SRS_Mikra



С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 92710-6477000 КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Эссе
Тақырыбы: Микроэкология негіздері. Микробтық паразитизмнің эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі.
Орындаған: Махамеджанов А.
Қабылдаған:Торгаева Н.А.
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 27-1қ


Алматы – 2015ж.
Микроорганизмдердің Экологиясы
Микроорганизмдердің экологиясы (грек сөзінен oikos - үй, өмір сүру орны) олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Микроорганизмдердің топырақта, суда, ауада, өсімдікте, адам мен жануарлар организмінде кездесетіні белгілі.
Топырақ микрофлорасы
Топырақ микрофлорасы топырақ түзілу мен өздігінен тазалану процесіне және табиғаттағы азот, көміртегі, басқа да элементтердің айналымына қатысатын әртүрлі көпгеген микроорганизмдермен сипатталады. Топырақта бактериялар, саңырауқүлақтар, қыналар (саңырауқүлақтардың цианобактериялармен симбиозы) және қарапайымдар өмір сүреді.
Топырактың беткейінде микроорганизмдер салыстырмалы түрде аз, ойткені оларға УК-сәуле, кептіру және т.б жою әсерін көрсетеді.
Микроорганизмдердің көпшілігі топырақтың 10 см қалывдықтағы жоғарғы қабатында кездеседі. Топырақтың тереңдеуіне байланысты микроорганизмдер саны азаяды және 3-4 м тереңдікте тіпті кездеспейді.
Цианобактериялардың немесе көк-жасыл балдырлардьң азот бекітуші түрлерін күріш өнімін арттыру мақсатында қолданады.
Псевдомонада сияқты бактериялар органикалық затгардың минерализациясына, сондай-ақ нитраттардың молекулярлы азотқа дейін тотығуына белсенді түрде қатысады. Ішек бактериялары (Enterobacteriacae түұқымдасы) - ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия коздырғыштары топыраққа нәжіс арқылы түседі. Бірақ топырақта олардың кебеюіне жағдай жоқ, сондықтан олар біртіндеп өле бастайды. Таза топырақта ішек таяқшасы мен протей сирек кездеседі; олардың көп шамада табылуы топырақтың адам мен жануарлар нәжісімен ластануының көрсеткіші және оның санитарлык-эпидемиологиялық қолайсыздығының дәлелі (жұқпалы аурулар қоздырғыштарының таралу мүмкіндігі).

Су микрофлорасы
Су микрофлорасы микроорганизмдердің табиғи өмір сүру ортасы бола отырып топырақтың микробтық пейзажын көрсетеді, себебі микроорганизмдер суға топырақ бөлшектерімен түседі. Сонымен қатар суда табылу орнының жағдайына (физико-химиялық, жарықтандыру, оттегі мен көміртегі диоксидінің ерігіш дәрежесі, органикалық және минералдық заттардын күрамы т.б.) бейімделген микроорганизмдердің басым белгілі биоценоздары құрылады, Тұщы су қоймаларында таяқша тәрізді (псевдомонодалар, аэромонадалар т.б.), кокк тәрізділер (микрококтар) және иілген бактериялар кездеседі. Көл мен өзендерге ластанған жаңбыр, еріген және ағын сулармен адам мен жануардын калыиты микрофлорасыньщ өкілдері (ішек таякшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококтар, клостридиялар) және ішек инфекциясының қоздырғыштары - іш сүзегі, паратиф, дизентерия, тырысқақ, лептоспироз, энтеровирусты инфекциялар т.б түседі. Сондықтан, су көптеген жүқпалы аурулар қоздырғыштарының тасымалдану факторы болып табылады. Кейбір қоздырғыштар суда кебеюі мүмкін (тырысқақ вибрионы, легионеллалар).
Ауа микрофлорасы
Ауа микрофлорасы топырақ пен су микрофлорасымен өзара байланысты. Ауаға микроорганизмдер тьныс жолдарынан және адам мен жануар сілекей тамшыларымен түседі. Күн сәулесі мен басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына себеп болады. Микроорганизмдердің көпшілігі ірі қалалар ауасында, аз бөлігі ауыл ауасында болады. Әсіресе микроорганизмдер орман, тау, теңіз ауасында аз. Аурулар мен тасымалдаушылардың сөйлеуі, жөтелуі, түшкіруі кезіндегі патогенді микроорганизмдердің (туберкулез, дифтерия (күл), көкжөтел, скарлатина, қызылша, түмау қоздырғыштары т.б) бөлінуі туралы жанама дәлел бойынша, санитарлық-көрсеткішті бактериялардьщ (алтын түсті стафилококк және стрептококтар) болуы арқылы анықталады, себебі олар жоғарғы тыныс жолдарының микрофлора өкілі және ауа-тамшы жолмен таралатын патогенді микроорганизмдер белінуінің жалпы жолы бірдей.
Микроорганизмдердің табиғагтағы заттар айналымындағы ролі
Микроорганизмдер көмегімен өсімдік және жануар текті органикалық қосылыстар көміртегі, азот, күкірт, фосфор, темір және т.б. дейін минералданады.
Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымына есімдіктер, фотосинтез процесінде СО2 бекітуші балдырлар мен цианобактериялар, сондай-ақ өлген өсімдіктер мен жануарлардың органикалык заттарын СО2 бөле отырьш ыдырататын микроорганизмдер белсенді қатысады. Оріаникалық заттарды аэробты ыдырату кезінде СО2 мен су, ал анаэробты ашытуда - қышқыл, спирттер, СО2 түзіледі. Спиртті ашыту кезінде микроорганизмдер (ашытқы т.б.) көмірсуларды этил спирті мен көміртегі диоксидіне дейін ыдыратады. Сүт қышқылды бактериялар туғызатын сүткышқылды ашыту сүт пен сірке қышқылының және көміртегі
диоксидінің бөлінуімен сипатталады, басқа ашыту процестері әртүрлі қышқылдар мен көміртегі диоксидінің пайда болуымен аяқталады (клостридиялар, пропионбактериялар туғызатын).
Азот айналымы. Ауа азотын түйнек бактериялар мен топырақта бос өмір сүретін микроорганизмдер ғана байланыстырады. Өсімдік, жануарлардың органикалық қосылыстары және микроб қалдықтары топырақта микроорганизмдермен аммоний қосылысына айналып минерализацияға ұшырайды. Микроорганизмдермен ақуыздың бүзылуы кезіндегі аммиактың пайда болу процесі аммонификация немесе азоттың минералдануы деп аталады. Бүл процеске белсенді қатысатын бактериялар: псевдомонадалар, протейлер, бациллалар, клостридиялар. Ақуыздың аэробты жағдайда ыдырауы кезінде көміртегі диоксиді, аммиак, сульфат пен су; анаэробты жағдайда - аммиак, аминдер, көміртегі диоксиді, органикалық қышқылдар, индол, скатол, күкірт сутегі түзіледі.
Зәрмен белінетін мочевинаның ыдырауы уробактериялармен жүргізіледі, оны аммиак, көміртегі диоксидіне, суға дейін ыдыратады. Бактериялардың ферментациясы нәтижесінде пайда болған заттар жоғарғы жасыл өсімдіктермен қолданылады. Өсімдіктер үшін жаксы сіңірілуші нитраттар — азотқышқылды тұздар болып табылады. Бүл процесс нитрификациялау, ал оны тудыратын микроорганизмдер нитрификациялаушы деп аталады. Нитрификациялаушы бактерияларды алғаш бөліп анықтаған орыс ғалымы Виноградский С.Н. (1890-1892). Нитрификация екі кезеңнен түрады: бірінші кезеңді нитрозомонас туыстығындағы бактериялар және т.б. аткарады, осы кезде аммиак азот қышқылына дейін тотығып нитрит түзеді; екінші кезеңде нитробактер туыстығына жататын бактериялар т.б. қатысады, осы кезде азот кышкылы азоттты қышқылға дейін тотығып нитраттарға дейін айналады. Нитрификацияның екі кезеңі микроорганизмдердің өзара байланысы - метабиоз деп аталады, осы кезде басқа микроорганизмнін тіршілік өнімін пайдалана отырып екінші микроорганизм көбейеді.
Нитраттар топырақтың кұнарлылығын арттырады, дегенмен кері процесс те бар: нитраттар денитрификация процесі нәтижесінде бос азотгы бөлуге дейін қалпына келуі мүмкін, бүл оның топырақтағы түз түріндегі қорын азайтып, оның кұнарлылығын төмендетеді.

Адам денесініц микрофлорасы
Адам организмінде 500 ден астам микроорганизмдер түрлері қоныстанған (колонизацияланған), бүлар бір-бірімен және адам организмімен тепе-теңдік (эубиоз) жағдайда бола отырып адамның қалыпты микрофлорасын қүрайды. Микрофлора бұл микроорганизмдердің тұ рақты қоғамдастығы, яғни микробиоценоз. Олар адам денесі беткейінде және қоршаған ортамен байланысты қуыстарда колонизациялайды. Қоғамдастағы микроорганизмдердің өмір сүру орны биотоп деп аталады. Қалыпты жағдайда микроорганизмдер өкпе мен жатырда болмайды. Қалыпты микрофлораның түрлері: тері, ауыздың шырышты қабығы, жоғарғы тыныс жолдары, асқорыту жолы мен зәр жынмс жүйесі. Қалыпты микрофлораның резидентті және транзиторлы микрофлорасын бөледі. Резидентті (тұрақты) облигатты микрофлораға организмде тұрақты түрде болатын микроорганизмдер өкілдері жатады. Транзиторлы (түрақсыз) микрофлораның организмде ұзақ уақыт сақталу кабілеті жоқ.
Адам организмі мен оның қалыпты микрофлорасы біртұтас экологиялык жүйені құрайды. Жаңа туған баланың микрофлорасының қалыптасуы босану процесінде тері мен шырышты қабыққа микроорганизмдердің түсуінен басталады. Микрофлораның әрі қарай қалыптасуы босану, тамақтандыру түрі және т.б. өтетін ортаның санитарлық жағдайымен аныкталады. Қалыпты микрофлора өмірінің үшінші айының соңында түрақтанып, ересектер микрофлорасына ұқсайды. Ересек адамның микроорганизмдер саны 1014 дараны кұрастырады, әсіресе облигатты анаэробтар анағүрлым дәрежеде басым болады.
Қалыпты микрофлора өкілдері экзополисахаридті-муцинді матриксте қоршалған, шырышты қабықша мен теріде әртүрлі әсерлерге түрақты биологиялық қабыкты түзеді.
Тері микрофлорасының ауа микроорганизмдерінің таралуында үлкен маңызы бар. Десквамация (қабыршактану) нәтижесінде бірнеше микроорганизмдер орналасқан бірнеше миллион қабыршақтар қоршаған ортаны ластайды. Тері мен оның терең қабаттарында (шаш қапшықтары, май және тері без қуыстары) анаэробтар аэробтарға қарағанда 3-10 есе көп. Теріні колонизациялайтын микробтар: пропионбактериялар, коринеформды бактериялар, стафилококтар, стрептококтар, ашытқы тәрізді саңыраукұлақтар, сирек микрококтар. 1см2 теріге 80000-дай микроорганизмдер келеді. Қалыпты жагдайда бүл сан терінін бактерицидті стерильдейтін факторлары нотижесінде көбеймейді, жекелей теріде а-глобулиндер, А, G иммуноглобулиндер, трансферрин, лизоцим және басқа да микробқа қарсы затгар аныкталған, Терінің өздігінен тазалану процесі таза жуылған теріде күшейеді. Микроорганизмдердің көптеп есуі лас теріде жүреді; ағза олсірегенде көбейетін микроорганизмдер дененің иісін анықтайды. Лас қол арқылы дәрілік заттардың тері микроорганизмдерімен контаминациясы (ластану) жүреді, бүл дәрілік препараттардың бүзылуына алып келеді.
Жоғаргы тыныс жолдарына микроорганизмдермен байланысқан шаң бөлшектері түседі, олардың кепшілігі мұрын-ауыз жұтқыншақга ұсталынып қалады. Бүл жерде бактероидтар, коринеформды бактериялар, гемофильді таяқшалар, пептококтар, лактобактериялар, стафилококтар, стрептококтар, патогенді емес нейссериялар т.б. өседі. Кеңірдек пен бронхтар әдетте стерильді.
Асқорыту жолының микрофлорасы өзінің сапалық және сандық қүрамы бойынша ең келбетті. Сонымен қатар, микроорганизмдер асқорыту жолдарында бос мекендейді және шырышты қабықты колонизациялайды.
Ауыз қуысында актиномицеттер, бактероидтар, бифидобактериялар, эубактериялар, фузобактериялар, лактобактериялар, гемофильді таякшалар, лептотрихтер, нейссериялар, спирохеталар, стрептококтар, стафилококтар, вейлонеллалар т.б. мекендейді. Сондай-ақ Сandida туыстығындағы саңырауқүлақтар мен қарапайымдар кездеседі. Қалыпты микрофлора ассоцианттары мен олардың тіршілігінің өнімдері тіс қабатын құрайды.
Асқазан микрофлорасы лактобацилламен және ашытқылармен, жекелеген грам теріс бактериялармен сипатталады. Олар ішек микрофлорасына қарағанда азырақ, өйткені асқазан сөлінің рН-ы төмен және көптеген микроорганизмдер тіршілігіне қолайсыз. Гастрит, асқазанньщ жарасы кезінде бактериялардың иілген пішіндері -НеіісоЬасіег руіогі кездеседі, бұл патологиялық процестің этиологиялық факторы болып саналады.
Ащы ішекте асқазанға қарағанда микроорганизмдер көп; бифидобактериялар, клострвдиялар, эубактериялар, лактобациллалар, анаэробты коктар анықталады. Микроорганизмдердің негізгі саны ток ішекте жиналған. 1 г нәжісте 250 млрд микробты жасушаға дейін болады. Барлық микроорганизмдердің 95% анаэробтар құрайды. Тоқ ішек микрофлорасының негізгі өкілдері: грам оң анаэробты таяқшалар (бифидобактериялар, лактобациллалар, эубактериялар); грам оң спора түзуші анаэробты таякшалар (клостридиялар, перфрингенс және т.б.); энтерококтар; грам теріс анаэробты таяқшалар (бактероидтар); грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар (ішек таяқшасы және соған ұқсас
Адам өміріндегі маңызды ролді тоқ ішек микрофлорасы алады — бұл өзіндік экстракорпоральды мүше. Ол шірігіш микрофлораның антагонистері болып табылады, өйткені сүт, сірке қышқылдарын, антибиотиктерді т.б. түзеді. Тоқ ішектің су-тұз алмасуында, ішектің газдық құрамын реттеуде, ақуыз, көмірсу, май қышқылдары, холестерин мен нуклеин қышқылдары алмасуывда, сондай-ақ биологиялық белсенді заттар - антибиотиктер, дәрумендер, токсиндерді т.б. түзудегі маңызы зор. Микрофлораның морфокинетикалык ролі оның ағзаның мүшелері мен жүйелерінің дамуына қатысуымен түсіндіріледі; сондай-ақ ол шырышты қабаттың физиологиялық қабынуы мен эпителиді алмастыруда, экзогенді субстратгар мен метаболиттерді қорыту және детоксикациясына қатысады, бүл қызметті бауыр қызметімен салыстыруға келеді. Қалыпты микрофлора ішектегі канцерогенді заттарды жоя отырып, антимутагенді рольді атқарады. Соған қарамастан кейбір бактериялар күшті мутагендерді түзуі мүмкін.

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі.
Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды. Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б. Паразитизм өсімдіктер арасында да кең тараған. Бірақ мүк, қырыққұлақтәрізділер, жалаңаш тұқымдылар арасында паразитизм кездеспейді. Паразитизмнің табиғаттағы организмдер популяциясын реттеуде және сұрыптау процесінде маңызы болғанымен, адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге өте көп зиян келтіреді. Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, т.б. ғылым салалары зерттейді;
"Патогенділік" - микроорганизмнің ауру қоздыру қабілеті. Ол екі грек сөзінен тұрады: раіһоз - қайғы-қасірет, gепеs - тудыру. Патогенді, яғни ауру тудырушыларға барлық бактериялар жатпайды. Микро- және макроорганизм арасында түрлі .симбиоз формалары бар: мутуализм, комменсализм және паразитизм. Патогенділік, немесе ауру тудыру қабілет абсолютты емес. Оның пайда болуы келесі шарттарға байланысты:
Микробтардың патогенділігі жануарлардың арнайы түрінде байқалады. Кей бактериялар тек адамға патогенді, басқалары тек жануарларға патогенді, ал тағы баскалары адамға және жануарға да патогенді (оба, бругцеллез, туляремия т.б. қоздырғыштар).
Кей жағдайларда (табиги) микробтар макроорганизмге патогенді емес, ал жағдайы өзгергенде сол микроорганизм патогенді болып келеді. Мысалы, табиғи жағдайда тауықтар сібір түйнемесімен ауырмайды, ал егер олардың дене температурасын төмендетсе олар ауырады.
Сау адамға патогенді емес немесе шартты патогенді микроорганизмдер организмнің табиғи резистенттілігі (төзімділігі) бәсендесе осы микробтар патогенді болып келеді.
Патогенді организмдер сапрофиттер шықты деп болжамданады, олар эволюция процесінде жануар ағзасының әртүрлі тіндері мен мүшесіеде паразиттік қоректену типіне бейімделген. Және сол жануарлар мен өсімдіктер белгілі бір паразит таксондарының қожайыны болып табылады. Қожайын организмі де эволциялық процесс бойынша өзгеріп отырады, яғни оларда паразиттерге қарсы қорғаныш механизмі қалыптасады. Бір жағынан, эволюция бойынша көптеген паразиттер қожайынының қорғаныш реакцияларына бейімделуі жүреді. Мұндай бейімделуге паразит клеткасының қабырғасының қалыңдауы мысал бола алады.

Приложенные файлы

  • docx 17903053
    Размер файла: 71 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий