dintanu_shpora


1.Дінтану ғылымы, оның пәні мен мақсаты.Дінтану-дін мәнін;тарихы мен қазіргі жағдайын зерттейтін ғылым. Дінтану пәні-өткен замандағы және қазіргі замандағы діндер. Мақсаты-дән тура түсінік беріп; адамның дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру; Дінтану дінді немесе басқа дінді насихаттамайды;керісінше оларға обьективті және ғылыми тұрғыдан түсіндіреді.
2.Дінтанудың дінді ғылыми тұрғыдан тану тәсілдері.Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүнитанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
3.Философия мен діннің айырмашылығы. Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
4.Дін деген не?Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
5.Діннің пайда болуы туралы екі ұстаным. 1)Материалисттік.Дін кез келген уақытта өмір сүрмеді ол қоғам мен адамның белгілі бір даму сатысында пайда болды.Дін алғашқы белшілері осыдан 100-40 мж бұрын өмір сүрген неандертальдықтар мен кроманьондықтарға айып тағылуынан білінді.2)Діни.Көптеген діншілдер дінді адам мен Құдайй арасындағы адамды Құдайға ұқсас жаратқан күннен бастап түсіндірілетін құбылыс ретінде сипаттайды.Кейбір діншілдер жарату аптасының осыдан 6мж бұрын болғанын растацды
6.Құдай болмысының ғылыми-діни дәлелдемелері. Құдай ілімі және дінді теологиялық тұрғыда түсіну. Тарихи дінтануда «адам табиғатының» ерекшеліктері негізге алынып жасалған діннің антропологиялық концепциясы батыс философиясында кеңінен танымал. Л. Фейербах дінді адам тұрмысының бейнесі ретінде түсіндірді. Ол адамды Алла жаратқан жоқ, ал адам өзінің қалауы мен қажетіне қарай өз Құдайын жасап алды деп санады.Антропологиялық концепцияның теологиялық және идеалистік теориядан айырмашылығы — дінді адамның елестетудің, қиялылықтың салдары ретінде қарады. Дюркгейм Құдайды әлеуметтік тұтастық көрініс ретінде қарап, діннің әлеуметтік табиғатын атап көрсетті. Дюркгейм дін кез-келген қоғамға қажет, ол адамдардың мәңгілік серігі деген тұжырымға келді. Теологиялық анықтама. Теологиялық анықтама бойынша – Құдай реалді күш және адам өзінің сүрү процессінде онымен қатнас жасайды. Теология анықтау болса, барлық анықтаудан ерте де, бірінші болып есептеледі. Теология – барлық үлкен дінің догмаларының системасы. Дін дегеніміз Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Олардың айтуы бойынша «дін» деген ұғым құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам құдаймен байналыс жасайды. Құдай түралы түсінікті діни сезім аркылы білеміз. Теология дегеніміз құдай туралы ілім емес, ол құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логиқалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіретті күшті сенімдерге қарай бойұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой өрісін жоғарғы дәрежеге көтерді.
7.Құдай дегеніміз кім немесе ол не?Құдай болмысында,асқан даналығында,қуаттылығында,тақуалығында,игілігі мен ідңлеттілігінде шексіз және өзгермейтін Рух;ерекше құдірет дарыған аса керемет болмыс туралы діни нанымдар негізінде қалыптасқан бейне.
8.Адам деген кім?Адам-жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі;библия бша Құдай өзіне ұқсатып жаратқан тіршілік иесі;Құран бша Алланың топырақ,тамшы,қою қан,кесек еттен жаратқан тіршілік иесі.
9.Діни нанымның екі деңгейі Діннің деңгейлері: Бірінші деңгейі-діннің мәнін ашатын, діннің қоғамның
экономикалық базисіне қатынасын көрсетеді. Екінші деңгейі-мазмұны жағынан сол бірінші деңгейдегі ұғымдардан көлемі шағын ағынасы бар жүйе. Ол жүйеге мына ұғымдар кіреді: діннің құрылымы, діннің функциялары, діни сананың деңгейлері, діни мінәжат. Діни бірлестіктер, шіркеу, мешіт, діни секталар. Үшінші деңгейі- күнделікті жіті талдауларды және эмпирикалық жинақтауды қажет ететін күнделікті ұғымдардың жинақтарынан тұрады. Ол ұғымдар: діншілдік, діншілдіктің өлшемдері.
10.Көне замандық алғашқы наным-сенім формалары алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады.
Натуризм «діні» табиғатқа табыну, яғни қоршаған ортадағы заттарды құдайға айналдырып, соған табынудан тұрады. анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық. Тотемизм – ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлері арасындағы туыстыққа сену. Тотемизм ру мүшелерінің кейбір жануарларға киелі деп табынуы немесе әр алуан киелі нәрселерге тәуелді болуы. Тотемизм көбінесе егіншілік және аңшылықпен айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді. Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес наным-сенімдердің ортақ белгісі болып табылады. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы (тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді түрлері болады
11.Ежелгі Грецияда діннің ұтымды тәсілдерінің негіздері қалыптасты.Ежелгі гректер Құдай мен адам үлгісі бойынша және сол тәріздес құдайлардың (Ксенофонт) арасында нақты шек қойды.Ежелгі Грецияда дінге қатысты келесідей теориялар болды: а) натуралистік: құдайлар маңызды табиғи және әлеуметтік кұштердің аллегориясы, олардың нақты-антроморфты бейнесі болып табылады; б) антропологиялық: құдайлар ежелгі билеушілер мен басқа да атақты тұлғалардың бас иетін нысаны болып табылады; в)саяси: құдайлар – билеушілер мен абыздардың халықты тәрбиелеу мен олардың түйсіктеріне тыйым салу мақсатындағы ойлап тапқандары, түйсігін алдаудың нәтижесі; г)психологиялық: құдайлар адамдардың көмегімен табиғат,өлім мен үкімет алдындағы қорқыныш негізінде жаратылды.
12.Бір мезгілде діннің қағидаларына қатысы жоқ оның құзыреті аясын шектеуге және осылайша философиялық және жаратылыстану-ғылыми зерттеулерді шіркеудің бақылауынан алу әрекеттері жасалды: екі жақты шындық теориясы. Екі жақты шындық теориясының табиғи нәтижесі деизм болып табылады,осыған сәйкес Құдай барлық жанның алғашқы жаратушысы, әлемді билеуші мен табиғи және әлеуметтік процестерге араласпайтын құдыретті күш иесі.Осыдан шығатыны – деистердің әр түрлі ғажайыптардан,дін басыларынан,монахтық өмірден бас тарту.Істің мәнісіне қарай, мұндай тәсіл Құдайды затты туындататын және оған өмір сүруге мүмкіндік беретін шеңбердің жағдайына дейін жетуге жол бермейді.Деизмге қарама-қайшы пантеизм теориясы бар, оның негізін салушылар Құдайды табиғатқа, ал табиғатты Құдайға жанастырады – (Құдай – барлық затта, барлық зат – Құдайда,Құдайдан басқа ештеңе жоқ).Пантеизм Құдайды жеке тұлға емес, өзін-өзі жаратушы, өзіндігі жоқ күш ретінде қабылдайды.Діннің түбегейлі жаңа тәсілі неміс классикалық философиясында қабылданды.Құдайдың шынымен бар екені туралы сұрақ адамгершілік аясына көшеді және сондықтан да діннің мәңгілік, тозақ, жұмақ,қорқынышты сот немесе ақырғы заман сияқты негізін салушы категориялары неміс философтары үшін моральді тұлғаларды даярлауға болатын құралы ретінде маңызды.
13.Діни әрекеттер наным үлгісімен заттанған діни қажеттіліктерді қанағаттандыру және жүзеге асыру тәсілі болып табылады.Діни әрекеттер алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірақ дәл солар өзгеше индикатор болып табылады,олардың негізінде қоғам жалпы адамның діншілдігі мен нақты конфессия туралы пікірін туындатады.Діни әрекеттердің өзегі – Құдайға немесе Құдайға жақын құдірет кұштерінен қандай да бір игілік пен жамандықтан сақтау үшін дұға тілеулері болып табылады.Дұға тілеу көне замандарда пайда болды.Кейбір дінтанушылардың пайымдауынша, дұға тілеудің пайда болуы ежелгі адамдардың қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын сөздің құдіретті күшіне сенуімен байланыстырады.Қазіргі заман діндерінде дұға тілеу адам мен Құдайдың өзара қарым-қатынас құралы, жер мен көктің арасындағы баспалдақ ретінде қарастырылады.Қалай және қашан дұға тілеу қажеттігі мәселелері бойынша жазбалар аз емес.Сондықтан да,діншіл өзінің қандай да болсын маңыздылығы бар ісін дұға тілеумен нұрландырады.Діни әрекеттің көмекші құралдарына (дінге табыну) шіркеулер, көркемөнер туындалары (иконалар,мүсіндер,музыка), заттар (шамдар,аспаптар,киімдер) жатқызылады.Діни-ғибадат ету әрекеттеріне қағидалар бойынша жүзеге асатын уағыздар,құдайға құлшылық ету, әдет-ғұрыптар жатады.Әдетте атвоматты түрде орындалатын табыну әрекеттерінің элементтеріне бас ию, тізе бүгу,кресттік белгілер, сүю, бата беру жатқызылады.Діни іс-әрекеттер діни түйсіктермен шартталған және эмоционалдық-сезімталдық сипатта болады.Діни қатынастар мен іс-әрекеттер дін оқуы мен ғибадат етудің тұтастығы арқылы құрылатын кез-келген ұйымдастыру формаларын қамтиды.Әр түрлі тарихи кезеңде дінге сенушілердің мазмұны және формасы жағынан түрлі ұйымдар қалыптасты.Дегенмен, бұл ұйымдар тек діни ғана емес,сонымен қатар,діни емес қызметтерді атқарды.Олардың ең маңыздылары болып мыналар табылады: дін оқуын насихаттау,дінді нығайту,жаңа мүшелерді тарту, тиісті діни өнімдерді шығару, бір дінге сенушілерді материалды және адамгершілік тұрғысынан қолдау, шаруашылық іс-әрекеттерді,дауларды шешу және т.б.Ең маңызды діни ұйымдарға дін басындағылардың бастамасымен құрылған бір дінге сенушілердің қауымдастығын қамтитын шіркеулер, мешіттер, синагогалар жатады.Көптеген мемлекеттерде дін мемлекеттік билік органы мәртебесіне дейін жететін әлеуметтік институт ретінде маңызды роль атқарады.Басқа мемлекеттерде дін мемлекет пен мемлекеттік істерден ажыратылған.
14.Дүниетанымдық функция. «Дүниетаным» термині көзқарастардың әр түрлі реттелген жүйесін, дүниені толық елестету және талқылау,оның пайда болуы мен қозғалмалы күштері жөнінде, адамның жер бетіндегі орны, оның өмір сүру мәні мен мақсаттарын білдіреді.Дүниетанымның кез-келген әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктері негізінде және ақпараттан тыс қалыптасатын түрі адамның өмірлік ұсанымы мен адамгершілік-құнды бағытын қамтиды.Ғылыми және діни дүниетанымдардың үйлеспеушілігі туралы көзқарас («немесе принципі бойынша») қисынсыз болып табылады,себебі, тарих пен қазіргі заман терең діни наным мен тереңнен ғылымға енуінің үйлесімділігін сан мыңдаған мысалдар көрсетеді.Діннің дүниетанымдық қызметінің мақсаты-табиғи әлеуметтік құбылыстарды нақты қатаң ұстанымдар арқылы бағалауға мүмкіндік туғызатын нанымдардың қалыптасуы болып табылады.Сонымен қатар: дін дүниетанымдық қызмет арқылы әр түрлі жағдайлардағы дінбасылардың іс-әрекетін реттейтін құндылықтар мен нормалар жүйесін қалыптастырады.Осылайша,дін мақсаттарды, нұсқауларды, себептерді, идеалдарды құра отырып,жеке тұлғаны қалыптастыруға зор әсерін тигізеді.
15.Ықпалдасу функциясы. «Ықпалдасу» термині адамдардың ортақ мақсаттары,мүдделері және т.б. негізінде бірігуін білдіреді.Дін жасы, жынысы, ұлты және әлеуметтік жағдайы жағынан әр түрлі діндес қауымдастықтағы адамдарды біріктіреді, бауырластық сезімді қалыптастырады.Әр түрлі тарихи кезеңдерде діннің ықпалдасу қызметі қарқынды дамыды,себебі, өзінің ұлттық тәулсіздігі мен бостандығы үшін күрескен ұлттардың нығаюына үлес қосты,қоғамның тұтастығын қамтамасыз етті.Сонымен қатар, діннің ықпалдастық қызметі имманенттік түрде болады,яғни,дизентеграциялық немесе сегрегациялық деп аталатын өзінің қарама-қарсылығын қамтиды.Оның мәні – әрбір нақты дін тек өз ілімінің туралығын жариялай отырып,басқа діндерді (немесе басқа діндердің қандай да бір бөліктері) құтқару мәні жоқ, теріс деп санауында.Бұл жағдай барлығының көңілінен шығатын қандай да бір ортақ дінді қалыптастыруға кедергі келтіреді, әр түрлі дінге сенетіндерді бір-біріне қарама-қайшы қояды.Халықаралық христиан, мұсылман және басқа да діни ұйымдар келіссөздер арқылы ортақ ымыраға келіп,қайшылықтарды бір діннің шеңберінде жоюға тырысады.Бұл іс әлі де болса жүзеге аспады,әлем сол қалпынша діни сипаттары бойынша бөлінеді: бейбітшілік діндер арасында да,дін ішінде де жоқ.
16.Реттеуші функция.Дін-діндарлардың өзара және басқа да «әлемге» қатысты әрекеттерінің қатаң модельдерін тудыратын қуатты құралы болып табылады. "Ненің жақсы" және "ненің жаман" екені арасында нақты шекараны жүргізуге шақыратын кеңестер мен тыйым салулардың жүйесі құрылды.Іс-әрекет діни нормаларының әрқашанда өзгерусіз қалмайтынын баса айтқан жөн.Бұл діннің құлдық және құл саудасына,түсік жасау және бала бітірмейтін шараларға жүргізуге шақыратын кеңестер мен тыйым салулардың жүйесі құрылды.Іс-әрекет діни нормаларының әрқашанда өзгерусіз қалмайтынын баса айтқан жөн.Бұл діннің құлдық және құл судасын, түсік жасау және бала бітірмейтін шараларға, спирттік ішімдіктер мен кейбір тағамдарды тұтынуға байланысты қатынасынан айқын көрінеді.Көптеген діндерде әр түрлі әлеуметтік топтардың өмір салтының шегі ереже бұзылған жағдайда жазаға бұйырылатын әскери жарғылардың деңгейіне дейін жеткізілген.
17.Коммуникативті функциясы. «Коммуникация» термині бір нәрсенің басқа нәрсемен, әлдекімнің басқа біреумен байланысын білдіреді.Діннің коммуникативті фукциясы жөнінде айтылған жағдайда, дін ілімі мен ғибадат етуге негізделетін дінге сенушілердің байланыстары,қауымдастықтары туралы сөз етіледі.Коммуникация оларға өзара ақпараттармен бөлісуге және өзгерістегі жағдайда жылдам жауап беруге мүмкіндік туғызады.Бұл функцияда қарым-қатынас орнату мен өзара қолдау көрсетудегі «әлеуметтік болмыс» ретіндегі адамның қажеттіліктері бейнеленеді.Қазіргі таңдағы діннің коммуникативтік функциясының артып келе жатқанын айтпай кетуге болмайды.Дінге сенушілер ғибадат ету ғимараттарында қарым-қатынас орнатудан басқа,баспа,радио,теледидар арқылы да табысуға зор мүмкіндіктері бар, мұндай мүмкіншіліктер олардың ақпараттық хабардарлығын арттырады және тұйықтық пен оқшаулық шекараларын бұзады.
18.Тәрбиелік функция.Діннің осындай функциясын ешкім ешқашан талқыламаған.Әрбір дін өзінің әрекеттегі нормаларына, дәстүрлеріне, құндылықтары мен мақсаттарына сәйкес, діни түлғаның қалыптасуы мен тұрақтануы маңызды, кей кезде шешуші ықпалын тигізеді.Көптеген дінге терең тбынушы адамдар тұрақты діндері үшін өздерінің ата-аналарының, туған-туыстарының,рухани тәлімгерлері мен т.б. алдында міндетті.Діннің тәрбиелік функциясының екі жағын қарастыру қажет: а)дін өзінің діндестерінің жалпыадамзаттық құндылықтары мен нормаларын тарату кезінде жағымды функциясы байқалады;б) діннің фанатизмге,атеистер мен өзгеше ойды ұстанушыларға қарсы қастандыққа тәрбиелеу, фатализм кезіндегі теріс функциясы.Қалай болған жағдайда да, әсеріне тап болған адамдарды тәрбиелеудегі діннің ролін соңына дейін бағаламауға болмайды.
19.Психотерапевтік функция.Бұл функцияның мазмүны мен мәні діннің миллиондаған адамдар үшін жұбату, жақсы өмірге сеніммен қараудағы маңыздылығын қамтиды.Практика және тарихпен өлшенген адамның психикасы мен эмоциясына әсер ету тәсілдері өмірден түңілуден, торығудан, трагизм сияқты сезімдерден арылуға көмектеседі.Міне сондықтан да,дінге сенушілер өмірдегі кедергілерге тап болғанда,сабыр сақтайды, олардың арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері аз кездеседі,өлімнің жақындауын еш алаңсыз қабылдайды, өздерінің жеке қайғыларына түсіністікпен қарайды.Барлық кезеңдерде діни қызметкерлердің бостандықтан айыру мекемелері мен ауруханаларда қоғамның бақытсыздыққа ұшыраған топтары арасында өздерінің уағыздарын насихаттауға тырысатындары кездейсоқтық емес.Сонымен, діннің әлеуметтік функциялары әр алуандығымен ерекшеленеді,өзара диалектикалық бірлікте жүзеге асырылады.К.Маркстың әлеуметтік діннің функциясын «қатігез әлемнің жүрегі» ретінде анықтауы дәл айтылған.
20.Зороастризм (парсизм,маздеизм)
Зороастризм- ирандықтардың Ежелгі Шығыстағы басқа діни жүйелерден айқын ерекшеленетін ең ежелгі діндердің бірі.Бұл діннің пайда болуы Заратуштрамен(Зароастром) байланысты, оның тарихы әлі де нақты анықталмаған,дегенмен,ғалымдардың көпшілігі арасында ол шынайы тұлға,қоғамның әлеуметтік құрылымының реформаторы,тайпа көсемдерінің,абыздардың шексіз биліктеріне, ескі құдайларға табынуға қарсы күресуші ретінде танылады.Зороастризмнің Отаны Иран болып табылады.Киелі кітабы – Авеста.Көптеген мәтіндердің авторлары белгісіз,олардың Гат деп аталатын көп бөлігі Зороастр мен оның ізбасарлары болып саналады.Зороастризм жүйелі дуализммен сипатталады.Бұл бейбітшілік тәртіптің негізіне оң және теріс екі субстанцияның жататыны білдіреді.Оң субстанция ретінде – Ахура-Мазда(Ормузд), терісі – Анхра-Майнью(Ариман) танылады.Екеуі де Шексіз уақытпен(Эрван құдаймен) туындаған.Бүкіл әлем – жақсылық пн жамандықтың,жарық пен қараңғылықтың ,өлім мен өмірдің арасындағы күрес.Бұл күресте келісім болмайды.Ең бастысы,адам бұл күресте жоғарғы күштердің ойыншығы емес,таңдау құқығына ие тұлға ретінде танылуы болып табылады.Авестаның адамгершілік кеңестері адамды кіршіксіз ойларға,мейірімді сөздер мен әрекеттерге,жақын адамға қолдау көрсетуге ,жамандықпен күресуде ұстамды болуға тәрбиелеуге бағытталған,ұрлық пен басқа да қылмыс айыпталады.Жанның тазалығы ерекше орынға ие, дененің тазалығы да міндетті саналды.Зороастризмде өлген адамдар жын-перінің символы ретінде қарастырылады,ал оған жанасу адамды бейпілауызға айналдырады.Өлген адамдардың денелері арнайы мұнаралардың қабаттарына орналыстырылады,оларды жыртқыш аңдар шоқыған,ал сүйектерді мұнаралардың ішіндегі құдықтарға тастады.Ауру адамдар, жаңа туған әйелдер,сонымен қатар ,өмірлік айналымының белгілі кезеңдеріндегі әйелдер лас деп саналған.Авеста Дүниенің ең маңызды төрт элементіне құрмет көрсетуді қажететеді: суға,жерге,ауа мен отқа.Зороастрлықтардың табынушылық тәжірибесінде от ерекше роль атқарды – сондықтан да, осы дінді ұстанушылар отқа табынушылық деп аталады.Бұл дінді жақтаушылар көбінесе библиялық космогониядан асып түсетін ілімді ойлап тапты. Осылайша,Жаратушысы Ахура-Мазда болған ең алғашқы адам- жер бетінде өмір сүрген,жақсылық сыйлайтын,жерді игеретін,мал өсіретін Йима атты тірі жан пацда болды.Бірақ,мұның барлығы Йиманың қасиеті бұқалармен коректене бастағаннан кейін аяқталды, өркөкіректеніп,жаратушысын ұмытты - ақыр соңында Ахура –Мазданың қалауымен мәңгілік өмір мен тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларынан айырылды.Эсхатология – дүниенің және адамзаттың соңғы тағдыры жөніндегі ілім, зороастризмде жарық пен қараңғылық арасындағы күрес алғашқысының пайдасына шешілетіні жөнінде оқытады.Авеста жұмақтағы мәңгілік өмірді жауыздық күштерімен күрес кезінде өзін көрсете білгендерге,ал тозақтағы мәңгі азапты жамандықты жақтаушыларға сыйлайды.Дүниежүзілік тарихтың аяқталуының алдында жер бетінде өзінің жақтаушыларына дұшпандарды толық жеңуге көмектесетін Мессия пайда болады.Зороастризм діні иудаизм мен манихейлік,павликиандық және катарлардың пайда болуына маңызды әсер етті.Зороастризмді ұстанушылар саны шамамен 100-500 мың адамға жетеді,қазіргі таңда олар Түркияда, Иранда,Иракта,Аренияда,Грузияда,Қазақстанда және басқа да жерлерде өмір сүріп жатыр.
21. Иудаизм – біздің заманымызға дейінгі 2- мыңжылдықта пайда болған және қазіргі таңға дейін өмір сүріп келе жатқан, өте сирек кездесетін барлық адамзаттың рухани мәдениетіне ерекше зор әсер еткен ұлттық діндердің бірі. Христиан және ислам діндерінің бастаушысы бола тұра, салыстырмалы түрде бұл дінді ұстанушылар саны жағынан көп емес (Еврейлердің басымдығымен шамамен 15-16 миллион адам), бұл дін тек ғалым-мамандардың ғана емес, сонымен қатар, саясаткер, психологтар, мәдениет өкілдерінің назарын аудартады. Иудаизмнің аяқталған жүйе ретінде болуына қарамастан, оның түрлері көп (ортодоксальдық, реформаланған, қайта құрылған және т.б.), өзінің басты ақиқат деп танылатын діни қағидаларында өзгерусіз күйінде қалады. Иудаизмнің қасиетті кітаптары – Көне Өсиет (39 кітап) және Талмуд (13 кітап) болып табылады. Көне Өсиет кітаптары б.з.д. IX ғасырдан бастап жазылды; Талмуд ауыз әдебиеті ретінде б.з.д. II ғ. пайда болғанмен, жазбаша түрде б.з. III-V ғғ. көне өсиет мәтіндері түсіндірмелерінің жинағы ретінде құрастырылды. Еврейлер арасындағы монотеизмнің қалыптасу процесі Көне Өсиет беттерінде сипатталады. Көне Өсиет мәтіндері ежелгі еврей тайпаларының нақтылы политеизм жайында, Құдайдың «өз халқымен» күресі туралы мәлімдейді, нәтижесінде, еврей лер үшін барлығына ортақ дінге табынуға әкеп соқты. Иудаизмның көптеген сюжеттері таяу шығыс аймағы бойынша орналасқан көршілес мемлекеттерден, мықты монотеистік бағыттары бар Аравиядан, Месопотамиядан, Мысырдан алынғанында еш күмән жоқ. Иудаизмның қалыптасуы мен таралуына еврей тайпаларының жауынгер көршілері арасындағы қақтығыстары мәңгілік таңба салды. Көне Өсиет беттерінде қанның, дұшпандарға деген қатігездік пен жауыздықтың белгілері байқалады. Сонымен қатар, мұнда дүниенің «бастауы», рухани құндылықтар, адамның қарым-қатынастары, әлеуметтік даму келешектері туралы терең ойлар қамтылады. Иудаизмнің догматикасы өзінің аяқталған түрінде келесі компоненттерді қамтиды. 1. Яхвеге табыну. Яхве – атауға тыйым салынатын Құдайдың жалқы есімі: христиандар сияқты діншіл еврейлер де дұға тілегенде және уағыздарын оқығанда «Яхвенің» орнына «Менің Тәңірім», «Менің Құдайым» деп айтады. Яхве – Дүниені жаратушы, құдайдың алдында есеп беретін күні төреші болады. Басқа құдайларға табынуға тыйым салынады. Яхваға сену жер бетінде өмір сүру мен о дүниедегі қолайлы жағдайлардың басты шарты болып табылады. 2. Көне Өсиеттің киелілігі және құдайдың рухы туралы ілім. Иудейлер Көне Өсиет (Талмуд) пен оған қатысты пікірлер адамдардың өз еркімен емес, Құдайдың қалауымен орындалатынына сенеді. Иудеилердің пікірінше, көне өсиет пен талмудтық мәтіндердің түсіндірмесін тек діни қызметкер-мамандар жүзеге асырады. 3. Мессияның келуі туралы ілім. Мессия тақуалардың қорғаушысы және барлық иудейлік халықтарды, барлық пұтқа табынушыларды және барлық діннен бас тартқандарды жоюшы ретінде танылады. Талмудта Мессияның келуінен кейін, табиғат пен адамдар сапалы түрде өзгеретіні; аурулардың, соғыстардың болмайтыны туралы айтылады. 4. Еврей халқының құдайдың таңдаулысы туралы ілімі. Бұл догматтың мәні - барлығына ортақ бір Құдайдың әр түрлі халықтардың арасынан еврейлерді бөліп, олармен Өсиет (шарт) жасасқаны болып табылады. Құдайдың таңдаулысы болу идеясы еврей қоғамының тағдырында үлкен роль атқарды, бүкіл дүние жүзіндегі, жат мемлекетте өмір сүріп жатқан шашыраңқы еврей халқына психологиялық жағынан әсер етті. 5. Тозақ, жұмақ және құдайдың алдында есеп беру күні туралы ілім. Жанның мәңгілік өмір сүруі туралы постулатқа сәйкес, иудаизм жер бетіндегі тіршіліктің о дүниенің мәңгілік өміріне дайындық ретінде қабылдану қажеттігі жөнінде оқытады. Иудаизмнің киелі кітаптарында, әсіресе, Талмудта иудейлік қауымдастықтың ересек мүшелері үшін 613 жарлық міндетті түрде орындалуы қажет саналады. Жұмаққа апаратын жолдың адам тіршілік әрекетінің барлық салаларына қатысты сан қилы қиындықтарға толы болатынын түсіну қиын емес: ырымдарды орындау, отбасылық қатынастар, сауда келісімдері, балаларды тәрбиелеу және т.б. Иудаизмде басқа діндердегідей көптеген элементтерден қалыптасатын табыну тәжірибесіне баса назар аударылады.
Құдайға сенетін бірде-бір иудей ешбір маңызды ісін Яхваға сиынбай бастамайды. Сонымен қатар, бір құдайға сиынушылардың ғибадатхана қабырғасында жалпы дұғаларды – синагогтарды оқуы мадақталады.
Цицит. Бұл сөз тік төртбұрыш түріндегі кездеме матаның кесегін білдіреді, ол жүн шашақтармен көмкерілген және сыртқы киімнің сыртынан киіледі. Цицит қорғаныс қызметін атқарады және үнемі Құдайдың Израиль Құдайы ретінде өмір сүргенін елестетеді. Цицитті кию – иудейдің қасиетті міндеті болып саналады. Кошер және треф. Кошер – тұтынуға рұқсат етілген, треф – тыйым салынған тағам. Қоянның, тышқанның, шошқаның, етпен қоректенетін құстың етін, сонымен қатар, өлексені тағам ретінде пайдалануға тыйым салынады. Сүндетке отырғызу. Раввин ұл балаларды 8 күн өткен соң салтанатты түрде сүндетке отырғызады. Алайда, егер адам иудаизмді жасы толған кезде қабылдаса, бұл жағдайда да, сүндетке отыру міндетті саналады. Бұл жағдайда көне өсиет бөлімдеріне сүйенеді, онда Авраамның 99 жаста, ал оның ұлы – Измаилдың 13 жаста сүндетке отырғызылғаны туралы айтылады ( Бытие, 17, 23-37 қарау). Сүндетке отыру – Яхве мен иудейлер арасындағы «ұлы өсиеттің» символы, Яхве Құдайына бағыныштылығының дәлелі. Дәрет алу. Бұл өсиетке сәйкес, сенбі немесе басқа да мереке күндері қарсаңында арнайы жабдықталған бассейндерде жаңбыр суы немесе бұлақ суымен дәрет алу қажет. Моншада немесе үйдегі жуынатын бөлмеде дәрет алу адамды тазартпайды деген пікір таң қалдырады: адам миквада жуынған соң ғана тазарады. Көптеген діндерде, соның ішінде, христиан, ислам діндерінің діни салттарында судың міндетті элемент ретінде қолданылуын атап кету қажет. Пасханы тойлау. Пасха (ежелгі евр. – мимоның пайда болуы) – б.з.д. 1313 ж. Египеттен қудаланған еврейлердің құрметіне байланысты иудейлердің басты шіркеулік және үйде тойланатын мейрамы. «Исход» кітабында еврейлердің Мысырдан жер аударылу кезіндегі сан қилы қиындықтарды бастан кешулері, мысырлықтардың құлдығынан босатылуы туралы айтылады. Сондықтан да пасха – бұл еркіндік пен тәуелсіздік символы. Жеті күнге созылатын пасханы тойлау мейрамдарында негізгі салттық әрекет - еврейлердің болашақ Қорғаушысын бейнелейтін қозы етін жеу және құрбандыққа шалу болып табылады. Ашытылмаған тұзсыз нан аса маңызды орын алады. Ашытылмаған нан халықтың бақытқа, молшылыққа жету жолындағы символын сипаттайды. Егін ору мерзімін тойлау мерекесі. Пасханың екінші күнінен кейін 50-ші күні елу күндік (шебоут) тойланады. Егін егу мерзімін тойлау мерекесі Пасхаға тікелей қатысы жоқ егіншілердің мейрамы ретінде бекітілген. Қазіргі таңда шебоут ең алдымен еврейлердің Синай, Торы тауларында Пятикнижие: Болмыс, Нәтиже, Левит, Сан мен Екізаңдылық ретінде белгілі қол жеткізулерінің естелігі ретінде тойланады. Кущейлер мейрамы (Сукос). Құдайдың израилдықтарды Мысырдан жер аударып, Кущаға қоныстандырған күнін тойлау мерекесі. Бұл күні ғажайыптың туындауына әрекет жасау - мерекенің маңызды салттық бөлімі болып табылады. Кущейлер мейрамының соңғы күні Торды (Тор-Симхасы немесе Тор Қуанышы) көпшілік алдында бір жыл бойғы оқу айналымының аяқталуы мен келесі сәйкес айналымның басталуымен сәйкес келеді. Құдайдың алдында есеп беру күні. Иом-Кипур Құдайдың алдында кешірім сұрап, күнәлардан арылу күні. Құдайдың алдында есеп беру күнімен байланысты екі жағдайды айта кету қажет. 1) себебі құдайдың алдында есеп беру күні Құдай әркімнің өткен жыл бойғы жасаған мейірімді әрекеттерін саралап, келер жылға шешімін шығару күні болып табылады, бұл күні 10 күн бойы қатаң түрде пост ұсталады және құдайдың алдында көптеген күнәларын кешіру дұғалары оқылады; 2) есеп беру күні діни Жаңа жылдың басында тойланады (Рош-Ашоно), бұл «екіжақтылық» жағдайы еврейлерді қаншалықты дін жағынан әлсіз болуына қарамастан, осы мейрамдарды тойлауға міндеттейді: тозығы жеткен, қажетсіз заттар үйден шығарып тасталады немесе таратылады, дұшпандар арасында «татуластық» қарым-қатынас орнатылады - адамдар бұл әрекеттері арқылы күнәларынан арылуға бір қадам жасауын білдіреді. Пурим. Еврейлердің б.з.д. 474 ж. парсы патшасы Артаксеркс уақытындағы Амман қастандығының себептеріне байланысты қауіп-қатерден толық арылу күнін тойлау мерекесі. Ханука. Иуда Маккавей және б.з.д. 165 ж. ақсақалдар бекіткен Сәуле шашу мерекесі, жыл сайынғы шіркеудің басты бөлмесін жарықтандыру және Киелі Ғибадатхананы тазартумен байланысты мейрам ретінде тойланады. Суббота. Иудаизмде қасиетті күн болып табылады. Әлемді жарату бойынша Яхвенің алты күндік еңбегінің аяқталуын тойлау мерекесі. Қазақстан аумағындағы қазіргі заманғы иудаизмінің өкілдері еврей ұлтының азаматтары арасынан шыққан. Кейбір аудандарда діни ұйымдарда тіркелмеген, арнайы ғибадатханалары жоқ діндар еврейлер бірге жиналып, ең ірі мейрамдарды тойлайды, иудейлік салт бойынша сүндетке отырғызу, неке қию ғұрпын жүргізеді, ана тілін үйренеді. Иудейлік құндылықтарды насихаттау еврейлердің мәдени орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға байланысты иудейлік қауымдастықтың және еврей мәдени орталықтарының әрекеттерін белсендетудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды.
21.Иудаизм және оның догматтары. Иудаизм б.з.д. XIII ғ. Еврей халқының арасынан шыққан дін. «Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атымен аталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші патшасы Давидтан таралған беделді ру болады. Олардың құдайы Яхва (Найзағай құдайы, от кұдайы, су құдайы) барлық рулардың құдайы деп алынады да, монотеистік жеке, еврейлер Палестинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының кұрметше Иерусалим храмын салады.
Жалпы иудаизм дінінің дамуын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші, - Таураттың шығуы немесе оның басқа негізгі бөлімі - Көне өсиет (б.з.д. ХІІІ-ІІ ғғ.) - Танах деп иудейлер атайды. Танах болса 39 кітаптан тұрады. Танах Ескі өсиеттің негезі.Екінші кезең Иудаизмнің Талмуттық даму кезеңі деп айтамыз. Құлиеленушілік дәуіріндегі еврейлердің өмірлері діни формада көрсетіледі. Б.д.д. 70ж. Рим империясының Палестинаны жаулап алуы, ондағы Иерусалим храмын бұзуы, еврей халықтарының құлдыққа түсіп, өз елінен тарап басқа елдерге кетуі туралы айтылады.
Үшінші кезең, Иудаизмнің даму кезеңі; «модернизаторлық шағы». Қазіргі кезде Иудаизмде әртүрлі ағымдар мен сектілер бар. Негізгі Иудаизм догмасы бойынша: Құдай бір - Яхва, еврей халқы «Құдайдың таңдаған» ерекше халқы, Яхва жерге қайтып келеді, жан мәңгі, ол дүниеде бар, Талмуд пен Танаха қасиетті кітап және т.б.
Иудаизмде діни табынушылық, әдет-ғұрыптар, мейрамдар өте көп. Діни регламенттер бойынша 365 іс-әрекетке тыйым салынады да, 248 іс-әрекеттерді істеуге шақырады. Иудей ораза ұстау керек, баланы туған соң сегіз күннен кейін сүндетке отырғызу керек, балалық шаққа жету тойы, жерлеу т.с.с діни әдет-ғүрыптар бар. Мейрамның мейрамы - Пасха. Пасха мейрамы еврей халқының б.з.д.VII ғ. Ёгипёттен еврейлердің «шығуы» кезінен басталады, басқа әдет-жоралары бар. Иудаизм өзі басқа діндерден көптеген әсер алса да, ол дін христиан діні мен ислам дінінің шығуына, дамуына үлкен әсерін тигізді.
22.Индуизм және оның негізі. Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т.е.с көзкарастары. Индуизм үнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің құдайлары адамдардың мүсініне жақын және өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш құдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға. Шива өз мүсініне көптеген кұдайларды ендіреді. Шива - қатал, қоркынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылымның, салтанатардың кұдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бұзудың», өзгертудің құдайы болып табылады. Осымен бірге, еркек күшін беруші, балалар жасаушы болып бейнеленеді.Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сұрайды. Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің құдайы.
Үшінші құдай мүшесін Вишну дейді. Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, құдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында құдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпіне антроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім құдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаяна эпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық т.е.с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.
XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыққан діни ағым - Сикхизм. Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнерімен сауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол үлы Моголовтарға қарсы күресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық ко¬ғам құрды. Сикхизм дінін екі діннің - индуизм мен ислам дінінің арасында құрама дін деп айтуға болады. Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Құдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады. Негізі діни кітап - «Грантх Сахиб» (құдай кітабы). Қазіргі кезде Сикхтар Үнді мемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб құрамасын Үнділерден бөліп жеке Халистан мемлекетін құруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сақалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды. Әрбір сикх қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлап жүреді де, әрдайым әрбір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.
23.Конфуциандықтағы Аспан мен тұлғаның орны. Конфуциандық (кыт. жу цзя (цзяо) – ғалым-интеллектуалдар (ілімі) мектебі) — ежелгі дәуірден бастау алатын философиялық жүйе, Шығыстағы үш басты діни-этикалық даосизм мен буддизм қатарындағы бағыттың, Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси-этикалық ілім. Конфузцийшілдіктің негізін қалаушы – Конфуций (б.з.б. 551 – 479), оның көзқарасын ізбасарлары “Лунь ой” (“Әңгімелері мен ой-пікірлер”) кітабында баяндап берген. Конфузцийшілдікке сәйкес, адам тағдырын “аспан” айқындайды және адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуінің өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам жоғары қызметтегі адамға сөзсіз бағынуға тиіс. Әлеуметтік теңсіздікті құдайдың құдіретімен байланыстырған Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289) Конфуцийдің көрнекті ізбасары болды. Конфузцийшілдіктің екінші бір жақтаушысы Сюнь-цзы жасаған ілім бойынша “аспан” табиғаттың бір бөлігі болып табылады және онда сана болмайды. Адам заттардың заңдылықтарын түсініп, оларды өз мүддесі үшін пайдалануға тиіс. Алайда, Конфузцийшілдіктің “құдайдың құдіреті” туралы ілімі Дун Чжуншудың (б.з.б. 2 ғ.) конфуцийшіл ортодоксты доктринасын жасауына негіз болды. Негізінен, Сун әулеті билігі кезінде (10 – 13 ғасырлар) қытай философия мектебінің жаңа Конфузцийшілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфузцийшілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфузцийшілдіктен айырмашылығы – онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. 11 – 12 ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы жаңа конфуцийшілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материя. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады. Бұған бәсекелес екінші бағыт болған Лу Цзююань – Ван Янмин мектебі 16 – 17 ғасырларда идеялық басымдыққа жетті. 17 – 19 ғасырларда классикалық мәтіндерді сыни тұрғыда оқып, табиғатты тәжірибемен зерттеу қолға алынды. 20 ғасырларда батыс философиясы теориялары назарға алынды. Әлеуметтік тәртіп пен реттіліктің бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа конфузцийшілдік 21 ғасырлардың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.
24.Даосизмнің ерекшелігі. Даосизм б.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те болады. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсы жағдайына көшеді. Дао болса, алғашқы бастама, алғашқы түп негізі және барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы және аспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығады да, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао жалпы дүниетанымдық ұғым.Б.д.д. II ғ. даосизм діни көзқарасқа айналды. Лао-цзы б.д.д. 666 ж. ұлы діни императорға айналып, оның құрметіне көптеген храмдар салынады. Бара-бара даосизм көптеген секталарға айналады.
25.Даосизм діни жүйесіндегі адамгершілік принциптері. Ақиқат жолымен жүр,жалған жолға түспе;рақымшыл адамдарды жина және абыройыңды арттыр; мұқтаж адамға қол ұшын бер;біреудің қуанышына ортақ бол;қайғысына ортақ бол;Жақсылыққа ұмтыл;өтірік айтпа;кек сақтама;жазықсыз жазалма;ойланбай сөйлеме;әке шешеңді құрметте;мейірімді адамдарды балағаттама;ұрлық жасама.
26.Синтоизмнің негізгі элементтері. Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.
Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.
27.Буддизмнің шығу тарихы. Буддизм Солтүстік Үндістанда, ең дұрысы Непалдағы Лубини деген жерде туылған Сидхартха Гаутама (б.д.д. 563-483) атты философ тарапынан құрылған философиялық дін болып табылады.Құрушысы Гаутама жастық шағы мен жігіттік өмірін сарайда өткізген бір патшаның баласы екен. Буддизм тарихына қарағанда анасы оны тумастан бұрын түс көреді. Түсінде келешекте туылатын баласының ұлы бір ұстаз болатынын хабарлайды. Кейін Гаутама туылып, жігіт болғаннан кейін, әкесінің сарайында молшылықта өмір сүргенін рухани қанағат тұтпай, сарай өмірін тастап, орманға қаңғырып кетеді. Ол бұл өмірдің қайғыға толы екенін көріп, жалғыз өзі өмір сүруге көшеді.Буддизм аңызы бойынша Буддаға бір күні «Білім ағашы» деп аталатын Ботхи (Інжір) ағашының астында төтенше шабыт келіп (Нирванаға жетіп), халыққа уағыз айта бастайды. Ол қалған 40 жылғы өмірін уағызға арнап, 80 жасында Кушингарада бір талдың астында қайтыс болады.Будданың өлімінен кейін, буддизмнің монахтары буддизм дінін уағыздай бастайды. Буддизмнің кең түрде таралуына қолғабыс жасаған үнді патшасы Ашок (б.д.д. 273-236) болып табылады.Ашок патша өзі будда дінін қабылдағаннан кейін, будда діні бүкіл Үнді түбегіне таралды. Ашоктан кейінгі патшалар да, Ашок тәрізді буддизмнің таралуына көп қолғабыс жасады. Тіпті кейін, буддизм дінін Қытай, Монғол, Жапон патшалары да қабылдайды. Түркілер арасында алғаш буддизмді қабылдаған қаған, То-По (Топа) қаған (572-588 жылдары арасында билік құрған) болып табылады. Буддизм б.д. 1-ші ғасырда Батыс Түркістанға тарала бастады. Бұл дін Орта Азия арқылы шығысқа, яғни Қытай, Корея, Жапония, Монғолия, Тибетке таралды.Қазір бұл дін Қытай, Монғолия, Корея, Жапония, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Цейлон, Бирма, Тайланд, Непал т.б. елдерде кең түрде таралған.
28.Будда ілімінің негізі және оның ақиқаттары. Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегушілік», ол төрт игілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады. Екінші акиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды. Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу. Төртінші акиқат, тілектер мен құмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-катынаста болу, өзін-өзі ұстау және аңдып жүру. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету. Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта туудан қуылып, азап шегушілік тоқталады. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі ұстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үлкен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң таукуалық тәр-тіп жолында медитация әрекеті мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды. Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әріқарай тауқуалық (мұғалім-монах) жұмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) де¬ген қауым қүрды. Ол орден халықтардың садақалык, қайырымдылық көрсетудің арқасында өмір сүрді.Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу үшін жүмыс істеді. Алғашкы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б.з.д. 300 ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әр түрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна (кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме). Хинаяна Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көз-қарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастыкпен дамыды.
29.Буддизмнің негізгі ағымдары. Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айырмашылығы өте зор десек те болады. Бұл ағымдар: 1)Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі. 2)Дао-буддизмі – махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі. 3)Тантрикалық буддизм – ваджраяна немесе орта азиялық буддизм.1.Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай құрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жұмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырьдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравада ағымы немесе хинояна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ.2. Махаяна ағымы (үлкен күйме, ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бүл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.
Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен - буддизмнің ирраци¬онализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғұрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.
3. Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, ояту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) құрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру не¬месе басшы тірі құдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу жүйесі мемлекет жүйесіне үқсас, Шыңғысхан жасап кеткен жүйе.
Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бұл ағым екі бөлшектен тұрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға ұқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек әр түрлі құрылымнан тұрады, ваджарамен теңестіріле отырып, мәңгілік символы - тұрақтылық және бұзылмайтындығы.
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарастырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Моңғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды. Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сиқырлық» салттары енді.
XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» - Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Құдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жұмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни ұлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде тұрады.
ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, қалмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.
Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні V-VІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..
Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, моңғолдар барады.
30.Хрис¬ти¬ан ді¬ні¬нің пайда болуы. Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..
II ғасырдан бастап құл иеленуші жүйесінің дағдарысқа ұшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының құрамы өзгерді. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөнінде жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы(съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде каулы алды. Бұл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды.
31. Хрис¬ти¬ан ді¬ні¬нің негізгі даму кезеңдері.
Ерте христиандық (б.з.-IV ғ.ғ.) Христиан дінінің алғашқы тарихын баяндайтын негізгі дереккөздер – өте маңызды жаңа кітаптар және ең бастысы « Деяния апостолов» кітабы болып табылады. Ерте христиандықтар туралы б.з. І-ІІ ғ.ғ. өмір сүрген жіне өз пікірлері бойынша пұтқа табынушылық ұстанымдары бар Тацит, Светония, Плиния Кіші және Флавия шығармаларында баяндалады.
Орта ғасырлық христиан діні (VI-XVI ғ.ғ.). Ғылымда орта ғасырлық уақытша аралықтарға қатысты ешқандай пікір айтылмаған. Бірақ ғалымдардың көпшілігі VI-XVI ғасырларды атаған соң, бізде сол кезеңді ұстанамыз, Ортағасырлардағы кезеңдердің өтуі сол кездің адамдары үшін жылдам және байқаусыз өткен.
32. Хрис¬ти¬ан ді¬ні¬нің адамгершілік принциптері.
Христиандық өсиет жалпы адами құндылықтардың табиғи бөлшегі болып табылады. Христиандардың өміріндегі христиандық адамгершілік мәнін асырып айту немесе кемсіту дұрыс болмайды, себебі, оның өмірге іс жүзінде сіңуі проблемалық жағдайда болған. Ең бастысы, Библя ілімдеріне сәйкес, кез-келген күнәсі бар адам күнә жасамай өмір сүре алмайды, сондықтан да, ол христиандық ретінде орындауға тиісті адамгершілік нормаларын бұза алмайды.
Христиандық адамгершіліктің өзегін Декалог және Шаттық өсиеттері құрайды. Декалог (онсөздік), әр түрлі нұсқаларға қарамастан, келесідей өсиеттерді қамтиды:
1)сенде менің тұлғамнан басқа басқа құдайлар болмасын; 2) Көктегі және жер бетіндегі немесе жерден төмен судағылардың мүсініне, бейнесіне табынба; 3) Өз құдайыңның, Құдірет күшінің есімін бос атама; 4) Сенбі күнін құрметтеу үшін ол күнді жадыдан шығарма. Алты күн жұмыс істе және сол күндері өз ісіңмен айналыс, ал жетінші күні (сенбі) – Құдайға құлшылық ет; 5) Өз әке-шешеңді құрметте, снода сенің Жер бетіндегі өмірің ұзарады; 6) Адам өлтірме; 7) Зинақорлық жасама; 8) Ұрлық жасама; 9) Өз жақындарына жалған куәгерлік жасама; 10) Өз жақыныңның үйін сұрама; өз жақыныңның әйеліне сөз салма, өз жақыныңның құлына, мал-мүлкіне қол сұқпа.
33. Қа¬си¬ет¬ті жаз¬ба¬ Биб¬лия туралы.
Библия – сөзі грек тілінен алынған және кітап деген мағынаны білдіреді. Жалпыхристиандық канондық Библия Көне Өсиеттің 39 кітабы мен Жаңа Өсиеттің 27 кітабынан құралады – барлығы 66 шығарма бар. Православиялық нұсқа оларды канондық деп санамағанда 11 кітапты, ал католиктік – 6 кітапты енгізеді.
Ғасырлар бойы библиялық сюжеттер мен әңгімелер тарихшылардың, археологтардың , философтардың, географтардың, әдебиетшілердің зерттеу нысаны болған және әлі де қалады.
Рембрандт, Греко, Шекспирдің, Дантенің, Достоевскийдің және көптеген басқа да данышпандардың жұмыстары Библияның әсері етуімен орындалған.
Мамандардың пайымдауынша, Библияның бірінші кітаптары б.з.д. ХV ғ., ал соңғы кітаптары – б.з. І ғ. жазылған. Библияның авторлары (олрадың саны 40-тан астам болды) әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері болды: бақташы (Амос), әскери басшы (И.Навин), балықшы (Петр), дәрігер (Лука), шарап дайындаушы (Неемия), патша (Соломон) және т.б. Сондықтан да,
Библияның әр түрлі кітаптарының терминалогиясы бір-бірінен айқын ерекшеленеді.
Библиялық мәтіндер әр түрлі жағдайларға байланыста жазылды: бейбітшілік және соғыс кезеңдерінде, үйде және саяхатқа шығу кезінде, абақтыда немесе бостандықта, Азияда және Еуропада. Көне Өсиет кітаптары иврит және арамейлік тілде, ал Жаңа Өсиет грек тілінде жазылған.
Библия әдеби жанрларының байлығымен ерекшеленеді: қара сөз, поэзия, өлең, жоқтау, өсиет әңгіме, қысқа хабар, тарихи әңгіме және басқалары. Онда аса жоғары философиялық мәні бар мәселелер талқыланады: Дүниенің бастауы мен соңы, өлім мен мәңгілік өмір, адам өмірінің мәні мен мақсаты жайлы мәселелер.
Бұл кітап ой толғауға себеп болады, ойлауға мәжбүр етеді. Библияның оқырмандары мен оны құрмет тұтатындар әр түрлі ойларымен ерекшеленеді. Қазіргі танда библиялық ілімді әр түрлі жақтан талқылайтын және түсінік беретін көптеген дін іліміне байланысты пәндер бар: апологетика, пракиткалық, салыстырмалы дін ілімі, шіркеу қызметшілерінің дін ілімі, гомилетика, экзегетика, герменевтика.
34. Мартин Лютердің постулаттары.
М.Люттердің негізгі идеялары индульгенцияға сын айтумен ғана шектелген жоқ. Оның катехизисі келесі постулаттарға негізделеді:
1. Христиандық үшін шынайы жалғыз абырой Библия болып табылады. Сонымен қатар, дінге сенушілер Библияны өздерінің ана тілдерінде оқулары қажет.
2. Адамның христосқа деген нанымы ғана Құдай алдында оны ақтап, құтқару жолын ашады: діншілдік нанымсыз құтқарылу мүмкін емес.
3. Папа азаматтық істерге араласпауы керек. Ол (папа) шіркеудің басшысы болып табылмайды, ал шіркеудің өзі адам мен Құдай арасындағы делдал болмайды.
4. Шіркеудің ешбір құпияшылдықтары құтқару күшіне ие болмайды. Олар тек ырым-символдардың мәні.
5. Монахтық – адамның табиғи заңдылығынан тыс күйі: дін басылары неке қиюға құқылы.
6. Әрбір христиандық Құдайдың рухани әулиесі болып табылады, оған делдардың қажеті жоқ және ол дұға арқылы Құдаймен тікелей тілдесе алады.
Мартин Лютердің өлімінен кейін, оның идеялары Германия шекарасынан тыс жерлерге дейін тамыр жайды.
35. Ислам дінінің пайда болуы.
Ислам буддизм және христиан діндерінің қатарындағы дүниежүзілік дін болып табылады. Мұсылмандар саны 1 миллиард адамнан асады. Пайда болу кезеңі – Арабия, б.з. VII ғ. Мұсылмандар барлық құрлықта өмір сүреді, әсіресе олардың көп бөлігі араб және түркі мемлекеттерінде шоғырланған. Он мыңдаған мемлекеттердің ішінде ислам мемлекеттік дін болып саналады.Алғашқы ислам дінін қабылдаған адамдар: 1-ер адам – Әбу Бәкір. 1-әйел адам – Хадиджи, 1-бала – Мұхаммед Пайғамбардың с.а.у. немере баласы – Әли.
37. «Хид¬жра»жылы және «қоштасу» сапары туралы.
Мұхаммед пайғамбардың адамдар арасындағы бауырластықты, адамдардың бірін-бірі қанауға жол бермеу туралы уағыздар Меккенің билеушілерінің ашу-ызасын келтірді, содан соң ол өз өмірін сақтап қалу үшін Медина қаласына қашады. Бұл жағдай 622 жылы болған, осы кез (хиджра жылы) мұсылман жыл санауының бастамасы болады. Мұхаммед Медина қаласында ең алғаш мұсылман қауымдастығының негізін салады, оның құрамына оны «Алланың елшісі» ретінде танығандар ғана кірді. Мұхаммед өмірінің соңына қарай барлық Арабияны дерлік өз ықпалына бағындыра алды. Ол 632 жылы Медина қаласында қайтыс болды және сол жерде жерленген.
Мұхаммедтің уәда (қоштасу) хутбасы
Мұхаммед соңғы уағызын хижраның оныншы жылында, мұсылман еместерге Қасиетті Қағбаға кіруге тыйым салын,ан кезде, айтты. 14 мың мұсылмандар Мұхаммедтің басшылығымен Мединеден Меккеге қажылыққа барды. Зүл-Хижжа айының 9-шы күні Мұхаммед, Меккеге қажылыққа келген, барлық мұсылмандарды Араваттағы Жабәл әл-Рахман тауына шақырып сөйлесті. Сол уағызда айтылған кейбір цитаталар:
•Ей, адамдар! Сөзімді жақсылап тыңдаңдар! Білмеймін, бәлкім бұл жылдан кейін сендермен бұл жерде қайта кездесе алмайтын шығармын.
•Адамдар! Осы күндерің қаншалықты қасиетті күн болса, бұл айларың қандай қасиетті ай болса, бұл қалаларың (Мекке) қандай қасиетті қала болса, жандарың, малдарың, намыстарың да сондай қасиетті. Әр түрлі жауыздықтан қорғалған.
•Сахабаларым! Ертең Раббыларыңмен қауышасыңдар және бүгінгі барлық әл-әрекеттерден міндетті түрде есепке тартыласыңдар. Менен кейін бұрынғы азғындықтарыңа қайтып, бір-біріңді өлтірмеңдер. Бұл өсиетімді осы жердегілер бұл жерде болмаған адамдарға жеткізсін. Естіген адам бұл жерде болып естіген адамнан да жақсы түсініп, есінде сақтауы мүмкін.
•Сахабаларым! Кімде біреудің аманаты бар болса оны иесіне қайтарсын. Өсімқорлықтың (пайыздың) барлық түрі жойылған. Аяғымның астында. Бірақ, қарыздарыңның негізін берулерің керек. Зұлымдық етпеңдер, зұлымдыққа ұшырамаңдар. Аллаһу та’аланың бұйрығымен өсімқорлыққа енді тыйым салынды. Надандық дәуірінен қалған бұл жаман әдеттің барлығы аяғымның астында. Алғаш жойған өсімқорлығым - Абдулмутталибтің ұлы (көкем) Аббастың өсімқорлығы.
38. Мұсылмандардың бес парызы.
Исламның негізгі бес парызы бар екені белгілі –
1)кәлимаға тіл келтіру; Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
2)Бес уақыт парыз намазды орындау
3)Рамазан айында ораза тұту
4)Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
5)Өмірінде бір рет қажылыққа бару.
«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігінің шарттары
Толық мақаласы: Шаһада
«Лә иләһә илл-Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ)» куәлігінің талап ететін бірнеше шарттары бар[78]:
1.Білімсіздікті жоятын білім;
2.Күманды жоятын нық сенім;
3.Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
4.Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
5.Ширктің терісі ықылас;
6.Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
7.Жек көрудің терісі махаббат;
8.Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;
Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Аллаһтың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.
«Мухаммад расулу-Ллаһ» куәлігінің шарттары
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:
1.Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
2.Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
3.Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
4.Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
5.Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
6.Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау (мыс.: оның есімі аталғанда салауат айту)
7.Пайғамбарды Аллаһқа ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т.б.
8.Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау;[79]
Намаз
Толық мақаласы: Намаз
Соләт (араб.: صلاة‎) — араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Аллаһ Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға ﷺ Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен[80].
Ораза
Толық мақаласы: Ораза
Саум (араб.: صوم‎) — тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар[80]:
•Таң намазының уақытынан күн батқанға шейін ораза бұзатын нәрселерден сақтану;
•Бұл оразамен Аллаһқа құлшылықты ниет ету;
Зекет
Толық мақаласы: Зекет
Зәкәт (араб.: زكاة‎) — тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің)». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Аллаһтың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі[80].
Қажылық
Толық мақаласы: Қажылық
Хажж (араб.: حجّ‎) — тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен.
39.Исламның бес догмасы.
Мұсылман дін ілімдері бойынша Құдай әр түрлі кезеңде әр түрлі халықтарға пайғамбарларды жіберген, олар халықты Құдай сөзімен оқытқан. Пайғамбарлық кезеңді соңғы пайғамбар болып табылған «Пайғамбарлардың мөрі» деп танылған Мұхаммед аяқтады. Мұхаммед ілімі Адамның барлық ұрпағына және бүкіл адамзатқа арналады – басқа пайғамбарлар болмайды.
Ислам дінінің догматтары қандай?
1.Құдайдың жалғыздығына сену. «Алладан басқа Тәңір жоқ» - исламның басты догматы.
2. Жаратушының Періштелеріне сену.
3. Алланың жолдауына сену. Құранға дейін Құдай адамдарға Авраамның Библиясы, Мойсейдің Торы, Давидтің Псалмасы және И.Христостың Евагелиесі сияқты кітаптарды Пайғамбарлар арқылы жіберген.
4. Тәңәр пайғамбарларына сену. Мұсылмандар Құранда жазылған барлық Пайғамбарларға сенуге міндетті.
5. О дүниелік өмірге сену. Мұсылмандардың пікірінше, кімде-кім қайта тірілуге сенбесе, ол кәпір болып табылады, өйткені өлгеннен соң өмір сүруді жоққа шығару барлық нанымдардың мәнін жоғалтады.
40. Құранның түрлері.
Құранның түрлері көп. Қазіргі Осман шығ-н Құран 114 сүре бар, 6225 аят, Мединалық Құранда 6000 аят бар. Будда Құранымен Үнді мұсылмандардың Құранында 6232 аят бар. Шиттер қолданып жүрген Құранда 115 аят бар.41Ислам шариғаты — ол адамның Аллаһпен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадыменміндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызыШариғат амалдары сегізге бөлінеді:ПарызУәжіпСүннетМұстахабМубахХарамМәкрүһМуфсид Шариғатттың құрастырылуы. Шприғат-мұсылман заңы.негізі Құран болып табылады жəне сынға.басқа адамдардың құқығының мəні-осы адамдардың өмірі біздің жалған сөздерімізбен ,өтірікпен,сөз тасумен,мазақпен,алдымен күңгірттенбеуі қажеттігкнде.Шариғат Мен жəне Мен емес-басқа адамдар арасындағы үйлесімділікке шақырады.Шариғатта «халал»жақсы зат жəне «харам»жаман зат түсініктеме бар,олар таза мұсылманның ненің дұрыс ,ненің теріс екенін толық даярлайды
42Шииттер мен сунниттер айырмашылығы.Шииттер дәстүрі бойынша Əлиден бастан,12 имам ерекше құрметке ие.Сунниттерге қарағанда,шииттер ислам ды дін мен саясатқа бөлу ден бас таратады.керісінше,исламдық бағыт екеуін де Алланың қалауы мен Құрамның беделімен заңдастырылған жəне бекітілген ортақ жолға біріктіреді. Құрамның шииттер нұсқасына Мұхаммедке қатар,Əли туралы да баяндалатын бөлімі бар.Суннаның шииттік н ұсқасында хадистер Əлидің жəне он екі имамның есімімен байланысты .Шииттік ислам дәстүрлі түрде секта деп аталатын көптеген тармаққа бөлінуіне сипатталады.
43Пайғамбардың өлімінен кейін хадистердеайтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер), грек философиясының әсері (мутазилалалар, қадарилер, джәбрилер, джәһмилер), жалған пайғамбарлар (қадиянилер) және т.б. себеп болды. Кейбір ағымдар Исламдінінің негізі саналатын сенімдерден ауытқып, басқа мұсылмандармен мұсылман саналмайды (исмаилиялар, друздар, әләуилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).Негізгілері:Әһлі-Сүннет (сүнниттер)МутазилаларХарижилер Құраншылар Шиғалар(шииттер) ИсмаилиттерТаблиғи жамаға т Хизб ут-тахрир Ихуан әл-муслимин
44Мазһаб - араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді. Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс-әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды. Терминологияда мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құранаяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған. Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген
45.Жалпымұсылмандық мейрамдау1)құрбан-байрам-құрбандылыққа шалу мейрамы.Ораза айынан 70 күннен кейін тойланады жəне үш-төрт күн бойы жалғасады.Бұл мейрам қажылықтан аяқталуымен сайкес келеді. 2)Ораза байрам-бір ай бойы созылатын ораза аяқталғаннан кейінгі ауыз алу мейрамы,ол үш күн жалғасады.Бұл күндері кедейлерге,жетімдерге қайырымдылық көмегін көрсету қажет ,сонымен қатар,мешіттер мен қауымдастықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет. 3)Мавлюд -Мұхаммедтің туған күні мен қайтыс болған күнін тойлау.Ислам да туған күндер қарапайым турде аталып өтеді,ал қайтыс болған күні мәңгілік дүниеге жаңадан туды деп есептеліп,салтанатты түрде тойланады 4)Миражд -Мұхаммедтің көкке ұшып,қайтадан жерге оралу күнін тойлау мейрамы. 5)Лейлят аль-кадр -бұл мейрам рамазан айында орданың аяқталуына дейін үш күн бұрын тойланады.Оның негізінде Құрамның түпнұсқасы Алланың тағына 27-түнде періште арқылы жерге жақын көкке көтерілген туралы түсініктеме жатыр,содан соң 22 жылдың ішінде Құрамның мазмұны Мұхаммедке біртіндеп ашыла бастады. 6)Жұма-дүниежүзі мұсылмандардың мерекесі.Бұл мейрамның негізіне ислам тарихындағы барлық күні өткізіліп маңызды оқиғалар жатады.
46.XV – XVI ғасырлардағы Исламның «постхалифаттық» таралуы Исламның таралуының соғыс тарихына ұласу кезеңіне мына аса ірі оқиғалар тән:1453 ж мұсылмандар соққысы әсерінен шығыста христиандардың қоғаны құлады,Осман империясы орнады. 1526ж Ұлы Моңғол мұсылман мем пайда болды,Үндістанмен қатар көптеген аумақтар басп алынды. 1520ж бастап ислам Индонезияға тарала бастады. Исламда жаңа тармақтар пайда бола бастады.
47.Ислам Конференциясы Ұйымы. 50-ге жуық мұсылман мемлекеттерді біріктіреді.Жоғарғы орган-мемлекет жəне үкімет басындағылардың конференциясы.Ең алғаш конференция арасындағы атқару органы-бас секретариат болып табылады,оның штаб-актері Джидда қаласында орналасқан.ИҚҰбілім, мәдениет, шариғат, бұқаралық ақпарат құралдары ,сауда жəне т.б .бойынша бірқатар маимандарылған комитеттері бар үкіметтік ұйым.
48.Ислам əлемі лигасы Өз əрекеттерін ИҚҰ-мен бірлесіп байланыстырады.Бұл мемлекеттік емес ұйым Ислам ды насихаттауға айналысады,мешіттердің салынуына ықпал жасайды,Меккеге қажылыққа баруды ұйымдастырады штаб пәтері Меккеде орналасқан .
49СопылықАрабша-жүн;суфияда ,'жүрген тігілген жамылғы киген адамдар' захедтер-неке қиюдан бас тартқан жəне рухани жаттығуларына айналысқан ең алғаш ислам дінінің тақуаларының ізбасврлары болып табылады.Сопылар өз өңірлерінің мəні ретіндеҚұайды тануды,оған жақындасу жəне Құдаймен бйланысу деп таныды.Салалардың тарихы зор жəне көптеген мектептері бар.Сопылықтың классиктері-əл-Ғазали,əл-Араби,Саади,Омар Хайям ,Джами ,Насими болып табылады.Олардың көпшілігіне пантеизм,оның құдаймен бірігуі бар.
50.хариджиттер 7ғ 50 жылдары пайда болған жəне Əлидің жақтастары мен оның қарсыластарға қарсы шыққан ерте туындаған сметалардың бірі.Хариджиттер жоғарғы билік мәселесі бойынша халифтерді сайлау қажеттігі ұстанымын қабылдайды.Əрбір қауымдастық халифті сайлауға жəне оны ислам ережелерін жəне оларды қолдау өздерінің діни міндеті деп санаған.Алайда,соңғы кездері мұндай қатыгездік біршама бəсеңдеді жəне негізінен ,діннен азғандарға ,коммунистер мен атейистерге қарсы қолданылады.
51.Дәстүрлік діндерден тыс діндер деп – олар негізінен дүниежүзілік діндерден немесе үлкен ұлттық діндерден бөлініп шығып және бір-бірімен қосыла отырып, біріккен қазіргі діндер. Олардың шығу себебі – үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениет жаңаруына байланысты, дәстүрлі діндердің дағдарысқа ұшырауларының салдары. ХХ ғ. 60-70 жылдары Европа және АҚШ елдерінде «жаңа» діни ағымдар пайда болды: «Әдеттен тыс табынушылық», «Жастар діні» т.б.с.с. діндер.Дәстүрліктен тыс діндердің, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары бір-бірінен айырмашылығы болады.
52.Дәстүрліктен тыс діндердің, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары бір-бірінен айырмашылығы болады. Олардың саны жағынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдары елеулі белгілермен ең кем дегенде 5 топқа бөлеміз: 1.Неоориенталдық табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен – буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» және т.с.с. Неоориенталдық табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманға бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым – мистикалық жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Құдайдың шындық табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Мақсат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен қосылу. Медитациялық процесс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шұқшиып көңіл аудару, сыртқы қоршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, қайталау, қайталау процесінде мистикалық маңызы шығады.2.Неохристиандық одақ – «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» және т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі – Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің элементтерінің синкретикалық қоспасы, эсхатология мен мессиандық көзқарасқа бұрмалау, қауым басшысы Құдай жіберген пайғамбармен теңестіру.3.Сейентологиялық ағым – «Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бұл табынушылық әр түрлі физикалық приборларға мистикалық мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалық құбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалық, биологиялық табиғатының әсерін байқау. Мистикалық тұрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалық құбылысты, қоршаған табиғат құбылысын түсіндіру. 4.Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылық, балгерлік, шамандар, бал ашқыштар мен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батыс пен Шығыс әдет-ғұрыптарын қосып жаңа балгерлерді, сиқыршыларды шығарды. Бұл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка стиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлеселік практикасы жойылды. 5.Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы), — ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылықты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылықтың қайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалық жолда араласып сөйлесу.
53.Салафизм идеологиясының ерекшелігі –күнделікті өмірде діни лидерлерге көзсіз көбелектей ілесіп мойынсұну. Мұндай амалдың іске асуыкөпшілікті саяси мақсатта алдап-арбауға мүмкіндік береді. Түп негізінде салафизм идеологиясы саяси мақсаттарды көздеген белгілі бір топтардың идеологиясы болып табылады. Ислам дінін салафизм идеологиясы тұрғысынан түсіну дегеніміз:- формализм, яғни мазмұннан гөрі сыртқы форманы қуу. Бұл дегеніміз бүкіл мүсылмандардың өмір сүру салтын унификациялау;- өзгеше ойлайтындарға деген сабырсыздық. Өздерінің пікірлерімен келіспейтіндерге қарсы зорлық-зомбылықты насихаттау;- салафизм идеологиясының ұстанымдарына сәйкес келмейтіндермен күресу. Жиһадты бірінші орынға қою;- саяси және әлеуметтік қызмет салаларында белсенділік танытып, психикалық күрес әдіс-тәсілдерін қолдану;- қоғамды «мұсылмандар» және «мұсылман еместер» деп екіге бөліп қарастыру. Мұсылман жамағатының өзін жікке бөліп, шынайы мұсылмандар деп тек салафизмді ғана мойындау.
54.Салафизмдегі «жиһадизм» және «такфиризм» тармақтары. «Салафи-жиhад» ағымы 1990-шы жылдары «араб ауғандықтарға» басшылық ету Абдалл Аззамнан («Братья- мусулмане»), Саудиялық салафит Усаме бин Ладеннің қолына өткен уақыттарында құрыла бастады. Бұл ұйымға Айман аз- Завахири да («Ислам жиhады» ЕАР) кірді.
Әт-Такфир уәл хиджра» идеологиясы-өткен ғасырдың 70-ші жылдары мысыр университетіндегі студент жастардың арасында қалыптасты. «Такфир» қозғалысының негізін салушы 1942 жылы туылған мысырлық Мустафа Шукри есімді азамат.
55.Яссауи атын жамылған зікіршілер. Зікіршілер: бұларды «исламтуллашылар», «ясауишылар» деп
те атайды. Исматулла Мақсұм- қазақстандық зікіршілердің рухани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп атайды, «қасиетті әке» санайды, жамағаттың әрбір мүшесі оған құлдық ұрып, қолынан сүйеді. Анығы Исматулла 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат Зікіршілер Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін қасиетті Құранмен қатар ұстайды. Алқа қотан отырып зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары қояды. Зікіршілер өздерін «жамағат» деп, басқаларды «жамағат емес» деп бөліп қапрайды. Соңғы кезде ясауишілердің өздерін «Мәдіннің сарбазымыз» деп, ақырет күнін жақындатуды да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады. Осындай белгілеріне қарап, мұндай ұйымдарда діни- ахлақи насихаттан гөрі саяси пиғылдың басымдылығын көруге болады. Дінтанушылар пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар;
56.«Иегова куәгерлері» немесе олардың екінші атауы «Күзет мұнарасы қауымы» деп аталады. Бұл діни ағым христиандық (псевдохристиандық), ариандық, апокалиптикалық, милленаристік (хилиастық) болып табылады. Елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді.
57.Саентологияда діндік ойлар мен сенім жүйелері жайлы сөз қозғалады.Саентологияда екі негізгі бағыт бар:Шіркеу саентологиясы және Бостандық аймағыКөбіне Шіркеу саентологиясы танымал. Шіркеу саентологиясының негізі 1953 жылы қаланды.Бостандық аймағы 1980 жылдары Шіркеу саентологиясынан бөлініп шықты
58.сатанизм. сатанизма пайыздық ретінде діни құбылыстар соңында ХІХ ғасырдың Еуропадағы өсті. Сатанизма теориясының негізін салушы деп санауға болады Алистер Кроули Алтын Руна, бір масондық ұйымға орденінің мүшесі Rosicrucian үйлер босатылады сендіру. Кроули кез-келген өкілетті hedonistic ғанибет. Оның ұраны - «Қалағандарыңды ме, және құқық өзі ма». Кроули ілімі бойынша, Шайтан абсолютті энергия конденсат және қуатты жын-перілердің күштер өздерін білдіруге қабілетті. Ол күрделі қамтиды сиқырлы күзету, кешенді жүйесін әзірледі секс және қан құрбандықтардың түрлері; мақсаты «өздерін бағындыруға болды Шайтанның ғарыштық энергия «. Шайтанның алғашқы «шіркеу» ресми Сан-Франциско, АҚШ-та пайда болды. Satanists адамдар айтады - кейде жақсы, жиі нашар олардың қарағанда жануардың бір ғана түр болып табылады, төрт аяқты әріптестері. Оның Құдайдың рухани күшіне және интеллектуалдық бойынша дамыту, ол ең қиын жануар айналды. Сатанизм жарғылық физикалық және интеллектуалдық ләззат алып кез-келген күнә. Doing ол өзімшілдікке ықпал етеді, әлеуметтік жеке басын дамытуға қолдау көрсетеді. Satanists Ібіліс ловит монстр және қорқыныш емес, деп санайды күнәкар азғырғанда адамдарды қояды. Керісінше, ол адамдар осындай қасиеттер береді онда оларды жою емес, мақтан болуы тиіс. Лава ақылы құрметіне ізбасарлары мақтау емес, Құдай, бірақ Шайтан. бірінші жігер табыстары, Satanists арқылы деп, олардың көзқарастары шулы үгіт әкелді 1985 табыну шайтан американдық шіркеу басым. Алайда, 70-жылдардың ортасында жыл. Шайтан «шіркеуі» бөлінеді және ол діни топ шығып тұрды «SET храмы.» деп аталады Египеттік мифологиясы Осирис Сет кісі өлтіруші зұлымдық бейімділікті білдіреді, сондықтан Satanists оған шайтанның жалпыұлттық демократиялық қарайды.
59. Діни Фундаментализм - бастапқыда протестантизмдегі либералдық протестанттық рационализмге қарсы бағытталған шектен шыққан консервативті ағым. 1910 жылдары АҚЩ-тың оңтүстік штаттарында қалыптасты, інжілге (Библияға) кез келген сыни көзқарасты көтермей, оны жаңаша түсіндіруге талпынғандарды үзілді-кесілді мойындамады. Кейін келе бүл ұғым басқа діни, әлеуметтік, саяси бас¬қа да қағидаларға кез келген радикалды - консервативті қатынасты білдірді.
60.Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принңиптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың ісәрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм — діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм(лаңкестік).Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.
.

Приложенные файлы

  • docx 17748302
    Размер файла: 80 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий