Abdrazak_Dinara

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СӨЖ
Тақырыбы: .
Орындалу түрі: реферат



Қабылдаған: .
Орындаған: Абдразақ Д.Т.
Группа: ЖМ11-003-1к



Алматы-2015
Кеуде қуысы
Шартты 4 бөлімге бөлінген: жоғарғы, алдыңғы, ортаңғы, артқы.
Жоғарғы – айырша без, иықбас веналары, жоғарғы қуысты венаның жоғарғы бөлігі, аорта доғасы, трахея, өңеш, кеуде лимфа ағымы, симпатикалық бағандар, кезбе жүйке және диафрагмальды жүйкелер, фасциялар және клетчаткалы кеңістіктер.
Алдыңғы – төс денесі мен перикардтың алдыңғы қабырғасы арасында, кеудеішілік фасциялар бар (тамырлар мен лимфа түйіндері).
Ортаңғы бөлімі – жүрек, трахеяның бифуркациясы, негізгі бронхтар, өкпелік артериялар мен веналар, диафрагмалды жүйкелер, лимфа түйіндері.
Артқы бөлімі – трахеяның шектелген бифуркациясы, перикардтың артқы қабырғасы, IV - XII кеуде омыртқаларының денелері.
Қабырғалар, costae, жалпақтау және жіңішкелеу келіп, кеуде қуысына қарай иіліп, симметриялық жағдайда орналасқан 12-жұп қабырғалардан тұрады. Қабырғалар: ұзындау келген артқы сүйектік бөліктен және қысқалау келген алдыңғы шеміршектік бөліктен тұрады. Сүйектік бөлігі: омыртқалық және қабырғалық ұшынан және денесінен тұрады. Қабырғаның төмпешігі, tuberculum costae, жоғарғы 10- қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі: төмпешіктердің буын беттері кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалардың буын беттерімен беттесіп, буын құрайды. Қабырғаның мойыны, collium costae, бұл сүйектің өте жіңішкелеу келген бөлігі болып саналады. Жоғарғы бетінде I, XII қабырғадан басқа қабырғалар да мойын қырқалары, crista collicostae, орналасқан. Қабырғаның басы, caput costae, қабырғаның омыртқалық ұшында орналасқан. Мұнда кеуде омыртқаның қабырғалық шүңқыршаларымен беттесіп, буын құрайтын буын беттері, fades articularis capitis costae, айқын байқалады. II —X қабырғалардың буын беттерінде горизонталь бағытта орналасқан қабырға басының қырқалары, crista capitis costae, арқылы көлемді келген жоғары және кішілеу келген төменгі буын беттеріне бөлінген. Бұл буын беттері омыртқалардың аралығында қабырғалық шұңқыршақтармен беттесіп, буын құрауға қатысады. Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және денесінен тұрады. Қабырғаның денесі, corpus costae, қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының аралығындағы бөлікті құрайды. Қабырғаның денесі сүйектік бөліктің тым ұзын бөлігі болып саналады. Қабырғаның омыртқалық ұшы мен жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы, angulus costae, орналасқан. Қабырғалардың бұрышы I қабырғатөмпешігінің маңында орналасса, қалған қабырғаларда төмен бағытта орталық сы-зықшадан латеральды бағытта ХІ-қабырғаға дейін ауытқып орналасқан. XI, XII қабырғалар-да қабырғалық бұрыштары дамымаған. Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қабырғаларда жалпақтау келіп, сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына қараған ішкі беті және доғаддау келген жоғарғы қыры, өткірлеу келген төменгі қыры ажыратылады. Қабырға денесінің кеуде қуысына қараған бетінің төменгі жиегінің ішкі қапталында, қабырғалық нервтер мен қантамырлар өтетін қабырға астылық жүлгелері, sulcus subcostalis, орналасқан. Қабырғаның шеміршектік ұшы, cartilago costalis, сүйектік бөліктің тікелей жалғасы болып саналады. Олар I қабырғадан VII қабырғаға дейін біртіндеп ұзара келіп, төс сүйегімен тікелей буын арқылы буындасқан. I қабырғадан VII қабырғаға дейінгі қабырғаларды негізгі қабырғалар, costae verae, деп, төменгі VIII қабырғадан X қабырғаға дейінгі қабырғаларды, жалған қабырғалар, costaespuriae, деп, алХІ.ХІІ қабырғаларды қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes, деп аталынады. Қозғалмалы қабырғалар деп аталу себебі, төс сүйегіне жетпей ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан. VII, VIII, X, X қабырғалардың шеміршектік ұштары төс сүйегіне жетпей бір-бірімен өзара жалғасып, қабырғаның доғасын, arcussternicostae, құрайды.
Қабырғалардың ішінен I, II және XI, XII қабырғалар өзгешелеу келеді. Бірінші қабырға, costa prima, басқа қабырғаларға қарағанда жалпақтау, қысқалаужәне горизонтадді жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің бұдырлау келген жоғарғы беті, тегістеу келген төменгі беті және дөңестеу келген сыртқы қыры, ойыстау келген ішкі қыры ажыратылады. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін төмпешігі, tuberculum т. scaleneus anterior, орналасқан. Бұлтөмпешіктің алдында бұғана астылық венаның жүлгесі, sulcus v. subclaviae, артында бұғана астылық артерияның жүлгесі, sulcus a.subclaviae, орналасқан. Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы, мойыны және төмпешігі жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық, қырқаларыжоқ. Екінші қабырға, costa secunda, сагитальды жазықтық пен горизонталді жазықтықтың аралығында орналасқан. Денесінің бұдырлау сыртқы беті ойыстау келген, ішкі беті ажыратылады. Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшық еттің, т. serattus anterior, бұдыры айқын байқалады. XI, XII қабырғалардың ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталуы сол себепті. Ерекшеліктері: буын басытолық, қырқасы жоқ. Мойыны, төмпешігі мен бұрышы нашар дамыған. Сыртқы пішіні қылышқа ұқсаған. Төс сүйегі Төс сүйегі — sternum, өз аддына дара, сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған, жалпақ және ұзындау келген. Кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады. Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан — manubrium sterni, денесінен — corpus sterni, және семсерлік ұшынан — processus xiphoideus, тұрады. Олар бір-бірімен өзара шеміршектік ткандар арқылы байланысқан. Төс сүйегінің тұтқасы — manibrium, төс сүйегі бөліктерінің ішіндегі көлемді бөлік. Жоғарғы бөлігі қалыңдау, төменгі бөлігі жұқалау, енсіз болып келген. Жоғарғы жиегінде саусақпен сипағанда айқын байқалатын мойындырық тілігі — incisura jugularis, бүйір қапталында бұғана сүйегінің төстік ұшымен беттесіп, буын құрайтын бұғаналық тілігі — incisura clavicularis, орналасқан. Бүйір қапталында I қабырғаның шеміршектік ткані арқылы байланысқан қабырғалық тілігі — incisura costalis, орналасқан. Одан төменірек II қабырғаның тілігі -incisura costalis II, орналасқан. Төс сүйегінің денесі — corpus sterni, ол бұл сүйекті тұтқасына қарағанда үш есе ұзындау және енсіз келген. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда қысқалау болып келген. Төс сүйегінің денесі тұтқасы мен шеміршек ткандар арқылы байланысып, дөңес жағы алдына қараған төс сүйегінің бұрышын — angulus sterni, құрайды. Денесінің алдыңғы бетінде, эмбрионалдық даму кезінде, денесін құраушы сегменттердің дара шеміршектік ткандар арқылы, одан кейінгі 1-солжақ бұғана; 2-темендеген қолқа; 3-өкпе қақпасы; 4-өкпе сабауы; 5-жүрек; 6-солжақ өкпе; 7-көкет (солжақ күмбезі); 8-көкет (оң жақтың күмбезі); 9-жоғарыланған қолқа; 10-оң жақ күмбезі; 11-қолқа доғасы; 12-қабырға (артқыбеті); 13-солжақ бұғанасы; 14-оңжақ жауырын; 15-солжақ жауырын; 16-қабырға (алдыңғы жағы) даму кезеңдерде сүйектік ткандар арқылы бітісіп, көзге әлсін байқалатын көлденең сызықшалары — lineae transversus, айқын байқалады. Төс сүйегі денесінің бүйір қапталында, екінші қабырғадан жетінші қабырғаға дейінгі аралықта қабырғалардың шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын 4 жұп толық, 2 жұп жартылай қабырғалық тіліктер — incisura costales, орналасқан. Жартылай тіліктің бірі 1-қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп буын құраса, екінші жарты тілік VII қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрау қызметін атқарады. Қалған 4 жұп толық тіліктер II- VI қабырғалардың шеміршектік ұшымен беттесіп буын құрайды. Төс сүйегінің семсерлік ұшы — processus xiphoideus, бұл сүйектің басқа бөліктеріне қарағанда қысқалау, сыртқы пішіні өзгермелі болып келген. Эмбрионалдық даму өзгермелі келеді. Кейбір кезеңде, N ұшы айырылып, ортасында тесігі, ұштары алға немесе артқа қарай ауытқып орналасуы байқалады. Бүйір қапталындаЛШ қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын тілігі орналасқан. Төс сүйегінің семсерлік ұшы 17-18жас-қа дейін шеміршектік тканнан, одан әрі сүйектік гкандар арқылы бітісіп, біртұтас төс сүйёгін құрайды. Кеуде қуысы Кеуде торы, compages, немесе кеуде қуысы, cavum thoracis. Ол 12 кеуде омыртқалар мен 12 жұп қабырғалар және төс сүйегі арқылы және өзара буындар мен дәнекер ткандар арқылы шеміршектік ткандар арқылы байланысу нәтижесінде құралған қуыстық кеуде торының сыртқы пішіні кесілген конусқа ұқсаған. Қуыстықтың тарлау келген жоғарғы тесігі, жалпақтау келген төменгі тесігі және алдыңғы, артқы, бүйір қабырғалары ажыратылады. Кеуде торының алдыңғы қабырғасы: төс сүйегінен және қабырғаның шеміршектік бөлігінен тұрады. Ол қиғаш бағытта, әсіресе гөменгі бөлігі алға қарай ығысып орналасқан. Кеуде қуысының артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқасынан және 12 жұп қабырғаның басынан бұрышына дейінгі қабырғалық ұшынан, extremita vertebralis, беліктен құралған. Артқы қабырғасы алдыңғы қабырғасына қарағанда биіктеу келген. Бүйір қабырғалары: 12 жұп қабырғаның бұрышынан шеміршектік бөлігіне дейінгі бөліктерінен тұрады. Кеуде қуысының бұл қабырғасы кеуде торының басқа қабырғаларына қарағанда биіктеу сыртқы беті дөңестеу болып орналасқан. Кеуде торының сыртқы арқалық бетінде, кеуде омыртқалардың арқаөсіндісі мен қабырға бұрышының аралығында, вертикалді бағытта орналасқан екіжақты сайлар орналасқан. Бұл сайларда, арқаның терең орналасқан бұлшықеттері орналасады. Сонымен қатар, кеуде торының артқыішкі бетінде кеуде омыртқалардың денелері мен қабырғалар бұрышының аралығында вертикаль бағытта екі жақтық өкпе сайлары — sulcus pulmonales, бойтепкен. Екі қабырғаның аралығындағы кеңістікті қабырға аралық кеңістік — spatium intercostalis, деп аталады. Бұл аралықта қабырға аралық жарғақ пен бұлшықеттер және қантамырлар, нервтер орналасқан. Сонымен қатар, кеуде торының жоғарғы және төменгі тесіктері немесе апертуралары ажьіратылады. Кеуде қуысының жоғарғы апертурасы — apertura thoracis superior, төменгі апертураға қарағанда шағын келген. а) алдында: төс сүйегінің тұтқасының жоғарғы жиегімен; ә) артында: 1-кеуде омыртқаның денесімен; б) бүйір қапталы: 1-қабырғаменшектелген. Бұл апертураның сыртқы пішіні көлденең жазықтықтың бойында сопақша болып, артынан алға қарай қиғаш, еңкіштеу бағытта орналасқан. Төс сүйегі тұтқасының жоғарғы жиегі 2-3 кеуде омыртқалардың аралығындағы деңгейге сәйкес келеді. Кеуде қуысының төменгі апертурасы — apertura thoracis inferior, алдында: төс сүйегінің семсерлік ұшымен; бүйір қабырғасы: қабырғалардың шеміршектік бөлігінің доғасымен және XI, XII қабырғалардың шеміршектік бөлігіғгің фиброздық ткандарымен; артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқаныңденесімен шектескен. Төс сүйегінің семсерлік ұшы қабырғаның доғасы-мен бірлесіп, төмен қарай бағытталған төменгі төстік бұрышты — angulus infrastemalis, құрай-ды. Кеуде торының жалпы пішіні адамның жас ерекшеліктеріне байланысты: жалпақ, цилиндр, конустәрізді болып келеді. Кеуде торы енсіз ұзын болып келген адамдарда: кеуде торы кең адамдарға қарағанда, төстік бұрышы жіңішкелеу және қабырға аралығы алшақтау келеді. Кеуде қуысы ер адамдарда, әйел адамдарға қарағанда, ұзындаужәне кендеу немесе конус тәрізді болып келеді. Сыртқы пішіні жасына және жыныстық ерекшеліктеріне қарай өзгермелі келеді.
Кеуде торы – бұл онда орналасқан мүшелерді қорғайтын және тынысалу, қан айналым және қан түзуге қатысатын дененің жоғарғы жағының сүйектік- бұлшықеттік негізі. Сондықтан кеуде торының формасының өзгерістері міндетті түрде онда орналасқан барлық ағзалар мен тіндердің бұзылысына әкеледі.
Кеуде қуысының анатомиясы
Кеуде қуысы compages thoracis кеуде омыртқаларынан, төссүйектен, кеуде қабырғаларынан құралған, жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде және адамда иық белдеуінің мықты тірегі және тынысалу қимылдарында қабырғааралық бұлшықеттерді қолдануға мүмкіндік беретін құрылым болып табылады. Адамда кеуде қуысы басы қиылған алдынан артқы бағытта сығылған конус тәріздес. Кеуде қуысының бүйір бетін қабырғааралықтармен бөлінген 12 жұп қабырғалар, алдыңғы бетін төссүйек пен қабырғалардың соңы, ал артқы беті ортасында омыртқалармен шектеседі. Жоғарыда кеуде қуысы тесілген жер- жоғарғы апертура, оның шекарасы оң және сол жақтық бірінші қабырғалар, бірінші кеуде омыртқасы және төссүйектің тұтқасы болып табылады. Төменгі жағында кеуде қуысы диафрагма арқылы іштен бөлінеді.
Кеуде омыртқалары- vertebrae thoracis
Қабырғалармен буындасады, сондықтан олар қабырға бастарымен буындасатын және әрбір омыртқаның денесінде доға негізіне жақын жататын қабырға шұңқырларының болуымен ерекшелінеді. Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбінде екі жартылай шұңқырлары болады: біреуі- омыртқаның жоғарғы, екіншісі-төменгі жиегінде. І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды, оның жоғарғы жиегінде І қабырға үшін толық буын шұңқыры, ал төменгі жиегінде ІІ қабырға үшін жартылай буын шұңқыры болады. Одан кейін Х омыртқада Х қабырға үшін тек бір ғана жоғарғы жарты буын шұңқыры, ал ХІ және ХІІ омыртқаларда сәйкес қабырғалармен буындасу үшін бір-бірден толық шұңқыр болады.
Қабырғалар- costae
Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады. Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады. Бұлар- нағыз қабырғалар. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға сүбе немесе жалған қабырғалар деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар.
Төссүйек–sternum
Пішіні жағынан қанжарға ұқсайтын төссүйек үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі– тұтқасы, ортаңғы бөлігі –денесі және төменгі бөлігі- семсертәрізді өсінді. Саптың жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі орналасады; оның бүйірлерінде әрбір жағында біреуден бұғана тілігі болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға қарай шығыңқы төс бұрышы деп аталады. Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер жатады, олар екінші қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.
Қалыпты кеуде қуысының пішіндері
Адамның конституциясына байланысты
Астеникалық
Нормостеникалық
Гиперстеникалық түрлерді ажыратады.
Астеникалық кеуде қуысы
Жалпақ, жіңішке, ұзарған, алдыңғы- артқы және бүйірлі өлшемдері кішірейген. Онда бұғанаүстілік және астылық шұңқырлар анық көрінеді, қабырғааралықтары бір- бірінен алыс орналасқан, бүйір жақтарынан қабырғалары көбірек вертикальді бағытталған, іш үстілік бұрыш 90 градустан кіші. Иықтары төмен түскен, иық белдеуінің бұлшықеттері жақсы дамымаған, жауырындары арқаларынан қалып қояды.
Негізі жоғары қаратылған ұшы кесілген конус тәрізді болып келеді. Оның алдыңғы-артқы диаметрі бүйірлісіне қарағанда аз, бұғанаүстілік және астылық шұңқырлары қатты көрінбейді, бүйір жақтарынан қабырғалар аздап қиғаш бағытталған, қабырғааралықтары қатты білінбейді, иықтары мойынға тік бұрыш жасап орналасқан, жауырындарының контурлары аздап білінеді. Іш үстілік бұрыш – қабырға доғалары арасындағы 90 градус.
Гиперстеникалық кеуде қуысы
Жалпақ, цилиндр тәріздес. Оның алдыңғы- артқы өлшемі бүйірлі өлшемімен бірдей, ал диаметрінің абсолютті көрсеткіштері нормостеникалық кеуде клеткасынан үлкен болады. Бұғанаүстілік және астылық шұңқырлары аздап білінеді немесе мүлдем көрінбейді, иықтары тік, үлкен. Қабырғааралықтары тар, аздап білінеді, бүйір жақтарынан қабырғалары көбірек көлденең орналасады, іш үстілік бұрыш – доғал, жауырындары кеуде қуысына жанасып тұрады, бұлшықеттері жақсы дамыған.
Патологиялық кеуде қуысының
пішііндері
Өкпенің немесе плевраның патологиялық өзгерістерінде немесе кеуде қуысының өзінің алғашқы өзгерістерінен оның қалыпты пішіні өзгеруі мүмкін:
Эмфизематозды
Паралитикалық
Рахитикалық немесе құстөс
Құйғыш тәрізді немесе қушық кеуде
Қайық тәрізді
Кифосколиотикалық
Эмфизематозды кеуде қуысы
Гиперстеникалық кеуде қуысының көрінісімен бірдей, бірақ одан жоғары өлшемдермен білінеді. Оның алдыңғы- артқы өлшемі үлкен, бұғанаүстілік шұңқырлары шығып тұрады, қабырғалары көлденең бағытталған. Мұндай кеуде қуысы өкпенің созылмалы эмфиземасымен ауыратын адамдарда кездеседі. Тыныс шығару кезінде өкпе аздап сығылады да, кеуде клеткасының тыныстық экскурсиясы төмендейді. Егер өкпедегі созылмалы процесс жиі, қатты жөтелмен жүрсе, онда ауа өкпенің жоғары бөліктеріне көп кетеді де, кеуде қуысының жөғарғы бөлігі қатты кеңейіп, бөшке тәрізді болады.
Паралитикалық кеуде қуысы
Астеникалық кеуде қуысының көрінісімен бірдей, бірақ одан жоғары өлшемдермен білінеді. Ол көбінесе өкпенің бүрісуіне және жалпы массасының төмендеуіне алып келетін фиброзды тін пайда болуымен жүретін өкпенің және плевраның ауруларымен ауыратын адамдарда кездеседі. Астеникалық кеуде қуысынан айырмашылығы паралитикалық кеуде қуысы ассиметриялы болып келеді, онда қабырға аралықтарының түсуі, бұғанаүстілік және астылық шұңқырлар бірдей емес. Тыныс алу кезінде жауырындары асинхронды қозғалады.
Рахитикалық кеуде қуысы
Балалық шағынды рахитпен ауырған адамдарда кездеседі. Оның алдыңғы- артқы өлшемдері ұзарған,ал төссүйегі алға шығып тұрады, алдыңғы – бүйір беттері ішке кіріп кеткендей және төссүйекпен сүйір бұрыш жасап қосылады. Сонымен қатар кеуде қуысының төменгі бөлігінің диафрагмаға бекінер жерінде кіріп кеткендей болады. Мұндай кеуде қуысының көлденең кесіндісі жоғарғы бұрышы төссүек болып табылатын үшбұрышқа ұқсайды.
Құйғыш тәрізді кеуде қуысы
Төссүйектің семсер тәрізді өсіндісі мен төменгі бөлігінде аймағында құйғыш тәрізді ойыс болып келеді. Бұрын мұндай кеуде торының деформациясы көбінесе етікшілерде кездескен соң, оны етікші кеудесі деп те атайды. Көп жағдайда бұл деформацияның себебін анықтау мүмкін емес.
Қайық тәрізді кеуде қуысы
Төссүйектің жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде қайық тәрізді ойыс болғандықтан осылай аталады. Кей жағдайларды мұндай кеуде торының пішіні сирингомиелия деген атпен белгілі жұлын ауруымен ауыратын науқастарда кездеседі
Кифосколиотикалық кеуде қуысы
Омыртқа бағанының патологиялық процестердің әсерінен қисаюынан болады, мысалға омыртқа туберкулезінде, ревматоидты артритте.
Қорытынды
Тек қана туғаннан ғана емес, адамның тіршілік қалпы мен мамандығына да байланысты кеуде торының қалпы өзгерістерге ұшырайды. Бұл адамның денесінің сыртқы пішініне ғана емес, оның психологиялық статусына да әсер етеді. Сондықтан кеуде торының деформациясын дұрыстау және осыған байланысты тыныс алу мен жүрек – қантамыр жұмысын жақсарту, косметикалық дефектті жою үшін көптеген әр түрлі хирургиялық емдеу тәсілдері ойлап табылып, науқас адамның жасалған емнен кейінгі жағдайына көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар кеуде торы деформациясының ондағы орналасқан ағзалардың патологияларын анықтауда, диагностикалауда,емдеуде атқаратын ролі үлкен
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. WebDoctorhttp://fs.dai.net/ac/232481/E01.html?http://www.gretmar.com/webdoctor/2. “Адам анатомиясы” Рақышев А. Алматы, 2004ж
3. ttp://www.google.ru/imgres?imgurl=http://www.plaintest.com/i/22.jpg&imgrefurl=http://www.plaintest.com/taxonomy/term/10&usg
4. http://refak.ru/referat/10508/

Приложенные файлы

  • docx 17747786
    Размер файла: 151 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий