shpora_Electrobezopasnost


Билет №1
1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі туралы заң. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауіпсiздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерiн белгілейдi. 7 тарау, 35 баптан тұрады. Тараулар: 1. Жалпы ережелер. 2. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. 3. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері. 4. Қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. 5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру. 6. ҚР-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылау. 7. Қорытынды ережелер Жұмыс істейтін адамдар саны мен қандай кәсіппен айналысатынан байланысты еңбекті қорғау шарттары болады. Кез келген мекеме басшысы техника қауіпсіздігі мен Еңбекті қорғау ережелерін сақтауға жауапты, одан кейінгі мекеме басшысының жауапты етіп тағайындаған адамы жауапты болып табылады.
23. Зиянды және қауіпті факторлардың адам денсаулығына әсері.
,Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін. Тыныс жолдарына зиянды әсері болады. Қауіпті жіне газды қауіпті жұмыстары орындау алдында жұмысшы медициналық тексеруден өтуі қажет және жұмысты жүргізу ережесі туралы нақты инструкция алуы тиіс. Бұл жағдайдаларды толық білу жарақат алуды төмендетеді - өте маңызды. Электрлік соққы, электр күйік. Мүгедектік немесе жұмысқа қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Зиянды фактордың ұзақ уақытқа созылуы немесе едәуір мөлшерде болуы қауіпті факторға айналып адам денсаулығына зор қауіп туғызады.
44. Желдеткіштер қандай болады және не үшін қажет?
Құрылымына қарай – центрден тепкіш және осьтік желдеткіш деп бөлінеді. Центрлік желдеткіш іштегі лас ауаны сыртқа шығарады. Осьтік желдеткіш сырттағы таза ауаны ішке кіргізеді. Үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында реттеулі және алмастыруға қолайлы жағдай жасауға, құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті сақтауға арналған шаралар жүйесі. Ағындата, сора,ижалпылай, алмастыра, жергілікті желдету.
Билет №2
2. ҚР Конституциясы азаматтық құқығы мен міндеттері.
  Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар..Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.Әркімнің тынығу құқығы бар. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананыңқұқығы әрі міндеті.Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Денсаулығын сақтауға құқығы бар.Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті.Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті
24. Зиянды және қауіпті факторлар қалай бөлінеді? Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады. Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей: пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен;пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;бөлменің ылғалдығынан;бөлменің тарлығынан; және басқа факторларға байланысты.Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц): ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі; ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы; ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады; ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды; ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады; ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды; ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады. Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек.12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ,
жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.
45. Электр тогының әсерінен қорғау тәсілдері
1. Оқшаулау – ток өткізетін сымдарды оқшаулағыш материалмен қаптау. Мегометр-изоляциялық кедергінің 0.5МОм – нан кем болмауын өлшейтін құрал.
2. Электр қондырғыны қоршау. Оның 2 түрі болады. Металмен және сеткамен қоршау.
3. Қателерді болдырмайтын тетік , яғни блокировка. Ол адамды электр тогынан жарақат алудан қорғайды және қосу немесе ажырату операциясын белгілі бір тәртіппен орындауға көмек береді.
4.Электр қондырғының қорабын ноль сымымен жалғау. Бұл кезде ноль сымында ешқандай үзік болмауы тиіс. Олай болған жағдайда қондырғымен жұмыс істеген адам арқылы ток өту қаупі туады.
5. Электр қондырғының қорабын жерге қосу.
6. Екі қабат оқшаулау материалдарын қолдану. - бұл сайман екі қабат оқшаулау материалынан тұрады деген белгі. Сонымен қатар сайманның сырты пласмасса болса, онда ол да екі қабат оқшауланғандықтың белгісі.
7. Аз кернеуді пайдалану. Аз кернеу 42 В-қа дейін болады. Адам терісі осы кедергіге шыдай алады. Алайда терінің күйіне қарай, яғни ылғалды немесе құрғақ болғанына қарай өзгереді. Ылғалды болған уақытта адам терісінің кедергісі азайып, тері тесілуі мүмкін. Жалпы адам кедергісі 800-10000 Ом аралығында болады, ал есептеулер жүргізгенде 1000 Ом тұрақтысы алынады.
8. Қорғау құралдары. Қорғау құралдарына: диэлектрик қолғаптар мен кілемдер, аяқ киімдер, оперативные штанги, указатель напряжение. Қорғау аппараттары негізгі және қосымша болып 2-ге бөлінеді. Қосымша қорғау аппараттары негізгіге қосымша қорғау үшін пайдаланылады. Диэлектрлік қолғаптар 1000 В-қа дейінгі токка қарсы тұра алады.
Әрбір қорғау аппаратының өзіндік жарамдылық мерзімі, тексерілетін уақыты болады. Мысалы, диэлектрлік қолғаптар 6 айда бір рет, диэлектрлік аяқ киім 3 жылда бір рет, оперативные штанги 2 жылда, қалғандары 1 жыл сайын сынақтан өткізіліп отыруы тиіс. Тексергенде ток мөлшері 2,5- мА- ден аспауы тиіс. Асқан жағдайда ол жарамсыз болып табылады. Қолданар алдында штампқа қарап, жарамдылық мерзімін тексеру қажет.
9. Плакаттар мен белгілер. Плакаттардың түрлері:
Тыйым салатын плакаттар: («не включать, работают люди», «не открывать, работа на линий»),
Ескерту плакаттар: «стой! Высокое напряжение»
Нұсқаулық плакаттар:
Көрсететін плакаттар: «Заземлено»
10. Бөлетін трансформаторлар. Олар арқылы оқшауланған электр желісін жасанды жасаймыз, соның арқасында адам арқылы өтетін токтың мөлшері аз болады.
11. Потенциалды теңестіру.
12. Оқшаулау түтігі.
13. Қорғап, ажырататын құрылғы ток ағынының мөлшері 10мА-ден артық немесе тең болса 0,2 секундтың ішінде электр қондырғыны ажыратады. Изоляция кедергісі 0,5 Ом-нан кем болмауы керек. Изолоция кедергісі азайғанда ток ағыны пайда болады.
Билет №3
3. Еңбек туралы заң: Жұмыс, демалыс, мейрам уақыты туралы. Күнделікті тынығудың ұзақтығы- жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе белгілі мөлшерде ақы төленеді. 3. Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодексте көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады. Демалыс түрлері 1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары; 2) әлеуметтік демалыста.Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.Ақылы демалыс жұмысшы толықтай 12 ай жұмыс жасаған соң беріледі.Аптадағы жұмыс уаұытың ұзақтығы 16-18 жас үшін 36 сағ, 14-16 жас үшін 24 сағ, 18 жастан бастап 40 сағ.
25. Жұмыс түрлері, соған байланысты орталық факторларының шамасының мөлшері қандай болу керек?
Жұмыс түрлері: жеңіл, орта, ауыр жұмыс. Жеңіл жұмыстағы нормалар: температура – 22-230С, ауаның жылдамдығы 0,1 м\с Орта жұмыста: температура 18-200С, ауаның жылдамдығы 0,3 м/с.
Ауыр жұмыста: 16-180С, 0,4-0,5м/с. Қалыпты ауаның жылдамдығы орташа есеппен 60-75% болуы тиіс.
46. Оқшаулау, қоршау (электрқондырғыны)
Оқшаулау – ток өткізетін сымдарды оқшаулағыш материалмен қаптау. Мегометр-изоляциялық кедергінің 0.5МОм – нан кем болмауын өлшейтін құрал. Электр қондырғыны қоршау. Оның 2 түрі болады. Металмен және сеткамен қоршау. Екі қабат оқшаулау материалдарын қолдану. - бұл сайман екі қабат оқшаулау материалынан тұрады деген белгі. Сонымен қатар сайманның сырты пласмасса болса, онда ол да екі қабат оқшауланғандықтың белгісі.
Билет №4
4. Еңбек туралы заң: Жұмыс берушінің құқығы мен міндеттері.
1) жұмысшылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыру; 2) еңбектік және өндірістік тәртіпті қамтамасыз ету; 3) еңбек заңы мен өндірістік тәртіпті бұлжытпай сақтау; 4)жұмысшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына назар аудару, олардың еңбектік, тұрмыстық жағдайын жақсарту.
26. Жұмыс орынында қалыпты жағдай жасау үшін қандай қондырғылар пайдаланылады?
Кондиционер, жылыту қондырғылары, желдеткіштер, шаңнан тазартқыш, жарық беретін қондырғылар.
47. Электрқондырғының қорабын ноль сымымен және жермен қосу туралы айт.
Электр қондырғының қорабын ноль сымымен жалғау. Бұл кезде ноль сымында ешқандай үзік болмауы тиіс. Олай болған жағдайда қондырғымен жұмыс істеген адам арқылы ток өту қаупі туады.
Билет №5
5. Еңбек туралы заң: Жұмысшының құқығы мен міндеттері. Жұмысшылардың негізгі міндеттері: 1) шынайы және адал ниетпен жұмыс істеу; 2) еңбек тәртібін сақтау; 3) әкімшіліктің үкімдерін өз уақытында және нақты орындау; 4) еңбек өнімділігін өсіру; 5) өнім сапасын жақсарту; 6) техникалық тәртіпті, еңбек қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитарий ережелерін сақтау; 7) кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның мүлкіне күтіммен қарау.
27. Кондиционер туралы...
Жұмыс орнында немесе үй жағдайында қолайлы жағдай жасауға арналған салқындатып, жылытатын құрылғы. Ол 10 бөліктен тұрады. 1. Сыртқы ауа 2. Ауа кіретін жер 3. Жалюз 4. Фильтр 6. Ауа жылытқыш немесе салқындатқыш 7.ауа ылғалдылығын реттегіш 8. Ылғал қстпйтын фильтр. 9. Екінші рет температура реттейді.


48. Электр тогынан қорғау құралдары қандай болады, қалай пайдаланылады?
Қорғау құралдарына: диэлектрик қолғаптар мен кілемдер, аяқ киімдер, оперативные штанги, указатель напряжение. Қорғау аппараттары негізгі және қосымша болып 2-ге бөлінеді. Қосымша қорғау аппараттары негізгіге қосымша қорғау үшін пайдаланылады. Диэлектрлік қолғаптар 1000 В-қа дейінгі токка қарсы тұра алады.
Әрбір қорғау аппаратының өзіндік жарамдылық мерзімі, тексерілетін уақыты болады. Мысалы, диэлектрлік қолғаптар 6 айда бір рет, диэлектрлік аяқ киім 3 жылда бір рет, оперативные штанги 2 жылда, қалғандары 1 жыл сайын сынақтан өткізіліп отыруы тиіс.1000 В-тан жоғары токка арналған қолғапты 6 к В кернеумен, оған дейінгіні 2 к В –пен зерттейді. Тексергенде ток мөлшері 2,5- мА- ден аспауы тиіс. Асқан жағдайда ол жарамсыз болып табылады. Қолданар алдында штампқа қарап, жарамдылық мерзімін тексеру қажет.
6. Еңбек туралы заң: Жұмысшыны жұмысқа алу тәртібі.Келісім бойынша жұмысшы өзінің мамандығы, квалификациясы бойынша еңбекті орындауы және ішкі еңбек тәртібін бұзбауы қажет. Ал, жұмыс беруші өз тарапынан жұмысшыға еңбек жасауға жағдай туғызып, уақтылы айлығын төлеп беруі қажет. Жеке еңбек келісім-шарты мына негіздерден тұрады- тараптардың реквизиттері ( жұмыс берушінің толық ақпараты, заңды тұлғаның орналасқан жері, жұмыс берушінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының номері мен тіркеу күні, еңбек функциясын ( арнайы мамандық, мамандығы бойынша жұмыс), жеке еңбек келісімшартының мерзімі, еңбек жауапкершілігінің басталу мерзімі, еңбек жағдайының сипаттамасы, жұмысшылырдың кепілдігі мен төлемдері, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмысшының құқықтары, жеке еңбек келісім-шартын өзгерту, бұзу мен ұзартудың тәртібі.
Келісім шартты құрғаннан кейін жұмыс беруші жұмысшыны жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысшыға қол қойдырып таныстыруға міндетті. Жұмысқа алу туралы бұйрықта жұмыс беруші міндетті түрде жұмысшының жұмысқа кім ретінде қабылданғандығы көрсетілуі тиіс ( яғни, қызметі, квалификациясы, мамандығы көрсетілуі тиіс), қандай мерзімге және қандай уақыттан бастап жеке еңбек келісім шартын, кей жағдайларда жұмыс беруші еңбек ақысының мөлшерін көрсетуі мүмкін. Жұмысшыға еңбек ақысы жұмыс берушінің қалауынша белгіленеді, бірақ ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі еңбек ақысынан кем болмауы қажет.
28. Желдің және жұмыс орынындағы ауаның жылдамдығын қалай анықтайды? Автонометр – бөлмедегі ауаның жылдамдығын өлшейді. Аниометр – желдің жылдамдығын өлшейді.
49. Кернеудің барын, не жоғын қалай анықтайды?
Бұл құрал кернеу көрсеткіш деп аталады.Кернеу екенін тексерген соң қысқа толқын тұйықталу орнатып жұмысқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
Билет №7
7. Жұмыс беруші мен жұмысшы қай уақытта жеке еңбек келісімін бұза алады? Еңбек шартының тоқтатылу негіздері; 1) жақтардың өзара еркі арқылы (мысалы, тараптар келісімі басқа жұмысқа жұмысшы келісімімен ауыстыру, сайланбалы лауазымға ауысу) 2) әкімшіліктің инициативасы бойынша; 3) жұмысшы өтініші бойынша; 4) өзгенің инициативасы бойынша (әскерге шақыру, кәсіподақ органының талабымен жұмыстан босату, сотталғанда заң үкімінің күшіне енуі).
29. Жұмыс орынындағы ауаның жылдамдығы қандай болу керек? Жеңіл жұмыста-0,1-0,2 м/с, орта жұмыста-0,3 м/с, ауыр жұмыста – 0,4-0,5м/с
50. Электр қауіпсіздігі туралы қандай белгілер мен плакаттар бар?
Плакаттардың түрлері:
Тыйым салатын плакаттар: («не включать, работают люди», «не открывать, работа на линий»),
Ескерту плакаттар: «стой! Высокое напряжение»
Нұсқаулық плакаттар:
Көрсететін плакаттар: «Заземлено»
Билет №8
8. Техника қауіпсіздігінің ережесін бұзған адам қандай жауапкершілікке тартылады? Қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соқса - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
30. Табиғи жарықтандыру түрлері, немен сипатталады? Табиғи жарықтық бөлмеге бүйірлік (1 немесе 2-беттік) сырт қабырғадан немесе қабырғадағы терезе арқылы енеді. Жоғарғы – фонарьлар және төбе шамдары арқылы жасалған тесіктерден кіреді; жоғарғы және бүйірлік аралас табиғи, жарықтандыру түрлерін бейнелейді. Аралас жарықтықты табиғи жарық аз болған жағдайда пайдаланады. Ол кезде табиғи жарықтықты электр жарық көздерімен қосымшалайды.

Билет №9
9. Еңбек туралы заңды бұзған адам қандай жауапкершілікке тартылады?
Тәртіптік жазалар 1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға: ескерту жасауға; сөгіс беруге; қатаң сөгіс беруге; жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
31. Жасанды жарықтандырудың түрлері, есептеу.
Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау /2,3/. Жарықтың техникалық есептемесі: - пайдалану коэффициенті әдісімен; - нүктелік әдіспен; - меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін. Жасанды жарықтың түрлері жұмыстық, апатты, қорғау және күзету болып бөлінеді. Жарық қондырғылары нормалық режимде істеуіне жұмыстық жарық қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Ол барлық бөлмелерде және ашық кеңістікте міндетті түрде қажет. Қорғау жарығы - жұмыстық жарықтың бір түрі, ол өндірістік кәсіпорын территориясының шекарасы бойынша орнатылады. Апаттық жарық қауіпсіз және эвакуациялық жарыққа бөлінеді.
Жасанды жарықтандырудың түрлері: жұмыс орнын жарықтандыру – жұмыс орынындағы қалыпты жарық мөлшерін орнату, кезекші жарықтандыру – жұмыс жасалмайтын уақытта бүкіл жарықтың 10-15%-ын қосу жеткілікті, апаттық жарықтандыру – жұмыс істейтін жарық сөніп қалғанда аккумулятор немесе басқада источниктен қуат алып, адамның жүрер жолдарына жарық түсіреді, қорғау жарықтандыруы – мекеменің сыртын жарықтандыру, жергілікті жарықтандыру – настольная лампа, станоктағы жарық көзі, т.б. Бөлмені жарықтандырғанда 1м2=10В
52. Электр қауіпсізігін қамтамасыз етудің ұйымдастырулық және техникалық шаралары.
Ұйымдастырулық шаралары: наряд допускіні беру, жұмысты орындауға рұқсат беру, жұмыс уақытында техника қауіпсіздігін бақылауды сақтауды бақылау; жұмысты аяқтау жіне наряд допускіні жабу
1000 В-қа дейінгә жұмыс тапсырыспен орындалады, одан артық жұмыс наряд-допуск арқылы жасалып, ол 30 күн сақталуы керек.
Техникалық шаралары:
қажетті ажырату жұмыстарын жасау
-жүктемені ажырату (ауамен, маймен, вакуумд)
-айырғыш МВ:ВВ;АВ
-кілтке жабу, плакат ілу
-кернеуді тексеру
-жерге қосу(заземление)
Билет №10
10. Қайғылы жағдайлар өндірістегі, жұмыстағы ,тұрмыстағы
Өндірістегі қайғылы жағдайға дәл жұмыс істеу үстіндегі оқиғаларжатады. Жұмыс уақытында орын алған жағдай, жұмыс орнында болмағанмен де, жұмыстағы қауіпті жағдай деп саналады. Себебі, жұмысшының жұмыс уаұытындағы қауіпсіздігін мекеме басшысы қамтамасыз етуі қажет. Ал жұмыс уақытынан тыс болған оқиға тұрмыстағы жағдай болып саналады.
32. Өрттің себептері ✓ Шылым шегу, Сіріңкені сөндірмей лақтыру; ✓ Жанатын заттарды қыздырғыштардың жанында сақтау; ✓ Электр қондырғылардың, электр жабдықтарының тәртібін сақтамау; ✓ Электр қондырғылар мен жабдықтар жарамсыздығы; ✓ Жарық қондырғыларын, электр сымдарын, қыздыру қондырғыларын дұрыс пайдаланбау; ✓ Дәнекерлеу ережелерін бұзу және сақтамау. 33. Өндірісті өрт және жарылыс қауіпсіздігі жағынан қалай бөледі? 6 категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д,Е. Ең қауіптілері: А,Б,Е. А-газ қоймасы. Жанармай тұтануы 280С-тан кем. Б-жанатын заттың, сұйықтың тұтану температурасы 280С−610С аралығы. В-қатты жанатын заттар (ағаш, көмір) жану температурасы 610С тан жоғары. Г-қиын жанатын заттар. Д-отқа жанбайтын. Е-жарылысқа қауіпті орындар(диірмен, ұсақтағыш, элеватор – астық сақтайтын жер, аккумаляторды зарядтайтын жер

Билет №11
11. Өндірістегі қайғылы жағдай қалай зерттеледі? Жағдай бір тәулік ішінде зерттелуі керек. Кемінде 3 адамнан тұратын комиссия мүшелері 4 дана N1 формада акт толтыруы қажет. Комиссия мүшелері: техника қауіпсіздігінің инженері, цех бастығы, қоғамдық еңбек қорғау инспекторы. 3 данасы комиссия мүшелеріне, бір данасы зардап шегушіге беріліп, 75 жыл уақыт бойы күшін сақтайды
54. Жұмыс орынындағы техника қауіпсіздігін сақтау туралы айт.
Қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық жəне өзге де нормаларды, ережелерді, рəсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік жəне еңбек процесін сипаттайтын сапалық жəне сандық көрсеткіштер
. Қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жерлері мен авариялық жолдары бос болуы жəне ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа шығаруы тиіс. Қауіпті аймақтар айқын белгіленген болуы тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыс сипатына қарай қызметкер үшін тəуекел немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда орналасса, онда мұндай жерлер бұл аймақтарға бөгде адамдардың өтуіне тосқауыл болатын құрылғылармен жарақталулары тиіс. Ұйымдардың аумағында жаяу жүргіншілер мен көліктік құралдар қауіпсіз жағдайларда жүріп- тұрулары тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсері болмайтындай не олардың əсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары
Билет №12
12. Қайғылы жағдайларға қалай талдау жасалады?
1. Қайғылы жағдайды тіркейтін журнал толтырылады. Жыл соңында ол журнал арқылы анализ жасаллып, соған сай шаралар орындалады. 2. Қауіпті жағдайлар ауырлығына қарай талданады. 3. Қайғылы жағдайдың әсерінен жұмыс жасалмаған күндер есепке алынады.4. Оның себептері және болдырмаудың жолдары қаралады, қайғылы жағдай себебінен жұмыс істемегендегі шығыс коэффиценті. Қайғылы жағдайды зерттейтін комиссия құрамы кемінде 3 адамнан тұрады: техника қауіпсіздігінің инженері, цех бастығы, қоғамдық еңбек қорғау инспекторы. N1 формады 4 дана акт толтырылып, 75 жыл бойы сақталады. Себебі, қайғылы жағдай әсері бірнеше жылдардан соң қайта байқалуы мүмкін.
34. Өрт сөндіру материалдары
Су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар.
55. Өндірістік процесске және жабдықтарға техника қауіпсізідіг жағынан қойылатын талаптар.
Өндірістің зиянды, зиянсыз және өте қауіпті түрлері бар. Зиянды қауіпті факторларды азайтуға арнайы талаптар қойылады. Негізгі талаптар: адам денсаулығына қауіпсіздігі немесе аз дәрежедегі қауіптілікте болуы, адамның жұмыс істеуіне қолайлы болуы шарт. Ыңғайлы жағдай жасауға мысал келтірсек, ауаның желдетілуін қамтамасыз ететін желдеткіштер. Ценировой желдеткіш іштегі лас ауаны сыртқа шығарса, осевой желдеткіш сырттағы таза ауаны ішке тартады.
Билет №13
13. Өндіріс орынындағы ортаның адамға әсері туралы
айт.
Жоғары температура немесе төменгі температура. Температураның қалыптылығы жұмыстың түріне байланысты. Жұмыстың ауырлығына байланысты төмендеп, айырмашылықтар болады. Жарықтың көлемі, ауаның жылдамыдығы қалыпты болуы шарт. Ауа жылдамдығы жеңіл жұмыста 0,1 м\с, орта жұмыста 0,2-0,3 м\с, ауыр жұмыста 0,4-0,5 м\с болады. Ауаның ылғалылығы 60-75 % аралығында болуы керек. Жарықтың мөлшері, шаңның, зиянды газдың концентрациясы мүмкіндік мөлшерден аз болу тиіс. Қандай жағдайдада жұмыс орынындағы орта жұмыс істеуге қолайлы, адам денсаулығына зиянсыз немесе аз мөлшерде зиянды болуы керек.
35. Қолмен өрт сөндіргіш: ОХП-10-химиялық көбік өртсөндіргіш Құрылысы: 1) корпус – сыртқы қабы, цилиндр секілді, сыйымдылығы - 10л. Оған сода ерітіндісін құяды. 2) стакан(пласмасса) – сыйымдылығы-1л. Оған күкірт қышқылы құйылады. 3) клапон; 4) клапонның тұтқасы; 5) қақпағы;6) ұстайтын тұтқасы. Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының қоспасымен толтырылады. Тұтқаны 180градусқа бұрғанда соташық резеңке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек өос тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына бағытталады. Ағын ұзындығы 8 метрге жетеді. Жылына бір рет зарядталып тұрады.
56.Бірінші медициналық көмек көрсету
Қайғылы жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету:
-электр тогының әсерінен босату. Ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын және аяғын ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан ажыратып тартып алуы немесе оны басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратып алу тиіс.
-Зақымданушының жүрегі тоқтап, тынысы бітіп қалмаған болса, толық тыныштық орнатып, ауаны тазартып, жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; аспапсыз қолдан тыныс алдырудың «ауызға үрлеу» әдісінде жәрдем көрсетуші адамтыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Жүрек тұсына массаж жасау: жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа сүйектерінің аралығына қысылып, көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе арасындағы қан сығылып шығады. Босатқанда қайта үлкейіп, қан қайта құйылады.
Төс сүйекті секунд сайын басып босату және 4-5 секунд сайын 1 рет ауызға үрлеу тиімді.
Билет №14
14. Жұмыс орынындағы орта қандай факторлармен сипатталады?
Температура, ауаның құрамы, ауның жылдамдығы, жарықтың мөлшері, шудың мөлшері, ауаның ылғалдығы 15. Ауаның температурасының ылғалдғын қалай анықтайды? Психометр. Ол 2 термометрден тұрады. Ылғалды және құрғақ. Қалыпты ауаның жылдамдығы орташа есеппен 60-75% болуы тиіс. Температураның қалыптылығы жұмыстың түріне байланысты. Жұмыстың ауырлығына байланысты төмендеп, айырмашылықтар болады. Жарықтың көлемі, ауаның жылдамыдығы қалыпты болуы шарт. Ауа жылдамдығы жеңіл жұмыста 0,1 м\с, орта жұмыста 0,2-0,3 м\с, ауыр жұмыста 0,4-0,5 м\с болады. Жарықтың мөлшері, шаңның, зиянды газдың концентрациясы мүмкіндік мөлшерден аз болу тиіс.
36. ОВП-10 – ауа-көбікті өртсөндіргіш. Балонның қысу тұтқасын бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік сұптама арқылы жоғары еселі қоспа шашырайды. Жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 метр. Заряды химиялық бейтарап. Соның негізінде алынған жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Ол электрқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру үшін қолданбайды.
57. Электр тогының жерден босату тәртібі
1. Электр тогынан ажырату. Ажыратқыш аппараттарды сөндіру. 2. Ажырататын аппараттарды білмеген жағдайда, сабы оқшауланған қысқашпен сымдарды ажырату;3. Сабы құрғак балтамен ток сымдарын шабу; Электр желісінің сымдары жерге түсіп жатса, жасанды қысқа тұйықталу орнату керек. Ұзын алюминий сым алып, басына ауыр жүк байлап, электр желісінен 5-10 м қашықтыққа кетіп, сымды электр желісіне лақтырамыз. Сонда қысқа тұйықталу болып, сым электр тогынан ажыратылады.
Адамның ашық тұрған жерлеріне тиісу қауіпті, ток өтуі мүмкін. Киімінен тарту арқылы адамды алып шығу керек. Қолға қолғап немесе, шарф, киім орап алу да артық емес.
Билет №15
37. ОУ-5 – көмірқышқылды өртсөндіргіш. Кішігірім өрттерді сөндіру үшін. Қысым вентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқыщқыл сұйығы 6мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізгі күйге өтеді. Салмағы 6,25 кг-нан аз болса оны зарядтау керек.
58.Жарақат алғандарға көмек көрсету, тасымалдау
Сынған жерлері қозғалмайтындай етіп шина салады да, көлікпен жеткізу керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Жедел жәрдем келгенше барлық алғашқы көмек түрлерін жасай беру керк.
Билет №16
16. Жұмыс орынындағы жарықтың мөлшерін қалай анықтайды және мөлшері неге байланысты?
Жарық мөлшері люксметр аспабы арқылы өлшенеді. Люксметрлер көзбенажыратуғаарналған және фотоэлектрлік түрлерінде болып келеді. Жұмыс орнындағы жарық мөлшері жұмыстың түріне қарай әр түрлі болады. Мысалы, мектептегі жарық мөлшері 200-300 люкс, үйде 100 люкс, қорада 30люкс болады. Жұмыс орыныдағы қалыпты жарық мөлшерін орнату: жұмыстан тыс уақытта бүкіл жарықтың 10-15 % жанып тұруы керек, жарық сөніп қалғанда аккумулятор немесе басқа да қуат көзінен қуат алатын жарықтың адам жолын жарықтандыруы керек, мекеменің сыртының жарықтандырылуы, настольная лампаның болуы жұмыстың ұсақ заттармен жасалуына байланысты
38. ОП-3 – автомобиль үшін ұнтақты өрт сөндіргіш.
Ұнтақты өрт сөндіргіш ішінде арнайы ұнтақ бар, өрт ошағын жабады және оған оттегінің ағынын тоқтатады. Олар газдарды және жанғыш сұйықтықтар сөндіруге өте тиімді болып табылады. Ұнтақты өрт сөндіргіштер жиі қоймаларда, гараждарда, көлік құралдарында және т.б. пайдалануға жиі қолданылады. Осы сияқты өрт сөндіргіштерді (ҰӨ) көзге және тыныс алу жолдарына кіріп кетпеуін қадағалауымыз керек.

Билет №17
17. Өндіріс орынын жарықтандыру тәсілдері. Табиғи және жасанды. Жарық мөлшерінің өлшем бірлігі: люкс. Жасанды жарықтандыруда белгілі нормалар ескеріледі. Ал табиғида терезе мен еден қатынасы ескеріледі. Жасанды жарықтандырудың түрлері: жұмыс орнын жарықтандыру – жұмыс орынындағы қалыпты жарық мөлшерін орнату, кезекші жарықтандыру – жұмыс жасалмайтын уақытта бүкіл жарықтың 10-15%-ын қосу жеткілікті, апаттық жарықтандыру – жұмыс істейтін жарық сөніп қалғанда аккумулятор немесе басқада источниктен қуат алып, адамның жүрер жолдарына жарық түсіреді, қорғау жарықтандыруы – мекеменің сыртын жарықтандыру, жергілікті жарықтандыру – настольная лампа, станоктағы жарық көзі, т.б. Бөлмені жарықтандырғанда 1м2=10В
39. Электр тогының адам денсаулығына әсері Ток адам денесіндегі белсенді нүктелерге әсер етеді. Ток 10 В-тан үлкен болса – қауіпті. Ток адамның сол жағынан өтсе қауіптілігі артады. Адам ток ұрғанда Термиялық. Электралиттік, Биологиялық әсер етеді: Тоқтын термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты. Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.Биологиялық әсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.
60. Электр қондырғысында жұмыс істеу туралы айт.
Электр қондырғылардың 3 түрі болады: 1000 В-қа дейінгі(380В,220В,660В,127В,110В), 1000 В-тан жоғары, 42 В-қа дейін(қауіпсіз).
1000 В-тан жоғары токта міндетті түрде диспетчер арқылы жұмыс жасалады. Бұл жерде бригада жұмысшыларының группасы(категориясы) 3-тен кем болмауы керек. Ал рұқсат беруші адамның группасы 4-тен кем болмауы керек. 1000 В-қа дейінгі токта диспетчердің бақылауынсыз да жұмыс істеуге болады.
Билет №18
18. Жасанды жарықтандыру қалай есептеледі? -Жарықтандыру жүйесін талдау; - жарық көзінің түрін таңдау; - жарық шамдарының орналасуы; - светотехникалық есептеу - жарық беретін қондырғылар құатын анықтау. Бөлмені жарықтандырғанда 1м2=10В Руст=Ри×S , NA=PyPл40. Электр қондырғылары қауіпсіздігі жағынан қалай бөлінеді? Электр қондырғылары электр қауіпсіздігі бойынша ЭҚ 1 кВ – қа дейінгі және ЭҚ 1 кВ жоғары деп бөлінеді. Ашық немесе сыртқы, жабық немесе ішкі болып, екеуі де атмосфералық әсер етуден қорғайды, бірі тек сыртта орналасса, бірі ғимарат сыртында болады.
61. Электр және газбен дәнекерлеудегі қауіпсіздік ережелері
Электрмен дәнекерлеу үшін дәнекерлеу трансформаторлары және тұрақты токтың дәнекерлеу генераторы қолданылады. Дәнекерлеу трансформаторлары жермен және ноль сымымен жалғануы керек. Ноль сымымен жалғау себебі изоляция нашарлайтын болса трансформаторда пайда болатын кернеуден ешкім зиян шекпеу үшін, ноль сымы токтан ажыратады. Ноль сымы шалағай жалғанған болса немесе үзіктер болатын болса кернеуден қорғайды. Дәнекерлеу трансформаторды қорғайтын апппараттарының тогы трансформатордың қуатына сәйкес келуі керек. Егер ток жоғары болса, аппарат қызып кетеді де қысқа тұйыұталу пайда болады. Ол кезде ажырату керек. Дәнекерлеушінің арнайы киімі болуы керек. Дәнекерлеушінің жанында көзілдіріксіз тұруға болмайды. Жұмысқа арнайы курстан қткенғ дипломы бар, разряды бар адам ғана құқылы. Ол электр қауіпсіздігін білуі керек. Группасы 1 немесе 2 болуы керек.
Газбен дәнекерлеу – жұқа заттар мен трубаларда жүзеге асырылады. Оны қарапайым көзілдірікпен де жасауға болады. Газ генераторы мен кислород балонының арасы 8-10 м қашықтықта болуы керек.
Билет №19
19. Жұмыс орынындағы зиянды шаңның, газдың концентрациясы қалай анықталады?Газоанализатордың көмегімен газдың концентрациясын, яғни зиянды газ мөлшерін өлшейді. Аспиратор – шаң-тозаң мөлшерін есептейтін құрал. Распиратор – адам тыныс алғанда зиянды заттар кіргізбеу үшін пайдаланылатын аспап.  аспиратор жұмысының негізі: ауаның құрамындағы бөлшектерді анықтап, оны анализден өткізіп, құрамындағы ұсақ бөлшектерді санитарлы – эпидемиологиялық станцияларда, лабороторияларда, ғылыми зерттейтін институттарда зерттеу болып табылады және жұмыс орнындағы аурудың алдын алу үшін зерттеледі. Аспиратор қолайлы климаттық жағдайға негізделген, (10 — 35ºС) 25ºС – та салыстырмалы ылғалдылық 80% және атмосфералық қысымы 84 – 106,7 кПа дейін. Газ анализатор өнеркәсіптің әр саласында, газ құрамын анықтауда, көптеген ғылыми зерттеулерде технологиялық процестер үстінде, өрт сөндіретін, қопрағыш жұмыстар атқаратын жерлерде рұқсат етілуге болатын газ көлемін бақылау үшін, жымысшылардың  денсаулығына зиян келтіретін жабық бөлмелердегі газ көлемін  бақылау үшін, қоршаған атмосфераның құрамын зерттеу үшін қажет.
Газ анализаторлардың жұмыс негізіне газдың жылу өткізгіштік принціпі алынған. газдардың катализаторлардың қатысуымен жануы, инфрақызыл  шоқтардың сіңірілуі, термомагниттік конвекция, газдардың хроматографиясы.
41. Жұмыс бөлмесі электр қауіпсіздігі жағынан қалай бөлінеді? 1. Қауіпсіз бөлме
2. Қауіпті бөлме:
➢ Температура 350С-тан жоғары;
➢ Ток өткізетін сәкі;
➢ Ток өткізетін шаң.
3. Аса қауіпті бөлме:
➢ Ауаның ылғалдылығы 100%;
➢ Зиянды газдардың болуы;
➢ Екі және одан да көп қауіпті бөлменің белгілері қайталанса.
Билет №20
20. Шудың әсері, шудың мүмкіндік мөлшері және өлшеу, шудың мөлшерін азайту тәсілдері. Адам құлағы 20-20000 Гц арасындағы дыбысты ести алады. 20Гц-ке дейінгі инфрадыбыс, 20000Гц-тен артық дыбыс – ультрадыбыс. Адам ағзасы үшін 12-10 Гц-ті дыбыс өте зиянды. Күшті дыбыс құлаққа қысым жасайды. Дыбыс өлшем бірлігі – дециБелл. Норма – 80-85 дБ. 85-тен асса зиянды, 135-тен асса қауіпті. Шу адамның есту қабілетін азайтып, қан қысымын көтереді, зейін төмендейді, көру нашарлайды, адамның жүруіне әсер етеді, жүрек қан тамырларына , жүйкеге ас қорыту органдарына әсер етеді. Шуды өлшейтін аспап – Шумовер.4 бөліктен тұрады. 1. Микрофон-дыбыстық тербелісті электрлік шамаға айналдырады. 2. Күшейткіш 3. Қоректену көзі (батарея)4. аспап Шудан қорғау тәсілдері: Шуға қарсы құлаққап,Ұжымдық қорғау, Шу өткізбейтін материалдар пайдалану, қашықтықтан басқару немесе шу шығаратын машиналарды шу өткізбейтін материалдармен қоршау, үйкелетін металдарды майлау немесе орнына пласмасса қолдану.
42. Электр тогынан алған жарақат түрлері: ➢ Электрлік соққы – электр тогының әсері адам жүйкесіне зиян келтіріп, бұлшық ет тартылады.Электр соққы көрсеткіштері: 1. Бұлшық ет тартылады, адам есін біледі, жүрегі, өкпесі жқмыс істейді; 2. Бұлшық ет тартылады, адам есін білмейді, жүрек, өкпе істейді; 3. Бұлшық ет тартылады, жүрек, өкпе жұмысы бұзылады, есін білуі және білмеуі мүмкін; 4. Клиникалық өлім: бұлшыұ ет тартылады, жүрек, өкпе істемейді, есін білмейді. 6-8 минутқа созылады

➢ Электрлік күйік түрлері: терінің қызаруы, сулы түйіршіктердің пайда болуы, тканьдардың өлуі, көмірленіп қалу-өте қауіпті. ➢ Электр белгілері – қауіпсіз. 1 жұма ішінде кетеді. ➢ Электрооптальмия – көз өарашығының күюі. Ультракүлгін сәулесі арқылы күйеді. ➢ Электрошок – адамның есінің шығып кетуі, айғай-шуды да естімей қалу. ➢ Механикалық жарақат алу:сыну, ұрып алу
63. Кранмен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережелері
Жүк көтергіш кранмен жұмыс бастамас бұрын алдымен оның жарамдылығын тексеру керек. Кранмен жұмыс істейтін адамның арнайы курстан өткен куәлігі болуы керек. Техника қауіпсіздігі ережелерін білуі керек. Кранның бірнеше түрі бар: жылжымалы кран, автомобильный кран, биіктікке арналған кран, т.б. Крандарды сынақтан өткізудің 2 түрі бар: Статикалық(тұрақты) және динамикалық(қозғалмалы). Статикалық сынақ 3 жылда бір жүргізіледі. Кран арналып жасалған салмақтан 25 % артық салмақтағы жүкті кранға іліп 20-40см көтереді. Егер жүк түсіп кетер болса кран жарамсыз болады. Динамикалық сынақ әр жыл сайын өткізіледі. Арнайы салмағынан 10% артық салмақта жүк ілініп көтеріліп, түсіріліп тексеріледі.Кранның жүк ілінетін тросына жүк мұқият ілінуі керек. Оны да арнайы бір адам жұмыс жасайды.
Билет №21
21. Дірілдеудің адамға әсері, өлшем бірлігі, әсерін азайту тәсілдері. Жылдамдығы 1м/с-тан асқанда бас ауырады, бас айналады, жұмыс істеуге қабілет азаяды. Өлшем бірлігі – мм/с
Азайту тәсілдері: резина, серіппе, амортизатор, рессор, каучук, массивті іргетас. Тепе-теңдік жасау керек.Дірілдің деңгейі 16-20 дан асқанда дыбыс пайда болады.
43. Электр тогының қауіптілігіне қандай факторлар әсер етеді? ➢ Ток мөлшері ➢ Кернеу ➢ Адам кедергісі ➢ Токтың өтетін жолы ➢ Токтың өткен уақыты ➢ Токтың түрі
64. Электрикті жұмысқа аларда қойылатын талаптар
Электрикті жұмысқа алудың шарттары: жасының 18ге толуы, денсаулығының жарамдылығы, жұмыс істеуге рұқсат куәлігі. Емтиханды 3 адамнан тұратын комиссия алып, оған 1-5 ке дейінгі аралықтағы топ куәлігін береді.
Билет №22
22. Өндірістің зияны және қауіпті факторлары. Биологиялық , физиологиялық, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Түрлі жүк көтергіш құрылғылар, кескіш құралдары, кескіш құралдары, айналмалы құралдар, қозғалатын техника, жылжымалы элементтер
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.жоғары температура, жоғары сәуле-ультракүлгін. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар, қышқылдар мен сілтілер. 3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу, адам денсаулығына қауіп төндіретін мәселе, яғни психологиялық күйзеліс, т.б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты тағайындалып,төмендегідей кластарға бөлінеді:
1. Төтенше қауіпті (сынап,қорғасын).2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).
4. Қауіптілігі төмен (аммияк, ацетон).
44. Желдеткіштер қандай болады және не үшін қажет?
Құрылымына қарай – центрден тепкіш және осьтік желдеткіш деп бөлінеді. Центрлік желдеткіш іштегі лас ауаны сыртқа шығарады. Осьтік желдеткіш сырттағы таза ауаны ішке кіргізеді. Үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында реттеулі және алмастыруға қолайлы жағдай жасауға, құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті сақтауға арналған шаралар жүйесі. Ағындата, сора,ижалпылай, алмастыра, жергілікті желдету.
65. Электр қауіпсіздігі жөнінде берілетін 1-5 топтар, беру тәртібі.
1-топ – Электр қауіпсіздігі туралы түсініктеме беріліп, журналға тіркелген адам. 2-ден 5-ке дейінгі топтар міндетті түрде әр түрлі мерзімдегі курстардан өтіп, емтихан тапсырғаннан кейін ғана беріледі.

Приложенные файлы

  • docx 17750817
    Размер файла: 55 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий