Makroekonomika_p_1241_ni_zh_1241_ne_makroekonomikaly_1179_k_1257_rsetkishter


Макроэкономика пәні және макроэкономикалық көрсеткіштер
Макроэкономика – экономиканы толығымен оқытатын ғылым , яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.
Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды. Макроэкономистер табыстар, бағалар, жұмыссыздық пен басқа да көптеген экономикалық көрсеткіштер туралы мағлұматтар жинайды. Осыменен бірге макроэкономиканы оқытудың мақсаты тек қана экономикалық құбылыстарды түсіндіріп қана қоймайды, соныменен қатар экономикалық саясатты жетілдіру.
Макроэкономикалық теорияның екі түрлілігі болады:
позитивті макроэкономика (нақты құбылыстарды суреттейді және олардың өзара байланыстарын оқып-үйретеді);
нормативті макроэкономика (қандай аспектілерді қолданған дұрыс екенін белгілейді).
Қарастырп отырған мақсаттарына байланысты макроэкономика әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Макроэкономиканың негізгі құралдарына жататындар:
жоғары және өспелі ұлттық табыстың деңгейі;
жоғары жұмыспен қамтылу;
тұрақты немесе жай өспелі баға деңгейлері.
Макроэкономика негізгі мақсаттарына жету кезінде салықтық-бюджетті, ақша-несиелік, сыртқыэкономикалық, сауда саясаттарын және табыстар саясатын қолданады.
Макроэкономикалық факторлар (пайыздың, инфляцияның, жұмыссыздықтың нарықтық ставкаларвнвң деңгейлері сияқты және т.б.) қор жинау, инвестициялар, тұтынушылар шығындары туралы үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдеріне әсер етеді. Ол өз алдына жиынтық сұраныстың деңгейі мен құрылымын анықтайды.
Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды.
Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: диынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.
ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.
ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.
Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі).
ЖІӨ құнына кірмейді:
мемлекеттік трансферттік төлемдер, олар зейнетақыға, шәкіртақыға, әлеуметтік сақтандыруға және басқа соған сәйкес төлемдерден тұрады; олар қандай да бір өнім өндіруге жұмсалмайды және бар қаржылық ресурстарды қайта бөлудің нысаны болып табылады; қор биржасында бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
ұсталынған тауарларды қайта сату.
ЖІӨ-ді есептеудің 3 түрі бар:
1.Шығындар бойынша
2.Табыс бойынша
3.Қосымшы құн бойынша
Ұлттық есептеу шотында шығындар мен табыстар бухгалтерліе баланстеар сияқты бір-біріне тең болу керек. Яғни
C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A
Теңдіктің оң жағы, табыстық бөлігі құралады:
C+S – тұтынуға және жинақтауға кететін еңбек ақы
P – корпорация пайдасы;
R – рента
i–пайыздық табыс;
T – салық
A (amortization) – амортизациялық аударымдар,
Негізгі ақша агрегаттары, ақша жиыны
Ақша – бұл маңызды макроэкономикалық категория. Ол- мәміле жасау үшін қажетті қаржылық активтің түрі. Ақшаның басты қасиеті – оның жоғары өтімділігі, яғни ақшаның аз шығынмен тез арада басқа актив түрлеріне өту қабілеттілігі. Ақша жиыны- нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады. 
Кез-келген дамыған елде бүгінде ақша айналысы купюра, монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар арқылы да көрінеді. Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады. Сондықтан да «ақша» терминінің орнына ақша массасы түсінігі қолданылады. Ақша массасын өлшеу үшін ақшалық агрегаттар пайдаланылады. Оларға М1, М2, М3, L агрегаттары жатады. Ақшалық агрегаттардың құрамы мен саны әр елде әр бөлек болады.
М1 Қолма-қол ақша чектер,тауар етілгенге дейінгі депозиттер
М1+ чектік емес депозиттер аз көлемдік мерзімдік салымдар
М3+ көп көлемдегі мерзімдік салымдарды қамтиды
L,M3-ті қамтиды + қазыналық жинақтау облигациясы. қысқа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер, коммерциялық қағаздар т.с.с. бар.
М2 агрегаты мен М1 агрегатының айырмасы квази-ақша (жалған ақша) деп аталады. Әдетте, қолма-қол ақша М0 әрпімен белгіленеді. Ақша агрегаттарының динамикасы бірнеше факторларға тәуелді. Егер пайыздық ставка өссе, М2 және М3 агрегаттары М1 агрегатын басып озады. Өйткені олардың құрамындағылар пайыз түрінде табыс әкеледі. Ақшаның атқаратын негізгі қызметтері төмендегідей:
- айырбас құралы
-Төлем құралы
- құн өлшемі
- жинақтау немесе қорлану құралы.
-әлемдік ақша
Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш тәсіл арқылы жүзеге асырылады:
а) ақша беру арқылы
ә) банк есебінде жазу арқылы
б) бір тұлғаның екінші тұлғаға бережақ екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.
Осы негізде төлем құралдарының үш түрі бар:
- қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар),
- чектер, ағымдық есептер
- қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).
Ақшаның экономикадағы ролі жоғарыдағы қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, ресурстардың жұмысбастылығына, баға деңгейіне әсер етеді.
Экзогенді және эндогенді айнымалылар
Макроэкономикалық үлгі — әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
     Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.
     Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Жалпы ұлттық өнім: мәні мен мағынасы
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.
Қайталап есептеуді болдырмау үшін, ЖҰӨ-ге кірмейтіндер:
1) Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ-ге нан пісіретін өндірістегі ақтық тауарларды алу үшін қажетті дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер біз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ-нің құнын үстемеленген құнның мөлшеріне дейін өсіретін едік.
а) Төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
2) Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар. Оларға жататындар:
б) Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
в) Ұсталған заттарды сатып алу
5.ЖҰӨ: есептеу әдістері
ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:
Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;
Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.
Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді.Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру табыстар ағымы. 1 әдіске келсек «шығындар ағымы». Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз жалпы ұлттық өнім көлемін аламыз.
Шығындар мыналардан тұрады:
Тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т.б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.
Станок, ғимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін инвестициялар.
Мемлекеттің тауар және қызметті сатып алуға (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т.б) және трансферттік төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б төлеуге) кететін шығындар.
Таза экспортты яғни экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.
әдіске келсек табыстар ағымы оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз.
Табыстар мыналардан тұрады.
Жалпы рента , процент және пайда. Табыс бойынша есептелген, жалпы ұлттық өнімге жататындар:
жалақы,
рента,
процент,
пайда,
жанама салықтар,
амортизациялық шығындар.
6. ЖІӨ, ЖҰӨ ұғымы,айырмашылығы
ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.
ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.
ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық ақндай? Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі). ЖҰӨ ЖІӨ сияқты есептеледі, бірақ одан айырмашылығы шетелден алынатын таза факторлық табыс дәрежесінде (ТФТ – осы елдің азаматтарының шетелде алған табыстары мен шетелдіктердің біздің елдің территориясындағы алған табыстарының арасындағы айырмашылық). Яғни ЖІӨ =ЖҰӨ - ӨФТТ (өндіріс факторының таза табысы – шетелден алған біздің елдің тұрғындарының табысынан біздің елдегі шетелдіктердің табысын шегергенге).
7. Инфляция деңгейі. Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы
Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:
π=
Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі
Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі
Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол инфляцияға кері процесс. Инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады. Швед экономисті Б. Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді. Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.
Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:
- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі
- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі
- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды.
Айқын инфляция сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы формасын да қабылдауы мүмкін.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвистицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.
Шығындар инф-сы ұсыныс инф-сы деп те аталады.
Шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі- стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.
320040127000Р
Р

У
У
00Р
Р

У
У

796290109220
58864557150086296524765
Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:
ақша массасын азайту;
есептік ставканы арттыру;
міндетті резервтер нормасын көтеру;
мемлекеттік шығындарды қысқарту;
салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.
Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.
8. Жиынтық сұраныс және оған әсер ететін факторлар
AD - AS моделі жиынтық өндіріс пен экономикадағы баға деңгейіндегі ауытқуды, олардың өзгеру себептері мен салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық экономика макроэкономика жағдайында жалғыз жиынтық фирмадан тұратын біртұтас нарық ретінде қарастырылады. Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:
- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)
- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)
- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)
- таза экспорт (Хп)
Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.
914400111125Р
Р
AD
У
У
00Р
Р
AD
У
У




AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.
AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:
- пайыздық ставка әсерімен;
- нақты байлықтың әсерімен;
- импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.
Жиынтық сұранысқа бағадан басқа бағалық емес факторлар әсер етеді: тұтынушылардың байлығы, баға өзгерісін күту, салық, пайыздық ставка, субсидия, жеңілдікті несие, валюта курсының ауытқуы, сыртқы нарықтағы жағдай т. б. Сонымен бірге ақша саны (М), оның айналыс жылдамдығы (V) да жиынтық сұранысқа әсер етеді.
2а)-суретте ақша масасы мен ақшаның айналыс жылдамдығының көбеюі AD1 қиысығын AD2-ге орын ауыстырады.
2ә)-суретте әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың азаюы экспортты азайтады.
114300-228600Р
Р
У
У
AD1
AD2
AD1
AD2
00Р
Р
У
У
AD1
AD2
AD1
AD2




2а)-сурет 2ә)-сурет
Бағалық емес фактордың әсерін біржақты талдауға болмайды. Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады.
9. Жиынтық ұсыныс және оған әсер ететін факторлар
Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.
27622544450Р
AS
У
00Р
AS
У





3-сурет
Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:
- толық емес жұмысбастылық жағдай;
- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;
- толық жұмысбастылық жағдайы.
Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:
а) горизонтальді немесе кейнстік;
б) аралық;
в) вертикальді немесе классикалық.
Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды.
Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.
Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.
Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:
өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;
технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;
экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;
баға, номиналды жалақы тез өзгереді;
LRAS вертикаль түрде болады.
Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:
экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.
баға, номиналды жалақы тұрақты болады.
нақты шамалар тез өзгереді.
SRAS горизонталь болады.
847725120650Р
Е1
Е2
SRAS
AD2
AD1
У1
У2
У
00Р
Е1
Е2
SRAS
AD2
AD1
У1
У2
У







10. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдігі.
Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік, бір жағынан, жиынтық сұраныспен байланысты болса, екінші жағынан, жиынтық ұсынысқа тәуелді. Классикалық және кейнстік модельдер жиынтық ұсыныстың қысқа және ұзақ мерзімдегі нұсқаларын қарастырғандықтары белгілі. Классикалық бағыттың да, кейнстік бағыттың да қазіргі ізбасарлары қысқа мерзімдегі жиынтық ұсынысты бағадан тәуелді шама ретінде қарастырады. Сәйкесінше, АS қисығы оң көлбеулі болады және оның теңдеуі У=У*+f(Р- Рe) түрінде беріледі ( 1-сурет). Мұндағы У*- потенциалды ЖІӨ, Р- нақты баға деңгейі, Рe - күтілетін баға деңгейі, f- оң коэффициент.
68580050800P
Pe
У=У*+α(Р-Рe)
У*
у
00P
Pe
У=У*+α(Р-Рe)
У*
у




1-сурет
Бұл модель бойынша күтілген баға деңгейі нақты баға деңгейіне сәйкес келмесе, өндіріс көлемі потенциалды деңгейден ауытқиды.
Жиынтық ұсыныс теориясын, кей кезде, қателіктер теориясы деп атайды. Өйткені, бағаның іс-жүзіндегі деңгейінің күтілетін деңгейден ауытқуы, әдетте, жұмысшылар мен фирма иелерінің қате түсініктерімен түсіндіріледі. Мысалы, жұмысшылар өздерінің баға өсуімен байланысты болған номиналды жалақыларының көтерілуін нақты жалақының өсуі деп санайды. Нақты жалақы өсті деп түсінген олар өздерінің еңбектерін ұсынуды арттырады.
Ал фирма иелері баға өсуі мен номиналды жалақының өсуінің нақты арақатынасы туралы мағұлматтарға көбірек ие. Олар номиналды жалақы өсімінің бағаның өсуіне қарағанда баяу жүретіндігін біледі. Яғни нақты жалақы түсе бастағандықтан олар еңбекке деген сұранысты арттырады. Нәтижесінде, баға өсуімен бірге жұмысбастылық пен өндіріс көлемі қатар жүреді.
Егер іс жүзіндегі баға (Р) күтілетін баға деңгейінен жоғары болатын болса, өндіріс көлемі (У) потенциалды деңгейден (У*) артық болады. Бұл нақты жалақының төмендеуіне әкеледі. Осы процесс жұмысшылардың нақты жалақы туралы өз қателіктерін түсініп, номиналды жалақыны көтеруді талап еткендеріне дейін жүреді.
Жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі арқылы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады. Ол Филлипс қисығы арқылы көрінеді:
У=У*+ α (Р-Рe) => Р- Рe + 1/ α (У-У*)
Теңдеудің екі жағынан өткен мерзімдегі бағаны шегеріп, баға деңгейлерінің айырмасын инфляция қарқынымен ауыстыралық:
Р-Р-1= π
Ре-Р-1= πе, мұндағы Р-нақты баға деңгейі, Р-1-өткен мерзімдегі баға деңгейі, π- инфляция деңгейі, πе- күтілетін инфляция.
Әрі қарай алгебралық түрлендіру жүргізу үшін Оукен заңын пайдаланамыз:
У-У*/ У*=-β(u-u*) - Оукен заңы.
Мұндағы: У- нақты өндіріс көлемі, У*-потенциалды ЖІӨ, u - нақты жұмыссыздық деңгейі, u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, β - ЖІӨ-нің циклдық динамикасына сезімталдық коэффициенті. Ол эмпирикалық жолмен, яғни зерттеулердің нәтижесінде алынады.
Жоғарыдағы заңға сәйкес нақты өндірістің потенциалды деңгейден ауытқуын нақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейден ауытқуымен алмастырайық және теңдеуге бағаға әсер ететін ұсыныс сілкінісін қосайық. Нәтижесінде π = πе -β(u-u*)+έ теңдеуі алынады.
Егер мемлекеттік шығындар мен сыртқы байланысты ескермесек, жиынтық сұранысты инвестиция мен тұтыну шығындарынан тұратын функция түрінде жазуға болады:
AD = C( Y ) + І( r )
Ал жиынтық ұсыныс жалпы ұлттық табысқа сәйкес келеді және ұлттық тұтыну мен жинақтауына бағытталады:
AS = C ( Y ) + S( Y )
Тауар нарығындағы тепе-теңдік төмендегі шарт орындалғанда қалыптасады:
АD=AS=>C(у)+I(r)=>С(у)+S(у)=>I(r)=S(y)
Теңдестіктің бұл шартын классикалық модельде де кездестірген болатынбыз. Бірақ классиктердің теңдеуінде тепе-теңдік тек бір нүктеде – жинақтау мен инвестицияның қиылысу нүктесінде орын алады.
11. Нақты және атаулы валюта бағамына әсер ететін факторлар
Валюта бағамы деп – бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасы. 127 теңге=1$ .
Валютаның бағамы екі түрге бөлінеді: атаулы және нақты бағам
Атаулы бағам. Ол екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Мысалы, 1 доллар-150 теңге атаулы бағамы бойынша халықаралық нарықта 1 долларды 150 теңгеге айырбастаймыз, ал доллар алғымыз келсе, онда әр долларға 150 теңге төлейміз.
Нақты бағам. Ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда, ол бізге елдің ішінде шығарылған тауардың бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.
Нақты бағам=атаулы бағам ((өз елінде өндірілгентауар құны)/(шетелде өндірілген өнім құны))
Оны мына формуламен нақтылап көрсетуге болады.

Формуладан көріп отырғанымыздай атаулы бағам елдің тауарларының басқа елдің бағасымен салыстырғандағы құнын білдіреді. Егерде атаулы бағам арзан болса елдің тауарларын алу тиімді болады және таза экспорт көлемі өседі, оның формуласы:

Мұнда: NX – таза экспорт
Нақты баға көлемі таза экспорт көлеміне кері пропорционал. Елдегі бюджет-салық саясаты. Егер мемлекет ұлттық қордың көлемін G арқылы қысқартатын болса, S-І көлемін қысқартады, ал ол NX көлеміне әсер етеді.
Қордың азаюы ұлттық валютаның ұсынысын төмендетеді, ол нақты бағамды жоғарылатады. Бұның нәтижесінде елдің тауарлары қымбаттап таза экспорт көлемі төмендейді, яғни S-І қисығы солға жылжиды.
12. Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары
              Ақша-несие- бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі- Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының басты мақсаты-айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып,несиеге деген сұранысты азайту,соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендету,ұлттық валютаның тұрақтылығын,яғни оның төлем қабілеттілігі басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамаыз ету б.т.Ақша-несие саясатының түрлері.         Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:1)    рекстрикциялық ақша несие саясаты;2)    экспанциялық ақша несие саясаты.      Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.        Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
13  Валюта дегеніміз-заңды төлем қаражаты ретінде мемелкет қабылдаған әр түрлі ақша біріліктері немесе құнды банкноттар мен тиындар,оның ішінде қымбат металдардан жасалған стандарттар (оларға қоса айналымнан алынған немесе алынып жатқан,бірақ айналымдағы ақша біріліктеріне айырбастауға жататындары),сондай-ақ есеп шоттардағы халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар. Валюталық бағам – бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.Валютамен жасалатын операциялар ақша-несие саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, олар бюджет жағдайына, экономикалық өсуге ықпал етеді. Валюта қатынастары халықаралық байланыстардың – тауар айналымы мен капитал қозғалысының, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың, мәдени айырбас пен туризмнің мазмұнын көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта курсының динамикасы мен мемлекеттің валюта саясатынан тікелей тәуелді болады. Халықаралық саудада белгілі бір ара қатынаста валюта нарықтарында бір-біріне айырбасталатын әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады. Оларға номиналды, нақты, икемді валюта курстары жатады.
Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.
Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын арттырады және елдегі шетел валютасының ұсынысын қалыптастырады.
Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.
Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға болады: ЕR = EN • (Pd / Pf)
Мұндағы, ЕR – нақты валюта курсы;EN – номиналды валюта курсы; Pd – ұлттық валютамен берілген ішкі баға деңгейі; Pf – шетел валютасымен берілген шетелдегі баға деңгейі.
14. 2.2 Атаулы және нақты бағам және оларға әсер ететін факторлар
Экономистер валютаның бағамын екіге: атаулы және нақты бағамға бөледі. Оларды жеке-жеке қарастырайық.
Атаулы багам. Ол екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Яғни жоғарыда қарастырылған бағам түрі. Мы-салы, 1 доллар — 150 теңге атаулы бағамы бойынша ха-лықаралық нарықта 1 долларды 150 теңгеге айырбастай-мыз, ал доллар алғымыз келсе, онда өр долларға 150 теңге төлейміз.
Нақты багам. Ол скі елдсгі тауар багасының қа-тысы. Басқаша айтқанда, ол бізге елдің ііиінде Іпыга-рылған тауардың бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.
Бүл екеуін келесі мысал арқылы қарастырайық. Америкалық машиналардың қүны 1000 доллар. Ал жапондық сондай машина 2,4 млн. иена түрады. Атаулы бағам 1 доллар — 120 иена болсын. Одан көріп отырға-нымыздай америкалық машина жапондық машинаның жарты бағасын қүрайды. Осыдан нақты бағамның келе-сідей формуласы ІІІығады.
Нақты бағам = атаулы багам* ((өз елінде өндірілген тауар қүны) /(шетелде өндірілген өнім қүны)).
Оны мына формуламен нақтылап көрсетуге болады.
Ен=ЕАх(Р/Р*)
Формуладан көріп отырғанымыздай атаулы бағам ел-дің тауарларының басқа елдің бағасымен салыстырган-дағы қүнын білдіреді. Егерде атаулы багам арзан болса елдің тауарларын алу тиімді болады жөне таза экспорт көлемі өседі, оның формуласы:
NX=NX (EH)
Мүнда: NХ — таза экспорт.
Таза экспорт пен нақты бағамның қатынасын біз келесі графиктен көре аламыз
Суреттен көріп отырғанымыздай нақты бағам көлемі таза экспорт көлеміне кері пропорционалды қатынаста. Суреттегі вертикал сызықтың деңгейі таза экспорттың көлемі теріс санға ауысуын, яғни импорттың экспорттан артық болуын көрсетеді.
Бағамның экспортқа әсерін графикпен көрсетейік
Мүнда тік қисық қор мен инвестицияның айыр-машылығын көрсетеді.

Сурет – 3 Сурет - 4
15. Сауда саясаты. Сауда саясаты – бұл салық, субсидия импорт пен экспортты тікелей шектеу арқылы жүргізілетін үкіметтің бюджет – салық саясатының бір бағыты.Көп экономисттер сыртқы сауданы ырықсыздандыру жағында, олардың пікірінше саудалық шектеулер тек қана қысқа мерзімдік сипатқа ие, ұзақ мерзімде тек еркін сауда ғана экономикалық ресурстарды ұтымды орналастырып, пайдалануға ықпал етеді. Дегенмен, еркін сауданың жолында үлкен кедергілер бар. Оларға квота, тариф, экспорттық – импорттық шектеу тағыда сол сияқтылар жатады.
Тариф – бұл импортқа салынатын кедендік баж салығы. Тарифтің енгізілуі импорттық тауар бағасын дүние жүзілік бағадан арттырып жібереді, яғни Pi = Pm + Pm * Kt
Мұндағы Pi – импорттық тауардың біздің ішкі нарығындағы баға, Pm – дүние жүзілік баға, Kt – тарифтік ставка, Pm * Kt – тарифтік көлем.
Сыртқы сауданы тарифтік реттеу әдісімен қатар тарифсіз реттеу де қолданылып тұрады. Оларға сапа стандарты, санитарлық шектеу, жабдықтардың экологиялық сипатына қойылатын талап, импорттау лицензиясын шектеу, белгілі бір елдерде жекелеген өнім түрлерін шығаруға әкімшілік тыйым салу, импорттық және импорттық квота. Квота бойынша жылына әкелінетін импорттық тауардың көлеміне немесе құнына шек қойылады. Ал тариф бойынша сандық жағынан шек қойылмайды. Тарифті де, квотаны да енгізу кезінде ішкі баға дүние жүзілік бағадан жоғары қойылады, импорттық тауарлардың ұсынысы азаяды.
16 тұтыну мен жинақтау.
Жиынтық сұраныс кейнстік модельде төрт компоненттен тұратыны белгілі: тұтынудан (С), жеке инвестициядан (І), мемлекеттік шығындардан (G), таза экспорттан (Хn). Осылардың арасында тұтыну мен инвестициялау үлкен мәнге ие болып табылады. Өйткені жиынтық сұраныстың 2/3-сі тұтынудың үлесіне тиеді. Сондықтан да үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары экономикалық тәртіптің маңызды детерминанты болып табылады. Тұрақты баға жағдайында тұтыну табыстан тәуелді екендігі түсінікті. Үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін тұтынуға жұмсаса, қалған бөлігін жинақтайды, яғни :У = С + S
Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген шекті бейімділік ( МРС ) шамалары қолданылады.
Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді: АРС = С/У
Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді: МРС =Δ C/ΔУ
Дж. Кейнс “табысы өскен сайын тұтынушы тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың өзгерісі табыстың өзгерісіне қарағанда кіші болады” деп есептеді. Бұл Кейнстің “Негізгі психологиялық заңы ” болып табылады.
ДӘРІС 1. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1. Макроэкономика экономикалық теорияның бөлімі ретінде: тууы мен негізгі мәселелері
Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызмет етуі біртұтастық ретінде оқытылатын экономикалық теорияның бөлімі.
Экономика ғылыми бағыт ретін ертеде пайда болған. Макроэкономика – экономикалық теорияның жас бөлімі , ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған. Макроэкономиканың негізін ағылшын экономисі, мемлекеттік қызметкер, публицист Джон Мейнард Кейнс (1883—1946) қалады. 1936 жылы оның басты еңбегі «Ақша, пайыз және жұмыспен қамтудың жалпы теориясы» жарық көрді, онда ол кейнсиандық қағидалар мен негізгі жағдайларды қалыптастырды.
Мароэкономика курсында қарастырылатын басты мәселелер санына келесілерді жатқызамыз:
Ұлттық нарықтардың қызмет ету ерекшеліктерін оқып-үйрену;
Тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу;
Инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерлерін оқып-үйрену;
Экономиканың ақша және нақты секторларының өзара әрекеттерін талдау;
Циклдік экономикалық дамудың әртүрлі аспектілерін ашу,
Ұлттық және шетелдік нарықтардың өзара әрекеттерін аныұтау;
Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділік пен нәтижеліліктің теориялық негіздерін анықтау және оның әрекеттерінің тигізетін әсерлерін бағалау.
Бұл мәселерді шешу тәсілдері макроэкономикалық теорияның әртүрлі бағыттарының өкілдерінде әртүрлі. Оны анықтаудың кейнстік бағыты, монетаристік, неокейнстік және неоклассикалық бағыттары бар.
2. Макроэкономикалық талдаудың пәні мен үлгілері
Макроэкономика – экономиканы толығымен оқытатын ғылым , яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.
Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды.
Макроэкономикалық теорияның екі түрі болады:
позитивті макроэкономика (нақты құбылыстарды суреттейді және олардың өзара байланыстарын оқып-үйретеді);
нормативті макроэкономика (қандай аспектілерді қолданған дұрыс екенін белгілейді).
Қарастырып отырған мақсаттарына байланысты макроэкономика әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Макроэкономиканың негізгі құралдарына жататындар: жоғары және өспелі ұлттық табыстың деңгейі; жоғары жұмыспен қамтылу; тұрақты немесе жай өспелі баға деңгейлері.
Макроэкономика негізгі мақсаттарына жету кезінде салықтық-бюджетті, ақша-несиелік, сыртқыэкономикалық, сауда саясаттарын және табыстар саясатын қолданады.
Макроэкономика экономикалық теорияда қолданылатын жалпы әдістерді пайдаланады: ғылыми абстракция, талдау мен синтез, тарихи және логикалық тәсілдер, жүйелі-функциялық талдау, экономикалық-математикалық үлгілеу, нормативті және позитивті тәсілдер. Бұл әдістерді қолданудың ерекшеліктерін макроэкономиканың негізін қалаушы арнайы әдісі – агрегациялау анықтайды. Агрегациялау әдісі неғұрлым ортақ, жиынтық көрсеткіштерді алу мақсатымен біртекті көрсеткіштерді біріктіруді көрсетеді. агрегациялау әдісін қолдану экономиканы біртұтас ретінде қарастыру қажеттілігімен түсіндіріледі.
Макроэкономикалық үлгілер олардың арасындағы функционалды өзара байланыстарын анықтау мақсатымен әртүрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің ресмилендірілген (логикалық, графикалық және алгебралық) суреттемелерін көрсетеді. кез-келген үлгі (теория, теңдік, график және т.с.с.) нақтылықтың қысқартылған, абстрактілі көрінісі болып таблады, өйткені барлық әралуан нақты бөлшектер зерттеу жүргізу кезінде толығымен көңілге бір уақытта алынуы мүмкін емес. Бірақта мұндай жалпыланған үлгінің көмегімен жұмыспен қамту, инфляцияның, инвестицияның, тұтынудың, пайыздық ставканың, валюталық бағамның және басқа да ішкі (эндогендік) экономикалық айнымалылар деңгейлерінің динамикаларын басқарудың балама әдістерінің кешені, үлгінің шешілуі нәтижесінде белгіленетін ықтималды мәндер анықталады. Үлгіден тыс анықталатын деңгейлердің сыртқы (экзогендік) айнымалылар ретінде үкіметтің фискалды саясатының негізгі құралдары мен Орталық банктің монетарлы саясаатының – мемлекеттік шығындар, салықтар мен ақша массасы деңгейлеріндегі өзгерістер жиі қарастырылады.
ДӘРІС 2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың өзара байланыстылығы
1. Негізгі макроэкономикалық ағымдар мен көрсеткіштер
Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер.
Мұндай бөлудің негізінде уақыттағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі жатыр. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды. Айналымдағы табыстар мен шығындардың қозғалысын ағым ретінде қарастырады, ал экономикадағы ақшалар саны – қор олып есептеледі.
Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: диынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.
Жиынтық қоғамдық өнім белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір елдің экономикасында шығарылған барлық тауарлар мен қызметтердің құнынан, сонымен қатар аралық өнімдерден (әрі қарай өңдеу үшін қолданылатын тауарлар) тұрады.
ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.
ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.
ЖІӨ-ді үш тәсілмен есептеуге болады:қосымша құн, шығын және табыс бойынша
1. Өндірістік әдіс (қосымша құн бойынша) – соңғы өнімді өндірудің соңғы кезеңінде қосылатын құндарды қосу. Қосымша құндардың сомасы соңғы тауарлар мен қызметтердің құндарына тең.
2. Бухгалтерлік баланстағы сияқты, ҰЕШ (ұлттық есептеу шоты) шығындар бөлігі табыстарға тең болуы керек. Басқаша айтқанда, нарықтық қатынастардың кез-келген субъектісі (үй шаруашылықтары, фирмалар немесе мемлекет) табыс алуға болатын нәрсені алуға ғана шығын шығара алады. яғни:
C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A
Бұл теңдіктің сол жағы, шығындық жағы, келесідей компоненттерден тұрады:
С(consumption) – тұтынуға үй шаруашылықтарының шығындары, оған азық-түлік өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге төлемдер, әртүрлі қызметтер, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, демалысқа және т.б. жұмсалатын шығындар жатады; бірақ тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға кеткен шығындар кірмейді, өйткені олар инвестициялық шығындарға кіреді;
I(investment) – фирмалардың инвестициялық шығындары, яғни олардың машиналарды, шикізатты, құрылысқа жұмсаған шығындары;
G (government) – тауарлар, қызметтер және инвестицияны сатып алуға мемлекеттік шығындар;
NE (net export) – таза экспорт, яғни сыртқысауда балансының сальдосы, ол экспорт пен импорт арасындағы айырмашылықты көрсетеді. егер де экспорт импорттан жоғары болатын болса, онда оңды сальдо құрылады, егер де керісінше болса, онда теріс сальдо қалыптасады.
Инвестицияның жалпы және таза түрлері бар. Жиынтық инвестиция таза инвестициялар мен амортизациялық аударымнан тұрады. Егер де жалпы инвестицияның жалпы сомасынан өндірі үрдісі кезінде тозған машиналар мен механизмдерді қалпына келтіруге жұмсаған соманы алып тастасақ, яғни өзіндік амортизациялық аударымды, онда қалған бөлігі таза инвестицияны құрады.
Теңдіктің оң жағы, табыстық бөлігі құралады:
C+S – халықтың тұтынуына және қор жинауына кететін өзіндік қызметінің нәтижелері мен еңбек ақысы түріндегі табыстары; P (profit) – корпорация пайдасы;R (rent) – рента немесе жалгерлік төлем түріндегі табыстары;i (investment) – жинақтары бойынша пайыздық ставка;
T (tax) – кәсіпкерлік қызметке салықтар, өйткені ол құралдар фирмалардан алынады да, мемлекеттің табысына көшеді;A (amortization) – амортизациялық аударымдар, фирманың табысынан қайтадан тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтардың орнын толтыруға өндіру үрдісіне қайта түсетін.
Басқа сөзбен айтқанда, табыстар бойынша есептеу әдісі бойынша – жұмысшылардың еңбек ақысы, пайданың барлық түрлері, ренталық табыстар, амортизациялақ аударымдар мен жанама салықтар қосылады.
2. Негізгі макроэкономикалық субъектілер және олардың өзара байланыстарының жүйесі
Макроэкономикада төрт экономикалық субъектіні бөліп көрсетуге болады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқыэкономикалық сектор.
Үй шаруашылықтары – нарықтық өнімдерді негізгі тұтынушылар өндіріс факторларының – еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкінділіктің иелері боолып табылады. Олар оған сәйкестендірілген факторлық табыстар алады, оның бір бөлігін олар тұтынады да, қалған бөлігін жинақтауға жібереді.
Фирмалар, өз алдына, игіліктер мен қызметтер нарығына өнімдерді жеткізеді, оларға эквивалент ретінде ақша алады. Бұл нарықтағы негізгі тұтынушылар үй шаруашылқтары болып табылады. Соныменен бірге, фирмалар өндіріс факторларына сұранысты туғызады және өздерінің құралдарын инвестициялай отырып, үй шаруашылқтарының жинақтарында инвестициялайды.
Мемлекет әртүрлі ұйымдар түрінде үй шаруашылықтарына салықтар арқылы әрекет етеді, олар оны азаматтардың жеке табыстарынан алады, өз жағынан мемлекет оларды зейнетақы, шәкіртақы, ақысыз дәрігерлік көмек және білім беру арқылы әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. Экономикалық субъектілер арасындағы өзара байланыстар жүйесі айналым үлгісінде бейнеленеді. Айналым үлгісінің үш түрі бар: а) мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі; б) мемлекеттің қатысуымен жабық үлгі; в) шетелдік сектордың қатысуымен ашық экономика.
Мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі фирмалар мен үй шаруашылықтары арасындағы өзара байланысты игіліктер, еңбек, қаржы нарықтары арқылы бейнелейді (сурет 1).
Игіліктер нарығы
Фирмалар
Қаржы нарығы
Үй шаруашылығы
Еңбек нарығы

ДӘРІС 3.ЖАЛПЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. AD-AS ҮЛГІСІ
1. Жиынтық сұраныс және оны анықтаушы факторлар. AD - AS моделі жиынтық өндіріс пен экономикадағы баға деңгейіндегі ауытқуды, олардың өзгеру себептері мен салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық экономика макроэкономика жағдайында жалғыз жиынтық фирмадан тұратын біртұтас нарық ретінде қарастырылады. Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:
- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)
- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)
- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)
- таза экспорт (Хп)
Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.
AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.
AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:
- пайыздық ставка әсерімен;
- нақты байлықтың әсерімен;
- импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.
33909055245Р
Р
AD
У
У

00Р
Р
AD
У
У






1-сурет

2. Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнстік модельдері. Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.
27622544450Р
AS
У
00Р
AS
У




3-сурет
Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін: - толық емес жұмысбастылық жағдай; - толық жұмысбастылыққа жақын жағдай; - толық жұмысбастылық жағдайы.Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады: а) горизонтальді немесе кейнстік;б) аралық;в) вертикальді немесе классикалық.
Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.
Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады. Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді.Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.
22479028575Р
Р2
Р1
LRAS
АD2
AD1
У*
У
00Р
Р2
Р1
LRAS
АD2
AD1
У*
У





4-сурет
Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:
экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді;баға, номиналды жалақы тұрақты болады;нақты шамалар тез өзгереді;SRAS горизонталь болады.
3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі сілкініс деп аталады. Сұраныс тарапынан сілкініс ақша ұсынысы мен оның айналыс жылдамдығының әсерінен болуы мүмкін. Ал ұсыныс тарапынан сілкініс ресурстар бағасының өзгеруінен, стихиялық апаттар салдарынан болады.
283972032385Р
LRAS
B
С
SRAS2
A
AD1
AD2
У*
У
00Р
LRAS
B
С
SRAS2
A
AD1
AD2
У*
У
-208915-70485Р
LRAS
B
С
SRAS1
A
AD1
AD
У*
У
00Р
LRAS
B
С
SRAS1
A
AD1
AD
У*
У

52050959461500
1956435133350SRAS
00SRAS
520509510287000528256510287000536448010287000
547433576200SRAS1
00SRAS1
528256511366500
21583654127500



9-сурет
AD – AS моделі арқылы сілкіністің экономикаға әсері мен мемлекеттің тұрақтандыру саясатының салдарын анықтауға болады. Мысалы, мұнай бағасының өсуі қысқа мерзімдегі бағаны өсіреді. SRAS жоғары қарай SRAS1 орын ауыстырады. Ал өндіріс көлемі потенциалды деңгейден қысқарады (В нүктесі). Егер үкімет пен ҰБ ешқандай шара қолданбаса, баға төмендеуі мүмкін (В – А).
ДӘРІС 4. ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ
1. Кейнс моделіндегі тұтыну мен жинақтау.
Жиынтық сұраныс кейнстік модельде төрт компоненттен тұратыны белгілі: тұтынудан (С), жеке инвестициядан (І), мемлекеттік шығындардан (G), таза экспорттан (Хn). Осылардың арасында тұтыну мен инвестициялау үлкен мәнге ие болып табылады. Өйткені жиынтық сұраныстың 2/3-сі тұтынудың үлесіне тиеді. Сондықтан да үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары экономикалық тәртіптің маңызды детерминанты болып табылады. Тұрақты баға жағдайында тұтыну табыстан тәуелді екендігі түсінікті. Үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін тұтынуға жұмсаса, қалған бөлігін жинақтайды, яғни :У = С + S
Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген шекті бейімділік ( МРС ) шамалары қолданылады.
Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді: АРС = С/У
Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді: МРС =Δ C/ΔУ
Дж. Кейнс “табысы өскен сайын тұтынушы тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың өзгерісі табыстың өзгерісіне қарағанда кіші болады” деп есептеді. Бұл Кейнстің “Негізгі психологиялық заңы ” болып табылады.
567690647700r
І=І(r)
0
І
00r
І=І(r)
0
І
2.Инвестициялық сұраныс. Кейнс моделінде жиынтық сұранысы ынталандыратын маңызды фактор инвестиция болып табылады. Инвестицияның құрамына машиналар мен жабдықтарды алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға, қорды арттыруға жұмсалған барлық шығындар кіреді. Бұл физикалық немесе нақты инвестициялар болып табылады.



1-сурет
Инвестицияның динамикасын мына факторлар анықтайды: - таза пайданың күтілетін мөлшері;- нақты пайыздық ставка;- салық салу деңгейі;- өндіріс технологиясындағы өзгерістер;- қолда бар негізгі капитал;- экономикалық күту;- жиынтық табыс динамикасы.
Инвестицияның тұрақсыздығына әсер ететін факторлар :- жабдықтың қызмет ету мерзімінің ұзақтығы;- инновацияның жүйелі түрде болып тұрмауы; - экономикалық күтімдердің өзгеріп отыруы;- ЖІӨ - нің циклдік ауытқуы.
Инвестицияның өзгерісінің ұлттық табыстың өзгеруінен тәуелділігі инвестициялауға деген шекті бейімділік көрсеткіші арқылы көрінеді : МРІ = ΔІ/ ΔУ, мұндағы Δ У – ұлттық табыстың өсімі,
ΔІ – инвестицияның өсімі.
3. Кейнс кресті.
Тұрақты баға жағдайындағы теңдестікті көрсету үшін сұраныс пен ұсыныс көлемінің ұлттық табыстан тәуелділігін сипаттайтын график қолданылады. Бұл график “Кейнс кресті” деп аталады. Оны салу үшін горизонталь осьтің бойында ұлттық табыс көлемі, вертикаль осьтің бойында жиынтық сұраныс көлемі көрсетіледі.
Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артып кеткен кезде(AD>AS) фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін тиісті деңгейге дейін арттырады. Керісінше жағдайда (AS >AD) өндіріс көлемі қалыптасқан жиынтық сұраныс деңгейіне дейін қысқарады.
7296155715750
У
1500
1250
1000
450
E
АS
С(AD)
500
1000
1500
Ут
0
00750
У
1500
1250
1000
450
E
АS
С(AD)
500
1000
1500
Ут
0





2-сурет
4. Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Егер мемлекеттік шығындар мен сыртқы байланысты ескермесек, жиынтық сұранысты инвестиция мен тұтыну шығындарынан тұратын функция түрінде жазуға болады: AD = C( Y ) + І( r )
Ал жиынтық ұсыныс жалпы ұлттық табысқа сәйкес келеді және ұлттық тұтыну мен жинақтауына бағытталады: AS = C ( Y ) + S( Y )
Тауар нарығындағы тепе-теңдік төмендегі шарт орындалғанда қалыптасады:
АD=AS=>C(у)+I(r)=>С(у)+S(у)=>I(r)=S(y)
Классиктердің теңдеуінде тепе-теңдік тек бір нүктеде – жинақтау мен инвестицияның қиылысу нүктесінде орын алады. Тауар нарығындағы макроэкономикалық теңдестіктің тұрақсыздығын атап өту керек. Нақты экономикада, әдетте жинақтау мен инвестицияның макроэкономикалық теңсіздігі орын алады.
215265156210І{
І{
С+І+G
АS
С+І
С
У
у
у
у
00І{
І{
С+І+G
АS
С+І
С
У
у
у
у








3- сурет
ДӘРІС 5. Ақша нарығы.
Ақшаның функциясы мен агрегаттары. Ақша – бұл маңызды макроэкономикалық категория. Ол- мәміле жасау үшін қажетті қаржылық активтің түрі. Ақшаның басты қасиеті – оның жоғары өтімділігі, яғни ақшаның аз шығынмен тез арада басқа актив түрлеріне өту қабілеттілігі.
Ақша массасын өлшеу үшін ақшалық агрегаттар пайдаланылады. Оларға М1, М2, М3, L агрегаттары жатады. Ақшалық агрегаттардың құрамы мен саны әр елде әр бөлек болады. Мысалы, АҚШ экономикасын қарастырайық.
М1 - агрегатының құрамына банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша, талап еткенге дейінгі депозиттер, жол чектері, тағы басқа да чектік депозиттер кіреді.
М2 - агрегаты М1 агрегаты мен чектік емес жинақтау депозиттерін, 100.000 $-ға дейінгі мерзімдік салымдарды қамтиды.
М3 агрегаты М2 агрегаты мен 100.000 $-дан жоғары мерзімдік салымдарды, депозиттік сертификаттарды т.б. қамтиды.
L агрегатының құрамында М3 агрегатымен қатар қазыналық жинақтау облигациялары, қысқа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер, коммерциялық қағаздар т.с.с. бар.
М2 агрегаты мен М1 агрегатының айырмасы квази-ақша (жалған ақша) деп аталады. Әдетте, қолма-қол ақша М0 әрпімен белгіленеді.
Ақша агрегаттарының динамикасы бірнеше факторларға тәуелді. Егер пайыздық ставка өссе, М2 және М3 агрегаттары М1 агрегатын басып озады. Өйткені олардың құрамындағылар пайыз түрінде табыс әкеледі.
Ақша экономикада бірқатар қызметтер атқарады. Ақшаның атқаратын негізгі қызметтері мынадай:- айырбас құралы,- құн өлшемі,- жинақтау немесе қорлану құралы.
2. Ақша сұранысының классикалық және кейнстік теориясы. Ақшаға деген сұраныс- бұл ақшаның белгілі бір қорына деген қажеттілік. Ол халық пен фирмалардың қолма-қол ақша және чектік депозиттер түрінде сақтағысы келетін төлем құралдарының саны арқылы анықталады.
Ақшаны чектік депозиттер түрінде ұстау нарық агенттерін акциядан, облигациядан, жылжымайтын мүліктен түсетін табыстан айырады. Яғни чектік депозиттер түрінде ақшаны ұстау арқылы агенттер балама шығындарға ұшырайды. Адамдар шығынға ұшырағанына қарамастан неге ақшаға сұранысты қалыптастырады деген сұрақ туындайды.
Ақшаға сұранысты екі тәсіл арқылы түсіндіруге болады:- классикалық (соның ішінде монетаристік),- кейнстік.
Классиктер ақшаның сандық теориясын ұсынып, оның негізіндегі айырбас теңдеуі арқылы ақшаға сұранысты анықтады. Айырбас теңдеуі MV= PУ түрінде жазылады. V- ақша айналысының жылдамдығы тұрақты деп есептеледі. V тұрақты болғандықтан ақшаға сұраныс (МD ) ЖІӨ динамикасы (РУ) арқылы анықталады: МD =
Кейнстік теория ақшаның сұранысқа қатысты ақшаның бір бөлігін қолма-қол ақша ретінде сақтауға итермелейтін себептерді көрсетеді:
трансакциялық себеп. Бұл жағдайда қолма-қол ақша ағымдық мәмілелер үшін қажет.
алдын-ала сақтану себебі. Қолма-қол ақша болашақтағы кездейсоқ жағдай үшін қажет.
спекуляциялық себеп. Ақшаның болашақта табыс әкелетінін біліп, оны пайда табу үшін сақтау.
Спекуляциялық сұраныс активтер тарапынан болатын сұраныс деп те аталады.
Классикалық және кейнстік теорияларға тән ақшаға деген сұраныс факторлары:
табыс деңгейі, ақша айналысының жылдамдығы, пайыздық ставка
Классикалық теорияда ақша сұранысына әсер ететін басты факторлар табыс деңгейі, ал кейнстік теорияда – пайыздық ставка.

3. Ақша нарығындағы ұсыныс. Ақша ұсынысын экономикада мемлекет жүзеге асырады. Ақша ұсынысының (Мs) құрамына қолма-қол ақша мен депозиттер кіреді: Мs = С+D
Қолма-қол ақша (С немесе М0) мен міндетті резервтер (R) бірігіп ақша базасын (МВ немесе Н) құрайды: МВ = С+R
Ақша немесе несие мультипликаторы т= формуласымен анықталады, мұндағы r – резервтеу нормасы. Резервтеу нормасы депозиттерден тәуелді болғандықтан r = формуласымен есептеледі. Бұдан т== Бұл формула тек депозиттер түріндегі ақша тұсындағы ақша мультипликаторын есептеуге мүмкіндік береді. Бірақ жалпы ақша массасы депозиттер түрінде ғана емес, сонымен бірге қолма-қол ақша түрінде болады. (Яғни Мs=С+D). Сондықтан қолма-қол ақшаны ескере отырып анықталатын ақша мультипликаторы т== түрінде болады.
ДӘРІС 6. ТАУАР ЖӘНЕ АҚША НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. IS-LM ҮЛГІСІ.
1. ІS-LM үлгісіндегі теңдестік. IS-LM үлгісінде тауар және ақша нарықтары макроэкономикалық жүйенің біртұтас секторлары түрінде қарастырылады. IS-LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтайтын экономикалық факторларды табуға мүмкіндік беретін тауар-ақша теңдестігінің үлгісі. Бұл үлгі экономиканың нақты (тауар нарығы) және ақша нарығында қалыптасқан жағдайларға байланысты пайыздық ставка (r) мен табыс деңгейінің (Y) теңдестік мәндерін анықтайды.
34290031750Инвестициялау функциясы
IS қисығы
S
S2
S1
Yl
Y2
Y
Жинақтау функциясы
R,%R,%R1
R1
R2
R2
IS
Yl
Y2
Y
Il
I2
I
0
0
0
I
00Инвестициялау функциясы
IS қисығы
S
S2
S1
Yl
Y2
Y
Жинақтау функциясы
R,%R,%R1
R1
R2
R2
IS
Yl
Y2
Y
Il
I2
I
0
0
0
I







1-сурет.
IS қисығы тауар нарығындағы теңдестік қисығы IS қисығының кез-келген нүктесінде инвестиция мен жинақ тең болады. Олардың теңдестігі тауар нарығындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігінің шарты болып табылады. IS қисығын салу үшін жинақтау және инвестициялау функциялары қолданылады (1-сурет).
Енді, ақша нарығын қарастырайық. LM қисығының пайыздық ставка мен ұлттық табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсететіндігі белгілі. Оның бойындағы кез-келген нүкте ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңдестігін білдіреді. Ақша нарығындағы мұндай теңдестік ұлттық табыс өскен кезде пайыздық ставка да көтерілген жағдайда орын алады (2-сурет).
436245100965R
R2
R1
0
LM
Y1
Y2
Y
00R
R2
R1
0
LM
Y1
Y2
Y






2-сурет.
IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде тауар және ақша нарықтарының теңдестігі қалыптасады (3-сурет).
5391156985r
re
0
Ye
Y
00r
re
0
Ye
Y




3-сурет.
IS қисығы жоспарланған шығындармен байланысты болғандықтан оның өзгерісі фискалдық саясаттағы өзгерістерді көрсетеді, өйткені ол ақша ұсынысымен байланысты. Сонымен, IS-LM үлгісі макроэкономикаға фискалдық және монетарлық саясаттың әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
2. IS-LM үлгісін пайдалана отырып жиынтық сұраныс қисығын салу. IS-LM үлгісін пайдалана отырып жиынтық сұраныс қисығын салуға болады (4-сурет).
457200107950R
R2
R1
Y1
Y2
Y
LM(P2)
LM(P1)
P
P2
P1
0
Y1
Y2
Y
0
00R
R2
R1
Y1
Y2
Y
LM(P2)
LM(P1)
P
P2
P1
0
Y1
Y2
Y
0










4-сурет.
Мемлекеттік шығындардың артуы,салықтың қысқаруы немесе ақша ұсынысының артуы жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды. АD қисығының бір типті орын ауыстыруы ынталандырушы фискалдық және монетарлық шараларға сәйкес келетін IS және LM қисықтарының әр түрлі орын ауыстыруларының нәтижесінде жүзеге асады (5 сурет).
1199113524R
LM1
R
LM2
IS
LM
IS2
IS1
Y
Y
Y
Y
Ынталандырушы ақша-несие саясаты
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты
00R
LM1
R
LM2
IS
LM
IS2
IS1
Y
Y
Y
Y
Ынталандырушы ақша-несие саясаты
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты









i i
5-сурет
ДӘРІС 7. МОНЕТАРЛЫҚ САЯСАТ.
1.Ақша-несие саясаты
Кез-келген мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – іскерлік белсенділікті көтеру, инфляцияны төмендету және елдің төлем балансын сақтау. Бұл саясат банк жүйесі арқылы жүргізіледі.
Орталық Банктің жүргізетін монетарлық саясаттары қатаң және ынталандырушы монетарлық саясаттар болып бөлінеді. Қатаң монетарлық саясат ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Ал ынталандырушы монетарлық саясат – пайыздық ставканы белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Инфляция кезіндегі ақшаға деген сұраныстың өсуі тұсында қатаң монетарлық саясат қолданылады. Ақша айналысы жылдамдығының аяқ астынан өзгеруінен сақтану үшін икемді монетарлық саясат қолданылады. Ынталандырушы монетарлық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ақша массасының өсуі мен пайыздық ставканың төмендеуінің нәтижесінде болатын инвестиция мен таза экспорт динамикасына деген ынталандырушы әсер арқылы анықталады.
Ынталандырушы әсер неғұрлым жоғары болуы үшін біріншіден, инвестиция мен таза экспорт пайыздық ставка динамикасына жоғары сезімтал (икемді) болуы керек. Бұл кезде ІS жатыңқы болады. Екіншіден, ақшаға деген сұраныс пайыздық ставка динамикасына аз икемді болуы керек. Бұл LM қисығының тіктеу орналасуымен сипатталады. Демек, IS қисығы жатыңқы және LM қисығы тік болса, жүргізілген ынталандырушы монетарлық саясат тиімді болады. Төмендегі шарттардың орын алуы LM қисығының салыстырмалы түрде жатыңқы болуын қамтамасыз етеді:
Пайыздық ставка динамикасына ақшаға деген сұраныстың бейімділігінің жоғары болуы;
Ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ динамикасына бейімділігінің төмен болуы.


2. Ақша-несие саясаты құралдары.
Елдегі ақша-несие саясатын жүргізудің құралдары төмендегідей:
- несиелеу лимиті, пайыздық ставканы тікелей реттеу,- міндетті резервтеу нормасын өзгерту
- есептік ставканы өзгерту,- ашық нарықтағы операциялар
Міндетті резервтер дегеніміз – коммерциялық банктердің Орталық Банкте пайызсыз салым ретінде сақтауға тиісті депозитінің бөлігі.
Міндетті резервтер нормасы – коммерциялық Банктің депозитінің көлемінен алынатын соманың пайыздық көрінісі. Коммерциялық банктер артық резервтерді де сақтайды. Ол – міндетті резервтерден артық, белгілі бір жағдайға қажетті қаражаттар. Бұл банктерді ақшаны айналысқа жіберуден түсетін табыстан айырады. Сол себепті пайыздық ставка өскен сайын артық резервтер деңгейі төмендейді.
Есептік ставка – Орталық Банктің коммерциялық банктерге несие беруі кезіндегі белгілеген ставкасы.
Ашық нарықтағы операциялар – бұл бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кең қолданылады. Бұл құрал бойынша Орталық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады (көбіне қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды алады).
LM қисығының пайыздық ставка мен ұлттық табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсететіндігі белгілі. Оның бойындағы кез-келген нүкте ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңдестігін білдіреді. Ақша нарығындағы мұндай теңдестік ұлттық табыс өскен кезде пайыздық ставка да көтерілген жағдайда орын алады .
ДӘРІС 8. БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫ.
1. Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет. Мемлекеттің экономикаға әсер ету құралдарының бірі- бюджет-салық саясаты. Бюджет-салық саясаты- ресурстардың толық жұмыспен қамтылуын, төлем балансының теңдестігін және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шығындар, салық салу арқылы жүргізілетін үкімет шаралары. Фискалдық сасяат үкімет арқылы жүзеге асырылады. Салық салу процесінде және мемлекеттік шығындарды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар қаржылар, барлық қаржылық қатынастардың жиынтығы қаржылық жүйе деп аталады.
Мемлекеттің бюджет салық саясатының құралдарына төмендегілер жатады:
а) тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің көтере сатып алуы;б) трансферттік төлемдер;в) мемлекеттік қарыз;г) дотация, субсидия, субвенция.
Кез-келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің жетекші звеносы мемлекттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күшті, тәртіп сақтау күшін ұстап тұру, әлеуметтік-экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін қолданылатын үкімет қолындағы орталықтанған ақшалай ресурстар қоры. Бюджет есептік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) табыстар мен шығындардың балансы түрінде ұйымдастырылады.
2. Салық және оның құрылымы. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі салықтар болып табылады. Салық салу жүйесіндегі басты мәселе - ол толық және тиімді түрде қайтарымдылық принципіне сүйенуі тиіс. Салықтың толық және тиімді қайтарылуы ғана салық механизмін қоғамдық ұдайы өндірістің маңызды буынына айналдырады. Салық салу экономиканың циклдік дамуына ықпал ету, инфляциямен күресу, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру, әскери бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету т.с.с. үшін қолданылады. Бірақ салықтық саясаттың негізгі міндеті бюджет кірісін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру(немесе шектеу), елдегі табысты реттеу болып табылады.
Салықты екі үлкен топқа тікелей және жанама салықтарға бөледі. Тікелей салықтарға пайдаға, еңбек ақыға, дивидендтерге, биржалық және валюталық операцияларға, салымдар боыйнша пайыздарға салынатын салықтар жатады. Тікелей салықтар конъюнктураны тұрақтандыру функциясын атқарады. Құлдырау кезінде салықтан түсетін түсімдер автоматты түрде қысқарады, ал өсу кезінде мемлекет салық көлемін арттырады.
Жанама салықтарға сатуға салынатын қосымша құн салығы, тауарлар мен қызметтерге салынатын акциз, кедендік тарифтер жатады. Жанама салықты салық салынатын тауарлар мен қызметтерді сатып алған адамдар мен ұйымдар төлейді.
Салықтық түсімдер мен мемлекеттік бюджеттер арасындағы байланысқа қатысты фискалдық саясаттың дискрециялық және дискрециялық емес деп аталатын түрлері қарастырылады. Дискрециялық фискалдық саясат дегеніміз- мемлекеттік шығындардың, салықтың, мемлекеттік бюджет сальдосының жұмыспен қамтылу, өндіріс, инфляция, төлем балансы деңгейлерін өзгертуге бағытталған арнайы үкімет шешімдерінің нәтижесінде өзгеруі. Ал дискрециялық емес фискалдық саясат дегеніміз- мемлекеттік шығындар мен салықтың және мемлекеттік бюджет сальдосының жиынтық табыстың циклдік ауытқуы нәтижесінде автоматты түрде өзгеруі.
3. Бюджет-салық және ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Мемлекеттің бюджет – салық саясаты мемлекеттік шығындарды (G) және салықты (T) өзгерту арқылы жүргізіледі.
Экономиканың циклдық құлдырауын жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салықты төмендету немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны үкімет саясаты ынталандырушы бюджет салық саясаты немесе фискалдық экспансия деп аталады.
Экономикалық циклдың өсуін шектеу мақсатында мемлекеттік шығынды төмендетіп,салықты арттыру немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны мемлекеттің фискалдық саясаты тежеуші бюджет салық-саясаты немесе фискалдық рестрикция деп аталады.
Мемлекеттік шығындар мен салықтың төмендеуі ығыстыру әсеріне әкеп соғады. Ығыстыру әсері ынталандырушы бюджет-салық саясатының басты проблемасы болып табылады. Ол ынталандырушы фискалдық саясаттың тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Ығыстыру әсерін төмендегі сызба арқылы көруге болады:
G↑ (немесе Т↓) => Y↑ => C↑ => Y↑ =>Mⁿ↑ => R↑ =>I↓, Xn↓ => Y↓
Экономикадағы ақша ұсынысының артуы қысқа мерзімде ығыстыру әсерінсіз экономикалық өсуді қамтамассыз етуге мүмкіндік береді,бірақ таза экспорт динамикасына кері ықпал етеді.Оны төмендегі сызбадан аңғаруға болады:
M ↑ => R ↓ => I↑ => Y↑ => C↑ => Y↑
↓↓
Хn↓ мультипликаторлық әсер
Таза экспорттың төмендеуі табыс өскен кезде импорттауға деген шекті бейімділіктің артуымен түсіндіріледі.

ДӘРІС 9. КАПИТАЛДЫҢ ҚОРЛАНУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
1. Экономикалық өсудің түсінігі мен факторлары. Өндірістің өсу ұзақ уақытта салыстырмалы түрде тұрақты болады. Экономикалық өсуді жиынтық сұраныс көлемінің, дәлірек айтқанда, потенциалды өндіріс көлемінің динамикасының ұзақ мерзімдік аспектісі ретінде қарастыруға болады.
Экономикалық өсу дегеніміз – экономикадағы нақты табыстың (жалпы ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың) артуы, сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің өсуі.
Экономикалық өсуді есептеу үшін жалпы немесе жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің абсолютті өсімі және өндірістің өсу қарқыны көрсеткіштері қолданылады:
∆Уt= Уt-1 немесе Уt= ∆Уt/ Уt-1,мұндағы t – уақыт индексі
Егер экономикалық өсу қосымша ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылса және қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе, ол экстенсивті экономикалық өсу деп аталады. Ал интенсивті өсу жетілдірілген өндіріс факторлары мен технологиясын қолданумен байланысты, яғни ресурстар нарығының көлемін арттыру есебінен емес, олардың қайтарымдылығын арттыру есебінен жүзеге асады. Интенсивті өсу халықтың әл-аухатының көтерілуіне негіз болады.
Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да экстенсивті және интенсивті деп аталатын топтарға бөледі. Экстенсивті факторларға капитал көлемі мен еңбек шығындарының өсуін жатқызады. Ал интенсивті факторларға технологиялық прогресс, өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу, жұмысшылардың кәсіби және білім деңгейлерінің көтерілуі, өндірісті басқаруды жетілдіру, заңнаманы жақсарту т.с.с. Кей кезде экономикалық өсудің жеке факторы ретінде жиынтық сұранысты қарастырды.
Ресурстардың шектеулігі және экологиялық шектеулер, өндірісті кеңейтумен байланысты әлеуметтік шығындардың өсуі, үкіметтің тиімсіз саясаты салдарымен экономикалық өсу тежелуі мүмкін.
2. Экономикалық өсудің кейнстік модельдері. Кез-келген модельдер секілді экономикалық өсу модельдері де нақты экономикалық процестерді график, теңдеу түрінде көрсететін абстракталы құрал болып табылады.
ХХғ. 40 жылдарының аяғында қарапайым кейнстік өсу моделі болып табылатын Е. Домардың моделі ұсынылды. Өндіріс технологиясы бұл модельде В. Леонтьевтің өндірістік функциясы арқылы беріледі. Е. Домар моделінің алғышарттары келесідей:
артық еңбек ұсыныстың болуы;бағаның тұрақтылығы;амортизацияның болмауы;жинақтау нормасының тұрақты болуы;өндірістің капиталдан тәуелді болуы;
1930 жылы Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы моделін ұсынды. Ол инвестиция функциясын эндогенді айнымалы деп есептеді. Оның моделі акселератор принципі мен кәсіпкерлердің күтіміне (болжамына) негізделген. Акселератор принципіне сәйкес, табыстың өсуі капитал салымдарын пропорционалды түрде азайтады және керісінше.
Р. Харрод айналысқа өсудің “кепілдеме берілген” қарқыны және өсудің “табиғи” қарқыны деп аталатын ұғымдағы енгізді. “Кепілдеме берілген” өсу қарқыны тұсында кәсіпкердің күтімі ( болжамы) орындалады:
Егер кәсіпкер жоспарланған нақты өсу қарқыны “кепілдеме берілген” өсу қарқынының деңгейінен ауытқыса, экономикадағы теңдестік бұзыла бастайды.Өсудің “табиғи” қарқыны дегеніміз – белсенді халықтың өсуі мен техникалық прогресс нәтижесінде болатын ең жоғарғы қарқын. Бұл қарқын тұсында еңбек пен капитал жұмыспен қамтылады.
Көбінесе, жоғарыдағы екі модель біріктіріліп, Харрад – Домар моделі деп аталады. Бұл модель экономикалық өсуге қатысты төмендегідей қатысты қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
экономикалық өсудің қарқыны жинақтауға деген шекті бейімділікпен анықталады;
динамикалық тепе-теңдік толық жұмыспен қамтылу жағдайында әрекет ете алады.
Е. Домар мен Р. Харрод модельдері 1920-1950 жылдары экономикалық өсудің нақты процестерін сипаттады, ал одан кейінгі бақылаулар (1950-1970 ж.ж.) үшін Р.Солоудың неоклассикалық моделі кең қолданылды.
3. Солоудың өсу моделі.. Неоклассика мектебінің өкілі Роберт Солоу экономикалық өсуге қатысты еңбегі үшін экономика саласы бойынша 1987 жылы Нобель сыйлығын алған. Ол В. Леонтьевтің өндірістік функциясының орнына Кобб-Дугластың өндірістік функциясын қолданды. Кобб-Дугластың өндірістік функциясында капитал мен жұмыс күші субститут факторлар болып табылады. Аталған шарт - Солоу моделінің басты алғышарты. Моделдің басқа да алғышарттарына төмендегілер жатады:
капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;өндіріс ауқымынан болатын тұрақты қайтарым;амортизация нормасының тұрақтылығы.
Р. Солоу қормен қаруланудың теңдестік деп аталатын ұғымды енгізді. Қормен қаруланудың теңдестік деңгейі дегеніміз – инвестиция амортизацияға тең болғандағы капитал қорының көлемі.
Солоу моделінде капиталмен қарулану деңгейі мен өндіріс көлемін анықтайтын фактор жинақтау нормасы болып табылады. Жинақтау нормасы жоғары елдерде көп жинақталады, сәйкесінше сол елдердегі капиталмен қарулану көлемі де жоғары болады, ал бұл жан басына шаққандағы жоғары табысты қамтамасыз етеді.
Экономиканың үздіксіз өсуінің себептері ретінде халық санының өсуі, техникалық прогресс болып табылады.Р. Солоу моделі қазіргі экономикалық өсу теориясындағы үздік модель болып табылады. Алайда, оның кемшіліктері де жоқ емес. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: модельдің тек ұзақ мерзім үшін қолданылуы; модельдеу барысында өсуді шектейтін кейбір ресурстық, экономикалық, әлеуметтік шығындардың ескерілмеуі; өндіріс фактоларының капитал мен еңбектен басқа факторларының ескерілмеуі.
ДӘРІС 10. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.Мемлекеттік бюджет. Кез-келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің жетекші звеносы мемлекттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күшті, тәртіп сақтау күшін ұстап тұру, әлеуметтік-экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін қолданылатын үкімет қолындағы орталықтанған ақшалай ресурстар қоры. Бюджет есептік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) табыстар мен шығындардың балансы түрінде ұйымдастырылады.Мемлекеттің өте маңызды және тиімді макроэкономикаға әсер ету тетігі қаржы. Финанстар (лат. fіnancіal – кіріс, бар ақшa – үй шаруашылығы, кәсіпорын және мемлекетке, барлық ақша қаржыларының жиынтығы. Микроэкономика деңгейінде – кәсіпорын мен үй шаруашылығында алғашқы финанстар құрылады.
Микроэкономика деңгейіндегі алғашқы финанстар мемлекеттің екінші финанстарының базасы болып қызмет етеді. Олар кірістерді кейінгі бөлу және қайта бөлу нәтижесінде салықтардың көмегімен құрылады. Салықтар мемлекет алғашқы кірістердің көлемін есепке ала отырып алатын кәсіпорындар мен халықтың міндетті төлемдері.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Мемлекеттік бюджет – оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі, көп қырлы құжат. Шыныда да бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеументтік – экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
2.Мемлеттік бюджет кірістері мен шығыстары.Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мемлекет бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғам қоғамның құқты мүшелерінің табыстарына, корпарация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдеме бойынша салық төлейді.
Ал,мемлекеттік бюджеттің шығыстары мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеументтік – экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
ДӘРІС 11. Мемлекеттік қарыз және оны қаржыландыру әдістері.
1.Мемлекеттік қарыз.
Егер үкіметтің шығыстары табыстарынан артып кетсе, мемлекеттік бюджет тапшылығы қалыптасады. Ал табыстары шығыстарынан артық болған кезде мемлекеттік бюджеттің оң сальдосы немесе бюджет артықшылығы орын алады.Бюджет тапшылығының жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды.
Бюджет тапшылығы= шығыстар-табыстар
Таза салық түсімдері= салық түсімдері-
әлеуметтік төлемдер
Бюджет тапшылығының циклдік тапшылық және құрылымдық тапшылық деп аталатын түрлері болады. Циклдік тапшылық салықтық түсімдердің төмендеуі жәнеәлеуметтік төлемдердің өсуі кезінде орын алады. Құрылымдық тапшылық мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығыстары арасындағы айырма болып табылады.
Мемлекет займ шығарған кезде мемлекеттік қарыз қалыптасады. Ол ішкі қарыз және сыртқы қарыз түрінде болуы мүмкін. Бюджет тапшылығын жабу үшін алынатын сыртқы қарыз елге ауыртпалық түсіреді.Ішкі мемлекеттік қарыз халықтың арасындағы табыстың қайта бөлінуіне әкеледі.
2. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру төмендегі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады: қосымша ақша эмиссиясын шығару(монетизациялау) есебінен; Орталық Банктің несие беруі есебінен;займ шығару есебінен.
Тапшылықты монетизациялау кезінде сеньораж құбылысы орын алады. Сеньораж- бұл ақшаны басып шығарудан мемлекетке түсетін пайда. Сеньораж ақша масасының өсу қарқыны нақты ЖІӨ қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды, ал бұл бағаны өсіреді. Осының нәтижесінде бағаның өсуі арқылы барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді.
Мемлекетпен бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі “Лаффердің қисық сызығы” деп аталады. Салық ставкасы өскенде мемлекеттің табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды.
Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамассыз етеді қамтамассыз етеді (φ1). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100% салық салу мемлекеттік абысты нөлге теңейді, өйткені ешкім тегін жұмысістегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды,инвестицияны жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін арттырады.
ДӘРІС 12. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1. Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы – елдің резиденттері мен шетел арасындағы белгілі бір уақытта жүргізілетін экономикалық мәмілелер нәтижесін жүйелі түрде жазу.
Төлем балансының негізгі баптары: дебет және кредит. Кредитте елден, кететін құндылықтар көрсетіледі, кеткен құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасымен төлем алады. Дебетте сырттан келген құндылықтар көрсетіледі, яғни алған құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасын жұмсайды (шығындайды ). Кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасына тең болуы тиіс.
Төлем балансының элементтері: ағымдағы операциялар есебі;капитал қозғалысы мен қаржылық операциялар есебі; ресми резервтер өзгерісі.
Төлем балансының жалпылама құрылымы:
І Ағымдық операциялар есебі
1. Тауар экспорты 2. Тауар импортыСауда балансы3. Қызметтер экспорты (шетелдік туризмнен түсетін табыс т. б. несиелік қызметтен басқа ) 4. Қызметтер импорты (шетелдегі туризмнің төлем т.б. , несиелік қызметтен басқа )
Шетелден келетін таза факторлық табыс.
Таза ағымдық трансферттерІІ. Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебі
7. Капиталдың келуі 8. Капиталдың кетуі
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар балансының сальдосы
Ағымдық, капиталдық, қаржылық операциялар бойынша баланс.
ІІІ. Ресми резервтер өзгерісі.

І. Ағымдық операциялар есебіне 1,2,3,4,5,6 бөлімдер кіреді. Тауарлық экспорт және экспорттық қызмет “+” таңбамен және кредит бөлімінде жазылады, себебі ҰБ – те шетел валютасының запасын қалыптастырады.
ІІ.Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, қозғалмайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары. Капитал қозғалысы балансы = активтерді сатудан түскен түсім - шетелден актив сатып алуға кеткен шығындар.Егер капитал қозғалысы сальдосы “+” болса, таза капитал келуі болды, “-” болса, таза капитал кетуі болады.
ІІІ.Түсім мен шығындар балансы болу үшін ағымдық операциялар есебі тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына сәйкес келуі керек немесе, керісінше. Есептердің бұлайша өзгеруі Орталық Банктің валюталық интервенция және ресми валюта резервіне өзгеріс енгізгенге дейін болады.
Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат
Дамыған елдердің көпшілігінде халқаралық есеп айырысу және төлем үшін қолданылатын тұрақты алтын – валюталық стандарттар орнықты. Халқаралық есеп айырысуда міндетті түрде пайдаланылатын алтынның белгілі салмақ (паритет – ел- елдің ақшасының алынмен салыстырғандағы құны.) бірлігі мен тазалығы көрсетілген алтын стандартты (үлгі, калып) енгізіп, Монеталарды еркі қою және оларды басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін алтынмен қамтамассыз ету т.б. шаралар алдын – ала қарастырылды.
Әр түрлі елдің ақша рыногындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер арасындағы капиталдардың қозғалысына және халқаралық рыноктағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі “құбылмалары” валюта курсына өту экономикалық қатнастарға қайшылықты сипатта әсер етеді.
Біріншіден, валюта курсының төмендеуі дүниежүзілік рынокта сол ел өкілінің салыстырмалы бәсекеге қаблеттілігін күшейтеді, экспортты ұлғайтып, импортты шектеуге мүмкіндігін жасайды, ал мұның өзі елдің төлем және сауда баланысының жақсаруына жол ашады.
Екіншіден, курстың төмендеуі экспорттық және импорттық бағалар арасындағы қатнасты нашарлатады, ал мұның өзі сол елдің сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді.
Халқаралық валюта – несие жүйесінің негізін халқаралық валюта қоры және халқаралық қайта құру және даму банкісі құрайды .
Ұлттық валюта жүйесінің элементтері:Ұлттық валюиа бірлігі;Валюта курсының режимі;Валюта айналысы шарты;Валюта рыногі және алтын рыногі жүйесі;Елдің халқаралық есеп тәртібі ;Елдің алтын валюталық резервтерін басқару жүйесі мен елдің валюталық қорларын реттеуші құрылымы;Мемлекеттік мекемелердің стаусы;
ДӘРІС 13. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АЙЫРБАС БАҒАМЫ
1. Икемді және тұрақты валюта курстарының жүйесі. Валютамен жасалатын операциялар ақша-несие саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, олар бюджет жағдайына, экономикалық өсуге ықпал етеді. Валюта қатынастары халықаралық байланыстардың – тауар айналымы мен капитал қозғалысының, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың, мәдени айырбас пен туризмнің мазмұнын көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта курсының динамикасы мен мемлекеттің валюта саясатынан тікелей тәуелді болады. Халықаралық саудада белгілі бір ара қатынаста валюта нарықтарында бір-біріне айырбасталатын әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады. Оларға номиналды, нақты, икемді валюта курстары жатады.
Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.
Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын арттырады және елдегі шетел валютасының ұсынысын қалыптастырады. Сәйкесінше, елге келетін тауарлар мен қызметтер импортының артуы елдегі шетел валютасына деген сұранысты арттырып, шетелдіктер үшін ұлттық валютаның ұсынысын қалыптастырады. Шетел валютасына деген ішкі сұраныстың артуы елдің ұлттық Банкіндегі экспорттың артуы есебінен қалыптасқан шетел валютасының қорын азайтады. Осылайша, экспорт елдің импортқа төлеуіне қажетті шетел валютасын жинақтауына мүмкіндік береді.
Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.
2.Қысқа, ұзақ мерзімдік перспективадағы номиналды және нақты валюта курстарының ара қатынасы
Қазіргі валюта жүйесінде валюта курстарының ауытқу шекаралары ұжымдық есептеу валюталарына – SDP (CDP) мен евроға қатысты бекітілді. SDP – бұл қарыз алудың арнайы құқығы. Оны халықаралық валюта қоры (ХВҚ) халықаралық есеп айырысуды жеңілдету үшін құрған. ХВҚ-өзіне мүше елдерге қажет жағдайда несие беріп отырады. ХВҚ-ның басты мәселесі кедей елдердің қарызын қайтармауы болып табылады.
Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға болады: ЕR = EN • (Pd / Pf)
Мұндағы, ЕR – нақты валюта курсы;EN – номиналды валюта курсы; Pd – ұлттық валютамен берілген ішкі баға деңгейі; Pf – шетел валютасымен берілген шетелдегі баға деңгейі.
Шетел валютасының курсы төмендегі жағдайлар орын алғанда өседі:
елдегі ақша ұсынымының ("ішкі" ақша массасы) артуы; шетелдегі ақша ұсынысының азаюы;
шетелдегі нақты ЖІӨ-нің төмендеуі; шетелдегі пайыздық ставкасының өсуі; елдегі пайыздық ставканың төмендеуі; елдегі күтілген инфляцияның көтерілуі; шетелдегі күтілген инфляцияның төмендеуі; елдегі сауда балансы мен ағымдық операциялар есебі жағдайының төмендеуі.
3. Макроэкономикалық саясаттың теңдестік валюта курсының динамикасына ықпалы.
Шетелге салынатын инвестиция үшін ұлттық валюта ұсынысының азаюын білдіреді. Валютаның аз ұсынылуы оның нақты айырбас курсын арттырады. Нәтижесінде отандық тауарлар шетелдік тауарларға қарағанда қымбаттауына, содан соң экспортының қысқарып, импортының артуына әкеледі. Осының салдарынан ағымдық операциялар есебінде тапшылық қалыптасады.
Нақты тиімді валюта курсы деп аталатын ұғым да бар. Оны анықтау үшін жоғарыда көрсетілген нақты валюта курсының формуласына Pf мәнінде орташа баға индексі қолданылады. Нақты немесе нақты тиімді валюта курстарының өсуі (төмендеуі) елдің өнімдерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз екендігін білдіреді. Ұзақ мерзімді перспективада номиналды курстар тез өзгеріп тұрады, ал нақты валюта курсы өзгермейді. Бұл сатып алу қабілеттілігінің паритетінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сатып алу қабілеттілігінің паритеті - әр валютаның сатып алу қабілеттілігін теңдестіретін айырбас курстық деңгейі.
Қысқа мерзімде номиналды курс салыстырмалы түрде өзгермейді, ал нақты валюта курсы сатып алу қабілеттілігінің паритетін бұзып, өзгеріп тұрады. Бұл өзгерістер таза экспортпен жиынтық сұраныстың артуына әкеледі. Нақты курс төмен болған сайын шетелдіктер үшін отандық тауарлар салыстырмалы түрде арзан, ал импорттық тауарлар отандық тұтынушылар үшін арзан болады және таза экспорт жоғары болады.
Тұрақты валюта курстарын сақтап тұру болып тұратын төлем балансының тапшылығын жабу үшін қажет резервтерді талап етеді. Егер резерв жеткіліксіз болса, ел дефляция саясатын, протекционистік саясатты немесе валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық бақылау – бұл ел мен шетлед арасындағы мәмілені үкіметтің бақылауы. Үкімет резиденттердің айырбастауды шектеуі мүмкін. Бұл кезде валютаның ресми валюта курсын өзгертуі міндет емес.
ДӘРІС 14. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘНЕ САУДА САЯСАТЫ
1. Сыртқы сауда және халықаралық капитал ағындары.
Халықаралық экономикалық байланыстардың іргетасы халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз – елдер мен аймақтардың нарықтық айырбасқа негізделген белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндірісінде мамандануы. Ол алғашында табиғи және географиялық артықшылықтардың негізінде қалыптасты.
Сыртқы саудаға қатысты америкалық ғалым Майкл Портердің теориясы Д. Рикардо мен Хекшер- Олин теорияларының сыртқы сауда құрылымын түсіндірген кезде маңызды болғандығын, ал бүгінде олардың практикалық мәндерінің жоғалғандығын көрсетеді. М. Портер салалар мен фирмалардың бәсеке артықшылығын қалыптастыратын төмендегідей детерминанттарды атап көрсетті. Оларға келесілер жатады: белгілі бір сапа мен көлемдегі өндіріс факторлары; берілген сапа өніміне деген ішкі сұраныс шарттары, оның сандық және сапалық параметрлері; әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және қолдау көрсетуші салалардың болуы; ішкі нарықтағы фирма стратегиясы.
Сыртқы саудада тауар мен қызметтерден басқа капитал да сыртқа шығарылады және сырттан әкелінеді. Тауар мен қызметтерді экспорттауға қарағанда капиталды сыртқа шығару мәні жағынан перспективаға бағытталған. Капитал болашақта пайда табу үшін экспортталады. Капитал экспорты қаржылық құралдар (несиелер, займдар, бағалы қағаздарды сатып алу) түрінде, сонымен қатар біріккен кәсіпорындар үшін техналогиялар, материалдар мен жабдықтар беру жолымен жүзеге асырылады. Экспортталатын капитал қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді салымдар 5 жылдан артық мерзімге салынады. Олар тікелей салымдар және портфельді салымдар болып бөлінеді. Тікелей салымдар кәсіпорынға бақылау жасауға, ал портфелді инвестициялар дивиденд алуға мүмкіндік береді.
2. Сауда саясаты. Сауда саясаты – бұл салық, субсидия импорт пен экспортты тікелей шектеу арқылы жүргізілетін үкіметтің бюджет – салық саясатының бір бағыты.Көп экономисттер сыртқы сауданы ырықсыздандыру жағында, олардың пікірінше саудалық шектеулер тек қана қысқа мерзімдік сипатқа ие, ұзақ мерзімде тек еркін сауда ғана экономикалық ресурстарды ұтымды орналастырып, пайдалануға ықпал етеді. Дегенмен, еркін сауданың жолында үлкен кедергілер бар. Оларға квота, тариф, экспорттық – импорттық шектеу тағыда сол сияқтылар жатады.
Тариф – бұл импортқа салынатын кедендік баж салығы. Тарифтің енгізілуі импорттық тауар бағасын дүние жүзілік бағадан арттырып жібереді, яғни Pi = Pm + Pm * Kt
Мұндағы Pi – импорттық тауардың біздің ішкі нарығындағы баға, Pm – дүние жүзілік баға, Kt – тарифтік ставка, Pm * Kt – тарифтік көлем.
Импорттық тариф осы импорттық тауарға ұқсас өнім шығаратын отандық өндірушілерді қорғайды. Керісінше, отандық тұтынушылар ұтылады, себебі көтерілген баға арқылы қосымша «салық» төлейді. Бірқатар кемшілігіне қарамастан еркін сауданы шектеуді қорғайтын аргументтер өте көп. Олардың негізгілері:
- кедендік тарифтар қорғаныс саласының өнеркәсібін қорғауға жағдай жасайды. Соғыс бола қалған жағдайда әр елдің өз әскери өнімдері болған дұрыс;
- кедендік тариф ішкі ресурстардың жұмыспен қамтылуын арттыруға, жиынтық сұранысты ынталандыруға жағдай жасайды. Импортты шектеу нәтижесінде таза экспорт артады, бұл жұмысбастылық пен өндірісті өсіріп, төлем балансының жағдайын жақсартады;
- кедендік тариф ҒТП арқасында пайда болған ұлттық экономиканың жас жаңа салаларын шетел фирмаларының тарапынан болатын бәсекеден сақтайды;
- егер Үкімет кедендік тарифті қолданбаса, арзан жұмыс күшін пайдаланатын шетел фирмалары ішкі нарыққа арзан импорттық тауарлардың келуін арттырады. Нәтижесінде ішкі баға төмендегеннен кейінгі жалақы деңгейі де төмендеп, елдегі өмір сүру деңгейі нашарлайды;
- кедендік тарифтер отандық өндірушілерді демпингтен қорғайды.
Сыртқы сауданы тарифтік реттеу әдісімен қатар тарифсіз реттеу де қолданылып тұрады. Оларға сапа стандарты, санитарлық шектеу, жабдықтардың экологиялық сипатына қойылатын талап, импорттау лицензиясын шектеу, белгілі бір елдерде жекелеген өнім түрлерін шығаруға әкімшілік тыйым салу, импорттық және импорттық квота. Квота бойынша жылына әкелінетін импорттық тауардың көлеміне немесе құнына шек қойылады. Ал тариф бойынша сандық жағынан шек қойылмайды. Тарифті де, квотаны да енгізу кезінде ішкі баға дүние жүзілік бағадан жоғары қойылады, импорттық тауарлардың ұсынысы азаяды.

Приложенные файлы

  • docx 17884871
    Размер файла: 390 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий