fiziologia_tezis


ҚАЗҰМУ БІЛІМ АЛУШЫ ШЕТ ЕЛ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ ҮРДІСІНЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ермекбай Айбек Аманжолұлы,Момбекова Жибек Саховна 3курс, Жалпы медицина факультеті, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан
б.ғ.к., доцент, Хасенова Қадиша Хамзеновна, қалыпты физиология кафедрасы,
м.ғ.к., доцент, Рыспекова Шынар Ордахановна, қалыпты физиология кафедрасы
Өзектілігі: Бейімделіс (адаптация) – сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің бейімделуі. Ол жасушалық, ағзлалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа пайда болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді[1]. Қазіргі таңда шет ел студенттердің бейімделу мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр, сондықтан мұны анқтау өзекеті мәселе[2].
Мақсаты және міндеттері: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде білім алушы шет ел студенттерінің оқу үрдісіне бейімделуінің психофизиологиялық мәселелерін зерттеу[3]. Зерттеу жұмысының міндеттері: 1.тақырып бойынша теоретикалық ізденіс жұмысын жүргізу; 2.студенттер арасында сауалнама жүргізу үшін сауалнама құрастыру; 3.сауалнама қорытындысын жасау[4].
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысы ҚазҰМУ базасында жүргізілді. Зерттеу жұмысына ҚазҰМУ-нің шет ел студенттері факультетінің студенттері(150 студент, олардың ішінде: 50-1 курс студенттері, 50-2 курс студенттері, 50-3 курс тсуденттері) қатысты. Сауалнама жалпы 4 топқа біріктірілген 30 сұрақтан тұрды. Сауалнама сұрақтарын келесі топтарға біріктірдік: 1.Сіз бейімделу теориясын қалай түсінесіз.,2.Оқу үрдісіне бейімделуге қандай факторлар әсер етеді.,3.Студенттердің өмір сүру туралы ақпарат.,4.Студенттердің жалпы денсаулығы туралы ақпарат.
Нәтижелері:Сауалнама қорытындысы бойынша адаптация теориясы көптеген студенттерге түсінікті,1 курс студенттері арасында оқу материалын игеруде кедергі келтірген кітап жеткіліксіздігі болса, 2-3 курс студенттері арасында тілдік кедергілер болған. Оқуының нашарлауына 50% студенттер университеттің оқытушыларының сабақты түсіндірмеуімен түсіндіреді, алайда студенттердің 90% ПОҚ өте қатты ұнайды. Студентттердің әлеуметтік жағдайы: шет ел студенттерінің 100% жатақханамен қамтамасыз етілген. Айлық шығын көлемі 70% 1500-20000 теңгені құрайды.Дұрыс тамақтану режимін сатайтын студенттер - 35-40%.Шет ел студенттерінің барлығында Қазақстанға келгеннен кейін денсаулығында айтарлықтай өзгерістер болмаған, көбінесе тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының ауруларына бейім болым келеді[5].
Қорытынды:ҚазҰМУ шет ел студенттерінің оқу үрдісіне бейімделунің психофизиологиялық мәселелері анықталды.Салыстырмалы түрде қарағанда шет ел және Қазақстандық студенттердің оқу үрдісіне бейімделуінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.Білім алушы шет ел студенттері арасында кездескен негізгі кедергілер 1 курс студенттері арасында кітап жеткіліксіздігі, оқу жүйесін түсінбеуі болса, 2-3 курс студенттері арасында негізінен оқу жүйесінің қиындығы, модульдік жүйенің ауырлығымен, әліде болсада оқу материалын игеру үшін тілдік кедергілердің бар екендігі анықталды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Х.Қ.Сатбаева.,А.А.Өтепбергенов., Ж.Б.Нілдібаева,Адам физиологиясы, Алматы, 2005
2.Под редацией К.В.Судакова, Физиология, Москва, 2000
3.Под редакцией Р.Шмидта, Физиология человека, Москва, 2007
4.Под редакцией Х.К.Сатпаевой, Валелогия, Алматы, 2007
5.Ш.Д.Шибкова, Основы здорового образа жизни, Челябинск, 2000

Приложенные файлы

  • docx 17904590
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий