бұлардың бәрі кезінде патша түрмелерінде отырған, белгілі саяси көзқарасы, білім-жігері бар әккі революционерлер еді. Революционерлер дегеніміз төңкерісшілер деген ұғым бере отырып, ол саяси мәнге ие болды. Коммунистік партияның көсемдері дегеннің бәрі Ресей патшалығы кезінде саяси көзқарасы үшін шетелдерде қашып жүрді. Болашақ үкіметті алу үшін шетелден ақшалай көмек алды. Қару-жарақты ұстап қалу мақсаттарында большевиктердің үлкен тобы жұмысшы-солдаттар арасында саяси жұмыстармен айналысты.Түрмелік «көсемнен» пролетариат көсеміне дейін өскен утопиялық социализмнің авторы В.Ленин «Дүниежүзінің пролетарлары, бірігіңдер!» деп дүниежүзілік билік жүргізудің лагерьлік жүйесін жасады. Мұның жеңісін де, жеңілісін де қоғамдық өзгеріс өзі-ақ көрсетіп берді. Қысқаша айтқанда, Соловки арал лагері - КСРО-ны басқарудың лагерьлік жүйесінде «көрнекілік» роль атқарды.Қолындағысын күштеп тартып алу, аштан өлтіру, тілді ұмыттыру, ассимиляцияландыру, дінсіздендіру, соғыс қаруларын сынау, интернационалдандыру секілді жеті түрлі мақсат Соловки аралында арнайы қолданылған болатын. Мұның әкелген сорақылығы көп еді.Еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихын зерттеуде маңызды орынды одақтық дәрежеде көлемді деректер жинақтаған Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағаты алады. Бұл мұрағатта КСРО ІІХК (НКВД) - ІІМ Лагерьлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің мұрағаты құжаттары сақталған. Лагерьлер Бас Басқармасы Кеңес өкіметінің ең үлкен құрылымдарының бірі болды. 1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен құрылыстарында жұмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан тұрды. («Социологические исследования», 1991, №6, с.10-11).«Аргументы и факты» газетінің анықтамасына және 1940 жылғы 1 наурыздағы ГУЛАГ ақпаратына назар аударсақ, мынандай мәлімет аламыз.ГУЛАГ тұтқындарының саны - 1 668200. Олардың 352 мыңы - еңбекпен түзеу колониясының жалпы режимінде отырғандар. 192 мыңы - колонияның өндірістік және ауыл шаруашылығы жұмысына тартылғандар. Бұлардың 28,7%-ы - контрреволюция ұйымындағылар, 5,4%-ы - өте қауіпті қылмыскерлер, 12,4%-ы - саудагерлер, 9,7%-ы - ұрлықшылар, 9,7%-ы - басшы аппарат қызметкерлері, 1,5%-ы - социалистік меншікті талан-таражға салушылар да, 2,7%-ы әртүрлі қылмыс түрлері деп көрсетілген. Алайда тарихшы Рой Медведевтің зерттеуі бойынша, ГУЛАГ тұтқындарының саны 66 миллионнан асып жығылған.1930 жылдан 1953 жылға дейін контрреволюциялық іс-әрекеті үшін сотталған 3 778 254 адамның 786098-і бірден атылған (ГАРФ, ф. 9414, оп.1, д.129, л.42).ГУЛАГ-тың Кеңес Одағында үлкен «империялық» беделі болды. 1934 жылдан саяси көзқарасы үшін сотталғандарды тәрбиелейтін тағы 10 лагерь КСРО-ның теңіздеріндегі адам аз тұратын аралдарда құрылды. Бірде-бір лагері жоқ екі-ақ республика болды. Олар - Армения мен Грузия.
Біз біртұтас ГУЛАГ кеңістігінің өзімізге қатысты КАРЛАГ аумақтық бөлігін алып қарайық. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ-тың бөлінбес филиалы ретінде кең-байтақ Қазақстанның аумағында орналасты. Бұл лагерьді сталиндік тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы Соловкиі деуге болады. Бұл лагерьдің орталығы - Долинка поселкесі еді. Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы өндірістік- шаруашылық, әскери-ведомстволық, жазалау-тәрбиелік пульті орналасты. Бұл лагерьдің бастығы өкімет құрамына енгізілді де, басқару жүйесі Мәскеудегі лагерьлер Бас басқармасына бағынды.Бұл Бас басқармаға әскери трибуналдық жазалау жүйесі де бағынды.1931 жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа қарасақ, КАРЛАГ-та 21 323 тұтқын 47 ұлттардан құралыпты. Олардың 2276-сы - кулактар, 5307-сі - орташалар, 5140-ы - кедейлер, 506-сы - батырақтар, 2864-і колхозшылар екен.1929-1933 жылдар арасында Қазақстан ОГПУ-ының мәліметі бойынша, 22933 адамның ісі 9805 іс бойынша қаралып, олардың 3386-сы ату жазасына бұйырылған. 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін концлагерьге жіберілген. Екі жылдың ішінде КАРЛАГ тұтқындарының саны 20262-ге жеткен. 1936-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргінде КАРЛАГ тұтқындарының саны тіптен көбейе түсті. 1936 жылдың өзінде 39 мың адамға жеткен (ГАРФ, ф.9414, оп. 1, д. 42, л. 125).КАРЛАГ тұтқындарының көбеюі табиғи құбылысқа айналды да, мұндағы тұтқындар саны әркез әрқалай көрсетілуі құпияға айналды. Себебі келген адамдар саны көрсетілмейтін, туыс-туғандарына хабарланбайтын.КАРЛАГ-тағы тұтқындар адам айтқысыз қатты жазаланған. Осындай қиындыққа наразылық білдіргендер бас көтеріп отырған. Мұнда 1939 жылы халық жауы ретінде екінші рет сотталғандар көтеріліске шыққан. Олардың 349-ы үш жылға, 68-і бес жылға, 18-і сегіз жылға, 105-і он жылға қайта сотталған. 9 адамға ату жазасы берілген (Бұл да сонда, 157-бет).1917 жылдан бергі күллі Кеңес тарихы толып жатқан адам құқығын бұрмалаушылықтарға, ол - ол ма, кей реттерде ашықтан-ашық жасалған тұқым құртушылық (геноцид) көріністеріне толы. Солардың ішінде - миллиондаған шаруалардың өмірін қиған, көптеген ұлттардың тұқымына зардабы тиген 20-30-шы жылдардағы ұжымдастыру туғызған аштық, мүлде жазықсыз жандарды жаппай атып-асумен түрмелерге қамау, Сталинге жақпаған тұтас халықтарды «күмәнді» және «жаулық пиғылда» деп жариялауда жатыр.Сонау өткен ғасырдың соңында Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға өздері ойлағандай бос жатқан жерлерден дәмелі көптеген қоныс аударушылардың ағылып келгені белгілі. Бұл лек ешқашан тыйылған емес, алайда ХХ ғасырдың алғашқы он жылында сталиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мың адамнан асады.Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдыңғы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да 1 миллион 200 мың адам қоныстандырылды.Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдалумен әкеліп қоныстандырылғандардың болғанында қисап жоқ. Олардың сан мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты. Оңдаған мың күштеп қоныс аударылған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан және дерттен дүние салды.Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да Кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті.Ресми деректер бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты.
1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
Жазалау шараларының құрбандары:
Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;
Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,
Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,
КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:
Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды
Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды
101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы:
Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.
Лагерьлер жүйесін құру.
Халықтарды күштеп көшіру.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.
ХХғ. 20-30-жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Ғылымның дамуы
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.
1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты.
1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды.
Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.
Қазақ Кеңес өнерінің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.
А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.
1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.
1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.
1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды.
1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды.
1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Бұл театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды.
1937 жылы Қызылорда қаласында Корея театры ашылды. Мұнда Д. И. Дон-Имнің «Чуп-хан-дан» музыкалық драмасы қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар азамат соғысы кезінде және басқа да қиын-қыстау жылдары Ә. Жангелдин басқарған отрядта, Түркістан атқыштар дивизиясы мен бірінші кеңестік қазақ атты әскер полкінде жылжымалы театрлар жұмыс істеді.
Онда Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», Р. Мәлібаевтың «Әдет күңі», М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», Е. Ерданаевтың «Мылқамбай» сияқты пьесалары қойылды.
30 жылдары қазақ киносының дами бастаған кезі болды. Осы кезде Алматы қаласында жұмыс істеген «Востоккиноның» бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб» сияқты деректі фильмдер мен «Қаратау құпиясы», «Жұт», «Дала әндері» сияқты дыбыссыз көркем фильмдерді түсірді.
1934 жылдан бастап республикада хроникалы фильмдер студиясы жұмыс істей бастады.
1938 жылы республикадағы алғашқы дыбысты фильм «Амангелді» фильмі қойылды. Бұл фильмді «Ленфильм» киностудиясы түсірді.
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.
1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.
1936 Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы құрылды.
1938 жылы мамырда Москвада өткен қазақ өнері күндерінде «Жалбыр», «Қыз Жібек» опералары қойылып, Күләш Байсейітова бастаған әншілер ән шырқады. К. Байсейітова КСРО халық артисі атағына ие болды.
Әйгілі суретші П. Г. Хлудов қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Алғашқы қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев – Хлудовтың шәкірті. Ә. Қастеевтің «Амангелді» картинасы – қазақ бейнелеу өнерінің озық туындыларының бірі.
1930 жылдары Қазақстанда мәдени ағарту орындары жұмыс істей бастады.
1934 жылы Алматыда кітапхана техникумы, Орал, Семей, Өскемендегі педагогикалық техникумдар жанынан кітапхана бөлімдері ашылды.
1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237-ге жетті.
Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан мәдениеті осындай зор жетістіктерге жеткенімен, сталиндік бюрократиялық жүйе мәдени рухани салаға орны толмас шығын әкелді.
Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.
М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.
І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин – азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.
Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.
20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.
Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.
А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;
М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. Мамин-Сибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.
Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.
Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі болды.
Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды.
29. ХХ ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту КСРО-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазакстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды. Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады.
Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
30—40-жылдардағы халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазакстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.
1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған шешен және ингуш ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары түрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО- ның баска НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да, Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына Грозный облысы қүрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
ХХ ғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық  тарихы көптеген отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеу обьектісі болып табылады. Осы кезеңнің  халқаралық қатынастар жүйесіндегі кеңес-түрік қатынастарының дамуы  ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы әлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-ның сыртқы саясаты көп жағдайда  тарих барысын айқындағаны күмәнсіз.  Сонымен бірге Түркия да  маңызды елдердің бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, сонымен бірге Басфор мен Дарданелл  бұғаздарына бақылау орнату мәселесінде және Жерорта теңізінен Қара теңізге кемелерді өткізу мәселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар бойы ұлы державалар арсындағы  кескілескен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне айналдырды.  Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында  Түркия тағы да  Англия, Франция, Германия және Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айналды. Түркияның маңызды стратегиялық жағдайы  және түрік үкіметінің саяси жағдайға ықпал етуге  ұмтылуы  бұл мемлекеттірдің  оған қатынасында белсенді саясат ұстануына жағдай жасады.Түркияның Кеңес Одағымен  көршілік жағдайы  олардың қарым-қатынасына  екі мемлекеттің де  қауіпсіздігі  тұрғысынан қарағанда   үлкен маңызға ие болды. Әсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін екі ел өкілдері бірнеше рет талқылады.  Өз кезегінде қарастырылып отырған кезеңде  кеңес-түрік қатынастарында бетбұрыс кезең болды. Бұрынға Түркия Республикасының қалыптасу кезеңінде қол жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады. 1939 жылы 23 тамызда  Германия мен КСРО   шабуылдамау туралы пактіге қол қойды, мұны Түркия мазасыздықпен қарсы алды.  Бұл қадамның логикалық жалғасы  Германияның 1939 жылы 1 қыркүйекте  Польшаға соғыс ашуы болды, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Польшамен келісіміне орай Германияға соғыс жариялады.  Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
КСРО –ға қарсы соғыста «Барбаросса» жоспары дайындалды. Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді.
Сталиннің бейтараптық танытуының нәтижесінде «тұтқиылдан» 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 те басталған соғыс нотасын Мәскеудегі герман елшілігі бір сағат өткен соң ғана сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотовқа тапсырған. Қауіп-қатер алдымен географиялық орналасуына байланысты Белорусияға одан Украинаға төнді. Деректер бойынша соғыстың алғашқы сәттерінде кеңес әскері тәулігіне 24 мың әскерінен айрылып отырған. Жарты жыл ішіндегі адам шығыны 3млн. 138 мың болды. Немістердің қолына түскен кеңес әскерлерінің сұрауы болмады. Олардың құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау орнына түрлі жағдайлармен еліне аман оралғандар күдіктілер тізіміне алынып тергелді, лагерлерге айдалды немесе ату жазасына бұйырылды. Дерек көздері бойынша кеңес халқының 5,3млн адамы неміс Гестапосына тұтқынға түскен. Оларға кешірім Сталин өлген соң ғана берілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шыққан жаңа баспасөз бетіндегі жаңа мағлұматтар КСРО-ның әсіресе, Сталиннің соғыстың болатындығы туралы толық хабардар болғандығын мақұлдайды.
Соғыс жайына бейімдеудің ең күрделі буыны экономика саласы болды. Қысқа мерзімнің ішінде өнеркәсіпті қорғаныс өнімін шығаруға көшіруге, қайта құрылған зауыттар мен фабрикаларды дереу іске қосуға, республиканың материалдық-техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын соғыс экономикасының мұқтаждарына сәйкес қайта бөлуге, ауыл шаруашылығын майданға қызмет көрсетуге бейімдеуге тылдың жаңа гвардисын дайындауға тура келді. Соғыс қаупі төнген Ресейдің орталық аймақтарынан өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды:1941ж. соңынан-1942ж.басына дейін, 1942ж. басынан күзіне дейін. Қазақ жеріне Батыстан 230 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшіріліп әкелінді. Ірі өндіріс орындары негізінен Украина, Белоруссия, Молдавия, Ленинградтан көшірілді. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласының 54 зауыты және 4 фабрикасы болды.Олар:Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына орналастырылды. 1941-1945ж. Қазақстанда эвакуацияланған өндіріс орындарын қосып есептегенде 460 кәсіпорын пайда болды. Республика Одақ бойынша қорғасынның -85% мыс- 35%, молибден – 60%, висмут -65%,полиметалл кені- 79% берді.Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 34 млн. Тонна көмір өндірді, ал мұнай өндіру 39% өсті. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделді. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылыры, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000 тарта инженер-техник мамандар қоныс аударды. Халықтың осындай еңбегінің арқасында Қазақстанда өндірілген өнімдерді майданға уақытында жеткізіп тұрды.
Қазақстан соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбегіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11650 сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы»деген жазумен Сталинград жұмыс істеп,металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн сом ақша жиналады. Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты колоннаны жабдықтауға жұмсалады. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады т.б.осындай патриоттық қадамдар көп жасалды. Ауыл шаруашылық саласыда соғыс жағдайына бейімделді. Қазақстанда соғыс жылдары 150 мың әйел механизатор мамандығын игерді. 1943 жылы құрғақшылық болды көптеген шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы "Құрман колхозының звено жетекшісі Ш. Берсиев тары шығымдылығынан, Қызылорда облысы Шиелі ауданынан Ы. Жақаев күріш өнімінен рекордын жасады.
1941жылы 29қырқүйекте Мәскеу конференциясы өтіп оған қатысқан АҚШ, Ұлыбритания мемлекет басшылары соғыстың бүкіл әлемге төндіріп отырған қаупін ескере отырып үш жақты келісімге келді. АҚШ пен Ұлыбритания КСРОға қару –жарақ ,азық- түлікпен көмектесуге міндеттеме алды. АҚШ ленд – линз бойынша өсім пайызынсыз 1млрд.доллар қарыз берді. Бұл мемлекеттер сөзінде тұрып КСРОға 13 мың танк, 22 мың ұшақ, 427мың жүк машинасын берді. Жапония соғысқа 1942 жылы 7желтоқсанда Гавай аралындағы АҚШтың басты ірі әскери- теңіз базасының бірі Перл- Харборды шабуылымен кіріп, екінші соғыс блогының құрылуына жол ашты.
32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы: - Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы - Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, - Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасының жарығы маңызы.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. -Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты. -Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. -Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті. -Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистік Германия жағында  Финляндия, Франция, Испания, Словакия, Хорватия, Босния, Косово, Румыния, Венгрия, Украина, Латвия, Литва, Эстония елдерінен және Ресейден шыққан ірі ұлттық жасақтар қызмет етті. Солардың бірі- Орталық Азия және Қазақстаннан шыққан азиат нәсіліндегі жауынгерлерден құралған Түркістан Легионы болатын.
Түркістан ұлттық комитеті немесе Түркістан ұлттық бірлігі ұйымының негізі Түркияда қаланып, жұмысы 1924 жылдан Парижде жүрді. Оны азамат соғысынан жеңіліс тапқан орталық Азия елдерінен қашып келген ұлтшыл, түрікшіл саяси эмигранттар құрды. Түркістан ұлттық комитетінің мақсаты Орталық Азияда Кеңес билігін құлату болатын. Комитетті кейіннен М.Шоқай басқарды. 1930 жылдары комитет жұмысы біршама тоқырауға ұшыраса да, М.Шоқай «Жас Түркістан» газетін шығарып отыруға қаржы тауып отырды.  Екінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Түркістан ұлттық комитетінің қамқоршысы пайда болды. Ол фашистік Германия болатын. Тұтқынға түскендерден Түркістан Легионын құруға кіріседі. Оған басшылық жасауға Мұстафа Шоқайды лайықты деп тауып, оны 1941 жылдың жазында Парижден Берлинге шақыртады және өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. М.Шоқайдан кейін легионды өзбек ұлтының өкілі Уәли Каюмов басқарды. Оның орынбасары болып Баймырза Хайтұлы сайланды. Ал Стамбулдағы саяси эмигрант башқұрт Заки Валиди өзін Түркістан легионының басшысымын деп санады. Ол У.Каюмовты Германиядағы менің өкілім деп есептеді. Ал У.Каюмов Заки Валидидің бұл талабын орындай алмады.
Легионды жасақтау жұмысы 1941 жылдың тамыз айынан басталып, 1942 жылдың соңына қарай аяқталды. Легион құрамын негізінен Орталық Азия халықтары құрады. Түркістан легионы фашистердің арнайы қызметінің қатаң бақылауында болды. Сонымен қатар, КСРО ның НКВД сының назарына іліккен болатын.
 Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетов «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Соғыс тұтқындары» атты зерттеу мақаласында мынадай деректерді келтіреді: «Түркістан Легионын басқарған Баймырза Хайт өзінің «Түркістан ХХ ғасырда» деген еңбегінде: Германия жағында 181.402 түркістандық соғысты» десе, неміс тарихшысы Иоахим Гофман «Шығыс легиондары» атты кітабында «неміс формасын киген кеңес түріктерінің саны 250 мыңдай болды деп жазады». Ал қазақтардың легиондағы санының қанша болғандығы анықталмаған. 
1942 жылдың жазынан бастап Түркістан легионы өзінің басты әрекетіне көшті. Азиат нәсіліндегі соғыс тұтқындарын легионға арбау және дайын-даумен айналысатын бірнеше арнайы лагерлер жұмыс істеді. Солардың бірі, Варшава қаласының түбінде орналасқан «Легиново» лагері мен Бреславл қаласы маңындағы «СС-20 жазғы лагері» болатын. Лагерлерде барлау-диверциялық мектептер жұмыс істеді. Кеңес-герман майданына төрт зондеркоманда аттандырылды. Олар тұтқындарды тергеу, арбау және лагерге аттандырумен айналысты. Сонымен қатар, команда агенттері Орталық Азияға да жіберілді. Олар ел арасында тыңшылық, антикеңестік арандату, бандиттік-бүлікшілікпен айналысты. Бірақ жергілікті халықтың қырағы көмек көрсетуі арқасында олар анықталып, арнайы қызмет, милициялар тарапынан көзі жойылып отырды.
Польшадан Түркістан легионының алты ротадан тұратын бірінші батальоны 1942 жылы жазда Сум облысына партизандармен соғысу үшін аттандырылды. Батальонның  күз айларында Калмақ жері арқылы Қырымға өтуге қолдары жетті. 1943 жылы қыркүйекте 130 адамнан тұратын екі рота Макеевка қаласында қызыл Армия қатарына өз еріктерімен өтіп кетті. Олар сол мезетте ақ гитлершілдермен шайқасқа жіберілді.
1942 жылдың шілдесінде Уәли Каюмов 300 тұтқынды таңдап алып, олардан легионның жетінші батальонын жасақтады. Польшада дайындықтан өткен соң желтоқсан айының соңында кеңес-герман майданына жіберілді. Батальон 1943 жылы 27-қаңтарда Касторное ауданында шайқасқа түсіп, жеңіліс табады. Тірі қалған 46 жауынгері тұтқынға түседі.
Түркістан Легионының фашистік Германияға барынша адал мүшелері Дрездендегі тыңшылық жоғары мектебінде тәлім алды. Оларды СС гауптштурманфюрері доктор Ольцша басқарды.  Дегенмен, 1943 жылы неміс әскери барлау ісінің басшылығы Түркістан легионына сенімін жоғалта бастады. Легионды кеңес-герман соғысына жіберуін тоқтатып, басқа мақсаттарға қолдануды шешеді. Олар Каспий маңына, Түркменстанға диверциялық жұмыстар үшін жіберілді.
Соғыс аяқталған соң Түркістан легионының жауынгерлері ағылшын және американдықтарға өз еркімен беріле бастайды, бірақ оларды одақтастар КСРО ның әскери әкімшілігіне қайтарады. Аман қалғандары Түркияға қашты. Кейіннен олардың кейбіреулері «Азаттық Радиода» жұмыс істеп, антикеңестік үгіт-насихат жүргізді.
КСРО-ға қайтарылған легионшылардың ішінде Хамза Абдуллин, Мәулікеш Қайбалдин, Хәкім Тыныбеков секілді ақын-жазушылар болды.  «Түркістан легионында» құрамында болғаны үшін оларға кеңестік билік аяушылық танытпады.
Айта кететін жәйт, М.Шоқай 1941 жылдың тамыз-қазан айларында Польша жеріндегі Просткен, Сувалки, Деба, Ярослау, Лемберг лагерлеріндегі тұтқындардан 1941 жылдың алғашқы айларында майданға аттанған түркістандықтардың оннан тоғызының винтовканы қалай ұстауды білмейтіндігін және көпшілігі орыс тілін меңгермегендігі, яғни команда тілін білуден мақрұм болғандығына көз жеткізеді. Қазақ, өзбек, қырғыз т.б түрік-мұсылман халықтардың өкілдері қару-жарақпен жауынгерлердің ең соңында жабдықталғанын, көп жағдайда аңшы мылтығы да жетпей қалып отырған. Шовинист орыс және басқа да славян текті офицерлер түркістандық жауынгерлерді ауыр да қиын әскери операцияларға әдейі жіберіп отырған, жарақат алғандарына дер кезінде медициналық көмек көрсетіле бермегендігі туралы М.Шоқай Уәли Каюмовқа қазан айында жазған хатында көрсеткен.
М.Шоқай қазақтардың және басқа да түрік тектес халықтардың өкілдерінің тұтқынға қалай түскенін үнемі сұрап отырған. Олардың басым бөлігі өз еріктерімен емес, мәжбүрлік жағдайда түскендігін айтқан.
М.Шоқай Дебиса лагеріне барып тұтқындармен сөйлескенде ондағы 40 мың түркістандықтардың ауру мен аштықтан шамамен 25 мыңдайы ғана қалғандығын анықтайды. Ол желтоқсан айында неміс генералы С.Иоахимге «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды туған ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы қызметтен және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын....» деп жазған хаты өзіне жасаған үкімі еді. М.Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады.
Түркістан легионындағы қазақтар, түркмендер, қырғыздар және басқа да түркістандықтарды «ақтаудың» да, даттаудың» да керегі бола қоймас. Бірақ, олар жөнінде бүгінгі ұрпақтары білуі тиіс және ол түркістан тарихының тұтастығы үшін керек деп ойлаймыз.
34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.
1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.
1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.
1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.
Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады.
Ауыл шаруашылығы
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техниканың жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т. б.
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылғын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы
Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.
1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И. В. Сталин қайтыс болды.
1953 жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, қуғын-сүргінді ұйымдастырушы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л. П. Берия барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1953 жылы шілде, қыркүйек айларында болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді. Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н. С. Хрущев жеке адамның басына табынудың жай-жапсары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И. В. Сталин мен Н. Ежовтың, Л. Берияның заңға қайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасаған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғандығы, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені туралы да айтылды. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.
Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н. С. Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның қолында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Н. С. Хрущев кезінде де соны пікір айтқандар қуғындала бастады. Н. С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП-ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмнің толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтады. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды.
38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.


Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдаршығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізугемораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.
Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды
39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ КСР-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
Мәдениеттің дамуы
Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.
Ағарту ісі. Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында кездескен басты кедергілердің бірі – қажетті мамандардың жетіспеуі.
1946 жылы коммунистік партия Қазақстанда жоғары және орта білім беру ісін дамыту шаралары жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстанға көптеген білікті мамандар жіберіліп, білім беру ісіне қаражат бөлінді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мемлекетке қажетті 60000-дай маман даярланды. 1950 жылы республикада білім беру ісіне 146,5 млн. сом жұмсалды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектептер мен интернаттар салынды. 1950 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 9088 болды. Бұл мектептерде 1493000 оқушы оқыды.
1950 жылы республикада міндетті орта білім алу жүйесі енгізілді.
Ғылым. Халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында негізгі қажеттіліктердің бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Ғылым академиясының алғашқы президенті болып ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КСР Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастыру бағытында С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А. М. Панкратова сияқты КСРО Ғылым академиясының белгілі ғалымдары көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы көптеген аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1946–1949 жылдар аралығында Ғылым академиясы 900-дей жаңалық ашты.
1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекеме жұмыс істеді. Ғылым академиясының 19 ғылыми-зерттеу институтында 500 аспирант оқыды.
Әдебиет. Қазақ әдебиетінің соғыстан кейінгі жағдайы нашар болмады. Бірақ сталиндік идеология әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының екі кітабын аяқтады.
1949 жылы «Абай жолы» роман эпопеясы үшін ол мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туынды – қазақ әдебиетінің аса үлкен жетістігі.
Соғыстан кейінгі жылдарда Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», С. Мұқановтың «Сырдария», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар» романдары, Қ. Бекхожин мен Ғ. Ормановтың, А. Тоқмағанбетов пен Т. Жароковтың, Ә. Тәжібаевтың өлеңдер жинақтары жарық көрді.
Ғылым мен мәдениетке сталиндік қыспақ. Е. Бекмаханов ісі (1951–1952 жж.)
Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.
Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.
М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстанның біртуар ұлдарына «ескіні жазушылар» ретінде негізсіз айыптар тағыла бастады. Белгілі ғалымдарға (А. Жұбанов, Б. Сүлейменов, Е. Ысмаилов, С. Кеңесбаев т. б.) әр түрлі жала жабылды. М. Әуезов, Қ. Сәтбаев сияқты ғалымдар біраз уақыт бойы қазақстаннан тыс жерлерді (Ленинград, Москва) мекендеді.
Е. Бекмаханов ісі. Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.
1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.
40. «Хрущев жылымығы». ҚазКСР-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
Қоғамдық – саяси өмір.50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
41. ҚазКСР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
42. ХХ ғ. 60-70 жж. ҚазКСР-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.
43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
ХХ ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері1957 жылғы реформаның кемшіліктері :1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (ХХ ғ. 60-80 жж.).
1960 жылдардың ортасында жүргiзiлмек болған шаруашылық реформасы аясында жасалған өндiрiстi техникалық жарақтандыру шаралары еңбек процесiн ұйымдастыруға дұрыс жол ашқандай болды. Кәсiпорындардың шаруа шылық дербестiгi ұлғайып, жұмысты жоспарлаудың
жаңа пiшiндерi қалыпқа ене бастады.1967 жылдың соңына таман республиканың барлық өнеркәсiп орындарының 10%-ын құрайтын 193 кәсiпорын жаңаша жұмыс iстей бастады. Оларда барлық жұмысшылардың 1/4-i еңбек етiп, өнiмнiң жалпы көлемiнiң 1/3-iне жуығын өндiрдi. 1970 жылға қараған мерзiмде республика кәсiпорындарының 80%-ы жоспарлаудың жаңажүйесiбойынша жұмыс iстеуге көштi.Алайда экономикадағы ахуалды iлгерiлетуге септiгiн тигiзетiн осындай игi бастамалардың бәрi бiрдей iс жүзiнде нәтижелi болмады. Партиялық және мемлекеттiк құрылыстың басындағылар, жергiлiктi билiк органдары өмiрлiк маңызы бар мәселелердi шешуде елеулi қателiктерге жол бердi. Адамдардың нақты iсi еленбей, “кеңес халқының коммунизм құруға бiрiншi болып кiрiсiп жатқаны” туралы даурықпа сөз белең алды. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен екi жүзге тарта ұлтты орыстандыру саясатының көлеңкесiнде қалып қойды.
Ауыр өнеркәсiптiң даму барысы.
1960—1980 жыл дары республиканың отын-энергетика кешенi бiрсыдырғы жоғары қарқынмен дамыды. Табиғи ресурстардың молдығы электр қуатын өндiру көлемiн арттыруға мүмкiндiк бердi. 1960 жылдардың екiншi жартысында Жамбыл, 1972 жылы Қапшағай электрстансылары салынды. Республикада 1970 жылы 34,7 млрд кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген едi, ал қайта құру басталар алдындағы 1984 жылы оның көлемi екi еседен астам артып, 74,6 млрд кВт/сағ-қа жеттi. 1970 жылдар iшiнде Қазақстанда көмiр өндiру айтарлықтай өркендедi. Саланы техникалық жарақтандыру iсi жүргiзiлдi. Екiбастұздың ашық әдiспен өндiрiлетiн, өзiндiк құны арзан көмiрiн өндiру қарқыны жоғары болды. 1984 жылы Қазақстанда шығарылатын көмiрдiң көлемi 1970 жылмен салыстырғанда екi еседен астам артты, жылдық өнiмi 125,5 млн т-ға жетiп, Одақ бойынша өндiрiлетiн көлемнiң 17,6%-ын құрады.1960 жылдардың екiншi жартысында Маңғыстау түбегiнде мұнай өндiру мен өңдеу жұмыстарының көлемi арта бастады. 1965 жылы Жаңаөзеннен алғашқы мұнай алынды. Бұл кезеңде Жетiбай арқылы Ақтауға мұнай және газ құбырлары, ал Атырау арқылы Самараға мұнай құбырлары тартылды. Ембiде мұнай өндiру iсi жаңа қарқын алды. Маңғыстауда газ өңдейтiн зауыт салына бастады.
1970 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда мұнай өнеркәсiбiн дамытуға бөлiнген қаржы бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан екi есе артты. Бұл аталған мерзiм iшiнде республикада мұнай өндiрудi 1,8 есе, газ өндiрудi 2,5 есе арттыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан өнеркәсiбiнiң дәстүрлi салалары — қара және түстi металлургия қалыпты дамыды. Шығыс Қазақстан республикадағы түстi металлургияның аса iрi орталығына айналды. 1960 жылдар iшiнде Лениногор мырыш зауыты, Өскеменде титан-магний комбинаты, 1970—1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды. Жез қазғанда (No2), Жезкентте, Қашарда, Қарағандыда жаңа кен байыту комбинаттары, Павлодарда алюминий зауыты iске қосылды. Қорғасын, мыс, марганец, шойын, болат, қара металдар прокатын өндiру республика металлур- гиясының маңызды салаларына айналды. Темiр кенiн өндiрудiң жылдық өнiмi 1984 жылы 24млн т-ға жеттi. Бұл онжылдықтарда көмiр, темiр кенiн өндiруде, болат пен қара металдар прокатын қорытуда Қазақстанның Одақтағы үлесi артты. Қазақстан қорғасынның, мыс пен титанның жалпыодақтық өндiрiсiнiң елеулi бөлiгiн беретiн болды.
Химия өнеркәсiбi де жедел қарқынмен дамыды. 1960 жылдардың екiншi жартысында Ертiс химия-металлургия, Атырау мұнай-химия зауыттары салынды. 1970 жылдарда республика сары фосфор өндiруден Одақта жетекшi орынға шықты, минералды тыңайтқыштар шығару ұлғайды.
Ақтөбе мен Жамбылда суперфосфат зауыттарының қуаттылығы ұлғайтылды. Резеңке, резеңке-асбест, фосфор, пласт масса шығаратын, мұнай айыратын кәсiпорындар салу қолға алынды. Соғыстан кейiнгi онжылдықтарда Қазақстан экономикасының дамуындағы басты бағыт қандай болып едi?
Өндiрушiлiк-шикiзаттық бағыттың жалғасуы. Қазақстан машина жасаудың металды көп қажет ететiн қарапайым түрлерiмен айналысты. Бұл сала, негiзiнде, құрастыру деңгейiнде ғана дамыды. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негiзiнде құралған трактор зауыты, Ақмоладағы “Қазауылмаш”, Семейде арматура зауыты саланың басты кәсiпорындары
болды. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналары республиканың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiбiнiң жалпы өнiмiнiң 2/5-сiн бердi. Сонымен қоса, республика металл кесетiн станоктар, ұсталық-жаныштау машиналарын, экскаваторлар мен бульдозерлер, мал азығын өндiретiн машиналар мен жабдықтар шығарды. Аталған мерзiм iшiнде Семейде кабель, Текелiде аккумулятор, Өскеменде конденсатор, Кентауда трансформатор, Алматыда төмен вольтты аппараттар зауыттары салынды. Бiрақ бұлар республикада электротехника өнеркәсiбiнiң дамып кеткендiгiнiң айғағы бола алмайтындай деңгейде едi. Қазақстанда көлiктiк машина жасау, прибор, радио- және телеаппаратуралар, электроника, тұрмыстық техника бұйымдарын шығаруға жеткiлiктi көңiл бөлiнбедi. Республика экономикасы бұрынғыша шикiзаттық-өндiрушiлiк бағытта қала бердi. Өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытуға қажеттi жағдай жасалмады, кадрлар дайындалмады. Республика аумағында орналасқан әскери өнеркәсiп кешендерiнiң (ӘӨК) жергiлiктi билiк органдарына бағындырылмауы оларды шамадан тыс еркiнсiтiп жiбердi. ӘӨК өздерi тұрған ортаның тазалығын сақтамады, жергiлiктi ресурстарды үнемдi пайдаланбады.
46. КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (ХХ ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауаттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады. 8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 – 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы “А” тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.  Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.  Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. 
47. ХХ ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ” елді мекендер жойылып, шағын комплектілі қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды.
1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.
1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.
Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті.
Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар. Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды. 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.
Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады.
Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды.
Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
Қазақстан жерiне өзге ұлт өкілдерін мейлiнше көп әкелуге қарамастан, 1960 жылдары жергiлiктi ұлт өкiлдерi қоныстанған ауылдарда қазақша тiлдiк орта сақталып келген едi. Осы жағдай қазақ әдебиетiне жастардың әлi де болса ынтызарын аударып, әдебиетте серпiн туғызды. Әдебиет көк жиегiнде жыл сайын ондаған тың есiмдер пайда болып, жыл сайын жаңа романдар,повестер, поэмалар жарық көрiп жатты.Республика жазушыларының iшiнен қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлi, танымал сөз шеберi Ғабит Мүсiрепов сол кездегi ең жоғары Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ә. Нұрпейiсов,
майталман ақын, көптеген эпикалық поэмалардың авторы Жұбан Молдағалиев КСРО Мемле кеттiк сый лығын ал ды.Iлияс Есенберлиннiң романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан-қолға өтiп жүрдi. Аса ауыр саяси қуғындардан кейiнгi кезеңнiң өзiнде, таптық идеологияның өктемдiгi жағдайында жазушының хан Кенесары Қасым ұлы туралы тарихи шындықты ашып жазуы әдебиет тарихындағы батыл қадам едi. Шығармаларын орыс тiлiнде және екi тiлде бiрдей жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келдi. Олардың көрнектiлерi Ә.Әлiмжанов, О.Сүлей менов, Б.Мо мыш ұлы болды. Әнуар Әлiмжанов сыршыл повестерiнде қазақ ауылынан шыққан өз замандастарын шынайы бейнелесе, тарихи романдары арқылы бұқараның санасына ас қақ отаншылдық сезiм ұялата бiлдi. Әсiресе оның Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романының маңызы зор болды. Бұл шығармасы үшiн автор Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Б.Момышұлының соғыс та қырыбына жазған шығармалары оқырман көңiлiнен шықты.
1961 жылдың сәуiрi ақын Олжас Сүлейменовтiң шын мәнiндегi үлкен шығармашылық жолға бетбұрыс алған күндерi болды. Айналасы бiр аптаның iшiнде тұңғыш ғарышкерге арналған “Адамға табын, Жер, ендi!” поэмасы дүниеге келiп, бiрден Одаққа танымал шығармаға айналды. Бұдан кейiн де ақын шынайы көркем, терең мәндi, сыршыл шығармаларымен әлемге әйгiлi болды. Тiлi орысша болса да, оның шығармаларынан нағыз ұлттық реңк айқын сезiлiп тұратын едi.Ұлттық мәдениеттiң келешегiне қатты алаңдайтын қайраткерлер отаншылдық сезiмдерiн оқырманына жеткiзу үшiн небiр көркемдiк амалдарды қолданып бақты. Олардың кейбiр алдыңғы қатарлы өкiлдерi қазақ ұлтының тарихынан сыр шерту арқылы ұлттық мәдениеттен
ауытқып бара жатқан жастарға ой салу әрекеттерiн жасады. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдердi бейнелеп, бiрегей жекетұлғаларды кейiптеген Т. Ахтанов, Қ. Жұмадiлов, М. Мағауин, Ә. Кекiлбаев,С. Сматаев, т.б. шығармалары қазақ оқырмандарының көңiлiнен шықты.
Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi көркем әдебиетте елеулi орын алды.
1981 жылы “Қазақкiтап” бiрлестiгi бойынша республика баспаларынан қазақ тiлiнде шыққан кiтаптар 6 млн 051 мың сомға сатылса, 1985 жылы сатылған кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегiсi 2 млн 171 мың сомға түсiп, орыс тiлiндегi кiтаптардың сатылу сомасы 3 млн 599 мың сомға жеткен. Сонымен республика баспаларынан шығып жатқан кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегi туындылардың үлесi 1981 жылғы 37,95%-дан 1985 жылы 13,7%-ға дейiн құлдыраған, ал орыс тiлiндегi кiтаптардың үлесi осы мерзiм iшiнде 61,4%-дан 85,4%-ға дейiн артқан.
(“Тозбайтын байлық”. “Қазақ әдебиетi”, 23.06.1989 ж.) Бұл жылдары Қазақстанда тұратын орыс жазушылары И.Шухов, Д. Снегин, И. Щеголихин, ұйғыр жазушысы З.Самади, немiс жазушысы Г.Бельгержемiстi еңбек еттi. М.Лермонтов атындағы Орыс драма театры, Ұйғыр музыкалық драмалық және Корей драма театрлары мәндi шығармаларымен және актерлiк шеберлiктерiмен көпшiлiк қауымның көңiлiн өздерiне аудара бiлдi.
Өнер.
Бұл кезеңде классикалық музыка жанрындасазгерлер Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, К.Күмiсбеков,
ұйғыр сазгерi Қ.Қожамьяровөнiмдi еңбек еттi. Әншi Ә. Дiнiшевтiңесiмi әлемге әйгiлi болды.
Н. Тiлендиев этно графиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты
музыканы уағыздаумен ұштастырды. Музыка мәдениетiнде әлем эстрадасының деңгейiндегі
туындылар мен көркемөнер ұжымдары дүниеге келiп жатты. “ДосМұқасан” ансамблi, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева сынды әншiлер халық аралық сайыстар лауреаты атанып,
шетел дерге танылды. Әуел баста эпостық шығармаларды сахналаумен бұқара арасында едәуiр бедел жинаған ұлттық театр өнерi де 1980 жылдары деңгейiн төмендетiп алды. Бұл тұстағы
қазақ театрының беткеұстар қойылымдары ендi белгiлi романдар мен повестердiң сахналық үлгiлерi болды. Олардың арасында Ш.Айтматовтың “Құс жолы” повесi мен Ә.Нұрпейiсовтiң “Қан мен тер” романының сахналық үлгi лерiн жасау театрға уақыт ша бе дел сақтау мүмкiн дiгiн әпердi.Ш.Айма новтың “Атаманның ақы ры”, С.Қожықовтың “Қыз Жiбек” фильмдерi халық арасында iлтипатпен қабылданған шын мәнiндегi көркем таспалар болатын. Бұл жылдары қазақша кино драматур гияның тапшы лы ғынан,қолда бар репертуардың тақырып ауқымының тарлығынан ортақол қойы лым дар шығып жатты. Цен зу радан өт пей, көпшiлiкке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды.
48. 1965 ж.экономикалық реформа. Себеп,салдары.
1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
49. Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді. 70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Өйткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады. Сонымен Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
50. ХХ ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысының жерінде орналасқан атом полигоныәлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да ірі болды. Батыс Қазақстанда Капустин Яр дегн жерде де атом полигоны жұмыс істеп тұрды. КСРО Қорғаныс министрінің хабарлауынша, Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей
Полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті.
Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналсқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады. Әсіресе адамдардың тартқан зардаптары жан түршігерлік болды.
Семей өңірінің және іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларының үлесі көбейіп кетті. Адамдар арасында жүйке дертіне ұшырауы, өзіне –өзі қол жұмсау, шаштың сыпырылып түсіп қалуы, тері аурулары жиілеп, бұрын медициналық іс жүзінде байқалмаған белгісіз індеттер бой көрсете бастады. Балалар өлімі, бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі, іштен мүгедек болып туу, өлі туу құбылыстары да көбейіп кетті.
Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Қазақстанның оңтүстігі мен Өзбекстанда суармалы егіс алабының артуына байланысты мелорациялық жұмыстар жүргізілді. Сырдария мен Амудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілді. Соның салдарынан Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанынан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздақтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер қаңырап бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына қатты зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары берден көбейіп, балалар өлімі күрт жоғарылады.
Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Өскемен, Теміртау тәрізді қалаларда да көрініс берді. Оның себебі, зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді. Өндірістік зиянды қалдықтарды суға, ауаға, топыраққа араластыруға тосқауыл қайылмады, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға көмектесу, оларға қаржы бөлу істері тыңғылықты жүргізілмеді.
51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
ағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: - Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған. Қайта құрудың бастапқы кезені: -Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды. -Алкогольге қарсы компания -Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты -Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу т.б. қадамдарымен белгіленді. 1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды. 1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді. Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды. Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды. Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады. Елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты. Осы соңғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн төртібіне кадр мөселесін қойды.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы күрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің
Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.
Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.
Шын мәнінде бұл ешқандай сайлауц емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.
17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.
 
Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа - өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.
Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.
 
Салдары:
- 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;
- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;
- 246 студент оқудан шығарылды;
- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;
- 1720 адам жарақат алды;
Хамзина Әлимаш– Ләззат Асанова туралы реферат;
Сеит Жангел – Қайрат Рысқұлбеков туралы реферат дайындап 
3-4 мин.баяндайды.
Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының
1 курс студенті.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады
Себептері
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Көтеріліс хронологиясы
Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов,Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Көтеріліс хронологиясы
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды,Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы:
•Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып берді;
•Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады;
•Қазақ халқын әлемдегі елдерге танытудың бастамасы болды;
•КСРОның құлауының катализаторына айналды;
•Қазақ халқының тәуелсіздігіне жол салынды;
55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
Қазақ елі үшін 4 қараша несімен құнды? Бәлкім біреу білер, біреу білмес, дәл осы күні алаш арыстары ҚазКСР Жоғарғы соттың шешімі бойынша ақталған болатын. Нақтырақ айтсақ, 1988  жылдың 4 қарашасында Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқа мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан «Алашорда» қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралады. Аталған істі қайта қарау алаш ардақтыларының ақталып, ортамызға оралуына түрткі болды. Мұның шарапатын ең біріншіден, жазықсыз жапа шеккен арыстардың ұрпақтары көрді. Өйткені, ес білгелі олардың мойнына «халық жауының ұрпағы» деген қарғыс таңбасы ілінген болатын. Екіншіден, осы оқиғадан кейін еліміздегі тарихшы-ғалымдар алаштануға ден қойып, батыл әрекетке бара бастады. Қазіргі таңда алаш арыстарының еңбектері қайта жарық көріп, ғалымдардың көптеген монографиясы оқырманға жол тартты. Әйтсе де соған қарамастан алаштану саласы алшаң басып кетті деп айта алмаймыз. Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдары мерізімді баспасөзде жариялана бастады. Осы мәселе бойынша қалам тартушылардың көш басында ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы мен қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин болды. Сондай-ақ бұдан өзге де азаматтар алаш тарихы туралы еңбектер жаза бастады. Дегенмен олардың жазған еңбектері алашорда тарихын біржақты қаралап, жоққа шығаруға бағытталған болатын. 25 жыл бұрын алаш арыстарына жабылған жаланы қайта қарау туралы үкім шықты. Міне, осы үкімді қайта қарауға Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Жиыны 14 томдық тергеу iсiнiң егжей-тегжейiн зерделей тексерiп, барлық куәлардың шағымдарымен танысып, тергеу тарапынан өрескел бұрмалаушылық пен заңсыздықтардың жол берiлгенiн анықтады. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: «Шешiм: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарманың - Т.Ж.) ІV коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын» деген шешім шығарады.
56.Тіл туралы Заң (1989 ж. қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
Қазақ тілінің индустриясы дамыған республикада жетекші тіл бола алмауына кедергі жасаған объективті және субъективті факторлар болды. Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қынжыла жазғандай: «қазақтар ірі кәсіпорындарына бармағандықтан тіліміз өндіріс тілі бола алмады» /3/. Сондықтан, Қазақстанның өнеркәсіп саласында орыс тілділердің үстемдігі орнықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында да қазақ тілі мен басқа аз ұлттар тілдерінің қолданылу аясы тарылып, орыс тілінің ықпалы күшейе түсті. Бұлай болуы елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси, этнодемографиялық жағдайларға байланысты заңды құбылыс еді (әкімшіл-әміршіл билік жүйесі соғыс өрті шарпыған өңірлердегі көптеген ірі кәсіпорындарды жері байтақ, елі жомарт Қазақстанға көшірді). Тың игеру саясаты Қазақстандағы жергілікті ұлт – қазақтарды өз туған жерінде аз ұлтқа айналдырып, қазақ тілінің өрісін тарылтты. Ал, тоқырау жылдарында біздің ғалымдарымыз қазақ тілінің тек ішкі құрылысын ғана зерттеді де, оның қоғамдық мәні, өмірдегі орны, ана тілінің тілдік қызметінің толық мәнді принциптері туралы сөз қозғамады. Жалпы, Кеңестік дәуірдегі зерттеулер, яғни 1989 жылы Қазақ ССР Тіл туралы Заңы қабылданған кезге дейінгі жарық көрген еңбектер ресми идеологияның шеңберінен шыға алмай, біржақты ғана жазылды. Бұл еңбектерде ұзақ жылдар бойы интернационалдық біртектілікті, «ұлттарды біріктіруді», яғни КСРО халықтары мен тілдерін жақындастыруды насихаттау мақсатты түрде көрініс берді. Мұның өзі кеңестік жүйе белгілегендей, Қазақстандағы ұлт тілдерінің дамуы негізінен алғанда, сол кезеңдегі партиялық мемлекеттік саясат ыңғайына сәйкес зерттелгендігін байқатады. Осылайша, 1980-жылдардың бас кезінде қазақ тілі өз республикамызда белгілі бір дәрежеде беделін жоғалтып алды деуге болады. Міне, осындай объективті себептерге байланысты қазақ тілінің беделінің төмендеуі, қолданыс аясының тарылуы оны республика бойынша мемлекеттік тіл деп тануға итермеледі.Елдi демократияландыру үдерiсi кең өрiс жайды. Ұлт аймақтарындағы халықтардың тiлiне, дiнiне, мәдени дамуына еркiндiк лебi жеттi. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң қазақ және орыс тiлдерi туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тiл мәселелерi Қазақстанның iшкi саяси айтыстарында жиi сөз бола бастады. Көп жылдан берi қордаланып қалған тiлдiң өзектi мәселелерi баспасөзде үнемi көтерiлетiн болды. Мұның нәтижесi тiлдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткi болды. “Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы Қазақ КСР-інiң заңын” республиканың Жоғарғы Кеңесi 1989 жылдың қыркүйегiнде қабылдады.Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттiк тiлi қазақ тiлi деп көрсетiлдi. Орыс тiлi республикадағы ұлтаралық қатынас тiлi болып жарияланды. Бұл заң қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерiп, оны одан әрi дамыту iсiне кең жол ашты. Қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар шеңберi күрт кеңейдi. Iсқағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тiлiнде жұмыс жүргiзе алатын хатшы-машинкашылар даярлайтын кәсiптiк-техникалық училище ашылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейiнгi бiр жылдың iшiнде республика бойынша қазақ тiлiнде тәлiм беретiн 482 балабақша, қазақ тiлiнде бiлiм беретiн 155 мектеп, 4 кәсiптiк-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлiмдер ашылып, қазақ тiлiн үйрететiн топтар құрылды.Тiлдер туралы заң орыс тiлiнiң өзектi мәселелерiн де көтеруге мұрындық болды. Орыс тiлiнде сөйлеу мәдениетiн арттыру, ондағы жаргондық сөздердiң көбеюiне тосқауыл қою әрекеттерi жасалды. Қазақ тiлiнiң қоғамдық өмiрдегi рөлiнiң күрт артуына байланысты тiл саясатының ұлтаралық қатынастарға әсерiнен туындайтын өзектi мәселелер жиi және салауатты талқылауға түсiп жүрдi. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттық топтардың — украиндердің, ұйғырлардың, немiстердiң, татарлардың, түрiктердiң де шоғырланған жерлерiнде ана тiлдерiнде сабақ оқытатын мектептер ашу қолға алынды. Көпұлтты Қазақстан да тiл саясатының салауатты жүр гi зiлуi қоғамның саяси ор нық ты лы ғын қам-тамасыз ететiн факторлардың бiрi едi.Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін табудағы нақты іс-әрекеттерімізді белгілеп алудың тағы бір кезекті қадамын жасау болып табылады.
57. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларация” қабылдады.
Декларация Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін ресми түрде жариялады. Қазақ КСР-і 1978 жылғы республика Конституциясы бойынша заң жүзінде егеменді мемлекет болды, алайда Қазақ КСР-інің егемендік құқықтары Кеңес Одағының егемендігімен шектелді. Сол кездегі Конституцияның 73-бабында «КСРО заңдарын Қазақ КСР-інің аумағында орындау міндетті» деп атап көрсетілген. Ал Декларация бойынша «Қазақ КСР-і өз аумағында республиканың егеменді құқықтары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Қазақ КСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады. Қазіргі шекарасында Қазақ КСР-інің аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды» делінген болатын. Мұның өзі Қазақ КСР-інің аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды дегенді білдірген еді. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстанның дербес конституциялық заңнамасына негіз қалады.
Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет органдары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық кеңестерге дейінгі кеңестердің барлық буындары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады. Декларацияда «Қазақ КСР-і республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының құрылымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылды. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік өкіметтің бірлігі принципі орнықтырылған болатын. Бүкіл мемлекеттік билік Қазақ КСР-інің саяси негізін құрайтын халық депутаттары кеңестері арқылы жүзеге асырылды. Барлық басқа мемлекеттік органдар кеңестердің бақылауында және оған есеп беріп тұрды. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік өкімет билігін бөлу туралы әңгіме де болған жоқ. Ал Декларацияда болса: «республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады» деп жазылды.
Егемендік туралы декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері болмады. Республиканың мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары мемлекеттік органдарына бағынбады. Ал мұның өзі республиканың егемендігі жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал Егемендік туралы декларацияда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне бағынатын және солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құқықты деп ерекше атап көрсетілді.
Декларацияның келтірілген ережелері оның Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократиялық құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін түбегейлі өзгертуге негіз қалағаны туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіздеме береді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес конституциялық заңдарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа енді.
58. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
1 - 21 тамыз күні Ресей үкіметінің жіберген ұшағымен М.С. Горбачев Қырымнан Мәскеуге кайтып келді. Демократиялық күштердің басымдылығы жағдайында ТЖМК-нің әскери күш қолдануға батылдығы жетпеді. Әскерлер казармаларына қайтарылды. Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. ТЖМК-нің басшылары тұткындалып, істері сотқа берілді. Бүлікшілердің жеңілуіне бұқара халықтың қолдамауы, Ресей басшылығының табанды қарсылығы, сондай-ақ, одақтас республикалар басшыларының ішкі мәселелерді жаңаша тұрғыда шешуге деген ықыластары себеп болды. Әскери күштердің Ресей басшылығына көрсеткен қолдауының да маңызы зор болды. Б.Н. Ельцин 23 - тамыз күні өзінің жарлығымен КОКП-ның қызметін тоқтатты, ал 6 — қарашадағы Жарлығымен мемлекетті басқару құрылымындағы билік партиясы ретінде, компартияның қызметіне тыйым салынды. ТЖМК бүлігінің басылуы, кеңестік саяси жүйенің «орталық — республикалар» «жоғарғы билігінің» дағдарысын көрсетті. Бұл бұрынғы жүйенін «өзегін» құраған және КОКП мен МҚК сияқты өкімет билігінің серіктігін қолында ұстаған кұрылымның күйреуімен байланысты еді. Бүлік басылған соң, тамыздың 24-і күні республиканың Жоғары Кеңесі «Ағымдағы кезеңді бағалау және егемендікті нығайтуға байланысты шаралар туралы» қаулы қабылдады. Президент «тамыз төңкерісін» қолдаған азаматтарға кешіріммен және түсінушілікпен қарады. Қазақстанда тамыз оқиғаларына байланысты ешқандай сот та, саяси істер де қозғалған жоқ. Бірақ «тамыз бүлігі» республика басшыларын бұдан әрі жауапкершілікті өз мойнына алудын қажеттілігіне көзін жеткізді.Тамыз оқиғаларынан соң тағы да жүз күн М.С. Горбачев КСРО-ның шартты түрде Президенті болып қала бергенімен, ештеңе өзгерте алмады. М.Горбачевтің сөз жүзіңдегі демократиялық қағидасы бұрынғы саяси жүйенің сақталып қалған қайшылықтарын шешпеді. М.С. Горбачев пен Б.Н.Ельциннің жеке келіспеушілігі жағдайды ушықтыра түсті.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1991 жылдың тамыз айында өзінің КОКП ОК Саяси Бюросы құрамынан шығатынын мәлімдеді. Осы жылдың тамыз айында Семей ядролық полигонында болды. Сынақ аймағынан келген соң парламенттің арнайы сессиясын шакырып, жарты ғасырлық тарихы бар Семей полигонын жабу мәселесін қызу талқыға салды. Алғашқы құпиясыздандырылған мәліметтерде полигондағы жарылыстардың жалпы зарядтық күші, Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2.5 мың есе қуатты екендігі айтылады. Сессияның соңғы күні, яғни 29 тамыз күні Президент полигонды жабу туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан осындай қару түрлерін өндіретін және сынайтын бүтіндей бір индустрияға ие бола тұра, әлемдегі төртінші арсенал деген қаһарлы дәрежеден өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет болды. Бұл — КСРО-ның бұрынғы басшылығының келісімінсіз жасалды. Ұлт мұратына қызмет етудің жарқын да жасампаз көріністерінің бірі болды.1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезі өтіп, онда Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Делегаттар арасында партияның атауы туралы өткір пікір сайыс туып, бірнеше атау ұсынылды. Делегаттардың көпшілігі «социалистік» атауын қалады. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның халық бірлігі партиясы» атауын ұсынды, бірақ ол депутаттар тарапынан қолдау таппады. Жаңа құрылған партия Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) деп аталды. 90-жылдардың бірінші жартысында ҚСП ең ірі партия болып, онын қатарына әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 47 мың адам кірді. Баспасөз органы «Республика» және «Сүхбат» газеттері еді. 1991 жылдың күзінде Компартия мүшелерінің бір бөлігі Қазақстанның Халықтық Конгресс партиясы қатарына өтті. Осы партияға еліміз бен шет елдерге танымал ақын, әрі қоғам қайраткері О.Сүлейменов пен М.Шаханов ұйытқы болды. Партияның негізгі міндеті парламенттік әдістерді пайдалана отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын онан әрі дамыту болатын.
Әкімшілік, экономикалық, иерархиялық және басқа байланыстар әлсірей берді. 90-жылдары КСРО-ның дағдарысын әлемдік қауымдастық жіті қадағалап отырды. Сингапурдың негізін салушы, әрі оны отыз жылдан сәл астам уақыт ішінде дамыған мемлекет қатарына жеткізген Ли Куан Ю 1991 жылы мамыр айында Алматыға бейресми салармен келген еді. Ол өзінің оқыған дәрісінде коммунизмнің ешқандай болашағы жоқ екендігін дәлелдеп. КСРО-ның сөзсіз құлайтындығын, Қазақстанның болашағының зор екендігін мәлімдеді.1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей басшысы Б.Ельцин, Украина басшысы Л. Кравчук, Белоруссия басшысы С. Шушкевич Беловежьеде «Вискули» үкімет резиденциясында кездесіп, КСРО-ның құрылуы туралы 1922 жылдың 30 желтоқсанындағы шартты бұзу жөніндегі келісімге қол қойды. Нәтижесінде КСРО халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде күшін жойды. Құжатта: «КСРО халықаралық саяси құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатты», — деп жазылды. Сол жылдың 13 желтоксанында Ашхабадта өткен Орта Азия және Қазақстан Республикасы басшыларының кездесуі «Беловежье келісімін» қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол жеткізді.
Бұрын КСРО құрамында болған, кейiн өздерiнiң тәуелсiздiктерiн жариялаған республикалар — Армения, Әзiрбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Украина басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күнi аталған тәуелсiз мемлекеттердiң жетекшiлерi тәуелсiз мемлекеттердiң жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды. Бұл жолы одақ сөзi достастық сөзiмен алмастырылды.Осылай Алматыдағы кездесудiң нәтижесiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келдi. Алматы кездесуiнен кейiн Кеңес Одағы iс жүзiнде өмiр сүруiн тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, “Армения Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан Республикасы және Украина теңқұқылы негiзде және жоғары дәрежеде Келiсушi тараптар ретiнде Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығын құрды”. Хаттамаға жоғарыда аталған республикалардың басшылары Л. ТерПетросян, А. Муталибов, С. Шушкевич, Н. Назарбаев, А. Ақаев, М. Снегур, И. Каримов, Б. Ельцин, Р. Нәбиев, С. Ниязов және Л. Кравчук қол қойды. Алматы кездесуiнде қол жеткiзген уағдаластықтың маңыздыларының бiрi ядролық қаруға байланысты бiрiккен шаралар туралы келiсiм болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары қол қойды. Келiсiм бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнiнде бiрiккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерiнiң ұжымдық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс болды.
59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
Тәуелсіздік жылдары президенттік басқару жүйесімен ӛмір сүріп келе жатқан Қазақстан ӛзін тек жақсы жағынан кӛрсетті. Бұл жүйе даму мен алға басудың кепіліне айналды деуге де болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін ӛз тәуелсіздігін жариялады. Ал ӛзінің іргелі мемлекет ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек жемісін жеді. Бұл Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сӛзсіз.
Әлемде президенттік басқаруды таңдаған кӛптеген дамыған елдер бар. Ол елдер де қарыштап дамып барады. Осы уақыт ішінде республикалық бас-қару формасына кӛшкен мемлекеттердің басым кӛпшілігінде Президент лауазымы енгізілуі оның ӛміршеңдігін және институттық-саяси жетілгендігін кӛрсетеді.
Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарэт Тэтчерден: «Елді басқарудың қай жүйесі тиімді?» деп сұрағанда ол: «Тәтті нанды дайындау үшін – президенттік басқару формасы, ал сол тәтті нанды бӛлу үшін – парламенттік басқару формасы тиімді болады» деп жауап қайырыпты. Яғни жаңа мемлекет құруда президенттік жүйе, ал оны басқаруда парламенттік жүйе тиімдірек болады дегені.
Біздің ойымызша, бұл жердегі мәселе елді басқаратын адамға кӛп байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі ерекше. Біріншіден, Қазақстан басшысы – мемлекеттің негізін құраушы тұлға. Ол ӛз елін Кеңес Одағының күйреуі, Азиялық дағдарыс және соңғы жылдардағы жаһандық құлдыраудан аман алып шыққан кӛшбасшы. Мысалға, 2007-2008 жылдардағы жаһандық дағдарыстан Қазақстан бірінші болып шықты. Екіншіден, Қазақстанның барлық кӛршілері азамат соғысы мен тұрлаусыз тӛңкерістерді бастан кешсе де, Н.Ә.Назарбаев қанды қақтығыстарға жол берген жоқ. Керісінше, кӛпұлтты және кӛпконфессиялы Қазақстан бейбітшілікті сақтап, халқының ӛмір сүру деңгейін кӛтерді.
Қазақстанда президенттік институт КСРО-ның құлауынан біраз бұрын қалыптаса бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің Президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР-інің Конституциясына тиісті ӛзгерістер енгізу туралы Заң қабылдады. Заң мемлекеттік биліктің жоғары органдарының жүйесінде Президенттің мәртебесін, сондай-ақ оның ӛкілеттіктерін белгіледі [1].
Бұл кезде Кеңестердің жаппай билігі сақталған еді. Жоғарғы Кеңес мемлекеттік ӛмірдің барлық мәселелерін шешуге ресімді құқығы бар жоғары мемлекеттік орган болып қалды. Қазақ КСР Тұңғыш Президентін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жасырын дауыс беру жолымен сайлады. Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президент кӛбінесе Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болды. Оның үстіне Қазақ КСР-нің Президенті егемен, тәуелсіз мемлекеттің басшысы болмады, ӛйткені Қазақ КСР-і Президентінің іс-қимылдары мен ӛкілеттіктері КСРО Жоғарғы Кеңесі мен КСРО Президентінің құзыретімен шектелді.
Қазақ КСР Президентінің мұндай жай-күйі КСРО таратылып, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанға дейін созылды. Алғашқы кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің толық билігі, ӛзінше бір парламенттік республика туралы айтуға болатын еді.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2% келіп, 98,7% дауыспен Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан жалпыға бірдей сайлау барысында Тұңғыш Президентті сайлап, жоғары билікті ұйымдастыру мен оның іс-қимылының жаһандық тәжірибесін үйлесімді қабылдады. Біз оны ӛз қоғамымыздың ұлттық спецификасын, дәстүрлері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырдық.
1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап кӛрсеткеніндей: «22 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік» [3]. Осы күні біз ӛзіміздің Қазақстан Жолын бастадық.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жӛніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты [4].
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институт қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты нәрсе – Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бӛлінуі принципінің орнықтырылуына байланысты Президент мемлекеттің Басшысы ғана емес, сонымен бірге республиканың атқарушы билігінің де Басшысы деп танылды.ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына енгізді. Сӛйтіп бірінші Конституция Президенттің мәртебесін әлсіретті. Оның есесіне Жоғарғы Кеңестің ұстанымдары мен ӛкілеттіктері күшейтілді. ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы және ӛкілдікті органына айналды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің құзыреті шын мәнінде шексіз болды. Демек, 1993 жылғы ҚР-ның Конституциясы күшті заң шығарушы билік ұстанымында тұрды. Мұндай жағдайда қандай да болсын күшті президенттік билік туралы айту орынсыз болатын. Ол атқарушы билікке байланды. Сондықтан ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясында Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының ӛзара іс-қимылын қамтамасыз ету құқығы туралы ережелер болған жоқ.
Президенттік басқару формасына қарай алғашқы елеулі қадамды ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы желтоқсанда, Президентке заңдар қабылдау құқығы берілген кезде жасады. Президентке заң шығару ӛкілеттігін уақытша беру туралы заң қабылданған сәттен, ҚР-нда президенттік басқару формасының қалыптасу үрдісі басталды.
1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болып саналды. Ӛкілеттігі аса мол Жоғарғы Совет президентке мемлекет басшысы ретінде толыққанды және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұндай жағдайда елде демократиялық реформалар жүргізіп, нарықтық экономика құру мүмкін емес еді. Жоғарғы Совет президент Назарбаевтың саясатына қарсы тұрды. Осы саяси дағдарыс нәтижесінде 1995 жылы парламентсіз қалдық.
Осыған байланысты Н.Ә. Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру жолында арқа сүйейтін қандай да бір құқықтық негіз қажет болды. Сӛйтіп, 1 наурызда Президент жарлығымен Қазақстан халықтарының ассамблеясы (қазіргі Қазақстан халқының ассамблеясы – С.С.) құрылып, ол Президент Н. Назарбаевтың ӛкілеттігін ұзарту жӛнінде 1995 жылы 29 сәуірде референдум ӛткізу туралы шешім қабылдады. Бұл тұрғыда Назарбаев Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы ӛз жарлығына сүйенді.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық іргетасы болып табылады. 1995 жылғы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты кӛрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті мәртебесінің аталған ережелері ӛзіндік ерекшеліктері бар президенттік басқару формасының орнатылғанын айғақтайды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы атап кӛрсеткендей «Президенттік республика моделін таңдап алып, біз елді посткеңестік экономикалық және саяси бейберекетсіздіктен шығардық» [6].
1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентті азаматтардың құқы мен бос-тандықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен институттарының тиімді және үйлесімді қызметінің гаранты ретінде айқындап, президенттік билікті нығайта түсті.
Президент институтының қазақстандықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011 жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау ӛткізу барысында нақты қуатталды.
Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасын-да еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың ӛтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен ӛркендеу жолына шықты.
2011 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың берік сеніміне және қолдауына ие болған тарихи тұлға екендігін тағы да дәлелдеп берді. Бүгінгі Қазақстан – ӛзінің ел таныған ұлттық лидері бар, демократиялық қоғамды орнықтыруды басты мақсатына айналдырған, дүниежүзілік қауымдастық мойындаған тәуелсіз ел. Бұрын біз басқалардан үйренген болсақ, енді басқа елдер біздің тәжірибемізді басшылыққа алатын айшықты заман орнығып келеді [7]. Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналдық.
ҚР Президенті-Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап айтқандай: «Біз мемлекеттік басқаруда ӛзіндік тұрғыда тӛңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді кӛрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық» [8].
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың ӛзіндік үлгісін жасады. Конституциялық эволюция мен құқықтық жүйені сатылап реформалау нәтижесінде елімізде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды. Республикада мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына бӛліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекетті басқарудағы жүйе түзуші рӛлді президенттік институт атқарады. Республика Президенті Конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы болып табылады. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын кӛрсетіп берді.
60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «ҚР-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы және әлемдік қоғамның оны тануы.
1990 жыл 25 қазан күні республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжат еліміздің аумағының біртұтастығы, республиканың жеке бюджет көздері туралы мәселелерді күн тәртібіне қойды.Сонымен қатар республиканың сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін өз бетінше шешу құқықтары және т.б. ел болашағына байланысты мәселелер қарастырылды. Декларацияның қабылдануы – тәуелсіздіктің негізгі мақсат екендігін халыққа танытушы ресми құжат болды. 1991жылдың жазында саяси шиеленіс өзінің шыңына жетті. Мәскеудегі тамыз бүлігі басталып, КСРО-ның күйреуін және ұлт республикаларының тәуелсіздік алуын тездетті. 74жыл билікте болған Кеңестік жүйенің тірегіне айналған Коммунистік партия өзінің дәрменсіздігін танытты. 1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары мәні жағынан тіпті өзгеше мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г.И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. 1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезі өтіп, онда Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Жаңа құрылған партия Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) деп аталды. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлауының өтуі. Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданып, бұдан былай Қазақстан Республикасы болып аталды. 1991жылдың желтоқсан айы бұрынғы КСРО мен Қазақстан Республикасы өміріндегі саяси оқиғаларға толы кезең болды.8 желтоқсанда Минскіде Белорусь, Ресей және Украин президенттері «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойды. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік шекара туралы» заңын 1993 жылдың 13 қаңтарында қабылдады. 1993 жылғы Конституция мемлекеттің тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танытты.
61. ҚР мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміз егемендікке ие болған бойда «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты концептуалды еңбегі жарық көрді. Саяси жаңғыртудың стратегиялық жоспары мен тактикалық әрекеттері белгіленген осы, алғашқы стратегиялық бағдарламада саяси сала бойынша мынадай басым мақсаттарды шешу міндеттері ұсынылды: жас тәуелсіз мемлекеттің күшті президенттік республиканы қалыптастыру бағыты бойынша дамуы, президенттік билікке кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және ырымшыл-жартыкештердің ақыл-кеңестері мен ізденулеріне көңіл бөлмей, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру; демократиялық қайта құруды тереңдететін және көпұлтты қоғамды біріктіретін, жаңа саяси жетекшілер мен қызметкерлерді ұсынатын көппартиялық жүйені құру; негізгі саяси мақсат тиімді экономикалық реформалар үшін қажетті тұрақтылықты қалыптастыру; Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-саяси және экономикалық теңгерімнің көп жақтылығы мен әртүрлілігін геосаяси өзін-өзі анықтау үшін сақтау; адам құқығы мен демократиялық бостандықты сақтау негізінде Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси салмағын арттыру. Жаңа дүниеге келген егемендi ел үшiн тұрғындарды барынша бiрiктiре түсу, әрбiр азаматының құқығы мен еркiндiгiн қорғауға бет бұру – маңызы үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады; Қазақстанның қолайлы геосаяси жағдайын әлемдік шаруашылық байланыстарға кіру технологиясына пайдалану. Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш рет қарулы күштер, дипломатиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар қалыптастырылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы елдегі реформа туралы  «Қазақстан  тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде орнықты, бейнелеп айтқанда,  дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімге, саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси инстиуттардың қалыптасуына ерекше маңыз бердік және береміз. Елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген» – деп жазған болатын.
63. 1990-жж. ҚР ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
Назарбаевтың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т. б. Азаматтық құндылықтары енгізіле бастады. Жергілікті Өкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Назарбаев халық шаруашылық кешенінің құлдырауынан кейін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды. 1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды. Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді. 1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). Назарбаевтың экономист және саясаткер ретінде жәке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Экономиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту, т. б. шараларды көздейтін ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Президенттің тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновацияның даму стратегиясы әзірленіп, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Елдің ішкі саясатында Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді. Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты. Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті нағайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемлекеттік бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды (2000). Назарбаев қазіргі заманғы әлемдік өзгерістерді және елдегі саяси-әлеуметтік реформаларды ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасап, оның стратегиялық, мақсат-міндеттерін, негізгі принциптері мен басты бағыттарын айқындады. Өзара байланыс ауқымын кеңейту мақсатында Назарбаев Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және ТМД органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Назарбаевтың 1994 ж. наурызда ұсынған Евразиялық одақ құру туралы идеясы ерекше маңызға ие болды. Оның ойынша, бұл одақ ТМД елдері ықпалдасуының болашақтағы нысаны ретінде Еуразия өркениетіне серпіліс береді.Назарбаевтың түрлі мәдениеттері, діндер, өркениеттер арасында жүйелі сұхбат орнату бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясаты ерекше мәнге ие. Назарбаев ғылымның дамуына, білім беру жүйесін реформалауды іске асыруға қомықты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан халықтары ассамблеясының жетекшісі (1995) және Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төреғасы (1992), сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде елде азаматтық келісім ахуалын орнықтырып, Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықаралық, саяси, экон., мәдени ынтымақтастық аясын кеңейту үлесін қосып келеді.
64. ҚР экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi.
Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы. Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгені енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.
Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы).
Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi.
65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi.
Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы. Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгені енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.
Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы).
Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi.
66. 1993 ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
Конституция мемлекеттiк тәуелсiздiк алған күннен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсiздiгi, мемлекеттiң тәуелсiздiгi, билiктi бөлу қағидаттары, қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде мойындау, Президенттi мемлекет басшысы ретiнде мойындау, сот органдары — Жоғарғы Конституциялық және Жоғарғы Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негiзiне парламенттiк республика моделi жатады.
67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
1988 ж  кеңестік «Кооперация туралы» Заң қабылдады. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы банктік жүйе қалыптасуының Бірінші кезеңі басталды. Кооперативтік  қаржылық ұйымдар банктер саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Кооперативтік деген статус арқылы банктер несиенің уақыты мен шарттарын, пйыздық үстеменің деңгейін анықтауда, банктік қызметтің түрлі формаларын қалыптастыру мен  түскен табысты пайдалануда өзіндік ролге ие болды. Айта кету керек, Кеңес Одағындағы алғашқы кооперативті банк Қазақстанда анығырақ Шымкент қаласында «Союзбанк» деген атаумен пайда болды.
1990 ж  25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік суверинетті туралы Декларация қабылдады. Бұл Тәуелсіздік қарсаңындағы атаулы даталардың бірі болатын. Дәл осы жылы банк жүйесін реформалау үшін негіз болған «ҚазақССР-дегі банк және банк қызметі туралы» атты Заң қабылданды. Бірінші рет коммерциялық банк сөзіне анықтама берілді. Жекеменшік банктер мен шетелдік капиталдың қатысуымен пайда болған банктердің, ломбард, инвестициялық және зейнетақылық қор  тәрізді басқада несиелеу мекемелері қызметтерінің басталу және тоқтатылу тәртібі бекітілді. Осы арқылы бұрынғы екідеңгейлі банктердің консервативтік жүйесіне тоқтау салынып, орталығы Мемлекеттік банк , екінші деңгейде коммерциялық банктер болатын, нарықтық банк жүйесі пайда болды. Мембанктің статусына да қатысты өзгерістер болды. Енді ол респбуликаның барлық банктік жүйесі туралы туралы барлық есепті Жоғары Кеңеске тапсыратын болды.
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі қүрайды. Қазақстан ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы «Қазақстан Ұлттық валютасын еңгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға еңгізілді. Сөйтіп Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бүрыңғы КСРО республикасының ақшасымен валюталық жүйесінен дараланды.
Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлттық валюта) болып теңге бекітілді. Ол 100 тиыннан түрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан қүралады.
ҚР Ұлттық Банкінің айналымға шығарған банкноттары мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін, есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, акредитивтерге айналдыру үшін ешбір шектеусіз қабылданады.
Ақша қаражаттарын шығару, олардың айналымын үйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, оларды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да Ұлттық Банк болып табылады.
68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін icкe асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес:  1. Сыртқы барлау саласындағы өкілетті орган функцияларын жүктей отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі құрылсын (бұдан әpі - "Сырбар" қызметі).  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі таратылсын.  3."Сырбар"қызметі:  1) бip ай мерзімде "Сырбар" қызметі туралы ереженің жобасын, оның құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынсын;  2) үш ай мерзімде ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;  3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.  4.Қазақстан Республикасының Үкіметі:  1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша "Сырбар" қызметіне оның міндеттері мен функцияларының көлеміне сәйкес штат санын, ғимараттарды, құжаттарды, қаржылық, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлікті, сонымен катар барлау кадрларын дайындау жөніндегі арнайы оқу орнын беруді қамтамасыз етсін;  2) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе және осы Жарлық ережелерін ескере отырып, "Сыртқы барлау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;  3) "Сырбар" қызметімен бірлесіп Үкіметтің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;  4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.  6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
Тәуелсіздік қарсаңында ,яғни , 1989 жылғы санақ бойынша,қазақтар республика халқының 39,7 % ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны 16 млн 475 мың болса , оның 6 млн 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш елімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90-жылдардан бастап жаппай миграция мен туу үдерісінің күрт төмендеуінен 2-млн-ға жуық халқымыздан айырылдық. 1991 жылдан бастап миграция жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991 жылы Моңғолиядан -41 мың қазақ келді. 1993 жылы алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден , Тәжікістаннан 50 мыңға жуық қазақ еоге оралды. Осы жылдары Қазақстанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса,кеткендері 32 210,3-тен асып кетті. Республика халқының саны -1992 жылдың аяғында 17 млн болды.Оның 9,8 млн адамы қалалық жерлерде,7,2 млн ауылдық жерлерде тұрды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелден келген дарынды ақын -жазушыларға қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған. “Нұрлы көш” ұлттық жобасы әзірленді. Жобада “қазағым, Қазақстаным” деп келген оралмандар мен отандастарымызды және тоқырау өңірлерінен ауысатын жерлестерімізді баспанасыз қалдырмау. “Нұрлы көш” бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні үкімет қаулысымен бекітіліп,үш жылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Оның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды, отандастарымызды қабылдау, орналастыру, депрессивті аудандарда тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде көшіру, облыс аумағында рационалды орналастыру. Бағдарламадағы мәліметтер бойынша, өткен жылдары Қазақстанға 53,4 мың адам келген,бұл 2006 жылғы денгейден 20,0 % төмен.
70. 1995 ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
Өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттікқұқықтықжүйенің ауысу және елді демократиялық даму жолында бекіту жағдайында жасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғы мемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясы қабылданған еді. Конституцияны мемлекеттің басты, негізгі заңы деп әділ атайды. Егерелімізде қолданыста жүрген көптеген құқықтық актілерді белгілі бір ұйымдастырылған және өзара байланысқан тұтас, әлдебір жүйе ретінде қабылдасақ, онда конституция – бүкіл құқықтың негізі, өзегі және бір мезгілде оның дамуының қайнар көзі. Конституция негізінде өткенде қолданыста болған дәстүрлі, сондай-ақжаңа, экономикадағы, әлеуметтік дамудағы, саясаттағы және мәдениеттегі өзгерістерді есепке ала отырып жасалған құқықтың әралауан салаларының қалыптасуы жүреді. 1995 ж. ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады. 1995 жылғы ҚР Конституциясында негіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялық құрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесі және жергілікті өзін-өзі басқару негіздері. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді. Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді. 1995 жылғы Конституциясымен Қазақстан Республикасы адаммен азаматтың құқықтарымен бостандықтарын таныды және өзіне халықаралық міндеттемелерді жүктей отырып халықаралық жұртшылық алдында таниды. 1995 жылы Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық құжаттардың елеулі ауқымын ратификациялады. Солардың қатарында халықаралық азаматтық және саяси құқықтар, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы актілер бар.
Мазмұнына байланысты конституциялық құқықтарменбостандықтарды топтарға бөлуге болады: 1) жеке құқықтар мен бостандықтар; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.
71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. ҚР демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді. Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін аткарады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Мәжіліс — 77 депутаттан тұрды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы — Марат Оспанов. Президенттік баскарудың жаңа жүйесі аткарушы биліктің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттырды. 1995 жылғы Конституцияга сәйкес Прсзидент мемлекет басшысы және жоғарғы қызмет тұлғасы болып табылды. Бірак атқарушы билік оған тікелей басшылық ете алмайды. Яғни, Президенттің Үкіметтен арақашықтығы байқалды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституция мен «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарынын мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес заң шығарушы орган мен онын мүшелерінің мәртебесі айқындалды. Қос палаталы Парламент Жоғарғы Кеңестер сияқты жылына 2—3 рет өткізілетін сессияларға жиналып отыратын өкілді орган емес, сессиялары жылда қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, келер жылғы маусымның соңғы жұмыс күні біткенше тұрақты қызмет ететін, еліміздегі заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органға айналды.
72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі. КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті. Делимитация және демаркация мәселесіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзақтығы 13 380 шақырымды құрайды. Ресей Федерациясымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындысы бойынша – 7548 шақырым. Қазіргі күнге дейін барлығы 3000 шекара бағанасы орнатылды. Сонау 2009 жылы басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта, демаркациялық жұмыстар таулы, ну орманды өңірге жақындап қалды. Мұндай рельеф демаркациялық үдеріске өз кедергісін тигізгелі тұр. Осыған байланысты жұмыс қарқыны кішкене баяулап, қосымша материалдық, қаржылық шығындарды қажет ететіндігі сөзсіз. Дегенмен, бұл мәселелер шешімін тауып, белгіленген міндеттер нақты орындалады деген ойдамыз. Қырғыз Республикасымен арадағы шекараның жайына тоқталсақ, демаркацияланған шекара сызығының ұзындығы 1257 шақырымды құрайды. Шекара сызығының ұзына бойына 533 шекара бағанасы орнатылды. Далалық демаркациялық жұмыстар 2008 жылдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде жүргізілді. Ал Түрікменстанмен арадағы демаркацияланған шекара сызығы 459 шақырымды құрайды. Бұл бағыт бойынша барлығы 178 шекара бағаны орнатылды. Тағдыр табыстырған тағы бір көршіміз – Өзбекстан Республикасымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындылары бойынша 2351 шақырым. Қазіргі уақытта шекараның өн бойына 776 шекара бағанасы қойылды. Қытай Халық Республикасымен арадағы шекарамыздың жөні бөлек. Ол негізінен бұрыннан-ақ қалыптасқан шекара деуге болады. Демаркациялық жұмыстардың қорытындысы бойынша оның ұзындығы 1783 шақырымды құрайды. Демаркация туралы хаттамаға 2002 жылы қол қойылды. Осыған сәйкес 346 шекара бағанасы орнатылды. Қысқаша айтқанда, делимитация және демаркация үдерістері бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыс ауқымы осындай. Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша әлі де бірлескен комиссиялар жұмыс істеп, қажетті бекіту құжаттарын дайындайтын болады.
73. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, ҚР-ның ұзақ мерзімді басымды мақсаттары».
«Қазақстан-2030» - Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады. «Қазақстан­2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады: Ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет.
Қазір Үкімет 2020 жылға дейінгі еліміздің дамуы туралы маңызды құжатты әзірледі. 2010 жылдан бастап соның алғашқы бесжылдық жоспарын жүзеге асы­руға кіріспекпіз. Басқа мемлекеттерден біздің ерекше­лігіміз қазіргідей дағдарыспен күрес мәселесімен қатар, еліміз­дің болашағын көксеген осын­дай перс­пективалық мәселелерге мән беруіміз болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде елдің экономикалық жағдайы ауыр еді, шетелдік инвесторларды жедел тарту үшін мемлекет оларға әртүрлі преференциялар мен жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. Иә, шетелдік инвестор­лар Қазақстанға келе отырып, зауыттар, жолдар салды, инфрақұрылымдарды жаңғыртты, өздеріне белгілі бір әлеуметтік жауапкершіліктер алды.
Келесі бір көңіл аударарлық мәселе – ол қазақстандық мамандарды даярлау. Өткен жылы жер қойнауын пайдалану­шылар ғана кадрлар даярлауға және қайта даярлауға 140 млн. АҚШ долла­рын жұмсауға міндеттеме алды. Осы жерде неге шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері арасында қазақстан­дық азаматтар жоқ, неліктен біз әлі күнге дейін мыңдап шетелдік жұмыс күшін тартудамыз деген сұрақ туады. Мысалы, өткен жылы Қазақстанға 30 мың шетелдік қызметкер әкелу жоспар­ланған (2009 жылғы 1 жартыжыл­дықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 17 935 шетелдік жұмыскер тартылған, бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% аз. Бірақ егер жұмыскерлерді санаттары бойынша қарастыратын болсақ, басшылар мен 1-санат жұмыскерлері саны ұлғайғанын көреміз — 12835 адам (71,6%).
74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
Астана – Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы болып табылады.1992 жылы Целиноград қаласына Ақмола деген ежелгі атауы қайтарылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және парламенттік Қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.1998жылы егемен Қазақстан мемелекетінің астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды.Оның өзіндік себептері бар.Бастысы- солтүстік аймақтада инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту көзделді.Сондай-ақ, Астана тоғыз жолдың торабы, оның экономикалық мәні зор.Демографияғада тиімді әсерін тигізеді, сонымен қатар солтүстік аймақта жергілікті ұлт өкілдерінің санын көбейтуде назардан тыс қалған жоқ.Жаңа қаланың бой көтеруі мыңдаған жұмыс орнын берді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана- әлемдегі ең жас астана, қаланың геосаяси орналасуы, коммуникациялық даму мен көліктік инфраструктурасы мен шалғайда жатқан бос жерлер бұл шешімді қабылдауда негізгі ықпал етті.
75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
  Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда. Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда. Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда. Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық акуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек. Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.
76. ҚР әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды. Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
77. ҚР-ның «Жемқорлықпен күрес туралы» заңы: өзектілігі және нәтижелері.
Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді қалыптастырудың нәтижесі мынандай болмақ:
– сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі;
– жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату;
– пара беруді өз мәселелерін шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту;
– халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру.
78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі түркі халқы құрды. 2015 жыл Қазақстан үшін маңызы бар жыл, себебі, Қазақ Хандығына 550 жыл толды. Соған байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаев 2014 жылдың 29 тамыз күні “2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялау туралы” №901 Жарлыққа қол қойды. Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға тоқталайық. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді. Айта кетерлігі, Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» деп бөлісті. Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді деп айта аламыз. Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол -қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол - Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз - солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз - ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі!
79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
2007 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі экономика және саясат саласындағы өзгерістеріне талдау жасалады. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» стратегиялық жоспарлаудың маңызды құжатына айналады. Кітапта стратегия қалай және неліктен әзірленгендігі, оның қандай әсерге ұшырағандығы және жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында оның қазіргі күнге дейін қандай рөл атқарып отырғандығы жан-жақты түсіндіріледі. Осындай ірі көлемді құжат дайындау үшін Қазақстандық мамандар тобы Бостонда, Гарвард университетінде болды, Кореяның, Сингапурдың, Малайзияның стратегиялық жоспарларымен, сондай-ақ «Боинг», «Дженерал электрик» және «Бритиш петролеум» сияқты әлемдік алыптардың бизнес - стратегияларымен танысты. Бағдарламаны әзірлеуде халықаралық сарапшылар - Х.Берсток, К.Грэй, В.Худжонг және т.б. зор көмек көрсетті. Стратегия Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылды. Келесі бөлім кертартпа адамдармен табанды күресу арқылы 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның қалай жасалғанын баяндайды. «Каспий үшін шайқас және мұнай шуы» бөлімінде Каспий жағалауындағы елдердің күрделі қатынастары айтылады. Тағы бір таңбалы асу — ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Бұл туралы «теңге — біздің тәуелсіздігімізді ң символы» тарауында айтылады. Бұл бөлім біздерді 1992-1993 жылдарға қиын, әлеуметтік жағдайларға қайта оралтады. Ол кезде Қазақстан бар күшімен рубльдік аймақта қалуға ұмтылды. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан рубль қалыптасқан экономикалық байланыстардың қызметін білдіретін. Сонда да болса қиын шешім қабылдау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды қадам жасау қажет болды. Кітапта қайшылығы көп жекешелендіру мәселесіне біршама бет арналған. Автор осы процестің ішкі логикасын ашып көрсетеді, оның кезеңдерін егжей-тегжей көрсетеді, жіберілген қателіктерге талдау жасайды. Қазақстандық жол - бұл тәуелсіз республиканы экономикалық және саяси күйреуден, әлеуметтік дағдарыстан гүлденуге, әлеуметтік тұрақтылық пен рухани келісімге әкелетін жол. Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық және саяси реформалар бойынша кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте көш бастап келеді. Оның жүрегі - Астана қаласы Еуразия құрлығында рухани, экономикалық және саяси орталыққа айналып келеді. Кітап Қазақстандық патриотизмге, ұлттық қадір-қасиеттің жоғары сезіміне және ұлттық мақтанышқа тәрбиелейді.
80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
Сындарлы он жыл— Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.
81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;•  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Болон декларациясының негізгі қағидалары: Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау; екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту; үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу; төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету; бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру; алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру. Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
82. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:   1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
Елбасының бағдарламалық мақаласы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бағдарын айқындайтын, тұтастай алғанда елді жаңғыртудың өзіндік бір «Жол картасы» болып табылады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты ауқымды дайындық  жұмыстарын дәлме дәл, тыңғылықты әрі ашық түрде түсінікті етіп баяндайды. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Қоғамдық келiсiм» ұйымының директоры Наталья Калашникова осылай деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, Президент бұл мақалада қазақстандық арманға апаратын жолдың негiзгi бағыттарын ғана көрсетіп қойған жоқ. Сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты механизмдерiн атап көрсетті. Ал бағдарламаларды іске асыруда қоғамдық институттардың ролі ерекше. Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы жоспар даярлаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ассамблея еліміздің түкпір-түкпірінде мыңнан аса іс-шара ұйымдастырмақ. Наталья Калашникова, бұл қазақстандықтардың бiрлігі мен татулығын нығайтуға ықпал етеді.
84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасы - нарықтық экономикасына жаңадан қадам басушы жас мемлекет. Сондықтан да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму мақсаттары мен жолдары негіздеу ел үшін өте маңызды іс болып табылады. Осы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын басшылық әрдайым халыққа жария етіп, және жаңа мақсаттар мен қол жеткізген нәтижелерді Жолдаулар, Дамудың стратегиялық бағдарламары, халықаралық ұйыдардың қолдауымен жасалынған декларациялар және тағы да басқа жолдармен бекітіп отырады. Солардың бірі Қазақстан Республикаы мыңжылдық даму мақсаттары Декларациясы.  Мыңжылдық даму мақсаттары дамудың кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге және экологиялық тұрақтылыққа көптеп қол жеткізу сияқты маңызды салаларын қамтиды. Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқығын қозғау сияқты МДМ қойған кейбір бастапқы мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізгендіктен,  үкімет «МДМ плюс» шақыру қағазы, демек ұлттық басымдықтарды, ұлттық статистиканы, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды талдауға негізделген, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесінің негізінде Қазақстан үшін икемделген қосымша мақсаттар бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ елдік командасымен бірлесе отырып мыңжылдықтың  2002, 2005, 2007 және  2010 жылдары даму мақсаттары туралы төрт есепті дайындады. Мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық даму мақсаттарын негіздеу кез келген мемлекет үшін орасан зор маңызы бар екендігіне көз жеткіздік. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың  ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Ал даму мақсаттарын бекіту мемлекеттің осы жауапкершілікті орындауды жүзеге асыруға қажет бірден бір функциясы болып табылады. Және де осы мақсаттар мемлекеттердің миллиондаған адамдарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған болып келеді.
85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды. 
86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
Елбасының әлемдік дағдарысқа қарсы бес шараның бірі ретінде ауыл шаруашылығын атауы тегін емес. Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Республиканың аграрлық секторының әлеуеті инвестиция құю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға шығып келеді. Бірақ ел экономикасының аграрлық саласы ауқымды мемлекеттік реттеуге түспей, әлі де жан-жақты қолға алына қоймаған салаға жатады. Өз кезегінде Қазақстанның осынау аграрлы ауыл-шаруашылық саясатын қалыптастырудағы басты басымдықтарына қатысты айтулы ғалымдар «өндірісті шоғырландыру, агротехнологияға өзгерістер енгізу, агробанк құру сияқты ауқымы тар мәселелердің төңірегінде ғана дамып жатыр» деген де ұшқары пікірлерлер айтады.Аграрлық саясат тек қана ауыл шаруашылығын, оның өнімдерін және агробизнестің түрлі салаларын дамытатын саясат емес. Ол сонымен қатар халық санының өсуіне, инфрақұрылымның дамуына және тағы басқа көптеген маңызды тетіктермен бірге елдің қоғамдық өміріне әсерін тигізетін елеулі факторлардың бірі саналады. Аграрлық саясаттың жалпы елдің экономикалық саясатынан бөлек болуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік ерекшеліктерінің болуында, аграрлық қоғамдастықтар мамандануының бақылауында өркендеуіне байланысты. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығына және бүкіл агробизнеске, өнімнің бірқалыпты өсуіне, оның әлеуметтік және өзіндік дамуына, болашақта үлкен өнім жетістіктеріне жетуді көздейді. Біріншіден, ол мол әрі сапалы және арзан өнім өсіру, екіншіден, оны дайындау, сақтау, өңдеу және сауда орындары арқылы халықты жоғары сапалы азық-түлік өнімдері мен талаптарын қамтамасыз ету. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі деген ұғымға, ауыл шаруашылығы, дайындау, сақтау, тамақ өнеркәсібі мен сауда-саттық нысандары кіреді. Демек, аграрлық саясат деген түсінік, ол ауыл шаруашылығына керекті техникалар, тағы басқа жарақтар, өнімдер өндіретін өндіріс саласын, ауыл шаруашылығының өзін, өндірілген азық-түлік өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, тұтынуға жеткізетін, тамақ индустриясын және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен жағдайларын қамтиды.Қалай дегенмен, біз аграрлы ел бола тұрып, ет өнiмдерiнiң үштен бiрiн шеттен әкелемiз. Бидай, ұн, сүт өнiмдерiнiң де елеулi бөлiгi сырттан тасымалданады. Ал бұл байтағымыздың мүмкіндіктеріне керағар құбылыс деп бағалауға тұрады. Шынтуайтына келсек, Қазақстанның аграрлық кешенінің қуаты азық-түлікпен ішкі нарығымызбен қатар, сыртқы нарықтарды да қамтамасыз етуге әбден жетеді.Осы жерде бір айта кетерлігі, Еуропа елдерінің жерінің құнарлылығы бізден 2-2,5 есе жоғары болса да 1 га айдалатын жерге 1110 АҚШ доллары көлемінде салым салып, біздегіден 20-30 есе көп қолдау көрсетеді екен. Бізге де осындай шетел тәжірибесінен тәлім алып, қайсыбір экономистер айтқандай, еліміздің кең-байтақ егістік алқаптары мен жайылымдарын тиімді пайдалану арқылы мал шаруашылығын дамытып, ет өндіруді көбейтіп, Оңтүстік Америкадан ет тасып отырған көршіміз Ресей мен миллиардтан астам халқы бар Қытайға ет экспорттап пайда табуымыз керек.Әйтсе де, «сабақты ине сәтімен» демекші, биыл Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасында агроөнеркәсіп саласына ерекше көңіл бөлінді. Серпінді болмаса да, айтарлықтай дәрежеде еліміздің барлық аймақтарында агробизнес ерекше қарқынмен дамып келеді.Оның өзінде агробизнес өзін әр салада әр түрлі көрсетуде. Атап айтқанда, ол АОК-да аграрлық салаға қызмет көрсетеді, экономика саласында АОК қаржы капиталына қызмет етеді. Жалпы, әр мемлекеттің өз аграрлық саясатын өз мақсаттарына қарай қолданатын әдістеріне қарай жүргізетінін ескерсек, өзіндік ерекшеліктерге де ие емес деп айта алмаймыз. Біріккен аграрлық саясат көбіне баға құндарын бақылау сияқты құралдар қолданады, басқа елдермен саудаласқанда кеден протекционизмін қолданады. Ал бұл бастама еліміздің аграрлық платформадағы жаңа саясатқа көшуінің алғашқы жоралғысы іспеттес.
87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады.Әлемде инновациялық қызметті қолдау тәжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын,тиімдісін елдің экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғат-климаттық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн деп есептейміз. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновациялық ынталандыру шараларын зерттеп, соған қарай инновациялық процестерді жүзеге асыру жүйесінің қазақстандық моделін қалыптастыруымыз қажет.Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;-өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;-отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:-өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;-халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды.Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады. 
88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы және ашық нарықтық экономиканы қалыптастыруымен байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі  себепті  шетелдік инвестицияның рөлі мен мәні арта түсті. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін де ала келеді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және мемлекеттік сыртқы борышты қалыптастырмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 1-ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 19-наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” міндеттерін  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жыл 30- қазандағы № 1145 қаулысымен “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын ілгерілету арқылы кірігу болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтық база жасалған. Мысалы, 2003 жылы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының  заңы қабылданды. Заң тарапынан отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарының толықтай қорғалуы мен жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, Заңда Қазақстан экономикасының басым салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық инвесторларға да, сол сияқты шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде таралады.
89. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» (2004 ж. 19 наурыз) және оның маңызы.
Елбасымыз жылдар бойы өзінің әрбір Жолдауы мен халық алдында жасаған баяндамаларында балабақшалардың дамуын басты назарда ұстап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» Жолдауында «балабақшалар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білімді қалыптастыруға кірісуді» тапсырды. 2004 жылғы мамыр айындағы шетелдік инвесторлар мен ірі құрылыс компаниялары жетекшілерінің Астанада өткен кездесуіде Президент инвесторларға: «Муниципалды балабақшаларды көбірек салу керек және бұл жұмысқа бизнесмендерді тарту керек» деген үндеу тастады. 2004 жылғы қазан айында өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Елбасы «мектепке дейінгі білімді, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін барынша қолжетімді етуіміз керек» деп атап өтті. 2010 жылғы қаңтар айында Президент үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. «2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар, әлеуетіміз жоғары, мемлекеттік-жеке меншік әріптстік – бәрі бар», - деп еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы.Осы мысалдарды ескере отырып, Елбасы қамқорлығының арқасында мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қалыптастыра алғанымызға көз жеткізе түсеміз. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оларға мектепке дейінгі жастағы балалардың шамамен 70 пайызы барады. Шетелдік ғалым-педагогтар да осындай баға беріп отыр. Осы салада жүрген әлемдегі ең үздік сарапшылардың бірі, Мектепке дейінгі білімнің халықаралық қауымдастығының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Кудрявцев: «Қазақстан алдағы жылдары мектепке дейінгі білім жүйесі құлдырағанын мойындап, оны «басынан бастап» қайта қалыптастыру міндетін қоюға қорыққан жоқ. Оның үстіне, бұл жоғарғы мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Және тек Ресей Федерация Білім және ғылым министрлігі үшін ғана жақсы үлгі емес... Осы сынды мәселелерді Президент Н.Ә. Назарбаев басты назарда ұстайды».Елбасы «Нұрлы жол» атты кезекті Жолдауында мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығын барынша азайтуды тапсырды. Ол үшін Президент 20 млрд. теңге қосымша қаражат бөлуді бұйырды. Демек, көп ұзамай ондаған балабақша ашылады деген сөз. Бұл балабақшаларды ашу барысында жергілікті органдар мектепке дейінгі осы мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілер мен меңгерушілердің кәсіби деңгейін де назардан тыс қалдырмауы шарт.Дұрыс іріктеу жасайтын, білімді жетілдіретін, әсіресе «Балапан» бағдарламасының аясында Президент балабақшалар жұмысшыларын тағайындау және аттестациялау жүйесін жасап шығаратын уақыт жетті. Педагогтарды ашық тестілеу мен сұхбат арқылы іріктеп алған дұрыс, соның арқасында олардың ой-өрісін, кәсіби белсенділігін және қаншалықты ақпараттанғанын анықтауға болады. Себебі, жас ұрпақтың бүгіні мен болашағы балабақшада олармен кімнің жұмыс істегеніне байланысты. Бүгінде дәл мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтар балалардың дамуына, олардың ары қарайғы мектепте озат оқуына, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жол салады. Ал балабақшаға кәсіби деңгейі жоғары тәрбиешілер келу үшін оларға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту керек. Олардың жалақысы еліміздегі орташа жалақымен сәйкес келетіндей болуы шарт.
90. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы» (2001 ж. 28 ақпан) және оның ХХІ ғ. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы үшін маңызы.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының 44 бабының 1 тармағына сәйкес, Елбасымыз өз жолдауы арқылы жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Тәуелсіздік алғанына 20 жылдың жүзі болған мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басымдықтары мен жетістіктері Елбасының халыққа Жолдауында жан-жақты көрініс тауып келеді.Ең алғашқы Жолдауының бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаны ұсынғаны баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті сол бағдарламаны жүзеге асыруда өткен жылдардағы атқарылған істерге баға беріп, болашақ атқарылар істің нақты нысаналарын көрсетіп берді. Мұндай ұсынысты отандастарымыз құптап қарсы алып, шетелдердің сарапшылары да дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалаған болатын. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту-үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырудың жаңа кезеңінде адамға баса көңіл бөліп, күш-қуатындағы әрбір отандасымызға-жұмыс не пайдалы іс тауып беруге, әрбір отандасымызды әлеуметтік қорғауды күшейтуге күш салмақ. Ол да баршамыздың күшімізбен жүзеге асады. Күн бе күн көзіміз жете түскен, ақиқат мынау: жаппай іске жұмылсақ қана, жағдайды тез жақсарта аламыз. Ұлттық ғылыми ойымыз да осындай кезде отандастарымызға көмекке келгені дұрыс. Бір кезде индустрияландыру тұсында еліміздің табиғат байлықтарын зерттеу мен игеруде табиғат танушылығымыз қандай зерделілік танытса, қоғамымыздың рухани мүмкіндіктерін зерттеу мен іске жұмылдыруда адам мен қоғам танушылығымыз да дәл сондай ыждаһат көрсетулері жөн. Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауы үдемелі дамудың көрсеткіші ретінде, барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы хақындағы, ел тұтқасын ұстаған Елбасының замандастарымыз бен тарих алдындағы осындай аса зор жауапкершілікті сезіне білуден туындағаны, ақиқат.
91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ХХІ ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. 1) Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.  2) Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. 3) Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.  5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.  6) Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.  7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.  Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.  Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.
92.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына мына бағыттар бойынша өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Бірінші. Мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік саланың еңбеккерлеріне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелері арқылы жылдық мөлшері 4 пайыздан аспайтын алдын ала тұрғын үй займдарын беруді жүзеге асыру керек. Екінші. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала еңбеккерлері үшін салынатын үйлерге екпін түсірген жөн. Өзінің жеке меншік тұрғын үйлерін салғысы келетін азаматтар үшін мемлекет жеке меншік құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады. Бағдарлама аясында бұл үдеріске ӘКК-лер белсенді қатысуы керек. Үшінші. Құрылыс компанияларының қызметінде мөлдірлікті және саладағы бәсекелестікті арттыру дәрежесін заңды түрде қамтамасыз ету керек. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғауды арттыру қажет.Жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру мақсатында жер телімдерін беру және тіркеу ережелерін мейлінше жеңілдеткен дұрыс. Төртінші. Жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек. Бесінші. Биылғы жылы өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған біздің елордамыз Астананы одан әрі дамыту маңызды міндет болып саналады. Елордадағы энергия көздерінің, инженерлік инфрақұрылымдардың және бүгінгі озық көлік жүйесінің құрылысын одан әрі жалғастыру қажет. Қаланы энергия қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ЖЭО-3 құрылысымен қоса, энергетикалық кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру керек. Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін.
93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" атты Ұлт жоспарының "Бірегейлік пен бірлік" атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып табылады. Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік ұйысуына, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады. Қазіргі заманғы әлемде спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады. Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің экономикалық өсім мен ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатына, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағдарланған саясатты ілгерілетуге бағытталған тәжірибесі пайдаланылды. Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары - жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу және т.б. болып табылады. Тұжырымдама мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті міндеттерін ескере отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға бағытталған.
94. «ЭКСПО – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.
95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. «Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі. Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) жатады.
96. Ғылымның дамуы және ХХІ ғасыр үндеулері қарсаңында Қазақстанда ҒТП-ті басқару.Қазіргі кезде экономикалық өсудің төмен  сапасынан және экономикаға теріс әсер етуші тенденциялардың  күшеюінен туындайтын  Қазақстанның даму бағыты жайлы мәселе туындап отыр. Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс, негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты. Экономика, сұраныс және бәсекелестік динамикасы басқару, сапаны қамтамасыз ету, өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнімділігі және өндіріс тиімділігіне деген қалыптасқан көзқарасты қайта бағалауды талап етеді. Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде, экономикалық өсудің негізгі белгілерін айқындауға болады: 1) Ұлттық өнімнің тұрақты өсуі, сәйкесінше  халықтың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаруашылықтар  қабілеттілігінің өсуі; 2) Экономикалық өсудің негізі және оның қажетті шарттарының бірі болып табылатын техникалық прогресс; 3) Жаңа технологияларды игеру барысында институционалдық және идеологиялық өзгерістерді қолдану керек. Оларды қолданбаған жағдайда,  жаңа технологиялар тиімсіз болып танылады. Экономикалық өсу мақсатына жету барысында халық шаруашылығының   өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру, яғни ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру  қажет. Техникалық прогресс негізінде өндірістік факторлардың тиімділігін жоғарлату  экономикалық өсудің  интенсивтік типінің маңызды ерекшелігі болып табылады.   Интенсификациялау  халық шаруашылығы құрылымының  өзгеруіне, талапты және жоғары мамандандырылған  жұмысшы күшінің дайындауына байланысты. Өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынында ғылыми-техникалық прогресс әсерінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Кеңейтілген өндіріс жағдайындағы экономикалық өсудің өте жоғары қарқынының    байқалмауы  өсудің интенсивтік типінің ерекшелігі болып табылады.
97. ҚР-ның ұлттық саясаты. Қазақстан халықтары Ассамблеясы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
Дәл қазір, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасын қабылдау аса қажет. Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ. Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады. Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ. Ұлт бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт. Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды.  Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдамасына негізделеді. Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді: 1) негізгі бағыт – ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы; 2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел; 3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар; 4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну – бірігудің басты негізі.
99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
Ел басы 2012 жылғы «Әлеуметтік-мәдени жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында  Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері екенін атап көрсетті. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстандықтар – біртұтас, кемеліне келген және қуатты халық. Алайда біз жаңа қайшылықтар мен қауіп-қатерлерге толы уақытта өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы жаңа сынақтарға дайындау, оның әртараптандыруын жалғастыру. Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді мақсаттарды іске асыруы қажет деп атап көрсетті. Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы Жолдаудың логикалық жалғасы болды. Бұл құжат – әр қазақстандықтың әлеуметтік әл-ауқатына жол ашатын әлеуметтік еңбек қатынастарының  теңгерімді белгісі, еңбекке деген жаңа көзқарас. Еңбек, өнімді еңбек құндылығы  және еңбек адамы ұлықталады, жаппай масылдықпен әлеуметтік бейқамдық  қоғамның әлеуметтік жанғыру жолындағы айтарлықтай кедергі ретінде айыпталады. Президент Н.Ә.Назарбаев 3 қыркүйете V сайланған  Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтар әлеуметтік жаңғырту туралы мен қойған мақсаттарды құлшынып қабылдады. Біздің қоғам әлеметтік дамуының нақты бағыттарына ие болды. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» - деді. Еңбек идеологиясының мемлекеттік саясат мәртебесін алуы өте маңызды. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы жаппай әлеуметтік масылдық басты себеп болған  жаһандық дағдарыстан өтіп жатқан  дамыған елдер үлгісінде аса өзекті. Сондықтан Президент масылдыққа жол беруге болмайтынын ашық және айқын айтты. Президенттің пікірінше, еліміздің әлеуметтік жаңғыруы бірінші кезекте азаматтардың сана-сезімінің масылдық көңіл күйден белсенді өмірлік ұстанымға нақты трансформациялануын, өзгеруін талап етеді. Негізінде еңбекке деген бұрмаланған уәж «аз жұмыс істеп – көп ақша алу» жатқан әлеуметтік бейқамдық құбылысына біздің қоғамда орын жоқ. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің мүмкіндіктерімен әлеуметтік күтулердің арасында теңгерім болуы қажет. Бірақ та мемлекет  бақ берекенің сөзсіз донор емес. Оның миссиясы азаматтардың дәулетін өсіруге жағдай жасап көмектесу. Ал оның іске асыру – ол әр адамның жаупкершілігі. Біздің мақсатымыз – осы өзекті ойды елдің әрбір тұрғынына жеткізу болып табылады. Қоғамдағы масылдық  мінезін жою қажет, өйткені  қазіргі экономикалық жағдай  кез келген адамға  өз күш-қуатын  белгілі бір бағытта жұмсауға мүмкіндік береді. Әрбір азамат  өзінің қолынан келетін істі өзі жасауы керек. Тек еңбек қана  қазақстандықтардың  әл-ауқаты мен  өмір сапасын арттыра алады,  шынайы өнімді еңбек – біздің әлеуметтік саясатымыздың  негізі болуы тиіс. «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары  жұмысқа орналасуға не  жаңа кәсіпті игеруге, өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шағын қалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыруға байланысты  жаңа жұмыс орындарын құру бойынша едәуір  перспективалар береді 
100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
101. ҚР-да көппартиялы жүйенің қалыптасуы және дамуы.Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды. Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды. 1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-бабында: 1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. 2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп жазылған. Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады: – 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымның дамуы); – 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы); – 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі); – 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы; – 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы); – 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі). Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі саяси күштердің тарихына жасалған қысқаша шолу көрсеткендей, Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы жалғасуда және толыққанды тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға әлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дәстүрлі міндеттермен қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын және өтпелі қоғамды Қазақстанның ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр. Келешекте партиялық жүйенің одан ары нығаюы және Парламенттегі партиялық өкілдікті кеңейту Қазақстандағы саяси процестерді демократияландыруды жеделдетеді.
102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:Консервативтік  бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді: Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді  демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек. Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады.Бұл-тоталитарлық саяси режімнен демократиялық өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.  Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. «Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында. «Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста.  «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.  Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. 
103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады.  
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.  Съездің қатысушылары құрамының көрнекілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогы І Съездің тұжырымдамалық идеясы және дау-дамайды шешу тәсілі ретінде дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастардағы күш көрсету мен террор әдістеріне қарсы қойылды. Съезге қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті.  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.  Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастыққа жалпыұлттық консенсус пен қоғамның топтасуының үлгісін көрсетіп келеді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау саласында бай тәжірибеге ие және осы тараптағы кең ауқымды әрі тиімді ынтымақтастыққа қашанда әзір. Әлемнің діни көшбасшыларын Астанаға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасы мәдениеттер мен өркениеттер диалогының жаһандық үдерісінің дамуында орасан маңызды орын алады. 
104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
Қазіргі таңда халықаралық терроризм өзінің ауқымы, қатыгездігі мен адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны құпия емес. Өкінішке қарай, біз ақпарат құралдары арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдардың террорлық әрекеттердің құрбанына айналып, инфрақұрылымдар мен әлемдік тарихтың мұрасына айналған құнды жәдігерлердің қиратылып жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Сонымен қатар, діни экстремистердің мемлекеттер мен халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі рухани-мәдени және құндылықтық тұғырларын қиратуға талпынысы да анық көріне бастауда. Терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттер мен халықтар арасына да өшпенділік салуға ұмтылып отыр. Өкінішке қарай, әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері жеке-дара бұл зұлымдықты тоқтата алмасы анық. Жалпы, экстремизм мен терроризм әртүрлі сипатта көрініс тауып, түрлі идеологиялық және саяси доктриналарды, оның ішінде дін атын бүркенетіндігін де айта кеткен жөн. Осы ретте дін атын жамылған халықаралық терроризмнің терроризм эволюциясындағы аса қауіпті үрдіске айналғанын ерекше ескерген абзал. Әдетте, осыған дейін саяси терроризмнің түпкі мақсаты зорлық-зомбылық жасауға емес, белгілі бір мәселелерге қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын өзіне аударуға бағытталатын. Ал қазіргі күндегі дін атын жамылған терроризм үшін дін талаптарына сай орындалатын күш көрсету мен зорлық-зомбылықты қасиетті парыз дәрежесіне дейін көтеру басты орынға шығып отыр. Осыған байланысты көптеген ғалымдар кез келген діни бағыттағы фундаментализм, түптеп келгенде, экстремизммен және терроризммен шектесіп жататындығына сенімді. Осы жерде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталғанын айта кетуіміз керек. Біздің елімізде жаһандық деңгейдегі мәселеге айналып отырған осынау зұлымдыққа құқықтық тұрғыдан да, ұйымдастырушылық және ақпараттық тұрғыдан да қарсы тұрудың әдістері мен тетіктері пысықталды. Елімізде оннан астам экстремистік және террорлық ұйымдардың қызметіне тыйым салынды. Біздің ойымызша, қазіргі кезеңде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының негізгі күші Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқының ауызбіршілігі мен жарасымдылығын сақтау мен елімізде діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына жұмылдырылуы тиіс. Осы ретте, жоғарыда айтылып өткен әлемдегі ахуалды талдау мемлекетішілік және мемлекетаралық күш-жігерді біріктіру арқылы ғана халықаралық терроризмге пәрменді түрде қарсы күресу мүмкін екенін көрсетіп отыр. Демек, осы мәселені кешенді шешу бүгінгі күнде халықаралық кооперацияны және әлемнің жетекші елдері тарапынан терроризмге қарсы күресу шаралары бойынша ортақ ұстанымдарды қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан, Қазақстан мен Ресей басшыларының көтеріп отырған бастамалары уақыт талабына жауап береді және осы тұрғыда халықаралық қоғамдастықты терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге шақырған үндеуі болып табылады. Демек, біздің ойымызша, жоғарыда айтылған мәселелер желісінде терроризмге қарсы күресуде ортақ идеялық-теориялық тұғырнама әзірлеу, халықаралық деңгейде терроризмге қарсы бағытталған нақты шаралар әзірлеу және іске асыру, ислам дінін бүркеніп жүрген террорлық ұйымдар тарапынан орын алып отырған адамгершілікке жат әрекеттердің себебінен туындайтын исламофобияны еңсеру форумның маңызды міндеттері қатарынан орын алуы қажет. Мемлекет басшыларының көтерген осы бастамасы қордаланып қалған халықаралық сипатқа ие терроризм мәселесін тез арада шешуге мүдделі әлемнің басқа елдері тарапынан да қолдау табады деп сенім білдіруге болады.
105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
Ақпараттық саясат (бұдан әрі – Саясат) деп Қазақстан Республикасы заңнамаларында және Жарғыда қарастырылған құқықтарын жүзеге асыру Қоғамның қызметіне байланысты тұлғаларға (ары қарай мүдделі тұлғалар) жеткізу мақсатында, олардың пайымды инвестициялық және басқару шешімдерінің қабылдауы үшін немесе Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер ете алатын басқа да әрекеттерді жасауы үшін қажетті ақпаратты ашу кезінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұстанатын ұстанымдар мен процедуралардың жиынтығы түсініледі. Саясаттың мақсаты болып мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Қоғам Жарғысының, Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінің талаптарына және корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес Қоғам туралы, оның ағымдағы қызметі, жағдайы және даму болашағы туралы нақты ақпаратты ең толық және уақытылы беру болып табылады. Саясаттың мақсатына жету үшін негізгі міндеттер болып табылады: Қоғам туралы нақты ақпаратты уақытылы ашу;  Қоғамның ақпараттық ашықтығын және Қоғамның айқындығын жоғарылату есебінен Қоғамның инвестициялық тартымдылығының артуына көмектесетін қосымша ақпаратты ашу. Саясат Қоғамның жақсы беделінің құрылуына, активтер бағаларының артуына және инвестициялардың тартылуына, қызметтің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерінің жоғарылауына көмектесуі тиіс. Қоғамның ақпараттық саясатын Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді. Ақпаратты ашу тәртібі Қоғамның ақпаратты ашу ережелерінде және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарында белгіленеді. Қоғам Саясатының негізгі ұстанымдары болып табылады: ұдайылық – Қоғам туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға тұрақты және үнемі беріп тұру; жеделдік – Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер етуі мүмкін, және де мүдделі тұлғалардың мүдделерін қозғайтын елеулі оқиғалар мен фактілер туралы мүдделі тұлғаларды барынша қысқа мерзімде хабардар етуді қамтамасыз ету; қолжетімділік – ашылатын ақпаратқа мүдделі тұлғалардың еркін, ауыртпалықсыз және ең аз шығындармен қол жеткізуін қамтамасыз ететін, Қоғам туралы ақпаратты тарату тәсілдерін Қоғамның қолдануы; дұрыстық – Қоғамға мәлім фактілерді бұрмалаусыз ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру; толықтық – мүдделі тұлғаларға оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша нақты жағдай туралы барынша толық түсінікті қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде ақпаратты беру; теңгерілгендік – Қоғамның мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан Қоғамның, Жалғыз акционердің мүдделерін қатаң сақтау шартында, мүдделі тұлғалардың ақпарат алуға құқықтарын барынша жүзеге асыру мақсатында бір жағынан ашықтықтың және айқындықтың пайымды теңгерілімін, екінші жағынан құпиялықты Қоғамның қамтамасыз етуі; тең құқықтық – Қазақстан Республикасының заңнамаларында және Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде, мүдделі тұлғалардың ақпаратты алуында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ақпараттық ресурстардың қорғалғандығы – Қоғамның Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын ақпараттарын қорғаудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында рұқсат етілген тәсілдері мен құралдарын қолдану құқығы; ақиқаттылық – өз қызметін жариялау кезінде Қоғам оң және де теріс ақпаратты ашуды тең дәрежеде жүргізуі тиіс.
106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 
107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
Қазақстандықтар — жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбiр екiншi тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейiмен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негiзi бүгiн қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан–2050» стратегиясының түйiндi мақсаттарының бiрi болып табылады. Бүгiнде елiмiз өзiнiң алдына әлеуметтiк жаңғыру, үдемелi инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды мiндеттер қояды. Тәуелсiздiктiң 20 жылындағы жетiстiктердi бекiте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшiншi он жылдығында әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруге ниет бiлдiредi.
Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз iстерiн жалғастыруға, ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттiлiктiң деңгейiн одан әрi жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуi мен әлемдiк танылуын қамтамасыз етуге тиiс жастарға үлкен үмiт пен жауапкершiлiк жүктеледi. Мұндай миссия кәсiптiк бiлiмi, денi сау әрi адамгершiлiгi мол, бәсекеге қабiлеттi, патриот және әлеуметтiк тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келедi. Осыған байланысты мемлекеттiң басым мiндетi мемлекеттiк жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейiмдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң маңызды факторына айналдыру. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарының бiрi болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемi 10 еседен астам өстi. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрылымынан Жастар iсi комитетi мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара iс-қимыл жасау процестерiн жетiлдiрудiң келесi кезеңiне айналды. Жалпы алғанда, қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгiнде елiмiзде iске асырылып жатқан бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, тiлдердi дамытудың, үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттiк бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту–2020», «Бизнестiң жол картасы–2020», «Қолжетiмдi тұрғын үй–2020» бағдарламалары бағытталған. Қоғамды жаңарту және адами капиталға қойылатын талаптардың өсуi жағдайларында мемлекеттiк жастар саясаты елдi дамыту және қайта жаңарту құралына айналуға тиiс. Бұл жастардың әлеуметтiк қалыптасу процесiне қатысушылардың бәрiнен жастарды өз проблемалары мен жалпы ұлттық мiндеттердi шешуге тiкелей тартуға бағытталған тәсiлдердi әзiрлеудi және оны дәйектi iске асыруды талап етедi. Мұндай ауқымдағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндетiн жастардың ойдағыдай әлеуметтенуiне, мемлекеттiлiктi дамыту басымдықтарына қол жеткiзуге бағдарланған жобалық тәсiлдi қолдану арқылы ғана шешуге болады. Мұның бәрi, сайып келгенде, жастар мен бүкiл халықтың өзiндiк ұйымдасуы, Қазақстанның алдында тұрған мiндеттердiң ауқымына сай келетiн бастамаларды дамыту — азаматтардың әл-ауқатының өсуi және қоғамдық қатынастарды жетiлдiру үшiн орнықты шарттарды қалыптастырады.
108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
Н. Назарбаев еңбектері арасында басқаларынан өзінің пайда болу объективтілігі жағынан да, мақсаты мен міндеттері жағынан да, мазмұны мен мағанасы жағынан да, демек, дерек көзі ретіндегі ерекшелігі жағынан да оқшау тұрған еңбек, ол 1999 жылы “Атамұра” баспасынан жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітап. Елбасының, әлем мойындаған саясаткердің тарих толқынына ден қойып, елінің, ұлтының бүгіні мен келешегін сол тарих толқындары жалғастығынан іздеу себебі туралы автор кітаптың алғы сөзінде: “Кездейсоқ болмауы керек, Қазақстанның аспан түстес туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау тәуекелі келіскен мазмұнды да мағаналы нысанның өн бойында табиғат та, тарих та тоғысып жатыр. Қазақтар тарих толқынында… Егер саясаткер бүгінмен ғана беттесер болса, онда олардың тағдыры анағұрлым жеңілдеу болар еді. Әрекет үстіндегі саясаткерлер, мейлі күйретуші немесе көркөйтуші болсын, олардың драмаға толы тірлігі қайткен күнде де тарихтың толқындарымен шендесіп жатады. Мұны саяси театр актерінің өзі сезіне ме, жоқ па, онда тұрған ештеңе жоқ. Гәп басқада – гәп жаңағы тарих толқындарымен шендестіріп жататын күштің таза практикалық немесе өткінші істерді бірде айқындап, енді бірде көлеңкелеп жататынында болса керек. Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін”-деп түсіндіреді [131, 4 б.]. Демек, Н. Назарбаевты тарихқа “алып келген” тарих сабақтастығы, “бүгінгі күннің оқиғалары” сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттілігі. Тыңдай білген адамға тарих тағылымы мол ұстаз, пайдалана білген адамға тарих теңдесі жоқ таным тәсілі. Ол бәріне де, оның ішінде саясаткерге де қажетті құрал. Сондықтан да Елбасы: “Тарихқа археологиялық зерттеулердің пәні тұрғысынан қарамай, бүгінгі өмірді танудың тәсілі тұрғысынан қарағанда “саясат” деген кінәмшіл үрдіс әрқашан алдыңнан шығып отырады. Сонымен қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған ірге тасы туралы айтылған.
109. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: міндеттері, маңызы.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.
110. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті. ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді /2/. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:• Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; • этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; • менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: • азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; •    мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; •  тарихи-мәдени мұраны қорғау; •    ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; •    мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау; •    мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; •    мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: •    ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды; •    нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті; •    меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды. Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.
114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында екі күнге созылған «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» атты ІІ халықаралық көліктік-логистикалық форум өз жұмысын аяқтады. Оған Еуроодақ пен ТМД-ның 300-ден астам ірі көліктік-логистикалық компанияларының басшылары қатысты.
Бұл форумның маңызын түсіндіру үшін әңгімемізді аздап та болсын көне тарихтан бастағанымыз жөн секілді. Осыдан үш жарым мың жылдай уақыт бұрын пайда болып, басын Қытайдан алып, бірнеше бағыт бойынша Орталық Азия жерін көктеп өтіп, Парсы, Византия, Иран, Кавказ, Еуропа елдерімен халықаралық сауданың өрістеуіне өлшеусіз әсер еткен көне Жібек жолы біздің өңірдің дамуында да басты қозғаушы күштердің бірі болғаны анық. Жолдың қазіргі Қазақстан аумағын басып өтетін сілемдерінің бойында басында көптеген бекеттер пайда болып, артынан олар қалаларға айналған еді. Жол ғасырлар бойы Орталық Азия халықтарын басқа өңірлермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарып тұрды. Алайда, ХІV-ХV ғасырларда Батыста, соның ішінде Испания, Португалия, Ұлыбритания секілді құрлықтың шетінде, теңіздің өтінде орналасқан елдерде компас пен картаның ойлап табылып, кеме құрылысының өркен жаюына байланысты құрлықтарды бір-бірімен байланыстыратын су жолдары ашылды да, осы құбылыс көне Жібек жолына өз көлеңкесін түсіре бастады. 1453 жылы түріктер Константинопольді басып алды да, олар құрған Осман империясы енді Еуропадан Азияға баратын құрлықтағы сауда жолдарының барлығына өз бақылауын орнатты. Осы жағдай Осман империясымен қырғи-қабақ қарым-қатынастағы еуропалықтарды басқа өңірлерге теңіз және мұхит арқылы шығатын жолдарды іздестіруге мәжбүр етті. Бұл үдерістің соңы әлемде Португалия мен Испания секілді жаңа теңіз державаларының пайда болуымен аяқталды. Қандай жол болмасын, ол – өмір өзегі. Сыртқы әлеммен жол қатынасын қалыптастыра білген ел қашанда болмасын өзгелерден озық дамиды. Мәселен, қазіргі күні 10 млн. адамды құрайтын португалдардың тілінде үш құрлықтың – Еуразияның, Африканың, Оңтүстік Американың 200 миллионнан астам адамы сөйлейді. Бұл ненің әсері? Бұл Португалияның осыдан 5-6 ғасыр бұрын үлкен теңіз державасына айналып, саяхатшыларының жаңа теңіз жолдарын ашып, Америка мен Африкадағы көптеген елдерді отарлауының және сол елдерден алтын тасып, баюының әсері. Біздің қазақта «Біреудің бағы – біреудің соры» деген мақал бар. Осы мақалды көне Жібек жолына да қатысты қолдануға болар еді. Жаңа теңіз жолдарының ашылуы оның бойындағы тіршіліктің саябыр тартуына көп әсер етті. Әйтпесе, осыдан мың жылдай бұрын біздің Қазақстан аумағында 200-ге тарта сауда жолындағы қалалары болғандығын, олардың басым көпшілігі Жібек жолының бойында орналасқандығын біз басқа елдерге әлі де белгісіздеу болып келе жатқан өзіміздің көне тарихымыз арқылы жақсы білеміз. Тіпті, жоғарыдағы фактінің қазақ-кеңес энциклопедиясында тіркелгендігін айта кетсек артық болмас. Кеңес өкіметі кезінде басқа елдерге қарағанда Қазақстан аумағында көне қазба ескерткіштерінің молынан табылуы, қазір де осындай үдерістің жалғаса түсуі соның тағы бір айғағы. Енді, міне, сол көне Жібек жолын қайта қалыптастыру мәселесі қайта бастау алды. Тәуелсіз Қазақстан оның үлкен іздеушісі болып отыр.
115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
Еуразиялық экономикалық одаққа дейін бізде Еуразиялық экономикалық қауымдастық болды. Ол қауымдастық өзінің алдына қойған мақсаттарын орындағаннан кейін өз күшін жойды. Ол қауымдастық арқылы біз Кеден одағын құрдық. Одан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды көздедік. Сол кеңістікті бүгінде құрып отырмыз деуге болады. Кеден одағы жұмыс істеуде. Осы кеден одағында біздің экономикалық шекараларымыз ашылды. Кеден одағында экономиканы дамытып келеміз. Бірақ экономиканың саласы көп. Жалғыз кеден одағымен ол шешілмейді. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылмақ. Алғаш тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. Еуропалық Одақ интеграцаиясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылды. Еуразиялық Экономикалық Комиссия және 2012 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық Экономикалық Кеңістік жұмыс істей бастады. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітуімен, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан Кеден одағы кеңістігінде жұмыс істей бастайды. Экономикалық тұрғыда Еуразиялық экономикалық одақ Еуроодақтың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын көпір болмақ. Бүгінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда. Уақыт өте келе осы маршрут бойына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор. Еуразиялық экономикалық одақ экономикамызды алға дамытудың тағы бір серпін беретін тегершігі болмақ. Біз өндіретін тауарлар әзірге Еуроодақ елдері шығарып жатқан тауарға бәсеке бола алмас әрі ол жақта сұраныс бола қоймас. Сондықтан біз өзіміз өндірген затты Еуразиялық экономикалық одақ көлеміне сата аламыз. Өйткені бұл аймақта 170 миллион адам тұрады. Яғни үлкен тұтынушы шоғыры бар деген сөз. Бейбітшіліксіз өркендеу де, экономикалық өсім де болмайды. Қазір әлемде жаһандану процесі жүріп жатыр. Үш ел тең құқылы Еуразиялық экономикалық одақ құру арқылы әлемдік нарықта төл мүдделерін қорғайды. ЕАЭО құрудағы мақсат - тауарлар, экономикалар мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Болашақ одақта барлық мәселе консенсустық негізде шешілетін болады, яғни түпкілікті шешім үшін барлық үш мемлекеттің де келісімі талап етіледі. Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінiң зейнетақы жүйелерiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы жасалады.
116. Астанадағы ОБСЕ саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс.  Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың  барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы  Ыстамбұлда өткен болатын. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар  басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.   
117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XХI ғасыр» манифесті.
Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.    ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр. Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі – уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе. Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр. Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр. ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.
«Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ.     
118. Қазақстанның сыртқы саясаты. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қырқүйек, 2015 ж.) БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мәні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар жетпіс жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, әлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымын 70 жыл бұрын елу бір мемлекет құрды. Ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде әлемдік қоғамдастықта 193 тәуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкіләлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін салушылар алдағы алыс болашаққа ой көзімен қарай білді. Әлем бүгінде олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр. Қазақстан халықаралық қатынастардағы өзара сенімді қалпына келтіруге, халықаралық құқықтың негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Жетпіс жыл бойы әлемдік қоғамдастық әскери қақтығыстарды ақылға қонымды шешудің түйінін табуға тырысып келеді. Бірақ қақтығыстар азаяр емес. Олар кейбір елдерде мемлекеттілікті күйретудің салдарынан шектен шыққан халықаралық терроризмге ұласуда. Адамзат соғыстардың алдын алу және қақтығыстардың салдарын еңсерудің ескірген тәсілдерінен оларды мән-мағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өтуге тиіс. Ол үшін алыстағы болашаққа батыл көз салып, Біріккен Ұлттар Ұйымына 100 жыл толатын кездегі әлемнің қандай болатынын көре білуіміз керек. Мен Жер бетіндегі өркениет таяудағы отыз жылда соғыстар мен қақтығыстардың шиеленген түйінін даналықпен тарқату үшін күш-жігер таба алатынына сенімдімін.ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Оның мәні – барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыруды ұсынамын. Оның құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сайлаған мүше мемлекеттермен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің барлық басшылары, соның ішінде Халықаралық валюта қорының да басшылары ене алар еді. Кеңеске Жаһандық экономикалық реттеушінің міндеттері жүктелуге тиіс. Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын.
119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады. 1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті. 2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
120. ҚР-ның саяси жүйесінің трансформациялануы: билік, негізгі заң, қарулы күштер, тіл және мемлекеттіліктің өзге белгілері.
Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен саяси мәдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Сонымен жоғарыдағы қарастырылған мәселелерді қортыта келе, азаматтық қоғам мен құқықытық мемлекет құру жолында Қазақстанда күрделі процестер жүріп жатыр деп айтуға болады. Атап айтар болсақ құндылықтарды бағалау, рухани бағдарлардың жаңа мәнге ие болуы, қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастыруда. Бұл жағдайда авторитарлық басқару әдісінен бас тартып, азаматтық қоғам мен  құқықтық мемлекет негізін құруға бағыт алған  Қазақстан саяси басқару жүйесі, өз қызметінде демократиялық нормалар мен принцптерді басшылыққа алуы қажет. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, биліктің бөлінуі, жаңа конституция қалыптасып жария етілгенімен, халық билігі немесе демократия типіндегі билік формасы біздің қоғамымызда әлі қалыптасқан жоқ. Біздің қоғамымыз қазір екі жүйеде дамуда. Бір жағынан ұлтаралық татулық, келісім, халықтың биліке деген сенімі түрлі саяси күштердің барлығының көрінісі бар, ал екінші жағынан–қоғамның барлық саласын қамтыған жемқорлық, қатаң орталықтанған билік, үкіметке деген сенімсіздік және қоғамдағы қалыптасқан жүйеге деген қанағаттанбаушылық бар.Осыдан ой түйіндейтіміз азаматтық қоғам елімізде қалыптасу сатысында, әлі елімізде шынайы саяси билікке бәсекелес болатын, саяси күштердің теңдігін қамтамассыз ететін, үкімет қызметіне бақылау жасай алатын күш қалыптаспай жатыр. Оған кедергі болып жатқан бұрынғы тоталитарлық тәртіп пен номенклатуралық жүйеге үйренген- қоғамдық сана. Ескертетін бір жағдай Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нәтижесінде, атап айтқанда құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сәйкес  Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты. Ал бұл процесс Қазақстан үшін ұзақ та күрделі процесс болмақ.

Приложенные файлы

  • docx 17921884
    Размер файла: 436 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий